Файл қосу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары. Экономика негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МСЖ құжат 3 деңгейлі ОӘК ПОӘК 042-18.2.1.004/02 -2014 <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Баспа №1, 11.09.2014 жыл <<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> пәні бойынша <<Мемлекеттік жергілікті басқару>> (5В051000) мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз Қазіргі заманда экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны экономиканы реттеудің теориялық - практикалық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибесін қамтиды. Нарықтық экономиканың даму барысында мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік саясат пен нарықтық механизмнің арақатынасы, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық іскерлік циклдің ерекшеліктері, экономикалық мәселелерге байланысты үкімет шешімдерін қабылдау және орындалу механизмі және экономикалық саясаттың бағыттарын зерттеудің маңызы зор. 1.ҚҰРАСТЫРДЫ __________ <<__29__ >>_08__ 2014 ж., Жұмашбекова Самал Қабдрахмановна, аға оқытушы, <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасы 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасының отырысында. <<__29__ >>__08____ 2014 ж. №_1___Хаттама Кафедра меңгерушісі ___________ Г. А.Орынбекова 2.2. Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында. <<__09__ >>____09____ 2014 ж. № _1_ Хаттама ОӘБ төрағасы____________________ С. Х.Тойкин 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. <<__11___ >>__09_ 2014 ж. № _1_ Хаттама ОӘК төрағасы _________________ Г.К.Искакова Мазмұны * Жалпы мағлұматтар * Пәннің мазмұны және сабақ бойынша сағаттардың бөлінуі * Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар * Курс саясаты * Білімді бағалау саясаты * Курс форматы * Әдебиеттер - Жалпы мағлұматтар * Оқытушының аты-жөні - Жұмашбекова С.Қ. аға оқытушы, экономикалық ғылымдар магистрі * Кафедра- Менеджмент және маркетинг; * Байланыс ақпараты - тел: 53-02-29, № 8 оқу корпусы, №306 кабинет; * Сабақты жүргізу орны - сабақ кестесі бойынша * Пән аты - <<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> * Кредит саны- 6 * Оқу жоспарынан көшірме (кесте 1) Оқу жоспарынан көшірме 5В051000 <<Мемлекеттік және жергілікті басқару >> мамандығы үшін Кесте 1 Курс Семестр Кредит Дәріс Семинар ОСӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі 3 5,6 6 60 30 90 90 270 Емтихан 1.1. Пәннің қысқаша мазмұны <<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> нарықтық қатынастардың тиімді қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық процесстерге әсер етудің әдістері мен тетіктерінің көмегімен мемлекеттің елдің экономикалық өміріне қатысуының формаларын зерттейтін ғылыми экономикалық пән болып саналады. Экономиканы мемлекеттік реттеу-макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын қызметі; қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру және өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын, өзара байланысты әртүрлі экономикалық реттегіштердің кешенінен тұратын заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы сипаттағы типтік шаралардың жүйесі. Нарықтық қатынастарға өту кезінде экономиканы мемлекеттік ретеу әсіресе экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде-меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын рефромалау, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру кезінде қажет. Сонымен қатар табиғатты пайдалануды, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу керек. Мемлекет экономиканы құрылымдық қайта құру процессін нарықтық қатынастардың басты мақсатына-әлеуметтендіру және тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жоғарлатуға сәйкес реттеу қажет. 1.2. Курстың мақсаты: Студенттерге елдегі әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудің механизмі туралы тұтас мағлұматтар беру. Олардың экономикадағы мемлекеттің рольін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру. 1.3. Курстың міндеті: <<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> пәнін оқудың негізгі міндеті студенттерге нарықтық экономика шарасында әртүрлі қызметтер саласын жалпы мемлекеттік реттеудің, жекешелендіру мен ұлттандырудың, мемлекеттің әлеуметтік саясатының механизмі, тікелей мемлекеттік реттеудің қаржы-экономикалық құралдары туралы білім беру болып табылады. 1.4. Пәнді оқу барысында студент: * Мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастыруы қажет. * Негізгі мәселелер мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасай алуы қажет. * Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен механизмін білу керек. * Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні, әдістері және принциптерімен танысуы керек. * Курсты оқу нәтижесінде нарықтың қызмет ету жағдайында басқару шешімдерін қабылдаудың тәжірибелік дағдысын үйренуі қажет. 1.5. Курстың пререквизиттері. * Экономика негіздері * Экономикалық теория * Экономикалық ілімдер тарихы * Микроэкономика * Макроэкономика * Экономикалық саясат 1.6. Курстың постреквизиттері: * Мемлекеттік және муниципалды қаржы * Салықтар және салық салу * Мемлекет және бизнес * Қазақстан экономикасын басқару - Пәннің мазмұны және сабақ бойынша сағат бөлу Кесте 1 № Тақырыптың атауы Сағаттар саны Әдебиеттер Модуль 1. ЭМР мәні, мақсаттары, объектісі мен әдістері Дәріс Сараман дық ОСӨЖ СӨЖ 1. ЭМР теориялық аспектілері 4 2 6 6 7.1.1. Төреғожина А. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008 7.1.2. Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007 7.1.3. Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011 7.1.4. Ихданов Ж. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. - А., 2002 2. ЭМР-ге әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 4. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 Модуль 2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары 5 Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 6. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің негізгі механизмдері 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 7. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 8. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі. 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 9 Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 Модуль 3. ҚР әлеуметтік саясатының ерекшеліктері 10 Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 11 Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 12 Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 13 Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 14 Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 15 Аймақтардың әлеуметтік -экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу 4 2 6 6 7.1.1, .7.1.2, 7.1.3,7.1.4 Барлығы 60 30 90 90 3. <<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> пәнін оқу бойынша жалпы нұсқаулар Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнін оқу барысында пәннің логикасы мен құрылымын жетекшілік ету керек. Мысалы, өндіріс факторлары нарығын алдымен нарық, бәсеке, сұраныс және ұсыныс тақырыптарын игермей оқу күрделірек болады. Өздігімен дайындалу үшін экономикалық жоғарғы оқу орындарына, факультеттерге немесе экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған экономиканы мемлекеттік реттеу пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды қолдану ұсынылады. Бір тақырыптың белгілі бір оқулықта басқа әдебиеттерге қарағанда толық, тереңірек қарастырылатынын ескеру қажет. Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні бойынша оқулықтар жыл сайын қайта өңделіп басылады, сондықтан оларды неғұрлым жақсы, табысты деп бөліп қарауға болмайды. Терминологиядағы кейбір сұрақтарды экономикалық сөздіктермен толықтыруға болады. Барлығымыз сіздермен өркениетті нарықтық қатынастар қалыптасу процесін бастан кешіріп жатқан жағдайда өзекті болып теорияны практикамен, дағдарыстың нақты процестерімен және әлеуметтік-экономикалық реформалармен байланысы табылады. Сондықтан пәнді зерттеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді басылым материалдарын қолдану маңызды. Сонымен қатар, кафедрада оқу процесінің кітаппен қамтамасыз етілуі бойынша мәліметтер бар. Оларды пайдалана отырып, өздігімен дайындалу үшін басты қайнар көз болып дәріс, семинарлық сабақ жазбалары табылатынын ұмытпағаныңыз жөн. Курстың барысы: 15 тақырып <<ЭМР>> курсының барлық тақырыбын жинақтап, қамтиды. Оқу жоспары бойынша пәнді оқу үшін 180 дәрісханалық сағат, оның ішінде 60 дәріске арналған сағаттар, 30 практикалық-сарамандық және 90 СӨЖ сағаттар қарастырылған. Дәрісханалық дәріс курсы магистранттардың білімін жүйелейтін негізгі және маңызды құрал болып табылады. Дәрістер - оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру. Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде студенттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді. Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу Дәрістерді жазып отыру қажет (минимум - негізгі жағдайларды). Олар түбегейлі сұрақтар мен түсініктердің байланысын игеруге, теориялық сұрақтардың жауаптарын табу жолына, жаттығуларды орындауға, жаттығулар мен есептерді шешуге бағдар алуға негізгі мәселені айқындауға маңызды сұрақтар мен түсініктерді бөліп қарауға көмек болады. Сонымен қатар дәрістерде экономикалық ғылым мен іс-тәжірибенің мәселелері, Қазақстан Республикасы және басқа да әлемдік кеңістіктегі елдерге байланысты нақтылы статистикалық мәліметтер беріледі. Сондай-ақ дәрісті жазу студенттерге семинар сабағына дайындалуға уақытын үнемдеуге, аз уақыт ішінде күрделі сұрақтарды игеруге мүмкіндіктер туғызады. Студенттің практикалық сабаққа белсенді қатысуы есептер мен тестік жаттығуларды шешуге, графиктерді құруға, экономикалық жұмбақтар мен тапсырмаларды орындауға, пікір-сайыстарға қатысуға және экономикалық тілдің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Практикалық және зертханалық сабақтар - оқу сабақтарының бір формасы, ол оқушының өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар сарамандық сабақ түрінде өтеді, бұл сутденттердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Практикалық (сарамандық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, теориялық білімдерді есептер мен ситуацияларды шешу арқылы бекітуді талап етеді. Практикалық сабақтар пәннің барынша күрделі сұрақтарын тереңдете оқуға ықпал етіп, магистранттардың өздік жұмыстарын қортындылаудың негізгі формасы болып табылады. Осы сабақтар кезінде мәселелерді сауатты анықтап, өздерінің ойлары мен тұжырымдарын еркін білдіруді үйренеді, кәсіпқой біліктілікке үйрететін ситуацияларды қарастырады. Осының бәрі қазіргі заманғы маманға қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.. Студенттер барлық жұмыстарын берілген уақытта орындап, тапсырулары керек. Кешігіп орындалған жұмыстар сәйкесінше автоматты түрде төмендетіледі. Берілген курстың тақырыптарын қарастырғанда студент сәйкес әдебиеттерді оқулары керек. Бұдан басқа, студенттерге келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы, Труд в Казахстане және т.б. Жұмыстарды орындаған уақытта келесі ережелерді сақтау керек: * Жұмыстардың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетіледі; * Жұмысты оқушы дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу барысын қатаң сақтай отырып, орындайды. * Жұмыстың басында мазмұнын немесе жоспарын көрсетеді. * Жұмыстың аяғында жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеерді көрсету қажет. * Әдістемелік нұсқауға сай орындалмаған жұмыс қайтарылып беріледі. ОСӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау: <<ЭМР>> пәнін оқу кезінде әрбір студент ОСӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі - эссе болып табылады. Эссе берілген тақырыпқа <<прозалық этюд>> түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады.. оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін магистранттан оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, қаржылық нарықтардың қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, қаржылық нарық пен қаржылық жүйенің өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі. Студент эссені дайындау барысында барлық мүмкін ақпараттық қайнар көздерін, оның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі мәліметтерді қолдана алады, бірақ сәйкес сілтеме жасайды. Егер ұсынылған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар болса, оның бәрі қарастырылып, сәйкесінше аргументтелуі тиіс. Егер ұсынылған тақырып сандық мәліметтерді қажет етсе ( нарықтың параметрлері, қатысушылар саны, сегменттер саны және т.б) , онда барынша жаңа сандар, қайнар көздері көрсетіліп келтіріледі Кейбір тақырыптарды ашу үшін экономикалық және қаржылық талдау жүргізу қажет, бұл жағдайда эсседе талдаудың қортындылары мен осы қортындылар жасалған маңызды элементтер ғана беріледі. Эссенің мәтінін екі әдіспен: қолжазба немесе компьютерде теріп өткізуге болады. Эссе А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Эссе орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қазал жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді. Қолжазба мәтіні қаламсаппен, анық жазылуы тиіс. Қолжазба түріндегі эссенің әрбір бетінде 28-30 жол болады, әрбір жолда орта есеппен 60-65 белгі болса, сөз арасындағы әрбір алшақтық бір белгі болып саналады. Қолжазба мәтініне №3 трафарет пайдаланылады. Қолжазба түріндегі эссенің жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды. Компьютерде тергенде эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік. Компьютерлік мәтіндегі эссенің көлемі 4-5 бет. Беттерді оң жақтағы жоғарғы бұрышта номерлеу керек.. Эссе қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Эссе берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолумен аяқталады.Бұл тізімде оқулықар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады. Эссенің аяғында қосымшалар келтіріледі, олар эссенің мәтіні болып саналмайды, бірақ белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін (графиктер, схемалар, алғашқы статистикалық мәліметтер, кестелер). СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: <<ЭМР>> пәнін оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат түрінде СӨЖ орындайды. СӨЖ орындауға кірісер алдында студент, өзінің рефератының тақырыбын зерттеуі қажет. Реферат А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Қолжазба түрінде болады және компьютермен теріледі.. Компьютерде тергенде реферат Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік Реферат орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қызыл жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді. Рефераттың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды. Реферат қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Рефераттың соңында тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады және мерзімі мен қолы қойылады. Сырттай оқу бөлімі студенттері тестілер, жаттығулар, проблемалық есептер және басқа білімін өздігімен тексеру үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша тренингтер бар оқу-әдістемелік құралдарға қызығушылық білдіруі керек. Егер мүмкіндік болса, тестілер, есептерді шығару жолымен пәнді білуіне қатысты өзіндік жарыстар ұйымдастыруға болады. Осы сияқты ойындарды өткізу тәсілі бойынша негізгі жағдайлар мен түсініктерді жақсы есіне сақтауға қызмет етеді. Ол үшін келесі оқу құралдарын ұсынамыз: Мамыров Н.Қ. Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условия Казахстана (теория, опыт, проблемы): Оқу құралы.-А.: Экономика, 1998. <<Практикум по микро и макроэкономике>> (ред. жетекшісі Огибин О.Ю), Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарын бағалауда біріншіден, студенттің өз бетінше талдау және қорытынды шығаруға ұмтылуы, екіншіден, жұмыс тақырыыбын, графикті, кестелерді орындаудағы тиянақтылығы қаралады. Сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді пайдалану керек. Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнін базалық ғылым ретінде ынтамен оқуға тырысыңыз, ол көптеген арнайы экономикалық пәндерді жақсы игеруге септігін тигізеді. Кредиттік жүйемен оқитын студенттерге қойылатын талаптар: * Сабақтан кешікпеу; * Сабақ үстінде сөйлемеу және ұялы телефонды өшіріп қою; * Сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайдатиісті анықтама қағазын әкелу; * Жіберілген сабақтарды оқытушының бос уақытында өтеу; * Оқу процесіне белсенді қатысу; * Берілген тапсырмаларды уақытында орындау; * Оқытушы және курстастармен жақсы қарым-қатынаста болу. қажет. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің зерттеу жұмыстарын орындау Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және барынша өзекті мәселелеріне негізделген. Рефераттар және курстық жұмыстарды жазу студенттердің <<ЭМР>> пәнін оқу процессінде алған практикалық білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді. Рефераттар және курстық жұмыстарды дайындау кезінде сәйкес тақырыптарға байланысты қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін оқулықты пайдаланып, университет кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін қарастырып, барлық қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет. Рефераттар және курстық жұмыстардың тақырыптары бітіру жұмыстарының тақырыптарын таңдауға негіз бола алады, ал бітіру жұмыстарының тақырыптары ғылыми жетекшімен бірігіп, студенттердің алдағы немесе атқарып жүрген жұмыс орнына және оның бұрын орындаған реферат немесе курстық жұмыстарының тақырыптарына байланысты анықталады. Зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар : * Зерттеу жұмысы өз еркімен таңдап алған тақырыпқа және құрылған жоспарға сәйкес өз бетімен орындалады. * Зертеу жұмысының міндетті шарты статистикалық мәліметтер, газет,журналдардың және басқа да мерзімдік басылымдардың мақалаларын, INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады. * Кіріспеде (көлемі - 1 бет) мәселе қойылады, оның мәні, мәселенің мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді негіздеу болып табылады. Теориялық сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-5-7 бет) мәні, мазмұны және көлемі жағынан негізгі бөлім. Екінші бөлімде қолданылған статистикалық мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау жүргізіп, (SWOT-талдау әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет. Үшінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) - нұсқау түрінде, зерттеу жүргізген тақырып мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы нақты жағдайларды есепке алып, шетел тәжірибелерін қолданудың мүкіндіктерін қарастырады. Қортынды (көлемі - 1 бет) - зерттеудің барлық теориялық және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасайды. * Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен тергенде (12 шрифт, жол арасы 1) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 15-20 беттен аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2 см, төменгі жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады. * Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп міндетті түрде сілтеме жасалады., мысалы: <<............>> (5, бет 321). Жол аяғындағы ескертуде келтірілетін сілтеме араб цифрыен белгіленіп, әдебиеттер тізіміндегідей рәсімделеді: автордың аты-жөні, тегі, жұмыстың толық атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті көрсетіледі. Берілген әдебиетті қайтадан қолданғанда шыққан жері, баспасы, шыққан жылы жазылмайды. * Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер мен фотолар қолданылуы мүмкін. * Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы мүмкін. Жұмыс сауатты, таза жазылып, бөлімдер міндетті түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден (США, ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады. * Жұмыстың аяғында міндетті түрде библиографиялық рәсімдеу ережелерін сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін ( 5 әдеби көзден кем емес) келтіру керек. Жұмыс оқу аяқталғанға 15 күн қалғанға дейін тапсырылады. Көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстың бағасы 5 % төмендейді. * Әрбір тыңдаушы зертеу жұмысын оқудың соңғы жұмасында таныстырады. Жұмысты таныстыруға 5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі. * Зерттеу жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс: + Сыртқы беті + мазмұны + кіріспе + 1 бөлім + 2 бөлім + 3 бөлім + қортынды + қолданылған әдебиеттер тізімі 9) қосымшалар 5.Курс саясаты Қатысу: Аудиторлық уақытқа дәрістер, оқылған материалдарды талдау, әртүрлі жатығуларды орындау уақыт кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкес дайындалуы қажет. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешігіп келген студенттерге бірден 0 балл қойылады. Бақылау жұмысын қайта тапсыру қарастырылмаған. Студентерге дәріс, семинар сабақтарына қатысу міндетті. Әрбір дәрісті өту барысында негізгі ұғымдар беріліп, түсіндіріледі. Дәріс кезінде студент осы ұғымдарды анықамасы және түсіндірумен бірге жазып алулары керек. Егер студент қандай да бір себептермен сабақтан қалса, онда дәріс материалын басқа студенттен көшіріп алуы керек. Оқытушы дәрістен басқа уақытта студенттерге дәріс материалын беруге міндетті емес. Егер суденттер қандай да бір мәселені ұқпаса, оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрай алады. Студенттердің Шәкәрім атындағы МУ компьютер класын пайдаланып, кітапханада дайындалып, бекітілген ережелерге сәйкес үйге кітап алуға мүмкіндіктері бар. Тәртіп : Сабақ уақытында тәртіпті жүйелі бұзған студентті аудиториядан шығару немесе пәннің курсына <<қанағаттанарлықсыз>> баға қоюмен қатар басқа шаралармен жазаланады. Байланыс құралдарын пайдалануға болмайды. Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы сабаққа қатысу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау, практикалық сабақтағы студенттің жазбаша және ауызша жауаптарын, сонымен қатар межелік бақылау нәтижесін ескеру арқылы қойылады. Көшіру және плагиат: Кез келген көшіру немесе плагиат (басқа студенттердің дайын жұмыстарын көшіру, қолдану) <<қанағаттанарлықсыз>> бағамен бағаланады. Емтихан: Қорытынды емтиханға жіберілген барлық студенттер емтиханды дәстүрлі түрде тапсырады. Әрбір билетте оқылған курстың бөлімдері бойынша сұрақтар болады. 6.Білімді бағалау саясаты Кесте 3-. Студенттердің білімін бағалау шкаласы Әріппенкөрсету Баға Балл % бойынша А А- Үздік Өтежақсы 4,00 3,67 95-100 90-94 В+ В В- Жақсы Жақсы Жақсы 3,33 3,00 2,67 85-89 80-84 75-79 С+ С С- Д+ Д Қанағаттанарлық Қанағаттанарлық Қанағаттанарлық Өту баллы Төменгіөту баллы 2,33 2,00 1,67 1,33 1,00 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 F Қанағаттанарлықсыз 0,00 0-49 I Бітірмеген NA W Шығарылған NA AW Әкімшілікті шығарылған NA P Өтті(тек финалды тест үшін) NA 0 Кесте 4- Студенттердің білімін бағалау жүйесі және критериилері көрсетілген оқу процесінің күнтізбелік кестесі Тізім бойынша студент № Дәріске қатысу ТС СӨЖ МБ Р1, % Дәріске қатысу ТС СӨЖ МБ Р2, % Идеалды студент 30 100 120 50 300 100 30 100 120 50 300 100 Кесте 5 № Сабақ түрі және студент жұмысы % Баллдар 1 Сабаққа қатысу 10 60 2 Практикалық сабақтарға жауаптар 33 200 3 СӨЖ 41 240 5 Межелік бақылау №1 8 50 6 Межелік бақылау №2 8 50 Жиыны 100 600 Кесте 6 Бақылау түрлері және апта бойынша баллдарды бөлу Пән бойынша баллдарды бөлу Апта Бақылау түрлері Барлық балл Ескерту 1 2 3 4 1 Дәріс сабағына қатысуы 4 2 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 5 Реферат 3 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 25 баяндама 4 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 30 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 Топтық жоба 5 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 Реферат 6 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 Реферат 7 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ Межелік бақылау 50 Кесте бойынша 8 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 14 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 17 9 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 14 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 17 Реферат 10 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 14 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 17 Баяндама 11 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 14 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 17 Реферат 12 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 14 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 17 13 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 14 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 17 14 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 16 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 18 Жеке жобалар 15 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ СӨЖ Межелік бақылау 50 Кесте бойынша Емтихан 400 Кесте бойынша Барлығы: 1000 Дәріс сабағына қатысуы 60 Сабаққа қатысу Практикалық сабақ 200 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 240 Эссе, жағдайлық тапсырмалар, баяндамалар Межелік бақылау 100 Тест Емтихан 400 Тест Әрбір дәріс сабағына қатысқаны үшін 4 баллдан қойылады. Жалпы дәріске қатысқаны үшін 15 аптаға 60 балл берілген. Практикалық сабақтарға жауап бергендері үшін 10-20 балл аралығында қойылды. Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы (СОӨЖ) мұнда лектор әрбір дәріс сабағынан кейін студенттерге дәріс тақырыбы бойынша тапсырма береді. Ол кейс тапсырма түрінде өтеді. Сол тапсырмаларға 10-15 балл аралығында қойылады. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) мұнда оқытушы студенттерге кейс тапсырмалар, жағдайлық тапсырмалар береді.СӨЖ 10-15 балл аралығында беріледі. 7 аптада және 15 аптада Межелік бақылау жүргізіледі. Ол компьютерлік тестілеу (Тезаурус) түрінде өтеді, оған 70 баллдан беріледі. Емтиханға 400 балл берілген. Жалпы студент бір семестр бойынша 1000 балл жинау керек. Берілген тапсырмаларға студент уақытында, дұрыс жауап беру қажет. Кестеге сәйкес әрбір студент пән бойынша ең жоғарғы 600 балл жинай алады. Емтиханға 50 пайыз жинаған студент қана жіберіледі. Пән бойынша емтихандық бағалау үлгерім көрсеткіштері бойынша межелік бақылау (60%) және қорытынды аттестатция, емтихан (40%), бұлардың барлығы 100%-ті құрайды. Яғни: (Р1+Рөт+Р2)*0,6+Е*0,4 мұндағы Р1-бірінші межелік бақылаудың % бойынша жиыны Р2-екінші межелік бақылаудың % бойынша жиыны; Рөт-өтеу уақытындағы алған % бойынша қосымша баллы; Е- % бойынша емтиханның баллы. 7. Әдебиеттер 7.1. Негізгі : 7.1.1. Төреғожина А. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008 7.1.2. Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007 7.1.3. Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011 7.1.4. Ихданов Ж. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. - А., 2002 7.2. Қосымша әдебиеттер: 7.2. 1. Абдулдаев А. Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығы/А. Абдулдаев // экономика негіздері.-2010.№4-5.-Б.21-22. 7.2. 2. Мырзалиев Б. Мемлекеттік реттеудің қаржылық механизмдерін қалыптастыру және дамыту // Ізденіс-поиск Гуманитарлық ғылымдар сериясы.-2010.-№3.-Б. 8-12. 7.2. 3. Жарабаева А. Факторинг ақша несиелік реттеу тәсілі ретінде //Қаз ҰУ хабарламасы. Эконом.сер.-2008.-№3.-Б.134-138. 7.2. 4. Жауарова А. Қаржылық активтерді басқару // Экономика негіздері. - 2011.-№ 1.-Б.31-32. 7.2. 5. Нысанбек Ү. Қаржы-несиелік саясатты дамытуды шетелдік тәжірибесі // Қоғам және дәуір.-2009.-№2.-Б.51-60. 7.2. 6. Е. Мағлұмов. Қаржылық саясат - экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу құралы // Экономика негіздері.-2010.-№4-5. Б.38-40. 7.2. 7. Кемел М. Селолық несиелік тұтыну коперативтері несие-қаржы қызметінің бір нысаны .//Аль Пари. -2003.-№3-4-Б.195-200. 7.2. 8. Жағыпарұлы Ж. Қаржы саласындағы ахуал тұрақты //Е Қ.-2010.-10 ақпан. 7.2. 9. Иманбаева Б. Қазақстанда ғылымды дамыту-стратегиялық басымдықтардың бірі.//Ақиқат - 2009.-№1.-б.40-45. 7.2. 10. Мустафин М.А. Интелектуальные системы в инновационной экономике /М. А. Мустафин // Банки Казахстана.-2008.-№11.-С.29-32. 7.2. 11. Бегентаев М.Экономическая оценка результатов научного труда //Высшая школа Казахстана - 2007.-№4-С.295-297. 7.2. 12. Тұралина Ж. Ә. Ғылыми-техникалық ауыл шаруашылық өнімінің сапасын арттыру факторы ретінде //Аль Пари.-2008.-№4-Б6. 7.2. 13. Иманбекова Б.Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясаттың дамуы мен қалыптасуы. // Ізденіс.-2007.-№2.-Б.143-147. 7.2. 14. Иманбекова Б. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясат.// Саясат.-2005.-№9.-Б53-57. 7.2.15. Пятай А, Төлегенова Ж.Ауыл шаруашылық негізгі капиталды инвестицияларды тарту //Ізденіс. -2009.№4-Б-5-9. 7.2. 16. Байғабылұлы Е. Үлкен мұнай <<ойыны>> ондағы біздің рөліміз қандай болады ?[қазба байлық] // Дүние. -2003.-№2.Б.8-16.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz