Файл қосу
Мұғалімнің психологиялық - педагогикалық диагностикасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-14.05.01.20.65 /02-2013 Студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы <<Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық диагностикасы>> Редакция № 2 02.09.13. орнына Редакция № <<МҰҒАЛІМНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК ДИАГНОСТИКАСЫ>> ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В010300-<<Педагогика және психология>> СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей - 2013ж. Алғысөз 1. ЖАСАЛЫНДЫ Құрастырушы__________ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Педагогикалық психология" кафедрасының профессоры Сатиева Ш.С. "______" _______ 2013 ж. ҚАРАЛДЫ 2.1. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Педагогикалық психология" кафедрасының отырысында Хаттама №_1____ <<__>>________ 2013 жыл Кафедра меңгерушісі: _____ Г.К.Джумажанова 2.2. ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында Хаттама №__1____ <<__>>________ 2013 жыл Төрайымы _______ 3. БЕКІТІЛДІ 3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №__1____ <<__>>________ 2013 жыл ОӘК төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор_______ Мазмұны 1. Жалпы ережелер 2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6. Бағалау саясаты 7. Әдебиеттер 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет Сатиева Шолпан Серикбосыновна, психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының профессоры Телефон номері: Хабарласу ақпараты - тел: 35-93-89, Оқу ғимараты №1 , кабинет № 500; e-mail: Satieva66@mail.ru Пән бойынша кредит саны - 3 1.2. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы: Пәннің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы СМУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ сабақтары қүрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. Қазіргі мұғалімнің кәсіби даярлығына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру концепциясында айқын көрсетілген. Концепцияда қазіргі мұғалім - ол рухани қамтыған, шығармашыл кәсіби дағдыларды жетік меңгерген және үнемі ізденісте болуы керек. Дегенмен болашақ маманның кәсіби даярлығы жоғары оқу орнындағы барлық оқу жылдарында мақсатты бағытта жүзеге асырылуы қажет. Әр оқу жылы нақты мақсатқа бағытталады. Осы мақсаттың дұрыс жүзеге асырылуы әр оқу пәнінің, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық пәндер кешенінің болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы мүмкіндіктерін дұрыс қолдануға байланысты. Студенттерде өздерін қабылдап, бағалап және өзін дамыту жолдары туралы психологиялық білім қоры болуы керек. Оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын және тәсілдерін білуі қажет. Оқушылардың жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, олармен нәтежелі қарым-қатынас орната алу іскерлігі қалыптасуы керек. <<Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы>> курсы қазіргі таңда психологиялық - педагогикалық теорияның және маманның психологиялық дамуы жайында жинақталған білімдерді іс - тәжірибеде белсенді түрде қолдану қажеттілігімен сипатталады. Ғылыми лабораторияда жинақталған білімдер психологияның қолданбалы салаларына қатысты және практикалық міндет, тапсырмаларды орындауға көмек келтіреді. Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік - бұл белсенді білім қорын жинақтау кезеңі болғандықтан, психологиялық диагностиканы жүйелі ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Диагностикалық жұмыс маманның жекелей ерекшеліктері, қабілеті, еңбек іс - әрекетіне қатынасын анықтауда үлкен маңызға ие. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесінде кеңінен қолдана алудың бір шарты - бұл сынып мұғалімдерінің қолданбалы психологиялық зерттеулерді оқушылардың жеке бас ерекшеліктерінің және танымдық процестердің дамуын жетілдіру барысында қолдана алуы. Бұл пән практикалық міндеттерді шешуге және мұғалімдерге ғылыми - педагогикалық зерттеулерінде, экспериментальды жұмыс дағдыларын қалыптастыруда, оқу - тәрбие процестерін ұйымдастыруда көмек көрсетуге бағытталған. Бұл пәнді оқыту барысында негізгі түсініктерді, психологиялық - педагогикалық зерттеу процедурасын, нәтижесін талдауды меңгеру қажет. 1.3. Пәннің мақсаты Мамандарды ақыл-ой және жеке бастық даму ерекшеліктерін зерттеудің негізгі тәсілдері және психодиагностика саласындағы теориялық және практикалық білімдер жүйесімен қаруландыру. 1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері: * негізгі психологиялық ұғымы және анықтама мазмұнын жетілдіру; * оқу-танымдық әрекет процесінде алған білімдерін өз бетімен қаруландыру; * психологиялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету; * жеке даралық өзіндік даму бағдарламасында өзін-өзі анықтай, бағалай * білуді дамыту. * теорияда алған білімді тәжірибеде әртүрлі әдістемелерді қолдана білуді; * оқу-танымдық әрекетттерді алынған білімдерімен ұштастыра білу. * тұлғаның танымдық процестерін зерттеу бойынша тестер мен әдістемелерді тәжірбеде игерудің дағды және іскерліктерді дамыту ; * психологиялық қорытындыны құрастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. 1.5. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент: * жекедаралық айырмашылықтардың диагностикалық әдістемелерімен жұмыс жасай білуі; * Психологиялық зерттеудің әдіснамалық негізін ие болуы; * Жалпы және арнайы қабілеттердің, тұлғаның ерік сапаларының даму деңгейін анықтай білуді ; * Психологиялық экспериментті ұйымдастыру және жоспарлау бойынша білімдерін практикада ұштастыра білуі; * Ғылыми-теориялық, әдіснамалық-психологиялық әдібеиеттермен жұмыс жасай алуы мен іздестіру дағдыларын үйренуі тиіс; * Психологиялық диагноз қою тәсілдері мен әдістер жүйесін; * Психологиялық өлшеу және оның негізгі параметрлерін; * Баланың мектепке даярлығын анықтаудағы диагностикалық әдістердің ролін; * Қазіргі заманға сай мектептерде кіші мектеп жасындағы балаларға диагностика жүргізе білудің кәсіби білімділік пен шеберлігін қалыптастыру. * Психодиагностикалық әдістердің түрлері, оларды қолдана алу; * Білімділігі: қазіргі заман талаптарына сай мектеп, балабақша т.б. білім беру және тәрбиелеу орындарында психодиагностика жүргізе білудің кәсіби білімділік, іскерлік пен шеберлігін қалыптастыру. Студенттерді психодиагностикалық жұмыс барысының мазмұнымен, психодиагностика әдістерінің түрлері, оқушылармен психодиагностикалық әдістерді пайдалану және оларды ұйымдастыра алу іскеліктерін меңгерту. * Тұлғаның адамның жеке даралық қалыптасуы, әсер ететін әлеуметтік факторлардың мазмұнын айқындап, өзіндік жетістікке жету жолдарының психологиялық аспектілерін қалыптастыру, курсының қазіргі құрылымы, психологиялық әдістемелер туралы біліммен қаруландыру. 1.6. Курс пререквизиттері: <<<<Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық диагностикасы>> курсын меңгеру үшін студенттер келесі пәндерді қосымша оқуы қажет: - Әлеуметтік психология; - Философия; - Педагогика; - Психолгия; - Өзін-өзі тану; 1.7. Курстың постреквизиті: Пән туралы білім келесі пәндерді меңгерту үшін қажет: - Әлеуметтік психология; - Даму психологиясы; - Жас ерекшелігі; - Психокоррекция және кеңес беру; - Психологиялық диагностика негіздері; 2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу Кесте 1 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі № Тақырып атаулары Сағаттар саны Дәріс Тәжірибе лік ОСӨЖ СӨЖ 1 Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы пәніне кіріспе 2 1 2 Психологиялық құзіреттілікті зерттеудің методологиялық негізі 2 1 3 Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік мәселелерін зерттеу тарихы 2 4 Психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктің құрылымы және мазмұны 2 1 5 Әлеуметтік және коммуникативті құзіреттілік 2 6 Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы 2 1 7 Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің дамуы 2 8 Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделін қалыптастыру 2 1 9 Педагогтың <<мен>> концепциясы 2 1 10 Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін бағалау критерийлері 2 1 11 Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 2 1 12 Жеке тұлға бағыттылығының педагогикалық диагностикасы 2 13 Педагогикалық іс-әрекет стилінің диагностикасы 2 1 14 Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тану деңгейін дамыту диагностикасы 2 1 15 Коммуникативті педагогикалық қабілеттілік диагностикасы 2 16 Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби даму диагностикасы 2 1 17 Мұғалімнің эмоционалды күйінің диагностикасы 2 18 Психодиагностика және зерттеудегі қосалқы бағыттар 2 19 Мұғалімнің кәсібилік деңгейін диагностикалау 2 20 Құзіреттілікті анықтаудағы психодиагностика әдістері 2 21 Интеллектті бағалаудағы тестілік әдістерді топтастыру 2 22 Психологиядағы кәсіби құрылымының компоненттері 2 23 Проективті әдістемелердің кәсіби қызметте қолданылуы 2 24 Баланың мектепке деген психологиялық дайындығын диагностикалау әдістерін қолдану 2 25 Жеке тұлғалық сауалнамалар 2 27 Мұғалімнің педагогикалық-психологиялық құзіреттілігін анықтаудағы психологиялық тесттер 2 28 Салыстырмалы зерттеулер негізінде мұғалімнің жеке тұлғалық ерекшеліктерін байқау 2 29 Тұлғаның жеке тұлғалық кәсіби бағыттылығы диагностикасы 2,5 30 Мұғалімнің құзіреттілігін анықтауда психодиагностикалық жұмысының технологиясы, құрылымы мен әдістері. 7 31 Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысындағы психологиялық-педагогикалық диагностика 7 32 Мұғалім тұлғасының эмоционалды-ерік сферасы 7 33 Жалпы бастауыш білім берудегі мұғалім жұмысының диагностикасы 7 34 Мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері мен тұлғааралық өзара қатынасы 7 35 Білім жүйесіндегі тест түрлері 8 36 Мұғалім тұлғасының жекетұлғалық қасиеттер психодиагностиканың бағыттары 8 37 Жекетұлғалық қабілетті анықтауға арналған әдістемесі 8 38 Диагностикалық деректерді өлшеу және ұсыну 8,5 Барлығы: 30 15 22,5 67,5 3. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмүны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: * Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. * Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. * Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. * Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. * Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? * Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. * Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал. * Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. * Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. * Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. * Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. * Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар * Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; * Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; * Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; * Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; * Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; * Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; * Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; * Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы пәні бойынша дәріс оқуға әдістемелік нұсқау Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді. Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс. Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады: * Бағдарлаушы * Түсіндіру * Сендіру Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады. Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады. Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет; * аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру; * дәріске деген студент қызығушылығын туғызу; * студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс; * студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу. Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі. * тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу; * мазмұнды дәлелдеу; * материал мазмұның ақпараттығы; * материалдың проблемалылығы. Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық - оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады. Дәріс мазмұнына дайындық І - кезеңде дәріске дайындық: - мақсат қалыптастыру; - аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады; - студенттердің даярлық деңгейін анықтау; - теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады. Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек. Ғылымилық. Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады. Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады. Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті. Психология ғылымында терминология күрделі. Дәріс барысында арнайы терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру. Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары қойылады: Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға болады. Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан тартымды болуы қажет. Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру үшін көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын соңында білімді тексеруге арналатын бақылауға аударуға болады. Жаңа материалды өткен материалмен байланысы көрсетіледі. Кіріспе бөлім 5-7 мин. қамтиды. Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 - 4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық пауза студенттердің өзін еркін сезінулеріне және оқылатын материалдың маңыздылығын түсіндіруге, қабылдауға даярлығын тексереді (бет-әлпеті, әңгіме). Материалды түсіндіру және дәріс формасына қарай дәрістерді түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу үшін студенттерді өзіндік танымдық белсенділік және шығармашылыққа даярлауға мынадай белсенді құралдар пайдаланылады: * бекітетін негізгі сұрақтармен; * оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру; * сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну; * кері байланыс қамтамасыз ету. Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады. Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындытарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс талапқа сай аяқталуы қажет. Сөзді бөлмей, дәрісті соңфна дейін аяқтауға уақытты үнемдеу керек. Дәрісті аяқтау арқылы студенттер сұрақтарына жауап беріледі. Қорытынды шығарылып, өзіндік жұмысқа нұсқау беріледі, әдебиеттер ұсынады. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 4. КУРС ФОРМАТЫ Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. СӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 5. КУРС САЯСАТЫ Студенттерге қойылатын талаптар: * Сабаққа кешікпеу; * Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу; * Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау; * Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу; * ОСӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау; Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет. 6. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Пән бойынша ұпай бөлінісі Кесте 2 Апта Бақылау түрі Ұпай жиыны Ескерту 1 2 3 4 1-8 апта бойы дәріске қатысу 30 2 Семинар 30 СӨЖ 15 4 Семинар 30 СӨЖ 15 ОСӨЖ 35 6 Семинар 30 СӨЖ 15 ОСӨЖ 35 8 Семинарға 30 СӨЖ 15 ОСӨЖ 35 1-8 апта бойынша барлық ұпай саны 300 9-15 апта бойы дәріске қатысу 30 10 Семинар 30 СӨЖ 15 12 Семинар 30 СӨЖ 15 ОСӨЖ 45 14 Семинар 30 СӨЖ 15 15 Семинар 30 СӨЖ 15 ОСӨЖ 45 9-15 апта бойынша барлық ұпай саны 300 Емтихан ұпайы 400 Академиялық мерзімге жиынтық ұпай 1000 Негізгі әдебиеттер: * Голубева Э.А. Индивидуальные особенности человека.-М.,1980 * Дружинин В.Н. Психология общих способностей.-СПб., 1999 * Личность и профессия: психологическая поддержка и сопровождение/ Под ред. Л.М.Митиной .-М., 2005 * Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.-М.,2004 * Лукьянова М.И., Калинина Н.В. Психолого-педагогические показатели деятельности школы: Критерии и диагностика.- М., 2004 * Психологические особенности ориентации педагогов на личностную модель взаимодействия с детьми/Под ред. В. Маралова.-М.,2005 * Психолого-педагогическая диагностика/Под ред. И.Ю. Левченко.-М.,2005 * Черноусова Ф.П.. Направления, содержание, формы и методы воспитательной работы классного руководителя на диагностической основе.-М.,2004 * Шадрин, Н.С. Психология личностных ценностей как мотивов поведения. - Павлодар, 2006 * Хохлов С.И. Психология эффективного взаимодействия педагога и учащегося :Учебно-методическое пособие .-М.,2008 Қосымша әдебиеттер: * Анастази Г.С. ., Урбина С. Психологическое тестирование в 2-х т..-М., 1982.М.,2005 * Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987 * Божович, Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.-СПб., 2009 * Селевко Г.Ю. Самосовершенствование личности.-М.,2000 * Психодиагностика: теория и практика.-М., 1986 * Ильин Е.П. Мотивация и мотивы.-СПб,2000 * Забрамная С.Д. От диагностики к развитию.-М.,2004 * Носс И.Н.Психодиагностика.-М.,1999 * Климов Е.А. Основы психологии: Учебник. - М.,1999 * Проблемы методологии и методики реализации идеи свободного воспитания личности.- Ставрополь, 1999.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz