Файл қосу

Биотехнология әдістерін өсімдік селекциясында қолдану



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
 3 деңгейлі СМЖ құжаты
                                   ПОӘК
ПОӘК 042-
18-21.1.11/01-2013
                                   ПОӘК
<<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы эдістері>>пәнінен магистранттарға арналған жұмыс  бағдарламасы
                             Басылым №1 
                                       


                                       
   6М080100 <<Агрономия>> мамандығына арналған
<<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы эдістері >> пәнінен
                  ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
         ПӘННІҢ  МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН
                      ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       
                                       
                                       

                                  Семей
                                     2013



   





              

                                       
















Дәріс № 1
Кіріспе. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері пәніне түсінік және маңызы.
Жоспар:
1. Селекция. Селекция тарихы.
2. Будан алудың жолдары
Өсімдіктер селекциясы (лат. selectіo  -  таңдау, сұрыптау)  -  өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым саласы. Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат  -  өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т.б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, т.б. бірнеше сорттары.
   Өнімді сұрыптау, іріктеуге байланысты төрт кезеңге бөлінеді:
Ерте заманғы селекция (қарапайым селекция);
Халықтық селекция;
Өнеркәсіптік селекция;
Ғылыми зерттеу селекциясы.
    Қарапайым селекция ең алғаш адамдар егіншілікпен айналыса бастап пайда бола бастады. Ол кезде өте қарапайым түрде будандастыру процесстері жүргізілді. Бірақ селекцияның нақ шырқау кезеңі жүзеге асырылмады.
    Халықтық селекция жануарлар мен өсімдіктердің тұқымдарын жақсартумен қатар қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте дамыды.Бұл кезеңде ауа-райының жақсы жағдайына, бейімделген қолдан сұрыпталған жасанды түрлер ене бастады. Халықтық селекция селекцияның алтын кезеңі болып табылады. 
   Өндірістік селекция 18-19ғ басында үлкен қарқынмен дамып, селекциялық кәсіпорындар құрыла бастады. Мұнда өсімдіктерде дән байлау кезінде жыныс және жыныстық процесстері анықтала бастады. Қолдан ұрықтандыру және жартылай будандастыру процесстерін зерттеу селекциялық тәжірибе үшін маңызды кезең болды.
   Ғылыми селекция бұл 19-20ғ қарқынды дами бастаған кезең болып табылады. Мұнда селекцияға ғалымдар үлкен үлес қоса бастады. Ғалымдардың теориялық ілімдері тәжірибе жүзінде асқан кезең қалыптасты. Ғылыми селекцияның ең алғашқы іргетасын Ч.Дарвин <<Органикалық дүниенің эволюциясы>> ілімін ұсынды. Вавилов селекцияға үлкен үлес қоса бастады. Ол өзінің еңбегінде <<өсімдіктер мен жануарларды қалыптастыруға адамның араласуы>> болып табылады деп көрсетті. Ол жеміс жидектерді зерттеу арқылы өсімдіктердің көптеген түрлерін шығарды. 20 ғ басында селекция пән ретінде қалыптасты. Селекциялық тәжірибе мекемелері құрылып, жоғарыдәрежеге жете бастыды.
    Ең алғаш жаңа сорттар шығарылғанда тек сұрыптау әдістері қолданылды. Ал қазіргі кезде будандастыру мутагенез биотехнология, полиплоидия әдістері қолданылды. Селекция мынандай пәндермен тығыз байланысты:
Жасушаның ішкі құрылымын зерттейтін селекция- цитология.
Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті селекция -генетика.
Ағзада және өсімдіктерде болатын ішкі құбылыстарды зерттейтін  селекция- физиология.
Аурулармен зинкестілерді зерттейтін селекция фитопотология және энтология
  Өнімдерді сақтау, өңдеу технологиясы пәндерімен қатар, математика, физика, химия, өндірістік экономика және менджмент негізднрімен тығыз байланысты. Жалпы селекция жаңа сорттарды шығаруға негіз болатын, ерекше әдістерге сүйенетін ғылым.
3.Буындастыру (гибридизация). 
Гибритизация әдісінде бір немесе бірнеше белгі бойынша ажратылатын екі ағзаны будандастырады. Ата-ананың бір-бірінен ажратылатын белгілерінің санына қарай будандастырудың түрлері:
Монигибридті будандастыруда шағылыстырылған ата-ана бір-бірінен бір белгі бойынша ажратылады.
Дигибридті будандастыруда бір-бірінен екі белгі бойынша ажратылатын даралар шағылыстырылады.Полигибридті будандастыруда бір-бірінен бірнеше белгі бойынша ажраты-латын даралар шағылыстырылады.
Будандастыруды және оның нәтижелерін сызба нұсқа түрінде жазу үшін төменгі белгілер қолданылады:Р  -  ата-ана(лат. Parental  --  ата-ана)Ғ  -  ұрпақ (лат.filia-ұрпақ)Ғ¹- бірінші ұрпақ, яғни олар Р-ның ұрпағы.Ғ²- реті бойынша екінші ұрпақ, яғни олар Ғ¹-дің ұрпақтары.- аналық жынысы- аталық жынысыХ  - шағылыстыру белгіс:  --  ұрпақтардың фенотиптері немесе генотиптері бойынша ажраудың сандық арақатнасы.Гибродологиялық әдіс алғаш рет австрялық ғалым Г.Мендель тарапынан қолданылды (1865). Ол тәжрибелерінде өздігінен тозаңданатын асбұршақ өсімдігін қолданды. Мендель бір-бірінен бір, екі және одан да көп белгілер бойынша ажратылатын таза іріктемелер (гомозиготаларды) будандастырды. Сөйтіп, ол бірінші, екінші және т.с.с. реттік ұрпақ типтерінің статистикалық арақатнастарын матиматикалық жол мен зеріттеді. Алынған нәтижелер бойынша тұқым қуалаушылық заңдары ашылды.
1) Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы (Мендельдің бірінші заңы)Г.Мендель тұқымы сары асбұршақ өсімдігіне тұқымы жасыл асбұршақпен будандастырды. Екеуі де таза іріктемелер, яғни гомозиготалар еді.
Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы-Мендельдің бірінші заңы:. таза іріктемелер будандастырылғанда гибридті бірінші ұрпақтың барлығының фенотиптері бірдей болады.
Бұл бірден фенотипте көрінген белгіні Мендель доминатты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті белгі деп атады.1) күлгін гүлден алынған аталық2) ақ гүл аталықтарынан алынған тозаңдар күлгін гүл аналығына тасмалданады.3) тозаңданған гүлден жетілген бұршаққын.4) бұршаққыннан шыққан дәндер егілді.5) зеріттелінген ұрпақ: барлығы күлгін гүлдер.2) Белгілердің ажырау заңы (Мендельдің екінші заңы)
Г.Мендель зеріттеулерін жалғастырып, гибридтер болып табылатын бірінші реттік ұрпақтарды (Ғ1) өзара будандастырды. Алынған Ғ2 ұрпақта Ғ¹  --  де көрінбеген белгі (рецессивті) қайта көрінген. Және Ғ2 доминантты белгі мен рецессивті белгінің арасында белгілі матиматикалық арақатнас байқалған. Алынған Ғ2 ұрпақтың (3/4)- і сары тұқымды (доминантты), (1/4)-і жасыл тұқымды (рецессивті) еді. Яғни фенотип бойынша ажырау арақатнасы қалыпты болған (3:1).
Сонымен ажырау заңы (Мендельдің екінші заңы) бойынша: гибрид болып табылатын бірінші реттік ұрпақтарды өзара будандастырудың нәтижесінде алынған Ғ2-де фенотиптерінің арасында 3:1 арақатнасы бойынша ажырау байқалады, рецесивті даралар ұрпақтардың жалпы санына (1/4)-ін құрайды.
Ажырау дегеніміз гетеризиготалы дараларды будандастырғанда пайда болған ұрпақтың бір бөлігінің доминантты, ал бір бөлігінің рецессивті белгіні көрсетуі.
Моногибридті будандастыруда фенотип бойынша ажырау арақатнасы 3:1 (толымды доминаттылық қатнаста) немесе 1:2:1 (толымсыз доминанттылық қатнаста). Дигибридті будандастыру жағдайында фенотип бойынша ажырау- 9:3:3:1 немесе (3+1)2, ал полигибритті будандастырудағы арақатнасты (3+1)n формуласымен есептеуге болады.
Толымсыз доминанттылық немесе тұқым қуалаудың аралық сипаты.
Доминантты ген рецессивті генге қарсы басымдылығын әрқашан көрсете алмайды. Мұндай жағдай толымсыз доминанттылық деп аталады. Толымсыз доминанттылық кезінде гетерозиготалар ата-енесінің аралық белгісін көрсетеді. Мысалы, намазшамгүлдің реңінің тұқым қуалауы толымсыз доминанттылыққа жатады.







Дәріс № 2
Сорт. Бастапқы материал және оны құру әдістері.
* Сорт туралы ұғым
* Сортқа қойылатын өндірістік талаптар
* Бастапқы материал түрлері мен тәсілдері

Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір  -  бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде << форма>> және <<сорт>> бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.
Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады. 
Мынадай негізгі шарт тарды атап өту қажет: 
* Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.
* Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық -  биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады. 
* Сорт ашық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ  -  климат аймағында жоғарғы өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.
* Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.
* Тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары  сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық  болып бөлінеді.
	Жергілікті сорт  деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне  орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған. 
Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми  -  зерттеу мекемелерінде шығарылатын сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері  мен шаруашылық  -  биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі  болуымен ерекшеленеді.
Сорт шығару тәсілі бойынша сорт  -  популяция, линиялық сорт, сорт- клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді. 
Сорт  -  популяция айқас және өзін- өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқымқуалаушылық жағынан біркелкі емес.
Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт- біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады.
Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен  тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда , біркелкі болмайды. Кейде оларды қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сорттары будан болып табылады. Сорт  - клондар өсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт  -  клон өсімдіктердің бір текті вегетативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.
Сортқа қойылатын өндірістік талаптар 
Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сортқа жоғары талаптар  қояды. Олардың негізгілері мыналар:
* Жыл сайын жоғары  және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары  өнімді болуымен қатар , тыңайтқыш себу мен басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтуі қажет.
* Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға , қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға (күздік және көп жылдық сорттары) төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімінің тұрақтылығын анықтайды.
* Аурулар мен зиянкестерге қоздырушыларға да төзімді болуы керек.
* Механикалық баптауға икемділігі.
* Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (ақуыз, қант, крахмал, май, талшық) мол беруі керек.
Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиеттерінің нақты жиынтығы негізгі үш көрсеткіш бойынша анықталады:
* Болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ- климат жағдайлары;
* Сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайтқыштың жоғары нормасы, суландыру, т.б, )агротехникасы және механикаландыру дәрежесі;
* Дақыл бағдары және  оны пайдалану (жүгері-дәнді немесе сүрлемдік арпа сыра қайнату мен малазықтық, картоп асханалық және техникалық, т.б. бағыттарда).
3.Бастапқы материал түрлері мен тәсілдері
      Селекцияда бастапқы материал деп, жаңа сорттарды шығару үшін пайдаланылатын өсімдіктердің мәдени және жабайы формаларын айтады. 
        Бастапқы материал ретінде мыналар пайдаланылады: 
* Табиғатта кездесетін өсімдіктердің сан алуан формалары мен сорттары; 
Селекция процесінде будандастыру жолымен және түрлі сыртқы жағдайлардың жасанды әрекетінен жасалған бастапқы материалды сұрыптаудан басталады.
И. Н. Вавилов атап көрсеткендей, селекциялық жұмысқа жету бастапқы материалды сұрыптаудан басталады. 
     Осы заманғы селекцияда бастапқы материал алу үшін қолданылатын негізгі түрлер мен тәсілдер мыналар:
* Табиғи популяция. Оған өсімдіктердің жабайы өсетін формалары, мәдени өсімдіктің жергілікті сорттары және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әлемдік коллекциясындағы үлгілері жатады.  
* Будан популяциясы. Будан популяциясының 2 түрі бар:а)бір түрдегі сорттар мен формаларды тозаңдандыру арқылы алынған ішкі түрі; б) өсімдіктердің әр түрлері мен тектерін тозаңдандыру арқылы алынған (түраралық және туысаралық)будандар.
* Өздігінен тозаңданатын линиялар (инцухт- линия).                     Өсімдіктердің  айқас тозаңдануы селекция ісіндегібастапқы материал алудың көзі болып табылады. 
* Жасанды мутация және полиплоид  формалары. Бастапқы материалдың бұл түрі өсімдіктерге радиация, химиялық заттар, температура және басқа мутаген құралдарын пайдалану жолымен жасалады.
* Биотехнология әдісін пайдалану.
Бақылау сұрақтары:
* Сорт дегеніміз не?
* Сортқа қойылатын өндірістік талаптар
* Бастапқы материал түрлері мен тәсілдері



Дәріс №4
                      Талдаушы селекция.
                                       
Дәріс  №5
                   Синтездеуші селекция.
Жоспар:
* Түрлердің синтезі мен ресинтезі.
* Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары.
Түрлердің синтезі  қарапайым екі түрдін геномдарын біріктіру негізінде іске асырылуы мүмкін. Алшақ будандастырудың екі геномдары рекомбинацияланады да, бұрын-соңды болмаған жаңа түрлер пайда болады. Сондықтан алшақ будандастыруды түрдің синтезделу көзі  дейміз. Түрдің ресинтезі дегеніміз- алшақ будандастырудың  нәтижесінде екі түрдің гендерінің рекомбинацияланып, ертеректе табиғатта болған түрдің қайта жаңарту процесі.		
ХІХ ғасырдың басында Еуропаға кездейсоқ Африка батпақ шөбі әкелініп, таралып, еуропалық батпақ шөбімен бірге өсті. ХХ ғасырдың басында жаңа батпақ шөп- бұрын аталған екі түрдің амфидиплоиды пайда болды. Ол төзімді, бейімделген және бастапқы түрлерді барлық жерден ығыстырып шығарады.  Бұл шын мәнінде, ғалымдардың бақылауымен жүрген  жаңатүрді табиғи синтездеудің бір мысалы болып табылады. Табиғатта кездейсоқ сәтті амфидиплоидты комбинацияның мүмкіндігі туып, ол іске асырылады. Бұл мысал табиғи жағдайда сәтті амфидиплоидты комбинациялардың барлығының іске асырылып, сондықтан да жаңа түрлерді қолдан синтездеудің өзі көбіне шаруашылық жағынан құнды формаларды жасаумен сирек аяқталатынын дәлелдейді.  
Жаңа түрлердің табиғи синтезделуінің <<механизмі>> сірә, мынадай болса керек. Жоғары ұрықты амфидиплоидтар пайда болатын  амфигаплоидтар мейоздар тек униваленттер болуымен және толық дерлік ұрықсыздықпен сипатталады. Тіршілікке икемділігі бар тозаңдар  мен гаметалар  мейоздың бірінші бөлінуінің анафазасында барлық хромасомалар  бір полюске кеткен немесе мейоз  реститутциялық бөлінумен не митозбен алмасқан сирек жағдайларды ғана  пайда болады. Бұл тіршілікке икемділігі бар гаметаларда хромосомалардың сомалық саны болады және олар редукцияланбаған деп аталады. Олар сирек түзілгенмен, олардан, әсіресе табиғи процестердің кең ауқымы кезінде, келесі ұрпақтардың пайда болуы мүмкін. 
Редукцияланбаған гаметаларды пайдалану амфмдиплоидтарды қолдан синтездеу әдістерінің бірінің негізіне жатады бұл  -  бірінші әдіс. Ол будандастыруды  және будандардың бірінші ұрпағын өсіруді керек етеді. Екінші әдіс-колхициннің көмегімен амфигаплойдта хромосомалар санын қолдан көбейту (жоғарыда сипатталған). Үшінші әдістің мәні  -  алдын ала бастапқы түрлерді тетраплойдты деңгейге ауыстыру. Тетроплойдтар диплоидты гаметалар береді, ал олардың қосылуынан бірден амфидиплойдты будандар түзіледі: 
Бастапқы түрлер          АА                         ВВ
                                        
                                        К-митоз                К-митоз
РР                                    АААА х                 ВВВВ
Гаметалар РР               АА х                        ВВ
Ғı                                     ААВВ

Төртінші әдіс  -  екі амфидиплойдты түрлерді будандастыру жолымен жаңа амфидиплоидтар алу. 
1924 жылы  Г. Д. Карпеченко редукцияланбаған гаметаларды пайдалану әдісімен шомыр мен капустадан  тәжірибелік  маңызы жок, бірақ түраралық будандастыру теориясының қалыптасуында маңызды рөл атқарған туысаралық амфидиплойдтар  алды.
Тритикалені алғаш рет (1848 ж.) неміс ғалымы В. Римпау алды. Егер бізге енді белгілі бидайдың хромасомалық құрамына кіретін геномдардың  жалпы қабылданған  әріптік  таңбаларын пайдалансақ  және  қара бидайдың геномын, қазір қабылданған әріппен белгілесек, онда геномдық формулаларын былай жазуға болады: 

      ААВВДДRR          және         ААВВRR
        2n-56                                      2n-42	

Қара бидай, бидай  амфидиплоидтарының практикалық маңызы бар, бірақ өсімталдығы төмен. Бұл ішінара  ұрықсыздық  бай ген қоры бар популяцияларды  үздіксіз  сұрыптау  жүргізу арқылы жойылады. Соңғыларды әр текті амфидиплоидтарды, соның ішінде октоплоидтыларды (2n-ББ)  гексоплоидтылармен (2n-42) будандастыру арқылы түзеді.
Орыс генетигі А.Р. Жебарак бидайдың  әр алуан түрлерін будандастырып, геномды, формулалары ААААВВ (2n-42), ААААВВВВ (2-56), ААААВВВВДД (2n-70) жаңа аллополиплоидтар алды. Жебрактың аллополиплоидтарының, әзір тектеориялық  қана маңызы бар, алайда оларды түрлі комбинацияларда будандастыруды сұрыптау үшін құнды материялы бар популяциялар пайда болуы мүмкін  деп жорамалданады.
Н. В. Цицин алған жұмсақ бидай мен көкшіл бидайық диплоидтарының ерекше маңызы бар. Бұл будандастыру геномдық  формуламен былай жазылады. 

  РР ААВВД ı Д ı         х       ВВ Да Да ХХ                   
                     42                                      42
Бидайдың  және  бидайықтың  геномдары  да тек  ішінара  гомологиялы, сондықтан оларды  ажырату  үшін формулаларда түрлі  индекстерді қолданады.
	Инбридинг. Генетиктер жыныстық жолмен көбейудің екі тәсілін ажырытады: аутбридинг және инбридинг. Аутбридинг (туыстық емес көбейту) жақын туыс емес, туыстық тегі жоқ  ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады. Инбридинг (инцухт, жақын туысты көбейту) жақын текті ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады.
	Инбридингтің генетикалық нәтижесі гетерозиготаның азаюы болып  табылады, аутбридинг оны көбейтеді.
2. Гетерозис  -  күрделі генетикалық құбылыс, бірінші жылғы  ұрпактардың тіршілік ету қабілеттілігін , дамуының күштілігін, өнімділігінің көптілігін білдіретін  құбылыс. Ол будундардың түрлері мен пайда болуы тегіне  (линия аралық, сорт аралық, жекеленген) байланыс жоғары  түрде екпінділігінен айқындалады. Гетерозистің жоғары түрде көрінуі    - де байкалып, кейіннен төмендейді. И. Кельрейтердің будандық  күштер  туралы алғашқы  мәліметтерді, содан кейін Ч. Дарвиннің гетерозистің себептерін  түсіндіру туралы талпыныстары осы құбылыстың ғылыми зерттеулеріне жол ашты.
Гетерозис- белгілі бір белгілері мен қасиеттерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының  ата-ана формасының әрқайсысынан  ерекше  басым  болуы. Гетерозис түр аралық  будуандастыруда  бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады.
Г. Шелл, Е. Иста, Х.Хэйстердің жұмыстарында да айқын көріне бастады. Ғылыми әдебиеттерге  <<гетерозис>> термині 1914 жылдап бастап енген. 
Джонс ұсынған доминанттық болжамы (1917, 1918, 1921 жылдар). Ол Ғı бірінші жылғы буданды қолайлы  доминантты  гендердің  жиналуынан, ал олардың  Ғ2  - де немесе кейінгі ұрпактарда өнімділіктің  кемуі рецессивті аллельдің  гомозиготтық  жағдайға ауысуынан деп гетерозис түсіндіріледі.
Бақылау сұрақтары:
* Синтез түрлерін ата.
* Синтездеуші селекцияның селекцияда алатын орны.

Дәріс №6
Өсімдіктер селекциясында полиплоидия мен гаплоидияны пайдалану.
Жоспар:
* Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия.
* Өсімдіктер селекциясындағы гаплоидия.
Ағза жасушаларнда хромосомалар санының еселеніп көбею құбылысы полиплоидия деп, ал ағзалардың өзі плоиплоидтар деп аталады.
Полиплоидия құбылысы эволюциялық өзгергіштіктің ең маңызды көздерінің бірі болып табылады және ол табиғатта кең таралған.Эволюция процесі көбінесе полиплоидизация негізінде хромосома жиынтықтарының еселі көбеюімен байланысты екенін көп өсімдіктерде анықталады.Оны туыс,жақын топтар немесе түр ауқымында жақын (расалар)түршелер топтары(хромосомалары негізгі санға еселі)болып табылатын полиплоидты қатарлардың табиғатта болуы дәлелдейді.
  Полиплоидияны қолдан индукциялау үшін әр алуан факторлар зақымдаулар (центрофугалар)және химиялық заттар (колхицин,аценафтен,ауренция,финилуретан,хлорлы сангуйнарин,гаммексан,вератрин,линдан,хлоралгидрат,азот тотығы,хлороформ).
  <<Полиплоидия>>терминін 1910жылы Е.Страсбургер енгізді.Полиплоидты мутанттардың диплотдты өсімдіктерден морфологиялық,физиологиялық және биохимиялық жағынан көптеген ерекшеліктері бар.Өсімдіктің жалпы көлемі,гүлдері,тұқымдары,жемістері үлкейеді.Биохимиялық ерекшеліктері де өзгереді,мысалы,полиплоидты томаттардың жемісінде С витамині көп болады.Қызылша триплоидтары геномдардың санына қарай әр гектарына қант шығымын 10-20%арттырады және т.б.
  Өсімдіктердің белгілі туыстарының жартысында полиплоидты түрлер бар.Бидай,картоп,мақта,темекі көптеген жеміс ағаштры,т.б. ауылшаруашылық және техникалық дақылдар полиплоидтарга жатады.Бір кезде адам олардың дәні мен жемістерінің ірілігіне,дәміне,нәрлілігне,өсімділігне және т.б. қасиеттеріне қарай олардың полиплоидты мутанттарын сұрыптап алған.
  Полиплоид алудың түрлі әдістері бар.Ең тиімдісі-колхицин.Колхицин-C22H26O6жасуша орталығының центросома қызметін тежейтін әсері бар алкалоид,соның салдарынан жас хромосомалардың полюстерге ажырауы тоқталып,олар бір жасушада қалады,яғни хромосомаларда саны екі еселенген жасуша түзіледі.
  Олар үшін мына шарттарды сақтау керек:
1.Хромосомалар санын екі еселеу үшін бөлінетін жасушалары көп меристема ұлпаларына колхицинмен әсер ету керек.
2.Түрлі өсімдіктердің колхицинге сезімталдығы әркелкі екенін есепке алу керек.
3.Тәжіртбе жасалған өсімдіктердің өніп-өсуіне өңдеу кезінде де,сондай-ақ одан кейін де қолайлы жағдай жасау керек.
  Осы айтылғандарды есепке ала отырып колхицинді  пайдаланудың бірқатар әдістері жасалады.
 Тұқымды өңдеу. Құрғақ тұқымды колхицин 0,1-0,2%ерітіндісінде3-10күн бойы ылғалдандырып,себеді.Мұрты шығып,өне бастаған тұқымды0,01-0,2%концентрациясында6-24сағатқа өңдейді.
  Өскіндерді өңдеу. Ең қарапайым тәсіл-өскәндерді колхициннің судағы ерітіндісіне толық батыру немесе оларды колхицинмен ылғалданған сүзгі қағазға орналастыру(концентрациясы0,01-0,2%,өңдеу уақыты3-12сағат және одан да көп).
  Сеппе шыбықтарды өңдеу.Жас сеппе шыбықтардың өсу нүктелерін тамшы әдісімен өңде уүнемді де тиімді(0,1-0,4%,8-14күнге дейін).
  Колхицин ерітіндісі(0,05-0,2%)сіңірілген мақта тампондарын пайдалану жаман нәтиже бермейді.Оларды колхицин өсу конусына келетіндей етіп,өркеннің ұшына жапсырады.Сонымен қоса тамыр,бүршік,өркен және сабақ ұштарын да өңдейді.
  Полтплоидтар пайда болу тегіне қарай негізгі екі түрге автополиплоидтар және аллополиплоидтар деп бөлінеді.
   Автополиплоидия.Бір түрдің геномдарының көбеюі негізінде пайда болатын полиплоидтар автополиплоидтар деп аталады.Егер хромосомалардын негізгі санын(геномды)А әріпімен белгілесек,онда А гаплоидқа,АА-автодиплоидқа,ААА-автотриплоидқа.АААА-автотетроплоидқа және т.с.с. сәйкес келеді.
  Табиғи автополиплоидия ауылшаруашылығы үшін құнды түрлер берген жоқ.Ал құнды түрлер бергендер ретіндебеденді,тарғақты,арахисті,қарақұмықты келтіруге болады.
  Аллополиплоидия.Әр түрлі геномдердің кобеюі негізінде пайда болған полиплоидтар аллополиплоидтар немесе амфидиплоидтар деп аталады.Аллополиплоидтарәркелкі түрлерді будандастыру негізінде түзіледі.Мысалы,егер түраралық буданда а және в геномдары үйлесетін болса,онда одан алынған аллотетраплоид аавв болады.Аллополтплоидияны басқаша буданды полиплоидия деп атайды.Оның тәжірибелік маңызы зор.
  Бидайдың гексаплоиды түрін қара бидаймен будандастырудан алынған сомалық жасушаларында хромосома саны 56октаплоидты амфидиплоидтар,сондай-ақ тетраплоидты бидайды қара бидаймен будандастырудан шыққан хромосома саны 42гексаплоидты амфидиплоидтар болып табылады.
  Көбіне алыс будандар бедеу(ұрықсыз)болады.Бұл құбылыс себептерінің бірін қарастырайық.Шомыр мен капустаның геномдары А және В үйлеседі делік,онда шомыр-капуста буданында әр түрлі екі геном а және в болады. Шомырдан будан зиготасына 9хромосомадан тұратын а геномы,капустадан да9хромосомадан тұратын в геномы енеді.Мұндай алыс буданның1сомалық жасушаларында хромосомалардың жалпы саны18 болады.Алайда Шомыр хромосомаларының мейозда өз ұқсастары болмайтындықтан, олардың әр қайсысы унивалент ретінде өздерін дербес ұстайды да,теңдестірілмеген болып шығады,яғни олардағы хромосома саны негізгіге еселі емес,сондықтан жасуша тіршілікке икемсіз.
  Мұндай буданда аналық гаметалардың да,аталық гаметалардың да бір бөлігінде 18хомосомадан(9Р+9В)болады.Бұл гаметалар редукцияланбаған деп аталады.Ұрықтану процесінде екі түрдің де хромосомалар жиыны екі еселенген зигота-аллотетраплоид түзеді.Онда шомыр хромосомаларының екі жиыны(9Р+9Р)және капуста хромосомаларының екі жиыны (9B+9B),яғни барлығы 36 хромосома болады,ұрықты болып шығады,өйткені мейозда оның әрбір хромосомасының конъюгацияланатын серігі бар.
   Гаплоидия. Кейінгі кезде генетиктер гаплоидтарға,яғни сомалық жасушаларда дара гомологиялық хромосомалар жиыны бар ағзаларға назар аударуда.Түрлі өсімдіктердің тұқымынан кобею кезінде тұрақты гомозиготалық формалар алу әдісі ретінде тәжірибелік гаплоидияның маңызыы ерекше.Мұндай гомозиготалық формалар гаплоидтардағыхромосомалар жиынын екі еселеу арқылыалынуы мүмкін.Гаплоидтардың арасынан зиянды рецессивті гендері бар формоларды тауып,оларды аластау жарамсыз оңтайлы.Гаплоидтардың диплоидтардан айырмашылығы мынада.аласалау,жасушалары ұсақ,ұрықсыздығы күмәнсіз. Гаплойдтарды алудың бірқатар әдістері жасалған.
1.Осы түрдің жұмыртқа жасушаларын ұрықтандыруға қабілетсіз,бірақ партеногенездік дамуына түрткі болатын басқа түрдің тозаңдарымен тозаңдандыру.
2.Рентіген сәулелерімен өңделген тозаңмен тозаңдандыру.
З.Гүлдерді аталықсыздандырып тозаңдандыруды ұрықтың партеногенездік дамуына әсер етеді.                                                                                     4.Тозаңданған өсімдіктерге жоғары және төмен тнмперптурамен әсер ету нәтижесінде ұрықтану болмайды да партогенездік даму жүреді. Сөйтіп селекционерлердің қолына полиплойдтар алып беру болашақта генетиканың беделін көтеруі сөзсіз. Қолдан алған полиплойдтар сұрыптау үшін тек бастапқы материал ғана болып табылатынын және оларды өндіріс,климат және агротехника талаптарына бейімдеу кезінде одан әрі қарай селекциялық жұмыс жүргізу қажет екенін ескеру қажет.
    Гаплоидтық жиынтыққа бір түрдің хромосомдар санының еселеніп көбеюі автополиплоидия деп аталады.Сонымен қатар,ол дақылдар қатарында кең практикалық қолданыс тапты.Көптеген дақылдарға автополиплоидия құбылыстары пайдалы әсерін тигізеді.Мысалы,өсімдіктерде жемістерінің үлкен көлемі,дәннің салмағы,сұламалыққа беріктілігі,кейде қанттың,витаминнің,т.б сапалы белгілердің жоғары болуы.
    Пайдалы белгілердің жиынтығымен қатар полиплоидтарда селекциялық қатынаста жағымсыз белгілердің болуы мүмкін.Бұл бәрінен бұрын әр түрлі себептерден болған ұрықсыздықты күшейтеді,вегетативтік салмақ пен тұқым өнімінің жағымсыз коррекциясын күшейтеді,тозаңдар санының азаюы,мейозда хромосома теңдігінің жоқтығынан тіршілікке бейімделген гаметалардың артуы т.б жағдайларға әкеп соқтырады.
    Полиплодтардағы пайдалы және жағымсыз белгілердің көрінуі селекциялық мақсатта оларды белгілі бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.Индукцияланған полиплоидтар селекциялық тиімділік бере алады.Біріншіден,хромосомдарының әр түрі үшін оптимальдық деңгейі болуы керек.Егерде хромосомдардың бастапқы саны көп болса,онда бұл түр табиғи полиплоид бола алады.
Екіншіден,айқас тозаңданушы дақылдарменполиплоидтар алу үшін селекциялық жұмыс жүргізу қолайлы болады,гаметаларды іріктеу жолымен ұрықтық тез қалыптасады.Үшіншіден,вегатативтік органдар алу үшін өңделген түрлерде полиплоидия үлкен эффект береді.Полиплоидия құбылысын пайдалану селекцияда жай театраплоидтарды алумен шектелмейді.Олардың ерекшеліктерін зерттеуге және оларды іріктеу жолдарымен жетілдіру жұмыстарын жүргізуге ұзақ уақыт керек.Полиплоидтардың ұрықтық өнімділігінарттыруға тек қана сұрыптау арқылы жетуге болады.Жағымды тиімділіктің үйлесімді полиплоидының пайда болуы және гетерозис тиімділігі полиплоидтық деңгейде гетерозистік селекцияның спецификалық тәсілдерін дамытуға әсерін тигізеді. Индукцияланған полиплойдтардың мейотикалық тұрақсыздығы генетикалық тепе-теңдіктің бұзылуынан болады,сонымен қатар,олардың ұрықтығының төмендеуі тағы бір құбылыс анеуплоидияны анықтайды.Анеуплоидия деп геном құрамында хромосома сандарының азаюын немесе көбеюін айтады.Мейоздың тұрақтылығы арнайы іріктеу белгілі бір табысқа жеткізеді;тиімсіз құбылыстан толық құтылуға көмектеседі.Табиғи полиплоидтар мұндай кемшіліктен толық құтылған.Сондықтан соңғы кезде редуцирленбеген гаметаларды пайдалану негізінде полиплоидтар алуға елеулі көңіл бөлінеді.Осы бағытта апомиксис құбылысын және регенерациялық тәсілді пайдалану маңызды көмек көрсетеді.
      Геномдық мутацияның көптүрлілігінің біреуі-гаплоидия жасушада хромосом санының еселі азаюы болып табылады.Эволюциялық бағытта бұл заңды құбылыс деңгейін төмендететін полиплоидияға керісінше процесс болып табылады.(С.С.Хохлов,1965ж).
Гаплоидтар мен гаплоидияны,яғни,хромосомдардың генетикалық дара саны бар өсімдіктерді талдау үшін түрлердің цитогенетикалық құрылымдарын зерттеу қажет.Гаплоидтарды пайдалану белгілердің тіркесу тобы,гендер әсерінің тиімділігі,генотиптік ортаның,жеке гендердің шығуы сияқты жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.Гаплоидтарды зерттеу генетиканың ең қиын бөлімдерін меңгеруге көмегін тигізеді.Мұның барінің тек теориялық емес,сонымен бірге тәжірибелік мәні бар.Гаплоидтардан гомозиготтық форманың,хромосом санын қосарландыру жолымен андрогендік гаплойдтардан әр түрлі линияның ұрықсызданған анологтарын алуды,жоғары технологиялық және биохимиялық көрсеткіштері бар өнімді сорттар шығаруда гаплоидтарды қолданудың болашағы өте жоғары.Мутациялық селекцияда гаплоидтарды қолдану гомозиготтық мутация алуды жеңілдетеді.Соңғы жылдарда пайда болған дақылдарда микроспора тетрадаларының жасушаларынан тікелей гаплоидтар алу мүмкіншіліктері комбинациялық селекцияның тиімділігін арттырды.Гаплоидтық регенераттар арасында хромосомалар сандарын еселендіріп және құнды белгілері бар,ажырамайтын ұрпақ алу өте маңызды.Гаплоидия құбылысы барлық өсімдіктерде оның ішінде дәнді дақылдарда(бидай,жүгері,томат,қияры,капуста)кездеседі,сондықтан гаплоидтарды пайдалануға мүмкіншілік мол.Гаплоидтар азықтық дақылдарда жақсы анықталған,олардан алынған түрлер саны біртіндеп өсіп жатыр.Дегенмен де гоплоидия проблемаларын шешу,әсіресе,гоплоидтарды алуда немесе оларды дигоплоидтық деңгейге көшіруде көптеген қиындықтар туғызуда.Гаплоидтарды шығару күрделі де,көп еңбек сіңіруді керек етеді,олардың цитогенетикасы жеткіліксіз түрде дамып,ал генетикада аз зерттелген.Болашақта селекцияда гаплоидтарды пайдалану тұрақты болмағандықтан осы зерттеу жұмыстарының қажеттілігін  куәландырады.
  Гаплоидтарды алуда және жасап шығаруда Чейз(S.S.Chase,1949-1961)ұсынған генетикалық маркировка арқылы гаплоид жасау тәсілі өте болашағы мол бағыт болып саналады.Бұл тәсілдің маңызы,бұрыннан белгілі генетикалық айырмашылықтары бар сорттар мен линиялар будандастырылады,гаплоидтар алынатын аналық линиялардың рецссивтік белгілері,ал аталық линиялардың белгілері болу керек.Ұрпақтардоминанттық белгілері белгіленбеген кезінде талданып зерттеледі,ал кейінгі зерттеулерге қарағанда сұрыпталған гаплоидтар іріктеледі.
   Диплоидтық ағзалардағы хромосомдар саны бір немесе бірнеше хромосомға азайғанда немесе көбейгенде генетикалық теңдік міндетті түрде өзгереді,осындай ағзалар диплоидтық түрден ерекше болады да,кейбір жағдайда өмір сүру қабілеттігі нашарлайды.Полиплоидтық түрлер жеке хромосомдардың жетіспеушілігіне әлде қайда берік болып шықты (жұмсақ бидай,сұлы,күріш,т.б).Диплоидтық түрлердің анеуплоидтық формалары үш немесе тетрасомик түрінде болады(арпа,жүгері,т.б).Анеуплоидтарды қарапайым сорттармен будандастырғанда осындай түрлерде хромосомдар санының өзгеруі гендер б.ша ажырап ауытқуы,анеуплоидтық жағдайдағы аталық аллельдердің өзара қатынасының өзгеруін тудырады.Осындай ауытқулар анеуплоидтық және гаплоидтық конкуренттік қабілеттілігі мен оларды алудағы жиілік пен айырмашылыққа байланысты.Моносомдық талдаулар (бидай және т.б). немесе трисомдық талдау (арпа және т.б).жүйелер осы принсипке сүйеніп жасалған.Осындай талдау полиплоидтық  түрлер үшін аса үлкен бағалылыққа ие болады;гибридиологиялық талдаудың нәтижесінің интерпретациясы полигендіктің немесе генетикалық бақылаудың салдарынан қиындатылды.
Бақылау сұрақтары:
* Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидияның түрлерін ата.
* Өсімдіктер селекциясындағы гаплоидия дегеніміз не?
Дәріс №7
Биотехнология әдістерін өсімдік селекциясында қолдану.
Жоспар:1. Биотехнология әдістерін биотехнологияда пайдалану2. Өсімдік селекциясы үшін генетикалық базисті кеңейту
3. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту 1. Биотехнология әдістерін ауыл шаруашылығында пайдалануӨсімдік жасушасының тотипотенттік қасиетін, яғни жасанды жағдайда жеке жасушалардан бүтін ағзаның даму гипотезасын дәлелдеу үшін бұдан 100  жыл бұрын  Г. Габерлент жабық тұқымды өсімдіетердің жапырағынан паренхима жасушаларын бөліп алып, органикалық заттар қосылған минералды тұздардан тұратын Кноп ерітіндісіне отырғызады.     Қазіргі кезде бұл әдіс тек зерттеулерден ғана пайдаланып қана қоймай, өсіміктер селекциясында, оның ішінде оның ішінде өсімдік шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, әсіресе гүл шаруашылығында кең қолданылады. Мысалы, Францияның ұлттық агрономиялық зерттеулер институтында  Ж. Морель мен Н. Мартен бір жылда раушан гүлінің  бір тіүбінен 200-ден 400 мыңға дейін ұрпақ алуға болатын әдісін ұсынды. Бұл әдістің тағы бі қызықты  тиімділігі: қалемше, көшет немесе тұқым арқылы дағдылы әдіспен көбее алмайтын түрлерді жаппай көбейтуге болады.   Осы әдісті қолдану жұмыстары келесі кезеңдерден тұрады:1. Алдына қойған мақсатты орындау үшін in vitro отырғызуда донорлық өсімдікті таңдау.
2. Стерильді культураны отырғызу.
3. Керекті өсу процесін стимуляциялау үшін арнайы жағдай жасау.4. Тіршілікке қабілетті өсімдіктерді қалпына келтіру.5. Селекция және өсімдік шаруашылығында сұрыпталған өсімдіктерді жұмыс процеіне кіргізу үшін топыраққа немесе гидропоникаға ауыстыру.   Сонымен, in vitro  -  жасушаларды жасанды ортада заласыздырылған жағдайда өсіру ұғымын білдіреді, ал осы діспен алынған өсімдк регенерант өсімдік  деп атайды.   Селекцияда қолданылатын in vitro әдісін бір-бірімен байланысты үш топқа бөлуге болады;
1) өсімдік селекциясының гендік қорын жаңа бастапқы материалдар  лу арқылы кеңейту.
2) құнды өте бағалы өсімдіктерді және линияларды сақтап қалып және тиімді көбейту.3) ауылшаруашылық дақылдарының вирустан тза материалдарын алып,оларды сақтап қалу.2. Өсімдік селекциясы үшін генетикалық базисті кеңейту    Селекциядағы қолданылатын сұрыптау, будандастыруға негізделген дағдылы әдістер генетикалық өзгергіштіктің азаюына немесе ген-эрозияға, осыған байланысты генетикалық осалдылыққа әкеледі.     Мәдени өсімдіктердің генетикалық базисін кеңейтуге түраралық және алшақ будандастырудың маңызы зор. Әсіресе, мәдени өсімдіктерді жабайы һсетін түрлері мен будандастырп, тек бар сорттардың кеібір белгілерін жақсартып қана қоймай, өсімдіктердің жаңа түрлерін шығаруға болады. Өкінішке орай, алшақ будандастыруда селекцилнерлер көптеген қиыншылықтарға тап болды. Негізгі қиыншылықтыр мыналар; 1) генетикалық алыс түрлер будандаспайды, яғни ұрықтану болмайдын, бұл прогамдық сәйкессіздік; 2) Ұрықтану процесі жүргенімен, ұрық пайда болмайды, ал пайда болған жағдайда жөнді дамымайды, бұл постгамдық сәйкессіздік; 3) Будандардың стерильдігі (ұрықсыздығы).
Прогандық сәйкессіздік- аталық және аналық гометалардың арасында ұрықтану процесінің жүрмеуі. Себебі, аналық мойыны мен тозаң түтігінің ұзындықтарының әр түрлілігі (гетеростиля), даму кезеңінің сәйкес келмеуі (дихогамия); спермилердің ұрық қалтасына жете алмай, жұмыртқа жасушасымен қосылмауы.In vitro жағдайында тозаңмен бірге ұрықтанбаған тұқым бүршікті қатар өсіріп бұл сәйкессіздікті жеңуге болады. Ол үшін гүлдердің ашылуына дейін, гүл шанақтарын кесіп алып, заласыздандырып, олардың аналығын, не түйіннің немесе тұқым бүршігін бір бүршікпен бірге бөліп алып, қоректік ортаға салады. Постгамдық сәйкессіздік  -  ұрықтанудан кейінгі будан ұрықпен оны қоршап тұрған ұлпалардың генетикалық сәйкессіздігі. Будан ұрықты азғындауына дейін бөліп алып, жасанды қоректік ортада өсіріп, олардан регенерант өсімдік алуға болады. Осы  әдіспен көптеген тұрарлық және туыаралық  будандар алынады.  Жетілмеген, оқшауланған ұрықтарды in vitro жағдайында өсіру көптеген факторларға байланысты, әсіресе ұрықтың дамуы кезеңі мен дифференцияланған деңгейіне. Жетілмеген ұрықтарды  жетілген ұрықтарға қарағанда физиологиялық активтігі жоғары заттар қосылған күрделі қоректік ортада өсіреді.    Аталаық немесе аналық гаметофиттерді in vitro жағдайинда өсіру арқылы құнды селекциялық бастапқы материалды жылдам алуға болады. Тозаңқапты немесе тозаңды in vitro жағдайында өсіріп,  гаплойдтық өсімдіктерді  алу ангдрогенез  деп, тұқым бүршігін өсіру арқылы гаплойдтық өсімдік алу гиногенез деп аталады. 
   1964 жылы С. Гух пен С. Махашвари сасық мендуананың тозаңқаптарының in vitro жағдайында өсіргенде эмриоидқа ұқсас құрылымды байқап, 2 жылдан кейін осындай құрылымнан алды. Авторлар бұл өсімдіктің гаплоидық  тозаң  дәндерінен алынған атап өтті.   Өсімдіктер селекциясы үшін жаппай гаплоидтар алуда Г. Мельхерс тозаң культурасы әдісін дағдылы селекция әдісімен байаныстыруды ұсынып жаңа жол көрсетті. In vitro жағдайына аталық гаметоффитен гаплоидтық сптрофиттің пайда болуы өте  күрделі процесс.     Андрогенез екі жолмен өтеді; тікелей және  жанама. Тікелей андрогенез- микроспорадан түзілген эмбриоидтардан регенетант өсімдіктің  пайда болуы. Ал регенерант өсімдіктігі микроспорасындағы маманданған  жасушалардың жаңадан бөлінуге көшуі нәтижесінде түзелетін каллустардың пайда болуы жанама андрогенз деп аталады.    Е. Б. Балабатырова андрогендік құрылымдардың шығуын жоғарлату үшін гаплоидық технологияда бидайдың тозаң қаптары микроспораларын 6-8 тәулік бойы "көмір суымен ашығу" факторын ұсынады.    К. Ж. Жамбакин бидайдың иорфогендік құрылымының индукция жиілігі генотипке байланысты екенін, олардың ата-анасымен салыстырғанда будандарда жоғары болатын байқап, қатты иорфогендік құрылымының  пайда болуы жиілігі, ал жұмсақ бидайда жасыл өсімдіктер регенерациясы жоғары болатыны анықталды.    Жасушалық инженерия- жасушаларды қайта құрастыру арқыла жаңа жасушаны жасау.    Жасушаларды жасанды жолмен будандастырғанда будан геномы түзеледі.    Протопласт- ферменттердің әсері арқылы немесе механикалық жолдарымен қабығынан айырылған жасуша. Жасуша қабығын еріту кезінде жасушаның  ішкі құрамына зақым тигізбеу  үшін , жасушада плазмолизді жүргізеді, яғни жасушаны сусыздандырады, сол кезде протопласт жиырылып кішірейеді де қабаттан ажырайды. Осмотик, ретінде сазароза, маннит, сорбит пайдаланылады.    Бөліп алынған протопласттардан пайда болған жасушалардың әрі қарай дамуы мындай негізгі факторларға байланысты; 1) өсімдіктің түр ерекшелігі, физиологиялық жайы, бастапқы ұлпаның шығу тегі; 2) протопласттарда  бөліп алу жағджайы мен әдістері 3) отырғызылатын жасушалардың тығыздығы; 4) қоректік ортаның құрамы; 5)өсіру жағдайлары. 3. Өсімдіктерді клондық микро көбейту Селекция мен өсімдік шаруашылығында құнды элиталық өсімдіктерді көбейту үшін клондық микрокөбейтудің маңызы зор. Өсімдіктердің клонды микрокөбеюі  - in vitro жағдайында өсімдіктің жыныссыз жолмен көбеюі. Клондық микрокөбею әдіспен алынған өсімдіктер генетикалық тұрғыдан бастапқы өсімдікпен ұқсас болады.      Осы әдістің дағдылы вегтативтік көбею жолмен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар, оның ішінде ең негізгілірі:       1) жылдам көбею мүмкіншілігі, яғни көбею коэффицентінің өте жоғарлығы.  Мысалы, картоп дақылының бір өсімдігінен in vitro жағдайында 7-8 айдың ішінде 30-40 мың  түйнек немесе клон өсімдіктер алуға болады.      2) сұрыптау процесін жылдамдату.3) өсімдіктерді вирустар мен патогендік микроағзалардан сауықтыру.      4) өнемділігі.      5) өсу процесін үздіксіз жүргізуге мүмкінділігі. Микро-көбейтудегі ең көп тараған әдіс қолтық бүршіктегі қолтық өркендерді пайдалану. Микрокөбейтудің процосі 4 кезеңнен өтеді.       1) эксплантты in vitro жағдайында өсіру. Жұмыстың тиімділігі эксплантты дұрыс таңдап алуға байланысты.        2) микрокөбейту.       3) өркендерді тамырландыру  және сақтау. Ол үшін қоректік ортаға ауксин қосылады.        4) өсімдіктерді топыраққа отырғызу.Мозаика ауруын қоздыратын вирустар мен күресу үшін жоғары меристема бөлшегін бөліп алып , жасанды ортада өсіреді.      Меристемаларды бөліп алу үшін  көгерген өркендерден ұзындығы 0,5-0,7 см өскіндерді бөліп алып , диацидтің 0,1% ертіндісінде заласыздандырылады. Содан кейін үш қайтара стерильді сумен шаяды. Меристема көлемі 100-200 мк болу керек одан үлкен болса вирустар өтіп кетуі мүмкүн, кіші болса өнбей қалуы мүмкін.      Сонымен, құнды элита өсімдіктерін микроклональды көбейту, гүл тозаңын, аналық гамктофитті өсіру арқылы гаплоидты өсімдіктер алу сомаклонды өзгергіш негізіндегі жасушалық селекция  протопласттарды сомалық будандастыру негізіндегі жасушалық инженерия және т.б әр түрлі биотехнологиялық әдістердің өсімдіктер селекциясында маңызы өте үлкен.
Бақылау сұрақтары:
1. Биотехнология әдістерін биотехнологияда пайдалану жолдарын ата.2. Өсімдік селекциясы үшін генетикалық базисті кеңейту дегеніміз не?
3. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту әдісінің пайдасы мен зияны?

Дәріс №8
Гетерозис және инбридинг. Оларды селекцияда қолдану.
Жоспар:
* Гетерозис.
* Инбридинг.
* Гетерозис және инбридингті өсімдіктер селекциясында пайдалану жолдары.
Гетерозис  -  күрделі генетикалық құбылыс, бірінші жылы ұрпақтардың тіршілік ету қабілеттілігін, дамуының күштілігін, өнімділігінің көптілігін білдіретін құбылыс. Ол будандардың түрлері мен пайда болуы тегіне (линия аралық, сорт аралық, жекеленген) байланысты түрлі екпінділігінен айқындалады. Гетерозистің жоғары түрде көрінуі F1  -  байқалып, кейіннен төмендейді. И.Кельрейтердің будандық күштер туралы алғашқы мәліметтері, содан кейін Ч.Дарвиннің гетерозистің себептерін түчсіндіру туралы талпыныстары осы құбылыстың ғылыми зерттеулеріне жол ашты. 
Гетерозис  -  белгілі бір белгілері мен қасиеттерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата  -  ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Жүгеріде түрлі таза немесе инцухт  -  линияларды будандастырғанда гетерозис құбылысы күшті көрініс береді. Бұл кезде будандарыдың өнімділігі кейде (ең тәуір) ата  -  ана формасымен салыстырғанда 20-50 % - ға артады. 
Әсіресе, Г.Шелл, Е.Иста, Х.Хэйстердің жұмыстарында айқын көріне бастады. Ғылыми әдебиеттерге <<Гетерозис>> термині 1914 жылдан бастап енген. Гетерозистің себептері мен генетикалық негіздерін түсіндіру үшін бірнеше пікірлер айтылды да, онда негізінен өзара әсер етуші түрлерінің қайсысына және қандай жағадайларға басты көңіл бөлінетіні айқындалады. Гетерозисті баяндауға бірнеше болжамдар айтылды. 
Айқас тозаңданатын ағзалардың популяцияларында гендердің зиянды рецессивті аллельдері аутбридинг нәттижесінде доминантты аллельдерімен қалқаланады, әрі сақталады. 
Еріксіз инбридинг нәтижесінде айқаспалы ұрықтанатын ағазалар популяциясының генофондысына кіретін зиянды рецессивті гендер гомозиготалы түрде ауысады, феноиптік көрініс береді және инбридті азғындауды туғызады. Ұрапқ сайын көп қайтара еріксіз ингбридингті іске асырғанда жаңа зиянды мутацияларды барлығы гомозиготалы күйде ауысады да, соның нәтижесінде толық гомозиготалылық басталғанда барлығы зиянды гендер көрініс беріп, инбредті минимум пайда болады. 
Джонс ұсынған доминаттық болжамды (1917, 1918, 1921 жылдар). Ол Ғ1 бірінші жылғы буданды қолайлы доминантты гендердің жиналуынан, ал олардың Ғ2  -  де немесе кейінгі ұрпақтарда өнімділіктің кемуі рецессивті аллельдің гомозиготтық жағдайда ауысуынан деп гетерозисті түсіндірді. Келешекте гетерозистің бекуі мүмкіншілігінің жоқтығын түсіндіру үшін осы гипотеза гендердің тіркесін тұқым қуалаумен толықтырған болатын. Осы болжамның қазіргі кездегі қалпы бойынша доминанттық гендер рецессивті гендерді басумен қатар гетерозисті аддитивтік және эпистаздық әсерлері арқылы дамытады.
Шелл мен Ист (1910, 1911жылдар) гетерозиготтық болжамды ұсынды. Онда ол гетерозисті ата  -  аналардың тұқым қуалаушылық айырмашылықтарының дәрежелері мен будандардағы гететозистік екпінділіктің арасындағы тәуелділіктің болуынның нәтижесі деп түсіндіреді.
Исттінің айтуы бойынша, гетерозис  -  рецессивтілікке байланыссыз тұқым қуалаушылықтың сандық әрекеті. Әрбір локус бойынша физиологиялық айырықша ерекшеліктері бар көптеген аллельдер пайда болуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар қалыпты аллельдермен салыстырғанда неғұрлым көп болса, онда гетерозиготты ағзаларда гетерозистің дәрежесі жоғары болады дейді. 
Халл (1945 ж.) аса доминанттылқ болжамын ұсынды. Бұл болжамның жоғарыда айтылған болжамдар мен көп жағдайлары ортақ және бір локустағы аллельдердің функционалдық айырмашылығына негізделеді. Осы нәтижесінде (аа) гетерозиготты аллельдер гомзиготтық (аа, аа) аллельдерден артық болып шығады. Ол әсіресе жүгерінің будан аралық будандарында кездеседі. 
Гетерозистің физиологиялық (генетикалық тепе -теңдік) болжамы кең қолданыс тапты. Оның бастамасы буданда меристемалық белсенділікті қалыпьастыру деп есептеуге болады. Содан кейін көптеген зерттеулердің нәтижесінде ферменттік белсенділіктің, гендердегі комплементарлық әсерлердің айырмашылықтары көрсетілді, ең соңында будандық энзимдер деген идеялар жаңа зерттеуде нақты нәтижелерге ие болды. 
Осы бағыттағы зерттеулер көп жағдайларда комбинациялық қабілеттілік пен гетерозисті алдын ала болжаудың негізін құрады. Биохимия мен млекулалық генетиканың зерттеулері гетерозистік жалпы тұжырымдамасының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Болашақта гетерозисті генетикалық негізделген әр түрлі механизмдері бар таза физиологиялық құбылыс ретінде айтуға болады. Бұдан басқа да аз таралған болжамдар бар, мысалы: эмбриональды, қатерлі, хромосомдағы кемшілік, плазмалық өзгерістер сияқты болжамдар. Гетерозисті түсіндіретін негізгі болжамдардан қысқаша шолуларынан осы құбылыстың күрделілігін байқауға болады. Бұл болжамдар (гипотезалар) бір  -  біріне қарама  -  қарсылық тудырмайды, керсінше гетерозисті әр түрлі тұрғыдан түсіндіреді. Табиғатта гетерозистің көптеген түрлері кездеседі, олардың әрқайсысы тұқым қуалаушылықтың бір түрімен және өзара олардың әрекеттері мен байланысты болады. Н.В.Турбин түрлі болжамдарды тұйықтауға тырысып, гетерозистің генетикалық тепе  -  теңдік теориясын ұсынды. Н.В.Турбин осындай тұжырымдарға сүйене отырп, ағзалардың дұрыс фенотипі өнімнің үйлесіиді және теңестірілген биохимиялық екпінділігінің нәтижесінде іске асады дейді. Олар ядролық және плазмалық тұқым қуалаушылық арқылы дамиды. Кез келген дұрыс белгі, кейбір генетикалық тепе  -  теңдіктің ағзадағы тұқым қуалаушылық тұжырымдамасы мен сұрыптау тиімділігінің нәтижесі деп тұжырымдалады. Бұл тұжырымдама селекцияда тәжірибе түрінде анеоплоидия мен полиплоидия құбылыстарында дәлелденді. 
Генетикалық баланстың 2 түрі бар: ішкі, ол  -  автогамды түрге ұқсас және айқас тозаңданатын салыстырмалы өздігінен тозаңданушы дақылдарға іріктеу. Бұл гомозиготты ағзаларға әсер етеді, содан кейін әрбір геномның ішінде және хромосомдардың гаплоидтық жиынтығында іске асады. Айқас тозаңданатын дақылдарға іріктеу гетерозиготтық жекелер іріктеуге жатады, ал оларда диплоидтық ағзалардың тиісті популяциясында ғана балансқа жетеді. 
Гетерозис туралы болжамдардың көпшілігі айқас тозаңданатын дақылдарға тексерілген. Бірақ сонымен қатар гетерозис құбылысы өздігінен тозаңданатын дақылдарға да тән. Аллельдер будандасу кезінде үйлесетін генетикалық баланстан неғұрлым жоғары болса, олар бірін  -  бірі гетерозиготты жағдайда толықтырып отырады. Егер Ғ1  -  де гетерозиготтық тиімділік толығырақ жүзеге асырылса, одан кейінгі генерацияларда сақталады. Бастапқы материалдық гомозиготтың нәтижесі қандай болсада, тозаңданатын линиялардың арасында азғантай айырмашылықтың өзі жеткілікті болады. 
Ғылым көрсеткендей өздігінен тозаңданатындарда гетерозистің көруінінің екі басты себебі бар: 1) қолайлы аллельдері немесе ата  -  аналардың қолайлы генетикалық факторлары бар будандардың комбинациялануы; 2) аз доминанттық аллельдердің әсері. Осымен кей жағдайда аралық тұқым қуалаушылық пен автогамдық (өздігінен тозаңданатын) өсімдіктердің тобындағы жағдайлар түсіндіріледі. 
Болашақ будандарда аналық формаларды жаппай ұрықсыздандыру үшін гаметоиттердің дамуын тежейтін хиимиялық қосылыстардың қатарлары  -  гиббереллиндер, этрел, т.б. басқа ұсынылды.
Инбридинг. Генетиктер жыныстық жолмен көбеюдің екі тәсілін ажыратады:аутбридинг және инбридинг. Аутбридинг (туыстық емес көбею)жақын туыс емес, туыстық тегі жоқ ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады.Инбридинг (инцухт, жақын туысты көбейту) жақын текті ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады.
Инбридингтің генетикалық нәтижесі гетерозиготаның азаюы болып табылады, аутбридинг оны көбейтеді.
Өсімдік түрлерінің көбісі-айқас тозаңданатындар, яғни табиғи жағдайда аутбридинг тәсілімен көбейтеді. Айқас тозаңданатын өсімдіктердің табиғи және сорттық популяциялары генотипі жағынан әр алуан гетерозиготалы жеке ағзадан тұрады. Бұл популяциялардың маңызды бейімдеушілік мәні бар, немесе шаруашылық бағалы белгілер бойынша біршама тегіс  болып келеді. Басқа белгілері, солардың ішінде морфологиялық белгілері бойынша олар біркелкі болмайды.
Кез келген соның ішінде бақылайтын тозаңданудан алынған бір өсімдіктің ұрпағын семья деп атайды. Айқас тозаңданытын өсімдіктің еріксіз өздігінен тозаңдануы (инцухт) арқылы алынған генотипі жағынана біртегіс ұрпағы инцухт-линия деп аталады.Инцухтан алынған бірінші линия және т.с.с. белгіленеді.
Ұрпақтан ұрпаққа инцухтауды (еріксіз өздігінен тозандандыруды) соза берсек, генотипі жағынан біртегіс, бірақ бір-бірінен айқын өзгешеленетін линиялар пайда болады. Шамамен инцухтын бесінші ұрпағында іс жүзінде біркелкі , яғни гомогенді  линиялар пайда болады,  бұл өсімдіктердің гомозиготалығының жоғары дәрежеге жетуімен түсіндіріледі.
Барлық локустары бойынша гомозиготалы өзін-өзі ұрықтандыратын бір өсімдіктің ұрпағын  изогенді немесе таза линия деп атайды.
Айқас тозаңданатын ағзалар еріксіз инбридинг кезінде линиялар белгілерінің сандық көрсеткіштері (биіктігі, салмағы, өнімділігі және т.б.) төмендейді және олардың өлген, ұрықсыз және азған даналары аласталады.Бұл процесс инбредті азғындау, немесе инбредті депрессия (инцухт-депрессия) деп аталады. 
Гендік аталық ұрықсыздық (ГАҰ) өсімдіктердің гетерозистік селекциясында аз ғана түрде қолданылады. Оны қолданудың қиындығы мынада: ГАҰ  -  формалары өздігінен тозаңдануда қолданылмайды, ал гетерозигот есебінен жай көбеюде ұрықты өсімдіктер қатынасымен ажырайды, бірақ оларды гүлдену кезіне дейін кесіп тастайды. 
ГАҰ (Хакат және Эслик, 1967 ж.) негізінде будандық арпалық тұқым шаруашылығының жүйесін жасады. Арпа макро және микроспорогенез генетикалық бақылаумен сәйкестендірілген, осыған байланысты аналық ұрықсыздық аталық ұрықсыздықпен қатар болуы селекция тәжірибесінде өте маңызды болады. Будандық тұқым шаруашылығында аналықтар орнына осындай формалар пайдаланылады. 
Р.Ремедж (1965 ж.) будандық тұқымдар алу үшін аталық ұрықсыздықты фертильдік үштік трисомиктер негізінде пайдалануды ұсынды. Өздігінен тозаңдану арқылы алынған ұрпақтарда ұрықтық трисомиктер 1:1 қатынасында және сонымен қатар диплоидты өсімдіктердің ұрықсызданған гүлдері бойынша ажырайды. Ең соңғысы диплоидтық сорттар және аналық ұрықсыз формалар будандастыруға пайдаланылады. Аталған генетикалық жүйелер гетерозистік селекция жіне басқа да өздігінен тозаңданатын немесе айқас тозаңданатын дақылдарда олардың генетикалық спецификасы мен биологиялық ерекшеліктері есебінен пайдалануы мүмкін. 
Ауыл шаруашылығы дақылдарында гетерозисті пайдаланудың жаңа жүйесі мен тәсілдерін жасау алдағы 10-20 жыл ішінде зерттеу мәселесі алынды. Олар гетерозистің генетикасы мен биохимиясы бойынша іргелі жұмыстарға негізделіп, біздің еліміздің және шетелдердің ғылыми  -  зерттеу орталықтарында жүргізіледі. Кез келген жағдайда, қандай қиындықтарда болмасын гетерозисті пайдалану мүмкіндігі  -  алдағы уақытта елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғарлатудың маңызды резерві болып қалады. Сондықтан жай селекция жұмысымен қатар осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуі міндеті алға қойылған.
Комбинациялық қабілеттілік. Ауылшаруашылық дақылдары будандары гетерозис деңгейі ата  -  аналық формалардың комбинациялық тәсілдеріне байланысты болады, бұл генетикалық түрде келісілген қасиет, ол жақсы тұқым қуалайды. Гетерозис, өнімділігі мен басқа да шаруашылыққа бағалы белгілері бойынша көрінеді: олар  -  өсімдіктің биіктігі, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділіг және т.б.
Жалпы комбинациялық қабілеттілік (ЖКҚ) будандардың гетерозистік ортша көлемі былайша есептеледі, яғни, бұл дегеніміз  -  сол ата  -  аналық форманың басқа түрлі формалармен будандастырылғанда алынған түрлері және ерекше комбинациялық тәсіл (ЕКТ)  -  орта көлемнен гетерозистің нақты комбинациясының ауытқуы. Бұл ұғымды ғылыми түрде тұңғыш дәлелдегендер Г.Спрэг пен Л.Фатум. Р.Фишердің идеясына сүйене отырып, олар мынаны ұсынды: ЖКҚ негізінде гендердің аддетивтік әсері жатыр, ал ЕКҚ негізі өте жоғары басымдылық, яғни ішкі аллельдік гендердің өзара әсері мен эпистаз (тұқым қуалаушылық факторлардың аллельдік емес өзара әсері) болып табылады.
Осы ұғымдарға сүйнен отырып, Г.Спрэг пен Л.Фатум (1942 ж.) мынадай қорытындыға келеді: жалпы комбинациялық тәсілде сұрыптаудың тиімділігі, ерекше комбинациялық қабілеттілікке қарағанда нәтижелі болады. Осыған байланысты ЖКҚ  -  қа селекция процесінде доминантты гендері көп формалар алуға тырысады. 
Бастапқы материалдың генетикалық ерекшеліктері, оның комбинациялдық қабілеттілігін бағалупроцесінде байқалады. Қазіргі кезде бастапқы материалдың комбинациялық қабілеттіліктерін айқындау үшін тиімді тәсілдері жасалған: 
Топкросс  -  линиялардыбудандастыру, көрсеткіштерде талданған сорттар мен алынған будандарды әрмен қарай сынау. Талдаушы будандастырулардың өздігінен тозаңданған жаңа линияларды геноптикалық бағалау үшін маңызы зор. Олар ең жақсы селекциялық материалдардың 50% - ға жуық бағалы формаларын сұрыптап шығаруға жол береді. Топкросстың тиімділігі ата  -  аналарды дұрыс таңдау прблемасына байланысты. Поликросс  -  сорттарды, лиинияларды арнайы таңдалған үлгілермен еркін айқас тозаңдандыру. Негізгі қасиеті  -  салыстырмалы қарапайымдылық. Бұл тәсілдің ерекшелігі бақыланған тозаңдануда көп тұқымды беруге мүмкіндігі жоқ дақылдарда (қарабидай, люцерна, тимофеевка) қолданылады. Бұл, линиялардың комбинациялық қабілеттілігін алдын ала бағалаудың тиімді тәсілі болып саналады. 
Диаллельдік будандастыру  -  ата  -  аналық формалардың әрқайсысынан әр біреуімен жеке белгілі жүйе бойынша будандастыру. Ол қазіргі кезде комбинайиялық қабілеттілікті жалпы және еркше түрде анықтауда стандарты тәсілі болып табылады. Талдауда реципрокты будандардың комбинациялары және басқалар болады. 
Диаллельді будандастыруды қолдану селекцияның кейінгі кезеңдерінде тиімді болады, ол кезеңде жақсы линиялар іріктелінеді. Бастапқы материалды бағалауды тиісті құралдарды жұмсауды азайту мақсатында соңығы жылдарда көптеген зерттеушілер диаллельдік будандастырудың бір бөлігі ескерусіз қалдырылады. Осы жолмен көптеген ата  -  аналық формалардың комбинациялық қабілеттілігін анықтауға болады. Бағалануда талдаудан шығарылған будандар неғұрлым көп болған сайын толық дәлелдік будандастырудан алынатын мәліметтердің натылығы төмендей түседі. 
Өндірісте қолданылатын будандардың түрлері мынадай:
* Линия аралық  -  қарапайым екі линияны будандастыру , үш линияны    будандастыру  -  линия аралық буданды өздігінен тозаңданған линиямен тозаңдандыру.
Екі линия аралық  -  екі қарапайым линия аралық будандарды будандастыру.
* Сорт линия. Қарапайым сортты линямен тозаңдандыру. Күрделі  -  сортты, линия аралық буданмен тозаңдандыру.
Екі линия  - қарапайым буданды сортпен будандастыру. 
3. Сортаралық будан  -  екі сортты будандастыру. 
4. Будандар популяциясы  -  қарапайым будандардың және басқа компоненттердің тұқымдарын араластырып, оларды еркін будандастыру арқылы алынады. 
Комбинациялық қабілеттілікті (КҚ), басқа гендері бойынша салыстырылған өсімдік белгілерін селекциялық тәсілдер бойынша өзгертуге болады. Бұл тұқым қуалаушы факторлар мен геноиптерді сұрыптаудан кейінгі рекомбинацияға байланысты жасалады. Ол қолайлы гендердің концентрациясын арттыруға әкеліп соқтырады. Жақсартылған комбинациялық қабілеттіліктің селекциялық программасы рекомбинация алу үшін әдістерді кезектестіру, ең жақсы генотиптерді, олардың кмбинациялық қабілеттілігіне байланысты бағалау арқылы сұрыптап бөліп алу. 
Нақты мәліметтерге байланысты комбинациялық қабілеттілікке гетерозис табиғатын түсіндіретін селекцияның түрлі тәсілдері қолданылады. 
Шын гетерозисті мына формуламен анықтайды: 
Ғшын % = Ғ1- Еж /Еж*100
Бұл жерде Ғшын% - пайызбен берілеген гетерозис коэффиценті; Ғ1- - буданның бірінші ұрпақ белгісінің орташа күйі; Еж  -  жақсы ата  -  ана формасының белгісінің орташа күйі. 
Божамды гетерозисті мына формуламен анықтайды: 
Ғшын % = Ғ1  -  Ок / Ок * 100
Бұл жерде Ок  -  екі ата  -  ана формалары белгісіні4 ортша мәні.
Бәсекелі гетерозис  Ғбәсеке % = Ғ1  -  Ок / Еж * 100
Бұл жерде Ок  -  нақтылы экологиялық аймақта ең тәуір сорт немесе буданның белгісінің орташа мәні. 
Шын гетерозистің Ғ2  ұрпақтағы депрессиясын мына формула бойынша есептеп табуға болады: 
Ғ2 = Ғ1  -  Ғ2 / Ғ1*100
Бұл жерде буданның Ғ2 буданның екінші ұрпағы белгісінің орташа мәні. 
  Бақылау сұрақтары:
1. Гетерозис дегіміз не? Олардың тәсілдерін ата.
2. Инбридингтің аутбридингтен айырмашылығы қандай?
3. Гетерозистің және ингибридингтің ауыл шаруашылықта алатын орынын айтыңыз.



Дәріс №9
Сұрыптау және селекциялық материалдарды бағалау әдістері.
Жоспар:
* Селекциялық материялдар.
* Материялдарды бағалау тәсілдері.
Селекциялық материал деп барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілерімен сорттарды айтады.Сорттық немесе селекциялық номірдіңбасты корсеткіші-олардың өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады.  белгілі бір климаттық жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстың барысында сол дақылдың өнімділігімен сапасының қандай болатынын селекционер алдын ала болжап, көре білуі тиіс. Бұл көрсеткіштер негізінен дакылдың әр түрлі өнімділігіне, климаттық жағдаға ауруға төзімсіздігіне және т.б байланысты болып келеді. Әрбір алынған және өндіріске өндірілген жаңа сорттатжыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материялдарды мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды: 1) өнімділігі2) қолайсыз климат жағдайына төзімділігі3) ауруға төзімділігі4) егу, күтү, жинау жұмыстарына техниканы пайдалануға бейімділігі 5) сапасы     селекция әдеттегі жағдайда жүргізіледі. Қарастырылған материялды екі түрлі белгісі бойынша бағалайды. Оларды тура және жанама деп атайды. Тура бағалау сорттар мен селекциялық нөмірлер, есептеу, өлшеу және т.б. жолдармен бағаланады. Ал, жанама тәсіл сорттардың кейбір қасиеттерін, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерін анықтауға негізделген. Көп жағдайда жаңа сортты бағалағанға қолайсыз жағдайға төзімділігі зерттеледі. селекциялық  материялдықы далалық тәсілмен  бағалағанда құрғақшылыққа төзімділігі,аурулар және зиянкестермен  зақымдалуы, жатып қалуы, т.б. белгілері есепке алынады. Селекциялық материялды сынаған кезде жан-жақтылық, дәлділік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады.   
2. Материялдарды бағалау тәсілдері.материялдарды бағалау тәсілдерін 6 түрге бөліп қарастыруға болады.1) өнімділігін бағалау 2) қысқы суыққа төзімділігін бағалау3) құрғақшылыққа төзімділігін бағалау 4) ауруға төзімділігін бағалау5) тат ауруына төзімділігін бағалау 6) зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау
  1. Өнімділігін бағалауӨнімділік- бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар:  өнімділігі және өсімдіктің орташа саны.Астық тұқымдастарының анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа саны мен 1000 дәннің салмағын негізге алады. Көп жағдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баңа береді.2.Қысқы суыққа төзімділігін бағалау                               Күздік дақылдардың қысқы төзімділігі көп жағдайда сорттың  агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекщеліктеріне байланысты болып келеді.  Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалдығының аздығыныі немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температурада әсер етеді. Күздік дақыл үшін күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кету өте қауыпты. Сонымен өсімдіктің қыстап шығу қасиеті немесе төзімділігі биологиялық қасиеттерге байланысты өте күрделі белгі.Қысқы суыққа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қысты күні мындай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы : бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау , бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі.3.Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау.Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары ол үлкен жер көлемін алып, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден-бір жолы- оған төзімді сорттар егу болып табылады.Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз-жоғары тепературада, ауаның төменгі ылғалдылығын да , топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде  өз бойындағы судың пайдалану алқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.Құрғақшылық үш түрде кездеседі.1. Топырақтағы  құрғақшылық;2. Ауадағы құрғақшылық3. Аралас құрғақшылықҚұрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі. Егістік тәсілдің көмегімен сорттар қолдандың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады.Өсімдінтің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау "қолдан жасалған құрғақшылық" тәсілін қолданыды. Зерттеуге алынған сорттарды қолдан құрғақшылық жасау арқылы бақылаймыз.4. Ауруға төзімділігін бағалау.Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жұқтыратын питомниктерде өршіту тәсілін пайдаланады.5. Тат ауруына төзімділігін бағалау.Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі, әрі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу тәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай  болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдарының көлемін пайызбен есептеу арқылы анықтайды.6. Зиянкес жәндіктерге төзімділігін анықтау.Өсімдіктің зинкестерге төзімділігі дегеніміз- оның жәндіктермен залқымдаған мүшелері мен ұлпларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбас қасиеті.Ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты.1.Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі2.Өсіп-жетілу ерекшеліктері3. Сорттардың  зақымданған мүшелері мен ұлпаларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі.4. Өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі.Көптеген өсімдіктердің жекелеген органдары мен ұлпаларының өзінің құрылысы  бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдануына  кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өсіп, аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздық бидай сорттары өзінің шығуы және түптену кезеңі бойынша швед шыбынының жұмыртқа салу уақытынан ерте өсіп өтеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады.Жатып қалуға төзімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механиқалық жолмен жинаудың қиындатуымен қатар, көптеген шығынға ұшырады.Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады.Дәнді дақылдардың жатып қалуын екі түрге бөлінеді:1. Дақылдардың  сабақтан жатып қалуы2. Тамыр түйінен жатып қалуы.Бірінші жағдайда масақ өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады.Дәннің төгілуіне төзімділігін бағалау.Сорттың төгілуге  төзімділігін анықтайды өте қарапайым, әрі кең тараған тәсілі-оны егіс алқабында , өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5,10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, ондағы төгілген дәнді есептен пайызын шығарады.Өнімінің сапасын бағалау.Кез келген  сорттың шаруашылықтың құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған  құндылығы өнімнің көлеміне емес, сонымен қатар оның сапасымен анықтайды.Ұн шығаруға арналған астық тұқымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т.б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, пішіні, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшерлігі,  нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады.  Ұнның нан пісірлік қасиетін бағалағанда 100г ұннан  шыққан нанның мөлшері, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойынша анықтайды. Бидайдың барлық сортары дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді: А-ең жоғарғы  сапа; В-орташа сапа; С-төменгі сапа.Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың пайызы, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасында қанттың құрамы есепке алынады.  Бақылау сұрақтары:
* Селекциялық материал дегеніміз не?
* Материалдық бағалау әдістерін ата?                                                                                                                  
                                                         
Дәріс № 10
Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру.
1. Мемлекеттік сорт сынаудың міндеті мен түрлері 
2. Сорт туралы түсінік және оларға қойылатын талаптар
3. Жаңа сорттарды мемлекетік сорт сынауға енгізу тәртібі
Мемлекеттік сорт сынаудың міндеті -  ауыл шаруашылығындағы дақылдардың барлық сыналатын сорттары мен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу.Сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ  -  клиамат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды.Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау телімдері мынадай түрлерге бөлінеді:егістік дақылдарының телімдері;көкөніс дақылдарының телімдері.Көптеген сорт телімдерінде дәнді дақылдар сорттарына өсімдіктердің татпен,шаңмен,қаракүйемен жасанды зақымдауы кезеңінде бағалайды.
Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді.500-ден аса сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әр түрлі алғы дақылдарының себу мен қоректендіруі,себу мерзімдерін,тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.
Сорт сынау мен жаңа  сорттарды көбейту үшін,шаруашылықты тұрақты жер телімін бөледі,оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді.Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткенбірыңғай әдіс бойынша жүргізіледі.Сыналатын сорттарды осы облыстағы ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады,ол сорт бақылаушы қызметін атқарады.Тәжірибелердегі қайталау  -  төрт алты дүркін.Мөлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100 м 2.Шағын габаритті техниканы пайдаланған кезде мемлекеттік сорт сынау әдістемесі дақылдардың қатары бойынша мөлдектер мөлшері 25,тіпті алты дүркін қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттарды бір мезгілде,ірі топырақ  -  климаттың барлық сынау телімдерін тез сынауға мүмкіндік береді.Сорттар шаруашылық  -  биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша  былай бағаланады:өнімділігі,тыңайтқыштарға реакциясы,өнім сапасы,аурулар мен зиянкестерге төзімділігі,механизацияны пайдалануға жарамдылығы.Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.
Сорт сынау әрбір сорт сынау теліміне 3 жылдан кем болмайды.Негізгі сот сынаумен бір мезгілде  мөлдектерде ең жақсы,анағұрлым болашағы бар сорттарды 2  -  3 жыл ішінде  өндіріс жағдайларына сынайды.Бұдан кейін бағалы сорттарды ауданджастырады,ал болашағы жоқ әрі қарайғы  сынаудан алып тастайды.Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі.
Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау үшін өндірістік сорт сынау жолымен жүргізілуі мүмкін Мөлдектерге бір  -  екі жылдық сорт сынау мәліметтері бойынша сот сынау телімдері өз аумағының шаруашылықтарында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортсенсалыстыра отырып сынауды ұйымдастырады.Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2  -  4,катоп үшін 1  -  2 гектар болады.Сорт сынау телімдерінің басым көпшілігі төңірегіндегі шаруашылықтар үшін,егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады.
Сорт сынау мекемелері жаңа болашағы бар сорттың тұқымдарын көбейтеді және оларды өздерінің аумағында тұрған шаруашылықтарға,сондай  -  ақ қатар орналасқан шаруашылықтарға егу үшін береді.
Бір облыстағы аудандастырылған сорттардың саны туралы мәселе өте маңызды.Әр жылдары,сондай  -  ақ әр түрлі облыстардың,аудандар мен шаруашылықтардың ішінде қашанда әркелкі жағдайлар қалыптасады.Сондықтан,бір облыста немесе аймақта биологиялық даму кезеңі әр түрлі,бір  -  бірін қайткендеде  толықтыратын сорттарды аудандастыру пайдалы ғана емес,қажетті де.
        2.Өсімдіктерді жүйелеуде <<форма>> және <<сорт>> бір ұғымды білдіреді.Алайда,сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлді өзгерістер бар.
 Сорт деп,селекция тәсілімен алынған морфологиялық,биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп,дақылдардың нақөты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ,табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады.
Селекциялық сорт деп,селекциялық ғылыми әдістері негізінде  ғылыми  -  зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады.
Сорттардың шығу тәсілі бойынша сорт- популяция,линиялық,сорт- клон,буданнан шыққан сорт,мутант сорты болып бөлінеді.
Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сорттарына жоғары талаптар қойылады.Олрадың маңыздылары мыналар:
1.Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беру.
2.Кеткен шығынды ақтауы керек
3.Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болу.
4.Аурулар мен зиянкестерге төзімді болу керек.
5.Механикалық баптауға икемділігі.
6.Өнімнің жоғары сапасы
     3.Егер селекциялық  -  тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе,онда ол мемлекеттік сортт сынауға берілуі мүмкін.Сонымен бірге тағы да мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілерімен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар акдарылады:өнімнің сапасы мен өнімділігі,қысқы суыққа,құрғақшылыққа төзімділігі,интенсивті технология бойынша егіп өсіруге жарамдылығы.
Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми  -  зерттеу мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір  -  екі жылдықөндірістік сорт сынауға береді.Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға бергенде белгіленген үлгі бойыншаоған сипаттамаұсынылады,онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агтотехнакаға қоятын талабы көрсетіледі.
Ғылыми  -  зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгі қорын жинау қажет.Бірінші жылғы барлық сот телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми  -  зерттеу мекемесінен тікелей алады.Кейінгі жылдары өздігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімдерін өсіреді.Айқас тозаңданатын дақыл сорттың тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының селекциялық  -  тәжірибе мекемелерінен алынады. Немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады.Әрбір сорт сынау учаскесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық  және қамсыздандару қорларын жасайды. 
Мемлекеттік сорт сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады.
      Бақылау сұрақтары:
1.Мемлекеттік сорт сынаудың міндетін ата.
2.Сортқа қойылатын талаптар
3.Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі қандай?


Дәріс №11
Тұқым шаруашылығы.

Жоспары:1. Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері2. Шет мемлекеттердегі тұқым шаруашылығы 3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын әдісі мен техникасы4. Жеке дақылдарды арнайы апробацияда өткізу

Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері
Тұқым шаруашылығы- ауыл шаруашылығында дақылдарының аудандастырылған сорттары мен будандарының  жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамассыз етумен қатар, тұқымның  көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамассыз етумен қатар, тұқымдық  дәннің сорттық, биологиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалып отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.
Тұқым жаңарту негізгі элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда өте жақсы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл дегеніміз-сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған  өсімдіктерінің ұрпағы.
Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.
Элиталы тұқым өсіру кестесі:
І-жекелей сұрыптауда:
1) 1-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі;
2) 2-шіжылғы тұқымды сынау питомнигі;
3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі;
4) суперэлита;
5) элита
Жаппай сұрыптау:
1) 1-2 жылғыпитомнигі;
2) суперэлита
3) элита.
    Өздігінен жеке айқас тозаңданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.
    Тұқымның егістік сапасы оның тазалығымен, өскіндік қуатымен, ылғалдылығымен, 1000 тұқымның салмағымен, аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен  сипатталады. Сорттың сапасы сорттың тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады. Сорттың тазалығы деп пайызбен көрсетілген , осы өсімдіктің негізгі сортының сабақ санының жалпы дамыған сабақ санына қатынасын айтады. Тұқым өзінің тұқымқуалаушылық белгілері мен қасиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек қана жоғарғы сорттың тазалығымен  қамтамасыз етеді. Жоғары сапалы тұқымның жоғары сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы  болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорттың тазалығына байланысты үш санатқа (категорияға) бөлінеді.
   Бірінші класты және бірінші санатты тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін тұқымды кондицалы деп атайды.
   Тұқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады. Өздігінен тозаңтанатын дәнді және бұршақ дақылдарының 1,2 және 3 санатты тұқымдарының сорттық тазалығы 99,5,98,0 және 95,0% кем болмауы керек.
    Селексия тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100% , егістік сапасы 1 кластан төмен болмауы керек, тұқым жақсы толыққан, сонымен қатар 1000 тұқымдық салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.
    Сорт сапасының төендеу себептері-тұқымның механикалық ластануы, биологиялық, мутациялық және айқас тозаңдану салдарынан ажырауы болып табылады.
   Механикалық қоспа-басқа сорт тұқымдарының қоспасы. Себу кезінде, тасымалдау немесе қырмандағы жұмысты нашар ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Мысалы: күздік бидайда-қара бидай, жұмсақ бидайда-қатты бидай, сұлыда-қара сұлы мен арпа, арпада-сұлы және бидай.
Биологиялық қоспа-егістіктегі сорттың басқа сортпен немесе түрмен тозаңдануының әсерінен болады.
    Жіктеу мутацияның пайда болуы-көбінесе буданды сорттардың гетерозиготты болуынан байқалған. Өсімдіктердің ауруларымен зақымдануының ұлғайуының  салдарынан болады. 
    Өсіп-өніп жағдайының тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататынан агро-техникалық шараларды қолданып отыру керек.
    Тұқым шаруашылығы жүйесі-кез келген дақылдың жоғары сапалы тұқымын  жеткілікті мөлшерде  қажетті қамтамассыз етіп өндіретін бір-бірімен тығыз байланысты өндірістік бірлік.
    Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастырудағы бірінші ғылыми-өндірістік түр-1996 жылы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық "асыл-тұқым" ассоцициясы.  "Асыл-тұқым" ассоциациясы қызметінің арқасында ғылым мен өндірістің күші бірігіп, нарықты жағдайға бейімделген, тұқым шаруашылығының мүлдем жаңа жүйесі іске аса бастады. Оның айырмашылығы, бұрынғы 7-8 жылмен салыстырғанда, жаңа сортты 3 жылда өндіріске толық енгізуге болады. 
    Тұқымның сорттық және егістік сапасынбұрмалауға жол бермеу үшін және қазақстандық тұқым өндірушілік халықаралық нарыққа шығу үшін,  Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен: "Міндетті түрде сертификат толтыруға жататын өнімнің тізбесіне" тұқымды енгізіп, тұқымдық материалды сорттық сертификат толтыру жүйесіне толыру керек. Тұқымға сертификат толтыру әлемдегі барлық дамыған елде қабылданған. Осы елдердің тұқым бақылау  ассоциациясында шоғырланған әлемдік ғылымның нәтижелеріне сүйенеді.


Академик  Р.А. Оразалиев ұсынған республикадағы
тұқым шаруашылығы жүйесін жеделдетіп жүргізу
сызбасы
Тұқым шаруашылығы мекемелері

Т.ш-ғы питомниктары
Т.ш-ғы питомниктердің өндірілетін тұқымның түрлері
Алғашқы және өндірістік т.ш.-да өндірілетін тұқымның көлемі



Алаң көлемі, га
Тұқымның көлемі, т
Ғылыми-зерттеу мекемелері-оригинатор
П-1, П-2, П-Р-1
П-1,П-2 және Р-2
703
147
Тәжірбие шаруашылығы элита тұқым шаруашылықтары
Р-2с/элита, элита
Р-2,с/элита
40500
8100
Өндірістік кооперативті ұжымдық және фермерлік шаруашылығы
Элита 1және келесі жоғарғы репродукциялар 
Элита және 1 репродукция
336000
67200



2. Шет мемлекеттердегі тұқым шаруашылығыТұқым шаруашылығының ғылыми әдістемелік негізгі барлық мемлекеттерде бірдей. Бірақ ұйымдастыру негізі мен тұқым шаруашылығы құрамының элементтері айтарлықтай өзгеше болуы керек.    Тұқым мемлекеттердің экономикалық әр түрлі секторларында: жеке, мемлекеттік, кооперативтік өндіріледі. Кейбір мемлекеттерде тұқым шаруашылығы жеке секторларда жүргізіліп, мемлекеттік селекциялық және тәжірбиелік станциялар өзінің қызметін бастапқы селекциялық тұқымды алумен шектесе, кейбіреулерінде тұқым өндіруді мемлекеттік тәжірбие станциялары және тұқым шаруашылығы мекемелері арқылы түгелімен мемлекет қамтамассыз етеді.    Алайда, көптеген елдерде тұқым шаруашылығы жеке шаруашылық пен жеке және мемлекеттік секторлардың аралығында жүргізіледі. Шығарылатын тұқымның санаты тұқым шаруашылығының кез келген ұйымдастыру түрлерінде бірдей болады.
Тұқымның негізгі санатын өндірудің көптеген елдерде қабылданған сызбасы.
Селекциялық элита-сортты шығарған селекциялық (bpeeber seed) станция өндіреді
Базистік тұқым                  -селекциялық элитаның(Foundation seed)көбеюінен алынады.


Сертификациялық             -базистік тұқымның көбеюінен
тұқым (certified seed)алынады


Тұқымды өндірістікмақсатта сату      

Негізгі тұқым өндірушілер олардың екі санатта шығарыды: базистік және сертификациялық. Алғашқыда базистік және сертификациялық тұқым арасында аралық санат болған, ал қазір ол жойылды.
    Халықаралық ереже бойынша, кез келген тұқым партиясының сертификаты және белгілі бір түсі бар этикет қағазы болуы керек.
    Базистік тұқым-ақ этикет қағазы.
Сертификациялық тұқым, 1-ші ұрпақ  -  көгілдір этикет қағазы.         Сертификациялық тұқым, 2-ші ұрпақ  -  қызыл этикет қағазы.                  
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын әдісі мен техникасыТұқым шаруашылығының ең маңызды бөлімінің бірі-сорттық тұқымның сапасын мемлекеттік және шаруашылықтың өзінде бақылау. Мемлекеттік бақылау мынадай әдісткр арқылы атқарылады.
    1) егістік анықтау;
    2) зертханалық бақылау;
    3) жер қыртысын бақылак;
    Дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды далалық сынаулардан өткізу өнімді жинау алдында өткізіледі.
    Сынауда апробация өткізк үшін:
    А) дайындық жұмысы;
    Ә) апробация жасайтын бума алу;
    Б) алынған бумаларды талдау;
    В) сынаудың қортындысы бойынша құжаттарды беру керек.
    Апробация жүргізу үшін арнайы дайындықтан өтуі керек және апробация жүргізуге құқығы бар деген куәлігі болу қажет. Апробация апробатор астық оруға дейін жасап, егістікке есепке алып, аға сынақшаға қол қойғызып, шаруашылыққа сынақ құжаттарын тапсырады.    Апробация жүргізу  және егістіккі есепке алу үшін шаруашылықта жергілікті селекция тұқымы және будан тұқымы себілген деген құжаттар болуы қажет.
    Есепке алу актісі себілген тұқымның  құжаттары бойынша беріледі. Істелген есеп жұмыстарын арнайы журналға жазады, оған есепке жататын жер көлемі,апробацияның қортындысың апробация құжаттары берілген мерзімі жазылады.
    Ғылыми-зерттеу орындарында, оқу-тәжірбие шаруашылықтарында суперэлита, элита және бірінші қалыптастыру  апробацияларын арнайы құрылған комиссия жүргізеді.
4. Жеке дақылдарды арнайы апробацияда өткізуКүздік және жаздық бидайды, күздік және жаздық арпаны және сұлыны апробациядан өткізу егістіктің пісу кезеңінің басында, ал тарыны гүлшоғының ұшындағы гүл қабыршағы гүлденген кезде жүргізіледі. Егістік сорттылығын анықтау үшін сынау бумасын алады. Оны біркелкі уыспен, біркелкі қашықтықта қиғаш бойынша аз дегенде 150 жерден алу керек.    Кең қатарлы әдіспен егілсе қиғаш бойынша басқыш тектес жүрілпен жүріп отырып алады. Апробациядан өтетін егістіктің көлемі дәді дақылдар үшін 450га, тары үшін 350 га-ға дейін. Әр бір сынау бумада сабақ саны 1500 данадан кем болмауы керек.    Шаруашылықтарда бір ғана тұқым себілген кішігірім танаптардан бір ғана бума алса да болады.    Тұқымдастығына, алғы дақылының бірдей екеніне қарамастан тұқымға арналған танапты жеке сынайды да,тжалпы егістікті сынайды.    Апробатор бума алумен қатар егістіктегі карантиндегі арамшөптердің түрлерін, ластану дәрежесін мына шкала бойынша анықтайды:    -арамшөптер жоқ-0:    -аздап ластанған-1:    -орташа ластанған-2:    -өте ластанған-3:    Сынау бумасын буып, ішінен де, сыртынан да этикет қағазын байлайды. Этикет қағазында шаруашылықтың атауы, ауыспалы егістіктегі танаптың орны, жер көлемі, дақылдың аты, сорты және алыну мерзімі көрсетіледі. Сынау бумасын алғаннан кейңн екі тәулік арасында талдау жүргізу қажет. Талдаудың нәтижесінде мыналар айқындалады:    1. Сынайтын дақыл сортындағы жақсы жетілген сабақтын саны.    2. Бумадағы басқа сорттың, түрлердің, түршелердің саны.    3. Кінәраттармен, зинкестермен жарақаттанған сабақтардың саны.    4. Сабағы жақсы ажыратылмайтын дақылдар сабақтары.    5. Жақсы ажыратылмайтын арамшөп сабақтары.    6. Карантин арамшөптердің сабақтары.    7. Кәнігі арамшөптердің сабақтары.    8. Улы арамшөптердің сабақтар.    9. Аса жетілген негізгі дақыл сабақтары.    Сабағы  ұқсас басқа дақылдарға жататындар: арпада-бидай, сұлы;    Күздік бидайда-қара бидай, арпа;    Сұлыда-арпа.    Сабағы ұқсас арамшөпке жататындар: бидайда-түлкі құйрықты ақ мия, сібір бастышөбі, көккөзшөн, тышқаншөп, татар қарақұмығы;    Тарыда-ірі тұқымды күріш тарысы, көккөз шөп, жатаған үкікіре, сүйелжазар(заразиха), итқонақ.Карантин арамшөптерге жататындар: ойраншөптің барлық түрлері, арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұңғылысы() ценхрус, жатаған кекірке, тікенек алқа, каролнский.    Кәнігі арамшөптерге жататындар: құмай, түлкі құйрықты ақ мия, сәлем шөп (сыть), пасталюм двурядый, көккөз шөп, жүнсабалақ, тікенқурай, далашырмауығы, сүттеген, шытырмақ, бидайық (пырей), жау қияқ (острей), қарасұлы, дала қаулені (осот).Дәннің сорттық куәлігіне кәнігі, карантин және улы арамшөптердің бар-жоғын көрсетеді.    Тұқымдыққа жарамайтын егістіктер:    а) ұқсас дақылдармен ластануы-5-тен жоғары;    б) ұқсас арамшөптермен ластануы-3%-тен жоғары;    в) бидай мен арпаның тозаңды қара күйемен жарақаттануы-2% дан жоғары, қатты қара күйемен жарақаттануы-5%-дан жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қара күйемен жарақаттануы-5%-дан жоғары; тары егістігінің тозаңды қара күйемен жарақаттануы-5%-дан жоғары болса. Егер тозаңды қара күйе 0,1%-дан, қатты қара күйе-0,05%-дан жоғары болса элита егістігі элита болып есептелмейді.Бақылау сұрақтары:1. Тұқым шаруашылығының даму деңгейі
2. Апробация дегеніміз не?
3. Шетелдегі тұқым шаруашылығының деңгейі қандай?






Дәріс №12
Қазіргі заман талаптарына сай кейбір дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру.
Жоспар:
* Тұқымдық материал, оның маңызы мен сипаттамасы.
* Мемлекеттік тұқымдық бақылау.      
Тұқымтану  - тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы <<тұқым>> түсінігі бір мағына бермейді.
Ботаникалық  ұғымда тұқым  -  қосарлана  ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.
Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық  материалды атайды.
Танаптық дақылдарда тұқымдық материиалдар ретінде төмендегідей түзілімдер пайдаланылады:
* нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат, зығыр тұқұмдас дақылдар, мақта өсімдігі ж.б):
* жалаңаш  және  қабақты жемістер ( қоңырбастар тұқымдасының дәндері-  бидай, арпа, судан шөбі ж.б; күнбағыс пен мақсары шекілдеуіктері, қарақұмық жаңғақшасы т.б);
* жеміс шоғырлары (мысыққұйрық масақшалары, қызылша домалағы);
* түйнектер (картоп, жер алмұрты).
Тұқымдар  -  өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық  құнды  қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі тұқымның бастау алатын ертеден белгілі ақиқат. Танапты сапасыз тұқыммен сепкенде жағдайды ешнәрссе түзей алмайды: топырақ өңдеу де, тыңайтқыш та, егістікті күтіп-баптау да, жауын-шашын да. Осыны Ресейдің бұрынғы Н.И. Вавилов атындағы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ерлігі де дәлелдей түседі. М.К. Фирсова және басқа ғалымдардың деректері бойынша жоғары сапалы тұқым қатардағы тұқымға қарағанда егін өнімін ешқандай қосымша шығынсыз 15-20% арттырады.
      Тұқым үш топ сапаға  көрсеткіштермен сипатталады:
* себу (егістік) сапасы- олардың себуге жарамдылығы дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері;
* сорттық сапасы  -  сорттық тазалығына, репродукциясына және тегіне қойылатын талаптарына сәйкес келуі;
* өнімділік сапасы  -  нақты жағдайларды белгілі бір деңгейде өнім беру қабілеті. 
Аталғаан тұқым сапаларының көрсеткіштері  бір-бірімен тығыз байланысты,  бірақ жекелеген пәндердің зерттеп, оқып-үйрену объектісі болып табылады. Егер тұқымның  сорттық сапасын тұқым шаруашылығы оқытса, онда оның себу сапасын  -  тұқымтану пәні оқып, үйретеді.
Бұрынғы Одақ аумағында тұқымды алғаш рет Ресейде 1864 жылы Рига политехникалық 	 институтында  талдап зерттей бастады. Алғашқы ғылыми мекеме <<Тұқым сынау стансасы>> 1977 жылы  А.Ф. Баталиннің басшылығымен Санкт-Петербургте Бас Ботаника бағында пайда болды. Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы  ғылыми-зерттеу институтының>>Тұқымтану>> бөлімі, Украинада  тұқымдық бақылау қызыметінің  қарқынды дамуы, Қазақстанда бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шортанды) аталған салада ірі көлемді жұмыстар атқарылады.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бас кезінде бұрынғы  Одақтың нұсқалар, талаптар деңгейінде тұқымдық-бақылауды іскеасырады.
Қазіргі кезде  Қазақстанда (Мемлекеттік тұқым инспекцияларын>> орнына <<Мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары>> қызмет жасау және тұқымдық бақылаудың екі түрібар:  мемлекеттік және шаруашылық-ішілік бақылау.

2.Мемлекеттік тұқымды бақылау <<Мемлекттік тұқым сапасын сараптама жасау лабораториялары>> арқылы іске асырылады. Еліміздегі барлық ауыл шаруашылық нысандары (агрофирмалар, ұжымдық шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар,  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары және т.б.) Мемлекеттік <<Тұқым сапасына сараптама жасау>> лабораторияларында өздерінің барлық тұқым қорларын дер кезінде  тексертіп отыруға міндетті.тексеру нәтижелері бойынша лабораториялар шаруашылыққа тиісті құжат береді: мұнда тұқымның себуге жарамдылығы, себу (егістік) стандарт талаптарына жеткізу үшін, қандай өңдеу жұмыстарын жүргізулері қажет екендігі көрсетіледі.
Қазіргі кезде тұқымтану ботаника пәнінің шағын бөлімінен өсімдік шаруашылығының ірі саласын айналды. Әуелде тұқымтануда тұқымның аналық өсімдікте пайда болуы, дамуы, олардың себу сапасы мен анықтау тәсілдері зерттелді. Кейіннен аналық өсімдіктегі тұқымның даму үдерісі, егін жинаудан сепкен дейін, <<себу-көктеу>> кезеңінде  өсімдіктердің автотрофты қоректенуге  көшкенге дейін үдерістер зерттеледі.  Одан әрі тұқым сапасына экологиялық , агротехникалық  жағдайлардың  әсері зерттеледі.
Тұқымтану- мәдени  өсімдіктердің тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайлардың, тұқымдағы физиологиялық үдерістенрді, қоршаған орта мен агротехникалық шаралардың тұқымының қалыптасуына әсерін, тұқымның егістік сапасын анықтау тәсілдерін оқытатын ғылым. Тұқымтану ғылымының басты зерттеу объектісі  -  тұқымдық материалдар, негізгі мақсаты- оның сапасын арттыру.  
Тұқымтанудың мәнін, оның тұқымдық бақылаумен байланысын             И.Г. Строна  төмендегіше түйіндеген.
Тұқымтану пәні танаптық, көкөніс, әсемдік, шалғындық-жайылымдық дақылдардың, жеміс және орман өсімдіктері мен жабайы өсімдіктер дүниесі тұқымдарының биологиясы және олардың физикалық  -  механикалық қасиеттерін, физиологиясы мен биохимиясы, микробиологиясы мен фитопатологиясын, тұқымның әртүрлі сапалығын, физикалықәсер ету арқылытұқым сапасын өзгерту мәселелерін  оқытады, ал тұқым шаруашылығы пәні негізінен тұқымтану пәнінің дақылдарынан (жабайы өсімдіктер дүниесінен басқалары) бастапқы материалдар, агротехника, механизация,  апробация, тұқымды,  өңдеу және сақтау, экономика  және ұйымдастыру мәселелерін қарастырады да аталған екі пән  бір-бірімен тұқымдық бақылау арқылы байланысады.
Тұқымдық қасиеттерді қалыптастыруда тұқым қуалаушылықтың шешуші рөлін мойындай отырып, дамып келе жатқан тұқымға әртүрлі сыртқы фактордың қуатты әсерін есепке алмай болмайды. Толыққанды, жоғары өнімді тұқым  өндіру құпиясын  ашуда  биологиялық  және экологиялық жағдайларды жан-жақты біліп үйрену ғана мүмкіндік береді, әрі тұқымдық алқаптарда өсіру технологиясының шараларын айқындауға көмектеседі.
	Бақылау сұрақтары:
* Тұқымның биологиялық қасиеттері
*  Мемлекеттік тұқымдық бақылау қалай жүргізіледі.
* Тұқымның сапалық көрсеткіштерін ата.

	                      
Дәріс №13
Егістік дақылдарының тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылау.
Жоспар:
1. Сорттық егісті бақылау.
2. Тұқымдық бақылау.
 	Сорттық егісті бақылау. Шаруашылықтардың тұқымдық учаскілерінен бастап тұқым шаруашылығы жүйесінің барлық буындарында, өсірілетін сортты тұқымдардың сапасына бақылау жасау үшін Мемлекеттік сорт бақылау жүйесі белгіленген. Бақылау зертханалық тексеру және егістік апрбация жолымен жүргізіледі және олардың әрқайсысы бірін  -  бірі өзара толықтырып отырады. Зертханалық бақылау  -  тұқым  -  бақылау зертханаларында, егістік апробация  -  тікелей селекциялық станциялардың тұқым шаруашылықтары егістерінде және шаруашылықтардың тұқымдық учфскілерінде жүргізіледі. 
	Апробацияның алдында (кемінде 10 күн бұрын) апрбатор, шаруашылық басшысы және егіншілік маманы сорттық егісті қарап шығады және оларды апрбацияға (сортына және түріне байланысты отау жұмыстарын жүргізуге, арам шөптерді құртуға және тағы басқа) даярлауға нұсқау береді.
	Егістік апробациясының мәнісі  -  апрбациялық бауды сұрыптап алу және оны зерттеу. Апрбациялық баубір сорт тұқымдары себілген әрбір учасуіден (егіс көлемі дәнді дақылдар үшін 250 га, дәндібұршақ дақылдары үшін 40 га аспайтын болса) сұрыптап алынады. Көлемі үлкен алқаптарда, олар тиісті учфскілерге бөлінеді. 
Апробациялық бау болатын өсімдіктерді егістің әр жерінен (тең аралық қалдырып), танапты қиғаштай жүріп отырып жинайды. Аудандық тұқым өсіру шаруашылықтары мен селекциялық станцияларда бір бауды бір қиғаш, екіншіні  -  біріншіге айқасқан екінші қиғаш бойына жинайды. 
Апробациялық бауды жинау кезінде апробатор егіннің арам шөптермен ластануын көзөлшеммен бағалап, мына шкала бойынша белгілейді: арам шөптер, жоқ  -  0, аз  -  1, орташа  -  2, көп  -  3. Апробациялық баулар шаруашылық мекемесі өкілінің қатысуымен зерттеледі. Зерттеу біткеннен кейін бауларды сақтауға шаруашылыққа тапсырады. Баулар қатардағы шаруашылықтарда 6 ай, аудандық тұқым өсіру шаруашылықтары мен селекциялық станцияларда 12 ай бойы сақталады. 
Апробация актісі үш дана етіп жасалады, оның әрқайсысына апробатор мен шаруашылық мекемесінің өкілі қол қояды. Апробацияның бір актісі шаруашылыққа, екіншісі құзырлы мекемеге, үшіншісі түұқым дайындаушыға беріледі.
Айқас тозаңданатын дақылдар үшінапробацияның орнына егістерді тіркеу іс жүргізіледі, бұл кезде шаруашылықтағы егістің сорттылығын, сол сияқты оның арам шөптермен ластануын және ауруға шалдығуын растайтын құжаттың бар жоқтығы көрсетіледі.
Егістік апробацияны арнаулы курстарда дайындықтан өткен адамдар жүргізеді.

Бақылау сұрақтары:
1.Сорттық егісті бақылауға жалпы түсінік.
2.Тұқымдық бақылау дегеніміз не?
3.Сорттық және тұқымдық бақылаудың егістік дақылдарына маңызы қандай?


Дәріс №14,15
         Сорт алмастыру және сорт жаңарту.
Жоспар:
* Сорт алмастыру
* Сорт жаңарту
Егер селекциялық  -  тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекетттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілері мен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімгің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті (озық) технология бойынша егіп  -  өсіруге жарамдылығы.
	Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми  -  зерттеу (оригинатор) мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау  мен бір  -  екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекеттік сорт сынауға береді. Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сипаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.
	Ғылыми  -  зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы қажет. Бірінші жылы барлық сорт телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми  -  зерттеу мекемесіне тікелей алады. Кейінгі жылдары өзіндігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіріледі. Айқас тозаңдалатын дақыл сортарының тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының селекциялық  - тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау учаскесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды. 
	Мемлекеттік сорт сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады.
	Бақылау сұрақтары:
* Жаңа шығарылған сорт қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
* Жаңа сорттардың саналу мерзімі қанша уақытты алады?

Пәндер