Файл қосу

ХІІ - кеуде омыртқасы



* Көрсетілген сүйектердің қайсысы біліктік қаңқаға жатады?
A) бассүйек сүйектері
B) аяқ сүйектері
C) білек сүйектері
D) аяқ ұшы сүйектері
E) қол ұшы сүйектері
* Омыртқада қандай өсінділер бар?
A) құстұмсықтәрізді өсінді
B) қылқанды өсінді
C) тәждік өсінді
D) иық өсіндісі (акромион)
E) бізтәрізді өсінді
* Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз?
A) көлденең өсінділеріндегі тесік
B) қабырғалық шұңқырлар
C) тәждік өсінді
D) емізіктәрізді өсінді
E) бізтәрізді өсінді
* Қандай омыртқалардың артқы бүйір беттерінде қатарынан толық және жартылай шұңқырлар орналасқан
A) І-кеуде омыртқасы
B) Х- кеуде омыртқасы
C) ХІ- кеуде омыртқасы
D) ХІІ- кеуде омыртқасы
E) ІІ- кеуде омыртқасы
* Қандай омыртқалардың артқы бүйір беттерінде жартылай қабырғалық шұңқырлар бар? 
A) І-бел омыртқасы
B) VII-мойын омыртқасы
C) ХІ- кеуде омыртқасы
D) ХІІ- кеуде омыртқасы
E) ІІ-кеуде омыртқасы
* Омыртқа бағанасының қай жерінде мүйіс орналасқан?
A) IV және V-бел омыртқаларының қосылған жерінде
B) V-бел омыртқасының сегізкөзбен қосылған жерінде
C) V-бел омыртқа денесінің тұсында
D) І-сегізкөз омыртқасы деңгейінде
E) ІІІ және IV бел омыртқаларының арасында
* Сегізкөздің қай бөлігінде құлақтәрізді буындық бет орналасқан?
A) дорсалды бетінде 
B) латералды бөлігінде
C) жамбастық бетінде
D) сегізкөз негізінде
E) сегізкөз ұшында
* Қай омыртқаның қылқанды өсіндісі екіге айырылған және көлденең өсіндісінде тесік бар:
A) ауыз омыртқа (атлант)
B) қатардағы кеуде омыртқасы
C) қатардағы мойын омыртқасы
D) жетінші мойын омыртқасы
E) бірінші кеуде омыртқасы
* Бірінші қабырғаның қай жерінен бұғанаасты артериясының жүлгесі өтеді?
A) алдыңғы сатылы бұлшықет төмпешігінің артында
B) алдыңғы сатылы бұлшықет төмпешігінің алдында
C) алдыңғы сатылы бұлшықет төмпешігінде
D) қабырға төмпешігінің алдында
E) төстік шетінде
* Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады?
A) бірінші қабырға
B) І-кеуде омыртқасы
C) шынтақ жілік
D) жауырын
E) кәрі жілік
*  Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буындық ойығы қай жерінде орналасқан?
A) акромионда
B) жауырынның жоғарғы бұрышында
C) құстұмсықтәрізді өсіндісінде
D) жауырынның латералды бұрышында
E) жауырын қылқанында
*  Сегізкөздің тақ қыры неден құралған?
A) буындық өсінділерінің бітісуінен
B) қылқанды өсінділердің бітісуінен
C) көлденең өсінділерінің бітісуінен
D) денелерінің бітісуінен
E) сегізкөздік мүйізшелерден 
* Тоқпан жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан
A) шынтақ өсіндісі
B) кіші төмпешік
C) басы
D) төмпешікаралық жүлге
E) дельтатәрізді бұдырмақ
* Кәріжіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?
A) бізтәрізді өсінді
B) басы
C) мойны
D) емізіктәрізді өсіндісі
E) бұдырмағы
* Ұршық ойығын құруға қандай сүйек қатысады?
A) мықын сүйек
B) ортан жілік
C) асықты жілік (үлкен жіліншік)
D) сегізкөз
E) асықты жілік шыбығы (кіші жіліншік)
* Үлкен жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекараны көрсетіңіз
A) доғатәрізді сызықтың бойымен
B) жапқыш тесіктің жоғарғы шетімен
C) жапқыш тесіктің төменгі шетімен
D) бесінші бел омыртқасының жоғарғы шетімен
E) ұршық ойығының ортасымен
* Ортан жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?
A) ұршықаралық қыр
B) үлкен ұршық
C) басы
D) тақымдық беті
E) мойны
*  Асықты жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?
A) асықты жіліктің бұдырмағы
B) медиалды толарсақ
C) латералды толарсақ
D) камбалатәрізді бұлшықет сызығы
E) айдаршықаралық томпақ
* Тілерсек сүйектерін көрсетіңіз
A) өкше сүйегі
B)  үлкен трапециятәрізді сүйек 
C) кіші трапециятәрізді сүйек 
D) басты сүйек
E) ілмектәрізді сүйек
20. Мисауыт құруға қатысатын сүйекті көрсетіңіз
A) жоғарғы жақсүйек
B) мұрын сүйектері 
C) желбезек
D) шүйде сүйегі
E) таңдай сүйегі
21. Бассүйек күмбезін құруға қандай анатомиялық құрылымдар қатысады?
A) сынатәрізді сүйектің үлкен қанаттары
B) сынатәрізді сүйектің кіші қанаттары
C) түрік ертоқымы
D) шеке сүйектері
E) шүйде сүйектің негізгі бөлігі
22. Мисауыт сүйектерінің қайсысында жұтқыншақтық төмпешік бар?
A) шүйде
B) маңдай
C) шеке
D) сынатәрізді
E) самай
23. Шүйде сүйекте қандай бөліктерді ажыратады?
A) базилярлы бөлігі
B) денесі
C) мойны
D) өсінділері
E) доғасы
24. Мисауыттың қай сүйегінің үлкен және кіші қанаттары бар? 
A) шеке
B)  шүйде
C) сынатәрізді
D) маңдай
E) самай
25. Мисауыттағы қандай сүйекте гипофизарлық шұңқыр бар?
A) маңдай
B) сынатәрізді
C) торлы сүйек
D) шүйде
E) самай
26. Самай сүйек пирамидасы арқылы қандай өзек өтеді?
A) көру өзегі
B) беттік өзек
C) айдаршықтық өзек
D) жапқыш өзек
E) мұрын-көзжас өзегі
27. Беттік өзектің шығу тесігін көрсетіңіз
A) үлкен тасты нерв жүлгесі
B) доғаасты шұңқыры
C) ішкі есту жолының қабырғасы
D) біз-емізіктік тесік
E) мойындырық шұңқырының түбі
28. Қай мұрын қалқаны торлы сүйектің өсіндісі болып табылмайды?
A) ең жоғарғы мұрын қалқаны
B) ортаңғы мұрын қалқаны
C) жоғарғы мұрын қалқаны
D) төменгі мұрын қалқаны
E) торлы көпіршік
29. Жоғарғы жақсүйек қойнауы қайда ашылады?
A) жоғарғы мұрын жолы
B) сына-таңдай шұңқыры
C) төменгі мұрын жолы
D) ортаңғы мұрын жолы
E) мұрын-көзжас өзегі
30. Мойындырық тесігін қандай сүйек шектейді?
A) сынатәрізді сүйек
B) шүйде сүйек
C) маңдай сүйек
D) шеке сүйек
E) торлы сүйек
31. Маңдай қойнауының тесігі қайда ашылады?
A) ортаңғы мұрын жолы
B) жоғарғы мұрын жолы
C) алдыңғы бассүйек шұңқыры
D) көзұя
E) төменгі мұрын жолы
32. Қандай тесік қанат-таңдай шұңқырын мұрын қуысымен байланыстырады?
A) сопақ тесік
B) сына-таңдай тесігі
C) қанаттәрізді өзек
D) қанаттәрізді-жоғарғы жақсүйектік саңылау
E) дөңгелек тесік
33. Көзұяның медиалды қабырғасын қандай сүйектер құрайды?
A) бетсүйек
B)  самай сүйек
C) көзжас сүйегі
D) жоғарғы жақсүйек
E) төменгі жақсүйек
34. Жоғарғы мұрын жолына қандай қосымша қойнаулардың тесіктері ашылады?
A) маңдай қойнауының тесігі
B) сынатәрізді қойнаудың тесігі
C) торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары
D) жоғарғы жақсүйек қойнауы
E) мұрын-көзжас өзегі
35. Қандай сүйектер мұрын қуысының латералды қабырғасын құруға қатысады?
A) көзжас сүйегі
B) бетсүйек
C) самай сүйек
D) шүйде сүйегі
E) жоғарғы жақсүйек
36. Маңдай сүйек қандай қуыстың қабырғасын құруға қатысады?
A) мұрын қуысы
B) көзұя
C) ауыз қуысы
D) қанат-таңдай шұңқыры
E) артқы бассүйек шұңқыры
37. Қандай анатомиялық құрылымдар буынды сипаттайды?
A) буын қуысы
B) бұлшықеттер
C) сүйек қабығы
D) тамырлар
E) нервтер
38. Көрсетілген буындардың қайсысы бір біліктіге жатады?
A) І-алақан сүйегі мен білезіктегі трапеция сүйектің арасындағы буын
B) орталық ауыз омыртқа-білік буыны 
C) кәріжілік-білезік буыны
D) иық буыны
E) ұршық буыны
39. Қандай буындар екі білікті буындарға жатады?
A) шынтақ буыны
B) ұршық буыны
C) төс-бұғана буыны
D) акромион-бұғана буыны
E) иық буыны
40. Көрсетілген буындардың қайсысы көп білікті буындарға жатады?
A) бунақаралық буындар
B) кәріжілік-білезік буыны
C) иық буыны
D) иық-шынтақ буыны
E) сирақ-асық буыны
41. Пішіні бойынша шықшыт буыны қандай буындарға жатады?
A) шығыршықтәрізді
B) тостаған тәрізді
C) эллипстәрізді
D) жалпақ
E) айдаршық
42. Бала басын ұстай бастағанда қандай иілім пайда болады?
A) сколиоз
B) мойын лордозы
C) кеуде кифозы
D) бел лордозы
E) сегізкөз кифозы
43. Омыртқа доғаларын қандай байлам байланыстырады?
A) сары байлам
B) алдыңғы бойлық байлам
C) артқы бойлық байлам
D) желке байламы
E) қылқанаралық байлам
44. Ауыз омыртқа-білік буыны пішіні бойынша қандай буынға жатады?
A) шығыршық тәрізді буын
B) цилиндр тәрізді буын
C) ертоқым тәрізді буын
D) жалпақ буын
E) шар тәрізді буын
45. Ауыз омыртқа-білік буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
A) бүгу және жазу
B) басты бұру
C) басты әкету
D) басты әкелу
E) сыртқа айналдыру
46. Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы жерін көрсетіңіз
A) жоғарғы кеуде бөлігі
B) төменгі кеуде бөлігі
C) бел бөлігі
D) мойын бөлігі
E) сегізкөз бөлігі
47. Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз
A) буындық ерін
B) кәрі жіліктің сақинатәрізді байламы
C) менискілер
D) буындық диск
E) сүйекаралық жарғақ
48. Қолдың қандай буындары кешенді буындарға жатады?
A) шынтақ буыны
B) төс-бұғана буыны
C) проксималды кәріжілік-шынтақ буыны
D) дисталды кәріжілік-шынтақ буыны
E) иық буыны
49. Қолдың қандай буындары шығыршық тәрізді буындарға жатады?
A) тоқпан-кәрі жілік буыны
B) проксималды кәріжілік-шынтақ буыны
 C) бунақаралық буындар
D) кәріжілік-білезік буыны
E) иық буыны
50. Иық буыны құрылысы бойынша қандай буындарға жатады?
A) күрделі буындарға
B) қарапайым буындарға
C) үйлесімді буындарға
D) кешенді буындарға
E) жартылай буындарға
51. Қандай сүйектер сирақ-асық буынын құруға қатысады?
A) асықты жілік
B) өкше сүйек
C) қайықтәрізді сүйек
D) шаршытәрізді сүйек
E) медиалды сынатәрізді сүйек
52. Иық буынында қандай байламдар бар?
A) құстұмсық-акромиалды байлам
B) құстұмсық-бұғана байламы
C) жауырынның төменгі көлденең байламы
D) құстұмсық-тоқпан жілік байламы
E) жауырынның жоғарғы көлденең байламы
53. Тоқпан-кәрі жілік буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
A) шартәрізді
B) шығыршықтәрізді
C) цилиндртәрізді
D) ертоқымтәрізді
E) эллипстәрізді
54. Шынтақ буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
A) тоқпан жілікті әкелу және әкету
B) білекті бүгу және жазу
C) тоқпан жілікті айналдыру
D) қолды шеңбер бойымен айналдыру
E) білекті әкету және әкелу
55. Кәрі жілік-білезік буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
A) кәрі жілікті айналдыру
B) шынтақ жілікті айналдыру
C) супинация
D) әкелу және әкету 
E) пронация
56. Сегізкөз-мықын буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
A) жалпақ буындарға
B) ертоқым тәрізді буындарға
C) эллипстәрізді буындарға
D) айдаршықтәрізді буындарға
E) шартәрізді буындарға
57. Сегізкөз-мықын буынына қандай байламдар тән?
A) сегізкөз-төмпе байламы
B) сегізкөз-мықын байламдары
C) сегізкөз-қылқан байламы
D) ортан жілік басының байламы
E) ұршық ойығының көлденең байламы
58. Иық буыны қызметі бойынша қандай?
A) бір білікті
B) екі білікті
C) көп білікті
D) амфиартроз
E) гемиартроз
59. Иық буынындағы буынішілік құрылымдарды атаңыз
A) буындық ернеу
B) буындық диск
C) мениск
D) буындық қыртыстар
E) буынішілік байламдар
60. Сегізкөз-мықын буыны қызметі бойынша қандай қосылыс түріне жатады
A) бір білікті
B) екі білікті
C) симфиз
D) көп білікті (амфиартроз)
E) гемиартроз
61. Тізе буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
А) бүгу және жазу
B) әкету
C) шеңбер бойымен қозғалу
D) әкелу
E) супинацио




Тірек-қимыл аппараты.
Сүйек туралы ілім.
Сүйектер  -  және олардың құрылыстары.

Пәндер