Файл қосу
Психологияның тарихы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.1.07/02-2014 Студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы <<Психология тарихы>> * №2 басылым 11.09.2014ж., 05.09. 2013ж. №1 басылым орнына <<ПСИХОЛОГИЯ ТАРИХЫ>> ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В010300-<<Педагогика және психология>> мамандығының 2 курс студенттеріне арналған СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей - 2014ж. 1. ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы__________ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Педагогикалық психология" кафедрасының аға оқытушысы Адильжанова К.С. <<25>> маусым 2014 ж. 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. <<Педагогикалық психология>> кафедрасының отырысында Хаттама №1 <<03>> қыркүйек 2014 жыл Кафедра меңгерушісі: _____ Г.К.Джумажанова 2.2. Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында Хаттама №1 <<05>> қыркүйек 2014 жыл Төрайымы _______ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш. 3. БЕКІТІЛДІ 3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №1 <<11>> 2014 жыл ОӘК төрағасы _______саясат. ғ.д. Искакова Г.К. 4 Баспа орнына №1 05.09.2014ж. * Мазмұны: 1. Жалпы ережелер 4 2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 6 3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 7 4. Курс форматы 10 5. Курс саясаты 10 6. Бағалау саясаты 10 7. Әдебиеттер 12 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет Адильжанова Куралай Советхановна, педагогика ғылымдарының магистрі, педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы Телефон номері: 87782470191 Сабақ өтетін орын - № 311 аудитория Пән бойынша кредит саны - 3 1.2 Пән бойынша мәліметтер Атауы: <<Психология тарихы>> 2014-2015 оқу жылы, 4 семестр, кредит саны - 3 Сабақ өтетін орын: 2 ғимарат, №308 аудитория Курс Семестр Кредиттер Дәріс сағаты Семинар сағаты БАОӨЖ БӨЖ барлығы Басқару формасы 2 4 3 30 15 22,5 67,5 135 емтихан 1.2. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы: Пәннің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы СМУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ БӨЖ және БОӨЖ сабақтары қүрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. БӨЖ және БОӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. <<Психология тарихы>> курсы <<Педагогика және психология>> мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі педагогикалық пәндердің (оқулықтардың бірі болып табылады, әрі студенттер бойында психологиялық сауаттылықттың, компитенттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерінің дамуына үлес қосады) ықпал етеді. <<Психология тарихы>> курсы <<Педагогика және психология>> мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың жалпы педагогикалық жүйесіндегі орталық модулдердің бірі ретінде оқытудың обьектісі болып табылады. 1.3. Пәннің мақсаты Студенттердің біліміін психология тарихы бойынша жалпылау және жүйелеу: психология ғылымы туралы тұтас, динамикалық көзқарастардың қалыптасуы. Студенттердің терең психологиялық даярлықтары. Психология ғылымының даму тарихын теориялық тұрғыда қарастыру . 1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері: - алынған теоретикалық білімнің интеграциясы және оны зерттеу жұмысы барысында қолдана білу іскерлігін қалыптастыру; -білімнің ғылыми теориялық негіздерімен студенттерді қаруландыру; -іскерлік қабілеттерін қалыптастыру үшін психо-педагогикалық зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік беру; -дағды қалыптастыру, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, оқу-зерттеу іс- әрекетіне деген дағдыларын қалыптасытыру. -Логикалық-методологиялық мәселенің дамуы негізінде психологиялық білімнің дамуы негізіндегі көзқарастарды қалыптастыру. -этаптар туралы білімді, стадиялардың туындауы және психологияның заманауи тенденциялары 1.5 Оқытудың нәтижесі: Студенттер курсты оқу нәтижесінде білу керек: Білуі: -отандық және шетелдік ғылымда психология дамуының тарихы - Курсты оқыту процесі, психология ғылымының даму тенденциясы -қазіргі кездегі жағдайы, көзқарастары -психологиялық ойлардың пайда болу процесінің тарихи туралы жан жақты, жүйелі білімді қалыптастыруды -психологиялық ғылымның құрылуы біртұтас процесі, оның негізгі этаптары және бағыттары Игеруі керек: ▪ психологиялық-педагогикалық зерттеуді құру әдістерін; ▪ психологиядағы зерттеу мәдениетін; ▪ ғылыми зерттеудің әдістемелік құралдарымен; ▪пәннің категориялық аппаратымен. Меңгеруі керек: ▪ мәселені іздеуді жүзеге асыру, тақырыпты таңдау және зерттеу бағдарламасын өңдеуді; ▪ зерттеу өзектілігін нақтылау, ғылыми болжамды аргументті түрде алға жылжыту жәнезерттеу туралы ойлардықұру; ▪ психологиялық зерттеу әдістерін нақтылау мен талдау және алынған мәліметтерді өңдеуді; -іс-әрекеттің тарихи конструкцияның негізгі дағдылары. -зерттеудің заманауи психологиялық-тарихи әдістерді зерттеу Істей алу керек: -алынған білімді практикада қолдану; -психология мінездемесі, ғылым ретінде, оның әдістері мен тапсырмалары Түсінуі керек: ▪ тарихи-психологиялық оқиғалардың талдау әдістері, салыстырмалы анализ және биографиялық анализ. Иемдену керек: ▪психологиялық білім жүйесінде психология тарихында негізге алатын көзқарастар туралы ▪ психологиядағы эмпирикалық білім жайлы және оны қазіргі ғылымда, бизнесте, қоғамдық өмірде және саясатта қолдануды; Қабылдауы керек: ▪ жүйелілік функциялары, психологияны көпжақты қабылдауы ғылым ретінде және әлеуметтік мәнді практика туралы көзқарастары 1.6 Курс пререквизиттері: 1.6.1 психология және адам дамуы 1.6.2 Тұлға психологиясы 1.6.3 Психодиагностика негіздері 1.7 Курстың постреквизиті: 1.7.1 психодиагностика негіздері 1.7.2 экспериментальды психология. 1.7.3 Психология-педагогикалық әлеуметтік практика 2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу Кесте 1 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі № Тақырып атаулары Дәріс Тәжірибе БОӨЖ БӨЖ 1. Психология тарихына кіріспе. 2 Психологияның тарихы 1 2 Антикалық психология 2 Ежелгі шығыс ойшылдарының психологиялық идеялары 1 3 Орта ғасыр және Қайта өркендеу дәуіріндегі психология 2 1,2 Антикалық ойшылдарының психологиялық идеялары 1 4 ХVІІ ғасырдағы Европалық психология 2 Орта ғасырдағы психология 1 5 ХVІІІ ғасырдағы психологияның дамуы 2 3,4 Р.Декарт, Дж.Локк және Б.Спинозаның психологиялық ілімдері 1 6 ХІХ ғасырдағы психологияның дамуы 2 Қазақстанда ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының психологиялық идялары Шоқан, Абай, Ыбырай 1 7 Қазақстанда ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының психологиялық идялары Шоқан, Абай, Ыбырай 2 5,6,7 И.М.Сеченов және оның психологиядағы идеялары 1 8 Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы 2 Эксперименттік психологияның бастауы: Э.Вебер, Г.Фехнер, В.Вунт 1 9 Психологиядағы ХІХ-ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар 2 8,9 Психологияның қолданбалы салалары: педагогикалық, медициналық, еңбек психологиясы 1 10 ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы эксперименттік психологияның дамуы 2 Психоанализ тарихы және қазіргі заман 1 11 Психологиядағы әлемдік мектептер 2 10,11 Гештальтпсихология және бихевиоризм тарихы мен қазіргі жағдайы 1 12 Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының 2 Француз социологиялық мектебі және оның психологияға әсері 1 13 Соғыс жылдары (1941-45) мен 80-жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы 2 12,13 Когнитивтік психология: тарихы және қазіргі күйі 1 14 Шетелдік психологияның жаңа беталыстары мен бағыттары 2 14,15 Шетелдегі даму психологиясы: Ж.Пиаже, А.Валлон, Ш.Бюлер 1 15 Қазақстандағы психологияның бүгінгі жағдайы 2 Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері 1 3. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмүны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. БӨЖ және БАОӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: * Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. * Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. * Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. * Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. * Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. * Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. * Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. * Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар * Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; * Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; * Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; * Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; * Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; * Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; * Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; * Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. Психология тарихы пәні бойынша дәріс оқуға әдістемелік нұсқау Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді. Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс. Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады: * Бағдарлаушы * Түсіндіру * Сендіру Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады. Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады. Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет; * аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру; * дәріске деген студент қызығушылығын туғызу; * студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс; * студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу. Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі. * тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу; * мазмұнды дәлелдеу; * материал мазмұның ақпараттығы; * материалдың проблемалылығы. Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық - оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады. Дәріс мазмұнына дайындық І - кезеңде дәріске дайындық: - мақсат қалыптастыру; - аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады; - студенттердің даярлық деңгейін анықтау; - теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады. Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек. Ғылымилық. Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады. Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады. Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті. Психология ғылымында терминология күрделі. Дәріс барысында арнайы терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру. Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары қойылады: Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға болады. Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан тартымды болуы қажет. Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру үшін көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын соңында білімді тексеруге арналатын бақылауға аударуға болады. Жаңа материалды өткен материалмен байланысы көрсетіледі. Кіріспе бөлім 5-7 мин. қамтиды. Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 - 4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық пауза студенттердің өзін еркін сезінулеріне және оқылатын материалдың маңыздылығын түсіндіруге, қабылдауға даярлығын тексереді (бет-әлпеті, әңгіме). Материалды түсіндіру және дәріс формасына қарай дәрістерді түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу үшін студенттерді өзіндік танымдық белсенділік және шығармашылыққа даярлауға мынадай белсенді құралдар пайдаланылады: * бекітетін негізгі сұрақтармен; * оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру; * сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну; * кері байланыс қамтамасыз ету. Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады. Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындытарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс талапқа сай аяқталуы қажет. Сөзді бөлмей, дәрісті соңфна дейін аяқтауға уақытты үнемдеу керек. Дәрісті аяқтау арқылы студенттер сұрақтарына жауап беріледі. Қорытынды шығарылып, өзіндік жұмысқа нұсқау беріледі, әдебиеттер ұсынады. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 4. КУРС ФОРМАТЫ Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. БӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 5. КУРС САЯСАТЫ Студенттерге қойылатын талаптар: * Сабаққа кешікпеу; * Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу; * Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау; * Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу; * БАОӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау; Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ, БАОӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет. 6. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Пән бойынша ұпай бөлінісі Кесте 2 Апта Бақылау түрі Ұпай жиыны Ескерту 1 2 3 4 1-8 апта бойы дәріске қатысу 30 2 Семинар 30 БӨЖ 15 4 Семинар 30 БӨЖ 15 БАОӨЖ 35 6 Семинар 30 БӨЖ 15 БАОӨЖ 35 8 Семинарға 30 БӨЖ 15 БАОӨЖ 35 1-8 апта бойынша барлық ұпай саны 300 9-15 апта бойы дәріске қатысу 30 10 Семинар 30 БӨЖ 15 12 Семинар 30 БӨЖ 15 БАОӨЖ 45 14 Семинар 30 БӨЖ 15 15 Семинар 30 БӨЖ 15 БАОӨЖ 45 9-15 апта бойынша барлық ұпай саны 300 Емтихан ұпайы 400 Академиялық мерзімге жиынтық ұпай 1000 7 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 7.1 Негізгі әдебиеттер: 7.1.1 Жарикбаев К.Б. Психологическая мысль Казахстана. А.2000 7.1.2. Ждан А.Н. История психологии: от античности до наших дней. М.,2013 7.1.3 Марцинковская Т.Д История психологии: учебник. М., - 2013 7.1.4 Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекций. М.,2011 7.1.5 Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии. СПб.,2012 7.1.6 Годфруа Ж. Что такое психология? В 2-х т. М., 2012 7.1.7 Зинченко В.П.,МоргуновЕ.В. Человек развивающийся. Очерки российской психологии. М.,2014 7.1.8 Изучение традиций и научных школ в истории советской психологии /Под ред. А.Н.Ждан. М.,2011 7.1.9 История психологии: период открытого кризис (начало 10-х - сер.30-хг.г.ХХв).Тексты /Под ред. П.Я.Гальперина, А.Н.Ждан.М.,2012 7.1.10 История психологии: учеб.пособ. для вузов / Р. Смит; [Пер. с англ. А.Р.Дзкуя, К.О.Россиянова] / - 2010 7.1.11 Еникеев М.И История развития психологии: учеб. пособие. М., - 2011 7.1.12 Лейбин В.М. История зарубежной психологии.М.,2009 7.1.13 Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х т. Ростов - на-Дону,1996 8.2 Қосымша әдебиет: 7.2.1 Аюрзанаев О.И. Пространство и время в буддизме/ Психология и соционика межличностных отношений - 2003, № 11 7.2.2 Донских О.А., Кочеркин А.Н. Античная философия. Мифология в зеркале рефлексии - М., 1993 7.2.3 Жарықбаев, Калиев Қазақ тәлім-тәрбиесі - А., Санат, 1995 7.2.4 Жалпы психология /Богословский В.В. - Алматы, 1980Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық - Алматы, 2005, 2006 7.2.5 Зинченко В.П., Моргунов Е.В. Человек развивающейся . Очерки российской психологии - М., 1994 7.2.6 Изучение традиций и научных школ в истории советской психологии / под ред. А.Н.Ждан - М., 1992 7.2.7 Кузнецов В.Н. Западно-европейская философия 18 века - М., 1986 7.2.8 Лейбин В.М. История зарубежной психологии - М., 1994 7.2.9 Лучинин А.С. История психологии - Ростов н/Д., Феникс, 2005 7.2.10 Материалисты древней Греции / под ред. М.А.Дынина - М., 1995 7.2.11 Нарский И.С. Западно-европейская философия 19 века - М., 1986 7.2.12 Немов Р.С. Психология: Учебник для вузов в 3-х т.- Т.1. -М., 2001 7.2.13 Общая психология: Учебник для студ. пед. ин-тов /Под ред. А.В.Петровского - М., 1986 7.2.14 Петровский А.В. История советской психологии. Формирование основ психологической науки. - М., 1967 7.2.1 5 Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология: Учебник для вузов - М., 2001 7.2.16 Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Основы теоретической психологии: Учеб. пособие - М., 1999 7.2.17 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии - СПб., 2004 7.2.18 Табылдиев Қазақ тағылымы - А., Қаз институт, 1992 7.2.19 Ұзақбаева Тамырлы терең тәрбие - А., Білім, 1995 7.2.20 Хрестоматия по истории психологии: Период открытого кризиса (нач. 10-х гг. - середина 30-х гг. ХХ в.): Учеб. пособие /Под ред. П.Я.Гальперина, А.Н.Ждан - М., 1980 7.2.21 Ярошевский М.Г. Психология в 20-ом столетии - М., 1974 7.2.22 Якунин В.Я. История психологии - М., 2001
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz