Файл қосу
Ауыл шаруашылық дақылдарын көбейтудің әдістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейдегі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-21.1.11/ 02-2013 ПОӘК Магистранттарға арналған <<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері>> пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы № ___ басылым <<___>> ______ 20__ж ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 6М080100 <<Агрономия>> мамандықтарына арналған <<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері>> МАГИСТРАНТ ҮШІН ПӘННІҢ ОҚУ- ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ Семей 2013 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРҒАН Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті <<Агротехнология және орман ресурстары>> кафедрасының профессоры, а\ш.ғ.докторы Сейлгазина С.М. << >> жыл 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Агротехнология және орман ресурстары>> кафедрасының мәжілісінде. Хаттама << >> жыл, №1 Кафедра меңгерушісі ________Сейлгазина С.М. 2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде Хаттама << >> жыл, №1 Төраға ...........................Тлеубаева А.В. 3 БЕКІТЕМІН: Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды Хаттама << >> жыл, № 1 ОӘК төрағасы................. Г. Искакова 4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН МАЗМҰНЫ * Жалпы жағдайлар * Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлері бойынша сағаттар * Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар * Курстың форматы * Курстың саясаты * Баға қою саясаты * Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР <<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері>> пәнінің оқытушыларға арналған оқу жұмыс бағдарламасы 6М080100 <<Агрономия>> мамандықтарының магистранттарына арналған оқу- әдістемелік кешеннің құрамына кіреді. 1.1 Пәннің қысқаша мазмұны: <<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері>> пәні негізгі биологиялық пәндердің бірі. Берілген пән қазіргі заманғы биологияның теориялық және практикалық мәселелерін шешуге арналған. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың қазіргі заманғы әдістері - табиғат және техникалық білімді пайдалана отырып пайдалы өнімнің биожүйесі арқылы өндіруга негізделген адам іс әрекетінің заманауи саласы. Сәтті даму биохимия, генетика, жасуша биологиясы және молекулярлық биологиядағы көптеген ашылулардың арқасында, ең алдымен белгілі бір ферменттердің құрылымын және қызметтерін орнықтыруда, оларды түрлі өндірістік процесстерде иммобилизденген формада пайдалану, сонымен қатар ДНҚ модификациясы және оларды бір организмнен екіншіге тасымалдау негізінде мүмкін болып отыр. Даму процесі өсімдіктерге де қатысты болды. Өсімдік клондарын кең ауқымда өндіру үшін меристемалар қолданылады, өсімдік жасушаларының дақылдарын түрлі заттардың синтезі үшін пайдаланады (алкалоидтар және басқа да екінші ретті метаболиттер). 1937 жылы Готере сәбіздің дифференциаланбаған ұлпасын сәтті культивирледі. Ата ана өсімдігінен бөлініп алынған каллус фрагменттеп, өсу гормоны - ауксинды алды. Кейіннен протопласттары бөлінген жекелеген өсімдік жасушаларынан дақылдар алына бастады. Протопласттардың толысуы жыныстық көбеюді қолданусыз гибридтердің санын және әртүрлілігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 1.2 Пәнді оқудың мақсаты: магистранттарға ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалану бойынша жеткілікті мөлшерде теориялық және тәжірибелік білім беру. 1.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері: Магистранттарды егістік дақылдардың морфологиялық құрылысымен және биологиялық ерекшеліктерімен танысу; - Ауыл шаруашылық дақылдарын алдыңғы қатарлы өсіру технологияларын оқып үйрету; - Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру. 1.4 Оқу нәтижесі: Оқу барысында магистрант міндетті: - вирустық инфекциядан бос өсімдіктің тұқымдық материалын алу технологиясының негізін білуге; - молекулярлы маркерлерді пайдалану арқылы өсімдік идентификациясы және дифференциациясы тәсілдерін игеруге; - өсімдікті зиянды организмдерден микробты қорғау технологиясын меңгеруге; - негізгі ауыл шаруашылық дақылдарын жәндіктер - зиянкестерден заманауи қорғау жүйесін пайдалану және түсіну; - биосфераның ластануында ауыл шаруашылық өндірісінің ролі туралы түсінікке ие болу; - молекулярлы маркерлерді пайдалану арқылы өсімдік идентификациясы және дифференциациясы тәсілдерін игеру дағдысына ие болу. 1.5 Курс пререквизиттері: - Агрономиядағы қазіргі заманғы мәселелер; - Биологиялық экология. 1.6 Курс постреквизиттері: - 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАР Кесте 1 № Тақырып атауы Сағаттар Әдебиет ДС ЗС ТЗС МОӨЖ МӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 8 1модуль. Ауыл шаруашылық дақылдарын көбейтудің әдістері 1 1 Кіріспе. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері пәніне түсінік және маңызы. 1 2 7 7.1.1, 7.1.3, 7.2.3 2 Сорт. Бастапқы материал және құру әдістері. 1 2 7 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 3 Талдаушы селекция. 1 2 2 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 4 Синтездеуші селекция. 1 2 3 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 5 Тәжірибелік мутагенез және оны селекцияда қолдану. 1 2 2 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 6 Өсімдіктер селекциясында полиплоидия мен гаплодияны пайдалану. 1 2 3 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 7 Биотехнолгия әдістерін өсімдік селекциясында қолдану. 1 2 3 4 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 2 модуль. Өсімдік шаруашылығындағы селекцияның заманауи әдістері. 8 Гетерозис және инбридинг. Оларды селекцияда қолдану. 1 2 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 9 Сұрыптау және селекциялық материалдарды бағалау әдістері. 1 2 2 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 10 Мемлекеттік сортсынау және сорттармен будандарды аудандастыру. 1 2 5 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 11 Тұқым шаруашылығы. 1 2 2 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 12 Қазіргі заман талаптарына сай кейбір дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру. 1 2 4 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 13 Егістік дақылдарының тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылау. 1 2 2 7 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 14 Селекция. Селекцияның негізгі әдістері. Екпелерді күтіп баптау Алғашқы сорт сынау. 1 2 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 15 Жасуша селекциясы. Күнбағыстың морфологиялық ерекшеліктері. Мемлекеттік сортсынау және аудандастыру. 1 2 2 5 7.1.2, 7.1.3, 7.2.2 Барлығы 15 - 15 15 45 3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР Теориялық курс зертханалық- тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі. Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі. Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пәнаралық байланыс студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды тәжірибеде қолданудын белсенділігін жоғарылатады. Пән аралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады, оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыстар туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына, жоспарына кіргізу керек. Оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін, қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Магистрант оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез- келген уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес. Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс істеудің негізгі мақсаты келесідей болып бекітіледі: үлкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек. 4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Дәрісханадан тыс уақытта студенттер МОӨЖ және МӨЖ дайындап, белгіленген мерзімде оқытушыға өткізеді. МОӨЖ және МӨЖ тапсырмалары 6-пунктте белгіленген. МОӨЖ және МӨЖ 4 форматтағы таза ақ беттерге орындалады. Межелік бақылау қорытындысы магистранттың сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады. Қорытынды емтихан оған босатылған барлық магистранттар үшін билеттік жүйе негізінде жүргізіледі. Билеттің әрбір нұсқасы үш сұрақтан тұрады. Емтиханның қорытынды бағасы қорытынды аттестациямен емтиханның орташа проценті арқылы есептеленеді. * КУРС САЯСАТЫ Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Дәріс кезінде түсінбеген мәселелер бойынша оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс. Магистранттар сабаққа дайындалу барысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің компьютерлерін қолдана алады. Кітапханада белгіленген ережелер бойынша оқулықтарды, мерзімдік басылымдарды оқуға, үйге алуға болады. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ <<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері>> пәні бойынша студенттердің білімін бақылау келесідей формаларда іске асырылады: * Күнделікті (ағымдағы) бақылау, тыңдау, өздік жұмыс талдау, ауызша сұрау; * Межелік бақылау: екі межелік бақылау жасалады, мұнда жазбаша бақылау жұмысы немесе тестілерге жауап беріледі; * Қорытынды бақылау: ауызша емтихан <<Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттары және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері>> пәні бойынша баллдарды бөлу Кесте 2 Апта Бақылау түрі Барлық балл Ескерту 1 2 3 4 1 аптадан 7 аптаға дейінгі сабаққа қатысу 30 1 ТС 1 - 15 балл 10 2 ТС 2 - 15 балл МӨЖ 1 - 15 балл 20 3 ТС 3 - 15 балл МОӨЖ 1 -15 балл МӨЖ 1 -15 балл 30 4 ТС 4 -15 балл МӨЖ 2 -15 балл 35 5 ТС 5 -15 балл МӨЖ 3 -15 балл 35 6 ТС 6 -15 балл МОӨЖ 2 -15 балл МӨЖ 4 -15 балл 35 7 ТС 7 -15 балл 15 Аралық бақылау 1 - 60 балл 90 1 аптадан 7 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл 300 8 аптадан 15 аптаға дейінгі сабаққа қатысу 30 8 ТС 8 - 15 балл МӨЖ 4 - 15 балл 10 9 ТС 9 -15 балл МӨЖ 5 -15 балл 10 10 ТС 10 -15 балл МОӨЖ 3 -15 балл 20 11 ТС 11 -15 балл МӨЖ 5 -15 балл 30 12 ТС 12 -15 балл МӨЖ 6 -15 балл 30 13 ТС 13 -15 балл МӨЖ 7 -15 балл 35 14 ТС 14 -15 балл МОӨЖ 4 -15 балл 30 15 2 аралық бақылау 2 - 60 балл 90 8 аптадан 15 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл 300 Емтихан үшін қорытынды балл 400 Академиялық кезең үшін қорытынды балл 1000 7 ӘДЕБИЕТ 7.1 Негізгі әдебиет 7.1.1. Апушев А.Қ. Егістік дақылдар селекциясы және тұқым шаруашылығы. Алматы, 2012. 7.2 Қосымша әдебиет 7.2.1 Пирузян Э.С. Основы генетической инженерии растений. М., Наука, 2010. 7.2.2. Катаева Н.В., Бутенко Р.Г. Клональноемикроразмножение растений. М.,Наука, 2007. 7.2.3.Шевелуха В.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. М., Высшая школа, 2008. 7.2.4 Калинин Ф.Л., Сарнацкая В.В., Полищук В.Е. Методы культуры тканей в физиологии и биохимии растений. Киев, Наукова думка, 2011. 7.2.5 Валиханова Г.Ж.и др. Методическое руководство к практическим занятиям по культуре клеток растений. Алматы, КазГУ, 2003. 7.2.6 . Глеба Ю.Ю., Сытник К.М. Клеточная инженерия растений. Киев. 2005.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz