Файл қосу
Халықаралық гуманитарлық құқық
* ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі Құжат СМК 4 кезеңдегі ОӘК ОӘК042-14-5-02.01.24.01.55-2012 Халықаралық жария құқығы пән бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы Заңтану 050301 Баспа №1 Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені Халықаралық жария құқығы Заңтану мамандығына 050301 Семей 2012ж * Мазмұны 1 Глоссарий 2 2 Дәріс 4 3 Практикалық сабақ 4 4 Курсовой жұмыстарын тақырыбы 5 5 Студенттін өздік жұмыс 6 * Глоссарий Халықаралық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Қағидалар Қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар, нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті көлемді нормалар. Халықаралық құқықтық нормалар Бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері Халықаралық құқықтың қайнар көздері Халықаралық құқық субъектілерінің келісілген еркінбілдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар. Индивид Бұл жекеадам, жеке өмір сүретін тірі тіршілік De-jure Бұл толық көлемдегі заңдық салдар туындағанда, құқық бойынша, тұтастай ресми тану. De-facto Тануы көпжылдық қатынастар орнатуға, экономикалық және әкімшілік сипаттағы шарттар жасасуға міндеттейтін тану. Ad hoc Субъектінің танылуы жоқ, мемлекетке туындаған мәселелерді реттеу үшін белгілі бір қатынастарға түсу, яғни фактілік сипаттағы мойындау. Құқықмирасқорлық Бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі. Халықаралық шарттар ұғымы Шарттық-құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы. Халықаралық шарт Бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер Pacta sunt servanda "шарттар орындалуы тиіс" деген рим құқығынан алынған шарттар құқығының негізгі ережесі. Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз Бірнеше жүйелі сатылардан құрылатын күрделі процесс. Парафирлеу Шарттың түпнұсқасын жасау. Депоненттеу Бекіту грамоталарымен алмасу. Промульгациялау Шартты жариялау. Шарт мәтінін қабылдау Дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары мәтінімен келісілетіндіктерін білдіру. Мәтәннің түпнұсқалығын бекіту Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп танылатын рәсім (грек сөзі authentikos - түпнұсқа, алғашқы қайнар көзден шығады деген мағынаны білдіреді). Ad referendum Мемлекеттің шарттың өзіне міндетті екндігімен келісу әдісі. Ескерту дегеніміз Мемлекеттің кез келген нысанда және кез келген атауда жасайтын бір тарпты жариялауы. Ратификациялау Бекітушарт процессінің маңызды сатыларының бірі, ол мемлекеттік биліктің жоғары органының халықаралық шартты бекітуін көрсетеді. Халықаралық жариялаудан басқа ішкі мемлекеттік промульгация Ол қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық шартты ресми жариялау. Депозитарий бір немесе бірнеше мемлекеттер, халықаралық ұйымдар немесе осындай ұйымның бас атқарушы лауазымды адамы. Депозитке беру деп Депозитарийге халықаралық шарттың, бекіту грамоталарының, халықаралық шарттқа қосылу туралы құжаттардың немесе шарттың бұзылғаны туралы құжаттардың түпнұсқасымен сақтауға беруді айтамыз. Халықаралық шарттардың өз күшіне енуі дегеніміз Шарт тараптарының қатысушылар ретінде заңды құқықтар мен міндеттерге ие болуы. Шарттың әрекет етуінің тоқтатылуы дегеніміз Халықаралық құқыққа сәйкес барлық құқықтық қатынастардың тоқтауы. Консенсус Шешімдерді дайындау мен қабылдау рәсімі, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ уйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай алғанда қарсылықтардың болмауы. Халықаралық ұйым Бұл белгілі бір міндеттерді орындау үшін халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілігіне және халықаралық құқық номалары мен қағидалары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі. БҰҰ Бас Ассамблеясы Оның барлық мүшелерінен тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы. Хатшылық БҰҰ-ның әкәмшілік органы Халықаралық құқықтағы жауапкершілік Бұл халықаралық құқықтық міндеттемелерді бұзған жағдайда халықаралық құқық субъектілері үшін туындайтын заңдық салдар. Зиян (залал) Мемлекеттің құқыққа қайшы тәртібінің салдары. Реституция Бір мемлекеттің аумағынан тартып алынып, келесі бір мемлекетке шығарылғанмүлікті қайтару. Субституция Егер заттарды қайтара алмаған жағдайда келісім бойынша соған тең бағалы немесе жақын келетін затпен қайтару. Репрессалий Басқа мемлекеттің бұзған өзінің құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттердің мәжбүрлеу әрекеттері. Абсолюттік жауапкершілік Бұл мемлекеттің жауапкершілігі.Мемлекет өзінің органдары арқылы халықаралық аренаға шығады, яғни мемлекет өзінің атқарушы, заң шығарушы, сот органдарының барлығының әрекеті үшін жауап береді. Реторсия Бұл мемлекеттің басқа мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларын кемсітетін актісіне жауап беруге жасалған құқыққа сай мәжбүрлеу әрекеті. Ресторация Құқық бұзушы мемлекеттің бұрынғы жағдайда қалпына келтіруі мен соған байланысты барлық жағымсыз салдарды көтеруі. Қандық құқық Тууына байланысты азаматтық алу (jus sanguninis). Топырақ құқығы Туған жеріне байланысты азаматтық алу (jus soli). Азаматтыққа алу Мүдделі адамның өтініші бойынша белгілі бір мемлекеттің азаматтыққа қабылдауы. Оптация Бір мемлекеттен екінші мемлекеттің қарамағына көшкен жердің халқының қай мемлекеттің азаматтығын өзі таңдап алуы. Трансферт Бірмемлекеттен екіші бір мемлекетке өтетін аумақтың халқын беру, соған орай бір азаматтықтан екінші азаматтыққа өту. Дипломатиялық құқық Бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінң еркін білдіретін қағидалар мен номалардың халықаралық құқық субъектілерінңкелісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы.Бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін реттейді. Дискриминация Біреулердің басқа біреудің құқықтарына қысым жасауын білдіретін жалпы құқықтық термин.негізінде ішкі құқықта да, халықаралық құқықта да кемсітушілікке тыйым салынған. Дипломатия Бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Агреман Бір елдің дипломатиялық өкілі ретінде белгілі бір адамды тағайындауға екінші бір елдің алдын-ала келісім беруі. Арнайы миссиялар Сыртқы қатынастардың шетелдегі уақытша органдарының бір түрі, ол араларында айқындалатын нақты міндеттерді орындауы үшін бір мемлекеттің екінші мемлекетке жіберетін өкілдерінен тұратын миссиялар. Консулдық құқық Бұл консулдық мекеменің құқықтық жағдайын, консулдықтың лауазымды адамдарын тағайындауды, қызметтерін, артықшылықтары мен иммунитеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы. Консул Бұл басқа бір мемлекеттің белгілі бір аумағына келісіммен тағайындалатын мемлекеттің лауазымды адамы, ол осы ауданда өз мемлекетінің, заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғайды, саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және басқа да байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі. Бас консул Бас консулдықтың басшысы, оның құқықтық жағдайы консул жағдайымен ұқсас. Штаттан тыс консул өз міндеттерін орындаған кездерінде ғана берілетін жеке басына қол сұғылмаушылықты қоспағанда, штаттағы консулдар сияқты артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланушы консул. Жеке консул Дипломатиялық өкілдіктен жарияконсулдық мекемені басқаратын адам. Консулдық экзекватура Консулдық орналасқан мемлекеттің консулдық мекеме басшысының өз міндеттерін атқару үшін нақты консулдық округке баруына рұқсат беретін құжат. Консулдық экзекватура беру тәртібі консулдық орналасқан елдің ұлттық заңдарымен айқындалады. Ұжымдық қауіпсіздік Бұл БҰҰ-ның Жарғысында бекітілген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында және осы әмбебап ұйым мен басқа ацмақтық ұйымдар аясында бейбітшілікке қауіп төндіретін және басқыншылық актілерінің немесе бейбітшілікті бұзатын басқа қауіп-қатердің алдын алу және жою үшін мемлекеттердің жүзеге асыратын ортақ іс-әрекеттерінің жүйесі. Ядросыз аймақ Бұл халықаралық шарт негізінде ядролық қарудан бос болатын аумақ. Блоктарға қосылмау қозғалысы Бұл сыртқы саяси бағыт, оған қандай да бір әскери одақтарға немесе топтарға қосылудан бас тарту сипаты. Ашық теңіз Бұл Әлемдік мұхиттың кең байтақ кеңістігі, оған қандай да болсын бір мемлекеттің дербестігі таралмайды. Жанасып жататын аймақ Бұл аумақтық теңіздің сыртқы шекарасынан тыс жатқан, ені 24 миль болатын, аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы сызықтардан есептелетін теңіз кеңістігінің белдеуі. Когтинеттік қайран Бұл жағалаудағы мемлекеттің аумақтық теңізінің сыртқы су асты шекарасының шегінен немесе құрлықтың сыртқы су асты шекарасымұндай қашықтыққа таралмайтын аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы сызыққа 200 мильдей жетпейтін теңіздің түбі мен оның қойнауы. Ерекше экономикалық аймақ Бұл аумақтық теңіздің сыртқы шекарасынан тыс жатқан және оған ені 200 мильдей қабысатын, аумақтық теңіздің ені өлшенетін сызықтан есептелетін теңіз кеңістігінің белдеуі. Плебисцит Бұл қандай да бір мәселе бойынша халықтың пікірін білу мақсатында бүкілхалықтық сауал жүргізу. Халықаралық бұғаздар Бұлар барлық мемлекеттердің халықаралық кеме қатынасы мен әуе навигациясында барлық тулардың теңдігі негізінде пайдаланылатын әлемдік су жолдарының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын теңіздер мен мұхиттарды қосатын бұғаздар. Халықаралық каналдар Бұлар халықаралық қарқынды кеме қатынасы жолында орналасқан және халықаралықкелісімдерге, халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормаларына сәйкес және каналдардың меншік иелері болып табылатын мемлекеттердің ешқандай кемсітушіліксіз пайдаланатын теңіздер мен мұхиттарды қосатын жасанды құрылыстар. Антарктика Жер шарының Оңтүстік полюстың айналасына орналасқан ауданы. Халықаралық ғарыш құқығы Бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Ғарыш кеңістігі Бұл Жер шарының ауа қабаты шегінен тыс орналасқан кеңістік, оның құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығымен айқындалады. Халықаралық әуе құқығы Бұл құқықтық нормалар мен институттар жиынтығын көрсететін, әуе кеңістігін пайдалану және әуе қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттер арасындағы қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Халықаралық теңіз құқығы Бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде,. әлемдік мұхиттаәлемдік мұхитта минералды ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Жағалаудағы аймақ Жағаға жақын мемлекеттің аумағында немесе аумақтық теңіз шегінде тиісті ережелерді бұзудың алдын алу мақсатында бақылау жасау үшін аумақтық судың сыртқы шекарасына жақын белгіленген, ашық теңіз ауданы. Балық аулайтын аймақ Жағалық мемлекет судағы, теңіз түбін жабатын, теңіз түбіндегі және оның қойнауындағы тірі қорларды барлау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ осы қорларды басқару мақсатында егемендік немесе заңды құқығын жүзеге асыратын аумақтық теңіз сыртындағы және оған жақын жатқан аудан. Халықаралық есеп айырысу туралы келісімдер Бұлар төлемдер жүргізу, тәртібі туралы келісімдер: төлемдік, клирингтік және төлемкрилингтік келісімдер Халықаралық несие шарттары Бұлар экономикалық әріптестер арасында жасалатын келісім, оған сәйкес бір тарап - несие беруші екінші тарапқа - борышқорға белгілі бір ақша немесе тауар береді, ал борышқор белгілі бір мерзім ішінде қарыз сомасын қайтаруға және несиені пайдаланғаны үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді. ГАТТ келісімі Бұл халықаралық сауда кодексі. Халықаралық гуманитарлық құқық Бұл ізгілік қағидаларына негізделген және қарулы қақтығыстар салдарын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Халықаралық жария құқық пәні бойынша дәрістер кешені Дәріс1: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ АТАУЫ 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ 4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ Дәріс мақсаты: ХДҚ түсінігін ашу. Дәріс міндеттері: 1. Халықаралық жария құқық түсінігін және атауын ашу; 2. Халықаралық жария құқықтың мазмұны мен мәнін сипаттау; 3. Халықаралық жария құқықтың құқық саласы ретіндегі мәнін ашу; 4. Халықаралық жария құқықтың құқық жүйесінде алатын орнын сипаттау. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. * Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: БЕК, 2000. * Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. 1. Халықаралық жария құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде. Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де XIX-XX ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік кауымдастық, оның қүрамына бірлескен кәспорындар мен өндірістер, бірлескен зерггеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді. Екіншіден, бұл жағдай - соғыстар мен түрлі сипаттағы қактығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды. Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, көлік жетістіктері аркасында көптеген елдер өзара жақындасты, осының аркасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды, теле-радио кұралдары, бейнетехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогресстін кертартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, коршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп кана коймайды. Халықаралық жария құқық, үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе - халықаралық қатынастар гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің - халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс. Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұтастарынан да көрінеді. Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді. Халықаралық жария құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған. Халықаралық жария құқықтың мақсаты әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады. Қатынастардың екінші бір тобы - шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық жариякұқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады. Халықаралық жария құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық жария құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің қатысуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жария құқық нормалары Қазақстаңдағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды. Халықаралық жария құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады. Халықаралық жария құқық халықаралық жария құқықпен (не жалпы халықаралық кұқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық жария құқық өз бетіндік, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстемдік етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сүйенсек халықаралық жария құқық болып табылады. Халықаралық жария құқық пен халықаралық жария құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін - әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде - осы жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жария құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады. Халықаралық жария құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әр түрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық кауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туындауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жария құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жария құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады. Халықаралық жария құқықтан халықаралық жария құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық жария құқықта қатысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар - бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар. Ендігі жерде халықаралық жариякұқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық шарт халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық жариякұқыкта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды. Халықаралық жария құқықта маңызды орынды (бұл халықаралық жария құқыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады. Енді, халықаралық жария құқықтың мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғыдан алғандағы түсінігіне байланысты пікірлерді карастырған жөн. Кеңестік дәуірде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сұрақтардың бірі халықаралық жария құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениңдік түсінік - біз ешқандай жекөлікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы жариякұқық деген сөздің өзі тұтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, өйткені бұл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды жарияжәне жария деп бөлуді ары қарай дамытып отыр. Бұны Ульпиниан қалыптастырған болатын, оның айтуынша жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал жария құқық жеке тұлғалардың құқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралық жария құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзіне дейін даусыз болып келеді. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық жария құқық барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық жүйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді ең соңғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық жария құқық ол реттеуші функцияны емес, тек қана сілтемелік функцияны атқарушы болып табылады және мұндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп тұжырымдады. Сонымен қатар, осы халықаралық жариякұқық деген түсінікке өзгертулер енгізуге байланысты жұмыстар одан әрі жалғасты. В.М. Корецкий өзінің <<Очерки международного частного права>> деген кітабында осы пәнді қамтиды деген 50-ден астам пәннің атауын ұсынады. Олардың қатарына келесі пәндерді жатқызуға болады: 1) халықаралық азаматтық құқық; 2) халықаралық шаруашылық құқық; 3) жеке құқықтық қатынастардың халықаралық режимі; 4) халықаралық жария құқық; 5) шетелдік құқықты қолдану; 6) халықаралық құқық кағидаларына сәйкес түрлі мемлекеттердің заңдарын қолдану; 7) мемлекеттердің аумағынан тыс жерлерде құқықты тану; 8) құқықты тану; 9) шетелдіктердің жалпы жеке құқықтары; 10) бөлектейтін құқық; 11) жеке құқық саласындағы құқық конфликтілерінің теориясы; 12) кұқық конфликтісі т.б. Халықаралық жариякұқықтың мазмұнына аталған атаулардың қайсысы көбірек келетіндігін біз төменде көрсетілген бөлімдерден білетін боламыз, ал қазір біз халықаралық жария құқық деген сөзді қолданған барынша дұрыс екендігін айта аламыз. 2. Біздің отандық ілім халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарасты ұстанады. Осылайша, халықаралық жария құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да козғап өту керек. Ең біріншіден, мүліктік қатынастағы халықаралық құқық шетелдік элементке ие екендігі туралы айтылуы керек. Осындай шетелдік элемент бар мүліктік қатынастардың негізгі деген үш тобын бөліп қарастыруға болады: 1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шет мемлекеттің азаматы, шет мемлекеттің заңды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, казақстандық өнеркәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады. * Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік қатынастар (мәселен, мұрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел аумағында болатын болса. * Заңды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты мүліктік қатынастар (зиян келтіру, шарт жасау, өлім т.б.). Отандық ілім халықаралық жария құқық сонымен катар, халықаралық азаматтық іс жүргізу мәселелерін де карастырды. Мұның астарында, азаматтық істе шетелдік элементтің болуы әлдебір процессуалдық салдар туғызады деген пікір туғызады. Халықаралық жария құқықтың тарихи негізін коллизиялық нормалар құраған. Шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудің басты ерекшелігі - көп жағдайда халықаралық жариякұқық мәселелерін шешуде тікелей ереже және қолданылатын ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнама қолданылуы керек екендігі туралы меңзейді. Мұндай сипаттағы ережелер коллизиялық деп аталады. Заң тұрғысынан алғанда коллизиялық нормалар халықаралық жария құқық құрамына кіретін аса күрделі нормаларды білдіреді. Мемлекеттер қолданатын осындай нормалардың жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды. Коллизиялық құқық халықаралық жария құқықтың аса күрделі және аса маңызды бөлігін құрайды, бірақ коллизиялық сауалдар мен халықаралық жария құқық мазмұны толығымен ашылмайды. Халықаралық жария құқық аясына шетел элементі бар халықаралық азаматтық құқықты реттейтін барлық нормаларды енгізген жөн. Бұл ретте мемлекеттердің арасындағы құқық емес, олардың арасында орнайтын қатынас басты мәнге ие болуы тиіс. Осындай түсініктен кейін халықаралық жария құқық құрамына халықаралық қатынастар көмегімен унификациялауға көп мән берген жөн. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы сауда, көлік және басқа салалардағы материалдық құқықтардың унификациялануына алып келуде. Халықаралық жария құқықтың қолданылар кеңістігі мен оның мазмұны туралы сұрақтар құқықтық доктринада қолданыла бермейді. Шетелдік теория мен тәжірибеде белгілі бір дәрежедегі ортақ түсінік қалыптасты, яғни шетелдіктердің статусынын сауалы халықаралық жария құқыққа бағытталған. Сонымен катар, осы тұста да бірқатар нюанстар бар. Мәселен, Францияда шетелдіктердің құқықтық жағдайы ешқандай сауалдарсыз халықаралық жариякұқықтың реттеуіне енгізіледі, ал Англияда, Уэльсте және Нидерланта бұл халықаралық жария құқықтың көрінісі деп танылады. Бірқатар жағдайларда халықаралық жария құқықтың аясы туралы доктриналық көзқарастар халықаралық жария құқық туралы заңнамада өз бекімін тапқан. Мәселен, Венгрияның халықаралық жариякұқық туралы Заңында оның әсер ететін аясы белгіленген: бұл заң бейбітшілік кезіндегі шетел мемлекетімен осы мемлекеттің арасындағы азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарын реттейді деп көрсетеді. Ағылшындық, американдық, голландық ғалымдардың еңбектерінде халықаралық жария құқықты реттеуге коллизиялық нормалар жатқызылады. Бұл реттегі сұрақтардың барлығы көбіне соттылыққа байланысты болып келеді, яғни белгілі бір даулы қатынастарды реттеуде қай мемлекеттің соты басым рөлді алу керек деген сауалдар, осыған байланысты қай елдің құқығы қолданылатындығы туралы мәселе шешіледі. Шетелдіктердің құқықтық жағдайын халықаралық жария құқық мәселелерінің қатарына жатқызу Франция мен оның бұрынғы отарларына тән болып табылады. Сонымен қатар назар аударатын бір мәселе, Францияның халықаралық жария құқығында шетелдік азаматтың Франция азаматтығын алуы, оның аумаққа енуі, оның азаматтық және саудадағы мәртебесі сияқты мәселелер басым орынды иеленеді. Француздық құқықтық доктриналарда халықаралық жария құқыққа қатысты көзкарас кездеседі, оған сәйкес халықаралық жария құқық халықаралық қатынасқа енуші субъектінің құқықтық жағдайын анықтаушы болып табылады. Халықаралық жария құқықты зерттеумен айналысатын ғалымдардың айтуы бойынша оның реттеу аясына, сонымен қатар азаматтық сауалын, олардың статусына, жария тәртіпке байланысты мәселелерді де енгізуі керек. Бірақ 1940-жылдардың басынан бастап, күні бүгінге дейін халықаралық жариякұқықты іс жүргізу құқығымен байланыстыру сауалы ашық түрде қалып отыр. Жоғарыдағы даулардың тиісті шешімін тапқанша халықаралық жария құқықтың жалпы танылған және мойындалған пәнін анықтау мүмкін емес. Осы пәннің жүйесіне байланысты даулардың шексіз жалғасуы халықаралық жария құқықтың құқықтық табиғатын және оның реттелу әдістерін, оның жүйесіне байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндік бермейді, өйткені құқықтың осындай сипаттаушы белгілері құқықтың реттеу пәніне тәуелді болып табылады. Ен біріншіден айтарымыз, халықаралық жария құқық реттейтін қатынастардын бір тобын бөліп алу үшін оның тек халықаралық қатынастарды реттейтіндігін атап өту керек. Халықаралық қатынастар күрделі кешенді құбылыс болып табылады. Бірінші кезекте мемлекетаралық қатынастарды ажыратып алған жөн (мұның ішінде мемлекеттен келіп шығатын субъектілерді де міндетті түрде қосамыз). Бұл қатынастардың тобының ерекшелейтін белгісі болып олардың субъектілері - мемлекеттерге тиесілі егемендік болып табылады. Нак осы егемендік арасындағы мемлекетаралық қатынастарды белгілейді. Мемлекетаралық қатынастар халықаралық жария құқықтың реттеу пәні болып табылады. Мемлекетаралық қатынастар мен көбіне олардың субъектілері азаматгар мен ұйымдар (заңды тұлғалар) арасындағы қатынастар байланысты болып келеді. Мысалы, Қазақстан шетелдік мемлекетпен сауда және экономикалық әріптестік туралы шартқа отырады. Бұл халықаралық құқықтың реттеу пәні болып табылады. Аталған жағдай мемлекеттер арасында жасалатын шарттардың негізінде айқындалады. Бұл қатынастардан басқа сол мемлекеттердің жекелеген ұйымдары мен азаматтарының арасында да сауда, экономика мен коммерциялық қатынастар орнығып қалуы мүмкін. Бұл тұста, жоғарыда аталған мемлекетаралық шарттар оларды реттеуде әлсіз болып қалады. Сондықтан да халықаралық қатынастарда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қатысуы ерекше бір спецификалық қатынастарды тудырады. Халықаралық жария құқықтың аясында азаматтық құқық: азаматтардың құқықтық қабілеттілігі, шетелдік заңды және жеке тұлғалардың меншік құқықтары, сыртқыэкономикалық мәмілелерден туындайтын қатынастарды реттеу жолдары сияқты өзінің күрделілігі бойынша бұл азаматтық-құқықтық қатынастар, яғни әрбір мемлекеттің өзінің аумағында азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар. Құқықтық білім азаматтық-құқық пәніне азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатқызылатындығы мәлім. Дегенмен, халықаралық жария құқық пен азаматтық-құқықтардың реттеу пәндерінің бірдей немесе ұқсас болуы олардың пән ретінде ұқсастығын білдірмейді. Халықаралық жария құқық стаңдартты мүліктік қатынастарды емес, тек кана халықаралық қатынастардан туындайтын қатынастарды реттейді. Мәселен, екі қазакстандық фирма арасында жасалған шарт азаматтық-құқықықпен реттелуге жатады, ал егер сол шартка отырушы мемлекет шетел мемлекеті болса, бұл халықаралық жариякұқыктың нормаларымен реттелуге жатады. Осыдан шығатын корытындыны таразылай отырып, халықаралық жария құқықтың қоғамдық қатынастарының екі белгісін шығарып алуға болады. Олар: біріншіден, халықаралық; екіншіден, азаматтық-құқықтық болып табылады.Тек қана осы екі белгінің бір кезде кездесуі ғана коғамдық қатынастардың құрамынан халықаралық жария құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды бөліп карастыруға жол ашады. Мысалы, Қазақстан азаматының өлімінен кейін оның Қазақстаңдағы аманаты ашылады және оған сәйкес мұрагерлері анықталады. Бұл тұста азаматтық-құқықтық қатынастар туындайды. Егер осы мұра басқа бір мемлекет аумағында ашылса немесе мұрагерлер шетелдік азаматтар болып шықса, онда бұл халықаралық жариякұқықтың көмегіне жүгінетін қатынас болып шыға келеді. Сәйкесінше, қазақстандық ішкі қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі де, олардың біразы халықаралық сипатқа ие болатын болса, халықаралық жария құқықтың реттеу пәніне кіреді. Осыдан келіп, халықаралық жария құқықтың пәні болып халықаралық азаматтық құқықтық қатынастар табылады деп жауап берумізге болады. Осыдан келіп азаматтық деген қатынастардан бөлек отбасылық, еңбек қатынастары осы халықаралық жария құқықтың реттеу объектісіне жатады ма, әлде жоқ па деген заңды сұрақтар туындай бастайды. Халықаралық жария құқықтың пәнін құрайтын тағы бір қатынастардың белгілері бар. Бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың арасында жататын қатынастар. Дегенмен, бұл принцип өз бетіндік сипатка ие емес, өйткені олардың барлығы жеке құқықтық табиғаттан келіп шығады. 3. Халықаралық жария құқықты құқықтьщ бір саласы ретінде басқа саладан айыра білу қажет. Құқық жүйесіне байланысты бірқатар мәселелерді айтсақ, халықаралық жария құқық басқа құқық салаларымен, атап айтканда, азаматтық құқықпен ұқсас болып келеді. Жалпы бөлімде, халықаралық жариякұқықтың принциптері мен негізгі бастамаларына байланысты жалпы ережелер де шоғырланған. Бұлардың қатарына коллизиялық ережелердің қызмет етуі, шетелдік құқықты қолдануды шектеу мәселелері, сыртқы мәселелер мен ішкі заңнаманың арақатынасы, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына ерекше құқықтық режимді белгілеу сияқты ережелерді жатқызуға болады. Халықаралық жария құқықтың ерекше бөлімі, әдеттегідей, негізгі институттардан тұрады: азаматтардың азаматтық құқықтық жағдайлары, мемлекеттердің ерекше құқықтық қатынасқа түсуші ретіндегі ерекшеліктері, меншік құқығы, мәмілелер, түрлі сипаттағы шарттар, зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер, интеллектуалдық меншік құқығымен байланысты нормалар, мұрагерлік, отбасы-некөлік, сонымен қатар, еңбектік қатынастар. Халықаралық жария құқық жүйесінде халықаралық арбитраж туралы мәселе ерекше беліп карастырылады. Оны халықаралық жария құқықтың құқықтық саласына енгізу бірқатар қиындықтар туғызады. Бұл тұрғыда көбіне айтылатыны халықаралық арбитраж халықаралық жария құқықтың аясында қалып қоймай, сонымен қатар халықаралық процестің сұрағы болып табылады. Дегенмен, халықаралық коммерциялық арбитражды халықаралық жария құқықтың аясына жатқызған кезде оның мақсаты мен қолданылуын еске алсақ жетерліктей болатын сияқты. Оны азаматтық процеске косудың кажеттігі жоқ, себебі ұлттық құқықтың бұл саласы сот мекемелерінің қызметін реттейді, ал арбитраж болса, қоғамдық аралық соттарды білдіреді. Осыған орай, халықаралық процесті халықаралық жария құқықтың құрамына енгізген дұрыс па деген сұрақ туындайды. Құқық ғылымында бұл тұрғыда біркелкі ойдын жоқ екендігін айта кетейік. Бұл жердегі басты мәселе - шетелдік элемент материалдық құқықтық салдармен қатар процессуалдық құқықтық салдар туғызуы мүмкін бе деген сұраққа жауаптың табылмауы. 4. Халықаралық жария құқықтың түсінігі мен мәнін айкындап болғанан кейін біз тағы бір сұрақты қарастыруымыз қажет. Бұл сұрақ бізге халықаралық жария құқықты құқық саласы ретінде айқындап, оның құқық жүйесінде алатын орны қандай деген сұраққа жауап береді. Аталған сұраққа жауап беру халықаралық құқықтың түсінігімен және оның құқықтық табиғатымен терең байланыста болып келеді, сондықтан да біз бұл тұрғыда да ғалымдардың ойларының кеп ұшқырлығымен кездесеміз. Олар: а) халықаралық жария құқық кең ауқымда алғанда халықаралық кұқыкқа жатады; б) халықаралық жария құқық мемлекеттің ішкі заңнамасының құрамына кіреді; в) халықаралық жария құқық бұл құқықтың кешенді саласы болып табылады, яғни ішінара халықаралық жария құқыққа және жария құқыққа - мемлекеттің ішкі заңнамасына қатысты болып келеді. Осы аталғандардың барлығының шеңберінде өздеріне тән айырмашылықтары бар. Біздің көзкарасымыз бойынша осы тұста бірқатар қорытындыларды жасауға болады: * халықаралық құқықтың халықаралық жария құқықпентығыз байланысты екендігі даусыз, бірақ бұл тұста ол жария құқықпен мемлекеттің ішкі заңнамасымен де тығыз байланыста болып табылады; * халықаралық жария құқықтың халықаралық құқықпен тығыз байланыста болуына қарамастан, ол ішкі құқық жүйесінекіреді. Бұл құқықтық реттеу пәнінен - жария құқықтық қатынастардың мазмұнынан келіп шығады. Бұл қатынастар барлық кезде мемлекеттің бастамасында (әрине бұл тұста мемлекеттің заңының астарында деген сөз) болып табылатын субъектілер - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасында болғандықтан жеке құқықтық реттеуге көп ұшырайды. Халықаралық құқықтық реттеу жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасындағы жеке қатынастарды реттеуге бағытталмағандығын білеміз; * ішкі құқық жүйесінде азаматтық (отбасылық және еңбек) құқықтың бір бөлігі болып табылмайды. Ол осы жүйеде өз бетіндік орынға ие болып табылады, өйткені оның өзіне тән реттеу әдісі мен өзіндік пәні бар болып табылады; * бұл құқықтың аты халықаралық жария құқық деген сөзбен байланысты болғанмен, ұлттық-құқықтық табиғатқа ие болып табылады. Халықаралық жария құқықтан айырмашылығын атап айтар болсақ, халықаралық жария құқық барлық мемлекеттерге тән кұқыктың аясында өмір сүретін болса, халықаралық жария құқық бұл жекелеген мемлекеттердің құқықтық жүйесінде өмір сүреді. Мысалы, қазақстандық халықаралық жария құқық, ресейлік халықаралық жария құқық, украиндық халықаралық жария құқық т.б. * жоғарыда аталғандардың негізінде халықаралық жария құқыққа анықтама беруге болады. Халықаралық жария құқық -бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған жеке құқықтық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады. Әрине, халықаралық жария құқықта мемлекеттің өзінің ұлттық құқығының болуы басқа мемлекеттердің қатысуының жоқтығын білдірмейді. Бізге белгілі болғандай, кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінде ұқсас ережелер мен нормалар кездесіп жатады. Бұл түсінікті де, дегенмен, құқық бұл мемлекеттің ішкі юрисдикциясы бола тұрғанымен, құқық жүйесінде де құқықтардың бір-біріне әсер етуі болып тұрады. Әсіресе, мұндай екі жақты әсер етулер халықаралық жария құқықта көп кездесіп жатады, өйткені, ол өзінің құқықтық табиғаты бойынша халықаралық қатынастарда жатқан қатынастарды реттеуші. Халықаралық жария құқықты зерттеген кезде салыстырмалы құқықтану көп маңызға ие болып табылады. Салыстыру дегеніміз бұл түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйелеріндегі институттарды бір-біріне сәйкестендіру болып табылады. Бұл тәжірибенің кажеттіліктеріне жауап береді. Мысалы, шетелдік тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлікпен айналысуларының құқықтық негіздері туралы мәселені зерттеген кезде біз сол мемлекеттің құқығына жүгінумізге тура келіп отырады, өйткені бұл негіздер сол мемлекеттің тиісті заңнамасында реттелген болып табылады. Дәріс 2: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ НОРМАЛАР МЕН БАЙЛАМДАР 1. КОЛЛИЗИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 2. КОЛЛИЗИЯЛЫҚ НОРМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 3. МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ЗАҢЫН ПАЙДАЛАНУ Дәріс мақсаты: ХДҚ-ғы коллизиялық нормалар мен байламдарды сипаттау. Дәріс міндеттері: 1. Коллизиялық ереженің түсінігі және маңызын ашу; 2. Коллизиялық норманың құрылымы және оның түрлерін талдау; 3. Мазмұнын анықтау және шетел заңын пайдалануды қарастыру. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. * Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек, 2000. * Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. * Scoles E.P. Conflict of Laws. St. Paul: West Pub., 1982. * Sukes E.I. International and Interstate Conflict of Laws, 2nd Edition. Sydney: Butterworths, 1981. 1. Халықаралық жария құқықты реттейтін шетел элементі бар қарым-қатынастарда кейбір кездерде коллизиялық мәселелер туындайды. Бұл мәселеде кақтығыстағы екі заңның қайсысын қолдану керек екені туралы сұрақты шешу керек. Коллизиялық мәселе - бұл белгілі бір құқықтық қатынастағы қай елдің заңын қолдану керек екені туралы мәселе. Бұл мәселе халықаралық жария құқыққа тән ерекшелік болып табылады. Халықаралық жария құқықта коллизиялық мәселе және оны шешу осы құқық саласының негізгі мазмұнын құрайды. Халықаралық жария құқықтың өзіне тән реттеу тәсілдері мен әдістері бар. Азаматтық қарым-қатынастарға қатысушылар арасында коллизиялық мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай құқық қолдану керек екені туралы мәселе шешіледі, яғни қай мемлекеттің заңын қолдану керектігі мәселесі шешіледі. Бұл мәселелер белгілі бір коллизиялық ережелер қолдану аркылы шешілуі мүмкін. <<Коллизия>> (латын сөзінен <>) - ол кақтығыс немесе қайшылық деген мағынаны білдіреді. Заңдардың коллизиясы деп айтканда, әр түрлі мемлекеттер арасындағы құқықты таңдау қажеттігін айтады. Құқық коллизиясының екі себебі бар: * жеке құқықтық қатынаста шетел элементінің болуы; * қатынасқа байланысты әр түрлі мемлекет құқығының мазмұндарынын ерекшілігі. Коллизиялық ереже белгілі бір мемлекетте немесе белгілі жағдайда қай мемлекеттің құқығын қолдану керектігін көрсетеді. Коллизиялық ереженің кажеттілігі, біріншіден мына мәселеге байланысты: мемлекеттердің құқықтық жүйелері бір-біріне ұксамауы. Бірақ тәжірибе жүзінде қолданылатын құқық мәселесі құқық қолданушыда белгілі бір қиындықтар туғызады, себебі тек қана қандай коллизиялық ереже қолдануды, қай мемлекет құқығына сілтеме жасауды, сонымен қатар, шетел құқығы таңдалған жағдайда, істі шетел мемлекетінің заңдарына сәйкес шешіп алу қажет. Коллизиялық ереженің мақсаты бәсекелестіктегі екі не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы коллизияны шешу және шетел элементі бар қатынастарды белгілі бір кұқық тәртібіне бағындыру болып табылады. Бірақ коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі шеше алмайды, ол тек тиісті міндетті қарастыратын материалдық ережеге сілтеме жасайды. Осы тәртіп негізінде мәселе шешіледі. Осыдан коллизиялық ереженің заң әдебиеттерінде <<даулы>>, <<сілтемелік>> деген анықтамалармен неге қолданылуын байқауға болады. Сілтеме жасалған материалдық құқықтық ережемен бірге коллизиялық ереже азаматтық айналым қатысушыларына жүріс-тұрыс ережесін анықтайды. Халықаралық жария құқық құрамында коллизиялық және материалдық құқықтық ереженің косылуы, сипаты бойынша біртекті карым-қатынастарды екі түрлі әдіспен реттеу қажеттілігі негізделеді. Халықаралық келісімдердегі материалдық құқықтық ережемен бірге халықаралық жария құқық ішіне ішкі заңнамадағы материалдық құқықтық ережелер кіреді. Олар шетел элементі бар азаматтық қатынастарды реттеу үшін арнайы белгіленген. Бұл нормаларға жататындар: сыртқыэкономикалық қызметті реттейтін ереже, инвестициялар режиміне қатысты ережелер, Қазақстан азаматтарының шетелдегі мәртебесін анықтайтын ережелер, Қазақстан Республикасында азаматтық, неке және еңбек пен іс жүргізу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтық жағдайын анықтайтын ережелер. Коллизиялық ережеге заңды-техникалық тұрғыдан назар аударсақ бұл халықаралық жария құқықтағы қолданылатын ең қиын ережелер деп айтуға болады. Бұл мәселе коллизиялық ереженің мазмұнын анықтаудағы белгілі бір ережелерді қарастыруды талап етеді. Бұл ережелер коллизиялық нормаларды тәжірибеде қолдану мәселесін шешуіне көмек көрсетеді. 2. Коллизиялық норма халықаралық жария құқықта қолданылатын күрделі ереже болып табылады. Оның жағдайын түсіну үшін, бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар коллизиялық норманың құрылымын қарастыру қажет. Коллизиялық норманың ерекше табиғаты олардың құрылымының және оны қолданудың ерекшеліктерін алдын ала айқындайды. Әрбір коллизиялық норма басқа жай құқық ережелерге қарағанда екі бөлімнен тұрады. Коллизиялық норманың екі элементтен құрылуы екі бөліктен құрылатын гипотеза және диспозиция немесе гипотеза және санкция жалпы ереженің құрылымына сәйкес келеді. Құқық теориясында әдеттегі үш элементтік құрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететін құқықты логикалық тұрғыдан талдау арқылы құрылатын логикалық ережені сипаттайды. Ал нормативтік актінің мәтінінде көрініс тапқан, шын мәнінде, нақты құқықтық ереженің екі элементтік құрылымы болады (гипотеза, санкция). Сонымен, коллизиялық норманың құрылымын карастырайық. Оның бірінші бөлігі коллизиялық норманың көлемі болып табылады, ол коллизиялық норманың қандай құқыққатынасында қолданылатыны туралы анықтайды. Мысалы: меншік құқығы, отбасы құқығы. Коллизиялық норманың екінші бөлігі коллизиялық байлам (қағидат, бекіту формуласы) деп аталады. Байлам - бұл тиісті қарым-қатынаста қолданылатын заңға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни қай елдің заңын қолдану қажеттілігін көрсетеді. Коллизиялық нормаларда кездесетін байламдардың келесі түрлері бар: Lex loci contractus - бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекітілгенін анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бойынша, шартқа қай мемлекетте қол койылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқыэкономикалық мәміле бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен міндеттері қол қойылған жердің заңнамасымен анықталады. Бірақ заң бойынша жақтарға заңды таңдау еркіндігі берілген. Lex societatis - бұл заңды тұлғаның ұлтына байланысты байлам. Бұл байлам, егер заңды тұлға бір елде тіркелген болып, екінші мемлекетте жұмыс істеп, ал оның бас органы үшінші мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның ұлтын анықтау қажет. Сонымен, заңды тұлғаның ұлтын анықтау үшін осы төрт ілімге, қағидатқа сүйенеміз: * инкорпорация немесе тіркеу қағидаты - заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады; * отырықшылық қағидаты - заңды тұлғаның бас органы қай мемлекетте орналасса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады; * қызмет ету қағидаты заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады; 4) бақылау теориясы - бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңын негіз ретінде алады. Lex voluntatis - бұл байлам бойынша шарт жақтары, өз еріктері бойынша бір мемлекеттің заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар қай мемлекеттің заңын немесе қай конвенцияны қолданатын шартта нақты көрсету керек. Lex venditoris - бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттің заңын қолдануды қарастырады. Бұл байлам сыртқыэкономикалық мәмілелеріне тән. Lex rei sitae - бұл коллизиялық кағидат меншік құқық саласында қолданылады. Бұл ереже бір мемлекетте, белгілі бір затқа меншік құқығын анықтауда көмек көрсетеді. Қазақстанның заңнамасында мүлік қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңнамасымен меншік құқығы анықталады. Бірақ егер мүлік мұра ретінде қарастырылса, онда мұрагердің соңғы тұрғылықты жерінің заңнамасымен реттеледі. Lex loci delictii comissii - бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян келтірілген болса, онда сол мемлекеттің заңнамасымен істі қарастырады. Lex fori - сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот қатынастағы шетел элементіне қарамастан, өз елінің заңнамасын қолданады. Lex personalis - жеке тұлғаға байланысты ереже. Онын өзі екі түрде қарастырылады: 1. Lex patriae - азаматтыққа байланысты заң; 2. Lex domicilii - тұлғаның тұрақты тұру жеріне байланысты заң. Lex loci selebrationis - бұл байлам отбасы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке киылды сол мемлекеттің заңы қолданылады. Жоғарыда аталған байлам формулалары сәйкес карым-қатынастардың қолдануға жататын мемлекет құқығымен заңды немесе фактілі түрде байланысын ескереді. Тәжірибеде шетел элементімен шиеленіскен қарым-қатынасты ұлттық құқық ережелеріне бағындыру мысалдары кездеседі. Бұл ұлттық заңның қолдану шектерін кеңейту, өзінің заңды және жеке тұлғалардың кұқықтарын қорғау мен қызметін женілдетуге тырысуымен түсіндіріледі. Коллизиялық нормада байлам өз бетінше болуы мүмкін емес және ол көп жағдайда көлемге байланысты болады. Бұл элементтер арасында белгілі бір байланыстар болады, ол қай елмен қатынас тығыз байланысты, сол елдің құқығына сілтеме жасайтын коллизиялық формулаға сілтеме жасаудың мақсаттылығын танудың кең өріс алуынан байқаймыз. Коллизиялық байламдар қатарына кейбір жағдайда қатынас тараптарымен таңдалған елдің құқығына бағынатын ерік автономиясын жатқызады. Бірақ бұндай бір жағынан ұксас, екінші жағынан әр түрлі құқық институттарын теңестіру дұрыс емес болып табылады. <<Ерік автономиясы>> кейбір ғалымдардың айтуы бойынша (мысалы Л.П. Ануфриева) коллизиялық байламдардың түрі болып саналмайды, ол қолданудың өзіне тән ерекшеліктері бар, кең мағынаға ие қолдану шарттары басқаша болатын, халықаралық жария құқықтағы жария құқықтық институт болып табылады. <<Ерік автономиясы>> - бұл коллизиялық байламдарды анықтау және оны тіркеу тәсілінің құқықтық алғышарты болып табылады. Қазіргі халықаралық жария құқықта коллизиялық нормалар көп түрлі және көп санды болып табылады. Оларды түрлерге бөлудің критерийлері кең. Бұл ерекшеліктер, халықаралық байланыстар кезінде пайда болатын қатынастар топтардың ерекшеліктерін айкындайды және осы нормалардың тәжірибеде қолдану кезінде зор маңызға ие. Ең біріншіден, халықаралық-құқықтық унификацияға бағытталған, ұлттық заңдармен бекітілген және халықаралық шарттармен көзделген коллизиялық нормаларды айыра білу қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтар олардың әрекет ету аясымен және оларды қолдану тәртібінен байкалады. Халықаралық шарттармен бекітілген коллизиялық ережөнін әрекет ету аясы, бұл шарттар қатысушылардың барлығынын қолдануына байланысты кең болады. Ал кұқық қолданушы органдардың және құқық қолданушы тәжірибенің ерекшеліктері екеуінің арасындағы айырмашылықты одан әрі нығайта түседі. Бірақ ішкі заң ережелері мен халықаралық-құқықтық шарт ережелерінің болуы қайнар көздердің, яғни осыдан туындайтын тұжырым халықаралық жария құқық ережелерінде де, екі жақтылық сипатына алып келмейді, себебі бұл ішкі заң пайдасына, халықаралық құқықтық шарт ережелерін басшылыққа алмауға алып келеді. Көп жағдайда мемлекет өзі жарияколлизиялық норма массивін қалыптастырады. Бірақ қазіргі кезеңде, ерекше маңызға халықаралық құқықтық кұралдар арқылы коллизиялық құқықтық реттеу, шарттық тәртіп арқылы реттеу дамуда. Ол мемлекеттердің, біртұтас халықаралық жария құқықтағы коллизиялық және өзге де норманың, сәйкес халықаралық, шарттарды қабылдау және дамыту, ұлттық құқықтық ережені унификациялау атына ие болды. Маңызды сараланудың бірі коллизиялық байлам нысанына байланысты саралану болып табылады. Бұл белгі бойынша коллизиялық ережелерді бір жақты және екі жақты деп екі топқа бөледі. Бір жақты - бұл қолдануға жататын елдің қазакстандық, неміс, ағылшын құқығын тікелей атайтын байлам нормасы. Бір жақты ереже әдетте ез елінің құқығын қолдануды белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1104-бабының 3-тармағында былай делінген: <<Қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміленің нысаны осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізілімге енгізілген козғалмайтын мүлікке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады>>. Бірақ бұған қарамастан, екі жақты ережелер кең таралған. Екі жақты коллизиялық ереже нақты мемлекетті атамайды. Оған құқықты таңдауға мүмкіндік беретін, жалпы белгінің болуы тән. Мысал ретінде, ҚР АК-не сәйкес, <<мұрагерлік бойынша қатынастар... мұра калдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің кұқығы бойынша анықталады>>. Бұл ереженің байламы, жалпы белгісі ретінде: <<мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерін көрсетеді>>. Реттеу тәсілі бойынша коллизиялық нормалар императивті, диспозитивті, альтернативті болып үш топқа бөлінеді. Императивті нормалар түпкілікті, азаматтық-құқықтық қатынастардың тараптарымен өзгертіле алмайтын құқықты қолдануға қатысты ұйғарымдар. Диспозитивті нормалар құқықты таңдау бойынша жалпы тәртіпті бекіте тұра, тараптарға оны басқа тәртіппен өзгерту мүмкіндігін береді. Диспозитивті нормалар әдетте тараптар құқығы, егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе және т.б. нысандарда, көрініс табады. Мысалы, ҚР АК-нің 1108-бабының 2-тармағына сәйкес: <<Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, мәміленің нысанасы болып табылатын мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдің осы мәміле бағындырылған құқығы бойынша анықталады>>. Альтернативті нормалар - мазмұнында, ереже көлемінде көзделген, жеке құқықтық қатынасқа қолданылатын құқықты таңдауды көздейтін бірнеше ережелері бар нормалар. Құқық қолданушы орган және тараптар онда көзделгеннің әрқайсысын қолдана алады. Бірақ, көрсетілген тәртіптердің біреуі бойынша қатынас реттелуі жеткілікті болады. Мысалы, мәміленің нысаны ол жасалған жердің құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмелені, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанының сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Яғни, шетелде жасалған мәміле нысанына екі альтернативті байлам қолданылады: оның жасалу жері заңы және Қазақстан Республикасы құқығы. Альтернативті нормалар халықаралық жария құқықта салыстырмалы түрде жақында пайда болған құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы халықаралық байланыстардың дамуы, соңғы кездерде бұл құқықтық саланың дамуымен соның ішінде әр түрлі құрылымдардың қүрделенуі, реттелетін қатынастардың ерекшеліктерін ескеруге негізделген, көлемдердің және байламдардың бөлшектелуімен тығыз байланысты. Коллизиялық норманың мәніне қарай: генералды (бас) және субсидиарлы (қосымша) болып екі топқа бөлінеді. Генералды норма қолданудағы артықшылыққа ие, қолданылатын құқықты таңдау кезіндегі басты ереже. Мысалы, егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Мұндағы басты ереже ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмеуі қажет. Субсидиарлы норма басты нормамен байланысты бір немесе бірнеше құқықты таңдау ережелері, ол басты ереже белгілі бір себептерге байланысты қолданылмаған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, субсидиарлы нормалар бірінші, екінші, үшінші және т.б. дәрежелі болып бөлінеді. Басты және барлық дәрежелі субсидиарлы нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болып, ішкі байланысқа негізделген өзінше ереженің ассоциациясын құрады. Сонымен катар, коллизиялық нормалар құқықтық қатынастың қүрделігіне байланысты бөлінеді. Олар: жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы коллизиялық нормалар қатынастың мәніне қолданылатын құқықты анықтайды. Ал арнайы нормалар бұл қатынасты жүзеге асыру барысында туындаған косымша сұрақтарды шешуге арналған құқықтық қатынасты бекітеді. Жалпы және арнайы коллизиялық нормалар жүйесін қолдану кажеттілігі, бірнеше мемлекет аумағында орындалатын шарттарды карастырғанда пайда болады мысалы, (тасымалдау шарты). Қазақстан Республикасы үшін ТМД-ға мүше мемлекеттердің құқығын унификациялау мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Бұл халықаралық жария құқық мәселесін шешетін жағдай. Қазіргі кезде осы мәселені шешуге 1995 жылы 13 мамырда қабылданған ТМД елдері үшін заңнама акті ретінде ұсынылған Үлгілі азаматтық кодекс мүмкіндік береді. Осындай актілердің шығарылуы біртұтас құқық кеңестігін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құқық таңдау мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 3. Коллизиялық нормаларды пайдалану тәртібі ішкі мемлекеттік заңды пайдалану процесінен өзгешеленеді. Бұл процестің күрделілігі оның пайдалануындағы әртүрлі құқықтық жүйелердің өзара байланысы болуынан көрінеді. Сондықтан, олардың ерекше бөлушілік белгілері мен пайдалану сатылары болады. Бірінші сатыда - осы жағдайға коллизиялық норма пайдаланылады ма деген сұрақ анықталады, егер пайдаланылса, онда ол қай мемлекет құқығына сілтейді деген сұрақ анықталады. Екінші сатыда - коллизиялық норма сілтеген мемлекеттің заңы пайдаланылады. Егер бірінші сатыда, коллизиялық норма пайдаланылса, екінші сатыда, отандық не шетелдік материалдық құқық пайдаланылады. Екінші сатыда, жария тәртіп пен шетел заңының мазмұнын анықтаудың құқықтық сұрақтарын түсініп, шешу керек. Осы екі құқық пайдалану тәртібі халықаралық жария құқық шегінде жүзеге асады. Коллизиялық норманы пайдалану кезінде шетел азаматы мемлекет азаматына қарағанда мөлшері жағынан көбірек құқыққа ие бола алмайтындығын есте сақтау керек. Бұл ереже халықаралық байланыстағы, достастықтағы жеке және заңды тұлғалардың теңдігіне негізделген. Басқа сөзбен айтқанда, құқық пайдалану тәжірибесінде халықаралық жария құқықтағы субъектілердің арасындағы өзара байланыс өзаралықты тудырады. Бұл өзаралық материалдық және формальдық болады. Материалдық өзаралық тең өкілеттілік көлемін білдіреді. Формальдық өзаралық шетелдіктерге мемлекетттегі азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген өкілеттіктерге жақын өкілеттіктерді беруді білдіреді. Барлық жағдайда мемлекеттер материалдық өзаралықты қамтамасыз ете алмайды, оның себебі құқықтық жүйелердің өзгешелегі, сондықтан формальдық өзаралық қамтамасыз етіледі. Халықаралық жария құқықтың әртүрлі аспектілерін реттейтін халықаралық келісім-шарттар бірдей тұрғыны ұстанбайды: бір келісім-шарттар өзаралық қағидасын алып тастайды, басқалары оларға сілтеме жасауды қолдайды, үшіншілері (оны ұстанушылар саны өте көп) оны пайдалану туралы ештеңе көрсетпейді. Бұл жерде, мысал ретінде экономикалық байланыс туралы қазақстан-мысырлық келісім 1993 жылғы, қызығушылық тудырады, мұнда өзаралық қағидасы үлкен орын алады. Басқа мемлекет аумағында коллизиялық норманың сілтемесіне сәйкес шетелдің заңы пайдаланылса, өзаралық туралы сұрақ туады. Бұл жерде, коллизиялық сілтеме негізінде шетел заңы басқа мемлекет аумағында өзінің азаматтары мен заңды тұлғаларына беретін құқықтары сәйкес пе екені анықталу керек. Бұл жерде, басқа мемлекет қарсы шектеулер қоюы мүмкін, егер бірінші мемлекет екінші мемлекеттің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына шектеулер қойса. Көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өзаралық қағидасы бар. Көп жағдайда, өзаралық талабы белгілі бір міндеттемелерді орындаудың шарты болып келеді. Мәселен, Тауар таңбалары туралы заңының 35-бабында өзаралық қағидасы туралы тура айтылған: <<Шетелдің заңды және жеке тұлғалары Заңда көзделген, халықаралық келісім-шарттардың күшіне және өзаралық қағидасына сәйкес құқықтарды пайдаланады>>. АҚШ заңнамасында өзаралық қағидасына сілтеме сирек кездеседі, көбінесе бұл қағида халықаралық келісім-шарттарда қаралады. Коллизиялық нормаға түсініктеме жасау - коллизиялық норманы саралау деп аталады. Соттар қызметінің тәжірибесі көрсеткендей, саралау сот заңы арқылы жүзеге асады. Бір мемлекеттер заңында (АҚШ, Ұлыбритания) коллизиялық нормалардың саралауы туралы ережелер бар, екіншілерінде (Швейцария, Австрия) ондай ереже жоқ. Коллизиялық нормаларға түсініктеме бергенде ұлттық түсініктерді пайдалана отырып, олардың байламдарында шатасуға болады. Мәселен, шарт жасасу орны ретінде Жапонияда акцепт жіберу орны табылса; бұл жерде сөздің мағынасында әртүрлі ұғымдар болуы мүмкін, оны әдебиеттерде <<ашық коллизиялар>> немесе <<саралаудың қақтығысы>> деп атайды. Саралаудың қақтығысы көбінесе сот заңы (Lex fori) деп аталатын коллизиялық байламмен шешіледі. Бұл жерде, сот немесе аралық сот коллизиялық норманың әртүрлі түсінігімен кездеседі, сондықтан олар өз мемлекетіндегі азаматтық құқық түсініктемесіне сәйкес саралайды. Кейбір жағдайларда, шетелдегі мүлікке мұра алу мәселелеріне, шетел заңы қайтыс болған мұра қалдырушының азаматтығы заңымен шешуді көздейді, ал бұл мемлекеттің заңы мұра орналасқан мемлекеттің заңына сілтейді. Қайтыс болған азаматтың мемлекетінің соты <<қайта сілтемені>> қабылдау керек пе, әлде жоқ па? Біздің пікірімізше, мұндай сілтемені қабылдау мақсатқа лайықтылау болады. Шетел заңдары бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында қолданылмауы да мүмкін, себебі жария тәртіп ұғымы бар. Жария тәртіп туралы ескерту шетел заңын пайдаланудан және шетел заңының әсерінен пайда болатын құқықтарды пайдаланудан қорғаушы ретінде келеді. Францияның азаматтық заңнамасында жария тәртіпті пайдалану қажеттілігі жеке келісімдер <<қоғамдық тәртіп пен ізгі өнегелілікті>> бұзбау керектігімен дәлелденеді. Жария тәртіп туралы ескертулер, 1980 жылдың Грецияның азаматтық кодексінің 32-бабында, 1978 жылдың Австрияның халықаралық жария құқық туралы Заңының 6 параграфында, 1986 жылдың Қытайдың Азаматтық кодексінің бас қағидаларының 150 бабында, 1985 жылдың Парагвайдың азаматтық кодексінің 22-бабында көзделген. Германияның халықаралық жария құқық туралы заңының 6-бабының мазмұнына көңіл бөлген жөн: <<Германия құқығының негізгі қағидаларына сәйкес келмейтін салдарға әкелетін шетел заңын пайдалануға жол берілмейді>>. Бұл ереже 1980 жылдың 19 маусымында қабылданған Шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Конвенцияның 16-бабын ұқсас ережені білдіреді: <<Осы Конвенцияға сәйкес анықталатын құқық нормасын пайдалануға тыйым салынады, егер мұндай пайдалану сот мемлекетінің жария тәртібіне сәйкес келмесе>>. Шетел заңын пайдаланудан бас тарқан мемлекет өзінің бас тартуын сәйкесінше заң қабылдаумен немесе басқа актінің қабылдауымен заңдағы тапшылықтың орнын толтыру керек. Халықаралық жария құқық саласындағы практика көрсеткендей, жария тәртіп туралы ескерту азаматтық процесс сұрақтарына да пайдалануға бастады. Бұл ереже көрсеткендей, азаматтардан жауап алу, құжаттарды тапсыру және өзге де іс жүргізу әрекеттері бұл мемлекетте жүзеге асуы мүмкін, бірақ жария тәртіп туралы ескертуге сәйкес осы құжаттарда мемлекеттік немесе әскери құпия болатын мәліметтер болса онда бұл әрекеттерге жол берілмейді. АҚШ, Франция, Англияда пайдалануға жататын шетел заңы дауды шешуге маңызы бар іс жүзіндегі мән-жай ретінде қарастырылады. Басқа мемлекеттерге қарағанда ағылшын-американдық құқық мемлекеттері дәлелдеу құқығын қолданады. Бұл ережеге сәйкес, ек тарап та өзінің іс бойынша дұрыстығын көрсетіп, дәлелдеуге міндетті. Кейбір мемлекеттерде, мәселен, Германияда сот өзінің бастамасымен мазмұнын анықтайтын және шетел заңын пайдаланатын, егер шетел заңы дұрыс пайдаланылмаса, онда бұл сот шешімін қайта қараудың негізі ретінде болмайды. Бірақ, Қазақстан мен Ресейде шетел заңын дұрыс пайдаланбау сот шешімін қайта қараудың негізі болады. Қазақстандық заңнамада жария тәртіпке қатысты көзқарас қалыптаспаған, сондықтан мемлекеттің жария тәртібіне қарсы келген құқық оның аумағында пайдаланылмайды. Жалпы ереже бойынша, сот өзінің ұлттық заңын пайдаланады. Сот көбінесе, шетел заңының күшіне сәйкес алынған құқықтарды тани отырып, шетел құқығын танымайды, ол белгілі шетел заңының әсерінен пайда болған субъективтік құқықты таниды. Шетел құқығының белгілі бір нормаларын дұрыс пайдалану үшін пайдаланылатын норманың мазмұнын ұғыну керек, құқыққатынастарды реттеуге қаншалықты бұл норма сәйкес келетіндігін анықтау керек. Бүгінгі таңда, сот және іс бойынша тараптар шетел заңының мазмұнын өздері анықтайды. Сот шетел заңының мазмұнын анықтауға міндетті; бұл жерде ол тараптардың аргументтерімен шектелмеу керек, ол өзі шетел заңын анықтап, Әділет органдары арқылы оның мәтіндерін талап ету тиіс. Шетел заңы өзінің отанында сияқты пайдаланылуы тиіс және пайда болу мемлекетінде сияқты түсіндірілуі тиіс. Қазақстандық сот істің мазмұнынан қажеттілік туғанда ғана шетел заңын пайдаланалады. Қазақстандық соттар шетел заңын пайдалана отырып, оны шетел мемлекетіндегі түсініктемеге сәйкес түсіндіру керек. Осындай тәртіп ҚР Сауда палатасының жанындағы Аралық сотқа да таралады. Студент әрбір жағдайда, шетел заңы болмағанда судья дауды сот заңымен (Lex fori) шешетіндігін білу керек. Дәріс 3: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕНШІК ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ 1. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҰЛТТАНДЫРУ 3. ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ Дәріс мақсаты: ХДҚ-ғы меншік пен шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу сұрағын сипаттау. Дәріс міндеттері: 1. Меншік құқығы және халықаралық жария құқықтың ара қатынасын талдау; 2. Халықаралық жария құқықтағы ұлттандыру мәселесін сипаттау; 3. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу сұрағын талдау. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Богатырев А.Г. Инвестиционное право. М.: Российское право, 1992. * Gastel J.G. Extraterritoriality in International Trade Canada and USA compared. Toronto: Butterworths, 1988. * Leckey A. The 20 Hottest Investments for the 21st Century. Chicago: Contemporary Book, 1994. 1. Кез келген құқықтық жүйеде меншік құқығы институты орталық институттардың бірі, себебі ол басқа институттардың мазмұны мен нысандарын ашады. Сондықтан да, барлық мемлекеттердің Конституцияларында меншік институтының мазмұны ашылады. 1995 жылдың Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің нысанына қатыссыз қол сұғушылықтан қорғайды. Коллизиялық бастама - Lex rei sitae - мүліктің, заттың орналасқан жерінің заңы ретінде сипатталады және меншік құқығында қолданылатын негізгі қағидат болып келеді. Бұл қағидат халықаралық практикада жалпы танылған қағидат. Меншік құқығының сұрақтары бірнеше халықаралық келісім-шарттарда көтерілген: 1958 жылғы Халықаралық сатып алу-сату туралы Гаага Конвенциясында, 1948 жылғы Әуе кемелеріне құқықтарды халықаралық тану туралы Женева Конвенциясында, Бустаманте кодексінде және т.б. 1958 жылдың Гаага Конвенциясында меншік құқығы туралы сұрақтар шешілген. Меншік құқығы және мүліктің, тауардың жойылу қаупі ауысқанда мүлік, тауар орналасқан мемлекеттің құқығы пайдаланылады, - деп жазылған Конвенцияда. Сатылатын тауарға меншік сұрақтары 1980 жылғы Тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы БҰҰ Конвенциясында өз реттеуін тапқан. 1948 жылғы Женева Конвенциясы меншікке қатысты сұрақтарды әуе кемесі тіркелген жерінің құқығымен реттейді. Бустаманте кодексі меншік құқығына қатысты сұрақтарды мүлік орналасқан жерінің заңы қағидасымен шешеді. Жылжитын және жилжымайтын мүліктің орналасқан жерінің заңымен оның иелену мерзімі сұрақтары да шешіледі. Осы қағидамен көптеген мемлекеттердің меншік құқығы сұрақтары шешіледі. Германия мен Швейцарияда иелену мерзімі 10 жыл; осы мерзім өткен соң адал иеленуші оның меншік иесі болады (Германияның Азаматтық ережесінің 937-параграфы, Швейцарияның Азаматтық ережесінің 728-бабы). Бұл аталған нормаға сәйкес адал иеленуші - жеке және заңды тұлғалар Германияда немесе Швейцарияда орналасқан мүлікке меншік құқығын, осы мемлекеттердегі заңдарда көзделген иелену мерзіміне сәйкес оның меншік иесі болады. Қазақстанда да меншік құқығы мүлік орналасқан жерінің заңымен анықталады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы заттарды қозғалатын (жилжитын) және қозғалмайтын (жилжымайтын) деп бөледі. Бұл бөлу маңызды, себебі мұндай жіктеу затқа, мүллікке, тауарға қатысты қай мемлекеттің заңы пайланылатындығын дұрыс анықтайды. Бұл жерде, аса көңілді мемлекеттің үкіметтерімен жасалған концессиялық шарттарға бөлу керек. Қазақстан тарихында мұндай бірнеше шарттар қазан төңкерісіне дейін және кеңес өкіметі кезінде жасалған. Кеңес өкіметі кезінде жасалған шарттар заңды түрде бұзылмаған, соның салдарынан концессионерлер мемлекетті тастауға мәжбүр болған. Бұл Қазақстандағы концессиялық шарттардың кең етек алмауының себебі. Концессиялық шарттарды халықаралық деп атамауға болады. Бірақта, қалай болса да, мемлекет мұндай шарттарды бұзбау керек; егер мұндай шартты бұзу жария мүддеге байланысты болса, онда мемлекет концессионерге барлық залалдар мен жоғалтылған табыстың орнын толтыруға міндетті. Шетел мемлекеттері мен жасалған екі жақты келісім-шарттарда Қазақстан әкелінген тауарларға меншік құқығының ауысуын Қазақстан заңы негізінде шешеді. Мәселен, 1992 жылдың 2 қарашасында жасалған Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық байланыс туралы келісімнен көруге болады. Қазақстан Республикасының АК 259-бабындағы норманы: <<Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы>>, басқалай сипаттасақ, меншік иесі меншік құқығын жер бетінің кез келген аумағында тануды талап етуге құқылы. Қазақстанда алынған кез келген мүлік оның басқа аумаққа ауысуына байланыссыз алған меншік иесінің меншік құқығында қала береді. Мүліктің орналасу жерінің заңы адал иеленушінің мүдделерін меншік иесінің виндикациялық талабы бойынша қарсы шыққанда қорғауда негізгі басымдылық болып келеді. Егер қозғалмайтын мүлік Қазақстанның аумағында орналасса, онда меншікке қатысты сұрақтар да мүліктің орналасу жерінің негізінде шешіледі. Сыртқы сауда мәмілелеріне қатысты Қазақстанның заңы таңдау мүмкіндігін береді: шарт бойынша тараптар келісім негізінде мүліктің орналасу жерінің заңын немесе шарттың жасасу жерінің заңын пайдалану мүмкін. 2. Ұлттандыру - деп арнайы мемлекеттік органның шешімі негізінде жеке меншік иелерінің (отандық және шетел) мүліктерін мемлекеттің пайдасына алу, айналдыру. Шетел мемлекеттерінің заңнамасы қоғамдық мүдделердің негізінде өткізілетін ұлттандыруды өткізудің тәртібі мен тәсілдерін көздейді; міндетті шарт ретінде ұлттандырылатын мүліктің отандық және шетелдік меншік иесіне оның нақты құнын, адал төлемақысын төлеу табылады. Қазақстанда отандық меншік иелерінің мүлігін ұлттандырудың тәртібін белгілейтін норма жоқ. Бірақ, республикалық заңнама шетел кәсіпкерлерінің мүлкін ұлттандыруға тыйым салады. Мәселен, 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған <<Шетел инвестициялары туралы>> ҚР Заңының 7-бабында былай деп жазылған: <<Шетелдiк инвестицияларды Ұлт меншiгiне алуға, экспроприациялауға немесе оларға ұлт меншiгiне алу мен экспроприациялау (бұдан әрi - экспроприациялау) сияқты зардаптары бар өзге де шаралар қолдануға болмайды, бұған экспроприациялау тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып, қоғам мүдделерiне орай жүзеге асырылатын және пара-пар әрi тиiмдi өтем кемсiтпей дереу төленетiн жағдайлар қосылмайды>>. Жалпы алғанда, халықаралық жария құқық та, халықаралық жария құқық та ұлттандыру сұрағына жағымсыз қарамайды. Бұл мәселен, 1952 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған <<Жаратылыс байлықтары мен ресурстарына еркін үстемдік ету құқығы туралы>> БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясында көрсетілген, онда қоғамдық мүдделерді көздей отырып, ұлттандыру жүргізу нәтижесінде төлемақы жасалатын мемлекеттің ұлттандыруға құқығы танылған. Бірақ, біздің мемлекетте шетел инвесторларының мүліктерін ұлттандыруға тыйым салынады деген пікір қатаң ұстануда. Оның себебі, өткен ғасырдың 20-30 жылдары шетел концессионерлердің, кәсіпкерлердің мүліктері оның құны төленбей ұлттандырылды. Кеңестік құқықтық ғылым мұндай ұлттандыруды заңды деп таныды. Сонымен қатар, кеңестік ғылым жоғарыда аталған халықаралық-құқықтық актіге сілтеме де жасаған, шынында да, 1962 жылдың Резолюциясының 4 тармағында мемлекеттің қоғамдық мүддеге қатысты ұлттандыруды оның құнын толтыра отырып, жүзеге асыруы көзделген. Бірақ, норманы ары қарай оқысақ, онда <<меншік иесіне оның құны халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттің заңы негізінде төленеді>>, - деп көрсетілген. Қазіргі таңда, мемлекетке үлкен қаражаттар керек жағдайда, біздің заңнама шетел азаматтарының меншігін ұлттандыруға тыйым салған. Ақырғы 10-15 жылдың ішінде бірнеше Қазақстанның ірі кәсіпорындары шетел компанияларының қолына берілді. Мәселен, Қарағандының металлургиялық комбинаты ағылшындық <<Испат Интернэшнл>> фирмасына, АҚ Жезқазғанцветмет Оңтүстік Кореяның <<Самсунг>> фирмасына берілді. 3. Шетелдік инвестициялардың құқықтық режимі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, көптеген саясаткер және іскер топтардың көңіліне ілінді. Сыртқыэкономикалық қатынастардың кеңеюіне байланысты шетел инвесторларының Қазақстандағы өзгерістерге көңіл бөлуі және мемлекеттің кең байлығы шетел инвесторларының қатысуымен болатын қатынастарын реттейтін заңнаманың ары қарай жетілдіруін талап етті. Ол өз орнын 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында тапты. 4-баптың 3-тармағында көрсетілгендей, Қазақстанмен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттар оның заңдарына қарағанда басымырақ болады. Сонымен қатар, мемлекеттік меншік пен қатар, жеке меншікте мемлекеттің кепілдендірілген қорғауында болатындығы жарияланған. Шетел инвесторларының құқықтары Конституцияның 26-бабының 3-тармағына негізделеді: <<Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн>>. Осы баптың 4-тармағы әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығын бекітеді. Қазақстан Республикасымен алынған шетел несиелерін тартуды, пайдалануды, қызмет көрсетуді және оны жоюды мемлекеттік реттеуді нығайту мақсатында бір топ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік банктік мекемелер құрылған. 1995 жылдың 19 қантарындағы №2035 Қазақстан Республикасы Президентінің <<Қазақстан Республикасы экономикасына шетел капиталын тарту процестерін реттеу және мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеру шаралары туралы>> жарлығында шетел инвестициялары саласында мемлекеттік басқару және реттеудің орталық органына - Экономика министрлігі, ал шетел қаржы көмегі және Қазақстанның сыртқы қарыздарын басқару бойынша - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған. Осы жарлыққа сәйкес Қазақстанның қарыздарына және займдарына қызмет көрсететін банктердің қызмет аясын белгіледі. Халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел мемлекеттерінің несиелері бойынша заемшы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі танылды. Қазақстандағы инвестиция саласындағы бақылау мен басқарудағы мемлекеттік реттеуді нығайту мақсатында 1997 жылы Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті құрылды. Бұл орган Қазақстан Республикасына келетін тікелей инвестицяларды қолдайтын бірінші мемлекеттік орган болды. Комитеттің міндеттеріне отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі бірыңғай саясатты жүргізу, мемлекеттің экономикасының басымды салаларына тікелей инвестицяларды тартуды мемлекеттік қолдау және заңда көзделген шектерде өз өкілеттігінің мөлшерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын басқару жатады. Комитет Үкіметтің жер қойнауына лицензия беретін жұмыс органы болып табылады және жер қойнауын пайдаланушылармен контракт жасасатын Үкітеттің жалғыз ғана органы. Комитеттің негізгі міндеттеріне жатады: Қазақстан Республикасының даму стратегиясының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау; Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайын жақсарту және тікелей инвестицияларды ынталандыру бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторлармен жұмысты тиімді жүргізу жүйесін құру және т.б. (1997 жылғы 4 желтоқсандағы Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті туралы Ереженің 7-тармағы). Шетел әріптестердің сенімін жоғалтпау үшін Қазақстанның Үкіметі үкіметтік кепілдікке берілген несиелер бойынша қарыздарды жою бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай жағдайларды тууы біріншіден, алынатын табыстың белгісіз мөлшерде болуы, үкіметтік кепілдіктердің негізсіз берілуі және тәжірибенің болмауы табылады. 1995 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының премьер-министрімен шетел несиелері бойынша уақыты өтіп кеткен, заемшы-кәсіпорындардың қарыздарын жоюды қамтамасыз ету жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы өкімі шығарылды. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экспорт-импорт банкі белгіленді. Комиссия айына бір рет үкіметке есеп беруге міндетті болды. Бұл комиссия банкіге берілген несие алу бойынша жобаларды қарастыруды тоқтатуға құқылы және қарыздарды алу жөнінде шешім қабылдайды. Сонымен, Қазақстанда шетел инвсетицияларымен жұмыс істейтін қызмет бөлетін Экономика министрлігі және Қаржы министрлігі, Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті, екі банкі және бірнеше органдар қызмет істейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өзінің инвестициялық саясатын және бағдарламаларын инвестицияларды тарту мақсатымен жүзеге асырады және мемлекет осы салада заңдар, қаулылар, жарлықтар қабылдайды. Қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер инвестициялық саясатты жүзеге асырудың құралы. Мемлекет сыртқыэкономикалық, инвестициялық қызметті монополиялаудан бас тартса да, шетел мемлекетінің капталының қатысуымен құрылған кәсіпорындарды бақылауға міндетті. Қазақстанның бірінші <<Шетелдік инвестициялар туралы>> заңы 1990 жылы қабылданса, екінші заң Қазақстан Республикасы кезінде 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданды, кейіннен 2003 жылдың 1 тамызында № 373 Заңымен күші жойылды. Бұл заң шетелдiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының экономикасына тартудың басты құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлеген, шетелдiк инвестицияларды қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн бекiткен, оларды жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын, шетелдiк инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлеген. Заңда Инвестицияларға анықтама берілген: табыс алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне салынатын мүлiктiк және санаткерлiк қазыналардың барлық түрi, оның iшiнде: - жылжитын және жылжымайтын мүлiк пен мүлiктiк құқықтар, ұстап қалу құқығы, импортталған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары; - акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары; - облигациялар мен басқа да борыштық мiндеттемелер; - ақша сомаларын, тауарларды, қызмет көрсету және инвестицияларға байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету; - авторлық құқықтарды, патенттердi, тауарлық белгiлердi, өнеркәсiп үлгiлерiн, технологиялық процестердi, ноу-хауды, нормативтiк-техникалық, сәулеттiк, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттаманы қоса, санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқық; - қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензияға негiзделген немесе мемлекеттiк орган өзге де нысанда берген кез-келген құқық. Қаралып отырған заң бойынша шетелдiк инвесторға жататын тұлғалар белгіленген, оларға: шетелдiк заңды тұлғалар; шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шет елде тұрақты тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, бұл орайда олар шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жерi орналасқан елде тiркелген болуы керек; шет мемлекеттер; халықаралық ұйымдар жатады. Алғашқы рет қазақстандық заңнамада бірлескен кәсіпорынның анықтамасы осы заңда берілген. Бiрлескен кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр бөлiгi шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. Заңның екінші бабында шетел инвестицияларының объектілері анықталған. Шетелдiк инвестициялар Қазақстан Республикасының заң құжаттарында осындай инвестицияларға тыйым салынбаған кез келген объектiлерге және қызмет түрлерiне салынуы мүмкiн. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу ішкі заңнамамен қатар, халықаралық келісім-шарттармен реттеледі. Қазіргі таңда, келесі атаулары бар келісім-шарттар бар: капитал салымдарын көтермелеу және өзара қорғау туралы. Мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның да инвестициялық саясаты шетел мемлекеттерінің капитал салымдарын көтермелеуге бағытталған. ҚР-сы осындай келісім-шарттарды Түркиямен, Германиямен, Франциямен жасасқан. Осы келісімдер бойынша Қазақстан өзіне келесі міндеттемелерді алды: - шетел мемлекеттерінің фирмаларына қолайлы жағдай режимін қамтамасыз етуді; - шетел фирмалары мен азаматтарының меншігіне тиісінше қорғау беру; - ақша табыстарының аударымын кедергісіз қамтамасыз етуді. Осындай келісімдерің маңызын келесі жағдайлардан көруге болады. Біріншіден, олар арқылы Қазақстан шет елдерде өзінің азаматтарының құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін алады; өз кезегінде шетел мемлекеті осындай мүмкіндікті өз азаматтарына алады. Екіншіден, осындай келісімдер шетелдік инвесторлардың капиталдарына кепілдік, сенімділік және қорғау дәрежесін береді. Олар өзінің капиталдарына сенім артады, себебі олардың капиталын тек ішкі мемлекеттік заңнама ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықта кепілдендіреді. Үшіншіден, шетел мемлекетіндегі қазақстандық инвесторлар өздерінің капиталдарына қорықпай-ақ, олардың жағдайын ауырлататын ішкі мемлекеттік заңдар қабылданса да, халықаралық келісім-шарт қолданатындығына сенім артады. Бұл ереже мемлекеттердің өзара байланысындағы тұрақты шарт - халықаралық құқықтың императивтік нормасы. Шетелдік инвестицияларды реттейтін келесі топ халықаралық келісім-шарттары: екі жақты табыстар мен мүлікке салық салуды жою туралы шарттар. Қазақстан мұндай келісім-шарттарды АҚШ-пен, Италиямен, Ұлыбританиямен, Польшамен, Венгриямен жасасты. ТМД мемлекеттері шетелдік инвестициялар саны ұлғайсын деп есептесе, онда мемлекеттер оның ішінде Қазақстан үлкен кепілдіктер беруге тиіс. Қазақстан 1985 жылы қабылданған Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі агенттік туралы Сеул Конвенциясын қабылдады. Агенттіктің бас функциясы ретінде Сеул Конвенциясына қатысушы-мемлекеттердің инвестициялармен мүмкін болатын коммерциялық тәуекелдерге қатысты сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шарттарын жасасу табылады. Агенттік дамушы мемлекеттерге инвестицияларды тарту мақсатымен қосымша төлемдер жасауға құқылы. Қазіргі таңда, агенттіктің мүшесі болып 100-ден артық мемлекеттер табылады. 1965 жылдың 18 наурызында қабылданған <<Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi>> Вашингтон Конвенциясының (ИКСИД Конвенциясы) да маңызы зор. Бұл Конвенцияның қатысушылар саны да 100-ге жуық. Осы халықаралық келісім-шартта осы Конвенцияның жүзеге асыру механизмі бар. Мәселен, бұл актіде Халықаралық салу және даму банкісінің (МБРР) жанында инвестициялық дауларды шешу жөнінде Орталықты құру жағдайлары көзделген. 1992 жылы Қазақстан бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарының мүшесі болу туралы Заң қабылдады. Шетелдік инвестормен жасалған инвестициялар туралы Келісім-шарт инвестицияларды жүзеге асыруда үлкен роль атқарады. Шетелдік инвестицияларды реттейтін шарттар әртүрлі түрлерге бөлінеді: 1) концессиялық шарт; 2) өнімді бөлу туралы шарт. Инвестиция деген не? Бұл ұғымды сипаттайтын әртүрлі пікірлер бар. <<Инвестиция>> деген сөз (investment) қазақ тіліне аударғанда <<капиталдық салым, капитал салымы>> деген мағына береді. Инвестициялар мемлекеттік және жеке болады. Олардың арасында келесідей айырмашылықтар бар. Мемлекеттік несиелер - бір немесе бірнеше мемлекеттермен бір мемлекетке берілетін заем немесе несиелер. Жеке инвестициялар - бір мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларымен екінші мемлекеттің осындай шаруашылық субъектілеріне берілетін инвестициялар. Шетелдік инвестицияларға анықтама берген жөн. Шетелдік инвестициялар - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу, сондай-ақ оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына заемдар (несиелер) беру нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар және Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарында көзделген шарттармен лизинг нысаналарын беру. Шетел инвестициялары заем және несие, тікелей және портфельдік деп жіктелуі мүмкін. Бірінші топ инвестицияларды ссудалық капитал деп атасақ, екінші топты - кәсіпкерлік капитал деп анықтаймыз. Тікелей шетелдік инвестициялар - оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар жаңадан құрылған және жұмыс істеп жатқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялар. Портфельдік шетелдік инвестициялар - шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялардың өзге де түрлері (акция, облигация және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу). Шетелдік инвестициялар келесі нысандарда жүзеге асуы мүмкін. Инвестициялау пайда (табыс) алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне шетелдiк инвестициялар салуды жүзеге асыруға байланысты қызмет. Инвестициялау бірлескен кәсіпорынның акцияларын, басқа да бағалы қағаздарын сатып алу түріндегі үлестік қатысу нысанында бола алады. Инвестициялаудың келесі нысаны - шетелдік капиталға толығымен тиесілі кәсіпорынды құру табылады. Қазақстандағы шетелдік инвесторларға мемлекет мүлкін жекешелендіру процесіне қатысу мүмкіндігі берілген. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлар кәсіпорындар құруға, филиалдар мен өкілдіктер ашуға т.б. заңдарда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру құқылы. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығын Қазақстан экономикасының тау-кең және - мұнай-энергетика салалары тудырады. Осындай көптеген кәсіпорындар бар. Мәселен, Семей аумағында НАК Алтынмыс, БК Тенгизшевройл, БК Қазақтүркмұнай т.б. Сонымен, Қазақстан аумағында 1500 жуық бірлескен кәсіпорындар бар. Инвестордың мәртебесі. Шетелдік инвестордың мәртебесін анықтау үлкен практикалық маңызы бар мәселе. Егер қандай да бір заңды немесе жеке тұлға шетелдік инвестор деп танылса, онда ол жергілікті және халықаралық заңнамамен көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктерге ие және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқық алады. Шетелдiк инвесторлар құрамына келесі тұлғалар кіреді: - шетелдiк заңды тұлғалар; - шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шет елде тұрақты тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, бұл орайда олар шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жерi орналасқан елде тiркелген болуы керек; - шет мемлекеттер; - халықаралық ұйымдар. Осылардың ішінде ең басты инвестор ретінде шетелдiк заңды тұлғалар танылған. Ұлттық заңнама бойынша шетелдiк заңды тұлға деп - шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсiпорын, ұйым, қауымдастық және т.б.). Шетелдік инвестор ретінде көбінесе шетел қатысатын кәсіпорындар табылады. Шетел қатысатын кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және шетелдiк кәсiпорын немесе бiрлескен кәсiпорын нысанында iс-қимыл жасайтын заңды тұлға. Шетелдiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, толығымен шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. Бiрлескен кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр бөлiгi шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тiркеуге арналған Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Шетел қатысатын кәсiпорын осы тәртiп бойынша көзделген құжаттардан басқа мыналарды табыс етуге тиiс: а) шетелдiк заңды тұлға үшiн сол субъект өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен алынған көшiрме немесе басқа құжат, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге; б) шетелдiк жеке тұлға үшiн жеке тұлғаның өзiн куәландыратын паспортының немесе басқа құжатының көшiрме нұсқасы, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге. Шетел қатысатын кәсiпорындардың кейбiр түрлерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi заң құжаттарымен қосымша құжаттарды табыс ету қажеттiгi көзделуi мүмкiн. Келесі топ инвесторларға шетелдік жеке тұлғалар жатады. Капитал салымдарын көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерде <<инвестор>> ретінде бір тараптың заңнамасына сәйкес келісуші тараптардың бірінің азаматы болып келетін жеке тұлға түсіндіріледі. Бұл - кең таралған ереже. Бірақ, ескертулер де болады. Мәселен, ТМД мемлекеттері мен Германия арасындағы келісім-шарттарда инвестор ретінде мемлекет азаматы емес, мемлекет аумағымен байланысы бар тұлға түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтсақ, оның негізі ретінде азаматтық емес, белгілі бір аумақта тұрақты тұру қағидасы жатыр. ТМД мемлекеттерінің алғашқы заңдарында шетелдіктерге ұлттық режим берілген, қазіргі таңда ең қолайлы жағдай режиміне көшу тенденциясы байқалады. Шетелдіктерге болу мемлекетінің заңын сақтауды және антимонополиялық заңнаманың нормаларын да сақтауда міндет қояды. Шетел азаматын инвестор ретінде танудың бір негізі - шаруашылық қызметті атқарушы ретінде азаматтығы мемлекетінде немесе тұрақты тұрғылықты мемлекетінде тіркелу табылады. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы туралы заңнамада шетел азаматтарына Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысуда қазақстанның азаматтарымен бірдей тең құқықтар мен міндеттер берілген. Мемлекеттер мен халықаралық инвесторлар инвестор ретінде басқа мемлекеттерде бола алады. Мемлекеттің жеке құқықтық инвестициялық қатынастарға қатысуынан оның халықаралық инвестициялық қатынастарға қатысуынан айыра білу керек. Мемлекет туралы сөз көтере отырып, оның инвестициялық қатынастарда иммунитеті болатындығын ескерген жөн. Мәселен, мемлекет иммунитетін пайдаланса, онда мемлекет сыртқыэкономикалық, инвестициялық қызметті жүзеге асыра отырып, әріптесімен қатынаста дау туса, әріптесі мемлекетті сотқа жауапқа тарта алмайтын болады. Бұл жағдайдың себебі, мемлекет тәуелсіздік, егемендік және юрисдикция сияқты белгілермен сипатталады. Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттерге қатысты сотқа талап арыз беру мүмкіндігі туып отыр. Мұның бұлай болуы мемлекет жеке қатынастарда басқа субъектілермен тепе-тең түсуімен түсіндіріледі. Халықаралық ұйымдардың ішінде шетелдік инвестор ретінде халықаралық банкілер табылады. Бұл субъектіні біз халықаралық есептер мен несиелер тарауында толығымен қарастырамыз. Шетелдік инвесторлар үшін жағдай тудыру және кепілдіктерді қамтамасыз ету. Ұлттық режим негізінде шетелдік инвесторлар ұлттық кәсіпкерлерге, жергілікті инвесторларға теңестіріледі. Ең қолайлы жағдай режимі негізінде барлық шетелдік инвесторлар бір-біріне теңестіріледі; бір мемлекеттің шетелдік инвесторларына берілген инвестициялық қызметтің жағдайлары басқа мемлекеттің (мемлекеттердің) инвесторларына да беріледі. Осы екі режим мемлекеттермен өзара бастауларда инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы мемлекетаралық келісім негізінде жүзеге асырылады. Әртүрлі мемлекеттермен әртүрлі режимдер белгіленуі мүмкін. Белгілі бір режимді бергенде мемлекет шетел кәсіпкерлерінің салымдарына тең құқылы және әділді режимді беру жөнінде міндеттеме алады. Бірақ, мемлекет аралас та режимдер белгілеуі мүмкін. Ұлттық режимде де шетелдік инвесторларға белгілі бір шектеулер қойылуы мүмкін. Сонымен қатар, ұлттық және өзге де режимдерде ұлттық экономиканың белгілі бір салаларына жеңілдіктер мен артықшылықтар да берілуі ықтимал. Шетелдiк инвестициялардың кез келген нысандары мен соларға байланысты, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым салынбаған қызмет осындай жағдайда Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының немесе заңды тұлғаларының, не өзге де кез келген шетелдiк жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың инвестицияларына қаншалықты қолайлы жағдайлар жасалатынына қарай, олардан қолайлылығы жағынан кем түспейтiн жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың режимінің жалпы ережесі. Бұл режим: а) басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларына осы мемлекеттермен, не халықаралық конвенцияларға сол мемлекеттермен бiрлесiп қатысу арқылы жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы беретiн артықшылықтарға; б) Қазақстан Республикасының заң құжаттарында тiкелей көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды. Сонымен қатар, экономика мен әлеуметтiк саланың басымдық берiлген салаларында шетелдiк инвестициялар үшiн белгiленуi мүмкiн. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгiне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шетелдiк инвесторлардың немесе шетел қатысатын кәсiпорындардың инвестициялық қызметi шектелетiн немесе оған тыйым салынатын аумақтар белгiленуi мүмкiн. Қазақстан шетелдік инвесторларға қандай кепілдіктер береді? Жалпы ереже бойынша, Қазақстан соғыстың немесе басқа да қарулы жанжалдың, революцияның, төтенше жағдайдың, азаматтық қақтығыстардың немесе сондай жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ заңсыз қалыпты құжаттар мен шешiмдер қабылдауға немесе мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерi жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасында нұқсан келтiрiлген шетелдiк инвесторларға өтем төлеген кезде қолайлылығы жағынан жоғарыда көрсетiлген жағдайлар салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары зиянының орнын толтыруда қолданылатыннан кем емес режим жасалады деген кепілдік береді. Сонымен қатар, Қазақстан экспроприациялаудан қорғау кепiлдiктерiн береді. Шетелдiк инвестицияларды Ұлт меншiгiне алуға, экспроприациялауға немесе оларға ұлт меншiгiне алу мен экспроприациялау сияқты зардаптары бар өзге де шаралар қолдануға болмайды, бұған экспроприациялау тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып, қоғам мүдделерiне орай жүзеге асырылатын және пара-пар әрi тиiмдi өтем кемсiтпей дереу төленетiн жағдайлар қосылмайды. Экспроприацияланатын инвестициялардың өтемi инвесторға экспроприациялау туралы белгiлi болған кездегi әдiлеттi рыноктық құнға тең болуға тиiс. Өтем экспроприация күнiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн ставка бойынша өтем төленетiн күнге дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiстi ақшаны пайдалану үшiн төленетiн ақыны қамтуға тиiс. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекетiнен қорғау кепiлдiктерiн де Қазақстан шетелдік инвесторларға берді. Бұл ереже Заңның 8-бабында көзделген: <<Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзып қабылдаған және шетелдiк инвестордың құқықтық жағдайын нашарлататын актiлерiнiң заңды күшi болмайды>>. Шетелдік инвестициялар туралы Заңда заңдар өзгергендегі кепілдіктер де бар. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы нашарлаған ретте шетелдiк инвестицияларға 10 жыл бойы инвестицияларды жүзеге асырған кезде қолданылған заңдар қолданылады, ал мемлекет уәкiлдiк берген органдармен жасалған ұзақ мерзiмдi (10 жылдан астам) келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылатын инвестицияларға, егер келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, келiсiм-шарт қолданылатын мерзiм аяқталғанға дейiн қолданылады. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы жақсарған ретте шетелдiк инвестор мен республиканың өкiлi болып табылатын уәкiлеттi мемлекеттiк органның арасындағы келiсiм-шарттардың жекелеген ережелерi қатысушылардың экономикалық мүдделерiн теңдестiруге қол жеткiзу мақсатымен тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Лицензия негiзiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде осы баптың бiрiншi тармағында көзделген кепiлдiк бiрiншi тармақта белгiленген мерзiм iшiнде - лицензияның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн, ал оны ұзартқан жағдайда лицензия ұзартылған мерзiм аяқталғанға дейiн сақталады. Бұл талаптар қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк пен денсаулық сақтау және адамгершiлiк аясындағы Қазақстан Республикасы заңдарына енгiзiлген өзгерiстерге қолданылмайды. Заңдарға осы салаларда шетелдiк инвестордың жағдайын нашарлататын өзгерiстер енгiзiлген кезде шетелдiк инвесторға инвестицияланған валютаға, не шетелдiк инвестордың Қазақстан Республикасымен келiсiмiнде белгiленген шетелдiк валютаға пара-пар және тиiмдi өтем кiдiрiссiз төленуге тиiс. Осы ережеде белгiленген кепiлдiктер акцизделетiн тауарларды импорттау мен (немесе) өндiру, және (немесе) өткiзу, сондай-ақ өңдемей сатуға арналған тауарларды импорттау тәртiбi мен шарттарын (оның iшiнде салық салу мәселелерi мен мемлекеттiк реттеудiң өзге де шараларын) өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiне енуiне және (немесе) өзгерiстерiне қолданылмайды. Шетелдік инвесторлар кірістерді өз қалауы бойынша пайдалана алады, соған байланысты Заң кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерiн береген. Шетелдiк инвесторлар өз қызметiнен алған кiрiстердi өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қайта инвестициялау үшiн, тауарлар сатып алу үшiн және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да мақсаттар үшiн пайдалануға құқылы. Шетелдiк инвесторлар кiрiстерi мен басқа да қаражаттарын сақтау және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының банкiлер туралы және валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы банкiлерде ұлттық және шетелдiк валютамен есепшот ашуға құқылы. Шетелдiк инвесторлар валюта операцияларын Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген рәсiмдерге сәйкес салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер төленген жағдайда, шетелдiк инвестицияларға байланысты Қазақстан Республикасына және одан шетелдiк валютамен ақша аударымдарының бәрi еркiн және кiдiрiссiз жүзеге асырылады. Мынадай аудармаларға, атап айтқанда, мыналар енгiзiледi: а) кiрiстер; б) келтiрiлген зиян үшiн алынған өтемдер мен төлемдер; в) өз мүлкiн сатудан алынған қаражат; г) инвестициялардың бiр бөлiгiн немесе бәрiн сатудан немесе жойып жiберуден түскен ақша; д) басқа да көздерден заңды түрде алынған қаражат. Шетел қатысатын кәсiпорын валюталық реттеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша шетел валютасымен есеп айырыса алады. Шетелдiк инвестор мен шетел қатысатын кәсiпорын өзiне тиесiлi ұлттық валютаға еркiн билiк жүргiзуге хақылы. Қазақстанда шетелдік инвестицияларға рұқсаттық тәртіп енгізілген. Лицензиялық (рұқсаттық) тәртіптің ерекшелігі шетелдік инвестордың жағдайын анықтап оны бақылаудан көрінеді. Қазақстандағы кәсікерлердің қызмет бақыланатындығы сияқты, шетелдік инвесторлардың қызметі де бақыланады. Сондықтан, Заң тексеру кезінде де шетелдік инвесторларға кепілдіктер берген. Шетелдiк инвестордың қызметiн тексерудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру құқығын Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен осы құқық арнайы берiлген мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғалар ғана пайдаланады. Шетел қатысатын кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Мемлекеттiк салық, санитариялық және басқа инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының тексерулерi олардың құзыретiне сәйкес жүзеге асырылады. Шетелдiк инвесторлар бұл органдардың өз құзыретiне жатпайтын мәселелер жөнiндегi талаптарын орындамауға және олардың қызметi мәнiне қатысы жоқ материалдармен таныстырмауға құқылы. Инвестициялау процесі әртүрлі нысандарда болады. Олардың бірі болып және үлкен қызығушылықты тудыратын мәселе ретінде шетел қатысатын кәсiпорындарды құру және тарату табылады. Шетел қатысатын кәсiпорындар шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандарда құрылуы мүмкiн. Егер Заңдарда өзгеше көзделмесе, шетел қатысатын кәсiпорындар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары құрылатын тәртiп бойынша құрылады. Шетел қатысатын кәсiпорынның жарғылық капиталының қалыптастырудың мөлшерi, тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. Жарғылық капиталға салымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша үйлер, ғимараттар, жабдықтар және басқа да материалдық қазыналар, жердi, суды және басқа да табиғи ресурстарды, сондай-ақ интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықты қоса алғанда, өзге де мүлiктiк құқықтарды пайдалану құқығы түрiнде енгiзiлуi мүмкiн. Жарғылық капитал кәсiпорындардың шаруашылық қызметiн алынатын пайда мен басқа да түсiмдер есебiнен, ал қажет болған жағдайда оған қатысушылардың қосымша салымдары есебiнен де толықтырылып отыруы мүмкiн. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс. Қазақстандық және шетелдiк қатысушылардың бiрлескен кәсiпорынның жарғылық капиталындағы мүлiктiк салымдарының үлестерi қатысушылар арасындағы уағдаластық бойынша заңды тұлға тiркелген күнгi дүниежүзiлiк рыноктың бағасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағаларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де, шетелдiк валютамен де белгiленедi. Жарғылық капиталға салымды бағалауды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Жарғылық капиталдың ақшасы Қазақстан Республикасында тiркелген уәкiлеттi банкiде сақталуға тиiс. Шетелдiк инвесторлар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ретiнде құрылған акционерлiк қоғамнан акциялар жабық не шаруашылық серiктестiктен үлес сатып алу жолымен шетелдiк инвестицияларды жүзеге асырған жағдайда бұл заңды тұлғалар шетел қатысатын кәсiпорын ретiнде белгiленген тәртiп бойынша қайта тiркелуге тиiс. Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тiркеуге арналған Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Шетел қатысатын кәсiпорын осы тәртiп бойынша көзделген құжаттардан басқа мыналарды табыс етуге тиiс: а) шетелдiк заңды тұлға үшiн сол субъект өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен алынған көшiрме немесе басқа құжат, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге; б) шетелдiк жеке тұлға үшiн жеке тұлғаның өзiн куәландыратын паспортының немесе басқа құжатының көшiрме нұсқасы, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн, шетел қатысатын кәсiпорындар алуға мiндеттi лицензиялар жалпы және арнаулы лицензиялар болып бөлiнедi. Жалпы лицензиялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiк нысандары мен мемлекеттiк бағынысына қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн лицензия алу мiндеттi болып табылатын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне қатысты. Шетел қатысатын кәсiпорындардың мұндай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Арнаулы лицензиялар шетел қатысатын кәсiпорындар жөнiнде ғана лицензия алу қолданылатын қызмет түрлерiне қатысты. Мұндай қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен белгiленедi. Сонымен қатар, шетелдік заңды тұлғалардың жүзеге асыру нысандарының бірі ретінде филиалдар мен өкілдіктер табылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, осы заңды тұлға мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн атқаратын оқшау бөлiмшесi болып табылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның өкiлдiгi оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, шетелдiк заңды тұлғаның мүдделерiн қорғайтын және оған өкiлдiк ететiн оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi болып табылады. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болмайды. Оларға өздерiн құрған шетелдiк тұлға мүлiк бөледi және олар осы заңды тұлға бекiткен ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды. Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын шетелдiк заңды тұлға тағайындайды және олар өздерiне берiлген сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасайды. Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасында шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы органдар тiркейдi. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген ортақ ережелер бойынша жүргiзiледi. Тiркеуге арналған құжаттар нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге табыс етiледi. Шетел қатысатын кәсiпорын заңдарда белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде заңды тұлға құқықтары бар еншiлес кәсiпорындар, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктер құра алады. Шетел қатысатын кәсiпорындардың филиалдары мен өкiлдiктерi заңды тұлға болмайды және өздерi туралы шетел қатысатын кәсiпорындар бекiтетiн ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi. Мемлекеттер көптеген халықаралық келісім-шарттар жасасады, инвестициялық даулар да олардың ішінде үлкен роль атқарады. Заң инвестициялық даулардың тәртібін анықтаған. Инвестициялық даулар, мүмкiндiгiнше, келiссөздер арқылы шешiледi. Егер мұндай дауларды дауласушы кез келген бiр тараптың екiншi тарапқа жазбаша өтiнiш жасаған күнiнен бастап үш ай iшiнде келiссөз арқылы шешу мүмкiн болмаса, шетелдiк инвестордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда дау кез келген тараптың қалауы бойынша: 1) Қазақстан Республикасының сот органдарына; 2) дауларды шешудiң келiсiлген, соның iшiнде келiсiм-шартта немесе дауласушы тараптар арасындағы кез келген өзге келiсiмде белгiленген рәсiмге сәйкес мынадай төрелiк органдарының бiрiне: а) егер инвестордың мемлекетi Вашингтонда қол қою үшiн 1965 жылғы 18 наурызда ашылған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi конвенцияның (ИКСИД Конвенциясы) қатысушысы болса, сол Конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа; б) егер инвестордың мемлекетi ИКСИД Конвенциясының қатысушысы болмаса, Орталықтың Қосымша (Қосымша органның Ережелерi бойынша жұмыс iстейтiн) органына; в) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi Комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелiк регламентiне сәйкес құрылатын төрелiк органдарына; г) Стокгольмдегi Сауда Палатасының Төрелiк институтында төрелiк етiп қарауға; д) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы жанындағы Төрелiк комиссиясына шешуге берiлуi мүмкiн. Шетелдiк инвестор дауларды қараудың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген рәсiмiн таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының келiсiмi алынған болып топшыланады. Шетелдiк инвестордың келiсiмi уәкiлеттi мемлекеттiк органға кез келген уақытта жазбаша өтiнiш беру арқылы немесе төрелiкке жүгiнген кезде берiлуi мүмкiн. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган дауды шешудiң бастамашысы болған, ал шетелдiк инвестор дауларды қараудың белгiлi бiр рәсiмiн таңдаудан жалтарған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган дауды бiтiмгершілiкпен реттеу мақсатымен шетелдiк инвесторға бiрiншi рет жазбаша хабарлаған күнiнен бастап үш ай өтiсiмен уәкiлеттi орган дауды Қазақстан Республикасының сот органдарына қарауға беруге хақылы. Шетелдiк инвестор 2-тармақта көзделген дауларды шешудiң өзге рәсiмiн таңдағаны туралы жазбаша өтiнiш берген жағдайда iстi қараушы сот iс жүргiзудi тоқтатады. Осы жерде кез келген төрелiк iстi қарау, егер шетелдiк инвестор мен уәкiлеттi мемлекеттiк орган арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йоркте қол қойылған Шетелдiк төрелiк шешiмдердi тану және орындау туралы Конвенцияға (Нью-Йорк Конвенциясы) қатысушы мемлекетте өтуге тиiс. Осы жерде шығарылған кез келген төрелiк шешiм инвестициялық дау тараптары үшiн түбегейлi және мiндеттi болады. Қазақстан Республикасында мұндай шешiм Қазақстан Республикасы сот органдарының шешiмдерi ретiнде де орындалады. Шетелдiк инвесторлардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен инвестициялық дау санатына жатпайтын дауларын, егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының сот органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешедi. Дәріс 4: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ МЕН ҚЫЗМЕТІ 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫ Дәріс мақсаты: ХДҚ субъектілерін қарастыру. Дәріс міндеттері: 1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін ашу; 2. Халықаралық жария құқықтағы заңды тұлғалардың мәртебесі мен қызметін сипаттау; 3. Халықаралық жария құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуын қарау. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Богуславскиий М.М. Иммунитет государства. М., ИМО, 1962. * Галкин И. Совместные предприятия в Польше //Внешняя торговля, 1991. №10. * Деятельность совместных и инностранных предприятий. - Қаржы-Қаражат. Финансы Казахстана, 1998. №4. * Лунц Л.А., Марышев Н.А., Садиков О.Н. Международное частное право: Учебник. М.: Юрид. лит., 1984. * Международное частное право. Учеб. Пособие /Г.К. Дмитриева, А.С. Довгерт, В.П. Панов, Н.А. Шебанова и др. М.: Юрист, 1993. * Хлестова И.О. Проблемы юрисдикционного иммунитета инностранного государства в работе Комиссии Международного права //Советский ежегодник международного права, 1988. М., 1989. 1. Жеке тұлғаның жеке заңы. Жеке тұлғаның жеке заңын қолдану аясына жеке тұлғаның азаматтық құқықтық мәртебесі, оның құқығы мен әрекет қабілеттілігі, жеке құқықтары, неке және отбасы қатынастары мен мұрагерлік қатынастарға байланысты құқықтары жатады. Жеке заң екі вариантта қолданылады: азаматтық заң (ұлттық заң) Lex patriae және тұрғылықты жер заңы Lex domicilii. Азаматтық заң бұл жеке тұлғаның азаматтығы болып табылатын мемлекеттің заңына бағынуды айтамыз. Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғаның тұрақты мекен-жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз. Жеке тұлғаның азаматтық заңы соңғы кездері Еуропа мемлекеттерімен қоса алғанда көптеген мемлекеттерде үстемдік түрде қарастырылып келеді. Бұл азаматтық заңның қолданылуына себеп болған 1804 жылғы тарихи Француз Азаматтық кодексі. Онда шетелде жүрген француз азаматтарының әрекет кабілеттілігі пен азаматтық жағдайы ұлттық заңымен анықталады делінген. Кейіннен <<ұлттық заң>> мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде, 1896 жылы Герман Азаматтық заңдарында бекітілді. Қазіргі кезде Норвегия, Дания, Исландия мемлекеттерінен басқа, латын америкалық (Куба, Коста-Рика, Панама т.б.) және араб мемлекеттерінде (Алжир, Египет т.б.) азаматтық коллизия кағидасын қолданады. Ал англо-американдық құқықтағы домицилия концепциясы басқа құқық жүйелеріне қарағанда ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген. Англо-саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша пайда болу (шыққан тегі) домицилиясы мен (domicil of origin) және таңдау домицилиясына (domicil of choice) бөлінеді. Мысалы, некемен туылған балаға әкесінің домицилиясы, некесіз туылғандарға шешесінін домицилиясы тиісті болады. Таңдау домицилиясын қабылдау үшін тұлғаның ол жерде тұрақты өмір сүру, сонымен қатар, осыған сәйкес ниеті де болуы 0ажет. Дж. Чешир және П. Норт бұл тезисті растау үшін екі сот шешімдерін мысалға келтіреді. Біріншіден, шотландиялық азаматтың Үндістаңда 25 жыл өмір сүруі, оның келешекте өз еліне қайту ниетінің барлығына байланысты Үндістанның домицилиясын қабылдауы мүмкін еместігі туралы шешімі. Екінші шешімде шыққан тегі Жаңа Шотландия және осы ел домицилиясына ие канадалық тұлға, ағылшын әскери-әуе күштерінде қызмет етумен қатар, осы елде 40 жыл өмір сүруіне қарамастан өз елі Жаңа Шотландияға бір кезеңде оралу ниетіне байланысты Англия домицилиясын қабылдаудың мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған. Осы домицилияға байланысты, өз көзқарасын М. Вольф былай айтқан: <<кез келген тұлғаның домицилиясын анықтау кей жағдайларда оның азаматтығын анықтауға қарағанда қүрделі болады. Себебі, домицилия ниетке байланысты, сондықтан оны дәлелдеу қиын. Жалпы, домицилия концепцияларын бір-бірінен әр түрлі мемлекеттер шегінде ғана емес, бір мемлекет ішінде де ажырату қүрделі, сондықтан да соңғы кездері халықаралық жария құқықта жеке заңның аралас жүйесіне өту теңденциясы жүріп жатыр>>. Осыған мысал ретінде тұлғаның жеке мәртебесіне оның азаматтық заңын қолданатын мемлекеттердің бірі Францияны алуға болады, сонымен катар некені бүзу да ерлі-зайыптылардың азаматтық заңдарымен қаралады. Ерлі-зайыптылар әр түрлі мемлекеттердің азаматтары, яғни азаматтықтары әр түрлі болса, онда олар некені бұзу кезінде екі мемлекеттің құқығына жүгінулеріне тура келеді. Соның негізінде, бір жұбайының қарсылығынан неке бұзылмай калатын жағдайлар болды. 1930 жылы Италияда алғаш рет неке бұзудың шекті жағдайларына рұқсат беру туралы Заң қабылданды. Осындай азаматтық заңға байланысты қайшылықтардың негізінде сот тәжірибесі бас нормаларды сақтай отырып (некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылар азаматтық заңдарына бағынады), субсидиарлық коллизиялық норма жасап шығарады: егер ерлі-зайыптылардың жалпы, ортақ азаматтықтары болмаса, онда жеке заңның екінші нысаны тұрғылықты жер (домицилия) заңына бағынады. Осыған орай, Латын Америка мемлекеттеріне ортақ азаматтық кағида мен тең дәрежеде домицилия қағидасын қолданатын Бусманте кодексін карастыруға болады. Осы кодекстің 7-бабына сәйкес: <<Бұл келісім шартқа отырған мемлекеттер өз жеке заңы ретінде домицилия заңын немесе азаматтық заңын қолданулары тиіс>>. Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігі жеке заңның аралас жүйесіне өтуде. Өйткені, онда реттеудің әр түрлі жолдары қарастырылған. Сондықтан, жеке заңның аралас жүйесіне өту халықаралық жария құқықтың дамуында үлкен маңызды рөл аткаруда. Соңғы кездері жеке заңның аралас жүйесі халықаралық жария құқықтың барлық жаңа кодификацияларында бекітілген. Мысалы, 1979 жылғы Венгрияның <<Халықаралық жария құқық туралы>> Заңында жалпы ереже ретінде бұл Заң <<жеке заңды>> қолданады. 10-бапқа (1) сәйкес: <<Адамның құқық кабілеттілігін, әрекет қабілеттілігін және жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ жалпы жеке мәртебесін оның жеке заңына сәйкес қарастыру қажет>>. Осы заңнамада жеке заңның келесі түсінігі берілген: біріншіден, жеке заң осы тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы (Lex patriae), екіншіден, бұл заң тұлғаның тұрақты тұратын мекенжайы орналаскдн мемлекеттін заңы (Lex domicilii). Дәл осылай, отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Қазакстанның коллизиялық құқығы да осы жолмен дамып келеді. Әдетте, қазақстандық құқықта кеңестік кезеңде жеке заңның тұрғылықты жер заңы нысаны қолданылған. Алғаш рет 1991 жылғы Негізгі заңнамада жеке заң азаматтық заң негізінде қарастырылған: шетелдік азаматтың әрекет қабілетгілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады (1606. 2 т.). Аталған үрдіс Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексінің <<Халықаралық жария құқық>> бөлімінде дами түсті. ҚР АК-де <<Жеке тұлғаның жеке заңы>> атты арнайы 1094-бап бар. Бұл бапта жеке заңды анықтаудың әр түрлі жағдайлары қарастырылған. Осы кодекстің 1094-бабы 1-тармағына сәйкес жеке тұлғанын, азаматтық әрекет қабілетгігі ол азаматы нақты отаны болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады. Әдетте, тұлғаның бірнеше азаматтығы, яғни ол екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болған жағдайда, аталған тұлғаның жеке заңын азаматтық заң нысанында анықтау қүрделенеді. Бұл жағдайда кейбір мемлекеттер мұндай мәселелерді әр түрлі жолдармен шешеді. Мысалы, Австрия және Түркияның Халықаралық жария құқық туралы заңына сәйкес: <<егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса оның жеке заңы болып, <<байланысы жақынырақ>> мемлекеттің заңы табылады>>. Сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттер азаматтық заң жобаларын жасау кезінде жеке тұлғаның жеке заңы азаматтық заңымен анықталатынымен косымша ретінде келесі ереже қарастырылған: <<егер тұлға екі немесе бірнеше мемлекеттің азаматы болып табылса, онда онын жеке заңы ол <<жақынырақ байланыстағы>> мемлекеттің заңымен анықталады>>. КР АК-нің 1094-бабы, 2-тармағына сәйкес азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке заңы ол тұрақты тұратын, яғни тұрғылықты жері орналасқан мемлекеттің заңымен анықталады. Осы баптың 3-тармағына сәйкес, босқындардың жеке заңы оларға баспана берген мемлекеттін заңымен анықталады. Сонымен катар, қазакстандық құқыққа Қазақстаңда әрекет қабілетсіз деп танылған, әрекет кабілеттілігі кеткен не елді деп жарияланған тұлғалар да бағынулары тиіс. Мұрагерлікке байланысты қатынастар ҚР АК-нің 1121-бабына сәйкес мұра калдырушының соңғы тұрақты мекен-жайы орналасқан мемлекеттің заңымен реттеледі. Халықаралық актілерге көңіл аударар болсақ, Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы ТМД елдерінің 1993 жылғы Конвенциясы жоғарыда аталған азаматтық мәселелер бойынша кажетті құжат болып табылады. Себебі, бұл конвенцияда алғаш рет көп жақты көлемде құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік және домицилия мәселелерін шешудің жағдайлары қарастырылған. Сонымен, жеке заңның аралас жүйесіне өту халықаралық жария құқықтың казіргі кездегі дамуына үлкен үлес қосуда. Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы мәселе әдетте тұлға бір уақытта екі мемлекеттің азаматы болған кезде (қос азаматтық) күрделенеді. Мысалы, әке-шешесі қазақстандықтар болып табылатын жаңа туылған бала шет елде, яғни бұл ел заңы бойынша өз жерінде туылғандардың барлығын мемлекет өз азаматтарына жаткызатын (< > қағидасы) мемлекет аумағында туылған жағдайда. Бұл жерде Қазақстан заңы бойынша қазақстандық ата-анадан туылған бала Қазақстан азаматы болып табылады (< > қағидасы). Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық қатынастағы құқықтық жағдайы оның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арқылы анықталады (ҚР АК 1095-б). Бірақ бұл екі кабілеттіліктер кейбір құқық жүйелерінде терминологиясы бойынша ерекшелінеді. Англия мен АҚШ-та құқықтық қабілеттілік пен әрекет кабілеттілігі бір терминмен анықталады <<құқық қабілеттілігі>>(legal capacity). Қазіргі уақытта заң әдебиеттері мен сот тәжірибесінде көбіне <<пассивті құқықтық кабілеттілік>> (passive capacity), яғни ағылшын заңгерлерінің түсінігімен құқықтық кабілеттілік және (active capacity), құқық актілерін шығару кабілеттілігі (capacity for performance of legal act) яғни әрекет кабілеттілігі терминдері жиі қолданылады. Франция мен Англияда әрекет кабілеттілігі мен құқық қабілеттілігінің араларында нақты терминологиялық ерекшелік жоқ. Француз азаматтық кодексінде құқықтық қабілеттілік пен әрекет кабілеттілігі (capacity), яғни <<кабілеттілік>> деген бір ғана терминмен аталады. Сот тәжірибесінде және заң әдебиеттерінде әрекет қабілеттілік (capacity d exercict) пен құқық қабілетгілігінің (capacity de joussance) арасында айырмашылықтар көрсетіледі. Француз және ағылшын құқығынан ерекшелігі, Герман азаматтыө кұқығында үш термин қолданылады, ол <<әрекет қабілеттілігі>>, <<құқық қабілеттілігі>> және <<деликт кабілеттілік>>. Деликт кабілеттілік - бұл азаматтардың құқыққа қайшы әрекетінің негізінде келтірілген шығынға азаматтық-құқықтық жауапкершілікте болу кабілеттігі. Деликт қабілеттілікті әрекет қабілеттілік сияқты жеке жағдайларда қолдану Герман құқығының ерекшелігі болып табылады. Ал Ресей Федерациясында құқықтық кабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігінен басқа мәміле кабілеттілігі (сделкоспособность) пен деликт қабілеттілігі (деликтоспособность) терминдері қолданылады. Қазақстан Республикасында құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі туралы мәселе Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтары немесе шетелде жүрген қазақстандық азаматтарға қолданылған кезде қозғалады. Сондай-ақ бұл мәселе апатридтер мен бипатридтерді сипаттау кезінде қолданылады. Қазақстан Республикасы заңнамаларында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың (апатрид) құқықтық жағдайын сипаттайтын нормалар бар. Ал бипатридтерге келетін болсақ бұл тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы мәселе толық түрде бекітілген жоқ. Сондықтан да, бипатридтердің құқықтық жағдайы туралы коллизиялық мәселелер туған жағдайда халықаралық келісім-шарттар негізінде немесе заң ұқсастығын (аналогия закона) қолдана отырып, ұлттық коллизиялық заңнамалармен шешу керек. Жеке тұлғаның кұқыктық жағдайы тұлғаның жеке заңы арқылы анықталады. Жеке тұлғаның жеке заңы өз алдына Азаматтық заң және тұрғылықты жер заңы болып бөлінеді. Азаматтық заң - жеке тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің құқығын қолдану, тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғаның тұрған жері, яғни мекен-жайы орналасқан мемлекеттің құқығы қолданылуы болып табылады. Әр түрлі құқық жүйелерінде жеке заңға әр түрлі көзқараста каралады: мысалы, <<жалпы құқық>> мемлекеттерінде (АҚШ, Ұлыбритания) азаматтың тұрғылықты жер заңы қағидасын қолданады, ал <<континенталдық құқық жүйесі>> мемлекеттерінде (Франция, Германия), сонымен катар Қазақстан Республикасы азаматтық заң кағидасын басшылыққа алады. Жеке заң азаматтың құқық кабілеттілігі мен әрекет қабілеттігін, неке мен отбасы және мұрагерлік қатынастардағы жеке мүліктік емес құқықтарын анықтау үшін қолданылады. Соңғы кездері көптеген мемлекеттер заңнамаларында жеке заңның <<аралас>> жүйесі бекітілуде: халықаралық жария құқық туралы көптеген заңдарда. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қазакстандық азаматтармен теңдей азаматтық әрекет кабілеттіліктеріне ие. Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігінің коллизиялық мәселелері көбіне әр түрлі мемлекеттердің заңдары әрекет кабілеттілігі жасын, яғни кәмелетке толу жасын әр түрлі белгілеу салдарынан туындайды. Мысалы, Франция Азаматтық кодексінің 488-бабына сәйкес толық әрекет кабілеттілігі 18-жастың соңғы күні біткен кезде пайда болады. Ал, Англияның 1969 жылғы отбасы құқығын реформалау туралы заңында адам 18 жасқа толған күні кәмелетке толды деп есептеледі. АҚШ штаттарында кәмелетке толу жасы әр түрлі белгіленген, ол 18 жас пен 21 жас аралығы. Қазақстан Республикасында ҚР АК-нің 17-бабына сәйкес адам кәмелетке 18 жасқа толғанда ие болады. Сонымен катар, кәмелетке толғандардың әрекет қабілеттілігін шектеу де мемлекеттерде бірдей бола бермейді. Францияда кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын көптеген азаматтық заңнамалар реттейді. Германияда азаматтық заңға сәйкес жеті жасқа толмаған бала толық түрдегі әрекетке кабілетсіз болып есептеледі. Жеті жастан он сегіз жасқа дейін әрекет қабілеттілігі шектеулі. Жалпы ереже бойынша бұл жаста бала заңды өкілінің рұқсатымен мәмілелер жасай алады. Ал кейбір мәмілелерді өзі жасауға құқылы. Англияда адам 18 жасқа толғанға дейін кәмелетке толмаған болып саналады, ал әрекет кабілеттігін шектеу оның жасына байланыссыз танылады. Жеке тұлғаның әрекет қабілеттігін Италияда итальян статутариясы кезінде жеке заң бойынша анықталған. Континенталдық Еуропа мемлекеттерінің көпшілігінде азаматтық заң қағидасы және ағылшын <<жалпы құқық>> мемлекеттерінде домилиция заңы қолданылады. Мұның маңызы мынада, егер тұлға өз жеке заңы бойынша әрекетке қабілетті болса, онда ол кез келген жерде де әрекетке кабілетті болып танылуы тиіс. Сондай-ақ, егер жеке заңы бойынша әрекетке қабілетсіз болса, онда басқа жерлерде де солай саналады. Заңнамалар мен сот тәжірибелерінде келтірілген ережелердің біріншісі ғана қолданылады: жеке заң бойынша тұлға әрекетке қабілетті деп танылса онда кез келген елде ол солай танылуы тиіс. Бірақ жеке заңы бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлға басқа мемлекеттерде дәл осындай формада таныла бермейді. Егер жеке заңының мазмұны мәміле жасалған мемлекеттің заңнамасына сәйкес келмесе сауда айналым мүддесі шетел азаматының мәмілеге отырған кезінде өз жеке заңына сілтеме жасап дауласуына келіспейді. 1804 жылғы Франция Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес шетелде жүрген француздардың азаматтық жағдайы мен қабілеттілігіне байланысты мәселе тұлғаның өз ұлттық заңына сәйкес шешілуі тиіс. Осы біржақты коллизиялық нормадан француз тәжірибесі екі жақты коллизиялық норма шығарды: <<жеке тұлғаның азаматтық жағдайы мен кабілеттілігі оның ұлттық заңы арқылы анықталуы тиіс>>. Бірақ кейіннен бұл коллизиялық қағида шектелуге тиіс болды. Өйткені 1861 жылы француз кассациялық сотының жеке заңы бойынша кәмелетке толмаған 22 жастағы мексикандық, бірақ француз заңы бойынша кәмелеттік жасқа толған баланың француз жерінде сатып алу-сату мәмілесін жасасу құқығы туралы дауды шешу кезінде қайшылық тудырды. Қалған еуропалық мемлекеттерде жеке тұлғаның әрекет кабілеттілігінің мәселесі азаматтық заң кағидасын басшылыққа ала отырып шешеді. ҚР АК-нің 1015-бабы 2-тармағына сәйкес жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықталады. ҚР АК-нің 1095-бабы 3,4,5-тармақтарына сәйкес шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықталу қағидасына үш шектеу бар. Олар: біріншіден, Қазақстан Республикасы аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі. Яғни, шетелдік азамат Қазақстаңда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім-шарт жасасқаннан кейін өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заңы бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы. Екіншіден, Қазакстан Республикасы аумағында шетел азаматтарының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет кабілеттілігін қазақстандык құқықпен анықтайды. Үшіншіден, Казақстан Республикасындағы шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды Қазакстан Республикасының заңнамасы жүзеге асырады. Халықаралық келісім-шарттарға келетін болсақ Қазақстан Республикасымен жасалған кейбір келісім-шарттар, дәлірек айтқанда құқықтық көмек көрсету шарттарында келісімге отырған бір мемлекеттің азаматтары осы шартқа отырған басқа мемлекеттің аумағында сол мемлекеттің азаматтарымен теңдей жеке және мүліктік құқықтарының қорғалулары туралы бекітілген. Құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттар құқық қабілеттілігінің тоқтатылуы туралы мәселелерді қарастырған. Азаматтарды қайтыс болды деп тану туралы істерді шартқа отырған әр мемлекеттің соттары өз елі азаматтарына өз заңдарын қолдана отырып шешеді. Азаматты қайтыс болды деп тану туралы істерді оның мекен-жайы орналасқан мемлекеттің соты да (қайтыс болған адамның жақындарының өтінішімен) карай алады. Мысалы, Болгарияда тұратын қазақстандық азаматтың хабар-ошарсыз кетуіне байланысты әйелінің өтініші бойынша істі Болгарияның соты немесе Қазақстан соты карауға құқылы. Бұл жағдайда істі қараған мемлекет өз заңын қолданады. 1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД елдерінің құқықтық көмек көрсету жөніндегі азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенциясында азаматтарды хабар ошарсыз кетті және қайтыс болды деп тану, сонымен қатар, қайтыс болу фактісін анықтау туралы істерді соттар жоғарыда көрсетіліп кеткен кұқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарда белгіленген тәртіптер негізінде шешеді. Құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарда жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен анықталады. Олай болса, мысалы, Болгария немесе Францияда қазақстандық азаматтың әрекет қабілетгілігі қазақстандық заңнама бойынша анықталады. Әдетте, тәжірибеде колайлы болу үшін кейбір келісім-шарттар ұсақ мәмілелер жасалуына байланысты тұлғаның әрекет кабілеттілігін анықтау мәміле жасалған мемлекет заңы бойынша анықталады. Шындығында да, дүкеннен күнделікті ұсақ затты сатып алу үшін сатып алушы шетелдік азаматтың ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңына сәйкес оның әрекет кабілеттілігін әркім тексере беру мүмкін емес. 1993 жылғы 22 каңтардағы ТМД-елдерінің құқықтық көмек көрсету және азаматтық отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенциясында жеке тұлғаның әрекет кабілеттілігі тұлға азаматы болып табылатын осы шартқа мүше мемлекеттің заңнамасымен анықталады. 2. Заңды тұлғалардың мемлекетке жатушылығы және сыртқыэкономикалық қатынастардағы құқықтық мәртебесі. Практикада заңды тұлғаның қай мемлекетке жататындығын анықтау маңызды мәселе. Заңды тұлғаның қай мемлекетке жататындығы, жеке тұлғаның азаматтығынан мемлекеттік құқықтың институты ретінде айырмашылығы белгілі мемлекеттің жеке тұлғасына қатысты ғана пайдаланылады. Жеке тұлғаның жұмыс орны қайда орналасса да, ол бір ғана мемлекетпен байланыста болады. Сонымен қатар, ол қатарынан екі мемлекетте орналаса алмайды. Ал заңды тұлға оның құқық қабілеттігімен өзінің қызметіне байланысты бірнеше мемлекетпен байланыста болады. Халықаралық жария құқықтың теориясында <<заңды тұлғаның жеке статуты (мәртебесі)>> және <<заңды тұлғаның ұлты>> ұғымдары бар және оларды шатастырмаған жөн. Заңды тұлғаның жеке статуты келесі сұрақтарға жауап береді: бұл ұйым заңды тұлғаға жатады ма, оның құқық қабілеттігінің мөлшері және оның органдарымен жасалатын келісім-шарттардың тәртібі, қандай тәртіппен ол құрылады және таратылады, қандай заңға сәйкес таратылады. Сонымен, заңды тұлғаның жеке статуты бұл ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайды, бірақ оның қызметінде пайда болатын барлық құқықтық сұрақтарды қамтымайды. Өз кезегінде, <<заңды тұлғаның ұлты>> ұғымы ұлттық және шетелдік заңды тұлғаларды бөлу және өзге құқықтық сұрақтарды шешу үшін пайдаланылады. Заңды тұлғаның ұлты ұғымы арқылы белгілі мемлекеттің аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру жағдайларын және салық салу режимі, валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге құқықтық сұрақтар шешіледі. Сонымен, заңды тұлғаның ұлты деп белгілі бір заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке жататындығын айтамыз. Халықаралық жария құқық әдебиеттерінде заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үш қағидаты (критерийлері) бөлінеді: инкорпорация қағидаты, орналасу орны қағидаты және қызмет орны қағидаты. Осы қағидаттарды енді қарастырған жөн. Ағылшын-американдық құқық мемлекеттерінде (АҚШ, Ұлыбритания) заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үстем қағидаты ретінде оның құрылу орны табылады, яғни бұл заңды тұлғаға ол құрылған және оның жарғысы бекітілген мемлекеттің заңы пайдаланылады. Бұл қағидат барлығына инкорпорация қағидаты түрінде мәлім. Континенталдық Еуропа мемлекеттерінде (Германия, Франция, Швейцария, Австрия т.б.) заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың қағидаты болып заңды тұлғаның орналасу орнының заңы пайдаланылады. Заңды тұлғаның орналасу орны (тұрған жерi) ретінде заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы (әкімшілік орталық, басқарма) тұрған жер танылады. Заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үшінші қағидаты ретінде қызмет орны (қызмет жері) табылады. Бұл қағидат көбінесе Италия заңнамасында пайдаланылады. 1956 жылы Шетелдік компаниялар, қоғамдастықтар және мекемелер артынан заңды тұлға құқығын тану туралы Гаага конвенциясына қол қойылды. Конвенцияға сәйкес заңды тұлғаның ұлты, ол тіркелген және оның жарғысына сәйкес басқарма орналасқан мемлекеттің заңы арқылы анықталады. Сонымен, Конвенция алғашқы екі дәстүрлі тұжырымдаманы жақындастыруға ұмтылған. Бірақ, Конвенцияны бірнеше мемлекет қана ратификациялағандықтан ол өз күшіне енген жоқ. Латын-америка мемлекеттерімен Монтевидеода 1979 жылы қабылданған, Коммерциялық компанияларға қатысты коллизиялық сұрақтар туралы Конвенцияға сәйкес заңды тұлғаның құрылуы, қызметі және таратылуы ол құрылған мемлекеттің заңы арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының республикалық заңнамасының бірнеше нормаларында шетелдік заңды тұлғалар туралы сөз көтерілген. Мәселен, <<Шетелдiк инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы Заңында шетелдiк заңды тұлғаға анықтама берілген. Шетелдік заңды тұлға - шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсiпорын, ұйым, қауымдастық және т.б.). Бұл жерде, инкорпорация қағидаты пайдаланылатынын көріп отырмыз. Осыған ұқсас тұрғыны Қазақстан басқа мемлекеттермен жасасқан, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім-шарттардан да көре аламыз. Мәселен, Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімге сәйкес <<компания>> термині ретінде араптардың бірінің заңдары мен нормаларына сәйкес құрылған кез келген корпорация, қауымдастық, бірлестік, әріптестік немесе ұйым түсіндіріледі. Қазақстан мен Венгрия арасындағы келісімге сәйкес <<заңды тұлға>> ретінде әрбір келісуші-тараптардың заңдарына сәйкес құрылған кез келген кәсіпорын табылады. Бұл жерде де, инкорпорация қағидаты негізге алынған. Енді сыртқыэкономикалық қатынастардағы қазақстандық ұйымдардың құқықтық мәртебесін қарастырған жөн. 1988 жылдың 12 мамырында Қазақстанда, Үкімет қаулысымен ҚазССР-дің Министрлер Кеңесінің жанынан <<Қазақинторг>> деген республикалық шаруашылық есептік сыртқы саудалық бірлестік құрылды. Қазақинторгтің құрамына келесі мамандандырылған фирмалар кірді: Қазақпроминторг, Қазақагроинторг, Қазақпригранторг, Қазақсервис. <<Қазақинтермед>> республикалық сыртқыэкономикалық бірлестік туралы>> 1992 жылдың 2 маусымында қабылданған Министрлер Кабинетінің № 487 Қаулысымен сыртқыэкономикалық бірлестік құрылды, бірлестік денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті басқару және шетелдік фирмалармен медицина және фармокология саласында өзара тиімді қатынастарды орнату мақсатында қызмет атқарады. 1992 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық байланыстар Министрлігі жанынан <<Құрылыс>> республикалық сыртқыэкономикалық бірлестігін құру туралы>> Министрлер Кабинетінің № 505 Қаулысы қабылданды. Бұл бірлестік құрылыс материалдары мен заттарын экспорттау және импорттау, сондай-ақ шетел фирмаларымен сыртқыэкономикалық байланыстарды дамыту мақсатымен құрылған болатын. Ары қарай, <<Қазақстан Республикасы Президентінің <<Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық қызметтегі қосымша шаралар бойынша ұйымдастыру туралы>> Жарлығын жүзеге асыру туралы>> Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылдың 20 тамызындағы №717 қаулысымен Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық байланыстар министрлігіне 1993 жылдың 1 қазанына дейін, мемлекеттік маңызы бар өнімді экспорттауды ұйымдастыру және орталықтандырылған өнімді, тауарды мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған сыртқыэкономикалық компанияны құру жөнінде тапсырма берілді. 1993 жылдың 20 тамызындағы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің №717 қаулысын орындау мақсатында <<Ұлан>> республикалық сыртқы саудалық компаниясы құрылды. 1994 жылдың 5 қаңтарында қабылданған №64 Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық байланыстар министрлігінің бұйрығына сәйкес келесі сыртқыэкономикалық компанияларға өнімді сату, сатып-алу құқығы берілген: 1. <<Қазақстанимпекс>> - минералды тыңайтқыштар, мақта, полистирол. 2. <<Қазвнешмаш>> базасындағы <<Отырар>> - мыс, глинозем, ферроқортпалар, феррофосфор. 3. <<Қазақинторг>> - хромдық қазба, тас көмір, мұнай, бензин, мазут. 4. <<Қазметаллэкспорт>> -цинк, қорғасын, магний, марганец, темір, бағалы тастар, өзге де қазбалар. 5. <<Қазинтерметалл>> - цинк, қорғасын, магний, бағалы тастар, өзге де қазбалар. 6. <<Ұлан>> - темір қазбалары, сирек кездесетін металлдар және өзге де радиациялық металлдар, полипропилен, уран, молибден, титан. 7. <<Қазақстан сауда>> - цинк, ферроқортпалар, қара металлдар, хромдық қазбалар, қара металлдар сынықтары. 8. <<Қазмедимпорт>> - медициналық жабдықтардың және дәрі-дәрмектердің импорты. 9. <<Қазпищепромсырье>> - мемлекеттік маңызы бар өнімнің экспроты және тамақ өнімдері мен азық-түліктің импорты. 10. <<Қазыбек>> - темір, қара метталдар, ақ қаңылтыр, көмір, стирол, мыс сынықтары. 11. <<Қазагосауда>> - дәнді-дақылдар, жұн, тері өімдері, маралдар мүйізі. Мұндай моноплизм негізсіз болды, себебі басқа компаниялар осы делдал компаниялардан өнім алуға мәжбүр болған. Сондықтан, 1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің <<Сыртқыэкономикалық қызметті либерализациялау туралы>> №2021 Жарлығымен бұл тәртіп алынып тасталды. Бұл Жарлықта Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілеріне, мемлекеттің жеке құзыретіне жататын мемлекеттік маңызы бар стратегиялық ресурстарды экспорттау мен импорттауды есептемегенде, сыртқы саудалық қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген. Қайта құрылған жаңа сыртқыэкономикалық қызметтегі компанияларға 1994 жылдың 17 наурызында Министрлер Кабинетінің №282 қаулысымен құрылған <<Разноимпорт>> мемлекеттік акционерлік компаниясын жатқызуға болады. Компанияның негізгі міндеттері ретінде шетелдік фирмалармен сауда операцияларын жүзеге асыру және көтерме, бөлшектеп сатуды жүзеге асырады: * мемлекеттің мұқтаждарына жеткізілетін тауарлардың тізбесіне жатпайтын тұтынатын және тұтынбайтын тауарлар; * мемлекеттің мұқтаждарына жеткізілетін тауарлар; * <<Разноимпорт>> акционерлік компаниясының құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың қызметін реттеуді басқару. 1994 жылдың 9 маусымында Министрлер Кабинетінің №607 қаулысымен <<Қазэкспортастық>> мемлекеттік сыртқы саудалық акционерлік компаниясы құрылды. Компанияға келесілерге тапсырма берілді: - дәнді-дақылдар өнімдерін экспорттау, реэкспорттау және импорттауды жүзеге асыру, сондай-ақ өнімдерді, материалдарды, жабдықтарды және өзге де өнімдерді импорттау; - әлемдік нарықта тиімді қатысуды қамтамасыз ету мақсатында нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметіне көмек жасау. 1994 жылдың 16 маусымында №1815 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экспортты импортты банкі құрылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Экспортты импортты банкі Қазақстанның Әлем банкінің халықаралық міндеттемелері бойынша мирасқоры болып танылған. Оның негізгі функциялары: - заемшы болу және Қазақстан Республикасының шетелдік несиелерінде агент ретінде қызмет көрсету; - технологиялар, жабдықтар және өнімдер импортын ынталандыру мақсатында қазақстандық кәсіпорындарға несиелер беру; - экспорттаушыларға несиелер беру; - қазақстандық банктермен берілген экспортты несиелердің тәуекелдерін сақтандыру (кепілдендіру); - өндірістің даму мақсатында кәсіпорындарды және жобаларды ұзақ және қысқа мерзімді қаржыландыру; - Қазақстан Республикасының мүдделерін мамандандырылған халықаралық ұйымдарда білдіру. Сыртқыэкономикалық қызметтің ерекше субъектілері ретінде шетелде құрылған қазақстандық құрылымдар табылады. Атасақ, Ұлыбританияда, Германияда және Түркияда Қазақстанның сауда үйлері бар. 1993 жылдың 5 қазанында Министрлер Кабинеті <<АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының іскерлік байланыс Орталығы туралы>> Қаулысын қабылдады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалар. Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы ұлттық заңнамамен қатар, халықаралық келісім-шарттармен де анықталады. Сауда келісім-шарттарында және инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдерде заңды тұлғаларға жалпы режим белгіленген. Бұл режим не ең қолайлы режим, не ұлттық режим түрінде болады. Мәселен, Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестицияларды қорғау туралы Келісімінің 2-бабында, әрбір тарап екінші тарапқа өз аумағында үшінші мемлекеттің заңды тұлғаларына, азаматтарына берген режимнен төмен емес қолайлы режим беруге тиіс, - деп белгіленген. Бұл жерде, көріп тұрғанымыздай ең қолайлы жағдай режимі белгіленген. Қазақстан мен Германия арасындағы инвестицияларды қорғау туралы Келісімде керісінше, ұлттық режим белгіленген. Осы Келісімнің 3-бабында былай деп жазылған: <<Әрбір Келісуші тарап басқа Келісуші тараптың салымдарына өз аумағында осындай жағдайда үшінші мемлекетке берілген режимнен, төмен емес режим беруге тиіс>>. Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық режимін қарастыра отырып, шетел қатысатын кәсіпорын келесі нысандарда болатынын қарастырған жөн: шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері. <<Шетелдік инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасы Заңында осы ұғымдар толығымен ашылған. Мәселен, <<шетелдiк заңды тұлға>> - шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсiпорын, ұйым, қауымдастық және т.б.). <<Шетел қатысатын кәсiпорын>> - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және шетелдiк кәсiпорын немесе бiрлескен кәсiпорын нысанында iс-қимыл жасайтын заңды тұлға. <<Шетелдiк кәсiпорын>> - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, толығымен шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. <<Бiрлескен кәсiпорын>> - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр бөлiгi шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. 1998 жылдың 1 маусымына Қазақстанда Әділет органында 953 шетелдік кәсіпорын тіркелген, яғни 100% шетелдік қатысу. Шетелдік кәсіпорындар ішінде шетелдік іскерлі кәсіпорындар да көп: <<Королевская Голландская авиакомпания КЛМ>>, <<ВМВ Компани>>, <<Испат Кармет>> т.б. Ұсақ кәсіпорындар да бар. Мәселен, <<Приключения в Центарльной Азии ЖШС>> т.б. Енді шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің құқықтық мәртебесін қарастырайық. 1998 жылдың 1 маусымында респбуликада 416 филиалдар мен өкілдіктер тіркеу өткен. Мәселен, <<Иран Эйр>> авиакомпаниясының <<Иран Эйр Алматы>> филиалы, <<Аджип Карачаганак Б.В.>> ЖШС филиалы, Мицубиси Корпорейшн АҚ өкілдігі, Шеврон компаниясының өкілдігі т.б. <<Шетелдік инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің ұғымы берілген. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, осы заңды тұлға мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн атқаратын оқшау бөлiмшесi болып табылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның өкiлдiгi оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, шетелдiк заңды тұлғаның мүдделерiн қорғайтын және оған өкiлдiк ететiн оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi болып табылады. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болмайды. Оларға өздерiн құрған шетелдiк тұлға мүлiк бөледi және олар осы заңды тұлға бекiткен ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды. Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын шетелдiк заңды тұлға тағайындайды және олар өздерiне берiлген сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасайды. Шетел қатысатын кәсіпорын қызметін лицензиялау <<Лицензиялау туралы>> Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі №2200 Заңымен реттеледі. Осы Заңның 8-бабына сәйкес <<шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады>>. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн, шетел қатысатын кәсiпорындар алуға мiндеттi лицензиялар жалпы және арнаулы лицензиялар болып бөлiнедi. Жалпы лицензиялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiк нысандары мен мемлекеттiк бағынысына қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн лицензия алу мiндеттi болып табылатын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне қатысты.Шетел қатысатын кәсiпорындардың мұндай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Арнаулы лицензиялар шетел қатысатын кәсiпорындар жөнiнде ғана лицензия алу қолданылатын қызмет түрлерiне қатысты. Мұндай қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен белгiленедi. Заңның 5-бабында лицензиялауды жүзеге асырушы органдар белгіленген. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi. Лицензиарларға лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. Қазақстан Республикасында шетел қатысатын кәсіпорындардың қызметі белгілі бір салаларда шектелген. Мәселен, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсанындағы <<Сақтандыру қызметі туралы>> №126-ІІ Заңының 5-бабына сәйкес <<шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе олардың оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті - уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады>>. Банктік саланы да атаған дұрыс. <<Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы>> Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес <<шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы: а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң; б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк>>, - делінген. Осы аталған шектеулерді біздің пікірімізше алып тастаған жөн болады. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың құқықтық жағдайын қарастырайық. Қазақстан Республикасы аумағында бірлескен кәсіпорындарды құру 1991 жылдан басталды. 1998 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 1388 бірлескен кәсіпорын қызмет атқарды. Ең көп бірлескен кәсіпорындар, Ресейдің қатысумен - 237, Түркияның қатысуымен - 228, Германияның қатысуымен - 117, АҚШ-тың қатысуымен - 115, Қытайдың қатысуымен - 79, Ұлыбританияның қатысуымен - 53 компания құрылды. Резидент еместердің бірлескен және шетелдік кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар мөлшері - 23061 млн. теңгені және 40,1% құрады. Ірі бірлескен кәсіпорындарға келесілер жатады: <<Казвино>> Алматы қ. 262 млн. теңге, <<Арман>> Маңғыстау обл. 175 млн. теңге, <<Веснет>> Павлодар обл. 145 млн. теңге т.б. Енді бірлескен кәсіпорындарды құрудың құқықтық сұрақтарын қарастырайық. Бірлескен кәсіпорындарды құру тәртібі Қазақстанда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және өзге заң акттілермен реттеледі. <<Шетелдік инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес шетел қатысатын кәсiпорындар шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандарда құрылуы мүмкiн. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, шетел қатысатын кәсiпорындар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары құрылатын тәртiп бойынша құрылады. Бұл тәртіп ҚР АК 2-параграфында көзделген. Қазақстан Республикасында шетелдік заңды тұлғаларға қатысты жарғылық капитал мөлшері ұлттық заңды тұлғаларға белгіленген мөлшердей. Осы сұраққа қатысты басқа мемлекеттердегі тәжірибені қарастырайық. Мәселен, бұрын Польшада шетелдік инвестор бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде салым салуға міндетті болған. Қазір 1 мың АҚШ доллары жеткілікті. Бірақ бұл жерде, бір ерекшелік бар. Бір мың АҚШ доллары ЖШС тіркеуге жеткілікті болады. Егер акционерлік қоғам құрылатын болса, онда шетелдік инвестор 22 мың АҚШ долларын салуға тиіс. <<Шетелдік инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес шетел қатысатын кәсiпорынның жарғылық капиталының қалыптастырудың мөлшерi, тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. Жарғылық капиталға салымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша үйлер, ғимараттар, жабдықтар және басқа да материалдық қазыналар, жердi, суды және басқа да табиғи ресурстарды, сондай-ақ интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықты қоса алғанда, өзге де мүлiктiк құқықтарды пайдалану құқығы түрiнде енгiзiлуi мүмкiн. Жарғылық капитал кәсiпорындардың шаруашылық қызметiн алынатын пайда мен басқа да түсiмдер есебiнен, ал қажет болған жағдайда оған қатысушылардың қосымша салымдары есебiнен де толықтырылып отыруы мүмкiн. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс. Қазақстандық және шетелдiк қатысушылардың бiрлескен кәсiпорынның жарғылық капиталындағы мүлiктiк салымдарының үлестерi қатысушылар арасындағы уағдаластық бойынша заңды тұлға тiркелген күнгi дүниежүзiлiк рыноктың бағасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағаларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де, шетелдiк валютамен де белгiленедi. Жарғылық капиталға салымды бағалауды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Жарғылық капиталдың ақшасы Қазақстан Республикасында тiркелген уәкiлеттi банкiде сақталуға тиiс. Кейде, шетелдік инвестор жарғыда, барлық жарғылық қордың салымдары құрылыс қоры ретінде пайдаланылады, - деген ережені көздеуі мүмкін. Бірақ, Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарды құру тәжірибесі жарғыда келесі қорларды ғана көрсетеді: резервтік қор, тозу қоры, өндірістің даму қоры, жалақы қоры және тағы басқа даму және қызмет қорлары. Кейбір жарғыларда қорларды құру, оның мөлшері мен мақсаты көзделсе, екіншілерде осы сұрақтар Директорлар Кеңесімен шешіледі, - деген сілтеме жасалады. Бірлескен кәсіпорынның органымен (басқарма, кеңес) шешім қабылдау практикада кейбір қиыншылықтар тудырады. Біріншіден, келесі сұрақтарды шешіп алған жөн: дауыстарды бөлу қағидасы, шешім қабылдайтын кворум, дауыс беру қағидасы. Жоғарғы органда (басқарма, кеңес) дауысты бөлу кезінде бірнеше жағдайлар болуы мүмкін. Олардың бірі - қатысушылардың әрбір дауысы олардың салымына сәйкес анықталады. <<Өлшеп дауыс беру>> қағидасы қатысушылардың салымдары бірдей болмағанда қолданылады. Бірлескен кәсіпорынның жарғысында өкілдердердің сандық теңдігі қағидасы көзделсе, онда әрбір жоғарғы органның мүшесі бір ғана дауысқа ие болады. Бұл жерде, олардың салымдарының мөлшері есепке алынбайды. Жоғарғы органда шешімдер көпшілік басым дауыспен қабылданады. Жер қатынастарының сұрақтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ Жер кодексімен реттеледі. ҚР ЖК-нің 35-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Енді бізге осы тақырып ішінде өзекті тақырыптардың бірі болып халықаралық трансұлттық корпорациялардың (ары қарай - ТК) құқықтық мәртебесі табылады. Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесін қарастыра отырып, әлемдік экономикаға трансұлттық корпорациялардың маңызды екенін есепке алған жөн. 1994 жылы БҰҰ-ның <<Әлемдегі инвестициялар туралы>> Баяндамасында 1990 жылы әлемде 37 мың аналық трансұлттық корпорациялар 206 мың шетелдік филиалдарды бақылаған. 100 жуық трансұлттық корпорациялар дамыған мемлекеттерде орналасқан: Еуропалық қоғамдастықта - 38, АҚШ-та - 29, Жапонияда - 16, ал қалған 17 Австралияда, Финляндияда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда және Швейцарияда орын алған. Кейде трансұлттық корпорациялардың ақша қаражаттарының көпшілігі шетелде орналасады. Мәселен, ТК <<Солвэй>> (Белгия), оның ақша қаражаттарының 90%, яғни 7,2 млрд. доллар Белгиядан тыс орналасқан. ТК үшін Қазақстан Республикасы да үлкен қызығушылықты білдіреді. Мәселен, мұнай бизнесінде келесі компаниялар бар: Mobil (АҚШ) ақша салымдар мөлшері 1992 жылы - 22,6 млрд. доллар, шетелдік қызметкерлер 91 мың. адам, ELF Aquitaine (Франция) ақша салымдар мөлшері 1992 жылы - 45,1 млрд. доллар, шетелдік қызметкерлер 87,9 мың. адам, British Petroleum (Ұлыбритания) ақша салымдар мөлшері 1992 жылы - 31,5 млрд. доллар, шетелдік қызметкерлер 71,1 мың. адам т.б. Қазақстанда қызмет істеуге бастаған шетелдік инвесторлар ішінен, тағам өнеркәсібінде < > ТК атауға болады. Шетелдік ақша салымдары 1992 жылы - 13,8 млрд. доллар, ал қызметшілер саны - 70 мың адам болды. Сонымен, көрсетілген сандар Қазақстандағы шетел инвестицияларының кең етек алғанын дәлелдейді. Екінші жағынан, ТК құқықтық реттелуі үлкен және күрделі сұрақтардың бірі. Трансұлттық корпорациялардың жай компаниялардан айырмашылығы келесі: оның стратегиясын бас кәсіпорын әзірлейді және басқа мемлекеттерде орналасқан шетелдік кәсіпорындардың бөлімшелерінің қызметін басқарады. Халықаралық құқықтың нормаларын әзірлеу және кодификациялау бойынша қызметті үйлестіретін, сондай-ақ Латын Америка мемлекеттерінде заң мәселелерінің интеграциясын зерттейтін Америка мемлекеттері Ұйымының Америкааралық заң комитеті ТК келесі анықтама берді: <<<<Трансұлттық>> термині басқа мемлекеттерде операцияларды жүзеге асыру үшін корпоративтік техниканы, өзара байланысты мүдделері бар және жоспарлауға, мәміле таңдауға, экономикалық және әкімшілік саясатқа бірыңғай тұрғыны қолданатын корпорация түсіндіріледі>>. Бұл корпорацияның бақылау орталығы бір мемлекетте, штаб-квартирасы және фирмасы басқа мемлекеттерде орналасады. ТК қызметі ішкі заңнамамен және екіжақты, көпжақты келісім-шарттармен реттеледі. Екіжақты келісім-шарттарда трансұлттық корпорацияны қабылдаушы мемлекет пен трансұлттық корпорация орналасқан мемлекет арасында келісім жасалады немесе қабылдаушы мемлекет пен трансұлттық корпорацияның өзімен жасалады. Көпжақты келісім-шарттар қабылдаушы мемлекет пен бірнеше трансұлттық корпорация арасында жасалады немесе универсалдық, аймақтық және субаймақтық деңгейде жасалған келісім түрінде болады. Ішкі заңнама қатарына <<Шетелдік инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасы Заңын атауға болады. Заң шетелдiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының экономикасына тартудың басты құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, шетелдiк инвестицияларды қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн бекiтедi, оларды жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын, шетелдiк инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi. Екіжақты келісім-шарттар қатарына Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттері арасындағы капитал салымдарын көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер. Мәселен, қабылдаушы мемлекет пен трансұлттық корпорация арасындағы келісім: <<Эльф-Нефтегаз>> (Франция) фирмасымен өнімді тең бөлу шартында Ақтөбе облысындағы жобалау және іздеп-жобалау жұмыстары туралы шарт. Аталған келісім-шарттар халықаралық-құқықтық емес, азаматтық-құқықтық сипатта болды, себебі ол қабылдаушы мемлекетте инвестицияларын режимін анықтады. Көпжақты келісім-шарттар қатарына, 1995 жылдың 2 наурызында Алматыда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен <<Бритиш газ>> (Ұлыбритания), <<Аджип>> (Италия), <<ГазПром>> АҚ (Ресей) және Мемлекеттік холдинг <<Қазақгаз>> арасында Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кең орнынан алынған өнімнің бөлу қағидасы туралы келісім жатқызуға болады. Көпжақты халықаралық келісім-шарттар қатысушы мемлекеттер санына байланысты универсалдық, аймақтық және субаймақтық деп бөлінді. Универсалдық реттелу БҰҰ-ның арнайы құрылған органдарының нұсқамасы негізінде жүзеге асады: ТК және ТК Орталығы бойынша БҰҰ-ның Үкіметаралық Комиссиясы. Бұл органның қызметі формалды қызмет, себебі реттеудің актілері әлі де қаралуда. Мәселен, 1975 жылғы ТК қызмет Кодексі әлі талқылану процесінде. Негізінен, бұл акт ТК қызметін реттейтін ережелер жинағы болуға тиіс болатын. Бұл актінің қабылданбау себебі келесіде, дамушы мемлекеттердің пікірінше, кодекс нормалары ТК-ны қабылдаушы мемлекеттерге қатысты міндеттемелерге байланысты императивтік сипатта болуға тиіс, ал үлкен дамыған державалар үшін өзара міндеттемелер болу пайдалы. ТК қызметін шектеу мәселелеріне Латын Америка мемлекеттері үлкен көңіл бөлген. Бұл мемлекеттердің тұрғысы Панама қаласында 1981 жылы Латын Америка мен АҚШ арасындағы қатынастарды экономикалық зерттеу Латынамерикалық экономикалық жүйенің қатысушы-мемлекеттерінің кеңесінде анықталды және БҰҰ Экономикалық Кеңесінің XIX сессиясында қағида түрінде белгіленді. Бұл қағидаларды ТК қабылдаушы мемлекет аумағында сақтауға міндетті. ТК қызметін субаймақтық реттеуге келесі мысалдар келтіруге болады: 1969 жылы Картахендік келісім негізінде субаймақтық ұйымның Анд пактісінің қатысушы-мемлекеттері. Анд тобының құрамына келесілер кірді: Колумбия, Венесуэла, Боливия, Эквадор, Перу және Чили. Анд пактісінің мүшелері шетелдік компаниялардың қызметін реттейтін екі акті қабылдады: <<Шетел капиталын, тауарлық таңбаларды, патенттер мен лицензияларды пайдаланудың жалпы режимі>> №220 шешім және <<Көпұлттық кәсіпорындардың режимі және субаймақтық капиталды пайдалануды реттеу>> №46 шешім. Трансұлттық корпорацияларды құру процесі ТМД мемлекеттеріне де ықпал етті. Мәселен, 1998 жылдың 6 наурызында ТМД-ның жеті мемлекетінің (Армения, Беларуссия, Қырғыстан, Молдова, Ресей, Тәжікістан және Украина) үкіметінің басшыларымен Трансұлттық корпорациялар туралы Конвенцияға қол қойылды. Бұл акті осы корпорациялардың қызметін реттейтін бірден-бір құжат. Қазақстан Республикасы бұл актінің мүшесі әлі болған жоқ, бірақ интеграциялану процесін толық жүзеге асыру үшін ол оның мүшесі болуға тиіс. 3. Халықаралық байланыстардың, оның ішінде сыртқыэкономикалық байланыстардың терең дамуы мемлекеттің әртүрлі құқыққатынастарға белсенді қатысуына әкелді. Осы құқыққатынастар екі түрлі сипатта болады. Біріншіден, мемлекет билік субъектісі ретінде болады, яғни бұл қатынастар жария-құқықтық сипатта болады; екіншіден, мемлекет жеке-құқықтық қатынастар субъектісі болады. Жеке-құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуына ашық мысал ретінде 1992 жылдың 18 мамырындағы Қазақстан Республикасы мен америкалық корпорация <<Шеврон>> арасындағы <<Теңізшевройл>> бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі құрылтай келісімі табылады. Мемлекет қызметінің шеңбері өте кең, сондықтан ол қатынастарға екі субъект ретінде қатыспайды, ол тұтастай қатысады. Егер мемлекетті азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде, яғни заңды тұлға ретінде қарастырсақ, онда оны басқа заңды тұлғаларға теңегеніміз, ол өз кезегінде егемендік қағидасына қарама-қайшы келеді. Егемендік - әрбір мемлекеттің ажырамас қасиеті. 1975ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңесте Еуропаның даму жолдары туралы пікір-таласына белгілі бір қорытынды жасалды. Хельсинки Кеңесі мемлекеттердің қарым-қатынасы жариятеңдік, дербестікке тән құқықтарды қорғау қағидаларына негізделулері қажет екендіктерін растап берді. Егеменді (дербес) теңдік қағидасы қарама-қайшы қоғамдық жүйелері бар мемлекеттердің тең құқықтарын мойындауды білдіреді. 1975ж. Қорытынды Актіде егемендікке тән құқықтардың толық тізімі берілмеген. Құжатта әлемдік бірлестіктің қауіпсіздігі үшін аса маңызы бар бірнешеуі ғана көрсетілген. Ең алдымен, егеменді теңдік элементтерінің бірі - әрбір мемлекеттің заңи теңдік құқығы аталған. Егеменді теңдікті мойындау, мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеу - мемлекеттердің әлемдік аренада бейбіт қатар өмір сүру саясатының басты элементі болып табылады. Осы қағиданы халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне енгізу бейбітшілікті сүйетін күштердің халықаралық қауіпсіздік үшін күресінің үлкен жетістігі болып есептеледі. Қазіргі заманның басты мақсаты - осы қағидалардың халықаралық проблемаларды шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету. Бұл қағиданы халықаралық құқықта <<тең алдында тең билік көрсете алмайды>> деп атайды. Егеменді (дербес) теңдік қағидасының негізі мемлекеттің иммунитеті. Әлемдік заң әдебиеттерінде және тәжірибеде мемлекет иммунитетін абсолюттік және шектеулік (функционалдық) деп бөледі. Абсолюттік иммунитет - бұл барлық егеменді мемлекеттерге және оның барлық қызметіне таралатын иммунитет. Мемлекет иммунитетінің бірнеше түрі бар. Ерекше атайтын иммунитет, заңнама күшіне бағынбау иммунитеті, яғни бір егеменді мемлекет екінші егеменді мемлекеттің заңнамасына бағынбайды, мемлекет өз қызметін ішкі заңнамаға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырады. Мемлекет иммунитеті халықаралық құқықта көбінесе мемлекеттің және оның бағынышты органдарының басқа мемлекеттің билігіне бағынбауы түрінде түсіндіріледі. Осы жағдайда, мемлекет иммунитетіне сот иммунитеті, алдын ала қамтамасыз етуден иммунитет және орындаудан иммунитет кіреді. Сот иммунитеті мемлекеттің басқа мемлекет соттарына сотты еместігін көрсетеді, яғни сотта шетел мемлекетіне қарсы талап берілмейді, ал егер мұндай талап қозғалса, ол қаралмай тасталуы керек. Осы себепке байланысты <<Мұнай>> бірлескен кәсіпорны туралы істі қарастырайық. 1991 жылдың көктемінде <<Интеркаспий>> қауымдастығы мен <<Бидерман Интернешнл>> (АҚШ) фирмасы арасында <<Мұнай>> қазақ-американдық бірлескен кәсіпорнын құру жөнінде құрылтай келісіміне қол қойылды. Осы шартқа сәйкес өндірілген және тасымдалдануға дайын мұнайдан нақты үлестер мөлшері келесі: ҚР - 20%; <<Интеркаспий>> қауымдастығы - 50,4%; <<Бидерман Интернешнл>> (АҚШ) - 29,6% болды. 1992 жылдың қаңтар-ақпай айларында <<Интеркаспий>> қауымдастығымен, қазу және технологиялық жабдықтарды <<Мұнай>> БК-на алу мақсатында, 70000 тонна мұнай экспортталанды. Бірақ 70000 тонна мұнай үшін ақша қаражаттары Бидерман мырзамен Қазақстанға аударылған жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің №756 қаулысымен шарт біржақты бұзылды. Осыдан кейін, АҚШ-тың Калифорния штатының Шығыс Аймағының аймақтық сотына <<Харальд Бидерман энд Бидерман Интернешнл ИНК>> компаниясымен Қазақстан Республикасына қарсы 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде материалдық және моралдық зиянды өтеу туралы талап берілді. Бірақ, Бидерман өзінің талап арызын кейіннен алып кетті, бірақ егер талап осы сотпен қанағаттандырылса, онда Қазақстан Республикасы өзінің сот иммунитетіне байланысты сот шешімін орындаудан бас тартуға мүмкіндігі бар. Бұл мысалдан мемлекеттер осындай талап арыздарды қарамайтын сияқты, бірақ ол бұлай емес. Жеке тұлға өзінің мемлекетіне дипломатиялық келіссөздерді шетел мемлекетімен жүргізуге ынта білдіруі мүмкін. Бұл жағдайда дауды шешу халықаралық құқық қағидаларына сәйкес жүзеге асуы тиіс. Сонымен қатар, иммунитет қағидасының танылғанына қарамастан, мемлекет оған қарсы берілген талап арызды шетел мемлекетінің сотында қарастыруға келісімін бере алады. Көбінесе жеке және заңды тұлғалар мемлекетпен келісім-шарт жасасқан кезде шартта аралық сот (арбитраж) жөнінде жағдайды көздейді (аралық сот (арбитраж) жөнінде ескерту). Бұл жерде де міндетті түрде нақты анықталған мемлекет келісімі қажет. Алдын ала қамтамасыз етуден иммунитет деп шетел мемлекетіне талап болған кездің өзінде, мемлекет шетел мемлекетінің мүлкіне мәжбүрлеу шараларын (мүлкін арестке алуға, банктағы қаражаттарына қол жеткізуге тыйым салуға т.б.) қолдануға құқығы жоқтығын айтамыз. Тек шетел мемлекетінің нақты анықталған келісімі болған кезде ғана алдын қамтамасыз етудің шараларын қолдану мүмкін болады. Орындаудан иммунитет деп мемлекетке қарсы шығарылған шешім оның келісімсіз мәжбүрлеп орындалмауын айтамыз. Мәжбүрлеп орындауды қолдану тек мемлекеттің нақты анықталған келісімі болған кезде ғана мүмкін болады. Сонымен, иммунитеттің қарастырылған түрлерінің мазмұны процестің жеке сатыларымен байланыста және әртүрлі. Сонымен қатар, иммунитеттің үш түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың байланысы мемлекет егемендігінің қағидасынан шығады. Араларындағы теңдік және мемлекеттердің тәуелсіздігі - иммунитеттердің барлық түрлеріне негіз. Мемлекет және оның органдарының иммунитетімен қатар, заң әдебиеттерінде иммунитеттің жеке түрі ретінде мемлекет меншігінің иммунитеті табылады. Мемлекет меншігіне ешкімнің қол сұғуына құқығы жоқ, яғни ол меншік иесінің келісімінсіз мәжбүрлеп алына алмайды (арестке т.б.), оны шетел аумақта мәжбүрлеп ұстауға болмайды; ол басқа мемлекеттің және оның органдары мен жеке тұлғалары тарапынан талан-таражға салынбауы тиіс. XX ғасырда шетелдік заң әдебиеттері мен практикасында мемлекет иммунитетін шектеуге бағытталған пікір орын алған. Осы теорияға сәйкес <<функционалдық иммунитет>> деп - мемлекеттің кейбір функцияларына ғана таралатын иммунитетті айтамыз, яғни мемлекет иммунитеті тек саяси билік субъектісі ретінде әрекет жасаған кезде ғана танылады (тек мемлекет өзінің егемендігі атынан ғана қызмет атқарған кезде танылады). Егер шетел мемлекеті азаматтық айналымда сыртқы сауда мәмілелерін жасасу кезінде өзінің флотын сауда мақсатында пайдаланса, онда ол осы мәмілеге қатысты иммунитетті қолдана алмайды. Мұндай жағдайда мемлекетке мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Сонымен, бұл теория егеменді мемлекеттерді заңды тұлғалар жағдайына қояды. Шетел мемлекетінің әрекеттері заңды тұлғалардың әрекеттері сияқты сот қарауына жатады. Бұл теория бірнеше халықаралық келісімдерде бекітілді, бірақ кеңінен қолданылмайды. 1926 жылдың 10 сәуірінде Брюссельде мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитетіне қатысты кейбір ережелерді унификациялау туралы конвенцияға қол қойылды. Брюссель конференциясына Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Голландия, Германия, Дания, Испания, Италия, Норвегия, Польша, Румыния, Франция, Швеция, Югославия, Жапония мемлекеттері қатысты. Бұл конвенцияның мағынасы мемлекеттің меншігіндегі кемелер жүк тасымалдағанда жеке тұлғалар сияқты жауапкершілік режимін және міндеттемелерді көтеретіндігінен көрінеді, ал әскери кемелерге, мемлекеттік яхталарға және жария қызметтерді жүзеге асыратын сауда емес, қорғау, қамтамасыз ету т.б. кемелерге мемлекет иммунитеті таралады. Бұл конвенция тек оған қосылған мемлекеттерге ғана заңды күшінде болады. 1926 жылғы конвенция 15 мемлекетпен 2 Дүниежүзілік соғысқа дейін ратификацияланды, ал 1955 жылы оған Греция мен Франция қосылды. 1953 жылы Польша конвенциядан бас тартты. Халықаралық актілерде функционалдық иммунитет теориясын бекітудің келесі қадамы - Еуропалық Кеңестің шегінде мемлекеттік иммунитет туралы Еуропалық конвенцияның қабылдауы табылады. Бұл конвенция Базелде 1972 жылдың 5 мамырында қабылданып, 1976 жылдың 2 маусымында Австриямен, Бельгиямен және Кипрмен ратификацияланғанннан кейін күшіне енді. Конвенцияда мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушы бола тұра, сот иммунитетіне жүктелуге құқығы жоқ жағдайлар көзделген (1-14 баптар), ал басқа жағдайларда мемлекеттік иммунитет танылады (15 бап). Англияда 1978 жылы қабылданған мемлекеттік иммунитет туралы Заң осы конвенцияның негізгі ережелерін қайталайды. Осыған ұқсас заңдар Канадада (1981 ж.), Пәкістанда (1981 ж.), Сингапурда (1979 ж.) және ОАР (1981 ж.) қабылданды. Қазақстан Республикасында осындай заң қабылдау қажеттігі өмірдің желісі. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан одақтық жартылай тәуелді мемлекеттен егеменді мемлекетке айналды. Осы уақыттан Қазақстан Республикасының толық халықаралық құқықсубъектілігі басталады. Қазақстан Республикасы кең сыртқыэкономикалық байланыстарды жүзеге асырып келеді, сондықтан мемлекеттік иммунитет туралы заңды қабылдау мемлекеттің халықаралық қатынастардағы тұрғысын толық бекітеді. Сонымен, тағы бір атайтын жайт, мемлекетке тиесілі иммунитет оның органдарына да (министрліктерге, ведомстволарға, тағы басқа мемлекеттік мекемелерге) таратылады. Дәріс 5: СЫРТҚЫЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕНІҢ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1. СЫРТҚЫЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 2. СЫРТҚЫЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕНІҢ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ 3. АНГЛИЯ, ГЕРМАНИЯ, АҚШ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ СЫРТҚЫЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕНІҢ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ Дәріс мақсаты: Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық мәселелерін қарастыру. Дәріс міндеттері: 1. Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы және оның түрлерін сипаттау. 2. Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін және оларды жою шараларын талдау. 3. Англия, Германия, АҚШ және Франция құқығындағы сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін ашу. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Казакстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім. 1999ж. 1 шілде. 2. Сулейменов М.К. Право и внешнеэкономическая деятельность в РК. Алматы, 2001. 3. Покровская В. Организация и регулирование внешнеэкономической деятельности. М., 1999. 4. А.Сэлэкьюз Дж. У. Секреты заключения международных сделок. М., 1994. 5. Звеков В.П. Международное частное право. М., 2000. 6. Лунц Л.А. Курс международного частного права. М., 1975. * АнуфриеваЛ.А. Международное частное право. М., 2000. * Розенберг. Международная купля-продажа товаров. М., 1995. * Испаева Г.Б. Право, подлежащее применению в международной купли-продажи. Алматы, 1998. 1. Сыртқыэкономикалық мәміле бұл халықаралық құқықтағы ең күрделі, ауқымды және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, бұл кәсіпкерлік құқық аясында жүргізіледі және мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Тағы бір айта кететін жайт ҚР-ның АК-нде керсетілген, көзделген шарттардың барлығын қамтиды. Осы себептен де сыртқыэкономикалық мәмілердің тиімділігі және маңыздылығы арта түседі. Бұл коллизиялық мәселенің өзі де қарастыруға тұрарлық мәселе деп түсінеміз. Сонымен қатар, коллизиялық мәселелер, яғни ережелер және оларды жою шаралары, сондай-ақ тараптардың еркіндік кағидасы және сол еркіндіктің Қазакстан Республикасының заңдарымен шектелуі, сонымен катар өзге елдердің құқығындағы сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелері қарастырылады. Сыртқыэкономикалық қызметтің ішіне мемлекеттердің сыртқы сауда қызметі, халықаралық инвестициялық, валюталық және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және де өзге де қызмет түрлері кіреді. Сыртқы сауда қызметі Қазакстан Республикасының заңнамасы бойынша кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады және ол халықаралық тауар, қызмет, жұмыс, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін және оларға деген меншік кұқықтары алмасу түрінде жүзеге асырады. Сыртқы сауда қызметінің субъектілері ретінде оның қазақстандық және шетелдік қатысушылары танылады. Сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына Қазакстан Республикасынын заңдары негізінде құрылған және сол жерде тұрақты қызмет атқаратын жеке тұлғалар да жатады. Шетелдік қатысушылар ретінде шетел мемлекетінде тіркеліп құрылған және құқық қабілеттілігі және әрекет кабілеттілігі олар азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің құқығымен анықталатын шетел азаматтары және құқық қабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігі тұрғылықты жері бойынша анықталатын азаматтығы жоқ жеке тұлғалар танылады. Сыртқыэкономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттелді. Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады. Олар: 1) тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылады және басқа мемлекетте орналасуы керек. 2) мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б. Л.А. Лунц <<Сыртқыэкономикалық мәміленін түрлері көбеюі, күрделенуі, өзгеруі мүмкін, осыған байланысты сыртқыэкономикалық мәміленің түсінігі тұрақты болуы қиын. Сондықтан, осы көбейтуді, күрделенуді, өзгерістерді қамтитын жалпы анықтама табу керек>> деген. Біздің ойымызша, М.С Зыкин сыртқыэкономикалық мәмілеге ұтымды анықтама берген. Оның ойынша, сыртқыэкономикалық мәміле дегеніміз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында екі мемлекетке орналасқан тұлғалар немесе коммерциялық кәсіпорындар арасында жасалатын шарттар болып табылады. Бұл анықтама сыртқыэкономикалық мәмілеге жалпы мінездеме береді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сыртқыэкономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз. Олар: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, карыз немесе өзге де несие шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, кепілге алу шарты, айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық, шарттар. Бұл шарттар сыртқыэкономикалық мәмілені білдіре алады, егер олар мәміле жасасушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқыэкономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды, олардың қатары өзгеруі мүмкін. Енді осы шарттардың маңыздыларына тоқталсақ: Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттеңді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттеңді. Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйға алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады, не босатуға міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетгі адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде - теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Енді сыртқыэкономикалық мәмілелерді ішкі мәмілелерден ажырата білу ерекшеліктеріне келсек, олар мыналар: 1. Тараптардың коммерциялық кәсіпорындары міндетгі түрде екі мемлекетке орналасуы керек. * Олардың екі құқықтық жүйесі болуы керек. * Сатып алу-сату шартына байланысты тауарлар бір мемлекеттен екінші мемлекетке ауысқан жағдайда олар міндетті түрде шекараны кесіп өтуі керек. * Тараптар арасында дау туындаған жағдайда тараптардың өздері келісім бойынша қай елде, қандай процедура бойынша және кандай тілде карастыруға болатынын өздері шешеді. 2. Халықаралық жария құқықтың субъектілерінің кұқықтары мен міндеттерін анықтайтын және тікелей реттейтін материалдық құқықтық нормалардан ерекшелігі коллизиялық норма осы қатынасқа байланысты қай мемлекеттің құқығын қолдану керек екендігін көрсетеді. ҚР АК-нің 1112-бабы тараптардың сыртқыэкономикалық мәміледегі құқықтары мен міндеттерін тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына бағынады деп көрсетеді. Сыртқыэкономикалық мәмілеге байланысты тараптардың кұқықтары мен міндеттері бағынатын құқықты анықтау ҚР-ның заңнамасында тараптардың еркіндігі қағидасына негізделеді (lex voluntatis). Бұрынғы Кеңес Одағының заңында да бұл қағида көзделген, бірақ ол өзгеше жазылған болатын: <<Сыртқыэкономикалық мәмілеге байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері егер тараптар өзгеше келіспесе шарт жасалған елдің құқығымен анықталады>> делінген. Ал ҚР заңы мұны нақтылап, толықтырып көрсетеді, яғни тараптың өздерінің бекітілген мәмілелеріне қолданылатын құқықты өздері шарт жасап жатқанда немесе одан кейін өзара келісімдері негізінде таңдап алуға құқылы делінген. Бірақ ҚР заңы бойынша шарттардың кейбір түрлеріне қолданатын құқықты тараптардың таңдап алуына жол берілмейді, яғни императивтік нормалар бекітілген. Ол ҚР АК-нің 1113-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген: 1. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ, мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт бойынша кұқықтар мен міндеттемелерге сол мүлік тұрған елдің құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізімге енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан Республикасыньщ кұқығы қолданылады. 2. Бірлескен қызмет және құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің құқығы қолданылады. 3. Конкурстық сауда-саттықтың (теңдердің, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржа орналасқан елдің құқығы қолданылады. Егер бұрын тараптар <<бірлескен өнеркәсіп>> кұру туралы бірлескен қызмет шартын жасай отырып, қай елдің құқығын қолданатынын таңдап алатын болса, қазіргі жағдайда мұндай еркіндік шектелген. Егер тараптар жасасқан мәлімдеме олардың қай мемлекеттің құқығын қолданатындығы туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа ҚР АК-нің 1113-бабының ережелері қолданылады. Олар: 1) сатып алу-сату шартында - сатушы; 2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы; * мүлікті жалға (арендаға) беру шартында - жалға беруші; * мүлікті тегін пайдалану шартында - несие беруші; * мердігерлік шартында - мердігер; * тасымалдау шартында - тасымалдаушы; * көлік экспедициясы шартында - экспедитор; * карыз немесе өзге де несие шартында - несие беруші; 9) тапсырма шартында - сенім білдірілген адам; * комиссия шартында - комиссионер; * сақтау шартында - сақтаушы; * сақтандыру шартында - сақтандырушы; * тапсырма беру шартында - тапсырма беруші; * кепілге салу шартында - кепілге салушы; * айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта - лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жері болады. Азаматтық кодекстің 1113-бабында көрсетілген шарттың 15 түріне байланысты 15 түрлі байламдармен қатар азаматтық заңнамада өндірістік әріптестік, құрылыс және басқа да күрделі құрылыстарды жүргізуге байланысты ережелер көрсетілген. Оған сәйкес егер тараптардың келісімінде өзгеше керсетілмесе ондай жағдайда осындай қызметтің жүзеге асырған жер құқығынемесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолданылады. Егер тараптардың қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жері немесе қызмет орны болған елдің құқығы қолданылады. Сонымен, 1995 жылғы қабылданған Азаматтық кодексте жаңа халықаралық шарттардың түрі және даму дәрежесі ескерілген өзге де мәмілелерге қатысты бекітілген жер заңын қолдануға байланысты коллизиялық, нормалар бар. Азаматтық кодекстің 1113-бабының 5-тармағына сәйкес, шарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты тараптар өзгеше келіспегендіктен, осындай қабылдау өткізетін орынның құқығы ескеріледі. Шарт жасасу барысында онда тәжірибеде, яғни шарттың өзінде шарт жасалған мемлекетті немесе елді көрсетеді. Егер ондай мемлекет немесе ел көрсетілмесе шарттың мәнінен оны анықтауға болады. Сол арқылы шартқа егер тараптардың арасында өзгеше түрде көзделмесе шарт жасалған елдің құқығын қолдануға болады. Сыртқыэкономикалық мәмілеге құқықты таңдау жолымен мәмілеге міндетті статут бекітіледі. Міндетті статут негізінде тараптардың шарттық міндеттерін орындамаған жағдайда пайда болатын құқықтары мен міндеттері анықталады және міндетті статут негізінде жауапкершіліктен босату жағдайлары да қарастырылады, талап ету мерзімі де көрсетіледі. Сонымен қатар, міндетті статут сыртқы сауда шартының кол қою нысанына қолданылмайды, өйткені заң бұл мәселелерге байланысты ерекше ережелер бекітеді. Халықаралық сатып алу-сату шартын реттейтін материалдық құқықтық норманың болмауы ол коллизиялық нормаларды қолдануға итермелейді, ал ол өз негізінде халықаралық сауда-саттықтың дамуына кедергі жасайды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 17 желтоқсандағы резолюциясында халықаралық саудадағы байланысты мемлекеттің заңдарының арасында қайшылықтар оның дамуына кедергі келтіреді делінген. Ұлттық заңдар бір-бірінен ерекшелінеді және бір мәселеге байланысты әртүрлі ережелерді бекітеді. Әр түрлі халықаралық ұйымдар және де жеке мемлекеттер сыртқы сауда айналымын реттейтін біріздендірілген норма жасауға, қалыптастыруға әрекет жасады. Бұндай біріздендіру мына жолдармен жүзеге асуы мүмкін: * ұлттық заңдарға халықаралық заңдар шарттар шеңберінде жасалған нормативтік ережелерді енгізу; * біркелкі заңдарды қалыптастыру; * әр түрлі топтық шарттарды қолдану; 4) халықаралық ұйымдардың қалыптасқан сауда-саттыққа байланысты әдет-ғұрыптарын сауда-саттық терминдердері деп аталатын құжатқа біріктіру. Осыған байланысты 1964 жылы өткен Гаага конвенциясының сессиясында халықаралық сатып алу-сату шартын жасасуға қолданылатын біркелкі заңдар туралы Гаага конвенциясы және тауарларды халықаралық сатып алу шарты туралы Гаага конвенциясы қабылданды, бірақ күшіне енеді. Себебі, бұл батыс елдерінің заңына сүйене отырып, жасалған еді. БҰҰ-ның халықаралық сауда комиссиясы өз алдына құқықтық жүйесі әр түрлі көптеген елдерге қолайлы болатын унификацияланған ережелерді жасау туралы мақсат қойды. Осы Комиссияның жұмысының нәтижесінде 1980 жылы Венада қабылданған халықаралық сатып алу-сату шарты туралы Вена конвенциясының жобасы жасалды. Бұл конвенцияның кіріспе бөлімінде әр түрлі коғамдық, экономикалық және құқықтық жүйені қамтитын және халықаралық сатып алу, сату шартын реттейтін біркелкі норманың қабылдануы халықаралық сауда-саттықтағы кедергілерді жоюға және оның дамуына ықпал етеді делінген. Бұл конвенцияда талап ету мерзімі және дауды шешу тәртібіне байланысты ештеңе айтылмаған. Бірақ талап ету мерзімі 1974 жылы қабылданған халықаралық сатып алу-сатудағы талап ету мерзімі туралы конвенциямен реттеледі. Ешқандай коллизиялық нормаларды қамтымайтын 1980 жылғы конвенцияның қабылдануы сол конвенциямен қамтылмаған басқа да материалдық нормаларды қолдау кажеттігін туғызды. Содан кейін, 1985 жылы кезектен тыс Гаага конференциясында халықаралық сатып алу-сату шартына қолданылатын құқық туралы конвенция қабылданды. Коллизиялық проблемаларды жоюдың тағы бір жолы - типтік контракт болып табылады. Бұл көбінесе ірі экспортерлар мен импортерлар арасында және олардың бірлестіктері мен ассоциация арасында қолданылады. Бұл негізінде XIX ғасырдың соңында қолданыла бастаған. Теңіз тасымалына қатысты сатып алу-сату шартын бекіткенде және орындағанда тараптардың құқықтары мен міңдеттеріне қатысты қолданылатын әдет-ғұрыптың маңызы зор. Осы әдет-ғұрып негізінде халықаралық сауда тәжірибесінде <<фоб>>, <<сиф>>, <<фас>> және де <<каф>> жағдайындағы шарттар қолданыла бастады Бұл терминдер ағылшын сөзінің бас әріптерінен құрылған: <<фоб>> free on board (бортта еркін); <<сиф>> сөзі, insurance, freight (баға, сақтандыру, фрахт); <<фас>> free along side ship (кеменің бортына дейін еркін); <<каф>> cost and freigtht (баға және фрахт). Бұл терминдердің түсінігі Халықаралық сауда палатасы шығарған сауда әдет-ғұрыптары жинағында (< >) жазылған. Бұдан басқа халықаралық терминдерді талқылау ережесін - <<Халықаралық сауда палатасы сауда терминдерін>> Incoterms қабылдады. Осы көзге дейін Инкотермске жеті өзгеріс енгізілген, ең соңғысы 2000 жылы енгізілген. 2000 жылы аса көп өзгеріс енгізілген жоқ ол негізінен екі терминге байланысты, олар FSA және DEQ, ҒSA бойынша кедендік рәсімдеуді сатушы жүргізеді, ал DEQ бойынша кедендік рәсімдеуді сатып алушы жүргізеді. Сонымен қатар, материалдық-құқықтық нормалар жеткізудің жалпы ережесінде де кездеседі. Бұған байланысты екі мемлекеттің үкіметі халықаралық нормативтік сипатқа ие шарт жасасады. Шартта тауар жеткізудің жалпы ережелері көрсетіледі. Осы екі мемлекеттің кәсіпорындары өзара сатып алу-сату шартын жасасқан кезде осы мемлекетаралық шартта көрсетілген тауар жеткізудің жалпы ережелерін негізге алады. 3. Коммерциялық контрактіге міндетті статутты бекіткенде Англия, Германия, АҚШ және Франция соттарының негізге алатын мәселесі доқтриналарда үлкен танымалдықпен қолданылатын тараптардың еркіндігі қағидасы болып табылады. Ол бойынша тараптар өздерінің шарттық міндеттемелеріне қолданылатын құқықты таңдауға ерікті. Тараптардың шарттық тығыз байланысты ел заңын қолдануға байланысты таңдауы шектелген бе? Бұл сұраққа аталған мемлекеттердің коллизиялық доктриналары тәжірибеге сүйене отырып, көп жағдайда шектелген тараптардың еркіндігін қолдайды. Кейбір коллизионистер уәкілетті құқыктық тәртіпті таңдаған жағдайда тараптардың шектелмеген еркіндігіне қарсы шығады. Коммерциялық шарттарда тараптардың шарттық міндеттемелерінің жекелеген бөліктері әр түрлі құқық жүйесімен реттелетін жағдайлар да кездеседі. Доктрина тараптар шарт жасасқан кезде өркениетті халықтардың құқықтарының жалпы кағидаларын қолдануға жол береді. Жасасқан шарттың мазмұнынан және одан туындайтын жағдайлардан тараптардың нақты еркіндігін біле алмаса, Франция, Англия, Германия және АҚШ соттары тараптардың болжамды еркіндігін немесе осы жағдайларда әділетті және ақылды адам қандай құқықты таңдайтыны жайлы сұрақты шешеді. Жаңа ағылшын сот тәжірибесінде тараптардың болжамды еркіндігін теріске шығарып, <<әділетті және ақылды адам бұл жағдайда қандай құқықты таңдар еді>> дегенді басшылықка алғанды жөн көреді. Тараптардың болжамды еркіндігін және ақылды адам еркін теріске шығара отырып, жоғарыда аталған мемлекеттердің соттары кей жағдайда сот тәжірибесінде көп кездесетін презумпцияны қолданады. Өздерінің клиенттеріне жалпы тәртіпте қызмет көрсететін мекеменің орналасқан жер заңына қатысты презумпция үлкен мәнге ие болды. Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, транспорттық мекемелердің және басқа да ұйымдардың клиенттері жалпы тираждағы шығарылған нысанда шарт жасасу туралы ұсынысты қабылдағанда сол шарттың нысанын жасаған кәсіпорынның орналасқан жер заңын шарт нысанына қолдануға келіскен деп танылады. Нысанда көрсетілген талаптарды қабылдау <<шартқа қосылу>> деп аталады. Бұл терминді алғаш рет француз цивилисті Салейлем 1901 жылы қолданған. Мұнда негізінен клиент шарттық талаптарын жасауда және талқылауда қатыспайды, ол тек оған қол қою аркылы шартқа <<қосылады>>. Қосылу шарттары бойынша кейінгі кездері Германия, АҚШ тәжірибесінде онда көрсетілген клиентке тиімсіз талаптарды жарамсыз деп жариялауда. Бұл негізінен, шарт талаптарындағы <<тараптардың еркіндігі>> қағидасына байланысты болып тұр. Ал Германия және Италияның соттары тараптардың жалпы азаматтығына немесе жалпы домицилиіне назар аударады. Әр түрлі елдердің соттары даулы міндеттемелерге қолданылатын көптеген құқық жүйелерінің ішінен кажетті құқықтық жүйені таңдағанда көптеген жағдайларда сол даулы міндеттеме қай құқық жүйесінде жарамды болса сол құқықтық жүйені таңдайды. Соңғы кезде тәжірибеде және теорияда міндетті статутты анықтау негізінде бір ғана критерийді қолданып қана қоймай, қандай да бір жағдайда басымдық бермей, критерийлердің жиынтығын қолдану басшылықка алынуда. Чешир бұл презумпцияны колдайды. Өйткені, бүкіл шарт жағдайларын негізге алудың орнына оның белгілі бір жағдайына ғана басымдылық беріліп, сол арқылы ол дау дұрыс шешілмейді дейді. Шартты талқылау оның барлық объективті белгілері негізге алына отырып, жүргізілуі керек. Міндетті статутты белгілеу кезінде көптеген жағдайларда шарттың жасалған жері немесе жүзеге асқан жері негізге алынады және олар тұрақты деп саналады. Бірақ, Германияда шартта тараптар таңдаған құқықтық жүйе көрсетілмесе, онда оған шарттың орындалған жер заңы қолданылады. Бұл критерий коллизиялық мәселелерді шешкенде үлкен қиыншылықтарға соқтырады. Бұл әсіресе сатып алу-сату шартына байланысты және де синаллагматикалық шарттардың коллизиялық мәселелерін шешкенде үлкен қиындықтарға соқтырады. Көптеген жағдайларда сатушының және сатып алушының міндеттері екі түрлі құқықтық жүйеге бағынышты болады, бұлардың бір-біріне байланысты болуына қарай күрделі конструкцияның кажеттілігі туындайды. Біз жоғарыда шарттық міндеттемелердің статутына байланысты коллизиялық мәселелерді және олардың Англия, АҚШ, Франция және Германияның тәжірибелерінде калай шешілетіндігі жайлы айттық, енді шарттың нысанына тоқталсақ, Англия, Франция және Германияның тәжірибесінде шарттық нысаны шарт жасалған елдің құқығына немесе шартта қолданылады деп көрсетілген басқа елдің құқығына сәйкес болса, бұл негіздер бойынша сот шартты жарамсыз деп тани алмайды. Шарттың нысанына байланысты мәселелерді шарт жасалған жер заңы (lex loci contractus) бойынша шеше отырып, сот бірнеше қиыншылықтарға тап келеді. Мысалы: тараптар қатыспай жасалатын (договор между отсутствующим) шарттын нысанына қатысты қиыншылықтарға тап келеді. Батыс елдерінің, әсіресе ағылшын-американдық тәжірибеде мәміленің нысанына байланысты шетелдік заңның ережелерінің сипатына байланысты сұрақтар кездеседі. Ол: мәміленің нысаны процессуалдық па, әлде материалдық құқықтық сипатта ма деген сауалдар. Егер құзыретті шетелдік заң шарттың жазбаша жасалып, гербтік салыммен жасалуын талап етсе, онда бұл талаптың сақталмауы ертеңгі күні шарттың дәлелдеме ретінде қолданбай, сот қорғауынан айырылатындығын білдіреді. Бұл жағдайларда Англия мен АҚШ соттары мұны қолданылуға жатпайтын процессуалдық норма деп таниды. Егер де осы талаптарды сақтамау, белгілі бір шетел заңнамасы бойынша шарттың жарамсыздығына алып келсе, бұл жағдайда соттар оны эксаумақтық қызмет етуші материалды норма деп түсінік берген. Мұндай түсініктің дұрыс еместігі айкьш, егер коллизиялық сауал шетел заңнамасының пайдасына шешілсе, онда қалған барлық заңның құқықтық институттары шетел заңнамасының негізінде ғана қолданылуы мүмкін. Заттық құқықтарды орнатудың пәні болып табылатын мәміленің нысаны заттың орналасқан жерінің заңына бағынады. Германдық Азаматтық заңдар мен француздық тәжірибенің Кіріспе заңдарының 11-бабының екінші абзацына сәйкес, жалпы ережелерден ерекше жағдайларды барлық заттың сипаттамадағы мәмілелеріне қолданылады, ал ағылшын-американдық құқық мұны тек жылжымайтын мүлік мәмілесіне ғана қатысты қолданады. Сауда мәмілелерін жасауға байланысты тұлғаның кабілеттігі бойынша түрлі елдердің соттарының жалпы теңденцияларына шолу жасадық. Олар заңның қолданылуын тұлғаның жеке заңын қолдануға дейін тарылтады немесе шарттың жасалған жер заңын қолдануға дейін оны кеңейтіп жіберуі мүмкін. Бұл сауалдар АҚШ пен Англияның тәжірибесінде корпорациялық құқық кабілеттілігіне байланысты шыкқан <<жалпы құқық>> доктринасының шығуына байланысты маңызға ие бола бастады. Қазіргі таңда корпорациялық мәмілені жасау бойынша қабілетгілігіне байланысты сауалдар коллизиялық құқық аспектісінде келесідегідей шешіледі: негізінен capacity корпорацияны құру заңына, яғни қай мемлекеттің немесе штаттың заңы бойынша корпорация құрылды, соған байланысты болып келеді. Аталған заң корпорацияның құқық қабілеттілігінің шектерін айқындайды, өйткені Гудричтың айтуы бойынша <<жасаңды түрде жасалған ұйымның -корпорацияның құқық қабілеттілігі онын сыртта мәміле жасауынан кеңейіп кетпейді, бірақ бұл ретге мәміле нысаны бойынша корпорацияға ертеңгі күні арыз қойылатын болса, корпорация шарт корпорациясының құқық кабілеттілігінен асырып жасалған деп үәж айта ала ма деген сұраққа жауап береді. Сонымен катар, жекелеген жағдайларда инкорпорацияның жерінде шығарылған жалпы сипаттағы норма оның белгілі бір әрекеттерді жасауына шектеу болып табылады ма? Осы сұрақтарды шешіп алуымыз керек. Бірінші жағдайларда корпорацияның құқық, кабілеттілігі барлық жағдайда шешілетіндігі айтылады; ал екінші жағдайда тек аумақтық сипаттағы тыйым туралы сөз болады. Мәмілелердің мәні бойынша жарамдылығына байланысты коллизиялық сұрақтарды шешуде үлкен қиындықтар туындайды. Бұлардың қатарына ерік білдіруді бұзу, заңдылықты және шарттың сол немесе басқа бір шарттарын орындамауды жатқызуға болады. Ағылшындық соттар мен Германияда шарттың жарамдылығын міндеттемелік статут бойынша шешетін, яғни шарт жарамды деп танылған жағдайда оның әрекеттері реттелетін заңмен шешеді. Сондықтан да, мәселен, екі жақты да қанағаттандыру бойынша ағылшындық құқық нормалары бойынша емес, басқа шетелдік құқық нормаларымен жасалған болса, қолдануға жатпайды. Келесі бір мысал: егер ағылшындық, француздық фирмалар арасында жасалған шарт ағылшындық заңнамаға сәйкестендіріліп жасалса және ағылшындық материалдық кұқықта оған шек қойылмай, бірақ француз заңнамасына сәйкес жасалса британдык сот оны заңсыз деп танымайды. Бірақ бұл жағдайда, мұндай француздық шек кою Францияда шарт орындалатын болса онда француз заңы ескерілуі тиіс. Бұл жағдайда шетелдік заң фактілік жағдайдағы маңызға ие болады. Бірақ, бұл тұста ағылшындық заң жауапкердің міндеттемені тиісінше орындамауы туралы мәселені шешкен кезде материалдық құқықтық нормаларын ескеруі тиіс. Дәріс 6: ХАЛЫҚАРЫЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МЕН НЕСИЕЛЕУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ 1. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ 2. ТМД ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ 3. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ 4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ Дәріс мақсаты: Халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу мәселесін сипаттау. Дәріс міндеттері: 1. Есеп айырысу және несие қатынастарының түсінігін ашу. 2. ТМД және дүниежүзіндегі халықаралық есеп айырысуды сипаттау. 3. Есеп айырысу қатынастарын ашу. 4. Халықаралық несиелеудің түрлерін талдау. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Аккредитивы. Документарные инкассо. Банковские гарантий. М., 1993. * Пебро М. Международно-экономические, валютные и финансовые отношения. М.: Прогресс, 1994. * Расчетно-кредитные отношения. В кн.: Гражданское и торговое право капиталистических государств. М.: Международные отношения, 1993. 1. Ақылы шарттардың көбісі бойынша затты бергені, жұмысты атқарғаны, қызмет көрсеткені үшін жауап ретінде екінші тараптың ақша төлеу жөніндегі міндеті туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу үшін жеке, заңды тұлғалармен берілетін ақша қаражаттарын ауыстырумен айналысатын банктер, арнайы коммерциялық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда несиелеумен тікелей банктер айналысады. Осы кезде бірқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы түрде екі топқа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелік құқықтық қатынастар. Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мүлікті жалға алу, мердігерлік, комиссия және т.б. шарттардан туындайтын басқа да ақша міндеттемелерін жүзеге асыру сияқты, екіншіден біріншісінсіз жүзеге асыру тәжірибе жүзінде техникалық жағынан мүмкін емес болады. Егер есеп айырысу қатынастарын (міндеттемелерін) сипаттауға талпынатын болсақ, онда оларға заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары арқылы ақша қозғалысының процесіне себепші болатын және оларды осы шоттарға орналастыру (қаражаттарды сақтау) тәртібін реттейтін құқықтық қатынастар жататындығын атап өтуге болады. Бұл құқықтық қатынастардың ерекшелігі болып олардың жеке өзіндік экономикалық мазмұнға ие емес екендігі және тек сол немесе өзге бір құқықтық катынастарға қызмет көрсететіндігі табылады. Олардың экономикалық мазмұны туралы тек шартты түрде есеп айырысу құқықтық қатынастарының өмір сүруі мен жүзеге асырылуы банктік капиталдың қозғалысымен және оны пайдаланумен тығыз байланысты екенін еске ала отырып айтуға болады. Олар қандай да бір косымша қатынастар (аксессуарлық міндеттемелер) нысанында құрастырылмайды, керісінше олар жария құқықтық қатынастар (міндеттемелер) болып табылады. Бір жағдайларда олар ақша операциялары үшін алғышарт ғана болады, мысалы, оған банктік шот шарты жатады, ал басқа жағдайларда есеп айырысу қатынастары бір субъектілерден екіншілеріне сол немесе өзге бір негіздер бойынша, акша қаражаттарын алмастыруға тікелей бағытталады, мұндай есеп айырысу құқықтық катынастарына акша аудару туралы шарт жатады. Қазіргі әлемде есеп айырысу қатынастарының маңызы өте үлкен болып табылады. Қолма-қол ақшамен есеп айырысудың маңызы кәсіпкерлік айналымда және коммерциялық емес заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысуда тәжірибе жүзінде жоққа шығарылуда. Уақыт пен тәжірибе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қолайлы екенін көрсетті. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалануға заңды тұлғалар қаражаттарының қозғалысын тіркеудің, оларды пайдалануға салықтық бақылау жасаудың қазіргі тәсілдері негізделеді. Бұл салада ақшалардың қолма-қол емес айналымын реттеумен байланысты көп мөлшердегі императивтік нормалардың да көзделгенін атап өтуге болады. Несиелік құқықтық қатынастар нарық қатысушыларында айналымға түсіретін құжаттарға, ақшаларға, шикізат пен материалдарға деген тұрақты қажеттіліктің болуымен байланысты туындайды. Екінші жағынан, еркін ақша капиталы бар (мысалы банктер) субъектілерде оны пайдалы мақсатқа пайдалануға мүдделі. Нарық қатысушыларының осындай қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін заем (өзге де несиелеу бойынша) қатынастарының нысаны қолданылады. Осылайша, несиелік құқықтық қатынастардың есеп айырысу құқықтық қатынастарынан өзіндік ерекшеліктері бар, олар, текті белгілермен анықталатын ақшаларды немесе заттарды, кейін қайтару шартымен, беруден көрініс табады. Мұндай міндеттемелердің зандық ерекшелігі - жеке белгілермен анықталатын шарттарға катысты туындайтындарға қарағанда, олар <<түр жоғалмайды>> кағидасын қолданумен заттың белгісі бойынша құрастырылатындығында. Несиелеу әр аулан түрде жүргізілуі мүмкін. Ол орын алып отырған құқықтық қарым-қатынас аясында жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, несие беруші борышқорға оның ақшалай немесе өзге міндеттемесін орындауды кейінге калдыру мүмкіндігін бергенде несиелеудің мұндай нысаны коммерциялық несие атауына ие болған. Кейбір жағдайларда несие беруші борышқорға оның міндеттемесін орындауға қажет қаражаттарды алдын ала беріп қояды, мысалы тауарларды кейіннен оларды сатып алушыға беру мақсатымен сатып алу. Басқа жағдайларда несиелеуге осы үшін арнайы бекітілетін шарт түрі беріледі. Оларға заем шарты, соның ішінде банктік заем (несие) шарты, банкілік салым шарты. Сонымен, несиелік құкықтық катынастарды несие берушінің қайтарымды немесе уақытша негізде қандай да бір игілікті (ақша, тектік белгілермен анықталатын заттар, міндеттемені орындау мерзімін кейінге қалдыру) борышқорға берумен байланысты қатынастар ретінде сипаттауға болады. Есеп айырысу құқықтық қатынастарына қарағанда, нссиелік қатынастар акшалай да, натуралды-заттық та сипатқа ие болуы мүмкін. Есеп айырысу несиелік қатынастарды реттеудің айқын ерекшелігі бар. Ол мемлекеттің экономиканың осы маңызды аясын бақылаусыз қалдырмайтындығына және Қазакстан Республикасы Ұлттық Банкінің көмегімен біртұтас ақша несие саясатын жүргізетіндігіне негізделеді. Осыған орай есеп айырысу және несиелік құқықтық қатынастарды реттеу тек қана азаматтық құқық нормаларымен жүзеге асырылады. Мұны біз жоғарыда да атап өткенбіз. Бұл реттеушілік сондай-ақ, мемлекеттің ақша және несие жүйесінің құрылымын, банкілік операциялардың жүзеге асырылу тәртібін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгіленген нормативтері бұзылғанда субъектілердің жауапкершілігін анықтайтын нормалар әрекетіне де негізделген. Сол себептен есеп айырысу несиелік қатынастарды реттеу үшін әкімшілік, қаржылық және басқа да құқық салаларының бірқатар заңды актілері қолданылады. Мысалы 30 наурыз 1995 ж. Қазақстан Республикасы Прсзидентінің заң күші бар <<Қазақстан Республикасыныц Ұлттық Банкі туралы>> Жарлығы кабылданған. 1 наурыз 2001 жылғы Қазақстан Республикасының <<Банкілік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Заңына сәйкес аталған заңды акт Қазақстан Республикасының <<Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы>> Заңы ретінде әрекет етуде. Сондай-ақ, 31 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің <<Қазақстан Республикасындағы банктер және банкілік қызмет туралы>> бұрынғы Жарлығы (қазір Қазақстан Республикасыныд заңы) әрекет етуде. Аталған екі заң да қабылдаған және күшіне енгізген сәттен бастап бірқатар өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Оларда жария құкықтық нормалармен қатар, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық маңызы бар нормалар да бар. Жаңадан қабылданған Азаматтық кодекстің бұрын әрекет еткен ҚазССР-дің Азаматтық кодексінен мәнді ерекшелігі онда тұңғыш рет есеп айырысу несиелік қатынастарды жан-жақты реттейтін бірқатар нормалар көзделген. Есеп айырысу және несиелік қатынастарды кешенді түрде реттейтін нормативті акт ретінде, сондай-ақ 28 маусым 1998 жылғы Қазақстан Республикасының <<Төлемдер және ақша аударулары туралы>> Заңын, өзгерістер мен толықтырулармен атауға болады. 28 сәуір 1997 жылғы Қазақстан Республикасының <<Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы>> Заңы да әрекет етуде. Цивилистердің көпшілігі вексель құнды кағаз болып табылады деген позицияны ұстанғанына карамастан, біздің заңнама вексельді құнды кағаздар қатарынан шығарып тастады. Сондықтан қазір вексельді біржақты сөзсіз ақшалай міндеттемені білдіретін, нақты анықталған нысандағы төлем құжаты, яғни, есеп айырысу құралы деп түсінеді. Есеп айырысу несиелік құқықтық қатынастарды реттейтін заңға сәйкес нормативтік актілері де бар. Мәселен, оларға Қазакстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдайтын нормативтік актілерді жатқызуға болады. Қазіргі таңда мынадай заңға сәйкес актілер әрекет етуде: 5 желтоқсан 1998 жылғы №266 <<Қазақстам Республикасының аумағында чектерді колдану>> Ережелері; 21 сәуір 2000 жылы № 146 <<Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударуларды жүзеге асырған кезде электронды құжаттармен алмасу>> Ережелері; 25 сәуір 2000 жылғы <<Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асыру>> Ережелері (оларға қазір бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). <<Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 25 сәуір 2000 жылы №195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды жүргізу>> Ережелері, <<Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 25 сәуір 2000 жылғы №178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу>> Ережелері әрекет етуде. Соңғы қабылданған нормативтік актілердің қатарына <<Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 25 қараша 2000 жылғы №433 қаулысымен бекітілген клиент пен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру>> Ережелерін, <<Қазакстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 25 қараша 2000 жылғы №428 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері мен банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында хат-хабар қатынастарын орнату>> Ережелерін және басқа да нормативтік актілерді жатқызуға болады. 2. Қазақстандағы валюталық операциялар ретінде келесілер түсіндіріледі: а) меншік құқығының ауысуымен байланысты операциялар; б) шетелге ақша аудармаларын жүзеге асыру; в) Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтарды кіргізу, көшіру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан шығару және көшіру. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі валютаны реттейтін орталық орган. Оның құзыретіне шетел мемлекетінің валютасын Қазақстан Республикасында айналдыру тәртібін анықтау кіреді. Валюталық операциялар халықаралық есеп айырысу және несиелеуге тікелей қатынасы бар. Халықаралық есеп айырысу және несиелеу әртүрлі мемлекеттердің банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен жүзеге асады. Осы есептер жеке фирмалар арасында тауарларды сатып алу-сату, шетелдік банктермен - ссуда, заем бойынша есеп айырысуға көмектеседі. Халықаралық есеп айырысу сыртқыэкономикалық байланыстардың бірнеше түрінің дамуына жағдай тудырады. Халықаралық банкаралық есеп айырысу нысандарының бірі ретінде тікелей аударымдар түрінде ақша қаражаттарын беру табылады. Есеп айырысудың тағы бір нысаны өзара талаптарды есепке жатқызу табылады. Осы есеп айырысу түрін қысқаша банкаралық клиринг деп атайды. Дүниежүзілік практикада халықаралық және ішкі есеп айырысу нысандары өзараәлсіз, олар унификацияланған және жалпы, бірыңғай қағидаларға негізделеді. Қазақстан қазіргі таңда, ТМД мүшесі бола тұра есеп айырысудың халықаралық жүйесіне ауысқан. Мемлекетаралық есеп айырысуды өткізуді және корреспонденттік шоттарды жүргізуді ТМД-ның мүшелері арнайы мемлекетаралық есеп айырысу бөлімдеріне жүктеуді шешті. Коммерциялық банктердің мемлекетаралық есеп айырысу операцияларын, Ресей ішінде банкаралық ұқсастық бойынша тікелей аударымдар түрінде есеп айырысу-кассалық орталықтар (ЕКО) жүзеге асырады. ЕКО ерекшелігі - барлық төлемдер, есептік-төлемдік құжаттар Ресей Федерациясы Банкісінің мемлекетаралық есеп айырысу орталығына аударылады. Ресейден ТМД көлеміндегі клиенттерге төлемдер келесі кесте арқылы жүзеге асады: кәсіпорыннан коммерциялық банкіге, банкіден - ЕКО-ға, оннан - Ресей Федерациясы Банкісінің мемлекетаралық есеп айырысу орталығына, одан - ТМД мемлекеттерінің ұлттық мемлекеттік банктеріне. Ресейлік клиенттердің мекен-жайына төлемдер келесі тәртіппен жүзеге асады. ТМД мемлекеттерінің бірінен төлемдер Ресей Федерациясы Банкісінің мемлекетаралық есеп айырысу орталығына түседі. Одан кейін, екіжақты есеп айырысу дұрыстығы тексеріліп, төлемдік құжаттар Ресейдің аймақтық ЕКО-сына беріледі, ал ол ақша қаражаттарын ресейдің клиентіне қызмет көрсететін коммерциялық банкісіне аударады. Мұндай күрделі қатынастарды қарапайымдандыру үшін Ресей мен Қазақстан екі мемлекеттің ЕКО-сы арасында тікелей корреспонденттік қатынастарды орнатты. Бұл қатынастарды құқықтық реттеу екі мемлекеттің орталық банктерінің жасалған келісімімен жүзеге асады. 1993 жылдың 22 қаңтарында ТМД мемлекеттері, бірыңғай экономикалық кеңістікті құру, капиталдардың көшуі, қаржы-несиелік саясатты басқару мақсатында бірнеше келісімге қол қойды. Осы келісімдердің бірімен ТМД-ның мемлекетаралық банкі құрылды, оның мақсаты - ТМД мемлекеттерінің орталық банктері арасында есеп айырысу көпжақты жүйесін ұйымдастыру табылады. ТМД-ның мемлекетаралық банкі арқылы есеп айырысу келесі кесте арқылы жүзеге асады. Әрбір мемлекеттің орталық банкісі осы ТМД-ның мемлекетаралық банкісінде бір корреспонденттік шот ашады. Бұл шот арқылы тауарлардың импорты, экспорты бойынша төлемдер және сауда емес төлемдері жүзеге асады. ТМД-ның мемлекетаралық банкісінің функциясына көпжақты клирингті жүзеге асыру және әрбір орталық банкінің есеп айырысу тұрғысын анықтау кіреді. ТМД-ның мемлекетаралық банкі орталық банкінің, ТМД-ның мемлекетаралық банкісінің алдындағы міндеттемесін орындамағаны үшін есеп айырысуын шектеуге немесе тоқтатуға құқылы. ТМД-ның мемлекетаралық банкісінің өзге де өкілеттігіне жатады: а) валюталық және ақша-несиелік саясатты үйлестіру мақсатында банкіге қатысушы-мемлекеттердің экономикасына талдау өткізу; б) техникалық несиелеуді, сондай-ақ, маусымдық несиелеуді жүргізу. 3. Қазақстан Республикасьшың Азаматтық кодексі ҚазақССР Азаматтық кодексіне қарағанда қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәсілдеріне қатысты тікелей көрсетілген нормаларды камтымайды. <<Есеп айырысу>> деп аталатын арнайы 46-тарауы бар РСФСР Азаматтық кодексіне қарағанда, ҚР Азаматтық кодексінде банктік шотты ашусыз ақша аударулары туралы нормалардан басқа тікелей есеп айырысу қатынастарына арналған нормалар жоқ. Алайда, бұл есеп айырысу қатынастары және есеп айырысудың бүкіл тәртібі азаматтық құқықтың реттеу аясынан шығарылған деген ойға жетөлемеуге тиіс. Банктер арқылы есеп айырысу кезінде банктер мен клиенттер, сондай-ақ клиенттердің өздерінің арасында колденең мүліктік қатынастар сөзсіз туындайды. Оларды реттеудегі басымдық банктік емес, азаматтық заңнамаға берілуі тиіс екені де сөзсіз. Егер клиенттер арасындағы қатынастарға тоқталатын болсақ, есеп айырысу қатынастары жоғарыда атап өткеніміздей, өзіндік экономикалық мазмұнға ие болмауына қарамастан, олар бірқатар жағдайларда сол бір немесе өзге тұлғалар арасында әрекет етуші шарттық міндеттемелердің аясымен қамтылмайтын ерекше құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келетінін атап өткен жөн. Есеп айырысудың ерекшелігі олар кез келген жағдайда, жоғарыда қарастырып өткен, банктік қызмет көрсету туралы жалпы нормаларға (ережелерге) бағынады. Берілген тауарларға, атқарылған жұмыстарға, көрсетілген кызметтерге есеп айырысуды (төлем) жүргізу есеп айырысу міндеттемелерінің құқықтық нысанында жүзеге асырылады. Бірақ олардың мазмұны толық көлемде банктік қызмет көрсетуге қатысты жалпы нормалармен қамтылуы (камтамасыз етілуі) мүмкін емес. 29 маусым 1998 жылғы Қазақстан Республкасының <<Төлемдер мен ақша аударулары туралы>> Заңының 2-тарауында төлемдер туралы ережелер көрініс тапқан. Жалпы алғышарттарға сәйкес төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелердің талаптарына, ҚР заңнамасының нормаларына және сот шешімдеріне сәйкес және соларға негізделіп жүзеге асырылады. Азаматтық құқықтық мәмілелердің талаптарына сәйкес төлемдер ерікті түрде жүзеге асырылса, заңнама нормалары мен сот шешімдеріне сәйкес төлемдер міндеттілік тәртіпте де орын алуы мүмкін. Есеп айырысу қолма-қол ақшаны пайдалану мен де, оны пайдаланусыз да жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекетіміздің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығы қазіргі кезеңде осындай заңдық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Нарыққа көшкеннен кейін бірден оның тұрақсыздығы байқалып, қолма-қол ақшамы пайдалану елеулі түрде шектелді. Жеке тұлғалар өзара есеп айырысуда қолма-қол ақшаны шектеусіз пайдалана алады. Қазақстан Республикасының <<Төлемдер мен ақша аударулары туралы>> Заңына 29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасының <<Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Заңымен енггзілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 4000 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға заңды тұлғалар арасындағы төлемдер тек қана колма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылады. Есеп айырысу міндеттемесінің түсінігін тұжырымдауға (қалыптастыруға) талпынатын болсақ, онда оны азаматтық-құқықтық мәміленің шарттарын, сот шешімі мен заңнама талаптарын сақтай отырып, банк азаматтық-құқықтық мәміле немесе өзге негіз бойынша клиенттің несие берушісінің пайдасына төлем жүргізуге міндеттенетін міндеттеме ретінде сипаттауға болады. Заңнамаға сәйкес төлемдер жүргізудің төмендегідей тәсілдері көзделген: * қолма-қол ақшаны беру; * төлем тапсырыстарьш көрсету; * чектер беру; * вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша беріп жіберу; * төлем карточкаларын пайдалану; 6) банктік шотты тікелей дебеттеу; 7) төлем талаптарын тапсырыстарын көрсету; * инкассалық өкімдерді көрсету; * Қазақстан Республикасыньщ заңды актілерімен белгіленген өзге де тәсілдер. 25 сәуір 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасы №179 қаулысымем бекітілген <<Қазақстан Республикасының аумағында төлем күжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асырудың Ережелері>> төлемдердің белгілі бір жіктелуін көздейді. Несиелік аударулар (төлемдер) ажыратылады, олар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бастаушымен алушы банкке төлем тапсырысын беру арқылы жүргізіледі. Төлем жүргізу кімнің бастамасымен болатынына қарай дебеттік төлемдер ажыратылады, олар бенефициардың банкке, оларды ақша жөнелтуші төлеу үшін, төлем кұжаттарын беруіне негізделген. Құжаттамалық есеп айырысулар банкпен төлемдердің іс жүзінде берілген тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жүргізілуіне бақылау жасаумен байланысты. Олар сатып алушы мен сатушы арасындағы жазбаша келісіммен және банк тәжірибесінде қолданылатын құжаттармен көзделген құжаттарды берген кезде ғана банкпен жүзеге асырылады. Оларға коносаменттер, көлік накладнойлары, тасымалдаудың аралас түрлері кезінде рәсімделетін көлік құжаттары, курьерлік және почталық түбіртектер, сақтандыру полистері, коммерциялық шоттар, сапа сертификаттары, варанттар, тауардың шығу орны туралы куәліктер, жүктің салмағы туралы анықтама қағаздары және басқа да құжаттар жатады. Құжаттамалық есеп айырысулардың нысандары болып кұжаттамалық аккредитив және кұжаттамалық инкассо табылады. Ережелерден туындайтындай төлемдердің негізгі бөлігі төлемнің негізін растайтын құжаттарды беруді талап етпейді. Қолма-қол ақшамен төлемдер заңды төлем құралы болып табылатын банкнот және (немесе) тиын түріндегі қолма-қол ақшаны беру жолымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралына, егер заңнамамен арнайы өзгеше көзделмесе, теңге жатқызылған. Қолма-қол ақшамен төлем жасаудың мәнісі төлем жүргізуші тұлғаның (төлеушінің) кімге ақшалай міндеттемесі бар сол тұлғаға банкноттарды және (немесе) тиындарды іс жүзінде қолма-қол беруінен көрінеді. Қолма-қол ақшамен төлемдерді заңды тұлғалар жүзеге асырған кезде белгілі бір рөлді банк ойнайды. Яғни, банк заңды тұлғаның (клиенттің) талабы бойынша қолма-қол ақшаның қажетті сомасын береді. Банк сондай-ақ заңды тұлғамен, оның шотына ақы төлеу ретінде алынған колма-қол ақша сомасын қабылдауға тиіс. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыруы елеулі түрде шектелуде, ол 25 сәуір 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігінің №195 бұйрығымен бекітілген <<Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды жүргізу>> Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшамен төлем ақшалай міндеттеме орындалатын тұлғаға тікелей не делдал аркылы жүргізіледі. Төлем тапсырыстары арқылы жүргізілетін есеп айырысуды қарастырып көрейік. Төлем тапсырысы бұл ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке оның ақшасын тапсырыста көрсетілген сомада бенефициардың пайдасына аудару туралы тапсырысы төлем тапсырысын пайдаланумен байланысты жөнелтуші мен алушы банк арасындағы құқықтар мен міндеттер олардың арасындағы шартпен белгіленеді, ал оларды іс жүзінде жүзеге асыру алушы банкке төлем тапсырысын көрсеткен сәттен басталады. Жөнелтуші - төлеммен байланысты нұсқауды жіберетін тұлға. Төлем тапсырыстарымен есеп айырысу кездерінде жөнелтуші деп ақша жөнелтушісі, яғни есебінен төлем жүзеге асырылатын тұлғаны түсінеміз. Алушы банк - ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін банк. Төлеуші (жөнелтуші) банкке белгіленген нысандағы бланктерде тапсырыс береді, ол төлем тапсырыстарының дұрыс толтыруына жауапты болады. Тапсырыстар жазылған күннен бастап он күн мерзім ішінде жарамды болады. Басқа жағдайлардағы сияқты, бұл мерзім төлем тапсырысын жазған күннен кейінгі күшінен басталады. Алушы банк өзіне жөнелтуші төлем тапсырысын көрсеткеннен кейін оны қабылдауға не оны қабылдаудан себебін көрсете отырып бас тартуға тиіс. Егер банк төлем тапсырысын қабылдаса, онда жөнелтушіде қабылданған төлем тапсырысын атқару бойынша талап ету құқығы туындайды. Тапсырыс нысанындағы нұсқауды қабылдау (акцепт) алушы банктің жөнелтуші (клиент) тапсырысын орындауға келіскенін білдіреді. Жалпы ережелер бойынша нұскауды қабылдау төлем құжатына, қабылдағандығын немесе жөнелтушіге не оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғаға нұсқауда белгіленген ақша сомасын алушы банкпен бергендігін тікелей көрсететін жазба немесе белгілер қою жолымен білдірілуі мүмкін. Нұсқауды қабылдау сондай-ақ, қол қою мен мөр басу туралы түрінде де көрініс табуы мүмкін. Аталған екі жағдайда да қабылдау туралы жазбалар немесе белгілер жасалған күні мен уақытын көрсетпеуі керек. Шарт немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары бойынша қабылдау (акцепт) әрекеттермен немесе өзге тәсілдермен көрінуге тиіс болғанда нұсқау тиісті жазбасыз да қабылдануы мүмкін. Нұсқауды қабылдау немесе оны қабылдаудан бас тарту нұсқау түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға тиіс. Есеп айырысу төлем тапсырыстарымен жүргізілгенде алушы банк төлем тапсырысын қабылдағанға дейін оның жөнелтушісі өзінің банктік шотында алдағы уақытта төлем тапсырысын орындау үшін қажет ақша сомасының болуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл банк пен клиент арасындағы шартпен көзделген жағдайларда, қажетті соманы қамтамасыз ету алушы банктің заемы есебінен не жөнелтушінің банктік шотының күндізгі заемы есебінен жүргізілуі мүмкін. Қазакстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асыру ережелерімен төлем тапсырыстарын қабылдау тәртібі нақтыланады. Сонымен бірге, бұрың әрекет еткен заңнамаға қарағанда, алушы банкпен де бенефициардың банкінен де қабылдау шарттары козделеді. Яғни акцепт есеп айырысу қатынастарының барлық қатысушыларының үйлесімді іс-әрекеттерін талап етеді. Дәлірек айтсақ, мұндай қатынастардың әрбір қатысушысы өз әрекеттерінде өзінше жарияболады және ол өзінен талап етілетін іс-әрекеттерді жасауға өз келісімін (келіспеушілігін) білдіруге тиіс. Бұл олардың және банктердің, қызмет көрсетуші тараптардың өз тарапынан аударуларға(төлемдерге) кедергі келтіретін, оларды заңсыз қылатын жағдайлардың болмауына бақылау жасауымен байланысты. Егер сол бір немесе өзге субъект мұны жасамайтын болса, онда ол өз салақтығынан қолайсыз салдарға ұшырауы мүмкін екені жоққа шығарылмайды, өйткені олардың арасында өзара кететін белгілі бір құқықтық байланыстар бар. Алушының банкі жөнелтушіге акцепт туралы хабарландыру немесе төлем тапсырысына төлем жүргізу ретіндегі қолма-қол ақшаны қабылдағандығы туралы хабарландыру жіберуі мүмкін. Акцепт тәсілдернің бірі болып жөнелтушінің ақшасын оның төлем тапсырысының негізінде алып қою(банктік шотты дебеттеу), яғни конклюденттік әрекеттерді жасау табылады. Мұндай әрекеттерге алушы банктің төлем тапсырысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жөнелтушіге хабарландыру жібермеуі де жатады. Заңнамамен немесе шартпен алушы банк пен жөнелтуші арасында акцептің өзге де тәсілдері көзделуі мүмкін. Бенефициардың банкімсн төлем тапсырысы мынадай тәсілдермен акцептеледі: -жөнелтушіге акцепт туралы хабарландыру жіберу жолымен: -жөнелтушінің банктік шотын оның төлем тапсырысының негізінде дебеттеу (егер бенефициардың банкі бір уақытта алушының да банкі болып табылса); -бенефициарға ақша аударуды оның банктік шотын несиелеу жолымен жүзеге асыру; -үндемей қалу жолымен (яғни, төлем тапсырысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде акцепт туралы немесе өз акцептен бас тартутуралы хабарландыруды жібермеу). Акдепт тәртібіне қатысты бенефициар банкімен немесе бенефициар мен бенефициар банкі арасындағы шартпен, не заңнамамен акцептің өзге (қосымша)тәртібі де көзделуі мүмкін.Жөнелтуші мен алушы банк арасындағы шартпен көзделетіндей, төлемтапсырысының акцепті оны қабылдау сәтін де жүзеге асады. Нұсқауды қабылдау кезінде есеп айырысу қатынастары қатысушыларының тиісті құқықтары мен міндеттері туындайды. Жалпы ереже бойынша алушы банк тапсырысты қабылдағанға дейін оны жөнелтуші тапсырысты орындау үшін қажет ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті. Клиринг жолымен ақша аударған кезде жөнелтуші, егер онда кері салада орын алмаса, өзінің тапсырысын орындау үшін қажет ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті. Төлем тапсырысы шарты бойынша құқықтар мен міндеттердің бөлінуі (олардың кейбіреулері алушының банкі мен бенефициардың банкі арасында алдын ала белгіленген корреспонденттік қатынастардың негізінде туындайды) төмендегідей: -акцептеуші банкте жөнелтуші алдында акцептелген (қабылданған)тапсырысты орындау бойынша міндеттеме туындайды; -бенефициардың банкі тапсырысты акцептелгеннен кейін бенефициардың пайдасына тапсырыста көрсстілген ақша сомасын қабылдауға міндетті болады. Бенефициардың банкі өзі қабылдаған нұсқауда көрсетілген ақша сомасын қарсы үшінші тұлға пайдасының немесе өз пайдасынын есебіне жатқызуға құқылы. Есепке жатқызу бенефициардың міндеттемені орындау мерзімі оған қызмет көрсетуші банкке нұсқау түскен сәтке орай келген жағдайда қолданылады. Есепке жатқызу кезінде, жоғарыда біз банктік қызмет көрсетуді қарастырған кезде атаған банктен ақша алукезектілігі ескеріледі. Алушы банктің төлеу түралы нұсқауларды акцептеуден бас тартуы заңнамамен ерекше көзделген жағдайлар тізімінде орын алады. Егер жөнелтуші ақша аударуды жүзеге асыру үшін қажет ақша сомасын қамтамасыз етпесе бас тарту орын алуы мүмкін. Сондай-ақ егер төлем құжатында оны қолдан жасау белгілері болса, жөнелтуші ақша аудару туралы нұсқауды толтыру немесе көрсету тәртібіне заңнамамен және (немесе) шарт шарттарымеи белгіленген талаптарды сақтамаса немесе заңнамамен және (немесе) шарт шарттарымен белгіленген өзге талаптарды да сақтамаса алушы банк акцептеуден бас тартуға құқылы. Нұсқауды қабылдағаннан (акцептегеннен) кейін алушы банк нұсқауды орындауды жүзеге асырады. Нұсқауды орындау болып алушы банктің алынған нұсқауға сәйкес ақшаны аудару немесе төлеу бойынша жөнелтуші алдындағы өз міндеттемелерін атқару табылады. Егер алушы банк бенефициардың да банкі болып табылса, онда орындау ақша аударуды аяқтауды білдіреді. Төлем тапсырысын орындау тәртібіне белгілі бір талаптар қойылады. Жөнелтушінің төлем тапсырысын өзінде көрсетілген шарттарға сәйкес орындайды. Егер жөнелтушінің төлем тапсырысында өзгеше көзделмесе, онда банк төлем тапсырысын орындау үшін делдал банкке жіберуге құқылы. Сонымен біргс делдал банкті таңдаудың жөнелтуші үшін де маңызы бар. Сондықтан төлем тапсырысын, онда алдын ала көрсетілген делдал банк арқылы, орындау мүмкін болмаған кезде алушы банк жөнелтушіні төлем тапсырысын өздері арасында шартпен белгіленген тәсілдермен орындау мүмкін еместігі түралы хабарландырады. Бұл хабарландыру орындау күнінен кейін келетін операциялық күннен кешіктірілмей жасалады. Бұл кезде алушы банк төлем тапсырысын қабылдаумсн байланысты алынған төлемді қайтарады. Егер тапсырысты орындау сәтіне дейін алушы банк басқа алынған құжаттарды бірінші кезектегі тәртіпте орындауға міндетті болса және осының салдарынан жөнелтушінің банктік шотында тапсырысты орындау үшін қажет сома болмаса, алушы банк төлем тапсырысын орындамауға және оны акцептеуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда банк төлем тапсырысын орындамағаны үшін жөнелтуші алдындағы жауапкершіліктен босатылады. Төлем тапсырысы бойынша міндеттемені орындау үшін кейбір жағдайларда төлем жүргізудің мерзімі көзделуі мүмкін. Яғни бұл жерде валюталандыру күшімен берілетін төлем тапсырыстары туралы сөз болып отыр. Дегенмен де, осындай төлем тапсырысын алғаннан кейін банк өзі акцептеген төлем тапсырысы мөлшеріндегі ақша сомасын жөнелтушінің банктік шотынан алдын ала алып қоюға құқылы. Ол мұндай операциялардың есебін жеке шотта немесе жеке жарияшоттарда (субпозицияларда) жүргізуге тиіс. Келесі кезектегі алушы банкке немесе бенефициардың банкіне бастапқы алушы банк төлем тапсырысын оларда тапсырыс бойынша жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті уақыт болатындай мерзімде жібереді. Алушы банк ақша жөнелтушінің банкі болып табылғанда ол жөнелтушінің қолма-қол ақшаны беру туралы нұсқауын орындауға міндетті. Нұсқауларды орындау алушы банктің осындай нұсқаудың талаптарын сақтаумен және алынған нұсқауды акцептеу күнінен кейін жүретін алушы банктің операциялық күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады, егер осындай нұсқаудың талаптарымен оны орындаудың өзге тәртібі белгіленбесе. Егер ақшаны аудару туралы нұсқаулар орындау шарттары алушы банк үшін орындалмайтын не оларды орындау ақша аударуды кідіртуге немесе қосымша шығындар алып келуі мүмкін болса, онда алушы банк бұл туралы операциялық күн ішінде жөнелтушіні хабарландыруға міндетті. Ақша жөнелтуші алушы банкке акцептелген төлем тапсырысының сомасына төлем жүргізуге және олар арасында бекітілген шартқа сәйкес санкцияланған төлсм тапсырысын орындаумен немесе қайтарумен байланысты шығындардың орнын толтыруға міндетті. Төлем жасау міндеті жөнелтушінің төлем тапсырысын алушы банкпен орындау сәтінен туындайды. Алушы банкпен жөнелтушінің банктік шоты дебеттелгенде төлем жасалды деп саналғандықтан, жөнелтушінің төлем жасау жөніндегі міндеті ол өз шотында ақшаның қажетті сомасын қамтамасыз еткенде орындалды деп есептелетін болады. Ақша жөнелтуші рөліне банк ие болатын жағдайларға төлем жасаудың арнайы тәртібі көзделген. Ол жөнелтуші ретінде төлемді жүзеге асырудың барлық процесінде дерлік белсенді рөлге ие болады. Жөнелтуші (банк)төлемдерді мынадай жолдармен жүзеге асыра алады. -Жөнелтушімен алушының банктік шотын несиелеу және оған осыоперацияға қатысты тиісті жазбалардың көшірмесін жіберу; -өзінің корреспонденттік шотын алушы банкте дебеттеу; -төлемді жөнелтушінің және алушы банктің ұлттық банктегі корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асыру; -ақша аударудың сол бір немесе өзге жүйесінің қызметін пайдалану(бұл жағдайларда төлем ақша аудару жүйесінің ережелеріне сәйкестүпкілікті деп саналады); -өзара есепке жатқызу туралы араларындағы келісімге сәйкес өзі меналушы банк арасында есепке жатқызуды қолдану. Кейбір жағдайларда алушы банкпен берілген төлем тапсырысы қате болып қалуы мүмкін. Бұл белгілі бір құқықтық салдарға алып келуі мүмкін және тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөлінуіне де өзгеріс енгізуі мүмкін. Заңнаманың өзінде мұндай төлем тапсырысының қателігін анықтаудың белгілері көрсетілген- ол жөнелтушінің төлем тапсырысының реквизиттеріне (яғни женелтуші іс жүзінде нені ойлады соған) сәйкес келмейтін реквизиттерден тұруы мүмкін. Қайталап берілетін төлем тапсырысы (яғни дәл сол сома және төлемнің дәл сол негізі көрсетілген) да қате деп есептеледі. Өзіне қолайсыз салдардың туындауын болдырмау үшін, алушы банк жөнелтушінің төлем тапсырысын орындау мақсаттарында берілетін төлем тапсырысын жібере отырып алушы банк жөнелтушіні оның төлем тапсырысын шартпен көзделген тәртіпте орындау туралы хабарландырады. Жөнелтуші төлем тапсырысының орындалу дұрыстығын өзі анықтауға тиіс және оны қате орындаған жағдайда банкке анықталған қателік туралы осы жайлы өзара шартпен көзделген мерзімнен кешіктірмей хабарлауға тиіс. Қате төлем тапсырысы туралы хабарламада жөнелтуші өзінің төлсм тапсырысының реквизиттерін және өзі анықтаған қате реквизиттерді көрсетуге міндетті. Егер ол төлем тапсырысын орындаудың қателігі туралы хабарламаны алушы банкке мерзімінде жібермесе, онда бұл шартпен көздслген болса, қате төлем тапсырысын орындаумен байланысты алушы банк іс жүзінде шеккен шығындары үшін алушы банк оның жауапкершілігі туындайды, оның мөлшері қате төлем тапсырысы сомасының аясымен шектелетін болады. Жөнелтушіден төлем тапсырысын орындаудың қателігі туралы хабарлама алған алушы банк төмендегідей әрекеттерді жүзеге асыра алады; -Егер төлем тапсырысының реквизиттері жөнелтушімен берілген төлемтапсырысының реквизитгеріне сәйкес келмесе-төлем тапсырысын тиістібенефициардың пайдасына жіберуі немесе жөнелтушіге төлемнің барлықсомасын қайтаруы мүмкін; -Сомасы жөнелтушінің төлсм тапсырысының сомасынан асатын қатетөлем тапсырысы бойынша жөнелтушіге төлем сомасынан асатын қатеалынған соманы қайтаруға тиіс. Сонымен біргс егер бұл бенефициар меналушы банк арасындағы шартпен көзделген болса ғана, алушы банк бенефициардан бұл соманы даусыз тәртіпте алып қоюға құқылы. Егер алушы банк тиісті шартты бенефициармен бекітпеген болса, онда ол бенефициардың банкіне қате аударылғанан соманы қайтару туралы сұрау хатынжіберуге мәжбүр болады. Бенефициардың банкі ақшаны қайтара отырып, тапсырыс толтыратын болады, оның <<төлемнің мақсаты>> деген сызық жолында ол қате түскен соманы қайтаратындығын көрсетеді; -Сомасы жөнелтушінің төлем тапсырысының сомасынан кем қатетөлем тапсырысы бойынша, керісінше жөнелтушіден даусыз тәртіптеайырма сомасын алып қою мен жетіспеген соманы бенефициарға аударады; Алушы банк мұны ол жөнелтуші мен алушы банк арасында шартпенкөзделген жағдайда да жүзеге асыруы мүмкін. Жетіспейтін соманы аудару алушы банкпен бенефициардың пайдасына төлем тапсырысын толтыру жолымен жүзеге асады. Төлем тапсырысындағы қателік жөнелтушімен жасалғанда алушы банк орындалған төлем тапсырысы бойынша жауакершілікке тартылмайтын болады. Төлем тапсырысын орындаудың дұрыстығын анықтауға, алушы банк міндеттерінің мазмұмына ықпал ететін, кейбір арнайы ережелер белгіленген. Олар төлем міндеттемесінің тиісті субъект алдында орындалуына бақылау жасауға қатысты. Жөнелтушінің төлем тапсырысын орындай отырып алушы банк делдал банктің немесе бенефициар банкінің теңестірілуін (идентификациясын) жүзеге асырады. Мұны ол тек төлем құжаттарында көрсетілген осы банктердің банктік теңестіруші (идентификациялық) кодтары бойынша ғана жүргізуге міндетті. Яғни, банк міндеттеріне банк атауының оның төлем тапсырысында көрсетілген банктік теңестіруші кодына іс жүзінде сәйкестігін анықтау кірмейді. Алушы банк төлем тапсырысын орындағанға дейін жөнелтушімен банк атауының банктік теңестіруші кодқа сәйкес еместігі туралы хабарланған жағдайда ғана төлем тапсырысы жөнелтушіге орындаусыз қайтарылуға тиіс. Бенефициардың банкі төлем тапсырысын акцептеген кезде бенефициардың пайдасына төлем тапсырысында көрсетілген сомадағы ақшаны қабылдайды. Бенефициардың банкі төлемді өзі акцептеген төлем тапсырысында көрсетілген валюталандыру күніне жасайды, егер де ол көрсетілмесе, онда төлем акцепт күніне жасалады. Акцептелген төлем тапсырысына сәйкес бенефициар пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициардың банкі оны бұл туралы төлем күнінен кейін жүретін операциялық күннен кешіктірмей хабарландырады. Банк бенефициарды оған шарт талаптарына сәйкес, белгіленген нысандағы бланктерде қағаз бетінде жасалган не электронды түрде оның банктік шотынан және төлем тапсырысынан көшірме қағазын жіберу жолымен хабарландыра алады. Банктің осы міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілігі бенефициар мен банк арасындағы шартпен көзделуге тиіс. Бенефициар банкінің бенефициар алдындағы ақша аудару жөніндегі міндеттемесі ақша аудару аяқталған сәтте орындалған боп есептеледі. Бенефициардың банкімен акцептен бас тартуға не бенефициардың пайдасына төлемді орындауды кідіртуге айрықша негіз ретінде оның пайдасына аударылатын ақшаны алудың заңсыздығы туралы банкпен негізделген фактілер таныла алады. Егер мұндай фактілер расталмаса, онда бенефициарға ақша аударуды кешіктіргені үшін айып төленуге тиіс. Аталған фактілер расталған жағдайда (төлеушімен санкцияланбаған төлем тапсырысының анықталуы) бенефициардың пайдасына банктің ақша қабылдау жөніндегі міндеті туындамайды. Сонымен бірге егер төлем тапсырысын акцептеуден бас тартылса, бенефициардың банкі жөнелтушінің банкіне бұл туралы бас тартудың себептерін көрсете отырып алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс болады. Дебеттік аударулар (төлемдер) Қазақстан Республикасында чектерді төлем тапсырысы талаптарын, инкассалық өкімдерді, вексельдерді пайдаланумен жүзеге асырылады. Олардың негізгі ерекшелігі -- оларды аталған тәсілдермен жүзеге асырған кезде төлемдер мен аударулар бенефициармен төленуге берілетін төлем құжатының негізінде жүргізілетіндігінде. Яғни, ақша аударуды жузеге асыру сәтінде төлеушінің еркі барлық жағдайда ескерілмейді. Бұл бенефициар мен төлеуші арасында белгілі бір, бұрын туындаған қатынастардың болуымен байланысты, сол қатынастармен төлеушінің міндеті қамтамасьіз етіледі. Дебеттік аударуларға (төлемдерге) қатысты жалпы ережелер көзделген. Бастамашы төлем тапсырыс талабының немесе инкассалық өкімнің негізінде төлемді алу үшін оларды бенефициардың банкіне немесе ақша жөнелтушінің банкіне көрсетуге құқылы. Бенефициардың банкімен бекітілген шартқа сәйкес аудару бастамасын көтерген тұлға(соның ішінде бенефициар) оған аталған құжаттарды жібере отырып сол банкке құжат бойынша ақша алуға және сонымен байланысты барлық өзге операцияларды жасауға уәкілдік береді. Инкассаға төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкілді қабылдаумен байланысты инкассалайтын банктің (төлеушінің банкі) міндетемелері тек бенефициармен бекітілген шарт немесе заңнама нормаларының негізінде ғана туындауы мүмкін. Инкассалайтын банк міндеттемелерінің мазмұнына төмендегідей міндеттер кіреді: -төлем тапсырыс-талабын немесе инкассалық өкімді төлеуге немесеакцептеуге тиісті банкке көрсету бойынша; -бастамашыға, соның ішінде бенефициарға акцептеуден немесе төлеуден бас тарту туралы, төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкімдіоның жөнелтушісіне қайтару туралы хабарламаны беру бойынша; -егер төлем тапсырыс талабы немесе инкассалық өкім жоғалтылса,онда бастамашыны, соның ішінде бенефициарды сол туралы хабарландыру бойынша. Егер инкассалайтын банк өзіне аталған міндеттемелерді қабылдайтын болса, онда ол туындайтын әрекеттерді бастамашыдан төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкімді алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей атқаруға тиіс. Инкассалайтын банккпен төлем тапсырыс талабын инкассаға қабылдаудың өзі де инкассалайтын банкпен төлем тапсырыс талабын инкассаға қабылдаудың өзі де инкассалайтын банктің операциялық күні ішінде жүргізіледі, құжаттарды қабылдау кезінде тізімінің барлық даналарына олардың келген күні мен уақыты қойылады. Ақша жөнелтүшінің банкі төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкімді қабылдау күні мен уақыты туралы белгіні тікелей құжаттардың өзіне қоюға тиіс. Төлем тапсырыс талаптарымен есеп айырысу. Төлем тапсырыс талабы бұл төлемді жүзеге асыру тәсілі болып табылады.Ол бойынша ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтушінің талабында көрсетілген сомадағы ақшаны аталған талапты растайтын құжаттардың негізінде және солармен бірге, төлеу туралы талабы ақша жөнелтушіге қойылады. Келтірілген тұжырымдамадан байқайтынымыз <<жөнелтуші>> деген түсінік өте кең түсінік болып табылады және ол төлемді бастайтын не ақшаны өзі төлейтін кез келген тұлғаны білдіреді. Жоғарыда атап өткеніміздей бенефициар төлем тапсырыс талаптарын өзіне қызмет көрсететін банкке немесе тікелей ақша жөнелтушінің банкіне қоюға (көрсетуге) құқылы. Төлем тапсырыс талаптарын белгіленген нысандағы бланктермен жіберу талап етіледі. Егер бір емес, бірнеше төлем тапсырыс талаптары қойылса, онда оларға да белгіленген нысандағы бланктермен төлем тапсырыс талаптарының тізімі тіркеледі. Төлем тапсырыс талабын тізіммен бірге берген кезде бенефициардың банкі бенефициардың барлық реквизиттерінің толық толтырылуын тексереді және содан кейін төлем тапсырыс талабын ақша жөнелтушінің банкіне жібереді. Егер бенефициар мен ақша жөнелтушінің екеуі де бір банктің қызметін пайдаланса немесе төлем жүргізу құжаты тікелей жөнелтушінің банкіне жіберілсе, онда төлем тапсырыс талабымен бірге жіберу талап етілмейді. Төлем жүргізудің осы тәсілі кезінде құжаттардың жарамдық мерзімдері жоғарыда аталған төлем тапсырыстарының жарамдық мерзімінен ерекшеленеді. Төлем тапсырыс талабы сияқты тізім де оларды толтыру күнінен бастап отыз календарлық күн ішінде ұсынылуы мүмкін. Егер құжаттарды бенефициардың банкіне беру туралы сөз болса (тізім де, төлем тапсырыс талабы да ұсынылуға тиіс) төлем тапсырыс талабын және тізімді толтыру күні бір болуға тиіс. Егер ақша жөнелтушіде немесе алушы банкте ақша болмаса немесе жетіспесе онда аталған құжаттарды сақтау мерзімі олардың жарамдылық мерзімінің жүруін тоқтата тұрады. Бұл тұста алушы банк тек ақша жөнелтушімен акцептелген төлем тапсырыс талабын ғана сақтауға алуға міндетті екенін ескерген жөн, бұған ақша жөнелтушінің акцептің талап етпейтіндері кірмейді. Егер ақша жөнелтушінің акцепті орын алып отырса, төлем тапсырыс талабы ақша жөнелтушінің банкімен орындалуға жатады. Бұған төлемнің негізі мен сомасы ақша жөнелтушімен алдын ала танылған жағдайлар кірмейді. Мәселен, қарыз сомасы толығымен немесе ішінара мойындалған арызға жазбаша жауап, кепіл, сондай-ақ өзге де ұқсас құжаттар болғанда(<<Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларды жүзеге асыру>> Ережелерінің 100-тармағы). Талап етілген жағдайларда, төлем тапсырыс талабын акцептеу немесе оны акцептеуден бас тарту осындай құжатты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға тиіс. Заңнамада (акцепт болған жағдайда) төлеушіге белсенді әрекеттер жасау міндеті жүктелген, дәлірек айтсақ, ол акцептен кейін өзіне қызмет көрсететін банкке, акцепт туралы белгімен төлем тапсырыс-талабының бір данасын жіберуге міндетті. Ақша жөнелтушінің банкі тарапынан акцептеу оның жоғарыда аталған талаптарды сақтай отырып ақша жөнелтушінің шотын дебеттеуден көрініс табады. Төлем тапсырыс-талабын орындау бенефициардың шотын немесе ол бенефициардың пайдасына ақша аудару мақсатында бенефициар банкінің корреспонденттік шотын несиелеуден көрініс табады. Аталған әрекеттерді жүзеге асыру іс жүзінде осы тәсілмен есеп айырысудың аяқталғанын білдіреді. Жөнелтушінің банкі өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған деп танылып жауапкершілікке тартылады, егер: -төлем тапсырыс талабын ақша жонелтушіге акцептеу мен төлеу үшін беруді кешіктірсе; -ақша жөнелтушімен акцептелген төлем тапсырыс-талабына, соның ішінде, ақша жөнелтушінің акпентін талап етпейтін төлем тапсырыс талабын жөнелтушіде нақты төлем тапсырыс талабы бойынша төлем жүргізу үшін жеткілікті ақша болған жағдайда да төлем жүргізуді кешіктірсе немесе төлемесе. Чектермен есеп айырысу. Қазақстан Республикасының <<Төлемдер мен ақша аударулары туралы>> Заңының 9-бабына сәйкес чек беру төлемді жүзеге асыру тәсілін білдіреді. Яғни, ол чек берушінің чек ұстаушыға аттас төлем құжатын беру жолымен жүргізіледі. Заңның аталған бабының тұжырымдамасына сүйене отырып, чек деген түсінік екі түрлі мәндік мағынада қолданылады деген қорытынды жасауға болады. Олар: 1)төлем тәсілі ретінде; 2)төлем құжаты ретінде. Сонымен бірге төлем тәсілі болып <<чекті беру>> әрекеті табылатындығын айтуға болады, ал <<чектің>> өзі аталған заңның басқа нормасына сәйкес төлем құжаты, яғни төлем жасау құралы болып табылады. Чек дегеніміз - чек берушінің алушы банкке сондай бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы жазбаша бұйрығынан тұратын, араларындағы шартқа негізделген төлем құжаты. Сонымен, чектер арқылы есеп айырысу мен байланысты құқықтық қатынастарға үш субъект қатысады. Алушы банк чек ұстаушының пайдасына ақша төлеуді жүзеге асыруға міндетті борышқор болып табылады. Чек ұстаушы бұл жағдайда пайдасына шарт бекітілген үшінші тұлға болып тұр. Чек беруші - азаматтық құқықтық есеп айырысу міндеттемесі Егер банк чектерді төлеуден бас тартса, онда ол дәлелді түрде бас тартуға тиіс. <<Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану>> Ережесінің 30-тармағында чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тартудың негіздерінің тізімі көзделген. Банк чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін,егер жазумен жазылған сома сандармен жазылған сомаға сәйкес келмесе, чектің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, чекте тазалау мен түзету белгілері болса және басқа да жағдайларда. Техникалық сипаттағы себептерден басқа қабылдау мен төлем жүргізуден бас тарту негіздеріне өтелу сомасының жетіспеушілігі (өтелген чектер бойынша), несие сомасын асырып жіберу (өтелмеген чектер бойынша) немесе кепілдік сомасын асырып жіберу (кепілденген чектер бойынша). Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тарту негіздерінің тізімі түпкілікті болып табылмайды және ол банк пен чек беруші арасындағы шартпен кеңейтілуі мүмкін. Инкассалық өкімдер негізіндегі төлемдер. Инкассалық өкім - бұл ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшін пайдаланылатын құжат. Бұрын әрекет еткен қолма-қол ақшасыз есепайырысу туралы уақытша ереже ақшаларды акцептісіз тәртіпте алынуы мүмкін болатын негіздердің кең ауқымды тізімін көздеген болатын. Құқықтық реформаның екінші кезеңінің бағдарламасын қабылдаумен байланысты ең маңызды мәселелердің біріне 1991-1999 жылдарда өткізілген нарықтық қайта құрулар кезеңінде бекітілген меншік қатынастарының іс жүзіндегі қорғалуын қамтамасыз ету айналды. Аталған бағыттағы шаралардың бірі болып, сол бір немесе өзге ақша сомаларын соттық емес органдардың шешімі бойынша, дәлірек айтқанда, тергеу, салық, кеден органдарының және басқа да органдармен алып қою мүмкіндігін жою көзделген. Сондықтан Қазақстан Республикасының <<Төлемдер мен ақша аударулары туралы>> Заңының 29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасының <<Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Заңының мәтініндегі 15-бап нормасы толығымен ойға қонымды көрінеді. Ол енді жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны ақша өндіріп алу туралы соттардың шешімдері, үкімдері анықтамалары және қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін атқару парақтарының немесе бұйрықтарының негізінде алу мүмкіндігін көздейді. Осыған орай Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асыру ережелерінің нормалары жоғарыда келтірілген заңдық нормаға қайшы келетінін атап өткен жөн болар. Аталған ережелердің 39-тармағында ақша жөнелтушінің шоттарынан оның келісімінсіз ақша алып қою үшін пайдаланылатын төлем құжаттарының бірі болып салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімі табылады делінген. Азаматтық құқықтық диспозитивтік ережелері төлем жүргізудің осы тәсілі кезінде қолданылмайтын болғалдықтан оның жария - құқықтық табиғаты туралы пікір қалыптасуы мүмкін. Кейбір жағдайларда инкассалық өкімдер бойынша төлемдер шынында да жария құқықтық қатынастар арқылы қамтамасыз етіледі, мәселен әкімшілік айыптар, қылмыстық -құқықтық санкциялар түріндегі айыптар өндірілгенде. Алайда, осы мәжбүрлеу шараларымен азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалуы да жиі қамтамасыз етілетінін естен шығармау керек, яғни инкассалық өкімдер негізіндегі есеп айырысулар азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалу сипатын жоғалтпайды, бірақ ерекше (айырықша) тәртіпте. Сонымен бірге мәселенің мәнісі толығымен мұнда емес. Мәселе инкассалық есеп айырысулар кезінде ақшалардың тиісті түрдс аударылуын қамтамасыз етуге қатысты банк міндеттерінің сақталуында, олар, сондай-ақ төлемдердің ерікті емес сипатын және кейбір басқа ерекшеліктерді есептемегенде, есеп айырысу міндеттемелерін орындаудың жалпы ережелеріне де сәйкес орындалуға тиіс. Өндіріп алушы ақшаны алу үшін оның талаптарының негізділігін растайтын, ақша өндіріп алу туралы соттардың шешімдері, үкімдері, анықтамалары және қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін атқару парақтарының немесе бұйрықтарының түпнұсқасымен не соттың мөрімен бекітілген олардың көшірмелерімен бірге инкассалық өкімді ақша жөнелтушінің банкісіне немесе оның филиалына көрсетіп беруге тиіс. Инкассалық өкімде жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны (оның күні мел нөмірін) алып қою (өндіріп алу) құқығын көздейтін заңды актіге сілтеме жасай отырып төлемнің қайда жұмсалатыны көрсетіледі. Инкассалық өкімнің сомасы атқару құжатында көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс. Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақшаны алып қоюға арналғал құжаттар ақша жөнелтушінің банкіне заңнамамем белгіленген ескіру мерзімінің шектерінде беріледі. Егер атқару құжаттарын беруге арналған ескіру мерзімі өтіп кетсе, онда бұл банктің инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуына негіз болып табылады. Ақшаны алып қоюды тоқтата тұру немесе тоқтату мына жағдайларда орын алады: * осыған дейін ақшаны алып қою туралы шешім шығарған органның (яғни соттың) шешімі бойынша; * қылмыстық істер қозғауына байланысты ақша алуды тоқтата тұрутуралы құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша; * бенефициардың жазбаша өкімі негізіндс; * Қазақстан Республикасының заңды актілерімен көзделетін өзге дежағдайларда. Өндіріп алудың дұрыстығы үшін, сондай-ақ ақша жөнелтушінің келісімінсіз қаражатты есептен шығару негіздеріне сілтеме жасағаны үшін жауапкершілік өндіріп алушыға жүктеледі. Банктер ақша жөнелтушілердің банктік шоттардан өздерінің келісімінсіз қаражатты есептен шығаруға қарсы қарсылықтарын мәнісі бойынша қарастыруға міндетті емес. Вексельдерді пайдаланумен төлемдер жүргізу. Вексельдерді қолданудың тарихы ұзаққа кетеді. Вексель айналымының іздері әртүрлі құқықтық жүйелері бар ертеректегі бірқатар мемлекеттерде анықталады. Ертеректе вексель Қазақстан аумағында да кең ауқымды қолданысқа ие болған, бірақ кеңестік азаматтық құқықтық әрекет ету кезеңінде вексель айналымы өзінің қолданылу аясын бірден қысқартқан болатын. Нарықтық қатынастарға өтумен бірге нарықтың осы құралы да зор маңызға ие бола бастады. Қазір тәуелсіздік жылдарында вексельді қолдану оның айналымын заңдық реттеуді түзетумен байланысты белгілі бір кезеңдерді бастан өткергендігі туралы айтуға болады. Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) бастапқы редакциясында вексель бағалы қағаз ретінде қарастырылған. Енді, вексель біржақты сөзсіз ақшалай міндеттемесі бар нақты нысандағы төлем құжаты ретінде анықталады. Вексельдің төлемдік функциясын ескере отырып, оған қамтамасыз ету, сондай-ақ несиелік функциялар да тән екенін естен шығармаған жөн. Вексельдерді төлем тәсілі ретінде қолдану арнайы заңнамамен реттеледі. Қазіргі таңда 28 сәуір 1997 жылғы Қазақстан Республикасының <<Қазакстан Республикасындағы вексель айналымы туралы>> Заңы қолданыста әрекет етуде. Ол төлем және несиелеу құралы ретіндегі жай және аудармалы вексельдердің Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылу негіздерін белгілейді. Заңды және жеке тұлғалар өзара есеп айырысу да теңге де көрініс тапқан вексельдерді шектеусіз пайдалануға құқылы. Оларды есеп айырысуда қолдану тиісті шартта тікелей ескертілуге және вексель айналымын реттейтін заңнамаға қайшы келмеуге тиіс. Вексельді беру түрінде төлем бойынша қарызды рәсімдеу (оны қандай да бір мерзімге кейінге қалдыру) жүзеге асырылуы мүмкін. Вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейтін тәртіпте есепке алу кенселерінде жүзеге асырылуы мүмкін. Есепке алу кеңселерімен индоссамент бойынша төлем мерзімі туындағанға дейін вексель сомасын вексель ұсынушыға төлеумен вексельдерді қабылдау вексельдерді есепке алу деп аталады. Есепке алу кеңсесі вексель сомасынан өзі жариябелгілейтін дисконтты ұстап қалуға құқылы. Ұлттық Банк вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді. Қайта есепке алу есепке алу кеңсесінен (онымен) төлем мерзімі туындағанға дейін вексель сомасын төлеумен және дисконтты ұстап қалумен есепке алынған вексельдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен индоссамент бойынша қабылдауды білдіреді. Вексельдерді есепке алу сияқты, вексельдерді қайта есепке алу тәртібі де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативті-құқықтық актілерімен белгіленеді. Вексельдер арқылы, есеп айырысу кезінде коммерциялық аудармалы вексель және жай вексель қолданылады (<<Вексель айналысы туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабының 1-тармағы). Аудармалы вексель(тратта) - вексель берушінің (трасанттық) үшінші тұлғаға (трассатқа) вексельде көрсетілген ақша сомасын бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не көрсетіп ұғынған кезде төлеу туралы ештеңемен шартталмаған ұсынысы бар вексель. Аудармалы вексель қатынастары вексель берушінің өз несие берушісі вексель ұстаушының (ремитенттің) алдындағы ақшалай міндеттемесінің болуын ескере отырып, соның пайдасына вексель бойынша төлем жүргізу туралы үшінші тұлғаға өкім беруінен көрініс табады. Егер кейіннен вексель ұстаушының вексельді өз иелігінен шығаруы орын алса, онда ремитент құқығы кез келген басқа тұлғаға өтеді. Яғни вексельді пайдаланудың маңызды сәттерінің бірі болып айналым құралы ретінде вексель беру бойынша мәміленің абстрактілі сипаты табылады. Аудармалы вексель, вексель берушінің бұйрығы бойынша төленуге жататын ретінде берілуі мүмкін.Ол вексель берушінің өзіне берілуі мүмкін. Аудармалы вексельде төлем жүргізу оны ұсыну бойынша немесе ұсынғаннан кейінгі белгілі бір уақытта көзделуі мүмкін. Жай вексель соло-вексель ретінде, яғни талап ету бойынша немесе болашақтағы белгілі бір уақытта вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлеу туралы вексель берушінің ештеңемен шартталмаған міндеттемесі бар вексель ретінде анықталады. Жай вексельдің аудармалы вексельден айырмашылығы- вексель бойынша төлем жүргізу міндеті вексель берушіге жүктелетіндігінде, ал оның алдында кредитор болып бастапқы вексель ұстаушы табылатындығында. Жай вексель негізінде туыңдаған вексель міндеттемесі бойынша несие беруші құқықтарының өтуі талапты жалпы беру тәртібінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған себептерге байланысты жай вексель барынша <<борыш қолхатына>> жақындатылған және іс жүзінде есеп айырысудың әмбебап құралы ретіндегі маңызын жоғалтады. Вексельдің екі түрі де коммерциялық (тауарлық), яғни сатып алу-сату мәмілесінің негізінде берілген вексель ретінде рәсімделуі мүмкін. Бұл жағдайда вексель тауарлар үшін төленетін дәстүрлі ақшалай төлемді алмастырады. Вексель банк қызметінде төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мәселен несиелер бойынша борыштарды рәсімдеу үшін банкпен басқа банкке қаржы векселі берілуі мүмкін. Вексель міндеттемесінің мазмұны көбіне вексельге қойылатын міндетті талаптармен анықталады. Қазақстан Республикасының <<Вексель айналысы туралы>> Заңының 1- тарауы <<Аудармалы вексельді толтыру және оның нысаны туралы>> деп аталады. Аталған заңның 1-бабына сәйкес аудармалы вексель мыналарды қамтуға тиіс: * құжат мәтініне енгізілетін және осы құжат толтырылатын тілде көрініс табуға тиіс <<вексель>> атауы: * белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы ештеңемен шартталмағанбұйрық; 3)төлеуге тиіс(төлеушінің)тұлғаның атауы; 4)төлем жүргізу мерзімін көрсету; * төлем жүзеге асырылуға тиіс орынды көрсету; * кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жүргізілуге тиіс, соның атауы; * вексельді толтырудың күні мен орнын көрсету; 8) вексель берген тұлғаның (вексель берушінің) қол таңбасы. Жай вексельдің нысаны, оның мәнісімен сипатталатын кейбір ерекшеліктерді есептемегенде, аудармалы вексельдің нысанына сәйкес келеді. Онда да, мәтіннің өзіне енгізілген және құжат толтырылған тілде көрініс тапқан, <<вексель>> деген сөз болуға тиіс. Төлем жүргізу туралы бұйрықтың орнына жай вексельде белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы вексель берушінің өзінің уәдесі болады. Жай вексельден міндеттеме үшін төлем жүргізу мерзімі де мәнді жағдай болып табылады (жай вексельде төлем жургізу мерзімі көрсетілуге тиіс). Төлем жүргізілетін орынды және кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жүргізілуге тиіс. Соны көрсетуге талап етіледі. Вексельді толтыру күні мен орны көрсетілуге тиіс. Жай вексельге де вексель берген тұлғамен қол қойылады. Егер құжатта аталған белгілердің қайсыбірі болмаса, онда ол жай вексель күшіне ие болмайды. Бұған кейбір жағдайлар жатпайды. Мысалы, егер құжатта төлем жүргізу мерзімі корсетілмесе бұл оның жай вексель ретінде әрекет етуін жоққа шығармайды, ол ұсынған кезде толенуге жататын вексель ретінде қарастырылады. Егер қандай да бір ерекше (арнайы) нұсқауы болмаса, онда құжатты толтыру орны болып төлем жүргізу орны және сонымен бірге вексельберушінің тұрғылықты жері есептеледі. Жай вексельді толтыру орны да көрсетілмеген кезде ол вексель беруші атауы мен қатар белгіленген орында кол қойылған деп саналады. Вексель міндеттемесі тиісті түрде рәсімделген вексельді вексель берушімен берген сәтте туындайды. Вексель айналымы туралы заңнамамен вексель міндеттемелерін реттейтін азаматтық-құқықтық нормалар мен салық заңнамасы нормаларының белгілі бір арақатынасы көзделген. Егер вексельдерге қатысты герб алымы төленбесе, онда вексельден туындайтын құқықтарды жүзеге асыру герб алымы төленгенге дейін тоқтатыла тұрады. Бұл 7 маусым 1930 жылғы <<Аудармалы және жай вексельдерге қатысты герб алымы туралы>> Женева конвенциясының ережелеріне толығымен сәйкес келеді (аталған конвенцияның 1 бабының 2-т.). Заңнамада аудармалы вексельдерден туындайтын міндеттемелер мазмұнына тікелей талаптар көзделген. (Егер олар жай вексель табиғатына сәйкес емес болатын болса, аудармалы вексельдер туралы кейбір ережелер жай вексельге қатысты әрекет етеді Қазақстан Республикасының <<Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы>> Заңының 76-бабы). Осындай талаптардың біріне вексель міндеттемесінің орындалу орнына қатысты талаптар жатады. Әдетте, аудармалы вексель үшінші тұлғаның тұрғылықты жерінде немесе төлеушінің тұрғылықты жері орналасқан жерде төленуге жатады. Вексель міндеттемесінің орындалуының нақты жерін таңдау вексельдің өзінде көрсетілген төлем жүргізу орнының шартына байланысты болады. Ұсынуға бойынша мерзімде немесе ұсынғаннан кейінгі белгілі бір уақытта төленуғе тиіс аудармалы вексельде вексель беруші вексель сомасына проценттер (пайыздар) қосылатындығы туралы ескертуі мүмкін. Басқа аудармалы вексельде мұндай ескерту (шарт) жазылмаған деп саналады. Егер бслгілі бір күн көрсетілмесе, онда пайыздар вексельді толтыру күніне есептеледі. Вексель міндеттемесіне қатысты оның мазмұнын талқылаудың арнайы ережелері белгіленеді. Бұл жерде вексель сомасының сандық және әріптік (жазба) белгілеуі арасындағы мүмкін болатын қарама-қайшылықтар туралы сөз болып отыр. Мұндай қарама-қайшылықтар кезінде вексель сомасының жазбаша жазылған белгілеуіне басымдық беріледі. Егер вексель сомасы не жазбаша, не сандармен бірнеше рет белгіленсе, онда осы белгілеулер арасындағы келіспеуілілік (қарама-қайшылық) жағдайында вексель кіші сомаға ғана жарамды болады. Аудармалы вексельде ол бойынша міндеттеме алуға қабілетті емес тұлғалардың қолы жалған қолтаңбалар немесе ойдан шығарылған тұлғалардың қолдары немесе өзге негіздер бойынша оларды қойған немесе олардың атынан қойылған тұлғаларды міндеттей алмайтын қолтаңбаларда болғанда, онда басқа тұлғалардың қолдары сонда да күштерінен айырылмайды. Вексельге койылмаған колтаңбаның орны өз қолын қоюға тиіс болған тұлғаның еркін куәландыратын, аудармалы вексельге жазылған ресми бекітілген арыз болған жағдайда толтырылуы мүмкін. Егер кімде-кім уәкілдік бермеген тұлғаның атынан вексельге қол қойса, онда ол (уәкілетті емес тұлға) да вексель бойынша тарап (вексель беруші) сияқты міндеттенеді. Өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған өкілдің де жағдайы осындай. Аудармалы вексельдердің ерекшелігі егер бұйрық туралы нұсқаусыз берілсе де олар индоссамент арқылы беріп жіберіле алатындығында. Тиісінше бұл вексель міндеттемесі қатысушыларының құрамын өзгертеді. Вексель индоссаменті шектелуі мүмкін. Бұл вексель берушінің мүдделерімен байланысты болуы мүмкін. Аталған тәсілмен индоссаментті шектеу кезінде вексель кәдімгі цессияның нысанын және салдарын сақтаумен ғана берілуі мүмкін. Индоссамент төлеушінің пайдасына да, ол вексельді акцептеген немесе акцептемегеніне қарамастан жүргізілуі мүмкін. Вексель бойынша құқықтарды беру (беріп жіберу) мүмкіндігі, сондай-ақ вексель берушіге не вексель бойынша міндетті басқа тұлғаға да қатысты көзделген. Олар да өз кезегінде вексельді индоссациялай алады. Индоссаментке қойылатын талап - ол қарапайым және ештеңемен шартталмаған болуға тиіс. Индоссаментті шектемейтін барлық жағдай (шарт) жазылмаған деп есептеледі. Ішінара индоссамент жарамсыз. Индоссамент аудармалы вексельге немесе оған қосылған параққа (аллонжеге) жазылады. Аллонж вексельмен біртұтас құжатты құрайды. Ол үшін онда аллонждың тиісті вексельге жататындығын: сөзсіз (бірден) анықтауға мүмкіндік беретін жазу болуға тиіс. Аллонж вексельге индоссамент вексельдің өзінде басталып және аллонжеде аяқталатындай етіп бекітілуі мүмкін. Индоссаментке индоссант қол қоюға тиіс. Индоссамент белгілі бір тұлғаның пайдасына жасалуы мүмкін. Ол кімнің пайдасына жасалғандығын көрсетпеуі немесе ол тек индоссанттың ғана қолынан тұруы мүмкін (банктік индоссамент). Соңғы жағдайда индоссамент жарамды болу үшін міндетті түрде аудармалы вексельдің екінші жағында да немесе қосымша параққа (аллонжеге) жазылуға тиіс. Ұсынушыға арналған индоссамент бланктік индоссамент күшіне ие болады. Қолында аудармалы вексель бар тұлға заңды вексель ұстаушы ретінде қарастырылады. Бірақ, бұл үшін ол өз құқығын индоссаменттердің үздіксіз қатарында негіздеп алуы қажет. Сызылған индоссаменттер жазылмаған деп есептеледі. Бланктік индоссаменттен кейін басқасы тұрса онда соңғы индоссаментке қол койған тұлға вексельді бланктік индоссамент бойынша алған деп есептеледі. Әрекет етуші заңнама вексельді бағалы кағаздар қатарынан шығарып тастағанына қарамастан, вексель қатынастарын реттеуде бағалы қағаздар айналымын реттеуге қатысты элементтер сақталып қалды. Соның салдарынан өз иелерінің иелігінен шығып қалған вексельдерді талап ету үшін елеулі шектеулер көзделеді. Қолында вексель пайда болған тұлға егер ол оны адал ниетсіз, яғни вексельдің өзіне тиісті емес екенін біле тұра, қасақана иемденсе немесе вексельді иемдене отырып дөрекі абайсыздыққа жол берген жағдайларда ғана соңынан осы бастапқы иесіне қайтаруға міндетті. Индоссаментті шарттылықпен немесе шектеулермен жасауға жол берілмейтініне қарамастан, заңнамамен сенім индоссаменттік жасау мүмкіндігі көзделеді. Ол вексельге вексель ұстаушымен қосылған және мақсат тұтатын жазу түрінде көрініс табады. Өткерілетін құқықтардың шектері индоссанттық өзімен, бірақ индоссаментті шарттылауға жоғарыда аталған әрекет етуші тыйым салуды есепке алумем анықталады, сенім индоссамент индоссант пен индоссат арасындағы белгілі бір қатынастар кезінде ғана мүмкін болады. Осындай жағдайлардың бірі болып аталған субъектілер арасында айрықша тәсілмен өкілдік қатынастарын орнату табылады. Есеп айырысу кезінде вексельді пайдаланудың икемділік, жеделдік талаптарын ескеру, өкілдікті осындай тәсілмен рәсімдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Вексель бойынша құқықтарын жүзеге асыру қажеттілігіне сүйене отырып индоссант индоссатқа кандай да бір нақты әрекеттерді жасауды тапсыруы мүмкін. Осыған орай ол индоссамент кезінде оның сенімділік сипаты айқын білінетін тұжырымдамаларды қолдануға тиіс. Басқаша вексель бойынша құқықтардың әмбебаптылығы оны алып қоюға алып келеді. Қайта тапсыру индоссаменттерінде <<алуға жататын валюта>>, <<инкассаға>>, <<сенімдіге сияқты>> немесе жай тапсырысты білдіретін басқада ескертпелер болуға тиіс. Осыған орай индоссат оны инкассалауға шығаруға және төлем алуға не төлемді ерікті түрде алып, содан кейін индоссанттың нұсқауы бойынша билік етуге тиіс болады. Индоссаменттің осындай түрі кезінде міндетті тұлғалар вексель ұстаушыға (индоссатқа) қарсы тек имдоссантқа қарама-қайшы қойыла алатын қарсылықтарды ғана мәлімдей алады. Кәдімгі өкілдікке қарағанда сенім индоссаментінде болатын тапсырыс қайта тапсырушының кайтыс болуы немесе оның әрекетке кабілетсіздігінің туындауы салдарынан тоқтатылмайды. Кейбір жағдайларда вексель кепіл объектісі болуы мүмкін. Вексель бойынша талап бұл жағдайда индоссаттың (вексель ұстаушының) индоссантқа қоятын сол бір немесе өзге мүліктік талаптарын қамтамасыз ету болып табылады. Ол сөзсіз болып табылғандықтан вексель (төлем) бойынша тиісті орындалу кепілдік қамтамасыз етуші болуға толықтай қабілетті. Сонымен бірге заңнамаға сәйкес вексельді кепілді қамтамасыз етуші ретінде пайдалануға тек белгілі бір жағдайларда ғана жол берілетіндігін ескерген жөн. Мәселен, вексельді кепілге беру аккредитив төлемін, банктік несиені қайтаруды камтамасыз ету үшін жүргізіледі. Басқа жағдайларда вексель кепіліне жол берілмейді. Вексельдер кепілін және Қазакстан Республикасы аумағында осындай мәмілелерді тіркеу тиісті есепке алу кеңселері арқылы жүргізіледі. Кепіл <<қамтамасыз етуге валюта>>, <<кепілге валюта>> немесе кепілдібілдіретін басқа да ескертпесі бар индоссамент жолымен рәсімделеді.Борышқор (бастапқы вексель ұстаушы) өз міндеттемелерін орындамаған кезде екінші вексель ұстаушы (индоссат) аудармалы вексельден туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады. Вексель ұстаушыменқойылған кепілдің әрекет ету кезеңінде индоссамент толық емес болыптабылады және ол вексельге тек кепіл құқығын алып қоюға алып келеалады (қайта тапсырушы индоссамент болып табылады). Міндетті тұлғалар олардың индоссантқа жеке қатынастарына негізделген қарсылықтарды вексель ұстаушыға қарсы мәлімдей алмайды. Бұған вексель ұстаушывексельді ала отырып борышқор мүддесіне қарсы әрекет еткен жағдайлар кірмейді. Индоссамент үшін төлем мерзімінен кейін жасалған төлем мерзімінөткізіп алудың маңызы жоқ, ол болып өткен индоссамент сияқты салдарға ие болады. Бірақ, егер индоссамент вексельге толенбегендігі туралы қарсылық білдіргеннен кейін немесе қарсылық білдіруге белгіленгенмерзім өткеннен кейін жасалса; мұндай индоссамент кәдімгі цессия сияқты салдарды туындататын болады. Күні белгіленбеген индоссамент вексельге қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімге дейін жасалғандығының презумпциясы бар. Вексель міндеттемесі өзіндік мазмұнға ие және жарияөмір сүретін өз алдына жеке міндеттеме болып табылады. Өз алдына жекелік белгісі бойынша міндеттемелердің қолданылатын классификациясына сәйкес оны негізгі деп атауға болады. Сондықтан оған қатысты көмекші (акцессорлық) міндеттеме де пайда болуы мүмкін. Кез келген өзге азаматтық-құқықтық міндеттеме сияқты вексельден туындайтын міндеттеме оны барлық көзделген шаралармен қамтамасыз ету мүмкіндігін көздеуге тиіс болғанмен, бұл салада мәселе басқаша қалыптасқан. Арнайы реттеу осы мәселеде де сөзсіз басымдыққа ие және вексель айналымын реттейтін заңнама жауапкершілік шарасы ретінде және сонымен бірге вексель міндеттемесі мен авальдік орындалуын қамтамасыз ету шарасы ретінде айып төлеуді өндіріп алу мүмкіндігін көздейтінін атап өткен жөн. Аваль вексельдік кепілдікті білдіреді, соған сәйкес, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың міндеттемелерінің орындалуына өз мойнына жауапкершілік алады. Аваль аудармалы вексельдің өзінде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген жері көрсетіле отырып жеке актімен де рәсімделуі мүмкін. Ол <<аваль деп санаңыз>> деген сөздермен не басқа да тең мазмұнды формуламен белгіленіп, оған аваль беретін тұлға қол қояды. Аваль үшін аудармалы вексельдің алдыңғы бетіне авалистпен койылған жалғыз колтаңба ғана жеткілікті, тек егер бұл қол таңба төлеушімен немесе вексель берушімен қойылмаған болса. Авальде оның кім үшін (төлеушілер, индоссанттар) берілгендігі көрсетілуге тиіс. Егер ол болмаса, онда ол вексель беруші үшін берілген деп есептеледі. Аваль талаптар көздейтін нормалар мазмұнынан туындайтындай, ол <<кепілдік>> деп аталғанына қарамастан, өзінің заңдық табиғаты жағынан аваль вексель міндеттемесі бойынша кепіл болып табылады. Бұл <<авалист кім үшін аваль берді, сол сияқты жауапты болады>> деген тұжырымдамадан айқын білінеді. Басқаша айтқанда, авалистің солидарлы (ортақ) жауапкершілігі көзделген. Аудармалы вексель бойынша төлем аваль арқылы барлық вексель сомасына немесе оның бір бөлігіне қамтамасыз етілу мүмкін. Бірақ аваль кепілден ерекшеленетін белгілерге де ие. Мәселен, вексель бойынша бұл қамтамасыз ету тек үшінші тұлғамен ғана емес, сонымен қатар вексельге қол қойған тұлғалардың бірімен де берілуі мүмкін. Яғни вексель берушілер арасында өзара екі жақты кепілдендіру (кепілдік ету) орын алуы мүмкін. Кәдімгі кепілден тағы бір ерекшелігі - ол берілгеннен кейін вексель міндеттемесінен белгілі бір <<дербестікке>> (автономдыққа) ие болады. Егер ол кепіл берген міндеттеменің өзі де нысанының кемістігінен басқа, қандай да бір негіз бойынша жарамсыз болып қалған жағдайда да авалистік міндеттемесі жарамды болады. Әрине авальдік акцессорлық сипаты вексель міндеттемесі төлеушінің өзімен (авалистік емес) орындалған жағдайларда айқын көрінетін болады. Вексель міндеттемесі орындалғанда аваль өз мәнісін жоғалтады. Аудармалы вексельді төлей отырып авалист оған деген құқықтарды иеленеді. Бұл құқықтарды ол өзі кепіл бергенге қарсы және кім үшін аваль берілді және аудармалы вексель бойынша төлеуші алдында міндетті болған тұлғаларға қарсы жүзеге асыра алады. Жоғарыда аталғанның барлығы вексельді есеп айырысуларда пайдалану мүмкіндіктерін тағы да бір рет көрсетті. Вексель бойынша құқықтарды іс жүзінде жүзеге асыру вексельді төлемге (акцептке) ұсынудан да белгілі бір дәрежеде тәуелді болады. Вексель айналымына қатысты акцепт, сондай-ақ өзіне және ерекше сипатқа ие болады. <<Акцепт>> тұжырымдамасы вексель ұстаушының талаптарын канағаттандырады деген төлеушінің жай ғана келісімін емес, тіпті вексель бойынша өзіне міндет алуды да білдірмейді, өйткені бұл міндет одан бұрын пайда болған. Акцепт вексельге төлем жүргізу туралы жазбаша келісім болып табылады. Вексель бойынша акцепте төлем жүргізуге келісім негізінен болашақта, яғни міндеттемені мойындау көрініс табатынымен қатар, акцептің жазбаша нысаны оны қандай да бір камтамасыз етуші шараға айналдырады. Вексель бойынша төлем жүргізу акцептінің болуы төленуге жататын соманы акцептанттың банктік шотынан сөзсіз алуды талап ету құқығын береді, сонымен бірге вексель бойынша акцептемеудің салдарынан қарсылық білдіруге деген талаптар сақталуға тиіс. Акцепт шарттарын қарастырып көрейік. Ең алдымен, вексель беруші вексельде оны акцептке ұсынуға тыйым сала алатындығын атап өтейік. Бұл вексель міндеттемесіндегі тараптардың басқа мүліктік қатынастары (осы вексель міндеттемесімен байланысты) белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзгеруі мүмкін екенімен байланысты. Мысалы, вексель ұстаушы өзінің вексель беруші алдындағы міндеттемесін тиісті түрде орындамауы мүмкін. Даулы жағдай туындаған кезде акцептелген вексель вексель ұстаушы үшін вексель міндеттемесінің сөзсіз сипатымен шартталатын және төлеушіден (оның орнында вексель ұстаушының өзі де болуы мүмкін) қаражатты сөзсіз алу мүмкіндігімен күрделене түсетін негізсіз басымдықтар туындатады. Бірақ, егер вексель үшінші тұлға да төленуге жатса, төлеушінің тұрғылықты жерінен басқа жерде төленуге жатса немесе ұсынған кезден кейін белгілі бір уақыт ішінде төленуге жатса акцептке тыйым салу орын алмауға тиіс. Кез келген аудармалы вексельде вексель беруші вексельдің акцептке мерзімді белгілеумен немесе белгілеусіз ұсынылуға тиіс екендігі туралы ескертуі мүмкін. Сондай-ақ ол акцептке ұсыну белгіленген мерзімнен бұрын орын алмауға тиіс екендігін шарттауы мүмкін. Аталған құқық әрбір кейінгі вексель ұстаушыларға (индоссанттарға) тиесілі. Егер өзгеше ескертілмесе, вексель ұстаушы немесе тіпті қолында вексель бар кез келген тұлға оны акцепт үшін төлеушіге оның тұрғылықты жері бойынша ұсынуға құқылы. Бұл құқық төлем мерзімі басталғанға дейін де жүзеге асырыла алады. Ұсынылғаннан кейін белгілі бір уақыт ішінде төленуге жататын аудармалы вексельдер акцептке, олар берілгенмен кейін бір жыл ішінде ұсынылуға тиіс. Вексель беруші бұл мерзімді қысқарта алады кемесе одан да ұзақ мерзімді белгілеуі мүмкін. Вексель қолдан қолға өту барысында бұл мерзімдер индоссанттармен қысқартыла алады. Вексельді ұсынған кезде ол төлеушіге көрсетіледі (оған тиісті белгі қою мүмкіндігі беріледі). Төлеуші вексельді бірінші рет ұсыныс көрсеткеннен кейін оны өзіне екінші рет ұсынып көрсетуді талап ете алады. Құқықтары вексель ұстаушының құқықтарымен бәсекелесетін мүдделі тұлғалар, егер бұл талап туралы қарсылықта аталып өткен жағдайда ғана, осы талаптың орындалмағанына сүйене алады. Вексель ұстаушы акцептке ұсынылатын вексельді төлеушіге беруге міндетті емес. Акцепт аудармалы вексельде белгіленеді. Ол <<акцептелді>> деген сөзбен немесе басқа тең мағыналы сөзбен жазылып, төлеушімен қол қойылады. Вексельдің алдыңғы бетінде жасалған төлеушінің жай қолтаңбасы акцепт күшіне ие. Егер вексель ұсынылғаннан кейінгі белгілі бір уақыт ішінде төленуге жатса немесе егер ерекше талапқа байланысты акцептке белгілі бір мерзімде ұсынылуға тиіс болса, онда акцеп тберілу күнімен белгіленуге тиіс, ал егер мұны вексель ұстаушы талап етсе, онда ол ұсынылған күнмен белгіленуі мүмкін. Егер оның белгілену күні болмаса, онда вексель ұстаушы өзінің индоссаттарға қарсы және вексель берушіге қарсы регресс құқықтарын сақтап қалу үшін осы олқылықты өз уақытында вексельді даталамауға қарсы қарсылық жасау арқылы куәландыруға тиіс. Акцепт жай және ештеңемем шартталмаған болуға тиіс. Бірақ төлеуші оны соманың бір бөлігімен шектей алады. Аудармалы вексельдің мазмұнында акцептпен жасалған кез келген акцептен бас тартуға тең келеді деп саналады. Бірақ дегенмен де, акцептант вексель бойынша өз (ішінара) акцептіне сәйкес жауап береді. Вексель беруші аудармалы вексельде, төлем жүзеге асырылуға тиіс үшінші тұлғаны көрсетпей, төлеушінің тұрғылықты жерінен басқа төлем жургізу орнын көрсеткенде төлеуші бұл үшінші тулғаны өзі нұсқай алады. Мұндай нұскау болмаған кезде акцептант вексель беруші нұсқаған төлем жүргізу орнында өзі төлем жургізуге міндеттенді деп болжанады. Егер вексель төлеушінің тұрғылықты жерінде төленуге жатса, онда оған өзінің тұрғылықты жерінде төлем жүзеге асырылуға тиіс нақты мекен-жайды көрсету мүмкіндігі беріледі. Жоғарыда аталғаннан басқа, акцептің маңызы - төлеушімен ол арқылы аудармалы вексельге мерзімінде төлем жүргізуге міндеттеме алынуында және төлеушінің жеке басыла деген күмәнділік жойылады. Төлем жасалмаған жағдайда вексель ұстаушы, тіпті ол вексель беруші болып табылса да, акцептантқа қарсы аудармалы вексельге негізделген тікелей талап арызға ие болады. Егер де төлеуші аудармалы вексельге өзінің акцепті туралы белгі қоя отырып, оны вексельді қайтарғанға дейін сызьш тастаса, акцептеуден бас тартылды деп есептеледі. Сонымен бірге сызып тастау құжат кайтарылғанға дейін жасалғандығы ескертіледі. Акцепт туралы белгі сызып тасталғанына қарамастан, егер төлеуші өзінің акцепті туралы вексель ұстаушыға немесе кол қойғандардың кайсыбіріле жазбаша хабарласа, онда ол өзінің акцептінің шарттарына (талаптарына) сәйкес міндетті болып табылады. Вексель бойынша төлемдер. Вексель бойынша төлем жүргізу міндеттемесі вексель шарттарына (талаптарына) байланысты әртүрлі мерзімдерде орындала алады. Соның ішінде, ол ұсынып көрсету бойынша; ұсынып көрсеткеннен кейінгі белгілі бір уақытта толтырғаннан кейін белгілі бір уақытта; белгілі бір күні төленуге тиіс ретінде берілуі мүмкін. Басқа ақшалай міндеттемелерге қарағанда вексель бойынша міндеттеме төлемді бөліп бөліп жүргізуге жол бермейді. Сонымен қатар төлем жүргізу мерзімін анықтаудың аталған тәсілдерінен басқа тәсілдеріне де жол берілмейді. Мәселен төлемді сөзсіз болуға тиіс уақиғаға туралауға болмайды. Басқа заңнамаға карағанда вексель айналымын реттейтін заңнамада мерзімдерді анықтауға неғурлым қатты көңіл аударылатынын атап өткен жөн. Бұл, сондай-ақ вексель міндеттемесінің сөзсіздігі (шартсыздығы) туралы талаптарды жүзеге асыруға есептелген және төлемдерді басқа тәсілдерімен қатар вексельдер мен төлем жүргізуді тең колдануды қамтамасыз етуге арналған. Ұсынып көрсету мерзімі бар аудармасы вексельге оны ұсынып көрсеткенде төлем жүргізіледі. Осы тұста біздің ойымызша, ҚР АК 277-бабының 2-тармағының ережесі де сақталуға тиіс. Соған сәйкес мерзім талап ету сәтімен анықталған міндеттемені борышқор оны орындау туралы несиеберуші талап қойған күннен бастап жеті күн ішінде орындауға міндетті. Егер вексель міндеттемесінің талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше талап туындамаса, осы ереже қолданылуға тиіс. Сонымен қатар, төлеушіде мілдеттемені бірден орындауға немесе одан да қысқа ойға қонымды қажетті мерзім ішінде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда да жеті күндік жеңілдік мерзім қолданылуға тиіс. Ұсынып көрсету мерзімі бар аудармалы вексель оны толтырған күннен бастап бір жыл ішінде төленуге ұсынылуға тиіс. Вексель беруші бұл мерзімді қысқартуы немесе одан да ұзақ мерзімді белгілей алады. Ол сондай-ақ, мұндай аудармалы вексельдің белгілі бір мерзімнен бұрын төлемге ұсыныла алмайтындығын алықтай алады. Мұндай жағдайда ұсынып көрсетуге арналған мерзімін тыйым салынған кезең аяқталған сәттен бастап жүре бастайды. Оны төлеуге ұсынып көрсеткеннен кейінгі белгілі бір уақыт аралығымен есептелетін вексель бойынша төлем жүргізу мерзімі акцепт күнінен не қарсылық білдіру күнінен бастап жүре бастайды. Егер қарсылық білдіру болмаса, күні белгіленбеген акцепт акцептантпен акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған деп есептеледі. Толтырудан немесе ұсынып көрсетуден бір немесе бірнеше ай мерзімге берілген аудармалы вексель бойынша төлем жүргізу мерзімі төлем жүргізілуге тиіс айдың тиісті күнінде басталады. Егер сол айда тиісті күн болмаса, төлем жүргізу мерзімі айдың соңғы күнінде түындайды. Егер аудармалы вексель толтырылу немесе ұсынылуға берілу күнінен біржарым немесе бірнеше айлар жартысы мерзіміне берілсе алдымен толық айлар есептелуге тиіс. Егер төлем мерзімі айдың басына, ортасына немесе аяғына белгіленбесе, онда төлем мерзімі болып тиісінше айдың бірінші, ол бесінші немесе соңғы күні есептеледі. <<Сегіз күн>> немесе <<он бес күн>> деген сөздер бір немесе екі аптаны емес, керісінше толық сегіз немссе он бес күндік мерзімдерді білдіреді. Жарты аймен белгіленген мерзім он бес күнге тең болады. Вексель жөніндегі заңнама белгілі бір шамада мерзімдерге қатысты вексель міндеттемелері бойынша халықаралық жеке құқықтық да мәселелерін реттейді. Бұл Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы Заңының 36-бабында көрініс тапқан. Онда былай делінген: <<Егер аудармалы вексель берілген жеріне қарағанда басқа күнтізбе кабылданған қандай да бір жердің белгілі бір күйінде төленуге жатса, онда төлем мерзімі төлем орнының күнтізбесі бойынша тағайындалған деп есептеледі>>. Егер толтырылғаннан кейін белгілі бір жерге мерзімін де шығарылған аудармалы вексель бойынша беру орны мен төлем жүргізу орнында әртүрлі күнтізбелер әрекет етсе, онда төлем орнының күнтізбесі бойынша беру күйіне сәйкес келетін күн белгіленеді және осыған байланысты төлем мерзімі анықталады. Аудармалы вексельдерді ұсыну мерзімдері тиісінше алдыңғы заң ережелерімен есептеледі. Бұл ережелер егер аудармалы вексельде қандай да бір ескертпе жасалса немесе құжаттың мазмұны өзге ережелерді қабылдау ниетінің бар екенін көрсетсе қолданылмайды. Төлемнің белгілі бір мерзімі бар аудармалы вексельді ұстаушы вексельді ол төленуге тиіс күні не келе жатқан екі жұмыс күнінің бірінде төлемге ұсынуға тиіс. Аудармалы вексельді есеп айырысу палатасына ұсыну оны төлемге ұсынумен тең келеді. Есеп айырысу палаталары ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес депозиттерді қабылдауға есеп айырысуды жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар қарастырылады. Аудармалы вексельге төлем жүргізген кезде төлеуші оны өзіне вексель ұстаушы төлемді алғандығы туралы қолхатпен бірге беруді талап ете алады. Вексель ұстаушы ішінар атөлемнен бас тартуға құқылы емес. Егер ішінара төлем жүзеге асырылса, онда төлеуші бұл жағдайда да осындай төлем туралы белгі қоюды және өзіне осы туралы қолхат беруді талап ете алады. Кез келген кәсіпкерлік міндеттеме сияқты вексель міндеттемесі де жалпы ереже бойынша оны мерзімінен бұрын орындауды көздемейді, мерзімінен бұрын орындауға вексель ұстаушының келісімімен жол беріледі, бірақ ол бұған мәжбүрлене алмайды. Егер төлеуші төлемді мерзіміне дейін жасаса, онда ол мұны өз тәуекелі мен қаупіне сүйене жасайды. Төлемді мерзімінде жүзеге асырған тұлға, егер оның тарапынан алдау мен дөрекі абайсыздыққа жол берілмесе, міндеттемеден босатылады. Егер ол орындалудың тиісті емес несие берушіге жасалатынын біле тұра соны жүзеге асырса, бұл алдау болады, ал дөрекі абайсыздық несие берушінің жеке басын анықтауда жол берілген елеулі олқылықтардан және (немесе) басқа да олқылықтардан көрінеді. Егер ол индоссанттардың қолтаңбаларының растығын тексермесе, бұл елеулі олқылық ретінде саналмайды, өйткені төлеуші тек индоссаменттер қатарының жүйелігін (кезектілігін) ғана тексеруге тиіс (Қазақстан Республикасының <<Вексель айналысы туралы Заңының 39-бабының 3-т.). Заңнама халықаралық жеке құқықтың сондай-ақ төлем жүргізудің тәртібіне де қатысты кейбір мәселелерін козғайды. Аудармалы вексель төлем жүргізу орнында қолданылмайтын валютада жасалып берілген (яғни міндеттеме ҚР аумағынан тыс жерде туындады дерлік) жағдайларда, онда оны сомасы төлем мерзімі басталған күндегі не іс жүзіндегі төлем күніндегі курс бойынша жергілікті валютада төлене алады. Шетелдік валюта курсы төлем жүргізу орнында әрекет етуші әдеттегілікке сәйкес анықталатын болады. Сонымен бірге вексель беруші төленуге жататын соманың вексельде белгіленген курс бойынша есептеспейтіндігін алдын ала ескертіп қоя алады. Аудармалы вексельдің сомасы берілген елде және төлем жүргізу елінде де бірдей атауға ие, бірақ, әртүрлі курстарға ие валютада белгіленген жағдайда, есепке төлем орнының валютасы алынды деп болжанады. Вексель міндеттемесі бойынша төлем қабылдауда несиеберуші (вексель ұстаушы) жалтарған жағдайда борышқор, басқа да міндеттемелер бойынша сияқты, оны вексель ұстаушының есебіне, оның тәуекелі мен қаупіне заңмен арнайы уәкілденген тұлғаның депозитіне тиісті соманы енгізу жолымен орындауға құқылы. Жалпы, біз вексель міндеттемесіне және оны орындау тәртібіне, соның ішінде ол бойынша қамтамасыз ету мәселесіне қатысты барлық қырларды қарастырып өттік. Алайда кейбір ерекше мәселелер әлі де ашылмай қалып отыр. Соның ішінде оларға вексель міндеттемелерін орындаудағы делдалдық мәселесі жатады. Делдалдық тапсырыс шартындағы өкілдікке немесе делдалдықты реттейтін басқа да шарттар негізіне қарағанда басқа түсінікті білдіреді. Вексель аймалымында делдал болып өз атынан белгілі бір вексель міндеттемесін орындайтын немесе вексельді акцептейтін және осыған орай несие берушінің (регридиенттің) құқықтарына ие болатын субъект табылады. Мұндай қарым-қатынас делдалды вексель берушімен, индоссантпен немесе авалистпен тағайындауға негізделуі мүмкін, олар мұны осындай тұлғамен араларында орнатылған ішкі қарым-қатынасқа сүйене отыръш жасай алады. Делдал акцепт немесе төлем үшін тағайындалады. Кейбір жағдайларда вексель міндеттемесі бойынша бастапқы борышқорының қайсыбірімен өзінің белгілі бір қатынастарына тағы да сүйене отырып, қандай да бір тұлға вексель міндеттемесін орындауда ерікті түрде делдал болуы мүмкін. Өзінің заңдық табиғаты жөнінен вексель міндеттемесі бойынша делдалдық борышты аудару болып табылады. Вексель міндеттемесі бойынша борышты аудару ерекшеліктеріне де вексель айналымын арнайы реттеу елеулі түрде ықпал етеді. Айқын ерекшеліктердің бірі болып, кейбір жағдайларда вексель міндеттемесі бойынша борышты (төлем міндеттемесін) басқа тұлғаға аудару кезінде несие берушінің (вексель ұстаушының) келісімі талап етілмейтіндігі табылады. Вексель міндеттемесі бойынша борышты аудару еркіндігіне деген ымырашыл көзқарас мұндай әрекетті жасау вексель берушіні, индосанттарды, авалисті егер олардың барлығы вексель міндеттемесін жүзеге асыру процесінде көрінсе, міндеттемеден түпкілікті шеттетпейтіндігімен байланысты. Осы соңғы жағдай делдалдықтың борышқорды толығымен және түпкілікті ауыстыру орын алаты, борышты жай аударудан екінші мәнді ерекшелігі болып табылады. Делдалдың әрекеттері белгілі бір мерзімге вексель бойынша төлем жасауға тиіс болған тұлғалардың мүдделерін ескерумен шектеледі. Яғни, делдал міндеттемені орындау бойынша сәйкес емес шығындарды көтеру жолымен белгілі бір сәтке іс жүзіндегі борышқорға өз әрекеттерімен зиян келтірмейтіндей етіп, вексель ұстаушыға қарсы сол бір немесе өзге негізделгсн қарсылықтарды қою мүмкіндігін борышқорға бермей және т.с.с. әрекет етуге тиіс. Осы айтылғанға орай делдал екі жұмыс күні ішінде кім үшін делдал боп шықса соны өзінің делдалдығы туралы хабардар етуге тиіс. Осы мерзімді сақтамаған немесе осы міндетті мүлдем орындамаған жағдайда, ол өзінің салақтығынан болған зиян үшін жауапты болады. Делдал үшін мұндай жағдайларда шектелген жауапкершілік көзделеді. Шығындар вексель сомасынан аспайтын мөлшерде, кім үшін әрекет етсе сол тұлғаға өтелуге жатады. Алайда, егер оған зиян келтірген делдалдың әрекеттері қасақана құқыққа қайшы сипатта жүзеге асса, онда мұндай жағдайда делдалдық келтірілген зиян үшін толық жауапкершілігі туралы сөз козғаған жөн. Егер сонымен бірге вексель ұстаушыда регресске деген құқық пайда болатын болса, делдалдық тәртібіндегі акцепт төлем мерзімі басталғаннан кейін және оған дейін де орын алуы мүмкін. Соңғы жағдайда делдалдық тәртібіндегі акцепт вексель ұстаушының еркінен тыс орын алуы мүмкін. Делдалдық тәртібіндегі акцепт вексель ұстаушының бастамасымен жүзеге асуы мүмкін. Егер аудармалы вексельде, қажеттілік жағдайына,төлем орнында акцепт үшін немесе төлем үшін тұлға көрсетілген болса,вексель ұстаушы, өз мүддесін корғай отырып, вексельді осы тұлғаға ұсынып көрсете алады. Егср акцепт жасалатын болса, вексель ұстаушы егерде онда төлемді мерзімінен бұрын талап ету құқығы пайда болмаса, төлеммерзімінің басталуын күтуге тиіс болады. Жоғарыда аталған тұлға тарапынан акцептеуден бас тарту орын алғанда, вексель ұстаушы вексельді акцептемеуге қарсылық білдіруге тиіс. Сонда ғана ол төлем мерзімі басталғанға дейін делдалдық туралы нұсқау көрсеткен тұлғаға және осындай нұсқаудан кейін вексельге өз қолтаңбаларын қойған тұлғаларға қарсы өзінің регресс құқығын жүзеге асыра алады. Делдалдыктың басқа жағдайларында, яғни вексель бойынша төлем мерзімі басталғаннан кейін, вексель ұстаушы делдалдық тәртібніде акцепт қабылдауы мүмкін. Бірақ егер ол акцептке жол берсе, онда ол төлем мерзімі басталғанға дейін кімнің есебінен акцепт берілсе сол тұлғаға қарсы және соның артынан қол қойған тұлғаларға қарсы өзінің регресс құқығынан айырылады. Басқаша айтқанда, делдалмен акцептке жол беру вексель ұстаушы үшін мерзімі бойынша вексель міндттемесінің шартын өзгертеді және міндеттемені уакытысында орындауды кідіртеді. Делдалдық тәртібіндегі акцепт белгіленген болуға тиіс. Ол аудармалы вексельде белгіленеді және оған делдал қол қоюға тиіс. Онда міндетті түрде оның кімнің есебінен жасалғаны көрсетіледі. Бұл туралы нұсқау болмаған кезде акцепт вексель берушінің есебінен жасалған деп есептеледі. Делдал - акцептант сол тұлғамен бірдей жағдайларда және соның атынан делдал болған тұлғадан кейін өз белгілерін қойған вексель ұстаушы мен индосанттарға қатысты міндетті болады. Делдалдық тәртібінде орын алып отырған акцептке қарамастан, ол кімнің есебіне жасалса, сол тұлға, сондай-ақ оған жауапты тұлғалар вексель бойынша соманы вексель ұстаушыға төлей отырып, одан вексельді қарсылықты беруді, тиісті жағдайда төлем туралы қолхат беруді де талап ете алады. Делдалдық тәртібінде вексельді акцептеген тұлға белгілі бір жагдайларда төлемді де жасауға тиіс болады. Төлем жасау міндетті төлем мерзімі басталғанда немесе оған дейін вексель ұстаушыда регреске деген құқық пайда болған жағдайларда орындалуға тиіс. Төлем кім үшін төлем жасалса сол тұлғамен төленуге жататын барлық соманы қамтуға тиіс, яғни делдалдық тәртібіндегі вексель бойынша ішінара төлем жасауға жол берілмейді. Ол төлем жасамағаны үшін қарсылық білдіруге арналған соңғы күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жасалуға тиіс. Белгілі бір мерзімдерді сақтау жөніндегі міндеттер вексель ұстаушыға да жүктеледі. Аудармалы вексель төлем орнында өздерінің тұрғылықты жері бар делдарлармен акцептелгенде немесе осындай тұлғаларға қатысты нұсқау болғанда, вексель ұстаушы оларға вексельді ұсынып көрсетуге және тиісті жағдайларда төлем жасамағандығы туралы қарсылықты қарсылық білдіру үшін берілген мерзім аяқталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей білдіруте тиіс. Егер бұл мерзімде қарсылық білдіру жасалмаса, онда қажеттілік жағдайына төлем жүргізуші тұлғаны көрсеткен немесе кімнің есебінен вексель акцептелген болса сол тұлға, сондай-ақ кейінгі индосанттар міндетті болудан қалады. Делдалдық тәртібіндегі төлемнен вексель ұстаушы бас тартқан жағдайда ол жауапкершіліктен босатылғандарға қарсы өзінің регресс құқысын жоғалтады. Делдалдық тәртібінде төлем жасау кімнің пайдасына төлем жасалса, сол тұлғаны көрсете отырып аудармалы вексельде жасалған қолхатпен куәландырылуға тиіс. Мұндай нұсқау болмаса төлем вексель беруші үшін жасалды деп есептеледі. Делдалдық тәртібінде төлем жасаған тұлғаға аудармалы вексель мен қарсылық (егер ол жасалған болса) берілуге тиіс. Төлем жасаған делдал кім үшін төлем жасаса, соған қарсы және аудармалы вексель бойынша осы соңғы тұлғаның алдында міндетті тұлғаларға қарсы аудармалы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді. Бірақ делдал аудармалы вексельді кайта индоссациялау құқығына ие болмайды, вексельге өз қолын койған және сол үшін төлем жүргізілген тұлғадан кейін тұратын индоссанттар жауапкершіліктен босатылады. Вексель бойынша бірнеше делдалдардың төлем жүргізу туралы ұсыныс жасау жағдайлары орын алуы мүмкін. Мұндай сәттерде басымдық кім неғұрлым көп тұлғалы жауапкершіліктен босата алса, соған беріледі. Төлем жасай отырып өзінің осы ережені бұзатындығын білетін делдал өз төлемінің заңдылығын даулау кезінде жауапкершіліктен босатылып кетуі мүмкін болған тұлғаларға катысты регресс құқығын жоғалтатын болады. Вексель міндеттемесі бойынша заңнамамен, оны тиісті түрде орындамаған жағдайда карсылықтар мен талап арыздар мәлімдеуге негізделген құқықтарды қорғаудың арнайы механизмі көзделеді. Құқықтарды қорғаудың кейбір процедуралық мәселелерімен қатар вексель ұстаушының алдында міндетті тұлғалардың қайсыбірімен вексель міндеттемесі орындалмаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде вексель ұстаушы талаптарының мазмұны да реттелуге жататындығын атап өткен жөн. Вексель бойынша құқықтарды корғау механизмін қолдану негіздері болып тізімі заңнамамен белгілеметін жағдайлардың орын алуы табылады. Жалпылама түрде оларды вексель міндеттемесін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаудан туындайтын жағдайлар ретінде сипаттауға болады. Сондай-ақ вексель ұстаушының құқықтарын бұзудың іс жүзіндсгі каупі де есепке алынады. Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, вексель ұстаушы егер төлем жасалмаған болса, индоссанттарға, вексель берушіге және басқа да міндетті тұлғаларға қарсы, сондай-ақ егер акцептеуден толық немесе ішінара бас тарту орын алса, төлем мерзімі басталғанға дейін өзінің регресс құқықтарын жүзеге асыра алады (төлем жасау туралы талап коюға). Келтірілген екі негіз вексель ұстаушының құқықтарын вексель міндеттемесін орындамау (тиісті түрде орындамау) жолымен бұзу жағдайларына жатқызылады. Акцептеуден бас тарту (толықтай немесе ішінара) екі түрлі қасиетке ие және оны, сонымен бірге вексель бойынша төлемді алуға деген құқықтардың бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттеге де жатқызуға болады. Вексель ұстаушы құқықтарының бұзылуына қауіп төндіретін, талап арыз негіздерінің жағдайларына мыналар жатады: 1) төлем мерзімінің басталуы (Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Вексель айналысы туралы Заңының 42-бабы 1-т); 2) төлеуші төлемдерлі токтатқан жағдайда, егер де тіпті бұл жағдайлар сотпен анықталмаса да, оның вексельді акцептемегеніне немесе акцептегеніне қарамастан төлеушіні банкрот деп тану; 3) төлеушінің мүлкін өндіріп алуға нәтижесіз жүгіну орын алғанда; 4) төлем акцептеуге жатпайтын вексель бойынша жасалуға тиіс болған жағдайларда вексель берушіні банкрот деп тану. Акцептеуден немесе төлемнен бас тарту фактісін куәландыратын актімен расталуға тиіс (акцептемеуте немесе төлемеуге қарсылық білдіру). Вексель бойынша акцептемеу немесе төлемеу туралы қарсылық білдіру нотариуспен оған вексельді беру күнінен бастап бір күн ішінде онда акцептемеу немесе төлемеу фактісін куәландыратын тиісті жазбаны жасау жолымен жүргізіледі. Вексель беруші не индоссант, авилист құжатқа <<аиналым шығындарсыз>> ескертпе он немесе басқа тең мағыналы ескертпеге қол қойып, енгізу арқылы вексель ұстаушыны регресс құқығын жүзеге асыру үшін акцептемелеуге немесе төлемеуге қарсылық білдіруді жасаудан босата алады. Вексель берушімен енгізілген ескертпенің күші вексельге қол қойған барлық тұлғаларға қатысты жарамды болады, егер ол индоссантпен немесе авалистпен енгізілсе, онда ол солардың өздеріне ғана қатысты жарамды болады. Мұндай ескертле вексель ұстаушыны аудармалы вексельді белгіленген мерзімдерде ұсынып көрсетуден де хабарлама жіберуден де босатпайды (ол туралы кейінірек айтылады). Сонымен бірге мерзімдердің сақталмауын дәлелдеу вексель ұстаушымен дауласқанда осы жағдайға сүйенетін тұлғаға жүктеледі. Вексельге вексель берушімен енгізілген ескертпеге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірген жағдайда қарсылық білдіру бойынша шығындар оның өзіне жүктеледі. Егер де ескертпе индоссанттан немесе авалистен ғана шықса және вексель ұстаушы сонда да қарсылық білдірсе, онда қарсылық білдіру бойынша шығындарды өтеу вексельге қол қойған барлық тұлғалардан талап етілуі мүмкін. Акцептің күнін белгілемегені үшін вексельге қарсылық білдіру вексельді акцептемеуде қарсылық білдіру үшін белгіленген тәртіп пен мерзімдерде жасалуы мүмкін. Егер вексельде акцептікке қатысты ескертпе болса, вексель бойынша оны акцептемеу жағдайында қарсылық білдіру төлеушінің шотынан қаражатты сөзсіз өндіріп алу үшін атқарушы құжат және негіз болып табылады. Төлеушінің шотында қаражат болмаған кезде қарсылық туралы мәлімдеуші тұлға вексель бойынша борышқордың мүлкін өндіріп алуды талап етуге құқылы. Акцептемеуге және төлемеуге қарсылық білдіру және вексель бойынша борыштарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау вексель міндеттемелері бойынша дауларды шешудің сотқа дейінгі нысаны болып табылады. Осыған орай, егер, төлеуші вексель ұстаушының әрекеттерімен келіспесе онда ол оларды сот тәртібімен даулай алады. Қарсылық вексельдің өзінде толтырылған және бөлінушімен қол қойылған арызбен алмастырыла алады, бұған вексель беруші аудармалы вексель мәтінінің өзінде қарсылықты ресми акт арқылы білдіруді шарттап койған жағдайлар кірмейді. Мұндай арыз да қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімдерде жасалуға және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес тізімге енгізілуге тиіс. Сонымен бірге күні белгіленбеген индоссамент қарсылыққа дейін қойылған деп танылады. Акцептемеуге қарсылық білдіру акцептке ұсынып көрсету үшін белгіленген мерзімде жасалуға тиіс. Егер осы мерзімнің соңғы күнінде Қазақстан Республикасының <<Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы>> Заңының 23-бабына сәйкес вексельді қайталап ұсынып көрсету орын алса, онда қарсылық келесі күні жасала алады. Акцептемеуге қарсылық білдірудің мәнісі оның оны төлемге ұсынудан және төлемеуге қарсылық білдіруден босататындығында. Төлемеуге қарсылық білдіру аудармалы вексель төленуге жататын күні не келесі екі жұмыс күнінің бірінде жасалуға тиіс. Егер төлеуші вексельді акцептеп, содан кейін төлемдерді тоқтатса немесе төлеушінің мүлкін өндіріп алуға жүгінудің нәтижесіздігі орын алса, вексель ұстаушы өзіне тиесілі құқықтарды тек вексельді төлеушіге төлем жүргізу және қарсылық білдіру үшін ұсынып көрсеткеннен кейін ғана жүзеге асыра алады. Ол вексельді акцептеген немесе акцептемегеніне қарамастан, сондай-ақ егер вексель акцептеуге жатпаса, төлеуші банкрот деп танылғанда вексель ұстаушы өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру үшін оны банкрот деп тану туралы сот шешімін ұсынып көрсету жеткілікті болады. Құқығы бұзылған субъект өзінің индоссантын және вексель берушіні акцептелмегендік немесе төленбегендік туралы қарсылық білдіру күнінен кейін немесе егер вексель акцептеуге жатпайтын болса, ұсынып көрсету күнінен кейін келетін төрт жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс. Әрбір индоссант өз кезегінде, өзі хабар алған күннен кейнгі екі жұмыс күні ішінде өз индоссантына алынған хабар туралы хабардар етуге тиіс. Ол, сонымен бірге алдынғы хабарларды жібергендердің атаулары мен мекен-жайларын көрсетуге тиіс. Егер хабар қағазы аталған тұлғалардың біріне жіберілген болса, онда сол мерзімде хабар қағазы ол үшін аваль берген тұлғаға да жіберілуге тиіс. Егер индоссанттардың бірі өз мекен-жайын көрсетпесе немесе оны түсініксіз көрсетсе, хабарламаны оның алдындағы индоссантқа жіберу жеткілікті болып табылады. Хабарлама кез келген тәсілмен, тіпті аудармалы вексельді жай қайтару жолымен де жасалуы мүмкін. Егер хабарламаны жіберудің дер кезділігі туралы даулар туындаса бұл фактіні дәлелдеу міндеті хабарламаны жіберген тұлғаға жүктеледі. Хабарламаны дер кезінде жібермеу субъектіні өз құқықтарынан айырмайды. бірақ ол егер зиян оның салақтығы салдарынан туындаса, сол зияи үшін жауапты болады. Өтелетін шығынның мөлшері сонымен бірге, аудармалы вексель сомасынан аспауға тиіс. Акцептемегендікке немесе төлемегендікке қарсылық білдірілгенде, бұл туралы міндетті тұлғаларды ескерту міндеті нотариусқа жүктеледі. Ол мұны вексельдегі мекен-жайларға немесе қарсылықты талап еткен тұлғалардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарламаны жіберу жолымен жасауға тиіс. Хабарлау бойынша шығындар карсылық бойынша шығындарға қосылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, вексель міндеттемесі өзінің белгілі бір айналымы (бір тұлғадан екіншілеріне өту) кезінде өзіне белгілі бір көпшілік субъектілерді тартады, осылайша ол көпшілік тұлғалар бар міндеттемеге айналады. Сонымен бірге оны бәсең көпшілікті міндеттеме ретінде сипаттауға болады. Вексель беруші, вексельді индоссациялағандардың барлығы вексель бойынша барлық авалисттер мен акцептанттар ол бойынша вексель ұстаушы алдында солидарлы (ортақ) міндеттілерге айналады. Осыған орай ол, басқа ортақ міндеттемелер бойынша несие беруші сияқты, өз таңдауы бойынша осы тұлғалардың барлығына, әрқайсысына жеке жеке немесе барлығына бірдей талап арыз кою құқығына ие болады. Осындай құқық аудармалы вексельге төлем жүргізгеннен кейін оған қол койған әрбір тұлғаға тиесілі. Міндеттемелердің біріне қойылған талап арыз оны басқаларға тіпті егер олар бастапқы борышқордан кейін міндеттенген болса да, коюға кедергі келтірмейді. Вексель ұстаушының құқықтарын қорғаудың көзделген механизмінің құрамдас бөліктерінің бірі болып вексель міндеттемесін бұзғаны үшін жауапкершілік табылады. Вексель ұстаушы қолдалылуын талап ете алатын жауапкершіліктің келесі санкциялары көзделген: * аудармалы вексельдің акцептелмеген және төленбеген сомасынпайыздармен өндіріп алу, егер олар алдын ала шартталған болса; * Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен вексель төленуге тиісболған күнге белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшеріндевексель сомасынан өсім өндіріп алу; * қарсылық бойынша, хабарлама жіберу бойынша, сондай-ақ басқа дашығындарды өндіріп алу. Бұған қоса, талап арыз берген векссль ұстаушы талап арыз сомасына вексель сомасьшан 0,01 % мөлшерінде комиссия енгізе алады. Талап арызды төлем мерзімі басталғалға дейін берген кезде вексель сомасынан есепке алу пайызы ұсталатын болады. Ол вексель ұстаушының тұрғылықты жерінде талап арызды беру күніне көзделетін ресми есепке алу ставкасына (банктік ставкаға) сәйкес еселтеледі. Аудармалы вексельді төлеген тұлға өзінің алдында жауапты тұлғалардан мыналарды талал ете алады: * барлық төленген соманы: * аталған сомаға Қазақстан Реслубликасының Ұлттық Банкінен вексель талапкермен төленген күнге белгіленген қайта каржыландыру ставкасының мөлшерінде есептелген пайыздар; 3) осы тұлға көтерген шығындарды, сондай-ақ ол талап арыз сомасына вексель сомасынан 0,05% мөлшерінде комиссия енгізе алады. Егер өзіне талап арыз койылған немесе қойылуы мүмкін міндетті тұлға төлем жасаса, онда ол өзіне төлемге қарсы аудармалы вексельді қарсылықпен және төлем туралы қол хатпен беруді талал ете алады. Аудармалы вексельді төлеген индоссанттардың кез келгелі өз индоссаментін сиякты өзінен кейінгі калған индоссанттардың да индоссаметтерін сызып тастай алады. Бұрын ішінара акцепт жасаған тұлға өз шегінде соманы төлеген жағдайда оның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі пайда болуы мумкін. Сондықтан вексель ұстаушы бұл төлемді вексельде белгілеп қоюға және ішінара төлем жасаған төлеушіге қолхат беруге тиіс. Бұған қоса, вексель ұстаушы оған вексельдің куәландырылған көшірмесін де, және ол кейінгі регресті жүзеге асыра алу үшін қарсылық білдіру актісін де беруге міндетті. Талап арыз қоюға құқылы тұлғалардың кез келгені, егер өзгеше ескертілмесе, оған жаңа вексель (кері тратта) жазып беру арқылы төлемді ала алады. Мұндай вексель несие беруші алдында жауапты тұлғалардың біріне ұсынып көрсету мерзіміне осындай тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төлеммен беріледі. Егер вексель жоғалтылатын болса, онда бұл үшін жауапкершілікті вексель ұстаушы көтереді, буған вексель беруші жоғалтылған вексель бергендігін мойындайтын жағдайлар кірмейді. Жоғалтылған вексель бойынша төлем ол бойынша құқық сот тәртібімен қалпына келтірілетін шарт кезінде жасалуы мүмкін. Жоғалғанның орнына жаңа векесль беру және беру жазбаларын қалпына келтіру оны жоғалтқан вексель ұстаушы есебінен жүргізіледі. Қандай да бір тұлға вексельді жеткізуге міндеттенген жағдайда, ол вексель үшін оны жөнелтуге қабылдаған сәттен және адресатқа бергенге дейін жауапты болады. Қарсылық білдіру немесе вексельді төлемге беру мрзімдерін өткізіп алған вексель ұстанушы өз құқықтарынан айырылуға және бұзушыларды жауапқа тарту мүмкіндігінен айырылуға тәуекел етеді. Буған өз құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған вексель ұстаушының әрекеттеріне төтенше жағдайлар мен бой алдырмайтын күштер кедергі келтірілген жағдайлар кірмейді. Вексель міндеттемесі қатысушыларының құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру үшін талап қою мерзімдері де елеулі маңызға ие (сотка дейінгі процедураларды сақтаған жағдайда). Акцептантқа қарсы аудармалы вексельден туындайтын талап арыздар бойынша талап қою мерзімі үш жылды құрайды және ол төлем мерзімінің күнінен бастап жүреді. Егер сөз төлем туралы болып отырса және талап арыз осыған орай индоссанттар мен вексель берушіге қарсы берілуге тиіс болса, онда ол үшін бір жылдыққа талап қою мерзімі белгілеледі, бұл мерзім белгіленген мерзімде жасалған қарсылық білдіру күнінен бастап немесе егер акцептсіз төлем туралы ескертпе болса, төлем мерзімі күнінен бастап жүреді. Весельді төлеген индоссант немесе талап арыз қойылған индоссант талап арызды вексель бойынша төлем жүргізген күннен немесе өзіне талап арыз берілген күннен бастап алты ай ішінде басқа индоссанттарға немесе вексель берушіге қоя алады. Егер сөз вексель бойынша жабуды қамтамасыз етпеген вексель берушіге деген талаптар туралы не негізсіз байыған индоссантқа немесе вексель берушіге, сондай-ақ жабуды алған немесе негізсіз байыған акцептантқа қатысты талап тарту ралы болса талап кою мерзімі қолданылмайды. Талап кою мерзімдерінің өтуі Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін. Оның үзілісі кімге қарсы мерзімді үзу әрекеті жасалса, соған қатысты ғана өз күшінде болады, мәселен талап арыз қойылса. Банктік шотты тікелей дебеттеу бенефициармен берілетін және тауарлардың жеткізілгендігін жұмыстардыц атқарылғанын немесе қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Мұндай құжаттардың тізімі ақша жөнелтуші мен бенефициар арасындағы шартпен анықталатын болады. Есеп айырысудың мұндай тәсілі аккредитивтерді пайдалануды көздейді. 25 сәуір 2000 жылы <<Қазакстап Республикасының банктермен қүжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу>> Ережелерінің 1-тармағына сәйкес: <<Құжаттамалық аккредитив>> (одан әрі аккредитив) арыз бойынша және клиенттің нұсқауларына сәйкес немесе банкпен өз бетінше қабылданған, көрсетілген бенефициарға немесе оның бұйрығы бойынша төлем жүргізу туралы немесе бенефициармен шығарылған аудармалы вексельдерді акцептеу және оларға төлем жүргізу туралы немесе аккредитивтің барлық шарттары сақталса, белгіленген мерзімге аккредитивпен көзделген құжаттарға карсы негоциация жасау туралы банк міндеттемесін көздейтін кұжаттамалық ессп айырысулар нысаны>>. Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе өзі негізделуі мүмкін өзге де шарттан бөлектенген өз алдына жеке мәміле болып табылады. Аккредитивтің бір түрі кері шақырылмайтын аккредитив. Ол эмитент банктің, растаушы банктің және бенефициардың келісімінсіз өзгертіле алмайды немесе күші жойыла алмайды. Оған қарағанда кері шақырылатын аккредитив бенефициарды алдын ала ескертпестен эмитент-банкпен өзгертілуі немесе күші жойылуы мүмкін. Аккредитив шартын сипаттауды бастамас бұрын жоғарыда аталған нормативтік актіде келтірілген негізгі түсініктердің мазмұнын ашып көрсетейік. Мұндай қажеттілік онда мәселен сақтандыру қатынастарын реттейтін заңнамада сияқты, күрделі әрі өзіне ғана тән терминология қолданылатындықтан туындап отыр. Авизирлеуші банк - бенефициарға оның тарапынан ешқандай міндеттемелерсіз, аккредитивті және (немесе) оған өзгерістерді беруге эмитент-банкпен уәкілденген банк. Трассат банк - аудармалы вексельде төлеуші ретінде көрсетілген банк. Эмитент банк - аккредитив бұйрық берушісінің арызымен аккредитив ашатын және оның шарттарына сәйкес аккредитивті орындау бойынша міндеттеме жүктелетін банк. Бенефициар- пайдасына аккредитив ашылатын заңды нсмесе жеке тұлға. Атқарушы банк - аккредитивті, оның шарттарына сәйкес қабылдауға, құжаттарды тексеруге және атқаруға эмитент банкпен уәкілденген банк. Коммерциялық шот - аккредитив бұйрық берушісінің атына бенефициармен жазылып берілген және тауарлардың түрін, олардың сипаттамасын, санын, құнын және жалпы сомасын көрсететін құжат. Негоциация - вексельдер бойынша төлем мерзімі босатылғанға дейін оларды есепке алу (сатып алу). Растаушы банк - аккредитивті оның шарттарына сәйкес, орындау бойынша эмитент банктің міндеттемесіне қосымша өзіне міндеттеме қабылдайтын банк. Расталған аккредитив - эмитент банк болып табылмайтын, басқа банк тарапынан оның орындалуының косымша кепілдіктері туралы белгісі бар аккредитив. Өтелген акредетив - ашылуы кезінде эмитент атқарушы банктің иелігіне аккредитив сомасына тең ақша сомасын (өтеу) өз міндеттемелерінің әрекет ету мерзіміне, осы ақшаны аккредитив бойынша төлем үшін пайдалану мүмкіндігі шартымен берілетін аккредитив. Аккредитивтің бұйрық берушісі (бұйрық беруші) - өзіне қызмет көрсететін банкке (эмитент-банк) аккредитив ашуға арыз беретін тұлға. Рамбурсалаушы банк - атқарушы банкке аккредитив бойынша төлем жасағаны үшін ақшалай өтем беретін банк. Трансферабельді (аудармалы) аккредитив - оны бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициармен) бір немесе бірнеше тұлғалармен, толығымен немесе ішінара пайдалану мүмкіндігін көздейтін аккредитив. Аккредитив шартының тарабы болып бір жағынан тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге есеп айырысуға тиіс болатын бұйрық беруші шаруашылық жүргізуші субъект шығады, екінші жағынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кепілді операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде ғана аккредитив аша алатын эмитент банк шығады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу туралы бұрын әрекет еткен уақытша ережеде аккредитив мазмұнына (мәнді жағдайларына) қойылатын талаптар тікелей анықталатын. Енді (құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізудің аталған ережелерінде) олар аккредитив ашу туралы арыз мазмұнына сәйкес аккредитив шарттары да анықталатыны сөзсіз. Бұл, әрине, олардың өзара келісімділігін де жоққа шығармайды. Бұйрық берушінің арызында мыналар көрсетілуге тиіс: - Бұйрық берушінің атауы (аты-жөні) мен орналасқан жері; -бенефициардың атауы мен орналасқан жері, оның банктік реквизиттері; - эмитент банктің атауы; - аккредитивтің түрі; - аккредитив сомасы; - аккредстивті орындау шарттары (жағдайлары); - соларға қарсы аккредитивтің орындалуы жүргізілуге тиіс құжаттартізімі; - аккредитивтің әрекет ету мерзімдері, түсіру мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері; - аккредитив бойынша шығындарды өтейтін тараптың атауы. Ол екі данада берілуге тиіс. Біріншісі аккредитив ашу үшін банкте қалады, екіншісі қабылдау туралы белгімен (акцепт нысаны) банкпен белгілеген мерзімдерде клиентке қайтарылады. Егер кызмет көрсетуші банк пен клиент арасында электронды хабарлармен алмасу туралы шарт болса, онда аккредитив ашуға деген арыз бұйрық берушімен эмитент банкке электронды тәсілмен оны қағаз бетінде растаусыз берілуі мүмкін. Аккредитивті ашумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға эмитент банктен басқа эмитент банкпен, бенефициармен, ал кейбір жағдайларда бұйрық берушінің өзімен де бекітілген шарттарға сүйене отырып бұйрық беруші мен бенефициардың мүдделері үшін әрекет ететін басқа да банктер қатысады. Банктер алынған арыз негізінде аккредитивті рәсімдейді. Аккредитивте арыздың нөмірі, күні және орны, сондай-ақ оның ашуға деген арыздың реквизиттері көрсетіледі. Онда міндетті түрде оның кері шақырылатынын немесе кері шақырыллмайтындығын көрсеткен жөн. Егер бұған қатысты нұсқау болмаса, онда аккредитив кері шақырылмаған деп есептеледі. Аккредитивтік мәнді жағдайларына оны орындау тәсілі жатады. Олар: ұсынып көрсету бойынша төлем, бөліп бөліп төлеу, вексельдерді акцептеу немесе негоциация. Есеп айырысу катынастарының субъектілік құрамы валюталық реттеу туралы әрекет етуші заңнамаға сәйкес аккредитив сомасы қазақстандық теңгемен немесе шетел валютасымен көрсетілуге тиіс. Аккредитив шарттары оның эмитент банкпен орындалатындығын көздемегенде онда аталған тәсілдердің бірімен төлем жүргізуге уәкілетті аткарушы банк көрсетілуге тиіс. Әдетте аккредитив бойынша бенефициардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсаттары үшін ол оны бенефициардың банкіне береді. Аккредитив шарттарына сәйкес не эмитент банк не атрқарушы банк аккредитивте көзделген барлық кұжаттарды бергеннен кейін және оның барлық шарттарын сактағаннан кейін аккредитив бойынша төлем жүргізуге қатысты сөзсіз міндеттерге айналады. Осыған орай олар егер аккредитив ұсынып көрсетушіге төлем жүргізуді көздесе, төлемді ұсынып көрсету бойынша жасауға міндеттенеді. Егер төлемдердің белгілі бір мерзімдері көзделетін болса, аккредитив бойынша төлем жасауға міндетті банк төлем мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Аккредитивті ашу вексельдер арқылы есеп айырысуды көздесе, онда егер акцептантпен эмитент банк көрсетілсе, онда ол өзі не бенефециармен берілген аудармалы вексельдерді акцептеуге және оларға төлем мерзімі басталғанда төлеу жасауға тиіс. Төлем бойынша эмитент банктің міндеттемесі трассат банктің міндеттемесіне қатысты субсидиарлық сипатқа ие. Осының салдарынан тек егер соңғысымен вексельдер акцептелмесе және олар бенефициармен эмитент банкке ұсынылса, оған оларды акцептеу немесе мерзімінде төлем жүргізу міндеті жүктеледі. Аккредитивте негоциацияны көздеген кезде эмитент банк аудармалы вексельдерді және (немесе) аккредитив бойынша айналымсыз трасанттарға және (немесе) заңды ұстаушыларға ұсынылған құжаттарды төлеуге тиіс. Егер, сонымен бірге, аккредитив аудармалы вексельдерді бұйрық берушілерге ұсынуды көздесе, онда банктер осы аудармалы вексельдерді қосымша құжаттар ретінде қарастыруға тиіс. Рәсімделген аккредитив кері шақырылатын болғанда және эмитент банкпен өзгертілсе немесе жойылса, онда ол: 1) кері шақырылмалы аккредитив бойынша акцепті немесе негоцияцияны ұсынып көрсету бойынша төлемді жүзеге асыруға өзімен уәкілденген банкке, ол өзгеріс немесе жою туралы хабарламаны алғанға дсйін осы банкпеп жасалған кез келген төлем, акцепт немесе негоциация үшін ақшалай өтем беруге міндетті; 2) кері шақырылмалы аккредитив бойынша бөліп бөліп төлеумен төлем жасауға өзімен уәкілденген басқа банкке ақшалай өтем беруге міндетті, егер бұл банк аккредитивті өзгерту немесе жою туралы хабарламаны алғанға дейін сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келетін құжаттарды қабылдаса. Эмитент банк уәкілеттіктерді берген немесе кері шақырылмайтын аккредитивті растау үшін оның басқа банкке жүгінуі және соңғысының оны растауы кезінде онда эмитент банктің міндеттемесіне қатысты субсидиарлық міндеттеме пайда болады. Мүндай міндеттеменің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін және ол аккредитив шарттарына байланысты болады. Егер аккредитив төлемді ұсынып көрсету бойынша көздесе, онда растаушы банктің міндеттемесі, эмитент банк төлемеген жағдайда ұсынып көрсету бойынша төлем жүргізуден көрінеді және т.б. Аккредитивті растауға эмитент банкпен уәкілденген банк осы аккредитивті растаудан бас тартқан жағдайда, онда ол келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы эмитент банкті хабардар етуге тиіс. Аккредитив шарттарына өзгерістер енгізген кезде растаушы банктің міндеттемелері осы өзгерістерге ол оларды авизирленген сәттен бастап таралады. Кейде эмитент банк те араларындағы белгілі бір қатынастарға байланысты төлем жүргізу уәкілеттігін басқа (растамайтын) банке беруі мүмкін. Мұндай банк сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келетін құжаттарға қарсы, төлемді бөліп бөліп жүргізуге, аудармалы вексельді акцептеуге немесе негоциациялауға міндеттене алады. Сонымен бірге эмитент банк немесе егер ол болса растаушы банк, өзіне жоғарыда аталған міндеттемелердің бірін қабылдаған банкке ақшалай өтем беруге және аккредитивте көрсетілген құжаттарды қабылдауға тиіс. Бұл айтылған сөз мұндай банктің төлем бойынша өз міндеттемесін эмитент банк немесе растаушы банк алдындағы борышы есебіне орындайтынын жоққа шығармайды. Аккредитив бенефициарға кез келген басқа банк аркылы беріп жіберілуі мүмкін. Ол банк бұл жағдайда авизирлеуші банк болып табылады. Оның кұқықтық жағдайының ерекшелігі оның осы аккредитивті орындау бойынша өзіне міндеттеме алмайтындығында. Авизирлеуші банк сыртқы белгілер бойынша аккредитивтің шынайылығын тексеруге міндетті. Егер ол аккредитивті авизирлемеу туралы шешім қабылдаса, онда ол осы шешімді қабылдаған күннен кейінгі шешім кабылдаса, онда ол осы шешімді қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей бұл туралы эмитент банкті хабардар етуге және аккредитивті қайтаруға тиіс. Егер авизирлеуші банк аккредитивтің шынайлығын айқындай алмаса, онда ол бұл туралы да келесі жұмыс күннінен кешіктірмей эмитент банкке хабарлауға тиіс. Эмитент банктен аккредитивтің шынайылығын растау алынған жағдайда ол аккредитивті авизирлейді және бұл туралы бенефициарға хабарлайды. Эмитент банктен аккредитивтің шынайылығын растау алынбаған жағдайда авизилеуші банк оган аккредитивті қайтаруға тиіс. Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны бойынша банкгермен құжаттарды тексерудің күрделі тәртібі көзделген. Ол <<Құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу>> Ережелерінің 31-63 тармақтарымен реттеледі. Оның мәнісі мынада: тауар мен ере жүретін кұжаттарды алған кезде эмитент банк, растаушы банк немесе атқарушы банк кұжаттарды алған күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде олардың аталған тізімге сәйкестігін, сондай-ақ сыртқы белгілері бойннша аккредитив шарттарына сәйкестігін тексеруге тиіс. Бұл келісім-шарт құжаттарының реквизиттері (нөмірлері) түсіру күндері, тауар жөнелтілім орындары, оны түсіру орындары, тауарды жеткізу шарттары және басқа да реквизиттер аккредитивте көрсетілгендерге сәйкес болуға тиіс дегенді білдіреді. Сыртқы белгілері бойынша бір-біріне қайшы келетін құжаттар банктермен сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келмейтіндер ретінде қарастырылуға тиіс. Құжаттар сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келмегенде банк құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы болады. Аккредитивте көрсетілмеген құжаттар банкпен тексерілуге тиіс емес. Эмитент банк құжаттардың сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келмейтіндігін анықтаған жағдайда ол өз дегені бойынша, жеті жұмыс күні ішінде айырмашылықтарды жою жөнінде аккредитивтік бұйрық берушімен байланыса алады. Егер сол бір немесе өзге банк (эмитент, растайтын немесе атқарушы банк) қүжаттарды қабылдаудан бас тартса, онда бас тарту білдіріген банк телекоммуникациялық немесе егер бұл мүмкін болмаса, басқа жолмен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы туралы қүжаттарды жіберген банкті, не бенефициарды, егер құжаттарды сол жіберсе, хабардар етуге тиіс. Хабарлама қағазында кұжаттарды қабылдаудан бас тартудың себептері және оның осы құжаттарды өз иелігінде қалдыратындығы не қайтаратындығы туралы көрсетілуге тиіс. Аккредитивтер белгілі бір жағдайларда үшінші тұлға пайдасына аударыла алады. Бұл үшін аккредитив тек егер эмитент банкпен <<аудармалы>>, <<трансфертабельді>> ретінде тікелей белгіленуге ғана аударыла алады. Оны <<бөлінетін>>, <<бөлшектенетін>>, <<берілетін>> және <<беріліп жіберілетін>> сияқты басқа терминдермен ауыстыруға болмайды, олар назарға ілікпеуге тиіс. Аккредитивті аударуға уәкілденген банк оны өзі алдын ала келісім берген шектер мен тәртіппен басқа түрде орындауға міндетті емес. Аккредитивті аударғанға дейін бірінші бенефициар аударушы банкке кері шақырылмайтын нұсқау беруге тиіс. Ол нұсқау аударушы банкке екінші бенефициар(лар) үшін түзетуді авизирлеуге рұқсат беруден бас тарту құқығын өзіне қалдыратындығы немесе қалдырмайтындығы туралы болады. Егер аударушы банк аккредитивті бенефициар ұсынған шарттармен аударуға келіссе, онда ол аудару уақытында жаңа бенефициарға бірінші бенефициардың түзетулерге қатысты нұсқаулары туралы хабарлауға тиіс. Аккредитив бірнеше бенефициардың пайдасына аударылғанда, егер олардың кайсыбіреуімен түзетулерді қабылдамауы, оларды қалған бснефициарлармен қабылдаудың жарамсыздығына әкелмейді. Қабылдамаған бснефициар үшін аккредитив бұрынғы жағдайлармен күшінде болады. Аударушы банкпен аккредитивті аудару, егер эмитент банкпен өзгеше ескертілмесе, бірінші бенефициармен төленуге жатады. Аударушы банкке аккредитивті аудару бойынша қандай да бір міндеттер жүктелмейді және ол бенефициардың қайсыбірі төлем жасағанға дейін аударуды жүзеге асырмайды. Егер аккредитивтің шарттарымен өзгеше көзделмесе, трансфертабельді аккредитив бір рет қана аударыла алады. Аккредитив екінші бенефициардың нұсқауы бойынша келесі үшінші бенефициарга аударыла алмайды. Трансфертабельді аккредитивтің бөліктері (жиынтығында аккредитив сомасынан аспайтын) егер аккредитив бойынша ішінара түсірулерге тыйым салынбаса. Бөлек аударыла алады және осындай барлық аударулардың жалпы сомасы жиынтығында тек аккредитивтің бір аударымын құрайтындай қарастырылуға тиіс. Аккредитив өзінің түп нұсқасында аталған шарттармен ғана аударылуы мүмкін. Бүл ереже аккредитив сомасының тиісті азайтылуына немесе қысқартылуына, тиісінше азайтылуы немесе қысқартылуына мүмкін тауардың бір данасына белгіленген бағаға, аккредитивтің әрекет ету мерзіміне, құжаттарды беру үшін белгіленген соңғы күнге және түсіру кезеңіне таралмайды. Сақтандыру өтеміне талап етілетін пайыз аккредитивтің тұпнұсқасында ескертілген өтем сомасын қамтамасыз ете алатындай мөлшерге ұлғайтылуы мүмкін. Сондай-ақ, аудару кезінде аккредитив бұйрық берушісінің атауы бенефициардың атауымен алмастырылуы мүмкін. Аккредитивтің тұпнұсқасын да аккредитив бұйрық берушісінің атауы шот-фактурадан басқа барлық кұжаттарда көрсетілуге тиіс деген арнайы талап болуы мүмкін. Мұндай талаптың болуы бұйрық беруші атауының өзгертілмейтіндігін ескертеді. Бірінші бенефициар өзінің шот-фактурасымен (немесе аудармалы вексельдермен) аккредитивте және егер олар аккредитивте ескертілсе тауардың бір данасына бастапқы бағалар бойынша көрсетілген бастапқы сомадан аспайтын сомаға бұйрық берушіге шығарылған екінші бенефициар шотын (аудармалы вексельдерін) ауыстыруға құқылы. Шоттарды (аудармалы вексельдерді) осылай ауыстырудан кейін бірінші бенефициар аккредитивтен өз шоттары мен екінші бенефициар шоттары сомасының мүмкін болатын айырмасын ала алады. Аккредитивті аударғаннан кейін, егер бірінші бенефициар өз шоттарын (аудармалы вексельдерін) екінші бенефициардың шоттарының (аудармалы вексельдерінің) орнына беруге тиіс болып, оны бірінші талап бойынша жасамаса, онда аударушы банк аудармалы аккредитив бойынша алынған құжаттарды, соның ішінде екінші бенефициардың шоттарын (аудармалы вексельдерін) қоса, эмитент банкке (төлем жасайтын банкке) жіберуге құқылы. Мұндай жағдайда бірінші бенефициар алдындағы жауапкершілік тоқтатылады. Бірінші бенефициарға екінші бенефициардың пайдасына жасалатын төлем немесе негоциация аккредитив аударылған жерде жүргізуді талап ету құқығы беріледі. Бірақ аккредитивтің тұпнұсқасында төлем немесе негоциация аккредитивте көрсетілгеннен басқа жерде жасала алатындығы туралы арнайы ескертілуі мүмкін. Егер алынған көлік және сақтандыру құжаттары аккредитивтің талаптарына немесе оған жасалған өзгерістерге сәйкес келсе, эмитент банк не атқарушы банк бенефициардың пайдасына жасалатын төлемді, оның вексельдерін акцептеуді немесе негоциациялауды аккредитивте көзделген жағдайларға байланысты жүзеге асырады. Аккредитивтер бойынша төлемдер тек қана қолма-қол ақшасыз тәртіпте жасалады. Бенефициардың пайдасына төлем жасағанда эмитент банк (атқарушы банк) аккредитив сомасына төлем тапсырыстарын орындау үшін көзделген жалпы тәртіпте орындалатын төлем тапсырысын рәсімдейді. Бенефициардың аудармалы вексельдерін акцептеу немесе негоциациялау, аккредитив шарттарына сүйене отырып, Казақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде де банктің функцияларына тек төлемдерді тиісті түрде жүргізуді қамтамасыз ету және бснефициар алдында өзінің ақшалай міндеттемесін орындау бойынша төлеушінің жалтару мүмкіндігін ескерумен бснефициар мүдделерінің сақталуына кепілдік ету ғана кіреді. Сондықтан қызмет көрсетуші банктер аккредитив шарттарына сәйкес берілетін құжаттардың нысаны, толықтығы, дәлдігі, шынайылығы, қолдан жасалуы немесе заңдық мағынасы үшін, сондай-ақ кұжаттардағы немесе оларға қосымша енгізілген жалпы немесе ішінара шарттар үшін жауап бермейді. Құжаттарда көрсетілген тауарлардың сипаттамасы, саны, салмағы, сапасы, буып-түйілуі, жеткізілуі, құндылығы немесе іс жүзінде болуы үшін, сондай-ақ жүк жөнелтушінің, тасымалдаушылардың, тауар сақтандырушыларының және басқа да тұлғалардың әрекеттері, төлем қабілеттілігі міндеттемелерді орындауы, коммерциялық беделі үшін банктің жауапкершілігі көзделмейді. Егер олар кінәлі болмаса, жол бойында қандай да бір хабарламалардың, хаттар мен құжаттардың кідіртілу нсмесе жоғалу салдары үшін, телекоммуникациялық хабарларды беру кезінде туындайтын кедергілер, бұрмалаулар және басқа да қателіктер үшін банктер жауап бермейді. Сондай-ақ банктер техникалық терминдерді аудару немесе түсіндіру кезінде жіберілген қателіктер үшін де жауап бермейді және олар құжаттың терминдерін аудармасыз беруге құқылы. Аккредитив бұйрық берушісінің нұскауларын орындау үшін басқа банктердің қызметтерін пайдаланған кезде, олар нұсқауларды осындай банктермен орындамау үшін жауапты болмайды. Егер аккредитивте өзгеше көзделмесе, өзге тараптын қызмет көрсетуін пайдаланатын тарап нұсқау беруші тараппен нұсқауларды орындауға байланысты көрген барлық шығындарды, соның ішінде комиссияны, төлемдер мен жұмсалған қаражаттарды көтеруге міндетті болады. Біз Қазакстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес есеп айырысудың барлық негізгі тәсілдерін қарастырып өттік. Қорытындылай келгенде, қазіргі жағдайда олар жазбаша нысандағы төлем құжаттарын пайдаланумен де, кұжаттамасыз нысанда да жүзеге асырыла алатындығын атап өтейік. Суретін беріп жіберу жолымен құжаттарды немесе төлем құжатында хабарланатын ақпаратты электрондық тәсілмен ұсынып көрсету егер ұлттық банктің нормативті құқықтық актілерінен өзгеше көзделмесе, бенефициар мен оның банкі арасында, не осындай жолмен ұсынып көрсетуді көздейтін ақша жөнелтуші мен оның банкі арасындағы төлем құжаттарымен алмасудың электрондық жүйелерін пайдалану туралы және бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесі мен электронды сандық қолтаңбаны пайдалану туралы шарт негізінде жүргізіледі. Төлем құжаттарымен алмасудың электрондық жүйелерін пайдалану туралы щарт төлем құжатын төлеу, акцептеу, акцептеуден бас тарту, кері шақырып алу және төлем құжатын банктің өңдеумен байланысты басқа да мәселелер туралы арнайы ережелерді қамтуы мүмкін. 4. Мемлекеттер, заңды және жеке тұлғалар халықаралық несиелерді пайдаланады. Қызметті несиелеуді көптеген дамыған мемлекеттердің фирмалары мен компаниялары пайдаланады. Ол салынған капиталдың тиімділігін жоғарлату үшін пайдаланылады. Экспортер несиені алу арқылы тауар мөлшерін ұлғайтады және кіріс алады. Егер несиелерді мерзімі бойынша жіктесек, онда олар: а) қысқа мерзімді - 1 жылға дейін; б) орта мерзімді - 1-5 жылға дейін; в) ұзақ мерзімді - 5 жылдан жоғары деп бөлінеді. Көбінесе орта мерзімді, ұзақ мерзімді несиелер өндірісте қолданылады. Несиелер ақша, валюта түрінде ғана емес, сондай-ақ, тауар түрінде де болады. Тауарлық несиелердің орнын толтыру тек ақша түрінде ғана болуы тиіс. Халықаралық несиелеудің саласында несиені беруші субъектіге байланысты несиелер: а) фирмалық; б) банктік; в) үкіметтік; г) халықаралық қаржы мекемелерімен берілетін болып бөлінеді. Фирмалық несиелер экспортер және импортер болып келетін кәсіпорындармен, шетелдік фирмалармен беріледі. Банктік несиелер банктермен беріледі. Мәселен, 1994 жылдың 16 мамырында меморандум негізінде Иранның Орталық банкі несиелер берді. Халықаралық несиелеу саласында пайыздар мөлшері 5-10% арасында болады. Ашық шот нысанындағы несиелеу деп экспортер тауарды түсіргеннен кейін, сатып алушыға шот ашады, оны төлеу импортермен бірден емес, келісілген мерзімде жасалады. Егер импортер тауар түскенге дейін, оның жарты сомасын төлеуге келіссе, онда экспортерды импортер несиелеген болады. Мұндай несиені сатып алу авансы дейміз. Кепілзаттың аванстан айырмашылығы, кепілзат сыртқы сауда мәмілесі орындалмағанда қайтарылмайды, ал аванс қайтарылады. Егер сыртқы сауда мәмілесі кепілзатты алған тараптың кінәсінен орындалмаса, онда ол кепілзатты екі есе мөлшерде төлейді. Кепілзаттан басқа залал мөлшері есептеледі. Дәріс 7: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯКӨЛІК ҚҰҚЫҒЫ 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯКӨЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУ 3. ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫ МЕН ТЕҢДЕМЕ ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ Дәріс мақсаты: ХДКҚ маңызын ашу. Дәріс міндеттері: 1. Халықаралық жариякөлік құқығының түсінігін ашу. 2. Халықаралық тасымалдаудың жеке түрлерін ашу. 3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау сұрағын сипаттау. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Лунц А.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М., 1975. * Садиков О.Н. Правовое регулирование международных перевозок. М, 1981. * Гуреев С.А. Коллизионные проблемы морского права. М., 1972. 1. Халықаралық көлік құқығы - халықаралық құқық бөлігі. Халықаралық жариякөлік құқығы халықаралық жария құқықтың бөлігі ретінде ұлттық заңнамада, халықаралық көлік конвенциялары мен келісім-шарттарында мазмұндалған, тасымалдау қатынастарын реттейтін құқықтық қағидалар мен нормалар кешені. Халықаралық жариякөлік құқығының пәні ретінде жеке және заңды тұлғалар қатысушысы болып келетін көлік міндеттемелері табылады. Жүкті, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдаудың құқықтық реттеуіндегі ерекшелік ретінде оның халықаралық сипаттағы нормалар мен әдет-ғұрыппен қатар, коллизиялық және ұлттық заңнама нормаларымен реттелуі табылады. Бұл нормалар мүліктік қатынастарды реттейді, сондықтан азаматтық құқыққа жатады. Ол өзбетінше ерекше қатынастар тобын құрайды және азаматтық құқықтың бір бөлігі болып келетін, халықаралық жария құқықпен реттеледі. Халықаралық жариякөлік құқығында ерекше бір сұрақ халықаралық көлік ұйымдары. Халықаралық құқық халықаралық ұйымды үш егеменді мемлекеттен тұратын, тұрақты органдары бар және өкілеттігі анықталған қызмет тәртібі бар түрінде сипаттайды. Бұл бірлестік, байланыстың мақсаттары мен қағидалары көзделген, бірлесіп әзірленген шартқа негізделеді. Енді халықаралық жариякөлік құқығы нормаларының әзірленуіне табыс жасаған көлік ұйымдарын қарастырайық. 1. Теңіз көлігі саласында - халықаралық теңіз комитеті (ХТК) - 1897 жылы құрылған. Кемелердің соқтығысуы үшін жауапкершілік және кеме иелерінің жауапкершілігін шектеу сұрақтарымен айналысады. Бұл комитет 20 жуық конвенцияны әзірлеуге ат салысқан. ХТК-ның бастамасымен <<Гаага ережелері>> деген атпен белгілі 1924 жылғы коносамент жөнінде кейбір ережелерді унификациялау туралы Брюссель конвенциясы қабылданды. Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің бірі, 1958 жылы құрылған. ХТҰ халықаралық теңізде жүзу сұрақтары бойынша көпжақты келісімдердің жобаларын дайындаумен айналысады. Мәселен, келесі Конвенциялар қабылданды: 1969 ж. Мұнаймен қоршаған ортаны ластағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы Конвенция; 1974 ж. Жолаушылар мен теңдеме жүкті теңіз бойынша тасымалдау туралы Афиндік Конвенция және т.б. Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), БҰҰ арнайы органы 1966 жылы құрылған. 2. Әуе көлігі саласында - Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), 1947 жылы құрылған. ИКАО <<Халықаралық авиациялық регламенттер>> деп аталатын халықаралық азаматтық авиация қызметіндегі сұрақтар бойынша халықаралық стандарттар мен практиканы әзірлейді. ИКАО-дан басқа азаматтық авиация саласында аймақтық авиа ұйымдар халықаралық қатынастардың дамуына үлкен ықпал етеді - Азаматтық авиацияның Еуропалық конференциясы (ЕКАК), Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Еуропалық ұйым (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК), Аэронавигацияға қызмет көрсетудің Орталық америка ұйымы (КОКЕСНА), Азаматтық авиацияның Латынамерикандық комиссиясы (ЛАКАК) және Араб мемлекеттерінің азаматтық авиация кеңесі (КАКАС). Сонымен бірге, көптеген үкіметтік емес авиа ұйымдар бар. Мәселен, Әуе тасымалдаушыларының халықаралық қауымдастығы (ИАКА), Әуе чартерлі тасымалдаушыларының қауымдастығы (АККА) және т.б. 3. Теміржол көлігі саласында арнайы халықаралық ұйымдар белсенді қызмет атқарады: Теміржолдардың байланыс ұйымы (ТБҰ) және Жүк вагондарының жалпы паркі (ЖВП). ТБҰ-ның негізгі мақсаты - халықаралық жолаушылар мен жүк қатынастары туралы келісімдердің істерін жүргізу. ЖВП - қатысушылармен жалпы паркіге берілген, теміржол вагондарының бірлескен пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін құрылған еуропалық мемлекеттердің арнайы халықаралық ұйымы. Теміржол саласында тағы бір ұйым ретінде Бернде орналасқан Халықаралық теміржол қатынастарының орталық бюросы табылады. Бұл ұйымның мақсаты - халықаралық келісім-шарттар бойынша істерді жүргізу және әзірлеу мен қайта қарау табылады. Бұл ұйым құқықтық материалдар мен сот практикасын кешенді түрде жариялайды. Үкіметтік емес ұйымдар да үлкен рөль атқарады - Берндегі Теміржолдар көлігінің халықаралық комитеті. Еуропалық экономикалық комиссияның ішкі көлік бойынша комитеті 1947 жылы БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 4 сессиясындағы шешімімен құрылған. Бұл Комитет теміржол, автожол және су көлігі сұрақтары бойынша Еуропалық экономикалық комиссияның кеңесші органы және оның мақсаты - көлік саласындағы қатысушы-мемлекеттер арасында байланыстарды дамытуға көмек көрсету табылады. Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің Экономикалық комиссиясының ішкі көлік бойынша комитеті 1951 жылы құрылған. Бұл ұйым Еуропадағы сияқты мақсаттарды аз дамыған және дамушы мемлекеттерде жүзеге асырады. Теміржолдардың халықаралық одағы (ТХО) 1922 жылы құрылды. 1951 жылдың 1 қаңтарында ТХО-мен бір жағынан және Жолаушылар мен теңдеме жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк поездарының кестесі бойынша Еуропалық конференция, Теміржол көлігінің халықаралық комитеті және Еуропалық жолдарда автожол қызметін көрсету бойынша одақ екінші жағынан қызметтерді тығыз басқару және сұрақтарды шешуде келісімге келді. 4. Автокөлік саласында арнайы мамандандырылған халықаралық үкіметтік ұйымдар жоқ. Үкіметтік емес ұйымдар ішінде халықаралық автокөліктің дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан ұйым - Автокөліктің халықаралық одағы (АХО) табылады, ол 1948 жылы құрылған. Орналасу жері - Женева қаласы. Одақ мақсаты - барлық мемлекеттерде ұлттық және халықаралық автокөліктің дамуы, кәсіби тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау және олардың еңбегін жеңілдету табылады. Негізгі міндеттер қатарына кедендік қиындықтарды жою табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Еуропалық экономикалық комиссияның шегінде АХО-ның бастамасымен <<ТИР Конвенциясы>> қабылданды. Конвенциямен белгіленген МДП кітапшаларын қолдану жүктердің транзитті авто тасымалдауының дамуына әкеледі. 1955 жылы АХО-ның бастамасымен тез бұзылатын азық-түліктердің тасымалдауы бойынша халықаралық ұйым құрылған. Осындай тауарлардың ірі тасымалдаушылары осы ұйымның мүшелері. Экспедициялық қауымдастықтардың халықаралық федерациясы (ФИАТА) 1926 жылы құрылған ұйым. Бұл ұйымның негізгі мақсаты - экспедициялық-көлік қызметтердің сапасын жоғарлату және кеңейту табылады. ФИАТА экспедиторлық фирмалардың мүдделерін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік ұйымдарында білдіреді. 2. Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны. Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару кажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің жүкті алушының жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі. Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады. Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру кажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс. Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады. Сонымен, халықаралық тасымалдау дегеніміз - мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу. Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері: * жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек; * жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халықаралық тасымалдау шарты аркылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады; * халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта қолданылады; * халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады. Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттын екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген. Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартка немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді. Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады. Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с). Халықаралық жариякөлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен катар, кұқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді. Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие. Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір акшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ <<тасымалдаушы>> деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англо-саксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктенуші (Shipowner - англ; Ship Her - неміс; le bourdeois -француз). Француз және неміс құқығында <<көлік иеленушімен>> (armature, Reeder) қатар <<фрахтователь>> (freteur, Verfracher) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ-та олар freight/con tractors деп аталады. 1921 жылы Гаага ережесінде <<тасымалдаушы>> термині енгізілді (transporteur - франц., carrier - ағыл.; transportowiec - поляктық). <<Қазақстан Республикасының Көлік туралы>> Заңына сәйкес тасымалдаушы - бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, теңдеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға. Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар. 1.Теңіз тасымалдауы. * Әуе тасымалдауы. * Теміржол тасымалдауы. * Автокөлік тасымалдауы. * Аралас тасымалдау. Теңіз тасымалдауы Ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында уындайды. Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен және кұқықтық қайнар көздердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі. Көптеген мемлекеттердің заңдылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай елдің заңы қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жоқ. Бұл мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз заңдылығына сәйкес) кеменің жалау заңы қолданылады, ал Германия соттарында мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің заңдылығына сәйкес тараптардың еркіндік заңы қолданылады. Тасымалдау шарттарында еркіндік болмаса, тасымалдаушының заңы қолданылады. Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер мұндай тасымалдау теңіз тасымалдаушысының бүкіл немесе жарты, яғни бір бөлігін беруді ұсынбайтын болса, онда тасымалдауға қатысушылардың арасындағы қатынас коноссаментпен рәсімделеді. 1924 жылы Брюссельде коносамент туралы кейбір ережелерді унификациялау туралы конвенция жасалды. Бұл конвенцияны қысқаша <<Гаага ережесі>> деп атайды. Қазіргі заманда бұл конвенцияны қолдануға байланысты өзгерістер енгізілген. Тасымалдау шартының екінші тарабы болып жүк жөнелтуші, фрахтователь танылады. Жүкті қабылдап алушы тұлға болып белгіленген жерде оған жүкті беруін немесе жолда келе жатқан жүкті беруді талап ете алатын танылады. 1924 жылы Гаага ережелері бойынша қарастырылған мәселелер: * коносаменттің мәртебесі; * тасымалдаушының жауапкершілігі; * тасымалдаушының жауапкершіліктен босатылуы; * арыз беру жағдайы. Егер тараптар Гаага ережесін қолданатын болса - бұл ереже бойынша аса қауіпті жүктерді және жануарларды тасымалдамайды. Гаага ережесі бойынша тасымалдаушының міндеттері: 1) тасымалдаушы кемені жүзуге дайындық жасау керек. Ол үшін техникалық құралдарын қарап, калай жүретінін карастыру керек; * экипажды дайындау керек; * егер тез бұзылатын тағамдар болса, олар үшін арнайы бір бөлме бөлу керек. Егер тасымалдаушы жүк берушіден жүкті қабылдаған кезде жүктің саны мен сапасы инвойс бойынша сәйкес келмесе, онда тасымалдаушы коносаменттің шетіне жүктің саны мен сапасы сәйкес емес деп жазады да бұны <<Лас коносамент>> деп атайды. Егер құжат бойынша және фактілі түрде тексерілгенде саны мен сапасы сәйкес болатын болса, онда тасымалдаушы <<Таза коносаментті>> жүк жөнелтушіге ұсынады. Гаага ережесі бойынша тасымалдаушы 13 жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Жалпы бұны форсмажорлық жағдай деп атайды және де новигациялық кателіктер бойынша да босатылады. Ал егер тасымалдаушы кінәсіздігін дәлелдей алмайтын болса, жауапкершілікке тартылады. Жүк қабылдаушы жүкті қабылдағаннан кейін жүкті қарап шығуы керек. Жүктің саны жетіспеуіне байланысты жүк тасымалдаушыға үш күн ішінде жазбаша түрінде хабарлауға міндетті. Талап мерзімі - 1 жыл. Гаага ережесіне 1968 жылы өзгертулер енгізіліп, ол 1978 жылы күшіне енді. Осы конвенцияны қысқаша <<Правила Висби>> деп атайды. Висби ережелерінің ерекшеліктері - тек қана конвенцияға қосылған мемлекеттер арасында қолданылады және тасымалдаушы жауапты болатын болса, ол жүктің ақысын төлеу керек. Осы ереже бойынша әр жүктің орнына 10000 франк төлеу керек. Ал егер жүктің орнын анықтай алмаса, онда әрбір жүктің брутто кг. бойынша өлшенеді. 1 кг брутто 30 франк пуанкаре 1 франк пуан каре 65,5 мг. 900 алтын бұйым сынамасы. Қазіргі заманда сауда жүгін жеткізу үшін теңіз тасымалдауында чартер шарттары қолданылады. Бұл көбінесе делдалдық арқылы жасалатын шарт және бірнеше міндеттейтін жағдайлары бар: стивидорлық жұмысқа ақы төлеу, диспачқа, демереджге. Мұнда фрахт жүктің салмағына қарай төленеді. Фрахттың бірнеше түрі бар: 1. Егер кеменің ішінде жүк толығымен орын алып тұрса, ол нақты фрахт деп аталады. * Ал егер жүк жартылай толтырылса, оның жартысы бос болған жағдайда мұндай фрахтты <<өлік>> фрахт деп атайды. * Аванс берілген фрахт. Мұнда жүкті тиер алдында алдын ала фрахт төлейді. * Алдын ала фрахт. Алдын ала фрахттың аванс фрахтынан айырмашылығы 100 % төлеу керек. Әрбір жүктің орнына 835 СДР төленеді, ал әрбір брутта кг/ға - 25 СДР төленеді. 1СДР - 1,37$. Францияда 100 кг/ды - квинтал дейді, ал Германияда - двойной центнер. Мұнайды мұндай тасымалдауда баррельмен, ал бидайды бушельмен есептейді. 1 баррель - 42 галлон. 1 галлон - 4,546 л. Халықаралық әуе тасымалдауы Әуе тасымалдауы жаңа тасымалдаудың бір түрі. XX ғасырдың басы XIX ғасырдың соңында әуе тасымалдауына байланысты ең бірінші 1929 жылы конвенция қабылданды. Ол <<Әуе тасымалдауының кейбір ережелерін унификациялау>> туралы Варшавалық конвенция. 1944 жылы <<Азаматтық авиация>> туралы Чикаго конвенциясы қабылданды. Осы конвенцияға Қазакстан Республикасы да косылған. Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында әуе қатынасы туралы келісім жасалды. Қазіргі таңда, әуе қатынасы бойынша Казақстан Республикасы 20 мемлекетпен шартқа кол қойған. Варшава конвенциясы мынадай жағдайларда қолданылмайды: а) аралас тасымалдауында; ә) пошталық корреспонденцияны тасымалдамайды. Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүк құжаты қолданылады, оны жүк жіберуші үш данада толтырады. Әуе жүк құжатында жүк жөнелтушімен тасымалдаушының қолы болуы керек. Қазіргі кезде <<Штемпель>> қолданылады. Тасымалдаушы егер тауарды уақытында жеткізбесе немесе жоғалтып алса жауапкершілікке тартылады. Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін, тауар жетіспесе жеті күн ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уақытында жеткізілмесе онда қосымша 20 күн беріледі. Әуе тасымалдауында чартерлік тасымалдау колданылады. Бұл шартта фрахтователь - тасымалдаушы, фрахтовщик - жүк жіберуші. Теміржол тасымалдауы Көп уақыт бойы теміржол тасымалдауы аясында ең маңызды келісімдердің бірі болып <<Жүкті және жолаушыны теміржол тасымалдауы туралы>> Берн конвенциясы танылды. 1980 жылы Берн конвенциясын қайта қарау конференциясында жаңа халықаралық теміржол тасымалдауы туралы келісім (КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты. КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті қабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау өтемақысы үш есе етіп қайтарылады. Біздің Қазақстан Республикасывда 2001 жылы 8 желтоқсанда <<Теміржол көлігі туралы>> Заң қабылданды. Осы Заңның 65-бабына сәйкес: <<жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес поезде орын беріп, оны баратын жеріне, жеткізуге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге міндетті>>. Тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады. Автокөлік тасымалдауы Жол жүру ережелері 1949 жылғы 19 қыркүйектегі Жол жүру белгілері және сигналдар туралы хаттамалармен реттеледі. Сонымен қатар, халықаралық жүкті тасымалдау туралы Кеден конвенциясы қолданылады (1975 жыл). Еуропалық елдер арасындағы жүкті халықаралық автокөлікпен тасымалдау шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жүкті халықаралық жол жүру шарты туралы Конвенциямен реттеледі. Автокөлік тасымалдауында автокөлікпен үшінші тұлғаға зиян келтіруде кепілдік беруді қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Осылайша автокөлік хабарламаны ұйымдастыру туралы келісімдер бойынша, яғни екі жақты, автокөлік тасымалдауында, Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру міндетті түрде карастырылуы кажет. Бұндай жағдайды қарастыру жауапкершілікті айқындаукезінде үлкен рөлге ие болып табылады. 3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда жүкті тасымалдаушы, жүк жәнелтуші, жүкті алушы мүліктік жаупкершілікте болады. ТМД елдерінде шектеулі жауапкершілік кағидасы қолданылады. АҚШ-тың заңдылығы: белгілі бір жағдайларға байланысты тасымалдаушының шарттың жауапкершілігіне шектеуге жол береді. Германияның жүкті автокөлікпен тасымалдау туралы заңы алыс жолға тасымалдау кезінде кәсіпкер заңдылық бойынша белгіленген немесе тариф бойынша белгіленген тасымалдау шартында көрсетілгендіктен жауапкершілікті шектей не алып тастай алмайды. Француз заңдылығы: тасымалдау шартында тек қана жүкті жеткізудегі мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік қана әрекет етеді. Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді. Кейбір елдердің ұлттық заңдылығында және халықаралық келісімдерде белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктен босату, егер тасымалдаушы алдын ала ойластырып немесе немқұрайдылығына байланысты залал келтірген жағдайда қолданылмайды деп қарастырылған. Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті жөнелтуге қабылдап алған сәттен бастап, оны жеткізгенге дейін жүктің сақталуына жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдануы). Бұл жауапкершілік кінә қағидасы бойынша құрылады. Тасымалдау кезінде арақашықтықты анықтау және көліктің жүру маршруты әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны тасымалдаушының өзі анықтайды, ал кейбір кезде келісім-шартта көрсетіледі. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты шарт негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты - ол бір тарап тасымалдаушы жолаушыны мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушының белгіленген жолақысын төлеуге міндеттенуі. і Жолаушыны тасымалдау шарттың тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді. Ағылшын кұқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт құжат болып табылады. Бірақ та, кдла ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді. Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралық келісімдер билеттің мазмұнына кейбір ерекше талаптарды кояды. Жолаушы құқықтары: * өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда алып жүруге кұқылы; * белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге қол жүгін ақысыз алып жүруге құқылы; * теңдеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар; Құқықтарымен катар, жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады. Жолаушылардың жол ақысын төлеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады. Жалпы ереже бойынша теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші тарап жолаушы теңдеме жүкті тасымалдауына ақы төлеуіне міндеттенеді. Теңдеме жүкті тасымалдау құқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады. Енді жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілікті сипаттайық. Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында теңдеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік қағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік құралынын баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу дулей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді. Жолаушы көлік құралы жөнелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті. Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді. Осылайша, Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр жақта қарастырылған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады. Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымалдау немесе теңдеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің нақты талаптары көлік конвенцияларыңда нақты көрсетілген. Бірақ, ескеретін нәрсе, керсетілген халықаралық келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана ұлттық заңдылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және жолаушыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзгерте алмайды, не алып тастай алмайды. Дәріс 8: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ 1. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ СҰРАҚТАР 2. НЕКЕГЕ ОТЫРУ ЖӘНЕ НЕКЕНІ ТОҚТАТУ 3. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР 4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ БАЛА АСЫРАП АЛУ, ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ПЕН ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРЫ Дәріс мақсаты: ХДОҚ түсінігін ашу. Дәріс міндеттері: 1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтарды сипаттау. 2. Некеге отыру және некені тоқтатуды қарастыру. 3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастарды талдау. 4. Халықаралық жария құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттарын сипаттау. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Қазакстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз. * Казакстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 ж. 1 шілде. * Қазақстан Республикасының <<Неке және отбасы туралы>> Заңы 1998 ж. * <<Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық, жағдайы туралы>> Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1995 ж. 19 маусым. * Богуславский М.М. Международное частное право. М. 1994 г. 1. Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жариякұқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табалады. Халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар катарына Балалар құқықтарын корғау және халықаралық бала (қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени кұқықтарды корғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша кұқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 каңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады. Отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше камқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кімкімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және коғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық, келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тен құқықты одақ. Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардын пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен катар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді. Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады. Халықаралық жария құқықта неке және отбасы қатынастарына токталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке - бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асырап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық жария құқықтың деңгейінде ерекшеліктері бар. Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына назар аудару қажет. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. Отбасылық қатынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты корғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді. Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамнын теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген кұқықтарын анықтайды. Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, казіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындыкқа ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады. Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылықка ие болып табылады. Некелік құқық, қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы - мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында біркатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады. Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық жария құқықта <<ақсандаған неке>> (<<хромающие браки>>) деп те атайды. Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады. Біркатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық жария құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың <<ортақ жеке заңдарымен>> анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке заңдары түрліше болып келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың да жеке заңдарымен жарамды деп танылса (өзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі. Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің құқығы қолданылады. ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заңы қолданылады, ал некені токтату кезінде - некені тоқтату туралы мәселені шешетін орган сот елінің құқығы қолданылады (Кытай Азаматтық құқығының жалпы ережелерінің 147-бабы). Венгрия мен Румынияда некені тоқтату туралы сауалды шешу кезінде негізгі кағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың заңдары танылады. 2. Некені заңды түрде ресімдеу дегеніміз халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастары туралы заңнамалар мен Қазакстанның заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке отбасы заңдарынын негіздерінің бірі. Бұл мән-жайдың халықаралық жария құқықтағы неке және неке қатынастарын реттейтін заңнамаларда да ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың заңдық кұқықтары мен міндеттері неке АХАЖ-да тіркелген кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде ресми таниды, сондай-ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді. Халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін жалпыға танымал заңнама талаптарын негізге ала отырып, отбасы қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайтының колда бар мүмкіндіктеріне қарай көмектесетінін кімде-кімнің болса заңсыз араласуына тыйым сала отырып, корғайтынын, ол үшін некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет некеге, отбасына қамқорлық жасау туралы өзіне міндеттеме қабылдайтынын білдік. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуінен сондай-ақ қоғамның өнегелі отбасы - игілікнегізі мүдделерінен туындайды. Сондықтан халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын ретгейтін заңдар бойынша отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау керек. Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы. Қазіргі заман жағдайында, халықаралық қатынас пен әріптестіктің дамуы кезінде қазақстандық азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі көптеп, орын алып отыр. Мұндай некені бекіту, өз кезегінде балалармен олардың ата-аналарының түрлі азаматтықта болу жағдайларын көбейтеді. Қазақстан Республикасында қазақстандық азамат пен шетел азаматының некесі, сонымен қатар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың басқа шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді. Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада <<некеге отыру жер заңы>> немесе < > деген коллизиялық қағида қолданылады. Неке біздің заңнамада кезделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін. Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың өздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Бірқатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат беріп, өкіл арқылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мүвдай өкілдік етуге жол бермейді. Шетелдіктердің де некеге тұруларынын. материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен, казақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жақты келісім, белгілі бір жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады. <<Неке және отбасы туралы>> Заңның 11-бабында <<Егер тұлғалардың бірі басқа некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды>> делінген, яғни егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды. Шетелдік азамат, егер оның өз заңы екі некеге рұқсат бергеннің өзінде бізде некесін тіркеуді талап ете алмайды. Кейбір мұсылмандық елдерде (Түркия, Ирак) екі некеге рұқсат етілмейді. Шетелдіктер, сонымен катар, біздің азаматтар некеге тұрған кезде, некеге тұруға ешқандай кедергі жоқ екендігі тексеріледі және мұндай тексерістің ең бастысы оның басқа некеде тұрған-тұрмағандығы анықталады. Некеге тұруға кедергілердің бар екендігін айту міндеті некеде тұрушыларда болып келеді. Некеге тұрушының басқа некеге тұрмағандығы дәлелдейтін бірден-бір дәлел оның басқа некесі туралы Азаматтық хал актілерін жазу органдарында ол туралы жазбаның болмауы болып табылады. Егер шетелдік біздің Республикада некеге отыру ниетін біддіретін болса, ол өзінің мемлекетінің тиісті органынан өз мемлекетінде ешкіммен некеде тұрмайтындығын дәлелдейтін анықтама қағазын алып келуге міндетгі. Тәжірибеде әдетте мұндай анықтама қағаздары Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттің елшілігімен немесе консулдығымен беріледі. Біздің құқыққа белгісіз басқа мемлекеттердің шектеулері (нәсілдік, діни, ата-ана келісімінің болмауы, т.б.) біздің елде некені тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тіркейтін некелеріне де байланысты болып табылады. Тәжірибеде шетелдікпен некеге отыруға толық емес, ішінара шектеулер қойылатыны анық. Мысалы, некеге отыру үшін рұқсат алу Венгрияда, Үндістаңда, Иракта, Италияда және тағы басқа да мемлекеттерде бекітілген. Біздің азаматтардың шетелдік азаматтармен некелерін тіркеу кезінде бірқатар жағдайда некеге отырушы шетелдіктің де заңнамасы басшылыққа алынуы керек, өйткені, бұл жағдайда некені жарамсыз деп тану басқа мемлекетге орын алмауы анық. Мынадай мысалды келтірсек болады: егер, некеге тұрушының елінің заңнамасы бойынша ол келісім алмаған кезде неке ол елде жарамсыз болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біздің АХАЖ органдары некеге тұрушыларда оның мұндай некеге отыруға келісім бар-жоқтығын анықтауы керек. Егер де мұндай келісім болмаса, некеге отырушылармен келісіле отырып, шетелдіктің осындай келісімді алуы үшін уақыт беріледі. Егер де осы белгіленген уақытта органға қажет келісімді алып келмейтін болса, бірақ некеге тұрушылар некені тіркеуді талап етіп отырса, неке тіркеуші орган мұндай келісімнің болмауына қарамастан некені тіркеуге міндетті болып табылады. Мұндай неке біздің заңнама бойынша танылғанымен, тиісті шетелдіктің мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл өз кезегінде біздің мемлекеттін азаматынын езінін некелескен адамынын, мемлекетіне барған уақытында құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін. Бұндай жағдайда түсіндірудің рәсімі үлкен маңызға ие болып есептеледі, өйткені біздің азамат шетелдікпен некеге отырған кезінде бұл некенің басқа мемлекетте, онын ішінде некелескен адамының мемлекетінде танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шарт болып табылады. 80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады. Материалдық шарттар жағдайын да құқықтық көмек көрсету шарттары қамтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құқықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені тоқтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен. Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының өзгеруіне алып келмейді. Консулдық некелер. Біздің заңнама Қазақстан Республикасының аумағында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды. Шетел азаматтарының арасында Қазақстан Республикасының аумағында елшіліктер мен өкілдіктерде жасалатын некелер екі жақты танудың негізінде ғана жарамды болып танылады. Ол үшін елшілік жіберіп жатқан елдің Қазақстан Республикасымен тиіслі келісімі болуы кажет. Бұған коса мұндай некелердің жарамдылығына тағы бірқатар талаптар қойылады: а) екі жақты келісімнің болуы, яғни шетел мемлекетінде осындай консулдықтардағы некенің танылуы; ә) некеге тұрушы екі тұлға да сол елшілік пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы. Басқа мемлекеттермен жасалған консулдық ковенциялар өз мемлекетінің азаматының некесін консулға тіркеуге рұқсат етеді. Мұндай консулдық конвенциялардың көпшілігінде консул сол келуші мемлекеттің заңына сәйкес некені тіркеуі тиіс деп көрсетілген. Тек кейбір консулдық конвенцияларда ғана консул некені өзінің келген мемлекетінің заңнамасына қарсы болмаса, өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуіне болады деп керсетілген. Куба мен Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес, консул некені тек езі келген мемлекеттің заңнамасына қайшы болмаған жағдайда ғана өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуі тиіс болып табылады. Консулдық конвенцияларда осындай некенің тіркелгендігі туралы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау қажеттігі туралы жазба жасалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен біздің аумақта да, сонымен катар, басқа мемлекет аумағында да некелесуі мүмкін. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттің заңдарының талаптарымен қойылған неке нысанына сәйкес болуы шарт. Тиісті мемлекеттің муниципалитетінде, мэриясында немесе басқа да органдарында және діни ғұрыптарды сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, кейіннен, біздің мемлекетте танылуы мүмкін бе деген сұрақ туады. Біздің заңнама бұл орайда нақты жауапты беріп отыр. Қазақстан Республикасының <<Неке және отбасы туралы>> Заңының ережесіне сәйкес, егер неке Қазакстан Республикасының аумағынан тыс, сол тиісті мемлекеттің заңнамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса және ол Қазақстан Республикасының некені тіркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын болса, ол неке заңды деп танылуы ықтимал болып табылады. Басқаша айтканда, мұндай неке заңды болып танылуы үшін біздің мемлекеттің некелесу бойынша заңынын материалдық нормалары бұзылмауы тиіс болып табылады. Бұл айтылғанның мазмұнын ашатын болсақ біздің мемлекеттің азаматтығында тұрған азаматтың некесі жарамды болуы үшін ол біздің заңнаманың қоятын материалдық шарттарын сақтауы керек. Шетелдікке қатысты айтар болсақ, қазақстандық азаматпен некеге тұру үшін оған біздің заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмаймыз, өйткені, ол неке біздің мемлекеттің аумағында емес, басқа мемлекеттің аумағында жасалуы тиіс. Осыған сәйкес некенің жасалған орнының заңы қолданылуға жатады. Некенің нысанына байланысты айтар болсақ, оның жарамды деп танылуының негіздері басқа да болып қалуы мүмкін. Өткеннен мысал келтірер болсақ, 1937 жылы Л. деген азамат Тегеранда ирандық қалындық Амалиямен некелеседі. Неке Тегерандағы орыстың Православиелік шіркеуінде жасалады, өйткені ирандық заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып жаткан Л. Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л., қайтыс болып кеткеннен кейін Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің екінші некесін заңсыз деп тануды сұрап Грузиялық сотқа талап арызын береді. Сот талап қоюшының пайдасына істі шешеді. Егер Қазақстан Республикасының азаматы мен шетел азаматының некесін тиісті мемлекеттің жергілікті органдарында тіркеу кезінде біздің азаматтың шетел азаматымен некелесуге құқығын танитын кағазды талап етсе, онда мұндай анықтама қағазын Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттердегі елшілігі бере алады. Сонымен қатар, жоғарыда атап кеткеніміздей, консулдық конвенцияларда консулдың мемлекетінің азаматы некеге тұрғандығын тіркеп тұру міндеті көрсетіледі. Мысалы, кейбір мемлекеттердің консулдық жарғылары мұндай міндетті тікелей көрсетуі мүмкін. Мысалы, бұрынғы Кеңес мемлекетінің заңнамасында бұл тікелей көзделген болатын. Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некені бекіту. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы неке тиісті мемлекеттегі Қазакстан Республикасының елшіліктерінде жүзеге асырылады. Некені тіркеу азаматтық хал жағдайының бірден-бір актісі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының консулдықтарында шет ел аумағында некені бекіту кезінде толығымен біздің мемлекеттің заңдары басшылыққа алынуы тиіс, өйткені екі азамат та біздің республика азаматы болып табылады. Консулдық, мұндай некелерді бекіту құқығы біздің заңнама бойынша анықтайды. Ол дегеніміз: а) біздің елшілікте немесе өкілдіктерде тіркелген неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені тіркеумен бірдей күште танылады; ә) некені консул тіркеген кезде ол біздің заңнаманың бекітетін материалдық талаптарын сақтауға міндетті. Мұндай некені келуші мемлекетте (страна пребывания) тану ол мемлекеттің материалдық нормаларының сақталуына тікелей байланысты. Шетелде жасалған шетелдіктердің некесін Қазақстан Республикасында тану. Осы уақытқа дейін біздің азаматтардың шетелде жасаған некелері туралы, яғни аралас некелер туралы сөз қозғаған болатынбыз. Біздің мемлекеттің аумағынан тыс, шетелдіктердің жасалған некелері туралы айтар болсақ олар біздің мемлекетте танылады. Сонымен, шетелдерде жасалған неке, егер ол сол мемлекеттің талаптарын сақтайтын болса, олар заңды болып табылады. Сәйкесінше, егер шетелдіктердің арасындағы неке солардың жеке заңдарының талаптарын және некеге отыру жерінің талаптарын сақтай отырып жасайтын болса, ол біздің республикада да сөзсіз танылады. Бұл аталғанымыз біздің мемлекетіміздің жария тәртіп туралы ескертпесімен қаншалықты дәрежеде шектелуі мүмкін? Бұл сұраққа да біздің <<Неке және отбасы туралы>> Заң жауап береді. Оған сәйкес, егер жасалған неке біздің Қазакстан Республикасының негізгі құрылысына қайшы болатын болса, онда шетелде шетелдіктердің арасында неке танылмауы мүмкін. Осы ережеге сәйкес, жекелеген жағдайларда сауал туып отырады: шет елдердің заң талаптарын сақтай отырып жасалған полигамдық неке біздің мемлекетте танылуы мүмкін бе? Біздің ше, мұндай неке біздің мемлекетте танылмайды деп айтуға болмайды, бірақ мұндай некенің болуы, кез келген басқа некенің болуы сияқты Қазақстан Республикасында некені жасауға кедергі болып табылады. Некені жарамсыз деп тану. Қазақстан Республикасында шетелдік пен біздің азамат арасында жасалған неке біздің заңнама ережелеріне сәйкес жарамсыз болып табылуы мүмкін, өйткені бұл тұста некенің жасалу орны үлкен маңызға ие болып табылады. Кейбір жағдайларда фиктивті некелер де кездесіп қалады. Ол біздің заңнаманың талаптарын айналып өту мақсатында жасалады. Мысалы, Қазақстан Республикасына кіру-шығу ережелерін айналып өту мақсатында. 3. ҚР-ның <<Неке және отбасы туралы>> Заңының 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандығын, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірігіп шешу құқығы. Халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең кұқыктарды пайдаланады және отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардын бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы теңдік ерлі-зайыптылардьщ арасындағы көптеген қатынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен қызмет аясын таңдауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік қатынастарын толықтай сақтап калады және некеге тұрғаннан кейін табылған мүлікке ортақ меншікте үлесін сақтайды және т.б. Біздің заңның талабы бойынша ортақ шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік күйеу отбасылық шаруашылықты жүргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Біздің құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауда да ерікті болып табылады. Сонымен катар, ерлі-зайыптылар бірге де, бөлек те тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға соның артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданып жүрген заңда және халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін калдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды. Кейбір елдердің, оның де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. ҚазақКСР-ның Неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді <<Неке және отбасы туралы>> Заңның 30-бабы жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болған болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді. Қызмет пен мамандықты еркін таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратын іс. Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлі тұрғын үйлерді иемденуге кұқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандыктан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай кұқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешкдйсысы да бірбірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек. Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін төлеу, жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі т.б.). Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу кұқығы отбасының бюджетін бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір меселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамкоршы органдары шеше алады. Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктеу және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның <<Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтықтары мен міндеттері>> деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі - Заңның <<Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері>> деп аталатын 18-тарауындағы нормаларымен реттеледі. Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтканда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі кездейсоқтыққа ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді. Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі олардың бірлескен меншік режимі қолданылады. Бұған дейін де аталғандай, <<Неке және отбасы туралы>> Заңның 2-бабы, халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар ерлі-зайыптылар отбасындағы құқығының тең болу қағидалары айкындайды. Осы ортақ, кағиданың пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқығы: ықпал етеді. <<Неке және отбасы туралы>> Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең кұқықпен билік етеді және пайдаланады, екінші бір затты - тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ сырт көзге олардың ортақ, мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады. Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнетақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапкан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) т.б. жатады. Жалпы тәртіп бойынша және халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардын қайсысы кандай затты иемденуіне, ол заттың кандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке кұқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да тиесілі дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді. Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай неке дара мүліктерге ері мен әйелдің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ каржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің кұндыз пальтосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады. Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша мүлікті иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы кажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені токтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда, олардын үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының косқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінін мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген (<<Неке және отбасы туралы>> Заңның 37-бабы). Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінін үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін белу туралы несие берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін. Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай затгын берілетінін сот айкындауы керек. Егер ерлі-зайыптылардын біріне беретін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төлейді. Ерлі-зайыптылардың заң бойынша жеке кұқыктары мен мүліктік құқықтары болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негізі болып, олардың үйі болып некеге тіркелген күні саналады. Ол неке міндетті түрде жергілікті Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларды тіркеу күнінен соң отбасындағы теңдігіне негізделген неке қатынастары басталады. Халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер аткарады. Ал қазақтың әдет-ғұрып, салт дәстүрінде де, мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға басымдылық берген. Адамдар қауымдасып жасайтын қоғамдар күшті әрі берік болуы үшін әйел мен еркектің өзара қарым-қатынасын неке аркылы шариғи тәртіпке келтірді, қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуіне осы үлгіде рұқсат береді. Қазақстанның заңнамасы бойынша да және халықаралық жария құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реггейтін заңнамалар бойынша да бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік ортақ меншік болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлік ерлі-зайыптылардың екеуінің еңбегінің нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі, үй шаруасында және бала тәрбиесімен айналысуы мүмкін. Әрине, егер отбасында мүліктің кімдікі екендігі туралы дау туған жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен сотқа жүгіне алады. Сот мүліктің пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын (екеуі де өмір салтын ұстана ма немесе бір жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, ішімдікке салынған емес пе т.б.), бір-біріне деген, балаларына деген қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина т.б.) ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті осындай жағдайдың өзінде ол ортақ мүлік болып табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар ортақ мүлік тағдырын өзара келісіп шешуі тиіс. Өз мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзі жеке жауап береді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасаудың нәтижесінде басқаның мүлкін бүлдірсе, ол өзінің жеке мүлкімен жауап береді, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүліктегі аз үлесінен төлейді. Егер жалпы ортақ мүлік жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе, онда екіншісіне келтірілген зияннын орны жалпы мүлік есебінен толтырылады. Әрине бұл мәселелердің бәрі осы іске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерілуі негізінде сот арқылы шешіледі. Айтылғандардан кергендей, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға мәлім моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың кұқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей болады. Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы арнайы келісімдерде болуы мүмкін. Мысалы, Венгрия, Болгария және Польшамен жасалған келісімдерге сәйкес егер ерлі-зайыптылар бір мемлекет азаматы бола түрып, басқа мемлекеттің аумағында түрып жататын болса, онда ол қатынастарда олардың тұрып жатқан мемлекетінің заңы колданылады. Мұндай шарттар, сонымен қатар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын кездегі қатынастарын да реттейді. Егер, Қазақстан Республикасы азаматы - Ресейде тұрып, ал оның зайыбы - Польшада тұратын болса, онда олардың арасындағы некелік қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешіледі. Бірақ, сонымен қатар некедегілер бірдей азаматтықта да болмауы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы тұрып жатқан азамат Қазақстан Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдің азаматы бола отырып, Ресей Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келісім реттеп отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары олар соңғы тұрған жердің заңымен анықталуға жатады. Балалармен ата-аналардың арасындағы қатынастар. Баланың кұқықтық жағдайы оның азаматтығымен анықталуы керек. Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасы үшін 1989 жылдың 20 карашасында қабылданған Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның күші тарайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы ата-аналарының азаматтығымен байланысты болады. 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың азаматтығы олардың келісімі болған жағдайда ғана өзгертілуге жатады. Балалардың азаматтығы олардың ата-ана құқығынан айырылған ата-аналарының азаматтығы өзгерген жағдайда өзгертуге жатпайды. Ал балалардың азаматтығын өзгерту үшін ата-ана құқығынан айырылған ата-ананың келісімі қажет болып табылмайды. Сонымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпы мойындалған принцип қызмет етуде, оған сәйкес 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы автоматты түрде олардың ата-анасының азаматтығымен байланысты болып табылады. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы азаматтар өздерінін азаматтығын өзгерту үшін келісім берулері шарт болып табылады. Бұл құжат өз кезегінде нотариалдық бекітілуге жатады. Егер екі ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса егер оларда Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, осыған сәйкес оның балаларының да азаматтығы өзгереді. Егер екі ата-ана да немесе балаға қамкоршы ретінде танылған Казакстан Республикасында тұратын жалғыз ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда ата-анасының арызы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ата-ананың екеуі де азаматтықтан шыға отырып, өз баласына ынта білдірмеуі мүмкін, бұл жағдайларда баланың қамқоршысының арызымен ол Қазакстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін. Бірақ, бұл өз кезегінде кейіннен баланың ата-аналарының артынан азаматтығын өзгертуіне кедергі болып табылмайды. Егер оның ата-анасының біреуінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-ананың өтініші бойынша онын баласыныңда Казақстан Республикасы азаматтығы тоқтатылып, өз азаматтығын алдыртуы мүмкін. Мемлекет калған жағдайдың барлығында өзінің азаматтығында қалатын азаматтың құқықтарын корғауға міндеттенеді. Сонымен қатар, егер баланың ата-анасы белгісіз бола отырып, ол бала Қазақстан Республикасының аумағында болатын болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан Республикасында көлікті тану ата-ана мен баланың азаматтығына қарамастан біздің елдің құқығы бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы ата-ана мен балалардың арасындағы өзара қарым-қатынастар бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады ма, әлде жоқ па, оған қарамастан барлық жағдайда казақстандық құқықпен реттеледі. Ата-аналар балалардың тәрбиесіне карауға міндетті, ез кезегінде балалар ата-аналарының жағдайына қарап, оған көмек көрсетуге міндетті. Ата-аналық, құқықтардың барлығы балалардың пайдасына шешілуі тиіс болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналарға өз балаларын оларды заңсыз ұстап жүрген адамдардан сот тәртібінде талап етуге құқылы болып табылады. Шетелдік ата-аналар да осы құқыққа ие. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын қамтамасыз етуге міндетті, сонымен катар, еңбекке кабілетсіз балаларды да асырауға міндетті болып табылады. Егер отбасы ажырасатын болса, Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға Казақстан Республикасының аумағынан тыс шығып кететін болса, Қазақстан Республикасының аумағында қалған өз баласына алимент төлеуге міндетті. Мұндай алименттерді төлеу міндеті Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын балаға да төленуі тиіс болып табылады. Алименттік міндеттемелерге байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормалар біздің заңнамада жоқ. Бірақ ресейлік халықаралық жария құқық теориясында бұған байланысты ресейлік заң қолданылады деп шешілген болатын. Ата-ана мен баланың арасындағы қатанастардың реттелуіне байланысты қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлі шарттарда көрсетіледі. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттің заңымен реттелуге жатады. Бірақ келісімге келуші мемлекеттердің бірінде ата-ана тұрып, екіншісінде баланын өзі тұратын болса, онда олардың арасындағы қатынас сол бала тұрып жатқан мемлекеттің заңы бойынша анықталатындығын айту қажет. Мысалы, егер әкесі - Ресейде тұрып жатқан болса, ал оның баласы Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жаткан болса, онда әкенің барлық міндеттері, сонымен катар оның алименттік міндеттемелерінің барлығы осы Казакстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталатын болады. Бұл шарттардағы баланың құқығын қорғаушы бір элемент болып табылады. Сонымен, баланың анасы, әкесі Қазақстан Республикасынан тыс тұрып жатқан бала әкесінен өз елінің соты бойынша алименттерді мәжбүрлеп орындатуы мүмкін. 4. 1989 жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес <<Бұл конвенцияға кол коюшылар баланы асырап алу жүйесінің өмір сүріп жаткандығын мойындайды және ен бірінші ретте баланын мүддесінің қамтамасыз етілуін кездейді>> делінген. Сонымен катар ол: 1) бала асырап алынуды тек кана сол мемлекеттің баланы асырап алу туралы мәселені шешетін істі органдары шешуі тиіс. * баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл Конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрі болып табылады және бұл тек кана бала сол мемлекеттің өзінде асырауға беріле алмайтын болған кезде ғана қолданылады; * баланы бір мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттің өзінде қолданылатын ереженің қолданылуын анықтайды; * баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандай да тараптың бірінде болмауы тиіс. <<Неке және отбасы туралы>> Заңның ережелеріне сәйкес шетелдіктердің Казақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алынуы мүмкін. Мұндай бала асырап алу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшін Қазакстан Республикасыныңтиісті органының рұқсатын алуы керек. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу Казақстан Республикасының консулдық мекемелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса, атқарушы органның келісімін сұрауы тиіс болып табылады. Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берілмейді. Бала асырап алу үшін бала асырап алушыға бірқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетінде асырап алуға құқылы екендігін куәландыратын құқықты көрсетуге міндетті. Қорғаншылық пен камкоршылықты орнату егер азамат өз әрекетеріне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылықка алынуы тиіс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала (қыз) асырап алуы әлемдік денгейде, қалыпты тәжірибеге айналған болатын. <<Халықаралық бала (қыз) асырап алу>> алғаш рет осы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу тәжірибесі өте кең қолданыста болып келді. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық және іс жүргізу жақтары жеткілікті дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық деңгейде жаңа Конвенция қабылдау кажеттілігі пайда болды. Оның басты себептерінің бірі бала (қыз) асырап алудың халықаралық кұқықтық ережелерін әлемнің басқа мемлекеттерінің мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (кыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерін реттейтін алғашқы Конвенция жобасын жасап шығаруға міндетті болып табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993 жылдың 29 мамырда қабылданды. Гаага конвенциясының ережелері бойынша бала (қыз) асырап алу 18 жасқа дейінгі азаматтарға ғана қолданылады. Жалпы қорыта айтканда, неке және отбасы қатынастарын халықаралық реттеудің маңызы ерекше зор. Сонымен, халықаралық жария құқықтың реттеу үшін бағытталған бір саласы осы неке және отбасы қатынастары екендігін білдік. Неке және отбасы қатынастарында біз байқағандай, көптеген коллизиялық мәселелер туындайды. Мысалы: некеге отыру жасына байланысты (некеге отыру үшін кұқық қабілеттілігі мәселесі), ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеудегі мәселер, ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастар, ата-аналардың баланы асырауға байланысты міндеттемелері, бала асырап алу жөніндегі қатынастар, міне осылардың барлығы коллизиялық мәселелерді туындатады. Осы аталған коллизияларға байланысты бірқатар мәселелерді қарастырып, оларды шешу жолдарын талдап, зерделедік. Некені тоқтату немесе некеге отыру шындығында да белгілі бір құқықтық салдарға жетелейтіні анық. Құқықтық салдар, әсіресе, тұлғалардың мүліктік жағдайларына қатысты бірақатар жаңа міндеттер мен құқықтар косылатыны анық. Бұл тұрғыда біз Қазақстан Республикасының заңнамасы, әсіресе, Конституция бекіткен қағидалары мен негізгі нормаларға тоқталдық. Олар: ерлі-зайыптылардың теңдігі, бала құқықтарының кемсітілмеуі, баланың өз ата-анасының асырауында болу құқығының басым болуы т. б. Бұл қағидалар сөзсіз халықаралық жария құқықта басты орынға ие болып табылады. Дәріс 9: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК 1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАРИХЫ 2. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НОРМАТИВТІК ТҮСІНІГІ 3. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК БОЙЫНША ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАР 4. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР 5. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ Дәріс мақсаты: Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік құқығын сипаттау. Дәріс міндеттері: 1. Интеллектуалдық меншіктің қазіргі халықаралық-құқықтық түсінігін қалыптастыру тарихын сипаттау. 2. Интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігін ашу. 3. Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенцияларды сипаттау. 4. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдарды талдау. 5. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдерін талдау. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері). - Алматы: ЮРИСТ, 2006. * Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от 31 мая 1991. * <<Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы>> Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 10 маусымындағы заңы. * <<Қазақстан Республикасының патент заңы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 шілдесіндегі заңы. * <<Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесіндегі заңы. * <<Тауарлық белгілер, қызмет белгілері және тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 26 шілдесіндегі заңы. * Положение о Комитете по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан.- Утв. постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 г. № 411. * Введение в интеллектуальную собственность.- Публикация ВОИС-Женева. - 1998. * Вещные права в Республике Казахстан /Отв. редактор М.К. Сулейменов. -Алматы: Жеті-жарғы, 1999. * Гражданское право. Учебник. Часть 3 /Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого.- М.: ПРОСПЕКТ, 1998. * Гражданский кодекс. - Модель. Часть третья. Рекомендательный законодательный акт СНГ- Санкт-Петербург, 1995. * Иващенко И.В. Понятие и содержание интеллектуальной собственности //Юрист. 1999, № 2. * Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности: Монография. - Алматы: Жеті-жарғы, * Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. - М.: Теис, 1996. * Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. -М.: Юрид. лит, 1975. * Щенникова Л.В. Вешные права в гражданском праве России.- М. :Издательство БЕК, 1996. 1. Шығармашылық ретінде қандай да бір жаңа және өзінің қайталанбастығымен тұпнұсқалығымен анықталатын нәрсені тудыратын қызмет түсіндіріледі. Шығармашылық адамға тән нәрсе, себебі оның жасаушысы - шығармашылық қызметтің субъектісі бар. Шығармашылық процесі әлеуметтік құқықтық қызмет емес. Шығармашылық процестің өзі құқықтық нормалардың шегінен тыс жатыр. Бірақта, шығармашылық қызметтің ұйымдастырушылық әдістері туралы көптеген баспалар бар: <<іскерлік ойын>>, <<аналогия>>, <<аналогияны қабылдамау>>, <<ұжымдық генерация>> т.б. Осының арқасында көптеген бір маманның немесе әртүрлі мамандардың топтары тартылады. Осындай топтарда құқықтық та қатынастар пайда болуы мүмкін. Бірақ бізге қажеті бұл қатынастар емес, шығармашылық нәтиженің пайда болу процесі негізгі. Осы процестің нәтижесі өзінің жаңалығымен және қайталанбастығымен сыртқа көрінеді. Ол ретінде ғылыми жаңалық, өнертабыс, әдеби және өнер туындысы, өнеркәсіптік үлгі, ноу-хау болуы мүмкін. Шығармылық рухани қызмет, ол идеалды-жеке сипатта болады және осы қасиетіне қатысты заңдар мен құқықтық актілердің әрекет етуіне жатпайды. Заңнаманың бұл жердегі рөлі шығармашылық еңбектің нәтижелеріне құқықты тану, осындай нәтижелерге билік ету жағдайы, оны тудырушылардың құқықтарын қорғау табылады. <<Интеллектуалдық меншік>>, <<өнеркәсіптік меншік>>, <<интеллектулдық меншік құқығы>> сияқты ұғымдардың КСРО-ның кең кеңістігіне қайту мерзімі болып, 1991 жылдың 31 мамырында КСРО мен одақтас республикалардың Азаматтық заңнама негіздерін қабылдау мерзімі табылады. Қазақстан Республикасында аталған ұғымдарды толық қолдану егемендік алғаннан кейін жүзеге асты. Мәселен, 1990 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған <<Қазақстан Республикасындағы меншік туралы>> ҚазКСР-нің Заңының 9-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігі ретінде интеллектуалдық және материалдық қызметтің өнімі табылады деп айтылған. Бірақ позитивті мағынада <<интеллектуалдық меншік>>, <<интеллектуалдық меншік құқығы>> сияқты ұғымдар КСРО-ның заңнамасында пайдаланылған жоқ. Кеңес дәуірінде интеллектуалдық меншік объектілерінің көпшілігі оның авторларының айрықша құқығында болған жоқ, оның бір ғана авторы болды мемлекет. Осы саладағы, қазіргі таңдағы ең үлкен ерекше өзгеріс болып шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтың жеке тұлғалар мен ұйымдарға ауысуы табылады. Сонымен қатар, бұрынғы КСРО мемлекеттерінде және Қазақстанда интеллектуалдық меншік объектілерінің белсенді қалыптасу процестері жүріп жатты. Осы бағыттарды толығымен түсіну үшін дамыған мемлекеттердегі интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу мен дамудың тарихи тәжірибесін білген жөн. Біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншік құқығының әлемдік тарихи эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең XY ғасыр мен XYIII ғасырдың ақырғы төртінші тоқсанын қамтиды және монополиялық артықшылықтар кезеңі деп аталады. Екінші кезең 1790 жыл мен 1883 жылдарды қамтиды және интеллектуалдық меншікті қорғаудың ұлттық жүйелерінің пайда болу кезеңі деп аталады. Үшінші кезең 1883 жылдан басталады және әлемдік конвенциялар кезеңі деп аталады. Монополиялық артықшылықтар кезеңі сол кездегі техникалық жетістіктерді әкелген тұлғалардың құқықтарын қорғау қажеттілігімен бізге қызықты. Жеке деректер бойынша, Англияда жетістіктер шығарған адамдардың және шетелдік тауардың жаңа түрлерін әкелген адамдардың құқықтарын қорғау XIY ғасырдан басталады. Ең ертедегі артықшылық құқықтар, мәселен Венециялық Республикада 1474 жылы <<Парте Венеция>> атымен атақты, бірақ өнертапқыш пен оны шетелде енгізген тұлға арасында айырмашылықтар көзделмеген. Мұндай адамдарға айрықша монополиялы түрде өзінің жетістігін өзіне табыс тапқанға дейін мерзімде қолдануға мүмкіндік берілді. Бұл жағдай монополистке бәсекелестік күресте үлкен қолдау болды. Монополияны алу тәртібі де қызығушылық тудырады. Монополияны куәландыратын құжат болып Letters Patent - <<ашық мадақтама>> деп аударылатын құжат табылады. Артықшылық берілгені туралы жария түрде айтылатын, оның мерзімі аяқталған соң, монарх оны соза алмайтын. Артықшылықтар жүйесі ары қарай дамытыла берді. Мәселен, 1628 жылы монополиялар туралы корольдік мәртебе қабылданды, онда патент артықшылық беретін жалғыз құжат болып саналды және оның мерзімі 14 жылмен ғана шектелді. Ақыры артықшылық алу үшін өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі қалыптасты. Сонымен, өнертабысқа қатысты монополиялар кезеңінде өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі мен мемлекетке табысты патенттің қалыптасуы және үшінші тұлғалар алдында монополияның қорғалатындығы туралы қорытынды жасауға болады. Тауарлық белгілерді құқықтық қорғаудың тарихы өнертабысқа қарағанда жас, бірақ жеке объектілеріне қатысты ежелгі тарихы бар. Тауарлық белгілердің тарихы ғасырларға тереңдеп кетеді, сондықтан алғашқы тауарлық белгілердің пайда болу кезеңін анықтау өте қиын. Бірақ шамамен екі үш мың жыл бұрын адамдар алғашқы құмырлар сатуға бастады. Осы құмырларда таңбалар болды, оны біз қазір тауарлық белгілер деп атаймыз. Қытайда алғашқы шыққан ыдыстарда нақты таңбалар болды, онда мемлекет басқарған императордың аты-жөні жазылған. Сонымен қатар, үш мың жыл бұрын Үндістаннан шығарылған қолөнершілердің қолжазбасы бар заттары табылған. Рим империясында мыңдаған таңбалар болған, олардың ішіндегі ең кең таралғаны фабрикалық таңба - Fortis табылады. Қазақстанға қатысты мұндай қатынастардың жинақталуы ежелгі тарихта бар: <<Тауке- хан ережесінде>>, <<Жеті-жарғыда>>. Онда былай деп жазылған: <<Әрбір ру және тайпада өзінің таңбасы (тамга - белгісі, елтаңбасы) болу керек. Нақты кімнің меншігі екенін білу үшін, таңба арқылы мал, мүлік белгіленеді>>. Жер шарының басқа бөліктерінде қолөнершінің тұлғасын және мүліктің шыққан жерін анықтау мақсатында тауарлық белгілер қару-жараққа, тұрмыстық мүлікке, бағалы заттарға соғылды. Біздің пікірімізше, <<таңба>>, <<тамга>>, <<тавро>>, <<клеймо>>, ағылшындық бранд сөздері тауарлық белгінің негізін құрап, тауар шығарушы мен тауар арасындағы байланысты көрсеткен. Бұл сөздер белгі мағынасын атқарса да, бірақ экономикалық рөльді әлі атқарған жоқ. Бұл таңбалар жеке топ тауар шығарушылардың цехтік мүдделерін қорғау мақсатында Батыста гильдия деп аталатын адамдармен қолданылды. Сол кезде осы тауардың таңбасын заңсыз қоланса, адам қатаң жазаланатын (мамандығынан айыру, өлім жазасы т.б.). Ұлттық жүйелер кезеңі диалектика заңы белгілегендей оның алдындағы кезең сын көтермегеннен кейін басталды. Бұл сын бір жерлерде төңкеріс түрінде, бір жерде бейбітті түрде феодализмнен капитализмге өту кезеңінде болды. Интеллектуалдық меншік объектілерінің түсінігі мен рөлін қайта қараудың идеялық негізі болып сол кездегі жаратылыс құқығының теориясы табылады. Барлығына мәлім болғандай, бұл теория адам мен қоғамның өзара қатынасының терең сұрақтарын қайта қарауға ат салысты. Батыс мемлекеттерінің буржуазия идеологтары Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс феодалдық қатынастардан арылудың бағыттарын ұстанған. Олардың негізгі идеялары Ресейде Ф. Проковичпен, В.Н. Татищевпен қолдау тапты. Адам өмірінің құдаймен сыланғанына адам құқықтары мен бостандықтарының табиғатпен ұсынылғаны келді. Жаратылыс құқықтарының қатарына жеке меншікте жатқызылды. Мемлекет пен адам қоғамдық келісімнің тең тараптары болып табылады, ол бойынша бір тарап мемлекет жоғарғы игіліктерді - адам өмірін, оның меншігін қорғауға міндетті болды. Адамның табиғат жаратылысынан туындайтын құқықтары жаратылыс құқығы болса, ал оған сәйкес қабылданған мемлекет заңдары позитивтік құқық деп аталды. Авторлық құқық саласында артықшылықтар жүйесін сынға алудың нәтижесі болып 1709 жылы Англияда қабылданған Анна патшасының Мәртебесі табылады. Бұл акті авторлық құқық туралы алғашқы дерек болып саналды. Осы кезеңнен бастап автордың айрықша құқығы туралы (туынды жарияланғаннан бастап 28 жыл бойы қорғалатын), өз құқықтарын басқаға беру туралы, құқық бұзушының әрекеттерін сотқа шағымдану туралы айтуға болады. Францияда болған көптеген төңкерістер арқасында қоғамдық және идеологиялық өзгерістер болды. Соның арқасында феодалдық қана емес сонымен қатар, кітап шығарушылардың да артықшылықтары тоқтатылды. 1791 және 1793 жылдары Құрылтай Кеңесінің Декреттері автордың туынды шығаруға деген құқығы оның өмірі бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 10 жыл бойы оның мұрагерлеріне берілетіндігін бекітті. Бірақ авторлық құқық пайда болу үшін туындыны міндетті тіркеудің талабы бекітілмеген. Осыған ұқсас авторлық құқыққа қатысты өзгерістер АҚШ-тың заңнамасында да болды. АҚШ-та қазіргі таңға дейін Анна патшысының Мәртебесі күшінде, ал 1790 жылы қабылданған заң (кітаптар мен басқа да объектілерді әрбір 14 жыл сайын депондау туралы) 1976 жылы Авторлық құқық туралы заң қабылданғанға дейін күшінде болды. Көптеген сол кездегі дамыған мемлекеттерде терминологиялық және нақты айырмашылықтарды есепке алмағанда, авторлық құқық туралы заңнама осы құқықтарды меншік құқығы ретінде қарастырды. Осыған қатысты, И.А. Зенин интеллектуалдық меншік объектілеріне байланысты құқықты <<проприетарлық тұжырым>> немесе <<проприетарлық тұрғы>> деп атады, ол ағылшын тілінен меншік деп аударылады. Шығармашылық объектілері саласында материалдық және материалдық емес құқықтарға қатысты түсінікке, И. Канттың философиялық ойларының қатты әсерінен авторлық құқықтар автор меншігі ғана емес, сонымен бірге автор мүдделерінің бірі болып табылады. Автор өз туындысына құқығын қорғауға мүмкіншілік алды, себебі ол автор тұғасының бөлігі болды. Осы аспекті И. Канттың пікірінше, негізгі болды, ал материалдық құқық моральдық құқықтың жалғасы болды. Со кездегі заң әдебиеттерінде және заңнамасында <<моральдық құқық>> термині болды, ол автордың экономикалық емес құқықтарын анықтайтын. Қазіргі қазақстандық заңнамада ол жеке мүліктік емес құқықтар деп аталады. Авторлық құқықа қарағанда патенттік құқық ілгері дамыған жоқ. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде артықшылықтар жүйесін ары қарай дамыту арқылы патентік қатынастар дамыды. Мысалы, Англияда артықшылықтар объектілерін пайдалануға қатысты сот практикасы 1711 жылы келесі қорытындыға келді: монополия алу үшін басқа құжаттармен қатар, оның <<сипаттамасы>> тапсырылатын. Францияда монополияның кез келген түрімен күресу мақсатында, патент иелері өздерінің өнертабысын бір жыл ішінде қолданбаса, оған құқықты жоғалтады деген ереже бекітілді. Қазіргі таңда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтың мерзімділігі патенттік құқықтың негізгі принциптерінің бірі. Осы және басқа да әкімшілік және сот практикасы бірыңғай ұлттық патенттік заңдарға енгізілді. Мұндай заңдар АҚШ пен Францияға қарағанда азаматтық заң төңкеріс негізінде өзгерген мемлекеттерде ерте қабылданды. Сол кездегі патенттік заңдардың негізінде белгіленген жалпы принцип болып заңда белгіленген формальды және материалдық сипаттағы талаптарды орындаған өнертапқыштарға патенттің берілуі табылады. Осы принциптер 1790 жылы АҚШ-та және 1791 жылы Францияда патенттік заңдарда орын алды. Осы заңдар толығымен автордың меншік құқығын бекітті. Мәтінде франция дерегінің 1-бабында былай деп жазылған: <<Кез келген жаңалық немесе өнертабыс кез келген түрінде автор меншігі болып табылады; осының арқасында заң оған толық және жан-жақты кепілдендірілген пайдалануды қамтамасыз етеді>>. Осы қатынастарды сипаттайтын келесі белгісі ретінде патенттік қорғаудың ұлттық сипаты табылады. Мәселен, АҚШ-тың патенттік заңына 1793 жылы жасалған өзгерістер бойынша, патент тек қана сол мемлекет азаматтарына берілген. Францияға өнертабыс кіргізген адамдар оның авторы сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болған. Сонымен қатар, Францияда өнертабысқа патент алған өнертапқыш басқа мемлекетте патент алса, онда өзінің мемлекетінде оны пайдалану құқығынан айырылатын. Ақырғы ережеге сәйкес біздің пікірімізше, сол кездегі патенттік құқықтың негізгі функциясы болып ішкі нарықты қорғау табылады. Осы және басқа да талаптар халықаралық экономикалық қатынастар дамыған сайын жұмсара бастады және патент берудің саны ұлғая түсті. Өнертабыстың ұғымы мен маңызына қатысты пікірлер күрт өзгере түсті. Жаңа техниканы әкелу жаңа инновацияға теңестірілуден бас тартылды. Өнертабысқа қатысты оның жаңалығына талаптар қойыла бастады және техникадағы деңгейі ұғымы енгізіле бастады. Ресей империясында және оның бөлігі болып табылатын Қазақстанда ұқсас процестер жүріп жатты, бірақ кейбір өзгешеліктермен. Зерттеушілердің пікірінше, ресейдің интеллектуалдық меншік құқығының тарихында, авторлық құқықта, оның ерекшеліктері бөлінеді: * XYIII ғасырға дейін кітап басуға мемлекеттік монополияның үстемдігі, алғашқы жеке типография тек қана 1771 жылы ғана пайда болды; * тек қана шығарушыларға мемлекетпен артықшылықтардың берілуі және авторлар мен шығарушылардың арасында құқықтық реттеу пәні бойынша құқық қатынастардың болмауы; * Ресейдің авторлық құқығы мен цензуралық заңнаманың арасындағы тығыз байланыс; * XIX ғасырда авторлық құқықты меншік құқығының объектісі ретінде тануы және әдеби, шығармашылық меншік құрылысын енгізу; * авторлық құқықтың қазіргі түсінігін енгізу тек қана 1911 жылы мүмкін болды. Ресейдің патенттік құқығы еуропалық және американдық жолмен дамыды (63,42). Оның ерекшеліктері жеке артықшылықтар жүйесінің ұзақ мерзімді болуынан көрінеді. Ресейдің алғашқы патент заңы 1812 жылы қабылданды. Бірақ Александр 1 1812 жылдың 17 маусымында қабылданаған манифесті <<Шығармашылық пен қолөнердегі әртүрлі өнертабыс пен жаңалықтарға артықшылықтар туралы>> деп аталған. Артықшылық деп өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын және қорғайтын құжатты айтатын. Яғни, <<артықшылық>> деген термин ретінде қазір патент деп аталатын құжат түсіндірілген. Аталған Манифесттің бірінші бөліміне сәйкес өнертабысқа артықышылық ретінде артықшылықта көрсетілген тұлғаға зат меншігі болып табылатындығын және үкіметке кезінде ұсынылғанын куәландыратын куәлік табылатын. Артықшылық толығымен артықшылықта көрсетілетін тұлғаға өнертабыстың жататындығын көрсетпейді, сондықтан кез келген үшінші тұлға осы құқықты тану үшін дауға түсе алатын және өз құқықтарын сотта қорғай алатын. 1833 жылдың 22 қарашасында император Николай 1 кезінде <<Артықшылықтар туралы Ереже>> деген құжатпен аталған құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ереже қазіргі патенттік заңдарға жақын принциптер мен ұғымдарды енгізді. Мәселен, артықшылықтарға ұсыныс жасалғанда және оны пайдаланғанда ресей мен шетел тұлғалары бірдей құқықтарға ие болады. Ресейге әкелінген объектілерге айрықша құқық артықшылықпен, тек басқа мемлекетте оның мерзімі аяқталмағанға дейін ғана қорғалады. Сонымен қатар, артықшылық объектісін уақытша қолданудың да түсінігі енгізілді, ол қазіргі лицензиялық шарттарға ұқсас. Осы ережеде қазіргі заңнамаға ұқсас заң талаптарын табуға болады: өнеркәсіптік қолданушылығын; техникалық шешімнің қоғамның талаптарына сәйкестігін; артықшылық алуға құжатта өнертабыстың толық сипаттамасының болуы сияқты. Ресейдің патенттік заңнамасының одан кейінгі ары қарай дамуы артықшылықтар түсінігінен өнертабысты қорғау заңды түсінігіне көшті (<<Жаңа жаңалықтар мен өнертабысқа артықшылықтарды беру бойынша іс жүргізу тәртібін өзгерту туралы>> 1870 жылдың 30 наурызында қабылданған заңы). 1896 жылдың 20 мамырындағы <<Өнертабыспен ары қарай жетілдірудің артықшылықтары туралы Ереже>> қазіргі терминдерге ұқсас ұсынылған шешімнің техникалық сипатын анықтады. Ақыры аяғы елеулі ерекшеліктер қазіргі өнертабыстың формуласына ұқсас бола бастады. Артықшылықтар құқығын алу туралы арызды алғаннан кейін, Сауда және мануфактура Департаменті арыз берушіге <<Қорғау куәлігі>> деп аталатын құжатты беретін. Ол ресми баспада шығарылды және арыз берушіге өз өнертабысымен белсенді әрекеттер жасауға жағдай тудырды. Сонымен, сол кездегі патенттік заңнама қорғау куәлігін енгізе отырып, уақытша құқықтық қорғаудың түсінігін енгізді және құқықтар жөнінде жария етудің рөлін көтерді деген қорытындыға келуге болады. XIX ғасырдың аяғында өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық аяда бірнеше мемлекетте құқықтық қорғауды алудың мақсаты тұрды. Нақты жағынан көліктің, байланыстың дамымағанына байланысты бұл мүмкін бола алмады. Бір мемлекетте ұсынылған патенттік мәлімдеме өнертабыстың екінші мемлекеттегі жаңалығына күмән тудыратын. Осы саладағы қатынастардың тежеуіші ретінде ұлттық патенттік заңдардың ережелеріндегі айырмашылықтар табылады. Сонымен қатар, технологиялардың интернационализациясы мұндай формальды патенттік кедергінің жойылуын талап етті. Ұзақ мерзімді патенттік заңдардың біріктірілуі және интеллектуалдық меншік құқығының қорғау жүйесінің қалыптасуына байланысты жұмыстар, кезекті 1873 жылы Венадағы халықаралық техникалық көрменің болмай қалуына қауіп тудырды. Мемлекет өкілдері өз өнертабыстарын жоғалту қауіптеріне және қажетті құқықтық қорғаудың болмауына байланысты бас тартты. Жағдайды сақтап қалу мақсатында австриялық билік органдары өнертабысты, өнеркәсіптік үлгіні және тауарлық белгілерді уақытша қорғау үшін арнайы заң қабылдады. Бұл акті өз бетінше прецедент болды және шетелдіктерге ұлттық режим берудің қажеттілігін енгізді. Бұл мәселені қарастыру мақсатында 1873 жылы Патенттік реформалар жөніндегі Вена конгресі шақырылды, онда шығармашылық объектілеріне әртүрлі мемлекеттерде бірдей режим берудің принципі қаралды. Қосарланған күш біріктіру арқасында Париж конгресінде (1878 жылы) одан кейін Париж конференциясында (1880 жылы) және француздық үкіметтің көмегімен халықаралық конвенцияның жобасы әзірленді. 1883 жылы 11 мемлекеттің өкілдері Парижде конвенция қабылдап оған қол қойды, ол конвенция тарихқа Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж Конвенциясы ретінде мәлім. Одан кейінгі кезеңде қатысушы-мемлекеттер саны ұлғая түсті де, қазіргі таңда 140 мемлекетті құрайды. Қазақстан аумағына Париж конвенциясы Ресей империясының және КСРО-ның құрамында болғанда таратылды, себебі олар сол келісімнің қатысушысы болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, алғашқы болып Париж Конвенциясының Қазақстан аумағына ары қарай таратылатындығы жөнінде 1993 жылдың 5 ақпанындағы <<Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы Халықаралық келісімдер туралы>> Декларациясында бекітті. 2. Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде интеллектуалдық меншік немесе интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің анықтамасы бар норма жоқ. Біздің пікірімізше, бұл Батыс мемлекеттерінің заңнамасындағы және халықаралық конвенциялардағы сияқты мұндай анықтаманың болмауына байланысты түсіндіріледі. Екінші жағынан, кез келген түсініктеме шартты және объектілердің барлық аспектілерін ашпайды. Заң жағынан мұндай анықтама практикалық мағынада болмайды. Ғылыми жағынан мұндай түсінік қажет және біз оны беруге біз ат салысамыз. Интеллектуалдық меншік деген не, деген сұраққа жауапты біз халықаралық-құқықтық және ұлттық заңнама сияқты қайнар көздерден таба аламыз. Интеллектуалдық меншіктің Дүниежүзілік ұйымының аталған конвенциясының 2-бабының мағынасынан <<интеллектуалдық меншік>> құрамына келесі объектілерге қатысты құқықтар жатады: әдеби, шығармашылық және ғылыми туындыларға; артисттердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазбаға, радио, теле бағдарламаларға; адам қызметтің барлық саласындағы өнертабыстарға; ғылыми жаңалықтарға; өнеркәсіптік үлгілерге; тауарлық белгілерге қатысты құқықтар және сонымен қатар, өндірістік, ғылыми, әдеби және шығармашылық саласындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де құқықтар жатады. Қазақстандық ұлттық заңнамада да аталған объектілердің мағынасын ашатын нормалар бар. Бұл біріншіден, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 10 маусымында қабылданған. Интеллектуалдық меншіктің түсінігіне қалай да болса, анықтама беретін нормалар ҚР АК-нің 14, 59, 115, 119, 125, 126, 961-970 - баптарында көзделген. ҚР АК-нің 961-бабына сәйкес интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне: 1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары; 2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары; 3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер; 4) селекциялық жетiстiктер; 5) интегралдық микросызба топологиялары; 6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау); 7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады. ҚР АК-нің 961-бабы мен Интеллектуалдық меншіктің Дүниежүзілік ұйымы конвенциясының мәтінін салыстарғанда көптеген объектілер ұқсас болып келеді. Аталған жоғарыда қайнар көздер интеллектуалдық меншік объектілерінің нормативтік анықтамасын толығымен бермейді, ол үлкен кең көлемді сипаттамаларды ғана белгілейді. Аталған объектілердің авторлық түсінігін бергенге дейін, олардың заңды және өзге де түсінігін анықтаған жөн. Азаматтық заңнаманы талдағаннан кейін, біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншіктің, интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін сипаттайтын 4 негізгі құрылымды анықтауға болады. Аталған құқықтық феномендер келесідей түсіндіріледі: - мүлік түрі, меншік құқығының объектісі; - шығармашылық нәтижесі және дараландыру құралы; - азаматтық құқық қабілеттіліктің элементі; - азаматқа немесе ұйымға тиесілі айрықша құқық. Интеллектуалдық меншікке қатысты заң шығарушының жалпы пікірін екі ойға байланысты келесі тұрғыларға бөлуге болады: интеллектуалдық меншік объектілеріне жататын объектілер шегі және белгілі объектіге қатысты азаматтық құқықтар түрі ретінде интеллектуалдық меншікке құқықтың өзі. Қаралып отырған объектілер шегінен қарағанда оны мүлік түрі ретінде анықтайтын тұрғы бар. Ол ҚР АК-нің 115-бабына сәйкес анықталады, бұл бап бойынша азаматтық құқық объектілері келесі түрлерге бөлінеді: мүліктік құқықтар мен игіліктер және мүліктік емес құқықтар мен игіліктер. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. Осы аталған объектілер қатарында заң шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерiн, фирмалық атауларын, тауарлық белгiлер мен бұйымды дараландырудың өзге де құралдарын жатқызады. ҚР АК-нің 117-бабына сәйкес қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар және интеллектуалдық меншік объектілері қозғалатын мүлiк деп танылады. Осындай аспектінің тағы бір дәлелі ретінде Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 2-бабы мен ҚР АК-нің 125-бабында көзделген <<Интеллектуалдық меншік>> деп анықталған тараудың болуы табылады. Осындай баптардың екі аталған нормативтік актіде бірдей көзделуі оның түсінушілік мағынасында күдік тудырмайды. Мәселен, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 2-бабында тікелей <<интеллектуалдық меншік дегеніміз шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерiне меншік>> көрсетілген. ҚР АК-нің 125-бабы өз атауында бұл объектілерді меншік деп атайды және ол ҚР АК-нің меншік құқығы туралы жалпы ережелер параграфында көзделген. Интеллектуалдық меншік объектілерінің азаматтық құқық объектілері сияқты азаматтық айналысқа түсетіндігін дәлелдейтін ҚР АК-нің 59-бабы бар: <<ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады>>. Интеллектуалдық меншік объектілерінің заңды түсінігі шығармашылық нәтижесі ретінде ҚР АК-нің 125-бабында және нақты ҚР АК-нің 961-бабында көзделген. Осы баптарды талдай келе, азамат пен заңды тұлғаның айрықша құқығы азаматтық құқықтың кез келген объектісіне таралады деген қорытындыға келуге болады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы интеллектуалдық меншік құқығын азаматтық құқық қабілеттіктің элементі ретінде түсінеді. Нақты осындай мағына ҚР АК-нің 14-бабында көзделген. Онда азаматтың құқық қабілеттігінің бөлігі ретінде өнертабысқа, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына және өзге де интеллектуалдық меншік нәтижелеріне интеллектуалдық меншік құқығы табылады. Азаматтың интеллектуалдық меншік құқығын субъективтік мағынадағы интеллектуалдық меншік құқығы деп тануға болады, екінші жағынан ол объективтік мағынада нормалар жиынтығы ретінде қаралып заңнаманың тәуелді саласы ретінде қаралады. Интеллектуалдық меншіктің айрықша құқық ретіндегі түсінігі ҚР АК-нің 125-бабында көзделген. ҚР АК-де және өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тәртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады. Осы баптың екінші тармағында интеллектуалдық меншіктің заң шығарушымен маңызын түсіндірудің ережесі белгіленген. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады. Бұл жерде, интеллектуалдық меншік объектілері мен айрықша құқық объектілерінің сәйкестігі айқын көрінеді. ҚР АК-ның Ерекше бөлімі қабылданғанға дейін, бұл норма интеллектуалдық меншіктің заңды анықтамасы болған. Бұл объектілерді айрықша құқық объектілері ретінде танудың түсінігі интеллектуалдық меншіктің субъективтік азаматтық құқықтар жүйесіндегі орнын анықтайды. Бұл біздің пікірімізше, зерттелген объектілердің динамикалық сипаттамасы. Біз интеллектуалдық меншіктің заңды анықтамасын қарастырдық, енді біздің пікірімізше бұл құқықтық құбылыстарды динамика мен статикада қарастырған дұрыс. Біз Р.О. Халфинаның пікірін ұстанамыз: <<бар құқық қатынастар жүйесі тұрақты қозғалыста болады және қоғам дамуының динамикасын анықтайды, ал құқық қатынастар динамикасы модель мен нақты іс-әрекеттің (тәртіптің) динамикасын айқындайды>>. Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты азаматтық құқық қатынастар жүйесінің даму динамикасын есепке алсақ, онда әртүрлі анықтамалар пайда болады. Біздің пікірімізше, нақты құқықтық құрылыс азаматтық құқықтық қатынастардың дамуында, белгілі жағдайларда әртүрлі функциялар атқарады. Мысалы, жарияланған құқық әлеуетті сипатта және құқық нормасының құрылысында болады; осы құқық реттеушілік құқық қатынастарда болса, онда ол субъективтік құқық болады (белгілі объектіге меншік құқығы); субъктивтік құқық қорғаушылық қатынастарда болса, онда ол қорғалатын сипатқа ие болады. Құқықтық норма санкциясы өзінің жазалау әлеуетті қабілеттігі мен превентивтік шарасынан жауапкершілік шарасына айналады. Р.О. Халфина өзінің пікірін дұрыс айтқан: <<құқық нормасы азаматтық құқық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына заңды негіз болады..., ол келесі шарттардың, мән-жайлардың болуында құқықтық байланысты қозғалысқа келтіреді>>. Осыған сәйкес интеллектуалдық меншік құқығының нормативтік түсінігін бағалауды азаматтық құқық қабілеттілік элементі ретінде құқықтың түсінігінен бастаған жөн. ҚР АК-нің 14-бабындағы норманы: <<азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; жарияөзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады>>, - біз дұрыс және қайталанбас деп бағалаймыз. Салыстырмалы түрде РФ АК-нің 18-бабында құқық қабілеттіліктің мазмұнына азаматтың құқығы көрсетілген: <<ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, өнертабысқа және өзге де заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне автордың құқығына ие болу>> жатады. Өзбекістан АК-нің 18-бабында осыған ұқсас норма белгіленген: азаматтар <<<<ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, өнертабысқа және өзге де заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне автордың құқығына ие бола алады>>. Бұл мемлекеттердің азаматтық кодекстеріндегі интеллектуалдық меншікті азамат құқық қабілеттігінің көлеміне енгізуде қауіптілік тудырады. Заңдарда тек қана автордың құқығы ғана белгіленген, ал интеллектуалдық меншіктің объектілеріне автордың ие болу құқықтары мен барлық мүліктік емес игіліктері тыс қалып қойған. Біздің пікірімізше, ҚР АК интеллектуалдық меншік құқығын азамат құқық қабілеттігінің элементіне енгізуі, мемлекетіміздің оған конституциялық мағынада көңіл бөлгенін көрсетеді. Осындай енгізу ары қарай азаматтық құқық объектілерінің жүйесіндегі аталған объектілердің рөліне әсер етеді. Осындай енгізу, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР Конституциясының, интеллектуалдық меншік туралы ешқандай норманы бекітпеген, жеткізіліксіздіктің орнын толтырды. Салыстырмалы түрде РФ Конституциясының 44-бабында интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады деген норма бар. Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқық қабілеттіліктің элементі ретінде объектілерді өздері тудыратын нақты құқық қатынастарда жүзеге асады. Азаматтық құқық объектілерінің жүйесінде оның орны туралы сұрақ пайда болады. Әртүрлі мемлекеттерде ол әр қалай шешіледі. ҚР АК-нің 115, 117, 125-баптарындағы ұсыныстар интеллектуалдық меншікті мүлік қатарына жатқызып, мәселені шешудің жолы тиімді ме? Біздің пікірімше, мұндай енгізу қазақстандық азаматтық құқықтағы мүліктің оқшаулығымен, жаңалығымен түсіндіріледі. Бұл нақты түрде ҚР АК-нің 115-бабынан көрінеді. Оның мазмұнын талдай келе, М.К. Сулейменов өзінің <<Вещные права в Республике Казахстан>> атты еңбегінде мүліктің келесі құрылымын бөледі: - заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда); - жұмыс пен қызметтер; - интеллектуалдық меншік; - мүліктік құқықтар (талап ету құқығы); - міндеттер (қарыздар). Яғни, интеллектуалдық меншік объектілері <<мүлік>> деген категориямен қамтылады. Азаматтық құқық объектілерін сыныптаудың негізгі, базалық түрлерінен автор келесін бөледі: 1) заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда); 2) жұмыс пен қызметтер; 3) интеллектуалдық меншік; 4) жеке мүліктік емес құқықтар. Сонымен қатар, автор заттар мен қызметтерді азаматтық құқықтың мүліктік объектілері категориясына, ал шығармашылық қызмет нәтижелері мен жеке мүліктік емес игіліктерді - азаматтық құқықтың мүліктік емес объектілері категориясына жатқызудың тұрғысын ұстанады. Сонымен, ғылыммен берілген, азаматтық құқық объектілерінің идеалды сыныпталуы мен ҚР АК-нің 115-бабында көзделген заңмен анықталған нақты сыныпталу теңбе-тең келмейді. М.К. Сулейменовтың пікірінше, <<ақырғы сыныпталу Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан дұрыстау емес>>. Бұл жерде, республика заңнамасы бұл сұрақты идеалды шешпейтін шығар? - деген сұрақ туады. Енді осыған ұқсас сұрақ басқа мемлекеттердің заңнамасында қалай шешілетіндігін қарастырайық, мәселен, РФ АК-де. Кодекстің 128-бабында <<Азаматтық құқық объектілерінің түрлері>> деп аталатын тарауда құрылымды түрде объектілердің төрт тобы бөлінеді: 1) мүлік; 2) әрекеттер; 3) интеллектуалдық (шығармашылық) қызметтің нәтижелері; 4) материалдық емес игіліктер. Бұл жерде, ҚР АК-нің 115-бабында көзделген тұрғыдан басқа тұрғы белгіленген, интеллектуалдық меншік мүлік шегінен тыс алынып тасталған. РФ АК-не түсініктеме бере отырып, авторлар <<мүлік>> терминін азаматтық құқықта әртүрлі түсінеді. Заңмен анықталған түсініктің шегі өте кең. Мәселен, мүлікке әрбір жеке жағдайда: жеке мүліктер немесе олардың жиынтықтары (РФ АК-нің 15-бабының 2-тармағы, 46-бабының 2-тармағы); заттар, ақша, бағалы қағаздар (РФ АК-нің 302-бабының 1-тармағы, 307-бабының 1-тармағы); заттар, ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (РФ АК-нің 18-бабының 1-тармағы, 56-бабы); барлық мүліктік құқықтар жиынтығына субъектінің міндетін қоса алғанда. Осы нұсқаулықты қолдана отырып, <<мүлік>> терминінің мағынасын түсінген жөн. Л.В. Щенникова тар мағынада мүлік деп заттар жиынтығын түсінсе, кең мағынада оған - талап ету құқығы мен қарыздарды, немесе азаматтық-құқықтық міндеттерді түсінетін.Соның пікірінше, <<заңды мағынада мүлік деп ақшалай бағаланатын нақты тұлғалар түсетін заңды қатынастар жиынтығы түсіндірілерді>>. Осы терминнің түсінігіндегі келіспеушіліктің көп болуына байланысты автордың нұсқаулығы бар: <<қазіргі заңгердің <<мүлік>> ұғымының ғылыми теориясы қаруында болу керек>>. Қазақстан мен Ресейдің заңнамасында азаматтық құқық объектілерінің құрылымы және <<мүлік>> терминінің мағынасы әртүрлі түсіндіріледі. ҚР АК-нің 115-бабында мүліктің кең мағынасы белгіленген: заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет және жеке мүліктік емес құқықтарға жататын кез келген құқықтар жатады. Осыған қатысты, <<мүлік>> терминін қандай шектерге дейін толтыруға болады және оның құрамына интеллектуалдық меншік құқығы объектілерін енгізуге болады ма? деген сұрақ туады. Бұл сұрақ, теориялық және практикалық мағынаға ие. Интеллектуалдық меншік объектілерінің азаматтық құқық объектілерінің жүйесіндегі орнын анықтаудан ҚР АК-мен және басқа да заңнамалармен ары қарай реттеуі байланысты болады. Мәселен, осы сұрақты шешуден нақты интеллектуалдық меншік объектісіне нақты субъектінің айрықша құқығының заңды белгіленуі айқындалады, яғни барлық субъективтік құқықтардың сатылары. Өз кезегінде, субъективтік құқықтар сатысында мәселені шешу, интеллектуалдық меншік объектілерінің тез арада азаматтық айналымға енуіне әсер етеді. М.К. Сулейменовтың пікірінше, <<мүлік түсінігімен адамға (азаматқа, заңды тұлғаға, мемлекетке) тиесілі заттар, талап ету құқығы және міндеттер қамтылады>>. Ол өзінің осындай пікірімен Г.Ф. Шершеневичтің пікірін растайды: <<мүлік дегеніміз бағаланатын мүліктік қатынастар>>. Сонымен қатар, Нидерландының АК-нің 3 кітабының 1-бабында мүлік түсінігі бекітілген: <<мүлік - бұл барлық заттар мен мүліктік құқықтар>>. Осындай түсінікке сүйене отырып, біздің пікірімізше, ҚР АК 115-бабы қалыптасқан. Осы құрылысқа сәйкес жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктер экономикалық мазмұны жоқ және тұлғадан ажырамас азаматтық құқық объектісінің түрлеріне айналды. Бұлардың қатарына адам өмірі, денсаулығымен қатар, адам есіміне, авторлығына құқығы мен туындының қол сұғылмаушылығы құқықтары енді. Осыдан интеллектуалдық меншік объектілері мүліктік сипатта да, мүліктік емес сипатта да бола алады. Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші бөлігі, яғни мүліктік мазмұнға ие бөлігі біздің пікірімізше, мүліктік игіліктер мен құқықтарға азаматтық құқық объектісі ретінде біздің азаматтық заңнамаға енді. Осы саладағы күдіктің негізгі себебі ретінде интеллектуалдық меншік қызметінің нәтижелеріне құқықтардың күрделі, кешенді, бірқалыпты сипаты толығымен есепке алына ма? - деген сұрақ туады. Егер мүліктің мазмұнын меншік құқығының объектісі құраса, яғни материалдық объекті, ал интеллектуалдық меншік құқығының негізгі сипаты ретінде олардың материалдық еместігі, идеалды, <<ұстауға келмейтін заттар>>, <<ұстауға келмейтін мүлік>>, ойлау және сезім қызметінің нәтижесі философиялық немесе техникалық міндеттің нақты шешімі болады. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтардың негізгісі ретінде айрықша құқық деп аталатын пайдалануға мүліктік құқық табылады. <<Интеллектуалдық меншік>> терминінің жақтаушылары мен қарсыластары бұл өкілеттікті шығармашылық нәтижелеріне құқықтың мазмұнын сипаттайтын негізгі деп есептейді. Зерттелген объектілерге қатысты осы терминді қолданып, <<интеллектуалдық меншік>> терминінен бас тартуда ұсынылды. Интеллектуалдық меншік - бұл ғылым, техника, әдебиет, дизайн және тауарлық белгіні қалыптастырудың саласындағы, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықты қамтитын, синтетикалық түсінік деген пікір сынсыз нақты барлығымен қабылданып таралған. Сонымен қатар, тұрақты ресейлік заңнама мен халықаралық шарттармен интеллектуалдық меншік ретінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелеріне және өзге де халықаралық міндеттемелермен қабылданған заңанамамен белгіленген тізімдер объектісі, жеке және мүліктік сипаттағы айрықша құқықтар жиынтығы түсіндіріледі деген тұжырым нақты болып келеді. Біз бұл автордың тұжырымын, азаматтық құқықтық қатынастар дамуының динамикасына қатысты алсақ, онда интеллектуалдық меншік айрықша құқықтарға жататындығына әкелетін құқықтық құбылыс деген пікірінің дұрысытығын түсінеміз. Бұл қорытынды ҚР АК-нің 115-бабында белгіленген интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін мүлікке жатқызатын тұжырымды дәлелдейтіндігін көреміз. Біз Шершеневич, М.К. Сулейменов, Л.В. Щенникова сияқты ғалымдардың мүлікке қатысты пікірін қолдаймыз. <<Интеллектуалдық меншік құқығы>> терминінің логикалығы мен дұрыстығы сұрақ тудырады. Ұлттық және халықаралық қайнар көздердің мәтіндерін салыстырсақ, онда ақырғыларында интеллектуалдық меншік ретінде материалдық емес объектілер, яғни осы объектілерге қатысты құқықтар түсіндірілетіндігін көреміз. Мұндай жағдайда, оның субъектілері қатынастарға түсіп құқықтарға қатысты құқыққа ие болады, яғни құқыққа байланысты құқық. Бұдан келесі қорытындыға келуге болады: <<интеллектуалдық меншік құқығы>> оның мағынасын ашқанда <<құқыққа құқық>> деп түсіндіріледі, мұның өзі тавтология. Сондықтан, біздің пікірімізше, ҚР АК-нің осындай терминдер қолданылатын баптарына өзгерістер енгізу керек. Мәселен, ҚР АК-нің 14-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұнына қатысты, <<Азаматтың Қазақстан аумағында... құқықтарға ие>> деген сөзбен басталатын бапты келесідей өзгертуді ұсынамыз: <<өнертабысқа, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына интеллектуалдық меншік және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелері>> деп <<құқықтары бар>> дегенді алып тастаймыз. Осыған сәйкес ҚР АК-нің <<Интеллектуалдық меншік құқығы>> деп аталатын 5-Бөлімінің атауының дұрыстығы туралы сұрақ туады. Тавтология болмауы мақсатында бұл бөлімді <<Интеллектуалдық меншік>> немесе <<Айрықша құқық>> деп атаған дұрыс. Осы ұсынысты нақты жүзеге асыру үшін бізді АК-тің Жалпы Бөліміндегі <<интеллектуалдық меншік құқығы>> деген ұғым ұстап тұр. Сонымен, біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншік объектісін азаматтың құқық қабілеттігі мен мүлкіне және азаматтық құқықтың өзге субъектісінің мүлкіне кіретін, интеллектуалдық шығармашылық қызметінің объективтендірілген нәтижелеріне және заңды тұлғаны дараландыру құралдарына теңестірілген, жеке және заңды тұлғаның өнімі, орындалған жұмысы мен қызметіне айрықша құқық ретінде анықтауға болады. 3. Кез келген жүйе сияқты интеллектуалдық меншік жүйесі де оны құрайтын бөліктерден тұрады. Әлемдік жүйенің негізгі бас элементтері ретінде нормативтік және институционалдық бөліктері (бөлімдері) табылады. Нормативтік бөлігін күшіндегі интеллектуалдық меншік саласындағы конвенциялар мен мемлекеттер арасындағы шарттар құраса, институционалдық бөлігін қатысушы-мемлекеттер, қатысушы-мемлекеттердің одақтары, Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйым (ВОИС) құрайды. Интеллектуалдық меншік бойынша конвенциялардың барлығын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топты интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін шарттар құрайды. Бұл топтың өзін бірнеше топшықтарға бөлуге болады: авторлық және сабақтас құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін шарттар; өнеркәсіптік меншіктің қорғауын қамтамасыз ететін шарттар. Екінші топты бірнеше мемлекетте өнеркәсіптік меншіктің қорғауын алуға жеңілдететін шарттар құрайды. Үшінші топты халықаралық сыныпталуды бекітетін шарттар құрайды. Аталған топтарға енетін көпжақты конвенцияларға нақты тоқталайық. Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйымның авторлық және сабақтас құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін шарттарға жатады: Әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау бойынша Берн конвенциясы 1886 ж., Орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және жариялау органдарының мүдделерін қорғау бойынша Рим конвенциясы 1961 ж., Фонограмма шығарушылардың мүдделерін фонограмманы заңсыз жаңғыртудан қорғау бойынша Женева конвенциясы 1971 ж. Осы топтағы шарттар басқа мемлекеттерде қатысушы-мемлекеттер азаматтарның мүдделерін қамтамасыз ететін, халықаралық-құқықтық материалдық және процессуалдық нормалардан тұрады. Өнеркәсіптік меншіктің қорғауын қамтамасыз ететін шарттарға келесі халықаралық шарттар жатады: Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы 1883 ж., Тауардың шығу тегіне қатысты жалған және қателікке әкелетін мәлімдемелерді кесу бойынша Мадрид келісімі 1891 ж., Олимпиядалық символды қорғау бойынша Найроба шарты 1981 ж., Тауарлық белгілер бойынша заңдар туралы Шарт (ТЛТ) 1994 ж. Бұл конвенциялар нақты көрінетін қорғау функциясын атқарады. Олар мемлекеттермен келісілген заңды қорғаудың қайнар көзі болып табылады. Бірнеше мемлекетте өнеркәсіптік меншіктің қорғауын алуға жеңілдететін шарттар қорғау объектісіне байланысты бөлінеді. Патенттер саласында оларға жатады: Патенттік кооперация туралы Шарт (РСТ) 1970 ж., Микроағзаларды патенттік тәртіп мақсаты үшін депондауды халықаралық тану туралы Будапешт шарты 1977 ж. Тауарлық белгілер саласына, Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі 1891 ж. және Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттама 1989 ж. жатады. Тауарлардың шығу тегінің орындарының түр-түріне қатысты, Тауарлардың шығу тегінің орындарының түр-түрін және олардың халықаралық тіркелуі бойынша Лиссабон келісімі 1958 ж. қолданылады. Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық-құқықтық қорғаудың сұрақтарын Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депондау туралы Гаага келісімі 1925 жылғы реттейді. Аталған топтағы конвенциялар ұлттық қорғау құжаттарын бір немесе бірнеше мемлекетте алуын жеңілдетеді. Осы конвенцияларды пайдаланушылар саны жылдан-жылға өсуде, бұл осы саладағы глобализацияның көрінісі. Үшінші топты халықаралық сыныпталуды және олардың ары қарай жетілдіру тәртібін бекітетін шарттар құрайды. Осы саладағы шарттарға жатады: Халықаралық патенттік сыныпталу туралы Страсбургтік келісім 1971 ж., Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныпталуы туралы Ницц келісімі 1957 ж., Белгілердің бейнелеу элементінің халықаралық сыныпталуын құру бойынша Вена келісімі 1973 ж., Өнеркәсіптік үлгілердің Халықаралық сыныпталуын құру бойынша Локарлық келісім 1968 ж. Осы күшіндегі конвенциялардың ары қарай жетілдірілуі тұрақты жүзеге асуда және ВОИС мүшелерінен белсенділікті талап етеді. Халықаралық байланыстағы дамудың көрсеткіші ретінде жұмыс топтарымен және сарапшылардың тұрақты комитеттерімен әзірленген конвенция жобалары табылады. Олардың саны өте көп, оның барлығын атамаймыз. Сондықтан, біздің пікірімізше аса өзектілерін қарастырған жөн. Патенттік қорғауды тез арада алуды және қолданудың тиімділігін көтеру мақсатында, ВОИС-тың патент сарапшыларының Комитетімен Патенттік заңдар туралы шарт (ПЛТ) жобасы әзірленді. ПЛТ жобасы ұлттық және аймақтық заңдар арасындағы түсінбеушілікті реттеуші ретінде де табылады. 2000 жылдың мамыр-маусым айларының арасында Дипломатиялық конференцияда, ПЛТ-ның патенттік құқықтың процессуалдық нормалары бар, бірінші бөлігі бірнеше мемлекеттермен және аймақтық патенттік ұйымдармен қабылданды. Дипломатиялық конференция шарт мәтінімен келіссе де, ПЛТ-ның өзі әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазақстан Республикасы ПЛТ-ның мемлекеттің экономикасына пайдасы түсетіндігін ұғынғанда ғана ратификациялайды. Келесі ВОИС-тың сарапшылары жұмыс жүргізіп жатқан жобаның бірі авторлық саладағы жоба, ол Берн конвенциясына Хаттама. Осы саладағы практикаға сәйкес ұлттық заңнама мен Берн, Рим конвенцияларының арасында келіспеушіліктер пайда болуда. Сондықтан, осы жағдайды түсініп сарапшылар комитеті Берн конвенциясына хаттаманы әзірлеуге бастады. Бұл жобаны әзірлегенде, авторлық құқықтың азаматтық құқыққа (рим және континенталдық) және жалпы (ағылшын-саксондық) құқыққа негізделген жүйелерінің арасында байланыс орнатуды мақсат тұтқан. Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депондау туралы Гаага келісімін алпыс жыл қолданудың тәжірибесі, оның қатысушыларының аз ынталандыратындығын көрсетті, соның нәтижесінде осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер саны өте аз. Сарапшылар комитеті өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депондаудың санын ұлғайта алады және қатысушы-мемлекеттер санын ұлғайта алады, егер үш топ мәселені шешетін болса: - жүйе пайдаланушыларына және депондау нысанына, депозитормен бажды төлеуге әкелетін және соған қатысты мәселелер; - ұлттық ведомствоның мәселелеріне қатысты мәселелер; - өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың аймақтық жүйелерінің болуы арқасында, олар ұлттық жүйелерді ауыстырып Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер санын азайтады. Қазіргі таңда, Гаага одағының қатысушы-мемлекеттер өкілдерінен тұратын сарапшылар Комитеті өз қызметін жалғастыруда. Олар осы аталған үш мәселені шешуді мақсат қойған және соның нәтижесінде жүйеге жеңілдіктер берудің арқасында конвенцияға қатысушы-мемлекеттер санын ұлғайтпақ. ВОИС-тың сарапшылар комитеті жұмыс істеп жатқан келесі құжат болып Интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу бойынша ВОИС Шартының жобасы табылады. Осындай келісімді қабыладудың себебі ретінде интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекетаралық қатынастарды реттейтін шарттардың түсінігі мен қолдануында туындайтын, даулар табылады. Осы ереженің болмауына байланысты мемлекеттер туындаған дауларды халықаралық принциптерге негізделе отырып шартта тараптар келісілген дауды шешу құралын қолданып келеді. Осы жобаланып жатқан шарттың мақсаты болып интеллектуалдық меншік саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін интеллектуалдық меншікті қорғауға көмек табылады (16,625). Осындай дауларды шешу үшін тиімді тәртіпті белгілеу интеллектуалдық меншікті қорғаудың негізі болады. Интеллектуалдық меншіктің құқықтық реттелуін қарастыра отырып, оның енді интеллектуалдық меншікті қорғаудың әлемдік жүесінің институционалдық бөлігін қарастырған жөн. Қазіргі таңдағы интеллектуалдық меншік саласындағы тұрғылар мен тәртіптердің ұқсастығына байланысты, халықаралық стандарттау және өзара құқықтар мен міндеттерді тану арқылы практикалық тәртіпті жеңілдетуге көшу керек. Осы тұжырым мемлекеттер арасындағы келіссөзге әкелді және соның нәтижесінде көпжақты шарттар (конвенциялар) қабылданды. Әрбір конвенция әрбір салада мемлекеттер одағынан тұрады. Сондықтан, әртүрлі мемлекеттер одағының үлкен саны жиналады, мысалы, Париж одағы, Берн одағы, Мадрид одағы, т.б. Әрбір одақты әкімшілік басқарудың қажеттілігі пайда болады (мүшелік сұрақтары, мүшелік үшін төлеу, отырыстарды ұйымдастыру, құжаттарды толтыру т.б.). Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Париж және Берн конвенцияларының саласында халықаралық хатшылық, қысқаша БИРПИ құрылды. 1967 жылы Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйымды (ВОИС-тың) құрылуын бекітетін Стокгольм конвенциясы қабылданды, кейіннен бұл ұйым БҰҰ арнайы ұйымы ретінде енді. ВОИС қызметі интеллектуалдық меншікке қадірлеушіліктің өсуін және өнеркәсіптік мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті. Осы қызмет негізінен үш бағытта жүзеге асуда: - интеллектуалдық меншіктің әкімшілік сұрақтары бойынша үкіметаралық байланысты қамтамасыз ету; - бағдарламалық қызмет; - тіркеу қызметі. Осы үш бағыт ВОИС-тың БҰҰ арнайы ұйымдарынан айырмашылығын көрсетеді (мысалы, ЮНЕСКО-ға, МОТ-қа, ВОЗ-ға т.б. қарағанда). ВОИС-тың негізгі қызметін бағдарламалық қызмет құрайды. Ол қазіргі таңда, бар конвенциялардың кеңінен қолданылуын, оны қажет болғанда қайта қарауын, жаңа ережелердің қабылдауын және <<даму мақсатында байланыс бойынша қызметтің>> жүзеге асуымен шектеледі. Біздің республика 1993 жылдан бастап ВОИС өткізетін барлық іс-шараларға белсенділікпен қатысуда және халықаралық ұйым тарапын қажетті интеллектуалдық меншік құқығы саласында құқықтық және техникалық көмек алуда. Қазақстан тәуелсіздік алған кездің алғашқы жылдары мемлекет алдында, интеллектуалдық меншік жүйесін қалыптастыру мен қатар, әлемдік жүйе дамуына сәйкес келудің қиын міндеті тұрды. 4. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласында халықаралық деңгейдегі ең негізгі институт және бірқатар ұйымдар бар. Негізгі халықаралық ұйымдар Бүкіләлемдік интелектуалдық меншік ұйымы (БИМҰ) және Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) болып табылады. Аймақтық ұйымдар арасында Еуропалық Одақ маңызды орын алады. Бұл ұйымдар өте маңызды қызмет атқарады. БИМҰ және БСҰ интелектуалдық меншікті корғау саласындағы негізгі халықаралық шарттарды жасау мен қайта құру үшін жауап береді. Олар мұндай шарттарды жасап қана қоймай, кейбір жағдайларда олардың күштеп орындалуын жүзеге асырады. Европалық Одақ тауар таңбалары жөніндегі аймақтық бюро ашып, қазіргі уақытта тауар таңбалары туралы аймақтық заңнама жасаумен шүғылданады. Бүкіләлемдік интелектуалдық меншік ұйымы (БИМҰ). Интеллектуалдык меншікті қорғау саласындағы халықаралық әріптестіктің қажетті бөлігі БИМҰ қызметіне қатысу болып табылады. Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы - интеллектуалдық меншік мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың ежелгісі және ірісі. БИМҰ тамырлары Иоганн Брамс өзінің Үшінші симфониясын, Роберт Луи Стивенсон <<Остров сокровищ>> еңбегін жазғанда, ал Джон мен Эмили Рэблинг Нью-Йоркта Бруклин көпірінің құрылысын аяқтап жатқанда 1883 жылға кетеді. Яғни, бұл ұйымның құрылу тарихы XIX ғ. аяғында <<Өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясы>> мен <<Әдеби және көркем шығармаларды корғау туралы Берн конвенцияларын>> жүзеге асыру үшін құрылған құрылымдарының қосылу кезеңіне жатады. 14 мемлекет қатысатын Париж конвенциясы 1884 жылы күшіне енді. Оның ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің мәжілістерін ұйымдастыру сияқты әкімшілік міндеттерді орындау үшін Халықаралық бюро құрылды. 1886 жылы халықаралық құқық және онымен бірге Берн ковенциясы пайда болды. Берн конвенциясы шеңберінде әкімшілік міндеттерді орындау үшін де Халықаралық бюро құрылды. 1893 жылы бұл екі шағын бюро Интеллектуалдық меншікті қорғау жөніндегі біріккен халықаралық бюро деп аталатын бір халықаралық ұйымға бірікті (бұл ұйым француз тілінде қысқартылған нүсқасымен белгілі БИРПИ). Швейцарияның Берн қаласында орналасқан штаб-квартирасы бар, жеті адамнан тұратын бұл кішігірім ұйым бүгінгі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымының алғашқы бейнесі болды. 1967 жылдың 14 шілдесінде Стокгольмде Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымын қалыптастыратын конвенцияға қол қойылды. Онда ұйымның мақсаттары, қызметтері, құрылымы және ондағы меншік анықталды. 1974 жылдан бастап БИМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. БИМҰ құратын конвенция 4 түрлі органның құрылуын көздейді: Бас Ассамблея, Конференция, Координациялық комитет және БИМҰ Халықаралық, бюросы. БИМҰ құрылымында ұйымның хатшылығы болып табылатын Халықаралық бюромен катар, Патенттік ақпарат жөніндегі тұрақты комитет (ПАТК) пен Патенттік құжаттама орталығы әрекет етеді. ПАТК акпараттық іздеу саласында қызметтестік жөніндегі халықаралық комитеттің мирасқоры ретінде 1977 жылдың қазаң айында құрылды. ПАТК-да 4 жұмыс тобы әрекет етеді: жоспарлау, дамушы елдерге арналған патенттік ақпарат, жалпы акпарат және іздеу ақпараттық бөлімдері. ПАТК БИМҰ қатысушы мемлекеттер арасында патенттік ақпаратқа қатысты мәселелер бойынша қызметтестікті ұйымдастырады. ПАТК келесі бағыттарда жұмыс атқарады: * патенттік ақпарат саласында БИМҰ-ға қатысушы-мемлекеттердің патент ведомстволары қызметін стаңдарттау; * патенттік ақпарат саласында автоматизация; * патенттік құжаттама іздеу қорын ұйымдастыру және сақтау; * өнеркәсіптік меншік саласында статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату. Қазіргі кезде штаб-квартирасы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан БИМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде 16 мамандандырылған мекемелерінің бірі болып саналады. Ол интеллектуалдық меншікті корғаудың әр түрлі аспектілеріне қатысты 23 халықаралық шарттың әкімшілік қызметтерін жүзеге асырады. 182 мемлекет Ұйымның мүше мемлекеттері болып табылады. Бұл бүкіл әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызын құрайды, ұйым қызметінің айрықша маңыздылығы мен мәнділігін көрсетеді. Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ). Бүкіләлемдік сауда ұйымы 1995 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімді жетілдіру туралы көп жақты келіссөздердің нәтижесінде құрылды. Бұл келісім еркін сауда дамуында маңызды орын алады. Бірақ оның ережелері қызметтерді сату туралы және интеллектуалдық меншікті алу туралы мәселелерді қамтымайды. Оған қоса ГАТТ шеңберінде оның ережелерін күштеп орындау институттары мен механизмдер құрылмаған болатын. 1986 жылдан 1994 жылға дейін созылған халықаралық келісімдердің Уругвай раунды БСҰ-ның құрылуы туралы келісім де, өзге келісімдер де кірген Қорытынды актіні қабылдаумен аяқталды. Қорытынды актіге кірген тағы бір келісім - интеллектуалдық меншік құқытарының сауда аспектілері жөніндегі келісім (Trade Related Aspects of Intellectual Property Rights - TRIPS). Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім ТРИПС мемлекеттің интеллектуалдық меншік жөніндегі негізгі халықаралық шарттарды ұстану, сәйкес шарттар бойынша талап етілетіндей оның қорғалуының деңгейін қамтамасыз ету дайындығы және ең бастысы, шарттық міндеттемені күштеп орындаудың тиімді механизмдерін қолдану БСҰ-ға мүшеліктің талаптарын көрсететін ережелері бар. Заң жобасы <<Авторлық кұқық және сабақтас құқықтар туралы>>, <<Қазақстан Республикасында селекциялық жетістіктерді қорғау туралы>>, <<Қазақстан Республикасының Патент Заңы>>, <<Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы және <<Интегралды микротәсімдер топологияларын құқықтық қорғау туралы>> сияқты Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасы Қазақстанның интеллектуалдық меншік объектілерінің кажетті деңгейде қорғалуын және бұл салада ұлттық заңнаманың интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөнівдегі БСҰ Келісіміне сәйкестендірілуін талап ететін Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуге дайындалуына байланысты жасалды. Заң жобасы әрекеттегі заңдардың негізгі қағидаларын сақтай отырып, оларды біздің мемлекетіміз соңғы жылдары жасасқан <<Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызметтерді халықаралық классификациялау туралы>> Ницце келісімі, <<Халықаралық патенттік классификациялау туралы>> Страсбург келісімі т.б. сияқты халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендіреді. <<Қазакстан Республикасындағы селекциялық жетістіктерді қорғау туралы>>, <<Қазақстан Республикасының Патент Заңы>>, <<Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы>> және <<Интегралды микротәсімдер топологияларын құқықтық корғау туралы>> Заңдарына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар әрекеттегі нормалардың бірқатар ережелерін нақтылайды, құқықтық әрекеттің шекараларын анықтап, олардын бір мәнді емес талқылануына жол бермейді. Заң жобасы еліміздің заңнамасының өзгерістерін, сонымен қатар, аталған заңдардың интеллектуалдық меншік объектілеріне қорғау беру тәжірибесінде қолданылуын ескереді және жұмыс істемейтін ережелерді жою мен неғұрлым жаңа реттеу механизмдерін енгізуге бағыггалған. Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымымен Бүкіләлемдік сауда ұйымы арасындағы байланыстар. Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) ГАТТ шеңберіндегі көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының сәтті аяқталуы нәтижесінде 1994 жылдың 15 сәуірінде құрылды. 1995 жылдын 1 қантарында күшіне енген Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісім (ТРИПС) сол кезде жасалған келісім болып табылады. ТРИПС келісімі интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа кезеңді белгіледі, сонымен қатар БИМҰ жұмысы бағдарламасының маңыздылығын арттырды. ТРИПС келісімінің авторлық құқыққа және сабақтас құқықтарға, патенттерге, тауар таңбаларына, өнеркәсіптік үлгілерге және интегралды микротәсімдер топологиясына қатысты ережелері БИМҰ хатшылығы және оның алдында болған ұйымдары 100 жыл бойы қызмет көрсеткен халықаралық шарттар мен конвенцияларды тікелей толықтырады. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымы арасындағы келісім күшіне енді. Келісім ТРИПС келісімін жүзеге асыруда, атап айтқанда, заңдар мен ережелер туралы ескертулер, дамушы мемлекеттер мүддесіне құқықтық-техникалық көмек көрсету және техникалық қызметтестікті жүзеге асыру нысандарында қызметтестікке бағытталған. Еуропалық Одақ. Еуропалық Одаққа ұзақ мерзім бойы интеллектуалдық меншікті корғаудың мықты жүйесі әрекет ететін мемлекеттер кіреді. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен Еуропалық Одақ басқарушы органдары интеллектуалдық меншікті қорғау саясатында мына мақсаттарды алға қояды: - интеллектуалдық меншікті қорғауды күшейту; - интеллектуалдық меншікке құқықтың адал емес бәсекелестікте қолданылуынын алдын алу; - интеллектуалдық меншік туралы заңнаманы үйлестіру; - тауар таңбаларымен айналысатын ұлттық патенттік қызметтер мен құрылымдардын күштерін қайталау деңгейін төмендету. Бұл мақсаттарға жету үшін Еуропалық Одақ бірқатар механизмдер қолданады: * міндетті директиваларды жариялау; * негізгі халықаралық ұйымдар жұмысы мен шарттарын дайындауға қатысу; * еуропалық, Одақка мүше мемлекеттері үшін косылу шарттарын дайындау (кейбір жағдайларда басқа мемлекеттер үшін де ашық); * жеке институттарды, атап айтқанда, Еуропалық патенттік бюро мен Тауар таңбалары жөніндегі Еуропалық бюроны құру. 5. Интеллектуалдық меншікті қорғау жүйесі авторлық-құқықтық, патенттік-құқықтық және аралас тәсілдер болып бөлінеді. Біздің пікірімізше, бұл үш категорияны да екі түрге сыныптауға болады: универсалды және арнайы тәсілдер деп. Бұл жерде, универсалды тәсіл болып интеллектуалдық меншік объектілерін қорғаудың авторлық-құқықтық тәсілі табылады. 1. Авторлық-құқықтық тәсіл. Негізгі бірлік ретінде, авторлық құқықта туынды табылады. Қазақстанның және Ресейдің заңнамасында туныдының түсінігі жоқ, тек Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi деп қана көрсетілген. Қорғаудың авторлық-құқықтық әдісі оның мағынасын емес, туындының нысанын қорғайды дегенді көрсетеді. Заң жағынан оның мағынасы келесіден көрінеді: <<авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды>> (Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның 6-бабының 4-тармағы). Қорғаудың авторлық-құқықтық әдісі туындының нысанына ғана емес, сонымен қатар оның мазмұнына да таратылады. Сонымен бірге, ол айрықша құқықтардың басқа субъектіге беруінен де қорғалуымен сипатталады. Сонымен, біздің пікірімізше, авторлық-құқықтық әдіс нысанмен қатар, онымен байланысты мазмұн элементтерінің барлығын қорғауға көмектеседі. Бірақ, мұндай қорғау объектінің мазмұнынан туындайтын айрықша мүліктік құқықтарды бермейді. Универсалды авторлық-құқықтық әдіс шығармашылық қызметтің кез келген нәтижесіне таратылады, бірақ ҚР АК-нің 961-бабында көзделген - азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына таратылмайды. Бұл түсінікті де, себебі бұл объектілер шығармашылық қызмет нәтижесінде емес, патенттік ведомствомен тіркелгенде ғана пайда болады. 2. Патенттік тәсіл және патенттеу жүйесі. 1992 жылдың 18 маусымында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық патенттік ведомствосы құрылды. Осыдан кейін, біздің республикамыздың аумағында өнеркәсіптік меншік объектілерінің патенттік қорғауы жүзеге асуға бастады. <<Патент>> термині кеңінен қолданылып жүр. Ол латын сөзі < > -ден ашық болу, көрінуге ашық деп аударылады. Алдынғы бетінде мөрі бар құжат <<ашық мадақтама>> деп аталды. Патент әртүрлі заңды және әдеби анықтамалардан тұрады, сондықтан біз оған толық анықтама беріп көрелік: патент деп заңнама нормаларына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен патент иесіне берілетін, белгілі уақыт ішінде белгілі аумақта патенттелген техникалық шешімді өз қалауы бойынша қолдануға айрықша құқықтардың бергендігін куәландыратын қорғау құжаты табылады. Патенттік қорғаудың пайда болуынан, екі ғасыр бойы көптеген әдебиеттерде патенттің экономикалық және құқықтық рөлі туралы көптеген тұжырымдар болды. Мысалы, патент құқықтарды беру туралы акті және шарт болып есептелінді. Кейбір әдебиеттерде патент монополия және интеллектуалдық меншік объектісі ретінде де қаралды. Қазақстан Республикасында патент интеллектуалдық меншік объектілерін қорғаудың ерекше тәсілі, ол заңнамамен толық реттелген және өзінің аспектілерімен сипатталады. Қазақстандық патенттік жүйе тұпнұсқалы, сондықтан оның аспектілерін қарастырған жөн. ҚР Патенттік жүйесіне келесі белгілер тән: - қорғалатын объектілердің шектелген тобы. ҚР Патент заңының бірінші бабынан бастап осындай объектілердің шектелген тобы көрсетілген - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп үлгілері. Оны қысқартылған түрде өнеркәсіптік меншік объектілері деп атайды. Заңның 5-7 баптарында осы объектілер нақтыланады. 1999 жылдың 13 шілдесіндегі <<Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін, патентпен қорғалатын объектілер саны кеңейді. Заңның 3-бабына сәйкес селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады. 2001 жылдың 29 маусымындағы <<Интегралды микротәсімдер топологиясын құқықтық қорғау туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес құқық иесіне <<Топологияны тіркеу туралы куәлік>> деп аталатын қорғау құжаты беріледі; - патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі. Бізбен анықталған патенттеу объектісі техникалық немесе шығармашылық-техникалық шешімді білдіреді, ол авторлық құқық объектілеріне қарағанда қайталанатын болып келеді. Патенттеу тәртібін схемалық түрде келесідей көрсетуге болады: патенттік ведомствоға өтінім беру - өтінімді қабылдау бөлімінде формальды сараптама - өнертабыс және пайдалы модельдер бөлімінде сараптама - қорғау құжатын беру туралы шешім - берілетін патент туралы мәліметтерді басу - патент иеленушіге қорғау құжатын беру. Патенттеу жүйесін таңдау сұрағы біздің республикамызбен тәуелсіздік алғаннан бері шешіліп келген. Барлық белгілі ұлттық жүйелерді екі негіз бойынша сыныптауға болады: патент иелері болуға құқықтары бар субъектілер бойынша және патенттік сараптама тәртібі бойынша. Бірінші негіз бойынша авторлық және арыздық жүйелерді бөлуге болады. Авторлық жүйеде патент иесі ретінде автор не оның мирасқорлары ғана бола алады. Мұндай АҚШ-та қолданылады. Арыздық жүйеде патент иесі ретінде кез келген арыз берген тұлға бола алады - автор оның мирасқорлары немесе өзге де тұлғалар. Көптеген Еуропа мемлекеттері осы жүйені таңдаған. Қазақстан да осы жүйені таңдады. Екінші негіз бойынша патенттеудің келушілік, тексерушілік және аралық жүйелерін бөлуге болады. Келушілік жүйе (Греция, Италия, Швейцария т.б. мемлекеттерде қолданылады) бойнша патент қажетті құжаттар мен талаптар орындалғаннан кейін, оның жаңалығы мен өнертабыс деңгейін анықтамай-ақ беріледі. Бұрыңғы Кеңес Одағында тексерушілік жүйе қолданылған. Кез келген өтінім оның жаңалығына, өнертабыстық деңгейіне және өнеркәсіпте қолданушылығына толығымен тексеріледі. Осы тексерушілік жүйе қазір Ресей Федерациясында қолданылады. Қазақстан Республикасы тексерушілік жүйені енгізе алмағандығының себебі, сараптамалық патенттік қордың болмауынан болды. Сондықтан, патенттеудің жаңа жүйесін құру қажет болды, біз оны аралас деп атадық, яғни екі жүйенің элементтерін біріктіретін жүйе. Таңдалған патенттеу жүйесі тіркеулік-тексерулік болып келеді. Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды. Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек ( ҚР Патент заңының 5-бабы). Берілетін қорғау құжаттарына сәйкес өтінімді сараптаудың тәртібі белгіленген. Олардың саны екеу - формальды сараптама және мәні жағынан сараптама. Өнертабысқа өтiнiмнiң ресми сараптамасын еткiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң берiлген күнi, ұсынылған өтiнiмдi өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ өнертабыстың бiрлiгi тексерiледi. Өтiнiм берiлген өнертабыстың Заңның 6-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүзеге асырылмайды. Алдын ала патент өтiнiм берушiнің тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi. Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi. Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн, алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жағдайында өтiнiм берiлген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей берiлетiн өтiнiм берушiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама техника деңгейiн анықтау үшiн өтiнiм мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат, сондай-ақ өтiнiштi өтiнiм берушi жасаған болса, алдын ала патенттiң қолданылуын күшiнде ұстап тұруға ақы төленгенiн растайтын құжат табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы. Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс Заңда айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс. Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiнші тұлғалар алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн салыстыру арқылы өнертабыстың патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын анықтау үшiн ақпараттық iздестiру өткiзу туралы өтiнiш жасай алады. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады. ҚР Патент заңының 32-бабына сәйкес шағым кеңесi берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Шағым кеңесi туралы ереженi, шағым кеңесiне қарсылықтардың берiлу және қаралу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi. Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында белгiленген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек. Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн; - патент иеленушіге кешенді құқықтардың, оның ішінде объектіні пайдалануға айрықша құқықтардың бекітілуі. Сонымен, патенттеу процесінің финалы ретінде алдын ала патенттің және патенттің берілуі табылады. - қорғаудың уақытша және аумақтық сипаты. Патенттер мен алдын ала патенттердің қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген. Патенттік монополия уақытпен де шектелген. Ол ҚР АК 999-бабында көзделген: алдын ала берiлетiн патент пен патент патенттiк органына (ұйымына) өтiнiм түскен күннен бастап қолданылады және заң актiлерiнде белгiленген талаптар сақталған жағдайда: 1) өнертабысқа алдын ала берiлетiн патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек; 2) өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы; 3) пайдалы модельге патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек; 4) өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала берiлетiн патент - бес жыл бойы; 5) өнеркәсiптiк үлгiге патент - он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патент органына (ұйымына) өтiнiм келiп түскен күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау тек патент берiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі; - айрықша құқықтардың заңды шектелуі мен патент иесіне міндеттердің жүктелуінің қабілеттілігі. Патенттік құқықтардың айрықшалығы және абсолюттігі сипаты түсінікті. Ол ҚР АК-нің 992, 993-баптарында көзделген. Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы патенттiк органына (ұйымына) өтiнiш бере алады. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мұндай шарттың талаптары туралы дауларды сот шешедi. Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды. Патенттік қатынастарда патент иесінің және үшінші тұлғалардың қорғау шешіміне құқықтарының параллельді болуы да мүмкін. Ол ҚР АК-нің 1004-бабында немесе ҚР Патент заңының 13-бабында көзделген. Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды. Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге алдын ала патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс. Патент иесінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде техникалық шешімді пайдалану міндеті табылады. ҚР Патент заңының 11-бабына сәйкес патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi. Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ. 3. Аралас тәсіл. Ол аталған екі тәсілдердің элементтерінен тұратын модификацияланған тәсіл болып табылады. ҚР АК-нің 961-бабында типсіз деп көрсетілген объектілерге қатысты қолданылады. Типсіз сыған қатысты құқықтардың заңды бекітілуінің тәсіліне сипатталады. Біздің пікірімізше, типсіз объектілерді қорғауды жүйелемекпіз. Авторлық тәсілге интегралды микротәсімдер топологиясын қорғау жақын, ал патенттік-құқықтыққа селекциялық жетістіктерді қорғау жақын болады. Әртүрлі мемлекет заңнамасында және әдебиеттерінде типсіз институттардың тізімін әртүрлі анықтайды. Селекциялық жетістіктерге, ашылмаған ақпаратқа және интегралды микротәсімдер топологиясына РФ тағы ғылыми жаңалықтар мен рационализаторлық ұсыныстарды жатқызады. Мәселен, интегралды микротәсімдер топологиясы авторлық құқықтың элементтері сияқты тұпнұсқалы болуға тиіс. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды. Сол сияқты құқықтық қорғау интегралды микротәсімдердің мазмұнды бөлігіне - идеяларға, тәсілдерге, жүйелерге, технологияларға қолданылмайды. ҚР АК-нің 1017-бабында ашылмаған ақпаратты қорғау көзделген. Техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпаратты, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға белгiсiз (ашылмаған ақпарат) өндiрiстiк құпияларды (ноу-хау) заңды түрде иеленетiн тұлғаның, осы ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да болсын шарттылықты орындауға (оны тiркеу, куәлiк алу және т. б.) қарамастан туындайды. Ашылмаған ақпаратты қорғау туралы ережелер, заң актiлерiне сәйкес қызметтiк немесе коммерциялық құпия бола алмайтын мәлiметтерге (заңды тұлғалар туралы мәлiметтер, мүлiкке құқықтар және олармен мәмiлелер туралы мәлiметтер; мемлекеттiк статистикалық есеп беру ретiнде ұсынылуға жататын мәлiметтер және басқалары) қатысты қолданылмайды. Ашылмаған ақпаратты заңсыз негiзде алған немесе таратқан не оны пайдаланушы тұлға осы ақпаратқа заңды түрде иелік етушiге оны заңсыз пайдаланудан келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi. Егер ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланушы тұлға оны таратуға құқығы жоқ тұлғадан алса, ол туралы ақпаратты алушы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал ниеттi алушы), ашылмаған ақпараттың заңды иесi адал ниеттi алушы оны пайдалану заңсыз екенiн бiлгеннен кейiн одан ашылмаған ақпаратты пайдаланудан келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Ашылмаған ақпаратқа заңды иелiк етушi тұлға оны кiм заңсыз пайдаланса, содан оның пайдаланылуын дереу тоқтатуды талап етуге құқылы. Алайда сот ашылмаған ақпаратты адал ниеттi алушының оны пайдалануға жұмсаған қаражатын ескере отырып, оны айрықша тегiн лицензия талаптарымен одан әрi пайдалануға рұқсат беруi мүмкiн. Ашылмаған ақпараттың мазмұнын құрайтын мәлiметтердi өз бетiнше және заңды түрде алған тұлға бұл мәлiметтердi тиiстi ашылмаған ақпарат иесінің құқықтарына қарамастан пайдалануға құқылы және мұндай пайдалану үшiн оның алдында жауап бермейдi. Интеллектуалдық меншік объектілерінің азаматтық-құқықтық сипаты айрықша құқықтарды қорғаудың тәсілдерін анықтады. ҚР АК-нің 9 және 970-баптарында көзделген арнайы қорғау тәсілдері толығымен осы объектілерге қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау АК-тің 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау: - пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою; - жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен; - заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн. Сонымен қатар, арнайы қорғау әдістері басқа да нормативтік актілерде көзделген. Мысалы, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi мөлшерi, ал ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзғаны кезде ең төмен жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi. Дәріс 10: ПАТЕНТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТАУАР ТАҢБАЛАРЫН ҚОРҒАУ 1. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ 2. ПАТЕНТ БЕРІЛЕТІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРІ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАТЕНТ ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕЙТІН ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМА 4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАТЕНТ ҚАТЫНАСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАНДАР Дәріс мақсаты: Патенттік құқықты және тауар белгілерін қорғаудың жүйесін сипаттау. Дәріс міндеттері: 1. Патент құқығының түсінігі мен мазмұнын ашу. 2. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілерін сипаттау. 3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнаманы талдау. 4. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдарды қарастыру. Пайдаланылатынн әдебиеттер: * 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазакстан Республикасының Конституциясы. * 1994 жылғы 27 кыркүйектегі Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). * 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). * 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент Заңы. * 1992 жылғы 24 шілдедегі Казакстан Республикасының Патент Заңы. * Аскаров Е.С. Защита промышленной интеллектуальной собственности в Казахстане. Учебное пособие. Алматы, 2003. * Богуславский М.М. Международная охрана промышленной собственности. М., 1967. * Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан /Отв. ред. Т.Е. Каудыров. Алматы: Жеті жарғы, 2003. * Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999. 1. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын <<нарықтық>> деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті. Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу <<Қазақстан-2030>> стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі. Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық есудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық, базасын кұруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес. Бұл Елбасының кәсіпкерлікті колдау жөніндегі тапсырмалары және <<Қазақстан Республикасының индустриалдық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын>> іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең колайлы жағдайларға кол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудын, кажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі. Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық, және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік кұқықтарын корғау саласы саяси сипатка ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын корғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазакстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият - бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек кана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте. Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе - тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі таңда <<ұлттық, өндірушіні қорғау және қолдау - өндірушінің өз қолымен>> деген ұранды ұстауы - маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады. 1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік корғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазакстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттін берген кұқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардьщ құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды. Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудін негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы <<интеллектуалдық меншікті>> құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне <<ерекше құқық>> бекітілді. Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты корғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда. Қазіргі таңда жоғарыда керсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар. 1. Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандыктан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған. Казақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін корғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа <<интеллектуалдық меншік>>, <<өнеркәсіптік меншік>>, <<патент>>, <<патент иеленуші>>, <<айрыкша құқық>> ұғымдары енді. Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор ез кұқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кенес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу аркылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын. Енді кұқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға койылған. Бұл құқық <<айрыкша құқық>> деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген. Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық корғау принциптері түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті. 1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның кұқықтық реттелуін Қазақстан Республикасынын Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады. Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің көлімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазакстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық корғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді. Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады. Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент <<қорғау құжаты>> түсінігімен бірігеді. Қазақстан бір өнертабысқа екі корғау құжаты - заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады. Бұл екі корғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек. Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінін өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек. Патент - patent -- мына мән-жайларды: 1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін; 2) авторы болып белгілі бір тұлға екендігін; 3) аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе онын еркі бойынша белгілі бір ұйымның колданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде кезделген патент иесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар койылады: <<өнертапқыштық деңгей>>, <<прогрессивтілігі>>, <<колданылуға жарамдылығы>> және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады. Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Патенттің негізгі қызметі жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады. Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі. 2. Өнертабыстар. Өнертабыс түсінігі мен объектілері. Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазакстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген: - жаңалығы; - өнертапқыштық деңгейдің болуы; - өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы. Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. <<Техникалық шешім>> термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралы ретінде, сонымен катар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекші кұралдарын жасау аркылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолдануды мензейтіндіктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс. Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық кажетгілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады. Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады. Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен корғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құқықтық маңызы зор. Құрылғы - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар - мысалы, <<Қар жинаушы машина>>; құрылғылар - <<Магнит өрісі датчигі>>; механизмдер - <<Шарнирорычажный механизм>>. Жетілдірілген инструмент, мысалы, <<Геологиялық балға>>, <<Қозғалмалы пышақ>> немесе қандай болмасын құрал, мысалы, <<Тормозное устройство для железнодорожного вагона>>, <<Гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла>> объект - құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкін. Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады мысалы, <<Әмбебап оку партасы>>. Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады. Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады. Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады: - конструктивтік элементтердің болуы; - элементтер арасында байланыстың болуы; - элементтердің өзара орналасуы; - құрылғының немесе оның элементтерінің орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы; - элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны; - элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы; - құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал; - құрылғының кез келген элементінің қызметін орындайтын аясы; - техникалық шешімнің басқа түрлерімен салыстырғанда құрылғы - өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етеді. Бұл олардың кеңтаралуын анықтайды. Тәсіл - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл - белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы. Материалдық объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдерді былай бөлуге болады: - өнім (бұйымдар, заттар т.б.) өндіруге бағытталған әдістер, мысалы, <<Құрылыс материалын жасау тәсілі>>, <<Ацетилен алу әдісі>>; - белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне бағытталған әдістер (тасымалдау, ретгеу, өңдеу т.б.). Мысалы, <<Жер өндеу тәсілі>>, <<Электромагниттік клапанды басқару әдісі>>; - нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдістер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, <<Аса таза кварцтың шыққан жерін іздеу әдісі>>. Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған әнімге де таралады. Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де беріледі, мысалы, <<Тістер кариесін алдын алу әдісі>>, <<Артериальді гипертония диагностикасының әдісі>>. Өнертабыс объектісі <<Әдіс>> келесі белгілермен сипатталады: - белгілі бір әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығынын болуы: <<...тұзды ерітеді...>>; - осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.) <<...кышқылмен өндегеннен кейін пленканы дистилденген сумен шаяды...>>; - әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура, қысым, куаттылығы, жылдамдығы т.б.). <<...40°С-ға дейін қыздыру кезінде ерітеді...>>; - заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат, реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдер тектері және т.б.). <<...процессті инертті газ атмосферасында жүргізеді...>>; - құрылғыларды (кұралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану. <<...реагенттің электрохимиялық өндеуін ерітілмеген электродтары бар электролизде жүргізеді...>>. Зат өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде заттарға: - жеке химиялық қосындылар, сонымен катар, оларға жоғары молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері (рекомбинантты нуклеидтік кышқылдар, векторлар т.б.). Мысалы, <<гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-ацетил-4-ацетиксипиперидина>>; - композициялар (қүрамдар, коспалар), мысалы, <<псориазды емдеу майы>>, <<фурфуролды гидрирлеу катализаторы>>; - ядролық айналу өнімдері жатады. Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады: * сапалық және сандық құрам; * атомдар арасындағы байланыс және олардын молекуладахимиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы. Бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты, текті жаңа мақсатта қолдану. Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрі болып бұрыннан белгілі болған құрылғы, зат, әдіс, тектің жаңа мақсаттарда қолданылуы табылады. Өнертабыстың бұл объектісі өзге өнертабыстардан қызметінің сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеленеді. Егер құрылғы, әдіс, зат, тек коғамдық қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезі жасалса, онда өнертабыстың бұл обьектісі белгілі обьектінің жаңа мүмкіндіктерін (белгісіз қасиетін) анықтау аркылы пайда болады. Бұл объектінің негізінде белгілі техникалық құралды, бұл өнертабыс пайда болған кезде қолданылған мақсатқа қарағанда, өзге мақсаттарда қолдану. Бұрыннан белгілі болған құрал ол иеленетін қызметке қарағанда, жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттілікті қанағаттандырады. Мысалы, бояу ретінде қолдану үшін арнайы синтезделген белгілі <<А>> заты белгілі бір жағдайда зиянды бактериялар үшін күшті әсер ететін у ретінде колданыла алады. Белгілі затгың жаңа касиетін анықтау нәтижесінде зиянды бактерияларды жою үшін жана құрал ұсынылады. Бұл жерде белгілі бір мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни белгілі бір қолданудан басқа, тәжірибеден алынған табиғи немесе аралық, косындылар немесе өндіріс қалдықтары бар екендігін атап ету қажет. Бұндай касиетті анықтау алдында белгілі болған құрылғы, әдіс, зат, тектін жаңа мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретінде саралауға болады. Өнертабыстың бұл обьектісі заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, себебі, олар қолданылу шарттарына сәйкес көріне алатын қасиеттерді иеленеді, сондыктан әр түрлі мақсаттарда қолданыс таба алады. Аталмыш обьект құрылғыларға аса тән емес, себебі олар белгілі бір қызметті атқару үшін жасалады және олардың анық көрінетін мақсаты бар. Сондықтан құрылғыға қандай да бір өзгеріс енгізбей өзге мақсаттарда қолдану, көбінесе, мүмкін емес. Биотехнология объектілері. Сонғы ондаған жылдар ішінде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсіпті <<биологизациалау>> өрісі байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжірибелік мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды емдеу әдістерінен қоршаған ортаны корғау әдістеріне дейінгі әр түрлі биологиялық обьектілерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келді. Патенттер биология және биотехнологияны <<коммерциялизациялау>> ісінде және биотехнологиялық өнімді сату нарығы үшін қүресте аса маңызды құрал болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды корғау мәселесі әлі де ұлттық, халықаралық деңгейде талкыланып жатыр. Аталған объектілер тірі - тектер, тірі емес - заттар бола алады. Тірі объектілер: - микроорганизмдердің жеке тектері; - өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектері. Тірі емес объектілер: - биотехнологиялық әдіспен алынған қосындылар, антибиотиктер, ферменттер, вакциналар және т.б.; гендік инженерия өнімдері ДНК мен РНК кезектілігі,гендер, плазмидтер, векторлар, белоктар т.б. Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизмдер тектерін, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері, антиботиктерді, нуклеин қышқылдарын пайдаланумен әр түрлі әдістер, вакциналар өндіру әдістері т.б. жатады. <<Тек>> термині белгілі бір қайнар көзден немесе жасанды жолмен алынған (мутация нәтижесінде) және өзіндік физиологиялық-биохимиялық белгілерімен сипатгалатын микроорганизмдердің бір түрлі мәдениетін білдіреді. <<Микроорганизм>> түсінігінің нақты таксономиялық мәні жоқ, яғни қандай да бір таксонға - түрге, жынысқа, семьяға т.б. жатқызылмайды. Ол микроскопиялық өлшемдегі әрбір организм микроорганизмге жататындығын меңзейді. Бірақ, бұл түсінік шартты, себебі дәстүрлі микроскопиялық объектілер арасында макроскопиялық объектілер болатыны белгілі, ал бір тектің өлшемі культизациялау және өзге факторларға байланысты өзгере алады. Патент рәсімі үшін <<тек>> объектісіне микроскопиялық өлшемдегі өмірге қабілетті әр түрлі организмдер - бактериялар, вирустар, қарапайым микроскопиялық омыртқасыз жануарлар және өзге де жеке тектер, микроорганизмдердің консорциумдары, сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлардың культивацияланатын соматикалық клеткалары кіреді. Тәжірибелік (пайдалы) қасиеттері анықталған тек қана құқықтық қорғау объектісі бола алады. Ғылыми көзқарас негізінде белгілі бір касиеттер жиынтығымен сипатталған тек қорғау объектісі болмайды. Өнертабыстың патентке қабілеттігінің талаптары. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейі және өнеркәсіптік қолдануға жарамды болса, құқықтық корғау беріледі. Өнертабыс патент қабілеттігінің бұл талаптары әлемнің кептеген елдерінің патент заңдарында анықталған. Жаңашылдық. Өнертабыстың жаңалығы онын патент қабілеттігінің негізгі және міндетті талабы болып саналады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Техника деңгейі туралы мәліметтерге өнертабыс басымдық мерзіміне дейін әлемде жалпы қол жетерлік болған кез келген мәліметтер кіреді. Жалпыға қол жетерлік мәліметтер ретінде кез келген тұлға таныла алатын мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетілген мәліметтер танылады. Қызметтік, жабық, кұпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды. Өнертабыс жаңалығы бітімгершілік сипатты фактіге ие болып табылады, яғни техника деңгейіне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы кол жетімді болған мәліметтер жатқызылады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес өтінім берушіге жаңашылдық бойынша жеңілдік беріледі. Бұл автордың, өтініш берушінің немесе осы акпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен қатар, Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттің аймағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретінде өнертабысты көрсету өнертабысқа өтінім патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе көрмеге орналасуы күнінен 6 ай кешіктірмей берілген болса, өнертабыс патент қабілеттігін тануға жол бермейтін жағдай деп танылмайды. Мұвдай жеңіддік өтініш бергенге дейін мәні ашылған өнертабысты қорғауға мүмкіндік береді. Өнертапқыштық деңгей. Өнертабыстың патентке қабілеттігінің келесі критерийі болып өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылатын өнертапқыштық деңгей саналады, себебі, оның көмегімен ғылыми және техникалық прогреске қандай да бір зерттеменің үлесі бағалана алады. Жаңа болып табылатын кез келген шешім техника деңгейіне үлес қосады деп есептелінбейтіндігі анық. Техника саласында қандай да бір білімге кол жеткізіп, орта маман жасалу жолы анық жөне шығармашылық негізі жоқ белгілі құралдардың жаңа комбинацияны көрсететін объектіні жасай алады. Сондыктан, әр түрлі елдердің патент заңдарында өнертабысты қарапайым инженерлік зерттемелерден немесе объектілерден айыруға (бұл өнертапқыштық деңгей) мүмкіндік беретін өнертабыстың шығармашылық сипатын анықтайтын критерий қалыптасқан. Германияның Патенттік заңында бұл критерий өнертапкыштық қызмет деп аталады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, егер маман үшін ол техника деңгейі туралы мәліметгерден айқын кездеспейтін болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейі туралы мәліметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейін дүние жүзінде жалпы жұртқа мәлім болған кез келген мәліметтерді қамтиды. <<Өнертапқыштық деңгей>> критерийі <<маман>> түсінігі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Патент заңында <<маман>> түсінігі ашылмайды, бірақ оның мазмұны бірқатар елдердің патент заңдарында берілген. Маман ретінде жұмыс істейтін, оның өтініш берілген өнертабыс саласы жататын саладағы барлық жалпы білімдері белгілі болған тәжірибелі тұлға танылады. Маман объектіні жасау үшін белгілі шешімдерді біріктіре алса, онда ұсыныс өнертапқыштық деңгей талабына жауап бермейді. Шығармашылық бастау болуы жағынан өнертабысты бағалау <<шығармашылық>> түсінігінің субъективті болуынан қиынға соғады. Себебі, өнертабыстың патентке кабілетгігінің аясында туындайтын даулардың көбісі осы критерий бойынша туындайды. Өнеркәсіптік қолдануға жарамдылығы. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсіпте пайдалануға жарамды деп танылады. Өнертабыстың өнеркәсіптік қолданылуын тану үшін келесі талаптардың жүзеге асуы қажет: - өтініш материалдарында өтініш берілген өнертабыс объектілерінің мақсаты керсетілуі тиіс; - өнертабыс формуласында сипатталған түріндегі өнертабыстың жүзеге асырылуы мүмкін болатын құралдар мен әдістер өтініш материалдарында көрсетілуі тиіс (өтініш материалдарында ондай мәліметтер болмаса, өнертабыс басымдық алған күнге дейін дүние жүзіне жалпы жұртқа мәлім болған қайнар көзде көрсетіле алады); - өтініш беруші көрсеткен өнертабыс мақсаты шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін болуы. <<Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылық>> түсінігі кең мағынада қолданылу қажеттілігін атап өту қажет, ол кандай да бір техникалық шешімді пайдаланудың максимальді тиімділігін меңземейді. Аталған критерий міндеті мен мәні өнертапқыштық қызмет салаларының біреуінде қолданылудың кағидалық мүмкіндігін көрсету. Өнеркәсіпте қолдану жарамдылығы талабының негізгі мәні белгілі бір материалдық кұрал түрінде техникалық шешімді жүзеге асыру, сонымен қатар, аталған өнертабыс арқылы өтінім беруші көрсеткен техникалық шешімге жету, жетпеуін анықтау мүмкіндіктерін тексеру болып табылады. Жаңашылдық және өнертапкыштық деңгей критерийлеріне қарағанда, өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы техника деңгейі мен басымдық күнімен тікелей байланысты болмаса да, қатысты. Заттың аса маңызды касиеттерін көрсететін белгілер елеулі болып табылады. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне, атап айтқанда, формуласы бойынша пайдалы модельді құқықтық корғау көлемін анықтау кезінде дара ақпараттын мәндік маңызы бар және оның қажеттілігі пайдалы модельді қолдану кезінде техникалық нәтижеге жету үшін қалған елеулі белгілермен өзара байланыста жеткіліктігі туралы бір мәнді ақпарат беретін белгі елеулі больш табылады. Пайдалы модель елеулі белгілерінің жиынтығы техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, оған құқықтық қорғау беріледі. Өнертабыстар техника деңгейіне қарағанда, пайдалы модель үшін техника деңгейін анықтауда екі ерекшелік бар. Бірінші ерекшелік - техника деңгейі туралы мәліметтер пайдалы модельге басымдық берілген күнге дейін жұртқа мәлім болған, арыз беріліп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар дүние жүзінде жарияланған мәліметтерді және Қазакстан Республикасында жарияланған пайдалы модельдер мен өнертабыстарды қамтиды. Пайдалы модель объектісі <<Аэростат>> болса, онда оны оған ұқсас объектілермен емес, аэростаттармен салыстыру қажет. Екінші ерекшелігі - техника деңгейіне мақсаттас кұралдарды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәліметтер кіреді, яғни пайдалы модель жаңалығы абсолютті емес, өнертабыстарға қарағанда әлемдік қатысты болып табылады. Өнеркәсіптік үлгі. Өнеркәсіптік үлгі түсінігі. Өнеркәсіптік үлгілер түрлері. Қазақстан Республикасының 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа түпнұсқалық және өнеркәсіптік қолдануға болатын көркемдік-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түрінде көркемдік және конструкторлық шешім болуы керек. Бір ғана құралдың қолданылуы бұйымның өнеркәсіптік үлгі болып танылуына жеткіліксіз. Бұйымның функционалдық мазмұны онын, анық көркемдік нысанына сәйкес болуы тиіс, керкем және техникалық (конструкторлық) белгілерінің біртұтастығымен сипатталуы қажет. Сыртқы нысаны ретінде онын пайдаланылуы мен қолданылуы процесінде тұтынушы көретін түрін түсіну керек. Оның сыртқы нысаны ішкі құрылымына және бұйымның функционалдық мақсатына сай болуы тиіс. Патент Заңының әрекеті өнеркәсіптік үлгінің көптеген түрлеріне тарайды. Оларға көлемді, жазық және аралас өнеркәсіптік үлгілер жатады. Көлемді өнеркәсіп үлгі ретінде негізін дамыған өлшемді көлемді-кеңістіктік құрылым құрайтын композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешім. Жазык өнеркәсіптік үлгі екі өлшемді сызыкдық түстеңдірілген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кілем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешімдер. Аралас өнеркәсіптік үлгі аталған екі шешімге тән белгілермен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сыртқы түрін анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешімдер. Өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік талаптары. Өнеркәсіптік үлгі патентке қабілеттігінің белгілі талаптарына немесе критерийлеріне жауап берсе, оған корғау ұсынылады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ондай талаптарға мыналар жаткызылады: жаңашылдық, бірегейлік және өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы. Бұл критерийлер өтініш берілген мерзімге олардың болуын дәлелдеу және бүкіл мерзімге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты таңдалады. Сонымен катар, олар әлем тәжірибесінде таралған өнеркәсіптік үлгілердің патентке қабілетгігі талаптарына сай. Жаңашылдық. Өнеркәсіптік үлгі бұйымның эстетикалық және эргономиялық ерекшеліктерін анықтайтын негізгі белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгі басымдығының күніне дейін дүние жүзінде жалпыға мәлім мәліметтерде белгісіз болса, жаңа деп танылады. Яғни, абсолютті әлемдік жаңашылдыққа ие өнеркәсіптік үлгілер ғана құқықтық, корғалады. Өнеркәсіптік үлгі жаңашылдығын бекіту кезінде жалпыға мәлім мәліметтермен қатар, басқа тұлғалармен берілген ертеректегі басымдықты өтінімдер және тіркелген өнеркәсіптік үлгілер есептеледі. Өтініш берілген көркемдік-конструкторлық шешімнің жаңашылдығы өтінім берілген және оның аналогтарымен танылған белгілі үлгілердің, елеулі белгілерін салыстыру жолымен өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге өтінімнің басымдық мерзіміне бекітіледі. Белгілі үлгілер функционалдық мақсаты мен елеулі белгілері жиынтығының белгілі көркемдік-конструкторлық шешімдермен толық сәйкес келуі өтінім берілген үлгінің жаңашылдық критерийіне сәйкес келмейтіндігін тануға және өтінім берілген үлгіні тіркеуден бас тартуға алып келеді. Өндірістік үлгіні тіркеуге өтініш оның ашылған мерзімінен 6 айдан кешіктірмей берілген болса, өтінім берілген үлгіге қатысты ақпаратты қоғамға ашу өтініш берілген үлгінің жаңашылдығына әсер ететін жағдай ретінде танылмайды. Бірегейлік прототипіне қарағанда өтінім берілген үлгіге енгізілген өзгерістердің шығармашылық сипаты патентке қабілеттігінің маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері бұйымның эстетикалық ерекшеліктерінің шығармашылық сипаты негіз болса, ол бірегей болып танылады. Өтініш берілген үлгіні неғұрлым жақын аналогтан айыратын елеулі белгілерін айқындау жүргізіледі. Бірегейлікті тексеру кезінде өтініш берілетін үлгінің ерекшелендіретін белгілердің шығармашылық өзіндігі бекітіледі. Өнеркәсіптік қолдануға жарамдылығы. Өнеркәсіптік үлгі, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бірнеше рет қайта өндіріле алса, енеркәсіптік қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында шексіз мөлшерде қайта өндірілетін үлгілер патенттік корғау алады. Патенттік қорғау бірегей болып табылатын бұйымдарда қолданылатын шешімдерге таралмайды, себебі олардың эстетикалық құндылығы таралымға тускен кезде жоғалады. Қайта ендіру қабілеті ерекше көркемдік-конструкторлық шешімнің патенттік-құқықтық қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта өндірілмейтін болса, оның патенттік қорғау кабілетгігі жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық, нормалары таралады. Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығын бағалау кезінде таралымға түсу қабілеті ғана емес, өтінімде көрсетілген немесе белгілі құралдар мен материалдар көмегімен өтінім берілген бұйымның жүзеге асырылуы да тексеріледі. Егер бұйымды кең масштабта қайта өндіру мүмкін болмаса, онда ол өнеркәсіптік қолдануға жарамдылық критерийіне сәйкес болып танылмайды. Тауар таңбасы. Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы - бұл осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тіркеусіз корғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететін белгі. Бұл анықтамадан тауар таңбасының басты міндеті - қандай болмасын өндірушінің (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметін басқа өндірушілердің ұқсас бірыңғай тауарлары мен қызметтерінен бөлу, яғни тауар немесе қызметті дараландыру болып табылады. Таңба неғүрлым кернекті болса, соғүрлым оның иесінің оны құқықтық корғау, жарнама және өткізу салаларында сәттілігі үлкен болады. Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингінде маңызды орын алады, ол тауарлар мен қызметті көрнекті қылады. Тауар таңбасы - бұл, әдетте, көру арқылы жақсы қабылданатын, жеңіл есте сақталынатын, өзге тауар белгілерінен ерекшеленетін, металл, материя, қағаз және т.б. сияқты әр түрлі материалдарға жақсы салынатын графикалық көрініс. Тауар таңбасы ретінде сөз немесе сөздер тобы, мысалы <<аспирин>> <<колгейт>>, <<таид>>, <<адидас>>, <<проктер энд гембл>> және т.б. тіркеле алады. Сонымен катар, акустикалық тауар таңбасы - тауар таңбасын көрсетумен берілетін арнайы әуен тіркеле алады. Жана тауар таңбасын енгізу үшін көптеген батыс фирмалары шамамен 30-40 миллион доллар қаражат жұмсайды. Жоғарыда аталған McDonald>>s корпорациясы 5 жыл ішінде ғана жарнамаға 57 миллион доллар жұмсады. Тауар таңбасы нарықтық, қатынастардың барлық қатысушылары үшін маңызды. Тұтынушы үшін тауар таңбасы бірыңғай тауарлар іздеу кезінде бағыт беруші құрал болып табылады. Өндіруші үшін тауар таңбасы - нарықты жаулап алушы құрал болып табылады, себебі тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлі өндірушілердің бірыңғай өнімдерінен дараландырады. Мемлекет мүддесіне келер болсақ, мұнда тауар таңбасының нарыкта тәртіп орнату құралы болып табылатындығын атап өту қажет, себебі ол өндірушіні тануға, тұтынушының, өндірушінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Тауар таңбасына келесідей екі талап койылады: - тауар таңбасы айрықша болуы тиіс; - мораль мен қоғамдық тәртіпке қайшы болмауы тиіс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек. Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшін айрықша болуы тиіс. Мысалы, <<сусын>> сөзінде ерекшелендіретін кабілет жоқ және алкогольды не алкогольсыз сусындар үшін тауар таңбасы бола алмайды, себебі ол тауарлардың бүкіл категориясын анықтайды. Екінші талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты - тұрпайы тауар таңбаларын, сонымен қатар, жалған және тауардын сапасы мен өзге қасиеттеріне және олардың географиялық шығарылған жерлеріне қатысты шатыстырушы тауар таңбаларының тіркелуін алдын алу екендігін атап ету қажет. Тауар таңбасы шығарылған жерді көрсетуі кажет. Мысалы, Казақстандық өндірушілер атынан танымал <<Шампанское>> не <<Коньяк>> (жалған географиялық, атаулар, себебі, Шампань провинциясы мен Коньяк қаласы Францияда орналасқан) тауар таңбасы ретінде тіркеле алмайды. Мысалы, < > (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киімдер, белгілене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды. Тауар таңбасы корғалуы үшін ол тіркелуі қажет. Тәжірибеде көптеген тауар таңбалары, әдетте тауарлар немесе қызметтер бірнеше түрлері үшін тіркеледі. Кейбір өндірушілер олар өндіретін әр түрлі өнімдер үшін бір тауар таңбасын қолданады. Өзгелері бірнеше тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалық, фирмалар да өздерінің әрбір дәрі-дәрменіне қатысты тауар таңбаларын тіркеуге ұмтылады. Тауар таңбаларының түрлері. Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретінде тіркеле алатын белгілер түрлерінің толық тізімі берілген. Оларға әр түрлі өндірушілердің бірыңғай тауарлары мен қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін сөздік, әріптік, сандық, бейнелік, көлемдік және өзге белгілер немесе олардың комбинациясы жатады. Көп жағдайда сөздік тауар таңбалары қолданылады. Оларға тілдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), сонымен қатар, сөз тіркестері (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де тұтас сөз тіркестері немесе лозунг - слогандар (мысалы <<өз шелінен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенің>>) сөздер жатады. Көлемдік тауар таңбалар кеңістікте бейнеленген үш өлшемді объектілер болып табылады. Әдетте, көлемдік тауар таңбалары ретінде тауарлардың ерекше орамалары корғалады (мысалы, иіссулардың флакондары). Аралас тауар таңбаларына бейнелік, сөздік, көлемдік элементтерінің әр түрлі комбинациялары жатады. (мысалы, қанатты барс үстіндегі батыр бейнесі <<Отандық маркасы>> сөздерімен үйлесуі). Жоғарыда аталған тауар таңбалары түрлерінен басқа сенсорлық, (дыбыстық, жарықтық, иістік) және де тауар таңбаларының өзге түрлері бар. Олардың анық және бір мәнді идентификациясы кезінде ғана олар тіркеле алады. Дыбыстық тауар таңбасы - ол фонограмма түрінде бекітілген және нота жазбаларында көрсетілген немесе дыбыс түрівде кәрсетілген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшін теңіз дауысы). Бүкіл әлемде тіркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тіркеулердің мысалдары әлі жоқ. Ұжымдық тауар таңбалары ерекше категорияны құрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану шарттарына сай олар біртұтас сапалық не өзге сипаттамамен тауар өндіретін (не (немесе) жеке кәсіпкерлер ұйымының атына тіркеледі. Мысалы, Қазақстаңда танымал <<Сарыағаш суы>> Ассоциациясының мүшелері өндіретін <<Сарыағаш>> минералды суының сапасын бақылау мақсатында өз өнімін біртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесімен) шығарады және сатады. Ұжымдық тауар таңбасы ретінде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрі тіркеле алады. Тауар таңбалары олар тіркелген ақ-қара түрінде де, түсті түрінде де тіркеледі. 3. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы доминанты нарықтық қатынастарға өтумен және әлемдік қауымдастыққа интеграциямен байланысты экономикалық реформалар болып табылатын жан-жақты реформалаудың тарихи кезеңінен өтуде. Республикамыздың он төрт жылдық егеменді дамуы ішінде реформалар базасы құрылып, дамуда. Бүкіл экономикалық қатынастар спектрін реттеудің құқықтық іргетасы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі танылады. Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық меншік, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың субъективті құқықтары мен міндеттері саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгерді. Бұдан 1999 жылдың 16 шілдесінде патент құқығы субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегінде аталған құқықтық қатынастарды алғашқы реттеу бойынша міндетін аткарған 1992 жылдын 24 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасы Патент Заңының орнына келді. Қазакстан Республикасында патент қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бірінші тобын ҚР Конституциясы құрайды. Конституцияның 20-бабы шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді. Бұл норма интеллектуалдык меншік туралы заңнама дамуының құқықтық негізін құрайды. Өкінішке орай, ҚР Конституциясында <<интеллектуалдық меншік>> термині көрініс таппаған. Мысалы, 1993 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған Ресей Федерациясы Конституциясының әдеби, көркем, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлеріне арналған 44-бабында <<интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады>> деген ережесі бар. Құқықтық жүйенің өзге бөліктерінің құқықтық саясаты мен дамуы үшін негізгі заңның фундаменталдық маңыздылығын ескере отырып, ҚР Конституциясы 20-бабының 1-тармағын <<интеллектуалдық меншік заңмен кепілдендіріледі>> деген сөздермен толықтыру қажет. Патент құқығының объектілеріне қатысты құқықтық қатынастарды Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі де (49, 52 тарауларды караңыз) реттейді. Аталған саладағы заңнама жүйесінің негізі болатын ҚР АК 1999 жылдың 1 шілдесінде оның Ерекше бөлімі күшке енген кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК (Интеллектуалдық меншік құқығы>> деген 5-бөлімі интеллектуалдық меншік құқығының жеке объектілерін құқықтық корғау режимін реттейтін комплексті заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің болуы мен дамуы үшін құқықтық іргетасы болып табылады. Бұл бөлім интеллектуалдық меншік құқығының жалпы сұрақтарын реттейтін 78 баптан тұрады. Бұл уақытқа таман 1992 жылдан күшіне енген Патент Заңы мен Тауар таңбалары туралы Заң қайта қаралып, олардың жаңа баспалары 1999 жылдың шілдесімен белгіленеді. Яғни, АК-нің Ерекше бөлімінің 5-бөлімі кешірек жасалды, сондықтан ол қазіргі уақыт бойынша әрекеті ұзақ патент заңнамасы мен комплексті заңдар түрінде тауар таңбалары жөніндегі заңнаманың жалпылануы, ал жалпы айтқанда - интеллектуалдық меншікті құқықтық корғаудың мүлтіксіз жүйесін жасау бойынша жұмыстың жалғасы болып табылады. ҚР АК-нің қарастырылып отырған бөлімі еліміздің арнайы заңнамасының дамуының іргетасы болып табылатын интеллектуалдың меншік объектілері бойынша қағидалы, жалпы ережелерді бекітуге бағытталған. Бұл бөлімнің баптарында интеллектуалдық меншікті құқықтық реттеу саласындағы әлемдік жетістіктер бекітілген, еліміз қатысып отырған маңызды әлемдік конвенциялар, сонымен катар, болашақта қатысатын келісімдер талаптары ескерілген. ҚР АКнің 5-бөлімі өз мазмұнымен ерекше және ТМД елдері Үлгілік Азаматтық кодексінің сәйкес бөлімдерінен қағидалық бағыттарымен ерекшеленеді. Атап айтканда, интеллектуалдық меншік иесінін айрықша құқығын, қызметтік шығармашылық режимдері мен өзгеде ерекшеліктерін көрсетуге болады. Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 1 шілдесінде қабылданды. Аталған заң өнертабыстар, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді жасау, қорғау және пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейді. Олардың жалпы атауы үшін <<өнеркәсіп меншігі>> термині қолданылады. ҚР-ның жаңа Патент Заңын қабылдау Қазақстандық заңнаманы КР-ның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін талап ететін Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісімі (ТРИПС) талаптарына сәйкестендіру қажеттілігімен негізделеді. Қазақстан Республикасының Патент заңын сегіз тарау құрайды: (<<Жалпы ережелер>>; <<Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттігінің талаптары>>; <<Авторлар мен патент иеленушілер>>; <<Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға ерекше құқық>>; <<Қорғау құжатын алу тәртібі>>; <<Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және қалпына келтіру>>; <<Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын корғау>>; <<Қорытынды ережелер>>). Қазақстан Республикасы Патент Заңының құрылысы жоғары деп бағалауға болады, себебі бұл актідегі нормативтік материал патенттік кұқықтық қатынастардың даму кезектерімен және цивилистика жетістіктерін есепке алу арқылы анықталған. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 1-бабында Заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Аталған объектілердің бір түсінікке жиналуы олардын ұқсастығымен негізделеді. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негізінде өнеркәсіптік меншік объектілері әрқайсысының патентке қабілеттілігі талаптары жеке нормаларда ашылған (ҚР Патент Заңының 68 баптары). 1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейін бұл заң патенттік құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады. Жаңа Патент Заңымен бірге патент саласын құқықтық реттеуге өзгерістер енгізілді: - қызметтік өнертабыстар құқықтық режимі біршама өзгертілді, - патенттік құқық объектілеріне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті; - қорғау құжатын алуға өтінімнің тапсырылған күні мен берілген күні айкындалған және бөлінген; - авторлар мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар катаңдалған; - мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу мерзімі қысқартылды; - соңынан пайдалану құқығы енгізілді. 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді норматавтік құқықтық акт болып табылады, себебі оны халықаралық-құқықтық (37 бапты қараңыз), азаматтық-құқықтық (11-15 баптарды караңыз), азаматтық іс жүргізушілік (33 бапты караңыз), әкімшілік (25-29 баптарды караңыз), еңбек (8-баптың 2-тармағын караңыз) сияқты әр түрлі саладағы қатынастар құрал ретінде қолданылады. Аталған актіде патент құқығы объектілеріне әлемдік патенттік-құқықтық тәжірибе шеңберінде таралған талаптар (патентке кабілеттілік талаптары), сонымен катар, берілетін құқық көлеміне қарай лицензиялық шарттардың көп түрі және корғау құжатын басқа тұлғаға беру мүмкіндігі карастырылған (14бапты караңыз). 4. Барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын аса маңызды мекеме мамандырылған мемлекеттік ұйым болып табылады. Казақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан ұлттық патент ведомствосы (Казпатент) құрылды. Егемен Казақстанның қалыптасуының бүкіл кезеңінде Республиканың басқару аппараты бірқатар құрылымдық қайта кұруларды бастан кешірді. Басқару органдары бір-біріне косылып, бір орталықтан басқарыла бастады. Казақстан экономикасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын органдардың бірі саналатын Казпатентте бұдан сырт калған жоқ. Ол бұрынғы өнеркәсіп және сауда, экономика және сауда, энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрылымына агенттік болып енді, кейін патент және тауар таңбалары жөніндегі жарияреспубликалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды. 2000 жылғы қыркүйекте ол ҚР Әділет министрлігі құрамына енгізілді. 2001 жылғы наурыздан бастап КР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі комитеті, сондай-ақ оған бағынатын Казақстан патенттік сараптама институты (КИПЭ) құрылды. Сөйтіп, казір де бұл комитет Қазақстанның ұлттық патент ведомствосы болып табылады, ал оның сараптама жұмысын КИПЭ атқарады. Біздің елімізде интеллектуалдық меншікті құқықтық корғау саласында арнайы құзыретті бас мемлекеттік орган, өзгеше айтқанда, Қазақстанның патенттік ведомствосы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет болып табылады. Ол 2001 жылдың 29 наурызындағы ҚР Президентінің <<ҚР құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралың № 536 бұйрығына сәйкес қабылданған ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29 наурызындағы № 411 <<ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет сұрақтары>> қаулысымен құрылды. Бұл нормативтік актілер интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекеттік басқару құрылысын тамырымен өзгертті. Бұрын әрекет еткен құзыретгі органдар мен ұйымдар - патенттік ведомство қызметін атқарған ҚР Әділет министрлігінің патент және тауар таңбалары жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен бұрынғы ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқықтары жөніндегі ведомство орнына біртұтас жаңа интеллектуалдық меншік жөніндегі комитет келді. Аталған комитетпен қатар, бұл саладағы құқықтық қатынастардың жаңа субъектісі пайда болды. Бұл жоғарыда аталған ҚР Үкіметінің №411 қаулысымен құрылған бұрынғы қазақстандық патенттік сараптама институты. Бұл ұйымға мына қызметтер жүктелген болатын: - өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары) өтінімдер кабылдау, осы өтінімдерге сараптама жүргізу және өтінім берілген өнеркәсіп меншігі объектілерінің қорғау қабілеттігі шарттарына сәйкестігін анықтау; - селекциялық жетістіктерге өтініштерді және интегралды микротәсімдер топологияларын тіркеуге өтінімдерді қабылдау, осы өтінімдерді бекітілген талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізу; - тіркелген өнеркәсіп меншік объектілерін, селекциялық жетістіктер мен интегралды микротәсімдер топологиялары реестрін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу; - қорғау құжаттарына сараптама және өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерін және интегралды микротәсімдер топологияларын қорғау мәселелері бойынша ресми бюллетеньдерді жариялау; - Патенттік кооперация туралы Шарт пен Еуразиялық патент конвенциясы мен Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне сәйкес қызметтерді жүзеге асырумен байланысты халықаралық өтінімдерге сараптама жүргізу. КР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 756 <<Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің интеллектуалдық меншік институтының Республикалық мемлекеттік казыналық кәсіпорнын кұру>> туралы каулысымен бұрынғы КИПЭ функциялары қысқартылған атауы <<РГКП НИИС>> жаңа институтый жүктелді. Яғни, сараптама органдарына РГКП НИИС-ті, ал ғылыми-ақпараттық органдарға - Қазақстандық мемлекеттік ғылыми-техникалық институтты (КазгосИНТИ), Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананы жатқызуға болады. Патенттік кітапхана патент жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады, себебі өнертапқыштар мен өзге субъектілердің шығармашылық қызметі ақпараттық ресурстарсыз мүмкін емес. Патенттік сараптама жүргізу үшін де адамзаттың өнеркәсіптік меншік объектілерінің бәріне қатысты білім саласындағы жетістіктерін есепке алу қажет. Мемлекетте патенттік кітапхананың болуы Париж конвенциясына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. <<Одақтың әрбір мемлекеті өнеркәсіптік меншік істері жөніндегі арнайы қызмет пен қоғамның өнертабысқа патенттермен, пайдалы модельдермен, өнеркәсіптік үлгілермен және тауар таңбаларымен танысу үшін орталық, койма қүруы тиіс>>. Біздің елімізде патенттік кітапхана қызметін көпсалалық кітапхана, техникалық және онымен сабақтас ғылымдар саласында мамандырылған әдістемелік-библиографиялық, орталығы болып табылатын Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана (РҒТК) табылады. РҒТК құрамында 1965 жылдан патенттердің <<орталық коймасы>> қызметін тікелей атқарған Республикалық патенттік кор (РПҚ) әрекет ететін. Қазіргі уақытта РПҚ-да әлемнің 50 мемлекетінен және үш халықаралық аймақтық патент ұйымдарынан 21 миллион данадан астам құжат жиналған. Авторлық құқық сияқты патент құқығы мәні бойынша адамның интеллектуалдық шығармашылық қызметі нәтижесін корғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бірақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам шығармашылығының тек ғылыми-техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызмет өнімдері ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолданудың қолданбалы аспектілеріне қатысты болғанда ғана, патенттік-құқық объектісі бола алады. Интеллектуалдық меншік объектілері арасында өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер сияқты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері маңызды орын алады. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атауьшен бірге олар <<өнеркәсіптік меншік объектілері>> жалпы атауымен қамтылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағына да таралатын 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті корғау жөніндегі Париж конвенциясының 1бабымен бекітілді. Патенттік қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі реттелгенімен ерекшеленеді. Авторлық құқықпен салыстырғанда, объектіні тіркеу мен өнертабыс жасалғаннан кейін алғашқы патент құқықтарын бекіту нысандалуымен ерекешеленеді. Себебі, бірегей болып табылатын әдебиет немесе өнер туындыларына қарағанда, өнертабыс қайталануы мүмкін. Бұл өнеркәсіптік үлгілер үшін маңызды болғанымен, патенттеу объектілері нысанымен емес, үлкен коммерциялық құндылықка ие мазмұнымен бағалы. Патенттік қатынастардың үлкен коммерциялизациясына өзге тұлғаға толық немесе бөлшектеп берілуі мүмкін патент иеленушінің құқықтары көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Патент Заңы Қазакстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуіне және ұлттық, заңнамада Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім <<ТРИПС>> талаптарының көрініс табу қажеттілігіне, сондай-ақ Азаматтық кодекстің жалпы және ерекше белімдерін қабылдаумен байланысты қабылданды. Онын мәтіні Азаматтық кодекс және басқа казіргі заңнама терминдерімен сәйкестендірілді, алайда патент жүйесінің әретет ету қағидалары өзгермеді. Патенттік құқықтық қатынастар күрделілігімен ерекшеленеді, құқықтық нормаларды дұрыс қолдану және патенттеуді жеңілдету мақсатында патенттік ведомство нұсқаулық әдістемелік ақпараттар жариялайды. 1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді, олар: * 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы; * 1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; * 1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы; * 1970жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісім-шарт. 1995 жылдың 5 қарашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Мәскеуде қол койылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде. Дәріс 11: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫМДАР 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ 3. ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСАТЫ Дәріс мақсаты: ХДЕҚ сипаттау. Дәріс міндеттері: 1. Халықаралық жария құқықтағы еңбек қатынастарындағы коллизиялық байланымдарды сипаттау. 2. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығының арақатынасын талдау. 3. Шетелдік жұмыс күшін тартудағы мемлекеттің саясатын ашу. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Сапиев Б. Вопросы миграции трудовых ресурсов в Казахстане // Труд в Казахстане. 2004. № 12. * Чукмантова Л.Д. Коллизионные нормы в трудовых отношениях в международном частном праве. Актуальные проблемы современного гражданского права. Алматы, 2002. 2 том. * Сарсембаев М.А. Международное частное право. Алматы: Данекер, 1998. * Международное трудовое право. Алматы: Данекер, 2000. * Жарасбаева Г.М. К вопросу о миграции населения //Фемида № 2. 2003. * Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы: Атамұра, 2003. * <<Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы>> Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшібар Жарлығы (19.06.95). * Раисов У. Регулирование международной миграции рабочей силы в условиях глобального рынка труда // Саясат. 2003. №11. * Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудін шарттары мен тәртібі туралы Үкімет № 862 каулысы 19.06.01 (17.02.04 өзгерістер). * Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қодексі (30.01.01). * Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудің тәртібі туралы № 862 каулы (25.06.95). * Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік еңбек және кәсіптік қызметін жүзеге асыруының тәртібі туралы Үкімет № 862 қаулысы (25.06.99). * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы: Жеті-жарғы, 2006. 1. Қазакстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономикада елеулі өзгерістер орын алды. КСРО-ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды. Халықаралық жария құқықтағы шетел элементімен күрделенген еңбек қатынастарын кұқықтық реттеу Казакстан үшін өте маңызды, себебі, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына шетел азаматтарын жұмысқа тарту кеңінен таралды және Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен инвестицияланған Қазақстан кәсіпорындарындағы жаңа қатынаска түсті. Кеңес Одағының еңбек құқығында шетел азаматтарының еңбегін реттеу қарастырылмады, сондықтан Қазақстанның еңбек заңнамасы әлі күнге дейін бұл мәселені толығымен қамтымайды. Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің заңдары бәсекелестікке түседі. Сол кезде, қай мемлекеттің заңын қолдануы керек екендігін таңдаймыз. Бүгінгі таңдағы доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану аркылы шешеді. Коллизиялық норманы қолданғанда даулы мәселе толық мәнінде шешілмейді, коллизиялық норма тек колайлы мемлекеттің ұлттық заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды. Еңбек құқығындағы коллизиялық, мәселені шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеде келесі байланымдар қолданылады: * Құқықты таңдау еркіндігі (Lex voluntatis). * Жұмыс орнының заңы (Lex loci laboris). * Жұмыс берушінің орналасқан жерінің заңы. * Ту елінің заңы (Lex flagi). * Жұмыс берушінің азаматтығы (Lex patrie). * Жалдау мәмілесін жасап отырған елдің заңы (Lex loci contractus). * Тараптардың болжаулы еркі немесе ниеті. * Қай заң бұл құқықтық қатынаспен неғұрлым жақын байланыста (proper law of the contract). Сонымен, жоғарыда аталып кеткен коллизиялық байланымдарды анықтайық. Lex voluntatis байланымы көптеген мемлекеттерде қолданылады, демек, басым заңды таңдау құқығы еңбек шартының тараптарына берілген. Халықаралық жария құқықта бұл қағиданың мәні ретінде, мемлекеттердің ішкі заңнамаларына немесе халықаралық келісімдердің қатысушыларына өз келісімдері бойынша қатынастарды реттеу үшін бір мемлекеттің заңы қолданылады. Кейбір мемлекеттердің заңнамалары мен сот тәжірибесі Lex voluntatis-ті қолдануға жасырын түрде шектеулер қояды. Алайда, көптеген мемлекеттердің енбек қатынастарында бұл қағиданы қолдануға ешбір шектеулер жасалмайды. Мысалға Ұлыбритания, Германия, Канада, Австрия, Италия, Чехословакия мемлекеттерін келтіруге болады. АҚШ пен Польша мемлекеттері Lex voluntatis-ті таңдалған заң мен еңбек қатынастарынын арасында дара байланыс болған жағдайда қолдануға рұқсат береді. Испания, Албания, Австрия мемлекеттері таңдалған құқықтың нақты көрініс табуын талап етеді. Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия мемлекеттерінде таңдау еріктілігі жоқ болған жағдайда қолданылатын заңның императивтік нормаларында көрсетілген қорғаудан жұмысшыны айырса, таңдалған заң қолданылмайды. Ендеше, келесі мәселеге көңіл бөлейік: Lex voluntatis қағидасы орын алғанда тараптар кез келген мемлекеттің заңын таңдай алады ма, әлде белгілі шектеулер бар ма? Бүгінгі уақытқа дейін әлемдік тәжірибеде тараптарға жат құқықтық жүйені таңдау жағдайы орын алмады. Көбінесе, жұмыс орны елінің заңы, кәсіпорынның орналасқан елінің заңы немесе жұмысшының заңдары қолданылады. Герман заңының 27-бабында <<тараптарға мәміленің толығымен немесе оның бір бөлігіне қатысты заңды таңдау еріктілігіне рұқсат берілген>>. Біздің пікірімізше, бұл шешімді әр тарап өзінің мүддесін көздеп, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдануы мүмкін. Бұл тек жария болған халықаралық құқықта қолданылуы керек, себебі, тараптар экономикалық жағынан теңдей жағдайға ие. Ал халықаралық жария құқықта Lex voluntatis-ті асыра пайдалануы мүмкін. Кейбір мемлекеттерде Lex voluntatis емес, Lex loci laboris қолданылады. Венгрия, Испанияның заң актілерінде Lex loci laboris - жұмысшыны әдетте, жұмыс орындайтын елінің заңы деп талқыланса, Швейцарияда жұмысшыны еңбек міндеттемелерін орындайтын елдің заңы көрсетіледі. Егер кәсіпорын бір мемлекетте, ал басқару органы екінші мемлекетте орналасса, жұмыс орнының заңы болып, кәсіпорынның орналасқан жері саналады. Австрия, Испания, Швейцария, Нидерланд, Бразилия Lex loci laboris-ті негізгі коллизиялық байланым ретінде алған. Венгрия 1979 жылғы заңында <<Егер заңнамамен (шартпен) өзгеше көзделмесе, жұмыс қай мемлекетте орындалса, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Осы кағида 1980 жылғы Шарттық міндеттемелерге қолданылатын>> делінген құқық туралы Еуропа конвенциясында көрініс тапты. Жұмысшы бірнеше мемлекеттерде өзінің жұмысын жүзеге асырса және оның әдеттегі жұмыс орнын анықтау мүмкін болмаса, онда жұмысшының әдеттегі тұрғылықты жері немесе өз қызметін көбінесе жүзеге асыратын жердің заңы қолданылады (Австрияның заңы). Көптеген авторлардын пікірінше Lex loci laboris қолданылған кезде жұмысшының құқықтарымен мүдделері ескерілмейді немесе шектелуі де мүмкін. Жұмысшы жұмыс берушіге қарағанда экономикалық жағынан әлсіз, оған төтеп бере алмайды, Lex loci laboris-тің бір кемшілігі: жұмыс берушінің жағдайы едәуір ауқымды қорғалған; жұмыс беруші өз басқарушылық саясатын тұрақты жүргізеді; жұмыс беруші бұл байланымды көбінесе асыра пайдаланады. Қорыта келгенде, жұмыс орны мемлекетінің заңын қолданғанда, жұмысшының жағдайын корғау мәселесі көзделуі тиіс. Ту елінің заңы (Lex flagi). Еңбек келісіміне сәйкес, су немесе әуе көлігінде өз қызметін орындаған жұмысшының еңбек қатынастары көлік құралы тіркелген мемлекеттің заңымен реттеледі. Мысалы: РФ КТМ - 57б. Кеме экипажының мүшелерін жұмысқа қабылдау (соның ішінде шетелдіктерді), олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек жағдайы мен ақы төлеу, жұмыстан шығару тәртібі мен негізі Ресей Федерациясының заңнамасымен реттеледі. Румын заңының 140-бабыңда егер өзгеше тараптар өзге заңды таңдамаса, теңіз немесе өзен кемесінің ту заңы немесе әуе кемесі тіркелген елінің заңы кеме экипажының жалдау шартын реттейді. Келесі коллизиялық байланымдар: ту заңы теңіз көлігінде (Италия, Франция, Венгрия), кеменің тіркелген елдің заңы әуе және су көліктерінде (Албания), тасымалдаушының заңы - теміржол мен автомобиль көліктеріне (Венгрия) қатысты қолданылады. Кейбір мемлекеттерде өзге баламалы байланыс - бірлескен тұрғылықты орнын қолдану теңденциясы байқалуда. Бөлек жағдайларда теңізшімен, шетел компаниясымен жасасқан мөмілені шетелге барған іс-сапар аналогы деп қарастырады. Жұмыс берушінің жеке заңы - жеке немесе заңды тұлғаның (Lex personalis, lex societatis). Егер венгрлік жұмыс берушінің жұмысшылары ұзақ немесе қысқа мерзімді іс-сапармен шетелде жұмыс істесе, онда құқықтық қатынасқа венгр заңы қолданылады. Жоғарыдағы қағида, егер жұмыс орнын нақты анықтау мүмкін болмағанда немесе жұмыс екі немесе одан да көп мемлекеттерде жүзеге асырылса ғана қолданылады. Белгілі бір мемлекеттің ұйымы өз жұмыс көріп шетелге уақытша жұмысқа жіберсе, онда ұйым орналасқан жердін заңы (Lex loci delegations) қолданылады. Жалдау шартын жасасқан мемлекеттің заңы (Lex loci contractus). Мысалы, АҚШ пен Англия заңнамаларына сәйкес, еңбек қатынастарын реттейтін шарт осы мемлекеттерде жасалса, жергілікті құқық қолданылады делінген. Ресей ғалымдарының пікірінше, еңбек құқығында эксаумақты қолдану 2 жағдайда рұқсат етіледі: а) арнайы келісімді жасау арқылы б) егер коллизиялық нормалар тікелей шетел заңдарына сілтеме жасаса, онда барлық жағдайларда шетел заңнамасы қолданылады. Егер олар мемлекетгің жария тәртібіне қайшы келсе, кез келген мемлекет өз аумағында шетел заңдарын қолдануға тыйым салуға құқылы. Кейбір мемлекеттер өздерінің еңбек заңнамаларының эксаумақтық әрекет етуін кеңейтуге ұмтылады. Мысалы, АҚШ-тың еңбек жағдайларының әділеттілігі, мүгедектер туралы заңдары. Бұл заңдар тек АҚШ аумағында ғана әрекет етпейді, сонымен қатар шетелде тұратын американдықтар мен америка компанияларына таралады. Lex loci laboris кейде әмбебап бола алмайды. Сондықтан Чехияның халықаралық жария құқығында Lex loci laboris пен қатар косымша коллизиялық байланымды жұмыс берушінің кәсіпкерлік қызмет жерінің заңы. Контрактімен неғұрлым жақын елдің заңы көптеген даулы жағдайлар тараптар өз құқықтық қатынастарын реттейтін құқықты таңдау кезінде келісімге келмеуі нәтижесінде пайда болады. Бұл байланым факторлардың жиынтығы немесе бір басымдылыққа ие факторларды карастырады. Мысалы, кәсіпорынның орналасқан жері, компанияның басшылығы, шарт тараптарының жалпы азаматтығы, жұмысшының өндірістік нұсқаулықтарды алатын қайнар көзі, жалақы төлеу қайнар көзі мен валюта енбек шартының типі т.б. <<тығыз байланысы осы мемлекеттің еңбек шартын жасасқан жері немесе еңбек қызметін орындап жатқан жер екенін дәлелдейді. Шартта кұқықты таңдау жөнінде тараптардың еріктілігі болмаса, онда судья белгілі бір байланыстырушы факторды негізге ала отырып өз таңдауын жасайды. Бұл коллизиялық байланымды англо-американдық құқықтың тәжірибесі мен доктринасы қалыптастырды. Кейбір ғалымдар осы байланым арқылы құқықты қолдану мәселесі шешіледі деген пікірді ұстанса, ал басқалары оны өз мүддесіне қорғау үшін қолданады деген пікірде. А. Лунцтың пікірінше, англо-американдық соттар бұл байланымға сүйенгенде өз елінін құқығын қолданудағы субъективизмді көрсетеді. Мысалы, Европалық құқықта Іех уоіипіаіікті жұмыс беруші асыра пайдаланатын және Lex loci laboris-ті кемшіліктерін ескере отырып жұмысшыны максимум корғауға бағытталған байланыстарды қолдануға ұмтылады. Еуропада Lex voluntatis тек жұмысшыны корғауға бағытталған. Еуропалық конвенцияның 6-бабы 2-тарауында қолданылатын құқық таңдалмаса, а) контракт жұмысшының шартқа сәйкес әдеттегі қызметті орындайтын жерінің заңы; б) егер жұмысшы бірде-бір мемлекетте қызметті орындамаса, онда жалдаушы мемлекеттің кәсіпорынның орналасқан елінің заңы қолданылады. Егер контракт мазмұнынан контракт өзге мемлекетпен неғұрлым тығыз байланыста екені анықталса, бұл жағдайда ол өзге мемлекеттің заңымен реттеледі. Сөйтіп, конвенцияны дайындаушылар Lex loci laboris-ті қолдайды, бірақ ол жалғыз байланым болуын қаламайды. Себебі өзге мемлекет контрактпен неғұрлым жақын байланыста болуы мүмкін. Lex loci laboris бұл ереже екендігіне күмән жоқ, бірақ неғұрлым жақын байланыс осы ереженің ескертпесі ретінде қолдануда. Мысалы, осы ескертпе Германияның Еңбек даулары жөніндегі Федералды сотпен қолданылды. Американдық авиакомпания Германияда тұрақты тұратын бірақ шығу тегі американдық ұшқыштарды Германияға жұмысқа алады, кейін дау қай елдің заңы қолдануға келетіндігі жөнінде туындайды. Еңбек даулары жөніндегі Герман соты істің барлық мән-жайларын ескеріп, жұмысқа жалдау контракті Нью-Йорк штатымен (бас авиакомпанияның орналасқан жері) неғұрлым жақын байланыста екендігін шешті. Егер тараптар § 6.2 жазылған құқықтан өзге құқықты таңдаса, бұл таңдау заңды болады, бірақ ол қолданылмайды. Егер § 6.2 қолданылатын императивтік заңдарда көрсетілген жұмысшыны берілген қорғау кұқығын айыратын болса. Неғұрлым жақын құқықты қолдану кағидасының негізгі мақсаты: * Lex voluntatis-ті асыра пайдаланушылыққа жол бермеу; * контракті таныс емес құқыққа бағындырудан сақтау. Бұл теория екі құқық жүйесін қолдануды қарастырады, яғни жұмысшы өз мүддесіне сәйкес келетін нормалардың қолдануын талап етуге кұқылы. Кейіннен бұл қағида Еуропалық мемлекеттердің заңнамасына тікелей енгізілді. Мысалы: Estatuo de los Trabajadores 1.4. Шетелдегі испан компанияларына жұмысқа жалданатын испан жұмысшылары испан құқығымен берілетін барлық басымдылықтар мен артықшылықтарды талап етуге құқылы. Субъективтік теория - болжаулы ниет, ерік теориясы. Мәміледе көрсетілген мән-жайлардың жиынтығы қолданылатын құқықты нақтылайды. Тараптардың дауды қарауға таңдаған сот қай елдің құқығы бойынша шешуді тікелей анықтайды. Жұмысшының еңбек құқығы, әрекет кабілеттігінің жеке заңы бойынша анықталады. Әлбетте, тұлғаның әрекет қабілеттілігі Лизарди ісінде сияқты мәміле жасалған жердің заңының пайдасына шешілуі мүмкін. Мысалы, Англия мен АҚШ заңнамасында шетел азаматы өз заңы бойынша әрекетке кабілеттігі жоқ болса да, ол шарт жасасқан жердің заңы бойынша әрекетке қабілетті деп танылса, онда Lex loci contractus қолданылады. Еңбек туралы дау пайда болғанда әр мемлекетте әр түрлі коллизиялық формациялар қолданылады. Мысалы, Францияда талапкердің немесе жауапкердің азаматтылығы басымдылық маңызға ие. Германия, Австрия, Швейцария, Нидерландта шешуші басымдылық маңызға жауапкердің тұрғылықты жері ие. Ұлыбританияда Lex voluntatis шешуші болып табылады, яғни тараптар өздері қай сот елінің заңы қолданылатындығын таңдайды. Неғұрлым жақын байланыс теориясында жұмысшы қызметін орындайтын сот елінің заңы істі қарайды. Алайда, нақты бір мемлекеттің құқығы коллизиялық нормаларды жекелей дифференцияласа да, олар еңбек жағдайларының әр алуандығымен еңбек қатынастарының барлық, элементтерін қамти алмайды. Дегенмен де, Қазақстан құқығында халықаралық жарияенбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалардың жүйесін дайындағанда, осы саладағы шетел тәжірибесін пайдалануымыз кажет. Соңғы жылдарда, әр түрлі мемлекеттердің заң шығарушы органдары нормативтік актілерде еңбек аясында заң қақтығыстары жағдайларының орын алуын көрсетеді. Дания, Венгрия, Испания, Австрия мемлекеттерінің халықаралық жария құқық туралы немесе Азаматтық кодекстердің сәйкес тарауларында арнайы енбек коллизиялық нормалары бар. Қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасында және бұрыңғы Одақ мемлекеттерінде халықаралық еңбек қатынастарына байланысты коллизиялық нормалар жоқ немесе бірыңғай нормативтік актіде жинақталған коллизиялық нормалар бекітілмеген. Казақстан Республикасының <<Енбек туралы Заңында>> (10.12.99); АК-нің (Ерекше бөлімінде) еңбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалар жоқ. Ескерту ретінде АК-нің 1095-бабында, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Бұл байланымды заң аналогиясы ретінде жеке тұлғаның еңбекке әрекет қабілеттілігін анықтағанда қолдануымыз мүмкін. Жалған коллизиялық байланымдар әр түрлі нормативтік актілерде бар. Мысалы: <<Шетел инвестициялары туралы>> Қазақстан Республикасының заңында (27.12.94) келесі 2 коллизиялық, байланым қарастырылған: жалпы - тараптар заңды таңдайды (Lex voluntatis ) және субсидарлы - (Lex loci laboris). Тараптар еңбек қатынастарының мазмұнын өздері таңдаған заңмен анықтайды немесе Қазақстанның заңнамасына сілтей алады немесе жұмысшының шығу тегіне байланысты мемлекеттің заңына (шетел заңына) жүгіне алатын болған. 2003 жылы 8 каңтарда Инвестициялар туралы жаңа заң қабылданды. Осы заңға сәйкес 24, 25 баптар алынып тасталынды, яғни Lex voluntatis және Lex loci laboris туралы ештеңе айтылмайды, тек Еңбек туралы заңға сілтеме жасалған (10.12.99 3-бап). Осы заңның қолданылу аясы: * Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейді. * Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағындағы енбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, адамдарға да қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылтайшылары немесе меншік иелері толығынан немесе ішінара шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек>> туралы заңдары қолданылады. Демек, осы заң Lex loci laboris-ті заңды түрде бекітіп отыр. Халықаралық жария құқықтың қазақстандық доктринасында шартқа ішкі құқықты емес, тараптар шетел құқығын таңдаған болса рұқсат береді. Қазақстан Республикасының еңбек құқығында керсетілген императивтік нормаларды шетелдіктер сақтай отырып, ішкі заңнамаға қарағанда, жұмысшының жағдайын нашарлатпауға міндетті. Егер мұндай жағдай орын алса, онда шетел заңнамасын қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасына шетел жұмыс күшін тарту қазіргі уақытта және келешекте өзекті мәселе болып отыр. Сол себептен, Қазақстанның халықаралық жария құқығында еңбек қатынастарына қатысты ғылыми-теориялық базаны қалыптастырып, дамытуға ат салысуымыз керек. Келешекте, жоғарыдағы аталған ұсыныстар Қазакстан Республикасының шетел азаматтарының еңбек қызметі туралы коллизиялық нормалар бар жетілдірілген нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауына негіз болады. Осы кезде ғана, шетел азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделері жоғары дәрежеде қорғалады, ал бұл өз кезегінде Казақстан Республикасында демократия институттарының қалыптасуы мен халықаралық аренада Республика беделінің өсуіне әкеледі. 2. Социалистік мемлекеттердің нарықтық саясатқа өтуі мен ашық саясатты жүргізгеніне байланысты дүние жүзінде жаңа геоэкономикалық жағдай өзгеріп, ұлттық экономикалардың бір-біріне тәуелділігі нығая түсті. Жана экономикалық үлгідегі қатынасқа көшу барысында Қазақстанда еңбек нарығы елеулі өзгерістерге үшырады. Еңбек нарығы - нарыктық экономиканың күрделі элементі. Егеменді Қазақстан еңбекті халықаралық реттеудің қатысушысы болып табылады. Еңбек қатынастарын реттейтін көп жақты конвенциялардың саны көп. Оларды бірнеше топтарға бөліп карастырамыз. 1-ші топ: Адам құқығы саласындағы жалпы танылған актілер - Адам құқықтары туралы жалпы декларациянын (1948 ж. 10 желтоқсан) 23-бабында: <<Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы енбек жағдайына, жұмыссыздықтан корғалуына құқығы бар>> делінген. 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 6-бабында: <<Әр адам кұндылығы тең еңбегі үшін, нендей бір кемітусіз, тең енбекақы алуға құқылы. Әр адамға қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай енбек жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс>> делінген. 2-ші топ: Халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі ХЕҰ) қабылдаған халықаралық көп жақты конвенциялардан тұрады. Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап ХЕҰ-ның қатысушысы болды. Осы жылдан біздің республикамыз еңбекпен қамту, енбекті қорғау, әлеуметтік қорғаудың халықаралық үрдісіне тартылды, өз кезегінде бұл үрдіс Қазақстаннын еңбек базасын жетілдірді. Көп жағдайда конвенциялар адамдардың еңбекке кұқығы мен қолайлы еңбек жағдайын іс жүзіне асыруына бағытталған. 1990 жылдың 1 қаңтарында ХЕҰ №169 Конвенцияны дайындады. 1919 жылғы Версаль бейбітшілік келісіміне сәйкес ХЕҰ құрылды, ол БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемесі. Негізгі мақсаты - еңбек жағдайы мен еңбекшілердің өміріне арналған конвенциялар мен ұсыныстарды қабылдауға бағытталады. Ортаазиялық өңірде ХЕҰ өкілдігі Алматыда 1995 жылдың ақпан айында ашылды. ХЕҰ-ның ратификацияланған конвенциялары Қазакстан Республикасында құқықтық реформа жүргізуге және ұлттық заңнаманың негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, Орталық Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйенсек, халықаралық сахнада еңбек саласында беделді орынға ие болу үшін мемлекет бірлескен мемлекеттер одақтарымен қатынасқа түсуі кажет. Қазақстан Республикасы ХЕҰ-мен келесі бағыттар бойынша әрекеттестікті жүзеге асыруда: шағын қалаларда жұмыспен қамту; өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту; жабылған кәсіпорынның жұмысшыларын әлеуметтік корғау мен жұмыспен қамтамасыз ету, жеке бизнес пен кәсіпкерлікті ауылдық жерлерде ұйымдастыру; жергілікті мамандардан кеңесші мен сараптамалық көмек беретіндерді, халықаралық-құқықтық актілерді қолдануды дайындау т.б. ХЕҰ еңбек мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын корғау жөнінде конвенциялар мен ұсыныстар қабылдады. 1958 жылғы еңбек саласындағы кемітушілік туралы конвенция; 1949 жылғы Еңбекші мигранттар туралы конвенция; 1975 жылғы Көші-қон саласындағы асыра пайдаланушылық, пен еңбекші мигранттарға сотка жүгінуге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі конвенция; 1970 жылғы Ақы төленетін демалыс жөніндегі әлеуметтік камтамасыз ету саласында құқықтарды корғау; Бірлестіктердің еркіндігі мен ұйымдастыру құқығын қорғау туралы 1948 жылы қабылданған конвенциялар бар. Енбекші мигранттар туралы конвенцияға дәлірек токталатын болсақ, онда ХЕҰ-ға мүше мемлекет, заңды түрде мемлекеттің аумағына келген иммигранттарға ешбір нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық белгілер бойынша кемсітпей, өз азаматтары пайдаланатын құқықтарды (жалақы алу, жұмыс уақыты, мерзімнен тыс жұмысқа ақы төлеу т.б.) ұсынуға міндетті. ХЕҰ ұсыныстары мен конвенциялары мигранттарды барлық деңгейде қорғайды. Мигранттар саясатын бақылауды мемлекеттің өкілетті органдары жүргізеді. Иммигранттар жұмыс орнына келгенге дейін кедендік баждардан босатылуы тиіс, сондай-ақ оларға талапқа сәйкес жұмыспен камтамасыз ету мәселелері қарастырылған. <<Мигранттар жұмыстарын белгіленген уақыттан бұрын тоқтату туралы шығарылған шешімге шағымдануға құқылы және егер олар мемлекеттен шығарылса, әкімшілік немесе заңды процедураларды жүзеге асыру барысында ешбір шығынды өтемейді, ХЕҰ конвенцияларының бірқатары ең төмен жалақы төлеу, еңбек жағдайы, қауіпсіздік техникасы, ынталандыру, әлеуметтік камсыздандыру, кәсіптік одақтардың құқықтарына, орын ауыстыру еркіндігі және сотқа жүгіну құқығы, денсаулық қорғау және кауіпсіздікке арналған. Қазақстан ХЕҰ еңбекті қолданудың әр түрлі мәселелері бойынша конвенциялар қабылдады, атап айтқанда - жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы саясат туралы, кейбір салаларда жұмысқа қабылданатын ең төменгі жас мөлшері, ананы қорғау туралы, өндірістік кәсіпорындардағы апта сайынғы демалыс туралы, жұмыс уақытын кырық сағатқа дейін қысқарту туралы т.б. Ратификацияланған конвенцияларға <<Өндірістік ортадағы еңбек тазалығы мен кауіпсіздігі>> туралы және <<Жұмысшыларды жұмыс орындарында шу, вибрация, ауа ластануының нәтижесінен пайда болатын кәсіби тәуекелден қорғау>> туралы конвенциялар жатады. Конвенцияның 4-бабына сәйкес: <<ұйымның әр мүшесі ұлттық жағдай мен тәжірибеге сай өндірістік ортада еңбек тазалығы мен еңбек қауіпсіздігі саласында өкілетті ұйымдармен, кәсіпкерлермен және жұмысшылармен бірлесіп, жүйелі түрде келісіммен ұлттық саясатты жүргізеді>>. Конвенцияның 4-бабында: <<ұлттық заңнамада жұмыс орындарында шу, вибрация, ауа ластануының нәтижесінен туындайтын кәсіби тәуекелдің алдын алуға және шектеуге бағытталған шаралар қолданылу тиіс>> делінген. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғарыда аталған конвенциялардың тиісті баптары іс жүзіне асырылмай отыр. Сондыктан, 2 Конвенция толығымен іс жүзіне асырылуы үшін қосымша ұлттық нормативтік актілерді төтенше тәртіпте кабылдау керек. Анығына келсек, конвенция еңбек құқығында ұсыныстық сипаттағы халықаралық шартқа жатады, онда бір елдің ішкі еңбек заңнамасына араласу мақсаты жоқ. Бірақ, егер қандай да бір елдің парламенті конвенцияны бекітсе, ол еңбек туралы ұлттық заңнаманың құрама бөлігі болады. 1990 жылдың желтоқсанында БҰҰ жалпы Ассамблеясы <<Жұмысшы мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің барлық құқықтарын корғау>> туралы халықаралық конвенцияны қабылдады. 8-бапқа сәйкес: <<Жұмысшы мигрант және оның отбасы мүшелері кез келген мемлекетті, соның ішінде өзі шыққан мемлекетін қоса, еркін түрде қалдырып кетуге құқылы. Жұмысшы мигранттың жалдау шарты бойынша, келген мемлекетте уақыты аяқталса, ол өз еліне тапқан жалақысын аударуға және өз жеке мүлкін алып кетуге құқылы>>. Мигранттарды корғау жөніндегі халықаралық нормалар екі жақты шарттарда, БҰҰ, ХЕҰ мен өзге ұйымдардың шенберінде қабылданған конвенцияларда бар. Екі жақты келісімдер 60-жылдарда жасалына бастады. Жұмыс күшінің тапшылығына ұшыраған Батыс Еуропа елдері, дәлірек айтқанда Бельгия, Нидерланд, ГФР, Франция, Швейцария, Алжир, Испания, Греция, Португалия, Түркия, Марокко және Туниспен жұмыс күшінің импорты туралы екі жақты келісімдерді жасасты. Бұл шарттарда келесі мәселелер карастырылған: - жұмысшыларды шетелге жіберу сұрақтарымен айналысатын мемлекеттің уәкілетті органының мәртебесі; - ақпарат алмасу тәртібі мен бос орындар жөнінде хабарландыру; - заңсыз мигранттар. Мигранттар заңсыз жолмен белгілі бір мемлекетке келсе, онда оны шығару тәртібі; - кандидаттардың тізімі; - алдын ала сұрыптап алу; - медициналық көмек көрсету; - кіру құжаттары және жұмысқа орналасуға рұқсат; - жеке еңбек шарты. Қанша тілде еңбек шарты жасалу кажеттілігі; - баспана. Жұмысшыны жұмыс істеуге келген мемлекет баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі; - юрисдикция. Дау туындаған жағдайда қай елдің құқығы қолданылады. Енбек көші-қонының маңыздылығын ескеріп, ұлттық заңнамаларды еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғауды жоғары дәрежеге жеткізу үшін ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы заңды ұсыныстық сипатка ие акт қабылдады. Қазақстан Республикасының ТМД шеңберінде жасалған халықаралық келісімдері: - ТМД жарғысы (22.01.93); - Еңбек, көші-қон және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің тұрғындарын әлеуметтік қорғау үшін Кеңесші Кенесті кұру туралы келісім (13.11.92); - Азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясы (22.01.93); - Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету туралы келісім (24.12.93); - Экономикалық Одақты кұру туралы шарт (24.09.93); - Еңбек миграциясы мен жұмысшы мигранттарды әлеуметік қорғау саласындағы қызметтестік туралы Келісім (15.04.94). Қазақстан осы келісімді ратификациялады (8.09.94); - ТМД қатысушы-мемлекеттердің азаматтарының зейнетақы мен қамсыздандыру саласында құқықтарының кепілдігі туралы келісім (13.03.92); - Көші-қон саласындағы қызметтестік туралы Қазақстан, Өзбекстан, Кырғызстан Республикалары арасындағы Меморандум (8.07.94). ТМД Жарғысының 4-бабы әлеуметтік және көші-қон саясатына арналған. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер келесі әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша қызметтестікті жүзеге асырады: нарықтық қатынастардың негізінде ортақ экономикалық аймақты қалыптастыру және тауарлар, қызметтердің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін орын ауысуы; әлеуметтік саясатты бақылау мен ұйымдастыру; ортақ әлеуметтік бағдарламаларды дайындау. ТМД Жарғысына қарағанда, экономикалық Одақты құру туралы шарт еңбек қатынастарын нақтырақ реттейді. 5-тарау <<Әлеуметтік саясаты Жалпы танылған халықаралық, ережелер ескеріп енбекті корғау мен еңбек жағдайлары саласында ортақ саясатты жүргізу, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларына жалпы талаптарды дайындау, еңбек жағдайларына қатысты мемлекеттік бақылау мен сараптама жүргізу; жұмыс күшінің көші-қоны мен әлеуметтік сақтандыру, азаматтарды зейнетақымен камсыздандыру саласында өзара міндеттемелерді реттейтін арнайы келісімдерді жасау. Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина мен Казақстан Республикалары үкіметтері арасында жасалған, 1994 жылы 15 сәуірде Мәскеу каласында қол койылған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 8 қыркүйекте №147 қаулысымен бекітті. Келісім экономикалық Одақ құру жөніндегі Шарттың ережелеріне; БҰҰ-ның ХЕҰ шеңберінде жасалған адам құқықтары мен қағидалары саласындағы негізгі аралық құжаттарына сүйенуге; ТМД мемлекеттері арасындағы еңбектік көші-қонның масштабы мен мәндеріне, сондай-ақ, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аталған елдер аумағында еңбекші мигранттардың еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы осы Келісімді жан-жақты дамытуға негізделген. Осы Келісімге кол койған мемлекеттердің біреуінің аумағында тұрақты тұратын қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің меншік түрі мен шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, басқа бір мемлекеттің аумағында кәсіпорындағы еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік корғау саласындағы Келісімге отырған ТМД елдері арасындағы қарым-қатынастың негізгі бағыттарын реттейді. Келісім босқындарға және лажсыз қоныс аударушыларға; кысқа мерзімге шыққан еркін кәсіптегі адамдар мен әртістерге; білім алу мақсатында арнайы келген адамдарға қолданылмайды. Қызметкер мигрант мәртебесін өзі шыққан жақтың аумағында тұрақты тұратын және жұмысқа орналасқан жақта, заңды негізде ақылы қызметпен айналысатын адамдар алады. Түсініктеме ретінде айта кету керек, жұмыс алу ретінде басқа мемлекетке қоныс аударған адамның өзі тұрақты тұратын елі оның шыққан жағы болып есептеледі. Басқа мемлекеттен келген қызметкер мигранттың аумағында өз еңбек қызметін еңбек шарты бойынша жүзеге асыратын мемлекет енбекке орналасу жағы болып табылады. Еңбек көші-қоны және жұмысшы мигранттарды әлеуметтік корғау саласындағы ынтымактастық туралы Келісімге кол койған ТМД елдеріне Казакстан Республикасы жұмысқа бармақ ниеті бар адамдарға, егер екі жақты келісімде өзгеше көрсетілмесе, сол еңбекке орналасатын елдің заңында көзделген жұмысқа тарту тәртібі, біліктілікке, жасқа койылатын және басқа талаптар таралады. Келісімге кол қойған ТМД елдерінің әрқайсысы жұмысқа орналасатын мемлекеттің тіліне немесе орыс тіліне аударылған, шыққан жақтың аумағында белгіленген тәртіпте күрделендірілген дипломдарды, білімі туралы куәліктерді, атак, разряд, біліктілік берілгендігі туралы тиісті құжаттарды және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кажетті басқа құжаттарды мойындайды. Еңбек көші-қоны және жұмысшы мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы Келісімге қол койған басқа елдерге Қазақстан Республикасынан жұмысқа барған адамдардың жеңілдік негіздегі және мамандық бойынша өтімдерімен қоса, жалпы еңбек өтімін еңбекке орналастырған жақ өзара мойындайды. Сондықтан да, қызметкер мигрант жұмысқа орналасқан жақтан біржолата кеткенде, жұмыс беруші (жалдаушы) қанша жалақы алып тұрғандығы жайында мәліметі бар анықтама немесе басқадай құжат береді. Қызметкер мигранттардың Қазақстан аумағынан Келісімге кол қойған басқа мемлекеттің (субъект орналасатын жақтың) аумағына баруы, онда болуы және ол жерден кетуі күшіндегі заңнамаға және сол мемлекеттермен Қазақстан Республикасы арасында жасалған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Ал, жұмысқа орналасқан елдің заңдарын бұзған немесе сол елде шетел азаматтарының болуы тәртібі сақталмаған жағдайда жұмысқа орналастырған ел қызметкермен арадағы шарттың мерзімінен бұрын бұзылуын және қызметкер мигранттардың Казақстан Республикасына қайтарылуын талап ете алады. ХЕҰ-дан өзге көші-қонмен айналысатын халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымы (ХКҰ) үкіметаралық ұйым, 76 мемлекет құрды. ХКҰ-ға косымша 46 мемлекет бақылаушылар ретінде кіреді. ХҚҰ-ның ресми өкілдігі Алматыда 1997 жылы ашылды, осы кезден бастап, Қазақстан бақылаушы мәртебесін иеленді. 1998 жылдың қаңтарында Қазакстан Республикасымен ХКҰ арасында ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, Астанада 1999 жылы ХҚҰ-ның тағы бір кеңсесі ашылды. 2002 жылы Сыртқы істер Министрлігінің мемлекеттік хатшысы министр Қасымжомарт Токаев ХҚҰ-ның басшысы Б. Маккинлинге 2002 жылғы 15 қазандағы Қазакстан Республикасы Президентінің <<Казақстан Республикасының КХҰ-на мүшелігі туралы>> Жарлығына сәйкес, дипломатиялық жолдар аркылы Қазакстан Республикасында осы ұйымға қабылдау туралы өтінішін жіберді. ХКҰ Қазакстан Республикасының өтінішін 84-ші сессиясында қарастырды. 2002 жылы 2 желтоксанда Қазақстан КХҰ-ның толық мүшесі болды. ХКҰ бұл БҰҰ-ның арнайы мекемесі болмағанымен, оның көптеген бөлімдерімен ортақ қызмет аткаруда. ХКҰ 1951 жылы құрылып, 2001 жылы өзінің 50 жылдығын атап өтті. Үкіметаралық ұйым болған соң, ХКҰ 6 бағытта өз қызметін атқаруда: * Босқындарды 3-ші мемлекеттерге қоныс аудару, мигранттарды тасымалдау, оларға көмек көрсету. * Жоғары білікті ұлттық кадрларды өз мемлекеттеріне жіберу (олар білім алған соң). * Мигранттар үшін медициналық көмекті ұйымдастыру. * Көші-қон үрдісін басқару. * Көші-қонмен байланысты ақпараттық компанияларды ұйымдастыру. * Траффиктің алдын алу. ХКҰ әр мемлекетке көші-қон саясатын анықтауға, оны дұрыс әрі тиімді қалыптастыру мен дамуына көмектеседі. ХКҰ көші-қонды басқаруды 3 бөлімге бөледі; құрылысы, құжаттарды ресімдеу; бақылаушы өткізуші пункттерді ұйымдастыру. * Құрылысы миграциялық саясаттың негізгі, заң шығарушы база және онымен байланысты рәсімдеу. * Құжаттарды ресімдеу және идентификациялау - паспорт, ұлттық визаны және өзге тұлғаны куәландыратын құжаттарды беру. * Бақылаушы өткізуші пункттер - заңсыз мигранттарды ұстауға ықпал жасайды. Құжаттарды бақылау мен зерттеу автомобиль, теміржол, әуе порттарында, кеме порттарының пункттерінде қатаң түрде жүргізілуі керек. ХКҰ-ның кейбір жобаларында иммигранттарға тіл курстарын ұйымдастыру қарастырылған. ХКҰ Канадаға жіберілген 93 ауғандық боскынға өз көмегін тигізді. ХҚҰ-ның бақылауымен АҚШ-қа тұрақты тұруға кететін эмигранттарды медициналық тексеруден өткізуі Бельгия қаржыландырылған жобаны ХКҰ іс жүзіне асырды, нәтижесінде, осы мемлекетте заңсыз иммиграттар саны күрт төмендеді. ХКҰ адамдардың траффигі туралы ең бірінші рет халықаралық деңгейде қозғаған ұйым. 1997 жылдан бастап, ХКҰ ТМД мемлекеттеріндегі траффикті зерттеуге кірісті. Бұл үрдіс белсенді түрде Украинадан басталды. Адамдардың траффигі әсіресе, әйелдер мен балалар траффигі - адамдарды мемлекет ішінде немесе шетелге сату, сатып алу, оларды сексуалдық және еңбек жұмыстарына мәжбүрлеуге беру. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мен ХКҰ көші-қон үрдісін басқару жөніндегі жобалар бойынша бірлесіп, қызмет атқаруда. ХКҰ Қазақстанның миграциялық саясатын зерттеп, Республикамызға арналған күрделі, көп жылғы көші-қондық бағдарламаны ұсынды. Бұл бағдарламада көші-қондық үрдісті жан-жақты, толық дамыту бағыттары көрсетілген. Мысалы: құқықтық институттын базасын дамыту, көші-қондық қызметтің жұмысшыларын оқыту және тәжірибе алмастыруға жіберу, осы қызметтің саясатын дұрыс анықтау т.б. 3. Еңбек көші-қоны және осы саладағы мемлекеттік саясат. Еңбек көші-қоны бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әрбір мемлекет осы үрдісті реттеу және дамыту мақсатында, ең алдымен, өз мемлекетінің көші-қон саясатын анықтайды. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты ез азаматтарымыздың мүдделерін қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың <<Сындарлы он жыл>> кітабында көші-қон саясатының ең алдымен, өз азаматтарымыздың мүддесін сақтауға табан тіреуі керек екені айтылады. Ұлттық, еңбек нарығын, біздің азаматтардың экономикасын қорғау жөніндегі пікірлері кейінгі кезде, Қазақстан Республикасынын көші-қон саясаты туралы тұжырымдамасында, аймақтық саясат туралы тұжырымдаларында және өзге де нормативтік актілерде көрініс тапты. Көші-қон саясатының мақсаты - көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекетгік кауіпсіздігін нығайту және көшіп қонушылардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына кағидаттарға: көшіп қонушылардың кұқықтарын сақтау мен корғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік, белгілері, шығу тегі, діни нанымы, сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге, көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардын ережелерін орындауды қамтамасыз етуге; жергілікті халық пен көшіп қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді. Көші-қон ахуалының қазіргі жағдайына және даму перспективасына талдау жасау; біріншіден, көші-қон проблемаларын шешудегі басымдықтарды; екіншіден, өтпелі кезеңде оларды шешуші негізгі бағыттарын, тетіктерін және көші-қон процестерін реттеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және оны ұзақ мерзімдік перспективаға әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен елдің тұрақты дамуы кезеңіне іске асыруды айқындауға мүмкіндік береді. Көші-қон саясатының неғүрлым елеулі басымдықтары: өтпелі кезеңнің мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасы аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құру және дамыту; эмиграция процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішінде республиканың интеллектуалдық әлеуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу; ішкі және сыртқы еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету; халықаралық еңбек нарығында қазақстанның өркениетті ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстандық эмигранттар арасынан білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыру. Еңбек көші-қонын реттеу. Орталық және жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалануға бақылау жасайды: * Отандық еңбек нарығын қорғауды. * Бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етуді. * Қазақстан Республикасының аумағына келіп жатқан еңбекші көшіп қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушілердің шетел қызметкерлерін нысаналы пайдалану, еңбек келісім-шарттары талаптарын сақтауын қамти отырып, еңбек көші-қон проблемаларын шешуде өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыруы қажет. Заңсыз енбек көші-қонына қарсы күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыру және шетелдік қызметкерлердің жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстаннан уақытылы кетуіне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдіктерді жер аударуды бақылауды ұйымдастыру. Мемлекет орталық және жергілікті атқарушы органдар арқылы инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамытудағы жауапты өз мойнына алады. Жеке меншік сектордың бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындарына жұмыс күшін тарту, қызметкерлерді алу, оларды көшіру және тұрмыс пен еңбектің қолайсыз жағдайлары ретінде жеңілдіктердің барлық түрлерін беру кәсіпорын есебінен жүзеге асырылатын болады. Халықаралық еңбек нарығына Қазақстанның өркениетті ықпалдасуын қамтамасыз ету, эмигранттар арасынан білікті мамандарды қайтып оралуын ынталандыру. Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық шарттар енгізген шектеулер шеңберінде өзінің экономикалық мүдделерін, ішкі еңбек рыногын қоса, қорғау мақсатында сыртқы көші-қонды реттеуді жүзеге асыратын болады. Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде Қазақстан Республикасы өзінің гео-саяси және экономикалық. мүдделерін басшылыққа ала отырып, жоғары білікті, бағалы еңбекші көшіп қонушыларды және ішкі еңбек нарығында жеткіліксіз болып отырған кәсіптер мен мамандық иелерін бірінші кезекте қабылдауды жүзеге асыратын болады. Көші-қон саясатының сыртқы саясат саласында міндеттері: ТМД-ға қатысушылардың жан-жалдарды болдырмау мен этникалық және діни проблемаларды бейбіт жолмен шешу, көші-қон процестерін реттеу және көшіп қонушылар шыққан елдермен тиісті ақпараттар алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттар жасасуы; көші-қон жөніндегі ұлттық заңнамаларының үйлесімін жасау; Қазақстанның еңбеккер көшіп-қонушылардың құқықтары туралы екі жақты және көп жақты келісімге қосылуы. Алайда, тұжырымдама шетелдік жұмыс күшін тартудағы саясатты анықтаса да, іс жүзіне бұл саясаттың мақсаттары жүзеге асуда деп айту қиын. Еңбек көші-қонының қазақстандық енбек нарығының жагдайына және ұлттық заңнамаға әсер етуі. Қазақстан Республикасы Ата заңында көші-қонды реттеудің заңды негіздері бекітілген. 1993 жылғы қабылданған алғашқы Конституцияның 6-бабында: <<Қазақстан Республикасы аумағында жүрген және оның азаматы болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық құжаттар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ барлық міндеттерді атқарады, бұған Қазақстан Республикасы заңдарында және мемлекетаралық шарттарында көзделген шектеулер кірмейді>> делінген. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері, еңбек көші-қон қатынастарын реттейтін заңнама мен өзге нормативтік құқықтық актілер түбегейлі өзгерістерден өтті. Осы қатынастарды реттейтін негізгі принциптер 1995 жылғы Конституцияның 21-бабында көрініс тапты: <<Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз калауынша таңдап алуға құқығы бар>>. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Сондай-ақ, Конституцияның 24-бабына сәйкес: <<Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар>>. Сондай-ақ, Конституцияның 24-бабында былай делінеді: <<Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша немесе төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі>>. Демек, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруға және белгілі бір еңбек қызметі түрімен айналысуға құқылы дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-тарауының 14-бабында: <<Республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; жарияезі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды тұлғалар кұру, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу кұқығы болады>> делінген. Еркін жүріп-тұру нормасы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар <<Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы>> Жарлығында бекітілген 16-бапта: <<Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының болуына рұқсат етілген аумағында еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажет болғанда, Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген органдардың актілерімен белгіленеді>> делінген. Жоғарыда көрсетілгендей, шетелдіктердің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің <<Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы>> заң күші бар Жарлығымен (19.06.95); Еңбек туралы Заңмен (10.12.99); Қазақстан Республикасының <<Инвестициялар туралы>> Заңымен (8.10.03); Халықты жұмыспен қамту туралы Заңымен (23.01.01) және де өзге де заңдар мен заңға тәуелді актілермен реттеледі. <<Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы>> заң күші бар Жарлықта дипломатиялық пен консулдық өкілдіктердің басшыларына және қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері қарастырылмаған. Осы заңға сәйкес, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгілеген негіз бен тәртіпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметімен шұғылдана алады. Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметінің белгілі бір түрімен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрімен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатысты байланыста болса, шұғылдана алмайды. Шетел азаматтары еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты міндетті кепілдікте болады. Казақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негіздерде демалыс алуға құқылы. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға еңбек қызметінің белгілі бір түрлерімен айналысуға шектеуші жағдайларына жеке-жеке тоқталайық. <<Мемлекеттік қызмет туралы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдесіндегі Заңының 13-бабы: <<Мемлекеттік қызметші ретінде тек ҚР азаматы ғана бола алады>>. Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағында: <<Нотариус қызметін тек қана Қазақстан Республикасының азаматы жүзеге асырады>> делінген. Дәл осындай талаптар судья лауазымына, прокурорға т.б. қойылған. ТМД шеңберінде <<Инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы>> келісімде (24.02.93) еңбек қатынастары, соның ішінде жұмысқа қабылдау мен шығару, еңбек режимі мен еңбекақы төлеу жағдайлары, кепілдіктер мен өтемақылар тараптардың инвестициялары бар кәсіпорындарда инвестициялауды жүзеге асыратын мемлекеттің заңының жеріне сәйкес реттеледі деп көрсетілген. Шетелдіктер өзге мемлекеттердің аумағында саяси құқықтарды пайдаланбайды және белгілі лауазымға ие бола алмайды немесе мемлекеттік қауіпсіздікпен байланысты қызметтің түрлерімен шұғылдана алмайды. Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясының арасындағы шартқа сәйкес, Ресей Федерациясында тұрақты түратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартында тікелей келесі мәселелер көрсетілген, басқа тараптын аумағында тұрақты тұратын басқа тараптың азаматтары келесі құқықтарды пайдалана алмайды: а) жоғарғы мемлекеттік лауазымға және биліктің өкілетті органдарына сайлауға және сайлану; б) бүкілхалықтық сайлауға қатысу (референдум); в) дипломатиялық қызметтегі лауазымдарды, қауіпсіздік органдарындағы және ішкі істер органдарындағы лауазымдарды иемдене алмайды; г) орталық атқарушы билік органдарында лауазымдарды, судья лауазымын, прокурор лауазымын иемдене алмайды; д) облыстық, аудандық, ауылдық әкімшіліктің басшылары мен орынбасарларынын лауазымын иемдене алмайды. Басқа тараптың аумағында тұрақты тұратын басқа тараптың азаматтары <<Облыстық, аудандык, ауылдык әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарларының лауазымын, сондай-ақ жергілікті атқарушы биліктін құрамына кіретін комитеттерді басқару мен өзге ұйымдарды басқаруды жүзеге асырады, тараптардың келісілген тәртібіне сәйкес>> (4б.2,3т). Шетелдіктердің міндеттерінің ішінде енбек қатынастарымен байланысты міндеті салық төлеу. Қазақстан Республикасында заңды түрде бекітілген салықтарды, алымдарды, міндетті төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы болып табылады. Жеке табыс салығын Қазақстан Республикасы азаматтары мен шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар төлейді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Шетелдік мүшелері бар кәсіпорындарда шетелдіктер жұмысшыдан бақылау кеңесінің мүшесіне дейін қызметті иемденеді. Субъектке ақы төлеу, зейнетақымен камсыздандыру мәселелері әрқайсысымен жеке еңбек шартында шешіледі. Олар жалақыны шетелдік валютада алады және тиісті салықтар мен міндетті төлемдерді төлеген соң еркін түрде шетелге жалақысын аударады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетелдіктердің еңбек қатынастарында кейбір элементтер, егер тараптар осы қатынасты реттейтін мемлекеттің заңын таңдамаса, онда шетел мемлекетінің заңымен реттелуі мүмкін. Нақты еңбек қатынастары екі жақты мәмілемен реттеледі. Шетелдік қатысушылары бар арнайы экономикалық аумақтағы кәсіпорындар өздері жарияжұмысқа алу, еңбекке ақы төлеу, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерін жоғарыда аталған жағдайларды ескеріп шешеді. Шетелдіктер еңбек қызметін Қазақстан Республикасы аумағында бастау мақсатында Қазакстан Республикасына кіру үшін алдын ала рұқсатты және шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсат беретін лицензияны алуы қажет. Шетел мемлекетіне кіру тәртібі осы мемлекеттің заңдарымен реттеледі. Көптеген мемлекеттерге шетелдіктердің кіруі жұмысқа тұру жөніндегі рұқсат алуына тәуелді болады. Осындай келісімдер Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Австрия т.б. мемлекеттерде бар. АҚШ, Австрия, Швеция және бірқатар мемлекеттерде шетелдіктердің кіруіне жыл сайынғы квоталар және арнайы жұмыс іздеп келетіндерге квоталар бекітіледі. Қазақстан Республикасында шетелдіктердін келу тәртібі <<Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы>> Президенттің заң күші бар Жарлығында көрініс тапты. 22-бапта: <<Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленген болса, шетел азаматтары қолданыстағы паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасына келе алады>> делінген. Қазақстан Республикасына келу шетел азаматтарына мына жағдайларда: * егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақыратын болса; * егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни дұшпандықты өршітетін болса; * егер ол террористік әрекеті үшін сотталған болса немесе сот оны аса қауіпті рецидивист деп таныған болса; * егер ол Қазақстан Республикасы аумағынан бұрын қуылған болса; * егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезінде Казақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, республикалық, кедендік, валюталық, немесе өзге де заңдарын оның бұзу фактілері анықталған болса; * егер келу туралы өтініш жасалған кезде ол өзі жайында жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе қажетті құжаттарды тапсырмаған болса, рұқсат етілмеуі мүмкін. <<Халықтың көші-қоны туралы>> Заңның 5-бабына сәйкес шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында еңбек және кәсіби қызметін жүзеге асыру тәртібі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады және уәкілетті органдармен олардың жергілікті қызметінің рұқсаты мен бақылауы арқылы іске асады. Еңбек көші-қонын реттеуде артықшылық ішкі, ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған. Бірақ, Қазақстан Республикасының аумағына заңды түрде келген енбекші мигранттарды еңбек нарығындағы жағдайға байланыстырып шығаруға тыйым салынған. ТМД-ға мүше-мемлекеттер азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасы аумағында осы Заңға және мемлекеттер жасасқан екі жақты немесе көп жақты шарттармен реттеледі (8-бап). Демек, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің азаматтары үшін неғұрлым оңайлатылған режим бекітілген. Әскери қызметтегі тұлғалардан басқа Қазақстан Республикасы азаматтары шетел мемлекетінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар. Бұл мәселе мәні бойынша <<Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік корғау саласындағы ынтымактастық туралы>> Келісімді (15.04.94) іске асыру болып табылады. ТМД мемлекеттері қабылдайтын келісімдерге қоса аймақтық келісімдерді қабылдайды. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қырғызстан мен Өзбекстан Республикалары арасында Бірыңғай экономикалық аймақты жасау туралы шартының 3-бабында: <<тараптар бірыңғай экономикалық, аймақты қалыптастыру барысында жұмыс күші мен капиталдың еркін орын ауыстыруына қажетті құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды жасайды>> делінген. Тараптардың әрқайсысы дипломдарды, білімі туралы куәліктерді, атақ, разряд, біліктілік берілгендігі туралы тиісті құжаттарды және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті және шыққан Тараптың аумағында белгіленген тәртіпте еңбекке орналасатын тараптың өзге де құжаттарын рәсімдеусіз мойындайды және бірыңғай экономикалық аймақта азаматтарға визасыз режимді қамтамасыз етеді. <<Халықтың көші-қоны туралы>> Заңның 34-бабына сәйкес көші-қон үрдістерімен басқарылатын уәкілетті орган (Көші-қон агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен өзге шетелдік мемлекеттердің үкіметтері және еңбек көші-қонымен айналысатын құрылымдық бөлімшелерімен келісімдер жасауға құқылы. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың іске асыратын еңбек қызметінің кейбір түрлері <<Көші-қон туралы>> Заңдағы еңбек көші-қонына сәйкес келмейді. Бұл қызмет түрлеріне темендегілер кіреді: * Қазақстан Республикасы аумағындағы әскери қызмет бөлімшелеріндегі қызмет; * дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамындағы қызмет; * Қазақстан Республикасына оқу барысымен немесе өндірістік тәжірибесімен келгендер; * мемлекетаралық шарттарға, сондай-ақ, Қазақстандық және шетел ұйымдарының арасында жасалған еңбек қызметі туралы контрактілеріндегі еңбек қызметтері; * Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген діни бірлестіктердегі кәсіби қызметі; * Қазақстан Республикасында аккредиттелген бұқаралық құралдары, радио және теледидар өкілдері; * Қазақстан Республикасына келетін қайырымдылық және ізгілік көмек көрсету; * шетелдік ұйымдарға тиесілі теңіз және өзен кемелері, әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері қызметтері. Жоғарыда аталған түрлерден басқа Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбек көші-қоны болып табылмайтын өзге де еңбек қызметі түрлерін бекіте алады. Бүгінгі күнгі ұлттық еңбек нарығына келесі теңденциялар тән: жұмыспен қамтылған халық санының қысқаруы; жұмыссыздар санының азаймауы (2001 жылдың 1 сәуіріндегі статистикалық мәліметтер бойынша жалпы халық санынан жұмыссыздар саны 12,7% жетті); күннен күнге сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің нығаюы; жасырын жұмыссыздықтың көбеюі. Осының барлығы халықтың эмиграциясына әкеліп соғады. 2001 жылдың 1 қазанындағы бүкіл халық санағының мәліметтеріне сәйкес, халық саны 14810 мың адам, ал 1991 жылғы санақ бойынша 16793 мың адам, яғни халық саны 10 жыл ішінде 2 млн. адамға немесе 11,3% төмендеді. Адамдардың саны көбінесе, солтүстік және орталық облыстарда: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қарағандыда қысқарды. Қазақстан Республикасында 2000 жылғы ресми мәліметтерге сүйенсек, орташа жалақы 90,6 АҚШ долларын құрайды. Дегенмен, біздің отанымыздан 75000 эмигрант Ресейге қоныс аударды. Жоғарыда аталған фактілердің көші-қон саясатына теріс тұсы - мемлекетіміздің еңбек әлеуетінің сапалық құрамы нашарлайды. Республикадан жоғары білікті мамандар кетуде. Бірақ, соңғы жылдары Моңғолиямен 35%, Иранмен 8%, Түркиямен 2% көші-қонның оң сальдосы байқалуда. Көші-қон туралы Заңда (13.12.1997) шетелдіктердің Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметі карастырылған. Иммигрант - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ болып табылатын жеке тұлға. Қазакстан Республикасына енбек көші-қоны бойынша, бірақ азаматтықты ауыстыруды мақсат тұтпай келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер мемлекеттік келісімдермен басқадай тәртіп қарастырылмаған болса, Қазақстаннан тысқары жерде тұрақты қонысы болуға тиіс. 1990 жылдардан бастап, Қазақстан Республикасында реэмиграция үрдісі қарқынды түрде дамыды. Мысалға 1991-2000 жылдар аралығында Республикамызға 183 мың адам келді. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудағы көкейкесті мәселелер. ТМД шеңберінде еңбек көші-қоны жұмысшы еңбек күшін импорттаушы мемлекеттің экономикалық даму деңгейіне байланысты. Бұл аспектіде Ресей ТМД мемлекеттері ішінен ең тартымды, ал Орта Азиялық мемлекеттерден Қазақстан деп есептеледі. Мысалы: Ресейге, әсіресе еңбекші иммигранттар негізінен Украинадан келеді. Украиндық карбованецтің Ресейлік рубльге қарағанда курсы әлдеқайда төмен, сондыктан да, украиндық еңбекші иммигранттарға жалақыны Ресейден алып, ал кейін оны өз Отанында жұмсау тиімді болады. Дәл осындай жағдай Қазақстаңда байқалуда. Бізге, әсіресе Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның еңбекші иммигранттары жұмыс істеуге келеді. Импорттаушы мемлекеттің кәсіпорындарына бұл тиімді: біріншіден, арзан жұмыс күшін пайдаланады, екіншіден, еңбек жағдайларының қауіпсіздік пен гигиеналық мәселелеріне еңбекші иммигранттар жоғарғы талаптар қоймайды. Үшіншіден, жергілікті қызметкерлер жалақының төменгі мөлшеріне келіспейтінін біліп жұмыс беруші өзіне арзаң, еңбекші жұмысшылар штатын қалыптастырады. Рұқсат берудің тәртібі. Жұмыс беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: * жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санын, санатын көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде рұқсат беруге өтінішті; * орталық аткарушы орган бекітетін басшылар, мамандармен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына (БА), жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірынғай тарифтік біліктілік анықтамалығына (БТБА) сәйкес, әр лауазым үшін белгіленген біліктік талаптарын; * шетел тілін және халықаралық стаңдартты білу, шетелдегі жұмыс тәжірибесі кажеттілігінін негіздемесін; * өтініш берген күннен бастап, 1 айдан аспайтын мерзімде уәкілетті органның өңірлік дерек қорынан бос лауазымдар жөніндегі ұсыныстардың болуы туралы анықтаманы; * лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін, кемінде 1 ай бұрын және 3 айдан кешіктірмей жарияланған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқаларын; * орталық атқарушы органының Web-сайты арқылы енбек нарығының республикалық дерек қоры бойынша іздестірудің нәтижелерін; * бұрын берілген рұқсаттардың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпаратты (бар болса); * жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген бас тартуын; * тартылатын шетелдік жұмыс күші санының негіздемесін ұсынады. Уәкілетті орган: 1. Жұмыс беруші ұсынған құжаттарды, олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарап, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша рұқсат беру (бермеу) туралы шешім қабылдайды. Комиссия туралы ережені уәкілетті орган орталық атқарушы органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді. Комиссияның құрамына орталық аткарушы орган, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Көші-қон және демографиялық жөніндегі агенттігі аумақтық органдарының өкілдері енгізіледі. 2. Жұмыс беруші мен орталық атқарушы органды шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Рұқсаттың нысанын орталық атқарушы орган бекітеді. Жұмыс беруші уәкілетті органды рұқсат беру туралы жазбаша хабарландырылған күннен бастап, бір ай ішінде рұқсат алуы керек. Рұқсат уәкілетті орган әкелінетін шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін растаған сәттен бастап қолданылады. Уәкілетті орган берген рұқсат тиісті облыстың, Астана мен Алматы қаласының аумағында ғана қолданылады және оны басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін бірнеше облыстарда және (немесе) Астана және (немесе) Алматы қалаларында пайдалануы қажет болған жағдайда, жұмыс берушінің тұрғылықты жеріндегі уәкілетті орган орталық атқарушы органның келісімі бойынша екі және одан да көп облыстарда, сондай-ақ Астана және (немесе) Алматы қалаларында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бере алады. Рұқсат мынадай жағдайларда: * осы ережеде көзделген құжаттар толық және тиесілі рәсімделмесе; * бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттары орындалмаса; * бөлінген квотадан асып кетсе берілмейді. Жұмыс беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген кезде қабылданған шешімнің негізділігі мәніне орталық атқарушы органға өтінішпен бара алады. Орталық атқарушы орган жұмыс берушінің өтінішін қарайда, уәкілетті органнан сұратып алған қажетті материалдарды зерделейді және нәтижелері бойынша қорытындыны тиісті уәкілетті органға қарауға жібереді, бұл туралы жұмыс берушіге хабардар етеді. Жұмыс беруші төменгі жалақыны белгілеуі, жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген бас тартуын қамтамасыз етеді. Демек, жұмыс беруші тек жеке басының экономикалық, мүддесін басты орынға қоюға жоғарыда аталған мәселе жол береді. Осы ережеге №55 қаулымен (20.01.03) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. № 322 (27.03.04) қаулыдағы қосымшада бұл ереженің бірнеше баптарын өзгертті. Тоқталып кететін болсақ, № 55 қаулыға сәйкес 3-тараудың 13-тармағы орталық атқарушы орган рұқсат беру кезінде жұмыс берушіге рұқсат беру категориясына сәйкес арнайы шарттарды орындауды жүктейтін болған: 1) 1санат үшін орташа арнаулы және жоғарғы білімі бар қазақстандық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; 2) 2 санат үшін - бұдан әрі шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; 3) 3 санат үшін - шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қазақстандық мамандарды дайындау, Қазақстан азаматтарына қосымша жұмыс орындарын құру. Ал № 322 қаулыға сәйкес 4-тарау рұқсат беру шарттарының 13-тармағы уәкілетті орган рұқсат беру кезінде жұмыс берушімен келісім бойынша оған мынадай ерекше шарттардың кез келгенін орындалуын жүктейді: * Қазақстандық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру. * Бұдан әрі шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру. * Қолда бар жұмыс орындарын сақтау. * Қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру. Біздің пікірімізше, соңғы өзгерістер жұмыс берушіге рұқсатты алу үшін бұрынғы ережеге қарағанда, неғұрлым оңай шарттарды қояды, яғни, біріншіден, жұмыс берушінің келісімі керек, екіншіден келісімін берсе 4 шарттың ішінен өзіне ең қолайлысын таңдауға құқық берілген. Әрине, кез келген жұмыс беруші осындай шарттардың өзіне міндеттеліп жүктелуіне келіспейді. Мүмкін, заң шығарушы органдар бұл өзгерісті заңсыз шетел жұмыс күшін тартпауы мақсатында енгізген шығар. Жұмыс берушінің өзі құқылы жай рұқсатты немесе ауыртпалығы бар рұқсатты алу, ал оларға міндеттер мен шарттарды жүктемеу келешекте Қазақстан Республикасында заңды шетел жұмыс күші болатындығына әкеліп соғады. 4-тараудың 21-бабында шетел жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру 3 санатқа бөлінген. * 1-ші санат ұйымның басшы құрамын тартуға; * 2-ші санат - құжаттарды белгіленген тәртіппен расталған жоғары және кәсіптік орта білімі бар мамандарды тартуға; * 3-ші санат - білікті жұмыс күшін тартуға. Ал № 322 қосымшада 4-ші санат түрі көрсетілген - еңбекші мигранттардың еңбек көші-қоны және оларды әлеуметтік корғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар. 1990 жылдардан бастап, бұрынғы Кеңес республикаларынан реэмиграция үрдісі белсенді түрде дамыды және Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болғандардың (репатрианттардың) оралуы байқалды. 1991-2000 жылдар арасында 183 мың адам Қазақстанға келді. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демографиялық агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы бекітетін квотасына сәйкес тұлғаны иммигрант деп тану немесе танымау туралы шешімді қабылдайды. Сонымен қатар соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының аумағында шетел жұмыс күшін тартудың тәртібі әлі күнге дейін даулы және көкейкесті мәселе. Бұл мәселенің өзектілігі: 1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатымен және Орта, Шығыс Азия мемлекеттерінен заңсыз қоныс аударушылардың үлкен ағымынан туындады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы саясаты ірі өнеркәсіптің пайдалы казбаларды табу, қайта өндіру және тасымалдау саласының; жабдықтарды өндіру, кен орындарды (газ және мұнай) игеру, машина құрылысы, білім беру, құрылыс салаларының дамуына бағытталған. Ірі өнеркәсіптік кешендерді салу үшін мемлекетімізде, жергілікті кәсіпкерлер де материалдық-техникалық ресурстармен жеткілікті дәрежеде қамтылмаған, сондықтан да өндірістік жүйені жоғары деңгейде қалыптастыру үшін шетел капиталын тартуға біз мүдделіміз. Тәуелсіздігін алған соң, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібіне байланысты бірнеше нормативтік актілер қабылданды. Алайда, заңнама жиі өзгерістерге ұшыраған соң шетел жұмыс күшін тартудың тәртібінде рұқсатты алу процедурасына қойылатын талаптар қатан болды. Осы қатынастарды негізінен <<Халықтың көші-қоны туралы>> Заң (13.12.97), <<Халықты жұмыспен қамту туралы>> Заң (23.01.01.) және <<Халықты жұмыспен қамту туралы>> Заңын іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінін қаулысы реттейді. 2000 жылдан бастап, шетел жұмыс күшін тарту үшін квота белгіленді. Заң шығарушылардың квота енгізуі біздің пікірімізше бұл қатынастар шеңберіндегі ақаулықтарды жойды. Квотаны енгізу туралы мәселеге мемлекеттің еңбек, халықты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік корғау органдары өздерінің бірнеше жобаларын ұсынды. Осы органдардан басқа казақстандық кәсіпкерлер мен шетел инвесторларының өкілдері жобаларға өз түсініктемелерін және ұсыныстарын білдірді. Нәтижесінде, Казақстан Республикасы Үкіметінің №836 қаулысымен (19.06.01) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі бекітілді. Квота белгілеу тәртібі. Уәкілетті органдар жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде жұмыс берушілер өтініштерінің негізінде орталық атқарушы органға жұмыс берушінің алдағы жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша ұсынады. Мүдделі орталық атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарын орталық атқарушы органға енгізе алады. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделі орталық атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін алдағы жылға арналған квота белгілеу туралы нормативтік-құқықтық келісімнің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізеді. Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік корғау және еңбек министрлігі тартылатын шетел еңбек күшіне жалпы квота береді, ал оның арнайы есебін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Сондай-ақ оларға тартылатын шетел жұмыс күшінің қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру жүктелген. Демек, әрбір жергілікті атқарушы орган нақты сол аумақтың еңбек нарығына қажетті мамандарды тартуға ұсынады. Бірақ, іс жүзінде еңбек нарығына кажетті сирек кездесетін мамандық иелері аздық етеді. Дүние жүзіндегі техникалық прогрестің әсерінен жаңа технологиялар шығарылуда. Жаңа технологияларды біздің өндіріске енгізу әрдайым жұмыстың тез, әрі сапалы орындалуына әкеледі. Нарықтық экономикаға көшкен Республикадағы ірі кәсіпкерлерді аталмыш мәселе қызықтырады. Олар өз бизнестерін қарқынды дамыту үшін және нарықта ұсынысқа ие болу үшін осы технологияларды жетік білетін мамандарды ішкі еңбек нарығында іздеуге күш салады. Бірақ, ондай маманды біздің нарығымызда табуға мүмкін емес деп айта аламыз. Сондыктан да, жұмыс берушілер сырттан маман тартуға мәжбүр болады. Тәжірибеде уәкілетті органның лауазымды адамдары жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартудың нысаналығына байланысты көптеген күрделі талаптар қойған. Өз кезегінде жұмыс беруші бұл жағдайдан шығу үшін пара беруге жүгінген. Соңғы өзгертулерде жоғарыда аталған мәселелер шешімін тапты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №322 каулысына 3-тарау енгізілді. <<Квота бөлу>> орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін 15 күн ішінде осы облыстардағы, Астана және Алматы калаларының арасында еңбек нарығындағы ахуалды және өндірісті дамыту және инвестициялау жобаларын, оның ішінде шетелдік капиталды қарастыра отырып іске асыру, сондай-ақ прогресивті шетелдік технологияларды енгізу үшін тиісті облыс, Астана мен Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшіне қажеттілігін ескере отырып, республиканың экономикалық белсенді халкынан пайыздық қатынаста бөледі. Орталық атқарушы орган бекітілген квотаны облыстарда, Астана мен Алматы калаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады. Атап өтсек, квота бөлу тарауында тек орталық атқарушы орган шешеді деп көрсетілген. Біздің пікірімізше, <<уәкілетті органдардың ұсынысымен>> деген толықтыру кажет. Ереженің күші: * шетелдік заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің 1-ші басшы болып қызмет істейтін; * мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 45 күнтізбелік күннен аспайтын іс сапарда жүрген; * Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың 1-ші басшылары және Қазақстан Республикасының қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрі инвестицияларжөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан заңды тұлғаларының 1-ші басшылары болып қызмет істейтін; * банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының 1-ші басшылары болып жұмыс істейтін; * дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Қазакстан Республикасында аккредителген консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын; * қайырымдылық және ізгілік көмек көрсету мақсатымен келетін; * Қазакстан Республикасында аккредителген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері болып табылатын; * шетелдік ұйымдарға тиесілі теңіз және өзен кемелері, әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын; * әртістер мен спортшылар болып қызмет істейтін; * жеке кәсіпкерлер болып табылатын; * Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; * босқын мәртебесін немесе Қазақстан Республикасының аумағында саяси баспана алған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. Рұқсатты алған соң, жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін растауға кіріседі. Жұмыс беруші рұқсаты болған кезде шетелдік қызметкерлермен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес, еңбек шарттарын жасасады. Жұмыс беруші рұқсат алған күннен бастап, 3 айдан кешіктірмей тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін қалыптастырады және оларды уәкілетгі органға ұсынады. Сондай-ақ жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін: тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жылын, азаматтығын, тұрақты тұратын елін, баратын елін, мамандығы мен білімін Қазақстан Республикасында қолданылатын орталық атқарушы орган бекітетін жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына және 0199 <<Кәсіптер сыныптаушы>> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушысына сәйкес кәсіптер мен лауазымдарының атауларын керсете отырып, бес дана жасайды. Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізіміне: * білімі туралы құжаттарының нотариалды расталған аудармалары; * медициналық анықтамалары; * қызметкердің еңбек қызметін жұмыс беруші растайтын құжаттар; * жасалған еңбек шартыны- көшірмесі; 5) рұқсаттың мерзімі аякталғанда шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан тысқары шығуына кепілдік беретін құжаттар коса беріледі. Уәкілетті орган құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін, олар берілген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші берген тізімдерді растайды. Шетелдік қызметкерлермен еңбек шарты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда, жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшінің өзгертілген, уәкілетті орган растаған тізімі негізінде сол санат пен біліктілік бойынша тарта алады. Уәкілетті орган тізімдер расталған күннен бастап, оларды 5 жұмыс күні ішінде орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына ұсынады. Тізімдерді растау мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды: * құжаттарды сәйкес толық және тиесілі ұсынбағанда; * тартылатын шетелдік жұмыс күші талап етілетін санат пен біліктілікке сәйкес болмауы; * <<Халықтың көші-қоны туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының (13.12.97.) 22-бабында көзделген негіздер бойынша; * тартылатын шетелдік жұмыс күші үшін визалық қолдау жұмыс берушіде уәкілетті орган растаған тізімдер қоса берілген рұқсат болған кезде жүзеге асырылады; * жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанда шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан тысқары шығуын қамтамасыз етеді. Аталмыш ережеде жұмыс берушіге рұқсат қандай мерзімге берілетіндігі көрсетілмеген. Бірақ рұқсат мерзімін ұзарту және рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу мәселелері жеке-жеке қарастырылып реттелген. Біздің ұсынысымыз ережеге әрбір санатқа сәйкес рұқсат мерзімін немесе өзгеше тәртіппен рұқсат мерзімін бекітіп, енгізу кажет сиякты. Рұқсат мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша тиісті облыс, Астана мен Алматы қалалары үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады. Рұқсаттың мерзімін ұзарту 1-ші санат үшін екі рет, екінші санат үшін бір рет жүзеге асырылады. Үшінші және төртінші санаттар үшін рұқсаттын мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды. Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 20 күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды: өтінішті, рұқсаттың тұпнұсқасын, уәкілетті орган растаған шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін, бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпаратты, рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесін жібереді. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негізінде құжаттар берілген күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды және жұмыс беруші мен орталық атқарушы органды қабылдаған шешім туралы 5 жұмыс күні ішінде бас тартқан жағдайда себебін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді. Рұқсаттың мерзімін ұзарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды: * егер құжаттар толық және тиесілі рәсімделмесе; * бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттары орындалмаса; * бөлінген квотадан асып кетсе. Уәкілетті орган міндетті түрде себебін көрсете отырып, рұқсаттың қолданылуын 3 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы. Рұқсатты уәкілетті органдар тоқтата тұрады: жұмыс беруші рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған; шетелдік жұмыс күші рұқсатга көзделген саннан артық тартылған; тартылатын жұмыс күші тізімдерінде көрсетілмеген шетелдік жұмысшылар мен мамандар тартылған жағдайларда жүргізіледі. Тоқтатыла түрған рұқсаттың қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін калпына келтіріледі, бұл туралы жұмыс берушіге қалпына келтіру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарланады. Уәкілетті орган рұқсатты қайтарьш алуды уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата түрған себептер жойылмаған, сондай-ақ үш ай ішінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдері немесе белгіленген есеп беру ұсынылмаған жағдайда жүргізеді. Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер кейіннен заңсыз еңбекші иммигранттарға айналып кетпеуі үшін және жұмыс беруші өзіне жүктелінген арнайы міндеттерді толық, уақытында орындау мақсатында жұмыс беруші рұқсатты алғаннан кейін уәкілетті органға ай сайын шетелдік жұмыс күшін тарту туралы және Ереженің 13-тармағына сәйкес ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат ұсынады. Уәкілетті орган орталық аткарушы органға ай сайын шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыс берушінің рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөнінде орталық аткарушы орган белгілейтін нысан бойынша есеп ұсынуы қажет. Біздің пікірімізше, бақылаудың тәртібін қатаң койған өте пайдалы, себебі катаң бақылау бар жерде біріншіден, тәртіп, екіншіден, міндеттер жетік дәрежеде орындалады. Сондай-ақ, Ереже шарттарының орындалуын бақылауды орталық атқарушы орган мен аумақтық органдары, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Орталық атқарушы орган бөлінген квотаның өңірлер бойынша сақталуын бақылайды. Уәкілетті орган мен орталық атқарушы органның аумақтық органы жұмыс берушінің рұқсат берудің ерекше шарттарын орындауын және жұмыспен қамту туралы заңнаманың орындалуын бақылайды. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктейді. Жұмыс берушіге тәртіптік, азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктер қолданылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 396-бабы (30.01.01) Казақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуға арналған. Қазақстан Республикасы аумағына уәкілетгі органның тиісті рұқсатынсыз немесе оны алдау жолымен алып өз бетімен келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (жасырын иммигранттарды) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдауы, сондай-ақ лауазымды адамдардың жасырын иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бір өзге де заңдық (құқық туғызушылық) іс-әрекеттер жасауы - азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 20-ға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - 20-25-ке дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға 300-500-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ, адамның Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуы Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, айлық, есептік керсеткіштің 20-25 дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Көшіп келу ережелерін бұзу. Көшіп келушінің көшіп келушілерді бақылау бекеті жанындағы уақытша ұстау орнында тұрудан, көшіп келушілерді уақытша орналастыру орталығынан, уақытша болу үшін көші-қон қызметінін аумақтық органы белгілеген орында тұрудан жалтаруы, сол сияқты оның Қазакстан Республикасындағы құқықтық мәртебесін анықтау кезінде сонда тұру ережелерін бұзуы, ескерту жасау немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып немесе онсыз айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-бабы талап коюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу. Жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша койылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу. * Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа бірнеше рет қабылдауы, 500-700 АЕК-ке дейінгі мөлшерде не сотталған адамның 5-7 айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табыс мөлшерінде айыппұл салуға не 100-200 сағатқа дейінгі мерзімге коғамдық жұмысқа тартуға жазаланады. * Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетел жұмыс күшін пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуы 700-900 АЕК-ке дейінгі мөлшерде не сотталған адамның 7 айдан 7 жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға не 140 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға жазаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (16.07.97). 148-бап Еңбек туралы заңдарды бұзу. 1. Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмыста қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау, сол сияқты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан еңбек туралы заңдарды өзге де бұзу - 100-200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның 1 айдан 2-айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысынын мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. 2. Басқару қызметін аткарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідіртуі 300-700 АЕК-ке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның 37 айға дейінгі кезеңдегі жалақысы мөлшерінде айыппұл салынады немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. 152-бап. Еңбекті корғау ережелерін бұзу мәселелеріне арналған. Демек, Қазақстан Республикасы заңнамасы жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қатынастарды жан-жақты реттейді және қорғайды. Қазақстан Республикасының Енбекті корғау туралы заңы (22.12.93) мен Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңдарының нормалары жұмысшының құқықтарын қорғайды. Казакстан Республикасының <<Еңбек туралы Заңы>> Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейді. 3-бапта: <<Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы заңның күші Қазакстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жузеге асыратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады>> делінген, яғни жұмыс беруші мемлекеггін заңы келген еңбекшіиммигранттарға таралады. Мысалы, <<Шетел инвестициялары туралы>> Заңда (27.12.94) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін шетел азаматтарының еңбек қатынастары 24-25-баптарымен реттелген. 24-бап. Еңбек қатынастары. Шетел қатысатын кәсіпорындарда жұмысқа жалдау мен босату, еңбек пен демалыс режимі мәселелерін, еңбекке ақы төлеу, кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу ережелерін қоса алғанда, өндірістік және енбек қатынастары ұжымдық шартпен (келісіммен) де, жеке еңбек шарттарымен де реттеледі. Ұжымдық шарт (келісім) пен еңбек шарттарының ережелерін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ережелермен салыстырғанда осы кәсіпорын қызметкерлерінің жағдайын нашарлатпауы керек. Шетел қатысатын кәсіпорындағы кәсіптік одақтардың қызметі Қазакстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады. Демек, lex voluntatis коллизиялық байланым орын алады. 25-бап. Шетелдік қызметкерлерді тарту. Шетел қатысатын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерінің, оның әкімшілігінің, бақылау кеңесі мүшелерінің құрамына шетелдік азаматтар кіре алады. Шетел қатысатын кәсіпорындарының шетелдік қызметкерлерінің енбегіне ақы төлеу, оларға демалыс беру, зейнетақымен камтамасыз ету мәселелері олардың әрқайсысымен жасалатын жеке еңбек шарттарында шешілуге тиіс. Осы қызметкерлер ездерінің шетелдік валютамен алатын жалақысын тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін шет мемлекеттерге аудара алады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұрғылықты жері жоқ шетелдік қызметкерлермен еңбек қатынастарына, егер еңбек шартын (келісім-шартын) жасаушы тараптар оны жасасқан кезде немесе бұдан былайғы келісім негізінде еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін реттеп отыратын елдің заңдарын таңдап алмаған болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының императивтік қалыптары қолданылатын мәселелерге шетелдік заңдар қолданылмайды, яғни жалпы lex voluntatis байланымын қолданбағанда, lex loci laboris қосымша байланым ретінде іске қосылады. Соңғы өзгерістерді қарастырсақ заңның атауы өзгертілді <<Инвестициялар туралы>> Заңда (8.01.03) 4, 25-баптар жойылды және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері ұлттық заңнамаға сәйкес реттеледі. Шетел жұмыс күшін Қазақстанда тартқанда ерекше кәсіпорындарда білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге ұмтылады. Бұл салаларға машина құрылысы, білім беру, құрылыс салу жатады. Құрылыс салуда әрбір шетел компаниясы немесе ұлттық компаниялар білікті шетел мамандарының санын құрылыс мердігерлікке тартады. 1990 жылдардан бастап Қазақстанның ірі қалаларында құрылыс салу басталды. Құрылысшылар көбінесе Түркия мен Үндістаннан тартылды, ал отанымыздың құрылысшылары бұл жұмыстарға алынбады. Енді соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел мердігерлері орындайтын жұмысы бар келісім-шарттарды жасасқанда жұмысшылардың 70%-дан кем емесі қазақстандықтардан алынуы тиіс деп отыр. Әлбетте, іс жүзінде шетелдіктер келісім-шарттарын орындағысы келмей, жергілікті жұмысшылардың біліктілігінің төменгі дәрежеде екендігін себеп тұтып, өз жұмысшыларын тартады. Лицензияланған жұмыс күші жоғары жалақы алатын жұмысшылар санатына жатады. Мысалы: 1996 жылы Еңбек министрлігі 5,5 мың адамға 467 лицензия берді, оның ішінде 4,2 мың - шетел мемлекеттерінен, 1,3 мың - ТМД мемлекеттерінен. Шетелдік жұмыс күшінің көп бөлігі Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Болгариядан келді. Негізгі тобы құрылыста, мұнай-газ өнеркәсіптерінде жұмыс істеді. Импорттаушы мемлекеттердің ішінен Түркия, Қытай бірінші орында тұр. Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудің тәртібі Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы №862 қаулысымен бекітілген. Заңды және жеке тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазакстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін осындай қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болуы тиіс. Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия беруді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігі (Алматы қаласы бойынша - Алматы қаласының органы) жүргізеді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған лицензия: * қызмет ауқымы бойынша қолдану мерзімі шектеусіз берілетін бас лицензия болып табылады; * аумақтық сала бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген шетелдік жұмыс күшін әкелуге арналған лицензияға сәйкес Қазакстан Республикасы шетелдік азаматтардың келуіне ашық барлық аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде (Алматы каласынан басқа) қолданылады. Алматы қаласының атқарушы органы берген лицензия Алматы қаласының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылады. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар керек: * белгіленген үлгідегі өтініш; * лицензиаттың қызметтің лицензиялайтын түрімен айналысу құқығына арналған біліктілік талаптарына сай екендігін растайтын құжаттар; * қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым енгізілгенін растайтын құжат ұсыну қажет. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттармен алады. Заңды тұлғалардың өтініші бойынша шешім бір ай мерзімнен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтініш берілген күннен бастап 10 күндік мерзімнен кешіктірілмей қабылданады. Лицензия, егер: * қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға аталған субъекті үшін заң актілерімен тыйым салынса; * лицензиялар туралы заңдарына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса; * кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына алым енгізілмесе; * өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына сай жауап бермесе; * өтініш берушіге қатысты соттың оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынатын шешімі болса берілмейді. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім лицензия беру үшін белгіленетін мерзімде өтініш иесіне жазбаша түрде жіберіледі. Лицензия иеліктен шығарылмайтын, яғни лицензия басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайтын болып табылады. Лицензияны кері қайтарып алу: * лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған; * сот лицензиатқа қызметтің оның жүзеге асыруға лицензия бар түрімен айналысуға тыйым салған; * л бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын уақытша тоқтатқан себептері жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен жүргізіледі. Лицензиат токтата тұрудың себептерін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты ай мерзімге дейін токтата тұруға құқылы. Лицензияның қолданылуы анықталған жайсыздықтар жойылғаннан кейін лицензиардың шешімі бойынша жаңартылады, ол туралы, лицензиарға жазбаша түрде хабарланады. Лицензия кері қайтарылып алынған немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайларда кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған алым қайтарылуға жатпайды. Лицензиаттың лицензияның тоқтатыла тұруына және кері қайтарылуына байланысты барлық мәселелер бойынша лицензиардан жазбаша түрде растау алуға кұқығы бар. Сондай-ақ лицензиат лицензияның берілуі, кері қайтарылып алынуы, қолданылуының тоқтатыла тұруы және жаңартылуы туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне және Ұлттық кауіпсіздік комитетіне ақпарат береді. Лицензияны жоғалтып алған жағдайда, көшірме лицензия белгілеген шарттарға сәйкес беріледі. Лицензиялық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктеледі. Лицензия алмастан шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін шетелге шығаруға байланысты қызметке тыйым салынады. Лицензиялық нормалар мен осы тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғады. Шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты қызметте лицензия алуға үміткер заңды тұлғаға (өтініш берушіге) мынадай біліктілік талаптары қойылады: Өтініш берушінің штатында жоғары және арнайы заңгерлік білімі бар кем дегенде бір маманның болуы, үй-жайы, компьютерлері және еңбек биржасымен, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық талдау орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жабдықтары болуы. Шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты қызметте лицензия алуға үміткер жеке тұлғаға (бұдан әрі өтініш беруші) мынадай біліктілік талаптары койылады: Халықты жұмыспен қамту саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде енбек және кәсіптік қызметін жүзеге асыруының тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы №862 қаулысымен бекітілген. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (шетелдік азаматтар) жұмыс берушімен жасалған келісім-шарттың (еңбек шартының) негізінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек және кәсіптік қызметті жүзеге асыра алады. Шетелдік азаматтар, егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы лауазымға тағайындалуы немесе қызметтің осы түрімен айналысуы Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігіне байланысты болса, жекелеген лауазымдарға тағайындалады немесе еңбек қызметтің жекелеген түрімен айналыса алмайды. Шетелдік азаматтардың еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқығы болады және сондай жауаптылықта болады. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс беруші мен шетелдік азамат арасында жасалған келісім-шарттың тараптарымен айқындалады. Келісім-шарт (еңбек шарты) міндетті түрде жұмыс беруші мен қызметкерлер туралы деректерді, келісім-шарттың нысаны туралы шартты, еңбекақы төлеудің, жұмыс және демалыс уақытының, өмірі мен денсаулығын сақтандырудың, жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырудың шарттарын, тараптардың міндетгемелерді орындауы мен жауаптылығын, еңбек дауларын шешудің тәсілдері туралы, қызметкерді тұрақты тұратын жеріне жұмыс берушінің есебінен қайтару туралы, келісім-шартты қолданудың және оны бұзудың мерзімдері туралы негізгі шарттарды қамтуға тиіс. Келісім-шарттың өзге шарттарын тараптар айкындайды. Жұмыс берушілер орталық атқарушы органнан белгіленген квоталар шегіңде берілетін шетелдік азаматтарды тартуға рұқсат алуға міндетті. Орталық атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттің ішкі еңбек нарығын корғау жөніндегі мүдделерін басшылыққа алады. Егер: 1) бұл адамдар ресми дипломатиялық, консулдық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың құрамына кіретін болса; * бұл адамдар арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын болса; * бұл адамдар Қазақстан Республикасында ресми тіркелген бірлестіктердің діни қайраткерлері болатын болса; * бұл адамдар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері болып табылатын болса және Қазақстан Республикасында тіркелген болса; * бұл адамдар Қазақстан Республикасында тұруына ықтияр хаты болса шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (еңбек шартының) қолданылу мерзіміне беріледі. Жұмыс берушілер өздері орналасқан жері бойынша уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін қажетті құжаттармен қоса орталық атқарушы органның атына өтініш беруі тиіс. Өтінішке тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жылын, шыққан елін, мамандығы мен білімін, Қазақстан Республикасында қолданылатын қызметтердің, мамандықтардың және жұмыстардың бірыңғай тарифтік анықтамалығына сәйкес шақырылатын қызметтері көрсетіле отырып, жұмыс берушілердің қолы мен мері бар 5 данада әкелінетін, жұмыс күшінің тізімі, жұмыс берушінің жалданушы қызметкерлермен еңбек шартының көшірмесі, халықаралық үлгідегі медициналық анықтама - ВИЧ-ке тексеру анықтама қоса беріледі. Шетелдік жұмыс күші, тартылған жері бойынша уәкілетті органдар ұсынылған құжаттар негізінде, 2 аптадан аспайтын мерзім ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің мүмкіндігі туралы негізделген қорытынды шығарады және оны осы ұсынылған құжаттармен бірге орталық атқарушы органға жолдайды. Орталық атқарушы орган жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтінішін 2 аптадан аспайтын мерзімде, ал шағын субъектілер үшін 10 күннің ішінде қарайды. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың мерзімі лицензиар шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі. Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру: * талап етілетін құжаттарды ұсынбаған; * құжаттардың ресімделуінің осы тәртіптің шарттарына сәйкес келмеуі жағдайында жүзеге асырылады. Орталық атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, Шекара әскерлерінің қолбасшылығына хабарлайды. Казакстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе келісімдерде жұмыс күшін ауыстырудың өзгеше ережелері белгіленген жағдайда халықаралық шарттын ережелері қолданылады. Дәріс 12: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МҰРАГЕРЛІК СҰРАҚТАРЫ 1. КОЛЛИЗИЯЛАР МЕН ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ЖӘНЕ ОДАН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ ЗИЯН КЕЛТІРУ 3. МҰРАГЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ НОРМАЛАР 4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАРЫ 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕГІ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАРЫ Дәріс мақсаты: Халықаралық жария құқығындағы зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер мен мұрагерлік сұрақтарын сипаттау. Дәріс міндеттері: 1. Коллизиялар мен деликтік міндеттемелерді сипаттау. 2. Қазақстан Республиасының аумағында және одан тыс жерлерде зиян келтіруді талдау. 3. Мұрагерлік саласындағы коллизиялық нормаларды сипаттау. 4. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқықтарын талдау. Пайдаланылатын әдебиеттер: + Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері). - Алматы: ЮРИСТ, 2006. + Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от 31 мая 1991. + Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Том 2. Алматы: Заң әдебиеті, 2005. + Звеков В.П. Обязательства из приченения вреда в МЧП (некоторые коллизионные вопросы) //В кн.: Очерки МЧП. М., 1963. + Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М.:Юрид. лит., 1975. + Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право. М., 1987. + Рубанов А.А. Наследование в МЧП. М., 1972. + Рубанов А.А. Заграничные наследства М., 1975. + Международное частное право. Учебное пособие. Издание 2-е, переработанное, дополненное. Алматы: Ғылым, 1998. 1. Құқық бұзушылықтан туындайтын міндеттемелер саласында коллизиялық байланым ретінде lex loci delictii comissii табылады, яғни бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына байланысты. Бұдан деликт терминінің мазмұнын ашу қажеттілігі туындайды. Деликт - бұл құқық бұзушылық. Оыс саладағы әрекет ететін заңдарда көптеген мемлекеттер: а) зиян келтіру кезінде зиян келтіруші тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі орны және уақыты әрекет ететін заңы пайдаланылады; б) бір мемлекетте зиян келтіруші мен жәбірленуші орналасса, онда сол мемлекеттің заңы пайдаланылады; в) негізгі ереже ретінде зиян келтірілген аумақтың мемлекеттік заңы пайдаланылады дегенді белгілейді. Деликтік міндеттемелерді орындауды мәжбүрлеу мақсатында Қытайда құқыққа қайшы іс-әрекеттің жасалу жері заңы пайдаланылады. Бұл мемлекетте, зиян келтіруші мен жәбірленуші азаматтығы сәйкес келсе немесе олар бір мемлекетте болса, онда тараптардың азаматтығы заңы немесе тараптардың орналасу жері заңы пайдаланылады. Қазақстан мен шетел мемлекеттері арасында жасалған құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарда деликтік жауапкершілік жөнінде коллизиялық нормалар бар. Бұл келісім-шарттарда, әрекет болған немесе зиян келтірудің орнын толтыру жөнінде талаптарға негіз болған мән-жайлар орын алған мемлекеттің заңы пайдаланылады деп белгіленген. Бұл ережеден ескерту: зиян келтіруші мен жәбірленуші бір мемлекеттің азаматы болса, онда зиян орнын толтыру сұрақтарына сол мемлекеттің заңы пайдаланылады. Көріп отырғанымыздай, көп мемлекеттердің заңнамаларында және екіжақты, көпжақты келісім-шарттарда бір норма жөнінде сөз көтеріліп отыр. Халықаралық жария құқықтағы деликтік міндеттемелермен байланысты коллизиялық сұрақтар екітүрлі шешіледі: зиян орын алған мемлекет құқығымен немесе зияннан зардап шеккен жәбірленуші мемлекетінің құқығымен. Дәстүрлі ереже болып зиян келтірілген мемлекеттің заңы табылады. Сонымен қатар, егер зиян орнын толтырудың тиімді жағдайлары көзделсе, онда жәбірленуші мемлекетінің заңын пайдалануға шектеу қойылмайды. Егер зиян бір мемлекетте орын алса (мысалы, атомдық энергостанцияда авария болған жағдайда), ал оның зардаптары басқа мемлекетте болса, онда талаптар екі мемлекеттің де соттарына беріледі. Егер бұл мемлекеттер арасында келісімдер болмаса, онда талаптар отандық соттарға беріледі. 1963 жылдың <<Ядролық залалдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы>> Вена келісімі, 1960 жылдың <<Атомдық энергетика саласындағы үшінші тұлғаларға қатысты жауапкершілік туралы>> Париж конвенциясы, 1962 жылдың <<Атомдық кемелер иелерінің жауапкершілігі туралы>> Брюссель келісімі сот мемлекетінің құқығын пайдалану қажеттілігі жөнінде көрсетеді. 1963 жылдың Вена келісіміне сәйкес сот мемлекетінің құқығы және сол мемлекеттің коллизиялық құқығына жататын мемлекет құқығының нормалары пайдаланылады. 2. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімімен) реттеледі. ҚР АК-нің 1117-бабына сәйкес зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жай орын алған елдiң құқығы бойынша анықталады. Егер iс-әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негiз болған өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шетел құқығы қолданылмайды. Енді моральдық залал (зиян) туындайтын жауапкершілік мәселелеріне тоқталайық. Азаматтық қүқық теориясында моральдық зиян жәбірленушіге жан азабымен тән азабын келтіруден, азаматтық арнамысы мен абыройын кемсітуден керінетін мүліктік емес зиян ретінде анықталады. Моральдық зиянның бірінші заңды анықтамасы жоғарыда келтірілгеннен мүлдем ерекшеленген жоқ. Моральдық зиян деп азаматқа заңға қайшы іс-әрекеттермен келтірілген жан, дене азабы түсінілетін. Азаматтық заңнамада мұндай азаптар жәбірленушінің қорлануды, ызалануды, түңілуді, тән ауруын, залал шегуді, қолайсыз жағдайда қалуды және т.б. бастан кешіруі ретінде нақтыландырылған еді. Осы анықтамалар үстүрт болғандықтан олар одан әрі нақтылануды талап етті. Олар бойынша моральдық зиянды зиянның бұрын қалыптасқан жалпы анықтамасына туралау қиын екендігін бірден түсінуге болады. Сол бір немесе өзге зиян құқықтық мағынада - бұл белгілі бір шектерде болуға тиіс өтетіп алу қүқығын беретін белгілі бір нысандағы нақты бір игілікті кез келген жағдайда кеміту. Қазіргі уақытта моральдық зиян заңмен корғалатын кез келген игіліктер мен құқықтарға қолсұғушылық нәтижесі ретінде түсініледі. Әрекет етуші заңдық анықтамаға сәйкес, моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда калу және т.б.). Моральдық зиянды өздеріне қарсы құқық бұзушылық жасалатын игіліктер мен құқықтарды тікелей келісумен барлық жағдайларда теңдестіруге болмайды. Заң шығарушылар моральдық зиянның өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелетіндігіне нұсқай отырып (ҚР АК 952-бап 3-т) мұны ішінара көздеген. Сірә бұл баптың формулировкасын өзгертіп, оны мынадай мазмұнда жазу керек: <<моральдық зиян мүліктік зиянға қарамастан өтеледі>>. Сол кезде ол моральдық зиян деликтілік міндеттеменің жалғыз негіздемесі болып табылатын жагдайларды да қамтиды. Моральдық залал келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік міндеттемелердің бір түрі ретінде танылады. Ол өзі негізі ретінде зиян келтіру бойынша басқа да міндеттемелер сияқты шарттарға ие, моральдық зиян келтірудегі кінәнің болуы талап етіледі. Азаматтың мүліктік құқықтарын бұзатын іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен келтірілтен зиян үшін жауапекершілік тек заңнамада тікелей көзделген жағдайларда ғана туындайтын болады. Азаматтар мүліктік емес зиянды деликтілік міндеттемелердің негізі болып табылатын барлық жағдайларда өтетіп алуға құқылы болады. Заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік емес залал шектеусіз өтелуге жатады. Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда егер: 1) зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе; 2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды колданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе; * зиян ар-ожданына, қадір қасиетімен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе; * заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі. Моральдық (мүліктік емес) зиян - элементі өзіне ғана тән болып табылады. Оны анықтау қиынға соғады және әдетте оны бағалаумен ол үшін өтемақы белгілеу шартты болады. Заңнама бұл орайда моральдық залал үшін өтемақының төменгі және жоғарғы шектерін бекітпейді. Оны келтіргені үшін белгіленген негізгі талап - өтемақы әділетті болуға тиіс. Ол үшін белгіленетін өтемақы ақшалай нысандаболуға тиіс. Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ізгілік қасиетіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын оның субъективті түрде бағалауы ескеріледі. Сондай-ақ жәбірленушінің жан азабымен тән азабының дәрежесін дәлелдейтін обьективті деректер де ескеріледі. Есепке қол сұғу объектісі болған игіліктің өмірлік маңыздылығы алынады. Мысалы, заңмен қорғалатын барлық игіліктердің ішінде ең маңыздысы болып өмір табылады, тиісінше оған қол сұққан үшін белгіленетін өтемақы ең жоғары болуға тиіс. Денсаулыққа, ар ожданға, қадір қасиетке, бостандыққа, тұрғын үйге және т.б. қол сұғу ауыр қол сұғушылықтар деп есептеледі. Сонымен қатар, есепке құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтіру, мүгедектікке әкеп соқкан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.) ескеріледі. Ұятқа қалдыратын жалған мәліметтер тарату сипаты мен аясы жәбірленушінің өмір сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және бақалары) өзге де назар аударуға тұрарлық мән-жайлар бағаланады. Қазақстаннан тыс жерлерде зиян келтіру сұрақтарын Қазақстан Республикасының соттары қарастырғанда олар аталған құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына сүйену тиіс. ҚР АК-нің 1117-бабының 2-тармағына сәйкес шетелде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, егер тараптар сол бiр мемлекеттiң азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттiң құқығы бойынша анықталады. Сонымен қатар, халықаралық конвенцияларда да осы сұрақтар қарастырылған. Мәселен, 1974 жылдың 13 желтоқсанындағы <<Жолаушылар мен олардың теңдеме жүгін теңіз арқылы тасымалдау туралы>> Афина конвенциясы жолаушылардың денсаулығына зиян келтіру кезіндегі тасымалдаушының жауапкершілігін 700 мың франк мөлшерімен шектейді. 3. Қазақстанда әрекет ететін мұрагерлік құқық нормалары мұрагерлікке қатысты барлық қатынастарды реттейді. Бірақ, кейде мұрагелік сұрақтарын шешу кезінде шетел құқығын қолдану қажеттілігі туындайды. Қазақстанда әрекет ететін заңнамаға сәйкес мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Қазақстанның мұрагерлік құқық нормалары мұра қалдырушы Қазақстанда тұрақты тұрса ғана қолданылады. Егер мұра қалдырушы шетелде тұрса, онда шетелдік құқық нормалары қолданылады. Қазақстанда ұлттық құқық пен шетел мемлекетінің құқығы теңдік негізінде қолданылады. Қазақстанда шетел элементі бар мұрагерлік қатынастарды реттейтін нормалар әрекет етеді. Тағы бір айтатын жайт, шетел элементі әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, мұра қалдырушы Қазақстанда өмір сүріп Қазақстан Республикасының азаматы болса, осында оның мүлігі және мұрагері - шетел азаматы болса, онда шетел элементінің болуы нақты. Бірақ, бұл жағдай шетелдік құқық нормаларының қолдануына әкелмейді. Егер мұрагер шетелде тұрақты тұрса да, бұл жағдай мәселені өзгерпейді, мұнда да қазақстандық заңнама пайдаланылады. Егер мұра қалдырушы тұрақты шетелде тұрса және оның азаматы болса, сонда ғана шетел мемлекетінің құқығы пайдаланылады. Кейбір жағдайларда, қазақстандық заңнама сілтеме жасайтын, шетел мемлекеттерінің заңнамалары қайтадан қазақстандық құқықтың пайдалануы қажеттілігін бекітетін коллизиялық норманы көрсетеді. Мәселен, мұра қалдырушы Қазақстанның азаматы болса, бірақ тұрақты тұрғылықты жері Швецияда болса, онда күшінде қазақстандық заңнама шетел заңнамасын қолдануды бекітеді. Бірақ, Швецияның заңнамасы мұрагерлік қатынастардың мұра қалдырушының азаматтығы заңымен реттелетіндігін көрсетеді, яғни қазақстандық құқық пайдаланылады. Бұл әрекетті қайтару сілтемесі деп атайды. АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктің арасында коллизиялық нормаларды бөледі. Қозғалатын мүлікке қатысты мұрагерлік сұрақтарын шешкенде мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы пайдаланылады, ал қозғалмайтын мүлікке қатысты - қозғалмайтын мүлік орналасқан жердің заңымен анықталады. Жалпы ереже бойынша, коллизиялық сұрақтар мемлекеттердің ішкі заңнамасы бойынша анықталады. Ал мұрагерлік құқық сұрақтары бойынша халықаралық конвенциялар тек кейбір сұрақтарды ғана қамтиды. Мәселен, 1973 жылдың 26 қазанындағы <<Халықаралық өсиеттің нысаны туралы>> көпжақты конвенцияда және 1961 жылдың 5 қазанындағы <<Өсиет нысандарына қатысты заңдар коллизиясы туралы>> конвенцияда халықаралық өсиеттің нысаны бекітілген. 4. Қазақстан Республикасы аумағында шетел элементінің қатысуымен болатын мұрагерлік құқыққатынастар бірнеше жағдайларға байланысты пайда болады. Олардың қатарына жатады: а) Қазақстан аумағында шетел азаматтары - мұрагерлер пайдасына мұраның ашылуы; б) Қазақстан аумағында шетел азаматы - мұра қалдырушы мүлігінің болуы; в) Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының қайтыс болуы т.б. Осыған қатысты Қазақстандағы шетелдіктердің мұрагерлік құқықтары қандай? - деген сұрақ туады. Осы сұраққа жауап берместен бұрын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ұлттық режим қағидасы қолданылатындығын атап өткен дұрыс. Осыған қатысты, Қазақстан Республикасында мұрагерлік салада шетелдіктер мемлекет азаматтары сияқты құқықтарға ие болады. Заңнама шетел азаматтарының құқықтарына жалпы шектеулер қоймайды. Шектеулер тек шетел мемлекетіне қарсы реторсия түрінде немесе шетелдегі қазақстандық азаматтардың құқықтары шектелгенде ғана болуы мүмкін. Егер, мысалы Қазақстан Республикасының азаматтарына шетел мемлекеті жер алу құқығын өз аумағында шектесе, онда Қазақстан Республикасы да қарсы шектеулер қоя алады. Бірақ, 2003 жылдың 20 маусымындағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 20-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі ретінде - азаматтар табылады делінген, сонан соң, егер ҚР ЖК-де өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ ұғынылады делінген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының азаматтық құқықсубъектілігінің мазмұны мемлекет азаматтарының құқықсубъектілігімен тең бола бермейді, сондықтан мұрагерлік құқықтардың да мөлшері әртүрлі болады. Мәселен, ҚР ЖК-нің 23-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жерді қоспағанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін. Бірақ, аталғандай шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жеке меншігіне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жерді ала алмайды. Бұл жағдайда, мұра қалдырушы - Қазақстан Республикасының азаматы, мұрагер - шетел азаматына аталған жерлерді қалдыру мүмкін. Бірақ, Қазақстан Республикасы шетел азаматының мұрагерлік құқықтарын тануға міндетті, ал ол өз құқықтарын толығымен жүзеге асырмайды. Бұл жағдайда, Қазақстан Республикасы шетел азаматына басқа мүлік немесе оның нарықтық құнын төлеуге міндетті болады. Осындай мұрагерлік құқық қатынастар туындағанда ғана шетел азаматтарына шектеулер қойылуы мүмкін, ал қалған уақытта олардың құқықтары мен міндеттері мемлекет азаматтарымен теңбе-тең. Субъектілері шетел азаматтары болып келетін мұрагерлік құқық қатынастар туындағанда бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет болады: өсиет және заң бойынша мұрагерлер қатарына кімдер кіреді, мұрагерлік құқықтарды рәсімдеудің тәртібі мен мерзімдері қандай, өсиет нысаны, мұраны қабылдау және одан бас тарту тәртібі қандай т.б. Осы сұрақтарға жауап беру үшін алдымен қай мемлекеттің құқығы қолданылатынын анықтау керек. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады делінген. Егер ақырғы тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан болса, онда қазақстандық құқық пайдаланылады. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады. Қазақстандық заңнама бұл жерде, заң бойынша мұрагерлер санын, мұра мүлігін оның құрамын және т.б. сұрақтарды анықтау тиіс. ҚР АК-нің 1123-бабына сәйкес қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады. Бұл жерде, қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру сұрағы шешілді, бірақ егер мүлік белгілеріне байланысты қозғалатындарға жатып ұлттық заңнама бойынша қозғалмайтынға жатса, онда сұрақ қалай шешіледі екен. ҚР АК-нің 117-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, <<өзен-теңiз>> жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Қозғалмайтын заттар тұжырымдамасынан француз құқығы шығады. Оларға француз заңы мен практикасы кәсіпорын пайдаланылатын машиналарды, жабдықтарды және өнімдерді, ауылшаруашылық құралдарын және жануарларда жатқызады. Сонымен, бір мемлекет белгілі бір заттарды қозғалатын десе, екіншісі қозғалмайтын десе, онда қай мемлекеттің заңы қолданылады деген сұрақ туады. Әдебиеттерде және практикада кең таралған пікір болып мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы табылады. Шетел элементінің қатысуымен өсиет бойынша мұрагерліктің ерекшеліктері бар. Мәселен, мұра ашылғанға дейін, өсиет дайындалуы тиіс. ҚР АК-нің 1122-бабына сәйкес адамның өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды. Шетел азаматтарына қатысты мұрагерлік саласында салық салу қатынастарына қазақстандық азаматтармен бірдей режим пайдаланылады. Бұл ережеден өзгеше халықаралық келісімдермен көзделуі мүмкін. Мәселен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында 1994 жылдың 28 наурызында қабылданған консулдық конвенцияға сәйкес консулдық мекеменің қызметшісі және оның отбасы мүшелері қайтыс болғаннан кейін, орналасу мемлекеті қозғалмайтын мүлікті салық пен баждардан босатады. Шетел азаматына тиесілі мұрагерлік мүлікті қорғау сұрағы да маңызды болады. Осындай мүлікті қорғау қазақстандық құқықпен жүзеге асады. ҚР АК-нің 1071-бабына сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады. Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар. Халықаралық келісімдер мұраны қорғауға өзге де органдарды көздеуі мүмкін. Мәселен, 1993 жылдың 22 қаңтарында Минскіде қол қойылған <<Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның 50-бабына сәйкес мұраны қорғау бойынша шараларды қолдану дипломатиялық мекемелерге беріледі делінген. Халықаралық келісім-шарттарда иесіз қалған мүлікке байланысты да ережелер бар. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, мұра иесiз қалған деп танылады. Иесіз қалған мұра мемлекетке өтеді. Бұл жерде, Қазақстанда шетел азаматынан қалған мұра кімге өтеді? - деген сұрақ туады. Құқықтық көмек туралы келісім-шарттар бойынша қозғалатын мүлік шетел азаматы қайтыс болған мемлекетке өтеді, ал қозғалмайтын мүлік, мүлік тұрған мемлекеттің меншігіне өтеді. Тағы бір маңызды сұрақ - мұрагерлік сомалар мен мүліктерді аудару және шығару сұрағы. Қазақстан Республикасының аумағынан шектеу қойылмаған, барлық мұрагерлік мүліктер мен ақша сомаларын шығаруға болады. Халықаралық келісім-шарттармен көрсетілгендей, мемлекеттен шығаруға тыйым салынған мүліктер, азамат қайтыс болған күшіндегі заңнамамен анықталады. 5. Қазіргі таңда, Қазақстан үшін де көші-қон процестері тән. Көптеген азаматтар Ресейге, Германияға т.б. мемлекеттерге кетіп жатса, екіншілері Иран, Қытай, Монғолиядан т.б. мемлекеттерден ата-бабаларының туған жеріне келіп жатыр. Сондықтан, шетелде Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болып, мұра қалдырушы қазақстандық азамат болғанда мұрагерлік қатынастар туындауы мүмкін. Жоғарыда аталғандай, шетел элементінің қатысуымен мұрагерлік қатынастар ішкі заңнаманың коллизиялық нормаларымен немесе халықаралық келісімдердің ережелері негізінде анықталады. Ақырғылар қатарына Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы құқықтық көмек туралы келісім-шарттарды жатқызуға болады. Мәселен, 1994 жылдың 9 тамызында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы құқықтық көмек туралы келісім-шарттың 40-бабында құқықтардағы теңдік қағидасы бекітіледі, яғни келісуші-мемлекеттердің азаматтарының құқықтары мен міндеттері тең. Осы келісім-шарттың 41-бабындағы норма кейіннен ҚР АК-нің 1121, 1123-бабына енген, яғни мұрагерлік бойынша қатынастар, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша анықталады. Кейбір жағдайларда құқықтық көмек көрсету келісім-шарттардың кейбіреулерінде мұра қалдырушының азаматтығы заңы қағидасы көзделеді. Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік ұғымы ҚР АК-нің 117-бабында берілген. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, <<өзен-теңiз>> жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi. Өсиет нысаны өсиет жасалған уақытта мұра қалдырушы азаматы болып табылатын келісушы тараптың заңнамасымен анықаталады. Бірақ, өсиет жасалғанда келісуші тараптың заңнамасы сақталғаны жеткілікті болады. Бұл ереже өсиеттің күші жойылғанда да қолданылады (Құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы келісім-шарттың 13-бабы). Мұрагерлік жөніндегі істерді жүргізу сұрағының үлкен практикалық маңызы бар. Құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы келісім-шарттың 44-бабына сәйкес қозғалатын мүлікке мұрагерлік істер бойынша өндірісті мұра қалдырушы тұрақты тұрған елдің аумағындағы келісуші тараптардың мекемесі жүргізеді. Егер мұра қалдырушы тұрақты тұрмаған мемлекеттің аумағында оның қозғалатын мүлігі тұрса, онда мұрагердің арызы бойынша мұрагерлік жөнінде істі осы мемлекеттің мекемесі жүргізе алады. Қозғалмайтын мүлік мұрагерлігі жөніндегі істерді мүлік тұрған жердің келісуші тарабының мекемесі жүргізеді. Шетелдегі Қазақстан азаматтарының мұрагерлік құқықтарының жеке сұрақтары консулдық конвенцияларда қарастырылған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Венгрия Республикасы арасындағы 1995 жылдың 9 наурызындағы консулдық конвенцияның 36-бабына сәйкес консулдық лауазымды адамның мұрагерлік мүлікке қатысты істері бойынша функциялары халықаралық келісімдермен реттеледі делінген. Орналасу мемлекетінің уәкілетті органдары өзге мемлекеттің азаматы қайтыс болғанда, консулдық лауазымды адамға өлім туралы хабарлайды және өлім туралы куәлікті және өзге өлімге қатысты құжаттарды жібереді. Шетелде мұра ашылса Қазақстан Республикасының азаматтары мұрагерлік мүлікті алуға құқықтары бар. Шетелдік заң негізінде пайда болған мұрагерлік құқық Қазақстанда да толығымен танылады. Қазақстанда азаматтардың мұрагерлік құқықтарымен келесі ұйымдар айналысады: <<Азияинюрколлегия>> халықаралық қауымдастығы 1990 жылдың 10 желтоқсанында құрылған және <<Казахинюрколлегия>> Әділет министрлігі алқасының 1993 жылдың 18 желтоқсанындағы №15 қаулысымен бектітілген. Қазақстандық заңнама қазақстандық азаматтармен шетелден алынатын мұрагерлік сомаларға қандай да бір шектеулер қоймайды. Иесіз қалған мүлікке мұрагерлік құқықтар туралы сұрақтардың үлкен практикалық маңызы бар. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрi мұрадан бас тартса, мұра иесiз қалған деп танылады. Иесіз қалған мүлік туралы ережелер Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісім-шарттарда көзделген. Мәселен, Қазақстан мен Литва арасындағы құқықтық көмек туралы келісім-шарттың 42-бабына сәйкес келесі ережелер белгіленген: егер келісуші тараптардың заңнамасы бойынша мұрагерлік мүлік иесіз қалған деп танылса, онда қозғалатын мүлік қайтыс болған мұра қалдырушы азаматы болған мемлекетке ауысады, ал қозғалмайтын мүлік ол тұрған мемлекеттің меншігіне ауысады. Сонымен, иесіз қалған мүлік туралы ережелер барлық халықаралық келісім-шарттарда екі жағдайда бірдей. Біріншіден, иесіз қалған мүлік мемлекет меншігіне өтеді. Екіншіден, олар мүлікті қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуге негізделеді. Дәріс 13: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС 1. ШЕТЕЛ ЭЛЕМЕНТІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ СОТТЫЛЫҚ СҰРАҚТАРЫ 2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ, ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ 3. ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СОТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ 4. ШЕТЕЛДІК СОТТАР МЕН ТӨРЕЛІК СОТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІН ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ Дәріс мақсаты: Халықаралық азаматтық процесс сұрақтарын талдау. Дәріс міндеттері: 1. Шетел элементінің қатысуымен азаматтық процестегі соттылық сұрақтарын талдау. 2. Азаматтық процестегі шетел азаматтарының, шетел мемлекетінің және оның дипломатиялық және консулдық өкілдерінің жағдайын қарастыру. 3. Шетел мемлекетінің сот тапсырмаларын орындау сұрағын сипаттау. 4. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындауды ашу. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. - Алматы: Юрист, 2006. * Блищенко И.П., Дурденевский В.Н. Дипломатическое и консульское право. М., 1962. * Международное частное право. Учебное пособие. Издание 2-е, переработанное, дополненное. Алматы: Ғылым, 1998. * Розенберг М.Г. Международные договор и инностранное право в практике международного коммерческого арбитражного суда. М.: Статут, 1998. * Хейфец Б.С. Подсудность споров в связи с морскими авариями. М.: Транспорт, 1973. 1. Ең алдымен <<юрисдикция>> және <<халықаралық жария құқықтағы соттылық>> ұғымдарының мазмұнын ашып көрейік. <<Юрисдикция>> термині халықаралық жария құқыққа жатады және белгілі бір мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асыру аясын білдіреді. Мәселен, 1958 жылдың <<Ашық теңіз туралы>> Женева Конвенциясының 5-бабына сәйкес мемлекет мемлекеттік ту астында жүзетін кемелерге техникалық, әкімшілік және әлеуметтік саласында өз юрисдикциясын және бақылауын тиімді жүзеге асыруға міндетті делінген. Осы конвенцияда ашық теңізде жүзетін кемелер қай мемлекеттің туы астында жүрсе, сол мемлекеттің юрисдикциясында болуға тиіс делінген. Осыған қатысты, <<юрисдикция>> термині <<мемлекеттік билік>> терминіне ұқсас. Ал егер <<юрисдикция>> терминін халықаралық жария құқық және азаматтық процесс арқылы қарастырсақ, онда ол <<халықаралық соттылық>> терминіне ұқсас болады. Ал <<халықаралық соттылық>> термині ретінде шетел элементімен болатын, азаматтық істердің белгілі тобын қарастыру мен шешуге байланысты, белгілі бір мемлекет сот аппаратының өкілеттігі (құқықтар мен міндеттердің белгілі тобы) түсіндіріледі. Бірақ, бұл <<юрисдикция>> термині мен <<халықаралық соттылық>> терминдері бірдей деген мағынаны бермейді. Мағынасы жағынан <<юрисдикция>> термині кеңірек, себебі оның құрамына соттылықтан басқа органдардың өкілеттігі де кіреді. Халықаралық жария құқыққа сәйкес мемлекет органдары өз юрисдикциясынан асатын әрекеттерді жүзеге асыруға, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметшілерінің қол сұқпаушылық қағидасын бұзуға құқылы емес. Халықаралық жария құқықта емес, ішкі заңнамада заңды және әкімшілік органдар арасында нақты азаматтық істер бойынша өкілеттіктер бөлінеді. Шетел элементі бар азаматтық істер бойынша органдардың өкілеттігін мемлекет өзі анықтауға құқылы. Халықаралық жария құқықта халықаралық соттылық жөнінде сұрақтар мемлекетаралық қатынастар есебінен емес, халықаралық азаматтық-құқықтық айналымда туындайтын қатынастар есебінен қарастырылу тиіс. Практика көрсететіндей, әртүрлі мемлекеттерде бірдей істер әртүрлі мемлекеттік органдармен қарастырылады: сот, әкімшілік т.б. Басқа сөзбен айтқанда, ведомстволық әртүрлі болуы мүмкін, яғни істер әртүрлі ведомстволармен қарастырылуы мүмкін. Егер біз бір мемлекетте сотпен қарастырылатын істерді, басқа мемлекеттегі осындай істердің әкімшілік органдармен қарастырылуын салыстырсақ, онда бұл халықаралық соттылық болмайды, ол сот және әкімшілік юрисдикция арасындағы айырмашылықтар болады. Ішкі заңдарда және халықаралық құжаттардағы халықаралық соттылықты анықтайтын қағидаларды қарастырайық. Бірінші қағида - тараптардың азаматтығына жататындығы шетел элементі бар істер бойынша соттылықты анықтау қағидасы. Екінші қағида болып жауапкердің тұрғылықты жері бойынша соттылықты анықтау қағидасы табылады. Үшінші қағида - даулы мүлік, зат тұрған жер бойынша соттылықты анықтау қағидасы. Сонымен қатар, талапкердің тұрған жері, нұқсан келтірілген жері және шарттың орындалу жері бойынша соттылық анықталу мүмкін. Халықаралық соттылықты анықтайтын қағидалар мен коллизиялық байланымдар мазмұны жағынан өзгеше келеді. Коллизиялық байланым қай елдің заңы қолданылатындығын көрсетсе, халықаралық соттылық істің қай сот органымен шешілетіндігін анықтайды. Халықаралық жария құқық ғылымы соттылықты ерекше және альтернативтік (таңдаулы) деп бөледі. Ерекше соттылық бойынша шетел элементі бар істердің барлығын мемлекет өзінің сот органдарымен қарастырылғанын ғана таниды. Альтернативтік соттылық бойынша шетел элементі бар істердің барлығы мемлекет өзінің және өзге мемлекеттің сот органдарымен шешілгендігін таниды. Халықаралық келісімдермен кез келген соттылық белгіленуі мүмкін. Шетел элементі бар істерді жергілікті соттардың қарамағынан алып тастау бойынша әрекеттер деррогация деп аталады. Осындай келісім-шарттар тек халықаралық соттылық мәселесін ғана шешеді, ал ішкі сұрақтарды бұл келісімдер өзгерте алмайды. Мәселен, шетел элементі бар істерді бір мемлекетте бірінші сатыдағы сот қарастырса, екіншіде екінші сатыдағы сот қарастыруы мүмкін. Сондықтан, халықаралық келісім-шарттармен осы істер іште тек апелляциялық, қадағалау тәртібімен қарастырылады деген ережені бекітуге болмайды. Бұл жерде, ішкі заңнаманың артықшылығы болады. Батыс мемлекеттерінің заң әдебиеттерінде халықаралық соттылықтың үш құқықтық жүйесі талданады. Біріншісіне - германдық жүйені жатқызуға болады, ол Еуропа мемлекеттерінің көпшілігіне және Жапонияға әсер еткен. Екіншісіне - латындық жүйе жатады. 1804 жылғы Наполеон кодексі <<Корпус юрис цивилистен>> (Римдік азаматтық құқықтың жинағынан) алынған. Үшінші болып common law, яғни ағылшын-американдық құқық жүйесі табылады. Германдық жүйе халықаралық соттылықты жауапкердің тұрған жері бойынша анықтайды. Бұл ережеден ескерту ретінде германияның соттары некелесу істерін қарастырмайды, яғни екі азаматта германия азаматтығы болмаса, істерді өз өндірісіне қабылдай алмайды. Латындық жүйеге негізделген Француздық құқық халықаралық соттылықты белгілі бір мемлекеттің азаматтығына жатушылығы бойынша анықтайды. Шетел азаматы Франция азаматымен контракт жасасып, Францияда болмаса, онда міндеттемелерді орындату үшін Франция соты ол азаматты шақыртып шешім шығаруға құқығы бар. Франция азаматын, ол шартты шетелде жасаса да, Франция соты міндеттемелерді орындату үшін жауапкершілікке тартуға құқылы. Ұлыбритания соты шетел элементі бар істерді, егер сотқа шақыру туралы бұйрық жауапкерге берілсе (ол елге қысқа мерзімді келумен шектелсе де), қарауға өкілетті деп есептейді. Басқа сөзбен айтқанда, жауапкердің не үйі, не офисі не тұрақты тұрған жері болмауы мүмкін. Ағылшындық сот шетелдік заңды тұлғаға қатысты істерді де қарастыра алады. Ол үшін оның қызметі Ұлыбритания аумағында болу тиіс. Бұл елдің соты сонымен қатар, Ұлыбританияның территориялық суларында жүзіп жүрген шетелдік кемелерге қатысты талаптарды қарастыруға құқылы. Американдық құқық негізінде ағылшындық құқық жатыр. Бұл мемлекетте соттылық сұрағының қиындығы 50-штаттың өзінің азаматтық іс жүргізу заңнамасының болуымен күрделенеді. Олар бір-бірінен өте өзгешеленеді. Сондықтан, АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарында, штаттардың заңнамаларының арасындағы қарама-қайшылықтарды оқытатын <<Қақтығысу құқығын>> оқиды. АҚШ-та соттылық тараптардың азаматтығына жатушылығы бойынша анықталады. Бұл елдің заңнамасы талап арыздың жауапкердің тұрған жері бойынша берілуіне де шектеу қоймайды. Енді халықаралық конвенциялардағы халықаралық соттылық сұрақтарын қарастырып көрейік. Халықаралық соттылық сұрақтары бойынша мемлекеттердің шарттық практикасы көрсеткендей, пророгациялық келісімдер көбінесе тар сұрақтар бойынша жасалады. 1952 жылдың 10 мамырындағы <<Теңіз кемелерінің соғылысуы жөніндегі істері бойынша азаматтық юрисдикцияға жататын кейбір ережелерді унификациялау туралы>> Конвенция осыған үлкен мысал болады. Конвенцияға сәйкес кемелердің соқтығысуына байланысты талаптар тұрғылықты жері бойынша немесе қызмет орны бойынша, не кеме қамауға алынған мемлекет сотына, не кемелердің соқтығысуы болған елдің сотына беріледі. Сонымен қатар, конвенция пророгациялық келісімдерге де қарсы шықпайды. 1956 жылдың 19 мамырындағы <<Автокөлікпен жүктерді халықаралық тасымалдау келісім-шарттары туралы>> Конвенцияда тасымалдаушыға талаптар жауапкердің тұрған жері бойынша немесе кәсіпорын тұрған жер бойынша не пророгациялық келісімде көзделгендей елдің сотына беріледі делінген. 1968 жылдың 27 қыркүйегіндегі <<Халықаралық соттылық және сот шешімдерін орындау туралы>> Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конвенциясында соттылық анықтаудың негізгі критерийі ретінде тұрғылықты жер табылады. Кейбір істер бойынша Конвенция сот өкілеттігін бөледі. Талапкер жауапкердің тұрған жері бойынша талап арызын береді немесе Конвенцияның 5 және 6 баптарында көзделген соттарға береді. Шарттар мазмұнынан туындайтын талаптарды нұқсан келтірілген елдің сотына беруге болады деп көздейді Конвенция. Егер қылмыстық іске байланысты нұқсан орнын толтыру бойынша азаматтық талаптар қылмыстық іс қаралып жатқан елдің сотына беріледі. Заңды тұлғалар филиалдарының заңсыз қызметіне байланысты талаптар олар қызмет істейтін елдің сотына беріледі. Конвенцияның 16-бабында ерекше халықаралық соттылыққа байланысты істердің тізбесі белгіленген. Тізбеге келесі істер кіргізілген: заңды тұлғалардың қызметі мен таратылуына қатысты талаптар бойынша істер - заңды тұлға-жауапкер тұрақты тұрған жері елінің сотына; қозғалмайтын мүлікке заттық құқықтар жөніндегі талаптар бойынша істер - қозғалмайтын мүлік орналасқан елдің сотымен қаралады. Енді Қазақстан заңнамасындағы халықаралық соттылық сұрақтарын қарастырайық. Қазақстан Республикасының Заңымен 1999 жылғы 13 шілдеде №411-I Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде соттылық сұрақтары <<Халықаралық процесс>> деп аталатын 5-Бөлімге енген. ҚР АІЖК-нің 418-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасы соттарының құзыретіне жатқызылған істердің соттылығы осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық ережелері бойынша анықталады делінген, яғни территориялық соттылықтың ережелері халықаралық соттылыққа қолданылады. ҚР АІЖК-нің 31 бабында былай делінген: <<Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады>>. Сонымен қатар, ҚР АІЖК-сі талап қоюшының таңдауы соттылықты анықтауды көздейді. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін. Алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады. Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін. Некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін. Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін. Аталған бапқа сәйкес талап қоюшы іс соттауына жататын бірнеше соттың арасынан біреуін таңдап алады. АІЖК-нің 33-бабында ерекше соттылық сұрақтары қаралған. Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады. Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады. Ерекше соттылық тараптардың таңдауы бойынша ешбір жағдайда өзгертілмейді. Осы норма ҚР АІЖК-нің 419-бабында сипатталған: <<Шетелдік соттың құзыреті осы Кодекстің 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптардың жазбаша келісіммен көзделуі мүмкін. Мұндай келісім болған жағдайда сот жауапкердің өтінімімен, егер мұндай өтінім істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін мәлімделсе, арызды қарамай тастайды>>. ҚР АІЖК-нің 417-бабында Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне жататын істер көзделген. Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне: 1) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік құқығына байланысты істер; 2) тасымал шартынан туындайтын тасымалдаушыға талап қою жөніндегі істер; 3) егер ерлі-зайыптылардың екеуінің де Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болса, қазақстандық азаматтардың шетелдік азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некесін бұзу туралы істер; 4) ҚР АІЖК-нің 25-29-тарауларында көзделген істер жатады. Қазақстан Республикасының соттары ерекше іс жүргізу ісін: 1) фактілерді анықтау туралы іс бойынша арыз берушінің Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты жері болған немесе анықталуы қажетті факт Қазақстан Республикасының аумағында орын алған немесе орын алатын; 2) әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы мәселе қойылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматы болған не Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері болған; 3) хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы мәселе қойылған азамат Қазақстан Республикасының азаматы болған не Қазақстан Республикасының аумағында соңғы белгілі тұратын жері болған және бұл орайда Қазақстан Республикасының аумағында белгілі тұратын жері болса және мұнда Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері немесе орналасқан орны бар азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін анықтау осы мәселенің шешілуіне байланысты болған; 4) иесіз деп тану туралы арыз берілген зат Қазақстан Республикасы аумағында болған; 5) бағалы қағазды жоғалды деп тану туралы және оған тиісті құқықтарды (шақыртып іс жүргізу) қалпына келтіру туралы берілген арызды Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан азамат немесе ұйым берген; 6) жаңсақтығын анықтау туралы арыз берілген азаматтық хал актілерін жазуды Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдары жасаған; 7) шағым жасалып отырған нотариаттық іс-әрекеттерді (оларды жасаудан бас тартуды) Қазақстан Республикасының нотариусы немесе басқа органы жасаған жағдайларда қарайды. 2. Қазақстан Республикасының азаматтық процесіндегі шетел азаматтарының жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясында ең алдымен белгіленген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағында былай делінген: <<Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады>>. Осындай тең құқықтарға ие бола отырып, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы. Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайын белгілейтін негізгі акт болып 1995 жылдың 20 желтоқсанындағы <<Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы>> Заңы табылады. Рсы Заңның 6-бабында былай деп жазылған: <<Конституцияда, заңдарда жіне халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді мойнына алады>>. Шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және ұйымдарымен бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін орындайды. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс. Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады. Соттарда шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу осы АІЖК және өзге де заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР АІЖК-нің 414-бабына сәйкес шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі олардың жеке заңы бойынша белгіленеді. Азаматтың жеке заңы өзі азаматы болып табылатын мемлекеттік құқығы болып табылады. Егер азаматта шет мемлекеттің азаматтығымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығы да болса, оның жеке заңы Қазақстан Республикасының заңы болып есептеледі. Мұндай адамда шет мемлекет азаматтығының болуын Қазақстан Республикасының соттары танымайды. Азаматта бірнеше шет мемлекеттің азаматтығы болса, бұл адам неғұрлым тығыз байланыстағы мемлекеттің құқығы оның жеке заңы болып табылады. Азаматтығы жоқ адамның тұрғылықты тұратын жері бар мемлекеттің заңы сол адамның жеке заңы, ал мұндай болмаған жағдайда - оның әдетте тұрып жатқан мемлекетінің заңы болып табылады. Өзінің жеке заңы бойынша іс жүргізу әрекетіне қабілетті болып табылмайтын адам, егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іс жүргізу қабілетіне ие болса, ол Қазақстан Республикасының аумағында іс жүргізу әрекетіне қабілеті бар деп танылуы мүмкін. Шетелдік халықаралық ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеттілігі ҚР АІЖК-нің 415-бабында көзделген. Шетелдік ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеттілігі ұйым соған сәйкес құрылған шет мемлекеттің заңы бойынша белгіленеді. Бұл заң бойынша іс жүргізу құқығына қабілеті жоқ шетелдік ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында құқық қабілеті бар деп танылуы мүмкін. Халықаралық ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеті ұйым соған сәйкес құрылған халықаралық шарт, оның құрылтай құжаттары немесе Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органымен келісім негізінде белгіленеді. АІЖК-нің 413-бабының 4-тармағында Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының іс жүргізу құқықтарына арнайы шектеулер қойылатын мемлекеттердің шетелдік тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы соған сәйкес шектеулер белгілеуі мүмкін делінген. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті сұрақтары ҚР АІЖК-нің 416-бабында көзделген. Егер Қазақстан Республикасының аумағында жауапкер-ұйым орналасқан болса немесе жауапкер-азаматтың тұрғылықты жері болса, шетелдік тұлғалар қатысатын істі Қазақстан Республикасының соттары қарайды. Қазақстан Республикасының соттары, сондай-ақ шетелдік тұлғалар қатысатын істерді мына жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тұлғаның басқару органы, филиалы немесе өкілдігі болғанда; 2) жауапкердің Қазақстан Республикасы аумағында мүлкі болғанда; 3) алиментті өндіріп алу туралы және әке екенін анықтау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда; 4) мертігу, денсаулыққа өзге де зақым келтіру немесе асыраушысының қайтыс болуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиян Қазақстан Республикасы аумағында келтірілгенде немесе талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда; 5) мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиянды өтеу туралы талап қоюға негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар Қазақстан республикасының аумағында орын алғанда; 6) талап қою, оның толық немесе ішінара орындалуы Қазақстан Республикасы аумағында орын алуға тиіс болған немесе орын алған шарттан туындағанда; 7) талап қою Қазақстан Республикасы аумағында орын алған негізсіз баюдан туындағанда; 8) неке бұзу туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда немесе ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болғанда; 9) ар-ожданды, абыройды және іскерлік беделді қорғау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған жағдайларда қарайды. Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өз құзыретіне жатқызылса, басқа істерді де қарайды. Жалпы ереже бойынша, халықаралық жария құқықта шетелдік мемлекеттің соттық иммунитеті болады: Қазақстанда осы қағиданы ұстанады. ҚР АІЖК-нің 422-бабында соттық иммунитет туралы ереже көзделген. Шет мемлекетке талап қоюға, оны үшінші тұлға ретінде іске қатысуға тартуға, оның мүлкіне тыйым салу мен бұл мүлікті талапты қамтамасыз ету тәртібімен ұстап қалуға және бұл мүлікке өндіріп алуды қолдануға, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, тиісті мемлекеттің құзыретті органдарының келісімімен ғана жол беріледі. Халықаралық ұйымдардың соттық иммунитеті Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында, сондай-ақ бұл ұйымдардың Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарымен келісімдерінде белгіленеді. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдері және Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында аталған басқа да адамдар Қазақстан Республикасының заңында, халықаралық құқық нормаларында немесе халықаралық шартында белгіленген шекте Қазақстан Республикасы сотының азаматтық істер жөніндегі юрисдикциясына жатады. Осындай халықаралық келісім-шарттар қатарына <<Дипломатиялық қатынас туралы>> 1961 жылдың 18 сәуіріндегі Вена Конвенциясы және <<Консулдық қатынастар туралы>> 1963 жылдың 24 сәіріндегі Вена Конвенциясы жатады. Вена Конвенциясына қол қойған тараптар ретінде БҰҰ-ның мүше-мемлекеттері табылады. Қазақстан Республикасы да БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі және өзінің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері арқылы өз функцияларын жүзеге асырады. Дипломатиялық функцияларды жүзеге асыру үшін шетел мемлекеттері Қазақстан Республикасында өз өкілдерін аккредеттейді. Оларға өкілдік басшылары, өкілдік персоналының мүшелері: дипломатиялық, әкімшілік-техникалық және қызмет көрсету жатады. Консулдық мекемелерде консулдық лауазымды адамдар, сондай-ақ консулдық қызметшілер мен қызмет көрсету персоналының жұмысшалары әрекет етеді. Дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің ғимаратына ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Дипломатиялық қатынас туралы 1961ж. Вена Конвенциясының 1-бабының 1-тармағына орай, өкілдік ғимараты деп өкілдік мақсаттары үшін пайдаланылатын ғимаратты немесе оның бір бөлігін айтады, оған меншік құқығы кімге тиесілі екендігіне қарамастан, өкілдік басшысының резиденциясы, сондай-ақ осы ғимаратты немесе ғимараттың бір бөлігіне қызмет көрсететін жер учаскесі де жатқызылады. Дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ғимаратының қол сұғылмаушылығы іс жүзінде мынадай жолдармен жүзеге асырылады: - Өкілдік ғимаратына оның басшысының рұқсатынсыз кіруге тыйым салу. Мұндай тыйым салу абсолютті сипатқа ие, және оны тіпті дипломатиялық өкілдікте өрт шықса да немесе оны террористер басыпалса да сақтау керек; - Тінту, қамауға алу, реквизиция және атқару әрекеттері сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығару; - Дипломатиялық өкілдіктің тыныштығын бұзатын немесе ар-намысына тиетін, залал келтіретін жергілікті билік өкілдері әрекеттерінің алдын алу. Бұл жерде сөз жергілікті билік өкілдерінің дұшпандықниеттері туралы болып отыр. Егер олардың әрекеттері дипломатиялық өкілдік мүдделеріне қатысты болғанымен, арнайы оларға бағытталмаған болса және әдеттегі қызметтік міндеттерінің нәтижесі болса (өкілдік ғимаратына тікелей жақын жердегі қоғамдық жұмыстар, өкілдік орналасқан ауданда техникалық себептерге байланысты электрэнергиясының, телефон байланысының үзіліп қалуы), ондай жағдайда аталмыш әрекеттерді ғимараттың қол сұғылмаушылығын бұзды деп бағалауға болмайды; - Дипломатиялық өкілдік ғимаратын күзетуді арнайы полицейлер немесе әскери бөлімшелер арқылы дипломатиялық мекеме орналасқан мемлекет жүзеге асырады; - Мемлекет оларға қастандық жасау жағдайларына тергеу жүргізуге және қол сұғылмаушылық қағидасын бұзған кінәлы адамдарды жазалауға міндетті. Өкілдіктердің мұрағаттары, құжаттары, хат-хабарлары да қол сұғылмайтындықпен қамтамасыз етілген. Дипломатиялық агент Қазақстан Республикасының қылмыстық, әкімшілік және азаматтық юрисдикциясынан иммунитеті бар. Қандай жағдайларда Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық тұлғаларға талаптар берілуі мүмкін? 1961 жылдың Вена Конвенциясының 31-бабына сәйкес орналасу мемлекетіндегі жеке жылжымайтын мүліктеріне қатысты заттық талаптар берілгенде дипломатиялық агенттер азаматтық және әкімшілік юрисдикция иммунитетінен босатылмайды. Консулдық лауазымды адамдар және консулдық қызметшілер Қазақстан Республикасының сот немесе әкімшілік органдарының юрисдикциясына жатпайды. Консулдық функцияларды жүзеге асыру әрекеттеріне қатысты, консулдық лауазымды адамдарға ол өкілі болып табылатын мемлекеттің агенті ретінде өзіне міндеттемелер алмайтын, шарттар бойынша берілген талаптар үшін; немесе көлік құралымен, кемемен және ұшақпен келтірілген зиян орнын толтыру жөніндегі талаптар үшін жауапты болады. Консулдық конвенциялар мен ұлтгық заңдарда консулды аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа, алдын ала қамау тәртібінде ұстауға болмайды деп белгіленген. Консулды әкімшілік тәртіпте де ұстауға болмайды. Консулды аса ауыр қылмыс жасады деп ұстау оның экзекватурасынан айырумен байланысты болады. Консулдық өкіл жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болғанымен, оларды асыра пайдаланбауы тиіс және консулдық орналасқан мемлекеттің барлық заңдары мен ережелерін қатаң орындауы қажет. Әдетте, консул сот органдары сот немесе әкімшілік іс жүргізу бойынша куә ретінде шақырғанда, баруға міндетті. Іс-тәжірибеде мұндай жағдайда консулға сыпайылық деп аталатын артықшылық беріледі. Мысалы, сотқа келу туралы шақырту консулға ерекше хатпен және келмеген жағдайда қандай да бір санкциялар қолданылады деп көрсетілмей жіберіледі. Егер, консул куәгерлік жауап беруден бас тартса, оған мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Консулдық эмблемаларды дұшпандық қастандықтан қорғаудың зор маңызы бар. Консулдық орналасқан мемлекет консулдарға өзара келісу негізінде ерекше артықшылықтар береді, олар қол сұғушылықтан қорғалуға жатады. Мұндай артықшылықтарға консулдың өз мемлекетінің тәртібі негізінде консулдық тіршілігі мен тұрмысын ұйымдастыру құқығы, өз атына баспа басылымдарын, консулдық орналасқан елге әкелуге тыйым салынған басылымдарды қоса алғанда жаздыртып алу құқығы; консулдық орналасқан жерде түрлі сипаттағы ресми салтанаттарға шақырылу құқығы және консулдың өз өкілдігімен қатынасудағы артықшылықтарын жатқызуға болады. Азаматтық процеске үшінші тарап ретінде консулдық және дипломатиялық қызметшілердің отбасы мүшелері де тартылуы мүмкін болады. Бұл жағдайда, олар орналасу мемлекетінің азаматы болмаса, оларға да аталған иммунитеттер қолданылады. Жалпы алғанда, бұл қағида барлық дипломатиялық өкілдіктің персоналының (әкімшілік-техникалық және қызмет көрсету) отбасыларына да қолданылады. Дипломатиялық агент Қазақстан Республикасының азаматы бола алады немесе мұнда тұрақты тұра алады. Мұндай жағдайда, ол Конвенцияның 38-бабына сәйкес юрисдикциядан ғана иммунитеті пайдаланады және қол сұғушылмаушылықтың түрлерін әрекет еткенде ғана пайдаланды. Ұсынылатын мемлекет дипломатиялық персонал мүшелерін және консулдық лауазымды адамдарды иммунитеттен айыра алады. Иммунитеттен бас тарту әкімшілік және азаматтық юрисдикциядан бас тартумен ғана шектеледі, ал сот органдарының шешімдерін орындаудан иммунитетке қатысты пайдаланылмайды. Бұл үшін ерекше бас тарту қажет. Дипломатиялық агенттерге немесе консулдық лауазымды адамдарға қатысты сот шешімдерін орындау кезінде олардың жеке басына және резиденциясына қол сұғылмайтындығы сақтылуы керек. Бұл жерде, шетел мемлекетіне және оның мүлкіне талаптар берілгендегідей талаптар сақталуы тиіс, Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының іс жүргізу құқықтарына арнайы шектеулер қойылатын мемлекеттердің шетелдік тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы соған сәйкес шектеулер белгілеуі мүмкін. 3. Азаматтық істерді қарау кезінде соттар басқа мемлекеттегі азаматтарға хабарлармалар беруге, куәлардан түсініктеме алу қиыншылықтарымен кездеседі. Сот мұндай әрекеттерді шетелде жүзеге асыра алмайды, себебі оның құзыреті Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі. Бұл мәселені шешу үшін соттар сот тапсырмаларын беру арқылы шетел мемлекетінің сотынан көмек сұрайды. Көп жағдайда, мұндай тапсырмалар орындалады. Мұндай тапсырманы орындамау халықаралық достастық және қадірлеушілік қағидасын орындамау ретінде танылады. Бір мемлекет соттарының екінші мемлекет соттарына қатынасу тәртібі әртүрлі реттеледі. Кейбір мемлекеттерде шетел мемлекетінің сотына тікелей қатынасу арқылы со тапсырмалары орындалады. Екіншілерде дипломатиялық байланыстар арқылы қатынасу тәртібі жүзеге асады. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде осындай дипломатиялық тәртіп орнаған. Осы саладағы халықаралық шарттар көбінесе халықаралық жария құқығымен қабылданған көпжақты конвенциялар. Оларға: 1954 жылдың 1 наурызындағы <<Азаматтық процесс сұрақтары бойынша>> Конвенция; 1965 жылдың 15 қарашасындағы <<Азаматтық және сауда істері бойынша сот және соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы>> Конвенция; 1970 жылдың 18 наурызындағы <<Азаматтық және сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді жинау туралы>> Конвенция жатады. 1954 жылғы <<Азаматтық процесс сұрақтары бойынша>> Конвенциямен азаматтық және сауда істері бойынша сот және соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру тәртібінің жалпы сұрақтары реттеледі. Конвенцияда жария тәртіп бойынша оны орындаудан бас тарту көзделген. Конвенция сонымен қатар, дәлелдемелерді жинау тәртібін де көздейді. 1965 жылғы <<Азаматтық және сауда істері бойынша сот және соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы>> Конвенцияға Еуропалық мемлекеттер мен АҚШ қатынасады. Конвенцияда мүше-мемлекеттердің сот органдары арасында қарапайымдандырылған тәртіп көзделеді. Бұл Конвенция бойынша әрбір мемлекет тапсырманы орындайтын органдарды көздеу керек болды. Мемлекет шетел мемлекетінің аумағында тапсырманы орындау үшін бір нысанды парақтағы өтініш-хатын беру керек болатын. Ол не ағылшын не француз тілінде болуға міндетті. 1970 жылдың 18 наурызындағы <<Азаматтық және сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді жинау туралы>> Конвенция 1972 жылдың 7 қазанында күшіне енді. Конвенцияның қатысушылары ретінде Батыс және Шығыс Еуропа, Азия және АҚШ мемлекеттері табылады. Қазақстан бұл Конвенцияның мүшесі емес, бірақ оны қабылдау көптеген мәселелерді шешуге көмек көрсетер еді. Конвенцияның негізгі мақсаты - сауда және азаматтық істер бойынша шетелде дәлелдемелерді жинау жүйесін жақсарту табылады. Конвенцияның 1-бабында былай делінген: <<кез келген келісуші-тарап екінші тарапқа оның өндірісіндегі азаматтық және сауда ісі бойынша дәлеледемелерді жинау жөнінде қолдаухатпен қатынасуға құқығы бар>>. Конвенцияның 3-бабында қолдаухатта қандай реквизиттер көзделуі тиістігі көрсетілген: дәлелдемелерді жинауға қатынасатын уәкілетті сот органы немесе өзге орган, мекен-жайы, қандай дәлелдемелер көрсетіледі. Қолдаухат хат жіберілетін мемлекет тілінде әзірленеді. Дипломатиялық және консулдық өкілдер оларды агент ретінде тағайындаған мемлекеттің нақты анықталған келісімі болғанда дәлелдемелерді жинауға қатыса алады. Латын Америка мемлекеттерінде өзінің құқықтық көмек көрсету жөнінде конвенциялары бар. Мұндай конвенцияларға: 1975 жылғы <<Сот тапсырмалары және шетелде куәлардан түсініктемелер алу туралы>> Панама Конвенциясы, 1972 жылғы <<Құқықтық көмек туралы>> Конвенция жатады. Қазақстандық соттар және әділет органдарының мекемелері шетел мемлекеттерінінің осындай органдарымен белсенді құқықтық байланысты ұстанады. Осыған қатысты, Қазақстанның құқықтық көмек көрсету шарттарында тапсырмаларды орындауға қатысты сұрақтар қаралған. Егер құжат қабылдаушыға түсініксіз тілде жазылса, онда ол оны қабылдамай оған түсінікті тілде жазып беруді талап етуге құқылы. Бірақ, қабылдаушы аталған талаптардың барлығы орындалса, оны қабылдап алудан бас тартуға құқығы жоқ. Егер құжатта тапсыру мекен-жайы толық болмаса, онда Қазақстанның сот және өзге мекемелері бұл мекен-жайды анықтауға барлық шараларды қолдануға міндетті. Егер жеке тапсырманы орындау жөнінде өтініш Қазақстанның сот мекемесіне немесе нотариатына түсіп ол оны орындауға өкілетсіз болса, онда ол оны қайтармай бұл тапсырманы орындауға өкілетті органға аударуға мііндетті. Қазақстан Республикасында сот тапсырмаларын орындау тәртібі ішкі заңанамада көзделген. ҚР АІЖК-нің 423-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары өздеріне Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында көзделген тәртіппен берілген жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау (хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсініктемелер алу, жергілікті жерде сараптама және тексеріс жүргізу және т.б.) туралы шетелдік соттардың тапсырмаларын орындайды, бұған: тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының егемендігіне қайшы келетін немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін; тапсырманы орындау сот құзыретіне кірмейтін жағдайлар қосылмайды. Шетелдік соттардың жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы тапсырмаларын атқару, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының соттары жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы шетелдік соттарға тапсырмалар мен өтініш жасауы мүмкін. Қазақстан Республикасы соттарының шетелдік соттарымен қарым-қатынас жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық шарттарында белгіленеді. Мұндай екіжақты шартқа мысалы, Қазақстан мен Монғолия арасындағы 1993 жылдың 22 қазанындағы келісім-шартты жатқызуға болады. Қазақстан мен Украина арасындағы 1994 жылдың 20 қаңтарындағы консулдық келісім-шарттың 22-бабында консулдық лауазымды адамның құқықтары көзделген, мәселен, оның сот және соттық емес құжаттарды өзінің заңды тұлғаларына және әділет органдарына беру құқығы. Тапсырмалардың барлығы ол орындалатын мемлекеттің заңы негізінде орындалады. Қазақстанда ол Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі негізінде орындалады. Сонымен, шетел мемлекеттерінің соттарына қарым-қатынас жасаудың келесі түрлері бар: а) шетел мемлекетінің сотына тікелей қарым-қатынас жасау; б) шетел мемлекетінің сотына дипломатиялық байланыс арқылы қарым-қатынас жасау; в) мемлекеттің келісімі негізінде кейбір іс жүргізу әрекеттерін басқа мемлекеттердің соттарымен арнайы тағайындалған уәкілдері арқылы жүзеге асыру (АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен тараған). 4. Қазақстан аумағында шетел мемлекеттерінің сот шешімдері танылады және орындалады. Бұл тәртіп ұлттық және халықаралық келісім-шарттармен реттеледі. Ұлттық заң қатарына - Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесіндегі №411-I Заңымен қабылданған <<Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі>> жатады. ҚР АІЖК-нің 424-426 баптарымен бұл тәртіп белгіленген. Егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде бұл көзделген болса, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдері Қазақстан Республикасында танылады және орындалады. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібі заңда белгіленеді. Шетелдік соттың немесе төрелік соттың шешімі шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға берілуі мүмкін. Дәлелді себептермен өткізіліп алынған мерзімді АІЖК-нің 128-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының соты қалпына келтіруі мүмкін. Егер төрелiктiң шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, төрелiктiң шешiмi пайдасына шығарылған тарап (өндiрiп алушы) осы бапта көзделген ережелер бойынша төреліктің шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен дауды төрелiк қарайтын жердегi сотқа жүгiнуге құқылы. Атқару парағын беру туралы арызға төрелiктiң тиiстi түрде расталған түпнұсқа шешiмi немесе соның тиiстi түрде расталған көшiрмесi, сондай-ақ төрелiктің түпнұсқа келiсiмi немесе оның тиiстi түрде расталған көшiрмесi қоса берiледi. Егер төрелiктің шешiмi немесе келiсiмi шетел тiлiнде жазылса, тарап осы құжаттың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi тиiстi түрде расталған аудармасын табыс етуге тиiс. Атқару парағын беру туралы арыз төрелiктiң шешімiн ерiктi түрде атқаруға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешіктiрiлмей берiлуi мүмкiн. Белгiленген мерзiмiн өткiзiп алған не оған қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Егер, сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес күн iшiнде жеке-дара қарайды. Өндiрiп алушының төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оның соттың отырысында қаралу орны мен уақыты туралы сот борышкердi хабардар етедi. Оның арызын қарау орны мен уақыты туралы өндiрiп алушы да хабардар етiледi. Егер борышкерден сот отырысына келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi көрсетiлiп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды. Сот төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде төрелiктiң шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес. Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиiс. Сот төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы АІЖК-нің 236-бабының ережелерi бойынша берiледi. Төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына АІЖК-де сот актiлерiне шағым жасау үшiн көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн Атқару парағын беруден бас тарту ҚР АІЖК-нің 425-3 бабында көзделген. Егер, сот: 1) бұл тарап: сот төрелiк келiсiм тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз не әрекетке қабiлетi шектеулi деп немесе төрелiк келiсiмдi тараптар оны бағындырған заң бойынша, ал мұндай нұсқау болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жарамсыз деп тануының; оған төрешiнiң тағайындалғаны туралы немесе төрелiк iс қарау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенiнiң немесе сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша өз түсiндiрмелерiн бере алмағанының; төрелiктiң шешiмi төрелiк келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғанының не төрелiк келiсiмнiң шегінен шығатын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың төрелiк соттың ведомстволық қарауында еместiгiнiң дәлелдемелерiн сотқа табыс етсе, төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер төрелiк келiсiмде қамтылатын мәселелер жөнiндегi төрелiктiң шешiмiн осындай келiсiмде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегi шешiмнен бөлiп шығаруға болатын болса, онда төрелiктің төрелiк келiсiмде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегi шешiмi бар сол бөлігінiң ғана күшi жойылуы мүмкiн; төрелiк құрам немесе төрелiк iс қарау рәсiмi тараптардың келiсiмiне және төрелiктiң регламентiне сәйкес келмегенiнiң дәлелдемесiн сотқа табыс етсе; 2) сот төрелiктiң шешiмi Қазақстан Республикасының жариялылық тәртiбiне қайшы келетiнiн немесе төрелiктiң шешiмi шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк iс қараудың нысанасы бола алмайтынын анықтаса, төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Шетелдік соттардың өз сипаты бойынша орындауды талап етпейтін мынадай шешімдері: 1) соты шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана жеке мәртебесін қозғайтын; 2) егер неке бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық және шетелдік азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы; 3) егер некенің бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешімдері Қазақстан Республикасында танылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарына немесе шетелдік азаматтарға қатысты шет мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгіленген нысанмен берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, консулдық жариялау болған жағдайда қабылдайды. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін реттейтін халықаралық құқықтық актілер саны да жеткілікті. Мәселен, 1954 жылдың 1 наурызындағы <<Азаматтық процесс сұрақтары бойынша>> Гаага Конвенциясының 18-бабында сот шығындарын төлеу бойынша келісуші-мемлекеттердің міндеті көзделген. Шетелдік соттардың шешімдері осы Гаага Конвенциясына қосылған жағдайда ғана осы актіде көзделген тәртіп бойынша орындалады. Көбінесе шешімдерді орындау жөнінде өтініш дипломатиялық тәртіп бойынша Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады. Конвенцияның 19-бабында шетел сотының шешімін орындау кезінде ұлттық органдардың құзыреті басым болады делінген. Сот міндеттеріне шетел сотының шешімдерін маңызы бойынша қарау жатпайды, яғни ол оның күдіктілігін тудырмау керек. Бірақ, ол оның нақты дұрыстығын анықтауға міндетті, яғни оның көшірмесі тиісінше куәландырылды ма, тиісінше аударылды ма? - деген сұрақтарды тексеру керек. Құжатты куәландыруды өтініш берген мемлекеттің жоғарғы лауазымды адамы жүзеге асыру тиіс. 1958 жылдың 10 маусымындағы <<Шетелдік төрелік соттардың шешімдерін тану мен орындау туралы>> БҰҰ-ның Конвенциясының 3-бабына сәйкес әрбір келісуші-мемлекет төрелік сот шешімдерін орындағанда, шешім шығарылған елдің іс жүргізу нормаларына сәйкес жүзеге асыру тиіс делінген. Конвенцияның 4-бабында арызданушы тарап тиісінше куәландырылған шешімнің тұпнұсқасын немесе көшірмесін және осылай куәландырылған екі тарап арасындағы келісімді жіберуге міндетті делінген. Осы құжаттарды ресми аударуды қолдаухатты жіберуші тарап жүзеге асырады. Барлық аталған шешімге қатысты талаптар және ұлттық заңда көзделген талаптар орындалмаса, шешімді орындаушы мемлекеттің соты оны танып орындаудан бас тартуға құқылы. Мәселен, егер шешім шығарылған тарап арбитрдың тағайындалуы жөнінде тиісінше хабардар болмаса немесе төрелік келісімнің шарттарына жатпайтын дау бойынша шешім шығарылса т.б. Шетелдік төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау өзге де конвенциялармен реттеледі. Мәселен, 1966 жылғы <<Азаматтық және сауда істері бойынша шетелдік шешімдерді тану және орындау туралы>> Гаага Конвенциясы; 1968 жылғы <<Азаматтық және сауда істері бойынша шешімдер юрисдикциясы және орындалуы туралы>> Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық елдерінің Конвенциясы. ТМД көлемінде <<Шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты дауларды шешу тәртібі туралы>> Келісім қарауды талап етеді. Бұл келісімге қол қоя отырып, қатысушы-мемлекеттер өзара түсіністік негізінде сот органдарының күшіне енген шешімдерін танып орындауға міндеттеме алады. Сот шешімін орындау үшін мүдделі тарап қолдаухатқа келесі құжаттарды қосымша ретінде тіркеу тиіс: а) қолдаухат қозғалған шешімнің куәландырылған көшірмесі; б) егер шешімнің мазмұнынан оны күшіне енуі анық болмаса, шешім күшіне енген жөнінде құжат; в) процесс жөнінде екінші тарапты хабар ету құжаттары; г) атқару парағы. Келісімде оны орындау тәртібімен қатар, одан бас тарту жағдайлары да көзделген. Мәселен, Келісімде шетелдік сот шешімін орындаудан бас тартудың негіздері көрсетілген: а) өкілетсіз сот шешім шығарса; б) екінші тарапты сот процесі жөнінде хабардар етпесе; в) талап мерзімі үш жыл өткеннен кейін, шешімді мәжбүрлеп орындауға ұсынбағанда. Дәріс 14: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АРБИТРАЖ 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ 2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН МАҢЫЗДЫ АКТІЛЕРДІҢ МАЗМҰНЫ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ШЕТЕЛ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АРБИТРАЖЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІН ТАНУ МЕН ОРЫНДАУ Дәріс мақсаты: Халықаралық коммерциялық арбитраж сұрақтарын талдау. Дәріс міндеттері: 1. Халықаралық коммерциялық арбитраждың түсінігі мен маңызын ашу. 2. Халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін маңызды актілердің мазмұнын ашу. 3. Қазақстан Республикасының аумағында шетел коммерциялық арбитражының шешімдерін тану мен орындау сұрағын қарастыру. Пайдаланылатын әдебиеттер: * Дмитриева Г.К. Международный коммерческий арбитраж. М., 1997. * Доронина Н.Г. Споры, связанные с исполнением обязательства по экспорту / Комментарий арбитражной практика. М., 1991. №21. * Лунц Л.А., Марышева Н.И. Курс международного частного права. В трех томах. Раздел <<Международный гражданский процесс>>. М., 1976. * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы: Жеті-жарғы, 2006. * Шильманов К. Арбитраж во внешнеэкономической деятельности / Панорама, 1994. №224. 1. Халықаралық сауда экономикалық, ғылыми-техникалық шарттарды орындау барысында тараптардың арасында даулар пайда болады. Бұл даулар көбінесе шартта көрсетілген міндеттерді орындамауға байланысты туындайды. Сыртқы сауда тәжірибесі көрсеткендей бұл даулардың көпшілігі тараптардың өзара келісімдері арқылы шешіледі. Егерде даулар тараптардың өзара келісімдері арқылы шешілмесе, онда дау үшінші немесе арбитраж соттың қарауына беріледі. Халықаралық сыртқы саудада пайда болатын даулар екі түрге бөлінеді. Ол бірнеше мемлекет арасында пайда болатын даулар, яғни үкіметаралық экономикалық келісімдер орындалмағаннан туындайтын даулар. Бұл даулар келіссөздер аркылы немесе үшінші мемлекеттің делдалдық қатысуымен шешіледі. Сондай-ақ аралық немесе халықаралық соттарда шешіледі. Екінші шаруашылық жүргізетін субъектілердің арасындағы туындайтын даулар. Олар аралық соттарда егер келісімге ескертпе болған жағдайда каралады. Ал егер ескертпе болмаған жағдайда немесе екі тарап келіскен жағдайда дауларды жалпы соттарда яғни мемлекеттік соттарда, жауапкердің немесе мүліктің тұрған жері бойынша, сондай-ақ басқа соттылығы бойынша қарастырады. Бұл жерде тағы бір айтатын жәйт ол халықаралық арбитраж және мемлекеттік арбитраж - әр түрлі ұғымды анықтайды. Халықаралық коммерциялық арбитраж ол халықаралық сыртқы саудада келіссөздерден туындайтын дауларды қарайды. Ал мемлекеттік арбитраж ол мемлекеттің ішіндегі субъектілердің арасындағы дауларды қарайтын сот. Халықаралық коммерциялық арбитраж дегеніміз - ол түрлі мемлекеттерден шыққан тараптардың немесе шетелдік элементі бар тараптардың арасындағы дауды тараптардың өздері тағайындаған бейтарап арбитрлардың немесе арбитрдің шешу тәсілі. Оның шешімі міндетгі күшіне ие болады. Халықаралық коммерциялық арбитраждың жалпы мемлекеттік соттан айырмашылығы: * Халықаралық коммерциялық арбитражды тараптар өздері тағайындайды. * Халықаралық коммерциялық, арбитражда дау жабық түрде жүргізіледі, ал мемлекеттік сотта дау ашық және жабық түрде де жүргізіледі. * Халықаралық коммерциялық, арбитражда даулар қысқа мерзімде шешіледі, ал мемлекеттік сотта көптеген процедуралардан өту керек. * Халықаралық коммерциялық арбитраж дауды өздерінің жеке ережелерімен және тараптардың келіскен материалдық құқықтарымен шешеді, ал мемлекеттік сот өз елінің материалдық құқығына жүгінеді. Арбитраждың тағы бір ерекшелігі оған шағым талап қоюға болмайды. Арбитраждың шешімі міндетті күшке ие және соңғы шешім болып табылады, оған шағым жасалмайды. Дауды шешу үшін үшінші сотқа беру кезінде арбитраждық келісім керек. Арбитраждық келісім тараптардың арасында нақты құқықтық, қатынасқа байланысты өзара туындаған немесе туындауы мүмкін белгілі бір немесе барлық дауды оның шарттың немесе керісінше сипатына қарамастан арбитражға беру туралы келісім. Арбитраж туралы шарттар қойылған келісім арбитраждық ескеру деп аталады. Ескеруде тараптар дау туындаған кезде қандай арбитражға жүгінетінің және қандай тәртіппен қарайтынын көрсетеді. Арбитраждық келісімнің ерекшелігі ол тараптар үшін міндетті және сол көрсеткен арбитражға ғана жүгінеді. Халықаралық сыртқы сауда тәжірибесінде арбитраждық келісімінің заңды күші туралы сұрақтар туындайды. Мысалы: Францияда сотқа қарсылық білдіре алатын, сотта істі кысқартуға келісім беретін арбитраждық келісімдер танылады. Сондай-ақ шетел арбитражының шешімін орындау үшін оның орындалуы тиісті жердің Азаматтық сот өкілінің үкімі қажет. Жалпы, арбитраждық келісім өзіндік автономиялық заңды күші бар келісім. Яғни, бұл дегеніміз арбитраждық келісімінің растығы жасалған шарттың растауына байланысты емес. 1958 жылғы <<Шетел арбитражының шешімін тану және орындау туралы>> Нью-Йорк конвенциясы және 1961 жылғы <<Сыртқы сауда арбитражы туралы>> Еуропалық конвенцияға сәйкес арбитраждық келісім жазбаша жасалған ескерту, сондай-ақ, тараптардың арасында хат, телеграмма арқылы жасалған келісім болып табылады. 2. Халықаралық тәжірибеде коммерциялық арбитраждың екі түрі бар: 1) уақытша аd һос; 2) тұрақты (институционалды). Аd һос - шарттан туындаған дауды шешу үшін арнайы құрылған арбитраж. Тұрақты - белгілі бір арбитраждық мекемемен байланысты, яғни тұрақты жұмыс істейтін арбитраж. Тұрақты арбитраж өзінің ережесімен жұмыс жасайды және өзінің тәртібі мен процедуралары бар. Оның ерекшелігі, ол өзін құрған органның іс жүргізу тәртібін қолданады. Қазіргі кездегі белгілі тұрақты арбитраждар: Лондондағы төрелік сот, Париждегі халықаралық сауда палатасының халықаралық коммерциялық арбитраж соты, Стокгольмдегі сауда палатасының арбитраж институты. Ал Қазақстан Республикасында сыртқы саудалық дауды шешетін Жоғарғы Сотының шаруашылық істері жөніндегі коллегия және ҚР Министрлер Кабинетінің каулысына сәйкес 1993 жылғы 5 казанда құрылған ҚР Сауда өндірістік палатасы құрамындағы Арбитраж комиссиясы құрылған. Алайда, заманның өзгеруіне байланысты, 2004 жылғы 28 желтоқсанда <<Халықаралық коммерциялық арбитраж>> туралы Заң қабылданды, осыған сәйкес Халықаралық коммерциялық арбитраж соты құрыдды, бірақ бұл сот әлі жұмысын бастаған жоқ. Уақытша арбитраждық сот нақты істерді қарау үшін тараптардың өздері құратын сот. Тараптар істі шешудің тәртібін де өздері таңдайды. Жалпы уақытша арбитраждың қызмет жасайтын үш регламенті белгіленген: * 1986 жылы қабылданған Еуропаға арналған БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның арбитраждық ережесі; * 1966 жылы қабылданған Азия мен Африкаға арналған ЭКАДВ БҰҰ-ның экономикалық комиссиясының халықаралық коммерциялық арбитражының ережесі; * 1976 жылы кабылданған халықаралық сауда құқығына байланысты БҰҰ комиссиясының арбитраждық регламенті ЮНСИТРАЛ. Уақытша арбитраждық сот нақты дауды шешкен соң өз жұмысын тоқтатады. 3. Арбитражға жүгіну туралы тараптардың арасында жасалған шартта істі қараудың тәртібі, арбитраждық келісімнің міндеттілігі және оған шағым жасалуға жатпайтындығы көрсетіледі. Бірақ, осыған қарамастан халықаралық сауда тәжірибесінде арбитраждық келісімді орындамау жағдайлары кездеседі. Осыған байланысты 1923 жылы Арбитаждық келісім туралы Хаттама және 1927 жылы Арбитраждык келісімді мәжбүрлеп орындату туралы Женева конвенциясы қабылданды. Қазіргі таңда бұл Хаттама мен Конвенцияның заңды күші жоқ. Олардың орнына 1958 жылы 10 маусымда Нью-Йоркте шетел арбитраж шешімдерін тану және орындау туралы Конвенция қабылданды. Бұл конвенцияның маңыздылығы, шетел арбитраж шешімдерін орындамауының кепілі бодды. Айтылып кеткендей бұл конвенция жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады. Конвенция белгілі бір мемлекетте ішкі шешім болып табылмайтын арбитраждық шешімдерге де қолданылады, демек конвенция тек аумақтық емес сонымен қатар, ұлттық критерий бойынша да қолданылады. Конвенцияның үшінші бөлімінде осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер арбитраждық шешімді міндетті түрде таниды және өз аумағындағы іс жүргізу заңдары сәйкес болу керек делінген. Ал Конвенцияның бесінші бөлімінде қандай жағдайларда шешімнің орындалуына қарсылық білдіретіндігі көрсетілген: * шешім шығарған жердің заңы бойынша тараптың біреуі әрекетке қабілетсіз болса және шешімнің заңсыз болуы; * арбитраждық талқылау туралы мүдделі тұлғаларға хабарламауы; * арбитраждық келісімдегі шартқа қатысты емес немесе арбитраждық ескертуге сәйкес келмейтін дауларға байланысты шығарылған шешімдері; * арбитраждың орналасқан жерінің заңы бойынша арбитраж органының немесе арбитраж іс жүргізуінің тараптардың келісімімен сәйкес келмеуі: * тараптар үшін шешім түпкілікті болып табылмауы; * шешім мәжбүрлі түрде орындалатын жердің заңы даудың объектісі арбитраждың іс жүргізу объектісіне жатпауы; * шешімді тану және орындау сол мемлекеттің көпшілік құқығына қайшы келуі. Осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер арбитраждық шешімді тану мен орындауға байланысты басқа екі жақты және көп жақты конвенцияларды қолдана алады. 1961 жылы 21 сәуірде Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропалық конвенция қабылданды. Конвенцияның 6-бабында тараптардың уақытша және тұракты арбитраждарға жүгіну құқығы керсетілген. Сондай-ақ, конвенция уақытша арбитражды құрудың тәртібін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы 1995 жылы 4 казанда 1958 жылғы <<Шетел арбитражының шешімін тану және орындау туралы>> Нью-Йорк конвенциясына және 1961 жылғы <<Сыртқы сауда арбитражы туралы>> Еуропалық конвенцияға қосылды. Қазіргі таңда ҚР шетел сотының және арбитраждық шешімдері тану мен орындалуын қамтамасыз ететін өзіндік жүйе кұруда. 1992 жылы 2 наурызда Киев қаласында ТМД мемлекетерінің арасында бірінші рет шаруашылық қызметке байланысты дауларды караудың тәртібі туралы көп жақты келісімге отырды. ҚР Жоғарғы Соты бұл келісімді 1992 жылы 2 шілдеде бекітті. Бұл келісімге байланысты осы келісімге отырған мемлекеттің шаруашылықпен айналысатын субъектілері сотка, арбитраждық сотқа, үшінші сотқа немесе басқа да органдарға жүгіне алады және арбитраж шешімдерін таниды және орындайды. Екінші көп жақты келісім ТМД мемлекеттері қатысқан 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынасқа байланысты құқықтық көмек көрсету туралы Конвенция. ҚР Жоғарғы Соты бұл конвенцияны 1993 жылы 31 наурызда бекітті. Бұл келісімге байланысты конвенцияға қатыскан мемлекеттердің азаматтары екінші мемлекеттің аумағында болса немесе заңды тұлға сол мемлекеттің аумағында құрылса, онда сол мемлекеттің жеке және заңды тұлғалары ие құқықтар мен міндеттерді атқарады; азаматтық істер бойынша сот шешімдерін тану мен орындау кезінде бір-біріне құқықтық көмек көрсетеді; сот шешімдерін орындау сол мемлекеттін іс жүргізу заңымен реттеледі. Шетел арбитражының шешімдерін тану мен орындауға байланысты шаруашылық қызметтің өсуіне байланысты 1992 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресейдің арасында екі жақты келісім жасалды. Шаруашылық субъектілерінің арасындағы дауды караудың тәртібін мемлекетаралық келісімге сәйкес шешеді. * СЕМИНАР САБАҒЫ Тақырып - 1. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы Тақырып - 2. Халықаралық құқықтың қайнар көздері Тақырып - 3. Халықаралық құқықтың қағидалары Тақырып - 4. Халықаралық шарт құқығы Тақырып - 5. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. БҰҰ әмбебап халықаралық ұйым ретінде Тақырып - 6. Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы Тақырып - 7. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік Тақырып - 8. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау Тақырып - 9. Халықаралық экономикалық құқық Тақырып - 10. Халықаралық қауіпсіздік құқық Тақырып - 11. Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық Тақырып - 12. Аумақ және халықаралық құқық Тақырып - 13. Халықаралық теңіз және өзен құқығы Тақырып - 14. Халықаралық әуе құқығы Тақырып - 15. Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары 4. КУРСОВОЙ ЖҰМЫСТАРЫН ТАҚЫРЫБЫ * Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны. * Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстан тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы. * Халықаралық құқықтың қайнар көздері. * Халықаралық құқықтың қағидалары. * Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және құқық қабылдаушылық. * Халықаралық шарт құқығы. * Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әмбебап халықаралық ұйым ретінде. * Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы. * Халықаралық-құқықтық жауапкершілік. * Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау. * Халықаралық экономикалық құқық. * Дипломатиялық құқық. * Консулдық құқық. * Халықаралық қауіпсіздік құқығы. * Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық. * Аумақ және шекара. * Халқықаралық теңіз және өзен құқығы. * Құрлық ішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі. * Халықаралық әуе құқығы. * Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық. * Халықаралық экологиялық құқық. * Әлемдік діндер және халықаралық құқық. * Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары. * Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халық-аралық-құқықтық нысандары. * Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субьектісі ретінде дамуы. * Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ҒТЫ реттеу. 5. СӨЖ ОЖСӨЖ ОЖСӨЖ №1 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық жария құқығы ұғымын, мақсаттарын және мазмұнын ашу. Халықаралық жария құқығы ұғымын, мақсаттарын және мазмұнын ашу үшін халықаралық жария құқық түсінігі және атауын, халықаралық жария құқықтың мазмұны мен мәнін, халықаралық жария құқықтың құқық саласы ретіндегі мәнін, халықаралық жария құқықтың құқық жүйесінде алатын орнын ашу керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: БЕК, 2000. 4-40. * Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. С. 5-35. 3. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. 5-15. <<Халықаралық жария құқық түсінігі>> атты тақырыбына әзірлену үшін халықаралық жария құқық пен халықаралық жария құқықтың ара-қатынасын сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ № 2 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ НОРМАЛАР МЕН БАЙЛАМДАР>> OЖСӨЖ мақсаты: Коллизиялық ережеге түсінік беру, коллизиялық норма құрылымына және оның түрлеріне сипаттама беру. Коллизиялық ережеге түсінік беру, коллизиялық норма құрылымына және оның түрлеріне сипаттама беру үшін коллизиялық ереженің түсінігін және маңызын, коллизиялық норманың құрылымын және оның түрлерін, мазмұнын анықтау және шетел заңын пайдалануды сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, кроссворд, баяндама әзірлеу. Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): 1. Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек, 2000. 41- 48. 2.Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. С.35-45. 3.Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. С.16-35. 4.Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралы. - Алматы, 2006. 11-22 б. 5.Scoles E.P. Conflict of Laws. St. Paul: West Pub., 1982. Р. 30-40. 6.Sukes E.I. International and Interstate Conflict of Laws, 2nd Edition. Sydney: Butterworths, 1981. Р.41-60. <<Халықаралық жария құқықтағы коллизиялық байламдар мен нормалар>> атты тақырыпқа дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақ бойынша даулы ой-пікірлер берілген. Халықаралық жария құқықтағы коллизиялық байламдар мен нормалар ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Кроссворд халықаралық жария құқықтағы коллизиялық байламдар мен нормалар бойынша барлық мәселелерді қамтуы керек және кемінде 25 сұрақтан тұру тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. ОЖСӨЖ № 3 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕНШІК ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ>> OЖСӨЖ мақсаты: Меншік құқығы және халықаралық жария құқық арақатынасын түсіну, шетел инвестицияларының құқықтық реттелуін бақылап, байқау. Меншік құқығы және халықаралық жария құқық арақатынасын түсіну, шетел инвестицияларының құқықтық реттелуін бақылап, байқау үшін меншік құқығы және халықаралық жария құқықты, халықаралық жария құқықтағы ұлттандыруды, шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеуді қарастыру керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы, 2006. 23-29 б. * Богатырев А.Г. Инвестиционное право. М.: Российское право, 1992. * Gastel J.G. Extraterritoriality in International Trade Canada and USA compared. Toronto: Butterworths, 1988. * Leckey A. The 20 Hottest Investments for the 21st Century. Chicago: Contemporary Book, 1994. <<Халықаралық жария құқықтағы меншік және шетел инвестицияларын құқықтық реттеу>> атты тақырыбына әзірлену үшін меншік қатынастарын реттейтін актілерді сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ № 4 <<ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ>> OЖСӨЖ мақсаты: Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу ұғымына түсінік беріп, сипаттау. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу ұғымына түсінік беріп, сипаттау үшін шетелдік инвестициялардың құқықтық режимін, инвестордың мәртебесін, шетелдік инвесторлар үшін жағдай тудыру және кепілдіктерді қамтамасыз етуді сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, кроссворд, баяндама әзірлеу. Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): 1. <<Шетелдік инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы Заңы. 2. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы, 2006. 23-29 б. 3.Богатырев А.Г. Инвестиционное право. М.: Российское право, 1992. 4.Gastel J.G. Extraterritoriality in International Trade Canada and USA compared. Toronto: Butterworths, 1988. 5.Leckey A. The 20 Hottest Investments for the 21st Century. Chicago: Contemporary Book, 1994. <<Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу>> атты тақырыпқа дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақ бойынша даулы ой-пікірлер берілген. Халықаралық жария құқықтағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Кроссворд халықаралық жария құқықтағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу бойынша барлық мәселелерді қамтуы керек және кемінде 25 сұрақтан тұру тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. ОЖСӨЖ № 5 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық жария құқықтың субъектілері туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Халықаралық жария құқықтың субъектілері туралы жалпы түсінік қалыптастыру үшін жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін, халықаралық жария құқықтағы заңды тұлғалардың мәртебесі мен қызметін, халықаралық жария құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуын қарастыру керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, кроссворд, баяндама әзірлеу. Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Богуславскиий М.М. Иммунитет государства. М., ИМО, 1962. С.4-200. 2. Галкин И. Совместные предприятия в Польше //Внешняя торговля, 1991. №10. 3.Деятельность совместных и инностранных предприятий. - Қаржы- Қаражат. Финансы Казахстана, 1998. №4. 4.Лунц Л.А., Марышев Н.А., Садиков О.Н. Международное частное право: Учебник. М.: Юрид. лит., 1984. С.60-70. 5.Международное частное право. Учеб. Пособие /Г.К. Дмитриева, А.С. Довгерт, В.П. Панов, Н.А. Шебанова и др. М.: Юрист, 1993. С.80-90. 6.Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралы. - Алматы, 2006. 24-32 б. 7.Хлестова И.О. Проблемы юрисдикционного иммунитета инностранного государства в работе Комиссии Международного права //Советский ежегодник международного права, 1988. М., 1989. 8.Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы, 2006. 23-32 б. <<Халықаралық жария құқықтың субъектілері>> атты тақырыбына әзірлену үшін субъектілердің барлығы туралы мәлімет болу тиіс. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ № 6 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕНШІК>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық жария құқықтағы меншік ұғымына түсінік беру, жалпы сипаттама беру. Халықаралық жария құқықтағы меншік ұғымына түсінік беру, жалпы сипаттама беру үшін меншік құқығының түрлері мен нысандарына сипаттама беру қажет. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, кроссворд, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек, 2000. С. 50-60. * Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. С.50-60. * Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. С.40-50. * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралы. - Алматы, 2006. 32-38 б. * Scoles E.P. Conflict of Laws. St. Paul: West Pub., 1982. Р. 30-40. <<Халықаралық жария құқықтағы меншік>> тақырыпқа дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақ бойынша даулы ой-пікірлер берілген. Халықаралық жария құқықтағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Кроссворд халықаралық жария құқықтағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу бойынша барлық мәселелерді қамтуы керек және кемінде 25 сұрақтан тұру тиіс. ОЖСӨЖ № 7 <<СЫРТҚЫЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘМІЛЕНІҢ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ OЖСӨЖ мақсаты: Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасын білу, коллизиялық сұрақтарды шешу жолдарын қарастыру. Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасын білу, коллизиялық сұрақтарды шешу жолдарын қарастыру үшін сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасын және оның түрлерін, сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін және оларды жою шараларын, Англия, Германия, АҚШ және Франция құқығындағы сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін ашу керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, есептер шығару, баяндама әзірлеу. Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): 1. Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім. 1999ж. 1 шілде. 2. А.Сэлэкьюз Дж. У. Секреты заключения международных сделок. М., 1994. 3. Звеков В.П. Международное частное право. М., 2000. С.50-100. 4. Лунц Л.А. Курс международного частного права. М., 1975. С.70-100. 5. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралы. - Алматы, 2006. 45-50 б. 6.Покровская В. Организация и регулирование внешнеэкономической деятельности. М., 1999. С.6-45. 7.Сулейменов М.К. Право и внешнеэкономическая деятельность в РК. Алматы, 2001. С. 10-160. <<Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық мәселелері>> атты тақырыбына әзірлену үшін ара-қатынасын аша білу және оның қайнар көздерінің деңгейлерін сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Есептер Л.Б. Нысанбекованың <<Халықаралық жеке құқық>> Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралында - Алматы, 2006. 45-50 б. берілген. ОЖСӨЖ №8 <<ХАЛЫҚАРЫЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МЕН НЕСИЕЛЕУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу ұғымын түсіну, ерекшеліктерін қарау. Халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу ұғымын түсіну, ерекшеліктерін қарау үшін есеп айырысу және несие қатынастарының түсінігін, ТМД және дүниежүзіндегі халықаралық есеп айырысуды, есеп айырысу қатынастарын, халықаралық несиелеудің түрлерін ашу керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, кроссворд, баяндама әзірлеу. Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Аккредитивы. Документарные инкассо. Банковские гарантий. М., 1993. * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралы. - Алматы, 2006. 51-52 б. * Пебро М. Международно-экономические, валютные и финансовые отношения. М.: Прогресс, 1994. * Расчетно-кредитные отношения. В кн.: Гражданское и торговое право капиталистических государств. М.: Международные отношения, 1993. <<Халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу>> атты тақырыпқа дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақ бойынша даулы ой-пікірлер берілген. Халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Кроссворд халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу бойынша барлық мәселелерді қамтуы керек және кемінде 25 сұрақтан тұру тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. ОЖСӨЖ № 9 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯКӨЛІК ҚҰҚЫҒЫ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық жариякөлік құқығына сипаттама беру, осы салаға тиесілі ерекшеліктермен танысу. Халықаралық жариякөлік құқығына сипаттама беру, осы салаға тиесілі ерекшеліктермен танысу үшін халықаралық жариякөлік құқығының түсінігін, халықаралық тасымалдауды, жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдауды қарастыру керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, кроссворд, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): 1. Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек, 2000. 41- 48. 2.Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. С.35-45. 3.Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. С.16-35. 4.Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралы. - Алматы, 2006. 11-22 б. 5.Scoles E.P. Conflict of Laws. St. Paul: West Pub., 1982. Р. 30-40. 6.Sukes E.I. International and Interstate Conflict of Laws, 2nd Edition. Sydney: Butterworths, 1981. Р.41-60. <<Халықаралық жариякөлік құқығы>> атты тақырыбына әзірлену үшін ара-қатынасын аша білу және оның қайнар көздерінің деңгейлерін сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Реферат жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ № 10 <<Барлық өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар>> OЖСӨЖ мақсаты: Барлық өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарды қарастырып, талдау жасау. Барлық өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарды қарастырып, талдау жасау үшін халықаралық жария құқық түсінігін, халықаралық жария құқықтағы коллизиялық нормалар мен байламдарды, халықаралық жария құқықтағы меншік және шетел инвестицияларын құқықтық реттеуді, халықаралық жария құқықтың субъектілерін, сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық мәселелерін, халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеуді, халықаралық жария көлік құқығын сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, коллоквиум, баяндама әзірлеу. Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): 1.Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: БЕК, 2000. 2.Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. 3. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. 4. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы, 2006. Барлық тақырыптарға дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақтар бойынша даулы ой-пікірлер берілген, солардың ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Кроссворд барлық аталған тақырыптар бойынша барлық мәселелерді қамтуы керек және кемінде 45 сұрақтан тұру тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. Коллоквиум - студенттің берілген даулы сұрақ бойынша барлық әдебиеттермен танысққан кейінгі оқытушыға ауызша айтылатын жауабы. ОЖСӨЖ № 11 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық жария құқықтағы отбасы құқығының алатын маңызымен, оның ерекшеліктерімен жете танысу. Халықаралық жария құқықтағы отбасы құқығының алатын маңызымен, оның ерекшеліктерімен жете танысу үшін отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтарды, некеге отыру және некені тоқтатуды, ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастарды, халықаралық жария құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттарын ашу керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): Қазақстан Республикасының <<Неке және отбасы туралы>> Заңын талдау * Қазакстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз. * Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 ж. 1 шілде. * Қазақстан Республикасының <<Неке және отбасы туралы>> Заңы 1998 ж. * <<Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық, жағдайы туралы>> Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1995 ж. 19 маусым. * Богуславский М.М. Международное частное право. М. 1994 г. С.160-180. <<Халықаралық жария құқықтағы отбасы құқығы>> атты тақырыбына әзірлену үшін ара-қатынасын аша білу және оның қайнар көздерінің деңгейлерін сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ № 12 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік тақырыбына жалпы түсінік беру. Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік тақырыбына жалпы түсінік беру үшін интеллектуалдық меншіктің қазіргі халықаралық-құқықтық түсінігін қалыптастыру тарихын, интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігін, интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенцияларды сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу, есептер шығару Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері). - Алматы: ЮРИСТ, 2006. * <<Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы>> Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 10 маусымындағы заңы. * <<Қазақстан Республикасының патент заңы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 шілдесіндегі заңы. * <<Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесіндегі заңы. * <<Тауарлық белгілер, қызмет белгілері және тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы>> Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 26 шілдесіндегі заңы. * Положение о Комитете по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан.- Утв. постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 г. № 411. * Введение в интеллектуальную собственность.- Публикация ВОИС-Женева. - 1998. * Вещные права в Республике Казахстан /Отв. редактор М.К. Сулейменов. -Алматы: Жеті-жарғы, 1999. * Гражданское право. Учебник. Часть 3 /Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого.- М.: ПРОСПЕКТ, 1998. * Гражданский кодекс. - Модель. Часть третья. Рекомендательный законодательный акт СНГ- Санкт-Петербург, 1995. * Иващенко И.В. Понятие и содержание интеллектуальной собственности //Юрист. 1999, № 2. * Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности: Монография. - Алматы: Жеті-жарғы, 1999. * Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. - М.: Теис, 1996. * Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. -М.: Юрид. лит, 1975. * Щенникова Л.В. Вешные права в гражданском праве России.- М. :Издательство БЕК, 1996. <<Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік>> атты тақырыпқа дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақ бойынша даулы ой-пікірлер берілген. Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. Есептер Л.Б. Нысанбекованың <<Халықаралық жеке құқық>> Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралында - Алматы, 2006. 45-50 б. берілген. ОЖСӨЖ №13 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншікті қорғау тақырыбына жалпы сипаттама беру. Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншікті қорғау тақырыбына жалпы сипаттама беру үшін интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдарды, интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдерін білу керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Иващенко И.В. Понятие и содержание интеллектуальной собственности //Юрист. 1999, № 2. * Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности: Монография. - Алматы: Жеті-жарғы, 1999. * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу-тәжірибелік құралы. - Алматы, 2006. 55-61 б. * Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. - М.: Теис, 1996. * Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. -М.: Юрид. лит, 1975. * Щенникова Л.В. Вешные права в гражданском праве России.- М. :Издательство БЕК, 1996. <<Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншікті қорғау>> атты тақырыбына әзірлену үшін ара-қатынасын аша білу және оның қайнар көздерінің деңгейлерін сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ №14 <<ПАТЕНТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТАУАР ТАҢБАЛАРЫН ҚОРҒАУ>> OЖСӨЖ мақсаты: Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау ерекшеліктерін, оның ұғымына, мзмұнына назар аудару. Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау ерекшеліктерін, оның ұғымына, мзмұнына назар аудару үшін патент құқығының түсінігі мен мазмұнын, патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілерін, Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнаманы, Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдарды сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазакстан Республикасының Конституциясы. * 1994 жылғы 27 кыркүйектегі Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). * 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). * 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент Заңы. * 1992 жылғы 24 шілдедегі Казакстан Республикасының Патент Заңы. * Аскаров Е.С. Защита промышленной интеллектуальной собственности в Казахстане. Учебное пособие. Алматы, 2003. * Богуславский М.М. Международная охрана промышленной собственности. М., 1967. * Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан /Отв. ред. Т.Е. Каудыров. Алматы: Жеті жарғы, 2003. * Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999. <<Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау>> атты тақырыбына әзірлену үшін ара-қатынасын аша білу және оның қайнар көздерінің деңгейлерін сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ №15 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық жария құқықтағы еңбек құқығының қалай реттелетіндігіне назар аудару, ұғымына түсінік беру. Халықаралық жария құқықтағы еңбек құқығының қалай реттелетіндігіне назар аудару, ұғымына түсінік беру үшін халықаралық жария құқықтағы еңбек қатынастарындағы коллизиялық байланымдарды, халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығын, шетелдік жұмыс күшін тартудағы мемлекеттің саясатын сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу, коллоквиум Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): 1. Сапиев Б. Вопросы миграции трудовых ресурсов в Казахстане // Труд в Казахстане. 2004. № 12. * Чукмантова Л.Д. Коллизионные нормы в трудовых отношениях в международном частном праве. Актуальные проблемы современного гражданского права. Алматы, 2002. 2 том. * Сарсембаев М.А. Международное частное право. Алматы: Данекер, 1998. С.210-220. * Международное трудовое право. Алматы: Данекер, 2000. * Жарасбаева Г.М. К вопросу о миграции населения //Фемида № 2. 2003. * Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы: Атамұра, 2003. * <<Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы>> Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы (19.06.95). * Раисов У. Регулирование международной миграции рабочей силы в условиях глобального рынка труда // Саясат. 2003. №11. * Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудін шарттары мен тәртібі туралы Үкімет № 862 каулысы 19.06.01 (17.02.04 өзгерістер). * Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қодексі (30.01.01). * Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудің тәртібі туралы № 862 каулы (25.06.95). * Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік еңбек және кәсіптік қызметін жүзеге асыруының тәртібі туралы Үкімет № 862 қаулысы (25.06.99). * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы: Жеті-жарғы, 2006. <<Халықаралық жария құқықтағы еңбек құқығы>> атты тақырыпқа дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақ бойынша даулы ой-пікірлер берілген. Халықаралық жария құқықтағы еңбек құқығыерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. Коллоквиум - студенттің берілген даулы сұрақ бойынша барлық әдебиеттермен танысққан кейінгі оқытушыға ауызша айтылатын жауабы. ОЖСӨЖ №16 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МҰРАГЕРЛІК СҰРАҚТАРЫ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық жария құқығындағы зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің, мұрагерлік сұрақтар түсінігіне сипаттама беру. Халықаралық жария құқығындағы зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің, мұрагерлік сұрақтар түсінігіне сипаттама беру үшін коллизиялар мен деликтік міндеттемелерді, Қазақстан Республиасының аумағында және одан тыс жерлерде зиян келтіруді, мұрагерлік саласындағы коллизиялық нормаларды, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің мұрагерлік құқықтарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқықтарын сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу, есептер шығару Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері). - Алматы: ЮРИСТ, 2006. * Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от 31 мая 1991. * Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Том 2. Алматы: Заң әдебиеті, 2005. * Звеков В.П. Обязательства из приченения вреда в МЧП (некоторые коллизионные вопросы) //В кн.: Очерки МЧП. М., 1963. * Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М.:Юрид. лит., 1975. С.60-70. * Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право. М., 1987. С.1120-180. * Рубанов А.А. Наследование в МЧП. М., 1972. * Рубанов А.А. Заграничные наследства М., 1975. * Международное частное право. Учебное пособие. Издание 2-е, переработанное, дополненное. Алматы: Ғылым, 1998. С.220-250. <<Халықаралық жария құқығындағы зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің, мұрагерлік сұрақтар>> атты тақырыбына әзірлену үшін ара-қатынасын аша білу және оның қайнар көздерінің деңгейлерін сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ № 17 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық азаматтық процесс ұғымына түсінік беру, оның ерекшеліктерін бөліп қарастыру. Халықаралық азаматтық процесс ұғымына түсінік беру, оның ерекшеліктерін бөліп қарастыру үшін шетел элементінің қатысуымен азаматтық процестегі соттылық сұрақтарын, азаматтық процестегі шетел азаматтарының, шетел мемлекетінің және оның дипломатиялық және консулдық өкілдерінің жағдайын, шетел мемлекетінің сот тапсырмаларын орындауды, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындауды сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. - Алматы: Юрист, 2006. * Блищенко И.П., Дурденевский В.Н. Дипломатическое и консульское право. М., 1962. * Международное частное право. Учебное пособие. Издание 2-е, переработанное, дополненное. Алматы: Ғылым, 1998. * Розенберг М.Г. Международные договор и инностранное право в практике международного коммерческого арбитражного суда. М.: Статут, 1998. * Хейфец Б.С. Подсудность споров в связи с морскими авариями. М.: Транспорт, 1973. <<Халықаралық азаматтық процесс>> атты тақырыпқа дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақ бойынша даулы ой-пікірлер берілген. Халықаралық азаматтық процесс ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. ОЖСӨЖ № 18 <<ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АРБИТРАЖ>> OЖСӨЖ мақсаты: Халықаралық коммерциялық арбитраж ұғымына түсінік беріп, оның қандай жағдайда жүзеге асатынын білу. Халықаралық коммерциялық арбитраж ұғымына түсінік беріп, оның қандай жағдайда жүзеге асатынын білу үшін халықаралық коммерциялық арбитраждың түсінігі мен маңызын, халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін маңызды актілердің мазмұнын, Қазақстан Республикасының аумағында шетел коммерциялық арбитражының шешімдерін тану мен орындауды сипаттау керек. Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, баяндама, тест сұрақтарын әзірлеу Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрсетілген): * Дмитриева Г.К. Международный коммерческий арбитраж. М., 1997. * Доронина Н.Г. Споры, связанные с исполнением обязательства по экспорту / Комментарий арбитражной практика. М., 1991. №21. * Лунц Л.А., Марышева Н.И. Курс международного частного права. В трех томах. Раздел <<Международный гражданский процесс>>. М., 1976. * Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы: Жеті-жарғы, 2006. 160-163 б. * Шильманов К. Арбитраж во внешнеэкономической деятельности / Панорама, 1994. №224. <<Халықаралық коммерциялық арбитраж>> атты тақырыбына әзірлену үшін ара-қатынасын аша білу және оның қайнар көздерінің деңгейлерін сипаттай білу қажет. Одан кейін берілген әдебиеттермен танысу қажет. Баяндама жазу кезінде әртүрлі авторлардың пікірлерін талдай білу керек және студент проблемалық сұрақтар бойынша өз қорытындысын жасауға міндетті. Тест сұрақтарын жасау кезінде заң актілерінің қабылданған күніне және күші жойылған актілердің күніне көңіл бөлген жөн. ОЖСӨЖ № 19 <<Барлық өткен тақырыптар бойынша сұрақтар>> OЖСӨЖ мақсаты: Барлық өткен тақырыптар бойынша қызығушылықтар туғызатын мәселелерді қарап, талдау жасау. Барлық өткен тақырыптар бойынша қызығушылықтар туғызатын мәселелерді қарап, талдау жасау үшін келесі сұрақтарға дайындалу керек: 1. Халықаралық жария құқықтағы отбасы құқығы 2. Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік 3. Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау 4. Халықаралық жария құқықтағы еңбек құқығы 5. Халықаралық жария құқығындағы зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер 6. Халықаралық жария құқығындағы мұрагерлік 7. Халықаралық азаматтық процесс 8. Халықаралық коммерциялық арбитраж Бақылау нысаны таңдауы бойынша - ауызша сұрау, коллоквиум, баяндама әзірлеу. Ұсынылатын әдебиеттер (беттері көрстеліген): 1.Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: БЕК, 2000. 2.Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999. 3. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984. 4. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. - Алматы, 2006. Барлық тақырыптарға дайындалу берілген әдебиеттермен танысудан басталу керек. Бұл әдебиеттерде аталған сұрақтар бойынша даулы ой-пікірлер берілген, солардың ерекшеліктерін білу студент үшін міндетті. Ауызша сұрауға дайындалу нақты берілген сұрақтар бойынша болуы тиіс. Баяндама қандай да бір жаңа мәселе немесе халықаралық шарттарға енгізілген жаңалық бойынша болуы тиіс. Коллоквиум - студенттің берілген даулы сұрақ бойынша барлық әдебиеттермен танысққан кейінгі оқытушыға ауызша айтылатын жауабы. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАЛАР Студенттің өздік жұмысы Сіздің курс бойынша рейтинг баллыңызға аса маңызды ықпал ететіндігін ұмытпаңыз, сол себепті әрбір СӨЖ тапсырмасын өзіңіз жарияорындаңыз, СӨЖ тапсырмасын орындауда мұқият әрі жауапты болыңыз. СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында плагиаттыққа жол бергендігіңіз үшін жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін екенін ұмытпаңыз, яғни бұл СӨЖ тапсырмаңыз мүлдем есептелінбейді немесе бағасы төмендетіледі. СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі: * Г.Ф. Горский, Л.Д. Кокарев, П.С. Элькинд <<Проблемы доказывания в советском уголовном процессе>> Воронеж, 1978 ж. * А.П. Рыжаков Уголовный процесс. 1999 ж. * Уголовно-процессуальное право РК. Общая часть. Под.ред. Б.Х. Толеубековой. Алматы, 2004 ж. Конспект нысанындағы СӨЖ тапсырмасы: Конспект дегеніміз оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып алу, түртіп алу не өзгеше айтқанда, жүйелі әрі логикалық байланысты жазу. Әдістемелік нұсқау: Осы тақырып бойынша СӨЖ тапсырмасын орындау үшін Сіз дәріс сабағымен қамтылмағантақырыпты жеке жариязерттеу барысында алған білімдеріңізді толықтыру және нығайтып бекіту мақсатында ұсынылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздермен танысуыңыз қажет. Соның нәтижесінде ғана СӨЖ тапсырмасы ретінде қысқа да нұсқа түрде (яғни оқулықта не мақалада кездесетін басқа автордың ой қорытындысын, ұғымды түсіндіру барысында келтірілген мысалдарыд сөзбе сөз көшірудің қажеті жоқ) тақырыптан өзіңізі ұққан ережелерді қысқаша жазып алыңыз, бірақ ең бастысы тақырыптың мазмұны ашылуы тиіс. СӨЖ тапсырмасын орындау: * Ұсынылған әдебиеттермен танысыңыз. * А4 форматты ақ қағазға СӨЖ тапсырмасының нөмірін, тақырыбын жазыңыз. * Мәтінді жазу барысында маңызды ұғымдардың анықтамаларын берген кезде, оның астын сызып не оны өзге түстіқаламмен жазып не өзгеше әдіспен ерекшелендіріп қойыңыз. * Конспект жазу барысында жиі кездесетін сөздерді қысқартуға болады, бірақ бұл орайда өзіңіз де өзге адам да бұл қысқартуды түсіне алуы қажет. Мысалы, "құқық" термині жиі кездесіп отырады, оны өзіңіз үшін конспеутіде "құқ" деп белгіледіңіз. Бірақ "құқықтық" немесе "құқықтың" деген сөздерді Сіз тек "құқ" деп қысқарта алмайсыз, тиісінше "құқ-қ" және "құқ-ң" деп қысқартасыз. * Конспектінің соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізімінде "әйтеуір көп болсын" деген қағиданы ұстанып, SYLLABUS-та көрсетілген барлық әдебиеттерді тіркеп жазудың қажеті жоқ. Тек осы конспектіні жазу барысында қолданылған әдебиетті ғана жазыңыз. Қолданылған әдебиеттер тізімін толтыруға келесідей талаптар қойылады: Ең алдымен нормативтік құқықтық актілерді қолданған болсаңыз, заңдық күшінің дәрежесіне қарай нормативтік құқықтық актілерді тізіп жазыңыз. Мысалы, "30.08.1995ж. ҚР Конституциясы, 16.07.1997ж. ҚР Қылмыстық Кодексі, 02.07.1998ж. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы",...деп толтырылуы қажет.Нормативтік құқықтық актілерден кейін оқулықтар, түсініктер және монографиялар жазылуға тиіс. Оқулықтардың барлық шығыс деректері және оқулықтың Сіз нақты осы тақырып бойынша оқып қолданған беттері көрсетіледі. Мысалы, Г.Ф. Горский, Л.Д. Кокарев, П.С. Элькинд <<Проблемы доказывания в советском уголовном процессе>> Воронеж, 1978 ж. А.П. Рыжаков Уголовный процесс. 1999 ж.Уголовно-процессуальное право РК. Общая часть. Под.ред. Б.Х. Толеубековой. Алматы, 2004 ж. "Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2001. 18-33б". Ал кейбір реттерде авторлардың тобы орындайды. Бұл реттерде "Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗов/ под. ред. И.И. Рогова, С.М. Рахметова-Алматы: ТОО Баспа, 1998. С11-13" немесе "ҚР Қылмыстық Кодексіне түсінік/ жау. ред. С.М. Рахметов, Т.Ә. Бапанов.-Алматы, ЖШС Баспа, 2001. 20-22б." деп жазылады. Бұдан кейні кезек газет-журналдардағы мақалаларға және конференция материалдарында (жинақтарында) басылып шыққан баяндамаларға тиесілі болып келеді. Оларды толтырғанда да шығыс деректері толығымен жазылып көрсетіледі., бірақ кітаптармен салыстырғанда сәл өзгешелік болады. Мысалы, "Байбатыров С. Кодекс - орудие кары или средство воспитания? // Казахстанская правда. 2004. 25 июня. с.2" немесе "Алауханов Е. Психикалық зорлықтың қылмыстық-құқықтық маңызы. // материалы международной научно-практической конференции Конституционный процесс в Республике Казахстан: состояние, проблемы и преспективы. Алматы, Университет им. Д.А. Кунаева, 2004. с. 268-277." Есептер Есеп: Болгарлық азаматтан алимент өндіріп алу. Қазақстандық азаматша М. Болгария азаматы Д-мен некеге отырады. Неке Болгарияда тіркеледі. Осы некеден екі бала өмірге келеді. Үлкені Қазакстанда, ал кішісі Болгарияда туылады. Ерлі-зайыптылардың соңғы бірге тұрған тұрғылықты жері Болгария болады. Содан кейін, азаматша М. Қазақстанға келіп, Алматы қалалық сотына Д. деген азаматтан балаларға алимент өндіріп алу туралы талап арыз береді. Есеп сұрақтары: * Алматы қалалық соты, осы алимент өндіріп алу туралы іс бойынша қай елдің заңын қолдануы керек? * Ол қандай коллизиялық нормага сүйенуі керек? * Мұндай нормалар қай жерде қарастырылган? Есеп: Теңіз паромындағы кассир. Ұлыбританияда тіркелген және орналасқан кеме компаниясы осы елде тұратын ағылшындық азаматша Купермен еңбек шартына отырады. Шарт бойынша азаматша ағылшындық порт Шернес және голландық порт Фисонген арасындағы рейсте пароходтың паромында кассир ретінде жұмыс істейді. Шарт Шернесте ағылшын тілінде жасалады және бұл жағдайда ағылшын фунд стерлингімен сыйақы төлеу қарастырылған. Кеме неміс құқығы заңды тұлғасы - коғамымен алынады, неміс туынын астында жүзеді және Гамбургте тіркеледі. Азаматша Купермен жасалған шарт уақытынан бұрын бұзылады. Шартта тоқтату, бұзу туралы ештеңе айтылмайды. Азаматша Купер герман сотына компанияға карсы талап арыз береді. Есеп сұрақтары: * Шартша қалданылатын құқық туралы ережелер қарастырылган, сондықтан шартты тоқтатуга қатысты қай елдің құқығын қолданамыз? * Бұл жерде еңбек шартына қатысты <<жұмыс орны елінің заңы>> қолданылуы керек, ал теңіз кемесіне қатысты жұмыс орны елі ретінде не қарастырылуы керек? * Теңіз кемесін <<мемлекет аумагының жүзуге болатын бөлігі>> ретінде қарастыруга бола ма ? * Паромның аумақтық суды кесіп өтетінін ескере отырып, Нидерланд немесе Англия құқығын жұмыс орнының құқығы ретінде қарастыруга бола ма? 5. Шешім қабылдар кезде паромның ашық теңізді де кесіп өтетінін ескеріңіз. Егер, тиісті мемлекет пен құқықтық қатына олардың тыгыз байланысы қағидасына сүйенсек, бұл жагдайда қандай негізде және қай елдің құқығын қолдануга болады ? Есеп: Калифорния штатының мұрагерлік кұкығы. Сан-Францискода (Калифорния штаты) туған АҚШ азаматының мұрасы туралы мәселе Италияда карастырылып жатты. Италия жүйесінің реформасы туралы 1995 жылғы 31 мамырдағы заңында (46-бап) - <<өзінің өлу кезінде мұра қалдырушы қай елдің азаматы болса, сол мемлекеттің зандылығы колданылады>> делінген. Алайда, 1995 жылғы 31 мамырда кабылданған заңның 18-бабы 1-бөлігіне сәйкес бір елде бірнеше құкық жүйесін қолдану әрекет ететін жағдайларда, осы елдің кұқығы қолданылуы негізгі талап ретінде анықталды. АКШ-та мұрагерлік құқық федералды заңмен емес, штаттардың зандарымен реттеледі. АҚШ-та федералдық коллизиялық нормалар негізінде қолданылуын анықтайтын заңдылықтардың критерийлері белгіленбегендіктен, Италия соты аталған заңның 18-бабының 2-бөлігін негізге алып, қатынастар тығыз байланысқан құқық жүйесін колдануы керек. Калифорнияда козғалатын мүлікке байланысты мұра калған жағдайда Калифорнияның кұкығы кері сілтеме колданбайды, ал қозғалмайтын мүлікке байланысты құқықты мүліктің орналасқан жеріне кері сілтейді. Есеп сұрақтары Қазақсшан Республикасы азаматы Италияда қайтыс болған жагдайда Италия соты бұл істі қарастыратын болса қай заңга сілтеме жасау керек ? Есеп: Болгария азаматынын Түмен қаласындағы жер үйге меншік қүқығы. Болгарияда тұрып жатқан болгар азаматы Алматыдағы Медеу аудандық сотына жер үйдің бір белігіне меншік кұкығын тану туралы талап койды. Сот 1996 жылы талапты канағаттандырды. Есепке катысты сұрактар: 1. Болгариямен жасаған халықаралық шарттың қандай ережесіне сүйене отырып, сот мұндай шешім қабылдады? Қазақстан Республикасының қай заңнамасының ережесіне суйене отырып, сот не себептен мұндай шешімге келді? Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетелдік тұлганың мулкіне меншік құқыгын шектейтін Қазақстан Республикасының құқыгында ережелер бар ма ? Есеп: Грузия азаматының өтініші. Кеңес үкіметінің кезінде Валиева деген азаматша Беладзе деген азаматпен Нальчик қаласында некеге тұрады. Біраз уақыт өткеннен кейін жұбайлар Грузияға көшіп кетті. В. Грузия елінің азаматшасы болып табылады, ал Б. өзінің Қазақстан Республикасының азаматтығын сактап калды. Абхазиядағы шиеленістің кезінде Б. хабар-ошарсыз жоғалып кетті. В. деген азаматша балаларымен Б-ны өлді деп танығанын калады. Б-ның Грузияда мүлкі болған. Есепке катысты сұрақтар: Осы секілді сұрақтарды реттейтін К,азақстан Республикасы мен Грузияның арасында жасалған халықаралық шарт бар ма? Қай мемлекеттің мекемесіне жүгінген жөн? Осындай жагдайда қандай заңнама қолдануы тиісті. Есеп: Неміс оралманының мүлкі. Ақмола облысында тұрып жатқан, ұлты неміс, Қазақстан Республикасының Рейх деген азаматы тұрақты түрде тұруға Германияға кетті және онда <<оралман>> мәртебесіне ие болды. Оның Қазақстан Республикасында аудандық жерде үйі, гаражы және жылжитын мүлкі (автокөлік, т.б.) калып койды. Тұрғын үйге деген меншік құқығына байланысты Германияда Рейх пен оның туысқандарының арасында дау пайда болды. Осы талап арыз неміс сотынын қарауына берілді. Есепке қатысты сұрақтар: Рейхтың мулікке меншігі сақтала ма, ол біреуге сыйга бере ала ма, сата ала ма, не болмаса мұраға қалдыра ала ма ? Рейхтың мүлікке, меншігіне қатысты қай елдің заңнамасы қолданылады? Ақмола облысындагы тұргын үйге байланысты дауды шешуге қай елдіц құқыгын қолданылады? Неміс соты нені негізге алу керек? Осындай сұрақтарды реттейтін Қазақстан Республикасымен Германияның арасында халықаралық шарт бар ма? Есеп: Гельфельдің ісі. 1904 жылы қазан айында Орыс үкіметінің өкілі Германия азаматы Гельфельдтен қару-жарақ сатып алады. Гельфельдтің осы мақсатқа сәйкес сатып алынған <<Ангольт>> кемесімен Гамбургтен порт - Артурға жіберіледі, бірак мүлік Ресейге жіберілмей, Гельфельдтің тапсырысымен Циндоада ұсталады. Оның айтуы бойынша Ресей өкілі одан сатып алынған қару-жараққа ақы төлемеген. Гельфельд пен Ресей үкіметі арасында 3 млн. марка тұратын кару-жарақтарды сату жөнінде жоғарыда көрсетілген сатып алуға қатысты келіссөздер жүргізіледі. Алайда олардың арасында қару-жарақтарды сату жөнінде жүргізілген келіссөздер ешқандай нәтиже бермеген және ешқандай келісім болмаған. Алдымен Ресей үкіметі өзінің мүлкін дипломатиялық жолмен алуды көздеп, кейін өзінің талаптарымен Циндаодағы Германияның консулдық сотына жүгінуге мәжбүр болды. Гельфельд Ресей үкіметіне қарсы 3 млн. марка көлемінде талап арызын ұсынды. Талап арыз жоғарыда керсетілген қару-жарақ сату туралы жалған мәмілеге негізделген, олардың айтуы бойынша талап арыз затқа байланысты емес. Ресей үкіметі бұл талап арыздың қаралуына қарсы болды. 1906 жылы қарашада өзінің алғашқы шешіміне қарсы талап арызды карауға қарсылығын білдірді, алайда бұл шешім кері қайтарылды. Бұл қарсы талап арыз Германиялық консулдық соттарда бірнеше рет қаралғандықтан, Ресей Үкіметі соттылыққа жатпайды деген арызына қарамастан, Қытайда 1909 жылы карсы талап арызды канағаттандырды. Ресей үкіметі Гельфельдке 3 млн. марка төлейтін болды. Гельфельд Ресей үкіметінің Берлин банкісінде ірі мелшерде ақша сомалары бар екенін біліп, Берлин сотында осы салымдарына арест салуын және ол жөнінде шешім шығарылуына қол жеткізді (15.02.1909) Тыйым салу жөнінде бұйрық банкке жіберілді, бірақ соңғысы Гельфельдтің өкіліне ақша төлемеді, себебі шет мемлекеттегі шотқа арест салу мүмкін емес. Шетел мемлекетінің мүлкіне тыйым салуға болмайтындығын дипломатиялық наразылығын-да Ресей өкілеттілігі айтып кеткен. Сот істін шешілуін тоқтата тұрды және ол іс Пруссияның мамандандырылған сотына жіберілді. Сот шешімін талқылау үшін ғалым заңгерлердің, ол Франция, Швейцария және басқа да мемлекеттердің 14 қорытындысын қолданды. Гельфельдтің ісі бойынша сот (25.07.1910) Ресей үкіметінің банктегі шотына тыйым салуды тағайындамауды шешеді. Есепке қатысты сұрақтар: Абсолюттік иммунитеттегі классикалық теорияның мәні неде? Герман сотында иммунитеттің қандай түрлері шешімде қарастырылды ? Есеп: Жапондык детектив романдар. А. Марининаның <<Стилист>> атты әйгілі романның кейіпкері аудармашы Владимир Соловьев <<Шығыстық бестселлер>> сериясын шығарған баспаның ұсынысы бойынша жапон тілінен мүлдем танымал емес жапон авторының біркатар детективтерін аударады. Жапондар бұл автордың шығармаларын сапасының төмендігінен баспадан шығармаған болатын. Жапондық баспадан шығарушылар бұл шығарманың алғашқы жолдарына карап, оның әдебиет еместігі жөнінде, сондай-ақ оны мектеп оқушыларына арналған шығармаға теңестіріп, және шығарма үшін де бұл жерде грамматикалық қателердің кептігі жөнінде айткан. Алайда, бұл шығармалардың сюжеттері өте қызықты болғандықтан, жапондық автордан оның шытырман сюжеттермен жазылған, бірақ мазмұны жағынан кателері көп шығармаларын сатып алушы қазақстандық баспа табылды, ал Ердос Аманжолов бұл шығармалардың бірқатар сериясын шығарды, өз кезегінде олар қазақстандық оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып, баспаға айтарлықтай кіріс әкелді. Оған қоса, оларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударған, Англиядан бір баспа табылды. Казақстанда жапондық автордың кайта өнделген шығармалары лақап атпен шығарылды, ал Англияда және кейіннен басқа да елдерде жапондық жазушының шын атымен шығарылды. Оның үстіне, оның шығармаларының әрқайсысы экрандалған болатын. Нәтижесінде, жазушы әлемге автор болып танылды. А. Маринина қызықты және талантты түрде суреттеген окиға осы. Ол өзінің романда Авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік конвенцияға және осы саладағы заннамаға сілтеме жасайды. Есепке қатысты сұрақтар: Жстонияның қолжазбасында болған және алғашында орыс тілінде басьт шығарылган шығарманы алғашрет баспадан шығару құқығы кімде біріншірет пайда болды? Қазақстанда жапондық автордың шығармаларын лақап атпен шығаруға жол беріле ме? Егер Казақстан, Англия және Жапония Авторлық құқық жөніндегі Дүниежузілік конвенциясының қатысушылары болса, онда бұл шығарма Англияда қорғалуға жата ма ? Есеп: Лондондағы маршал Жуковты еске алу басылымы 70-жылдардын басында <<Новости>> атты баспа Агенттігі ағылшын тілінде маршал Г.К. Жуковты еске алу туралы басылымды жарыққа шығарды. Оған Алматы, Лондон қалаларының ғана емес, бүкіл әлемнің оқырмандары қызығушылық білдірді. Есепке қатысты сұрақтар: Г.К. Жуковтың кітабы Берн конвенциясымен әрекет етілуге жата ма? Егер жатса, қандай ережелердің негізінде? ҚазССР Берн конвенциясының қатысушысы болды ма? Қай кезден бастап, біздің еліміз Конвенция қатысушыларынан құрылған Берн одағының мүшесіне айналды. Есеп: Қазақстан азаматы болып табылатын баланы асырап алу. Қазақстанның азаматшасы Семей каласында тұрып жатқан М-мен некелеседі. Некеге тіркелгеннен кейін, М. Омск каласына көшіп кетеді, алайда Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап калады. 1998 ж. М-ның кәмелетке толмаған жиені өз ата-анасынан жол көлік апатының салдарынан айрылып калады. Ерлі-зайыптылар бұл баланы асырап алу жөнінде шешімге келеді. Бала /жиен/ Семейде тұрады және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Есепке қатысты сұрақтар: Қарастырылып отырған жағдайда, кәмелекте толмаған балаларды асырап алу жәніндегі мәселе қай мемлекеттің мекемесінің құзыретіне кіреді? Қай мемлекеттің заңнамасы қолдануга жатады? Ресеймен Қазақстан Республикасы арасында әрекет ететін қандай халықаралық келісімдер қолданылуы тиіс? Есеп: АҚШ азаматтарының Айзанатты асырап алуы. Кдзакстан елінің азаматшасы Д. жоғары білімі бар, мамандығы бойынша мүғалім, жалғыз екі баланы тәрбиелейді. Үшінші қызы Айзанат некесіз дүниеге келді. Кішкентай Айзанатты дағыстандық туысқандары асырап алғанын тану туралы сұрақ шешілгенше, шешесі оны Тараз қаласындағы балалар үйіне уақытша өткізеді, бұл туралы ол өзінің сотқа берген арызында көрсетіп кетеді. Тараздың қалалық соты 1998 ж. 5 маусымда Айзанаттың АҚІІІ елінің ерлі-зайыптыларымен, шешесінің келісімінсіз асырап алынуы жөнінде шешім шығарады. Ата-ана құқығынан айырылмаған, әрекет қабілеттілігі бар шешесінің тұрғылықты жері бәріне белгілі болды, бірақ анасы өз баласының асырап алынуы жөнінде, тек сот оған қатысты шығарылған шешімді хат арқылы жіберген кезде ғана біледі. Есепке қатысты сұрақтар: Шетел азаматтарының баланы асырап алуы жөнінде Қазақстан заңнамасында қандай тәртіп белгіленген? Баланы асырап алу туралы шешім шығаруда сот Қазақстан Республикасының қандай заңнамасының бұзылуына жол берді? Есеп: Қонақ үй қызметкерін жұмыстан шығарып жіберу. Шетелдік инвестициялар мекемесіне жататын халықаралық жүйеге кіретін қонақ үйіне Қазақстан Республикасының М. азаматшасы жұмысқа тұрады. Бірнеше уақыт өткен соң, ол бір келген шетелдікпен әкімшіліктің бір қызметкері туралы жағымсыз сөз қозғады. Шетелдік адам журналист болып шығып, М.-ның әңгімесіне сілтеме жасап, Қазақстан Республикасына барған сапары туралы сұхбатында айтты. Бұл туралы қонақ үйдің әкімшілігіне белгілі болған кезде М. өзінің әрекеті арқылы қонақ үйдің дәрежесін түсірді дегенге сілтеме жасап, жұмыстан шығарылды. Онымен жасалған еңбек шарты бұзылды. М. қолы қойылған енбек шарты формулярында келесідей нәрселер қарастырылған: қонақ үймен жасасқан қызметкер еңбек зандарында көрсетілген жағдайлардан басқа әкімшілік бір жақты да шарт бұзуға құқығы бар, яғни келесідей жағдайлар болғанда: компанияның мүлкін ұрлау, келген қонақтардың және басқаның денсаулығына қауіп төндіру мақсатындағы әрекеттер; жұмыс кезінде ұйықтау; қонақ үйдің ішіндегі ойындар; қонақ үйдің дәрежесін түсіретін әр түрлі әрекеттер. Есепке қатысты сұрақтар: Мұндай талаптар Казақстан Республикасының заңдылыгында қарастырылған ба ? Шетелдік инвестициялар мекемесі еңбек шартын бұзу үшін қосымша талаптар қоя ала ма? Қонақ үй әкімшілігінің әрекеттері құқыққа сай болып табыла ма? Осы жағдайда қонақ үйдегі басшының рұқсатынсыз кез келген мәліметті беруге және журналистерге сухбат беруге болмайды деген ереженің болуы маңызды болып табылама? Есеп: ГФР елі азаматының еңбек қатынастары. ГФР азаматы Бунц Германияның қосылуына дейін Кеңес үкіметінің жоғары оқу орнында оқып келген. Содан кейін ол Германияға қайтып келіп, С. деген үлкен фирмаға жұмысқа орналасты. Фирма Бунц деген азаматпен еңбек шартын жасасты. Қорытындысында, фирма Бунцты Қазақстан Республикасындағы өкілеттігіне жұмысқа жіберді. Бірнеше жылдан кейін Бунц жұмыстан шығарылды. Ең соңында, ол толығымен басқа неміс фирмасына жататын шетелдік инвестициямен жұмыс істейтін мекемеге жұмысқа орналасты. Бунц герман азаматы болып қала береді. Есепке қатысты сұрақтар: Бунцтың С. фирмасымен жасасқан еңбек шарты Қазақстан Республикасындағы жұмыс істеу кезінде әсер ету күші бар ма? Өкілеттік неміс қызметкерімен шарт жасаса ала ма? Шарт жасаған кезде Казақстан Республикасында қолданылатын заңдылықтар қолданыла ма? Бунцтың еңбек қатынастары Қазақстан Республикасында еңбек ету кезінде қалай реттеледі? Оны жұмысқа жалдау кезінде жұмыс беруші қандай әрекет жасайды? Белгіленген ережелерден қандай бөлімдерін алуға болады? Кез келген жағдайда қызметкер қандай құжаттар беруге міндетті? Егер еңбек шарты ГФР азаматы мен неміс жұмыс берушісі арасында жасалса, оның жалақысы неміс валютасымен төленуі мүмкін бе? Есеп: Францияда жарияланған конкурсты тану. Францияда француз заңнамасының ережелеріне сәйкес, конкурстық өндіріс жарияланды. Конкурстық өндірістің ашылуына дейін бірнеше күн қалғанда коғам жұмыстарын басқарушы Қазақстан Республикасының несие берушісіне 1 млн. евро көлемінде ақша сомасын төлейді. Оған дейін екі жақ та француз коғамының банкрот болатындығын білген. Есепке қатысты сұрақтар: Франциялық конкурстық басқарушы Қазақстан Республикасында бұл соманы қайтару туралы талап қоя ала ма? Егер де қоя алса, бұл үшін не істеуі керек? Есеп: Қазақстан Республикасында сотқа талап кою. Израиль азаматшасы Ф. Қазакстан Республикасының Т. деген азаматын ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызбен Казақстанның сотына жүгінеді. Талап арыз Бостандық ауданының сотымен қарастырылып, қанағаттандырылады. Есепке қатысты сұрақтар: Сот істі Қазақстан заңнамасының қандай ережелерінің негізінде өз қарауына алды? Қазақстан Респудликасымен Израиль арасында өзара көмек көрсету жөніде ешқандай келісім жоқ. Арнайы дәрісханалар, кабинеттер және зертханалар тізімі 603 - Сот процестері кабинеті 611 - Дәрісхана
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz