Файл қосу

Қиярды булыжайларда өсіру



3деңгейлі  СМК құжаты
ПОӘК
ОӘКҚ 042-14.4.01.20.01/03-2012


ПОӘК
<<Жеміс көкөніс шаруашылығы>> пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
18.09.2010 ж. басылым орынына
№ 2 басылым
01.09.2012ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В080100 <<Агрономия>>
мамандығына арналған


<<ЖЕМІС КӨКӨКНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ>> ПӘНІНЕ  АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР











СЕМЕЙ  - 2012





МАЗМҰНЫ

* Глоссарий
* Дәрістер
* Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
* Курстық жоба және дипломдық жұмыс 
* ОСӨЖ  




















Дәріс 
Жеміс шаруашылығының биологиялық негіздері
Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік топтастыру
Өсімдіктердің 130-140 мыңнан асатын әр алуан түрлерінің ішінде жеміс және жидек дақылдарыныңі 1000-нан астам түрлері кездеседі. Қазақстанда 60-астам түрі өсірілсе, Қазақстанның солтүстігінде әуесқой бағбан шаруашылығын қоса есептегенде, 14 түр- алма, алмұрт, алхоры, қара қарақат, қарлыға, таңқурай, бүлдірген, қара жемісті шетен,ирга,кәдімгі шетен,долана, лимонник, ұшқат өсіріледі.
Ботаникалық жағынан жеміс өсімдіктері- 31 тұқымдастың өкілі, бірақ раушангүлділер мен тасжарғыштар тұқымдастарының өкілдері басымдылыққа ие.
Жеміс өсімдіктері төмендегі тұқымдастарға жатады:
* Банандар  - мәдени банан; тәтті банан; ергежейлі  немесе қытай бананы.
* Қайыңдар  - кәдімгі орман жаңғағы, понтийлік, ірі.
* Баобабтар- кейіпсіз.
* Бөріқарақаттар  - кәдімгі бөріқарақат.
* Бұршақтылар- цератония, мүйізді ағаш, цареградтық мүйізшелер.
* Шамшаттар- кәдімгі немесе тағамдық талшын, егістік, америкалық, аласа бойлы,жапондық, жұмсақ.
* Бромелиліктер-мәдени ананас.
* Итбүлдіргендер-итбүлдірген, мүкжидек, кәдімгі қаражидек, көкжидек.
* Аршалар- ұсақ жемісті қойбүлдірген немесе қызыл қойбүлдірген ағаш, ірі жемісті, менциза.
* Жүзімділер- еуропа  - азиялық жүзім немесе еуропалық;амурлық немесе уссурийлық.
* Анарлар  -  кәдімгі анар.
* Диллиндіктер-қытайлық актиния, коломикта, өткір, көпнекелік.
* Ұшқаттар- тағамдық ұшқат, кәдімгі шәңгіш.
* Тасжарғыштар- қарақат(қызыл, ақ, кәдімгі немесе  батыс еуропалық; тасты, қара, сібірлік, ақ гүлді жабайша немесе еуропалық, ине тәрізді, бурейндік,сәл тікенді, итмұрын тәрізді, миссурийлік, өткір тікенді.)
* Шайырлылар- мангустан.
* Қызылталдылар-нағыз қызыл тал немесе кәдімгі , еркек сәнтал; дәрілік немесе жапондық.
* Итжүзімдер- қытайлық унаби, қытай құрмасы, кәмпиттәк ағаш немесе жапондық жүзім ағаш.
* Лаврлықтар- авокадо америкалық, мексикандық.
* Жиделер- итшомыртты шырғанақ, бақ жидесі немесе пшот.
* Магнолилер- қытай лимоннигі немесе шизандра.
* Зәйтүндер- еуропалық немесе мәдени зәйтүн, кәдімгі зәйтүн ағашы, зәйтүн.
* Мирттар- фейхоа, эвгения.
* Сабындылар- қытайлық литчи, лонган, рамбутан.
* Жаңғақтылар- жаңғақ, пекан немесе гикорн.
* Папайялықтар- кәдімгі папайя, марстық кундина, бесбұрышты.
* Пальмалықтар- құрмалық пальма, ормандық құрма, ауытқыған құрма,какос пальмасы,майлы гвиней пальмасы.
* Раушангүлділер- алма(ормандық, шығыстық, жүзімдік, үйлік, шиежемісті, алхоры жапырақты,), орыстық, ірі жемісті, батыс еуропалық, аласа, дусен,түрікмендік, қырғыздық, Сиверстің парадизка, Недзведскидің); алмұрт; беже кәдімгі, кавказдық мушмула, шетен, қара жемісті арония; домалақ; жапырақты ирга немесе кәдімгі; қанды- қызыл долана; алхоры үйлік, тарпиған немесе алша; тікенекті немесе шомыр;талды немесе қытайлық; уссурийлік; шие түпті немесе домалақ, шиелік; кәдімгі, магелебтік немесе иісті, тасты, антпка, магалебтік, кучина, қара мойыл- антипка; киіздік немесе қытайлық; тәттішие немесе құстық шие; қара мойыл кәдімгі немесе шоқпарбасты; кәдімгі шабдалы; бадам, бүлдірген,еуропалық немесе хош иісті құлпынай; таңқурай кәдімгі немесе еуропалық қызыл; түкті немесе америкалық қызыл;қара немесе бөрткен тәрізді; қара қошқылды; бөрткен немесе қара бүлдірген көкшіл, аллегандық немесе таулық, Логанның алмалық итмұрындық; шығыстық мушмула, эриоботрия, локва; дәрілік лавр шие.
* Андыздылар- лимон, апельсин тәтті, ащы немесе бигардия, мандарин, грейпфрурт, цитрон, лайм, шелдок немесе помнельмус, юнос, Папеда ичанг,понцирус,кинкан.
* Сумахтар-пісте, манго,батыстық кежу.
* Тұттар- ақ жібек, қара немесе тұт, інжір немесе фиг ағашы, нан ағашы.
Эбендер- шығыс хурмасы, кавказдық, шығыстық, жапондықнемесе субтропикалық(тропикке жақын).
Жеміс өсімдіктерін ботаникалық белгілері және өсімдіктер жүйесіндегі орны негізінде жіктеу дәлірек саналады, оның артықшылығы, өсімдіктің жекелеген түрлерінің туыстық байланысын білдіретіндігінде. Ботаникалық жіктеу қолайсыздау, себебі ол басқа белгілерін ескермейді. Сондықтан іссаналық әрекеттерде кешенді белгілері бойынша өндірістік шаруашылық жіктеуді қолданады. Осы белгілер бойынша 7 топты ажыратады.
1
Шекілдеуіктілер
Алма, алмұрт, беже, кавказ мушмуласы, шетен,арония, ирга, долана
2
Сүйектілер
Алхоры, шие, тәттішие, қара мойыл, өрік,шабдалы, алша, шомырт



3
Жидектілер
Бүлдірген,құлпынай, қарақат, қарлыға, таңқурай, бөрткен,ұшқат, итбүлдірген, көкжидек, мүкжидек, қаражидек, жүзім, актинидия,дәрілік сермене, қызыл, шырғанақ, жиде,тұт, итмұрын, шәңгіш, бөріқарақат
4
Жаңғақтылар
Грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, талшын, пісте, пекан
5
Субтропиктілер
Зәйтүн, інжір, құрма, анар, фейхоз, унаби, авокадо
6
Цитрустылар
Лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут, цитрон, лайм, щеддок немесе помпельмус
7
Тропиктілер
Банан, ананас, манго, папайя, какос пальмасы, құрма және май какосы, эвгения, какао, дуриан, мангустан

Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі
Мыңдаған жылдар бұрын, жеміс және жидек өсімдіктерінің мәдени сұрыптары болмағанда, адамдар табиғатта өскен өсімдіктердің жемістері мен жидектерін пайдаланған. Бұл өсімдіктер жер шарының әр тұсында өседі. Табиғи жағдайдың өзгеруінің әсерімен олар жаңа қасиеттер мен белгілеріне ие бола отырып, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа түрлеріне және формаларына айналады. Мұндай өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары қазіргі кездің өзінде Еуропада, Азияда және әлемнің басқада елдерінде өсуде.
Табиғатта жабайы өсітін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы мәні өте зор; олар тамақ өнеркәсібіне шикізат, ағаш өңдейтін, тоқыма, лак-бояу өнеркәсібіне материалдар береді, өнімді сұрыптарды шығару үшін алғашқы формалары ретінде жиі қолданылуда; телітушілерді өсіруге қажетті жеміс өсімдіктерін алуға жарамды қөз болып табылады.
Өсімдіктердің жерлестірудің ғылыми негшізін алғашқы рет, өткен ғасырдың 20-жылдары академик Н.И.вавилов жасаған еді. Оның негізіне ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығыы туралы теориясын алған болатын. Бұл теория негізінде орталықтарда белгілі бір түрдің тектік әр алуандықтың мол саны жиналғандеген пайымдама алнынған.
Н.И.Вавилов, мәдени дақылдардың ең табиғи әр алуандылығы алғашқы немесе екінші орталықтарда болатынын дәлелдеді. Негізгі орталықтардан алынған материалдарда, селекциялық жұмыстар үшін ең қажетті  - тұқымқуалаушылық өзгермелілік ерекше болады екен. Н.И.Вавилов жиналған өсімдіктердің топтамасының негізінде мәдени дақылдардың шығуы мен әр алуандылығының ботаникалық- географиялық орталықтарының теориясын жасады.
Мәдени дақылдардың, оның ішінде жемістілер мен жидектілердің орасан бай түрлері 12 орталыққа шоғырланған.
1.Қытай- жапон. Бұл жерден алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, актинидия, қытай құрмасы және т.б. тараған.
2.Индонезиялық- үндіқытайлық- цитрустылардың, бананның, нан ағашының, дурианның, мангустаның және т.б. отаны.
3.Австриялық- қытай актиндиясы, унаби. Бұл орталық аз зерттелген.
4.Үндістандық. Бұл жерден цитрустылардың кейбіреуі, кокос пальмасы, манго және т.б, таралған.
5.Ортаазиялық-өрік, пісте, бадам, алманың, алмұрттың, шиенің, алхорының жекелеген түрлері.
6.алдыңғы азиялық- алма, алмұрт, шие, соғды қараөрігі, орман жаңғағы, беке, қызыл, фундук, анар, үй алхорысы, т.б.
7.Жерорта теңіздік- зәйтүн, цератония, дәмжапырақ,т.б.
8.Африкалық-кофе,құрма пальмасы,май пальмасы.
9.Еуропалық  - сібірлік- шырғанақ, қара каракат, алманың мәдени түрлері,шие, алмұрт және т.б.
10.Орталық  америкалық- шоколад ағашы, авокадо, пекан және т.б.
11.Оңтүстік америка-ананас, қауын ағашы, фейхоа, бразилия жаңғағы.
12.Солтүстік америкалық-мүкжидек, қара таңқурай, қожақат, алхоры, қарлыға және т.б.
Қазақстанның солтүстігінде өсетін жеміс жә>>не жидек өсімдіктері 5 орталықтан(Еуропа-сібірлік,Ортаазиялық,алдыңғы азиялық, Қытай- жапондық, Солтүстік америкалық) тараған.
Жеміс және жидек қсімдіктерінің шығу орталығын анықтау және олардың морфологиялық және биологиялық белгілері мен қасиеттерінің бекуіне мүмкіндік жасайтын жер жағдайын зерделеу теориялық және іссаналық қөзқарас жағынан өте маңызды. Түрдің шыққан ортасын, сондай-ақ, оның қасиеттері қалыптасқан жағдайларын біле отырып,оның ең басты биологиялық ерекшеліктері туралы жорамалдауға ,осыдан өсімдіктің өсуі мен дамуына қажетті себеп шарттарына да мүмкіндік туындайды. Мысалы, өріктің отаны  - Орта және Алдыңғы Азия, Солтүстік Жерорта теңізі екенін біле отырып оның жылуға, жарыққа талап қоюын түсіндіру қиынға соқпайды, сонымен бірге құрғақшылыққа ең төзімді жемістік тұқымдық болып саналады. Шығу орталығында бұл дақылдың қазіргі сұрыптарында құрғақшылыққа шыдамдылығы және жылуға, жарықтың қарқындылығына талабы қалыптасқан. Жабайы түрінде бүлдірген Еуропаның, Сібірдің және Кіші Азияның шалғындары мен орман шеттерінде өседі. Қысқа төзімсіз, бірақ қар қалыңдығы 30-40см кем болмағанда Қазақстанның солтүстігінде, тіпті,-400С аязда да сақталады.











Дәріс 
                         ҚИЯР  -  СUCUMIS SATIVUS
     Қияр  -  ежелгі көкөністік өсімдіктік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулыт жерде орташа есеппен 16-20кг/м², ал 50-60кг/м²  мүмкін өнімділік. 
     Қазақстанда қиярды шамамен 15 мың гектар жерде өсіреді. Негізгі егістік  - Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Үй маңында барлық қияр егістігінің 77,8% орналасқан. 
     Биологиялық  ерекшеліктері. Тамаққа  қиярдың  піспеген  жемісін -9-12 тәуліктік  көк түйнегін  -  жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі  корнишон, ал 2-3 тәуліктік  түйнегі пикуль дайындауға жарайды. 
    Қиярдың  көк түйнегінде   сұрпына  байланысты 0,5-1,4% ақуыз, 1,5-3,7% қанттар, 10-15% С дәрумені, әртүрлі  минералды заттар және 96,8% су болады. 
    Қияр топырақ пен ауаның  температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды. Тамыр жүйесі  топыраққа небары 25-30 см, ал жан жағына 50 см тереңдейді. Сабағы төселеп өседі, мұртты; мұрттарымен  тірегіштерге оратылады да, ол тік осе алады.  Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз  жеміәс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады. 
    Қияр -  қысқа күннің өсімдігі . Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің  ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары  - Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б.  -  11-12 сағат күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары  -  Клинский, Многоплодный  -  9-10 сағ қысқа күнде  жемісті жақсы салады. 
   Қияр жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13ºС өне бастайды. Топырақтың  температурасы 10ºС төмен болса, олар шіриді (көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі.)  Жылылық  төмен болса, қиярдың  өсуі тоқтайды, Сондықтан салқын жылдары өнім күрт  төмендейді.  Тым жоғары  температурада жеміс салуына қолайсыз: 35ºС гүлдердің  тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40ºС өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды. 
  Сұрыптары. Қазақстанның  солтүстігінде  қиярдың  негізінен  ерте  және орташа мерзімде  пісетін сұрыптары өсіріледі. 
    Ашық жерге арналған  сұрыптар. Вязниковский 37. Владимир облысының  халықтық  ежелгі сұрпы . Желі сабағының  ұзындығы орташа, 70-100 см, бұтақтануы орташа.  Жемістері  -  9-12 см, салмағы  - 90-129 г, сәл кітірлі, шырынды, хош иісті,  жиі жас күйінде және тұздауға  қолданылады. т.б.
Қиярды ашық  жерде өсіру технологиясы
   Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қара шіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының  топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс  дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде  қиярды ерте пісетін  картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг , фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады.
    Қиярды Қазақстанның  солтүстігінде  жағдайында өсіргенде биік сабақты өсімдіктерден, айталық жугеріден немесе күнбағыстан ықтырма себудің маңызы зор. Ықтырмалар қиярды суық желдерден қорғайды, көк түйнек өнімі артады, оларды  бір апта ерте жинауға  болады және қорғаулы  жермен салыстырғанда жинау екі аптаға кешірек аякталады. Қияр топырақтың ылғалдылығын қатты талап етеді. Бірінші рет оны өскін пайда болғанша суарады, сосын 6-7 тәуліктен кейін қайталайды. Егер суару жаңбырлатқыш  қондырғылармен атқарылса гектарына 250-300 м³, ал қарықпен суарылса 400-500 м³ су береді. Көк түйнектерді жаппай жинаған  кезде суаруды  жиірек, әрбір 3-4 тәулікте, бірақ аз мөлшермен  -  70-100 м³/г суарады.  Ауа райына байланысты қиярдың өсу даму кезеңінде 10-15 рет суарады. Құрғақ ыстық кезеңдерде сергіте суландырудың (негізгі суландырулармен уйлестіре) әсері өте зор (30-35 м³/га). Қиярды уақытында жинау оның өнімділігін  және тауарлық сапасын  арттырады. Пісуінің   басында жинауды 2-3 тәулік сайын, ал жаппай піскен кезінде күнде немесе  бір тәуліктен соң жинайды. 
Қиярды кәсек және пленка астында өсіру. Өнімді ертерек алу үшін қиярды кәсек немесе жарық өткізетін пленка астында өсіреді. Кейбір шаруашылықтарда ерте пісетін  қиярды  булыжай кәсегімен немесе жеңіл ағаш қаңқаларды  пленкамен жауып, салқын  жүйектерде өсіреді. Жүйектер биоотынсыз, күн көзінен жылынады.  Жамылғы астындағы  қияр үсікке шалынбайды, ашық жерге қарағанда, 25-30 тәулік ерте жеміс салады және жоғары бағамен сатылатындықтан, пленка астында өсірілген  қиярдың экономикалық  тиімділігі  жеткілікті мөлшерде жоғары болады. Қиярды ерте және жоғары өнім алу үшін шірінділі  - топырақты құмыраларда 20-30 тәулік өсірілген көшеттерді отырғызуға болады. Отырғызуды  жамылғының дәл ортасына 2 қатар етіп жүргізеді. Қолмен отырғызғанда қатараралық 15-20 см болады. 
     Жылыжай  топырағын  алғашқы дайындағанда әрбір шаршы метріне  20-30 кг толық шірімеген көң енгізеді. Көңді шашқаннан кейін  топырақты қайтадан жыртады, терең қопсытады және талдауға алады. Агрохимиялық  талдауға сәйкес, негізгі өңдеу кезінде минералды тынайтқыштар енгізіледі. Қияр өнімі көшеттің отырғызу  мерзіміне көптен көп тәуелді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің тәжірибелерінде  көшетті тұрақты орнына 5 қаңтарда отырғызғанда  бір шаршы  метрден 15,0 кг өнім, 10 қаңтарда  -  14,6 және 20 қаңтарда отырғызғанда 12,1 кг өнім жиналған. Пленкалы жылыжайларда  қияр  -  негізгі дақыл. Дұрысы  -  тәуліктік  температура  өзгерістеріне және ауруларға  төзімді гетозисті будандар мен партенокарптық  сұрыптарды өсіру. Клин сортотипінің  сұрыптары пленкалы жылыжайларға жарамайды: ұзақ күнде және жарықтану жағдайы жақсы болса,  олар күшті бұтақтанады және көптеген бүйірлік  өркендер береді. Тұқымды  себуге  дайындау қысқы жылыжайларға  дайындағандай. Қиярды өсіру ерекшеліктеріне  тұқымы  мен көшетін шынықтыру жатады, себебі пленкалы жылыжайларда температура  режимін қалыптастыру және тұрақты түрде ұстап тұру қиын. 
    Булыжайларда  қиярды көшетпен  өсіргенде  өнімді  мамыр  айының  басында  жинауға  болады.  Булыжайларды  өсіру  үшін  өнімді,  саңырауқұлақ  ауруларына  төзімді  Неросимый 40 сұрпын пайдалануға  болады.   Булыжайға  қиярдың  көшеттерін  екі  кезеңде:  орташа  булыжайларға  бірінші  дақыл  ретінде  сәуір  айының  басында,  жылыжайда  өсірілген 30-35 тәуліктік   көшеттер, екігншісін  -  жапырақты  көкөністерді жинағаннан  және ерте  пісетін  қызанақ  көшеттерін  іріктеп алғаннан  кейін отырғызуға  болады.  
    Қияр  айқас  тозаңданатын  өсімдік  болғандықтан  тұқымдық танаптарын  өндірістік  плантациялардан   ашық жерде  1000м,  қорғаулы  жерде  500 м қашықтықта  орналастырады. Шаруашылықта  бір  сұрыптың   болғаны  дұрыс. Тұқым егістіктерде  3 рет  сұрыптық тазарту  жүргізеді:  біріншісін-негізгі сұрыппен  тозаңдануы болдырмас  үшін гүлдеу алдыңда  барлық  сұрыптық   қоспаларды  аластайды: екіншісін-дерттілерін  және  типтес емес,  сондай-ақ  түйінінің  пішіні,  гүлі  және т.б. белгілері  бойынша  негізгі сұрыпқа   сәйкес  келмейтіндерді  аластау  үшін  түйнек  байланар алдында; үшіншісін  -  тұқымдықтары  жаппай  пайда  болғанда  жүргізеді.




























Дәріс 
               Қиярды  булыжайларда өсіру
Булыжайларда қиярды  көшетпен өсіргенде өнімді мамыр айының басында жинауға болады. Булыжайларда өсіру үшін өнімді, саңырауқұлақ ауруларына  төзімді Неросимый 40 сұрпын пайдалануға болады.
Булыжайға қиярдың көшеттерін екі кезеңде: орташа булыжайларға бірінші дақыл ретінде сәуір айының басында, жылыжайда өсірілген 30-35 тәуліктік көшеттер, екншісін-жапырақты көкөністерді жинағаннан және ерте пісетін қызанақ көшеттерін іріктеп алғаннан кейін отырғызуға болады.Қиярды бірінші дақыл ретінде өсіргенде булыжайлардаыстық қимен толтырып, ортасына ені25-30 см және тереңдігі 15см ұя жасап оған шымды топырақты немесе топырақ пен қарашірінді қоспасын (2:1) төгеді  және 1 кәсекке30 г аммиак селитрасын, 15 г суперфосфат және 15 г хлорлы калий қосылады. Булыжайдың қалған алаңындағы көңге ескі жылыжай топырағын 8-10 см қалыңдықпен төгеді. Ерте пісетін орамжапырақ пен қызанақтың көшеттерін іріктеп алғаннан кейін топырағын үстіңгі бөренеге қарай жылжытып тағы да тереңдігі 20-25 см ұя жасап, оған жаңа грунт төгеді, ең дұрысы, минералды тыңайтқыш қосылған шымды топырақта көлденең атыздар жасап әр кәсеккеұзын желілі сұрыптың 8-10 өсімдігін отырғызады. Көшеттердің құмыраларынбулыжайдың ортасына қарай, сабағын жарнағының ортасына дейін топырақпен жаба, көлбеу отырғызады (мұндай сабақтан қосалқы тамырлар пайда болады), жылы сумен суарадыжәне булыжайдың кәсектерін бойралармен 1-2 қабат етіп жабады. 
    Үстіңгі бөрене бойымен жиілетткіш дақылдарды себеді немесе отырғызады: солтүстік бөрене тұсына пиязды жапыраққа, оңтүстіктегі бөрене бойына- шалғам, сүтшөп.
  Булыжайдағы температураны шуақ күндері 20-250С, бұлтты күндері- 20-250С, жеміс салғанша түнде  -  16-180С, жемістенгенде -18-200С маңайында ұстйды. Булыжайдағы, әсіресе, алғашқы күндері, желге қарама- қарсы жағындағы кәсектерді 4-5 м ашып, саңылауларына бойраларды көлеңкелеп, орташа желдетеді, 18-200С дейін жылытылған сумен 3-4 тәлік аралатып суарады. Гүлдеудің басында суаруды тоқтатады: топырақтың дегділенуі аналық гүлдердің пайда болуын күшейтеді және олардың ұрықтануын жақсартады. Жеміс салған кезде суару жиі және мол сумен атқарылуы қажет.
Әлсіз өсімдіктерге <<булану>>  жасайды: шуақты күні алдын ала дегдіткеннен кейін жақсылап суарады және кәсектерін тығыздап жабады. Орта есеппен 1,5 сағаттан кейін температура 350С жеткенде және өсімдік сәл ғане сола бастағанда булыжайды ептеп желдетеді. << Булану>>жапырақтың және жаңа желілердің өсуін күшейтеді. 
  Әрбір 8-10 тәулікте өсімдікті: гүлдеуге дейін органикалық тыңайтқыштарымен (қатты ашытылған және сұйытылған қи садырасы немесе құс саңғырығы), ал жеміс салған кезеңінде- минералды тыңайтышпен (10 л  суға 20 г аммиак селитрасы, 50 г суперфосфат және 20 г хлорлы калий) үстеп қоректіндіреді. Бір кәсекке- бір шелек ерітінді. Үстеп қоректендіргеннен кейін өсімдіктің үстіндегі ерітіндіні шаю үшін оны таза сумен суарады. 
  Бүйірлік өркендердің және аналық гүлдердің қалыптасуын тездету үшін, 3-5 жапырақ пайда болғаннан кейін өсімдікті шырпиды. Сосын бүірлік өркендерді үстіңгі бөренеге қарай жаяды, бекітеді және топырақпен бүркемелейді. Осы жерлерде тамыр қалыптасады да өсімдіктің қоректенуін жақсартады. Гүлдерді ерте көктемде, ең дұрысы, қолмен тозаңдандыру. Ол үшін аталық гүлді жұлып алады, оның күлтелерін алып тастайды және тозаңқапты аналық аузына ептеп тигізіп, 2-3аналық гүлді тозаңдайды.
  Техникалық жылудағы булыжайларда көмір қышқыл газбен  үстеп қоректендіруді таңертең және түс ауа жүргізеді: тәулігіне бір кәсекке 2-3 г газ шығындайды.
  Қиярды жүйелі түрде, ал жаппай жеміс салған кезеңде- күнде жинайды. Жиі жинау- кейінгі жемістердің жетілуін жеделдетеді. Көк түйнекті жеміс сағағымен бірге кесіп алу, оны ұзағырақ сақтауға мумкіндік береді.
  Жаңақияр ұзақ сақталынбайды. Төмен температураның өзінде жеміс тыныс алуға қантын тез шығындайды да, дәмдік сапасын төмендететін қышқыл жинайды және клетчатка құрады. 
 Салқындатылған қоймаларда 0-ден 10С жылылықта және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 950С қиярды бір апта және одан да ұзағырақ сақтауға болады.
                      Топырақ грунтағы өсімдіктің қоректік жүйесі
Қорғаулы грунттағы көкөніс шаруашылығының өзекті мәселелерінің бірі- өсімдіктің минералды қоректенуі.
Қорғаулы грунт жағдайында көкөніс дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесі негізі қолданудан және өсімдіктің өсіп-даму кезеңінде үстеп қоректенуден тұрады. Негізі қолданыста органикалық және минералды тыңайтқыштар ( азотты тыңайтқыштан басқалары) енгізіледі. Жылқы, ірі қара мал, қой көндерін, қорданы 1шаршы метрге 20-25кг мөлшерінде шашады.
    Өсу-даму кезеңінде өсімдікті үстеп қоректендіреді.Органикалық тыңайтқыштарды негізгі енгізгенде көп мөлшерде қолданса, үстеп қоректендіруге тек минералды тыңайтқыштар қолданылады. Органикалық заттармен ( сиыр қиының әртүрлі деңгейдегі езіндісі) үстеп қоректендіру тиімділік корсете бермейдй. Суда жеңіл еритін және тез әсер ететін тыңайтқыштар қолданылады: аммиак және калий селитрасын, күкірт қышқылды магнийді, күкірт қышқылды калийді, кальций селитрасын қолданады. Үстеп қоректендіруді 7-13 күн сайын қайталайды.
   Топырақ грунтында қоректік заттар мол болғанда үстеп қоректендіруді қолданбайды.
Өсімдіктерге үстеп қоректендірудің қажеттілігін анықтау үшін айына бір рет грунтқа талдау жүргізеді. Талдау аралығында үстеп қоректендіруді соңғы талдауға сүйеніп және өсімдіктің жағдайына ьайланысты қолданады.
























Дәріс 
                           Қызанақ өсіру
* Қызанақ биологияқ ерекшелігі
* Қызанақ сұрыптары
* Қызанақты өсіру технологиясы

Қызанақ-жылу сүйгіш өсімдік.Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-250С, түнде-12-150С. Температура 150С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 100С өсуін тоқтатады, ал-1,50С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура  330С  - қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 350С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-300С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 110С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 80С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.
	СҰРЫПТАРЫ. Қызанақ сұрыптары өсу даму кезеңдерінің ұзақтығы бойынша тез пісетіндер (өскін пайда болғаннан жемісін бірінші рет жинағанша 110-115 тәулік), орташа мерзімде пісетіндер (115-120 тәулік) және кеш пісетіндер (125-130 тәулік) болып бөлінеді. Қазақстанның Солтүстігінде аязсыз кезеңнің қысқалығына байланысты тек тез пісетін және жекелеген жағдайларда орташа мерзімде пісетін сұрыптар өсіріледі. 
	Ашық жерге арналған сұрыптар. 
Агата. БОӨШҒЗИ-Н қырым селенкция стансасында  шығарылған. Ерте пісетін, салаттық сұрып. Өсінді кезеңі- 110 күндей. Детерминантты, биіктігі 45 см, байлауды және өгей бұтақсыздандыруды тілемейді. Жемістері жайпақ- домалақша тегіс. Тасымалдылығы өте жоғары. Жемісінің салмағы 80-110 г. Жемісін бір мезгілде байлайтындығымен ерекшеленеді.
Доходный.Беларуссжеміс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, картоп шаруашылығы ҒЗИ-де шығарылған. Жемістерінің бір мезгілде пісетіндігімен ерекшеленеді. Ерте піседі. Өсімді кезеңі 100-103 тәулік. Дитерминантты, жапырақтануы орташа, биіктігі 13-34 см, шашақ гүлі қарапайым, жинақы, 4 және одан да көп жемісті сұрып.
Пламя. Қазақ ККШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі, өскін болғаннан жемісінің пісуі басталғанша- 100-108 тәулік дитерминантты жапырақтануы орташа өсімдік. Гүл шоғыры қарапайым және аралық. Алғашқы гүл шоғыры 6-7 жапырақ үстінен пайда болады, кейінгілері 1-2 жапырақтан кейін жемістері алғоры пішіндес тегіс, ашық реңді, өте берік, қызыл құрғақ зат мөлшері жоғары. 
Персей. Принестр АШҒЗИ  -  да шығарылған. Тез пісетін өскін рпайда болғаннан жеміс салуының басталғанынша 90 күн қажет. Аласа бойлы сүңгекті өсімджік. Жемістің массасы 100 грамм, ашық қызғылт түсті, сәл түкті сүйкімді емдәмді. Бір түптің өнімділігі 2,5 кг. 
Самаладай. Қазақ ККШ ҒЗИ  -  да шығарылған. Орташа мезгілде пісетін (102-114 тәулік), дитерминантты, жапырақтануы орташа жартылай аумақты өсімдік. Гүл шоғыры аралық борпаң. Бірінші гүл шоғыры 8 жапырақтан кейін бойланады, кейінгілері 1-2 күннен кейін. Жемісі алғоры пішіндес, қызыл, негізінде сәл қырлы, жарылуға берік, салмағы 78-84 г. Қызуға төзімді, жемістьері өсімдікте жетілген күйінде 20-25 күн сақталады. Дәмдік сапасы жоғары.  Жас күйінде, консервілеп, өңдеп пайдалануға болады. Механизм күшімен өсіруге және жемісін бір мезгілде жинап алуға жарамды. 
Сибирский скороспелый. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған.  Дитерминантты негізгі сабағының биіктігі 50-54 см, орташа бұтақтанатын, мол жапырқты өсімдік. Жапырақтар ірі тілімділігі әлсіз, тегіс, күңгірт- жасыл, жемістері жайпақ- домалақ, тегіс, қызыл 60-100 г. Дәмдік сапасы жақсы. Жемістерінің жақсы және бір мезгілде пісуімен бағаланатын сұрып.
Московский осенний. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған. Бойшаң, қуатты, жапырақтануы орташа және жоғары өсімдік. Жемісі жайпақ домалақша және домалақ, тегіс және сәл қырлы, орташа көлемд. Пісіп жетілмеген жемісі жасыл, жеміс сағағында қоңыр немесе сәл дақты, пісіп жетілгені-қызыл. Жемісіндегі қағанағы дұрыс орналасқан, саны 3-5. Жеміс байланғаннан пісуіне дейін 109-126 тәулік. Жапырақтары қоңыр дақта төзімді.
Ревермун (Е1). Голландық, қысқы жылыжайлар үшін шығарылған сұрып. Бойшаң өсімдік. Жемістенуге 125-130 тәулікте кіріседі. Қысқы  -  көктемгі айналымдағы өнімділіг 10-13 кг/м2 Бурыл даққа төзімді.
Собето (Е1). Голландық.Өскіннен алғашқы жемісін жинағанша-121-127 тәулік. Жемістері домалақ, орташа шамада, массасы 67-78 г. Жас жемістерінң дәмдік сапасы -5 ұпай. Тауарлық өнімділігі-10-16 кг/м2.
Верлиока (Ғ1). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе сатансасында шығарылған. Детерминантты, тез пісетін, жемісін қолайсыз жағдайда да сала алтын, ауруларға кешенді төзімділікке ие будан. Жемістенуі өскін пайда болғаннан 103-110 күн өткен соң жүреді. Жемістенуінің бірінші айындағы өнімі 7-8 кг/м2.
Сольвейг  (Ғ1). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағыкөкөніс тәжірибе сатансасында шығарылған. Бойшаң, орташа мерзімнен ерте піседі, жемісінің орташа масссасы 120-150 г. Өнімділігі 7-8 кг/м2. Жас күйінде пайдаланады. 
Сюжет (Ғ1). Приднестер АШҒЗИ-да шығарыллған. Күзгі-қысқы айналымды жоғары өнім береді. Ерте піседі. (85-94 тәулік), массасы 95-100 г. Фитофторозға және микроспорозға төзімділігі орташа. Өнімділігі 15-17 кг/м2.
Көктемдік  пленкалы жылыжайларға арналған сұрып
Виса(Е1). Эстонияда шығарылған, тез пісетін будан. Өсінді кезені өскін пайда болғаннан алғашқы жиын-терінге дейін-92-98 тәулік.Қуатты, орташа бұтақтанатын өсімдік.
	


	









Дәріс 
Қорғаулы жер туралы  түсінік, маңызы және оның құрлыстарын жіктеу
Қорғаулы жер  - маусымнан тыс уақытта көкеніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатын, өсімдіктерге қолайлы жасанды микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі. Қорғаулы жер көкеніс шаруашылығыфн солтүстікке және шығысқа жақындатуға мүмкіндік жасайды, өсірілетін көкеніс дақылдарының түрлерін көбейтуге, халықты жыл бойы жас көкеніспен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмектеседі.
Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай және жылытылған жер болып бөлінеді. Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкеніс өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып, жас көкеністі жыл бойы өсіруге болады.
                             Жылыжайлар
Жылыжайлар-  ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік тіршілігінің барлық себепшарттарын, сондай-ақ өнімділікті де реттеуге болады.жылыжайдағы еңбек- өнеркәсіптік өндірістің бір түрі. Пайдалану және құрлысын салу бойынша жылыжайларды: міндетті, пайдалану ұзақтығы. Өсіру технологиясы, жарық өткізгіш қоршау түрі, қоршауының пішін үйлесімі, жылыту тәсілі сияқты алты топқа бөледі.
Міндеті бойынша жылыжайлар көкеністік, көшеттік және гүлзар болып бөлінеді. Көкеністік жылыжайларда тауарлық қөкеністер, көшеттіктерде- ашық және қорғаулы жерлер үшін көшеттер өсіріледі.
Пайдалану ұзақтығы бойынша жылыжайлар қысқы және көктемдік болып бөлінеді. Қысқы жылыжайда жыл бойы көкеніс және көшет өсіріледі, көктемдікті- ерте көктемнен қоңыр күзге дейін пайдаланады.
Өсіру технологиясы бойынша сөрелі, сөресіз, фитотрондар және қозықұйрық өсіретін болып бөлінеді. Сөрелі жылыжайлар, көбінесе көшеттер өсіруге пайдаланады.
Гидропонды жылыжайларда өсімдіктерді қоректік ертінділер құйылған су өтпейтін бетонды астауларда өсіреді.
Фитотрондар- қоршаған орта себепшарттарының өсімдікке әсерін зерттеу үшін жасанды жағдайларды реттейтін қондырғылар. Қозықұйрық өсіргішжай-жылыжайлардың қозықұйрық өсіруге бейімделген түрі.
Қозықұйрық өсіру үшін әртүрлі құрылыстар: ұңғармалар, үңгірмелер,кеніштер, сондай-ақ жертөле, ескі ғимараттар, жылыжайлар пайдаланады.
Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері бойынша шыныланған, пленкамен және қатты полимерлі жадығаттармен жабылған болып бөлінеді.қысқы жылыжайлар шыныланады да, көктемдіктер шынылы да пленкалы болуы керек.
Күн сәулесі жылыжайдың ішіне өтіп топыраққа, өсімдікке қабырғаға және басқада жерлерге түседі, оларды қыздырып жылуға айналады, сосын шыны арқылы кері сыртқа шыға алмайды да , жылыжайдың температурасын көтереді. Бұл құбылысты булыжай немесе жылыжай әсері дейді.
Қоршаудың пішін үйлесуі бойынша жылыжайлар ангарлы және топтамалы болады, көлденең қиығының пішіні бойынша сыңар жақты және екі жақты құламалы, тегіс және цилиндрлері, оңтүстікке бағытталынған ққламалы болып бөлінеді. Ангарлы жылыжайларда тіреулер болмайды.
Блокты жылыжайлардың ангарлы жылыжайлардан артықшылығы: қоршау коэффициентінің аздығы, бағасының және отын шығынының 15-18 пайызға төменірегі, құрылысты салу 30-35 пайызға арзанырақ.
Жылыжайдың басқа да құрылымдары бар:аспалы, ауалық, биіктік-конвейерлік. Ванттық жылыжайлардың пленкалары жылыжайдың екі жағындағы бағаналарға тартылған тросқа байланысты, үрмелердің пленкасы үнемі ауаның қысымымен ұсталынып тұрады.
Көкеніс дақылдарын белгілі бір кезеңде өсіргенде, өсімдіктерге қажетті жылу режимін қалыптастырып үшін соңғы жылдары жылжымалы жылыжайларға қызығушылық туындауда. Жылыжайды рельс бойымен лебедкамен немесе қолмен, сондай-ақ рельс бойымен роликтің қөмегімен қозғайды. Көбінесе жылжымалы жылыжайларды көп жылдық көкеніс дақылдарының  - қояншөптің , рауғаштың, қымыздықтың, шалғамның және т.б. жеміс салуын тездету үшін пайдаланады. Күзде, оларды жинап алғаннан кейін жылыжайды көрші телімге жылжытып, кеш пісетін дақылдарды өсіруге пайдаланады.
        Тұрғын үйлердің және өнеркәсіп ғимараттарының төбесіне жылыжай салу, аталынған орындардың қалған жылуын және жерді тиімді пайдалануға мүмкіншіліктер жасауда.
Жылыжайлар жылыту тәсілі бойынша күнкөзілік, биологиялық және техникалық жылудағы болуы мүмкін.




















Дәріс 
Ж ылытылмайтын жылы жер

	Салқын көшеттік жүйек-кәдімгі бақшалыұ жүйектер,түнде және кенеттен салқындағанда ,жиналмалы жабулармен жабылады.Салқын көшеттік жүйекте қорап болмайды.
	Салқын көшеттік  - ұзындығы еркінше,ені1,6 м,ағаштан жасалған қорап Қораптың үстіне әр жерден сырғауыл салынады немесе тор жайылып,оның үстіне жабу жабады.Мұгдай көшеттіктер тегіс жерге немесе жүйектерге орналастырылады .
Кішігірім көлемді пленкалы құрылыстарды тегіс бетке немесе жүйектерге жасалынады.Олар қаңқасыз,туннель және шатыр тәрізді типтерге бөлінеді.
	Қаңқасыз тасалар (паналар) үшін топырақ бетіне жолақтап атжалдар жасайды,тұқым сепкен кезде арнаулы айла-бұйыммен пленканы жазып,шетін топырқпен басады.Ауа райы жылып (сепкеннен немесе отырғызғаннан 20-30 күн өткен соң).өсімдіктің өсуіне пленка кедергі жасай бастағанда,оны жинап алады.Мұндай паналар өскіннің 10-15 тәулік бұрын пайда болуына,бір жылдық дақылдардың өнімнің ертерек алынуын және көпжылдықтардың өркендерінің дамуын қамтамасыз етеді.
	Тунельді паналардың көлденең қиығы доға пішіндес шатыр тәріздісінікі-екі итарқалы жылыжай сияқты келеді.
Жылытылатын жылы жер 
Биологиялық жылумен (отынмен) жылытылатын жылы жер.Топырақты жылыту үшін өзінен-өзі қыза бастаған көңді топырақ қабатына көмеді.Ондай көң көктемнің салқын ауасына көптеп бу шығарады,осыдан булы жүйек,жал үйінді және ор (шұңқұр) деген түсініктер тараған.
	Булы үйінді-биіктігі 25-30 см ,диаметрі 45-50 см ыстық қи үйіндісін,бүйірлерінен және үстінен құнарлы топырақтың 15-20 см қабатымен жабады.
	Булы ордың булы үйіндіден айырмашылығы,мұнда көң топырақ үстіне емес,белгілі бір шамадағы орларға салынады.Ордың ортасын ала,кішкентай шұңқыршықтарға тұқым себіледі немесе көшет отырғызылады.
	Булы жалдарды(қырқаларды) жасағанда күзде қатараралықтарының нақ ортасынан 0,7-0,9 м атыздар тілінеді.Ерте көктемде атыздарды ыстық көңмен толтырып,іле топырақпен жабады.Булы жалдарды жөндеген кезде тырнауышпен жалдың бетінен 6-80см тереңдікте атыз жасайды,содан кейін тұқым себіледі немесе көшет отырғызылады.
	Булы жүйекті жасағанда, күзде ені50-70 см тереңдігі 20-25 см ұзынша ор қазылады.Ерте көктемде оған қалыңдығы 20 см етіп көң төгіп үстін топырақпен жабады.
Жарық өткізгіш жабуы кәсекті немесе перделі,шынылы немесе пленкалы болуы мүмкін.Жылытылуы бойынша булыжайлар биологиялық,күн көзілік және техникалық  жылуды пайдаланатын болып бөлінеді.Жылда пайдалана бастау уақытына байланысты ерте(жылы),орташа(жартылай жылы) және кеш пайдаланатын булыжайлар болады.
	Сыңар құламалы булыжайлардан қолданыс  тапқаны шұңқырдан ,қораптан,кәсектен және бойрадан тұратын орыстық тереңдетілген булыжай.
	Шұңқыр-жерден қазылған ұзынша ор.Биологиялық отынды (су немесе электр ылытқыштарды өткізуге) және қоректік қабатты (булыжай төсемін)толтыруға арналған.
Булыжайдың қорабы кәсектерінің орнықты және тығыз тұруы үшін керек.Ол шұңқыр қабырғасының  жоғарғы бөлігін бұзылудан және топырағын сусылдап төгілуден қорғайды.Қораптың ұзын жақтарын ұзына бойылық байлам бөренесі (парубені),ал қысқа жақтарын булыжайдың шеті(торец) немесе бас жағы дейді..Қорапты (орамды) ағаштан ,кірпіштен,темір бетоннан жасайды.Булыжай күн сәулесімен  жақсырақ қыздырылуы үшін булыжайдың солтүстік жағын (парубенін )оңтүстікке қарағанда,15 см биіктеу етіп жасайды.
	Булыжайдың кәсектері өсімдіктерді төмен тмпературадан ,жалден және қардан қорғайды,сонымен бірге өсімдіктерге жарықтың түскуіне кедергі жасамайды.Булыжайдың кәсектері ағаштан жасалынады.Оның ұзындығы 160 см,ені 106 см .
	Булыжай бойралары кәсектерді түнде және салқын күндері жабуға қолданылады.Көкөніс шаруашылығы тәжірибесінде кең қолданыс тапқандары  - асбаннан немесе қамыстан көлемі 1,6х2,4 мғқалыңдығы 6 см,салмағы 4,5-5,5 кг етіп жасалынған бойралар.Ең жақсы бойра мылжаланбаған ,масақсыз қара бидай сабанынан жасалынады.Бойраларды қолмен немесе өнімділігі 60 м2 МВМ-250 машинасымен жасайды .Жазда кептірілгеннен кейін бойраларды шиыршықтап бүктеп қалқан астында сақтайды.Бойраларды тышқаннан қорғай үшін оларды улы заттармен өңдейді..




















Дәріс 
ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕП ШАРТТАР
* Жарық режимі
* Жылу режимі
* Ауа-газ режимі
* Су режимі
	Жарық  -  жасыл өсімдіктердің органикалық заттарды (фотосинтез) қалыптастыруына қажет жағдай. Жарықтың ең басты және негізгі көзі  -  күн. Өсімдік үшін жарық сәулесінің ұзындығы 300-ден 400 нм мәні зор. Қысқа толқынды (ҚТ  -  300-400нм) және ұзын толқыны (ҰТ  -  400нм) жылу радияциясын ажыратады. 
	Өсімдіктер үшін негізгі саналатын қысқа толқынды радияцияның шегінде ультракүлгінді (толқын ұзындығы 400 нм кем), физиологиялық (350-400 нм), оның ішінде фотосинтез жолын анықтайтын ФБР (380-710 нм) ажыратады. Түзілудің ультракүлгінді бөлігі айтарлықтай деңгейде С дәруменнің жиналуын, өсімдіктің суыққа төзімділігін және өсу сипатын анықтайды.
	Күн сәулесі өсімдікке тік және шашыраңқы, тік сәуле өсімдікке параллель, негізінен сыртқы жапырақтарға және нағыз тал түсте түседі.
	Тік және шашыраңқы радияцияның арақатынасы географиялық орынның еніне, бұлттылыққа байланысты болады және тәулңк бойы өзгеріп отырады. Қыста шашыраңқы сәуле басым келеді. Көктемгі күн сәулесіндеұзын толқын, жаз күніне қарағанда, басымырақ болады. Таңертең және кешке қарай қызыл сәуле моаядыжәне күлгін сәуле мен ФБР (фотосинтетикалық белсенді радияция) саны азаяды. Бір өлшем уақытта жазықтыққа тік( перпендикулярлы) келіп түсетін күн қуатының ағымын радиация пәрменділігі немесе сәулелену дейді және Дж/см².мин.,немесе Вт/см²белгілейді. 
	Жеміс өсімдіктерінің дерлік бәрі жарық сүйгіштер, жарық жеткіліксіз болса өнімділіктерін нашарлатады.
	Өсімдіктің жарықтың жеткіліксіздігіне реакциясы көптеген жағдайларға: түрлік және сұрыптық қасиеттеріне, өсіндікезеңіне, жекелеген мүшелері мен бөліктеріне, кешенге қатысатын басқа да жағдайларға және т.б. байланысты болады. Мысалы, тәттішие ағашы өте жарық сүйгіш, ал актинидия болса  -  көлеңкеге шыдамды өсімдік. Өсімдіктің гүдену кезеңінде жарыққа талабы, бүршік ату кезеңі мен (табиғи тыныштық кезеңін айтпағанда) салыстырғанда өте жоғары. Бір өсімдіктің репродуктиві мүшелері, өсінділерге қарағанда жарыққа жоғары талап қояды.
	Өсімдіктің өсуі және өнім қалыптастыруы жарықтанумен бірге күннің ұзақтығына да  байланысты. Өсімдіктің күн мен түннің ауысуына реакциясын фотопериодизм деп атайды. Жеміс ағаштарын қатаң қысқа немесе ұзақ күннің өсімдіктеріне жатқызуға жемісшілердің негізі болмаса да, өсімдіктердің өсінді кезеңіндегі жарықтанудың ұзақтығы олардың өсуіне және дамуына елеулі әсер етеді. Мысалы, өрік пен грек жаңғағы нағыз Оңтүстік дақыл болғанымен, Санк  -  Петербургтің қысқа күнінде қосымша жарықтандырғанда ойдағыдай (табысты) өсе алады. Филогенездері солтүстік ендікте өткен қарақат, қарлыға, мүкжидек ТМД елдерінің ортаңғы алқабында ойдағыдай дамиды.
	Жеміс өсімдіктерінің жазғы даму айналымында жарыққа деген талабы бірдей емес. Айталық, жаздың алғашқы жартысындағы ұзақ күн бүлдіргеннің мұртшаларының пайда болуына (ынталандырса) ықпал етсе, жаздың екінші жартысында күннің ұзақтығы кемігенде, гүл мүшелерінің қалыптасу үрдісі басталады.
	Жеміс өсімдіктерініңішінде пісте,зәйтүн, шабдалы, өрік, құрма пальмасы жарық сүйгіштер тобына жатады. Алма, алмұрт, тәтті шие, грек жаңғағы жарыққа шамалылау талап қояды. Қарақат, қаражидек, көкжидек жарық жеткіліксіз боғанда да, өсе алады. Өсее келе ағаштар мен бұталар жарық сүйгіш келеді. Өсімдіктердің көлеңкеге төзімділігі оңтүстікке, жарық сүйгіштігі солтүстікке қарай ауытқығанда арта түседі.
	Бақтарда жарық режимін отырғызу жиілігін, бөрікбас пішінін және кесу деңгйі мен бұтақтың енкіштігін, содай  -  ақ жер бедерінің әртүрлі әуелілері мен отырғызу кезінде қатардың бағытын таңдау арқылы реттеуге болады. Қорғаулы жерлерде (жылы  -  жайжа, әйнекжайда), тұқымбақтың егіс жалдарында немесе селекциялық егістіктердің кішігірім телімдерінде жарық ағынын жарым  -  жартылай басқаруға күннің ұзақтығын қысқартуға немесе ұзартуға, көлеңкелеу немесе қосымша жасанды жарықтандыру көмегімен табиғи жарықтануды күшейту немесе әлсіздендіруге болады.
Жылу режимі
	Жеміс өсімдіктерінің барлық өсу және даму үдерісі айналаның беогілі бір температурасының режимінде өтеді. Өсу  -  даму кезеңіндегі жылудың жеткіліктігін, белсенді температура жиынтығы бойынша жорамалдауға болады, ол өсімдіктің немесе сұрыптың талабына сай болуға тиіс. Қазақстанда өсірілетін жеміс  - жидек дақылдарының басым бөлігіне белсенді температура болып 8,5  -  10 °С саналады. Фенологиялық кезеңнін басым бөлігі (гүлдеу, жемісінің өсуі, өркендеуінің жетілуі) үшін 15°С жоғары температура қажет. 
	Жылу жетпегенде жеміс өсімдіктерінің дамуы ұзарады, ағаш сүрегі жетіліп үлгермейді де, олар күзгі және ерте қысқы теріс температураға шынығу сатысынан толық өте алмайды, нәтижесінде қысқа төзімділігі күрт төмендейді. Сондай  -  ақ жемісі пісіп үлгермеуі мүмкін. 
	Жылу тым мол болғанда (қоңыржай аймақтың жеміс дақылдары үшін 30  -  35 °С жоғары) бүкіл тіршілік үдерістері бұзылады, ал одан да жоғары болғанда ағаштарда, жапырақтарда және жемістерде күйік пайда болады; жемістерінің өсуі және пісуі біркелкі болмайды; қабығының түсі және жемістерінің дәмі нашарлайдығ олардың сақталғыштығы төмендейді. Жиі жемістердің жинауға дейін шашылуы және жеміс өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдануы, ауруларға шалдығуы арта түседі. Температураның 55°С жоғары болуы өсімдіктердің опат болуына жетелейді. Алманың жазғы сұрыптарына жемісінің пісуі үшін 10°С жоғары температураның 1900°С қысқы сұрыптарына - 2200°С, күзгі  -  қысқыларына - 2300°С жиынтығы қажет.
	Жеміс өсімдіктерінің жылуға ең талап қоятындарына субтропикалық дақылдар жатады. Олардың өсуі үшін 15°С жоғары 180  -  200 тәуліктік өсінді кезең қажет. Жаздық жылудың кемуіне қарай жаңғақтылар мен оңтүстік жеміс дақылдары: шабдалы, өрік, беже болып орналасады. Талабы төменділерге алма, алмұрт, алхоры, шие, жидектілер  -  таңқурай, қарақат жатады. Жаздық жылуға талабы сұрпына да байланысты келеді. Мысалы, алма мен алмұрттың қысқы сұрыптарына 15°С жоғары температура, 115  -  125 тәулік, ал жазғы сұрыптарына сәйкесінше  -  80-90 тәулік қажет.
	Жеміс өсімдіктерінің аязға ең әлсіз мүшесі  -  тамыры. Мысалы, орталық аймақтағы алмалардың мүшелері  -  38-40°С дейінгі аязға шыдаса, ормандық алманың телітушісісінің тамыры  -  13-14°С зақымданады. Тәтті шиенікі  -  11-12, шиенікі  -  14-15, қарлығанікі - 18°Сзақымданады. Тамырлардың үсуі аязы ұзақ және қары аз қыстарды байқалады. Тамырлардың зақымдануы жиі қарсыз күзде, температура  -  20-30°С төмендегенде байқалады. Осы кезеңде ағаштың айналасын көңмен, сабанмен және ағаш үгіндісімен жабындау(қымталау) тамыр жүйесін үсіктен жақсы сақтайды.
	Жеміс  -  жидек өсімдіктерінің дамуының барлық кезеңдерінен өтуіне жоғары агротехникалық жағдай жасау, олардың қысқа төзімділігін арттырады. Орман қорғау жолақтары  жеміс өсімдіктерінің қыстап шығуын едәуір жақсартады.
	Бақ салу орнын дұрыс таңдау, тектер мен сұрыптарды таңдап алу, Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығы үшін өте маңызды рөл атқарады.
Ауа-газ режимі
Өсімдіктің тіршілік әрекетіне оттегінің, көмір қышқыл газдың және азоттың тікелей қатысы бар. Атмосфера ауасындағы олардың мөлшері 21; 0,03 және 78 % -ға сәйкес келеді. 
	Оттегі өсімдіктің тыныс алуына, әсіресе тамырларына және түұым өнгенде қажет. Оттегі өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақтарына, сабақтарына, тамырларына) еркін жететін болуы керек. Тамыр мен микроағзалардың бірқалыпты тіршілігі үшін топырақ ауасындағы оттегі мөлшері 10 % - дан кем болмағаны дұрыс. Топырақтың ауалануының төмендеуіне шие, өрік, шабдалы, бадам ерекше сезімтал келеді. 
	Ашық жерлерде ауаның топыраққа келуі жиі шектеледі де, өніп келе жатқан тұқымның және тамырдың тыныс алуын қиындатады. Ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты қопсытады, сонда тамырдың тыныс алуына мүмкіндік береді және бактериялардың тіршілік әрекеті күшейіп , топырақтан көмір қышқыл газының бөлінуі арта түседі. 
	Биологиялық жылытудағы өсіргіш жайларда оттегі микроағзалармен пәрменді пайдаланылатындықтан, өсімдіктерде оттегі тапшылығы байқалуы мүмкін. Ауа- газ режимін жақсарту үшін өсіргіш жайларды желдетеді. Желдетумен бір мезгілде ауа-газ және жылу режимі ғана емес, топырақ-ауа ылғалдылығы да реттеледі.
	Көмір қышқыл газды (СО2), фотосинтез үдерісінде органикалық заттардықұрастыру үшін өсімдіктер жапырақтарымен ауадан сіңіреді. Өсімдіктер үшін жеткілікті жарықтануда және температурада көмір қышқыл газының ауадағы оңтайлы мөлшері 0,15-0,30 % - ға тең. Осындайда фотосинтездің пәрменділігі және өсімдік өнімділігінің артуы байқалады. СО2 мөлшері 0,01 % тең болғанда ассимиляция тоқталады. Топырақтағы СО2 (1 % артық) молаюы тамыр мен тұқым үшін, әсіресе, төмен температурада және ауаның келуі нашарлағанда, зиянды. Оттегіні молайту және СО2 азайту үшін, топырақты уақытында қопсытады.
	Өсімдікті көмір қышқыл газымен қосымша қоректендіргенде, олардың өсуі және дамуы жақсарады, жапырақтарының саны артады, олар ірілене түседі, жеміс салуы жеделдейді, өнімі көбейеді. Өсімдіктер ауруларға және зиянкестерге төзімділікке ие болады. Топырақ үстілік ауадығы көмір қышқыл газының концентрациясын көң енгізгізіп немесе көңді жабынды ретінде қолданып және басқа да органикалық заттардың тапырақта ыдырауынан бөлініп шыққан көмір қышқыл газымен арттыруға болады.
	Ауаның азоты  -  инертті газ. Ол жеміс өсімдіктерінің өніміне әсер етпейді, бірақ оның болуы топырақтағы және бұршақ тұқымдастарының түйнектеріндегі пайдалы микрофлораның іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
	Ауаның ылғалдылығының да маңызы зор. Жаздағы ыстық жел ағаштың өсуін әлсіретеді, өнімі және жемістің сапасын төмендетеді, ал жас бақтарда тым құрғаудың нәтижесінде өсімдіктердің қурауы жиіленеді. Қыста қатты желде ағаштар аяздан зақымдануы мүмкін. Ауа тым ылғалды болғанда әртүрлі саңырауқұлақ аурулары тезірек дамиды.
	 Ауа режимін баққа орын таңдаумен және әртүрлі құрылымды бақ қоршаған ағаштар отырғызумен реттейді.
	Жеміс шаруашылығында ауадағы зиянды газдардың:күкірт газының, күкірт ангидридінің, хлордың, қорғасынның бар-жоғын ескеру керек. Бұлар үлкен қалалар маңайындағы, өндіріс және жол бойындағы ауада көбірек жиналады. Зақымға ұшыраған өсімдіктер өсуін тоқтатады, буынаралықтары қысқа келеді, жапырақтары тым каққы болады және төмен иіліп (эпинастия) тұрады. Зиянды заттардың концерогенді және радиобелсенді бөлшектері жеміске өтеді және адам денсаулығына зиян келтіріледі. Мұндай жерлерде бақты және жидектікті салуға болмайды. Бақ қорғайтын жолақтардың және бақтағы бөрікбас үстінен тұрақты жаңбырлатқыш қондырғылардың болуы қала мен өндіріс орындарының лас ауаусынан қоғағыш болып саналады.
Су режимі
	Су өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқарады  және бірқалыпты өсуі мен дамуының алмастырылмайтын факторы саналады. Су протоплазма мен жасуша сөлінің (шырынының) құрамына енеді, қоректік ерітінділердің жылжуына мүмкіндік жасайды, барлық физиологиялық және биохимиялық үдерістерге қатысады.
	Ағаштың әр бөлігіндегі судың мөлшері бірдей емес. Жапырақтарда және бұтақтарда су жалпы массасының 50-75%-ға тең болса, тамырда  -  60-85%, жемістің жұмсағында  -  85% және одан да артық болады. Судың мол мөлшерін өсімдік жапырақ бетімен транспирацияға (булануға) жұмсайды. Мысалы, алмұрттың биіктігі 1 м жас ағашы тәулігіне 6 л жуық су буландырса, ересек, биіктігі 16 м ағашы  -  273 л жуық.
	Жеміс ағаштарының, әсіресе, жидектілердің суға деген талабы астық дақылдары мен салыстырғанда, 2 есе жоғары және булану пәрменділігіне байланысты 650-700 мм жылдық жауын- шашынға тең. Жеміс өсімдіктері 1 кг құрғақ зат қалыптастыруға 200-ден 500 кг дейін су шығындайды. Жемісі мол ағаштар жемісі төмендермен салыстырғанды суды молырақ талап етеді.
	Ағашты жеміс өсімдіктері жидектілерге қарағанда суға азырақ қажет етеді. Тамыржүйесі топыраққа неғұрлым тереңірек бойласа, соғұрлым жеміс ағаштары құрғақшылыққа төзімді келеді.
	Жеміс ағаштары және жидек өсімдіктері үшін топырақтың оңтайлы су сыиымдылығы болып ТЕТСС- ның 75-80% -ы саналады. 
	Жеміс ағаштарын отырғызғанда су режимі топырақты күтіп- баптаумен, сондай-ақ бақ қорғағыш ағаштар, жел қайтарғыш (бұрғыш) құрылғылар, тоған, су қоймаларын жасаумен және суландыру жүйесін қолданумен реттелінеді. Ылғал артық болғанда кәріздер (дренаж) қолданылады. Дұрыс ауыспалы егіс, органикалық тыңайтқыштар енгізу де су режимін жақсартады.
	Қыс түсер алдында, Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығының міндетті тәсілі деп қарастырылатын, бақ топырағын сумен жақсы және тереңдетіп суландыратын дымқылдық суармалауды қарастыру керек.
Қоректену режимі
	Өсімдіктердің жақсы дамуы, жемістенуі, тіршіліктерінің ұзақтығы, зиянкестерге, ауруларға және өсу ортасының қолайсызжағдайларына төзімділігі топырақтың құнарлылығына және тыңайтқыштардың жүйесіне байланысты (тәуелді) болады. 
	Жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты өсуі және дамуы үшін топырақта қоректік заттардың: азоттың, фосфордың, калийдің, кальцийдің, күкірттің, магнийдің, темірдің, сондай-ақ бордың, мырыштың, молибденнің және т.б.микрозаттардың жеткілікті мөлшері болуға тиіс.
	Мысалы, азот жеткіліксіз болғанда өркендер мен тамырлардың өсуі кемиді немесе тоқтайды,гүлдеу мен жеміс байлау әлсізденеді, жапырақтары ерте түседі. Азот артық болғанда, өсуі тым күшейеді, гүлдену нашарлайды және жемістің пісу кезеңі ұзарады, реңі түсссізденеді және жемістерінің сақталу мерзімі қысқарады. Фосфор жеткіліксіз болғанда жапырақтарда көгілдір және қызғылт дақтар пайда болады, өркендержің өсуі, тамырлардың бұтақтануы және жемістік өркендердің қалыптасуы әлсірейді. Калий тапшы болғанда сүңгектің, өркендердің, бұтақтаының жуандауы кешеуілдейді, жапырақтары құрғайды, жемісі ұсақталады және пісіп  -  жетілуі баяулайды. Кальций тапшы болғанда сабақ беріктігі нашарлайды, өркеннің  ұшы сынғыш келеді, гүлсабағы солады, шайыр ауруы пайда болады, жемісі шашылғыш келеді. Темір жеткіліксіз болса, хлораздан зардап шегеді. 
Танаптық дақылдармен салымтырғанда, жеміс дақылдары калийді 4 есе көп, ал фосфорды 2-3 есе кем пайдаланады. Жеміс дақылдары топырақтан азотты, фосфорды және калийді 3,7: 1,0:3,4 қатынасымен алып шығады. Өнімнің бір өлшем массасына қоректік заттардың ең мол мөлшерін жидек дақылдары сіңіреді, ең азын  -  шекілдеуіктілер.
Тыңайтқыштың оңтайлы мөлшері отырғылардың түртегіне байланысты болады. Ағаштары тығыз отырғызылған қарқынды бақтарды әр гектардан 80-100 т өнім жинағанда жылда топырақтан 80-100 кг азот, 120-150 кг калий және 25-40 кг фосфор алынып шығады. Осыған қарап және тыңайтқышты пайдалану коэфициенттін (60-80 % азот,50-65% калий және 15-30 % фосфор) ескеріп, әртүрлі өнімділікті жеміс отырғыларына минералды тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшесін дәлірек есептеуге болады. Тез пісетін және жоғары өнімді қарқынды түртектердің тыңайтқышқа ықыласы жоғары болатынын ескерген жөн.      

















Дәріс 
ОРАМЖАПЫРАҚТАР ТОБЫНЫҢ КӨКӨНІСТЕРІ

 	Түрлері мен түршелері, олардың таралуы. Көкөністердің бұл тобына ақ қауданды , қызыл қауданды, савой , брюссель, түсті, брокколи, кольраби, жапырақты және  қытай орамжапырақтары біріктірілген. Сондай  -  ақ, мал азықтық және сәндік орамжапырақтар да өсірілді.  
Ең кеңірек таралғаны  -  ақ қауд анды орамжапырақ. Бұл оның жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға ал уан түрлі пайдалануына байланысты. Ши кі , пісірілген, қуырылған , тұздалған  және маринадталған күйінде пайдаланылады.  Тасымалдауға  қолайлы  Ерте пісетін сұрыптары жыл бойы балаң (жас) күйінде пайдалануға мүмкіндік береді.  Орамжапыраққа емдік қасиет те тән. Оның даңқы ғасырлар  бойы қалыптасқан. Ескілікті  емдік кіт аптарда , сонымен қатар тыс  Еуропа  және Азия елдерінде орамжапырақпен  емдеуге болатын бауырдың  және  буындардың жара, құрқұлақ және т.б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Орамжапырақтардың көптеген  емдік қасиеттерін қазір ғылым дәлелдеп отыр. Медицина  академиясының  қоректерндіру  институты бір адамға жылына 34 кг орамжапырақ жеуге ұсынады.
Орамжапырақтың шырыны өте пайдалы. Қазір дәрі дәрмек өнеркәсібі жас өсімдіктен ақ сары және қоңыр түсті құрғақ шырынды  ұнтақ дайындауда. Ол асқазан  және ұлтабар  жараларын , атеросклероз және  басқа да ауруларды емдеуге  қолданылады.
 	Түсті , броккли, брюссель, савой орамжапырақтары өте аз тараған, сонымен бірге олар аз қауданды орамжапыраққа қарағанда дәмді қасиеттері жоғарырақ, сіңімді ақуыз бен дәрумені көбірек, өздеріне назардың әсіресе,әуесқой  -  бақшашылардың молырақ аударғанын қажет етеді.


Биологиялық сипаттамасы. Орамжапырақ - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарьн және қауданын (кольрабидікі жеміс сабақ), екінші жылы гүл өркендсрін, бұршаққындарьн және тұқымдарын қалыптастырады. Түсті, пекин жене брокколи түрлері-біржылдықтар. Сабақтың қаудан ішіндегі бөлігін ішкі (өзек), оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см)сұрьштар жеңіл, құрғақ құмды жерлерге, ал үзын зігіріктілері(25 см асатьшдар) ылғалды шым тезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатьш топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.
Қаудан - өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әртүрлі - шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады; тығыздығы бойынша -өте тығыз, борпылдақ және өте борпылдақ. Сұрпына және өсу жағдайына  байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болуы мүмкін. Түсті орамжапырақта үстіңгі ашық  бүршік өзінің дамуын ірі гүл шоғырымен  -  шоқпарбаспен аяқтайды. Ол тамаққа пайдаланатын, бірнеше қысқа гүл сабақтарынан тұрады.
Орамжапырақ - суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-1 жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады. 
Орамжапырақ  5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ оңтайлы жылылық  15-18° С. Оның жақсы шынықтырылған; көндіккен көшеттері еткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал  шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3 °С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның - 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда әлсірейді, есінді кезеңі үзарады, енімі төмендейді. Ал кейбіреулері  тіпті, қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.
 "Орамжапырақ - жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе, көшеттік кезінде келеңкелеуді кетермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы етеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда, өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің  ұзатығы 9 сағат болғанда, өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады. Кешет 4-5 жапырағын ұзақ кұнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады. Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруғе болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті. 
        Ақ қауданды орамжапырақ.  Вгassica оіегасеа саріtala  alba L .. Қазіргі кезде орамжапырақ әлемде 800 мың га жерге өсіріледі . ТМД елдері оны өсіруде бірінші орында: жылдағы егіс көлемі 250 мыңдай га. Ерте пісетін сұрыптарының орташа өнімділігі 100-200 ц/ға, кеш пісетіндерінікі - 300-400 ц/га. Бір қауданның массасы 16 кг дейін болады. Қазақстанда орамжапырақты 15 мың га артық жерге өсіреді. Негізгі егістіктері Алматы, Оңтұстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазақстанның солтүстігінде орамжапырақ 3,4 мың ға жерде өсіріледі. Шаруашылық тұрғыдан алғанда етістіктің 65  %  үй маңайындағы шаруашылықтада  орналасқан. Ең жоғары  өнімділік шаруа қожалықтарында   және үй маңайындағы  жерлерде. Қазақстанда ең жоғ арғы өнімділкті  Алматы және Шығыс Қазақстан Обыстарында (260-275 ц/ ға) жинауда. 
 СҰРЫПТАРЫ.  Ерте пісетіндер. Ерте пісетін сұрыптарды жазда балаң күйінде пайдаланады. 
  Номер первый Грибовский  -147 . Көкөніс Селекциясы және  тұқым  шаруашылығы ҒЗИ - да  шығарылған. Кең тараған , өнімді сұрып.  Қауданы кішкентай , домалақ, тығыздығы орташа, массасы 1-1,5 кг, жарылуға бейімді және орамжапырақ шыбынымен қатты зақымданады.
  Руиновка. Беларусс картоп шаруашылығы және жеміс көкөніс  шаруашылығы селекциясы ҒЗИ-да шығарылған. Қауданы домалақ жайпақ тығыз. Жоғары өнімді, ашытуға пайдаланылатын сұрып. 

Ерте пісетін орамжапырақтың агротехпикасы
Ерте пісетін орамжапырақты жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек. Ең жақсы алғы дақылдар - қияр,тамыржемістілер, қызанақ, ерте пісетін картоп. Ерте пісетін орамжапырақты теқ көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай: аймақтың оңтүстік аудандарында көшеттерді ашық жерге, мамырдың бірінші онкүндігінде, солтүстігінде - мамырдың орта кезінде отырғызады. Отырғызуды кешеуілдету оның өнімділігін кемітеді және өнім жинау мерзімін кейінге шегереді, бұл ерте пісетін орамжапырақ технологиясының экономикалық тиімділігін төмендетеді. 
Орамжапырақты зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін химиялық және биологиялық тәсілдерді қолданады, агротехникалық шаралар (ауыспалы егісті сақтау, жоғары сапалы көшеттер өсіру, төзімді сұрыптарды қолдану) жүргізіледі.
 Орташа және кеш пісетін орамжапырақ сұрыптарының агротехникасы.
 Орташа және кеш пісетін орамжапыратың сұрыптарын жер асты сулары жақын орналасқан топырақтарда, көшетпен және көшетсіз өсіреді.
Көшетпен өсіру. Орташа мерзімде және кеш пісетін орамжапырақтарды оцпаң телімдерде орналастырады, ең дұрысы  - өзен және су жайылмасы. Отырғызуға 35-40 күндік көшеттерді пайдаланады. Олардың отырғызу мерзімін дұрыс таңдау өте маңызды. 
Орташа мерзімде пісетін орамжапырақтың көшеттерін ерте пісетін орамжапырақты  отырғызғаннан соң, мамырда, тек маусымның бірінші аптасынан кешіктірмей отырғызу керек.
Көшетсіз өсіру. Орамжапырақты көшетсіз өсіру көшет тәсілімен салыстырғанда тиімдірек болып келеді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ деректерінде көшетпен есірген орамжапырақтың гектарлық өнімділігі 386 ц болған, ал көшетсізінікі - 397 ц. Аз шығынға байланысты 1 ц өнімнің өзіндік құны 20 % төмендеген. 
Көшетсіз өсірілген орамжапырақ суыққа шыдамды, 4-5 °С уақытша ызғарларға күйзеліссіз шыдайды. Өсу үдерісі кезінде топыраққа терең бойлайтын қуатты тамыр жүйесін дамытады, бұл осімдіктің қорекпен жөне сумен қамтамасыздануын жақсартады. Бұл суару арасындағы ұзақ үзілістерге және жаздың жоғары температурасына шыдауға мүмкіндік береді. Көшетсіз өсіргенде өсу даму кезеңі 13-15 тәулікке қысқарады. 
Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы. Тұқым шаруашылығының бірінші жылдағы негізгі міндеті  - сау аналықтарды алу. Олардың сапасына жоғары талаптар қойылады. Аналық егістіктің бір гектарынан 50%  аспайтын өсімдіктерді таңдап алады. Сондықтан, келесі жылы бір гектарға отырғызу үшін 2 гектар аналық егісі қажет.
Қызыл қауданды орамжапырақ. Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra L. Табиғаты және шығу орталығы бойынша ақ қауданды орамжапыраққа ұқсас. Одан қызыл көң реңмен және жапырақтың, қауданның кішірек көлемімен ерекшеленеді.
Қызыл қауданды орамжапырақтың күлгін түсі вакуоль шырынының құрамындағы антоцианға байланысты. Ал, оған Р дәрумендік белсенділік тән-адам және жануар ағзасына игілікті әсер етеді, қан тұтікшелерінің серпімділігін кетерін, олардың өткізгіштігін бірқалыпқа келтіреді. Қызыл қауданды орамжапырақты салат дайындауға пайдаланады. Ашытуға жарамайды. 
Түсті орамжапырақ Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra Бір жылдық өсімдік, отырғызылған жылы гүлдегіш сабақтарын тұқымдарын қалыптастырады. Орамжапырақ өсімдіктердің ішінде тағамдық және дәмдік қасиеттері бойынша бірінші орында тұр. Құрамында жеңіл сіңетін ақуыздар, қанттар, минералды тұздар, дәрумендер бар. Тамаққа ақ, қысқа, жуан, тығыз шоғырланған гүл сабақтары пайдаланылады, олар ұзын сағақта орналасқан қуатты жапырақ дегелегі қалыптасқаннан кейін пайда болады. 
СҰРЫПТАРЫ.
       Гарантия. К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының көкөніс тәжірибе стансасында шетелдік үлгіден шығарылған. Ерте піседі (88-100 тәулік). Жұмыр гүлді, домалақша өте тығыз, ақ немесе сәл ақ сары түсті. Жапырақтары толық жаппайды.
        Мовир 74. БОӨШҒЗИ-ның Мәскеу бөлімшесінің сұрпы. Ерте піседі(90-100 тәулік). Жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ, домалақша жақсы.
Ранняя грибовская 1355. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған Ерте піседі (90-100 тәулік) жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ ұзақуақыт бойы жарылмайды. Өнімділігі жоғары.
Түсті жапырақты өсіріп жеткізу. Өнімді қоңыр күзде жинағанда кейбір өсімдіктер тауарлы жұмыргүлін қалыптастырып  үлгермейді, сондықтан оларды булыжайларда немесе жертөлерде өсіріп жетілдіреді. Кейбір шаруашылықтарда өсіріп жетілдіру үшін күзде себеді.
Брокколи. Brassica cauliflora (Mill). Брокколи немесе қояншөпорамжапырағы, түсті орамжапырақтың түршесі болып табыладыжәне олар біріне-бірі көп жағынан ұқсас. Брокколидің борпапаңжұмыргүліне шоғырланған жекелеген жасыл өркендерін тағамғапайдаланады. Брокколи - пайдалы дақыл. Алғашқы негізгі жұмыргүлдерін кесіп алған соң бүйір жапырақтарының қолтық бүршіктерінен қосымша жұмыргүл қалыптастыратын, жаңадан гүлді өркендері пайда болады. Жаңа жұмыргүлдің түзілуі күзгі суыққа дейін жалғасады.  
Өсіруге Грин Спраутинг сұрыпы ұсынылады. Көшетті ашықжерге отырғызғаннан 40-50 тәулік өткен соң пісіп жетіледіӨнімділігі жоғары, өнімділігі бойынша Грибовская 1355 сұрпынан 1,5-2 есе асып түседі. Алғашқы жұмыргүлдерінің салма 600 г жетеді. Өнім беретін сабақтарының түсі жасыл және күлгін жасыл. 
Савой орамжапырағы. Brassica saeouda Lizg. Бұл қаудандыорамжапырақтың ерекше түрі; жапырақтары көпіршікті (кеңірдекті), қауданы борпылдақ, сырты ақшыл жасыл, іші ақшыл сарытүсті. Сақталғыштығы ұзақ емес. Ақ қауданды орамжапыраққақарағанда аязға төзімді. Қоректіліғі және дәмдік қасиеттері бойынша ақ қауданды орамжапырақтан асып түседі, одан жұмсақтау, ақуыздарға, минералды заттарға және дәрумендерге бай.Бәліштің, голубцының ішіне салады, бұқтырып пісіреді, тұздықретінде пайдаланады. Тұздауға және ұзақ сақтауға жарамсыз.
Кольраби. Brassica olearacea var. gonguloides L. Ол қауданемес, өте күшті жан-жақты өскен, кейіннен тамаққа пайдаланылатын сабақ жеміс қалыптастырады. Дәмі зіғіріктің дәміне ұқсас,бірақ нәзіктеу, тәттірек және шырынды келеді. Шикі, бұқтырылған, пісірілген күйінде, фарш ретінде қолданады, сорпа пісіреді.С дәруменінің көптігінен оны <<солтүстік апельсині>> деп атайды. 
Пекин орамжапырағы. Brassica pekinensis (Lour). Бір жылдық өсімдік. Түр ішінде жапырақты, жартылай қауданды (жоғары үшы ашық қаудандар) және кәдімгі қауданды түрлері болады. Негізінен салат жасауға пайдаланылады, сонымен бірге пісіруде және түздауға да жарайды.Ең жақсы сұрпы Хибинская 5      Қытай орамжапырағы. Brassica chinensis Jusl. Бір және жылдық, диаметрі 20-40 см өсімдік. Жапырақтары түксіз, және өте жуан, астыңғы жағы дөңес сағақта орналасқан, қауда қалыптастырмайды. Аязға ,ауруға төзімді. Тек ашық жерде өсіреі Салат дайындауға пайдаланылады. Юбилейная 2170 сұрпы өсіріледі. Өнімділігі 350 ц/га дейін. 
Жапырақты орамжапырақ - екі жылдық өсімдік, біріншіжылы биіктігі 150 см дейін жететін сабағы болады. Жапырақтры ірі, лиралы-қауырсынды немесе бүтін, жайпақ және бұйралықасиеттері тік қиықты. Сабағы мен жапырақтары жасыл немесекүлгін түсті. Жас өсімдіктері өте жиі қылшық-түкті болады.
























Дәріс 
                              Көкөніс дақылдарының көбеюі
Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейеді. Көкеніс шаруашылығында тұқымдық тәсілден басқа, өсіндімен де көбейеді. Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым және өсінді жолымен көбейтуге өарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін сақтап, әр өсімдіктің және бүкіл егістіктің өсіп  -  дамуына жақсы жағдай жасалу бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура келеді.
                                   Тұқымның көбеюі 
Тұқым  -  ағзаның сұрыптық тұқым қуалаушылық белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тұқым ұрықтанған бүршігінің ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Іссанада көбінесе тұқым деп, жатынның ұлғаюынан пайда болған құрғақ жемісті айтады. 
Көкеніс дақылдарының тұқымдары өзара мөлшерлері (көлемі), пәшіндері, түстері, иістері бойынша ажыратылады. Тұқымдардың көлемі (массасы) бойынша В.И.Эдельштейн көкеніс дақылдарын 1 грамдағы тұқым санына байланысты бес топқа бөледі: өте ірілер, тұқым саны 10  -  нан аспайтындар  -  бұршақбас, үрме бұршақ, асбұршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сұрыптары, қантты жүгері; ірілер (11  -  100 дана)  -  қарбыздың ұсақ дәнді сұрыптары, қауын, қияр, қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан; орташалар (150  -  300 дана)  -  қызанақ, орамжапырақ, тарна, пияз, бұрыш, баялды, ботташық, аскөк; ұсақтар (600  -  1000 дана)  -  сәбіз, ақжелек, шомыр, ақсүттіген; өте ұсақтар (1000 - асатындар)  -  қымыздық, қызылшөп, балдыркөк.
Ұсақ дәнді дақылдар үшін топырақты себер алдында өте мұқият өңдеу, тегістеу және тұқым сепкішті себу тереңдігіне дәлірек реттеу қажет. Ұсақ тұқымдарды топыраққа терең сіңіруге болмайды. 
Тұқымның егістік (себу) және сұрыптық сапасын ажыратады. Себу сапасына: тазалығы, өнгіштігі, көктеу (өну) энергиясы, өміршеңдігі (тіршілікке қабілеттілігі), өсу күші, дымқылдылығы, аурулармен және зиянкестермен залалдануы, себуге жарамдылығы, егістік өнгіштігі, тіршілігінің ұзақтығы жатады.
Себу сапасы бойынша тұқымдар екі класқа бөлінеді. Тұқымның сұрыптық сапасын олардың сұрыптық тазалығы, яғни аталған сұрыпқа жататындығы бойынша анықтайды. Көкеніс дақылдары элита, 1 және 2 сұрыптың тұқымы болып үш санатқа (категорияға) бөлінеді.
Тіршілігінің ұзақтығы. Шаруашылық жағдайда ботташықтың, балдыркөктің тұқымдары өнгіштігін 1  -  2 жыл ғана сақтайды; аскөк, ақжелкен, рауғаш, қымыздық, бұрыш  -  2-3; сәбіз, ақ сүтіген, саумалдық  -  3-5; орамжапырақ, қызылша, қояншөп, қызанақ  -  4-5; бұршақбас, асбұршақ, жүгері, - 5-6; асқабақ тұқымдастары  -  6-8 жыл.
Тұқымдардың өңгіштігін сақтауы, оны сақтаған кездегі температура мен ылғалдылыққа тікелей тәуелді. Тұқымдар тыныштық күйде болсадағы тыныс алуын жалғастырады. Тыныс алу үдерісі тұқым қабығының астындағы және тұқымның жан  -  жағындағы ауа қабатындағыоттектің есебінен жүреді. Тұқымның тыныс алуы өте әлсіз, бірақ температура жоғарылаған сайын ол, әсіресе, тұқымның дымқылдылығы артса күшейе түседі.
Көкеніс дақылдарының тұқымдарының сақталуына қолайлы температура  -  0-5 С; тұрақты 14-18 С жылылықтада тұқымдар жақсы сақталады. Құрғақ тұқымдар төмен (-180 С) және салыстырмалы түрдегі жоғары (80-85 С) температураға шыдайды, бөрткендері - 2-10 С температурада опат болады және ұзақ уақыт 60-65 С қыздырғанды көтере алмайды.
Тұқымның сақталуына дымқылдылықтың тигізетін әсері басымырақ болады. Сақтаған кезде дымқылдылық белгіленген шектен аспауы қажет; көкеніс дақылдарының басым бөлігінде ол 13-тен 15%, орамжапырақ және бұқшақ тұқымдастарда -  9- дан 11% дейің. Дымқылдылығы жоғары тұқымдар нашар сақталады және өнгіштігін тез жоғалтады.
Өнгіштікті жоғалтуда маңызы рөлді тек тұқымдардың дымқылдылығы ғана емес, сонымен бірге ауа дымқылдылығы да атқарады. Жоғары дымқылдылықты, әсіресе, жылумен біріксе,тұқымның тез бұзылуын әкеледі. Сондықтан сақтау орны ауасының салыстырмалы дымқылдылығы саплы тұқымның дымқылдылығынан 2% төмен болуы керек. Су буларын, көмір қышқыл газын сыртқа шығару және тұқымды оттекпен қамтамасыз ету үшін қойманы жүйелі түрде желдетіп тұру қажет. Әр түр мен сұрыпқа тән тұқым түсі, оның күйі мен балаңдылығының дәлелі. Түссіз және бозарған (өңсіз) түс тұқымының толық піспеген кезеңінде, дымқылды ауа райында жиналғанын немесе оларды күн көзінде кептіргенін білдіреді. 
Асқабақтың және қиярдың жаңа тұқымдары дерлік ақ, ескі тұқымдары сарғаяды, олардың өңі күңгірт немесе кір  -  қожалақ болады. Кейбір көкеніс дақылдарының (шалғам, шалқан, орамжапырақ) тұқымдары барлық жағдайларда да өздеріне тән түстерін жоғалтпайды.
Кейбір көкеніс дақылдарын (сәбіз, ақжелкен, балдыркөк) ұзақ уақыт сақтағанда оларға тән иістің азаюы, тіпті, біржола жоғалуы мүмкін, бұл тұқымның жасы мен сапасының айрықша белгісі. Себуге көкеніс дақылдарының егісі үшін өткен жылғы өнімнің тұқымын қолданады, бұлар ең жоғары өнгіштікке ие.
Көкеніс шаруашылығында кең түрде гетерозисты будандар қолданыс табуда. Өсімдіктегі гетерозисі  -  бірінші ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, өнімділігі мен жетілгіштігі жағынан, ең жақсы ата  -  аналарының бірінен асып түсу құбылысы. Мысалы, қиярдың Успех 221, Гибрид 220 аталуы будандары үлгі қалыптағы (стандарттағы) сұрыптардан өнімділігі бойынша 30-40% артық болады., ал жеміс салуының бірінші онкүндігінде тауарлы көк түйнегі (көк қияр) 2-3 есе артық.  Пияздың Каба және Испанский 313 сұрыптарын будандастырып алынған гетерозисті буданы, өнімділігі жағынан Каба сұрпынан (52%) жоғары болған.
                                 Өсінді жолмен көбейту   
Көкеніс шаруашылығында өсінділік көбеюдің мынадай тәсілдерін қолданады.
Баданамен (жуашықпен) көбейту. Түбіртегінде ұрық жұрнағы болатын пиязды, сарымсақты, шалот пиязын өсіргенде қолданады. Мұндай баданаларды отырғызғанда, әр бүршіктен жаңа бадана қалыптасады. Сарымсақтың және көп қат  -  қабатты пияздың сабақтанғыш формалары қалыптастыратын ауалық пиязшықтары да көбейту үшін қолданылады.
Тамырсабақпен көбейту. Бұл тәсілді көп жылдық көкеніс дақылдарын  -  қояншөпті, рауғашты, ақжелкекті өсіргенде қолданады. Қояншөп пен рауғаш ты, ақжелкекті өсіргенде өолданады. Қояншөп пен рауғаш өздерінің  топырақ үстілік мүшелерін, тамырсабақтың жоғарғы жағында орналасқан өсу бүршігінен дамытады. Сондықтан бұл дақылдардың тамырсабақтарын бөлгенде әр бөлікте өсу бүршігінің және қоректік заттары бар тамырсабақ бөлігінің болғанын қадағалайды. Неғұрлым бөлік ірі және өсу бүршігі көбірек болса, солғұрлым топырақ үстілік мүшелер тез және жақсы өсіп -  дамиды. Тамырсабақты бөліктеу өсіп  -  даму аяқталғаннан кейін, қоңыр күзде немесе көктемде жүргізіледі.
Қалемшелермен көбейту. Көптеген көкеніс дақылдарының  -  орамжапырақ, қызанақ, қияр, қауын және т.б. топыраққа сабақтарының бір бөлігін тамырландыру арқылы өсе алатын мүмкіншіліктері бар. Бұл тәсілді көбінесе, селекциялық жұмыста қолданады. Бір  -  екі жапырақты сабақ бөлігін кесіп алып, құм салынған жәшікке тамырландырады. Жақсы дамыған тамыр жүйесі бар өсімдікті тұрақты өсірілетін жерге отырғызады.
Тамыр жемістерін бөліп көбейту. Тамыр жемістерін ұзыныннан тіліп, егістікке отырғызады. Тамыр жемісінің әр бөлігінде тамыр, ал жоғарғы бүршігінен сабақ пайда болады да, олардан гүлдер мен тұқым қалыптасады. Бұл тәсіл тұқым шаруашылығында қолданылады.













Пәндер