Файл қосу
Магистранттарға қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің методологиялық - теориялық негіздерін меңгерту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-28.1.23/02-2013 ПОӘК <<Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі>> пәнінің магистрантқа арналған жұмыс бағдарламасы ______2014 жылғы № 1 басылым 6М 011700- <<Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы>> Магистранттарға арналған <<Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2014 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Ғ.Р.Акманова-педагогика ғылымдарының кандидаты. _____________ <<___>> ___________20___ жыл. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Қазақ әдебиетінің кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С. 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20 ___жыл. ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К. 4 <<____>> __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 1 БАСЫЛЫМЫ Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Бағалау саясаты 7 Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Ғ.Р.Акманова-педагогика ғылымдарының кандидаты Кафедра: Қазақ әдебиеті кафедрасы Ақпараттық қатынас: телефон: 87777422212 Сабақ өтетін орын: №8 оқу ғимараты, 213 дәрісхана Кредит саны: 2 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: "Жоғарғы мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі" пәні бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі. <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылады. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде көркем әдебиеттің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болады. Қазақ әдебиетінің орта мектепте жүргізілу тарихы мен теориялық тамырларын студенттер дәрістерді тыңдау үстінде қандай мәселелердің қозғалып жатқанын адаспай дұрыс аңғарып отыруы аса маңызды жай. Сондықтан, бағдарламаның тақырыптарының бір-бірінің заңды жалғасындай болып шығуына жете көңіл бөлінді. Мазмұн сабақтастығы, мәселелердің туындау рет-реттілігі сақталды 1.3Пәнді оқытудың мақсаты: <<Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі>> курсының негізгі мақсаты - кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Магистранттарға қазақ әдебиетін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау. 1.4 Пәнді оқытудың міндеттері: * Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері; * Әдебиет теориясын оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері; * Әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері; * Әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары; * Көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді. * Магистранттарды әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету; * Магистранттарға қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту; * Қазақ әдебиеті жүйесін жоғары оқу орнында танымдық тұрғыдан талдап көрсету; * Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу; * Қазақ әдебиетін оқытудың теориясы мен әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту. 1.5 Оқыту нәтижесі: Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар білуге тиіс: * Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі курсы барысында магистрант әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің осы кезге дейін жасалған бай мұрасын танып білуі керек. Студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі; * Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады; * Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады; * Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі; * Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді; * Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді; * Әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игереді. * Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді; * Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады; * Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді. Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар: Магистранттар <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін>> оқуы барысында қазақ әдебиеті оқытушысына тән іскерліктерді қалыптастырады. Олар мыналар : -жоғары оқу орнында білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі ; -топ студенттерінің қазақ әдебиетінің теориясын игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін студенттің қабілетімен байланыстыра алу іскерлігі; - әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі; - қазақ әдебиетінің жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік орны мен ерекшелітерін байланыстыра оқыту іскерлігі; - қазақ әдебиетінен берілетін ғылыми материалдың эмпириалдық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі; - оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс. <<Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі>> курсын меңгеруі барысында магистрант әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі керек. Қазақ әдебиетінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқу барысында қалыптастыру бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет. 1.6 Курстың пререквизиттері: * <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> курсын меңгеру үшін студенттер келесі пәндерді қосымша оқу қажет: * Әдебиеттануға кіріспе; * Қазақ халық ауыз әдебиеті; * ХХ ғ.қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940); * Қазақ әдебиетінің тарихы 3.6 Курстың постреквизиті: * Курстың постреквизиті: * Әдебиет теориясы; * Қазақ әдебиетінің сынының тарихы 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ 1 Кесте № Тақырыптар атауы сағаттар әдебиеттер Дәріс Тәжір ОСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 1 Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихы 1 1 1 1 3-9 2 Қазақ әдебиетінің басқа ғылымдармен байланысы 1 1 1 12-23 3 Сабақ және оған қойылатын талаптар 1 1 1 1 25-38 4 Әдебиетті оқыту әдістері 1 1 1 24-28 5 Көркем шығарманы оқыту 1 1 1 20-24 6 Мәнерлеп оқуға төселдіру 1 1 1 25-37 7 Мәтін талдауға әзірлеу 1 1 1 1 38-41 8 * Шығарма образдарын талдау 1 1 1 42-45 9 * Теориялық ұғымдарды қалыптастыру. 1 1 1 1 46-48 10 Кіріспе сабақтар және оның ұйымдастырылуы. 1 1 1 23-27 11 Эпикалық шығармаларды оқыту 1 1 1 1 26-31 12 * Драмалық шығармаларды оқыту 1 1 12-24 13 Лирикалық шығармаларды оқыту 1 1 1 1 11-18 14 Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту 1 1 1 16-21 15 Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері. 1 1 1 1 22-26 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> курсы негізінде кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Магистранттарға қазақ әдебиетін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау.Магистранттарға қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту; Қазақ әдебиеті жүйесін жоғары мектепте танымдық тұрғыдан талдап көрсету; Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу; Қазақ әдебиетін оқытудың теориясы мен әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту. 4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған магистранттар автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу магистранттардың міндеті болып табылады. Егер магистрант қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір магистрантқа дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды. ОЖМӨЖ мақсаты - әдістеме саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру. ОЖМӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады: * курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi; * әдістеме ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы. Магистранттардың өздік жұмысы - бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды. Өздік жұмыс сонымен қатар магистранттың максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, МӨЖ, ОМӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған магистрант емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> пәнінің ұпайларға бөліну Апта Бақылау түрі Барлық ұпай Ескерту 1 2 3 4 1-аптадан 8-апта аралығында дәріске қатысу 30 1 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 10 2 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 25 3 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 10 4 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 25 5 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 10 6 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 25 7 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 25 10 8 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 25 1-8 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай 300 9-15 апта аралығында дәріске қатысу 30 9 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 10 10 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 25 11 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 10 12 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 25 13 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 10 14 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 25 15 Семинар ОЖМӨЖ МӨЖ 15 10 9-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай 300 Емтихан бойынша қорытынды ұпай 400 Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай 1000 * ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер: * Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Рауан, 1997. * Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003 * Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., 1999. * Мәшһүр Жүсіп К. Көркем сөздің құдіреті (Меатепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000. Қосымша әдебиеттер: * Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994. * Қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың кейбір жолдары (методикалық жинақ). * Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999. * Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981. * Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979. * Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995. * Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993. * Голубков В. Методика преподавания литературы.М.,1962. * Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.А.,1974. * Құрманбаева Г., Дүйсебаев С.Әдебиет сабағының үлгілері.А., 1999. * Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту методикасы.А., Мектеп,1985. * Жұмажанова Т.Қ.Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары.6-7 сынып.А., 2003. * Сманов Б. С.Мұқановтың <<Ботағоз>> романын оқыту.А.,2003.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz