Файл қосу
Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-16-13.1.04 /03-2013 ПОӘК <<Зат құрылысы>> пәнінің оқу-әдістемелік материалдары № 2 басылым 10.01.2013 ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<МЕКТЕПТЕ ХИМИЯДАН КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ>> <<5В011200 - Химия>> мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 3 2 Дәрістер 5 3 Практикалық сабақтар 52 4 Студенттердің өздік жұмыстары 53 1 ГЛОССАРИЙ Атом - элементар бөлшектерден тұратын қарапайым электрлі бейтарап жүйе. Молекула - бірнеше атомдардан тұратын неғұрлым күрделі жүйе.Аспект - заттың, құбылыстың, ұғымның белгілі бір жағы; белгілі бір көзқарас тұрғысынан кейбір мәселе мен құбылыстың қарастырылуы. Білім беру - ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мәдени мұраны жүзеге асыратын әлеуметтік институт, мектеп - өзіндік ерекшелігі бар соның бір бөлшегі. Білім беру процесі тек қана білім таратумен шектеліп қалмай, қоғамдық-тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге бағытталған процесс. Білім беру жүйесі - білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланысының жиынтығы. Бейіндендіре оқыту - оқытудың дербестендірлуі мен әр тектенділендіруі , білімін жалғастыруға тілек еткен жас өсірімнің қабілеті мен бейіміне орай оқу үдерісінің мазмұнын , сипатын құрылымын өзгерту арқылы жаңа тұрпаттағы білім беру жолы. Базистік оқу жоспары - бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болыптабылады. Педагогикалық жүйе - ересектер мен өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, білім беру мақсатына бағытталған құрылымдық, функциялық байланыстардың өзара бірігуі. Мемлекеттік білім беру стандарты - білім беруде толық қанды мақсатқа жету үшін қажетті білімнің, дағды мен машықтардың тиімді жиынтығының ықшамдалған мазмұны. Менеджмент - адамдармен қарым-қатынас жасау барысындағы билік жасау мен басқару өнерінің әдісі мен тәсілдері. Гуманизацияланған білім беру - философиялық, әлеуметтік-саяси үстемдік, онда тұлғаның білім алуын, қоғамдық өмірге дербес араласуын қамтамасыз етудің барысы жан-жақты және еркін болуы шарт. Гумандандыру идеясы оқыту формасы мен әдістеріне сіңіп, өз шарттарын алға тартып отырады. Даму - қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі. Дедукция - жалпыдан жалқыны бөліп алып ой қорыту әдісі. Демократияландыру - оқыту процесіне демократия принциптерін енгізу. 2 Дәрістер 1 МИКРОМОДУЛЬ <<Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері>> 1-тақырып. Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері. Дәріс мақсаты: Молекуланың кванттық-механикалық моделі, молекула құрылысы теориясындағы валенттік байланыс және молекулалық орбитальдар әдісі туралы мағлұмат беру. Ауыспалы емес элементтер химиясының стереохимиясын түсіндіру. Жоспары: * 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары. * Бағдарлы оқытудың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары. * Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны * Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру және түрлері * Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары * Жаратылыстық - математика бағытындағы химия оқулығының мазмұны, ерекшеліктері. * Гуманитарлық бағытындағы химия оқулығының мазмұны, ерекшеліктері Дәріс мазмұны: * 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары. Ертеңгі келер күннің білім беруді адам қызметінің ең бір көлемді саларының бірі ретінде әлемге танытты, өйткені оғанмиллиардтан астам оқушылар мен елу миллиондай мұғалімдер тартылған. XXI ғасырда білім берудің әлеуметтік рөлін көтеру болашақ қоғамның жаңа парадигмаларын айқындаумен өзара тығыз байланысты. 12 жылдық жалпы білім беретін мектептке көшудің болашағы. Қазіргі кезде ҚР - ның мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Европа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім берудің бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл ішінде меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесі байқалып келеді. Оқушылардың оқу жүктемесі оларды оқуға бөлінген міндетті пәндер мен апталық сағаттардыңсанына, сондай - ақ оқу материалын сыныптар мен білім деңгейлерінің арасында тиімді бөлуге байланысты. Жалпы орта білім берудің мазмұнын экстентивті дамытудың нәтижесінде міндетті оқу пәндерінің саны 11 жылдық мектепте 25 - ке өсті. Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдірінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жаңдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бейіндікоқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін. Жалпы орта білім берудің басты - мақсаты - әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы саласын қамтамасыз ету, өзін - өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін - өзі тануға, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан - жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. Жалпы орта білім берудің міндеттері: * негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге және білім алуды жалғастыруға қажетті жағдайлар жасау; * даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның иетеллектін байыту; * азаматтық пен патриотизмге, өз отанын сүюге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу; * оқыту, білімді ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды қамтамасыз ету. 12 жылдық мектептің құрылымы. 12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепке білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды. Қазақстан жағдайында жалпыорта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады. Ұсынылып отырған жалпы орта білім берудің 4+6+2 құрылымы көрсетілген жастық даму кезеңдеріне толығымен сәйкес келеді. 12 жылдық орта білім беру үш сатыдан тұрады: 1 саты - жалпы бастауыш білім беру (1-4 сынып) 2 саты - негізгі орта білім беру (5-10 сынып) 3 - саты жалпы орта білім беру (11-12 сынып). 12 жылдық орта білім берудің мазмұны. Білім беру мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негізінде 12 жылдық мектепте базистік оқу жоспары, жекелеген білім салаларының тұжымрымдамалары, оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалды. Білім беру мазмұнын қылыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп айтуға болады, олар: жалпы теориялық түсінік деңгейі, оқу материалының деңгейі. Жалпы орта білім беру практикасында оқу жоспарының бірнеше түрі: базистік, типтік және мектептің оқу жоспары орындалады. Базистік оқу жоспары - бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болыптабылады. Ол типтік және жұмыстық оқу жоспарларының негізгі және мектепті қаржыландырудың басты құжаты ретінде қызмет етеді. Типтік оқу жоспарлары ұсынымдық сипатқа ие. Олар мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде жасалады. Жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып жасалады. Мектептің оқу жоспарының екі түрі болады: * мектептің өз оқу жоспары, ол мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді. * Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалады да, жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді. Жалпы білім беретін орта мектептің базистік оқу жоспары негізгі сабақтастық принциптерін жүзеге асыру болып табылады. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар. 1 - фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі. Қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық - бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы - оқушыларға техникалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру. Оқушыларды жоғарғы мектеп жүйесінде білім алуға даярлау арқылы, не белгілі бір кәсіпті анықтау арқылы, жалпы орта білім алу формаларын таңдау мақсатында доғарғы буынды оқытуды бағдарландыру мен бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып, арнайы ұйымдастырушылық, әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы қажет. 2 фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау. Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғарғы сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР денсаулық сақтау агенттігінің деректері бойынша, республткада 2 миллион астам бала (66%) әртүрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз (алыстан жақсы көрмеу), ас қорыту, жүйке - психикалық, тірек - қозғалыс аппаратттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулары ондаған есеге дейін артып отыр. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесінің нормаларын қатаң сақтау және оқу жоспары жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларыны, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріәне мүмкіндік жасайды. 3 фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету. Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру еңбек рыногының қажеттіліктеріне, оқытудың практикалық бағытына, еңбек етуге бағдыландыруына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. Тек, 2000 - 2001 оқу жылының басына дейін ғана жалпы білім беретін мектептердің 58182 түлектері еңбекпен қамтамасыз етілмей отыр. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерінде (лицейлер) немесе кәсіптік колледждерде оқиды. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың еңбек рыногына, өз кәпістеріне бейімделулеріне жағдай туғызады. Жоғары сынып оқушыларын пәндерді кәсіби тұрғыда тереңдете оқыту олардың жоғары оқу орындарына түсіп, оқуларына сапалы даярлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасайды. Сонымен 12 жылдық мектеп оқушылардың әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек рыногына бейімделулеріне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі. 4 фактор. Оқу сапасын арттыру. 12 жылдық білім беруге көшу ең алдымен оқушылардыңкүнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарыныңталаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей кепілдік беретін тиімді тепе - теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асады. Деңгейлеп, саралап оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың қызығушықтарын, қажеттіліктерін, жеке ерекшеліктерін ескеру негізде қалыптасатын дәлелді оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. 5 фактор.Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс - тәжірибелер. Европа кеңесі декларациясында (1992ж) сәйкес 12 жылдық оқу мерзімінде білім беру халықаралық іс - тәжірибе ретінде әлемнің 216 мемлекетінде жүргізілуде. 12 жылдық білім жүйесі ҚР - ның өтуі бәсекелесе алатындай түлектерді дайындауды, шетелдерде біздің аттестаттарымыздың танылуы қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне, Қазақстандық мектеп түлектерінің мемлекетаралық білім жобаларына белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады. 12 жыддық мектепке көщу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепте білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды. Қазақстанның жағдайында жалпы орта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады. Бізідің елімізде және басқа да көптеген елдердегі дәстүрлі жалпы орта білім беретін мектен үш сатылы негізде құрылған: бастауыш, негізгі және толық. Жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысының ортақ міндеттерді шешуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзіндік функциялары бар. Олар ең алдымен базалық оқу курстарының жиынынан және базалық негіз бен оқушылар тңдаған сабақтардың арақатынасынан көрініс табады. * Бейімді - бағдарлы оқытудың ұстанымдары. Қазақстан Республикасының қабылдап отырған өндірістік - инновациялық дамуыдағы мемлекеттік бағдарламасы 2003 - 2015 жылдар аралығында шикізаттан кластерлік экономикаға өтудің ең маңызды бағыттары : туризм , мұнайгаз машинақұрастыру , тамақ және тоқыма өндірісі , көлік және тұрмыстық қызмет көрсету , металлургия мен құрылыс материалдары. Міне , осылар еліміздің шикізаттық емес экономикасын ұзақ мерезімге мамандандыруды айқындап береді. Қазақстанның білім беру жүйесін жеделдете модернизациялаудың қажеттілігі болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми өндіріске қажет мамандарды даярлауға қатысты, жалпы алғанда орта буынның жоғарғы білікті аса қат қызметкерлерін , ең керекті мамандарды даярлауға қатысты. ( 2005 жылғы елбасы жолдауында:<< Қазақстан дамудың жеделдетілген экономикалық , әлкуметтік және саяси модернизациясының жолында тұр). Қазақстанның алдына әлемнің дамыған елу елінің қатарына ену мақсаты қойылып отыр ( Н.Назарбаев , 2006) Осылайша , Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі Қазақстан дамуы қалап отырған маман дайындаудың сұранысына жауап беруі шарт. Өйткені , нарықтық экономикалық қатынас маман дайындауды мектеп қабырғасынан бастауды талап етеді. Міне тап осындай Қазақстандағы білім беруді модернизациялаудың бір бағыты - мектепті бейімдендіру болып табылады. Жалпы білім берудің жоғарғы сатысындағы бейімдендіре оқытудың ғылыми - теориялық , ғылыми - әдістемелік жоблауын жасау оқушы тұлғасының қалауы мен бейіміне орай өмір салтымен , кәсіп түрін таңдай алуына жағдай жасайды. Бейіндендіру - бастауыш , орта және жоғарғы кәсіби білім берудің жалғастылығын қамтамасыз етіп , бітіруші түлектің өзінің кәсібіне орай жоғарғы оқу орнына түсуін қамтамасыз етеді. Бейіндендіру міндеті - мектептегі әрбір оқушының назардан қалыс қалмай өзінің неге қабілеті , шамасы бар екенін аңдату. Бейінділік жас өсірімнің өзіне лайық дербес қабілетін ашуға көмектеседі.( 23.01.2004 ж. №4 ПИЭР семинарының материалдарынан) Бейіндендіре оқыту - оқытудың дербестендірлуі мен әр тектенділендіруі , білімін жалғастыруға тілек еткен жас өсірімнің қабілеті мен бейіміне орай оқу үдерісінің мазмұнын , сипатын құрылымын өзгерту арқылы жаңа тұрпаттағы білім беру жолы. Ол жол біреу ғана емес , әр қилы , әр текті болып келеді. Мысалға , жеке мектепте бөліп оқыту. Бұндай бөлініс - тұлғалық - бағдардылы оқу үдерісін жүзеге асырудағы бөлшектеп оқытуға бағыт ұстанған. Оқушы нені оқып , нені тыңдаңдау керек екендігін өзі шеше алады. Еліміздегі жоғарғы буында негізгі жалпы білім беруден бейінді оқытуға көшу жалпы жүйе бойынша дамыған әлем елдеріндегі білім беру жүйесіне еш қайшылық келтірмейді. Бұндай бағдар ұстану әлем елдерінде индустриялық қоғамнан постиндустриялық қоғамға немесе ақпараттық қоғамға өту барысында орын алады. Индустриялық қоғам еңбекке жарамды жұрты қоғамдық жұмысқа жегуге жегуді қажет еткендіктен , ондағы жоғарғы білімді қауымның үлес салмағы мардымсыз болып келеді. Сол себепті де , ондағы жоғарғы білім элитарлық сипатқа ие болып табылады. Постиндустриалды қоғамда мұншама көп еңбек күші қажет емес. Ең маңызды фактор шаруашылық жүргізудің өндірістік , әлеуметтік , саяси , экономикалық , экологиялық т.т. жағдайына байлаулы болып келеді. Постиндустриалды қоғам - жұмыскердің санына емес , олардың кәсіби біліктілігіне мұқтаж. Постиндустриалды қоғамға бірінші кезекте жұмысшы емес , оның қабілеттілігі керек. Бұрынғы жалпы білім беру тек жаппай сипатқа ғана ие болса , ендігі жерде оның орнына келген кәсіби білім беру соған қосымша болып келетін аға буын үстемесі болып табылады. бейінділік оқыту - тұлғалық - бағдардылы оқу үдерісін жүзеге асыруға бағыт ұстанған. Сол себепті де , оқушының өзі үшін өте - мөте мәнді дербес білім түрін ала алуын қамтамасыз ете алады. Бейінді білім алуға көшу төмендегідей негізгі мақсатарды ұстанады : * Толық жалпы білім беру бағдарламасындағы жеке пәндердің тереңдетіліп оқылуын қамтамасыз ете алады ; * Терең де , икемді оқушыны оқытудың дербес білім беру бағдарламасын түзуде жоғарғы сынып шәкірттерінің әр текті білім ала білуіне жағдай жасайды ; * Оқушының дербес қабілеті мен бейіміне сай келетін түрлі сипаттағы толыққанды білім беуді жолға қояды ; * Білім алушының мүмкіндігін әлеуметтендіріп , жалпы білім алу мен бейінді білім алу арасындағы жалғастықты орнықтыру , соның негізінде , мектеп қабырғасынан болашақ ЖОО білім ала алуының негізін қалыптастыру ; Бейінділік алды дайындығы оқушыдан өз білімін жалғастырудың : КТК жалпы білім алудың толық курсынан өтудің немесе 10 - 12 сыныптардағы белгілі бір ЖОО - ына бағдар ұстана оқыту үрдісінің қасысын қалайтынын шешіп алуды ұсынады. Оқушының өз бетімен емес , не әке - шешесінің , не жора - жорлдастарының кеңесімен , не болмаса , кездейсоқ жағдайларға байланысты бейінділік таңдау жасауы орыны толмас өкінішке бастап алып келеді. Осының кесірінен талантты биолог немесе психолог , орташа деңгейдегі физик пен математикке айналып шыға келеді. Осы факті көрсетіп тұрғандай , оқушының өз таңдауын жасауы қазақ мектептері үшін мүлде жаңа құбылыс болып табылады. сол себепті таңдау ешқашанда қалай болса , солай жасалмауы керек. әбден ойластырылып барып жасалынғаны ләзім. Сондықтан да , бейінділік алды дайындығы жан - жақты ақпараттық қолдауға ие болып отыруы керек. Бейінділік сыныптарындағы дербестендіру принциптері төмендегідей болып ұсынылады : * Білім беру амал - тәсілдерін ұзақ уақыт қолдана отырып , жоғары сыныпта оқып жүрген оқушыға өз таңдауын жасай алуға мұрсат беру ; * Оқушыларға бейінділік бағытын білім алудың кез келген кезеңінде ауыстыра алуына жағдай жасау ; * Өзінің жанұялық (әлеуметтік ) жағдайын ескере отырып , негізгі , таңдаулық және бейінділік білім алуының мақсаты мен міндетін айқындап , айқындалған қабілеті мен мүмкіндігі негізінде өмірлік кәсіби жоспарын құрып , таңдауын дұрыс жасай білуіне қол ұшын беру . Бұл ыңғайда мұғалім негізгі концептуальды құжаттарды басшылыққа алады : Жалпы білім берудің Мемстандарты туралы ереже (1996 ж.) ҚР жалпы білім беретін мектептердің даму концепциясы (1996 ж.) ҚР жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары (14 сәуірдегі 1994 ж. №156 бұйрығымен бекітілген). 2.Бейімді - бағдарлы оқытудың мақсаттары, міндеттері. "Бағдарлы оқыту" және "кәсіптік білім беру" ұғымдарын шатастыруға болмайды. Бағдарлы оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Ал кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның , қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді. Бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет: - жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту; - білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау; - жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету. Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкіндіктері, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең әуелі, бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдай үшін неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет[4]. Қазақстан Реслубликасы мектептерінің жоғары сатысы 2006-07 оқу жылынан бастап бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне көше бастады. 2006-07 оқу жылында 10 сыныпта отырған оқушылар бірінші рет жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық сыныптарға бөлінді. Бірақ, осы бөліну немесе бөлу (көбінесе бөлу) сауатты, оқушы мүддесіне сай жүргізілді ме? Бұған нық сеніммен оң жауап бере алмайды. Жалпы, жаратылыстану-математикалық сынып осы және тек осы бағыттағы, мазмұндағы мамандықтар бойынша окушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын сыныптар болу керек. Сол себепті, мұндай сыныптарда математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндері қоғамдық-гуманитарлық сыныптарға қарағанда тереңдетіліп оқытылады. (Осы сияқты қоғамдық-гумамитарлық сыныптардың да өзіндік мақсат-міндеттері және соған байланысты мазмұны бар). Қазіргі кезде осы жағдайды айқындау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда қоғамдық-гуманитарлық сыныптарда отырған оқушылардың 60-70 пайызы техникалық (жаратылыстану-математикалық бағыттағы) ЖОО барғысы келсе, жаратылыстану-математикалық сыныптарда отырған оқушылардың 10-15 пайызы гу-манитарлық ЖОО барғысы келетіні белгілі болып отыр. Мұндағы екінші жағдайға қандайда деңгейде төзуге болатын болса, бірінші жағдай жайлы біздің үлкен кемшіліктер жіберіп алғанымызды байқамауға болмайды. Және, мұндағы ең өкінішті жағдай оқушы мүддесі, оның қызығушылық бағыты, оқушы арманы мен оқыту мазмұнының үйлеспеуі дер едік.Осындай жағдайларға байланысты ҚР Білім және Ғылым министрі педагогтардың 2006 жылғы тамыз мәслихатында айтқанындай әр мектепте бағдаралды мәселелермен айналысатын маман болу керек . Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесімен қазіргі кезде негізінен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы ғалымдары (М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, К.Ө.Құнақова, Д.М.Қазақбаева, Ш.Ш.Қарбаева, У.Қ.Тоқбергенова, Т.Ә.Әлдібаева айналысуда. Осы жолдардың авторлары сияқты өз ынтасы, белсенділігі арқасында азды-көпті зерттеу жүргізіп жүрген ғалым-педагогтар ғана бар және мұндай ауқымды мәселені методологиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеуге бұл күштің аздық ететіні сөзсіз. Сол себепті, бұл бағыттағы зерттеу жұмысына педагогикалық бағыттағы университет, институт ғалымдары ат салысу керек. Және де солардың күшімен бейімді-бағдарлы оқытудың педагогикалық, психологиялық және әдістемелік жақтары жайлы студенттерге арнаулы курс оқылуы керек[5]. Жалпы бейімді-бағдарлы оқыту Қазақстан педагогтары үшін жаңа мәселе. Сондықтан бұл жайлы көптеген білім саласы қызметкерлерінің білім деңгеңлері ойдағыдай емес. Сондықтан, бейімді-бағдарлы оқыту жайлы алдыңғы қателіктерді қайталамас үшін республикалық, облыстық, қалалык, деңгейлердегі білім жетілдіру иниституттары өз жоспарларына тез арада өзгерістер енгізіп, елу пайыз курстарының мазмұнын бейімді-бағдарлы оқытуға лайықтау керек және оларды жаңа оқу жылына дейін өткізу қажет деп есептеді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ауқымында Қазақстан Республикасы мектептерінің жоғарғы сатысын -бейімді-бағдарлы оқытуға көшірумен айналысатын құзыретті құрылым құрылуы керек. Бұл құрылым шешетін мәселе ұшан-теңіз. Сондықтан онда сауатты, бейінді мектептің ғылыми-методологиялық негізін түсінетін, өзіндік ойы, пікірі бар мемлекеттік деңгейінде шешім қабылдауға, оған жауап беруге батылы жететін адамдар отыруы керек. Бейімді-бағдарлы оқытудың мақсаты : бағдаралды дайындықтың мәні сәйкес психалогиялық-педагогикалық диагностиканы іске асырып, ақпарат жұмыстарын жүргізу және бағдаралды таңдау курстар ұйымдастыру арқылы негізгі мектеп оқушысының орнын белгілеуіне ықпал жасайтын білім беру кеңістігін құру . 3.Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны. |Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдайаттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүтейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті компетенциялармен (құзырлармен) шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады. Жоғары сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталады. Бағдарлы оқыту жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың дара білім алу бағыттарын жүзеге асырудың негізгі тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогикалық-психолсгиялық әдебиеттерде білім мазмұнын бағдарлы саралаудың мәні "оқушылардың орнықты мүддесі, қабілетілігі, бейімділігі аясында олардың осы қасиеттерін таңдап алған бағыттарында мүмкіндігінше дамыту мақсатымен мамандыққа бағыттау болып табылады" деп берілген. Соңғы жылдары еліміздің көптеген мектептерінде физика-матемакалық, гуманитарлық, техникалық, химия-биологияяық және т.б. бағдарлы сыныптар ұйымдастырылып, гимназиялар, лицейлер, колледждер және авторлық мектептер ашылуда. Мұндай сынаптардың көпшілігі нақты жоғары оқу орнына түсуге дайындыққа бағытталған. Олардағы пәндер бағдарламалары жоғары оқу орнының талаптарын ескере отырып құрылады. Алайда мұндай оқыту жалпы білім беретін мектептің басты мақсаттарына, тұлғаның даралығын ашу негізінде оны дамытуға, әрбір оқушының тұлға ретінде өзінің қажеттілігі мен мүмкіндігін іс жүзінде көрсету үшін қажетті психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызады . Пәнді тереңдетіп оқытуға арналған арнайы мектептерге қарағанда бағдарлы оқыту барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады және олардың мүдделері, бейімділіктері,өмірлік жоспарларына байланысты саралануы және оқу мүмкіндіктері өзін-өзі анықтауы ретінде көрініс табуы тиіс. Сондықтан оқу бағдарламаларын құрастыру кезінде тек білім беру стандартына ғана емес, оқушылардың таяу даму аймағына да бағдарлануы қажет. Кейбір мектептерде бағдарлы саралау қабілеттілік және қабілетсіздік бойынша жүргізіледі, оқушылар тестілеу, қабылдауға арналған бақылау жұмыстары, әңгіме жүргізу негізінде қандай да бір бағдарлы сыныпқа анықталады. Дегенмен, қабілеттілік немесе оқудағы жетістіктер динамикалық, бірқалыпсыз түрде көрініс табуы мүмкін. Қабілеттіліктің ертерек байқалуы, содан кейін тез-ақ сөнуі немесе керісінше, кейбір оқушылардың есейе келе бұрын байқалмаған алғырлығы пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда оқушылардың қандай да бір топқа жатуы күмән туғызады. Сонымен қатар оқушыларды бағдарламалық материалды игеруі бойынша <<күшті>>, <<орташа>>, <<нашар>> оқушы деп бөліп, үлгерімі негізінде бағдарлы сыныптарды ұйымдастыру әр топ үшін оқшауланған біртекті мектеп ортасын құруға әкелуі мүмкін[8]. Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайындағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналарының талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс ,беделді жоғары оқу орнына түсуге бағытталуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі. Оқушылардың оқуға қызығулары орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдауы кезінде, жалпы алғанда, өздерінін, ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алынған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бұл сыныпта оқу барысында қанағатанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағытын ауыстыруға ниет білдіреді. Бұл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екедігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыда білім мазмұнын бағдарлы саралауды ұйымдастырудың оңтайлы жолдары мен түрлерін жүзеге асыру орынды болмақ. Мысалы, негізгі мектептің 7-9 сыныптарында базистік оқу жоспарында көрсетілген вариативті бөлік есебінен таңдау курстарын жүргізу орынды болады. Бағдар алды сатыда бағдар таңдау курстарын ұйымдастыруға ынталандыру мақсатында негізгі мектепті бітіретін оқушы жоғары сатыда бағдарлы деңгейде оқитын пәндері бойынша емтихан тапсыруы тиіс. Бағдар алды сатыдағы бағдар таңдау модулдік курстарының аяқталғандық сипаты болуы және 5-6 пән бойынша ұйымдастырылуы олардың қысқа мерзімді әрі алмасып отыратын сипаты болуы мүмкін. Бұл курстар оқушыға таңдап алған бағдардағы сынып жұмысының мазмұны мен түр-пішінімен танысуға мүмкіндік береді және ол өзі үшін осы сыныпта оқу материалын өтудің берілген қарқында оқи алатынын немесе оқи алмайтынын анықтай алады. Себебі, оқу бағытьн кездейсоқ таңдап алған көптеген оқушылардың бұл сыныпта оқуы кезінде оқуға деген ынтасының төмендеуі білім негіздерін меңгеруде қиналуы, өзінің танымдық мүмкіндіктеріне сенбеуі мүмкін. Жалпы алғанда бағдарлы сыныптарға қабылдау конкурстық негізде де жүргізілуі мүмкін. Бағдар алды сыныптарда таңдау курстарды өткізудің де рәлі зор. Мұндай курстар, мысалы, химиядан таңдау курс өткізу оқушылардың қызығуын артыруға, ары қарай білімін жалғастыруға білімдік база жасауға, оқушыларды іс-әрекеттік біліктіліктерге үйретуге, оқу және пәндік іс-әрекеттің әр түрлі формаларында өзін көрсете білуге мүмкіндік туғызады. Іс-әрекеттік негіз бұл курстардың ерекшелігі болып табылады. Бұл жағдайда оқушылардың бағдарламалық және қосымша білімдерді белсенді, саналы игеруі және қажетті компетенциялармен қалыптасуы жүзеге асады[9]. Бағдарлы саралау оқушылардың өздерінің танымдық қызығуларына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандайда бір оқыту әдістерінің,түрлерінің және тәсілдерінің басымдық рөлі, оқушылар мен муғалімнің өзара қарым-қатынас стилі өзгереді және т.с.с. Білім мазмұнын бағдарлы саралаудың негізгі критерийлерінің біріне мектепте білім берудің негізін құрайтын ғылым негіздері зерделенетін пәндерді саралауға "пәндік" тұрғыдан қарау жатада. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәні түрлі міндеттерді атқара алады: - жалпы мәдениеттің негізін қалауы; - оқушылардың арнайы дайындығьндағы негізгі пән бола алуы; - басқа білім салаларымен қарулану үшін қажетті құрал ретінде көрініс табуы. Әдетте қандай да бір пәнді зерделеуге немесе қандай да бір іс-әрекет түрімен айналысуға қабілеттілік пен қызығу, көбінесе, сәйкес келеді, өйткені әдетте бейімділік, ықылас және қызығу кәсіпті таңдау үшін ішкі негіздер болып табылады. Оқушылардың көбісі өзінің болашақ өмірін зерделенетін саладағы жұмыспен байланыстырады. Мысалы: химияны зерделеуге қабілетті оқушы осы пәнді қызыға оқып, өзінің болашақ мамандығын осы ғылым саласындағы қызметпен байланыстырады. Оқушылар есейген сайыи олардың мүдесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығушылық пен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді. Педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешкандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап кәсіпті таңдау нақты оқу пәніне деген қызығумен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді [10]. 4.Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру және түрлері. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады: - бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі; - бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі: - ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру - әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру. Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды. Мектептің бағдарлау үлгісін тандау кезінде мыналар ескерілуі қажет: - оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтеріңкі деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы; - таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында білімін жалғастыруға талпынысы; - мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі; - жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі; - сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі; - бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы; - мектептің материалдық-техникалық базасы, 1. Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бағдарлы оқытуды беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бір бағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін. Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдык-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдык-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің кай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығы мыналар: - мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы; - берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды шоғырландыру; - мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Ал кемшіліктері ретінде мыналарды атауға болады: - оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әртүрлі болуы; - біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы; - оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей оларды біржақты дайыидау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: - оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі; - тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады; - оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады. Ал кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей: - оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін. - оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады. - қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектепішілік бағдарлау үлгісін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы. Шағын қала жағдайында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі, яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтік серіктестік негізінде оқыту үлгісі жүзеге асырылуы мүмкін. Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық базасында және әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатымен басқа да білім беру ұйымдарының білім беру қорларын мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейді. Бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық негізіндө ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме - "ресурстық орталық" төңірегіне шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады. "Ресурстық орталық" үлгісінің артықшылығы сол, онда білім беретін мекемелердің әрқайсысының кадрлық немесе мәтериалдық-техникалық әлеуеті жеткіліксіз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бағдарлы дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады. Ал кемшіліктері мыналар: - ұйымдастырудың күрделілігі, - мұқият үйлестірудің қажеттілігі, - оқушыларға педагогикалық жетекшілік жасау шығындарының артуы. Бағдарлы оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру кезінде білім беретін түрлі типтегі мекемелер -мектептің әлеуметтік серіктестері торабы шеңберінде бағдарлы дайындық беріледі. Торап шеңберінде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептің әлеуметтік серіктестері, яғни шағын (кішігірім қалада немесе ірі қаланың бір ауданында) жинақы орналасқан білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің әртүрлі типтері мен түрлері ұсынады [11]. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал мектептің әлеуметтік серіктестері: - бағдарлы жалпы білім беретін курстарды; - тәжірибеден өткізуді; - жобалық және зерттеу жұмыстарын; - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды жүзеге асырады, "Әлеуметтік серіктестік" үлгісінің артықшылығы ретінде мыналарды: - білім беру бағдарламаларының көп нұсқалылығының артуын, - оқушылардың таңдау мүмкіндігінің артуын, - серіктестер арасында тікелей байланыстың болуын атауға болады. Кемшіліктері мыналар: - ұйымдастырудың күрделілігі; - қаржымөн қамтамасыз етудің күрделілігі; - оқушылардың таңдау курстарын игергендігін мониторингілеудің күрделігі [2]. 5. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең актуальды проблема болып саналады. Кәсіптік бағдар берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, ол бойынша кеңестер кұру - басты міндет. Олай болса, кәсіптік бағдардың мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе. Екіншіден, оқушыға мамандық тандаудағы кәсіптік бағдар берудің жүйелі тұжырымдамасын жасау керек. Мектеп бітірер алдында оқушының саналы түрде кәсіптік мамандықты дұрыс таңдауы оның бүкіл келешектегі өміріне үлкен әсерін қалдырады. Сондай-ақ өмірдегі өз орнын табуына бірден-бір себеп бола алады. Осыларға негізделе отырып, кәсіпттік бағдардың тиімді көрсеткіштері анықталады. Еңбек етудің мазмұны мен жағдайын, жолдарын білмей тұрып, оқушы өзінің таңдаған мамандығын меңгере алмайды[12]. Мамандық таңдауға үй-іші, отбасының қарым-қатынасы, әсері, бағыт беруі, ата-ананың үлгілі еңбек жолдары, еңбек адамдарының жақсы тәжірибелері, оқушының әр түрлі еңбекке деген көзкарасы, қабілеті, ынтасы, қызығушылығы, жігері, зейіні де үлкен әсер етеді. Қазіргі кезде нарықтық қатынас жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағытында аймақтың экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымының ықтимал өзгерістерін есепке алып анықтаудың үлкен маңызы бар. Облыста жинақталған аналитакалық материалдарды пайдалана отырып, кәсіптік бағдар жүйесін үйымдастыру мақсатында арнайы "Кәсіптік бағдар" орталығы ашылды. Алайда қазіргі нарықтық жағдайда отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылық бұл іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру оқушыларды, сондай-ақ, жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді. Мұндай жаңа бастама республиканың нарықтық-экономикалық жағдайын, оқушыдардың еңбек тәрбиесін, ауыл мен селоның демографиялық халін дамытуға мүмкіндік жасар еді. Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу үшін барлық педагогакалық күш-жігерді жеке басты қалыптастыруға, оған жасалатын ықпалдардың баршасын біртұтас жүйеге келтіруге жұмсап, идеялық-саяси және еңбек тәрбиесінің бірлігін жүзеге асыруымыз керек. Оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтағанда, тәрбие мәселесін комплексті шешу басты да шешуші орын алуға тиіс[13]. Мектептегі білім мазмұнын түпкілікіті жаңарту бағытарында, тұжырымдамалар мен бағдарламаларда халық шаруашылығының барлық салаларын, әсіресе, мектептегі еңбек пәнінің мазмұнын ғылым мен техниканың ең озық шептеріне шығаруға, еңбек өнімділігінің түбегейлі арттырылуына, өнімнің дүниежүзілік тандаулы үлгілер деңгейінде шығарылуын қамтамасыз етуге жету мақсаты қойьльп отыр. Осының бәрі дербес өмір жолын бастаған жас адамнан - жұмысшыдан, техниктен, бизнесмендердер, менеджменттер, т.б. тәрбиелеумен қатар, өндірістің, нарықтық экономиканың негіздерін терең білуді, еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасты талап ететіні атап көрсетіліп отыр. Шынында да, оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени дамуынан болып отырған жағдай.Халық шаруашылығының жай-күйі көбіне көп ғылым мен техника жаңалықтарының тиімді пайдалануына, еңбек өнімінің артуына тәуелді. Көптеген өндіріс салалары мен кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық дамуының комплексті жоспарларында кадрлардың жалпы білім даярлығы еңбек өнімділігін көтерудің аса маңызды шарты есебінде қаралуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл міндеттерді табысты шешу қазіргі заман маманының білімі мен қабілетінің, кәсіптік шеберлігінің деңгейіне тығыз байланысты. Жастарды оқытуға, оларға кәсіптік бағдар беруге, кадрларды жан-жақты даярлауға айрықша көңіл бөлінуі де осында деп білеміз[14]. Жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық мектеп, орта кәсіптік оқу орындары түлектері өз мамандығына сай кәсіптік шеберлікті өз дәрежесінде меңгермейді. Олар бүгінгі күнгі экономикалық талаптарды, нарықтық жағдайларды шешуде дәрменсіздік танытады. Тіпті кәсіптік тапсырмаларды да шеше алмайтындары да баршылық. Әрине, бұған себеп көп. Жасыратыны жоқ, біздің мектептеріміз басты назарды оқушының жоғары үлгіріміне аударып келеді. Мұның өзі мүғалімдерді келісімпаздыққа итермеледі, сондықтан әлі күнге дейін теңестіру принципі орын алуда. Бұл фактілердің кең орын альп отырғанын 9 сыныптан кейін кәсіптік-техникалық мектептерге қабылданған оқушылардың білім деңгейлеріне талдау жасаған тексеру жұмысы көрсетіп отыр. Олардың жартысына жуығы ғана мектепте алған біліміне сәйкес қанағаттанарлық баға алса, өзгелері тапсырмаларды орындауда да қатты қиналады. Әсірссе, химиядан берілген есептерді толық шеше алмайды. Дәл осындай көрсеткіштер жоғары оқу орындары мен колледждерде де байқалып жүр. Міне, осыдан келіп квалификациялы жұмысшылар мен мамандардың қалай даярланатындығы түсінікті. Қазір еліміздің финанстық жағдайының қиындығы білім беруді жақсартуға үкіметіміздің жеткілікті қаржы бөле алмайтындығын байқатты. Дегенмен, білім беруге деген ескі көзқарасты түбірімен алмастырған жөн. Біріншіден, оқытуға деген көзқарасты бүгінгі күн талабымен үндес шешу қажет. Яғни, оқытудың мақсаты - бұрынғыдай үлгірімді жақсарту мен қатар кәсіптік бағдар беруді сенімді шешу. Екіншіден, осындай қиын жағдайда мектеп, кәсіптік-техникалық мектептер және басқа оқу орындарының оқу-материалдык базасын қаржыландырудың басқа да көздерін іздестіргені жөн[15]. * Жаратылыстық - математика бағытындағы химия оқулығының мазмұны, ерекшеліктері. 2006-2007 оқу жылынан бастап, республикамыздың бағдарлы мектептің 10 - сыныптарында химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарын енгізу жоспарланып отыр. Оқулықтың авторлары: химия ғылымының докторы, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетенің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Н.Н.Нұрахметов, химия ғылымының кандидаты, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетенің доценті Қ.Бекішев, белгілі әдіскер мұғалім, қазір 12 жылдық білім беру ғылыми - практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Н.А.Заграничная. Оқу - әдістемелік кешен екі бағытқа арнап дайындалған: жаратылыстану - математика бағыты (ЖМ) және қоғамдық - гуманитарлық бағыт (ҚГ). Әр бағытқа арналған оқу - әдістемелік кешеннің құрамы мынадай: оқулық, сыныптан тыс оқуға арналған оқу құралы, дидактикалық материалдар, оқу - әдістемелік құрал. Бұлардың алғашқы үшеуі оқушыларға, кейінгісі мұғалімдерге арналған. Осыдан жаратылыстық - пматематика бағытындағы химия оқулықтарын төменгі кестеде ұсынылып отыр. Жаратылыстану - математика бағыты Химия - 10 ЖМ - Оқулық Химия - 10ЖМ - Оқу кітабы Химия - 10ЖМ - дидактикалық материалдар Химия - 10 ЖМ - Әдістемелік нұсқау Әр бағытқа арналған оқулық пен оқу құралдарының әрқайсысы қазақ, орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде басылып шығады. (барлығы 37 оқу құралы). Оқулықтар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен химия пәнінің оқу бағдарламасына сай жазылған. Бұл оқулық пен негізгі оқу құралдарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі негізгі оқу құралдары ретінде ұсынған. Оқулық пен оқу әдістемелік кешен құрамына кіретін оқу құралдарының әрқайсысына қысқаша түсініктеме берейік: 1.<<Химия - 10>> Оқулықтар.Оқулықтардың мазмұны толығымен оқу бағдарламасына және базалық мазмұнына сәйкес келеді, яғни Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі бекіткен химияның мемлекеттік білім стандартының талабына сай. 10 - сынып оқушылары үшін Химия міндетті оқу пәні болып табылады және оны оқытуға аптасына жаратылыстану - математика бағытына 3 сағат берілген. Оқулықтар мынадай тараулардан тұрады. Тарау Жаратылыстану- математика бағыты (аптасына 3 сағат) І Химияның негізгі ұғымдары ІІ Д.И.Менделеевтің перииодтық заңы және атом құрылысы ІІІ Химиялық байланыс және зат құрылысы ІV Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары V Металдардың жалпы сипаттамасы VІ Маңызды s-элементтері және олардың қосылыстары VІІ d-элементтердің жалпы сипаттамасы VІІІ Р-элементтер химиясы ІХ Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы. Қоршаған ортаны қорғау Химиялық практикум Қазақстанда қабылданған бағдарламалар концентрлік ұстанымға негізделгендіктен, бұрыңғы 8 - 9 сыныптарға арналған Химия оқулықтарында қарастылырған түсініктер мен теориялық сұрақтардың кейбіреулері Химия - 10 оқулығында қайтадан жоғарырақ деңгейде қарастырылған. Оқулықта жиырмадан астам химиялық элементтер мен оның техника мен тұрмыста қолданылатын қосылыстарының алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, олардың қоршаған ортаға экологиялық әсерлері айтылған. Мұғалім стандарттық деңгейге сәйкес материалдарды оқыту міндетті, ал оқушы қажет етсе қосымша материалдарды өз беттерінше оқып игеруге құқы бар. Әр оқу бабы өте қысқаша түрде баяндалған ең маңызды мәліметтермен аяқталған. Соңында дәстүрлі сұрақтар, жаттығулар мен есептер берілген. Күрделілігі бойынша олар үш деңгейге сай келеді: стандарттық, алгоритмдік және эврикалық. Оқулықтың соңғы бөлімінде зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстардың мазмұны және химиялық заттармен жұмыс істеген кезде сақталуға тиісті қаупсіздік техникасының негізгі ережелері келтірілген. 2.<<Химия - 10 Оқу кітабы>>. Бағдарлама бойынша берілген тақырыптарға сәйкес материалдарды оқушының өз бетінше оқуына арналған. Мұнда теориялық және практикалық химияның осы күнгі маңызды мәселелері түгелдей дерлік қамтылды деуге болады. Олар құрастырушылар таңдаған мақалаларда қарапайым және көпшілікке түсінікті тілде баяндалған. Таңдап алған мақалалар ішінде Қазақстанға байланысты біраз ақпараттар бар. Ұсынылған оқу кітабы бағдарламаға сай берілген материалдарды толықтырады, оларды оқушылардың тереңірек түсінулеріне септігін тигізеді және химияны оқуға деген қызығуын арттырады. Көптеген мақалаларда күнделікті өмірде кездесетін практикалық мән бар деректер келтіріледі, оған қоса жылыжай эффекті, қышқыл жаңбырлар және т.б. ғаламдық химиялық проблемалар талқыланған. <<Химия - 10. Дидактикалық материалдар>>. Әр бөлімге арналған дидактикалық материалдар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім оқушылардың жыл бойы химиядан алған білімдерін тексеруді ұйымдастыруға арналған. Бағдарлама мен оқулыққа сай ол 8 тақырыптан тұрады. Тақырыптардың әрқайсысында пәннің негізгі сұрақтары бойынша тексеру жұмыстары, бақылау жұмыстары және тест сұрақтары кіреді. Тексеру және бақылау жұмыстары күрделілігі үш деңгейден тұратын төрт нұсқамен берілген. Тест тапсырмалары сынақ жүргізгенде немесе оқушылар бақылау жұмыстарына дайындалғанда өзін - өзі тексеру үшін қолданылуы мүмкін. Дидактикалық материалдардың екінші бөлімінде күрделілігі әр түрлі есептер мен жаттығулар келтірілген. Химиялық білім беруде есептер шығару маңызды роль атқарады, себебі ол оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар алған білімдерін өз бетімен қолдана білуді үйрететін оқытудың бір түрі. Есептер мен жаттығулардың орналасуы оқу бағдарламасына сәйкес келтірілген. Олардың көпшілігі қолданбалы немесе экологиялық бағыттарды қамтиды. 4.<<Химия - 10. Әдістемелік нұсқаулар>>. Бұл оқу құралында жалпы білім беретін мектептің 10 - сыныптарында химия сабағын өткізуіне арналған әдістемелік нұсқаулар берілген. Оқу құралы негізінен жаңадан сабақ бере бастаған жас мұғалімдерге арналған. Бірақ оның жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдерге де көмегін тигізетіні сөзсіз. Жаңа оқулықтардың бұрыңғы оқулықтардан төмендегідей айырмашылықтары бар: А) оқулықта республикамыздың кен байлықтары туралы маңызды ақпараттар берілген. Қазақстан минерал шикізат базасы бай мемлекеттердің бірі. Уран, хром, қорғасын және мырыш қорлары бойынша үшінші орын, мыс қоры бойынша бесінші орын алады. Көмір, темір және алтын қорлары бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы он елдің құрамына, ал газ, мұнай және алюминий қорлары бойынша сәйкесінше он екінші, он үшінші және он алтыншы орындарда. Минерал байлықтарды тиімді игеру жақын жылдарда Қазақстанның тұрақты дамуына әкететін экономиканы көтерудің маңызды бағыты болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, көптеген мектеп оқушылары республикамыздың жер қыртысында қандай байлықтар бар екенін білмейді. Сондықтан еліміздің жер қыртысында кездесетін кен қорлары және олардан өндіретін өнімдер туралы біраз мәліметтер оқулыққа енгізілген. ә) Осы күндері жер қойнауы бай елдердің тұрмысынан гөрі алдыңғы қатарлы технологиялары өндіріске енгізілген елдердің тұрмысы жақсы. Сондықтан химиялық технологияларға арналған мәліметтер ерекше көңіл аудару үшін олар бұрыңғыдай элементтер химиясына арналған тарауларда емес, жеке тарауға топтастырылған. Б) Қазақстанның ғалымдары тек отандық ғылымның дамуына ғана емес, әлемдік ғылымның дамуына үлес қосты. А.Б.Бектұров, М.И.Усанович, Д.В.Сокольский, Б.А.Бірімжанов сияқты қазақстандық әйгілі ғалымдардың есімдері мен фотосуреттері оқулықта келтірген,олардың ғылыми жұмыстарына қысқаша сипаттамалар берілген. В) Қазіргі замандағы қоғамды дамыту үшін экологиялық білімдердің маңыздылығын ескере отырып, <<Бейорганикалық заттар және қоршаған ортаны қорғау>> бөлімі енгізілген. * Гуманитарлық бағытындағы химия оқулығының мазмұны, ерекшеліктері. Гуманитарлық сыныптарда химия курсы қысқаша түрде өткізіледі. Гуманитарлық бағыттағы оқушылар химияның қоршаған ортамен, адамзатпен байланысын қарастырады. Мектепте гуманитарлық сыныптарда химия курсы гуманитарлық материалдармен байланысты болу керек.(тарих, әдебиет, тіл білімі, музыка, өнер) яғни, гуманитария бағытындағы оқушылардың эмоциялық ортасына әсер етіп химия ғылымына деген қызығушылығы арта түседі. 2-тақырып. Бейімділік оқытуда таңдау курстардың мазмұны, құрлымы. Дәріс мақсаты: Молекуланың кванттық-механикалық моделі, молекула құрылысы теориясындағы валенттік байланыс және молекулалық орбитальдар әдісі туралы мағлұмат беру. Ауыспалы емес элементтер химиясының стереохимиясын түсіндіру. Жоспары: * 9 - сыныптағы бейімділік алды дайындығының деңгейінің таңдау курсының өздік ерекшелігі * 10 - 11 сыныптардағы таңдау курстарды жүзеге асыру мен жобалау * Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы бейімділік оқыту әдістерінің маңызы. * Мамандық таңдауда бейімді - бағдарлы оқытудағы таңдау курстарының іріктеу ерекшеліктері. Дәріс мазмұны: * 9 - сыныптағы бейінділік алды дайындығының деңгейінің таңдау курсының өздік ерекшелігі Тоғызыншы сыныптарға арналған оқу бағдарламасы бойынша таңдау курысына мынандай орын беріледі : егер оқу аптасына бес күндік болатын болса , қолданылатын <<оқу>> компененті мен білім берудің <<Технология>> саласы бойынша 115 сағат бөлінген , яғни 5 (+ 3) аптадағы топқа бөлудегі (68 сағаттық оқу компенентін жинақтау арқылы берілген мәлімет) , әрі білім берудің <<Технология>> саласы бойынша 102 сағат болуы , осылайша , жины 170 сағат шығады. Осының шамамен үштен бірі кәсіби екшеу мен кеңес беруге , қалған екіден бірі , қалғаны 115 сағаты шығады ) ; ал , алты күндік білім беруде бұл есептеудегі сағат саны 180 жетеді. Жасалынған жұмыстың бүкіл жүйесі бойынша тоғызыншы сынып оқушысы мынандай екі сауалға жауап беруге тиіс : << Таяудағы білім беру перспективасынан мен нені қалаймын ?>> және << Мен өзім таңдаған бейінділік бойынша білім алуымды жалғастыра аламын ба ?>> таңдау бойынша оқылатын курстар осы екі сауалға оқушылардың жауап бере біліуіне бағытталған. Осы курстың оқытылу барысында тоғызыншы сыныптық мынандай мүмкіндікке ие болуға тиіс : білім беру материалын игеру үшін , мектептен кейінгі білім алу мен бейінді оқу кезіндегі керекті білімді игере білуге бар күш жігерін жұмсай алу ; жыл бойы оқушылар міндетті түрде бірнеше таңдау курстарын оқып үйіренуге тиісті , олар өздерінің ұзақтығы жағынан қысқа мерзімді болып келгені оңтайлы (ұзақтығы 8 - 16 сағат көлемінде). Мектептегі таңдау курсы мына түрде ұшырасады : * мектеп бейінділігі ; * факультетивтер ; * үйірмелер ; * оқу - ізеніс жұмыстары ; * мектеп пәні ; * оқу бағдрламасының зертханалық - тәжірибелік бөлігі ; * қоғамдық сұраныстан ; * оқушы мен оқытушының әуестігі мен қызығушылығынан. Таңдау бойынша курстарды жасаудың , құрастырудың бірнеше жолдарын бөліп көрсетуге болады. + Іргелі қадамның ұсынатыны : курс мазмұнын жобалаудың ойластырылуы іргелі заңдылықтар мен теориялардан жекелеген заңдылықтар негізінде пәнді тереңдетіп оқытуда ең бірінші аталған сала бойынша дарынды балалар мен жоғарғы мектептегі пәндермен байлыныстылқ бағыты ұстанылуға тиіс. + Әдістемелік қадам өзінің бастау көзіне ғылыми әдістік танымды жинақтай қамтып , тарихи - ғылыми материалды өз ерекшелігене сай ұсынады. Бұл қадамға негізделген курсты оқытудың басты мақсаты - кейбір зерттеушілік машықты меңгертуге үйрететін ғылыми танымның әдістерімен таныс ету. Бұл әдіс жобалық технологиямен оқытуды , тәжірибе сабақтарды , зерттханалық - тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруды т. б. қолдану жолын ұсынады. + Әмбебап (универсиалды) әдіс ғылым үшін жан - жақты болып келетін ең маңызды деген түсініктер маңына мазмұндық топтпастыру жасаумен сипатталады. Аталған әдіс бір проблеманы , құбылысты және түсінікті әлемнің әр елінде қалай қарастыратыны ескеріліп , пәнаралық тұрғыда қарастырады. Ол үшін рефлексті технологиямен оқыту , бағамдық ойлау (критического мышление) , кейс- тәсілі т.т. қолданылады. + Прагматикалық әдіс өз кезегінде кейінгі тірілігінде аса қажет белгілі бір білім мен машық қалыптастыруға қызмет етеді. Бұл үшін нақты кәсіби саладағы тәжірибелік сабақтар мен практикумдар топтамасына басымдық береді. + Әрекеттік - құндылық әдісі (деятельностно - ценностный подход) не ана , не мына кәсіпті игеруге септігі тиетін қимыл - әрекеттермен таныстырады. Бір жағынан таңдаудың рационалды амалдары және оқу үдерісін ұйымдастыру формалары , екінші жағынан оқушылардың наақты кәсіпке деген қабілеттері арасында белгілі бір байланыс бар. Осылайша , аталған әдіс түріне сүйеніп , таңдау курсын құрастыру сайып келгенде оқушыларға өздерінің іс -әрекеттеріне лайықты темірқазық етіп алады. Сонымен , жаратылыстану пәндеріне бейім оқушылар көптеген іс - әрекеттерге қабілетті болып келіп , химия мен биологиядан білім алуға бейіндік танытады. Гуманитарлық бейінге төмендегідей іс - әрекеттер сипаты тән болып келеді : конспекті , жоспар , тезис , рефераттар құрастыру ; экскурсия ,дискуссия , көрнекілік , рөлдік ойындар формасы. Математика пәні үшін кесте және таблицалар құру , заңдылықтарды табу тән болып келеді. Белгілі бір бейінділікке қатысты бағдар ұстануға байланысты курстарды ұйымдастырудың амал - тәсілдері мен формаларында не ана , не мына іс - әрекетті әдісін жетілдіру не ана , не мына бейінділіктің басым бағыты болып табылады. + Компетенттік(құзіреттілік) әдіс бүгінде көп жақты болып келеді. Сол себепті де , көптеген жобалаушылар таңдау курстарын жобалауда оған басымдық береді. Ондағы кезектестік төмендегідей болып келеді : аталған жас ерекшелігі бойынша ең қажетті проблеманы анықтау - қажетті дағдыны бөліп алып , оның шешімін табу - аталған міндеттер топтамасының шешімін табу үшін қажетті қабілеттілікті анықтау , - қажетті мазмұнды таңдап алу - оқыту әдістерін жобалау - бағалау жүйесін жобалау. Есте ұстайтыны , қазіргі заман талабына орай , оқушының мектеп қабырғасында алған дағды - машығын өмірде қолдана білуі. Қабілеттіліктің басты негізі мектеп бітірер шақта қалыптасып , адамды өз ыңғайына орай тәрбиелеудің оқытушылар тарапынан жүзеге асқан нәтижелі қорытындысы болып табылады. Таңдау курсының мақсатын айқындауда басты бағдар нышаны ретінде : әлеуметтік бейімділік - социуымдағы басқа жандармен есептесе әрекет етуге қабілеттілік , коммуникативтік бейімділік - социуымдағы басқа жандармен есептесе әрекет етушілік пен пәндік бейінділік - жекеленген адамдамзат мәдениеті саласы ұстанымы тұрғысынан іс - әрекет жасау және пайымдай білу қабілеті алынады. Білім беруді қазіргі заман таклабына орай төмендегіше : проблема - оның шешімін табу міндеті - ақпарат пен әдіс - тәсілдерді таңдау - іс -әрекет таңдамасы - жұмыс тәжірибесімен алмасу - шешімдер мен ұсынымдардың тұсау кесері - бағалау - зертханалық шешім - анализ - іс - әрекеттің рефлекстік тәжірибе қызметі - бейінділікті дамытуды бағалау - табыстылықтың өрістеуіне өзіндік бағам - оқытуды жоспарлауды құру ұсынылады. Бейінділік алды дайындығының курстық таңдауы : пәндік бағдарлық (байқама) ; пәнаралық (бағдаршы) болып келеді. Пәндік бағдарлық курстар төмендегідей міндеттерді шешеді : * Оқушының оқу пәніне деген ынтасын жүзеге асыру. * Жоғарғы деңгейдегі пәнді игеруге қабілеттілігі мен дайындығын егжей - тегжей нақтылау. * Таңдау бойынша емтихан тапсыруға жағдай жасау. Пәндік бағдарлық курстар үшін оған сай келетін оқу құралы , факультатив бағдарламалары , арнайы курстар ; ЖОО дайындықтың оқу құралының бөліктері , тереңдетіп оқитын сыныптардың пәндері қолданылуы мүмкін. Пәнаралық (бағдаршы) курстар дәстүрлі оқыту аясынан шығуды ұсынады. Сонымен , оның курстары төмендегідей : * Қазіргі заман кәсібіне оқушыны бағдар ұстататын жүйе құру. * Ең кең тараған кәсіптерге сай келетін кәсіптік ерекшеліктермен таныстыру. * Не ана , не мына бейінділікке уәждану. Бейінділік алды дайындығы үшін пәнаралық курс материалдарына ғылыми - көпшілік әдебиет , БАҚ ақпараттары , ғаламтор т.т. қолданылады. 9 сыныптықтарға арналған таңдау курстарының ерекшелігі стандартық еместігімен , вариативтілігімен және қысқа мерезімдігімен танылады. Сондықтан осындай курстардың саны көп болған сайын оның тиімділігі соғұрлым мол болады. Таңдау курстарының уақыттық аясы әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалімнің есте ұстайтыны , 9 сынып оқушысы өзінің түрлі курстарды оқып , игере алатындығына деген сенімі. 10 мен 11 сынып турасында сөз басқа. Онда таңдау курстары әрбір бейінділік бойынша оқу жоспарымен айқындалған. Негізгі оқу жоспары негізінде таңдау курстар санын белгілеуді мектептің өзі таңдайды. Таңдау курстар басты үш қызмет түрін атқарады: * бейінділік курсын өмірлік жағдайға жуықтату. * ҰБТ жауап беретін деңгейде білім бере алу. * адамның түрлі саладағы іс -әрекеттеріне жауап бере алушылықтың болуы. Таңдау курстың ең дұрыстығы оқушы өзіне ұсынылған тақырыптық оқу түрлерінен өзіне керегін таңдай алады. Нені оқып , нені қалайтынын өзі шешеді. Бейінділік алды таңдау курстарын жобалау технологиясы және бейінділік мектебі үшін таңдау курстар. (9 - сынып бойынша таңдау жасау) : * Курстардың саны көп болып оқушы шынайы таңдама жасай алатын болуы керек. * Білім алу жосығы бойынша бала өзінің неге шамасы жететінін айқындай білуі шарт. * Курстар оқушының <<осыны оқып біле аламын ба?>> деген сауалына жауап бере алуы керек. Сонымен бірге үнемі есте ұстайтынымыз , курстың мазмұнының шектен тыс көп болуы оқушының оны игеріп кетуіне кедергі келтіреді , әрі төмендегідей ең мәнді сауалдарға жауап бере білуіне мүмкіншілік бере алмайды : * Мазмұнды екшеп алу үстінден мұғалім мынандай сауалдарға жауап бере білуі шарт : <<жоғарғы сыныпта бейінділікпен оқытуды саналы түрде таңдаған оқушыға аталған курс несімен пайдалы бола алады?>> * Орта мектептің үшінші сатысында бейінділікпен оқыту кезінде қазіргі заман талабына сай келетін оқыту технологиясын қолданудың рөлі перспективалы бола ала ма? * Бейінділік алды дайындығының таңдау пәнін оқытуды сол тақырыпқа сай келетін мамандық бойынша сабақ беретін педагогқа немесе мамандығы жуықтап келетін мұғалімнің мүмкіндігін пайдалана білу қажет. * Аталған курс оқушыны кәсіпке тартуда жетекші пәннің бірі ( мәтінмен жұмыс істеу , құқықтық құжаттармен таныса алу т.т.) бола білуі қажет. * Курстар белгілі бір нақты оқу құралының негізіне сүйенуі қажет. Осы шарт мұғалімнің ақпаратқа деген үстемдігін шектеп , ақпаратпен оқушы да өз бетімен таныса алатын болады. * Бейінділік алды курсы мектептің оқу бағдарламасын қайталамауы қажет. Ол оқушыны емтиханға емес , болашақ өмірге дайындауға бағыт ұстануы шарт. Таңдау бойынша авторлық курсты жобалаудың бағдарламалық кестесі (8 - 9 сыныптардағы бейінділік алды дайындығы үшін) Жалпы ереже 8 - 9 сыныптардағы бейінділік алды дайындығы үшін ұйымдастырылатын таңдау курсының мақсатын екі типке бөлуге болады : - қолда бар әдістемеліктерге негізделген (мысалға , әдеттегі факультативтік курстар , әдеттегі оқу пәндері бойынша қосымша сабақтың бөліктері т.т. болып келетін)дәстүрлі пәндік курстар ; - мектептің өз ішіндегі жекелеген педагогтардың дәстүрлі емес оқыту технологиясын қолдану негізінде құрастырған авторлық курстар , сондай - ақ , жобаланып , жүзеге асырылатын міндетті оқу бөлігіне кіретін құрылымдар. Мүмкіндігінше ұйғарылатын , бірінші курстар типінде прагматикалық функция (9 сыныптың бітіру емтихандарын жақсы тапсыруларына дайындық мүддесі) басымдыққа ие болса , екінші курстар типіне оқушылар таным - түсінігін дамытушылқ функциясы тән болып келеді. Таңдау бойынша авторлық курстардың мазмұны мен құрылымында төмендегідей нақты жағдайларға бағынышты болып келуі мүмкін вариативтік сипат тән болып келеді : * Оқу департаментінің үшінші білім алу деңгейіндегі оқушыларға ұсынатынбейінділік тізімінің ерекшелігі. * Аталған білім беру мекемесіндегі кадр ситуациясы мен оқу департаментінің білім беру аясының (ЖОО мамандарын бейінділік сыныптарына тартуды немесе ресурстық орталықтардың мүмкіндігін пайдалануды т.т.) қалауы. Осының бәрін түйіндесек , таңдау курстарын ұйымдастыру шартты түрде төмендегідей жағдайларда инвариантты болып қалады : * Курстар алуан түрлі болып оқушының нені қалайтыны нақты анықтата алуы қажет ( бір ғана курсты ұсыну таңдау болып табылмайды). Білім алудың болашағы болуы тұрғысынан курстар оқушының өз әлеуетін тани алуына септесуге тиісті ( <<математикадан үштік бағам болғандықтан , әлеуметтік - гуманитарлық бейінділікті таңдаймын>> емес , <<юрист немесе журалист болу үшін университетке түсуім үшін қажет>> деген ұғым болуы шарт). * Курстар жоспарланған бейінділікке сай жағымды қалыптағы жағдай туғызуы керек. Ол оқушының мына сауалға : << Осы пән маған несімен қажет болады?>> дегеніне жауап беруіне қол ұшын беруі қажет.курсты жаңа мазмұнмен шектен тыс толықтыру осы сауалға оқушының жауап беруін тосылтады. * Авторлық бағдарламаны жасаушы мұғалім мазмұн таңдаған шақта мына сауалға : <<Жоғарғы сыныптағы бейінділік оқытуын таңдаған оқушыға аталған курс несімен пайдалы бола алады?>> жауап бере алуы керек. * Орта мектептің үшінші сатысындағы бейінді оқытудың рөлі қазіргі заманғы білім беру технологияларын (ақпараттық , жобалық , дистанттық т.т.) қолдана білгенде ғана перспективалы бола алады. * Бейінділік алды дайындығы үшін ұйымдастырылатын таңдау курсын оқытуға басқа білім беру мекемелерінен ұстаздарды тартқан ләзім. * Курстар егер ол жетекші болып табылатын болса оқушыны өзінің болашақ мамандығының( тарихшы , филолог , физик) өзіндік ерекшелігімен таныстыруға тиіс. * Егер мүмкіндік болып жатса , курс белгілі бір оқулыққа арқа сүйеуі керек. Осы шарт мұғалімнің ақпаратқа деген үстемдігін шектеп , ақпаратпен оқушы да өз бетімен таныса алатын болады. * Бейінділік алды курсы мектептің оқу бағдарламасын қайталамауы қажет. Ол оқушыны емтиханға емес , болашақ өмірге дайындауға бағыт ұстануы шарт. Бейінділік алды дайындығы үшін ұйымдастырылатын таңдау курсы34 - 35 оқу сағатына негізделіп , аптасына екі рет оқылатын болып , оқушы оқу жылы аясында осындай екі курсты тамамдап шығуы шарт. Кейде жағдайға орай , 17 сағат түрінде 4 сағаттық модуль түрінде де өткізуге бола береді. Таңдау бойынша курстың мазмұны. Мазмұн бір жағынан тоғызыншы сынып оқушысының танымдық мүмкіндігіне сай келуі керек , екінші жағынан , жоғарғы талап деңгейіндегі жұмыс ыңғайын игеруіне септесуге тиіс. Курс мазмұны төмендегідей болып келеді : * негізгі оқу пәнінің саласының тереңдетілген ( <<Механика>> , <<Халықаралық қатынас>> , << Мұхиттар>> т. б.) нұсқасы ; * оқу пәніне сай келетін ғылым саласын ( археология , журналистика , астрономия) енгізу ; * курс ұстанған бағдар бойынша бір немесе бірнеше саланың ( <<жаратылыстану>>)бөліктерін белгілі бір деңгейде қамту , не болмаса , белгілі бір ( мысалға , << Физика , химия , биологиядан эксперменттерді>> , <<Ақпараттық дерек көздерімен жұмыс жасау>> іс - әрекет түрінде игеру. Таңдау курстары жүйесінде қолданылатын оқыту технологиясы оқушының болашақтағы мамандығына қажет дағдыны игеруіне ( мысалға , экспермент жасап қойылған мәселені тәжірибе негізінде анықтай білуіне)септесу. Оқыту технологиясының мүмкін түрлері : ақпараттық , жобалық , ізденгіштік , ойындық т.т. болып келіп , жоғары сынып оқушыларына бағдарламаны жете меңгеруге мүмкіндік жасайды. Бағдарламаны құрастырушылар үшін тірек сауалдар. Бейінділік алды дайындығы үшін н таңдау курсы құрастырмастан бұрын мұғалім төмендегідей сауалдарға жауап бере біліуі керек : * Бейінділік алды дайындығы және бейінді оқыту үшін таңдау курсының міндеттін ең толымды түрде жүзеге асыруда қандай мазмұндық материал мен жұмыс формасы керек? ( Оқушыға өз бағдарын жасай білуге көмектесу мақсатында , алдыңғы ақтаңдақтардың орнын толтырып , оқушының ЖОО түсуіне жәрдесіп , болашақ мамандығы бойынша оқуының жеңіл болуын қамтамасыз ете алу) * Курс мазмұны несімен негізгі оқу курсынан еректенеді?( ол негізгі оқу курсында қарастырылмаған ; ол онда тек акталып қана өтеді ; ол онда бір жақты , басқа ой - пікірлерді танытпай енген т.т.). * Аталған курс қандай көмекші материалдармен (кітапхана қоры , хрестоматия , жинақ , дидактикалық материалдар т.т.) қамтылған? * Аталған мазмұнмен жұмыс істеуде қандай әрекет түрі ( бейінді және кәсіби бағдар)мүмкін болады? * Аталған курс бойынша жұмыс істеуде оқушы таңдап алған кәсібі бойынша немесе болашақ бейінділікпен оқуы бойынша өз біліктілігін көрсете ала ма? * Ол аталған курс бойынша жұмыс істеуде өз дербестігі мен қандай белсенділік үлгісін көрсете алады ? * Аталған курс бойынша алынған білімді бағалаудың мұғалім мен оқушы үшін қай түрі қолайлы? * Курсты оқытудың қай бөлігінде болашақ кәсіп үшін ықыластық құштарлық аңғарылады? * Курсты оқу оқушыға не береді және есеп беру түрі қандай болып келеді? 2.10 - 11 сыныптардағы таңдау курстарды жүзеге асыру мен жобалау 10 - 11 сыныптардағы таңдау курстарды жүзеге асыру мен жобалау кезінде таңдаудың басты уәждарын ескеру : * Бейінділік пәндері бойынша ҰБТ дайындау ; * Мектептің дәстүрлі <<академизмінен>> бас тартып , өмірлік және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін іс - әрекетті меңгерудің дағды машығын игере білу ; * Табысыт қызметтік жоғарлау мен еңбек нарығында өз орнын таба білу , * Қызығушылық ; * Негізгі курстарды оқып үйренуге қосымша ; * Кәсіби бағдар ; * Жекден тұсатыққа бастар жол. Міне , осының бәрі жиылып келгенде таңдау курставрды таңдауды оқушылардың өз еркіне салады. Оқыту принципі : * дербес , * қол жеткізілімдік , * жалғастық , * нәтижелік. Таңдау курстарының мақсаты : * танымдық белсенділіктің негізі ретіндегі қызығушылықты дамыту ; * баланың қызығушылығын , бейімін және қабілетін дамыту , * шығармашылық ойлай білуді қалыптастыру , * негізгі қабілетті дамыта білу. 3.Бейінділік мектебіндегі таңдау курстар мазмұны, формасы мен әдіс- тәсілдері Шартты түрде төмендегідей таңдау курс типтерін бөліп көрсетуге болады. І. Пәндік курстар , оның мақсаты - мектептің негізгі оқу жоспарына кіретін пән бойынша берілетін білімді тереңдету мен кеңейту. Өз кезегінде , пәндік таңдау курстарды бірнеше топқа бөлшектеуге болады. * Не ана , не мына оқу пәнін тереңдетуге бағытталған жоғарғы деңгейдегі таңдау курстар , химия бойынша оқу пәнімен үндесуге тиісті. Осындай таңдау курсты таңдау , бейінділік негізінде емес , тереңдету деңгейі мақсатында екшеледі. Бұндай жағдайда , алынған курстың барлық бөлігі теңдес болып келеді. * Негізгі курстың жеке тараулары тереңдетіліп оқылатын таңдау курстар , аталған пәннің міндетті түрде оқытылуына енеді. * Негізгі курстың жеке тараулары тереңдетіліп оқылатын таңдау курстар , аталған пәннің міндетті түрде оқытылуына енбеген. * Қолданбалы таңдау курстар , қазіргі заман технологиясы мен өндірісіне оқушы қызығушылығын дамытуды көздеп , тәжірибеде алған машығы мен дағдысын іс жүзінде қолдана білуін мақсат етеді. * Табиғатты танып - білу әдіс - тәсілдерін үйретуге негізделген , таңдау курстар. * Пән тарихына арналған не мектеп оқу бағдарламасына (физика , биология , химия , географиялық ташылулар тарихы) енген , немесе оған (дін , техника , астрономия тарихы) енбегендердің таңдаук курсы. * Есептің шешу жолдарына , тапсырманы орындау тәсілдеріне арналған ( математикалық , физикалық , химиялық т.т.) таңдау курстарға , осы пәндер бойынша есеп құрастыру мен шешу негіз болады. ІІ. Пәнаралық таңдау курстар , оның мақсаты адам мен қоғам арасындағы үндестік туралы оқушы білімін молайту. ІІІ. Негізгі оқу бағдарламасына кірмейтін пәндер бойынша таңдау курстар. Осылайша қилы тұрпат пен түрлі сипатағы таңдау курстар өздерінің мақсаты мен мазмұнының әр келкілігіне қарамай оқушы сұранысына жауап бере білуі шарт. Оқытудың формасы мен әдіс- тәсілдері (әр текті оқыту , тәжірибе сабақтары , байқаулар , бәсеке , экскурсия , жорық, алыстан оқытудың белсенді әдістері т.т. болып келеді). Оқыту құрал - жабдықтары ( оқушылардың қосылып оқуын ескере отырып , қаперге алынатын қажетті құрал - жабдықтар тізбесі). Оқыту технологиясы оқушының болашақтағы мамандығына қажет дағдыны игеруіне ( мысалға , экспермент жасап қойылған мәселені тәжірибе негізінде анықтай білуіне)септесу. Оқыту технологиясының мүмкін түрлері : ақпараттық , жобалық , ізденгіштік , ойындық т.т. Таңдау курстарын бағалау жүйесі.Таңдаук және таңдау курстары бойынша стандарт жоқ. Сондықтан , нәтижелік аттесиацияда болмайды. Әкімшіліктегілерге , мұғалімдерге қаперлеріне ұстайтын жайт : оның мазмұны мен ережесін ( бұның ішіне белгілі бір есеп беру формасы да енеді) мекиептің өзі жасап , орнықтырады. Бакғалау жүйесі бағасыз болуы да, ағымдағы рейтнг түрінде келуі е мүмкін. Бағаның мүмкін нұсқалары : * Тыңдау курсы. * Реферат қорғау. * Жобаны жасау. * Шығармашылық тапсырманы орындау. Егер таңдаук курсты <<оқушылар игеруге тиісті>> делінетін позиция тұрғысынан емес , оқушы ықыласы негізінде құратын болсақ , онда бағалау критерии мен аттестациялау формасы шәкірттермен келісе отырылып шешіледі. 4.Бейімділік оқытудың оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы маңызы. 2 МОДУЛЬ. Бейімділік оқытуда таңдау курстардың мазмұны, құрлымы. 1-тақырып. Бейімділік оқытуда таңдау курстардың мазмұны, құрлымы. Дәріс мақсаты: Бейімділік оқытуда таңдау курстардың мазмұны, құрлымы туралы ақпарат алу. ЖОСПАРЫ: * Орта мектептегі химияны бейімді оқытудың нормативті базасы. * Химиядан таңдау курстардың мақсаты мен міндеттері. * Химияны профильді пән ретінде оқытудың беталысы. * Таңдау курстарда химия пәнін экологиямен тығыз байланыстыра оқыту МАЗМҰНЫ: * Орта мектептегі химияны бейімді оқытудың нормативті базасы. 10 - 11 сыныптарда химияны мүмкіндігінше оқыту нұсқалары. Орта мектепте химия пәнін екі деңгейде - базалық және бейіндік деңгейде қарастырады. Базалық деңгейде химия пәнінен 70 сағат берілген (аптасына 10 - 11 сыныптарға 1 сағат), бейіндік деңгейде химия пәніне 210 сағат (10 - 11 сыныптарға аптасына 3 сағат берілген). Мектепте жоғарғы сыныптарда химия пәнін оқытудың мүмкін болатын нұсқалары бар. 1 нұсқа - химия курсы бейіндік деңгейде (2 жылға 4 сағаттан) өтіледі. Бұл нұсқа физико - математикалық, биолого - географиялық, агротехникалық профильдерге арналған. Бейіндік пәндерден физика - математикалық бағытпен тығыз байланысты. Бір жағынан физика, термодинамика, молекулярлық физика, ал басқа жағынан осы кәсіп бойынша практиканы оқыту болып табылады. Ал биолого - географиялық профильді химиясыз оқу мүмкін емес. Әсіресе тау жыныстары,минералдар, геоэкологиялық мәселелерде шешуде кеңінен қолданылады. Негізінен химия пәні агротехникалық профильде қазіргі заманға сай технологиялар, химияның жетістіктеріне байланысты дамып отыр. Олар залалсыздандыруда, әр түрлі зиянды өсімдіктер мен жануарлардан қорғану үшін, топырақтануда және тағы басқада маңызы зор. Химия мақсаты әрбір профильде әртүрлі болып келеді.Болашақ профильдік пәнде химияның оқытылуы. Физика - математикалық профильде химияның құрылымы физика және химия ғылымдарымен өте тығыз байланысты. Бұл жағдайда <<Жаратылыстану>> курсынан химия жеке пән ретінде бөлініп аптасына 1 сағат бөлінді. Сол себептен физика - математикалық сыныптарда химияға аптасына 2 сағат бөлінді.(2 жылға 140 сағат) Содан кейін химия базалық пән ретінде қалып отыр. Биология - географиялық профильде химия курсы биология және географияны оқығанда қосымша факт және теориялық бөліміне бағытталады. 2 жылда 210 сағат, аптасына 3 сағат бөлінеді. 2.Химиядан таңдау курстардың мақсаты мен міндеттері. Дифференцияалды оқытудың бір түрі - таңдау курс. Таңдау курс (латын тілінен electus - таңдамалы деген мағынаны білдіреді) - ол әрбір оқушының міндетті түрде таңдап алатын курсы. Бұл курс 8 - 9 сыныптан бастап 10 - 11 сыныпта профильдік оқытумен жалғасын табады. Курсты таңдау шет елдерде кеңінен қолданылады. Бұрыңғы заманда бастауыш сыныптан бастап оқушылар бірнеше пәнді таңдап алатын болған. Бастауыш сыныпта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында алынған, ал жоғарғы сынпқа барғандабұл қызығушылықтарын қанағаттандырады. Енді таңдау курс пен факультативті курсты салыстырайық. Факультативті курстың мақсаты <<сабақты терең қарастыру, қызығушылығын арттыру,сол пәнге деген ниетін ашу>>.Таңдау курстың мақсаты өзіне бағытталған әрбір курстың нақтылығы және аналогиялық нақты болып табылады. Таңдау курста дәстүрлі бес балдық жүйені қолданбауды ұсынады. Факультативті курсты - барлық оқушыларды оқытуға болмайды, ал таңдау курсты - жалпы білім беретін орта мектептің 9 - 11 сыныптары міндетті түрде таңдайды. Факультативті курс пен таңдау курстың тағы бір айырмашылығы - оқу ұзақтығында. Факультативті курс бүкіл оқу жылына арналады. (минимум - 34 сағат). Таңдау курста программаны кең ауқымда қарастырады (8 - 34 сағат), бір - екі айға есептеледі, бір тоқсан немесе бір жарты жылдыққа арналады. Таңдау курстың ұзақтығы кейде 68 сағатқа арналады. Факультативті курс ереже бойынша сабақ кестесінде және 7 - 8 мин. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде өткізіледі. Таңдау курссабақ кестесінің құрамына кіріп басқа сабақтармен қатар өткізіледі. Бір сыныпта немесе параллель сыныптағы оқушылар бір пән бойынша бір факультет алынуға болады. Таңдау курсты барлық оқшылар таңдап, және де оқу ұзақтығы да әр түрлі, сағат саны да көп болукерек.Ғылыми - методикалық әдебиетте немесе нормативті құжаттарда әртүрлі таңдау курстың толық саны көрсетіледі. Таңдау курстың толық саны таңдауға байланысты. Сондықтан әрбір пән бойынша 3 - 5 таңдау курсты профильдік оқытуды таңдау керек.Барлық айтқандарды кесте түрінде бейнелеуге болады. Кесте - 1. Факультативті курс Таңдау курс Ұқсастығы Мақсаты: терең білім беру, қызығушылығын арттыру, оқушының сол пәнге деген икемділігін арттыру Айырмашылығы Оқушылардың жартысы таңдайды Әрбір оқушы таңдайды Сабақ кестесінің құрамына кіреді (7-8 сабақтар) Қалған сабақтар сияқты сабақ кестесіне енгізіледі. Міндетті түрде қатысу емес. Міндетті түрде қатысу. Сабақ оқу жылына арналады. Оқу ұзақтығы - 34 сағат Бір тоқсанға, жарты жылдыққа, бір - екі айға арналады. Оқу ұзақтығы 8 - 72 сағат. Бір пәннен бір курс таңдауға мүмкіндік береді. Әртүрлі пәннен таңдап алынған жалпы курс саны толық сағат санымен беріледі. Таңдау курстың негізгі үш типін анықтады: пәндік, пәнаралық және ориентациялық.. Пәндік таңдаук курстар бір пәннің оқыту материалымен құралады.Пәнаралық таңдаук курстар оқыту құрамында екі - үш пән болуы керек. Ориентациялық таңдаук курста оқушыны әлем мамандығымен ориентациялау керек.Оларға мына сұрақтарға жауап беруге көмектесу керек: <<Мен қандаймын?>>, <<Мен не істегім келеді?>>, <<Мен не істей аламын?>>. Пәнаралық таңдау курстар химия материалының құрамында жаратылыстық - ғылымдар факультетімен байланысты болу керек: биология, физика, география, экология. Мысалға келесі курстар: <<Химия және қоршаған орта>>(Н.В.Ширина), <<Адам организмдегі бейорганикалық заттардың ролі>> (Г.А.Шипарева), <<Космос химиясы>>(В.Г.Денисова) және басқалары. Ориентациялық таңдау курстарды профильді оқыту психолого - педагогтардың көмегімен жүзеге асады. Таңдау курстағы химия пәнінің мұғалімі методикалық әдебиеттерді кеңінен қолданылады. Пәндік таңдаук курстарды мектепте бірнеше нұсқаларға бөлуге болады. Оқу жылының басында тоғызыншы сыныптар арасында білімді арықарай жалғастырушыларды үш топқа бөліп атауға болады. Бірінші топқа химия пәнін профильдік пән ретінде 10 сыныпты жалғастырушылар кіреді. Бұндай топқа қатысушыларға таңдау курстар ұсынылады. Профильдік сыныптарда жаратылыстық - ғылымдық бағыт береді: <<Химиядан эксперименттік есептер шығару>>, <<Бейорганикалық синтезге кіріспе>>, <<Өнеркәсіпте бейорганикалық заттарды қалай алады>> және тағы басқалары. Екінші топқа химия пәні профильдік пән ретінде емес 10 сыныпты жалғастырушылар оқиды. Оларға келесі курстар ұсынылады: <<Химия техникада>>, <<Химия реклама сюжетінде>>, <<Химия және косметика>> және тағы басқалары. Үшінші топты бастауыш және орта білімді жалғастырушылар кіреді. Бұл топқа мынандай курстар ұсынылады: <<Химик - лобаратн мамандығымен танысыңыздар>>, <<Агрономның химиялық құпиялары>> және т.б. Бұндай курсты пәндік - ориентациялық деп атауға болады. Олар бір пәннің материалымен қолданады. <<Жалпы білім беруде жоғарғы сыныптардағы профильдік оқыту концепциясы>> профильдік таңдаук курстағы негізгі функция - ПРОФОРЕНТАЦИЯЛЫҚ. Сондықтан мұғалім 9 сыныптардың таңдаук курстың бағдарламасын құру үшін басты мақсат оқушылардың болашақтағы мамандығымен сәйкес байланыстырады. Бейіндік курстар көпшілік жағдайда жоғарғы сыныптарда қорытынды аттестацияға дайындық, оқушының таңдап алған пәнінен терең мағмұлымат береді. Қазіргі таңда көптеген таңдаук курстар методикалық курстарда және библиографиялық тізімдерде кездеседі. Таңдаук курстды өткізу үшін мұғалім өзі методикалық жағынан жақсы білу керек және оқу құралдары толық, қазіргі заманға сай болу керек. Оқу - құралдарында сұрақтар мен тапсырмалар, химиялық тәжірибелер, эксперименттік жұмыстарды қорытындылау, есептер болу қажет. Таңдау курсты оқыған соғ бағалауды ерекше қою керек. Мысалға <<Курс тыңдалды>>, <<Курс сабағына қатысты>>, <<Курсты жақсы аяқтады>>. Әрбір қойылатын бағаның оқушыларға белгілі болу керек. 3.Химияны профильді пән ретінде оқытудың беталысы. Физика - химиялық және химия - биологиялық профильдерде химия басты пән болып саналады. Физика - химиялық сыныпта физика пәні базалық болып, химияны қоса оқиды., ал химия - биологиялық профильде химияны терең оқытады. Мына профильдерден химиядан дайындық деңгейлердің жоғарлауы модульдік курсты жалғастыруына мүмкіндік береді, яғни химия бөлімдерін терең қарастыру керек. Кесте - 1. Физика - химиялық және химия - биологиялық профильдер бойынша пәндерге бөлінген сағат саны. Пәндер Физика - биологиялық профиль(химия мамандығына тсуге мына пәндерден емтихандар:химия,физика, математика) Химия - биологиялық профиль(биологиялық, медициналық мамандығына түсуге мына пәндерден емтихандар: биология, химия, физика) Математика 12 8 Физика 10 6 Химия 8 10 Биология 2 8 Физика - химиялық профильге келесі модульдік курстарды ұсынуға болады: * Химиялық сандық есптердің шығарылу методикасы. * Эксперименттік есептердің шығарылу методикасы. * Химиялық термединамика және кинетика * Зат құрылысы. Химия - биологиялық профильге келесі модульдік курстарды ұсынуға болады: * Химиялық сандық есептердің шығарылу методикасы. * Эксперименттік есептердің шығарылу методикасы. * Өмірдің негізі - химия. * Химиялық анализдің негізі. * Органикалық қосылыстардың электрлік және жазықтықтағы құрылысы. * Жоғарғы молекулалық қосылыстардағы химия. Сондықтан негізгі бағдарлама бойынша химияны оқыту жоғарғы сыныптарда бірнеше нұсқаға бөлінеді: 1.Профильді химия профильдік пән болып табылмайтын (социалдық экономикалық, социалды - гуманитарлық, филалогиялық) химияны оқытудың екі нұсқасы бар: а) <<Жаратылыстану>> курсының құрамына кіретін химия (аптасына 2сағат). Б) Физика және биология курстарында жеке курс ретінде (аптасына 2 сағат). 2. Кейбір профильдерде (физика - математикалық, биологиялық - географиялық) химияны оқытудың жалғыз нұсқасы - жеке базалық курс (аптасына 4 сағат). 3. Профильдерде химия профиль пән ретінде (физика - математикалық, химия - биологиялық ), жалғыз нұсқа жеке пәнді жоғары деңгейде оқыту. (аптасына 10 сағат) * Таңдау курстарда химия пәнін экологиямен тығыз байланыстыра оқыту Жаңа ғасырда дүниежүзілік бірлестік алдында тұрған басты мәселелердің бірі - адам тіршілік ететін ортаның ластануы. Бұл мәселе дүние жүзін қамтып отыр. ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы басты экологиялық мәселелер, озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд. тонна тау жыныстары қопарылды. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың 10% ғана бөлігі дайын заттар жасауға жұмсалды да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналды. ХХ ғасырдың соңғы 30 жыл ішінде түрлі қажеттіктер үшін жағылған отын түрлерінен ғаламшардағы атмосфера құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері 25% артқан. Жер шарындағы осындай отындарды жаққан кезде атмосферадағы 20 млрд. тонна көміртегі (IV) оксиді бөлінген. Мұның бәрі де ауаның ластануына әсер етеді. Бұларға қоса көліктерден, өндіріс орындарынан бөлінетін улы заттар мен газдардың мөлшері де жылдан-жылға арта түсуде. Сонамен қатар озон қабатындағы ойықтар ұлғая түсуде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлтінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F оксидері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді. Адамдардың зиянды әрекеттерінен, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, гербицидтерді қолданудан су қорлары ластанып, тартыла түсуде. Сондықтан оқушылады мектеп табалдырығынан бастап қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керек. Адамзаттың бұл басты мәселесін - экологиялық жағдайды жақсартуда химия пәнін экологияландыру басты роль атқарады. Мектептегі химия пәнін факультатив сабақтарда экологиямен тығыз байланыстыра оқыту керек. Күнделікті тұрмыста әрбір адам организміне зиянды әсер тигізетін заттарды жиі пайдаланады. Мысалы, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттар, әр түрлі отындар, тыңайтқыштар, т.б. Бірақ барлық тұтынушылар олардың зиянды әсерін біле бердейді. Сондықтан ХХI ғасырдың оқушылары әрбір химиялық заттың пайдалы, зиянды жақтарын, әсіресе, қоршаған ортаға тигізетін әсерін білу керек. Бұл материалды химия пәнін оқытқанда игерту керек. Атмосфералық жаңбырдың қышқылдығының артуы немесе осы қышқылды жаңбырдың пайда болу көзі негізінде жатқан химиялық реакциялармен таныстырған жөн. Қышқылды жаңбырға түсінік беру үшін ерітінді ортасының қышқылдық немесе негіздік болатынын, оны сутек ионының немесе гидроксид ионының мольдік концентрациясы арқылы белгілейтіні түсіндіріледі. Сутектік көрсеткіш рН шкаласын пайдалана отырып, табиғи суқойма мен атмосфералық жаңбырдың қышқылдылығын анықтауға болады, егер жаңбыр суында рН >= 5,6 болса, қышқылдығы орташа, ал жер бетіндегі суларда рН 6,5-8,5 болады, яғни су ортасы сілтілі. Ал қышқылды жаңбырларда сутектік көрсеткіші қалыпты жағдайдан жоғары болады. Оқушылардың назарын әсіресе мынадай негізгі аспектілерге аудару керек: * Фотосинтез үрдісі кезінде продуценттер көміртегі (VI) оксидін органикалық заттарға айналдырады, ал редуценттер көміртегі (VI) оксидін (СО2) атмосфераға қайтадан қайтарады. * Құрлық және биомассасы әлі де болса артық мөлшердегі көміртегі (VI) оксидін (СО2) сіңіре алады. * Табиғатты қазіргідей пайдалана берсек, табиғи байлықтардың мөлшері жылдан-жылға кеми береді. Барлық органикалық заттар жанғанда көміртегі (VI) оксиді түзілетінін көрсететін экологиялық мазмұнды есептер шығаруға болады. Мысалы, мына берілген газдардың (қ.ж.) 1 литрі жанғанда бөлінетін жылуды анықтаңыз. Қай газды отын ретінде қолдану тиімді? Метан мен ацетиленнің жануының термохимиялық теңдеулері: СН4 + О2 --> СО2 + 2H2O + 880 кДж 2СН + 5 О2 --> 4СО2 + 2H2O + 2610 кДж Осы типтес есептерді шығару оқушылардың шикізатты экономикалық та, экологиялық жағынан да тиімділігін анықтауға үйретеді. Химиялық өндірістерді қарастырғанда экологиялық мазмұнды есептерді өнім шығымының теориялық мүмкіндігімен салыстыра отырып шығартуға болады. Мысалы, аммиак өндіру зауытында жоспарланған аммиак өндіру - 17% құрайды. Әр түрлі кемшіліктерге байланысты 1% аммиак ысырап болады. Егер 60 кг сутек реакцияға пайдаланылса, ысырап болған аммиактың массасын анықтаңыз. Аммиак ауаға таралып, қандай зиянды әсер туғызады? Су қоймасын, көлді ластаса ше? Осы типтес есептерді оқушылар күнделікті ақпарат құралдарын пайдаланып, өздері құрастыра алады. Химиялық эксперимент - химияны оқытудың негізгі тірегі. Химия сабақтарында экологиялық зерттеулер мүмкіндігін де пайдалану керек. Тағам өнімдеріндегі, әсіресе көкөністердің құрамындағы нитраттарды анықтау немесе судың құрамын, атмосфералық ауаның құрамын анықтап, қорытынды шығарту оқушылардың химиялық білік-дағдысын, икемділігін шыңдаумен қатар, химияның тұрмыстағы пайда-зиянын ажырата білуге баулиды. Химиялық экспериментті екі бағытта жүргізу керек: аналитикалық әдістерді пайдаланып, қоршаған ортаны зерттеу, химиялық реакциялар кезінде түзілетін қалдықтарды өңдеу (заттарды залалсыздандыру). Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, тірі және <<өлі>> табиғаттың арасындағы байланыс, қоршаған ортадағы адамдардың әрекеттері, тіршілік ортасын химиялық ластанудан қорғау әдістері таныстырылады. Химиялық эксперимент арқылы табиғи құбылыс және үрдістердің тірі организмдерге және экожүйеге әсерін көрсетіп, экологиялық тиімді әдістер үйретілді. Химиялық экспериментті факультативтік сабақта пайдалану теориялық материалдарды толық меңгеруге мүмкіндік беріп, оқушыларды химияға қызықтырады. Адам қоғамының қазіргі кездегі жедел дамуы оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері - дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты, әрі өнеркәсіп орындарына қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша жұмыс істеуге көшуді талап етеді. Жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану, атап айтқанда, күн энергиясын, жел, теңіз толқындарын пайдалану. Экологиялық бақылауды күшейту қоршаған атмосфералық ауаның ластануын азайтып, қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік береді. Сондықтан орта мектепте химия пәнінде, факультатив сабақтарда әрбір тақырыпты экологиямен тығыз байланыстыра оқыту болашақ қоғам иелерінің экологиялық сауатты болуына септігін тигізеді. Жер бетінде химиялық элементтердің таралуы әр түрлі. Жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент - оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий - жер массасының 99,8%-ын құрайды. Ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиесілі. Биомолекулалардың органикалық бөлімімен ковалентті байланысқан элементтердің ядро заряды өскен сайын төмендеп отырады. Мысалы, (О)> (S)>(Se)>(Te). Ағзада ион түрінде болатын элементтердің (ІА-ІІА топтарының s-элементтері, VII тобының р-элменттері) мөлшері - топтағы элементтің атом ядросының заряды өскен оптималды ионды радиусы бар элементке дейін жоғарылайды, одан кейін төмендейді. Мысалы, ІІА тобында берилийден кальцийге дейін элементтің ағзадағы мөлшері жоғарылайды, ал әрі қарай барийден радийге қарай төмендейді. Дәл осылайша, VIIA тобында фтордың хлорға дейін ағзадағы элементтің мөлшері жоғарылайды да одан кейін төмендейді. Бейорганикалық заттардан биоорганикалық заттарға эволюция үрдісінде химиялық элементтердің биожүйелер жасалуына қолданылу негізі - табиғи таңдау. Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Кремнийдің SiO₂, алюминийдің Al₂O3 табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Бұған қарама-қарсы көміртек, ол жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. (0,35%), ал тірі ағзадағы мөлшері бойынша 2-орынға ие (21%). Элементтің қоршаған ортамен салыстырғанда ағзадағы мөлшерінің жоғарылауын элементтің биологиялық концентрленуі деп атайды. Табиғи таңдау нәтижесінде тірі жүйелер негізін тек алты элемент құрайды. Олар - көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, күкірт. Бұларды органогендер деп атайды. Бұл элементтер ағзаның 97,4%-ын құрайды. Негізгі органоген - көміртек. Ол мықты ковалентті байланыс түзе алады. Оттек пен сутегі көміртектің органикалық қосылыстарының тотығу және тотықсыздану қасиеттерін алып жүруші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген - азот, фосфор, күкірт және де ферменттердің белсенді ортасын құрайтын кейбір басқа элементтер - темір, магний. Өте құбылмалы органогендерге суда еритін қосылыстардың түзілуі тән, ол осы элементтердің тірі ағзаларда концентрленуіне жағдай туғызады. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: 1. Макроэлементтер. Олардың ағзадағы мөлшері 10-²%-дан жоғары. Олар - оттек, көмітек, сутек, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор. 2. Микроэлементтер. Олардың ағзадағы мөлшері 10-³% бен 10-5% аралығында. Оларға йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт жатады. 3. Ультрамикроэлемент. Олардың ағзадағы мөлшері 105 %-дан төмен. Оларға сынап, алтын, уран, торий, радий және т. б. жатады. Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге бөлуге болады: 1. Тіршілікке қажетті (ауыстырылмайтын) элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады, ферменттер, гормондар, және витаминдер құрамына кіреді: H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады. 2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында үнемі болады. Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Gl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы толық зерттелмеген немесе белгісіз. 3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr, Sm, W, Re, Tb және т.б.). Адам және жануар ағзаларында табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз. Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті элементтерді биогенді элементтер деп атайды. Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшықет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар-көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш - қарын асты безінде, йод - қалқанша безінде, фтор - тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий - шашта, кадмий, сынап, молибден - бүйректе, қалайы - ішек ұлпаларында, стронций - қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий - көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром - гипофизде және т.б. жиналады. Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек - макроэлементтер, осы екі элемент судың құрамына кіреді. Су ересек адам ағзасының шамамен 65%-ын құрайды. Су - адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтарда әркелкі таралған, ол асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5%-ға дейінгі аралығын құрайды. Су несептің, бас миының ақ затының, бауырдың, терінің, жұлынның, бұлшықеттердің, өкпенің, жүректің - 70-80%-ын, сүйектің 40%-ын құрайды. Макроэлементтер - көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор - нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51-55%, оттек 22-24%, азот 15-20%, сутек 6,5-7%, күкірт 0,3-2,5%, фосфор шамамен 0,5%-ды құрайды. Көміртек, сутек және оттек көмірсуларының және липидтердің (майлар) де құрамына кіреді. Және де фосфор, фосфолипидтердің құрамына фосфатты топтар түріне кіреді. Көп мөлшерде липидтербас миында (12%), бауырда (5%), сүтте (2-3%) және қан сұйықтығында (0,6%) концентрленеді. Фосфордың негізгі бөлімі сүйек ұлпасында -600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%-ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді және кальциймен, хлормен, фтормен, гидроксил, хлор, фторопатиттер (жалпы формуласы Ca5(PO4)3X, мұндағы Х = OH, Cl, F) түрінде кездеседі. Кальций негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасушааралық, ал калий және магний жасушаішілік сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде Mg3(PO4)3 тістің қатты ұлпаларында кездеседі. Тірі ағзаға қажетті он металл тіршілік металдары деп аталады. Шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: кальций - 1700 г, калий - 250 г, натрий - 250 г, магний - 42 г, темір - 5 г, мырыш - 3 г, мыс - 0,2 г, марганец, молибден, кобальт - барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 кг-ға дейін минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі (2,5 кг) сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер ағзада биолиганд-аминқышқылдармен, нәруаздармен, нуклеин қышқылдарымен гормондармен, витаминдермен және т.б. - мен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, Fe²+ ионы комплекс түзуші ретінде гемоглобин, Co²+ - В12 витаминінің, Mg²+ - хлорфилл құрамына кіреді. Ағзада үлкен биологиялық маңызға ие басқа да элементтердің (Cu, Zn, Mo және т.б.) көптеген биокомплекстері белгілі. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырған фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық рөлі әр түрлі болып келеді. Макроэлементтертің басты функциясы - ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл-негіздік құрамын реттеп отыру. Микроэлементтер ферменттер, гормондар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алуы, улы затарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу-тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етеді. Макро және микроэлементтер - кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий, кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін реттейді. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріпотырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Мырыш жыныстық жетілу кезінде жоғары мөлшерге жетеді де жас ұлғайған сайын төмендейді. Жас ұлғайған сайын басқа да микроэлементтердің мөлшері кемиді, мысалы ванадий және хром. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аураулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіпеушіліінен эндемиялық зоб, молибденнің артық мөлшерінен эндемиялық подагра пайда болады. Бұл заңдылық - адам ағзасындағы биогенді элементтердің оптимальды концентрацияларының балансын химиялық-гомеостаз реттеп тұрады. Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және ә түрлі аурулар тудыруы мүмкін. Алты негізгі макроэлементтер - органогендер - көміртек, сутек, азот, оттек, күкірт және фосфор - көмірсулар, майлар, нәруыздар және нуклеин қышқылдарының құрамында болады. Бірақ адамның және жануарлардың дұрыс тамақтануы үшін бейорганикалық макроэлементтер - кальций, хлор, магний, калий, натрий және микроэлементтер - мыс, фтор, йод, темір, молибден, мырыш қажет. Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы сот-медициналық сараптама қолданылады. Мысалы, этил спиртінің қатынасында алкоголді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий азаяды. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б элементтер жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін. Бірақ ағзаға органогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз бұзылады. Мысалы, (Mn мен Cu синергизмі), ал бүйректе азаяды (антогонизм). Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, бауырда мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе, темірі бар ферменттердің белсенділігі төмендейді. (Zn және Fe антагонизмі). Өте аз мөлшерде тіршілікке маңызды болып табылатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе, улы болып табылады. Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, және т.б.) улы болып табылады, олар ағзаға аз мөлшерде түскенің өзінде ауыр патологиялық әсер қалдырады. Биогенді элементтер ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бор, мыс, марганец, мырыш, кобальт, молибден сияқты микроэлементтерді топыраққа аз мөлшерде енгізгеннің өзінде көптеген өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Микроэлементтер өсімдіктердегі ферменттердің белсенділігін арттырып, нәруыздар, витаминдер, нуклеин қышқылдары, қант және крахмалдың синтезделуіне жағдай жасайды. Кейбір химиялық элементтер фотосинтезге оң әсер етіп, өсімдіктердің өсуі және дамуын, тұқымның жетілуін жылдамдатады. Жануарлардың өнімділігін арттыру үшін тағамның құрамына микроэлементтерді қосады. Көптеген элементтер және олардың қосылыстары дәрілік заттар ретінде кеңінен қолданылады. Осылайша, химиялық элементтердің биологиялық рөлін зерттеу, осы элементтердің алмасуының ара-қатынасын және басқа да биологиялық белсенді заттар - ферменттерді, гормондарды, витаминдерді анықтау арқылы жаңа дәрілік препараттарды жасауға және оларды реттеудің оптималды режимін табуға мүмкіндік береді. 2ТАҚЫРЫП. ХИМИЯ БОЙЫНША ТАҢДАУ КУРСТЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ . ЖОСПАР: 1. Химиядан таңдау курстарының түрлері 2. Таңдау курстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар 3. Таңдау курстарын өткізудің тиімді әдістері 4.Таңдау курстың бағдарламасының құрылымдық бөліктері МАЗМҰНЫ: 1. Химиядан таңдау курстарының түрлері. Химиядан жүргізілетін таңдау курстарыың формалары көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі. Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар т.б. Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамның секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, зерттеу жұмыстары. Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б. Таңдау курстарының түрлері көп, олар біртіндеп қалыптасуда. Соңғы уақытта жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда таңдау курсының сапасын арттыру жолға қойылуда. Оқушыларыдың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін ірі мектептерде таңдау курстары ұйьмдастырылады. Таңдау курсы арнайы жарғы бойынша жұмыс істейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалған. Жарғыда таңдау курсының мақсаты, құрамы, мүшесінің хұқы мен міндеттері, басқару органдары және ұйымдық құрылысы, кітапхана және баспа істері нақтылы көрсетіледі. Таңдау курсының жұмысын жалпы жиналысында сайланған Кенес басқарады (5-15 адам). Таңдау курсы, әдетте, химиялық үйірмелердің негізінде құралады, жеке секцияларға бөлініп, жұмыс істейді. Секциялары химия ғылымының салалары және жұмыстың түрлері бойынша ұйымдастырылады:бейорганикалық химия, органикалық немесе модельдер жасау, құралдар құрастыру, дәрісшілер тобы, шыны үрлеу т.б. секциялар. Секциялардың және қатысатын оқушылардың санына шектеу қойылмайды. Таңдау курстарының мүшелігіне қабылдау және шығару жарғыға сәйкес жалпы жиналысында шешіледі. Мұнда еріктілік пен міндеттілік, белсенділік пен дәйектілік, жеке мен ұжым бірлігінің негіздері мүлтіксіз жүзеге асырылады. Таңдау курстары мынандай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстар. Бұл курстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді. Таңдау курстарының бір түрі - химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға синтездеуге байланысты зерттеулер олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі - үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стенттер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді. Топтық жұмыстардың негізгі түрі - химиялық үйірме. Үйірме оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі - оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап тілектерін ескеру. Үйірме - ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны 10 - 15 оқушыдан артық болмау керек. 2. Таңдау курсын құрастыруға қойылатын талаптар. Бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз - оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Бұл жерде туындайтын бірінші маселе "Неге мектептің жоғарғы сатысы бейімді-бағдарлы болуға тиісті?" деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, нашар емеске, дұрысқа, пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай. Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама межесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі казде әлемде білім беру мәселесі дамуынын үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынмен көбеюі. Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энцеклопедиялық білімнен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді. Демек, біз негізгі мектепті тәмәмдаған барлық оқушыны 10-шы сыныпқа отырғызбауымыз керек. 10 сыныпқа тек қана кейін ЖОО түсемін деген ниеттегі, білім деңгейі жақсы оқушы ғана отыруы керек. Ал басқалары құр салпақтап екі жыл бос жүрмей ерте бастан өмірдегі орнын табуға яғни сан-салалы жұмысшы мамандықтарының бірін иеленуге ұмтылғаны жөн. Бұл жерде ескеретін бір мәселе Қазақстан Конституциясы бойынша әрбір азамат орта біліммен қарулануға міндетті. Мектептің жоғарғы сатысында барлық балаға бірдей білім берілуге тиісті болғандықтан, білім беру деңгейі сөз жоқ орташа балаға лайықталады. Мұның жақсы оқитын балаларға зияны ұшан-теңіз. Атап айтқанда, олардың білімге деген талпынысы, құштарлығы ЖОО түсем деген ниеті тежеледі, не олар бұл жағдайларды қанағаттандыру үшін мектептен тыс мекемелердің, жекелеген мамандардың құзыретілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Осыдан келіп барып әрбір ЖОО жанындағы ақылы дайындық курстары, оқушыларды ЖОО дайындайтын жекелеген курстар, репетитор арқылы оқыту сияқты мәселелер қазір қалаларда дүрілдеп тұр. Жарайды, интелектуалдық деңгейі жоғары қалаларда мұндай болғанымен ауыл жайлы бұлай дей алмасымыз хақ. Ол дегеніміз барлык, мектеп оқушыларына бірдей жағдай жасап отырғанымыз жоқ дегенді білдіреді. Яғни, қазіргі оқыту жүйесіндегі кемшілікті оқушылардың жартысы қандайда деңгейде жөндей алғанымен, қалғанына мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ. Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылында Қазақстан мектептерінің жоғары сатысы бейімді - бағдарлы оқытуға кешуі керек деген.10-шы сыныптың 2006-2007 оқу жылына арналған оқу жоспарлары да, баспадан шыққан немесе шығып жатқан оқулықтары да тек қана бейімді -бағдарлы оқытуға лайықталған . Негізін Батыс Европа, Солтүстік Америка мемлекеттері қалаған бейімді-бағдарлы оқыту Ресей империясында да XIX ғасырдың екінші жартысында іс жүзіне аса бастады. Атап айтқанда, 1864 жылғы мектеп реформасы жеті жылдық гимназиялардың екі бағытын анықтады. Олар оқушыларын университетке түсуге дайындайтын классикалық гимназия және оқушыларын практикалық қызметке немесе арнаулы оқу орнына түсуге дайындайтын реальды гимназиялар. Қазан революципсынан кейінгі алғашқы он-он бес жылда бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі КСРО-да жаңа мазмұнға ие болды. 1918 жылы білім саласы қызметкерлерінің I бүкіл ресейлік съезінде қабылданған еңбек мектебінің ережесі бойынша орта мектептің жоғарғы сатысыңда үш бағытта бейімді-бағдарлы оқыту ұйғарылды және олар гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және техникалық деп айқындалды. Алайда, қоғам дамуының обьективті заңдылығынан туындап отырғалы осы мәселе КСРО басшылығының керағар саясатынан өз жалғасын таба алмай қалды. 1934жылы жарық көрген КСРО-дағы бастауыш және орта мектеп құрлымы жайлы партия және үкімет қаулысына сәйкес Кеңес Одағы мектептерінде бір ғана бағдарламамен, бір ғана оқулықпен, бір ғана оқу жоспарымен жеткіншек ұрпақты оқыту көзделінді. Соның салдарынан мектептерден саралап оқыту, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелері аластатылды. Дейтұрғанмен, заман ағыны, қоғам талабы қатаң ұсынымдарға негізделген комунистік қоғамның өзін бірте-бірте өз дегеніне көндіре бастады. 1950 жылдардың аяғында ақ КСРО ғылым-педагогтары жалпы орта біліммен жоғарғы білімнің әсіресе техникалық жоғарғы білімінің арасындағы сабақтастықтың нашарлығынан туындаған мәселелерді ескеру барысында бейімді-бағдарлы оқытуға байланысты ғылыми-зерттеу және экспериментік жұмыстар жүргізе бастады. Кеңес Одағы кезінде осындай жағдайлардан екінші рет өз өмірін қайта бастаған бейімді-бағдарлы оқытудың әр түрлі формалары бүгінгі ұрпақтың бүгінгі ие болып отырған білім деңгейлеріне өз үлестерін қосқаны анық. Химиядан таңдау курстарын өткізуге қойылатын әдіснамалық талаптардың критерийлері мынадай болуы тиіс: 1. Концептуалдық (тұжырымдамалығы) -- белгілі бір ғылыми концепцияға сүйену. 2. Жүйелілігі -- үрдістің логикасы (ой ізділігі) барлық бөлімінің өзара байланыстылығы, біртұтастылық. 3. Басқаруға икемділігі -- диагностика, жобалау, сатылы диагностика, коррекциялау мақсатымен құралдар мен әдістерді жинақтап қорыту. 4. Тиімділік - конкуренция жайданында жұмсалған күш, әрекеттердің тиімділігі, белгілі бір оқыту стандартына жету кепілділігі. 5. Қайта жаңғыру -- басқа бір білім беру мекемелерінде басқа бір адамдардың қолдану мүмкіндігі . 3. Таңдау курсын өткізудің тиімді әдістері. Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалык, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс: 1. Окушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағьттау. 2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу. 3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын калыптастыру, дамыту. 4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. XX ғасырды артқа қалдырып, XXI ғасырды бетке алып келе жатқан Қазақстанның орта мектептері өздерінің тарихи миссиясын орындап болды, сондықтан орта мектепте реформалау қажеттігі туды. Өйткені белгілі бір мөлшердегі <<білім жиынтығын>> алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, <<шәкірт -- нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ>>. Ал мектеп - конвейер емес, керісіншс кең түрде ойлай алатын жеке адамды калыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет -- оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін не істеу керек? Ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты кұрам бөлігі - жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми, түсінікті, қысқа, дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болуы керек. Қазіргі барлық типтегі мектептердің ұраны көптүрлілік, көпнұсқалық, тандау екенін өмір көрсетіп отыр. Өйткені барлык елдердің тәжірибесіндегідей негізгі концептуалды идея -- мектеп бітірушілерге аяқталған орта және кәсіптік білім беру. Ол үшін қазіргідей 11-сыныпта 17 әртүрлі пән, 9- сыныпта 16 әртүрлі пән оқыту мақсат емес. Мемлекеттік базистік жоспарды басшылыққа ала отырып, министрлік көппәнділікті койып, кайта көпнұсқалықка, яғни оқушының өз үғымы, талғамы бойынша салалап окытуға ден коюда. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді.. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференциациялау арқылы оқушылардың өз тандауына жол ашады (пәнді оқыту формасын, т.б.). Сол арқылы оқушы өз қажетгілігін қамтамасыз етіп, тандау алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Окушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасауы, т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Таңдау курсының мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Ізгілендіру жағдайында оқытудың негізгі формалары-топтық және жеке түрлері көп колданылады. Ал фронтальды түрі тек бағыт беруде, талдағанда және түзету жасауда (коррекция) қолданылады. Топтық оқытудың ерекшелігі -- жастары шамалас шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде. Мұндай шағын топта оқушы өзін жоғалтпайды. Қажет болса, мұғалімнің ұйғаруымен де олар бір-біріне көмектесіп, ортақ тапсырмалар орындайды немесе ортақ есептер шығарады. Мұндай жағдайда әр оқушы жетістігі мен кемшілігін бағалап қана қоймай, олардың ортақ нәтижеге қандай үлес қосқаны да ескеріледі. Ал жеке жұмыс істеу әр оқушыға жеке тапсырмаларға жете үңіліп, оларды орындауға, өзі үшін де тырысуға жол ашады. Таңдау жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті. Ақыл-парасаттан гөрі сезім-түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер аркылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс. Сондыктан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу -- оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз кабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Деңгейлеп дифференциялау ішкі дифференциациясының функциясын атқара отырып, тиімді түрде мектепте қосымша білім беруді кіріктіре жүргізуге мүмкіндік береді.Нәтижесінде көптеген пәндерді терендетіп оқытатын курстар деңгейлеп дифференциациялау ішіне кіреді. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың , қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін тандап алу- әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. 4.Таңдау курстың бағдарламасының құрылымдық бөліктері : -титулдық бет ; -түсіндірме жазба ; -тақырыптық жоспар ; -оқылатын курс мазмұны ; -әдістемелік нұсқаулық ; -әдебеттер. Титулдық бетке кіретіні : -жобаны жасаған білім беру мекемесінің атауы ; - қайда , қашан және бағдарламаны кімнің бекіткені турасындағы мәлімет ; - таңдау курстың атауы ; - қай сыныпқа арналғандығы ; - бағдарлама авторының дә\лауазымы мен аты - жөні ; -қаланың , тұрғылықты жердің атауы ; - бағдарлама жасылған жыл. Түсіндірме жазба. Оның мазмұны төмендегідей болып келеді : -аталған курсты енгізудің қажеттілігі ; -курстың бейімді оқытудағы орны мен рөлін көрсету. Ең атап көрсетуге тиісті нәрсе бейінділікпен оқытудағы пәннің жалпы білім беруге қатысы , оқытылу барысындағы пәнаралық қатынастың қамтылуы , оның қандай жалпы білім беру мен бейімділік машықтарын дамытатындығы , оқушының танымын белсендіруі мен мамандық таңдаудағы әсерінің қаншалықты екендігі ; -курстың мақсаты мен міндеті ; -бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңі ; -материалды таңдау мен құрылымдық екшеудің негізгі принциптері ; -сабақ кестесі , оқытудың әдіс мен формасы ; -күтілетін нәтиже ; -нәтижені бағалаудың жолдары. Оқу - әдістемелік жоспар. Ол төмендегідей болып келеді : -бөлімдер мен тақырыптар тізімі ; -оны оқытуға бөлінген сағат санының көрсетілуі ; -сабақ түрлері тізімі. Курс мазмұны. Барлық тақырыптың қызқаша сипаттамасы : Әдістемелік нұсқаулық. Ол төмендегідей болып келеді : -әрбір бөлім мен тақырыпты оқытудың ақыл - кеңесі ; -жұмыстың амал - тәсілдері мен қоланылатын оқыту ; -дидактикалық материалдар. Ұсынылатын әдебиеттер мен басқа нұсқаулықтардың тізілімі. Оған мақалалар мен кітаптардан , сонымен бірге курсты оқытуға қажетті оқу - әдістемелік материалдардың әр қилы түрлерінен тұрады. Оны міндетті түрде 2 бөліктен : оқытушыларға арналған , оқушыларға арналған. Оқу бағдарламасын бағалау критерииі : -оқушылар үшін жаңашылдық деңгейі ; -уәжділік әлеуеті (мотивирующий потенциал // курс мазмұны оқытушылардың қызығушылығын тудыруы) ; -дамытушы әлеует ( бағдарлама оқушының интеллектуалдық , тәжірибелік , шығармашылық , сезімдік дамуын қамтамасыз ете ала ма ) ; -айтылған желілердің толықтығы мен түйінділігі ; -ұсынылатын материалдың байланыстылығы мен жүйелестігі. -Жасалынған бағдарламаны төмендегі аспектілер богйынша бағалау керек : -оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін қолдану ; - оқыту нәтижесін бақылаудың дәрежесі ; - бағдарламаның өмірде жүзеге асуының шынайылығы. 10- сыныпқа арналған таңдау курсы <<Химия тұрмыста>> бағдарламасының мазмұны. Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген.Қазақ халқы да тұрмыс химиясын ерте уақыттан өз қажетіне жарата алған. Мысалы, өсімдік клеткаларынан бояғыш құрауыштарды бөліп алып: мақта-мата, жүн және ағаш бұйымдарын бояу, сабын, былғау, тері илеп, оны бояу, айранның сары суымен шашты жуып, оған жұмсақтық қасиет беру, т.б. химиялық процестерді күнделікті қажеттіліктеріне пайдаланған. Бүгінде химия шаруашылықтың барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылады.Қазіргі уақытта ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамуда, сондықтан әлемнің басқа елдеріндегідей, қолданылу сипатына қарай оларды былайша топтастырып, жіктейді: жуғыш заттар, тазартушы, залалсыздандырушы заттар, үй жиһаздары мен еденді сүртуге, зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, бояулар мен лактар,т.б. Ерте заманнан бері адамдар күнделікті тұрмысында химиялық құбылыстармен кездесіп отырды. Қоршаған табиғат көптеген химиялық реакциялардан тұрады. Тіршілік барысында адамзат баласы қоршаған ортадағы көптеген химиялық реакциялармен және химиялық жолмен жасалынған бұйымдармен кездесіп отырады. Тұрмыста кең қолданылатын, химиялық жолмен жасалынған немесе химия ғылымына қатысы бар біраз заттарға химиялық көзбен қарайық. Қазіргі кезде химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысмызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр. Жедел қарқынмен дамып келе жатқан салалрдың бірі - ол күнделікті өмірде қолданылып жүрген - тұрмыс химиясы. Тұрмыс химиясының негізі - ол үй іші жиһаздарын, киім-кешектерді, қабырғаларды тазалайтын заттар, ыдыс жуатын құралдар, косметикалық опа-далаптар, құрылыс материалдарын, синтетикалық жуғыш заттар даярлап шығару, олардың тұрмыста қолданылуын, әдіс-тәсілдерін оқушыларға кеңінен үйрету жағдайы қарастырылады. <<Химия тұрмыста >> арнайы курсы 10 сынып оқушыларына арналған. Ол <<бейорганикалық химия>> және <<органикалық химия>> пәндеріне қосымша курс болып табылады. Аптасына 0,5 сағатқа, жылына 17 сағатқа есептелініп жасалған. Курсты оқыту барысында бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар қарастырылған. Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде жиі қолданылатын әр түрлі заттар туралы білімдерін кеңейту, оларды тұрмыста қолданылудың әдіс - тәсілдерін үйрету. Бағдарламаның міндеттері: * Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, әртүрлі заттардың күнделікті өмірде қолданылуын эксперимент жүзінде дәлелдеуі, ойын жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып дамыту. * Оқушылардың интеллектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру. * Оқушылардың ғылыми- зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдысын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту. * Оқушылардың керек материалдарды өз бетімен іздеп, қорытындылауға дағдыландыру. Мамандыққа бағдар беру: Химия пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру қажет, өз жерінде сұраныс туғызатын мамандыққа баулуға жағдай жасау керек Курсты жүзеге асыру формалары. <<Химия тұрмыста >> курсында химия пәні бойынша білімдерін одан әрі меңгеру, оны оқыту үрдістерін түрлендіру арқылы жүзеге асырылады. Сабақ процесі лекция, семинар ,өздік жұмыс, лабораториялық және сарамандық жұмыстар арқылы талқылау, эксперименттік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Курсты оқытуды аяқтау формалары: Курсты қортындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда рефераттар жазу, баяндамалар мен хабарламалар, буклеттер әзірлеу және т.б. Бағалау формалары: Оқушылардың алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.Бағалау барысында: материалдардың дұрыс, әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуын, химиялық терминдердің дәл қолданылуын, оқушылардың дербес жауап беруін, материалдардың логикалды, дәлелді баяндалуын және өзіндік икемделілігін қалыптастырғанын ескеру қажет. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылдатын талаптар: Химия пәні бойынша алдымен техникалық қауіпсіздік еске сақтау. * Химиялық терминдерді дұрыс атау. * Химиялық теңдеулер мен формулаларды дұрыс жазу. * Лабораториялық жұмыстар жасау кезінде приборлар мен заттарды дұрыс ұстай білу. * Заттарды аз мөлшерді құйып алу. * Әр заттың құрамын анықтай білу. * Құймалардың құрамын анықтай білу. * Қарапайым судан кермек суды ажырата білу. * Кез -келген химиялық заттардың қолданылу жолын білу. * Химиялық заттардан уланған кезде алғашқы көмек көрсете білу. * Құрылыс материалдарын ажырата білу. * Дақтарды кетіру үшін дақ кетіретін заттарды дұрыс пайдалана білу. Мазмұны ( әдістемелері 1- қосымшада) Кіріспе: (1 сағ.) Химия өмірде және тұрмыста. І. Тақырып: Химиялық заттардан улану( 1 сағ.) Газдардан, қышқылдардан, сілтілерден, фосфорлы заттардан т.б. улану.Алғашқы көмек көрсету. ІІ.Тақырып: Химия және тамақ (1 сағ) Тамақ өнеркәсібі.Жасанды тағамдар. Тағамнан улану. Витаминдер. ІІІ.Тақырып: Химчистка үйде( 1 сағ.)Дақтарды кетіру.Майлы заттар, жеміс-жидек, қан дақтарын кетіру.Пальто, тері киімдерін тазалау.Кілем және мехтарды тазалау. ІV.Тақырып:Талшықтар . Синтетикалық және жасанды талшықтар.(1 сағ) Капрон, кеврал, лавсан, акрил, ацетатты т.б. талшықтар. V.Тақырып:Синтетикалық жуғыш заттар: (3 сағ.)Сабын және ағартқыш заттар.Кермек су, тұзды су, олардың құрамы.Коррозия.Дақтар мен қақтар, оларды кетіру жолдары. Құймалар. VІ.Тақырып:Химия сәндік үшін. (3 сағ.)Косметикалық заттар, олардың түрлері.Тісті күту.Тіс жуғыш заттар.Шаш, аяқ киім т.б. күтімі. VІІ.Тақырып:Құрылыс материалдары. (2 сағ.) Лак, клей, гипс, краска, цемент, колер, алинекс т.б. Силикат өнеркәсібі. Шыны, оның түрлері. VІІІ. Тақырып. Бау - бақша.( 2 сағ.) Топырақ, оның құрамы.Минералды тыңайтқыштар, олардың жемістерге әсері. Бақшаларды күту. ІX. Тақырып. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар.(1 сағ.) Пластмассалар. Х. Тақырып: Қорытынды.( 1 сағ.) ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1 ТАҚЫРЫБЫ : Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы бейімді - бағдарлы оқытудың мәселелері. МАҚСАТЫ: Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы бейімді - бағдарлы оқытудың мәселелері тақырыбын ашу ТАПСЫРМА 1: <<Бейімді - бағдарлы оқытудың өзектілігі, оны жүзеге асыру жолдары>> тақырыбында қысқаша ой-тұжырым жаса ТАПСЫРМА 2: 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің қазіргі жалпы білім беруден өзгешіліктеріне салыстырмалы кесте құрастыр. ТАПСЫРМА 3: Жаратылыстық - математика және гуманитарлық бағытындағы химия оқулықтарының бейімді - бағдарлы оқытудағы ортақ ерекшеліктеріне сипаттама бер Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Қайыңбаев Ж.Т. Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді-бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек? ⁄⁄Открытая школа. -2006.- №9.-11-бет. 2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ⁄⁄ Егемен Қазақстан. -2004.- 16 қазан.-3-бет. 3. Шоқыбаев Ж. Бағдарлы дайындық мәселесі шешу жолдары. ⁄⁄ Химия мектепте. -2008.-№2.-8-9 бет. 4. Қазақбаева Д.М. Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың үлгілері. ⁄⁄ Открытая школа - 2006. - №9. -14-16 бет. 5. Қайыңбаев Ж.Т. Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері, проблемалалары болашағы. ⁄⁄ Открытая школа . -2007.-№5. -6-7 бет. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 2 ТАҚЫРЫБЫ : Бейімділік оқытуда таңдау курстарының мазмұны, құрлымы. МАҚСАТЫ: Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы бейімді - бағдарлы оқытудың мәселелері, мазмұны, құрлымы тақырыбын ашу ТАПСЫРМА 1: Химия пәні бойынша 9 - сыныптағы бейімділік алды дайындығының деңгейінің таңдау курсының өздік ерекшелігіне ой-тұжырымдама жаса ТАПСЫРМА 2: 9-сынып оқушыларының химиядан бейімділік алды бағдарын анықтауға байланысты саулнама әзірле ТАПСЫРМА 3: Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің ролі жайында дәйектеме-ұсыныс құрастыр. ТАПСЫРМА 4: Химия мамандығын таңдауда бейімді - бағдарлы оқытудағы таңдау курстарының іріктеу ерекшеліктерін сарала. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Қонақова Қ.Ө. Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. ⁄⁄ Қазақстан мектебі. -2006. -№1. -32 бет. 2.Тұрманова Ж. Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары. ⁄⁄ Психологияны мектепте және ЖОО - да оқыту. -2006 . -№2. -2-3 бет. 3. Бейсенова Ж. Кәсіби өзіндік анықталудағы өзіндік бағалаудың рөлін зерттеу. ⁄⁄ Ізденіс г.ғ. -2004 .-№2. -141-145 бет. 4. Ысқақов Г. Жасөспірімдердің кәсіпті таңдау мәселесі. ⁄⁄ Бала тәрбиесі. -2005. -№3.- 34-39 бет. 5. Мүсілімов Ә. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары . ⁄⁄ Қазақстан жоғары мектебі. 2000 .-№4-5.- 92-94 бет.. 6. Мектепте химияны оқыту тәжірибесінен. ⁄⁄ Алматы: 1962. -9-12 бет. 7. Орта мектепте химиядан жүргізілетін факультативті сабақтар. ⁄⁄ Алматы: 1989 . - 7-8 бет. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3 ТАҚЫРЫБЫ : Химиядан таңдау курстарын құрудың теориялық - әдістемелік аспектілері МАҚСАТЫ: Химиядан таңдау курстарын құрудың теориялық - әдістемелік аспектілері туралы тақырыпты ашу. ТАПСЫРМА 1: Таңдап алынған тақырып бойынша таңдау курсын жүргізудің қажеттілігіне сипаттама бер ТАПСЫРМА 2: Таңдау курсында экологиялық мәселелерге қатысты тақырыптарын ойластырып, жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстар Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Қонақова Қ.Ө. Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. ⁄⁄ Қазақстан мектебі. -2006. -№1. -32 бет. 2.Тұрманова Ж. Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары. ⁄⁄ Психологияны мектепте және ЖОО - да оқыту. -2006 . -№2. -2-3 бет. 3. Бейсенова Ж. Кәсіби өзіндік анықталудағы өзіндік бағалаудың рөлін зерттеу. ⁄⁄ Ізденіс г.ғ. -2004 .-№2. -141-145 бет. 4. Ысқақов Г. Жасөспірімдердің кәсіпті таңдау мәселесі. ⁄⁄ Бала тәрбиесі. -2005. -№3.- 34-39 бет. 5. Мүсілімов Ә. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары . ⁄⁄ Қазақстан жоғары мектебі. 2000 .-№4-5.- 92-94 бет.. 6. Мектепте химияны оқыту тәжірибесінен. ⁄⁄ Алматы: 1962. -9-12 бет. 7. Орта мектепте химиядан жүргізілетін факультативті сабақтар. ⁄⁄ Алматы: 1989 . - 7-8 бет. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 4 ТАҚЫРЫБЫ : Химия бойынша таңдау курсты іріктеу және жобалау МАҚСАТЫ: Химия бойынша таңдау курсты іріктеу және жобалау тақырыбын түсіндіру. ТАПСЫРМА 1: 1.Таңдап алынған тақырып бойынша таңдау курсын өткізудің оқыту құралдарын,оқыту тәсілдерін анықтау, бақылау түрін белгілеу ТАПСЫРМА 2: Бейімді - бағдарлы оқытудың міндетті бағдарламасына енгізілген тарауларды оқып-үйренуге негізделген жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара арнайы курстарды іріктеу және жобалау ТАПСЫРМА 3: <<Химия>> пәнін оқытуды тереңдетуге бағытталған және тақырыптық жоспар бойынша оқу бағдарламаларымен келісілген топтық арнайы курстарды іріктеу және жобалау ТАПСЫРМА 4: Қоғам және табиғат туралы оқушылардың білімін интеграциялау мақсатында көпшілік жұмыстар негізінде таңдау курсын іріктеу және жобалау ТАПСЫРМА 5: Табиғатты танудың химиялық әдістерімен таныстыру мақсатындағы таңдау курстарының бірінің мазмұнын нақтыла Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Балабекова Г. Ауыз қуысы және тістер жайлы мағұлмат. ⁄⁄ Биология және салауаттылық негізі. -2004.-№2. -78-81 бет . 2. Күзембаев Қ. Тұрмыстық химияның кейбір бағыттары. ⁄⁄ Алматы: 1992. -12-15 бет 3. Суюндуков Х. Химия және ауыл шаруашылығы. ⁄⁄ Алматы: Қайнар, 1987. - 69-72 бет. 4.Запольских Г.Ю. Элективный курс <<Химия в быту>>// Химия в школе . -2005. -№3. -с25-28 5. Стройкова С. И. Факультативный курс . <<Химия и пища>> //Химия в школе . -2005. -№8. -с28-30 6. Генадий Сафонов. Элективные курсы в профильных классах.// Народное оброзование. -2005. -№6 (1349). -с 213-220 7. Д.С. Ермаков Ю.Д. Муровлянская Г.И. Рыбкина Разработка элективных курсов по химии.// Первое сентября.- 2006. №11 1-15июня -с23-26. 4.СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ * <<Оттек.сутек.Ауаның құрамы>> тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Су.Ерітінділер>> тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары>> тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Электролиттік диссоциация теориясы>> тақырыбы бойынша химиялық әксперименттің әдістемесі және техникасы. * Химиялық реакциялар кезінде сандық қатынастардың көрінуі * <<Химиялық реакциялардың кинетикасы>>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Галогендер>>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Оттек топшасы>>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Азот топшасы>>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Көміртек топшасы>>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Металдар химиясы >>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Көмірсутектер>>тақырыбы бойынша химиялық әксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Оттекті органикалық қосылыстар>>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * <<Азотты органикалық қосылыстар>>тақырыбы бойынша химиялық эксперименттің әдістемесі және техникасы. * Зат құрамында С,N,Н элементтері бар, тәжірибе жүзінде оны қалай тексереміз.Оның қандай оттекті органикалық зат екендігін қалай дәлелдеуге болады? * Үш пробиркада ақуыз, глицерин,глюкоза ертіндісі бар.Заттарды бір реактив көмегімен қалай анықтайды? * Пробиркада алюминий сульфаты,аммоний хлориді,натрий сульфаты және натрий карбонаты ертінділері бар.Пробиркадағы заттарды анықтаудың жоспарын жаса. * Қоспада темір ұнтақтары мен ағаш көмірі бар.Қоспадан темірді бөліп алудың екі жолын ұсын. * Екі пробиркада түссіз зат бар. Қайсысында кальций гидроксиді бар екенін қалай дәлелдеуге болады? * Үш пробиркада натрий хлориді, күкірт қышқылы, калий сульфаты ертіндісі бар.Пробиркадағы заттарды қалай ажыратуға болады? * Бір реактив көмегімен алюминий сульфаты,калий сульфаты, және магний сульфатын қалай ажыратуға болады? * Темір сульфатының (ІІІ) сапалық құрамын тәжірибе жүзінде дәлелде. * Натрий карбонатының сапалық құрамын тәжірибе жүзінде дәлелде. * Берілген ертіндіден Ва2+, Аl3+,Ғе3+,Н+катиондарын қалай анықтаймыз? * Берілген ертіндіден Сl-, І-, SО4 2-, СО32- аниондарын қалай анықтаймыз?
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz