Файл қосу
Патенттік құқық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-9.1.80/03-2013ж Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы <<Зияткерлік меншікті қорғау және патенттану>> Басылым №1 от 18.09.2013ж ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАТЕНТТАНУ>> МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013ж ПОӘК 042-18-9.1.80/03-2013 Басылм N1 от 2013 ж 52 беттен 2 бет Мазмұны 1. Дәрістер 2. Тәжірбиелік (практикалық) жұмыстар 3. Магистранттардың өздік жұмыстары №1 дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстанда зияткерлік (интеллектуалды) меншікті қорғау. Қазақстан Рспубликасында интеллектуалды меншіктің барлық дерлік объектісі құрылған және оларды қорғау жүйесі де жұмыс атқарады. Жалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады: заңды және жеке тұлғаның интеллектуалды қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік - заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік - жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік - бұл <<меншік>>, бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады. Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. <<Өндірістік меншікті қорғау>> және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, <<Әдеби және көркем шығармаларды қорғау>> туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды. 1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық - 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады. Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор - халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту - жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды. Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз - халықаралық құқық келісімі, нақтырақ - экономикалық, мүліктік - интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық. Бүгінгі таңдағы сауды экономикасында Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар шығару орындарының атауы саналады. әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауапкершілікте негіз болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен қызмет көрсету деңгейі интеллектуалды меншік құқығында өзіндік бағалауда негіз болады. Патенттік құқық өндіріс меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды. Интеллектуалды меншік құқығын қорғауда негізгі функция жеке өндірушілер, олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады. №2 дәріс Тақырыбы: Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік. Зияткерлік және өнеркәсіптік меншіктің объектілері. Жоспар: * Негізгі терминдер және олардың анықтамасы. * Өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншіктің құрамдас бөлігі. * Объектілердің классификациясы. Негізгі терминдер және олардың анықтамасы. Авторлық құқық - ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың бөлігі. Тауар таңбасы - бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан ажырату үшiн қызмет ететiн белгi. Патенттік тазалық - осы елде оның аумағында қолданылып жүрген үшінші тұлғаларға тиесілі қорғау құжаттарын бұзу қауіпінсіз еркін пайдаланылуы мүмкін болып табылатын техника объектісінің және өнеркәсіптік меншік объектілерінің құқықтық қасиеті. Техника объектісі - шаруашылық қызметтің нәтижелері және құралдары: өнеркәсіптік өнім (машиналар, аспаптар, жабдықтар, материалдар), өнеркәсіптік өнімнің басқа түрлері, күрделі құрылыс объектілері, ғылыми-техникалық өнім, микроорганизмдердің штаммдары, химиялық процестерді қоса алғанда технологиялық процестер, биотехнологиялық, ауыл шаруашылық, медициналық препараттар, адамдар мен жануарларды емдеу тәсілдері; Қорғау құжаты - мемлекеттің қорғауындағы өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына және басқа өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын құжат; Өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, өнеркәсіп үлгілері пайдалы модельдер, тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атаулары; Шаруашылық субъект - шаруашылық қызметті өзінің атынан жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; Техникалық шешім - қозғалыс пен материяның физикалық және химиялық, биологиялық және басқа нысандарына негізделген материалдық құралдармен және әдістермен мәселені шешу; Техникалық нәтиже - өнертабысты жүзеге асыру кезінде алынуы мүмкін техникалық эффект, қасиет, құбылыс сипаты; Инновациялық қызмет - нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестікке қабілеттілік үшін пайдаланылатын өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына жаңа идеяларды, жаңа білімдерді, технологияларды және өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет; Венчурлық өндіріс - құрылуы мен енгізілуі белгілі бір экономикалық тәуекелмен байланысты жаңалықтың сынағы және пайдалануы үшін жасалатын өндіріс; Патенттік тазалыққа сараптама - елімізде немесе бірнеше елдерде объектіге қатысы бар, қолданылып жүрген барлық қорғау құжаттарын іздеу, оларды талдау, сондай-ақ объектіні елімізде немесе бірнеше елдерде кедергісіз жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайларды зерделеу болып табылатын патенттік зерттеулердің бір түрі. Патенттік тазалық - техника нысанының оның осы елде қолданылатын ерекше құқықтағы қорғау құжаттарын бұрмаламастан пайдаланыуына болатындығын көрсететін заңды қасиеті. Патенттік тазалықты патенттік зерттеулер туралы есеп және патенттік формуляр куәлендіреді. Техника нысанының патенттік тазалығы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдап, қорыту және жұмыс құжаттарын әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді сынақтан өткізу сатыларында, сондай-ақ өнімді аттестациялау, экспорттау және көпшіліктің көруіне қою, лицензияларды сату кезінде тексеріледі Патенттік лицензия - патент иесінің екінші адамға патенттелген өнертабысты пайдалануға беретін құқығы. Ол жай және ерекше лицензиялар болып ажыратылады. Жай патенттік лицензия жағдайында патент иесі өнертабысты пайдалану құқығын бірнеше адамға бере алады. Ерекше патенттік лицензия бойынша өнертабысты иайдалану құқығына патентті алушымен бірге патент иесінің өзі де ие болып қалады. Патенттік формуляр - техника нысанының өнеркәсіптік меншікті қорғау талаптарына қаншалықты сай екендігін анықтайтын техникалық құжат. Онда техника нысанының патенттік қабілеті және патенттік тазалығы жайындағы ақпарат жазылады. Патенттік формуляр техниканың шет елдерде сатуға немесе халықаралық көрмелерге қоюға жататын нысандарына жасалады. Халықаралық классификациялау патенті - халықаралық келісім негізінде қабылданды. Топтасуды ойлап табу функционалды сала негізінде салынған және негізгі сала немесе қосымша кұрал үшін халықаралық масштабта біркелкі топтау және іздеуді, хабарлауды ойлап табу. Өнеркәсіптік меншік интелектуалды меншіктің құрамдас бөлігі. Өнеркәсіптік меншік - бірнеше елдер заңнамалары мен халықаралық келісімдерге тән жинақтама термин. Өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, фирма атауларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына құқық, сонымен қатар жосықсыз бәсекеге қарсы қорғауға байланысты құқықтарды қосады. Оны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлға өнеркәсіптік меншік объектісінің авторы болып табылады. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысқан барлық олардың бәрi оның авторлары болып есептеледi (қосалқы авторлар). Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi. Авторлық құқық иеліктен шығарылмайтын жеке құқық болып табылады және мерзімсіз қорғалынады. Егер Қазақстан Республикасында қорғалынатын тауар таңбаларының үшінші тұлғаның құқы бұзылмайтын болса, автор өнеркәсіптік меншік объектісіне өз атын немесе арнаулы ат бере алады. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзiнiң шығармашылық үлесiн қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды. Классификациялау өтінімге сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Классификациялау ХПК енгізумен белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіледі. Классификациялау кезінде классификациялық индексті таңдау үшін мәлімделген пайдалы модель формуласы негіз болып табылады. Пайдалы модельді одан да толығырақ классификациялау үшін суреттемелер мен сызулар пайдаланылады. Егер өтінім ХПК әр түрлі айдарларына жататын бірнеше объектіні қамтыса, барлық тиісті классификациялық индекстер белгіленеді. Бұл ретте бірінші индексті таңдау пайдалы модельдің атауымен айқындалады. Интеллектуалды меншіктің құқық объектілеріне: 1. интеллектуалдық қызмет нәтижелері; 2. азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдары жатады. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне: - ғылым, әдебиет және өнер шығармалары; - фонограмманы орындау және хабарлауды ұйымдастыру шараларын жеткізу; - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер; - селекциялық жетістіктер; - интегралды микросұлбалар топологиялары; - ЭЕМ арналған бағдарламалар және деректер базалары; - ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау) жатады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарына төмендегілер жатады: - фирмалық атаулар; - тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілер); - тауардың шығу орындарының (шығу тегін көрсету) атауы. №3 дәріс Тақырыбы: Зияткерлік меншікті қорғаудағы Қазақстан Республикасының заңнамасы. Жоспар: * Авторлық және патенттік құқық. * Заңнамалық актілер: ҚР азаматтық кодексі, ҚР патенттік заңы, ҚР заңы << Тауар таңбасы, тауарлардың орны және таңбалардың қызметі туралы>>, ҚР заңы << Авторлық құқық және байланыс құқықтары туралы>>, ҚР заңы << Селекциондық табыстарды қорғау туралы>>. Авторлық құқық -- программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі. Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады. Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады. Авторлық құқық - санаткерлік меншік саласында ғылым , әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты , фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді . Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген терминдердің мынадай мәні бар .Автор - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға . Авторлық құқық -- автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары . Патенттік құқық Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен -- өнертапкыштыктың -- техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі -- өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше <<ерекше сипатты құқықтарға>> жатқызуға негізделеді. Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety - француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған. Патент заңы Патент заңы (ағылш. patent law;) Осы Заңмен енеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі. Интеллектуалдық меншіктін өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердін атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі. ҚР Патент Заңының құрылысы жоғары деп бағалауға болады, себебі бұл актідегі нормативтік материал құқықтық қатынастардың даму кезектерімен және цивилистика жетістіктерін есепке алу арқылы анықталған. ҚР Патент Заңының 1 - бабында Заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Аталған объектілердің бір түсінікке жиналуы олардың ұқсастығымен негізделеді. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негізінде өнеркәсіптік меншік объектілері әрқайсысыының патентке қабілеттілігі талаптары жеке нормаларда ашылған ҚР Патент Заңының 6-8 баптары). 1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейін бұл патенттік құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады. Жаңа патент Заңымен бірге патент саласын құқықтық реттеуге өзгерістер енгізілді: ::қызметтік өнертабыстар құқықтық режимі біршама өзгертілді; ::патенттік құқық объектілеріне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті; ::қорғу құжатын алуға өтімнің тапсырылған күні мен берілген күні айқындалған және бөлінген; ::авторлар мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар қатаңдалған; ::мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу мерзімі қысқартылды; ::соңынан пайдалану құқығы енгізілді. 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік қөұқықтық акт болып табылады, себебі оны халықаралық - құқықтық (37 - бапты қараңыз), азаматтық - құқықтық (11-15 баптарды қараңыз), азаматтық іс жүргізушілік (33 - бапты қараңыз), әкімшілік (25-29 баптарды), еңбек (8-баптың - тармағын) сияқты әр түрлі саладағы қатынастар құрал ретінде қоданылады. Аталған актідегі патент құқығы объектілеріне әлемдік патенттік - құқықтық тәжірибе шеңберінде таралған талаптар (патентке қабілеттілік талаптары), сонымен қатар, берілетін құқық көлеміне қарай лицензиялық шарттардың көп түрі және қорғау құжатын басқа тұлғаға беру мүмкіндігі қарастырылған (14-бапты қараңыз). 2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар 1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi. 2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Белгілер формуласында пайдалы модель объектісі болып табылатын қондырғыдағы ауызша, бейнелеу немесе аралас сипаттағы белгілердің болуы. Бұл ретте өтініш берушіге осындай белгілердің сәйкес келу немесе олардың қондырғымен бірдей тауарларға арналған немесе қызмет көрсету түрлеріне, не болмаса тауарлардың шығу орындарының атауына сәйкес және пайдалы модельді пайдаланған жағдайда патентті алушы мен тауарлық белгінің (қызмет көрсету белгісінің) иесі құқықтарының қайшы келуінің басқа адамдар тіркеген немесе тіркеуі мүмкін тауар белгілерімен (қызмет көрсету белгілерімен) араласу деңгейіне дейін ұқсас болу мүмкіндігі хабарланады; Тауар таңбаларына қатысты өнімнің өзінде, сондай-ақ оның қаптауында маркировкамен жабдықталған барлық өнімдер, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің тауар таңбасы орналастырылған техникалық және қызметтік құжаттама тексеріледі. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі. Селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылатын өсiмдiктiң патент берiлген жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы. Селекциялық жетiстiк авторы (селекционер) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсiрiп шығарған жеке тұлға. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi. Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға рұқсат етiлген мемлекеттiк тiзiлiмi - пайдалануға рұқсат етiлген, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн рұқсат етiлген сортты, тұқымды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi. Ноу-Хау - (ағыл. - know-how, тікелей: қалай білемін) - техникалық немесе басқа тапсырмаларды шешу үшін қажетті техникалық білім, тәжірибе, өндіріс құпиясы. Көбінесе Ноу-хау ретінде техникалық шығармашылық нәтижесі түсініледі. Алайда бұл термин қандай да бір бұйымды өндіру үшін қажетті техникалық және басқа ақпаратқа, осы немесе басқа мемлекетте қандай да бір себеппен патенттелмеген өнертабыс деңгейінде орындалған техникалық шешімдерге қолданылуы мүмкін. Берілетін ғылыми- техникалық ақпараттың құпиялылық элементі Ноу- хаудың негізгі нышандарының бірі болып табылады. Қорғау ереже бойынша лицензиялық келісімшарт пен басқа да сол сияқты келісімдер шарттарына сәйкес тек келісімшарт тәртібінде ғана жүзеге асырылады. №4 дәріс Тақырыбы: Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік құқығын қорғау жөніндегі Мемлекеттік органдар. Патенттік ведомство (ведомство - мемлекеттік бір сала бойынша басқару органы). Жоспар: * Патенттік ведомствоның ұлттық патенттік жүйедегі рөлі мен маңызы. * Интеллектуалды меншік құқығы бойынша Комитеттің негізгі міндеттері. Қазақстанда ұлттық патенттік жүйені жасау (1992 жылғы) - өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау, құқықтық қорғау және пайдалануымен байланысты пайда болатын қатынастарды реформалау, ғылыми жобалар авторлары мен кәсіпкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастарын қайта қарастырудың бастауы. Бұл өзгертулердің барлығында ең маңызды болатыны - өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне құқықты кәсіпорынның материалдық емес активтер ретінде пайдалану және осыда ақша нақты табу, нарықтық экономика жағдайларында экономикалық есептерді шешуге бағытталған жеке меншік патенттік-лицензиялық саясатын жасауға мүмкіншілік пайда болды. Қазақстан Республикасы комитеті 2001 жылы 29 наурызындағы <<Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің мәселелері>> атты № 411 Үкімет қаулысымен күші жойылған Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің авторлық құқықтар жөніндегі Комитеті және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің <<Казпатент>> деп аталатын патенттер және тауар белгілері жөніндегі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын орнына жасалды. Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау жүйесі қазіргі кезде Ұлттық инфрақұрылымның құрамдас бөлігіне айналды. ХХІ ғасыр Интеллектуалдық экономиканың ғасыры деп жорамалдауға негіз бар, соның негізін шығармашылық әрекеттері және оның құқықтық қорғаудың тіректі жүйесі құрайды. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдениет пен ғылыми-техникалық айналымға еніп, Дүниежүзілік Интеллектуалдық меншік ұйымына кіре отырып (ДИМҰ), әлемдік деңгейге сай қазақстандықтар мен шетелдік интеллектуалдық меншік иегерлерінің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуі қажет. Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қоғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру - ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымының мүшесі бола алмайды, оларға ұлы сауда державалар мәжбүрлеп енгізу әрекеттерін жүргізе отырып қысым жасай алмайды. №5 дәріс Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдер. Жоспар: * Зияткерлік меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) қызметі. * Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы. * Еуразиялық патенттік қоғам. Қазақстан Республикасымен төмендегі келісім-шарттар бекітілген (ратификацияланған): - әдебиет және көркем шығармаларын қорғау туралы Берн Конвенциясы (24 шілде 1971 жылы, ИМБҰ, Париж Акті); - Москва қаласында 1993 жылы 24 қыркүйекте қол қойылған авторлық құқық және сабақтас құқықтар қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім; - өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясы (1883 жылы, 20 наурыз); - интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция (1967 жыл, 14 шілде); - белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (1891 жыл, 14 сәуір); - 1970 жылы 19 маусымда қабылданған Патенттік кооперация туралы Келісім-шарт (РСТ); - 1994 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Еуразиялық патенттік конвенция. Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы өз қызметінде төмендегі мақсаттарға жетілуге ұмтылады (интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция, 3 бап) : - бүкіл әлемде интелектуалды меншікті қорғауға мемлекеттердің ынтымақтастық және тиісті жағдайларда басқа халықаралық ұйыммен өзараәрекеттесу жолымен қолғабыс ету (жәрдемдесу); - Одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ету. Париж конвенциясы өнеркәсіптік қорғау саласындағы халықаралық көпжақты әмбебап шарт болып саналады. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне байланысты мәселелерді реттейтін негізгі халықаралық келісім болып табылады. (1-тарау). Конвенцияның басты мақсаты - өнертабыстар , өнеркәсіп үлгілерін патенттеуде және бір мемлекет фирмалары, ұйымдары мен азаматтарына өзге мемлекеттерде тауар белгілерін тіркеуде артықшылықты жағдайлар жасау. Конвенцияға 1883 жылдың 20 наурызында Парижде қол қойылды. Кейін ол 1900, 1911, 1925, 1934 жж. Конвенцияларда, ал соғыстан кейінгі жылдары, 1958 жылы Лиссабонда және 1967 жылы Стокгольмде қайта қаралып, толықтырылды. Қазақстан Республикасы аталған конвенцияға 1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес қосылды. Аталған Конвенцияның 1,3-баптарына сәйкес конвенция мүшелері өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Халықаралық Одақты (Париж одағы) құрайды. Оған Ресей, Украина, Беларуссия т.б. сияқты 105 мемлекет мүше. Мемлекет қай баспаны ратификациялағанына сәйкес, әр түрлі мүше мемлекеттер үшін конвенция түрлі баспаларда әрекет етеі. КСРО Париж конвенциясына 1965 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық баспаларына қосылды, ал оның Стокгольмдық мәтінін 1968 жылдың 19 қыркүйегінде ратификациялады. Артықшылыққа құқық негіз болатын бірінші өтініш күніне дейін үшінші тұлғалардың алған құқықтары Одаққа мүше әрбір мемлекеттің заңнамаларына сәйкес қорғалады. Артықшылық мерзімін есептеу күні болып табылатын бірінші өтінім Одақтың тиісті мемлекеттегі бірінші өтінім объектісіне келесі өтінім есептелуі тиіс. Келесі өтініш берілген күніне дейін алғашқы өтінім жариланбай қайтарып алынса, қозғаусыз қалдырылса немесе одан бас тартылса, сонымен қатар, оған қатысты ешқандай құқықтар жүзеге асырылмаса және артықшылыққа құқықтық негіз болмаса, сонда ғана бірінші өтінім артықшылыққа құқық негізбола алмайды. Алғашқы өтініш негізінде артықшылықтар қолданғысы келетін кез келген тұлға өтінімді берген күнін және жасалған мемлекетін көрсетуге тиіс. Одақтың ешқандай мемлекеті өтініш беруші бірнеше артықшылыққа, сонымен бірге, әр түрлі мемлекеттерде бекітілген артықшылыққа үміттелуі негізінде немесе бір не бірнеше артықшылыққа ие өтініште артықшылық сұратылып отырған өтініш немесе өтініштерде көрініс таппаған элементтерге қатысты - кейінгі өтініш беру қалыпты жағдайдағы артықшылық құқығын туындатады. Париж конвенциясы оған мүще мемлекеттің біреуінде беріліп, өзге де мемлекеттерде әрекет ете алатын халықаралық патент жасауды көздемейді. Өнертабыс Халықаралық Одақтың қандай болмасын мемлекетінде патенттелмеген болса, онда ол ешқандай сыйақы төленбестен еркін қолданыста бола алады. Сол сияқты конвенция халықаралық тауар белгісін жасауды өзіне мақсат етпейді. Париж конвенциясының негізгі принциптерінің бірі болып ұлттық режим принципі табылады. Конвенция өнеркәсіп меншігін қорғауда берілген мемлекеттің заңнамасы бойынша өз азаматтарына берілетін немесе болашақта берілуі мүмкін дәрежеде оған мүше кез келген мемлекеттің азаматтары мен фирмаларына беруді көздейді. (2-бап). Одаққа мүше мемлекеттердің біреуінде тұрғылықты жері немесе әрекет етуші және шынайы өнеркәсіптік немесе тұрғылықты жері немесе сауда ұйымы бар Одаққа мүше емес мемлекеттердің азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарымен теңдестіріледі. Аталған мемлекеттердің азаматтары осы конвенциямен қорғалады және өзінің азаматтарына қатысты талаптарын сақтамаса, онда олар өз құқықтарын заңмен көрсетілген қорғау құралдарын қлодануға мүмкіндік алады. Алайда, қорғау талап етілетін мемлекеттерде тұрғылықты жердің немесе ұйымның болуы туралы шарттар өнеркәсіп меншік құқықтарын қолдану үшін алғышарттар ретінде одаққа мүше мемлекеттің азаматтарына қойылмайды. Еуразиялық патент конвенциясыбарлық қатысушы - мемлекеттер аумағында әрекет ететін біртұтас еуразиялық патент негізінде патент құқығы объектілерін,е қорғау алуды көздейтін Еуразиялық патент жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе ұлттық қорғау жүйесін жоққа шығармайды, мемлекеттер олардың дамуына байланысты толық егемендікті сақтайды (ЕАПК 1-бабын қараңыз). Ал Еуразиялық патент конвенциясының 21-бабында бұл актінің кез келген мүше мемлекеттің ұлттық патент беру құқығын қозғамайтындығын және оның кезкелген халықаралық ұйымға кіруін және өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық қызметтестік дамуына ықпал етуін шектемейтіндігі айтылған. Еуразиялық патент жетістіктеріне баж төлеу мөлшері мен тәртібін , сонымен қатар, өтінім берушілердің әр үрлі категориялары үшін артықшылықты тарифтердің болуын жатқызуға болады. Патенттеудің еуразиялық немесе ұлттық процедурасын таңдаудың экономикалық дұрыстылығы олардың әрқайсысы бойынша мына факторларға әсер ететін шығындарды салыстырумен анықталады: :: өтініш берушінің тұрақты орны немесе тұрғылықты жері; :: ЕАПК мүше мемлекеттері жасаған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы әріптестік туралы екі жақты келісімдердің болуы мен олардың мазмұныҮ :: Патенттеу елдерінің саны мен құрамы. Жалпы айтқанда, ТМД - ға мүше мемлекеттердің нормативтік - құқықтық актілерінде шетелдік өтінім берушілер шетелдік өтінім берушілер (2-категория) үшін патенттік баж мөлшері ұлттық өтініш берушілер (1-категория) үшін бекітілген бажға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Беларусь Республикасында өтінім берушілер үшін 0,5-0,75 төменгі еңбекақыны, ал шетелдіктер үшін - 100-150 АҚШ долларын құрайды, ал сараптама сатысында ұлттық өтінім берушілер үшін 4-10 төменгі айлық төлемін және шетелдіктер үшін 800-2080 АҚШ долларын құрайды. №6 дәріс Тақырыбы: Патенттік құжаттаманың құрылымы және ерекшіліктері. Жоспар: * Өнертабыс сипаттауының құрылымы * ИНИД (INID) кодтар. Өнертабыстарға патентерге сипаттауларда үш негізгі құрылымдық компоненті бөлуге болады: титул парағы (Title- page), сипаттаудың мәтіндік бөлігі (Description) және сызбалар (Drawings) (егер өнертабыс объектісі құрылғы болса). Өнертабыстарға патентерге сипаттаулардың маңызды бөлігі болып өнертабыс формуласы (патенттік формуласы) табылады. Заңдылық көзқарастаң патентік формула - өнертабысты мазмұны бойынша белгілі өнертабыстардаң ерекшелендіретін осы өнертабыстың жаңалығының барлық белгілері берілетін патенттің маңызды бөлігі. Патентік формула патентке сипаттаудың мәтіндік бөлігінің жалғасы болса да, бұл патенттің өздік бөлігі болып табылады. Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін INID Халықаралық кодтары қолданылады. ҚР қорғалған (сақталған) құжаттардың түрі, оңай белгілеуге көмектесетін , келесідей қыстартулар қолданылады: А - Өнертабысқа ҚР алдын ала патентті В - Өнертабысқа ҚР патентті U - Пайдалы модельге ҚР патентті S1 - Өнеркәсіптік үлгіге ҚР алдын ала патентті S2 - Өнеркәсіптік үлгіге ҚР патентті Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін келесідей INID Халықаралық кодтары қолданылады: 11 - қорғалған (сақталған) құжат номері 21 - өтінімнің тіркеу номері 22 - өтінім беру мерзімі, оған қоса халықаралық өтінім беру, алдын ала қтінім беру, код арқылы көрсетілген (60) 24 - ВНИИГПЭ дейін 14.10.92 СССР және РФ қорғалған құжаттарының ҚР патент алуға өтініш беру мерзімі 31 - басымдылық өтінім номері 32 - басымдылық өтінім беру мерзімі 33 - басымдылық өтінімнің коды (код страны) 51 - индекс (тер) Халықаралық патент жіктеуі (классификациясы) 54 - өнертабыс атауы 56 - сараптама кезіндегі, ақпарат көздеріне сілтемелер 57 - өнертабыс формуласы немесе реферат 60 - ВНИИГПЭ дейін 14.10.92 берілген РФ патент номері, СССР қорғалынған құжат номері, берілген мерзімі Әрбір ел үшін тексерілетін объектіге қатысты осы елде қолданылып жүрген барлық қорғау құжаттарымен танысуға мүмкіндік беретін патенттік құжаттаманың түрі белгіленеді. Патенттік тазалыққа сараптама жасаудың қандай да бір кезеңінде пайдаланылатын патенттік құжаттаманың түрі осы кезеңнің мақсатына сәйкес белгіленеді, атап айтқанда: 1) тексерілетін объектіге қатысы болуы мүмкін қорғау құжаттарын алғашқы іздеу кезеңінде тек қана барлық қолданылып жүрген қорғау құжаттары туралы мәліметтерді қамтитын ресми көздер пайдаланылады; 2) оларды бұдан әрі зерттеу үшін қорғау құжаттарын жүйелеу және сұрыптау кезеңінде барынша нақты мәліметтерді (мысалы, патенттік ведомстволардың, жеке ақпараттық фирмалардың және ұйымдардың рефераттық басылымдары), сондай-ақ, егер қажет болса, қорғау құжаттарына өнертабыстардың сипаттамаларын қамтитын көздер пайдаланылады; 3) қорғау құжаттарын детальды талдау кезеңінде тек қана қорғау құжаттарына өнертабыстардың толық сипаттамалары пайдаланылады. Патенттік құжаттаманың басқа түрлері қосымша материалдар ретінде берілуі мүмкін. №7 дәріс Тақырыбы: Өнертабыстардың жіктеуі (классификациясы). Жоспар: * Өнертабыстардың халықаралық жіктеу. * Иерархиялық құрылым Халықаралық патенттік жіктеуіш (ХПЖ). 1975 жылы 7 қазанда күшіне енген Халықаралық патенттік жіктеуіш өнертабыстарға сипаттаулар, жарияланған патенттік өтініштер, авторлық күәліктер, пайдалы модельдер және пайдалығы туралы күәлектерді (бұдан әрі <<патенттік құжаттар>> деген жалпы терминмен аталатын) қамтитын бірыңғай жіктеу жүйесін жасауын көздейді. 1971 жылы 24 наурызда қол қойылған халықаралық патенттік жіктеу туралы Страсбург келісімі негізінде қабылданған функционалды-салалық принципі бойынша құрылған Халықаралық патенттік жіктеу (ХПЖ) халықаралық масштабта өнертабыстар туралы мәліметтерді біркелкі жіктеу және іздеу үшін негізгі немесе қосымша құрал ретінде қолданылады. ХПЖ объектілері қорғау құжаттармен қорғауға жататын білімнің барлық салаларын қамтиды. ХПЖ - шарты атауларға ие болатын және А-дан Н-ға дейін латын алфавитінің басты әріптерімен белгіленген 8 тарауға бөлінген. Олар: Раздел А - Удовлетворение жизненных потребностей человека (Human Necessities) Раздел В - Различные технологические процессы; транспортирование (Performing Operation; Transporting) Раздел С - Химия и металлургия (Chemistry, Metallurgy) Раздел D - Текстиль; бумага (Textiles; Paper) Раздел Е - Строительство; горное дело (Fixed Construction) Раздел F - Механика; освещение; отопление; двигатели и насосы; оружие; боеприпасы; взрывные работы (Mechanical Engineering; Lighting; Heating; Weapons; Blasting) Раздел G - Физика (Physics) Раздел Н - Электричество (Electricity) Иерархия структуры МПК выражается в разбивке всех областей знаний на несколько классификационных уровней. В нисходящем порядке эти уровни иерархии соответствуют разделам, классам, подклассам, основным группам и подгруппам. Полный классификационный индекс состоит из комбинации символов, используемых для обозначения раздела, класса, подкласса и основной группы или подгруппы. Мысал: Рубрику МПК определяют исходя из предмета (объекта) поиска. Для облегчения установления необходимой рубрики служат Алфавитно-предметный указатель к Международной патентной классификации изобретений и Указатель ключевых терминов к Международной патентной классификации. Каждый раздел делится на классы, обозначенные двумя арабскими цифрами. Мысал: В разделе А: А 22 - <<Скотобойное дело; переработка мяса; обработка домашней птицы или рыбы>>, А 23 - <<Птица или пищевые продукты; их обработка, не отнесенная к другим классам>>; В разделе F: F25 - <<Холодильная или морозильная техника; комбинированные системы нагрева и охлаждения; системы с тепловыми насосами; производство или хранение льда; снижение или отверждение газов>>. F 26 - <<Сушка>>. Каждый класс содержит один или более подклассов. Индекс подкласса состоит из индекса класса и заглавной буквы латинского алфавита. Например, класс А 22 содержит два подкласса: А 22 В - <<Скотобойное дело>>; А 22 С - <<Переработка мяса, птицы или рыбы>>. Каждый подкласс разбит на подразделения, которые именуются <<рубриками>>. Среди рубрик различают основные (главные) группы и подгруппы. Индекс дробной рубрики МПКсостоит из индекса подкласса, за которым следует два числа, разделенные наклонной чертой. Индекс основной группы состоит из индекса подкласса, за которым следует одно- двух- или трехзначное число, наклонная черта и символ 00. Текст основной группы точно определяет область техники, в которой считается наиболее целесообразным проведение поиска. Например: А 22 С 11/00 - <<Производство колбасных изделий>>; В 03 D 1/00 - <<Флотация>>; F 25 В 6/00 - <<Компрессорные машины, установки и системы с несколькими контурами конденсации>>. Индекс подгруппы. Подгруппы образуют рубрики, подчиненные основной группе. Индекс подгруппы состоит из индекса подкласса, за которым следует одно-, двух - или трехзначный номер основной группы, которой подчинена данная подгруппа, наклонная черта и, по крайней мере, две цифры, отличные от 00. Например: А 22 С11/02 - колбасные шприцы; Каждую третью или четвертую графу после наклонной черты следует понимать как дальнейшее десятичное деление второй или, соответственно, третьей цифры. Например, подгруппа с индексом 3/426 находится после группы 3/42, но перед группой 3/43; или подгруппа с индексом 5/1185 находится после подгруппы 5/118, но перед подгруппой 5/119. Текст подгруппы всегда понимается в объеме ее главной группы и определяет тематическую область, в которой, как предполагается, будет наиболее целесообразно проведение поиска. Перед текстом подгруппы ставится одна или более точек, которые определяют степень ее подчиненности, т.е. указывают на то, что группа является рубрикой, подчиненной ближайшей вышестоящей рубрике, напечатанной с меньшим сдвигом, т.е. имеющей на одну точку меньше. Во всех случаях текст подгруппы должен пониматься в пределах содержания вышестоящей старшей рубрики, которой подчинена подгруппа. 1мысал. А 22 С 11/00 Производство колбасных изделий 11/02 . колбасные шприцы 11/04 . . с возвратно-поступательным движением поршня с механическим приводом 11/06 . . с гидравлическим или пневматическим приводом поршней 11/08 . . со шнеком или другими вращающимися прессующими органами Пример 2. В 66 F 1/00 Устройства, например, домкраты, для подъема грузов на заданный уровень 1/02 . со стопорными элементами, например, шайбами, взаимодействующими с колонками 1/04 . . с зубчатыми колонками 1/06 . . . с механическим приводом 1/08 . . . с пневматическим или гидравлическим приводом. Пример 3. H 02 B 1/00 - Каркасы, щиты, панели, корпуса; конструктивные элементы щитов, подстанций и распределительных устройств 1/01 . каркасы 1/015 . щиты, панели, пульты; их части или принадлежности для них 1/03 . . для счетчиков энергии 1/04 . . монтаж на них выключателей (переключателей) или других устройств вообще с кожухами или без них Текст подгрупп 11/08 и 1/08 (в примерах 1 и 2) 1/04 ( примере 3) не представляет собой законченное выражение. Принимая во внимание иерархическое положение этих подгрупп, их содержание должно ограничиваться: в первом примере - только колбасными шприцами со шнеком или другими вращающимися прессующими органами; во втором примере - устройствами, например, домкратами, с пневматическим или гидравлическим приводом со стопорными элементами, например, шайбами, взаимодействующими с зубчатыми колесами для подъема грузов на заданный уровень; в третьем примере - монтажом выключателей (переключателей) или других устройств вообще с кожухами или без них на щитах, панелях, пультах (один вариант); монтажом выключателей (переключателей) или других устройств вообще с кожухами или без них на частях или принадлежностях щитов, панелей, пультов (второй вариант). В результате этого рубрики МПК, приведенные в примерах, будут читаться следующим образом: А 22 С 11/08 - <<Колбасные шприцы со шнеком или другими вращающимися прессующими органами>>; В 66 F 1 /08 - <<Устройства, например, домкраты, с пневматическим или гидравлическим приводом со стопорными элементами, например, шайбами, взаимодействующими с зубчатыми колесами для подъема грузов на заданный уровень>>. H 02 1/04 - <<Монтаж выключателей (переключателей) или других устройств вообще с кожухами или без них на щитах, панелях, пультах; монтаж выключателей (переключателей) или других устройств вообще с кожухами или без них на частях или принадлежностях щитов, панелей, пультов>>. Исполнитель работ (студент), определив рубрику МПК, может приступить к составлению задания на проведение патентно-информационных исследований и непосредственно к самому поиску патентной документации. 2001 жылы күшке енген тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8 редакциясы 45 класстан құралады. 1-34-ші классқа дейін - тауарлар. Мысалы, 12 класс-жер, су және ауамен жылжитын көлік құралдары мен аппаратарын жіктеу үшін қолданылады. №8 дәріс Тақырыбы: Патенттік-ақпараттық зерттеулер. Жоспар: * Патентік зерттеулер тауардың (өнімнің) бәсекелестік қабілеттілігін және оған патенттік құқықтарды анықтау кезінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың құрамдас бөлігі ретінде. * Патенттік зерттеулерді жүргізу әдістемесін игеру. * Өнімнің патенттік тазалығы. <<Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі>> ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 сәйкес патенттік зерттеулер деп шаруашылық қызмет объектілерінін техникалық денгейін және даму тенденцияларын, патенттік қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекелестік қабілеттілігін (белгіленуі бойынша пайдалану тиімділігі) патенттік және басқадай ақпарат негізінде зерттеуді түсінеді. Патенттік зерттеулер ғылыми есептерді шешу және жана техника объектілерін жасау кезінде шығармашылық үрдіс негізі болып табылады. Патенттік зерттеулер - патенттік және басқадай ғылми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау және оны ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және жобалық-техноогиялық жұмыстарды жүргізудің барлық кезеңдерінде пайдалану. Патенттік тазалық - техника нысанының оның осы елде қолданылатын ерекше құқықтағы қорғау құжаттарын бұрмаламастан пайдаланыуына болатындығын көрсететін заңды қасиеті. Патенттік тазалықты патенттік зерттеулер туралы есеп және патенттік формуляр куәлендіреді. Техника нысанының патенттік тазалығы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдап, қорыту және жұмыс құжаттарын әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді сынақтан өткізу сатыларында, сондай-ақ өнімді аттестациялау, экспорттау және көпшіліктің көруіне қою, лицензияларды сату кезінде тексеріледі. Патенттік тазалыққа сараптама - елімізде немесе бірнеше елдерде объектіге қатысы бар, қолданылып жүрген барлық қорғау құжаттарын іздеу, оларды талдау, сондай-ақ объектіні елімізде немесе бірнеше елдерде кедергісіз жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайларды зерделеу болып табылатын патенттік зерттеулердің бір түрі. №9 дәріс Тақырыбы: Бәсекелесуге қабілетті өнімді жасау үшін патенттік құжаттаманы пайдалану. Жоспар: * Жасалатын техника объектінің аналогтарын табу. * Техниканың және ғылыми бағыттың даму тенденцияларын зерттеу кезінде патенттік құжаттаманың рөлі. Іздеу тақырыбын (объектісін) патенттік зерттеулердің нақты міндеттері, объектінің категориясына (құрылғы, әдіс, зат) және оның қандай элементтерін, параметрлерін, қассиеттері мен басқа сипаттамаларын зерттелетініне тәуелді анықтайды. Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап), мысалы, куттер, шұжық өнімдерін пісіру үшін арналған термоагрегат, компрессор, пісірілген шұжық өнімдерді өндіру линиясы, іздеу тақырыбы (объектісі) болып төмендегідей болуы мүмкін: - құрылғы тұтасымен (жалпы құрастыруы.принципиалды сұлбасы); - құрылғының жұмыс істеу принципі (әдісі); - тораптары мен детальдары; - құрылғының жеке элементтерін жасау үшін пайдаланатын материалдар (заттар), құрылғыны жасау технологиясы; - өзара қолдану салалары. Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса, іздеу тақырыбы: - технологиялық үрдіс тұтасымен, оның кезеңдері егер олар тәуелсіз (өзіндік) қорғауға қабілетті объекті болса; - бастапқы өнімдер; - аралық өнімдер және оларды алу әдістері; - ақырғы өнімдер; - негізінде осы әдіс жүзеге асырылатын құрал-жабдықтар болуы мүмкін. Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса, онда іздеу тақырыбы: - заттың өзі (оның сапалық және сандық құрамы); - затты алу әдісі; - бастапқы материалдар; - қолдануы мүмкін салалар. Егер жоба машиналар жүйесін (мысалы, субөнімдерді өндеу линиясы) жасаумен байланысты болса, онда оны құрамдас бөліктерге бөледі, іздеу тақырыбы болып машина жүйесінің құрамдас бөлігі табылады. №10 дәріс Тақырыбы: Жасалатын ғылыми-техникалық құжаттамада өнертабыстарды табу. Жоспар: * Техникалық ұсынысты талдау . * Оның патенттік қабілеттілігін анықтау, маңызды белгілерді табу. Өнертабысқа өтінім құрастыру кезінде бастанқыда ұсынылатын өнертабыс көмегімен шешілетін өнертабыстық міндет анықталу керек және осы өнертабыс арқасында жетілетін техникалық нәтиже табылу қажет. Өнертабыстық міндет - белгілі құралдар көмегімен қанағатандырылуы мүмкін болмайтын қоғамдық қажеттілік. Өнертабыс деп ойлап шығарылған объектісі емес, техникалық шешім аталады. Ал ойлап шығарылған объект техникалық шешімді жүзеге асыру дың мүмкін болатын формаларының (нысандарының) бірі болып табылады. Объект - нақты немесе қағазда сипаттама түрінде болатын нақты құрылғы, әдіс немесе зат. Объект оның маңызды белгілер жиынтығымен сипатталады. Белгілердің маңыздылығының критерийі болып әрбіреуінің қажеттілігі және басқа белгілермен бірге берілген объектіні осы текті басқа объектілерінен айыру (өзгешелеу) үшін жеткіліктілігі саналады. №11 дәріс Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім құрамы; патенттік құқықтың көлемін анықтау үшін өнертабыстың формуласының маңызы; өтінімдік құжаттаманы ресімдеу. Жоспар: * Өнертабыс объектісіне тәуелді өнертабыс сипаттауы және формуласыны ресімдеу ерекшеліктері. * Прототипті таңдап алу. Жасалған өнеркәсіптік меншік объектісін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің <<Зияткерлік меншіктің ұлттық институты>> Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына өтінім жіберу керек. ҚР Патент Заңының 10 бабының 4 пунктіне сай өнертабысқа өтінім беру құқығына өнертабыс авторы, жұмыс беруші, олардың құқық мұрагерлері немесе арасында келісімдік болған жағдайда жоғары айтылған тұлғалар білесіп ие болады (бұдан әрі - өтінім білдіруші). Өтінім беруге құқықты қандай болса да құжатпен растауы талап етілмейді. Өнертабысты патенттеуге жіберілетін өтінім құрамына: - өнертабыс авторының және атына патент сұранылатын тұлғаларды, олардың мекенжайы көрсетілуімен инновациялық патент және патент беру туралы өтінім; - өнертабысты жүзеге асыруға жеткілікті толық ашатын сипаттауы; - оның маңыздылығын көрсететін және толығымен сипаттауда негізделетін өнертабыс формуласы; - өнертабыс маңызын түсіну үшін қажет болса сызба және басқадай материалдар; - реферат; - іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілетін жағдайда сенімхат; - патенттік баж төлеуін растайтын құжат. Қазақстан Республикасында патенттелетін өнертабысқа өтінім материалдары мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді. №12 дәріс Тақырыбы: Өтінімдік құжаттардың сараптамасы; өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу; патенттер және куәліктерді беру туралы мәліметтерді жариялау. Жоспар: * Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу және сараптама жүргізу жүйелерінің түрлері. * Сараптама жүргізу және мәліметтерді жариялау мерзімдері. Патенттік баждарды төлеу. Әлемде өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеудің бірнеше жүйесі бар: қабылдау, тексеру (зерттеу) және кейінге қалдыру. Қазақстанда қабылдау және тексеру (зерттеу) жүйелерінің элементтерін кіргізетін жүйе қабылданған. Өнертабысқа өтінім материалдары бойынша зияткерлік меншіктің ұлттық институтында (ЗМҰИ) екі сараптама жүргізеді: өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптамасы және маңызы бойынша. - өтінімде болатын немесе оған қосылатын құжаттардың бар болуын; - өнертабыстың маңызын талдаусыз өтінім құжаттарына өнертабысқа өтінім құрастыру бойынша Нұсқаулықпен белгіленген талаптардың сақталуы; - өтінім беру күнін белгілеу. Маңызы бойынша сараптама жүргізу кезінде: - формулада сипатталған өтінім білдірілген өнертабыстың патенттік қабілеттілік шарттарына сәйкес болуын тексеруі; - өнертабыстың басымдылық күнін белгілеу. Қазақстан Республикасында тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеу үшін зияткерлік меншіктің ұлттық институтына (ЗМҰИ) жіберілетін өтінім белгіленген ережелерге сәйкес ресімделеді. Тауар белгісіне өтінім сараптамадан өту керек. Сараптама нәтижесі бойынша тауар белгісін тіркеу және куәлік беру туралы шешім қабылданады. №13 дәріс Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды беру. Жоспар: * Өнеркәсіп меншік объектілерін шаруашылық айналымға енгізу. * Лицензиялық келісім шарттар; лицензиялар түрлері; патентті беру; ноу-хау беру туралы келісім шарт. * Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды заңды түрде беруін растау. Төлем түрлері. Өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша пайдалану бойынша айрықша құқыққа патент иеленуші ие. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану деп өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектісі кіретін өнімді өндіру, қолдану, әкелу, ға ұсыну, азаматтық айналымға басқадай енгізу және қорғалатын әдісті қолдануды түсінеді. Патент иеленуші болмайтын қандай болсын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін тек қана лицензиялық келісім шарт негізінде патент иеленушінің рұқсаты бойынша пайдалануға құқығы бар. Берілетін құқық көлемі бойынша лицензиялар жай, айырықша және толық деп бөлінеді. Сондайақ ашық және мәжбүрлеу лицензиялар болады. Патенттік Заңымен патентке құқықтарың қайта беруі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен (лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде тіркелуі керек. Патенттік лицензия - патент иесінің екінші адамға патенттелген өнертабысты пайдалануға беретін құқығы. Ол жай және ерекше лицензиялар болып ажыратылады. Жай патенттік лицензия жағдайында патент иесі өнертабысты пайдалану құқығын бірнеше адамға бере алады. Ерекше патенттік лицензия бойынша өнертабысты иайдалану құқығына патентті алушымен бірге патент иесінің өзі де ие болып қалады. Лицензиялық шарттар объектілері Лицензиялық шарттардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру шарттарының жобалары, оның ішінде: 1) қорғау құжаттарымен қорғалмаған (патентсіз лицензиялық шарттар) "ноу-хауға" және басқа ғылыми-техникалық жетістіктерге; 2) қорғау құжаттарымен қорғалған (патентті лицензиялық шарттар) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне; 3) қорғау құжаттарымен қорғалмаған ғылыми-техникалық жетістіктермен ("ноу-хау", "инжиниринг" түріндегі қызметтер және т.б.) бірге қорғалған өнертабыстарға (пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне) (лицензиялық комплект) патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс. 48. Барлық жағдайларда лицензиялық шарттар объектісін патенттік тазалыққа сараптау (оның ішінде лицензиатқа берілген техникалық құжаттама бойынша шығарылған өнімнің де) Қазақстан Республикасының және лицензиялық шарт бойынша құқықтардың берілуі болжанып отырған елдердің аумағына қатысты жүргізіледі. Одан басқа: 1) лицензиатқа берілген техникалық құжаттама бойынша шығарылған өнімнің - лицензиялық шарт бойынша дайындалған осындай өнімді жеткізу мүмкін елдерге қатысты; 2) осы өнімді дайындау технологиясының - патенттік заңнама бойынша немесе сот практикасына сәйкес өнімдерді жанама қорғауы бар елдерге қатысты патенттік тазалық тексерілуі тиіс. 49. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі. 50. Патентсіз лицензиялық шарттарда осы объекті үшін барлық маңызды техникалық шешімдер, сондай-ақ лицензиатқа берілетін техникалық құжаттама бойынша дайындалатын немесе лицензиар жеткізетін барлық түйіндер, тетіктер, шала фабрикаттар және жинақтауыш бұйымдар патенттік тазалыққа тексеріледі. * ТЕРМИНДЕР 1) бiлiктiлiк талаптары - өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы; 2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы; 3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара; 3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi - өтініш беруші, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін электрондық құжат; 3-2) құзыреттi (салалық) орган - мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4-1) лицензиардың электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі; 5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты; 7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары); 8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау; 8-1) лицензиялар тізілімі - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы; 9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен); 9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе; 9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі - әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір; 10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені; 11) лицензиялық бақылау - лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi; 11-1) лицензияның электрондық нысаны - қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия; 12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға; 13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган; 14) электрондық лицензия - қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия. 1.10. Ноу-Хау - (ағыл. - know-how, тікелей: қалай білемін) - техникалық немесе басқа тапсырмаларды шешу үшін қажетті техникалық білім, тәжірибе, өндіріс құпиясы 1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады. 2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. 3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді. 4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады. Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды. 5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді. 6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. 7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. 8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға жатпайды. Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және (немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша құзыретті (салалық) орган береді. 9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi. Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, <<электрондық үкіметтің>> төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі. Лицензиялар мынадай белгілері бойынша: 1. Субъектілер бойынша: 1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін; 2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді. 2. Қызмет көлемі бойынша: 1) бас лицензия - қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін; 2) біржолғы лицензия - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрімен айналысуға, сондай-ақ <<Ойын бизнесі туралы>> Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және <<Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы>> Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға; 3) операциялық лицензия - банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді. 3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында: 1) бас лицензия - кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия; 2) ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия; 3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия. Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға: <<Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы>> Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензиаттың санатын; өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензияланатын қызмет түрі жүзеге асырылатын саланы көрсету үшін енгізіледі. Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады. Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі. Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 11-бап. Лицензиялау салалары Мынадай: 1) өнеркәсіп; 2) атом энергиясын пайдалану; 3) улы заттар айналымы; 4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 5) көлік; 6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы; 7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар; 9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы; 10) ғарыш кеңістігін пайдалану; 11) ақпараттандыру және байланыс; 12) білім беру; 13) бұқаралық ақпарат құралдары; 14) ауыл шаруашылығы; 15) денсаулық сақтау; 16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; 17) ойын бизнесі; 18) ветеринария; 19) <<Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама; 20) мәдениет; 21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; 22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; 23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау; 24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы; 26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 27) тауарлар экспорты мен импорты; 28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары 1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды қоспағанда, өтініштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беруді жүзеге асыратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар беріледі: 1) өтiнiш; 2) заңды тұлға үшiн - өтініш беруші жарғысының (түпнұсқалары берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған) көшiрмесi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы; 3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi; 5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi; 6) <<электрондық үкіметтің>> төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар. Жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді. <<Электрондық үкімет>> веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды беру кезінде құжаттар электрондық нысанда беріледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшін оларды ұсынған өтініш беруші немесе лицензиат жауапкершілікте болады. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады. 2-1. Осы баптың 2-тармағының күші <<Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды. 3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 1) өтiнiш; 2) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар. 4. Лицензиар өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады. 5. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін лицензиар өтініш берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді. Мемлекеттік органдар лицензиар сауалының негізінде он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тиісті лицензиарға жауап жібереді. Мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мерзімде жауап жібермеген жағдайда лицензия беру келісілді деп саналады. 6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі <<Ойын бизнесі туралы>> Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия берудің шарттары мен тәртібі <<Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы>> Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше талаптары <<Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы>> Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсі соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi). Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 N 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен. 43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері 1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін, атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтегі лицензиарларды, экспорттық бақылауға жататын өнімдер импорты мен экспортының лицензиарларын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берілді деп есептеледі. Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімдері өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті. Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi. Өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады. Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресімделген) кезде алынады. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді. Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды. Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды. Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту 1. Егер: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 4-1) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе; 5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілей алады. 1-1. Осы баптың 1-тармағының күші <<Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды. 2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге дәлелді жауап қайтарады. Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуға шағымдану Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ электрондық форматқа аудару 1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар. Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi. Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында <<Телнұсқа>> деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді. Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді. 2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай: 1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген; 2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; 3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; 4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады. Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар. Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi. Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады. Лицензияланатын қызмет түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiнен бiр немесе одан да көп сыныптар алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға өызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді. Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 47-1-бап. Берілген лицензиялардағы қателерді түзету Берілген лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қателер табылған жағдайда лицензиат оларды түзету туралы еркін нысанда өтініш беруге құқылы. Лицензиар лицензиаттың тиісті өтінішті берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиялар тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізеді және тиісті түзетулері бар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді. Ескерту. 6-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату 1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда; 2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда; 3) лицензия алып қойылғанда; 4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда; 6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса; 7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 2. Лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi. Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 49-1-бап. Лицензиялық бақылау 1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру <<Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы>> Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігін тексеру тексерілетін субъектіге бару арқылы бақылаудың өзге де нысаны тәртібінде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігі немесе сай келмейтіндігі туралы шешім қабылданады. Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы тексерілуге тиіс. Залалдарды өтеу Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Лицензиарлардың құзыретіне: 1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптары жобаларын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу және уәкілетті органмен келісу. Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады; 2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу; 3) лицензиялау; 4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру; 5) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тізілімін жүргізу және оны ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру жатады. Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер: лицензиардың атауы; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi; дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi; заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi; қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi; лицензияның қолданылу мерзiмi; төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн; жеке сәйкестендіру нөмірі; бизнес-сәйкестендіру нөмірі; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi; лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi; лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi; лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын филиалдары, өкілдіктері, объектілері, пункттері, учаскелері (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс; 6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу туралы мемлекеттік органдарға сауал жіберу; 7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету; 8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады. Лицензиат филиалын (өкілдігін, объектісін, пунктін, учаскесін) құрған, оның орналасқан жерін өзгерткен жағдайда он жұмыс күні ішінде - лицензиардың мекен-жайына, егер жергілікті атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкілдіктің, объектінің, пункттің, учаскесінің) орналасқан жері бойынша оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса хат жолдауға міндетті. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тиісті қызмет түріне (кіші түріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілейді. Ол біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті деректерді лицензиялар тізіліміне енгізеді. Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тізіліміне филиал (өкілеттік, пункт) құру, оның орналасқан жерін өзгерту туралы деректерді енгізуді лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. №14 дәріс Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға патенттік құқықтарды бұзу; патенттік құқықтарды бұзу үшін жауаптылық. Жоспар: * Патенттік құқықтарды бұзу түрлері. Сотқа талап арыздарды беру. * Патент иеленушілердің айрықша құқықтарын бұзған тұлғаларды жауапткершілікке жауапқа тарту. * Шығарылатын өнімнің патенттік тазалыққа зерттеулерін жүргізу қажеттілігі. Контрафактылық тауарлар, жалған жасалған өнім. Бұзушылықты болдырмау және бұзылған құқықтар және мүдделерін қалпына келтіру үшін құқық иеленушіге жеткілікті құралдар бергенде ғана кез келген құқықты нақты деп санауға болады. Бұл міндеттерді орындау әртүрлі құралдар көмегімен жүзеге асырылады.Бұзылған құқықты қорғауына құқық иеленуші өзі жүгінеді. Қандай құқықтық қатынастар саласына жататынына тәуелді қорғау әдістері азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық деп бөлінеді. Азаматтық құқықтарды қорғау: - құқықты тану; - құқықты бұзуға дейінгі жағдайың қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе бұзу қауіпін тұғызатын әрекеттерді болдырмау; - даулы мәлімені жалған деп тану және оның жалғандылық салдарын табу, таязды мәліменің жалғандылығының салдарын айқындау; - залалдарды (зияңдарды) өтеу; - айып ақы төлету; - моральдық зиянның орнын толтыру; - құқық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту жолымен және заңдарда көзделген басқадай әдістермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды жоғарыда көрсетілген қорғау әдістерінің көптілігі қорғаудың юрисдикциялық (соттың қарауына жататындық) түріне жатады. Яғни, оларды жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдарда жүгінуімен байланысты болады. Ол органдар - қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері үшін сот органдары. 15-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу 1. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып есептеледi. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi қолдану немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу (қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi. 2. Патент иеленушi: 1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды; 2) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын өтеуiн; 3) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына өндiрiп алуды; 4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi; 5) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға; 6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты мiндеттi түрде жариялауға құқылы. 3. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды лицензиаттың да қоюы мүмкiн. №15 дәріс Тақырыбы: Кәсіпорында патенттік-лицензиялық жұмыс және өнертабыстық қызметті ұйымдастыру. Жоспар: * Фирманың, кәсіпорынның патенттік-лицензиялық саясатын жасау, өнертабыстар авторлар - қызметкерлерінің мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету, қызметтік өнертабысқа құқықтар туралы мәселені шешу. Кәсіпорындар қызметінің тиімділігі тек өндірісті оңтайлы басқаруынан ғана емес, сондай-ақ, осы кәсіпорынның өкімінде болатын зияткерлік меншікті басқарудан, кәсіпорын өкімінде бар болатын өнертабыстар, тауар белгілеріне құқықтарды қорғауы қалай қамтамасыз етілетініне, оларға алынған айрықша құқықтарды қалай өкім ететініне тәуелді болады. Нарықтық экономика жағдайларында зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілердің және оларды жасаушылардың (авторлардың) мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету керек. Инновациялық жобаларды жасау бір адамның немесе шығармашылық ұжымның ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында алынған және автордың немесе жасалған жаңа ғылыми жобалар мен техникалық шешімдерге құқық берілген жұмыс берушіні қоса алғанда басқа тұлғалардың зияткерлік меншігінің құрамдас бөлімі болып табылатын шығармашылық қызмет нәтижелерінде негізделеді. Интеллектуалды ресурстарды интеллектуалды меншікке және кәсіпорынның материалды емес активтеріне ауыстыру тиімділігін анықтау, оларды бағалау, құқықтық қорғаудың тиімді формаларын таңдап алу, интеллектуалды меншікпен басқарудың басқадай рәсімдерін пайдалану - менеджер квалификациясының (әсіресе инновациялық кәсіпорында) маңызды құрамдас бөлімі болып табылады. Кәсіпорында шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарды білікті ресімдеуін қамтамасыз ету үшін барлық ішкі техникалық және технологиялық құжаттаманы білікті ресімделуі қажет. Сонымен қатар, кәсіпорындарда құпиялы (конфиденциалды) ақпараттың таралуын толықтай болдырмауды қамтамасыз етуі мүмкін (мысалы, потенциалды (әлеуетті) серіктеспен келіссөздер жүргізу барысында). Серіктес келіссөздер объектісін (технология, техника, дизайн объектілері) өз атына патентеу, ал нақты иесіне оны қолдануға лицензия алуға ұсыныс жасау ықтималдылығы бар. Сондықтан инновациялық жобаны жасау және әзірлеу кезінде осының бәріне назар аудару керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Негізгі 1. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской федерации. 2003 г. - 752 с. 2. Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. - Алматы: Жеті-Жарғы. 1999 3. Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов // Составитель Т.Е.Каудыров, Э.З. Фаизова. - Алматы: Жеті-Жарғы. 1996 4. Абраменко А.П. Основы патентоведения. - Павлодар: 2004 г. - 100с 5. Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т.: Переводы/ Сост. Н.К.Финкель. М.: Прогресс. 1987.- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с. 6. Журнал <<Патенты и лицензии>> 1997 - 1999 г.г. (по номерам) 7. Закон Республики Казахстан <<Об авторском праве и смежных правах>> от 10 июня 1996 года № 6-1(с изменениями, внесенными Законом РК от 09.07.04 г. № 586-II) ТӘЖІРБИЕЛІК (ПРАКТИКАЛЫҚ) ЖҰМЫС №1 тәжірбиелік (практикалық) жұмыс Тақырыбы: Заңнамалық актілер: ҚР азаматтық кодексі, ҚР патенттік заңы, ҚР заңы << Тауар таңбасы, тауарлардың орны және таңбалардың қызметі туралы>>, ҚР заңы << Авторлық құқық және байланыс құқықтары туралы>>. №2 тәжірбиелік жұмыс Тақырыбы: Патенттік ведомствоның ұлттық патенттік жүйедегі рөлі мен маңызы. №3 тәжірбиелік жұмыс Тақырыбы: Патенттер және куәліктерді беру туралы мәліметтерді жариялау. №4 тәжірбиелік жұмыс Тақырыбы: Өнертабыс объектісіне тәуелді өнертабыс сипаттауы және формуласыны ресімдеу. №5 дәріс Тақырыбы: Сату туралы келісімшарт / сатып алу (покупке неисключительной) / өнеттабысты қолдану лицензиялары (исключительной лицензии на использование изобретения) / пайдалы моделдер / өнеркәсіптік үлгі МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ * Зияткерлік меншікке сипаттама беру. * Мемлекеттік патент жүйесіндегі мемлекеттік орган ретіндегі патент ведомствасының мағынасын түсіндіріңіз. * Веб-сайттардан Дүние жүзілік зияткерлік меншік ұйымдарымен: http://www.wipo.org және Евразиялық патент қоғамымен танысу: http://www.eapo.org. * Қазақстан Республикасының патенті немесе алдын ала патенттеу өнертабыстың сипаттамасын оқып үйрену (зерттеу). * Шет ел патенттерінің өнертабыс сипаттамасын оқып үйрену (зерттеу). (мысалы, АҚШ,Ресей Федеоациясы және т.б.). * <<Өнімді өндіріске дайындау,әзірлеу. Патенттік зерттеулер>> ГОСТ Р 15-011-96 стандартымен танысу. * Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы технологиялық процес болса, онда іздестірудің объектісі болатын, нақты мысалдарды көрсету. * Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы зат болса, онда іздестірудің объектісі болатын, нақты мысалдар көрсету. * Өнертапқыштардың өз уақытда шешіліп кеткен, шешімнің объектісі не болғанын, сол кезде қандай атақты аналогтар қолданғандары туралы, өнертабыс міндеттеріне мысалдар келтіру. * Келесі өнертабыс объектілері бойынша өнертабыс формуласы мен сипаттамасының ерекшеліктеріне сипаттама беру: а) құрылым; б) әдіс; в) зат. * Әлем жүйесіндегі бар патенттеулерді бір - бірімен салыстыру : жасырынған, тексерілген және бөлінген. Қайдай патенттеу жүйесі қай елге сипатталатынын құру. * Лицензиялық келісім бойынша лицензиат және лицензиардың негізгі міндеттерін сипаттап беру. * Қазақстан Республикасының патент заңын оқу (үйрену,зерттеу). * ҚР заңы << Тауар таңбасы, тауарлардың орны және таңбалардың қызметі туралы>> оқып үйрену (зерттеу) * Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы келісімнің негізгі шарттарын түсіндіру.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz