Файл қосу
Еркекшөп - жартылай күздік өсімдік
Мал азықтық көпжылдық шөптерКөпжылдық астық тұқымдастары Жоспар * Шаруашылық маңызы, таралуы. * Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. * Өсіру агротехникасы. * Тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері. Қазақстанда мал шаруашылығының азық қорының 50c/o жоғары үлесі мал азықтық шөптерден алынады. Мал азықтық шөптерді жоғары өнімді мәдени шабындықтар және жайылымдар жасауға, пішен, көк азық, пішендеме, сүрлем, шөп ұнтағын, шөп түйіршіктері мен брикеттерін дайындау үшін өсіреді. Көпжылдық және біржылдық шөптер бұршақ және астық тұқымдастары болып екі топқа бөлінеді. Олардың көк шөбінде әсіресе бұршақ тұқымдастарда, азот, витаминдер мен минерал заттары көптеп кездеседі. Мал азықтық шөптердің агротехникалық маңыздары да жоғары, олар топырақтың механикалық құрамын және құндылығын жақсартады. Бұршақ тұқымдастары ауадан азотты қабылдап топырақты байытады. Көп жылдық шөптер топырақ эрозиясымен күресуге үлкен септігін тигізеді, олар топырақтың құрылымын және су- ауа өткізгіштігін жақсартады. Суармалы егістікте топырақтың сортаңдауын тоқтатып төмендетеді. Шаруашылық маңызы, таралуы. Еркекшөп (Agropurom) көпжылдық астық тұқымдасына жататын шөп. Ол жаздық жауын- шашын мөлшері 290 мм- ден аспайтын аудандарда ойдағыдай өсіп,өніп жақсы өнім береді. Республиканың солтүстік аудандарында өнім жөнінен ол қылтықсыз арпабастан ғана қалысады. Еркекшөптің өсірілетін негізгі аудандары орташа жылдық жауын- шашын мөлшері 150-300мм қоңыр және ашық қоңыр топырақты аймақ. Еркекшөп пішенінің қоректілігі жоғары: 100 кг азығында 47-52 а.ө. және 5,1-5,8 кг сіңімді протеин болады. Пішеннің сапасы жинау мерзімі мен технологиясына байланысты: еркекшөпті масақтану кезеңінің басында және осы кезең басталғаннан 12 күн бойы жиналған пішеннің құндылығы барынша жоғары болады. Еркекшөп дақыл ретінде өткен ғасырдың соңында проф. В.С. Богданмен (1899ж.) Орал облысының Кіші өзеннің жағалауында өсетін жабайы өсімдіктер флорасынан мәдени өсімдік ретінде бұдан бір ғасыр бұрын енгізіле бастады және қазіргі уақытта еліміздің ең қуаңшылықты аймақтарында көп жерді алып жатыр. Қазақстан Республикасында жыртылған жердің 3,5 млн.га өсіріледі, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда 1,7 млн.га. Еркекшөп (Agropurom) астық тұқымдастарының бидайық туысына жатады. Бұл туыстық құрамына 13 түрі кіреді(пуалистгүлді, дондық, керчендік, михно, сынғақ, сібірлік (құмдық), бадамдық, пантийлік, қарағайжапырақты, шөл, тарақша, иректісті, черепичалы еркекшөп). Дақылға 4 түрі енгізілген: екі кең масақты еркекшөп-тарақша (Ag.peczinoforme) иректісті, (Ag.tristatum) және екі жіңішке масақты еркекшөбі (Ag.desektorum). Түрлер негізінен масақтыің құрылысымен ажырылатады: кең масақты еркекшөптің масағы кең, бүйірінен қысыңқы (қосқатарлы), мұртты масақшалары сабағына 60 ºС ал кейбір формаларда 80ºС жанай орналасқан, жіңішке масақты еркекшөпте масақшалар сабағына (өсуіне) 30-40º С жанай орналасқан. Масақтың тығыздығы кең масақты еркекшөпте 6,5, жіңішке масақты еркекшөпте -3,8, басқа сөзбен айтқанда жіңішке масақтар селдір және ұзын (4,5-10см), ал кең масақты еркекшөпте тығыздау және қысқа(3-7см). Масақтағы масақшалар саны 28-ден 42-ге дейін өзгереді. Кең масақты еркекшөп жіңішке масақты еркекшөпке қарағанда 5-10 күн бұрын масақтанады, ал олардың тұқымдары шамамен бір мезгілде піседі. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Еркекшөп - борпылдақ бұталы астық тұқымдас, шашақты тамыр жүйесі күшті дамыған, көптеген ұсақ тамыршалар түзеді. Алғашқы кезеңде, көктеуден кейін қылтықсыз арпабасқа қарағанда, баяу дамиды және 75 күнде топыраққа 30-35 см тереңдікке бойлайды, тіршілігінің бірінші жылының соңында -90-120 см, ал кейінгі жылдары 140см бойлайды, алайда 80c/o тамырлар топырақтың 0-40 см қабатында шоғырланған. Еркекшөп - жартылай күздік өсімдік. Көктемде себілген ег.істікте жапырақтары және биіктігі 3-15см, 2-5 сабақ дамиды, тұқым өнімін беріп үлгермейді, себілген жылы егістіктің арамшөппен ластану қауіпі өте күшті, мұның өзі өсімдік тіршілігінің бірінші жылында сабақ бітіктігін құрастыруға және келесі жылдардағы өнімге теріс әсерін тигізеді. Күзгі жауынның басталуымен өсімдік күшті түптенеді, көптеген жапырақтары пайда болады және осындай күйде қысқа кетеді. Жаздың екінші жартысы өте қуаңшылықты болған жылдары еркекшөп қысқарып әлсіреп кетеді. Көктемде қар астынан жасыл күйінде шығады және түптенуін жалғастырады, бұл түптену түйіні орналасқан топырақ қабатында,ы ылғал жетімсіздігі байқалғанша жүреді. Тіршілігінің кейінгі жылдары жақсы жапырақтанған (32-36c/o) көпсабақты бұта (40-60сабақ) пайда болады. Сабақтар жіңішке, дқңгелек, серпімді, тік өсетін, биіктігі 40-85 см болып келеді. Масақтануының басталуымен олар тез қатаяды да жұғымдылығы нашарлайды, сондықтан жинауды кешіктіруге болмайды. Жапырағы линиялы, жіңішке қатты пісе келе бұралады, кқкшіл- сұр, қоңыр - жасыл немесе ашық- жасыл түсті. Көкшіл- сұр түс жапырақты еркекшөпке және құрғақ мекен жайда өсетін формаларына тән. Жоңышқа, қылтықсыз арпабас, құмдық эспарцетпен салыстырғанда оның жапырақ бетінің ауданы 3-5 есе кем болады, бірақ бір есте болатын жайт, ылғалды жерлерге бейімделген өсімдіктерге қарағанда ксерофит- өсімдіктерде бұл көрсеткіштің мәні едәуір төмен болады, оның үстіне еркекшөптің фотосинтетикалық аппараты аталған мал азықтық шөптерге қарағанда айтарлықтай белсенділігімен ерекшеленеді. Гүл шоғыры- әртүрлі тығыздықтағы және мөлшердегі масақ тұқымы қабықты, көген тамырсыз бидайықтан кіші, қылтығы қысқа (1,5-20мм). 1000 тұқымының массасы 1,4-2,7 г. Тұқымы піскеннен кейін жақсы өнгіштік көрсетеді, сондықтан оны жинаған жылы күзде немесе қыс алдында себуге әбден болады. Еркекшөп - суыққа төзімді дақыл. Тұқымы +2-5 жылылықта өне бастайды, тіршілігіне қабілетті егін көгі топырақтың орташа температурасы +5º шамасында пайда болады. Көктемгі көктеуі ерте басталады және мал жайылғаннан кейін алшынкөгі шығып отырады. Бұл ерекшеліктері жауын- шашын мол жылдары жақсы байқалады. Көктемгі көктеуі ауаның температурасы +5-7 көтерілгенде басталады да, күзге +5-тан төмендегенде тоқталады. Гүлдену мен тұқымның пісуі + 10- 12º С жүре алады. Көктеуден масақтануға дейін еркекшөп егістігінің екінші және одан кейінгі тіршілік жылдарында 700-750º С жиынтық белсенді температура және 50-60 күн қажет. Бұл аймақта еркекшөп масақтану кезеңіне маусымының бірінші онкүндігінде жетеді. Тұқымның пісуіне - 1200-1300º С белсенді температура жиынтығы қажет, орта есеппен кезеңнің ұзақтығы 85-100 күн. Еркекшөп басқа астық тұқымдастарға қарағанда көктемде ерте көктейді және -20ºС дейінгі көктемгі аязға төтеп береді. Еркекшөптің қыстың суығына төзімділігіне өте жоғары - тіпті қар қабаты болмағанның өзінде ол - 35-40ºС- қа дейінгі аязға шыдайды, алайда оның жас егін көгі қысқа кетсе, қыстың суығына шыдамай өліп қалуы мүмкін. Еркекшөп топырақ талғамайды, механикалық құрамы әртүрлі топырақтарда өсе береді, сортаңдау топырақта да өсе алады, топырақта тұз мөлшерін төмендетеді, яғни фитомелиоративтік қасиеті бар. Өсіру агротехникасы. Еркекшөптің өсіру технологиясында мынадай негізгі мәселелерді есепке алу керек: * Толық бағалы егін көгін алу және сабақ бітіктігінің жиілігін қалыптастыру, бұл айтарлықтай дәрежеде сәтті таңдап алынған себу мерзіміне байланысты, ал мұның өзі ылғалдану жағдайына байланысты ерте көктемнен қысқа қарсы себуге дейін өзгереді. * Себуге дейін және өсімдік тіршілігінің бірінші жылында арамшөпке қарсы күрес, ал бұл алғы дақыл мен себу мерзімін таңдап алуға байланысты. * Барлық пайдалану кезінде алынатын өнімнің шығарылатын қоректік заттарды ескере отырып есептелген фосфор тыңайтқышын негізгі тыңайтқыш ретінде, ал азот тыңайтқышымен жыл сайын үстеп қоректендіру қажет. * Егістікті ылғал қоры жеткілікті танаптарға орналастыру және себуге дейін ылғал жинау мен арамшөпке қарсы күресті белсенді жүргізген жөн. * Пішен жинауды қысқы уақытта (10-12 күнде) масақтану кезеңінде жүргізу шарт және мал азығын жинау мен дайындаудың озық технологияларын қолданған дұрыс. Дәнді шөпті- парлы ауыспалы егістеріне еркекшөп пардан кейінгі екінші- үшінші бидайдан кейін немесе жүгері, пішенге өсірілген бір жылдық шөптерден кейін, сонымен қатар таза парға орналастырылады. Солтүстік қазақстан жағдайында еркекшөпті жақсы алғы дақылдан кейін орналастырғанда ғана жыл сайын орта есеппен қосымша 4-9 ц/га пішен өнімін жинауға болады. Еркекшөптің себу мерзімін таңдап алудың принципі: егер көктем ылғалды болса, ерте көктемде сепкен дұрыс, ал күз ылғалды болған жылдары- ерте күзде, құрғақ болғанда, қысқа қарай себілген егістік ұтады. Күзгі және жазғы себу мерзімдері еркекшөптің өсуі мен дамуына айтарлықтай қолайлы, өйткені өсімдіктердің алғашқы даму кезеңдері төменгі температурада және тұрақты ылғалдылықта өтеді. Тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері. Тұқымдық егістікке арнайы тыңайтылған, арамшөптерден таза танаптарды тандап алған жөн. Бұл үшін жақсы алғы дақылдар таза пар, сүрлемдік жүгері, парға себілген бидай. Негізінен кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қатардағы себу әдісімен жоғары нормамен себілген тұқым өнімі, кең қатарлы егістікке қарағанда 1,5-2,0 есе төмен болады. Торғай тәжірбие станциясының 4 жылдық тәжірбиелерінде еркекшөп тұқымының мол өнімі кең қатарлы әдіспен гектарына 3-4 млн. өнгіш тұқым себілген егістік тіршілігінің 2 жылында алынады. Еркекшөп тұқымының тұрақты өнімін алуда менімді агротехникалық шараның бірі кең қатарлы себу әдісі. Құрғақ аудандарда осы әдіспен гектарына 2,0-2,5 млн өнгіш тұқым, ылғалды аудандарда 3,-3,5 млн өнгіш тұқым себу ұсынылады. Қатардағы себу әдісімен гектарына 3-4 млн/га өнгіш тұқым сепкен дұрыс. Еркекшөп тіршілігінің 1-ші жылында егістік күтіп, баптау гербицидтерді қолдану, қатар аралықтарын өңдеу, арамшөптерді шабу жұмыстарын қарастырылады, тіршілігінің кейінгі жылдары көктемде- қатар аралықтарын өңдеу мен егістікті үстеп қоректендіру. Тұқымдық танаптарды аурулармен зиянкестерге қарсы күрестің маңызы зор. Қазіргі уақытта зиянкестер түрлері мен аурулардың таралуын тежейтін шара химиялық әдіс болып табылады. Өніп келе жатқан тұқым мен егін көгін зиянкестермен жарақаттанудың алдын алуда, тұқымды гексахлоранның 90c/o техникалық гамма- изомерімен өңдеу маңызды роль атқарады. Оны швед шыбынына, астық бүргелеріне т.б. зиянкестерге қарсы қолдану да айтарлықтай тиімді. Тұқымның ылғалдылығы 40-45c/o жеткенде еркекшөпті бөлектеп жинауға кіріседі, ал 30c/o болғанда - дестелерді және тікелей комбайндау жолымен бастырады. Пісу кезеңінде тұқым жеңіл шашылады, сондықтан ылғалдылығы 35c/o- тен төмен тұқымды бөлектеп жинау орынсыз.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz