Файл қосу

Өздік бақылау сұрақтары



                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
            БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
        СЕмей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы 
                МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                    3 деңгейлі СМК құжаты
                                   ПОӘК
                            ПОӘК 042-18-10.1.93
                                   /03-2013
                                       
                                   ПОӘК
 Оқытушыға арналған  пәннің   бағдарламасы
<<Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы>> 
                                       
                             № 1 басылым
                                  18.09.2013 ж.
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
            ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
<<Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы>>
                                       
5В072100  -  <<Органикалық заттардың химиялық технологиясы>> 
                          мамандығы үшін
                                       
           ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                Семей 2013
                                       

                                Мазмұны 

                                      1.
Глоссарий 
                                       3
                                      2.
Дәрістер
                                       4
                                      3.
Практикалық сабақтар
                                      54
                                      4.
Студенттің өздік жұмыстары 
                                      55
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

* Глоссарий

Органикалық химическая технология  - мұнай, көмір,табиғи газ және басқа жаңғыш заттарды өндеу, жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б. алу. 

Химиялық технология - табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.

Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

* Дәрістер
МИКРОМОДУЛЬ 1 <<МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ>>
№ 1 Дәріс.
                                Кіріспе.
                                Мазмұны:
1. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы туралы түсінік.
2. 05072000  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалардың бағаланған сипаттамасы: кәсіптік қызметтің саласы, объектісі, пәні, түрлері, типтік есептері, бағыттары, мазмұны, 05072000  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалар бастауыш компетенцияларына Талаптар. 
                                       
Химиялық технология - табиғи шикі заттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық және экологиялық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым. Химиялық технологияның бөлек білім саласы және оқу пәні ретінде бөлінуі XVIII ғ. Екінші жартысында болды.
Зерттейтін объектілері бойынша химиялық технология екіге бөлінеді:
* бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т.б.)
* органикалық (жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б.) заттар технологиясы.
Механикалық технология заттардың сырт пішінін, физикалық қасиеттерін өзгерту әдістерін зерттесе, химиялық технология заттардың құрамы мен құрылысын өзгертудің химиялық жолдарын қарастырады. Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.
Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне: өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері, өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі, процестің өндіру қарқыны, өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады. Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.
Химиялық технологияның барлық процестері жалпы кинетикалық заңдылықтарға байланысты 5 негізгі топқа бөлінеді: 
* гидромеханикалық;
* жылу;
* массаалмасу (немесе диффузиялық) процестер;
* химиялық процестер;
* механикалық процестер.
Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодтық және периодтық емес болады.
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарының жасалуы мен жетілуінің негізі. Адам әрекетінің барлық салаларына химиялық технологияның осындай енгізілуі оны терең  зерттеуін қажет етеді.
                                       
050720  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавр мамандығының бағаланған сипаттамасы

050720  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавр мамандығының тұліктеріне бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы академиялық дәрежесі беріледі және мемлекеттің сұрауына сәйкес мына мамандықтарда қызымет атқара алады:
* технолог;
* инженер;
* химик-технолог;
* инженер-технолог;
*  дәрежелі маман;
* орта кәсіптік оқу орындарында оқытушы және т.б.

               1. Кәсіптік қызмет сферасы 
                                       
050720  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыбакалавр мамандығының кәсіптік қызмет сферасы:
- мақсатқа сәйкес өнімдердің миниральды шикізаттарын химиялық өңдеу процестерін басқару;
- технологиялық процестерге талдау жүргізу;
- бастапқы заттардың және мақсатқа сәйкес өнімдердің құрамын, құрылысын, қасиеттерін талдау;
- химиялық реакторлармен, аппараттармен жұмыс жасау.

              2. Кәсіптік қызмет объектісі
                                       
Кәсіптік қызмет объектісі: 
- кенбайыту комбинаттары;
- минералды шикізаттарды өңдеу өндірістері;
- бейорганикалық қышқыл, негіз, тұз және минералды тыңайтқыштар өндірістері;
- металлургиялық өндіру комбинаттары;
- құрылыс, керамикалық композициялық материалдар өндіру заудтары;
-	электрохимиялық өндірістер, плазмохимиялық процестер өнеркәсібі;
-	нанотехнология бойынша жұмыс істейтін заудтар;
-	заудтық, цехтық және ғылыми-зерттеу зертханалары.
         3. Кәсіпшіліктің қызмет орындары 
                                       
Бакалаврдың еңбектің нарықтық сұрауы бойынша кәсіпшіліктің қызмет орындары:
-    химиялық технологияның процестері мен аппараттары;
-    өнеркәсіптік жобалау;
-    химиялық өндірістің қауіпсіздігі; 
-    химиялық процестерінің кинетикасын басқару технологиялық тәсілдері 
-    шикізаттың негізгі түрлері және қоры;
-   минералды шикізатты байыту;
-   бейорганикалық заттарды өңдеудің қазіргі технологиясы;
-  заттар мен материалдар өндірісінің нақты химиялық технологиясы;
- заттар мен материалдардың электрохимиялық және электротермиялық синтезінің өндірістік технологиясы;
   - жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамы бойынша өндірістік технологиясы;
- химиялық реагенттер мен реактивтер;
  - ғылыми-зерттеу құралдары мен жабдықтары. 

               4. Кәсіптік қызмет түрлері 
                                       
050720  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыбакалавр мамандығының кәсіптік қызмет түрлері:
-       өндірістік-технологиялық;
-       есептік-, жобалау-, конструкциялық;
-       ұйымдастыру-басқару;
-      сервистік-эксплуатациялық; 
-       экспериментальды-зерттеу; 
-       құрылымдық-реттеу; 

             5. Кәсіптік қызмет функциясы 
                                       
050720  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыбакалавр мамандары өзінің кәсіптік қызметін сферасына, объектісіне сәйкес функцияларды атқарады:
- технологиялық процестерді ұйымдастыру, қамтамасыз ету, бақылау және технологиялық жабдықтарды қанау және бейорганикалық заттар мен материалдардың өңдеуі өнеркәсіптік технологиялық регламенттік талабына сәйкес және технико-эксплуатациялық құжаттары; күйдің экспертиза және диагностика және қызмет объектісінің динамикасы;
- жаңа және модеризацияланған негізгі технологияларды, технологиялық процестерді, технологиялық сатыларды және технологиялық жабдықтарды, ұйымдастыру, жіберу-реттеу жұмыстарына қатысу және қамтамасыз ету, тәжірибе-өндірістік және өндірістік технологиялық регламенттерді жақсы жұмысқа енгізу жобалауға техникалық тапсырларды өңдеу;
- жаңа сонымен бірге жаңаланған негізгі өндірістің химиялық технологиялар мен  химиялық процестері және бейорганикалық заттар мен материалдарды өңдеуде ҒЗЖ және ОКР жүргізу;
- жаңа жабдықтарды қайтадан тексеру; тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз ету үшін білім, ғылым және өндірістің интеграциясы;
- маман және орындаушылар ұжымының эффективті жұмысын ұйымдастыру  және қамтамасыз ету, жұмыс берушілерді ынталандыру және серіктестерді табу, басқару шешімдерін анықтау және жүзеге асыру;
                                       
    6. Кәсіби қызметінің типтік мәселелері
                                       
"050720  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы>> мамандығының бакалавры кәсіби шығармашылығғының әр түрлі саласында өз кәсіби міндеттерін орындай отырып, келесі типтік мәселелерді сәтті шешуге қабілетті:
- ағымдағы технологиялық тізбек және процестерді қамтамасыз ету үшін бастапқы шикізат материалдарын, заттарын және қосымша материалдарды бастапқы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеу бойынша технологиялық құрал-жабдықтар және ағымдағы технологиялық тізбек пен процестердің технологиялық бақылауын өндірістік технологиялық регламент және технико-эксплуатациялық құтатамларға сәйкес жүргізу;
- қызмет объектілерінің (технологиялық процестер, құралдар, т.б.) динамикасы мен күйін анализдің қажетті әдістері мен құралдарын қолданып болжау мен сараптау;
- жаңа технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе иехнологиялық құрал-жабдықтарды жобалауға техникалық тапсырмалар жасау;
- ағымдағы технология, технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе технологиялық құрал-жабдықтар модернизациясы бойынша техникалық тапсырмалар жасау;
- әр түрлі типтегі (зертханалық, тәжірибелік-өндірістік, өндірістік) технологиялық регламенттер жасау;
- тәжірибелік-өндірістік және өндірістік-технологиялық регламенттерді іске асыру;
- жаңа химиялық технологиялар мен технологиялық процестерді жасау бойынша ҒЗЖ жүргізу;
- жаңа химиялық технологиялар мен технологиялық процестерді жасау бойынша ОКР жүргізу; 
- жіберу-реттеу жұмыстарын жүргізу;
- органикалық заттар мен материалдар өндірісінде толық жобалық құжатнамасын жасау;
- технологиялық сызба және жеке түйіндердің альтернативті нұсқаларын талдау және бағалау;
- ағымдағы өндіріс жағдайында орындаушылар мен мамандар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
	 - еңбек және өндірістік тәртіптің қажетті деңгейін қаматамасыз ету;		
         - өндірістің технико-экономикалық талдауын жүргізу;
*  - әр түрлі көзқарас жағдайындағы басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру.
                7. Кәсіби қызмет бағыттары
                                       
<<050720  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы>> мамандығы бакалаврының кәсіби қызметі бағытталған:
- технологиялық процестерді қамтамасыз ету және жетілдіру;
        -өндірістік-технологиялық регламентті орындау және оны жетілдіру, жаңа сыйымдылығы төмен технологияларды қолдану;
- ұйымдастырушылық-технологиялық;
-химико-технологиялық өндіріс аппараттарына сервистік және эксплуатациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жетілдіру;
- жобалық-технологиялық;
- жобалық-құрастыру;
-технологиялық құрал-жабдықтар және процестер, технологиялық тізбектердің жөндеу-реттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
* -шығарылатын өнім сапасын жақсарту қызметі және оның ВТО талаптарына сәйкес келуі;
* -химиялық-технологиялық өндірістің экологиялық қауіпсіздігін, еңбек қорғауын қамтамасыз ету;
*  - материалдық, энергетикалық, құрастыру көрсеткіштерін жақсарту;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- эксперименталды-зерттеу.

                8. Кәсіптік қызмет мазмұны
                                       
* өндіріс-технологиялық әрекеті;
* есеп-, жоба-конструкторлық әрекеті;
* есеп-жоба әрекеті;
* ұйымдастыру-басқару әрекеті;
* сервистық-эксплуатациялық әрекеті;
* ғылыми-зерттеу әрекеті.

Кәсіптік қызмет мазмұнына сай негізгі компетенцияларға талаптар қойылады. 
Тақырыбтың негізгі түсініктері: химиялық технология, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, бейорганикалық заттарды шығару өндірісі, <<5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы>> мамандығы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы.
Өздік бақылау сұрақтары: 
* Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы туралы түсінік.
* 05072000  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалардың бағаланған сипаттамасы: кәсіптік қызметтің саласы, объектісі, пәні, түрлері, типтік есептері, бағыттары, мазмұны.
*  05072000  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалар бастауыш компетенцияларына Талаптар.
Әдебиет:
1. 1. Касымова Ж.С. ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ для студентов специальности 5В072000  -  Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие  -  Семей, 2013.  -  239 с.
2. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 с.
3. Интернет ресурстар.

№ 2 Дәріс.
 Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері
                                Мазмұны:
1. Оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі ережелері.
2. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру, оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру.
3.Студенттердің оқу жетістіктерің бақылау және бағалау жүйесі.
4. Жазғы семестрді ұйымдастыру.
5. Түлектің білім алуын жалғастыру мүмкіншіліктері.

1. Кредитті технология негізінде білім беру саясатының басты міндеті болып ұлттық білім беру бағдарламалардың халықаралық мойындауы, білім алушылардың және оқытушылардың мобильдігін, сонымен қатар білім берудің сапасын жоғарлату және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуі.
Осы жүйенің мақсаты - дүниежүзілік стандарттарға сәйкес болу, Болон декларациясына қатысушы мемлекеттермен академиялық дәрежені мойындау және аккередитацияланған жоо біреуімен басқасына кредиттермен ауысу/өзаразачеттер мүмкіншіліктер. 
Кредиттік технологиямен білім беруде кредиттер маңызды құрылымы. Студент әрбір пәнді табысты игерген жағдайда өзінің білім жинағына алдын ала бекітілген кредиттер санын <<жинайды>>, олардың жалпы қосындысы оған сәйкес бакалавр және магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Оқытудың кредиттік жүйесін сипаттайтын негізгі ұғымдар - глоссарий:
* академикалық кезең (Term) - оқыту кезеңінде жоғары оқу орны үш нысанның бірін таңдап алады: семестр - ұзақтығы - 15 апта, триместр - ұзақтығы - 10 апта, квартал - ұзақтығы - 8 апта;
* академикалық күнтізбе календарь (Academic Calendar)  -  оқу және бақылау шараларын, оқу жыл бойы кәсіби тәжірибелерді демалыс күндерін ( каникулдар және мейрамдарды) белгілеуімен өткізу күнтізбесі;
* академикалық мобильдігі  -  білім алушылардың, не оқытушылар  - зерттеушілердің білім алу үшін, не зерттеулерді өткізу үшін анықталған академикалық мерзімге ауысуы: басқа жоғары оқу орынына семестр, не оқу жылына ( мемлекет ішінде не шетел мемлекетте ) өз ЖОО, не басқа ЖОО жалғастырк үшін кредиттер/ сағаттар білім беру бағдарламалардың міндетті түрде қабылдауымен;
* академикалық сағат - білім алушының оқытушымен кесте бойынша барлық білім алу сабақтарда ( аудиториялық жұмыс) не бөлек бекітілген кесте бойынша қатынастық жұмысының уақыты: дәрістік, тәжірибелік ( семинарлық) сабақтың 1 байланыс сағатына ( 50 минут) немесе студиядағы сабақтың 1,5 байланыс сағатына (75 минут) немесе зертханалық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 минут), сондай-ақ , оқу тәжірибесі барлық түрінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық тәжірибе барлық түрінің 2 байланыс сағатына (100 минут), өндірістік тәжірибе барлық түрінің 5 байланыс сағатына (250 минут) тең; 
* аралық аттестация - ағымдағы аралық және қорытынды бақылау түрін ескере отырып білімалушының пәндерді меңгергендігін жан-жақты бағалау;
* ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) - жоғары оқу орнында профессорлық  -  оқытушылық құрамның қызметкерлері, олар өз кезегінде тьюторлар, дәріс оқушылар;
* бакалавр, магистр, доктор (Bachellor, Master, Doctor) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік біліміне сәйкес оқу бағдарламаларын игерген адамдарға берілетін академиялық дәрежелер;
* бакалавриат - бакалавр академиялық дәрежесі берілетін жоғары білім бағдарламасы;
* білімалушының білім деңгейін бақылау - әртүрлі бақылау тапсырмалары арқылы нақты пән бойынша білім деңгейін тексеру (жазбаша жұмыс, тесттер, тәжірибе жұмысы, портфолио, ауызша сұрау, емтихан және т.б.), бақылау ағымдағы, кезеңдік және қорытынды түрінде болады;
* білімалушыларды мемлекеттік қорытынды аттестациялау - оның нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (диплом) берілетін, білімалушылардың, білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейіне жүргізілетін рәсім;
* білімалушының өздік жұмысы (БӨЖ) - өздігінен оқуға берілген белгілі бір тақырып бойынша оқу-әдістемелік және ұсыныстармен қамтамасыз етілген жұмыс түрі, олар тест түрінде, бақылау жұмысы, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, есептер түрінде болады. Білімалушылар санатына қарай олар студенттік өздік жұмысы (СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ), докторанттың өздік жұмысы (ДӨЖ) болып бөлінеді;
* докторантура - кәсіптік докторантура және ғылыми докторантура бағытында іске асырылатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы;
* жалпы білім пәндері - ЖБП (General Education Requirement - GER)  --  әлеуметтік-гуманитарлық және 11 ғылыми жаратылыстану пәндерінен;
* жеке оқу жоспары - білім алушының өзі эдвайзердің көмегімен типті оқу жоспарының негізінде және таңдамалы пәндер каталогының негізінде қурастыратын оқу жоспары;
* көп таратылатын үлестірмелі материалдар (КТҮМ) (Hand-outs) - білімалушылардың тақырыпты шығармашылық түрде жемісті игеруі үшін сабақ процесінде таратылатын көрнекті безендірілген материалдар (дәрістік тезистер, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс істеу үшін тапсырма);
* кредит, кредит-сағат (Credit, Credit-hour) - оқытушының жұмыс көлемін өлшейтін реттелген бірегей бірлік. Бір кредит білімалушының семестрі (15 апта) бойындағы аудиторлық сағаты, бір кредит бір академиялық сағатқа тең; бір аудиторлық сағат міндетті түрде бакалавриатта 2 сағат өздік жұмыспен қабаттаса жүреді, магистратурада 3 сағат, доктарантурада-4 сағат кредит жүйесі бойынша оқыту бойынша тәжірибе жинақталған жағдайда, сондай-ақ материалдық-техникалық база құрылып және жаңа жағдайға психологиялық бейімделу қалыптасқан жағдайда бір аудиторлық сағат магистратурада 3 сағат өздік жұмыспен, докторантурада 4 сағат өздік жұмыспен қатар жүреді;
* кредитті білім беру технологиясы  -  білім алушы және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеу унифицирланған бірлігі ретінде кредитті қолданууымен пәнді оқудың ретін білім алушының таңдауының және өз бетімен жоспарлауы;
* қорытынды бақылау (Final Examination)  --  аралық аттестациялау мерзімінде өткізілетін білім алушылардың оқй пәнінің бағдарламасын меңгерудің сапасын бақылау мақсатымен оқу жетістіктерін бақылау, пән бірнеше академикалық мерзімдерде оқылған жағдайда қорытында бақылау берілген академикалық мерзімде оқылған пәннің бөлігі бойынша қорытынды бақылау өткізіледі;
* қосдипломды білім беру - екі сәйкес дипломды (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша дипломды (Major Minor) алу мақсатымен екі оқу жоспары бойынша қатарласып оқу мүмкіндігі;
* магистратура - ғылыми-педагогикалық ғылымдар мен жоғары оқу орынында және ғылыми ұйымдарда тереңдетіп ғылыми және кәсіби даярлап, <<магистр академиялық атағын>> беру;
* мамандық - білім ұйымдарында мамандарды белгілі бір шеберлікке дайындауды жүзеге асыратын ғылым мен техника саласы;
* мамандықтың оқу-әдістемелік жинағы (ОӘК) - мамандықты жетік меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі оқу-әдістемелік құжаттар пакеті;
* міндетті компонент (Core Subjects) - оқу бағдарламасы бойынша студенттер үшін міндетті тәртіптегі пәндер;
* оқу-әдістемелік жинақ (ОӘЖ) - барлық оқу кезеңіне қатысты жеке жоспары, оқу-консультативтік ақпараттар мен құжаттар, пәндер бағдарламалары(силлабустар), жеке жұмыс үшін әдістемелік нұсқаулықтар, тәжірибе бағдарламалары және т.б.;
* оқу жұмыс жоспары - білімалушылардың жеке оқу жоспарларына негізделіп құрастырылған және оқытушылардың оқу жұмысының еңбек көлемін есептеуге негіз болатын оқу жоспары;
* оқу пәніне жазылу (Enrollment) - белгіленген тәртіппен білімалушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;
* оқудың күндізгі түрі (Full Time Education) - білімалушы оқу жоспарында қаралған барлық сабақ түріне қатысуға міндетті оқу түрі;
* оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмыс (ОЖӨБ) (Office Hours)  -  оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы - бекітілген кесте бойынша өткізілетін оқушының оқытушының жетекшілігімен аудиториядан тыс жұмысы Білімалушылардың санатына қарай ол студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (СОЖӨЖ) болады. Магистранттардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (МОЖӨЖ);
* пән сипаттамасы (Course Description) - пән мазмұнының қысқа сипаттамасы;
* пәннің жұмыс бағдарламасы (Syllabus) - пәннің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын түсіндіретін негізгі оқу - әдістемелік құжат, оған тақырыптың мазмұны, әр сабақтың ұзақтығы, жеке жұмыстың тапсырмалары, консультациялар уақыты, оқытушыға қойылатын талаптар, аралық бақылау кестесі мен әдебиеттер тізімі кіреді;
* портфолио  -  белгілі уақытта, мысалы тоқсанда, семестрде немесе оқу жылында білімалушының орындаған әртүрлі жұмысының жиынтығы;
* постреквизиттер- берілген пәнді оқып болғаннан кейін пайда болатын білім, білгерлік және дағдылары талап ететін пәндер;
* пререквизиттер - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажет білім, білгерлік және дағдылары бар пәндер;
* таңдау бойынша компонент (Electives) - білімалушының кез-келген академиялық кезеңде таңдауы бойынша оқылатын элективтік оқу пәні;
* Тіркеуші офисі (Office of Registrat) - оқытылатын пәндерге білімалушының жазатын және оқу кезеңіндегі білімалушылардың барлық жетістіктерін тіркеумен айналысатын қызмет;
* типтік оқу жоспары - кәсіби білім беру оқу бағдарламаның оқыту пәндердің тізімін және көлемін, олардың оқу тәртібін және бақылау қалыптарын реттейтін құжат;
* транскрипт (Transcript) - оқыту кредиттеріне сәйкес кезеңіне, бағалары және орташа баллы, оқыған пәндердің тізбесі көрсетілген белгіленген формадағы құжат; 
* трансферттің ( ауыстыру ) және кредитты жинақтаудың Европалық жүйесі  -  есептік бірліктерді ( кредиттерді )білім беру траекториясы, оқу мекемесінің және білім алу мемлекеттің ауысуында олар арқылы оқу пәндерді білім алушылардың меңгеруінің салыстыруы және қайта есептелуі өткізілетін білім беру бағдарламалардың бөлшектеріне (пәндерге, курстарға, модульдерге), берудің тәсілі;
* тьютор  --  нақты пәнді меңгеру бойынша академикалық консультант рөлін меңгеретін оқытушы;
* үлгерімдік аралық бақылау (Midterm Examination) - білім алушылардың бір оқу пәнді бөлімнің( модульдың) аяқталуындағы оқу жетістіктерінің бақылауы;
* үлгерімнің ағымдағы бақылауы - әр тақырып бойынша білімалушы білімін үнемі тексеру;
* үлгерімнің орташа баллы  -  (ҮОБ) (Grade Point Average - GPA)  -  білім алушының таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылдық жетістіктерінің орташа саналатын бағасы (пән бойынша қорытынды бақылаудың баллдарының сандық эквивалентіне кредиттердің көбейтулерінің қосындысының ағымдағы оқу мерзімінің жалпы кредит санына қатынасы);
* эдвайзер (Advisor) - сәйкес мамандық бойынша білім алушының академикалық жетекшісінің қызметтерін орындайтын білім алу троекториясын таңдауында және білім беру мерзімінде білім беру бағдарламаны меңгеруінде көмек көрсететін оқытушы;
* элективті пәндер каталогы  -  білімалушылардың өздігінен таңдайтын пәндердің тізімі.
2. Білімалушылардың өздік жұмысының ұйымдастырылуы
Білімалушылардың өздік жұмысы - білімалушының оқу іс- әрекетінің ерекше түрі, ол дидактикалық тапсырмаларды өздігінен орындауына, білімтану іс- әрекетіне қызығушылықты қалыптастыруға және ғылымның белгілі бір саласындағы білімін толықтыруға бағытталған. Білімалушылардың өздік жұмысы логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын меңгерудегі зерттеушілік бағыттың дамуын қамтамасыз ететін тәжірибелік тапсырмаларды іске асырумен байланысты. 
Студенттердің өздік жұмысы ( СӨЖ) болашақ мамандарды дайындау процесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады.
СӨЖ мақсаттары  -  студенттерде өздік шығармашылық еңбекке дағдыларын қалыптастыру, қазіргі құралдарды пайдаланып, кәсіптік тапсырмаларды шеше білу, өзінің білімін үздіксіз жетілдіру; жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін алу және ой-танымын кеңейту. Студенттердің өздік жұмыс бағдарламасының (Syllabus) негізгі бөлімдерін ескере отырып, әрбір пәннің оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. СӨЖ жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және сараптау оқу процесін ғылыми ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады, ол оқу жұмысының толық басқарылуын және қажетті тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. СӨЖ процессі инновациялық технологияларды пайдалануға негізделуі қажет. 
СӨЖ материалдары кафедраның профессорлық  -  оқытушылық құрамымен құрастырылады және келесі құжаттардан тұрады: :: пәнді оқудың барлық кезеңдеріне СӨЖ тақырыптары есептелген; :: типті және оқу жұмыс бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін тапсырмалар жүйесі; 
:: эссе, баяндамалар, мәселелік тақырыптар, аннотациялар және т.б. тақырыптары; 
:: негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі; 
:: кеңестік көмек түрлері; бақылау түрлері;
:: бағалаудың өлшеуіштері, жұмыстың ұсынылатын көлемі, оны орындаудың ұсынылатын мерзімдері. 
Студенттердің өздік жұмысы үшін тапсырмалардың мысалдары: 
1.Жазбаша жұмысты дайындау (эссе, баяндама, бақылау тапсырмасы).
2.Библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотека құрастыру), кітаптарды, мақалаларды, препараттарды аннотациялау. 
3.Өздігінен мәтіндеу жүргізу ( лингафонды жүйе көмегімен).
4.Іздеу  -  зерттеу сипаттағы тапсырмаларды орындау ( Интернет арқылы).
5.Салыстырмалы  -  баламалы кестелерді дайындау.
6.Мәселелік мақала бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді терең сараптау. 7.Семинар жұмысына қатысу: семинардың баяндамасының конспектісін, рефераттарды дайындау, тапсырмаларды орындау. 
8. Зертханалық  - тәжірибелік сабақтар: нұсқауларға және әдістемелік нұсқауларға сәйкес сараптама өткізу және қорытындысын шығару. 
9.Өздік, бақылау жұмыстарын орындау барысындағы СӨЗЖ және СҒЗЖ, ғылыми жобаны дайындау және теориялық қорытындылардың апробациясы(ғылыми конференция арқылы). 
10. Тәжірибе барысында материалдарды бақылау және жинақтау бойынша тапсырмаларды орындау: альбомдар, хаттамаларды құрастыру, мүсіндерді дайындау, препараттау және т.б. 
Студенттердің өздік жұмысын орындауға жетекшілік:
* Ағымдағы сұхбат және бақылау
* Кеңестер
* Оқытушының СӨЖ түзетуі
* Студенттердің қарама  -  қарсы рецензиялауы
* Пікірталас
* Сараптама, рецензиялау, оқытушының бағасы
* Қорытынды шығару және т.б.
                     СӨЖ бақылау түрлері
СӨЖ қорытындылары жазбаша эссе, глоссарий, баяндама, бақылау, жазбаша жұмысы, ғылыми мақала, аудио-, бейне есептер, шығармалар және т.б. түрінде; сонымен қатар тәжірибелік тапсырма альбомдар, хаттамалар, мүсіндер, препараттау, аннотациялау, зертханалық тәжірибені енгізу және т.б. түрінде тапсырылуы мүмкін. 
СӨЖ қорытындылары студенттердің ғылыми конференциясында, студенттердің ғылыми ұйымының отырыстарында, олимпиадаларда, сабақтарда (5 мин.), кафедраның web  -  бетінің СӨЖ бөлімінде көрсетілуі мүмкін. 
Білімалушылардың СӨЖ бойынша қорытындылары кафедрада 2 жыл бойы сақталуы тиіс. СӨЖ тақырыптары емтихан сұрақтарында және тесттік тапсырмаларда берілуі керек.
 СӨЖ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ КРИТЕРИИЛЕРІ 
          Мұқабаның сыртында белгіленеді:
Семей қ. МУ, Кафедраны, каф.меңгерушісі, Пәнді, СӨЖ тақырыбын, Студенттің Тегін, Атын, Әкесінің атын, мамандықты, топты, Оқытушының Тегін, атын, Әкесінің-атын.ЭссеТапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
* Эсседе студент шығармашылық ойлауын, талдауын, критикалық көзқарасын және өз ойын нақты және анық жазбаша түрде көрсету керек; 
* Эссе құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;
* Эссе көлемі - 5-7 бет;
* Дәлелді қорытындылар және ұсыныстар;
* Ұқыпты өткізілген талдау;
* Эссе жеке орындалады, басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға тиісті;
* Соңында қолданылған әдебиеттің тізімі болу керек;
* А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.
* Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.
Power Point форматында презентация жасау Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
* Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.
* Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті  -  назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.
* Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек. 
* Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.
* Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек. 
* Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.
* Түс үйлесілімдігінің болуы керек  -  ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.
* Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.
* Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.
                     Ситуациялық есептер
Клиникалық пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
* Сәйкес ауру тарихы бойынша ситуациялық есептің сауатты құралуы.(шағым, анамнез, мүшелер және жүйелер бойынша объективті зерттеулер және т.б.)
* Дұрыс медициналық терминологияны қолдану қажет.
* Студент ситуациялық есептің соңында диагнозды нақты, анық құрастыруы тиіс.
* Студент қажет препаратты белгілеу, тағайыдау арқылы емдеу жоспарын ұсынуы керек.
* Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.
* А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.
* Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.
Ситуациялық есептерЖалпы білім беретін және іргелі пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
* Берілген тақырып бойынша есептер саны  -  5-тен кем болмауы қажет. 
* Конкретное изложение этапов решения задач 
* Алынған нәтижелер негізіндегі қорытындылар болуы керек. 
* Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.
* А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.
* Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.
ТесттерТапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
* Көлемі - 15-20 тесттік тапсырмалар болуы керек.
* Студент тақырып материалын оқуы қажет.
* Бір дұрыс жауабымен көптік таңдау тесттік тапсырмалар (MCQ), бірнеше дұрыс жауаптарымен тесттік тапсырмалар (MAQ), көп жауаптарымен кеңейтілген тесттік тапсырмалар жасауы (EMAQ) керек. 
* Тапсырма нақты, анық құрастырлуы тиіс.
* Қате ақынтама жоқ, дәлілді және нақты дұрыс жауапты (кемінде 2-3 тесттік тапсырмалар), және түсіну деңгейіне (9-11 тесттік тапсырмалар), қолдануға (2-3 тесттік тапсырмалар).
* А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.
* Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.
АннотацияТапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
* Айтып жеткізу нақты және қарапайым болуы тиіс.
* Көлемі  -  10-15 жол болуы керек..
* Аннотацияда келесі бөлімдер болуы керек: 
  + аннотоцияланатын құжаттың типі және атуы (монография, диссертация, жинақ, мақала және т.б.);
  + құжатты аннотациялайтын студент алдына қойған міндеттер;
  + автор қолданған әдіс (эксперимент, салыстырмалы сараптау, басқа әдебиеттер компиляциясы және т.б.);
  + аннотацияланатын құжат құрылымы;
  + шығарманың пәні және тақырыбы, автордың негізгі ережелері және қорытындылары; 
  + библиография және сілтемелер бірге қосымша көрнекілік құжаттардың, қосымшалардың, анықтамалық аппараттардың сипаттамасы.
* А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.
* Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.
ГлоссарийТапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
* Глоссарий көлемі - 20-25 термин болуы тиіс.
* Әрбір терминнің мағынасын нақты түсіндіру керек.
* Таңдалған тақырып бойынша сөздерді түсіндіру мағыздылыңын көрсету керек. 
* Терминдерді жазғанда қатаң алфавиттік тәртіпті сақтау қажет.
* Терминдердің барлық маңыналарын жазу керек.
* А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.
* Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

3. Білімалушылар білімін бақылауды ұйымдастыру
Кредиттік жүйе кезінде білімалушылардың білімін бақылау мен бағалау баллдық-рейтингілік (БРЖ) жүйе жолымен жүзеге асырылады БРЖ-де ағымдағы, аралық бақылау, өздік жұмыстың орындалуын бақылау және аралық аттестациялық бақылау жүргізіледі.
Аталмыш жұмыс түрін жүргізу мөлшерін жоо өзі белгілейді. Бұл жағдайда ағымдағы және аралық бақылауға 60% және қорытынды бақылауға жалпы бақылаудың 40% қалдырылады.
Білімалушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін бақылау мен аттестациялаудың әр түрі қолданылады. Бақылаудың барлық жиыны мен білімалушы білімін бағалауда ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестация жүргізіледі. 
Білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық  -  рейтингілік таңбалық жүйесі
Пайыздық мөлшері
Баллдардың сандық эквиваленті
Таңбалық жүйе бойынша баға
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
95-100
4.0
A
өте жақсы
90-94
3.67
A-

85-89
3.33
B+
Жақсы
80-84
3.0
B

75-79
2.67
B-

70-74
2.33
C+
Қанағаттанарлық
65-69
2.0
C

60-64
1.67
C-

55-59
1.33
D+

50-54
1.0
D

0-49
0
F
Қанағаттанарлықсыз
Ағымдағы бақылау  --  тьютор өткізетін ағымдағы сабақта білімалушылардың білімін жүйелі тексеру пәнді оқыту кезінде білімалушылардың ағымдағы білімін бақылаудың әр түрін қарастыруға болады.
1) ауызша сұрау  -  пән бойынша бір немесе бірнеше бөлімнің материалын өткеннен кейін сұрақтарға жауап және тақырыпты талқылау:
2) жазбаша сұрау  --  қойылған сұрақтарға, есептерді шешуге, жағдаятты талдауға жазбаша жауап, сондай-ақ курстың кейбір бөлімдері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау;
3) аралас сұрау  --  бір немесе бірнеше тақырып бойынша білімді бағалауды ауызша және жазбаша бақылау;
4) үй тапсырмасын қорғау мен тұсау кесер  --  үй тапсырмасы дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында жеке және топтарға бөлініп, үй тапсырмасын, өткен материалды тексеру, өткен тақырыпты қорытындылауға үйрету, курс тақырыптарын байланыстыра білуге үйрету;
5) дискуссия, тренингтер, дөнгелек үстелдер, кейс-стадтар және т.б.  --  мәселелік сипаттағы сұрақтарды көпшілік (топ) болып талқылау, өз ойы мен дағдыларын көрсету, дұрыс шешім қабылдауға дағдылау;
6) тесттілер  --  пән бөлімдері бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша түрі;
7) тәжірибелік дағдылар (ОҚПЕ, ОҚКЕ).
Ағымдағы бақылауды тьютор тәжірибелік және зертханалық сабақтар шегінде және білімалушының өздік жұмысын бақылау арқылы оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады (Office Hours).
Аралық (рейтингілік) бақылау тьютор белгілеген кесте бойынша фармация факультетінде 8-ші (АрБ1) және 15(АрБ2) аптада өткізіледі. Ағымдағы және аралық бақылауды ұйымдастыруды деканат, оқу бөлімі жүзеге асырады.
Тьютордың ұсынысымен жүргізілетін аралық бақылау түрлеріне жазбаша бақылау жұмысы мен зертханалық жұмыс, тестілеу немесе ауысша тыңдау  -  коллоквиум, конференцияға қатысу және т.б. жатады.
Аралық бақылаудың нәтижелері <<оқытушы жұмысын есептеу журналына>> және <<Рейтинг ведомосы>> журналына жазылып, ол емтихан сессиясы басталар алдында Тіркеуші Офисіне тапсырылады.
Рейтингтік бақылаудан кейінгі бір-үш күн ішінде оқушы апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияға өтініш деканның атына беріліп және кафедраның пәндік апелляциялық комиссиясы қарайды.
Алғашқы және екінші аралық бақылаудың қорытындылары бойынша АрБ = (АрБ1+АрБ2)/2 50% кем болса, сондай- ақ оған себептері бойынша қатыспаған оқушы емтихан сессиясы басталғанға дейін оқу жұмысы бойынша проректордың рұқсатымен жеке кесте бойынша аралық бақылауды тапсыруға құқылы.
Университеттік күнтізбеге сәйкес күндізгі бөлімнің студенті бір оқу жылында 2 емтихан сессиясын тапсырады (қысқы және жазғы). Күндізгі оқу түрінің қорытынды бақылауын өткізуге екі апта беріледі. Емтихандар кестесін тіркеуші офисі жасайды.
Комплекстік емтихандарға дайындалу үшін кемінде үш күн беріледі.
Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау  --  емтихан, диф.сынақ өткізіледі. Емтихан өткізу түрлері: компьютермен немесе тест бланкісімен жазбаша немесе ауызша болады. Білімалушыға емтиханды қай тілде тапсыру таңдауы беріледі.
Емтихан кешенді түрде өтуі мүмкін, бір мезгілде өзара байланысты 2-3 пәннен.
Жазбаша, ауызша, емтихандар, тест қорытындысы бойынша апелляцияға өтініш емтихан қорытындысы шығарылғаннан кейінгі үш күн ішінде тіркеушінің атына жазылады. Апелляцияға өтініш тіркеліп, онда талас тудырған сұрақтар ашып көрсетіледі. Апелляцияны кафедраның апелляциялық комиссиясы ауызша түрде қабылдайды.
"Апелляцияны есепке алмағанда емтихандық-рейтингілік ведомосы" және "Апелляцияны есептеп алғанда емтихандық-рейтингілік ведомосы" комиссия құрамындағы оқытушылар, тіркеу офисінің өкілі қолдарын қойып тіркеуші офисіне өткізеді.
Аралық аттестацияны өткізу кезіне пән бойынша емтиханда алған балл (қорытынды бақылауды) және бірінші, екінші рейтингтің нәтижелері бойынша ағымдағы семестрдегі орташа балл есептеледі. 
Пән бойынша аралық және қорытынды бақылау бағаларының қорытындысы жөніндегі үлес салмағы белгіленген: 40% - емтиханда алған баға; 60% - ағымдағы үлгерімді бағасы. Егер оқушы емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алса, онда оның қорытынды бағасы есептелмейді, ведомосқа F деген баға қойылады.
Барлық бақылау қорытындысы бойынша оқу үлгерімін бағалау:
Ағымдағы бақылау үлгерімі, аралық аттестациялау (емтихандар) және мемлекеттік қорытынды аттестациялау баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жүргізіледі (ҚР білім беру мемлекеттік стандарты 5.03.006-2006).
Білімалушылардың білімін бағалау белгісі
Білімалушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін және терең білімін бағалау баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша жүргізіледі, сонымен қатар пропорционалды сәйкес болып табылады.
<<Өте жақсы>> деген баға А әріптік, 4,0 сандық және 95-100% пайыздық бағаға тең, ал А-, 3,67 сандық және 90-94% пайыздық бағаға тең.
Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды толық меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген жағдайда қойылады. 
<<Жақсы>> деген баға В+ әріптік, 3,33 сандық және 85-89 % пайыздық бағаға тең, ал В, 3,0 сандық 80-84% пайыздық және В- 2,67 сандық 75-79% пайыздық бағаға тең.
Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 75 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген және негізгі қателіктерін студент өзі түзеткен жағдайда қойылады. 
<<Қанағаттанарлық>> деген баға С+ әріптік, 2,33 сандық және 70-74 % пайыздық бағаға тең, ал С, 2,0 сандық 65-69% пайыздық және С- 1,67 сандық 60-64% пайыздық бағаға тең, Д+ әріптік, 1,33 сандық және 55-59 % пайыздық бағаға тең, ал Д, 2,0 сандық және 50-54 % пайыздық бағаға тең.
Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 50 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болса, бақылау, зертхана жұмыстарын орындау кезінде оқытушының көмегіне жүгінсе және коллоквиумдарды орындау кезінде қателер жіберсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысқанда сылбырлылық танытса, берілген пән бойынша тек қана оқулықтарды қолданса, оқытушы берген бағдарламалық материалды бір жүйеге келтіргенде қиындықтар болса қойылады.
<<Қанағаттандырарлықсыз>> деген баға Ғ әріптік, 0 сандық және 0-49 % пайыздық бағаға тең. Бұл баға білімалушы бағдарламалық негізгі материалды меңгермеген, пәндік бағдарламаның жартысын да меңгермесе, жауаптарында, аралық және қорытынды бақылаудардың кейбір тапсырмаларынан кателер жіберілсе, оқу бағдарламасына сай негізгі әдебиеттерден берілген материалды меңгермеген жағдайда қойылады.
Білімалушы қорытынды бақылаудың бағасымен келіспеген жағдайда аппеляцияға беруге болады.
Апелляция өткізу тәртібі
Апелляция емтиханнан кейін, ертеңгі күні сағат 13.00  -  ге дейін студенттердің өз еркімен мына жағдайларда беріледі:
* тесттік тапсырмалар мен билеттер тұжырымдары түсініксіз;
* тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы жоқ;
* тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы бірнеше;
* тесттік тапсырмалар мен билеттер пәннің жұмыс бағдарламасында 
Апелляцияны ұйымдастыру келесі тәртіппен жүргізіледі:
* пәннің қорытындысы және сұрақтың номері жарияланып, комиссиялық анықтауды қажет еткен жағдайда студент апелляция туралы өтініш береді;
* Офис Регистратор (ОР) өтінішті анықтайды және апелляцияны берудің қажеттіллігі туралы шешім қабылдайды;
* Оқу бөлімі және Офис Регистратор апелляциялық комиссияның құрамын жариялайды, онда факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі және әрбір пәннен емтихан алатын оқытушы;
* ОР апелляцияға жіберілген студенттердің құрамы туралы жариялайды;
* ОР дайындаған апелляция қорытындысы емтихандық  - рейтинглік ведомосқа енгізіледі;
* емтиханнан бұрынғы рейтингілерге өзгертулер енгізуге апелляция кезінде болмайды;
* апелляция қорытындылары сынақ кітапшасына енгізіледі.
Апелляция комиссиясының шешімі жағымсыз және сессия қорытындысында қанағаттандырарлықсыз бағалар алса, студент оқудан шығарылмайды.Академиялық қарыздар жазғы семестр кезінде өткізіледі.

4. Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже 
Студенттер үшін жазғы семестр академиялық өтеулерін жою және қосымша оқу үшін ұйымдастырылады.
Студент келесі курсқа академиялық өтеулерсіз көшуі керек.
Жазғы семестрдің ұзақтығы 4 аптадан кем болмауға тиіс. Жазғы семестрге үш пәннен артық, 7  -  8 жалпы кредит санымен /360с/ болмауға тиіс. Жазғы семестрдің академиялық күнтізбесі білімалушалардың құрамына байланысты жыл сайын тұрақталады. Жазғы семестрдің басы туралы ақпаратты Тіркеуші Офисынан 10 мамырдан кейін білуге болады.
Келесі студенттер жазғы (ақылы) семестрді өтуге құқықтары бар:-қосымша білім алам деушілер;
-рейтинг қорытындылары бойынша сессияға кіруге рұқсат алмағандар;-сессия қорытындылары бойынша себептерге байланысты академиялық өтеулері барлар (ауырған, жүктілік, босану, туыстарының өлімі, табиғи апаттар);
Студенттің жазғы семестрге қатысуы келесі білім алу қызметтері түрін жүзеге асыруды қарастырады:
-академиялық өтеулерді жою мақсатымен студенттің кеңес алуы;
-мамандығы бойынша оқу жоспарымен қарастырылған оқу пәндерін студенттің меңгеруі.
-жазғы семестрдің ұйымдастырылу тәртібі Регламентпен сәйкес келеді:-жазғы семестрдің алдында студент қатысу үшін өтініш тапсырады;-офис тіркеушілер және деканаттар студенттердің өтініштерін қарастырады;-офис тіркеушілер және деканаттар топтарды қалыптастырады; - ОӘТЖ проректорымен бекітілетін жазғы семестрдің кестесін оқу бөлімі құрастырады;-кесте жазғы семестрде қызмет көрсететін тьюторлардың уақытына байланысты құрастырылады;
-кафедра меңгерушілері өз пәні бойынша өтуіне жауапкершілік танытады;
-студент жазғы семестрді университеттің кассасына ақысын төлегеннен және деканаттың рұқсатнамасын алғаннан кейін жазғы семестрге жіберіледі;
-жазғы семестрдің ұйымдастырылуы баллдық-рейтингтік жүйесіне (БРЖ) сәйкес өткізіледі;
-студенттердің өз уақытында жазғы семестрдің ақысын төлеуіне деканаттар жауапкершілік танытады.
 Білімалушылардың білімін бағалау тәртібі
Білімалушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бақылаудьң барлық түрлері бойынша: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестациялау (емтихандар) мен қорытынды мемлекеттік аттестациялау (мем. емтихан) балдық-рейтингілік таңбалық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Білімалушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтінгілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады:
Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:ҚБ - қорытынды баға
РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға
ҚББ  -  қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)
Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 60% құрайды. 
Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 40% құрайды. 
Рұқсат алу рейтингілік бағасы РРБ = ( АғББ +АрББ) / 2, мұнда:
- АғББ  -  ағымды бақылаудың бағасы: 
АрББ  -  аралық бақылаудың бағасы, әдетте 2 аралық бақылау: (АрББ1+АрББ2)/2.
Ағымдағы бақылау бағасы: АғҮБ =ағымдағы орташа баға ( оның ішінде соңғы бақылау) + СӨЖ үшін орташа баға + тәжірибелік дағдылар үшін орташа баға + ауру сырқатнамасы үшін баға ( клиникалық кафедраларда ) + хаттамалар жазу үшін немесе альбомдар бейнелеу үшін баға ( теориялық кафедраларда)+(ҒЗЖ) кәсіптік тәжірибе үшін баға (ҚР МЖБС. 5.03.006-2006, 7 бет)/n; 
n - үлгерімді бақылаудың барлық түрі кіреді
АрББ аралық бақылау бағасы әдетте ол 2 аралық бақылаудан тұрады (АрББ1+АрББ2)/2.
Егер білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бойынша жақсы бағалары болса ғана қорытынды баға есептеледі. (ҚР МЖБС 5.03.006  -  2006).
* Қорытынды бақылаудың жақсы бағасын (көтермелеу мақсатында), бағаны қайта тапсыруда, сонымен қатар жаман бағаны түзетуге рұқсат етілмейді.
* Білімалушыларды курстан курсқа көшіру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестация) бойынша жазғы семестр және алған ауыстыру баллдарын ескере отырып жүргізіледі.
* Курстан курсқа көшіру үшін ауыстыру баллдарын жоо өзі белгілейді, ол университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі және оқу жылында 1 ақ рет өзгертіледі.
Жазғы емтихан сессиясы келесі курсқа көшіруші емтихан болып саналады. Көшіруші орташа балды жоғары оқу орны өздері шешеді. 
Егер студент қажетті өтуші баллды алмаса, онда курсты қайта өтеді немесе оқудан өз қалауымен шығады.
Пәндерден академиялық қарызы бар студент келесі курсқа өту үшін осы пәндерді белгілі мерзімде, ақылы түрде қайтадан оқуы керек.
Қайтадан оқуы үшін студент ректордың атына өтініш жазуы керек.
Өтінішке факультет деканы пәннің МЖБС сәйкес сағат көлемін, дәріс сағаттары мен тәжірибелік, СӨЖ көрсетеді. Ректордың шешімінен кейін, өтініш кафедраға беріледі, кафедра меңгерушісі жауапты оқытушының ТАЖ көрсеткеннен кейін құжат қаржы-жоспарлау бөліміне түседі. Осыдан кейін студентпен ақылы пәнді қайта оқу туралы келісім шарт 2  -  данада құрастырылады.
Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ) белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алды және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды. Қайта оқыту курсын бітіргеннен кейін, қорытынды бақылауға бағасымен жіберіледі.
Студенттер- мемлекеттік білім беру грантының иегері, курстан курсқа өту баллын алмаған және қайта оқу курсына қалтырылған болса, өзінің білімін ақылы негізде жалғастырады.
GPA (ҮОБ) (Grade Point Average):екіншісінен 2,0 кем емес; үшіншіге  -  2,25 -2,5 тен кем емес; төртіншіге -2,5-3,0 кем емес болып белгіленеді. 
Білімалушының оқу кезеңіндегі GPA (ҮОБ) тіркеуші офисінде білімалушының орташа жоғары деңгейі бойынша келесі формула түрінде анықталады:
онда; Қ1, Қ2, Қ3  --  пән бойынша қорытынды сандық баға;
К1, К2, К3  --  кредиттегі оқылған пәндер көлемі;
п  -  оқудың өткен кезеңіндегі оқылған пәндердің саны.
Тіркеуші Офисі  -  білімалушыны келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация оқушының білім бағдарламасының аяқтаушы кезеңі болып табылады және олардың кәсіби жағдайын анықтау мақсатында өткізіледі. Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ) белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алады және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды.
Бітіруші курста өткізілетін мемлекеттік қорытынды аттестацияға белгіленген кредиттер санын алған GPA (ҮОБ) және мамандық бойынша оқу жоспары толық көлемде орындағандар жіберіледі.
Мемлекеттік қорытынды аттестация мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сай мемлекеттік емтихан түрінде тапсырылады.
Мемлекеттік қорытынды аттестацияны өткізген бітірушіге мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) шешімімен бакалаврлық академиялық дәреже беріледі.
Университеттік дәреже беру үшін бітірушінің орташа балы (GPA) 3,75 кем болмауы қажет және мемлекеттік қорытынды аттестацияны А; А- бағаға тапсыруы керек.
Ақпараттық  -  есептеу зертханасында емтихандарды ұйымдастыру және өткізу
* Емтихандар компьютерлік тестілеу формасында ақпараттық  -  есептеу зертханасында (АЕЗ) бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
* Әрбір студентке тестілік емтиханды орындау үшін 90 минут беріледі.
* Студенттерді емтиханға кіргізу кезінде кезекші оқытушы әрбір студентті жеке сәйкестендіреді, зачет кітапшасындағы деканаттың емтиханға жіберілгені туралы мәліметті тексереді.
* Емтихан алдында кезекші оқытушы студенттерді емтихан процедурасының өтуі туралы ережесімен ақпараттандырады.
* Студенттерге емтихан кезінде ұялы телефон қолдануға тиым салынады.
* Тек қана компьютерге жалғанған калькулятор қолдануға рұқсат етіледі.
* Егер студент осы талаптарды орындамаған жағдайда, шпаргалка қолданса, компьютермен рұқсат етілмеген жұмыстар жасаса, тәртіптік ережелерді бұзған жағдайда кезекші оқытушы оны аудиториядан шығарып жіберуге құқылы. Бұл жағдайда акт жасалады, емтихан қорытындысы жоққа шығарылады, рейтингісіне қарамай қорытынды <> бағасы (қанағаттанарлықсыз) қойылады.
* Емтихан барысында қойылған сұрақтың дұрыстығы туралы студент ауызша өтініш жасауға құқылы. Бұл жағдайда кезекші оқытушы осы сұрақ берілген студенттің тегін, сұрақтың нөмірін көрсетіп акт жасауға міндетті. Акт Оқу-әдістемелік орталыққа жіберіледі, олар студент өтінішінің негізділігін тексеруді ұйымдастырады.
* Осы сұрақта қандай да бір техникалық, әдістемелік және мазмұндық сипаттағы қателер табылған жағдайда осы сұрақтың жауабы дұрыс жауап ретінде саналады. Тестік базаларды құрастырушыларға оған өзгертулер енгізу тапсырылады.
* Емтихандардың компьютерлік тестілеу формасының техникалық дайындығымен, осы компьютер классына бекітілген оператор айналысады. Ол емтихан өткізу кезінде аудиторияда болуға құқығы бар. 
* Емтихан өткізу кезінде компьютер залында бөгде адамдардың болуына тиым салынады. 
Тақырыбтың негізгі түсініктері: білім алудың кредиттік технологиясы, білім алудың кредиттік технологиясының негізгі түсініктері мен анықтамалары, СӨЖ және ОСӨЖ ұйымдастыру, жазғы семестр, студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі, түлектердің білім алуды жалғастыру мүмкіндіктері.
                 Өздік бақылау сұрақтары:
  + Білім беру кредиттік технология бойынша негізгі түсініктер мен анықтамалар бойынша глоссарий құру.
  + Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау формалары.
  + Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау балл-рейтинг жүйесі.
                    Қолданылған әдебиет:
* Касымова Ж.С. ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ для студентов специальности 5В072000  -  Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие  -  Семей, 2013.  -  239 с.

№ 3 Дәріс 
5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы  
мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары
                                Мазмұны:
  + Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттары мен есептері.
  + Білім беру үрдісін ұйымдастыру және өткізу формалары, әдістері және тәсілдері.
  + Оқу жылдарында нәтижелері.

№ 4 Дәріс.
Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы. 
                                Мазмұны:
1. Қолөнер өндiрiсiнің салалары. 
2. Грегі натурфилософия. 
3. Алхимия: араб әлемінде, Батыс Еуропада, алхимия жетістіктері. 
4. Қазіргі химияның пайда болуы: ятрохимия, механикалық философия, техникалық химия.

1. Химияда фактілік материалдың көздері мен негіздері қолөнер өндірісінің 3 саласы болды: 
1. жоғары температуралық процестер - керамика, шыны жасау және ерекше металлургия; 
2. фармация, парфюмерия және косметика; 
3. бояу алу және бояу техникасы.
Практикалық және қолөнер химияның осы маңызды салалары қоғамның құлдық құрылысы дәуірінде барлық көне цивилизациясы жоғары мемлекеттік түзілімдерде өзінің бастапқы дамуын табады. 
Заттар және олардың айналымдары туралы ғылым Египетте  -  көне әлемнің техникалық ең озған мемлекетінде пайда болады. Химия Египетте <<діни>>  ғылым болып есептеледі, ол ғылым жолын құған адамдардың қолында болған және қараңғы адамдардан анық жасырылған. Египеттен басқа ғылыми қортындылардың мүмкіншіліктері көне әлемнің басқа техникалық  дамыған елдерінде де орын алады: Месопотамияда, Үндістанда, Қытайда және т.б.
Көне әлемнің мемлекеттерінде қолөнер химиясы көп ұқсас болады, себебі:
1. мәдени және сауда байланыстары болды;
2. соғыс шайқастары;
3. өндіріс күштері мен техникалық мүмкіндіктері бір деңгейде дамыған. 
Металлургия. Құлдық құрылысы қоғамында металдардың қасиеттері, оларды рудалардан балқыту тәсілдері, балқымаларды алу туралы мәліметтер жылдам тарады және техникалық маңызы жоғары болды. Месопотамия көне қалаларының қалдықтарында, біздің замаңға дейін үшінші мыңжылдықта рудалардан темір, мыс, күміс және қорғасын алу тәсілдері белгілі болды.   Металдар теңіз жолымен басқа елдерге тасымалданды. Балқу пештерінің және балшық ыдыстарының қалдықтары сол уақыттағы металургияның 1000-12000С температурасын алу жағдайын көрсетеді. 
Көне қолөнер металлургтарының жетістіктері орта ғасыр металлургиялық техникасының негізі болады. Жаңа уақытта металдарды балқыту ескі әдістерінің арасында ерекше темір алу техникасы жетілді. 
Шыны мен керамика. Көне әлемде шыны өте ерте белгілі болды. Шыны кездейсоқ финикия-теңізшілерімен ашылған. Олар апаттан кейін бір аралда от жағып соданың бөлшетерін шетіне салады. Сода балқып, құммен шыны түзеді. Осы оқиғаға сәйкес Көне Египетте шыныдан жасалған заттар  -  әшекейлер біздің замаңға дейінгі 2500 жылы табылған. Сол уақыттаға техникаға сәйкес шыныдан ірі заттар жасауға мүмкіндік болмады. Археологатармен біздің замаңға дейінгі 2800 жылы құмнан,ас тұздан және қорғасын тотығынан нашар балқытылған фаза табылған. Сапалық элементтік құрамы бойынша көне шыны қазіргі шыныдан кремнеземның төмен салыстырмалы мөлшерімен ажыратылды. Шынының нақты өндірісі Көне Египетте біздің замаңға дейінгі екінші мыңжылдықтың ортасында дамиды. Мақсаты әдемі және көрме материал алуда, даярлаушылар боялған шыны алуды мақсаттады. Кремнезем мен кальцийдың төмен мөлшері және натрийдың жоғары мөлшері шыны бақытуды және шыны алуды жеңілдетті, себебі балқу температурасы азайды, бірақ материалдың беріктігі төмендеді. 
Шыны түсі қоспаларға байланысты. Аметист түсі біздің замаңға дейінгі 15 ғ. марганец қосылыстармен боялды. Қара түсті бір жағдайда мыс пен марганец, басқа жағдайда  -  темірдің жоғары мөлшерімен алды. Көк шыны мыспен бояу арқылы алынды.   
Керамика даярлау көне қолөнер өндірісінің ең ескі түріне жатады. Бұйымдар Азия, Африка және Еуропа көне мәдени тұрғын жерлерінде табылды. Көне жылтырақтар балшық пен ұнтақталған ас тұзынан алынды. Кейін жетілдіру жолында металдардың тотықтары қосылды.  
Керамикалық заттардың басқа да өндірістері кең таралған. Мысалы, месопотамиялық қалалардың құрылыстары сыртқы кірпіш болған бейнеленген плиткамен әшекейленді. Плиткалар келесі жолымен жасалды: кірпіштің үстіне жеңіл күйгеннен кейін сурет жіңішке қара жіппен салынды, жіптің арасы құрғақ жылтырмен толтырылды және кірпіш екінші рет күйеді. Глазурь шыныға айналады және кірпіштің бетімен тығыз байланысады. Осындай түсті глазурь эмальдың бір түрі болады және көп уақыт сақталады.  Осындай жылтырақ түсті керамиканың үлгісі Берлин қ. ''Пергамон'' музейінде сақталған және арыстан, айдаһар, өгіз, жауынгер суретімен безендірілген. Суреттер көк, сары, жасыл түстермен орындалған. Бұл әдіс металдық бұйымдарды түсті эмальмен жабу әдісінің негізіне жатқызылған. 
Түсті жылтыр керамикалық заттардың өндірісі көне Қытай мен Орта Азия архитектурасында белгілі болды. Қытайдың суреттеу керамикасының және онымен байланысты фарфор және фаянс өндірісінің ең аз дегенде 4 мыңдық тарихы бар.  Шамамен  II мың жыл біздің дәуірге дейін Междуречье, және де Египет елдерінде алғаш фаянс бұйымдары пайда болды. Көне египеттік фаянстың құрамы қазіргі фаянстан ерекше балшық пен кварцтық құмнан жасалған.  Фаянс қоспалар даярлау мен пішіндеуде көне шеберлер күйетін органикалық затты қолданған. Фаянс бұйымдарын жылтырату үшін алғашынан сода мен металл оксидтерінің (малахит ұны) қоспасы қолданған. Кейін құрғақ жылтырды сода, құм құрамында міндетті кальций тұздары болатын,  және бояу қоспалары қосындысын балқыту арқылы жасады. 
Көне әлемде құрылыс материал ретінде кәдімгідей гипс қолданылған. Үндістанда осындай гипстық цемент біздің ғасырға дейін 2000 ж. құрылыстарда анықталған. Ізбес құрылыс материалдары қөне уақытта көптей белгісіз болған. Себебі ізбесті күйдіру өте жоғары температурада - шамамен 1100oС жүргізіледі. 
Құрылыс салуда,  Ассирия мен Вавилонияда сияқты, гипстық цементтың орнына асфальт және битум қолданылды. 
Фармация және парфюмерия. Ежелден сақталып келе жаткан Ежелгі Мысырдын қолжазбалары,былайша айтканда "Эберс Папирусы" (б.з.д XVI ғ.), фармациялық заттардың жасалу жолдарын сақтайды. Бұл рецепттерді таза химиялық деп атауға келмейді,себебі олар өсімдіктерден дәрі-дәрмектер және майлар алуға негізделген, бірақ олар қайнату,тұндыру,сығу,ашыту тәсілдерімен таныстырады. Мұның бәрі ежелгі ғалымдардың әртүрлі операциялармен жақсы таныс болғанының дәлелі, нәтижесінде олар химиялық лабораторияда қолданылатын әдістер қатарына енді. Және де сабынды жасау, қолдану әдістері туралы жазбалар табылған.
Ежелгі Мысырда өлі адамның мәйітін мумификациялау кең таралған. Ұзақ уақыт бойы жоғарғы деңгейге жеткен "консервілеу" операциясын қайта қалпына келтіру қиынға соқты.Мумияларды толық зерттеудің нәтижесінде белгілі болғандай алдымен мәйітті бірнеше аптаға құрғақ табиғат тұзына көмген  -  Мысырда жиі кездесетін (тұзды көлдердің қалуынан пайда болады) "натрон" немесе "нитрон". Ыстықтың әсерінен мәйіт толық сусызданған. Содан кейін мәйіттің іш-құрылысы мен миын алған, бас сүйегін шәйірмен, ал ішін емдік шөптермен толтырған. Кей жағдайларда мәйіттің іш-құрылысын алмаған. Одан кейін мәйітті мәәрлі сияқты матаға ораған, кейде матаның ұзындығы бірнеше жүз метрге жеткен. Мәйіттің бетін қорғасын жылтырын, мыстың тотқысын және де өсімдік бояуларын қолданып әрлеген. Аяғында мәйітті саркофагқа салған.
Бояулар және Бояу техникасы. Ежелде минералды бояуларды жартаспен қабырғаны сырлау үшін көп пайдаланған. Матаны бояу үшін және косметикалық мақсатпен өсімдікпен жануарлар бояулары қолданылған.
     Жартаспен қабырғаны сырлауға Ежелгі Мысырда топырақ бояуы және де жасанды жолмен алынған бояулы тотықтар мен металлдың басқа да қоспалары қолданылған. Көп қолданылған ол жоса, күйе, ысылған мыстың жылтыры, мыспен темірдің тотықтары және т.б.
     Бұрынғы заманда минералды бояулармен қатар Орта Азия мен Мысыр елі ерітілген табиғи бояуларды қолданған. Бояу алу үшін мынадай өсімдіктер қолданылған:алканна, вайда, куркула, марена, сафлор және де кейбір жануарлардың организмі.
     Вайда-ISATIS іне жататын өсімдік. Оның құрамында ферментациядан кейін және ауаның әсер етуінен көк түсті бояу түзетін ерекше заттар қоры бар. XIX ғ. аяғында анықталғандай үндінің ең күшті "индиго" бояуының құрамында тек қана көк түс беретін-индиготин емес, қызыл түс беретін-индигорубин де кіреді екен. ISATIS түрінің әр өкілдерінің құрамындағы индигорубин мөлшері әртүрлі және оның мөлшеррі аз немесе мүлдем жоқ өсімдіктерден ашық көк түсті бояу бөлінеді. Осы себептен ашық бояйтын индиядан шыққан индиго қымбатқа бағланған, бірақ оның жеткізілуі оңай шаруа болмаған. Геродоттың айтуынша б.з.д VII ғ. Палестина территориясында вайданың плантациялары болған, бірақ бояу одан ертерек танылған болатын. Онымен Тутанхамонның киімі безендірілген.
    Пурпур-ежелгінің әйгілі бояуы, б.з.д II мыңжылдықта Месопотамияда әйгілі болған. Бояуды мурекс түріне жататын мидияға ұқсайтын, жармалы ұлудан алған.
    Матаға жағып кептіргенде жарықта зат өзінің түсін өзгерте бастаған,жасыл болып, қызыл және ең аяғында қарақызыл түске айналған. 12000 ұлудан 1.5 г құрғақ бояу алуға болған.
Грекия натурфилософиясы.
Грециялық философтарды затты алу және олардың практикалық қолданылуы қызықтырмаған, бастысы оларға процесстер әлемінде болып жатқан жайлар қызықтырған. Осылай ежелгі грекиялық философ Анаксимен әлемнің негізі ауа: ол отқада, суға да, топыраққа да және тасқа айналады деп айтқан. Ал Гераклит Эфесский табиғат көріністерін, бірінші элементтті от деп алу арқылы түсіндірмекші болған.
    Эмпедоклге сенсек, барлық материалдық объектілер мәнгілік стихиялардың: от, су, ауа, жер қосылуы арқылы жасалады. Эмпедоклдың элементтер теориясын қабылдап дамытқан Плутон одан кейін Аристотель еді.
    Аристотельдің айтуы бойынша бұл төрт элемент әрбір қасиетке жауап береді: жылу, суықү құрғақ және ылғалдылық.
3. Алхимия  -  металдың алтынға айналдыруы мен оны жетілдіру өнері, адам өмірінің эликсир арқылы жаралғанының жетілдіруі. Олар  мақсатты табысқа жету үшін  - таусылмайтын байлықты  жарату,  алхимиктар көптеген практикалық мақсаттарды рұқсат етті, жаңа үдерістің көпшілігін ашты, түрлі реакцияларды бақылады, жаңа ғылым - химияның пайда болуына жол ашты. 
Араб еліндегі алхимия. Арабтар 7 ғасырда Мысырды жаулап алып, александр кезінен сақталған  шығыс - гректердің мәдениетін меңгерді. Ескі билеушілерге еліктей, халифтар ғылымға үлес қоса бастады. 8  -  12 ғасырлардың арлығы араб елдерінде химия ғылымының өрлеу дәуірі болды. Қабақ бол  -  химияның (қарамастан және ғылымдар сірә) таң кезімен тап арабтың елінде. Арабтар  ғылымның алғашқы атауын  <<химияны>> <<алхимия>> деп ауыстырды (арабтарға тән  "ал" сөзін қосылуы арқылы). 
Ең дарынды және атақты арабтың алхимикы Джабир ибн Хайян, кейіннен Европада Гебер атымен танымал болды. Джабирдің жоруы бойынша, бір- біріне қарама қарсы күкірт пен сынап жеті басқа металдардың түзілуінің бастамасы; барлығынан қиыны алтынның түзілуі: ол үшін ерекше зат керек. Оны гректер xerion - "құрғақ", ал арабтар al  -  iksir деп атады (осылай "эликсир" деген сөз пайда болды). Эликсир бұдан басқа да ерекше қасиеттерді иелену керек: барлық аурудан емдеп, ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етеді. Арабтың басқа алхимигі ар  -  Рази де (Еуропада Разес атымен белгілі) медицинамен айналысқан. Сонымен қатар, ол гипсты жасау әдістемесін және сынық жерлерді тану әдістерін суреттеді.  Алайда ең атақты дәрігер бухаршы Ибн Сина болды. Ол Авиценна атымен белгілі. Оның шығармаларын көп ғасырлар бойы дәрігерлер қызметтерінде қолданып келе жатыр. 
Батыс Европадағы Алхимия. Арабтардың  ғылыми көзқарасы 12 ғ. ортасында Солтүстік Африка, Сицилия, Испания арқылы Еуропаға енді. Арабтардың алхимиктарының еңбектері латын тіліне аударылып, кейіннен басқа да еуропа тілдеріне аударылды. Басында алхимия Еуропадағы Джабир сияқты кемеңгерлердің еңбектеріне сүйенді. Бірақ үш жүзжылдық өткеннен кейін Аристотель іліміне деген қызығушылық пайда болды. Әсіресе неміс философы және теологадоминикандық,  Париж университетінің профессоры  Ұлы Альберт және оның оқушысы Фома Аквинскийдің еңбегіне деген қызығушылық артты. Ұлы Альберт грек және араб ғылымының христиан доктринасымен үйлесімділігін, олардың кіріспесінің схоластикалық курстарына тәжірбие жүргізді. 1250 жылы  Аристотель философиясы Париж университетінде оқыту курсына кіргізілді. Ағылшын философы  және жаратылыс сынаушысы, монах франциялық Роджер Бэкон  алхимияның мәселелерімен қызықты; ол селитра және басқа да заттардың қасиеттерімен танысты және де қара оқдәрінің жасалу жолын тапты. Басқа еуропа алхимиктарының арасынан Арнальдо да Вилланова (1235  -  1313), Раймонда Луллия (1235  -  1313), Валентин Василийін (15  -  16 ғасырдағы неміс монахы) атауымыз тиіс.
Алхимия жетістіктері. 12 - 13 ғасырда Батыс Еуропа қалаларында қаракеттің және сауданың дамуынан ғылым және өнеркәсіп дами бастады.  Алхимиктердің рецепттері металды өңдеу сияқты технологиялық үрдістерде пайдаланылды.  Осы жылдары  систематикалық ізденістер және жаңа заттың бірдейлестіру әдіс-айласы басталады. Спирт өндірісінің рецепттері және оның жетілдіру үдерісі пайда болады. Ең маңызды табыс -  күкірт, азот сияқты күшті қышқылдардың ашылуы болды. Енді еуропа химиктері көптеген жаңа реакцияларды ашып және азот қышқылы тұздарын, купоросты, ашудастарды, күкірт және тұз қышқылын жасай алды. Сондай ақ, алхимиктар әдеттегі металдың алтынға айналу трансмутациясының құпиясын иеленді. 14 ғасырдың аяғында бір заттың басқа затқа айналуы алхимиктардың қызығушылығын мыстың, жездің, сірке суының, зәйтүн майының және түрлі дәрілердің өндірісіне аударды. 15 - 16 ғасырда алхимиктардың тәжірибесі көбінесе тау ісінің және медицинада пайдаланылды.
4. Қазіргі химияның  пайда болуы. Орта ғасырдың  аяғы  оккультизмнен алыстау, алхимияға деген қызығушылықтың құлдырауы және механистикалық  көз қарастың табиғатқа таратуымен белгілі. 
Ятрохимия (гр. тілінен Jatros-дәрігер). Алхимияның мақсаттарына деген көзқарасты Парацельс (1493-1541) ұстанды. Өздерінің таңдаған атымен (аса басым түсетін Цельса) тарихқа швед дәрігері Филипп фон Гогенгейм енді. Парацельстың да ойы Авиценна сияқты, алхимияның негізгі мақсаты  -  алтынның алыну жолдарын іздеу ғана емес, дәрілік заттарды дайындау жолдарын іздестіру. Ол алхимиялық оқудың дәстүрін материаның негізгі бөлімнің болуымен байланыстырды. Олар катты, жаңғыш, ұшпа қасиеттері тән - тұз, күкірт, сынап.Осы үш элемент макрокосманың (Әлемге) негізі және рух, жан, дене микрокосмоның (адаммен) байланысы. Аурудың пайда болу себебіне қарай Парацельс ағзада күкірттің артық болуынан безгек және оба аурулары, ал сынаптың артық болуынан сал ауруына шалдығады деп бекітті. Ятрохимиктардың принципі бойынша, медицина химияның бір саласы, барлық дәрігерлердің таза емес субстанциядан тазаны ажырату қабілетіне байланысты. Ағзаның барлық атқаратын қызметтері химиялық үдерістерге байланысты. Және алхимиктардың мақсаты медициналық қажеттіліктерге химиялық заттардың дайындалу жолын табумен қорытындылайды.
Ятрохимиялық бағыттың негізгі  өкілдері Ян Гельмонт (1577-1644) болды, ол кәсібі бойынша дәрігер; Франциск Сильвий (1614-1672) медик ретінде ятрохимиялық ілімі "рухани" бастау дегенді қолдады; Андреас Либавий (шамамен 1550-1616) Ротенбург дәрігері. Оның зерттеулері химияның құралымын дербес ғылым ретінде тәжірибеден өткізді.
Механистикалық философия. Ятрохимияға деген ықпалдың кемуімен натурфилософтар табиғат туралы ескі оқу-жаттығуларға қайта оралды. Бірінші жоспарда 17 ғасырда  атомистикалық (корпускулярлық) көзқарас болды. Ең көрікті ғалым - корпускулярлық теорияның авторы - философ және математик Рене Декарт болды. Ол өзінің көзқарасын 1637  жылы  <<Әдістер туралы пайым>> атты шығармасында баяндады.  Декарттың жоруы бойынша, бүкіл дене <<ашық аралар қалмайтындай, бір бірімен сәл дәлдікте тұтасатын, түрлі пішіндегі және өлшемдегі көптеген ұсақ бөліктерден тұрады>>. Декарт өзінің "кіші бөлшектерін" бөлінбейтін атомдар деп есептемеді; ол заттардың шексіз бөлінгіштігідеген көзқараста болды және қуыстың тіршілігі бар дегенді жоққа шығарды. Декарттың ең көрнекті қарсыластарының бірі франциялық физик және философ Пьер Гассенди болды. Гассендидің  атомистикасы Эпикурдің  ілімінің мазмұны болды. Алайда, соңғысынан өзгешелігі, Гассенди атомның Құдай арқылы пайда болатынын мойындады; бүкіл денеде болатын құрамдас және айтпас атомдардың белгілі бір санын Құдай жаратты; атомдардің арасында абсолютті қуыс болу керек. 17 ғасырдағы  химияның дамуында ирландық зиялы Роберт Бойль айрықша рөл атқарды. Бойль бұрынғы философтардың элементтер аспан әлемі, оларды ақылмен тағайындауға болады деген пікірлерін қабылдамады; бұл оның Химик  -  скептик атты кітабының шығуына алып келді. Химиялық элементтің анықтамасына эксперименталды тіл табудың (ақыр соңында қабылданған), ол шынайы элементтің тіршілігін білмеді,олардың бірі  -  фосфор  -  бірақ оны да өзі ашпады. Бойль кіріспе еңбегін химия термині "анализбен" қосымша жазады. Өзінің тәжірибелерінде ол сапалы анализға  түрлі  индикаторларды қолданды және химиялық туысқандықтың ұғымын кіргізді. Бойль онымен сконструировалық әуе сорапты және ауаның майысқақтығын анықтау тәжірбиесін U-тәрізді түтік арқылы суреттеді. Осы тәжірибелердің нәтижесі бойынша қарама-қарсы пропорционалдық көлем және ауаның қысымы туралы заң белгілі болды. 1668 жылы Бойль жаңа ғана ұйымдасқан Лондондық хан қоғамның алғыр мүшесі болды, ал 1680 жылы  оның президенті болды. 
Техникалық химия. Ғылыми табыс және ашылымдар техникалық химияға әсер етпепей қоймады, 15-17  ғасырларда элементтерді  табуға  болған. 15 ғасырдың ортасында воздуходувных  горнов технологиясы болды. Әскери өнеркәсіптің қажеттіліктері оқдәрі өндірісінің технологиясының жұмысын жетілдірді. 16 ғасырда алтын өндірісі екі есе және күміс өндірісі тоғыз  есеге көтерілді. Металдар және құрылыста қолданылатын әр түрлi материалдардың өндiрiсiне, кездемелердiң бояуын, шынының жасалуына, азық-түлiк өнiмдерiнiң сақталуына, терiлердiң өңдеп шығаруына iргелi еңбектер кетеді. Спирттік сусындарды тұтынудан айырудың әдiстерi кеңеюде. Ол үшін тұтынудан айыратын жаңа аппараттар құрастырады. Ең алдымен, көптеген өндiрiстiк лабораториялар пайда болады. Оның ішінде металлургиялық лабораториялар. Сол уақытқа дейiнгі химик - технологтардың арасынан  -  1540 жылы пиротехника туралы классикалық еңбегi Венецияда жарық көрген Ванноччо Бирингуччоны (1480-1539 ) айтуға болады. Пиротехника туралы классикалық еңбегi 10 кiтаптан тұрып, кітапта бұлақтар, минералдарды сынау, металдарды даярлау, металдарды айыруға, әскери көркемөнер және нұршашулар туралы сөз болды. Басқа белгiлi трактат, Георгий Агрикола (1494-1555 ) Тау iсі және металлургия туралы жазды. Голландиялық химик Иоганн Глаубер (1604-1670 ) глаубер тұзын жасаушы екенін де ұмытпауымыз керек. 

Өздік бақылау сұрақтары: 
1. Қолөнер өндiрiсiнің салалары. 
2. Грегі натурфилософия. 
3. Алхимия ерекшеліктері, алхимия жетістіктері. 
4. Қазіргі химияның пайда болуы негіздері.
Әдебиет:
1. Касымова Ж.С. ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ для студентов специальности 5В072000  -  Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие  -  Семей, 2013.  -  Б.30-40.
2. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 с.
2. Интернет ресурстар.
                                       
№ 5 Дәріс.
Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері 
                                Мазмұны:
1. Түсінігі, түрлері, салалары, есептері. 
2. Химиялық технологияның негізгі түсініктері мен терминдері. Инженер-технолог кәсібінің ролі және мәні. 
3. Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы саласында қазіргі мәселелер және олардың шешілу жолдары.  

1. Химиялық технология-(грек тілінен аударғанда <<қолөнер туралы ғылым>>), ол қандай болсада бастапқы материалдарды тұтыну заттарына немесе өндіріс тәсілдеріне айналу жолдары мен әдістерін зерттейді.
                                       Технологиялар


Механикалық-заттың пішіні                   Физикалық- химиялық-заттар-
Мен мөлшері өзгереді, моле-                  дың химиялық құрамы, қасиет-
кулалық құрлымы өзгермей-                  тері өзгереді. Мысалы: айдау,еру, 
ді. Мысалы: араластыру, езу, ұн-                  тотығу,жану.
тақтау.
 Бейорганикалық заттың технологиясы:
* Негізгі химиялық өндірістің технологиясы (қышқылдарды, негіздерді, тұздарды, минералды тыңайтқыштарды алу)
* Силикаттарды алу (шыны, керамика)
* Қара металлургияны алу (шойын, болат)
* Түсті металлургияларды алу ( мырыш)
Химиялық технологияның негізгі мақсаттары:
* Өндірістің тәсілдерін және технологиялық схемасын таңдау, нәтижесінде өнімнің керекті мөлшерін, мақсатталған сапасын ,анық шикізат түрінен минималды шығынмен алу.
* Өндіріс тәсілдерінің физикалық-химиялық  негіздерін жасау.(процесс пен реакцияларды  зерттеу, температураның, қысымның әсерін зерттеу, реакцияға түсетін заттардың құрамын анықтау,катализатор мен жылдамдық факторларын зерттеу.)
* Процестің  оптималды  жағдайларын анықтау.(шикізаттың , энергияның, еңбектің минималды мөлшерін анықтау)
* Құралдарды таңдау және есебін жүргізу(құралдардың шығымын, қызмет мерзімін және бағасын еске алу керек)
* Процесс жүргізудің оптималды жағдайларын табу.(жоғары жылдамдығы шикізатты толық пайдалану, өнімнің төмен бағасы)
* Қоршаған ортаны ластанудан қорғау және тәсілдері(қауіпсіз жағдайларды жасау, газ тәрізді қалдықтардың, шайынды қалдықтар мөлшерін төмендету)
2. Операция- құрамын өзгертпей материалға әсер ету. Мысалы: ұсақталу, тасымалдау және өлшеу. Ереже бойынша операциялар машинамен орындалады.
Үдеріс-жаңа қассиеттерге әкелетін жүйедегі біртіндеп және заңды өзгерістер. Үдерістерге химиялық әрекеттесудін мына құбылыстары жатады: сұйықтықағы қатты немесе газ заттарының еруі, ерітінділерден немесе балқыламалардан қатты заттардың кристаллизациясы және тағы сол сияқтылар жатады.
Үдерістер периодты және үздіксізге жіктеледі.
Периодты үдерістер деп  -  негізгі кезеңдер жүктеу, жылыту, химиялық әрекеттесулер, суу және түсіру дәйекті түрде бір аппаратта орындалады. Периодты түрде жұмыс істейтін аппараттардың жұмыс қарқыны уақытты түрде қатты өзгереді: жүктеулер мен жүк түсіру  кезінде ол нөлге тең, ал реакция кезінде ол максимумға барады.
Үздіксіз процесстер деп негізгі кезеңде бір уақытта және үздіксіз іске асатын процесстерді айтады.
Аппараттын жұмысының қарқыны, осы жағдайда іс жүзінде тұрақты сақталады. Үсдіксіз жұмыс істейтін аппараттар өнімдірек, оларды механикаландырып, автоматтандыру жеңілдірек.
Параметр  -  бұл зат немесе аппараттын жұмыс жағдайының күйін сипаттайтын қандайда болмасын шама. Өте маңызды параметр температура, қысым, концентрация болып табылады. 
Технологиялық тәртіп  - параметрлердің жиынтығы, берілген аппараттың немесе аппараттардың жүйесінің жұмыс жағдайларын анықтайды. 
Аппараттар мен қоюлардың жұмысы мұндай көрсеткіштермен: өнімнің шығуы, өнімділігі, қуат және қарқын бейнеленеді. 
Өнімнің шығуы (Х)- нақты алынған өнім саның (Gфакт),теориялық өнім санының қатынасына тең (Gтеор):
                          X=Gфакт/Gтеор *100%
Толымсыз реакция мен түрлі шығымнан практикалық шығыс кіші теориялықтан.
Аппарат, қою әлде (Р ) цехтың өнiмдiлiгi - бұл уақыт бiрлiк алынатын өнiмдер саны(г):  P=Gфакт/τ[келә/сек; м3/ч.; ч тоннасы/; сут тоннасы/]
Қуат - бұл ұтымды шартты түрде  жетiлетiн өнiмдiлiк. Тәртiптiң әр түрлi бұзушылықтары немесе жоспар емес тоқтаулар үшін қуат өнiмдiлiк әдетте төменде.
(I) аппараттың қарқыны -  аппарат сипаттайтын шамаға (бет немесе көлем бойынша) қандай болмасынға (Р) өнiмдiлiктiң бұл реттесi: I=P/F [кг/ч*м[2]]; немесе I=P/V [кг/ч*м[3]]
F - аппараттың жұмыс бетi,м2; V - аппараттың толық көлемi, м3.
	Заттық ағын - қатты, сұйық немесе уақыт бiрлiгiне осы аппаратта (иливыходящих ) түсетiн газ бейнелi заттардың саны; (кг/сек; т/сутки; м[3]/ч)
   	 Шығын коэффициентi - өнiм бiрлiгiне шикiзаттың осы түрiн шығын, қосалқы заттар әлде энергия ма (φ т/т, м3/т, кВт*ч/т). Шығын коэффициенттерi шикiзат, өндiру тәсiлiнiң сапасы, жабдықтың күйi және технологиялық тәртiптiң нормаларды сақтауынан, олар әрдайым жоғары теориялық тәуелдi болады.
Технологиялық нобай - айтылмыш шикі заттан берілген өнімді алу үшін энергетикалық байланыстар мен материалдық операция тізбектілігінің сипаттамасы немесе графикалық суреттемесі.

Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инденерлік еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедег барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып араласып кеткен бүкіл - әлемдік, бұқаралық, әмбебеп құрылысқа айналды.  Инженерлік еңбек дегеніміз  -  техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау, жетілдіру және іске қосу, басқару процесстерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап  -  сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық сипаттағы ерекше ақыл  -  ой еңбегі. 
 Инженер еңбегінің ерекшеліктері 
 Инженер еңбегінің басты ерекшеліктері қандай? Біріншіден, инженер еңбегі - өндіруші, өнім шығарушы еңбек, ол материалдық және рухани құндылық жасайды. Болашақ өнімді жобалайды, өнімдерді ұйымдастырады. Екіншіден, инженерлік іс - әрекеттің әмбебептық сипатына байланысты, еңбектің көптеген түрлері оны ерекшеліндіреді, олар жүздеген инженерлік кәсіпте, мамандықтар мен мамандыруда іске асырылуда. Үшішіден, инженерлік еңбек үлкен шығармашылық мән  -  мағынаға және сипатқа ие. Шығармашылық сипат еңбектің көптеген түрлеріне тән. Күрделі техникалық операциялар жасайтын маман қызметкердің еңбегін шығармашылық элементтер сипаттайды. Шығармашылық белгілер экономика мен мәдениеттің әртүрлі салаларындағы ақыл  -  ой еңбегінен, жмысшылар, интелегенттер, мамандар еңбегінен байқалады. Инженерлік еңбектің шығармашылық потенциалы негізінен материалды өндіріс сферасында қолдауымен байланысты. Инженерлік ізденісті, жаңашылдықты, рационалды - өнертапқыштық әрекетін ретке келтіру ғылыми прогрессте анық көрініс табады. Инженер еңбегі негізінен алғанда мынадай бөліктерге жәктеледі: 1) болашақ шығаратын өнімге қатысты ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізу; 2) өнімнің конструкциясын жетілдіру, жаңарту; 3) өқндірісті техникалық тұрғыдан дайындау; 4) өндірістік процесст ұйымдастыру; 5) еңбек ұжымын басқару. Әрине, бұл еңбек элементтерін бастан  -  аяқ бір инженер атқармайды, ол мүмкін де емес. Бірақ, осы аталған операциялардың кез-келген инженер басқа жай-жапсарларды да жақсы білуі тиіс. Мұның бәрі жалпы дайындықты, мәдени деңгейді, ғылыми-техникалық терең білім мен іскерлік дағдыны, қабілетті талап етеді. Инженерлік еңбекте өндіруші еңбектің шығармашылық және интеллектуалдық қабілет мүмкіндіктері барынша шоғырландырылған. Ол үздіксіз жаңа ізденістеге ұмтылып, cтандартталмаған еңбек опреацияларын енгізуге, маңызды ақпаратты сыннан өткізуге тиіс. Шешім қабылдауда жоғары жауапкершілікке талап ие болуы қажет. Академик Н.В.Мельников (тау-кен инженері болған) былай деп жазған болатын: <<Жалпы инжеерлік іс  -  бұл шығармашылық. Инженерлік өнер туралы айтсақ  -  жаңа машина аппарат, прибор шығармашылық еңбектің жемісі>>.  	Инженерлік еңбек мазмұны тек қана таза шығармашылықта құралмайды. Тпті ақыл-ойдың мен сезім толқындарына толыққан әбден іс-әркет формалары да (айталық ғалым немесе суретші) <<таза>> шығармашылықтан тұрмайды. Бұл инженер еңбегіне өте қатысты. Инженерлік еңбек қоғамдық өндірісте оның жеке қатысушылары арасында әртүрлі категориялары, кәсіптері, лауазымдары, мамандығы т.б. бойынша бөлінеді, олар шығармашылық мүмкіндіктерді бірдей дәрежеде көрсете алмайды, бұл инженерлердің жеке қасиеттері мен жұмыс сипатына байланысты. Тіпті инженерлік жеке бөліну ішінде өзінің шығармашылық маңызының құны бірдей болмайды. Инженерлік шығармашылық үшін қажетт алғы шарттар алуан түрлі жағдайларға байланысты бөгеттерге тап болатыны да рас, сөйтіп инженерлердің инженерлік еңбекпен шынайы айналусуына мүмкіндік бола бермейді. Олардың белгілі бір бөлігінің субъективті сипаты бар, және жалпы кәсіпорындағы сияқты инженерлік еңбекті ұйымдастырудың кемшіліктеріне байланысты. Бірақ мұндай жағдайға әкелетін кейбір объективті себептер де жоқ емес. Олардың бірі  -  инженерлердің еңбек функциясының барға сайын мамандаушылық сипатының өсе түсуі. ҒТР нәтижесінде инженерлік мамандық пен мамандану саны мыңнан асты. Кез-келген мамандану белгілі-бір жиынтықты еңбек қызметін ғана қамтитын болғандықтан, оның техникалық бастамасы шектеліп, белгілі-бір мөлшерде шығармашылық мүмкіншілік азаяды. Төртіншіден, инженерлік еңбектің маңызды белгісі өндірісті басқарудағы ерекше ролі болып табылады. Еңбекті басқару ісімен кәсіпорындағы көптеген инженерлер, қызмет жетекшілері, сонымен бірге т.б. мамандар айналысады. Н.Л.Литовтың мәліметтері бойынша инженерлердің 60 пайызға жуығының қол астында адамдар жұмыс істейді. Бұл жөнінен кейінірек қарастырамыз. 
Инженерлік еңбектің тағы бір ерекшелігі  -  ҒТР жағдайында оның қоғам алдындағы жауапкершілігінің барынша арта түсуі, экономикалық нәтижелерінің аумағы мен мәні жағында маңызының күшеюі. Мәселен, бүгінгі таңда біз нарық жағдайында отандық тауарымыздық шетелдік тауарлармен бәсекеде шеттеліп қалмай, өтімді болуына күш салудамыз. Әйтпесе, біздің ілгері болуымыз мүмкін емес. Ол үшін шығарған өндірістік өнімдеріміз әрі сапалы, әрі шыдамды, әрі ыңғайлы болуы керек. Ендеше, инженерлік жобаларымыз, конституцияларымыз, олардың дизайны, бағасы, сапасы  -  бәрі - әлемдік стандарттарға жауап беруі тиіс. Инрженерлік еңбектің жауапкершілігі осыдан туындайды. Инженерлік есепте, шешім қабыладуда кеткен қателік орын толмас зиян шектіруі әбден мүмкін. Міне, мәселе қайда жатыр. Шығарған бұйымдарынан ақау шыққанына байланысты үлкен экономикалық зардап шеккен шет елдік заводтар мен компаниялардың жағдайы туралы баспасөзден әр кезде алуан түрлі материалдар оқуға болады.  Инженерлік еңбектің күрделі құрылымы әртүрлі кәсіпте, мамандықта, лауазымда, білгірлік дәрежесіне сәйкес инженер санаттарының қалыптасуының объективті алғышарттары болып табылады. 
 ІІ. Инженерлік кәсіп 
Инженерлік кәсіп  -  негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шшешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіпкер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты бір тектес кәсіптердің өзі әр алуын білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы  -  инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық  -  кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді. Инженерлік еңбекті мамандыру негізгі үш бағытта жүзеге асырылады: 
Салалық мамандандыру (инженер  -  металлург, тау-кен инженері, мұнай, машина жасау өндірісінде және т.б. инженерлер). Бұл да кәсіп ішіндегі еңбек бөлінісіне жатады. Мысалы: технолог кәсібі мамандық бойынша жіктеледі  -  машина жасау технологиясы, мұнай мен газ технологиясы, т.б. 
Еңбек операциясының мазмұны бойынша мамандандыру. Бұл ақпараттық операциялар (ғыылми техникалық ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу), логикалық ойлау операциялары (өндіріс процесснің жоспарын талдау, есептеу), ұйымдастырушылық операциялары (өндірісті ұйымдастыру, үйлестіру жүйесі, бақылау, т.б.). Инженердің еңбегінде қайсы еңбек операциялары басым түсіп, ерекше орын алатынына байланысты инженер-зерттеуші, инженер-жобалаушы, инженер-конструктор, т.б. болып бөлінеді.  Функционалдық мамандану (инженер-энергетик, химик, электроншы, т.б.). 
Бұл - өнеркәсіптің әртүрлі салаларында өндірістің жалпы техникалық негіздерінің дамуымен байланысты (энергетика, электротехника, электроника, т.б.) ортақ негізді арқау еткен инженерлік мамандықтар пайда бола бастады. Бұған алуан түрлі өндірістерде пайдалануға болатын тектес механизмдерді,құралдарды, бөлшектерді пайдалануға жағдай тудыратын өндірісті автоматтандыру процессі себепкер болып отыр. Бұл процесстер мамандықтарды біріктіруді, инженерлердің дайындаудың процесссін ұлғайту қажеттігін туғызады. Екінші жағынан, ҒТП-де кері ағым қалыптасты, оған өнеркәсіп пен техникада жаңа салалардың пайда болуы мүмкіндік туғызды.  Инженерлердң кәсіби құрылымының динамикасы объективті факторларға байланысты, олардың ішінде өте маңзды өнеркәсіптің даму деңгейі, оның салаларының саны мен сипаты, олардағы техникалық процесстердің жетістігі, ҒТР әсерімен инженерлік кадрларды қайтадан бөлу мәселесі. Өнеркәсіптің әлеуметтік <<тапсырысы>> техникалық жоғары оқу орындарына қабылданатын студенттердің санын, мамандану бағыттарын анықтайды. Мәселен, соңғы жылдары энергетика мамандығын алуға ұмтушылар саны өткен ғасырдың 70-80 жылдарымен салыстырғанда 1,6 есе өссе, электрондық техника мен автоматика саласында 3 есе өскені белгілі болып отыр.  Бір мамандық иесі болып табылатын инженерлер күрделілігі әртүрлі еңбекпен, яғни әртүрлі квалификациядағы қызмет атқару мүмкін. Мәселен, конструктордың ішінде әртүрлі категориядағы инженерлер болады. Квалификация деген ұғымның өзі алған білімі мен нақты жұмыс орындарының талаптарына сәйкес қызметкердің еңбек функциясын орындауға дайындық деңгейін көрсетеді. Квалиифкациялық айырмашылық тек инженерлік мамандықтың ішінде ғана емес, солардың арасында да болады. Мысалы: инженер зерттеуші, инженер  -  констркутор квалиифкациясы бойынша инженер  -  технолог немесе инженер  -  пайдаланушыдан жоғары тұрады. Квалификациялық белгілерге баға беру  -  инженерлердің іс әрекеттің белгілі бір түрін игеру деңгейімен сипатталады, көбіесе мамандардың білім дәрежесімен анықталады. Инженерлік квалификация- бұл инженердің аса маңызды <<жылжымалы>> сипаттамасы, жүйелі түрде жетілдіріп, дамып, көркейіп тыруға тиіс. 
2.1 Инженер - техник 
Инженер  -  техник қызметкердің тиімді білгірлік құрылымын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі - әртүрлі білгірлік дәрежедегі қызметкерлердің ұтымды ара қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бірінші кезекте дипломды инженерлер мен техниктердің оңтайлы ара қатынасы орнауы керек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары олардың ара қатынасы шамамен 2:1 дәрежесінде болған, сонымен бірге халықаралық қолданыста 1:4 ара қатынасы қолайлы деп саналады. 
Кәсіпорындардағңы жиі қолданылатын лауазымды қызмет түрлері: 1) кәсіпорын жетекшілері, олардың орынбасарлары, менеджерлер, бас мамандар; 2) тип, бөлімдрдің, лабораториялардың басшылары; 3)ауысым бастығы, топ жетекшісі, жетекші инженерлер; 4)аға инженерлер; 5) инженерлер; 6)шеберлер; 7) техниктер. Бұлар қызмет барысында жылжуы, лауазымды өсуі әбден мүмкін. Мұндай құбылысты кәсіби жылжымалылық деп атайды. 
2.2 Инженер - конструктор 
Коструктор еңбегінде арнайы және анықтамалық әдебиеттерімсен танысу, техникалық құжаттарды зерттеу, нақты техникалық есептемелер жүргізу, болашақ өнімнің техникалық сипаттамаларын анқытау сияқты элементтерді бөліп айтуға болады. Конструктор технологиялық процесстерді бақылауға алады. Оның басты назары болашақ техникалық жүйені құрастыратын матеиалдарға қойылатын талаптарды орынайды. 
Конструтор әдетте конструторлық бюрода жұмыс істейді, олар кәсіпорын, ғылыми орталық немесе ғылыми зерттеу академиялық институттардың құрамына кіреді. Конструторлық бюро арнайы және жалпы болып бөлінеді. 
Конструкторлық ұжымда әркім өз міндетін атқарады, бірақ бұл күнделікті кәсіби қарым  -  қатынаспен және техникалық идеялар алмасу мен өзара кеңеспен қатар жүріп отырады, сонымен олар бірігіп шешім қабылдайды. 
Конструктор  -  біздің техникалық ғасырымыздың шешуші тұлғасы, осы заманғы техникалық прогрессті анықтайтын машиналардың жаңа түрлерін жасау оның қолында. 
2.3 Инженер - технолог 
Инженер  -  технолог өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, басшылық жасап тікелей іске асырады. Ол техникалық құжаттарды дайындайды, чертеждерді мұқият зерттеп, техникалық есептер жасайды, технолгиялық карталарды тексеріп, түзетулер енгізеі және техникалық ұйымдастырушылық мәселелермен шұғылданады.
Инженер технолог өндіріс процессі барысында техника мен дамдардың өзара әрекетін дұрыс ұйымдастыруды техниканы пайдалану тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да, көбнесе кәсіпорындардың экономикалық көрсткіштері олардың іс әрекетне байланысты. Сонымен қатар, ол өндірістің қалыптылылығы мен шығарылған өніс сапасына, технологиялық тәртіптің қатаң сақталуына, ҒТП нәтижесінде шығатын технологиялық процесстердің өзгеруіне мүмкіндік туғызуына және жұмысшының ұтымды ұсыныстрын өндіріске енгізуге жауап береді. Технологиялық тәртәпті тек қана технологтар ғана емес, сонымен бірге инженерлердің бәрі де сақтауы тиіс. 
Инженер  -  технолог қызметінің келесі бір ерекшелігі  -  жобалаушылар мен конструктор еңбегін өндіріс процесіне ткелей қатысушылармен, бірінші кезекте жұмысшылар еңбегімен, тікелей байланыстырушы екендігіне. Ол қызмет операцияларын жұмысшылар қандай әдіспен, қандай түрде, қалай жүзеге асыратынын алдын ала ескеріп отыруға тиіс. Бұдан оның технологиялық процесстерде қолданылатын кәсіби қасиеттері мен берілген жұмысты орындау үшін адамдарды дайындау деңгейінің сәйкестігінен қамтамасыз ету міндеті туады. 
Технолог еңбегі жүйелі сипатта болып келеді, ол аумағы жағынан өте кең, осы мамандықты иелеген инженер білім мен дағдының әр саласын терең білуі қажет. Ол жобалаушы, өндірісші, технолог мен пайдаланушы инженерлердің қызметтерінен хабардар бола отырып, байланыстырушылық қызмет атқарады. 
Технолог пен конструкторларға қойылатын талаптардың алғашқысы  -  бұл экономикалыққ талдаудың практикасы мен әдісін білу және технологиялық процесстерде машина мен приборларды тиімді құрастыруды техникалық  -  экономикалық негіздеу болып табылады. 
2.4 Инженер - пайдаланушы 
Инженер  -  пайдаланушы міндетіне техникалық объектілерді  -  машина, агрегат, құралдар, т.б. жөндеуі мен қызмет етуін қадағалау, қамтамасыз ету жатады. Ол техниканы дұрыс пайдалануды бақылайды, ұйымдастырады. Ол техниканы терең меңгерген болуға тиіс, сондай  -  ақ, жұмысшыларды техниканың мінсіз қызмет атқаруын қамтамасыз етуге жұмылдыра алуы керек. Бұл қызмет бір жағынан шебер қызметіне жақын, ал екінші жғынан  -  технологқа. Сондықтан, техникалық білім және практикалық тәжірибемен қатар, ол әлеуметтік  -  экономиалық білімді де игеруі керек. 
2.5 Инженер  -  экономист
Инженер  -  экономистің негізгі қызметі өндірістік  -  шарушылық с әрекетті талдау, нормативті нұсқауларды жасау, экономикалық есеп жүргізу болып табылады. Инженер  -  экономистердің жұмыс кезеңінің маңызды бөлігі ұйымдастыру мәселелерін шешуге, өндірісшімен кеңесуге, жоспарлауға, техникалық құжаттарды жөндеуге арналады. Шын мәнісінде, инженер  -  экономист инженерлік мәселелерді шешпейді, бірақ өзінің жұмысы орындалуы үшін, ол техникалық мәселелер мен ҒТП нәтижелерін біоуі тиіс. Бұл мамандық мәні бойынша техникалық және гуманитарлық мамандық арасындағы <<қосылыс>> болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде экономистерге сұраныс арта түеді, басқа салалардағы экономистер сияты олардың да маңызы зор.
Кейбір авторлар инженер қызметкерлер қатарына жоспарлаушы -экономистерді, еңбек және еңбек ақы бойынша экономистерді жатқызады, ал біздің көзқарасымыз бойынша бұл инженер атағының дәлелсіз таралуы.Өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін экономистер <<Еңбеккерлер жиынтығының>> белгілі бір бөлігі болып табылады, бұдан олар техникалық маман болмайды. 
Қорытынды 
Инженерлер мен ғылымдардың ынтымақтаса жұмыс жүргізуінің жолы - өндірістегі инженерлер мен жоғары техникалық оқу орындарындағы ғалымдардың бірлесе ғылыми  -  техникалық зерттеулер жүргізуі болып табылады. Оқу сапасы өндіріс пен ғылым ұштасқанда ғана жоғары болатыны белгілі. Техникалық оқу орындарының ғалымдары өндіріс тапсырысы бойынша зерттеулер жүргізеді. Оған өндірістегі инженерлерді, өздері оқытып жүрген студенттерді тартады. Қазақ ұлттық техникалық университетінің, басқа техникалық оқу орындарының тәжірибесі мұндай бірлесудің өміршеңдігін әбден дәлелдеп отыр. Инженерлер мен ғалымдарың бірлесе отырып зерттеулер жүргізуі  -  ғылыми  -  техникалық басты көздерінің біріне айналуда. 
Өнім өндіретін де, ілгері ұлттық ғылымның негізін қалайтындар да осы инженерлер. Жаңа техника, технологиялар заманында елімізді өркениетті елдердің қатарына қосатын да солар. Сондықтан да жерінің асты да, үсті де бай Қазақстан сияқты алып елге білімді инженерлер керек екені даусыз.
                                       
Өздік бақылау сұрақтары: 
1. Химиялық технологияның негізгі түсініктері, түрлері, салалары, есептері мен терминдері. Инженер-технолог кәсібінің ролі және мәні. 
3. Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы саласында қазіргі мәселелер және олардың шешілу жолдары.  
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  поли-
технического университета, 2011.  -  194 с.
2. Интернет ресурстар.

№ 6 Дәріс.
Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Минералды тыңайтқыштар.
                                Мазмұны:
1. Минералды тыңайтқыштар, өндірістің маңызы және ауыл шаруашылығында пайдалану. 
2. Негізгі тыңайтқыштар: азот, калий, фосфор және кешендік. 
3. Номенклатурасы, шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері, өндіріс көлемі.

Өсімдіктердің ағзаларында шамамен 30 негізгі элемент болады. Олардың 90% - ын көміртегі, сутегі және оттегі құрайды. Олардың негізгі көздері көміртегі оксиді мен су. Басқа 10% - ын келесі макроэлементтер (азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір) және микроэлеметтер (бор, мырыш, мыс, молибден және т.б.) кіреді.
Топырақтын құрамындағы қоректі заттарды қалпына келтіру үшін минералды тыңайтқыштарды енгізеді. Тыңайтқыштардың сапасы олардың қорек элементтердің мөлшерінен анықталады. 
Азот  -  N                     Калий  -  K₂O                  Фосфор  -  P₂O₅ 
Мысалы: топырақтын түріне байланысты және ауылшаруашылық дақылдардың түріне байланысты 1 гектар таңайтқыштардың келесі мөлшері қажет болады. Азот (N)  -  30  -  120 кг дейін, фосфор (P₂O₅)  -  45  -  120 кг, калий (K₂O)  -  40  -  200 кг. 
Азот  -  хлорофил құрамына кіреді. Ол ағзадағы күн энергиясын, ақуыздардың синтезін анықтайды. 
Фосфор  -  ақуыздардың құрамына кіреді. Өсімдіктердің дамуын және сапасын жақсартады. Қант пен крахмалдың мөлшерін жоғарлатады. 
Калий  -  ақуыздың синтезін қамтамасыз етеді. Қанттың түзілуін күшейтеді. Шығымын және ауруларға қарсылығын жоғарлатады. 
Минералды тыңайтқыштардың кейбір бөлігі грунсулармен төмен қабаттарға жайылып кетеді немесе өсімдікке жетімсіз формаға айналады. Өсімдіктерге тыңайтқыштардың түсу дәрежесі төмен болады. Мысалы: фосфор тыңайтқышының 20%  қабылданады.  
                                                               Кесте № 1
Минералды тыңайтқыштардың өсемдік өнімдеріне әсері. 
                                       
                             Өсімдіктер
              Өнімділік (центнер / гектар)

                           Тыңайтқышсыз
                           Тыңайтқышпен
Мақта
                                 13 ц/гек
                                 33 ц/гек
Күзгі бидай 
                                 15 ц/ гек
                                 26 ц/гек
Қант қызылшасы
                                140 ц/ гек
                                 282 ц/гек

 Азот тыңайтқыштары  -  аммиак, аммоний, нитрат, аммоний нитрат, аммидті түрі дамыған. Қатты және сұйық күйінде пайдаланады. Осыдан аммиак силитрасы және карбанид алынады. Өндірісте шикі зат ретінде аммиак және азот қышқылы, көміртегі қышқылы мен аммиактан карбанид алады. 
* HNO₃ + NH₃ --> NH₄NO₃ + Q 
                                Аммиак силитрасы 
* NH₃ + CO₂ --> NH₂COONH₄ + Q 
                             Аммоний карбаматы 
     NH₂COONH₄ --> CO (NH₂)₂ + H₂O  -  Q
                                  Карбамид 
Силитра алуда бірнеше сатысы бар: 
* Химиялық реакция өткізу. 
* Ерітіндіні концентрлеу.
* Кристалдау
* Суыту мен өндеу 
1 тонна силитра алу үшін шикі заттардан 213 кг аммиак + 800 кг (конц) HNO₃, су булары 1,26 МДж (10⁶), энергия 15 кВт 1 сағатта, 33 м³ су қажет. 
Карбанимті алу сатылары: 
* Карбанидтін синтезі. 
* Өнімдердің дистиляциясы. 
* Карбанидті сату формасына өндеу. 
1 тонна карбанидтке 580 кг NH₃ + 750 кг CO₂, 400 кВт сағат этектр энергиясы, 4,82 ГДж (10¹²) су буы. 
1985 жылы 15 млн тонна карбанид алған. 

Калий тыңайтқыштары  -  KCl, K₂SO₄ және K₂SO₄MgSO₄. Алатын шикізат KCl. Технология әдістері: 
* Флатация (байыту)  -  сумен әрекеттеспеу.
* Галлургиялық  -  әртүрлі ерігіштігіне байланысты. Жоғары температурада KCl жақсы ериді. Суытқанда тұнбаға түседі. 
* Электростатикалық сипаратция (қыздырғанда және арнайы реагенттермен өнгеденде ұнтақ бөлшектерінің беті әртүрлі зарядтарды қабылдайды   (+),(-). 
1 тонна KCl шығару үшін 5 тонна KCl + 9,3 м су , 25 кВт 1 сағатта энергия. 
1985 жылы 10 млн тонна KCl алған.

Фосфор тыңайтқыштары  -  шикізат ретінде табиғи фосфаттардан алады. Негізгі технологиялық процесс ерімейтін фосфаттарды.... Негізгі шикізат: фосфарит пен апатиттер. Негізгі тыңайтқыштарының екі түрі бар. Олар: 
* Жай суперфосфат: монокальций фосфат (СаН₂РО₄), кальций сульфаты (СаSO₄) P₂O₅.
* Екі еселенген суперфосфат: Са(Н₂SO₄)₂·H₂O + P₂O₅ (42  -  55%)
Негізгі технологиялық реакциясы: Фтор апатиттерді фосфор қышқылымен әрекеттестіреді. 
Са₅F(PO₄)₃ + H₃PO₄ + H₂O --> Са(Н₂PO₄)₂·H₂O + HF 
Процесс сипаттамасы гетерогенді. Оған температура, концентрация және араластыру әсер етеді. 
Екіншілік супер фосфатты екі әдіспен алады: камералық және ағыстылық. 
Негізгі сатылар: 
* Апатитті фосфор.
* Камерада реакция жүргізу. 
* Қоймада сақтау (15  -  20 тәулік).
* Ұнтақтау. 
* Калций карбанатын бос қышқылмен нейтралдау. 
* Бөлшектеу.
* Кептіру немесе құрғату. 
1 тонна суперфосфат алуда: 1,5 тонна H₃PO₄, 1,13 тонна апатит, отын мен энергия шығымы төмен. 

Кешенді тыңайтқыштар  -  екі немесе оданда көп қоректік элемент құрамында бар заттар. Осы тыңайтқыштарды бастапқы заттардың әрекеттесуі арқылы (күрделі процесс) немесе тыңайтқыштарды бір  -  біріне қосу немесе араластыру арқылы (қоспа немесе тука қоспа) алады. 
                                                               Кесте № 2
Кешенді тыңайтқыштар екі түрге бөлінеді. Күрделі және аралас.
                                  Атауы 
                  Негізгі компаненттері 
                              Мөлшері, % 
                                                                               
                                                                               
                                      N 
                                    K₂O 
                                   P₂O₅
Күрделі : 
* Аммониленген суперфосфат 


* Аммафос


* Аммофоска 



* Нитроаммофоска



* Калий силитрасы 
                                       
                                 CaH₂PO₄,
                                   CaSO₄,
                                NH₄H₂PO₄
                                       
                                NH₄H₂PO₄,
                               (NH₄)₂ HPO₄
                                       
                               NH₄H₂PO₄, 
                               (NH₄)₂ SO₄
                                       
                               NH₄H₂PO₄, 
                                  NH₄NO₃,
                                      KCl
                                       
                                    KNO₃

                                   1  -  2 

                                       
                                       
                                  11  -  14 
                                       
                                       
                                      11 
                                       
                                       
                                       
                                      17
                                       
                                       

                                      13

                                       - 
                                       
                                       
                                       
                                       - 
                                       
                                       
                                  15  -  20 
                                       
                                       
                                       
                                      17
                                       
                                       
                                       
                                      46
                                       

                                  19  -  20 
                                       
                                       
                                       
                                   48  -  50
                                       
                                       
                                   11  -  16
                                       
                                       
                                       
                                      17
                                       
                                       
                                       
                                      -   
Аралас: 
* Аммиак силитрасы және супер фосфат 

* Карбанид, аммафос және калий хлорид

* Аммафос , аммиак силитрасы, калий хлорид  
                                                                               
                                  NH₄NO₃,
                                  CaH₂PO₄
                                       

                                       
                                       
                                       
                                      13
                                      83
                                       
                                      19
                                      15
                                       
                                      17
                                       
                                       - 
                                       - 
                                       
                                      19
                                      15
                                       
                                      17
                                       
                                                                               
                                      13
                                      16
                                       
                                      19
                                      30
                                       
                                      17
                                       
                                       
                                                                               
Аммоний суперфосфаты жиі төменгі сапалы фосфаттардан алады. Аммакты бос қышқылмен нейтралдайды.

Өздік бақылау сұрақтары:
* Минералды тыңайтқыштар, олардың маңызды және ауыл шаруашылығында пайдалану.
* Негізгі тыңайтқыштар: азот, фосфор, калий және оның кешендері.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  поли-
технического университета, 2011.  -  194 с.
2. Интернет ресурстар.

№ 7 Дәріс.
Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Күкірт қышқылы.
                                Мазмұны:
1.  Күкірт қышқылы, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. 
2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.  
3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.

1. Әрбір мемлекеттің  химиялық  өндірісінің  даму деңгейін сипаттайтын негізгі өнімдердің  бірі  күкірт қышқылы. H2SO4- тің өндіріс көлемі ондық миллион тоннамен есептеледі және басқа өнімдердің арасында бірінші орын алады.Оның себебі күкірт қышқылының өндірісінің әр түрлі салаларында кең пайдалану. Күкірт қышқылы ең күшті минералды қышқыл және ең арзан қышқыл.

                    2. Пайдалану салалары:
* Минералды тыңайтқыштарды шығару ( екі еселенген суперфосфат, фосфор қышқылы, аммоний сульфаты ).
* Мұнай өңдеу.
* Жасанды талшықтарды шығару.
* Жалпы металлургия.
* Бояу мен пэриниттерді шығару.
* Мата шығару.
* Тері өңдеу.
* Гальваника  және тағы басқа.

№1- кесте. Күкірт қышқылының әлемдік өндірісі ( 1 жылда млн т ).

Мемлекет
                                 Жылдар

                                     1913
                                     1950
                                     1960
                                     1968
                                     1980
                                     2000
                                     2010
АҚШ
                                      2,5
                                      11
                                      16
                                      25
                                      36


Жапония
                                      0,2
                                      ---
                                      2,6
                                      6,6
                                      6,7


ТМД елдері
                                     0,15
                                      2,1
                                      5,4
                                      10
                                      23


Жалпы әлемде
                                       7
                                      27
                                      50
                                      90
                                      140



3.Технологияның қысқаша даму тарихы:
940 жылы H2SO4 туралы Персинг алхимиктерінің шығармаларында белгілі болды. XIII ғасырда H2SO4 аз мөлшерде темір купорасын термиялық қыздырып ыдырату арқылы алады. XV ғасырда күкірт қышқылын күкіртті және селитраны біріктіріп жағып, үлкен көлемді ыдыстарда алады. Ыдыстың іші жанады. Осы әдіспен H2SO4- ті Англияда, бірінші өндіріс зауытында алды. Зауыттарда күкірт пен селитраны металдық ыдыстарда жағып, бөлінетін газдарды сумен шыны аппаратында сіңірді. XVIII ғасырда 1746 жылы күкірт қышқылын алу мақсатымен қорғасын камераларын пайдаланды (камералық әдіс): селитра жағудан бөлінетін азот оксидтерін алып, SO2-ні тотықтырды және H2SO4-ті алды. Контакталық әдіс 1831жылы ағылшын ғалымы Филипспен ұсынылды. Әдістің негізгі теңдеуі: SO2 + 1/2O2 = SO3 (платиналық катализатор қолданылады). Қазір бірінші орында контакталық әдіс тұр (80%). Күкірт қышқылын алуда шикізат ретінде SO2 пайдаланылады: S + O2 =SO2 нәтижесінде газ бөлінеді. SO2+ 1/2O2+ H2O = H2SO4 (k).
                                       
Өздік бақылау сұрақтары:
* Күкірт шығару өндірісінің халық шаруашылығында маңызы.
* Өндіріс көлемі, әлемдік масштабта шығарылуы.
* Шығару технологиясы: шикізат, химиялық негізі және даму тарихы.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 с.
2.Крылов  О.В. Гетерогенный катализ. Учебное пособие для вузов. М.: ИКЦ <<Академкнига>>>>, 2004.-679 с.: ил. ISBN 5-94628-141-0.

№ 8 Дәріс.
Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Аммиак.  
                                Мазмұны:
1. Аммиак, биологиялық фиксация, өндірістің маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.  
2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. 
3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.

Табиғатта азоттың негізгі мөлшері атмосферада N2 формасында кездеседі (массалық үлесі 78%). Табиғатта N2-тың биологиялық фиксация жолы бактерияның кейбір түрлерінің ауадағы азотты өсімдіктерге жеткілікті формаға айналдыру қабілетімен көрсетіледі. Сондықтан азот қосылыстарының жоғары қажеттіктеріне байланысты және табиғатта оның қосылыстарының аз болуына байланысты атмосфералық азоттың фиксациясы мәселесі пайда болды. 
Қандай болса да химиялық өнеркәсіп орнының экономикалық есебі ретінде жоғары сапалы және керекті мөлшерде химиялық зат алуға болады. Ол үшін барлық шикізаттарды қарқынды пайдалану керек. Химиялық процесс жоғары қарқынды болу кереек. Химиялық өндірісте <<реагент>> деген сөздің орнына шикізат немесе шикі материал деген термин қолданылады. Шикізат оптималды түрде мақсатталған өнімге ауысады. Оның практикалық шығамы теориялық шығымына жақын болу керек. 
Максималды шығым алуда процесті қысқарту үшін немесе арзан шикізат алуда ерекше жағдайлар жасалады (жоғарғы температура немесе қысым). 
Ол қауіпті авариямен сипатталады. Нәтижесінде максималды шығым экономикалық тиімсіз болады, химиялық процесс келесі факторларға тәуелді: температура, қысым, катализатор қолдану. Бастапқы материалдардың алу тиімділігі, өнімді алу тиімділігі. Зат алу өндірісі химиялық реакцияның жүруінің теориялық заңдылықтарымен қамтамасыз етілуі керек (химиялық реакция, энергетикасы, химиялық кинетика, катализ және химиялық тепе-теңдік). Осы талаптарға жауап беретін өндіріс көп тонажды өндіріс болып табылады. Оның мысалы, аммиак алу өндірісі:
Ақырғы мәліметтер бойынша әлемде NH3-ң 1 жылда алынатын мөлшері 5 млн тоннаға жуық, ал 1 тәулікте шығатын м 1000-1200 т. Осыдан  80% азот тыңайтқышын алуға, 20% полимер, бояу және т.б өнімдерге жалғасады. 
Тарихы: ең бірінші өндірістік әдісі цианамид әдісі:
Ca(CN)2(қ) + H2O = CaCO3(қ) + NH3(г)
 Ca(CN)2 - CaO + C әрекеттестіру арқылы алады (CaC2 карбид түзіледі). CaC2  - ні азот атмосферасында қыздырып  Ca(CN)2 алады. Бұл әдіс энергия қолдану жағынан тиімсіз болды. Сондықтан Габер NH3-ті сутегімен атмосфералық азоттан темір катализаторын қолданып, аммиак алуды көрсетті.
           N2(г) + H2(г) = NH3(г) + Q             Q = 45,9 кДж
Габердің әдісінде сутегін алуда су электролизімен алды: H2O= H2 + O2
Одан әрі сутегіні судан кокспен тотықсыздандыру арқылы алады. Бұл реакция қайтымды болғандықтан өнімнің максималды шығыммын алу үшін Ле-Шателье-Браун әдісі бойынша келесі компромистік шешім табылады: темперетура -400-500°С арасында болу, атмосфералық қысым  -  200-300, ең тиімдісі -250, катализатор  -  K2O, Al2O3 активтендірілген Fe катализаторын алады және циркумляциялық техникалық схема бойынша жүргізіледі. Бұл процесс бірнеше сатыдан тұрады:
* Десульфуратор қолданылады:
Дэсульфуратор  -  табиғи газдан күкіртті жоятын техникалық құрал. Оны қолдану себебі: күкірт каталитикалық у, сутек алу стадиясындағы никель катализаторын уландырады.
* Метанның конверсиясы (сутегіні өндірісте алу тәсілі) жүреді:
                     CH4(г) + H2O(г) = C2O(г) + H2(г)
Температура  - 700-800°С арасында болу, атмосфералық қысым  -  30-40, никель катализатор ретінде қолданылады.

Өздік бақылау сұрақтары:
1. Аммиактың биологиялық фиксациясы, өндірістің маңызы және мемлекттің химиялық өндірісіндегі орны.
2. Өндіріс көлемі, өндірісті әр түрлі салаларында пайдалану.
3. Шикізат, алу технологиясының стадиялары.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 с.

№ 9 Дәріс.
Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Азот қышқылы.
                                Мазмұны:
1. Азот қышқылы, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. 
2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.  
3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.

Азот қышқылын шығару өндірісі күкірт қышқылынан кейін 2-ші орында. Өндіріс көлемінің өсуі азот қышқылынының тұздарының маңыздылығына тәуелді. Азот қышқылының 70-80 % минералды тыңайтқыштарда пайдаланады. Басқа 20 % келесі салаларда пайдаланылады:
* Күкірт қышқылының нитрозды әдісінде
* Техникалық тұздарды және нитраттарды шығаруда
* Органикалық синтезде
* Ракеталық техникада
* Қопарғыш заттардың құрамында
* Әртүрлі процестерде тотықтырғыш ретінде
Өндірістен 9 сұрыпты азот кышқылын шығарады. Реактивті және аса таза азот қышқылы кіші мөлшерде шығарылады.
Сұйылтылған азот қышқылын шығаруда негізгі шикізат ретінде: аммиак, ауа, су алынады, қосалқы материалдар мен энергетикалық ресурстар ретінде катализатор, табиғи газ, жылу және электр энергиясы алынған.
     Ашылу тарихы:
1778 жылы Араб ғалымы Гебер азот қышқылын дайындау тәсілін сипаттаған: селитраны айдау жолы.
    Ресейде азот қышқылының өндірісінің алған сипаттамасы (селитраны айдау жолы) Ломоносовтың еңбектерінде көрсетілген.
XX ғасырдың басына дейін табиғи селитра азот қышқылын негізгі алу көзі болған.
                         NaNO3 + H2SO4 -->NaHSO4 +HNO3
Алу тәсілінің жетілу нұсқалары:
* Реакция вакуумда жүреді.
* Селитраның ыдырау температурасы 80-160 0С болады.
* Қышқылды алу уақыты 6 сағат.
* Азот қышқылының шығымы теориялық шамасына дейін жақындатылған болу керек.
Әдістің кемшілігі:
* Импорт жағдайы.
* Негізгі шикізат натрий және чили селитрасы болды.
ХХ ғасырдың басында атмосфералық азотты байланыстыру шешілді және адамзат үшін азот қышқылы өндірісі үшін жаңа шикізат көзі табылды.       Атмосфералық азот байланыстыру тәсілдері:
1901 жылы электр дуганның жалынында ауа азоттың фиксациясы жасалды.
1902 жылы АҚШ-та электр дуганың көмегімен атмосфералық азот фиксациясы бойынша зауыт құрылды. Поцесс өткізетін пештің конструкциясы аяқталмағандықтан, энергия шығымы жоғары болғандықтан 1904 жылы зауыт  жабылды.
      Әдістің тиімді жақтары:
* Ауа - арзан шикі зат.
* Процесс аппараттары қарапайым.
      Кемшіліктері:
Энергия көп мөлшерде кетті. Энергия шығымы жоғары 1 т азот байланыстыру үшін 70 мың кВт энергия/1 сағатта керек, сәйкес 64 т отын жағу керек.
      Қазіргі уақытта HNO3 шығару өндірісі синтетикалық аммиакты контакталық тотығу-тотықсыздану әдісіне негізделген:
* NO алу: NH3 + O2 -->NO+H2O
* Азот тотығы азоттың жоғары тотығына айналады:
NO + O2-->NO2
NO2 + H2O-->HNO3+NO
Реакция экзотермиялық: + 421,2 кДж
Зерттеу бойынша NH3 тотығуы алынатын катализаторға және реакция жүру жағдайына тәуелді.
Катализатор:  Pt.  Pt катализаторы радий және паладий металлдарымен қосылады, себебі эксплуатация барысында катализатор босап қалады және өзінің активтілігін жоғалтады, мөлшерін азайтады.
Температура: 700-800 0С
Су өндіріс барысында негізгі хладогент болады.

Өздік бақылау сұрақтары:
1.Азот  қышқылы. Өндірістің маңызы және мемлекеттің химия өндірісінің       даму деңгейіндегі орны.
2.Өндіріс көлемі, әртүрлі салада пайдалану.
3.Шикізат, технология стадиялары, есептері мен схемалары.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 с.
2. Самсонов О.А., Солон В.Я. Технология азотной кислоты. Расчеты на ЭВМ. Учебное пособие. Иваново, 1991.- 144 с.
                                       
№ 10 Дәріс.
Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Фосфор қышқылы.  
                                Мазмұны:
1. Фосфор қышқылы, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. 
2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.  
3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.

P2O5*H2O  -  Фосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5
HPO3  -  метафосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5
H3PO4  -  ортофосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5
H4P2O7  -  пирофосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5
Ортофосфор қышқылы қыздырғанда суды буландырады және ол концентрлі болады: температура 3000С
                            2H3PO4 <--> H4P2O7 + H2O
Пирофосфор қышқылы гигроскопиялық шыны тәрізді масса. 
Метафосфор қышқылын фосфор (V) оксидінен алады: (сулы)
P2O5 + H2O--> HPO3 
Одан температураның катысында ортофосфор қышқылын алады:
HPO3  + H2O--> H3PO4

Осы қышқылдардың ең маңыздысы ортофосфор қышқылы және оның қосылыстары  -  фосфориттер.
H3PO4  -  орта күшті қышқылдарға жатады және күкірт қышқылы сияқты органикалық заттарды күйдіреді.

Ортофосфор қышқылы мен оның тұздарының маңызы:
Фосфор өте маңызды биогенді зат. Фосфор өсімдіктердің жемістері мен дәндерінің өсуін жақсартады. Фосфор қышқылының туындылары жануарлар мен адамдарға қажет. Олар: тіс, тырнақ, инелер және т.б. құрамында болады.
Органикалық қосылыстармен бірге тіршілікте жүретін зат алмасу процестеріне белсене қатысады. Олар: сүйек, мый, қан, қаңқа сүйектерінде болады. Әсіресе, фосфор қышқылы көп мөлшерде нерв жасушаларының құрамында кездеседі. Сондықтан биогеохимик Ферсман <<Фосфор ой элементі>> деп атаған. Фосфор қосылыстардың тапшылығынан қанның аз болуы рахит аурулары пайда болады.

Фосфор қышқылының мемлекет өндіріс салаларындағы орны:
Біріншіден  90%  фосфор қышқылы тыңайтқыштар алуға пайдалынады
 (фосфор және комбинирленген тыңайтқыштар алады). Осы мақсатта әлемде 100 млн т фосфор рудалары шығарылады.
Оның себебі: ауыл шаруашылық мәдениеттердін өнімін жақсартады, суыққа және түрлі қолайсыз климат жағдайларына тұрақтылық береді, вегетациялық уақыты қысқа аудандарда өнімнің жылдам өсуін, бұдан басқа топырақ құрылысын жақсартады, топырақтағы басқа заттардың ерігіштігін жақсартады, зиянды органикалық заттардың пайда болуына кедергі жасайды.
Тамақ өндірісі: сұйылтылған фосфор қышқылы мармелад, лимонад және шырындардың құрамына қосылады. Себебі: оларға дәм береді. Кальций гидрофосфаты нан пісіруге, тоқаш пісіруге қолданады. Ұнтақ ретінде дәмін жақсартады.
Ағаш шығару және өндеу: фосфор қышқылы және оның тұздары ағашқа сіңіп, одан жанбайтын құрылыс материалдарын алады (ол жанбайтын Р ағаш  плиталар, жанбайтын Р пенопласы және т.б.)
Химиялық өндіріс  -  Р және оның туындылары катализаттор түрінде болады: алкиллеу, полимеризация және т.б. реакцияларында.
Құрылыс,техника салаларында, тұрмыста. Радиациядан қорғану. Судың кермектігін жою, әр түрлі жуғыш заттарды шығаруда, тоназытқыштарда және т.б. қолданады.

    Фосфор қышқылын алу және ашылу тарихы.
Фосфор қышқылын Бойль ашқан. Оны каталитикалық процесс арқылы алған:
                     Р +О2--> P2O5 + H2O --> HPO3(H3PO4)
            ақ түсті, газ тәрізді
Фосфор қышқылы деген атты Бойль берген.
Техникалық жағдайда фосфор қышқылын осыдан 100 жыл бұрын алған.
                    Са3(PO4)2 +Н2SO4--> СаSO4 + H3PO4
Фосфориттер Fe, Al мен ластанған болған. Алынған Н2SO4 конц 5-10 %, нәтижесінде H3PO4 40 % алынған.
Жоғары сапалы фосфор жыныстары, 30-40 % Н2SO4 алынса онда гипстің ине тәрізді кристалдары пайда болады. Ол сұйық H3PO4  фазасын ластайды және нашар шайылады. Сондықтан P2O5 жоғалуы жоғары.
H3PO4 - физикалық қасиеті: қ.ж. түссіз, ромб тәрізді зат. Балқу температурасы 42,30С, қатты түрінде сирек қолданады, көбіне гидраттар пайдаланады. Таза H3PO4  май тәрізді сұйық, электр өткізгіштігі төмен.
Химиялық қасиеті: N және  S қышқылдарымен салыстырғанда әлсіз қышқыл, 3 негізді, 3 түрлі тұздар түзеді. 
H3PO4 басқа фосфор қышқылдарынан ажырату үшін келесі сапалық реакция пайдаланады: сары тұңба түзіледі:
3AgNO3 + H3PO4 -->Ag3PO4↓+3HNO3
3Ag+ + PO43- --> Ag3 PO4↓
Ал басқа қышқылдары ақ тұңба түзеді.
Фосфор қышқылын алудын технологиясы: 2 түрі бар.
1.Экстракциялық  -  экономикалық тиімді
2. Термиялық
Экстракциялық жолы:
                    Са3(PO4)2 +Н2SO4--> Са SO4 + H3PO4
Бұндай әдіспен фосфорит шығаратын орындар: Хибинск аппатит концентраттары және Қаратау фосфорит алады.
Термиялық жолмен H3PO4 аса тазасын алады:
                       Р +О2-->Р4О10 + H2O --> H3PO4
Алынатын қышқыл конденсацияға жатады.
Конденсацияның 3 түрдегі тәсілі: буландыру, жылу алмасу, циркуляциялық-өндірісте таралған.

Өздік бақылау сұрақтары:
* Фосфор қышқылы, оны шығару өндірісінің маңызды және мемлекеттің                       химиялық  өндірісінің дамуындағы орны.
* Өндіріс көлемдері, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.
* Шикі зат алу технологиясының кезеңдері, есептері мен схемалары.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 с.
2. Ким С. Мировое рынок фосфорной кислоты. Потребление удобрений в мире неуклонно растет//The Chemical Journal (Агрохимия).  -  2011.  -  С. 20-24.

№ 11 Дәріс.
Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Сілтілерді шығару.
                                Мазмұны:
1. Сілтілерді шығару, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. 
2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. 
3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.

Сілтілер дегеніміз суда жақсы еритін химиялық қосылыстар. Су ерітіндісінде гидроксид ионының жоғарғы концентрациясы пайда болады. Сілтілік өнімдердің қатарына: аммиак, аммоний гидроксиді, гидроксидтер жатады. Олар ауылшаруашылықтың барлық салаларында пайдаланылады.
Сілтілерге ағаш күлін сілтісіздендіру жолымен алынатын өнімдер жатады (K2CO3,Na2CO3, NaOH)
Қолданылуы: сабын және шыны шығару, тұрмыс және өндіріс мақсатында.
    	Алу жолы:Na2CO3 KOH-пен өндіріліп каустиқалық содаға айналады.
Кальцинерленген сода  -  Na2CO3.
Ашылу тарихы: Na2CO3 көне уақыттан белгілі. Қазіргі уақытта кальцинерленген сода табиғатта негізінен тұзды минералдардың құрамында кездеседі. Na2CO3 x NaHCO3 x 2H2O
Қолданылуы: Шыны шығаруда және жуғыш заттар ретінде. XVIII ғ. Аяғында соданың жоғары қажеттілігінен оның табиғи көздері тапшылық көрсетті, 1775 жылы француз фармацевт Леблан соданы Na2SO4, ұнтақталған бор және С қоссынан келесі реакция арқылы алуды ұсынды:
                 Na2SO4+ CaCO3+ C-->Na2CO3 + CaS + CO2(газ)
Алынған балқыдан соданы сумен сілтісіздендіреді, буландырады нәтижесінде Na2CO3 қатты күйде бөлінеді. CaS қалдық ретінде қалады.
  	 Лебланның әдісі химиялық өндірістің дамуында өте маңызды әсерін көрсетті.
Кемшілігі: Қалдықтың көп шығуы болғандықтан кең масштабқа енгізілмеген, тиімсіз болды.
1838 жылы ағылшын ғалымы Гаррисон мен Хемминг соданы аммиак алуға потент бекітті.
Кемшілігі: аппаратураның көп болуы.
   	1861 жылы инженер Сольве соданың өндірісіне аммиак жолын практикаға енгізді.
1872 жылы аммиак содасының тәсілінің аппаратуралық көрсетілуі үзіліссіз өндіріс процесске енгізілді.
XX ғ. I төрт бөлігінде содалық өндіріс минералды өнімдердің химиядық өндірістің ортасында болды.
Ресейде соданы шығару бірінші зауыты Лебланның тәсілі бойынша 1864 жылы салынды.
Аммиак әдісі Лихачевпен 1869 жылы енгізілді, бірақ  зауыттың қымбат болуына байланысты, ол тек  4 жыл жұмыс істеді.NH3 тәсілімен 1883 жылы Березник қаласында, 1892 жылыДанецк қаласында соданың зауыттары салынды. Соданың қолданылуы: химиялық өндірісте, металлургияда (қара және түсті), целлюлоза, мұнай- химия, машина құрылыс, медицина, жеңіл өнеркәсіп, тері, аяқ киім шығару.
  	Поташ  -  K2CO3. Ауыл шаруашылықта поташ дегеніміз минералды тыңайтқыштар шығаруда калийдің барлық тұздары.
Алу жолы:
1.Электролиз
2.KCl, MgCO3 химиялық әрекеттесуі, реакция нәтижесінде KHCO3, MgCO3олар қыздыруда   K2CO3  береді.
Қолданылуы: шыны, бояу, К тұздарын алуда.
NaOH-каустикалық сода. Әр түрлі биологиялық орталарды ыдыратушы заттар.
Алу жолдары:
1.NaCl  ерітіндісін электролизі  -  қазіргі технология.
2.Кальцинерленген содамен + Са(ОН)2
                         Na2CO3 + Ca(OH)2= NaOH+ CaCO3
3.Электролиз әдісі:
Өндіріс жағдайында диафрагма бар камераларда жүргізіледі. Екі установка қолданылады:
1.Бос диафрагма
2.Сөндірілген диафрагма
Сөндірілген диафрагма толық электрондардың ішінде тұрады, анодтық және катодтық бөлімдері шектелген.
Бос диафрагма мен каустикалық соданың ерітіндісі түзілу бағдарламасында шығарып отырады, стандарт бойынша 5 түрлі маркалары шығарылады: ҚС, ҚД, ЕС, ЕХ, ЕД.
Қолдану салалары:химиялық өндіріс, мұнай өндірісі, жасанды талшықтар шығару, целлюлоза-қағаз, Al шығару, жуғыш заттар, маталарды өңдеу, резинка регенерациясында.
   	КОН-каустикалық поташ. Ол натрий қосылыстары жетпи жатқан жағдайда қолданылады. Бұл зат кең таралған, бірақ қымбат.
Алынуы:
1.Калий электролизі
2.K2CO3 + Ca(OH)2
Пайдалануы: сабын, сұйық сабын, фармацевтикалық препараттар, калий тұздарын, бояғыш заттар және органикалық қосылыстар.
  	Өнімнің шығару формасы:
40-50 % ерітінділердің құрамында, қатты грануралармен, бөлшектер түрінде.

Өздік бақылау сұрақтары:
* Сілтілер түсінігі, номенклатурасы.
* Сілтілік өнім түрлері: алу, қолдану,өндіріс технологиясы.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 с.

№ 12Дәріс.
          Химиялық өндірістің шикі заты.  
                                Мазмұны:
* Технологиялық процесте түсінігі және ролі. 
* Шикі зат классификациясы. 
* Пайдалы қазбалардың қоры. 
* Шикі затты кешендік пайдалану. 
* Химиялық өндірісте суды пайдалану.

І. Шикізат дегеніміз өндіріс өнімдерін шығаруда пайдаланатын табиғи материал. Шикізат техникалық процестін негізгі элементі, ол процестің экономикалық тиімділігін, өндірістің техникасын және өнімнің сапасын анықтайды. Химиялық өндіріс үшін шикізаттың жоғары материалды сыйымдылығы және жоғары шығымы сипатты. Шикізат алуда болашақ өнімнің бағасы 60-70% тәуелді. Көптеген жағдайда бір өнеркәсіптен шығатын өнім басқа жаңа заттар алуда шикізат болады. Мысалы, әр түрлі минералды қышқылдар тұздарға айналады, олар әр түрлі халық шаруашылығына қажетті. Кең шығару техникасының дамуы, шикізатты даярлау, байыту, шикізаттың жаңа түрлері, пайдалы қазбаларды пайдалануға жаңа жол ашады. Сондықтан химиялық өндірістің шикізат қоры үзіліссіз өседі. Көптеген өндірістерде бастапқы материал ретінде  өңдеуден өтілген өнім жартылай фабрикат  алынады. Кейбір химиялық өндірістер шикізат ретінде бастапқы өндірістің қалдықтарын немесе қосалқы материалдарын пайдаланады. 
ІІ. Шикізаттың жіктелуі:
* Шығатын көзі бойынша: а) минералды шикізаттар
                                               б) өсімдіктер шикізаттары
                                               в) жануарлар шикізаттары
* Агрегаттық күйі бойынша: қатты, сұйық, газ
* Құрамы бойынша: бейорганикалық және органикалық.
Минералды шикізат бөлінеді: рудалық, рудалыө емес, жанғыш немесе органикалық. 
Рудалық минералды шикізат дегеніміз  -  металдар болатын тау жыныстары немесе минералды агрегаттар. Олардан техникалық таза түрде экономикалық тиімді жолмен металдарды алуға болады (темір, мыс, мырыш, алюминий).
Рудалық емес минералды шикізат  -  химиялық құрылыс немесе басқа да металл емес материалдарын шығаратын, өндірісте қолданылатын минералды шикізаттардың барлық түрлері.
Жанғыш немесе органикалық минералды шикізат  -  жанғыш пайдалы қазбалар ( мұнай, көмір, тақтатас, табиғи газ).
ІІІ. Пайдалы қазбалар қоры бойынша: балансты  -  өндіріс талаптарына жауап беретін және экономикалық тиімді түрлері.
2) баланстан тыс  -  құрамында пайдалы компоненттің мөлшері төмен процентті, қоры аз немесе жеткіліксіз, эксплуатациясы күрделі жағдайға жататын және өндіріс тұрғыдан пайдалану мүмкіндігі аз зерттелген.
IV.  Минералды шикізаттар ресурстарды кешенді пайдалану дегеніміз пайдалы қазбалардан бірнеше пайдалы элементтерді шығарып алу. Мыс, сульфидті рудалар  -  мыс, мырыш, қорғасын кіргізеді (12% болады), басқасы темір сульфиді (88%). Руданы байытуда темір сульфиді қалдыққа айналады, оны шикізат ретінде күкірт қышқылын алуда пайдаланады. Өз кезегінде күкірт қышқылы өндіріс қалдығы ретінде металдардың оксидтерін шығады. Сондықтан шикізатты кешенді пайдалану үшін өнеркәсіп орындары комбинерленуі керек (түсті және қара металлургия, органикалық және бейорганикалық синтез, химиялық өндіріс пен құрылыс).
V. Химиялық өндірісте суды пайдалану
Химиялық өндірісте  су  -  негізгі материал. Шығымы:
* Өнімдер мен аппараттарды қыздыру мен суыту
* Вакум және өндіріс буын жасау
* Еріткіштерді даярлау
* Реакциялық ортаны жасау
* Экстрагент,  абсоргент ретінде пайдалану
* Қозғағыш әдіс ретінде
* Өнімді жуу
* Заттарды айдау
* Шикізат және реагент ретінде пайдалану
Көптеген технологиялық процеске жоғарғы температурада және жоғарғы қысым минерализациядан өтілген жоғары сапалы су қажет. Судың шығымы өндірістің құндылығын анықтайды. Шығатын өнімнің түріне, технологияның жетілуіне, технологиялық персоналдың квалификациясына және шикізатқа тәуелді. Табиғи сулар 3 түрлі болады:
* Атмосфералық
* Жер үсті
* Жер асты
Жер үсті суларының өзен, көл, теңіз, мұхит сулары жатады. Жер асты суларына құдықтағы, артезиан скважинадан алынатын сулар жатады. Тұщы судың негізгі қоры жер астында орналасады. Өндірістің типіне  байланысты пайдаланылатын суға әр түрлі талаптар қойылады, судың сапасы келесі көрсеткіштермен анықталады: pH көрсеткіші, кермектілігі, жалпы тұздардың мөлшері. Суды даярлау операциялары: коагуляция (тұндыру) процесі, кермектілігін жою, фильтрлеу, тұздығын жою және дегазация.

Өздік бақылау сұрақтары:
1. Шикізат түсінігі және техникалық процестегі рөлі.
2.Шикізаттың жіктелуі.
3.Пайдалы қазбалардың қоры.
4. Шикізатты кешенді пайдалану.
5.Химиялық өндірісінде суды пайдалану.
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В. Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 б.

№ 13 Дәріс.
Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы.
                                Мазмұны:
1. Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. 
2. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы.

Химиялық өнімдерді шығару  -  жоғары шартты энергия қажеттілігімен сипатталады. 1 тонна дайын өнім алу үшін 10  -  15 тонна отын қажет.
Энергия шығымы: 
* Эндотермиялық негізгі химиялық реакция өткізу үшін;
* Қосымша операциялар орындау (қыздыру, газдарды қысу, қатты заттарды ұнтақтау және бөлу, материалдарды тасымалдау).
Өнімнің бағасына энергия шығымы 10 % қосады. Элетроэнергияның негізгі көздері жылу электростанциялары. Энергетикалық отынның көздері: тас және құба көмір, мазут, табиғи газ.
Химиялық өндірісте қолданылатын энергия түрлері: электрэнергия, жылу энергия, химиялық энергиялар, жарық, ішкі ядролық. Әртүрлі тасымалдаушы машиналар, конвеирлар, компрессорлар, сорғыш, араластырғыштар электрэнергияны қажет етеді. Электрэнергия жоғары температура алуға қажетті. Мысалы, P, Ca карбидін алу өндірісінде, ерітінді электролизін өткізу үшін. Мысалы, Cl2, H2, сілтілік металдар алуда және балқымалар электролизі. Мысалы, Al, Mg, Na, K, Ca сияқты металдар алуда және электрофильтрлер жұмысында. Мысалы, газдарды шаң мен тозаңдардан тазарту.
Өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы дегеніміз  - өнімнің бірлік мөлшерін алу үшін энергия шығымы. Ең жоғарғы энергия жоғары қысым мен температура жүретін өндірістерге сипатты. (1 кесте)
                                      №
                                   Өнім
           Электрэнергия шығымы, кВт*сағ/т
1
Al
                                 18000 - 20000
2
P
                                 13000 - 18000
3
CaC2
                                  2700 - 3200
4
Жасанды NH3
                                  1400 - 2500
5
Cl2
                                  2300 - 3500
6
H2SO4
                                   60 - 100
7
Аммиак селитрасы
                                    7 - 15
8
Суперфосфат
                                    2 - 10
9
Na2CO3 кальцинерленген сода
                                      60

Энергия шығымы өнімнің бағасын анықтайды, сондықтан қазіргі заманда химиялық технологияның негізгі міндеті энергия шығымын төмендету мақсатымен өндірістерді жетілдіру.
                                Қосымша
Су сапасының негізгі көрсеткіші ол кермектілігі. Су кермектілігі стандартқа сай өлшем бірлігі ммоль/дм3. Судың жалпы кермектілігі  -  Кж. Корбанатты және корбанатты емес кермектер қоспасы. Кж = Кк + Кк.е. Кж суды HCl ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталады:
Кж = V* C* 1000/2 * VH2O
Судың тотығуы  -  Тс  -  ол су құрамындағы органикалық зат мөлшерімен анықталады. 1 дм 3судың көлемінде болатын қоспаларының тотығуына қажетті оттек массасымен өлшенеді, мл:
Тс = V * C *158 * 0,253*1000/VH2O
V  -  KMnO4көлемі
158 - KMnO4 молярлық массасы
0,253  -  суды тотықтыруға есептелетін коэффицент
Суды жұмсарту тәсілдері: химиялық, физикалық
Химиялық реагенттер: фосфатты және ізбес содалы
Физикалық химиялық: қайнату
Химиялық жолында есептеулер стехеометриялық жолмен жасалады:
Ді= (Mз /2) * ( Ссо2 /22,1 + СНСО3 /61,2 + СМg/12,16 + Дк/К + 0,5) * 100/w
Ді  -  ізбес дозасы
Дк  -  когулянт дозасы
С  -  иондар мен молекуланың жұмсақ судағы массалық концентрациясы
K  -  когулянттың массасын есептеу
W  -  кальцийдің ізбестегі массалық үлесі
Mз -  заттың молекулалық массасы

Өздік бақылау сұрақтары:
* Энергия түрлері мен көздері.
* Әртүрлі кәсіпорындарының энергия сыйымдылығы.	
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В. Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 б.
                                       
№ 14 Дәріс.
Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту.    
                                Мазмұны:
1. Негізгі бейорганикалық синтез өнімінің көлемі, экспорты, импорты. 
2. Катализ: катализ типтері. 
3. Гетерогендік катализдің каталитикалық әрекетінің кезектері. 
4. Адсорбция.  
5. Бейорганикалық заттардың технологиясының маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары. 
6. Катализатодың эксплуатациялық сипаттамасы.
Химиялық өндіріс мыңдық түрлер өнім шығарады. Өнімнің қажеттілігі тұрақты өсуіне байланысты өндіріс құндылығы, жаңа өндірістердің құрылысы өсуде. Өндірістің қуаттылығын жоғарылату үшін аппараттын мөлшері мен қарқындылығын өсіру қажет. Қарқындылығын жоғарылату жолдарының бірі процестің жылдамдығын көбейту және максимальды шамасына жету. Экспорт пен импортқа байланысты негізгі заңдылық келесі: 2000 жылы жыл сайын негізгі бейорганикалық синтез өнімдерінің түрлері тікелей өсуде. Мысалы: кальцинирленген сода 7 мың т әрбір жылда, минералды тыңайтқыштар 819 мың т, олардың ішінде азот тыңайтқышы 137 мың т, фосфор тыңайтқышының мөлшері 2800 т тұрақты деңгейде, калий тыңайтқышы 722 мың т өсуде, аммиак 522 мың т, күкірт қышқылы 169 мың т. Импорт саласында: 2000 жылы әрбір жылдың бірінші және екінші кварталы бойынша өнімнің мөлшері: минералды тыңайтқыштарда 248 мың т және 6,6 мың т, оның ішінде азот тыңайтқышы 196 мың т және 3,1 мың т, карбамид 29 мың т және 4,3 мың т, аммиак селитрасы 115 мың т, калий тыңайтқышы 147 мың т және 1,6 мың т, фосфор тыңайтқышы 277 мың т және 3,8 мың т, аммиак 86 мың т және 0, кальцинирленген сода 22 мың т және 20 мың т. 
Химиялық процесстер төменгі температура мен қысымда өтуі үшін экономикалық және экологиялық тиімді болуы үшін реакция жылдамдығын мың және миллион есе жоғарлататын кейбір заттар қажет. Химиялық өндірісте 90% - ға дейін процесстер тек катализатор арқылы жүреді (мысалы, H₂SO₄ және HNO₃, NH₃, H₂ алу және т.б.). 
Тарихы. Ең бірінші катализаторды қолдану VIII ғасырда арабия ғалымы Дабир Ибн Хаяммен ашылған (спирттен --> диэтил эфирін алу H₂SO₄ катализатор ретінде қолданды). XVIII ғасырдың аяғында алғаш рет қатты катализатор қолданды (дегидрлеу және дегидратация катализатор ретінде металл және бөлшектері қолданады). 
XIX ғасырдың 1811 жылы Петербург ғылым академиясының академигі К. Кирхгоф (крахмалды қантқа каталитикалық айналдыру реакциясын ашты, катализатор ретінде сұйытылған қышқылдарды қолданды). Осы жылдары платинаның каталитикалық әсері ашылған. 
XIX ғасырдың I - ші жартысында неміс ғалымы Мичерлих контактылы реакциялар терминін енгізді. Ал 1835 жылы швед Берцелиус "катализ" терминін ұсынды. 1852 жылы Ресей ғалымы Ходнев каталитикалық реакциялардың жүру механизмдерін түсіндірді. Катализатормен әрекеттесуші заттар арасында қосылыс түзілді және каталитикалық реакциялар бірнеше кезектесетін айналымдардан тұрады. Ленджормер мен Тейлар теориясы бойынша (физикалық теория) катализатор бетінде реагенттің адсорбциясы жүреді, совет мектебінде белгілі ғалымдар Баландин, Боресков, Радчинский катализ теориясына жоғары үлесін қосты. 
Катализ - (гр. тілінен " katalysis " - бұзылу деген мағынаны білдіреді) - арнайы заттар катализаторлар әсерінен химиялық реакция жылдамдығының өзгерілуі немесе қоздырылуы. Катализаторлар реакцияға қатысады, бірақ өнімдердің құрамына кірмейді. Катализатор химиялық әрекеттесуге бірнеше рет қатысады және олардың салмағы реагенттер салмағынан аз болады. Мысалы, 10 мың гр SO₂ - ні SO₃ - ке тотықтырғанда немесе 1 млн г NH₃ - ті NO - ға тотықтыруда тек 1 г платина катализаторы қажет. Катализ 2 түрлі болады: оң және теріс. Оң жылдамдығын жоғарлату үшін, терісті төмендету үшін. 
Автокатализ - реакция жылдамдығы өнімнің әсерінен болады. 
Катализдің механизмі. Физикалық жағдайға байланысты катализ 3 түрлі болады. 
Гомогенді - катализатормен әрекеттесуші заттар бір агрегатты күйде болады. (газ, сұйық).
Гетерогенді - катализатормен әрекеттесуші заттар әртүрлі күйде болады.
Ферментативті немесе микрогетерогенді - биохимиялық реакцияларды жылдамдатушы ферменттер. 
Реакция типіне байланысты катализ 2 түрлі болады: 
1) Тотығу - тотықсыздану - электрон ауысуымен реакция жүреді; 
2) Қышқыл - негіздік - пратонның ауысуымен жүретін процесс.
Гетерогенді катализдің кезеңдері:
* Әрекеттесуші заттардың катализатор бетіне диффузиясы;
* Катализатор саңылауында реагенттердің диффузиясы;
* Катализатор бетінде хемосорбциясы нәтижесінде активті комплекстер түзіледі;
* Атомдардың орнымен ауысуы;
* Өнімнің катализатор бетінен десорбциясы; 
* Катализатор саңылауында өнімнің диффузиясы;
* Катализатор бетінен өнімнің диффузиясы.
Сорбция  -  (лат. тілінен <> - сіңіру деген мағынасын білдіреді ). Сорбцияның екі түрі бар: адсорбция және абсорбция. 
Адсорбция  -  қатты бетінде жүретін процесс.
Абсорбция  -  сұйық бетінде жүретін процесс. 
Адсорбцияның түрлері: 
* Физикалық адсорбция  -  сіңіретін заттың молекулалары (адсорбер) адсорбенттің бетінен физикалық тартылу күшімен (молекула аралық күштер) қосылу процесі;
* Химиялық адсорбция (хемосорбция)  -  адсорбер молекулалары адсорбент бетімен химиялық байланысу процесіне түседі (ковалентті және иондық байланыстар),
Адсорбция экзотермиялық процесс, нәтижесінде энтропия дәрежесі төмендейді (жылу бөлінеді). Себебі: молекулалар ауысып жүреді. Адсорбцияға қайтымды процесс, десорбция - эндотермиялық процесс, энтропиясы өседі. 
№ 1 кесте. 
Бейорганикалық заттардың технологиясындағы маңызды каталитикалық процестер мен катализаторлар.
                              Процестер 
                              Реакциясы 
                  Катализатордың маркасы

* Көміртегі монооксидінің конверсиясы
                                       
                                       
                       CO + H₂O --> H₂↑ + CO₂↑
СТК  -  1  -  5 
СТК  -  1  -  7 
СТК  -  1 М
СТК  -  2  -  5 
НТК  -  4 

* Аммиактың синтезі 

                                       
                              H₂ + N₂-->NH₃

СА  -  1 
                                       
* Аммиактың тотығуы 
                                       
                           NH₃ + O₂-->NO + H₂O
КН  -  2 
КН  -  2 Т 
НК  -  2 У 
СВД 
* Күкіртті ангидриттің тотығуы 
                                       
                             SO₂+ O₂--> SO₃
БАВ 
КС
СВС 

СТК  -  среднетемпературный катализатор
НТК  -  низкотемпературный катализатор
СА  -  синтез аммиака 
КН  -  катализатор неплатиновый
СВД  -  сульфованадатдиатомитовая контактная масса
БАВ  -  бариевая алюмованадиевая контактная масса
КС  -  конктактная масса в кипящем слое
СВС  -  сульфованадатсиликагелевая контактная масса
Катализатордың эксплуатация талаптары: 
* Жоғары белсенділігі;
* Жоғары селективтілігі;
* Катализатордың активті мөлшерімен жетімді бетінің тиімділігі;
* Улардың әсеріне және жоғары температураға тұрақтылығы;
* Оптимальді гидродинамикалық сипаттамалар;
* Жоғары беріктілігі;
* Арзан болуы керек.

Өздік бақылау сұрақтары:
1. Бейорганикалық синтез өнімдерінің көлемі, экспорты және импорты. 
2. Катализ типтері.
3. Гетерогенді катализ. 
4. Адсорбция. 
5. Маңызды каталитикалық процесстер мен катализаторлар. 
6. Катализатордың эксплуатациялық сипаттамасы. 
Әдебиет:
1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В. Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск:  Изд-во  Томского  политехнического университета, 2011.  -  194 б.

№ 15 Дәріс.
Қазақстан Республикасының бейорганикалық заттар өндірісінің кәсіпорындары.     
                                Мазмұны:
1. АҚ "Алюминий Казахстана", АҚ "Каустик", АҚ "Казахстанский электролизный завод",  АҚ "Павлодарский нефтехимический завод", АҚ <<Евроазиатская энергетическая корпорация>>, АҚ <>, <<Аксуский завод ферросплавов>> филиал  АҚ ТНК <<Казхром>>, ШЖҚ <<А-MEGA TRADING>> Шымкент қ., ШЖҚ <<Цементный завод Семей>>, ШЖҚ<<Силикатный завод Семей>> технологиялық цехтарында өнеркәсіп практикаларын ұйымдастыру және жүргізу.
                                       
3. Практикалық сабақтар
                                      №
                             Тақырып аты
                              Сағат саны
                                      1.
Кіріспе. Мамандықтың жалпы сипаттамасы
                                       1
                                      2.
Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері
                                       1
                                      3.
5В072000-Бейорганикалық   заттардың   химиялық   технологиясы   мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары
                                       1
                                      4.
Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы
                                       1
                                      5.
Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері
                                       1
                                      6.
Минералдық тыңайтқыштарды шығару
                                       1
                                      7.
Күкірт қышқылын шығару
                                       1
                                      8.
Аммиак шығару өндірісі
                                       1
                                      9.
Азот қышқылын шығару өндірісі
                                       1
                                      10.
Фосфор қышқылын шығару өндірісі
                                       1
                                      11.
Сілтілер шығару өндірісі
                                       1
                                      12.
Химиялық өндірісінің шикі заты
                                       1
                                      13.
Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері
                                       1
                                      14.
Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту
                                       1
                                      15.
Қазақстан Республикасы бейорганикалық заттарды шығару кәсіпорындары 
                                       1
                                       
Барлығы:
                                      15

4 ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны
4.1. 5В072000  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалавр негізгі компетенцияларына қойылатын талаптар және оқу нәтижелері.
4.2. 5В072000  -  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы кәсіби қызметінің мазмұны.
4.3. Білім беру кредиттік технология бойынша негізгі түсініктер мен анықтамалар бойынша глоссарий құру.
4.4. Білім беру кредит жүйесінде СӨЖ және ОСӨЖ ұйымдастыру.
4.5. Білім беру үрдісін ұйымдастыру формалары, әдістері және тәсілдері туралы глоссарий құру.
4.6 Мамандықтың типтік оқу жоспары.
4.7. Қол өнер салалары.
4.8 Алхимия араб әлемінде, Батыс Еуропада.
4.9 Технология теориялық негіздері жөнінде негізгі түсініктер мен терминдердің глоссарийің құру.
4.10 Химиялық технологияның қысқаша тарихы. 
4.11 Минералдық тыңайтқыштарды шығару жөнінде негізгі түсініктер мен терминдер глоссарийің құру.
4.12 Минералдық тыңайтқыштардың маңызы. Қазақстанда минералдық тыңайтқыштарды шығаратын кәсіпорындар.
4.13 ҚР химиялық өндірісі жалпы даму деңгейінде қүкірт қышқылын шығару өндірісінің маңызы және орны.
4.14 Күкірт қышқылы шығару технологиясы дамуының қысқаша тарихы.
4.15 Аммиак шығару өндірісінің маңызы және ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.
4.16 Аммиак өндіріс технологиясының дамуының қысқаша тарихы.
4.17 Азот қышқылы, өндіріс маңызы және көлемі, ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.
4.18 Азот қышқылы өндіріс технологиясының дамуының қысқаша тарихы.
4.19 Фосфор қышқылы, өндіріс маңызы және көлемі, ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.
4.20 Фосфор қышқылын ашу және алу тарихы.
4.21 Сілтілер шығару өндірісінің маңызы және көлемі, ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.
4.22 Сілтілер өндіріс технологиясының дамуының қысқаша тарихы.
4.23 <<Химиялық өндіріс шикі заты>> тақырыбының негізгі түсініктері мен терминдері глоссарийің құру.
4.24 Бейорганикалық заттар өндірісінде шикі заттар, қосымша заттар, реагенттер, отын, су шығым нормаларының есебі.
4.25 <<Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері>> тақырыбының негізгі түсініктері мен терминдері глоссарийің құру.
4.26 Химиялық өндірісте материалдық және жылу ағымдарының есебі.
4.27 <<Химиялық өндіріс шығымын күшейту. Катализ>> тақырыбының негізгі түсініктері мен терминдері глоссарийің құру.
4.28 Гомогендік және гетерогендік катализдың салыстырмалы сипаты.
4.29 Қазақстан Республикасы бейорганикалық заттарды шығару кәсіпорындарының сипаттамасы.
4.30 Өндіріс практикаларын ұйымдастыру және жүргізу.
	

Пәндер