Файл қосу

Электрмагниттік тербелістер



                                       
                                       
                                Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы -   Желдыбаева Балғын Сембаевна  <<Физика>> кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к.
                                       
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 
2.1 <<Физика>> кафедрасының отырысында
№10  хаттама, 25.06. 2014.
Кафедра меңгерушісі  _______   п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.
                                       
2.2 Физика-математика  факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында 
№6 хаттама, 26.06. 2014.
Төраға ________   Батырова К.А.
                                       
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  мақұлданып  және баспаға ұсынылды 
№1  хаттама,11.09. 2014 ж.
ОӘК төрағасы  ________ Искакова Г.К.
                                       
4  11.09.2013ж. орнына ЕНГІЗІЛДІ 




















                                МАЗМҰНЫ
                                       
* Жалпы мағлұматтар 
* Пәннің  мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жүктеу. 
* Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау
* Курстың форматы
* Курстың саясаты
* Баға қою саясаты
* Әдебиеттер













































* ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТТАР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағұлмат
Желдыбаева Балғын Сембаевна, физика кафедрасының доцент  м.а., п.ғ.к.
Кафедра <<Физика>> 
Байланыс туралы ақпарат  -  тел: 77-33-58, №1 оқу корпусы, №1110 ауд,
Сабақ жүргізу орыны  -  11-ші  қабаттың аудиториялары  
Осы пән бойынша кредит саны  -  <<Физика>> -4 кредит
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы. <<Физика>> 
Механика. Кинематика. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік  тербелістер. 
Оптика. Сәулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. Кванттық физика. Жылулық сәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускулалы-толқындық екіжақтылық. Шредингер теңдеуі. Кванттық теориядағы атом және молекула. Өздігінен және ынталандырушы (стимулированное) сәулелену. Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері. Конденсацияланған күй. Төменөлшемді жүйелер. Атом ядросы және элементар бөлшектер.
1.3 Курстың мақсаты:
- физика туралы мағұлматтар алулары керек;
- механикалық, жылулық, электромагниттік, атом ішілік қозғалыстың түрлерін оқып үйрену;
- есептерді талдауғы, эксперименттік зерттеулерді орындауларын меңгеру;
- студенттердің маман ретінде болашақ қызметінде орын алатын әртүрлі процестер мен құбылыстарды үйренуге және болжам жасауға мүмкіндік беретін физикалық әдістемелерді меңгеруге жәрдемін тигізу;
- физикалық проблемаларды зерттеуге өздігінен талдау жасай білу шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру;
- өздік жұмысты жетілдіру жолында ғылыми ізденіске талаптануын дамыту;
- әлеуметтік экономикалық өзгерістер кезеңіндегі қойылатын талаптарға сәйкес ғылыми  -  зерттеу жұмыстарын жүргізгенде студенттердің негізгі практикалық шеберлігін шыңдау.
- қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірбиелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағұлматтар алулары керек. 
1.4 Курстың міндеті:
- студенттің өзінің логикалық және алгоритмдік ойлау қыбілетін дамыту;
- физикалық есептерді шешу және зерттеу әдістерін меңгере білу;
- зертханалық жұмыстарды жасап, есептеулерді орындау;
- студент қарапайым сандық әдістерді жетік білу;
1.5 Оқытудың нәтижелері:
Курсты оқығаннан соң студент  игеруі  қажет:
негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін;тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін  өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;
ұға білуі қажет:
негізгі физикалық заңдылықтарлы, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;
меңгеруі қажет: 
физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен   байланыстыра білуді;
Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:
құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде
термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,
 -  статистикалық әдісті қолдана білуі; 
 - құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен 
    жұмыс істей білуі;
 - молекулалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің
 - техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды 
 - процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,
компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің  нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін          шығара білуі.
1.6 Курс пререквизиттері: математикалық анализ, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер,  аналитикалық геометрия және жоғарғы математика,   векторлық және тензорлық анализ негіздері 
  +  Курс постреквизиттері:  Электротехника, жылу техникасы.
* ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІНЕ САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ
                                                                  Кесте 1.
		№
                 Тақырып аты және мазмұны
                               Сағаттар
                                                           Әдебиеттер
                                                                               
                                                                               
                                                                           Дс
                                                                           Зс
                                                                           Пс
СОӨЖ
                                                                         СӨЖ
                                                                               
                                                                              1



	
Модуль 1. Дәріс №1.  Механикалық қозғалыс. Айналмалы және ілгерілемелі қозғалыстың кинематикасының элементтері. 
                                       2
                                       
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
НӘ 7.1.1-1 тарау, 6-13б. 
                                                                              2
Дәріс  №2. Материалдық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Материалдық нүктелер жүйесі, абсолютті қатты дене, тұтас орталар механикасының элементтері. Инерциалдық жүйелер есептеулері. 
                                       2
                                       
1
1
                                      226
                                                                               
                                                                               
                                              НӘ 7.1.2-2 тарау, 5-12 б.
                                                                              3
Дәріс  №3. Сақталу заңдары. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы.  Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Күш моменті. 
Жұмыс және кинетикалық энергия. Қуат. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. 
                                       2
1
1
                                       2
                                                                               
                                                                              6
                                              НӘ 7.1.2-2 тарау, 5-12 б.
                                                                              4
Дәріс №4. Статистикалық физика және термодинамика. Термодинамикалық параметрлер. Газ заңдары. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. 
                                       2
                                       
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                              НӘ 7.1.2-3 тарау, 5-12 б.
                                                                              5
Дәріс №5. Термодинамика негіздері. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к.  Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потенциалдар. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы. 
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                              НӘ 7.1.2-4 тарау, 5-12 б.
                                                                              6
Модуль 2. Дәріс №6. Нақты газдар. Молекулалардың эффективті диаметрі. Молекулааралық өзара әсер күштері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Кризистік нүкте. Үштік нүкте. 
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                              НӘ 7.1.2-5 тарау, 5-12 б.
                                                                              7
Дәріс №7. Электростатикалық өріс. Электр өрісінің кернеулігі. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Конденсаторлар.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                              НӘ 7.1.2-7 тарау, 5-12 б.
                                                                              8
Дәріс №8. Тұрақты электр тоғы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық  электрондық теориясы.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                              НӘ 7.1.2-8 тарау, 5-12 б.
                                                                              9
Дәріс №9. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементтің ЭҚК. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                              НӘ 7.1.2-9 тарау, 5-12 б.
                                                                             10
Дәріс №10. Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі.  Лоренц күші. Магнит өрісінде зарядталған бөлшектің қозғалысы. Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы.  Өзара индукция коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                             НӘ 7.1.2-10 тарау, 5-12 б.
                                                                             11
Дәріс №11. Гармоникалық тербеліс. Гармоникалық тербелістің жалпы сипаттамасы. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Өшу коэффициенті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Резонанс.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                             НӘ 7.1.2-11 тарау, 5-12 б.
                                                                             12
Дәріс №12. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналық әдісі. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы. Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік жіктелу. Голография.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                             НӘ 7.1.2-12 тарау, 5-12 б.
                                                                             13
Модуль 3. Дәріс №13. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Франк және Герц тәжірибелері. Фотоэффект. Комптон эффектісі.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                             НӘ 7.1.2-13 тарау, 5-12 б.
                                                                             14
Дәріс №14. Кванттық статистиканың элементтері. Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыздығы. Бозе-Эйнштейн және Ферми - Дирактың кванттық статистикалары туралы түсінік. Квазибөлшектрер. Олардың анықтамалары мен түрлері.  
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                             НӘ 7.1.2-14 тарау, 5-12 б.
                                                                             15
Дәріс №15. Атом. Молекула. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі. Сутегіге ұқсас атомдар. Энергетикалық деңгейлер, деңгейлердің ені. Кеңістіктің кванттау. Күрделі атомдарадағы электрондық деңгейлердің құрылымы. Паули принципі. Сутегінің молекуласы. Ионды және ковалентті байланыстар. Екі атомдық молекуланың электронды термдері.
Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің ауыспалы сипаты. Ядро моделі. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі.
Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы. Ядролық бөлінудің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Ядролық реактор. Синтез реакциясы. Энергия көздерінің проблемасы.
                                       2
                                                                              1
                                                                              1
                                                                              2
                                                                              6
                                             НӘ 7.1.2-15 тарау, 5-12 б.
                                                                               
* ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


                                                                               
                                                                               
                                                                               
                                                                               
Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. 
Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар. 
Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау  және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады.
Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ  - қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
<<Физика>> пәнін оқытуға қатыстылар:  
- оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау; 
- лекция материалдарымен жұмыс жасау және лекцияға дайындалу; 
- семинар сабақтарына дайындалу. 
3.1 Әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау: 
3.1.1 Әдебиеттен қажетті материалдың тарауын тауып, студент оны оқып және оқыған әрбір абзацына ат қояды. Егер студент абзацқа ат қоя білсе, онда оның сол абзацты түсінгенін көрсетеді. 
3.1.2 Осы абзацтағы материалды конспекті жасап, студент келесі тексттің абзацна көшеді. 
3.1.3 Егер студент тексттің әр абзацна ат беруге қиналса, онда материалдың мөлшерін үлкейтуге болады. Сонда студент материалды конспекті жасап, оған ат беруі мүмкін. Сөйтіп параграфтың барлық текстін өтуі керек. 
3.1.4 Осылайша материалды оқып және конспекті жасап, текстке қатысты сұрақтарға жауап беруі қажет.
3.1.5 Егер текстке қатысты сұрақтар жоқ болса, онда өзінің оқыған материалдары бойынша сұрақтарды өзі құрастыруы керек.
3.1.6 Соңында студенттің параграф бойынша оқыған материалдарын мазмұндап бергені тиімді.
3.2 Дәріске дайындық
3.2.1 Қолдарыңыздағы жұмыс бағдарламасында пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, негізгі әдебиеттер тізілген, дәріс сұрақтары берілген, зертхана жұмыстарының аттары, практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген.
3.2.2 Сабақ кестесі сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады.
3.2.3 Дәріс кезінде белсенді түрде жұмыс істеуге дайындық жасау үшін көрсетілген әдебиет бойынша дәріс материалын өзбетіңмен оқуың қажет, тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді қарастыру қажет, өз ойыңыз бойынша негізгі мәселелерді  көрсете отырыпқысқаша конспект жазу керек, оқытушыға тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек.
3.2.4 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз конспектіңізді толықтыруыңызға мүмкіндігіңіз бар, өз сұрақтарыңызға жауап алуыңызға болады. Өз конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы емтиханды және курстың соңында өткізілетін мемлекеттік емтиханды тапсыратын боласыз.
3.3 Практикалық сабаққа дайындық 
3.3.1 Практикалық сабаққа дайындалу үшін сізге бақылау сұрақтары белгілі, осы сұрақтардың жауабын білу қажет.
3.3.2 Сабақ кезінде шығарылатын есептер нөмірлері белгілі болғандықтан, ол есептерді өз бетіңізбен шығаруға тырысыңыз, себебі сабақ кезінде осы жұмыс үшін балл алуға болады.
3.3.3 Егер есептерді шығара алмасаңыз, ұсынылған, физикалық есептердің шығару жолдары көрсетілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыз.
3.3.4 Практикалық сабақтар кезінде, СОӨЖ  -  да қосымшаларда шығарылған есептерде сізге өз бетімен жұмыс тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.
3.3.5 Практикалық сабақ кезінде есепті шешуге ұсынылған әр қадам 1 баллға бағаланады.
3.3.6 Есепті шығарудағы өз бетімен жұмыс 5 баллға бааланады.
3.3.7 Практикалық сабақ кезінде тест бойынша жауап алу жүргізілуі мүмкін, әр сұрақ 1 баллға бағаланады.
3.3.8 Барлық алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады.
3.4 Зертханалық сабаққа дайындық
3.4.1 Студентке жұмыстардың тақырыбы мен әдебиеттер тізімі белгілі. Студент жұмыс дәптеріне конспект жасауы қажет, бақылау сұрақтарына жауаптар жазуы қажет.
3.4.2 Сабақ кезінде студент оқытушының қойған сұрақтарына жауап беріп, содан соң жұмысты орындауға рұқсат алуы қажет.
3.4.3 Өлшеулерді өте мұқият жүргізіп, студент жұмыс дәптерінде кестені толтырады және өлшеу нәтижелеріне математикалық өңдеу жасайды. Жұмыста қорытынды жасайды.
3.4.4 Жеке дәптерде жұмыс бойынша есеп жасайды.
3.4.5 Зертханалық жұмыстың орындалуы, есебі, қорғауы балмен бағаланады.
3.4.6 Барлық жұмыстар бойынша алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады.
4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ   
Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, практикалық сабақтарына дайын болуы керек.
Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламасы (syllabus), өз бетімен жұмысқа әдістемелік құралдар, дәріс конспектілері бар.
Студент барлық аудиториялық сабақтарға және СОӨЖ-қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына және семинарларға дайын болуы керек.
Студент сабақты босататын болса оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы керек. Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады.
СОӨЖ  -  ге сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша студент баяндама жасауына болады.
5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
Оқытушы талабы. Студенттің сабаққа қатысуы міндетті түрде. Егер студент үш сабаққа қатыспаса ол емтихан тапсыруға жіберілмейді және автоматты түрде сол пәннен кредит есептелінбейді. Сабаққа кешігу немесе сабақ аяқталмастан кетіп қалу сабаққа келмеген деп есептелінеді және оны қайта орнына келтіруге болмайды. Сонымен қатар студент практикалық және зертханалық сабақтар кезіндегі белсенділік танытуға, үй жұмысы мен СӨЖ-н және т.б. орындауға міндетті. 
Сабаққа кешігуге және сабақтан кетуге. Сабақ кекзінде ұялы телефонды пайдалануға. Өтірік айтуға, біреудің атын жамылуға, тапсырмаларды уақытында орындамауға тиым салынады. Осы ережелерді орындамау оқытушы талабының бұзылғаны болып табылады. 
СӨЖ тапсырмалары 1-2 және 8-9 апталарда беріледі. СӨЖ тапсырмаларын қабылдау 7 және 15апталарға дейін. Берілген уақыттан кеш тапсырған студенттің тапсырмалары қабылданбайды.
Студентке қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу: Дәріс, практикалық сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс  тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тақырып бойынша жауап беруіңіз керек.
Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз"  деген баға қойылады.
Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде  оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіліп  бағаланады.
Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.
Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз"  деген баға қойылады.
Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.
Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі. 
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
<<Физика>> пәні бойынша балдардың бөлінуі	
                                                                  2- кесте
                                Апталар
                                       
                                       

                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       5
                                       6
                                       7
                                       8
                                       9
                                      10
                                      11
                                      12
                                      13
                                      14
                                      15
                                       

                                баллдар
                                       
Аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу (1-7) және (8-15) апталарда
                                        
                                       
                                      60
Дәрістер
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
Машықтану
                                       
                                       
10
                                      10
                                      10
                                      10
                                      10
                                       
                                       
10

10
10
10
10
          100
Зертханалық
                                       
                                       
10
                                      10
                                      10
                                      10
                                      10
                                       
                                       
10

10
10
10
10
                                      100
СОӨЖ
                                       
                                       

                                      20
                                       
                                       
                                      20
                                       
                                       

20



20
                                      80
СӨЖ
                                       
                                       
20
                                       
                                       
                                      20
                                      20
                                       
                                       
20

20

20

                                      120
Межелікбақылау
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                      70
                                       
                                       





70
                                      140
Барлығы
                                       
                                       
                                      40
                                      40
                                      20
                                      40
                                      130
                                       
                                       
40
20
40
20
40
110
                                      540
	Студенттің пәнді меңгергенін оқытушы бағалайды. Студенттің жұмысын бағалаудың төрт мүмкін деңгейі қарастырылады: Репродуктивтікөмектесу арқылы (тану, қайталау); Репрадуктивті көмексіз (есте сақтау және типтік есептердішығаруға қолдану); Эвристикалық (типтік емес, қиын есептерді шығару); Шығармашылық (оқу-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында проблемалық есептерді шығару. Осы білім деңгейіне сәйкес балдар қойылады.

7 ОҚУЛЫҚТАР
  + 7.1 Негізгі оқулықтар
7.1.1 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.
7.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)
7.1.3 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М., Высшая школа, 1989 г.
7.1.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.
7.1.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..
7.1.6 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1 995 ж.
7.1.7 Сивухин Д.В. Общий курс физики. М, Наука, 1977-1986 г.
7.1.8 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Механика. Методикалық нұсқау, Семей 1990 ж.
7.1.9 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Методическое разработка  по молекулярной физике, Семей 1991
7.1.10 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж., Турысбекова Б.Ш. Электромагнетизм, Семей 1991 ж.
7.1.11 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Тербелістер мен толқындар, Семей 1991
7.1.12 Мұқышева М.К., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы 1-бөлім, Физика курсы, 2-бөлім Оқу құралы: Семей 2010ж.
7.1.13 Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.
7.2 Қосымша
7.2.1  Дж. Орир Физика в 2-х томах. Москва, Мир, 1981 г.
7.2.2 Берклеевский. Курс физики 1-6  томы, Москва, Наука, 1971  -  1978.
    o Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988г.
7.2.4 Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.
    o Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.
7.2.6 Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1986г.

Пәндер