Файл қосу
Жалпы химиялық технология курсын оқытудың әдістемелік аспектілері пәнінің магистранттарға арналған бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-34.1.72/02-2014 ПОӘК <<<<Жалпы химиялық технология>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері>> пәнінің магистранттарға арналған бағдарламасы 11.09.2014 ж. № 1 басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<<<Жалпы химиялық технология>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері>> 6М011200 - <<Химия>> мамандығы үшін МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНГЕН Құрастырушы _______ <<__02__>>___09____2014 ж. А.К. Сапакова, б.ғ.к., доцент м.а., <<Химия және география>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Химия және география>> кафедрасының отырысында <<__02___>>___09______2014 ж., № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі _________ Д.Р. Онтагарова 2.2 Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында <<__03___>>____09_______2014 ж., №1 хаттама Төрайымы_________ З.В.Абдишева 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған <<___11__>>___09______2014 ж., №1 хаттама ОӘК төрайымы ____________ Г.К. Искакова 4. АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛІП ОТЫР Мазмұны * Жалпы ережелер * Оқу пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарды бөлу * Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар * Курс форматы * Курс саясаты * Баға қою саясаты * Әдебиет * ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер: Сапакова Айгуль Касенкановна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент м.а. Химия және география кафедрасы Байланыс ақпараты - тел: 77-33-58, оқу ғимараты №3, кабинет №418 Сабақ өткізу орны - дәрісхана № 407 Берілген пән бойынша кредиттер саны - 4 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: <<Жалпы химиялық технология>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері пәні магистранттарды дайындау барысында маңызды орын алады және <<Химия>> мамандығында оқитын магистранттар үшін кәсіптік пәндер блогының таңдаулы бөлігі болып табылады<<Жалпы химиялық технология>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері құралы шығармашылық ойлау, магистранттарға ғылыми көзқарас қалыптастыру, химияның өмірмен байланысын ашу, болашақ ғылыми маманды теориялық және профессионалды дайындықтын жоғары білім деңгейімен қаруландыру, белсенді ғылыми-педагогикалық әрекет үшін білім мен білікті қалыптастыруға көмегін тигізуі керек. Бұл пәнде магистранттар химиялық технологияны жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа технологияларын оқып меңгереді. 1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: магистранттарды химиялық технологияның қазіргі заманғы мәселелерінің методологиялық аймақтарында, қазіргі заманғы ғылым мен өндіріс жағдайының деңгейінде оқу, нақты химиялық өнеркәсіп өнімдерін алу мен қолдану мүмкіндіктері мен химиялық технологияның дамуының жаңа бағыттарындағы білімдермен қаруландыру. 1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: химиялық технологияның жалпы тұжырымдарын және теориялық, ғылыми негіздерін; негізгі өндірістердің ерекшеліктерін, әсіресе орта мектептердің химия бағдарламасының негізінде қарастырылатын; шикізат және энергетикалық мәселелерді: өндіріс процесстеріне шикізат пен энергия түрлерін тандау және комплексті қолдану; судың химиялық өндірістеріндегі ролі және оның дайындығын; өндіріс тастауларды тазарту және табиғатты қорғау туралы жалпы мәліметтерді; химиялық технологияның саласының қазіргі күйін; өндірістерде қолданылатын шикізат көздерін және өндірістерді әрі қарай дамытуының перспективаларын. 1.5 Оқып-білудің нәтижелелері: Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды: * әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру; * зертханалық жұмыс техникасын меңгеруі; * синтезді жүргізуге қажетті есептеулерді жүргізе білуі; * теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыра білуі; * өндірістің кемшіліктері мен артықшылықтарын ажырата білу, оның перспективасы мен технологиядағы жаңа жеткіліктерін; заттардың концентрациясы мен шығымын есептеу; * органикалық және бейорганикалық заттарды алу әдістерін оқығанда алғашқы химия курсында алынған білімдерін қолдана білу; * заттардың қасиеттерін, қайтымды процесстердің ығысу жағдайларын меңгеру тиіс; * тәжірибиенің нәтижелерін сандық өндеу және зерттеулерді өткізу жөніндегі дағдылары мен шеберліктерін үйрену; * түзілген өнімдердің және химиялық шикізаттың анализдеуінің қазіргі әдістерінің қолданылуын білу тиіс; * химиялық-технологиялық есептерді шығару білу тиіс; * диаграммалар мен графиктерді тұрғызу білу тиіс; * принципиалді химиялық өндірістердің сызбаларын дайындау білу тиіс. 1.6 Курстың пререквизиттері: 1.6.1 бейорганикалық химияның теориялық негіздері 1.6.2 периодтық жуйедегі элементтер химиясы 1.6.3 аналитикалық химия, 1.6.4 физикалық химия 1.6.5 органикалық химия 1.6.6 химиялық синтез 1.7 Курстың постреквизиттері: 1.7.1 Қазіргі таңдағы химияның өзекті мәселелері 2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 1 кесте № т/б Тақырыптың атауы Сағаттар Әдебиет Дәріс ПС ОБӨЖ БӨЖ 1. <<Шикізат, энергия, су>> тақырыбын оқыту әдістемесі. 4 6 4 10 7.1.1-7.1.14 2. Табиғатты қорғау және өнеркәсіптік қалдықтарды тазалау. 2 - 2 6 7.1.1-7.1.14 3. Химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын оқыту әдістемелері. 4 2 4 10 7.1.1-7.1.14 4. Күкірт қышқылын өндіру оқыту әдістемесі. 2 2 2 6 7.1.1-7.1.14 5. Аммиак синтезі мен азот қышқылын өндіру оқытудың әдістемелік аспектері. 2 2 2 10 7.1.1-7.1.14 6. Минерал тыңайтқыштар мен улы химикаттарды өндіруді оқыту. 2 2 2 6 7.1.1-7.1.14 7. Металлургия процестерді оқыту. 2 2 2 8 7.1.1-7.1.14 8. Силикатты материалдарды өндірудің оқыту әдістемесі. 2 4 2 8 7.1.1-7.1.14 9. Отынды химиялық жолмен өндеу оқытудың әдістемелік аспектілері. 4 6 2 8 7.1.1-7.1.14 10. Өнеркәсіптік органикалық синтезді оқыту әдістемелері. 2 2 4 10 7.1.1-7.1.14 11. Жоғары молекулалық қосылыстар өндеуді оқыту. 4 2 4 8 7.1.1-7.1.14 БАРЛЫҒЫ: 30 30 30 90 3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР <<Жалпы химиялық технология>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері>> пәнің оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, практикалық жұмыс және БӨЖ - білім алушының өздік жұмысы. Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикалық сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдармен таңысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады. 4 КУРС ФОРМАТЫ <<<<Жалпы химиялық технология>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері>> - 4 кредит. Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ аптасына 2 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа қатысуға магистрант міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар магистрантты өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физико-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес магистрант практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді. 5 курс саясаты Магистрант пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды. Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген <<Жалпы химиялық технология>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері>> пәні бойынша балдардың таралуы 2 кесте Апта Бақылау түрі Балдардың барлығы Қосымша 1-7 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді Практикалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау) 2 Сильвиниттің флотациясы. 20 Практикалық сабақта 3 Алюмотермиялық әдіспен металл мен екікомпонентті құймаларды алу. 20 Практикалық сабақта 4 Судың анализі. 20 Практикалық сабақта 5 Судың анализі. 20 Практикалық сабақта 6 Иондық әдіспен суды жұмсарту. 20 Практикалық сабақта 7 Межелік бақылау №1. 90 Сабақ кестесіне сәйкес Білім алушылардың өздік жұмысы 4 * <<Химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын оқыту әдістемесі>> тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жазабаша түрде жауап беру және глоссарий құрастыру: * Әрекеттесуші заттар концентрацияларының химия-технологиялық процесінің жылдамдығына және гомогенді, гетерогенді процестердегі мақсатты өнімнің шығымына әсері. * Гидродинамикалық жағдайдың процесс жылдамдығына әсері. * Макрокинетика негіздері. Кинетикалық, диффузиялық, аралық процестердің өту аймақтары. * Гетерогенді, каталитикалық емес процестерді интенсивтендіру әдістері. * Жоғары температуралық гетерогенді процестер. * Гетерогенді процестердегі: газ - сұйықтық (Г-С), сұйықтық - қатты зат (С-Қ), газ - қатты зат (Г-Қ), көп фазалы процестердегі масса араласу заңдылықтары. 2. <<Шикізат, энергия, су>> тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (20 сұрақтан, 5 жауабымен). 3. <<Қазақстандағы химиялық өнеркәсіптің экологиялық мәселелері>> тақырыбы бойынша реферат жазу. 40 Сабақ кестесіне сәйкес 6 1. <<Аммиак синтезі мен азот қышқылын өндіру оқытудың әдістемелік аспектері>> тақырыбы бойвнша келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру және глоссарий құрастыру: * Табиғи газдан сутекті және азотсутек қоспасын өндіру. * Кинетикалық теңдеулер. * Жоғары температура мен жоғары қысымда жұмыс істейтін каталитикалық реактордың құрылысы. * Өнеркәсіптік катализаторлар. * Платина құймасынан жасалған торлары бар контактілі аппараттардың құрылысы. * Азот (ІІ) оксидінің гомогенді тотығуы мен азот оксидтер адсорбциясының гетерогенді процесті бірге өткізу жағдайлары. * <<Минерал тыңайтқыштар мен улы химикаттарды өндіруді оқыту>> тақырыбы бойынша кластер құрастыру. * /7.1.14 / тақырыптық жеке есептерді шығару. 40 Сабақ кестесіне сәйкес 1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы 30+270 8-15 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді Практикалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау) 8 Калий хлоридін сильвиниттен бөліп алу және оның анализі 15 Практикалық сабақта 9 Суперфосфатты алу және оның анализі. 15 Практикалық сабақта 10 Оңай балқитын шыныларды алу. 15 Практикалық сабақта 11 Ауа ізбесін алу және оның сөндірілу жылдамдығын анықтау. 15 Практикалық сабақта 12 Қатты отынның анализі. 15 13 Керосинның фракциондық құрамын анықтау. 15 Практикалық сабақта 14 Фенолформальдегид смолаларды алу. 10 Практикалық сабақта 15 Межелік бақылау №2 90 Сабақ кестесіне сәйкес Білім алушылардың өздік жұмысы 10 1. <<Металлургия процестерді оқыту>> тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру және глоссарий құрастыру: * Домна пешінің құрылысы. * Домна өндірісіндегі шикізат. * Регенераторлар және олардың маңызы. * Мартен пешінің құрылысы. * Алюминий және оның құймалары 2. <<Силикат өндірісі>> тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (20 сұрақтан 5 жауабымен). 3. Портландцемент өндірісінің технологиялық нұсқасын ұсыну. 40 Сабақ кестесіне сәйкес 14 * <<Отынды химиялық жолмен өндеу оқытудың әдістемелік аспектері>> тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру және глоссарий құрастыру: * Кокс газын өндеудегі конденсация, хемосорбция және адсорбция процестері. * Шикізаттың құрылысына, құрамына байланысты термиялық крекингінің оптимальді жағдайының таңдалуы. * Каталитикалық крекингінің көп сатылы және көп фазалы химиялық процесінің физика-химиялық қасиеттері. Оптимальді режимді таңдау. * Каталитикалық риформинг әдісімен жоғары октанды бензин мен ароматты көмірсутектерді өндіру. Қолданылатын катализаторлар. Химиялық реакциялар. * Табиғи және мұнай газдарын отын және химиялық шикізат ретінде қолдану. * <<Өнеркәсіптік органикалық синтез>> тақырыбы бойынша кластер құрастыру. * <<Жоғары молекулалық қосылыстар>> тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (20 сұрақтан, 5 жауабымен). 40 Сабақ кестесіне сәйкес 15 Межелік бақылау 2- 8-15 апта дәріс материалдары бойынша кешендік тестілеу 90 б. Сабақ кестесіне сәйкес 8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы 30+270 Емтихан балдарының барлығы 400 Академиялық мерзімде балдардың барлығы 1000 Магистранттардың білім бағалау шкаласы: Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Проценттік мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға А 4,0 95-100 Өте жақсы А- 3,67 90-94 -<<- В+ 3,33 85-89 Жақсы В 3.00 80-84 75-79 -<<- В- 2,67 -<<- С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық С 2,00 65-69 -<<- С- 1,67 60-64 -<<- Д+ 1,33 55-59 -<<- Д 1,00 50-54 -<<- Ғ 0,00 0-49 Қанағаттанарлықсыз * ӘДЕБИЕТ 7.1 Негізгі әдебиет o Бишімбаева Г.Қ. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы: [Оқу құралы] / Г.Қ. Бишімбаева; Букетова А.Е.- Алматы: [Бастау], 2007.- 241б. o Москвичев Ю.А. Теоретические основы химической технологии: учеб. пособ.для студ. сред. проф. образования / Ю.А. Москвичев; А.К.Григоричев, О.С.Павлов.- М.: Академия, 2005.- 271 с. o Кутепов А.М. Общая химическая технология: учеб. для вузов / А.М. Кутепов; Т.И.Бондарева, М.Г.Беренгартен.- 3-е изд., перераб.- М.: Академкнига, 2007.- 528 с. o Ахбердиев Ә. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары: оқу құралы / Ә Ахбердиев; Ш.М. Молдабеков.- 1-ші бөлім.- Алматы: Респ. баспа кабинеті, 1993.- 302 б. o Ахбердиев Ә. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары: оқу құралы / Ә Ахбердиев; Ш.М. Молдабеков.- 2-ші бөлім.- Алматы: Респ. баспа кабинеті, 1994.- 183 б. o Қайырбеков Ж.Қ. Жалпы химиялық технология: оқу құралы / Ж.Қ. Қайырбеков, Е.А. Әубәкіров, Ж.К. Мылтықбаева.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2009.- 243 б. o Химиялық технология негіздері: оқу құралы / Ы, Қ. Тойбаев, Қ.А. Жұбанов, Ү.Ә. Садықов, Ә.Қ. Қоқанбаев.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 349 б. o Мәулібаева Р. Химия технологиясының аппараттары және процестері (әдістемелік нұсқау): оқу құралы / Р. Мәулібаева.- Астана: Фолиант, 2011.- 103 б o Химиялық технология негіздері: оқулық / Ы.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов, Ү.Ә.Садықов ж.б.- Алматы: Дәуір, 2011.- 295 б. o Ахмеджанов Т.К. Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы: оқулық / Т.К. Ахмеджанов, А.Т. Қартбай, Б.Т. Ақашев.- Алматы: Дәуір, 2011.- 463 б. o Құлажанов К.С. Органикалық заттардың химиялық технологиясы: оқулық / К.С. Құлажанов; О.А.Алмабеков, Ә.М. Нұралы; ҚР БҒМ.- Алматы: Дәуір, 2012.- 326 б. o Химиялық технология практикумы [Электрондық ресурс] / Х.Б.Омаров, З.Б.Сагиндыкова, М.И.Байкенов, З.Б.Әбсәт.- Қарағанды: КарГУ, 2004.- 1 эл.диск. o Ключников н.Г. Практические занятия по химической технологии. - М.: Просвещение, 1978. -223 с. o Решетников П.А. Сборник примеров и задач по основам химической технологии. - М.: Просвещение, 1973 г. 7.2. Қосымша әдебиет 7.2.1 Процессы и аппараты химической технологии: Учебное пособие / Под ред. А.А.Захаровой.- М.: Академия, 2006.- 522 с. 7.2.2 Бишимбаева Г.К. Химия и технология нефти и газа: учеб. пособ. / Г.К. Бишимбаева; Букетова А.Е., Надиров Н.К.- Алматы: [Бастау], 2007.- 279 с. 7.2.3 Белоцветов А.В. Химическая технология: учебник для хим. специальностей / А.В. Белоцветов; С.Д. Бесков, Н.Г. Ключников.- 4-е изд., перераб.- М: Просвещение, 1976.- 319с. 7.2.4 Мухленов И.П. Основы химической технологии: учеб. пособие / И.П Мухленов; В.Д.Тамбовцова, А.Е. Горштейн.- М: Высш. школа, 1968.- 336 с. 7.2.5 Лабораторный практикум по общей химической технологии: учеб. пособие / под общ. ред. В.С.Бескова.- М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2010.- 278 с. 7.2.6 Кондауров Б.П. Общая химическая технология: учеб. пособие / Б.П. Кондауров; В.И. Александров, А.В. Артемов.- М.: Академия, 2005.- 333 с. 7.2.7 Тимофеев В.С. Принципы технологии основного органического и нефтехимического синтеза: учеб. пособие / В.С. Тимофеев, Л.А. Серафимов, А.В. Тимошенко.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: Высш.шк., 2010. 7.2.8 Сулименко Л.М. Общая технология силикатов: учебник / Л.М. Сулименко.- М.: ИНФРА-М, 2004.- 335 с. 7.2.9 Бесков В.С. Общая химическая технология и основы промышленной экологии: учебник / В.С. Бесков; В.С. Сафронов.- М.: Химия, 1999.- 466с. 7.2.10 Алтухов К.В. Химическая технология. - М.: Просвещение, 1985 - 304 с.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz