Файл қосу
Суару бороздаларын жерге орналастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.21.1.75/01-2013 ПОӘК <<Суармалы эксплуатациялық жүйе>> пәнінен арналған оқу әдістемелік материалдар № ___ басылым <<___>> ______ 20__ж ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080100 <<Агрономия>> мамандығына арналған <<Суармалы эксплуатациялық жүйе>> ПӘНІНЕ АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 МАЗМҰНЫ * Глоссарий * Дәрістер * Тәжірибелік және зертханалық сабақтар * Курстық жоба және дипломдық жұмыс * ОСӨЖ және СӨЖ Дәріс № 1 Кіріспе. Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері. * Суармалау желілері * Суармалау гидромодулі * Суармалы егін шаруашылығы Суармалау -- табиғи жағдайда ылғал жетіспеушілігі байқалатын топырақтар мен өсімдіктердің су жүргісін (режім) жақсартуға бағытталған шаралар кешені; гидротехникалық мелиорациялаудың бір түрі. Топырақтың ылғалдылығын көбейтеді, өсімдіктердің қоректену және жылулық режімдерін, топырақ пен жер беті қабатының микроклиматын жақсартады. Құрғақ (аридтік) аймақтағы жерлерді ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға қосуға, ал гумидтік аймақта ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Объектілердің орнына, табиғат жағдайларына және ауыл шаруашылық өндірісінің талаптарына байланысты тұрақты түрде өздігінен ағыза суармалау немесе суды мехникалық көтере суармалау және бір мезгілдік суармалау болып жіктеледі. Суды беру тәсілдеріне қарай беттік суармалау, жаңбырлату, топырақішілік суармалау сараланады (соның ішінде тамшылата суармалау, тозаңдата суармалау). Күріш өсіру үшін, сортаң топырақты шаймалау үшін және топырақты көктемгі бір мезгілдік ылғалдау үшін, әдетте, бастыра суармалау қолданылса, жайылмалық шабындықтың өнімділігін арттыру үшін көлдету әдісі жасалады. Суармалау гидромодулі Суармалау гидромодулі -- меншікті су шығыны алдын ала белгіленген, нақты дакылды суғаруға керекті, 1 секундта 1 гектар жерге берілетін су мөлшері. Су көзінен алынатын және суландыру жүйесі арқылы барлық суармалы жерді суғару үшін қажетті су көлемін анықтайтын су кестесі. Суармалау желілері Суармалау желілері -- магистральды каналдан немесе су жүргізгіш құбырлардан таралатын желі, тармақтар, сонымен қатар уақытша жер суару желілері, суармалау жүйесінің негізгі элементтері. Суармалау желісінің бөліктері -- егістікті суармалау үшін салынатын бас саға, су бөлуші тораптар, бас канал, шаруашылықаралық каналдар, шаруашылықішілік каналдар, танап каналдары, гидротехникалық құрылыстар, бақылау ұңғымалары, кәріз жүйелері, жол және ағаштар құрамы. Суармалау желісінің пайдалы әсер коэффициенті Суармалау желісінің пайдалы әсер коэффициенті -- су шығынының суармалы жерге (танапқа) жеткізілген (нетто) көлемінің су көзінен алынған (брутто) су көлеміне қатынасы. Бұл коэффициент ашық желілі каналдармен келген судың пайдалануға жеткен деңгейін көрсетеді. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс № 2. Топыраққа судың сіңуі және сүзілуі. * Топыраққа судың сіңуі және сүзілуі * Суармалы жерлердің топырағы су сіңіруі * Топырақтағы су сүзілуі Топырақтың су сіңіруі. Беткейлеп суару әдісін қолданғанда топыраққа судың сіңуі және ондағы қозғалысы екі кезеңге бөлінеді:сіңуі және сүзілуі. Топырақ құрамындағы бос уақ тесіктерді (порларды) СУДЫҢ өзінің ауыртапылық күші қысымы арқылы және оның сулана бастаған кезінде пайда болатын капилляр күші арқылы біртіндеп сумен толтыру процесін су сіңіру деп атайды.Егісті жайып және жаңбырлатып суарғанда су топыраққа сіңіп, төмен қарай жылжиды; ал бороздалап суарғанда ол төмен қарай ғана сіңіп қоймай, сондай-ақ борозданың екі бүйіріне сіңіп, капиллярлар арқылы жоғары көтеріледі. Топырақтың су сіңу жылдамдығы оның механикалық және химиялық құрмына, борпылдақтығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады.Мысалы, сортаң топырақтар суды өте нашар сіңіреді.Сондай-ақ сіңіру жылдамығына топырақтың дымқылдығы да әсер етеді, өйткені құрғақ топырақ суды дымқыл топырақпен салыстырғанда өте тез сіңіреді. Суармалы жерлердің топырағы су сіңіру мөлшеріне қарай үш түрге бөлінеді.(Астапов,19958ж.: 1) Алғашқы бірінші сағат ішінде суды 0,15 метрден асқан жылдамдықпен өте жылдам сіңіретін топырақтар; 2) су сіңіру жылдамдығы 0,15 метрден кем, бірақ 0,05 метрден көп мөлшерде сіңіретін, су сіңіру жылдамдығы орташа топырақтар; 3) Алғашқы бір сағат ішінде су сіңіру жылдамдығы 0,05 метрден көп болатын, суды нашар сіңіретін топырақтар. Топырақты қопсытып, құрмын жақсарту оның су сіңіру жылдамдығын арттырады.Сондықтан әрбір жағдайда топырақтың су сіңіру жылдамдығы тәжірибе арқталып, график арқылы бейнеледі.Жалпы топырақтың су сіңіру жылдамдығы мин/мм, немесе см/сағат есебімен өлшенді. Топырақтағы су сүзілуі.Топырақтағы уақ тесіктердің барлығы оған сіңген сумен толтырылғаннан кейін (қысылған ауамен толтырылған көлемнен басқа) су фильтрациясы басталады; яғни оның тек гидростатика қысым әрекеті арқылы қозғалысқа келуі.Фильтрация тікелей (судың төменге сіңуі) және көлденең (ыза судың су өткізбетін арнасымен ағуы) болады. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №3 Боразалармен суару әдісі. * Бороздаламен суару әдісі * Бороздаладың классификациясы * Доғал суару Әдетте бороздалармен суару кең қатарлы отамалы дақылдарды суару үшін (мақта егісі, жүгері, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жеміс-жидек, орман алқаптары), ал кейде дәнді дақылдары (себілген бороздалар) суару үшін де қолданылады. Бороздаламен суару егістік мөлшері 0,02....0,03 шамасындағы учаскелерде жүргізіледі.Суды бороздалар бойымен олардың аяғына дейін өздігімен ағып баруын қамтамасыз ету үшін лоарды еңңістікке әр шамадағы бұрышпен тілуге болады.Суарудың бұл әддісін сорланған топырақтарда қолдануға болмайды, өйткені әрбір суарғаннан кейін бороздалар жотасына, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян, еріген тұздар көтеріледі. Бороздаладың классификациясы.Бороздалар өздерінің тереңдігіне қарай тайыз - 8...12см, орташа - 12....18см және терең- 18...22 см болып үшке бөлінеді, ал су ағызу жағдайына карай суды үздіксіз ағызып тұратын (су тлотырылмайтын) және доғал (сумен толтырылған); көрінісіне қарай - парабола, трапеция тәрізді; бермалы, террасты және саңылаулы бороздалар, ұзындығы жағынан - ұзын және қысқа бороздаларға бөлінеді. Суару бороздаларын жерге орналастыру.Суару бороздаларын КОН-2,3; КОН-2,8;КОН-2,8-П; КРН-4,2 аспалы культиватор - қопсытқыштары арқылы тіледі. Жоғарыда көрсетілген бороздалар өзінің көрінісіне қарай трапеция, немесе парабола тәрізді болады, лоардың түбінің ені 10см болып терендігі 12....22см болады және олардың баурай қатынасы 1:1 болады (12-а, сурет). Суармалы көкөніс шаруашылығында көшет отырғызатын машиналамен сепкіштерді пайдалану үшін террасты бороздалар мен бермалы бороздаларды қолданады. Бұл бороздалады тілу үшін культиваторлаға қопсытқыштар орналастылады. Сіңіру суару жұмыстарын ұйымдастырғанда сушылардың жұмыс өнімін арттыру үшін кейбір жағдайларда тереңдігі 35-40см саңылаулы-борздалар тілінеді.Оны тілу үшін арнаулы-саңылаулы-борозда жасаушылар қолданылады. Сулану нұсқасының бірігу шарттарына сәйкес жеңіл топырақтар үшін бороздалардың білік аралыға 0,5....0,6м орташа топырақтар- 0.8....1,1 м болады. Жалпы борозда аралық мөлшері өсімдіктердің қатар аралық еніне тең болады. Доғал суару.Әдетте сумен толтырылған бороздалар еңісі аз және су сіңіру жылдамдығы аз топырақты учаскеледе қолданылады.Оларды горизонтальдарға параллельді, немесе оларға сүйір бұрыштап тіледі.Жалпы доғал бороздалардың сыйымдылығы судың суару нормасының тең көлем сыйпатындай болу керек болғандықтан, олар терең болуы керек.Егісті суарғанда бороздалардың бас жағы тереңдігінің 1/3-ге тең бөлігі және оның соңғы жағының 3/4-ке тең бөлігі сумен жылдам толтырылады.(әр бороздаға 2....4 л/с).Суарып болғаннан кейін бороздалардың суланған бетінде қыртыс қабат пайда болады.Сондай-ақ өте терең доғал бороздалар өсімдіктердің қатар аралықтарын трктормен кесе-көлденең баптау жұмыстарына кедергі келтіреді. Доғал бороздалардың ұзындығын мына формула арқылы анықтайды: бнда:һ және һ-борозданың бас жағы мен соңындағы судың тереңдігі, әдетте олар 11....14 және 5....7см шамасында болды. І-борозданың еңісі. Еңстің мөлшері і-0,0005 болғанда бороздалардың ұзындығы 50...80м-ге тең деп саналып, ал ол і-0,001 болғанда 40....60м және еңіс і-0,002 болғанда борозданың ұзындығы 30....40 м-ге тең болады. Суды үздіксіз ағызып тұратын (сумен толтырылмайтын) бороздаламен суару Бұндай бороздалар шаршы-ұзлап және қатарлап себілген барлық отамалы дақылдарды бетіс, еңістігі і-0,002....0,02 мөлшеріндегі учаскелерді суару үшін кеңінен қолданылады.Тайыз және орташа бороздалар арқылы суару дақылдардың қатар аралықтарын баптауға және өнімді жинау жұмыстарын механикаландыруға кедергі жасамайды.Сондай-ақ бұндай бороздалармен суарғанда лоарға жіберілетін су мөлшері тұрақты және құбылмалы болады.Борозда соңындағы артық су төменге ағызылып жіберіледі.Бороздаларға жіберілетін су мөлшері тұрақты болған жағдайда су оның ұзындығының 85...90% тең бөлігіне жеткеннен кейін оған су жіберу тоқтатылады.Борозданың қалған бөлігі судың өздігінен ағып баруы арқылы дымқылданады.Бұл бороздалардың кемшілігі-олар біркелкі дымқылданбай, бас жағы мол, ал соңғы жағы аз дымқылданады. Еңістің мөлшері үлкен және топырақ ауыр болған жағдайда су борозданың аяғына жеткенде топырақ қабаты толығынан дымқылданып үлгермейді, сондықтан артық су төменге ағызылып жіберіледі. Төменге суды ағызбау, немесе оның мөлшерін кеміту үшін алғашқыда оған суды толығынан жіберіп, ол борозданың 2/3-ке тең ұзындығына жеткенде оның мөлшерін екі есе кемітеді. Суару техникасының элементтеріне қойылатын талаптар.Суару техникасының элементтеріне бороздалардың ұзындығы мен оның көлденең кесіндісі, жұмсалатын су мен оны бороздаға жіберу мерзімі жатады. Бұл элементтердің барлығы бірімен бірі байланысты және суару нормасын егіске және тереңдігі жағынан біркелкі таратып, суару жұмыстарының өнімді болуын қамтамасыз етуі керек. Жалпы бороздалардың ұзын болғаны жөн, өйткені бұндай жағдайда суарушылар жұмысы өнімді болып, олардың астында қалатын жердің көлемі азаяды және өсімдіктердің қатар аралығын баптау жұмыстарын мехникаландыру жағдайы жақсарады.Бұл талаптарды орындау үшін учаскелердің бетін тегістеу керек және борозданың еңісі басынан аяғына қарай біркелкі кішірейе беруі керек.Бороздарға жіберілетін судың мөлшері мол және оны шайып кетпейтіндей болып, борозданың бойындағы топырақты біркеокі және керекті тереңдікке дымқылдандыратындай болғаны дұрыс.Бұл талапты орындау үшін бороздаларға жіберілетін судың мөлшерін суару мезгілінде реттеп отыру керек. Судың топыраққа сіңу жылдамдығы бірінші суарудан соңғы суаруға дейін кеми беретін болғандықтан, оған жіберілетін судың мөлшері де өзгеріп отыруы керек.Борозданың көлденең қимасы есептелген судың мөлшерін өткізе алатындай және ауыл шаруашылық жұмыстарын механикаландыруға кедергі болмайтындай болуы керек. Оған су жіберу кезеңі топырақтың суару нормасына тең су көлемін сіңіріп үлгеру қабілетіне сәйкес болуы қажет. Суару техникасының элементтері шамамен талдау, немесе графикалық талдау есептерін жүргізу және арнаулы тәжірибелер жүргізу нәтижелері арқылы анықталады. Суару техникасының элементтерін есептеу.Суару учаскесінің белгілі жағдайында борозданың көлденең қимасының нақтылы көлемі мен судың ағу жылдамдығы және оған жіберілетін судың мөлшері мен оның топыраққа сіңу мерзімі анықталады. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс № 4. . Суармалы жерлерді тегістеу. * Суармалау * Суармалы жерлерді тегістеу * Су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылық кооперативі Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының көлемі Министрлік ұсынған сома негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бұл ретте облыстар бөлінісіндебюджеттік субсидиялардың сомасын Министрлік мелиоративтік жақсартуға жататын суармалы жерлердің ауданына және мелиорацияланған жердің 1 гектарына субсидиялаудың мөлшеріне сәйкес айқындайды. Облыстардың ауыл шаруашылық басқармалары (бұдан әрі - Басқарма) бюджеттік субсидиялардың көлемін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша 5 (бес) банк күні ішінде бөліп, жеткізеді. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі - тауар өндіруші) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншігінде немесе уақытша пайдалануында суармалы жері бар, белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға; 3) мелиоративтік іс-шаралар - суармалы жерді терең қопсыту және тегістеу, сондай-ақ суару және коллекторлық-дренаж желілерін тазалау жөніндегі жұмыстар; 4) топырақты терең қопсыту - топырақ қабатын айналымсыз терең қопсыту (төрт жылда бір рет жүргізіледі); 5) алқаптарды ағымдағы тегістеу - алқапты жыртудан кейін топырақты тегістеу; 6) суару жүйелерін тазарту - суару жүйелерін арам-шөптерден және лайдан қолмен тазарту; 7) коллекторлық-дренаж желілерін тазарту - коллекторлық-дренаж желілерін арам-шөптерден және лайдан механикалық тазарту; 8) су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылық кооперативі (бұдан әрі - САТК) - жүктелген алаңда жер учаскелерiн иеленушi (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығының мұқтажы үшiн гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бiрлесiп басқару үшiн мүшелiк негiзiндегi ерiктi бiрлестiгi. 6. Субсидиялар тауар өндірушілерге мелиоративтік іс-шараларды нақты орындағаны үшін төленеді. 7. Мелиорацияланған жердің 1 гектарында орындалған жұмыс көлемі үшін субсидиялар көлемі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) жергілікті ақпарат құралдарында субсидиялар және басқа да қажетті мәліметтерді алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін көрсете отырып, Комиссияның жұмыс тәртібін жариялауды қамтамасыз етеді. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс № 5 . Жер суару және суландыру үшін пайдалынылатын су көздерінің түрлері * Жерді суару және суландыру * Суарудың түрлері * Суардың тәсілдері. * Суарудың топыраққа тигізетін ықпалы Жерді суару және суландыру. Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып,топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті.Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады. Техникалық және дәнді дақылдарды,мал азықтық шөптерді,көкөністі және басқаларын суарудың шаруашылықтық маңызы бар. Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып,елімізде мақта,күріш,жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады. Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның жеткіліксіз және жыл бойн өте құбылмалы болуының салдарың салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады.Сондықтан,бұл аймақтарда жыл сайын дәнді,техникалық және мал азығы дақылдары мен көкөністің мол өнімін тек суару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады. Егісті суару еліміздің тек оңтүстік топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарында ғана тиімді болып қоймай,сондай-ақ дымқылдығы артық аймақтарда да өте тиімді. Суарудың түрлері.Жер суару топырақты дымқылдандыру,тыңайту және арналы суару болып үш түрге бөлінеді : Топырақта қажетті су және ауа режимін жасау үшін суарудың дымқылдандыру түрі пайдаланылады.Суарудың бұл түрі дүние жүзінде де өте көп тараған негізгі түрі болып саналады және өсімдіктердің өсіп-өну дәуірімен оның кейбір кезеңдерінде судың керекті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген шақтарында жүргізіледі. Суарудың бұл түрі өзінше жүйелі (тұрақты) және бір дүркін ғана суару болып бөлінеді. Шаруашылық жағдайында суарудың жүйелі пайдаланғанды топырақ қажетті мөлшерде және керекті мезгілде дымқылданады. Су көздерінен су суару жүйелеріне ағатын болғанда өздігінен ағызып суару,оған керісінше, механиқалық әдіспен жіберілсе,онда механикалық суару деп аталады. Жоғарыда көрсетілгендей,біздің елімізде судың өздігінен ағуына негізделген жүйелі суару түрі көп тараған және оның ең негізгі түрі болып саналады. Ал енді жерді бір дүркін ғана суару үшін су алаңға бір-ақ рет жайылады. Алаңға жазғытұрым пайда болатын қар суы жабылған жағдайда ол көлтабанды суарма деп аталады. Ал енді алаңға каналдар арқылы көктемгі тасқын сулары жайылса оны тасқын сумен суару деп атайды. Көлтабанды суарма әсіресе Қазақстанда,Ресей және Украинада кеңінен тараған. Суарудың топырақты тыңайту үшін қолданылатын түрін ұйымдастырғанда тыңайтқыштар сумен бірге топыраққа ерітілген күйінде таратылып,оның дымқылдану қабатына сіңеді. Суарудың бұл түріне қалалар мен өнеркәсіп орындарының сарқынды суларын және құрамында асылған топырағы мол тасқын суларын пайдалану жатады. Арнаулы суарудың түріне топырақты тазарту, жылыту және мақсаттармен жүргізілетін суару жұмыстары жатады. Суарудың топырақты тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы артық тұздарды шаю және өсімдіктерге зиянкес жәндіктерді құрту үшін ұйымдастырылыды. Топырақты жылыту үшін суарғанда,оны зөінен жылырақ сумен суарып жылытудың арқасында өсімдіктердің өсіп-өну дәуірі ұзартылады. Суарудың бұл түрі шаруашылық жағдайында қазіргі уақытта аса көп тарамаған. Суардың тәсілдері. Суды топыраққа енгізу тәсіліне қарай жер суару үш түрге бөлінеді: 1.Беткейлеп, немесе беткі жағынан суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда су топырақ бетіне суару бороздалары,алқаптары және атыздары арқылы таратылады. Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен тараған. 2.Жаңбыралатып суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда жаңбырлтқыш аппараттар арқылы су жоғары шашыратылып,онда тамшыларға бөлініп жер бетіне табиғи жуын тәрізді жауып, ауаның жер бетіне жақын қабатын, өсімдіктерді және топырақты ылғалдандырады. Қазіргі уақытта суарудың бұл әдісі шаруашылықтарда өте көп тараған. 3. Егісті астыңғы жағынан суару әдісін қолдану үшін су топырақтың жыртылатын қабатының астыңғы қыртысына енгізіледі.Бұл әдіс әзірше көп тарамаған және қазіргі уақытта толық жетілдіру сатысы үстінде. Суарудың топыраққа тигізетін ықпалы.Суару микроклиматқа, сондай-ақ топырақ қабатында болатып физикалық, химиялық, биохимиялық және биологиялық процестерге өте күрделі және әр түрлі ықпал тигізеді. Суарудың топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне тигізетін ықпалы өте күрделі: топырақтың дымқылдығын, температурасын, жылу сыйымдылығын,механикалық құрамын,борпылдақтылығын, құрылымын,су өткізгіштігін,ылғал сыйымдылығын,топырақ бөлшектерінің тіркесу күшін,әр қабатындағы химиялық элементтер мен қосындылардың мөлшерін және бөлінуін,жер асты суларының деңгейін,минералдығын өзгертеді. Құрған топырақтың жылу сыйымдылығы сумен салыстырғанда бірсыпыра кем болады.Жаздық ыстық айларында су ауа мен топырақтан суығырақ болады.оған керісінше, жазғытұрым және күзді күндері су ауа мен топырақтан жылы болады.Ал дымқылды топырақ, құрған топырақпен салыстырғанда күндіз жылулықты көбірек сіңіріп,ал түнде ауаның жер бетіне жақын жатқан қабатының ылғалдануының салдарынан жылылықты кемірек таратады.Осыған байланысты жазды күндері дымқылды топырақ құрғақ топырақпен салыстырғанда суығырақ,ал суық айларда жылырақ болады. Дымқылданған топырақтың бөлшектереінің тіркесу күшінің кемуімен бірге, сазды және саздақ топырақтардың беріктілгі кемиді, ал бұған керісінше, дымқылданған құмды топырақ қатая түседі.Бетіне су жайылған топырақтың түйіртпектері ыдырап, тіпті жойылып та кетеді.Құрғағаннан кейін сазды топырақтардың бетіне қатты қабықтар пайда болып, оларды мезгілінде қопсыту қажет болады. Суаруға пайдаланатын судың құрамында кездесетін асылмалы таспалардың топырақ бетіне шөгілуінің және тереңгі қабатына өтіп кетуінің салдарынан оның механикалық құрамы өзгереді. Суаруға пайдаланылатын судың бойында ерітілген минералдық және органикалық қоспарлар болады.Суаруға пайдаланылатыныза суының минералдығы жоғары болады да, өзен суаларының минералдығы кемірек болады.Топыраққа сумен бірге кіретін азот,калий және фосфор қышқылы ондағы керекті заттардың қорын молайтады. Сонымен қатар суаруға пайдаланылатын су топырақ бойында кездесетін химиялық коспаларды жақсы еріткіш болып саналады.Сондықтан жеңіл еритін калий, азот және басқа тұздар сумен бірге топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабатына ауысады.Ал суару нормасының мөлшері өте жоғары болған және топырақты шайып суарғанда олар топырақтың өсімдіктердің тамыры орналасқан негізгі қабаттарынан төмен өтіп кетіп, топырақтың сапасы төмендейді. Дегенмен,пайдалы тұздармен бірге зиянды тұздары да шайылып кетіп,топырақтың сапасы жақсарады.Кезекті суару аралығында су өзінің құрамындағы ерітінді тұздармен бірге топырақтың қыл түтіктері арқылы жоғары көтеріліп буланады да, ол тұздар топырақтың жоғарғы қабатында қалып қояды.Сөйтіп, өсімдіктердің өсу дәуірі кезінде жүргізілетін суару жұмыстары су мен минералды тұздардың үнемі қозғалыста болуына себебін тигізеді.Осының салдарынан уақ топырақпен тұздар төменгі қабатқа түсуімен бірге ерітінділердеп ажырап, су мен ауаны өте аз өткізетін қатты қабат жасайды.Осы қабаттан өсімдік тамырлары төмен өте алмайды және суарған кезде топырақтың онда төмен жатқан қабатын дымқылдандыру қиындап, жоғары жатқан қабатының дымқылдығы мөлшердеп артып кетеді. Топырақтың төменгі қабатынан судың қайтуы қамтамасыз етілмеген жағдайда жерді мол суарған ыза судың деңгейі көтеріліп, суармалы жердің батпақтанып кету қаупі туады.Сондай-ақ ыза судың құрамындағы тұздар зиянды болған судын жер бетінен көп мөлшерде буланының салдарынан оның жоғарғы қабатында тұздар шөгіліп, топырақ қайтадан сорланып, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Жер суару топырақтағы микробиологиялық процестерге пайдалы ықпалып тигізеді.Ол анаэробтық микробтардың әрекетін жылдаидатып,өсімдік қалдықтарының минералдануын бәсеңдетеді және қарашіріктердің жиналуына ықпалып тигізіп, нитрификациялық процестерді күшейтеді.Дегенмен, дымқылдығының белгілі мөлшердеп артып кетуі оның жоғарғы қабаттарында нитраттарды азайтады.Жер суару жауын құрттарының өсіп-өнуіне қолайлы ықпалын тигізіп, топырақ құрылысын жақсартады. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №6. 6. Бас саға құрлыстары. * Саға құрлыстары. Бас саға құрлыстары. сутоғандарын халықтың ауыз су, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшін орталықтандырылмаған сумен жабдықтау тәртібінде пайдаланған кезде заңды ұйымдар мен азаматтардың жалпы және арнайы су пайдалану талаптарын сақтай отырып, суды тікелей жер бетіндегі немесе жер астындағы су көздерінен алу қақы. Осы мақсаттарға арналған бас саға құрылыстарын пайдалану су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органмен келісім бойынша аумағында бас саға құрылыстары орналасқан атқарушы органдар белгілеген ережелерге сәйкес жүргізілед Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс № 7. Жер асты сулармен суару 1. Жер асты суының кен орны 2 .Жер асты суының қоры 3 .Жер асты суын қорғау Жер асты суы - жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су. Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су - кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы - табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан <<құдық суы>> деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 - 5 м-ден 50 - 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 - 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Артезиан суы - тереңде (75 - 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы тұздардың, минералдың мөлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 г/л-ге дейін), ашқылтым (1 - 10 г/л), ащы (10 - 50 г/л) және тұзды (50 г/л-ден астам) сулар болып бөлінеді. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 - 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 - 4 млрд. м3. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №8. Суармалы жерлерде сорлану мен батпақтануды болдырмау * Су жинағыш қашыртқы жүйе * Жер беті су объектілері Су жинағыш қашыртқы жүйе. Мелиорациялық объектілер үшін арнайы су пайдалануға рұқсаттар: 1) қарамағында кәріздік суларды бұру бойынша ғимараттары бар кәсіпорындарға беріледі. Аталған жүйелерден оларға қашыртқы, кәріздік және басқа сарқынды суларды бөлектеп жіберуді белгіленген су пайдалану келісім-шарт негізінде аталған кәсіпорындармен жүзеге асырылады; 2) жер беті су объектілеріне кәріздік суларды бұру бойынша ғимараттары бар ішкі шаруашылық жүйелерінің иелеріне беріледі. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс № 9. Топыраққа судың сіңуі және сүзілуі. * Топыраққа судың сіңуі және сүзілуі * гидротехникалық шаралар Топыраққа судың сіңуі және сүзілуіБасында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырақтың су, жел эрозиясы - адамның жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары деп ұғамыз. 1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасыз соқамен жырту, т.б.; 2) мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу; 3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін бетондалған тақта, пленкалармен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №10 . Сорланған топырақты шаю * Сорланған топырақтар * Жалпы сор топырақ Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5 - 1%-ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ минералданған топырақ - жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6 - 8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жиналуы жағдайында дамиды. Қолдан суарған кезде жер асты ағысы жоқ немесе ағысы өте нашар жерлерде көп ұзамай жер асты ыза сулары пайда болып, олардың деңгейі жоғары көтеріліп, бетіне жақындап, буланып, топырақ бетінде мол тұздар қалдырады. Бұл жағдайды топырақтың екінші сорлануы, яғни жерді суарумен байланысты сорлану деп атайды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аздау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды. Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында топырақтың сорлануымен күресу - басты мәселелердің бірі. Жер асты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен шайып, ыза суларды қолдан қазылған кәрізді-коллекторлы жүйелер арқылы басқа жаққа ағызу қажет. Жалпы сор топырақ өзінше белдем түзбейтін, белдемаралық топырақтарға жатады. Сор топырақтарды қолдан жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Каспий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық Азияда, Қазақстанда таралған. Сор топырақтарға қопсытқаннан кейін дәнді дақылдар мен көкөніс, мақта, қой және түйе жайылымына арналған шөп өсіреді. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс № 11. Суармалы жерле Суару кезеңінде, су тапшылығының орын алуы рдегі дренаждар жүйесі Арык атыз жүйесі * Суару кезеңінде, су тапшылығының орын алуы * Салыстырмалы сараптау * Суармалы жерлердегі суды пайдалы пайдалану коэффициентінің Жамбыл облысының 50%-дай суармалы жерлері Аса және Талас өзендері алабында орналасып, олардың ауданы қазіргі кезде 105,86 мың гектарды құрайды. Аталған өзендер алабында облысымыздың бес, яғни Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Талас және Сарысу аудандарының суармалы жерлері орналасқан. Қазіргі кезде, игірілген суармалы жерлердің ауданы өсіп, 94 мың гектарга жетті. Бірақта, жалпы Қазақстан жағдайындағыдай, Аса-Талас алабында, суармалы жерлерді пайдалану тиімділігі айтарлықтай жоғарыламай, олардан алынатын табыс, ауыл-шаруашылығы еңбеккерлерінің шығарған шығындарын кей жылдары толық өтемей отыр. Сондықтан Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, арнайы зерттеулердің негізінде, осы аталған жағдай гидромелиоративтік жүйелерде су-жер ресурстарын тиімсіз пайдалануға тікелей байланысты екендігін анықтады. Сол себепті, суармалы жерлерде су тапшылығы артып, топырақ құнарлығының төмендеу үдерісінің қарқыны жеделдеуде. Осыған байланысты суармалы жерлерде өсірілген дақылдардың өнімділігі, өткен ғасырдың 80 жыларындағы өнімділіпен салыстырғанда 1,5-2 есеге дейін төмендеді. Мысалы, кезінде облысымызда негізгі дақыл саналған қант қызылшасының өнімділігі, қазір 144-174 ц/га арасында болуда Сондықтан, Аса-Талас өзендері алабында орналасқан суармалы жерлердің өнімділігін арттыру мақсатында, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері көп жылдан бері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, қарастырылып отырған аймақтағы суармалы жерлердің өнімділігінің төмендігіне тікелей әсер ететін факторлар, су тапшылығының өсуі мен топырақ құнарлығының төмендеуі, суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы, суармалы жерлердің тұздануы және сілтіленуі мен сортаңдануы, топырақ қабатындағы қоректік элементтер мен органикалық заттардың кемуі екендігін анықтады. Зерттеу мәліметтерін сараптау, Аса-Талас өзендері алабындағы суармалы жерлердің эколого-мелиоративтік жағдайлары мен өнімділігі, су ресурстарының қоры мен олардың сапасына тікелей байланысты екендігін көрсетті. Сондықтан Аса және Талас өзендерінің су қоры мен олардың минералдылығының динамикасы зерттелді. Себебі, қарастырылып отырған Аса-Талас алабында ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға пайдаланатын су қоры шектеулі және негізінен Қырғыз Республикасы территориясынан келетін су көлеміне тікелей байланысты. Мысалы, Талас өзенінің жалпы су қоры, орташа сулы жылы - 808 млн. м3 болса, оның 716 (88,6%) млн. м3 Қырғыз Республикасының территориясынан келетін су мөлшерінен тұрады. Қазақстан территориясынан Талас өзеніне қосылған су мөлшері 92 млн.м3. Қарастырып отырған өзендердің су қоры көлемінің жылдық динамикасы, суармалы жерлердің ауданының кемуіне әсерін тигізді. Мысалы, 1995 жылы суаруға пайдаланған су көлемі 907 млн. м3 болса, қазіргі кезде суаруға су көзінен алынатын су көлемі 1,5-2 еседей кеміп кеткен. Сондықтан 2011 жылы 93854 га жерді суару үшін алынған су мөлшері 656,1 млн.м3 болды. Бұл көрсеткіш, жоспарланған су мөлшерінің 84% құрады Суару кезеңінде, су тапшылығының орын алуы, Қырғызстан территориясынан келетін су мөлшерінің азаюымен қатар, әр түрлі дәрежедегі каналдардың техникалық жағдайларының нашарылығына тікелей байланысты. Себебі, суару суын тасмалдайтын каналдар әр түрлі меншік қарамағына берілген. Оңтүстік гидрогеолого-мелиоративтік экспедициясының мәліметі бойынша, осы каналдардың иегерлері меншіктік түрлері бойынша 4 топқа бөлінген. Ол меншік топтары: 1- ресупбликалық, 2 - коммуналдық, 3 - жеке, 4 - иесіз. Сондықтан, су тасмалдайтын каналдардың техникалық деңгейлері әр түрлі дәрежеде болуда. Салыстырмалы сараптау, техникалық жағдайлары жоғары каналдар негізінен ресубликалық меншіктегі каналдарда, ал техникалық жағдайлары төмен - жеке меншіктегі және иесіз каналдарда екендігін көрсетті. Мысалы республикалық меншіктегі шаруашылық аралық каналдардың 112,38 км - қанағаттанарлық, 28,5 км - қанағаттанғысыз күйде. Ал жеке меншіктегі шаруашылық аралық каналдардың 23,5 км - қанағаттанарлық, 59,91 км - қанағаттанғысыз күйде екендігін көрсетті. Сондықтан су-жер қорларының тиімділігін арттыру су тасмалдайтын каналдардың меншік түрлерін нақтылап, оларға деген талапты күшейтуді қажет етеді. Осы талап орындалып, су тасмалдайтын каналдар негізінен мемлекеттік меншік түріне өтсе, олардың техникалық жағдайлары жақсарып, суару суының каналдардағы шығындары кеміп, олардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) жоғарылайды. Қазіргі кезде, Байзақ және Жамбыл аудандарының суландыру желілерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,7 шамасында. Бұл көрсеткіш, суару суын каналдармен тасмалдау барысында, өзендерден алынған су мөлшерінің 30% шығын болатынын көрсетеді. Суару суының мөлшеріне әсер ететін тағы бір фактор, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару тәртібі мен технологиясы. Мысалы қазіргі кезде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимі қатаң сақталмайды. Сондықан суару нормасы, топырақ ылғалдылығына сәйкес келмейді де, топырақтың тамыр өсетін қабатының шектен тыс ылғалдануы орын алып, суару суының сүзілу шығыны артып, судың пайдасыз шығынының мөлшерін арттырады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген суару технологияларын (жүйектеп, атыздап) қолдану барысында, суармалы жерге берілген судың 40-50% сүзілуге және суармалы жерден тыс тастауға шығын болады. Сондықтан суару суының тиімділігін арттыру, жаңа су үнемдегіш технологияларды, Аса-Талас алабына бейімдеп, өндіріске енгізуді қажет етеді. Мұндай технологиялардың бірі ауыл шаруашылығы дақылдарын жүйек ара суару технологиясы. Бұл технология басқа технологияларға қарағанда қосымша көп шығында қажет етпейді. Оны қолдану, судың булану шығынын 2 есеге, сүзілуге - 30-50%, тастанды шығынын - 50% дейін кемітуге мүмкіндік туғызады. Мұндай көрсеткіштерге тамшылатып суару технологиясын қодану барысында да қол жеткізуге болады. Бірақта ол көп шығынды қажет етеді. Кеткен шығын алынған өніммен көп жағдайда 8-10 жылдан соң ақталады. Сонымен қатар, тамшылатып суару технологиясын қолдану барысында, оны тұрақты күтіп, қадағалап тұруды қажет етеді. Сонымен қатар, тамшылатып суару технологиясын тек нақты жағдайларда ғана колдануға болады. Яғни оларды тұзды және тұздануға бейім жерлерде қолдануға болмайды. Жүйек ара суару технологиясын кез келген жағдайда қолдануға болады. Суармалы жерлердегі суды пайдалы пайдалану коэффициентінің көрсеткіші, суғару технологиясына байланысты өзгереді. Қазіргі таңда көп қолданыс тапқан суару технологиясы, жүйектеп суару болып саналады. Бұл технологияны қолдану барысында, суды суармалы жерлерде пайдалану коэффициенті 0,55-тен аспайды. Сондықтан, зерттеу нәтижелері, Аса-Талас алабындағы суару жүйелерінің ПӘК-нің мәні 0,3-0,35 шамасында болатындығын көрсетті. Аса-Талас өзендері алабындағы суару жүйелерінде ПӘК мәнінің төмендігі, олардың техникалық жағдайының нашар екендігін байқатып, 70%-ға дейін судың шығын болатындығын анықтауға мүмкіншілік туғызды. Шығын болған су, негізінен жер асты су қорын арттырып, олардың орналасу деңгейін жоғарылатады. Оны Жамбыл облысының суғармалы жерлерінің кадастрында келтірілген мәліметтер растайды. Кадастрда келтірілген мәліметтерді сараптау нәтижесінде, Аса-Талас өзендері алабында орналасқан 105,86 мың га жердің 9,1%-да жер асты суының деңгейі 1метрден жоғары екендігін көрсетті. Ал 54,1% cуармалы жерде жер асты суы 1-3 метр тереңдікте орналасқан. Сондықтан, 63,2% суармалы жердің мелиоративтік жағдайы мен сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне жер асты суы тікелей әсерін тигізеді. Жер асты суын Аса-Талас алабындағы суармалы жерлерде пайдалану шегі, олардың минералдылығы мен сапасына тікелей байланысты. Зерттеу мәліметтерін сараптау барысында, Аса-Талас алабындағы суармалы жерлердің 89,8% жер асты суының минералдылығы 3 г/л аспайтындығын көрсетті. Сондықтан, осынша жерде жер асты суын, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы нашарламауына байланысты, субирригацияға еркін пайдалана беруге болады. Жер асты суын субирригацияға кең көлемде пайдалану үшін, олардың иондар мен тұздар құрамын бағалап, сараптау қажет. Сараптау негізінде, жер асты суының минералдылығы Аса және Талас өзендерінің төменгі ағысында жоғары екендігі анықталды. Мысалы, Талас ауданының суғармалы жерлерінде жер асты суының минералдылығы 21,309 г/л жетеді. Жер асты суының ең төменгі минералдылығы Жамбыл ауданының суармалы жерлерінде орын алған. Бұл ауданның жер асты суының минералдылығының төмендігі мен сапасының жоғарылығы оны субирригацияға пайдаланған кезде, суғармалы жерде топырақтың тұздануы мен сортаңдану процессінің болмауын қамтамасыз етеді. Байзақ ауданының суармалы жерлерінде, жер асты суының минералдығы артып, сапасы төмендейді. Мысалы, Көкөзек аулының суғармалы жерінде, жер асты суының минералдылығы 3,199 г/л құрайды. Сондықтан, Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде топырақтың тұздануы мен сортаңдануы орын алып отыр. Сонымен зерттеу мәліметтері, Аса-Талас өзендері алабында ыза суларын субирригацияға пайдалану, каналадардың техникалық жағдайларын жақсарту, су үнемдегіш суару технологияларын пайдалау, суармалы жерлердің су ресурстарымен қамтамасыз етілу мөлшерін 30-35%-ға дейін арттыруға мүмкіншілік туғызатындығын көрсетті. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №12. Суармалы жерлерде ыза су режимін бақылау * Сумен қамтамасыз ету жүйелер * Ыза су режимін Негізгі суғару тәсілдері: жер бетімен суғару, жаңбырлатып суғару, топырақ астымеп (топырақ ішімен) суғару, тамшылатып және тұмандатып суғару. Суғару тәсілдерін және техникасын қолдану шарттары. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында қолданылатын суғару тәсілдері. Жер бетімен суғару. Суғару техникасы. Жер бетімен суғаруды жүзеге асырудың негізгі қағидалары. Топыраққа судың сіңу заңдылығы. Әр түрлі суғару техникасының топырақ қасиетіне және суды сіңіру үрдісіне әсері. Суғарудың сапасы. Жүйектеп және тақталап суғару. Суғарудың түрлері, оларды жүзеге асырудыц негізгі шарттары. Жүйектеп және тақталап суғарудың негізгі техникалық элементтері. Жүйектеп, көлдетіп, қашыртып және қашыртпай және тақталап суғарудың теориясы және есебі. Топыраққа есепті суғару мөлшерін беруді және танапты бірқалыпты ылғалдандыруды қамтамасыз ету. Суармалы егіншілікте танапты тегістеу маңызы. Жер бетімен суғарудың әр түрлі техникасына арнап танаптың бетін тегістеу. Әр түрлі суғару техникасы үшін тегістеу жұмыстарын жобалауға және өндіріске қойылатын мелиоративтік талаптары. Жүйекке және тақтаға су беруді ретгейтін қондырғылар. Танаптық құбыр желілерінің және суғару машиналардың көмегімен суды бөлуді автоматгандыру және механикаландыру. Суғару машималарыиың түрлері. Қолданылатын суғару түріне байланысты еңбек өнімділігі және оны арттыру жолдары. Жер бетімен суғаруды іске асыруға арналған суғару науалары және тұрақты суғару желілері. Жаңбырлатып суғару. Жасанды жаңбырлатудың негізгі қағидалары.Жаңбырлатқыш аппараттардың (саптамалардың) негізгі түрлері және олардың кемегімен жасалатын жаңбырдың сапалық көрсеткіштері: жаңбырдың қарқындылығы, тамшының ірілігі, жаңбырдың аудан бойынша бірқалыпты таралуы. Жасанды жаңбырдың сапасына қойылатып мелиоративтік талаптар. Жаңбырдың қарқындылығын топырақтың су өткізгіштігімен салыстыру. Жаңбырлатып суғарудың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері. Оларды қолдану үшін қажетті шаралар.Жаңбырлатқыш машиналар, агрегаттар, аппараттар, қондырғылар жәнеолардың жіктелуі. Қазіргі кезде қолданылып жүрген және болашақта қолданылатын жаңбырлатқыш машиналар. Олардың техникалық-өндірістік сипаттамалары. Жаңбырлатқыш машиналарға суды беру тәсілдері және оларда қолданылатын сорап қондырғылары. Кең ауқымды жаңбырлатқыш машиналарды қолданудың жәие пайдаланудың ерекшеліктері. Жаңбырлатып суғарудың есептері. Жаңбырлатқыш машиналардың еңбек өнімділігі. Жаңбырлатып суғару кезінде танапты тегістеуге қойылатын талаптар. Тұрақты, маусымдық-тұрақты жаңбырлатқыш жүйелері. Синхронды және импульсті жаңбырлату. Тұмандатып суғару. Негізгі қағидалары және ылғалдандыру техникасы, оларды қолдануға қажетті жағдайлар, суғару сапасы және тиімділігі. Тұмандатып ылғалдандырудың тұрақты жүйелері. Топырақ астымен (ішімен) суғару. Топыраққа су берудің негізгі тәсілдері. Суғару режимінің ерекшеліктері. Субирригацияның мәні. Ылғалдандырудың негізгі қағидалары және гехникасы. Тамшылатып суғару. Тамшылатып суғарудың мәні. Өсімдіктерге су берудің тәсілдері. Танаптық қу.бырлар желісі, ондағы су өтімдерін және арындарын реттеу. Тамшылатқыштар және оларды орналастыру. Тамшылатып суғаруды қолдану шарттары. Тамшылатып суғаруды қолданудың тиімділігі. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №13. Мелиоративтік жүйелерді жобалау * Суғару жүйелері * Мелиоративтік жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру Мәдени жайылымдарды суғару. Жайылымдардық жерлерін ұйымдастыру: орналасқан жері, жайылымның өлшемдері, қашарлар және т.б. Қашарларды орналастырудың негізгі сұлбалары. Жайылымдарды суғару үшін қолданылатын жаңбырлатқыш техникасы. Әр түрлі табиғи жағдайда өсетін шөптердің суғару тәртібі және оны шөптің оталу және өсу циклмен байланыстыру. Суғару желісінің сұлбасын өрістердің және жайылымдардың пішін үйлесімімен байланыстыру. Суды суғару үшін беру және суат алаңдары. Су қашыртқылау желісі. Арынды және арынсыз ыза суларының жақын орналаскан жағдайындағы кәрізді-коллекторлық желілердің ерекшелігі Шабындықты, табиғи жайылымдардарды және пішендік жерлерді суғару. Төгінді сулармен суғару. Төгінді сулардың түрлері және сапасы. Төгінді сулармен суғару ерекшеліктері. Суғару тәртібі және тәсілдері. Ауылшаруашылық дақылдарды төгінді сулармен суғаруға қойылатын тазалық-гигиеналық талаптар. Суғару желісі және ондағы құрылымдар. Жылыжайларды суғару. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №14. Жобалар жасау үшін жүргізілетін іздеулер мен тексерулер. 1. Жобалау-ізденіс жұмыстарын жоспарлау 2. Жобалау жұмыстары 3. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру Жобалау- ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Жобалық құжаттар, су қорларын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау талаптарына сай қазіргі заманғы, техникалық тұрғыдан жетілдірілген, үнемді, гидромелиоративтік және басқа су шаруашылығы жүйелерінің жаңартып қайта құруды жобалайтын жобалау- ізденіс мекемелері. Жобалау- ізденіс институттарының құрылымы, мамандануы және орналасуы. Жобалауға қажетті алғашқы мәліметтер. Жобалау-ізденіс жұмыстарын жоспарлау. Жобалау жұмыстарының көлемдері және жылдық, перспективтік бағдарламалар. Жобалау мерзімдері. Жобалық-сметалық құжаттарды жасаудың, жоспарлары және графиктері. Қаржыландыру тәртібі. Жобалау-ізденістік мекемелердің шаруашылық әрекеттерін жетілдіру. Жобалаушы инженердің жұмыс орнын жабдықтау және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Жобалау жұмыстарын автоматтаиндыру жүйесі. Компьютерді және компьютерлік жүйелерді қолдану. Жобалық сметалық құжаттарды көшіру және көбейтудің қазіргі заманғы әдістері. Ізденіс жұмыстары. Әр түрлі инженерлік ізденістерді ұйымдастыру және жоспарлау. Ізденіс жұмыстарының нормативтік құжаттары. Ізденіс жұмыстарын орындаушы, тапсырма, келісім және рұқсат алу. Ізденіс жұмыстарын атқаратын бөлімдер және оны баскару. Ізденіс жұмыстарын табиғатты қорғау талаптарымен келісе отырып орындау. Жобалау жұмыстары. Жобалау кезеңдері және жобалық-сметалық кұжаттарды жасаудың әдісі, Жобалық жұмыстардың әр кезеңдегі құрамы, мазмұны және көлемі. Жобалаудың жеке тарауларына қойылатын талаптар. Жаңартып кайта құрудың сметалары. Жобаланатын нысанның немесе су шаруашылығы жүйесінің технико-экономикалық көрсеткіштері және тиімділігі. Жобалау-сметалық құжаттардың мазмұнына және құрамына қойылатын талаптар. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру. Жобаның бас инженеріне белгіленген міндеттер. Жобалық-ізденіс жұмыстарының орындалу тәртібі және реті. Жобалауға берілстін тапсырма. Алғашқы мәліметтсрді жинау, зертгеу және саралау. Тиімді нұсқаларды тапдап алу. Жобалық шешімдерді экспертизадан өткізу және талқылау мерзімдері Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001 Дәріс №15. Топырақ эрозиясының түрлері. * Топырақ эрозиялары Жер топырақтан жасалған бөгеттер. Жер топырақтан жасалған бөгеттердің түрлері және оларды топтастыру. Бөгеттің табанынан және денесі арқылы сіңу. Сіңуді есептеу тәсілдері. Беткейлердің тұрақтылығы. Тұрақтылықты есептеу.Жер-тасты және үлісінді-тасты (бос тасталған тастар) бөгеттер. Бөгеттердің конструкциялары және түрлері. Бөгет денесіндегі және табанындағы сүзілуге қарсы элементтер. Сүзілу есептерінің ерекшеліктері. Негізгі әдебиет: 1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г 2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г Қосымша әдебиеттер: 1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М. 2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005.. 3. Агроклиматические бюллетени. - Омск, Омское территориальное управление, 2001
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz