Файл қосу

Тері аурулары



                                       
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                    3 деңгейлі СМЖ құжаты
                                   ПОӘК
                                       
                                       
                        ПОӘК 042-16-13.1.68/01-2013
                                       
                                   ПОӘК
Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы <<Спорт мектептерінде спорт сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар>>
                                       
                            <<__>>_______2013 ж. 
                              №3 басылым

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
<<Спорт мектептерінде спорт сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар>> пәнінен
Мамандығы:  5В010800  <<Дене шынықтыру және спорт>>
                                       
                                       
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       

                                       
                                       
                                       












                                          Семей  2013ж
Мазмұны.

* Дәрістің қысқашы мазмұны .................................................
* Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік           нұсқаулар ........................................................................
* СӨЖМ әдістемелік нұсқаулар ..............................................
* СӨЖ әдістемелік нұсқаулар .................................................


                                       
Дәрістің қысқашы мазмұны
ЛЕКЦИЯ №
Кіріспе. Дене шынықтыру және спорт гигиенасы пәні.  Мазмұны, мақсаты, міндеттері. 
Гигиена-бұл сыртқы ортаның адам денсаулығына әсер етуін зерттейтін медицинаның бір саласы. Гигиенаның негізгі міндеттері адамның жұмыс қабілетін көтеруге жәрдемдесетін өмір сүрудің ыңғайлы жақтарын қарастыру, оның ағзасының қоршаған ортаның зиянды әсеріне қарсы тұруын көтеру болып табылады.Адамды қоршаған орта үнемі қозғалыста және өзгерісте болады. Және оның барлығы бірдей адам ағзасына жайлы әсер етпейді. Сондықтан ағза үнемі қоршаған ортаның ауыспалы жағдайына бейімделумен болады, оның сәл өзгерісі әсер етеді. Адамдардағы бейімделу шегі әртүрлі. Мысалы, бір адам сәл суықтан ауырып қалады, ал келесі біреуі қатты суықта да жеңіл пальтомен жүреді, қыста суық суға шомылады. Біреулері егіс басында жазда күні бойы еңбек етсе, енді бірінің 2-3 сағаттан соң-ақ терісі күлдіреп қалады. Спортшы 42 км. 195 м. марафондық қашықтықты жүгіріп өтіп, кешке биге бара алса, шынықпаған адам шамалы дене еңбегінен соң шаршап қалады.Дене тәрбиесі мен спорт адамның қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделу құралы болып табылады. Дене жаттығуымен айналысу адам ағзасының бейімделуін қалыптастыруы маңызды орын алады, оның ыңғайсыз әсерлерге-ыстық пен суыққа, ауаның ауыспалы ылғалдылығына, үйренбеген дене жаттығуларына қарсы тұру қабілетін дамытады.Президент кешенінің жас ерекшеліктеріне сай деңгейі міндетті түрде жалпы және қоғамдық гигиена мен оны тәжірибеде қолдана білу туралы нақты білім береді. 1-ші, 2-сынып оқушыларына шамасы келетіндей түрде оқушы денсаулығы үшін дене тәрбиесінің маңызы туралы жуыну, ысқылау, шомылудың гигиеналық және шынықтыру маңызы туралы және дене тәрбиесі, сабағы, серуен, қозғалыс ойындары үшін киім мен аяқ киімді таңдау тәртібі жайында мағлұмат беріледі. Ал 3-ші, 4-сыныптарда оқушылар дене тәрбиесінің денсаулықты нығайтудағы, үлгерімді көтеретіні туралы, таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканы, дене тәрбиесі үзілісін, дене тәрбиесі мезеті жаттығуларын орындау барысында қалай тыныс алу керек екенін біледі. Келесі 5-6 сыныптарда оқушылар дене жаттығуларының ақыл-ой және дене жұмыс қабілетін көтерудегі маңызын, күн тәртібін және дене жаттығуларымен айналысудағы тамақтану тәртібінің маңызын біледі. Шынығудың түрлі әдістері туралы, спортпен шұғылданудың шыңдау әсерлері жайында оқушылар барынша терең және нақты білімді 7-8 сынынтарда алады. Әсіресе, адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы курсын өтетін 9-сыныпта білімдерін тереңдетеді.Жеке және қоғамдық гигиена саласындағы дене жаттығуларының гигиеналық негіздері жайлы жүйелі білімді жоғары сынып оқушылары, орта арнаулы оқу орындарының студентері, жоғары оқу орындарының студенттері толық меңгеруі тиіс. Бұл жастағы жастар үшін Президент кешені дене тәрбиесінің жеке гигиенасының, әртүрлі мамандық иелерінің белсенді қимыл ережесінің, олардың дене жаттығуларымен айналысудағы тиімді тамақтануының, дене және ақыл-ой қабілетін көтеру мен денсаулықты нығайтып сақтау үшін, қалпына келтіру массаждарын және де басқа дене тәрбиесі мен спорттың тиімді құралдарын пайдалану туралы сұрақтарына терең үйретуді қарастырады. Спортшының жеке гигиенасыСпортшылар мен дене тәрбиешілері өз ағзасының қызметін реттеу үшін қимыл шарттарын саналы түрде күрделендіреді, мысалы, ауырсалмақты бірнеше рет көтереді, үлкен қашықтықты жүгіріп өтеді, жаттығуларды үлкен күшпен орындайды. Алайда қызметтің шарттарын күрделендіргенде есепсіздікке жол бермеу керек, дене тәрбиесі және спортпен айналысатындарға арналған ұсыныстар мен гигиена ережесінде бекітілген, ғылыми негізделген дене жүктемесін ұстану қажет. Оларды оқу жаттықтыру сабақтарында сақтау осыған сәйкес дене жаттығуларының өзіндік үй тапсырмасын ұйымдастыру қажет.Дене тәрбиешісі мен спортшының жеке гигиенасына қандай талаптар қойылады? Адам денсаулығын еңбек қызметі мен тұрмысына қарай нығайтып сақтауға арналған талаптар жеке гигиена негіздерін құрайды. Адам бұлардың көпшілігін балалық шақтан бастап меңгереді. Мысалы, ауа райына қарай киіну, тіс тазалау, тамақ алдында қол жуу және т.б., күн тәртібі, еңбек пен демалыстың тиімді кезектесуі, тері мен денені күту, калыпты ұйқы, тамақ, киім мен аяқ киімге деген талаптар және де басқа жеке гигиена талаптары мен ережелерімен олар бүкіл өміріндегі білім беру мен тәрбие үрдістерінде танысады. Ол неғұрлым осы пайдалы білімді ертерек меңгерсе, соғұрлым оның дамуы жеделдейді, өмірі толыққанды, әрі қызықты болады, шығармашылық қызметі-ұзақ, әрі тығыз болады.Күн тәртібі немесе оны қатаң сақтау үнемі тұру уақыты мен ТТГ, су процедуралары мен таңертеңгі тамақты жұмысқа немесе сабаққа баруды, түске үзіліс пен үйге қайтуды, тамақ ішу мен демалысты, спорт сабақтары мен ұйқыға жатуды және де басқа қызмет түрлерін қарастырады. Бұндай күн тәртібінің көптеген жылдар қайталап бекітілуі дағдыға айналады.Соңында бұл адамның тек сыртқы ұйымдастырылғанын емес, оның ішкі күрделі өмірлік үрдістерді жүргізуінде көрінеді. Мысалы, күнделікті бір уақытта тұрып, ТТГ жаттығуларын жасау әдеті барлық ағзаның ырғақты қызметін, тез атқаруды, жоғары жұмыс қабілетін қамтамасыз етіп, күні бойғы көңіл-күйдің көтеріңкі болуына ықпал етеді. Күнделікті күн тәртібінің болмауы жұмысқа жай кірісуге, жалпы өзін-өзі нашар сезінуге, ал спортшыларда төменгі нәтижелерге әкеледі.Күн тәртібін құруға кірісерде өз жұмыстарыңның барлық түрін-оқу мен спортты, үй және қоғамдық жұмыстарды, бос уақытты және басқаларын ескеру қажет. Жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі оқытушыларының кеңесі, білімі және тәжірибесі жемісті оқуға, спорттың кез-келген түрімен айналысуға болатындай күн тәртібін жасауға жәрдемдеседі. Мысал үшін спорт секциясына қатысатын орта арнаулы оқу орындарының оқушыларына арналған күн тәртібінің бір нұсқасын келтіреміз.Тәулік уақыты Қызмет түрлері7.00 Тұру және төсек жинау.7.05-7.20 Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика.7.20-7.45 Шынығу процедуралары жуыну, киіну.7.45-8.00 Таңертеңгі тамақ.8.00-8.20 Сабаққа бару жолы (серуен).8.30-14.30 Оқу сабақтары, қоғамдық жұмыстар. (үзілісте-екінші таңертеңгі тамақ)14.30-15.00 Үйге дейінгі жол (серуен)15.00-15.30 Түскі тамақ15.30-16.30 Түстен кейінгі демалыс16.30-18.00 Дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу және жаттықтыру сабақтары, сол сияқты үй жұмыстары, бос уақыт және т.б.18.00-18.10 Бесін тамағы18.10-20.00 Үй тапсырмаларын дайындау.20.00-2030 Кешкі тамақ.20.30-22.00 Бос уақыт (серуен, кітап оқу, теледидар көру т.б.).22.00- Ұйқыға жату.Ұйқы-күн тәртібінің ажырамас бөлігі. Ұйқы кезінде ағза демалады, күшті жинап қайта қалпына келтіреді. Ұйқы жүйке жүйесі үшін ең қажетті нәрсе, өйткені жүйке жүйесі басқа жасушаларға қарағанда тез шаршайды, әрі ұйқы қанбауынан көп зардап шегеді. Жүйке жасушаларын жақсы қоректендірумен қатар ұйқы шаршауды басады, салмақ түсудің алдын алады және келесі жұмыстар үшін куат көзін толықтырады.Ұйқы қажеттігі әдетте 14-16 сағ. бойы үздіксіз сергек жүруден соң туындайды. Ересек адам үшін тәулігіне 8 сағ., ал жасөспірімдерге 9-10 сағат талап етіледі. 22-ден 23-ке дейінгі уақыт ұйқыға жату үшін ең тиімді кез болып саналады.Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын оқушылар қарбалас жұмыс кезеңінде (емтихан, жарыстар, жаттықтырулар) ұйқы уақытын созуы керек. Тез және катты ұйықтап кету үшін таза ауада 30-40 мин. кешкі серуен мен бөлмені желдетіп алған жөн. Сонымен бірге күндізгі ұйқы да пайдалы, бірақ көбінесе күндізгі ұйқыдан соң түнгі ұйқы бұзылады, сондықтан күндізгі ұйқыға деген өз ерекшелігіңізді ескеріңіз. Күні бойы қатты шаршағанда әдеттегіден 1-2 сағ. ертерек ұйқыға жатуға болады. Жарыс алдында спортшыларда толқу, уайымдау салдарынан ұйқы бұзылуы мүмкін. Тиімді тамақтану мен барлық гигиеналық ережелерді катаң сақтау ұйқысыздықтың алдын алуға жәрдемдеседі.Тері мен денені күту. Біздің денеміздегі тері жамылғылары ағза мен қоршаған орта арасындағы байланыста үлкен роль атқарады, ішкі ағзалар мен тканьдерді сыртқы әсерлерден қорғап, жылу реттеу үрдісін жүзеге асырып отырады. Бұл қызметтің дұрыс орындалуын белгілі бір деңгейде тері жамынғыларының тазалығына байланысты.Теріде микроорганизмдер үшін ыңғайлы орта болатын май мен тер бөлінуінен кір мен шай пайда болады. Кір тері белгілі бір деңгейде өзінің бактерия өлтіргіштік қасиетінен айырылады, ал тері жамылғыларының жарақаттануы (тырналу, жырып кету, жаралар) микробтардың терінің терең тканьдеріне енуіне жағдай жасайды. Теріге дұрыс күтім жасалмағанда киім мен аяқ киімді дұрыс тандамағанда, қажалу, қысылу нәтижесінде теріде іріңді-саңырауқұлақты аурулар пайда болады. Басқада тері аурулары мен жарақаттары тері құрғақтығынан, тершендіктен, катты қатудан, дұрыс тамақтанбаудан болуы мүмкін.Ыстық сумен жуынуға моншаға бару үшін спортшыға аптасына бір реттен жиі емес тәртіп ұсынылады, ал жаттықтырудан соң жылы душ қабылдайды (t+40[0]C шамасында). Өте ыстық немесе өте суық су орталық жүйке жүйесінің қозуын жоғарылатады (ОЖЖ), ол өз кезегінде ұйқыны бұзады. Буланған және құрғақ ауаны монша қалпына келтіру үрдісін тездетеді, ағзаның бейімделу мүмкіндігін (қабілеттілігін) арттырады, жүрек-буын жүйесінің және жылу реттеу үрдісінің тиімді жұмыс ырғағын жақсартады. Монша тері жамылғыларын тазалауда үлкен гигиеналық маңызға ие. Алайда оны ыстық әлсіздікке, бас ауруына, әсіресе жас спортшыларда жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуіне әкеліп соғады.Кейбір спорт ойындары мен бірсайыстарда (баскетбол, гандбол, регби, күрес және басқалар) спортшылардағы жарақат себебі күтімі жоқ тырнақтан болуы мүмкін. Гимнастикамен, шаңғымен, ескекпен (гребля) және де басқа спорт түрлерімен айналысу терінің мүйізденіп күлдіреп қалуына (мазоль) әкеліп соғуы мүмкін. Оларға глицеринмен кремді қолдану ұсынылады, ал аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып, аяқ қырғышпен тазалау керек.Сонымен бірге шаш та үнемі күтімді қажет етеді, ол дене тәрбиесі және спортпен қарқынды айналысуда әдеттегіден де тез кірлейді. Шашты апта сайын (күн сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы, тек себепсіз шашты қолмен ұстай беруге болмайды, сонымен бірге күнара басқа арнайы массаж щеткасымен массаж жасап тұру керек.Tic пен ауыз қуысы күтімі-бұл тек ағарту жұмысы емес. Ауру тіс пен кейбір асқазан-ішек ауруларының арасында тікелей байланыс бар.Ауыз куысындағы ас қалдығы микробтар үшін қолайлы жағдай туғызады. Олар ауыздан жағымсыз иіс шығарады, тістің тез сарғаюына жағдай жасайды, ол тіс пен ауыз қуысын түрлі ауруына, тістің қызыл етінің ісінуіне, (пародонтоз), ал асқынып кеткен жағдайда тістің босап, тіпті түсіп қалуына әкеліп соғады. Сондықтан тісті күнделікті екі рет тіс пастасы немесе тіс ұнтағымен жуып тұру міндетті болып саналады.Қызыл ет тканьдерінің ең дұрыс жаттықтыруы ауыз душы (гидромассаж) болып саналады. Бұл үшін "гидростат" сияқты немесе жіңішке шланга түріндегі арнайы құралды пайдаланады ("гидростом"-майда тесіктері бар темір душ. Процедура ұзақтығы-5-10 мин. Қызыл иекті жылы және салқын сумен кезектесіріп шаю да тиімді. Алайда тіс эмалінің жылылыққа және салқындыққа өте әсершілдігіне қарай +35...+37[0]С температурадағы суды пайдалану ұсынылады.Ауыз қуысының күтіміне арнайы дәрігердің тексеруі де (санация) кіреді. Әдетте санацияға емдеуге жатпайтын тіс тасын алу, поломба салу, сынған тістер мен түбірін жұлу жатады. Қай жағдайында массаж жасауда пайдалы, онда саусақпен және басбармақпен жоғарғы қызыл етті жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай уқалайды. Уқалау қимылдары жеңіл болуы керек. Уқалау ұзақтығы-3-5 мин.Дене және ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Адамның жүйке жүйесі үздіксіз қызмет істейді. Ол барлық ағзаның үйлесіп қызмет істеуін, оның қоршаған ортамен байланысын камтамасыз етеді. Адам қызметіне қарай шаршау дене еңбегінде болсын, ақыл-ой еңбегінде болсын алдымен ОЖЖ-де дамиды. ОЖЖ-іне ауырлық түсірмеудің алдын алу мақсатында тиімді еңбек туралы гигиеналық негізделген элементтер қолданылады.Дене еңбегінің тиімділігі жұмысшының артық қимылын алып тастауға қызу ырғақты дұрыс жүйелеуге және түрлі бұлшық ет топтарын демалдыруға бағытталған. Бұнымен еңбек процесіне қатысатын бұлшық ет қызметін реттейтін бас миы бөлігін қоздыру мен тежеуді кезектестіруді қамтамасыз етеді. ОЖЖ салмағының алдын алуға қызметтің басқа түріне ауыстыру жәрдемдеседі, мысалы, өндірістік гимнастика, дене шынықтыру мезеті жаттығуларын орындау. Бұндағы ең маңыздысы жұмысқа қатысы жоқ бұлшық ет топтарын да жаттықтырады.Үздіксіз және қарқынды ақыл-ойы еңбегі ОЖЖ-нің шаршауын туындатады. Бас миының шаршаған бөліктерін демалдырудың жақсы құралы "басқа жұмыс түріне өту болып есептеледі, бірақ ауыр дене еңбегі болмауы тиіс, мысалы, бақшаға қарау, серуен, жүгіру, гимнастика және т.б. Бұл ұсыныстар мүмкіндігінше оқу орнының сабақ кестесінде ескеріледі. Оларды оқушылар да біліп, қолдануы тиіс: үй тапсырмасын орындау үзілісінде жеңіл дене жаттығуларын орындауға пайдалану, емтиханға дайындалу барысында дене тәрбиесімен және спортпен айналысуды тоқтатпаңдар. Ақыл-ой және дене еңбегіне кезектестіру сендердің жүйке жүйелерінді шаршамаудан сақтап, оның жұмыс қабілетін арттыратынын есте ұстаған абзал.
ЛЕКЦИЯ №
Сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы. Ауа гигиенасы Су гигиенасы Адамдар тіршілігіне ауаның маңызы. Ауаның физикалық қасиеттері, химиялық құрамы. Ауаға қойылатын гигиеналық талаптар. Суға қойылатын гигиеналық талаптар. Сумен жабдықтау. Ауыз суының гигиенасы. Суды тазарту әдістері. Топыраққа қойылатын гигиеналық талаптар. Сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы және оларды мектеп оқушыларына шынықтыру үшін пайдалану.
Адамдардың ұзақ уақыт болатын бөлмелері күні бойғы тіршілік іс-әрекетінің қалдықтарымен, яғни дем алғандағы ішкі ауалар, ішек газдары, тері арқылы бөлінулер, антропотастандылар арқылы ластанып тұрады. Сонымен қатар ауа құрамы тұрмысқа байланысты химиялық бөлінулер (жеке жұмыстарға қолданылған полимерлік материалдар, залалсыздандыру заттары, желдеткіштердің дұрыс болмауы т.с.с.) арқылы ластанады.
Осындай жағдайлардың нәтижесінде ауаның биологиялық қасиеті жедел өзгеріп, тотығуы жоғарылап, бактериямен ластануы өсе түседі. Оның электрлік қасиеті де, иондық құрамы да өзгереді - организмнің функционалдық жүйелеріне қолайсыз әсер ететін ауыр, оң зарядталған бөлшектердің саны өседі. Адамнан бөлінетін жылу, ылғал арқылы бөлме ауасының температурасы мен ылғалдылығы жоғарылайды.
Ауаның ластануы бала организміне өте қолайсыз әсер етеді. Химиялық ластанулар аллергиялық тітіркендіргіш ретінде кейде тіпті улағыш зат ретінде әсер етеді. Аммиак пен ацетон сияқты антропотастандылар тыныс алу функциясына кері әсер етіп, сілекейдегі лизоцимнің азаюына, оның бактерицидтік қасиетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайлар орталық жүйке-жүйесінің өзгерістеріне, қызмет қабілетінің төмендеуіне, бас ауруына, әлсіздікке, қатты қажуға әкеліп соғады.
Ауаның физикалық параметрлерінің өзгеруі организм мен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуға әсер етіп жылу-реттеу жүйесінің күрделі қызметіне жүктеме түсіреді.
Балалар мен жасөспірімдердің термореттеу жүйелерінің ерекшелігіне байланысты, олар микроклиматтың және бөлменің жылулық өзгерісіне өте сезімтал келетіндіктен, оларға ауа-жылу комфортын қалыптастырып, термореттеу механизмдерін жаттықтыруға жағдай жасау қажет.
Балалар бөлмелерінің микроклиматын нормалау бөлменің функционалдық жағдайына, баланың жасына, климаттық аймаққа байланысты жасалады және бұл норма оның жаттықтыру әсерін ескере отырып жасалған, яғни тек комфорттық жағдай ғана емес, салыстырмалы түрдегі қолайлылығы қарастырылған.
Ылғалдылықтың жақсы көрсеткіші (климат ерекшеліктерін ескерместен) 30-50%, рұқсат етілген деңгейі 25-60 %; Ауа қозғалысының жылдамдығының ең қолайлы деңгейі 0,06-0,25 м/с, рұқсат етілген деңгейі 0,3 м/саралықта болады.
Бөлме микроклиматының дұрыс болуы әртүрлі жылу жүйелері арқылы жасалады. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жылу қондырғылары шартты түрде конвективті (конвекторлар, радиаторлар) және сәулелі (панельдер) деп бөлінеді.
Ғимараттың жылу жүйесімен қамтамасыз етілуі орталық жылу электр жүйесінен (ОЖЭЖ) немесе жергілікті от жағатын орындардан алынады.
Конвекторлар мен радиаторлардан ауа ағынына жылу бөлінуі тұрақты түрде айналып отырады, мұнда қабырға салқын күйінде қалады. Жылу көзі болып табылатын  -  судың ыссылық деңгейі жылу қондырғыларының сыртында МДМ үшін 850С, мектеп және басқа оқу орындары мен салауаттандыру лагерлерінде 950С жоғары болады.
Жылу беретін жүйелер (еденде немесе төбеде) көлденеңінен орналасқан болса, оны сәулелі жүйе деп, ал қабырғаға тігінен орналасқан болса панельді жүйе деп аталады.
Ауа соратын желдеткіштердің жеке жүйесі сынып бөлмелеріне, оқу кабинеттеріне, лабораторияларға, мәжіліс залына, дәріс аудиторияларына, оқу шеберханаларына, спорт залдарға, асхана мен дәрігерлік пунктте орнатылады.
Мектеп асханаларының ауа алмасуы асханадан бөлінетін жылы ауаның сорылу көлеміне есептеледі.
Оқу бөлмелерінің терезелерінің жоғарғы жақтауының ашпалы көздері еденнің 1/50 бөлігіне тең болуы керек. Олар жылдың барлық мезгілінде іске қосылып тұрады.
Оқу бөлмелері үзіліс кезінде, ал рекреация бөлмелері сабақ өту кезінде желдетіледі. Сабақ басталуға дейін және сабақтан соң екі жақты желдетілу керек. Жылдың жылы мезгілдерінде сабақты терезенің жоғарғы жағын ашып қойып өткізуге болады.
Денешынықтыру сабағы жақсы желдетілген залда өткізіледі. Ол үшін даладағы ауаның температурасы +50С, онда жел ағыны төмен жағдайда 1-2 терезені ашып қойған дұрыс. Одан төмен температурада, жел ағыны жоғары болғанда терезенің жоғарғы жағын ашып қояды, балалар жоқта екі жақты желдетіледі. Бөлме температурасы 15-140С болғанда залды желдетуді тоқтатады.
Желдеткіш - бөлмедегі лас ауаны әкетіп, таза ауа әкелу арқылы, бөлмеде нормаға сәйкес метеорологиялық жағдай мен ауа тазалығын сақтауға жағдай жасайды. Табиғи желдету - таза ауа есік, терезелер арқылы келіп, лас ауа қабырғаға орнатылған ауа сорғыш каналдар арқылы әкетіледі. Механикалық желдеткіш - ауаны механикалық соруға арналғандықтан, ауа алмасуды күшейтеді.
Жергілікті ауа сорғыш желдеткіші лас ауа бөлінетін жерге орнатуға арналғандықтан олар химия кабинетінде, оқу-өндірістік шеберханаларда, асханаларда, т.с.с. орналастырылады.
Балалар мекемелерінде балаларды салқын тигеннен сақтандыру үшін, бөлмелердің желдетілуі мен желдеткіштердің жұмысына бақылау жасалады. Терезенің жоғарғы жақтарының, терезе жаппаларының дұрыстығы тексеріледі. Бөлмені екі жақты желдету, балалар жоқ кезде жасалады. Желдету кезінде дәретхана есіктері жабық тұрады.
Мектептерде үзіліс кезінде сыныптар желдетіліп, ал, сабақ кезінде рекреация бөлмелері желдетіледі. Дәретханаларда желдету тек ауа сорғыш каналадар арқылы жасалады.
Желдеткіштердің қызмет етіп тұрғандығын анықтау үшін, оның тесігіне жанып тұрған шырақты немесе жеңіл қағаздың қиығын апарады. Егер желдеткіш дұрыс болса шырақ оты немесе қағаз бір жаққа қарай қозғалады. Ауаның жағдайын анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.
Жалпы білім беру мекемелері СанНменЕ сәйкес залалсыз таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі керек. Химия, физика, биология кабинеттерінің лабораторияларына, санитарлық тораптарға, бірінші-төртінші сыныптардың әрбір бөлмелеріне және ұзартылған күн тәртібіндегі бөлмелерге міндетті түрде суық су жүйесі қосылуы керек. Сызу және көркемөнер кабинеттеріне, информатика және электрлі есептеу техникалары, техникалық модельдеу, жас натуралистер, сурет салу, скульптор жасау үйірмелеріне арналған бөлмелерге тігін және ас пісіру шеберханаларына, оқытушылар бөлмесіне, асханаға, қыз балалардың жеке бас гигиенасына арналған бөлмелеріне, фото- және кино лабораторияларына т.с.с. суық сумен қатар, ыстық су жүйесі қосылуы керек.
Ыстық судың температурасы 600С жоғары болмауы керек. Жалпы білім беру мектептерде эпидемиологиялық жайлы кездерде сода, сабын немесе жасанды жуғыш заттарды пайдалану арқылы күнделікті жуып-тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Сынып бөлмелерін және т.б. оқу және қосымша бөлмелерді сабақтан соң, терезе жаппаларын ашып жуып, тазартады. Мектеп 2 ауысымды болса, тазартуды күніне 2 рет жүргізеді.
Айына бір рет тазалық заттарымен бірге залаласыздандыру заттарын пайдалана отырып жалпы тазарту жасалады.
Жалпы көпшілікке арналған орындар (буфет, асхана, мед. кабинеттер және дәретханалар) күнделікті залаласыздандыру заттарын пайдалану арқылы тазартылады.
Мектеп учаскесінің территориясы да күнделікті тазартылып отыруы керек. Қоқыс-қалдықтарды беті жабылатын металл қоқыс салғыштарға жинайды. Оларды ғимараттан 25м қашықтықта, бетон немесе асфальтпен қапталған арнаулы орындарда орналастырады. Қоқыс салғыштарды аптасына 2 рет тазартып, залалсыздандырады.
Балалар мекемесінің территориясында бақылаусыз, қаңғырған малдар, ит, мысықтар т.б. жануарлар жүруіне тиым салынады.

ЛЕКЦИЯ №
Спорттық  ғимараттарға және санитарлық-техникалық құрылыстарға қойылатын гигиеналық талаптар.
Спорттық жабдықтарға спорттық-оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар Спорт құрылыстарына қойылатын гигиеналық талаптар. Ашық және жабық спорт құрылыстарының түрлері. Ғимарат орны мен жер участогын таңдау. Ғимарат жоспары. Жылыту. Ауа режимі. Жарық режимі. Сумен жабдықтау. Оқу жабдықтары. Жиһаздарды дұрыс іріктеу және парталарға оқушыларды дұрыс орналастыру. Жиһаздарды бөлмелерде дұрыс орналастыру. Оқулықтар, оқу-жазу саймандары, көрнекті құралдар гигиенасы.
Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеу. Оқу-тәрбие мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының қолданылуына қарап анықтайды.
Негізгі талаптардың бірі  -  жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.
Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды; Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды роль атқарады. Бұл талаптар сақталмағанда жұмыс істеу жағдайының қолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, "дене мүсінінің" бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары көбейеді және т.б. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.
Ғылыми мәліметтер бойынша бас пен дененің кеуде бөлігінің алға қарай біраз еңкіш болып келгені дұрыс. Дененің еңкіштігі аздаған немесе орташа болып келеді. Аздап еңкіштік кеуде бөлігінің, белге қарағандағы бұрышы 1700-қа жуық, ал орташа болғанда бұл бұрыш 1600-қа жуық болып келеді. Статикалық және биомеханикалық тұрғыдан дене тұлғасының аздаған еңкіштігі, ауырлық орталығының амплитудасын онша көп ауыстырмайтындықтан дұрыс болып саналады. Орташа және одан көбірек еңкіштік ауырлық ортасының алға қарай ауысып, оның қозғалу амплитудасын кеңейтіп жібереді. Мұндай жағдайда арқа, мойын бұлшық еттеріне жүктеме түсетіндіктен, тыныс алу қозғалыстарының амплитудасы тарылып, пульс жиілігін біршама жоғарылатып, көз көруін нашарлатып, веналық қан тамырлардың қызметін төмендетіп, омыртқа аралық шеміршектердің алдыңғы жағының жаншылуына әкелетіндіктен бірқатар патологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін.
Балалардың сабақ кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығын анықтау үшін дене кейіпінің жағдайына әсер ететін бірнеше мағлұматтарды ескеру қажет және осыған байланысты физиологиялық, патофизиологиялық, психофизиологиялық белгілерді бөліп қарауға болады.
Дене тұлғасының жағдайына баға беруге арналған физиологиялық белгілерге дене қалпын сақтауға қатысатын бұлшық еттердің белсенділігінің дәрежесі жатады. Дене тұлғаның дұрыстығы қан айналуы мен тыныс алу реакцияларымен де анықталады.
Түрегеліп тұрғаннан көрі, отырған жағдайдағы дене тұлғасы энергия шығыны тұрғысынан алғанда біршама қолайлы болып келеді: тірек аудунының кеңдігімен, ауырлық орталығының біршама төмендеу келетіндігімен, соған сәйкес дене тұрақтылығы гемодинамикалық ыңғайлылығымен сипатталады.
Дененің тепе-теңдігі мықты, жүрек, қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, есту және көру анализаторларының қызметі жақсы болған жағдайдағы дене тұлғасы дұрыс деп саналады.
Патофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының ассиметриясы және соған сәйкес бұлшық ет белсенділігінің ассиметриясы мен партаға отырған кезде немесе верстакта жұмыс істеген кезде дененің кеуде бөлігінің еңкіштігі жатады.
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің шартты түрдегі ыңғайсыздығы организмде қажу дамуын жеделдетіп, соған байланысты әр түрлі өзгерістерге (дене тұлғаның еңкіштігі, сколиоздар, иық пен жауырынның ассиметриясы т.с.с.) дамуына әкеліп соғады.
Психофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының құймшақ маңайы және санның артқы бөлігімен субъективті байланысы, ұзақ уақыт мазасыздыққа, көру жұмысы кезінде көзден жұмыс бетіне дейінгі қолайлылық жпғдайына баға беру жатады. Оқу процесінде техникалық оқу құралдарын пайдалануға байланысты психофиологиялық белгілердің маңызы арта бастады.
Баланың сабақ кезінде столға дұрыс отыруы, баланың басының, столдың жазық бетіне еңкеюінен пайда болады, мұнда еңкею бұрышы 25-510, кеуде жағы 41-620, бүкіл дене 85-1000 болуы керек. Ол үшін мектеп жиһаздарының негізіг бөліктерінің - стол мен орындықтың биіктіктерінің қатынасының дұрыстығы міндетті түрде сақталуы қажет.
Бұл қатынастар дифференция, орындық арқалығының ара қашықтығы және орындықтың ара қашықтығы көлемдері арқылы анықталады (сурет)
Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.
Орындық арқалығының ара қашықтығы - столдың артқы қырынан (көлденеңінен) орындық арқалығына дейінгі аралық, бұл аралық көкірек қүысының алдыңғы-артқы диаметрінен 5см жоғары болмауы керек. Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп, тыныс алу, қан айналу қызметі бұзылып, жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болып, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың басталуы жеделдеп, қызмет қабілеті төмендейді.
Орындықтың дистанциясы - столдың артқы қыры мен (көлденеңінен) орындықтың алдыңғы қырының аралығы. Орындықтың дистанциясы - теріс болуы керек, яғни орындықтың отырғышы столдың астына 4-8см кіріп тұруы керек; <<Нөлдікң, әсіресе <<оңң дистанцияда, оқушы столға қарай еңкейіп, алдына қарай созылып отыруға мәжбүр болады. Жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыздыққа ұшырап, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың дамуы жеделдейді. <<оңң дистанция оқушы орнынан тұрып, столдан шығуы үшін ғана қажет. <<Терісң дистанцияның <<оңң дистанцияға ауысуы стол қақпағын ашу немесе орындықты жылжыту арқылы жасалады.

ЛЕКЦИЯ №
Жұқпалы аурулардың алдын алу. Жұпалы аурулар, олардың түрлері. Оларды емдеу, алдын алу. Ауа-тамшылы инфекцияны алдын ала емдеу. Тері аурулары. Венериолгиялық аурулар. Организмнің жұқпалы аурулардан өзін-өзі қорғау. Иммунитет. Иммунитет түрлері.
Иммунитет (латынша іm-munіtas  -  босап шығу, арылу, құтылу).Биологияда  -  организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет  -  көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді.Қорғаушы заттар, антиденеОрганизмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар  -  фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әр түрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын белок, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар  -  антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.Президенттік иммунитетПрезиденттік иммунитет  -  мемлекет басшысы өзінің міндетін атқарып тұрған кезінде тұтқындалмайтынын, қамауға алынбайтынын, сот алдында жауапқа тартылмайтынын білдіреді. Президенттік иммунитет тек Конституцияда көзделген ерекше тәртіппен қызметтен кетірілгенде ғана (импичмент, қызметтен босатылу, т.б.) алынып тасталады. Бұдан кейін президент сот тәртібімен қудалануы мүмкін (АҚШ, Бразилия, Венесуэла), не мүлде қудаланбайды (Чехия). Францияда және кейбір басқа да елдерде президент тек мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда ғана парламенттің шешімімен арнаулы сотқа беріледі. Қазақстанда, Конституцияда көзделгеніндей, ел Президентіне, оның абыройы мен ар-намысына ешкімнің тиісуіне болмайды .Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеуКейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса  -  белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса  -  енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2  -  3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар.




ЛЕКЦИЯ №
Тамақтану гигиенасы. 
Тамақтану режимін құру. Тәуліктік энергия шығынын анықтау. Хронометражды кесте әдісімен танысу
Тәуліктік тамақтанудың гигиенасы. Тәуліктік тамақ мөлшерін және құрамын анықтау. Спортшылардың тамақтану тәртібі.
. Дене тәрбиесі және спорт сабақтарындағы тамақтану тәртібіДене еңбегі, дене тәрбиесі мен спорт сабақтары көп қуат жұмсайтыны белгілі. Төменде адам қызметінің кейбір түрлеріндегі қуат шығыны келтірілген.Кесте 1.
Қызмет түрлері
1 кг дене салмағының 1 мин. уақыттағы жұмсаған қуаты
Ұйқы
0,155
0,05510
Сергек демалыс (отырып)
0,0229
0,09618
Сыныптық оқу сабақтары
0,0274
0,11088
ТТГ жаттығулары, өндірістік гимнастика
0,0405
0,17010
Салмақты жүру, жылдамдығы 4 км/сағ. дейін
0,0480
0,20160
Барынша тез жүру, 5 км/сағ.дейін
0,0690
0,28980
Тез жүру, 6 км/сағ.дейін
0,0713
0,29946
Бірқалыпты жүзу
0,0808
0,33936
Бадментон, жұп ойындары
0,0920
0,38640
Коньки тебу
0,1070
0,44940
Волейбол (немесе теннис жұп ойындары)
0,1090
0,45780
Велосеруен
0,1150
0,48300
Біркдлыпты гребля
0,1250
0,52500
Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар
0,1280
0,53700
Бірқалыпты жүгіру, жылдамдығы 8 кмс/сағ. дейін
0,1357
0,56994
Өте тез жүру, 8 км/сағ. дейін
0,1548
0,65016
Бадминтон, жеке кездесу
0,1770
0,74340
Қарқынды жылдамдықпен жүгіру 1 км/сағ. дейін
0,1780
0,74760
Спорттық күрес
0,1866
0,78372
Кедергі орындардағы шаңғымен сырғанау
0,2086
0,87612
Тез жүгіру, 15 км/сағ. дейін
0,2500
1,05000
Өте тез жүгіру, 20 км/сағ. немесе 320 м/мин дейін
0,3200
1,34400
Байқағанымыздай, 8 км/сағ. жылдамдыкден жүруде ұйқы жағдайына қарағанда қуат шығыны 10 есе өседі. Спорт бірсайыстарының кейбір түрлерінде қуат шығыны одан да көп өседі. Адам денсаулығы мен қимыл белсенділігі өзара тығыз байланыста. Сондықтан дене тәрбиешілері мен спортшылар тек дене жаттығуларын пайдаланудың негізгі әдістемелік ережелері мен табиғи (күн, ауа, су) гигиеналық сауықтыру факторларын біліп қана қоймай, сонымен бірге дене жүктемесін мөлшерлеп, істеген дене жұмысының көлемін ескере білуі керек.Медициналық және дене тәжірибесінде адам қимыл белсенділігінің есебі мен мөлшерлеу әдістерінің көп түрлері пайдаланылады: дене жаттығуларын орындауға жұмсаған уақыт есебіне қарай: жүріп өткен жолдың (жаяу, шаңғымен, жүзіп, велосипедпен т.б.) көлемі бойынша, жүру мен жүгіру қадамдарының санына (қадам өлшегішпен өлшенеді) байланысты, жүрек жиырылуы жиілігінің (ЖЖЖ) пульсіне қарап; берілген жұмысқа шығындаған қуат көлеміне қарай (ккал, қаж), сонымен бірге арнайы білімді талап ететін басқада әдістер мен аппараттар бар.Қимыл белсенділігін есептегенде, денсаулығы мықты жас адам (дене салмағы 70 кг-ға жуық) белсенді қимыл тәртібі мен жақсы тамақтанғанда тәулігіне 3000 ккал-ға жуық қуат жұмсайды екен, ол оған өз денсаулығы мен жоғары жұмыс қабілеті деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұруға және нығайтып сақтауға көмектеседі. Бұл тәуліктік қуат шығын есебі үш бөлікке бөлінеді. Негізгі алмасу (1800 шамамен 1800 ккал)-адам қуатының толық тыныштықтағы өмірлік процестерді ұстап тұруына кеткен шығыны: ішкі органдардың қызметі, ас қорыту, ұлпалардағы биохимиялық реакциялар, бұлшық ет тонусы және басқалар.Ең төменгі қажетті қимылдар сабақ уақытында өндірісте және тұрмыста (шамамен 400-600 ккал): киіну, жинастыру, тамақ ішу, сабаққа, жұмысқа бару және қайту, өндірістік қызмет, сергек демалыс және басқалары.Жаттықтырушы дене жүктемелері (600-800 ккал және одан жоғары): ұзақ жүру, жүгіру, дене жаттығуларымен айналысу (ТТГ, өндірістік гимнастика, спорт жаттықтыруы), жүзу, гребля, шаңғымен немесе велосипедпен серуендеу, шаңғы тебу, спорт ойындары және басқалары.Белсенді жаттығып, сабаққа қатысатын спортшылар жоғары белсенді қимыл деңгейімен және дене жұмысына көп қуат шығынын жұмсаумен ерекшеленеді. Жұмсалған қуатты толықтыру-әрбір адамның, әсіресе дене тәрбиешісі мен спортшының ең маңызды міндеттерінің бірі. Іс тамақ құрамымен және калориясымен ғана бітпейді. Біз тиімді тамақтану туралы сөз еткенде, соған тиісті талаптар қатарын айтамыз. Біріншіден, тағам қабылдау уақытылы және тәуліктік тамақтануға негізделіп бөлінуі (күні бойғы тағамдық азық-түлік жиынтығы). Екіншіден тағамдық азық-түліктің жалпы құнарлылығы мен адам қуатының тәуліктік шығыны үйлесіп, отыруы керек. Үшіншіден, тағамның сапалық құрамы-онда міндетті түрде ұлпалар мен органдардың түзілуіне қажетті, дене процестерінің дұрыс жүруіне жағдай жасайтын заттар мен микроэлементтердің барлық түрі болуы керек.Тәуліктік тамақтану құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар мен су болуы қажет. Тағам әртүрлі хош иісті (тәбет тартатын) және жақсы сіңетін болуы қажет. 1-кестеде адамның аз бірнеше негізгі тағамдық азық-түлектерінің құнарлылығы мен химиялық азық-түліктерінің құнарлылығы мен химиялық құрамы берілген. Бұл кестені пайдаланумен бірге өзіңнің тәуліктік рационынды бағалап кана қоймай, алдағы қарқынды жаттықтырулар кезеңіне толыққанды гигиеналық мәзір жасауға болады.Ақуыз-жасуша мен ұлпа түзілу үшін маңызды материал. Ағзасы өсіп, қалыптасып келе жатқан жас спортшы рационында ақуыз саны жеткілікті болуы тиіс, яғни дененің әр килограмм салмағына тәулігіне 3 г-нан аса ақуыз керек. Есейе келе бұл көлем азаяды: яғни 15-17 жаста 2.5гр, ал 18 жастан бастап 2.0 г-ға және одан да төмендеп азайып отырады. Ақуыздың кайнар көздері ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сүт, бұршақ және қарамық жармалары т.б. болып табылады.Майлар тек қуат көзі ғана емес, сонымен бірге дәнекер қызметін де (біздің ағзамыздағы ұлпа түзілуіне қатысады) атқарады. Адам майды сары майдан, сүт және сүт тағамдарынан, ірімшіктен, жұмыртқадан, еттердің майлы сорттарынан, сондай-ақ ағзаға қажетті дәрумендерге бай өсімдік майларынан алады.Көмірсулар-жұмыс істейтін бұлшық еттер үшін ең басты қуаттағыш. Көмірсулардың қайнар көздері қант, жемістер, жармалар, нан өнімдері, көкөністер, картоп болып табылады.Дене тәрбиешісі мен спортшының рационындағы ақуыз, май және көмірсудың арасындағы қатынас 1:0.8:4-ке жақын болуы керек, яғни қуат жеткізгіш-көмірсуға елеулі мән беріледі. Сонда да болса әр спорт түрінің бұл аралық қатынасқа деген өз ерекшелігі бар. Яғни жоғары жылу бөлгіш байланысты жүзу мен қысқы спорт түрімен айналысатындарға май қабылдау көлемін көтеру керек (ол қатынас 1:1:4-ке жуық).Спортшы ағзасы дәрумендерге деген жоғары қажеттілікті талап етеді. Олардың тағамда жетіспеушілігі түрлі қолайсыз жағдайларды туындатады. Мысалы, С дәруменінің жетіспеуі тез шаршауға әкеледі, ағзаның жүқпалы және де басқа ауруларға қарсы тұруын азайтады. Ал ағзаға В дәруменінің жеткіліксіз болуы жүйке қозуын жоғарылатып, бұлшық еттердегі ауырсынуды тудырады. Алайда бұдан дәрумендер мөлшерден жоғары болуы керек деген қорытынды тумауы керек. Дәрумендердің мөлшерден көп болуы тері ауруларын, асқорытудың бұзылуына және де басқа асқынуларға әкеледі. Ең жақсы дәрумендер адамның өсімдік тағамдарынан алған дәрумендері болып табылады.Минералды тұздар зат алмасуды реттеуге, ағзаның өсіп дамуына қатысады, сонымен бірге сүйек қаңқасының тістің, шаштың және де басқа ағза мүшелерінің қалыптасу үшін қажетте құрылыс материалы болып табылады.Қарқынды жаттықтырулар мен жарыстар кезінде ең маңыздысы қабылдайтын тағам мөлшері шағын, ал оның құнарлығы жоғары болуы керек. Сөре алдында тойып тамақ ішуге болмайды, өйткені белсенді асқорыту кезінде ағзаның жалпы жұмыс қабілеті төмендейді. Бұдан бөлек, тойған асқазан жүрек пен өкпенің және шымыр бұлшық еттердің жұмысын төмендетеді. Егер жарыс немесе жаттығулар күннің бірінші жартысында болса, таңертеңгілік асқа-бұқтырылған ет, қайнатынған жұмыртқа, май, ірімшік, салат, шай немесе кофе сияқты жеңіл сіңетін тағамдар қабылдаған дұрыс. Ал, егер жарыстар мен жаттықтырулар күннің екінші жартысында өтетін болса, онда түрлі тағамға жеңіл сіңетін-ыстық сорпа, қайнатылған ет, котлет немесе құс еті, көкөніс гарнирі, дәруменді компот немесе әдеттегіден көп мөлшерде қант қосылған кисель сияқты тағамдар ұсынылуы керек. Әр спортшы мен дене тәрбиешісі азық-түліктер мен тағамдарға деген өзінің жеке тәбетін, сонымен бірге тамақтану мен асқорытуға байланысты төмендеген немесе жоғарылаған жұмыс қабілетін білуі тиіс. Мұндай білім жарыс күніндегі тамақтану тәртібін барынша жоғары жұмыс қабілетінің сөрелік мезетпен сәйкес келетіндей етіп құруға мүмкіндік береді.Жол жүрумен, ауа-райының өзгеруімен байланысты жарыстар талаптар қояды. Мысалы, ыстық ауа райы жағдайында тер бөлінуі артады, яғни ағзаның көп мөлшердегі су мен минералды тұздарды жоғалтуына әкеледі. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану қайта қалпына келеді. Алайда әр спортшы бұндай жағдайда өзі қолданатын тағамдардың әртүрлі болуымен қатар олардың ақуыз, май, көмірсу, дәрумен, минералды тұздарға қаншалықты бай екенін қатаң қадағалап отыруы керек.Су-ересек адамның тәуліктік рационында 2.0-2.5л. құрауы тиіс. Ол барлық азық-түліктің құрамында әсіресе бірінші мәзірлермен қатар сүт, шай, кофе және т.б.-ның құрамында болады. Шөлді минералды сулар, қышқыл жеміс-жидек сөлдегі, лимон, итмұрын тұнбасы жақсы басады, соңғылары дәрумендерге бай. Сұйықты алдағы дене жұмысынан (жаттықтыру, жарыста өнер көрсету) бұрын да, кейін де көп мөлшерде ішуге болмайды, шөлді бірте-бірте 10 мин. сайын жарты стақаннан жайымен ұрттап ішу керек, әсіресе судың суық болмауына көңіл бөлу керек, өйткені тамақ қуысының, тыныс жолдарының нәзік ұлпалары суықтыкқа сезімтал келеді.Сабақ орындарын гигиеналық бағалау ең алдымен ауа кеңістігінің сипаттамасынан басталады: ауа температурасы, ылғалдығы, химиялық құрамы, ондағы шаң мен микроағзалардың саны және т.б. Сосын сабақ орнының жарықтығы сипатталады: желдеткіш, жылыту, ал жүзу бассейндерінде сонымен бірге су сапасы да ескеріледі. Спорт құрал-жабдықтары, сабақ орны, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдері арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс.Спорт мекемелеріндегі (зал, тир т.б.) температура мөлшері +14...+18[0]C, қосымша бөлмелерде (шешіну бөлмесінде, душта, массаж бөлмелерінде т.б.) +22...+25[0]С, ал жүзу бассейнінде ваннадағы су температурасынан 1...2[0]C жоғары болуы керек.Ашық аспан астындағы сабақтар үшін арнайы температура мөлшері қойылмаған, бірақ шамамен +30 және -20[0]С температура аралығы деп есептеуге болады. Сондықтан қатты қызу мен үсіктің алдын алу ережелерін қатаң ұстану керек, сәйкес киім мен аяқ киім киіп, қарқынды дене жүктемесін қолданып, желден т.б. күтініп дененің бірқалыпты температурасын сақтау қажет.Ауаның салқындау қасиеті оның тікелей қозғалыс жылдамдығына байланысты. Бұны жүзу мен қысқы спорт түрлерімен айналысуда ескеру қажет, өйткені жел тұрғанда суықтап қалу және үсіп қалу қауіпі туындауы мүмкін. 1-ден 4м/с-қа дейін ауа қозғалысының жылдамдығы ағзаға қолайлы әсер етеді, өйткені ыстық ауа райында бұндай жылдамдықтағы самал жылу бөлу жағдайын жақсартады және спортшылардың өзін-өзі жақсы сезінуі артады.Ауа ластануының тағы бір көрсеткіші ретінде адамдардың бір мекемеде ұзақ уақыт болуынан онда көмірқышқыл СО2 0,1%-тен асып кетсе, ауа зиянды болып есептеледі, яғни ауа температурасы мен ылғалдылығы жоғарылайды, жеңіл аэроиндар саны азаяды, әрі иісі жаман газ пайда болады.Спорт мекемелерінің ең көкейтесті мәселелерінің бірі-ауаның шаң болып кетуі. Шаңның шығатын көздері кілемдер, дерматин жамылғысы жоқ төсеніштер, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдері болып табылады. Дымқылдап сүрту мен мекемені желдетіп алу әр сабақтан соң міндетті болып саналады. Сонымен бірге тозаңдап ауада өте көп микроағзалар болатыны белгілі жөйт.Жақсы, мұқият желдету барлық спорт мекемелерінің қолайлы гигиеналық қалпының міндетті шарты. Желдетуге арналған талаптар мынадай: бір сағат барысында барлық ауа көлемі 3-4 рет алмасу керек; бірі сағат барысында бір оқушыға 80м[3] таза ауа жетуі керек; таза ауа ағымы тұрып қалған ағынды жүргізуі керек. Бұл талаптар көп жағдайда ауа ауыстыру құрылғысымен үйлеседі, яғни одан өткен ауа тазарады, қызады (жазда салқындайды) және ылғалданады.Спорт мекемесін жарықтандыру жүйесіне, спорт жабдықтары тұрған орындарға жарық беру және оқушыларды орналастыруға да көңіл бөлінеді. Жарықтандырудың төмендегіше мөлшерлері берілген: волейбол, баскетбол, бадминтон және қолдобына арналған спорт залдарында еденге түсетін жарық 300 люкс, ал еденнен 2м жоғарыда (тіке жазықтықта) 100 люкс; акробатика, гимнастика, бокс, күрес, семсерлесу, жеңіл атлетика үшін шамамен 200-150 люкс; стол теннисі үшін (столда)-400 люкс болуы тиіс. Жауапты жарыстар өткізілгенде жарыққа деген талаптар жоғарылайды.Жүзу бассейніндегі су жағдайы да қатаң бақыланады. Оған ауыз суға қойылатын талаптар қойылады. Судың иісі мен дәмі, түсі мен химиялық құрамы (қатандығы) және ондағы бактериялар құрамы және т.б. ескеріледі. Қажетті тазалық талаптарын сақтау үшін су бірнеше әдістермен тазаланады: сүзгіден өтеді, қалдықтарды тазалайды (коагуляция), бактерия жоятын құрылғымен торлайды. Тәулік бойында бассейндегі судың бүкіл көлемі бірнеше дүркін сүзгіден өтеді, қажетті температураға жеткенше қыздырылады: шомылу мен бірқалыпты жүзу үшін +28...+30[0]С, спорт жарыстары мен жаттықтырулары үшіл +24...+27[0]С.Жүзу бассейндерін пайдаланатын барлық адамдар үшін айқын талаптар қойылады. Жүзу бассейндеріндегі қатаң гигиеналық талаптар тері ауруларының кең жайылмауына арналады. Бассейнге кіргенге дейін ыстық суда сабынмен (шомылу киімінсіз) жуынып алу қажет. ассейнге жеке резеңке аяқ киім алып барыңыздар. Бассейннің тазалық қызметінің талаптарын, оқытушының кеңесін, жолдастарыңның ескертпесін мұқият орындандар. Олар сендердің денсаулықтарынды сақтауға, аурулардың алдын алуға жәрдемдеседі.Киім мен аяқ киімге деген гигиеналық талаптар ауа райы жағдайлары мен спорт түріне байланысты қойылады. Киім мен аяқ киім жеңіл, қозғалғанда қоспайтын, ағзаны жылуды мөлшерден тыс шығындаудан, жауын-шашыннан қорғайтындай ыңғайлы болуы керек. Киім тігілген мата жылу өткізгіш, ауа өткізгіш, терді, жақсы сіңіретін және тез кептіретін болуы тиіс. Киім мұқият күтімді керек етеді: кірлеген киім тері ауруларын тудырады, ал инфекция түссе, оны тарату қызметін атқарады. Спорт киімін тек оқу-жаттықтыру сабақтарында ғана киіп, әр жаттықтыру мен жарыстан соң жуып, үтіктеу керек.Аяқ киім табан құрылысына лайық, қыспайтын болуы тиіс: тар аяқ киім табанның құрылысын қысып, қан айналымды ауырлатады, терлетіп, аяқтардың басын үнемі салқын қалдырады.Аяқ киім мен шұлық әрдайым кұрғақ және таза болуын қадағалау керек.Әр оқушының жалпы гигена ережелерін сақтауы дене тәрбиелік-сауықтыру және спорт шараларының тиімділігіне қажетті шарттар. Спорт мекемелерінің қажетті гигиеналық қалыбын сақтауға көмектесіңдер: аяқ киім мен киімді таза ұстаңдар; кезекші міндетін атқарғанда мұқият дымқылдап еденді, спорт құралдарын сүртіндер; спорт залды желдетіп тұруды ұмытпаңдар; спорт мекемесінде темекі шегуге рұқсат етпеңдер.

ЛЕКЦИЯ №
Жасөспірім спортшылар мен оқушылар гигинасы негіздері.
Қоғамдық гигиена талаптары дене тәрбиесі және спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайтуға, олардың дене дамуын жақсартуға жәрдемдесетін маңызды міндеттерден туындайды. Осы мақсатта спорт құрал-жабдықтарының құрылысы, мен тасымалдауға, стадион, залдар, бассейндердің және т.б. жағдайларына гигиеналық бақылау жасалады. Көпшілік пайдаланатын спорт құрал жабдықтарына, спорттың әртүрлі сабақтары үшін киім мен аяқ киімге қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды барлық дене шынықтырушылар мен спортшылар білуі тиіс. Ол сабақ орындары мен қоршаған орта жағдайын қажетті деңгейде гигиеналық талаптарға сай ұстауға жәрдемдеседі.Сабақ орындарын гигиеналық бағалау ең алдымен ауа кеңістігінің сипаттамасынан басталады: ауа температурасы, ылғалдығы, химиялық құрамы, ондағы шаң мен микроағзалардың саны және т.б. Сосын сабақ орнының жарықтығы сипатталады: желдеткіш, жылыту, ал жүзу бассейндерінде сонымен бірге су сапасы да ескеріледі. Спорт құрал-жабдықтары, сабақ орны, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдері арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс.Спорт мекемелеріндегі (зал, тир т.б.) температура мөлшері +14...+18[0]C, қосымша бөлмелерде (шешіну бөлмесінде, душта, массаж бөлмелерінде т.б.) +22...+25[0]С, ал жүзу бассейнінде ваннадағы су температурасынан 1...2[0]C жоғары болуы керек.Ашық аспан астындағы сабақтар үшін арнайы температура мөлшері қойылмаған, бірақ шамамен +30 және -20[0]С температура аралығы деп есептеуге болады. Сондықтан қатты қызу мен үсіктің алдын алу ережелерін қатаң ұстану керек, сәйкес киім мен аяқ киім киіп, қарқынды дене жүктемесін қолданып, желден т.б. күтініп дененің бірқалыпты температурасын сақтау қажет.Ауаның салқындау қасиеті оның тікелей қозғалыс жылдамдығына байланысты. Бұны жүзу мен қысқы спорт түрлерімен айналысуда ескеру қажет, өйткені жел тұрғанда суықтап қалу және үсіп қалу қауіпі туындауы мүмкін. 1-ден 4м/с-қа дейін ауа қозғалысының жылдамдығы ағзаға қолайлы әсер етеді, өйткені ыстық ауа райында бұндай жылдамдықтағы самал жылу бөлу жағдайын жақсартады және спортшылардың өзін-өзі жақсы сезінуі артады.Ауа ластануының тағы бір көрсеткіші ретінде адамдардың бір мекемеде ұзақ уақыт болуынан онда көмірқышқыл СО2 0,1%-тен асып кетсе, ауа зиянды болып есептеледі, яғни ауа температурасы мен ылғалдылығы жоғарылайды, жеңіл аэроиндар саны азаяды, әрі иісі жаман газ пайда болады.Спорт мекемелерінің ең көкейтесті мәселелерінің бірі-ауаның шаң болып кетуі. Шаңның шығатын көздері кілемдер, дерматин жамылғысы жоқ төсеніштер, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдері болып табылады. Дымқылдап сүрту мен мекемені желдетіп алу әр сабақтан соң міндетті болып саналады. Сонымен бірге тозаңдап ауада өте көп микроағзалар болатыны белгілі жөйт.Жақсы, мұқият желдету барлық спорт мекемелерінің қолайлы гигиеналық қалпының міндетті шарты. Желдетуге арналған талаптар мынадай: бір сағат барысында барлық ауа көлемі 3-4 рет алмасу керек; бірі сағат барысында бір оқушыға 80м[3] таза ауа жетуі керек; таза ауа ағымы тұрып қалған ағынды жүргізуі керек. Бұл талаптар көп жағдайда ауа ауыстыру құрылғысымен үйлеседі, яғни одан өткен ауа тазарады, қызады (жазда салқындайды) және ылғалданады.Спорт мекемесін жарықтандыру жүйесіне, спорт жабдықтары тұрған орындарға жарық беру және оқушыларды орналастыруға да көңіл бөлінеді. Жарықтандырудың төмендегіше мөлшерлері берілген: волейбол, баскетбол, бадминтон және қолдобына арналған спорт залдарында еденге түсетін жарық 300 люкс, ал еденнен 2м жоғарыда (тіке жазықтықта) 100 люкс; акробатика, гимнастика, бокс, күрес, семсерлесу, жеңіл атлетика үшін шамамен 200-150 люкс; стол теннисі үшін (столда)-400 люкс болуы тиіс. Жауапты жарыстар өткізілгенде жарыққа деген талаптар жоғарылайды.Жүзу бассейніндегі су жағдайы да қатаң бақыланады. Оған ауыз суға қойылатын талаптар қойылады. Судың иісі мен дәмі, түсі мен химиялық құрамы (қатандығы) және ондағы бактериялар құрамы және т.б. ескеріледі. Қажетті тазалық талаптарын сақтау үшін су бірнеше әдістермен тазаланады: сүзгіден өтеді, қалдықтарды тазалайды (коагуляция), бактерия жоятын құрылғымен торлайды. Тәулік бойында бассейндегі судың бүкіл көлемі бірнеше дүркін сүзгіден өтеді, қажетті температураға жеткенше қыздырылады: шомылу мен бірқалыпты жүзу үшін +28...+30[0]С, спорт жарыстары мен жаттықтырулары үшіл +24...+27[0]С.Жүзу бассейндерін пайдаланатын барлық адамдар үшін айқын талаптар қойылады. Жүзу бассейндеріндегі қатаң гигиеналық талаптар тері ауруларының кең жайылмауына арналады. Бассейнге кіргенге дейін ыстық суда сабынмен (шомылу киімінсіз) жуынып алу қажет. ассейнге жеке резеңке аяқ киім алып барыңыздар. Бассейннің тазалық қызметінің талаптарын, оқытушының кеңесін, жолдастарыңның ескертпесін мұқият орындандар. Олар сендердің денсаулықтарынды сақтауға, аурулардың алдын алуға жәрдемдеседі.Киім мен аяқ киімге деген гигиеналық талаптар ауа райы жағдайлары мен спорт түріне байланысты қойылады. Киім мен аяқ киім жеңіл, қозғалғанда қоспайтын, ағзаны жылуды мөлшерден тыс шығындаудан, жауын-шашыннан қорғайтындай ыңғайлы болуы керек. Киім тігілген мата жылу өткізгіш, ауа өткізгіш, терді, жақсы сіңіретін және тез кептіретін болуы тиіс. Киім мұқият күтімді керек етеді: кірлеген киім тері ауруларын тудырады, ал инфекция түссе, оны тарату қызметін атқарады. Спорт киімін тек оқу-жаттықтыру сабақтарында ғана киіп, әр жаттықтыру мен жарыстан соң жуып, үтіктеу керек.Аяқ киім табан құрылысына лайық, қыспайтын болуы тиіс: тар аяқ киім табанның құрылысын қысып, қан айналымды ауырлатады, терлетіп, аяқтардың басын үнемі салқын қалдырады.Аяқ киім мен шұлық әрдайым кұрғақ және таза болуын қадағалау керек.Әр оқушының жалпы гигена ережелерін сақтауы дене тәрбиелік-сауықтыру және спорт шараларының тиімділігіне қажетті шарттар. Спорт мекемелерінің қажетті гигиеналық қалыбын сақтауға көмектесіңдер: аяқ киім мен киімді таза ұстаңдар; кезекші міндетін атқарғанда мұқият дымқылдап еденді, спорт құралдарын сүртіндер; спорт залды желдетіп тұруды ұмытпаңдар; спорт мекемесінде темекі шегуге рұқсат етпеңдер.




ЛЕКЦИЯ №
Саламатты гигиена негіздері.
Күн режимінің гигиеналық негізі. Жеке бас гигиенасы.
Зиянды әдеттер-темекі шегу, наша мен алкоголь қолдану дене тәрбиесі мен спорт сабақтарына жат нәрсе.Темекі түтінінде ағза үшін зиянды ондаған химиялық затар бар, олар жүйке жүйесінің, асқорыту құрылымының, тыныс алу жүйесінің және т.б. ауруларына ұшыратады. Темекі смоласының қынтамақ ісіктерінің пайда болуына ықпал ететіні ғылыми зерттеліп дәлелденген Никотин есте сақтауды әлсіретеді, ерікті жояды, жүрек-буын және тыныс алу жүйесінің қызметін, адамның жалпы жұмыс қабілетін нашарлатады.Жас кезінде адам ағзасы никотинмен тез уланады. Осыдан ызақорлық пен ашушандық, сабақта жолдастарынан қалып қою, дене дамуының уақытынан бұрын тоқтауы келіп шығады.Алкоголь бәрінен бұрын адамның жүйке жүйесіне зиянды әсер етеді. Mac кезде күштің, лездіктің, төзімділіктің көрсеткіштері төмендейді, қимыл үйлесімділігі бұзылады, көру және есту қабілеттерін нашарлатады. Алкогольді жиі қабылдау нәтижесінде ағзаның жылу реттеуі бұзылады, ауыр жазылмайтын аурулар (гипертониялық ауру, жүрек бұлшық еттерін май басу) дамиды. Алкоголь ұрпаққа да зиянын тигізеді: ішкілікке салынғандар да қоғам мен ата-анасына азап әкелетін кемтар балалар туады. Ең зияны самагон, онда адам ағзасын бұзатын майлар көп.Наша қабылдау адамның жүйке жүйесін топтастандырады, жасушалар мен ұлпаларды тез қартайтады. Адам үшін нашаға әдеттену өте тез құбылыс. Нашақор (наша қабылдауға әдеттенген адам) наша жоқ болса, дене әлсіздігін, зерігуді бастан кешіреді, ұйқысыздыққа тап болады, тек қана наша тауып, соны қабылдауды ғана ойлайды, бұл Адамдар өз әрекеттерін қадағалай алмайды, ал оның салдары, әрине, көбіне қылмысқа соқтырып жатады.Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады.
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы өте зор. Дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады. Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.
Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен көлемі, тері бетінің жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық тітіркендіргіштер әсер еткенде қан тамырларының кеңеюуі немесе тарылуы, орталық жүйке-жүйесінің қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде, рефлекторлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының тарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз рефлекстер де іске қосылуы мүмкін.
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда болатын ауруларға бейім келеді.
Жылу реттеу жүйесінің дұрыс жетілуі үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге кейбір жүктеме түсіру бала организміне зиянды емес, керісінше, пайдалы болып келеді. Сондықтан, организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының жаттығуына негізделген.
Балалық шақта әсіресе, сәбилік шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу орталығының өте маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр реакциясының жылдамдығы жас өскен сайын арта түседі, бірақ аздаған шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме түсіру, олардың қызметін жетілдіре түседі және термореттеу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден басқа, солардың негізінде, балалар организмінде температуралық әсерлерге термореттеу жүйесін саналы түрде іске қосатын шартты рефлекстер пайда болады.
Шынығудың тиімділігі төменде көрсетілген принциптердің сақталуына байланысты:
* Процедураларды қолданудың жүйелілігі;
* Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;
* Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
* Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;
* Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.
Балаларды шынықтырудың құралдары болып, негізінен табиғи факторлар алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі гигиеналық талаптар қойылады. Ауа мен су таза және белгілі температурада болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы қажет.
Жалпы алғанда, денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізделген жалпы моделінің болуы.


ЛЕКЦИЯ №
Спорттық киімге, аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. 

Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына әкеліп соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек.
Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм).
Матаның массасы  -  матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000,0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.
Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0,07г/см3, брезент-0,6-0,7г/см3).
Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%).
Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2, табиғи жібек секундына-341дм3/м2, капрон секундына-125дм3/м2).
Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2г/м2, табиғи жібек сағатына-4,62г/м2, капрон сағатына-1,09г/м2 бу өткізедіт.с.с.).
Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт->90%, мақта матадан жасалған мадополам->18%, жеңілдетілген драп->17,2%, табиғи жібек->16,5%, репс->7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс->1,2%, капрон->5,7%, лавсан->0,5% т.с.с.).
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.
Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс .
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.
Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.
Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады.
Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.
Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің "тыныс алуының" қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.
Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер, екінші қабаты  -  көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.
Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.
Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.
Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.
Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын жылу санын анықтау арқылы алуға болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне, терінің орташа алынған температурасына, метеорологиялық (микроклиматтық) жағдайға байланысты киімнің организмінің жылу беруіне "қарсыласуына", яғни, киімнің жылулық қасиетіне сандық баға беруге болады.


Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық, спорттық т.б.
Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - бала организмін метеорологиялық қолайсыз әсерлерден және механикалық жарақаттанудан сақтауы керек; бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға қажетті қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның микроклиматтық жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық тәртібін сақтауға жағдай жасауы керек.
Балалар мен жасөспірімдердің аяқ киімдеріне арналған гигиеналық талаптар өсу кезеңіндегі табан құрылысының ерекшеліктерімен анықталатын аяқ киім конструкциясына қойылатын талаптардан және аяқ киім жасалатын материалдарға қойылатын талаптардан тұрады.
Балалардың табаны бақайларының басы өте кеңейіп келетін, доғалдау формамен сипатталады. Балалар табанының, өкше мен аяқтың басына қарай алынған қатынас ересектердікіне қарағанда басқаша, яғни, өкше жағы ұзындау болып келетіні, аяқ киімін жасаған кезде (әсіресе балалар аяқ киімі үшін қалыптар жасағанда) ескерілуі керек. Балалардың табанының қаңқа сүйектері, негізінен шеміршектен тұрады. Сүйектенуі бой өсуінің жетілуіне қарай аяқталатындықтан, баланың табанына берілетін механикалық әсерлер оны жылдам деформацияға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, аяқ киімнің қалыңдығын, иілгіштігін, сапасы мен жылу сақтау қасиетін гигиеналық нормаландыру қажеттігі туады.
Балаларға арналған аяқ киімдер табан ұзындығына сәйкес анықталатын өлшем арқылы (өкшенің ең дөңестеу келген шетінен бастап, ең ұзын бақайдың басына дейінгі аралық) алынады Өлшем бірлігі ретінде миллиметр алынған, нөмірлер арасындағы айырмашылық 5мм болуы мүмкін.
Аяқ киімнің негізгі элементіне аяқ киімнің үсті (басы, қонышы, балтыры) және асты (табаны, ұлтарағы, өкшесі) жатады. Балалар аяқ киімнің бас жағы, бақайларға дейінгі буындардан кеңірек болуы керек. Табанының (ұлтарақ, табан, өкшелері) қаттылығы дұрыс деңгейде болуы керек, қарсыласуы (килограммен алынған) І және Ү- бақайға дейінгі сүйектерді қосатын иілу сызығы бойынша пайда болған бұрыш, 250 - қа дейін жетуі керек.
Ұлтарақ - аяқ киімнің табан терісімен тығыз байланыста болатын және аяқ киім ішіндегі температуралық-ылғалдық комфорттың сақталуына жағдай жасайтын ішкі бөлігі болып табылады. Ол жұмсақтау иілгіш, жылу, және ылғалдан қорғау, гигироскопиялығы және желдету қасиеті сақталатындықтан тек табиғи теріден жасалуы керек.
Табан - аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі элементі болып табылады және оның иілгіштігі, қалыңдығы, массасы және жылу сақтау қасиеттері өте жақсы болуы қажет. Аяқ киімнің иілгіштігі регламенттеледі және сәбилерге арналған аяқ киімдерге - 7H/см, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған аяқ киімдерге - 10H/см, ұл балаларға арналған мектептік аяқ киімдерге - 9-13H/см, қыз балалардың мектептік аяқ киіміне 8-10H/см есебінен алынады. Табанның қалыңдығы пайдаланылған материалдар мен аяқ киім түріне байланысты алынады. (25 кесте).
Балалар аяқ киімдерін бекіту үшін, бас жағының улкен иілгіштігін, жеңілдігін, аяқ киімнің ішкі аралығының ауа өткізгіштігі мен желдетілуін қамтамасыз ету үшін арнаулы жіптерді және аралас тәсілдерді қолдануға болады.
Кеуекті резеңке, полиуретан және басқа материалдарды қолданған кезде бекітудің желімдеу және біртұтас құю тәсілдерін қолдануға болады.
Табан материалдарының жылу сақтағыш қасиеті олардың жылу өткізгіштігіне байланысты болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болған сайын, олардың жылу сақтағыштық қасиеті жоғары болады. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген материалдардың ішінде кеуекті резеңке жылусақтағыштық қасиеті бойынша табиғи тері мен кеуексіз құйма резеңкеден жоғары. Мұнда қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғарылаған сайын табиғи тері мен жүннің (пималар) жылу жоғалту қасиеті жоғарылайды, ал кеуекті резеңкенің жылусақтағыштық қасиеті өзгермейді. Бұл жағдай тек жылусақтағыштық қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар қажетті қалыңдықты, иілгіштікті және аяқ киімнің тайғанақтауына қарсы қасиеті болғандықтан да, балалар аяқ киімінің табанын кеуекті резеңкеден жасауы дұрыс.
Өкше - табанның артқы жағын жасанды түрде көтереді, оның рессорлығын жоғарылата отырып, өкшенің жерге соғылып ауыруынан сақтайды және аяқ киімнің жылдам тозбауына жағдай жасайды. Тек ерте жастағы сәбилердің аяқ киімнің өкшесі(пинеткалар) болмайды.
Өкшенің биіктігі: мектепке дейінгі жастардағы балалар үшін - 5-10мм, 8-10 жастағыларға - 20мм жоғары емес, 13-17 жастардағы ұл балалар үшін - 30мм, 13-17 жастардағы қыз балалар үшін - 40мм дейін жасалуы керек. Бой жеткен қыз балаларға күнделікті биік өкшелі (4см-ден жоғары) аяқ киім киіп жүру, ауырлық орталығын алдыға қарай ауыстырып, жүруді қиындататындықтан, зиянды болып табылады. Өйткені, мұндай жағдайда бел омыртқасының иіні ұлғайып, жамбас аймағының орналасуы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Биік өкшемен жүргенде тұрақтылық орнықты болмай, өкше алдыға қарай жылжиды, аяқ басындағы бақайларға жүктеме түсетіндіктен жұмылып, табан жалпақтынып, бақайлар деформацияланады.
Аяқ киім табанды қысып, қан және лимфоайналуын бұзып, аяқтың табиғи дамуына кедергі келтірмеуі керек. Аяқ киімнің биіктігі оның түріне байланысты нормаланады.
Қоныш - аяқ киімнің формасын сақтау үшін өкше жағына орналасқан, аяқ киімнің үстіңгі жағының негізгі деталі. Аяқ киім қонышы өкшенің деформациясының алдын алып, табанның алға қарай жылжуын болдырмауы үшін қажет. Қонышты даярлау үшін қалыңырақ табиғи теріден жасайды.
Аяқ киімнің бас жағы- бақайлар мен бақайларға дейінгі буындардың үстін жауып тұратын үстіңгі бөлігі. Аяқ киімнің бас жағында оның формасын сақтау үшін астары мен сыртқы қабатының аралығына арнаулы қаттылау келген деталь салынады және ол бақайларды жарақаттанудан сақтайды.
Балалар аяқ киімін қозғалуға кедергі келтірмейтіндей етіп, аяқтарына мықтап бекітуге арналған бекітпелері болуы керек. Ол үшін әр түрлі бекіткіштер: аяқ киімнің бауы, жылжымалы "молния", арнаулы жабысқыштар т.б. қолданылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға бекітпесі жоқ, жылдам шешіліп қалатын үсті ашық аяқ киімдер жасауға болмайды.
Аяқ киімнің массасы бекітпелерінің түріне, конструкциясына және пайдаланылған материалдарына байланысты болады. Бәтеңкелердің массасының нормасы шолақ бәтеңкеге қарағанда - 10гр., сәбилер аяқ киімдеріне қарағанада - 15гр., естиярларға - 20гр., балалар аяқ киімінен - 15гр., мектептік - 25гр., ұл балаларға - 30гр. ұлғаяды.
Жылдың барлық мезгілінде киілетін балалар аяқ киімі табиғи теріден жасалғаны дұрыс. Жаздық аяқ киімге теріден басқа, әртүрлі тоқыма материалдардың өзі немесе олардың терімен араласқан қоспалары пайдаланылады. Жылыландырылған аяқ киімдердің үстіңгі жағы мауыты, шұғадан, драп, жартылай жүн, жүн материалдардан, киізден т.б. жасалады. Астарлыққа табиғи тері және мақта маталар пайдаланылады.
Балалар аяқ киімін жасау үшін полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін. Соңғысы санитарлық нормалар мен ережелерде регламенттеледі.
СанНменЕ көрсетілген материалдарды өндірісте тек қана санитарлық-гигиеналық бағасына байланысты қажетті рұқсат берілгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Ол үшін зерттеу жүргізетін мекемеге өнімнің саны 10-нан кем болмайтындай үлгісі, зерттелетін материалдардың ғылыми-техникалық құжаты (3 м2 ) және технологиялық процесстің тәртібі әкелініп берілуі тиіс.


ЛЕКЦИЯ №
Жеке спорт түрлеріндегі дайындықты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. 
Жеңіл атлетика түрлерінің гигиеналық сипаттамасы (жүгіру, секіру, лақтыру). Спорт ойындарының гигиеналық сипаттамасы (футбол, баскетбол, хоккей). Гимнастика, ауыр атлетика түрлеріне қойылатын гигиеналық талаптар.Сабақтық шұғылданудың әр түрлілігі. Дене жаттығуларымен шұғылданудың сабақтық түрлерінің барлығын олардын бағыттына қарай жалпы дене дайындығы, спорт түрлерінен жаттығу сабақтары және кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабақтары деп бөлуге болады. Жалпы дене дайындығы сабағы балалар бақшасында, мектепте, жоғары және орта оқу орындарында жалпы дене дайындығы (Ж.Д.Д.) топтарында, ересек тұрғындар үшін, яғни барлық жастағылар санымен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін оқу материалының әр түрлілігі, оны меңгеру кешенділігі, біркелкі денеге берілетін жүктеме және басқа да бірқатар ерекшеліктеріне тән.Спорттық жаттығу сабақтары тандап алған спорт түрлерімен шұғылданатындар жұмыста пайдаланылады: жеңіл атлетика, акробатика, гинастика, суға секіру және т.б. сабақтары. Әрбір жекелеген жағдайда олар жеке спорт түрлерінің ілімі мен әдістемесі жинағында мазмұндалған ерекше өткізу әдістемесін талап етеді. Мұндай сабақтар жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлестіктегі шығармашылығын, жүктемені мөлшерлеу шамасына ерекше назар аударуын, жарақаттанудан сақтану жолдарын табуды міндеттейді.Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабағы жеткіншектермен, жасөспірімдермен, үлкендермен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін қозғалыс әрекеттеріне мазмұны ұқсас кәсіби еңбекке үйренуге тән.Оқу жұмысының сипатына қарай сабақтар жаңа оқу материалын меңгеру сабағы, оны жетілдіру және бекіту сабақтары, аралас типтес сабақтар болып бөлінеді.Жаңа материалды игеру сабағы үшін салыстырмалы кіші моторлы тығыздық тән, сол себепті түсіндіруге, көрсетуге, қозғалыстағы бірінші өрескел қателерді жөндеуге көп уақыт жоғалтады. Мұндай сабақтардың табысты болуы сабақ өтетін орынды дайындаудың ерекше мұқияттылығына байланысты.Оқу материалын жетілдіру және бекіту сабағында, мысалы, жоғары дәрежелі спортшылармен жаттығу сабағында моторлы тығыздығы ең жоғарғы мөлшерге дейін өседі.Бақылау сабақтары әдетте спорттық жарыстар түрінде өтеді. Бұл сабақтарда қатаң тәртіп, жарыс ережесіне сәйкестік, нәтижелерін дәл белгілеу қамтамасыз етілуі тиіс.Дене тәрбиесі үшін бүтіндей алғанда аралас типтес сабақтар басымырақ тән (яғни бір сабақта жана материалды зерттеу, бұрын меңгергендерді жетілдіру және тексеру). Сонымен бірге ерекше әдістемелік тәсілдер сабақты әр түрлі орында және әр түрлі уақыт жағдайында өткізуді талап етеді: спортзалда, спорт алаңында (стадионда), табиғи орындар жағдайында, қыста, жазда және маусым аралығында. Сабақты спортзалда өткізуді ұйымдастыру, өте қолайлы болады. Салыстырмалы кіші жұмыс алаңы, көру аясының шектеулілігі, температураның тұрақтылығы сабақ міндетін шешуде оқушылардың назарын жақсы бейнеде шоғырландыруға мүмкіндік жасайды. Алайда ғимарат ішінде сабақ өткізудің елеулі кемшіліктері бар. Атап айтқанда, гигиеналық сипаттағы, яғни мұнда ғимарат ішіндегі жарықтың талапқа сәйкес еместігі, шаң, буланудан ауаның ластануы шұғылданушылардың жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сабақты сыртта таза ауада өткізу дұрыс. Әрине, шұғылданушыларды ашық алаңда басқару қиынырақ. Бір жағынан сабақты өткізуге күн, желдің бағыты мен күші, бөгде заттар, оқушылардың назарын аудартатын көрермендер кедергі жасайды. Дегенмен, бұл әдістемелік қиындықтар таза ауа жағдайындағы оқушылардың жұмыс қабілеттілігінің артуымен түгелдей есесі қайтады. Ашық аспан астында, таза ауада өткізілген сабақ, әсіресе, егер ол жыл бойы әр түрлі ауа райында өткізілсе шынығуға, денсаулығын нығайтуға жәрдемдеседі. Спорт ғимаратындағыға қарағанда таза ауада, ашық аспан астында өткізілген сабақта шұғылданушылар әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгереді және барынша жоғары нәтижеге жетеді.Табиғи орындар жағдайында сабақ өткізу үлкен дәрежеде жаттығуды түрлендіруге және ең бастысы оқушыларды өмірдегі қызмет ету жағдайына ете жақын жағдайға көшіреді. Табиғат аясында  -  сабақ өткізуге көптен шұғылданушыларды өмірге дайындаудың басты құралы ретінде маңыз берілген.Сабақ өткізу үшін жергілікті жердің табиғи жағдайын пайдалану әдісі осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінде кең қолданылып келеді. Мектепте, орта, жоғары оқу орындарында, әскерде табиғат аясындағы сабақтар міндетті түрде өткізіледі. Бұлай сабақ өткізу, әсіресе, спортта кең таралған.Жергілікті жердегі қолайсыз ауа райы жағдайына сәйкес күні бұрын сабақ өткізілетін орынды дайындау және сабақ өтілетін орынды сынап көру, оқушыларға мұндай сабақтың пайдалылығын ұғындыру, олардың киімі жайлы және т.б. қамын ойлау өз жемісін береді. Дегенмен, көпшілік дене жаттығуларының әдістерін меңгеріп, сауатты орындау үшін арнайы жабдықталған сабақ өткізу орны талап етіледі. Сондықтан табиғи орындарда сабақ өткізуді спорт ғимараттарындағы және спорт алаңдарындағы сабақтармен ауыстырып өткізген дұрыс.
ЛЕКЦИЯ №
Қысқы спорт түрлерін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Қысқы спорт түрлерінің гигиенасы. Жаттығу және жарыс өткізетін орындарды гигиеналық тұрғыдан қамтамасыз ету.
ЛЕКЦИЯ №
Жаттығу  сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Жаттығу  сабақтарын жеңіл атлетика түрлерінің гигиеналық сипаттамасы (жүгіру, секіру, лақтыру). Спорт ойындарының гигиеналық сипаттамасы (футбол, баскетбол, хоккей). Гимнастика, ауыр атлетика түрлеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің дұрыс жасалған нормасы негізгі үш талаптың орындалуын: организмнің барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың сенімділігін және қоршаған ортаның өзгеруіне реакцияның дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Жылдық динамикада баланың жеке басының және ұжымның денсаулық көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады. Гигиеналық нормалардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдануға мүмкіндік береді.
Дәрігерлік бақылаудың негізгі формалары:
* Балалардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтай отырып, денсаулық жағдайын тексеру;
* Денешынықтыру тәрбиесінің жүргізілуін жүйелі түрде бақылап отыру;
* Денешынықтыру тәрбиесі жүргізілетін орындарға санитарлық бақылау жүргізу;
* Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызмет-керлері мен балалардың ата-анасы арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
Денешынықтыру тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті түрде бала организмінің өсу және даму ерекшеліктері ескерілуі керек.
Сонымен сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының белгіленген оқушылар санымен (сынып, команда, үйірме) жұмыс істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады: фронтальді (маңдай алдынан), топтық және жеке.Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оқу материалы бойынша барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда оқытушы, оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық жасайды. Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес, өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше, оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу материалдарының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өткізілетін орыннның материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттығу өткізілетін орынның кеңдігіне және т.б. байлынысты. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын фронтальді әдіспен жиі өткізеді, өйткені жае ерекшелік күшіне қарай олар өздігінен қозғалысты қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Сабақты спортшы-гимнасттармен топтық әдіспен өткізу басымырақ, өйткені жекелеген гимнастикалық қондырғылардың сыйымдылық мүмкіндігінің аздығы және т.б., шебер-жеңіл атлеттерге жеке әдіспен сабақ өткізу тән, өйткені бұл спорт түріндегі оқытып үйрету жүйесін спорттық шеберліктерінің артуына байланысты жаттығуды жекешелендіру талабы артады.Сабақтық шұғылдануда тәртіп бойынша оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін араластырып қолдану тән. Сабақтың басталуы әдетте фронтальді әдіспен, негізгі бөлімінде шұғылданушыларды топқа бөледі немесе олармен жеке жұмыс жүргізеді, ең соңында, сабақты қайтадан фронтальді әдіспен аяқтайды.Сабақтың әдістемесін, сонымен бірге шұғылданушылардың берілген тапсырмаларды орындау тәртібін анықтау. Қажет сабақтың әдістемесін анықтайтын екі тәсілі бар: бір уақытта және кезекпен.Біріншісі, жаттығу немесе басқа қызмет түрлерінде барлық оқушылармен орындалады, ал екіншісінде әрқайсысын кезекпен орындайды.Екі әдісте де оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен жұмыс істеуі мүмкін.Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні, мұнда оқушылар жаттығулардың бірінен кейін бірін дем алмай орындайды.Мысалы, гимнастика сабағында денені жалпы дамыту жаттығуларының лайықтыларын таңдағанда алдыңғы сабақтың соңындағы жаттығу келесілері үшін негіз болатындай болса, онда жаттығулар сериясын үзіліссіз орындауға болады. Мысалы, жеңіл атлетика сабағында жүгіріп келіп, екпінмен ұзындыққа секіру кезінде бір оқушы жерден серпінді күш алып секіргенде, екінші оқушы жүгіруді бастаса, үшінші оқушы бастапқы дайындық қалпында тұрады, төртіншісі секіру шұқырынан оралып қайтадан дайындалатын орынға келіп тұрады және т.б.Толассыз әдістің ерекше әр түрлілігі дене сапаларын қарқынды дамытуға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды айналма әдіспен орындау болып табылады. Мұнда оқушылар жаттығулар кешенін толассыз арнайы жерде немесе шеңбер бойына орналастырылған спорт қондырғылары <<бекеттерінде>> (<<станция>>) біреуінен кейін екіншісіне (<<тұтқалы аттан>>, белтемірге тартыну <<бекетіне>>) өтіп орындайды.Жаттығуларды толассыз орындау бөліп өткізуге қарағанда үлкен қарқындылықты қамтамасыз етеді. Алайда оның жалпы білім беру қатынасында әсерлілігі төмендеу, өйткені жаттығулардың арасында үзілістің болмауы түсіндіруді, қозғалысты талдауды және оқытып үйретудің басқа да элементтерін пайдалануды қиындатады. Сабақта жаттығуларды толассыз немесе бөлек-бөлек орындауды таңдау бәрінен бұрын оқу материалының жаңалық дәрежесіне және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты. Мысалы, жаңа оқу материалын таныстыру және үйрену кезінде жаттығуды бөлек-бөлек орындау орынды, қозғалысты жетілдірудегі дене сапаларының қарқынды даму міндеттері қойылғанда, жаттығуды үзіліссіз орындау мақсатқа сәйкес келеді.Оқушылардың жаттығуларды жақсы орындауы сабақ өтілетін орындағы оқытушының, оқушылардың және спорт қондырғыларының дұрыс орналасуына тікелей байланысты. Егер оқушылар бір қатарда сапқа сап бойынша тұрса, ал мұғалім осы қатардың оң немесе сол жақ шетіне жақын тұрса, онда оның түсіндіруін, көрсетуін және т.б. саптың екінші жақ[ ]шетіндегілері нашар қабылдайды. Егер мұғалім спорт қондырғыларының ортасында тұрса, онда шұғылданушы топтардың бірі оның назарынан тыс қалады. Егер оқушылар сапқа күнге қарсы қарап тұрса, онда олар мұғалімнің көрсеткенінің барлығын нашар көреді. Осы мысалдардың бәрі мұғалімнің, оқушылардың және сабақ өтілетін жердегі орынның орналасуынан оқу-тәрбие жүйесінің маңызды бөліктері, яғни көру және есту түйсіктері, жаттығуларды орындауды бақылауы және т.б. тікелей осыларға байланысты. Барынша әр түрлі сапқа тұрғызулар үйлесімді болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда олар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:а) мұғалім мен оқушыға сабақта болған нәрсенің барлығын естуге және көруге мүмкіндікті қамтамасыз ету;ә) жеке және қоғамдық гигиена ережесіне сай болу;б) бөгет және жарақат алу мүмкіндіктерін болдырмау.Сабақта шұғылданушылардың жақсы ойластырылып орналастырылуы тәртіптілікке және ұжымшылдықка тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.Сақтандыру және жәрдем беру үлкен дене жүктемесі жағдайындағы қозғалыс әрекетінің белсенділігі барысында шұғылданушылардың дене, психикалық және қызметтік жарақат алуы мүмкіндігінің кездесуі мүмкін.Шұғылдану сабақтарында сайыстармен және басқа сабақ түрлерімен салыстырғанда статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әр түрлі сипаттағы жарақат алудың көпшілік пайызы, яғни 50%-ға түседі екен. Ал спорт шеберлерімен өткізілетін сабақта бұл көрсеткіш 80% -ға дейін жетеді. Бұл шұғылдану сабақтарында қозғалыс әрекетінің жаңа үлгілерін меңгеру өзгешелігімен және жоғары нәтижелерге жету дайындығымен түсіндіріледі. Сабақты өткізу барысында ерекше назарды жарақат алмау жолдарына аудару қажет. Осы жағына байланысты оқытушының қызметтік шарасын, әдетте сақтандыру деп атайды. Сақтандырудың әсерлілігі сөздің кең ұғымда бәрінен бұрын оқытып үйрету және тәрбиелеу принциптерін қатаң сақтаумен түсіндіріледі.Оқушылардың жоғары саналылығы және белсенділігі, сабақты құрудағы жүйелілік және бірізділік, оқу материалының игерілу мүмкіндігі және оны меңгеру беріктігі  -  жарақаттың алдын алып, сақтандырудың бірінші дәрежелі жағдайы. Жарақаттанудың алдын алуға дене жаттығуларының жүктемелерін ақылмен мөлшерлеп бөлудің, шұғылданушылардың жақсы тәртіптілігінің, жаттығуды орындауды жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде қол жеткізуге болады. Көптеген жаттығуларды орындау кезінде (суға секіру, акробатика, спорттық қондырғылардағы гимнастика, семсерлесу және т.б.) барынша тар ұғымда сақтануға деген қажеттілік, яғни олқылықты, құлауды, қарсыластың қатты соққысын, ауруды сезінуді және т.б. тікелей алдын ала ескертетін шара ретінде пайда болады. Бұл шараларға оқытушының арнайы әрекеті (көтермелеу әдістері, ұстап қалу, шұғылданушыларды ажырату), оқушыларды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуі (белбеу, маска-шлем, қалың киім және т.б.), өзін-өзі сақтандыру, оқытып үйрету кіреді. Мұндай сақтандыру орындалуы қауіпті емес жаттығуларды орындаумен қатар іске асады. Топтық әдісімен жұмыс жүргізу кезінде оқытушы барынша қауіпті жаттығуларды орындау кезінде топты алдын ала сақтандыруы тиіс.Басқа топтардағы шұғылданушыларды жарақат алудан сақтандыру үшін жоғары дайындығы бар оқушыны сақтандыру әдістерін меңгеруге байланысты олармен сабақ өткізіп, нұсқаушылыққа тағайындау керек.Сақтандырудың сақтық шаралары былай жүргізілуі тиіс: сабақ өтілетін орын мен спорт қондырғыларының дайындығын алдын ала тексеру, жаттығуларды орындау кезінде шұғылданушыларды қауіпсіз орынға орналастыру (мысалы, лақтыру кезінде). Сүйемелдегенде, итермелегенде және басқа әдістерде сақтандыру оқытып үйретудің әдістемелік тәсілдері сияқты жиі көмек берумен үзіліссіз байланысты. Мұндай көмек беру сияқты сақтандыруды жарақат алу қауіптілігі айкын болған жағдайда ғана пайдалану керек (мысалы, спортты жаңа бастағандармен күрделі жаттығуларды үйрену кезінде және т.б.). Мұндай сақтандыруды теріс пайдалануға болмайды, өйткені оны шұғылданушылар дағдыға айналдырып батылдық, ұстамдылық, өзін-өзі игере білу және жаттығуды өздігінен орындауға қажетті басқа да сапаларын тәрбиелеуді тежейді. Сондықтан әдістемелік өтілген, бірінші жағынан, жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ басқа жағынан кейбір тәуекелге барып, қауіптіліктің болатынын алдын ала ескеруді қарастырады. Оқытушының жеткілікті дәрежедегі байсалды жарақат алудың алдын алуға назар аударуы дене тәрбиесі сабағында жарақат алудың болмауын қамтамасыз етеді. Жарақатты емдеудегі табыс көп жағдайда оқушыға дәрігерге дейінгі көмек[:] көрсетуде анықталады. Оқытушы мамандық саласына қарамастан әр түрлі деңгейдегі алған жарақаттарға бірінші көмек көрсете білуі тиіс. Дәрігерге дейінгі көмек дене жаттығулары сабағындағы оқытушы жұмысының маңызды жақтарының бірі.
               Практика сабақтар жоспары.
                                      1.
Кіріспе. Дене шынықтыру және спорт гигиенасы пәні.  Мазмұны, мақсаты, міндеттері.
                                      2.
 Сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы. Ауа және су гигиенасы
                                      3.
Профилактика инфекционных заболеваний. Жұқпалы ауруларды алдын алу.
                                      4.
Жас спортшылардың тамақтану тәртібі.
                                      5.
Күн режимінің гигиеналық негізі. Жеке бас гигиенасы
                                      6.
 Саламатты гигиена негіздері.
                                      7.
 Спорт құрылыстарының гигиеналық негіздері.
                                      8.
Жеке спорт түрлеріндегі дайындықты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
                                      9.
Жаттығу  сабақтарын және оқу-жаттығу дайындықты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

Практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік құрал
                                        
№1 ТАҚЫРЫП: Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдер организмнің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары.
САБАҚ МАҚСАТЫ:  Оқушылар денесінің өсуі мен денсаулық жағдайын бағалауды үйрену және алынған мәліметтерді оқушылардың оқу үлгеріміне және мінез-құлқына тигізетін себептерді анықтау барысында қолдана білу.
СҰРАҚТАР:
* Тірі организмнің өсуі мен дамуы туралы түсінік.
* Адам организмінің өсуі мен дамуының өзіне тән ерекшеліктері.
* Өсу және дамудың біркелкі еместігі, даму гормониясы және гетерохронизм.
* Акселерация туралы түсінік. Акселерация теориялары.
* Дене өсуін зерттеу методикалары және оны бағалау.
* Жас шақтарын кезеңге бөлудің негізгі принциптері.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.
ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Бойды өлшеуіш (ростомер), медициналық таразы, сантиметрлік лента, спирометр, қол динамометрі, спирт, мақта. 

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
* Дене ұзындығын өлшеу (тура бой).
* Дене салмағын өлшеу.
* Кеуде клеткасы аумағын өлшеу: тыныштықта және тыныс шығарған кезде.
* Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеу.
* Қол басының сығу күшін өлшеу (оң және сол қолдың).
2- тәжірибе. Тексерілетін адамның өсуін бағалау.
А) Антропометриялық зерттеу барысында алынған мәліметтерді сол жастағы балалар денесінің өсуінің орташа көрсеткіштерімен салыстыру.
В) Барлық  есептеулерді жүргізу. Тиісті мәліметтерді антропометриялық таблицаға енгізу және дененің өсу пішінін анықтау.
Кесте 2.
Көрсеткіш
Нег. Көрс.
Орташа жас нормасы
Айырмашылығы
Сигма
Сигма айыр.
Даму көрс.
Жалпы дене дамуы
Бойы







Кеуде клеткасының шеңбері







Дене салмағы








Кесте 2.
Көрсеткіштері.
-3б.
-2б.
-1б.
+1б.
+2б.
+3б.
Бойы






Салмақ






Кеуде клеткасының шеңбері













1-сурет. 13 жастағы оқушы денесінің өсу профилі.
Өлшеулер нәтижесі оқушы денесінің өсуі кең норманың шегінде деп санауға негіз болады, басқаша айтқанда, ол қалыпты  дамуда. Бірақ болашақ ұстаз оқушы денесінің өсуін жан-жақты бағалау үшын оның денсаулық жағдайын жақсылап тексеру қажет.
Мектеп оқушыларының денесінің өсуі мен денсаулық жағдайын сипаттау.
 	Адамның бойын тиісті өлшеуішпен анықтайды, дене салмағы медициналық таразымен өлшенеді, көкірек клеткасы сантиметрлік лентамен өлшенеді. өлшеу методикасы <<Мектеп гигиенасы>> оқулығында айтылған.
	Әрбір тапсырманы орындаудағы келесі кезең  -  жиналған материалды талдау. Тап осы жағдайы бой, дене салмағы және көкірек клеткасы дамуының көрсеткіштерін №1 табл. Көрсеткіштерімен салыстыру. Табылған айырманы сигмаға (С) бөлу керек. Егер бөлінді 1-ден жоғары немесе төмен болмаса, онда дененің өсуі норманың шегінде деп есептейміз: егер бөлінді 1,2- нің маңында болса, онда дененің өсуі нормадан жоғарғы не төмен, ал 3-тің маңында болса, онда дененің өсуі жақсы немесе төмен деп жіктеледі.
Былай деп ұйғарайық: оқушы К.13 жаста, бойы 148,3 см, салмағы 42,3 кг, көкірек клеткасының шеңбері 69,5 см (тыныштық жағдайда). Бұл жасқа лайықты орташа көрсеткіштер (немесе стандарттардың орташа шамасы - М), тиісінше -144,8 см (С-7,9), 36,4 (С-5,9), 99,5 (с-4,3). Анықталған шама мен орташа шаманың айырмасы - 148,3-144,8 см  +3,5 (оң таңба, себебі бойдың анықталған шамасы орташа шамадан көп).
	Табылған айырманы сигмаға бөлеміз С (3,5:7,9) 10,44, сонан соң  бөліндінің шамасын таблицаға түсіріп, нүктесін табамыз. Осы сияқты есептеу дене салмағы мен көкірек клеткасының шеңбері бойынша жүргізіледі. 
Салмақ: 42,3 кг - 36,4 кг  5,9 кг. С 5,9 : 5,9  +1.
Көкірек клеткасының  шеңбері: 69,5 - 69,5  0. С  0:4,3  0
Егер анықталған шама орташа шамадан аз болғанда, олардың айырмасы теріс (-) таңбамен белгіленеді. Анықталған мәліметтерді антропометриялық карточкаға түсіру және табылған нүктелерді сызықпен қосып дененің өсу профилін Мартиннің методы бойыншы анықтаймыз.     

ҚОРЫТЫНДЫ:

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер <<Возрастная физиология и школьная гигиена>>. М., 1990 ж.   
С. Жұмабаев. <<Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы>> А., 1991 ж.



№6 ТАҚЫРЫП: Мектеп ғимараты мен мектеп маңындағы участокты санитарлық  - гигиеналық тұрғыдан зерттеу.
 МАҚСАТЫ:  Мектеп ғмираты мен оның маңындағы жер участогіне қойылатын гигиеналық талаптардың теориялық білімдерін бекіту, оларды санитарлы тұрғыдан зерттеу дағдыларын меңгеру.
СҰРАҚТАР:
* Қала мен ауылды жерде мектеп орналасатын жерлерге қойылатын талаптар.
* Мектептің жер участогынының зоналары: құрылыс салуға арналған алаң, оқу-тәжірибезонасы, демалыс зонасы және шаруашылық зонасы.
* Мектеп үйіне қойылатын талаптар.
* Мектеп үйлері: оқу үйлері,көмекші үйлер, тұрғын үйлер.
* Мектеп үйінің ауа режиміне қойылатын гигиеналық талаптар.
* Мектеп үйіндегі жарық режимі, жылыту, сумен жабдықтау.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:Санитарлық зерттеуді мектеп участогынан бастайды: оның орналасуын, қоршаған заттар, көлемін. Әр түрлі участогтың зоналарының орналасуын анықтайды. Негізінде спорт зонасын, оның алып жатқан алаңын,оның көлемі және онда орналасқан спорт жабдықтарын қарастырады. 
	Мектеп ғимартының зерттеуде оның орналасуына, бөлмелердің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Рекреациялық бөлмелер санитарлық жағдайы мен ауданын анықтайды.

Мектеп ғимараты мен жер участогының санитарлы зерттеу картасы
* Зерттеу күні, уақыты және мекен-жай__________________________________________________________
* Мектеп_______________________________________________________
* Мектеп типі (бастауыш, орта) ___________________________________
* Қызмет көрсету радиусы________________________________________

                            Жер участогы
* Орналасуы (жанында орналасқан құрылыстар, участок және көрші құрылыстар ара қашықтығы, жел бағыты)_________________________
* Участок ауданы (жалпы аудан және бір оқушыға келетін аудан)_______
* Жер участок зонасы (атауы, көлемі, орналасуы)____________________
* Жасыл желектер (түрі, ауданы, орналасуы, жағдайы)________________
* Участоктың санитарлы жағдайы________________________________
* Участок территориясын жинау жүйесі___________________________
*  Спорттық зонасы (орналасуы, көлемі, спорт алаңдарының түрлері)
_______________________________________________________________
*  Спорт алаңдары (орналасуы, көлемі, қоршалуы, жабыны, құрал-жабдықтар, санитарлы жағдайы)_________________________________

                         Мектеп ғимараты
* Участокта ғимараттың орналасуы (ара қашықтығы,ориентаци фасада)_______________________________________________________
* Қабат саны және ғимарат компазициясы (оратлықтанған, блокты, павильон)_____________________________________________________
* Блок және қабат бойынша жоспарлануы___________________________
* Сыныптардың орналасуы_______________________________________
* Коридар (көлемі, панелдер, фрамуги, форточка)____________________
* Рекреациялық бөлмелер (түрі, көлемі, бір оқушыға келетін аудан)_____
________________________________________________________________
* Жуынатын жер (этаж бойынша орналасуы, қол жуғыштар, әжетхана, олардың санитарлық жағдайы)___________________________________
* Көмекші бөлмелер (мектеп мүдірі, мұғалімдер бөлмесі, мектеп күзетшісінің бөлмесі), олардың сынып бөлмелерінен оқшаулануы
________________________________________________________________
* Бөлмелерді жинау жүйесі_______________________________________
* Оқушыларды  таза сумен қамтамасыз ету__________________________
*  Асхана (орналасуы, санитарлық жағдайы)_________________________
*  Қосымша мәліметтер__________________________________________
* Қорытынды (санитарлы-гигүиеналық бағалау)_____________________
* Санитарлы-гигиеналық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар
________________________________________________________________
* Қолы_________________________________________________________

Бақылау сұрақтары:
* Мектеп жер участогына қандай гигиеналық-талаптар қойылады?
* Спорттық зонасына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
* Мектеп ғимаратына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
* мектеп ғимараты мен жер участогын зерттеу жұмыстарын қалай жүргізеді?

№9 ТАҚЫРЫП: Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
 МАҚСАТЫ:  еңбек сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптардың теориялық білімдерін бекіту, оларды санитарлы тұрғыдан зерттеу дағдыларын меңгеру.
СҰРАҚТАР:
* Еңбек сабақтарын ұйымдастыру.
* Мектеп шебарханаларына қойылатын гигиеналық талаптар.
* еңбек сабақтарындағы қауіпсіздік техникалары.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:Санитарлық зерттеуді мектеп шеберханаларынан бастайды: оның орналасуын, қоршаған заттар, көлемін. Мектеп шеберханаларындағы жарық режимі, жылыту, ауа режимі. Шеберхананың алып жатқан алаңын,оның көлемі және онда орналасқан спорт жабдықтарын қарастырады. 
	Мектеп шеберханаларын зерттеуде оның орналасуына, бөлмелердің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. 

Мектеп шеберханаларын санитарлы зерттеу картасы
1.Зерттеу күні, уақыты және мекен-жай__________________________________________________________
2.Мектеп_______________________________________________________
3.Мектеп типі (бастауыш, орта) ___________________________________
4.Қызмет көрсету радиусы________________________________________

5.Сыныптардың орналасуы_______________________________________
6.Бөлмелерді жинау жүйесі_______________________________________
7.Станоктардың орналасуы__________________________
8.Жарықталуы_________________________
9. Еңбек сабақтарында пайдаланылатын еңбек құралдарының орналасуы
_______________________________________________________________
10.Қосымша мәліметтер__________________________________________
11.Қорытынды (санитарлы-гигиеналық бағалау)_____________________
12.Санитарлы-гигиеналық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар
________________________________________________________________
12.Қолы_________________________________________________________

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

Студенттердің өзбетімен оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыстары 

№1 ТАҚЫРЫП: Мектеп жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
МАҚСАТЫ: Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында студенттердің қазіргі таңда жасалынған мектеп жабдықтары мен оқу құралдарын дұрыс таңдау дағдысын қалыптастыру.
СҰРАҚТАР:
* Мектеп жабдықтары.
* Мектеп оқу құралдарының түрлері.
* Мектеп жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
* Оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. 
* ТАПСЫРМА ФОРМАСЫ: есеп

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. Мектеп жабдықтары мен оқу құралдарының түрлерін, қойылатын гигиеналық талаптарды, мектеп жабдықтарын оқу бөлмелерінде орналастыру шарттарын көрсетіңдер.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988


№2 ТАҚЫРЫП: Мектеп оқу-тәрбие процестерінің гигиенасы.
                                       
МАҚСАТЫ: Мектеп оқушыларының шаршауын, қалжырау, зоруғуларын болдырмау үшін оқу-тәрбие жұмыстарының нормасын, күн және мектеп режимін дұрыс құру туралы студенттердің білімдерін кеңейту. 
СҰРАҚТАР:
1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы маңызы қандай?
2. Мектеп режиміне не кіреді?
3. Балаларды мектепке қабылдау талаптары қандай?
4.Оқушының жұмыс қабілеттілігін сақтау және оқу күнінің ұзақтығы.
5.Сабақ кестесін құруға қандай талаптар қойылады?
6.Мектеп режиміндегі үзілістің маңызы қандай?
7.Оқытуға қандай гигиеналық талаптар қойылады?
8.Төменгі сыныпта оқыту гигиенасының ерекшеліктері қандай?
9.Жазу және сурет салуға қандай гигиеналық талаптар қойылады?
ТАПСЫРМА ФОРМАСЫ: есеп

Әдістемелік нұсқау: 
1. Мектеп оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызын, мектеп режимінің негізгі элементтерін анықтау.
2. Қазіргі мектепке арналған оқу жоспары атқарылатын апталық міндетті көрсетіңдер: І-ІІ сыныптар үшін, ІІІ сыныптар үшін.
3. Сабақ кестесіне қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып сабақ кестесін  құру: бастауыш сыныптар кестесін.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.


