Файл қосу
Құзіреттілік - кәсіби әрекеттің негізі ретінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.1.18.19-2013 <<Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы>> пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы 05.09.13. жылғы № 1 басылым ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы>> 5В010300-<<Педагогика және психология>> ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей - 2013ж. Мазмұны: * Глоссарий * Дәрістер * Практикалық сабақтар * Студенттің өздік жұмысы * ГЛОССАРИЙ Амал, Тәсіл (Способ) - бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш - жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді. Антипатия (грек. antipatheia: anti-жауластық мағнасын беретін қосымша және pathos-сезім) - педагогика мен психологияда қолданылатын термин; жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. А.іш тарту, ұнатуға қарама-қарсы мәндегі сезім атауы. Я.Л.Морено (1892-1974) тұлғааралық қатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне "симпатия" және "антипатия" терминдерін тұңғыш рет қолданды.А.көп жағынан, симпатия сияқты,кісінің еркіне байланысты қажет санауынан пайда болатын сезім емес. Әйтседе ол саналы түрде,құлқы бұзық, қатыгез,т.б. адамдарға қатысты моралдық бағамдаудың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Аутогендік жаттығу (грек.autos - өзім, genos - шығу тегі, пайда болу)-емделушіні бұлшық еттік релаксацияға,өзін-өзі иландыруға,адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерге көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай білуді оқытып - үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік жаттығудың: 1) релаксацияға үйретіп, вегетативтік қызметті басқарудың куәсы іспетті мынадай екі сатысы бар: - ауырлықты, ыстық-суықты, жылылықты сезіну ахуалын жасау; 2) әр түрлі деңгейдегі гипноздық хал - ахуал туғызу. А.ж. медицинада,спортта, педагогикада, өндірісте, өзін - өзі тәрбиелеуде қолданылады. АУТОГИПНОЗ (грек. autos - өзім, hypnos - түс) - өзге адамның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға қарама - қарсы - адамның өзін - өзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. Аутогипнозға бейімделушілік : физикалық және эмоциялық хал - ахуалға, жеке тұлғалық ерекшеліктерге, физиологиялық және психологиялық функцияларды өздігінен басқару қабілетіне байланысты болады. А. Қазіргі уақытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады. АУЫТҚЫҒАН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ (Девиантное поведение) - балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы;оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту - тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай - ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез - құлық - мінездің қылт етпе, құбылмалы,айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының өзіндік сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез - құлық физиологиялық және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен ,адамды оның салдары үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мүмкін. Паталогиалық негіздегі ауытқымалы мінез - құлық адамды бір сәтке сана - сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс - әрекеттер (шабуыл) жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез - құлыққа ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам "есі кіресілі - шығасылы" деп танылады. ӘДІС (Метод; грек. methodos - теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім - тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады. ӘДІСНАМА (Методология; грек. methodos - зерттеу жолы, теория, ілім және ....логия ) - 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориасына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагокикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтің нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал - жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3)дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Ә. - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. ӘДІСКЕР (Методист) - оқу - тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті - пәннің оқытылу жағдайын бақылайды; озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді. ӘДІСТЕМЕ (Методика) - 1) әдістер жиынтығы; 2)оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3)педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар. Ә.дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психалогия, педагогика, филология және т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылыми талдаудан өткізіп отырады. ӘЛЕУМЕТТІК ӨЛШЕМ ӘДІСІ (Социометрический метод) - америкалық психолог және социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым - қатнастарын зерттеу үшін енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты - топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта болып ( демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және т.б.), қасындағы адамдардың біреуін өлшем (сұрақтарға) бойынша таңдап алуы керек. Адамдардың қарым - қатынастарының үйлесімді болуы, бір - бірін ұнатуы немесе ұнатпауы олардың сезімдік - эмоциялық күйлеріне байланысты. Мыс., топтағы адамдарға әр түрлі сұрақтар қойылып ("Сіз кіммен жұмыс істегіңіз келеді ?" және т.б. ) , жауаптарын социограммаға түсіреді де, көрсеткіштерін қортынды жасайды. Кімнің көрсеткіштері жоғары болса, сол топ лидері болып табылады. Социограммалық зерттеу әдісін 5 - 6 айда қайталап отыруы керек. ӘҢГІМЕЛЕСУ, ӘҢГІМЕ (Беседа) - 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер етеді. Ол оқытушының тәжірибесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым - қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында ( әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдаятына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады. Психофизикалық эксперименттегі қатаң түрде нұсқау беруден психотерапиядағы еркін сөйлесуге дейін алуан түрде өтеді. Әңгімелесудің тән сипатты түрлері ретінде "экспериментке кірістіру" - іскерлік ынтымаққа тарту, жұмыстық гипотезаларды тексеру мақсатындағы "эксперименттік әңгімелесу", сұхбат түрлерін саралауға болады. БАЙҚАҒЫШТЫҚ (Наблюдательность) - заттың, құбылыстың егжей - тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім - тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б. - танымдық құрылғы мен соған сай шындықты қабылдауды қалыптастыратын қасиет. БАЙҚАУ ӘДІСІ (Метод пробования) - белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелуші адамның психологиялық ерекшеліктерін қадағалау. Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай - ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез - құлқын байқауға болады БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫ (Младший школьный возраст ) - баланы бастауыш мектепте оқыту кезеңіне сәйкес келетін даму сатысы. Бастауыш мектеп жасының хренологиялық шектері әр түрлі елдер мен нақты тарихижағдайларда әрқилы; оқыта бастауды белгілі бір елде және белгілі бір уақытта ресми қабылданған орай Б.м.ж. шартты түрде 6 - 7 жастан 10 - 11 жасқа дейінгі аралықта белгіленуі мүмкін. БЕЙНЕЛІ ОЙЛАУ (Образное мышление ) - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида жалпы, жанама түрде түрлі ұғымдар арқылы бейнеленуі . Б.о. сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. БЕЙНЕЛІ ЕС (Образная память) - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы. Суретшілер мен сәулетшілердің, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты болып келеді. Олар оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде, ондағы ұсақ - түйек көріністердің бәрін көз алдарына келтіре алады. БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ (Методика в образовании) - жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады. ГЕНДЕР - қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин ҒЫЛЫМ - 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2)негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. - табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін : білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми - зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппараттарын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай - ақ , алғышарт, құрал - жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай - ақ, қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. ҒЫЛЫМИ БОЛЖАМ (Научная гипотеза) - тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Практикалық қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау - адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі - оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде. ДАРЫНДЫЛЫҚ (Одаренность) - үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердіңбір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3жасында өз суретін салған , Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзінматиматика әлеміне танытқан. Қабілетіжан - жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр,ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан - тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. - балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс - тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта - ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл - ой қабілетінен байқауға болады. ЕГІЗДІК ӘДІС (Близнецовый метод) - біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез - құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі. ЖАС - адам дамуының кезеңі, организм мен түлға қалыптасуының тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас - дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалықтұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезеңдерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезеңдергебөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақты тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым - қатынас ерекшеліктеріне орай анықталады. ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ (Кризисы возрастные) - онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезеңдері. Невроздық не жарақаттық сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғаның қалыпты ,үдемелі дамуы үшін қажет. ЖАСҚА ҚАТЫСТЫ СЕНЗИТИВТІЛІК - белгілі бір психологиялық қасиеттер мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән оңтайлы үштасу. Сензитивтілік кезеңіне қатысты күн ілгері болған не кешіккен оқытып - үйрету жеткілікті нәтиже бермеуі мүмкін, мұның психиканың дамуына жағымсыз әсері болады. ЖАСӨСПІРІМ - 10 және15 жас аралығындағы жеткіншек . Ж. кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана - сезімнің артуы, айналасымен қарым - қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс - әрекетінің күрделене түсуі, моральдық - этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде Ж. дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Ж. кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі,әдепсіз болу және т.б) салынуы мүмкін. Сондықтан Ж. кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек. ЖЕКЕ АДАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРі - адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліктерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ (Индивидуальность) - 1) жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшілігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Ж.т. темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцепивтік процестер мен зият санасында , қажеттіліктеррі мен қаблеттерінеде көрінеді. ЖЕТІСТІК МОТИВАЦИЯСЫ (Мотивация достижения) - адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата - ана ықпалымен балада 3 - 13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі. ЖОБАЛАУ ӘДІСІ (Метод проектирования) - оқушының бірте - бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі. ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ (Методика исследования) - ғылыми - зерттеу мақсатын шешетін амалдар. ЗЕРТТЕУ ҚАҒИДАСЫ (Принципы исследования) - зерттеу процесін ұйымдастырудың жалпы қалыптары. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ (Объект исследования) - аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды оқыту және тәрбиелеу жатады. ЗИЯТ,ПАРАСАТ (интеллект; лат. Intellectus-ақыл,парасат,ес) индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.3. функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция:б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялық және практикалық з.жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байланысты. Түрлері: абстрактылы 3., ересектер зияты., нақты з., кристалданған з., күнделікті з., жануарлардың зияты, жасанды з. Зиятты диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты. ЗИЯТ ТЕСТІЛЕРІ-индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық таптастыру,ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады. ЗИЯТТЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІ (ағылш.intellectual guotient)- ақыл-ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы тұлғаның шын хронологиялық жасына (ШЖ) қатынасы; IQ символымен белгіленетін бұл қатынас мына формула бойынша анықталады: АЖ/ШЖ*100%=IQ Ақыл-ой жасы жас шкалаларының бірі арқылы тестілеу нәтижелерімен анықталады. Әр түрлі жас шкалаларына енгізілген тестілердің көпшілігінде логикалық , логикалық-перцептивтік және арифметикалық амалдардың меңгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағдарлану, ырықты жад және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе мен түйсікті басшылыққа алып, міндет-тапсырмаларды іріктейді. Олар өздері қамтыған материал бойынша (терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.) және ынталандырылатын ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын жастарға ұғынықты болуға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық өкілдік іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі. ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ (лат.interior-ішкі)-сыртқы әлеуметтік қызметтің игерілуі арқасында адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И. ұғымын француз психологтары (П.Жане, Ж.Пиаже, А. Валлон және т. б.) енгізді. Символдық интеракционмзмнің өкілдері де интериоризацияны осыған ұқсас мағынада ұқсас ұғымдар психикалық талдауда психиканың ішіне өтетін индивидумаралық қарым-қатынастар құрылымының ықпалымен онтогенез бен филогенезде ұғынылмағаның (индивидумдық не ұжымдық) құрылымы, өз кезегінде сананың құрылымын анықтайтындай болып қалай қалыптасатынын түсіндіру кезінде пайдаланылады. Қазіргі тұрғыда И. Заттық қызмет құрылымының сананың ішкі жоспары құрылымына айналуы болып ұғынылады. Интериоризацияны психиканың белгілік ақпаратты сырттан алуының, ішкі өңдеуі мен сақтауының қандай нысанднрынан болсын ажырата білу керек. ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат.inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтірк дегенді білдіреді)- жалпы мағынада: операциялар не әрекеттер арасындағы, әрекеттің нәтижесін төмендететін не жоққа саятын кез-келген процесс; әлеуметтік психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықтар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. ес, үйрену процестерімен байланысты зерттеледі.Естегі ақпараттардың арасындағы қақтығыс бұрынғы тәжірибенің әсерінен жаңа ақпаратты ауыр-жеңіл меңгеру (проактивті И. немесе тежелу), ескі ақпаратты жаңа келіп түскен ақпараттың әсерінен еске түсірудің қиындауынан (ретроактивті И.) туындайды. Интерференция вербалды И., моторлы-акустикалық И., қору интерференциясы, селекциялы И. болып сараланады. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі. ИНТРОСПЕКЦИЯ (лат.introspectare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек. ИНФАНТИЛИЗМ (лат.infantilis-бала)-1)организм дамуының тоқтап қалуы. Инфантилизмге тән негізгі нышан - бойдың өсуінуң тоқтап қалуы; бұл кезде көбінесе балаларға тән дене бітімі сақталады. Инфантилизмнің кейбір нысандары генотипке байланысты болады. КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ (профессиональная ориентация)- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті. КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ( комплексная система обучения)- оқу материалдарын жүйелі түрде байланыстыра оқыту.(экологиятану, табиғаттану т.б.) КЛАСТЕРЛІК ТАЛДАУ (кластерный анализ)- көп өлшемді талдау дың математикалық процедурасы;бірқатар объектілерді сипаттайтын (мыс., сыналушыларды) көптеген көрсеткіштер негізінде оларды кластарға топтауға мүмкіндік бередіжәне бұлай топтағанда өзге кластарға кіретін объектілермен салыстарғанда бір класты құрайтын объектілердің біртекті, ұқсас болуы қамтамасыз етіледі. Объектілердің цифрлармен белгіленген параметрлерінің негізінде олардың арасындағы евклидтік өлшемдегі сияқты (көп қолданылатын), сонымен қоса, басқа өлшемдерде де көрінуі мүмкін болатын арақашықтықтар есептеліп шығарылады.К.т. әдісі психолингвистикада көп қолданылады. КОЛЛОКВИУМ (лат.colloguim-әңгіме, әңгімелесу)- 1)- оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі. Жоғарғы оқу орындарында К.,әдетте, лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажеттік теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коллеквиумдае электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады; 2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналы КОНСПЕКТ (лат.conspeklus-шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді. КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш.contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың ( бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп құжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді. ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕРІ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТ-жас тұрғысындағы және педагогикалық психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады, психологиялық зерттеулердің оқу-тәрбие процесінің неғұрлым пәрменді нысандарын педагогикалық іздеумен және жобалаумен біріктіруді қамтамасыз етеді (қалыптастырушы эксперименттің синонимдері қайта өзгертуші,жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі). ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау. ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады. ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал. ҚОСАРЛАП СТИМУЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ ( методика двойной стимуляции)- орыс психологы Л.С. Выготскийдің (1896-1934) жоғары психикалық функциялардың жанама сипаты туралы тұжырымдамасы негізінде жасалған психологиялық әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С. Выготский мен Л.С. Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі мәні- екі қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен дамуы зерттелді. Стимулдың бірі сыналушының іс-әрекеті бағытталған объектінің функциясын, екіншісі осы іс-әрекетті ұйымдастыратын белгілер функциясын атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал құрал стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар эксперименттік материалдар болып саналады. Бұл әдістеме, сондай-ақ жанамаланған ес пен зейінді зерттеуге де қолданылад МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат.approbatio)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады. МИНЕСОТТЫ КӨП ФАКТОРЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ САУАЛНАМА (ММРІ)- тұлғаның даралық ерекшеліктері мен психикалық күйін психодиагностикалық зерттеу әдісі, тұлғалық сауалнама санатына жатады. ХХ ғасырдың 40-жылдарында америкалық ғалымдар С. Хатеуейем мен Дж. Маккинли тұлғаның патохарактерологиялық даму синдромдарын клиникалық зерттеу әдісі ретінде талдап жасады. Зерттеу барысында сыналушыға оның әр түрлі өмірлік жағдаяттарға көзқарасын үлгілейтін 550 пайымдау беріледі де, <<дұрыс>>, << дұрыс емес>> және <<айта алмаймын>> деген үш жауаптың біреуін беру ұсынылады.Мәнді жауаптар арнаулы <<кілттердің>> көмегімен тіркеліп, одан соң сандық өңдеуден өткеннен кейін үш бағамдаулық және он базистік шкаласы бар профильдік параққа жазылады. Бағамдаулыққа <<жалған>> шкаласы (сыналушы жауаптарының шынайлығы), нәтижелердің анықтығы, корреакция шкаласы(мінез-құлықтың ұғынылмай бақылануы) жатады. Базистік шкалалардың атаулары әдістің бастапқы клиникалық бағыттылығын бейнелейді.:1- ипохондрия; 2- депрессия; 3- есірік; 4- психопатия; 5- ер және әйел қасиеттері; 6- параноялық; 7- психоастения; 8- шизоидтілік; 9- гипомания; 10- әлеуметтік интроверсия. Шкалалардың әрқайсысындағы көрсеткіштердің арақатынасы тұлғаның профилін құрайды. Дүниежүзілік практикада базистік он шкалаға қосымша тұлғаның көптеген даралық-психологиялық қасиеттерін көрсететін 200-ден астам шкала талдап-белгіленген. Отандық психология ғылымында бұл әдістеме әлеуметтік-мәдени жағдайдың ерекшеліктері, оны психикалық тұрғыдан сау адамдарға қатысты қолдану, сондай-ақ тестің қысқартылған нұсқасын пайдалану ескеріліп бейімделіп, қайта стандартталған. Осының нәтижесінде тұлғаны зерттеудің модификацияланған әдісі, тұлғаны зерттеудің стандартталған әдісі және тұлғалық стандартталған клиникалық сауалдама жасалған. Бұларды қолдану арқылы тұлғаның нормадағы және патологиядағы даралық қасиеттерін анықтау мүмкіндігіне қол жетіп қана қоймайды, сонымен қатар мінездің шамадан тыс білінетін, қалыпты даму мен психопатиялық дамудың шекарасындағы сипаттары саласы анықталып, ол мінез акцентуациялары деп аталады. Іргелі және қолданбалы психологиялық зерттеулердің әр түрлі салаларында кең тараған әдіс тұлғаның индивидумдық-тұлғалық ерекшеліктерін, стреске қарсы реакция типін, мотивациясының бағыттылығы мен ынталандырғыш күшін, қорғаныштық және компенсаторлық механизмдерін және басқа да көптеген тұлғалық қасиеттерін барынша нақты анықтайды. Әдістеменің формальдық көрсеткіштерінің математикалық базасы оны компьютерлік психодиагностика саласында ойдағыдай қолдануға жағдай жасайды. МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,қайырымдылық, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі. ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау. ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді. ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо..және diagnostikos- айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. ПСИХОЛОГИЯ (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді. ПСИХОПАТИЯЛАР (грек.psyche-жан, pathos- зардап шегу, ауыру)- мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады. САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмащылықтарын анықтайды. ТАХИСТОСКОП (грек.tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады. ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі критерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді ТЕСТІЛЕР (ағылш.test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады. ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу- өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді. ФЕХНЕР ЗАҢЫ (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды ХIХ ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801-1887)ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбектеріне негізделді ЭКСПЕРИМЕНТ (лат.experimentum-тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе;2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру. * Пәнінің дәрістік материалдары Тақырыбы: Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы пәніне кіріспе Мақсаты: Студенттердің психологиялық білімдерін дамыта отырып, кәсібилік, құзіреттілік түсініктерін түсіндіру. Жоспары: Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік психодиагностикасы пәні ғылыми пән ретінде. Қазіргі психодиагностиканың даму тарихы. Пәннің міндеттері және мазмұны. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми пәндермен байланысы. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы курсы психологиялық дайындықтарды нығайту психодиагностика негізін тереңдетіп оқыту психологиялық көмек көрсету кезінде мамандардың практикалық дайындығын және кәсіби дарындарын игеруді мақсат етіп қояды. Жалпы психодиагностика терминіпсихологиялық диагноз қою немесе адамның толығымен құрылымы мен барысы туралы кәсіби шешімін қабылдау дегенді білдіреді. Аталған термин екі анықтама берумен есептеледі. Біріншіден, психодиагностикалық амалдарды тәжірибеде қолданады. Екіншіден, психологиялық іс-әрекеттегі психологиялық диагноздың практикалық құрылымының өзіндік сферасын меңзейді. Психодиагностика курсының мазмұны мынадай міндеттермен анықталады: * шынайы мәселені анықтау және табу; * практикалық міндетті құрастыру; * зерттеу әдісін таңдау және құрастыру; * мәліметтерді өлшеу және жинақтау; * психологиялық қорытындыны құрастыру және практикалық әдістемесіне нұсқау беру. Психологиялық диагностика жеке адамның жеке даралық психололгияны өлшеу және мындағы әдістердің сферасын өлшейді. Психологиялық ерекшеліктерін өлшеу және тану психодиагностика әдістер көмегімен жүзеге асады. Теориялық пән ретінде диагностика зерттеулерінің заңдарын жеке адамның психикалық күйін, психологиялық өзгерістерді зерттеумен шұғылданады. Психодиагностикалық әдістер психологиялық құрылымды зерттеуде сандық және сапалық нақты мінездеме алуда қолданылады. Психо диагностикалық әдістер классификациясы: * бақылау кезіндегі психодиагностика әдістері; * сауалнамалық психодиагностикалық әдістер (әңгіме, сұхбат, т.б) * объективті психодиагностикалық әдістер; * эксперименталды психодиагностикалық әдістер (тест, анкета, т.б) Психодиагностикалық тапсырмаларды шешуде психикалық құбылысты әртүрлі сферадағы адам өмірін айқындайтын фактор 3 элементтен көрінеді адамның басқалармен қарым-қатынас шеңбері; адамның өз-өзіне деген қарым-қатынас шеңбері; адамның жоғары нервті элементтер функциясы. Психодиагностикалық жұмыстың негізі көмек көрсету. Көмек көрсету үшін жұмыс нәтижелерін алу, өңдеу, қорытындыларын жеткізуде ерекшеліктерінің ерекшеленуі төмендегідей көрсетеді: * құрылымдық дәрежесі яғни клиенттің психологиялық шындығы рефлекстік мазмұнымен айқын бейнеленеді; * клиенттің жеке даралығы; * мәселені шешудегі психологиялық өзіндік біліктілік. * Психодиагностика алдына көптеген шешу мақсатын қояды. Ол тапсырмалар төмендегідей: * жеке тұлғаны әлеуметтік психологияда құрастыру; * өмірде қиындық туындаған адамдарға психологиялық көмек көрсете отырып, түрлі диагностикалық әдістемелердің форма жолдарын анықтау, қарым-қатынас кезінде жағдай көрсету; * психологиялық әдістерден туындайтын мәселеге байланысты нәтижесін өңдеу; Психодиагностика проблемаларды шешудегі диагностикалық жұмыстар: кешенді психологиялық педагогикалық бақылау (қарым-қатынас кезінде адамдармен жеке ретті сауалнама, зерттеу кезіндегі құрылымдық бақылау) психодиагностика бақылаудың жеке даралық клиникалық тұрғыда жүргізілуі; жеке тұлғаны өзін-өзі анықтау, психологиялық ерекшеліктерін анықтау ретіндегі жұмыстардың жүргізілуі. ХІХ ғ. соңы және ХХ ғ.бас кезінде туындаған жағдайлардың эксперименттік әдістің туындауына негіз болды. Белгілі психолог, психиатр ғалымдар Галтон, Бине, т.б. адамдардың ақыл-ойы психология қабілеттерінің қиялдауын, есте саұтауын тест тәсілі арқылы танып білу жолдарын пайдаланды. 1898ж Галтон шәкірті Джеймс Маркен алғаш рет сынау тексеру деген мағынаны білдіретін тест терминін енгізді. 1890 ж басында Э.Креплин психология және психодиагностикалық шешімдерді эксперименттік психологиялық әдістерді қолдану арқылы шешуді ұсынды. Оның шәкірті О.Эрн интеллектуалды қабылдауды бағалау идеясын ұсынды. Ал Бине алғаш рет интеллектуалды тест әдісін ұсынды. Адамның ақыл-ой дәрежесін анықтаудың тәсілі мен оны есептеудің жолдарын көптеген ғалымдар зерттеп ғылымда өз іздерін қалдырды. Термен ұсынған тест шкаласы және оның формуласын Штерн ойлап тапқан. Тұлғаны диагностикалауда танымдық процестерге зерттеу жүргізумен қатар ақыл-ой ауытқуларын зернттеу қажеттігінде Кащенко, Россолимо, Чехов т.б психологтар тест шкалаларын ұсынды. Жалпы психодиагностикалық жұмыстың жеке тұлға дамуына байланысты өлшемді категориялар бар. Олардың қатарына Бине категориясы, іс-әрекет категориясы, пікір алысу категориясы және жеке даралық категориясы жатады. Аталған ғылыми категориялар өзіндік әдістердің сәйкестігімен психикалық шындықтың өзіндік мәнін ашады. Психология ғылымының әдістері эксперименталды, объективті бақылау, психофизикалық әдістер, тест және модельдеу тұлғаның психологиялық педагогикалық диагностикада алдыңғы қатарға жатады. Практикалық психолог бұл әдістер мен ғылыми категорияларда теориялыққ тұрғыда емес, клиенттің нақты шешімдерін жауабын табуда қолданылады. Диагностикалау негізінде адамның ішкі жан дүниесіндегі әлем күрделі когнитивті құрылым түрінде қарастырылған. Адам өмір сүретін әлем бейнесі адамның нақты бейнесімен оның физиологиялық <<мені>>. Диагностикадағы нақты психологиялық теория өмірдегі мәселелердің сипатталуы және шешілуіне байланысты белгілі бір мағынаға ие болады. Тұлға бұл қоғамдық табиғи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті бұл адамның тұлға ретінде қалыптасуы. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы оның мінез - құлық пен іс-әрекетінің барлық қарым-қатынастар бірлігін құрауымен көрінеді, нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аддективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысындағы ерекшеліктерімен анықталады. Тақырыбы: Психологиялық құзіреттілікті зерттеудің методологиялық негізі Мақсаты: Психологиялық ғылыми-теориялық еңбектермен таныстыру. Жоспары: Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік. Құзіреттілік - кәсіби әрекеттің негізі ретінде. Құзіреттілікті зерттеудегі ғылыми көзқарастар Құзіретті мұғалім дегеніміз - адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген: Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтың нормаларды білуге міндетті: Мұғалім не істей білуі керек: мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу, өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б) кәсіби мониторингтің нәтиделерін қолдану. мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу. Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді. 12 жылдық мектептің педагогі өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қаблет.Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны - жөн. Сонымен қатар психологиялық - педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шабар пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс. Әлеуметтік құзіреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қаблеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым- қатнас тәсілдерін қолдана білу яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатнаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек. Білім беру құзіреттілігі - білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қаблеті. Әрине, мұғалімдікке кздейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сайлау, олардың құқығын ар- намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім- тәрбие алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім- бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ- емес. Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік- экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты. оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану топтық жұмыс дағдыларын дамыту әрекеттерге үйрету нақты ситуацияларды талдау. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқырысы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез келген ұстаз <<Балалар құқығы туралы заңды>> және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады. Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды. Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. Дәстүрлі мұғалім <<Жеткізуші>> ал оқушы <<Қабылдап алушы>> қазіргі нарықтық бәсеке заманында тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке де, мұғалімге де қатысы жоқ деп айта алатындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білім төмен мұғалімді балалардың білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді. Кәсіби құзырлылық- мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықтай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Әлеуметтік құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін - өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт - бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзыреттілік; мәдениеттанымдық құзыреттілік; оқу- танымдық құзыреттілік; коммуникативтік құзыретілік; ақпараттық- технологиялық құзыреттілік; әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі; тұлғалық өзін- өзі дамыту құзыреттілігі. Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан - жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан - жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік - экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты: - оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану, - топтық жұмыс дағдыларын дамыту, - әрекеттерге үйрету, - нақты ситуацияларды талдау. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез - келген ұстаз <<Балалар құқығы туралы заңды>> және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады. Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін - өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А. Дистервег, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский, т.б. мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған. Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғарғы еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері; Субъективті критерийлер: адамның мамандығы оның табиғатына байланысты. Оның еңбегіндегі бұл критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, құндылығын түсіну, маман ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуы; Нәтижелі критерийлер: оқыту нәтижесінде баланың психологиялық функциясының жетіліп, алған білімдерін өмірлік мәселелерді шешу барысында қолдана білуі; Шығармашылық критерийлер: мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағанна гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. <<Құзыреттілік>> ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары: Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. Тиімді шешім қабылдау қабілеті. <<Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті>>- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс. Тақырыбы: Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік мәселелерін зерттеу тарихы Мақсаты: Құзіреттілік түсінігінің зерттелу тарихы жөнніде білім бере тырып, диагностикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы жөнінде іскерліктерін қалыптастыру. Жоспары: Психологиялық-педагогикалық диагностиканың мәні, маңызы. Жалпы орта білім берудегі мұғалім жұмысын диагностикалау субъектілері. Диагностикалауды ұйымдастыру шарттары. Педагогикалық диагностика ұғымының мағынасын кең көлемде алатын болсақ, бұл оқу және таным процестерін бақылау, білім беру, оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру үшін диагностикалық міндеттерді қамтиды. Педагогикалық диагностика өзекті педагогикалық шешімдерді қабылдауға ықпал ететін танымдық шаралар жиынтығы. Сонымен қатар, педагогикалық диагностика көмегімен оқу үрдісі және оқыту нәтижелеріне талдау жасалады. Педагогикалық диагностиканың ғылыми-зерттеулерден айырмашылығы - мұнде жеке оқушыға немесе оқушылар тобына қатысты өзекті педагогикалық шешімдердің қабылдануында. Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет обьектісі және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет обьектісі педагогикалық процес деп мойындалған. Соған орай мүғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет обьектісі ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: "сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және "педагог-оқушы" жүйесінің мүмкіндіктерін айқындау" Мұғалімге ақпараттың үш түрі аса қажет: 1.Бастапқы ақпарат, ол окушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзім бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі (сынып оқушының мәртебелік ережесі, оқушылардың білім, білік, дағды сапалары) педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді. 2.Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі (сабақта жұп және топ құрамы, мектеп спектаклін әзірлеуде рөлдерді бөлу, т.б.) педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді. З.Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі түрді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен оның мәні тез жойылады (оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету, т.б.). Осылайша, педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қәзіргі деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі мұғалімнің жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагностикалау болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет. Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалык процесті басқаруға мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады. Диагностикалық зерттеудің міндеттері Дамудың деңгейін анықтау. Бұл міндетті оқушыларды белгілі бір бағытта экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы шешеміз. Мысалы: ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау үшін ақыл-ой көрсеткіштерін анықтап, оларға зерттеу жүргіземіз (яғни есте сақтауы, қиял, ақыл-ой қабілеттері және т.б.). Белгілі әсердің ықпалынан оқушылардың даму деңгейіндегі өзгерістерге талдау жасау. Бұл үшін мүмкін болатын өзгерістердің пайда болу жолын және оны анықтаудың әдістерін білуіміз керек. Диагностикалық әдістерді қолдана отырып өзгерістерді анықтау үшін срез өткіземіз және алынған берілулер негізінде қолданылған оқыту және тәрбиелік ықпалдың практикалық нәтижелілігін анықтай аламыз. Осыдан педагогикалық қорытынды жасап, келесі жасалатын әрекетті жоспарлаймыз. Психикалық дамудың мүмкін болатын деңгейін анықтау. Бұл болжамдық қызмет болып табылады. Жеке тұлға дамуының нәтижелері дамуды ары қарай жетілдіруге негіз бола алады. <<Жақын арадағы даму аймағы. Л.С.Выготский бойынша>>. Психологиялық зерттеу жүргізу барысында мұғалім белгілі бір педагогикалық міндетті шешу үшін бір ғана әдістеме мен шектелмейді, ал оқушылардың жекелей және жас ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелердің бір жүйесін іріктейді. Бұл жүйедегі әдістемелер табиғи сипатта, яғни дәстүрлі оқыту немесе тәрбиелік құрал ретінде болуы керек. Неғұрлым шынайы нәтижелерге қол жеткізу үшін бұл әдістемелер және тәсілдер зерттелінуші обьектінің барлық жақтарын қамти отырып, бір-бірімен байланыста болуы керек. Диагностикалық зерттеудің негізгі атқаратын қызметі Тәрбиелік. Бақылау-түзету. Болжам жасау. Диагностикалық жұмысты жүргізуге қойылатын талаптар Зерттеу әр бір оқушының психикалық даму ерекшеліктерін анықтауға бағытталу керек. Психикалық даму диагностикасының нәтижелері қандай-да бір нормамен салыстырылмайды, ал сол оқушының алдыңғы диагностикалық жұмыстың нәтижесімен сәйкестендірілуі қажет. Бұл дамудағы өзгерістердің сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Әр бір оқушының психикалық даму үрдісін зерттеу оқудың барлық жылдарында жүргізіліп отыру қажет. Мектеп жасында баланың психикалық дамуында және мінез-құлқында көптеген өзгерістер болады. Диагностика жекелей ерекшеліктердің өзекті (қазіргі) даму деңгейін ғана емес, ал <<дамудың жақын аймағын ескере отырып>> жүргізілу керек (яғни әрекет барысында ересектер мен бірлесе отырып қол жететін дамуы). Дамудың деңгейі баланың іс-әрекетінің мазмұнды сипаттамасы болу керек, ал даму үрдісі осы іс-әрекеттің даму кезеңдерінің сапалы өзгерістері ретінде қарастырылады. Оқушыларды және оқушылар ұжымын зерттеу белгілі педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы керек. Келесі талап педагогикалық оптимизмге байланысты. Адамның кемшіліктерін түзету үшін оның жақсы жақтарын анықтап, соларға сүйенуіміз керек. Оқыту және тәрбие тұтас жүретін үрдіс болғандықтан, оқушыларды психологиялық зерттеуге де кешенді немесе комплексті болу талабы. Жекелей ерекшеліктерді зерттеуде баланың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс, яғни экспериментальды тапсырмалар әр бір топ балаларына қол жетерліктей деңгейде болуы керек. Психикалық дамуды зерттеу оқу-тәрбие үрдісінің табиғи жағдайында жүргізілуі керек. Қолданылатын негізгі әдістемелер оқу-тәрбиелік құрал ретінде болу керек. Диагностика барлық оқушыларды қамту керек және әр бір психикалық даму параметрлері бойынша жоспарланған диагностикалық срез арқылы жүйелі жүргізілуі керек. Тақырыбы: Психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктің құрылымы және мазмұны Мақсаты: Құзіреттіліктің құрылымы жөнінде білім беру. Жоспары: Құзіреттіліктің құрылымдары. Арнайы кәсіби құзіреттілік түрлері. Психологиялық-педагогикалық құзіреттілікті мазмұны Арнайы кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс: ^ Педагогикалық (білімдік) құзіреттілік байланысты: -оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, сауықтыру әдістері және тәсілдерімен; - іргелі кәсіби білімідермен, біліктілік және дағдылармен, педагогикалық шеберлікпен, педагогикалық қатынас пен жетекшілік жасау стилімен; - сөйлеу мәдениетімен, оқытудың ұйымдастыру әдістерімен, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерімен, оқытудың инновациялық технологияларымен; - биологиялық, психологиялық, теориялық және әдістемелік білімдерді мұғалім мен жаттықтырушының кәсіби қызметіне жинақтай білу біліктілігімен. - гностикалық бағыт дене рекреациясы мен қайта қалпына келтірудің тиімділігін арттыру тәсілдері мен түрлері туралы өзіндік білімдерін, оның дене шынықтыру-рекреациялық қызметтерге әсерін байытуды көздейді. -педагогикалық қызметтің коммуникативті бағыты тәлім алушы мұғалім мен жаттықтырушы арасында жан-жақты өзара қатынастардың орнығуынан тұрады. ^ Биологиялық құзіреттіліктің шарттары: - түрлі қарқынды, биоэнергетикалық бағыттағы дене жүктемелерін, базалық және таңдаған спорт түрлері бойынша ағза жүйесіне әсерін бағалаумен байланысты арнайы білім, білік және дағдыларды меңгеруі; - бакалаврдың сабақта және жаттығу сабақтарында шұғылданушының ағзасындағы физиологиялық жағдайын бағалау қабілеті; - ағзаның қызметі, оның жеке бейімделу мүмкіндіктері мен дене жүктемелерінің ағзалардың жүйесіне реакциясын ескеру арқылы (асыра жаттығу салдарынан ағза жүйесінің қызметін бұзбау жағдайын қалыптастырмас үшін және шұғылданушының мүгедектігіне немесе өліміне жол бермеу үшін) оның қорлары туралы білімдер негізінде ағзаның жаттығуын басқару қабілеті. ^ Психологиялық құзіреттілігі: психологиялық жағдайдың сипатына лайықты тәлім алушыға психологиялық әсер ету әдістерін таңдау біліктілігі; жеке тұлғаның даму заңдылықтарын, шығармашылық әрекетін дамытуды, жеке тұлғаның өзін-өзі тани білуін, оқу қызметінің мотивациялық әдістерін, адамгершілікті мінез-құлықты, тәлім алушының өзін дамыту жолдарын білуі; тәлім алушыға оқу және спорттық жетістіктер жағдайын жасай білу; педагогикалық өзара әсер ету, жағымды психологиялық микроклимат қалыптастыра білу қабілеті. Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастың дамуы және бәсекелесуде кез келген мамандықтарда субьект-обьекттік әрекеттесуде адами фактордың рөлі және субьект-субьекттік кәсіби қарым-қатынасы күшейе бастады. Әсіресе соңғысының тиімділігі кәсіби мамандардың іс-әрекетінің нәтижесіне қатты әсерін тигізеді. Осы орайда бәсекелесу жағдайында тұлғаның педагог мамандығының иегері ретінде кәсіби коммуникативті құзыреттіліктің тиімді формаларын меңгеруі қазіргі таңда маңызды болып табылады. Ол педагогтардың қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгере алу қабілеттілігі педагогикалық ұжымда үйлесімді әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру. Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру үдерісінде субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С.М.Жақыпов былай деген: <<Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды>>. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді. Педагогикалық әрекет - күрделі әрі көпжақты. Оның көптеген компоненттерінің ішінен үш негізгісін бөліп көрсетуге болады: мағынасы, әдістемесі және әлеуметтік-психологиялық компоненттері. Осы үш компоненттің біртұтастығы мен өзара байланысы педагогикалық жүйенің міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бұл бірліктегі негізгі компонент -- әлеуметтік-психологиялық, яғни педагогикалық қарым-қатынас, соның негізінде қалған екеуі жүзеге асады. Негізгі тәрбиелік өзара қатынастардың жүйесі қарым-қатынас процесінде қалыптасады, тәрбие және оқыту процесінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қарым-қатынас педагогикалық әрекеттің негізгі әсер етуші құралы болып саналады. Қарым-қатынастың жеке стилін қалыптастырудың төмендегі жүйесін тиімді деп есептейміз: - өз тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу; - жеке қарым-қатынастағы кем тұстарды анықтау, ұялшақтықты жеңу жөніндегі жұмыстар; - өзіңнің жеке ерекшеліктерің негізінде педагогикалық қарым-қатынас элементтерін игеру; - педагогикалық қатынас технологиясын қарым-қатынастың қалыптасқан стиліне сәйкес игеру; - педагогикалық қызметті жүзеге асыру, балалармен қарым-қатынасты - жеке стиліңді бекіту. Адамның тұлға болып дамуы психиканың қажеттілік, белсенділік және сапаның даму жағдайы оның қажеттіліктерін қанағаттандыруына байланысты. Сонымен психология саласында қарым-қатынас тұлға дамуында көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің жемісті нәтижесі. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады. Организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу-іс әрекетінің, мінез құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық ноормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Қарым-қатынас процесінде индивид мотивке, мақсатқа, бағдарлмаға, қабылданған шешімге, ерекше қозғалыстарды орындауға және оларды бақылауға, жалпы өзінің серіктесінің іс-әрекетіне ықпал жасай алады. Божович Л.И. өз тәжірибелерінен қарым-қатынасқа итермелейтін бірнеше моивтерді анықтап берді: - Өзін-өзі сыйлау, өзін құрметтеу және өзін таныту. - Тұлғаның өзіндік бейнесін көрсету. - Тұлғаның дербестікке ұмтылуы - Баланың достары мен үлкендердің қолдауын және мақұлдауын қажет етеді. - Өз бетінше тәуелсіздікке ұмтылу. - Қоршаған адамдардың оны шеттетіп, жалғыздық сезіміне бөленуден қорқыныш мотивы. Әлеуметтік-психологиялық құзіреттілікті еңбекке психологиялық даярлық пен кәсіби шеберліктен айыра білген дұрыс. Әлеуметтік психологиялық құзіреттіліктің табиғаты тиісті білімдерден, ұсыныстардан және стереотиптерден тұрады. Психологиялық даярлық пен шеберлік тек білімді ғана емес, сондай-ақ әрі шеберлікті , әрі біліктілікті және басқа да компоненттерді білдіреді. Әлеуметтік- психологиялық құзіреттілік білімге тірелгенімен, ол кәсіби қызметте ешқандай тәжірибелік рөл атқармайды деуге болмайды. Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оның орындау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділігі, пікірлесішілердің арасындағы ара-қатынастың барлығы қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам <<басқа көзбен>> өзін өзі таниды және бағалайды. Қарым-қатынас мотивы адамның өзінің және басқа адамдардың сапаларымен толықтырылады, қоршаған адамдардың әсері арқылы индивид өзін тануға және бағалауға кіріседі. Ксіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын терең талдай отырып, 12 жылдық білім беру жағдайындағы педагогтың құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенді сипатталады: мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым-қатынас: бұлжағдайда 12 жылдық оқытуға көшу маңызын, теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну; проблемалық-практикалық аспект: осы жағдайда педагогтың алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және орындау жолдарын анықтауды сипаттайды; коммуникативті аспект: бұл- педагогтың осы үрдіске, ахуалға, қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді . Қазіргі жағдайларда құзырлы қарым-қатынас дамуы оның үйлесімділігінің бірқатар ұстанымды бағыттарын қарастырады. Құзырлы қарым-қатынасқа қол жеткізу серіктестердің үш деңгейінде жүзеге асады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Осыған орай, қарым-қатынастағы құзырлылықтың түрлері түрлері туралы айтуға болады. Тұлға өзін жан-жақты үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін барлық психологиялық позицияларды игеруі қажет. Сондықтан ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру мен дамытуға арналған ұсыныстар жасалды: 1. Педагогикалық ұжымды қарым - қатынас туралы теориялық білімдермен машықтандыру; 2. Қарым - қатынас жасаудың жағымды жақтарына терең мән беру, қарым-қатынас қиындықтарының себептерін анықтау; 3. Бірлескен іс - әрекетті тиімді жоспарлау, үйлесімді қарым - қатынас жасау дағдысын қалыптастыру, мәдени қарым - қатынас ерекшелігін дамыту. Қорытындылай келе, педагогикалық бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас ерекшеліктері олардың өмірінде алатын орнын, әр түрлі жас шамасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын анықтау, соның ішінде оқу-тәрбие процесінің нәтижесі артып, тиімділігінің маңызды. Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы Мақсаты: Жоспары: Кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешудегі мұғалімнің ықпалы. Кіші мектеп оқушы тұлғасының жеке ерекшеліктерін айқындау әдістемесін пайдалану. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік даму деңгейінің диагностикалық картасы. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сапасын бағалау мен өзін-өзі бағалаудағы әдістемелер. Педагогикалық сферадағы маманның кәсіби іскерлігінің жан-жақты қорытындысын Ф.Н.Гоноболин шығарды. Ол адамгершілік, идеялы-әлеуметтік, эмоционалды-ақылды тұлға деп кәсіби іскерліктің негізін ашып көрсетті. Берілген зерттеудің ерекшелігі - кәсіби түсініктердің күрделі және өзіндік спецификалылығы. Онда <<педагогикалық ойлау>>, <<педагогикалық сөйлеу>>, <<психологиялық қабілет>>, <<психологиялық қызығушылық>>. Ең алдымен, психолог жеке тұлғасының мінез-құлық қасиетінің құрылымын қарастырады. Автор кәсіби маманның жеке тұлғалық кәсібилік ерекшеліктерін атап көрсетеді: оқушыны түсіне алу қабілеті; педагогикалық такт; ұйымдастырушылық қабілеті; өзін ұстай алу қабілеті; өз жұмысының нәтижесін белгілей және анализдей алу қабілеті. Педагогикалық іскерлік мәселелерін шеше отырып, Н.В.Кузьмина іскерліктің психологиялық құрылымын жасады. Ол психологиялық құрылым төрт функцияны қарастырды: диагностикалық; құрылымдық; ұйымдастырушылық; жағымсыз қылықтардың тууына жағдай жасалуы. Психолог - педагогикалық ұжымның толық құқылы маманы. Психолог өзінің жұмыс әрекетінде педагогикалық процесс жағдайына, сонымен қатар педагогикалық процесс кезіндегі оқушылардың психикалық дамуы, психологиялық жағдайына жауапты. Өз жұмысында психолог психикалық дамудың өзіндік және жасөспірімдік заңдылықтары жөніндегі білікті біліміне сүйенеді. Психикалық даму және аадмның мінез-құлқының мотиві, жеке дара тұлғаның психикалық жағдайдағы алда тұруын қарастырады. Л.Н.Митиннің айтуынша, кәсіби маманда <<профессионалды қасиеттің>> болмауынан баланың индивидуалды психологиясы босайды және керісінше, баланың индивидуалды қасиетінің дамуына, адамгрешілік сферасын дамытуға маманның бағыттылауы болады>>. К.Д.Левитов зерттеулерінде маманның іскерлік, педагогикалық беделі қызметі арқылы көрінеді. Бұл психологтың оқушылармен тәрбиелік мақсатқа байланысты өзгеруі, бұл толықтай кәсіби психологтың жеке тұлғасына байланысты. А.К.Маркова маманның жеке тұлғалық құрылымы мынадай: - жеке тұлға мотивациясы (жеке тұлғаның бағыттылығы және түрлері); - жеке тұлға қасиеттері (педагогикалық қабілет, мінез-құлқы, жеке тұлғаның психикалық процессі, жағдайы); - жеке тұлғаның интервалды мінез-құлқы (педагогикалық өзіндік сана, индивидуалды стиль); - жеке тұлғаның бағыттылық мотивациясына мотивтері. Психологтың жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын мәселелерге қатысты шетелдік зерттеулер бойынша оған оның жоғары деңгейдегі интеллектуалдық дамуын, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәртіпке келтіре білуін, табандылық, қиын жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету қабілетін, төзімділік, үлкен моральдік жүктемелерді атқаруға қабілеті мен қисынды ойлауын, іскерлігін, сергектігін, сезімталдығын жатқызады. Психологтың кәсіби біліктілігі мен интеллектуалды деңгейі ғана емес, жүйке жүйесінің ерекшелігі де үлкен роль атқарады; сезім толғанысына ұстамдылығы; қарым-қатынаста әртүрлі жұмысты атқаруға қабілеттілігі; балалармен жұмыс жасау кезіндегі әсерлі шаршауды жеңе білу; педагогикалық, психотерапевтік және т.б. жүктемелерге төзе білуі. Психологтың тұлғалық сапалары оның психологиялық қызметінде көрінеді; ● оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіре білу және мүмкіндіктерін көре білу, әрі оны нығайтып отыру; ● психологиялық әдістемелерді баланың жас ерекшелігіне сай қолдана біліп, психологиялық көмек көрсете алуы; ● жаңа жағдайларға тез бейімделуіне психологиялық жағдай жасай алуы; ● оқушының ерік-жігерін басқара алуына, ықыласын қолдап отыра білу; ● ата-аналармен, оқушылармен, педагогтармен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың нәтижелілігін көре білуі. Психологтың педагогикалық қарым-қатынасы ғалымдардың зерттеулерінше үлкен тарихи құбылыс. Ол өз бастауын сонау адам дамуы, пайда болуы формациясынан алады. Содан бері ол бірігудің, ұйымдасудың, еңбек етудің, байланыс орнатудың бірден-бір құралы, басты әрекет болып табылады. А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевскийдің айтуы бойынша, қарым-қатынас күрделі, әрі көп түрлі, көп жоспарлы процесс. Әрекет орнату мен дамудың, адамаралық қасиеттерді өтеудің негізгі құралы. Практик психологтың кәсіби шеберлігі психологтың қарым-қатынасы арқылы көрінеді. Жалпы қарым-қатынастың өзіндік сана мен коммуникацияға құрал тілге тоқтала келе адам деңгейіне тән процесс. Әрбір адамның өзіндік тұлға болып қалыптасуы белгілі бір нәрсеге әрекетінен қарым-қатынас өзіндік мазмұнды ой алуға болады. Мектеп психологы психокоррекциялық әдістемелерді жүргізу кезінде балалардың психикалық саулығына көңіл аударады. Себебі: білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыстар дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен жұмыс істеуде адамның ішкі әлемінің барлығын бейнелейді . Психокоррекциялық әдістемелерді қолдануда баланың жас ерекшелігінің және оған қойылатын қажетті психолог баланың психикалық дамуы бұзылуы мен ауытқуларын анықтаған кезде медицина саласындағы қызметкерлермен бірге жұмыс атқаруы тиіс. Ондағы ауытқулар мен бұзылулардың негізгі себептерін медициналық құжат және ата-аналармен әңгімелесу негізінде және коррекциялық әдістемелердің нәтижесі бойынша белгілі бір тұжырым жасауға болады. Психолог қызметіндегі кәсібилілік пен шеберліктің көрінуінің алғы шарттары: Ата-аналардың, мұғалімдердің және тәрбиелеу процесінде қатысатын басқа да тұлғалардың баланың психикалық дамуындағы жастық және жеке ерекшеліктеріне баса көңіл бөле білуі; Психикалық дамуы бұзылған және дұрыс жетілмеген балаларды анықтап, оларды мамандарға тіркеу жұмысы; Психолог өз қызметінде клиентке психологиялық жағынан көмек көрсете отырып, қауіпсіз жағдай туғызуы керек, клиент өзі қалай дұрыс деп шешсе, солай іс-әрекет етуіне құқы бар. Бұл клиенттің барлық ойымен келісу дегенді білдірмейді, ол тек психологтың жеке тұлғаның ішкі әлемін түсінуге ұмтылысын, адамның іс-әрекеті мен ойларының мағынасын түсінуге талпынысын білдіреді. Сондықтан, психолог жұмысының сәттілігі жеке тұлғалық қасиеттерге сүйене отырып, адамды тұтастай түсінуге ұмтылуға байланысты. Маманның кәсіби анықталу теориясының негізгі компоненттерін қарастырайық: фактілер, заңдылықтар, принциптер. Кәсіби анықталуда ғылыми әдістер арқылы алынған фактілер аз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - жаңа фактілер жинап, оларға дұрыс интерпритация беру. Кәсіби анықталудың маңызды компоненті - анықталған заңдылықтар. Оларды іздестіру ғылыми әрекеттердің жалпы мақсаты болып табылады. Заңдылықтарды танып білу - бұл ғылыми зерттеулер қабылдау үшін жасалған басты әрекеттердің бірі. Табылған заңдылықтар әдетте түсінілген аппарат пен ғылымның спецификалық тілімен айқындалады. Олар үлкен нақтылықпен ерекшеленеді. Кәсіби анықталу басқа ғылым ұғымдарымен сәйкестендірудің үлкен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Әрбір теорияның даму деңгейі принциптер құрамы және қасиеттерімен анықталады. Олар әрекеттің негізінде болу қажет. Алайда, кәсіби анықталудың принцип жүйесінің зерттемесі аяқталды деп айтуға болмайды: әлі барлық қажеттіліктерді өтейтін пішінді, қарама - қайшы емес жүйесін құру мәселесі тұр. Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің дамуы Жоспары: Жеке қасиеттерді психодиагностикалық зерттеу облысы. Сұрақнама-тестер, оның түрлері, сұрақ түрі және нәтижелер көрсеткіші. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлғааралық қатынастар диагностикасы. Мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін зерттеу төмендегі бағыттарды қамтиды: 1. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы. 2. Таным заңдылықтарын терең түсінуі. 3. Психо-педагогикалық біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруы. 4. Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы 5. Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы. 6. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мен білім берудің жаңа технологияларынан хабардар болуы. 7. Жеке оқушылар мен сынып ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы. 8. Жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарламаларды оқып-үйренуі. 9. Оқу - тәрбие салалары бойынша жылдық және тақырыптық жоспарлар жасай білуі. 10. Әрбір сабақ пен іс-шараға тыңғылықты дайындығы. 11. Сабақ беруі мен оны (өз сабағын) талдай алуы. 12. Оқушылардың жазбаша жауаптары және орындаған тапсырмаларын талдай білуі. 13. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі. 14. Сынып жетекшілік және тәрбиешілік жұмысы. 15. Педагогтың қоғамдық жұмысы. Сонымен бірге, аудан педагогтарының арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізіліп, аудан педагогтарының кәсіби біліктілігін арттырудың диагностикалық картасы жасалады. Мектептердегі әдістемелік жұмыстардың сапасы сол бойынша анықталады. Диагностикалық карта жыл бойы жасалады және бірнеше кезеңнен тұрады. Онда мына бағыттар қамтылған: 1. Мұғалімдердің оқыту және сабақ беру қабілеттері. 2. Педагогтардың кәсіби мүмкіндіктері мен педагогикалық мәдениеті. 3. Ұстаздардың өз білімін жетілдіру жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу барысы. Алдағы жылдың жұмыс жоспары мұғалімдердің сұраныстарын ескере отырып, осы диагностикалық карта негізінде жасалады. Мұғалім жұмысын жан жақты тексеру (І нұсқа). 1. Мұғалімнің кәсіби білімі (эрудициясы мен интеллект деңгейі, өз бетінше іздену барысы, ғылыми жұмыспен айналысуы, әдістемелік жұмыстарға қатысуы жақсы болуы, бағдарлама меңгеруі, жоспарлау барысы). 2. Мұғалімнің оқыту шеберлігі. Сөйлеу мәнері мен әдебі, көрнекілікпен тек құрал пайдалануы, тиімді оқыту әдіс - тәсілін меңгеруі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру дәрежесі. (Пән аралық байланысты қамтуы,) оқушылардың белсенділігі мен дербестігі, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту. 3. Мұғалімнің әдістемелік біліктілігі (өзара сабаққа енуі, шығармашылық есеп беруі, зертханалық тәжірибесі, байқаулар мен педоқуға қатысуы). 4. Оқушылардың білім сапасы (диктант, бақылау, тест нәтижесі, оқу, жазу, есептеу дағдылары, ғылыми зерттеулерге, апталықтарға, олимпиадаларға қатысуы, үлгерім дәрежесі, оқу және ойлау икемділіктері). 5. Мұғалімнің қоғамдың белсенділігі (кластан тыс жұмыс жүргізу, ата - анамен байланысы, берілген тапсырманы орындауы, қоғамдық жұмыстары, еңбекте, спорт пен өнерге жанашырлығы). 6. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі (жеке оқушымен жұмыс, дәстүрлі емес сабақтар, жеке бағдарлама, сапалы сабақ талдау, ашық сабақ, эксперименттік жүйе). 7. Мұғалім туралы қосымша мәліметтер (курстан өтуі, атақ - дәреже, разряд, жүктеме). Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделін қалыптастыру Мақсаты: Кәсіби құзіреттілік туралы білімдерін жетілдіріп, кәсіби моделің алыптастырудың әдістерімен таныстыру Жоспары: Кәсіби құзіреттіліктің түрлері. Кәсіби құзіреттілік моделін қалыптастыру ерекшеліктері. Кәсіби құзіреттілікті дамытудың алғы шарттары Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, <<құзырлылық>> ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова <<Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы <> белгілі сала бойынша жан -- жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді>> деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева <<...өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз>> деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, <<Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы>>. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықтай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. Арнайы құзыреттілік -- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Әлеуметтік құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -- өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт -- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзыреттілік; мәдениеттанымдық құзыреттілік; оқу- танымдық құзыреттілік; коммуникативтік құзыретілік; ақпараттық- технологиялық құзыреттілік; әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі; тұлғалық өзін- өзі дамыту құзыреттілігі. Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан -- жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан -- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік - экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты - оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану, - топтық жұмыс дағдыларын дамыту, - әрекеттерге үйрету, - нақты ситуацияларды талдау. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез - келген ұстаз <<Балалар құқығы туралы заңды>> және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады. Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін -- өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А. Дистервег, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский, т.б. мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған. Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғарғы еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері; Субъективті критерийлер: адамның мамандығы оның табиғатына байланысты. Оның еңбегіндегі бұл критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, құндылығын түсіну, маман ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуы; Нәтижелі критерийлер: оқыту нәтижесінде баланың психологиялық функциясының жетіліп, алған білімдерін өмірлік мәселелерді шешу барысында қолдана білуі; Шығармашылық критерийлер: мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағанна гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Тақырыбы: Педагогтың <<мен>> концепциясы Мақсаты: <<Мен>> концепциясы, өмірлік стиль жөнінде білімдерін жетілдіру. Жоспары: Өмірлік стиль туралы түсінік. <<Мен>> концепиясының мазмұны. Кәсіби іс-әрекеттегі стильдің маңызы. Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын <<МЕН>> концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. <<МЕН>> концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, <<МЕН>> концепция барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен - концепциясы өзінің шығу тегі жағынан - негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым. Өзінің сананы құрайтын негізі өзіндік баға У. Джемстің қарапайым формасы арқылы шығуы мүмкін: Өзіндік баға = Сәттілік / Талаптар . Ол дифференциалдылық (өзі туралы жеке ойлардың нақтылануы), жоғарғылық (ол жоғары, обьективті жетістіктерге сәйкес келуі керек), сияқты өлшеулерді қамти отырып, жасы жағынан өзгереді. Өзіндік баға бала кезде өзіндік қатынасқа айналып, сыртқы орта бағасымен интериоризацияланады. Бұл интеллектуалды даму кейбір тұлғаның деңгейінен ғана басталуы мүмкін. Өзіндік жалпылауы жоқ олигофренді - балаларда тұрақты өзіндік баға болмайды және қалыптаспайды. Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ ( мысалы: жетінші сыныптар, жоғары сыныптар және отыз жасқа дейінгі ересек адамдар), индивидуалдылық вариациялар туындайды. Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі. Бұл жеке тәжірибенің кеңдігімен байланысты және тұлғалық күрделі когнитивтілігін көбейтудің салдары, яғни өзінің <<Менінің>> әртүрлі қабілеттерін бағалау. Өзіндік бағаның дифференцияланбауы әлеуметтік және тұлғалық дамымай қалушылықты білдіреді (<<Өзің туралы еш нәрсе айта алмасаң, сен туралы басқалар не десін>> деп жазған Козьма Нуфутков). Іс -- әрекет табысты болу үшін адам өзін шынайы жетісіктерден жоғары етіп бағалауы керек, осылайша ол өзін мотивтендіреді. Төмендетілген өзіндік бағалау (объективті жетістіктерден төмен), дифференциялықты көрсетеді. Тұлғалық невротизацияға тез ұшырайтынын көрсетеді. Көптеген зерттеулер өзіндік баға мектептік үлгерімділікпен тікелей байланысты, бұл уақытта, интеллектуалды ерекшеліктер - тек өте қабілетті емес, бірақ өзіне сенімді оқушы дарынды, бірақ өзіне күдіктенуші балаға қарағанда жақсы оқиды деген сөз. Негативті <<Мен>> концепциясы адамдардың қарым - қатынасы мен іс -- әрекетін шектеу, психологиялық қорғанысты шектен тыс пайда болдырады. Өзін қабылдау - тұлғаның өзін -- өзі өзектендірудің негізі болып табылады. Әлеуметтік мазмұны көп мамандықты таңдаған адамдарға өзін тануға мүмкіндік беретін ғылымдарды көп тереңдетіп оқу керек, ал негативті Мені - бұл мамандыққа қарама - қарсы болып табылады. Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен - концепциясы позитивті көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың өзін -- өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады: а) Іс -- әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы. б) Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен шартталса. в) Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар қоюдың жоқтығы. Шынайы өмірде индивидуалдық мүмкіндіктеріне байланысты ситуацияны бақылағанда мінез-құлық тәсілдерінің барлық спектрлерін қолдану керек Тақырыбы: Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін бағалау критерийлері Мақсаты: Бағалау критеийлері, мұғалімнің еңбек әрекетінің психологиялық негіздемелерімен таныстыру Жоспары: Тәрбие жұмысын жоспарлаудың дәстүрлі жүйесі. Диагностикалық деректердің негізінде ғылыми негізделген қорытынды жасау әдістемесі. Оқу-тәрбие жоспарын түпкілікті жасау принциптері, құрылымы, ұсыну формалары. Оқушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру формаларын білуі мұғалімнің диагностикалық жұмыстардың әртүрлі формаларын әңгімелесу, бақылау, анкеталау, тесттен өткізу, социометрия меңгеруі және оларды қолдану технологияларын білуі Ғылыми тұрғыда өзінің диагностикалық әдістемесін жасап, түрлендіре алуы Диагностиканы оқу материалымен және тәрбие жұмысымен органикалық бірлікте қарастыруы Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқу мотивациясын туғызу, оқу міндеттерін қою және оны шешуге қатысты іс-әрекеттерді ұйымдастыруда және бақылау жасацуда диагностиканы пайдалануы Диагностика нәтижелерін ескере отырып, сабаққа шұғыл түрде өзгеріс жасауы Мұғалімнің сабақтан тыс ұйымдастырушылық - тәрбие ж ұ м ы с т а р ы . Мұғалім мектеп, мектептен тыс текеме, қоғамдық ұйымдар тарапынан оқушыларға тәрбиелік ықпал етуіді басты ұйымдастырушы болып саналады жанұяда бала тәрбиесін ұйымдастыруға елеулі түрде ықпал етуі Оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауыгна жағымды әсер етуі Сабақтан тыс шараларды ұйымдастыруы және формасын таңдауы мақсатқа бағдарланған сипатқа ие болуы, сондай-ақ әрбір жеке оқушының, сыныптың, бүкіл ұжымның қызығушылықтарын қанағаттандыратындай болуы Мұғалімнің дербес оқыту бағдарламаларын жүзеге а с ы р у ы Мұғалімнің оқушылармен жеке өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруы: Оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейін Оның оқу материалын меңгеру шапшаңдығын Білім,білік, дағдының қалыптасу деңгейін Оқу мотевацияциясын қалыптасуын Баланың тұлғалық ерекшеліктерін Есепке ала жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі,үздіксіз , диогностикалық мәліметтер негізінде, аралық және соңғы нәтижеге сүйене жүргізіледі Мақсат пен міндеттер үнемі нақтыланады, оқушылармен жеке жұмыстың жоспарына түзету жасау 5.5.Мұғалімнің өз іс-әрекетін жоспарлай , жұмыс нәтижесіне болжам жасай а л у ы Жоспарлау ұстанымдарының оқу бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етуге деген өзіндік берік ұстанымына сай , оқушыларда білім берудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге сәйкес айқындалуы Жоспарлау ұстанымдарының мүлтіксіз сақталынуы. Жоспардың жұмысқа озат тәжірибе жетістіктерін ендіруге бағдарлануы Жоспарлау кезінде бұрынғы жетістіктердің ескерілуі, қолда бар нәтижені баянды етудің , оны одан әрі дамыту жолдарының белгіленуі , кемшіліктерден үздіксіз арылу жолдарының қарастырылуы Оқыту мақсатының дәл тұжырымдалуы , жалпы фразалардың болмауы 4. Мұғалім әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отырып тақырып бойынша сабақтар жүйесін жоспарлайды, құрылымын , оқыту әдістері мен формаларын түрлендіреді 5.Жоспар мақсатқа жетудің тиімді әдістерін қарастыра отырып, мұғалім - оқушы - әріптестер - ата - ана бірігіп қамтамасыз етеді Жоспар ішкі мотивтер, ішкі оң мотивтер, ішкі теріс мотивтер сияқты мұғалім еңбегінің оңтайлы, мотивациялық кешенін қамтиды. Сыртқы оң мотивтерге, мадақтауларды, ата-ана мен әріптестерінің құрметін, теріс мотивтерге жазалаудан қажушылықты жатқызуға болады. 5.6 Мұғалімнің кәсіби к о м п е т е н т т і л і г і Мұғалім білім берудегі жаңа құндылықтарға бағдарланады , жаңа мектептің тұжырымдамасын біледі, оқыту мен тәрбие берудің балама жүйелерінен хабардар, білім беру мазмұнын түзуге жаңа қатынастарды баяндап бере алады Дамыта оқытудың психо-педагогикалық негізін меңгерген Оқыту дифференциациялау және интеграциялаудың мәні, ұстанымдарын және концептуалды амалдарын біледі Педагогикалық және жас ерекшелік психиологиясы жайлы білімі бар, ұжымның, оқушылардың түрлі жас ерекшелік кезеңдеріне сай заңдылықтар психологиясын , оларды диагностикалау әдістемесін , педагогикалық өзара іс қимыл жасаудың әдістері мен формаларын, өзіне-өзі талдау жасаудың принциптерін. Оқуға шығармашылық қ а т ы н а с ы Мұғалім жаңа бағдарлама құрады, оған ғылыми-педагогикалық негіздеме жасап, эксперименттік сынақтан өткізеді Берілген бағдарламаның базалық ғылымның қазіргі мазмұнына сәйкестігін, оның актуальдылығын, қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда жаңашылдығын растап бере алуы және басқа педагогтардың практикалық істе қолдана алуын айқындап беруі Өз тәжірибесін кәсіби тұрғыда сауатты сипаттап және рәсімдей алады. 5.8. Өзінің кәсіби деңгейін к ө т е р у і. Педагогика, психология және өз пәнінің теориясындағы барлық жаңалықтарға мұғалім қызығушылық танытады. Өзінің шеберлігін жетілдіру үшін әр түрлі түрдегі курстық дайындықтарды, өздігінен білім көтеру жұмыстарын пайдаланады. Зерттеулік және экспериментальды жұмыстармен шұғылданады. 7 Сабаққа талдау және өзіне-өзі талдау жасаудың т ү р л е р і Қысқа (бағалау) талдау -бұл сабақтаың оқу-тәрбиелік қызметін жалпы бағалау; яғни білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттердің шешілуі сипатына және жүзеге асырылуына баға береді. 2. Құрылымдық(поэтапый) талдау-сабақта оның мақсатына сәйкес оқушылардың таным қабілетерін дамытуды қамтамассыз ететін құрылымын(элементін) айқындап, баға береді. 3. Жүйелі талдау-бұл сабақты басты дидактикалық міндеттерді шешу және онымен бірге бір мезгілде сабақта дамытушылық міндеттердің жүзеге асырылуы, білім,білік, дағдыны қалыптастыру мен олардың оқу амалдарын меңгеруі мәселелерін біртұтас жүйеде қарастырып бағалайды. Толық талдау-бұл оқушылардың ақыл-ой әрекеттері тәсілдері мен білімді меңгеруі, оқушыларды қамту дидактикалық ұстанымдарды жүзеге асыру мен сабақтың нәтижелілігі сиақты сипаттамалар бойынша оқушының оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұнын, сондай-ақ сабақ міндеттерінің жүзеге асырылуына баға беруді қамтитын оспектлі талдаулар жүйесі. Уақытша-құрылымдық талдау- сабақтың әрбір кезеңдері бойынша пайдалану жайын Бағалау Құрама талдау- бұл сабақтағы негізгі дидактикалық мақсат пен оның құрылымдық элементтерін бағалау Психологиялық талдау- оқушыларда дамытушылық типтегі таным әрекеттерімен қамтамасыз ету сияқты сабаққа психологиялық талаптардың орындалуын зерттейді Дидактикалық талдау- бұл негізгі дидактикалық категориаларды талдау (дид. ұстанымдардың жүзеге асырылуы, оқытудың және оқудың әдіс, тәсіл, қүралдарын таңдау, оқу материалдарын дид. өңдеуден өткізу, оқушылардың өздік танымдық әрекеттерінк педагогикалық басшылық) Аспектілі талдау- бұл сабақтың жекелеген мақсатының оқушы іс-әрекетінің нәтижесімен өзара байланысын болмаса белгілі бір көзқарас тұрғысынан сабақтың қандай да бір жақтарын егжей-тегжейлі әрі жан-жақты оқып зерттеу және баға беруді қарастырады. Аспектлер: сабақтың 3 міндетінің мұғалім тарапынан жүзеге асырылуы сабақта дамытушылық әдістердің қолданылуы оқушыларда таным әрекеттерін белсендіру тәсілдерімен оқып танысу оқушыларда таным қызығушылығын дамыту жолдары оқушыларда жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру оқушылардың ББД тексеру және бағалау сабақта проблемалық оқытуды ұйымдастыру Кешенді талдау-бұл сабақтың дидактикалық, психалогиялық және басқа да негіздеріне (әсіресе сабақтың жүйесіне) бір мезгілде жасалатынын талдау. Тақырыбы: Коммуникативті педагогикалық қабілеттілік диагностикасы Мақсаты: Коммуникативті педагогикалық қабілеттіліктің мазмұнын түсіндіру. Жоспары: Коммуникативтілік туралы түсінік. Коммуникативті педагогикалық қабілеттің зерттелуі. Диагностикадағы коммуникативті қабілеттілік. Мектептегi психологиялық қызметтiң мiндеттерiнiң бiрi - педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық көрiнiс беру, қолайлы жағдай тудыру, тиiмдiлiгiн арттыру. Педагогтер мен психологтердің әрекеттерiн бiр арнаға салу осы қарым-қатынастан басталады. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарғы қарым-қатынас детерминттілігін (себептілігін), яғни психиканың дамуын дұрыс қалыптастыру, дамуды адекватты ұйымдастыру. Ал бұл дамудың психикалық коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болады. Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы - тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі. Жақсы қарым-қатынас болу үшін бірсыпыра психологиялық білім мен психологиялық тренингтер керек. Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрылылымдық компонентерін анықтап алу шарт. Бұл мәселені алғашқылардың бірі болып В.В. Давыдов көтерген. Г.М. Андреева, П. Яноушек, М.С. Каган, Д.Б. Парыгин, И.С. Кон зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақпарат алмасу процесі деп қарастырылады. Қарым-қатынастың психолингвистикалық жағы Л.А.Леонтьев, әлеуметтік психологиялық жақтары Б.Ф. Поршнев, Г.М. Андреева, жас ерекшелік және балалар психологиясы бойынша В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, педагогикалық психология жағынан В.А. Кан-Калик еңбектерінде зерттеу пәніне айналған. Қарым-қатынас функцияларын: Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреев, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.Н. Леоньтев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, А.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және тағы басқалары анықтаған. Г.М. Андреева қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативті, интерактивті және перцептивті. Біздің зерттеу жұмысымызда осы теорияны арқалана отырып, психолог пен педагогтің бірлескен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасының коммуникация, интеракция және перцепциялық ерекшеліктерін дамытуды мағызды деп санаймыз. Бұл жағдайда қарым-қатынастың теориялық негізінде іс-әрекеттің құрылымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Осы орайда айта кететін жайт, А.Н. Леонтьев, М.И. Лисинаның қарым-қатынасты коммуникативті іс-әрекет деп қарастырған тұжырымдарына сүйенеміз. Сонда, қарым-қатынастың құрылымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады. Сонымен қатар, қарым-қатынас бірліктерін талайтын болсақ, Т.В. Драгунов қарым-қатынастың пәні қарым-қатынаста субьект рөлінде болатын адамдар дейді. М.И. Лисина еңбектерінде қарым-қатынас мотиві <<затталған қажеттілік>> дей отырып, ол қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті мимикалық, заттық әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастырған. А.Н. Леонтьев түсіндірмесіне негізделсек, адамның қарым-қатынаста танымдылық іскерлік және тұлғалық мотивтерінің болатындығы, баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисі арқылы сипатталады. Т.В. Антонова қарым-қатынас тәсілі әрекетік формада <<коммуникациялық біліктілік>> десе, Е.Г. Макарова әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері деген. Ал А.А. Бодалев қарым-қатынаста әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Қарым-қатынас адамның әлеуметтік детерминациясының күрделі процесінің белгілі факторы, тұлға дамуының стимуляторы. В.А. Сухомлинский адамның бірін-бірі қажетсінуін, қарым-қатынасты қажетсуін адамгершілік қасиеті деп айтқан. А.В. Петровский қарым-қатынастың күрделілігінен шыға отырып, психологияда оның функцияларын вербальді, вербальді емес деп бөледі. Қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсіністікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С. Агеев, А.А. Бодалев сияқты ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, атрибуция, ореол эффектісін жатқызады. Қарым-қатынас бірліктерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болды. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрылымдарды <<қарым-қатынас онтогенезінің сатылары>>, <<қарым-қатынас формалары>> деп атаған. Ал М.И. Бобнева қарым-қатынас барысында адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Сонымен, қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері психолог пен педагогтің бірлескен іс-әрекетіндегі қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз. Психологияда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады, Б.Ф. Ломов үш макро, мезо және микродеңгейді сипаттайды. Осы көзқарастағы танымдық іс-әрекетті дамытуды С.М. Жақыпов әрі қарай дамытқан. А.Б. Добровия қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті ретейтін, таным мен сананы қалыптастырудың құралы болады деп анықтайды да, қарым-қатынастың конвенционды, қарапайым, манипуляциялық, стандартты, іскерлік, ойын рухани деңгейлерін бөліп көрсетеді. Қарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен В.С. Агеев теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізген. Алайда, қарым-қатынастың этникалық жақтарын зерттеуде теория мен тәжірибе әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Осы орайда біздің зерттеуіміз қарым-қатынас тренингі арқылы оны дамыту ерекшеліктеріне арналып отыр. А.А. Прудный бойынша қарым-қатынастың оқыту қызметi хабар ақпарат таралуымен сәйкестендiрiлуi де мүмкін. Оқушылармен қарым-қатынас педагог үшін әрқашанда өзiн-өзi айқындау болады деген. Е.А. Климов классификациясы бойынша педагогикалық қарым-қатынас "адам-адам" схемасының әрекеттесу сипатының ерекшелiктерiн көрсетеді. Iс жүзiнде мұғалім қай пәндi берсе де, ол ең алдымен адам санасының қуаттылығына, танып бiлуге деген құштарлығына, шындықты бағалауға бағытталған. К. Роджерс көрсеткен психологиялық қызметтегi қарым-қатынастың фасилитациясы да елеулi жағдайлардың бiрi. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынас мәселесiн зерттеп, психологиялық талдау қажеттiлiгi туындайды. Соңғы жылдары бұл сұрақ В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, С.В. Кондратьева, В.В. Кузьмина, А.А. Леонтьев т.б. басқа еңбектерiнде талқыланған. И.В. Страхов педагогикалық қарым-қатынасты педагогикалық мақсат қойылған және оқу-тәрбие жұмыстарының мiндеттерiмен анықталған педагогтер мен оқушылардың бiрлестiгi деп анықтама бередi. Ол педагогикалық қарым-қатынас процесін иелену педагогикалық шеберлiктiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi деп есептейдi. И.В. Страхов педагогикалық қарым-қатынастың келесi түрлерiн көрсетедi: мұғалімнің бiртұтас сыныппен қарым-қатынасы, оқушылар тобымен және нақты бiр оқушымен, эмоциялы, салмақты және елеусiз қарым-қатынастағы белсендi және пассивтi бастау. И.А. Зязюн еңбектерiнде педагогикалық қарым-қатынас бұл мұғалім әрекетiнiң ереше формасы. Педагогикалық қарым-қатынас пәнi кез-келген құбылыс, адам және оның жүрiс-тұрысы. В.А. Кан-Калик "кәсiби педагогикалық қарым-қатынас" деген ұғым енгiздi. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық әсер етудiң басты құралдарының бiрi ретiнде көрiнедi. И.Д. Багаева, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, В.В. Кузьминаның еңбектерiнде кәсiби педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы сипатталады. Бұл мәлiметтерден келесi қорытынды шығаруға болады: педагогтің кәсiби әрекетiнде оның оқушылармен қарым-қатынасы елеулi орын алады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А. Бодалев, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, В.А. Петровский, А.А. Леонтьев т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арасындағы нақты психологиялық контакт деп түсіндіріледі. Х.Т. Шерьязданова бойынша педагогикалық қарым-қатынас дұрыс ұйымдастырылса, білім беру процесі, индивидуалды даму, танып, білу, адамгершіліктік, тұлғалық даму жетіле түседі. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда <<қарым-қатынас стилі>> деген ұғым да анықталынады, Х.Т. Шерьязданова, Т.Н. Суркова <<қарым-қатынас стилі>> деп адамдардың байланыс жасау тактикасын, не болмаса позициясын айтады. В.С. Мухина қарым-қатынас стилін <<әлеуметтік>> психологиялық әсер етудің дара типологиялық ерекшеліктері деп түсіндіреді. 1930 жылдары Р. Липпит, К. Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократикалық және либералды деген классификациясын жасаған еді. Бұл зерттеулерді кейіннен Г. Андерсон, А.А. Бодалев, Р.С. Буре, И.М. Юсупова, т.б. ғалымдар жалғастырды. Әрбір қарым-қатынас стилі педагогтің балаларға әсер етуін байқатады. Қарым-қатынастағы стиль педагогтің позициясымен сипатталады, яғни мұғалімнің балалардан бағынуды талап етуі, іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалардың бастамашылдығын табан асты етуі, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы және т.б. арқылы көрінеді. Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтік қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, әлеуметтік адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статусы көрінеді. А.В. Мудрик, В.С. Мухина бойынша педагогтің қарым-қатынас сферасында барлық стильдер қолданылғанымен бірі басымдау болады. Педагогтің қарым-қатынас стилі мен балалардың эмоциялық қалпында өзара байланыс болтатынын А.А. Бодалев көрсеткен. В.И. Карикаш экспериментті түрде педагогтер қарым-қатынасының кең тараған бес түрін көрсетті. Олар: тұлғалық іскерлік; таңдаулы іскерлік; формальді іскерлік; басқа түрлердің қосындысынан тұратын іскерлік; оқушылармен аралас қатынастығымен көрінетін іскерлік. Автордың ойынша бірінші түрдің тиімділігі жоғары, 3-4 түрдің тиімділігі төмен, ал 2-5 түр тұрақсыздығымен ерекшеленеді. А.А. Бодалев кейбір адамдардың жағдайға сай қарым-қатынас стилін дұрыс таңдай алмауы, оның оқытушылық қызметке әсерін тиігізбей қоймайтынын айтып өткен. Н.В. Клюева әрбір адам қарым-қатынасты игере алады дейді. Ол үшін ұзақ, бір мақсатты көздеу, өзімен-өзі жүйелендірілген жұмыс жасау керек. Қарым-қатынастың игерудің басты жолы - өзін-өзі оқыту, үйрету. Бірақ өз-өзіңді дамыту барысында ең бастысы оқышымен, қоршаған адамдармен қатынасты жақсартуды ойлау керек. Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы - тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі. Тақырыбы: Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби даму диагностикасы Мақсаты: Студенттердің психологиялық білімдерін жетілдіру. Жоспары: Тұлғалық кәсіби даму диагостикасы туралы. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз. Мотивация мұнда тұлға мен индивидуалды ерекшелiктердi терең түсiндiрiп, сипаттау кiлтi ретiнде немесе индивидуалды ерекшелiктер қанша болса, соншалықты актуальды мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде трактатталады. Бұл бағыттың өкiлдерi Нарцисс Ах (1871-1946) және Зигмунд Фрейд (1856-1939) болды. Олардың зерттеу тәсiлдерi әр-түрлi болғанымен бiр-бiрiне қарама-қайшы келген жоқ. В.Вундт бағытын ұстана отырып Ах эксперименталды психология әдiстерi арқылы сананың пассивтi легiндегi когнитивтi процестердiң жетекшi компоненттерiн көрсеткiсi келдi [1,87б]. З.Фрейд еңбектерi арандату, клиникалық әдiсi (методика провоцирование) және түстердi жору арқылы түсiнiксiз қылықтарды түсiндiруге бағытталды. З.Фрейд көзқарасы Дарвиннiң биолого - эмпирикалық детерминизмiмен нақтылануы. Мотивация теориясын Фрейд 1915 жылы ''Құштарлық және оның тағдыры'' еңбегiнде қарастырды (алғаш 1895 жылы ''Психология проектiсi''еңбегiнде қарастырып өткен.). Психологиялық ақпарат сыртқы емес, ағзада пайда болатын iшкi тiтiркендiргiштермен жұмыс жасау. Ағза қажеттiлiгi ''құтылуды'' талап ететiн және жинақталатын қозудың энергиясын үнемi тудырып отырады. Фрейдiк мотивация теориясында құштарлық редукция моделi көрсетiлдi. Құштарлық редукция моделi гомеостатикалық және гедонистикалық түсiнiкке құрылған. Бiрiншiсi бойынша ағза тепе-теңдiгi неғұрлым жоғары болса, тiтiркендiргiштер деңгейi соғұрлым жоғары болады, ал екiншiсi бойынша - бұл деңгейдiң төмендеуi- қанағаттану сезiмiне, Барынша жоғарылануынан- қанағаттанбау сезiмiне әкеледi. Осылайша психикалық аппарат белсендiлiгi қанағаттану-қанағаттанбау принципiне тәуелдi. Фрейд бойынша құштарлық түсiнiгi дене мен жанның екi жақтылығын бiлдiредi, өзара органикалық (энергия) және психикалық (аффект) деп түсiндiрiледi. Фрейд бойынша рухани өмiр конфликтер динамикасы болғандықтан да оған дуалистiк принциптер жақынырақ, ал мотивтер классивикациясы - соның куәсi. 1915 жылғы еңбегiнде <<Мен>> қажеттiлiгiн сексуалды құштарлыққа (либидо) қарсы қойды, бiрақ кейiннен қажеттiлiк орнын агрессиямен айыр бастады. Оның зерттеу негiзi көлемдi сексуалды құштарлыққа түйiнделген. Фрейд еңбегiн қорытындылай келе, антогонистикалық құштарлықтарды қарама-қарсы қойды: өмiр (эрос) және өлiм (танатос). Мотивацияны зерттеуге дамытуға ықпал еткен теорияларды қарастырайық: Бiрiншiсi егер құштарлықтың көлемдi интенсивтiлiгiнен оны қанағаттандырушы обьект жоғалса, орындалмаған тiлек санаға құштарлықтың қанағаттандырылуы түсiнiгi ретiнде кiредi. Бұл мотивацияны өлшеуге көп әсер еттi. Құштарлық басқа обьектiге ауысуы мүмкiн, олар сублимацияланады (сырттай сексуалды емес мақсатқа бағытталады) және ығыстырылады. Ең соңында олар ойынға жасырын құштарлық немесе мiнез-құлықта көрiнiс бередi. Екiншiсi рухани өмiр тұлғаның iшкi үнемi қарама-қарсы конфликтi ретiнде түсiндiрiледi, үш механизм ирерхиясы түрiнде қарастырылады. Қанағаттандырушылықты iздеу (Оно) моральдi бақылауға қарсы тұру (Сврх Я) шынайылыққа ұмтылу механизмi (Я). Үшiншiсi ересек тұлға құштарлық тарихының нәтижесi балалыққа ерекше мән берiледi.Құштарлықты қанағаттандыру жолында пайда болған кедергiлер адамның жұмыс iстеуiне, жақсы көруiне қатты әсер етедi. Психоаналитикалық терапевтiлiк тәсілдер арқылы ерте балалықтан бастау алатын дамудың бұзылулары белгiлi бiр деңгейде жойылады. Төртiншi құштарлықтың дамуында эрогендi зонаның сәйкесiнше бiрнеше психосексуалды фазалар өтедi. Әр фазада нақты эрогендi зоналар доминантты болып, оның тiтiркендiргiштерi максималды сезiмтал қанағаттандыруды жеткiзедi. Эрогендi зоналар ауысымы мынадай: ауыз қуысы (оральная фаза: сору, жұту, тiстеу), артқы қуыс (анальдi фаза: тік ішек бөлiнiсi), жыныс органдары (фолмикалық және генитальды фазалар: маструбация, гомосексуалды және гетеросексуалды жыныстық қатынас) құштарлықтың дамуының тежелуi фазаларының бiрiнде болуы мүмкiн (фиксацияның пайда болуы). Травмалар әлдеқайда ерте деңгейлерде (регресс) болуы мүмкiн. Бесiншi құштарлықтың даму жолында үш персонажды драма театрды елестетедi. (ерлi-зайыптылар , нақсүйерi). Нақсүйер рольiнде бала деп алсақ, ал қарама-қарсы жынысты ата-анасы жағынан баланы қарсыласуға итермелеуi. Қалыпты дамуда бұл конфликт бала мен ата-анасының бiр жынысты болу идентификациясы арқылы шешiледi. Бұл шешiм ата-анасының бiрiнiң персонафицияланған ерте балалықтағы моральдiк нормалардың меңгерiлуiне әкеледi және тұлғаның мiнез-құлқын басқарушы механизм ретiнде (Сверх Я) ұяттың пайда болуына әкеледi. Жанұядағы тұлға аралық қатынасқа әлеуметтiк әсерi туралы осы даму жолында мүмкiн болатын сақтану туралы, ерте балалықтағы құштарлықтың дамуы туралы үш жағдай осы күнге дейiн тұлға дамуын зерттеуде, мотивтер генезисiн зерттеу теорияларында қолданылып келедi. Мотивацияны зерттеудегi компонентердiң статистикалық-бейнелеу анализiн З. Фрейд сұрақтарды қарастыруда динамикалық аспектiлерiмен толықтырды Ал Нарцисс Ах Вундтың және вюрцбургтiк мектептiң эксперименталды психологиясын жақтай отырып, ерiктi өлшеу мәселесiмен айналысты. З.Фрейд экспериментiнде Ах ерiктiк тенденцияны әдетпен бәсекелестiрдi. Жаңа тапсырмаға қатысты iс-әрекеттi орындауда егер тенденция жеңсе, ол бағдар ассоциациясындағы ерiк-жiгердiң басымдылығын көрсетедi. Осы және тағы басқа эксперимент нәтижелерiнде мiнез-құлық бағытталатын санада берiлген детерминантты тенденциялар постулиттенген.[1,78б]. Ал экспериментте Курт Левин (1890-1947) зерттеулерiне түрткi болды. Ол үйрену барысында пайда болған ассоциациямен бiрге репродуктивтi емес тенденция, психикалық күш пайда болады, тек бiр-бiрiмен байланыссыз элементтер арасында ғана байланыс бар деп көрсеттi. Бұл байланыс мiнез-құлықтан көрiнуi үшiн жаттандыларды еске түсiруге қатысты айырықша тенденциялар жиынтығы қажет. Сондықтан Ах өз зерттеулерiнде ерiктi өлшеуде ассоциация үшiн детерминантты тенденцияға (ерiкке) қарама-қарсы қойғанжоқ, оны конфликтiлiк жағдайға келтiре отырып, әр-түрлi екi детерминантты тенденциялардың жұмыс iстеуiне мәжбүр еттi. Левин Ахтың ''детерминантты тенденция'' терминiн ''квазиқажеттілік'' терминiмен ауыстырды. ''Квазиқажеттілік''- субьект ниеті және берілген тапсырманы қабылдау негiзiнде пайда болады. 50-60 жылдары Дюкер шәкiртi Фукс күтудiң мотивтелген энергиясымен айналыса отырып, Ах, Левин, Фрейд тұжырымдарын біріктірді. Динамикалық түсiнiгi жағынан Фрейд бойынша да, Левин бойынша да мотивацияның негiзгi принципi бұзылған тепе-теңдiктi қалпына келтiру болды. Левин өзiнiң жазықтық теориясы арқылы жалпыланған психологиялық' <<сәттiк суреттегi>> <<ситуациялар жиынтығы>> ойын күшiн беруге тырысты. (бiрлiк кеңiстiктi осылай атады). Бұл ситуацияға тек тұлға ғана емес, сонымен қатар, ол қабылдайтын орта да қосылады, ол iс-әрекет суммалары вектор ретiнде ойын күшiнен шығарылады. Кейiннен, әрине, жазықтық теориясының дифференсациялы күштер, бағыттылық, валенттiлiк, облыстар мен ара қашықтықты шынайы айқындап жазатын нақты өлшеу әдiстерi жоқтығынан қайшылықтарға тап болды. Бұл теория нақты модель ретiнде үлкен әсер бере алмағанымен, ұғымдар аппаратын құруда функциялар арасында бағдарлық қатыныастағы сенiмдiлiк оның типологиялық конфликтерге дейiн созылған ситуацияның күш анализi әр-түрлi эксперименталды парадигмаларын ұсынуы кейiннен мотивацияны зерттеуде өте үлкен роль атқарды. Левин еңбектерi мотивацияны зерттеудегi әр-түрлi бағыттарға әсер еттi: тұлға теориясы (Олпорт), үйрену теориясы (Толмен), тағы басқа 30 жылдары Мюррей, 50 жылдары Аткинсон, 60 жылдары Фроом тұлға теориясында мотивацияны зерттеуде зор ықпал еттi [2,130-136б]. К.Юнг мотивацияның негiзгi механизмi қысымды бәсеңдету деп түсiндiрдi. Ол бұл жерде психоаналитикалық бағыттағы З.Фрейд теориясымен келiсетiндiгiн көрсетедi. Ал, ерекшелiгi Юнг ағза өздiгiнен реализацияға ұмтылады дедi. Қоғамда тек сексуалды немесе нашар импулсьтер ғана емес, сау талпынулар да болады дедi [3,289-297б]. Юнгтiң үлкен мағынаға ие болған концепциясы бұл- тарихта атадан балаға мұра болған бүкiл даналылық, адамгершiлiктiң тәжірибелерiнен құралған коллективтiк санасыздық. Коллективтiк санасыздық дегенiмiз индивидттiң мiнез-құлқында маңызды роль атқаратын индивидуалды санасыздықтың негiзi болып табылады [3,289-297б]. Толық жетiлуге тырысу (қанағаттандыруға емес) - адам мотивациясының негiзгi принципi болып табылады. К.Хорни концепциясы бойынша (адлерлiк анологиялық тезистен шыққан) қорғаныс нәресте қауiптi де, потенциалды (туғаннан) қорғаныс қауiпсiздiгiн iздейдi. Г.Олпорт тұлғаның бiргейлiлiгiн зерттеу үшiн дәстүрден озық принципиальды әдiстер қажет дейдi. Қалыпты ересек адам функционалды автономды, дене қажеттiлiгiнен еркiн, негiзiнен саналы, жоғары индивидуалды болып табылады. Г.Олпорт психоаналитктер айтқандай, өмiр бойы өзгермейтiн инстинктiк, санасыздық еркiне тәуелдi деген пiкiрге қарсы келiп отырды. К.Роджерс қалыпты тұлға тәжiрибеге ашық болғандықтан оны басқаруға не бақылау жасаудың қажетi жоқ. Оны тек бақылап, онда болып жатқан процесстерге қатысуға болады. Адам өз сезiмдерiне сенiп, соны тыңдауы керек. Адамның мотивтейтiн күшi бұл- өз потенциалдары мен қабiлеттiлiктерiнен реализациялау. Адам <<мен идеалдыдан>> <<мен реалдыға>> жақындауға тырысады деген [3,286-297б]. А.Маслоу адамдар мiнез-құлқындағы негiзгi бес мотивтер тобын көрсеткен: физиологиялық; Немов Р.С бойынша <<мотивация>> терминi қазiргi психолгияда екi түрлi мағына бередi: детерминантты мiнез-құлықты (бұған қажеттiлiк, мотивтер, мақсаттар, талпыныстар жатады) бiлдiретiн факторлар системасын анықтаушы ретiнде; және белгiлi бiр дәрежедегi мiнез-құлықтық белсендiлiктi стимулдайтын процесс мiнездемесi ретiнде көрiнедi. Көбiнесе мотивацияны бiрiншi мағынада қолданамыз. Мотивацияны адамның мiнез-құлқын түсiндiретiн психологиялық мiнез-құлық себептерiнiң жиынтығы ретiнде де қарастырамыз. Оның бастау көзi - бағыттылық пен белсендiлiк. Мотивация түсiнiгi мiнез-құлықты сипаттағаннан емес, түсiндiруден пайда болады. Бұл ''нелiктен?'', неге?'', ''қандай мақсатпен?'', ''не үшiн?'', ''не мағына бар?,'' деген сияқты сұрақтарға жауап iздеуден туындайды. Мiнез-құлықтың тұрақты өзгегiштiлiгiнiң сипатталынуы мен анықталуы оны құрайтын қылықтар мотивациясы туралы сұрақтарға жауап болып табылады Тақырыбы: Мұғалімнің эмоционалды күйінің диагностикасы Мақсаты: Студенттердің психологиялық білімдерін жетілдіру. Жоспары: Эмоция туралы түсінік. Еңбек әрекетіндегі стресс және эустресс жағдайлары. Мұғалімнің кәсбіи әрекетіндегі күйінің психологиясы. Эмоцияның туындауының туа біткен және кейіннен пайда болған механизмдері. Эмоция-субъктивті психологиялық күйлердің ерекше тобы, тура күй кешу формаларында бейнеленеді; жағымды және жағымсыз түйсіну, адамның әлемге және адамдарға қатынасы, оның практикалық іс-әрекетінің үрдісі мен нәтижесі. Эмоциялар адамдардың қажеттіліктері мен заттарға бағыттылығын сипаттайды. Жеке адам өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Олар белгілі бір кезеңдерге адамның бүкіл психикалық әрекетіне оң белең, алуан түрлі көңіл-күйінде, аффективті жағдайда көрініс береді. Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана қоймай, оған өзі де әсер етеді. Эмоциялық күй орындалып жатқан іске жасалған қылық, көңіл-күйіне т.б. тәуелді болуы да мүмкін. Эмоциялық күй үстінде осы адамға тән мінез-құлықта, оған тән емес кездейсоқ психикалық көріністе ашылады. Адамға тән эмоциялық күйлерден жеке адамның индивидуалдық ерекшелігі көрінеді. Барлық эмоциялық күйлер қаншама субъективті, кейде тіпті адам өз күйінің жағдайын аңғара алмай қалған кездердің өзінде де белгілі бір себепке негіздейді. Көңіл-күй бұл адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күйі. Көңіл-күйлерінің бірқалыпты сақтау уақыты әрқалай болады. Көңіл-күйдің әрқашанда себебі болады. Ол себеп табиғат, оқиғалар, адамдар, орындалатын әрекет, денсаулық жайы болуы мүмкін. Көңіл-күйіне мінез-құлықта із қалдырмау, адамның әрекетіне өң беру, жеке адамның белсенділігін арттыру немесе бәсеңдету тән сипат. Адамның көңіл-күйі жақсы, сергек кезінде елеулі қиындақтардың өзі оңай, орындалып жатқан жұмыс қызық, ал адамдар қайырымды және ұнамды болып көрінеді. Әр адамның көңіл-күйі мінез-құлықта әр түрлі болып көрінеді. Ерікті реттеу ерекшеліктері өз - көңіл-күй шеру және басқарудан жеке адамның өсіп жетілуі көрінеді. Аффективті күй эмоцияның бірте-бірте күшеюінен көрінеді. Аффективті күй динамикалық және айқын болады. Егер көңіл-күйінің өту барысы салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталса, онда аффективті күйге қарқынның арта түсуі тән болады. Төтенше шиеленіскен жағдай кезінде аффективті күй көбіне күшті бұлқыныспен - аффектпен аяқталады.Аффект-бұлқынысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция. Аффект көріс беру күшінің орасан зорлығымен сипатталады, ол адамды бүтіндей билеп алады. Аффектінің физиологиялық ерекшелігі ми қыртысы асты орталықтарының ми қыртысының бөгегіштік және реттегіштік әсерінен босап шығуы болып табылады. Ми қыртысы астының үстемдігі аффектінің сырт көрінісінің айқындылығынан білінеді. Аффектіге қозу мен тежелу процесстері тең емес адамдар бейім келеді. Жағымды сипатты аффектілер де болады В.Кеннонның <<Эмоциялар физиологиясы>> еңбегі. Кеннонның зерттеу жұмыстарының негізінде жасанды шақырылған органикалық өзгерістер жиі жағдайда эмоционалды күйлерді тудыртпайды. У. Кэннонның Джемс-Ланге теориясына қарсы ең күшті аргументі органикалық сигналдардың бас ми қыртысына жеткізілуін жасанды түрде тоқтату нәтижесінде, эмоционалды жағдайдың тоқтамайтынын дәлелдеген эксперимент болып табылады. Кэннонның пікірінше, эмоция кезіндегі денедегі процестер мақсатқа бағытталған, өйткені жағдайға байланысты қуат күшін жүмсау мақсатында бүкіл ағзаны даярлайды. Соған байланысты эмоционалды күй кешу және соған қатысты органикалық өзгерістер, мидың орталығы - таламуста пайда болады. Эмоцияның эндокринді аккомпоненттері. Эмоцияның туындауының туа біткен және кейіннен пайда болған механизмдері. Вегетативті өзгерістер. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері. Эмоцияның эндокринді аккомпоненттері туралы. Эмоция кезіндегі гипофиз гормонының қызметі. Стресс терминін алғаш рет 1936 жылы Канада ғалымы Ганс Селье енгізген. Ол стресті белгілі бір төтенше жағдайларда пайда болатын реакция деп қарастырған. Қазіргі өмірде неше түрлі жағымсыз жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. Ауа - райының күрт өзгеруі, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс - керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер.... Осының бәрі әр адамға әртүрлі әсер етеді. Тіпті оның зардабынан жүйке жүйесі бұзылып, әртүрлі ауруға шалдығуға себеп болады. Кей адамдар жағымсыз жағдайларға көп көңіл бөлмейді, қандай проблема болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл - күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема. Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез - келген жағымсыз құбылыс алдымен мидың елегінен өтеді.Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды.Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресті жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Г.Селье стрестің 3 кезеңін бөліп көрсетті: 1- мазасыздық кезеңі; 2- қарсылық көрсету, бейімделу, немесе тұрақтану кезеңі; 3- жүйке жүйесінің ширығу кезеңі. Эустресс - ағзаны жұмылдыратын және тілекті тиімділікпен біріктіретін тиімді стресс. Дистресс - іс - әрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, ағзаның жұмылу деңгейін төмендететін стресс. Эустресс барысында таным процестерінің және өзіндік сананың белсенділігі, шындықты,есті саналау жүзеге асады. Дистресс негізінде адам түрлі физиологиялық ауруларға шалдығуы ықтимал. * Практикалық сабақтар Студенттер дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз. Сабақ барысы.Белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз. № 1 тақырып. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы пәніне кіріспе Жоспары: Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік психодиагностикасы пәні ғылыми пән ретінде. Қазіргі психодиагностиканың даму тарихы. Пәннің міндеттері және мазмұны. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми пәндермен байланысы. № 2 тақырып. Психологиялық құзіреттілікті зерттеудің методологиялық негізі Жоспары: Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік. Құзіреттілік - кәсіби әрекеттің негізі ретінде. Құзіреттілікті зерттеудегі ғылыми көзқарастар № 3 тақырып. Психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктің құрылымы және мазмұны Жоспары: Құзіреттіліктің құрылымдары. Арнайы кәсіби құзіреттілік түрлері. Психологиялық-педагогикалық құзіреттілікті мазмұны № 4 тақырып. Әлеуметтік және коммуникативті құзіреттілік Әлеуметтік құзіреттілік туралы түсінік. Коммуникативті құзіреттіліктің кәсіби іс-әрекеттегі орны. Әлеуметтік және коммуникативті құзіреттіліктің өзара байланысы. № 5 тақырып. Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы Жоспары: Кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешудегі мұғалімнің ықпалы. Кіші мектеп оқушы тұлғасының жеке ерекшеліктерін айқындау әдістемесін пайдалану. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік даму деңгейінің диагностикалық картасы. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сапасын бағалау мен өзін-өзі бағалаудағы әдістемелер. № 6 тақырып. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделін қалыптастыру Жоспары: Кәсіби құзіреттіліктің түрлері. Кәсіби құзіреттілік моделін қалыптастыру ерекшеліктері. Кәсіби құзіреттілікті дамытудың алғы шарттары № 7 тақырып. Педагогтың <<мен>> концепциясы Жоспары: Өмірлік стиль туралы түсінік. <<Мен>> концепиясының мазмұны. Кәсіби іс-әрекеттегі стильдің маңызы. Өзіндік сана және <<Мен>> тұжырымдамасы. Тұлғалық қасиеттерді дамытудағы психологиялық бағыттар. Өзіндік сананың психикалық процестермен байланысы № 8 тақырып. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін бағалау критерийлері Жоспары: Кәсіби іс-әрекеттерде психикалық процестердің көрінісі мен зерттеу әдістері. Жұмысқа икемділіктің темпераментпен байланысы. Таңдаулы әрекеттерді анықтауға арналған тестер. № 9 тақырып. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері Жоспары: Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің құрылымы, мазмұны. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу бағдарламаларын оқытудағы психологиялық ерекшеліктер. Тәрбие процесінің психологиялық маңыздылығы. № 10 тақырып. Жеке тұлға бағыттылығының педагогикалық диагностикасы Жоспары: Жеке тұлғаның құрылымын зерттеу. Психологиялық қорғаудың механизмдері. Жеке тұлғаның ерік-жігер сфераларын зерттеу № 11 тақырып. Педагогикалық іс-әрекет стилінің диагностикасы Іс-әрекеттің психологиялық негіздемелері. Психологияда еңбек әрекеті жқніндегі теориялар. Педагогкиалық іс-әрекеттің диагнсотикасының мазмұны. № 12 тақырып. Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тану деңгейін дамыту диагностикасы Өзін-өзі тани білу - кәсіби дамудың көзі ретінде. Өзін-өзі тануды дамыту тұлғаның даму мақсаты ретінде. Кәсіби өзін-өзі тануды дамыту бағдарламалары. Портфолио - кәсіби өзін-өзі танудың педагогикалық шарты негізі. № 13 тақырып. Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби даму диагностикасы Жоспары: Жеке қасиеттерді психодиагностикалық зерттеу облысы. Сұрақнама-тестер, оның түрлері, сұрақ түрі және нәтижелер көрсеткіші. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлғааралық қатынастар диагностикасы 4. Студенттердің өздік жұмысы. 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. № Жұмыс тақырыбы Мақсаты және мазмұны Әдебиеттер Бақылау формасы Орындау мерзімі 1. Мұғалімнің құзіреттілігін анықтауда психодиагностикалық жұмысының технологиясы, құрылымы мен әдістері. Психология лық қызметтегі психолог жұмысының міндеттері мен мақсаттары. Бақылау, әңгімелесу, эксперимент, психодиагностикалық әдістемелерді жүргізу ерекшеліктері Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004 Психолого-педагогическая диагностика/Под ред. И.Ю. Левченко.-М.,2005 Конспект 1-2 апта 2. Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысындағы психологиялық-педагогикалық диагностика Кәсіби іс-әрекеттерде психикалық процестердің көрінісі мен зерттеу әдістері. Жұмысқа икемділіктің темперамент пен байланысы. Таңдаулы әрекеттерді анықтауға арналған тестер. Арнаулы психология-лық типке адамның тәуелділігін анықтауға арналған тестер. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004 Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987 реферат 3-4 апта 3. Мұғалім тұлғасының эмоционалды-ерік сферасы Жеке тұлғаның құрылымын зерттеу. Психологиялық қорғаудың механизмдері. Жеке тұлғаның ерік-жігер сфераларын зерттеу Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004 Голубева Э.А. Индивидуальные особенности человека.-М.,1980 Дружинин В.Н. Психология общих способностей.-СПб., 1999 Слайд 5-6 апта 4. Жалпы бастауыш білім берудегі мұғалім жұмысының диагностикасы Психология лық-педагогика лық диагностика ның мәні, маңызы. Бастауыш білім берудегі мұғалім жұмысын диагностика лау субъектілері. Диагностика лауды ұйымдастыру шарттары. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004 Голубева Э.А. Индивидуальные особенности человека.-М.,1980 Дружинин В.Н. Психология общих способностей.-СПб., 1999 баяндама 7-8 апта 5. Мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері мен тұлғааралық өзара қатынасы Тұлғалық және тұлғааралық қатынас диагностикасының ерекшеліктері. Мұғалімнің қарым-қатынасы, кәсіби бағыттылығы мен педагогикалық мәдениеті, бірлескен әрекеттері. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004 Шадрин, Н.С. Психология личностных ценностей как мотивов поведения. - Павлодар, 2006 Сызба түрінде 9-10 апта 6. Білім жүйесіндегі тест түрлері Білім жүйесіндегі тесттердің қолданылуы. Тестілік әдістемелердің проблемалық аспектілері. Тестіні жүргізудігеі нәтижелерді сапалы бағалалу критерийлері. Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987 Лукьянова М.И., Калинина Н.В. Психолого-педагогические показатели деятельности школы: Критерии и диагностика.- М., 2004 конспект 11 апта 7. Мұғалім тұлғасының жекетұлғалық қасиеттер психодиагностиканың бағыттары КЮнгтің жеке тұлға диагностикасы негізіндегі типологиясы. Бесфакторлы жеке тұлға моделі. Д.Кейрсидің жеке тұлғаның әлеуметтік типін анықтаудағы сауалнамасы. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004 Шадрин, Н.С. Психология личностных ценностей как мотивов поведения. - Павлодар, 2006 Әдістемелер топтамасы 12 апта 8. Жекетұлғалық қабілетті анықтауға арналған әдістемесі Жеке қасиеттерді анықтайтын психодиагностикалық әдістемелер. Психодиагностикалық бағыттар, жеке тұлға бағыттылығы. Жеке қасиеттерді психодиагностикалық зерттеу облысы. Сұрақтама-тестер, түрлері, сұрақ түрі және нәтижелер көрсеткіші. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлғааралық қатынастар диагностикасы. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004 Голубева Э.А. Индивидуальные особенности человека.-М.,1980 Дружинин В.Н. Психология общих способностей.-СПб., 1999 Слайд 13 апта 9. Диагностикалық деректерді өлшеу және ұсыну <<Өлшеу>> түсінігі және мүмкін боларлық өлшеу шкалалары. Өлшеулердің интервалдық шкаласы. Қатынастар шкаласы бойынша - өлшеу. Ғылыми жұмыстарда диагностикалық деерктерді дайындау әдістемесі және ұсыну. Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987 баяндама 14-15 апта
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz