Файл қосу

Ежелгі Римдегі фармация



                        ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ 
                                       
                              Оқу құралы
МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ..............................................................................
4
1
ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ДӘРІТАНУДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ .............................................................   

5

1.1 Ағашқы қоғамдағы дәрітану   ................................................................
6
2
ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ..........
12

2.1 Ежелгі Мысырдағы дәрітану     ..............................................................
13

2.2 Месопотамиядағы дәрітану      ...............................................................
16

2.3 Ежелгі Үндістандағы дәрітану  ..............................................................
20

2.4 Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы...............................................
23
3
ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ МЕН ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ.........................................................................................................

30

3.1 Ежелгі Грециядағы фармация ...............................................................
30

3.2 Ежелгі Римдегі фармация .....................................................................
42
4
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФАРМАЦИЯ.....................................................
51

4.1 Батыс Еуропадағы фармация  .............................................................   
51

4.2 Византия империясындағы фармация  ..............................................   
57

4.3 Араб халифатындағы фармация  .........................................................  
59
5
ХVІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ....................................


68

5.1 Ғалымдардың химия мен фармацияға қосқан үлесі  ........................
70
6
І ПЕТР РЕФОРМАСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ ........
83
7
ХІХ-ХХ ҒҒ. РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС....
101

7.1 ХІХ ғасырдағы Ресейдегі дәріханалық іс.............................................
101

7.2 Кеңестік билік кезеңіндегі дәріханалық істің дамуы..........................
104

7.3 ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық іс  ................................
108

7.4 ХХ жүзжылдықта Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы.............  
112
8
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ......................................................................

117

Білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары.................................... 
130

Әдебиеттер тізімі ...........................................................................................
138











                                КІРІСПЕ
     Өткенді оқып-үйрену бізге бүгінгімізді жақсы түсінуімізге септігін тигізеді. Кез келген құбылыстардың даму заңдылықтарын тану оның болашақтағы дамуын жақсы түсінуге көмектеседі.   
    Кез келген басқа да білім саласы тәрізді, фармация нақты шынайылылықтардың қосылыстарын емес, ұзақ та күрделі даму процессінің қорытындысын ұсынады.  Сондықтан да,  фармацияны  оның тарихи дамуынан бастап оқып-үйрену қажет. Фармацияны оқу, басқа да білім салаларындағыдай, оның тарихымен танысу міндетін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, алғашқы тарихи мәліметтермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеп, жалпы мәдени танымды кеңейтуге септігін тигізеді.   
    Әрбір фармацевтикалық пәндерді оқу оның тарихи даму жолына сараптама жасаудан басталады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жекелеген бағыттарының тарихымен жүйелі түрде танысу, студенттің материалды жақсы меңгеруіне және мамандардың кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.   













          * ФАРМАЦИЯ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. 
                 ДӘРІТАНУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
     Өткенді оқып - үйрену бізге бүгінімізді жақсы түсініп, болашақтағыны жорамалдауға көмектеседі. Біз өмір сүріп жатқан уақыт білімнің бүкіл саласы бойынша, соның ішінде фармацияда да жедел дамуда. Сонымен қатар, біздің уақытта дайын материалдарды оқып-үйрену ғана емес, әрбір маманның өзіндік ғылыи жұмыстарының да, соның ішінде фармацевтердің де ролі өсіп келе жатыр. Осымен байланысты қазіргі ғылымды жетілдіре меңгеру үшін бұрынғы заманғы тарихтық қазыналардың да үлесі көп. Тек сонда ғана тарихи білімді және тарихи ойлай алатын маман болашақта оған кездесетін фармациядағы ауқымды өзгерістерге дайын бола алады. Фармация тарихы- халықтың жалпы тарихи мәдениетімен, бұқаралық- экономикалық дамуы және ауысуымен байланысты фармацевтикалық қызымет пен фармацевтикалық білімнің дамуын оқып зерттейтін ғылым. Фармация тарихының мағынасы әйгілі ғалымдардың фармацевтикалық ғылымды дамытудағы жетістіктері мен ролінің әлемдік прогресстегі деңгейін көрсетеді. Және де бір маңызды мәселе, өз мамандығының тарихын білу қазіргі уақытта оның жақсы дамуының бірден- бір белгісі және оның бәрі адамның өз қолында. Денсаулыққа әсер ететін қоршаған ортаны қорғау, бұқаралық- экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттарын зерттеудің нәтижесінде фармация ғылымы мен пәні дамыды. Әрбір фармацевтикалық пәнді оқып - үйрену, оның дамуының тарихи сараптамасынан бастау алады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жеке бағытындағы тарихпен бөлшектеп және нақты танысу  -  зерттелген материалды толық игеруге, жас маманның және студенттің шығармашылық мүмкіндігін жандандыруға ықпал етеді.
       Фармация тарихын оқи отырып, біз оны бұқаралық  -  экономикалық құрылымдар бойынша адамзаттың жалпы қадамына жауапты дәуірлерге бөлеміз. Бұл құрылымдар мыналар: алғашқы-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, әлеуметтік. Әрбір осы құрылымда фармацияның өзіндік ерекше әлпеті болды. Бірақ, әр құрылымның шегінде медициналық тәжірибе мен ғылым сол заманғы экономиканың, ғылымның, техниканың өзгеруіне қарай ауысып отырды. Фармация тарихы бізге қоғамдағы өзгерістермен байланысты фармацияда болып жатқан тамырлық өзгерулер мен қадамдарды көрсетеді.

              +   Ағашқы қоғамдағы дәрітану
                                       
Алғашқы қоғам тарихы өзінің ұзақтығымен барлық адамзат тарихының 99% құрайды. Алғашқы қауымдық құрылысты жер жүзінің әр қоғамы басынан өткерді, сондықтан да, адамзаттың болашақ қадамын түсіну үшін адамзат дамуының бастапқы кезеңдерін жете білу керек.
	
Алғашқы қоғамның қалыптасуы және дәрітанудың пайда болуы 
 /2 млн. жыл бұрын  -  шамамен 40 мың жыл бұрын/
                                       
          Адамның жақын туыстастығының (австраопитектердің) гоминидтерге ауысуы үштік және төрттік кезеңде  жүзеге асты. Ч. Дарвиннің адамдардың адам тәрізді маймылдардан жаралды деген гипотезасы <<Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен дамуы немесе өмір үшін күресте жіктеліп қалған тұқымдардың сақталуы>> (1859) атты еңбегінде келтірілген. Ч.Дарвиннің айтуы бойынша, адамның пайда болған жері Африка континенті, онда адамға жақын антропоидтар  -  шимпанзе мен горилла бар. Бұдан да басқа көзқарастар бар. Бұл сұрақтың соңғы шешімін болашақтағы ғылыми зерттеулер нәтижесі ғана бере алады.
       Ежелгі адамдар қауымына ағашқы адамдар тобыры бастау болды. Ежелгі адамдар (архантроптар) тік жүретін болған, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын жүргізген. Архантроптардың еңбекке қабілеттілігі олардың тілінің дамуына, сөйлеу, ойлау, сезінудің дамуына бастау болды. Адамның палеопсихологиясы алғашқы адамдардың сана-сезімінің үш саласын анықтайды: 1) эмпирикалық қабілет; 2) эмпирикалық қабілеттің ара- қатынасының нәтижесі; 3) абстракты ақыл-ес. Бірінші және екінші сала хронологиялық бөлінбеген және ол архантроптарда алғашқы ойлау, сөйлеу қабілеті және тідің дамуымен қатар жүрді. Естің үшінші саласы- абстрактты ойлану- архантроптарда әлі толық дамымаған, сондықтан да, оларда өлікті жерлеу, нанымдық сенімдер, салт-дәстүрлік, сиқырлы әрекеттер, ағашқы өнерге тән тасқа сурет салу сияқты әрекеттер болған жоқ.
     Ежелгі адамдар (палеонтроптар)  -  қазіргі заманғы адамның ата- тегі  -  тас индустриясын ойлап тапты, балықшылықпен, құрылыспен, аңшылықпен айналысты және от тұтатты, жануарлардың терісін киім ретінде, баспаналарын жылыту үшін пайдаланды. Палеонтроптардың сөйлеу қабілеті қазіргі заманғы адамдарға ұқсай бастады. Ең бірінші өлгендерді жереуді неандертальдықтар бастады / Франция шекарасындағы Ла Ферраси, Ле Мустье үңгірі; Қырымдағы Киік - Қобада және т.б./, бұл олардың абстракты ойлауының пайда бола бастағанын көрсетеді.
      Ежелгі адамдар пайдалыны пайдасыздан, емдік өсімдікті улыдан ажырата отырып, эмпирикалық жолмен өсімдіктер арасынан қайсысы қоректік, улы, емдік екенін ажырата білуге мүмкіндік ады. Олар мыналар: пасленді (дурман, белладонна, скополия), наркотикалық (қалампыр, темекі, үнділік конопля), асқорыту жүйесіне тітіркендіргіш әсер беретін өсімдіктер (жусан), сондай-ақ, салқындатқыш әсер беретін өсімдіктер (женьшень, лимон).

Алғашқы қоғамның гүлдену кезеңіндегі дәрітану
 /шамамен 40 мың жыл бұрын- б.э.д. Х- У мың жылдық/
                                       
      Жоғарғы палеолиттің басталуына қарай антропогенез бен қазіргі түрдегі адамдардың  -  Homo sapiens даму процесі аяқтала бастады. Осыдан нақты гоминидті үштік қалыптасты. Ойкумен әжептеуір кеңейді. Қоршаған ортаның шарттарына бейімделумен қатарлас қазіргі заманғы нәсілдердің (негроидты, европеоидты, моңғолоидты, австралоидты) құрылуы жүрді.
      Қауымның, қару - жарақтың, садақ пен жебенің дамуы өндіргіш күштердің өркендеуіне әкелді, аңшылардың туыстық қоғамдары, құрылысшылардың, балықшылардың жиыны пайда болды.Кейін жер өңдеушілер мен мал бағушылардың тобы құрылды.
	Аңшылық шаруашылыққа өту кезеңінде адамдардың көзқарастары да өзгере бастады. Алғашқы аңшы жануарларды тіршілік көзі ретінде ұға бастады. Көптеген тобырлар қандай да бір жануарды өздерінің топ басшсыы ретінде қабылдады, олар өздерінің топтарының белгілі бір жануар түрімен туыстық қатынасы бар екендігіне сенді. Осыдан барып олар жануарларға сыйынуды бастаған. Солтүстік Африкада сыйынатын жануар буйвол болса, Сібірде- аюға, Үндістанда  -  сиырға, Грецияда  -  ешкіге сыйынған. Кейбір топтардың аңшылары тастан, сүйектен және ағаштан өздерінің сыйынатын жануарларының бейнесі тәрізді тұмарлар жасап алып, оларды қатерден қорғап, денсаулықтарын сақтау үшін өздерімен бірге алып жүрген. 
       Алғашқы  аңшылар мен балық аулаушылар ұжымынан  -  адамзат қоғамы қалыптасты. Алғашқы ұжымдастыру кезінде -  әйелдер қоғамның тұрақты бөлігі болды. Олар балаларға қарап,  шаруашылықты жүргізді. Осыдан аналар шаңырақтың шырағын жағып, қорғайтын жан деп саналды. Бірақ рулық қауымда төменгі кәсіби еңбекте әйелдер мен ерлердің атқаратын қызметі бірдей болды, ал рудың көсемі сол руда дүниеге келген қыз немесе ұл бала болды.
Ертедегі тайпалардың жандүниелік мәдениеті рационалды және иррационалды ұсыныстардан қалыптасты. Рационалды дүние танудың нәтижесі - білім мен дәрігерлік емдеуді қабылдау болып табылды. Австралияның аборигендері тас дәуірінде өмір сүрген. Олар асқазан ауруларын емдеп, қан кетуді -күлмен, өрмекші өрнегімен тоқтатып, ал тері  ауруларын зәрмен жуып, топырақ басқан; сынықтарға шиналар қойып;  өсімдіктерден, жануарлардан, минералдық заттардан дәрілік заттарды жасап, қолдана білген.
Сүндетке отырғызу мен кесар тілігін жасауды білген. Бірінші хирургиялық құралдар ретінде тас пен сүйіктен жасалған пышақтар мен балық қабыршағымен тікенектерін қолданған.
Ал Америкалық аборигендер эмпириялық жолмен жансыздандыру мақсатында есірткі заттарды қолданған. Кактустың шырындары мен тұнбалары бірнеше күнге дейін жансыздандыру заттары сияқты әсер еткен.
     Алғашқы адамдардың құрылыстық өмірінің күрделенуі олардың санасын дамытты: санады үйрене бастады, діни сенімдері күрделене түсті. Ауруды  -  ауырып өлген ата-бабаларының аруағы  сау адамдарға келіп енеді де, ауру пайда болады деп түсіндірді. Сондықтан емшілердің бірінші мақсаты- науқастың денесіне енген аруақты шығару болды. Науқастың денесінен аруақты қуудан басқа бас қаңқасына трепанация операциясын да жасаған. Бірінші   трепанация жасаған адамның бас қаңқасы біздің планетамызда Латын Америкасының Куско (Перу) қаласында  1865 жылы табылды. Алғашқы адамның трепанация жасалған бас қаңқасының сараптамасы  трепанацияның сәтті өткендігін көрсетеді, оны бас сүйегіндегі біріккен қаңқалары куәландырды.
Қарағанды облысы Қарабие ауылында еуропейдке жататын ер адамның бас сүйегі табылған (б.э.д. V-ІV ғ.).  Бас сүйекке бір-біріне жақын өте өткір қашаумен ойып тескен бес ойық бар.
Қазіргі нейрохирургтерді таң қалдырған VІ ғасырда трепанация жасалған   түрік жауынгерінің бас сүйегі. Бас сүйек Оңтүстік Қазақстан облысында  табылды. Мамандардың болжамы бойынша жауынгер осыдан кейін бірнеше жыл өмір сүрген.
Алғашқы қоғам адамдары - бас сүйегі тесігінен ауру шығады деп сенген.  ХІХ ғ. ортасына дейін Тынық мұхитының Увей аралында аурулардың алдын алу мақсатында нәрестелердің бас сүйегіне жүз пайыз трепанация жасалған.
     Осылардың ішінде бұрынғы адамдар пайдаланған тәсілдер қазір де қолданылады: эфедра емдік өсімдік ретінде Қытайда 5 мың жыл бұрын пайдаланылған. Хин ағашының емдік қасиетін инктер ашқан. Көктемгі тау гүлімен қызылша мен ентікпені емдеген. Арнайы білімдер де қалыптаса бастады, кейін олар халық медицинасында қолданыла бастады. Лалагүлдің, оймақшөп жапырақтарының әлсіреткіш әсері; сүлік, оңқалар, минералды сулар біздің ата - бабаларымыздың халық медицинасынан қалған емдері. Фармакопеяға енген көптеген дәрі-дәрмектер мен емдік заттар осы халық медицинасының жемісі.
       Адамзаттың дамыған қауымдық қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық дамуы жеке меншік пен алғашқы қауымдық құрлыстың туындауына әкелді. 
 
Алғашқы қоғамның ыдырауы кезеңіндегі дәрітану 
                     (б.э.д.Х-Ү мың жылдық)
                                       
Алғашқы қоғамның ыдырауы екі түрде жүрді: патриархатты кейіннен  матриархатты. Олар қатарласа дамыды.
Патриархат кең таралды. Мұнда басты рольді ер адамдар алды.
Матриархат  -  қауымдық қатарда сирек таралған, басты  экономикалық рольді - әйел адамдар басқарған. Біздің планетамызда ежелгі матриархат саясатымен өмір сүретін тайпалар бар (ирокездер, минангкабау және т.б.).
Алғашқы қоғамның ыдырауы экономикасы жақсы аудандарда б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта аяқталды. (Месопотамия, Египет, Инда бассейні). Қолайсыз аудандарда,  Австралия, Африка елдерінде қазірге дейін жалғасып келеді.
Бұл кезеңнің маңызды жаңалығы б.э.д. ІҮ ғасырда иероглификалық жазуларды ойлап шығарулары: бірінші египеттіктер, кейіннен - қытайлықтар.
Емдеу барысында дағдылар дамып, дәрілік заттарды дайындау шеңбері кеңейіп, темірлерден медициналық құралдар жасалып, аяқ-қолға ампутациялар жасала бастады.
Тайпалық ұжымдардың күшеюі діни түсініктердің дамуына септігін тигізді- кейіннен кәсіби діни қызметкерлер пайда болды. Олардың негізгі айналысатын кәсібі  -  емдеу сабағы еді. Қазіргі уақытқа дейін кейбір Азия, Африка елдерінде халық емшілері  -  тәуіптер сақталған. Тәуіптер - бұлар жоғары кәсіби деңгейде  дайындалған адамдар. Болашақ тәуіпті ерлік пен шыдамдылыққа тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Африкада тәуіптердің шәкірттеріне арнайы жертөледе есінен танғанша түтінмен дем алдырған, одан кейін көптеген тістегіш құмырсқалармен сынаған. Ал Үндістанда шәкірттеріне бала кезінен дәрі жасауды, қолдануды және дұғалауды үйреткен. Алғашқы қоғамда тәуіптер әр түрлі ауруларға қандай дәріні қанша мөлшерде, қандай уақытта, қалай дайындап беретінін жақсы білген. Кейбіреулері емдеу үшін <<сиқырлы әсері>> бар тұмарларды қолданған. Сарымсақтан жасалған бойтұмарларды скарлатина және күл ауруы сияқты дерттерге қолданған. Сонымен алғашқы қоғамның құрылуы мен дамуы  -  барлық кезеңдегі алғашқы адамдардың қызметтерінің нәтижесі. Емдеу және  дәрілік заттарды қолдану ертеден басталатын қоғамның эволюциясымен бірге өрбіп дамыды.
Халықтың көпжылдық тәжірибелері алғашқы қоғам адамдарына табиғаттың емдік заттарын қалай жинауды, дайындауды және қолдануды үйретті. Бұл халық  медицинасының негізін қалады.
Дүниежүзілік тарихи процесстердің кезеңдері сияқты алғашқы қоғамның соңы жаңа құлдық қоғамның басталуымен шектеседі. Бірақ алғашқы қоғамның құрылымының қалдықтарының ыдырауы осы күнге дейін жалғасуда.
ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ
Ежелгі Шығыс адамзат мәдениеттің бесігі болған. Мұнда басқа елдерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың құл иеленушілік құрылысқа алмасуы ерте жүрді. Ежелгі Шығыста алғашқы мемлекеттер б.э.д IV-II мыңжылдықтарда Ніл, Тигр, Ефрат, Инд, Ганг өзендерінің өңірлерінде пайда болды. Құлиеленушілік Египетте және Месопотамияда (б.э. д. IV-III мыңжылдықта), Үндістанда (б.э.д. III мыңжылдықтың ортасында), Қытайда  (б.э.д. II мыңжылдықта), Закавказьеде (Урарту мемлекеті, б.э.д. I мыңжылдықта) үстемдік етті.
Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, <<Махабхарата>>, <<Рамаяна>> (Үндістан) этикалық шығармалары, <<Хамурапи патшаның Заңдары>> (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды. 
Ұрпақтан ұрпаққа білімдерін ауызша түрде тарату арқылы эмпирикалық медицина дами түсті.   Бүл білімдер жөнінде ешқандай жазбалар қалмады, тек папирустарда ғана жекелеген ауру түрлерін емдеу әдістері мен емдік дәрілерінің жазбалары сақталып қалған. Діни ұғымдардың пайда болуы мен дамуының нәтижесінде ауруды тәңірдің берген жазасы деп қабылдады. Бақсылық және шіркеулік медицина дамыды. Бақсылар білімді адамдар болған, олар жазудың пайда болуынан бастап халық медицинасының әдістерін жаза бастаған. 
Ежелгі Шығыстағы құлиеленуші қоғамда жіктеу ерекшелігі орын алды: дәрігер құлды сәтсіз емдеген жағдайда шығынын басқа құлмен өтеген, құлиеленушіні сәтсіз емдеген жағдайда емдеушінің саусақтарын кейде тіпті қолын шапқан. 
Храмдарда емдеу ісін үйретуге арналған медициналық мектептер ашылған, сондай-ақ медициналық білімдер отбасында да берілген.  
Кейін медицинамен айналысу жеке кәсіпке айналған, кәсіпқой-дәрігерлер пайда болған. Дәрігердің қызметі орындауға міндетті болған  қатаң ережелермен реттеліп отырған. Ауру түрлері және оларды емдеуге арналған дәрілерді дайындау әдістері жазылған медициналық әдебиеттер пайда бола бастады.  
                                       
            2.1    Ежелгі Мысырдағы дәрітану
                                       
	Құнарлы Ніл өзенінің төменгі жағалауы дамыған Мысырдың ежелгі ошағы болған.  Б.э.д. VI  мыңжылдықта алғашқы тұрақтар пайда болған, кейін олар үлкен қалаларға - мемлекетке айналған. Б.э.д. 3200 жылы ол жеке мемлекет болып құрылды. Тұрғындардың тұрмыс жағдайларының жоғары деңгейде болуының арқасында ежелгі әлемдегі химия, медицина және фармация саласындағы  әйгілі білімдер осы жерде шоғырланды. 
	Жалпы ежелгімысыр мәдениеті тәрізді, Мысырда фармация туралы мәліметтер көзі - саркофактарда, пирамидаларда және басқа да құрлыстарда жазылған  көптеген иероглификалық жазбалар, соның ішінде бастысы- папирустар (Мысырда жазба хаттарды жазуға қолданылатын Ніл кеңістігінде кең тараған папирус өсімдігінен дайындалған орамдар). Папирустарды орыс египтологтары оқып, зерттеген. Ежелгі мысырлықтар математика, астрономия, географияны меңгеріп қана қоймай, медицина және фармация аймағындағы ілімдерді де кеңінен меңгерген. Олар 4 негізгі элементтерге (ауа, су, жер және от) сүйене отырып, адам ағзасын құрайтын және оның саулығы мен сырқатына негіз болатын негізгі 4 шырын туралы ілімді ойлап тапты. Сонымен қатар пневма туралы ілім пайда болды, оған сүйене отырып адам тыныс алған кезде ауада көрінбейтін заттар  оның өкпесі мен жүрегіне еніп, ара қарай барлық денесіне тарайды деген. Адамның денсаулығы оның қаны мен пневмасының қалыпты жағдайымен анықталған, қалыпты жағдайдың бұзылуы оның ауруына әкеп соқтырған. Осыдан барып емдеу іріңді заттарды алып тастау, жаман қанды соруға бағытталған. Құсық туғызатын, ішекті тазалайтын, тер шығаратын  дәрілер тағайындалған. 
	Анатомия ілімін жақсы меңгергендіктен мәйітті бальзамдау, мумиялау оларға жеңіл түсті. Ежелгі Мысырда қолданылған бірқатар анатомиялық терминдер адамның көптеген мүшелері, оның ішінде жүрек-қантамыр, бауыр, ми туралы мәліметтерді кеңінен білгендіктерін аңғартады. Мысырлықтар жүректен шығатын <<22 қан тамырға>> аса көңіл бөлді.
	Тыныс алу жолдарының ауруы, тері ауруы, ішек ауруы, қан кету, көз ауруы (кең тараған) туралы кеңінен жазылған мысырлық кітаптар табылды. Б.э.д. Vғ. Мысырға саяхат жасаған гректің тарихшысы Геродот <<мысырлықтарда ерте кезден бастап әрбір дене мүшесін білетін дәрігер болған>> деген. Бұл Ежелгі Мысырда дәрігерлер арасында жеке мамандар  болғандығын куәландырады. Кеңінен дамыған косметологияның отаны  -  Мысыр деп саналады. Медицинаның бұл саласын мысырлықтардың ақсүйектері ғана пайдаланды. Емдік медицинаның бірқатар саласы бай адамдырдың ғана сұранысын қанағаттандыруға бағытталды- бұл уқалау, сумен емдеу, құрамы күрделі қымбат дәрі-дәрмектерді қолдану. 
	Әскери дәрігерлер  -  мысыр әскерлерімен жорықта қатарласа жүріп, сынықты, жарақатты және жараны емдеу туралы мәліметтерді көп жинады. Ежелгі хан қабірлерінде аяқ-қолдарға жасалған операциялар бейнесі сақталған. 
Сақталған медициналық папирустардың ішінде ең әйгілілері: әйелдер ауруларына арналған Кахунадан шыққан папирус, оның бір тарауы әйелдерді қалай босандыруға бағытталған - шамамен б.э.д. 2000 ж, хирургия іліміне арналған зерттеушісі есімімен аталған Смит папирусы - б.э.д. 1500 ж., қомақты медициналық Эберес папирусы (б.э.д. ІІ ғ. ортасы), балалар ауруына емдеуге арналған Бругш папирусы (б.э.д. 1450-1350 жж.). Эберс папирусында өсімдіктерден әр түрлі шырындар мен бал алу жолдары көрсетілген 800 рецептен тұратын <<Дененің барлық мүшелеріне арналған дәрілерді жасау кітабы>> деген бөлімі бар.  
Ежелгі Мысыр құрт аурулары ошағы болды. Сондықтан мысырлықтар гигиенаны сақтауға аса назар аударды, суды мыс ыдыстардан ғана ішіп, күндіз екі рет және түнде де екі рет жуынған. 
Месопотамиядағы сияқты Мысырда да кейбір шіркеулерде жүйке жүйелерінде ауытқулары бар ауруларға арналған арнайы жатақ орындар болған. Бұл жатақ орындар кейіннен емханаларға айнала бастады. 
Мысырда тұндыру, сүзу, сығу, фильтрден өткізу әдістері белгілі болған. Б.э.д. V ғасырда Мысырда үгіту, сырлау, парфюмериялық және жуғыш құралдарды дайындау технологиясы жақсы дамыған. Ежелде теория дамымағандықтан, барлық осы <<химик-технологтер>> өз тәжірибелеріне ғана сүйенген. 
Мысырда науқастарды емдеу үшін жақпалар, судағы ерітінділер, жуу, шашырату, клизма, компрестер, қыша қағаздар, жапсырмалар, тұнбалар, қайнатпалар және дәрілер пайдаланылған. 
 Минералды заттардан селитра, мыс тотығы, квас, ас тұзы және мемфисс тасы қолданылды. Жануарлардың майлары, өті, миы, бауыры, қаны, балы, ешкінің сүті кеңінен пайдаланылды. 
Мысырда тері ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер кеңінен тараған, сондықтан көптеген тарихшылар бұл елді  дерматология отаны деп санайды. Мысырлықтардың дәрі жасау үлгісі осы заманғы үлгіге өте ұқсас: әдетте дәрінің құрамы негізгі, көмекші және қалпына келтіруші заттардан құралады. 
Фармаки немесе Фармаци (аудармасы <<қорғаушы, құтқарушы, сауықтырушы>> дегенді білдіреді) деп аталып кеткен дәрігерлік өнердің құдайы Тотты  мысырлықтар емдеу ісінің жарылқаушысы деп есептеген. Сондықтан да болар, түбірі <<фарма>> болып келетін  -  фармация, фармацевт, фармакопея сөздері  осы заманға дейін келіп жеткен. 
Гигиенаға аса көңіл бөлінген. Ақсүйектер тұратын аудандарда су құбырлары орнатылып, канализациялар тартылған. Әр бір үйде хауыз болған. Шекті тазартуға, тамақты шектеуге кеңес берілген. Қоғамдық және жеке бас гигиенасын реттеп отыратын заңдар болған. 
Ежелгі Мысырда дәрітану және емдеу жүргізу кәсіби дәрігерлердің еншісінде болған, бірақ осы кездің өзінде кейбір бақсылық ұйымдар терең химиялық білімдерінің арқасында фармацияның дамуына айрықша үлес қосқан.  Тіпті <<химия>> терминінің өзі Мысырда пайда болған. Мүмкін оның  сыры түбірі <<Мысыр>> дегенді білдіретін <<хеми>> сөзінде жатса керек. 
Мысырлық медицина мен фармацияның мұрасы Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция, Рим және әлемдік медицина мен фармацияның дамуына үлкен әсерін тигізген.  

             2.2   Месопатамиядағы дәрітану
                                       
Месопотамиядағы медицина мен дәріенгізу туралы алғашқы мәліметтер б.э.д. ІІІ мыңжылдықпен шамалас келеді.  Ертедегі атақты әміршілердің бірі Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750) заманында Вавилон мемлекетінің дамуы басталып, ол гүлденудің шарықтау кезеңіне жетті. Ол басқарған 42 жыл ішінде мемлекет ұлы мәртебелі мемлекетке айналды.
Кейініректе, б.э.д І мыңжылдықта Месопотамияның солтүстік-шығыс бөлігінде Ассирия ерекшеленді. Ол өзінің ең жоғарғы шегіне,  әйгілі мемлекеттік қайраткер Ашшурбанипалдың (б.э.д. 626-668ж.ж) тұсында жетті. Ол өте білімді адам болған. Оның  тұсында Ниневиде ашылған үлкен патша кітапханасы, біздің заманымызға жеткен бірнеше мыңдаған клиножазулы жазбалар сақталған саз тақтайшаларының жинағы жиналған ең үлкен кітапхана болып саналады. Әдетте, тақтайдағы жазбалар <<Егер адам науқас болса..>> деген сөздермен басталып, әрі қарай аурудың  негізгі белгілері сипатталып, емделушіге оны дайындау және қолдану жөніндегі нұсқаулар берілген. Жазба <<Ол сауығады>> деп аяқталған. 
	Месопатамияда сау организмдегі барлық процесстер мен ауырған кездегі өзгерістер аспандағы құбылыстарға байланысты деген ұғым етек жайған.
	Емдеу шаралары кезінде аспан шырақтарының қозғалысы назарға алынып, ескеріліп отырған. Болжау жасау кезінде шырақтардың орналасуы мен арнайы астрологиялық күнтізбеге (босануға, операция жасауға сәтті және сәтсіз күндер) үлкен көңіл бөлінген.
	Сонымен қатар, ағзаның өмір сүру қабілетінде басты рольді, адам денесінде циркуляцияланған сұйықтықтарға, әсіресе, қанға байланыстырып отырған.
	Тұмарлар, амулеттер, қарғыстар мен дұғалар жазылған тақтайшалар кеңінен тараған. Малдың ішкі мүшелерінде, әсіресе, құрбандыққа шалынған малдың бауырында бал ашу үлкен роль ойнаған.
	Біздің дәуірімізге  бауырдың балшықтан, қоладан жасалған, бөліктерге бөлінген, үлгілері жеткізілген. Бауырдың әр бөлігіне, сол бөліктің жағдайын болжайтын мәтіндер жазылған. Осы үлгілер негізінде медициналық мектептерде болашақ бақсы-дәрігерлерді оқытқан.
Медицина негізгі екі бағытта дамыған: асуту (аудармасы <<емшілік өнері>>) және ашипиту  -  <<дуалау өнері>>. 
	Бұл екі бағыт дәстүр де б.э.д І мыңжылдықтың екінші жартысына дейін өзгеріссіз  сақталып келді. Кейіннен, ашипутуға жақынырақ бір арнаға тоғысты.
	Аурудың себептері туралы ұғымдар  негізгі үш дәрежеге бөлінді: 
	1. Жаратылыстан тыс себептер - <<құдайдың қолы>>, <<қара күштің желі>>, <<Ламашту құшағы>> (Ламашту мыстан түнімен қала кезіп балалар лихорадкасын  таратады деген сенім болған).
	2. Қоғамдағы дәстүрлі, құқықты және басқа да ережелерді бұзғаны үшін берілген жаза.
	3. Табиғат құбылыстары мен адамдардың жалпы өмір сүру салттарына байланысты (сапасыз тағамдарды қолдану, лас суға шомылу) жаратылыс себептері. 
Асу-емдеуші аурудың пайда болуын көбінесе жаратылыс себептерімен байланыстырған. Оның болжамдары көбінесе <<ол жазылады>>, <<оны емдеу керек>> дегендей оптимистік көзқараста болған. Асу емдеу тәжірибесін эмприка- емдеушінің емдеу тәжірибесіне негіздеп отырған. Оның емдеу мақсаты анық болған: <<Қызбаны тоқтату>>, <<Ісікті басу>>, <<Аяқ-қолдың шығып тұрған тамырларын тыныштандыру>> т.б. 
	Асулар дәрілік флораның да  білікті мамандары болған. Олар дәрілік шөптерді өздері жинап, сақтап және дәрі жасаған. Дәріні балда, сірке суында, суда немесе қатты майларда қайнатып, оны жақпа май,  ұнтақ дәрі-дәрмек,  тампондар мен балауыз  түрінде қолданған. 
	Эмпирика-дәрігер асудың дәрілік жинағына қарағанда ашипудың  дәрілік жинағы мейілінше аз болған. Дегенмен, дәріні қолдану жөнінідегі нұсқаулық барлығында дерлік болған. Мысалы: <<шалфей шөбін үгіт те  маймен араластырып, үш рет дұға оқып  тісіңе бас.>> Осы аталған <<Тіс ауруына қарсы дұға>>- ежелгі Месопотамияның жоғары көркемдік әдеби шығармасының үлгісі іспеттес. 
	Ашипудың емінің басты амалы дұға оқу болатын. Аурудың себебі мен салдарын анықтап алғаннан кейін, ашипу емдеуден бұрын болжам жасаған. 
	Ашипуту мәтіндерінде ол көбінесе жағымсыз болған: <<Ол өледі>>, <<Ол жазылмайды>> және т.б. <<Ол өмір сүреді>>, <<Оның дерті жазылады>>, леген болжамдар сирек кездеседі. Ашипу болса, болжамы үмітсіз болатын болса, емді бастамай-ақ кетіп қалып отырған.
         Месопотамияда адам денесінің құрылысын білмеген, мәйітті ашу жүргізілмеген. Құрбандыққа шалынған малдың ішкі құрылысын зерттеу ғана ішкі мүшелер: бауыр, жүрек, асқазан, бүйрек, ішек туралы жалпылама  түсініктер беріп отырған. Босандырумен әйелдер айналысты. 
Вавилонда, Ниневия  қалаларындағы қазба жұмыстары кезінде көпірлердің, саз құбырлардан жасалған су құбырлары мен канализациялар табылған, жұқпалы аурулармен ауырған адамдарды қаладан алшақтату туралы заңдар болған. 
	 Б.э.д. XVIII ғасырда құрылған Хаммурапи патшаның заңдары, Вавилон заңдарының кең көлемді ескерткіші, біздің заманымызға дейін сақталып қалған. Бұл заңда өмірдің барлық бағытын қалпына келтіріп отыратын ежелгі заңдар жинақталған. Базальт бағанында ойылып жазылған тармақтар қатары, дәрігернлердің қызметі мен кей жағдайлардағы оның сот алдындағы  жауапкершіліктеріне арналған.
	Вавилондықтар мен ассириялықтардың дәрілік арсеналы өсімдіктік, жануарлық және минералды жолмен алынған құралдардың бай жинағын құраған. Ауруды емдегенде көбінесе су мен май пайдаланылған. <<Дәрігер>>сөзі, тікелей аудармасында <<су танушы>> немесе <<май танушы>> дегенді білдірген. Әр түрлі өсімдіктердің бүршіктері, жануарлар майы, мұнай пайдаланылған. Дәрілер тұнба және қайнатпа түрінде ішуге пайдалану үшін тағайындалып отырған. Сырттай пайдалану үшін, жақпа майлар мен түрлі пасталар, компресс қою, сылау, клизма мен бұлаулар тағайындалып отырған. Уқалау, су құйыну, оңқалар төңкеріп, қан ағызу сияқты кеңестер беріліп отырған. Дәрілерді аш қарынға және тамақтан кейін ішетін деп бөлген. Дәрілерді ішкізу кезінде, кей жағдайларда, арнайы ыдыстар пайдаланылған.
	Ежелгі Шығыстың басқа да елдеріндегідей, ауруларын Вавилонда емдеу мүмкіндігі, тек қалталы адамдарға ғана тиесілі болған. Грек тарихшысы Геродот (б.э.д. Vғасыр) кедей адамдарды емдеудің ерте вавилондық, өзіне сай дәстүріне сипаттама берген. Ол үшін оларды кісі аяғы көп жерлерге шығарып қойған және қасынан өтіп бара жатқандары, өз жеке тәжірибелеріне сүйене отырып, оларға кеңес беріп өткен.

            Ежелгі Үндістандағы дәрітану

	 Үндістан біздің эрамызға дейін көп жылдар бұрын құрылған. Б.э.д IV мыңжылдықтың соңы мен ІІІ мыңжылдықтың басында  Үндістанда құлиеленуші қоғам құрылды. Медицина мен фармация тарихын тарихын танудың негізгі көзі болып- <<Веды>> - тұрмыстық және діни ережелер жинағы және <<Ману заңдарының жиынтығы>> (б.э.д. 1000-500 ж.ж.) табылады. Ману заңдары бойынша, дәрігердің емі сәтсіз аяқталған болса, оған айып-пұл салынып отырған. Оның көлемі аурудың жағдайына байланысты анықталып отырған. Ману заңдарында гигиена саласының көптеген сұрақтары ашылып отырған. Атап айтқанда, климаттың денсаулыққа әсері, тұрғын үйдегі тазалық, гимнастика, ерте тұру, киім тазалығы, шаш-тырнақ тазалығы, тағам гигиенасы, ауыз қуысының гигиенасы. Тоя тамақтану кінәланып, етті пайдалануға шектеу қойылып, сапалы және қажетті әдіспен дайындалған өсімдік тағамдарын, сүтті және балды пайдалануға кеңес берілген. Ыдыстың тазалығына да көңіл бөлінген. Денеге күтім жасау ережелері қарастырылған. Осының бәрі бай адамдарға ғана қатысты болған.
Махенджо - Дарода жүргізілген қазба жұмыстары кезінде, б.э.д. III-IV ғасырдың басына тиесілі, диаметрі екі метрге дейін баратын, қола канализация құбырлары, сарайлардың ішіндегі хауыздар табылған.
Б.э.д. VI ғасырдың екінші жартысында құрылған ауруханаға, сол сияқты айлақтар мен үлкен жолдардағы ауруханаларға сипаттама берілген.
Үндістандағы дін түрі де- алдымен брахманизм, одан соң оны алмастырған буддизм  -  медицинаға зор таңба салған.
Медицинада қалыптасқан ұғым бойынша, денсаулық- ағзаның үш бастамасы, ауа, сілекей және өттің қалыпты қауышуының нәтижесі. Ол үшеуі табиғат апаттарымен немесе табиғаттың негізгі элементтерімен тығыз байланысты.
Ежелгі Үндістандағы адам денесінің құрылымы туралы ілімдер, ежелгі дүниедегі ең толық ілім болған. Мәйітті ашу көзделмеген. Зерттелетін мәйіт  былжырату үшін ағын суда 7 тәулік  бойына ұсталынған. Осыдан кейін суда жібітілген бөліктерін щеткамен  немесе қабықпен қырып алған  немесе  өлі дененің қалыпты жайылу процессіне  бақылау жүргізілген. <<Ведаларда>> кездесетін анатомиялық терминдер анатомиялық білімнің бар болғанын куәландырады, сонымен қатар, мидың, жұлынның  толығымен  зерттелмегенін көрсетеді. 
Науқасты зерттеу кезінде, дәрігер сұрақ қою арқылы қарау әдісін пайдаланған. 
	Зәрдің иісінің ерекшелігіне, түсіне қарап ерекше аурулардың диагнозын қойған. Бұл басқа ежелгі халықтар медицинасына белгісіз.
 Қазба жұмыстары кезінде табылған хирургиялық аспаптар, <<Аюреведа>> авторларының бірі Сушруттың анықтамасы бойынша, <<Медицина ғылымдарының ішіндегі алғашқысы және  ең үздігі>>, хирургияның дамығандығын дәлелдейді. Үндістандық дәрігерлер ампутация, лапоратомия, офтальмологиялық және құлақ, мұрын, ерін ақауларына пластикалық операция жасаған. 
	Акушерлік істе ұрықты аяғымен келтіру, кесар тілік операцияларын жасаған. Медициналық мамандықтың барлық саласы біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деген ұғым қалыптасқан. Сушрутаның ойы бойынша, операция жасай алатын, бірақ медициналық ілімді елемейтін дәрігер-  бір қанатты құсқа ұқсайды деген.
	Ежелгі Үндістанда дәрігерлерді дайындау жүйесі де назар аударарлық. Емдеу ісін оқытатын ұстаздардың, жоғары адамдық қасиеттерімен қоса, медицинаның барлық бөлімінен өте жақсы білімдар болуы шарт болған. Әрбір ұстаздың 3-4 оқушысы болған. Оқуы аяқталғаннан кейін, әрбір оқушы, ауруға деген ізгілікті қарым-қатынасты, қарапайымдылықты, ауруға көмек көрсетуге деген дайындықты талап ететін міндеттемелер қабылдаған. 
Көне Үнді медицинасының құпиясы дәрігерлік этика  ережелерінде бекітілген. Ол - ұстазға деген құрмет, мінсіз сыртқы көрініс, кедейлер мен достарын ақысыз емдеу, науқастарға адал қызмет көрсету, өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру.
Ежелгі Үндістан дәрігерлерінің емдеу ісінің қажетті бөлігі дәрі-дәрмек тағайындау болып саналған. Сушрутаның ойы бойынша, << білімсіздің қолында дәрі уға тең, сондықтан оны пышақпен, отпен және жарықпен ғана салыстыруға болады. Ал білімдінің қолында ол мәңгілік өмір сусынына айналады.>> <<Аюр-Ведыда>> 760 дәрі-дәрмекке сипаттама берілген.Үндістан дәрігерлері өсімдіктен жасалған дәрілерді көбірек пайдаланған. Олардың басым бөлігі Үндістанда осы күндері де қолданылады. 
Ежелгі Үндістанның эмпирикалық медицинасында дәнді дақылдар, ағаш, ағаш қабығы, тамыры, гүлі, тропикалық жемістердің солтүстікте және оңтүстікте өсетін түрлері пайдаланылған. Сол сияқты шарап, сірке суы, сүт, май, жануарлар майлары, темір, құстардың, балықтың және жануарлардың басқа да мүшелері де жиі қолданыста болған. Таңу құралдары ретінде мақтаны, өсімдік жіпшелерін, жібекті, ерекше өңдеуден өткен кейбір малдардың ішектерін пайдаланған. Құрамында мырыш, темір, мыс бар дәрілермен жараларды күйдіріп, көз ауруларын емдеген. Темір мен мырышты көп қан жоғалтқанда тағайындаған.
Дәрігерлер арасында сынапты танып, пайдалана білген дәрігерлер ерекше атаққа ие болған. <<Қанжар мен оттың қасиетін білген дәрігер-әзірейлі, дұғаның күшін білген-пайғамбар, ал сынаптың күшін тани білген - құдай>>,- деген нақыл тараған.Үндістан медицинасында сынаптан жасалған жақпа майды жасау белгілі. Ол металл сынабынан, күкірттен және жануар майынан жасалған (күкіртті-сынапты май). 
Ежелгі Үндістанда алтын денсаулықты күшейтетін ең мықты құрал деп есептелген.
У туралы білімнің болуы міндетті болған және оған ерекше көңіл бөлінген. Үндістер улы жыландыр мен жынданған иттердің тісінен көп зардап шеккен. Сушрутаның есебі бойынша Үндістанда улы жыланның 80-ге жуық түрі бар. Ол олардың уынан емделудің  әр түрлі әдістерін көрсетіп берген.
Уақыт өте келе, химия саласындағы білімнің  жетілуі, дәрітанудың дамуына өз ықпалын тигізді. Б.э.д. ІІ ғасырдың ғұлама ғалымы Нагарджуна өз шығармаларында металлдарды тазартып, тұндыру үшін дайындалатын қиын металл тұздары мен амальгам дайындаудың айрықша әдістерін келтірген.    Б.э.д. ІІ ғасырдан белгілі азот қышқылын техникада, түрлі салаларда, ветеринария мен фармацияда пайдалана бастады.
Осы жаңалықтардың бәрі көптеген елдердегі фармацияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.
    2.4  Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы
                                       
	Б.э.д. IV-III мың жылдықта Хуанхе  өзенінің жазығында жер шарындағы көне жаратылыстарының бірі пайда болып,  б.э.д ІІІ ғасырдың ортасында мемлекет мәртебесін алды. Ежелгі Қытай әлемге жібек пен оқты, компас және фарфорды, фаянс және қағазды, кітап басып шығаруды  және жаратылыстану ғылымдары, медицина мен фармациядағы  жаңалықтарды жария етті. 
	Ежелгі Қытайдағы медицина мен фармацияның дамуы туралы, кейбіреулеріне 2-3 мың жыл толған ежелгі иероглификалық кітапта айтып береді.  Олардың ішіндегі ең көнесі болып  Нэй-цзиннің (18 кітап) энциклопедиялық еңбегі саналады. Алғашқы тоғызы (Су вэнь) адам организімінің құрылымы мен атқаратын қызметтеріне, ауру түрлерінің диагностикасы мен емдеу жолдарына арналған.  Соңғы тоғыз томында (Лин шу) чжень- цзю терапиясының көне әдісі сипатталған.  Ежелгі Қытай  халық медицинасының негізінде ежелден келе жатқан қытай материалистік философиясы жатыр. Бұл философия бойынша, объективті әлем үнемі қозғалысты болады және өзгереді, оны танып білуге болады.  Сырқаттану түсінігі организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасына негізделген және у-син (бес алғашқы элементтер туралы) және ян-инь ілімдерінде баяндалған.
Чжен-цзю терапия (чжень-акупунктура немесе инемен емдеу, цзю-мокс немесе күйдіру)  Қытай халық медицинасының өзіндік ерекшелігі болып табылады. Оның эмпирикалық тамыры тереңге кеткен. Қытай  дәрігерлері <<өмір нүктелерінің>> бар екенін және оларды тітіркендіру арқылы ауруды емдеуге болатындығын дәлелдеген. Бұл әдістің алғашқы терең түсініктемесі б.э.д ІІІ ғасырда берілген. XIVғасырға дейін 700-дей <<өмір нүктелері>> табылып, олар 14 <<өмір сызығымен>> біріктірілді. Нүктелерді тітіркендіретін  инелер бастапқыда кремний мен яшмадан, кейін сүйек пен бамбуктан, ал одан да кейін  -  металлдан: қоладан, күмістен, алтыннан, платинадан дайындалған.	Оқыту үшін арнайы атластар жасалып, манекендер ( үлгі қуыршақтар) құйылып, оларда ине сұғатын барлық нүктелер мен каналдар  көрсетілген. Қытайдың барлық атақты дәрігерлері бұл әдісті жетік меңгерген.
	Қытай дәрігерлері айрықша өнерді пульстік диагностикада жетілдірді.Оның негізін қалаушы дәрігер Бянь-цзяоның тұжырымы бойынша әрбір мүшенің пульстік анықтамасы бар, сондықтан пульсті анықтау үшін дененің кем дегенде әртүрлі 9 жерінен зерттеуге нұсқау берді. Қытай дәрігерлері 24-тен 200-ге дейінгі пульс түрлерін ажыратқан, соның ішінде 10 негізгі болып табылады. Пульстің ғылыми маңызы туралы Ңэй-цзиннің трактатында жазылған. Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында  пульс туралы Ежелгі Қытай ғылымы, пульс туралы 10 томдық трактатта жинақталды (Мо-цзин, 280ж). Пульс туралы ілім ежелгі қытайдан алысқа таратылып кетті. Атап айтса, Ибн-Сина келтіретін пульстің 48 түрінің 35-і ежелгі Қытай медицинасынан алынған.
	Қытайда вариоляция әдісі кеңінен таралды. Оспа ауруынан сақтандыру мақсатында, сау адамдардың танау тесіктеріне оспамен ауырған  науқастардың  кептірілген іріңінің  пустуласын тамызған.
	Медициналық ережелер мен өсиеттердәң жинағындағы: <<Медицина өлімнен құтқара алмайды, бірақ өз кеңестерімен өмірді ұзартып, мемлекетті нығайтуға шамасы келеді>>, - деген нақыл сөз  аурудың алдын алудың қажеттілігі мен маңыздылығын куәлайды. 
Дәрігерлердің еңбегін емдеу қызметінен гөрі, кеңес беру арқылы аурудың алдын алғаны үшін бағалау жүйесі таралған.
Қытай медицинасында гигиена мен алдын алу элементтеріне сәйкес, жалпы емдеуді бекітуші шараларға: диетаға, массажға, сулы процедураға, күнге сәулелендіру,  емдік дене шынықтыруға көңіл бөлінген.
 Қытайда мемлекеттік медициналық мекемелер болған. Олардың негізгі қызметі император ауласына қызмет көрсету болса да, іс жүзінде міндеттемелері кеңірек болған (мысалы індеттермен күрес). Қытай дәріханалары да арнайы мекеме ретінде өте ертеде пайда болған.
 Ежелгі Қытайда дәрілік терапия өнері өз шыңына жетті. Әлемдік тәжірибеге Қытай Халық фармациясының  -  женьшень тамыры,  лимонник, камфора, шай, жуа, сарымсақ, смола, ревень сияқты өсімдік құралдары және  жануарлардан жасалатын дәрілер; бұғы пантасы, бауыр, желатин енгізілді. 
	Бұл саладағы ең үлкен еңбек  -  атақты шөп дәрісін дайындаушы Ли Ши  - чженнің 52 томдық  кітабы. Онда  1892 дәрілік шөптердің сипаттамасы берілген. 	
	Қытайдың аңызға айналған билеушісі Шэнь Нунның <<Травник>> жинағы да фармация тарихында ерекше орын алады.
	Аңыз бойынша, ол өкілдерін жердің  түкпір-түкпіріне жұмсап, оларға емдік қасиеттерін анықтау үшін әртүрлі тастардың, металлдар мен өсімдіктердің үлгілерін үлгілерін әкелуді тапсырған. Барлық құралдардың әсерін өзіне сынап көрген. Осы сынақтардан  кейін барлығы 365 атаудан құралған, оның ішінде 240-ы өсімдіктерден тұратын <<Шэнь Нун бэнь-цао>> кітабын жазып шығарған. Бұл кітапта ол барлығын үш жікке бөлген:
*  -  120-сы  жасартатын қасеттері бар заттар- олар қауіпсіз болғандықтан пайдалануына шек қойылмайды.
* -    120-сы    сергітетін әсері бар заттар. Олар белгіленген мөлшерде ғана пайдаланылады.
* -  125-і улы заттар. Олар қажетті мөлшерде әрі қысқа  мерзім пайдаланғанда ғана емдік әсерін тигізеді.
Чжоу дәуіріндегі Ежелгі Қытайда дәрілік шөптерді пайдаланғандығы жөнінде нұсқаулар <<Тан кітабы>>, <<Шайхай- цзин>> (жаратылыс туралы кітап) және т.б. жалпы әдебиетте кездеседі. Ежелгі Қытайдың ғалым-дәрігерлері емдік өсімдіктердің кейбір түрлеріне, олардың емдік қасиеттеріне сипаттама берген. Біздің заманымызға Чжан Чжунцзиннің Ван-Шу- Хе-нің <<Шань-хань-лунь>> (тифоздық безбе туралы ойлар) 10 томдық жұмысы келіп жетті. Бұл еңбек Қытай ғалымдары мен дәрігерлерінің кең қолдауына ие болған. Ол кітапта автор бір-бірінен өз қарапайымдылығымен ерекшеленетін және құрамында өсімдік қоспалары бар 113 жазба келтірген. Атап кетсе, хинн ағашының бұтақтарынан қайнатылған қайнатпаның құрамында пеон, мия, імбір және құрма болған.
Хуа То дәрігер (141 ж. шамасында туған), ауруды басатын затты пайдалану арқылы операция жасау үшін ауруға шарапта езілген ерігіш ұнтақ <<ма фейсиньді>> берген. Бұл ұнтақтың құрамында үнді коноплясының жасушалары бар.
І ғасырда <<Шин-Нун-Бэнь- Цао>> кітабы құрастырылған. Бұл кітапта 300-ден астам емдік құралдар мен көптеген жазбаларға түсініктеме берілген. Өсімдіктерден алынған заттармен қоса жануарлардан алынатын: панты (жас алабұғының мүйізі), мускус, қан, бауыр, жолбарыс жүрегі, пілдің терісі, тасбақаның басы, кептірілген кесірткелер, тасбақаның тас қабығынан дайындалатын ұнтақ т.б. жазбаларға сипаттама берілген.
Б.э.д. ІІІ ғасырда, кейіннен қытай медицинасының канонына айналған алғашқы ірі медициналық трактат, табиғат пен өмір туралы еңбек- <<Нэй-цзин>> пайда болды. <<Нэй- цзин>> - көп томдық шығарма. Онда қытай медицинасының негізгі принциптеріне, адам анатомиясына, физиологиясына және патологиясына сипаттама берілген, ауруды зерттеу және емдеу әдістеріне, негізгі ауру түрлерінің синдромына, халықтың денсаулығын нығайту жолдарына, жалпы алғанда, медицинаның негізгі міндеттеріне нақты да анық анықтамалар берілген.
Диагностика жасау мақсатында дене <<терезелерін>> (көз,құлақ, мұрын, ауыз) зерттеуге, аурудың дауысын есту, тамыр қағысын анықтау, аурудан шығатын иістерді зерттеуге нұсқау берілген. Адамдарды емдеу үшін жайландыратын, ауырғанды басатын, қан айналымын жақсартатын, ішек жұмысын қалпына келтіретін заттарды пайдаланған.
Қытай медицинасының тарихында <<Нэй-Цзин>>- нің маңыздылығына баға жетпейді. Бұл кітаптың қытайдағы атағы Гиппократ, Гален, Авиценна шығармаларының деңгейіне жеткен.
Б.э.д. ІІ ғасырда Қытайда әлемдік медицина тәжірибесінде алғаш рет <<аурудың тарихын>> жазу енгізілді. Емдік дәрілердің тізімі байытылды, дайындау және жасау техникасы жетілдірілді, фармакологиялық білімдер кеңейтілді. Жабайы шөптерден тұратын емдік шөптерді ғана жинау ешкімнің көңілін толтырмағандықтан, оларды мәдениетке енгізу қажеттілігі туындады. Ол үшін VI ғасырда арнайы дәрілік плантациялар - дәріханалық бақшалар ашылды. Ондай бақтардың бірі үшін астананың маңынан 300 му жақсы жерлер бөлінген. Ол Медициналық бұйрықтың қарамағында болды және онда арнайы оқытылған адамдар қызмет істеді.
22 фармацевті тексерістен өткізіп, ескі <<шөптерге>> толықтырулар енгізгеннен кейін, 502 -жылы өкімет әлемдегі бірінші фармокопея - <<Шэнь- нун- бэн- цао- цзин>> құрастырып, басып шығарды. Ол 7 томнан тұрды және 730 емдік дәрілерге сипаттама берген. Қорытынды мәтінді құрастыру Тоу-Хун-Цзиннің (452-536) атымен байланысты. Оның <<Мин-бэй-лу>> анықтама кітабы 16000 рецептен құралған және осы күнге дейін қытай дәрігерлері мен фармацевтерінің ең бағалы көмекші құралы болып табылады. 550- жылы Сюй-Дзы-Цаяның <<Лэн-гун-яо-дуй>> шығармасы шықты. Бұл еңбектің ерекшелігі, онда алғаш рет дәрілердің әсер етуінің сипаттамасы келтірілген. Барлық дәрілер 10 топқа бөлінген: желайдайтын, зәрайдайтын, жұмсартатын, қатайтатын, әлсірететін,байлайтын, жайландыратын, терлететін, тыныштандыратын және альтернативті.
Қытай медицина тарихында Сун-сы-Мяо (581-673) көрнекті орын алған. Өз зерттеулерін ол фармакологияға арнап, халық арасында <<дәрі патшасы>> атағына ие болған. Оның 30 томдық <<Цзянь-цзинь-фан>> (1000 алтын рецептер) еңбегі - қытайдағы дәрітанудағы теңдесі жоқ үлесі.
Мин дәуіріндегі Қытай фармациясының  ең ірі өкілі, қытай емдік құралдарының маманы, әлемдік атағы бар ғалым, фармаколог Ли-Ши-Чжень (немесе Пин-ху) болатын. Ол 1518 жылы дәрігер отбасында дүниеге келген. Медицинаны 30 жасқа толғанда зерттей бастады, 800-ден астам фармакология кітаптарын оқып шықты. Ли-Ши-Чженнің 10 шығармасының үшеуі біздің заманымызға дейін жеткен. Олардың негізгісі 1892 емдік өсімдіктің сипаттамасы мен 11896 рецептуралық жазбалардан құралған 52 томдық <<Бэнь-Цао-Гань-Му>>, қытай және әлемдік ғылымға енген баға жетпес үлес болып табылады. <<Бэнь-Цао-Гань-Му>>-дың 26 томында Ли-Ши-Чжень женьшень, ревень, лакричный корень, эфедра, қытай лиммонигі, сияқты емдік өсімдіктердің қасиеттерін талқылайды. Ли-Ши-Чженнің зерттеуі бойынша, пиязда, сарымсақта, қара өрікте, жапон жемолостында, қытай ветреницасында антибактериалдық және антитоксикалық қасиеттері басым болған. Туберкулезді емдеу үшін жапон гинкгосын пайдалануды ұсынған.
Тыныштандыратын және седативті қасиеті бар өсімдіктердің қатарына Ли-Ши-Чжень валериананы, өгейшөпті, қалампыр бастарын, полиморфты ангелика тамырын, кокос жаңғағын, жас бамбуктың сабағын, жүзім сабағын жатқызған.
Ли-Ши-Чженнің жинағында екдік өсімдіктердің басқа да көптеген топтары жинақталған.
Ли-Ши-Чженнің <<Бэнь-Цао-Гань-Му>>- дың 30 томы жануарларды сипаттауға және оларды емдік заттар ретінде пайдалану жолдарына арналған. Жалпы сергітетін қызмет көрсету мақсатында мускусты тағайындаған. Осы мақсатта одан да кеңірек панттар пайдаланылған. <<Панттар ер күшінің әлсіреуінде өте жақсы көмектеседі>>,- деп жазады Ли-Ши-Чжень.
Емдік препараттар жасауда үй жануарлары да кеңінен пайдаланылды. Шошқа майы тәбет арттыратын, әлсірететін және зәрайдайтын дәрі ретінде ұсынылған. Шошқаның бауыры қан аздықта, <<ал-ал>> ауруында, ісіктерде және зәр шығару қиындықтарында тағайындалған. Қойдың бауыры көз ауруларына ұсынылған. Шарапқа араласқан түйе майы қақсағанда, ревматизм мен буындардың созылмалы ауруында, сол сияқты сал ауруында пайдасы көп еді.
Алтын- барлық <<мәңгілік эликсирдің>> міндетті және құрамдас бөлігі. Ол ағзаның қызметін күшейтіп, жүрек пен жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді.Ли-Ши-Чженнің ойы бойынша, алтынды аю немесе бұғы майымен пайдаланса, ол туберкулезге қарсы ем болып табылады. Өкпе ауруларын күміспен емдеу ұсынылған. Қан аздыққа темір мен мысты, мыс тотияйыны (құстыру үшін) түрінде тағайындаған. Мысты гематомалардың тез тарауы үшін және сынықтардың бітуі үшін пайдаланған. Безгек ауруында қорғасын ыдыста біраз тұрған судың құрамында өте аз мөлшерде болатын қорғасын тағайындалған.
Ли-Ши-Чжень 1592 жылы қайтыс болған. Оның есімі әлем ғылымындағы ұлы қайраткерлердің есімінің қатарына алтын әріппен жазылды. Оның портреті В.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің салтанат залында, атақты ғалымдардың портреттерінің арасында тұр.
Жалпы алғанда, Ежелгі шығыстың құлиеленушілік мемлекеттерінде ауруды тану мен оның алдын алуда көрнекті тәжірибе жинақталған, емдік дәрі-дәрмектер белгілі болған.
3.  ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ МЕН ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ
           3.1  Ежелгі Грециядағы фармация 

Адамзат тарихының дамуына антикалық әлем елдері  -  Ежелгі Греция (Эллада) мен Ежелгі Рим үлкен әсерін тигізді.
 Антикалық Грецияның гүлдену шағы, ежелгі грек өнерінің, ғылымның және мәдениетінің өрлеуі б.э.д. V ғасырды болды. Бұл өрлеуге ел ішіндегі күрестер мен өткір әлеуметтік қайшылықтар басты себеп болды. Алғашқы қоғамдық құрылыстан таптық құлиеленушілік құрылымына ауысу кезеңінде Греция терең терең әлеуметтік төңкерісті басынан өткерді. Елдің өрлеуіне, гректердің парсы басқыншыларына қарсы бостандық пен тәуелсіздік үшін күресінде жеңіске жетуі де өз әсерін тигізді.
Ежелгі Грецияда медицина мен фармацияның дамуы, ортақ <<философия>> деген ұғымғы біріккен басқа да ғылымдармен тығыз байланысты болды. Ежелгі грек философиясына аппаттық диалектика тән болатын.
Ежелгі Грецияның философиялық ағымдары- материализм мен идеализм- өткір таптық күрестің айнасы.
<<Демокриттің материалистік жолы>> мен <<Платонның идеалистік жолының>> күресі, өркендеуші құлиеленушілік демократияның реакционды жерлік құлиеленуші аристократтарымен күресі болды.
Ежелгі Грецияның ойшылдары жаратылыс зерттеушілер болумен қатар, дәрігерлер де болған, дәрі дайындаумен айналысқан. Солардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370 ж. шамасы). Ол <<әлемнің негізінде құдай емес, ұсақ бөлшектерден (атомдардан) тұратын материя тұр>>,- деп оқытқан. Олар үздіксіз қозғалыста болады. Табиғаттағы алуан түрлі құбылыстарды Демокрит атомдардың түрлі қосылыстарымен түсіндірген. Табиғат біртұтас, әрі үздіксіз қозғалыста тұрады. Атомистік материализм құдайлардың әлем тағдыры мен жекелеген адамдардың тағдырына араласуына қарсылық білдірді.
Табиғатты үздіксіз қозғалыста болатын зат ретінде қабылдау көзқарасы грек философиясының ерекшелігі. Гераклит: <<Бәрі ағады, бәрі өзгереді, қозғалыссыз ештеңе жоқ, ғаламның бәрі қозғалыс ағымымен қапталған>>,- деп жазған.
Демокрит медицина мен фармацияға да көңіл бөлген. Ол қабыну, құтырма, тамыр соғуы, ем дәм туралы жазған. Демокриттің медицинадағы материалистік ұстанымы оның : 
<<Адамдар өз қолдарындағы мүмкіндіктерін білмей, дұға оқу арқылы денсаулықты құдайдан сұрайды. Сабырсыздықпен өз денсаулықтарына қарсылық көрсетіп, өз нәпсісінің арқасында өз денсаулығының сатқыны атанады>>,- деген сөздерінде анықталған.
	Демокриттің ісін жалғастырушы Эпикур ғаламның шексіздігі мен материяның үздіксіздігін негізге алған.
	Эпикурдың ілімі <<Геродотқа хат>>, <<Зат табиғаты туралы>>, <<Тита Лкуреция Кара>> поэмасында мазмұндалған.
	Классикалық уақыт аралығындағы Грек медицинасы философиядағы екі: материалистік және идеалистік бағыттарды айқындады.
	Материалистік даму Родосс (Родос аралы, Кіші Азия), Кирен (Солтүстік Африка), Кротон (Кротон қаласы, Оңтүстік Италия), Книд (Книд қаласы, Кіші Азия), Косс (Косс аралды. Кіші Азия) мектептерінде байқалған. Ежелгі Грециядағы бұл мектептерге Пифагор мен Платонның идеалистік мектептері қарсылық танытты.
	Олар әлемдегі барлық қозғалыстарға мистикалық сандар (Пифагор) мен мәңгілік <<идеялар>> (Платон) әсер етеді деп түсіндірген.
Ежелгі Греция медицинасы діннің әсерін, Ежелгі Шығыс елдерінің медицинасына қарағанда, азырақ сезінді. Грек құдайларынан адамдардың жақсы да, жаман да қылықтарын табуға болатын. Емдеуді шіркеулерде, <<асклепейондар>> деп аталған арнайы орындарда жүргізген. Ақсүйектерге арналған, дәл осылай аталған, бақсы емес кәсіби дәрігерлердің емханалары мен мектептері болған, ұсақ <<ятрейлер>>- дәрігерлердің үйдегі жеке емханасы да болған.
<<Асклепейон>> сөзі Асклепийдің есімімен байланысты. Асклепий (латынша Эскулап)- солтүстік Грецияда тұрған дәрігер. Оны құдай деп санаған және грек және әлем әдебиетіне <<емдеу ісінің құдайы>>- <<сауықтырушы>> Аполлонның баласы>> деген есіммен енгізілген.
Ежелгі Грецияның көптеген дәрігерлері оның ұрпағы болып саналған. Медицинаның жекелеген салаларының қолдаушылары: Гигиея (осыдан <<гигиена>> термині пайда болған) және Панакея (дәрілік терапия)- оның қыздары болып есептелген.
Көне заман өнерінде Асклепий қолында жылан оратылған таяғы бар бейнеде көрсетілген. Гигиея- туник киген, жылан ұстап, алқа таққан ару кейпінде көрсетілген. Кейіннен жылан бейнесі медицинаның символына айналды. Бұл белгінің мағынасы дәрігер де жылан сияқты данышпан болуы керек дегенді білдіреді.
Ежелгі Грециядағы саны 300-ден астам болған асклепейондардағы емдеу ісі көбінесе сенімге негізделген. Асклепейонның үш құрамдас бөлігінің бірі саналатын абатонда аурулар <<қасиетті түнді>> өткізген.
Шіркеулік медицинаның негізін түстерді жору құраған. Бақсылар көрген түстері туралы сұрап барып, уқалау, гимнастика, сумен емдеу, аластау сияқты емді бастаған:
Демек, шіркеулердегі бақсы - емшілер қарапайым, көбінесе физикалық әдістермен емдеген. Бірақ, сол емді жасау салт-дәстүрі өте көрнекті, әрі жұмбақты болып көрінген және ол шіркеулік <<психотерапияның>> негізін салған.
Емдеу ақысы айтарлықтай жоғары болған: ақшалай сыйақы, дененің немесе оның емделген бөліктерінің мәрмәрдан, күмістен немесе алтыннан жасалған бейнесі.
Алдыңғы қатарлы философиялық ілімдер - буырқанған материализм мен қарапайым диалектиканың әсерінен грек медицинасы мен фармациясы қалыптасты.
Ежелгі Греция дәрігерлері ауруды, өз ағымында белгілі сатыларды өтетін, сыртқы ортамен байланысты, дәрігерлік бақылауды талап ететін құбылыс ретінде қабылдау керек деген ұғымды қалыптастырған.
Ауруға деген осындай көзқарастың қалыптасуы, адам физиологиясы мен патологиясын танудың негізгі көзі болумен қатар, дәрілерді пайдаланудың да жаңаша түрлерін игеру мүмкіндігін ашты.
Бұл принциптерді медицинада бірінші болып, <<медицина атасы>> атанып кеткен, Гиппократ қолданысқа енгізді. (460-377 ж. б.э.д.)
Гиппократ <<грецияның жоғарғы ішкі гүлденуі>> кезеңінде, адам білімінің әр саласында өз атақты өкілдері болған кезде, өмір сүрді. Саясатта бұл - Перикл заманы, тарихта- Геродот пен Фукидид; философияда  -  Левкипп, Демокрит, Эмпедокл, Сократ және Платон; поэзияда- Пиндор, Срфркл, Эврипид және Аристофан; медицинада  -  Гиппократ заманы
Гиппократ Косс аралында туған. Әкесі Гераклит жағынан асклепиадтардың атақты ұрпағына жатады және өз ұрпағынАсклепийдің баласы  -  Подалириден жалғап келген. Асклепийдің ұрпағында жеті Гиппократ болған. Ұлы Гиппократ екіншісі болған.
Дәуір дәрігері бола жүріп, ол Греция мен Кіші Азияның көптеген қалаларында болған, Скифия, Ливия; Қара теңіздің шығыс жағалауын аралаған, Мысырда да болуы мүмкін. Оның дәрігерлік өнері туралы атағы көптеген мемлекеттерге жайылып кетті. Өмірінің соңғы жылдарын Гиппократ Лариссте (Фесалия) өткізіп, сол жерде Демокритпен қатар бір күнде қайтыс болады.
Гиппократ пен бізді 2500 жылдай уақыт бөліп тұр. Осы уақыт ішінде көп нәрсе аңызға айналды. Бірақ, оны аса құрметпен еске алатын замандастарының жазбалары қалды. Гиппократтың сол замандағы медицинаның мақсаты мен мүмкіндіктері  және қиындықтары туралы нақты түсінігі болған. Ол өз бойында үлкен дәрігерлік тәжірибе мен адамдар мен оларды қоршаған табиғатты терең түсіну қабілетін ұштастыра білген дәрігер - философ болған. Дәрігерлік өнерді ластайтын көзбояушыларды өте жек көрген. Ол ұлы реформатор, ежелгі грек медицинасының үлкен жетістіктерін дәлелдейтін әйгілі Косс медицина мектебінің басшысы болған.
Гиппократтың және Ежелгі Грецияның  басқа да дәрігерлерінің мұрасы, Александр Македонскийдің ізбасары - Птоломей негізін қалаған әйгілі Александрия кітапханасында сақталған., б.э.д. ІІІ ғасырда құралған <<Гиппократ жинағында>> жинақталған. Олардың бұйрығы бойынша, Александрияға әлемнің барлық түкпірінен ғалымдардың жазбалары әкелінген. Олардың ішінде грек тілінде жазылған 72 медициналық шығармалар болған.
<<Гиппократ жинағының>> қандай шығармалары нақты Гиппократтың өзінікі, ал қайсысы басқа авторлардыкі деген сұрақ әлі де болса жауабын толық тапқан жоқ. Көптеген зерттеушілер <<Афоризмдер>>, <<Болжау>>, <<Індеттер>>, <<Ауа, су, жер туралы>>, <<Сынықтар туралы>>, <<Бас жарақаты туралы>>, <<Ежелгі медицина туралы>> деген атақты жұмастырды Гиппократтың өзі жазған деп есептейді. Басқа жұмыстарды оның шәкірттер, баласы және күйеу баласы жазған.
Гиппократ, ауруды - құдайдың жіберген жазасы немесе <<қара күштердің>> қарғысы деп санамаған, керісінше, материалды субстраттың өзгеруі нәтижесінде, организмнің өмір сүру қабілетін көрсетуі деп есептеген.
Гиппократ ауруды үш түрлі жағдайдың ауысуы деп қараған: дымқылдану, қорыту және жеңілдену. Осыдан аурулардың мерзімі, ырғағы және емдеудің негізгі принциптері туралы ілім туындады: 1) ең бастысы жамандық жасамау; 2) қарама-қайшылықты қарама- қайшылықпен емдейді; 3) өлшем сәйкестігі заңын сақтау; 4) табиғи заңдармен келісе отырып емдеу, басқаша айтқанда, аурудың өз <<табиғатын>> ескеру, тұрмыс жағдайын, қоршаған ортаның әсерін ескеру.
Гиппократтың гуморальді анықтамасы бойынша, ағзаның өмір сүру қабілеті төрт шырынмен: (дымқылмен, сұйықтықпен), қан, сілекейлі қабық (флегма), сары және қара өтпен анықталады. Бұл шырындардың негізінде табиғаттың төрт бастауының: жылудың, суықтың, құрғақшылық пен ылғалданудың түрлі қосылыстары жатыр. Төрт шырынның әрқайсысына анықталған темперамент сәйкес келеді. Қанға - сангвиниктік, сілекейге (флегмаға)- флегматикалық, сары өтке  -  холериктік, қара өтке- меланхоликтік темперамент сәйкес келеді.
Адам ағзасында аталған заттардың біреуінің сандық өзгеріске ұшырауы сырқаттануға әкеліп соғады. Гиппократ: <<Егер ауру адамға өтке әсер ететін дәрі берсе, запыран құсу, сілекейлі қабыққа әсер ететін дәрі берсе, сілекейлі құсу, т.с.с. болады>>,- деп есептеген. Денедегі сұйықтықтың көлемі қоршаған ортаның (климаттың) әсерінен өзгеріске ұшырайды.
Ежелгі гректердің айтуы бойынша, төрт сұйықтықтың әрқайсысының ерекшелігі ағзаның түрлі ауру түрлеріне икемдігін анықтайды және дәрігерден емдеу кезінде әр түрлі тәсіл қолдануын талап етеді.
Екі жарым мың жылдай уақыт өткеннен кейін, орталық жүйке жүйесіндегі қозу және тежелу үрдістерін зерттеу негізінде И.П. Павлов темпераменттің ғылыми негізделген сипаттамасын жасаған. Ол Гиппократ берген сипаттамаға сәйкес келді.
Хирургия  саласындағы <<Сынықтар туралы>>, <<Бас жарақаты туралы>>, <<Буындарды түзету туралы>> шығармалар сынықтарды, жарақаттарды, шығуларды және бас жарақаттарын емдеу туралы түсініктеме берді. <<Буындарды орнына салу туралы>> еңбегінде <<Гиппократ орындығын>> сипаттаған. <<Гиппократ орындығы>>- шығуларды түзету үшін қолданылатын рычагты құрылғы. <<Гиппократ тақиясы>> деп аталатын қиын хирургиялық таңғыш хирургияда осы күнге дейін қолданылады. 
Ежелгі Греция дәрігерлері мәйітті ашумен айналыспағандықтан, анатомиядан арнайы білімдері болмаған. Олардың адам денесінің құрылымы туралы түсініктері эмпирикалық дәрежеде болған. Дегенмен, ежелгі грек дәрігерлерінің оқуы хирургияның дамуында қажетті роль атқарды.
<<Гиппократ жинағында>> 250 өсімдіктен алынған және 50 жануарлардан алынған дәрілік құралдар тізілген. Гиппократ 60-70 емдік құралдарды пайдаланды. Гиппократ: <<Дәрі мен оның қарапайым қасиетін, егер ондай сипаттамасы болса, сен санаңда сақтап қалуың керек. Олардың ішінде ауруды емдеуге қатыстысын, белгілі ауру түрлеріне қанша және қалай әсер ететінін меңгеріп алуың керек. Себебі, бұл- дәріні танудың бастауы, ортасы және соңы>>. <<Гиппократ жинағы>> ежелгі грек дәрігерлерінің қарапайым дәрілерді де, қиын дәрілерді де дайындай алғандығын дәлелдейді. Әр дәрігердің өз дәрілік шикізатының қоры болған және оларды осы мақсатқа арнайы бөлінген ғимараттарда сақтаған. Ондай ғимараттар грекше <> деп аталған. <<Дәріхана>> деген сөз осыдан пайда болған. Әр дәрігер өз дәріханасында, құлдардың көмегімен, өз емделушілеріне дәрі дайындаған. <<Жинақта>> күрделі дәрілерді дайындаудың сипаттамасы, құрамының саны, жекелеген дәрілердің мөлшерлеу әдісі сипатталған. Мөлшерлер көбінесіе шамамен келтірілген: <<бұғының тұяғының үлкендігіндей>>, <<қойдың сүйегіндей>> т.б. сияқты. 
Ежелгі Грек дәрігерлері пайдаланған көптеген дәрі-дәрмектер көмекші заттар да болып табылған: бал, май, өсімдік шырыны, шарап. Іштей және сырттай пайдалануға мөлшерленген қаты түрдегі күлшелер түрі кеңінен пайдаланылған. Бұл пішін көптеген елдердің фармакопеясында жүздеген жылдар бойы пайдаланып келді. Сұйық дәрілік заттардан <<Гиппократ жинағында>> ерітінділерді, тұнбаларды, қайнатпалар мен өлшемдерді дайындау жолдары сипатталған. Құрамында тары қайнатпасы қосылған сорпа мен көжелерді және жарма немесе ұннан жасалған, дәмқосарлар қосылған емдік сорпаларды пайдаланғаны туралы жиі ескеріледі. Ішуге пайдаланатын сұйық <<кикеон>> дәрісін тары ботқасына су, шарап немесе бал  қосып дайындаған. Сумен араластырылған балдан- меликрат, ал бал, су және сіркесудан оксимель дәрілері жасалған.
Ежелгі Грецияда жұмсақ дәрілерден сырттай пайдалануға жақпа майлар, жапсырмалар, суппозиторийлер, буламалар, іштей пайдалануға - пилюлалар, ботқалар мен күлшелер дайындаған. Жақпа май пішінінде өсімдіктік (теңіз жуасы, қара чемерица, емен қабығы, мирра, ладан), жануарлық (өгіздің өті мен бауыры, шпан мушкалары) және минералды (ағартқыш, қыша сазы) заттар пайдаланылған.
Көз ауруларын емдеу үшін жұқа ұсақталған ұнтақтар, жақпа майлар және т.б. басқа дәрілер  пайдаланған. <<Қабағың зуылдап қышитын болса, (созылмалы блефарит- қабақ қабынуы) қатты тастың үстіне мыстың кішкене бөлігін уыт та, қабағыңа уқалап жақ. Сосын мыстың қабықшаларын шама жеткенше жұқалап үгітіп, оған піспеген жүзімнің шырынын шүберек арқылы сүзіп, ынтамен аралыастыра отырып қосу керек. Қалған шырынды қызыл мыстан жасалған құмыраға құйып, жайлап, ботқаның қоюлығындай болғанша езу керек. Кепкеннен кейін ұсақтап үгітіп пайдаланады>>. 
Өз тәжірибесінде Гиппократ шөппен емдеуге ерекше көңіл бөлген. Оның табиғи заттарды барынша толық сақтауға тырысқанын, оларды сақтап, орама жасау әдісін ойлап тапқанын, көне дәріханаларда жүргізілген қазба жұмыстары дәлелдейді. Гиппократ өсімдіктерді ұсақталған күйінде пайдалануды ұсынады. Олардың ішінде кездесетіндері: белена, бузина, қыша анар, зверобой, қауын, ирис, қалақай, жуа, қалампыр, жусан, қарағай, асқабақ, сарымсақ, шалфей- барлығы 250-дей өсімдіктер. Жануарлардан алынатын дәрілік заттардан қойдың, өгіздің, қаздың, үйректің, балықтың майлары қолданылған.
Гиппократ сақ болуға, бір дәріні екіншісіне алмастыруға асықпауға кеңес береді.
Гиппократ терапиядағы ерекше орынды ем-дәмге бөлген. Ол сontraria contraries әдісімен емдеген. <<Тойынуды ашығу, ашығуды тойыну емдейді, еңбек тынығудың емі және керісінше тынығу-еңбектің емі. Бір сөзбен айтқанда, бір қарама-қарсылық екіншісінің емі, себебі, медицина бұл қосу мен азайту. Бар артықты алып тастап, жетіспегенді қосу. Осыны жақсы түсінген дәрігер- нағыз дәрігер>> деген.
Гиппократ есімімен, жалпы дәрігерлердің, оның ішінде фармацевтің де , бейнесі мен этикалық әрекеті байланысты.
<<Гиппократ жинағында>> дәрігерлік этика мен ежелгі Грециядағы дәрігерлердің тәртіп ережесіне арналған бес шығарма бар. Олар: <<Заң>>, <<Ант>>, <<Дәрігер туралы>>, <<Тәртіп туралы>> және <<Өсиеттер>>. Олар дәрігерлерді оқытудың және моральды тәрбие беру жөніндегі анықтамалар және <<Медицина заңдарына>> сәйкес қойылатын талаптар туралы түсініктеме береді. <<Медицинаның әсерін танығысы келген адамда табиғи жақындық. білім, жайлы орын, бала кезден тәрбие, еңбекқорлық және уақыт болуы керек>> деген (<<Заң>>).
<<Дәрігер емдеуді ақысын ойлаудан бастамау керек. Тіпті кей кездері, <<ризашылықты минуттық атақтан жоғары>> санап тегін емдеуі керек. Себебі, адамға деген сүйіспеншілік бар жерде, өз ісіне деген сүйіспеншілік те болады>> (<<Өсиеттер>>). <<Дәрігер өз бойында ақшаға деген жиіркенішті, ұяттылықты, қарапайымдылықты, шешімділікті, ұқыптылықты, ой ұшқырлығын, өмірдегі қажеттілік мен пайдасын білуі, кеселге деген жиіркенішті, құдай алдындағы қорқынышты мойындамау, құдайдың құдіреттілігіне сенбеуді тәрбиелеу керек. Дәрігер- құдайға теңестірілген философ>> (<<Тәртіп туралы>>).
<<Дәрігер үсті-басын таза ұстауы керек, жақсы киім киіп, иісті майлар жағып жүруі керек. Себебі, осының бәрі, әдетте, науқасқа жақсы әсер етеді>> (<<Дәрігер туралы>>). Ұстазға, әріптестерге деген құрмет өзгермейтін ереже болып қалыптасқан. Ол ереже б.э.д. ІІІ ғасырда Александрия кітапханасында жазылып, Гиппократ есімімен аталған <<Антта>> бекітілген. <<Қай үйге кірсем де, ең алдымен науқастың пайдасы үшін кіремін>>.
Ежелгі грек медицинасында Гиппократтан кейін де материализм мен идеализмнің күресі жалғасты. Ежелгі Грецияның идеалистік философиясын Платон (б.э.д. 428-374 жж.) басқарды.
Ол нақты әлемді білім көзі ретінде теріске шығарған. <<Тимей>> шығармасында ол пневма туралы (құдай жаны) оқуды жетілдірген. Барлдық патологиялық құбылыстарды Платон ағзадағы пневманың айналуларымен және оның әр түрлі мүшеерге әсерімен байланыстырған. Платон ұғымы бойынша, <<дерт- көктен жіберілген жаза. Оны дәрі емес, музыка, ұран, түрлі рәсімдер арқылы ғана емдеуге болады>> деген. 
Платон медицинадағы реакциялы ағымның бастаушысы болды. Аурудың алдын алуда да, күтімінде де бай адамдар мен басқарушылармен шектелген, құлдарға медициналық көмектің қажеті жоқ деп есептеген.
Платонның оқушысы- Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) ежелгі дүниенің ең көрнекті ғалымы болды. Дәрігердің баласы, медициналық білім алған. Өлген малдардың өлігін ашып, адам анатомиясының құрылымы туралы шешімдер жасаған.	 Ол физиологиялық үрдістерді де зерттеген. Аристотель, ғылыми-тәжірибелік жұмысты болмаған биіктіктерге көтерген, сол замандағы бірінші натуралист болған. Ол Платонның идеалистік оқуын сынға алып, кейбір сұрақтарында материализмге жақын болған. Сонымен қатар, Аристотельге мақсатты бағытты оқу жақын болған (телеология). <<Табиғат артық ештеңе жасамайды, табиғат барлығын бір қажеттілік үшін шығарады>> деген.
Феодолизм дәуіріндегі шіркеулік философия Аристотельдің осы оқуын пайдаланып, Платонның алдағы идеялар туралы оқуымен біріктіріп, орта ғасыр медицинасында билеуші роль атқараған, реакционды идеология- схоластикалық философияның басты негізге айналдырды.
Аристотельді өсімдік әлемі де қызықтырған, бірақ оның бұл бағыттағы еңбектерінің   сақталмағанын атап өту керек.
Оның шәкірті, энциклопедиялық білімі бар Эфестік Теофраст (б.э.д. 370-285 ж.) ботаникадан көп еңбектер жазған. Теофрастың сақталып қалған еңбектерінің бірі - <<Өсімдіктер туралы зерттеулері>>  қызығушылық тудырады.  Бұл еңбектің оныншы кітабы емдік өсімдіктерге арналған. Онда ол бальзамдарға, шайырға, өсімдік шырынына, улы өсімдіктерге, шөптерге (аскөк, шафран, корица, лотос, кордамон, мирра т.б.) сипаттама берген.  Ол ішек құрт ауруларына қарсы папортникті қолдану, жөтелге алтейді,  іріңдеуге мальваны пайдалану туралы және емдік өсімдіктерді сақтау туралы кеңестер берген.
Ежелгі Греция тарихының қорытынды мерзімі - эллинизм мерзімі деп аталды (б.э.д. IV-I ғ.ғ.). Эллинистік оралықтардың ең ірісі Александрия болды. Онда барлығы 600 мыңнан астам орам қағаздар сақталған және Птоломей тұсында Аристотель мен Теофраст кітапханасымен толықтырылған екі әйгілі кітапханалар болған. Мұнда ішінде обсерваториясы, жануарлар бұрышы, ботаникалық бағы және анатомиялық мұражайы болған Муза Храмы ашылған.
Александрияда медицина әйгілі дәрігер Герофил есімімен байланысты. Ол көптеген дәрілік құралдарды енгізген және <<еміне дәрі табылмайтын ауру болмайды>> деп тұжырымдаған.  Герофил терапияда күрделі дәрілік заттардың пайдалануына бастау салып, қоспа бөлшек саны көп рецептерді пайдалана бастады.
Басқа атақты дәрігер Эразистрат (б.э.д. 280 ж. қайтыс болған) өлген адам мәйітін ашумен айналысқан және тірі жануарларда асқорыту мүшелерінің қызметін зерттеген, қызылтамыр мен көктамыр арасындағы байланыс жөнінде ойларын айтқан, сезімтал және қозғалтушы жүйкелерді айыра білген.
Герофил мен Эризастраттан кейін александрия медицинасы, Птоломейлер мемлекетінің экономикалық және мәдени құлдырауымен байланысты, өз мағынасын жоғалтты. Герофилдің шәкірті Филин Косский (б.э.д. 310-280ж.) <<эмпириктердің>> дәрігерлік мектебін ашқан. Олар: <<Медицинаның мақсаты- тәжірибелі әдістермен ауруға қарсы тиімді құралдарды іздеу>>,- деп есептеген. Эмпирика мектебінің жұмыстарына Героклеиттің (б.э.д. І ғ.) <<Сыртқы және ішкі дәрілер туралы>>,  <<Ем дәм туралы>>, <<Дәрілік құралдарды зерттеуге дайындау туралы>> еңбектері жатады. Осы мектептің өкілдері удың қызметін уды қайтаратын затты табу мақсатында оқыған. Осылайша, Митридат VI Евпатюр (б.э.д.120-63 ж.) уды қайтаратын дәріні жасап шығарды және бірнеше жүздеген жылдар өте оған <> аты берілді. Бұл зат 54 заттан құралған және ғалымның айтуы бойынша, барлық улану түрлеріне қарсы әсер береді. 
Ежелгі Грециядағы химияның дамуына Аристотельдің элементтер туралы түсініктемесі әсерін тигізді. Оның ілімінен екі нәтиже туындайды. Біріншісі, бағалы емес металлдардың бағалы металлдарға транстекті өзгеру идеясы; екіншісі, бұл орта ғасырда <>-<<бесінші жаратылыс>> атанған   бесінші элементті енгізу.     
Гректер темір, мыс, алтын, күміс, болатты алу әдістерін білген. Ежелгі Греция дәрігерлері минералды жолмен алынған дәрілік құралдар: мыс сульфатын, күкіртті, ашудастарды пайдаланған. Александрия химиктері мүсәтірді ашты. Олар оны табиғи өнім ретінде Аммона (осыдан атауы аммиак) оазисінде өндірген.
Ежелгі Грецияда алтынды-күнмен, күмісті-аймен, мысты-Шолпанмен, қорғасынды - Сатурнмен, темірді-Марспен, болатты - Юпитермен байланыстырған. Металлдарды көк тәңірінің белгілерінің атаулармен атау пайда болды.
Б.э.д. І ғасырдың ортасынан бастап медицина мен фармациядағы атқарушы роль Рим империясына көшті.
                                       
                                       
              3.2   Ежелгі Римдегі фармация

Б.э.д. ІІІ ғасырдың соңында Рим орталықтандырылған күшті құлиеленуші мемлекетке айналды. Ол өзінің билігіне шекарасы батысында Пиреней түбегінен басталып, Шығысында Армения мен Персияға дейін, солтүстігінде Британ елінен, оңтүстігінде Мысырға дейін созылып жатқан көптеген елдерді біріктірді.
Ежелгі Шығыстың өндіріс күші төменгі дәрежедегі құлиеленуші мемлекеттері мен ұсақ қала-мемлекеттерге бөлініп кеткен Ежелгі Грециямен салыстырғанда, Рим аумақты мемлекет болғандықтан, мұнда медицина мен фармацияның дамуына да үлкен мүмкіндіктер болды.
Тұрақты әскер құру римдіктердің орталықтандырылған мемлекетінің дамуының жоғары дәрежеге көтерілуін айқындай түсті және әскери госпитальдардың (валетудинарилер, нақты аудармасы - емдеуші орын) ашылуына, лагерьлік дәрігерлер дайындауға, легион дәрігерлерін т.б. дайындауға мүмкіндік ашты.
Ежелгі Рим бай мәдени мұра қалдырды. Архитектура, ораторлық өнер мен риторика, рим құқығы мен юриспруденция, ауыл шаруашылығы, әдебиет, әсіресе, поэзия, рим филологиясы, медицина мен фармация жоғары дәрежеде дамыды.
Ежелгі Римнің жазба ескерткішінің айтарлықтай бөлігі жойылып кетті Бізге келіп жеткен бастаулардың ішінде (б.э.д. ІІІ ғ. бастап): Тита Лукреция Караның <<Заттар табиғаты туралы>> поэмасы, Галеннің <<адам дене мүшелерінің қызметі туралы>> еңбегі, Авле Корнелия Цельстің <<Медицина туралы>> трактаты ерекше қызығушылық тудырады.
Цельстің <<Медицина туралы>> еңбегінде өсімдіктерден, жануарлардан және минералдардан алынатын дәрілік заттардың кеңейтілген түсініктемесі берілген. Ол оларды пайдалану әдістеріне қарай сипаттайды: қан тоқтататын, жараны тазалайтын, күйдіретін, қоздыратын (ас қорытуды), жұмсартатын, теріні тазалайтын т.б. Мысалы, қан тоқтататын заттарға: жасыл етікші тотияйынын, алоэні, хош иісті шайырды, күйдірілген қорғасынды, порей жуасын, суық суды, сіркесуды, шарапты, сары күшәнді алдаманы жатқызған.
Жараны жазатын заттар тобында: мирра, камедь, кардамон, ақуыз, балық желімі, үгітілген ұлулар, қайнатылған бал, салқын суда, шарапта немесе сіркесуда суланған, жаңа қырқылған қой жүні, ал жара жеңіл болса, өрмекшінің шылауы да пайдаланылған.
Ас қорытуды қоздыратын құралдар тобына Цельс: піспеген жүзімді, өтті, терпенетин және қарағай ағаштарының шайырын, араның желімін, құрғақ қайнатылған смаковницаны, көгершін сорпасын, пемзаны жатқызған.
Жұмсартқыш дәрілер: эритрей жері, қалампыр шырыны, мүсәтір, шарапты пальманың жемістері, жіпшелер, сало, май, кунжут майы, сары донник, нарцистің тамыры мен жемісі, раушангүл жапырақтары, сычуг, шикі жұмыртқа ақуызы, сүйек кемігі, пісірілген ұлу, қорғасын қалдықтары, күкірт және т.б. заттар.
Бесінші кітапта Цельс сырттай қолданатын дәрілерді, оларды пайдалану мен дайындау әдісін (компресстер, жапсырмалар, жатыр сақиналары, жұмсақ жүн негізінде жасалған, күрделі дәрілер сіңдірілген қынапқа арналған дәрілік құрал) ұнтақтар, сеппелер, акоптар (сұйық, қазіргі линименттерге ұқсайтын жақпа майлар), күлшелер, клизмалар, буланулар, дәрілік зттардың ерітіндісі сіңген дәкемен сүртінуге сипаттама береді.
Цельс барлығы 36 түрлі компресстерге, соның ішінде он жетісінің авторлық атаулары бар: Хрисип, Аистоган, Сосагор, Ктесифронт компресстеріне сипаттама берген. <<Никон крмпрессі сорады, жарып әрі тазалайды. Ол тең бөлікті теңіз көбігінен, күкірттен, натрдан, пемзадан құралған және осыларға сонша мөлшерде қара май мен жіпшелер қосып, қою жақпа май дайындалады>>. Сосагор құралы буын аурларына арналған. Оның құрамы тең бөлікті күйдірілген қорғасыннан, қалампырдан, белена қабығынан, стиракстан, қышадан, шайр, май және жіпшелерден тұрады.
Іштей пайдаланатын заттардан Цельс пилюляларға, тұнба, қайнатпаларға, сулы және майлы ерітінділерге сипаттама берген. Әрі қарай <<У қайтарғыштар және олар қандай ауру түрлеріне көмектеседі?>> бөлімі бар.
Цельс тағамдақ өнімдермен емделу кеңестерін береді. Ол жалпы тағамды жақсы шырынды (бидай, күріш, қымыран, сүт шарап, ұлулар, жабайы құстар және т.б.) және нашар шырынды (тары, тұздалған ет, шалқан, брюква, қырыққабат, спаржа, қызылша т.б.) майсыз тағамдар, ащы, асқазан жеңіл немесе ауыр қортатын, асқазанды тазартатын, зәр шығару қызметіне әсер ететін, ұйқыны жақсартатын, қоздыратын, ыстық түсіреті т.б. деп бөлген.
Авла Корнелий Цельстцің еңбегі біз үшін, дәрілік түрлерді дайындауға қатысты кейбір фармацевтикалық бөлімдері бар рим фармакопеясы болып табылады.
Ежелгі Рим медицинасы мен фармациясының ақпарат көзі дәрігер қызметін анықтайтын грек және латын эпиграммаларында жатыр.
Ежелгі Рим қалаларындағы қазба жұмыстары сол жерді мекендеген халықтардың өмірі мен тұрмысын, медицинаның дамуын тарихи жетістікке айналдырды. Б.э.д. 79 жылдары Везувий жанартауының күліне көміліп қалған Помпей қаласынан археология тарихында алғаш рет медициналық саймандардың толық жинағы табылған. Екінші 150 көне медициналық саймандар жинағы 1893 жылы Баденде табылса, үшіншісі- 1925 жылы Бингенде табылған.
Біздің заманымызға дейін, су құбырлары, канализация, монша сияқты көптеген қалақұрылыс ескерткіштері сақталып қалған. Кейбір моншалар бір уақытта мың жуынушыға есептеліп салынған. Моншалардың ішінде дене жаттығуларымен айналысатын, тынығып, тамақтанатын, жиындар өткізетін орындар болған.
Римдіктердің сақталып қалған заңдарында қала ішінде жерлеуге тыйым салатын, бейіттердің тазалық жағдайы туралы өкімдер, ішін суды, жағасында Рим қаласы орналасқан Тигрдан емес, Сабин тауынан ағатын бұлақтан алуға нұсқаулықтар кездеседі.
Б.э.д. ІІ ғасырға дейін Ежелгі Римде кәсіби-дәрігерлер болмаған. Халықтық әдістер: шөптермен, тамыр мен жемістермен, олардың тұнаблары мен қайнатпаларын сиқырлы дұғалау арқылы емдеген. Ең көп тараған емдік зат- қырыққабат болатын.
Алғашқы дәрігерлер - әскери тұтқындардан құралған құлдар болған. Әрбір жағдайы жақсы римдәктер өз отбасы мен туыстарын емдейтін дәрігер-құл ұстауға тырытсты. 
Құл-дәрігердің жоғары мәдениеттілік әрі кәсіби дәрежесі уақыт өте келе қожайынының алдындағы сенімін көтерген. Кәсіби-құлдарды өз еркімен табыс табуға босататын болған. Бостандық алған дәрігер өзінің бұрынғы қожайынын, оның отбасын, құлдарын, жолдастарын тегін емдеп, тапқан табысының жартысын қожайынына беріп отыруға міндетті болған. Б.э.д. ІІ ғасырдың соңы, ІІІ ғасырдың басында Рим империясының астанасында ерікті грек дәрігерлері, кейіннен Кіші Азия, Мысыр дәрігерлері пайда болып, рим азаматтығына ие болған. 
Ежелгі Рим әскери медицинаның дамуына үлкен үлес қосты. Тұрақты Рим армиясы жаулап алу соғыстарын жүргізіп, кәсіби-дәрігерлерді талап еткен. 1000 адамнан құралған әр кагортада 4 хирург болуы міндетті болған. Жаралыларға арналған әскери мекемелер- валетудинариялар болған. Онда дәрігерлер, кеңес берушілер, экономдар мен кіші мед.қызметкерлер еңбек еткен. Әскери медицинамен қатар, өкімет тағайындаған төлемді қызмет, дәрігер-архияторлары бар қалаларда да медицина ісі дамыған.
Қала архияттарының басшысының міндетіне, Рим, Александрия және империяның басқа қалаларындағы арнайы мектептерде медицина мен фармацияны оқыту ісі кірген. Мемлекеттік медициналық мектептермен қатар жекеменшік мектептер де болған. Олардың бірін Асклепиад ашқан.
Уақыт өте келе дәрігерлердің Римдегі жағдайы орнықты болды. Олар үлкен жеңілдіктер мен құқықтарға ие болды. Соғыс кезінде олардың ұлдары әскери қызметтен босатылған. Бұл Римге жатжерлік дәрігерлердің келуіне себеп болды. Б.э.д. ІІ ғасырдың соңына қарай-ақ Римде көз, тіс дәрігерлері, жарық тілігі мен тастілігін жасайтын хирургтар болған. Ежелгі Рим дәрігерлерінің қызметін мемлекет реттеп отырған.
Ежелгі Рим дәрігерлері фармацевт міндеттерін қатар атқарған. Олар тағам мен емдеу үшін, шикі қырыққабатты, балды, өсімдік майын, сіркесуды пайдаланған. Рим фармациясында күкірт, сынап, ашудастар, сабын, бояғыш және үгіткіш заттар белгілі болған. Емханаларда дәрілік заттарды дайындап, сақтайтын арнайы орындар (officinal) болған. Римде дәрігерлерді мамандандырумен қатар, фармацияның медицинаның жеке саласына бөліну белгілері пайда бола бастады.
Ежелгі Римдіктердің өмірлік көзқарасына ежелгі грек философиясының әсері болғандығын атап өту керек. Грек философ-материалистері Левкип, Демокрит және Эпикур ашқан атомдық ілім Тита Лукреций Караның <<Заттар табиғаты туралы>> поэмасында анықтама алған. Бұл поэмасында ол тірі ағзалардың атомдық қиын құрылымын, олардың өмір сүру үшін күресін бейнелеп, кейбір ауру түрлеріне, жұқпалы ауруларға сипаттама береді.
Лукреций аурудың пайда боуының миазматикалық концепциясы туралы түсініктеме береді (микробтарды ашу бұл теорияны болымсыз қылады). Сонымен қатар, індеттің су, тағам және басқа заттар арқылы таралуына көңіл бөлген, ол індеттің таралуынаң контагиозды концепциясының алғашқы белгілерін белгілеп берген.
Эпикурдың оқулары мен Лукрецийдің көзқарасы Вифинийден шыққан Асклепиадқа әсерін тигізді. Ежелгі Римдегі медицина мен фармацияның дамуы Асклепиад ашқан әдістемелік мектеппен тығыз байланысты. Асклепиадтың жетістіктеріне оның <<табиғатпен келісілген>>, <<қауіпсіз, тез, әрі жағымды емдеу>> деген ережелері себебін тигізді.
Асклепиадтың ойы бойынша, ауру - бөлшектердің дене каналдары мен түтікшелерінде тұрақтап қалуы және шырындар мен пневманың қозғалысының бұзылуы. Терапия бұзылған қызметтерді қалпына келтіруге бағытталған қарапайым: емдәм, тері тазалығын сақтау, уқалау, қозғалыс және сумен емдеу шараларынан құралған. Ол емделушілерге жаяу жүруге, атқа мінуге, кемелермен саяхатқа шығуға кеңес берген. Дәріні сирек тағайындаған. Асклепиад, медицинадан хабары бар адам ешқашан ауырмайды дегенге сенімді болған. Ол ертеден қалыптасқан емдәммен емдеген. Диететикаға <<тағам дәмді болу керек>> деген бір ғана принципті енгізген.
Асклепиадтың медицина мектебінен Соран Эфесский (б.э.д. ІІғ.) шыққан. Ол ежелгі медицинадағы акушерлік іс, гинекология мен педиатрия саласындағы ең үлкен, кеңейтілген шығармаларды жаздған.
Ежелгі Римнің атақты дәрігері- Гален (130-200 ж. шамасы). Ол Пергама қаласында (қазір Түркиядағы Бергама) Никон есімді архитектордың жанұясында дүниеге келген. Ол өзінің алдындағы және өз қатарындағы ғалымдардың еңбегін асқан қызығушылықпен оқыған (грек, латын, парсы т.б. тілдерді білген). Пергамадағы гладиаторлар мектебінде архиятр қызметін атқарған.
Гален, біздің заманымызға дейі сексенге жуығы ғана сақталған, медицинадан барлығы 125 еңбек жазған автор. Олардың ішінде ең қажеттілері: <<Адам дене мүшелерінің қызметтері туралы>>, <<Анатомия туралы>>, <<Терапевтік әдістер>>, <<Дененің ауру мүшелері туралы>>, <<Дәрі құрамы туралы>>.
Галеннің материалистік көзқарасы оның анатомия мен физиология саласындағы зерттеулерінде байқалады. Ол Александрияға келгенде, онда  адам мәйітін ашуға діни тыйым салынған. Сондықтан, Гален маймылдардың, шошқалардың, иттердің, тұяқтылардың, арыстанның, пілдің анатомиясын зерттеген. Оның нәтижелерін ол адам анатомиясына енгізген. Ол сүйекке, бұлшық етке, байлаушыларға, ішкі органдарға сипаттама берген. Әсіресе, жүйке жүйесі саласындағы зерттеулерге енгізген үлесі зор.
Ол жүрек құрылысын, көк тамырларды, ботталов өзегін дұрыс сипаттаған. Бірақ, жүрек қалқанын өтімді деп санауы Галеннің қателігі болды. Оның ойы бойынша, қан оң жақ ұлтабардан сол жақ ұлтабарға, қан айналу шеңберіне кірмей-ақ, өте алады деп сенген. Оның бұл көзқарасы XVI ғасырға дейін сынға алынбаған (Серветтің кіші қан айналу шеңберін ашқанға дейін).
Галеннің физиология саласындағы үлесі айтарлықтай. Ол бірінші болып жануарларға (шошқаға) өткір вивесекционды эксперимент жасаған.
Гален қозғалыс, тыныс алу, ас қорыту физиологиясын, бұлшық еттердің сығылуын, жүйке жүйесін зерттеген.
Гален құлиеленушілік құрылыстың ыдырап, философияда идеалистік көзқарастың оянған кезеңінде өмір сүрген. Галеннің көзқарасының қалыптасуына Платонның пневма туралы және Аристотельдің мақсаттылық туралы оқуы үлкен әсерін тигізді. Гален пневма организмде үш түрде мекен етеді: <<мида - <<жан пневмасы>>, жүректе- <<өмір пнвмасы>>, бауырда- <<қалыпты пневма>>,- деп есептеген. Барлық өмірлік процесстерді ол, пневманың бұзылуынан пайда болатын, материалдық емес <<күштердің>> әсерінен болады деп түсінген.
Гален көргеніне дұрыс сипаттама берген, бірақ алынған нәтижелеріне дұрыс түсініктеме бере алмаған. Бұл Галеннің дуализімін дәлелдейді.
Орта ғасыр дәуірінде схоластика мен католиктік шіркеу Гален оқуының идеалистік қырларын пайдаға асырған. Шіркеумен бұрмаланған Гален оқуының біржақты түсінігі- галенизм пайда болды. Галенизмді жоққа шығару - бұл әлем медиктерінің табанды еңбегінің нәтижесі.
Гален, есімі Гиппократ пен Абу Али ибн Сина есімдерімен қатар аталатын, ең атақты дәрігерлердің бірі.
Бізге Гален өзінің фармация саласындағы еңбектерімен қызықты. Ол- фармацевтік қызметті медицинадан бөлуге ұмтылған Цельстің ісін жалғастырушы. Галеннің жеке меншік дәріханасы болған. Дәріхана зертханасында (officina) дәрі-дәрмектер мен құрамы күрделі, көбінесе, өсімдіктерден жасалған дәрілер дайындалған. Мысалы, кейбір жапсырғыштар 23 заттан, ал териактардың құрамы 60-қа дейін жеткен. Бұл дәрілердің бәрі қорымен дайындалған, және осы күнгі Гален дәрі-дәрмектерінен ерекшелігі шамалы. Ол кезде дәрі-дәрмектер мен дәрілік заттарды өндіруде анықталған шектеу болмаған. Гален келесі дәрілік заттар мен дәрі-дәрмектердің өндірісіне сипаттама берген: дәрілер, ұнтақтар, болюстер, күлшелер, сабындар, жақпа майлар, жапсырғыштар, қыша қағаздары, жинақтар, тұнбалар, қайнатпалар, ерітінділер, шырындар, микстуралар, жас өсімдіктер шырыны, шараптар, өсімдік майлары,жақпалар, дәрілік сіркесу балдары, таңғыштар, буландырғыштар, тизандар, териактар.
Галеннің емдік өсімдік пен жануарлар шикізатынан қосылып дайындалған емдік заттарды жасауда, Цельстен алшақ кеткенін айта кету керек.  Шарап, май және жануар майларының көмегімен дәрілік шикізаттан ауытқулар алуды бірінші ұсынған (мед. шараптар, мед.майлар т.б.). Өсімдіктерден дәрі дайындауға белгілі реттемелер енгізген де Гален болатын. Ауытқуларды алу кезінде пайдаланатын шикізаттар (жапырақ, гүл, тамыр, қабық және өсімдіктің т.б. бөлшектері) мен экстрагенттердің (шарап, сіркесу, бал) салмақтық және көлемдік қатынасын орнатқан. Галеннің алған дәрі-дәрмектері, қазіргі кездегі экстраттар мен тұнбалардың алдыңғы өкілдері. 
Галеннің еңбегі жаңа дәрілік заттарды шығаруында ғана емес, сонымен қатар, оларды пайдалануға теоретикалық негіздеме жасауында.
Орта ғасырдың атақты ғалымы Парацельс Галеннің құрметіне атаған және осы күндері де оның есімімен аталатын дәрілік заттар тобы гален және жаңа гален дәрі-дәрмектері, ал оларды шығаратын мекемелер гален зертханасы, гален фармацевтикалық фабрикасы деп аталады.
Емдік өсімдіктер туралы ғылымның дамуы да жалғасын тапты. Бірінші жүзжылдықтың екінші жартысында, Римде Гай Плиний Секундтың (екінші) (23-79) энциклопедиялық шығармасы <> - <<Қалыпты тарих>> пайда болды. Бұл шығармаға ботаникадан, астрономиядан, зоологиядан, минералогиядан, географиядан, этнографиядан, анатомия мен медицинадан материалдар жинақталған. 
Плинийдің еңбегі, сонымен қатар, жануарлар мен адамдардың көптеген ауру түрлерін емдеуге пайдаланатын өсімдіктердің кеңейтілген сипаттамасы берілген, <<емдеуші>> болып табылады.
Емдік тәжірибеде пайдаланатын 600 өсімдікке сипаттама берген Диоскоридтің <> (<<Дәрілік заттар>> б.э.д. 170ж) еңбегі танымал болған. Олардың ішінде, долана, аскөк, қырыққабат, қызылша, тимьян, ирис, қымыздықтың түрлері, қалампыр және т.б. өсімдіктер. Диоскорид жануарлар мен минералдардан алынатын препараттардың, өсімдік шайырының, сынапты, мыс тотияйынын, мырыш препараттарын алу әдістерін және осы заттардың дәрілік қалыптарын жасаудың (балауыз, жақпа майлар, жапсырмалар, дәрілер т.б.) сипаттамасын жасаған. Диоскоридтің мәліметтері дәрітануда көрнекті роль атқарды.
Ежелгі Грециядағыдай, ежелгі Рим дәрігерлерінің арасында да заттардың табиғатын, олардың қасиеті мен сапасын түсінуге деген үлкен талпыныс болды. Осының бәрі химияның ғылым ретінде дамуының негізі болып қаланды.
Рим империясының соңғы кезеңдерінде, барлық рим мәдениеті сияқты, медицина мен фармация да құлдырау түрінде болды. 476 жылы Батыс Рим империясы құлағаннан кейін, Шығыс Рим империясы (Византия) өркендеуін тоқтатапады. Құлиеленушілік қоғамның медицинасы мен фармациясы өзінің соңын осында тапты.



             4. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФАРМАЦИЯ
            4.1  Батыс Еуропадағы фармация 

Феодалдық құрылыс әлемнің әр елдерінде әр түрлі тарихи кезеңдерде орнады.  Бұл құрылыс Қытайда б.э.д. III-ІІ ғасырларда, Үндістанда  -  біздің эрамыздың алғашқы жүз жылдығында, Орта Азия мен Закавказьеде   -  IV-VI ғасырларда, Батыс Еуропа елдерінде  -   V-VI ғасырларда, Ресейде  -   IX ғасырда жүрді. 
Б.э. 476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауы Батыс Еуропаға құлиеленуші құрлыспен алмасқан жаңа формация - феодалдық қоғамның арасындағы алшақтықты алып келді.   Феодалдық қатынас кезеңі 12-13 ғасырларды қамтиды.
 Франция, Германия, Англия феодалдық қоғамы үш кезеңді бастан кешірді. Ерте орта ғасырларда (V ғ. бастап Х  -  XI ғ. дейін) шынайы шаруашылық басым болды, ғылымның төмендеуі байқалды.
Феодализмнің екінші кезеңінде Батыс Еуропада (XI  -  XV ғғ.)  -  дамыған орта ғасырларда  -  қалалар көркейіп, шаруашылық қарқынды дамыды, ел ішіндегі және басқа елдермен арадығы сауда қатынастары дамыды. В Х-ХII ғасырларда Батыс Еуропада философияның басты түрі схоластика болды, оған сүйене отырып барлық мүмкін болатын білімдер шіркеу әкейлерінің еңбектерінде немесе қасиетті жазбаларда берілген деген түсінік болған. Ортағасырлық ғылымның философиясы -  бұрмаланып, шіркеу қызметіне қойылған Аристотельдің ілімдеріне негізделді. 
Университеттер медицина орталықтары болып саналды.  ХI ғасырда Салернода, ХII-ХIII ғасырларда Болоньеде, Монпельеде, Парижде, Падуеде, Оксфордта, ХIV ғ.  -  Прага мен Венада университеттер ашылды. Сабақ беру схоластикалық әдісте жүргізілді. Оқу жоспарлары котолик шіркеулерінің бақылауында болды. 
Осы уақыт аралығындағы дәрітанудың дамуына алхимия мен астрология әсерін тигізді. Алхимиктердің зерттеулерінде сынап пен күкірт ерекше орын алды. Алхимиктердің түсінігі бойынша сынап пен күкірттен басқа металдар пайда болған. Құрамында сынабы көп металл таза, ал күкірті көп болған металл онша таза емес металл деп саналған. Алхимиктердің арқасында зертханаларда дайындалып, фармацияда қолданылған заттардың саны көбейді.  Тәжірибелік фармацияның дамуына алхимияның теріс әсері де болды. Ұзақ өмір эликсирі туралы ой дәрілік заттарды іздеу жолын теріс бағытқа бұрып жіберді. 
Орта ғасыр фармациясына күрделі дәрілік жазбалар тән. Бір рецептің дәрілік қрамы ондаған заттардан құралуы мүмкін болатын. 
Құрамдас бөлігі 70-ке дейін жететін териактар (әр түрлі ұнтақтарды балмен араластыру арқылы жасалатын ботқалар. Негізгі құрамдас бөлігі-жылан еті) ерекше орын алған. Териак ішкі ауруларға қарсы, <<мор>> қызбасына қарсы қолданылатын құрал болып есептелген. Уды қайтаратын құрал ретінде митридат (опал) қолданылған. Венецияда, Нюрнберте териак пен митридатты арнайы шақырылған өкімет өкілдерінің қатысуымен, салтанатты түрде дайындаған. 
Батыс пен Шығыста орта ғасырдағы ірі эпидемиялардың өршуіне қалалардың көбеюі, ондағы халықтың тығыз қоныстануы, шоғырлануы мен тазалықтың жоқтығы, крест жорықтары (1096-1291 жж. арасындағы сегіз жорық) өз әсерін тигізді.
Еуропаның айлақты қалаларында карантиндер  -  (<<қырық күндік>>)  -  шектеу мерзімі мен кеме экипаждарын бақылауға алу қызметі құрылды. Айлақтың бақылаушылары, <<денсаулық сақшысы>>, <<қала дәрігерлері>> пайда болды. Олар эпидемияға қарсы қызметтер атқарды. Жалпы санитарлық шаралардан қалаларды сумен қамтамасыз ететін су құбырлары пайда болы. Орта ғасыр эпидемиялары  <<мор>> (loimoz),  сөзбе сөз аударғанда <<індет>> дегенді білдіретін атпен сипатталады. Бірақ жазбаларға сүйенсек, сүзек, шешек, қан тышқақ сияқты ауруларды да <<мор>> деп атаған. Алапес ауруы кең етек жайған. Алапеспен ауыратындарды емдеу үшін әулие Лазаря орденінің мекемелері- лазареттер ашылды. 
Осы кезеңдегі атақты тұлғалардың ішінен Раймунда Луллиді, Арнольд да Виллановты, Альберт Велийді, Фра Бонавентураны, Роджер Бэконды, Василий Валентинді атап өту керек.
Раймонд Луллий (1235-1315)- испан теологы әрі грамматигі. Ол металлдардың өзгеріске ұшырайтынына сеніп, көп уақытын <<философиялық тасты>> зерттеуге жұмсаған. Ол барлық зат сынап пен күкірттен тұрады және <<философиялық тастың>> сиқырлы қасиеті бар деп сенген. Луллий кейінгі жүзжылдықтарда атақ алған алхимиялық шығармалардың авторы болып саналады. Олар - <<Мұра>> (<>), <<Ережелер жинағы немесе алхимиядағы жол нұсқаушы>> ("Codicillus seu bademecum"), <<Ұлы өнер>> ("Ars magna"), <<Тәжірибелер>> ("Experimenta"). 
Арнольд да Вилланова (1250-1313)- ғалым-алхимик. Ол медицина және фармациямен Болонье, Барселона, Неапал, Рим және Ферраре қалаларында айналысқан. Ол өте жақсы дәрігер болған. <<Салерно денсаулық кодексінің>> авторы өз еңбегінде әртүрлі тағам түрлеріне, өсімдіктер мен жемістерге, олардың емдік қасиетіне сипаттама бере отырып, диететико-гигиеналық нұсқаулықтар берген. Оның денсаулық сақтаудағы бұл кеңестері осы күндері де өзекті.
<<Шарап туралы>>, <<Улар туралы>>, <<Философия розарриі>>, <<Териак мөлшері туралы>> еңбектерінде ол алхимияны философиядан бөлектейді. Емдік мақсаттағы дәрілік заттарға, улар мен у қайтаратын құралдарға сипаттама берген.
Альберт Великий (1193-1280)  -  схоластиканың көрнекті өкілдерінің бірі. Ол металлдардың күкіртті-сынапты теориясын қолдап, құнды металлдарды, құнсыз металлдардан бөле білген. Ол астрономиядан, ботаникадан, химиядан, минералогиядан, физикадан, логикадан, психология мен этикадан шығармалар жазған. Оның басты шығармалары мыналар: <<Алхимия туралы>>, <<Металлдар мен минералдар туралы>>, <<Өсімдіктер туралы>>
	Фра Бонавентура (1221-1274) алхимик болған, медицина мен фармация туралы жазған. Азот қышқылының күмісті балқытып, алтыннан бөліп алатын қасиетін тапқан. Алтынды балқыту үшін селитра, тотияйын, квасцы және нашатырды айдау арқылы алынатын сол кездегі патша арағын (aqua regis) пайдаланған.
Осы дәуірдегі көрнекті алхимиктердің бірі, Англияның тумасы Роджер Бэкон (1214-1290) білімділігі мен терең білімдарлығы үшін <<ғажайып ұстаз>> ("doctor mirabilis") атанып кеткен.
Өзінің отандасы әрі тектесі  Френсис Бэконды (1561-1626) басып озып, алғашқы еуропалықтардың бірі болып зерттеулерде тәжірибелер жүргізудің қажеттілігін түсінді.
Р.Бэкон селитраның қасетін зерттеп, оқ дәріні жасау әдісін тапқан. Көптеген химиялық қоспалардың қасиетін білгендіктен айыпталып, қамауда отырған. Оның құнды еңбектері: <<Алхимия айнасы>>, <<Ұлы еңбек>>, <<Үшінші еңбек>>, <<Құдай берген қасиеттің қысқаша анықтамасы>>.
Еуропа елдерінде алхимиялық сабақтар, Василий Валентин есімімен жасырынып келген, медицинамен айналысқан білімді монахтың еңбегінің арқасында кеңінен тараған. Оның <<Антимонидің жеңісті шеңбері>>, <<Көне кемеңгерлердің ұлы тасы жөнінде>>, <<Соңғы мұрағат>> кітаптары үлкен атаққа ие болған.
Металлдардаң металлдық қасиетін, қышқылдануды және тұз қалыптасу қасиетін білдіретін, дененің үш бастамасы- сынап, күкірт, және тұз жөніндегі концепциясын баяндаған.
Темір тотығы мен ас тұзын қыздыру арқылы алынатын тұз қышқылы жөнінде де ескерген.
Сурьма, нашатыр, сулема, висмут қоспалары, болат, қорғасын, кобальт, мырышьың сипаттамасын жасаған.
Осы кезеңде  Александр Сетоний, Николай Фламель, Леонард Турнейссер, Иоганн Исаак Голланд, сияқты алхимиктер белгілі болған. Олардың барлығы өз қызметтерінде тәжірибелік химиядан алшақ болған.
Сонымен қатар, химик-қолөнершілер түрлі дәрі-дәрмектерді өндіру тізімін кеңейтіп, өндірістің әдістері мен құрал-жабдықтарын жетілдіре түсті.
Орта ғасырда химияның өркендеуіне алхимиядан гөрі қолөнерлік өндірісі көп әсерін тигізді. Бояу өнеріндегі үлкен жетістіктерге соңғы орта ғасырдағы сурет өнері дәлел.
Медицина мен фармацияның тарихында Салерно қаласындағы медициналық мектеп үлкен роль атқарды.
Көне медицинаның ең жақсы жетістіктері (Cirоitas Hippocratica) <<Гиппократ қоғамы>> аталған Салерно қаласында сақталып, жалғасын тапқан.
ХI ғасырдың басында Салерно мектебінде бірінші <<Антидотарный>> жинағы жасалды. Бұл жинақ ең өтімді дәрілік құралдардың, атадат мұраға қалған дәрілердің жинағы.
	1140 жылы Салерно мектебінің ректоры Николай <<Николайдың антидотарныйы>> жинағын жасады. Ондағы 60 дәрілік рецептердің жазбасы кейіннен 150-ге дейін толықты. Салерно мектебінің <<Антидотарныйы>> бірінші фармакопея атанған. Заттардың салмағы осы мектеп белгілеген салмақ бірліктерімен (гран, скрупул, драхма, унция) көрсетілген. Ботқалар мен ұнатақтардың бір реттік орташа мөлшері 20 гранға (1 гран бидайдың бір дәнінің салмағына теңестірілген) тең болған.
	Антидотарий үнемі толықтырылып отырған. Оған емдік терапия тағамдары енгізілді, кейіннен суларды, майларды, клизмаларды, шырындарды, сырттай пайдаланатын кейбір дәрілерді дайындау рецептері  енгізілді.
	Фридрих II (1212-1256) империяда дәрігер атағын беру құқығын жалғыз Салерно мектебіне беріп, басқаларға осы мектептің лицензиясын алмай медициналық тәжірибемен айналысуына тыйым салды.
	Түлектерге төрт саты белгіленген:
* Лицензиат дәрежесі (<>)  -  дайын дәрілік заттарды дәрілік үлгілер жасауға, ауруларды күтуге, ұсақ операциялар жасауға рұқсат береді.
* Бакалавр дәрежесі (тәрбиеші) басқаларға сабақ берумен айналысатындарға берілген.
* Магистр дәрежесі ("magister"- ұстаз) ғылымды кеңінен игерген және сол білімін басқаға жеткізе алғандарға берілген.
* Доктор дәрежесі ("doctor"- ғалым, ғылымғы үйретуші) өз бетімен жалпы теория негізінде теориясын жетілдірген, тәжірибелік шешімдер жасай алатындарға берілген. 
Дәрігерлердің жұмысын, кейініректе мемлекет өз бақылауына алды.
Толедо, Салерно, Кордовада дәріханалар ашылды. Дәрілерді дайындау бақылауға алынды, улы заттарды сақтау және босату ережелері жасалды, фармацевтер анты шықты. Кейіннен  дәріханалар жекеменшік мекеме ретінде (Англияда, Францияда, Голландияда) ашыла бастады.
XIII ғасырда Еуропада фармацевтердің құқығы мен міндеттерін реттейтін және фармацевтік білім алу ережелерін бекіткен заңдар шығарылды. Францияда ол дәріханадағы төрт жылдық оқудан, көмекші ретінде он жылдық жұмыстан және емтихандар қатарынан құралды.
Салерно медициналық мектебі ақсүйектер дәрежесінде болған. Онда ер профессорлармен қатар әйел профессорлар (Абелла, Тротула де Ругиеров, Константа Халенда, Ребекка Гуарана) да сабақ берген.
Салерно мектебінің  еңбегінің  жемісі- Салерно мен Римде өткен медицина тарихшыларының XIV халықаралық конгрессі. 1954 жылы Салернода (Cirоitas Hippocratica) әлемнің барлық ғалымдары жиналды.



      + 4.2  Византия империясындағы фармация

Визания дәуірі- грек-рим мұрагері- әлем мәдениеті тарихында атақты орын алды.
Оның тарихы, мемлекеттік дін ретінде христиан дінін енгізіп, Ұлы Рим империясының жаңа астанасын Римнен ежелгі грек қаласы, Босфордың жағасындағы Византияға көшірумен атағы шыққан император, Константин Великийдің (306-337ж.ж.) билік еткен кезеңінен бастау алады.
Болашақ астананың негізі 304 жылы қаланды. Оның құрылысына ең атақты архитекторлар шақырылды. Константин билік еткен жылдары 30 сарайлар мен храмдар, жоғары дәрежелі адамдарға 4 мыңнан астам құрылымдар, 2 театр, цирк, ипподром, 150-ден астам моншалар мен 8 акведуктар салынды. 330- жылдың мамырында, кейіннен Константинополь (қазіргі Стамбул) атанған жаңа астананың ашылуы болды.
IV ғасырдың соңында Рим империясындағы құлиеленушілік құрылымның қирауы қарбалас түрде өтіп жатты. Оның соңғы императоры Феодосий (379-395ж.) өлер алдында оны балаларына бөліп берді. Батыс Рим империясы, ішкі қайшылықтардың шиеленісуінен ұзақ өмір сүрмеді. Шығыс Рим империясы экономикасы мықты мемлекет болды. Оның басты қалалары- Констатинополь (астанасы), Александрия, Бейрут, Кесария т.б. қолөнер мен әлемдік сауданың ірі орталықтары болып саналатын.
Өзі мекендеген уақыт аралығында Шығыс Рим империясы Ромейлер империясы немесе Романия деп аталған. Византия мемлекеті немесе Византия империясы деген болмаған. Бұл атау Ромейлер империясын түріктер басып алып, жойғанда пайда болды.
Оның атауы Ромейлер астанасының алғашқы атауы <<Витзантиядан>> бастау алып, осы күнге дейін солай аталып кеткен.
Көне дәуір мәдениетінің мұрагері саналған Византия имперясы ұзақ уақыттар бойы Ежелгі Римнің дәстүрлерін: қала құрылысы, термдер, ғимараттар айналасындағы үлкен бақтар, спорт, театр, мемлекеттік тіл-латын тілін (V ғасырда грек тіліне алмасты) сақтап келген. Екі қабатты Валентакведугі ежелгі құрылымдардың бірі болып саналады.
Византия мәдениеті өзін мекендеген халықтардың мәдениетінің көптеген жетістіктерін біріктірді. Осындай жетістіктердің бірі IX ғасырда ағайынды Кирилл мен Мефодий ашқан славян әліппесі- кириллица.
Русьтегі христиан дінінің алғашқы өкілдері Византияның жіберген адамдары болды. Экономикалық байланыстар, мәдени-тіл жақындығы Византиядан келген. Христиан дінінің Русьте таралуына әсерін тигізді.
Византияда медицинамен қатар дәрілер туралы және оларды пайдалану нұсқаулары туралы оқу қатар жетілді. Византия императоры Юлиан Отступниктің дәрігері Орибазий (326-403ж.) IV ғасырда рим және грек медициналық әдебиеті 70 томдық <<Жинақты>> (<<Синопсис>>) жинады. Бұл жинаққа Геродот, Диоскорид, Гален т.б. еңбектерінен алынған үзінділермен қатар өзінің ойлары мен шешімдерін енгізген. Сонымен қатар, Орибазий: <<пайдаланылатын, қол жететін және күнделікті тәжірибеге жарамды заттар туралы кітап жазған ( <>).
Аэций Амидийский 16 кітаптан тұратын, Гален, Филумена т.б. көптеген грек авторларының еңбегінен алынған үзінділері келтірілген <> еңбегін жазды.
Александр Тралльский (VІ ғ.) 12 кітапты шығарма, ал Эгиналық Павел (VII ғ.) 7 томдық еңбек жазған.
Павел Эгинский 3- томында терапия мен жеке кеселге, 6 кітабында хирургияға, басқа томдарында гигиена, токсикология, жалпы кеселге, дәрілер туралы оқуға сипаттама берген.
Осы авторлардың бәрі энцтклопедист болған, ежелгі медицинаның бай мұрасын жинаумен айналысқан. Бұл олардың баға жетпес үлестері.
Византияда емхана ісінің дамуы христиан дінімен тығыз байланысты. Алғашқы емхана 370 жылы Кесарииде салынған. Онда, сол кезде қанша ауру түрлері болса, сонша ғимараттар болған. Византиядағы емхана ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын, Константинопольдегі емханалардың біріне берген сипаттамасы куәлайды. Онда әйелдер ауруы бөлімін қоса есептегенде, 5 бөлім, әр бөлімде, 2 дәрігерден болған. Емхананың ішінде дәрігерлік өнерден дәріс беретін медициналық мектеп болған. Медицинаны оқыту монастырьларда да пікірталас түрінде жүргізілген. Византияда өсімдіктерден, жануарлардан және минералдардан алынатын дәрілік заттарды жинақтаған дәріханаларда болған. Дәріханалардың қызметі дәрілерді дайындап, сату болған.
        4.3  Араб халифаттарындағы фармация
Феодалдық мұсылман мемлекеті - Араб халифаттары да медицина мен фармацияның дамуына ықпалын тигізді. VII ғасырдың ортасынан араб аристократиясы ислам туының астында көптеген әскери қимылдар жүргізді.  640 жылға қарай арабтар Палестина мен Сирияны, 634 жылы  -  Египет пен Иранды, VII ғасырдың  аяғында Армения мен Грузияны басып алды. VIII ғасырда арабтар Орта Азия мен Үндістанның солтүстік-батысын, Африка мен Пиреней түбегінің солтүстік жағалауын өзіне бағындырды.
Біріккен араб мемлекеті көп ұзамай, орталығы Кордова болған Батыс халифатқа және орталығы Багдад болған Шығыс халифатқа бөлініп кетті. Дегенмен, араб халифаттары біріктірген халықтардың экономикалық және мәдени қатынастары 5 жүз жылдықтар бойына сақталып келді.
Пайғамбар хадисі бойынша білім екі бөлімнен: діни білім және дене білімінен (медицина) құралғандықтан, медицинаның дамуы жоғары дәрежеде болды. Сегіз ғасыр бойына араб медицинасы Жерорта теңізі аумағында билеуші орын алып келді. Ол сол уақыттың барлық қажетті білімін сақтап және жетілдірілген түрінде Еуропаға қайтарды.
Осы уақыт аралығында медицина мен фармацияның дамуына химия зор әсерін тигізді.
 VIII- IХ ғ.ғ. өздерінің есімдерін греко-латындық <<химия>> атауынан жаңа <<алхимия>> атауына өзгерткен араб химиктері пайда болған. Бұл ілімде олар металлдар туралы оқуға ерекше көңіл бөлген.
Арабтың ірі алхимігі, <<70 кітап>>-тың авторы  Джабир ибн Хайан (721-815)  металлдардың ерекше элементтері  -   күкірт пен сынап туралы ұғымды енгізді. Джабир (Гебер) есімімен біздің дәуірімізге латын және араб тілдеріндегі шығармалары келіп жетті. Бұл еңбектерінен оның азот және күкірт қышқылын, хлорлы сынапты, күміс нитратын алғанын, хлоридті натрий, аммоний тұзы, селитра т.б. тұздарды зерттегенін білуге болады.
Парсы ғалымы  Миваффак  немесе Абу Мансурдың  -  <<фармакология негіздері туралы трактат>> (Х ғ.) еңбегі де назар аударарлық. Бұл еңбегінде ол эфир майлары мен дистилденген суды, тері ауруларын емдеуге пайдаланатын киноварь мен сулеманы, көз ауруларын емдеуге мыс сульфатын, мырыш тотығы мен мырыш сульфатын, қан тоқтататын және байлаушы құрал ретінде пайдаланатын квасцыны, өсімдік күлінен алынатын кәдімгі соданы дайындаудың қарапайым жолдарын көрсеткен. Абу Мансур медицинада тростник қанты мен өсімдіктерден алынатын кейбір органикалық қышқылдардың пайдалануын сипаттаған.
Жүз жылдар бойына араб дәрігерлерінің күнделікті кітабына айналған, 10 кітаптан тұратын барлық медицина басқармасының авторы Али Ибн-ал- Абрастың да беделі жоғары болған.
Шығыс елдерінің ірі қалаларында емханалар мен дәріханалар болған. Алғашқы дәріхана 754 жылы Багдад қаласында ашылған. Араб халифаттарында дәріханалық істің дамуы, Шығыс ғалымдарының химиядағы жетістіктерімен байланысты болған. Арабтар түрлі дәрілер, шырындар, ботқалар, иісті майлар, жапсырмалар дайындаған. Емдеу мақсатында қалампырды, корицаны, мускусты, мускат жаңғағын т.б пайдаланған.
Орта ғасырдағы Шығыс дәрігерлері емдеудің тәжірибелі тексерілуіне зор көңіл бөлген. Емханадағы аурулардың ағымына тиянақты бақылау жүргізіп отырған, олардың әдебиетте дұрыс сипатталуын тексерген, дәрілердің әсерін жануарларда тексерген.
Ислам дінінің мәйітті ашуға тыйым салуы, мұсылман дәрігерлердің анатомиялық зерттеулерінің төмен дәрежеде болуына себебін тигізді. Осының салдарынан, гигиена, жұқпалы ауруларды зерттеу, дәрітану салаларына қарағанда, хирургия мен акушерлік істің дамуы әлсіздеу болды.
                                       
Шығыстың Ұлы ғалымдары  -  Ар-Рази, Аль-Фараби, Аль-Бируни, 
                        Абу Али ибн Сина.
                                       
 Арабтар бірқатар ғылым және білім беру орталықтарын ашқан. Олардың ішінде Багдад (VIII- Ix ғ.ғ.) пен Кордова (Х ғ.) ерекшеленіп тұрған. Батыс араб халифатының гүлдену кезеңдерінде, онда 40 кітапхана мен 10 жоғарғы мектептер болған. Батыс Еуропада ол кездері Салерно мен  Парижде,  екі-ақ университет болған. 
Шығыс медицинасы мен фармациясының жарқын өкілдерінің ұжымы, Еуропа ғалымдарынан бұрын ежелгі дүние мұрасымен танысып, оны зерттеулерімен дамыта түсіп, осы ғылымдардың дамуына ықпалын тигізді.
Осы ғалымдардың ішінде Ар-Рази (850-923 ж.) араб әдебиетіндегі алғашқы энциклопедиялық еңбек- 25 томнан құралған <<Зор көлемді кітап>> құрастырған. Ол 200 еңбектің авторы. Соның ішінде <<Оспа мен қызылша туралы>> еңбегінің орны ерекше.
Осы еңбегінде ол осы ауру түрлерінің жұқпалы екендігін дәлелдеп, оспа мен қызылшаны бір аурудың әр түрлі формасы деп есептеп, дифференциалды диагностикасын жасаған. Трактаттың әлем тілдеріндегі аудармасы бар. 
Ар-Разидың <<Жалғыз дәрігер барлық ауру түрін емдей алмайды>>, <<Жеңіл аурудың жазылуы қиын болуы мүмкін>>, <<Дәрігері жоқтарға>> деген жұмыстары да бар. 
Медицинада мақтаның, жұтқыншақта тұрып қалған бөгде заттарды алу үшін пайдаланатын құралдың шығуы Ар-Рази есімімен байланысты. Ар-Рази  өте жақсы педагог болған: оның емханасы өмірлік ісі <<Медицинаның зор көлемді кітабын>> аяқтаған шәкірттерге толы үнемі болатын.
Ар-Рази атомист болса да, Аристотельдің аппатық жағдайлар туралы оқуына сүйеніп, металлдардың транссмутацияға ұшырау мүмкіндігіне сенген. Өз шығармаларында ол кейбір алтынқұрамдас балқымаларды дайындау әдістерін сипаттаған. Ол сол кездегі белгілі заттардың сипаттамасын жасаған деген болжамдар бар. Табиғаттағы барлық заттарды ол үлкен үш топқа бөлген: жертектес (минералды), өсімдіктер және жануарлар. Бұл үш атау кейіннен <<табиғаттың үш патшалығы>> жүйесіне айналған. Ар-Разидің айтуы бойынша, минералды заттар көп тараған және алты бөлімнен құралған: 1) спирттер (сынап, нашатыр т.б.); 2) пайдалы қазбалар ( алтын, күміс т.б.); 3) тастар; 4) тотияйындар; 5) бура; 6) тұздар. Спирт деп Ар-Рази қыздырған кезде қалдықсыз ұшып кететін барлық заттарды атаған. Сол сияқты, Ар-Рази химиялық операцияларға қажетті  приборлардың тізімін келтірген: колбалар, құмдық монша, су моншасы, шыны түтікшелер, сүзгі т.б.
Аль Фараби (870-950)  -  орта ғасырдағы мәдени орталықтардың бірі- Отырардын шыққан ірі ғалым-энциклопедист. Оның 160-тан астам трактаттары бар. Оларда, сол уақытқа белгілі барлық білім салалары жетілдіріле түскен. Өмірінің көп жылдарын өткізген Багдад қаласында оған <<Екінші ұстаз>> деген атақ берілген. <<Бірінші ұстаз>> деген атаққа Аристотель ие болған. Олардың ортақ қасеттері көп: ғылыми көзқарастарының әр алуандығы мен тереңдігі, адам өмірі мен оның қоғамдағы орнын философтық тұрғыда түсінуге тырысу ұмтылысы.
Медицина мен фармация мәселелеріне Аль-Фараби <<Химия өнерінің қажеттілігі>>, <<Адамның дене мүшелері туралы>>, <<Адамның дене мүшелеріне байланысты Аристотелмен болған келіспеушілік жөнінде Галенге айтқан қарсылығы>>, <<Асқазан-ішек аурулары және басқа аурулар туралы сөз>>, <<Жан туралы>>, <<Мемлекеттік қызметкердің афоризмдері>> трактаттарын арнаған. Өз трактаттарында адамның жеке басының жігері мен мүмкіндіктерін жоғары бағалаған, адамдардың шынайы бақытын бағалап, оларды ізденіс пен білім арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруға шақырған.
Аль-Фараби  әлемдік дәрежедегі адам болған. Өз творчествосында ол үнді, грек, араб, парсы және түрік мәдениетінің бағалы құндылықтарын жақындастырған.
Аль-Бируни (973-1048) астроном, географ, минералог, этнограф, тарихшы болған. Коперник пен Галилейге дейінгі 5-6 ғасыр бұрын ол әлемнің гелиоцентрлік құрылысын дәлелдеген.
Өміріндегі барлық жетістіктеріне ол өзінің үлкен мүмкіндіктері мен еңбекқорлығының арқасында, ғылыми білімге деген ұмтылыстарының арқасында жеткен.  Бала кезінде ол грек тілін, кейіннен араб, сирия және санскрит тілдерін үйренген.
Қызмет орны Хорезмшахтың астанасы Кят қаласында (қазіргі Қарақалпақстандағы Бируни) болатын. Осы қалада Багдадтағы <<Шешендер үйі>> сияқты академия ашылған.
22 жасында өте үлкен шаршының конструкциясын жасап, эклиптиканың экваторға еңкею бұрышын, жердің радиусы мен меридиан бойынша градустық өлшемін анықтаған. Оның фундаментальді еңбектері кеңдігімен, эрудиция тереңдігімен таң қалдырады. Ондай еңбектері: <<Хронология>>, <<Минералогия>>, <<Фармакология>>, <<Фармакогнозия>>. Өз дәуірінің ұлы атанған ол атеист те, материалист те болған емес.
11 кітаптан тұратын астрономия тақырыбындағы фундаментальді еңбегін ғалым Масуд сұлтанға арнаған және ол ғылыми әдебиетте <<Масуд Каноны>> деген атпен белгілі. Осы арнауы үшін ризашылығын білдіру үшін сұлтан Бируниге пілдің үлкендігіндей көлемде күміс тиындарды жеткізуге бұйрық береді. Бірақ, ғалым сыйды қабыл алмайды. Ол: << Бұл ауыр жүк менің ғылыми жұмыстарыма бөгет болады. Ал данышпан адамдар күміс кетсе де ғылымның мәңгілік екеніне сенеді>>,- деп жауап қайтарады. 
Райхан Бирунидің <<Фармакогнозия>> немесе <<Китаб ас- Сайдана фи- т- тибб>> (медицинадағы фармакогнозия кітабы) еңбегі біздің заманымызға 1927 жылы Брус (Түркия) қаласында табылған жалғыз қолжазба түрінде жеткен. 
Ғалымның жазбасында: <<Фармакогнозия- қарапайым дәрілік заттарды тегіне, түріне және ең жақсы пішініне қарай тани білу. Сондай-ақ, белгілі рецепт бойынша немесе сенім ұялататын, әрі дұрыс жүргізілген зерттеулер жазбасы негізінде күрделі дәрілерді жасау>>,- деп жазылған. Бирунидің түсінігі бойынша, осыдан фармакологтың негізгі міндеттері туындайды. Ол  -  емдік заттарды жинау, оның ең жақсы түрлеріне таңдау жасап, бар рецептер бойынша күрделі дәрілерді дайындау деген сөз.
Бируни 4500-ге жуық араб, үнді, парсы, хорезмдік, согдиялық, тюрктік т.б. өсімдіктердің, жануарлардың, минералдар мен олардан алынатын өнімнің атауларын жинап, түсініктеме берген. Бұл оның өз дәуіріндегі дәрілік терминологияны ретке келтіру ісіне енгізген баға жетпес үлесі болды.
Бирунидің <<Фармакогнозиясы>> медицина мен фармацияда қолданылатын емдік өсімдіктер туралы оқудың орта ғасырдағы баға жетпес ескерткіші болып табылады.
Әлемдік тарихтың аса көрнекті дәрігерлерінің бірі- Абу Али ибн Сина (980-1037). Ол өзінен кейін орасан зор творчестволық мұра қалдырған. Білім көздерінде оның 450 шығармасының атауы аталады, бізге дейін 240-қа жуығы жеткен. Оның ішінде әлемдік- философиялық көзқарас мәселелеріне 150 кітап, медицинаға 40 кітап, басқа ғылымдарға 50 кітап арналған. 
Ибн Синаның көркемдік шығармалары да болған. Оның басты медициналық еңбегі-
 <<Дәрігерлік ғылымның каноны>>- нағыз медициналық энциклопедия. Мұнда ежелгі Греция мен Шығыс халықтарының ХІ ғасырға дейін келіп жеткен медициналық мұрасы және жеке басының зерттеулері мен бақылауларының нәтижесі біртұтас болып жинақталған. <<Канон>> 5 кітаптан тұрады. Бірінші кітапта медицинаның анықтамасы, анатомия мен ауру түрлері туралы мәліметтер, денсаулықты сақтау және емдеу әдістері туралы айтылады. Екінші кітапта қарапайым дәрілерді тану және олардың әсері туралы жазылған. Үшінші кітап жеке патология мен терапиядан, жекелеген ауру түрлерінің сипаттамасы мен оларды емдеу әдістерінен құралған. Төртінші кітап хирургия мен лихорадка туралы жалпы ілімге арналған. Бесінші кітапта күрделі дәрілік заттар мен у және уды қайтаратын заттарға сипаттама берілген.
	<<Канонның>> екінші кітабы 811 бөлімнен тұрады. Мұнда Ибн Сина донник, жусан, мирт, акация сияқты қарапайым дәрілік өсімдік түрлерімен таныстырады. Ибн Сина біздің назарымызды көгершіндерге (көгершіннің қаны мұрыннан кеткен қанды тоқтадады), иттерге (иттің дәретімен сүйелдерді емдейді) аударады, үйректің, шошқаның, қойдың, балықтың, майы туралы және тағы да басқа көптеген құралдар туралы жазады. Әсіресе жыланның уына қарсы заттар көп: өзен шаяны, бұрыш, жалбыз, шалқан, фисташки, сарымсақ, корица, девясил т.б.
	Бесінші кітапта күрделі дәрілердің жекелеген анықтамасы териактар мен құрмалас дәрілік ботқалардан басталады. Кітапта териактың үш жазбасы бар. Олардың құрамы қиын қоспалы, негізгі қоспалардың бірі апиын болып келген, 60 қоспадан құралған. 
	Ибн Сина қалампырдан, яхонттан, сердоликтен, алтыннан және басқа да минералдардан дайындалатын ұйықтататын ботқалардың авторы.
	Бұл дәрілік үлгілердің атаулары да ерекше болған: <<Ұлы құтқарушы>>, <<Олимп құдайларының асы>>, <<Үлкен парсы дәрісі>> т.б.
	Құрғақ ұнтақ тектес дәрілер <<калиха>> деп аталған. Оларды әдетте, алдымен алақанға төгіп, сосын ауызға салған. Балаларға аузына құйылатын тәтті түрлері жасалған. Дәрілерді қуырып, түйгішпен түйіп, елеуіштен өткізген. Қайнатылған шырындар мен қоюлатылған шырындар пайдаланылған. Тәтті шырындарды хош иісті өсімдіктердің жемісіне сірке суы мен шарап және дәмдеуіштерді қосып дайындаған. Ұнтақтар мен дәрілік ботқалардың арасында  күлшелер пайдаланған. Олар төрт жылға дейінгі мерзімге дайындалған. Камфаралық күлшелерді ыстықты түсіретін зат ретінде, жусанды  күлшені тәбетті ашатын, анисті күлшені жұмсартатын зат ретінде пайдаланған.
	Он бірінші бапта жапсырмалар мен таңғыштарға сипаттама берген. Жапсырмалар сорғыш және алаңдатушы құрал ретінде пайдаланылған. Жапсырмалардың бір түрі апостолдық деп аталған. Құрамы апостолдар саны жағынан 12 заттан тұрған. Осы зат христиан дінінің мұсылмандар тұрмысының әсеріне бақылау жасауға мүмкіндік берді.
	Дәрілік таңғыштарды ауырып тұрған жерді таңу үшін пайдаланған. Оның құрамына болиголов, ароник т.б. өсімдіктер кірген.
	<<Канонның>> бесінші кітабында жазылған көлем мен салмақ өлшемдері, жаңа дәуірдегі фармацияның үлкен қызығушылығын тудырды. Авиценна мөлшерге үлкен көңіл бөлген және кітаптың соңында пайдаланатындарға <<канонның>> араб және грек тілдеріндегі мәтініндегі көлемдер мен мөлшерлердің аудармасын келтірген.
	<<Канонның>> бесінші кітабының екінші бөлімі фармакотерапевтік анықтама кітабы үлгісінде құрылған. Сегіз бөлімінде дене мүшелері мен органдар  көрсетіліп, олардың әрқайсысының ауырған кезінде пайдаланатын дәрілерге сипаттама берілген.
	Ибн Синаның <<Дәрігерлік ғылымның каноны>> еңбегінің <<Қарапайым дәрілер туралы>> екінші және <<Күрделі дәрілер туралы>> бесінші кітаптары зерттеушілерге дәрітану тарихынан көптеген мәліметтер береді. Бұл кітап фармацевтер үшін тек фармацияның ғана емес, сол сияқты химияның, зоологияның, ботаниканың, минералогия мен философияның да теңдесі жоқ көне жәдігері болып табылады.
	<<Дәрілік ғылымның каноны>>- адам санасы мен тәжірибесінің теңдесі жоқ шығармасы, баға жетпес мәдени мұра.
	Ибн Сина химиямен де айналысқандықтан, оның негізін қалаушылардың бірі деп есептелуі өте заңды құбылыс.
	Ол минералдарды зерттеген, элементтер сапасын оқу бағытында химиялық заттар мен минералдардың сипаттамасын енгізген. Химиялық реакцияларда судың қызметіне үлкен көңіл бөлген. Ол суға <<барлығын құрайтын, ерітетін, байлайтын және жоятын зат>> деген анықтама берген. Минералды сулардың да маңызын жақсы түсінген. Оның оқуы бойынша, егер минералды судың құрамында тұз, алтын және күміс болса, ол адам организіміне жағымды әсер етеді. Ең жақсы су деп, кәдімгі судан алынатын, <<тазартылған>> суды есептеген.         
Ибн Сина мөлшер жөніндегі ілімнің негізін салушы. Ол әр түрлі дәрі әр адамның ағзасына және сапасына байланысты әр түрлі әсер етуі мүмкін деп есептеген. Сол сияқты, климат жағдайларын да ескеруді талап еткен. Дәрілерді қыстың қатты аязы мен жаздың қатты ыстығында тағайындамауды ұсынады. Оның бұл тұжырымдары ұлы дәрігердің ауруды емдеуге және дәрілердің әсеріне жаңаша қарау қажеттілігін түсінгенін дәлелдейді. Ол мистика, астрология, сиқырдан гөрі өз тәжірибесі мен бақылауларына көбірек сенген. Орта ғасырдағы қалыптасқан дәстүрлерге қарсылық көрсетіп, жаңа жолға із салған.
Ибн Синаның фармациясы, Еуропа фармациясынан көп ғасырлар көш алда келеді және ол осы замандағы фармация мен фармакологияға жақын.




5. ХVІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ.  ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
                                       
Англиядағы өнеркәсіптік төңкеріс пен Ұлы Француз революциясы капитаизмді жалпы тарихи жобада әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде бекітті. Капитализмнің  дамуына Батыс Еуропаның бірқатар елерінде болған 1848 жылғы көтерілістер, АҚШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысының соңына қарай болған буржуазиялық  - демократиялық төңкеріс, жекелеген елдердегі бірқатар әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар әсерін тигізді.
Капитаизм қоғамның дамуында прогрессивті роль атқарды. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуына, діннен бөлек ғылымның негізін қалауға септігін тигізіп, өзінің дамуының ерте бастамаларында-ақ философиялық ойлардың классикалық бейнесін сомдады. Феодалдық тәртіпті жоя отырып, өзінің билігін нығайта отырып, буржуазия дамушы класс ретінде шіркеуге қарсы идеологиялар таратты, бұл істі француз материалистері: Д.Дидро, Ж.Л.Аламбер, К.А.Гельвецкий, П.А.Гольбах және т.б. ашық түрде жүргізді.
Метафизикалық және механикалық сипатына қарамастан ХVІІІ ғасырдағы француз материализмі 1789-1793 жылдары төңкеріске дайындалып, тұрақтанған буржуазияның айқын белгісі болса да, шынайы ғылымның әрі қарай дамуына әдістемелік негіз бола отырып, сол замандағы ғылыми-техникалық прогресстің дамуына әсерін тигізді. 
Капитализмнің жаңа сатысы машиналы өнеркәсіпке өтумен жалғасты, капиталистік қоғамның жаңа класстары  -  пролетариат пен буржуазияның дамуына ықпал етті. Дәл сол кезде (ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың үшінші жартысыында) капитализмнің айқын динамикалық белгілері пайда болып, өнеркәсіптегі, ғылым мен техникадағы ұлы өзгерістерге қол жеткізуге жол ашылды. 
Ғылым жылдам қарқынмен дамыды, ол тура және жанамалай болса да химияның, медицинаның және фармацияның дамуына әсер етті. Осылайша И.Ньютон (1643-1727) және Х.Гюгес (1629-1695) классикалық механиканың басты ережелерін жасап шығарды. Р.Гук (1635-1703) физикалық денелердің тығыздығының теориялық негізін қалады. Е.Торичелли (1608-1647) атмосфералық қысым мен вакумды ашып, сынапты барометрді ойлап тапты. Б.Паскаль (1623-1662) гидростатиканың негізгі заңын құрастырды. Б.Пален (1647-1714) клапаны бар бу пешін жасап шығарды.
Алдыңғы қатарлы дәрігерлер физиканың жетістіктерін адамдарды емдеуде қолдануға тырысты. Дене қызуын өлшеуге арналған термометр, тамыр соғысын анықтайтын құрал ойлап шығарды.
Иатромеханика өкілдері дененің түрлі қозғалысын зерттеуде экспериментальды жұмыстар жүргізді. Ғылым бүкіл әлемдік сипат алып, ғалымдар өз жаңалықтарымен алмаса бастады. 
Шынайы білімнің дамуына Ф.Беконның механикалық материализм ережелері шешуші әсер берді. Ол ғылымның жаңаруына бағдарлама ұсынды, олардың жіктелуін анықтап, ғылыми танымның әдістемесін жасады. Философия мен шынайы ғылымның дамуына Р.Декарттың (1596-1650) шынайы ғылыми көзқарастары әсер етті. Ол математик әрі материяның корпускулярлы теориясын жасап шығарған адам. 
Химияның дамуының негізін қалаушы ағылшын ғалымы Роберт Бойло (1627-1691) болды. Оның жаңалықтары және теорияық тұжырыдары, химияға экспериментальді әдістерді енгізуі ғылыми химияның дамуына әсер етті. Физика, математика, астрология мен оптикадағы кеңінен танымал классикалық еңбектерімен қатар И.Ньютонның (1643-1727) химия аймағындағы еңбектері қызығушыық тудырды. Химияық зертханасы  болғандықтан, ол металлдарды қорыту анализімен айналысты. Ғалым бөлшектердің өзара тартылысына аса көңіл бөліп, оны химияның әсерінен болатындығымен түсіндірді
ХІХ ғасырда медицинаның дамуына ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі шынай ашылымдар әсер етті. 
Газдардың механикасы аймағындағы жетістіктер, органикалық химияның пайда болуы, эмбриологияның, өсімдіктер мен жануарардың салыстырмалы анатомиясының дамуы табиғатта болып жатқан өзгерістермен тікелей байланысты екенін тануға зор ықпал етті. Бұл мәселе жөнінде Ф.Энгельс үш шынайы ашылымдарға ерекше назар аударды: жасаушаға, энергияның өзгеру заңына, қоршаған ортаның эволюциясы туралы ілімге. Шынайы ашылымдар табиғатқа деген метофизикалық көзқарасты өзгертуге, диалектикалық танымды қаыптастыруға әсерін тигізді. Олар органикалық және органикалық емес табиғаттың арасындағы, өсімдік пен жануарар дүниесі арасындағы тұтастықты ашып, құбылыстардың жалпы байланысын анықтап, даму туралы ілімнің төңірегіндегі шынайы білімдердің берік іргетасын қалап, медицина мен фармацияның дамуына зор әсерін тигізді. 

  +  Химия мен фармацияның дамуындағы ғалмдардың үлесі

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)   -  Еуропаның ұлы фармацевті, флогистон теориясын жақтаушыардың бірі. Ол Швецияда Штральзунд қаласында, Помераниде дүниеге келген. Алты жасынан бастап жеке мектепке барып, онда 9 жыл оқыған. Балтық теңізінің жағалауында қыдырып жүріп, ол толқындармен жаға шығып қалған балдырларды жинап жүрді. Оларды үйге әкеліп ұсақтап турап, кеселерге салып су немесе спирт құйып қойды. Бірнеше күн өткен соң, оларды құтыларға құйып сөрелерге қойып  қойды. Бұл оның <<ғажайып дәріханасы>> болды. 1757 жылы Карл Гетеборгтегі М.А.Баухтың дәріханасына шәкірт болып қабылданып, 8 жыл бойы фармация мен химияны оқып үйренді. 
1765 жылы Шееле Мальмёдегі дәріханаға ауысып, о жерде дәріханашы П.М.Чельстремнің көмекшісі қызметін атқарды. 1768 жылы ол Стокгольмде Шаренбург дәріханасын басқарды. Кейіннен ол Упсалаға ауысып, ол жерде И.Г.Ганмен және Т.У.Бергманмен танысты. Химия туралы көзқарастары жағынан ол атақты академик Бергманнан да асып түсті. Упсалада ол Карл Линнеймен танысты. 1775 жылы 32 жасар Шееле Стокгольмдік ғылым академиясының мүшесі болып қабылданды. О Германия мен басқа да елдерде кафедраларды басқаруға шақыртулар алса да, Швецияда қалуды жөн көрді. 
Шееле 1777 жылы Чепингте дәріхана сатып алып, ғылыми зерттеуерін жалғастыра берді. Оның өте таңқаларлық ғылыми сезімталдығы болды, бұл оған көптеген ашылымдар жсауына ықпал етті. Шарап сақтайтын бөшкелердің қабырғаларында пайда болатын қалың қызыл қабыршақтар-шарап тастар оның назарын аударды. Ол мұны зерттей бастады, егер оны күкірт қышқылымен қыздырса еритінін, ал суытқанда әдемі мөлдір кристалдар пайда болатынын аңғарған. Олардың дәмі қышқыл, суға салса еритін болған. Бұл органикалық қышқылдардың алғашқысы  -  шарап қышқылы болды. 
Өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, жемістерінен шырын алып, оны зерттей келе, оларда жаңа заттың бар екендігіне, оларды кристалл түрінде алуға болатындығына, олардың қышқыл дәмі бар екендігіне көз жеткізді. Ол оларды әкпен әрекеттестіріп, одан кейін минералды қышқылдармен ерітіп, қымыздық (1776), сүт (1780), сияжаңғақты (немесе галлдық) (1786) және зәр (1786) қышқылдарын алды. 
Бірде өзіне қажетті жақпа дайындау үшін зәйтүн майын қорғасын қышқылымен қыздыра отырып, дайын жақпа майдың дәмі тәттірек болып шыққанын байқады. Шееле глет пен майдың (кейіннен басқа да майларды) жаңа мөлшерлерін алса да, қайтадан сарғыш түсті сұйықтық алды. Ол тәтті болатын, бірақ  қантқа ұқсамайтын. Бұл сұйықтыққа ол <<тәтті май>> деген атау берді. Кейінен <<глицерин>> деп атады. Глицерин суда қант сияқты ерісе де, тіпті өте жоғары температурада қыздырғанда да күймеген, тіпті керсінше, бөлшекті түрде ыдыраған. Шееле глицеринді қантқа айналдыруға болады деп ойлаған, бірақ  затқа азот қышқылының  әсерінен тек қымыздық қышқылын алды. Шарапты глицериннің көмегімен тәтті ете түсу Шееленнің құрметіне шеелезирлеу деп аталып кеткен. Бірақ Шееле де, оның замандастары да глицериннің ашылу мағынасын, майлардың құрамын анықтаудың аса қажеттілігін түсінбеді. 1811 жылы М.Э.Шевлер ашқан жаңалықтар майдың құрамы мен сабынның пайда болу сұрақтарына анықтаулар енгізді.
Ғалым күкірт эфирін алудың әр түрлі әдістерін сипаттап, оның анық анықтамасын жасады: <<Химияда эфир деп өте ұшқыш, өтімді, жағымды иісті, тұзсыз, суда ерімейтін майларды айтады>> (1782). 1770 жылы ол азот қышқылды және тұз қышқылды этил эфирлерін сипаттаған. Шееле сіркесуды ұзақ сақтаудың әдісін көрсетті. Ол көк витрион  мен қосылғанда, әдемі жасыл тұнба беретін күшән қышқылын алған. Ғалым одан кейіннен <<шееле жасылы>> атанған бояу дайындады. <<Берлин лазурінің бояғыш материясын>> зерттеген ол <<берлин лазурінің ұшқыш қышқылын>> алған. Кейіннен ол <<синиль қышқылы>> деп атады. Осы қышқылды алу әдісінен оның ұшқыш сілтілі тұздан (аммиак), <<ауа қышқылынан>> (көмір қышқыл газы), және флогистоннан (сутегінен) құралған деген шешім жасады. Ф.Велерге (1800-1882) дейін 40 жыл бұрын орындалған бірінші органикаық синтез болды
Ол оттегін алған бірінші ғалым боды. Онымен қатар бұл газды Д.Ж.Пристли (1733-1804) және әскери фармацевт Пьер Байен (1725-1797) де ашқан. Бірақ олар бұл жаңалықтарының ұлы мағынасын 1777 жылы А.Лавуазье оттектің жану теориясы негізін анықтағанға дейін түсінбеді.  
Шееле таза күйдегі күкіртті оттегін бөліп, оның қасиетін сипаттаған. <<Бесфлогистонды тұз қышқылын>> зерртеген. Оны 1810 жылы Дэви хлор деп атаған плавико қышқылын алды. Ол жаңа химиялық элемент  -  марганецті ашты, темірдің, мыстың және сынаптың әр түрлі дәрежеі қышқылдау мүмкіндігін көрсетті.  1778 жылы ол молибденді, ал 1781 жылы  -  вольфрамды ашты.
Шееленің өсімдік шырындары мен басқа да заттарды зерттеуі (органикалық қышқылдарды алуы) фитохимияның дамуына жол ашса, жабық ыдыстарда дәрілерді жасау (дәрілердің сыртқы ортамен қатынасын болдырмау үшін) әдісін ашу арқылы, асептикалық жағдайда дәрілік қалыптарды дайындауды көрсеткен.  
Ұйқысыз, демалыссыз өткізген үлкен еңбек, көптеген улы заттарды (фторлы тұздар, цианисті және күшәнді қоспалар) тану үшін органикалық әдісті кеңінен қодануы оның денсаулығын нашарлатты да , 1786 жылы Шееле 44 жасында қайтыс болды.  
Оның ғылыми қызметі көпжақтылығымен таңдандырады. Ұлы фармацевтің қысқа ғұмырында жасап үлгергенін тек аздаған ғалымдар ғана қайталай алады. Стокгольмде Карл Шеелеге ескерткіш қойылған. Оның құрметіне арналған медальда <> (<<Ғұаманы мәңгілік атағы сәнді етеді>>) деп жазылған.
М.В.Ломоносов (1711-1765)- ұлы орыс ғалымы,  1711 жылы 8 (19) қарашада  Архангель губерниясының Мишанин селосында (басқа деректер бойынша- Денисовкада) Холмогор маңында дүниеге келген. Болашақ академиктің ата-анасы шаруалар Василий Дорофеевич пен Елена Ивановна Ломоносова боды. Василий Дорофеевич кәсіпкер адам болған, терең табиғи санасы бар, зерек, өз ісіне әрдайым ұқыпты болған. Ол өзі жетім өскендіктен, жерлестерінің айтқанындай <<жетімдерге>> жаны ашып тұратын. Оның сауатсыз болуы да жетімдіктің кесірі. 
Михайло 10 жасынан бастап әкесіне еріп теңіздерге қауіпті саяхаттарға шыққан. Қатал мекен адамдардың бойында физикаық күш, шынығу, шыдамдыық, айлакерлік, теңіз ісін өте жақсы меңгеру қабілеттерімен қатар, ең алдымен бір-біріне деген сыйластықты, әсіресе үлкендерге, сондай-ақ жан сұлулығын, патриоттық сезімдерін қалыптастырды. Осының бәрі кейіннен азамат әрі педагог   М.В.Ломоносовта айқындалды. 
Ломоносов оқуды ерте үйренді. <<Орыс сауатын>> ол көршісі  Ивана Шубный мен жергіікті Сабельниковтен ашқан. 14 жасында Михаил сауатты жазған. Ерекше есте сақтау қабілетілігімен Михайло Ломоносов кітаптарын жанынан тастамайтын, үнемі оқығандықтан жаттап алған. Үй-ішіндегі жағдайдың күрт өзгеруі, әкесі мен өгей шешесі арасындағы қатынастардың шиеленісуі, ең бастысы білімге деген құштарлығы жас  Ломоносовты  1730 жылы желтоқсан айының басында туған үйін тастап, Мәскеуге жол тартуына және онда оқуға түсуіне итермеледі. 1731 жылдың 15 қаңтарына дейін Славяндық-грек-латын академиясына қабылдау туралы өтініш білдірді.  Академия ректоры архимандрит Герман Копцевичпен әңгімелесу кезінде өзін холмогор дворянының баласымын деп таныстырды. Ол академияға қабылданып, бір жыл ішінде 3 классты тамамдады. Ол көне жазбаларды, діни, философиялық және математикалық кітаптарды оқыды, латын және орыс поэзиясымен айналысты. 
1735 жылдың қаңтарында Ломоносов 12 үздік оқушыардың қатарында Петербор ғылым академиясына ақысыз қабылданды, ал 1739 жылы басқаармен бірге тау ісінің химиясын оқуға Фрейбургтегі берг-физик Иоганн Фридрих Генкелге жіберілді. Ломоносов университеттерде әр түрі ортадан, соның ішінде кедейлерден шыққан көптеген жастар оқитындығын атап өткен. Ол университеттің өз дәстүрінің, жеңілдіктердің, рәсімдердің боғанын жоғары бағалаған.  Отанына М.В.Ломоносов 1741 жылы 8 маусымда оралды. 1742 жылдың қаңтарында ол  Петербор ғылым академиясының адъюнкті, а 1745 жылы химия профессоры, академик болды.
М.В.Ломоносовтың ғылыми қызметі 25 жылға созылып, ол алуан түрлі боды. Бірақ оның басты назары  химия мен физиканы оқуға бағытталды.
Фармацияның дамуына оның физикалық химия төңірегіндегі жұмыстары басты себеп болды. Германиядан оралысымен, ол ғылым академиясы жанынан химиялық зертхана ұйымдастырумен айналысты. Ол 6 жылдан кейін салынды. Оның басты бөлмесінде қыздыру, күйдіру, қайта өңдеу, балқыту жұмыстары жүргізілсе, көрші бөлмеде термометр, микроскоп, таразылар боды. Осы жерде студенттерге дәрістер оқылды. Үшінші бөлмеде материалдар мен реактивтер сақталды. Бұл студенттерге тәжірибелік оқу сабақтарын ұйымдастырған әлемдегі бірінші хмиялық үлгідегі зертхана болды. 
М.В.Ломоносовтың еңбегі оның сол заманғы химиялық ғылымның жаңа физика-химиялық негізгі нақты бағдарламасын ұсынғандығында. 
М.В.Ломоносовтың ірі ғылыми жетістігі- оның корпускулярлы немесе атомистикалық теориясы, ол оған химиялық және физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін, заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуын, сұйықтықтардың байланысу құбылысын түсіндіру үшін қажет болды.  М.В.Ломоносовтың көп уақыты мен еңбегін арнаған өзекті мәселелерінің бірі- жылудың механикалық теориясы. Жылу табиғаты туралы ойары мен тұжырымдарын ол <<жылу мен суықтың табиғаты туралы ойлары>> еңбегінде баяндаған. Бұл теориядан жасаған тұжырымдары материалдардың атомды-молекулярлы құрылымы туралы гипотезаны қолдануға нақты дәлел болды. Оның заттар мен қозғалыстардың сақталу заңының сұрақтары бойынша корпускулярлы теория және молекулярлы-кинетикалық түсініктерімен тығыз байланысты болды.  
М.В.Ломоносов химияның дамыған кезеңінде өмір сүрді. Ғылыми кадрларды дайындау М.В.Ломоносовтың әрдайым назарында болды. Бұл үшін ол 3 дәрежеден тұратын жүйені ойлап тапты: гимназия, университет, академия. Бірінші Ресей университетінің жобасын М.В.Ломоносов 1754 жылы құрды, ал 1755 жылы Мәскеу университеті ашылды. Құрылған жылы онда екі факультет болды: философиялық және заң, ал медицина факультеті өз жұмысын 1764 жылы бастады.   
Осылайша, XVIII ғасырдың ортасында М.В.Ломоносов ресей ғылымының негізін қалады. Ресей ғалымдары, М.В.Ломоносовтың ізбасарлары қысқа мерзім ішінде бірнеше ғылыми жұмыстар жасады..
Фредерик Вильгельм Сертюрнер (1783-1841)- француз фармацевті, ол білімді Падеборн қаласындағы дәріханада алған (1799-1806 жж.). 1805-1806 жылдары ол <> - апиынның құрамындағы субстанцияны ашты. Ол туралы бірінші хабарламаны  Тромсдорфтың <> атты журналында <<Тұз қалыптастыратын қасиеті бар жаңа негізді морфин және меконды қышқыл туралы, апиынның құрамдас бөлігі ретінде>> деген атпен  жазды. Сертюрнер  морфиннің сілтілік қасиетін және оның апиынның әсер еткіш бастамасы екенін дәлелдеді. Апиынның химиялық құрамы тақырыбында <<Апиын және оның кристаллды субстанциялары>> атты келесі жұмысы 1811 жылы шықты.  
Атақты ғалымның ғылыми қызығушылығының кеңдігінен, хинн қабығы мен жануарлар көмірінің алколоидтарын танудан басқа, ол артиллерия оқ-дәрісін жетілдіріп, тіпті карабиннің жақсартылған түрін құрастырып шығарған. Сертюрнердің Эйнбекте, содан кейін Гаммелнде дәріханалары болды. 1817 жылы ғалым Иендегі Иоганн Вольфганг   Гете басқарған Минералогиялық қоғамның құрметті мүшесі болды. Осыдан кейін көп ұзамай Иен университеті оған философия докторы атағын берді. 
Екінші маңызды алкалоид хинин болды. Еуропада хинн қабығы безгекті емдеу үшін, алғаш рет 1639 жылы қолданылды. Әсері өте таң қаларлық болды.
Хинн қабығын зерттей отырып, шәкірт Лавуазье Арманд Сеген (1767-1835) қосынды дәріні бөліп алды. 1790 жылы неміс химигі Ф.Гофман хинн қышқылын бөліп алды.  1792 жылы Фуркруа хинн ағашының қабығынан  шайырлы затты бөліп алды. 1811 жылы Лиссабондық дәрігер Х.Гомец хинн қабығынан кристаллды затты бөліп алып, оны  цинхонин деп атады.  Бірақ Францияның атақты ғалымдары Пелетье мен Кавенту 1820 жылы  Гомецтің алған заты екі байланыстың қоспасы екенін дәлелдеді.  Оның бірін олар  <<хинин>>, ал екіншісін <<цинхонин>> деп атады. Осы ашылымдары үшін ұрпақтары 1900 жылы Парижде Пелетье мен Кавентуген арнап ескерткіш орнатты.  
Пьер Жозеф Пелетье (1788-1842)- фармацевт, Париж ғылым академиясының мүшесі.  Ол әкесі химия профессоры Бертран Пелетьенің дәріханасында еңбек етті. Содан кейін Париждегі жоғары фармацевтік мектепті бітірді (1810). Дәрігер әрі физиолог Ф.Мажандимен (1783-1855) бірге қызмет атқара жүріп,  ипекакуан тамырының басты қызмет атқарушы мүшесі- эметин мен цефалин алкалоидтарын бөліп алды (1817). 1832 жылы ол  нарцеин алкалоидын бөліп алды.
Фармацевт Кавенту екуінің достығы, екуінің де фитохимияға деген қызығушылықтары оларға өсімдіктерден көптеген заттарды бөліп алуға мүмкіндік берді.  
Джозеф Бениамин Кавенту (1795-1877)  -  әскери фармацевтің ұлы, дәріханада жұмыс істей жүріп 1815 жылы Жоғары фармацевтикалық мектепті аяқтады. Әулие Антоний госпиталінің зертханасында тәжірибеден өткеннен кейін,  1826-1859 жылдары Париждегі Жоғары фармацевтикалық мектепте сабақ берді. П.Ж.Пелетьемен бірге атқарған ғылыми қызметі көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндіктер берді.  
Сертюрнер, Пелетье мен Кавентудің отандасы химик-органик, Париж ғылым Академиясының мүшесі Пьер Жан Робике (1780-1840). Ол  аспарагинді ашқан (Воколенмен бірге 1806 жылы), 1821 жылы кофеинді ашты. Пелетье мен Кавенту бір мезгілде наркотин (1817) мен кодеинді (1832) апиыннан бөліп алды. 1826 және 1827 жылдары  Ж.Коленмен бірлесе отырып, алғаш рет мареннен бояғыш заттар  -  ализарин мен пурпуринді бөліп шығарды. 
Француз химигі Теофиль Жюль Пелуз (1807-1867) танинді зерттеп, сипаттаған. Б.Пирп 1838 жылыф ива ағашының қабығынан салицил қышқылын алса, Анри Браконно, целлюлоза гидролизінің процессін зерттеп, глюкозаны бөліп алды, ол бірінші болып аминоқышқылдарды: лейцин мен глицинді алған, М.Э.Шеврель өсімдіктерден өсімдік пигменттері: кверцетин, лютелин және моринді бөліп шығарды, Дерпт университетінің фармакологы К.Х.Гебель 1837 жылы гармарин алкалоидын ашты, неміс химигі В.К.Лоссен 1855 жылы жапырақтың әсер еткіш бастамасы кокиді алып, оны кокаин деп атады. 1862 жылы  ғалым өзі алған алкалоидтің эмпирикалық формуласын ұсынды.  
Неміс химигі, профессор Генрих Отто Виланд (1877-1957) Лоссеннің шәкірті болды. Ол  солтүстік-американдық Zobelia inblata түрінен  лобелин, лобеланин, лобинин және басқа да алкалоидтер алды. 
Дәрілік өсімдіктердің  химиялық анализі аймағындағы  Дертск (Юрьевск) университетінің фармация профессоры  Иоанн Георг Ноэльдің (Георгий Людвиговичтің) Драгендорфтың еңбектері белгілі (1836-1898). Ол Германияның Росток қаласында туған, 1853 жылы дәріханаға оқушы болып түсіп, 6 жылдан кейін дәріханашы атағын алды.  1858 жылы Гейдельберг университетіне қабылданды. 1861 жылы философия докторы дәрежесіне диссертация қорғады, тақырыбы: <<Фосфордың көмір қышқылды және бор қышқылды тұздарға әсері туралы>>. 1862 жылы  ғалымды Петербордағы фармацевтикалық қоғам журналды басқаруға шақырды. 1864 жылы Г.Л. Драгендорф Дерпт университетінде диссертация қорғады, ол саңырауқұлақтардың химиялық құрамын зерттеуге арналған диссертациясын қорғап, фармация магистрі атанды. Петербургтегі 2 жыл қызметінде ол ғылымда атқарған істері үшін  Дерпт университетінің фармация кафедрасына профессор  болып тағайындалды. Сол жылы Дерпт (қазіргі Тарту) қаласындағы фармацевтік институтына директор болып тағайындалды. Драгендорф еңбек еткен 30 жыл ішінде бұл мекемеде  400 ден астам ғылыми тақырыптар құрастырылды., 69 докторлық және 70 магистрлік диссертациялар қорғалды. Осы уақыт аралығында оның шәкірттері 23 алтын, 2 күміс медаль алды. Кең көзқарасты ғалым бола жүріп, ол бірінші болып Дерпт университетінде фармация тарихынан дәрістер оқи бастады. Студенттерді қызықтырғаны сонша, мұндай дәрістердің басқа медициналық факультет студенттеріне де қажеттілігі туындады.
 Драгендорфтың ғылыми зетрттеулері фармакогнозия, фармацевтік және  токсикологялық  химияны қамтыды. 150 ғылыми мақалалар жазған. Ғалымның басты жұмыстары: <> (1881), "Die gerichtlich  -  chemische Ermittelunу von Giften (1888)". Әлемдік флораның 12700 дәрілік өсімдіктері туралы көптомдық  <> (1898) еңбегі ғылыми қызметінің нәтижесі болды. Бұл жұмысында тарихи мәліметтер, өсімдіктердің ботаникалық сипаттамасы, олардың химиялық құрамы, медицинада пайдалануы туралы жазылған.
Драгендорф жұмыстарының сараптамасы, осы ғалымның ұмтылыстарының арқасында, ХIХ жүзжылдықтың 70-ші жылдарында фармакогнозия, негізгі табиғи қосылыстардың сандық қана емес, сонымен қатар, сапалық сараптамасын жүргізуге болатын дәрежеге дейін көтерілгендігін дәлелдейді. Драгендорфтың басшылық етуімен  трутовик саңырауқұлақтарының химиялық құрамы зерттелген. Ғалым тиісті гален препараттарының негізгі қызметін атқарған хроиогенді кешенін чагадан бөліп алды. Ол өз атымен аталған  алкалоидтарға жаңа реактив  -  иодты висмут пен иодты калийдің екі еселенген тұзын жасап шығарды. Драгендорф шәй жапырақтарында, кофе дәндері мен какао бобтарында кофеин мен теоброминнің санын анықтау әдісін жасаған. Ол көміртекке қатысты қиын сұрақтардың шешімін тауып, өз уақытынан озық кеткен. Бұған оның  инулин, иризин, левулин, тритицин, синистрин туралы жұмыстары дәлел. Өзінің ұсақ зерттеуін Драгендорф александрия жапырағының, крушина қабығы мен сабурдың әлсіздендіре әсер етуінің себептеріне арнады. Ол бірінші болып, бұл құбылыстың себебі күрделі эфирлер түріндегі  антрахинонның өнімдері болуы мүмкін деген ойын білдірген.
Ол ежелгі арабтар пайдаланған дәрілік заттардың Түркістанда, Бұхара мен Самарқандта сақталып қалғанын дәлелдеді.
1872 жылы Мюнхен университеті Драгендорфқа құрметті медицина докторы дәрежесін берді. Ол Петербургтегі медико-хирургиялық академияның құрметті мүшесі болған. Сол сияқты, 50-ден астам ғылыми қоғамдар мен институттардың құрметті мүшесі және корреспондент-мүшесі болған, Ресей фармацевтік қоғамының құрметті мүшесі болған. 
Николай Николаевич Зинин (1812-1880) - әйгілі химик-органик, өзінің әлемдік атағын анилин синтезі - өндірістің көптеген салаларында, соның ішінде, фармацияда да өндірілетін орасан зор заттарды өндірудегі бастапқы өнім үшін алған. Ол  Кавказдың Шуш қаласында туған. Саратов гимназиясын аяқтағаннан кейін Қазан университетіне түседі.  1837  жылы екі жылға, өзінің білімін жетілдіру мақсатында шекараға жіберіледі. Гиссендегі Ю. Либихтің химиялық зертханасында бір жылдай жұмыс істейді. Осында жүріп, бензоинді, бензилді және олардың айналулары әдістерімен  қызыға айналысты. Ресейге оралған  Н.Н.Зинин  1841  жылы  <<Бензил қоспалары және бензол қатарына тиісті ашылған жаңа денелер туралы>> тақырыбында докторлық диссертациясын өте жақсы қорғады. Қорғалғаннан кейін Қазанға оралған ол, Қазан университетінің, химиялық технологиялар кафедрасының экстраординарлы профессоры атағын алды.
Н.Н.Зининнің білімінің әрқырлылығы бәрін таңдандырған. Академик Н.А. Белоголовый ол туралы: <<Онымен танысқан күні-ақ, ол мені саналуан білімімен таңдандырды. Химия, минералогия, ботаника, геология, астрономия, физиология, қайсысын алсаң да ол өзін <<өз үйіндегідей>> сезінетін. Осының бәрін ол жетік білген, оның үстіне мінезінің  ашықтығы, құмарлығы және сөз маржаны, ең соңында оның он екі жасар гимназист секілді мүдірмей губерния қалаларын тізіп беруі, Херсаков пен Шиллерден неміс тіліндегі беттерін және Жуковскийдің аудармасынан үзінді келтіруі- ерекше есте сақтау қабілеті, мені өте таңдандырды. Мен осы уақытқа дейін мұндай дарынды адамды кездестірмеппін>>,- деп жазған.
1847 жылы Николай Николаевич  Петербург медико-хирургиялық академиясына шақырылып, 1868 жылға дейін химия кафедрасын меңгерген. 1858 жылы Петербург ғылым акдемиясының экстраординарлы, кейін ординарлы академигі болып аталды. Хош иісті нитробірігулер аумағындағы экспериментальді зерттеулері, оны амин және басқа хош иісті қосылыстарды алу әдісін ашуға әкелді. Бұл қосылыс- анилинді бөлу өндірісінің негізі. Анилин фенацетин, парацетамол, стрептоцид, норсульфазол, фталазол, этазол, уросульфан, карбазол, ацетанилид т.б. алудағы бастапқы өнім болды.  1852  жылы ол изотиоциан қышқылынан  -  <<ұшқыш қыша майы>>  аллилді эфирді алған. Ғалымның органикалық химиядағы жұмыстары синтетикалық химияның дамуында, жаңа фармацевтикалық прператтардың синтезінде жаңа бет ашты
Әйгілі химик А.В.Гофман  1880 жылы: <<Егер Зинин нитробензолдың анилинге ауысуынан басқа ештеңе істемесе де, оның есімі химия тарихында алтын әріппен жазылып қала берер еді >>,- деп жазған..
Құрамында гликозид бар өсімдік шикізаттарын химиялық зерттеуді,  ХХ ғасырда Францияда Дестуш бастаған. Ондай алғашқы өсімдік пурпурлы наперстянка болды.  Француз  ғалымдары Гомоль и Кевен наперстянкадан әсер еткіш заттарды таза күйінде бөліп алған.  1869  жылы  француз Нативель алғаш рет  дигиталинді таза күйінде бөліп алды.
Профессор Эмиль Буркелот (1851-1921) шәкірттерімен бірге, 200-ге жуық жүрек  гликозидтерін зерттеп,олардан 56 бірігуді кристаллды түрде алды. Олардың ішінде, арбутин (алмұрт жапырағынан), самбунигрин (қара бузинадан), эритаурин мыңжапырақтан т.б.  болды.
Жүрек гликозидтерін Нобель сыйлығының лауреаты Адольф Отто Рейнгольд Виндаус (1876-1959) та зерттеген. Ол титогенин мен гитогениннің құрылымының шешуін тапқан. Виндаус дәрумендерді (Д),  өт қышқылы мен холестеринді зерттеген. 
Берлиндегі фармацевтикалық институттың директоры, профессор Карл Ульрих Франц Манних (1877-1947) наперстянка мен строфанттан кристалл түріндегі жүрек гликозидтерін бөліп алған. 
Буркелоттың энзимдермен (ферменттермен) жүргізген жұмыстарының фармация үшін маңызы зор. Ол өсімдіктің жұлып алынған бөлігінің бірден өлмейтінін байқаған. Себебі, өсімдік құрамындағы энзимдердің әсері жалғаса береді. Ол разработал энзимдерге  спиртпен әсер ету арқылы, жас өсімдіктерді тұрақтандыру әдісін ойлап шығарған.
Өсімдіктік пигменттер тобын оқу ХХ ғасырдың басына сәйкес келеді. 1814 жылы Шеврель  Guercus tinctoria  қабығынан кристаллды зат бөліп алып, оны кверцетин деп атады. 1842 жылы  В.Ф.Вайс Ruta graveolensтен рутинді бөліп алды. 1864 жылы теректен хризин алынды. Эдинбург (1887жылдан), Манчестер (1892 жылдан) және Оксфорд (1912 жылдан) университеттерінің профессоры Уильям Генри Перкин  -  кіші (1869-1929) кверцетин тобынан сары түсті бояғыш затты зерттеп, олардың табиғатта органикалық тұздар күйінде болатынын шешті. Бұл жаңалығымен ол флавоноидтарды химиялық зерттеуге бастау салды.
1936  жылы американдық биохимик Альберт Сент-Дьёрдон (1893-1986)  лимон қабығынан алынған флавоноидтардың қосындысы Р- дәруменді белсенділік танытатынын байқады.
Дәрумендерді ашу жаңалығы Ресей ғалымы Н.И.Лунинге (1853-1937) тиесілі, бірақ   <<дәрумен>> деген атты поляк биохимигі, әлемдегі бірінші, дәрумендерге арналған монографияның (1924) авторы  К.Функ (1884-1967) ұсынған.
Қорыта келгенде, ХХ ғасырда табиғи қосылыстардың негізгі топтарының: алкалоидтар, гликозидтер, флавоноидтар, дәрумендер т.б.  жүйелі зерттелуі басталды. 1972 жылы әлем әдебиетінде 4805 алкалоидтар, жүректі гликозидтері бар 45 ботаникалық тектер тіркелді, медицинада дәрумендердің, липидтердің, терпеноидтардың,  фенолды байланыстардың, көмірсулардың препараттары пайдаланылды. Бұл жетістіктер  Швейцария фармациясының профессоры Александру Чирхке (1856-1939) фармацияда өсімдіктерді пайдалану ғылымы, фармакогнозияның негізін салуға мүмкіндік берді. 30  шетелдік ғылыми қоғамдарының мүшесі А.Чирх ашқан <<фармакогнозия>>  ғылымы (терминді 1815 жылы К.Зайдлер енгізген),  қазіргі уақытта бес үлкен фармацевтік пәндердің бірі болып табылады.

6.   І ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
                                       
XVIII ғасырдың басы Ресейде, І Пётрдің жаңа өзгерістерімен сипатталады. Оның билігінің тұсында күшті әскер құрылды, мемлекеттік аппарат қайта құрылды, ақша жүйесі жаңартылды, теңіз флоты құрылды. Солтүстік соғыста Швецияны жеңіп Балтық теңізіне шығуды басып алуы, І Пётрдің жетістіктерінің бірі болды. 1703 жылы Ресейдің жаңа астанасы- Санкт Петербургтың құрылысы басталды. І Пётрдің өзгертулері елдің мемлекеттік, экономикалық және мәдени өмірімен қоса, медицина мен фармациялық ғылым мен тәжірибеге де қатысты болды.
Медицина саласындағы негізгі реформаларға госпитальдардың, емшілер мен дәріханашыларды дайындайтын госпиталдық мектептердің ашылуын атауға болады. 
Дәріханалық іс-шаралар бұл кезде ерекше орын алды. І Петрдің ұлы жарлығымен 1700 жылы әскери және теңіз госпитальдарында әскери дәріханалар ашылды.
1706 жылы І Петр Мәскеуде хирургиялық училище мен анатомиялық театры бар <<әскери госпитальді>> ашты. Онымен қатар, орыс армиясындағы бірінші тұрақты госпиталь дәріханасы жұмысын бастады. Русьте бірінші 1581 жылы Кремльде ашылған ескі және Ильинкадағы жаңа қонақ ауласындағы (1673) жаңа дәріханалардың ашылуынан медициналық мемлекеттік қызмет құрылымын бастады.
Зелейный, москательный және көкөністі лавкалар дәріхананың бір бейнесі болды. Олардың иесін <<лавка отырушылары>> немесе <<зелейниктер>> деп атаған. Олар емдік шөптерді сатып, әр түрлі емдік өсімдіктердің  емдік қасиетін зерттеумен айналысқан.
1581 жылыМәскеуде дипломы бар бірінші дәріханашы пайда болды. Бұл, Иван Грозныйдың өтініші бойынша келген медиктер тобының мүшесі, қолында ағылшын патшайымы Елизаветаның нұсқаулық хаты бар, Джеймс Френчем болды. Чудов шіркеуіне қарсы, Кремльдегі бірінші дәріхананы ашқан да сол болды.

      Дәріханалық бұйрық, оның міндеттері
                                       
Мәскеу мемлекетінде денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемесінің негізі, XVI ғасырдың соңында Иван IV ашқан <<дәріханалық палатадан>> бастау алады. Ол 1620жылы <<Дәріханалық бұйрыққа>> ауысты. Ол елдегі дәрігерлік істі бақылайтын орталық мемлекеттік органға айналды. 
Дәріхана бұйрығының құзырында армияға дәрігерлерді тағайындау, полктық дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету, сот-медициналық сараптамасын жүргізу болды. Ол, <<азаматтардың жалпы дені сау болуына, жабысқақ аурулардың таралуына бөгет жасауға тырысқан>>, сол сияқты, дәрілердің сапасын бақылап отырған. Дәріхана бұйрығының міндеті, дәріханалық бақтарда емдік өсімдіктерді өсіріп, жинау болды.
Кремль қабырғасында орналасқан дәріхана бағы, І Петрдің тұсында, Мещан слободасына көшірілді. Ал 1805 жылы университет меншігіне беріліп, Ботаникалық бақ атанды.
Дәріхана бұйрығы, сол уақытта айтарлықтай тұрақты болған, емдік өсімдіктерді жинау жүйесін жасаған. Дәрілік шөптерді жинау, бағынышты таптарға, міндетті жаза ретінде жүктеліп отырған. Арнайы жинаушыар- <<шөпшілер>> штаты болған. Дәрілік шикізат, дәріханалық аула атанған ерекше қоймаларға келіп түсіп отырған.
Дәрілік бұйрық қызметкерлерінің көбісі шетелдіктер болған. Бірақ, басқаруы XVII ғасыр бойына білімді, әрі патшаға жақын, орыс боярларына ғана сенімделген. Дәріханалық бұйрықтың басқарушылары: И.Б. Черкасский (1629-1633); Ф.И. Шереметьев (1645); Б.И. Морозов (1646); И.Д. Милославский (1662); А.С. Матвеев (1673); И.Н. Одоевский (1678);  Я.Н. Одоевский (1689) болған.
Тұрғындарға арналған алғашқы дәріханаларды ашу. 
                Ерікті дәріханаларды ашу.

Тұрғындарға арналған алғашқы дәріхана Мәскеуде 1672 жылы ашылды. Бұл дәріханаға әскерді дәрімен қамсыздандыру жүктелген. Ал халыққа, дәрілер, бірінші баға кітабы- <<нұсқаулық кітапта>> көрсетілген баға бойынша сатылған.
XVII-XVIII ғасырлар тоғысында, 200 мыңдай халқы бар Мәскеу қаласында, екі-ақ дәріхана болған.  Осыған байланысты, мәскеуліктердің негізгі бөлігі зелейных, москательді, көкөніс лавкаларының қызметін пайдаланған.
Тұрғындарды дәрілік көмекпен қамтамассыз ету мақсатында 1701 жылы Мәскеуде <<ерікті>> (жеке меншік) дәріханалар ашылды. Осы жағдайға байланысты шығарылған өкімде: <<Ерікті дәріхана ашқысы келген әрбір орыс, не шетелдік, өкіметтің рұқсатымен бірге, осыған қажетті орын мен мекемесін мұраға беруге рұқсат беретін қағазды алады>>,- делінген. Мәскеуде дәріхана ашуға жеңілдік алған алғашқы шетелдік, дәріханалық бұйрықтың алхимисті, Иоганн Готфрид Грегориус болды.
Екінші дәріхананы никольский көшесінде Гурчин ашты. Бірнеше қожайыны ауысқаннан кейін, ол фармацевт Карл Иванович Феррейнге көшті. Осы дәріхана Ресейдегі фармацевтика ісінің дамуында үлкен роль атқарды.
Үшінші дәріхананы Мәскеуде, Покров қақпасының тұсында, 1703 жылы, дәріхана өнерін Голландияда оқыған, Гавриил Саульс ашты.
Варвар қақпасының артында, 1707 жылы ашылған төртінші дәріхана, Иессин Арникелге тиесілі болған. 
Бесінші дәріхананы 1709 жылы, Пречистен көшесінде, Алексей Меркулов ашты. 1712 жылы, ескі тас көпірдің артындағы Ақ қалада, Авраам Рут алтыншы дәріхананы ашты. Дәл осы кезде, Варваркада, Гавриил Бышевский жетінші дәріхананы ашты. Сегізінші дәріхана, 1713 жылы, Сретенск көшесінде, Альберт Зандермен ашылды. Мәскеудегі дәріханалардың осы саны XVIII ғасыр бойына өзгермеді. Дәріхана қожайындарына көрсетілген монополия, Мәскеуде дәріхана санының көбеюін шектеді және  тек, 1784 жылы ғана, жаңа дәріханалар ашуға рұқсат берілді.
Осыдан кейін дәріханалар басқа қалаларда да пайда бола бастады. Қазыналық және госпиталдық  дәріханалар, жеке меншік дәріханалардың ашылуына негіз болғанын, атап өту керек.  Петербургтегі бірінші қазыналық дәріхана, 1704 жылы, қаланың ашылуымен қатар, бір уақытта ашылды. Кейіннен ол Бас дәріхана дәрежесіне көтерілді. Кейіннен, қазыналық дәріханалар, Қазанда, Глуховта, Ригада, Ревелде ашылды. 1707 жылы Лубнада дала дәріханасы ашылып, жүз жылдай қызмет етті.Дәріханалар Ресейдің басқа қалаларында да: Киевте (1715), Астраханда (1721), Симбирскіде (1778), Нижний Новгородта (1780), Пермьде (1786) ашыла бастады.
Уақыт өте келе, дәріханалық жүйе айтарлықтай үлкейді. Егер, 1843 жылы Ресейде 1302 дәріхана болса, 1910 жылға қарай олардың саны 4523-ке жетті.
Дәріханалық бұйрық міндеті, Сарайдың дәріханаларын қамтамассыз етіп, патша жанұясына арнап, шет елдерден дәрігерлерді шақырту болатын. 1707 жылы ол, елдегі барлық әскери-медициналық істі басқаратын, мемлекеттік  мекемеге өзгертілді. Көп ұзамай, <<дәріханалық>> деп аталған бұл мекеме, Бас медициналық кеңсеге айналды (1725). Бұл мекеменің басшысы, <<император мәртебелісі, архиятер, лейб-медикус және медицина кеңсесі мен факултетінің президенті>> атағына ие болған. Бас медициналық кеңсені Николай Бадлоо, Роберт Эскин, Иван Блюментрост басқарған.
	
Дәріханалық бақшалар мен бақтарды ашу.  Химия өндірісінің қалыптасуы

1714 жылдың ақпанында І Петрдің ауызша өкімі бойынша, Дәріхана аралында, Дәріхана бақшасы салынған. Екі онжылдық бойына, ол, қазыналы дәріханаларды, дәрілік өсімдіктермен қамтамассыз етіп отырған. Ал 1735 жылдан бастап, оның негізінде, медициналық мектеп оқушыларына, ботаника мен фармакогнозияны оқытуға бастау салған, өсімдіктерколлекциясын жасау жұмыстары басталды. Дәріханалық бақшаны, дәріханалық бақшаның бірінші директоры, медицина докторы, ботаника және Ресей ғылым академиясының жаратылыс тарихының профессоры, Иоганн Георг Сигизбек басқарды (1686-1755). Ол отандық және шетелдік флораның өсімдіктерінің кеңейтілген коллекциясын жасады. 
1765 жылы Петербург дәріханалық бақшасының меңгерушісі қызметін Карл Липийдің шәкірті, Иоганн Перт Фальк (1727-1774) атқарды.
1798 жылы медико-хирургиялық академияның ашылуына байланысты, дәріханалық бақша <<ботаникалық бақ>> болып өзгерді. Қазір бұл, Ресей Ғылым Академиясының Ботаникалық институты.
Мәскеудегі Ботаникалық бақтың орнында, І Петр кезінде, 1717 жылы дәріханалық бақ ұйымдастырылған, ал, 1720  жылдың 13 сәуірінде І Петр өз үкімімен <<дәріханалық бақшаны>> Астраханьда ашуды бұйырды. Ол: << Гүлзар  жасап,  Персиядан әкелінген, дәріханаға қажетті ағаштар мен шөптерді  баптауға, Санкт-Петербургтен дәріханашы мен бағбан алдыруды>> бұйырды.
1724 жылы дәріханалық бақша жаңа мекенге көшірілді де, XVIII ғасырдың аяғына қарай 11 ғимараты болды. Оның ішінде, зертхана, гүлзар, кептіргіш сарай т.б.. Бақта жеміс ағаштары, жүйектерде жалбыз, түймедақ, ревень, шалфей, жусан, цикорий, марена т.б. өсірілді. Жиналған емдік өсімдіктер, кептіріліп, Петербург және Мәскеудегі бас дәріханаларға жіберіліп отырған, ал ол жерден, дала дәріханаларына бөлінген.
Лубенск ботаникалық бағында да дәрілік шөптердің көптеген түрлері өсірілген.1750 жылы осында, Қытайдан әкелінген ревень тұқымы, бірінші рет себілді. XVIII ғасырдың соңына қарай, Лубнада қызыл қызылша өсірілді. Одан бірінші рет отандық спирт алынды. Лубнада жыл сайын, астана дәріханаларына арналып, солтүстікте өспейтін емдік өсімдіктер дайындалып отырған. 1758 жылы Мәскеуге 3 кеме дәрілік шикізат жіберілсе, 1777 жылы оның саны 15-ке дейін көтерілді.
Қазына үшін, жабайы өсімдіктерді дайындау, дәріханалық бақта өсіргенге қарағанда, тиімдірек болғанджықтан, 1852 жылы Лубна бағы жойылды.
І Петр тұсында, дәріханалық бақшалардың ашылуымен қатар, отандық жабайы флораны зерттеу жұмыстары да үлкен орын алды. Ресейдің түрлі аудандарының флорасын зерттеуге экспедициялар құрылды. 1702 жылдың 15 ақпанында І Петр Сібірден әкелінген дәрілік өсімдіктерді пайдалануға үкім жасады. Сібірде дайындалатын тамырлар,шөптер, гүлдер, мускустар және т.б. император дәріханасына, <<бағасы көрсетіліп жіберілсін>>, деп атап өткен. 1721 жылы император, емдік өсімдіктерді Ресейдің барлық губернияларынан жинауға және оларды  белгімен белгілеп, ішкі нарыққа жіберілуіне үкім жасады. 
Бас дәріханадан армияға жіберіліп отырған <<дәрілік заттардың>> тізімі, сол уақытта пайдаланған емдік заттар туралы түсініктеме береді.Бұл дәрілердің тізімі сан алуан болатын. Ол 160 емдік арақтар, эссенциялар, экстракттар,микстуралар, ұнтақтар, майлар, жақпа майлар, жапсырмалар атауынан құрылған. Терпентин, шпан мушкалары, мүсәтір,күкірт, қорғасын сілтісі,камфара,мия тамырының шырыны, т.б. дәрілер, госпитальдағы солдаттарды емдеу үшін және жаңа астананың құрылысына жіберілген, <<жұмыс адамдарына>> тегін берілген. І Петрдің өкімі бойынша, емдеу орындарына шарап пен сыра жіберіліп отырған, <<шарап пен сырасыз берілген дәрінің пайдасы аз, ал дәрілерге бос ысырап>> делінген. Қарағай қылқанында тұндырылған арақпен емдеген.
1717 жылы І Петр Парижде аспапшы шебер Этьен Стефан Луботьемен келісім-шарт жасады. 1718 жылы ол, медициналық кеңсенің штатына тіркелді. 1719 жылы бас дәріхананың жанындағы Дәріханалық аралда, емдік құрал-жабдықтар дайындала бастады. Бұл Ресейде медициналық өндірістің қалыптасуының бастамасы болды.
Көптеген дәрілік құралдарды, дәріханалар меншікті зертханаларында дайындаған. Химиялық өндірістің дамуындағы дәріханалардың ролі зор болды, себебі, олар, негізгі шикізат дайындайтын және оларды дайындау әдістері талқыланатын <<ғылыми-зерттеу>> зертханалары болып табылды. І Петрдің кезінде ашудас, тотияйын, күкірт, патша арағын (азот қышқылы мен тұз қышқылының қоспасы), күшті арақты (азот қышқылы) өндіру, дәріхана қабырғаларынан шықты.
Химиялық өндірісті дамытуға І Петр шет елдік мамандарды шақырған. Скипидар-шайыршық заводын салдырды, сақар мен селитра өндірісі жетілді, күкірт зауыттары салынды. 1724 жылы Мәскеуде крахмал өндіретін фабрика салынды. І Петрдің өмірінің соңына қарай,мүсәтір алатын зауыт, бірнеше селитра зауыттары, бояу жасайтын химиялық өндіріс жұмыс істеді.
Осылайша І Петр реформалары, елдің экономикалық дамуында, фармацияның дамуында күшті серпіліс болды.
                                       
               Ғылми зерттеулердің дамуы
Ресейде фармация мен медицинаның дамуындағы үлкен жаңалық- 1725 жылы ашылған ғылым Академиясы. І Петр Академи жұмысына белгілі Европа ғалымдарын жұмылдыра білді: физик Георг Вольфганг Краффтты (1701-1754), тарихшы Герард Фридрих Миллерді (1705-1783), математик Леонард Эйлерді (1707-1783), Христиан Гольдбахты (1690-1764)және т.б..
Петербург Академиясындағы бірінші химия профессоры Иоганн Георг Гмилин болды. (1709-1755) Ол Ресейге 1731 жылы келеді, бірақ, 1733 жылы Витус Беринг басқарған онжылдық Камчат экспедициясына кетеді. Тек, 1741 жылы ғана М.В. Ломоносов академиясындағы химия саласындағы жүйелі зерттеулерді жаңғыртты.
М.В. Ломоносов (1711-1765)  -  ғұлама орыс ғалымы, энциклопедист, әрі ағартушы. Петербург Ғылым академиясының орыс ұлтты бірінші мүшесі болды. 1745 жылы М.В. Ломоносов химия профессоры және Петербург Ғылым академиясының мүшесі болып тағайындалды. Оның жемісті қызметі тәжірибелік әдісті бекітуге бағытталды және физика, химия, геология,география, астрономия, тау ісі, шыны технологиясы, металлургия, орыс тарихы мен грамматикасы салаларының дамуына әсерін тигізді.
Заттардың сақталу заңы, сандық сараптама, жану процессін түсіндіру ғалымның болашақ зерттеулерінің негізі болды.
 М.В. Ломоносов химияның медицина үшін қажеттілігін басып айтқан. << Химияны жетік білмейінше, дәрігердің қалыптасуы мүмкін емес. Онымен қан мен нәрлі шырындардың табиғи ауысуы танылады, онымен сау және зиянды тағамдардың қоспасы ашылады, оның әр түрлі шөптен ғана емес, сонымен қатар, жер қойнауынан алынған заттарынан пайдалы дәрілер дайындалады>>.
XVIII ғасырдың орасында М.В. Ломоносовтың Ресей ғылымының негізін қалап беруі, фармацияның дамуына да әсерін тигізді. М.В. Ломоносовтың ізбасарлары, Ресей ғалымдары қысқа мерзім ішінде, өз қажеттіліктерімен отандық фармацияны Еуропа ғалымдарының жетістіктерімен бір қатарға қойған, ғылыми жұмыстар қатарын жазды. 
Осындай химиктердің бірі Иоганн Готлиб Лемен (1719-1767) болған. Ол 1760 жылдан бастап Петербург Ғылым академиясының химия кафедрасында еңбек етті, профессор болды, химиялық зертхананың меңгерушісі, және бір уақытта, табиғи тарих бөлмесінің меңгерушісі болған. Леман минералдардың химиялық сараптамасы мен сынаулық сараптамасмен айналысқан. 1761 жылы ол сынаулық ісі туралы нұсқаулық басып шығарды.
Леман қайтыс болғаннан кейін, Ломоносовтың химиялық зертханансын Петербург Акадкемиясының академигі, фармацевт, Иоганн Георг Модель (1711-1775) басқарды. Ол 1737 жылы келіп, Ресейде 38 жыл өмір сүрді. 20 жыл бойына Модель Петербургтегі бас дәріхананы басқарды, госпиталь мектебінде химия мен фармацияны оқытты. Ол тәжірибелік мағынасы бар сұрақтарды шешумен айналысқан (ас тұзын, бураны, т.б. байыту және тазалау әдісі). Модель, М.В. Ломоносовтың 1759 жылы жасаған, сынапты қатыру туралы бірінші тәжірибелерінің сарапшысы болған. Ол М.В. Ломоносовтан кейінгі алғашқы орыс микроскопистерінің бірі болған.
Тау ісі мен тиын өнерінің ірі мамандарының бірі Иван Андреевич Шлаттер (1708-1768) болған.
1724 жылы І Петр негізін қалаған, Петербург тиын ауласының жанынан ашылған химиялық зертханада алтын мен күмісті бөліп алудың құрғақ әдісін ойлап тапқан. Ол орыс тіліндегі зерттеулік сараптама жүргізу туралы бірінші нұсқаулықтың авторы.
Ресейде еңбек еткен көрнекті химиктердің бірі, финн Кирилл Густавович Лаксман (1738-1796) болған. Ол Ресейдің флорасы мен фаунасын зерттеген. Сібірде жүріп, өнертапқыш И.И. Ползуновтың басшылық етуімен тау ісін, металлургия мен техникалық химияны таныған. 1770 жылы К.П. Лаксман химия кафедрасына акдемик болып қабылданып, Ломоносов зертханасын басқарған. Ол Глаубер тұзынан жасанды соданы алу әдісін ойлап шығарған.
Иоганн Готлиб Георги (1729-1802) К.Г. Лаксманнан кейін Петербург ғылым академиясының химия кафедрасын басқарды. Оның еңбекткрі тұздардың, теміртастардың,мәрмәрлердің,жанғыш сланцтардың, су өсімдіктерінің, саңырауқұлақтардың, Нева суының т.б. химиялық сараптамасына арналған. Оның барлық еңбектері уақыттың тәжірибелік талаптарын шешуге бағытталған.
XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей жаратылыстануының көтерілуі байқалды. Ғалымдар, флораны зерттей келе, негізі, халықтық медицинады пайдаланатын өсімдіктерге көп қызығушылық танытқан. Олар халықтың көп жылдық тәжірибесі, оның осы саладағы бақылаулары, медицина мен фармацияның ғылыми негізін қалаудағы басты құндылық деп есептеген.
Зерттеу жұмыстарын И.Г. Гмелин-аға бастады. Ол 1733 жылы Сібір бойымен бағыты Ярославль, Тобольск, Семей, Өскемен, Томск, Енисейск, Иркутск және Якутск арқылы өтетін саяхат жасады. <> (4 том) еңбегі Сібір табиғаты мен оны мекендеушілері жайлы күнделік түрінде жазылған. Сібірдің емдік өсімдіктерінің тізімін ол  <> еңбегінің 4 томында жариялаған. (1747-1749)
Гмелинмен бірге екінші Камчат экспедициясының қатысушысы, М.В. Ломоновсотың болашақ шәкірті, студент, орыс ботанигі  Степан Петрович Крашеннинников (1713-1755) болды. <<Сібір флорасы>> және <<Камчатка жерінің сипаты>> еңбектері осы экспедицияның нәтижесі болып табылады. Соңғы еңбегі жарыққа 1756 жылы, автор қайтыс болғаннан кейін шықты.
<<Петербург губерниясының флорасы>> еңбегінде басым бөлігі емдік болып сипатталатын 501 өсімдіктер мен шөптерге сипаттама берілген. Бұл өсімдікткрдің барлығы бірінші орыс фармакопеясына енген.
1750 жылы С.П. Крашенинников ғылым Академиясының ректоры, профессор, петербург ғылым академиясының ботаникалық бағының меңгерушісі болып тағайындалды.
40 жыл өмірін Ресей табиғаты мен халқын тануға жұмсаған, жаратылыс зеттеуші- энциклопедист, медицина докторы, академик Петр Симон Палластың (1741-1811)1786 жылы шыққан, тамаша : <<Ресей флорасы немесе Ресей мемлекетінің өсімдіктерінің  П.С. Паллас берген сипаттамасы>> кітабы үлкен қызығушылық тудырды.
Дәрілік өсімдіктерге сипаттама бергенде, ол олардың халық медицинасында қолданылуына да сипат береді. Қайыңды сипаттай отырып, Паллас қайың шырынын құрқұлақты, подаграны, қышыма қотыр бөртпесін емдеуге пайдалануын сипаттайды. Ол: <<Қарапайым халықтың немесе жабайы сауатсыз адамдармен байқаусызда ашылған көптеген үй дәрілері, дәрігердің қолында құтқарушы құралға айналады>>,- деп жазған.
Иван Иванович Лепехин (1740-1802)  -  аса көрнекті ғалым, патриот, Петербург ғылым акдемиясының тұрақты хатшысы, медицина коллегисының мүшесі, 1783 жылы ІІ Екатерина ашқан, Ресей ғылым акдемиясының мүшесі, әрі хатшысы. Оның 600 өсімдіктің сипаты берілген <<Доктор және ғылым акдемиясының адъюнкты Иван Лепехиннің Ресей мемлекетінің түрлі провинциясына жасаған саяхатының күнделікті жазбалары>> (1771-1805) еңбегі ғалымдардың үлкен қызығушылығын оятты. Ол <<адам, өсімдік әлемі және ішкі  ортаның арасында байланыс бар>> деген ой тастап, емдік мақсатта жергілікті өсімдіктерді пайдалану керек деп есептеген. Ол жергілікті емдік шөптерді пайдалану тәртібін қарапайым тілде түсіндіретін, халыққа арналған емдік кітап шағаруды армандаған.
И.И. Лепехин үлкен әдеби мұра қалдырды. Оның еңбектері жеке баспа түрінде ғана емес, еркін экономикалық қоғамның еңбектерінде де, академиялық шығармалар мен журналдарда да шақты.
И.И. Лепехиннің шәкірттері Николай Яковлевич Озерецковский (1750-1827)мен Василий Феодорович Зуев (1754-1794) . Н.Я. Озерецовский  -  академик, медицина ғылымының докторы, ғалым-энциклопедист. Қартайған шағына дейін, экспедициялық қызметін тоқтатпаған. Оның ботаника, география, зоология, минералогия, этнография, медицина мен фармация салаларындағы еңбектері бар.
<<Дәрігерлік ғылым,- деп жазған Н.Я. Озерцовский,- пайдалануға, пайдасын алдымен қарапайым адамдар таныған, көптеген заттарды енгізді. Дәрігерлерге тек қана халықта пайдаланылатын заттардың  әсерін нақтырақ зерттеуге бар ынтасын салу ғана қалды... Бірақ түрлі ауруларға қажеттілігі дәрігерлерге қарағанда, халық арасында көбірек белгілі заттар да бар>>.
В.Ф. Зуев И.И. Лепехинмен бірге барған экспедициядан қайтып келгеннен кейін, Қара теңіз жағалауына жаңа саяхат жасады. Экспедиция аяқталғаннан кейін бес жылдан соң ол 1781-1782ж. <<Петербургтан Херсонға дейінгі саяхат жазбалары>> кітабын шығарды. 1786 жылы В.Ф. Зуев, халық училищелеріне арналған, орыс тіліндегі бірінші оқулық  <<Ресей империясының халық училищелеріне арналған жаратылыс тарихы жазбаларын>> жазды. 40 жыл бойына бес баспадан өткен ең үздік оқулық болды. 1787 жылы В.Ф. Зуев академик болып сайланды, халық училищесінде жаратылыс тарихының профессоры болған. Білімді Лейден және Страсбург университеттерінде алып, медицина докторы атанды. П.С. Паллас экспедициясының құрамында, Ресейдің алыс аймақтарында алты жылын өткізді. Оның үлкен қызығушылық тудырған, <<Химияның пайдасы туралы сөз>> дәрісінде химиялық зерттеулердің медицина мен фармация үшін маңыздылығы туралы айтылады.
XVIII ғасырда Ресей медицинасының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі Константин Иванович Щепин (1728-1770) болған. Ол Котельничеде туып, Киев-Могилян академиясының Вятск духовный семинариясында оқыған. Кейін Константинопольде, Грецияда, және Италияда тұрған. Латын, грек және бірнеше батыс еуропа тілдерін жетік меңгерген. Ресейге оралғаннан кейін, академик С.П. Крашенинниковтың қол астында еңбек етті, Петербург маңайының өсімдік әлемін зерттеген. Кейін Лейденде білімін жалғастырып, өсімдік қышқылы туралы докторлық диссертациясын қорғаған. Бұл жұмысында ол, адам тағамындағы өсімдік қышқылы әсерінің сараптамасын жасап,оның құрқұлаққа қарсы күрестегі ролін көрсеткен.
1962 жылдан бастап, К.И. Щепин Мәскеу госпитальдық мектебіндегі бірінші орыс профессоры болған. Орыс тілінде оқыған дәрістерінің бесеуінің екеуін ол дәрітануға арнаған. Ол рецептураны оқытуды енгізді, дәрістерінде фармацевтік препараттамен таныстырған және тәжірибелік сабақтарды дәріханаларда өткізуге қол жеткізген.
Ресей дәрілік флорасын зерттеуде үлкен үлес қосқан, ұлы ғалым дәрігерлердің бірі- Нестор Максимович Мкасимович- Амбодик (1744-1812). 1775 жылы Страсбург университетінің медициналық факультетін аяқтағаннан кейін, <<Адам бауыры туралы>> тақырыбында диссертациясын қорғап, Петербургтегі алдымен, Адмиралтей, кейіннен Кронштадт госпиталінде еңбек етті. Мұнда ол физиологиядан, медико-хирургиялық тәжірибеден және дәрілік өсімдіктер туралы дәрістер оқыды. 1781 жылы ғалым акушерлердің ішінде бірінші болып орыс тілінде дәрістер оқи бастады.
Н.М Максимович- Амбодик емдік өсімдіктанудың белсенді жақтаушыларының бірі болды. Ботаниканы ол дәрілік тәжірибенің бөлігі деп қабылдаған. Ол ботаникадан бірінші орысша <<Ботаниканың бастапқы негізі>> (1796) оқулығының авторы, <<Ботаникалық сөздікті>>(1798)  және капиталды <<Дәрігерлік затсөздік немесе дәрігерлікте пайдаланатын, әр өсімдіктің табиғи түріне сәйкес суреттерді қосу арқылы түсініктемелерін сипаттау>> (1783-1789) еңбегін жазды. Ғалымның барлық еңбектері емдік өсімдіктер туралы материалға бай. <<Дәрігерлік зат сөздігінде>> ол 123 дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын келтірген. Осы өсімдіктердің көпшілігі XVIII ғасырдың фармакопеясына енгізіліп, қазіргі уақытта да өз мағынасын жоғалтпаған. Н.М.Максимович- Амбодик - Ресей фармакогнозиясының негізін қалаушылардың бірі.
Мартын Матвеевич Тереховский (1740-1796) 1775 жылы Страсбург университетінде қорғаған <<Линнейдің кұюшы хаосы туралы>> диссертациясында тұнбаларда болатын микроскопиялық организмдердің шығу тегін көрсеткен. Ол бірінші Ресей микробиологы деп саналады.
М.М. Тереховский Петербур дәріхана бақшасының директорларының бірі болған. Дәрілік өсімдіктерді зерттеп жүріп, өлерінің алдында <<Өсімдіктердің пендеге берер пайдасы>> поэмасын жазды.
Семен Герасимович Зыбелин (1735-1802) ММУ-ды бітіргеннен кейін, Лейден университетіне жіберілді. Онда ол медицина докторы дәрежесіне диссертация қорғады.
1765-1802 жылдары Мәскеу университетінде теоретикалық медицина кафедрасын меңгерген. Ол анатомия, физиология, химия, хирургия, затенгізу және рецептура дәрістерін латын тілінде емес, алғаш рет орыс тілінде оқыды. Оның негізгі еңбегі <<Табиғаттың үштік патшалығынан өндірілетін қарапайым емдік сабындар, олардың химиялық өзгерістері, қасиеттері және медицинада пайдалануы туралы химико- медициналық диссертация>> деп аталған.
Александр Михайлович Шумлянский (1748-1795) Петербург адмиралтей госпиталі маңайындағы  госпитальдық мектепті бітіргеннен кейін, Страсбург университетінде білімін жетілдіріп, 1782 жылы <<Бүйрек құрылысы туралы>> тақырыбында диссертация қорғады.
1785-1786 жылдары ол шетелде медициналық және фармацевтикалық білім беруді оқыды.
Талантты дәрігерлердің замандасы, өз уақытының білімді адамдарының бірі- Андрей Тимофеевич Болотов (1783-1833). Ол емдік өсімдіктерге арналған 570 мақаласын <<Экономикалық дүкенде>> басып шағарған. Өз жұмыстарында ол өсімдіктерді жинау, кептіру және сақтау мәліметтерін келтірген, дәрілік шикізаттан тұнбалар, буламалар, жинақтар т.б. дайыдау әдістерін келтірген.Оның еңбектері Ресей фармакогнозиясының дамуына үлкен үлес қосты.
XVIII ғасыр аяғындағы фармацевт ғалымдар арасындағы көрнектісі  -  Товий Егорович (Иоганн Тобиас) Ловиц (1757-1804). Оның суды адсорбционды тазалау, <<нан шарабы>>, қант шырыны туралы жұмыстарының тәжірибелік мағынасы зор болды. 
Ловиц тас көмірдің адсорбционды қасиеттерін ашты, күкірт қышқылының коагуляциялық әсерін тапты, көмірдің жеміс шырындарына, зығы және канопля майларына түссіздендіру әсерін тапқан. Ол бірінші болып, мұзды сірке су қышқылын алған, жасанды суық жасаудың жаңа әдістерін құрастырған.
Органикалық химия саласында 1792 жылы криссталл жағдайындағы жүзім қантын бөліп алды, 1798 жылы абсолютты (сусыз) спирт және эфирді алды. Ол- қышқылдың күшін анықтау үшін титрлеу әдісін пайдаланған, алғашқы химиктердің бірі.
30 жасында ол ғылым академиясының корреспонденті болып сайланды, ал 36 жасында  -  академик, медициналық коллегия мүшесі болды.
М.В. Ломоносовтан кейінгі ірі орыс академик  -  химиктерінің бірі - Василий Михайлович Севергин (1765-1826) болды. Оның <<Дәрілердің химиялық қоспасының тазалығы мен шынайылығын зерттеу әдісі (1800)>> еңбегінің формация үшін бағасы құнды. Бұл дәрілердің сараптамасы туралы, орыс тіліндегі бірінші бастамасы болды. Кітапта емдік ортақ жоспармен қарастырылған: алу, физикалық қасиеті, тазалығы мен шынайылығын анықтау. Дәрілік құралдарды сипаттаудың бұл реті осы уақытқа дейін сақталып келген.
В.М. Севергиннің <<Минералды суларды зерттеу әдістері>> жұмысының медицина үшін макңызы зор болды.
В.М. Севергиннің замандасы Яков Дмитреевич Захаров (1775-1836) болған. Оның еңбегі  -  ол неміс тілінен аударылған Х. Гиртаннердің <<Антифлогистикалық химия>> (1801) оқулығы. Ол жаңа орыс химиялық номенклатурасын құруға қатысты. Мәскеу унирверситетінің химиктерінің арасында фармацевтік химия мен фармация профессоры Иоганн Якоб Биндгейле (1750-1825) белгілі болған. Ол ақ қызылшадан қантты бөліп алған (1799) және Ресейде қант қызылшасы өндірісінің дамуына бастау салды.
Биндгейлемен бірге Ресейдегі қант технологиясының құрылымы мен Давид Шероним Гриндель (1776-1836) айналысқан. Ол 1802 жылы қызылшадан қант алуды ашқан үшін Петербург еркін экономикалық қоғамының алтын медалін алды. Ириндельдің ұсынысы бойынша, Рига химико-фармацевтикалық қоғамы  -  Ресейдегі фармацевтердің бірінші қоғамы ұйымдастырылды. Ол бірінші отандық фармацевтикалық <> (орыс фармация жылнамасы) журналының негізін қалаушы. Фармацияның жалпы сұрақтары, фармакогнозия, фармацевтік химия салаларындағы ғылымның жұмыстары белгілі.
Демек, XVIII ғасырда Ресей ғалымдары, Ресей фармациясының негізін дайындап берген.
Ресей фармакопеяларының құрылуы  XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін, Ресейдің дәрігерлері мен дәріханашылары, отандық фармакопеяның жоқ болуының себебінен, Еуропа елдерінің фармакопеясын пайдаланған.
1763 жылы II Екатеринаның үкімі бойынша медициналық кеңсенің орнына медициналық коллегия ашылды. Оның алдында отандық дәрігерлер мен дәріханашылардың кадрларын дайындап қана қоймай, Ресей фармакопеясын құру мақсаты тұрды.
Коллегия ережелерінде <<мұндай кітап баспаға шығарылмас бұрын, ол туралы барлық Ресей докторларына хабарлау керек. Олардың әрқайсысы өз тәжірибелері бойынша ескертулер жасап, коллегия талқыға салып, өз апробациясында бүкіл Ресейге тарайды>> деп жазылған. Медициналық коллегия, фармакопеяға материалдар жинай отырып, әр медикке <<Ресейдің табиғаттың үш патшалығында әлі белгісіз, жаңа, сирек кездесетін заттар бар. Олар туралы коллегияға хабарлау керек. Коллегия барлығын ескереді. Қабылдаған ескертулер әдістемелік жаңалықтарға енгізіліп, басылады>> делінген.
Осы нұсқаулықта жақсы еңбектері үшін, медиктер мен емшілер <<Ресейде бар заттардан жаңа дәрілерді ойлап шығарып, сенімді тәжірибелермен олардың пайдалануға күмән келтірмеуі>> үлкен үлес болып саналады.
Орыс армиясының күшейіп, көбеюіне байланысты медициналық коллегия өз қызметін полктік дәріханаларға арнаған әскери фармакопеяны құрудан бастады. Ол 1765 жылы латын тілінде шықты. Ол <> (хирург жәшіктеріндегі дәрілердің атауы мен сипаттамасы бар, әскери фармакопея).
Фармакопеяны құрау кезінде, медициналық коллегия дәрілік заттардың орналасуының алфавиттік жүйесін қабылдаған. Емдік тәжірибеде өзін-өзі ақтаған заттар ғана алынған. Бірінші бөлімде 191 дәрілік заттар енген, олардың 82-і өсімдіктерден алынған шикізаттар, 88-і гален препараты, қалғандары химиялық препараттар.
Химиялық препараттар дәріханаларда дайындалған. Олардың ішінде сынап және сурьме препараты айтарлықтай орын алған. Өсімдік шикізаттарынан каталогқа: миндаль, жалбыз шөбі, мелисса, шалфей, анис тұқымы, түймедақ гүлі т.б. енгізілген. Гален препараттарынан хин тұнбасы, жусан, горечявка т.б. тұнбалары енгізілген. Шетелдік дәрі-дәрмектердің жалпы санының 15 % құраған, олардың арасында түрлі шайырлар, апиын, копай және перувиан  бальзамдары. 
Полктық жинақтың екінші бөліміне күрделі дәрілік заттардың (жапсырмалар, жақпа майлар, сіркесу балы) 47 жазбасы енгізілген. Бұл фармакопеяның екінші баспасы 1779 жылы шықты.
Отандық дәрілік флораны және халықтық медицина құралдарын зерттеу нәтижесі, емдеуші дәрігерлер мен дәріханашылардың бақылауы мен тәжірибесі, жалпы мемлекеттік бірінші орыс фармакопеясын латын тілінде дайындап шығаруға мүмкіндік берді.
Фармакопеяның енгізуінде М.В. Ломоносовтың Ресейдің зор табиғи байлығын пайдалану туралы ойы оның негізі болып табылатындығы айтылған. Фармакопеяны құруға Х.Пекин, И.И.Лепехин және медицина коллегиясының басқа да мүшелері қатысты. Фармакопеяда 770 дәрілік заттың атауы бар, оның ішінде: өсімдік  -  316, жануарлық  -  29, химиялық  -  147 және әр түрлі қиын қоспалар -278. 1782 жылы фармакопея қайта басылды, ал 1788-1830 жылдары ол Копенгаген мен Лейпцигте шықты. 
1793 жылы мед-коллегияның төрағасы болып II Екатеринаның кезіндегі көрнекті сановник  -  А.И. Васильев тағайындалды. (1742-1807) Соның кезінде 1798 жылы латын тіліндегі екінші орыс фармакопеясы <> шықты. Фармакопея авторы  -  анатомия мен физиология профессоры Никон Карпович Карпинский (1745-1810). Ресей фармакопеясында дәрілік заттардың мақалалары бірінші рет алфавиттік ретте орналасты. Жаңа отандық шикізат ретінде: пеон тамыры, наперстянка, ақ қына дәні, су қымыздығы, лаврине жапырағы т.б. енгізілді. Жануарлардан алынған өнімдерден екінші фармакопеяға: өгіз майы, жұмыртқа ақуызы, құмырсқалар т.б. енді. Фармакопеяда келесі майлар: жусан, түймедақ, аскөк, лаванда, вазелеин, мускат, скипидар т.б. майлары қарастырылған.
1798 жылы фармакопеяға алғаш рет  <<эмульсия>> енгізілген., экстрактарды, шырындарды, кисельдерді, жапсырмаларды, бальзамдарды, майларды, балауызды, спиртті дайындау әдістері енгізілген.
 	XVIII ғасырда жасалған және 1798 жылғы фармакопеяға енгізілген дәрілік заттардың тізімі кейіннен XIX, XX ғасырлар фармакопеясын дайындау материалы болды. 1798 жылы фармакопея 1799 жылы Ресейде қайта шықты. 1825 жылы Италияда шығарса, 1830 жылы неміс тіліне аударылды. 1802 жылы екінші Ресей фармакопеясы орыс тілінде шығып, Ресей дәрігерлері мен дәріханашыларына үлкен роль атқарды.
   Дәріханалық жарғы және дәріханалық құн

Ресей фармациясының тарихындағы жаңалық 1789 жылдың 20- қыркүйегінде шыққан <<Дәрімен бағалау, оның ішінде: дәріханалық жарғы. Медицина шендеріне  лайықты төлем туралы жарғы>>  дәріханалық жарғысы пен дәріханалық құн шықты.  
Оның көп бөлігі (23 параграфтан 8-і) дәрілер сапасын жақсарту мәселееріне арналған.
Жарғыда: <<Дәріханашы жаңа, пайдалануға болатын қор жинау керек және қажетті дәрілерді қажетті мөлшерде  ғана дайындау керек>> деп жазылған (§3). Жарғы дәрілік заттарды  сату ережесін бекіткен.
1807 жылы 20 маусымында жыл сайын сыртқы істер министрлігімен қаралып отыратын, пайдалануға рұқсат етілген дәрілік заттардың бірінші реестрі бекітілді. 
Дәріханалық жарғы аздаған өзгерістермен өз қызметін 1857 жылға дейін сақтады.
I Петр реформаларынан бастап және II Екатерина патшалығымен аяқталған 100 жыл ішінде Ресей мықты Еуропа елдерінің біріне айналды. Ресей ғылымының дамуының ірі жетістігі -1725 жылы Петербор ғылым академиясының ашылуы болды. Академиядан орыс жастарынан ғылыми кадрларды дайындауға бастау болған университет құрылды. Типографияда оқу және медицина әдебиеттері басылды. 

7.  ХІХ  -  ХХ ҒҒ. РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС
 7.1  ХІХ ғасырдағы Ресейдегі дәріханалық іс

	ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дамыды. Жоғары білім деңгейі жаңа белеске көтеріліп, ғылыми мектептер қалыптаса бастады. 
	ХІХ ғасырдың басында Ресейдегі дәріханалардың даму жағдайына сипаттама бере келе, ішік істер министрі В.П.Кочубей (1768-1834) былай деген: <<ерікті дәріханалар Ресейде әлі де аз, астананы есептемегенде, губерниялардың кей аудандарында олар тіптен бір-бірден ғана>>.
	1802 жылы Ресейде фармация мәселелерімен айналысатын министрліктер, Медициналық коллегия құрылып, олар ішкі істер Министрлігіне қарады. 
	1810 жылы полиция министрлігі құрылып, ол Ресейдегі барлық медициналық істі жүргізді. 1811 жылы оның құрамына Медициналық департамент пен Медициналық кеңес енді, соңғысының құрамына дәрігерлер мен қатар дәріханалар енді. Медициналық кеңеске әскери ведомстваны дәріхананың заттарымен, ыдыс-аяқпен қамтамасыз ету мәселелері жүктелді. Медициналық департамент мемлекеттік дәріханаларды басқарып, жеке дәріханалардың орналасуын тексеріп, оларды бақылап, ревизия жасап отырды. 
	1819 жылдың аяғында полиция Министрлігі Медициналық кеңес пен Медициналық департамент бірлесе отырып, қайтадан ішкі істер Министрлігінің құрамына енді. 
	1836 жылы Медициналық департамент Медициналық департамент пен Қазыналық дәрігерлік дайындамалар департаменті болып бөлінді. Медициналық департамент ерікті дәріханалардың ашылуына рұқсат беріп және олар тәртіп бұзған жағдайда жабу құқығына ие болды, дәріханаларға тексеру жұмыстарын жүргізіп, дәріханалық және фармакопеялық  құнды бекітті. Қазыналық дәрігерлік дайындамалар департаменті армия мен флотқа арналған дәріханалық заттарды дайындауды жүргізіп отырды. 
	ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі дәрілік көмектің жағдайы қанағаттанарлықсыз болды. Оның бір себебі, дәріханаларды ашу үшін айтарлықтай бастапқы капитал қажет болды. 
	1851 жылы Ресейде 743 жеке дәріхана болды. Сол кездерде Ресейдің 150-ден астам қалаларында дәріханалар мүлде болмады. 
	1864 жылы үкімет дәріханаларды ашудың жаңа ережелерін бекітті. Басты қалалар үшін (Мәскеу, Петербор) бір дәріханаға жылына 12 мың адамнан және 30 мың рецептен келуі тиіс делінген. Губернияларға 10 мың адам мен 15 мың рецепт, уездерге 7 мың адам мен 6 мың рецепт мөлшері бекітілді. 
	1864 жылы земдік реформаға байланысты ауыл тұрғындарына дәрілік көмек көрсету үшін земдік дәріханалар құрылды. Олар белгілі бір мөлшерде тұрғындары бар жерлерде жеке дәріханалар негізінде ашылуы керек болды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі жақсы жолға қойылған земдік дәріханалар саны басында көп болмаса да, кейіннен оның саны арта түсті.  
	Земдік дәріханалардан дәрі босату тәртібі әр түрлі болды. Алғашқы кезде дәрі тегін болды, ал 70-ші жылдардың аяғынан бастап дәріге, <<кеңес беру>>, ыдысы, орамы және т.б. үшін ақы алынды. Әр жергілікті жер өз құнын белгіледі. Құн енгізу науқастардың дәріханаға келулерін сиретті, бұл кейбір жерлердегі дәріханалардың амбулаторлық сырқаттарды ақы төлеуден босатуға себеп болды.   
	Жергілікті дәріханалар тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету ісін жақсартуға көп үлес қосты. Бұған себеп, ол 1870 жылы Министрлік кеңесте фармацевтикалық сұрақтарды талқылауға ерекше қатысқан Петерборлық фармацевтикалық қоғам сайлаған екі депутаттың әсері болды. Осылайша, 1843 жылы Ресейде 1032, 1895- 3133, 1904 - 3757 дәріхана болды. Яғни, 60 жыл ішінде Ресейде дәріханалар саны 3 есе ұлғайды. 
	Дәріханалық жарғыға сәйкес 1905 жылы дәріханалар ашу құқығы өз губернияларын жақсы білетін губернаторларға жүктелді. Дәріхана ашу туралы өтініш жергілікті губерниялық дәрігерлік басқармаға тапсырылды, ол өз қортындысын губернаторға тапсырды. Дәрігерлік жарғыда гомеопатиялық  дәріханаларды ашуға талаптар келтірілді. Мәскеу мен Петерборда екі орталықты гомеопатиялық дәріхана ашуға рұқсат етілді. 1914 жылы Медициналық кеңес  гомеопатиялық дәріхана ашудың жаңа ережелерін қабылдады, оған сәйкес бұл мекемелерді фармацевтикалық білімі жоқ адамдар да аша алады делінген. 
	Дәріханалардан басқа ХІХ ғасырдың соңына таман Ресейде дәріханалық дүкендердің кең жүйесі пайда болды. Олар дайын дәрілік заттарды сатумен айналысты. Дәріханалық дүкендердің ашылуы сауда мекемелерінің ашылуымен теңестірілді. Бірақ оларға күшті әсер ететін және улы дәрілік заттарды сату ережелерін сақтап, дәрілік заттарды дайындауға тиым салынды. Дәріханаларды ашу туралы бұл ережелер айтарлықтай өзгеріссіз 1917 жылға дейін сақталып келді. 

7.2 Кеңес үкіметі тұсындағы дәріханалық жүйенің дамуы
	
	Қазан төңкерісінен кейін Ресейдің барлық тұрғындарының өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. 1914 жылы Ресейде 4932 дәріхана болды, олардың көбі орталықта шоғырланды. Дәріханаларда 10500 фармацевт жұмыс атқарды, олардың ішінде 3150-і жоғары білімді болды. 
	Бірінші дүние жүзілік соғыс тұсында және оның соғына қарай (1914-1918) тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету өте ауыр жағдайда болды. Бұл жағдайда 1917 жылы Петерборда Әскери-кеңестік комитетте Медико-санитарлық бөлім ұйымдастырылды. Жергілікті Кеңестерде фармацевтикалық бөлімшелері бар медико-санитарлық бөлімдер құрылды. 
	1918 жылы 28 желтоқсанда В.И.Ленин дәріханалар мен басқа да дәріханалық мекемелерді халықтандыру туралы РСФСР халық комиссарлар Кеңесінің декретіне қол қойды. Бұл декрет бойынша барлық дәріханалар жеке меншіктің қолынан алынып, денсаулық сақтаудың Халық комиссариатының құзырына берілді, оның құрамында фармацевтикалық бөлімдер де болды. 
	Кеңестік республиканың даму жағдайына қарай дәріханалық істі ұйымдастыру, дәріханалық мекемелердің түрлері мен әдістері өзгертілді. 
	1919 жылы фармацевтикалық бөлімшелердің  Бүкіл Ресейлік съезі өтті, онда дәрілік көмек қол жетерлік, жылдам әрі тиімді болуы керек делінген. Бұл кезеңде ел іші дәрі-дәрмек тапшылығын бастан кешірді. Дәріханалар саны кеміп, тұрғындар дәрілік көмекті емдік-профилактикалық мекемелердің құрамында болған дәріханалардан ғана ала алды. 
	1922 жылы дәріханалық істі қайта жандандыру мен дамыту үшін дәріханаларға шаруашылық есеп енгізілді. РСФСР денсаулық сақтау халық комиссарларының  фармацевтикалық бөлімінің өкімі боынша әрбір дәріханаға дайындалатын дәріні тексеріп отыратын бақылаушы бөлінді. 1923 жылы елдің ірі қалаларында дәріханалық мекемелерде алғаш рет аналитикалық-бақылау зертханалары құрылды. 1925 жылы бірінші Кеңестік фармакопея құрылды. 
	1924 жылы 1 сәуірде РСФСР  - де дәріханалық басқармалар құрылымындағы өзгерістердің қиындығына қарамастан, 1956 емханалық және 3430 амбулаторлық дәріхана болды. 1925 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 1223-ке жетті. Жеке меншік емханалар саны үнемі кеми отырып, 126 жылға қарай олар дәріханалық іс аймағынан шығарылып тасталды. 
	1928 жылы РСФСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты Орталықтандырылған дәріханалық бекет құрып, ол тұрғындарға дәрілік көмек көрсетуді ұйымдастыру, дәріханалардың жоспары мен құрылымы мәселелерін шешіп отырды. 1931 жылы ол Ғылыми-зерттеу бекетінің орталығы болып өзгертілді. Сол жылы Денсаулық сақтау халық комиссариаты құрамындағы экономикалық кеңестің қаулысымен Мемлекеттік дәріханалық қауымдастық (РАПО) құрылды. 
	Бірінші бесжылдықта (1929-1932) дәріханалар саны 40% өсті. 1935 жылы РАПО базасының құрамынан Бас дәріханалық басқарма құрылды, оған аймақтық және облыстық денсаулық сақтау бөлімдері қарады. 1936 жылы ССРО денсаулық сақтау Министрлігі құрылып, оның құрамында Дәріханалық инспекция өз жұмысын бастады. 
	1937 жылы екінші бесжылдық аяқталды. Бұл кезде Ресейдегі дәріханалар саны 2900-ден 8500-ге дейін артты. 1937 жылы елде 31 мың фармацевт болып, олардың 6 мыңнан астамы жоғары білімді болды. 
1940 жылы дәріханалық іс нақты ұйымдастырылған құрылымымен ССРО Денсаулық сақтау халық комиссариаты құрамына енді. Бұл кезде ССРО 9273 дәріхана және 1400 дәріханалық дүкендер, 13864 дәріханалық бөлімшелер, 270 дәріханалық қоймалар, 149 галендік-фармацевтикалық фабрикалар мен зертханалар қызмет атқарды. 
Ұлы Отан соғысының басталуымен елдегі дәріханалық жүйе көп шығынға ұшырады. 1941-1942 жылдары фармацевтердің саны екі есеге кеміді. Соғыс жылдары дәріхана қызметкерлерінің алдында жаңа дәрілер дайындап, дәрі-дәрмекті шығаруды ұйымдастыру мәселелері тұрды. 
Ұйымдастыру, экономикалық және технологиялық мәселелерді шешу мақсатында 1944 жылы РСФСР Денсаулық сақтау министрлігінде ғылыми-зерттеу институтының орталығы ашылды. 1946 жылы ССРО-да дәріханалар саны соғысқа дейінгі дәріханалар санынан екі есеге артты. Бірақ дәріханалық жүйе кадрлар, жабдықтар, дәрі-дәрмектер тапшылығын бастан кешірді. 
Осыған байланысты 1945 жылы ССРО Бас дәріханалық басқармасы құрылып, оған елдегі дәріханалық істі жалпылай басқару мен қамтамасыз ету ісі жүктелді. 
Бесінші және алтыншы бесжылдықтарда дәріханалық істі кеңейтуге басты назар аударылды. Жаңа өнеркәсіптік аудандарда және тың және тыңайған жерлерді игеру аймақтарында дәріханалар салына бастады. 
Жетіжылдықтың соңына қарай (1959-1965) ССРО 19288 дәріхана болды (оның 9513-і қалалық және 9715-і селолық болды). Дәрілік заттармен қамтамасыз ету соғысқа дейінгі уақытқа қарағанда 5 есе өсті. 
1970 жылдың 1 шілдесінен бастап <<ССРО мен одақтас республикалардың денсаулық сақтау туралы заңдарының негізі>> күшіне енді. Бас дәріханалық басқарма осы <<Негізге>> сүйене отырып, дәріханалық мекемелер туралы, дәріхана қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері туралы ережелер мен құқықтық құжаттарды жүргізе бастады. 
Оныншы бесжылдықта (1976-1980) елдегі дәріханалар саны 1880-ге артты (соның ішінде селолық жерлерде 487-ге артты). Қалаларда дайын дәрілік өнімдерді, балаларға арналған дәрі-дәрмектерді босататын дәріханалар құрыла бастады. Ірі емханаларда дәріханалық бөлімшелер ашыла бастады. Оныншы бесжылдықта сырқаттың негізгі түрлерін емдеуге арналған дәрі-дәрмекке қажеттілікті анықтаудың әдістемелік негізін жасап шығарып, дәрі-дәрмек қажеттілігіне математикалық әдіспен және ЭЕМ  - ның көмегімен  болжамдар жасала бастады. 
Онбірінші бесжылдықта 1985-2010 жылдарда дәріханаардың дамуына болжамдар жасалды. Дәріханалық жүйені жетілдіру жоспаранып, бір дәріхананың адамдарды қамтамасыз ету мөлшері 7-8 мың адамға азайды. 1986-1990 жылдары денсауық сақтау мен фармация аясындағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге үлкен әсерін тигізетін ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстарын қарқынды атқару көздеді. Едің денсаулық сақтау саласы нарықтық экономикаға көше бастады. 
Он екінші бесжылдықта дәріханалық жүйелерде сатылатын медициналық өнімдердің деңгейі өте жоғары болды, ол ХІ бесжылдықтағы 855 млн-ға қарағанда 2198,2 млн-ды құрды. ССРО дәріханалық қызметі өзінің масштабы бойынша, дәріханалар жүйесінің саны, кадр ресурстары, сатылатын дәрілік заттарының көлемі бойынша 1990 жылы әлемдегі ең ірілердің бірі болды. Экономикалық реформалар жағдайында дәріханалық қызметті басқарудың сапалы жаңа түрін енгізу қажет болды. ССРО Денсаулық Министрлігінің ГАПУ бастығы А.Д.Апазов барлық деңгейлерде <<Фармация>> бірлестігін құруды ұсынды. Мұндай бірлестіктерді құру мақсаты басқару аппараты құрылымын ұйымдастыруды жүйелі түрге енгізу негізінде дәрімен қамтамасыз етуді ұлғайту, қатарласа қызмет атқаратын ұйымдарды жою, әкімшілік-басқарма қызметкерлерінің санын кеміту болып  табылады. Бірақ елдегі экономикалық тоқыраудың әсерінен дәріханалық жүйенің әрі қарай дамуы кідіріп қалды. Үкіметтің бірқатар: дәрі шығаратын 37 зауоттың құрлысы туралы, дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту шаралары  туралы, тұрғындар денсаулығын ары қарай жақсарту шаралары туралы қаулылары жүзеге аспай қалды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді толық қанағаттандыру үшін 1991 жылы денсаулық сақтау саласына 5 млрд. сом валюта бөлу қажет болды, оған шет елдерден тек дайын дәрі өнімдерін ғана емес, техника мен жабдықтар алуға, соның нәтижесінде сатып алынатын дәрілер көлемін кемітпей-ақ, едегі дәрі өндіру базасын дамыту көзделді. 
                                       
7.3  ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық іс

Фармацевтикалық қызмет өз бастауын ХІХ ғасырдың ортасынан алады. Қазақстанның Ресейге толығымен қосылуының соңына таман (1847 жылы соңғы болып Ұлы жүз қосылды) патша үкіметінің саясаты орыстың кедей шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру, зауоттар салу, пайдалы қазбалардың орнын іздестіру болды. Бұл тұрғындар санын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, саяси жер аударылғандар санының артуына (соның ішінде медицина қызметкерлерінің), қоғамдық өмірдің жоғарлауына әсерін тигізді. Қазақ және орыс тұрғындарының тұрмыс жағдайларының төмендеуі салдарынан олардың даладан қалаға қоныс аударулары (миграция) жиіледі. Медицина мен дәріханалық істі дамытудың зор қажеттілігі туындады. 
Азаматтық дәріханалар пайда болғанға дейін жақын елдерден әкелінетін дәрілік заттарды сатып алу және сатумен садагерлер айналысты. Бұл сауданың теріс жақтары, ол дәрілерді медициналық білімі жоқ адамдардың сатуы мен олардың күшті әсері бар және улы дәрілерді сатуда пайдасын ғана ойлайтындықтары болды. Қазақ халқы емдеу ісінде тамыры тереңде жатқан халықтық медицинаның бай тәжірибесіне сүйенді. Мистикалық әрекеттермен қатар емдеуде сол кездің өзінде Еуропа мен Ресей медицинасына танымал болған кейбір шөптер мен тамырардан жасалған дәрілерді қолданды. 
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының соңына қарай Ресейлік ғылым  Академиясы Қазақстан аймағындағы өсімдік әлемін зерттеуді қолға алды. 1838 жылы Зайсан көлінің жағасы мен Ертіс өзенінің алқаптарына дәріханалық шәкірт Афанасий Политов жіберілді. Экспедиция кезінде ол 321 өсімдік түрін жинады, оның көбі дәрілік өсімдік болды. 
Қазақстандық өсімдіктер әлемін зерттеуге Г.С.Карелин зор үлес қосты. 1840-1845 жылдар аралығында Қазақстан аймағы мен Алтайда ол 90000-нан астам өсімдік түрлерін жинады (оның 400-ден астамы емдік өсімдіктер), олардың біразы осы күнге дейін Мәскеу мен Ленинград университеттерінің қорында сақталып келеді. 
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Ташкент қаласының әскери азаретінің дәріханасында қызмет атқарған фармацевт Р.Пальм қазақтар қолданылатын 200-ден астам дәрілік өсімдіктерді сипаттаған. 
Азаматтық тұрғындарға ақылы дәрі босататын алғашқы дәріханалар 1836 жылы Оралда ашылды. Ол ұзақ уақыт бойы Қазақстандағы жалғыз дәріхана болды (тарихшы В.Л.Инночкиннің айтуы бойынша алғашқы дәріхана 1833 жылы Ордада, Бөкей ханның әкімшілік орталығында Жәңгірдің ықпалымен ашылған делінген). 
Қазақстан аймағындағы (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы) алғашқы азаматтық медициналық қызметкерлердің пайда бола бастауымен, қазақ халқына медициналық көмек көрсетіле бастады, ол қызметкерерге дәріханалар ашуға рұқсат етілді. 
Алғашқы қазақ-фельдшерлерге арналған арнайы <<Қырғыз ауыдарының медициналық және мал дәрігерлік фельдшерлері туралы>> ережесі енгізіліп, оның бір тармағында  -  <<емдік шөптерді жинап, олардан қор жасалсын>> делінген. Бұл ереженің арнайы бір бабында <<қырғыздар (қазақтар) қолданатын жергіікті едік заттар туралы ақпарат жинап, сол ақпараттарды уездік дәрігерге тапсырып отыру керек>> делінген. 
Жүргізілген реформалардан кейін 1867-1868 жылдары арнайы ереже бойынша әрбір уезде мемлекеттік уездік дәріханалар ұйымдастырыды. Олар өте төмен жағдайда боды, дәрілік заттар мөлшері шектеулі болды. Дәрі-дәрмектерді жұмысбасты дәрігерлер мен фельдшерлер таратты. Тегін дәрілік заттар байырғы тұрғындар мен қоныстанушыларға жылына 150-200 сом көлемінде босатылды, сондықтан да, дәрігерлер көбіне жергілікті емдік шөптерді пайдаланды. Әскери госпитальдер орналасқан жерлерде тұрғындар дәрі-дәрмекті лазарет дәріханаларынан алды, ал уездерде тұрғындарға дәрілік көмекті қабылдау бөлімдері көрсетті. Халықтың дәрі-дәрмекке қажеттілігі өте жоғары болды, бұны сол жылдардағы есеп беру құжаттарынан көруге болады. 
Кейіннен ақылы дәрі босататын дәріханалар Семейде, Петропавлда ашылды, ал 1875 жылы оның саны 6-ға жетті. Жеке меншік дәріханаларға қажетті көңіл бөлінбеді. Олар дұрыс жабдықталмады. 
Петропавлдағы бірінші дәріхананы Бухгольц ашты. 1881 жылы провизор А.П.Эберт оны арендаға алып, кейіннен 1886 жылы өзінің жеке меншігіне алды. Ол Ақмолада дәріхана ашуға ниеттенді, бірақ оған жергілікті әкімшілік оған саяси көзқарасы төмен деп рұқсат бермеді. 
Верный қаласындағы бірінші дәріхананы 1882 жылы провизор И.Е.Сенчиковский ашты. Ол 1884 жылы Жаркент қаласында, 1889 жылы Пржевальскіде дәріханалар ашты. Балаларына репетитор болып, отбастарына жиі келіп жүретін М.В.Фрунзе ол адамның демократ екенін атап өткен болатын. 1884 жылы жер аударылып келген В.Иньковке Өскемен қаласындағы дәріханада дәрігерлердің бақылауымен фармацевт қызметін атқаруға рұқсат етілді, ал келісімде ол дәріхананы басқара алмайды делінген. Бірақ соған қарамастан, ол В.Иньков өзі дәріхана ашып, ол біраз жылдар бойы қызмет көрсетті. 
80-ші жылдардың соңына қарай Қазақстанда небары 3 фармацевт қызмет атқарды, қалған дәріханаларда дәрігерлер мен кәсіпкерлер жұмыс атқарды. 
Алғашқы провизор болған қазақ-дәрігерлерінің бірі- Әміре Дурмухамбетович Айтбакин. Ол 1860 жылы көшпенділер отбасында дүниеге келген. 1889 жылы ол Томск университетінің медицина факультетіне түсті. Оны бітірген соң, Катон-Қарағай селосында қызмет атқарып, ол жерде амбулатория мен дәріхана ашты. Дәріханаға Семей мен Өскеменнен дәрі-дәрмектер әкелінді, дәрі-дәрмектердің бір бөлігін ол өзі дайындады.
Орталық Қазақстанда медициналық көмекті құрамында - дәрігер, фельдшер, акушер бар бір дәрігерлік бөлімше көрсетті. 1880 жылы болыстық фельдшер қызметі пайда болғанда, халыққа медициналық көмекті Омск училищесін бітірген фельдшерлер көрсетті. Олар Омскідегі фельдшерлік мектепті үзік аяқтаған Баже Мыгнатов, Хасен Бижанов, Қандыбек Бердібеков, Татыбек Шыңғысов, Айбас Байтабановтар болды. Олар жұмысқа фельдшерлік құралдарымен аттанды. Дәрі-дәрмектер, хирургиялық құрал-саймандар, таңу материалдары, дәріханалық ыдыстар алу үшін оларға жылына 20 сом бөлініп тұрды. Бұл қаражат өте аз болғандықтан, олар көбіне өз қаражаттарын жұмсайтын еді. 
Бүгінгі Қарағанды облысының аймағындағы бірінші дәрігерлердің бірі Жаңабай Ниязбеков болды, ол 1900 жылы Омскідегі медициналық институтты аяқтаған. Ол өте сезімтал, қайырымды болды. Өз қаражатына дәрі-дәрмектер алып мұқтаж жандарға таратып отырған. 
1900 жылға қарай Қазақстандағы дәріханалар саны 18-ге жетті. Тұрғындар саны 4472 мыңға артып, бір дәріханаға 249 мың адамнан келді. 
                                       
                                       
7.4  ХХ жүзжылдықтағы Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы

ХХ ғасырдың басында қоныстанған селоларда, темір жол бекеттерінде дәріханалар пайда бола бастады. 1907 жылы Қостанай облысының Федоровка селосында, Челкар бекетінде жеке меншік дәріханалар ашылды. 
Фармацевтер саны өте баяу, жылына 2-3 адамға артып отырды. 1910 жылы олардың саны 44 болса, 1915 жылы- 64 - ке жетті. Олардың ішінде 17-сі провизор әрі дәріхана иелері болды, 47-сі провизорлар көмекшісі міндетін атқарды. 1915 жылы бір фармацевтке 78000 адамнан келді. Революцияға дейінгі Қазақстанда фармацевтикалық кадрлар дайындау ісі болмады. 
Дәріханалар бақылаусыз болып, дәрілердің бағасы мен сапасын ешкім тексермеді. Дәрі-дәрмектер өте қымбат болғандықтан, тұрғындар дәріханаларға сирек келетін болған. 
1917-1919 жылдары елде азамат соғысы жүріп жатты, аштық пен эпидемия тұрғындардың дәріханаларға келуіне әсерін тигізді. 
1919 жылы кеңес үкіметі дәріханаларды жалпы халықтық етті. Олар уездік және губерниялық  денсаулық сақтау бөлімшелерге берілді. Дәрімен қамтамасыз ету өте баяу жүрді, бір дәріхана 100 мыңнан аса адамға қызмет көрсетті. 
Осы қиын уақытта фармацияның аса көрнекті қайраткерлерінің бірі Ахмет Раимбеков болды. Ол 1880 жылы Қарқаралы ауданының Катон селосында дүниеге келген. 1917 жылға дейін Семейде, Ақмолада фельдшер болып қызмет атқарған, революциядан кейін Қарқаралыда, Көкпектіде, Катон-Қарағайда дәріханаларды басқарды.
1921 жылы 10 маусымда Қырғыз денсаулық сақтау комитетінде фармацевтикалық бөлім құрылып, оны Я.К.Пикман басқарды.оның міндеті дәріханалық істі қайта құру болды. 1922 жылдың басына қарай Қазақстанда 33 фармацевт болды. 
1922 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина саудасы  құрылып, оның мүшелері жергілікті жерлерде дәріханалық жүйелер мен емдік мекемелерді дайын дәрілік өнімдермен қамтамасыз етумен айналысты. Олар галендік өнім шығарумен айналысты. Бұл жұмыстардың жүргізілуіне Бесенғали Абдрахманов зор үлес қосты, ол 1914 жылы Воронежде фельдшерлік мектепте оқыған  болатын. Ол Қырғыз мемлекеттік медицина саудасын  басқарды. Оның басқаруымен дәріханалық мекемелер саны 1927 жылдың өзінде 127  - ге жетті. 
1928 жылы Қазақ мемлекеттік медицина саудасы  Қазақстандық дәріхана басқармасы болып өзгертілді, оның бірінші төрағасы Мәжит Мұхаметжанұлы Чумбалов  болды. 1929 жылдың өзінде 47 селолық дәріхана мен бір дәріханалық қойма болды. 1931 жылы М.М.Чумбаловтың басқаруымен Семейде бірінші Қазақстандық фармацевтикалық мектеп ұйымдастырылып, Алматыда Орталықтандырылған дәріханалық қойма ұйымдастырылды. 
Арнайы фармацевтикалық білімі бар, республиканың еңбек сіңірген фармацевті Қуанышбай Махмудович Умекенов болды. 1928 жылы Ташкентте медициналық техникумның фармация бөлімін аяқтап, ол қазақстанға оралып Қазақстандық дәріхана басқармасында қызмет атқарды. 
Қазақстанда фармацевтикалық оқу орындары болмады, сондықтан оқығысы келгендерді Ташкенттегі фармацевтикалық техникумге жіберіп отырды. Сондай-ақ РСФСР-дің фармацевтикалық оқу орындарына да тыңдаушылар жіберіліп отырды. Бірақ бұл жолмен дайындалған фармацевтер саны әлі де жеткіліксіз болды. Сондықтан ҚазАССР Халық денсаулық сақтау коммисариаты 1931 жылы Семейдегі акушерлер мектебін фармацевтикалық техникум ретінде қайта өзгертті. 
1934 жылы Қазақстандық дәріхана басқармасының бастығы болып Таминдар Гильмутдинович Жанұзақов тағайындалды. Ол 1895 жылы туған. 1919 жылдан бастап партия саласында қоғамдық қызмет атқарған. 1937 жылы жедел түрде Семейдегі фармацевтикалық техникумды аяқтады. Оның басшылығымен қозғалмалы дәріханалық мекемелер ұйымдастырылып, аналитикалық-бақылау зертханалары ашылды, алғаш рет Қазақстан аймағында фармацевтикалық фабриканы ашуды қолға алды. 
Соғыс уақыт алдында республикада 313 дәріхана болды, оның ішінде 26-сы күні-түні жұмыс атқарды, жоғары білімді фармацевтер саны 51-ге жетті. 
Ұлы Отан соғысы жылдары дәріхана қызметкерлерінің алдында тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Эвакуацияланған фармацевтермен дәріханалар штаты толықты. 1944 жылдың 1 қаңтарында дәріханалық мекемелерде 291 эвакуацияланған фармацевтер қызмет атқарды, олар барлық кадрлардың 30% құрады. 
Барлық облыстарда галендік-фармацевтикалық зертханалар кеңейтіліп, жаңадан үш зертхана ашылды. Алматы галендік-фармацевтикалық зертханасы дәрі-дәрмектерді көп мөлшерде шығара отырып, ол соғыс жылдары үлкен кәсіпорынға айналды. Ол ьжерде парафинді тазалайтын құрылғы жасалып, жаралыларға аса қажет парафин майының қосылыстарын жасап шығарды. 
Қазақ мемлекеттік университетінің органикалық химия кафедрасында наркозға қажетті таза эфирді жасап шығару жолға қойылды. 
Қазақстандық дәріхана басқармасының шешімімен Шымкент химия-фармацевтикалық зауодында дарминдік майды шығару қайта қолға алынып, негізгі азотты-қышқыл висмут пен никотин қышқылын шығару меңгерілді. 
Бес жыл ішінде (1946-1950) 61 дәріхана, 752 дәріханалық бөлімше, 100-ден аса дүңгіршек, 2 аналитикалық-бақылау және бір галендік-фармацевтикалық зертхана, 44 аналитикалық стол ашылды. 
Алғашқы ғалым-фармацевтер пайда болды. Олардың бірі Салкен Хасенұлы Субханберлин, ол 1914 жылы Павлодар облысының Баян-Ауыл ауданында дүниеге келген. 1933 жылы Семейдегі фармацевтикалық мектепті аяқтап, 1935 жылдан бастап 1938 жылға дейін оны  басқарды. 1938-1941 жылдары Алматыдағы облыстық дәріхана басқармасын басқарып, одан кейін партия саласында қызмет атқарып, 1948 жылы Қазақстандық дәріхана басқармасының бастығы болды. Жоғары білімді ол И.М.Сеченов атындағы І Мәскеулік медицина институтының фармацевтика факультетінде білім алды. 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады (алғаш рет қазақ тілінде). 72 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 13 ғылыми кітап пен монография, 300-ден астам медицина мен фармация туралы  стаьялар, қазақ тілінде 14 көркем пьеса жазған. Қазақстанның денсаулық сақтау және медицина мұражайына  оның есімі берілген. 
Фармацевтикалық кадрлардың жеткіліксіздігінен 1951 жылы Қазақ медициналық университетінде фармацевтикалық факультет ашылды, оған 50 адам қабылданды. 1953 жылы Алматыда, Қостанайда, Оралда, Петропавл мен Шымкентте жыне Қазақстанның орталық қалаларында да ашыла бастады. 
1965-1966 оқу жылында Алматы медициналық университетінің фармацевтика факультетіне 150 адам қабылданды. 
Жаңа құрылған совхоздардағы бөлімшелік емханалар мен фельдшерлі-акушерлік бөлімдер медициналық жабдықтармен, құрылғылармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. 
Провизорлар мен фармацевтердің біліктілігін жоғарлату мақсатында Алматы институтында 1965 жылы фармацевтикалық пәндер кафедрасы ашылып, онда дәріхана меңгерушілері, химик-аналитиктер, бақылаушы-рецепторар мен фармацевтикалық инспекторлар біліктіліктерін жоғарлатты. 
Қазақстанда дәріханалық істің қалыптасуы мен дамуына мынадай көрнекті фармацевтер ат салысты: Б.А.Абдрахманов, Ш.Г.Аймаков, В.А.Александров, Р.М.Водовозов, Г.С.Гершкович, М.М.Гольдман, Н.Д.Дауленов, Т.Г.Жанұзақов, Н.Д.Жучков, М.Т.Зимин, Г.Н. Канакаева, М.Л.Климинский, И.Б.Курцер, Н.Д.Кустанович, Н.Ю.Ливитин, М.А.Лоскутов, Б.А.Паникаровский, И.А.Пивень, А.И.Полумисков, И.Р.Сафран, С.Е.Таращинский, М.С.Тютюнников, К.М.Умекенов, Ф.М.Хомнюк, В.Р.Циринский, М.М.Чумбалов, М.С.Шамов.
Ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы арнай үкіммен <<Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген фармацевті>> деген құрметті атақты бекітті. Алғашқы болып бұл атаққа ие болғандар: З.Х.Валиева, В.М.Макарова, И.В.Мельниченко, Л.Ф.Пластун (Соколова), Е.Г.Симоненко, С.Х.Субханбердин,  Н.Г.Татимова, Н.М.Шутюк.
Қазақстанның дәріханалық ісінің даму сараптамасы алғашқы дәріханалық жүйенің негізін қалаған бірінші фармацевтер және олардың ізін басушылар еліміздегі тәжірибелік және ғылыми фармацияның дамуна үлкен ықпал еткендігін көрсетеді. 
Тәуелсіз Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінде ұйымдастырылған (1993) фармакологиялық комитеттің ашылуынан өзінің соңғы күндеріне дейін Николай Дмитриевич Беклемишев оның ең қадірлі мүшесі болды. Оның қатысуымен және оның зор эрудициясы мен халықаралық мәртебесінің арқасында Қазақстанда барлық халықаралық талаптарға сайдәрілік және иммунобиологиялық дәрі-дәрмектердің сараптамасы мен тіркеуінің мемлекеттік жүйесі құрылды. Ол бірінші отандық <<Дәрілік заттармен жұмыс істеу ережесінің>> авторы.
Облыстағы өсімдік заттардың фитохимиялық жағынан зерттеуге және соның нәтижесінде дәрі-дәрмектер жасаушы алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі болып ҚР ҒБМ фитохимия институты табылады. Ол 1995 жылы Қарағандыда құрылған. Бүгінде ол өзінің химиялық, фармакоогиялық, ботаникалық және биотехнологиялық саладағы 16 ғылыми-зерттеу зертханалары бар ірі ғылыми-өндіруші комплекс, 44 га. ботаникалық бағы бар, 3 га. дәрілік өсімдіктердің тұқымының  питомнигі, 1574 га. дәрілік заттарға тәжірибе жасайтын шаруашылығы және фитодәрілерді шығаруға тәжірибе жасайтын цехтары бар. 
Бұл жерде 243 адам қызмет жасайды, оның ішінде бір ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, 8 доктор мен 39 ғылым кандидаты бар. Институтты химия ғылымдарының докторы, профессор С.М.Адекенов басқарады, ол ісікке қарсы бірінші отандық дәрі ойап тапқан адам. Бұл ашылу жас ғалымды бүкіл әлемге танытты. Оның есімі Биологиялық орталықтың ықпал етуімен Кембридждегі әлемдегі ең танымал тұлғалардың тізіміне енді. 
Қазақстанның ХІХ-ХХ жүзжылдықтарындағы дәріханалық іс пен өзін фармацияға арнаған адамдар тарихы осындай.  


* НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ
                                       
Қазақстан экономикасының барлық тармақтарында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде дәрілік заттардың өндірілуі мен таратылу жүйесін басқару өзгерді.
1995 жылға дейін тұрғындарды және денсаулық сақтау орындарының дәрімен қамтамасыз етілуі мемлекетпен басқарылатын және қарапайым, бірақ тиімді құрылым болатын. Жұмыстың негізгі принципі келесі шарттарды орындауда: мемлекет бөлген дәрілік заттарды республикаға тарату, олардың дәріханаларда бағаларының бірқалыпты болуы. Бұл көп өзгерістерге ұшырады  -  дәрілермен қамтамасыз етудің орталықтанған жүйесі сұраныстар мен ұсыныстарға негізделген жеке меншік фармацевтиканың нарықтық жүйесіне ауыстырылды. 
Мемлекеттің дәріхана мекемелерінің нарықтық формаға ауысуы әдістемелік және ереже-құқықтық негіздерінің шарттарынсыз іске асты. <<Фармация>> мемлекеттік мекемелерінің демонополизациясы нәтижесінде нарықтық экономикада жаңадан құрылған иелік етуші субъектілер пайда болды. Олар 1997 жылға дейін, яғни денсаулық сақтау орындары мен тұрғындарды дәрілермен қамтамассыз ету бағдарламасы мемлекет меншігінде болатын. Жаңа түзілген иеліктердің 95,7% мемлекттік емес меншік формасын құрды. 1995  -  1998 жыдары медикаменттердің сақталуы мен пайдаланылуы республикада  20  -  дан  2400- ге дейін өсті.
Барлық экономикалық қатынастарда сонымен қатар фармацевтикада міндетті екі жақтың қатынасымен тығыз байланысты: сатушы және сатып алушы, өндіруші және тұтынушы. Бірақ фармацевтика сферасында сонымен бірге үшінші делдал бар, яғни ол фармацевтикалық өнімдердің жеткізілуі мен сатылуына жауап беретіндер (олар бірнеше болуы мүмкін). Бұл үш тізбек өз ара ең маңызды мәселені шешу керек -  жеткізілетін медикаменттердің тиімді есебін өз ара келісу. Отандық фармацевтика саласында делдалдардың көп мөлшерде пайда болуы Қазақстанға тән теріс жақтармен көрінеді. Ол бір дәрілік заттың тек әр түрлі аудандарда ғана емес бір қала ішінде ең төменгі және ең жоғарғы бағасының өте үлкен айырмашылығынан байқалды. 
Бұл кезде бағалардың айырмашылығы делдалдардың санына пропорционал. Өйткені олардың әр қайсысы өз табысын есептейді. Дәрілердің бағасының айырмашылығы он есе және одан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан дәрілердің бағасының мәселері  ең маңызды мәселелердің бірі, себебі көптеген дәрі-дәрмектерге, бағасы қымбаттығынан, тұрғындардың қолы жетпейді.
Кейде аурухана бас дәрігерлері мемлекеттік бюджет бөлген қаражат есебінен дәрілерді жеке меншік фирмалардан екі  -  он есе жоғары бағамен сатып алады. Дәрігерлердің дәрілік заттардың сатылуына қатысуын мүлдем тоқтату керек, барлық мемлекттерде бұл жазылмаған заң қатарына жатады. Дәрігер мен провизордың ара қатынасын түзету арқылы науқас адам сапалы препараттар мен жақсы ем қабылдай алады.
Дәріханаларды дәрілермен қамтамассыз ету дұрыс басқарылма-ғандықтан, барлық аудандарда медикаменттердің азаюына, рецептурасыз және сапасы төмен дәрілерге сұраныс өте жоғарлап кетуіне алып келді. Сонымен қатар бұл мәселе қатаң конкуренция принципіне негізделген. 
Тауар өндіруші дәріханалардың 99% жеке меншікте. Медикаменттердің көтерме өндірмесі мен 2400 компания айналысады. Көтерме мекемелердің негізгі бөшегі мемлекеттік емес меншікке жатады: 84 - кіші кәсіп орын субъектілеріне, 8% - ашық акционерлік қоғам үлесіне (барлық сауда көлемінің 10%), мемлекеттік және біріккен мекемелердің үлесіне қалған 8% (барлық сауда көлемінің 10%) келеді. Көптеген ұйымдар ірі тасмалдаушылар болып табылады.  Оларда бүкіл Қазақстан  территориясына дәрі тасымалдауға болатын Республикалық лицензиясы бар. Олардың көбісі Алматыда орналасқан.
Дәрілік қамтамассыз етуді қаржыландыруда негізгі шарттар және бұл процесті басқару  - тек үкіметтің ғана сұрағы емес. Мұнда дәріханалық мекемелердегі жұмысшылардың жұмысының схемасы мен стилін өзгерту және де емдеу мекемелерінің  дәрігерлерінің де, сонымен бірге тұрғындардың өз денсаулықтарына көз қарасын өзгерту өте маңызды.
Бұл кезде дәріханалық жүйелердің реттелуі мемлекет қолына көшеді. Өйткені өндірілетін дәрілік заттардың 30  -  40% мемлекет және міндетті медициналық сақтандыру қорлары қаржыландырады. Сондықтан мемлекет бюджеттік шығындарды өзі қадағалап отыруы керек. Реттелу механизімі ретінде әлеуметтік және ауыр созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға мемлекеттік емдік бағдарламалар ұйымдастыруға болады.
Соңғы жылдарда фармацияның белсенді дамуы үшін мемлекетте тәуелсіздік жылдарында не істелгенін еске түсіру керек. 
	Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың фармация мәселелеріне арналған ереже құқықтық құжаттың Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінде 05.08.1992 жылдан бастап   №  657 <<Нарықтық қатынастарға өту жағдайында денсаулық сақтауды шыңдаудың жедел шаралары>> Қаулысы қабылданды. Бұл Қаулының негізінде Денсаулық сақтау министрлігінде дәрілік зат сапасын бақылау Басқармасы құрылды. Бұл Қаулымен <<Фармация>> холдингі құрылды. Сондықтан қазіргі Қазақстан Республикасының фармацевтикалық экономикасы 1992 жылдан бастап құрыла бастады деген негіз бар.
1993 жылы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Министрлер Ка-бинетінің № 1090 <<Дәрілік заттардың медициналық белгілердің және ем-деу профилактикалық өнімдерінің сапасын мемлекттік бақылау>> Қаулысы қабылданды. Бұл Қаулы бойынша дәрілік заттың сапасын қадағалау жүйесін ұйымдастыру денсаулық сақтау министрлігіне жүктелді. Бұл қызметті орындау үшін Денсаулық Сақтау министрлігінде Фармакопеялық және Фармакологиялық Комитеттер құрылды. Дәрілік затттардың сапалық бақылауын басқару фармацевтикалық инспекциянаң құрлуына әкелді.
Осы жылы <<ҚР фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы>> 18.11.1993 жылғы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы бойынша фармацевтикалық өндірісті дамыту Концепциясы қабылданды және Денсаулық Министрлігі ғылым мен жаңа технологиялвр Министрлігімен бірлесе фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға кірісті. Ол үшін Денсаулық Министрлігінде 1994  жылдың басында фармацевтикалық және медициналық өндіріс Басқармасы құрылды және оған дәрімен қамтамасыз етудің барлық  міндеттері жүктелді.
Қайта құрылған Денсаулық Сақтау министрлігінің Басқармасы дәрілік зат айналымдағы тәртіпті түзетуден бастады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінде 18.04.1994 жылы № 398 <<Медициналық және емдік-профилактикалық тамақтану өнімдерінің, фармацевтика өнімдерінің сапасын, сертификациясы мен стандартизациясын қадағалайтын біртұтас мемлекеттік жүйе туралы>> Қаулысы қабылданды. Осы Қаулы негізінде Денсаулық Министрлігінде саудаға түсетін медикаменттердің міндетті тіркелуі жүретін  мемлекеттік <<Медстандарт>> Мемлекеттік ғылыми- өндірістік орталық құрылды.
Инфляция, қаржылық дағдарыс, мемлекеттік қаражаттың жеткіліксіздігі  дәрілердің бағасының есепсіз өсуіне әкелді, ал ол өз кезегінде тұрғындардың дәрілерді пайданылуының төмендеуіне әкеп соқтырды. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігіне дайындалған ЮСАИД баяндамасы бойынша  1994 жылы 21 қарашасынан <<...Қазақстанға керекті бір жылдық дәрілердің жалпы құны 1993 жылмен салыстырганда 154 есе көбейген>>.
Бұл жағдайды түзету үшін фармацевтикалық сектордың шыңдалуы қажет. Сондықтан 10.04.1995 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінде № 444 <<Мемлекеттік акционерлік холдингтік компания <<Фармацияның>> қайта ұйымдастырылу сұрақтары және дәрілік зат айналымынын дамыту>> Қаулысы шықты. Фармецевтикалық сектордың капитализациясы басталды. Бұл процесс ҚР 17.04.1997. № 2200 <<Лицензиялау туралы>> заңымен қатар келді. Қабылданған заң мемлекеттің  фармацевтикалық нарықтағы тәртіпті түзетуіне көмектесті. Сонымен, 1995 жыдан бастап Қазақстанда дәрілік заттар айналымы аймағында міндетті түрде лицензия алу керек.
Сол 1995 жылы 24 шілдеде Денсаулық Сақтау Министрлігінің №  24\2 <<Ұлттық дәрілік саясат негіздері туралы>> Қаулысы қабылданды, онда денсаулық сақтаудағы фармацевтикалық сектордың дамуының мақсаттары мен негізгі бағыттары бекітіледі. Бұл Қаулының ең маңызды шешімдерінің бірі негізгі (өмірік маңызды) дәрілік заттардың тізімін жасау және пайданылу ДДҰ ұсынысына сай қолдану болатын. Мұндай тізім жасау заңда көрсетілген және Үкіметтің қаржыландыру мүмкіндіктеріне сай дәрілерге жеңідік бағасының арасындағы қаржылық айырмашылықты төмендетуге мүмкіндік берді.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының  29 бабында былай делінген: <<ҚР  азаматтары денсаулығын қорғауға құқылы>> және <<Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін кепілдендірілген медициналық көмек алуға құқылы>>. Бұл конституциялық нормалар ҚР Президентінің 23.11.1995 ж № 2655 <<Дәрілік заттар туралы>> және ҚР 19.05.1997 ж <<Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы>> заңында жүзеге асырылды. Дәрілік айналым заңдары 35,36,48 баптарында баяндалған.
Бұл кезде Денсаулық Министрлігінде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту бөлімі жұмыс істей бастады. Бұл жұмыстың нәтижесі ҚР  Үкіметінің18.07.1997 № 1137 <<Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өнімдерді шығарудағы мемлекеттік демеушілік туралы>> Қаулысы болды. Ол бойынша дәрі өндірушілер спирттің акциздік салығынан босатылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенттінің 20.08.1997 №3621 Үкімі бойынша ҚР фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді.
Жоғарыда айтылған нормативті-құқықтық құжаттар шығу нәтижесінде отандық өндірушілердің жұмысы арта түсті. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарында фармацевтикалық өнімінің көлемі бойынша алғаш рет кеңестік кезеңдегі деңгейге- 9 млн. АҚШ долларына жетті. Осы кезде қазақстандық фармацевтикалық өнімдерді көтерме бағамен импортқа шығару көлемі күрт өсті. Сонымен қатар 17.11.1997 ж №1591 <<Дәрі -дәрмек>> дәрілік зат орталығы>> республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы>> Үкімет Қаулысы <<Медстандартқа>> өзгертілді.
Аталған заңдардан басқа Қазақстан Республикасының 16.07.1997 ж №1630 <<Мемлекеттік сатып алу туралы>> заңы өзгерістер мен толықтыруларымен 09.12.1998 ж №306. Заңы республиканың фармацевтикалық нарығына айтарлықтай әсер етті. Бұл заң бойынша дәрілік заттарды сатып алу мемлекеттік және облыстық деңгейде конкурстық негізде өтеді.
1998 ж ҚР Президентінің  18.05.1998 ж. № 3956 <<Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулықтарын жақсартдың бірінші кезектегі шаралары туралы>> Үкімі шықты. Бұл Үкімнің 2,9 б. бойынша 18.11.1998 ж. <<Халық денсаулығы>> Мемлекеттік бағдарламасы шығарылып, оның бір бөлімі фармацияның әрі қарай дамуына арналып- бөлім <<дәрімен қамтамассыз ету, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту>> деп аталады. 
1999 жылы отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына оң әсер еткен <<ҚР Президентінің бұйрықтарына заң күші бар өзгертулер енгізу туралы>>, <<Бюджетке міндетті төлемдер мен салықтар туралы>> 31.03.1999ж. № 356-13 Қазақстан Республикасының заңы шықты. Бұл заң бойынша дәрілік заттардың, медициналық өнімдері мен техникасының импортына салық төлеу қысқартылды.
2000 жылы Денсаулық сақтау мен фармацевтикалық сектор жүйесінің шыңдалуы жүре бастады.Осы жылы шықты:
- ҚР 27.01. 2000 ж. № 135 <<Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін бекіту тралы>> Үкімет Қаулысы
- ҚР 05.05.2000 ж. №674 <<Ауру түрлері бойынша дәрілік заттармен және тұрғындардың жекелеген категорияларын балалар және емдік тағамдардың арнайы өнімдермен қамтамасыз ету туралы>> Үкімет Қаулысы
- ҚР 27.05.2000 ж. №806 <<Медициналық көмектің шығындарын өтеу Ережелері туралы>> Үкімет Қаулысы
Бұл Қазақстан Республикасының Қаулылары денсаулық сақтауды қаржыландыру дифицті жағдайында ЕПМ кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында дәрілік заттарды сатып ауға бөлінетін қаржыны орнымен қолдануға бағытталған болатын.
	Шамамен сол уақыттарда ҚР Үкіметінің Қауысымен 25.05.2000 №790 <<Қазақстан Республикасының  2000-2005 жылдардағы денсаулық сақтауды ары қарай дамыту концепциясы>> қабылданды. Бұл құжаттың 9-шы тарауы дәрімен қамтамасыз ету және фармацевтикалық және меди-циналық өнеркәсіпті одан ары дамытуға арналған. Сонымен бірге, қабыл-данған Концепцияға сай және дәрілер сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесін одан ары жетілдіру мақсатында ҚР Үкіметінің 28.10.2000 ж №1624 <<Дәрілік препараттарды дайындау және сатумен байланысты қызметті лицензиялау Ережелерін бекіту туралы>> Қаулысы қабылданды. 
	Отандық фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамыту мақсатымен 2001 жылы 29 қазаннан 2002 жыл 5 наурыз аралығында  -  үкімет басшысы мен оның орынбасарлары арасында жиналыстар өткізілді. Хаттамалық шешімдерге сәйкес бірнеше министрлікке және ведомствоваларға тапсырмалар берілді.
	2001 ж. 29 қарашасында № 1547 Қазақстан Республикасының <<Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.03.2000ж. №378 Қаулысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы>> Үкімет Қаулысы дайындалып, қабылданды, онда фармацевтикалық және медициналық тауарларды өндіруде қолданылатын субстанциялар, қажетті материалдар, бірқатар медициналық бағыттағы құрастырушы заттар салықтан қосымшалай босатылған болатын. 
	2002 жылды мемлекет басшысының <<Денсаулық сақтау>> жылы деп жариялауы отандық фармация мекемелеріне оң ықпалын тигізді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 қаңтар 2002 ж №22 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің ведомствовасы болып табылатын фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп Комитеті құрылды. Комитет арнайы орындаушы, тексеруші және  бақылаушы қызметтерін атқарды, сондай-ақ дәрілік зат айналымын, медициналық техника мен медициналық бағыттағы заттарды бақылаумен айналысады. Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп Комитетінің құрылымы мынадай: Орталық аппарат (25 адам) және комитеттің териториялық бөлімдерінен 160 адамнан тұрады, осылайша жергілікті орындаушы үкімет ұйымдарымен бірлесе отырып, дәрілік заттар айналымы аймағында  фармацевтикаық тәртіп орнатуға арналған вертикады құрыым құрылды. 
	Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп Комитеті ТМД елдерінің арасында алғашқы болып бақылаушы орган құрды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2002ж. 29 мамыр №584  Қаулысымен еліміздің  дәрілік саясаты Концепциясы қабылданды, онда фармацевтикалық тармақтардың негізгі преоритеттері, тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету стратегиясы, фармацевтикалық қызметтің бағыттары мен ережелері декларацияланған.  Ол отандық фармацевтикалық нарықтың бірқалыпты дамуының мәселелері мен әдістеріне, мақсаттарына жүйелі көзқарасты аңғартады. 
	Концепция негізінде дәрілік зат айналымындағы катынастарды реттеуші бірқатар нормативті құқықтық актілер қабылданып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының <<Дәрілік заттар туралы>> Заңы, ҚР Үкіметінің тұрғындарды сапалы, қауіпсіз дәрілермен қамтамассыз ету, дәрілік заттарды өндірудің халықаралық стандартына біртіндеп көшу туралы, фармацевтикалық қызметті реттеп отыратын ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтары, ережелері қабылданды. 
	Тұрғындарды және емдеу мекемелерін дәрілермен қамтамассыз ету мақсатымен жүргізілген мемлекеттік саясат, отандық тауар өндірушілерді демеу, сонымен қатар дәрілік саясат сұрақтары жөнінде халықаралық қатынастар  -  Комитеттің негізгі міндеттері болып табылады. Осы істерді жүзеге асыру үшін 14 облыста  және Астана, Алматы қалаларында Комитетің  аймақтық бөлімдері орналасқан. 
	Отандық  фармацевтика мен медицинаық өнеркәсіпті қолдау мен дамытуға  үлкен көніл аударылады, себебі дәрілік заттарға  қажеттіліктің 6% отандық өнеркәсәпке және 94% импортқа байланысты. Ескере кететін бір жай, ҚР Үкіметі әлеуметтік ауруларға,  қымбат медициналық құралдарға және санитарлық транспортқа республикалық бюджеттен  бөлінетін қаржыға дәрілік заттарды сатып ауға ерекше көңіл бөледі.
          Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты-ол халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Ортаықтандырылған сатып алу әдісі жүргізілген: диабетке қарсы, туберкулезге қарсы дәрілер, лейкемиямен ауыратын науқастарға емдік дәрілер, бүйрек алмастыру операциясы жасалған науқастарды емдеуге арналған диализаторларды сатып алу, онкологиялық науқастарға арналған химиялық дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
          Бұл Комитеттің аса маңызды бағыттары басқа елдің мемлекеттік органдары мен фармацевтикалық мекемелерде басқару мен реттеу жайлы сұрақтар барысындағы өзара қарым-қатынас болып табылады. 2002 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жөніндегі Кеден Комитетінің министрлігі мен Қазақстан Республикасы эканомика және сауда Министрлігінің бірлескен шешімімен "Медициналық және фармацевтикалық өнімдердің импорты мен экспортының мониторингі туралы" келісімге қол қойылды.
	Отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында, республика ғалымдарының жеке интеллектуалдығын қорғау және дәріік заттарды тіркеу жұмыстарын жеделдету мақсатында 2003 жылдың 22 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің  №846 <<Биологиялық активті қосыыстардың Республикалық банкі және дәрілік және бөгде қосылыстардың стандартты үлгілерінің Республикалық банкі>> Қаулысы қабылданды, онда ҚР ҒБМ фитохимия институтының базасында Қарағандыда Республикалық банк пен биологиялық активті қосылыстар бойынша ақпаратты база құрылды. 
	Институтта 810 лактондар, 1200 алкалоидтер, 350 полифенольді қосылыстар бойынша негізгі ақпарат беретін биологиялық активті қосылыстардың базасы құрылды. Өсімдік тектес дәрілік заттардың стандартқа сай үлгілерінің банкісі құрылды. 
         2004-2005 жылдары фармацевтикалық қызыметті жетілдіру бойынша жұмыстар  жалғастырылды. Бұл кезде мынандай заңдар шықты.
-2004 жылы 13 қаңтарда "Дәрілік заттар туралы" Заңы.
-Денсаулық сақтау Министрлігі мен фрамация, фрамацевтикалық және медициналық өнеркәсіп Комитетінің 2004 жылдың 11 ақпанында "Қазақ-стан Республикасы аймағындағы дәрілік заттардың классификациясы және халықаралық фармакопеяның мойындауы туралы>> №21 бұйрығы.
- ҚР денсаулық сақтау Министірлігінің 2004 жылдың 9 маусымындағы №465 бұйрығымен <<Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды қайта дайындау және олардың мамандығын жетілдіру ережелері>> бекітілді.
- 2004 жылдың 23 шілдесінде денсаулық сақтау Министрінің №554 Бұйрығымен <<тұрғындардың жекелеген категорияларына амбулаторлық ем қолданғанда дәрілік заттар мен арнай балалар мен емдік тамақтану тағамдары тегін берілетін ауру түрерінің тізімі>> бекітілді.
- дәрілік заттардың айналымы аясындағы Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, ғылым мен техниканың жетістіктерін, дәрілік заттардың айналымы аясындағы әлемдік тәжірибені қолдану мақсатында 2004 жыдың 29 қазанында № 1124 <<Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің фармация Комитеті туралы ережесі>> шықты.
  - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің  2004 жылдың 2 желтоқсанда <<Дәрілік заттарды, медициналық техникаларды, медициналық бағыттағы өнідер мен  парафармацевтиктерді тасмалдау және шығаруды кеісу бойынша Ережені бекіту туралы>> №885 бұйрығы шықты.
- 2004 жылдың 15 желтоқсанында фармация Комитетінің <<Дәрілік заттарды дайындау Ережелерін бекіту туралы>> №142 бұйрығы шықты.
- ҚР <<Дәрілік заттар туралы>> заңын жүзеге асыру мақсатында 2004 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі <<(Өмірге қажетті аса маңызды) дәрілік заттардың Тізімін бекіту тураы>> №883 Бұйрығына қо қойды.
	Түпнұсқалық фитодәрілерді дайындаудың негізгі кезеңі оларды клиникалық зерттеу болып табылады. Қазақстанда түпнұсқалық фитодәрілерді көпорталықты клиникалық зерттеу үшін көптеген базалар бар  -  хирургия, тамақтану, онкология, кордиология, урология, педиатрия, туберкулез ҒЗИ, бірқатар облыстық клиникалар (Астана, Қарағанды, Ақтөбе). 1991 жыдан бастап 77 дәрілік заттарға зерттеулер жүргізілді, оның 11-і мемлекеттік тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілді. <<Арглабин>>, <<Салсоколин>> дәрілері фитохимия Институтында жасап шығарылып, еліміздің өмірге аса маңызды дәрілер тізіміне енгізілді.  
-2005 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Менистрлігі <<Дәрілік заттардың кері әсерлерінің мониторингісін өткізу бойынша Ережелерді бекіту туралы>> №52 Бұйрығына қол қойылды.   
- 2005 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №692 бұйрығында <<Фармацевтикалық қызметті лицензиялауда қойылатын жетілдірілген талаптар мен лицензияаудың Ережеерін бекіту туралы>> Қаулысы қабылданды.
- 2006 жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің  <<Дәрілік заттар айналымы аясындағы аккредитация мен лицензиялаудың кейбір сұрақтары>> №163 Қаулысы шықты.
- 2007 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің  №944 Қаулысымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің фармация Комитеті  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің фармацевтикалық бақылау Комитеті  болып өзгертілді.
- 2007 жылдың 18-19 қазанында Астанада Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының ІІІ съезі болып өтті, онда дәрілік көмекті жақсарту мақсатында халықты референтті тұрақтандырылған бағасы бар амбулаториялық дәрілермен қамтамасыз етудің моделін жасап шығару керек делінген, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің бағасын төмендетуге бағытталған фармацевтикалық нарықты жетілдірудің басқа да жолдарын қарастыру көзделген. 
	Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 11  наурыз 2008   жылғы №131 бұйрығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік фармакопеясының І томы- еліміздегі дәрі - дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақтандыратын мемлекеттік стандарттар мен ережелер жиыны бекітілді. 
	Қазақстан Республикасының 4 бөлім Кодексінде <<Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы>> (18 қыркүйек 2009 жыл) <<Фармациялық қызмет және дәрі-дәрмектерге қарау, медициналық техника және медициналық ұсыныстың бұйымдары>> фармацияға арналған.
Осылайша, нарықтық қатынастарды тұрғындарды медициналық көмекпен толық қамтамасыз ету жүйесіне енгізу үшін және осымен байланысты медициналық қызметті қаржыландыру механизміне енгізілген өзгерістермен байланысты ішкі құрылым жүйесін және де мемлекеттік басқару мен бақылау жүйесін қайта қарауға алып келді.   
Бүгінде экономикалық жағдайдың өзгеруі жағдайында фармацевтикалық секторды реформалау жаңа сапалы дәрежеге көтерілу керек. Оның негізгі жетістіктері: сапа,  дәрілік заттардың қол жетерлік болуы және оларды орнымен жұмсау. Қол жетерлік мәселесіне біршама назар аударылады, себебі ол науқасқа тікелей әсер етеді және де әлеуметтік және саяси мағынасы бар.
    Дәрілік саясаттың негізгі міндеті  -  ол халықты қауіпсіз, сапалы дәрілік заттармен қажетті көлемде қамтамасыз ету, оларды дұрыс қолдану мен қабылдау,фармацевтикалық ғылымды дамыту, импортқа тәуелділікті төмендету,  дәрілік заттардың сапасының халықаралық стандарқа көшуі үшін жағдай жасау, нормативті-құқықтық базаны жетілдіру.
Білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары
                                       
* Ойкумена деген не?
А). адамдар мекендейтін жер
В). саркофагтардағы жазулар
С). аңшылардың туыстық бірлестігі
D). тотемді жануар
Е). класстық қоғам
* Ежелгі Шығыстың қай құлиеленуші мемлекеті косметологияның отаны болып табылады? 
          А). Қытай
В). Үндістан
С). Мысыр
D). Ассирия
Е). Вавилон
* <<Барлық дене мүшелеріне арналған дәрі дайындау кітабы>> бөлімі  қай папируста бар?
          А). Бругш
В). Эберс
С). Смит
D). Кахун
Е). Имготеп
* Ежелгі Шығыстың қай мемлекетінде негізгі төрт шырынды оқумен қатар пневма туралы оқу болған ?
          А). Үндістан
В). Қытай 
С). Ассирия
D). Вавилон
Е). Мысыр
* Қай папируста әртүрлі өсімдіктердің шырыны мен майларды алу жөніндегі әдістері кірістірілген 800-ге жуық рецептер сипатталған?
          А). Эберс 
          В). Бругш
С). Имготеп 
D). Смит
Е). Кахун 
* Ежелгі Шығыстың қай мемлекетін тарихшылар дерматологияның отаны деп санайды ?
	А). Қытай
В). Үдістан
С). Ассирия
D). Мысыр
Е). Вавилон
* Месопатамиядағы қай сөз тікелей <<суды білетін>> немесе <<майды білуші>> деп аударылады ?
А). айықтырушы
В). дәрігер
С). емші 
D). дұғалаушы
Е). фармацевт
* Ежелгі Шығыстың қай мемлекетінде сынап препараттарымен қолдана алатын дәрігерлерді аса құрметтеген?
          А). Қытай
В). Ассирия
С). Мысыр
D). Вавилон
Е). Үндістан
* Ежелгі Шығыстың қай мемлекетінде әлемдегі ең алғаш фармакопея шығаралды ?
А). Ассирия
В). Вавилон
С). Мысыр
D). Қытай
Е). Үндістан
    10. Дәрі енгізу саласындағы зерттеулері үшін, Қытай халқынан             <<дәрілер патшасы>> атағын алған ғалымды атаңыз?
          А). Сун  -  сы - Мяо 
В). Ли Ши - чжень
С). Хуа То
D). Чжан Чжунцзин
Е). Сюй  -  Дзы - цай
*  Мына сөздердің авторы кім; <<Дәрілер мен олардың қарапайым қасиеттері сипатталған жағдайда олар сен ойда сақтап алуың керексің?>>
А). Гален
В). Гиппократ
С). Герофил
D). Цельс
Е). Ибн Сина
*  Ежелгі Грецияның қай философы <<аурулардан дәрілердің көмегімен емес, тек музыка, гимн, салт-дәстүр арқылы жазылуға болады>>, деп есептеген?
А). Пифагор 
В). Геродот
С). Демокрит
D). Платон
Е). Аристотель
*  Ежелгі Рим ғалымы Цельстің істерін жалғастырушы, фармацевтикалық қызметті медициналық қызметтен бөліп алуға тырысқан ғалымның есімін ата?
А). Эпикур 
В). Лукреций 
С). Гален
D). Соран Эфесский
Е). Асклепиад
*  Ежелгі Римнің қай ғалымы өсімдіктерден дәрі дайындауға белгілі шектеулер енгізді, олардың салмақтық және көлемдік қатынасын орнатты?
А). Асклепиад
В). Лукреций 
С). Эпикур
D). Диоскорид
Е). Гален
*  Ежелгі әлем мемлекеттердің қайсысында дәрігерлердің қызметі мемлекетпен реттеліп отырған және олар бір уақытта фармацевт міндеттерін атқарған?
          А). Үндістан
В). Мысыр
С). Ассирия
D). Рим
Е). Вавилон
*  Араб халифатының қай ғалымы <<Фармакогнозия>> еңбегін жазды?
А). Райхан Бируни
В). Абу Мансур
С). Ар - Рази
D). Аль - Фараби
Е). Ибн Сина
*  XI ғ өз энциклопедиялық еңбегінде қарапайым дәрілер мен олардың әсері туралы жазған, күрделі заттарға, улар мен у қайтарғыштарға сипаттама берген ғұлама ғалымның есімін атаңыз?
А). Аль - Фараби
В). Ибн Сина
С). Ар - Рази
D). Бируни
Е). Омар Хайям
*  <<Ұлы құтқарушы>>, <<Үлкен парсы дәрісі>> деген ерекше атаулы, қалампыр, яхонт, сердаликтен жасалған ботқалардың авторы кім? А). Омар Хайям
В). Аль - Фараби
С). Ар - Рази
D). Бируни
Е). Ибн Сина
*  Кейіннен <<глицерин>> атанған <<тәтті майды>> алғаш алған кім?
А). М.В. Ломоносов
В). Ф. Сертюрнер
С). К. Шееле
D). Ф. Гафман
Е). Д. Кавенту
* Студенттерге тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылған, әлемдегі бірінші үлгілі химиялық зертхананың авторы кім? 
А). М.В. Ломоносов
В). К. Шееле
С). Ф. Сертюрнер
D). П. Пелетье
Е). Д. Кавенту
*  Қай препаратты ашқаны үшін, 1900 жылы Парижде П. Пелетье мен Д. Кавентуге ұрпақтары ескерткіш қойған? 
     А). морфин
В). хлор
С). марганец
D). хинин
Е). глицерин
*  Дерп Университетінде алғашқы рет фармация тарихынан дәріс оқи бастаған кім?
А). Г.Л. Драгендорф
В). К. Шееле
С). Ф. Сертюрнер
D). М.В. Ломоносов
Е). Н.Н. Зинин
*  Әйгілі химиктердің ішінде, әлемде бірінші рет анилин синтезін іске асырған кім?
     А). М.В. Ломоносов
В). Н.Н. Зинин
С). А.В. Гофман
D). Н.И. Лунин
Е). В.Ф. Вайс
* Әлемде бірінші рет дәрумендерді ашқан кім? 
     А). М.В. Ломоносов
В). Н.Н. Зинин
С). Н.И. Лунин
D). К.И. Феррейн
Е). И.Г. Гмелин
*  <<Дәрумендер>> деген атты ұсынған және дәрумендерге арналған алғашқы монографияны жазған кім? 
      А). А. Чирх 
В). К. Зайдлер
С). У. Перкин
D). К. Функ
Е). Н.И. Лунин
*  Ресейде фармацияның дамуына әсерін тигізген, Ресей ғалымының негізін қалаған кім?
А). К.Г. Лаксман
В). С.П. Крашенинников
С). К.И. Щепин
D). С.Г. Зыбелин
Е). М.В. Ломоносов
*  Алғашқы болып мұзды сірке су қышқылын алған, жасанды суықты жасау әдісін ойлап шығарған кім?
А). Т.Е. Ловиц 
В). В.М. Севергин
С). Я.Д. Захаров
D). И.Я. Биндгейм
Е). Н.П. Соколов
*  Қаздәріхана басқармасының алғашқы төрағасы кім?
А). К.М. Умекенов  
В). М.М. Чумбалов
С). Я.К. Пикман
D). С.Х. Субханбердин
Е). Б.А. Абдрахманов
* Қазақстанның қай қаласында 1995 жылы ҚР ҒБМ-нің фитохимия Институты ашылды?
А). Астана
В). Алматы
С). Актөбе
D). Павлодар
          Е). Қарағанды
*  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының  I томы қай жылы бекітілді ?
А). 2002
В). 2003
С). 2005
D). 2008
          Е). 2009





                       Жауаптар эталоны 
                                       
1 - А	
2 - C
3 - B
4 - E
5  -  А
6  -  D

7 - B
8 - E
9 - D
10 -А
11 - B
12 - D
13 - C
14 - E
15 - D
16 - А
17 - B
18 - E

19 - C
20 - А
21 - D
22 - А
23 - B
24 - C

25 - D
26 - E
27 - А
28 - B
29 - E
30 - D
                                       
                                       
                       Әдебиеттер тізімі
                                       
* Абдуллаев К.А.  Первые фармацевты в Казахстане  и становление аптечного дела / К.А. Абдуллаев, Ф.С. Шынгысова, С.Ж. Байбекова. // Фармация Казахстана.  -  2005. - №5.  -  С. 46  -  48.
* Абдуллаев К.А.  Развитие траволечения в Казахстане / К.А. Абдуллаев. // Фармация Казахстана.  -  2005. - №9.- С. 49 -50.
* Абдуллаев К.А.  Исторические связи Казахстана и России в области медицины и здравоохранения / К.А. Абдуллаев, А.К. Тулеубаев, Ф.С. Шынгысова. // Фармация Казахстана.  -  2006. - №3.  -  С. 50  -  52.
* Абдуллаев К.А.  Казахская традиционная медицина /  К.А. Абдуллаев. // Фармация Казахстана.  -  2006. - №5.- С. 48 -51.
* Абдуллин К.А.  Экономические проблемы в фармацевтической промышленности / К.А. Абдуллин, Ф.Е. Темиргалиева. // Фармация Казахстана.  -  2002. - №2.- С. 23  -  25.
* Арцишевский А.  Этюды о врачевателях и фармацевтах / А. Арцишевский. - // Казахстанский фармацевтический вестник.- 2002. - №1.  -  С. 8  -  9.
* Абу Али ибн Сина  Канон врачебной науки: В 5  -  ти т. / Абу Али ибн Сина. Т. 2.  -  Ташкент: ФАН, 1982.  -  831с.
* Абу Али ибн Сина  Канон врачебной науки: В 5  -  ти т. / Абу Али ибн Сина. Т. 5.  -  Ташкент: ФАН, 1980.  -  326с.
* Аль  -  Фараби.  Естественно  -  научные трактаты: Пер. с арабского. / Аль  -  Фараби.  -  Алма  -  Ата: Наука, 1987.  -  496с.
* Арнольд из Виллановы  Салернский кодекс здоровья: Пер. с латин. / Арнольд из Виллановы.  -  М.: Медицина, 1964.  -  136с.
* Биғалиева Р.К.  Бүкіләлемдік медицина тарихы: Оқулық / Р.К. Биғалиева.  -  Алматы, 2004.  -  390 б.
* Виксна А.А. К истории научного общество фармацевтов Латвии / А.А. Виксна. // Фармация.- 1979.-№1.- С. 64-65.
* Георгадзе В.И.  Эмблемы медицины / В.И. Георгадзе, Э.Д. Грибанов.  -  Тбилиси, 1979.  -  112с.
* Гиппократ  Избранные книги: Пер.с греч. / Гиппократ.  -  М.: Государственное издательство биологической и медицинской литературы, 1936.  -  736с.
* Жакупова М.А.  Эвакогоспитали Казахстана в годы Великой Отечественный войны / М.А. Жакупова.  -  Алма  -  Ата, 1985 - 120с.
* История медицины / П.Е. Заблудовский, Г.Р. Крючок, М.К. Кузьмин, М.М. Левит.  -  М.: Медицина, 1987. - 352с.
* Камалиев М.А.  История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана / М.А. Камалиев, Р.К. Бигалиева, Т.Х. Хабиева.  -  Алматы, 2004.-  174с.
* Карагандинская государственная медицинская академия / Гл. ред. И.Р. Кулмагамбетов, К.А. Алиханова (отв.ред).  -  Караганда, 2005.  -  644с.
* Карташов В.  Флорентийский цех врачей и аптекарей / В. Карташов. // Фармация Казахстана.  -  2007. - №6.  -  С.48.
* Клюев М.А. Лекарственная помощь населению в одиннадцатой пятилетке и задачи на перспективу / М.А. Клюев. // Фармация.- 1987.- №1.  -  С. 1-6.
* Лисицын Ю.П.  История медицины / Ю.П. Лисицын.  -  М.: ГЭОТАР  -  МЕД, 2004.  -  393с. 
* Люди, события, факты. Здравоохранение Карагандинской области / К.К. Ермекбаев, В.Б. Аликов, Е.Т. Токбергенов и др.  -  Караганда, 2003.  -  104с.
* Мультановский М.П.  История медицины / М.П. Мультановский.  -  М.: Медицина, 1967. -  272с.
* Очерки по истории народной медицины в Казахстане /  Под ред. Т.Ш. Шарманова, Б.А. Атчабарова.  -  Алма  -  Ата, 1978.  -  209с.
* Рысбеков М.М. Әл  -  Фараби медицинасы және қазіргі көзқарас /  М.М. Рысбеков, Е.С. Мырзақұлов // Вестник Южно  -  Казахстанской медицинской академии.  -  2007. - №2.  -  Б. 68  -  70.
* Сайфулина Н.Ф.  Курс лекций по истории медицины: Учебное пособие / Н.Ф. Сайфулина.  -  Караганда, 2008.  -  122с.
* Сало В.М. Первая аптека для населения Москвы / В.М. Сало. // Фармация.-1988.-№3.- С. 86-88.
* Сало В.М. Развитие отечественной фармакогнозии в первой половине XIX века / В.М. Сало. // Фармация.- 1989.- №4.  -  С. 73-76.
* Самарин Р.И.  Очерки истории здравоохранения Казахстана / Р.И. Самарин. - Алма  -  Ата: Казгосиздат, 1958.  -  163с.
* Семенченко В.Ф.  История фармации: Учебное пособие / В.Ф.  Семенченко   -  Москва: ИКЦ <<МарТ>>; Ростов н/Д: Издательский центр <<МарТ>>, 2003. - 640с. 
* Сорокина Т.С.  Атлас истории медицины. Древний мир / Т.С. Сорокина.  -  М.: УДН, 1981.  -  160с.
* Сорокина Т.С. Медицина в рабовладельческих государствах Средиземноморья  / Т.С. Сорокина.  -  М., 1987.  -  97с. 
* Сорокина Т.С.  Атлас истории медицины. Новое время (1640-1917): Учебное пособие  /   Т.С. Сорокина.  -  М.: Изд  -  во УДН, 1987. - 168с.           
* Сорокина Т.С.  История медицины: Учебник для студ. высш. мед. учеб. заведений /  Т.С. Сорокина.  -  4  -  е изд., стер.  -  М.: <<Академия>>, 2005.  -  560с.
* Субханбердин С.Х.  История развития аптечного дела и лекарственной помощи в Казахстане. Переиздание. /  С.Х. Субханбердин.  -  Алматы, 2004.  -  456с.
* Петров Б.Д.  От Гиппократа до Семашко: преемственность идей (Очерки и портреты) /  Б.Д. Петров.  -  М.: Медицина, 1990.- 168с.
* Хрестоматия по истории медицины   /  Под ред. П.Е. Заблудовского; сост. Э.Д. Грибанов.  -  М.: Медицина, 1968.  -  358с.
* Шарманов Т.Ш.  Долгое восхождение к праву на здоровье /  Т.Ш. Шарманов.  -  Алматы: Атамура, 1998.  -  232с.
* Шарманов Т.Ш. Ұлы Алматы конференциясында дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі әлемдік денсаулық сақтау ісі / Т.Ш. Шарманов.  -  Алматы, 2003.  -  211 б.
* Шынгысова Ф.С.  Они были первыми /  Ф.С. Шынгысова, Ж.С. Даушева. // Фармация Казахстана.  -  2006. - №1. - С.47  -  48.





























































Пәндер