Файл қосу
XIX ғасыр тіл білімі
5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> 5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> (жеделдетілген) 5В012100 <<Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі <<қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандықтарына арналған <<Жалпы тіл білімі>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Курс жұмысы (жоба) 5 Студенттердің өздік жұмысы ГЛОССАРИЙ 1. Жалпы тіл білімі - лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. 2. Экстралингвистика - экстра латын тілінде <<сыртқы, сыртқары>> мағынасын береді. 3. Интра - латын тілінен ауысқан префикс <<ішкі>> мағынасын білдіреді. 4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента - латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. 5. Неолингвизм. (гр. neos - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). 6. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. 7. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді. 8. Ареалдық тіл білімі - (лат.аrea - кеңістік, аудан) - лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы. 9. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір - бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі. 10. күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады. 11. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі. 12. Этнолингвистика - грекше ethnos халық, тайпа) - тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. 13.Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым - қатынас құралы деп қарайтын бағыт. 14. Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы. 15. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. 16. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. 17. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. 18. Тіл теориясы - тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. 19. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі 2 ДӘРІСТЕР №1 модуль Жалпы тіл білімінің қалыптасуы. №1 дәріс тақырыбы: Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі мәселелері, салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. 1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері 2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы. 3. Тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы. 4. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Жалпы тіл білімі - лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол - бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты - студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру. Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра - латын тілінен ауысқан префикс <<ішкі>> мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары - фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика - экстра латын тілінде <<сыртқы, сыртқары>> мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета - грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента - латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді. 1.Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы және онда алатын орны. 2.Тіл білімінің жаратылыстану ұғымдарымен байланысы. 3.Тіл білімінің 20 ғасырда туған ғылым салаларымен байланысы. Бақылау сұрақтары: 1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады? 2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады? 3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001 2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974 3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 №2 дәріс тақырыбы: Тілдің өзіндік сипаттары. Тілдің табиғаты мен мәні 1.Тілдің өзіндік сипаттары. 2.Тілдің табиғаты мен мәні 3. Тілдің теориялық мәліметтері Тіл теориясы - тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына - қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл - биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс. Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы. Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны. Бақылау сұрақтары: 1. Тілге берілген қандай анықтамаларды білесің? 2. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жатқызамыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004 4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 №3 дәріс тақырыбы: Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана 1.Тіл және ойлау туралы түсінік 2. Тіл және сананың арақатынасы. 1. Тілдің ой - санамен қарым - қатысы. Тіл мен ой - сананың бір - бірімен қарым - қатынасы жөніндегі мәселе - біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады. 1) Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл - менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.). 2) Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым - қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды. 3) Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви - Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады. 4) Тіл мен ой - сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе - теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой - сананың арақатысы жөніндегі бірден - бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады. Тіл мен сөйлеу бір - бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу - тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөйлеу дегеніміз - тілді қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз. Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері <<Сөйлеу - тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу - индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді. Бақылау сұрақтары: 1. Тілдің ой - санамен қарым - қатысы қандай? 1.Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? 3. Тіл және сананың байланысы қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004 №4 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы 1.Тілдің анықтамасы. 2. Тілдің табиғаты. 3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері. Тіл теориясы - тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына - қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл - биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс. Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап - тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады. Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай - қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл - адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама - қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих үшін де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды. Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды. Бақылау сұрақтары: 1.Тілдің қызметіне не жатады? 2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады? 3. Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975 2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж. №5 дәріс тақырыбы: Тіл және этникалық бірлік. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері 1. Тіл және этникалық бірлік 2. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері 3. Тілдік жағдаят. Билингвизм Тіл бірлігі - бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі. Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар арасына кеңірек тарап, бара - бара бірлік құрамына енгендердің барлығына ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте - бірте соның құрамына еніп сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай күрделене дамитындығы сияқты тілдің де көптеген ағза күрделене дамитындығын байқатады. Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір - бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен. Тілдің қай - қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған. Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды. Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды.Оның біріншісі - белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс - тіл білімінде дифференциация деп аталады.Екіншісі - жеке диалектілердің, тілдердің бір - бірімен жақындасу, бірігу процесі.Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады. Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.Өйткені адамдардың жеке - жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі - алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі. Интеграция - дифференциацияға тура қарама - қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір - бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі. Тілдік жағдаят (ситуация). Бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады. Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір - бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас - құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол - тіл білімінде билингвизм деп аталады. Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы - көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір - бірімен қарым - қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі - орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды. Креол тілдер. Африка, Оңтүстік - Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы - креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты. Бақылау сұрақтары: 1. Қоғам және тілдің біртұтастығы неден көрінеді? 2. Техникалық прогрестің тілге әсері қандай? 3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері неден көрінеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004 4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 №6 дәріс тақырыбы: Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. 1.Әлемдік тілдер. 2.Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. 3. Әдеби тіл.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Әлемдік тілдер. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр.Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ.Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр.Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды.Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек - бөлек тілдер емес, тіл біреу - ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана <<тіл>> деп отырмыз. Кітаби - жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнынаң болуы шарт.Бұларсыз кітаби - жазба тіл болмақ емес.Сөйлеу тілі мен кітаби - жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі түрі дедік. Әдеби тіл - жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала.Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады. Бақылау сұрақтары: 1.Әлемдік тілдер туралы не білесің? 2.Сөйлеу тілі, кіаби тіл, әдеби тіл дегеніміз не? 4.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері туралы не білесің? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004 4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 №7 дәріс тақырыбы: Тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар 1. Тіл деңгейлері 2. Грамматикалық категориялар Тіл жүйесіндегі басты мәселелердің бірі тіл деңгейлерімен байланысты. Тіл біліміндегі дәстүр бойынша тіл құрылымын фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына бөліп қарастыру тіл деңгейлері туралы идеяны дамытуға негіз болды. Тіл деңгейлерін білудің теориялық та, практикалық та мәні зор. Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Тіл деңгейлері тіл механизмдері деп те аталады (Б.Н.Головин). Тіл деңгейлері туралы теория 20 ғасырдың орта шенінде тілдің формалды жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің (Америка) ықпалымен онан әрі дамыды. "Грамматикалық категория" терминінің ұғымы жайында тіл білімінде әр түрлі пікір орын алып келеді. Л.И.Баранникова: "Грамматикалық категория деп сөзде және сөйлемде көрініс табатын, тілдің сипатын білдіретін жалпы граматикалық ұғымдарды" атайды. Тіл біліміндегі неғүрлым соңғы пікірге сүйенсек, "грамматикалық категория дегеніміз мағынасы бір типтес грамма-тикалық тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі" . Бұл анықтамада грамматикалық категория мағына мен тұлғаның бірлігі ғана емес, әрі сондай бірліктен жасалған жүйе екені ясәне осылай туған жүйелер бір-бірінен ерекше екеніне мән берілген. Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі құранды бөліктері болып табылатын грамматикалык, тұлға мен грамматикалық мағынаның табиғатын білген жөн. Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тіддік белгі. Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл деңгейі ұстанымдары қандай? 2. Тіл деңгейлерінің басқаша атауы бар ма? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975 2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975 3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979 №8 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері 1. Тілдің дамуының заңдылықтары. 2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы. 3.Грамматиканың дамуы. 4. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі -- ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші -- басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл -- тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл -- дивергенция деп аталады. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі -- сыртқы фактор, екіншісі -- ішкі -- фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады. Бақылау сұрақтары: 1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бар? 2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің? 3.Грамматиканың қалай дамыған? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж №9 дәріс тақырыбы: Тілдік одақ. Ностратикалық тілдер 1. Тілдік одақтың пайда болу себептері 2. Тілдік одақ түрлері 3. Тілдік ұқсастық 4. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері. Тілдік одақ дегеніміз - шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте б>>р-б>>р>>мен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес. Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған - дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада). Тілдердің мұндай үлкен семьясы <<борей тілдері>>, <<бореал тілдері>>, <<еуроазия тілдері>> деп те аталған, бірақ бұл терминдер тәжірибеде қолданыс таппады. Ностратикалық тілдер шығыс ностратикалық (орал, дравид, алтай тілдері) және батыс ностратикалық (афразия, үндіеуропа, картвел тілдері) болып екі топқа бөлінеді. Ностратикалық тілдердің бұлайша бөлінуі жалпыностратикалық вокализмнің (дауыстылар) кейін шыққан тілдердегі тағдырына байланысты: шығыс ностратикалық тілдерде алғашқы тұрақты түбірдің вокализмі сақталған; батыс ностратикалық тілдердегі бір түбірден тараған сөздерде дауыстылардың алмасу жүйесі (аблаут) қалыптасқан. Бақылау сұрақтары: 1. Тілдік одақтың пайда болу себептеріне не жатады? 2. Тілдік одақ қандай түрлері бар? 3. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері. 4. Тілдік одақтың ерекшеліктері қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж №10 дәріс тақырыбы: Тіл білімі тарихы. Ежелгі дәуір тіл білімі 1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар 2. Ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер. 3. Ежелгі Қытай тіл білімі. Ежелгі Үнді тіл білімі 4. Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән. Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн. Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер (искусство) проблемасы. Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған. Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады (филология - герк сөзі, мағынасы - сөзді сүю). Қытай - мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы). Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі - көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі - иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі - фонология. Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үнді тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған <<Веда>> деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Бақылау сұрақтары: 1.Қытай тіл біліміне тән ерекшеліктер 1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер 2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы. 3. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата? 4. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 3.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 №11 дәріс тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі. Араб тіл білімі 1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі. 2.Тіл ғылымындағы канондық тіл жайлы. 3. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер. 4. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы. 5. Араб тіл білімінің грамматикасы. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды. Бақылау сұрақтары: 1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ? 2. Тіл ғылымындағы канондық тіл дегеніміз не? 3. Реалистер мен номиналистер дегеніміз кімдер? 4. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды? 5. Араб тіл білімінің өкілдері? 6. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж №12 дәріс тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика 1. 17 - 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер. 2.Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы. 3. Универсал грамматика бөлімдері. Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің <<Француз тілі граммтикасы>>. 1693 ж. Уоллистің <<Ағылшын тілі грамматикасы>>. 1659 ж Лавренти Зизанидің <<Славян грамматикасы>>. 1757 М В Ломоносовтың <<Россия грамматикасы>>. Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан <<Латын тілінің негіздері туралы>>, Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан <<Латын тілі қазынасы>> және <<Грек тілі қазынасы>> атты еңбектерін атауға болады. Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары - логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған. Бақылау сұрақтары: 1. Қайта өркендеу дәуірінің тіл ғылымы үшін маңызы қандай? 2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ? 3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. № 13 дәріс тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі 1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері. 2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты. 3. Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті. Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады. 1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады. Ф.Боптың ең басты еңбегі - <<Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы>>. Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі <<Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер>> деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі - неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын <<Неміс грамматикасы>> атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды. Бақылау сұрақтары: 1.19 ғ. бас кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қандай еңбектер жарық көрді? 2. Тіл философиясы қашан пайда болған? 3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. №14 дәріс тақырыбы: Тіл философиясы. Типологиялық зерттеу 1. Тіл философиясының қарастыратын мәселелері 2. Типологиялық зерттеу туралы Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды. Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды. 20 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада неогумбольдтианство бағыты дамыды. Ол негізінен тілдің семантикалық жағын зерттеуге және тілді халық мәдениетімен тығыз байланыста зерттеуге мән берді. Бірақ идеалистік, метафизикалық философия тұрғысынан тілдің ой-сана мен танымдық процестегі қызметін асыра бағалады. Типологиялық зерттеу. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал, жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпыадамзаттық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Бақылау сұрақтары: 1. Типологиялық зерттеудің мәні 2. Тіл философиясын қалыптастырған ғалымдар Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. №15 дәріс тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен. (Логикалық бағыт. Психологиялық бағыт). 1. Логикалық бағыт қарастыратын нысаны 2. Психологиялық бағыт Логикалық бағыт - тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды. Бірақ ол жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болды. Логикалық бағыттын негізгі мақсаты - ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау. Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны - адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету - 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді. Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі. Бақылау сұрақтары: 1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не? 2. Логикалық бағыт дегеніміз не? 3. Психологиялық бағыттың маңызы қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965. №16 дәріс тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. (Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі). 1. Натуралистік немесе биологиялық бағыт. 2. Жас грамматикалық бағыт. 3. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды. Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі - академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген. Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды. Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші - поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан. Бақылау сұрақтары: 1. Натуралистік немесе биологиялық бағыттың қандай ерекшелігі бар? 2. Жас грамматикалық бағыттың өкілдері кімдер? 3. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебіне тән өзгешеліктер қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965. №17 дәріс тақырыбы: Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары 1. Фердинанд де Соосюрдің өмірбаяны 2.Еңбектері мен лингвистикалық көзқарастары Фердинанд де Соссюр - Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінгі дейін күшті әсерін тегізуде. Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе - зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі. Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір - біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Тілдің ішкі механизмі дейтініміз - тілдік жүйе.Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді.Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ.Ол - тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі туралы теория.Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір - бірімен логикалық, психологиялық қарым - қатынастарын талдайды. Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір - біріне қарама - қарсы қояды.Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек - бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды.Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Ф. Де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды. Бақылау сұрақтары: * Фердинанд де Соссюрдің тіл білімі саласына қосқан үлесі қандай? * Ғалымның ең негізгі еңбектерін атаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965. №18 дәріс тақырыбы: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Сөздер мен заттар. Эстетизм. Неолингвизм. Социологиялық мектеп. 1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. 2. <<Сөздер мен заттар>>, <<Эстетизм>>, <<Социологизм>> деп аталатын мектептер. 3. М.Д.Бартоли жазған <<Неолингвистиканың қосымша очеркі>>еңбегі Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғасырдың соңғы он жылы мен 20ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына <<Сөздер мен заттар>>, <<Эстетизм>>, <<Социологизм>> деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды. Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) <<Сөздер мен заттар>> деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927). Неолингвизм. (гр. neos - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б. Эстетизм. 20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902). Бақылау сұрақтары: 1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер? 2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер? 3. Неолингвизм қашан қалыптасты? 4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996 2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993 3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975 4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 19 дәріс тақырыбы: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Структуралық тіл білімі. 1. Структуралық тіл біліміне сипаттама 2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы - тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі - сыртқы себептері бар.Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.19 ғасыр ғылымының негізгі сипаты тәжірибе арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, 20 ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің арақатынасын, бір - бірімен байланысын, бір - біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан.Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус (1882-1945). Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Трнка, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болған. Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап, бұл мектепті Прагалық функционалды лингвистика деп те атайды. Функционалдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты. Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттығылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады. Глоссемантикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессар Луи Ельмслев (1899-1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек - Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған <<Жалпы грамматиканың негіздері>> атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп, <<Тіл білімі жөніндегі еңбектер>> атты журнал шығарып тұрған. Журнал структуалистердің халықаралық органы деп жарияланды. Бақылау сұрақтары: 1. XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерінің өкілдері кімдер? 2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар кімдер? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965. 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 20 дәріс тақырыбы: Дескриптік мектептің қалыптасуы. Металингвистиканың зерттеу нысаны. 1.Дескриптік мектептің қалыптасуы 2.Металингвистиканың зерттеу нысаны Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бұл структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі - этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады. Дескриптивистер тіл - ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі. Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды. Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жинағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді.Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір 18ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің (1744-1803) поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау 20ғасырдың 20-30-жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі - Америкада, екіншісі - Германияда. Бақылау сұрақтары: * Микролингвистиканың зерттеу нысанына не жатады? * Дескриптік мектеп қалай қалыптасты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 2. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 21дәріс тақырыбы: В.Фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастары 1. Гумбольдтің тіл біліміне қосқан үлесі 2. Гумбольдтің еңбектері Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді. а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған <<дыбысқа еліктеу қағидасы>> бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь). б) <<Одағай теориясы>> бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады. в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде <<сөздермен>> бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды. Бақылау сұрақтары: 1.Гумбольдтің тіл біліміне қосқан үлесі 2.Гумбольдтің еңбектерін атаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 2. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 22 дәріс тақырыбы: Кеңестік тіл білімі 1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі. 2. 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар. 3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі. Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі - маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі - үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы - салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы <<Правда>> газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды. Бақылау сұрақтары: 1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды? 2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975 2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 23дәріс тақырыбы: Түркі тілдері туралы ғылым 1.Түркі тілдері туралы мәліметтер 2. Түркітану-түркі тілдерінің тарихын қарастыратын ғылым Түркі тілдері -- Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі: * Алтай дәуірі * Ғұн дәуірі * Көне түрік дәуірі * Орта түрік дәуірі немесе негізгі қалыптасу кезеңі * Ең жаңа дәуір Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады: * ) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл - көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі; * ) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі. Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Бақылау сұрақтары: 1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды? 2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975 2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 6. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 24 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері 1. Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері. 2. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт - бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы - тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады. Салыстырмалы - тарихи тіл білімі - шығу тегі жағынан бір - біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Типологиялық тіл білімі - тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған. Ареалдық тіл білімі - (лат.аrea - кеңістік, аудан) - лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 - жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған. Структуралық тіл білімі - тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы. Психологиялық тіл білімі - сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика - грекше ethnos халық, тайпа) - тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым - қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған. Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт. Синхрониялық тіл білімі - тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды. Диахрониялық тіл білімі - тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды. Дескриптивтік тіл білімі - Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі. Математикалық тіл білімі - табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі. Қолданбалы тіл білімі - тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды. Функционалдық тіл білімі - структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы. Паралингвистика - (грекше рara - жанында, қасында) - сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы. Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі. Бақылау сұрақтары: 1. Интралингвистика деген не? 2. Экстралигвистика деген не? 4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт - бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар? 5. Салыстырмалы - тарихи тіл білімі.Типологиялық тіл білімі 6. Ареалдық тіл білімі. Структуралық тіл білімі. Психологиялық тіл білімі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 25 дәріс тақырыбы: Тіл мен ойлау. Психолингвистика 1. Тіл мен ойлау мәселесінің психолингвистикада қарастырылуы 2. Психолингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері Психолингвистика - өз объектісін, міндеті мен мақсатын жан-жақты және дәл айқындай қоймаған жас ғылым. <<Таза>> лингвистика әдістері жеткіліксіз болған жағдайда психолингвистика өзінің практикалық міндеттерін шешеді. Соңғы 60 жылда "дәстүрлі" лингвистикада психолингвистикалық мәселелерге қызығушылық өсе түсті."Тіл мен сана", "тіл мен ойлау" олардың ара қатысы, сонымен бірге психология мен лингвистика аспектілерін түсіну және сөйлеу әрекетін қарастыру мәселелері психолингвистикалық зерттеулер жүйесінде тілшілердің қызушылығын тудырды әрі өте жағымды рөл атқара бастады. Осындай теориялық ойлау қатарында практикалық міндеттерді шешуде, оның ішінде ең алдымен мәтін, сөйлем, сөздерді талдауда оларға таза тілдік тұрғыда келу жеткіліксіз болды. Тілдің қызмет етуі, оны пайдалану мен қабылдау тек лингвистердің ғана емес, сонымен қатар психологтар мен философтардың да назарын аудара бастады. Бақылау сұрақтары: 1. Психолингвистика нені зерттейді? 2. Психолингвистиканың зерттеу нысанына не жатады? 3. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Белянин В.П. Введение в психолингвистику. - Москва: Черо, 2000. - 228 с. 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 26 дәріс тақырыбы: Тіл мен мәдениет. Этнолингвистика. 1. Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндер 2. Этнолингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндердің қатарына <<лингвоелтану>>, <<лингвоөлкетану>>, <<лингвогмәдениеттану>>, <<этнолингвистика>>, <<этномәдениеттану>> т.б. жатады. Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері , кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері - ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айырмашылығын көрсету Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды. Бақылау сұрақтары: 1. Этнолингвистика нені зерттейді? 2. Психолингвистиканың зерттеу нысанына не жатады? 3. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. - Алматы, 1998. 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 27 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика. Тілдердің дамуы 1. Тіл және қоғам мәселесінің әлеуметтік лингвистика үшін маңызы. 2. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сұру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көніл аударған 19 ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт, 20 ғасырда Прага мектебі қалыптаса бастады. Әлеуметтік зерттеулердің негізгі 20 ғасыр 20 -- 30 жылдарында салынған (Л. П. Якубинский, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин, В. М. Жирмунский, Е. Д. Поливанов тағы басқа). 60 -- 70 жылдары тіл саясаты мен онын практикалық мәселелерін қазіргі қоғам талабына сай шешудің өзектілігіне, қоғамдық құбылыс ретінде тіл табиғатың теренірек зерттеу мақсатына байланысты тілдің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылық артты. Бақылау сұрақтары: 1. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысанына не жатады? 2. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Белл Р.Т. Социолингвистика. Цели, методы и проблемы, пер. с англ. М., 1980. 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 28 дәріс тақырыбы: Тіл және таным. Когнитивтік лингвистика 1. Тіл және таным мәселесінің когнитивтік лингвистикада қарастырылуы 2. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері Қaзipгi тіл білімінде тілдің коммуникативтік кызметінің семасиологиялық, прагматикалық, функционалдьқ, когнитивтік, психолингвистикальқ жақтарын кешенді зерттеу қолға алынуда. XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді <<өз-өзінде және өзi үшін>> (в самом себе и для себя) зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамньң Тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста карастыру кажеттігі туындады. Ғасыр тоғысында нeriзi қаланған тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өpiciн кеңейту; санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикальқ-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау. Тіл арқылы көpiніc тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу қазіргі кезде әлемдегі тіл біліміндегі бағыт. Бақылау сұрақтары: 1. Когнитивтік лингвистика нені зерттейді? 2. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысанына не жатады? 3. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. - Алматы: Ғылым, 2007. - 388 б. 5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 29 дәріс тақырыбы: Қолданбалы лингвистика 1. Қолданбалы тіл білімі туралы жалпы мәліметтер 2.Қолданбалы тіл білімінің салалары Тілдің қолданбалы аясы бұрыннан да өзінің кең және жан-жақтылығымен ерекшеленетін. Басқа ғылымдар сияқты тіл білімінде де екі бағыт бар: іргелі (фундаменталды) тіл білімі және қолданбалы тіл білімі. Іргелі тіл білімі тіл туралы, оның субстанциялық, функционалдық және прагматикалық қасиеттері туралы ғылым. Ал қолданбалы тіл білімі тілдің қолданылуындағы практикалық мәселелерді шешумен айналысады. Бұл іргелі ғылымдардың шеңберінен асып, адамдардың тіршілік әрекетімен тікелей байланысты. Ол дегеніміз жазу, оны қайту өзгерту, соқыр адамдарға стенография және жазу жүйесін жасау, ғылыми терминологияны стандарттау, машинамен аудару және жай аудару ережелерін жасау, жасанды тілдер (эсперанто, идо) т.с.с. Іргелі ғылым мен қолданбалы ғылым бір-бірімен байланысты және олардың арасында елеулі айрмашылықтар да бар. Іргелі ғылым - ол үнемі пікірталас, дискуссия, теориялық мәселелерді дәлелдеу, ал қолданбалы ғылым - ол ғалымдардың көпшілігімен қабылданған, іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйеніп практикалық мәселелерді шешеді. (Қолданбалы тіл білімі жөнінде қараңыз: Жұбанов А. Қолданбалы тіл білімінің мәселелері. - Алматы: <<Арыс>> баспасы, 2008. - 640б.) Бақылау сұрақтары: 1.Қолданбалы тіл білімі нені зерттейді? 2.Қолданбалы тіл білімі қандай салалардан тұрады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996 2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993 3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975 4.Жұбанов А. Қолданбалы тіл білімінің мәселелері.А., 2008 30 дәріс тақырыбы: Тіл теориясы. Жалпы тіл білімінің қазіргі жағдайы 1. Тіл теориясы 2.Жалпы тіл білімінің қазіргі жағдайы Тілдік құрылыстардың көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани өмірінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілдің иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның үстіне, тілдің әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді. Мұндай жағдайда тілдің өткен кезеңдерінен сақталған белгілі фактілерді бір-бірімен салыстыра отырып, белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік элементтердің сипаты туралы ғылыми болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте археология, этнография, тарих ғылымдары ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да аз болмайды. Осыған байланысты тіл тарихшысы бұл ғылымдардан да хабардар болуы шарт. Бұл жағдайлар тарихи әдіс бойынша жұмыс істеудің қиын да күрделі екендігін байқатады. Солай болғанымен, тарихи әдіс - тіл біліміне өте қажет және бірте-бірте жетіліп, толығып келе жатқан маңызды тәсіл. Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу ғылым үшін де, практика үшін де керек. Өйткені қандай құбылыстың, фактінің болса да, өткенін, тарихи даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. Бұл айтылғандар тілдің және тілдік категориялардың тарихи даму жолдарын зерттеп білудің шешуші мәні барлығын байқатса керек. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер <<білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді>> когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы <<әлемнің тілдік бейнесін>> тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: <<Концептуализация интерпретируется как <<некоторый>> <<сквозной>> для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц>>-деген болатын (2, 93). "Адам және тіл" мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие болуда, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгеңде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады. Бақылау сұрақтары: * Тіл теориясы деген не? * Қазіргі кезеңдегі тіл білімінің жағдайы қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996 2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993 3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975 №1 тақырыбы: Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны негізгі мәселелері, салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы Мақсаты: Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері, жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы жайлы түсіндіру. Әдістемелік нұсқаулар: Жалпы тіл білімі - лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол - бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты - студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру. Тіл білімі салалары: Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары - фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері - тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.Логика - ойлау формаларын, ол формалардың өзара байланысын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.Ал, ойлаудың заңдылықтарын тілдік материалдарсыз білу мүмкін емес. Тіл білімі және психология. Психология - психика туралы ілім. Психологияның мақсаты - адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой - санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау. Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті - физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.Бұл жағынан тіл білімі физиология,физика, медицина ғылымдарымен де байланысты болады. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл - айрылмас бірліктегі құбылыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.Тіл әдебиеттің материалдық жағы болса, әдебиет - тілдің материалдық қызметінің жемісі. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілді қолданған қоғам тарихы жөніндегі ілімнің табыстарына сүйенбей, ал тарихшы өз зерттеулерінде тіл фактілерін ескермей тұра алмайды. Тіл білімі және география. Тіл білімінің география ғылымымен ұштасуы 19 ғасырдың соңғы кездерінен басталады. Бақылау сұрақтары: 1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады? 2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады? 3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы қандай? 4.Тіл білімі және физиология, физика, медицина 5.Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы 6.Тіл білімі және тарих, этнография, археология 7.Тіл білімі және география 8.Тіл білімі және кибернетика Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001 2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974 3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 №2 тақырыбы: Тілдің табиғаты мен мәні, қызметтері. Тіл және қоғам. Тіл және этникалық бірлік. Әлеуметтік тіл білімі, оның қарастыратыны. Мақсаты: Тілдің табиғаты мен мәні, қызметтері. Тіл және қоғам. Тіл және этникалық бірлік жайлы мағлұматтар беру. Әдістемелік нұсқаулар: Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, А.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демек олар <<тілді туады, өседі, өледі>> деп санайды. Бұл дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екіші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніпп отыратын құбылыс.Сонымен қатар кейбір ғалымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады.Ол <<тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.>>, - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес.Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауыда ғана дамиды. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу - коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі - экспрессивті, адамның көңі-күйді білдіруі - эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті,белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б. Бақылау сұрақтары: 1.Тілдің табиғаты мен мәні, қызметтері жайлы не білесіңдер? 2.Тіл және қоғамның байланысы неден көрінеді? 3.Тіл және этникалық бірлігі неден көрінеді? 4. Әлеуметтік тіл білімі нені қарастырады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001 2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974 3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 №3тақырыбы: Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана Мақсаты: Тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тіл және сана жайлы жан-жақты түсіндіру. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты. Бұл проблеманың замандық тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы әр түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым обьектілері деушілер. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана жайлы не білесіңдер? 2. Тіл және ойлаудың арақатынасы қандай? 3. Тіл және сөйлеу мен тіл және сананың бірлігі неден көрінеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001 2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974 3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 6 . Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. №4тақырыбы: Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары Мақсаты: Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары жайлы мәліметтер беру. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық. Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз - болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі. Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Бақылау сұрақтары: 1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не? 2. Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары неден көрінеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001 2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974 3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 №5 тақырыбы: Тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар Мақсаты: Тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар жайлы мәліметтер беру. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл жүйесіндегі басты мәселелердің бірі тіл деңгейлерімен байланысты. Тіл біліміндегі дәстүр бойынша тіл құрылымын фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына бөліп қарастыру тіл деңгейлері туралы идеяны дамытуға негіз болды. Тіл деңгейлерін білудің теориялық та, практикалық та мәні зор. Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Тіл деңгейлері тіл механизмдері деп те аталады (Б.Н.Головин). Тіл деңгейлері туралы теория 20 ғасырдың орта шенінде тілдің формалды жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің (Америка) ықпалымен онан әрі дамыды. Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі құранды бөліктері болып табылатын грамматикалык, тұлға мен грамматикалық мағынаның табиғатын білген жөн. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл деңгейі ұстанымдары қандай? 2. Тіл деңгейлерінің басқаша атауы бар ма? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975 2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975 3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979 №6 тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары.Тілдік одақтар Мақсаты: Тілдің даму заңдылықтары.Тілдік одақтар жайлы толық мәліметтер беру. Әдістемелік нұсқаулар: Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі -- ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші -- басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі -- сыртқы фактор, екіншісі -- ішкі -- фактор деп аталады. Тілдік одақ дегеніміз - шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес. Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған - дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада). Бақылау сұрақтары: 1. Тілдік одақтың пайда болу себептеріне не жатады? 2. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері. 3. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бар? 4.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің? 5.Грамматиканың қалай дамыған? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж №7 тақырыбы: Тіл білімі тарихы. Ежелгі дәуір тіл білімі Мақсаты: Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар, ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер жайлы сипаттама беру. Ежелгі Қытай тіл білімі, ежелгі Үнді тіл білімі, ежелгі Грек тіл білімі, Рим тіл білімі жайлы түсініктер беру. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән. Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер (искусство) проблемасы. Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы). Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған <<Веда>> деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Бақылау сұрақтары: 1.Қытай тіл біліміне тән ерекшеліктер 1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер 2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы. 3. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата? 4. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 3.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж №8 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі. Араб тіл білімі Мақсаты: Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі, тіл ғылымындағы канондық тіл жайлы, Араб тілі туралы алғашқы еңбектер, Араб тіл білімінің грамматикасы жайлы түсінік беру. Әдістемелік нұсқаулар: Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Бақылау сұрақтары: 1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ? 2. Тіл ғылымындағы канондық тіл дегеніміз не? 3. Реалистер мен номиналистер дегеніміз кімдер? 4. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды? 5. Араб тіл білімінің өкілдері? 6. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж №9 тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика Мақсаты: 17 - 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер жайлы, Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы, Универсал грамматика бөлімдері туралы түсіндіру. Әдістемелік нұсқаулар: Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің <<Француз тілі граммтикасы>>. 1693 ж. Уоллистің <<Ағылшын тілі грамматикасы>>. 1659 ж Лавренти Зизанидің <<Славян грамматикасы>>. 1757 М В Ломоносовтың <<Россия грамматикасы>>. Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан <<Латын тілінің негіздері туралы>>, Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан <<Латын тілі қазынасы>> және <<Грек тілі қазынасы>> атты еңбектерін атауға болады. Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары - логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған. Бақылау сұрақтары: 1. Қайта өркендеу дәуірінің тіл ғылымы үшін маңызы қандай? 2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ? 3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. №10 тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі Мақсаты: Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері жайлы, тіл философиясының алға қойған мақсаты, типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы түсінік беру. Әдістемелік нұсқаулар: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады. Ф.Боптың ең басты еңбегі - <<Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы>>. Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі <<Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер>> деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі - неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын <<Неміс грамматикасы>> атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Бақылау сұрақтары: 1.19 ғ. бас кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қандай еңбектер жарық көрді? 2. Тіл философиясы қашан пайда болған? 3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. №11 тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары. Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары Мақсаты: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары. (Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі). Ф.де Соссюрдің көзқарастары жайлы мағлұмат беру. Әдістемелік нұсқаулар: 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды. Логикалық бағыттын негізгі мақсаты - ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі - академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Бақылау сұрақтары: 1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не? 2. Логикалық бағыт дегеніміз не? 3. Психологиялық бағыттың маңызы қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965. №12 тақырыбы: ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар Мақсаты: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Сөздер мен заттар. Эстетизм. Неолингвизм. Социологиялық мектеп жайлы толық түсініктеме беру. Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) <<Сөздер мен заттар>> деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Неолингвизм. (гр. neos - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б. Эстетизм. Оның қалыптастырушысы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902). Бақылау сұрақтары: 1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер? 2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер? 3. Неолингвизм қашан қалыптасты? 4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996 2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993 3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975 №13 тақырыбы: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Структуралық тіл білімі. Мақсаты: Структуралық тіл біліміне сипаттама беріп, структуралық тіл білімінің негізін салушылар жайлы түсінік беру. Әдістемелік нұсқаулар: 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы - тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі - сыртқы себептері бар. Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Дескриптивистер тіл - ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі. Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды. Бақылау сұрақтары: 1. XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерінің өкілдері кімдер? 2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар кімдер? 3. Дескриптік мектеп қалай қалыптасты? 4. Металингвистика қалай қалыптасты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 3. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. №14 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.Тіл теориясы. Мақсаты: Кеңестік тіл білімі жайлы толық мағлқмат беру, 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар туралы, кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі жайлы айту. Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі - маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі - үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы - салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Бақылау сұрақтары: 1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды? 2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975 2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 23дәріс тақырыбы: Түркі тілдері туралы ғылым 1.Түркі тілдері туралы мәліметтер 2. Түркітану-түркі тілдерінің тарихын қарастыратын ғылым Түркі тілдері -- Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі: * Алтай дәуірі * Ғұн дәуірі * Көне түрік дәуірі * Орта түрік дәуірі немесе негізгі қалыптасу кезеңі * Ең жаңа дәуір Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады: * ) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл - көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі; * ) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі. Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Бақылау сұрақтары: 1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды? 2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975 2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 6. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. 24 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері 1. Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері. 2. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт - бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы - тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады. Салыстырмалы - тарихи тіл білімі - шығу тегі жағынан бір - біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Типологиялық тіл білімі - тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған. Ареалдық тіл білімі - (лат.аrea - кеңістік, аудан) - лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 - жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған. Структуралық тіл білімі - тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы. Психологиялық тіл білімі - сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика - грекше ethnos халық, тайпа) - тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым - қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған. Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт. Синхрониялық тіл білімі - тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды. Диахрониялық тіл білімі - тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды. Дескриптивтік тіл білімі - Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі. Математикалық тіл білімі - табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі. Қолданбалы тіл білімі - тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды. Функционалдық тіл білімі - структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы. Паралингвистика - (грекше рara - жанында, қасында) - сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы. Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі. Бақылау сұрақтары: 1. Интралингвистика деген не? 2. Экстралигвистика деген не? 4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт - бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар? 5. Салыстырмалы - тарихи тіл білімі.Типологиялық тіл білімі 6. Ареалдық тіл білімі. Структуралық тіл білімі. Психологиялық тіл білімі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж. Тілдік жағдаят. Әлемдік тілдер. №3тақырыбы: Ежелгі Қытай лингвистикасы. Мақсаты: Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігін атап көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Қытай - мәдениеті ғылыми ой - пікірі ерте дамыған, дүниежүзілік өркениетке зор үлесқосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескеркіштері біздің заманнан ХV ғасыр бұрын пайда болған. Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ежелгі Қытай лингвистикасының міндеті - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды қалаай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі - қытайша << Эрья>> деп аталатын сөздік. Бақылау сұрақтары: 1. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата? 2. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай? 3. <<Эрья сөздігінің >> ерекшелігі? Пайдаланған әдебиеттер: 1.Амирова, Ольховиков Б. А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики - М., 1975. 2.Березин М. История лингвистических учении. - М., 1975. Методы лингвистических исследовании. - М., 1973. 3.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. - А., 1985. №4 тақырыбы: Ежелгі Үнді тіл білімі. Мақсаты: Студенттерге көне үнді тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазақ тіл білімімен байланыстыру Әдістемелік нұсқаулар: Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған << Веда >> деп аталатын кітаптары болған.VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл киелі жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті. Бақылау сұрақтары: 1. Көне үнді тіл білімі. Оны туғызған себептер. 2. Яски мен Панини еңбектері. 3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М.,1975. 2. М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975 3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж №5 тақырыбы: Ежелгі Грек тіл білімі. Мақсаты: Лингвистика ғылымына Грек тіл білімінің әсері жайлы айту. Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі дәуір лингвистиккасының тағы бір Отаны Ежелгі Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой - пікір бүкіл Европа лингвистикасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы Гомердің <<Илиада>> мен <<Одиссея>> жырының тілін зерттеуден басталады. Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қарастырушылық бар. Оның бірі- философиялық кезең, екіншісі - филологиялық кезең деп аталады. Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема - грамматика мәселелері. Бақылыу сұрақтары: 1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата? 2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не? 3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата? Пайдаланған әдебиеттер: * Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 * Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. -М.2001 3. Теоретическое проблемы языкознание. <<Наука>>, Москва , 1970ж №6 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі. Мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Орта ғасырдың өзіндік біл ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып. Дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан, діндерін жатқызуға болады.Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет - парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят - хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады. Бақылау сұрақтары: 1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?, 2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды? 3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік бағыттар? Пайдаланған әдебиеттер: 1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975. 2.М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975 Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі А 2001 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985. №7 тақырыбы: Араб тіл білімі. Мақсаты: Араб тіл білімінің дамуын, оның жалпы тіл білімінде алатын орнын, грамматикалық жүйесінен мағлұмат беру. Әдістемелік нұсқаулар: Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) дамыды. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп - екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.Баср мектебінің өкілі Сибавейхи <<Аль-Китаб>> деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Бақылау сұрақтары: 1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды? 2. Араб тіл білімінің өкілдері? 3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы? Пайдаланған әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю Изд. УРСС, М. 2001 №8 тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі. Мақсаты: Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемаларын ашып көрсету Әдістемелік нұсқаулар:Қайта өркендеу дәуірі ХV- XVI ғ арасын қамтиды. Бұл - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезеңі. Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы,ә) Бұрын ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой - пікірін көркейтіп, қайта дамыту болды. Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары - логик, философ. Профессор Антуан Арне мен грамматист, философ Колод Лансле екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен ағарту істерінің орталығы болған Пор - Рояль монастынрының ғалымдары болғандықтан және сол монастырда шыққандықтан, оны <<Пор - Рояль грамматикасы >> деп те, << Рационалды жалпы грамматика>> деп атайды. Тіл білімінің міндеті - барлық тілдерді бір ған грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арсындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау. Бақылау сұрақтары: 1. Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі? 2 Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары 3. Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын? Пайдаланған әдебиеттер 1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975 2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3.ҚалиевҒ Жалпы тіл білімі А 2001 4.В.И. Кодухов. Общее языкознания. М 1974. №9 тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Мақсаты: Мұның көздейтін мақсаты тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдарды студенттерге меңгерту. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңіне көңіл бөліп, көздеген мақсатқа жету. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады. 1861жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі -- неміс ғалымы Якоб Гримм, Бұл ғалымның төрт томнан тұратын <<Неміс грамматикасы>> атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар. Бақылау сұрақтары: 1.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз. 2. Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді? 3.Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық дегеніміз не? Пайдаланған әдебиеттер тізімі: * Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975 * Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975 * Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983 №10 тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары. Мақсаты: ХІХ ғасыр лингвистикасындағы ағымдардың даму жолдары көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт - психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психолизм ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрнекті лингвистердің көбі осы бағытты жақтады.Жас грамматикалық бағыт 70 жылдарынан бастап қалыптасты. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұл Қазан қаласындағы университете ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі, Қазан университетінің профессоры Иван Алексанрович Бодуэн де Куртенэ. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70 -80 ж Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Бақылаусұрақтары: 1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не? 2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не? 3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы? 4. Мәскеу лингвистикалық мектебі? Пайдаланған әдебиеттер 1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975 2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3. Почепцев ГГ Теория коммуникации . Изд. <<Ваклер>>, М 2001 4. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, <<Просвещение>>, М 1960,1965. №11 тақырыбы: XX ғасыр тіл білімі Мақсаты: XX ғасыр тіл білімі туралы толық мәліметтер беру. Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927). 20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б. Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Бақылау сұрақтары: 1.Сөздер мен заттар мектебінің ұстанымы қандай? 2. Эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер? 3.Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы неден байқалады? 4. Социологиялық мектеп қалай пайда болды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975 2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, <<Просвещение>>, М 1960,1965. №12 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі. Мақсаты: Студенттерге кеңес тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазіргі қазақ тіл білімімен байланыстыру; Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Кеңес тіл білімі дүние жүзілік лингвистикада бірінші болып ұлт тілі , ұлт тілдерінің болашағы , олардың өзара қарым - қатынасы , бір - біріне тигізетін әсері тәріздес күрделі проблемаларды зерттеуде де елеулі табыстарға жетті. Жиырмасыншы, отызыншы жылдары совет тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт кеңес тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Ол маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алған тіл білімін қалыптастыру мақсатындағы ізденістер барысында дүниеге келді. Бақылау сұрақтары: 1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды? 2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты? 3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде? 4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар? Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. <<Очерки по истории лингвистики>> М.,1975 2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 3. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж №13 тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы. Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді. Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады. Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері - тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі. Тіл білімі және психология. Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті - физиологиялық күрделі үдеріс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл - айрылмас бірліктегі құбытлыстар. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді? 2. Тіл мен ойлаудың қатынасы неден көрінеді? 3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж 3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 №14 тақырыбы: Тіл теориясы. Мақсаты: Тіл теориясы жайлы жан-жақты мағлұмат беру. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл теориясы - тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай - қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл - адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама - қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі проблемасына байланысты айтылған бірден - бір ғылыми дұрыс болжамды Ф.Энгельстің <<Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі>>, <<Табиғат диалектикасы>> атты зерттеулерінен табуға болады. Бақылау сұрақтары: 1.Тілдің қызметіне не жатады? 2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады? 3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына - қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975 2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж. 5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974 №15 тақырыбы: Қазіргі тіл білімінің зерттеу әдістері мен талдау әдістері. Мақсаты: Қазіргі тіл білімінің жағдайы,т іл білімінің әдістері және олардың түрлері, тіл біліміндегі талдау тәсілдері туралы мағлұмат беру. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт - бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы - тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады. Салыстырмалы - тарихи тіл білімі - шығу тегі жағынан бір - біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Типологиялық тіл білімі - тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған. Ареалдық тіл білімі - (лат.аrea - кеңістік, аудан) - лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 - жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған. Структуралық тіл білімі - тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы. Психологиялық тіл білімі - сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика - грекше ethnos халық, тайпа) - тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым - қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған. Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт. Синхрониялық тіл білімі - тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды. Диахрониялық тіл білімі - тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды. Дескриптивтік тіл білімі - Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі. Математикалық тіл білімі - табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі. Қолданбалы тіл білімі - тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды. Функционалдық тіл білімі - структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы. Паралингвистика - (грекше рara - жанында, қасында) - сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы. Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі. Бақылау сұрақтары: 1. Интралингвистика деген не? 2. Экстралигвистика деген не? 4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт - бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар? 5. Салыстырмалы - тарихи тіл білімі.Типологиялық тіл білімі 6. Ареалдық тіл білімі. Структуралық тіл білімі. Психологиялық тіл білімі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ СӨЖ Тексеру формасы. 1. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы. Жаттығу жұмыстары 2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер. Конспект 3.Панини жазған санскрит грамматикасының мәні. Реферат 4. Грек тіл білімі. Реферат 5. ХІ ғ. еңбек <<Диуани лұғат-ат-түрік>> -арабша сөздігінің маңызы. Конспект 6. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы. Реферат 7. Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы. Конспект 8. XIX ғ.ғалымдардың еңбектеріне шолу. Реферат 9. Типологиялық зерттеу. Жаттығу жұмыстары, конспект 10.Москва және Қазан лингвистикалық мектебі Реферат 11.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Неолингвизм. Реферат 12. Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы. Реферат 13. Тіл және сөйлеу. Конспект 14. Тілдің ой-санамен қарым-қатысы.Тілдік мағына. Конспект 15. Тілдің таңбалық сипаты. Конспект 16. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты. Конспект 17. Тілдің даму заңдылығы. Слайд 18. Тілдің әр саласының даму ерекшеліктері. Реферат 19. Тіл білімінің зерттеу методтары. Конспект 20. Тілдік одақ. Конспект Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары 1. Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері. 2. Ежелгі дәуір лингвистикасы. 3. Үндістан тіл білімі туралы пікірлер. 4. Рим тіл білімі. 5. Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулері. 6. Араб грамматикасы 7. Универсал грамматика. 8. Салыстырмалы - тарихи тіл білімінің бастауы 9. Тіл философиясы. 10. Жас грамматикалық бағыт. 11. Социологиялық мектеп. Структуралық мектеп. 12. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі. 13. Билингвизм. 14. Әлемдік тілдер. 15 Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz