Файл қосу
Жылқының тістері
1 Дәріс. Жылқының дене мүшелері, түр-түсі, ен-таңбасы және басқа белгілері. Жылқыны бір-бірінен айыруға көмектесетін ең басты белгі - түсі, ен-танбасы және белгілері. Бұз белгілер жылқыларды зоотехникалық және мал дәрігерлік есепке алғанда және инвентаризация кезінде, яғни түгелдеген кезде қысқа турде көрсетілуі керек. Аталған белгілер жылқылардың өздеріне берілген құжаттарға сай келу-келмеуін анықтайды. Жылқының түсі оны өсіріп-өндіруде тұқымы мен шыққан тегінің белгісі ретінде пайдаланылады. Жирен, аққұла, (ақ жал сары), шұбар, тағы басқа бірнеше түсті жылқылар басқаларға қарағанда жоғарырақ бағаланады. Жылқы заводтарында ен-танбасы мен түсін анықтауды құлын дүниеге келген сон үшінші күні, төлді өндірістік құрамға ауыстырғанда, бонтировкалағанда, тұқымдық жіне ветеринарлық куәлік берген кезде жүргізеді. Басында, кеудесінде, аяқ-қолында кездесетін түрлі көлемді және тұрлі формалы тума қалдар мен жолақтар жылқының түгінің белгілері деп аталады. Бұл белгілер бірыңғай түсті жылқыларды ажыратуға көмектеседі. Бастың ақ және басқа белгілері:шалбас қасқа, жұлдыз, шұбыртпа қасқа, айқын қасқа, ерін немесе танау астындағы ақ жолақ. Аяқтың және басқа белгілелері: ақ тұяқ, күнгірт тұяқтағы ақшыл жолақ, тұяқ өкшесіндегі ақ жолақ-тұяқ құндыздығынан тұсамыстық буынды, бақайды, алдынғы сирақты қоса алып, алдыңғы тізелікке дейін немесе тірсек буынына дейінгі және оданда жоңары созылатын жолақтары т.б. Артқы аяқтың ақ және басқа белгілері: жылқылардың барлық түсінде, әсіресе ақшыл жолақтарда, жирен және көк түстілеріндегілерде кездеседі. Көк жылқылар есейген шағында шалбас қасқаға айналады да, олардың ақшыл белгілері білінбей кетеді. Сондықтан олардың түсі өзгермейтін ақшыл не күнгірт мүйіз жолақты тұяқтарын ескерген жөн және кеудесінде, жалында және құйрығында біртұтам ақшыл қылшық болады. Дене дақтары - танау арасында, ернінде, ауыз айналасында, тұмсықтын үстімен көз айналасында, құйыршық астында, шап айналасында т.б да бөлшектердегі терінің тарғылданған қызғылт бөлігінде болады. Күнгірт ен-танбалар - арқа мойымен жалдан бастап құйыршыққа дейін күнгірт жолақ (қайыс); жауырында қарайғандар (қанаттар), кеудесінде сауырында, тұяқ құндыздығында ірі және уақ күнгірт жолақ; алдыңғы санда, тілерсекте, тірсек буынында, артқы жіліншекте көлденен жорлақтар. Жылқының ен-танбасын, түсін, формасын, көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып суреттеу дәл, толық, қысқа болуы керек және басынан аяғына дейін белгілі бір айқын жүйелікпен жасалуы тиіс. Айрықша белгілері.Жылқылардың ақ және қара түсінен басқа құжатында олардың өздеріне тән жекелеген сыртқы ерекшеліктері белгіленеді (олар тұлғасы не иемденген белгілері), бұл малда өмір бойына сақталады; бір не екі көзі тарғылданған <<сауысқан көз>>, не көздің сыртқы мөлдір қабығындағы дақ; дұрыс қабыспаған иек және зақымданған тістер; көздің, құлақтың, сүйектер мен бұлшық еттердің, сіңірлердің, құйрықтың құйыршығының зақымдануы; қорада бағылатын жылқының еріннің ішкі жағында татуировканың нөмірі болады, жылқы заводтарының танбалары салынады. 2 Дәріс. Жылқының жасын анықтау. Жылқының тістері.Шөп қоректілердің ішінде жылқы бір бөлікті шағын қарынды, көп тісті және тіс құрылысы өте күрделі жануарлардың қатарына жатады. Жылқы тістері атқаратын қызметіне, орнына, формасына қарай күрек тістер, шошақ тістер, азу тістер болып бөлінеді; алдыңғы күрек тістер - премолярлар деп аталады. Жылқының төменгі және жоғарғы жақтарында 6 сүт тіс не тұрақты күрек тістерден (2-алдыңғы тіс, 2 орта және 2 шеткі күрек тіс) 6 сүт тістен не тұрақты алдыңғы күрек тістен (премолярлар) және 6 артқы тұрақты азу тістен (моляр) болады. Айңырда мұнан басқа 2 жағында 2 ит тістен, сонымен ересек айғырларда 40 тіс, биелерде 36 тіс болады. Қазақтар жылқының тісіне қарап, жасын, кәрісін, асыл, жасығын, жүйріктігін айырады. Сүт тіс.Жаңа туған құлынның еміп жүргенде шыққан тістері. Күрек тіс.Жылқының астыңғы және үстіңгі жақтарындағы екі-екіден шыққан күрек сияқты тістері. Жылқының азу, күрек тістері аса жақсы дамыған. Күрек тістер азықты қауып, жылу, азу оны ұсақтап, майдалау қызметін атқарады. Жұлқар (от) тіс.Шөпті жұлатын және оңды-солды қиятын тістер. Күрек тіс. Жылқының алдыңғы, ортаңғы, шеткі тістері. Тұрақты тіс. Жылқының тістері түскеннен кейін екіден бес жасқа дейінгі шыққан тістер. Азу тістер.Айғырдың ит азу тістері қорғаныс және шабуыл құралы болып табылады. Ұры тіс. тіске қосарланып шығатын ұзын тіс. Ол шыққанда жылқы оттаудан қалып, қатты жүдейді. Қажалған тіс. Тіс бедерлерінің мұқалып тегістеле бастағаны. Тісеу.Сүт тістері түсіп, орнына жаңа тіс шығып келе жатқаны. Қос тіс.Негізгі сүт тістері мен тұрақты тістерінің жанынан (қабаттаса) шыққан тіс. Мөр (бедер). Тісінің үстіңгі бетіндегі шұңқыры. Сопақ бедер.Бес жастан он жасқа дейінгі жылқының тіс бедерінің (шұңқырларының) мұқалмаған кездері. Дөңгелек мөр.Он екі жастан он сегіз жасқа дейінгі тістің щұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек түрге айналғаны. Үшбұрыш бедер.Он сгізден жиырма үш жасқа дейін тістің шұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек мөрлерінің үшбұрыштанғаны. Қыр.Тістерінің үстіңгі бетіндегі қырларының өзгеруі. Жылқының тіс құрылысында оның жасын анықтауға кедергі келтіретін ауытқулар кездеседі. Олар: ауыр жүк таситын жылқыларда ерте пайда болатын күрек тістер; биенің қауіпсіз буаздығы салдарынан не нашар бағылып, дұрыс азықтандырылмалы себебінен тіс жануарының және күрек тістердің ауысуының тоқталуы; тістің дұрыс жетілмеуі не артық тістердің пайда болуы; азықтың жұмсақ не қатты болуынан дентиннің әр түрлі қаттылықта болуына байланысты күрек тістердің жай не өте тез икелуі; тіс мөрінің тұйықтығы не қауіпсіз тереңдігі (әсіресе азу тістерде); дентинмен трлмаған тұқыл қуысы; күрек тістердің қырынан икелуі; тістердің <<қайшы>>, <<құс тұмсық>>, <<карп>> тәрізді дұрыс түйіспеуі; жебірліктен зақымдалуы және т.б. 3 Дәріс. Жылқыны таразыға тарту, өлшемдерін өңдеу және индекстерін есептеу. Жылқыны өлшеу.Жылқыға сол жағынан жақындау керек. Бұл оң қолымен өлшеп тұрған адамға ыңғайлы және де сол жағынан жегіп, ерттеу ат үшін үйреншікті жай. Өлшемдерін алу үшін жылқыны төрт аяғын дұрыс толық басып тұратын тегіс жерге тұрғызады. Жылқының басы не көтеріңкі, не төмен болмай әдеттегі қалыпты күйінде тұруы тиіс. Өлшемдерін жазғанжа оның өткізілген уақытын, жасын және жылқының қоңдылығын (жақсы, орташа не қанағаттанарлықсыз) белгілеуге кеңес беріледі. Жылқының өлшемдерін алу үшін Лидтин таяғын не басқа қарапайым жіңішке өлшегіш таяқты, Вилькенстің циркулі мен өлшеуіш лента, бұрыш өлшеуіш қолданылады. Өлшемдерді өңдеу.Лабораториялық сабақтарда студенттер өздерінің өлшеген жылқыларының өлшемін және мемлекеттік мал тұқымы қолдана отырып, әр түрлі жастағы және әр түрлі тұқымды айғырлар мен биелердің орташа өлшемдерін есептеп, олар бойынша графиктер құрады. Графиктер құрған кезде салыстырылатын топтың біреуінің орташа өлшемдерін 100 процент деп алып, көлденең түзуге нүкте ретінде орналастырылады, ал басқа топтағы жылқылардың орташа өлшемдерін (алынған 100 процентпен) тік және масштаб бойынша түзуге тиісті нүктелерден не төмен, не жоғары салады. Нүктелерді қосқан кезде, жылқы топтарының графикалық профилін көрсететін сызықтар пайда болады. Индекстерді есептеу.Жылқы дене бітімінің түрін анықтау үшін әр түрлі өлшемдерін салмақтарының арақатыныс индексін есептейді. Тұрық-сипат индексі (формат) малдың жасына қарай өзгереді. Егер жаңа туған құлында бұл индекс 80 процент болса, ересек жылқыларда ол 110 процентке жетуі мүмкін. Кейбір биік сирақты және жетілмеген жылқылардың есейген шағындағы тұрық-сипат индексі 100 проценттен төмен немесе тұрған тікбұрыш тұрқы болуы мүмкін. Ересек араб немесе таза қанды мінгі аттар 100 процент формат индексін сақтайды немесе шаршы формасында болады. Ауыр жүк тартатын аттарының ересек кезіндегі формат индексі 106-108 процент немесе жатқан тікбұрыш форматты болады. Жылқылардың жеке дамуы кезіндегі пропорциялары мен индекстерінің өзгеруі өсуі жағдайына, азықтандыру дәрежесіне, күтіміне, жасына, жынысына, генетикалық факторларға, тұқымына және дене бітімі түріне байланысты. Дәріс № 4 Аттың жегі саймандары, арбалар жегу, ер тоқым және атты ерттеу. Методикалық нұсқаулар. Студенттер аттың жегі құрал- саймандар ат қоралардағы арнайы сабақтарда, сонымен қатар тәжірибе кезінде шаруашылықтарда оқып үйретеді. Аттың жегу құралдары. Жылқының өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оны жарақаттамау үщін әр атқа өзіне сай келетін жегу құралдарын таңдап алу керек. Елімізде біратты және қосатты жегу құралдары кең тараған. Жегу құралдарын доға тәрізді, доғасыз, транспорттық ауыл шаруашылық және көшпелі деп бөледі. Жүгенді атты меңгеру үшін пайдаланады. Ол : желке, маңдай, жақ, иек томаға қайыстарынан екі шығыршықты шайнары бар ауыздықтан және бүлдіргісі бар делбеден тұрады. Желке мен ұрт қайыстарын өзгерте отырып, ауыздық езуді тартып тастамайтындай не бос қалматындай етіп, жүгенді аттың басына жымдастырады. Иек пен жақ қайысының арасында алақан сиярлық орын қалуы керек. Қамыт- жегу құралдарының негізгі бөлігі, ол екі ағаш не темірден жасалған қамыттан, қамыт шұжығынан, киізден жасалған астардан, тері қақпақтан дәнекеркерлеп жабыстырылған қайыстан, қамыттың тамақ және екі құлақ бауынан тұрады. Өндірсте қамыттың біраттылық, қос аттылық жүк таситын аттар үшін, стандартты ауыл шаруашылығындағы аттарға арналған түрлері бар. Құйысқан. Ер- тоқым аттың мойынына кетпеу үшін тағылатын тұрман. Құйысқанда екі жақтау, екі жарым, екі жаңбырлықтағы салпыншақ, бір сауыр үзбе, екі жаңбырлық үзбе тұрады. Ер- тоқымның басқа тұрманы қалай болса, бұл да солай жасалынады. Жартылай жәмшік және жұмысшы аттардың өмілдірігі жиекше, арқалық, көлденен, еңкіс және бүйір сырғалықтары, қайыстардан тұрады. Ол аттың бүкіл денесін қамтиды және арбаны таудан түскен кезде ұстау үшін, атты тежеп кейін шегіндіру үшін қолданады. Өмілдірік аттың қозғалысына кедергі жасамауы керек. Өмілдірікті дұрыс қиылыстырған кезде, жиекше қайыс пен құйымшақ бұдырмағының астына алақан сиюы керек. Ер-тоқым. Атқа мініп- түсуге лайықтандырылған, ер тоқымды ат үстіне бекітетін бүкіл тұрманы толық, атқа ерттей салып, айылын тарқан соң, міне жөнелуге дайын тұрған тас түйін жабдық. Ер. Ердің ағаш қанқасы. Аттың басарқасын баспайтын етіп, жасалған ер- тоқымның негізгі ағаш бөлігі. Құранды ер. Қас, қаптал түгелімен ағаш бөлшектерінен тарамыс, желіммен біріктірілген, сырты сірімен қапталған екі түрі . ішпек тоқымның үстінен, екі қапталының астынан қойылатын екі бөлік жасалған желдігі де болады. Ойма ер. Алдыңғы , артқы қас, екі қаптал, белағаш деп аталатын екі бөлек жасалған желдігі де болады. Ойма ер, ойма қасты ер деп аталады. Қас. Қазақты ерде алдыңғы және артқы қас болады. Алдыңғы қасы ілгері қарай сәл кергітіп, тіркеу қойылады, артқы қасқа қарағанда сәл биіктеу келеді. Артқы қас сәл аласа, үсті кең. Дәріс 5 Жұмысшы жылқыларын күту, тазалау, тағалау, азықтандыру, суару және пайдалну. Методикалық нұсқау. Жылқыларды күту және оларды жұмысқа пайдалану техникасын ұйымдастыру жөніндегі практикалық сабақтар оқу шаруашылықтарында, колхоздар мен совхоздарда және өндірістік практикалық кезіңде өткізіледі. Жылқыны күтудің негізгі ережелері. Жылқының темпераметін ескере отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жылқыны кермеде тұрғанда бұруға болмайды, оны кермеден артқа шегіндіріп алып шығады. Жылқы күтімі үшін щетка, муыт, ат тарақ, ағаш қалып үгілген сабан, ағаш пышақ немесе тұяқ тазалайтын ілмек және тұяқтарын тазалау үшін 3-4 жылқыға бір шелек қажет. Жылқыны тазалау қысқа ағашқа байлайды. Жылқыны сол жағынан бастап тазалайды. Ол үшін щетканы сол қолға, ал ат тарақты тістерін жоғары қаратып оң қолға ұстайды. Сосын оң қолдың ортаңғы саусағымен ноқтаны жылқының құлағына қарай шегіне жеткенше апарады да, иек қайысты қоса алып, жылқының құлағына жетпейтіндей етіп ноқтаны тартып ұстайды. Басын желкеден төмен қарай, сосын құлағы мен көзінің айналысын тазалайды. Бастың сол жағын тазалып болып, мойнының сол жағына, сол жақ аяқ - қолын, кеудесін, сауырын және артқы аяқ- қолдарын тазалауға кіріседі. Мойны мен кеудесін тазалағанда аяғын жерге нық етіп кең қойып, жылқыға бетімен қарап тұрады. Бұл қырынан тұрған жылқының көп қозғалмай денесінің біраз бөлігін тазалуға мүмкіндік береді. Мойын не кеуде бойымен қолды кең сермеп щетканы жайлап түгіне қарсы, ал содан кейін оның бойымен күш түсіре қозғайды. Әр қозғалғанда бір жерін қайта-қайта үйкелмей, терінің жаңа бөлігін алып отырады. Жылқыны түгінен 3-4 рет өткізгенен кейін щетканы ат тарақпен тазалайды. Ат тарақтағы жиналған шаң мен ласты ағаш жаңғырыққа жеңіл соғу арқылы түсіреді. Ат тарақтың шаңын үріп тазалайды. Сол жағын түгел тазалап болған соң, оң жағына көшеді, ендң щетканы оң қолына, ал ат тарақты сол қолына ұстайды. Щетканы тазалап болған соң теріде қалған щаң мен қайығақты дымқыл түкті шүберекпен сүртіп алады. Соңынан жылқыны тағы да дымқыл шүберкпен сүртіп, жылтырау үшін щеткамен тарайды. Жылқының терісін жауып тұрған түктерін тазалап болғаннан кейін жал, құйрық , кекіл секілді қорғаныш шаштарын тазалауға кіріседі. Жал мен құйрықты тазалау үшін тарақты пайдалануға болады. Жал мен кекілді тазалауды шаштарын саусақтармен айырудан бастайды. Сол қолымен жалдың бір бөлігін алып, жабысқан шаштарын біртендеп айырады. Шаш талшықтарын таза және дымқыл шүберекпен дұрыстап сүртеді. Жал мен кекілдің басқа бөліктерін де осылай айырып тазалайды. Соңынан жалды щеткамен шаш бойымен жоғарыдан төмен қарай тарайды. Құйрықты соңғы құйрық омытқасының қасынан ұстап тұрып, шаңы кету үшін бірнеше рет сілкиді.Жылқыны электр жүйесі бар щаңсорғыш пен немесе стационарлық вакуум қондырғыларын пайдалана отырып тазалайды. Дәріс №6 Жылқының сүт өнімділігі. Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елде кең тараған. Елімізде 50 мыңнан астам бие сауылып, жүздеген қымыз фермалары мен қымыз емханалары жұмыс істейді. Қазақ республикасында жылына 40-50 мың тонна қымыз өндіруді жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі биенің сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малда 700-1500 л, сүттілігі орташа 1500-2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600-3000 л болады. Сүттіліктің индексі және өндірілген сүттің салыстырмалы мөлшері малдың 100 кг салмағынан, аборигенді қазақы, қырғыз, башқұрт, якут тұқымдарында көп. Бие сүтінің мөлшерін есептеу, еңбекті көп қажет ететін тым ауыр жұмыс. Алғашқы емізген айларда биенің сүттілігін құлының қосымша салмағына байланысты анықтайды. Жылқының құлынын айырғаннан кейін, күндіз 12 сағат бойына әрбір 2 сағат сатын 6 рет қайталып сауады. Іс жүзінде әрбір 2 сағат сайын мұқият саууға мүмкіндік бола бермейді. Осы себепті әрбір сауынның, әсірессе сауынның уақытын минутына дейін жазып отырған дұрыс. Бұл алынған мәлімметтер бір тәулік ішінде сауылған сүттің мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Биенің сүттілігін анықтау үшін бақылау сауымен қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс. Қымыз дайындау. Қымыз дегеніміз- бие сүті қышқылдарын белоктармен, ашытқымен ашыту арқылы алынатын қышқылтым сусын. Қымыздың сапасының жоғары болуы, оның емдік қасиеті - көп жағдайда бие сүтінің сапасына байланысты. Қымыздың дертке дауа, тамаша шипалық қасиеттеріне ашытқылары ғана әсер етпейді. Бие сүтінің табиғи ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдерден антибиоткалық заттар пайда болады. 1 литр қымызда 20 г қоректік белок бар, ол орташа қоңдылықтағы сиырдың 100 г етіне тең келеді. Қымыз организмге тез сіңетін қоректі және минералды заттардан, сондай- ақ көмірқышқылы қоспаларынан , сүт қышқылынан және спирттен тұрады. Бұлар нерв жүйесін сергітіп, асқорыту процесіне ықпал етіп, қан айналу жұмысын жақсартады. Қымыз өндіру үшін дені сау биені қолданамыз. Дәріс 7 Жылқыларды үйрету, жарату және сынау. Методикалық нұсқаулар. Жылқыларды үйрету, жарату және сынауға арналған практикалық оқу сабақтарын өту қиын, өйткені бұл бағытта арнайы жұмыс тек асыл тұқымды шаруашылықтарда және ипподромдарда жүргізіледі. Сондықтан шаруашылық басшыларымен алдын ала келісіп өткізу керек. Жылқыларды үйрету және сынауға арналған практика кезінде, арнайы шаруашылықтарда студенттер үшін жылқы заводтары мен ипподромдарға қосымша экскурсия ұйымдастырылады. Оқу барысында студенттер жылқыны үйрету мен сынаудың жүйесін және тәсілдерін үйренеді, жұмыс табелімен және атқорадағы күн тәртібімен, үйрету сынағына қажет жабдық заттарымен, инвентарлармен, ипподродағы жүргізу жолдарының құрылысымен, мінгі және желісті тұқымдық жылқыларды сынаудың ережелерімен танысады. Лабороториялық - тәжірибелік сабақтарда студенттер жылқыны сынаудың есебімен және анықтамаларымен танысады, жеке тапсырмалар орындайды. Жаратудың биологиялық мәні - пайдалы жүйкелі рефлекстеріне дағдыландыру, тыныс пен қозғалыстың синхрондылығына үйрету, бұлшық ет, тыныс алу және жүрек - тамыр жүйелерін белгілі бір дене ауырлығы түскенде қажетті функцияларды орындауға бейімдеуде. Жылқыны бастықтыру - оны пайдалану тәсілдеріне үйрету мен дамытудың барлық түрін қамтиды. Бастықтырудың негізгі мақсаты әр түрлі жұмыстарды бірте - бірте жүйелі түрде алмастыру арқылы, жүктің салмағын көбейте отырып,жылқыны болдыртпайтындай дұрыс және басқарылатын қимылдарға үйрету және жұмыскерлігін төмендететін зиянды рефлекстері жоқ, адамға толық және дұрыс бағынып, оның барлық талабын орындайтын жылқы етіп үйрету. Құлындарда бас үйрету. Дүниеге келген құлынды адамға бірте - бірте үйретеді. Оны құлынның үстін есілген сабанмен және щеткамен тазалаудан бастайды, тұқай тазалау үшін аяғын көтеруді және ноқтамен жетекке жүруді үйретеді. Ипподромда жылқының жұмыс қабілетін анықта үшін арнайы сынаулар өткізіледі. Сынау кезінде қабілеттілігіне және алдыңғы көрсеткен қимыл - қозғалысының нәтижесіне байланысты жылқыларды жүйесімен жазады. Жүлде сапасын баллмен көрсетеді. Жүлделер топты, топсыз, шектелген, ашық, иесі аталған және дәстүрлі деп бөлінеді. Еліміздің 1600 м қашықтық бойынша желіс бәйгесінің рекорды 1 мин 58,7 сек-қа тең. Мінгі жылқыны бас үйрету. Тобымен тренинг өткен тұқымдық мінгі жылқылардың бас үйретуін 1-1,5 жасында тамыздың ортасынан бастап1-2 ай бойына өткізеді. Құлынды жүгенге, терлікке, ерге, салт мінуге, тізгінмен меңгеруге және түрлі желіс қозғалыстарын енгізеді. Дәріс 8 Жылқы тұқымдары. Методикалық нұсқаулар. Жоғары оқу орындарындағы тәжірибелік сабақтарда жылқы тұқымдарымен танысу, қарауға қолайлы фота, диапозитивтер, кинофильмдер, дәл мүсіндер және тірі обьектілер көрумен шектеледі. Тиісті әдебиетті қолдану арқылы жылқы тұқымдарын терең оқып үйренуді өндірістік практикада асыл тұқымды жылқы заводтарында жалғастырған орынды. Әдебиет , көркем сурет. Қазіргі уақытта дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар. Олардың алуан түрлілігін шоқтық биіктігінің 40-тан 180 см-ге дейінгі, алдыңғы сирақ орамының 6 см-ден 32 см-ге дейінгі, тірі салмағының 100 кг-нан 1200 кг-ға дейінгі диапозонмен сипаттауға болады. Жылқы тұқымымен түрлерінің алуан болуы - оны жақсы оқып үйрену және асылдандыру жұмысын жақсы жүргізу, топтау қажеттілігін туғызады. Жылқы тұқымдарын топтау Жергілікті тұқымдар Далалық : монғол, бұйрат, забайкал, қазақ және башқұрт тұқымдары. Таулы : алтай, қырғыз, лоқай, қарабах, әзірбайжан, тушин, мергель, дағыстан, гуцул, босний, фиорид, гафлинг. Орманды :якут, приоб, тавдин, вят, печор, мезен, эстон, жмуд, полес, поляк, копчик және кониктер, фин тұқымдары. Пони : шотланд, исланд, уэльск, ньюфорестск, эксмур, дортмур фелл, дейл, хайланд, конемара, готланд тұқымдары. Заводтық және көшпелі (ауыспалы) тұқымдары Мінгі : ахалтеке, иомурд, персид, араб, варварий, шагия,стрелец, тер, таза қанды мінгі тракенен,ағылшын араб, орыс мінгісі. Мінгі- жеккі: дондық, буденнов, костанай, жаңақырғыз, қарабайыр, қабардин, ағылшын-қабардин, украин, көшім, лепицан, ағылшын- норманд, ганновер, гольштин, остфриз, гронинг, нониус, фуриозо, пшедсвит, гидран, малопольская, великополь, шығыс больгар, плевен, қыдыруға арналған теннесин, аппалуза, паломино, пинто, фридериксборг, кнаботуп тұқымдары. Жеңіл жеккі: орлов, орыс желістісі, американ стандартбред, морган, француз желістісі, клевеланд, хакнэ, фриз, дунай тұқымдары. Ауыр жүк тартқыш: орыс және кеңес ауыр жүк тартқышы, литва ауыр жүк тартқышы, владимир, шайр, кляйдесдал, суффольск, першерон, булон, арден, бретон, брабансон, рейн және саксон ауыр жүк тартұыштары, ютланд, торий, поляк ауыр жүк тартқышы тұқымдары. Жеккі : латвия, жемайчю, белорусс, воронеж, кузнецк, чумыш, кладруб, ольденбург, силез, гудбрансдаль, терістік швед тұқымдары. Жылқы тұқымдарының көп болуы- адам талабының алуан түрлілігіне және олардың әр алуан түрлі жағдайда ұдайы өндірілуіне байланысты. Жылқы тұқымдарының жаңа түрі халық шаруашылығының талабына сай шығарылады. Дәріс 9 Жылқы шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру жұмыстары. Методикалық нұсқау. Жылқы тұқымын асылдандырудың негізгі мақсаты- өсіріп отырған малды одан әрі жетілдіріп, іріктеу және жұптау әдістері арқылы жылқының сапасын арттыру. Жылқы сапасы деген ұғымға төмендегілер жатады: түрі, өлшемдері, салмағы, жұмыс қабілетілігі, шыдамдылы,ы, өнімділігі және т.б. ерекшеліктері. Бұл сапаларды халық шаруашылығының талаптарына сай дамытып, өзгертіп отырады. Тәжірибелік сабақтарда студенттер мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабымен және ол арқылы жұптау және іріктеу әдістерімен танысады. Студенттер шежіре жасауды, оны қорытындылап бағалауды және ол бойынша жылқының қандығын, инбридинг дәрежесін, ішкі линиялы өсуін, будандастыру түрін анықтайды және еркек линиясы мен ұрғашы тұқымдасы бойынша генеологиялық кесте құрастырады. Жылқының сырт пішіні туралы сабақта басталған сапасын бағалу жұмыстары мал тұқымын асылдандыру сабақтарында одан әрі жалғастырылады. Өндіріс кезінде тұқымдық жылқылардың сапасын бағалап, оның ақшалай бағасын анықтайды,тұқым мал құжаттарын толтырып, горизонтальді, вертикальді және структуралық шежірелер жасайды, жылқыларды жұптап, сұрыптайды және асылдандыру жұмыстарының жоспарын даярлауға мәліметтер әзірлейді. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы жөніндегі лабораториялық сабақтарды мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабын оқып- үйренуден бастаған жөн. Шежіре кестесін жасау үшін және оны қортындылау үшін алғашында елде ең көп тараған Орловтың желісті тұқымының үздік өндіргіш айғырларын таңдап алады. Желістілер шежіресінде жылқының атынан басқа МАТҚ кітабы бойынша нөмірін көрсетеді, ал атынан кейін 1600- м-ге рекордын және дүниеге келген жылын көрсетеді. Жылқы шаруашылығындағы тұқымды асылдандыру жұмыстары- бұл мал шаруашылығы өнімдерін молайту ғана емес, сонымен бірге қыруар мал өнімдерін үнемдеудің, ауыл шаруашылығында еңбек және материалдық шығындарды қысқартудың нақты тиімді жолы. Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі мақсаты- жылқыларды әбден толық жетілдіру, халық шаруашылығына және жылқы спортына қажетті тұқымды жаңадан өсіріп шығару. Малды асылдандыру жұмыстарына мал өсіру әдістері, сұрыптау, жұп таңдау, бағып- күту технологиясы, азықтандыру, жарату, сынау және жылқыны бағалау жатады. Жылқыны бағып- күту әдістері, оны өсіру бағыты колхоздар мен совхоздардың, жылқы заводтарының технологиялық дәрежесіне байланысты таңдалып алынады. Жылқы шаруашылығымен айналысатын колхоздар мен совхоздардың негізгі мақсаты: жұмысқа қабілетті және тұқымдық жылқыларды асылдандыру және өндірістік, тікелей және ауыспалы шағылыстыру жолымен жақсарта отырып пайдалану. Жылқының сапасын бағалау. Малды сұрыптауға, жалпы мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыруға байланысты жүргізілетін малдың сапасын бағалау жатады. Бонитировка дегеніміз- малды тұқымдық қасиеті мен өніміне қарай бағалау. Барлық шаруашылықтарда бонитировка жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бонитировканы әр малдың дене бітімін, түртұлғасын өсімдік қасиеттерін көзбен көріп және алғашқы зоотехникалық есеп құжаттары негізінде баға беріп, ата- тегі және ұрпағының сапасы туралы мәліметтерге сүйене отырып жасайды. Малдың сапасын бағалау кезінде оның тұқымдық түріне қойылатын талаптарға сай жақсылары таңдап алынып, тұқымдық және өнімділік құндылығына қарай элита- рекорд, элита, бірінші ,екінші, үшінші деген сияқты кластық топтарға бөлінеді. Ал нашарлары асыл тұқымдыға жатқызылмай, жарамсызға шығарылады. Әр класты тегіне қарап, үш категорияға бөледі. Бірінші категорияға баллдық бағасы осы категорияға белгіленген минимальді талаптардан бір немесе бірнеше белгісі бойынша жоғары, ал қалған белгілері бойынша талапқа сай келетін жылқылар жатқызылады. Екінші категорияға баллдық бағасы барлық бонитировка белгілері бойынша осы класқа белгіленген минимальді талаптарға сай жылқылар жатады. Осы категорияға сонымен қатар баллдық бағасы бір не бірнеше белгілері бойынша осы минимальді талаптардан кем түсетін жылқылар да жатады. Үшінші категорияға бірінші және екінші категорияларға жатпайтын тұқымдық жылқылар жатқызылады. Дәріс 10 Түйенің тістері және оған қарап жасын айыру. Сабақтың мақсаты: студенттерді түйенің жасын тісіне қарап айыруға үйрету. Олардың назарын аудара отырып тұйенің сүт тістерін шығуын қадағалау. Түйе тістерін өзге түлік малының тістерімен салыстыру. Методикалық нүсқаулар: лабараториялық - тәжірибелік сабақтарда түйенің жасын анықтауда оның жақ сүйегінің қаңқасын пйдалана отырып үйрету керек. Ол үшін түйе тісінің саның, оның орналасу формаларын, сүт тістерімен тұрақты тістерінің анатомиялық және гистологиялық құрылысын, олардың түйенің жасына қарай өзгеруін, түйе тістерінің атауларын ажырату. Түйенің жасын тісіне қарап айыру. * Түйенің жасын төмендегі 3 кезеңге тісіне қарап айыруға болады. * 1990 жылы ғалымдар түйе тістері құрылысының өзгергендігіне назар аудара бастаған А) Сүт тістерінің шығуы және тозуы Б) Сүт тістері түсіп, түрақты тістер шығуы В) Тұрақты тістердің тозып, мөрі өшуі. Түйенің сүт тіс тері ақ кішкене және түбі жінішке болады. Түйенің жасын айыру үшін мынадай белгілерді пайдалану керек. Жана туған жас ботада тіс болмайды, бірақ астынғы ерінде жана шығып келе жатқан 6 күрек тіс болады. 1 жасында-2 шеткі күрек тісі болмауы мүмкін. Астыңғы йегінде 3 қос күрек тіс бір-біріне қабаттасып шығады. Үстіңгі және астыңғы жақтарында қос шошақ тістері болады. 2 жасында- астыңғы жағындағы ортаңғы үлкен күрек тістері аздап қажалады себебі бір-біріне өте жақын орналасқан. Үстіңгі және астыңғы жақтарында қос-қос шошақ тістер болады. 3- жасында- астыңғы күрек тістері көп қажалады және жеке жеке тұрады. Қажалған қос шошақ тістер болады. Төменгі жағындағы шошақ сүт тістері күрек тістеріне үқсамайды бір бірінен бөлек тұрады. 4- жасында - астыңғы сүт күрек тістері жеке тұрады және түбіне дейін қажалуы мүмкін. 5-жасында ортаңғы және күрек тістері түсіп олардың орнына тұрақты екі күрек тіс шығады ортаңғы және шеткі күрек тістері мен үстіңгі және астыңғы қос шошақ сүт тістері көп қажалып мұқалады. 6 - жасында үстіңгі жағынан шошақ тіске үқсаған екі шеткі күрек тіс шығады. Дәріс 11 Түйенің дене мүшелері мен салмағын өлшеу және сапасын бағалау. Сабақтың мақсаты: студенттерді түйенің дене мүшелерінің салмақ өлшемдерін алуға үйрету. Студенттерді түйенің биіктігін, тұрқының ұзындығын, кеудесінің жерден биіктігін, кеудесінің орамын, жіліншік орамының өлшемдерін алуға үйрету. түйенің тірілей салмағын өлшеп көрсету. Методикалық нұсқаулар: тәжірибелік сабақтарда студенттер 3 адамнан тұратын топқа бөлініп, әр түрлі жастағы түйенің денесінің өлшемдерін алады. Түйенің өлшемдерін алу үшін оны әуелі тегіс жерге 4 аяғынан тең басып тұрғызады. Түйенің тірілей салмағын салмағын өлшеу. Түйенің салмағын ірілігіне және күшіне байланысты. түйенің салмағын таразыға тартып дұрыс анықтауға болады. Түйенің салмағын дұрыс анықтау үшін оларды таңертең суармайды, азықтандырмай тұрып өлшейді. Түйенің дене мүшелерін бағалауа үшін алдымен оның жынысын, жасын айырады, дене өлшемдерін алады. содан кейін түйені тегіс жерге тұрғызып, 4 аяғын тең бастырып, дене құрылысын қарайды, жүргізіп, жүрісін байқайды.4 аяғын дұрыс басып тұрған түйенің мүшелерін басынан бастап сынайды. Түйенің ең маңызды мүшесі кеуде клеткасы. оның кеуде клеткасы кең, терең, ұзын және қабырғалы жақсы иілген болса, ол онда жақсы жетілген болып есептеледі. Белі қысқа етті түйе күшті, ал белі ұзын әлсіз болады. Түйенің тұқымға және шаруашылыққа жарамдылығын 5 өлшем арқылы айыруға болады: 1.Биіктік. Қос өркеш түйенің биіктігі 2 өркештің арасынан өлшенеді. 2. Тұрқының ұзындығын: топшының алдынан бастап айналшыққа дейін өлшейді. 4. Кеудесінің орамын: қос өркеш түйенің алдыңғы жағынан төсінің ортасынан дейін, ал аруана мен будандардың иығы үстінен төсінің ортасына дейін өлшейді. 5. Жіліншік орамы жіліншікті 3 бөлгенде жоғарғы бөлімінің ең жіңішке тұсынан алынады. Экстериері, дене құрылысы және бейімділік қасиеті бойынша бағалау. Мұндай бағалау малды табиғи түрінде көру және өлшемдері немесе таразыға тарту нәтижелері жөніндегі мәліметте негізінде жүргізіледі. Сақа түйелердің экстьері, дене мүшелері және бейімділік қасиеттерін 40 баллдық шкала бойынша, жас төлдерді 50 баллдық шкала бойынша бағалайды. Экстерьерін, дене құрылысын және бейімділік қасиеттерін бағалау кезінде жалпыбал саны кемістіктер мен мүмкіндіктері үшін кестеге сай кемітіліп отырылады. Дәріс 12 Түйенің түрлері, тұқымдары және тұқымаралық будандары. Сабақтың мақсаты: Атақты ғалым Карл Линнейдің өркеш санына қарап түйені 2 тұрақты түрге бөлгендігін студеттерге түсіндіру. Олардың бірнеше түрі және тұқымдары бар екендігіне студент қауымының назарын аудару. Методикалық нұсқаулар: Студенттерді тәжірибелік сабақтарда түйе түрлерімен (қос өркешті түйе, айыр, өркешті түйе, аруана т.б) таныстыру. Сабақ барысында түрлі түстер суреттер қолдану. Түйенің түрлері және тұқымдары. Карл Линней өркеш санына қарап түйені 2 түрге бөлген еді, яғни, жалғыз өркешті түйелерді аруана, ал қос өркештіні айыр түйе деп атады. Жалғыз өркеш жүрдек түйелерді Рим халқы "камелюс дрома'' деп атағандықтан кейін <<дромедар>> деп атап кеткен. Бұл кезде жалғыз өркешті түйелердің жабайы түрлері кездеспейді. Орта Азияда бір өркешті түйелердің бір ғана тұқымы - аруана қос өркешті түйелердің тұқымы - қалмақ, қазақ және монғол түйелері өсіріледі. Бір өркешті аруана оңтүстікте өседі. Бір өркешті түйелерден ерекшелігі-қос өркешті түйелерді солтүстік малы деп есептейді. Сондықтан олар өте жүндес, қатаң климатқа жақсы бейімделген және өскірік аязға тиімді болып келеді. Аруана тұқымы. Орта Азияда бір өркешті түйелердің бәрін аруана тұқымына жатқызады, олар ғасырлар бойы селекция жолымен өсіріліп келеді. Жаздың ыстығымен құрғақшылық жағдайына көнгіш және т.б көптеген бағалы қасиеттері бар. Еліміздегі барлық түйелердің үштен бірі - аруаналар. Жоғарыда аруана Африкалық және Азиялық түрге бөлінеді дегенбіз. Бұл түйе тұқымдастарының бір - бірінен аырмашылығы бар.Азия аруанасына қарағанда Африка аруанасы биік, аяқтары ұзын, өркеші кішкене және кейін біткен, бас сүйегі ұзынша келеді. Африка аруаналары Сахара, Марокко, оңтүстік судан деген бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Африка халық сүйегі жеңіл, ұшқыр, салт мінуге бейімделген аруана тұқымын өсіріп шығару үшін сұрыптау жұмыстарын ғасырлар бойы жүргізіледі. Соның нәтижесінде Солтүстік Африкада Мехпри тұқымы өсіріліп шығарылды. Бұл тұқым түйелердің дене құрылысы қағылез, сүйегі берік, өте ұшқыр келеді. Ол сағатына 15-18 км жерді қинамай жүріп өтеді. Азия аруана тұқымына Үндістан, Арабия, Персия және Түркімен түйелері жатады. Үндістан аруанасы пенджаб және Раджипутан деген екі түрге бөлінеді. Пенджаб аруанасы сүйікті, денесі шомбал, жүк артып, кіре тартуға бейімделген, өте күшті тұқым. Дәріс 13 Түйені азықтандыру және күту Сабақтың мақсаты: Студенттерді түйені азықтандыру және күту ерекшеліктерімен таныстыру. Бұл мақсатты күнделікті сабақ барысында да, лабораториялық- тәжірибелік жұмыстар кезінде де жүзеге асыруға болады. Түйені күту және азықтандыру. Түйе - жайылым малы. Оның негізгі азығы- жайылым өсімдіктері. Ол күндіз жайылып, түнде күйіс қайырады. Түйе жайылымда жақсы семіреді, өркештеріне май жинайды, ал ашыққан кезде немесе жол жүргенде өз майын өзі қорек етеді. Түйенің шөлге төзімділігі жайында зерттеушілер әр түрлі түсінік береді. Бірі су бермеген уақытта семіз түйе майын жұмсап, төзімділік көрсетеді десе, енді бірі қатпаршақ қарнына жиналған су түйенің көп уақыт су ішпеуіне мүмкіндік береді дейді. Түйелерді суару ережелері: * Бірнеше күн су ішпеген түйені бірден қандыра суаруға болмайды. * Жүк артып немесе мініп келген түйені дем алдырмай суаруға болмайды. * Түйені күніне бір рет суарып отыру қажет. * Сауылып жүрген інгендерді уақытымен суару керек. * Егерде күн ыстық болса оларды бірнеше рет суару қажет. * Алғашқы суарғанда суды аз беріп, кейін қандыра суару керек. * Түйені жайылымға жіберіп немесе пішен беріп 2-3 сағаттан кейін суарған жөн. Осы ережелер дұрыс сақталған күнде ғана түйе түрлі ауруға шалдықпай жақсы дамиды. Дәріс 14 Түйенің сүт өнімділігі Сабақтың мақсаты: тәжірибелік сабақтарда студенттерді түйенің сүт өнімділігімен, түйе сүтінің химиялық құрамымен, оның емдік қасиетімен таныстыру. Сүт комбинаттарында өткізілетін сабақтарда шұбат ашыту кезінде студенттерді қатыстырып, оларды лабораторияларда өткізілетін сүт құрамын зерттеу анализдерімен таныстыру. Сүт өнімділігі. Інгеннің сүтін түрікмен, қазақ, қарақалпақ және басқа Орта Азия халықтары тағам ретінде пайдаланады. Көп жылғы тәжірибе және қазіргі күннің ғылымы көрсеткеніндей, дәмділік және жұғымдылық қасиеттері жағынан түйе сүті сиыр сүтінен асып түседі, сонымен қатар інгеннен сауылатын сүт жергілікті сиыр тұқымдарынан сауылатын сүттен анағұрлым көп болады. Інгеннің сүттілігі. Інген тез исініп кетеді, сондықтан оны тез сауу қжет.інгендердің сүттілігі көбінесе олардың тұқымына, ұрпағына, сауу мерзімінің ұзақтығына байланысты. Інгеннің сауылу мерзімі 16-18 айға дейін созылады. Сүт өнімділігінің сипаттамасы. Сүт құрамы. Інгеннің сүт өнімділігін дәл анықтау өте қиынға соғады, өйткені оны ботасын емізу арқылы сауады да, бота сүттің белгілі бір мөлшерін еміп қояды. Сонымен бірге тәулігіне бірнеше сағат боталар енелерімен бірге жайылып жүріп оларды емеді, бұған орай сауып алынған сүт нақты өнімділік мөлшері бола алмайды, сондықтан ботаның емген сүтін де ескеру керек. Май. Түйе сүтіндегі май құрамы оның тұқымына, түріне, жыл мезгіліне, азықтануына және басқа да факторларға байланысты. Қазақ айыр түйелерінің сүтінің майлылығы жазда 4,7 проценттен қыста 6 процентке дейін ауытқи отырып, орташа сүт шығу кезенінде 5,2 процент құрайды. Витаминдер. Түйе сүтінің витаминдік құрамы әлі толық зерттелген жоқ, бірақ бар мәліметтер түйе сүтінің витаминдерге бай екендігін дәлелдейді. Мысалы, М.К.Бестужеваның мәліметтері бойынша 1 литр айыр сүтінде А витамині - 0,38 мг, С витамині - 58,2, В витимині - 2,72 мг құраған. Ал 1 литр аруана сүтінде, Т.К.Хаджакулиевтің мәліметтері және С.Г.Ягодинский мен Т.А.Соколованың мәліметтері бойынша0,343-0,487 мг - А витамині 0,95-1,86 мг - В витамині 0,66-1,75 мг - В1 витамині, 54,7 - 79 мг - С витамині болған. Сүттің тығыздығы оның құрамына, ең алдымен майлылығына байланысты. Сүттің майлылығы қанша жоғары болса, оның тығыздығы соншама төмен болады. С.Г.Херасков бойынша қазақ айыр түйелерінің тұқымдарының сүт калориялылығы 900-950 ккалға жетеді. Қыста сауының азаюына байланысты сүттің калориялығы артып 110 ккалға жетеді. Сүттің бактерицидтік қасиеттері. Мал сүтінде лизоцимдер, агглютининдер, антитоксиндер, бактериолизиндер, иммундық денелер сияқты белок тектес микробтарды жоятын қасиеттері бар заттар болады. Белгілі бір уақытқа дейін олар сүтте микроорганизмдердің көбеюіне кедергі болады және ол ұйымайды. Түйе сүті басқа малдың сүтіне қарағанда көпке дейін сақталады. Жоғары бактерицидтік қасиет сүт қышқылының көбеймеуіне жағдай жасайды +10о температурада түйе сүтінің қалыпты қышқылдығы үздіксіз өседі. Шұбат деп сүт қышқылы мен спирттік ашыту жолымен түйе сүтінен алынатын сүт қышқылды сусунды айтады. Дәріс 15 Түйенің ет өнімділігі Сабақтың мақсаты: студенттерді түйе етімен таныстыру, оның химиялық, физикалық құрамын ажырата білуге үйрету. Түйе малын жыл бойына бағып семірту жолдарымен таныстыру. Түйе етінің сапасын бағалай білу, оның қондылығын анықтау жолдарын меңгерту. Ет өнімділігі. Түйе - ет өндірудің де маңызды көзі. Негізгі өсіріп - өндірудің аймағында, әсіресе Орта Азия республикалары мен Қазақстанда ет өндіретін табынды түйе шаруашылығын дамыту өте қолайлы болып отыр. Соңғы жылдары етті түйе шаруашылығының зоотнхникалық, мал дәрігерлік міселелерін зерттеу жөніндегі ғылыми жұмыстар анағұрлым көбейе түсті. Арнаулы әдебиеттерде түйе етінің химиялық, морфологиялық құрамын сипаттайтын және басқа да ерекшеліктерінкөрсететін мәліметтер жеткілікті. Озат түйе шаруашылықтары мен бригадалары басқа мал түрін ұстамайтын жайылымды ұтымды пайдаланғанға және түйе басын үнемі өсіргенде ет өнімін арттыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Салыстырмалы есептеулер бойынша шамамен алғанда түйе өсіруші аймақтардың қазіргі жағдайында еттің тірілей салмағын жылына 18-20 тонна өсіруге болады. Түйе шаруашылығында жыл сайын түйе басын 4-5% өсірген кезде бұл саоаның ет өнімінің жалпы өндірісі үздіксіз өседі. Малды жыл бойына жайылымды бағу және жайып семірту. Бүкілодақтық жылқы түлігі жөніндегі ғылыми - зерттеу институты қыста жайылыста бағылатын түйелердің салмағын жоғалтатындығын анықтады. Мысалы, желтоқсаннан көкекке дейін қалмақ тұқымды ересек түйелердің салмағы бастапқы салмағына қарағанда 19,7 %, ал 4 жасқа дейінгі жас төлдерінің салмағы 10,1%, 3жасқа дейінгі төл - 9,1% салмақ жоғалтады екен. Республикамызда түйе малының санын көбейтумен қатар оның сапалық жағынан да жақсара түсуіне бағыт ұстанылып отыр. Өнімді аз беретіннашар тұқымды он түйе ұстағаннан гөрі асыл тұқымды бес түйе ұстағын тиімді. Етті бағыттағы түйелерді бордақылауға қойып, дұрыс азықтандырса 400 кг салмақ тартатын түйелер 90 күнде 450-480 кг-ға жетеді. Демек, күніне 500-900 г аралығында қосымша салмақ қосады. Таза қанды қазақ айыр түйелерін 240 күн жайып семірткенде орташа тәуліктік салмақ қосуы төмендегідей болады, 1 жас - 573 г, 2 жас - 788г, 3 жас - 888 г және ересек малдарда - 606г. Сонымен активті жайып семірту екі мезгілде өтеді: күзде және көктемде. Бұл кезде түйеледің өркештерінде 100 кг-ға дейін май жиналады. Жайып семіртуді ұйымдастырған кезде шамамен жасы, күйі, жынысы бір малдарды бір табынға бөледі. Шөл және шөлейт аймақтарда табынның көп болуы өзін ақтамайды және оларды сумен қамтамасыз ету де оңайға соқпайды, салмағы орташа болады және нашар жайылады 1 Практикалық сабақ. Жылқының түрлері, дене мүшелері, дене бітімі, сыртқы тұлғасының кемшіліктері мен ақаулары. Жылқының шаруашылық типі.Жылқы тұқымдары географиялық шығу тегіне, дене бітімнің түріне, дене құрылысына қарай (батыс және шығыс,қуаң дала,таулы үстірт, тау, дала, орман, арал, салқын қанды, не жылы қанды, тыныс алу және ас қорыту түрлері, эйризольді-жалпақ денелі, лептозолді-қушақ денелі), сондай-ақ тығыздығына қарай (ауыр және жеңіл); аллюрлық ұшқырлығына қарай (аянды және тез аллюрлы) (желісті), пайдалану тәсіліне қарай (жекі, міңгі, ауыр жүк тартқыш,арнайы бағытқа салынбағанда) болып топтастырылады. Жылқының негізгі шаруашылық типтері өлшемдерімен, индекстерімен, салмақтарымен сипатталады. Міңгі жылқы тез желісте қолданылады. Мұндай жылқының арқасы қысқа, басы жеңіл, мойны ұзын болады. Көкірек сарайы орташа келген жалпақтау, терең әрі сыйымды. Арқасымен белі мықты. Жауырыны ұзын әрі қиғаш, алдыңғы саны ұзын және етті келеді. Ауыр жеккі жылқы. Жылқы салмағы оның жүкті тарту күшін анықтайтындықтан, ауыр жүкті аттар сом жалпақ денелі, бұлшық етті, аяғы қысқа келеді. Жақсы дамыған дәнекер ткані және тері арасындағы майлы қабат жылқы салмағын көбейтеді және бұлшық етті жегу құралдарының басып тастауынан аман сақтайды. Ауыр жүк атының басы ауыр, мойны қысқа, кеудесі жуан, ұзын, аяқ-қолы қысқа сүйекті болып келеді. Жылқы денесінде жарақаттар көп кездеседі. Жылқыны қарағанда оның аяқ-қолы мүкістеріне де аса көңіл бөлу керек. Бүкіш тізе- өсе келе пайда болса, жылқының дамуының бірінші сатысында, әдетте қадамның қысқаруынан тұрақсыздығынан және аяқтың тірілдеуінен білінеді. Шор сүйек-грек жаңғағының жартысындай болатын сүйек өсіндісі. Ол көбінесе алдыңғы сирақтың ішкі жағынан, алдыңғы аяққа, ауыр жүк салмағының біркелкі түспеуі салдарынан, алдыңғы тізеліктің астынан, аяқты теріс қойғандықтан не қатты тартылғандықтан буын байланыстары мен сіңірлерінің үзілуінен пайда болады. Шор сүйекті жылқы тек аурудың буын байланыстары бастапқы кезінде ғана немесе сіңір мен өтетін жерден шықса ғана қимылдағанда ауыртатындықтан ақсайды. жылқыны шекі ауруынан тексеру үшін оны жан-жаққа кілт бұрады, және кілт алға қозғайды және немесе артқа шегіндіреді. Шеккісі бар жылқы аяғын ауыратын аяғын тартады немесе сілкиді.Жүрер алдында ауыру аяғын бір-екі минут көтеріп ұстап тұрса бұл тітіркеністі оңай аңғаруға болады. Сарысулану (Польщада мұны тұяқтың ревматкалық қабынуы дейді) буындардың алхоры тәрізді кетуі, жылқыларда ол буын қаптарының және сіңірлерінің қабынуынан, жарақаттану себебінен, көп күш түскендіктен, азықтану, су ішу тәртібінің сақталмауынан және қозғалыссыз бір жерде баққаннан пайда болады. 2.Практикалық сабақ. Жылқыны қарау, суреттеу, бағалау және суретке түсіру әдістері Жылқының қимыл қозғалысын бағалау. Жылқыны қарағанда негізінен адымының ұзындығына, аяғының дұрыстығына, қимылының жатық және шапшаңдығына көңіл бөлінеді. Аянмен, адымдап, желісті дұрыс жүретін жылқылар, әлбетте қалыпты шабады. Жылқының жанынан қарағанда қозғалыс кезіндегі жүрісінің кемшіліктері көрінсе, алдынан не артынан қарағанда аяқ алысының кең не тар, дұрыс не бұрыс еместігін көруге болады. Көрмелік экспертиза. Елімізде көрмеде асыл тұқымды жылқылардың ата тегін, қажетті түрі мен тұқымының көрінуін, оның мүсінін, өлшемдері мен салмағы бойынша дамуын,бағымы мен тұқымдық пайдалануын бағалайды. Мүсін бағалағанда, дене тырқының мықтылығын, көкірек сарайының бұлшық еттері мен қаңқа сүйегінің дамуын, аяғын дұрыс қоюын кемістіктері мен мүкістіктерінің бар жоғын ескереді. Жылқының жеке сипаттамасы. Зоотехникалық практикада жылқының жасын, жынысын, күшін жіне денсаулық жағдайын ескере отырып, құндылығы мен кемшіліктерін, жеке ерекшеліктерін типі мен тұқымы бойынша дұрыс сипаттаудың маңызы зор. Жылқыларды суретке түсіру. Жақсы, қанағаттанарлық сурет шығару үшін, зоотехниктер жылқыны суретке түсірудің негізгі талаптарын білгені жөн. Жылқыларды суретке тынық күні шуақта, таңертең, шыбын шықпас бұрын салқынмен, көктемгі түлеуі біткенде, терісі шыбын- шіркейлермен зақымданған кезде түсірген орынды.Жылқының қыс кезіндегі түсірілген суреттері әдетте қанағаттанарлықсыз болады. Суретке түсірген кезде сауырдан 45 градус бұрышпен малдың жазықтық симметриясына бағытталу керек. Мұндай жылқының бұлшық еттерін рельефті жарықтандырады және көзін жұмбауына жағдай жасайды. Қара қоңыр түсті жылқыларды суретке түсірерде жоғарғы сызығына дейін анық көрініп тұруы үшін табиғи, аспан көк фон қолайлы. Анық түстерге қара қоңыр фон, ал сұр түстер үшін жасыл фон қолайлы. Жылқының мойыны жақсы көріну үшін суретке жалсыз жағынан түсіреді. Ал жал жағынан тек оның жалдылығын не түрін анықтау үшін түсіреді. Фотопластинканы не фотоаппарат пленкасының шарықтығы малдың симметриялы жазықтығына параллель болуы керек. Суретке түсіргенде малдың төрт аяғы түгел көрінуін қадағалау керек. Ол үшін фотоаппаратқа жақын аяқтарын кең қойып, ал фотоаппаратқа қарама-қарсы жағындағы алдыңғы және артқы аяқтарын анағұрлым жақын қою қажет. Жылқыны суретке құйрығын қозғамай, тыңдап, екі құлағын түріп тұрған кезде түсірген дұрыс. Қолайсыз жағдайлар болмас үшін мал мен фотоаппараттың ара қашықтығы 6 метрден кем болмауы керек. Малдың бүйірінен, объектив осіне перпендикуляр жағдайында түсіреді. Жылқы мүсінінің графикалық белгілеулері. Малдың дене мүшелерінің мүсінін суреттегенде, көп сөздің орнына, кейде жылқының ерекшеліктерін контурда қысқа графикалық белгілеу арқылы білдіреді. 3.Практикалық сабақ. Жылқының жұмыс өнімділігі Жылқының жұмыс өнімділігі тарту күшімен, жұмыстың көлемімен,қозғалыс жылдамдығымен,қуаттылығымен және төзімділігімен сипатталады. Жылқының тарту күші серіппелі таразы секілді және жылқы тартатын валькіге тіркелетін күш өлшеуіш немесе динамограммен өлшейді. Жылқының тарту күші. Жылқының оптимальді, қалыпты, ең жақсы тарту күші деп, ұзақ уақыт ішінде болдырмай қалыпты қабілетін сақтай алатын күшін айтады. Жылқының тарту күшінің көлемі оның жер мен аяғының ілінуінің және жеккі жұмыстағы жүк көтергіштігін анықтайтын оның салмағына тікелей байланысты. Ірі жылқылар, әдетте үлкен тарту күшімен ерекшелінеді. Тарту күшін сынау кезінде максимальді тарту күші қалыпты тарту күшінен бес-алты есе артық болады. Кей жағдайда жылқының тарту күші өз салмағынан да көп болуы мүмкін. Шеңбер ішінде жұмыстарда және көп жылқыны жегуде тарту күші, бұрылыстарда басқа кеткен күштің көбейуінен және кейбір малдың жүрісінің сәйкес еместігінен толық пайдаланылмай қалады. Тарту қарсылығы қозғалатын жүутің не ауыр шаруашылық құралының қарсылық күшімен анықталады.Арбаның қарсылығы оның констрекциясына, салмағына, және жол сапасына байланысты болады. Міңгі және жүк артатын аттардың жұмысы. Салт мінетін және жүк артатын аттарға қалыпты жүк тиеу мөлшері 100-120 кг, барынша көбі-олардың салмағының 1/3 - не тең. Бұл ттардың жұмыс қабілеттілігін тек физиологиялық көрсеткіштермен, өз қозғалысына және салт аттылыны немесе жүкті әр түрлі арақашықтыққа әр қилы жолдармен, түрлі желіспен, түрлі жылдамдықпен тасымалдауға шығымдалған энергиясымен сипаттауға болады. Салмағы 450-500 кг салт мінетін ат 1км жолға аяндап - 300-400 ккал, желіспен 410-450ккал, далалық шоқырақтаумен 500-550ккал, қарқынды шоқырақтаумен 720-800ккал энергия шығындайды. Практикалық жұмыс №4 Жылқы шаруашылығының ет және басқа өнімдері. Жылқы шаруашылығының қосымша өнімі. Жылқы шаруашылығының жанама немесе қосымша өнімі тері шикізаты, қыл, ішек асқазан шырыны, сарысу және вакцина, көң сияқты бөліктердің тұрады. Жылқы терісі өте жұқа, бірақ қиын созылады, сондықтан лакты аяқ- киімдер жасауға пайдаланады. Жылқының қылын ГОСТ 12859-67-ге сәйкес кисть, шетка және т.б. бұйымдар жасау үшін пайдаланады. Оларды қатты, жұмсақ, қыл-қыбыр және жатады: түтік- өте ұзын шаштар, жылқы терісінің құйыршығынан қырқылған және бір буда етіп байланған, біркелкі жалпақтықтағы шаштар. Бұрымша - жылқы терісінің құйыршығынан қырқып алынған және бір буда етіп байланған, ұзындығы 45- см-ден кем емес шаш. Кесілген - ұзындығы 45-см-ден кем шаштар, құйыршығынан қырқып алынған және бір буда етіп байланған. Кесінді- тірі жылқының құйрық ұшынан кесіп алынған және бір буда етіп байланған 10- см ден кем емес шаштар. Түріне қарай жылтыр,мықты және тік келеді. Жұмсақ қыл - жал ұзындығы 10- см - ден кем емес, жіңішке, аздап бұйралау, жылқының жағынан не бастан немесе жылқы терісінен қырқып алынған, буда етіп байланған қылдар, ұзындығы 10-см-ден кем қылдар қылқабырға жатады. Жылқы шашасы - тұяқтан жоғары жылқы ұшасының аяғынан кесіп алынған, буда етіп байланған қылдар. Олар жұмсақ, тік және шеттері өте ұшты болады. Құлын құйрығы- құлын терісінің құйыршығынан қырқып алыған және буда етіп байланған қылдар. Ол жұмсақ, жіңішке, бұйраланған болып келеді. Қыл-қабыр және ұйысқан қылдарға жататындар- қыл-қыбыр- жылқыны тазалағанда немесе сұрыптағанда алынған шиеленген жал мен құйрықтың қылдары. Жылқы қылдарынан-жартылай шикізаттар алады, олар ГОСТ 12857-67 бойынша төмендегіше бөлінеді: * Түріне қарай қатты- бұрым етіп кесілген: кесінді, бұрымы және жұмсақ- жал болып; * Түсіне қарай: ақ, қара, аралас, болып бөлінеді. Жылқы шараушылығының биологиялық өнімі. Биофабрикаларда мал дәрігерлік және медициналық мақсаттарда жылқылардан арнайы аппараттың көмегімен асқазан шырыны алынады. Бір сеанс 4 сағатқа созылады, бұл процесс кейде аптасына 2 рет болады. Бір жылдан орташа есеппен 5-7 л, ал кейбір жылқылардан 10-12 л-ге дейін активті асқазан шырыны алынады. Буаз биелердің сарысуын өндіру үшін, биелердің қанын буаздығының 45күннен 100 күнге дейінгі аралығында алады. Бұл уақытта биофабрикаларда қанды 5 рет, ал колхоз, совхоздардың биопункттерінде 2 ненмесе 3 рет алады. Биеден тірілей салмағына және қондылығына байланысты бір алғанда 3-5 л қан алады да,одан 60-62 процент сарысу шығарады. Биофабрикаларда донор жылқылардың қанынан столбняк, гангрена, дифтерия, ботулизм т.б. ауруларға қарсы қолданылатын медициналық өте қажетті емдік және профилактикалық препараттар жасайды. Жылқы көні. Жылқылардың көні тынайтқыш ретінде жоғары бағаланады және осы мақсатта көптеген елдерде пайдаланылады. Бір қалыпты мөлшерде жұмыс жасайтын, салмағы 500 кг жылқы күніне 14 кг қатты экскременттер шығарады. Практикалық жұмыс №5 Жылқыны ұрықтандыру тәсілдері. Методикалық нұсқау. Оқу және өндірістік практика кезінде студенттерді, жылқыны шағылыстыру және құлындату жұмысына тікелей қатыстыру керек. Олар шағылыстыру мен құлындаудың жоспарын жасап, айғырлардың сперма сапасын анықтайды, айғыр күйіттеушіні пайдаланады, биелердің күйі келу дәрежесін анықтайды, қынапқа қолсоғу зерттеулерін өткізеді. Шағылысқа дайындық кезеңінде студенттер білгір мамандардың басшылығымен бие, айғырларды қарап, ұдайы өсіруге жарайтындарын таңдайды, малдарды азықтандырады, моцион өткізеді. Студенттер жылқыларды шағылыстыруды және қолдан ұрықтандыруды жүргізеді, биенің буаздығын және құлындау уақытын анықтайды, бие мен құлынға, құлындаған кезде алғашқы көмек көрсетеді, шағылыстыру мен құлындаудың есебін жүргізеді. Айғырлар мен биенің асылдандырған кездегі нәтижелерін жазады; оларды заводтық және мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабының мәліметі бойынша талдап жіктейді. Жылқылардың шағылысқа түсетін уақыты. Жылқылардың жыныстық жетілуі 1-1,5 жасынан басталады, бірақ шағылысқа оларды 3 жастан бұрын қоспайды. Табында бағылатын жергілікті тұқымды жылқылар баяу жетіледі, ал ауыр жүк тартатын және таза қанды мінгі тұқымдық жылқылар өте тез жетіледі. Тез жетілген жылқылар тез дамиды да, жыныстық жетілуі кемеліне тез жетеді, бірақ ерте қартаяды. Айғырлар биеге қарағанда тұқымдық қолданылуы ұзағырақ. Шағылыстыру өткізу мерзімдері. Ат қорада ұстағанда жылқыларды ақпанның 15-нен шілденің 15-не дейін, ал табында ұстағанда 18-інші көкектен тамыздың 1-іне дейін шағылыстырады. Ауа райына байланысты бұл белгіленген мерзімдердің өзгеруі мүмкін. Биені ұрықтандыру тәсілдері. Үйірде шағылыстыру жылқы үшін табиғи нәрсе және ол биелердің көп құлындауына әсер етеді. Байтал шағылыстыру үйірде шағылыстыруға жатықпаған айғырларды пайдалануда қолданылады. Қолдан шағылыстыру жылқыны ат қорада бағатын шаруашылықтарда жиі қолданылады. Сынақ кезінде айғырлардың көмегімен күйіті келген биелерді табады. Мәдени-табынды жылқы шаруашылығында аралас шағылыстыру қолданылады. Қолдан ұрықтандыру-басқа да мал шаруашылығы салаларындағыдай жылқы шаруашылығында жақсы тұқымды аталық малдарды барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Ұрықтың сапасын анықтау. Айғырдың ұрығын шағылыс маусымының алдында үш күн бойы күніне екі рет, ал шағылыс басталған кезде айына бір рет алып тексереді. Қолдан ұрықтандырғанда ұрықты күнде биеге салар алдында тексереді. Ұрықты көлеміне, құрамына, қозғалысына және ұрықтың тірі қалу қасиеттеріне қарап бағалайды, Эякуляттың көлемін (мл) өлшегіш цилиндрмен не стаканмен, ұрықтың құрамын стандартпен, қозғалысын көз шамамен анықтайды. Қозғалысы (активтігі). Ұрықтың қозғалысы баллмен анықталады (0,1-ден 1-ге дейін). Ұрықты қозғалысына қарай: активті алға басқан, тербелген, манежді қозғалысты және қозғалыссыз деп бөледі. Ұрықтың тірі қалғыштығын тек араласқан ұрықтардан сағат өлшемімен анықтайды. Бұл үшін уақыт белгілейді де, сол уақыт аралығында 39-40°-та микроскоптың көмегімен активті алға қозғалатын ұрықты бақылайды. Биенің сынақ және шағылыс мезгілдері. Қысыр не жас биелерді алғашқы рет шағылыстыру алдында, шағылыстыру мерзімі басталғаннан бір күннен кейін сынайды, ал құлынданған биелерді құлынданған соң 5 күннен кейін күйіті келгенше күн сайын сынайды. Күйітінің 3-ші, 4-ші дәрежесінің сыртқы белгілері жақсы көрінгенде биені шағылыстыруға не қолдан ұрықтандыруға жібереді және мұны әр 24 -28 сағат сайын күйіті қайтқанша қайталай береді. Практикалық жұмыс №6 Төлдің өсіп-жетілуі, дамуы және бағып-күтілуі. Методикалық нұсқаулар. Шаруашылықтарда, колхоздар мен совхоздарда өтетін өндірістік практикаларда студенттер жылқышы болып жұмыс істей жүріп жас төлді бағады. Алдынғы қатарлы шаруашылықтарда экскурсияда болып, асыл тұқымды жылқыларды өсіруді көргені дұрыс. Төлдің өсіп-жетілуі және дамуы туралы мәліметтерді практика жөніндегі есебінде және лабораториялық- тәжірибелік сабақтарда өндеп, талдау жасайды. Еміп жүрген құлындардың күтімі. Құлынның дүниеге келген кезіндегі салмағы енесінің салмағының он пайыз шамасын құрайды, ол туғаннан кейін өз бетімен қозғалуға қабілетті болады. Дүниеге келген құлын үшін, иммундық және профилактикалық қасиеті бар бие уызының маңызы зор. Жаңа туған құлындар тәулігіне енесін 50-60 рет емеді және тәулігіне 2 кг-ға дейін салмақ қосып, тез өседі. 1 кг салмақ қосу үшін құлынға шамамен 10 л биенің сүті қажет. Туғанына 3-4 күн болған құлынды ауа райын ескере отырып енесімен серуендеуге шығарады. Ең қолайлысы емізетін биелерді құлындармен бірге жайлауда бағу. Құлындағанына 15 күн болған биені жұмысқа пайдалануға болады, бірақ оны құлынынан ұзаққа айырмау керек. Алғашқы екі айда жұмыс жасайтын жылқыларға құлындарын бір сағат сайын жібереді. Құлындарды өсімдік қорымен азықтыруға барынша ертерек үйреткен жөн. Екі үш айлық құлындарды үстелген сұлымен азықтандырумен бастаған жөн. Әуелі сұлыны оларға 200 г береді де, емшектен айырғанаға дейін, бірте-бірте үш кг көбейтеді. Құлындарды енесінен 6-7 айлығында айырады. Енесінен айырарда құлынның түк бүркеуінің 2/3 бөлігі түлеуі керек. Айырар кезде құлындардың түсі мен белгілері ноқталап белгілейді. Түсте үстеп қоректендіргеннен кейін өсуі және жетілуі бірдей құлындарды енесінен топтарымен айырады. Енесінен айырған құлындарды күзде жайылысиа, баздарда ұзақ бағуға тырысыады. Қыста оларды күнде серуенге алып шығып атпен бағады. Айырған құлындарды азықтандырған кезде ас қорыту органдарының дамуына мүмкіндік туғызатын сапасы жақсы азықтармен қамтамассыз етілуін ескерген жөн. Құлындар алғашқы жылы тез қарқынмен өседі. Екі айлығында оның салмағы үш есе, алты айлығында бес есе өсіп, ал он екі айлығында ересек жылқы салмағының 65 пайызына жетеді. Жергілікті тұқымның құлындары алғашқы айларда тез өседі. Табында бағылатын құлындардың өсімталдығы бір келкі емес, сатылы дамуға бейім, олар көктем мен жазда жақсы өседі, қыста өсуін бәсеңдетеді. Жас төлге протеин, витамин және минералды заттарға бай құнарлы азық беруі қажет. Ал қорада бағылатын құлындардың үстін тазалап, 1-1,5 ай сайын тұқайларын тазартып отыру керек. Жылқы зауыттарында ауыл шаруашылығы министірлігінің ғылыми техникалық советінде бекітілген жоғары класты тазақанды мінді және желіс тұқымды жылқылардың өсіру технологиясы бойынша нұсқаулар жасалған. Бұл нұсқауларында қажет құрылыс объектілері инветарьлар, бағып күту, азықтандыру, өндіру, өсіру, міну тәсілдері, зауыттық және ипподромдық жарату әдістері, зоогигиеналық - профилактикалық және зоотехникалыұ есеп тәсілдері көрнсетілгген. Жас төлдің өсуін бақылау. Асыл тұқымды төлдің өсуін бақылау үшін алдың қатарлы жылқы заводттарының тәжірибесіне негізделіп, асыл тұқымдылардың мемлекеттік кітабында жарияланған өсу шкаласын пайдаланады. Шаруашылықтағы төлдің салмағы мен өлшемдерін шкаласындағы осы тұқым төлінің өлшемдері мен салмағына салыстырып, шаруашылықтағы төлдің қаншалықты табысты өсіп келе жатқандығын анықтайды. Практикалық жұмыс №7 Жергілікті жылқы тұқымдарын бағалау. Бонитировка- тұқымды селекциялаудың жоғары элементі. Бағалау нәтижесінде жылқының тұқымдылығы, сапалылығы, құны анықталады. Бағалаудың басты мақсаты Шығыс аудандарында азық- түлікке, жұмысқа жарамды жергілікті тұқымды жылқылардың сарқылмас қорын сақтау. Бұл қосымшада адай,алтай, жергілікті алтай, башқұрт, бұйрат, жоғары енисей, жабы, көшім, жаңақырғыз, туба тұқымдарына тиісті талаптар ескерілген. Етті, сүтті шаруашылықтардағы жергілікті жылқы тұқымдарын комплексті бағалау негізінде, олардың шығу тегі, түрі, өлшемдері мен салмағы, мүсіні, биенің сүттілігі мен бейімділік қасиеттері, тұқымының сапалығы анықталады. Бағалау қыркүйек, қазан айларында өткізіледі. Әрбір көрсеткіш 10 баллдық шкала бойынша бағаланады. Бірінші бағалау және тұқымдық топқа іріктеу сүттілігі мен тұқымдық сапалығынан басқа, барлық көрсеткіштер бойынша екі жарым жасында өткізіледі. Жаңа құрылып жатқан фермаларда сақа жылқыларды да бағалайды. Жылқыларды екінші бағалау олардың барлық сапалық ерекшеліктерін, сүттілігін, тұқымдық бағасын ескере отырып бес жарым жасында өткізіледі. Алты, сегіз айлық және бір жарым жастағы төлдер бағалаудан өткізілмейді. Он баллдық шкала бойынша олардың түрі, мүсіні, қоңдылығы тексеріледі. Кейін бұл деректер би мен айғырдың тұқымдық сапасын бағалаған кезде, жеке төлдерді тұқым тобына іріктеген кезде қолданылады. Етті- сүтті жылқы шаруашылығына асыл тұқымды жылқыларды қабылдау күшті дамыған жоғары зоотехникалық өнім алуға әсерін тигізеді. Мал сапасын бағалауды, арнайы білімі бар зоотехник- бонитер жүргізеді. Шаруашылық басшылары мен мамандары олардың жұмысына жақсы жағдай туғызып отыруы қажет. Жылқы басын бағалау және зоотехникалық, мал- дәрігерлік өңдеуден өткізу үшін шаруашылықтарда арнайы типті баз, раскол, раскол бөлімдері, 6-8 секциядан тұратын баз бөлімшелері болуы кеек. Расколдың ішінде әдейі жылқы түрінің түлігін өлшейтін 1-3 тонналық өлшеуіш орнатылуы қажет. Жылқының дұрыс өлшемдерін алу үшін расколдың едені қалың, әрі бірдей түзу тақтайдан жасалады. Жылқы денесінің өлшемдері өлшегіш таяқ, ұзындық өлшеуіштердің көмегі арқылы анықталады. Бағалау кезінде жылқыларды міндетті түрде өлшеу керек. Әр жылқының мүсіні мен түрінің бағасын баз бөлімшелерінде тірілей салмағы мен ден өлшемдері анықталғаннан кейін береді. Бағалау принциптері: комплексті бағалау кезінде жылқыларды үш класқа бөледі. * Элита класына селекция талаптарына сай келетін асыл тұқымды жылқыларды. * Бірінші класқа негізінен тұқым талаптарыа сай келетін жылқыларды. * Екінші класқа тұқымдық қасиеттері бар қалған жылқыларды жатқызады. Әр класқа сай, барлық көрсеткіштер бойынша баға балл есебімен анықталады. Мысалы, биенің барлық сапасы 8 балл, ал мүсіні 6 балл, басқа көрсеткіштері бойынша ол элита класының талабына сай келгенімен оны 1-ші класқа жатқызып отыр. Егер жылқы бір ерекшелігіне байланысты жеткіліксіз 1 балл ала алмаған жағдайда, зоотехник- бонитер оның кемшілігін ескермей тиісті класына жатқыза алады. Ал етті шаруашылықт шоқтығының биіктігінен басқа өлшем көрсеткіштері мен тірілей салмағын, қымыз өндіруде сүтберу көрсеткіштерін ескермеуге, яғн кемітуге болмайды. Практикалық жұмыс №8 Жылқы аурулары Делбе Делбе- вирус қоздыратын жұқпалы індет. Ол негізінен малдардың орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылып, асқазан- ішектің дәнекер кілегей қабықшалары сарғайып, көбіне жіті күйде өтетін дерт. Қоздырғышы - әлі толық топшыланбаған вирус. Оның тұрқы домалақ, 80-1,0 нм. Біздің елде бұл індеттің екі түр- тармағы бар: біріншісі- Москва және Воронеж облыстарынан бөлінген вирус, екінші тармағына Қазақстанда 1932 жылы С.Н.Вышелесский мен К.Н.Буснев анықтап, оның биологиялық қасиетін зерттеген вирус штаммы жатады. Эпизоотологиясы .табиғи жағдайда індетпен 2-12 жастағы жылқы ғана ауырады. Негізінен ауруға тебін жылқылары бейім келеді. Індет көзі- ауру мал. Ауру шыққан шаруашылықта жылқылардың қан сарысуын РСҚ реакциясының көмегімен тексеретін болса, онда көптеген малдың жасырын түрде ауырып жүргенін анықтауға болады. Вирус қоздырғышын маса, кене тағы басқа да шыбын- шіркейлер тасымалдайды. Ауру мамыр айынан басталып, күзге дейін созылады. Бұл ауруға мал, әсіресе қыркүйек айында көп шалдығады. Аурудың өршуі және оның белгілері. Ауру өте жіті, созылмалы және жасырын түрде өршиді. Оның өте жасырын түрі 3-5 күнге созылады. Мұнда мал денесінің қызуы көтеріліп, күйзеледі, от- суға қарамайды,терісінің сезімталдығы жойылып,аздап сарғыш тартады. Сонымен қатар ауруға шалдыққан мал тез болдырады, аузынансілекей ағып, ерні жыбырлайды. Аурудан сақтандыру шаралары. Сақтық шаралары негізінен организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін күшейтуге бағытталған. Оларды сапалы азықпен азықтандырып, жақсы бағып- күту керек. Қан Аздық Центтік ерітіндісімен дезинфекция жасайды. Жылқының жұқпалы қан аздығы- жіті және созылмалы түрде өтетін жұп тұяқтылардың вирусты індеті. Оған шалдыққан жылқы денесінің қызуы көтеріліп, қан азаю белгілері білінеді, ауырған, ауруға шалдыққан малдың жүрек, қан айналу жүйесінің қызметі нашарлап, әлсірейді. Қоздырғышы РНҚ- дан тұратын күрделі вирус. Оның тұрқы домалақ, ұзындығы 90-140 нм құрамында транекриптоза ферменті мен қанының қызыл түсті түйіршіктерін өзара желімдейтін қасиеті бар. Сақау Сақау - жылқы түлігінде болатын жұқпалы індет. Онымен жылқы, есек және қашыр ауырады. Құлын, жабағылар ауруға тез шалдыққыш келеді. Ауырған мал денесінің қызуы көтеріліп, көзі мен танауының кілегейлі қабықтары қызарып қабынады, алқым бездері іріңдеп, ісінеді. Сальмонеллез Бұл өте жұқпалы, әрі зілді ауру. Осы індетке ұшыраған бие кенеттен іш тастайды. Ауруға негізінен көктемгі немесе күзгі маусымда шалдығады. Қоздырғышы- қозғалғыш, таяқша тәрізді, барлық аналит бояуларымен боялады, спора түзеді. Олар кәдімгі жасанды қоректерде өсіп- өне береді. Эпизоотологиясы. Көбіне бұл індетке жас жылқы, әсіресе байталдар шалдыққыш келеді.жаңа туған құлындар да ауырады. Тұмау Бұл аурумен барлық жылқы тұқымы ауырады. Осы ауруға шалдыққан мал көзінің, танауының, аузының кілегейлі қабықтары қабынып, денесінің қызуы көтеріледі. Бұл жіті түрде өтетін зілді де жұқпалы індет. Оның салдарынан жоғары тыныс жолының ішкі қабығының қызметі өзгере бастайды, ауру аса асқынған кезде мал жөтеліп, аузы құрғап, өкпе тканінде қабыну процесі басталады. Қоздырғышы - сопақшалау келген және бір-бірімен қашық жататын, жіп тәрізді РНҚ-дан тұратын уытты вирус. Практикалық жұмыс №9 Түйенің дене құрылысы мен экстерьері (сыртқы тұрқы). Дене құрылысында кездесетін кейбір кемшіліктер. Сабақтың мақсаты: студенттерді түйенің дене құрылысымен таныстыру. Зоологиялық жіктеу бойынша түйенің күйіс қайыратын жануарлар қатарына жататындығына түсініктеме беру. Түйенің қаңқасының өзгешілігіне студенттердің назарын аудару. Методикалық нұсқаулар: лабораториялық - тәжірибелік сабақтарда студенттерді түйенің дене құрылысымен таныстырған кезде кесте, түрлі- түсті суреттер, фотографияларды қолдану. Оқу қорасындағы түйені студенттерге көрсетіп, оны сипаттау. Түйе өзінің дене құрылысы бойынша өзге ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда ерекше. Түйе мүсінің дұрыс, толық меңгеру үшін оны жылқы түлігі мен ірі қараның дене құрылыстарымен салыстырып, айырмашылықтарын көре және айыра білу қажет. Қаңқа ерекшелігі: түйеде жеті мойын омыртқа, он екі кеуде омыртқа, жеті белдеме, бес құйымшақ омыртқа болады.мойын омыртқалары ұзын және қанатты келеді. Олардың жалпы ұзындығы омыртқаларының ұзындығынығ үштен біріне тең. Көкірек сарайы: яғни кеуде сүйегі шағын болады. Омыртқалары екі жағынан он екі қабырғадан бекіген, кеуде сүйегі шағын болғандықтан, түйе денесінің тұрқы да онша ұзын болмайды Практикалық жұмыс №10 Түйелерді сыртқы пішініне қарап сипаттау, баға беру, суретке түсіру Сабақтың мақсаты: бұл сабақта студенттер алдыңғы сабақтардан алған білімдерін одан әрі жетілдіре түседі. Олар түйенің түр - түсін, жатыс - тұрысын, аяқ - алысын бақылап қана қоймай, түйелерді суретке түсіріп үйренулері керек. Методикалық нұсқаулар: Студенттерді түйелердің сыртқы пішініне қарап, суреттеп үйрету түйе мүсінін зерттеу сабағының жалғасы болып табылады. Түйе қимылына баға беру. Түйелерді қараған кезде олардың адымының ұзындығы мен оның аяқ алысының дұрыстығына аса назар аударылады. Аяқ алысы дұрыс қалыптасқан түйе жүгіргенде қиналмайды. Түйенің сыртқы түрін сипаттау үшін оны қорадан алып шығып тегіс жерге 4 аяғын тең басқызып тұрғызамыз. Түйенің жанынан қараған кезде аяқ басуы тұрысы жақсы көрінеді. Аяғы қисық не шалыс басатын түйелерді бірден аңғаруға болады. Аяқтарының арасы алшақ, тірсек буындары орналасқан, аяқтары өте жақын орналасқан. Түйелер осы кезде іріктеліп алынады. Табандары жарық не зақым келген түйелер тегіс және келе жатқанда өкшесіне жүреді. Табаны ауыратын түйе ақсайды, не құлап жүре алмайды. Егер түйе жұмсақ тегіс жермен жүрген кезде ақсаса, онда оның аяғының бұлшық еттеріне немесе тарамыстарына зақым келгендігі. Түйе мүсінін бағалау. Түйені қорадан шығарған соң ең әуелі оның жынысы анықталады. Содан кейін оны тегіс жерге тұрғызып, мұқият қарап, кейін оның аяқ қозғалысына назар аударады. Түйе мүсінін бағалау үшін оны басынан бастап мұқият қарайды. Басынан қараған кезде көзіне назар аудару қажет. Кей түйелердің көздерінің мүйізді қабақтары ағарады, бұл ауру түйе көзінің мүйізді қабықтарының зақымдану салдарынан болады, кейін түйе соқыр болады. Кейде жайылымда кездесетін бұтақтар көзге кіріп, түйе көзін жарақаттап, ауруыда ғажап емес. Терінің дұрыс жетілмеу салдарынан ол азықты дұрыс шайнамайды. Басының құрылысын дене конституциясына көңіл бөлінеді. Түйе мүсінін бағалаған кезде оның кеудесіне көңіл бөлу керек. Ол енді, терең, ұзын болуы тиіс. Дене тұрқын бағалаған кезде өркешіне міндетті түрде назар аудару қажет. Өте жақсы қоңдылықтығы түйелердің өркештері тік, ұшты келеді. Қоңдылығы жақсы дамыған түйенің бір не екі өркеші қатар тұрмаса, онда оның сынғандығы. Жанынан қараған кезде артқы аяқтарының тартылмағаны не кейін қойылмағаны қажет. Түйелерді суретке түсіру. Болашақ мал мамандарына, зооинженерлерге суретке түсіре білу өнері өте қажет. Ол үшін олар түйені суретке түсіре білудің шеберлігі мен, шарттарымен таныс болу керек. Практикалық жұмыс №11 Түйенің төлдеуі және боталарды күту. Сабақтың мақсаты: тәжірибелік сабақтарда інгендердің боталауына байланысты тақырып бөліп, оны ( дәл осы боталау науқанына тұспа - тұс келтіру). Алыс емес аудандардағы інгендердің боталау науқанына студенттерді қатыстыру. Методикалық нұсқау: Тәжірибелік сабақ кезінде студенттерге інгендердің буаз мезгіліндн түсірілген суреттерін көрсету. Буаз іңгендердің жатырын сыртынан ұстап көрсету, оны қысыр қалған інгенмен салыстыру. Боталарды күту. Әр түйеші жас ботаны нәрестеге теңейді. Ол өте нәзік әрі адам қамқорлығына зәру келетін жануар. Ол суыққа тез тоңғыш, түрлі иіс - қоңысқа, ласқа төзімсіз келеді. Міне сол себепті боталар тұратын қора таза болуы керек. Бота ауызданар алдында енесінің желінін жылы сумен жуып құрғату қажет. Жас ботаға дүркін - дүркін аздап балық майын ішкізіп отыру керек. Ол бота ішіндегі шарана тоғын жібіту үшін керек. Бота үркек, шыдамсыз келеді, буыны бекімегендіктен от 4 аяғын 4 жаққа жіберіп, әлсіздік танытады, сондықтан оны ауыздандырған кезде сүйеп көмектесу керек. Жас бота 2 тәуліктен кейін буыны бекіп, енесінің бауырына еркін, жақындайды. Боталарды тез жетілуі үшін күн тәртібін жасап, соған орай күту керек. Ботасына әбден бауыр басып, өзімсініп ккеткенше жас түйелердің ботасы қасында болғаны жөн. Жаңа бүршік атып, көктей бастаған шөпті жұлып әкеліп беру арқылы ботаны отығуға тез үйретуге болады. Енесінің уыз сүті мен көк шөптен нәр алған бота тез өсіп жетіледі. . Практикалық жұмыс №12 Сабақтың мақсаты: тәжірибелік сабақтарда студенттерді түйеден алынатын өнімдерімен таныстыру. Түйе жүнінің нәзіктігіне, сапасына студент қауымының назарын аудару. Методикалық нұсқаулар: тәжірибелік жүндердің ішінде түйе жүні өзінің технологиялық қасиеті жағынан, ерекше орын алады. Ол құрмы жағынан төрт класқа бөлінеді: биязы, қылшықты, шуда, жабағы жүн. Қатқыл қой жүніне қарағанда түйе жүнінде түбіт көп болады және өлі шаш пен шуаш болмайды. Жүн талшығының беріктігі жөнінен түйе жүні барлық қой жүнінен асыл түседі, талшықтың нәзіктігі 15,5- 17,4 мкм, талшықтың мұндай нәзіктігі қойдың тек кейбір түрлерінде бар. Жүн қырқымы. Түйенің жүндестігі оның қай түрге жататындығына, тұқымына, жасына, селекциялық жұмыс деңгейіне, будандастыру типіне, организмнің физиологиялық жағдайына және бағып- күту мен азықтандыру жағдайына байланысты. Айыр түйе аналықтарының жүндестігі. И.Н.Чашкиннің мәліметтері бойынша 88 Орда түйе заводында аналық қазақ айыр түйелерінің қырыққандығы орта жүн мөлшері 3,5- тен 9,25 кг дейін ауытқып 5,89 кг құраған. Бір жылдық төлден орташа 3,55 кг жүн, ал екі жастағылардан 4,5 кг жүн қырыққан. Аруана інгендерінің жүндестігі. Аруана түйелердің жүн өнімдігі айыр түйелерге қарағанда анағұрлым төмен. Будандардың жүн өнімділігі. Биология ғылымдарының докторы И.К.Жұмағұлов 125 түйе заводында будандардың түрлі ұрпақтарының және белгілі будандастыру түрлерінің жүн қырқымен зерттеді. 1969 жылы биология ғылымдарының докторы И.К.Жұмағұловтың бүрынғы 125 түйе заводында жүргізген тәжірибесі бойынша қазақы қос өркешті түйе мен монғол түйесін будандастыру арқылы алынған түйе тұқымының жүнді мол беретіні анықталды. 5-9 жастағы інгендер орташа есеппен 6,75 кг жүн берген. Ал кейбір інгендерден 12 кг-ға дейін жүн алынған. Буралардан 18,6 кг жейін жүн түскен. Түйе жүні түбіт пен ұзын талшықтардан тұратыны белгілі. 5-7 жастағы інген жүнінің 93 проценті түбіт. Практикалық жұмыс №13-14 Түйенің сапасын бағалау. Сабақтың мақсаты: Студенттерді түйе сапасын қоңдылығына, ата- тегіне, дене құрылысы мен экстерьеріне қарап бағалауға үйрету. Методикалық нұсқаулар: тәжірибелік сабақтарда бағалауды ұйымдастыру мен оны өткізу жауапкершілігі шаруашылық басшысы мен бас зоотехникке жүктеледі. Сапаны бағалауға мал дәрігерлері де қатыстырылады. Малдың сапасын бағалау алдында төмендегідей даярлық жұмыстары жүргізіледі: * малдың сапасын анықтау мерзімі белгіленеді; * шаруашылық бөлімшелерінде оны мал дәрігерлік - санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізудің календарлық жоспары жасалады; * мал аттары мен нөмірлерітексеріледі, ата - тегі туралы мәліметтері жазбалармен салыстырылады, анық көрінбейтін немесе өшіріліпқалған нөмірлері қалпына келтіріледі; * 2 күн қатар сауылған бақылау сауынының негізінде немесе 3 айлығында боталардың салмағын өлшеу арқылы інгендердің орташа тәуліктік сүт өнімділігі есепке алынады; * жүндестігі жөніндегі мәліметтер нақтыланады; * тірілей салмағын анықтау мақсатында өлшемдері алынады не болмаса тарызыға тартылады; * өлшеніп есепке алынған мәліметтердің негізінде асыл тұқымдық карточкалар толтырылады. Ата - тегі мен кейпі бойынша бағалау. Түйелердің кейпін олардың шығу тегі жөніндегі және ата - енесінің кейпі жөніндегі құжаттар негізінде және малды міндетті түрде табиғи көру арқылы анықтайды. Кейпі бойынша түйелерді таза қандылар және түрлі дәрежедегі қондылықтағы будандар деп ажыратады. Таза қанды тұқымға төмендегі малдардан алынған ұрпақтар жатады: * бір тұқымға жататын таза қанды ата - енеден алынған және олардың таза қанды екендігі соған сай құжаттпрмен дәлелденген ұрпақтар; * ата - тегі жөніндегі құжаттарында тұқым түрі жақысы көрінген және жақсы жетілген мәліметтері бар сіңіре будандастыру арқылы алынған мал. * Бір генерация ьойына 3 және 4 ұрпақ будандарын өзінен өсіру кезінда алынған ұрпақтар. Практикалық жұмыс №15 Түйені асылдандыру. Сабақтың мақсаты: студенттерді түйені асылдандырудың негізгі шараларымен таныстыру. Тәжірибелік сабақтарда студенттерге түйелерді іріктеуі үйрету. Түйе тұқымын асылдандыру. Асылдандыру жұмысы түйе заводтарында да, асыл тұқымды түйе шаруашылығы фермаларында да, түйе өсіретін әрбір шаруашылықтарда да жүргізіледі. Түйе өсіру және селекциялау жүйесі. Түйе - мал шаруашылығының өнімді саласының бірі. Арзан ет өндірудің сенімді резерві. Көліктік қасиеті тағы бар. Сонымен бірге жүн де, сүт те береді. Түйе тұқымын селекциялау. Бұл мал түлігін селекциялау жұмысы жаңа технологиялық талаптарға сай, шаруашылыққа пайдалы белгілері, яғни сүт, ет және жүн өндіру бағытына лайықтап сұрыптау, жұп құру жолымен жүргізіледі. Өйткені селекцияның басты бағыты - түйе тұқымын асылдандыру, жақсарту, жетілдіру, сондай - ақ оның етін, сүтін, жүнін молайиып, сол өнімдердің сапасын арттыру. Қазақстанда түйе тұқымдарын будандастыру әдісі: * Інгендер мен үлектерді будандастыру арқылы буданның бірінші ұрпағы - нармая, нар алу. * Нармая мен бураны шағылыстырып, екінші және үшінші ұрпақ - қоспақ алу. * 2 және 3 ұрпақ қоспақ пен үлектерді шағылыстыру арқылы - кезнар алу. * Кезнар мен бураны шағылыстырып, ұрпақ алу.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz