Файл қосу
Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері пәнінің оқу бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ СМЖ 4-деңгейдегі құжаты Оқу бағдарламасы УП 042-1.01-2013-01 <<Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері>> пәнінің оқу бағдарламасы №1- басылым Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті <<Есеп және аудит>> кафедрасы << САЛАЛАРДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ>> ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5В050800 <<Есеп және аудит>> мамандығы бакалаврларын даярлау үшін Білім беру траекториясы <<Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі есеп және аудит>> 4 курс.Күндізгі оқу бөлімі СЕМЕЙ 2014 Алғысөз <<Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері>> пәнінің оқу бағдарламасы элективті пәндер каталогы бойынша әзірленді. 1 ӘЗІРЛЕНДІ Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Есеп және аудит>> кафедрасының оқытушылар құрамымен Жұмыс жетекшісі: аға оқытушы Искакова М.С. << >> 2014жыл. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Есеп және аудит>> кафедрасының мәжілісінде. Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина Хаттама № 1 <<29 >> тамыз 2014 жыл. 3. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде. ОӘБ төрағасы ______________ С.Тойкин Хаттама № 1 <<9>> қыркүйек 2014 жыл. 4.РЕЦЕНЗЕНТТЕР ------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 5. БЕКІТІЛДІ ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректор_____________ Г.Искакова Хаттама № 1 <<11>> қыркүйек 2014 жыл. 6.АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны 1 Түсіндірме жазба 4 2 Пәннің (модульдің) құрылымы 4 3 Пәннің (модульдің) мазмұны 4 4 Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі 5 5 Материалдық - техникалық қамтамасыз етілуі 23 4 4 5 7 8 1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Оқу әдістемелік кешен құрамына кіретін <<Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері>> пәнінен оқытушыларға арналған пән бағдарламасы университеттің 5В050800 <<Есеп және аудит>> мамандығы студенттері үшін арналған. Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері экономиканың әрбір саласындағы есеп жүргізудің ерекшеліктері мкен айырмашылықтарын қарастырады. Әр салаға тән нұсқаулықтар негізінде есеп жүргізудің де көңіл бөлетін тұстары қарастырылады. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерге бухгалтерлік есептің экономиканың әр саласындағы ерекшеліктерін меңгертіп, құжаттық айырмашылықтарын оқыту. Пәнді оқытудың негізгі міндеті студенттерге экономиканың салаларындағы бухгалтерлік шоттар мен бухгалтерлік балансты меңгертіп, ұйымның мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін жүргізуді үйрету. Пәнді оқу барысында студент білу керек: * ұйымның салалық ерекшелігін білу; * салалық айырмашылығына қарай бухгалтерлік есеп жүргізу; * бухгалтерлік шоттарды жіктей алуы керек; * бухгалтерлік балансты құрамы бойынша зерттей алу керек; * студент салаларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыра алуы керек; * студент сауда ұйымдарындағы есепті ұйымдастыра алуы керек; * студент қоғамдық тамақтандыру орындарында өзіндік құнды анықтай алуы керек: * студент құрылыстағы бухгалтерлік есепті жүргізе алу керек; * студент ауыл шаруашылығы салаларында өнімнің өзіндік құнын айқындап, есепті ұйымдастыра алуы керек. Жалпы компетенциялар: -Пәнді меңгеру осы мамандық бойынша салалық білімді тереңдетуге мүмкіндік береді -Бухгалтерлік шоттармен жұмыс жасай алуы керек. Кәсіби компетенциялар: -Салалардығы есептің ерекшеліктерін меңгеруі керек; -Бухгалтерлік есеп бойынша құжаттармен жұмыс жасай алуы керек; -Қаржылық есептілікті құрастыра алуы керек. Пререквизиті: -Бухгалтерлік есеп принциптері -Қаржылық есеп 1,2 - Басқару есебі. Постреквизиті жоқ * ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) ҚҰРЫЛЫМЫ Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 2 кредит (30 сағат), оның ішінде дәрістер 1 кредит (15 сағат), тәжірибелік сабақтар 1 кредит (15 сағат). Білім алушының өздік жұмысына 30 сағат. * ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ Кесте 1 Тақырып аты және мазмұны Сағат саны Дәрістер 15 Модуль 1- Халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету саласының есебі 1.Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп. Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері. Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу. Тауарларды бағалау. Бөлшек және көтерме сауда ерекшеліктері. Сауда ұйымдарының түрлері 3 2.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есеп. Қоғамдық тамақтандыру бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Қоғамдық тамақтандырудағы бағаның қалыптасуы. Қоғамдық тамақтандыру орындарының түрлері. Бухгалтерлік құжаттар 3 3.Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп. Өсімдік шаруашылығындағы есептің ерекшелігі. Өнімдерді шығару мен өсірудің есебі. Өнімнің өзіндік құнын анықтау. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есепте қолданылатын құжаттар 2 4.Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп. Малдарды өсірудің және бордақылаудың есебі. Мал шаруашылығы өнімдерінің калькуляциясы. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепте қолданылатын құжаттар. 2 Модуль 2 - Халыққа қызмет көрсету саласындағы есеп 5.Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері. Құрылыстағы өндірістік шығындардың қалыптасуы.Өнім ақауының есебі Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің есебі және құжаттық рәсімдеу. Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері. 3 6.Туристік компанияларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандары. Туристік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру. Ондағы есеп ерекшелігі. Туристік қорлар. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары 2 Тәжірибелік сағаттар 15 Модуль 1- Халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету саласының есебі 1.Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп. 1.Көтерме және бөлшек сауда орындары 2.Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері. 3. Тауарларды бағалау. 3 2.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есеп. 1.Қоғамдық тамақтандыру бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. 2.Қоғамдық тамақтандырудағы бағаның қалыптасуы. 3.Қоғамдық тамақтандыру орындарының түрлері. 3 3.Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп. 1.Өсімдік шаруашылығындағы есептің ерекшелігі. 2.Өнімдерді шығару мен өсірудің есебі. 3.Өнімнің өзіндік құнын анықтау. 4.Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есепте қолданылатын құжаттар 2 4.Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп. 1.Малдарды өсірудің және бордақылаудың есебі. 2.Мал шаруашылығы өнімдерінің калькуляциясы. 3.Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепте қолданылатын құжаттар. 2 Модуль 2 - Халыққа қызмет көрсету саласындағы есеп 5.Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. 1.Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері. 2.Құрылыстағы өндірістік шығындардың қалыптасуы. 3.Өнім ақауының есебі 4.Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің есебі және құжаттық рәсімдеу. 3 6.Туристік компанияларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 1.Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi. 2.Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандары. 3.Туристік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру. 2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары ОӨЖ №1 1.Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп. 2.Бухгалтерлік есептің пәні, мәні мен міндеттері. 3. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негіздері. * 4. Есеп ақпаратының негізгі принциптері. 5. Қаржылық есеп берудің элементтері. * 6. Супермаркеттердегі тауарлардың есебі * ОӨЖ №2 1. Бухгалтерлік баланстың құрылымы және түрлері. 2. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу жүйесі. 3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері 4. Фермерлік ұйымдардағы есепті ұйымдастыру 5. Құжаттарды сақтау тәртібі және әдістері. 6. Құрылыс компаниясындағы есеп ОӨЖ №3 1. Есеп саясаты. 2.Есептік цикл және қаржылық есеп берушілікті дайындау . 3. Өсімдік шаруашылығындағы ақшалай қаржылар есебі . 4. Сауда ұйымдарындағы дебиторлық қарыздар есебі. 5. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері . 6. Құрылыстағы негізгі құралдар есебі . ОӨЖ №4 1. Бюджетпен және бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысулардың есебі 2. Алынған аванстардың есебі . 3. Басқадай кредиторлық қарыздар есебі. 4. Табыстар және олардың есебі. 5. Шығындардың негізгі түрлері және олардың есебі. 6. Жарғылық капитал есебі. ОӨЖ №5 1. Резервтік капитал есебі. 2. Қосымша төленген және төленбеген капитал есебі. 3. Қаржылық есеп берушіліктің негізгі нысандары. 4. Халықаралық жүкті тасымалдаудағы құжаттар 5. Экспорттық операциялардың есебі 6. Импорттық операциялардың есебі * ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ Негізгі әдебиеттер 1. <<Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы>> ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы 2007 ж. 2. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега - Л 2009 3. Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009 4. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 5. Бейсембаева А.К. Туристік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2013 ж. 6. Бейсембаева А.К. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2013ж. 7. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл 8. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 9. Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 10. Толпаков, Ж.С. Финансовый учет-1. Караганда 2013 11. Толпаков, Ж.С. Финансовый учет-1. Караганда 2013 Қосымша әдебиеттер 1. Никифорова Н.А., Тафинцева В.Н. Управленческий анализ. - Москва, 2013. 2.Турманидзе, Т.У. Анализ и диагностика финансово- хозяйственной деятельности предприятий. Алматы: LEM, 2011 3. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Пәннің бағыты бойынша ұсынылатын журналдар тізімі 1.Бухгалтер бюллетені 2.Труд,зарплата, пенсия в Казахстане 3.Библиотека бухгалтера 4.Бухгалтер проф (компакт диск) 5.Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане 6.Учет и аудит В Казахстане 7.Вестник налоговой службы 8.Бух.учет на практике 9.Бухгалтер и право 10.Досье бухгалтера Бағдарламалық қамтамасыз ету - minfin.kz -http://nauka.kz/ - http://lib.kazrena.kz - http://www.kazneb.kz - http://www.allbest.ru/ - http://lib.kazrena.kz - http://edu.gov.kz * МАТЕРИАЛДЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ <<Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері>> пәні бойынша тақырыптар ерекшеліктеріне қарай компьютерлермен қамтамасыз етілген, интерактивті тақтасы бар 309 аудиторияда, проекторы бар 205 аудиторияда өткізіледі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz