Файл қосу
Электростатикалық өріс энергиясы. Бөгде күштер
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В072300 - <<Техникалық физика>> мамандығы үшін <<ФИЗИКА 1>> СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырушы - Желдыбаева Балғын Сембаевна <<Физика>> кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Физика>> кафедрасының отырысында №10 хаттама, 25.06. 2014. Кафедра меңгерушісі _______ п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С. 2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында №6 хаттама, 26.06. 2014. Төраға ________ Батырова К.А. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып және баспаға ұсынылды № хаттама, 2014 ж. ОӘК төрағасы ________ Искакова Г.К. 4 11.09.2013ж. ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны * Жалпы мағлұматтар * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу. * Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау * Курстың форматы * Курстың саясаты * Баға қою саясаты * Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат Желдыбаева Балғын Сембаевна, физика кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. Кафедра <<Физика >> Байланыс туралы ақпарат - тел. 77-33-58, №1 оқу корпусы, №1110 ауд. Сабақты жүргізу орыны - 11-ші қабат аудиториялары Осы пән бойынша кредит саны - <<Физика 1>> - 3 кредит + Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы Физика 1 Механика. Кинематика. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік тербелістер. 1.3 Курстың мақсаты: Физиканың осы курсының негізіне физикалық эксперименттер мен тәжірибелердің нәтижесінде тұжырымдалған математикалық деңгейдегі физикалық теорияларды; Физикадағы эксперименттер кезінде қолданылатын басты бақылаулар, өлшеулер әдістерін; қазіргі техникада физикалық құбылыстар мен заңдардың қолданылуын таныстыру жатады. 1.4 Курстың міндеті: студенттердің алған теориялық білімін практикада физикалық және техникалық есептерді шығаруда қолдана білуге үйрету, олардың математикалық өрнегін беру. 1.5 Пәнді оқу барысында студент білуі қажет: * негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді игеруі қажет. * физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді түсінуі және олардың математикалық өрнектелуін білуі қажет. * негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын меңгеруі қажет. * Физикалық приборлармен жұмыс істеуді, белгіленген мерзімде физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуі керек. игеріп алуға: механика, арнайы салыстырмалылық теориясы, тербелістер мен толқындар, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, электрстатика, тұрақты электр тогы, магниттік өріс, электрмагниттік тербелістердің негізгі заңдылықтары туралы білімдерді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарын, шамаларын, олардың математикалық өрнектелуін және өлшеу бірліктерін, эксперимент жасаудың және өлшеу нәтижелерін өндеудің негізгі әдестерін, нақты есептердің мазмұнының физика заңдарымен сәйкестігін табу, негізгі физикалық приборларды пайдалануды; меңгеріп алуға: құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, физикалық негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, физикалық құбылыстарды, олардың математикалық өрнектелуін, олардың казіргі өндіріспен ғылымдағы орны мен ролі; істей білу: * статистикалық әдісті қолдана білуі; * құралдар мен жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі; * нақты есептердің мазмұнының физиканың жалпы заңдарымен дұрыс сәйкестігін табу және физикалық шамаларының ретін дұрыс бағалау; * процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижелерін бағалай білуі және және нәтиженің статистикалық нәтижесін ала білуі; * физика курсының есептерін шығара білуі. 1.6 Курс пререквизиттері: * Математикалық анализ, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер, аналитикалық геометрия және жоғарғы математика, векторлық және тензорлық анализ негіздері. 1.7 Курс постреквизиттері: Электртехника, жылу техникасы. 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІНЕ САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ № Тақырыптың аты және оның мазмұны Сағаттар Әдебиеттер Дс Зс Пр СОӨЖ СӨЖ 1 Модуль 1. Дәріс № 1. Кинематика. Механикалық қозғалыс - материя қозғалысының қарапайым үлгісі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте туралы түсінік. Материялық нүкте қозғалысының сипат-тамасы. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық пен үдеу радиус-вектордың уақыт бойынша туындылары. Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу. Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың меха- никалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы. 1 1 1 1 4,5 Н.Ә. 7.1.1 -1 тарау, 6-13 беттер 2 Дәріс № 2 Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Энергия - әр түрлі көріністегі формалы қозғалыстар мен өзара әсерлесудің әмбәбап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланысы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект. 1 1 1 1 4,5 Н.Ә. 7.1.2 -1 тарау, 5-12 беттер 3 Дәріс №3. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы. Релятивистік динамика. 1 1 1 1 4,5 4 Дәріс №4. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеал және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Стокс өрнегі. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы. 1 1 1 1 4,5 Кесте 1. 5 Дәріс №5. Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс. 1 1 1 1 4,5 6 Дәріс №6. Статистикалық физика және термодинамика. Молекула - кинетикалық теорияның элементтері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Темпера-тураның молекула -кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі. 1 1 1 1 4,5 7 Дәріс №7. Термодинамика негіздері. Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потенциалдар. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы. Энтропияның күй ықтималдығымен байланысы. Сызықты емес жүйелерінің энтропиясы. Өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелер. 1 1 1 1 4,5 8 Дәріс №8. Тасымалдау құбылысы. Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия, тасымалдау құбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері. Нақты газдар. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекулалардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте. 1 1 1 1 4,5 9 Дәріс №9. Электростатика. Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сиымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сиымдылығы. 1 1 1 1 4,5 10 Дәріс №10. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Диэлектикердің түрлері. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлектриктін шекарасындағы шарттар. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаторлардың және өткізгштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы. 1 1 1 1 4,5 11 Дәріс №11. Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр өрісі. 1 1 1 1 4,5 12 Дәріс №12. Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда іс-телетін жұмыс. Заттағы магнит өрісі. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы. 1 1 1 1 4,5 13 Дәріс №13. Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукция коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы. 1 1 1 1 4,5 14 Дәріс №14. Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярляқ потенциалдар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы. 1 1 1 1 4,5 15 Дәріс №15. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Динамикалық хаос. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Электромагниттік толқынның қасиеттері. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы. 1 1 1 1 4,5 * ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта пәннің оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады. Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ - қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар. <<Физика 1>> пәнін оқытуға қатыстылар: - оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау; - лекция материалдарымен жұмыс жасау және лекцияға дайындалу; - семинар сабақтарына дайындалу. 3.1 Әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау: 3.1.1 Әдебиеттен қажетті материалдың тарауын тауып, студент оны оқып және оқыған әрбір абзацына ат қояды. Егер студент абзацқа ат қоя білсе, онда оның сол абзацты түсінгенін көрсетеді. 3.1.2 Осы абзацтағы материалды конспекті жасап, студент келесі тексттің абзацна көшеді. 3.1.3 Егер студент тексттің әр абзацна ат беруге қиналса, онда материалдың мөлшерін үлкейтуге болады. Сонда студент материалды конспекті жасап, оған ат беруі мүмкін. Сөйтіп параграфтың барлық текстін өтуі керек. 3.1.4 Осылайша материалды оқып және конспекті жасап, текстке қатысты сұрақтарға жауап беруі қажет. 3.1.5 Егер текстке қатысты сұрақтар жоқ болса, онда өзінің оқыған материалдары бойынша сұрақтарды өзі құрастыруы керек. 3.1.6 Соңында студенттің параграф бойынша оқығған материалдарын мазмұндап бергені тиімді. 3.2. Дәріске дайындық 3.2.1 Қолдарыңыздағы жұмыс бағдарламасында пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, негізгі әдебиеттер тізілген, дәріс сұрақтары берілген, зертхана жұмыстарының аттары, практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген. 3.2.2 Сабақ кестесі сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады. 3.2.3 Дәріс кезінде белсенді түрде жұмыс істеуге дайындық жасау үшін көрсетілген әдебиет бойынша дәріс материалын өзбетіңмен оқуың қажет, тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді қарастыру қажет, өз ойыңыз бойынша негізгі мәселелерді көрсете отырыпқысқаша конспект жазу керек, оқытушыға тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек. 3.2.4 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз конспектіңізді толықтыруыңызға мүмкіндігіңіз бар, өз сұрақтарыңызға жауап алуыңызға болады. Өз конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы емтиханды және курстың соңында өткізілетін мемлекеттік емтиханды тапсыратын боласыз. 3.3 Практикалық сабаққа дайындық 3.3.1 Практикалық сабаққа дайындалу үшін сізге бақылау сұрақтары белгілі, осы сұрақтардың жауабын білу қажет. 3.3.2 Сабақ кезінде шығарылатын есептер нөмірлері белгілі болғандықтан, ол есептерді өз бетіңізбен шығаруға тырысыңыз, себебі сабақ кезінде осы жұмыс үшін балл алуға болады. 3.3.3 Егер есептерді шығара алмасаңыз, ұсынылған, физикалық есептердің шығару жолдары көрсетілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыз. 3.3.4 Практикалық сабақтар кезінде, СОӨЖ - да қосымшаларда шығарылған есептерде сізге өз бетімен жұмыс тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. 3.3.5 Практикалық сабақ кезінде есепті шешуге ұсынылған әр қадам 1 баллға бағаланады. 3.3.6 Есепті шығарудағы өз бетімен жұмыс 5 баллға бааланады. 3.3.7 Практикалық сабақ кезінде тест бойынша жауап алу жүргізілуі мүмкін, әр сұрақ 1 баллға бағаланады. 3.3.8 Барлық алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады. 3.4 Зертханалық сабаққа дайындық 3.4.1 Студентке жұмыстардың тақырыбы мен әдебиеттер тізімі белгілі. Студент жұмыс дәптеріне конспект жасауы қажет, бақылау сұрақтарына жауаптар жазуы қажет. 3.4.2 Сабақ кезінде студент оқытушының қойған сұрақтарына жауап беріп, содан соң жұмысты орындауға рұқсат алуы қажет. 3.4.3 Өлшеулерді өте мұқият жүргізіп, студент жұмыс дәптерінде кестені толтырады және өлшеу нәтижелеріне математикалық өңдеу жасайды. Жұмыста қорытынды жасайды. 3.4.4 Жеке дәптерде жұмыс бойынша есеп жасайды. 3.4.5 Зертханалық жұмыстың орындалуы, есебі, қорғауы балмен бағаланады. 3.4.6 Барлық жұмыстар бойынша алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады. 4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, практикалық сабақтарына дайын болуы керек. Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламасы (syllabus), өз бетімен жұмысқа әдістемелік құралдар, дәріс конспектілері бар. Студент барлық аудиториялық сабақтарға және СОӨЖ-қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар. Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына және семинарларға дайын болуы керек. Студент сабақты босататын болса оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы керек. Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады. СОӨЖ - ге сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша студент баяндама жасауына болады. 5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ Оқытушы талабы. Студенттің сабаққа қатысуы міндетті түрде. Егер студент үш сабаққа қатыспаса ол емтихан тапсыруға жіберілмейді және автоматты түрде сол пәннен кредит есептелінбейді. Сабаққа кешігу немесе сабақ аяқталмастан кетіп қалу сабаққа келмеген деп есептелінеді және оны қайта орнына келтіруге болмайды. Сонымен қатар студент практикалық және зертханалық сабақтар кезіндегі белсенділік танытуға, үй жұмысы мен СӨЖ-н және т.б. орындауға міндетті. Сабаққа кешігуге және сабақтан кетуге. Сабақ кекзінде ұялы телефонды пайдалануға. Өтірік айтуға, біреудің атын жамылуға, тапсырмаларды уақытында орындамауға тиым салынады. Осы ережелерді орындамау оқытушы талабының бұзылғаны болып табылады. СӨЖ тапсырмалары 1-2 және 8-9 апталарда беріледі. СӨЖ тапсырмаларын қабылдау 7 және 15апталарға дейін. Берілген уақыттан кеш тапсырған студенттің тапсырмалары қабылданбайды. Студентке қойылатын талаптар: Сабаққа қатысу: Дәріс, практикалық сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тақырып бойынша жауап беруіңіз керек. Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз" деген баға қойылады. Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіліп бағаланады. Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады. Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз" деген баға қойылады. Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек. Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ. <<Физика 1>> пәні бойынша балдардың бөлінуі 2- кесте Апталар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 баллдар Аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу (1-7) және (8-15) апталарда 60 Дәрістер Машықтану 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 100 Зертханалық 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 100 СОӨЖ 20 20 20 20 80 СӨЖ 20 20 20 20 20 20 120 Межелікбақылау 70 70 140 Барлығы 40 40 20 40 130 40 20 40 20 40 110 540 Студенттің пәнді меңгергенін оқытушы бағалайды. Студенттің жұмысын бағалаудың төрт мүмкін деңгейі қарастырылады: Репродуктивтікөмектесу арқылы (тану, қайталау); Репрадуктивті көмексіз (есте сақтау және типтік есептердішығаруға қолдану); Эвристикалық (типтік емес, қиын есептерді шығару); Шығармашылық (оқу-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында проблемалық есептерді шығару. Осы білім деңгейіне сәйкес балдар қойылады. 7 ОҚУЛЫҚТАР 7.1 Негізгі оқулықтар 7.1.1 Трофимова Т.И. Курс физики, М., Высшая школа, 1987-1999 г. o Савельев И.В. Жалпы физика курсы І, ІІ. - А: Мектеп 77 ж. (Аударма). 7.1.3 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, А., Мектеп, 1974ж. o Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991ж. o Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Паримбеков З.А. Физикадан лабораториялық практикум. Семей, 1995ж. o Сивухин Д.В. Общий курс физики. М., Наука, 1977-1986г. o Шпольский Э.В. Физика: Учебное пособие в 2-х томах.-М.: Наука,1984, т.2-438 с. o Сборник задач по общему курсу физики. Физика. Под ред. Сивухина Д.В.-М.: Наука,1981 г. o Иродов И.Е. Задачи по общей физике.М.: Наука,1988г. o Кортнев А.В., Рублев Ю.В., Куценко А.Н. Практикум по физике, М.: ВШ, 1965 o Иродов И.Е. Физика. Сборник задач: Учебное пособие.-СПб: изд. <<Лань>>, 2002.-288 с. o Иродов И.Е. Физика. Основные законы.-М.: Вш,1988 г. o Савельев И.В. Сб.вопросов и задач по общей физике. Учебное пособие.-М.: Наука.1982.-272 с o Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики.-М.: ВШ., 1989.-608 с. + Қосымша o Дж. Орир Физика в 2-х томах, Москва, Мир, 1989г. 7.2.2 Берклеевский, Курс физики, 1-6 томы, Москва, Наука, 1971-1978г. o Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физике, М., Высшая школа, 1988г. o Мелешина А.Л. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968г. o Беликов Б.С. Решение задач по физике, №4, Высшая школа, 1986г. o Физ. Практикум под редакцией Ивероновой В.И., М., Наука, 1968г. o Савельев И.В. Курс общей физики. Книга 5. М.: Наука,1998.368 с. o Корсунский М.И. М.: Наука,1967. o Физический практикум. Под ред. В.И.Ивероновой.-М.: Наука,1968 o Майсова Н.Н. Практикум по курсу общей физики. Росвузиздат, 1963 o Руководство к лабораторным занятиям по физике. Под ред. Л.Л.Гольдина.-М.: Наука,1973 o Взоров Н.Е. и др. Сборник задач по общей физике,-М.: Наука,1968 г. ч.5. o Батракова Л.М. и др. Программа вопросов с выборочными ответами для изучения курса физики. Ч.2. Алма-Ата,1979 o Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике-М.: Вш,1988, гл.8
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz