Файл қосу
Экономикаға мемлекеттің араласу шегі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МСЖ құжат 3 деңгейлі ОӘК ПОӘК 042-18.2.1.004/01 -2014 <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Баспа №1 11.09.2014 жыл <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәні бойынша 5В051000 <<Мемлекеттік және жергілікті басқару>> мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз Қазіргі заманда экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны экономиканы реттеудің теориялық - практикалық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибесін қамтиды. Нарықтық экономиканың даму барысында мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік саясат пен нарықтық механизмнің арақатынасы, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық іскерлік циклдің ерекшеліктері, экономикалық мәселелерге байланысты үкімет шешімдерін қабылдау және орындалу механизмі және экономикалық саясаттың бағыттарын зерттеудің маңызы зор. 1.ҚҰРАСТЫРДЫ __________ <<__29__ >>_08__ 2014 ж., Жұмашбекова Самал Қабдрахмановна, аға оқытушы, <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасы 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасының отырысында. <<__29__ >>__08____ 2014 ж. №_1___Хаттама Кафедра меңгерушісі ___________ Г. А.Орынбекова 2.2. Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында. <<__09__ >>____09____ 2014 ж. № _1_ Хаттама ОӘБ төрағасы____________________ С. Х.Тойкин 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. <<__11___ >>__09_ 2014 ж. № _1_ Хаттама ОӘК төрағасы _________________ Г.К.Искакова Мазмұны * Қолдану аумағы * Нормативті сілтемелер * Жалпы мағлұматтар * Оқытушы үшін пәннің оқу бағдарламасы * Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары * Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы * Әдебиеттер 1. Қолдану аумағы <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 5B051000-<<Мемлекеттік және жергілікті басқару>> мамандықтары студенттеріне арналған . Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен , оқу процесі барысында студенттер игеретін дағды және шеберлікпен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешен пәнді зерттеу кезіндегі негізгі жетекші құрал болып табылады. 2. Нормативті сілтемелер Осы <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжатардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес жасалынды және берілген пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін бекітеді: - <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәні бойынша типтік бағдарлама 5B051000 мамандықтарының мемлекеттік жалпы білім берудің стандарты ҚР МЖБС 5.04.019 - 2011 , Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген. СТУ 042- ГУ-4-2014 <<Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін жасау және рәсімдеудің жалпы талабы>> университет стандарты -ДП 042 - 1.01-2014 <<Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны және құрылымы>>құжатталған процедурасы * Жалпы мағлұматтар Оқытушының аты-жөні - Жұмашбекова С.Қ. аға оқытушы, экономикалық ғылымдар магистрі * Кафедра- Менеджмент және маркетинг; * Байланыс ақпараты - тел: 53-02-29, № 8 оқу корпусы, №306 кабинет; * Сабақты жүргізу орны - сабақ кестесі бойынша * Пән аты - <<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> * Кредит саны-6 * Оқу жоспарынан көшірме (кесте 1) Оқу жоспарынан көшірме 5B051000 <<Мемлекеттік және жергілікті басқару >>мамандығы үшін Кесте 1 Курс Семестр Кредит Дәріс Семинар ОСӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі 3 5,6 6 60 30 90 90 270 Емтихан 3.1. Пәннің қысқаша мазмұны <<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> нарықтық қатынастардың тиімді қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық процесстерге әсер етудің әдістері мен тетіктерінің көмегімен мемлекеттің елдің экономикалық өміріне қатысуының формаларын зерттейтін ғылыми экономикалық пән болып саналады. Экономиканы мемлекеттік реттеу-макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын қызметі; қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру және өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын, өзара байланысты әртүрлі экономикалық реттегіштердің кешенінен тұратын заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы сипаттағы типтік шаралардың жүйесі. Нарықтық қатынастарға өту кезіндеэкономиканы мемлекеттік реттеу әсіресе экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде-меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын рефромалау, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру кезінде қажет. Сонымен қатар табиғатты пайдалануды, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу керек. Мемлекет экономиканы құрылымдық қайта құру процессін нарықтық қатынастардың басты мақсатына-әлеуметтендіру және тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жоғарлатуға сәйкес реттеу қажет. 3.2. Курстың мақсаты: Студенттерге елдегі әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудің механизмі туралы тұтас мағлұматтар беру. Олардың экономикадағы мемлекеттің рольін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру. 3.3. Курстың міндеті: <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәнін оқудың негізгі міндеті студенттерге нарықтық экономика жағдайында әртүрлі қызметтер саласын жалпы мемлекеттік реттеудің, жекешелендіру мен ұлттандырудың, мемлекеттің әлеуметтік саясатының механизмі, тікелей мемлекеттік реттеудің қаржы-экономикалық құралдары туралы білім беру болып табылады. 3.4. Пәнді оқубарысында студент: * Мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастыруы қажет. * Негізгі проблемалар мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасай алуы қажет. * Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен механизмін білу керек. * Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні, әдістері және принциптерімен танысуы керек. * Курсты оқу нәтижесінде нарықтың қызмет ету жағдайында басқару шешімдерін қабылдаудың практикалық дағдысын үйренуі қажет. 3.5. Курстың пререквизиттері. * Экономикалық теория * Микроэкономика * Макроэкономика 3.6. Курстың постреквизиттары: * Мемлекеттік және муниципалды қаржы * Салықтар және салық салу * Мемлекет және бизнес * Қазақстан экономикасын басқару * ОҚУ ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кесте 2 - Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түрлеріне бөлу Тақырыптардың атауы, олардың қысқаша мазмұны Сағат саны 1 2 Дәріс сабақтары Модуль 1. ЭМР мәні, мақсаттары, объектісі мен әдістері Тақырып 1. ЭМР теориялық астары мен оның объектісі Мемлекеттік реттеу жүйесі түсінігі. Экономиканы реттеудің нарықтық және мемлекеттік механизмдерін үйлестірудің қажеттілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, құралдары. Мемлекеттік реттеудің объектісі мен субъектісі. Мемлекеттік реттеудің типтері мен модельдері. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттік реттеудің бағыттары мен қарқындылығының айырмашылығы. Меркантелизм теориясы(У.Стаффорд,Г.Скаруффи,Т.Мен,У.Петти,А.Серра,А.Монкретьен) Экономикалық либерализм(А.Смит,Д.Рикардр,Н,Кондратьев,М.Туган-Барановский) Неоклассикалық жүйедегі мемлекет (А.Маршалл,Э.Чемберлин,Л.Мизес,ф.Хайек,М.Фридмен) Кейнсиандық жүйедегі нарық пен мемлекет.ЭМР жалпы принциптері. Экономиканы циклге қарсы реттеу. Институтоционализм және оның негізін салушылар. Трансакциялық шығындардың мәні. Мемлекеттік реттеудің объектілері. Макросфера, экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералары мен олардың аймақтық құраушылары. ЭМР-дің субъектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері. 4 Тақырып 2. ЭМР-ге әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау. Мақсаттарды анықтау, бәсекелес және бірін бірі қолдаушы мақсаттар. Әлеуметтік- экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау. Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс, олардың өзара байланысы. Ресурстар динамикасы мен экономикалық өсудің концептуалдық негізі. Акселератор , мультипликатор түсініктері және олардың ЭМР-дегі рөлі. Мемлекеттік реттеу жүйесінде экономика ғылымының негізін жүйелендіру арқылы оның тұжырымдамаларын ұтымды пайдалану. 4 Тақырып 3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері. Мемлекеттік экономикалық қызметтерін құқықтық негізбен қамтамасыз ету. Мемлекеттің экономикалық қызметтері. Экономикаға мемлекеттің араласу шегі. ЭМР-дің әкімшілік, экономикалық, құқықтық әдістері. Экономиканың дамуына мемлекеттің әсер етуінің тетіктері, жанама және тікелей әсер ету құралдары. Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі. ЭМР әдістемесі және оны әрдайым жетілдіріп отырудың қажеттілігі. Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері. ҚР Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде. Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі және олардың экономиканы мемлекеттік реттеу үдерісінде алатын орны. ҚР-сы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы. Халық шаруашылығын басқарудың орталық органдарының негізгі функционалды міндеттері. Аймақтық басқару органдары және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеудегі ролі. Мемлекеттік ЭМР қажеттілігінің факторлары. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен бағыттары. 4 Тақырып 4. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде Экономикалық болжаудың мәні және ғылыми методологиялық негіздері. Болжаудың қағидалары мен әдістері. Халық шаруашылығын кешенді болжауды әзірлеуді ұйымдастыру және оның теориялық негіздері. Болжаудың әзірлеу мерзімі, функционалдық блоктары мен ірілендіру деңгейіне байланысты түрлері. Мемлекеттің ұлттық бағдарламалары экономиканың басыңқы бағыттары мен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде. Бұл бағдарламаны әзірлеу және бекіту. Экономиканы орта мерзімді стратегиялық даму жоспарларының мәні, ғылыми негізі мен белгілері. Экономикалық өндірістік инфрақұрылымдық салаларының дамуының стратегиялық орта мерзімді жоспарлау, оның негізгі әдістері. 4 Модуль 2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары Тақырып 5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері Фискалды саясат қаржы- бюджеттік реттеудің негізі ретінде мақсаттары , негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет жүйесінің қалыптасуы. Бюджеттің негізгі сипаттамасы. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. Бюджет жүйесінің деңгейлері. Аумақтық бюджеттердің қалыптасуы мен қызметтері. Мемлекеттің фискалды саясатының негізгі мақсаты: салық-бюджет құралдарын тиімді пайдалану. Салық саясатының принциптері мен салық жүйесі. Лаффер қисығы. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары. 4 Тақырып 6. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің негізгі механизмдері Экономиканы ақша -несиелік реттеудің негізгі механизмдері. Ақша- несиелік реттеудің неоклассикалық және кейнстік модельдері. Ақшаның монетарлық теориясы. Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты. Елдің ақша жүйесі және оның негізгі компонеттері. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.ҰБ қолданатын экономиканы реттеудің құралдары: есептік ставка, міндеті резервтер саясаты, депозиттік және валюталық саясат. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу. Лицензиялар түрлері. Коммерциялық банктердің қызметінің экономикалық нормативтері. .ҚР даму сатыларындағы ақша - несиелік саясатының ерекшеліктері. 4 Тақырып 7. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. Мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру негіздері мен факторлары және оның әлеуметтік бағытталуы. Қоғамдағы өндіріс: көрсеткіштері, өсу қарқыны және құрылымдары. Өндірістің тиімділік көрсеткіштері. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекет іс - әрекетінің негізгі бағыттары. Экономикалық өсу үлгілерін салыстыру. Ағымдар мен запастар, оларды реттеуде Үкіметтің рөлі. Тұрақты экономикалық өсу және тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасы. Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде . 4 Тақырып 8. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі. Экономикалық басқарудың маңызды тапсырмасы- қоғамның ғылыми- техникалық потенциалын арттыру. Ғылыми- техникалық прогрестің (ҒТП) әлеуметтік- экономикалық астары мен оның негізгі бағыттары. ҒТП- ті жеделдету және оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ғылыми- зерттеу, жобалау- іздену және тәжірибелі құрастыру жұмысын тікелей қаржыландыру көздері мен шарттары. ҒТП- ті несиелік және салықтық реттеу механизмдерінің маңызы. Ғылыми және ғылыми- техникалық дамудың басыңқылықты бағыттарын ұлттық мүддеге, елдің әлеуметтік- экономикалық даму сұраныстарына сәйкес мемлекетті қолдау және ынталандыру. Ресурстарды басыңқылықты ғылыми бағыттарға шоғырландыру. Ғылыми және техника бойынша мемлекеттік тапсырысты конкурстық негізде қалыптастыру және орналастыру, ғылыми- техникалық саясаттың қалыптасу және жүзеге асу барысында ғылым мен ғылыми- техникалық саясат саласында мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өзара байланысын демократияландыру және қамтамасыз ету. Ғылыми-техникалық шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету, ғылыми қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту. Ғылыми- техникалық саясаттың негізгі мақсаттары: өмір сүрудің сапасын арттыруға бағытталған зерттеуді дамыту, ғылымисыйымды, ресурс үнемдеуші, экономикалық таза өндірісті әзірлеу, экономикалық шикізатты бағытын сатылап азайту және сапалы бәсекеге қабілетті түпкілікті өнім шығаруға бағыт алу. 4 Тақырып 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері Мемлекеттің құрылымдық саясатының қажеттілігі мен негіздемесі.Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, <<мотор-салаларды>> анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс-шаралары. Өндірістік бағдарламаларды әзірлеу принциптері. Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі мен олардың өзара байланысы. Өнеркәсіптің тауарлық мамандануы. Өнеркәсіптік саясатты дайындау кезеңдері. Өнеркәсіптің технологиялық мамандануын дамытудың перспективалары. Өнеркәсіптік саясаттың аймақтық мәселелері. Инвестиция және инвестициялық концепция. Мемлекеттің инвестициялық саясатының өзгермелілігі мен оны қалыптастыру негіздері. Мемлекеттің инвестициялық іс - әрекетінің ең маңызды қағидалары. Инвестициялық ресурстардың негізгі көздері мен оны ұтымды пайдалану проблемалары. Шетелдік инвестициялар мен ішкі инвестициялық ресурстар арасындағы өзара қатынастардың тиімдісін таңдау. Инвестицияға сұраныс пен оған ұсыныс арасындағы тепе - теңдікке қол жеткізу механизмі. Қазақстан инвестициялық қоры және инвестициялық іс - әрекетті мемлекеттік қор. Елде инвестициялық қолайлы климат қалыптастыру. Шаруашылық субьектілерінің инвестициялық белсенділігін арттырудың ролі және оның механизімі. Инвестициялық жобаларды бағалау және мемлекеттің инвестициялық іс - әрекетінің ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасақтау. Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет тарапынан анықтау. Өндірістік сфера мен инфра құрылым салаларын бірыңғай дамыту мүдделерін ескерту. Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық мәселесі: әлеуметтік саяси тұрақтылық, заң актілерін іске асыру, экономикалық реформаларды тереңдету бағытын ұстану, экономикалық байланыстар бойынша мемлекет аралық міндеттердің өз уақытында орындалуы және т.б. Инвестициялық құрылыстық кешенін негізгі сандық - сапалық көрсеткіштерін және оларды негіздеудің әдістемесі. Күрделі қаржының технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымы мен оның көрсеткіштерінің тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік шаралар. 4 Модуль 3. ҚР әлеуметтік саясатының ерекшеліктері Тақырып 10.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы және оны өндірісті ұйымдастыру - технологиялық негіздерімен байланысы. Аграрлы сектордың көпукладтылығы және ауылдың интелектуалдық, материалды техникалық және жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі. Ауылшаруашылығының ерекшеліктері және оның салалары дамуының басынқылығын ғылыми негіздеу. Мемлекеттің аграрлы секторға қолдау көрсетуі механизімдері мен оның болашақтағы дамуын реттеуі. Агроөнеркәсіп кешенінің секторлары арасындағы шаруашылық - экономикалықбайланыстарды нығайтудағы және олардың мүдделерін бір арнаға бағыттаудағы мемлекеттің атқаратын ролі. Жерді пайдаланудың экономикалық және экологиялық тиімділігін арттырудағы және егін мен малшаруашылығын ғылыми технологиялық қамтамасыз етудегі мемлекет мүдделерінің шеңбері. Ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің жоспарлы көлемін анықтауға мемлекеттік органдардың тигізетін әсері мен қолданатын әдістері. Аграрлы сектор өнімін тиімді өткізу мәселелері мен оның мемлекет тарапынан ынталандыру механизімдері. Жерді ұтымды пайдаланудың экономикалық механизмдері және олардың кадастрлық бағалаудағы ролі. Жердің экологиялық жағдайын арттыру мен оның құнарлығын көтеру бойынша мемлекеттік ынталандыру механизмдері. Мемлекеттік индустриалдық және аграрлық саясатының қалыптасу ерекшеліктері. Салалардың басыңқылығын анықтаудың ұйымдастырушылық әдістемелік астары. Қазақстан республикасында аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар. Аграрлық кластерлар. 4 Тақырып 11. Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру Бәсекелестік орта түсінігі мен негізгі көрсеткіштері. Әділетсіз бәсекенің түрлері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы түсінігі. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру процессін заңдылық реттеу. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшеліктері. Кәсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау және олардың дамуы. Мемлекет бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі. 4 Тақырып 12. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау Жұмыспен қамтудың әлеуметтік экономикалық мәні, құрылым мен қағидалары. Қоғамның еңбек әлеуеті мен демографиялық жағдайы. Еңбек ресурстарының гендерлік және интеллектуалдық деңгейінің маңызы. Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі. Жұмыссыздықтың түрлері мен негізгі себептері және оны төмендетудегі мемлекеттің іс - әрекеті. Еңбек нарығының қалыптасу процесімен оны дамытуға мемлекет тарапынан келу мәселесі. Еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеудің өсім қарқынының ара қатынасына мемлекеттік әсер етудің механизмдері. Әлеуметтік сааясаттың теориялық аспектілері. Табыстарды бөлудегі теңсіздік мәселесі. Адам капиталын қалыптастыруда мемлекеттің ролі. Экономикалық өсу мен әлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланыс . Білім берудің, денсаулық сақтаудың, медениеттің негізгі көрсеткіштері және оларды дәлелдеу әдістері. 4 Тақырып 13. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі Өндіріс пен биологиялық орта арасындағы өзара қатынастардың жаңа жүйесі. Өндіріс және сыртқы әсерлер. Теріс экстерналии және экологиялық теңсіздік .Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік - экономикалық маңызы. Табиғи ресурстарды қорғауды және оның ұтымды пайдаланылуын экономикалық реттеу.Экодамудың мемлекеттік менеджмент стратегиясын қалыптастыру. Экодамудың институттары мен механизмдері.Негізгі стимулдар: мүмкіндіктері мен шектеулер. Дағдарыс жағдайында басқару және экология. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық бағдарламалар. 4 Тақырып 14. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу СЭК МР түсінігі мен сипатамасы. СЭҚ реттеудің мақсаттары мен құралдары. СЭҚ ынталандыру. Сыртқы сауда саясаттың мәні мен мақсаттары. Еркін сауда мен протекционизм саясаттарын салыстырмалы талдау . Сыртқы сауда мен валюта бағамын ырықтандыру. Сыртқы экономикалық саясаттың аймақтық компоненттері. Мемлекеттің төлем балансы -СЭҚ реттеудің құралы ретінде. ДСҰ кіруге дайындық жағдайындағы экспорт пен импортты реттеу. Ғаламдану жағдайындағы қазақстаннның сыртқы экономикалық іс ірекеттерінің басымдықтары мен болашағы. 4 Тақырып 15. Аймақтардың әлеуметтік -экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының унитарлығы мен оның әкімшілік аумақтық бөліндісі. Шағын және орташа депресивті қалалардың, әлеуметтік артта қалған аудандардың, облыстардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың іс - әрекеті мен ұйымдастыру құрылымы. Аймақтардың тиімді экономикалық мамандануын қалыптастыру және оның 2015 жылға дейін Қазақстанда аумақтық даму стратегиясында көрініс табуы. Өндіргіш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпы мемлекеттік мүдделерді үйлестіру негіздері. Жергілікті мемлекетті басқару жүйесі. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың мақсаты: аймақтар арасындағы әлеуметтік - экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты төмендету; әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік беретін басынқылықты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; аймақтарда сайлау саясатын халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мен байланыстыру және тағы басқа. Қазақстан шекарасындағы аудандардың экономикалық потенциалын нығайту бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және оны жүргізуге; өнеркәсіптің қайта өндеу секторын кәсіпорын дамытуының аумақтың инфрақұрылымын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі. 4 Практикалық (сарамандық) сабақтар Тақырып 1. ЭМР теориялық астары 1.Экономиканы реттеудің кейнсиандық теориясы 2.Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің экономикадағы мемлекеттің ролі туралы ойлары. 3.Экономиканы мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі 4. ҚР жағдайында мемлекеттік реттеу субъектісінің құрылымы мен ерекшеліктері. 2 Тақырып 2. ЭМР әдістемесінің түсінігі және оның элементтері. 1.Акселератор , мультипликатор түсініктері және олпардың ЭМР-дегі рөлі. 2. Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау 3.Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі. 4.Транзиттік экономиканың үлгілері және олардың жүйесі: жұмсақ революция, әлеуметтік- нарықтық шаруашылық, есінен тандыру терапиясы және тағы басқа белгілері бір үлгіні пайдалану негіздері. 2 Тақырып 3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы * Мемлекеттің дәстүрлі және жаңа экономикалық қызметтері * Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері. * ҚР Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде. * Мемлекеттік ЭМР қажеттілігінің факторлары. * Нарықтың сенімді дамуына мемлекет тарапынан жасалатын жағдайлар. * ҚР, Ресей, АҚШ және Батыс Европа елдерінде ұлттық ЭМР жүйесі. 2 Тақырып 4. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде 1.Болжаудың қағидалары мен әдістері. 2. 1991- 2014 жж. әзірленген мемлекеттің ұлттық бағдарламалары 3. Стратегиялық жоспарлау методологиясының түсінігі. 2 Модуль 2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары Тақырып 5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері. 1.Бюджет және оның экономиканы реттеудегі ролі. 2. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. 3. Даму бюджеті. Бюджет жүйесінің деңгейлері 4.Елдің салық жүйесінің мазмұны. 5. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары. 6. ҚР салық жүйесін реформалаудың перспективалары. 2 Тақырып 6. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің негізгі механизмдері 1.Экономикадағы ақша сұранымы мен ұсынымына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары. 2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу. 3.Валюта бағамын реттеу әдістері 4.Валюта саясатының түрлері мен формалары. 5.ҚР валюталық реттеу 2 Тақырып 7. Экономикалық өсуді мемлекеттік ынталандыру * Макроэкономикалық тұрақтылық және оған қол жеткізудегі мемлекеттік шаралар. * Экономикалық өсуді:факторлары, көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері. * Өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру проблемасы және оны шешу барысында мемлекет мүддесін есепке алу. 2 Тақырып 8. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі. 1. Мемлекеттің- техникалық және инновациялық саясатының қалыптасу негіздері. 2. ҒТП-ке әсер ететін мемлекеттің әкімшілдік- құқықтық және экономикалық механизмдері. 3. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру шараларының жүйесі. 4. Ғылымды өндірісті, білім беруді интеграциялауды қамтамасыз етудің мемлекеттік шаралары. 2 Тақырып 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері 1.Инвестиция түсінігі, ұлғаймалы ұдайы өндірістегі оның орны мен рольі. 2.Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінынталандыру механизмі. 3.Бюджеттік инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары. 4.ҚР-ғы өнеркәсіп пен оның салаларын территориялық ұйымдастыру мен орналастырудың ерекшеліктері 5.Өнеркәсіп өндірісінің құлдырауының аумақтық дифференциялану факторлары 2 Тақырып 10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу. 1.ҚР-ғы АӨК даму үдерістерінің маңызды ерекшеліктері. 2. 20 ғ. 90-ж ҚР-ның аграрлық саласының дамуын сипаттайтын негізгі тенденциялар. 3. Ауыл шаруашылығындағы тұрақты ұдайы өндірістің қаржылық әлеуетінің сипаттамасы. 2 Тақырып 11. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу 1. Әділетсіз бәсекенің түрлері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. 2. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы түсінігі. . 3. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері. 4.Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшеліктері. Мемлекет бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі. 2 Тақырып 12. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау 1.Әлеуметтік саясат және оның басымдықтары. 2.Тұрғындардың табыстары мен шығындарын реттеу. 3.ҚР әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу реформаларының негізгі бағыттары. 4.Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету. 2 Тақырып 13. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі 1. ҚР аймақтық экономикалық дамуының табиғи-ресурстық факторлары. 2.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің дамуындағы табиғи ресурстардың ролі. 3.Экологиялық саладағы ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттары 4.Қазіргі кезеңде ҚР және оның жекелеген аймақтарында экологиялық жағдайды бағалау. 2 Тақырып 14. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу 1. ҚР-ғы СЭҚ мемлекеттік реттеудің механизмі. 2. Капиталдың қозғалысына мемлекеттің әсері. 3. СЭ саясаттың құрылымдық бөлімдері. 4. ҚР ТМД елдерімен интеграциялық әріптестігін реттеу. 5. Дамыған елдердегі валюталық саясатың ерекшеліктері. 2 Тақырып 15. Аймақтардың әлеуметтік -экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу 1. Аймақтық (облыс, қала, аудан) даму аясындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен оны жүзеге асыру әдістері. 2. Жергілікті шаруашылық және жергілікті өзін - өзі басқару. 3. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізі, мағынасы мен тиімділігі. 4. Шағын қалалардың және болашағы бар ауылдық аймақтардың кешенді дамуына мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі. 5.Студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары 1. Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары 5-семестр бойынша 2-апта * <<Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің мемлекеттің экономикалық қызметі туралы көзқарасы>> тақырыбына эссе жазыңыз. 3-апта * <<Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкономикалық тенденциялары; олардың жүйесі: <<жұмсақ революция>>, <<әлеуметтік-нарықтық шаруашылық>>, <<есінен тандыру терапиясы>> және т.б. нарықтың дамуына мемлекет тарапынан жасалатын жағдайлар>> тақырыбына баяндама жазыңыз. 4-апта Келесі тақырып бойынша топтық жобалар жасаңыз * Тайвань, Оңтүстік Корея елдеріндегі мемлекеттік реттеу. * ҚХР- ның шаруашылық үш деңгейлі жүйесінің мәні. 5-апта Келесі тақырып бойынша реферат жазыңыздар. * Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні, жалпы белгілері, даму тенденциясы және оның қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісіндегі рөлі. 6-апта Келесі тақырып бойынша реферат жазыңыздар. 1. Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету және оның мемлекеттік бағдарламасы. 8-апта Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға презентация жасаңыздар. * ҚР - ның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы индикативтік жоспардың мәні. * Мемлекеттің ұлттық бағдарламалары жасақтау және бекіту. 9-апта Келесі тақырып бойынша баяндама жазыңыздар. * Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері мен әдістері. 10-апта Келесі тақырыптардың біреуіне баяндама жазыңыздар. * Бюджет аралық қатынастарды жетілдіру және оның бюджет тапшылығын қаржыландыру жағдайындағы қажеттілігі. 11-апта Келесі тақырыптардың біреуіне реферат жазыңыздар. * Экономикаға салық жүйесінің ықпал ету құралдары * ҰБ-тың ақша ұсынымын реттеудегі құралдары мен механизмі 12-апта Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға жеке жобалар жасаңыз. * Коммерциялық банктердің қызметін реттеу. Олардың экономикалық нормативтері * Бағаны мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі 13-апта Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға баяндама жасаңыз. * Мемлекеттік шығындардың экономикалық өзгерістер мен өсуге ықпалы * ҚР экономикалық өсу факторларын талдау 14-апта Келесі тақырып бойынша реферат жазыңыздар. 1. Макроэкономикалық тұрақтылық көрсеткіштері 6-семестр бойынша 2-апта + <<Қазақстан экономикасының дамуында индустриальды - инновациялық бағытының маңызы >> тақырыбына эссе жазыңыз 3-апта * Венчурлық кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің алатын орны * Инновациялық саясатты жүзеге асыру әдістері. тақырыбына баяндама жазыңыз. 4-апта Келесі тақырып бойынша топтық жобалар жасаңыз * Мемлекеттің инвестициялық әлеуетін тиімді пайдаланудың қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік тетіктері. * Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық, инвестициялық саясатпен байланысты заң актілерін іске асыру * Мемлекеттік құрылымдық саясат және қазіргі қоғамда оның экономикаға ықпалы * Аралас экономика жағдайында құрылымдық саясатты жүзеге асыру тәсілдері 5-апта Келесі тақырып бойынша реферат жазыңыздар. * АӨК тұрақты ұдайы өндірістің мәні және спецификасы және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі 6-апта Келесі тақырып бойынша реферат жазыңыздар. o Жерді ұтымды пайдалану және экономиканың аграрлы секторына мемлекеттік қолдау көрсету проблемалары 8-апта Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға презентация жасаңыздар. * ҚР-ғы монополияға қарсы агенттіктің қызметі * ҚР-ғы бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттары 9-апта Келесі тақырып бойынша баяндама жазыңыздар. * Күнкөріс минимумын анықтау және реттеу принциптері * ҚР-ғы әлеуметтік саланы реттеу реформаларының негізгі бағыттары. Әлеуметтік нашар қамтылған топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 10-апта Келесі тақырыптардың біреуіне баяндама жазыңыздар. * Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен принциптері * Қазақстандағы демографиялық жағдай және қоғамның еңбек әлеуетін қалыптастырудың болжамы. 11-апта Келесі тақырыптардың біреуіне реферат жазыңыздар. * Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік және экономикалық маңызы * Экология саласында ҚР-ғы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттар 12-апта Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға жеке жобалар жасаңыз. * Коммерциялық банктердің қызметін реттеу. Олардың экономикалық нормативтері * Бағаны мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі 13-апта Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға баяндама жасаңыз. * Мемлекеттің төлем балансы сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің құралы * Жақын және алыс шетелдермен ҚР-ның СЭБ ерекшеліктері * Капитал экспорты мен импортын мемлекеттік реттеу 14-апта Келесі тақырыптар бойынша бір реферат жазыңыздар. * ТМД елдерімен ҚР-ның интеграциялық ынтымақтастығын реттеу * Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың стратегиялық астары және экспорт бағдарламасын жасақтау. * Шағын қалалардың және болашағы бар ауылдық аймақтардың кешенді даму мәселелері * ҚР-ның аймақтық-экономикалық дамуының табиғи-ресурстық факторы * Бюджеттік инвестициялық қорларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары 6.Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы Кесте 5 Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы Саны Студенттердің саны Қамтылу пайызы Ихданов Ж. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті міселелері. - А., 2002 50 30 100 Кайкен,Ж. Экономиканы мемлекеттiк реттеу (ЭМР).-Семей,2003 23 90 Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007 12 50 Төреғожина А. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008 1 10 Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011 17 Государственное регулирование экономики и социальный комплекс. / Ред. Морозова Г.- М.,1997 2 4 Ходов Л.Г.Основы гос. экономической политики. - М.,1997 5 9 АлгебоваИ.М.Государственная экономическая политика. - М.,1998 2 4 Мамыров Н.К., Ихданов Ж.Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. - А-ты, 1998 15 27 Ихданов Ж и др. Планово-финансовые механизмы ГРЭ. - А-ты, 1998 5 9 Государство и бизнес :Уч.п. / Мамыров Н.К. - Алматы, 1999 5 9 Экономика / Ред Булатов А.- М., 1997 8 14 Якобсон Л.И. Гос. сектор экономики.- М., 2000 2 4 Ведута Е.Н. Гос. эконом.стратегии. - М., 1998 11 20 Курс экономической теории / Ред. Чепуриной, Киселева. - Киров, 1996, 1999, 2000 19 34 Курс эконом. теории / Ред. Чепуриной. - А-ты, 94 2 4 Райзберг Б. Курс экономики. - М., 1997 6 11 Экономика / Ред. А.Булатов. - М., 2000 13 23 Современная экономика / Ред. Мамедов -Р-н-Д,1998 9 16 Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. Ч.1, 2. - М., 1992 5 9 Введение в рыночную экономику / Ред. А.Я.Лившица. - М., 1995 3 5 7. Әдебиеттер 7.1. Негізгі : 7.1.1. Төреғожина А. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008 7.1.2. Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007 7.1.3. Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011 7.1.4. Ихданов Ж. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. - А., 2002 7.2. Қосымша әдебиеттер: 7.2. 1. Абдулдаев А. Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығы/А. Абдулдаев // экономика негіздері.-2010.№4-5.-Б.21-22. 7.2. 2. Мырзалиев Б. Мемлекеттік реттеудің қаржылық механизмдерін қалыптастыру және дамыту // Ізденіс-поиск Гуманитарлық ғылымдар сериясы.-2010.-№3.-Б. 8-12. 7.2. 3. Жарабаева А. Факторинг ақша несиелік реттеу тәсілі ретінде //Қаз ҰУ хабарламасы. Эконом.сер.-2008.-№3.-Б.134-138. 7.2. 4. Жауарова А. Қаржылық активтерді басқару // Экономика негіздері. - 2011.-№ 1.-Б.31-32. 7.2. 5. Нысанбек Ү. Қаржы-несиелік саясатты дамытуды шетелдік тәжірибесі // Қоғам және дәуір.-2009.-№2.-Б.51-60. 7.2. 6. Е. Мағлұмов. Қаржылық саясат - экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу құралы // Экономика негіздері.-2010.-№4-5. Б.38-40. 7.2. 7. Кемел М. Селолық несиелік тұтыну коперативтері несие-қаржы қызметінің бір нысаны .//Аль Пари. -2003.-№3-4-Б.195-200. 7.2. 8. Жағыпарұлы Ж. Қаржы саласындағы ахуал тұрақты //Е Қ.-2010.-10 ақпан. 7.2. 9. Иманбаева Б. Қазақстанда ғылымды дамыту-стратегиялық басымдықтардың бірі.//Ақиқат - 2009.-№1.-б.40-45. 7.2. 10. Мустафин М.А. Интелектуальные системы в инновационной экономике /М. А. Мустафин // Банки Казахстана.-2008.-№11.-С.29-32. 7.2. 11. Бегентаев М.Экономическая оценка результатов научного труда //Высшая школа Казахстана - 2007.-№4-С.295-297. 7.2. 12. Тұралина Ж. Ә. Ғылыми-техникалық ауыл шаруашылық өнімінің сапасын арттыру факторы ретінде //Аль Пари.-2008.-№4-Б6. 7.2. 13. Иманбекова Б.Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясаттың дамуы мен қалыптасуы. // Ізденіс.-2007.-№2.-Б.143-147. 7.2. 14. Иманбекова Б. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясат.// Саясат.-2005.-№9.-Б53-57. 7.2.15. Пятай А, Төлегенова Ж.Ауыл шаруашылық негізгі капиталды инвестицияларды тарту //Ізденіс. -2009.№4-Б-5-9. 7.2. 16. Байғабылұлы Е. Үлкен мұнай <<ойыны>> ондағы біздің рөліміз қандай болады ?[қазба байлық] // Дүние. -2003.-№2.Б.8-16.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz