Файл қосу
Мәліметтер қорын программалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ семей қаласының шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-39.1.ХХ/02-2013 ПОӘК Студенттерге арналған <<Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер>> пәнінің бағдарламасы _______________ №__ басылым 5В011100 - <<Информатика>> мамандығына арналған <<Мәліметтер қорын программалау>> ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 АЛҒЫ СӨЗ * ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырған:___________ Каженова Ж.С., информатика кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистры. <<28>> тамыз 2013 ж. * ТАЛҚЫЛАНДЫ + Семей қаласының Шәкәрім мемлекеттік университетінің информатика кафедрасының отырысында талқыланды Хаттама №1, <<11>> қыркүйек 2013 ж. Кафедра меңгерушісі _________________ Абишова А.А. 2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды. Хаттама №1, <<12>> қыркүйек 2013 ж. Төрағасы __________ Батырова Қ.А. 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды. Хаттама №1 <<18>> қыркүйек 2013 ж. Оқыту әдістемелік кеңесінің төрағасы___________ Искакова Г.К. 4.БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ МАЗМҰНЫ * Жалпы мағлұматтар * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу * Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар * Курс форматы * Курс саясаты * Баға қою саясаты * Әдебиеттер ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мағұлматтар Каженова Жанар Сабыртайқызы, информатика магистры Информатика кафедрасы Байланыс ақпараттары: тел.: 36-01-50, №3 оқу ғимараты, №102 кабинет. Сабақ өтетін орын - аудитория №206. Кредиттер саны - 3 + Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы: Қоғамның қазіргі даму деңгейі компьютерлік техниканы, жаңа ақпараттық технологияны, телекоммуникацияны, құжат байланыстарының жаңа түрлерін кең қолданумен сипатталады. Осыған байланысты мәліметтер қорын программалау технологиясын оқыту болашақ мамандарды даярлаудың ажырамас элементі болып табылады. Курс студенттерге мәліметтер қорын құрудың құпияларын тануға және қарапайым қолданбаларды құру барысында қызықты программалауға тартуға қажет және мәліметтер қорының компоненттерін: кестелер, формалар, есептер және т.б. құру қадамдарын жасау құралдарын қарастырады. Access-те орындалған мәліметтер қорын құрудың жалпы мәселелері мен қырлары талқыланады. Мәліметтер қорының объектілерінің құрылымдарын оптимизациялау бойынша бірқатар кеңестер беріледі. Курс барысында объектті-бағдарланған программалау негіздері қарастырылады. Сол сияқты объектті орта Access, қолданбаларды құру кезінде қолданылатын объектілер, басқару элементтерімен, ActiveX-тің кіріктірілген және қосылатын компоненттерімен орындалатын тәсілдер қарастырылады. Негізгі акцент барлық тілдік компоненттерге, SQL-кеңейтілулерге, класстармен жұмысқа, сыртқы мәліметтерге, ОАО объектілік модельдерге және ODBCDirect, клиент/сервер жүйесін құруға жасалады. Осы курста мәліметтерге қатынас жасау құралдары, яғни Data Access қалташасындағы мәліметтерге қатынас жасаудың негізгі компоненттері, Data Controls қалташасындағы кестедегі мәліметтерді бейнелеуге және өңдеуге арналған компоненттер, ADO (Active Data Objects) - Microsoft корпорациясы дайындаған мәліметтерге қатынау технологияларымен жұмыс істеу әдістемелері қарастырылады. + Пәнді оқу мақсаты: <<Мәліметтер қорын программалау>> арнайы курсының мақсаты - мәліметтер қорын басқару жүйесінің қолданбаларын құру және дайындау бойынша студенттердің білім деңгейі мен машықтарын көтеру, қазіргі мәліметтер қорын басқарудың реляциялық жүйелерінде қолданылатын әдістерге жүйелеп енгізу. + Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: <<Мәліметтер қорын программалау>> курсын толық меңгерген студент: * мәліметтер қорын басқару жүйелерін дайындауда қолданылатын негізгі ойлар мен әдістер туралы білуі қажет; * экономикалық ақпаратты өңдейтін қазіргі ақпараттық технологиялардың негізін және олардың кәсіби қызметтегі табыстарға әсерін білуі қажет; * қазіргі мәліметтер қорын басқару жүйелерінің қазіргі даму деңгейлері мен бағыттарын білуі қажет; * SQL сұраныстар тілімен жұмыс істеудің негізгі машықтарын білуі қажет; * әр түрлі программалау тілдерін қолданып мәліметтер қорын жобалау машықтары болуы қажет; + Оқыту нәтижелері: Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер: * Data Access қалташасындағы мәліметтерге қатынас жасаудың негізгі компоненттерін; * Data Controls қалташасындағы кестедегі мәліметтерді бейнелеуге және өңдеуге арналған компоненттерді; * ADO (Active Data Objects) - Microsoft корпорациясы дайындаған мәліметтерге қатынау технологияларымен жұмыс істеу әдістемелерін; * мәліметтер қорының теориялық негіздерін, мәліметтер қорың жасау принциптерін және онымен жұмыс істеу құралдарын білуі қажет. + Курстың пререквизиттері: Пәнді меңгеру үшін студент <<информатиканың теориялық негіздері>>, <<информатика>>, <<программалау 1>>, <<программалау 2>>, <<Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер>> пәндерінің білімдерін меңгерген болуы керек. . + Курстың постреквизиттері: <<Информатиканы оқыту әдістемесі>>, <<Интернетте программалау>> және т.б. пәндерін игеру қажеттілігі бұл пәнді меңгеруге тікелей байланысты. * 2. Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу № Тақырып атауы Сағаттар Әдебиет Дәріс Зертх СОӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 * Мәліметтер қоры қолданбаларының архитектурасы. Мәліметтер модулі. Мәліметтер жинағын қосу. TData Source енетін баптау. Мәліметтерді бейнелеу. 1 5 * Мәліметтердің жиынтығы. Мәліметтердің абстрактілі жиынтығы. Стандартты компоненттер. Кесте компоненті. Сұраныс компоненті. Сақтаулы процедура компоненті. 2 5 * Мәліметтер жиынтығындағы индекстер. Индекстерді қосу механизмдері. Индекстірді сипаттау тізімі. Индекс сипаттамаларын қолдану. 2 5 * Өрістер мен мәліметтер типтері. Өріс обьектілері. Статикалық және динамикалық өрістер. TField класы. Өріс түрлері. Есептелінетін өрістер. Ішкі есептелінетін өрістер. Агрегатты өрістер. Обьектілік өрістер. Мәліметтер итиптері. Шектеулер. 2 6 * Мәліметтерді басқару механизмдері. Байланысқан кестелер. <<Біреуі-көбіне>> қатынасы. <<Көбі - көбіне>> қатынасы. 2 6 * Сұраныстар мен сақтаулы процедуралар параметрлері. TParams класы. Tparam класы. Мәліметтер жиынтығының қалпы. 2 6 * Мәліметтерді іздеу. Индекс бойынша іздеу. Диапазонда іздеу. Іздеу фильтрлер. 2 6 * Мәліметтерді бейнелеу компоненттері. Мәліметтерді бейнелеу компоненттерін топтау. Мәліметтерді кесте түрінде көрсету. Мәліметтерді жиынтығымен жылжу. Жеке өрістерді көрсету. Мәліметтерді синхронды көру. Мәліметтерді графикалық көрсету. 2 6 * MS Access бағдарламасында дайындалған кестеге Delphi ортасында қатынас орнату тәсілі 2 3 * Delphi ортасында мәліметтерді бейнелеуді басқару. 2 3 * Кестелер арасындағыв қатынас. Қатынас жасалған кестелерді ұйымдастыру барысында ізделінді өрістерді пайдалану. 2 3 * Сұрыптау. Мәліметтерді сүзу(фильтрация). 2 3 * SQL сұраныстар тілі. 2 3 * Байланысқан кестелер. 2 3 * Есептелінетін өрістер. 2 3 * DBGrid түсті торлары. 2 3 * Бағдарламаның орындалуы барысында мәліметтер қорына қосылу. 2 3 18 Мәліметтер қорын өңдеу. 2 3 19 Бинарлы мәліметтер. 2 3 20 Мәліметтер қорындағы есепті Excel де көрсету. 2 3 21 Quick Reports компоненттері арқылы есеп құру. 2 3 22 Quick Reports арқылы баспаға жіберу. 2 3 23 Байланысқан кестелерді баспаға жіберу. 2 3 Барлығы 15 30 45 45 * Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар Аталған пәнді жетістікпен оқып үйрену үшін барлық сабақтарға қатынасу, дәрісті үнемі жүргізу, оқытушының барлық тапсырмаларын орындау, зертханалық сабақтарға, СОӨЖ, СӨЖ өз уақытында дайындалу қажет. Зертханалық жұмыс және машықтану сабақтарына барысында екпінді қатынасқаны жөн. Барлық сабақтарға қатынасу қатаң түрде тексеріледі. Сабақты босатқан жағдайда оқылған материалға жауап бересіз. Себепсіз босатылған үш сабаққа ұпай есептелмейді. . Зертханалық жұмыстарға, Машықтану сабақтарына, СОӨЖ, СӨЖ дайындалу барысында сәйкес дәріс материалдарын білу қажет. Семестр бойы екі межелік бақылау жүргізіледі. Қорытынды емтихан барлық теориялық сұрақтармен практикалық тапсырмаларды қамтиды. * КУРС ФОРМАТЫ Курсты оқу курстың күрделі сұрақтары қарастырылатын дәріс сабақтарынан басталады. Материал зертханалық сабақтарда бекітіледі. Зерт ханалық сабақтарға дайындық барысында ұсынылған әдебиетті өзбетімен оқу керек, осы тақырыптағы дәріс мазмұнымен танысу керек, соңынан бақылау сұрақтарына жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындау керек. * КУРС САЯСАТЫ Осы курсты меңгеру барысында студент дәріс, машықтану және зертханалық сабақтарына міндетті түрде қатынасуы қажет. Сабақтарға кешікпей келу қажет. Сабақ уақытында ұялы телефонды ағытып қою керек. Зертханалық сабақтарда техника қауіпсіздігін сақтау қажет. Орнатылған программалар мен бөгде құжаттарды жоюға қатаң түрде тиым салынады. Сабақ уақытында сабақ өткізуге кедергі жасайтын болса, бірден <<қанағаттанарлықсыз>> бағасы қойылады. Өздік жұмыстарды уақытында тапсыру қажет, кешіктірілген жұмыс қабылданбайды. Межелік аттестация студенттің сабаққа қатынасуына, тапсырмаларды уақытында орындауына, бақылау жұмыстарының бағасына қатысты қойылады. Соңғы қорытынды баға соңғы аттестацияның 60 және емтихан бағасының 40 құрайды. БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ Апта Бақылау түрі Барл. балл Ескертпе 1 2 3 4 1-аптадан 7-аптаға дейін аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу 30 2 Тапсырманы орындау 15 Зерт 2 Ауызша сұрау 10 СОӨЖ 3 Ауызша сұрау 25 СӨЖ 3 Тапсырманы орындау 20 Зерт 4 Ауызша сұрау 10 СОӨЖ 4 Тапсырманы орындау 20 Зерт 5 Ауызша сұрау 25 СӨЖ 5 Тапсырманы орындау 20 Зерт 6 Ауызша сұрау 10 СОӨЖ 6 Тапсырманы орындау 15 Зерт 7 Ауызша сұрау 25 СӨЖ 7 Тапсырманы орындау 15 Зерт Шептік бақылау 1 60 ШБ 1-аптадан 7-аптаға дейін оқу нәтижесі бойынша барлық балл 300 8-аптадан 15-аптаға дейін аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу 30 8 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 8 Ауызша сұрау 10 СРСП 9 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 9 Ауызша сұрау 25 СРС 10 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 10 Ауызша сұрау 10 СРСП 11 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 11 Ауызша сұрау 25 СРС 12 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 12 Ауызша сұрау 10 СРСП 13 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 13 Ауызша сұрау 25 СРС 14 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 14 Ауызша сұрау 10 СРСП 15 Тапсырманы орындау 10 ЛБ 15 Шептік бақылау 2 75 РК 8-аптадан 15-аптаға дейін оқу нәтижесі бойынша барлық балл 300 Емтихан үшін балл 400 Академиалық кезең ішіндегі қортынды балл 1000 * ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер * Фленов М. Е. Библия Delphi. -- СПб.: БХВ-Петербург, 2004. 880 б.; * Сорокин А. В. С65 Delphi. Разработка баз данных. -- СПб.: Питер, 2005. 477 б.; * Фёдоров А., Елманова Н. ADO в Delphi. СПб.: BHV-Петербург, 2002. * Граббер М. Understanding SQL. M.: Лори, 1993. * Шапиро Д., Бойс Д. Windows 2000 Server. Библия пользователя. Киев: Диалектика, 2000. ч * Дарахвелидзе П., Марков Е. Программирование в Delphi 7. СПб.: BHV-Петербург, 2003. * Елманова Н., Трепалин С, Тенцер A. Delphi и технология СОМ. СПб.: Питер, 2003 * Каженова Ж.С., Орынбаев Б.Н. Мәліметтер қорын программалау. Әдістемелік құрал. - Семей: Интеллект баспа үйі, 2011.85б. Қосымша әдебиеттер * Б. Бурибаев, Р. Дузбаева, А. Махметова. Основы информатики и вычислительной техники. Сборник задач и упражнений. Алматы: <<Мектеп>>, 2005.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz