Файл қосу
Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет
Глоссарий. Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс- басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар- Ұлттар мен мемлекеттердің негіздеріне, олардың ілгері дамуына және халықаралық өзара қарым-қатынас жасауына қауіп төндіретін аса ауыр халықаралық қылмыстар. Ұйымдасқан топ -- қылмыстық құқықта -- қылмысқа қатысу нысаны, мұнда қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасайды (ҚР Қылмыстық кодексі, 31-бап). Ұйымдасқан топтың міндетті белгілері -- алдын ала сөз байласу және тұрақтылық.Ұйымдасқан топтың тұрақтылығы оның мүшелері арасында тұрақты байланыстың болуы және бір немесе бірнеше қылмысқа дайындалу мен оны жасау әрекетінің айрықша әдістерінің болуы. Ұйымдасқан топты құрған не оған басшылық еткен адам осы қылмысты ұйымдастырғаны не оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ осы қылмыс оның қаскүнемдік ниетімен жасалса, Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары қылмысқа қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Ұйымдасқан топ құру -ҚР Қылмыстық кодексінде көзделмеген жағдайда Ұйымдасқан топ құру қылмыс жасау үшін құрылып, қылмысты жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауапқа апарып соқтырады.[ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (ҚРҚК) (ағылш. criminal code of the Republic of Kazakhstan; нем. Strafgesetzbuch der Republik Kasachstan) - Қылмыстық кодекстің міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңдымүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу болып табылады Ұйымдасқан қылмыс -- негізінен экономика аясындағы жүйелі қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс ұзақ уақытқа есептеліп, кәсіпшілік түрінде жасалады, оны қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) материалдық пайда алу немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір аясына ықпал ету мақсатымен жоспарлап, жүзеге асырады. Қылмыстық ұйымдардың, көбінесе ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір құрылымы болады. Ұйымдасқан қылмысең алдымен құпия тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымын шоғырландырып, бақылауға алады, мұндай тауарлар мен қызметтерге, бір жағынан, заң жүзінде тыйым салынған, екінші жағынан, олар қоғамда үлкен сұраныс туғызады (есірткі заттар, контрабандалық тауарлар, жезөкшелік, құмар ойындар). Ұйымдасқан қылмыс ерекше қауіпті, өйткені ол халықаралық деңгейде іскерлік әлеміне байқатпай дерлік ықпал етеді және онда үстем жағдайға қол жеткізеді.Қазақстанда қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызылған. Қылмыс -- қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. <<Ұйымдасқан қылмыскерлiк>> ұғымы- <<ұйымдасқан қылмыс>>, "ұйымдасқан топ>>, <<ұйымдасқан қылмыстық әрекет>>, <<ұйымдас-қан қоғамдастық:>> сияқты басқа ұғымдармен байланысты. <<Қылмыстық ұйым - а) қылмыстық ұйым не оның басшылық құру; ә) Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген қылмыстарды тiкелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс iстeyiн қамтамасыз етудiң өзге де формалары бойын-ша қатысушылар арасында мiндет бөлiнген, бiрлесiп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар>>. i 1.Дәріс жоспары: 1.Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет. 2.Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат, тану және бағалау. 3.Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері. 4.Қылмыскерлік коэффицентері және оның құрлымы. 5.Қылмыскерлікті қозғалысты зерделеу. Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу. 6.Қылмыскерліктің <<сыртқы>> және <<ішкі>> сипаттамаларын зерделеу. Қылмыскерліктің латенттігін зерделеу. 7.Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы және оның процестері. Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс - жоспарланған, алдын ала ойластырылған, әдейі қасақана жасалатын қылмыс. Мұндай қылмысты жеке адамда, топта жасауы мүмкін. Шешім қабылдау кезеңінде қылмыс жасаудың жоспары ойластырылады. Егер қылмысты бір неше адам жасайтын болса, алдын ала олардың рөлдері бөлінеді: сыбайластардың біреуі қылмыс объектісін іздестіреді, екіншісі - қылмыс құралын, қажетті керек - жарақтарын табады, үшіншісі - қылмыс орнынан тез кетіп алу және ұрлаған заттарын алып кетуге қажетті көлікпен қамтамасыз етеді, төртіншісі - қауіпсіздік жағын ойластырады, бесіншісі - қылмыстық - жолмен табылған мүлікті сатумен, қылмыстан түскен табысы заңдастырумен айналысады. Ұйымдасқан қылмыстық әрекет - қандай да бір субъектінің өзара байланысты ұйымдасқан қылмыстық іс - әрекеттің жүйесі. <<Қылмыстық іс -қимыл >> терминіне қарағанда <<қылмыстық іс - әрекет>> термині жеке белгілі бір жағдайда жасалған қылмысты ғана емес, адамның алдын ала әлеуметтік ұстанылымдары, қылмыстық пиғылда жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды іздестіруін, өзін - өзі тәрбиелеу процесінде тек қылмыстық қызмет үшін маңызды қасиеттердің дамуын көрсетеді. Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің даму қисыны мынаны көрсетеді: қылмыс субъектісі бір адам емес, криминалогиялық терминология бойынша атағанда <<ұжымдық субъект>> болуы мүмкін. Мысалы, бір жоспармен әрекет жасайтын адамдар тобы үйлесті және ұйымшыл болады. Мұндай жағдайда оның әр мүшесінің әрекетін басқалары толықтырып отырады. Ұйымдасқан қылмыстың негізінде әр түрлі ұйымдасқан құрамалардың дәл осындай ұжымдық қылмысты әрекеті жатыр. <<Ұйымдасқан қылмыскерлік>> ұғымы <<ұйымдасқан қылмыс>>, <<ұйымдасқан топ>>, <<ұйымдасқан қылмыстық әрекет <<ұйымдастық қоғамдастық>> сияқты басқа ұғымдармен байланысты.Барлық жерде <<ұйым>>, <<ұйымдасқан>> сөздері пайдаланылады. Ұйымдасқан топтар бірнеше адам қылмысты тіптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшін алдын ала бірігіп, соған жан - жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасайды, барлық күш жігерін сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бірлесіп шешеді, нақты жағдайға қарай, оған түзетулер еңгізеді.Ұйымдасқан топ бір қылмысты жасау үшін де құрылуы мүмкін. Мысалы банктен ақшаның ірі сомасын ұрлау <<Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы>> федералдық заңның жобасында қылмыстық ұйымға мынадай анықтама берілген: <<Қылмыстық ұйым а) қылмыстық ұйым не оның басшылығын құру. ә) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген қылмыстарды тікелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етудің өзге де формалары бойынша қатысушылар арасында міндет бөлінген, бірлесіп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар не бандалар>>. Қылмыстық ұйымдар, өздерінің қылмыстық әрекетін қорғау мақсатында мемлекеттік құрылымдық және азаматтық әректін қорғау мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және азаматтық қоғамның инстиуттарымен, олардың алдына қойылған міндеттерін теріс арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенеді. Осыдан барып мемлекеттік органдар жүйесінде және кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттік емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады. Ұйымдасқан топтардың, бандалардың қылмыстық ұйымдардың бұл өзара әрекеттестігін, ақпарат алмасуды, құқық қорғау жүйелерін, өзге мемлекеттік құрылымдарды және азаматтық қоғамның институттарын бейтарап тандыру және пайдалану үшін, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлеріне көмек көрсетуге күш жігердің біріктірілуі қамтамасыз ететін қылмыстық қауымдастықтар т. Б. <<Қылмыстық қауымдастық>> термині қылмыстық құқықта басқа мәнде қолданылады. Ұйымдасқан қылмыскерлік - кең ауқымда қылмыстық әрекеті бар және ондай әрекет үшін қолайлы жағдай жасалған, осы құрылымдарын да, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделі жүйесі. Ұйымдасқан қылмыскерлік өзінің экономикасы, әлеуметтік және рухани саласы бар, өзінің басқару, қауіпсіздік, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесі, юстициясы, өзінің ішкі және сыртқы саясаты бар балама қоғам. Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат. Қылмыскерлікті криминалогиялық зерделегенде мыналар айқындалады. Қылмыскерліктің жағдайы мен үрдісін бағалау, онымен күрестің бағытын анықтау мақсатында оның орын мен уақыттың нақты жағдайларында жалпы таралуы және қоғамға қауіптілігі: нақты алдын алу шараларын алдын алу дайындау мақсатында қылмыскерліктің туындауы мен орын алып тұруының ерекшелігін көрсететін әлеуметтік сипаттамалар: құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстар рецидивтің және ұйымдасқан қылмыстың асқындауының алдын алу мақсатында қылмыскерліктің өзіндік, ішкі сипаттамалары. Статистикада қылмыскерлік түгелдей, тіптен қылмыстардың барлығы бірдей көрсетіле бермейді: Оның жасырын, жабық, яғни лагенттік бөлігі болады. Латынша lateens - жасырын, сырттай көрінбейді дегенді білдіреді. Қылмыскерліктің латентті бөлігі немесе <<латенттік қылмыскерлік>> деп қылмыстардың статистикада көрсетілмеген бөлігін айтады. Қылмыскерлікті зерделеудегі тану және бағалау. Қылмыскерлікті зерделеу - талдау, тану мен бағалаудың бір тұтас екендігін көрсетеді. Тану процесінде зерттеуші қылмыскерлік туралы нақты мәліметтер алады, оны <<суретке түсіреді>> десе де болады. Қылмыскерлікті бағалау дегеніміз жаңа деректерді бұрынғы біліммен, түсінікпен, болжаммен салыстыру. Мысалы: тіркелген қылмыскерліктің азаюын оның латенттігі көтерілген жоқ па деген тұрғыдан бағалау керек. Жалпы тану мен бағалауды абстракцияда ғана ажыратуға болады. Қылмыскерлікке бағаны оның <<фотографиясын>> алдын ала алмай, яғни танымай беруге болмайды, ал мақсатсыз, ешқандай болжам болмай оны тану іс жүзінде мүмкін емес. Қылмыскерлік оның салдарымен бірге талданады. Оның ішінде мыналар назарға алынады. * қылмыстың құрбандарының саны: * айырылып қалған пайданы қосқандағы материялдық залалдың мөлшері: әр түрлі әлеуметтік топтарға қылмыстың таралуы: халықтың белгілі бір бөлігінің <<әлеуметтік қараусыз қалуы>> (әр түрлі көріністегі нашақорлықтың, жезөкшеліктің, қадағалаусыздықтың, панасыздықтың, оның ішінде қылмыскер отбасынан шыққан балалардың, сондай - ақ өзгедей келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың кең таралуы: өмір тіршілігінің әр түрлі салаларына қылмыстың таралуы; мемлекеттік құрылымдарға және азаматтық қоғамның институтарына, құқыққа криминалдық ықпалын дәрежесі, оларды қылмыстық әрекет мүддесіне пайдалану; қоғамның өркениетті, құқықпен қорғалатын құндылық - нормативтік жүйесін шайқалту, қылмыстық идеалогия мен психологияны тарату; қылмыскерлікке қарсы тұруда халықтың белсенділігін төмендету және оған жеке, заңды тұлғалардың белгілі бір мөлшерінің <<бейімделуі>>. Қылмыскерлікті талдаудың ақтық мақсатын оның негізгі бағыттарын бөліп алу, қандай да бір акциялардың мақсаттарын нақ көрсету, оларды қамтамасыз етудің бағдарламаларын жасау, алдын алу және құқық қорғау қызметін жетілдіру негізінде онымен күресті жандандыру б. т. Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері. Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері: а) статистикалық есептер: - ІІМ - нің прокуратураның, басқа да құқық қорғау органдарының, оның ішінде: тіркелген қылмыстар туралы:қылмыс жасаған адамдар туралы, Қылмыстық кодексінің барлық баптары тұрғысынан алғанда тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлер туралы деректер бар ІІМ - нің №1 г нысаны, №1 а нысаны, №3, №5 сондай - ақ басқа да нысандар: - соттар мен әділет органдарының, оның ішінде соттардың жұмыстары туралы есеп: Қылмыстық жауапқа тартылғандардың саны және қылмыстық - жазалау шаралары туралы есеп : сотталғандардың құрамы, қылмыс жасағандар туралы есеп, қажет болған жағдайда - сот статистикасының басқа да нысандары: ә) бастапқы есепке алудың статистикалық карточкалары; б) әлеуметтік - экономикалық, әлеуметтік де мографиялық және басқа да статистика көрсеткіштері. Мысалы, қылмыскерліктің коэффицентін шығару үшін халықтың, оның ішінде әр жастағылардың саны туралы деректер керек болады; е) өзге құқық бұзушылықтар, маскүнемдік, нашақорлық және т. б. туралы мәліметтер; ж) қылмыстық істерді, қылмыстар туралы материалдармен арыздарды жинақтап қорту материалдары; 3) қылмыскерлікке және онымен күреске байланысты қоғамдық психологияны, құқықтық сананы, қоғамдық пікірді зерделеудің нәтижелері; и) сотталғандармен, бақылау тобындағы адамдармен, халықтың әр түрлі әлеуметтік тобының өкілдері мен жүргізілген сауалнаманың нәтижелері; з) криминалогтердың байқауларының нәтижелері; и) егер жүргізілген болса - сараптама нәтижелері: Қылмыскерлік есеп жүргізу оның нақты көріністерін: жасалған қылмыс фактілерін; сол қылмыстарды жасалған адамдарды; қылмыстардың құрбандарының және қылмыстардан келген материалдық залалдың сомасын; ұйымдасқан қылмыстық құрамаларды тіркеуге негізделеді. Қылмыскерлік коэффицентері және оның құрлымы. Қылмыскерлікті зерделеген кезде абсолюттік мәліметтермен қатар салыстырмалы мәліметтер: коэффициенттер, үлестік салмақ немесе үлестер де пайдаланылады: а) қылмыскерлік деңгейі; ә) оның қылмыстылық коэффициентімен көрсетілген қарқындылығы анықталады. Коэффициенттер қылмыскерлік туралы мәліметтерді халық жайындағы мәліметтер мен салыстыру жолымен шығарылады. Егер қылмыстар саны туралы мәліметтер салыстырылса коэффициент деп айқындалған қылмыскерлер санына қатысты коэффициент ка деп (адамдар бойынша), сотталғандар саны бойынша көрсеткіште Ке ден белгіленеді. Әр түрлі мемлекеттеде, мемлекеттің әр түрлі аймақтарында, сондай - ақ әр түрлі уақыттық кезеңдерде, әр түрлі әлеуметтік топтпрдың өкілдерінде қылмыстылық осы коэффициенттер бойынша салыстырылады. Қылмыскерлік коэффициентін есептеу формуласы КФ= Қылмыстар фактісінің саны 100000 Халықтың саны Бұл жерде есеп 100000 адамға жасалынған, бірақ 10000адамға да, қажет болған жағдайда 1000 адамға да жасауға болады. Қылмыскерлік коэффициенті не барлық халыққа, не қылмыстық жауаптылық жасындағы халыққа есептелуі мүмкін. Қылмыскерліктің құрлымы жайында сөз болғанда қылмыскерліктің әр түрлі көріністерінің үлестік салмақтарының ара қатынастары алынады. Қылмыскерлікті қозғалысты зерделеу. Қылмыскерлік қозғалыста зерделенеді. Талдамалардың мынандай түрлері бар: а) ағымдағы қылмыскерлік жылдарға жіктеліп талданады, бұл ретте белгілі бір кезеңдер немесе қоғам дамуының белгілі бір кезеңдеріне қайта құруға, реформаға және т.б. сәйкес келетін кезеңдер бөлініп алынады; б) егер ондай қажеттілік болса, қылмыскерліктің маусымдық тұрақсыздығы. Ол, мысалы, курорттық орындарда, туристік орталықтарда керек болады. Қылмыскерлік қозғалыста зерделенгенде өсу қарқыны есептеп шығарылады. Бұл қылмыскерлік азайған жағдайда да қолданылатын жалпы термин. Егер, мысалы, қылмыстар саны 10 пайзға азайса пайызды көрсеткен цифр алдында (-) таңбасын қояды. Өсу қарқыны пайызбен беріледі, ол тіркелген қылмыстар санының немесе басқаның базалықпен салыстырғанда қанша пайызға өскендігін немесе азайғандығын көрсетеді. Мынадай амалдар пайдаланады: а) динамикалық базистік көрсеткіштерін пайдалану, мұнда бірнеше жыл бойы көрсеткіштер тұрақты базиспен талдаудың алғашқы кезеңіндегі жылымен салыстырылады. Бұл жағдайда: <<... жылғы өсу,пайыз>> деп көрсетіледі: ә) динамиканың тізбекті көрсеткіштерін пайдалану, мұнда әрбір жылдың көрсеткіштері алдыңғы жылмен салыстырылады. Бұл жағдайда <<өткен жылға қарағанда өсу...пайыз>> деп көрсетіледі. Қылмыскерліктің әр түрлі көрсеткіштерінің өзгеруі талданады. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, 1986-1996 жылдары тіркелген қылмыстар саны екі есейге көбейтілген, қылмыс нәтижесінде қаза тапқан адамдар саны 2,4 есе ұлғайған, айқындалған қылмыскерлер саны 43 пайызға, сотталғандар саны тек 39 пайызға көбейген. Бұдан мынадай қортынды жасауға болады: мемлекеттің қылмыскерлікке қарсы қолданып отырған іс - шараларының тиімділігі төмен. Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу. Қылмыскерлікті көп қилы әлеметтік құбылыстардың ішінен тек белгілі бір шекте, криминалогиялық зерттеудің әдістемелік амалдарының бірі ретінде бөліп алуға болады. Ол маңызды, бірақ шектеулі білім береді. Қылмыскерлікті зерделеудің басқа аспектісі аймақтық экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени сипаттамалары координаттарындағы талдамасы, оның ішінде қылмыстық емес сипаттағы құқық бұзушылықпен және өзге келеңсіз әлеуметтік ауытқулармен байланысты. Криминалдық зерттеулерде аймақтың әлеуметтік сипатамасы халық және қоныстардың типі туралы мәліметтерді талдау арқылы анықталады. Халықты мынадай топтарға бөлуге болады: а) жынысы бойынша, себебі адамдардың әр түрлі әлеуметтік функциялары және тиісінше олардың әлеуметтік жағдайлары мен іс - қимылдарының ерекшеліктері жынысқа байланысты: ә) жасы бойынша (14-15 жас,16-17жас,18-24жас,30-49жас,6 жас және одан жоғары); б) ұлты бойынша; г) отбасының жағдайы бойынша. Қоныстар типтерін талдағанда мыналарды біліп алуға болады: а) қала және ауылдық мекендер; ә) халықтың санына қарай қалалар бойынша бөлінеді;б) әкімшілік критерий бойынша (астана, обылыс, аудан және т.б.); в) уақыт және даму қарқыны бойынша; г) функционалдық нанымдары бойынша. Әлеуметтік - экономикалық сипаттама. Қылмыскерлікті зерделегенде мынадай кезеңдерді алуға болады: а) меншік нысандары мен ұйымдық - құқықтық нысандары әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың арақатынасы; ә) әр түрлі мамандандырылған кәсіпорындар мен ұйымдардың арақатынасы; в) халықтың әлеуметтік - кәсіби құрамы; г) халықтың мөлшері мен сипаты ескерілген шығыны бойынша құрылымы, баспанасыз адамдардың және тұрақты табысы жоқ адамдардың оның ішнде жұмыссыз адамдардың болуы; д) аймақтың еңбек ресурстарын қалыптастырудағы және оларды пайдаланудағы ерекшеліктер: өздерінің адамдары, маусымдың мердігер бригадалар, <<ары - бері, теңселген>> көші - қон, бұл қалаға жақындау елдімекендерге тұратын адамдар: ашық және жасырын жұмыссыздық; е) адамдардың өздерінің өмір сүруі және өсіп - өнуі үшін ең қажет мұқтаждықтарын қамтамасыз ету; ж) халықтың табысына, жұмыс түріне, басқа сипаттамаларына сәйкес келетін өзге мұқтаждықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету. Әлеуметтік саяси сипаттама: а) халықтың әр түрлі топтарының саяси мүдделеріне қатты айырмашылық бар ма, ол қалай шешімін табады (аса байлар мен кедей топтар арасындағы қайшылық жаппай тәртіпсіздік, мүлікті қорқытып тартып алу, ұй жайларын өртеу нысанында болуы мүмкін); ә) аймақта қандай саяси партиялар мен қозғалыстар жұмыс істейді, олар бірімен бірі қалай әрекеттеседі; б) билікті құрылымдар әр түрлі саяси мүдделерді қанағаттандыруды қалай қамтамасыз етеді; в) билікті құрылымдар қалай қалыптасады; г) федералдық органдарының федерация субъектілері органдарының және өзін - өзі басқару органдарының және т.б. қатынастары қалай тұрғызылған. Бұл мән - жайлар тек мемлекеттік қылмыстардың ғана емес ланкестік актілердің, басқалардың да жасалуын анықтайды. Әлеуметтік- мәдени сипаттама бәрінен бұрын мынадай мәліметтерді қамтиды: а) мәдениет және спорт мекемелерінің саны, құрлымы олардың қызметтерінің сипаты және халықты қамыту дәрежесі тұралы; ә) жалпы білім беруді және кәсіби дайындаушы қамтамасыз ететін мекемелер туралы; б) халықтың мұқтаждықтары мен мүдделерінің ерекшеліктері туралы; в) салттары, дәстүрлері, мінез - құлықтың cтереотиптері проблемалық және даулы жағдайларды шешудің қалыптасқан тәсілдері туралы; 7. Қылмыскерліктің <<сыртқы >> және <<ішкі>> сипаттамаларын зерделеу. Қылмыскерліктің <<сыртқы>> сипаттамасын зерделеу оның көп таралғандығын талдаудан басталады. Бұл ретте мына жағдайлар анықталады: а) қылмыскерліктің деңгейі; ә) қылмыскерліктің қарқындылығы; Қылмыскерліктің жалпы кең таралғандығы бір жылда тіркелген қылмыстардың жалпы саны немесе айқындалған қылмыскерліктердің жалпы саны бойынша анықталады. Қылмыскерлікке статистикалық талдама жасағанда қылмыскерліктің мына түрлерін бөліп алу кең таралған: а) қасақана оның ішінде саяси зорлық, пайдакүнемдік қылмыстар; ә) абайсызда жасалған қылмыстар; Саяси қылмыстар әдебиетте бұл мемлекеттің және биліктің конституциялық негіздеріне қастандық ойлаумен байланысты идеялық саяси соттау деп көрсетілген. Зорлық қылмыстарына жасалған кезде зорлық мақсатқа жетудің жәй құралы ғана емес, сылтаулатудың элементі болып табылатын қылмыстар жатқызылады. Пайдакүнемдік қылмыскерлікті криминалогтер <<жалпы қылмыстық>> және <<экономикалық>> немесе шаруашылық - пайдакүнемдік деп жіктеледі. Қылмыскерліктің әлеуметтік бағыттылығы қылмыстың қастандық жасау объектісі бойынша анықталады. Қ.Р-ның Қылмыстық кодексі қылмыстардың 18 түрін бөліп алады. Криминалогиялық талдауда блоктарды ірлендіруге және қылмыскерліктің мына түрлерін бөліп алуға болады: 1) мемлекеттік; 2) адамға, оның құқығына, бостандығына, меншігіне қарсы; 3) қоғамдық мүдделерге қарсы; 4) әскери. Қылмыскерліктің <<ішкі>> сипаттамаларын талдама жасалғанда оның тұрақтылығы, белсенділігі, ұйымшылығы бөлініп алынады. Қылмыскерліктің тұрақтылығының неғұрлым айқын көрсеткіші болып қылмыстардың криминалогиялық рецидиві саналады. Қылмыскерліктің мынадан көрініс табады біріншіден, қылмыскерлер әшкереленгенге дейін бір неше қылмыс жасап үлгереді. Екіншіден, қылмыскерлер қылмыс жасау үшін қолайлы жағдайларды жәй пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар кедергілерді оңай жеңеді. Өзінің криминалдық іс - қимылдары жағдайды әдейі қолайлы етеді. Қылмыскерліктің белсенділігі криминалдық кәсібилікпен тығыз байланысты. А.И.Гуров оның мынадай жақтарын бөліп алады: тұрақты айналысу, қылмыскерлерде сол қылмыстық әрекеттермен айналысу үшін қажетті белгілі бір білімдермен дағдылардың болуы: бұл адамдардың белгілі бір криминалдық мамандануы, негізінен біртекті қылмыстар жасауы; қылмыстық әрекет бұл адамдар үшін негізі, кейде бірден бір табыс көзі, бай әлеуметтік ортамен байланыс. Қылмыскерліктің латенттігін зерделеу. Қылмыскерлікте өте жоғары латенттік бар. Тіптен, адам өлтіру болған кейбір жағдайларда ол адам өзін - өзі өлтіруді деп көрсетіліп, қылмыстың ізі жойылып, мұқият бүркемеленеді. Егер қылмысты ұйымдасқан және кәсіби топ жасаса, онда латенттік деңгейі жоғары болады. Қылмыскерліктің латенттік бөлігі жасырын және жасырылған қылмыстарды қамтиды. Қылмыскерліктің жасырын бөлігі, жасалған бірақ ол жайында құқық қорғау органдары мен сот білмейтін қылмыстар мен олардың әр түрлі жиынтығынан құралады. Қылмыскерліктің жасырылған бөлігі құқық қорғау органдарына белгілі болған, бірақ қандай да бір себептермен қылмыскерлік туралы статистикаға кірмей қалған қылмыстар мен олардың жиынтығын қамтиды. Тиісті қылмыскерліктің латенттігі ескеріліп оның қаншалықты кең таралғандығын білуге мүмкіндік беретіндігі бір қатар әдістемелер бар: Біріншіден, бұл бірқатар статистикалық мәліметтердің салыстырмалы талдамасы. Мысалы, адам өлтіру мен әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатының санын салыстыру. Екіншіден, латентті айқындау мақсатында қылмыстық статистиканың, азаматтық - құқықтық деликттер, әкімшілік және тәртіптік, құқық бұзушылық статистиканың мәліметтері салыстырылады. Үшіншіден, қылмыстық статистиканың мәліметтері қылмыстар мен арыздармен, шағымдармен, хабарлармен оның ішінде тек құқық органдарына ғана емес, сондай - ақ бұқаралық ақпарат құралдарына, басқа ұйымдарға жіберілгендерімен салыстырылады. Төртіншіден, арнайы анкета бойынша халықтан алынған жауаппен де салыстыру жүргізіледі. Қылмыскерліктің латенттігіне жасалған талдаудан кейін заңдылықтың нақты бұзылу фактілерін анықтау үлкен мақсатты жүргізіледі. Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы және оның процестері. Детерминация - <<дерминат>>, <<детерминдеу>> сөздерінен туыды ұғым. Латының determinare сөзі <<анықтау>> дегенді білдіреді. <<Детерминация>> - белігілеу: анықтау процесі. Деттерминаттар немесе <<мән - жайлар>>, <<факторлар>> туралы себептер мен жағдайлар үшін біріктіруші терминдер ретінде айтады. Қылмыскерліктің детерминация процесі байланыстардың әр түрлі нысандарының әр түрлі нысандарының күрделі өзара әрекеттесуі болып табылады;ол күйдің және өзгелердің тек себептік қана емес, сонымен қатар функционалдық, статистикалық байланыстары. Функционалдық тәуелдік объективтік сәйкестікті, өмір сүрудегі параллелизмді және үшінші фактоға тәуелді болуы мүмкін екі фактордың өзгергіштерін көрсетеді. Мысалы, аймақта жұмыссыздықтың көбеюі қажетті мұқтаждықты қанағаттандыру үшін ұрлау санының өсуіне және сатып алушылық сұранымның төмендетуіне алып келеді. Статистикалық байланыста бір фактордың таралу сипатының өзгеруі екінші фактордың өзгеруіне тәуелді болады, мысалы,халықтың санының артуына қарай қылмыс санының көбеюі. Статистикалық байланыстағы жеке жағдай - корреляциялық тәуелділік. Егер бір құбы лыстың таралуына тікелей пропоционал болса корреляцияда оң сипат болады. Қылмыскерліктің қандай да бір басқа құбылыспен немесе процеспен өзара байланыстық фактісін айқындауды жеткілікті деп санауға болмайды. Себептілік - әмбебап өзара әрекеттестік нысандарының бірі ретінде, детерминацияның генетикалық байланысын ғана білдіретін түрлерінің бірі ретінде қаралады. Қылмыскерліктің қоғамның детерминдеуінің жалпы тетігін, оның өзін - өзі детерминдеуін және оны тудырған қоғамға қарсы ықпалды схема жүзінде былай бөлуге болады: 1) қарама - қайшылығы, проблемалары бар қоғам, егер әлеуметтік басқаруда қателіктер кетсе қылмыстық емес сипаттағы теріс әлеуметтік ауытқулар тудырады; 2) күрес жеткіліксіз болған жағдайда бұл әлеуметтік ауытқулар, басқа әлеуметтік факторлармен өзара әрекеттесе отырып, қылмыскерлікке, оның дамуына себепкер болады; 3) қылмыскерлікпен тиімсіз күрес оның жаңа күйіне <<Қылмыскерлік-1>>, -ге алып келеді, нәтижесінде бұл қылмыстар ауырырақ сипаттамаларға ие болады, оларда ұйымдасқандық және әрекеттің бір түрі - порно, - нарко, -алкобизнес; 4) қоғамдағы келеңсіз әлеуметтік ауытқулар күшейеді; 5) мұның бәрі қоғамның сипаттмасына ықпалын тигізеді. Қылмыскерлік детерминациясын зерделегенде әлеуметтік детерминизмнің ерекшелігін есепке алу керек. Криминологиядағы себептілік ұғымы. Орыс тілінде <<келтіру>> сөзі бірдемені <<өндіру>> мағынасында қолданылады <<себептілік - бұл заттар мен құбылыстар байланыстарының бір түрі, бұл - өндіруші, немесе басқаша айтқанда <<генетикалық>> байланыс, яғни қандай да бір құбылыстың, процестің туындау фактісін анықтаушы байланыс. Себептілік туралы айтқанда <<себеп және салдар>>, <<себептілік - салдарлық байланыстар>>, <<себептілік тізбектер>>, <<себептілік кемендер>> және басқа да санаттар пайдаланылады. Себептік байланыстардың айрықша ерекшелігі 3-Дәріс. Қылмыстық топтардың пайда болуы механизмдерi және олардың әлеуметтiк-психологиялық белгiлерi Дәріс жоспары: 1.Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау. 2.Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық кінәні ауырлататын құрам ретінде. Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау. Қылмыскерлікті зерделеу кезеңі мен қылмыскерлікпен күресуді ұйымдастыру кезеңі арасында қылмыскерліктің детерминациясы мен себептілігін айқындау кезеңі міндетті түрде болады. Қылмыскерлікті түр - түрімен, оның нақты жағдайларда пайда болуын жан - жақты түсіндіріп беретін қандай да бір жалпы, <<негізгі>>, <<басты>> себептері жоқ. Қылмыскерліктің себептеріне баса мән бермеу немесе ол жайында аса қолданбау соңғы уақытқа дейін кеңестік криминалогияда орын алды. Кейбір зорлыққа себеп: <<әр түрлі сипаттағы дүниеқорлық>>, <<буржуазиялық меншік психалогия>> деп санады. Криминологиялық әдебиетте неғұрлым көп таралған, қылмыскерлікті тұындаған әдеттегі мән - жайлар туралы мәліметтер келіреді. Бірақ өзінің әр түрлі көрінісінде және үйлесімінде бұл мән - жайлар қылмыскерліктің сан алуан түрін туындатуы, оның сапалық және сандық сипаттамаларын әр түрлі анықтауы мүмкін. Сондықтан да әр түрлі аймақтардағы адамдардың нақты өмір тірлігінің соған дейіңгі күйін әр уақытта талдау керек. Қандай да бір мән - жайдың қылмыстық іс - қимылмен байланысын жәй көрсету ғана емес, сол байланыстың сипатын айқындаудың да маңызы зор, мысалы, өзінің қандай нақты көріністерінде, қандай өзге факторлармен жиынтығында және қандай жағдайларда қандай мән - жайда қылмыстық іс - қимылын тұдырады. Сонымен, қылмыскерлік - біршама дербес, тұтас, қоғамға едәуір қауіпті құбылыс. Ол қоғамның әр түрлі салаларына, әр түрлі қоғамдық қатынастарға тараған. Бұл тұрғыдан алғанда ол <<әлеуметтік>> сөзінің кең мағынасындағы әлеуметтік құбылыс. Қылмыскерлік қоғамда болады, қоғам оны тудырады. Қылмыскерлік - жай әлеуметтік қана емес, әлеуметтік - психологиялық құбылыс, себебі ол адамдарын жеке олардың іс - қимылдарынан, әрекетінен ттысқарыда болмайда. Ол адамдардың жалпы қоғамға қауіпті іс - қимылын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық - құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешімінің басқа варианттарына жол беретін жағдайлардағы айыпты іс - қимылды да көрсетеді.Қылмыскерліктің әлеуметтік мәні қандай? Мұндай сұраққа Ф. Энгельс өзінің <<жұмысшы жағының Англиядағы жағдайы>> деген кітабында жауап берген. Ол әр түрлі қылмыстардың объективтік ұқсастығын бөліп алған, сонан соң қылмыскерліктің теориялық ұғымын қалыптастырған:<<Мұнда ұрлық жайында, полицияға шабуыл жайында, ата - анасы тастап кеткен некесізге алимент төлеуге әкесін мәжбүрлеу жайында, күйеуін әйелінің ұландырғаны жайында жариялайды. Осы тектес оқиғаларды ағылшының барлық газеттері хабарлайды. Англияда әлеуметтік соғыс жаппай жүріп жатыр. Әркім өзі үшін басқалардың бәрімен күресуде, ал басқаларға зиян келтіру керек пе, оны ол тек менмендік тұрғыдан шешеді: қай жағы өзіне тиімді.Бір сөзбен айтқанда, әркім басқаның бәрін жау көреді, жолында тұрғандарды қағып кеткісі келеді, немесе өз мақсаттарында пайдаланады>>. Сонымен, әрбір қылмыстың объективтік ұқсастығы не пайдалы деген менмендік есеппен әркімнің қалған басқаларға қарсы күрес. Мұндай көрініштердің көптігі туралы мәліметтер негізінде Ф. Энгельс <<әлеуметтік соғыс>> жайында сөз етеді. Ал, <<әлеуметтік соғыстың>> бұл түрін бөліп алады,оны <<тәртіпті силамаудың ең соңғы көрінісі>> деп атай отырып, оның негізінде таза менмендік емеп жатқандығын көрсетеді. Қылмыстық құқық теориясында, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау жайында ғалымдардың арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер кездеседі, солардың бірі ұйымдасқан топтың қатысушыларының қылмысқа қатысудағы ролі және олардың әрекеттерін бағалау жайында. Ұйымдасқан топқа қатысушылар, осы топтың мүшелері болып табыла ма, әлде қатысушылары болып табыла ма деген сұрақ туындайды. Бұрынғы және қазіргі уақыттарда осы мәселені қарастырған ғалымдар ұйымдасқан топтың барлық мүшелері қылмысты бірге орындаушылар болып табылады және олардың пікірінше қылмыстық кодекстің 17-ші бабына сілтеме жасалынбауы керек. Бұған қарсы көзқарастар да бар. Мысалы Ушаков А.В. "Ұйымдасқан топқа оған кірген адамдар қылмысты бірге орындаушылар емес, осындай топтың қатысушылары болып табылады" - дейді. А.В. Ушаковтың пікірінше ұйымдасқан топқа кірген адамдар қылмысқа қатысушылар болып есептеліп, ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттер жасаған жағдайда 17 баптың осындай рольдер қарастырылған тиісті бөлімдеріне сілтеме жасаулануы керек. Осындай бағытты 2001 жылы қабылданылған <<бандитизммен және басқа да қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері жөніндегі>> ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы да келтіреді. Бұл қаулының 15 пунктінде <<ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастықты құрған немесе ұйымдастырған адамдардың әрекеттері ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарымен және қылмысты орындауға тікелей қатыспаған жағдайда 28 бапқа сілтеме жасай отырып квалификациялауы керек>> деген [74]. Біздің пікірімізше бұл мәселе бір жақты шешілмеуі керек. Ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастық туралы тікелей жауапкершілікті қарастыратын Қ.К. 235 баптың 3 бөлімінде ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық қауымдастықтың қатысушылары туралы жауапкершілікті қарастырған. Міне осыдан барып, қатысушылар кімдер бола алады немесе қатысушы болуы үшін ұйымдасқан топқа кіруі немесе мүше болуы шарт па және ұйымдасқан топқа мүше емес, қатысушылар да бола ма деген сұрақ туындайды. Бір байқалатын жәйт ұйымдасқан топқа қатысушылар кей жағдайларда әр түрлі деңгейде қатысып, қылмыстың қосалқы қатысушылары ретінде көріне алады. Яғни біркелкі айдап салушылық, көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен шектеледі. Кейбір ауыр немесе аса ауыр қылмыстар болып саналатын ұйымдасқан топтар және қылмыстық қауымдастық түрлері, (мысалы бандитизм, т.б.) ұйымдастырушылық, жетекшілік етумен қатар қатысушылықты да тиісті баптың өзінде тікелей көрсетеді. Сот тәжірибесі материалдарына жүгінсек қылмысқа қатысушылар әр түрлі әрекеттер орындау түрімен кездесе береді. Кейбір қатысушылар қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындап отырса, ал кейбір қатысушылар үнемі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен ғана шектеледі. Мысалы Абдрахманов бастаған бес жігіт Омскіден Алматыға қылмыстар жасау мақсатымен келген. Олардың бандиттік шабуылына жергілікті Поцелуева деген қыз үнемі тонауға болатын үйлерді көрсетіп отырады. Тергеу органдары Поцелуеваның әрекеттерін (бұл бұрынғы заңның кезінде болған қылмыс) ҚК 17 бабының көмектесу шілікті қарастырған бөлімімен және 63 (бандитизм) бабымен саралаған. Адам үнемі көмектесу, айдап салу тәрізді әрекеттерді орындаса, олардың әрекеттері ҚК 28 бабына сәйкес келіп, сол бап арқылы сараланатыны белгілі жайт. Практикада мұндай жағдайлар кездескенде тергеу органдары ол қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін 28 бапқа сілтеме арқылы бағалап жатады. Заң кей қылмыстарда қатысушылықты тікелей сол бапта көрсеткенде, оларды қылмыстың орындаушылары ретінде ұғынуды немесе бағалауды ұсынады. Ұйымдастырушы мен жетекшіден басқалар, яғни қатардағы мүшелері қатысушылар болып табылады. Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықта қылмыскер үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер орындағанда біз ҚК Жалпы бөліміне сілтеме жасауды дұрыс көрмейміз. Себебі ұзақ уақыттар бойы қылмыстар жасаумен немесе алдын-ала келісім негізінде, мұндай ролдерді орындаушылар осы топтың мүшелеріне немесе орындаушыларына айналады. Демек, қылмыстық заңның өзінде қатысушылық тікелей көрсетілген жағдайда үнемі болса да біркелкі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаушылар қылмысты қатысу арқылы орындайды. Бұларды орындаушылардың бір түріне жатқызу себебіміз, біріншіден қатысу белгісі нақты қылмыстарда кездесіп отырады, екіншіден, әдепкі келісім бойынша біркелкі әрекеттерді орындап отыруға міндеттенуі мүмкін.Мұндай жағдайда оларды осы топтың мүшелері ретінде бағалау керек. Біздің пайымдауымызша "қатысушылар" деген ұғымға қарағанда "мүшелер" деген ұғымның көлемі кең. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың мүшелеріне қатардағы қатысушылардан басқа, осы топтың ұйымдастырушылары, жетекшілері түгел жатады. Осы себептерден ұйымдасқан топқа, қауымдастыққа қатысушылардың кейбіреулері қылмысты қатысу түрінде орындауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол қатысушылар осы топтың мүшелері болып табылады.Мынадай жағдайлар болады. Мысалы кейбір адамдар ұйымдасқан топтың немесе қауымдастықтың жасаған бір қылмысына ғана қатысуы мүмкін. Бір немесе екі рет ғана көмектесушілік тәрізді қызмет көрсетіп, одан кейін бұл топтың қылмысына араласпауы мүмкін. Мұндай қылмысқа қатысушыларды қалай қауымдастықтың, ұйымдасқан топтың мүшесіне жатқызасыз? Біздің пікірімізше, егер ұйымдасқан топтың мүшесі болмай, белгілі-бір қылмыстың эпизодтарына ғана көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен қатысса, онда олардың әрекеттері қылмысқа көмектесуші түріндегі қатысушылық деп бағаланып, Қ.К. 28 бабына сілтеме жасалынуы керек.Ойымызды қорыта айтқанда, ұйымдасқан топқа қатысушылықтың мүшелері екі түрге бөлінеді. Біріншілері қылмыстың объективтік жағын тікелей орындаушылар. Екіншілері қылмысты тікелей орындамай, үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер атқару арқылы қылмысқа қатысу түріндегі орындаушылар. Бұлардың әрекеттерін Қ.К. 28 бабына сілтеме жасамай квалификациялаған дұрыс, өйткені тұрақты түрде қылмыстылықпен айналысатын топтың мүшесі болуына байланысты олардың қоғамға қауіптілігі қылмысты тікелей орындаған адамдардан төмен болмайды. Осы пікірімізді Ресей қылмыстық кодексінің түсіндірмесімен салыстырсақ, олардың түсіндіруімен сай келеді. Айдап салушы, көмектесуші осындай ролдерді орындаумен шектелмей, басқа да қатысушылармен бірге қылмысты орындауға тікелей қатысса, онда олар қылмыстың тікелей орындаушысы ретінде танылып, іс-әрекетті квалификациялағанда тек қана Қ.К. Ерекше бөлімнің баптары ғана қолданылуы керек. Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық кінәні ауырлататын құрам ретінде де заңда бейнеленген. ҚР ҚК 235 бабында ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қауымдастықты құрғаны, жетекшілік еткені және басқа адамдардың осындай топтардың қылмысты әрекеттеріне қатысқандығы үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл жерде қылмыстық кодекстің 31 бабында түсінігі қарастырыла отырып, Ерекше бөлімі де неліктен жеке бап ретінде арнайы қарастырылады деген сұрақ туындайды? Жалпы бөлімде қарастырылған қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі Ерекше бөлім нормаларына толық тарала ала ма немесе толық тарала алмаса бірлесіп қылмыс жасау түріне оның маңызы қаншалықты деп мәселе қою керек. Ғылымда, оны жетілдіруде шек жоқ. Әйтсе де қоғам дамуымен бірге ол қоғамның ғылымы да дамиды, оны тұрақты, тиімді, қисынды түрде шешу керек. В.Н.Кудрявцев "құқықтың жалпы мәселелері мен қағидаларын терең зерттеу әділ соттың заңға сәйкес жүргізілуіне жағдай жасайды. Осындай жалпы мәселелердің біріне қылмысты квалификациялау мәселесі жатады", - деп қисынды айтады. Қылмыстық құқықта ғалымдардың арасында дау тудырған мәселенің бірі, бұрынғы қылмыстық заңның 17 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың Ерекше бөлімге жалпы норма ретінде таралуы туралы болып табылады. Алғашқы рет бұл мәселе, М.Д. Шаргородскийдің "қылмысты бірге орындаушылықтың да және қылмысты топ болып жасау шылықтың да қылмысқа қатысушылыққа қатысы жоқ. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің баптарында, топ адамдардың қылмысты істері жөнінде әңгіме болғанда қылмысқа қатысушылық емес, тек бірнеше адамдардың кей жағдайларда ғана қылмыс жасауы айтылады" - деген көзқарасымен басталды. 4-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстық топ - ұйымдасу деңгейi және құрылысы Дәріс жоспары: 1.Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық. 2.Бандитизм 3.Қылмыс құрамының субъективтік жағы Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасап үлгермесе, мұндай жағдайға бұрын заңда арнайы норма болмаған. Ұйымдасқан топты және қауымдастықты құру әрекетінің өзі қылмыс жасағандық білдіре алады, себебі қылмыстық құқық қылмыстылықпен айналысу үшін мұндай тұрақты топтардың құрылуының өзін аяқталған қылмысты әрекет ретінде тайынды. Бірақ қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлімдерінің өзара байланысын ескере отырып айтсақ, онда ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық үшін ҚК Жалпы бөлімнің 31 бабында түсінік берілген. Сондықтан Жалпы бөлімнің жекелеген институттары Ерекше бөлімде көрсетілуге жатпайды. 235 бабта табиғатынан екі немесе одан көп адамның қатысуымен ғана жасалатын жеке қылмыстың белгілері болмағанымен, оның бүгінгі заңда өмір сүруінің себебі, біріншіден, ол ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ ешқандай қылмыс жасап үлгермеген жағдайы үшін және екіншіден, Ерекше бөлімнің баптары ұйымдасқан топпен, қауымдастықпен қылмысты жасауды жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде арнайы қарастырмағанда жауапкершілік қолдану болып табылады. Бұл турасында Қылмыстық кодекске берілген түсіндірмелерде де осындай бағыттағы түсіндірме берілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын бабты түсіндіре отырып, <<Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады". Енді ҚР. ҚК. 235 бабындағы ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру немесе оған жетекшілік ету және қылмыстық қауымдастыққа қатысу деген қылмыс түрін алайық. Мұндағы заң диспозициясы үш әрекетін: ұйымдастыру, жетекшілік ету, сонымен қатар қатысудан құралады. Бұл бапта жеке қылмысқа қатысушылық түрі жоқ тәрізді, себебі мұнда 31 баптың 3 және 4 бөлімдеріндегі қылмысқа қатысушылықтың формалары келтірілген. Қылмысқа қатысушылық түрі жоқ сияқты деу себебіміз, ұйымдасқан қылмыстық топтың және қылмыстық қауымдастықтың түсінігін ашатын белгілерде жеке қылмысты білдіретін ерекше белгілер кездеспейді. Ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық формасында Ерекше бөлімдегі қасақана қылмыс түрлері жасалады. Ұйымдастыру, қатысу тәрізді белгілер де кез-келген қасақана жасалатын қылмыстарда кездесе алады. Бұлай болғанда, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде мұндай бап болмауы керек сияқты. Демек, қылмыстық қауымдастықты құру арқылы қылмыстар жасауға дайындық кезеңінің өзі Ерекше бөлімдегі тұрақтылық белгісімен сипатталатын және ұйымдасқан топ немесе қауымдастық арқылы қылмыстылықпен айналысу ауырлататын құрам түрінде қарастырылған қылмыстарда аяқталған қылмысты құрайды және іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасалынбай Ерекше бөлімнің баптарымен квалификациялады. Егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құру Ерекше бөлімнің баптарында ауырлататын құрам ретінде келтірілмесе, бірақ осы қылмыстарды жасау мақсатында тұрақты қылмыстық топтар құрылса, онда 31 баптың 6 бөліміне сәйкес, қылмыс жасауға дайындалу ретінде бағаланып, іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасау арқылы квалификациялады. Бұл турасында Ресей федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде біздің осы шешімімізді құптарлық түсіндірме келтірілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын 210 бапты түсіндіре отырып, "Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады", - дейді. Демек, қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі белгілі бір қылмыстарды жасауға дайындық кезеңінің өзі аяқталған, жасалған қылмысты құрайды. Әдетте, келте (усеченный) құрамдарда қылмыстың бастапқы кезеңдері үшін ҚК Жалпы бөлмінің 24-нші бабына сілтеме жасалынбайды. Себебі сол дайындық, оқталу әрекеттерінің өзі мұндай құрамдарда қылмыстың жасалынғандығын білдіреді. Ал жоғарыда аталған Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде әрі қарай "қылмыстық ұйымдардың пайда болу кезеңін қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық ретінде қарастыру керек", - дейді [111. 364]. А.В. Наумовтың мұндай пікіріне келісу қиын. Өйткені нақты (фактический) қылмыс ойға алынған әрекеттерді жасағаннан, мақсатына жеткеннен кейін аяқталса, заң түрінде (юридический) қылмыскердің ойға алған мақсатына дейін аяқталып жатады. Мысалы келте немесе формальды құрамдарда. Біз әрине қылмысты квалификациялағанда, оның аяқталу кезеңін заң бекіткен, анықтаған кезеңмен аламыз. Қорыта айтқанда, бұл баптың заңда болуы біздің жоғарыдағы зерттеуіміздің дұрыстығын дәлелдейді. Яғни Ерекше бөлімде бірнеше адамдардың қатысуымен ғана жасала алатын жеке қылмыстар ғана емес, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық тәрізді екі немесе одан көп адамдардың қатысуы қажетті белгі болатын қылмысқа қатысушылық формалары жоғарыдағыдай жағдайлар негізінде қылмысқа қатысудың бір түрі ретінде жеке бап ретінде көрсетіле алады. Қазіргі заң қолдану жұмысы бойынша, егер қылмыстық қауымдастық және ұйымдасқан қылмыстық топ құрылғаннан кейін бірнеше қылмыстар жасаса, онда барлық жасаған қылмыстар үшін және 235 бабының тиісті бөлімдеріндегі әрекеттерді жасағандығы үшін жауапқа тартылады. Мысалы 1995 ж. 22 желтоқсандағы қорқытып алушылық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы сотының №11 қаулысының 8 арашасында, егер қорқытып алушылықты, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықты құрған адам, сондай-ақ оларға басшылық еткен адам жасаса, онда олардың әрекеттерін ҚК 76-7бабының (қазіргі Қ.Р. ҚК 181-нші бабы) екінші бөлімнің 8 тармақшасымен және 63-2 (қазіргі ҚР ҚК 235-нші бабы) тиісті бөліктері бойынша квалификациялауды ұсынады [116]. Сол 2001 жылы 21 маусымда шыққан ҚР Жоғарғы Сотының "Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" № 2 нормативтік қаулысының 15 тармақшасында осындай бағыт келтірілген. Онда "ҚК 31 бабының 5 бөлімінің талаптары негізінде, ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оған басшылық жасаған адамдардың іс-әрекеттері тиісінше ҚК 235 бабының 1 бөлімімен не, 2 бөлімімен немесе ҚК 237 бабының 1 бөлімі бойынша және де сондай-ақ егер оның ниетімен қамтылса, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс үшін жауапкершілік көздейтін ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптары бойынша да дәрежелеуге жатады",- делінген. [74]. Біз Қ.Р. Жоғарғы Соты қаулыларының мұндай түсіндірмесін қосымша түсіндіруге мәжбүрміз. Біз ҚК 235 бабын ұйымдасқан топтың, қылмыстық қауымдастықтың құрылып әлі ешқандай нақты қылмыс жасамаған кезеңі үшін қолдануды ұсындық. Ал егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құрылып қана қоймай бірнеше қылмыстар жасаған болса, 235 бапты пайдалануды ұсынушылар, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды жақтаушылар бірнеше қылмыстар жасалды, 235 бапта да жаза көрсетілген, сол жазаларды немесе қылмыстарды қосып жаза тағайындау керек дейді. 235 баптағы ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастықты тек келте құрам ретінде пайдалануды ұсынғаннан кейін, ол барлық ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық жасаған қылмыстарда қолданылуға негізді себеп болады. Демек қылмыстар жиынтығы ретінде саралауды қажет етеді. Біздің пікірімізше ұйымдасқан топ, қауымдастық Қ.К. Ерекше бөліміндегі қасақана қылмыстарды жасап бірақ, оған қатысушылардың әрекеттерін сол бапта ұйымдасқан топ немесе қауымдастық түрінде көрсетілмесе, онда 235 баппен және сол жасаған қылмысты қарастыратын баптың 1-бөлімімен саралау керек. Ал жаза тағайындау кезеңінде 235 баптың және жасаған қылмысты қарастыратын баптың жаза түрі мен көлемі қолданылады. 235 баптың бірінші, екінші және үшінші бөлімдеріндегі жаза мөлшері де кейбір ауыр қылмыстарға қарағанда аз көрсетілген. Ол жаза, тек қылмыстық қауымдастықты және ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін ғана белгіленген. Бандитизм (237-бап) - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды. Қылмыстық тікелей объектісі - коғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделер. Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады: 1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру. 2. Орындай топтық (банданы) басқару. 3. Тұрақты қарулы топқа қатысу. 4. Бандалық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы. Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз. Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банданың құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады. Банданың тұрақтылығы қаруланған топтын мүшелерінің кылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі аркылы анықталады. Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз. Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады. Баңдитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы аяқталған деп табылады. Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуылды жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен "тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз. Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану кауіпін тұғызуын айтамыз. Егер шабуыл барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабыңца көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет. Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі -арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады. Қылмыстык субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабынын, 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген. Бандаға қатысу деп -- олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз. Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым адамдары (Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары (ҚК-тін 228-бабының ескертуі) Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті көп мөлшерде икемдету мақсатымен бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша шабуыл жасап, шабуылға үшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына кауіпті күш жұмсаумен ұштастырып немесе сондай күш жұмсамақ болып, қорқытып үй~жайға немесе қойма орындарына басып кіру арқылы жасалса немесе дене ауыр жарақаттарымен ұштасса, иә болмаса бұл қылмысты ерекше қауіпті рецидивист істесе немесе бұрын меншікттік немесе коғамдык немесе азаматтардың өзіндік мүлкін икемдену мақсатымен шабуыл жасап тонаған немесе бандитизм жасағап істесе -- мүлкі тәркілене отырып, 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға жазаланатындыгы көзделген. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осыңдай топты (банданы) басқару - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдара қатысу - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жалпыға бірдей қауілті заттарды қолдану ережелерін бұзұмен байланысты қылмыстар. Радиоактивті материалдарды нормативтік құқықтық және технологиялык талаптарға сай дұрыс пайдалану қоғамға, адамзатқа зор пайда келтіруі мүмкін. Бірақта радиоактивті материалдармен ұқыпсыз немесе қылмысты түрде жұмыс істеу аса зор қауіпті зардаптарға әкеліп соғады. Қылмыстың тікелей объектісі - радиоактивті материалдармен кауіпсіз жұмыс істеуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Осы қылмыстың заты болып - тек қана радиоактивті материалдар танылады. Оларға радиоактивті нәрселер, радиоактивті қалдықтар т.б. заттар жатады. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген. Қылмыстық кодекстің 247-бабының 1-тармағында көрсетілген кылмыстың объективтік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз алу, сақтау, пайдалану, біреуге беру немесе бүлдіру, сондай-ақ оларды тасымалдау және көму әрекеттері арқылы сипатталады. Мұнда көрсетілген алуға - радиоактивтік материалдарға ҚК-нің 248-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тәсілмен (сатып алу, айырбастау, сыйға алу) арқылы қолға түсіру жатады. Сақтауға - көрсетілген заттарға шын мәнінде қожалық етіп, иелікте ұстау әрекеттері жатады. Радиактивті материалдарды пайдалануға - оны мақсатты немесе басқандай мақсатсыз қолданып, игілікке жарату әрекеттері жатады. Қазақстан Республикасының "Атом энергиясын пайдалану жөніндегі", сол сияқты "Халықтың радиациялық кауіпсіздігі туралы" заңдарына және басқа арнаулы нормативтік актілерге қайшы іс әрекеттер заңсыз деп танылады. Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не қужаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құралдарды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануға немесе жалған декларациялаумен ұштастыра Мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізген үшін қылмыстық жауаптылық, Қылмыстық кодекстін 250-бабында арнайы көрсетілген. Қарумен кез келген түрімен заңсыз іс-әрекеттер жасау өте қауіпті. Қарулы адам әруақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заң осындай заттармен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі - қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш кұрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қылмыстың заты - қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар, суық қару болып табылады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңында осы көрсетілген заттарға анықтамалар берілген. Өрт каупінің тікелей объектісі - адам өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Объективті жағына талданып отырылған қылмыс (256-баптың 1-тармағы) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге әкеп соғу аркылы сипатталады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген. Қылмыстың зардабы -өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (ҚК-тін 103, 104-баптары) келтіру немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру болып табылады, өзге де ауыр өрттен тұтас жанып кетуі, ұзақ уақытқа кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуы және т.б. әрекеттер жатады. Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс кұралдарын басып алу қылмыс объектісі - өзінін ең терең мағынасындағы қоғамдық қауіпсіздік болса, екі және үшінші бөлімдер бойынша оған адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қосу керек. Бұл қылмыстың объективті жағы үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алудан немесе оларды жою не бүлдірумен қоқытып, ұстап тұрудан құрылады. Басып алу деп басып алынғанды босату үшін белгілі бір шарттар қою мақсатымен үйлерге, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына не өзге коммуникацияларға бағытталған, заңсыз әрі күні қолданылатын кез-келген әрекетті түсіну керек. Ал, ұстап тұру деп басып алғанды босатуға кедергі жасау мақсатымен күш қолдану арқылы жасалған әрекеттерді айтамыз. Аталған қылмыс құрамында қорқыту жазбаша немесе ауызша түрде білдіріп, сол сияқты, ашық немесе жасырын (аноним) болуы мумкін. Қорқыту, оны естіген адамның осы айтылғанның орындалуы мумкін деп есептеуіне барлык негіздер болатындай шынайы қабылдауы керек. Қылмыс іс жүзінде басып алу сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі. Әр тұлға үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс кұралдарын басын алудан басқа да қылмыстық - жазалаушы әрекеттер жасаса, онда оның әрекеттері қылмыс жиынтығы бойынша бағалануы тиіс. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған тұлға. Егер де әрекеттер: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; б) бірнеше рет; в) өмірге не денсаулыққа қауіпті күш қолданыла отырып; г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды колданыла отырып; д) пайдакүнемдік ниетпен жалдау арқылы жасалса, Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-бөлімі бойынша бағаланады. Бағалаушы белгілердің мазмұны Қылмыстық кодекстің 234-бабы ның сәйкес белгілерімен бірдей Қылмыстық кодекстің 238-бабыньщ 1 және 2-баптарында көзделген әрекеттер егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса ерекше бағалаушы белгілер болып табылады, бұлар да адамды кепілге алудың сәйкес белгілерімен бірдей. Басып алғандарын босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр егу мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзі коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап туру, оларды жолмен немесе бүлдіремін деп қорқытумен үштасса - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың 1 немесе 2 бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын әкету, сол сияқты қолға түсіру аракідік көрініс беретін құбылыс. Бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Көрсетілген қылмыстың қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болады. Қылмыстық объективтік жағы екі түрлі әрекеттен тұрады: әуе немесе су кемесін не жьшжымалы темір жол составын айдап әкету, осы көлік құралдарын айдап әкету мақсатында басып алу. Әуе келігі кемесіне - адамдар немесе жүк тасуға бейімделген, ауа қысымы күшімен қозғалатын ұшу аппараттары жатады. Оған үшақтың, тікұшақтың барлық түрлері, сондай-ақ спорттық әуе шарлары, дирижабльдер жатады. Су-Көлігі кемесі мұхиттарда, теңіздерде өзен көлдерде адам немесе жүк тасуға арналған көлік құралы. Бұған теплоходтардың сан түрі, су асты қайығы, катерлер, теңіз яхталары, өзі жылжитын яхталар жатады. Бұған: локомотивтің барлық түрлері, электр күшімен жылжитын вагондар, платформалар жатады. Осы көрсетілген көлік құралдарына өз бетінше иелік етіп оны қалауынша пайдалану айдап әкету деп табылады. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың басқа адамдардың көлікті рұксатсыз, белгіленген маршруттарды өзгерте отырып, өз бетінше пайдаланса мұндай әрекеттер айдап әкетуге жатады. Басып күш қолдану, қорқыту немесе алдау арқылы әуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын құқыққа қайшы түрде иелік етулер жатады. Күш қолдану экипаж мүшелеріне, жолаушыларға дене жарақатын келтіруімен көрініс табады. Қорқытуға, өлтіруге, көлікті апатқа ұшыратуға, жарылыс жасауға байланысты ниет білдірушіліктер жатады. Алдауға әртүрлі амал-айлалар қолдану (экипаж мүшелерін, жүргізушілерін, жолаушыларды жаңылыстыру арқылы маршрутты өзгерту) әрекеттері жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам көлікті заңсыз айдап әкеткенін немесе көлік құралын басып алғанын сезеді және соны істеуді тілейді, Басып алудың мақсаты көлік құралын айдап әкету болып табылады. Қылмыстың субъектісі - ойы толған, есі дүрыс адам. Қылмыстық кодекстің 239-бабының 2 тармағыңда осы қылмыстың ауырлататын түрлері жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша (Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағы); б) бірінші рет; в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып (Қылмыстык кодекстің 179-бабы); г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса (Қылмыстық кодекстің 179-бабы). Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану жәбірленушінін денсаулығына жеңіл, орташа ауыр немесе ауыр зиян келтіруді білдіреді. Қорқыту - өлтірумен, денсаулыққа жеңіл, орташа ауыр және ауыр зиян келтірумен шошыту арқылы білдіреді. Жасалған істі Қылмыстык, кодекстің 239-бабынын 3-бөлімі бойынша бағалау үшін адам өлімі кінәнің абайсыз түрінің болуымен орын алғандығын анықтау керек. Айдап әкету немесе басып алу кезіндегі кісі өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қосымша бағалауды талап етеді. Өзге ауыр зардаптар - көліктің немесе жылжымалы теміржол составын апатқа ұшырауынан самолеттердің ұшу немесе поездардың жылжу графиктерінің (кестесінің) айтарлықтай бұзулуынан, т.б. тұруы мүмкін. Теңіз қарақшылығы - халықаралық істер қатарына жатады, қылмыстық-құқықтық күрес халықаралық-құқықтық конвенциялар негізіңде жүргізіледі. (мысалы, балық теңіз туралы Женева Конвенциясы, 1958 ж.) Теңіз қарақшылығы - сауда, азаматтық кемелерді ашық теңізде жасалатын заңсыз басып алу, тонау немесе суға батыру. Қазақстан Республикасы Жаңа Қылмыстық кодекстің 24-бабы теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе осындай күш қолданумен қорқытып шабуыл жасағандық үшін жауаптылық көздейді. Қосымша тікелей объект - адамдардың өмірі. Кылмыстық заты - бөтеннің меншігі (жүк, кеме, жанар май, отын). Қылмыс құрамы формальдық. Ол шабуыл жасаған уақыттан бастап аталған деп танылады. Осы қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың жасалу орны болып табылады. Теңіз қарақшылығы ашық теңізде немесе көлде, не өзенде, я болмаса өзен, көл жағалауыңда жасалуы мүмкін. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қоркытып шабуыл жасап, теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында қарақшылық жасайтынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі - бөтеннің мүлкін басып алу (кеме, катер, жүктерді, жабдықтарды, ақша және басқа заттарды) болып табылады. Қылмыстық кодекстің 24-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар бірнеше рет (Қылмыстық кодекстің 11-бабы) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған әрекет. Қылмыстық кодекстің 240-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық белгіленген. Олар егер теңіз қарақшылығы ұйымдасқан топпен жасалса (Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы), не абайсызда кісі өліміне не өзге зардаптарға (мысалы, ауыр дене жарақатына, кеменің күйреуіне, ірі материалдық залалға) әкеліп соқса. Егер теңіз қарақшылығы әрекетінен кісі өлімі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы (Қылмыстық кодекстің 96 және 240 баптар) бойынша сараланады. 5-Дәріс. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым), олардың басқа да топтасқан қылмыстардан айырмашылығы Дәріс жоспары: * Қылмыстық сыбайластық немесе қылмыстық ұйым туралы түсінік. * "Ұйымдасқан қылмыстылық" ұғымының заң шығару және құқық қолдану тәжірибесі * "Мафия", "көлеңкелі экономика", "кәсіби қылмыстылық" және "сыбайлас жемқорлық және т.б. Ұсынылатын әдебиеттер: * Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру туралы (2009-2010 жылдар) жиынтық талдау ақпараты Дәріс тезистері. 1998 жылғы 2 шiлдеде қабылданған <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы жемқорлыққа мынадай анықтама береді: <<Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады>>. Жалпы танылған анықтамаға сәйкес <<жемқорлық>>, не жемқорлық мінез-құлық, бұл - осы міндеттерді жүзеге асыруға тағайындалған немесе өкілеттік берілген кез келген тұлғаның лауазымдық міндеттерін атқаруға адалдықпен қарамауы. <<Жемқорлық>> ұғымының мұндай айқындамасы мынаны білдіреді, жемқорлыққа мемлекеттік шенеуніктер ғана емес, сонымен бірге өзінің экономикалық немесе саяси мәртебесінің арқасында қоғамдық мүддені қозғайтын мәселелерге ықпал ететін, немесе мемлекеттің қаржы қаражаттарын не басқа да активтерін басқаратындардың бәрі де жол беруі мүмкін. Жемқорлыққа мүмкіндік жасайтын адамдардың қатарына сондай-ақ өздерінің іс-әрекетімен теріс пиғылды лауазымды тұлғалардың жемқорлық мінез-құлқына жол беретін адамдар да жатқызылады. Сондықтан, <<Нұр Отан>> ХДП 2012 жылғы 27 қазанда қазақстандық қоғамның сындарлы күштерімен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға бастама жасады, оның нәтижесінде Жемқорлыққа қарсы жалпы халықтық қозғалыс құрылды. Қазіргі уақытта аталған Меморандумға үш мыңнан астам қоғамдық ұйымдар қосылды. Қазіргі қазақстандық қоғамда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - күрделі де жаупты міндет, ол құқық қоғау органдарының бүкіл жүйесінің ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам институттарының да күш-жігерін топтастыруды талап етеді. Жемқорлыққа қарсы саясат, бұл - мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланатын шаралар мен құралдардың (аспаптардың) тұтас жүйесі (жиынтығы). 1998 жылғы 2 шiлдеде қабылданған <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы жемқорлыққа мынадай анықтама береді: <<Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады>>. Жалпы танылған анықтамаға сәйкес <<жемқорлық>>, не жемқорлық мінез-құлық, бұл - осы міндеттерді жүзеге асыруға тағайындалған немесе өкілеттік берілген кез келген тұлғаның лауазымдық міндеттерін атқаруға адалдықпен қарамауы. <<Жемқорлық>> ұғымының мұндай айқындамасы мынаны білдіреді, жемқорлыққа мемлекеттік шенеуніктер ғана емес, сонымен бірге өзінің экономикалық немесе саяси мәртебесінің арқасында қоғамдық мүддені қозғайтын мәселелерге ықпал ететін, немесе мемлекеттің қаржы қаражаттарын не басқа да активтерін басқаратындардың бәрі де жол беруі мүмкін. Жемқорлыққа мүмкіндік жасайтын адамдардың қатарына сондай-ақ өздерінің іс-әрекетімен теріс пиғылды лауазымды тұлғалардың жемқорлық мінез-құлқына жол беретін адамдар да жатқызылады. Сондықтан, <<Нұр Отан>> ХДП 2012 жылғы 27 қазанда қазақстандық қоғамның сындарлы күштерімен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға бастама жасады, оның нәтижесінде Жемқорлыққа қарсы жалпы халықтық қозғалыс құрылды. Қазіргі уақытта аталған Меморандумға үш мыңнан астам қоғамдық ұйымдар қосылды. Қазіргі қазақстандық қоғамда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - күрделі де жаупты міндет, ол құқық қоғау органдарының бүкіл жүйесінің ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам институттарының да күш-жігерін топтастыруды талап етеді. Жемқорлыққа қарсы саясат, бұл - мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланатын шаралар мен құралдардың (аспаптардың) тұтас жүйесі (жиынтығы). Біздің бұл бағыттағы іс-әре - кеттеріміз мемлекеттік аппаратта - ғы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халық - аралық сарапшылар атап айтуда. Алайда бізге сыбайлас жем - қорлық - пен күрестің жаңа стра - тегиясын жасау қажет. Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз. Жаңа құқықтық тетіктерді, ақ - параттық мүмкіндіктерді пай - далану, жұртшылықты жем - қорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек. Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызмет - шілердің кірістерін ғана емес, шығыс - тарын да мағ - лұмдауға көшу қажет. Стратегияның негізгі мақсаты Қазақстанның тұрақты дамуы мен экономикалық гүлденуінің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-әрекетке бағытталған және мыналарды қамтиды: - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тетігі, республикадағы сыбайлас жемқорлық белсенділігінің алдын алу және оны бейтараптандырудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ адалдықты, сатылмайтындықты көтермелеу арқылы мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетінің барлық саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету; - Қазақстан Республикасы азаматтарының және халықаралық қауымдастықтың мемлекет институттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына деген сенімін нығайту; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша азаматтық қоғамның әлеуетін күшейту. 6-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстардың дамуы және олардың пайда болуына әсерiн тигiзетiн факторлар Дәріс жоспары: 1.Ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық. 2.Қылмыстық ұйымдардың өзiне тән сипаттары. Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. <<Ұйымдасқан қылмыскерлiк>> ұғымы <<ұйымдасқан қылмыс>>, "ұйымдасқан топ>>, <<ұйымдасқан қылмыстық әрекет>>, <<ұйымдас-қан қоғамдастық:>> сияқты басқа ұғымдармен байланысты. Барлық жерде <<ұйым>>, <<ұйымдасқан>> сөздерi пайдаланылады. Бұрындары "ұйымдасқан қылмыс>> және <<ұйымдасқан қылмыстық әрекет>> жайында айтылатын. Оның субъектiлерi жекелеген адамдар және адмдар тобы, оның iшiнде ұйымдасқан құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық болуы мүмкін. Ұйымдасқан топтар бiрнеше адам қылмысты, тiптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшiн алдын ала бiрiгiп, со-ған жан- жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасай-ды барлық күш-жiгерiн сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бiрлесiп шешедi, нақты жағдайға қарай оған тузетулер енгiзедi. Ұйымдасқан топ бiр қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін. Мысалы, банк-тен ақшаның ipi сомасын ұрлау немесе инкассатор машинасын тонау үшiн қылмыстық кодексте ұйымдасқан қылмысқа бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасау үшiн алдын ала бiрiккен адамдар-дың тұрақты тобы деп анықтама берiлген, ал банда - адамдарға не-месе ұйымға шабуыл жасау үшiн құрылатын тұрақты қарулы топ. Қылмыстық әpeкетін ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әр түрлi субектiлердi тартумен байланысты. Ic жүзiнде олар жеке тұлғаларалар да, әр түрлi қылмыстар жасауға маманданған бұрыннан келе жатқан ұйымдасқан топ та, заңды тұлғалар да, мысалы, солар арқылы қылмыстық табыс заңдастан-дырылған және молаятын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Кең ауқымды қылмыстық әрекетке қатысушы әр түрлi субъектiлердiң жұмысын үлестiру қажеттiгi туындайды. Саны едәуiр әр түрлi қылмыстық субъектiлердiң күрделi, көп аспектiлi ұйымдасқан қылмыстық әpeкeтiң басқарғанда ұйымдасқан қылмыстық құра-маларды тұтас организм ретiнде басқаратын арнайы құрылымдар құрылады. Бұл ретте таза атқарушы функциялармен және қыл-мыстық кодекстiн Ерекше бөлiмiнде көзделген нақты қылмыс-тарды тiкелей жасаушы құрылымдарымен қатар басқарушы функ-циялар мен құрылымдар (ұйымдастырушылар, жетекшiлер); қыл-мыстық ұйымның өзiне тән мұқтаждық арын қамтамасыз eтeтін функциялар құрылымдар (талдау бөлiмшелерi, өзiнiң қауiпсiздiк қызметiң қылмыстық табысты заңдастыру және т.б.) бөлiнiп алы-нады. Қылмыстық ұйымдарды құрудың негiзi осындай. Мұндай ұйымың қоғамдық қауiптiлiгi сонда, ол тек аса ауыр қылмыс жасап қана қоймайды (бұл тұpғыда алғанда оның қоғамға қауiптiлiгi ауыр қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiндей-ақ), соны-мен қатар өзiн басқаратын субектiлердiн сылтауларына және сырт-қы жағдайларға байланысты кең ұйымдасқан қылмыстық әpeкeтi оның әр түрлi варианттарында қамтамасыз ете алатын құрылым болып саналады. Қылмыстық әpeкeттi дамыту және жасыру, алы-натын табысты заңдастыру және молайту, қылмыстық құраманы сол қалпында сақтап қалу логикасы итермелейтiн әр түрлi қыл-мыстар жасайды. <<Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы>> федералдық занның жобасында қьлмыстық ұйымға мынадай анықтама берiлген: <<Қылмыстық ұйым - а) қылмыстық ұйым не оның басшылық құру; ә) Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген қылмыстарды тiкелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс iстeyiн қамтамасыз етудiң өзге де формалары бойын-ша қатысушылар арасында мiндет бөлiнген, бiрлесiп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар>>. Қылмыстық ұйымдар, өздерiнiң қылмыстық әpeкeтiн қорғау мақсатында мемлекеттiк құрылымдармен және азаматтық қоғамның институттарымен, олардың алдына қойылған мiндеттерiн теpic арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенедi. Осы-дан барып мемлекеттiк органдар жүйесiнде және кәсiподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттiк емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады. Қылмыстық әрекет заңды кәсiпкерлiкпен, басқа да қоғам жол беpгeн тiптен қолдайтын қызметпен тығыз айқасып жатады, бұл - халықтың наразылығын тудырмай олардың қылмыстық әpeкeтiн әшкерелеуге едеуiр қиындық тудыpaды. Олар мұқият жасырынады, 'заң шығарушының алдын орағытады, оларың қателiктерiн жақсы пайдалады, қолайсыз құқықтық шешiмдерден ертерек caқтaнaды. Мұның бәрi, егер мемлекеттiк жүйе тарапынан қателiктер бол-са ұйым болып сақталып қалуға, тiптен, белгiлi бiр кезеңдерде мемлекетпен жекпе-жекте жеңiске жетуге көмектеседi. Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзiне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау және оларды беру; құқық қорғау институттарын әpeкеттepiн бейтараптандыру, негiзгi әлеуметтiк -экономикалық қызметтердi пайдалану, iшкi құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай <<заңды>> көpiнyi. Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекеттесуiнде ықпал ету өpiciн бөлiсу, мемлекетке бiрлесiп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды. Ұйымдасқан топтардың бандалардың қылмыстық ұйымдар-ды бұл өзара әpeкeттecтiгiн ақпарат алмасуды, құкық қорғау жүйелерiн, өзге мемлекеттiк құрылымдарды және азаматты қоғамның институттарын бейтараптандыру :және пайдалану үшiн, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлерiне көмек көрсетуде күш жiгердiң бiрiктiрiлуi қамтамасыз eтeтiн қылмыстық қауымдастық пайда болады. Қылмыстық қауымдастықтың құрылу негiзiнде бiрлескен ұйымдасқан қылмыстық әрекет негiзiнде құрылатын қылмыстық ұйымдарға қарағанда басқа сипат бар.Қылмыстық қауымдастықта өзара қарым-қатынасты қылмыс-тық ұйымдар мен оның элементi болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы құрамалардың өкiлдерi немесе тiптен, өзiнше жұмыс icтейтiн кәсiби қылмыскерлер жасайды. Қылмыстық қауымдастық ол - басқа қылмыстық құрамалар үшiн жоғары тұрған саты емес, ол өзiнше үйлестiрушi орган, кәсiби қылмыскерлер үшiн онда қылмыстық кәсiподактар кейпi, ал, елдегi саяси процестерге ықпал өте бастаса - партия кейпi бар. Қазакстанда қазiргi кезде бiрнеше қылмыстық қауымдастық бар, олар бiрiмен-бiрi қиянкестік соғыс жүргiзуде (өртеп, өлтiрiп кетедi, көпе-көрiнеу атысады және т.б.) немесе өзара мәмiлеге келедi. <<Қылмыстық қауымдастық>> терминi қылмыстық құқықта бас-қаменде қолданылады. Жаңа қылмыстық кодексте қылмыстық қауымдастыққа мүшелерi бiрлесiп қылмыс жасайтын ұйымдас-қан қылмыстық топтың бiр түpi деп түсініктеме берiлген: << Қылмыстық қауымдастық жасаған деп танылады, егер оны ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылған ұйымдас-қан топ (ұйым) жасаған болса>>. Бұл - қылмыстық заңның крими-налдық шындықты дәл көрсете алмауының мысалы. <<Ұйымдас-қан қылмыспен курес туралы>> федералдық занның жобасында мынадай анықтама берiлген: <<Қылмыстық қауымдастық - ұйым-дастырушылардың немесе басшы немесе қылмыстық ұйымдардың басқа мүшелерiнiң немесе ұйымдасқан топтардың немесе бандалардық немесе тиiстi құрамалардың немесе адам-дардың қылмыстық әpeкетін үйлестіру, қолдау, дамыту жөнiндегi шараларды бiрлесiп дайындайтын не iскe асыратын адамдардың немесе қылмыстық әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдас-қан топтарға, бандаларға, қылмыстық ұйымдарға қолайлы жағдай тудыратын, сондай-ақ көрсетiлген мақcaттa ауыр қылмыстар жа-сауды ұйымдастыратын адамдардың бiрлестiгi>>. Қылмыстық қауымдастық қылмыстық ұйымға толқтай айна-луы немесе оның кейбiр сипаттарын иемденуi мүмкін. Ұйымдасқан қылмыскерлiк - кең ауқымда қылмыстық әpeкeтi бар және ондай әрекет үшiн қолайлы жағдай жасаған, осы құра-маларға, олардың әpeкeтiнe және сыртқы өзара әpeкeттecтiктepiнe қызмет етуде басқарушылық және басқа функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекеттiк құрылмдаp мен азамaттық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделi жүйесi. <<Жүйе>> ұғымы ұйымасқан құрамалардың жай көптiгiн ғана білдiрмейдi, сонымен қатар олардың органикалықұ бүтiндiгiн, олар-дың арасындағы әр сипаттағы тұрақты өзара байланыстың оның дамуы, қылмыстық табыстың задастырылуы және молаюы үшiн құрлым қолайлы жағдайдың бар екендiгiн де көрсетедi. Ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң экономикасы, әлеуметтiк әрі рухани саласы бар, өзiнiң басқару , қауiпсiздiк, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесi, юстициясы, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатысы бар балама қоғам. Ол, шын мәнiнде, мемлекет, азаматтық қоғамның билеушi институттары, дiн ресми таныған және қолданған жүйеде орын тепкен балама болғантықтан, ic жүзiнде, жалпы адам қоғамы құрылымдарының бiрi болып табылады, тиiсiнше, <<ресми>> қоғам дегенмен өзара әрекеттеседi. Олардың арасында шындық да қатаң шекара жоқ: ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң шытырылған тұлғалары арқылы әр түрлi заңы қатынастар жасайды; өз қатарына тарту, өз қатарын толықтыру мақсатында халықтың әр түрлi әлеуметтiк топтарының мұқтаждығымен және мүддесiмен санасады; қылмыстық әрекеттiк тұрақты және белсендi мүшлерiмен кей кездерi немесе бiр-ақ рет қарым-қатынас жа-сайтындарда болады; Мұндай жағдайларда әр түрлi жеке және заңды тұлғалар <<көзжұмбайлық.>> жасайды, олар бiр <<сүйкiмдi>> адамдарға қызмет көрсеттік деп ойлайды, бұл адамдардың қыллмыстық құрылымдарда тұратындығын немесе оларға байланысты екендiгiн бiлмейдi. 7-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысушы қылмыскердiң жеке басы. Дәріс жоспары: 1.Қылмыскердің жеке басын талдау 2.Қылмысқа қатысудағы басты шарт 3.Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. Қылмыскердің интеллектуалдық-рухани сапа жиынтықтарына, оның физикалық, және рухани жағдайына тән негізгі болмыстық қасиеттері мен ерекшелік құрылымына негізделеді. Қылмыскердің жеке басын талдау, ол жасаған әрекетті, соның ішінде жеке басының болжауын құзыретпен бағалауды қамтамасыз ету үшін шешуші болып табылады. Қылмыскердің жеке басы туралы жан-жақты және терең ұғынушылыққа қол жеткізу мақсатында, талдау тек қылмысты жасау уақыты мен зерттеу кезеңіндегі жайды ғана емес, сондай-ақ тексерілушінің дамуын да қамтуы қажет. Бұл жағдайда қылмыстың жасырын сарыны да, сондай-ақ психологиялық-психиатриялық ерекшелігі де тең жағдайда есепке алынуы тиіс. Өйткені қылмыскердің жеке басы мен қылмыс өзара байланысты болғандықтан, қылмыскер тұлғасы туралы криминалистикалық жұмыстар аясында алынған тиісті мәліметтер, қылмысты тексеру бойынша қызметтің бір бөлігін білдіреді. Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзра байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады.Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады.Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады.Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді. Қылмысқа қатысу - барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді.Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін.Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін. Қылмысқа қатысудағы басты шарт - барлық қатысушылар қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыруы үшін өздерінің қылмысты әрекеттерін білдіреді. Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластық арқылы істелетін қылмыстың зияны да, қауіптілігі де орасан зор. Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) айырмашылығы бар. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрылу мақсаты - ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты істеу қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылдану және оны күн көріс көзіне айналдыру.Ұйымдасқан топ қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі шұғылданса ондай топ қылмыстық сыбайластыққа айналып кетеді.Сол сияқты қылмыстық сыбайластыққа бір топ адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен шұғылдану үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде мұндай белгі болмайды. Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс істеуге көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыс істеуге өздігінен бел байлаған адамға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады. Бұл жерде қылмысқа көмектесуші субьективтік жағынан орындаушының істейтін қылмысының мәні жөнінде толық хабардар болса, одан туындайтын зардапты күні бұрын болжаумен бірге қылмысты орындаушының істейтін іс-әрекетіне өзінің себепті байланысының болғандығын толық сезеді және соны тілейді.Заң бойынша күні бұрын қылмыс істегенге дейін немесе қылмысты істеу барысында уәде беріп қылмысты жасырушылық қылмысқа көмектесудің бір түрі болып табылады. Егер қылмыс аяқталғаннан кейін оған көрсетілген көмек қылмысқа көмектесушілік емес, бұл іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген жағдайда, қылмысты жасырушылық ретінде сараланады. Қылмысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) арқылы бірнеше қылмыс істегендерге жаза әр қылмысы үшін бөлек тағайындалады, жазаларды түгелдей немесе ішінара қосу жолымен заңның ауырлау жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай, жазаны қорытып бірақ тағайындайды. Бұл осындай ауыр қылмыс түрін істегендерге лайықты жаза тағайындаудың кепілі болып табылады. Яғни, осыған орай жаза тағайындағанда қылмысқа бірге қатысушының әрқайсысының атқарған рөлін, кінәсінің деңгейін, істеген қылмысының мәні мен сипатын, қылмыскердің тұлғасының ерекшелігін қатысушылардың жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай толық есепке алынуы керек. Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның қылмысқа қатысудан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстық заңда қылмыстық жанасушылыққа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан дәлме-дәл ажыратуға, сондай-ақ заңдылықты нығайтуға толық мүмкіндік береді. Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындауға хабарламауы, я болмаса, сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстык жауапқа тартылады. Қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап 2-бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179~бап), қорқытып алғаны (181-бап), терроризм (233-бап), адамды кепілге алу (234-бап), террорлық акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны (242-бап), қару-жарақты, өқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-бап 2,3-бөлігі), тағылық (258-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүддесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275 бабы 2-бөлігі), көлік кұралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Қылмыстық құқық теориясында, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау жайында ғалымдардың арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер кездеседі, солардың бірі ұйымдасқан топтың қатысушыларының қылмысқа қатысудағы ролі және олардың әрекеттерін бағалау жайында. Ұйымдасқан топқа қатысушылар, осы топтың мүшелері болып табыла ма, әлде қатысушылары болып табыла ма деген сұрақ туындайды. Бұрынғы және қазіргі уақыттарда осы мәселені қарастырған ғалымдар ұйымдасқан топтың барлық мүшелері қылмысты бірге орындаушылар болып табылады және олардың пікірінше қылмыстық кодекстің 17-ші бабына сілтеме жасалынбауы керек. Бұған қарсы көзқарастар да бар. Мысалы Ушаков А.В. "Ұйымдасқан топқа оған кірген адамдар қылмысты бірге орындаушылар емес, осындай топтың қатысушылары болып табылады" - дейді. А.В. Ушаковтың пікірінше ұйымдасқан топқа кірген адамдар қылмысқа қатысушылар болып есептеліп, ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттер жасаған жағдайда 17 баптың осындай рольдер қарастырылған тиісті бөлімдеріне сілтеме жасаулануы керек. Осындай бағытты 2001 жылы қабылданылған <<бандитизммен және басқа да қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері жөніндегі>> ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы да келтіреді. Бұл қаулының 15 пунктінде <<ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастықты құрған немесе ұйымдастырған адамдардың әрекеттері ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарымен және қылмысты орындауға тікелей қатыспаған жағдайда 28 бапқа сілтеме жасай отырып квалификациялауы керек>> деген [74]. Біздің пікірімізше бұл мәселе бір жақты шешілмеуі керек. Ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастық туралы тікелей жауапкершілікті қарастыратын Қ.К. 235 баптың 3 бөлімінде ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық қауымдастықтың қатысушылары туралы жауапкершілікті қарастырған. Міне осыдан барып, қатысушылар кімдер бола алады немесе қатысушы болуы үшін ұйымдасқан топқа кіруі немесе мүше болуы шарт па және ұйымдасқан топқа мүше емес, қатысушылар да бола ма деген сұрақ туындайды. Бір байқалатын жәйт ұйымдасқан топқа қатысушылар кей жағдайларда әр түрлі деңгейде қатысып, қылмыстың қосалқы қатысушылары ретінде көріне алады. Яғни біркелкі айдап салушылық, көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен шектеледі. Кейбір ауыр немесе аса ауыр қылмыстар болып саналатын ұйымдасқан топтар және қылмыстық қауымдастық түрлері, (мысалы бандитизм, т.б.) ұйымдастырушылық, жетекшілік етумен қатар қатысушылықты да тиісті баптың өзінде тікелей көрсетеді. Сот тәжірибесі материалдарына жүгінсек қылмысқа қатысушылар әр түрлі әрекеттер орындау түрімен кездесе береді. Кейбір қатысушылар қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындап отырса, ал кейбір қатысушылар үнемі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен ғана шектеледі. Мысалы Абдрахманов бастаған бес жігіт Омскіден Алматыға қылмыстар жасау мақсатымен келген. Олардың бандиттік шабуылына жергілікті Поцелуева деген қыз үнемі тонауға болатын үйлерді көрсетіп отырады. Тергеу органдары Поцелуеваның әрекеттерін (бұл бұрынғы заңның кезінде болған қылмыс) ҚК 17 бабының көмектесу шілікті қарастырған бөлімімен және 63 (бандитизм) бабымен саралаған. Адам үнемі көмектесу, айдап салу тәрізді әрекеттерді орындаса, олардың әрекеттері ҚК 28 бабына сәйкес келіп, сол бап арқылы сараланатыны белгілі жайт. Практикада мұндай жағдайлар кездескенде тергеу органдары ол қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін 28 бапқа сілтеме арқылы бағалап жатады. Заң кей қылмыстарда қатысушылықты тікелей сол бапта көрсеткенде, оларды қылмыстың орындаушылары ретінде ұғынуды немесе бағалауды ұсынады. Ұйымдастырушы мен жетекшіден басқалар, яғни қатардағы мүшелері қатысушылар болып табылады. Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықта қылмыскер үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер орындағанда біз ҚК Жалпы бөліміне сілтеме жасауды дұрыс көрмейміз. Себебі ұзақ уақыттар бойы қылмыстар жасаумен немесе алдын-ала келісім негізінде, мұндай ролдерді орындаушылар осы топтың мүшелеріне немесе орындаушыларына айналады. Демек, қылмыстық заңның өзінде қатысушылық тікелей көрсетілген жағдайда үнемі болса да біркелкі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаушылар қылмысты қатысу арқылы орындайды. Бұларды орындаушылардың бір түріне жатқызу себебіміз, біріншіден қатысу белгісі нақты қылмыстарда кездесіп отырады, екіншіден, әдепкі келісім бойынша біркелкі әрекеттерді орындап отыруға міндеттенуі мүмкін. Мұндай жағдайда оларды осы топтың мүшелері ретінде бағалау керек. Біздің пайымдауымызша "қатысушылар" деген ұғымға қарағанда "мүшелер" деген ұғымның көлемі кең. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың мүшелеріне қатардағы қатысушылардан басқа, осы топтың ұйымдастырушылары, жетекшілері түгел жатады. Осы себептерден ұйымдасқан топқа, қауымдастыққа қатысушылардың кейбіреулері қылмысты қатысу түрінде орындауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол қатысушылар осы топтың мүшелері болып табылады. Мынадай жағдайлар болады. Мысалы кейбір адамдар ұйымдасқан топтың немесе қауымдастықтың жасаған бір қылмысына ғана қатысуы мүмкін. Бір немесе екі рет ғана көмектесушілік тәрізді қызмет көрсетіп, одан кейін бұл топтың қылмысына араласпауы мүмкін. Мұндай қылмысқа қатысушыларды қалай қауымдастықтың, ұйымдасқан топтың мүшесіне жатқызасыз? Біздің пікірімізше, егер ұйымдасқан топтың мүшесі болмай, белгілі-бір қылмыстың эпизодтарына ғана көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен қатысса, онда олардың әрекеттері қылмысқа көмектесуші түріндегі қатысушылық деп бағаланып, Қ.К. 28 бабына сілтеме жасалынуы керек. Ойымызды қорыта айтқанда, ұйымдасқан топқа қатысушылықтың мүшелері екі түрге бөлінеді. Біріншілері қылмыстың объективтік жағын тікелей орындаушылар. Екіншілері қылмысты тікелей орындамай, үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер атқару арқылы қылмысқа қатысу түріндегі орындаушылар. Бұлардың әрекеттерін Қ.К. 28 бабына сілтеме жасамай квалификациялаған дұрыс, өйткені тұрақты түрде қылмыстылықпен айналысатын топтың мүшесі болуына байланысты олардың қоғамға қауіптілігі қылмысты тікелей орындаған адамдардан төмен болмайды. Осы пікірімізді Ресей қылмыстық кодексінің түсіндірмесімен салыстырсақ, олардың түсіндіруімен сай келеді. Айдап салушы, көмектесуші осындай ролдерді орындаумен шектелмей, басқа да қатысушылармен бірге қылмысты орындауға тікелей қатысса, онда олар қылмыстың тікелей орындаушысы ретінде танылып, іс-әрекетті квалификациялағанда тек қана Қ.К. Ерекше бөлімнің баптары ғана қолданылуы керек. Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық кінәні ауырлататын құрам ретінде де заңда бейнеленген. ҚР ҚК 235 бабында ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қауымдастықты құрғаны, жетекшілік еткені және басқа адамдардың осындай топтардың қылмысты әрекеттеріне қатысқандығы үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл жерде қылмыстық кодекстің 31 бабында түсінігі қарастырыла отырып, Ерекше бөлімі де неліктен жеке бап ретінде арнайы қарастырылады деген сұрақ туындайды? Жалпы бөлімде қарастырылған қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі Ерекше бөлім нормаларына толық тарала ала ма немесе толық тарала алмаса бірлесіп қылмыс жасау түріне оның маңызы қаншалықты деп мәселе қою керек. Ғылымда, оны жетілдіруде шек жоқ. Әйтсе де қоғам дамуымен бірге ол қоғамның ғылымы да дамиды, оны тұрақты, тиімді, қисынды түрде шешу керек. В.Н.Кудрявцев "құқықтың жалпы мәселелері мен қағидаларын терең зерттеу әділ соттың заңға сәйкес жүргізілуіне жағдай жасайды. Осындай жалпы мәселелердің біріне қылмысты квалификациялау мәселесі жатады", - деп қисынды айтады. Қылмыстық құқықта ғалымдардың арасында дау тудырған мәселенің бірі, бұрынғы қылмыстық заңның 17 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың Ерекше бөлімге жалпы норма ретінде таралуы туралы болып табылады. Алғашқы рет бұл мәселе, М.Д. Шаргородскийдің "қылмысты бірге орындаушылықтың да және қылмысты топ болып жасау шылықтың да қылмысқа қатысушылыққа қатысы жоқ. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің баптарында, топ адамдардың қылмысты істері жөнінде әңгіме болғанда қылмысқа қатысушылық емес, тек бірнеше адамдардың кей жағдайларда ғана қылмыс жасауы айтылады" - деген көзқарасымен басталды. Мұнан кейін шыққан еңбектердің ішінде Ф.Г. Бурчак Қ.К. 17бабын, әр түрлі роль бөліп қылмысты жасауға ғана қолдануды ұсынған. Ол тағы бір еңбегінде "Жалпы бөлімдегі қарастырылған қылмысқа қатысушылық түсінігіне, жауапкершілігі Ерекше бөлімде тікелей көрсетілген, топ болып жасалатын қылмыстар құрамында қосуға болады. Бірақ бұл Жалпы бөлім нормаларының Ерекше бөлімге әмбебаптығына (универсальность) негіз бола алмайды" - дейді Қ.К. 17 бабының Ерекше бөлімге таралуы жайында П.Ф.Тельнов "Қ.К. Ерекше бөлімінде көрсетілген бірлесіп жасалатын қылмысты әрекеттердің барлығына 17 бап жалпы сипаттағы норма болып табылады",- дейді. Сөйтіп, осы көзқарасты жақтайтындарға қосылып, Қ.К. 2 бабының 3 бөліміне орай қылмыстық кодекстің Жалпы бөлім нормалары Ерекше бөлімде қарастырылған барлық қылмыстарға таралатынын келтіреді. Осы пікірді жақтаушылардың бірі Н.Г. Иванов Қ.К. 17 бап ережесі бірлесіп жасалатын қылмыстарға барлық жағдайда жалпы нормативтік ереже болып табылады - дейді. Сонымен 17 бап Ерекше бөлімге жалпы ортақ норма болып саналмайды деушілер қылмыстық заңдағы 8 баптың, яғни қасақаналық ұғымының жалпы бөлімде қаралғанымен Ерекше бөлімнің барлық баптарына, дәлірек айтқанда абайсызда жасалатын қылмыстарға қатысы жоқ екенін келтіріп дәлелдеген болады. Зерттеушілердің көпшілігі Қ.К. Жалпы бөлім нормаларының Ерекше бөлім нормаларына таралуына күмән келтірмей, Жалпы бөлім нормаларының көпшілік жағдайларда Ерекше бөлімге ортақ болу себебінен бөлініп шығарылғанын айтады. Яғни, соның бірі қасақана жасалатын қылмыстар үшін ортақ норма - Жалпы бөлімде көрсетілген 27 бап. ХVIII ғасырға дейін қылмыстық заң Жалпы және Ерекше бөлімге бөлінбегені, тек нақты қылмыстарды анықтайтын жеке қылмыстық заңдардан құралғаны белгілі. Мұндай бөлу қылмыстық заңның дамуы нәтижесінде пайда болған. Бұл бөлу қажетті болды, себебі ол біріншіден заң актілері жиынтығындағы жалпыға ортақ жағдайларды жеке бөлетін еді де, екіншіден құқық қорғау қызметімен айналысатын заңгерлерге бұлай жұмыс істеу ыңғайлы еді. Соның нәтижесінде қылмысты жасау кезеңдері, қылмыстық жауаптылықты шектейтін жағдайлар, қылмыс жасаудан бас тарту тәрізді нормалар бөлініп шықты. Сондықтан да В.Н. Кудрявцев осы мәселе жайында "Жалпы бөлімде қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің, барлық құқықтық нормаларына немесе олардың көпшілік бөлігіне қолданылатын қағидалар мен негізгі ережелер қарастырылады" деп көңілге қонымды пікір келтірген. Бізге бұл мәселе жайында пікір айту үшін, жүйеге бөлу қажеттілігінен пайда болған заң құрылысын түсіндіруге тура келеді. Барлық құқықтық институттар жүйелік сипатта деп сенімді түрде айтуға болады, ал құқық бұл жоғарғы деңгейдегі жүйенің бір түрі. Бізге алдымен жүйе неден құралатынын анықтау керек. Ең алдымен жүйе дегеніміз бір заттағы көптеген өзара қатысты элементтердің ерекшелігі және жиынтығы. Демек, жүйе бұл ең алдымен біртектес элементтердің көптігі. Осы жәйтті терең зерттеген А.Н. Аверьяновтың түсінігі бойынша "Егер жүйе дамуы кезінде элементтер айтарлықтай күрделі болса, онда оның ішінде жеке-жеке топтар құрылады. Топтың ішіндегі элементтердің өзара байланысы мен топтардың бір-бірінің арасындағы байланыстардың айырмашылығы бар, яғни жүйенің ішінде тағыда кіші жүйелер құрылады". Жүйенің ішінде жүйелердің құрылуы - бұл жүйенің бір бөлігі және осы жүйенің ішінде өзінше жеке элементтер болады. Бірақ бұл жүйе әр түрлі белгілерге қарай топтарға бөлінгенімен, кейінгі бөлінген кіші жүйелер бастапқы жүйеден мазмұны бойынша алшақ кетпейді. Себебі, түптеп келгенде бұл бір тектес заттардың немесе белгілердің жиынтығы болып есептеледі. Осы тұрғыдағы таным түрімен зерттегенде, қылмысқа қатысушылық түрлері және қылмысқа қатысу формалары да жаңағы жоғарыда келтіріп отырған негізі бар, бірақ ерекшелігіне қарай түзілген кіші жүйелерге ұқсайды. Сондықтан, Жалпы бөлімде қарастырылған қылмысқа қатысушылық түсінігі Ерекше бөлімде көрсетілген қасақана бірлесіп қылмыс жасаудың барлық түрлеріне ортақ, ереже болып есептеледі. Сол себептен де қылмысқа қатысу мәселесі Жалпы бөлімге енгізілген. Ал, енді осы мәселенің шешуі ретінде айта кететін негізгі жайт, біздің жоғарыдағы зерттеу бағытымыз бойынша, негізгі жүйе, 27 баптағы қылмысқа қатысушылық түсінігі болады да, одан жеке ерекшелігі бойынша бөлінетін кіші жүйелер немесе түрлер Ерекше бөлімнің жеке баптарында көрсетілген қылмысқа қатысушылық түрлерінің ортақ белгісі екі немесе одан көп адамның қасақана түрде бірлесіп әрекет етуі болады, оларды бір-бірінен ажырататын белгі әр қылмыс түрінің жасалу табиғаты немесе әр қайсысының өзіне тән объективтік жақ белгілері болып табылады. Жаппай тәртіпсіздік, қарулы бүлік, банда т.б.осы тәрізді қылмыс түрлері бұған мысал бола алады. Мұндай қылмыс түрлерінің Ерекше бөлімде көрсетілуі жоғарыда жүргізілген зерттеуіміздің дұрыстығын дәлелдейді. Онда жүйе одан әрі жүйелерге бөлінгенде, әр бөлінген жүйенің басқаларынан ерекше қасиеттеріне, яғни ерекше элементтеріне қарай түзілетінін айттық. Қылмысқа қатысушылықта да осы. Банда немесе жаппай тәртіпсіздік неліктен Ерекше бөлімде жеке қылмыс ретінде көрсетілген? Себебі бандитизмнің де, жаппай тәртіпсіздіктің де т.б. бір-бірімен қылмысқа қатысушылық ұғымына келетін ұқсастықтары болғанымен, әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол ұқсастықтар бұл қылмыстардың сандық белгісіне қарай болып табылады. Мысалы банда қылмысында екі немесе одан көп адам қатысуы міндетті белгі болса, ол белгі қылмысқа қатысушылықтың түсінігінде аталады. Бірақ осы белгі банда үшін шартты, міндетті белгі болғандықтан, Қ.К Ерекше бөлімінде көрсетпеске жол жоқ. Жаппай тәртіпсіздікте де, заңсыз әскери құрама құруда, бандитизмде де осы сандық белгі міндетті белгі болғандықтан жеке құрам ретінде көрсетіледі. Бұлардың басты ерекшелігі, ол Ерекше бөлімдегі қылмыстар бір адаммен де, көп адамның қатысуымен де жасала алады. Ал, бұл қылмыстарды, яғни бандитизмді, жаппай тәртіпсіздік тәрізді қылмыстарды бір адамның жасауы мүмкін емес. Сондықтан бірнеше адамның бірлескен әрекеттері бандитизм сияқты қылмыстарға міндетті белгі болғанда және ол қылмыстар қылмысқа қатысушылықтың жеке бір жағдайын білдіре отырып, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде жеке бапта көрсетілу мүмкіндігіне ие. Бұл мәселе ертеде - ақ анықталған жәйт. С.В. Познышев бір еңбегінде, "кей қылмыстар өз табиғатынан бірнеше адамдардың қатысуын қажет етеді (мысалы бунт, дуэль)" деген дұрыс пікір келтіреді. 27 баптағы қылмысқа қатысушылықтың түсінігі бұларға да ортақ және Ерекше бөлімде қарастырылған кез-келген қылмысқа қатысушылықпен жасалатын әрекеттер 31 баптағы бір формаға белгілері бойынша міндетті түрде сәйкес келуі керек. Жалпы бөлімнің институттары өзіміз білетіндей, Ерекше бөлімдегі қылмыстарға барлық жағдайларда таралмай, тек Жалпы бөлім институтының белгісі қылмысты әрекеттерде орын алғанда ғана таралады. Бұл мәселені қорытындылай айтқанда, қылмысқа қатысушылық түсінігіне Ерекше бөлімдегі барлық бірлесіп қылмыс жасау түрлері енеді. Ал сандық белгі кей қылмыстар үшін міндетті белгі болған жағдайда және осы қылмыстар Жалпы бөлімдегі қылмысқа қатысушылық формасының біріне жатқанымен, Ерекше бөлімде жеке бап ретінде бөлінуі дұрыс. Мұндай жағдайда Жалпы бөлімнің 31 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың формасы Ерекше бөлімге таралмайды. Өйткені, Ерекше бөлімдегі бірлескен түрде жасалған қылмыстар, қылмысқа қатысушылықтың түрлері болып саналады. Бұл қылмысқа қатысушылық түрлері қылмысқа қатысу формаларының біреуіне міндетті түрде сәйкес келуі керек. Бұл ҚР ҚК 31 бабына қойылатын негізгі талапты білдіреді. Енді ҚР. ҚК. 235 бабындағы ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру немесе оған жетекшілік ету және қылмыстық қауымдастыққа қатысу деген қылмыс түрін алайық. Мұндағы заң диспозициясы үш әрекетін: ұйымдастыру, жетекшілік ету, сонымен қатар қатысудан құралады. Бұл бапта жеке қылмысқа қатысушылық түрі жоқ тәрізді, себебі мұнда 31 баптың 3 және 4 бөлімдеріндегі қылмысқа қатысушылықтың формалары келтірілген. Қылмысқа қатысушылық түрі жоқ сияқты деу себебіміз, ұйымдасқан қылмыстық топтың және қылмыстық қауымдастықтың түсінігін ашатын белгілерде жеке қылмысты білдіретін ерекше белгілер кездеспейді. Ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық формасында Ерекше бөлімдегі қасақана қылмыс түрлері жасалады. Ұйымдастыру, қатысу тәрізді белгілер де кез-келген қасақана жасалатын қылмыстарда кездесе алады. Бұлай болғанда, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде мұндай бап болмауы керек сияқты. Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасап үлгермесе, мұндай жағдайға бұрын заңда арнайы норма болмаған. Ұйымдасқан топты және қауымдастықты құру әрекетінің өзі қылмыс жасағандық білдіре алады, себебі қылмыстық құқық қылмыстылықпен айналысу үшін мұндай тұрақты топтардың құрылуының өзін аяқталған қылмысты әрекет ретінде тайынды. Бірақ қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлімдерінің өзара байланысын ескере отырып айтсақ, онда ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық үшін ҚК Жалпы бөлімнің 31 бабында түсінік берілген. Сондықтан Жалпы бөлімнің жекелеген институттары Ерекше бөлімде көрсетілуге жатпайды. 235 бабта табиғатынан екі немесе одан көп адамның қатысуымен ғана жасалатын жеке қылмыстың белгілері болмағанымен, оның бүгінгі заңда өмір сүруінің себебі, біріншіден, ол ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ ешқандай қылмыс жасап үлгермеген жағдайы үшін және екіншіден, Ерекше бөлімнің баптары ұйымдасқан топпен, қауымдастықпен қылмысты жасауды жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде арнайы қарастырмағанда жауапкершілік қолдану болып табылады. Бұл турасында Қылмыстық кодекске берілген түсіндірмелерде де осындай бағыттағы түсіндірме берілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын бабты түсіндіре отырып, <<Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады". Демек, қылмыстық қауымдастықты құру арқылы қылмыстар жасауға дайындық кезеңінің өзі Ерекше бөлімдегі тұрақтылық белгісімен сипатталатын және ұйымдасқан топ немесе қауымдастық арқылы қылмыстылықпен айналысу ауырлататын құрам түрінде қарастырылған қылмыстарда аяқталған қылмысты құрайды және іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасалынбай Ерекше бөлімнің баптарымен квалификациялады. Егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құру Ерекше бөлімнің баптарында ауырлататын құрам ретінде келтірілмесе, бірақ осы қылмыстарды жасау мақсатында тұрақты қылмыстық топтар құрылса, онда 31 баптың 6 бөліміне сәйкес, қылмыс жасауға дайындалу ретінде бағаланып, іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасау арқылы квалификациялады. Бұл турасында Ресей федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде біздің осы шешімімізді құптарлық түсіндірме келтірілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын 210 бапты түсіндіре отырып, "Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады", - дейді. Демек, қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі белгілі бір қылмыстарды жасауға дайындық кезеңінің өзі аяқталған, жасалған қылмысты құрайды. Әдетте, келте (усеченный) құрамдарда қылмыстың бастапқы кезеңдері үшін ҚК Жалпы бөлмінің 24-нші бабына сілтеме жасалынбайды. Себебі сол дайындық, оқталу әрекеттерінің өзі мұндай құрамдарда қылмыстың жасалынғандығын білдіреді. Ал жоғарыда аталған Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде әрі қарай "қылмыстық ұйымдардың пайда болу кезеңін қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық ретінде қарастыру керек", - дейді [111. 364]. А.В. Наумовтың мұндай пікіріне келісу қиын. Өйткені нақты (фактический) қылмыс ойға алынған әрекеттерді жасағаннан, мақсатына жеткеннен кейін аяқталса, заң түрінде (юридический) қылмыскердің ойға алған мақсатына дейін аяқталып жатады. Мысалы келте немесе формальды құрамдарда. Біз әрине қылмысты квалификациялағанда, оның аяқталу кезеңін заң бекіткен, анықтаған кезеңмен аламыз. Қорыта айтқанда, бұл баптың заңда болуы біздің жоғарыдағы зерттеуіміздің дұрыстығын дәлелдейді. Яғни Ерекше бөлімде бірнеше адамдардың қатысуымен ғана жасала алатын жеке қылмыстар ғана емес, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық тәрізді екі немесе одан көп адамдардың қатысуы қажетті белгі болатын қылмысқа қатысушылық формалары жоғарыдағыдай жағдайлар негізінде қылмысқа қатысудың бір түрі ретінде жеке бап ретінде көрсетіле алады. Қазіргі заң қолдану жұмысы бойынша, егер қылмыстық қауымдастық және ұйымдасқан қылмыстық топ құрылғаннан кейін бірнеше қылмыстар жасаса, онда барлық жасаған қылмыстар үшін және 235 бабының тиісті бөлімдеріндегі әрекеттерді жасағандығы үшін жауапқа тартылады. Мысалы 1995 ж. 22 желтоқсандағы қорқытып алушылық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы сотының №11 қаулысының 8 арашасында, егер қорқытып алушылықты, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықты құрған адам, сондай-ақ оларға басшылық еткен адам жасаса, онда олардың әрекеттерін ҚК 76-7бабының (қазіргі Қ.Р. ҚК 181-нші бабы) екінші бөлімнің 8 тармақшасымен және 63-2 (қазіргі ҚР ҚК 235-нші бабы) тиісті бөліктері бойынша квалификациялауды ұсынады [116]. Сол 2001 жылы 21 маусымда шыққан ҚР Жоғарғы Сотының "Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" № 2 нормативтік қаулысының 15 тармақшасында осындай бағыт келтірілген. Онда "ҚК 31 бабының 5 бөлімінің талаптары негізінде, ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оған басшылық жасаған адамдардың іс-әрекеттері тиісінше ҚК 235 бабының 1 бөлімімен не, 2 бөлімімен немесе ҚК 237 бабының 1 бөлімі бойынша және де сондай-ақ егер оның ниетімен қамтылса, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс үшін жауапкершілік көздейтін ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптары бойынша да дәрежелеуге жатады",- делінген. [74]. Біз Қ.Р. Жоғарғы Соты қаулыларының мұндай түсіндірмесін қосымша түсіндіруге мәжбүрміз. Біз ҚК 235 бабын ұйымдасқан топтың, қылмыстық қауымдастықтың құрылып әлі ешқандай нақты қылмыс жасамаған кезеңі үшін қолдануды ұсындық. Ал егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құрылып қана қоймай бірнеше қылмыстар жасаған болса, 235 бапты пайдалануды ұсынушылар, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды жақтаушылар бірнеше қылмыстар жасалды, 235 бапта да жаза көрсетілген, сол жазаларды немесе қылмыстарды қосып жаза тағайындау керек дейді. 235 баптағы ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастықты тек келте құрам ретінде пайдалануды ұсынғаннан кейін, ол барлық ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық жасаған қылмыстарда қолданылуға негізді себеп болады. Демек қылмыстар жиынтығы ретінде саралауды қажет етеді. Біздің пікірімізше ұйымдасқан топ, қауымдастық Қ.К. Ерекше бөліміндегі қасақана қылмыстарды жасап бірақ, оған қатысушылардың әрекеттерін сол бапта ұйымдасқан топ немесе қауымдастық түрінде көрсетілмесе, онда 235 баппен және сол жасаған қылмысты қарастыратын баптың 1-бөлімімен саралау керек. Ал жаза тағайындау кезеңінде 235 баптың және жасаған қылмысты қарастыратын баптың жаза түрі мен көлемі қолданылады. 235 баптың бірінші, екінші және үшінші бөлімдеріндегі жаза мөлшері де кейбір ауыр қылмыстарға қарағанда аз көрсетілген. Ол жаза, тек қылмыстық қауымдастықты және ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін ғана белгіленген. 8-Дәріс. Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстылықтың жағдайы, негiзгi бағыттары және оның даму тенденциялары. Дәріс жоспары: 1.Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстылықтың жағдайы 2.Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік психологиялық сипаттары. Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. Белгілі болғандай, жемқорлықтың таралуы мен қоғамдық қауіптілігі, заңдылықтың толықтай күйреуімен және сонымен бір мезгілде тұрғындардың шенеуніктердің зорлығына тәуелділігінің өсуімен жиірек ілесе жүретін ірі әлеуметтік сілкіністер кезеңдерінде секірмелі түрде өседі. Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, жемқорлық көп және аз деңгейде ең әл-ауқатты деген мемлекеттерде де, және біздің Қазақстан сияқты демократиясы жас мемлекеттерде де болады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін, және жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіретін ұлттық қауіпсізікке төнетін қатер ретінде қарастырылады. Сондықтан да іс жүзінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан күнінен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұрақты назарында болып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық туралы өте қауіпті құбылыс ретінде 1991 жылдан бастап айтыла бастады. Мәселен, 1992 жылдан бастап Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресуге бағытталған бірқатар Жарлықтар шығарды. Қазақстан Республикасының Президенті 1992 жылғы 17 наурыздағы <<Қылмыстың ұйымдасқан нысандарымен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы>> Жарлығы шын мәнінде тарихи деп саналады, ол сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған алғашқы саяси-құқықтық акті болды, және осы қылмыстармен күрес үшін ұйымдық алғышарттардың негізін қалады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бірқатар қаулылар қабылдады, атап айтқанда, 1992 жылдың 4 желтоқсанында <<Тәртіптіліктің, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің жай-күйі үшін мемлекеттік басқару органдары лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін арттыру туралы>>, 1994 жылдың 11 ақпанында <<Қылмыспен күресті күшейту туралы>>, 1994 жылдың 9 маусымында <<Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы>>. Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып 1998 жылғы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қабылдады. Сондай-ақ <<Мемлекеттік қызмет туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі де сыбайлас жемқорлықпен күрестің серпінді құралы болды, соңғысы мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, олардың моралдық-адамгершілік бейнесі мен іскерлік сапасын айқындап берді. Мынаны айту керек, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе алды. Мәселен, халықаралық құқықтық сараптама әсіресе Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жоғары деңгейін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы әлемдік қоғамдастық озықтардың бірі ретінде таныды. Осыған қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық база қолданыстағы халықаралық стандарттар ескеріле отырып жетілдірілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Франция үкіметтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 12 келісімге қол қойды. Атап айтқанда, мыналарды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды кезеңдері болды: <<Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы, ол арқылы сотталған адамның қылмыстық жолмен алынған және басқа адамдардың меншігіне берілген мүлкін тәркілеу енгізілген; <<Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы, мыналарға бағытталған: - сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл санкциясын арттыру және мүлкін тәркілеуді енгізу жолымен лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейтуге; - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеуге; - азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар белгілеуге; - <<корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа>> қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеуге. <<Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы, мыналарды белгілеуге бағытталған: - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың жоғары қаупі бар лауазымдар тізбесін анықтау үшін негіздерді; - осы лауазымдарға кіру және қызмет өткеру үшін жоғарылатылған талаптарды. Қазақстан елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлықпен одан әрі күресу және оның кез келген көрінісіне қарсы іс-қимыл жасау ниетінде. 2011 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 308 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама бекітілді. Салалық бағдарламаның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру. Оның міндеттері мыналар болып табылады - халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру; сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату; көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. Қазақстан 2015 жылы <<Транспаренси Интернэшнл>> сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 180 елдің ішінде 90-нан төмен емес орынды алуға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік реттелуінің қолданыстағы саясатын талдау қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастыру негіздері қалыптасып, жұмыс істейтінін көрсетті, олар мынадай актілерде көрсетілген: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексі; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-іс жүргізу кодексі; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі; <<Жедел-іздестіру қызметі туралы>> Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы; <<Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы>> Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; <<Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы>> Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы; <<Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы>> Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңы; <<Тұрғын үй қатынастары туралы>> Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы; <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>> Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; <<Мемлекеттік құпиялар туралы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; <<Мемлекеттік қызмет туралы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; <<Күзет қызметі туралы>> Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңы; <<Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы>> Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы; <<Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы>> Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; <<Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы>> Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы Заңы; <<Құқық қорғау қызметі туралы>> Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы; <<Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы>> Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы; <<Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы>> Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығы; <<Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы>> Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы; <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы>> Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы; <<Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы>> Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру оның халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес келуін қамтамасыз ету жолымен жүргізілетін болады. Мәселен, қазіргі уақытта халықаралық құқық нормаларын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық шарттар мен келісімдерге қосылуға, елдің құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін беделді халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен ықпалдасуына байланысты елеулі проблемалар бар. Қазақстан Республикасын алдағы уақытта Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы (1999 жылғы 27 қаңтар, Страсбург қаласы) және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы (1999 жылғы 4 қараша, Страсбург қаласы) конвенцияларға қосылу күтіп тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама мыналарды көздейді: 2014 жылға қарай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсынымдары іске асырылатын болады; 2015 жылы Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) мүшелікке кіреді; 2016 жылы Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенциялар бекітіліп, негізгі нормалары ұлттық заңнамаға имплементацияланатын болады. Республикада сыбайлас жемқорлық <<айла-амалдарды>> қысқартудан басқа, бюджет шығыстарын қысқарту түріндегі елеулі экономикалық әсер беретін лицензиялық-рұқсат жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын барлық рұқсат құжаттарының (рәсімдерінің) түпкілікті тізбесін көздейтін Рұқсат құжаттарының бірыңғай ұлттық тізілімі әзірленіп, бекітілетін болады. Осы шара кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік институттар қызметінің айқындылығын одан әрі күшейту үшін халықты хабардар ету, Үкіметтің азаматтық қоғам институтына есеп беруі, Үкімет қызметінің айқындылығын насихаттау қағидаттарына негізделген нормаларды заңмен бекіту жопарлануда. Осындай заңнамалық нормаларды қабылдау министрліктердің, әкімдіктердің, басқа да мемлекеттік ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын даму институттарының қызметін жариялау айқындылығын регламенттеуге мүмкіндік береді. 9-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстылықты алдын алу. Ұйымдасқан қылмыстылықтарды ескерту және психологиялық алдын алу шаралары . Экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық сипаттағы шаралары. Дәріс жоспары: 1.Ұйымдасқан қылмыстылықтарды ескерту және психологиялық алдын алу шаралары . 2.Экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық сипаттағы шаралары. Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. Қылмыстылық- қоғамдық болмыстардың ішіндегі ең зияндысы болып саналатындықтан онымен күресу қоғамдық маңызды шаралардың қатарына жатады және соған байланысты күрестің бір неше әдістері де қолданылады. Олардың ішіндегі барынша жиі қолданылатыны қылмыстық құқықтық, криминологиялық және қылмыстық іс жүргізу сияқты амалдары болып саналады. Қылмыстық құқықтық тұрғыдан қылмыстылықтан сақтандырудың бір әдісі қоғамға қауіпті, қылмысты әрекеттерді заң түрінде жариялау арқылы тиым салу немесе заңмен қорғалатын объектілерді жариялап, қорғаушылық қызметті іске асыру. Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы көптеген негiзге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерiнде-ақ пайда болған Криминология тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасыр - дан басталды, жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға да ене бастады. 19 ғасырдың l-жартысында криминологияның дербес ретiнде қалыптасуына зерттеулердiң мына төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2) статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т.б., олар арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау жасал - ды; 4) әлеуметтiк-құқықтық. Антропологиялық зерттеулердiң негiзiн қалаушы френолог Галль болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға беөлдi, қылмыскерлердi биологиялық топтастырудың басын бас - тады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Че - заре) Ломброзо тамаша негiздедi. <<Қылмыскер болып туады>>- - дедi ол өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу - типтердің бiреуi ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi. 19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқан - дардың көбiсi Ломброзо теориясын сынады. Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себеп - тepiн зерттеу aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да бiртiндеп әлеу - меттік факторларға көңіл бөле бастады . Ломброзоның идеясын оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары Рафаэль Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi, мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques), қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe speciale, unе variutu de lespuce humaine). Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы <<адамзат тұқымының бiр түрінен>> қорғанысы ретiнде қарады. Бұл бағытты жақтаушылар Францияда және басқа да елдерде болды. Ресейде П.Н. Тарановскийдiң Д.А. Чиждiң жұмыстары, бiршама Д. Дрильдiң және басқа авторлардың жұмыстары антро - пологиялық бағытқа жақын болды. Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - <<Кылмыс - керлiктiң экономикалық факторының>> авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: <<Ламброзонның еңбегi сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипо - теза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз шәкiрттерiне қалдырды>>. Ресейде А.Хвостов, Францияда А.Герри, Бельгияда Э.Дюкпе - тью қылмыскерлiк жайында жинакталған деректерге арнаулы ста - тистикалық зерттеулер жүргiздi. Олардың қылмыскерлiктегi заң - дылықты зерттеу үшiн қаншалықты маңызды екендiгiн бельгия - лық математик әpi статист А.Кетле айқын көрсете бiлдi. 1836 жылы А.Кетленiң <<Адам жене оның қабiлетiнiң дамуы немесе қоғамдық физика тәжiрибесi>> атты шығармасы жарық көрдi, онда автор былай деп жазды: <<Қылмысқа қатысты нәрселердiң бәрiнде сан - дар соншалықты тұрақты қайталанады, ол жағдайға назар аудар - масқа болмайды. Қылмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң жыл сай - ын ұдайы қайталанып тypaтыны және олар үшiн берiлетiн жаза түрлерiнiң де сол пропорцияда болатындығы қылмыстық соттың бiзге берiп отырған қызықты статистикалық мәлiметтерi; мен олар - ды өзiмнiң әр түрлi шығармаларымда бетке ұстадым, әрқашан қайталаудан жалықпадым: таңғаларлық делдiкпен төлем жасап тұратын бюджет бар, ол - зындан, түрме, эшафот бюджетi; сол бюджеттiң азаюын ойластыруымыз керек>>. Мұндай зерттеулердi басқа авторлар да жалғастырды, олар - дың көмегімен, бipiншiден, қылмысты немесе қылмыстарды зерт - теуден статистикалық заңдылығы бар жаппай әлеуметтiк құбы - лыс болып табылатын қылмыскерлiктi зерттеуге қадам жасалды, екiншiден, қылмыскерлiк туралы статистикалық мәлiметтердегi өзгерiстер мен қоғамдары өзгерicтер арасындағы өзара байланыс көрсетiлген. Ал, әлеуметтiк-экономикалық социологиялық зерттеулердi алатын болсақ көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейiнiрек Ашшафенбург және басқалар) қылмыскерлiктiң әр түрлi әлеуметтiк факторлармен статистикалық байланысын көрсетті. 1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс <<Англиядағы жұмыс - шы табының жағдайы>> атты кiтап жазды, онда <<Өз байқауым және шын көздер бойынша>> деген тарау бар. Бұл ic жүзiнде қоғамдық жағдайлардың қылмыскерлiкке ықпал ету факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерлiктiң әлеуметтiк мәнін алғаш рет тepeңipeк зерттеу болды. <<Әлеуметтiк тәртiптi сыйла - мау өзiнiң ең ақырғы сатысында - қылмыскерлiкте айқын көpiнic табады. Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себеп - тер әдеттегiден гөpi күштiрек, жиналып әрекет eтeтiн болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су суйық күйден газға өтeтіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады>>- деп жазды Ф .Энгельс. Қылмыскерлiк дегенiмiз әлеуметтiк соғыстың көрініc табуы, Энгельс айтқандай, <<әpкім өзiн ойлайды, өзi үшiн 6асқалардың бәрiне қарсы тұрады, ал өзiнiң қас жауы болып табыла - тын сол басқаларға зиян келтiру керек пе деген меселенi тек өз қамына байланыстырып шешедi. Қылмыскерлiк кестесі көрсетiп отырғандай, бұл шайқас жылдан жығa ушығып, етек алып бара - ды; жауласушы тараптар бiртiндеп өлiспей берiспейтiн eкi лагер - ге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл барлығының барлығына қарсы және буржуазияның пролетариат - қа қарсы соғысы бiздi таңдандырмау керек, себебi ол жеке бәсекелестiк принципiнiң бiртiндеп жүзеге асуы болып табылады. Фридрих Энгельс, бiрiншiден, адамдар мiне-зқұлқындағы жал - пы келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн емес, тек қылмыскерлiктің себептерiн негiздедi; екiншiден, жеке мүдденiң epкін бәсекелестiктiң толық үстемдiгi, жеке меншiгi жоқ жал - дан6алы еңбек адамдарының мүдделерi мен құқықтарын ешбiр елемеушiлiгi орын алып отырған жағдайдағы қылмыскерлiк заңдылығын көpceттi. Осыдан барып қоғамдық және саяси мекеме - лердi, қоғамның қоғамдық-әлеуметтiк қалпын өзгерту қылмыс - керлiкпен күрес шараларының ең 6астысына айналады. Әлеуметтiк-құқықтық зерттеулердiң құқық социологиясы - ның дамуы қылмыстардың әлеуметтiк негiзiне, құқық нормала - рының бұзылу себептерiне, қылмыс үшiн жаза қолданғанда олар - ды ескеру қажеттiгiне назар аударды, талап eттi. Қылмыстық сая - сат туралы iлiм пайда болды. Қылмыстардың себептерiмен және олардың алдын алу шара - ларымен криминалистер айналыса 6астады. Жапония профессо - ры Кан Уэда өз елiндегi криминологиялық зерттеулердiң пайда болуын қалыпты, саясат пен түрме iciнe жасалған реформамен байланыстырады. Осының бәpi қылмыскерлiк жөнiндегi арнаулы зерттеушi - лердiң оның заңдылықтары мен себептерiн зерттеудiң яғи кри - минологияның пайда болуына әкелдi. Римдегi кассациялық соттың прокуроры барон Р. Гарофало өзiнiң 1890 жылы жарық көрген кiтабын <<Криминология>> дел а - таған. Қылмыстық құқықтық әдістің екінші түрі немесе жазалау қатерімен қылмысты әрекеттерді жасаудан қалыс қалуға ықпал ету болып саналады деуге болады. Зерттеушілерде осы екінші әдісті кеңінен мойындап, оның әлеуметтік құқықтық ролін жоғары бағалауда. Солардың ішінде Ү.С. Жекебаев <<Қылмыстылықпен күресудің бір құралы жаза болып табылады. Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде жаза мәселесіне жеткілікті көңіл аударылуда: оның мағынасы мен қызметі, жаза тағайындаудың жалпы бастамасы және жаза түрлерін қолданудың ережелері қарастырылуда, қылмыстық құқықтық мәжбүрлеу тиімділігінің мәселелері белсенді түрде зерттелуде. Бірақ қылмыстық жазаның жалпы және арнайы алдын алу ретінде қолданылуының шегі мен мүмкіндіктері жеткілікті түсінікті болмай қалып бара жатыр>> деген болатын [1. 5б]. Соның ішінде кейбір зерттеушілер, оның ішінде И. Кристи жазаның жалпы сақтандыру, алдын алу ролін мойындамай, <<жазаның қаталдық дәрежесімен қылмыстылықтың деңгейін байланыстыруға болмайды>> деген бағалау келтіреді [2. 8б.]. Қылмыстылықпен күресудің барынша тиімді жолдарын кеңінен қарастыратын ғылым түрі-криминологиялық зерттеулерде қылмыстылықтың қарқынын түсірудің бірден-бір оңтайлы тәсілі, ол оның себептерін анықтау, жою деген сенім үстемдік байқатады. Мысалы белгілі криминолог ғалым Ә.Х. Меңдіғұлов <<Қылмыстылықтың себептерін іздеу, анықтау, жан-жақты зерттеу және оған оңтайлы әсер ету-сақтандыру қызметінің негізін құрайды>> дейді. Қылмыстылыққа әсер етудің мұнан басқа да теорияларын кездестіруге болады. Солардың ішінде мәжбүрлеу күшінің дәрежесі бойынша әсер ету шараларын орынды (умеренные), радикальдық және рационалдық деп топтастыруға болады. Қылмыстылықтан сақтандырудың орынды шараларына әлеуметтік кек қайтаруды емес, қылмыстылықтан сақтандыруға, жазаны өтеп жатырған адамдардың жағдайын көтеруге негізделген классикалық мектептің идеяларын жатқызуға болады. Радикалдық әсер ету шаралары қоғамдық өмірге бейімсіз қылмыскер кейбір адамдарды бір жолата жоқ қылуды шектемесе де, қылмыскерлерге негізінен әлеуметтік қорғау шараларын қолдануды ұсынады. Қылмыстылыққа әсер етудің рационалдық теориясы қылмыстылыққа бақылау жүргізу, жаза мен жауаптылықтың бұлжымастығын қамтамасыз ету, қылмыстылықтың өсу қарқынын төмендету бойынша мемлекет пен қоғамның кешенді күш жұмсауын білдіреді. Бұл теорияның негізгі идеяшылдарының бірі И.И. Карпец қылмыстылықпен күресудің негізгі міндеті қылмыстылықты ауыздықтау және оның шексіз өсуін тоқтату деген пікір келтірген. Қылмыстылыққа әсер ету шараларының ішіндегі осы теориялардың ішінен орынды және рационалдық теорияларының идеялары бізге аса ерекшелік байқатпайды. Бұл теорияны ұстанушылар қылмыстылықпен күресті немесе оның алдын алу шараларын халықтың әл-ауқатын көтеру, қылмыскерлерге әлеуметтік бейімдеу шараларын жаза атқару барысында қолдану, қылмыстылықтың қарқын алуына себеп болатын қоғамдық болмыстарды анықтау және олардың деңгейін төмендету немесе жою деген тәрізді пікірлер келтіреді. Ал радикалдық теорияны ұсынушылар қылмыскерлердің ішіндегі барынша қауіптілерін немесе қайтып түзелмейтіндей қауіптіліктегі адамдарды, сонымен қатар қылмыстылықтың белгілі бір аймақтарда қарқын алуына түрткі болып отырған адамдарды бір жолата қоғамнан аластауды немесе оларға тек өлім жазасын қолдануды ұстанады. Осындай бағыт Ресей ғалымдарының ішінен профессор О.В. Старковта байқалады. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшыларын және өзге де бұрыннан анықталған, тіркелген немесе бір неше рет байқалған қылмыстық әлемнің беделді жетекшілерін сот, тергеусіз-ақ әскери операция жасау арқылы бір-ақ күнде жойып жіберуді ұсынады. Ол қылмыстылыққа әсер ету бағдарламасының келесі кезеңінде осындай ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінші кезеңде жойылмай қалған қатардағы мүшелерін немесе қатардағы ұрыскерлерден жоғарыдағыларын әділет органдарының жемқорлыққа берілген қызметкерлері араласпас үшін ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес туралы заң негізінде жауаптылық қолданып, олардың кінәләрін дәлелдей отырып өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе ұзақ мерзімге бостандығынан айыру сияқты ең ауыр жазаларды қолдана отырып соттауды дұрыс деп санаған [5. 96 б.]. Қылмыстылықтан сақтандыру мәселесінде қылмыскерлерге жаза қолдану немесе оны барынша қатал түрде қолданудан оң нәтиже шыға бермейтіндігіне криминолог ғалымдардың көзі жете бастады. Сондықтан қылмыстылықты бақылауды қылмыскерлерді анықтау және олардың әрекеттерінің жолын кесумен жүргізу мүмкін емес. Жоғарыда келтіріп отырған қылмыстылықпен күрес бойынша кейбір теориялардың мағынасында қылмыстылықты ауыздықтауға тікелей арналған пікірлер бар екендігін байқауға болады, сондықтан біз олардың тек біреуін ғана қолдауды жөн көрмейміз. Бұл бағыттарға жеке-жеке қысқаша тоқталып кетер болсақ, онда бірінші кезекте келтіріп отырған қылмысты әрекеттерді қылмыстық заңда көрсету арқылы қылмыстылықтан сақтандыру бағыты халықтың ішіндегі қоғам мен заңды сыйлайтын адамдардың тобына арналған деуге болады. Мұндай адамдар белгілі бір әрекеттің қылмысты екендігін білісімен-ақ ондай әрекеттерді жасаудан қалыс қалады. Осы тәріздес заңға сыйластықпен қарайтын адамдар қызмет бабында қылмысты әрекеттер жасауы мүмкін адамдардың арасында да кездеседі. Ал қылмыстылыққа бейім немесе қылмысты жасауға шешім жасаған адамдар заңның кейбір қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмысты деп жариялауына қарамастан немесе қоғамға сыйластықтың жоқтығы салдарынан қылмысқа барып жатады. Мұндай адамдарды қылмыстылықтан сақтандырудың амалдары өзгеше болуы керек. Келесі кезекте келтіріліп отырған жазалану қатерімен сескендіру арқылы қылмыстылыққа әсер ету шарасы-бұл қылмыстылыққа баруы мүмкін адамдардың қылмысты әрекеттерінің алдын алуы мүмкін. Мұндай адам-белгілі бір әрекеттің заң бойынша қылмысты екендігін білуі нәтижесінде емес, онда жаза көрсетілгендігін көруі арқылы қылмыстан аяғын тартуы және жазалану қатерінен қорқатындар заңда неғұрлым ауыр жаза көрсетілген сайын соншалықты қылмыстылықтан қалыс қалуы мүмкін. Жазаның қылмыстық құқықтың зерттеу объектілерінің бастысы болуының да бір себебі осы жағдаймен байланысты деп ойлаймыз, себебі жаза біріншіден, қылмыс жасаған адамға жауапкершілік шарасы ретінде қолданылса, екіншіден, жазаның қолданылатындығын жариялау арқылы қылмысқа баруы мүмкін адамдарды сақтандырады. Біздің бағалауымызша мұндай адамдар қылмысты әрекеттерге барғысы келмейтін адамдар мен бәрібір қылмыс жасайтын адамдардың ортасындағы топты құрайды. Үшінші кезекте келтіріп отырған қылмыстылыққа әсер ету шарасын қылмыстылықтың себептерін жою арқылы іске асыру, қазіргі уақытта кеңінен танылған және зерттеушілердің көпшілігі қолдайтын бағыт болып саналады. Әрине қоғамда қылмысты әрекеттердің вирустары болып саналатын қылмыстылықтың себептерінің болуы қашанда қылмыскер адамдарды пайда болдырады. Бірақ қоғамдағы қылмыстың себептері болуы мүмкін деп танылған кез-келген болмыстар, қылмыстылыққа соқтыратын тікелей себептер болып бағаланбауы керек. Өйткені белгілі бір болмыс қылмыстылыққа соқтырмай қоймайтын себеп болып саналса, сол себепті басынан кешірген барлық азаматтар қылмыскер болуы керек. Қылмыстылыққа әсер етудің орынды, радикальдық және рационалдық теорияларында да шындықтың үлесі бар екендігін байқауға болады. Орынды әсер ету шарасында айтылатын қылмыстылықтан сақтандыру және қылмыскерлерге әлеуметтік бейімдеу шараларын басым қолдану тәсілдері жай теория ғана емес, қылмыстық және қылмыстық-атқару заңдарында да бекітілген ережелер болып табылады. Қылмыстық атқару заңының басты мақсаттарының бірі болып танылатын <<қылмыскерді түзеу>> ұғымы аталған заңның бүкіл болмысында кездеседі деуге де болады. Себебі ҚАК 7 бабында сотталғандарды түзеудің құралдарын анықтап, олардың қатарына жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібін, тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін, қоғамдық пайдалы еңбекті, орта және арнайы мамандықтардың берілуін, қоғамдық әсер етуді жатқызған. Сондай-ақ ҚАК сотталғандарды түзеудің құралдарын шектемей, өзге заңдарға немесе осы заңның өзге ережелеріне қайшы болмаса кез-келген тәсілді түзеу құралы ретінде қолдануға мүмкіндік берген. Сондай-ақ қылмыстық атқару заңы тек жекелеген жазалардың атқарылу тәртібі мен ережелерін қарастырумен ғана шектелмей, жаза өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін де қарастырады. Мұндай жұмыстар бас бостандығынан айырылған адамдарға жаза мерзімін аяқтау сатысында басталып, олардың босатылғаннан кейін баратын жеріндегі тұрғын-жайды, жұмыс орнын іздеумен, жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындаумен, денсаулығы нашар болған жағдайда тиісті емдеу мекемелеріне хабарлаумен, жазадан босатылар алдындағы адамдарға құқықтық, еңбек, экономикалық т.б. бағыттардағы дәрістердің берілуімен көрінеді. Бірақ өкінішке орай жазадан, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік бейімдеу жұмыстары түзеу мекемелерінде жүргізілгенмен, біздің қоғамымызда оларға көмек көрсету жұмыстары мүлдем төмен деңгейде. Көбінесе бұрын сотталған адамдарға сенбеу, оларды төмен адамдар деп бағалау пиғылдары қалыптасып қалған. Мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы кеңес одағында болған елдердің барлығында да кездеседі. Ресейлік ғалым И.В. Шмаровта біздің осы сөзімізді құптайтындай пікір келтіріп, <<Көріп отырғанымыздай заңшығарушы бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік бейімделуге жеңіл болу мақсатында әр түрлі көмектер қарастырады. Бірақ көпшілік жағдайда бұл шаралар сотталғандардың алдында тұрған мәселелерді шешіп бере алмайды. Репутациясы былғанған адамдарды жұмысқа алғысы келмейтіндігі баршаға белгілі және психолгиялық тұрғыдан түсінікті. Белгілі бір бөлігі жеке секторларды құрайтын нарықтық экономикалық жағдайда кеше ғана бас бостандығынан айыру орындарында болған адамдарды жұмысқа алғысы келмейтіндер жеткілікті>> дейді. Біздің ойымызша Қазақстан Республикасы БҰҰ, ОБСЕ сияқты адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қауіпсіздік ұйымдарына мүше болып саналғаннан кейін ерте ме, кеш пе бәрібір бұл мәселелерді практика жүзінде де шешуі керек. Өйткені бұл салаға арналып шығарылған 1955 жылы 30 тамызда Женевада қабылданылған <<қамаудағы адамдарды ұстаудың төменгі стандартты ережесі>> және 1987 жылы министрлер өкілдерінің 404 мәжілісінде бекітілген <<қамаудағы адамдарды ұстаудың Европа стандартты ережесі>> сияқты халықаралық нормативтік актілер жаза өтеуден босатылған адамдарға әлеуметтік бейімдеу және көмек көрсетілуін жетекші ереже ретінде ұсынады. Біздің радикалдық теориямен ішін-ара келіспейтін бір себебіміз, ол мұнан бұрынғы бөлімдерде негіздеп кеткеніміздей қылмыскерді жаза қолданумен, оны қатал қолдану үрейімен ауыздықтау мүмкін емес. Бұл біріншіден, қылмыстың шын мәніндегі қоғамға қауіптілік дәрежесін асыра бағалауға соқтырар еді және екіншіден, практика көрсеткендей ең қатал жазаның түрі көрсетілгенмен де ол қылмыстың адамзат өмірінде жиі орын алу мүмкіндігіне байланысты бәрібір бұл қылмыс түрі жасала берер еді. Мысалы 96 баппен бағалауға жататын кісі өлтіру қылмысының санкциялары өте қатал болғанмен бұл қылмыс практикада жиі орын алады. Қылмыстылықтың алдын алу және оған әсер ету шаралары туралы теориялық ағымдар туралы жоғарыда айтылған ойларды қорыта айтқанда, біз бұл теориялардың барлығында мойындаймыз және олардың әр қайсысы өзінше осы бағыттағы жұмыстарда пайдалылық білдіре алады. Сондықтан қылмыстылықтың алдын алу бағытындағы мемлекеттік қызмет жоғарыда аталған теориялардың негізінде бір неше бағыттардан жүргізілуі керек деген пікір келтіреміз. Қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары -- ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі. Оларға мыналар жатады: * заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау; * заңсыз кәсіпкерлік; * заңсыз банктік қызмет; * жалған кәсіпкерлік; * заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру; * несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану; * несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару; * монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу; * көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу; * көрінеу жалған жарнама беру; * тауарлық белгіні заңсыз пайдалану; * коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету; * кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық. конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу; * эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу; * бағалы қағаздар эмитенті лаузымды адамының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі; * бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу; * бағалы қағаздар рыногы кәсібі қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі; * бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу; * жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату; * жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату; * акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркалардың қолдан жасау және пайдалану; * экономикалық контрабанда; * шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау; * кеден төлемдері мен алымдарды төлеуден жалтару; * банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер; * әдейі банкроттық; * жалған банкроттық; * бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу; * банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру; * банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану; * азаматтың салық төлеуден жалтаруы; * ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару; * тұтынушыларды алдау; * заңсыз сыйақы алу; * табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу; * мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету; * компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату. * ұялы байланыстың абоненттік құрылысының сейкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату. 10-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудегi халықаралық бiрлескен әрекеттер және оның атқаратын ролi. Дәріс жоспары: 1.Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудегi халықаралық бiрлескен әрекеттер 2.Сыбайлас жемқорлықпен күресті реттейтін, негізін қалаушы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясы Ұсынылатын әдебиеттер: Дәріс тезистері. Халықаралық келісім-шарттар халықаралық ынтымақтастықты дамытудың ең маңызды құралдарының бірі болып табылады, ол мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен халықаралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Мамандар атап көрсететіндей, халықаралық ынтымақтастық жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес үшін айырықша маңызды мәнге ие. БҰҰ-ның, Дүниежүзілік банктің, ДВҚ-ның, ДСҰ-ның, ЕО-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың бірқатар халықаралық-құқықтық актілерінде жемқорлық қазіргі уақытта ұлттық шекараның шегінен шығып, бүкіл қоғам мен экономикалық жүйені қозғайтын құбылыс деп көрсетеді. Халықаралық қоғамдастық осы салада тиісті заңнамалар мен алдын ала шаралар қабылдауды қоса, қоғамды жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірінші кезекте келісілген саясат жүргізудің қажеттігі туралы ұйғарымға келді. Бұл заңның үстемдегіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, мемлекеттік басқарудың негізін жоятын, бәсекелестік шарттарын бұрмалауға алып келетін және қоғамның моралдық бастауларына айтарлықтай залал келтіретін жемқорлықтың салдарларымен байланысты. Әлемдік қоғамдастық жемқорлыққа қарыс күрестің және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың стандарттар жүйесін қалыптастырды. Ол БҰҰ-ның және Еуропа Кеңесінің шеңберлерінде қабылданған халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген. Қазақстан бұл конвенциялардың көпшілігін бекітіп үлгерді. Мынаны айту керек, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес халықаралық-құқықтық құжаттар біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы халықаралық құжаттардың кешенінде мыналар негізгі болып табылады: 1) 2003 жылғы 31 қазандағы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы; 2) 2000 жылғы 15 қарашадағы БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы; 3) 1990 жылғы 8 қарашадағы Еуропа Кеңесінің "Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстату, анықтау, алу туралы" конвенциясы; 4) 1997 жылғы 26 мамырдағы Еуропалық Одақтың Еуропалық қоғамдастықтың лауазымды тұлғаларын немесе Еуропалық Одақ мүше мемлекеттерінің лауазымды тұлғаларын қозғайтын жемқорлықпен күрес конвенциясы; 5) 1997 жылғы 21 қарашадағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының Халықаралық коммерциялық мәмілелерде шетелдік лауазымды тұлғаларды сатып алумен күрес туралы конвенциясы; 6) 1999 жылғы 27 қаңтардағы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясы; 7) 1999 жылғы 4 қарашадағы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциясы. Сыбайлас жемқорлықпен күресті реттейтін негіз қалаушы бірегей халықаралық-құқықтық құжат 2003 жылғы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясы болып табылады. Онда былай деп атап көрсетіледі, <<сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою - бұл барлық мемлекеттердің міндеті>> және <<кең көлемді көп тәртіпті көзқарас сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу үшін қажет>>. Конвенцияның 3-бабына сәйкес, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны тексеріп тергеуге және қылмыстық ізге түсу және операцияларды тоқтата тұруға (бөгеп тастауға), тыйым салуға, тәркілеуге және осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыс ретінде танылған қылмыстардан алынатын табыстарды қайтаруға қолданылады. Қылмыстық-жазалау әрекеттері ретінде мыналар айқындалады: 1) ұлттық жария лауазымды тұлғаларды, шетелдік жария лауазымды тұлғаларды және жария халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларын параға сатып алу; 2) жария лауазымды тұлғаның мүлікті талан-таражға салуы, заңсыз иемденуі немесе өзге де мақсатсыз пайдалануы; 3) пайдакүнемдік мақсатта әсер ету арқылы теріс қылық жасау; 4) қызмет бабын теріс пайдалану; 5) жеке сектордағы параға сатып алу және талан-таражға салу; 6) қылмыстардан түсетін табыстарды жылыстату және сот билігін жүзеге асыруға кедергі келтіру. БҰҰ-ның Конвенциясы өзара құқықтық көмекті, жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаны беруді, операцияларды тоқтата тұруды (бөгеп тастауды), қылмыс жасау үшін арналған мүлікті, құрал-жабдық пен басқа да құралдарды қоса, қылмыстардан түсетін табыстарға тыйым салу мен тәркілеуді егжей-тегжейлі реттейді. Конвенция сыбайлас жемқорлық қылмыстың 13 түрін келтіреді, олардың 10-ы параға сатып алудың екі дәстүрлі көрінісін - парақорлықты нақтылауға толық келеді: пара алу және пара беру. <<Заңсыз баюдың>> криминалдануы айтарлықтай қызығушылық туғызады, ол жария лауазымды адамның заңсыз баюын, яғни оның заңды табыстарынан елеулі түрде артып кетуін, өзі оны ақылға қонымды ретпен негіздей алмағанын білдіреді. Өмір шындығының дәл осы фактісі бұқаралық ақпарат құралдарының жіті назарын аударатын объектіге айналып, азаматтардың заңды ызасын туғызады. Халықаралық-құқықтық актілердің нормалары заңсыз баю фактілерін тексеру кезінде кінәсіздік презумциясы принципінен шегініс жасауға жол береді. 2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы да аталған әрекетті криминалдандыруды ұйғарады. Алғаш рет мұндай ереже 1988 жылы БҰҰ-ның Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясында бекітілді, онда мүше мемлекеттерге тәркілеуге жататын табыстар мен басқа да меншіктің заңды пайда болуын дәлелдеу ауыртпашылығын сезіктіге аудару ұсынылды. Жемқорлық әрекеттерді тежеу құралдары ретінде мүліктер мен табыстарды тәркілеу 1999 жылғы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясыда көзделген. 19-баптың 3-тармағы тәркілеу құқығын жүктеу немесе өзге де тәсілмен қылмыс жасау құралы мен Конвенцияға сәйкес осылай деп айқындалған қылмыстық жолмен келген табыстарды немесе құны осы табыстарға баламалы мүліктерді алып қою қажет етілуі мүмкін сондай заңнамалық және өзге де шаралар қабылдауды талап етеді. Аталған Конвенцияның 23-бабында Конвенцияның 19-бабының 3-тармағына сәйкес заттық айғақтарды және жемқорлықтан түскен табыстарды немесе құны осы табыстарға баламалы мүліктерді анықтау, іздеу, бөгеп тастау және тыйым салу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнамаларға сәйкес арнаулы тексеру әрекеттерін пайдалануға жол беретін шараларды қоса, қажет етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдау талабы бекітілген. 2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы да 31-бабында мыналарды тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды талап етеді: а) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды немесе құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетін мүлікті; б) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлікті, жабдықты немесе басқа да құралдарды. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық проблемасының ауқымдылығы мынаған алып келді, халықаралық қоғамдастық XX ғ. ортасында жария басқару және мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесуге арналған құқықтық нормалар мен ұйымдық құралдарды әзірлей бастады. Мұның дәлелі ретінде мынадай халықаралық құжаттарды келтіруге болады: - Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мінез-құлқының халықаралық кодексі (1996 жылдың 12 желтоқсаны); - <<Халықаралық коммерциялық операциялардағы сыбайлас жемқорлықпен және парқорлықпен күрес туралы>> БҰҰ-ның декларациясы (1996 жылдың 16 желтоқсаны); - БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенциясы (2003 жылдың 31 қазаны); - <<Шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлық>> БҰҰ Резолюциясы (1990 жылдың 24 наурызы); - <<Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы>> Еуропа Кеңесінің конвенциясы (1999 жылдың 27 қаңтары); - <<Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы>> Еуропа Кеңесінің конвенциясы (1999 жылдың 4 қарашасы); - <<Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы>> үлгілік заң (1999 жылдың 3 сәуіріндегі ТМД қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясының қаулысы. № 13-4). Жемқорлықпен күресуге құқық қорғау органдарына Құқық тәртібін қолдау жөніндегі лауазымды тұлғалардың мінез-құлық кодексі (1979 жылдың 17 желтоқсаны), Полиция туралы декларация (1979 жылдың 8 мамыры) сияқты және басқа да құжаттардың нұсқамалары жолданды. Бұл актілерде трансұлттық және басқа да корпорациялар, делдалдар мен осы тараптарға қатысушылар практикасында болатын парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері айыпталады. Жемқорлықпен күрес проблемаларына арналған халықаралық құжаттарды зерделеу былай деуге мүмкіндік береді, олардың бірқатарында осы келісім-шарттарды жүзеге асырудың ұйымдық-басқару аспектілерін реттейтін әкімшілік құқық нормаларының едәуір саны қамтылған. Атап айтқанда, әкімшілік құқық нормаларымен тиісті шартты (конвенцияны) оындау үшін тараптар тағайындаған, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиіс құзыретті органдардың қызметі реттеледі, аралас басқару құрылымдарын құру жөніндегі тараптардың міндеттері белгіленеді, басқару іс-қимылының қажетті түрлері айқындалатын ынтымақтастықтың нысандары мен әдістері көрсетіледі, келісім-шартты (шартты, конвенцияны) және басқаларын орындау жөніндегі кейбір іс-қимылдарды жетілдірудің ережелері (немесе тәртіптері) белгіленеді. Мәселен, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынаны айқындайды, әрбір қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес тұрғысында олардың тепе-теңдігін анықтау мақсатында тиісті құқықтық құжаттар мен әкімшілік шараларды бағалауды мезгілді жүргізуге ұмтылады. БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес әрбір қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес азаматтық қызметшілердің және тиісті жағдайларда сайланып қойылмайтын жария лауазымды адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу, қызмет өткеруі, қызметі жағынан өсуі және өз еркімен орнынан түсу сияқты жүйені құруға, қолдауға және нығайтуға ұмтылады БҰҰ конвенциясының аталған жүйесі: - мүлтіксіз жұмыс сияқты объективті мөлшерлемелерге негізделеді; - сыбайлас жемқорлық тұрғысынан алғанда ерекше осал саналатын жария лауазымды атқару үшін кадрларды іріктеу мен даярлаудың тиісінше рәсімдерін және осындай лауазымдардағы осындай кадрлардың алмасылуын қамтиды; - қатысушы мемлекеттің экономикалық жағынан даму деңгейін ескере отырып тиісінше сыйақылар төлеуге және әділетті айлық ақылар белгілеуге жәрдемдеседі; - ондай адамдардың көпшілікке арналған міндеттерді дұрыс, адал және тиісті орындау талаптарын қанағаттандыра алатын білім беру мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ұшырасатын және лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты қауіп-қатерлерді ұғынуын тереңдету мақсатында оларға мамандандырылған және тиісті даярлықты қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алулар, жария қаражатты басқару, жария есептілік саласында аталған Конвенцияға қосылған мемлекет бухгалтерлік кітаптардың, жазбалардың, қаржы ведомстволарының немесе жария шығыстар мен табыстарға қатысты басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қажет етілуі мүмкін және осы құжаттамаларды бұрмалауына кедергі жасайтын азаматтық-құқықтық және әкімшілік шараларды қолдануды; оңайлатылған әкімшілік рәсімдерді жасауды, сондай-ақ жария әкімшілікте сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі туралы мезгілді есеп беруін енгізуі мүмкін ақпаратты басып шығаруды міндеттенеді. Конвенция мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттер ынтымақтастығының әкімшілік-құқықтық және ұйымдық тетіктерін айқындайды. Атап айтқанда, онда жемқорлықпен байланысты азаматтық-құқықтық және әкімшілік мәселелер бойынша тексеруге және іс жүргізуге жәрдем көрсету, жемқорлық сипаттағы қылмыстарды дер уақытында анықтау мақсатында қолданылатын ақпарат алмасу мен әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіру тетіктері айқындалады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемалары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс істеу жөніндегі VIII конгресінде арнайы талқыланды (Гавана, 1990 ж.). <<Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық>> деп аталатын резолюциясында конгресс БҰҰ Хатшылығы даярлаған <<Сыбайлас жемқорлықпен күрестің практикалық шаралары>> нұсқаулығын мақұлдап, оның кең таралуын қамтамасыз етуге шақырды. Сыбайлас жемқорлықпен күресте Еуропа Кеңесі ерекше мүдделілік білдірді, 1996 жылғы қарашада қабылданған Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықпен күресте басшылыққа алудың 20 қағидаты туралы резолюциясы (1997 жылдың 6 қарашасы) соны растау болып табылады, оны Министрлер кабинеті сыбайлас жемқорлықтың тиімді жолын кесу және онымен күресте серпінді қозғалысқа жәрдемдесу мақсатында барлық мемлекеттердің пайдалануына ұсынған болатын. Еуропа Кеңесінің жоғарыда аталған бағдарламасы шеңберінде мыналар әзірленді: Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік конвенциясы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік конвенциясы. Тақырып 11. Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттерді ашу мен тергеу процесін жедел-іздестіру және криминалистиқалық қамтамасыз ету. 1.Ұйымдасқан қылмыстардың белгілері 2.Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстарды тергеудің өз ерекшеліктері 3.Қылмыстық істі қозғау кезеңінде оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен қатар жасырын қызметкерлердің жұмысы 4. Күдіктілер мен айыпталушылардан жауап алудың тактикалық ерекшеліктері 1.Қазақстанда ұйымдасқан қылмыс заңды және заңсыз бизнестің ең кірісі мол саласына еніп, экономиканың негізгі бөлігін бақылауға алып, мемлекетіміздің қалыпты дамуының тұрақсыздануын көздеп отыр. Қорқытып алушылық, қарақшылық, есірткі мен психотропты заттардың заңсыз айналымы, экономикалық және тағы басқа, яғни көбінесе ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстар мемлекетке едәуір зардап келтіруде. Бүгінгі таңда ұйымдасқан қылмыстылық тек заңды экономикаға ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдар құрылымына енуге ұмтылып, атқарушы және сот билігін сыбайлас жемқорлыққа тартуда Жасаған қылмыстары үшін жауапкершіліктен жүйелі түрде бой тасалап жүрген ұйымдасқан қылмыскерлер өздерінің заңсыз ақшаларын жасырын және заңды экономика инфраструктурасына аудару арқылы оларды сәтті түрде заңдастырады. Аталган топтар жоғары мобильді, қазіргі таңдағы жаңа көлік және техникалық байланыс құралдарына, үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен қатар олар өздерінің заңсыз әрекеттерінде жедел-іздестіру қызметінің әдістерін қолданып, өз қатарларына құқық қорғау органдар қызметкерлерінің арасынан өздеріне жақ болатын және физикалық жағынан дайындығы мықты тұлғаларды тартып отыруда. Ұйымдасқан қылмыстылық жалпы қылмыстылықтың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан да оны <<әдеттегі>> қылмыстылықтан бөлектеп қарастыруға болмайды, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық қызметтің жедел-криминалистикалық сипаттама элементтерін анықтауда қылмыстардың жалпы құрылымын негізге алу қажет делінген 2.Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстарды тергеудің өз ерекшеліктері. Ол ерекшеліктер мынадан байқалады, қылмысты квлификациялау мәселелері, қылмыскерлердің тарапынан балсенді және тұрақты қарсылық көрсетілуі, қылмыстардың көп эпизодтылығы, объективті дәлелдемелерді табу мен бекітудің қиындығы болып табылады. Тергеудің алдында қойылған алғашқы сұрақ, ол қылмыстық қоғамдастықты құру фактісін немесе оны құруға дайындалу фактісін анықтау болып табылады. Сонымен қатар тергеудің алғашқы сатыларында <<Жедел-іздестіру қызметі туралы>> Заңның 11- бабында көзделген жедел-іздестіру шараларын жүргізудің маңызы өте зор. Бұл шараларға сұрастыру, бақылау, жедел еңгізу, телефон сөйлесулерін тыңдау, т.б. жатады. Оларды жүргізу арқылы қылмыскерлердің қылмыстық қызметтерінің конспирациясына, олардың ұйымдастырылуына, құрылымның иерархиясы мен құрылым ішіндегі тәртібіне әсер етіп, қарсылық көрсетуге болады. Жедел-іздестіру қызметінің қорытындылары сот жұмысы процесіне енгізіледі, яғни ресмилендіріледі. Жедел жолмен алынған мәліметтерді ресмилендіру процесінде ұсынылған заттарға (мысалы, видеотаспалар, фотосуреттер, т.б.) қарау жүргізу, куә ретінде жедел уәкілдерден жауап алу, сараптамаларды тағайындау және т.б. тергеу әрекеттері жүргізіледі. Осындай қылмыстық істер бойынша кейбір тергеу әрекеттердің тактикалық ерекшеліктері көбінесе дәлелдемелерді алу мен бекітудің қиындығымен; ұйымдасқан қылмыстық топтар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа салынған көмекшілері тергеуге кедергі жасап отырған жағдайда дәлелдеме заттарды табу мен оларды икемді түрде пайдалану қиындығымен ерекшеленеді. Бұл жағдай куәлар мен жәбірленушілерден мұқият түрде жауап алу әдістерін ғана емес, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерден қорғау әдістерін, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барынша техникалық құралдарды (бейне және дыбыс жазу құралдарды, т.б.) қолдануды, сонымен қатар табылған іздер мен дәлелдеме заттарды зерттеу үшін әр түрлі бағыттағы арнайы білімдердің болуын талап етеді. Жедел-іздестіру материалдары тергеу процесінде кең қолдануының мүмкіндігі мен қажеттілігіне байланысты оның қылмыстық іс-жүргізу заңының талаптарына сай етудің спецификалық тактикалық ерекшеліктері бар. Тәжірибе көрсеткендей, ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне байланысты жедел-іздестіру материалдарын жүзеге асыру процесінде қабылданатын тактикалық шешімдер өз күрделілігімен ерекшеленеді, яғни осы жағдайда тергеу ахуалының түрлі компоненттерін, жедел материалдарды жүзеге асырудың қиындығын, тергеуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде сұрақтарды ескеру қажет. Осындай қылмыстық істерді тергеу барысында кейбір тергеу әрекеттерді жүргізудің маңызы зор болып табылады. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыс адамдар тобымен жасалғанын анықтауға болады, яғни табылған іздер, қылмысты жасау әдісі мен қылмыс құралдары оған негіз бола алады. Қылмыс және қылмыскерлердің іздерін бағалау келесі мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді: - іздердің пайда болу себесін анықтау; - іздердің пайда болу әдістерін, олардың пайда болу уақыты мен жағдайларын анықтауға, яғни қылмыстың мән-жайларын ойда қалыптастыру; - табылған іздерді жасалған қылмыспен байланысын анықтау, іске қатысы жоқ іздерді жою және өзге де іздерді табуға байланысты мәліметтер алу; - із қалдырушы объектілерді анықтау; - қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтерді анықтау, қылмысқа қатысы жоқ тұлғаларды алып тастау; - табылған іздердің өзге қылмыстар материалдарымен, яғни қылмыс жасау әдісінің ұқсастығы, т.б. байланысын анықтау; - болжамдарды шығару, тергеуді жоспарлау үшін мәліметтерді алу 3.Қылмыстық істі қозғау кезеңінде оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен қатар жасырын қызметкерлердің жұмысы, пәтерлерді және аулаларды аралау, жәбірленушілер мен өзге де тұлғалардан сұрау жүргізу, іздеу-қызмет иттерін пайдалану, т.б. сияқты жүргізілетін жедел-іздестіру шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтер қолданылады. Оқиға болған жерді қарау барысында алынған ақпарат әрдайым толық бола бермейді. Ол қылмыстың адамдар тобымен жасалғанын көрсетіп, бірақ осы топтың ұйымдастырушылық дәрежесі туралы мәлімет бере алмайды. Ал жедел материалдары қылмыскердің өз кінәсін мойындап келуі немесе қылмыскерлердің саны мен белгілерін, ал кейбір кезде қылмыстық топтың ұйымдастырушылық дәрежесін анықтауға, олардың қызметтері туралы бағалы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін жәбірленушілердің түсініктемелері алғашқы ақпарат ретінде негіз болса, онда қылмыстар ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалғаны туралы сөзсіз айтуға болады. Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстар туралы мәліметтерді алудың тәсілдері ішінен жауап алудың орны ерекше. Оның тактикалық қамтамасыз етілуі оны жүзеге асырудың тәсілдері мен, керек жағдайда, жауап алу жоспарын құрумен ерекшеленеді. Осындай жоспар келесі тұлғалардан жауап алуға дайындалу барысында құрылу қажет: - егер жедел ақпарат қолданылса, онда барлық жауап беруші тұлғалардан. Бұл жерде жоспарлаудың негізгі мақсаты - бұл ақпарат алудың қайнар көзінің ашылуынан сақтау болып табылады; - қылмыстық қоғамдастықтағы рөлі мен жағдайына қарамастан осы қоғамдастық мүшелерінен жауап алу. Осы категориядағы тұлғалардан жауап алу барысында жауап алудың тактикалық тәсілдерін мұқият ойластыру мен таңдауды, оның қатаң тәртібін орнату, тұжырымның нақтылығын, жауап алынатын тұлғаға бар дәлелдемелерді ұсынудың нәтижесін болжамдауды қажет етеді 4.Күдіктілер мен айыпталушылардан жауап алудың тактикалық ерекшеліктері. Аталған категориядағы тұлғалардан жауап алудың тактикасы келесі жағдайларға тәуелді болады: - қылмыстық топ әрекеттерінің сипаттамасы: күш қолдану арқылы; пайдакүнемдік - зорлықпен жасалынатын қылмыстар (қарақшылық, тонау); зорлықсыз жасалатын мүліктік қылмыстар (ұрлық, алаяқтық, т.б.); экономика саласындағы қылмыстар; - қылмыстық қоғамдастық мүшесінің жағдайы мен рөлі; - қоғамдастық мүшесінің бұрынғы <<қылмыстық қызметке>> дейінгі қызметі, мамандығы, білімі, отбасы жағдайы, сондай-ақ бұрынғы соттылығы, қылмысты ашу мен тергеу тәсілдерін білуі; Жауап алу затының ерекшелігі қылмыстық ортадағы жағдайы мен рөлімен анықталады5 . Осыған байланысты қылмыстық топтың ұйымдастырушыларынан (басшылары), қылмыстық әрекеттерді тікелей орындаушылардан, топтың өзге де мүшелерінен жауап алудың ерекшелігін қарастырайық. Қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырушысынан жауап алу барысында келесі мән- жайларды анықтау қажет: қылмыстық қоғамдастықты құру туралы ойдың кімде және қандай жағдайда пайда болғанын, оған қандай себеп болғанын; қандай қылмыстық әрекеттер ұйғарылды, қылмыс эпизодтары, олардың нақты қатысушылары, ұйымдастырушының қылмысқа тікелей қатысуын; қылмыстар қандай тәсілдермен жасалды, ол тәсілдің қалай таңдалғанын, ол туралы мәліметтер қандай қайнар көзден алынғанын, қоғамдастық мүшелерінің қайсысында бұл тәсілді қолдануға тәжірибесі болғанын; қоғамдастықтың құрылымын, конспирация шараларын, байланыс құралдары мен тәсілдерін; қоғамдастықтың материалды-техникалық жабдықталуы, қорғанысы, трансферттік құралдары; топқа жаңа мүшелерді тарту тәсілдерін, мемлекеттік және өзге органдардағы жемқорлыққа бет бұрған элементтермен байланысы, топ құрылымы, қорғаныс тобының құрамы, оның қызметі, барлау және өзге ақпараттарды алудың қайнар көздері; . орындаушылар, олардың сипаттамасы, орындаушылардың эксцесс фактілері және оларға елеулері; қоғамдастықпен байланысты үзген тұлғалар, олардың сипаттамасы, қалған топ мүшелерінің <<бас тартушылыққа>> деген көз қарастары; қылмыстық жолмен табылған мүліктер, ақшалар, құнды заттар, оларды топ мүшелерінің арасында бөлу, ұйымдастырушының үлесі, ортақ мүліктің , ақшалардың болуы, олардың жұмсалуы; қоғамдастықтағы жеке қарым-қатынастар, жан-жалдар, оларды шешудің тәсілдері мен жауапқа тарту жүйесі; бәсекелес <<көсемнің>> болуы, онық басшымен қарым-қатынасы. Тікелей орындаушылардан жауап барысында анықталатын мән-жайлар: жауап берушінің нақты қай қылмысты жасағаны; қылмыстардың бастамашысының кім болғанын, оларды кім жоспарлағаны, алғашқы жоспардан бас тартушылық болды ма; қылмысты жоспарлау үшін қандай шаралар жоспарланды, түрлі жағдайларға байланысты қылмыстық ойдың жүзеге аспауы немесе сәттілігі келмеген жағдайда өз-өзін қалай ұстауы қажет, қылмыс үстінде үсталғанда қандай аңыз (легенда) пайдаланғанын; ұрланған заттарды сату орындарын, конспиративті пәтерлердің бар - жоғын; қылмысты жасау нәтижесінде алынған мүлік пен бағалы заттардың үлесі қандай; қылмыстық қоғамдастық мүшелерімен қарым-қатынасы қандай; қоғамдастықтың қылмыстық қызметіне қалай қатыстырылды, оның себептері. Қорғау тобы мүшелерінен жауап алу кезінде мыналар анықталады: қылмыстық қоғамдастыққа қалай тартылды, оның қандай қасиеттері оған негіз болды; оның атқаратын міндеттері қандай, оларды кім бекітті; топ кімдерден құрылды, олардың міндеттері; қару-жарақтардың болуын, ола қандай жолмен алынғанын, оларды қолдану кездері болды ма, қашан, қайда, не үшін, нәтижесі қандай болғанын анықтау; топ мүшелер арасындағы байланыс құралдары, конспирация әдістері, т.б. Қарастырылып отырған категориядағы қылмыстарды тергеуді жүзеге асыруда жедел-іздестіру щараларды анализдеу және жоспарлаудың керектігі туады. Жоспарлаудың эффективтілігі қылмыстық әрекеттердің, қылмыскерлердің жеке басының және олардың қылмысты жасау механизмдер сипаттамасын терең зерттеуге тәуелді болады6 . Жедел-іздестіру шараларын жоспарлау барыснда осы және басқа да факторларды есепке алу кезінде бар күштер мен құралдарды үйлестіруге, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын кешенді және білікті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәріс 12.Ұйымдасқан қылмыс кылмыстық топ криминология және криминалистика тұрғысынан да қарау Жоспар: 1-сурак Ұйымдасқан қылмыстылық 2-ші сурак Ұйымдасқан қылмыс түсінігі,белгілері 3-ші сурак Қылмыстық топ Қылмыскерлiк бiздiң санамызда, бәрiнен бұрын, әр түрлi қылмыстар түрiнде көpiнic табады. Сондықтан, қылмыскерлiк туралы меселенi қарауды қылмыстан бастаған жөн. Қылмысты, қылмыстық құқық тұрғысынан да, криминология және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады. Қылмыстық-құқықтық тәсiлде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды бұзған өзiнше оқшауланған aктіci ретiнде талданады. Назар бұл жерде қылмыс құрамын оның төрт элементi арқылы талдау жағынан аударылады. Ол элементтер: объект, объективтiк жақ, субъект және субъективтiк жақ. Қылмысты жасау сатылары қылмыстық құқықтың критерийлер негiзiнде бөлiнiп алынады. Криминологиялық тәсiлде қылмыс бiрiншiден, адам үшiн сыртқы орта болып табылатын жағдайларда және адамның өзiнiң сипаттамаларымен бiр мезгiлде, екiншiден, бiр кездiк акт емес , кеңістік пен уақытта дамитын белгiлi бiр процесс ретiнде талданады. Талдаудың бұл eкi аспектici тек теориялық емес, практикалық та маңызғa ие. Қылмыстың қылмыстық-құқықтық талдамасы адам қылмыстық заңның нақты нормасында көзделген (тыйым салынған) ic-әрекеттi жасады және соған сәйкес ол қылмыстық жауаптылық көтеруге жатады деп тану ушiн қажеттi және өзге адамдардың сондай қылмыстар жасауының алдын алу үшiн не жасау керек; айыптыға қатысты және жасалған қылмыстық әpeкeттiң келеңсiз әлеуметтiк салдарларын болдырмау мақсатында заң шеriнде қандай нaқrы шараларды қабылдағaн жөн екендiгiн түciнyгe мүмкiндiк бередi. Заң қылмыстың өзiнiң қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамаларымен бiрге зерттелуiн талап етедi. Анықтама, алдын ала тергеу жүргiзгенде және icтi сотта қарағанда дәлелдеуге жататын мән- жайлар iшiнде қылмыстың сылтауы, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар (жауапкершiлiктi жеңiлдетeтiн және ауырлататындардан басқа), сондай-ақ қылмыс жасаудың себептерi мен жағдайлары сияқтылар да бар. Қылмыстар және қылмыскерлік <<Қылмыскерлiк>> ұғымы, көбiне қылмыстың көптiгi туралы, олардың статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады. Бұл - қылмыскерлiк анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, қылмыскерлiк көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініc табады. Қылмыскерлiктiң қылмыстың жекелеген турлерiмен салыстырғандағы ерекшелiгi - оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бiр қылмыстың саны статистикалық талдауға келедi, нәтижесiнде белгiлi бiр статистикалық заңдылық анықталады. Сондықтан да, қылмыскерлiк жайында тек қылмыстардың көптігi деп сөз болса, назар ол жайындағы мәлiметтердiң статистикалық талдамасына аударылады, қылмыскерлiктiң жайы, құрылымы динамикасы зерттеледi. Бірақ қылмыстарды жаппай деп зерттеу олардың сол жаппайлықта көп жаңа сипаттарға ие болатындығын көрсетiп отыр. Әр түрлі қылмыстар арасында белгiлi бiр қатаң қатнастар байқалады. Мысалы, ашылған және тiркелген жеңiл дене жарақаты, ұрып-соғу фактiлерiнiң қару алып жүрумен байланысты қылмыстардың саны азайғанда адамның өмipi мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыстap саны артады. Қылмыскерлiкке сипаттамалардың eкi тобы тән: 1) <<сыртқы>> сипаттамалар, олар қылмыскерлiктiң қоғамда қалай әрекет eтетінің оның қандай да бiр құрылымдарына таралатындығын: жалпы таралуын, сылтауын, әлеуметтiк бағыттылығын, қоғамға қауiптiлiгiн, әлеуметтiк-аумақтық әлеуметтік-топтыкқ, әлеуметтiк-салалық көп таралғандығын көpceтeтін; 2) <>: ұйымшылдығын, белсендiлiгiн, тұрақтылығын көрсететін сипаттамалар Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың - қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден - қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады, екіншіден - ондай қатынасу алдын ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс істеу жөнінде. Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара ролін белгілейді; қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рольдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сот тәжiрибесiнде адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда мен қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк көздейтiн заңнаманы қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi: 1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда және қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстардың ерекше қауіптiлiгiне соттардың назары аударылсын. 2. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыс жасау кезiнде орын алуы мүмкiн. Сондықтан бiрнеше адамның абайсыздықтан қылмыс жасауы адамдар тобы жасаған қылмыс ретiнде қарастырылмайды. 3. Кінәлі адамдардың әрекеттеріне "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып", "ұйымдасқан топ болып" қылмыс жасау белгілері бойынша құқықтық баға бергенде ҚК-нің 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет. Қылмыс екі және одан да көп адамдардың қатысуымен жасалған жағдайларда "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгілері бойынша саралануы мүмкін. Кінәлі адамдардың әрекеттерін "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыс жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыс құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет. Қылмысты жасау үшін екі немесе одан да көп адамның жалпы күші біріктірілген және бірге қатысушылардың әрқайсының әрекеті басқа бірге қатысушылардың әрекет жасауы үшін қажетті шарт болып табылған және рөлдердің алдын ала бөлінуіне сәйкес барлық бірге қатысушылардың әрекетінен туындаған ортақ қылмыстық нәтижемен себепті байланыста болған жағдайларда ""топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша сараланады. Мұндай жағдайларда қылмысқа екі және одан да көп орындаушылардың қатысуы міндетті емес, басқа түрдегі бірдей қатысушылар болғанда бір орындаушы жеткілікті. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмысты орындаушылар болған жағдайларды қоспағанда, ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалып, осы қылмыс үшін жазаны көздейтін ҚК-нің тиісті бабы бойынша туындайды. Қылмысты бірге жасаушылармен алдын ала сөз байласпаған, алайда оны басқа адамдар жасауы барысында соларға қосылған және тікелей қатысқан адам өзі жасаған нақты әрекеттер үшін қылмысты орындаушы ретінде жауапты болуға тиіс. Қылмысты ұйымдасқан топтың құрамына кіретін адамдар жасағанда, сол сияқты бандалардың және қылмыстық бірлестіктердің мүшелері жасағанда да топ болып жасалған қылмыс белгісі бойынша саралануы мүмкін. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 15 Нормативтік қаулысымен. 4. Орындаушының жеке басына қатысты қылмыстық дәрежелеушi белгiлер, басқа қылмысқа қатысушыларға (ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушiге) тек олар орындаушыда аталған дәрежеленушi белгiлердiң бар екендiгiн бiлген және олар өздерiнiң iс-әрекеттерiмен осы орындаушылардың қылмысты жасауына мүмкiндiк туғызған жағдайларда ғана таңылуы мүмкiн екенiн есте ұстау қажет. 5. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыс жасауы деп нақты бiр қылмысты жасауға екi және одан да көп адамдардың қылмыстың объективтiк жағын құрайтын iс-әрекеттердi жасағанға дейiн келiсуiн түсiну қажет. Қылмысқа қатысушылардың бiрi алдын ала сөз байласып қылмыс жасаған және қылмыстың объективтi жағын орындау аяқталғанға дейiн оларға алдын ала сөз байласқан басқа адамдар қосылған жағдайларда, онда бастапқылардың да және соңғылардың да iс-әрекеттерiн бiр топ адамның алдын ала сөз байласып қылмыс жасауы деп дәрежелеу қажет. 6. ҚК-нің K970167_ 31-бабының 3-бөлiгiне сәйкес ұйымдасқан топ деп құрылғаны үшiн ҚК-нiң 235-бабының 1-бөлiгiмен жауапкершiлiк көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты ғана емес, сонымен бiрге құрылғаны үшiн ҚК-нiң 237-бабының 1-бөлiгiмен жауапкершiлiк көзделген тұрақты қарулы топты (банданы) да түсiну қажет. Бұл ретте банда, ұйымдасқан қылмыстық топтан қарулануымен және қылмыстық мақсаты - азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауымен ерекшеленедi. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ҚК-нің 31-бабының 4-бөлiгiне сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топ пен бандадан ауызбiрлiк белгiсiмен және оның ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылу мақсатымен ерекшеленедi. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) ұйымшылдығы, әдетте, жоғары дәрежеде болады және ол жекелеген қылмыстық бiрлестiктерден немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардан тұрады. 7. Банданы құрудың мақсаты ҚК-нiң K970167_ 237-бабының 1-бөлiгiне сәйкес азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады. Бұл ретте заң, шабуыл барысында банданың қандай қылмыстарды жасайтынын көрсетпейдi, ол азаматтың не ұйымның мүлкін, ақшалары мен өзге құндылықтарын тiкелей алып қою ғана емес, сонымен бiрге кiсi өлтiру, зорлау, қорқытып алу, бөтеннiң мүлкiн жою не бүлдiру және т.б. болуы мүмкін. 8. Жәбiрленушiге күш қолдану не оны дереу қолданамын деп шынайы қауiп туғызу арқылы қылмыстық нәтижеге қол жеткiзуге бағытталған әрекеттi бандитизм кезiнде шабуыл жасау деп түсiну қажет. Осы қылмыс құрамының басқа да мiндеттi белгiлерi болған жағдайда, iшiнде адамдары жоқ мекемелерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға шабуыл жасау және оларға күш қолданбау жағдайларында және шабуыл жасау үрдiсi кезiнде адамдар зардап шекпей, мүлiктiң жойылу (кеңсенi қопару, пәтердi, автомашиналарды өртеу) фактiлерiн бандитизм деп қарастыру қажет. Бұл ретте банданың құрамындағы шабуыл жасаушылардың олардың қылмыстық мақсаттарына жетуiне кедергi жасайтын кез келген адамға қарсы күш қолдануға дайын екенiн назарда ұстау қажет.Банда мүшелерiнiң қолындағы қару қолданылмаған жағдайларда да қарулы банданың шабуыл жасауы орын алды деп есептеледi. 9. Банданың мiндеттi белгiсi - оның қарулануы болып табылады, демек бандаға қатысушылардың қолында зауытта әзiрленген немесе қолдан жасалған атылатын немесе суық қару, қопарғыш құралдар, сондай-ақ газ шығаратын және пневматикалық қарулардың болуы шарт. Банда мүшелерінің шабуыл кезiнде қолданған заттарын қару деп тану туралы мәселенi шешу барысында 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерiнің айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" N 339-IZ980339_ Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн басшылыққа алған жөн. Мүшелерінің ең болмағанда бiреуiнiң қолында қару болған және бұл жөнiнде банданың басқа мүшелерiне белгiлi болған кез келген жағдайда - банда қаруланған деп танылады. Қылмысқа қатысушылардың пайдалануға жарамсыз қаруды немесе оның нобайын қолдануы оларды қаруланған деп тануға негiз болып табылмайды. Қажет болған жағдайда қолданылған заттардың қару болып табылатынын анықтау үшiн сараптама тағайындау қажет. 10. Банданың ұйымдастырушысының, басшысының немесе қатысушысының қару, оқ-дәрiлер, қопарғыш заттар және қопару құралдарын заңсыз айналымға түсiру әрекеттерi банданы ұйымдастыруға және оның жұмыс iстеуiне байланысты болса ҚК-нiң K970167_ 251-бабы бойынша қосымша дәрежелеуге жатпайды, өйткенi осы әрекеттер банданың мiндеттi белгiсi - оның қарулануымен толық қамтылады. Бандаға қатысушылардың қаруды өзге мақсаттар үшiн заңсыз айналымға түсiруiне (мысалы, қарумен сауда жасауға, қаруды ұрлауға және т.б.) байланысты әрекет жасауы қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК-нiң 237-бабы және Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптары бойынша дәрежеленуi қажет. 11. Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банданың тұрақтылығын, атап айтқанда, оның құрамының тұрақтылығы, оның мүшелерiнің өзара тығыз байланыстылығы, олардың келiсе отырып iс-әрекет жасауы, қылмыстық қызметтiң формалары мен тәсiлдерінің тұрақтылығы, оның өмiр сүруiнің ұзақтығы байқатады. Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банда мұқият дайындықты қажет ететiн бiр ғана қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін. 12. Ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құру деп кез келген белсендi де мақсатты iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде аталған ұйымдасқан топтар мен сыбайластықтың шын мәнiсiнде құрылуын түсiну қажет. Бұл әрекеттер қатысушыларды, қаруларды, оқ-дәрiлердi, байланыс құралдарын, құжаттарды, көлiк құралдары мен өзге де материалдық құралдарды iздеу, құрылымдар мен қылмыстық жоспарларды дайындау, адамдарды арбау және т.б. түрде болуы мүмкiн. Ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құру қандай да бiр қылмыстың жоспарланғанына немесе жасалғанына қарамастан қылмыстың аяқталған құрамы болып табылады. Аталған қылмыстық құрылымдарды құру үрдiсiнiң өзiн оларды құруға дайындалу деп қарастыру қажет. Егер де осы құрылымдарды ауыр немесе ерекше ауыр нақтылы қылмысты (мысалы, кiсi өлтiру) жасау үшiн құрудың ойластырылғаны анықталған болса, онда адамдардың iс-әрекеттерi осы қылмысты жасау үшiн де дайындалу деп дәрежелеу қажет. 13. Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) басшылық жасау деп олардың қылмыстық iс-әрекеттерiн жоспарлауға, материалдық қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға байланысты, сондай-ақ аталған құрылымдардың нақтылы қылмыстарға дайындалуға және оларды жасауға байланысты шешiмдердi қабылдауы деп түсiну қажет. Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) бiр немесе бiрнеше адам басшылық жасауы мүмкiн. Ұйымдасқан қылмыстық топқа немесе бандаға нақтылы адамның (немесе бiрнеше адамның) басшылық жасағаны туралы дәлелдемелердiң анықталмауы ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе банданың болуын терiске шығармайды. Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе банда басшысыз да болуы мүмкiн. Адам саны аз ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе банданың өз орталарынан басшы шығармай-ақ қылмыстық әрекеттерге қатысты мәселелердi бiрлесе шешуiн және, әдетте, олардың қылмыстарды бiрлесе жасауын осындай жағдайларға жатқызған жөн. 14. Ұйымдасқан қылмыстық топқа, бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) қатысу - аталған қылмыстық құрылымдардың құрамына кiрудi және жоспарланған қылмыстарды қаржыландыруға, қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б., сондай-ақ осы қылмыстарға тiкелей қатысуға бағытталған iс-әрекеттердi жасауды бiлдiредi. Бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) қатысу - адам банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) қызметiнiң қылмыстық сипаты туралы бiлгенiне, оған өзiнiң қатысуына (мүшелiгiне) келiсiм берген сәттен бастап оның жасалған қылмыстарға қатысқан немесе қатыспағанына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамы болып табылады. 15. ҚК-нiң K970167_ 31-бабының 5-бөлiгiнiң талаптары негiзiнде, ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық жасаған адамдардың iс-әрекеттерi тиiсiнше ҚК-нiң 235-бабының 1-бөлiгiмен не 2-бөлiгiмен немесе ҚК-нiң 237-бабының 1-бөлiгi бойынша және де сондай-ақ егер оның ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс үшiн жауапкершiлiк көздейтiн ҚК-нiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптары бойынша да дәрежелеуге жатады. Бұл ретте ҚК-нiң Ерекше бөлiмi бойынша дәрежелеу ұйымдастырушы (басшы) сонымен бiрге қылмысты қоса орындаушы болып табылған жағдайлардан басқа уақытта, ҚК-нiң 28-бабына сiлтеме жасалына отырып жүзеге асырылады. Банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарға тiкелей қатысқан банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) ұйымдастырушысының немесе басшысының iс-әрекеттерi ҚК-нің 235-бабының 3-бөлiгi немесе ҚК-нiң 237-бабының 2-бөлiгi бойынша қосымша дәрежелеуге жатпайды. Бандаға немесе қылмыстық сыбайластыққа (қылмыстық ұйымға) қатысушылардың (мүшелердiң) iс-әрекеттерi тиiсiнше ҚК-нiң 235-бабының 3-бөлiгi немесе ҚК-нің 237-бабының 2-бөлiгi бойынша, сондай-ақ олар дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн де ҚК-нің тиiстi баптары бойынша қосымша дәрежеленуi қажет. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу өз алдына қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқпайтындықтан, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылардың iс-әрекеттерi ҚК-нiң олар дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстары үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн тиiстi тармақтары бойынша дәрежеленуге жатады. 16. Банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарға қатысқан адам, тиiсiнше ҚР ҚК-нің K970167_ 235-бабының 3-бөлiгi немесе ҚК-нiң 237-бабының 2-бөлiгi бойынша ол банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарға қатысушы екендiгiн бiлген жағдайларда ғана жауапкершiлiкке тартылады. Адам қылмыстық құрылымның жұмыс iстейтiнiн бiлмеген жағдайда ол өзi бiлiп бiрге қатысқан қылмыс үшiн ғана жауап бередi. Аталған адамдардың "ұйымдасқан топтың қылмыс жасауы" деген дәрежелеу белгiсi бойынша жасалған қылмыстарға қатысты iс-әрекеттерi де осы ереже бойынша дәрежеленедi. 17. Ұйымдасқан қылмыстық топтың, банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында жасалған қылмыстарды дәрежелеу кезiнде соттар ҚК-нiң 12-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлгендей қылмыстар жиынтығы бойынша, егер қылмыс жасаған адамның әрекеттерi ҚК-нiң әлдеқайда қатаң жаза берудi көздейтiн бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң нормасымен қамтылмаса, ол жасаған әрбiр қылмысы үшiн ҚК-нiң тиiстi бабы немесе бөлiгi бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатыны туралы талабын қатаң сақтауға тиiс. 18. Бандитизмдi басқа қылмыстардан ажырату кезiнде бандитизмдi құрайтын мән-жайларға ерекше назар аудару қажет.Бандитизм және бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстары бiр-бiрiнен осы қылмыстарды сипаттайтын белгiлер жиынтығымен ерекшеленедi. Бұл ретте бандитизм үшiн бандаға қатысушылардың арасындағы тұрақты байланыстың, олардың iс-әрекеттерінiң ұйымшылдығының, қылмыстарға дайындалу мен жоспарлаудың, сондай-ақ қарулануының болуы мiндеттi. Аталған құрамдарды сондай-ақ қылмыстарды жасаудың мақсаты бойынша да ажырату қажет: бандитизм кезiндегi мақсат - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады, ал қарақшылық кезiнде пайдакүнемдiк мақсат - ашық ұрлау мiндеттi түрде қоса жүредi. Егер iс бойынша адамдардың тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топты құру туралы арнайы уағдаласқаны, қарулану туралы мәселе талқылағаны және қаруды сатып алғаны, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау мақсаттарын белгiлегенi, осындай қылмыстарды жасағаны анықталса, онда мұндай жағдайларда кiнәлi адамдардың iс-әрекеттерiн ҚК-нің K970167_ 237-бабының тиiстi бөлiгi бойынша, сондай-ақ қылмыстық кодекстiң жасалған қылмыс үшiн жауапкершiлiк белгiлеген тиiстi баптары бойынша дәрежелеген жөн. Тұрақты қарулы қылмыстық топтың құрылғаны туралы мәлiметтер болмаған өзге жағдайларда, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауды, бiр топ адамның күнi бұрын сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасауын қылмыстық кодекстің тек осы қылмыстар үшiн жауапкершiлiк белгілеген баптары бойынша дәрежелеу қажет. Бандитизмнiң бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қорқытып алудан ара жiгiн ажыратуда, бандитизм кезiнде зорлық-зомбылық қылмысты жасаудың құралына айналатынын, атап айтқанда, шабуыл кезiнде қарақшылардың бiрден жәбiрленушiнің мүлкiн алатынын, ал қорқыту кезiнде зорлық-зомбылық тек әсер ету нысаны болып табылатынын және ол күш көрсетушiлердiң талабын орындаудан бас тартқаны үшiн жәбiрленушiге алдағы уақытта күш қолданылады деп қорқыту мақсатында жүзеге асырылатынын әрi мұның өзi тек жәбiрленушiге ғана емес, сонымен бiрге оның жақын адамдарына қатысты орын алуы мүмкiн екендiгiн назарда ұстау қажет. 19. Соттардың назары ұйымдасқан қылмыстық топтың, банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында жасалған қылмыстары үшiн кiнәлi адамдарға жаза тағайындау кезiнде жауапкершiлiктi даралау принципiн бұлжытпай сақтаудың маңыздылығына аударылсын. Соттар iстiң барлық мән-жайы мен сотталушы адам туралы мәлiметтердi, олардың қылмыстық топты ұйымдастырудағы рөлі мен оның қылмыстық қызметіне қатысу дәрежесін, банданың шабуыл жасауының нәтижесінде туындаған салдардың ауырлығын және жазаны тағайындау кезінде мәні бар басқа да мән-жайларды мұқият анықтап және ескеріп отырулары қажет. 13.Тақырып. Жедел-іздестіру қызметінің ұйымдасқан қылмыспен күресудегі атқаратын ролі 1. Ұйымдасқан қылмыстардың түсінігі. 2. Ұйымдасқан қылмыстармен күресдің ұйымдастырылуы. 3. Қылмыстылықтың алдын алу. 4. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың ерекшеліктері 5. Пайдақорлық-зорлық қылмыстармен күресудің құқытық негіздері. 1 Ұйымдасқан қылмыстардың түсінігі. <<Ұйымдасқан қылмыстылық>> ұғымы <<ұйымдасқан қылмыс>>, <<ұйымдасқан топ>>, <<ұйымдаскан қылмыстык әрекет>>, <<ұйымдасқан қоғамдастық>> сияқгы басқка ұғымдармен байланысты. Барлык жерде <<ұйым>>, <<ұйымдасқан>> сөздері пайдаланылады. Бұрындары <<ұйымдаскан қылмыс>> және <<ұйымдасқан кылмыстық әрекет>> жайында айтылатын. Оның субъектілері жекелеген адамдар және адамдар тобы, оның ішінде ұйымдаскдн құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, кылмыстық ұйымдар мен қылмыстык қоғаңцас-тықболуы мүмкін. Ұйымдасқан топтар бірнеше адам қылмысты, тіптен аса ауыр кылмысты жасағанда емес, оны жасау үшін алдын ала бірігіп, соған жан-жақгы дайындалғанда паңда болады: олар жоспар жасай-ды, барлық күш-жігерін сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бірлесіп шешеді, нақгы жағдайға қарай оған түзетулер енгізеді. Үйымдасқан топ бір қылмысты жасау үшін де кұрылуы мүмкін. Мысалы, банк-тен ақшаның ірі сомасын ұрлау немесе инкассатор машинасын тонау үшін. Қылмыстық кодексте ұйымдасқан қылмысқа бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау үшін алдына ала біріккен адамдар-дың тұракты тобы деп аныктама берілген, ал банда -- адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасау үшін құрылатын тұракты карулы топ. Қылмыстық әрекеттің ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әртүрлі субектілерді тартумен байланысты. Іс жүзінде олар жеке тұлғалар да, әр түрлі қылмыстар жасауға маманданған бұрыннан келе жатқан ұйымдасқан топ та, занды тұлғалар да, мысалы, солар аркылы кылмыстыктабыс зандастан-дырылған және молаятын зандьі тұлғалар болуы мүмкін. Кең ауқымды қылмыстыкәрекетке катысушы әртүрлі субъектілердің жұмысын үйлестіру қажеттігі туындайды. Саны едәуір әр түрлі қылмыстық субъектілердің күрделі, көп аспектілі ұйымдасқан кылмыстық әрекетін баскарғанда ұйымдасқан кылмыстык. құрамаларды тұтас организм ретінде басқаратын арнайы құрылымдар кұрылады. Бұл ретте таза атқарушы функциялармен және Кыл-мыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген нақты кылмыс-тарды тікелей жасаушы құрылымдарымен катар баскарушы функ-циялар мен құрылымдар (ұйымдастырушылар, жетекшілер); қылмыстық ұйымның өзіне тән мұқтаждықтарын камтамасыз ететін функциялар, құрылымдар (тавдау бөлімшелері, өзінің <<кдуіпсіздік қызметі>>, қылмыстық табысты зандастыру және т.б.) бөлініп алы-нады. Кылмыстық ұйымдарды құрудың негізі осындай. Мұндай ұйымның қоғамдық кдуіптілігі совда, ол тек аса ауыр кылмыс жасап кана қоймайды (бұл тұрғьщан алғанда оның қоғамға кауіптілігі ауыр қылмыстың қоғамдык қауіптілігіндей-ақ), соны-мен катар өзін басқаратьш субектілердің сылтауларына және сырт-кы жағдайларға байланысты кең ұйымдасқан қылмыстық әрекетгі оның әр түрлі варианттарында қамтамасыз ете алатын құрылым болып саналады. Қылмыстык, әрекетті дамыту және жасыру, алы-натын табысты зандастыру және молайту, қылмыстық құраманы сол қалпында сақтап қалу логикасы итермелейтін әр түрлі қыл-мыстар жасайды. <<Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы>> федералдык заңның жобасында қылмыстық ұйымға мынадай анықгама берілген: <<Қылмыстық уйым -- а) қылмыстық ұйым не оның басшылығын құру; ә) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген кылмыстарды тікелей жасау; в) кылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс істеуін кдмтамасыз етудің өзге де формалары бойын-ша қатысушылар арасында міндет бөлінген, бірлесіп қылмыстык. әрекет жасайтын адамцар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар>>. Қылмыстық ұйымдар, өздерінің қылмыстык әрекетін корғау мақсатында мемлекетгік құрылымдармен және азаматтық қоғам-ның институттарымен, олардың алдына қойылған міндеттерін теріс арнаға бағыттап, өзара катынас орнатуға әрекеттенеді. Осы-дан барып мемлекеттік органдар жүйесінде және кәсіподақтар, шығармашылык одактар, қауымдастықтар сиякты мемлекеттік емес салада сыбайлас жемкорлық кең етек алады. Бұл жердемынадай тужырым жасауеа болады: егер жай қытыс-керлік қоеамга, оның институттарына, оның ішіндеметекетке қарсы әрекет ететін болса, үйымдасқан қылмысмемлекеттік институт-тарга және қогамга сүйенуге, оларды өз мақсатында пайдалануга тырысады. Қылмыстық әрекет занды кәсіпкерлікпен, басқа да қоғам жол берген, тіптен қолдайтын кызметпен тығыз айқасып жатады, бұл -- халыктың наразылығын тудырмай олардың қылмыстык, әрекетін әшкерелеуге едәуір киындықтудырады. Олар мұкият жасырынады, заң шығарушьшың алдын орағытады, олардың кателіктерін жақсы пайдаланады, қолайсыз кұкыктыкшешімдерден ертерексакганады. Мұның бәрі, егер мемлекетгік жүйе тарапынан қателіктер бол-са, ұйым болып сакталып калуға, тіптен, белгілі бір кезевдерде мемлекетпен жекпе-жекте жеңіске жетуге көмектеседі. Қылмыстык ұйымдардың мынадай өзіне төн сипаттары бар: акпараттар жинау және оларды беру; құқык корғау институтта-рының әрекеттерін бейтараптандыру, негізгі әлеуметтік-эконо-микалық кызметтерді пайдалану, ішкі құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай <<занды>> керінуі. Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекетгесуінде ықпал ету өрісін бөлісу, мемлекетке бірлесіп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды. Ұйымдасқан топтардың, бандалардың, қылмыстық ұйымдардың бұл өзара әрекетгестігін, акпарат алмасуды, кұқық корғау жүйелерін, өзге мемлекетгік құрылымдарды және азаматтық қоғамның институттарын бейтараптандыру және пайдалану үшін, кылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлеріне көмек көрсетуде күш жігердің біріктірілуі кдмтамасыз ететін қылмыстық қауымдастықтар пайда болады. Кылмыстық қауымдастықтьщ құрылу негізінде бірлескен ұйымдасқан қылмыстык әрекет негізінде құрылатын қылмыстык ұйымдарға карағанда баска сипат бар. Кылмыстық кауымдастыкга өзара қарым-катынасты кылмыс-тык ұйымдар мен онын элементі болып табылатын кылмыстык топтар жасамайды, осы кұрамалардың өкілдері немесе тіптен, өзінше жұмыс істейтін кәсіби кылмыскерлер жасайды. Кылмыстық кауымдастық, ол -- басқа қылмыстык құрамалар үшін жоғары тұрған саты емес, ол өзінше үйлестіруші орган, кәсіби қылмыскерлер үшін онда <<қылмыстык кәсіподакгар>> кейпі, ал, елдегі саяси процестерге ыклал ете бастаса -- партия кейпі бар. Қазақстанда казіргі кезде бірнеше кылмыстық қауымдастық бар, олар бірімен-бірі қиянкесті соғыс жүргізуде (өртеп, өлтіріп кетеді, кепе-көрінеу атысады және т.б.) немесе өзара мәмілеге келеді. <<Қылмыстык кауымдастык>> термині кылмыстык құкыкта бас-қа мәнде қолданылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстык қауымдастыққа мушелері бірлесіп қылмыс жасайтын ұйымдас-қан кылмыстық топтың бір түрі деп түсініктеме берілген: <<Қылмысты кылмыстық кауымдастық жасаған деп танылады, егер оны ауыр және аса ауыр кылмыстарды жасау үшін кұрылған ұйымдақан топ (ұйым) жасаған болса>>. Бұл - қылмыстық заңның криминалдык шындықты дәл керсете алмауының мысалы.<<Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы>> федералдық занның жобасында мынадай аныктама берілген: <<Қылмыстық қауымдастық -- ұйымдастырушылардың немесе басшылардың немесе қылмыстық ұйымдардын басқа мүшелерінің, немесе ұйымдасқан топтардың, немесе бандалардың немесе тиісті кұрамалардың немесе адам-дардын қылмыстық әрекетін үйлестіру, кодцау, дамыту жөніңдегі шараларды бірлесіп дайындайтын не іске асыратын адащардын немесе кылмыстык әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдас-қан топтарға, бандаларға, кылмыстық ұйыіцдарға колайлы жағдай тудыратын, сондай-ак көрсетілген мақсатта ауыр кылмыстар жасауды ұйымдастыратын адамдардың бірлестігі>>. Қылмыстык қауымдастық кылмыстык ұйымға толыктай айна-луы немесе оньщ кейбір сипаттарын иемденуі мүмкін. Ұйымдасқан кылмыстылық -- кең ауқымдыа қылмыстық әрекеті бар және ондай әрекет үшін қолайлы жағдай жасалған, осы құрамаларға, олардың әрекегіне және сыртқы өзара әрекетгестіктеріне кызмет етуде баскарушылык және баска функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекетгік кұрылымдар мен азаматтық қоғамнын институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан кылмыстык кызметтің күрделі жүйесі. <<Жүйе>> ұғымы ұйымдасқан кұрамалардың жай көптігін ғана білдірмейді, сонымен қатар олардың органикалык бүтіндігін, олар-дың арасындағы әр сипаттағы тұрақты өзара байланыстың, онын дамуы, қылмыстық табыстын зандастырылуы және молаюы үшін неғұрлым қолайлы жағдайдың бар екендігін де көрсетеді. Үйымдасқан қылмыстылық өзініңэкономикасы, әлеуметтік және рухани саласы бар, өзінің баскару, кауіпсіздік, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесі, юстициясы, езінің ішкі және сыртқы саясаты бар балама коғам. Ол, шын мәнінде, мемлекет, азаматгык коғамның билеуші институттары, дін ресми таныған және қолда-ған жүйеде орын тепкен балама болғандыктан, іс жузінде, жалпы адам қоғамы кұрылымдарының бірі болып табылады, тиісінше, <<ресми>> қоғам дегенмен өзара әрекеттеседі. Олардың арасында нақты да катаң шекара жок: ұйымдасқан қылмыстылық өзінің зандастырылған тұлғалары аркылы әр түрлі занды қатынастар жасайды; ез катарына тарту, өз қатарын толыктыру максатында халықтың әр түрлі әлеуметгік топтарының мұктаждығымен және мүдцесімен санасады; қылмыстық әрекетгің тұрақты және белсенді мүшелерімен кей кездері немесе бір-ак рет карым-қатынас жа-сайтындарда болады; Мұндай жағдайларда әр түрлі жеке және заңцы тұлғалар <<кезжұмбайлық>> жасайды, олар бір <<сүйкімді>> адамдарға кызмет көрсетгік деп ойлайды, бұл адамдардың қылмыстықкұрылымдарда тұратындығын немесе оларға байланысты екендігін білмейді. 2.Ұйымдасқан қылмыстармен күресдің ұйымдастырылуы. Қылмыстылықпен күрес дегеніміз жүйелік-кұрылымдық кызмет, ол үш жүйенің жиынтығынан тұрады: 1) күресті жалпы ұйым-дастыру; 2) кылмыстылықтен сақтандыру; 3) құқық қорғау қызметі. Бұл әлеуметтік баскару салаларының бірі және мыналарға ықпал етеді: а) кылмыс және қылмыстылық тудыратын себептер мен жағдайларға; ә) қылмыстылықтің өз бетімен детерминациялануынан сақтандыру және оны тыю максатында оның өзіне. <<Қылмыстылықпен күрес>> термині құқықтык, және басқа рес-ми кұжаттарда, сондайак ғылыми еңбектерде кеңінен қолданы-лады. <<Қылмыстылықпен кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақ-стан Республикасында құқыктык, тәртіп орнатуда ғана емес, со-нымен катар тұлғалардың құкыісгары мен мүдцелерін корғауда да зор. Соңғы жылдары тек кана жеке адамдардың еміріне, бостандығына, мүлкінет.б. құндылықтарына қол сүғу қылмыстарының саны ғана өскен жоқ, сонымен қоса казіргі күні ұйымдасқан кылмыстылық, жемқорлык, тапсырыспен кісі өлтіру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды>>. Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыстылықпен курес және құқық бұзушылардың күтімі жөнінде Конгресс өткізіп тұрады. Соны-мен катар бірқатар жұмыстарда <<бақылау>>, <<карсы әрекет>>, кей-де <<қылмыстылықпен соғыс>> сияқты ұғымдарды пайдалану керек деген ұсыныстар бар. Бірақ бұл терминдер қаралып отырған мәселенің мәнін толықтай аша алмайды. <<Күрес>> -- дегеніміз біріне-бірі үстемдік етуді максат түткан карама карсы мүдцелердің, топтардың, пікірлердің белсенді кақгы-ғысы. Бұл -- әр уакъпта қандай да бір мақсатты кездейтін қызмет. Заң корғайтындармен бітіспес кайшылықта болатын мүдцелер, кұндылыктар, максаттар кылмыстылықтен өз көрінісін табады. Мұндай жағдайдағы мақсат -- бәрінен бұрын қылмыстылықтің де-терминация және себептілік процесіне, онын өзіне ықпал ете отырып кылмыстық заңның жаппай бұзылуына жол бермеу, ал ол бұзыла калған жағдайда -- айыптылардың қылмыстык, іс-кимыл-дан бас тартуына қол жеткізу және кылмыстылықті тыю үшін айыпкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын колдану. Мемлекет те, қоғам да ешкандай ымыраға жол бермейді. Сонымен, қылмыскерлікпен күрес дегеніміз -- қоғамның қылмыстылықпен белсенді кактығысы. <<Бақылау>> деген сөз біреуді, бірдемені тексеруді, біреуді, бірдемені байқауды білдіреді. Бұл ұғымды криминологияда пайдалану әлі күнге дейін көңілге қонарлыктай болған жоқ, себебі әңгіме бұл жерде кылмыстылықті <<байкау>> жайында емес. <<Қарсы әрекет>> басқа әрекетті жою, <<бірдемеге карама-карсы жүру, оған кедергі келтіру>> дегенді білдіреді. Ал, біріншіден, тек мемлекет кылмыстылықке кедергі келтірмейді, қайта қылмыс-керлік мемлекетке, қоғамға кедергі келтіреді. Екіншіден, күрделі себептік-салдарлық кешені бар, оньщ ішінде кылмыстык занның бұзылуына жол бермеуді, ол бұзыла калғанда -- айыптыға мемле-кеттік мөжбүрлеу шараларын колдануды қарастыратын әлеу-метгік құбылыс ретіндегі, қылмыстылықке ықпал ету шаралары-ның барлық жиынтығын камтымайды. <<Ықпал ету>>, бүл -- бірдемеге қол жеткізу максатында біреуге немесе бірдемеге бағытталған біржақты әрекет. <<Кылмыстылықпен күрес>> -- екі қарама-қарсы тараптың өзара әрекеттестігінің айрықша түрі. <<Қылмыстылықпен күрес>> терминін қолданғанда қоғамның өнегелік, құқыктық негіздері мен қылмыстылық арасындағы бітіспес карама-кайшылықка гана бола назар аударылатын сияк,-ты. Егер бұл соғысты өмір үшін емес, өлім үшін соғыспен тендестіретін болсак, онда ол соңғының шеңберіне сыйыспайды. Қылмыстылықпен күрестегі басты мақсат -- оның алдын алу, адам-ды кьшмыс жасаудан сақгандыру, ал егер оның кылмыстык әрекеті айкындалса -- ондай әрекетгің сылтауы мен себептерін білу, оған қолданылатын қылмыстык, жазаны басқа шарамен алмастыру мүмкіндігін карастыру, қажетгі әлеуметгік көмек көрсету. Қылмыстылықпен күресті жалпы үйымдастыруға мыналар жатады: 1. Акпараттық-талдау қызметі. 2. Криминологиялық болжаулау. 3. Қылмыстылықпен күрес стратегиясын анықтау. 4. Қылмыскерлікпен күреске бағдарлама жасау. 5. Қылмыстылықпен күрес саласында заң шығарушылық. 6. Кылмыстылықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, оған түзету енгізу және қылмыс-керлікпен күрес жөніндегі қызметгі үйлестіру. 7. Қылмыскерлікпен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту. Ақпараттық-талдау қызметі -- бұл көрініс тапқан қыл-мыскерлікті тіркеу, ол көріністерді, олардың себептілігін және детерминациясын, кылмыстылықпен күрестің өткен кезендегі нәтижелерін зерделеу және тиісті мәліметтерді бағалау жөніндегі кызмет. Ол: кылмыстылықті, статистикалық есептерді есепке алу жүйелерін құру; кылмыстылықпен күрес жүргізуші органдардың ағымдағы таддаушылық кызметін; криминологиялық зерттеулерді дамыту, алынатын деректердің теориялық корытпаларын пайда-лану жолымен жүзеге асырылады. 2. Криминологиялық болжаулау -- кылмыстылықтің болашак жайына және кдндай да бір баскарушылык шешімдердің крими-нологиялық маңыздылығы бар өзге салдарларына баға беру. Болжаулау қылмыстылықтің зандылыктарын, оның детер-минациясын, себептілігін білуге, қылмыспен күрестін әр турлі шараларына әсерлік зандылыктарына негізделген. Бұл функцияның іске асырылуы кылмыстылықтің опера-тивтік талдамасы мен оның зандылықтарын зерттеудегі үйлесім-ділікті қажет етеді. Сондыктан да арнаулы криминологиялық кызмет кұру керек. Болжаулаудың екінші тарауда сөз болған әдістері кең пайда-ланылады. Маманкриминологгердің кылмыстылықтің өзгеру бо-лашағын ұжымдық талқылауы және тұжырымдарын баяндауы айрықша тәсіл болып табылады. Мұндай кылмыстылық проблемалары талқыланатын форумдар да болады. Проблемаларды жан-жақты талқылау үшін баска мамандардың да шакырылуы мүмкін. 3. Қылмыстылықпен курес стратегиясын анықтау. Криминоло-гиялык ситуацияны (қылмыстылықті, оның себептілігін, детерминациясын және онымен күрестің жайын), криминологиялык болжамщы және мамандардын қылмыстылықпен ары қарай күрес женіндегі ұсыныстарын бағалау негізінде оның стратегиясы анық-талады. Бұл -- мемлекетті қылмыстылықпен күресті ұйымдасты-ратын негізгі субъект жасайды. Стратегия дегеніміз -- кылмыстылықпен күрес жүргізудің өнері сияқты, ол бұл күресте жеңіскер болу үшін негізгі сокқыны кдй бағытта жасау керектігін анықтайды. Сақтандыру шараларынын - қылмыстылықтің себептері мен жағдайларына ықпал етудің басымдылығы стратегиялықтұрғы-дан маңызды болып табылады. Тек сол ғана қылмыстық іс-қимыл-дың жаппай еріс алуына тоскдуыл бола алады. Ал ұйымдаскан қылмыс неғұрлым ауырлау қылмыстардың жасалуын, тұракты қылмыстык әрекетті және қылмыстылықтің қоғамға карсы бағытгалған ыклалын анықтайды. Ұйымдаскан кылмыстың дамуына кәсіби кылмыстылық едәуір <<үлесін>> косуда. Стратегия -- жалпы кылмыстылықпен күресті ғана емес, оның жекелеген түрлерімен күрес жүргізу өнері (олардың қылмыс-керліктің жалпы жүйесіндегі орны ескеріліп). Криминолог пен кылмыстылықпен күрес жүргізуші мемле-кетгік кызметкердің өнері сонда, олар каражат тапшылығына кара-май жақсы идеяларды емірге алып келіп, олардан нақгы он нәти-желералуғатиіс. Стратегия шеңберінде қытыскерлікпен курестің тактикасы жасалады, онда нақты максаттар және сол жағдайларда оларға кол жеткізудің оңтайлы әдістері аныкталады. Тактика -- стратегия-ның бір бөлігі. Мәселенің тактикалык шешімі әркашанда кадрлардың жетіспейтіндігін, материалдық тапшылыкты, қылмыс-керлікпен күреске каржының аз бөлінетінін ескеріп, нақты жағ-дайға тиісінше бағдар алуды талап етеді. Бірақ, <<канша бере ала-сындар, сол бергендерінді кайда жаратуын өзіміз білеміз>> деген ұстаныммен де келісуге болмайды. Тактикалық шешімдердің кри-минологиялык тұрғыдан негізделген есептері болуға тиіс, олар кейін, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін тиісінше түзетіліп тұрады. Жекелеген операцияларды жүргізуде де өнер керек. Стратегия мен тактика Қылмыстылықпен күрес бағдарламасында іске асырылады. Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау. Ол: ұзақ мерзімді (қылмыстылықпен күрес стратегиясын то-лықтай қамтиды), орташа мерзімді (әдетте, 2 жылға) және кысқа мерзімді (тоқсанға, жартыжылдыққа) болып белінеді. Бағдарлама жасау (бұрын -- жоспарлау) коғамның, мемле-кетгің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуына бағдарла-ма жасаумен байланыстырылады. Мұнымен қатар кылмыстылықпен күрестің жекелеген бағдар-ламалары жасалып кабылданады. Және де кылмыстылықтің же-келеген көріністерімен күрес бағдарламалары да болады. Бағдарлама жасауда мақсаттық сипат болуға тиіс, яғни алды-мен нақты максаттар баяндалады, одан соң оларға кол жеткізу жолдары аныкталады, орындаушылар, мерзімдері және оларды ресурстық қамтамасыз етудің сипаты керсетіледі (кадрлар, қаржы қаражаты, материалдык-техникалыкқамтамасыз ету жәнет.б.). Кылмыстылықтан сақтандыруға ғана катысты бағдарламалар-ға (немесе бағдарлама бөлімдеріне) қарағанда кылмыстылықпен күрес бағдарламалары, мысалы, ақпаратгықталдама кызметін жетілдіру, жаңа зандарды немесе жаңа құкыктык нормаларды толықтай және ретімен колдану сиякты мақсатгарға қол жеткізуді көздейді. Егер анықтаушылар мен тергеушілердің санын, уақыт-ша ұстау изоляторларындағы орындарды көбейту керек болса -- ондай шаралар бағдарламада керініс табады. Қылмыстылықпен күрес саласындағы зағ шыгарушылық. Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау заң шығарушы-лык жұмысымен тығыз байланысты. Егер колданыстағы заң елдегі кримналдық және криминогендік ситуацияның жаңа сипатгама-ларымен күресті камтамасыз ете алмаса, онда колданыстағы заң-дарды өзгерту немесе жаңа кұкыктық актілер жасау жөнінде тың-ғылықты әрі мақсатты жұмыс жүргізу керек. 3 Қылмыстылықтың алдын алу. <<Кылмыстылықтің алдын алу>> дегеніміз, бұл -- мемлекетгің, қоғамның, жеке және занды тұлғалардың кылмыстылықке жаңа адамдардыңтартылуына, жана кылмыстык ісәрекетгердің жаса-луына, қоғамдық катынастардын. ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында кылмыстылықтің детерминация және себеп-тілік процесіне мақсатгы ықпал етуі. Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мұрты қисайған жоқ. Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып келтіре кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның өзіне бағытталған сырқаты. Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін айта кету керек, себебі кейбір сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары бірдей болғандықтан АҚШ-та 2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше адам қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы болу керек екендігі хақ. Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға болады: - оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатын себебі - қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады. - тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі `'алғашқы түн'' құқығын атауға да болады. - жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі. Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал әрекетті қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз. - оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен түсіндіруге болады. - оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді. - оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке іздеушілер де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ деп айтуға әбден болады. Ол - қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың, көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық та (антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек, қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте шындық. <<Қылмыстылықтің алдын алу>> термині даусыз деп саналмай-ды, себебі орын алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыстылық, ол -- бар нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда оған дау ай-туға болады, бірақ ол ғылыми айналымға кіріп кеткендіктен қалыптаскан ұғымды өзгертіп жатканның кажеті болмас. Мұндағы бас-ты мақсат -- қылмыстылықтің себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу. Бұл терминмен қатар <<сактандыру>> термині де колданыладь&і Кейбір авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреулерг олардың арасында айырмашылық бар дейді. <<Сактандыру>> тура-лы, көбіне, накты қылмыстардың жолын кесуге катысты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны жасауға дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара колдану жайында сөз болады. Бұл тұрғыдан алғанда <<сактандыру>> жоғарыда көрсетілген <<классикалык>> мәндегі қылмыстылықтің алдын алу мен кұкык қорғау кызметінін ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жакын тұрған сиякты. Адам көп жыл бұрын босануға тиіс еді немесе жана қылмыс бұрынғымен байланысты емес /бұрынғысы -- лауазымдық, ал екіншісі -- зорлык-пайдақорлык кылмыс/, бұл жай адамның жеке 1 басының бағыттылығын көрсетпейді, ал бас бостандығынан айы- ,1 ру түріндегі жазаны өтеу фактісінің езі оған қатаң режим тағай-1 ындауға негіз болады. Кдтаң режимдегі колонияны тағайындау 1 туралы мәселені шешуге ыкпал ететін маңызды фактор -- бұрын- | ғы жазадан босанғаннан бергі өткен уакыт мерзімі. Егер одан бері неше жылдар өтіп, сол кезенде адам дұрыс өмір салтын құрса, онда жаңа кылмыс кездейсоқ мөн-жайлардың сал-дары деп есептелінеді, ол бұрынғы қылмыспен байланыстырыл-майды. Қылмыстылықтің адцын алу жүйесінде үш түр бөлініп алына-ды: жалпы, арнаулы және жеке дара алдын алу. Бұлай бөлуге ал-дын алу кызметінің аукымы негіз болған. Қылмыстылықтің жалпы алдын алу дегеніміз -- қылмыскерліісгін барлық халыққа немесе оның топтарына ықпал ететін, жалпы эко-номикалық, әлеуметгік және өзге критерийлер бойынша бөлініп алынатын жөне бұл ретте ондай әлеуметгік топтардың іс жүзінде барлык. өкілдеріне кылмыстық іс-кимыл мүмкіндігін жасайтын детерминация және себептілік процестерін жою женіндегі шара-лар жүйесі. Жалпы алдын алуға катысты алатын болсак, әңгіме бұл жерде -- халыктың басым көпшілігінін кайыршылыққа ұшырау, ал ат төбеліндей адамдардың тікелей қылмыстық іс-әрекет-тер жасап байып кету процесін тыйып тастау жайында; адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау жөне қылмыстық жолмен түскен табысты зандастыру (жуып-шаю) әрекетіне карсы катаң шара колдану жайыңда болып отыр. Бұл аса мұкгаждыктан немесе колы жүріп тұрғандар қатарына қосылсам ба деп криминалдық әрекет-ке ниеттенушілергетоскауыл болады. Мысалға мынандай жалпы алдын-алу шаралары жүзеге асу керек: 1. Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, адамдардың іскерлік белсенділігі мен ынтасын көтерудің негізінде нарыктық қатынастарды қалыптастыру. 2. Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және баскадай жағдайларын жаксартуға, олардың өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін мемлекеттік жастар саясатын каржымен, заңмен камтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру. 3. Оқу орындарында <<Мемлекет және құкык, негіздері>> және <<Кұкықтану>> пәндерін окытудың сапасын жаксарту. Оқылатын сағат санын 60 %-ға дейін кебейтіп, курс аяғында емтихан алуды карастыру. 4. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алуды жалпы коғамдықдеңгейде қарастырғанда Қазакстан үшін өзекті проблема -адамдарды жұмыска орналастыру мәселесін шешу қажет. Такырып 14 Ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес және оның болашақ түрлері 1.Жедел іздестіру қызметінің және криминалистикалық тура күресі 2.Компьютерлік қылмыстарға күрес бойынша және ЖСҚ сол қылмыстардағы ролі. Ұйымдасқан қылмыстарға туралы күресінде оның болашақ түрлерімен күресу проблемаларымен СССР кезінде Қазақстанда ғылыми тәжірибелік жұмыстарға 80 жылдар 20 ғасырда талқылады. Ұйымдасқан қылмыстарға жежел- іздестіру қызметінің негізгі шаралары: - азамтарға, лауазымды адамдарға сауал сұрақ қою олардан хабарламалар алу; - азаматтар жеке және жасырын қылмыстар орнату, оларды жедел іздестіру мақсатында пайдплану. - қызметкерлерді қылмыстық ортаға енгізу - қылмысты іс әрекетке еліктеу мінез құлық үлгісін қолдану - астыртын кәсіп орындармен ұйымдар құру - арнайы механикалық құралдарды қолдану - зерттеу үшін сынамалармен ү.лгілер іріктеп алу - бақылау үшін сатып алу - белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру - ақпаратты заңсыз ашып қондырғыларды іздеу - құқыққа қарсы әрекеттерді табу, жасырын анықтау және алу оларды алдын - ала зерттеу - қылмыс жасаушы немесе жасаған адамнаң ізіне түсу және оны ұстау - ұсталған адамды жеке ткесеруді, қылмысты іс- әрекетке қатысы болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қаруды және алуды сондай- ақ жұмыс орындармен өзгеде орындрды тексеруді жүзеге асыру -қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу - жедел қылмыстар есептері және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру болып табылады. Арнаулы жедел іздестіру шаралары мыналар: + сотталғандардан хат хабарлау цензуралау + почта жөнелткештерін бақылау + бейне аудио техниканың өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалану, және жазып ашу, телефондар және басқада сөйлесу құралдары арқылы жүргізілген сөйлесулерді тыңдау және жазып алу. + Байланыстың техникалық арналарын комьютер жүйеларінен және өзгеде техникалық құралдардан хабарлама алып тастау + Соның ішінде арнаулы техникалық құралдардан ( дыбыс бейне жазбаларды, кино сурет түсірімдерін және басқа техникалық құралдарды) жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдана отырып бақылау + Тұрғын үй және басқа жағдайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелкрін, көлік және өзгеде техникалық құралдарды тексеру Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар: Қазақстан Республикасының жедел іздестіру қызметі. + ішкі істер органдары + ұлттық қауіпсіздік органдары + қорғаныс министірінің әскери барлау оргендары + қаржы полициясының органдары + Қ.Р- ның Президентінің к.үзет қызмет органы + Әділіет министірлік қылмыстық атқару жүйесі органдары + Кеден органдары Адамдардың азаматтығы жынысы ұлты, тұрғылықты жері, әлеуметтік лауазымдығы және мүліктік жағдайы, қандай қоғамдық бірлкестіктерге жататындығы, дінге қатынасы мен саяси сенімі, егер жедел іздестіру қызметің жүзеге асыру кедергі болмайды Жедел іздестіру қызметінің міндеттері: + азаматтардың өмірі, денсаулығы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін және меншікті (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау + қоғамның мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамассыз етуге және оның эканомикалық - әлеуметтік және қорғаныс қабілетін нығайтуға жәрдемдесу + қылмыстарды анықтау, алдын алу болдырмау және ашу + шетел мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің барлау , бүлдіру әрекетін анықтау + мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамассыз ету + адамдарды іздестіру жөнінде шаралар + бас бостандығыннан айыру органдар қылмыстық атқару заңдарымен белгіленген іс қадағалау. Қолданылған әдебиеттер тізімі: + такырып ТМД және Қазақстан Республикассының басты себеп криминогендік жағдай. * Заңды органдарының бірігуі, әрекеті және қылмыстық қарсы әрекеті мақсаты нәтижесінде атқару билігі. * Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы Б.Ұ.Ұ. конвенциясының ролі. 1.Қазақстан Республикасының Трансқлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы Б.Ұ.Ұ. конвециясына 2000 жылдың 15 қарашасында қол қойылды. Б.Ұ.Ұ. Асамблеясының шекарасының 55/ 25 резольяциясы қабылданды. Ұйымдасқан қылмыстың қауіптілік деңгейі талқыланды. Бұл конвенцияда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтарға түсінігін берген,бұл топта адам саны : 3 адам. Көп қылмыскерлерден тұратынын бір уақыт аралығында өмір сүріп келе жатқан ол жылдар немесе айларбойы ұйымдасып жатқан топтар. Олардың мақсатында анықтады. Ол бір немесебір неше қылмыс жасауға арналған трансұлттық ұйымдасқан топтар құралады деп бұл конвенция толық түрде түсінігін құрылымын , құрамын, қызметін тапты және осындай мақсаттарға сай тікелей немесе жанма материалдық қаржы пайда табу мақсатына сай құрылған ұйымдасқан топтар. Бірақ бұл конвенцияда үш адамды ұйымдасқан қылмысқа бекітті. Оған қарамастан біз ұйымдасқан қылмысты тең үш адам екі адам қылмыс жасайтынын көреміз,осылардан басқа конвенцияда трансұлттық ұйымдасқан топтар аяқ астынан пайда болмаған ол әдейі ұйымдастырылған. Оның әр қызметі бекітілген. Осыған қарсы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ. Бұл заңсыз әлеуметтік құбылыс. Ұйымдасқан қылмыстардың әр түрлерімен сипатталады немесе мінездемеленіледі. Үлкен масштабта оз қызметін жүзеге асыратын қоғамының өміріне қол сұғатын қылмыстық заңмен қорғалатын обьектілерге қол сұғатын топ болып табылады. Осы конвенцияларының атқарылатын жүзеге асыру үшін: трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға мынадай шаралар жасау қажет. + ұйымдасқан қылмысқа қарсы арнайы қызметті ашу қажет. Оның қызметі трансұлттық, халықаралық деңгейде функция жүргізу керек. + Осы конвенцияға сай қосымша протаколдарды бекіту қажет және халықаралық шарттарға қол қою керек немесе ратификациялау керек. + Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес регламентке сай халықаралық фон құру қажет. + Ұлттық антикорупция жүйесін заңдылығын халықаралық шартта стандарттау керек болып табылады. + Халықаралық көмекші корупциясын қүруға талқылау мақсаты басқа да құқықтық тәртіпті орнататын көмекші корпус құру керек. + Халықаралық стандартқа деңгейгек сай жоғарғы оқу орындарын институттарын құру керек осы ұйымдасқан қылмыскрлерге арнайы қызмет кәсіптілігін адамдарды ос кәсіпке сай оқыту керек, дайындау қажет. Қылмыстарға арнайы отдел ашу қажетр. + Халықаралық мәлімет беретін орталықты бекіту және ашу қажет. Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа сай проблемаға сай мәлімет беретін жүйесін қолдау керек. + Осы карупция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға байланысты кітаптарын басып шығару керек. + Осымен қоса трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс жүргізуін құқықтық нормасын реттетін, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды траснұлттық ұйымдасқан қылмыстардан табу және айыра білу қажет. Осы түсінікке сай үш критери шығаруға болады, Ескерту : табу және қилысу бұл негізгі мақсаты, осы мақсаттарға тағы екі түрді іске қарсы табуға болады: біріншісі ұйымдасқан құқықтық. Екіншісі : қылмыстық құқықтық. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz