Файл қосу

Ежелгі Қытай лингвистикасы



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты

УМКД


УМКД 042-16.1.32/03-2013

УМКД
<<Жалпы тіл білімі>>
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
______2013 жылғы
№ 3 басылым





5 В 020500 <<Филология: қазақ тілі>>,  5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>>   мамандығына  арналған  <<Жалпы тіл білімі>>


          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                       
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



















                                  СЕМЕЙ
                                     2013

                                Мазмұны
1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмысы

































                             1 ГЛОССАРИЙ

1. Жалпы тіл білімі  -  лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
2. Экстралингвистика  -  экстра латын тілінде <<сыртқы, сыртқары>> мағынасын береді.
3. Интра  -  латын тілінен ауысқан префикс <<ішкі>> мағынасын білдіреді.
4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента  -  латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.
5.     Неолингвизм. (гр. neos  -  жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).
6. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
7. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.
8. Ареалдық тіл білімі  -  (лат.аrea  -  кеңістік, аудан)  -  лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
9. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір  -  бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
10. күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.
11. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.
12. Этнолингвистика  -  грекше ethnos халық, тайпа)  -  тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
13.Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым  -  қатынас құралы деп қарайтын бағыт.
14. Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.
15. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады.
16. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады.
17. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады.
18. Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.
19. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі

                                   2 ДӘРІСТЕР.
№1 модуль  Жалпы тіл білімінің қалыптасуы.
№1 дәріс тақырыбы: Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.

1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері
2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.
3.   Тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.

     Жалпы тіл білімі  -  лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол  -  бүкіл  лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі  1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты  -  студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру. 
       Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра  -  латын тілінен ауысқан префикс <<ішкі>> мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары  -  фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика  -  экстра латын тілінде <<сыртқы, сыртқары>> мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета  -  грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді.   	Менталингвистика деген термин құрамындағы мента  -  латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
          Дәрісті қорытындылау:
1. Жалпы тіл білімі лингвистиканың теориялық саласы ретінде ХІХ ғасырдан бастап қалыптаса бастады.
2. Жалпы тіл білімі  1963 жылдан бастап енгізілді.
3. Лингвистиканың объектісі  -  адамдардың дыбысты тілі.
      Бақылау сұрақтары:
1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?
2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999


№2 дәріс тақырыбы: Ежелгі дәуір лингвистикасы. Ежелгі Қытай лингвистикасы.

1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар.
2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
3. Ежелгі Қытай тіл білімінің дамуы.

      Қытай  -  мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған.  Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым  -  Конфуций (Кун-Цзы). Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы  -  иероглифке негізделген.Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі  -  көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі  -  иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі  -  фонология. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті  -  тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған.
      Дәрісті қорытындылау:
1. Ежелгі дәуір  -  лингвистикасында ерекше екі күрделі проблема болған. Оның бірі- атау атап, ат қою, екіншісі - грамматикалық өнер проблемасы.
2.Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған.
       Бақылау сұрақтары:
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттарды атаңыз?
2. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?
3.  Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2000
2.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
3.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
4.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№3 дәріс тақырыбы:  Ежелгі Үнді тіл білімі.

1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер.
2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы.

       Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған <<Веда>> деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл ескерткіштер жинағын үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл <<киелі>> жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және <<Веда>> тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен <<Веданың>> тілін зерттеген. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің  грамматикасы деп те аталады.
        Дәрісті қорытындылау:
1. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған <<Веда>> деп аталатын жазба ескерткіштері болған.
2.Яски <<Веда>> тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген адам.
3.Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің  грамматикасы деп те аталады.
         Бақылау сұрақтары:
1.Көне үнді тіл білімін туғызған себептер қандай?2. Яски мен Панинидің қандай  еңбектері бар?
3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні қандай?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№4  дәріс тақырыбы:  Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі.

1. Грек тіл білімі тарихының даму жолының басталу кезеңі.
2. Грек тіл білімі тарихында филология дәуірімен философтардың тіл жайындағы пікірлері.

      Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны -  Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері  -  атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
     Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Героклит бастаған бір тобы  -  атау зат тың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы  -  зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс  -  шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.
        Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы  -  тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема  -  грамматикалық мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған.
          Дәрісті қорытындылау:
1. Ғалымдардың айтуына қарағанда, Грек тіл білімі Гомердің <<Илиада>> мен <<Одиссея>> жырының тілін зерттеуден басталыпты.
2. Грек тіл білімін екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның бірі  -  философиялық кезең, екіншісі  -  филологиялық кезең деп аталады.
         Бақылау сұрақтары:
1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
          2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
          3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№5 дәріс тақырыбы:  Орта ғасыр тіл білімі. Ш-XVIIIғасырлар лингвистикасы.

1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі.
2.Тіл ғылымындағы  канондық тіл жайлы.
      Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-Ү ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) ҮІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы;
б) ХІ-ХУІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы.    Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды.
2. Әлем халықтарының бүкіл рухани мәдениетіне ұлы өзгерістер енгізген 3."Қайта өркендеу дәуірінің" өзі де орта ғасыр топырағында көктей бастаған болатын.
        Бақылау сұрақтары:
1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?
2. Тіл ғылымындағы  канондық тіл дегеніміз не?
3. Реалистер мен  номиналистер дегеніміз кімдер?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№6  дәріс тақырыбы:  Араб тіл білімі.

1. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.
2. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.
3. Араб тіл білімінің грамматикасы.

        Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп  -  екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.
Баср мектебінің өкілі Сибавейхи <<Аль-Китаб>> деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ертедегі поэзиядан алынған. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді.
    Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің <<Ғылымды классификация жасау>> деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы  -  тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған. Бұл бөлімі <<Тіл туралы ғылым>> деп аталады. ХІ ғасырда лексикографиялық теңдесі жоқ бір ірі еңбек пайда болды. Ол  -  <<Диуани лұғат-ат-түрік>> (Түркі сөздерінің жинағы)  -  орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ түркі тілдерінің белгілі бір ғылыми жүйеге түсірілген түрікше-арабша сөздігі. Бұл сөздіктің авторы ұлы филолог, ғалым Махмұд Қашқари.
        Дәрісті қорытындылау:
1. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. 
2.ХІ ғ. еңбек <<Диуани лұғат-ат-түрік>> орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ түрікше-арабша сөздіктің авторы ұлы филолог, ғалым Махмұд Қашқари.
         Бақылау сұрақтары:
1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?
2. Араб тіл білімінің өкілдері?
3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№7  дәріс тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі.  XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.

1. 17  -  18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.
2.Қайта өркендеу дәуірінің  лингвистикалық проблемасы.
3. Универсал грамматика бөлімдері.


      Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға  канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің <<Француз тілі граммтикасы>>. 1693 ж. Уоллистің <<Ағылшын тілі грамматикасы>>. 1659 ж Лавренти  Зизанидің  <<Славян грамматикасы>>. 1757 М В Ломоносовтың <<Россия грамматикасы>>.
       Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды.  Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе  -  орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан <<Латын тілінің негіздері туралы>>, Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан <<Латын тілі қазынасы>> және <<Грек тілі қазынасы>> атты еңбектерін атауға болады.    
    Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары  -  логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және грамматика сол монастырьда шыққандықтан, оны <<Пор-Рояль грамматикасы>> деп те, <<Рационалды жалпы грамматика>> деп те атайды. 
       Дәрісті қорытындылау:
1. 17- 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер жазылды.
2. Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған.
3. Пор-Рояль грамматикасы ежелгі герк, еврей және француз тілдері материалдары негізінде жазылған.
       Бақылау сұрақтары:
1. Қайта өркендеу дәуірінің  тіл ғылымы үшін маңызы қандай?
2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?
3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


№ 8,9  дәріс тақырыбы:  XIX ғасыр тіл білімі.

1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері.
2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты.
3. Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.

      Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.
       1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады. 
     Ф.Боптың ең басты еңбегі  -  <<Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы>>. Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі <<Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер>> деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі  -  неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын <<Неміс грамматикасы>> атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. 
	Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық баяндайтын еңбектері - "Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" , "Ява аралығындағы Кави тілі туралы" деп аталатын туындылары.     Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс ғалымы Ф.Шлегель. Оның 1809 жылы <<Тіл және үнділердің даналығы>> дейтін еңбегі жарық көреді.
       Дәрісті қорытындылау:
1. Тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды.
2. Типологиялық зерттеу - мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар объектілер салыстырылады.
       Бақылау сұрақтары:
1.19 ғ. бас кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қандай еңбектер жарық көрді?
2. Тіл философиясы қашан пайда болған?
3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№10   дәріс тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.

1. Натуралистік немесе биологиялық қөзқарастар.
2 Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.
3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептері.

      Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады. Ғылымда натуралистер деп аталатындар  -  қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге  ұмтылушылар.Тіл білімінде натурализм көрнекті неміс ғалымы, 
А. Шлейхер есімімен байланысты. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт  -  психологиялық ағым деп аталады. Тіл психологиясының объектісі  -  адамдардың сөйлеу әрекетіне болатын психикалық процестер. Тіл психологиясының қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Г.Штейтальды жатқызуға болады. 
    Жас грамматикалық көзқарас ХІХ ғасырдың 70 ж. бастап қалыптасты. Бұл ағымның Германиядағы өкілдері К. Бургман, Г. Остгоф, А Лескин т.б. Францияда М Бреаль, Швейцарияда Ф де Соссюр,Россияда Ф.Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
     Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі,  Қазан университетінің  профессоры И. А. Бодуэн де Куртенэ. Бұл саладағы көрнекті  еңбектері: <<Тіл білімі және тілдер туралы кейбір ескертпелер>> (1871), <<Фонетикалық альтернация теориясының тәжірибесі>> (1895), <<ХІХ ғ тіл білімі, т.б.
        Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70-80 ж. Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған академик 
Ф.Фортунатов.Ол еуропа тілдерінің фонетикасының морфологиясын зерттеп, бұл саладағы біраз еңбектер берген. Олардың ішіндегі ең елеулісі <<Салыстырмалы тіл білімі>> (1898)ж <<үнді  -  еуропа тілдерінің  салыстырмалы фонетикасы>> т.б. жатады.
      Дәрісті қорытындылау:
1. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
2. Жас грамматикалық көзқарас ХІХ ғ. 70 ж. бастап қалыптасты.
3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептері  Қазан қаласындағы университетте ХІХ ғ. аяқ кезінде қалыптасты.
   	Бақылау сұрақтары:
1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?
2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?
3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  М. Березин. История лингвистических учении М 1975
2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ  -  ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965.
№11 дәріс тақырыбы: ХХ ғасыр тіл білімі.

1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.
2. <<Сөздер мен заттар>>, <<Эстетизм>>, <<Социологизм>> деп аталатын мектептер.
3. М.Д.Бартоли жазған <<Неолингвистиканың қосымша очеркі>>еңбегі

      Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғ.соңғы он жылы мен 20ғ. бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына <<Сөздер мен заттар>>, <<Эстетизм>>, <<Социологизм>> деп аталатын мектептерді жатқызуға болады.
      Сөздер мен заттар. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі  -  роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Г.Шухардт (1842-1927).
     20 ғ.бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі  -  эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Бұл туралы - неміс ғалымы К.Фосслердің <<Лингвистикадағы позитизм мен идеализм>> (1904), <<Тіл  -  шығармашылық және даму>> (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
      Неолингвизм. (гр. neos  -  жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Оның негізін салушылар М. Д. Б. (1873-1946),  Д. Бонфанте (1904 ж.) 
     Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері  -  П. Лафарг Ф.де Соссюр , А.Мейе, П. Лафарг. 
     Структурализм бірден пайда болған жоқ. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.
       Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздер мен заттар - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп.
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы  -  неміс ғалымы Карл Фосслер.
3. Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғ. бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп.
       Бақылау сұрақтары:
1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3. Неолингвизм қашан қалыптасты?
4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

12  дәріс тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.

1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.
2. 20-30  жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.
3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы  академик Н.Я.Мардың  рөлі.

       Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі  -  маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі  -  үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы  -  салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.
        Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. 20ғ. 30-шы ж. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы <<Правда>> газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.Тіл біліміндегі айтыстан кейін Кеңес тіл білімінің ерекше назар аударған мәселесі <<Тіл туралы жаңа ілімінің>> қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан  -  жақты ашып көрсету болды.
	Дәрісті қорытындылау:
1.  Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан Кеңестік тіл білімі көп салалы, жан  -  жақты дамыған, озық тіл біліміне айналды. 
2. 20ғ. 30-шы ж. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. 
       Бақылау сұрақтары:
1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
13 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

1. Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.
2. Ғылымдар байланысының себептері.

     Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол  -  ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.
       Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
       Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері  -  тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.
         Тіл білімі және психология. Психология  -  психика туралы ілім.Психологияның мақсаты  -  адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой  -  санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.
      Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті  -  физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.
      Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл  -  айрылмас бірліктегі құбытлыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.
    Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.
     Тіл білімі және география. Тіл білімінің  география ғылымымен ұштасуы 19 ғасырдың соңғы кездерінен басталады.      Тіл білімі және кибернетика. 20 ғасырдың 50 жылдарынан бері қарай тіл біліміне ерекше әсер ете бастаған ғылым -  кибернетика. Тіл білімі және семиотика. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі / знактар / туралы ғылым, семиотика сөйлеу тіліне таңбалар ретінде қарайды.   
      Дәрісті қорытындылау:
1. Ғылым жаратылыстану ғылымдары және қоғамдық ғылымдар деп екі үлкен топқа бөледі.
2. Ғылымдардың бір-бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан да туады.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?
2. Тіл мен ойлаудың  қатынасы неден көрінеді?
3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?
       Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж
3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974

14 дәріс тақырыбы: Тіл теориясы. Тіл және қоғам.

1.Тілдің анықтамасы.
2. Тілдің табиғаты.
3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

       Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.       Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл  -  биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
     Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап  -  тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.
       Тіл және сөйлеу. Тіл мен сөйлеудің бір еместігі, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеде  -  ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін 19 ғасырда өмір сүрген В.Гумбольдт, Г.Штейнталь, Г.Шухардт сияқты ғалымдар да айтқан. Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.
	Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай  -  қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл  -  адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама  -  қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі проблемасына байланысты айтылған бірден  -  бір ғылыми дұрыс болжамды Ф.Энгельстің <<Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі>>, <<Табиғат диалектикасы>> атты зерттеулерінен табуға болады.
       Дәрісті қорытындылау:
1. Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. 
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі коммуникативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады.
3. Тіл мен сөйлеу бір  -  бірінен ажырамас бірлікте.
         Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.
5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

15,16  дәріс тақырыбы:Тілдің таңбалық сипаты.

1. Тіл  -  таңбалар жүйесі.
2.Таңба және оның түрлері.
3.Табиғи таңба және жасанды таңбалар. 

    Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.    	
     Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар.Негіз таңба деп тілдік таңбаларды айтады.Оның негізгі болатын себебі ол алғашқы, басқа көмекші таңбалардың барлығы да соның негізінде туған, сол арқылы ұғынылады. Көмекші таңбаларды материалдық сипаттарына қарай төмендегідей түрлерге бөлушілік бар.
Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалар жатады.Акустикалық таңбалар. Бұған сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қоңырау мен гудоктар жатады.
 Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, көшелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы белгілер, көрсеткіштер және әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, зночоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, ен  -  таңбалар жатады.
Ақша таңбалар. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.Сәуле таңбалар. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар  -  бағдаршамдар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.
Ымдау, нұсқау таңбалары. Бұл  -  семиотикалық таңбалардың ең күрделісі.Ол әр түрлі дене қимыл  -  қозғалыстары арқылы беріледі. 
Семиотика ғылымы таңбаларды табиғи таңба, жасанды таңба деп те бөледі.Табиғи таңбаны кейде белгі таңба, симптом деп те айтады.Бұған заттардың өз бойына тән, одан бөліп алуға болмайтын табиғи белгілері, симптомы жатады.Олар бір затты я құбылысты екінші бір заттардан, құбылыстардан, айыруға белгі болады. Семиотикалық таңбаларды өз ішінен сигналдық, символдық, тілдік, субституттық таңба деп бөлушілікте кездеседі.
       Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.
2. Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе  -  зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.
       Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің таңбалық сипаты туралы пікір айтушылар кімдер?
      Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975
3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974

17,18,19  дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам.

1. Дыбыс тілінің пайда болуы.
2. Тіл және этникалық бірлік.
3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері.

Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы бұлдыр болжам ежелгі заман ойшылдарынан басталғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды.
Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай  -  қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл  -  адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама  -  қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.
 Дыбыс тілі өз табиғатынан  -  ақ әлеуметтік қажеттіктен туған қоғамдық құбылыс ретінде дүниеге келген. Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сонда диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе  -  келе  солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды.Дыбыстық сигналдарға қосымша маймыл  -  адамдар ымдау, нұсқау сияқты әр түрлі дене қимылдарын да қатынас құралы ретінде пайдаланған болу керек дегенді де айтады.
    Тіл ғылымында тілді адамдардың этикалық бірліктерінің атымен ру тілі, тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, туыстас тілдер семьясы деп атаушылық бар.Тілдерді былай бөлу  -  этникалық тұрғыдан сипаттағандық.
   Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері. Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір  -  бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен.Тілдің қай  -  қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған. Баяғы замандардан бері қоғамдық құрылыста талай өзгерістер болды. Әрбір қоғамдық экономиялық формацияның өзіндік ерекшеліктері, айрықша белгілері азды  -  көпті болса да, тілде белгілі із қалдырып отырады.Өйткені тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін, сол тілді жасаушы, оны қолданушы қауым, халық тағдырымен тығыз байланысты,
        Дәрісті қорытындылау:
1. Тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды.
2. Этникалық бірліктің қандай түрінде болса да, олардың тұтастығын, бір бүтін екендігін білдіретін негізгі белгілердің бірі  -  тіл.
3. Тіл дамуында болатын дифференциациялық үдеріс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.
         Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы болжам, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру қай кезден басталды?
2. Тіл табиғатына қарай қандай құбылыстар қатарына жатады?
      Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975



20 дәріс тақырыбы: Билингвизм.

1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі.
2. Креол тілдер туралы.
3. Креол тілдерінің пайда болу себептері.

       Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір  -  бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас  -  құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол  -  тіл білімінде билингвизм деп аталады.
        Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы  -  көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір  -  бірімен қарым  -  қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі  -  орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.
       Африка, Оңтүстік  -  Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы  -  креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.Бұл процесс жергілікті халық тілдері мен одан тегі бөлек келімсектер тілдерінің қарым  -  қатынасындағы (тоғысуындағы) тілдік жағдаятқа байланысты туған. Креол тілдерге айналу процесі креолдану болып табылады. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.
2. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.
         Бақылау сұрақтары:
1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі туралы не білесің?
2. Креол тілдер қалай пайда болған?
          Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


21,22  дәріс тақырыбы: Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.

1. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.
2. Жаргон  -  тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.
3. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
4.Ғылыми  -  публицистикалық, көркем туындылар тілі (дұрысы  -  стилі), соңғысын өз ішінен прозалық, драмалық, поэтикалық тіл (стиль) сипаттары

          Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.
      Тіл бүкіл этникалық бірліктегілердің барлығына да ортақ, бәріне бірдей қызмет етеді, ал, диалект оның белгілі бір аймақта тұратын бір бөлігіне ғана қызмет етеді.Тіл қызметі сан  -  алуан болады, ал, диалектінің қызметтік шеңбері тар, ол, негізінде, сөйлеу тілі түрінде ғана болады.
      Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.Олар да қоғам дамуының белгілі бір тарихи дәуірінің жемісі.       	Жалпыхалықтық тілдің жергілікті диалектілерге қарағанда қызметі жағынан да, ерекшелігі жағынан да, қолданушы қауымның сандық шамасы жағынан да, едәуір шағын көлемді тармағы әлеуметтік диалектілер.Әлеуметтік диалектілерге кәсіби, жаргондық ерекшеліктер жатады.Бұлардың өзіндік ерекшелігі мынады: жергілікті диалектілердің өзіндік лексикалық та, фонетикалық та, грамматикалық та ерекшеліктері болады.Және ол белгілі бір аймақ тұрғындарын тегіс қамтиды. 
        Кәсіби лексика - әдеби тіл сөздігінің бір саласы және оның әдеби тілге жаттығы да жоқ.Әр кәсіпорындарының өз ерекшеліктеріне лайықты қолданатын атауыш сөздері - әдеби тілдің байлығы.
     Жаргон  -  тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.Бұл табиғаты жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше.
Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.  Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек  -  бөлек тілдер емес, тіл біреу  -  ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана <<тіл>> деп отырмыз.
        Дәрісті қорытындылау:
1. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы.
2. Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.
       Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті диалект дегеніміз не?
2. Диалектілер неге  тарих құбылысқа жатады?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
4. Хасенов Ә. Тіл білімі А., 1996


23,24,25   дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылығы.

1. Тілдің дамуының заңдылықтары.
2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы.
3.Грамматиканың дамуы.

      Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, дамығыш сала болатын себебі ол адамдардың қоғамдық өмірінің, барлық саласымен, күллі тіршілігімен тікелей байланысты, қоғам өміріндегі өзгерістерді, жаңалық-тарды тез қабылдайды және дереу, тікелей атап көрсетеді.
        Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі  --  ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші  --  басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды.    	Фонетикалық ауытку екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл  --  тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл  --  дивергенция деп аталады.
      Тіл дыбыстарының қай-қайсысы да сөйлеу органдарының артикуляциясы арқылы жасалатыны белгілі. Тілдегі әрбір дыбыстың сол тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ, қалыптасқан артикуляциясы болады. Фонетикалық қүрылымда болатын өзгеріс-қүбылыстар ең алдымен тілдің артикуляциялық базасына өзгерістер енгізеді.
        Грамматиканың дамуы. Тілдердің грамматикалық құрылыстарының тұрақтылығы, оның өте баяу өзгеретінін тіл ғалымдары өткен ғасырлардың өзінде-ақ байқаған. Грамматикалық құрылымның баяу өзгеруінің себебін көптеген көрнекті ғалымдар оның құрылым ерекшелігінен, өзіндік ерекше категориялары болатындығынан іздеуді ұсынады. 
       Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады.
2. Фонетикалық ауытку екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы.
3. Грамматикалық жүйе  -  басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол жүйе.
      Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

26,27   дәріс тақырыбы: Тіл білімінің зерттеу методтары.

1. Ғылыми зерттеудің нысанды танып  -  білу үшін іске асырылды әрекетттер
2. Зерттеуде әр түрлі амал  -  тәсілдер
3. Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері

      Сипаттама әдіс  -  тіл білімі әдістері ішіндегі ең көнесі. Структуралық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады.Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс.Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структуализм деп те аталып жүр.	Құрылымдық әдісті қолдануда Кеңес тіл ғалымдары арасында ала-құлалық бар.
     Ал, дискреттік (латынша  -  бөлшектік) талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі.
       Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру  -  ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл.  Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды.
      Типологиялық тіл білімі  -  тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.
     Ареалдық тіл білімі  -  (лат.аrea  -  кеңістік, аудан)  -  лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2  -  жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.
       Структуралық тіл білімі  -  тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде зерттейтін тіл білімінің саласы.
      Психологиялық Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған.
    Этникалық тіл білімі.Этнолингвистика  -  грекше ethnos халық, тайпа)  -  тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
    Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым  -  қатынас құралы деп қарайтын бағыт.
    Эстетикалық бағыт - 	тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.
          Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады.
2. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы.
3. Грамматикалық жүйе  -  басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол жүйе.
           Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

       28,29 дәріс тақырыбы: Әлемдік тілдер.
1.Әр ғасырда даму кажеттілігінен туған ұлтаралық тілдердің даму қажеттілігі.
2. Волапюк, эсперанто ұғымы.
3. Жасанды тілдер немесе эсперанто тілі

           Қоғамның, ғылым мен техниканың, халықтар қатынасының дамуы түрлі халықаралық кеңестердің, ұйымдардың, информацияның молаюы әлемдік тілдің болуын қай замандардағыдан да молырақ қажет етуде.
Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар.Мұндай тілдер қоғам дамуының барлық дәуірінде бірдей болған емес, тіл қызметінің әлемдік дәрежеге көтерілуі ол тілдің иесі болып табылатын халықтың халықаралық қатынастардағы салмағына, орнына, ғылыми, мәдени, шаруашылық өрісіне байланысты болады.Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр. Солардың ішіндегі ең елеулісі  -  волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.Бұл жобаны 1880 жылы неміс католигі Шлейер жасаған.Кейбір әдебиеттерде бұл жасанды тілді 200 мыңдай адам қолданған дегенді айтады.Бірақ волапюк өріс ала алған жоқ.	Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Эсперанто 19 ғасырдың екінші жартысынан бері қарай белгілі болып келеді.Оны қалыптастырушы және оған осы атауды беруші  -  поляк дәрігері Заменгоф.
          Дәрісті қорытындылау:
1. Әр ғасырда даму кажеттілігінен туған ұлтаралық тілдердің даму қажеттілігі.
2. Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар.
         Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік тілдер туралы қандай мәліметтер бар?
2. Жасанды тілдер дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
4. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
5. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
6. Хасенов Ә. Тіл білімі А., 1996

30  дәріс тақырыбы: Тілдік одақ. Қазіргі кездегі тілдік одақтар. Тілдік одақтардың пайда болуы тарихы. Ностратикалық тілдер.

1. Тілдік одақтың пайда болу себептері
2. Тілдік одақ түрлері
3. Тілдік ұқсастық
4. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.

      Тілдік одақ дегеніміз  -  шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
Қазіргі кезде белгілі тілдік одақтар мыналар: Балқан тілдік одағы  -  оған үндіеуропа семьясындағы әр түрлі топтарға кіретін болғар, македон, сербехорбат, албан, жаңа грек тілдері жатады. Еділ тілдік одағы  -  оған фин-угор семьясына кіретін марий, удмурт тілдері, түркі семьясына кіретін башқұрт, татар, чуваш тілдері жатады. Орталық Азия жеріндегі әр түрлі семьяға кіретін иран, үндіарий, дравид, тибет-қытай тілдері жатады. Тілдік одақтар Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Океания аймақтарында да қалыптасқаны туралы деректер бар.
Тілдік одақ тіл жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде  -  синтаксис пен морфологияда, фонетикада, синтаксистік стилистикада, сол сияқты лексика мен фразеологияда  -  болатын құрылымдық, материалдық ұқсас белгілердің жиынтығы қалыптасқан тілдердің ерекше аймақтық бірлігінен пайда болады. Сөйтіп, бір-бірімен қатынастағы тілдердің әр түрлі деңгейде тілдік ұқсастығының болуы тілдік одақ қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.
Мысалы, Еділ бойындағы тілдік одақтың негізгі ортақ белгілеріне: синтаксисте  -  төл сөздердің жасалу тәсілдеріндегі, -ғанда тұлғалы көсемшелік орамдардағы, морфологияда  -  шақ жүйесі мен шартты рай жасалуындағы, фонетикада  -  дауыстылардың ықшамдалып айтылуындағы ұқсастықтар жатады.
Тілдік одақ туралы идея Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінде берілген. <<Тілдік одақ>> терминін алғаш қалыптастырған Н.С. Трубецкой. Ол тіл семьясынан тілдік одақты айырып қарау қажеттігін айтқан. Тілдік одақ мәселесімен кейін Р.О. Якобсон, В.Скаличка, А.В. Десницкая, Б.А. Серебренников, Г.В. Церетели т.б. ғалымдар шұғылданған. Тілдік одақ тарихи, аймақтық, құрылымдық-типологиялық тіл білімдерінің тәсілдерін қолданып зерттеуді қажет ететін күрделі нысан болып табылады.
Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған  -  дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада). Тілдердің мұндай үлкен семьясы <<борей тілдері>>, <<бореал тілдері>>, <<еуроазия тілдері>> деп те аталған, бірақ бұл терминдер тәжірибеде қолданыс таппады. Ностратикалық тілдер шығыс ностратикалық (орал, дравид, алтай тілдері) және батыс ностратикалық (афразия, үндіеуропа, картвел тілдері) болып екі топқа бөлінеді. Ностратикалық тілдердің бұлайша бөлінуі жалпыностратикалық вокализмнің (дауыстылар) кейін шыққан тілдердегі тағдырына байланысты: шығыс ностратикалық тілдерде алғашқы тұрақты түбірдің вокализмі сақталған; батыс ностратикалық тілдердегі бір түбірден тараған сөздерде дауыстылардың алмасу жүйесі (аблаут) қалыптасқан.
Ностратикалық тілдер семьясының тараған дәл шекарасы анықталған жоқ. Бірқатар тілдер тобының (эскимос-алеут, чукот-камчатка, нивх, юкагир, Америка үндістерінің тілдері т.б.) ностратикалық тілдерге қандай қатысы бар екені дәл белгісіз.
Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы олардағы тегі бір түбір, аффикстік морфемалардан (жалпы саны 1000-дай) байқалады. Сонымен бірге түбір морфемалар негізгі сөздік қорға кіретін қарапайым сөздерді (дене мүшелері, табиғат, жан-жануар, өсімдік, кеңістік, қимыл, әрекет, сапа т.б. атауларды) қамтиды. Ностратикалық тілдерге біріккен 6 тіл семьясын тудырған ататілдерде неғұрлым тұрақты грамматикалық морфемалардың генетикалық жақындығы байқалған.
        Ностратикалық тілдер семьясының алғашқы шыққан жері археологиялық деректерге қарағанда Таяу Шығыс деп есептеледі.
Ностратикалық тілдер семьясы туралы мәселе салыстырмалы-тарихи тіл білімінің Ностратикалық тілдер семьясының бастапқы кезеңінде пайда болды. Ностратикалық тілдердің алғашқы зерттелуі тілдер семьясын жұптап салыстырудан басталады. Мысалы, орал-алтай тілдерін  -  В. Шотт, М.А. Кастрен; үндіеуропа-семит тілдерін  -  Г. Меллер, А. Кюни; үндіеуропа-картвел тілдерін  -  Ф. Бопп т.б. салыстырып зерттеді.
       Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдік одақ дегеніміз  -  шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі.
2. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков).
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдік одақ дегеніміз не?
2. Ностратикалық тілдер жайлы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
4. Хасенов Ә. Тіл білімі А., 1996







Тәжірибелік сабақтар


1.Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны,мақсаты, міндеттері
1
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

2.Қазіргі заман тіл біліміндегі салалар.
1
1.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
3. Ежелгі Қытай лингвистикасы.

1
1.Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
4. Ежелгі Үнді тіл білімі.
1
1.Хасенов Ә. Тіл білімі А., 1996
5. Ежелгі Грек тіл білімі.

1
1.М. Березин. История лингвистических учении. М.,1975
2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
6. Орта ғасыр тіл білімі.

1
1.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974

7. Араб тіл білімі.

1
1.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
8. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.
1
1.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
9. XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.



1

1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2.М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
3.В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974


10. ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.
1
1.М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
2.В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

11. XX ғасыр тіл білімі.
1
2.М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
3.В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

12. Кеңестік тіл білімі.
2
1.М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
2.В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

13. Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.
1
1.М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
2.В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

14. Тіл теориясы.
1
1.М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
2.В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

15. Тіл және қоғам.
1
1.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
2.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

15 сағат




5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

СӨЖ
Тексеру формасы.
1. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.

Жаттығу жұмыстары
2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
Конспект
3.Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.
Реферат
4. Грек тіл  білімі.

Реферат
5. ХІ ғ. еңбек <<Диуани лұғат-ат-түрік>> -арабша сөздігінің маңызы.
Конспект
6. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.
Реферат
7. Қайта өркендеу дәуірінің  лингвистикалық проблемасы.
Конспект
8. XIX ғ.ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Реферат
9. Типологиялық зерттеу.
Жаттығу жұмыстары, конспект
10.Москва және Қазан лингвистикалық мектебі
Реферат
11.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Неолингвизм.
Реферат
12. Тіл білімінің басқа ғылым      салаларымен байланысы.
Реферат
13. Тіл және сөйлеу.
Конспект
14. Тілдің ой-санамен қарым-қатысы.Тілдік мағына.
Конспект
15. Тілдің таңбалық сипаты.
Конспект
16. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты.
Конспект
17. Тілдің даму заңдылығы.
Слайд
18. Тілдің әр саласының даму ерекшеліктері.
Реферат
19. Тіл білімінің зерттеу методтары.
Конспект
20. Тілдік  одақ.
Конспект


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары

1.
Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.
2.
Ежелгі дәуір лингвистикасы.

3.
Үндістан тіл білімі туралы пікірлер.
4.
Рим тіл білімі.

5.
Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулері.
6.
Араб грамматикасы
7.
Универсал грамматика.
8.
Салыстырмалы  - тарихи тіл білімінің бастауы
9.
Тіл философиясы.
10.
Жас грамматикалық бағыт.
11.
Социологиялық мектеп. Структуралық мектеп.
12.
Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы  академик Н.Я.Мардың  рөлі.
13.
Билингвизм.
14.
Әлемдік тілдер.
15
Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл.

6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы

Дәріс сабағының
Тақырыбы
Семинар сабағының тақырыбы
Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер
Өз бетімен дайындалу сұрақтары
Бақылау түрі
1
2
4
5
6
1.Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар
Сөздіктермен жұмыс
Жазбаша, ауызша
2.Ежелгі Қытай лингвистикасы.



Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде
Тілдік таңбаларға сипаттама беру
Жазбаша, ауызша
3.Ежелгі Үнді тіл білімі.

Дәріс тезисі, слайд
Сөздіктермен жұмыс

Жазбаша
4.Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі.


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

Тілдік таңбаларға сипаттама беру
Ауызша


Дәріс тезисі кесте слайд түрінде

Тілдік таңбаларға сипаттама беру
Ауызша


Дәріс тезисі таблица слайд түрінде
Тілдік таңбаларға сипаттама беру
Ауызша


Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде
жаттығу жұмысы

Жазбаша



Дәріс тезисі, мысалдарды ноутбуктан көрсету
Сөздіктермен жұмыс
Жазбаша



Дәріс тезисі, кесте-слайд
Тілдік таңбаларға сипаттама беру
Ауызша


Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде
Тілдік таңбаларға сипаттама беру
Ауызша


Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде

Жаттығу жұмыстары
Жазбаша



Дәріс тезисі
Жаттығу жұмыстары
Жазбаша



Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде

Жаттығу жұмыстары



Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде
Жаттығу жұмыстары
Жазбаша



Дәріс тезисі, кестені слайд негізінде
Жаттығу жұмыстары
Жазбаша



Дәріс тезисі, тұлғаларды слайд түрінде көрсету
Жаттығу жұмыстары
Жазбаша



Дәріс тезисі, тұлғаларды слайд түрінде көрсету
мысалдар теру
Жазбаша



Дәріс тезисі, ноутбукпен жұмыс
мысалдар теру
Жазбаша



Дәріс тезисі, сызба кестелер слайд түрінде
мысалдар теру
Жазбаша



Дәріс тезисі, слайд
мысалдар теру
Жазбаша




7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
Саны
Студенттердің саны
Қамтамасыз ету пайызы
1
2
3
4
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.  -  384 б.
12
12
100%
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007. - 390 б.
12
12
100%
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы:Ана тілі, 1992.  -  448 б.
12
12
100%
4 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000.  -  664 б.
12
12
100%
5. Хасанова С.  Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 1991.  -  136 б.
12
12
100%
6. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы І-бөлім. 2003 .
12
12
50%
7.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.  Алматы, 2010.  -  608 б.
12
12
100%


ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.  -  384.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: ЖШС Інжу-Маржан, 2007.  -  390 б.
Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. І-бөлім. Алматы: 2003.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992.  -  190 б.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.  -  448 б.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.  Алматы, 2010.  -  608 б.
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998.
Оралбаева Н., А. Қалыбаева. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., 2001.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000.  -  664 б.
Хасенов Ә. Тіл білімі. Алдматы: Санат, 2003.  -  416 б.
Маманов Е.  Қазіргі қазақ тілі.  Етістік.  А., 1966.  -  132 б.
Шәкенов Ж. Күрделі сөздер. 2001 ж.
Хасанова С.  Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 2004.  -  136 б.
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2008.  -  472 б.










Пәндер