Файл қосу

Сананың негізгі мінездемелері



               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
             БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
4 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК


ПОӘК 042-18.1.19.01-2013

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
<<Білім беру мен психологиядағы әрекеттік және мәдени-тарихи тұжырымдар>>


                            05.09.2013. жылғы
                             № 1 басылым




           * ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
* Білім беру мен психологиядағы әрекеттік және мәдени-тарихи тұжырымдар пәні 
* 6М010300 <<Педагогика және психология>> мамандығының 
             *  магистранттарына арналған
                                       
             ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                      * 

                              * Семей  2013
                                       
* 
* Алғысөз
1.ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің   <<Педагогикалық психология>> кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Кулмышева Н.А.

"______"      __________ 2013 ж.

2.ҚАРАЛДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің   "Педагогикалық психология" кафедрасының отырысында
Хаттама №______"__>>________  2013 ж.

Кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.:                  Джумажанова Г.К.

2.2. ПФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №________     ________  2013 ж.

Төрайымы _______          Т.Ш.Ахметова

2.3.ГФ   Ғылыми   Кеңесі  отырысында

Хаттама №______"__>>________  2013 ж.
 
Төрағасы  _______          


3.БЕКІТІЛДІ

Хаттама №______"__>>________  2013 ж.

ОӘК төрағасы  --------------------------

4.АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ




Мазмұны
 1 Глоссарий
 2 Дәрістер
 3 Практикалық  сабақтар
 4 Магистранттың өздік жұмысы





















1 ГЛОССАРИЙ
Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. 
Психикалық құбылыстар  -  бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері 
Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді. 
Ассоциация  - бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.
Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Буддизм-жанды жоққа шығарды. 
Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт. 
Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән. 
Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе
Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.
Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Детерменизм-  психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.
Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.
Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады. 
Жетекші әрекет- онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.
Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.
Интроспективті психология  (ішке қараймын, қадағалаймын)  - субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.
Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.
Интериоризация  -  сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.
Индивидуалды айырмашылық  -  топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/
Мотив  -  қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.
Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.
Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.    
Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.
Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.
Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.
Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.
Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.
Пән- адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.
Психотерапия-адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің  комплексті әсер ету арқылы емдеу.
Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.
Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.
Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.
Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.
Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.
Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі. 
Теория- ғылыми принциптер жүйесі.
Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.
Теория-ғылыми принциптер жүйесі.
Логос-ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде <<сөз, тіл, мағына, түсінік>> дегенді білдіреді. Геркалит енгізген. 
Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.
Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.
Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.
Фрустрация- мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.
Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.
2 Дәрістер 
Дәріс №1 
Тақырыбы: Психикалық әрекет және объективті шындық. Сана мәселелері. 
Сұрақтары: Психиканың анықтамасы. Психика субъективті әлемнің бейнесі ретінде. Психикалық бейнелеу түсінігі. Психиканы анықтайтын белгілер. А.Н.Леотьевтің психиканың объективті критерий гипотезасы.  Эволюция процесіндегі психиканың даму кезеңдері. Интеллектуалды мінез-құлық мінездемесі.  С.Л.Рубинштейннің <<Психика процесс ретінде>> концепциясы. Диалектикалық материализм бейнесіндегі сана мәселелері. 
	Мақсаты: Студенттерге  психикалық әрекет және сана мәселелері жайлы түсінік беру. Теориялық білімдерін жетілдіру. 
1. Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. Психикалық құбылыстар  -  бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.)  Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз. 
Адамзаттың өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт дәстүрін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізінде, адам болымысының  табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі  жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. 
     	 Психологияның ерекшеліктерін, ежелден адам арқылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың  өлетінін, адамның түс көретітін ежелгі адамдар да білген.  Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде  жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда-адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады, Осылайша психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені болса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі. 
      	Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының  -психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әртүрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материялдық субстанциялардың арақатынасына  -  байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды идеалистік және материялистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болаты, бірінші болаты н құбылыс ретінде қарастырады.  Материялдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді. 
      	Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материялдық табиғат бағынатын заңдарға бағырбайды,- дап қарастығна идеалистік философия, адам психикасын түсіндірудегі  материялдық көзқарасты  көптеген ғасырларға ығыстырды.  Жан туралы көзқарастыр қандай да болмасын метамарфоздарды бастан өткерсе де , жан өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. 
      	Психика заңдылықтары анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндетіғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықта анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің салаларын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Психология ғылымының зерттеу нәтижелелері бұл пәннің барлық салалары мен  тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептелінеді. Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизімдерін зерттейтін ғылым.
     2.  Психика мен оның дамуының пайда болу мәселесі, яғни генезисі тығыз байланысты болады. Сондықтан, психиканың даму үрдісіне деген жалпы көзқарас психиканың пайда болу мәселесінің теориялық шешімінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл мәселені принциптік тұрғыдан бірнеше жолдары бар. Ой философиясы тарихындағы <<антропсихизм>> деп аталатын бұл көзқарас Р.Декарттың атымен байланысты. Оның мағынасы мынада: психиканың пайда болуы адамның пайда болуымен байланысты, психика тек адамда ғана болады.  Айтылған мәселені шешетін тағы да бір көзқарас ол психиканы кез-келген тірі материяның қасиеті емес, жүйке-жүйесі бар ағзалар ғана таниды. Бұл көзқарасты нейропсихизм концепциясы деп атайды. 
      	Материалистік психология бұл коцепциялардың біреуін де сөзсіз қабылдай алмайды. Психология ғылымы мүлдем басқа жағдайлардан пайда болып, өз алдына психиканың шығу тегі туралы жауап іздеуге, өмірдің бұл күрделі түрін тудыратын шарттарды сипаттауға тырысады. Өмірдің пайда болуының негізгі шарты болып, қоршаған орта мен зат алмасусыз тіршілік ете алмайтын, ақуызды күрделі молекулалардың пайда болуы саналатыны белгілі. 
      	Өмірлік маңызды әсерлерге қатысты тітіркену үрдістері, тітіркенудің арнайы жоғары түрлерін білдіру және оларды келесі ұрпақтарға бере отырып сақтау, әдітте өсімдіктер өмірі деп аталған, өмірдің даму кезеңін сипаттайды. Психикалық бейнелеудің бастапқы түрінде болатын сезімталдық кез-келген, тіпті өте қарапайым, өміршең денеге тән болатын тітіркенудің дамуы арысында  пайда болады деген жорамалды А.Н.Леонтьев енгізді.  А.Н.Леонтьевтің жорамалы бойынша, жануарлар, тікелей зат алмасуға енетін биологиялық маңызды әсерлерге ғана емес, өмірге қажетті әсерлердің пайда болуын білдіретін болса, биологиялық маңызы жоқ, <<бейтарап>> әсерлерге де жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, жануарлар қоршаған ортаға белсенді бейімделіп, тіршілікке қажетті жағдайларды іздейді және ортаның кез-келген өзгерісіне жауап қайтарады. 
     	 Биотикалық әсерлерге қатысты, сезімталдықтың және тіршілікке маңызды әсерлердің пайда болуы мен олардың іздерінің жай сақталуын білдіретін бейтарап тітіркендіргіштерге қатысты тітіркенудіңсипатталған үрдістері  біржасушалы жануарлардың тірлігін қолдауға жеткілікті, бірақ көп жасушалыларға ауысқанда олар жеткіліксіз болады. 
      Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуына әкеледі. Гангилозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді. Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан, өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жаңа принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. 
     	 Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетік күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. 
      	Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді  -  химиялық рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар, вибрациялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жүйке  талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиеға келеді. 
      	Сонымен, инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратын қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды. 
Психика заңдылықтары анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндетіғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықта анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің салаларын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Психология ғылымының зерттеу нәтижелелері бұл пәннің барлық салалары мен  тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептелінеді. Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизімдерін зерттейтін ғылым.
      Психика мен оның дамуының пайда болу мәселесі, яғни генезисі тығыз байланысты болады. Сондықтан, психиканың даму үрдісіне деген жалпы көзқарас психиканың пайда болу мәселесінің теориялық шешімінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл мәселені принциптік тұрғыдан бірнеше жолдары бар. Ой философиясы тарихындағы <<антропсихизм>> деп аталатын бұл көзқарас Р.Декарттың атымен байланысты. Оның мағынасы мынада: психиканың пайда болуы адамның пайда болуымен байланысты, психика тек адамда ғана болады.  Айтылған мәселені шешетін тағы да бір көзқарас ол психиканы кез-келген тірі материяның қасиеті емес, жүйке-жүйесі бар ағзалар ғана таниды. Бұл көзқарасты нейропсихизм концепциясы деп атайды. 
      	Материалистік психология бұл коцепциялардың біреуін де сөзсіз қабылдай алмайды. Психология ғылымы мүлдем басқа жағдайлардан пайда болып, өз алдына психиканың шығу тегі туралы жауап іздеуге, өмірдің бұл күрделі түрін тудыратын шарттарды сипаттауға тырысады. Өмірдің пайда болуының негізгі шарты болып, қоршаған орта мен зат алмасусыз тіршілік ете алмайтын, ақуызды күрделі молекулалардың пайда болуы саналатыны белгілі. 
      	Өмірлік маңызды әсерлерге қатысты тітіркену үрдістері, тітіркенудің арнайы жоғары түрлерін білдіру және оларды келесі ұрпақтарға бере отырып сақтау, әдітте өсімдіктер өмірі деп аталған, өмірдің даму кезеңін сипаттайды. Психикалық бейнелеудің бастапқы түрінде болатын сезімталдық кез-келген, тіпті өте қарапайым, өміршең денеге тән болатын тітіркенудің дамуы арысында  пайда болады деген жорамалды А.Н.Леонтьев енгізді.  А.Н.Леонтьевтің жорамалы бойынша, жануарлар, тікелей зат алмасуға енетін биологиялық маңызды әсерлерге ғана емес, өмірге қажетті әсерлердің пайда болуын білдіретін болса, биологиялық маңызы жоқ, <<бейтарап>> әсерлерге де жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, жануарлар қоршаған ортаға белсенді бейімделіп, тіршілікке қажетті жағдайларды іздейді және ортаның кез-келген өзгерісіне жауап қайтарады. 
     	 Биотикалық әсерлерге қатысты, сезімталдықтың және тіршілікке маңызды әсерлердің пайда болуы мен олардың іздерінің жай сақталуын білдіретін бейтарап тітіркендіргіштерге қатысты тітіркенудіңсипатталған үрдістері  біржасушалы жануарлардың тірлігін қолдауға жеткілікті, бірақ көп жасушалыларға ауысқанда олар жеткіліксіз болады. 
      Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуына әкеледі. Гангилозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді. Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан, өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жаңа принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. 
     	 Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетік күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. 
      	Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді  -  химиялық рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар, вибрациялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жүйке  талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиеға келеді. 
      	Сонымен, инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратын қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды. 
3. С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі  -  басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің <<Мені>> туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның <<Мен>> бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. 
Адам өз əрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тəуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі əрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.4. Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері  -  К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя  -  бірінші, ал сана  -  одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл  -  тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне қалыптасады.Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет. Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: <<о дүние>>, <<пері>>, <<дию>> сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін  -  сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми  -  ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана  -  оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл  -  дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана  -  материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан  -  таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.

Бақылау сұрақтары:
Психика дегеніміз не?
Психикалық бейнелеу дегеніміз не? 
Психиканы анықтайтын белгілерді атаңыз?
 А.Н.Леотьевтің психиканың объективті критерий гипотезасы
Эволюция процесіндегі психиканың даму кезеңдерін ата
Интеллектуалды мінез-құлық мінездемесіне тоқталыңыз. 
 С.Л.Рубинштейннің <<Психика процесс ретінде>> концепциясында не туралы айтылған?
 Диалектикалық материализм бейнесіндегі сана мәселелері туралы не білесіз? 

                 Қолданылған әдебиеттер:
Андреева, Г. М.. Социальная психология: учебник для высших учебных заведений/ Г. М. Андреева. - 5-е изд., испр. и доп.. - М.: Аспект Пресс, 2008.
Ананьев, Б. Г.. Избранные труды по психологии: сборник. Т. 2: Развитие и воспитание личности/ 
Б. Г. Ананьев. - СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2007.
Василькова, Т. А.. Социальная педагогика: учебное пособие/ Т. А. Василькова, Ю. В. Василькова. - М.: КноРус, 2010.
Журавлев, А. Л.. Социальная психология: учебное пособие/ А. Л. Журавлев, В. А. Соснин, М. А. Красников. - 2-е изд., перераб. и доп.. - М.: ФОРУМ, 2011.



Дәріс № 2
Тақырыбы: Сана  -  психиканың жоғары формасы ретінде 
Сұрақтары А.Н.Леонтьев бойынша жекедара сана құрылымы. Сананың негізгі мінездемелері. Сана құрылымы. 
Мақсаты: студенттерге сана туралы жалпы түсінік беру. Студенттердің санасын , логикалық ойлауын, дүние танымын, сабаққа қызығушылығын, дағды, іскерлік, қабілеттерін дамыту. 
Жан - жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының  аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі. Кеңес психологиясында балалардың қабылдау мен сезіну мәдениетінің қоғамдық - тарихи тәжірибесіне,  "әлеуметтік меңгеру " процесіндегі сана және қарым-қат ынасқа ерекше көңіл бөлінеді (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Сондықтан,  қоғамның қазіргі заманға лайықты даму сатысында, қоғамнық практикалық негізгі міндеттерін шешу жолында, қарым  -  қатынас мәселелерін шешіп алған жөн. Қарым-қатынас қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің, іс  --  әрекет жағдайларының материалдық әсерінен тарихи тұрғыда пайда болады. Біріккен іс  --  әрекет еңбек негізінде, адамдардың қарым  -  қатынас қажеттілігі пайда болады .
А.А.Леонтьевтердің нақты зерттеу жұмыстарының бір қатары сана құрылымы мен қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін зерттеуге арналған. Алайда, осындай байланыстың сипатын әртүрлі зерттеушілер әрқилы түсінеді .
А.А.Леонтьев, қарым-қатынас іс- әрекеті бұл - ең алдымен сөздік іс  --  әрекет, өйткені онда іс-әрекетке тән элементтердің барлығы бар (әрекеттер, операциялар, мотивтер және т.б.)  Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге танымпроцестері  --  түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері  --  адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады. Сана дегеніміз  --  объективтік дуниенің субъективтік бейнесі. Біз субъективтік бейне жайында әңгіме еткенде, оны шындықтың бұрмаланған бейнесі деп түсінбейміз, қайта қандай да бір идеалдық, яғни К. Марке атап көрсеткендей, адам басында өңделген, езгертілген материялық деп қараймыз. Адам санасындағы зат  --  бейне, ал реалды зат  --  оның бастапқы нұсқасы.     Сананың пайда болуы, жұмысы және дамуы белгілі бір заттар, құбылыстар туралы адамның білім алуына өте тығыз байланысты. <<Сана емір сүретін тәсіл,  --  деп жазды К. Маркс,  --  және ол үшін бірдеңенің өмір сүру тәсілі, ол  --  білім ... Сана бірдеңені қаншалық білсе, бірдеңе де сана үшін соншалық пайда болады>> . Демек, адамның объективтік дүниеге деген танымдық қатынасынсыз сананың болуы мүмкін емес. Сонымен бірге біз сана туралы айтқанда, ең алдымен оның рухани қызмет ретіндегі, сапа жағынан материалдық заттан өзгеше идеалдық құбылыс ретіндегі сипатын ескеріп айтамыз. Таным  --  сананың қоршаған дүниені бейнелендіруге бағытталған қызметі.Адамның кез келген психикасы саналы емес. Психика ұғымы сана ұғымынан әлдеқайда кең. Психика жануарларда да бар, бірақ оларда сана жоқ. Психикалық өмір дүниеге жаңа келген нәрестеге де тән, бірақ оңда елі сана жоқ. Адам ұйықтап жатқан кезде ғажайып картиналарды кереді, бұл  --  психикалық құбылыс, бірақ бұл сана емес. Тіпті адамның ояу күйіндегі писхикалық процестерінің де барлығы бірдей саналы әрекет бола бермейді. Адам көшемен келе жатып, бір нерсе жөнінде ойланады, ал дәл осы кезде ол толып жатқан құбылыстар тізбегін көреді, бірақ оларды мүлдем немесе мүлдем дерлік саналы түрде түсінбейді, толып жатқан адамдар мен машиналар ағынының ішінде ойланып жатпай-ақ, әйтеуір жол тауып жүреді. Демек, өмір адамнан саналы мінез-құлық формаларын ғана талап етпейді, сондай-ақ ұдайы ойланып-толғануды қажет етпейтін жерлерде санасыз мінез-құлық формаларын да талап етеді, Санасыз мінез-құлық формалары заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы хабарларды ойланбай-ақ есепке алуға негізделген. Санасыз ерекеттердің өрісі мейлінше кең. Ол санадан тыс өтіп жататын түйсіктерді, қабыл- дауларды,елестетулерді женесондай-ақ инстинкгтерді, дағдыларды, интуицияны, нұсқауды қамтиды.
Санасыз ерекет проблемасы әрдайым материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің майданы болып келді Қазіргі кезде санасыз ерекет туралы идеалистік ілімдердіћ ішіңце ең кең тарағандарының бірі австриялық психиатр  Фрейдтің ілімі болып табылады. Ол санасыз ерекет сферасын жан-жақты зерттеп, адамның рухани денсаулығының бүзылуында оның алатын орны мен атқаратын ролін анықтады, кеселдерден арылту мақсатымен оған есер ету едістерін ойлап тапты. Бірақ Фрейд санаға жоғары энергиямен зарядталған инстинктті ерекеттердің жиынтығы ретінде қарап, сана санасыз әрекетпен анықталады деген қате пікір айтты. Фрейдтің пікірі бойынша, жеке адамның құрылымы, оның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, сондай-ақ бүкіл адамзат медениеті, сайып келгенде, адамдардың туа біткен эмоциясымен, олардың инстинкгтерімен, ядросы жыныс инстинкті болып табылатан құштарлықтарымен анықталады.
Марксизм адамньщ жан дњниесін тњсіндіруде биологиялық факторлардыћ ролін асыра бағалайтын бњл иррационалистік кезқарастарды теріске шығара отырып, жеке адамдағы жетекші бастама ақыл-ой, сана екенін далелдейді. Жануарларға қарағанда қалыпты адамда психиканыћ санада аћғарылған књйі басым болады.
2. Сананың негізгі қасиеттері. Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.	
	Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында     өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. 
	Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар:  1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан  -  жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет  -  қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет  -  қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық  -  тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет  -  қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи  -  қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.
	Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:
* тіршіліктің әлеуметтік  -  тарихи сипаты;
* өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;
* еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;
* тілдік қатынастың пайда болуы.
Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, <<болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты>> қалыптастырады.
	Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады.  Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің  шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. 
	Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ болмысқа  белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып,  оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін.  Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді.  Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.  
	Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне  жол табуына мүмкіндік береді.
	Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің  ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек,  сана тек қана сыртқы білімді емес,  өзін білуді қамтамасыз  етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады. 
	Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде  білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам  өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады. 
	Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының  нәтижесі.
	Сана  -  бұл қоғамдық болмыс.  Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский)
Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық  бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с
Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген  заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.
Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
	Сананың жоғарыда аталған  бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен  көрініс беруінің міндетті шарты  -  тіл, сөз.
	Тіл  -  бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның  нақты санасының көрінісі. Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт  -  бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.
	 Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.
	Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:
Қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;
Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;
Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтумен қоғамдық тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты.Тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.Тіл адамның саналы іс- әрекетінің барша саласынга қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қарастыруға болады. 
	Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

3.  Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері  --  түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері  --  адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке <<өлшем>> бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана  --  бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, <<түзу сызықты>> болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте  --  анық және жасырын  --  байланыстар байқалмайтын сана <<орталығы>>. Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, <<жауапқа қабілеттілігін>> ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, <<ашылуын>>, ол өзі анықтайды. Бұл  --  оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің <<мүшесі>> ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында , --  адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлікөрініс табады.
Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің  өз ойларын қорытып келді.

Бақылау сұрақтары: 
* Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісін атаңыз. 
* Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттарға не жатады?
* А.В. Петровский <<Сана>> жайлы қандай пікір айтты?
* Сананың арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен  көрініс беруінің міндетті шарты не болып табылады? 
* Сана құрлымына тоқталыңыз
Қолданылған әдебиеттер: 

* Зимняя, И. А.. Педагогическая психология: учебник для вузов/ И. А. Зимняя. - 2-е изд., испр. и доп. и перераб.. - М.: Университетская книга: Логос, 2008.
* Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения.-М., 2009.
* Сухов, А. Н.. Социальная психология: учебное пособие/ А. Н. Сухов, А. А. Бодалев, В. Н. Казанцев. - 6-е изд., стереотип.. - М.: Академия, 2008.
* История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца ХХ века: учебное пособие/ Ред. А.И. Пискунов. - 3-е изд., испр. и доп.. - М.: Сфера, 2009.
* Гулевич, О. А.. Психология коммуникаций: учебное пособие/ О. А. Гулевич. - М.: МПСИ, 2008.
Дәріс№4
Тақырыбы: Тарихтағы, ғылымдағы және мәдениеттегі <<даму>> категориялары
Мақсаты: Тақырыптың ғылыми негіздерімен таныстырып, психиканың білімдерін жетілдіру.
 	Сұрақтары:Психология психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.  Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: <<Псиюхе>> (жан), екіншісі <<Логос>> (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз <<Жан туралы ілім>> деген ұғымды білдіреді. Жалпы психология  -  психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым теориялық және эксперименттік деп аталады. Жалпы психолоия адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім-күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады.  Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан, бұл пәнді меңгеруде мынадай үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның ара психологиялық ерекшеліктері.  Психика, сана  -  материяның ең жоғарғы түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактілі ойға қарай дамиды. Ал, ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі  -  адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканың және оның өте жоғары түрде дамыған сатысы  -  сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері  -  психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.
	Категориялар (грекше kategorіa  -  түйіп айту). Шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар. Категория таным мен қоғамдық іс-әрекеттің тарихи дамуын қорыту нәтижесі ретінде пайда болып, дамып келеді. Олар дүниенің өзіне тән жалпы объективтік заңдары мен заңдылықтарын бейнелейтін әмбебап ойлау формаларын, яғни адам танымы мен ойлауының да жалпы заңдылықтарын білдіреді. Адам мен табиғаттың арасын байланыстырып тұрған адамның нақты іс-әрекеті негізінде қалыптасып, дамып отырады, табиғатты іс-дағдылық және теориялық-танымдық игерудің баспалдақтарын, деңгейлерін білдіреді. Белсенді іс-әрекет арқылы адам ойы мен танымы дүниенің мәнді жақтарын, терең мазмұнын, әмбебап заңдылықтарын ашады, сөйтіп адамзаттың практикалық қызметі мен танымы, ойлау қабілеті қат-қабат өзара бірлікте тарихи түрде алға басып отырады. Осы бірегей тарихи процесте Категория тұтасып, адам ойының логикалық желісі түзіледі. Ол осы логикалық тұтастықтың түйіні тәріздес.
	Категория  -  тарихи қалыптасқан адам іс-әрекеті мен ойлауының принциптері мен заңдары, барлық нәрсе бізге осылар арқылы беріледі, ой елегінен осылар арқылы өтеді.
	Категория  -  адам ойының шындықтың өз формалары бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін, нәрселердің қалыптасуы мен реалдық қызмет етуінің тәсілін терең ұғынуға жол ашатын әмбебап ұғымдар, сондай-ақ, шындықты практикалық-заттық түрде игерудің идеалды формалары. Адам өзінің іс-әрекетінде табиғатты жай бар күйінде, дайын қалпында ғана қайталай салмайды, оны белсенді өзгертеді, онда жоқ нәрселерді жасайды, дамытады. Сол сияқты адам ойына да шығармашылық белсенділік тән.
	Категория  -  шындықты оның өзгеруінде, дамуында бейнелейтін ойлау формалары. Ойлау К-сы адамзаттың да мыңдаған жылдар бойғы тарихында түзілген танымының жалпы шарттары, принциптері. Категория  -  адамның практикалық және танымдық қызметінің реалдық нәтижелері қорытылған логикалық фигуралар. Сондықтан әрбір адамның адам ретінде қалыптасуы, оның ақыл-ойының дамуы да осы қоғамдық заттық-практикалық іс-әрекетке баулу процесінде, әлеум. қозғалысқа қатынасу арқылы тарихи жинақталған рухани байлықты игеру процесінде іске асады. Категория бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, олар белгілі бір жүйені құрайды, жүйелі түрде дамып отырады. Категория жөніндегі ілім Аристотельден басталады. Ол "Категориялар" деген еңбегінде 10 Категорияны атап айтты: субстанция, сан, сапа, қатынас, орын, уақыт, жағдай, ахуал, әрекет және қасірет.
	Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік  немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, срның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден және жойылуына орай танылады. (Л.С.Рубинштейн). Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды. Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зертейтін обектісі психика  -  өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді. (Б.Ф.Ломов).
	Психологияның қарқынды дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекеті мен ажырауы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
	Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиена - сының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді,  сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
	Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады. Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады. Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады. Ағзадағы клеткалар саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму  --  сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады
	Жас кезеңдері  -  бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын <<өзгеру мезгілі>> немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді.  Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.
	Онтогонез (грек. on  -  табыс, ontos  -  нағыз, нақты және генез)  -  организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель ұсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы  -  код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Филогенез - органикалық формалары және Жер бетінде өмір сүру кезеңінде органикалық түрлер және сана түрлерінің дамуын білдіретін ғылыми термин.
	Филогенез алғашқы клеткасыз және тіршіліктің ядросы жоқ формалары пайда болған архей эрасынан бастап (шамамен 3,5 млрд жыл бүрын), біздің уақытымызға дейінгі аралықты қамтиды. Қандайда бір болмасын нақтылы систематикалық топтың кез-келген деңгейінде, бөлімнен бастап түрге дейінгі аральгқта филогенез туралы сөз қозгауға болады. Эволюциялық процестің барысында әртүрлі систематикалық топтар белгілі бір жүйеде пайда болады. Сонымен бірге өсімдіктің жекелеген құрылысының (филоморфогенез) немесе физиологиялық қасиетінің филогенезін зерттеуге болады. Филогенез бен онтогенездің арасында байланыстың болатындығы анықталған. Оны заң түрінде қиыстырып құрастырған (сформулировал) Э.Геккель (1866) болған. Бұл ибиогенетикалық за деп аталынады: онтогенездің барысында бұрынғы ата тектеріне тән, дамудың кейбір фазаларының қайтадан қалпына келуі (қайталануы, қайта берілуі) байқалады. Мысалы, мүктердің онтогенезінде спорадан өскіншенің бастамасының (протонема) пайда болуы. Ол құрылысы жағынан келешегіңде әрбір түрге тән гаметофитке айналатьш жасыл балдырларға ұқсас болады. Мұның өзі мүк төрізділердің арғы тегінің балдыр, оның ішінде шамамен жасыл балдыр болғандығыньщ дәлелі. Көптеген папоротник тәрізділердің алғашқы жапырағы, алғашқы папоротник тәрізділердің жапырақтары секілді дихотомиялы жүйкеленеді. Бал қарағайдың (лиственница) өкілдері алғашқьіда бірнеше жылдар бойы мәңгі жасыл болып келеді. Кейбір цитрустылардың алғашқы жапырақтары күрделі болады да, кейіңдеу пайда болғандары бір ғана жапырақ тақтасынан түрады.Бірақта онтогенезді филогенезді қайталау деп түсінуге болмайды. Онтогенездің барысыңда сыртқы ортаның әсерінен, сонымен бірге будаңдасудың негізінде өсімдіктің құрылысының және физиологиялық қасиеттерінің тұрақталған және ұрпаққа берілетін жаңа белгілері қалыптасадьі. Филогенезде осындай өзгерістердің нөтижесінде өсімдіктердің экологаялық топтары мен әртүрлі өмірлік формалары пайда болады.
	Психофизиология  --  психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 ж. француз философьі Н. Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология аралығынан орын алады. Бастапқы кезде физиологиялық дәл объективті әдістерге сүйенетін психиканың ауқымды зерттеулерін белгілеу үшін "физиологиялық психология" ұғымымен қатар қолданылады. Психофизиологияның басты мақсаты  --  нейрофизиологиялық механизмдерді түсіндіру арқылы психикалық құбылыстарды түсіндіру немесе адам организмі қызметін тұтас синтездік тұрғыдан, құрылымдық-мағыналық сыңайдан қарастыру арқылы әрбір психикалық құбылыстың физиологиялық тетігін және әрбір физиологиялық процестін психикалық маңызын айқындау. Қазіргі кезде психофизиологияда дәстүрлі әдістермен (сенсорлық, моторлық, вегетапиялық реакцияларды тіркеу, миды жасанды ширықтыру (стимуляция және миға зақым келу салдарын талдау) қатар электр-физиологиялық әдістер (электрэнцефалография және т.б.), сондай-ақ сараптау мәліметтерін өңдеудің математикалық тәсілдері қолданылады. Психофизиологияның мынандай жеке бағыттары бар: сезім мүшелерінің психофизиологиясы, мотивация психофизиологиясы, эмоция психофизиологиясы және т.б. Әсіресе жеке тұлғалық-психологиялық айырмашылықтардың физиологиялық негіздерін зерттейтін дифференциалдық психофизиологияның маңызы зор. Психофизиология саласындағы зерттеулер зиятты қабілеттің, темпераменттің және т.б. психодиагностикасының дамуына себепші болады. Психофизиологияның жетістіктері клиникалық практикада, психикалық процестердің кибернетикалық үлгілерін құруда, сондай-ақ психологияның қолданбалы салаларында (психогигиенада, эргономикада, спорт психологиясында және т.б.) қолданылады.
	
Бақылауға арналған сұрақтар:
* Тарихтағы, ғылымдағы және мәдениеттегі <<даму>> категориясы.
* Ғылымның даму кезеңдеріндегі <<даму>> категориясы туралы тұжырымдары
* Дамудың негізгі формалары, онтогенез, филогенез.

Қолданлыған әдебиеттер тізімі:
* Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва -- Воронеж, 1996.
* Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
* М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
Дәріс№5
Тақырыбы. Психикалық құбылыстардың детерминациясы. Психикалық дамудың әлеуметтік және генотиптік мәселелері 
Сұрақтары: Психика дамуының факторлары: тұқымқуалаушылық, орта, белсенділік. Психикалық дамудың биогенетикалық концепциясы және оның орны. Нутаралистік негіздегі психикалық дамудың негізгі теориялары (А.Гезелл, К.Бюллер, В.Штерн). Психикалық дамудың социогенетикалық концепциясы және оның орны. Социум француздық әлеуметтік мектептеріндегі түсініткі принцип ретінде. Э.Дюркгейм және Ж.Пиаженің ғылыми негіздері.  Француздік генетикалық психология. Детерминант А.Валлон және  Р.Заззоның ғылыми тұжырымдары. 
	Мақсаты: Студенттерге  психикалық құбылыстар және олардың дамуы жайлы түсінік беру. Теориялық білімдерін жетілдіру. 

1.  Адам психикасының дамуында екі негізгі фактордың ролі маңызды орын алады:  1.биологиялық фактор- табиғи, тұқымқуалаушылық2.әлеуметтік фактор - өмір шарты, орта Осы факторлардың өзара арақатынасы биологизаторлық және социологизаторлық теорияларының өкілдерімен әралуан қарастырылады. Биологиялық факторға тұқымқуалаушылық жатады. Тұқымқуалаушылық арқылы бала жүйке жүйесі, бас миы, сезім органдары құрылысы, дене белгілері сияқты адамзат ерекшелік алады. Балалар сонымен бірге биологиялық, инстинкті қажеттіліктерді де ( тамаққа, жылу т.б. қажеттілік), жоғары жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерінде алады. Биологиялық фактор баланың тууын оған ғана тән адамзат ерекшеліктерінің құрылысымен, оның жеке басының қалыптасуына мүмкіндік беретін әртүрлі органдар мен жүйе іс-әрекетінде маңызды орын алады.Отандық психологтардың есептеуінше тұқымқуалаушылық арқылы екі негізгі момент беріледі. Олар темперамент және қабілеттер нышандары. Әртүрлі адамдарда орталық жүйке жүйесінің қызметі әртүрлі. Қозу процесстері басым болып келетін күшті және қозғалыстық жүйке жүйесі холериктік, <<қызба>> темпераментті береді, қозу мен тежелу процесстерінің тепе-теңдігі  -  сангвиникті, ал күшті, бірақ аз қозғалмалы, тежелуі басым болып келетін жүйке жүйесі  -  флегматиктік және жүйке жүйесі әлсіз бұл  -  меланхоликтік темпераментті береді. Алайда қоршағандар үшін қарым-қатынасуға жеңіл болатын, ыңғайлысы сангвиник бола тұрғанымен, басқа балаларға табиғатпен берілген темпераметті <<сындырмау>> қажет. Холериктің аффективтік атпаларын басуда және флегматикті оқу тапсырмаларын орындауға кішкене тезірек қозғалуын түрткілей отырып, ересек адамдар әр уақытта сол балалардың ерекшеліктерін ескеріп, күші келмейтін істерді істеуге талап етпеуге тырысуы керек. Тұқымқуалайтын нышандар қабілеттердің даму процессін жеңілдетіп, оған өзіндік бір ерекшеліктерді қосады. Қабілеттердің де дамуы тек нышандарға ғана байланысты емес. Егер де абсолютті есту қабілеті бар бала әрдайым музыкалық аспаптарда жаттықтырылып ойнамаса, онда оның арнайы қабілеттері дамымай қалады. Егерде бала сабақта бәрін бірден қабылдап, ал үйге келгенде тапсырмаларды орындамаса,ол үздік оқушы бола алмайды және де оның жалпы қабілеттері де дамымай қалады. Қабілет іс-әрекетте дамиды. Негізінде баланың өзіндік (дербес) белсенділіктің соншалықты маңызы бар, тіпті кейбір психологтар оны психикалық дамудың үшінші факторы деп есептелінеді. Тұқымқуалаушылықтан басқа биологиялық фактор өзіне бала өмірінің құрсақ іші кезеңнің өту ерекшеліктерін де қосады. Анасының сырқаттануы, сол кезде оның қабылдаған дәрі-дәрмектері баланың психикалық дамуында ауытқулар тудыруы мүмкін. Сонымен қатар баланың ары қарайғы дамуына туу процессі де өз әсерін тигізеді. Сондықтан да баланы туу процессіндегі жарақаттардан сақтандырып, оның бірінші дем алуын уақытында жасауын қадағалау керек. Бала дамуының бірінші концепциясының пайда болуына үлкен үлесін қосқан Ч. Дарвин теориясы еді. Ол даму, генезис бегілі бір заңға бағытталадындығы туралы идеяны алғаш рет нақты құрастырып көрсетті. Психологиялық теориялардың биологизаторлық бағыты ішіндегі ерте шыққан концепциялардың бірі рекапитуляция концепциясы. XIX ғасырда Э. Геккель эмбриогенезге қатысты биогенетикалық заңды қалыптастырды: онтогенез (индивидуалды даму) бұл филогенездің (түрдің тарихи дамуы) қысқа да тез қайталануы. Бұл заңдылық баланың онтогенетикалық даму процессіне ауысқан.Жасерекшелік психологиясына әкелінген биогенетикалық заң психиканың дамуын адамзаттың мәдени-тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің және биологиялық эволюция деңгейлерінің қайталануы ретінде көрсеткен. Бұл бағыт өкілдерінің айтуынша, өзінің құрсақ іші дамуы кезінде эмбрион (адам ұрығы) қарапайым екі жасушалы ағзадан адамға дейін даму жолынан өтеді. Бір айлық ұрықтан омыртқалылар типінің өкілін байқауға болады, оның басы үлкен, құйрығы және желбезектері болады; екі айлық ұрық адам түріне келе бастайды, оның саусақтары көрініп, құйрығы қысқарады; төртінші айдың соңына қарай эмбрионда адам бет-жүзінің белгілері көріне бастайды. Американ психологы Ст. Холлдың айтуынша, түнде балалар шошып оянады да, одан кейін ұзақ уақыт бойы ұйықтай алмайды. Бұны ол атавизм деп түсіндірді, яғни: бала бұрын өткен дәуірлерге түседі. Ол кездері адамдар орманда жалғыз ұйықтап, өздері әр түрлі қауіпті жағдайларға төнген, сондықтан да түнде шошып оянған. Ст. Холлдың ойынша, ойын  -  бұл қажетсіз функциялардың және рудименттердің толық жойылуы үшін қажетті жаттығу; бала ойындарда итшабақ (головостик) ретінде жаттықтырылып, құйрықтың құлап түсуі үшін әрдайым оны қозғалтады. Сонымен бірге Ст. Холл ойынша, баланың сурет салуының дамуы адамзат тарихында көркем шығармашылық өткен деңгейлерді бейнелейді. Дамудың қозғалмалы күші  -  бала дамуындағы психологиялық теорияның келесі бір мағынасы. Бұдан баланың қажеттілігі, яғни мотивациясы көрінеді. Сонымен бірге, балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы үлкендердің талап ететін стимулдары мен қарым-қатынастары, мақсаттары мен шешімдері. Дамудың қозғалмалы күші ретіндегі қойылатын шарт ол бала іс-әрекетіндегі өзіндік мотивация, оны күшейту және оқыту мен тәрбиелеу мақсатының бағыттылығы. Әр баланың  жеке дара дамуы анықталған жағдайда, яғни нақты  заттық материалды және рухани мәдениет, адамдармен олардың арасындағы қарым-қатынас кезінде жүзеге асады. Осының бәрі баланың психологиялық дамуына жағдай жасайды. Дамудың қозғалмалы күші бірдей болғанмен, олар әртүрлі жағдайда психологиялық мінез-құлық жағынан әртүрде дамиды. Бұл даму мен жетістік деңгейінің шапшаңдығына байланысты. Бала дамуындағы жағдайлар неғұрлым орайлы болса, өз уақыт кезеңінде көптеген жетістіктерге жетеді. Тағы бір психология дамуымен байланысты теориялық мағына  -  даму факторы. Бұл оқыту құралы мен әдістерінің бірізділігі, оқыту мазмұны мен ұйымдастырылуы, оқөытушының педагогикалық дайындық деңгейі. Бала дамуындағы жасерекшелік заңдарының түсінігі қызметтің жетекші түрі мен қарым-қатынастың жетекші типі мағынасы елеулі орын алады. Баланың жетекші қызмет түрі танымдық процестің дамуындағы жетістіктердің анықталуы, ал қарым-қатынастың жетекші типі жекедаралық негізгі жарамды кескіні бекітіліп, құрастырылады. Баланың психологиялық дамуы жас мағынасымен көрсетіледі. Бұған дене, психологиялық немесе ерекшеліктерімен мінезделетін мінез-құлық дамуы жатады. Психологияда жас туралы екі түсінік қалыптасқан: дене және психологиялық. Біріншісі, баланың туғаннан күн, ай, жылын мінездеп көрсетсе, екіншісі психологиялық даму кезеңін қамтиды. Өтпелі кезеңде балалар өз қылықтарымен үлкендерді алаңдаттырады. Бұндай жағдай жасерекшелік психологияда дағдарыс деп аталады. 
Баланың физикалық дамуы танымлық процестерінің жетілуі. Баланың  дамуы біруақытта көптеген іс-әрекет түрлері мен қарым-қатынас аралығында пайда болады. 
Бала дамуының жалпы және негізгі мағыналары оның жас ереккккшелігіне сай психикалық жағынан дамуында туындайтын мәселелер болып табылады. Баланың  танымдық, жекедаралық және мінез-құлық дамуында ерекше орын алатын іс-әрекет түрі  -  ойын. 
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психологиясының дамуына тигізетін ықпалы ерекше. Себебі, аталған факторлардың әрқайсы өзінше психиканың дамуында бөлек қызмет атқара алмайды. Бірінің қызметіне екіншісі тәуелді болып байланысады. Бұл фактор мәселелері психика және мінез-құлық дамуына тигізетін ықпалын баланың мүмкінгінше дамуымен, оның оқуы, тәрбиесі, алған дағды, іскерлік, білім, интеллектуалды қабілеттері баланың жеке тұлға сапасының құрылуымен байланыстылығы деп түсіндіріледі. 
Қазіргі ғалымдар адамдардың психикасы мен мінез-құлқы, көбінесе өзі туа біткен мінездемеге сай екенін мойындайды. Сондықтан, оқыту мен тәрбиенің үлкен бөлімі  -  психика және мінез-құлқы. Даму организмнің жоғары сатыға өсуімен қатар, жетілуінен сонымен бірге үйренуінен тәуелді. Келесі дамудың сатысы дағдылар мен келісімді рефлекстер. Олар өмір жолында берілген генотиптік туа біткен психика мен мінез-құлық формалары жолында үйлестіріледі. /Сезінуге қабілеттілік, элементарлы қабылдау, механикалық есте сақтау, автоматты және рефлекстік қозғалыстар т.б./ Келесі жоғары даму сатысы ес пен ерік байланыстылығы мен адамның психика мен мінез-құлық реттілігінің қосылысы. Психика тіршілік қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болғандықтан, тіршілік дүниесінде даму прогресивтік түрде өріс алатыны белгілі. Егер биологиялық факторлар ықпалы баланың жас кезінде үлкен роль атқаратын болса, бала есейген сайын оның ролі кемиді де,  енді әлеумет факторының ролі күннен-күнге өріс ала бастайды.  
Ст. Холлдың бұндай көзқарасы бір қатар психологтардың сыни пікірлерін тұғызды. С. Л. Рубинштейн айтқан, бұндай аналогиялар дұрыс емес: ересек адам қаншалықты қарапайым болғанымен де, табиғатпен қатынасқа, тіршілік үшін күреске жетілген, дайын индивид ретінде түседі; ал балада қоршаған шындықпен қатынасу мүлдем басқаша болады. Сондықтан да ұқсас болып келетін құбылыстар басқа бір себептерден туындайды және де басқа бір феномен болып келеді.2. Психологияда рекапитуляция концепциясының теориялық қалыптаспаушылығы эмбриологияда бұл концепцияға сыни қатынас пайда болар алдында белгілі болған. И.И.Шмальгаузен филогенезде тұтастай эмбриогенездің шешуші қайта құрылуы, дамудың шешуші кезеңдерінің төмен түсуі жүретіндігін көрсеткен.А. Гезелл психологияға балалардың туғанынан бастап жасөспірімдік шаққа дейін психикалық дамуын лонгитюдтті әдісі арқылы зерттеуді енгізді. Ол егіздерді монозиготалы әдісін зерттеген. Және жетілу мен үйрету арасындағы қатынастар анализі үшін егіздер әдісін ең бірінші болып қолданған. А. Гезелл өмірінің соңғы жылдарында қалыпты даму ерекшеліктерін тереңірек түсіну үшін соқыр баланың психикалық дамуын зерттеген. Клиникалық практикада А.Гезеллмен құрастырылған нәресте жүріс-тұрысының атласы кеңінен қолданылады. Оның ішінде баланың туғанынан бастап, екі жасқа дейін әлеуметтік жүріс-тұрысын және қозғалыстық белсенділігін тіркейтін 3200 (!) фотосуреттер бар.Психика мен жүріс-тұрыстың дамуы инстинктивтіден ойлауға қарай, бейсаналы формадан саналыға бағытталып жүреді. Дамудың төменгі деңгейінде берілген биологиялық инстинкттер күрделі ұйымдасқан кез келген тіршілік иесінде болады. Олар туғанынан бастап ағза өмірінің соңғы кезеніне дейін сақталынып, қолданылуға дайын тұрады. Дамудың келесі сатысы ретінде шартты рефлексттер мен дағдылар қарастырылады. Олар жүріс-тұрыс (түйсінуге, қарапайым қабылдауға, механикалық еске сақтауға, автоматтық пен рефлексивтік қозғалыстарға және т.б. қабілеттері) пен психиканың туа біткен, генотиптік түрде берілген негізде жүре пайда болады. Дамудың үшінші жоғарғы деңгейі адамның психикасы мен жүріс  -  тұрысын реттеуге ерік пен сананың қосылуымен байланысты.Негізінен тірі ағзалар дамуында келесі заңдылық байқалады: өзінің даму деңгейінің эволюциялық сатысында тірі ағза неғұрлым жоғарғы деңгейді алса, соғұрлым оның жүйке жүйесі де күрделірек, бірақта соғұрлым оған психологиялық және жүріс-тұрыстықтың ересектік деңгейіне жету үшін көп уақыт қажет.Адамдар жануарларға тәуелсіз, дербес өмір сүруіне индивидуалдық бейімділікте орын бере отырып, олардан басқа жағынан асып кетеді. Жануарлаға қарағанда адам баласы дүниеге келгенде адам тілін үйренуге, интеллектуалдық іс-әрекеттің жоғарғы формаларының дамуына потенциалды түрде дағдыланған болып келеді. Элементарлы оқыту мен жетілудің қалыпты жолында бала сөйлеуді тез меңгереді. Алайда балада өзіндік белсенді сөйлеу кез келген жағдайларда 1-1,5 жастан ерте дамымайды да дамуы мүмкін емес те. Ол үшін бала ағзасы белгілі бір ересек деңгейге жетуі керек. Әлі де бір де бір бала ұсынылған жас деңгейінен бұрын сөйлеп келген емес.Бала туған және өскен елінің тілінде сөйлейді. Бұл бала психикалық дамуына орта әсер ететіндігінің ең айқын дәлелі. Егер де сөйлеу көптеген басқа психикалық процесстердің, сонымен бірге интеллектуалдықтың да негізі болып келетіндігі белгілі болса, онда адамның индивидуалды дамуына орта әсері үлкен екендігін айта аламыз.Бала психикасының дамуында биологизаторлық бағытқа қарама-қарсы бағыт  -  бұл социологизаторлық бағыт. Оның қайнар көздері XVII ғасырдың философы Джон Локктың идеаларында. Оның ойы бойынша бала дүниеге келгенде оның жаны ақ балауыз (воск) тақтадай (tabula rasa) таза, пәк. Бұл тақтада тәрбиелеуші кез келген нәрсені жазып, қалдыра алады және бала жақын ересектері оны қандай болып көргісі келетіндігіндей болып өседі.Екінші бағыт - бұл социологизаторлық. Бұнда баланың психикалық дамуына негізгі әсер етуші  -  бұл орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама түрде  -  сол табиғи аумақта дәстүрлі болып келетін еңбек іс-әрекетті түрінде және бала тәрбиесі жүйесін анықтайтын мәдениеті арқылы - әсер етеді. Дамуға әлеуметтік орта да әсер етеді, сондықтан орта факторын әлеуметтік деп атайды. Әлеуметтік орта  -  бұл баланың өсетін қоғамы, оның мәдени дәстүрлері , басым идеалогия, өнер мен білімнің даму деңгейі, негізгі діни ағым. Әлеуметтік орта  -  бұл бала психикасының дамуына тікелей әсер ететін ең жақын әлеуметтік айнала: ата-ана және де жанұяның басқа да мүшелері, бала  -  бақша тәрбиешілері, кейін мектеп мұғалімдері (кейде жанұя достары мен шіркеу қызметкерлері, имамдар). Өсе келе жас ұлғайған сайын әлеуметтік орта да кеңееді: мектепке дейінгі балалықтың аяғынан бастап, бала дамуына құрдастары әсер ете бастайды. Ал жасөспірімдік және жоғарғы сынып жастарында мәнді түрде кейбір әлеуметтік топтар да  -  бұқара ақпарат құралдары арқылы, митингтерді ұйымдастыру арқылы, діни қауымдастықтардағы үгіт  -  насихаттар және т.б. арқылы - әсер ете бастайды. Адам жеке бас ретінде белгілі бір әлеуметтік орта әсерінен қалыптасады. Орта- психикалық дамудың факторы ретінде күрделі, психологиялық дамуға әлеуметтік, табиғи әсерлерді қатар түсіндіретін жан-жақты фактор. Бала психикасының дамуында белгілі бір әсерді табиғи орта: ауа, су, күн, жер тартылысы, электромагниттік өріс, климат ерекшеліктері, өсімдік әлемі де әсерін тигізеді.Баланың психикасының дамуында негізгі күшті оның адамдар қоғамындағы өмірі береді. Адам қоғамынсыз бала психикасының дамуы да болмайды. Тарихта адам баласының жануарлар ортасында тәрбиеленіп, адам өміріне қайта оралуы сияқты жағдайлар аз емес. Олар маңызды адам сапаларын меңгермеген: сөйлеуі, интеллекті қабілеті, адамдық сезімі, өзіндік санасы дамымаған.  Әлеуметтік ортадан тыс бала дами алмайды ол жан-жақты дамыған жеке бас. Бала өзінің маңайындағы әлеуметтік ортадан қажетті білім, іскерлік, қарым-қатынасты алады. Бірақ үлкендер нақты жастағы меңгерілетін әрекетті ескерулері қажет. Сензитивті кезеңді өткізбей баланың өз уақытына сай дамуына қажеттіні берулері керек. Л.С. Выготскийдің айтуынша, бұл кезеңде баланың барлық психикалық дамуында белгілі бір әсер етулер өз көрінісін табады және де онда терең өзгерістерді тудырады. Басқа кезеңдерде тура сол жағдайлар нейтралды болып қалуы мүмкін; кейде даму жолына Дамудағы әлеуметтік ортадағы факторды қолданушы психологтар үшін, оқу принципті маңызды момент.Л.С. Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші ролі жағдайын жылжытты. К.Маркс пен Ф.Энгельстің адамның әлеуметтік мәні түрі идеалдарына негіздей отырып, ол адамның жоғарғы психикалық функциясының жемісін мәдени-тарихын дамудан көрсетті. Жоғарғы психологиялық функция алғашқыда өзара іс-әрекетте, ынтымақтастықта, басқа адамдарды қарым-қатынаста қалыптастырады және бірте - бірте ішкі жоспарға айналып, баланың ішкі психикалық процестері болады. Үлкен адаммен бірлескен іс-әрекеттегі оқыту процесінде жоғарғы психикалық функцияның қалыптасуы <<дамудың танудағы аймағында>>. Л.С.Выготскийдің бір түсінігі әлі жетілмеген, жетіліп келе жатқан психикалық процестерін білдіреді. Бұл процестер қалыптасқанда, оларға тесттік тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальды даму деңгейін анықтаймыз.С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготскийдің позициясын нақтылай отырып, даму мен оқытудың белгілі түрін айтады. Оқыту баланың нақты даму деңгейі мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіндіктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Дамудың биологиялық және әлеуметтік факторларының арақатынасы сұрағы да маңызды. Вильям Штерн екі факторлардың конвергенциясы принципін жылжытты. Оның пікірінше, бұл екі факторлар да баланың психикалық даму үшін тең дәреже маңызды және оның екі сызығын анықтайды. Бұл даму сызықтары (1-тұқымқуалаушылық, 2-орта) қиылысады, яғни конвергенция болады. Биологиялық пен әлеуметтік бағыттардың қиылысуы туралы көзқарастар отандық психологияда негізінен Л.С.Выготскийдің тұжырымдарына негізделген. Л.С.Выготский даму процессінде тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік моменттердің бірлігі туралы да айтқан. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында көрініс табады. Қарапайым функциялар (түйсік пен қабылдаудан бастап) жоғары функцияларға (ырықты зейін, логикалық ойлау, сөйлеу) қарағанда көбіне тұқымқуалаумен шартталған болып келеді. Ал жоғарғы функциялар  -  адамның тарихи-мәдени дамуының өнімі,ал тұқымқуалайтын нышандар бұнда психикалық дамуды анықтайтын моменттердің емес, алғышарттардың ролін ойнайды. Неғұрлым функция күрделілірек болса, неғұрлым оның онтогенетикалық даму жолы ұзын болса, соғұрлым оған тұқымқуалаушылықтың әсер етуі азырақ болады. Сонымен бірге дамуға әруақытта да орта қатысады. Ешқашан да бала дамуының ешбір белгісі, соның ішінде базалық психикалық функциялар да таза тұқымқуалаған болып табылмайды. Қазіргі шетел психологиясы тұқымқуалаушылық белгілері мен әлеуметтік орта сипатының өзара әрекетін көрсетеді. Тұқымқуалаушылық, арқылы қандайда бір қасиеттің даму диапазоны анықталса (мысалыға, музыкалық немесе спорттық қабілеттер), осы диапазон ішіндегі қасиеттің даму дәрежесі орта жағдайына тәуелді. (Л.Первин, О.Джон)Бұл екі бағыт да, яғни биологизаторлық пен социологизаторлық дамудың екі факторының бірін басу немесе жоққа шығару сияқты біржақты көзқарастарында кемшіліктері бар. Сонымен қатар даму процессі өзіне лайықты сапалық өзгерістер мен қарама-қайшылықтардан айырылады: бір жағдайларда тұқымқуалаушылық механизмдері қосылса, екінші жағдайларда орта әсерінен көп тәжірибе алынады. Өзіндік белсенділікті көрсетпейтін баланың дамуы өсу, сапалық үлкею немесе көбейту процессіне ұқсайды.
   3.  Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:1) биогенетикалық;2) социогенетикалық.Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы "балалық шақ" ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын "балалық шақ" ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы:  (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым  --  педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның "жалған ғылым" ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. 
Индивидтің қасиеті әр психологиялық және мінез-құлық дамуы мен қалыптасуында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді белсенді бастауымен жүргізілетін өзіндік кезең болып табылады. Бұл аталған қасиет дамудағы сензитивті кезең деп аталады. Көптеген психологиялық қасиеттің және мінез-құлық ерекшеліктерінің өзіндік дамудың сензитивті кезеңін атап көрсетуге болады. француз этнографы, антрополог Клод Леви  -  Стросе (1908ж.т.), структурализмнік көш басшысы, оның көзқарастарының эволюциясы семотиканың бөлігі ретінде, ал мифті тіл феномені ретінде қарастыруға жеткізеді;- француз әдебиеттанушысы ролан Барт (1915-1980), Ливи Стросс идеяларын дамыта отырып, құрылымдық талдаудың шексіз қолданбалығы жөнінде қорытындыға келеді. Оның пікірінше, мәдениеттің кез келген көріністерінде: бұқаралық коммуникацияларда, модада, қала құрамында-<<социологияны>> байқауға болады;- француз зерттеушісі Жак Лакан (1901-1981), құрылымдық немесе лингвистмкалық, психоанализдің негізін қалаушы, ол, бесаналық тіл ретінде құрылымданған, ал сондықтан ол рационалдауға, мәдениеттендіруге, өнер туындылары мен мәдениеттің басқа да құрыстарына айналдыруға көнеді деген, қағиғадан шығады; 
4. Барлық психологиялық теорияларының қарастыратын мәселелсі  -  қозғаушы күш және психика дамуының қайнар көзі. Соның ішінде адамның бастамасы немесе оның тұқым қуалау негізі және орта.  Этологиялық бағыт. Негізін салған Конрад Лоренс. Ол адам мінез-құлқын жануарлардың мінез-құлық формаларымен қатар қарастырады. Ол Ч.Дарвин теориясын негізге ала от ырып, адамды биологиялық өнім ретінде қарастырды. Адамдардың өмірі басқа жануарлардан айырмасы жоқ. Сондықтан оның мінез-құшлқы инстинктивті-детерминантты. Ал адамға тән жоғарғы адамгершілік қасиеттер  -  махаббат, достық, көре алмаушылық, т.б. туа біткен инстинктер. Олар жеке индивидтің түр ретінде сақталуына бағытталған. Теорияның негізі биологиялық құндыллыққа негізделген. Кейбір мінез-құлық формалары дамудың кейбір кезеңдерінде пайда болады, яғни сензитивті кезең. Баланың психикалық дамуы табиғи инстинктердің қосылуы деп бағалайды этологтар.  Психоаналитикалық бағыттың негізін салған З.Фрейд. Псиъхикада ауытқуы бар адамдарды зерттеу барысында ол ауытқулардың бәрінің органикалық себебі денесінде немесе жүйке жүйесінде емес көп эағдайда санада немесе адамның жеке проблемасынан қарастырып, іздестірсе керек деді. тану, байлау теориясының негізін салған Джон Боулби мен Мария Эйневорт. Бұнда да  психоанализ теориясындағы сияқты баланың ересектермен ерте нәрестелі кезеңдегі мінездемелер, қарым-қатынастар сипатталады. Балалның ата-анасымен алғашқы кезеңдегі тану, тығыз қарым-қатынас психикалық дамуға әсер етеді. Алайда, психоанализден ерекшелігі баланың анаға деген байланысы тек материалдық қанғаттану байланысты емес, негізгісі ана өмір қауіпсіздігін, қорғаныш қызметін атқарады.  Когнитивті даму теориясы. Негізін салған жан Пиаже. Ч.Дарвиннің биологиялық эволюциясы теориясы бойынша негізделе отырып, ол баланың ақыл-ойының дамуын адаптацияға, қоршаған ортаға бейміделуімен қарастырады. Пиаже тұжырымдамасының негізі + операция, яғни баланың ойша әрекеті және ол қайтарымдылығымен сипатталады. Пиаже пікірнше, операцияларды меңгшеру және оның қайтармыдылығы баланың ақыл-ой дамуының қайнар көзі. Теорияның негізі бейімделу категориясымен де байланысты. Адаптация ассимиляция мен аккомадация арқылы  жүзеге асады. Аккомадация  -  балада бар дайын ойлау құрылысына жаңа, белгісіз құбылыстарды енгізуге тырысу.  Бихевиоризм және әлеуметтік даму теориясы. Бихевиоризм және әлеуметтік даму тоериясының негізгі зерттеу пәні баланың ішкі дүниесі емес, бақыланатын мінез-құлық тәртібі. Сондықтан, бұл бағыт <<бихевиоризм>> дегенді білдіреді. Теорияның қайнар көзі И.Павыловтан басталады.  Бала дамуындағы екі факторлы конвергенция теориясы. ХІХ ғасырда  конвергенция немесе екі факторлы теория пайда болды. Негізін салған В.Штерн.  Оның айтуынша психикалық даму конвергенция /қосылу/ яғни ішкі және сыртқы жағдайлардың қосылуынан пайда болады. Әлеуметтік үйрету теориясы. Тұжырымдамасы баланың қазіргі заманға бейімделуін жне оның қазіргі заман әдеттері мен нормаларын игеруін көрсетеді. Бұл бағыттың өкілдері классикалық шарттастық пен оперантты үйретумен қатар имитация және еліктеу бар деп есептейді. Бұндай үйрету америка психологиясында қаралды. Әлеуметтік үйрету теориясында даму проблемасы фрейдизмнен бастау алған бала мен қоғам арасындағы антогогизм негізге алынған.  
Бақылау сұрақтары: 
Адам психикасының дамуында екі негізгі факторын ата 
Дамудың қозғалмалы күші дегеніміз не?
Баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар бағыты не болып табылады? 
Социум француздық әлеуметтік мектептеріндегі түсініткі принцип ретінде не айталасыз.
Қолданылған әдебиеттер: 

Общая психология/ Е.И. Рогов.  -  М., 1998
Носкова, О.Г. Психология труда.- М., 2007
Смит, Р. История психологии.- М., 2008
Марцинковская,Т.Д. История психологии.-М.,2007
Немов, Р.С.  Психология.В 3 кн.Кн.1.Общие основы психологии .-М.,2003
Жарикбаев, К.Б Психологическая наука в Казахстане :(История и этапы развития в ХХ в.).-А.,2002
Дәріс№6
Тақырыбы: Психикалық дамудың негізгі заңдары мен қозғаушы күштері
Мақсаты: Іс-әрекеттің жалпы типін анықтайтын қайсыбір біркелкі тәсілдеріді балалар әр түрлі дәрежеде сәтті қолдануы мүмкін. Бұл нақтылы іс-әрекетті жүзеге асырудың негізіне жататын психологиялық механизмдердің ерекшелігіне байланысты болады. психологиялық зерттеулерден алынған деректер бұл механизмдер жекелеген оқу пәндеріне операциялар мен қарым-қатынас түрінде ғана болмай, жалпылама сипатта болатынын көрсетіп отыр. Мәселен, Д.И.Богоявленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская және тағы басқа психологтар ақыл-ой  іс-әрекетінің жалпылама  тәсілдерінің (абстракция, салыстыру, анализ, синтез) балалар ақыл-ойы дамуының жалпы процесінде алатын маңызын көрсетіп берді. Мысалы, <<бөлшек-бүтін>> қатынасын арифметикалық есеп шығаруда қолдану үшін бала, бұл қарым-қатынас жөніндегі жалпылама білімді есептің нақтылы шарттарымен үйлестіріп және шарттардан осы қарым-қатынасқа сай келетін элементтерді (балада болған қарындаштар  -  бүтін ,ал қалғандары мен оның бергендері - бөлшектері) бөліп шығаруы тиіс. Мұның бәрі өздігінен болатындай және мұндай көре білушілік негізіне ешбір айрықша әрекет жатпағандай көрінуі мүмкін. Шындығында, бұлай есем. Тәсілді қолдану процесінде берілген тәсілмен игерілген білімді қолданылатын нақтылы міндетпен байланыстыра білу қажет. Оқушыларды мұндай арақатынстың неғұрлыс жоғары формаларына, мысалы, нақтылы және абстрактілі білімнің арақатынасын белгілеп, байланыстыра білуге үйретіп отыру керек.
	Тәсілдер мен білімді қолданудың негізне жататын психологиялық механизмдерің даму типі немесе дәрежесі қайсыбір оқушының дәл өзінде,ол түрлі іс-әрекет орындағанда да, тіпті түрлі пән оқығанда да көбінесе біркелкі болып шығады. Мысалы, негізінен мағлұматтың нақтылы мазмұнын бағдарлап, ал абстрактілік жалпылама маңызды бөліп шығаруға келгенде қиналатын баллар көбінесе бұларды математикада да, физикада  да, тарихта да, әдебиетте де көрсетіп отырады. Сол сияқты, дәл осылай, формализмге үйір болу материалдың нақтылы ерешеліктерін талдау және еспке алу орнына абстрактілі схеманы арттырып жіберу де балаларда әр түрлі іс-әрекеттерде көрініп отыруы мүмкін.
	Сонымен тәсілдер мен білімді қолданудың негізіне жататын жалпылама психологиялық механизмдердің қалыптасуы балалардың даму процесінің маңызды жағын құрайды.
	Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен іс-әркет тәсілдерінің өзгеріс, күрделіленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиететрінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен.   Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымның ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады. 
* 	Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму проесінде қалыптасатын мотивтер сан алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарынң негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімдердің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгерім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальді қарадүрсін қара сипатқа ие болады. екінші балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарп, жаңа білім алғанды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндеріне бірдей тырыспайды. Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы мен қызық болуы маңыздырақ. Көптеген балалар үшін неғұрлым маңыздысы  -  айналасымен өзара қарым-қатынас жасау. Бұл балалардың мінез-құлқы коллективтегі құрдастырымен, үлкендермен өзара қарым-қатынастың дағдылы тәсілдері маңыздырақ болып саналыд. Жеткіншек шақта, басқа типтермен қатар, өзерінің жеке басын қалыптастыру мен нығайтуға тура бағытталуы, сондай-ақ болашақ іс-әрекетке деген мақсат айқынырақ көрінеді.
	Адамның жеке басының жетекші бағдары балалардың психикалық дамуының көптеген басқа жақтарын да анықтайды. Мысалы, танымдық бағыттылығы бар балалар сыртқы болмыс заттары мен құбылыстары туралы білім алуға тырысады, білім алу тәсілін санада берік сақтайды. Сөйте тұра осы оқушылар қималдарын, дағдыларын жетілдіре түсуге жөнді ықылас, іс-әрекет нәтижесінде (әсіресе практикалық сабақтар орындауға қатысты болғанда) үнемі айқын мақсаттылық көрсетпейді. Оқу бағдарлары бар балалр оқу тапсырмаларын, жекелеген операцияларды мұқият орындаумен ерекшеленеді. Бірақ оларда кейде үйренген қалыппен жұмыс жасау ағымы пайда болып, жаңа міндетті (игерілмеген үлгі бойынша)  шешудің ортақ тәсілін өздігінен бөліп алуға келгенде қиалады. Басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасауды ерекше маңызды деп санайтын қайсыбір балалар бқл бағыттылықты түрліше жүзеге асырады. Мысалы, қайсыбір балалар үздік оқушы позициясын алуға тырысса, екіншілері бұзық, сотқар, т.б. атануымен қанағаттанды. 
	Жалпы бағдар балалардың мектептегі өмірін және олардың ұғым, біоім, мінез-құлық тәсілдерінің қалыптасу еркшелігін анықтап отырады. Сонымен, адамның жеке басының бағдарын ескеру-оқушыларды оқыту (білім мен тәсілдерді игеру) мен тәрбиелеуді (адамның жеке басын дамыту) неғұрлым тиімді жүзеге асырудың бірінші және қажетті шарты.
	Бағдар оқушының жеке басының типін бірден және біржолата анықтайтын қатып қалған, өзгермейтін сапа емес. Жасы өскен сайын оқушылардың жетекші бағдарын өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, төменгі сынып оқушылары үшін оқу іс-әрекетінің маңыздылығы біртіндеп арта түссе,  төртінші сыныпқа жеткенде айналасындағылармен қарым-қатынасының маңызы артады.
	Балаларды оқыту процесінде дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа, бала психикасы дамуының әр жағына тән нақтылы педагогикалық шарттарды да ескерудің маңыздылығы дәлелденіп отыр. Оқыту процесінде оқушыар түрлі оқу пәндеріне білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін игереді.  Оқу үстінде баллар адамзаттың және тұтас алғанда, ғылымның өткен жолын қайталамайды. Білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін балалр жаңадан ашып, жатпай, сырттан берілгенді игеріп отырады. Өзіндік міндетіне бпайланысты жаңа іс-әрекет, жаңа тәсіл міндетті түрде оқытуға енгізіледі  де ол сол мәчлені шешудің құралы болады. 
Балалар жаңа міндеттің өздері бұрын орынлағандармен салыстырғанда қандай өзгешелігі және оны шешу құралы ретіндегі жаңа іс-әрекеттің қандай ерекшелігі бар екендігі түсінуі керек. Тек осы жағдайда жаңа іс-әрекетті, әсіресе белгілері бар операцияларды игеру саналы, мағыналы болады.
Жаңа мазмұнды жеткңізудің ең тиімді әдісі осы мазмұнды бала үшіні әдейі бөліп алып, модель арқылы қалдыру екенін көптеген психологиялық және педагогикалық зерттеулердің нәтижелері дәлілдеп отыр. Ол, сөйтіп, жалпылама-абстрактілі түрде игеріледі де соңынан нақты жағдайларда қолданылып отырады. Оқытудың бұл жолы әсіресе нақтылы заттардан тікелей <<көрінбейтін>> мазмұнды, яғни теориялық, нағыз ғылыми білімдерді игергенде өте маңызды.
Тәсілдер мен білімдерді оқушылардың нақтылы іс-әректтерінде нәтижелі қолдануды қамтамасыз ететін психоллгиялық механизмдердің қалыптасуы мен дамуы басқаша педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-әрекеттің бұл бөлшектерін балаларға жадпылама іс-әрекет тәрізді даяр түрде беруге болмайды. Олар ьіртіндеп, нақтылы материалдармен іс-әрекет жасау процесінде қалыптасады. Арнайы жаттығулардың көмегі арқылы балаларға білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өте жоғары дәрежеде қооданылуын қамтамасыз ететін ой-әрекеттерін қалыптастыруға болады.
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің, мысалы, бағдарының, ұйымшылдығының, еріктілігінің (яғни, іс-әрекет құрылымының неғұрлым жоғарырақ сатыларының) қалыптасуы мен дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Балалар өз іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын игеруі тиіс. Олар әс-әрекеттің жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдерін ажырата білуге үйретеді. Бастапқыда, әсіресе мектепке дейінгі ересектер мен төменгі сынып оқушыларында, іс-әрекеттің осы кезеңдерінің әрбірінің орындалуы тексерілуі тиіс. Балалар жоспарлауды, бақылау мен бағалауды өте жиі тастап кетіп отырады.  Сондықтан олардың жүзеге асуын алғашқыда педагогтың тікелей нұсқаулары мен бақылауы, кеййіннен түрлі белгілер арқылы үнемі сырттай қостап отыру керек. Балалар іс-әрекеттң орындай отырып, оның кезеңдерінің бейнелеген схемаларына сүйенеді. Сөйтіп біртіндеп қана өз іс-әрекетін ұйымдастркдың ішкі амалдарына ауысады. Мақсаттылықты қалыптастыру  -  баланың жеке басын жан-жақты қамтитын күрделі процесс. Бір жағынан балаларды орындайтын жекелеген іс-әрекеттерін  мақсатпен, болашақ жеміспен, іс-әрекеттің қажетті нәтижесімен ұштастыра білуге, мақсаттарын міндеттердің өзгеруіне қарай іс-әрекеттерді ауыстыра, қайта құра білуге үйрету қажет. 
Жастың жалпы сипаттамасы. Жасына, немесе жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамынң психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланыты болады. айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психикалық  дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарым-қарсы көзқарас  -  жас даму білім мен дағдылардың  жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Совет психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болдаы деп П.П. Блонский мен Л.С Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұларды барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзегірске әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымның жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белігіл, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының  одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылыдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл-әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде жойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың, дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгі ) морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі ерекшеліктері де енеді. 
Жас шағы ерекшеліктеріні анықтйтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастағы өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдері. Жас кезеңін айналасындағыдармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б.Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өзге маңызды ішкі негізін құрайды. Мысалы, баланың ерте сәбилік шағындағы сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай қарым-қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдаларды игереді, онда қарапайым дәрежедеі ұғымдар қалыптасады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері байиды, тіңлі жетіледі. Осының бәрі баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңеюіне, демек, айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. ол соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының жағдаййларын өзгертеді. 
Баланың айналаысндағы адамдармен өзара қарым-қатынас және оның кез келген психикалық іс-әрекетнің дәрежесі арасындағы қарым-қатынас екі жақтан дамиды. Мәселен, оның қажеттіліктерін өзгерту, оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып келеді. Ал қарым-қатыастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-әрекетінің әрі қарай дамуының негізі болады. 
Баланың өсір сүру жағдацларының тәрбилеу мен оқыту формаларының өзгеруі жас шамаына қарай даму кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады. 


Бақылауға арналған сұрақтар:
* Психикалық дамудың аса маңызды факторы ретіндегі баланың белсенділігінң маңызы.
* Қазіргі психологиялық оқыту мен дамудың арақатынасы проблемасы.
* Балалар психологиясының жас туралы ұғым.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
* Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М.,1960. Исследование развития познавательной деятельности. Редакциясын басқарғандар: Дж.Брунер, Р.Олвер және П.Гринфилд М.,1971.
* Пономарев Я.А. Знани, мышление, умственное развития. М.,1967.
* Проблемы диагностики умственного развития учашихся М.,1975
Дәріс№7
Тақырыбы: Адамның психикасының дау заңдылықтарының әлеуметтік табиғаты
Мақсаты: Оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру.
	Адам психикасы дамуының негізігі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады және практикадаүлкен қиындықтарға әкеп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогқа көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмірсүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады. 
	Бұлай болған жағдайда  дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейрофизиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасының дамуындағы ролі қандай?
	Адам психикалық  іс-әрекеті  - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа жа жоғары психикалық функциялар биологиылқ тұқым қуалаушылық жолымен қалыптасып, берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді. Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының жоғарыда бөлініп көрсетілген үш түрінің әрқайсысына тән ерекшеліктерді де ажыратып қарастыруға болады. 
	Баланың жеке басының белсенділігі  -  психикалық даму шарты. Осындай заңды заңдылықтардың бірі мынады: баладажаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үсітнде, мысалы, тәсіл түсінде сырттан берілсе де іс-әрекетке енгізілуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсіруімен байланыстырылуы тиіс.
	Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық  шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді. 
	Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарпайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп аталатын қарпайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді. 
	Белігілі бір жағдайларда қарпайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қаьығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарпайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есептей білуге зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарпайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді есем психикалық іс-әренкет дамуы шартарының бірі ғана  болып табылады. тіпті қарпайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсерлің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр. Мәселен, психологтар жо,ары естігіштікті қалыптастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық іс-әрекет пен қарапайым функциялар арасында жылжымалы, жанама қарым-қатынастар болатындығын мидың шектелген бөлімдеріне зақым келегн науқастармен жүргізілген орнын толтыру-қалпына келтіру жұмытсраның нәтидесінде (А.Р.Лурия мен оның қызметкерлерінің зерттеулері) күрделі психикалық іс-әрекет (сөйлеу-ойлау процестері) құрылымын қайта құрудың өте бай тәжірибесі дәлелдейді.
	Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі- жо,ары нерв қыщметінің тпі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттацды. Алайда, дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және  көбінесе солармен    анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлацдың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігін ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.
	Сөйтіп, физиологиялық қарпайым тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың  арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есетеледі.
	Даму  -  баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе аламайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі  - биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі.  Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемділуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының  ерекшелігі сол олар баланың қоғамлық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым- қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибесні игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады. 
	Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде, т.б. белгілі бірмәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаоанып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен  оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды.Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін  , білімді, т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас. 
	Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәдірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол  -  оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылыған әдісі болып табылады. оқыту, , сонмымен, баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.
	Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсыбір жекелеген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы дағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдмен совет психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.
	Көптеген зерттеулерде (Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов) оқыту мазмүнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғыщатыны көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психлогы Ж.Пиаже өзі  жүргізген зертеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана аламайды деді. Пиаже сипаттаған <<сананың сақталынбауы>> деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде му құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың бсқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғаны көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зертеулері көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар балалар арасында да болмайды екен.

Бақылауға арналған сұрақтар:
* Дамыта оқыту мәселелері
* Психологияның қазіргі даму этапындағы оқыту, тәрбиелеу және дамытудың сәйкестілік мәселелері

Қолданылған әдебиеттер тізімі:1.Асмолов А.Г. Психология личности.
2.Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
3.Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
4.Выготский Л.С. Психология личности том.2.М.2000.
5.Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва -- Воронеж, 1996.

Дәріс№8
Тақырыбы: Әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі зерттеу заңдылықтарының альтернативті тұжырымдары
Мақсаты: Тақырыптың ғылыми негіздерімен таныстырып, Әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі зерттеу заңдылықтарының альтернативті тұжырымдары туралы білімдерін жетілдіру.
 	Э.Торндайктың (ХІХғ. Аяғы  -  ХХғ. басы)байқап көру және қателесу теориясы үйренудің негізгі заңларын қалыптастырған  -  жаттығу, әсер және дайындық заңдары; үйрету қисығын және осы мәліметтерге негізделген жетістіктер тестерін сипаттаған. (1904). Эксперименталды салыстырмалы психологияның көрнекті өкілі Э. Торндайк ХІХ ғ. соңында, үйретудің сол кездегі негіз бола алатын теорияларының бірі - істеп көру және қателесу теориясын ұсынған [252; тағы 245, 366-343 б.]. Оның мәні - жануарлар (Э.Торндайк экспериментті мысыққа жасаған) бірнеше рет әрекет жасау және қателесу арқылы тітіргендіргіш - стимулға сәйкес өзінің бойындағы бар реакциялардың бірін кездейсоқ тауып алады. Мұндай сәйкестік қанағаттануды туғызады, ол берілген реакцияны нығайта түседі де стимулмен байланыстырады. Егер осындай стимул қайталанса, онда реакция да қайталанады. Осы Э. Торндайктың бірінші және негізгі - эффект заңы. Екінші заң  -  жаттығу заңы болып реакцияның стимулға қоятын негізгі шарты қайталау саны, стимул әсерінің ұзаққа созылуы мен күштілігі  -  бұл екінші заң  -  жаттығу заңы. Үйретудің үшінші заңы  -  дайын болу заңына сәйкес, жануардың реакциясы оның берілген әрекетке дайындығына байланысты. Э. Торндайк: <<тек қарыны аш мысық тамақ іздейді>> деган. Өз теориясын дамыта келе Э. Торндайк үйретудің тағы да бірнеше факторларын басып озды, солардың ішінде, ерекше рөлді <<сәйкесік элементі>> ойнайды. Үйрету теориясының ары қарай дамуында бұл фактор дағдыны тасымалдау принципімен астарласады. Э. Торндайк осындай тасымал әр түрлі жағдайларда сәйкестік элементтердің орын алған жағдайында ғана жүзеге асырылады деген. Э. Торндайктың ары қарай жүргізген зерттеулері, әсіресе, адамды үйретуді сипаттауға қатысты екінші заңның біраз өзгеруіне әкелді. Э. Торндайк үйретудің тағы бір заңдылығы ретінде нәтижелерді білу ұғымын енгізді, себебі оның айтуы бойынша, <<нәтижені білмей өткізілген практика, қандай ұзақ мерзімге созылмасын  -  қажетсіз практика>>. Сонымен қатар, нәтижені білуді Э. Торндайк эффект заңының әсер етуімен қатар жүретін, стимул мен реакцияның арасында пайда болған байланысты нығайтатын сәт деп қарастырады. Э. Торндайктың мәні бойынша байланысты және әдісі мен тәсілдері бойынша бихевиористі еңбектері білім беру процесін теоретикалық тұрғыдан түсінуге маңызды әсерін тигізді.
	Бихевиоризм (ағылш. behavio(u)rism  --  қылық, жүріс-тұрыс) XX ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның қылығын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874-194). XX ғ. американ психологиясының ағымы. Ғылыми зерттеудің пәні, сана емес, қылықтың әр түрлі формалары ретінде қараған және организмнің сыртқы ортадағы стимулдарға реакциясын психика ретінде түсіндірген. Бихевиоризм алғашқы рет бағдарламасын құрастырған әйгілі американ психологі Д.Уотсон болды. Бихевиоризм ағыны негізінен ойлау мен ниетті (мотивация) зерттеуде интроспекциялық әдістердің осалдығына байланысты пайда болған. Бихевиоризм эксперименталды зерттеулерінде басым болған әдістер  --  байқау және қоршаған ортаның әсеріне организмнің реакциясын тексеру, содан соң оның нәтижесін математикалық өңдеп сипаттау болды. Қазіргі кезде әр түрлі теориялардың элементтерін қолданатын басқа да ағымдар бар, олардың бірі необихевиоризм. Бихевиоризм ілімін жалғастырушы және қорғаушы ғалым американ психологі Б. Скиннер және оның мектебі.
Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. <<Когнитивтлк психология>> деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: 
1.қалыптасу кезеңі;
2.лингвистикалық кезең 
3.когнитивтік кезең; 
4.когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі.
	Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің - тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. 
	Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін <<когнитив>> элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді.
	Когнитивтік дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде <<төрден>> алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр.

Бақылауға арналған сұрақтар:
* Әлеуметтік тәжірибені меңгеруде бихевиористік негіздегі зерттеулер
* Э.Торндайктың үш негізгі заңы
* Когнитивті негіздегі тұжырымдар

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
* Возврастная и педагогическая психология. А.В.Петровского, 2-е изд., М., 1979
* Основы педагогики и психологии высшей школы, А.В.Петровского. М., 1986
* Жұмабаев М. Психология. - Алматы, 1993, 269 б.
Дәріс№9
Тақырыбы: Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы және оның психологиядағы орны.
Мақсаты: Психикалық дамуды түсінудегі мәдени-тарихи тұжырымдар жасауға үйрету
	Выготскийдің индивид және әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік делдалын қарастырады. Ол оның белгілі табиғатына ерекше мән береді, өйткені оның арқасында адамның ішкі сезім көңіл өмірінің құрылымы және оның психологиялық фунциялары элементарлық жоғары болып өзгереді.	Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарына қатысты өзінің теориялық қортындыларының бір вариантын, Выготский өзінің 1931 жылы жазған << Жас психологиялық функциялардың дамуы>> жұмысында баяндаған. Бұл жұмыста белгілерді пайдалану процесінде адам психологиясының қалыптасуы сызба нұсқасы психологияның іс әрекетінің реттелу ретінде бірінші индивидтің басқа адаммен сыртқы байланыста, содан бұл процестің сыртынан ішке қарай ауысуы нәтижесінде субъект өзінің әрекетінен билеу қабілетін кемдеп алады. Бұл процесс интериоризация деп аталады. Выготский белгінің мағынасын зерттеуіне ерекше көңіл аударады. Осының арқасында ол өзінің оқушыларымен бірге балалық ақыл ой дамуының эксперементальді теориясын өңдеп оны басты еңбегінде <<Мышления и речи>> - << Ойлау және сөйлеу>> 1934 жазған. Бұл зерттеулерді ол оқыту мәселесімен және оның ақыл ой дамуына әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше мезгілділігін <<Зона ближайшего развития>> - <<Таяу даму заңы>> жайлы жағдай алып тұр, бұл бойынша тек <<Дамудың алдына шығатын>>, өзінің артынан тарататын, яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту ғана эффективті болып табылады.Выготский баланың дамуындағы дағдарыстарға, баланың бір жастан келесі жасқа өткен кездегі басанан өткізетін жай күйге маңызды мән берді. 	Таяудағы даму заңы  -  ол баланың актуальді даму деңгейімен және даму мүмкіндігінің деңгейінің арасындағы арақашық. <<Актуальді даму деңгейі даму жетістігін сипаттайды, өткен күнгі арналған даму қортындылары , ал таяудағы даму, ол ертенгі күнгі дамуды сипаттайды >>. Таяу даму түсінігі балалық және педагогикалық психологияда маңызды теоретикалық мағынаны білдіреді және негізгі фундаментальді мәселелермен байланысты. Таяудағы даму аймағы  -  біріккен іс - әрекет құрылуындағы жоғарғы психикалық функциялардың заңдық логикалық құрылымы, басқа адамдармен қарым  -  қатынаста бірте  -  бірте субьектінің ішкі психикалық процесс болып қалыптасады. Біріккен іс - әрекетте психикалық процесс құрылғанда,ол таяудағы даму аймағында болады, құрылғаннан кейін ол субьектінің актуальді дамуы болып қалыптасады. Л. С Выготский  -  << Оқу даму алдында жүрген кезде ғана жақсы >> және << Педагогика  -  ол бала дамуының бүгінгі күніне емес, ертенгі күніне бағдарлану керек >> деген. Выготский еңбектері жоғарғы педагогикалық мәдиниетпен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың басы ойлау, сөйлеу, эмоциялар жайлы жұмыстармен айқын көрінеді. Ол дағдарыстың тарихи мәні бар деп есептеген. Бұл мән Выготскийй бойынша психологиялық әр түрлі бөлек бағыттарға бөлуін көрсетеді. Психолог П.П Блонскийдің айтуынша психология педагогиканың негізі болу үшін өзінше дербес зерттеу жұмысын жүргізудің қажеті жоқ, бұл тек жалпы психологиялық жәйттерді мектептегі оқыту және тәрбие жұмыстарында қолдану керек делінген. Осы пікірге Выготский қарсы шығып, педогогикалық психологияны дұрыс жолға қою үшін жалпы психологияға негізделу жеткіліксіз, бұл үшін сабақ үстінде не тәрбие жұмысында балалардың ұғыну не тіл алғыш процестерін зерттеп, осы арқылы табылған мәліметтерге оны негіздеу қажет деген. Л.С Выготский осындай дәлелді келтіргенде мынандай дерекке сүйенді: жалпы психология өзінше ғылымның бір түрі. Ал ғылым жетістіктеріне негізделе отырып, оқыту тәрбие жұмысына пайда келтіру мүмкін емес.  Ж.Пиажие француз тілінде аударылған еңбегінде баланы оқытсақ та, оқытпасақ та психикасының дамуына ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылардың саны көбее бастады, солардың бірі Выготский. Ол Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқудың негізінде қалыптасады, осыған орай ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек деді. Выготскиидің айтуынша, оқыту баланың есейуін тездетеді. <<Егер баланы ақылды етемін десеңдер, оқыту тәсілдерін оны қолайлы жолмен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады>> деді. Выготскийдің оқыту дегеніміз бала психологиясының дамуынан аздап озып отыру керек деген қағидасына сүйенеді. Пихологиялық даму мен оқытудың өзаракөлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі олардың ішінен қажет екенін басшылыққа алу мүмкіндігі туады. Егер бала дамудың ең алғашқы сатысында эгоцентрикалық сөйлеу бір мәселе шешудегі әдіс тәсілдерден тұрмаса, онда бала үлкен кісіге сөйлеммен көмек сұрайды. Бала шарасыздан мақсатқа жету үшін үлкендерге өзі іске асыра алмайтын, қандай әдіс керек екенін сөзбен жеткіздіреді. Балалар дамуындағы үлкен өзгерістер мына кезде басталады, егер сөйлеу жерментерілсе, егер мәселе шешу үшін экспериментарлы емес өз бетінше әдістер тануында. Осы кезде сөйлеу интер психикалық категориядан функцияға айналады. Бала әлеуметтік тип бойынша өз мінез құлқын ұйымдастыра отырып бұрын басқаға қолданған мінез құлық әдісін енді өз өзіне қолданады. Ерте жас кезенінде адам санасында  -  қабылдау , мектепке дейінгі кезенде  -  ес, мектептегі кезенде ойлау жақсы дамиды. Ал қалған психикалық процесстер осы кезендердің барлығында дамиды. Бала әлеуметтік сөйлеудің интеризациясына өтуде қиын жол кешеді. Бұл процесстің тарихы балалық практикалық интелектісінің әлеметтенуінің тарихы және сол кезде оның символдық фунцияларының әлеуметтік шындығы болып табылады. Л.С. Выготскийдің ғылыми жұмыстары психологияның <<құрылыстарды таза сипаттаудан, эмпирикалық және феноменологиялық зерттеуден олардың болмысын ашуға>> өтуге бағытталды. Ол психикалық құрылыстарды зерттеудің жаңа экспериментальді генетикалық әдісін енгізді, <<әдістің мәселесі болып басы мен негізі табылыды, бала дамуының мәдени тарихының альфа және омегасы болып табылады. Л. С. Выготский жас мөлшері туралы оқытуды бала дамуының бірлік анализі ретінде ойлап шығарды. Ол өту жағдайда формалар спецификалар және баланың психикалық дамуын қозғайтын күштерге өзге түсінік енгізді, бала дамуының сатылрының және фазаларының эпохасын суреттейді сонымен қатар онтогенез кезінде олар арасындағы өтулерді сипаттайды; баланың психикалық дамуының негізгі заңдарын тап және құрастырды. Выготский бала психологиясы толық және жетілген болу үшін бәрін жасады; ол оқытудың негізгі практикалық мәселелерін шеше алатын және балаға тәрбие беру психикалық дамудың жастық нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді.  Выготскийдің теориясының негізгі қазіргі заманғы дамудың биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттады. Л. С Выготскийдің айтуынша, << оқытуда бір қадам, дамуда жүз қадам дегенді білдіреді>>.Мұнда зерттеушілер, сана құрылымында тек қана таным процесстері қарастырып, ал мотивациялы  -  қажеттіліктер аймағында саналы тұлға зейінінде қалдырды. Осы тұжырымдарда Л. С Выготскийдің идализм концепциясы қарастырылды. Көптеген жылдарға созылған Л. С Выготскийдің болжамы ғажайып (гениальді) интуиция болып қалды. Л. С. Выготский өз зерттеулерін << психология шыңы>> ре тінде анықтады (ес психологиясы) және ол басқа екеуіне қарсы тұратын  -  <<беткі>> (жүріс-тұрыс теориясы) және <<түбкі>> (психоанализ). Ол <<есті жүріс- тұрыс құрылымының мәселесі>> деп қарастырды. Бүгінгі таңда адам баласының үш сферасы: сезім, интеллект және жүріс  -  тұрыс психологиялық концепцияларды  -  психоанализде интеллект және бихевиоризм теориясында зерттелуде деп айта аламыз.  Л. С. Выготский бойынша адам өзінің тарихи даму процессінде өзінің жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады; адамның қоғамдық өмірге ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда болады, қалыптасты және жетілді, ал адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады .Л. С. Выготский ең алғашқы болып бала психологиясының облысына тарихи принципті енгізді. Мәдени даму, мәдени жүріс  -  тұрыс формаларын тарихи азаматтық тану нәтижесі деп қарастырды. Табиғи материалдың тарихи формаға айналуы әрқашанда даму типінің күрделі өзгеріс процессі деп саналады. Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастағы келесі жас кезеніне өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді. << Дамудың ішкі процессі мен сыртқы жағдай үйлесімділігі >> ол әр жас кезеніңе тән және сол жас кезеніне тән психикалық даму динамикасымен шарттасады. Соныңда өзіндік психологиялық жаңалықпен байланысады. Выготскийдің еңбектері педагогикалық жоғары мәдениет пен ерекшеленеді. С.Л Рубинштейн Выготскийдің позициясын нақтылай отырып даму мен оқытудың бірлігін анықтайды. Оқыту баланың нақты даму мүмкіндігіне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіншіліктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Л.С Выготский сөзді іс - әрекет ретінде түсініп индивид пен әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік қарым  -  қатынасты қарастырды. Ол белгі табиғатына ерекше мән беріп адамның ішкі сезім өмірінің құрылымы мен оның психологиялық функциясының өзгерістеріне назар аударады. Л.С Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші рөлі жағдайын жылжытты. Жоғары психологиялық функция алғашқыда өз ара іс - әрекетте ынтымақтастықта басқа адамдармен қарым  -  қатынаста қалыптасады және бірте  -  бірте ішкі жоспарға айналып баланың ішкі психикалық процесстерін құрады. Бұл Л.С Выготский бойынша әлі жетілмеген жетіліп келе жатқан психика процесстерді білдіреді. Бұл процесстер қалыптасқанда оларға тесті тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальді даму деңгейін анықтаймыз.  Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Петровский А.В., Рубинштейн С.А. психологтардың айтуы бойынша азаматтың <<личность>> дамуы шығармашылықтарда үлкен табыс алады, яғни шығармашылық элементтерге толы адамдардың жұмыс істеу ынтасын қалыптастырады. Барлық шығармашылықтардың, еңбектердің дамуы азаматтылықтың дамуын қалыптастырады. Адамның еңбекке деген көзқарасы үш фактордан құралады: әлеуметтік  -  экономикалық ; техникалық немесе функционалдық ; психо-педагогикалық. Белгілі кәсіпке сай мамандықты таңдауда бағалы ориентация көрінеді. Бағалы ориентация - әлеуметтік және индивидуалдық белсенділіктің күрделі білімі. Л.С Выготский бұл зерттеуді оқыту мәселесімен оның ақыл ой дамуына әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше дамудың аймағы, дамудың таяудағы аймағын ерекше атап өтеді.Дамудың таяудағы аймағының заңы бойынша өзінің артынан тарататын яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту тиімді болып табылады. Л.С Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастан келесі жас кезеніңе өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді.
	Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психологиялық еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер және т. б. еңбектерін жатқызуға болады. Бала тәрбиесімен айналысатындардың балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуын жан - жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс - әрекетін, ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға, тілді меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды. Баланың мектепке дейінгі жетекші іс - әрекет түрі ойын болып табылатыны белгілі. Соған байланысты балалармен жұмыс барысында баланың ойлауын, тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез - құлық ерекшеліктерін меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс - әрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс. Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу процесі жүзеге асады. Баланың балабақшаға келуімен кейбір жағдайларда көптеген мәселелер де туындап жатады. Бірақ балабақша қызметкерлерінің баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойын іс - әрекетін дұрыс ұйымдастырып, жетекшілік жасауы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне жағдай жасайды. Ақыл - ойдың дамуы  -  бұл бала жасына, тәжірибесінің молаю мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне пайдалы болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейіні шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл - ойы дамуын қамтамасыз етуінің барлық кейінгі іс - әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл - ойдың дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым - қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесі игереді. Ақыл  -  ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негіздері жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл  -  ой дамуының негізгі көрсеткіштері  -  білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы. Даму психологиясының концепцияларының бірі  -  ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясы болып табылады. 50 жылдарда бұл теория П.Я.Гальпериннің еңбектерінде кездес ті. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білімдер алу оқушылардың іс-әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзеге асырылады. Адам ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, ойлай операцияларын игереді.

Бақылауға арналған сұрақтар:
* Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және психологиядағы орны
* Баланың ақыл-ойының дамуы
* Л.СВыготский бойынша психикалық даму факторы мен жағдайы

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
* Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. М., 2004.
* Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.
* Практикум по возрастной и педагогической психологии/ Под ред. Щербакова А.И.- М.,1987.
Дәріс№10
Тақырыбы:  Жоғары психикалық функциялар түсінігі, құрылымы және дамуы
Мақсаты: Жоғары психикалық функциялар туралы түсінік беру
	Нейропсихология дамуына А.Р.Лурия ерекше үлес қосты. Александр Романович Лурия (1902-1974) дүние жүзіне аты әйгілі, шет елдерде теңдесі жоқ нейропсихологияның жаңа түрін жасаған ғалым. Сондықтан <<Лурия  психологиясы>> ми және психика проблемасын ретімен жасаған. Оның <<Высшие корковые функций человека и ушение при локальных поражениях мозга>> еңбегі дүние жүзіне белгілі. Бұл еңбек ағылшын, француз, испан және т.б. тілдерге аударылды. Бұл еңбек тек нейроғылымында ғана емес, невропатолог, физиолог, психиатр, педагог, психолог және басқа да сала мамандарына таныс. Сондықтан нейропсихологияның атасы А.Р.Лурия болып табылады. Бұл еңбек жарық көргеніне 40 жыл өтті. Нейропсихология саласында алға қарай даму бар. 
	Қазіргі кезде нейропсихология түрлі жолдармен дамып келеді. Бірақ, А.Р.Лурия салған жол өзгелерден оқшау, даралау. Лурия нейропсихологиясы А.С.Выгодский мектебінің психологиялық көзқарастарымен тікелей байланысты. Жоғары психикалық функцияны күрделі жүйелі білім беру, қалыптастыру және қызмет көрсету деген заңды басшылыққа алатын мектептің тұжырымнамаларымен сәйкестенеді. Ол өмір бойы біртіндеп қалыптасады, қалыптасуға байланысты психологиялық құрылым өзгеріске түседі. Ол тілді меңгеру және басқа да таңбалық жүйені меңгерумен байланысты болады. 
	Адамның жас ерекшеліктеріне байланысты жоғары психикалық функция өзінің құрылымы жағынан түрліше болып келеді. Осыған байланысты және оны жүзеге асыруға байланысты да түрліше болады. 
	А.Р.Лурияның нейропсихологиясы Л.С.Выготскийдің жалпы психологиялық мектебіне жүгінеді. 
А.Р.Лурия нейропсихологиясы бағыттары: 
- клиникалық, эксперименталды, реабилитационды нейропсихология. 
- психофизиологиялық бағыт.
- балалық шақтың нейропсихологиясы. 
- қарттық шақтың нейропсихологиясы және норманы үйренуге нейропсихологиялық ықпал. 
	Әр бағыттың өзіне тән мақсаты мен әдісі бар. Әсіресе климатикалық нейропсихология негізгі бағыт ретінде жүреді. 
Нейроғылым бағыттарынан Лурия нейропсихологиясының тағы екінші маңызды айырмашылығы  -  психикалық процестердің ми механизмі жөнінде жоғары психикалық функцияны психикалық іс-әрекеттің күрделі формасы ретінде қарауы. Бұл дегеніміз  -  кез келген психикалық функция (мысалы: еркін есте сақтау) психикалық іс-әрекет заңымен жүзеге асатындығында. Бұл дегеніміз өзінің құрамына бірнеше кезеңді ендіреді деген сөз: мотивация (себеп) кезеңі, іс-әрекетте бағдарлау кезеңі, оны іске асыру кезеңі және алынған нәтижені бақылау немесе тексеру кезеңі. 
Нейропсихология ғылымында тек балалардың ғана патологиясы нашар зерттелінген. Дегенмен балалар нейропсихологиясына байланысты Лурия, Семернидская еңбектер жазды. 
	Лурия еңбегінде нақты зерттеулерді қажет ететін методологиялық базарлардың ілгері теориялық тәртібін қарастырды. Ал Семернидская балалар нейропсихологиясының әдістемесін жасады және ол әдістемені дәрігер неврологтарға арнады. Сондай-ақ Семернидскаяның бұл еңбегі осы саланы қызықтыратын маман түрлеріне бағытталды. Бұл еңбек аппракцияның және тағы басқалардың симптомдары айтылады және сол симптомды туғыздырып отырған себептерді көрсетеді. Дегенмен осы себептерді туғыздырып отырған ми механизмін ашып көрсетпейді. 
Тілдің бұзылуын нейропсихологияда, нейролингвистикада да қарастырады. Бірақ нейролингвистика нейропсихологияның табиғи бөлігі болып есептелінеді. Дегенмен нейропсихологияның жетістігіне сүйене отырып нейролингвистика, лингвистиа саласындағы теориялық және тәжірибелік білімге сүйеніп өз зерттеу пәнінің негізін жасайды. Тілдік функцияны нейролингвистикалық жағдайда Хед зерттеді. Ол өз еңбегінде афазия және оның формалары яғни тіл патологиясын қарастырды. Тілдің бұзылуын неврологияда үстемдік құрып тұрған Брок, Вернике, Лихтгейн, Марий және т.б. қарастырды. Хедтің жаңашылдығы мидың символикалық тікелей қатысуына байланысты тілдің бұзылуын көрсетуінде еді. Яғни ми қабыршағының үшінші алаңындағы символикалыққа қатысты тіл бұзылуын көрсету мен көрсету мен белгілі. Хед символикалық іс-әрекет ретінде тілдің бұзылуын тілдік құралды пайдаланудағы локальдылық қабілеттің зақымдалуымен байланыстырады. Хедтің зерттеуін жалғастырғандар: Лурия, Яков, Винарская, Визель және т.б. Олар афазиядағы нейролингвистиканың маңыздылығы мен нәтиежелілігін айқындап берді. Қазіргі кезде нейролингвистианың екі түрлі негізгі бағыттары бар. Яков пен Халл тілдің бұзылуын екі түрлі жағдайын көрсетеді. 
1) Парадигматикалық тіл операциясының бұзылуымен байланыстырады. Бұл операцияны мидың артқы бөлімі жүзеге асыруға тиіс. 
2) Мидың алдыңғы бөлігімен жүзеге асырылатын синтагматикалық іс-әрекеттің бұзылуы. Лурия мұндай тұрғыдан келуді жемісті деп бағалағанымен бірақ, ол кең дәлел алмады. Нейролингвистиалық зерттеулердің екінші бағыты Хед көтерген ми деңгейін қамтыды. Қазіргі кезде осы екі бағытты белсенді түрде зерттеу қарастырылып отыр. Нейролингвистикаға қарасты екі бағыт тілдік фунцияның және оның бұзылуына байланысты жаңа жол ашып берді. 
	Мұндай психикалық іс-әрекеттің психологиялық құрылымын нейропсихология көзқарасымен қарағанда ми механизмінің орындауын, оның ол іс-әрекетке қатысымын ғана ұйғарып қана қоймайды психикалық іс-әрекеттің мотивациялық бағдарлаушылық тексерушілік аспектілеріне де жауапты болады. Бірде-бір батыс батыс мектебі жоғары техникалық функцияның мұндай күрделі психикалық процестің ми негізін теориялық тұрғыда қарастыруда мұндай долбар (ұғынысты) ендірмейді. Міне, нақ осы түсінік беру жоғарғы психикалық функцияның белгілі-бір формасының бұзылуы, яғни бас мидың бір бөлігінің бұзылуы көптеген фукнцияның бұзылуына алып келеді. 
	Басқа нейропсихологиялық мектептерден үшінші бір айырмашылығы  -  ол Лурия нейропсихологиясының бас мидың фукнциясын тұтас қарастыруда емес. Психикалық іс-әрекеттің жекелеген <<блогі>> ретінде қайта жекелеген аспектілері, параметрлерін яғни мына сияқты  -  динамикалық реттеушілік және т.б. ара қатынасын белгілеуінде. Міне, осындай параметрлерге бас мидың құрылымдық-функционалдық жұмыс істеу единицасына нейропсихологиялық фактор жатады. 
	Жоғары дәрежелі жүйке қызметі  -  жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесінің үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекеті. Организмнің органдарының өзара қызметін реттейтін орталық жүйке жүйесіне қарағанда, жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмнің сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. <<Жоғары дәрежелі нерв қызметі>> терминің ғылымға И.П.Павлов енгізген және ол бұны <<психикалық әрекет>> деген ұғымға тең деп санаған. Павловтың пікірінше, психикалық әрекеттің барлық түрі, оның ішінде адамның ақыл-ойы мен санасы да жоғары дәрежелі жүйке қызметіның жеке бір түрі. Павловтан бұрын жоғары дәрежелі жүйке қызметі жөнінде И.М.Сеченов <<Ми рефлекстері>> деген еңбегінде психикалық әрекеттерді материалистік тұрғыдан түсіндірді.
	Жоғары дәрежелі жүйке қызметі шартсыз және шартты рефлекстердің әсерінен жануарлар дүниесінің тарихи даму жолында өзгеріп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінез-қылығында туа пайда болған жүйке әрекеттері жүре келе пайда болған жүйке әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясы процесінде жүре келе пайда болған жүйке әрекеттері үдеп жоғары дәрежелі жүйке қызметінің басым түріне айналады. Бұлардың көптеген түрі едәуір өзгереді, шартты рефлекстер үздіксіз күрделенеді және жетіледі, олардың құрамы толығады, шартты рефлекторлық әрекеті жетіле түсіп, организмнің тіршілік ортасына беімделу процесінде негізгі реттеуішке айналып, организмнің өзгерген жағдайға дер кезінде, нақты бейімделе алу қабілетін қамтамасыз етуде үлкен биологиялық маңызы бар.
Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;
Үлкен ми қыртысында жүйке процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу;
Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.
	Сөйтіп жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз етеді.
Бұның сыртқы көрінісі жануар бұрын өзі үшін бөтен болып келген тітіркендіргіш әсеріне (шамның жағылуы, қоңырау соғылу және т.б.) шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ беру, электр әсері) бекітпей-ақ тиісті рефлекторлық реакциямен (сілекей бөлу, аяғын қозғалту және т.б.) жауап береді. Шартты рефлекстердің түзілуі барысындағы тәжірибелер ми қыртысындағы түрлі пункттердің үнемі бір-бірімен өзара әрекеттесуде пайда болатындығын көрсетті. Мұның нәтижесінде ми қыртысы бөлшектеп қарауға болмайтын тұтас функционалдық жүйе екендігі туралы ұғым қалыптасты; жоғары дәрежелі жүйке қызметінің түрін талдай келе, бұларды қалыптастыруда орта әсерінің, тәрбиенің үлкен маңызы бар екені дәлелденді.
Адамда жоғары дәрежелі жүйке қызметінің дамуы тілдің шығуымен тікелей байланысты. Бала туғаннан кейінгі алғашқы шартты рефлекстер бағдарлау-реттеу түрінде байқалады. Сондай-ақ баланың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің жетіліунде еліктеу рефлекстерінің де үлкен маңызы бар. Алғашқыда сөз арқылы тікелей тітікендігіштер қабарланады, кейін ол күрделі шарты тітікендіргіштердің түрлі құбылыстардың сигналына айналады. 

Бақылауға  арналған сұрақтар:
* А.Р.Лурияның теориялары
* Выготский түсінігі бойынша жоғары психикалық дамуындағы ролі.
* Жоғары психикалық функция адамның тарихи дамуының жемісі ретінде.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Аверин В.А. Психология личности.- Спб., 1999.2. Вилюнас В.К. Психологическмие механизмы мотивации человека.  - М., 1990.3. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения.  -  А.,4. Носс И.Н. Руководство по психодиагностике , 2005.
Дәріс№11
Тақырыбы:Мәдени-тарихи тұжырымдар контексіндегі психикалық дамуды зерттеудің адекватты әдістерінің мәселелері 
Сұрақтары: ЖПФ зерттеудегі инструменталды әдістер түсінігі. Оқыту эксперименті және оның модификациясы. Л.С.Выготский бойынша психикалық дамуды болжау. Жақын арадағы даму аймағы динамикасының өзгерістері және оны бақылау тәсілдері.  Оқыту эксперименті процесіндегі көмек және оның түрлері.  
Л.С. Выготскийдің ғылыми жұмыстары психологияның <<құрылыстарды таза сипаттаудан, эмпирикалық және феноменологиялық зерттеуден олардың болмысын ашуға>> өтуге бағытталды. Ол психикалық құрылыстарды зерттеудің жаңа экспериментальді генетикалық әдісін енгізді, <<әдістің мәселесі болып басы мен негізі табылыды, бала дамуының мәдени тарихының альфа және омегасы болып табылады.
 Л. С. Выготский жас мөлшері туралы оқытуды бала дамуының бірлік анализі ретінде ойлап шығарды. Ол өту жағдайда формалар спецификалар және баланың психикалық дамуын қозғайтын күштерге өзге түсінік енгізді, бала дамуының сатылрының және фазаларының эпохасын суреттейді сонымен қатар онтогенез кезінде олар арасындағы өтулерді сипаттайды; баланың психикалық дамуының  негізгі заңдарын тап және құрастырды. Выготский бала психологиясы толық және жетілген болу үшін бәрін жасады; ол оқытудың негізгі практикалық мәселелерін шеше алатын және балаға тәрбие беру психикалық дамудың жастық нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді. 
Выготскийдің теориясының негізгі қазіргі заманғы дамудың биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттады. Л. С Выготскийдің айтуынша, << оқытуда бір қадам, дамуда жүз қадам дегенді білдіреді>>.Мұнда зерттеушілер, сана құрылымында тек қана таным процесстері қарастырып, ал мотивациялы  -  қажеттіліктер аймағында саналы тұлға зейінінде қалдырды. Осы тұжырымдарда Л. С Выготскийдің идализм концепциясы қарастырылды. Көптеген жылдарға созылған Л. С Выготскийдің болжамы ғажайып (гениальді) интуиция болып қалды.
Л. С. Выготский өз зерттеулерін << психология шыңы>> ре тінде анықтады (ес психологиясы) және ол басқа екеуіне қарсы тұратын  -  <<беткі>> (жүріс-тұрыс теориясы) және <<түбкі>> (психоанализ). Ол <<есті жүріс- тұрыс құрылымының мәселесі>> деп қарастырды. Бүгінгі таңда адам баласының үш сферасы: сезім, интеллект және жүріс  -  тұрыс психологиялық концепцияларды  -  психоанализде интеллект және бихевиоризм теориясында зерттелуде деп айта аламыз. 
Терең философиялық анализ негізінде Л. С. Выготский психологияның қайта құрылуын жасады. Л. С. Выготский үшін мынадай сұрақтар маңызда болды: қалайша адам өзінің дамуында <<өзінің жануарлық>> табиғатының шегінен шығады? Қалайша өзінің қоғамдық процессінде ол мәдени және еңбек ететін жан ретінде дамиды? Л. С. Выготский бойынша адам өзінің тарихи даму процессінде өзінің жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады; адамның қоғамдық өмірге ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда болады, қалыптасты және жетілді, ал адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады .
Л. С. Выготский ең алғашқы болып бала психологиясының облысына тарихи принципті енгізді. Мәдени даму, мәдени жүріс  -  тұрыс формаларын тарихи азаматтық тану нәтижесі деп қарастырды. Табиғи материалдың тарихи формаға айналуы әрқашанда даму типінің күрделі өзгеріс процессі деп саналады. Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастағы келесі жас кезеніне өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді. << Дамудың ішкі процессі мен сыртқы жағдай үйлесімділігі >> ол әр жас кезеніңе тән және сол жас кезеніне тән психикалық даму динамикасымен шарттасады. Соныңда өзіндік психологиялық жаңалықпен байланысады. Выготскийдің еңбектері педагогикалық жоғары мәдениет пен ерекшеленеді. С.Л Рубинштейн Выготскийдің позициясын нақтылай отырып даму мен оқытудың бірлігін анықтайды. Оқыту баланың нақты даму мүмкіндігіне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіншіліктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Л.С Выготский сөзді іс - әрекет ретінде түсініп индивид пен әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік қарым  -  қатынасты қарастырды. Ол белгі табиғатына ерекше мән беріп адамның ішкі сезім өмірінің құрылымы мен оның психологиялық функциясының өзгерістеріне назар аударады. Л.С Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші рөлі жағдайын жылжытты. Жоғары психологиялық функция алғашқыда өз ара іс - әрекетте ынтымақтастықта басқа адамдармен қарым  -  қатынаста қалыптасады және бірте  -  бірте ішкі жоспарға айналып баланың ішкі психикалық процесстерін құрады. Бұл Л.С Выготский бойынша әлі жетілмеген жетіліп келе жатқан психика процесстерді білдіреді. Бұл процесстер қалыптасқанда оларға тесті тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальді даму деңгейін анықтаймыз. 
Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Петровский А.В., Рубинштейн С.А. психологтардың айтуы бойынша азаматтың <<личность>> дамуы шығармашылықтарда үлкен табыс алады, яғни шығармашылық элементтерге толы адамдардың жұмыс істеу ынтасын қалыптастырады. Барлық шығармашылықтардың, еңбектердің дамуы азаматтылықтың дамуын қалыптастырады. Адамның еңбекке деген көзқарасы үш фактордан құралады:  әлеуметтік  -  экономикалық ; техникалық немесе функционалдық ; психо-педагогикалық. Белгілі кәсіпке сай мамандықты таңдауда бағалы ориентация көрінеді. Бағалы ориентация - әлеуметтік және индивидуалдық белсенділіктің күрделі білімі.
Л.С Выготский бұл зерттеуді оқыту мәселесімен оның ақыл ой дамуына  әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше дамудың аймағы, дамудың таяудағы аймағын ерекше атап өтеді.Дамудың таяудағы аймағының заңы бойынша өзінің артынан тарататын яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту тиімді болып табылады.
Л.С Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастан келесі жас кезеніңе өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді.  

                     Негізгі әдебиеттер:
Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.
Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.
Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.
Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.
Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.
Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.
Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.

Дәріс№12
Тақырыбы:Мәдени-тарихи тұжырымдар контексіндегі психикалық дамудың негізгі концепциялары. (1 сағат)
Сұрақтары:Лев Семенович Выготский (1896-1934) ең көрнекті психологтарының бірі. 1917ж ол Тюменьде  мұғалім болады, ол Сеченов және Павлов іліміне бейімделген жаратылыс ғылымды психологиялық жақтаушысы болады.
1924ж ол Мәскеуге көшеді. Алдына марксизм философиялық негізңіндегі мәселесі қойылған психология институтының қызметкері болады.
<<Сознание как проблема поведения>>- <<Таным мінез құлық мәселесі ретінде>> деген мақаласында ол психологиялық функцияның зерттеу жоспарын құрады. Маркстік инстинкт және таным арасындағы айырмашылыққа сүйене отырып, Выготский еңбек арқасында <<Тәжірибенің екі еселенуін>> және адамның бірінші ойда, содан іске құра алатын қабілетін иемденіп алатынын дәлелдеді.
Бала дамуының параметрлері және оның әртүрлі ғылыми концепциялардағы түсінігі

психологи
Даму
барысы
Даму  
жаѓдайы
Даму
көзі
Даму 
формасы
Даму
спецификасы
Дамудыњ
қозѓаушы
күштері
С.Холл
К.Бюлер
В.Штерн
З.Фрейд
Э.Эриксон
Ж.Пиаже

Индивидуалдыќтан  әлеуметтікке
дейін
Тұќым ќуалаушылыќ және орта
Индивид ішінде, оныњ табиѓатында
бейімделу
Рекапитуляция концепциясыныњ әр түрлі формалары
2 фактордыњ
преформизмі
концепциясы
Л.С.Выготский
А.Н.Леонтьев
Д.Б.Эльконин
Әлеуметтіктен индивидуалдыќќ дейін
Мидыњ ж/е ќарым-ќатынастыњ морфо-физиологиялыќ ерекшеліктері

Индивидтен тыс ортада
иемдену
Даму биологиялыќ зањдылыќтар әрекетіне баѓынбай ќоѓамдыќ тарихи зањдылыќтың әркетіне баѓынады.
Үйрету және іс-әрекет


Сөзді іс әрекет ретінде түсініп Выготскийдің индивит және әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік делдалын қарастырады. Ол оның белгілі табиғатына ерекше мән береді, өйткені оның арқасында адамның ішкі сезім көңіл өмірінің құрылымы және оның психологиялық фунциялары элементарлық жоғары болып өзгереді.
Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарына қатысты өзінің теориялық қортындыларының бір вариантын, Выготский өзінің 1931 жылы жазған << Жас психологиялық функциялардың дамуы>> жұмысында баяндаған. Бұл жұмыста белгілерді пайдалану процесінде адам психологиясының қалыптасуы сызба нұсқасы психологияның іс әрекетінің реттелу ретінде бірінші индивидтің басқа адаммен сыртқы байланыста, содан бұл процестің сыртынан ішке қарай ауысуы нәтижесінде субъект өзінің әрекетінен билеу қабілетін кемдеп алады. Бұл процесс интериоризация деп аталады. 
Келесі жұмыстарында Выготский белгінің мағынасын зерттеуіне ерекше көңіл аударады. Осының арқасында ол өзінің оқушыларымен бірге балалық ақыл ой дамуының эксперементальді теориясын өңдеп оны басты еңбегінде <<Мышления и речи>> - << Ойлау және сөйлеу>> 1934 жазған.
Бұл зерттеулерді ол оқыту мәселесімен және оның ақыл ой дамуына әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше мезгілділігін <<Зона ближайшего развития>> - <<Таяу даму заңы>> жайлы жағдай алып тұр, бұл бойынша тек <<Дамудың алдына шығатын>>, өзінің артынан тарататын, яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту ғана эффективті болып табылады.Выготский баланың дамуындағы дағдарыстарға, баланың бір жастан келесі жасқа өткен кездегі басанан өткізетін жай күйге маңызды мән берді. 
Таяудағы даму заңы  -  ол баланың актуальді даму деңгейімен және даму мүмкіндігінің деңгейінің арасындағы арақашық. <<Актуальді даму деңгейі даму жетістігін сипаттайды, өткен күнгі арналған даму қортындылары , ал таяудағы даму, ол ертенгі күнгі дамуды сипаттайды >>. Таяу даму түсінігі балалық және педагогикалық психологияда маңызды теоретикалық мағынаны білдіреді және негізгі фундаментальді мәселелермен байланысты.
Таяудағы даму аймағы  -  біріккен іс - әрекет құрылуындағы жоғарғы психикалық функциялардың заңдық логикалық құрылымы, басқа адамдармен қарым  -  қатынаста бірте  -  бірте субьектінің ішкі психикалық процесс болып қалыптасады. Біріккен іс - әрекетте  психикалық процесс құрылғанда,ол таяудағы даму аймағында болады, құрылғаннан кейін ол субьектінің актуальді дамуы болып қалыптасады. Л. С Выготский  -  << Оқу даму алдында  жүрген кезде ғана жақсы >> және << Педагогика  -  ол бала дамуының бүгінгі күніне емес, ертенгі күніне бағдарлану керек >> деген.
Выготский еңбектері жоғарғы педагогикалық мәдиниетпен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың басы ойлау, сөйлеу, эмоциялар жайлы жұмыстармен айқын көрінеді. Ол дағдарыстың тарихи мәні бар деп есептеген. Бұл мән Выготскийй бойынша психологиялық әр түрлі бөлек бағыттарға бөлуін көрсетеді.
Психолог П.П Блонскийдің айтуынша психология педагогиканың негізі болу үшін өзінше дербес зерттеу жұмысын жүргізудің қажеті жоқ, бұл тек жалпы психологиялық жәйттерді мектептегі оқыту және тәрбие жұмыстарында қолдану керек делінген. Осы пікірге Выготский қарсы шығып, педогогикалық психологияны дұрыс жолға қою үшін жалпы психологияға негізделу жеткіліксіз, бұл үшін сабақ үстінде не тәрбие жұмысында балалардың ұғыну не тіл алғыш процестерін зерттеп, осы арқылы табылған мәліметтерге оны негіздеу қажет деген.
Л.С Выготский осындай дәлелді келтіргенде мынандай дерекке сүйенді: жалпы психология өзінше ғылымның бір түрі. Ал ғылым жетістіктеріне негізделе отырып, оқыту тәрбие жұмысына пайда келтіру мүмкін емес. 
Ж.Пиажие француз тілінде аударылған еңбегінде баланы оқытсақ та, оқытпасақ та психикасының дамуына ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылардың саны көбее бастады, солардың бірі Выготский. Ол Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқудың негізінде қалыптасады, осыған орай ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек деді. Выготскиидің айтуынша, оқыту баланың есейуін тездетеді. <<Егер баланы ақылды етемін десеңдер, оқыту тәсілдерін оны қолайлы жолмен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады>> деді.
Выготскийдің оқыту дегеніміз бала психологиясының дамуынан аздап озып отыру керек деген қағидасына сүйенеді. Пихологиялық даму мен оқытудың өзаракөлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі олардың ішінен қажет екенін басшылыққа алу мүмкіндігі туады.
Егер бала дамудың ең алғашқы сатысында эгоцентрикалық сөйлеу бір мәселе шешудегі әдіс тәсілдерден тұрмаса, онда бала үлкен кісіге сөйлеммен көмек сұрайды. Бала шарасыздан мақсатқа жету үшін үлкендерге өзі іске асыра алмайтын, қандай әдіс керек екенін сөзбен жеткіздіреді. Балалар дамуындағы үлкен өзгерістер мына кезде басталады, егер сөйлеу жерментерілсе, егер мәселе шешу үшін экспериментарлы емес өз бетінше әдістер тануында. Осы кезде сөйлеу интер психикалық категориядан функцияға айналады. Бала әлеуметтік тип бойынша өз мінез құлқын ұйымдастыра отырып бұрын басқаға қолданған мінез құлық әдісін енді өз өзіне қолданады. Ерте жас кезенінде адам санасында  -  қабылдау , мектепке дейінгі кезенде  -  ес,  мектептегі кезенде ойлау жақсы дамиды. Ал қалған психикалық процесстер осы кезендердің барлығында дамиды.
Бала әлеуметтік сөйлеудің интеризациясына өтуде қиын жол кешеді. Бұл процесстің тарихы балалық практикалық интелектісінің әлеметтенуінің тарихы және сол кезде оның символдық фунцияларының әлеуметтік шындығы болып табылады.
Л.С. Выготскийдің ғылыми жұмыстары психологияның <<құрылыстарды таза сипаттаудан, эмпирикалық және феноменологиялық зерттеуден олардың болмысын ашуға>> өтуге бағытталды. Ол психикалық құрылыстарды зерттеудің жаңа экспериментальді генетикалық әдісін енгізді, <<әдістің мәселесі болып басы мен негізі табылыды, бала дамуының мәдени тарихының альфа және омегасы болып табылады.
 Л. С. Выготский жас мөлшері туралы оқытуды бала дамуының бірлік анализі ретінде ойлап шығарды. Ол өту жағдайда формалар спецификалар және баланың психикалық дамуын қозғайтын күштерге өзге түсінік енгізді, бала дамуының сатылрының және фазаларының эпохасын суреттейді сонымен қатар онтогенез кезінде олар арасындағы өтулерді сипаттайды; баланың психикалық дамуының  негізгі заңдарын тап және құрастырды. Выготский бала психологиясы толық және жетілген болу үшін бәрін жасады; ол оқытудың негізгі практикалық мәселелерін шеше алатын және балаға тәрбие беру психикалық дамудың жастық нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді. 
Выготскийдің теориясының негізгі қазіргі заманғы дамудың биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттады. Л. С Выготскийдің айтуынша, << оқытуда бір қадам, дамуда жүз қадам дегенді білдіреді>>.Мұнда зерттеушілер, сана құрылымында тек қана таным процесстері қарастырып, ал мотивациялы  -  қажеттіліктер аймағында саналы тұлға зейінінде қалдырды. Осы тұжырымдарда Л. С Выготскийдің идализм концепциясы қарастырылды. Көптеген жылдарға созылған Л. С Выготскийдің болжамы ғажайып (гениальді) интуиция болып қалды.
Л. С. Выготский өз зерттеулерін << психология шыңы>> ре тінде анықтады (ес психологиясы) және ол басқа екеуіне қарсы тұратын  -  <<беткі>> (жүріс-тұрыс теориясы) және <<түбкі>> (психоанализ). Ол <<есті жүріс- тұрыс құрылымының мәселесі>> деп қарастырды. Бүгінгі таңда адам баласының үш сферасы: сезім, интеллект және жүріс  -  тұрыс психологиялық концепцияларды  -  психоанализде интеллект және бихевиоризм теориясында зерттелуде деп айта аламыз. 
Терең философиялық анализ негізінде Л. С. Выготский психологияның қайта құрылуын жасады. Л. С. Выготский үшін мынадай сұрақтар маңызда болды: қалайша адам өзінің дамуында <<өзінің жануарлық>> табиғатының шегінен шығады? Қалайша өзінің қоғамдық процессінде ол мәдени және еңбек ететін жан ретінде дамиды? Л. С. Выготский бойынша адам өзінің тарихи даму процессінде өзінің жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады; адамның қоғамдық өмірге ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда болады, қалыптасты және жетілді, ал адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады .
Л. С. Выготский ең алғашқы болып бала психологиясының облысына тарихи принципті енгізді. Мәдени даму, мәдени жүріс  -  тұрыс формаларын тарихи азаматтық тану нәтижесі деп қарастырды. Табиғи материалдың тарихи формаға айналуы әрқашанда даму типінің күрделі өзгеріс процессі деп саналады. Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастағы келесі жас кезеніне өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді. << Дамудың ішкі процессі мен сыртқы жағдай үйлесімділігі >> ол әр жас кезеніңе тән және сол жас кезеніне тән психикалық даму динамикасымен шарттасады. Соныңда өзіндік психологиялық жаңалықпен байланысады. Выготскийдің еңбектері педагогикалық жоғары мәдениет пен ерекшеленеді. С.Л Рубинштейн Выготскийдің позициясын нақтылай отырып даму мен оқытудың бірлігін анықтайды. Оқыту баланың нақты даму мүмкіндігіне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіншіліктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Л.С Выготский сөзді іс - әрекет ретінде түсініп индивид пен әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік қарым  -  қатынасты қарастырды. Ол белгі табиғатына ерекше мән беріп адамның ішкі сезім өмірінің құрылымы мен оның психологиялық функциясының өзгерістеріне назар аударады. Л.С Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші рөлі жағдайын жылжытты. Жоғары психологиялық функция алғашқыда өз ара іс - әрекетте ынтымақтастықта басқа адамдармен қарым  -  қатынаста қалыптасады және бірте  -  бірте ішкі жоспарға айналып баланың ішкі психикалық процесстерін құрады. Бұл Л.С Выготский бойынша әлі жетілмеген жетіліп келе жатқан психика процесстерді білдіреді. Бұл процесстер қалыптасқанда оларға тесті тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальді даму деңгейін анықтаймыз. 
Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Петровский А.В., Рубинштейн С.А. психологтардың айтуы бойынша азаматтың <<личность>> дамуы шығармашылықтарда үлкен табыс алады, яғни шығармашылық элементтерге толы адамдардың жұмыс істеу ынтасын қалыптастырады. Барлық шығармашылықтардың, еңбектердің дамуы азаматтылықтың дамуын қалыптастырады. Адамның еңбекке деген көзқарасы үш фактордан құралады:  әлеуметтік  -  экономикалық ; техникалық немесе функционалдық ; психо-педагогикалық. Белгілі кәсіпке сай мамандықты таңдауда бағалы ориентация көрінеді. Бағалы ориентация - әлеуметтік және индивидуалдық белсенділіктің күрделі білімі.
Л.С Выготский бұл зерттеуді оқыту мәселесімен оның ақыл ой дамуына  әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше дамудың аймағы, дамудың таяудағы аймағын ерекше атап өтеді.Дамудың таяудағы аймағының заңы бойынша өзінің артынан тарататын яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту тиімді болып табылады.
Л.С Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастан келесі жас кезеніңе өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді.  

Негізгі әдебиеттер:
Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.
Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.
Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.
Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.
Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.
Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.
Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.
Дәріс№13
Тақырыбы:Психологиядағы <<іс-әрекет>> категориясы: жалпы және нақты-психологиялық қолдау 
Сұрақтары:Адам әрекетінің жалпы анализі.  Іс-әрекет тұжырымдары және психологиядағы әс-ірекет мәселелері. Әрекет категориясы анализіндегі негізгі теориялық бағдар. Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Шадриков В.Д., Брушлинский А.В., Ломов Б.Ф.  және т.б. әрекет теориясын жасаудағы еңбектері.  Іс-әрекетті оқытудағы психологиялық пән және міндеттері. Іс-әрекетті психологиялық зертту объектілері: жекедаралық әрекет және бірлескен топтық іс-әрекет.  
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, <<түсіндіру принципі>> ретінде танылды.  Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу <<бірліктерінің>> бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды. 
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.
 А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді  ғана іс-әрекет деді. 
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:
 
Қажеттілік
Белсенділік 
Мотив 
Іс-әрекет
Мақсат 
Әрекет 
Жағдай 
(міндет)
Амал
 
Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген. 
А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни,  қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.
Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.
Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан <<құтылу>> ізденісі белсендіріліп, сана <<іске қосылады>>. Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді . 
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.
Әрекет  -  мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі.  Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне <<бағындырады>>,  яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.
Емтиханға даярланған студент <<Ұлағат>> журналын оқып отыр делік. Оның жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға даярлықтан кеңірек мотив құрамында жалғаса береді.   
Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат  -  түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.
Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек <<екінші ретте>> ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы. 
Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды. Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде, оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік, тұлғалық тұрғыда өзгерді.
Іс-әрекет және тұлға <<өмірінде>> мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін <<кішірейтіп>>, мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады. 
Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі. 
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол  -  міндет. Міндет  -  мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін. 
Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны  көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның орындағанынан сенімді болады.
Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін  -  дағды, білім және әдет.
Дағды  -  қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті  құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады. 
Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл <<дұрыс орындау>> мақсатына бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Дағды  -  моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы бір  дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік -  тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді. 
Әдет  -  бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені <<ойланбастан>>, әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен, жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады. 
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.
Іс-әрекет түрлері
Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне ұқсамас көрсеткіштер негізінде жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске асырылу тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т.б. Адам іс-әрекеттерінің жалпымен қабылданған және өзгелерін жоққа шығаратын жіктелуі жоқ. Сондықтан, кеңінен тараған кейбір градацияларға ғана тоқталамыз.
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету.  Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі  -  алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы  -  еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті  -  тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні  -  оқу әрекетінің субъектісі. 
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.  
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше болады, бұл олардың әр-түрлілігін  түсіндіреді.   
Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде бар. К.Д. Ушинскийдің өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген, актерлік <<ойынға>> қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.
Тағы да бір, кеңінен тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш жетекші әрекеттерге ажыратады.  
Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.
Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, <<екінші ретті>> заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі емес, белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-әрекет психологияның зерттеу пәні болып табылады.  
Материалды және психикалық әрекеттің динамикалы қатынасы іс-әрекет тақырыбындағы басты мәселелердің бірі. Ішкі әрекет  -  сыртқы әрекеттің интериоризациясы. Психика матерядан жасалған, сонымен қатар өзі матеря түзеді әрі экстериоризациялау арқылы матеряға айналады. Осы кезде психикалық бейнелер мен әрекеттер материализацияланады. 
Психика материалдылық пен идеалдылықтың қатынасы, бірлігі. Ішкі және сыртқы әрекеттерде мұндай қатынасының болуы психикалық әрекет құрылымы жайлы мәселені көтереді. Отандық психологиялық зерттеулердің соңғы нәтижелеріне сүйенетін болсақ, материалды және психикалық әрекеттер аналогиялы. Алайда, бұл аналогия толық сәйкестік мағынасын қолдамайды. Идеалды әрекет - ықшам, редукциялы, сыртқы әрекеттен сапалы ерекшеленген. Ойлауға <<өткен>> материалды әрекет өзінің түп нұсқасына ұқсамайды. 
Психикалық әрекет заттық және мотивацияланған. Алайда, ішкі іс-әрекет, мақсат, әрекет, міндеттер мен амалдар, бүгінгі психология ғылымда толық зерттелмеген. Психикалық әрекетті зерттеу ториясы мен тәжірибесінде шешімін тапаған мәселелер көп. Оның ішкі құрылымы қандай? Қандай құрылым бөліктері бүгінгі күні белгілі және қаншалықты зерттелген?
Көптеген еңбектер түйсіну мен қабылдауға негізделген перцептивті әрекетке арналған. Классикалық зерттеу нәтижелеріне айналған эксперименталды зерттеулер сериясы әйгілі отандық психолог А.В.Заппарожец (1905-1981) мектебінде орындалған. 
Мнемикалық әрекеттер деп ес процесі элементтерінің кешенді жұмысын, адамның атқаратын әрекеті сипатына қатысты болатын жалпы тиімділікті білеміз. 
Ойлау әрекетін ойлаудың күрделі талдау-жинақтау жұмысының синонимі ретінде қарастыруға болады.  
Танымдық әрекеттер деп дүниені тануға бағытталған жұмыс нәтижелерін жинақтаған түсінікті, яғни психикалық бейнелеудің жетекші қызметтерінің бірінің іске асырылуын айтамыз. Сондықтан, танымдық әрекетее перцепция, ес және ойлау процестерінен басқа, зейін, қиял, эмоция, ерік, сана қатысады. Дүниені психикалық процестер, күйлер мен қасиеттер қосындысы емес, тұлға таниды. 
Психикалық әрекет түрлерін зерттеуде ерекше ұстанымды П.Я. Гальперин  (1902-1988) сипаттаған. Ол бағдарланушы әрекет ұғымын анықтап, оны психологияның ғылыми пәні ретінде қарастырған. Ерекше авторлық болжамға сәйкес, бағдарлану келесі қызметтердің іске асуын қамтамасыз етеді:
·        дүниені тану немесе оның бейнесін құру;
·        қажетті жауап әрекетін жобалау, оның ақылға қонымдылығын қамтамасыз ету;
·        таңдамалы процесс барысын басқару, немесе нәтиже мен жоспарды салыстыру.
Адам өмірінде, мінез-құлқы мен психикасында сөйлеу әрекеті ерекше орын алады. Бұл терминді, әдетте, өзінің қаруы және тәсілі ретінде тілді қолданатын психиканың және мінез-құлықтың арнаулы түрін сипаттауда қолданыды. Адам психикасы белгілермен қаруланған және ішкі әрекетке тәуелді болады, бірақ, жекелеген сөйлеу әрекеті ішкі емес, материалдыға айналады. Сөйлеу әрекеті материалды сөздер мен белгілер арғылы іске асырылады. Психологиядағы әйгілі ойлау мен сөйлеудің бірлігі  -  идеалды мен материалдының <<көрнекі>> бірлігі. Сондықтан да сөйлеу әрекеті  -  объективті сөздердің қарапайым жиыны емес, ол психикалық іс-әрекеттің ерекше бір түрі. 
Сонымен, адамның писхикалық іс-әрекеттері түрлерін талдау ғылыми зерттеудің шынайы өмір мен мінз-құлықтағы сенімді бағытын береді. Алайда адам психикасын толығымен сипаттау және жобалау үшін іс-әрекеттік ұстаным жеткіліксіз. Ол субъективті дүниенің тек белсенді, өнімді қырын ғана көрсетеді. Психиканың барлығы іс-әрекет негізінде ғана пайда болмайды және тек іс-әрекет арқылы көрінбейді. Психиканың артында ми <<әрекеті>>, жан <<жұмысы>> бар. Сонымен қатар дүниенің субъективті бейнесінің маңызды қырларының бірі -  <<азап шегу>>, субъективті күйзелу. Психикалық процестер тұтастай психикалық бейнелер құрылымынан ерекше өнім алуды қамтамасыз етеді. Психикалық күйлер мен психикалық қасиеттердің психикалық бейнелеуде ерекше нәтижесі жоқ. Олар адамның әлеммен қатынасын, дүниеге деген көз-қарасын, субъективті күйзелістерін, өзіндік тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Бұл әлемді және тұлғаны жоғары сатыда бейнелеу. Бұл субъективті қайта жаңғырту, Адам мен Әлемнің тұтас психикалық бейнесі.
Бақылау сұрақтары:
* Адам әрекетінің жалпы анализі.
* Іс-әрекет түрлері
* Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Дәріс№14
Тақырыбы: Жалпыпсихологиялық іс-әрекет теориясындағы негізгі бағыттар мен мәселелер
Сұрақтары: Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясындағы негізгі идеялары іс-әрекеттік тұжырымдардың дамуы бағыттарының бірі ретінде. <<Іс-әрекет>> категориясы психиканың пайда болуындағы түсінік принципі. Іс-әрекет зерттеудің өздік пәні ретінде.
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, <<түсіндіру принципі>> ретінде танылды.  Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу <<бірліктерінің>> бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды. 
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.
 А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді  ғана іс-әрекет деді. 
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады: 
Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген. 
А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни,  қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.
Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.
Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан <<құтылу>> ізденісі белсендіріліп, сана <<іске қосылады>>. Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді . 
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.
Әрекет  -  мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі.  Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне <<бағындырады>>,  яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.
Емтиханға даярланған студент <<Ұлағат>> журналын оқып отыр делік. Оның жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға даярлықтан кеңірек мотив құрамында жалғаса береді.   
Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат  -  түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.
Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек <<екінші ретте>> ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы. 
Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды. Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде, оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік, тұлғалық тұрғыда өзгерді.
Іс-әрекет және тұлға <<өмірінде>> мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін <<кішірейтіп>>, мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады. 
Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі. 
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол  -  міндет. Міндет  -  мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін. 
Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны  көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның орындағанынан сенімді болады.
Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін  -  дағды, білім және әдет.
Дағды  -  қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті  құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады. 
Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл <<дұрыс орындау>> мақсатына бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Дағды  -  моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы бір  дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік -  тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді. 
Әдет  -  бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені <<ойланбастан>>, әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен, жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады. 
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.
Бақылау сұрақтары:
* Адам әрекетінің жалпы анализі.
* Іс-әрекет түрлері
* Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
* Негізгі әдебиеттер:
* Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.
* Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.
* Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.
* Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.
* Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.
* Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.
* Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.
* Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.
* Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.

Дәріс№15
Балалық шақ  -  мәдени-тарихи феномен ретінде. 
Жасееркшелік кезеңнің тарихи қалыптасуының мәселелері. Балалық шақ  -  мәдени-тарихи феномен ретінде. Балалық шақ кезеңдері. Л.С.Выготскийдің <<психологиялық жас>> категориясы. Д.Б.Эльконин еңбектеріндегі дамудыі кезеңдері және жас динамикасының көрінісі. 
Жас екрешелік психологиясы  - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні  -  адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептелі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты. 
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы, К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның <<Адам  --  тәрбие тақырыбы>> деген жұмысы едәуір үлес қосты. "Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К.Д. Ушинский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: <<...ездеріңіз басқарғыларьңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар>>1 --  деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап кәрсетті.
Бала психикасының даму және , оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қоры-тылуымен қа.тар'педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т, б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология  заңдылықтарды немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психологы П. Ф. Каптеревтің <<Педагогикалық психологиясы>> (1877), америка психологы У. Джемстің <<Психология жөнінде мұғалім-дермен әңгіме>> (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
Негізгі әдебиеттер:
Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.
Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.
Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.
Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.
Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.
Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.
Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.

3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
                                       
№1 Психикалық әрекет және объективті шындық.
Сана мәселелері
Психиканың анықтамасы. 
Психика субъективті әлемнің бейнесі ретінде. 
Психикалық бейнелеу түсінігі. 
Психиканы анықтайтын белгілер.
 А.Н.Леотьевтің психиканың объективті критерий гипотезасы

№2 Сана  -  психиканың жоғары формасы ретінде
А.Н.Леонтьев бойынша жекедара сана құрылымы.
 Сананың негізгі мінездемелері. 
Сана құрылымы.
                                       
№3 Тарихтағы, ғылымдағы және мәдениеттегі <<даму>> категориясы.
Тарихтағы, ғылымдағы және мәдениеттегі <<даму>> категориясы. Ғылымның даму кезеңдеріндегі <<даму>> категориясы туралы тұжырымдары.  Г.В.Лейбниц, И.Г.Гердер, Ч. Дарвин еңбектеріндегі <<даму>> категориясы. Эволюциялық принциптегі <<даму>> категориясының түсінігі.
                                       
№4 Психикалық дамуды зерттеудегі негізгі парадигмалар.
Психологиядағы парадигма ұғымы психологиялық мектептер мен бағыттардың негізін қалаушы ретіндегі көрінісі. Натурализм  -  адам психикасының табиғи келісімді парадигмасы.
                                       
№5 Психикалық құбылыстардың детерминациясы.
Психикалық дамудың әлеуметтік және генотиптік мәселелері
Психика дамуының факторлары: тұқымқуалаушылық, орта, белсенділік. Психикалық дамудың биогенетикалық концепциясы және оның орны.
                                       
№6 К. Психикалық дамудың негізгі заңдары мен қозғаушы күштері
Психикалық дамудағы идеалистік концепция. Пихикалық дамудағы материалистік концепция.
                                       
№ 7 Адамның психикасының даму заңдылықтарының әлеуметтік табиғаты. 
Психологиядағы дамыту, тәрбие және оқыту сәйкестіліктерінің мәселелері.
Психика дамуы заңдылықтарының әлеуметтік табиғаты. А.Н.Леонтьев бойынша тәжірибенің (туа біткен, жекедаралық, әлеуметтік)түрлері.
№8  Әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі зерттеу заңдылықтарының альтернативті тұжырымдар
Әлеуметтік тәжірибені меңгеруде бихевиористік негіздегі зерттеулер. Э.Торндайктың үш негізгі заңы (эффект заңы, жаттығу заңы және дайындық заңы). Когнитивті негіздегі тұжырымдар. 
                                       
№9  Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы және оның психологиядағы орны
Адам психикасының мәдеи-тарихи дамуы және психологиядағы орны. Мәдени-іс-әрекеттік тұжырымдардың дамуы және қалыптасу тарихы.
                                       
№10  Жоғары психикалық функциялар түсінігі, құрылымы және дамуы.
Жоғары психикалық функциялар адамның тарихи дамуының жемісі ретінде. Психикалық дамуды түсіндірудегі Л.С.Выготскийдің биологизаторлық атомистикалық тұжырымдарды сынауы.
                                       
№11 Мәдени-тарихи тұжырымдар контексіндегі психикалық дамуды зерттеудің адекватты әдістерінің мәселелері
ЖПФ зерттеудегі инструменталды әдістер түсінігі. Оқыту эксперименті және оның модификациясы. Л.С.Выготский бойынша психикалық дамуды болжау.
                                       
№12  Мәдени-тарихи тұжырымдар контексіндегі психикалық дамудың негізгі концепциялары.
Основные концепции психического развития человека в работах Б.Г. Ананьев, А.Ф. Лазурский, В.Н. Мясищев, А.Г. Ковалёв, В.С. Мерлин, К.К. Платонов, А.Н. Леонтьев, Л. И . Божович, С.Л. Рубинштейн, Д.Н. Узнадзе, В.А. Ядов, П.Я. Гальперин  және т.б. еңбектеріндегі адамның психикалық дамуының негізгі концепциялары
                                       
№ 13 Психологиядағы <<іс-әрекет>> категориясы: жалпы және нақты-психологиялық қолдау
Сұрақтары. Адам әрекетінің жалпы анализі.  Іс-әрекет тұжырымдары және психологиядағы әс-ірекет мәселелері.
                                       
№14  Жалпыпсихологиялық іс-әрекет теориясындағы негізгі бағыттар мен мәселелер
Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясындағы негізгі идеялары іс-әрекеттік тұжырымдардың дамуы бағыттарының бірі ретінде.
                                       
№15Жасерекшелік кезеңнің пайда болуының тарихи мәселелері.
Балалық шақ  -  мәдени-тарихи феномен ретінде.
Жасееркшелік кезеңнің тарихи қалыптасуының мәселелері. Балалық шақ  -  мәдени-тарихи феномен ретінде. Балалық шақ кезеңдері.

Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.

Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы  әдістемелік нұсқау
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе. 
Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс. 

2-кезең.  3- минут. Мақсат қою. 
Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.

3-кезең.  10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс. 
Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді. 
4-кезең.  15-20 минут. Топтық пікірталас.
Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды. 
Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу. 
5-кезең.  10 минут. Қорытынды әңгіме. 
Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді. 
                                       
             4 МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Магистранттардың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
МӨЖ -  өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. 
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

            Реферат жазуда не ескеріледі?
Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
Магистранттардың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау  -  шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару  -  маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. 

Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Магистранттардың  өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

4.2. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
МӨЖ тақырыптарының тізімі
* Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны (4 ұпай)
* А.В.Петровскийдің тұлға қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық теориясы. (4 ұпай)
* Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері (4 ұпай)
* Д.Б. Эльконина периодизациясы және оның бала психологиясындағы ролі. (4 ұпай)
* Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары (4 ұпай)
* Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы сананың жүйелі және мағыналық құрылымы. (4 ұпай)
* Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары (4 ұпай)
* Іс-әрекет және оның құрылысы (4 ұпай)
* А.Н.Леонтьевтің зертетулеріндегі іс-әрекет құрылымынажалпы мінездеме. (4 ұпай)
* Іс-әрекет түрлерінің бала психикасына әсері (4 ұпай)
* Жетекші іс-әрекет. Жетекші іс-әрекеттің алмастырылу механизмдері (4 ұпай)
* П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезең бойынша қалыптастыру теориясы (4 ұпай)
* Еңбек  -  адам әрекетінің тарихи алғашқы түрі ретінде (4 ұпай)
* Л.С.Выготскийдің <<психологиялық жас>> категориясы (1,5 ұпай)
* Д.Б.Элькониннің теориялары (2 ұпай)



                      Бақылау сұрақтары.
* Психика дегеніміз не?
* Психикалық бейнелеу дегеніміз не? 
* Психиканы анықтайтын белгілерді атаңыз?
*  А.Н.Леотьевтің психиканың объективті критерий гипотезасы
* Эволюция процесіндегі психиканың даму кезеңдерін ата
* Интеллектуалды мінез-құлық мінездемесіне тоқталыңыз. 
*  С.Л.Рубинштейннің <<Психика процесс ретінде>> концепциясында не туралы айтылған?
*  Диалектикалық материализм бейнесіндегі сана мәселелері туралы не білесіз? 
* Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісін атаңыз. 
* Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттарға не жатады?
* А.В. Петровский <<Сана>> жайлы қандай пікір айтты?
* Сананың арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен  көрініс беруінің міндетті шарты не болып табылады? 
* Сана құрлымына тоқталыңыз
* Тарихтағы, ғылымдағы және мәдениеттегі <<даму>> категориясы.
* Ғылымның даму кезеңдеріндегі <<даму>> категориясы туралы тұжырымдары
* Дамудың негізгі формалары, онтогенез, филогенез.
* Адам психикасының дамуында екі негізгі факторын ата 
* Дамудың қозғалмалы күші дегеніміз не?
* Баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар бағыты не болып табылады? 
* Социум француздық әлеуметтік мектептеріндегі түсініткі принцип ретінде не айталасыз.
* Когнитивті психологиядағы ойлау. 
* Психикалық дамудың аса маңызды факторы ретіндегі баланың белсенділігінң маңызы.
* Қазіргі психологиялық оқыту мен дамудың арақатынасы проблемасы.
* Балалар психологиясының жас туралы ұғым.
* Адам әрекетінің жалпы анализі.
* Іс-әрекет түрлері
* Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
* Әлеуметтік тәжірибені меңгеруде бихевиористік негіздегі зерттеулер
* Э.Торндайктың үш негізгі заңы
* Когнитивті негіздегі тұжырымдар

                                        
<<Білім беру мен психологиядағы әрекеттік және мәдени-тарихи тұжырымдар>> пәнінен
магистранттардың білімін бағалауға арналған сұрақтар
* XVIII ғ. қандай ғалымның жұмысында <<Психология>> сөзі пайда болды?
* Ф.Гальтон
* В.Вундт
* Х.Вольф
* О.Хрисман
* З.Фрейд

  + Психологияның ғылым ретінде даму кезеңдері:
* Жан туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, психика туралы ғылым
* Жан туралы ғылым, психика туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, сана туралы ғылым
* Мінез-құлық туралы ғылым, сана туралы ғылым, іс-әрекет туралы ғылым
* Іс-әрекет туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым
* Сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, жан туралы ғылым

  + <<Психологияның даму жолы ұзақ, бірақ даму тарихы қысқа>>, - деген сөздің авторы кім?
      - Эббингауз
      - Дж.Ланге
      - Ф.Аквинский
      - В.Вундт
      - Р.Уотсон

        ** Алғашқыда психология ғылым ретінде қандай ғылымның шеңберінде дамыды?
* Жаратылыстану
* Экономика
* Биология
* Философия
* Медицина
  + <<Жан туралы>> алғашқы түсініктер қай кезеңде пайда болды?
      - Антика
      - Орта ғасыр
      - Көне ғасыр
      - Қайта өрлеу кезеңі
      - Жаңа заман
  + Платонның негізгі түсінігі, бұл:
    o Атом
    o Идея
    o Диалектика
    o Материя
    o Тәжірибе
  + Гиллозаизм дегеніміз не?
* әр заттың жаны бар
* психика тек барлық материаларға тән
* жан мен тән бір-бірінен бөлек өмір сүреді
* жан тек қана нақты материаларға бағынады.
* психикалық мәселелерді шешу әдісі
  + <<Жанды тәннен бөлуге болмайды>>, - деген жағдайды кім айтты?
      - Платон
      - Сократ
      - Аристотель
      - Плотин
      - Гегель
  + Аристотель қандай үш түрлі жанды көрсетті:
      - өсімдік, жәндік, адам
      - адам, от, жануар
      - өсімдік, жануар, адам
      - жер, су. От
      - адам, өсімдік, жәндік
  + Грек философтарының ішінде ең бірінші рет болып төрт темперамент туралы ойларын дамытқан ойшы:
      - Эпидокл
      - Гиппократ
      - Платон
      - Аристотель
      - Гераклит
  + Аристотельдің қай еңбегінде алғашқы рет психологиялық түсініктердің жүйесі беріледі?
      - <<Ес туралы>>
      - <<Түс көру туралы>>
      - <<Жануарлар бөліктері туралы>>
      - <<Жан туралы>>
      - <<Мемлекет туралы>>
  + <<Жан атомдардан тұрады>> деген кім?
      - Сократ
      - Демокрит
      - Эпикур
      - Платон
      - Аристотель
  + <<Өзінді-өзін тани біл>> сөзін кім айтқан?
      - Платон
      - Аристотель
      - Пифагор
      - Сократ
      - Эпикур
  + <<Мемфистік теология ескерткіштері>> шығарманың елі:
      - Қытай
      - Греция
      - Египет
      - Үндістан
      - Арап
  + Қытайдың қай мектебінің пікірінше, білім және психикалық процесстер адамның тума сапалары:
      - Лао-цзы
      - Мао-цзы
      - Конфуций
      - Йога
      - Ньяя
  + Үндістанның алғашқы мәтіндері қалай аталды?
      - <<Мемфистік теология ескерткіштері>>
      - Веда
      - Упанишида
      - <<Ішкі туарлы кітап>>
      - <<Дао дэ цзин>>
  + Ежелгі Үндістан дәрігерлерінің пікірінше, психикалық әрекеттің басты мүшесі болып не саналады?
      - ми
      - жүрек
      - бауыр
      - қан
      - ауа
  + Қай ғасырда джайнизм және буддизм кең тарады?
      - б.з.д. VIII ғ.
      - б.з.д. IV ғ.
      - б.з.д. Vғ.
      - б.з.д. Vғ.
      - б.з.д. Xғ.
  + Мектептегі этика діни идеалының негізін қалаушы кім?
      - Мо-цзы
      - Лао-цзы
      - Ван Чун
      - Конфуций
      - Фань Чжэне
  + Қай елдердің өкілдері темпераменттің негізіне үш затты жатқызды:
      - Египет және Қытай
      - Үндістан және Греция
      - Қытай мен Үндістан
      - Үндістан мен Египет
      - Қытай және Греция
  + Орта ғасырда психология қандай сипатта болды?
      - этикалық
      - діни
      - этико-теологиялық
      - теологиялық
      - мистикалық
  + Араб елдерінің қай ғалымы Аристотельдің іліміне қарсы шықты, жанның мәңгілігін жоққа шығарып жан мен тәнді бөлген?
        ** Авицена
        ** Аверроэс
        ** Альгазен
        ** Аль-Фараби
        ** Ибн-Сина
  + Ф.Аквинскийдің католизм бағытының қазіргі заман ізбасарлары болып кім саналады?
      - реалистер
      - материалистер
      - неотомистер
      - идеалистер
      - логистер
  + Аристотельдің жан туралы ілімін сынға ала отырып, діни көзқарас тұрғысынан түсіндірген бағыт  -  
* Номенализм
* Рационализм
* Гуманизм
* Геллозаизм
* Томизм
  + Р.Бэкон жан құбылыстарын қандай түсініктер арқылы түсіндіреді?
      - биологиялық
      - механикалық
      - сенсорлық
      - физиологиялық
      - физико-математикалық
  + Қайта өрлеу кезеңі қай ғасырды қамтиты және қай елде пайда болды?
      - Англия XVIғ.
      - Франция XIVғ.
      - Италия XIVғ.
      - Партугалия XVIIғ.
      - Германия XIVғ. соңы
  + Қайта өрлеу кезеңінің ерекшеліктері:
      - гуманизм, өнер, білімнің дамуы, <<адамның ашылуы>>
      - діни бағыттылық
      - отбасы құндылықтары, жеке меншік бағыттылығы
      - әкімшілік билікке бағыттылығы
      - қоғамдағы мәселелерге бағыттылығы
  + <<Божественная комедия>> еңбегінің авторы кім?
      - Г.Коперник
      - Леонардо да Винче
      - Р.Бэкон
      - А.Данте
      - Дж.Бруно
  + Қайта өрлеу кезеңінде пайда болған ғылымдарының бірі:
      - математика
      - геометрия
      - натурофилософия
      - логика
      - тарих
  + Қайта өрлеу кезеңінде білім және ғылым қай салада дамып отырды;
      - шіркеуде
      - қоғамдық мекемелерде
      - университеттерде, сурет шеберханаларында және т.б.
      - көшелерде
      - қалалар мен ауылдарда
  + Қайта өрлеу кезеңінің <<титаны>>:
      - Гален
      - Б.Телезео
      - Леонардо да Винче
      - П.Помпонаций
      - Л.Валл
  + <<Ойлаймын, яғни мен тіршілік етемін>>, - деген мәнді сөзінің авторы кім?
      - Декарт
      - Спиноза
      - Лейбниц
      - Локк
      - Бекон 
  + Спиноза эмоция теориясының дамуына елеулі үлес қосты. Ол мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің 3 түрін ажыратты:
      - аффект, түрткі, қажеттіліктер
      - құмарлық, қуаныш, қайғы
      - интеллект, аффект, жеке бастың өсуі
      - инстинкт, қажеттілік, мақсат
  + Декартқа қарсы, адам  -  тұтас рухани тәндік тіршілік иесі деп тұжырымдады:
      - Лейбниц, Локк
      - Гоббс, Спиноза
      - Спиноза, Лейбниц
      - Бекон, Оккам
      - Юм, Беркли
  + Алғаш рет психология іліміне рефлекс түсінігін енгізген кім?
* Р.Декарт
* У.Гарвей
* И.П.Павлов
* О.Конт
* Г.Гельвице
  + Рационалистік психологияның мәні неде?
* дүниенің қос негізі бар
* қоршаған ортаны тану <<ішкі көру>> арқылы жүзеге асырайды.
* адам қоршаған ортаға таза тақтай ретінде келеді, ал ол оқыту мен тәрбиелеу, даму барысында өз қалпына әкеледі
* дүниетану мен ақиқат танудың жалғыз ғана дұрыс жолы  -  ақыл-ой
* сезімдік танымның үстемдігі
  + Психофизикалық өзара әрекеттесу түсінігі арқылы Р.Декарт қандай байланысты түсіндірді?
* қан айналымын
* сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап беру реакциясын
* дене жанға әсер ете отырып онда қабылдауды, эмоцияларды тудырады, ал жан ақыл мен ерік арқылы денені қозғалыс жасауға және өзгеруге итермелейді
* жан денеге кірер алдындағы көрген көріністерімен денеге еніп, оны өзіне тәуелді етеді
* психика вибрация түсінігімен түсіндіріледі, яғни сыртқы вибрациялар жауап ретінде ішкі вибрацяны тудырады
  + Адамға қоршаған орта және оның даму заңдылықтарын ашып көрсететін идеялар:
* тума идеялар
* жүре пайда болған идеялар
* адам тудырған идеялар
* жеке дара идеялар
*  ешқандай идеялар жоқ
  + Дуализмнің мәні неде?
* дүниенің екі қос негізі бар, бірақ олар бірге, қатарласып жүрмейді
* сезімдік танымның үстемдігі
* таза сана алдындағы тәжірибе
* жан барлық құбылыстар мен адамдарға тән 
* қоршаған ортадан келген тітіркендіргіштер рефлекс доғасына жетіп тізбекті ассоциацияны құрайды 
  + Адамның біртұтастығы тек жан мен тәнді байланыстырмайды, сонымен қатар қоршаған ортаны танудың негізі болып келеді  -  деп дәлелдеген:
* И.Кант
* Б.Спиноза
* К.Кондильяк
* Гельмгольц
* Дж.Милль
  +  Б.Спиноза танудың қандай түрлерін ажыратты:
* интуитивті тану, қисынды тану
* біріншілікті тану, екіншілікті тану, объективті тану
* объективті тану, интуитивті тану, субъективті тану
* біріншілікті тану, екінішілікті тану, интуитивті тану
* біріншілікті тану, объективті тану, интиутивті тан
  + Әлемде физика заңына бағынып қозғалыс жасайтын материалды денелерден басқа ештене жоқ  -  деген пікірді кім ұсынды?
* Р.Декарт
* Б.Спиноза
* Дж.Милль
* Х.Вольф
* Т.Гоббс
  + Психология іліміне санасыз психика түсінігін енгізген  - 
* Г.Лейбниц
* Р.Декарт
* В.Вундт
* Сеченов
* И.П.Павлов
  + Т.Гоббс психологияға нені енгізді:
      - интроспекцианизм
      - эмпиризм
      - волюнтаризм
      - сенсуализм
      - эмпириокритизм
  + Адам дүниеге келгенде оның жаны <<таза тақта>> тәріздес болады деп айтқан кім?
        ** Р.Декарт
        ** Д.Дидро
        ** Дж.Локк
        ** Т.Гоббс
        ** Спиноза
  + Ассоциативті психология қай ғасырда пайда болды және оның қалаушысы:
        ** XVIII ғ. басында Д.Гартли
        ** XVII ғ. Т.Гоббс 
        ** XVIII ғ. Ж.Локк
        ** XIX ғ. А.Галлер
        ** XVII ғ. екінші жартысында Д.Гартли
  + Сенсуализм  -  бұл  -  
* таза сана алдындағы тәжірибе
* сезімдік танымның үстемдік етуі
* қоршаған ортаны танудың жалғыз ғана жолы  -  ақыл-ой
* жан тек субъект болып келеді де, басқа қасиеттерді қабылдауды қамтасыз етеді
* әрбір ғылымның негізіде эксперимент, тәжірибе және математика болуы тиіс

  + Эмпиризм дегеніміз  - 
* таза сана алдындағы тәжірибе
* сезімдік танымның үстемдік етуі
* қоршаған ортаны танудың жалғыз ғана жолы  -  ақыл-ой
* жан тек субъект болып келеді де, басқа қасиеттерді қабылдауды қамтасыз етеді
* әрбір ғылымның негізіде эксперимент, тәжірибе және математика болуы тиіс
  + Француз материалистері Кондильяк, Ламетри, Кабанис былай тұжырымдады:
        ** психика  -  бұл әлеуметтік шарттардың, әдеттер мен дәстүрлердің, адамдардың рухани өмірінің әсерлерінің нәтижесі ретінде
        ** психика вибрация түсінігімен түсіндіріледі, яғни сыртқы вибрациялар жауап ретінде ішкі вибрацяны тудырады
        ** психика түйсіктің бірнеше элементтерінен тұрады: көріністер мен сезімдер
        ** дене жанға әсер ете отырып онда қабылдауды, эмоцияларды тудырады, ал жан ақыл мен ерік арқылы денені қозғалыс жасауға және өзгеруге итермелейді
        ** психика-бұл жоғары дамыған материаның - бас миының функциясы
  + Алғаш рет психология тарихында өзінің <<Эмиль немесе тәрбие туралы>> еңбегінде баланы тәрбиелеу мен дамудың біртұтас жүйесін құрастырған кім?
        ** Дж.Локк
        ** Ж.Руссо
        ** Дистерверг
        ** Д.Дидро
        ** Т.Гоббс
  + Гельвеций бойынша қабілеттер тума болып келмейді, бірақ олар қандай процесс арқылы қалыптасады:
        ** тәрбиелеу
        ** тану
        ** қарым-қатынас
        ** оқыту
        ** дамыту
  + Психофизика заңының құрастырушысы:
      - Аристотель
      - Вебер-Вехнер
      - М.Г.Ярошевский
      - И.П.Павлов
      - Д.Гартли
  + Психологияны эмпирикалық және рационалды деп бөлген неміс ғалымы:
        ** Г.Лейбниц
        ** И.Кант
        ** Х.Вольф
        ** И.Гербарт
        ** Дистерверг
  + Қай ғасырда психология физиологияның негізінде дами бастады:
        ** XIX ғ. басында
        ** XX ғ. басында
        ** XIX ғ. 30-40 жж.
        ** XVIII ғ. екінші жартысында
        ** XVIII ғ. басында
  + И.Мюллер ашқан <<сезім мүшелерінің ерекше энергия заңы>> бойынша:
        ** жұлынға апаратын сенсорлық және моторлық жүйке жолдары арасындағы ерекшеліктер 
        ** психиканың орталық жүйке жүйесіне тәуелділігі
        ** адамның әртүрлі қабілеттері бас миының әр түрлі бөліктерінде орналасқан
        ** жүйке ұлпаның физикаға ғана белгілі энергиядан басқа энергиясы жоқ
        ** жүйкелердің рефлекс доғасы арқылы байланысы
  + Ф.Галль бойынша, әр түрлі қабілеттер бас миының әр түрлі бөліктерінде орналасқан, ал ол бас сүйегін сипат сезіп, <<түйіндер>> арқылы жеке дараның ақыл-ойы, есі және басқа функциялары қаншалықты дамығанын анықтауға болады. Ол қай ілімге тән?
        ** Эмпиризм
        ** Психофизиология
        ** Психоневрология
        ** Френология
        ** Флюрология
  + Ф.Галль негізін салған френология ілімінің түсініктері дұрыс емес екендігін дәлелдеген дәрігер:
        ** П.Флуранс
        ** И.Мюллер
        ** Ф.Галль
        ** А.Бэн
        ** К.Бернар
  + Психологизм ілімінің салушысы:
        ** А.Бэн
        ** И.Кант
        ** Джон Милль
        ** Джеймс Милль
        ** Ф.Галль
  + Қай ілім бойынша ассоциация адамдық феномендер мен мәселелерінің кілті ретінде қарастырылды:
        ** психологизм
        ** ассоциациялық психология
        ** эволюциялық психология
        ** психофизика
        ** психогенетик
  + Психика  -  бұл қоршаған ортаға бейімделу механизм деген кім?
        ** И.Гербарт
        ** Ч.Дарвин
        ** Г.Спенсер
        ** Эббингауз
        ** И.Мюллер
  + Психофизиканың өкілдері:
      - Фехнер, Вебер, Дондерс
      - Гельмгольц, Эббингауз, Флюгер
      - Брэд, К.Левин, В.Вундт
      - Дондерс, Ч.Дарвин, Спенсер
      - Беркли, Д.Юм 
  + Э.Вебер тері түйсігінің қандай түрлерін ашты:
        ** тигізуді, температураны, көлемді түйсіну
        ** қысымды, тарамауды, көлемді түйсіну
        ** қысымды, температураны, тарамауды түйсіну
        ** қысымды, көлемді, сипап түйсіну
        ** тигізуді, температураны, сипап түйісу
  + Вебер-Вехнер заңының мәні неде?
        ** түйсіну күші мен қозу көлемінің арақатынасы
        ** температуралық бейімделу эффекті
        ** қозудың түйсіну күшіне тәуелділігі
        ** түйсіну күшінің қозу көлеміне тәуелділігі
        ** қозу мен тежелудің арақатынасы
  + И.Мюллер жүйкенің кейбір бөліктерін қоздыра отырып бұлшықет реакциясының жылдамдығын өлшеу арқылы нені анықтады:
        ** қозудың рефлекс доғасына жету жылдамдығын 
        ** жүйке процесінің жауап беру реакциясын
        ** қозу мен тежелудің арақатынасын
        ** қозу реакцияларының көлемін
        ** жүйке процесінің таралу жылдамдығын
  + Мидың іс-әрекетінің көрінісі ретінде психикалық процестердің жылдамдығын өлшеу схемасын ұсынған кім?
        ** В.Вундт
        ** И.Мюллер
        ** Ф.Дондерс
        ** Гельгольц
        ** Э.Вебер
  + Алғашқы эксперименталдық психологияның лабораториясын кім ашты және қай жылы:
      - 1876 ж. Дж.Уотсон
      - 1879 ж. В.Вундт
      - 1908 ХВольф
      - 1879 ж. Г.Лейбниц
      - 1889 ж В.Вундт
  + Эксперименталды психологияда <<дербес сөздік ассоциациялар>> әдісін кім ұсынды:
        ** Дж.Кеттелл
        ** Ф.Дондерс
        ** Ф.Гальтон
        ** В.Штерн
        ** В.Вундт
  + Г.Эббингауз психология ғылымына қандай зерттеу әдісін ұсынды:
        ** дербес сөздік ассоциациялар әдісі
        ** зейін көлемін және оқу дағдыларын зерттеу әдісі
        ** интеллект тесттері
        ** ес заңдарын зерттеудің эксперименталды әдісі
        ** жеке дара ерекшеліктерді зерттеу әдісі
  + Алғаш рет жоғары психикалық функцияларды, әсіресе есті зерттеуде эксперимент әдісін кім қолданды?
        ** Г.Эббингауз
        ** В.Вундт
        ** Э.Титчинер
        ** Ф.Гальтон
        ** Ч.Спирмен
  + В.Вундт бойынша эксперименталды зерттеу арқылы нені ғана зерттеуге болады:
        ** жоғары психикалық функциялар
        ** ойлауды
        ** мінез-құлық
        ** қарапайым психикалық процесстер
        ** түйсік пен қабылдау
  + Ресейде бірінші рет эксперименталды лабораторияны ашқан ғалым:
        ** А.П.Нечаев
        ** Г.И.Челпанов
        ** Н.Н.Ланге
        ** В.М.Бехтерев
        ** А.А.Токарский
  + Отандық ғылыми психологияның салушысы:
        ** И.П.Павлов
        ** А.А.Ухтомский
        ** Н.Н.Ланге
        ** И.М.Сеченов
        ** В.М.Бехтерев
  + Құрылымдық мектептің салушысы:
        ** В.Вундт
        ** О.Кюльпе
        ** Ф.Брентано
        ** К.Бюлер
        ** Э.Титченер
  + Психологияның қандай бағыты, психологияның басты міндеті - сананың құрылымын эксперименталды зерттеу деп тұжырымдаған:
        ** Структурализм
        ** Гештальпсихология
        ** Вюрцбург мектебі
        ** Бихевиоризм
        ** Ассоционизм
  + Э.Титченер сана құрылымында қандай категорияларды ажыратады:
        ** түйсік, бейне, сезім
        ** түйсік, қозғалыс, сезім
        ** түйсік, қабылдау, ойлау
        ** қабылдау, бейне, сезім
        ** түйсік, бейне, ойлау
  + Структурлизм бойынша психологияның негізгі әдісі:
        ** эксперимент
        ** аналитикалық интроспекция
        ** бақылау
        ** ассоциациялар 
        ** тест
  + Вюрцбург мектебінің салушысы:
        ** В.Вундт
        ** О.Кюльпе
        ** Ф.Брентано
        ** К.Бюлер
        ** Э.Титченер
  + Вюрцбург мектебінің өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
        ** О.Кюльпе
        ** Г.Уотт
        ** К.Бюлер
        ** Ф.Брентано
        ** Н.Ах
  + Қандай психологиялық мектептің зерттеулерінің нәтижесінде - ойлауды зерттеуі психологиялық нұсқа бейнесінде көріне бастады:
        ** Структурализм
        ** Гештальпсихология
        ** Вюрцбург мектебі
        ** Бихевиоризм
        ** Ассоционизм
  + У.Джеймс психологияның қандай бағытының салушысы болып келеді?
        ** Структурализм
        ** Функционализм
        ** Вюрцбург мектебі
        ** Бихевиоризм
        ** Ассоционизм
  + Структурализмге қарсы сананы оның мінез-құлқындағы функциялары бойынша қарауды талап ететін бағыт:
        ** Структурализм
        ** Функционализм
        ** Вюрцбург мектебі
        ** Бихевиоризм
        ** Ассоционизм
  + Дифференциалды психологияның пәні  -  
        ** адам психикасының әр түрлі сатылардағы дамуы мен қозғаушы күштері
        ** адамдардың немесе топтардың қарым-қатынас ету ерекшеліктері
        ** жануарларда психикалық процестердің дамуы
        ** белгілі бір белгі бойынша біріккен адамдардың немесе топтардың жеке дара ерекшеліктері
        ** жеке дара, жеке тұлға және даралық арасындағы ерекшеліктер
  + Статистика әдісін ұсынған кім?
        ** В.Штерн
        ** Д.Кеттелль
        ** Ф.Гальтон
        ** А.Бине
        ** Ч.Спирмен
  + Егіздер әдісін ұсынған кім?
        ** Э.Торендайк
        ** Д.Кеттелль
        ** Ф.Гальтон
        ** А.Бине
        ** Ч.Спирмен
  + Балалар психологиясының салушысы?
        ** Тидеман
        ** Дж.Локк
        ** В.Прейер
        ** С.Холл
        ** В.Штерн
  + Қандай ғалым өзінің еңбегінде алғаш рет баланың туғанынан 3 жасқа дейінгі психологиялық және биологиялық дамуын сипаттаған:
        ** С.Холл <<Баланың рухани қабілеттерінің дамуын бақылау>>
        ** В.Прейер <<Бала жаны>>
        ** Ч.Дарвин <<Бала жаны>>
        ** В.Штерн <<Тұңғыш қадам>>
        ** Э.Геккель <<Баланы зерттей келе>>
  + Зоопсихологияның өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
        ** Ч.Дарвин
        ** С.Холл
        ** Ж.Леб
        ** Дж.Романес
        ** К.Ллойд-Морган
  + Ашық дағдарыс салдарынан психология қандай бағыттарға бөлінді:
        ** гештальпсихология, бихевиоризм,француз әлеуметтік мектеп
        ** гештальпсихология, бихевиоризм, терең психология, суреттеу психология, француз әлеуметтік мектеп
        ** гештальпсихология, бихевиоризм, терең психология, гуманистік психология, француз әлеуметтік мектеп
        ** гештальпсихология, бихевиоризм, терең психология, гуманистік психология, когнитивті психология, француз әлеуметтік мектеп
        ** гештальпсихология, гуманистік психология, француз әлеуметтік мектеп
  + Қандай психологиялық бағыт сананы психологиялық зерттеу пәні ретінде жоққа шығарады және психиканы мінез-құлық формасында түсіндіреді:
      - функционализм
      - дарвинизм
      - реактология
      - бихевиоризм
      - когнитивті психология
  + Неоихевиористік психологияның өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
        ** Э.Толмен
        ** К.Халд
        ** *К.Коффт
        ** Ф.Скиннер
        ** Дж.Мидт
  + Гештальпсихологияның салушысы:
        ** Э.Торендайк
        ** Дж.Уотсон
        ** Ф.Зандер
        ** К.Коффт
        ** В.Дильтей
  + Терең психологияның негізгі ағымы  -  
        ** жеке дара психология
        ** психоанализ
        ** психоаналитика
        ** бихевиоризм
        ** гештальпсихология
  + <<Толымсыздық кешені>> мәселесін қарастырған кім?
        ** К.Юнг
        ** З.Фрейд
        ** А.Адлер
        ** К.Хорни
        ** Э.Фромм
  + Психологияның <<Өріс теориясының>> авторы кім?
      - Л.С. Выгодский
      - Ж.Пиаже
      - К.Левин
      - В.Вундт
      - З.Фрейд
  + Француз әлеуметтік мектебінің салушысы:
        ** Л.Леви-Брюль
        ** Дж.Уотсон
        ** Ш.Блондоль
        ** Э.Дюркгейм
        ** М.Гальбвакс
  + Суреттеу психологиясының негізін салушысы  -  
        ** К.Левин
        ** Ж.Пиаже
        ** Э.Торендайк
        ** В.Дильтей
        ** З.Фрейд
  + Э.Дюркгейм аз мәдениеттің халықтардың әдептерін, моралды және заң нормаларын, көзқарастарын зерттей келе келесі қорытындыға келді:
        ** олардың адамның психикалық дамуының негізгі факторлары 
        ** олардың әрбір жеке адамның санасын басқаратын күш ретінде келеді
        ** әрбір халықтың санасы тұрмыстық көзқарасқа тәуелді
        ** адам қоғамының даму барысында білімдердің жиналуымен қатар ойлау түрлері ауысады
        ** олар сезімдермен қозулардың басқаратын күш ретінде келеді
  + Гуманистік психологияның өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
        ** К.Роджерс
        ** Р.Мей
        ** А.Маслоу
        ** Уотсон
        ** Г.Олпарт
  + Бихевиоризм мен психоанализдің жеке тұлғаны дамыту ілімдеріне қарсы шыққан психологиялық бағыт:
        ** гештальпсихология
        ** гуманистік психология
        ** когнитивті психология
        ** аналитикалық психология
        ** неофрейдизм
  + Кеңес өкіметінде іс-әрекеттің жалпы теориясын құрастырған кім?
* Н.Унадзе
* С.Л.Рубинщтейн
* А.Н.Леонтев
* И.П.Павлов
* В.М.Сеченов
  + Ұлы Отан соғыс жылдары Қазақстан жеріне қандай психолог ғалымдар қоныс аударылды:
* В.М.Бехтерев, Г.С. Костюк, А.П. Нечаев
* Леонтьев, И.П.Павлов, П.М. Рубинштейн
* Г.С. Костюк, И.П. Павлов, П.М. Рубиншетейн
* Г.С. Костюк, П.М. Рубинштейн, А.П. Нечаев
* П.М. Рубинштейн, А.П. Нечаев, Леонтьев
  + Қазақстанның бірінші ғалым-психологы:
* Қ. Жарықбаев
* Т. Тәжібаев
* Ж. Аймауытов
* П.М. Рубинштейн
* С. Мұқанов
  + Қазақстанда бастапқы кезде психологияның қандай мәселелері қарастырылды:
* жалпы психология және психология тарихы
* педагогикалық психология
* жалпы және педагогикалық психология
* жалпы психология
* жалпы психология және халық психология
  + V-VIII ғ.Қазақстанда психологиялық ойдың дамуы неден көрініс алды(дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
  + ауыз әдебиеті 
  + *жазба әдебиет
  + аңыз-ертегілер 
  + мақал-мәтелдерде
  + фольклер
  + Қазақстанның бірінші әйел ғалым-психологы:
* Намазбаева
* М.О.Резванцева
* Ф.С.Ташимова
* Қ.Т. Шариязданова 
* Н.Күлжанова
  +  1923 ж. Қазақстанда алғаш рет психология ғылымынан орыс тілінде жазылған кітап басылады. Оның авторы кім?
* А.Ф. Лазурский <<Психология>>
* В.М.Бехтерев <<Орталық жүйке жүйесі>>
* В.Я. Струминский <<Психология>>
* А.П. Нечаев <<Қазіргі эксперименталды психология>>
* Ж. Аймауытов <<Психология>>




Пәндер