№3 ТАҚЫРЫП: Үй тапсырмасын орындауға қойылатын гигиеналық талаптар.
                                       
МАҚСАТЫ: Оқушылардың үй тапсырманы орындауына қойылатын гигиеналық талаптар, үй тапсырмасының нормалау,  туралы теориялық білімдерін бекіту.
СҰРАҚТАР:
1.Үй тапсырмасының мөлшері.
2.Үй тапсырмасын орныдау тәртібі.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. Үй тапсырмасын орындауға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды қарастыру.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:	
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
5.Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М., 1987.


№4 ТАҚЫРЫП: Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің мектептегі бірлесе жүргізетін жұмыстары.
МАҚСАТЫ: Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің бірлесе жүргізетін жұмыстарының мақсат-міндеттерімен танысу. 
ЖОСПАРЫ:
* Мектептің санитарлы-гигиеналық жағдайымен танысу.
* Бақылау жүргізу.
* Оқушыда гигиеналық дағдыны қалыптастыру.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. Мектептің санитарлы-гигиеналық жағдайымен танысу, бақылау жүргізу. Мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерін анықтау.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
5. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,


№5 ТАҚЫРЫП: Санитарлы-гигиеналық тақырыптарына әңгіме құрастыру.
                                       
МАҚСАТЫ: Студенттерді санитарлы-ағарту тақырыптарына әңгіме дұрыс құрастыруды, ата-аналары және оқушылармен осы тақырыптарына әңгіме өткізуді  үйрету.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
Әңгіме тақырыптары:
* Мектеп оқушыларының күн режимін гигиеналық тұрғыдан ұйымдастыру.
* Балалардың дұрыс сымбатын қалыптастыру.
* Шынықытру негіздері және принциптері.
* Балалардың тамақтану гигиенасы.
* Балаларда кездесетін жұқпалы ауруларының профилактикасы.
* Паразит құрттар және олардың алдын алу.
* Ішек-қарын ауруларын алдын алу.
* Невроз және оны алдын алу.
* Алкоголизм, алкоголь, оның бала денсаулығына зияны.
Әрбір студент санитарлы-гигиеналық ағарту тақырыбын таңдап алып, оқулықтарды қолдана отырып жоспар құрады. Әңгіме жоспары кіріспеден, негізгі бөлімнен, мазмұны, қорытынды мен гигиеналық ұсыныстар болу керек. Студенттермен құрылған жоспар оқытушы тексеріп, қателерін түзетеді. Студенттер жоспар бойынша әңгіме құрастырады. Әр студент кезектесіп т басқа студенттер алдында санитарлы-ағарту тақырыбында әңгімесін өткізеді.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

№ 6 ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру.
МАҚСАТЫ: Тамақтану, тамақтанудың маңызы, тағамдарға қойылатын талаптар туралы теориялық білімдерін бекіту, тамақтану режимі және тамақтану рационын құруды үйрету. 

СҰРАҚТАР:
1. Тамақтанудың физиологиялық маңызы және мектеп оқушылары ағзасындағы зат алмасу ерекшеліктері.
2.Тағамға қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Тамақтың құрамы және тамақтану нормасы.
4.Мектеп оқушыларының тамақтану режимі.
5.Мектептегі асханаға, ондағы ыдыс-аяқтарға қойылатын гигиеналық талаптар.
6.Тамақтан улану және оны алдын алу жолдары.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
Оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. Мектеп оқушыларының тамақтануына қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды ескере отырып оқушылардың тамақтану тәртібі және тамақтану рационын құру.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

                                       
       №7 ТАҚЫРЫП: Экскурсиялар гигиенасы.
МАҚСАТЫ: Бастауыш сыныптарда оқушыларды қоршаған орта өзгерістерін таныстыруда өткізілетін, әр маусымға байланысты экскурсияларды гигиеналық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды меңгеру.
СҰРАҚТАР:
1. Экскурсилардың маңызы.
2.Күз, қыс, көктем мезгілдерінде экскурсияларды ұйымдастыру.
3.Экскурсияға қойылатын гигиеналық талаптар.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. Бір маусыға байланысты экскурсия жоспарын құрастыру.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

               №8 ТАҚЫРЫП: Ұйқы гигиенасы.
МАҚСАТЫ: Бала ағзасына ұйқының маңызы, дұрыс ұйықтау, ұйықтайтын бөлмелерге және киетін киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптарын қарастыру. 
СҰРАҚТАР:
1.Ұйқы, оның кезеңдері.
2.Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар.
3.Балаларды ұйықтатуға қойылатын гигиеналық талаптар.
4.Ұйқысыздық пен ашуланшықтықтан сақтандыру.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: 
Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. ұйқының маңызы, балалар ұйқысын дұрыс ұйымдастыру талаптарын жазу.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
2. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,
3.Матюшонок М. П. "Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы". М., 1980.

                                       
№9 ТАҚЫРЫП: Бастауыш сыныпта жүргізілетін гимнастикалық жаттығулар өтетін орындар мен сырғанау алаңдарын санитарлы-гигиеналық тұрғыдан зерттеу.
МАҚСАТЫ: Бастауыш сынып оқушыларының ағзасының дұрыс дамуы, шынықтыру үшін гимнастикалық жаттығулардың маңызын, гимнастикалық жаттығу түрлерін, дұрыс өткізу ережелерін меңгеру.

СҰРАҚТАРЫ:
1. Мектептегі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабақтарын өткізуге қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Гимнастикалық жаттығулардың гигиеналық маңызы.
4.Гимнастикалық жаттығулар өтетін орындарға қойылатын гигиеналық талаптар.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. Мектептегі спорт залдарына, гимнастикалық жаттығуларды өткізетін орындарға қойылатын гигиеналық талаптарды, гимнастикалық жабықтарды орналастыру, гимнастикалық жаттығулардың ауыр және жеңіл түрлерін, оларды дұрыс өткізу шарттарын көрсет. 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

№10 ТАҚЫРЫП: Қауіпсіздік техникасы және жарақаттануды болдырмау.
МАҚСАТЫ: Қауіпсіздік техникасымен, жарақаттануды болдырмау, алғашқы көмекті қалай көрсету қажетігімен таныстыру.

СҰРАҚТАР:
1.Қауіпсіздік техникаларының мәселелері және жарақаттануды болдырмау.
2. Буын созылуларында алғашқы көмек.
3.Аяқ-қол сынулары болған жағдайдағы алғашқы көмек.
4.Қан тамырлары жарақандануындағы алғашқы көмек.
ТАПСЫРМА ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. Дене шынықтыру, еңбек сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы тұрғысынан алғанда талаптарды қарастыру.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер <<Возрастная физиология и школьная гигиена>>. М., 1990 ж.   
2.С. Жұмабаев. <<Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы>> А., 1991 ж. 
3.Советов С. <<Мектеп гигиенасы>> А., 1977.

           Студенттердің өздік жұмыстары 
№1 ТАҚЫРЫП: Салаутты өмір салтының гигиенасы.
МАҚСАТЫ: Салауатты өмір салтының маңызы, бағыттары, салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттарын қарастыру.
ЖОСПАРЫ:
1.Салауатты өмір салты туралы түсінік.
2.Салаутты өмір салтының бағыттары.
3.Салаутты өмір салтын қалыптастыру.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: 
Оқулықтар мен ғыылми әдебиеттермен жұмыс жасау. Салауатты өмір салты, оның маңызы, бағыттары, оны қалыпстастыру мақсатын ашып көрсету.
	ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
* <<Валеология>> журналы.
* Жатқанбаев Ж. Ж. <<Валеология>>, А., 2002.
* Лаптев А. П. <<Гигиена>> М., 1990.
                                       

№2 ТАҚЫРЫП: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы.
МАҚСАТЫ: Балалр және жасөспірімдер денсаулығын сақтау, күту шараларын қарастыру.
СҰРАҚТАР:
1.Балалар денсаулық жағдайының көрсеткіштері.
2.Денсаулық топтары.
3.Денсаулық жағдайының мамандықты игеру, еңбек өнімділігіне, жұмыс қабілетіне әсері. 
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: реферат.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып балалар денсаулық жағдайы, оны сақтау, денсаулық топтары, денсаулық жағдайының оқуға, еңбекке әсері, балалардың денсаулығын сақтау және жақсарту жолдарын қарастыру.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
4. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,

№3 ТАҚЫРЫП: Зиянды дағдылар профилактикасы.
МАҚСАТЫ: Жас организмге зиянды дағдылартың тигізетін әсері, зиянды дағдыларды күресу жолдарымен таныстыру.
СҰРАҚТАР:
1.Зиянды дағдылар түрлері.
2.Оқушылардың бойынан зиянды дағдыларды жою.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
2. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,
3.А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер <<Возрастная физиология и школьная гигиена>>. М., 1990 ж.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
5.Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6.Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7."Валеология және дене шынықтыру" журналы.
                                       
№4 ТАҚЫРЫП: Мектеп оқушыларының демалыс күндерін гигиеналық жағынан дұрыс ұйымдастыру.
МАҚСАТЫ: Оқушылар демалыстарын қызықты, гигиеналық тұрынғыдан дұрыс ұйымдастыру шарттарын меңгеру. 
СҰРАҚТАР:
1.Демалы күнінің маңызы мен қажеттілігі.
2. Демалыс күнгі күндік режимін дұрыс ұйымдастыру гигиенасы.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: Оқулықтар мен ғыылми әдебиеттермен жұмыс жасау. 2 -сынып оқушыларының демалыс күнінің күндік режимін құру.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
                                       
 №5 ТАҚЫРЫП: Тыныс алу жүйесінің гигиенасы.
МАҚСАТЫ: Тыныс алу мүшесін түрлі аурулардан сақтау шараларын қарастыру.
СҰРАҚТАР:
1.Балалар тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктері.
2.Тыныс алу мүшелері мен дауыс аппаратының гигиенасы.
Оқу бөлмелерінің ауа ортасына қойылатын гигиеналық талаптар.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: 
Ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана отырып балалардың тыныс алу мүшелерін жетілдіру, түрлі аурулардан сақтау жолдарын көрсету.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
2. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,
3.А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер <<Возрастная физиология и школьная гигиена>>. М., 1990 ж.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
5.Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

№5 ТАҚЫРЫП: Балалар арасында болатын жұқпалы аурулар профилактикасы.
МАҚСАТЫ: Балалар арасында кездесетін жұқпалы аурулар түрлерін, олармен күрес шараларын қарастыру.
СҰРАҚТАР:
1.Балалар арасында кездесетін жұқпалы аурулар түрлері.
2.Жұқпалы аурулармен күресу шаралары.
3. Егу. Иммунитет. 
4.Оқу бөлмелерінің ауа ортасына қойылатын гигиеналық талаптар.
ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: Реферат
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: 
Ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана отырып балалар арасында жиі кездесетін аурулар түрлері, осы аурулардан сақтау жолдарын көрсету.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
2. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,
3.А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер <<Возрастная физиология и школьная гигиена>>. М., 1990 ж.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 
5.Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
                      Межелік бақылау №1.
1.Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, тұрмыстық және тамақ гигиенасы.
2.Мектеп гигиенасына негізделеген дене шынықтыру және спорт гигиенасы пәнінің мақсаты, міндеті, әдістері, даму тарихы.
3. Өсіп келе жатқан организмнің даму ерекшеліктері. 
4.Жас өспірімдердің организмінен ересек адам организмінің айырмашылықтары
5.Адамдар тіршілігіне ауаның маңызы. 
6.Ауаның физикалық қасиеттері, химиялық құрамы. 
7.Ауаға қойылатын гигиеналық талаптар. 
8.Суға қойылатын гигиеналық талаптар.
9.Сумен жабдықтау. 
10.Ауыз суының гигиенасы. 
11.Суды тазарту әдістері. 
12.Топыраққа қойылатын гигиеналық талаптар. 
13.Сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы және оларды мектеп оқушыларына шынықтыру үшін пайдалану.
14.Тамақтану гигиенасы. 
15.Тамақтану режимін құру. 
16.Тәуліктік энергия шығынын анықтау. Хронометражды кесте әдісімен танысу.
17.Тәуліктік тамақтанудың гигиенасы. 
18.Тәуліктік тамақ мөлшерін және құрамын анықтау. 
19.Спортшылардың тамақтану тәртібі.
20.Жұпалы аурулар, олардың түрлері. Оларды емдеу, алдын алу. .
21.Ауа-тамшылы инфекцияны алдын ала емдеу. Тері аурулары. Венериолгиялық аурулар.
22. Организмнің жұқпалы аурулардан өзін-өзі қорғау.
23. Иммунитет. Иммунитет түрлері.
24.Спорт құрылыстарына қойылатын гигиеналық талаптар. Ашық және жабық спорт құрылыстарының түрлері. .
25.Ғимарат орны мен жер участогын таңдау. Ғимарат жоспары. 
26.Жылыту. Ауа режимі. Жарық режимі. Сумен жабдықтау. Оқу жабдықтары. 27.Жиһаздарды дұрыс іріктеу және парталарға оқушыларды дұрыс орналастыру. 28.Жиһаздарды бөлмелерде дұрыс орналастыру.  саймандары, көрнекті құралдар гигиенасы.
29.Жеңіл атлетика түрлерінің гигиеналық сипаттамасы (жүгіру, секіру, лақтыру). 
30Спорт ойындарының гигиеналық сипаттамасы (футбол, баскетбол, хоккей). 31.Гимнастика, ауыр атлетика түрлеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Қысқы спорт түрлерінің гигиенасы. 
32.Жаттығу және жарыс өткізетін орындарды гигиеналық
                                       

          ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
№
Әдебиеттер тізімі
Дана саны
Студ. саны 
Қам-тылу
Ескер
тпе
                      Негізгі әдебиеттер
1
C. Е. Советов. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
32
4
100

2
В. И. Беляцкая. Школьная гигиена. М., 1983.
12
4
100

3
А. П. Лаптев. Гигиена. М., 1990
55
4
10

4
А.П. Лаптев Практикум по гигиене. М.,1981
30
4
100

5
И.Г. Куценко Основы гигиены. М., 1980
5
4
100

6
А. А. Минх. Общая гигиена. М., 1954.
2
4
50

7
Попов С.Н. Общая гигиена и гигиена спорта. М., 1988
2
4
50

8
Гигиена питания М., 1989
1
4
25

9
А. Г. Хрипкова. Анатомия, Физиология человека. А.,1973.
5
4
100

10
М. Т. Матюшонок. Балалар мен жас өспірімдердің физиологиясы мен гигиенасы. А., 1986.
1
4
25

11
Г. Н. Новожилов. Гигиеническая оценка микроклимата. Л., 1986.
1
4
25

Қосымша әдебиеттер
12
А. Г. Хрипкова. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1978.
58
4
100

13
М. В. Антропова. Основы гигиены учащихся. М.,1971. 
2
4
50

14
Л. Г. Дембо. Практические занятия по врачебному контролю. М., 1976.
1
4
25

15
В. Л. Картман. Спортивная медицина. М., 1980.
20
4
100

16
С. Жұмабаев. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А., 1996.
60
4
100












                                       
Пәндер