Файл қосу

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ. Кәсіпорын экономикасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
             ПОӘК
ПОӘК 042 - 18-1.1.13/02 - 2014
          ПОӘК
 <<Еңбек нарығының экономикасы>> пәнінің студентке арналған бағдарламасы
                                       
                        №2 басылым  11.09.2014






          <<ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ>>  
                                       
           ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
5В050600 <<Экономика>>, 5В050700 <<Менеджмент>>, 5В050800 <<Есеп және аудит>>, 5В050900 <<Қаржы>>, 5В051000 <<Мемлекеттік және жергілікті басқару>>, 5В051100 <<Маркетинг>> мамандықтары үшін 
                                       
  ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН  БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       












                                       
                               Семей - 2014




	АЛҒЫ СӨЗ

1.	ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырған: __________   <<29>>  тамыз  2014 жыл 
Тойкин С.Х., а.ш.ғ.к., <<Экономика және бизнес>> кафедрасының доценті, Габдуллина Л.Б. экономика магистрі, <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы 


2.	ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 <<Экономика және бизнес>> кафедрасының мәжілісінде
Хаттама №1 <<29>> тамыз 2014жыл 

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент _________________  Жайлаубаева Ш.Д.

2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар  факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде
Хаттама №1 <<09>> қыркүйек 2014жыл

ОӘБ төрағасы ______________ Тойкин С.Қ.


3.	БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілді және баспаға ұсынылды
Хаттама №1 <<11>>  қыркүйек 2014жыл
ОӘК төрайымы  _________________ Г.Қ.Искакова

4.ЕНГІЗІЛДІ
№2 басылым 28.08.2012 №1 басылым орнына











                                       
                                МАЗМҰНЫ
                                       
  1.Жалпы ережелер
  2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі
  3. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы
  4.Курс форматы
  5.Курс саясаты
  6.Баға қою саясаты
  7. Әдебиеттер


































1.	ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.	Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат 
Оқытушының фамилиясы, аты, жөні  -  Тойкин С.Х., а.ш.ғ.к., <<Экономика және бизнес>> кафедрасының доценті Габдуллина Ләззат Бағлановна, экономика магистрі <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы.;
Кафедра  -  <<Экономика және бизнес>>;
Байланыс ақпараты  -  тел: 530316, №8 оқу ғимараты, №208 кабинет;
Сабақ өткізілетін орын  -  сабақ кестесі бойынша;
Пән аты - <<Еңбек нарығының экономикасы>>;
Кредит саны  - 3;
1.2.  Пәннің қысқаша сипаты мен мазмұны: <<Еңбек нарығының экономикасы>>  пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В050600 <<Экономика>>, 5В050700 <<Менеджмент>>, 5В050800 <<Есеп және аудит>>, 5В050900 <<Қаржы>>, 5В051000 <<Мемлекеттік және жергілікті басқару>>, 5В051100 <<Маркетинг>> мамандықтарының студенттері үшін арналған. 	Еңбек нарығы экономикасы қазіргі Қазақстан экономикасының еңбек ұйымдастыруының, фирма персоналын қалыптастыруының өзекті мәселелері, жаңа жағдайларда қызмет ету үшін фирманың және ның еңбек ұжымының үйренуі, өзін өзі басқару мүмкіндіктерін ескере отырып еңбек қызметін ұйымдастыру проблемалары қарастырылады. Еңбек процестерінің технологиясын әзірлеуге, еңбекті ұйымдастыру және қызметкерлердің шығармашылығын дамытуға, қазіргі талдау әдістеріне, еңбектің экономикалық нәтижелерін бағалау және пайдалану мәселелеріне аса назар аударылады.
Аталған курс еңбек нарығы экономикасының, ұйымдастыруының және жоспарлауының ғылыми көзқарас тұрғысынан негізгі ұғымдар мен анықтамаларды қарастырады. Сонымен қатар, еңбек процестерінің технологиясын ұйымдастыру, еңбектің өнімділігі мен төлеу мәселелеріне, еңбектің пайдасы мен айналым шығындарына көп көңіл бөлінеді. Бұл пәннің мазмұны студенттерге еңбекті ұйымдастырудың қазіргі жүйесін, нарықтағы сұраным мен ұсынымның ара қатынасына байланысты еңбек күшін өндірудің  нұсқауларын зерттеуге мүмкіндік береді.
<<Еңбек нарығының экономикасы>> курсын зерттеу объектісі болып мемлекеттік кәсіпорындар, шетел және жеке меншік фирмалар  саналады.Зерттеу заты болыпнарықтық ортадаеңбек нарығын ұйымдастырудың, жоспарлаудың және нормалаудың теориялық және әдістемелік негіздері саналады.
	1.3. <<Еңбек нарығының экономикасы>>  курсын оқытудың мақсаты -  экономикалық мамандықтар студенттеріне еңбек нарығы әрекет етуінің заңдылықтарын, қағидаларын, әдістерін, механизмдерін терең меңгеру және алған білімдерді тәжірибеде кәсіби қолдану болып табылады. Сонымен қатар,студенттерді жұмысшы күшіне әсер ететін факторлармен, адамдық капиталға инвестиция салу ерекшелігімен таныстыру, жалақыны анықтау, еңбек нарығының сипаттамасын беру, еңбек нарығын басқару кезінде үкімет пен кәсіподақтар арасында болатын қайшылықтармен, оларды басқару әдістерімен таныстыру. 
	1.4. <<<<Еңбек нарығының экономикасы>>>> курсының міндеті -  ұйымдастырушылық тиімділікті анықтайтын факторы ретінде еңбекке қатысты барлық проблемалар мәнін және табиғатын студенттерге жан жақты терең түсінік беру:
* Студенттерге еңбек нарығының кешенді ұғымын беру, оның қызмет ету ерекшелігін түсіндіру.
* Еңбек нарығының дамуына ықпал ететін факторларды, еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлін анықтау. 
* ҚР-ның демографиялық, әлеуметтік -экономикалық жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін зерттеу.
* ҚР және ШҚО еңбек нарығының негізгі тенденциялары мен ерекшеліктерін қарастыру.
1.5.  Пәнді оқу нәтижесінде студент: 
* ұғыну керек:еңбек нарығының қызмет етуінің басты ерекшеліктерін білуі керек:
* істей алу керек: жұмыспен қамту, жұмыссыздық, еңбекті ұйымдастыру мен төлеу, әлеуметтік еңбек жанжалдарының нақты жағдайларын талдау барысында еңбек қатынастарының мәселелерін анықтау; аталған мәселелер бойынша тиімді шешімдердің баламаларын әзірлей білу.
* игеру керек: еңбек нарығы қызметінде басқаруды, жоспарлауды, ұйымдастыруды, болжауды, халық шаруашылығы ресурстарын қалыптастыруды және пайдалануды, қазіргі жағдайда еңбектің экономикалық тиімділігін бағалау және меңгеру.
* дағдыларды меңгеруі керек: еңбек нарығын болжау, аталған болжаулар бойынша мәліметтер жинау мен өңдеу, әлеуметтік әріптестік процедураларының дағдыларын
	1.6. Пәннің пререквизиттері: 
 Экономикалық теория,
 Микроэкономика
Макроэкономика
Қаржы
Кәсіпорын экономикасы 
Кәсіпкерлік
	1.7. Пәннің постреквизиттары:  
Фирмаішілік болжау және жоспарлау
Өндірісті ұйымдастыру
 Еңбекті нормалау және төлеу


2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ
                                                                   Кесте 1
                                      №
                                       
                           Тақырып атауы
                              Сағат саны
                                       
	
                             Әдебиеттер
                                       

                               Дәрістер
                             Сарамандық
                                  ОЖОӨЖ
                                    ОӨЖ
                                       
                                       1
2
                                       3
                                       4
                                       5
                                       6
                                       7
                                       1
Модуль 1. Еңбек қоғам дамуының негізі және өндірістің маңызды  факторы ретінде.
                                       2
Тақырып 1. <<Еңбек нарығының экономикасы>> оқу курсының мәні, міндеттері және әдістері.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       3
Тақырып 2. Еңбек адамның тіршілік әрекетінің негізі ретінде.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
                      Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       
Тақырып 3. Халықаралық еңбек ұйымын (ХЕҰ) құру және дамыту.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       4
Модуль 2. Еңбек нарығы жәнеоны реттеу.
                                       
                                       5
Тақырып 4. Еңбектің нарықтары жұмыспен қамтылу мен  жұмыссыздықты реттегіш ретінде.
2
1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       6
Тақырып 5. Өндіріс көлемі мен жұмыспен қамтылу деңгейіндегі ауытқулар.
2
1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       7
Тақырып 6. Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен жеке құрамын қалыптастыру және жоспарлау.
                                       2
                                       2
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       9
Тақырып 7. Еңбек және өз өзін басқару нарық қатынастары жағдайында.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                      10
Тақырып 8. Еңбек қызметін ұйымдастыру.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                      11
Тақырып 9. Еңбекпроцестерініңтехнологиясы.
                                       2
                                       1
                                       3
                                       3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       
Тақырып 10. Еңбекті функциялық талдау.
                                       2
                                       1
                                       3
                                       3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                      12
Модуль 3. Еңбекті өлшеу және нормалау.
                                      13
Тақырып 11. Еңбекті дәлелдеу және ынталандыру.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                      14
Тақырып 12. Еңбекті өлшеу және нормалау.
                                       1
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
                      Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                      15
Тақырып 13. Еңбек өнімділігі және еңбек қызметінің қарқындылығы.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
                      Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                      16
Тақырып 14. Еңбек нарығын болжау.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
                      Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                      17
Тақырып 15. Индустриалды дамыған елдерде еңбек нарығын  реттеу.
                                       2
                                       1
3
3
Н:7.1.1,7.1.2,7.1.3,7.1.4.,7.1.5
                      Қ:7.2.1,7.2.3,7.2.5,7.2.6.,7.2.8.
                                       
Барлығы 
                                      30
                                      15
                                      45
                                      45
                                       
                                                                               
3.ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

       Берілген курсты оқу барысында бағдарламаның мазмұнымен танысу қажет. Ұсынылған әдебиетті қарастырып, өздік жұмыста қарастырылатын сұрақтарға қатысты конспектілер жазу қажет.
Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарын, сондай-ақ, экономикалық, салалық журналдар мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Көбiнесе, қосымша өз оқытушыларының еңбектерiн пайдалану мүмкiншiлiктерi бар.
      Студенттердің дәрістерде және өздік жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бекіту және кеңейту үшін семинарлық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: ауызша сабақ айту, баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады.. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар тақырыптары төменде көрсетілген.
Практикалық сабақтарға дайындалған кезде сабақтың жоспарын тыңғылықты қарастырып, дәрістер конспектісін зерттеп, ұсынылған әдебиетті оқу керек;
Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек; <<Еңбек нарығының экономикасы>> пәнiн оқу кезiнде тақырыптардың жүйелiгiн басшылыққа алу керек.
Өздік жұмысын орындау кезiнде студент тек теориямен шектелмей, әр тақырып бойынша өз ойын, пiкiрiн бiлдiру керек. Экономикалық ұғымдарды тез игеру үшiн экономикалық сөздiктердi пайдаланған дұрыс.
Емтиханды сәттi тапсыру үшiн тест жинақтарын пайдалануға болады.
Аудиторлық ООӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді.  ОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: <<Еңбек нарығының экономикасы>> курсын кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге ОӨЖ реферат, презентация әзірлеу, эссе, ойындар түрінде және т.б формаларда беріледі.  
      Реферат түріндегі СӨЖ бастамас бұрын студент реферат тақырыбын зерттеп алуы керек. Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарастырған жөн. Реферат  мәтінін екі түрлі әдіспен бейнелеуге болады: қолжазба түрінде немесе машинада басу арқылы. Реферат  А4 таза ақ қағазының бір жақ бетіне жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан  -  25-30 мм, оң жағынан  -  10 мм, астыңғы және үстіңгі жағынан  -  20 мм қалдыру керек. Абзац - 15-17 мм. Бөлім атаулары астыңғы және үстіңгі жақтарынан бір жол арқылы бөлініп тұрады. . Рефераттың жалпы көлемі 7-10 беттен кем болмауы керек.
	Қолжазба түрінде жазылған текст шарикті қаламмен, ұғынықты жазумен жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында № 3 трафарет қолданыладыЖазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға, үстінен жазуға, өшіруге болмайды. Сонымен қоса, жалпы қолданыстағы сөздерден басқа сөздерді қысқартуға рұқсат етілмейді.
       Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word, шрифт KZ Times New Roman, размері 14, бірлік интервал. Эссе көлемі 3-  5 бет . Беттерді жоғарғы енмесе төменгі оң жақ бұрышта белгілеген жөн.

4.КУРС ФОРМАТЫ
     Оқу бағдарламасындағы көрсетілген 15тақырып түгелдей <<Еңбек нарығының экономикасы>>курсының барлық тақырыптарын қамтиды. Пәннің оқу жоспары бойынша 45 аудиториялық сағат, оның ішінде30 сағаты дәріске, ал 15 сағаты практикалық (семинарлық) сабаққа бөлінген.
Аудиториялық дәрістік курс студенттер білімін жүйелейтін негізгі және маңызды материал болып табылады. 
Дәріс  -  пәннің логикалық түрде жүйеленген теориялық сұрақтарын қарастыруға негізделген оқу сабағының формасы.
Дәрістің негізгі атқаратын ролі барлық оқу сабақтарының, соның ішінде студенттердің өзіндік жұмыстарының бағыттарын, негізгі мазмұны мен сипатын анықтай отырып, ғылыми білімнің негізін салу. Пәнді дұрыс игерудің шарты болып практикалық (семинар) сабақтарын жүргізу табылады.
Практикалық сабақ  -  студенттердің өз бетімен жұмыс атқару қабілетін арттыруға бағытталған оқу сабағының бір түрі. Практикалық сабақтар семинар түрінде өткізіледі, ол студенттердің ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау қабілетін, көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін арттырады.    
Практикалық (семинар) сабақтары жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің жүйелі түрде сабаққа дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, есептер шешу арқылы теориялық білімді нығайтуды талап етеді.
Практикалық сабақтар пәннің қиын сұрақтарын терең түрде зерттеуге мүмкіндік береді және студенттердің өзіндік жұмысының қорытындысын шығарудың негізгі формасы блып табылады.  Осы сабақ түрлерінде ғана студенттер мәселелерді дұрыс жеткізуді, өз ойлары мен пікірлерін еркін түрде айтуды үйренеді.  Осының барлығы қазіргі заман маманына қажетті әдіс  -  тәсілдерді үйренуге мүмкіндік береді. 

* КУРС САЯСАТЫ
     Студенттер барлық жұмыстарды белгіленген уақытта орындап, тапсырулары керек. Уақытынан кешігіп өткізілген жұмыстар төмен бағамен бағаланады. Курстың тақырыптарын қарастыру барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қолдануы керек. Сонымен қоса, студент баспа материалдарынан қосымша мәліметтерді қарастыруы керек.    Жұмысты орындау барысында келесі ережелерді сақтау керек:
* Жұмыс сұрақтары әдістемелік материалда беріледі;
* Жұмысты оқушы дәптерінде немесе А4 стандартты қағаз беттерінде, жазу тәртібіне сай орындау қажет;
* Жұмыс басында мазмұнын немесе жоспарын көрсету керек 
* Жұмыс соңында оны жазу барысында қолданған әдебиеттердің тізімін беру керек.
* Әдістемелік нұсқау талаптарына сәйкес жазылмаған жұмыстар қайта жетілдіруге қайтарылып беріледі.
Сабаққа қатысуы Университет ережелері бойынша студент міндетті түрде дәріс және семинар абақтарына, яғни аудиторлық сабақтарға қатысуы қажет, себепсіз босатпауға тиіс. Егер сабақты себепті түрде босатса, анықтама қағаз әкелуі қажет. Себепсіз босатқан студенттің босатқан сабақтарын өтеуін оқытушы қабылдамауға ерікті. Әр сабақта студен белсенділік көрсету керек.Белсенділік пен дайындық сапасы сәйкесінше бағаланады. Жекелей  және топпен презентация жасауға болады. Белсенділік үшін максималды баға әр сабақта айтылып отырылады.
Тәртібі. Сабақ үстінде жиі тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан шығарылады және барлық курс үшін <<қанағаттанарлықсыз>> деген бағамен қорытылады.
Бақылау жұмысы. Әр студентке талдау үшін жеке тапсырма беріледі, оны жоспар негізінде жасап және оқудың жетінші аптасы аяқталғанша жазбаша талдау түрде ұсыну керек.уақытынан кешігіп өткізілген жұмыстарға төмен баға қойылады. Студенттер жазбаша жұмыстарды орындағанда, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің компьютерлерін қолдана алады (арнайы бөлмелерде).	Студентте кітапханада жұмыс істеуге немесе кітапты үйге алып дайындалуға құқығы бар (сәйкес ережелерге қарай).
Рубеждік тапсырма Рубеждік аттестациялау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы мен үлгерімі және студенттің өздік жұмысын уақытында орындап, тапсыруына байланысты қойылады. Егер студенттерге берілген тапсырмалар белгіленген уақыттан кейін тапсырылса, олар қабылданбайды немесе бағасы төмендетіледі..
Көшіру: 	Студенттер міндетті түрде өзіне берілген тапсырмаларды өздері орындап жүруі қажет. Біреуден көшіру, оқытушыны кез келген түрде алдау у этикалық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады.Кез-келген көшіру жазаланады,  бүкіл курс үшін <<қанағаттанарлықсыз>> бағасы қойылуы мүмкін. 
4	Ұялы телефон: Ұялы телефондар студент аудиторияда отырған кезде міндетті түрде өшірілуі тиіс.  
Емтихан. Емтиханды қатысуға рұқсат етілген компьютерде (тест), дәстүрлі түрде немесе жазбаша тапсырады. 

	6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Оқушыларды жүйелі өзіндік жұмысқа ынталандыру үшін әрбір пәнге несие санына байланыссыз бір академиялық кезеңге 600 балл бөлінеді. (1-ші және 7-ші аптаға 300 балл, 8-ші және 15-ші аптаға 300 балл.)	
Академиялық кезеңнің бір жартысына бақылау түрлері бойынша баллдарды бөлудің шекті параметрлері кестеде келтірілген.
   Бақылау түрлері бойынша баллдарды бөлу
                                                                                                            Кесте 2
Бақылау түрлері
%
Баллдар
Барлық балл
100
300
Аудиториялық сабақтарға қатысу және дайындалу  -  бұл баллдар электронды журналға енгізілмейді, оқытушы тек оқушының сабаққа қатыспау фактысын белгілейді
10
30
Практикалық (семинарлық) жәнелабораториялық сабақтарда білімдерін тексеру  -  ауызша, жазбаша, араласқан сұрақ-жауап, бақылау-тест, дискуссия және б.
26-33
80-100
Оқушының өз бетімен жұмысы (СӨЖ)  -  үй тапсырмасын орындау курстық жұмыс, (жоба), есептік-графикалық жұмыстар, рефераттар және б.) 
27-47
80-140
Шекті бақылау компьютерлік тесттілеу әдісімен бақылау жүргізген жағдайда (тезаурустік тәсілде) оқытушы бөлінген баллды<<Компьютерлік тесттілеу>> бағанасына қояды
17-30
50-90
Аралық аттестация кезеңінен кейін жүргізілетін емтихан түріндегі қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі жалпы баллл саны 1000 баллды құрайды. 
Барлық аудиториялық дәріс сабақтарына қатысуға жалпы 30 балл беріледі, яғни, оқытушы электронды журналда оқушының сабақта қатыспау фактысын ғана белгілейді, ал  жүйе автоматты түрде студенттің дәріс сабағына қатысқан баллдар санын санайды. 
Оқытушы қалған 270 баллды 2-ші кестеде келтірілген шекті параметрлерді сақтай отыра оқушының пәнді оқу барысында жұмыс түрлері бойынша орындаған баллдары бойынша өз бетімен бөледі.
<<Еңбек нарығының экономикасы>>  пәні бойынша баллдарды бөлу
                                                                   Кесте 3
                                   Апта 
                           Бақылау түрі 
                          Барлық баллдар
                                Ескерту 

1 және 8 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу 
                                      30

                                       1
Практикалық сабақ 
                                       -

                                       2
Практикалық сабақ:сұрау
                                      15

                                       3
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
                                      15
                                      45

                                       4
Практикалық сабақ:сұрау
                                      20

                                       5
Практикалық сабақ:сұрау
                                      20

                                       6
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
                                      20
                                      45

                                       7
Рубеждік бақылау
                                      90

                                       
1-7 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны
                                      300

                                       
8 және 15 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу
                                      30

                                       8
Практикалық сабақ
                                      15

                                       9
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
                                      15
                                      30

                                      10
Практикалық сабақ:сұрау
                                      15

                                      11
Практикалық сабақ:сұрау
                                      15

                                      12
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
                                      15
                                      30

                                      13
Практикалық сабақ:сұрау
                                      15

                                      14
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
                                      10
                                      30

                                      15
Рубеждік бақылау
                                      80

                                       
8-15 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны
                                      300

                                       
Емтиханға берілетін балл саны
                                      400

                                       
Академиялық кезең бойынша барлық балл саны
                                     1000


Алғашқы шекті бақылау 7-ші аптада, екінші шекті бақылау  -  15-ші аптада жүргізіледі.4-ші кесте мәліметтерін оқытушы электронды базаға енгізеді (электронды журнал).
                                       
          Студент білімін бағалау шкаласы
                                                                   Кесте 4
             Әріптік жүйе бойынша бағалау
                                Бағалау
                                   балл
                                  Пайыз 
                                      (%)
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                      А
                                  Үздік
                                     4.00
                                    95-100
                                      А-
                               Өте жақсы
                                     3.67
                                     90-94
                                      В+
                                  Жақсы
                                     3.33
                                     85-89
                                      В
                                  Жақсы
                                     3.00
                                     80-84
                                      В-
                                  Жақсы
                                     2.67
                                     75-79
                                      С+
                        Қанағаттанарлық
                                     2.33
                                     70-74
                                      С
                        Қанағаттанарлық
                                     2.00
                                     65-69
                                      С-
                        Қанағаттанарлық
                                     1.67
                                     60-64
                                      D+
                        Қанағаттанарлық
                                     1.33
                                     55-59
                                       D
                        Қанағаттанарлық
                                     1,00
                                     50-54
                                       F
                     Қанағаттанарлықсыз
                                     0.00
                                     0-49
                                       I
                            Аяқталмаған
                                      NA
                                       -
                                       P
                              Пәнді өтті
                                       -
                                   өтті

Егер студент сабақты босатса және межелі бақылауды белгіленген мерзімде сырқатқа немесе басқа да  себепті жағдайға байланысты тапсыра алмай қалса, онда студент 7-ші немесе 15-ші аптаға дейін қажетті құжаттарын әкеліп, деканаттың рұқсатымен, электронды базаны қайтадан ашқызып, босатқан сабақтарын өтеп, рейтингін көтеруге мүмкіндігі бар. Студент пән бойынша шекті рейтингтік бақылауға кіруге рұқсат алу үшін семестр ішіндеең төменгі рейтингтік баллы 50 %-ке тең не одан жоғары болуы керек.
                                                                               
                            7. ӘДЕБИЕТТЕР
7.1. Негізгі әдебиет:
    o Тойкин, С.Қ. Еңбек экономикасы: оқу құралы / С.Қ. Тойкин.- Семей, 2010.- 203б.
    o Жұмамбаев, С.К. Еңбек рыногы экономикасы: оқу құралы / С.К. Жұмамбаев.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2003.- 171 б.
    o Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ.,  Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003.
    o Нурекенов Н.Г., Тойкин С.Х.,Курманбаев С.К. и др. Экономика рынка труда. Уч. пос. С., 2002.
    o Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
    o Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 2002.
    o Рощин С.Ю. Экономика труда. М., 2000
    o Кулинцев И.И. Экономика и социология труда. М., 2001.

7.2. Қосымша әдебиет:
    o Курманбаев С.К., Тойкин С.Х. и др. Управление трудовыми ресурсами. А., 2004, 160с.
    o Морозова Л.Е. и др.Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М., 2000.
    o Карибджанова  А.С. Экономика рынка труда. Рабочая тетрадь студента.  -  Алматы, 2000.
    o ҚР Еңбек Кодексі. Астана, 2007.
    o Құрманбаев С.Қ.,Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу.-Семей, 2011
    o Қазақстандағы адам дамуы: Оқулық / Жалпы ред. басқ. Н.Қ. Мамыров, Ф. Акчура.- Репринтік бас.- Алматы: Taimas Printhous, 2006.- 456б. 
    o Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы.- Алматы: Қазақстан, 2000.- 80 б.
    o Бекенов, М.Т. Оплата труда в условиях рынка: учеб. пособ. / М.Т. Бекенов; СГУ им.Шакарима.- Семипалатинск, 2002.- 150б.
    o Ертазин, Х. Агробизнес: оқу құралы / Х. Ертазин.- Астана: Фолиант, 2013.- 213 б.- (Кәсіптік білім
    o ҚР <<Халықты жұмыспен қамту туралы>> Заңы. Астана, 2001. 













































Пәндер