Файл қосу
Дәрілік заттардың полиморфизмі
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ <<ДӘРІЛІК ФОРМАЛАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ>> 5B072100 - <<Органикалық заттардың химиялық технологиясы>> мамандығы үшін Семей 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс оқулар 3 Зертханалық сабақтар 4 Студенттің өзіндік жұмысы Глоссарий * Валидация - бекітілген талаптарға сәйкес өндірістік процесті және өнімнің сапасын бағалау және құжатты растау * Дәрілік заттар - биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар. * Дәрілік форма - дәрілік затты немесе дәрілік өсімдікті шикізатты қолдану үшін ыңғайлы күйге келтіру, бұл кезде қажетті емдік әсерге жетеді. * Ерітінділер-бұл бір немесе бірнеше еріткіштерден тұратын молекула мен ион түрінд таралған сұйық гомогенді жүйелер. * Есірткілік заттар - ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи өсімдіктерде, препараттарда болатын заттар. * Жарамдылық мерзімі - дәрілік зат тиісті Мемлекеттік стандартының барлық талаптарын толық қанағаттандыру ағымын құрайтын мерзім * Қосалқы заттар - дайын дәрілік пішіндер өндіру процесінде, оларға қажетті қасиеттер беру үшін қолданылатын, табиғаты органикалық немесе бейорганикалық болатын заттар * Орама материалдар - дайын дәрілік заттарды мөлшерлеу, сақтау үшін арналған материалдар * Психотроптық заттар - ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи материалдарда, препараттарда болатын заттар. * Субстанция - фармакологиялық активтілігі бар және дәрілік препараттарды өндіру және жасап шығару үшін қолданылатын, шығу тегі табиғи, жануар тектес, микробты немесе синтетикалық болатын заттар. * Суспензия - рәсімделген дәрілік форма - құрамы дисперсті фазасы бір немесе бірнеше ұсақталған ұнтақ тәрізді дәрілік заттардан тұратын сұйық дисперстік ортада таралған сұйық дәрілік форма. * Сұйық дәрілік формалар - дәрілік заттары сұйық дисперстік ортада таралған еркін дисперстік жүйелер. * Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма. * Фармация - дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми бiлiмдер және тәжірбиелік қызмет жүйесі. Микромодуль 1 - Дәрілік заттар технологиясының негізгі түсініктері Дәріс 1, 2 - Фармацевтикалық технология ғылым ретінде Дәріс жоспары: * Фармацевтикалық технология. Анықтама. Мақсаттары және міндеттері. * Негізгі түсініктер және терминдер. Фармацевтикалық технология - дәрілік заттарды белгілі бір дәрілік формаға келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылым. Фармацевтикалық технология фармацевтикалық ғылымның негізгі бөлігі болып табылады, ал ол дәрілік заттардың және препараттардың өндірісі, қасиеттері, сонымен қатар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және маркетинг туралы ғылым жүйесін құрайды. Фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттері: * жаңа дәрілік субстанциялар және препараттар өндірісінің әдістерін және де технологиялық негіздерін әзірлеу; * қазіргі дәрілік препараттарды әбден жетілдіру; * дәрі өндірісіндегі жаңа қосалқы заттарды іздеу, зерттеу және қолдану; * дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай дайындалған өнімдердің және басқа өнімдердің тұрақтылығын зерттеу және жарамдылық мерзімін белгілеу; * технологиялық процестің тиімділігін зерттеу; Фармация - дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми бiлiмдер және тәжірбиелік қызмет жүйесі. Дәрілік заттар өндірісі - дәрілік заттардың сапасын бақылаудың федералді органмен бекітілген, дәрілік заттар өндірісін және сапасын бақылауын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, дәрілік заттарды өндіру лицензиясы бар кәсіпорын - жасап шығарушылармен дәрілік заттарды сериялы алу. Дәрілік заттар - биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: фармацевтикалық технологиясының негізгі түсініктері мен ұғымдары, фармацевтикалық технологияның міндеттері мен мақсаттары Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Фармацевтикалық технология қай мезгілді пайда болды? * Фармацевтикалық технологиясының негізгі ұғымдары мен түсініктері өзара қалай байланысқан? * Дәрілік формалардың жіктелуі? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С 5-35. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. / И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М. : Академия, 2006. С. 5-23 Дәріс 3, 4 - Биофармация дәрілік формалар технологиясының негізі ретінде Дәріс жоспары: * Биофармация міндеті * Фармацевтикалық факторлар Биофармация фармацевтикалық ғылымның өзіндік бағыты ретінде 60-ы жылдардың басында бағытталды. Биофармация - дайындау технологиясына, дәрілік формалардың түрлеріне, физика химиялық қасиеттеріне байланысты дәрілік препараттардың биологиялық әсерін зерттейтін ғылым. Алғаш рет биофармацияның негізгі қағидалары Вагнердын жұмыстарында көрсетілген. Биофармацияның негізгі міндеті - дәрілік заттардың терапевтикалық эффективтілігіне әсер ететін процестерді, факторларды зерттеу. Фармацевтикалық факторлар: 1) препараттың химиялық модификациясы (тұз, қышқыл, комплексті қосылыстар, эфирлік байланыстардың бар болуы); 2) дәрілік заттың физика-химическиялық қабілеттері (кристалдық пішіні, бөлшектердің мөлшері, беттік қабатта зарядтың бар немесе жоқ болуы); 3) қосымша заттар, олардың табиғаты, мөлшері; 4) дәрілік формалардың түрі және енгізу жолдары; 5) фармацевтикалық технология. Дәрілік заттардың физикалық күйі: * Ұсатылу дәрежесі немесе дисперстілік * Дәрілік заттардың полиморфизмі * Агрегаттық күйі, рН, ерігіштік, оптикалық активтілік * Дәрілік заттардың беттік қасиеттері * Тазалық дәрежесі Қарапайым химиялық модификация дегеніміз бір зат дәрілік зат ретінде әртүрлі химиялық қосылыстар түрінде (қышқыл, тұз, эфир, комплексті қосылыс) қолданылу мүмкіндігі. Қосымша заттар шығу тегіне байланысты табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық деп бөлінеді. Оларға крахмал, глюкоза, тазартылған су, этил спирті, вазелин, тальк, бентониттер және т.б. жатады. Дәрілік заттар - биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар. Технологиялық (өнеркәсіптік) процестер - белгілі технологиялық приемдар мен операциялардан тұратын әдістер. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: биофармация, міндеті, фармацевтикалық факторлар Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Фармацевтикалық технология қай мезгілді пайда болды? * Фармацевтикалық технологиясының негізгі ұғымдары мен түсініктері өзара қалай байланысқан? * Дәрілік формалардың жіктелуі? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С 36-44. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. / И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М. : Академия, 2006. С. 24-27. Дәріс 5, 6 - Дәрілік формалар классификациясы Дәріс жоспары: Дәрілік формаларға қойылатын талаптар: * Дәрілік мақсатына сәкес келу, биоқолжетімділігі, сәйкес фармакокинетика * Дәрілік заттардың қосымша ингридиенттерде біркелкі таралуы немесе дозалау дәлдігі * Жарамдылық мерзімі ішінде тұрақтылық * Микробты контаминация нормаларына сәйкестігі, қабылдау ыңғайлығы, жарамсыз дәмді жою мүмкіндігі * Нормативті құжаттарда немесе МФ көрсетілген арнайы талаптарға сәйкес келу Қазіргі кезде дәрілік формалардың классификациясының төрт түрін қолданады: агрегаттық күйі бойынша, қолдану тәсіліне немесе дозалау әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсіліне байланысты, дисперсологиялық Қатты дәрілік формалардың классификациясы: * Таблеткалар * Драже * Гранулалар * Ұнтақтар * Жинақтар * Спансулдар * Дәрілік карандаштар Жұмсақ дәрілік формалардың классификациясы: * Жақпамайлар * Пластыри * Суппозиториялар * Пилюли Сұйық дәрілік формалар: * Ерітінділер * Суспензиялар * Эмульсиялар * Тұнбалар * Линиметтер * Дәрілік сироптар * Экстракттар Газтәрізді дәрілік формалар: * Аэрозольдер Қолдану тәсілі немес дозалау әдісі бойынша классификациясы: * Дозаланған (ұнтақтар, ерітінділер) * Дозаланбағандар (жақпамайлар, ванналарға арнлған ұнтақтар, присыпкалар) Ағзаға енгізу жолдары мен тәсілдеріне байланысты дәрілік формалардың классификациясы * Энтеральды * Параентеральды Дисперсологиялық (дисперсті жүйелер құрылысы негізінде) классификация * Бос дисперсті жүйелер * Байланысқан дисперсті жүйелер Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: дәрілік формалардың классификациясы Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Дәрілік формалардың классификациясының қажеттілігі неде? * Дәрілік формалардың агрегаттық күйіне байланысты классификациясын қандай мақсатпен жүргізеді? * Ағзаға енгізу жолдарына байланысты дәрілік формалар қандай топқа бөлінеді? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С 110-122. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. / И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М. : Академия, 2006. С. 70-75 Микромодуль 2 - Қатты дәрілік формалар Дәріс 7, 8 - Ұнтақтар. Дәріханалық және өндрістік жағдайларда өндірудің технологиялық сызбасы Дәріс жоспары: 1.Ұнтақтар сипаттамасы. Классификациясы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. 2. Дәріхана жағдайларында дайындаудың технологиялық сызбасы. Күрделі ұнтақтарды дайындау тәртібі. 3.Ұнатақтардың жеке технологиясы. 4. Ұнтақтарды дозалау. Қаптама және ұнтақтарды рәсімдеу. 5. Өндірістік жағдайларда ұнтақтар өндірісінің технологиялық сызбасы. Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма. Ұнтақтардың артықшылғы мен кемшіліктері бар: Ұнтақтар қолданудың тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған , сыртқы қолдануға арналған (ұнтақ, иiс, үрлеу үшiн) деп жіктеледі. Құрамы бойынша: қарапайым, күрделі. Мөлшерлеу сипаты бойынша: бөлінбеген және бөлінген. Жаздыру тәсiлi бойынша: орналастырушы, бөлінген. Ұнтақтау. Бұл кезеңнің мақсаты - бөлшектердiң мөлшерін кiшiрейтуi және олардың санының үлкейту арқылы бiртекті ұнтақ қоспаны алу. Демек, дәрiлік заттар ұсақтарының артуымен терапевтикалық тиімділіктің жоғарлауы ұнтақталудың әр кезде қабат бетінің үлкеюуі мен еркін бет энегриясының жоғарлауымен түсіндіріледі: F = S , мұндағы F - еркiн бет энергиясының өзгеруі, S - бет ауданының өзгеруi, - беттiк керiлiс. Елеу. Елеудiң мақсаты - бөлшектер мөлшерi бiрдей өнiмді алу. Араластыру. Араластыру кезеңінің мақсаты - бiркелкi ұнтақ қоспасын алуы. ГФ XI нұсқауына сәйкес барлық ұнтақтар массасына 0,05 - тен кіші улы, қатты әсер ететін заттар жазылса, онда олардың тритуациясы, яғни индифференті заттар қоспасын (1:10 немесе 1:100) пайдалану қажет. Оңай шаңдалатын заттары бар ұнтақтар. Көлемдік массасы аз оңай шаңдалатын заттар үккішкке соңғы уақытта қосылады. Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Бояғыш заттары бар ұнтақтарды дайындау арнайы белгіленген үстелде жүргізіледі, сонымен қоса оларға арнайы үккіштер мен таразылар бөлінеді. Қиын ұнтақталатын затттары бар ұнтақтар Қиын ұнтақталатын затттар екі топқа бөлінеді: * Камфора, ментол, тимол, фенилсалицилат, йод. * Бор қышқылы, натрий тетрабораты, салицил қышқылы, стрептоцид. Экстракциалы ұнтақтар. Өсiмдiк экстрактiлерін құрғақ, қою және сұйық деп ажыратады. Сұйық препараттары бар ( эфир майлары, тұнырмалар, сұйық экстрактілер) ұнтақтар. Ұнтақтардың мөлшерлеуi 2 тәсiлмен жүргізіледі: 1 ) масса бойынша; 2 ) көлем бойынша. Масса бойынша мөлшерлеу - дәлірек және негізгі тәсіл. Қол таразыларының Ұнтақтарды қаптау және рәсiмдеу. Егер қаптаманың түрі рецептте көрсетiлмесе, онда ұнтақтарды қағаз капсулалар түрінде шығарған жөн. Зауыт жағдайларындағы ұнтақтар өндiрiсi де, дәріханаларда дайындалатын операциялардан тұрады. * Ұнтақталу. * Салқындаумен ұнтақталу. * Араластыру. * Елеу. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: ұнтақтардың сипаттамасы және классификациясы, дәріхана жағдайларында дайындаудың технологиялық сызбасы, күрделі ұнтақтарды дайындау тәртібі. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Ұнтақтарға қандай талаптар қойылады? * Күрделі ұнтақтарды дайындау стадияларын атаңыздар * Ұнтақтарды қалай мөлшерлейді? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм/Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.,1991.-С.134-146,151-154. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. / И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М. : Академия, 2006. С. 87-118 * Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм/ Под ред Т.С. Кондратьевой - М, 1986.-, С.38-46. * Технология лекарственных форм/ Под ред. Л.А. Ивановой, М.- 1991.-Т.2.- С.92-123. Дәріс 9-12 - Таблеткалар Дәріс жоспары: * Таблеткалар дәрілік форма ретінде. Таблеткалардың классификациясы. * Таблеткаларға қойылатын негізгі талаптар. * Пресстеудің теориялық негіздері. * Таблеткалау үшін арналған қосалқы заттардың негізгі топтары. * Таблеткалар технологиясы: + Ылғалды гранулдау + Құрғақ гранулдау * Таблеткаларды қабықшалармен жабу: + Драждалған жабындар. + Қабықшалы жабындар. + Престелген жабындар. * Тритурациялық таблеткалар. Таблеткалардың сапасын сынау. * Таблеткаларды жетілдіру жолдары. * Драже. Гранулалар. Таблеткалар - дәрілік заттарды немесе дәрілік және қосалқы заттардың қоспасын престеу немесе формалау арқылы алынатын, ішке немесе сыртқа қолдануға арналған қатты, дозаланған дәрілік форма. Таблеткалардың классификациясы * Өндіру әдісі бойынша: * Престеу * Тритурациялық * Қолдану бойынша: * Пероральдық * Сублингвальдық * Имплантациялық * Инъекциялық ерітінділерді экстемпоральдық дайындау үшін таблеткалар. * Шаю, спринцевалау және басқа ерітінділерді дайындау үшін таблеткалар. * Арнайы тағайындалған таблеткалар Таблеткаларға қойылатын негізгі талаптар: * Дозалау дәлдігі * Беріктілік * Ыдырау * Ерігіштігі Бұл талаптарға таблеткалардың сәйкес болуы үшін таблеттеленетін ұнтақтар (грануляттар) белгілі технологиялық қасиеттерге ие болуы керек. * Фракциялық (гранулометрлік) құрамы. * Себілмелі тығыздығы (масса). Ұнтақ көлемінің бірлік массасы. Килограммның кубтық метрге қатынасымен сипатталады (кг/м3). Ол технологиялық көрсеткіштердің қатарын есептеу үшін қолданылады. а) Вибрациялық тығыздалудың коэффиценті(Кv) б) Салыстырмалы тығыздықты себілмелі тығыздығының материалдың тығыздығына (нағыз) қатынасымен пайызбен есептейді. * Сусылмалылығы (ақыштығы) - комплекстік параметр, үздіксіз тұрақты ағынды түзе отырып, материалдың сыйымдылықтан, өзінің ауырлық күші әсерінен себілу қабілеттілігін сипаттайды. Сусылмалылықты негізінен 2 параметр сипаттайды: себілу жылдамдығы және құламаның бұрышы. * Ылғалқұрамдылық (ылғалдылық) - ұнтақта (гранулятта) ылғалдың проценттік құрамы. * Ұнтақтардың престелуі - бұл қысым астында өзара тартылу және тіркеу қабілеттілігі. * Матрицадан таблеткаларды итеру күші. Дәрілік ұнтақты материалдарды престеу әдісі қатты фазада материалдарды қосу процесіне жатады ("суық сварка"). Престеудің барлық процестерін схемалық түрде 3 стадияға бөлуге болады. Бұл стадиялар өзарабайланысты, бірақ әрбіреуінде бір - бірінен өзгешеленетін механикалық процестер өтеді. Бірінші стадияда бос орындарды толтыру арқасында деформациясыз бөлшектердің жақындауы және тығыздалуы жүреді. Екінші стадияда ұнтақ бөлшектерінің серпімді, пластикалық және морттық деформациясы пайда болады, олардың өзара сырғанауы және тұтастық (компактты) дененің түзілуі жүреді, бұл дене механикалық берікті болады. Үшінші стадияда түзілген тұтастық дененің көлемдік сығылуы жүреді. Таблеткалау үшін арналған қосалқы заттардың негізгі топтары Барлық қосалқы заттарды тағайындалуы бойынша бірнеше топтарға бөлінеді: * Толтырғыштар (сұйылтқыштар) * Байланыстырғыш заттар * Қопсытқыштар * Сырғанатын және майлайтын (антифрикциялық және антиадегезиялық) заттар * Бояғыштар * Корригенттер Таблеткалар алудың үш технологиялық схемасы кең таралған: ылғалды, құрғақ гранулдауды және тура престеуді қолдану арқылы. Технологиялық процесс келесі сатылардан тұрады: * Дәрілік және қосалқы заттарды дайындау. * салмағын өлшеу; * ұсақтау; * елеу; * Ұнтақтарды араластыру. * Гранулдау (тура престеу кезінде сатысы болмайды). * Престеу. * Таблеткаларды қабықшамен жабу (саты болмау мүмкін). * Сапаны сынау. * Орама, маркировка. Таблеткалар жабыны (қабықшасы) дәрілік форманың құрылымдық элементі болып екі негізгі функцияны атқарады: қорғаныш және терапевтикалық. Биологиялық сұйықтықтарда ерігіштігіне байланысты таблеткалардың жабынын төрт топқа бөледі: суда еритіндер, асқазанда еритіндер, ішекте еритіндер және ерімейтіндер. Әр түрлі жабынды таблеткалардан заттардың босатылу құрамы және механизмі оқу құралдарында сипатталған. Құрылыс және жағу әдісі бойынша таблеткалы жабындарды үш топтарға бөледі: * Драждалған (қантты); * Қабықшалы; * Престелген. Драждалған жабындар. "Қантты" қабықшамен дәстүрлі (тестовка операциясымен) және суспензиялық әдістермен жағады. Қабықшалы жабындар. Қабықша түзгіш ерітіндіден таблеткаларға жұқа қорғаныш қабықшаны жағу еріткішті жою арқылы мүмкін: * дражды қазанда қабатты себу арқылы, * немесе псевдоқысу қабатында, * немесе ядроларды қабықша түзгіш ерітіндіге батыру ортадан тепкінш күш аймағында жүреді, жылытқыштар тоғында кептіру арқылы таблеткалардың еркін құлауы. Престелген жабындардың артықшылықтары: * процестің толық автоматтандырылығы; * жағудың тездігі; * ядроға температура және еріткіш әсерлерінің жоқтығы. Престелген жабындардың кемшіліктері: * жоғары кеуектілігі, сондықтан төмен ылғалқорғаныштығы; * бракты деорталық және жабынның қалыңдығы бойынша регенерациялау қиындығы. Тритурациялық таблеткалар деп ылғалданған массаларды арнайы формаға ысқылау, кейін кептіру арқылы формаланатын таблеткалар. Таблеткалар сапасының барлық көрсеткіштерін шартты түрде физикалық, химиялық және бактериологиялық деп бөледі. Таблеткалар сапасының физикалық көрсеткіштеріне жатады: * геометриялық * физикалық * сыртқы түрі * механикалық қосылыстардың жоқтығы. Таблеткалар сапасының химиялық көрсеткіштеріне жатады: * химиялық құрамының тұрақтылығы * ерігіштігі және ыдыраулығы; * дәрілік заттардың активтілігінің фармокологиялық көрсеткіштері Таблеткалар сапасының бактериологиялық көрсеткіштеріне жатады: * залалсыздығы * ішекті тобының микрофлорасының жоқтығы; * сапрофиттермен және саңырауқұлақтармен шектеулі жиналуы. Таблеттеленетін формаларды жетілдірудің негізгі жолдары келесі бағыттардан тұрады: * Дәрілік заттарды тура престеу. * Таблеттеленетін формалардың түрлерін кеңейту * Таблеткаларды бақылауды және өндірісін автоматтау. Драже - қант шәрбатын қолданып, инертті тасымалдағыштың микробөліктеріне активті әсер ететін заттарды қабатпен жағу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік форма. Драже (Dragee) - ішке қабылдауға арналған дозаланған қатты дәрілік форма, қант грануласына (крупка) дәрілік және қосалқы заттарды көпретті қабаттандыру арқылы алынады. Дражеге негізгі талаптар (олар - стандарттаудың көрсеткіштері болып табылады): * Сыртқы түрі бойынша: дұрыс шар тәрізді, тегіс, түзу бетті формалар. * Орташа массасы 0,1-ден 1,0 г-ға дейін массалар дәлдігі 10%. * <<Таблеткалар>> жалпы басылымы бойынша <<Еру>> тесттің қажеттілігі. * 30 минутқа дейін ыдыраулығы. * Дәрілік заттардың құрамы - жеке ФБ бойынша. * Дозалаудың біртектілігі. Алынудың принциптері (драже технологиясы): дражеқайнатқыш қазанда қант грануласына дәрілік және қосалқы заттар қоспасын қабаттандыру. Негізгі сатылардың қысқаша сипаттамасы: І. Дайындау. Қажетті операциялар: 1) қантты гранулаларды (крупкалар) фракционирлеу. 2) ылғалдандыратын ерітінділерді немесе суспензияларды дайындау (шәрбаттарды немесе қаймақ түзгіш суспензияларды дайындайды). 3) себу үшін заттарды ұсақтау және елеу (қант опасы, ұн, магний карбонаты, тальк). ІІ. Қабаттандыру (үш негізгі операциялардан тұрады, көпретті қайталанады): * ылғалдандыру; * себу; * кептіру. ІІІ. Глянцовка - балауыз - май қоспасымен домалақтау. IV. Бөлшектеп өлшеу және орама Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: Таблеткалар дәрілік форма ретінде, классификациясы, қойылатын негізгі талаптар, таблеткалар технологиясы, ылғалды гранулдау, құрғақ гранулдау, таблеткаларды қабықшалармен жабу, тритурациялық таблеткалар. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1.Дәрілік форма ретінде таблетканы сипаттаныз 2.Таблеткалардың түрлері және номенклатуралары 3. Таблеткаларға ұсынылатын негізгі талаптар: дозалау дәлдігі, механикалық беріктілігі, ыдыраушылығы(распадаемость), ерігіштігі Ұсынылған әдебиеттер: * Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм/ Под ред. Л.А. Ивановой. - М.,1991.- Т.2.- С.134-221. * Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.,1991.-Т.1.2, С.134-146,151-154. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М. : Академия, 2006. С. 118-132 Дәріс 13, 14 - Медициналық капсулалар. Сипаттамасы. Өндірістің технологиялық сызбасы. Стандарттау. Номенклатурасы. Дәріс жоспары: 1. Дәрілік форма ретінде капсула сипаттамасы. Классификациясы 2. Өндірістің технологиялық сызбасы. 3. Капсула сапасын бағалау. 4. Капсуланы орау және сақтау Капсула-қабықшапен қапталған дәрілік заттан тұратын дозаланған дәрілік форма. Желатинді капсуланы 2 түрге бөледі: 1.Қатты, бір-бірінде оңай кигізілетін корпус және қақпақтан тұрады. 2.Жұмсақ, тұтас қабықшадан тұрады. Қатты капсулалар сусымалы ұнтақ тәрізді және гранулаланған заттарды дозалауға арналған. Жұмсақ желатинді капсулалар әдетте олар сыйымдылығы 1,5 мл-ге дейін болатын жартылай сфералы түпті жұмыртқа тәрізді, сфералы, ұзынша формалы болып келеді. Капсулаларды алу бірнеше сатылардан тұрады: 1.Желатинді массаны дайындау 2.Капсулаларды формирирлеу 3.Толтыру 4.Қабықшалармен жабу 5.Сапасын бағалау Капсула стандартизациясын ГФ ХІ шығарылу, 2 басылымға сәйкес келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: орташа массасы, дозалаудың біртектілігі, ыдырауы және ерігіштігі. Орташа массаны анықтау үшін 20 ашылмаған капсула өлшейді, бір капсуланың орташа массасын анықтайды. Сосын әр капсуланы бөлек өлшейді және орташа массадан ауытқуды есептейді (+10% дан жоғары болмау керек). Капсулаларды ашады, ішіндегілерін жояды. Дәрілік заттардан босатылған жұмсақ капсулаларды ұшқыш еріткіштермен шаяды және кептіреді. Сосын әр қабықшаны өлшейді және орташа массаны анықтайды. Массадан ауытқу +10% дан жоғары болмау керек. Дозалаудың біртектілігіне тексеруді<<Дәрілер>> мақаласына немесе жеке мақала көрсеткішіне сәйкес 0,05 г және одан кем емес дәрілік заты бар капсула үшін жүргізеді. Ыдырауын анықтауды 3к <<Дәрілер>> мақаласына сәйкес <<тербелмелі>> корзинка приборында жүргізеді. Егер жеке мақалаларда басқа көрсеткіштер болмасы, онда ыдыраушылық 20 минуттан жоғары болмау керек. Капсуланың еруі <<Дәрілер>> мақаласына сәйкес анықталады немесе жеке мақалалар көрсеткіштері бойынша <<тербелмелі>> корзинка приборында жүргізеді. Сандық анықтау және басқа да көрсеткіштер жеке мақалалар көрсеткіштерімен анықталады. Капсуланы орау үшін шыны немесе пластмассалы флакондарды, банкаларды қолданылады. Сонымен қатар ПВХ тен жасалған контурлы ұяшықты орамалар, алюминийлі фолгамен терможелімді. Капсулалар тағайындалған жарамдылық мерзімі кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ететін шарттарда сақталуы керек (салқын орындарда). Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: дәрілік форма ретінде капсуланың сипаттамасы, классификациясы, технологиялық сызбасы, капсула сапасын бағалау. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Капсулаларға қандай талаптар қойылады? * Капсулалардың жіктелуі? * Технологиялық сызбанұсқасының стадияларын атаныздар? Ұсынылған әдебиеттер: * Гандель В.Г., Ажгихин И.С., Печенников В.М. Избранные очерки современной теории и практики производства лекарств.- Пермь, 1975.- С.112-134. * Технология лекарственных форм /Под ред. Ивановой Л.А.- М., 1991.- Т.2.- С.226. Микромодуль 3- Сұйық дәрілік формалар Дәріс 15-18 - Сұйық дәрілі формалардың классификациясы. Ерітінділер Дәріс жоспары: * Cұйық дәрілік формалардың жалпы сипаттамасы. Сұйық дәрілік формалардың классификациясы. * Еріткіштерге қойылатын талаптар. Тазартылған су. Тазартылған судың алынуы. * Ерітінділер. Анықтау. Өндірістің технологиялық процесі. * Ерітінділерді стандарттау. * Масса байынша ертітінділерді сұйылту. Көлем бойынша ертінділерді сұйылту. Ерітінділерді концентрлеу. Тығыздығы бойынша ерітінділерді сұйылту Сұйық дәрілік пішіндер - дәрілік заттары сұйық дисперстік ортада таралған еркін дисперстік жүйелер. Сұйық дәрілік пішіндердің классификациясы * Дисперстік жүйелердің түрі бойынша: Жүйелердің сипаттамасы Дисперстік фаза Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері Дәрілік пішіндердің мысалдары Төменмолекулалық қосылыстардың шынайы ерітінділері Иондар, молекулалар 1 нм Глюкоза, натрий хлорид, магний сульфат ерітінділері ЖМҚ шынайы ерітінділері Молекулалар 1-100 нм Желатин, пепсин ерітінділері Коллоидты ерітінділер Мицеллалар 1-100 нм Протаргол, колларгол ерітінділері Суспензиялар Қатты заттардың бөлшектері 0,1-50 мкм Күкірт, магний оксид суспензиясы Эмульсиялар Сұйықтардың бөлшектері 1-150 мкм Кастор, шабдалы майларының эмульсиясы Қосарланған (комбинирленген) жүйелер Тұнбалар, қайнатпалар, шырыштар * Қабылдау әдісі бойынша: * Ішке қабылдауға арналған - микстуралар, тамшылар; * Сыртқа қабылдауға арналған - клизмалар, тамшылар, жағу; * Инъекциялық қабылдауға арналған - ерітінділер. * Дисперстік орта бойынша: * Сулы; * Сулы емес: глицеринді, спиртті, майлы, полимерлі, аралас. * Қолданылатын аппаратурасы бойынша: * Зауыттық жасап шығарылуы; * Дәріханалық жасап шығарылуы; * Дайындау әдісі бойынша: * Масса - көлемдік әдісі бойынша дайындалатын * Көлем бойынша дайындалатын * Масса бойынша дайындалатын Еріткіштерге қойылатын талаптар: * Жоғары ерігіштік қабілеттілігі. * Химиялық индифферентігі. * Биологиялық зиянсыздығы. * Жағымсыз дәмнің және иістің жоқтығы. * Микробтық контаминацияға тұрақтылығы. * Үнемділігі. Бұл талаптардың көбіне тазартылған су жауап береді. Тазартылған су. Тазартылған суға МС № 42-2619-97 бар. Су түссіз, мөлдір, иіссіз және дәмсіз болуы керек, рН 5-6,8; қатты қалдық 0,001%-дан жоғары болмауы керек, судың құрамында нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар, кальций, ауыр металдар, көміртектің диоксиді, тотықсызданатын заттар болмауы керек, аммиактың 0,0002% мөлшерде болуы рұқсат етіледі. МС № 42-2619-97 микробиологиялық тазалығы және тазартылған суға қойылатын талаптар келтірілген: тазартылған су ауыз суға қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек (1 мл-де 100-ден көп емес микроорганизмдер), ішек шыбығының патогендік бактериялардың, алтын стафилококтың, көк ірің таяқшасының жоқтығы. Тазартылған суды алуға, жүктеуге және сақтауға қойылатын санитарлық талаптар <<Дәріханалық кәсіпорындардың санитарлық тәртібі бойынша нұсқауды бекіту туралы>> № 309 бұйрығында 21.10.97ж. келтірілген. Тазартылған су №309 бұйрығына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмеде алынады. Тазартылған судың алынуы. Дистилляция - тамшылармен жиналған су. Дәріхана немесе өнеркәсіптік өндіріс жағдайында дистилляция немесе айдау әдістері кеңінен таралған. Суды дистилляция әдісі арқылы алу үшін аквадистилляторлар аппараттары қолданылады. Дайындалған ауыз суын немесе суды, үш негізгі түйіннен: буландырғыштан, конденсатордан және жинақтағыштан тұратын аквадистилляторға орналастырады. Ерітінділер-бұл бір немесе бірнеше еріткіштерден тұратын молекула мен ион түрінд таралған сұйық гомогенді жүйелер. Ерітінділер өндірісінің технологиялық процесінің жалпы түрі келесі стадиялардан тұрады: * Дайындау * Ерітіу * Ерітіндіден ерімейтін қоспалардан механикалық қосындыларынан (кірмелерден) босату * Стандарттау * Фасовка және дайын өнімді қаптау Ерітінділер өндірісінің схемасы кестеде көрсетілген. Ішке және сыртқа қолдануға арналған ертінділерді өндіру схемасы Стадиялар және технологиялық процестің операциялары Әрекет сипатттамасы Бақылау Дайындау НД бойынша есептеулрді жүргізеді. Дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындайды (ұсату, өлшеу) НД талабы бойынша еріткіш пен дәрілік заттар сәйкестігін бекітеді. Еріту: Механикалық араластыру жолы бойынша ертініділерді дайындау Өзара химиялық әрекеттесу арқылы ерітіндіділерді дайындау Сулы ертінділерді масса-көлем әдісі бойынша әне масса бойынша дайындайды: - масса-көлем әдісі бойынша ерітінділерді дайындағанда құрғақ дәрілік затттарды өлшеп, еріткіш көмегімен қажеттті мөлшерге дейін жеткізеді немес масса бойынша дайындайды , бірақ масса-көлем концентрациясы және ерітінділердің тығыздығын есепке алу керек; - кейбір ертінділерді масса бойынша дайындайды (қант сиропы, қышқыл ерітндісі, сілті және т.б.) Концентирлеген қышқыл мен сілті етінділерін ақырындап аз ағынмен суға араластыру кезінде қосады. Ацетат қалайы негізіндегі, алюминий ацетаты негізіндегі ерітінділерді дайындау. Соңғысын электролизбен алады. Техникалық қауіпсіздікті сақтау. Сұйықтықтарды шайқалтуға болмайды. Препаратты өндіру өндірісі өндірістік регламент бойынша қатаң сақталу қажет. Ерімейтін қоспаларды және механикалық қосындылардан ертінділерді босату Сулы ерітінділерді атмосфералық қысымда, вакуум астында және артық қысымда фильтрлейді. Ерітінділер мөлдір болу қажет. Стандарттау Анықтайды: - органолептикалық көрсеткіштермен, - шынайлық; - әрекеттесуші заттардың сандық мөлшері; - механиклық қосындылар болмау керек; - кейбір ертінділер үшін түсі (қант сиропы); - рН және т.б. Ерітінділер НД талабы бойынша стандартты болу керек. Фасовка және қаптау, сақтау Түрлі сыйымдылықты флакондарды орайды. <<Ішке>> және <<Сыртқа>> деген этикеткаларды өндіріуші кәсіпорынды көрсететтін, сауда белгісін, препарат атауын, дайындау күні, сақтау мерзімі көрсетілген этикеткалармен жабдықтайды. Салқын, күн көзінен сақтайтын жерде сақтайды. Ерітінді тұнбасыз, мөлдір, гель тәрізді емес болу керек. Ескерту ретінде Бурово сұйықтығы жатқызуға болады. Сулы ерітінділер стандартталады: - органолептикалық; - әрекет ететтін заттдың мөлшері бойынша; - тығыздығы бойынша Масса бойынша ерітінділерді сұйылту Мұнда х- концентрленген ерітіндінің қажетті мөлшері (г, кг); у - сұйылтқыштың мөлшері (г, кг); m-қажетті концентриядағы ерітіндінің мөлшері (г, кг); а - концентрленген ерітіндінің масса бойынша процентпен берілген концентрация; b - масса бойынша процентпен берілген қажетті концентрация, с - сұйытылған ерітіндінің масса бойынша процентпен берілген концентрация Көлем бойынша ерітінділерді сұйылту. x1=V∙a-bb-c x2=V∙a-cb-c Мұнда а, в, с - масса бойынша процентпен концентрация, а - коцентирленетін (нығайтқыш), в - берілген, с - әлсіз (сұйылтқыш) %, х1, х2, V - ертінінің көлем концентрациямен : х1 - с; х2 - в; V - а. Ертінділерді құрғақ заттармен концентрлеу. Құрғақ заттар мөлшері мына формулалармен есептейді: x=V∙b-c100∙ρ-b Мұндағы х - құрғақ заттың мөлшері (г, кг); V - бастапқы заттың мөлшері (мл, л); в - ерітіндінің берілген концентрациясы в %; с - бастапқы заттың концентрациясы в %; - берілген ерітіндінің концентрациясының тығыздығы г/мл). Тығыздығы бойынша ерітіндіні сұйылту. Тығыздық бойынша бөлуді мына формуламен есептейді: x1=V∙ρ1-ρ2ρ2-ρ3 x2=V∙ρ1-ρ3ρ2-ρ3 Мұндағы 1, 2, 3 - ертітінділердің, тығыздығы г/мл, 1 - концентирленетін, 2 - берілген, 3 - әлсіз; V, х1, х2 - ерітінідінің көлемі тығыздықпен V - 1, х1 - 3, х2 - 2 мл Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: сұйық дәрілік формалардың жалпы сипаттамасы, классификациясы, еріткіштерге қойылатын талаптар, тазартылған су, тазартылған судың алынуы, ерітінділер, өндірістің технологиялық процесі, ерітінділерді стандарттау, масса байынша ертітінділерді сұйылту, көлем бойынша ертінділерді сұйылту, ерітінділерді концентрлеу, тығыздығы бойынша ерітінділерді сұйылту Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Сұйық дәрілік формаларға қандай талаптар қойылады? * Неліктен сұйық дәрілік формаларды дайындағанда тазартылған су қажет? * Тығыздығы бойынша ерітінділерді қалай сұйылтады? * Масса бойынша ерітінділерді қалай сұйылтады? * Ерітінділерді қандай формула бойынша концентрлейді? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм / Под. ред. Л.А. Кондратьевой. - М., 1991. - Т.1. - С.157-174. * Технология лекарственных форм / Под ред. Ивановой Л.А..- М.: Медицина, 1991.- Т.2.- С.244-266. Дәріс 19, 20 - Инъекциға арналған дәрілік формалар Дәріс жоспары: * Инъекцияға арналған дәрілік формалар. Артықшылықтары, кемшіліктері, түрлері * Технологиялық процестің стадиялары * Өнеркәсіптік жағдайда инъекцияға арналған ерітінділерді ампулада дайындаудың технологиялық процесі Инъекциялық дәрілік формалар - қолданар алдында стерильденген сумен ерітілген және терінің беткі қабатының немесе шырышты қабатының бұзылуына әкеліп соқтырып шприц көмегімен ағзаға енгізілетін стерильденген сулы және сулы емес ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар және құрғақ қатты заттар. Артықшылары: * Ағзаға жылдам әсер етеді * Ессіз жағдайдағы науқасқа енгізі мүмкіндігі * 100% биожеткіліктігі * Дәрілік заттың укол зонасында локализациясы * ДЗ жағымсыз иісі мен дәмі әсерлерінің жоқ болуы Кемшіліктері * Инфекцияны енгізу мүмкіндігі * Эмболия мүмкіндігі * Осмос қысымының, рН мәндерінің ауытқуы * Жоғары квалификациялық медициналық қызметкерлердің қажеттілігі * Жоғары бағасы Инъекциялық дәрілік формалардың түрлері: * тері астына енгізу * бұлшықет ішіне енгізу * көктамыр ішіне енгізу * тері ішіне енгізу * плевра ішіне енгізу * жүрек бұлшықет ішіне енгізу Технологиялық процестің стадиялары: * Дайындау * Инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау * Фильтрлеу * Ерітіндіні фасовкалау және құю * Стерильдеу * Стандарттау * Қолдануға жіберу Дайындау стадиясы келесі жұмыстардан тұрады: бөлмелерді, қызметкерлерді, қондырғыларды, қосымша материалдарды, тара, қаптау құралдарды дайындау. Инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауда ұнтақтәрізді заттарды, сұйықтықтарды өлшейді және ерітіндінің химиялық талдауын жүргізеді. Инъекцияға арналған ерітінділерді фасовкалау үшін бейтарап шыныдан жасалған стерилды флакондарды қолданады. Фасовкадан кейін ерітіндінің маркировкасын жүргізеді. Стерильдеу үшін термиялық әдісті қолданады, яғни қысым астында қаныққан бумен стерилдейды. Стандартизация келесі көрсеткіштер арқылы өтеді: механикалық қоспалардың жоқ болуы, мөлдірлік, түсі, рН, әрекеттесуші заттардың сандық мөлшері және сәйкестігі. Өнеркәсіптік жағдайда инъекцияға арналған ерітінділерді ампулада дайындаудың технологиялық процесі өте күрделі сондықтан екі ағынға бөлінеді: негізгі және паралельды. Өндірістің негізгі ағынның стадиялары: ампуларды дайындау, ампулаларды толтыруға дайындау, ампулдау. Өндірістің паралельды ағынның стадиялары: еріткіштерді дайындау, ерітіндіні ампуланы толтыруға дайындау. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: эмульсиялардың анықтамасы, сипаттамасы, дәрілік формаға қойылатын талаптар, эмульсияларды алудың технологиялық схемасы. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Инъекцияға арналған дәрілік формаларды дайындау үшін қандай дисперсионды ораталарды қолданады? * Инъекцияға арналған дәрілік формаларға қандай талаптар қойылады? * Инъекцияға арналған дәрілік формалардың артықшылығы неде? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм под ред. Кондратьевой Т.С.,1991, Т.1, С.262-416. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М.: Академия, 2006. С. 187-226 Дәріс 21, 22 - Инфузиялық ерітінділер, жіктелуі, сипаттамасы, номенклатура Дәріс жоспары: * Инфузиялық ерітінділер, түсінігі, талаптары. * Ерітінділерді изотонирлеу. Изотоникалық концентрацияларды есептеу әдістері. * Қосымша талаптар (изогидрлегі, изоиондығы, изотұтқырлығы), түсінігі. * Плазмоалмастырғыш ерітінділердің классификациясы. Инфузиялық ерітінділерге парентеральді қолдануға арналған ерітінділер жатады, көлемі 100 мл және одан да астам. Инфузиялық ерітінділерге де инъекцияға арналған ерітінділерге де сияқты талаптар қойылады заласыздығы, тұрақтылығы, апирогендігі, механикалық қосулардың жоқтығы, улы еместігі. Жалпы талаптардан басқа, қан плазмасының қасиеттеріне сәйкес арнайы талаптар қойылады: изотоникалығы, изоиондығы, изогидрлігі, изотұтқырлығы және т.б. Изотоникалық ерітінділер деп осмостық қысымы организмнің биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымына тең сұйықтықтарды айтады (қан плазмасы, лимфа, көз жасының және ми жұлынның сұйықтықтары). Алуан түрлі заттар ерітінділерінің изотоникалық концентрациясын анықтау, негізінен, үш әдістермен анықтайды: * Вант - Гофф заңы және Менделеев - Клапейрон теңдеуі нәтижесінен; * Криоскопиялық әдіспен (Рауль заңын қолданумен); * Дәрілік заттардың изотоникалық эквиваленттерін натрий хлориді бойынша қолдану. Вант - Гофф заңын және Менделеев - Клапейрон теңдеуін қолдануына негізделген, изотоникалық концентрацияларды есептеу әдістері Изотония факторын Менделеев - Клапейрон теңдеуінен шығаруға болады: PV nRT мұндағы, P қан плазмасының осмостық қысым, атмосферадағы V ерітінді көлемі, л n грамм саны ерітілген заттың молекуласы R газ тұрақтысы 0,082 атмл T газдың абсолютті температурасы К3100. Формуласынан: n PVRT 7,410,082310 0,29 г моль л Нәтижесінде, қандай да бір электролитік емес изотоникалық ерітіндісін дайындау үшін ерітндінің бір литр көлеміне заттың 0,29 г моль қажет, яғни m0,29 М, мұндағы: mзаттың грамдағы мөлшері, бір литр изотоникалық ерітіндіні дайындау үшін қажетті Mдәрілік заттың молярлық массасы. Электролиттердің изотоникалық концентрациясын есептегенде теңдеуге түзеткіш көбейткішті і енгізеді, ол Вант - Гоффтың изотоникалық коэффиценті деп аталады. Сонда m=0,29М/i. Изотоникалық коэффицентің өлшемі теңдеумен көрсетіледі: i 1+(n1), мұндағы: электролиттік диссоциацияның дәрежесі nзаттың бір молекуласы диссоциаланатын иондар саны. Ерітіндінің қажетті көлемін алу үшін қажетті заттың мөлшерін анықтауда, келесі формуланы қолданады: m 0,29 MV1000 i Криоскопиялық әдіс. Рауль заңына негізделген. , мұндағы: қатаю нүктесінің депрессиясы, 0С; криоскопияя константасы ; С - ерітінді концентрациясы. Ерітіндінің депрессия шамасын 1% () және қан сарысуының депрессиясы 0,52 С0 тең болатынын біліп, заттың пайыздық концентрациясын анықтауға болады, қан сарысуының изотоникалығы: 0,52 , осыдан С 0,521 Изотоникалық ерітіндіні алу үшін қажетті заттың мөлшерін анықтауда, келесі формуланы қолданады мұндағы, граммда изотонирлеу үшін қажетті заттың мөлшері ерітінді көлемі, мл - дәрілік зат ерітіндісінің депрессиясы 1%. Изогидрлігі - қан плазмасына инфузиялық ерітінділердің сутекті иондарының концентрациясына сейкестігі. Изоиондығы - қан плазмасына инфузиялық ерітінділердің иондық құрамы бойынша сәйкестігі. Изотұтқырлығы. Адамның қан плазмасы, ондағы ерітілген ақуыздардың болуы әсерінен қажетті тұтқырлыққа ие болады. Плазмоалмастырғыш ерітінділердің классификациясы * Су - тұздық балансының және қышқыл - негіздік тепе - теңдігінің реттеуіші. * Генодинамикалық (ескендіруге қарсы) ерітінділер. * Дезинтоксикациялық ерітінділер. * Парентеральді қоректену үшін арналған препараттар. * Оттекті тасымалдағыш - ерітінділер. * Комплекстік (полифункционалдық) ерітінділер. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: инфузиялық ерітінділер, түсінігі, талаптары, ерітінділерді изотонирлеу, изотоникалық концентрацияларды есептеу әдістері, қосымша талаптар, плазмоалмастырғыш ерітінділердің классификациясы. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Инфузиялық ерітінділер дегеніміз не? * Менделеев Клайперон теңдеуі қандай жағдайда қолданылады? * Плазмоалмастырғыш ерітінділердің классификациясын келтірініз Ұсынылған әдебиеттер: * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М.: Академия, 2006. С. 188-226 * Справочник фармацевта / Под ред. А.И. Тенцовой.- 1981.-С.97-140,223. * Машковский М.Д. Лекарственные средства.- Ч.2.-С.99-111. Дәріс 23, 24 - Суспензиялар Дәріс жоспары: * Анықтама, сипаттама, дәрілік формаға қойылатын талаптар. * Суспензияларды алудың технологиялық схемасы. Суспензия - рәсімделген дәрілік форма - құрамы дисперсті фазасы бір немесе бірнеше ұсақталған ұнтақ тәрізді дәрілік заттардан тұратын сұйық дисперстік ортада таралған сұйық дәрілік форма. Дисперсиологиялық сипаттама бойынша: суспензиялар - еркін, дисперстік фазасы-қатты және дисперстік ортасы-сұйық болатын көп жақты дисперстік жүйелер. Дисперстік орта ретінде су, этил спирті, майлы майлар, синтетикалық органикалық еріткіштер: пропиленгликоль, полиэтиленгликоль және т.б. болуы мүмкін. Классификация * Қолдану әдісі бойынша (МФ): ішке; сыртқа; парентеральды; * Дайындау дәрежесі бойынша(МФ): қолдануға дайын болғандар; қажетті су немесе басқа сұйықтықтың мөлшері көрсетілетін нұсқауы бар ұнтақтар немесе гранулалар түрінде; * Дисперстік ортаның түрі бойынша: сулы; сулы емес; * Дисперстік фазаның түрі бойынша: гидрофильді заттардан; гидрофобты заттардан; * Алу әдісі бойынша: диспергирлеу; конденсация. МФ ХІ басылымы суспензияларға келесі талаптарды қояды: * Құрамында улы және қатты әсер ететін заттары бар суспензияларды дайындауға тыйым салады. * Біртектілік. * Ресуспендируемость. * Седиментациялық тұрақтылық. * Дисперстілігі * Орама үшін талаптар: сәйкес келетін дозалайтын құрылғының мүмкіндігі бойынша * "Қолданар алдында шайқау" и "Салқын жерде сақтау" маркировкалары. * Жартылай дайын өнімнің суспензиясы үшін дисперстік ортаның мөлшері, сонымен қатар суспензияны дайындағаннан кейін оны сақтау жағдайы және уақыты көрсетілуі тиіс. * Парентеральды енгізу суспензиялары, егер жеке басылымдарда нұсқаулар болмаса, онда "Инъекционды ДФ" басылымына сәйкес болуы керек. * Микробиологиялық тазалығы немесе залалсыздығы. Суспензияларды алудың технологиялық схемасы 1 саты. Дайындық стадиясы. * заттардың нақты қасиеттеріне негізделген суспензиялардың бар болу фактын орнатады; * қатты суспензияланатын фазаның концентрациясын анықтайды; * суспензияланатын зат қандай топқа жататынын анықтайды: * егер гидрофильды - тұрақтандырғыш қажет емес. * егер гидрофобты - тұрақтандырғыш есебін жүргізеді. * ДФ жалпы көлемін анықтайды. 2 саты. Дисперстік ортаны құрғақ еритін заттарды еріту арқылы дайындау. 3 саты. Суспендирлеу. 4 саты. Бөлшектеп өлшеу, орама, маркалау. 5 саты. Сапасын бақылау. МФ немесе жеке фармакөшірме басылымдарының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: суспензиялардың анықтамасы, сипаттамасы, дәрілік формаға қойылатын талаптар, суспензияларды алудың технологиялық схемасы. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Суспензиялар дегеніміз не? * Суспензияның тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді? * Күкірт суспензияларына қандай талаптар қойылады? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм под ред. Кондратьевой Т.С.,1991, Т.1, С.77-92, С.232-238, 240-244, 249-250. * Технология лекарственных форм. И.А. Муравьев, 1980, Т.2. С.114-125, С.448-456. * Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм / Под ред. Т.С. Кондратьевой, 1986, С.114-125. Дәріс 25, 26 - Эмульсиялар Дәріс жоспары: * Эмульсиялардың дәрілік форма ретінде сипаттамасы, талаптар, артықшылықтары, кемшіліктері, классификация * Дәріхана жағдайларында эмульсиялар технологиясы. сапасын сынау. * Дәрілік форма форма ретінде эмульсиялардың даму перспективалары Эмульсиялар ішкі, сыртқы және парентеральды қолдануға арналған бірі бірінде ерімейтін жұқадисперленген сұйықтықтардан тұратын біртекті дәрілік форма. Дисперсологиялық сипаттама бойынша бұл сұйық дисперсионды ортадан және сұйық дисперсті фазадан тұратын бос дисперсті жүйелер. Эмульсияларға қойылатын талаптар: * Біртектілік * Механикалық қоспалар жоқ болуы * <<қолданар алдында шайқау>>, <<суық жерде сақтау>> рәсімі болуы тиіс * Сақтау жағдайларына талаптар * Параетеральды жолмен қолданылатын эмульсиялар <<Инъекциялық ДФ>> сәйкес болуы қажет, яғни стерильды, апирогенді, уытты емес * Термотұрақтылық * Тұтқырлық Эмульсиялардың классификациясы * Қолдану тәсілі бойынша: ішкі, сыртқы, парентеральды * Эмульсиялар дайындалатын бастапқы материалдардың түріне байланысты: майлы және семенные * Дисперсті фаза және дисперсионды ортаның сипаттамасы бойынша: І текті немесе тура эмульсиялар және ІІ текті немесе кері эмульсиялар Эмульсиялар екі әдіспен алынады: конденсация және диспергирлеу. Диспергирлеу әдісімен келесі стадиялар арқылы алады: * Дайындау * Тура эмульгирлеу * Эмульсияны қажетті массаға дейін сұйылту * Буып тиеу, маркировка * Эмульсия сапасын бағалау Эмульсиялардың сапсын бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүреді: * Дайындалған эмульсияға документацияны тексеру * Органолептикалық бағалау * Механикалық бөлшектерді болдырмау * Екі көрсеткіш бойынша - центрифугирлеу және термотұрақтылық бойынша біртектілік * Тұтқырлық Эмульсиялардың дәрілік формалар ретінде даму перспективалары: * Кіші механизация қондырғыларын қолдану * Эмульгаторлар ассортиментін көбейуі * Сапаны бағалаудың инструментальды әдістері Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: эмульсиялардың анықтамасы, сипаттамасы, дәрілік формаға қойылатын талаптар, эмульсияларды алудың технологиялық схемасы. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Суспензиялар дегеніміз не? * Суспензияның тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді? * Күкірт суспензияларына қандай талаптар қойылады? Ұсынылған әдебиеттер: * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М.: Академия, 2006. С. 255-268. * Технология лекарственных форм под ред. Кондратьевой Т.С.,1991, Т.1, С.491-503. Микромодуль 4 - Жұмсақ дәрілік формалар. Ректальды дәрілік формалар Дәріс 27, 28 - Жақпа майлар Дәріс жоспары: * Жақпамайлардың классификациясы. * Жақпамайлардың негіздері. Талаптар. Жақпа майлар негіздерінің классификациясы. * Жақпамайларды дисперстік жүйе ретінде сипаттау. * Жақпамайлардың технологиясы + Дәріханаларда жақпа майларды дайындау. + Фармацевтикалық кәсіпорындарда жақпа майларды өндіру. * Жақпамайлардың сапасын және стандарттауын сынау. Бөлшектеп өлшеу және орама. * Жақпамайлардың тұрақтылығы және оларды сақтау. * Жақпамайлардың дәрілік заттарды босату. Жақпамайлардың жетілдіру жолдары. Жақпамайлар - ежелгі дәрілік формалардың бірі, дерматология, көз, хирургия, косметика тәжірибелерінде кеңінен қолданылады. Жақпа майлардың классификациясы. Жақпамайларды әр түрлі белгілер бойынша бөледі: Қолдану мақсатына және орны бойынша жақпа майларды келесі түрлерге бөледі: * дерматологиялық жақпа майлар * шырышты қабықшаға жағылатын жақпа майлар * хирургиялық жараларды және күйіктерді емдеуге арналған жақпа майлар Әсер ету сипаттамасына қарай: * резорбтивті * орынды әсер ететін Дисперстік жүйенің типіне бойынша: * гомогенді * гетерогенді Консистенция бойынша: * Пасталар * Жақпа майлар * Крем * Гельдер * Линименттер Жақпа майдың негізін таңдау, жақпа май әрекетінің мақсатына, орнына және сипатына, сонымен қатар дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болады. Жақпа майдын негіздеріне талаптар: * терінің рН-ын өзгертпеуі (тері рН=3-4) * терілік демге кедергі келтірмеуі * әр түрлі агрегатты күйдегі дәрілік заттарды жақсы қабылдауы * химиялық индифференттілік * сақтау кезде тұрақтылық * микроорганизмдердің әрекетіне тұрақтылық * сәйкес консистенциялы болуы керек * теріден және киімнен оңай жойылуы Жақпа майлардың негіздерін әр түрлі белгілер бойынша классификациялайды. Жалпы қабылданған классификация бойынша, яғни негіздің сумен әрекеттесу қабілеттілігі бойынша: 1) гидрофобты / липофильді 2) гидрофильді 3) гидрофильді - липофильді /дифильді/ . Липофильді (гидрофобты негіздер). Оларға майлар, май тәріздес заттар, балауыздар, көмірсутекті және силиконды негіздер жатады. Гомогенді жақпа майлар өзара еритін және араласатын ингредиенттерден тұрады және олар: * Жақпа майлар-ерітінділер * Жақпа майлар-балқымалар * экстракциялық жақпа майларға бөлінеді. Гетерогенді жақпа майлар суспензиялық, эмульсиялық, комбинирлік болып бөлінеді. Дәріханаларда жақпа майларды магистральді жазбалар - ex tempore бойынша дайындайды. Дайындау келесі сатылардан тұрады: * дайындық жұмыстары; * негізге дәрілік заттарды енгізу (балқыту, еріту, ұсақтау, араластыру, эмульгирлеу); * мазьдар сапасын сынау; * орама және рәсімдеу. Фармацевтикалық кәсіпорындарда жақпа майларды өндіру келесі сатылардан тұрады: * дәрілік заттарды және негізді дайындау (ВР. 1 - қосалқы жұмыстар); * негізге дәрілік заттарды енгізу (ТП. 2 - өндірістің технологиялық процесі); * мазьдің гомогенизациясы (ТП. 2.1); * бөлшектеп өлшеу, орама, маркировка (УМО.3). Дәріхана жағдайларында орындалады - органолептикалық бақылау (түсі, иісі); МФ ХІ бас. әдістемесі бойынша микроскопиялық әдіспен, қатты бөлшектердің дисперстілік дәрежесін анықтау. Химиялық тұрақтылығы деп дәрілік заттардың негізбен әрекеттесудің жоқтығы, қоршаған орта факторларына, негізінен, тотығу процесіне тұрақтылығы. Жақпа майларды суық, жарық түспейтін жерде сақтайды. Жақпа майлардан дәрілік заттарды босату жылдамдығына және толықтығына келесі факторлар әсер етеді: дәрілік заттардың физико-химиялық күйі, олардың концентрациясы, негіздің табиғаты, жақпа май дайындаудың технологиялық процесі. Жақпа майлардан дәрілік заттарды босату жылдамдығы "in vitro" және "in vivo" әдістерімен зерттеледі. Жақпа майларды жетілдіру облысында келесі бағыттарды ажыратады: * жаңа дәрілік препараттардың жақпа майларын жасау; * белгілі жақпа майлардың сапасын аса тиімді негізді таңдау арқылы жетілдіру; * жақпа майлардың негіздер сұрыптамасын кеңейту (берілген қасиеттері бар жаңа қосалқы заттарды іздеу); * жақпа майларды дайындаудың жаңа әдістерін жетілдіру; * жақпа майлардың сапасын сынау әдістерін жетілдіру; * жақпа майларға арналған орама заттарын жетілдіру; * жақпа майлардың тұрақтылығын жоғарлату. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: жақпа майлардың классификациясы, жақпа майлардың негіздері, олардың классификациясы, жақпа майлардың технологиясы Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Гомогенді жақпа майлар дегеніміз не? * Қандай жақпа майлар суспензионды деп аталады? * Жақпа майлар негіздеріне қандай талаптар қойылады? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм. М. Медицина, 1991 / Под ред. Кондратьевой Т.С., Т.1, С. 277-312 / Под ред. Ивановой Л. А., Т.2, С. 503. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М.: Академия, 2006. С. 304-350. Дәріс 29, 30 - Ректальды дәрілік формалар. Суппозиториялар Дәріс жоспары: 1. Дәрілік заттарды ректальды әдіспен енгізу сипаттамасы. Ректальды дәрілік формалардың қысқаша сиаптамасы және классификациясы. 2. Суппозиториялар: сипатамасы, талаптар. 3. Суппозиторларды алу әдістері. Дәрілік затттарды негізге енгізудің ережелері; 4. Технологиялық сызба және суппозиториялардің дәріханалық жағдайларды өндірудің ерекшеліктері және технологиялық схемасы: 5. Суппозиторияларді өндірістік дағдайларда өндірудің технологиялық процесі; 6. Суппозиторияларді бағалау сапасы. Суппозиторларды өндірістік өндірудің номенклатурасы. 7. Ректальды дәрілік формалардың жетілдіру перспективалары. Ректальды дәрілік формалар жалпы белгісі бар - организмге тік ішек арқылы енгізіледі (per rectum). Ректальды әдіспен енгіздуің артықшылығы: 1. Дәрілік заттар асқазан-ішек жолында рН ортасында және энзимдер әсерінен бұзылмайды. 2. ДЗ-ды сіңіру жылдамдығы жоғары, ішкі-бұлшық ет жолымен енгізумен сәйкес келеді. 3. Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолында шырышты қабыққа тіттіркендіргіштік әсердің болмауы. 4. Дәрілік заттардың жергілікті және резорбтивті әсер ету сипаттамасы. 5. Аллергиялық әсердің деңгейін төмендету. 6. Психиаторлық практикада, науқас ес түссіз жағдайда, педиатрия мен гериатрияда қолдану ыңғайлы. 7. Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолын толтырудың сіңіру эффектісінің тәуелсіздігі. Дәрілік заттарды ректальдә әдіспен енгізудің кемшіліктері: 1. Тік ішек шырышты қабығының тітіркендіру мүмкіндігі. 2. Дәрілік препарттарды енгізудің кейбір эстетиканың болмауы. 3. Тік ішектен дәрілік заттарды сіңіру механизмі жайында түсініктің аз болуы. Ректальды дәрілік формалардың классификациясы. 1. Суппозиторилар 2. Ректальды капсулалар 3. Ректальды мазьдар 4. Клизмалар 5. Микроклизмалар 6. Ректальды тампондар 7. Ректальды аэрозольдар Суппозиторлар (Suppositoria) ГФ XI анықтамасы бойынша −бөлме температурасында қатты және дене температурасында балқитын немесе еритін мөлшерленген дәрілік формалар. Суппозиторияларға келесi талаптар қойылады: 1. Суппозитордың белгілі формасы, массаны, өлшемі ГФ XI ойынша регламенттелінген болуы керек. 2. Суппозиторлар массасы біркелкі болуыкерек. 3. Суппозиторлар кездемелер және сфинктердің кедергiсi жеңуге мүмкiндiк беретiн жеткiлiктi қаттылық болуы керек. 4. Липофильді негізде дайындалған суппозиторлар балқуы қажет, ал гидрофильді - адамдның дене температурасында еруі қажет, онда терапевтиялық әсер болмайды. 5. Суппозитордың балқу немесе ерудi нәтижесінде алынған сұйықтық өз еркімен шырыштыда балқуы керек. 6. Егер олардан созылған әрекеттi күтпесе суппозиторлар дәрiлік заттарды оңай беруi керек. 7. Суппозиторлар контактының орынында тітіркендіргіш әрекеті болмауы керек. 8. Суппозитория жарық, ауа, ылғал, микрофлораға және басқалар тұрақты болуы керек, жақсы сақталуы қажет. Суппозиторияларды алу әдістері: * Домалату әдісі * Төгу әдісі. * Пресстеу әдісі. Суппозиторларды алудың технологиялық процесі келесі кезеідерден тұрады: 1. Дайындау: а) негіздерді дайындау; б)дәрілік заттарды дайындау; 2. Суппозиторлар массасын алу. 3. Суппозиторларды мөлшерлеу және пішіндеі (домалату әдісінде бөлек жүргізіледі). 4. Стандарттау. 5. Қаптау, маркалау. Суппозиторларды өндірістік жағдайларда екі әдіспен алады: 1. Пресстеу (таблетілеу). 2. Төгу ГФ Х1 бойынша суппозиторлардың сапасын бағалау: 1. Біртектілігін визуальды бойлық кескініндеболмауы. 2. Ортақ масса 20 суппозиторларды дәлдігі 0,01 г дейін өлшумен анықталады. 3. Липофильді негізде дайындалған суппозиторлардың балқу температурасы 370 С және толық деформация уақыты 15 мин аспауы керек, егер жеке мақалаларда басқа ұсыныстар болмаған жағдайында орындалады. 4. Гидрофильді негізде дайындалған суппозиторлардыі еру уақыты 1 сағ аралығында болуы керек. 5. Құрамындағы мөлшері мен әрекет ететін заттардың мөлшерлеу біртектілігі жеке мақаларда көрсетілген ұсыныстар бойынша анықталады. 6. Микробиологиялық тазалығын ГФ ХI, 2 шығ, 193 бет бойынша анықталады. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: ректальды дәрілік формалардың қысқаша сиаптамасы және классификациясы, суппозиториялар сипатамасы, талаптар, алу әдістері. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Ректальды дәрілік формаларға қандай талаптар қойылады? * Суппозиториялар дегеніміз не? * Суппозиторияларға қандай талаптар қойылады? Ұсынылған әдебиеттер: * Технология лекарственных форм: Учебник в 2-х томах. Том 1 / Под ред. Т.С. Кондратьевой. - М.: Медицина, 1991. С.312-325. * Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. - М.: Академия, 2006. С. 350-374. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР Практикалық сабақ № 1 - Пәннің методологиясы және негізгі түсініктері Практикалық сабақ № 2 - Дәрілік заттар технологиясында дозалау Практикалық сабақ № 3 - Дәрілік формалар классификациясы Практикалық сабақ № 4 - Ұнтақтар технологиясы Практикалық сабақ № 5 - Таблеткалар технологиясы Практикалық сабақ № 6 - Капсулалар технологиясы Практикалық сабақ № 7 - Драже технологиясы Практикалық сабақ № 8, 9 - Ерітінділер Практикалық сабақ № 10 - Инъекциялық дәрілік формалар технологиясы Практикалық сабақ № 11 - Инфузиялық ерітінділер технологиясы Практикалық сабақ № 12 - Суспензиялар технологиясы Практикалық сабақ № 13 - Эмульсиялар технологиясы Практикалық сабақ № 14 - Жақпамайлар технологиясы Практикалық сабақ № 15 - Суппозиториялар технологиясы СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ Әрбір студент семестр бойына 4 жазбаша СӨЖ орындауы тиіс. №1 СӨЖ тақырыптары Дәрілік формалар классификациясы тақырыбына реферат №1 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 4-апта №2 СӨЖ тақырыптары Құрғақ дәрілік формалар тақырыбына бақылау жұмысы №2 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 6-апта №3 СӨЖ тақырыптары Сұйық дәрілік формалар тақырыбына бақылау жұмысы №3 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 10-апта №4 СӨЖ тақырыптары Ректальды дәрілік формалар тақырыбына бақылау жұмысы №4 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - -апта
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz