Файл қосу
Студенттерге арналған пәндердің оқу бағдарламасы Математикалық талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-14.01.20.169/02-2014 ПОӘК Студенттерге арналған пәндердің оқу бағдарламасы <<Математикалық талдау 2>> 29.08.2014 ж. №1басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Математикалық талдау 2>> 5B010900-Математика мамандығы үшін СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 1 ӘЗІРЛЕНГЕН Құрыстырушы __________ <<29>> тамыз 2014ж. Берікханова Гүлназ Еженхановна <<Математика және МОӘ>> кафедрасының -ф.-м.ғ.д., доцент 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Математика және МОӘ>> кафедра отырысында 02.09.2014 ж., № 1 хаттама. Кафедра меңгерушісі ______________ О.М.Жолымбаев 2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында << >> ___________ 2014 ж., № ___ хаттама. Төраға ______________ 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған <<___>> _________ 2014ж., № ___ хаттама. ОӘК төрағасы ______________ 4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны * Жалпы ережелер.....................................................................4 * Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.........................5 * Курс форматы және саясаты.....................................................................5 * Баға қоюдың саясаты.................................................................................6 * Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу.....7 * СОӨЖ және СӨЖ мазмұны......................................................................8 * Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестелері..................................9 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер * Оқытушының тегi - Берікханова Г.Е. физика-математика ғылымдарының докторы, доцент * Кафедра - <<Математика және математиканы оқыту әдістемесі>> * Ақпарат - № 3 оқу ғимараты, кабинет № 226 * Сабақ өткiзу орны - сабақ кестесі бойынша * Пәннiң атауы - Математикалық талдау 2; * Кредит саны - 2; 1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау Пәндердің мазмұнын қысқаша сипаттау Әртүрлі шаруашылық істерін басқару әдістерін жетілдіру көбінесе экономикалық ғылым мен практикада түрлі математикалық зерттеулер әдістерін кеңінен қолдануға әкеліп отыр. Қазіргі кезеңде күрт дамып келе жатқан есептеу техникасын қарқынды түрде пайдалану математиканы табысты қолдану мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Математикалық талдау пәні математика маманын даярлауда ерекше орны бар пән 1.3 Аталмыш пәннің мақсаты: - студенттердің маман ретінде болашақ қызметітінде орын алатын әртүрлі үрдістер мен құбылыстарды үйренуге және болжам жасауға мүмкіндік беретін математикалық әдістемелерді меңгеруге жәрдемін тигізу; - - жұмысын жетілдіру жолында ғылыми ізденске талаптандыруын дамыту; - әлеументтік-экономикалық өзгерістер кезеңіндегі қойылатын талаптарға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде студенттердің негізгі практикалық шеберлігін шыңдау 1.4 Пәнді оқытудың негізгі міндеті: студент математикалық талдау курсы бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, негізгі теоремаларын біліп, оларды математиканың басқа курстарымен байланыстыра отырып есептер шығаруда ұтымды пайдалана білетін деңгейде меңгерту. 1.5 Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды білуі тиіс: - Математикалық талдаудың негізгі ұғымдарының анықтамалары, жалпы теоремалар. 1.6. Курстың пререквизиттері: орта мектептің бағдарламасы деңгейінде арифметика, алгебра, геометрия курстарын білу, математикалық талдау 1 1.7 Курстың постреквизитері: бітіртіп шығарушы кафедралар оқитын пәндер. 2 ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАР БӨЛУ 1 кесте № Тақырыптың аты Сағаттр саны Әдебиеттер Дәріс Машықтану СОӨЖ СӨЖ Орнықтылық теориясы 1 2 3 4 5 6 7 1 Сан қатарлары. Негізгі ұғымдары. Ең қарапайым теоремалары 1 1 1 1 2 Оң қатардың жинақтылығының шарты,. Салыстыру теоремалары. 1 1 1 3 Коши Даламбер белгілері. 1 1 1 1 4 Раабе белгісі. Интегралдық белгісі 1 1 1 5 Кез келген қатарлардың жинқталығы. Коши теоремасы 1 1 1 1 6 Ауыспалы таңбалы қатарлар. Лейбниц теоремасы. 1 1 1 7 Жинақты қатарлардың қасиеттері 1 1 1 1 8 Жинақты қатарлардың қасиеттері 1 1 1 9 Функциялық тізбектер және қатарлар. Б.р қалыпты жинақтылық 1 1 1 1 10 Бір қалыпты жинақтылық шарты. 1 1 1 11 Қатардың қосындысының функциялық қасиеттері. Шекке мүшелеп көшу. 1 1 1 1 12 Қатарларды иүшелеп интегралдау 1 1 1 13 Қатарларды мүшелеп диффернциалдау 1 1 1 1 14 Дәрежелік қатар. Жинақтылық интервалы. 1 1 1 15 Дәрежелік қатарларды иүшелеп интегралдау 1 1 1 1 16 Дәрежелік қатарларды мүшелеп диффернциалдау 1 1 1 17 Дәрежелік қатар Тейлор қатар ретінде. 1 1 1 1 18 Көрсеткіш және негізгі тригонометриялық функцияларды қатарға жиктеу 1 1 1 19 Арктангенсті және логарифмдік функцияларды қатарға жиктеу 1 1 1 1 20 Биномдық қатар. Қатарларды қолданып жуық есептеулер 1 1 1 21 Меншіксіз интегралдар. Шектері шектеусіз меншіксіз интеграл. 1 1 1 1 22 Шектелмеген функциялардың меңшіксіз интегралы 1 1 1 23 Меншіксіз интегралдардытүрлендіру және есептеу 1 1 1 1 24 Параметрге тәуелді интегралдарЭлементар теориясы. 1 1 1 25 Эйлер интегралы 1 1 1 1 26 Фурье Қатарлары. Функциялардың ортогональды системалары 1 1 1 27 Фукцияларды Фурье қатарға жиктеу. Периодты емес функция жағдайы. 1 1 1 1 28 Кез келген аралықта Фурье қатарға жиктеу 1 1 1 29 Тек косинустар бойынша не тек синустар бойынша жиктеу. 1 1 1 1 30 Фурье интегралы 1 1 1 3. ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР Курсты бастамас бұрын ең алдымен студент ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралымен толық танысып шығуы керек, бұдан студенттің кітапттармен жұмысын жеңілдетеді. Қысқаша дәріс материалдарындағы әрбір тақырыптан кейін студенттің өзбетінше дайындалуына сұрақтар берілген. Дұрыс таңдалған оқу құралы да маңызды. Бірнеше кітаппен жұмыс жасауда көптеген қиындықтар туындайды. Сондықтан ұсынылған әдебиеттердің ішінен біреуін негізгі етіп таңдап алу қажет. Ал қалған әдебиеттерден тақырыпты толықтыру үшін немесе мысал-есептер қарау мақсатында пайдаланған жөн. Курсты бағдарламалық тақырып бойынша ретімен оқу міндетті.Кітаппен жұмыс кезінде студент міндетті түрде өзбетімен есеп шығаруға дағдылануы керек. Теориялық білімді практикада (есеп шығаруда) қолдана алған жағдайда ғана оқу материалын студент толық игерді деп есептеуге болады. 4. КУРС ФОРМАТЫ Оқу сабақтары аптасына 3 рет, әрқайсысы 50 минуттан өтеді. Курс форматы - аралас. Дәріс сабақтары аса күрделі тақырыптарды талдауға араналады. Сабақты өткізудің мұндай құрылымы студенттің жүйелі түрде ұсынылған әдебиеттермен өз бетімен жұмыс жасуын талап етеді. Тәжірибелік сабақтар күрделі теориялық материалдарды қамтитын есептерді шешуге арналған. Аудиториялық СОӨЖ кезінде студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарына және сондай-ақ, үй жұмысын орындаған кезінде туындайтын сұрақарға байланысты өткізіледі. Қажет болған жағдайда СОӨЖ мен жеке немесе топтық консультация түрінде өткізем. Сабақтың негізгі бөлігі пәнді өз бетімен меңгеруге арналған (яғни СӨЖ). 5. КУРС САЯСАТЫ Курстың саясаты - бұл оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптар жүйесі. Ұсынылатын талаптар - барлық тапсырмаларды уақытында, сапалы орындау; себепті жағдаймен қатыспаған сабағын (деканаттың рұқсатымен) қайта тапсыру; өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасау; оқу үрдісіне белсенді қатысу; сабақты жібермеу; сабаққа кешікпей келу. Қатысу: аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Егер студент қандай болса да бір себеппен сабаққа келе алмаса, онда ол өтілген барлық материалға міндетті түрде жауапты болады. Аудиториялық жұмыс: лекция мен практикалық сабақтардың мерзімі - 50 минут. Егер сабақ уақытында (кезінде) студент тәртіп бұзатын болса, онда оқытушы лекция мен практикалық сабақтар өткізілетін оқу аудиториясынан шығарып жіберуге құқылы. Ұялы телефон: сабақ уақытында өшіріп қою керек. Үй жұмысы: орындауға міндетті. Оқытушы практикалық сабақтар мен оның бақылауымен өткізілетін өздік жұмыстар кезінде үй жұмысын тексеріп тиісті баллдарын қояды. Бақылау жұмысы: Пән бойынша бағалау келесі формада жүзеге асырылады: - ағымдық бақылау (<<Дифференциалдық геометрия және топология>> пәні бойынша оқу процессінің календарлық кестесіне сәйкес жүргізіледі); -аралық бақылау (7 және 15 аптада); -қорытынды бақылау - емтихан (бір рет академиялық аралық соңында өткізіледі) Емтиханға аралық бақылаудан кейінгі бағасы >50% болатын студенттер ғана жіберіледі. Пән бойынша қорытынды баға аралық бақылауды 0,6 (60%) және емтихан қорытындысын 0,4 (40%) көбейтіп екеуін қосу арқылы алынады. 6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ Баллдарды апта және бақылау түрлері бойынша бөлу келесі кестеде көрсетілген <<Орнықтылық теориясы>> пәні бойынша баллдарды бөлу 2 кесте Апта Бақылау түрі Балл саны Ескерту 1 2 3 4 1 және 7 апталардағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу. 20 2 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 20 Тәжірибелік сағат 3 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 20 Тәжірибелік сағат 4 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 20 Тәжірибелік сағат Жеке өздік жұмысын орындау №1 40 СӨЖ 5 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 20 Тәжірибелік сағат 6 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 20 Тәжірибелік сағат Жеке өздік жұмысын орындау №2 40 СӨЖ 7 Бақылау жұмысы 90 Аралық бақылау 8 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 16 Тәжірибелік сағат 9 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 14 Тәжірибелік сағат 10 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 14 Тәжірибелік сағат 11 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 14 Тәжірибелік сағат Жеке өздік жұмысын орындау №3 40 СӨЖ 12 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 14 Тәжірибелік сағат 13 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 14 Тәжірибелік сағат 14 Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу 14 Тәжірибелік сағат Жеке өздік жұмысын орындау №4 40 СӨЖ 15 Бақылау жұмысы 90 Аралық бақылау * ӘДЕБИЕТТЕР + 7.1 НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР + 7.1.1 Хасеинов К.А. Математика канондары. Алматы., 2004. + 7.1.2 Махмеджанов Н.М. Жоғары математика есептерінің жинағы, Алматы, 2008 + 7.1.3 Каплан И.А. Практикум по высшей математике, М. 2006 + 7.1.4 Баврин, И.И.. Математический анализ.- М., 2006 + 7.1.5 Айдос, Е.Ж.. Жоғары математика. Үш бөл..- Алматы, 2008 + + 7.2 ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР o 7.2.1. Данко Л. Е., Попов Т. Я. Высшая математика в упражнениях и задачах. Часть 2., М., o 7.2.2. Запорожец А. Т. Задачи по математическому анализу. o Берман Г.Н. Сборник задач по математического анализа. М., <<Наука>>, 1977 o Ефимов А. В. Демидович Б. П. Сборник задач по математике, ч. 1, 2. М., <<Наука>>, 1986 o Кузнецов Л. А. Сборник заданий по высшей математике, М. <<Высшая школа>>, 1984.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz