Файл қосу
Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ОӘКҚ 042-14.4.01.20.58/03-2011 ПОӘК <<Ауыл шаруашылық энтомологиясы>> пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар. 18.09.2010 ж. басылым орынына № 2 басылым 01.09.2011ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080100 <<Агрономия>> мамандығына арналған <<Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғау>> ПӘНІНЕ АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ - 2012 МАЗМҰНЫ * Дәрістер * Тәжірибелік және зертханалық сабақтар * Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі. 1.ДӘРІСТЕР Дәріс 1 <<Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғау>> пәнінің мақсаты мен міндеті Жоспар: 1. Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғауда энтомология пәнін білудің маңызы. 2.Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғаудағы энтомология пәнінің маңызы. Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы - насекомдар туралы ғылым.(грек тілінде энтомос-насеком,логос-ғылым.)Өсімдіктерді қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру технологиясының құрамына кіреді.Қазіргі кездегі негізгі мәселе-ауыл шаруашылығы өсімдіктерінен тұрақты түрде мол өнім алу. Зиянкестердің әерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігі 10-20% азаяды, ал кейде өнім түсімінің болмауы да мүмкін.Зиянды жәндіктердің түрлері өте көп.Зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түрлерін, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторинг пен күресу шараларын жақсы білу қажет.Зиянкестерге қарсы тек улы препараттарды қолданудың кері әсері де бар. Сондықтан улы препараттарды пайдалану қазіргі уақытта арнайы ереже бойынша жүргізіледі.Оларды тек <<Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012жылдары пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі>>(қысқаша <<Тізім>>...) негіздеме бойынша қолданылады. Зиянкестерге қарсы күресте агротехникалық (егу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау.ауыспалы егістікті енгізу, топырақты өңдеу, тыңайтқыш қолдану, төзімді сорттар пайдалану және т.б.),биологиялық, физикалық, генетикалық,механикалық тәсілдерді де дұрыс пайдалана білу керек. Әдістемелік кешенде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің негізгі зиянды жәндіктері туралы мәлімет берілген:оларды морфологиясы,табиғаттағы даму ошақтары,жәндітердің тараған аймақта қоңыстану жолдары мен ерекшелітері,өмір сүру циклдары, олардың көбеюіне әсер ететін сыртқы орта жағдайлары. Зиян келтіретін қауіпті түрлердің экономикалық зияндылық шегі(ЭЗШ) көрсетілген. Өсімдіктердің фитофагтардан қорғау шараларына көп көңіл бөлінген. Зертханалық-іссаналық сабақтардың тапсырмаларын орындау арқылы студенттер ауыл шаруашылығы өсімідктерінің зиянды жәндіктерін анықтауды,олардан өсімдіктерді қорғау шараларын ұйымдастыру жән пестицидтерді дұрыс таңдауды үйрену. Зертханалық іссаналық сабақтардың тапсырмаларын орындау үшін мынадай арнаулы жадығаттар пайдаланылады:бинокуляр,микроскоп,үлкейткіш шыны,пинцеттер,инелер,фитофагтардың тізбе жиынтығы, зақымдалған өсімдіктердің үлгілері,бейнежабдықтар,алюбомдар мен плакаттар. Дәріс 2-3 Көп қоректік зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері. Биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы және күрес шаралары. 1. ТУРА ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫНА(ORTHOPTERA) ЖАТАТЫН КӨП ҚОРЕКТІ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕР 2.Шегірткелердің негізгі түрлері Түсініктеме Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері Brachicera-қысқамұрттылар отряд тармағына,Acrididae-наңыз шегірткелер тұқымдасына,Dolichocera-ұзынмұрттылар отряд тармағына,Grylotalpidae-тұқымдасына,Tettigonaadae-шекшек тұқымдасына,Gryllidae-шырылдауық шілделіктер тұқымдасына жатады. Зиянды шегірткелер. Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус-Calliptamus italicus italicus L.кресті кішкене саяқ шегіртке-Dosiosturus brevicolis Ev., ақжолақты-Chortippus albomarginatus D.G.,кресті-Pararcyptera microptera F.-W.,қоңырқанатты-Stauroderes scalaris F.-W.саяқ шегірткелер, адалалық атбас шегірткелер-Euchorthippus pulvinatus F.-W.және басқалар.Азиялық шегірткенің-Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоңыстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ну қамсыты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады.Марокколық шегіртке-Dosiostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған(Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстары). Азиялық, мароккалық,итальяндық шегірткелер, анда-санда тұрандық және шөл далалық шегіркелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы (кулиги), кейін олардан шегіртке табындары пайда болады. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі,секіруге қолайлы артқы аяқтары,кеміргіш ауыздары.қатты дамыған алдыңғы кеудесі,жіңішке үстіңгі қанаты,жалпақ,желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді.Ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда,құмдардың шөтінде және т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды.Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады.Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас болып туады.Дернәсіл 30-40 күн дамиды.Даму кезеңінде дернәсіл 4-5рет түлеп,4-5жас өтеді.Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді зақымдайды:дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды,көкөністерді,жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде,табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер күйіп кеткенде өте қауіпті.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардық жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді.Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады-қатты көбеюлерді мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады. Күресу шаралары. Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады.Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды бізтұмсықты немесе дискілі тырмалармен,ал көпжылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен <<Тізім...>> бойынша (Қосымшаны қараңыз)саяқ шегірткелерге қарсы 8-10дернәсіл/м2, үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және одан да көп дернәсіл/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп,кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса,жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс.Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе,тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай,бөгеу және локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі.Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100м шамасында болуы керек. Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді.Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.Өмір сүру циклі бәр жылдан көп уақытта созылады.Мамырдың аяғында маусым айында ұрғашылары 10-20см тереңдікте,арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады,50-ден аса өсімдіктердің тамырын,сабақтарының жер асты бөлігін,өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді.Олар ылғалды,суармалы жерлерді,негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің,көкөністердің және т.б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері - кәдімгі (Gryllotalpa gryllotalpaL.) және бір тікенекті(Gryllotalpa unispina Sauss.) бұзаубастар. Шекшектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге,көкөніс дақылдарына, майлық дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді.Антеналары денелерінен ұзын,үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді.Топырақта,өсімдіктерде және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды. Аса зияндылары-жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер. Шілделіктер. Орташа және үлкен, жалпақ денелі жәндіктер.Түнде тіршілік етеді.Топырақ түйірлерінің астында,жарықтарда нимфалар(ақырғы жастағы дернәсілдер)қыстайды.Ылғалды,суармалы жерлерде көкөністердің,майлық дақылдардың,дәнді дақылдардың,бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді.Өсімдіктерге зиян келтіретіндері-далалық (Grillis desertus Pall.) және бордо(Grillis burdigalensis Lattr.) шілделіктер. Күресу шаралары. Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады.Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады. Тапсырмалар: 1.Шегірткелердің негізгі түрлерінің сыртқы белгілерімен танысып,олардың даму циклдарын және таралу жолдарын білу керек. 2.Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиян келтіретін бұзаубастардың,шілделіктердің және шекшектердің негізгі түрлерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін оқып білу керек. 3.Тура қанаттылардың жаппай дамуының алдын алу шараларын және оларға қарсы пайдаланатын препараттарды білу керек. 4.1-ші кестену толтыру керек. Дәріс 4-5. Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі. Жоспар: * Астық дақылдарының кеміргіш зиянды жәндіктері. * Зиянкестермен күрес,кешенді қорғау шаралары. Дәннің сұр көбелегі-Apamea anceps Schift(Noctuidae-түн көбелектер тұқымдасы,Lepidoptera-қабыршақ қанаттылар отряды). Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не болмаса күңгірт сұр,ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады.Жоғары жастагы жұлдызқұрттар күңгірт сұр,арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады.Дене ұзындығы-25-35мм.Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды.Көктемде олар қуыршақтанады.Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады және олардың ұшуы байқалады.Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады.Дәннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары,қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000-ға дейін жұмыртқа салады.Жылына 1 ұрпақ дамиды.Жұлдызқұрттар бидайды,қарабидайды,кей-кейде арпаны зақымдайды.Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дәннің ішінде қоректеніп,қабығын ғана қалдырады.Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді.Ашық қоректену барысында дәндерді сыртынан кеміріп тастайды.Өнім жинағаннан кейін топыраққа түскен дәндермен қоректенеді.Бидайды қайталама себужәне ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу,жылы қыс және тіршілік кезеңінде ылғалды ауа райы дәннің сұр көбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Күресу шаралары.Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады.Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда әр үлгі 0,25м топырақ тереңдігі 15см дейін қазып,тығыздығын анықтайды.Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м табылса, топырақты өңдну қажет.Кулътиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8см тереңдікке өңдейді. Жаздық бйдайды оңтайлы-кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуының ілесетіндігін синхрондығын бұзады.Жұлдызқұрттардың 1-2 жас кезеңінде егістіктің 10 жерінен 20-25 масақтан алып барлығы 200-250 масақ,қапшыққа салады.Қапшықты буып,оны 1-2 тәулік кептіреді.Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек. Астық қоңыздары.Кресті-Anisoplif aqricola Poda., кузъка A. austriaca Hbst,.красун- A. seqetum Zoubkoui Kryn. Scarfbaeidea-тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleprera-қоңыздар отряды. Кузька қоңызының қанаттары қызыл күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады.Дене ұзындығы-12-15мм.Кресті қоңызда ашық сары,жирен крест немесе әкір тәріздес суреттері бар.Дене ұзындығы -11-13мм.Красун қоңыздың үстінгі қанаттары қоңыр сары түсті,бұйір жақтарында қылшықтар орналасады.Дене ұзындығы-11-13мм.Барлық қоңыздардың балан құрттары С тәрізді,қалың етті,үш жұп аяқтары бар,үзындығы-35мм. Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды . Баланқұрттардың даму ұзақтығы 22 ай.Красун құрттарының баланқұрттары 10 айда дамиды. Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды,кейін жаздық астықтарды,жатаған бидайықты зақымдайды.Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ,өнбеген дәндерімен қоректенеді.Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтары мен қатты дәнді ұшырып түсіреді. Күресу шаралары.Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны көбейеді.Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек.Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш енгізу,үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады.Ерте сыдыра жырту,кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек,себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді.Тексеру нәтижесінде гүлдену-дән қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрге қоңыздар саны3 данадан астам болса,егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек(<< Тізім бойынша>>). Астықтың жолақ бүргесі-Phyllotreta uittula Redt.(Coleptera-қатты қанаттылар отряды,Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ). Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы-2мм - дей,қара түсті,үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтары бар,артқы аяғы секіргіш.Дернәсілдері ақшыл сүр,кеуде және анальдық қақпандары ақ,ұзындығы-4-5мм. Ересек жәндіктер жердің үстінгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында,межелнрде,сайларда қыстайды.Топырақ жылысы мен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабай астық тұқымдастарымен қоректенеді.Жаздық бидайдың,арпаның,күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап,егістік жерлерге жаппай тарайды.Әсіресе мамыр айының 1-2 онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады. Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді,осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады.Жапырақ беті 25-30 проценттен артық зақымданса,өнім шығыны елеулі болады. Күресу шаралары.Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор.Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының 1-2 онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін)қоңыздар өте қауіпті.Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25м)есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағыш пен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді.Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м асса немесе жапырақ зақымдануы 25процент көп болса,өскіндерге нақты айқын қауіп туады.Инсектицидтерді(<< Тізім >>) тәртібі бойынша қолданады. Сүлікше қоңыздар-қызыл кеуделі-Oulema melanopuz L...көк- Lema lichensis Voet.(Cjleoptera-қатты қанаттылар отряды,Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы).Біріншісі-түсі жасылдау көк қоңыз,алдыңғы арқасымен аяқтары сарғылт қызыл,жоғарғы қанаттарында параллелді орналасқан нүктелер болады.Дене ұзындығы-4-4,8мм.Екіншісі-алдыңғы арқасы кеуденің басқа бөліктерінен айырмашылығы жоқ,дене ұзындығы-3-4мм.Дернәсілдің құрсақ жақ бөлігі көтеріңкі,қара қоңыр шырышпен қапталған,3 жұп кеуде аяқтары бар.Дернәсілдің дене ұзындығы-5мм-ге дейін болады. Жылына бір ұрпақ береді.Қоңыздар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды.Өсіп-өну және көбею үшін көктемгі-жазғы мерзімдегі ылғалды және жыл ауа райы өте қолайлы.Ұрғашы жәндіктер жүмыртқаларын 3-7 данадан тізбектеп салады,барлығы 200 жұмыртқа.Дернәсілдер сұлыға,арпаға,қатты бидайға едәуір зиян келтіреді.Жапырақ жұмсағымен қоректенеді,жапырақ талшықтары мен эпидермиске көп тимейді.Қоңыздар жапырақтарды саңылау және ұзынша келген ақ жолақтар жасап зақымдайды.Зақымданған жапырақтар сарғайып қалады,ассимиляция барысы төмендейді. Күресу шаралары.Сүлікше қоңыздарды және олардың дернәсілдерін 8-16 үлгілерде(әр үлгі 0,25м)өсімдіктерді қарап есептейді.Жаздық астық дақылдарының түптену кезеңінде 10-15 қоңыз/м күздік дақылдарында 40-50 қоңыз/м, түптену кезінде 1 сабақты 0,5-1 дернәсіл табылса,химмялық күрес шараларын жүргізу керек.Инсектицидтермен бүрку(<<Тізім>>)реглменті бойынша жүргізілуге тиіс. Астықтың барылдақ қоңызы-Zabrus tenebrioides Goere.(Coleoptera-қатты қанаттылар отряды,Carabidae-барылдақ қоңыздар тұқымдасы). Ересек қоңыздар шымқай қара түсті, үстіңгі қанаттарында нүктелі терең әжімдер болады,дене ұзындығы-14-16мм.Дернәсілдердің дене ұзындығы-28мм-ға жетеді,бас бөлімі және көкірек бунақтары қара қоңыр немесе сұрша жасыл болуы мүмкін. Дернәсілдер топырақта қыстайды.Қуыршақтану топырақтың үстіңгі қабатында өтеді.Ересек қоңыздар күздік бидайдың дән трғысу кезеңінде пайда болады.Ыстық және құрғақ ауа райы әсерінен қоңыздардың өсіп-өнуінде 1 айға жуық созылатын үзіліс туады.Тамыз айында қоңыздар жұмыртқаларын топыраққа топтап 10-15 данадан салады,барлығы 100 жұмыртқа.Жаңадан шыққан дернәсілдер суық күзге дейін қоректенеді. Қоңыздар мен дернәсілдер зиян кесті,бірақ негізінен дернәсілдер қатты зиян келтіреді,өсеіндер мен жас өсімдіктерді құртып тастайды.Түнде қоректенеді.Ересек қоңыздар дәнді, масақ қабыршықтары жеп қояды.Дернәсілднр өскіннің жапырағын жеп,оларды топырақтың жоғарғы қабатына тасиды.Зақымданған жапырақтар түте-түтесі шығып,түйір-түйір шайнап тастаған талшыққа ұқсайды.Дернәсілдердің зақымдануынан егін көгі сиреп қалады.Барылдақ қоңыз астық дақылдарының көптеген түрлерімен қоректенеді,әсіресе күздік бидайды көбірек зақымдайды.Жылына бір ұрпақ береді. Күресу шаралары.Барылдақ қыздардың өсіп-өніп көбеюіне бидайды жыл сайын бір жерге өсіре беру қолайлы жағдай туғызады.Алғы дақыл есебінде жақсылары - ол сүрі жер, отамалы дақылдар.Өнімді мезгілінде ысырап істемей жайнап алудың үлкен маңызы бар.Дернәсілдердің 8-16 топырақ үлгілерінде (әр үлгі 0,25м)15см тереңдікке дейін қарап есептейді.Күздік бидай танабында 1-5 дернәсіл/м табылса,инсектицидтер қолдану керек. Тапсырмалар: 1.Дәннің сұр көбелегінің өсу циклі және зияндылығы мен танысу. 2.Жапырақ жемірлері тұқымдасы тұрлерінің морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу. 3.Астық қоңыздарының морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу. 4.Дәннің сұр көбелегі,қатты қанаттылар отрядының кеміргіш зиянкестерімен күрес шараларын зерттеп тану. 5.6 кестені жазып толтыру. Астық дақылдарының кеміргіш зиянкестері Түр,системалық жүйедегі орны Зақымданатын дақылдар,зақымдану мезгілі Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі.ЭЗШ Қысқаша биологиясы Күресу шаралары 1 2 3 4 5 Бақылау сұрақтары: 1.Егіннің көгін зақымдайтын астық дақылдарының зиянкестерін атап,өсімдіктердің зақымдану белгілерінің сипаттамасын,олардың келтірнтін зиянын және күресу шараларын көрсетіңіз. 2.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестерінің систематикалық атауын, ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз. 3.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестеріне қарсы қандай шаралар қолданылады. 4.Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестерінің өкілдері қай тұқымдасқа жіне қандай отрядқа жататынын атап шығыңыз. 5.Шаншып сорғыш зиянкестерінің зақымдау белгілеріне анықтама беріңіз. 6.Астық егіушісінің өзгешелігі,күресу шаралары. 7.Астық дақылдарының сорғыш кешенге жататын зиянкестеріне қарсы қолданылатын кұресу шаралары. 8.Астық қоңыздарды және барылдақ қоңызды сипаттаңыз.Олармен күресу шараларынвң жүйесін келтіріңіз. 9.Дәннің сұр көбелегінің тіршілік циклін сипаттап күресу шараларын көрсетіңіз. 9.Астық дақылдарының кезеңдеріне байланысты зақымдайтын фитофагтардың түрлері. 10.Өсімдіктердің мүшелеріне (органотрофты)бейімделу бойынша фитофагтар кешендері. ДӘРІС 6-7. Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі. Жоспар: 1.Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері 2.Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Аphidinea отряд тармағы,Aphididae тұқымдасы). Бітенің денесі біршама жуандау,денесінің ұзындығы - 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық Бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын өткеннен кейін аналық - негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді.Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады.Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы - жаңбырлы) жағдайларында байқалады. Күресу шаралары.Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет.Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл - Sitona lineatus L. Және қылшықты - S.Crinitus Herbst (Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды - Coleoptera ). Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы - 3-5мм, денесінің түсі топырақты сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі йілген,аяқтары жоқ, ақшыл қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбенесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарынфң өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін.Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырықтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз а йларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды.Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, <<місінді зақымдану>> қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады. Күресу шаралары.Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолйлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс.Егін себу алдында тұқымды нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Егер бізтұмсықтардың саны біржылдық дәнді-бұршақ дакылдарының өскіндерінде 1м-та 5-10 дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса, онда қоңыздарға қарсы химиялык өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F.(Tortrisidae - тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды). Есейген құрттардың денесінің ұзындығы - 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді.құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды.Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді. Күресу шаралары.Бұршақты бұршақ жеміріне қорғаудың тиімді жақтарының бірі - ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту. Бұршақ қоңызы - Bruchus pisorim L.( Coleoptera - қоңыздар отряды. Bruchidae - дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан.Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы - 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді. Күресу шаралары.Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялықаулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді. Үрме бұршақ қоңызы - Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera - қоңыздар отряды, Bruchidae - дәнектер тұқымдасы). Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы - 3-3,5 мм құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салынады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін. Күресу шаралары.Бұршақ қоңызының күресу шараларына ұқсас. Бұршақ немесе акция көбелегі - Etiella zinckenelle Tr.(Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды, Phicitidae - қара күйе тұқымдасы). Құрттың денесінің ұзындығы - 15-20 мм басы сары қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр жасыл, қоңырлау немесе ақшыл қызыл болып келеді. Құт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады.Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ бріп дамиды. Бірінші ұрпақ акцияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға люпинге, жазғы мезгілде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады. Күресу шаралары. Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ және сары акциядан кеңістікті изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты жинағаннан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың жұмыртқалардан шығу кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет. Тапсырмалар: 1. Бұршақ бітенің, бұршақ және үрме бұршақ қоңызының, түйнекті бізтұмсықтың, акция көбелегінің даму циклімен және өсімдіктің залалданған нышандары мен зерттеп танысу. 2. Бір жылдық бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын қарастырыңыз. 3. 7 кестені жазып толтырыңыз. Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері Түр, жүйелі орны Зақымдайтын дақылдары, зиян келтіретін кезеңі Зияндығы Қысқаша биологиясы Күресу шаралары Бақылау сұрақтары: 1. Бұршақ тұқымдас дақылдарды зақымдайтын фитофагтардың түрін және отряды мен тұқымдасын сипаттаңыз. 2. Бұршақ бітенің дамуы мен көбеюінің ерекшелігі қандай? 3. Бұршақ тұқымдас дақылдардың қатты қанаттылар отрядына жататын фитофагтардың даму циклін және зақымдауының өзгешелігін сипаттаңыз. 4. Бұршақ жемісжемірі мен бұршақ немесе акция көбелегінің биологиясының ерекшелігін және оның зияндылығын көрсетіңіз. 5. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын тізіп сипаттаңыз. Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус - phytonomus uariabilis Hbst.(Curculionidae - бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды). Дене тұрқы - 4,5-5,5 мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңып болып келген. Қоңыздардың алдынғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдердің денесінің ұзындығы - 10 мм шамасындай, денесінің түсі жасыл, басы қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында және топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы температура жоғарылаған кезде жаздық үзіліске кетеді. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Негізінен дернәсілдер көп зиян келтіреді. Гүлдердің, сонымен қатар жапырақтардың бүршігін кеміреді, өсімдіктің жоғарғы бөлігінің солуын тудырады және өсу нүктесіне зияе тигізеді. Есейген жастағы дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен, үлдің түйнегімен қоректенеді. Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскелері кем дегенде 500 м алыс болуы қажет. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде - 3-8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде - 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді. Жоңышқа қандаласы - Adelphocoris Lienolatus Goeze. (Hemiptera - жартылай қатты қанаттылар немесе қандалылар отряды, Miridae - мирида тұқымдасы). Қандала денесінің ұзындығы - 7-9 мм, ал түсі сары жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны. Бұршақты және т.б дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырының сорып, өсімдікке кп зияның тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың түсу құбылыстары байқалады. Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5 см-ге дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұмыптқасын сабақпен бірге шеттеу үшін жүргізу керек. Егер 1 м2 5-15 қандала есептелсе немесе аулағышпен 10 сермеу жасаған кезде 10-нан артық қандала түссе, онда егістікті инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жасайды. Беде бізтұмсығы: сабақты Apion seniculus Kby., жасылдау A. virens Hbst. (Curculionidae - бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды). Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара балып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы - 2-3,5 мм. Қоңыздардың денесі сұр тікінектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктем кезінде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміреді. Жұмыртқаларын бір-бірден өсімдік сабағының арнайы кемірілген тереңіне орналастырылады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол кеміреді. Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығарады. Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану - алғашқы глдеу кезеңінде шапса, оны жинау және шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалары мен дернәсілдері өліп қалады. Егісті жаппай өскен және шанақтану кезеңінде инсектицидпен өңдеуге болады. Сары тихус тұқым жемірі - Tychius flavus Beck. (Curculionidae - бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды). Қоңыздар ақшыл сары немесе қызғылт сары, денесінің ұзындығы кішкене - 2-2,8 мм. Дернәсілі иілген ақ, басы сары, денесінің ұзындығы - 2,5-4 мм. Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын тесік істеп, жемісбұршақтың ішіне салады.қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. Жылына 1 ұпақ береді. Негізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында дамып, тұқымды құртады. Күресу шаралары.Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышқадан кеңістікті оңашалау керек. Егер 1 м2 5-8 және одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады. Жоңышқа жуанаяқтысы- Bruchophagus roddi - жарғақ қанаттылар отряды, Eurotomidae - жуан аяқтылар тұқымдасы). Кішкене мөлшерлі жәндіктер, ересек жәндіктің дене ұзындығы - 2,1 мм, дернәсілдерінікі - 1,5-2 мм. Үлкен дараларына қара түс сипатталған, кеуденің үстінгі бөлігі дөнестеу, құрсағы сабақ тәрізді, мұртшалары мен аяқтары сары қоңыр болып келген. Дернісілі ақ, иілген. Дернәсілдері қоймадағы немесе егін жинау кезінде шашылған тұқымдардың ішінде қыстайды. Қуыршақтану осы жерде өтеді. Имаго тұқым қабағының саңылауы арқылы ұшады. Потенциалды көпциклді түр. Күресу шаралары.зиянкестің санын азайту үшін егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Тұқым қалдықтарын астық тазалау машиналарына кейін міндетті түрде жойып жіберу қажет. Жоңышқа егістігіне көктемде және күзде тырмалау жұмыстарын жүргізіп отыыру қажет. Егер шанақтану кезеңінзе аулағашпен 10 сермеу жасағанда, ересек жәндіктердің саны 10-20 дара болса, онда егістікті инсектицидпен өңдейді. Бақылау сұрақтары: * Көпжылдық бұршақ тұқымдас жемшөптік дақылдарының арнайы зиянкестерінің тұқымдастары мен от рядының түр құрамын сипаттаңыз. * Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономусының даму циклін, келтіретін зияндылығын және күресу шараларын сипаттаңыз. * Жоңышқа қандаласының даму циклін, зияндылығы және күресу шараларын көрсетіңіз. * Сары тихиус тұқымжемірі даму циклін, келтірілген зияндылығы және күресу шараларын сипаттаңыз. * Жоңышқа жуанаяқтысын даму циклін, келтіретін зияндылығын және күпесу шараларын сипаттаңыз. - ДӘРІС 8-9. Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі Жоспар: * Техникалық және майлы дақылдардың зиянкестері * Күнбағыстың зиянкестері Түсініктеме Топырақтағы тұқым және күнбағыстың өскіні сымқұрттың, қара қоңыздың, шалғын көбелектің зақымдануынын көп зиян шегеді. Тіршілік кезінде итальяндық прус, кеміргіш түн көбелектері, қандалар, бітелер және басқа да түрлер зиян келтіреді. Арнайы зиянкестердің ішінде күнбағыс қан көбелегі және күнбағыс мүртты қоңызды қауіпті болып есептелінеді. Күбағыс қан көбелегі - Homoesoma nebulella Hb (Lepidopter отряды, Pyralidae тұқымдасы). Күнбағысты, мақсараны, ақкекірені зақымдайды. Көбелек қанатының құлашы 20-27 мм. Алдыңғы қанаты жіңішке, сұр орта жерінде төрт қара дағы бар. Артқы қанаты ақшыл түсті және алдыңғы қанатқа қарағанда жалпақ, қара қоңыр талшықтары және шашақтары бар. Есейген құрт сары қоңыр түсті, арқаны бойлай үш қара долақтар өтеді. Дене тұрқы - 15-16мм. Бес жастағы құрттар өрмекші пілләнің ішінде, топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Мамыр айының аяғында құрттыр қуыршақтанады. Көбелектердің ұшуы маусым айының басында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын күрделі гұлдер тұқымдасының гүл тозаңдығына салады. Жаңа туылған құрттар генеративті бөлігімен қоректенеді. Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсіп, топырақта қуыршақтанады. Көбелектің екінші ұрпағы күнбағыстың гүлдеу кезегінде пайда болады да, жұмыртқаларын күнбағыстың тілшелі және түтікті гүлдеріне салады. Барлығы шамамен 250. бірінші және екінші жастағы құрттар гүлдің әр түрлі бөліктерімен, ал үшінші жастан бастап құрттар тұқымның ішіне еніп қоректенеді. Зақымданған күнбағыстың гүл шоғыры дернәсілдердің қалдықтарымен ластанады. Күнбағыс мұртты қоңыз - Agapanthia dahlii Richt. (Coleoptera отряды, Cerambycidae тұқымдасы). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді, сонымен қатар күнбағысты және мақсараны зақымдайды. Қара, жылтыраған денесінің ұзындығы - 15-20 мм. Денесі қалың түктермен қапталған, қанатының үсіңгі жағының түктері сары немесе сүр түсті. Мүрттары денесінен ұзын болып келген. Дернәсілі ақшыл сары түсті, басы қоңыр түсті, ұзындығы - 22-25 мм. Есейген дернәсілдері әдеттегідей сабақтың жер асты бөлігінде қыстайды. Мамаыр айының басында дернәсілдері қуыршақтанады да мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында қоңыздар шыға бастайды. Қоңыздар күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағын және жапырағын зақымдайды. Аналықтары жұмыртқаларын күнбағыстың, ошағының, қалуеннің, түйе жапырқтың, мақсарының сабақтарының ішіне бір-бірден салады. Жұмыртқаларының түсі ақ, цилиндр, пішіндес. Аналық қоңыздардың өсімталдығы шамамен 40-50 жұмыртқа. Дернәсілдері сабақтың ішінде тамырға қарай бағыт алып қоректенеді. Зиянкес тұқымның ядросындағы май мөлшерінің төмендеуіне және сабақтың сынуына алып келуі мүмкін. Жылыны бір ұрпақ беріп дамиды. Күресу шаралары: Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе қайталып орналастырса, топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне және егіннің сиреуіне әкеліп соқтырады. Күнбағыстың сауыты сорттарын егу керек, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелгінің құрттары оны кеміре алмайды. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды тереңдігі - 25-30 см, көлемі - 0,25 м2 8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқау жүргізіп, есепке алады. ЭЗШ саны - 5-10 дернәсіл/м2. Көктемгі -- жазғы мезгілде ауа райының жылы және ылғалды мезгілінде шалғынды көбелек өте қауіпті (ЭЗШ саны - 5-10 дернәсіл/м2). Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10 өсімдіктен алып есеп жүргізеді. Егісті <<Тізім...>> регламенті бойынша инсектицидтермен өңдейді. Күнбағыс мұртты қоңызына қарсы күнбағыс сабағын төмен кесінді жасап жинау қажет. Егіс алқабындағы өсімдік қалдықтарын құрту және оларды өсімдік сабағынан ұшқанға дейін пайдалану керек. Терең сүдігер және қатар аралық өңдеу зиянкестер санының азаюына көмектеседі. Тапсырмалар: 1. Күнбағыс қан көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер 2. Күнбағыс мұрты қоңыздың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер. 3. Күнбағыс фитофагпен зақымдану белгілерін зерттеп танысыңыздар. 4. 10 кестені жазып толтырыңыз және зақымдану кезеңінің, зақым келтіретін түрдің суретін салыңыз. Күнбағыс зиянкестерінің сипаттамасы Жүйелі тәртібі (түр, тұқымдасы, отряды) Метаморфоз түрі Дернәсіл түрі Қуыршақ түрі Зақымдану кезеңі Зақымдайтын мүше Залал келтіретін белгілері Ұрпақ саны Қыстайтын кезеңі және қыстайтын орны Ұсынылатын күресу шаралары ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ Түсініктеме Қант қызылшасындакөптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус аруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады. Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald.),кәдімгі немесе қарақұмық(Сhaetocnema concinna Marsch.) (Coleoptera отряды, chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы - 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы - 1,5-2,2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1,5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын терендігі 3-6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10-14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-15 см терендігінде қуыршақтанады. Қоныздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді. Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы ). Көктеу кзеңінде- 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады. Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл ( Chromoderus declivis Ol.), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және (Тanymecus Palliates F.) ((Curculionidae - тұқымдасы, Coleoptera - отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы - 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы -7-11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі қара , ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы - 9-10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұрқабыршақтармен жабылған . дене тұрқы - 7-10 мм. Бізтұмсық дернәсілі - денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының денесітұрқы - 27-30 мм, ал қалғандарінікі- 20-25 мм. Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдері мен қауашақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қауашақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10 0С қызған кезде қоңыздар пайда болады . Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды. Темперетура 20-25 0 С қызған жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады . Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімді ктамырының маңайына, тереңдігі 3-10 см топыраққа салады. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кемтарлығын тудырады, ал күшти залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша б>>зтұмсығының дернәсілі арамшөптерде дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылшаны тамырының мойнына салады., ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камерелар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұдай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелу>> мүмкін. Күресу шаралары. Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсву тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш жәндіктердің әрекетің күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек. Қызылша сауытты қоңызы - Cassida nebulosa L. (Curculionidae - тұқымдасы, Coleoptera - отряды). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы - 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген. Күресу шаралары.Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістікпен алып тастау керек . сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізіиі бойынша пайдаланған жөн. Қызылша қандаласы - poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemiptera отряды, Miridae - тұқымдасы.) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т.б. өсімдіктерді зақымдайды. Бунақденелілердің дене тұрқы - 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан . Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің( көкпек, қызыл-құйрық, жусан, т.б.) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында - мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уақытта 5 жас өтеді де, ересек жәндікке айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байланысты зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды. Қандала өсімдіктің шырының сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады. Күресу шаралары. Арамшөптерді құртуе, ауыспалы егісті қатаң сақтау, зиянкестерге қарсы инсектицид қолдану керек. Қызылша бітесі - Aphis fabae Scop. (Hemiptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек. Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы - 1,5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-90С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді. Күресу шаралары. . Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды таратуға жағдай туғызады. Бақылау сұрақтары: * Қызылшаның зиянкестерін және олардың отряды мен тұқымдастарын атап беріңіз. * Қызылша бүргесінің түр құрамы, дамуы және зияндылығы. * Қызылша бүргесіне қарсы қандай күресу шараларын қолданады? * Қызылша бізтұмсығының ішкі белгілері, даму циклі, зияндылығы. * Қызылша бізтұмсығымен күресу шараларын атаңыз. * Қызылша қандаласының биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Күресу шаралары. * Қызылша тамыр бітенің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Онымен күресу шаралары. Дәріс10-11 Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары Жоспар: * Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері * Көкеніс және бақша дақылдарын қорғау шаралары Түсініктеме Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан.Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады:шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері,бұзаубас,кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары ,шырыштар (ұлулар).Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең қанаттылар ,қабыршақ қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады.Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді. Сәбіз шыбыны- Psila rosae L(Diptera Psiliade тұқымдасы). Шыбынның түсі қара,жылтыр,басы қоңырқай қызыл,төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар,мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті.Қанаттары түссіз,жасыл реңді болып келеді.Денесінің ұзындығы 4-5 мм.Дернәсілдері жұқа,жылтыр ,қоңыр сары түсті.Денесінің ұзындығы -7мм.Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда),кейде көкөніс қоймаларында,тамыр жемістерінде қыстайды.Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді.Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынмен қоректенеді .Ұрғашы шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі.Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап калады. Дернәсілдің өсіп жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер тапырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымдаңған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып калады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда, 1-2 ұрпақ береді. Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арам шөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әрқайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді <<Тізім...>> бойынша қолданылады. Пияз шыбыны - Hylemyia antique Mg (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы). Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкті. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм, шамасында түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жінішкерген. Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыкканнан кейін (Мамырдың екінші жартысында) Ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күнен кейін дернәсілдер шыгып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгенен кейін тапырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді. Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет (Қосымша). Пияздың ызылдақ шыбыны - Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы) Шыбын жасыл қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады.Оның ұзындығы 5-9 мм.Құрттары сұрғылт сары,ұзындығы 7-11 мм.Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар,екі жағында бір-бірден ірі терісі болады. Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларына қыстайды.Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады.Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне,қабыршақтарының астына,жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп ,ішкі бөліктерін түгел жеп қояды.Зақымдануының салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды,ал пияз мойны шіріп кетеді.Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де,едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шірігін массаға айналады.18-25 күннен кейін ұрпақ шыбындары ұшып шығады.Көбінесе 2 ұрпақ дамиды. Күресу шаралары.Пияз шыбынымен күресуге ұқсас. Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды,Aphididae тұқымдасы).Бұл жәндік қиярды ,асқабақты,патиссонды,кәдіні зақымдайды.Бақша бетінің ұзындығы -1,2-2мм ,түсі сарыдан бастап қара жасыл,тіпті қара болып келеді.Баланқұрттары сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады. Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Тускен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді <<Тізімге...>> сәйкес қолдану. Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. ( Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы) Өрмекші кене өте ұсаққ, ұзындығы -0,4-тен 0,6 дейін болады.Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады. Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп калады және кенелер жолдың жетегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уакытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы ормек астына жұмыртка (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөнгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шағар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайда байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағынаң дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады. Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдар (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымдайбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда өсімдікке жыртқыш кенені - фитосейулюсті, яғнижыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1 м алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу <<Тізім...>> регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет.Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою.Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 балдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25% -ке дейін алып жатады.) Жылыжай аққанаты - Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ).Қиярды ,қызанақты бұрышты салат жапырақтарын,бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады.Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз - ақ жылжымалы сатысы болып табылады.Ересек дернәсілдері ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді,ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар,үстін қысқа түктер басқан,денесінің шетінде 2 жіпшесі болады. Ұрғашыларыақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобы мен салады,жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінді 10-20 данадан салады.Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес.1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске айналады. Ұрықтықтық даму 7-12 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері,одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымаен қоректеніп,олардың өсуін қатты әлсіретеді.Қою шырынды сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды,олар жапырақтың фитосинтетикалық қызмтін әлсіретеді.Сондай-ақ саңырауқұлақтары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады.7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады.Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады. Күресу шаралары Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою.Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойфп отыру.Аз зақымдалатын дақылдарды өсіру.Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады,желімді торлар құрады.Ол үшін фанер кесіндісін алып ,оны сары немесе ақ түске боялады,бұлар жәндіктерді тартады және оларды вазелинмен ,бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды.Жәндіктер оған қонады да,жабысып қалады.Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатынасында энкразиялар жібереді. Темекі трипсі- Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera отряды , Thripidae тұқымдамасы) Темекі өсімдітерін,қозаны,қытай бұршағын,қиярды,асқабақты,пиязды,картопты ,гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды.Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1-мм шамасында )ақшыл сары немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе жасыл сары түсті болып келеді.Ұрғашылары ұсақ қоңырқай жұмыртқалар салады,оларды бір - бірден жапырақ ұлпасы қабықшаларының астына орналастырады.3-5 күннен дернәсілдері шығып,жапырақтар мен гүлдің шырынын сорып алады.Осының нәтижесінде өсімдік өспей қалады.Бітелер өсімдік қалдықтарында ,пияздың құрғақ қабықшаларының астында,сондай-ақ топырақтың жоғарғы бетінде қыстайды.Бір ұрпақтың дамуына15-30 күн қажет.Темекі бітесі вирустық ауруларды таратушы болып табылады. Күресу шаралары Дақылдарды кезектестіріп отырғызу және барлық өсімдік қалдықтарын жинау.Терең сүдігер жырту қажет.Пиязды егу алдында 45С суда 10 минут бойы залалсыздандыру ,кейін салқын суда суыту.Өскіндер айналасындағы топырақты жиі қопсытып отыру.Инсектицидтерді тізімге сәйкес қолдану.Егін орағынан кейін жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту.Дезинсекциялау үшін 50г/м2 есеппен күкіртті 1-2 тәулік бойы 18С ауа температурасын жағу арқылы қолдануға болады. Тапсырмалар: 1.Сәбіз шыбынының тіршілік оралымы мен зияндылығын зерделеу. 2.Пияздың қос қанаттылар отрядына жататын зиянкестердің морфологиялық және биологиялық өзгешіліктері мен өсімдіктерді зақымдау белгілерін зерттеп танысу. Дәріс 14-15 Ауыл шаруашылығына зиан келтіретін карантиндік зианкестер Жоспар: 1.Картоп рагының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері 2. Жүзім филлоксерасы морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері 3. Калифорниялық қалқанша сымыр морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері Картоп рагы. Қоздырғышы - Synchytrium endobioticum Pers. Бұл СССР-да карантиндік ауру қатарына жатады. Ауру тамырдан басқа мүшелердің бәрін, әсіресе түйнектерді күшті зақымдайды. Аурудың бірінші белгілері жас түйнек көзшелерінен басталады, кейіннен ісік өсінділері үлкейе береді, кейде тіпті оның көлемі түйнек көлемімен бірдей болады. Ісік өсінділерінің ішінде саңырауқұлақтың қыстық споралары өсіп жетіледі. Ауру түйнекпен бірге жерге түскен ісік өсінділеріндегі споралар қыстап шығып, көктемде зооспорангия құрады және өніп шығады. Зооспорангияда жетілген талшықты зооспоралар сау түйнекке жабысып, оның эпидермисіне енеді. Осылай түйнекке түскен зооспора көбейіп дамып зооспорангия жиынтығына айналады. Зооспорангия споралары арқылы қоздырғыш жаз бойы жаңа өсімдік түйнектеріне тарайды.Саңырау құлақ жапырақта 5-6 жыл бойы өзінің тіршілігін сақтай алады.Бұл ауру картоптан басқа томатта, меңдуанада, т.б. алқа гүлді өсімдіктерде кездеседі. Күресу шаралары. Карантиндік шараларды қолдану; картоп егілген танапқа 5-6 жыл бойы ісікпен ауырмайтын өсімдік еккен соң ғана қайтадан картоп егуге болады; ісік ауруы кездескен топврақты 1,5 процентік нитрафенмен немесе хлорпикринмен залалсыздандыру. Жүзім филлоксерасы - Viteus vitifolli Fitch. Тең қанаттылар отрядының филлоксера тұқымдасына жатады. Бұл зиянкестік отаны Солтүстік Американың оңтүстік- шығыс бөлігі. Европаға XIX ғасырдың аяғында әкелінген. 1880 жылы ол Қырымда, одан кейінгі жылдары Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Кубаньда және Тбилисидің маңында табылған. Қазіргі уақытта филлоксера Молдавияда, Украинада, Солтүстік және Күңгей Кавказда таралған. Карантин зиянкесі болып есептеледі. Тек жүзім өсімдігін ғана зақымдайды. Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипаты жағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі; тамырлық және жапырақтық түрі. Тамыр филлоксерасының қанатсыз ұрғашыларының пішіні сопақша, түсі сарғылт-қоңыр, арқасымен бүйір жақтарында 6 қатар болып, бойлай орналасқан күңгірт түсті бұдырмақтар болады, тұмсығы ұзын, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен асып тұрады, мұртшалары қысқа, 3 буыннан тұрады, денесінің ұзындығы 1 мм шамасындай. Бұл белгілер тамыр филлоксерасының личинкаларына да тән. Жұмыртқалары алғашында ақшыл-сары болады да соңынан қоңыр түске көшеді, ұзындығы 0,3 мм шамасындай. Жапырақ филлоксерасының қанатсыз ұрғашысы сарғылттау жасыл түсті, жұмыр денелі, ұзындығы 1,25 мм-дей болады, тұмсығы қысқа, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен аспайды, арқасы мен бүйір жақтарында бұдырмақтар болмайды. Филлоксераның бұлардан басқа нимфа, қанатты және жынысты ұрпақ деп аталатын түрлері де болады. Жүзімнің америкалық сорттары мен америка-европалық будандарында филлоксера толық циклді болып, екі түрде де дамиды. Ал жүзімнің европалық және азиялық сорттарында тек тамыр филлоксерасы ғана дамиды. Филлоксера толық циклмен дамығанда I-II жастағы личинкалары жүзімнің тамырында қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 130 С-қа жеткенде олар жіңішке тамыршалардың шырынын сорып, қоректене бастайды.20-30 күннен кейін личинкалар тамыр түрінің қанатсыз партеногенездік ұрғашыларына айналады. Олардың әрқайсысы40-100 жұмыртқа салып, одан соң өледі. Солтүстік аудандардың жүзім шаруашылықтарында филлоксераның бұл түрі осындай жолмен өсіп-өніп 4-5, ал оңтүстік аудандарда 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Жаз кезінде личинкалардың бір бөлігі жер бетіне шығады. Одан соң жердің жарықтары арқылы топыраққа қайтадан енеді де көрші өсімдіктердің тамырларын мекендеп, тіршілік әрекетің жалғастыра береді. Маусым айының орта кезінен бастап кезбе личинкалардың кейбіреулері жүзім сабағының бойымен өрмелеп жоғары көтеріледі де қанатты ұрғашы бітелерге айналады. Олар ұшып-қонып жүріп жұмыртқаларын жүзім өсімдігінің жер үстілік мүшелеріне салады. Жұмыртқалардың үлкен-кішілігі әр түрлі болады. Олардың ірілерінен филлоксераның ұрғашылары, ал ұсақтарынан еркегі дамиды. Одан соң ұрғашы бітелер ағаш қабығының ішіне қыстайтын жұмыртқаларды салуға кіріседі. Олардың әрқайсысы бір-бір жұмыртқадан ғана салады. Көктемде сол жұмыртқалардан шыққан личинкалар жапырақтың үстінгі бетіне сүлікше қадалып шырынын сора бастайды. Зақымданған ткань қалыптан тыс өсіп, жапырақтың астынғы жағынан бұлтиып шығып тұрады, сөйтіп беріш пайда болады. Ал личинкалар беріштің ішінде қоректеніп, дамуын одан әрі қарай жалғастыра береді. 18-25 күннен кейін бұл личинкалар жапырақ филлоксерасының қанатсыз партеногенетикалық ұрғашыларына айналады. Олар беріштің ішінде 500 дейін жұмыртқа салып, одан соң өздері өледі. 6-8 күннен кейін бұл жұмыртқалардан личинкалар шығады да жапырақтарда қоректеніп, жаңа беріштер түзіледі. Зақымданған жапырақтардың ассимиляциялық қызметі нашарлайды, өсімдіктің өсуі тежеледі, беретін өнім азаяды, көпшілік жағдайда өсімдік біржола тіршілігін жояды. Филлоксераның бұл түрі бір маусым ішінде 7-9 ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Екінші ұрпақтан бастап жапырақ филлоксерасының арасында ұзын тұмсықты личинкалар да пайда бола бастайды. Олар топыраққа еніп, одан тамырға өтеді де тамыр филлоксерасына айналады. Бірте-бірте тамырға көшетін ұзын тұмсықты личинкалардың саны өсе бастайды. Күзгі суық басталысымен жапырақ филлоксерасының личинкалары түгел қырылады да тек тамыр филлоксерасы ғана қалады. Филлоксера зақымдаған өсімдік тамырында пішіні құстың тұмсығына ұқсас ірілі-ұсақты ісік тәрізді өсінділер пайда болады.Олар әр түрлі микроорганизмдердің әсерінен тез бұзылып, шіри бастайды. Тамырдың өсуі тежеледі. Нәтижесінде зақымданған жүзім бұталары біржола өледі. Күресу шаралары. Ерте көктемде бүршік жарылмай тұрғанда жапырақ ширатқыш көбелектердің қыстап шыққан қуыршақтарын және кенелерді құрту үшін жүзімнің сидам сабақтарын және оның тарамдарын қабықтарынан тазарту. Одан соң оларды акрекстің 50%к.э. немесе антионың 25 %к.э. бүркіп өңдеу. Жапырақ ширатқыш көбелектердің жұлдызқұрттарына қарсы жүзім бұталарын бірнеше рет бүркуге тура келеді: көктемде жүзім гүлдемей тұрған кезде, және жидектер пісер кезде. Бүрку үшін мына препараттардың біреуін қолдануға болады: фозалон 35 к.э.(1,0-2,8 кг\га), фосфамид 40%к.э. (1,2-3 л\га), карбофос 50% к.э. (1,0-2,5 л\га), антио 25% к.э. (1,2004 кг\га). Фозалон зиянкестің бірінші және екінші ұрпақтарына қолданылады. Ал көрсетілген препараттардың басқаларын өнімді жинау мерзіміне 30 күн қалғанға дейін пайдалануға болады. Жүзім плонтацияларында филлосерамен күресу шаралары мынадай 3 зона бойынша дифференциаланады: 1 - филлоксера жоқ зона, 2 - филлоксера бірен-саран таралған зона, 3 - филлоксера мекендеген зона. Филлоксера жоқ зонада жаңа плантация жасауда және ескі плантацияларды жөңдеуде филлоксераның жапырақпен қоректенетін түрі дами алмайтын сорттарын пайдалану, сонымен қатар карантин ережесін бұлжытпай орындау керек. Төрт ноқатты бұршақ қоңызы - Bruchus pisorum L. Қатты қанаттылар отрядының дәнек қоңыздар тұқымдасына жатады. Денесін тотық түсті түктер басқан қара қоңыз. Ұзындығы 4-5 мм. Мұртшалары 11 бунақты, алдыңғы бунақтары қызғылт. Алдыңғы арқасы өте жалпақ, көлденең ұзындығынан 2 есе артады. Үстінгі қанаттарында ақшыл дақтармен қиғаштау орналасқан ақ жолақтар бар. Құрсағының ең соңғы бунағы(пигидий) қанаттармен бүркелмеген, онда крест тәрізді ақ таңба болады.Личинкаларында аяқ болмайды, жуан денелі, ұзындығы 6 мм жетеді. Бұршақ қоңызы негізінен Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы облыстарында зиян келтіреді. Қазақстаннан басқа далалық және орманды дала аймақтарда, яғни Украинада, әсіресе оның оңтүстік-батыс бөлігінде, Солтүстік кавказда, Батыс Грузияда, Армения мен Азербайжанда, Орта Азия республикаларында және Қиыр Шығыста таралған. Зиянкес жылына бір генерация беріп көбейеді.Көбінесе ол ересек қоңыз күйінде қамбадағы және өнімді жинаған кезде егіс далаларында шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап қыстап шығады. Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жпырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Қоңыздардың жұмыртқа салу кезеңі өте шұбалыңқы. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады. Орташа өсімталдығы әр ұрғашы қоңызға 130-750 жұмыртқадан келеді. Эмбриондық дамуы 6-10 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан личинка жарма үстін кеміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Бір дәнге бірнеше личинка кіруі мүмкін, бірақ олардың ішінен біреуі ғана дамып, қалғандары өледі. Қоректену процесінде личинка дәннің ішін үңгіп едәуір кең қуыс жасайды. Личинкамен қуыршақтың дамуы толығымен бір дәннің ішінде өтеді де 1,5-2 айға созылады. Қуыршақтанар кезде личинка дәннің керегісін іш жағынан кеміріп, беті жұқа қабықшамен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Қуыршақтан шыққан жас қоңыз осы <<терезе>> арқылы сыртқа шығады. Қуыршақтың дамуы 20-23 күнге созылады. Бұршақ қоңызының личинкалары зақымдаған бұршақ дәндерінің салмағы кеміп, сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75 % дейін төмендейді. Ондай дәндердің ішкі қуысы личинканың экскрементімен толы болады. Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген учаскіде оларды аз дегенде 2-3 жылдан соң ғана қайталап егу керек. Бұршақ дәнді дақылдар егісінкөпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер егісінен қашықтау учаскіге орналастыру қажет. Өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту тиімді. Жерге себілген тұқымды және жаңадан шыққан егіс көгін топырақты мекендейтін көп қоректі зиянкестерден және ауру қоздырғыштардан қорғау үшін себер алдында тұқымды ТМТД-мен 80%с.ұ. немесе фентиурамен 65с.ұ. молибдатпен қоса өңдейді. Көктемде бұршақтың көгіне зиян келтіретін бізтұмсық қоңыздарға және басқа зиянкестерге қарсы күресте мына препараттардың біреуін қолданады: фосфамид 40% к.э(0,5-1 л\га), вофатокс 30 % с.ұ. (0,35-0,7 кг\га). Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті инсектицидтермен 2 рет өңдейді. Ең алдымен бұршақ гүлденер алдында егістің көлденеңі 50- 100 метрлік шет жиектерін, одан кейін 10 күн өткен соң егісті тұтас бүркіп өңдейді. Ол үшін карбофос 50%(0,5-1,2 кг\га), немесе вофатокс 30% с.ұ. (0,35-0,7 кг\га) пайдаланылады. Калифорниялық қалқанша сымыр - Quadraspidiotus perniciosus Comst. Қауіпті зиянкес, ішкі карантин объектісі болып есептеледі. Бұрынғы КСРО-да бірінші рет 1931 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауынан табылған. Қазіргі уақытта Молдавияда, Украинада, Грузияда, Краснодар және ставрополь өлкелерінде, Орта Азияда, Хабаровск және Приморье өлкелері мен Сахалиннің оңтүстігінде таралған. Ал қазақстанда Шымкент обылысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Зиянкестің ұрғашысының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті , денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты мен көзі редукцияланған, бір жерде қозғалмай тіршілік етеді, шаншып-сорғыш ауыз аппараты жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылт қоңыр, диаметрі 2 мм жетеді. Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі қызғылт-сары, кеудесінде көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз аппараты редукцияланған, бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9мм, қалқаншасының ұзындығы 1 мм жетеді. Личинкасының денесі сопақша, түсі сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы ба, көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы болады. Калифорниялық қалқаншалы сымыр 1 жастағы личинка күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда II-жастағы личинкаларыжәне ересектеріде қыстап шығады. Көктемде жеміс ағаштарында <<шырын жүру >> кезеңі басталысымен личинкалар қысқы ұйқыдан оянады да10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек насекомдарға айналады.Ұрықтанған ұрғашы сымырлар50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 60-80 личинка табылады. Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес қоректенетін жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Ол әсіресе питовниктермен жас бақтарға қатты зиян келтіреді. Мекендеген жерлердің географиялық ендігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 генерация беріп өсіп өнеді. Шығыс алма жемірі - Laspeyresia pomonella L. Қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады. Жер жүзі бойынша алма ағашы өсетін зоналардың барлығында тегіс таралған ең қауіпті зиянкес. Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабығына ұқсас қара сұр түсті болады. Сонымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр 3 жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл-сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм жетеді. Көбелектің жетіліп қоректенуін тоқтатқан жұлдызқұрттар алма ағашының діңі мен бұтақтарының өлі қабықтары астында, жарықтарында , кеуектерінде жерге түскен жапырақтардың және басқа өсімдік қалдықтарының арасында, сонымен қатар жеміс сақтайтын орындарда қыстап шығады. Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарында қуыршаққа айналады. 2-3 жетіден соң қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Әдетте олардың ұшу мерзімінің басталуы алма ағашының гүлдену кезеңінің аяқ кезіне тура келеді. Көктем кешіккен жылдары көбелектің жалпы ұшу мерзімібір айға, ал жаппай ұшу кезеңі 7 күннен 14 күнге созылады. Қуыршақтан шыққан соң бірнеше күннен кейін көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне салады. Көбелектер кешке қарай күн батқан соң және түнде ұщады. Ауа райының жылылығы 160 С төмен болатын салқындау күндері көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады. Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 100 және одан да көп жұмыртқа салады. Оншақты күн өткен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1-2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ тканіне енеді де онда тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен қоректенеді. Одан соң келесі жеміске көшеді. Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25-30 күнге созылады. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жарықтарында және басқа орындарда қуыршаққа айналады. Оңтүстік аудандарда бұл кезең мамырдың соңғы оңкүндігінде, ал Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында маусымның екінші жартысына немесе аяқ кезіне тура келеді. Қуыршақтану кезеңі басталғаннан соң 10-15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымданған жеміс түйнектері пісіп жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымданғандары төзімсіз келеді. Алма жемірі республиканың оңтүстігіне жылына 3, оңтүстік шығысына 2, ал батыс, орталық және солтүстік аймақтарында бір ұрпақ беріп дамиды. Картоптың колорад қоңызы - Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы - 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан. Дернәсілдің ұзындығы - 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы - қызыл, үш пен төрт жастағылар - қызғылт сары түсті болады.Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады. Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақтың уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillis thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңіңде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптеп келеді. ЭЗШ саны - 5-8% қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау - гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп.Картоп егістерін "Тізімге..." келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді. Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne. Картопты, шамалы түрде ас бұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды. Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар. Ұзындығы - 0,7-1,3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дамиды. Нематодалар картоп түйнектрінде сақталады. Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар жас сабақтарға еніп, өсімдіктін өсуін тоқтатады. Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар өтекішкентай және толқынды. Түптің төмеңгі қабатындағы жапырақтар өліп қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе жатқан түптерге енеді. Бұдан кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар пайда болады, ал сақтау кезеңінде-түптердің жоғарғы бетінде бастапқыда татты-қоңыр ұсақ жарықшалар, одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады. Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1 - +3 градус денгейде). 2.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР: ТАҚЫРЫБЫ: 2-8 Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі. Тапсырмалар: 1.Дәннің сұр көбелегінің өсу циклі және зияндылығы мен танысу. 2.Жапырақ жемірлері тұқымдасы тұрлерінің морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу. 3.Астық қоңыздарының морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу. 4.Дәннің сұр көбелегі,қатты қанаттылар отрядының кеміргіш зиянкестерімен күрес шараларын зерттеп тану. 5.6 кестені жазып толтыру. Астық дақылдарының кеміргіш зиянкестері Түр,системалық жүйедегі орны Зақымданатын дақылдар,зақымдану мезгілі Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі.ЭЗШ Қысқаша биологиясы Күресу шаралары 1 2 3 4 5 Бақылау сұрақтары: 1.Егіннің көгін зақымдайтын астық дақылдарының зиянкестерін атап,өсімдіктердің зақымдану белгілерінің сипаттамасын,олардың келтірнтін зиянын және күресу шараларын көрсетіңіз. 2.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестерінің систематикалық атауын, ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз. 3.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестеріне қарсы қандай шаралар қолданылады. 4.Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестерінің өкілдері қай тұқымдасқа жіне қандай отрядқа жататынын атап шығыңыз. 5.Шаншып сорғыш зиянкестерінің зақымдау белгілеріне анықтама беріңіз. 6.Астық егіушісінің өзгешелігі,күресу шаралары. 7.Астық дақылдарының сорғыш кешенге жататын зиянкестеріне қарсы қолданылатын кұресу шаралары. 8.Астық қоңыздарды және барылдақ қоңызды сипаттаңыз.Олармен күресу шараларынвң жүйесін келтіріңіз. 9.Дәннің сұр көбелегінің тіршілік циклін сипаттап күресу шараларын көрсетіңіз. 9.Астық дақылдарының кезеңдеріне байланысты зақымдайтын фитофагтардың түрлері. ТАҚЫРЫБЫ: 9-16 Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі. 1. Бұршақ бітенің, бұршақ және үрме бұршақ қоңызының, түйнекті бізтұмсықтың, акция көбелегінің даму циклімен және өсімдіктің залалданған нышандары мен зерттеп танысу. 2. Бір жылдық бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын қарастырыңыз. 3. 7 кестені жазып толтырыңыз. Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері Түр, жүйелі орны Зақымдайтын дақылдары, зиян келтіретін кезеңі Зияндығы Қысқаша биологиясы Күресу шаралары Бақылау сұрақтары: 1. Бұршақ тұқымдас дақылдарды зақымдайтын фитофагтардың түрін және отряды мен тұқымдасын сипаттаңыз. 2. Бұршақ бітенің дамуы мен көбеюінің ерекшелігі қандай? 3. Бұршақ тұқымдас дақылдардың қатты қанаттылар отрядына жататын фитофагтардың даму циклін және зақымдауының өзгешелігін сипаттаңыз. 4. Бұршақ жемісжемірі мен бұршақ немесе акция көбелегінің биологиясының ерекшелігін және оның зияндылығын көрсетіңіз. 5. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын тізіп сипаттаңыз. ТАҚЫРЫБЫ: 16-24 Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі 1. Күнбағыс қан көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер 2. Күнбағыс мұрты қоңыздың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер. 3. Күнбағыс фитофагпен зақымдану белгілерін зерттеп танысыңыздар. 4. 10 кестені жазып толтырыңыз және зақымдану кезеңінің, зақым келтіретін түрдің суретін салыңыз. ТАҚЫРЫБЫ: 24-30 Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары 1.Сәбіз шыбынының тіршілік оралымы мен зияндылығын зерделеу. 2.Пияздың қос қанаттылар отрядына жататын зиянкестердің морфологиялық және биологиялық өзгешіліктері мен өсімдіктерді зақымдау белгілерін зерттеп танысу. 3.ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: № СОӨЖ СӨЖ Аудитория Аудиториядан тыс 1 Бунақденелілер құрылысымен танысу. Көп қоректі кеміргіш зианкестер Химиялық күрес шаралары 2 Дәнді дақылдардың кеміргіш зиянкестері Топырақта мекендейтін зианкестер Агротехникалық күрес шаралар 3 Қант қызылшасының зиянкестері Көкеніс және бақша дақылдарының зианкестері Биологиялық күрес шаралары 4 Көкені Тура қанаттылар отрядына жататын көп қоректі жәндіктер Физикалық күрес шаралары 5 Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары Көп қоректік зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері. Биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы және күрес шаралары Зианкестермен күресудін химиялық шаралары 6 Қоймадағы астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдерінің зиянкестері және оларды қорғау шаралары. Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі. Карантинге жатқызылған зианкестер 7 Ауыл шаруашылығына зиан келтіретін карантиндік зианкестер Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі. Шегірткелерді тексеру, және болжам жасау әдістемесі 8 Ауыл шаруашылық зианкестерінің систематикасы Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі. Қойма зианкестері
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz