Файл қосу
Әкімшілік құқықтың жүйесі
№1 -тақырып : Әкімшілік құқыктың пәні мен әдістері Дәріс мақсаты Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлеріне анықтама беру.Әкімшілік құқықтың әдістің ерекшеліктерімен таныстыру. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымына тоқталып, оларға анықтама беру.Әкімшілік құқықтың қайнар көздерімен таныстыру. <<Әкімшілік құқық>> туралы түсінік қалыптастыру;Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету.Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен байланысын көрсету. Жоспар: Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері. Әкімшілік құқықтың әдісі. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқық жүйесі.Жоспар: Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері. Әкімшілік құқықтың әдісі. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқық жүйесі. 1сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері Заң әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін дискуссиялық болып отыр. Осыған орай бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы ретінде қарастырылды. Француз ғалымы Р. Драго мемлекеттік басқару ғылымы саясаттану, құқық теориясы, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың тәсілдері мен әдістерінің ғылыми қиылысы болып табылады деп санайды. Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде - әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы пікірлер мен қорытындылар жүйесі. Оның пәні болып құқық саласы және сәйкесінше заңнама саласы ретінде әкімшілік құқық табылады. Соңғы жылдарда зерттеудің тек жалпы ғана емес, сонымен қатар арнайы әдістеріне де қызығушылық көбейді. Мұның нәтижесінде көптеген мәселелер жаңа дауысқа ие болуда. Әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде айырмашылығы әкімшілік-құқықтық құбылыстар мен оларды зерттеу нәтижелерін бейнелеу тәсілдерінде болып табылады. Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы - тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген. Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан - нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау).Әдебиетте әкімшілік құқықтың пәнін құрайтын қатынастар сыныптамасын анықтауда келіспеушіліктер бар. Мысалы Д.Н. Бахрах оларды: Ішкіаппараттық қатынастар; Әкімшілік биліктің азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынасы деп бөледі.Ал, А.П. Алехин, Ю.М. Козлов бұл қатынастарды басқару аясына, қатысушыларына, мақсаттарына, мемлекеттік құрылысына байланысты бөледі. Сыныптамалау үшін негіздер бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты әкімшілік, басқарма, ішкіаппараттық қатынастар мемлекеттік емес ұйымдарда да орын алуы мүмкін. Яғни қатынастарды сыныптамалау негіздері әкімшілік биліктің табиғатын сипаттайтын типологиялық байланыстарды табуға көмектесуі керек. Сондықтан әкімшілік құқықтың пәніне келесі қатынастарды жатқызуға болады: атқарушы билік органдарының ұйымдастырылуымен байланысты; азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әкімшілік билік органдарының арақатынасы мен басқарудағы әкімшілік-биліктік құзіреттерді жүзеге асыру барысында пайда болатын; әкімшілік-деликттік сипаттағы. 2сұрақ. Әкімшілік құқықтың әдісі Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік- құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады. Бұл жиынтықты құрайтындар: а) құқық беру - тұлғаларға өздерінің жеке белсенді әрекеттеріне құқық беру; ә) тыйым салу - белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап ету; б) позитивті міндеттеу - тұлғаларға өздерін дұрыс ұстау міндетін жүктеу. Мемлекеттік билік әдістері - басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының басқарылатындардың еріктері мен саналарына тікелей ықпал етудің әртүрлі тәсілдері. Мемлекеттік билік әдістерін келесі белгілер сипаттайды: барлық мемлекеттік билік әдістері мемлекеттің еркімен құрылады және одан туынды; әдетте олар мемлекеттік қызметті орындау процесінде жүзеге асырылады; Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы - тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ, әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген. Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан - нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау). мемлекеттік билік субъектілерімен мемлекет атынан қолданылады; мемлекеттік-биліктік құзыреттерге ие; әдетте құқықтық немесе ұйымдық нысанда болады және жан-жақты бағытта болады. Осы аталған әдістерді дұрыс қолдану мемлекеттік билікті жақсартады, сондықтан бұл әдістерді әрі қарай қолдану және жетілдіру мемлекеттік билікті жақсарту болып саналады. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін қолданылады. Осыған байланысты олар көбінесе басқарушылық қызметтің құқықтық нысандарында көрінеді.Басқарушы ықпал ету сипатына қарай бөледі: моральды-саяси әдістер (тәрбие, агитация, пропаганда және т.б.), ұйымдастыру әдістері (координация, келісім, бақылау, инспекциялау, нұсқауландыру, алқалылық және т.б.), әлеуметтік әдістер (сұхбаттау, анкеталау, эксперимент және т.б.), психологиялық әдістер (психологиялық сендіру, мотивация, авторитет және т.б.), әкімшілік және экономикалық әдістер. Әдістердің көп болуы басқару процесінің қиындығына және күрделілігіне негізделген.Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік әдістер басқарылушы еркінің басқарушының еркіне бағынуымен сипатталады. Оларда басқару қызметінің табиғаты анық көрсетілген. Әкімшілік әдістерді қолдану басқару субъектілеріне басқарылатындарға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Әкімшілік әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше рөл атқарады. Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады: бейнелену сипатына байланысты-әкімшілік-құқықтық және әкімшілік-ұйымдастырушылық; заңдық қасиеттеріне байланысты - нормативті және жеке. Нормативтілерге нұсқаулар және т.б. басқарылатындардың қызметін реттейтін актілер жатады. Жекелерге - нақты орындаушыларға жіберілетін тікелей бұйрық түріндегі нұсқаулар. Басқару субъектілерінің тәртібіне ықпал ету тәсіліне байланысты әкімшілік әдістер бөлінеді: а) белгілі бір әрекеттерді істеуге міндеттейтін; ә) белгілі бір әрекеттерді істеуге құзырет беретін; б) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуге ынталандыратын; в) белгілі бір әрекеттерді істеуге тыйым салатын. Экономикалық әдістердің әкімшілік әдістерден айырмашылығы олар басқару объектілеріне тікелей емес, жанама түрде ықпал етеді. Экономикалық әдістердің арасында мынадай әдістер маңызды рөл атқарады: баға, табыс, сыйақылар, несие, экономикалық санкциялар. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері бір бірімен тығыз байланысты. Мысалы, материалдық ынталандыру басқарманың заңды актілерін құзыретті органдардың басуы арқылы рәсімделеді. Сондықтан басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін бір біріне қарсы қоюға болмайды. Әкімшілік құқық басқа да құқық салалары сияқты заңдық нормалардан тұрады. Ортақ пәнмен және әдіспен реттелетіндіктен біріктірілген әкімшілік-құқықтық нормалар институттар құрайды, ал олардың негізінде біртұтас сала жүйесі құрылады. <<Әкімшілік норма>> түсінігі мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін: заңдастырылған ереже негізінде басқару; ережелермен орнатылған көпшіліктің мүдделері үшін басқару. 3сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік-құқықтық нормалар атқарушылық билікті жүзеге асырудың қиын процесімен тығыз байланысты.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес биліктің жалғаз бастауы болып халық табылады. Ол өз билігін тікелей өздерінің өкілдері немесе арнай құрылатын органдар арқылы жүзеге асырады. Әдебиетте <<билік>> түсінігі өз еркіне басқа субъектілерді бағындыру мүмкіндігі және құқығы ретінде қарастырылады. Осыған орай кез келген уақытта белгілі бір шекте өзін өзі дұрыс ұстауды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді істеуден бас тартуды талап ететін субъектілер болады. Билік субъектісінің әрекеттері (атқарушы билік органдарының) әрқашан өзінің еркін басқаларға міндеттеумен байланысты. Егер мұндай құбылыстар қатынастарда жүзеге асатын болса, онда олар құқықпен реттелуі керек (әкімшілік-құқықтық нормалармен).Атқарушы билік нақты әрекет ету үшін оның заң талаптарына сәйкес болуы жеткіліксіз. Мысалы, азаматтық құқықта тараптардың мүдделерін ескеру келісімшарт жасаудың қажетті шарты болып табылады және келісім қатысушыларының жеке еріктерінің тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалар - әлеуметтік тірекке ие болуға және көпшілік мүдделерінің заңдық басымдығын сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда, әкімшілік-құқықтық нормалардың күші тек қажетті жүріс-тұрысты ұстануға сендіруде ғана емес, сонымен бірге нақты билікте. Мысалы, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында <<Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы>> ҚР заңында анықталғандай мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өздеріне жоғарыда аталған заңмен орнатылған шектеулерді қабылдайды және сыбайлас жемқорлықпен күресуге шаралар қолданбағандары үшін жауапқа тартылады. Бұрын әкімшілік-құқықтық нормалардың жалпыға міндетті сипаты басқаруды біртұтас орталықтан жүзеге асыру қажеттілігіне негізделді, себебі бүкіл ел бір ағза ретінде жұмыс жасады. Қоғамның әлеуметтік қатынастарының өзгеруі, демократиялық және құқықтық мемлекет құру үшін алғы шарттар пайда болуы жағдайларында тек қана бөлек басқару сұрақтарын шешу үшін белсенді ізденіс жүргізу емес, сонымен қатар атқарушы билікті кешенді реформалау қажет. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттің заңнамалық және атқарушы органдардың билікті еркін көрсетудің нәтижесі болып табылады. Олар: атқарушы билік аясындағы қоғамдық қаттынастарды императивті реттеудің әлеуметтік қажеттілігін сезінуді бейнелейді; мемлекет мүдделерінің заңдық басымдығын ескеретін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері бар; ресми және жалпыға бірдей міндетті сипаты бар, сонымен бірге қолдану барысында сендіру мен мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі; әкімшілік құқық шығармашылық актісі болып табылады және мемлекетпен танылатын әкімшілік құқық бастауларында болады.(Сонымен әкімшілік-құқықтық нормалар - бұл мемлекеттік билік органдарымен (заң шығарушы, атқарушы) орнатылатын және атқарушы билік аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері. Әкімшілік құқық нормалары әр түрлі критерийлерге байланысты сыныпталуы мүмкін, осыдан олардың сәйкесінше түрлерін бөліп алуға болады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну үшін ең қажетті болып келесі критерийлер табылады: а) мазмұны; ә) субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі; б) мақсаттық арналуы; в) қолданылу аясы; г) заңды күші; ғ) әрекет ету шегі (кеңістіктегі, уақыттағы, субъектілерге байланысты әрекеттері). Әкімшілік құқық нормаларын мазмұны бойынша материалдық және процессуалдық деп бөледі. Материалдық нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін бекітеді. Бұл, мысалы, атқарушы билік субъектісінің құқықтарын, міндеттерін, құзыретін, сонымен қатар әкімшілік құқық реттейтін қатынастар қатысушыларының жауапкершілігін анықтайтын нормалар. Процессуалдық норма ретінде материалдық нормаларды қолдану барысында және мемлекеттік билік органдарымен нормативтік актілерді басуда мемлекетпен орнатылған немесе санкцияланған ұйымдастырушы қатынастарды жүзеге асыру ережелері танылады. Әкімшілік құқық нормаларын субъектінің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және құзырет беретін деп бөледі. Міндеттейтін нормалар тұлғаға белгілі бір әрекеттер жасауға міндет орнататындар болып табылады. Мысал ретінде әділет органдарында заңды тұлғаларды міндетті тіркеу туралы нормаларды, белгіленген мерзім ішінде басқару органдарымен (лауазымды тұлғалармен) азаматтардың шағымдарын қарау қажеттілігі туралы нормаларды келтіруге болады. Тыйым салатын нормалар берілген нормалармен анықталатын жағдайларда белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан көрініс табады. Тыйым салулар жалпы және арнаулы сипатта болады. Жалпыға мысал ретінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді жасамауды талап етуді келтіруге болады. Ал арнаулыға мысал ретінде салық қызметкерлеріне егер салық төлеуші олардың туысы болса, онда өздерінің кәсіби міндеттерін осы салық төлеушіге қатысты орындауға тыйым салынады. Әкімшілік құқық нормаларын мақсаттық арналуы бойынша реттеуші және қорғаушы деп бөледі. Реттеушілерге немесе бастапқыларға мемлекеттік билік аясындағы қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу міндеттерін жүктеумен немесе субъектілерге құқық берумен байланысты нормалар жатады. Қорғаушы нормалар құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарларын орнататын, яғни әкімшілік теріс қылық құрамдары мен оларды жасағаны үшін өндіру болып табылады. Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді. Нормаларды аталған түрлерге жатқызу оны шығарған органның мемлекет органдары иерархиясындағы орнына тікелей байланысты. Заңнамалық нормалар Парламент қабылдаған заңдарда, сонымен қатар Парламент оған заң шығару құзыретін берген кезеңде Президент шығарған және заң күші бар Президенттің жарлықтарында бар болады. Заңдасты нормалар - Президент жарлықтары мен өкімдерінде, Үкіметтің қаулыларында және атқарушы билік органдарымен өз құзыреті шегінде шығаратын т.б. нормативтік актілерде болады. Кеңістікте қолданылу шегі бойынша нормалар жалпыға бірдей міндетті және ішкіжүйелік болып бөлінеді. Жалпыға міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің орындаулары үшін орнатылады.Ішкіжүйелік нормалар атқарушы биліктің төмен тұрған органдарына белгілі бір талаптар таратады. 4.сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары. Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздері ретінде мына алты нысан танылады: 1)құқықтық әдет; 2) нормативтік акт; 3) сот прецеденті; 4) келісімшарт; 5) сот тәжірибесін жалпылау; 6) ғылыми құқықтық доктрина. Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне: ҚР Конституциясы;ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар; Конституциямен анықталған ҚР Президентінің актілері:жарлықтар;өкімдер;заң күші бар жарлықтар; Конституцияның 69-бабына сәйкес бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті ҚР Үкіметінің қаулылары;Мемлекеттік басқарудың орталық органдарының актілері (министрліктер мен ведомстволардың);ҚР Жоғары Сотының қаулылары. Оларды әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне толық көлемде жатқызуға болады егер олар:а) әкімшілік істерді қарау тәжірибесін жалпылауға қатысты болса;ә) әкімшілік заңдылықтың құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты болса. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әдеттегідей әкімшілік-құқық нормаларымен реттелген мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар ретінде қарастырылады. Бұл қатынастарды мынадай топтарға бөлуге болады: Атқарушы-биліктік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының құзыретін анықтайтын. Қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын және мемлекеттік басқару аясында құрылатын қоғамдық қатынастар. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтық құқықтық мәртебесі. Субъектілермен өздерінің құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайтын қатынастар. Процедуралық (процессуалдық) қатынастар. Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға басқа құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа заңдық нысан беретін реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-әрекеттерін (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру және т.б. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие: Басты ерекшелік - тараптардың теңсіздігі. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады. 5сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрамы болады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар: Субъект; Объект; Заңды факт. Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары: ҚР азаматтары; шетел азаматтары; азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және т.б. мемлекеттік ұйымдар; қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері; әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады: жалпы объект - мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар; тікелей объект - субъект адамдардың әрекеттері.Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады. 6сұрақ.Әкімшілік құқықтың жүйесі. Әкімшілік құқық айтып кеткендей әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық нормаларды жүйелеуге әкеліп соқтырады.Әкімшілік құқық екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімінің жүйесі - мемлекеттік басқару саласының жалпы сұрақтарын реттейтін нормалар. Ол келесідей көрінеді: мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларын бекітетін нормалар; әкімшілік құқықтың субъектілерінің құқықтық қатынастарын бекітетін нормалар; мемлекеттік қызметтің негіздері мен қағидаларын бекітетін нормалар; мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін нормалар; мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері мен тәртібін бекітетін нормалар; әкімшілік іс-жүргізу және ықпал ету шараларын қолдану шарттары. Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімі әкімшілік құқықтың институттарын біріктіретін және бөлек сфераларда әрекет ететін нормалардан тұрады. Оларға: мемлекеттік меншікті басқару; монополияларға қарсы қызметті басқару; өндірісті басқару; көлікті және коммуникацияларды басқару; ауылшаруашылығын басқару; сауданы басқару; қаржыны және несиені мемлекеттік басқару; халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті басқару; білім беруді басқару; мәдениетті және ғылымды басқару; еңбекті, әлеуметтік қамтамасыз етуді басқару; жастар істерін, туризмді және спортты басқару; денсаулық сақтауды басқару; қорғанысты мемлекеттік басқару; ұлттық қауіпсіздікті басқару; ішкі істерді басқару; сыртқы істерді басқару; әділетті басқару нормалары жатады. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік құқық түсінігі. Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз не? Әкімшілік-құқықтық қатынастар дегеніміз не? Қандай әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық пәнін құрайды? Глоссарий: Әкімшілік құқық. әкімшілік құқықтың пәні әкімшілік-құқықтық әдістер құқық жүйесі әкімшілік-құқықтық норма 2001 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген №2- тақырып: Азаматтардың әкімшілік-құқыктык мәртебесі Дәрістің мақсаты: Азаматтардың әкімшілік-құқыктық мәртебесінің негіздері және онын элементтері туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. 3. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің әрекет ету аясын көрсету. Жоспар: Азаматтардың азаматтық құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері. Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың түрлері. 1сұрақ. Азаматтардың азаматтық құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері ҚР сы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін қамтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесі ҚР ның Конституциясымен, қолданып жүрген қазақстан заңнамаларымен айқындалады. Азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің бірнеше түрі бар. Біріншіден, оның күрделі сипаты бар яғни адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары. Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мыс.арыз жазу құқығы), не тек міндеттер ғана ( мыс.жол жүру ережесін сақтау) , не құқықтар мен міндеттер болады( мыс.шағым бару құқығы және айыппұлды төлеу міндеті). Үшіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады. (мыс. аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды). Төртіншіден, әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді(мыс. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау міндеті), азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді( мыс. Автомобиль көлігін жүргізушілерге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды. 2сұрақ. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясына сай жүзеге асырылады. Мыс. Еңбек ету құқығы (Конституцияның 24-бабы), әлеуметтік қамсыздандыру (Конституцияның 28-бабы),денсаулық сақтау (Конституцияның 29-бабы), Мемлекет ісін басқаруға қатысу (Конституцияның 33-бабы), Әркімнің өмір сүру құқығы (Конституцияның 18-бабы), Еркін жүріп тұру құқығы(Конституцияның 21-бабы) бар. Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқықтық актілермен белгіленетін және кепілденетін құқықтары бар. Конституциялық құқықтардан басқа азаматтар тікелей мемлекеттік басқарушылық қызмет аясында жалпы және нақты сипаты бар бірнеше өзге де құқықтарды пайдаланады.Бұл құқықтар заңдармен де, атқарушы биліктің өкілетті органдарының заңға тәуелді нормативтік актілермен де тағайындалады және кепілдендіріледі. Егер азаматтар өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда жауапкершілік туындайды. 3сұрақ. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері. Азаматтардың заңды құқықтарының, міндеттерінің және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар. Мұндай кепілдіктер мынандай әрекеттерден тұрады: Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық міндетін орындау; Оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау; Олардың жүзеге асырылуына байқау мен бақылау жасау; Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; Оларды бұзған жағдайда санкциялар қолдану. Мемлекеттік басқарушылық қызмет процессінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың екі бағыты бар: Біріншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады: Азаматтың өзіне бекітілген құқықтарды жүзеге асыру жөнінде атқарушы органға (лауазымды адамға) өтініш жасауы арқылы. Өкілетті органның (лауазымды адамның) азаматтық өтінішін, оның заңдылығы мен негізділігін анықтау үшін, қарауы арқылы. Олардың өтініш мәселесі бойынша шешім шығарылады. Қабылданған шешімді орындауы. Екіншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады. Бұл атқарушы органның (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы: Байқау жасап отыру функциясы арқылы жүзеге асырылады. Қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Атқарушы органдардың ( дауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтарын тікелей қорғауы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтарыын қорғауды жүзеге асыру жөнінде сот билігі және прокуратура органдары маңызды рөл атқарады. Прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын бұзатын басқарудың құқықтық актілеріне наразылық білдіреді. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңдық жауапкершілігі екі негізде жүзеге асырылады: Тәртіптік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін, олардың ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Егер оны бұзған жағдайда тәртіптік жауапкершілік пайда болады. Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын, т.с.с. қорғау аясындағы белгіленген ережелерді бұзғаны және сақтамауына байланысты олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін пайда болады. Прокурор әкімшілік іс қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы. 4сұрақ. Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың түрлері. Азаматтардың өтініш жасау құқығы ҚР сы Конституциясының 33- бабында бекітілген, соған сәйкес ҚР сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге,сондай ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ҚР ның Конституциясына негізделген ҚР сы Президентінің <<Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы>> 1995ж.19- маусымда қабылданған заң күші бар жарлығының орнына << Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы >> 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған жаңа заңға сәйкес және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Заңда өтініштердің түрлері ажыратылып,олардың ұғымдары берілген. Өтініш дегеніміз: өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша,ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс,арыз,шағым,сауал немесе үн қосу. Ұсыныс - адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік - экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы. Арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініш - хаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымда тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау. Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын,бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою,сондай ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы. Сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш. Үн қосу - адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі. Бақылау сұрақтары: Азаматтардың әкімшілік-құқыктық мәртебесінің негіздері және онын элементтерінің түсінігі. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің жіктелуі. Азаматтардың құқыктарының әкімшілік-құқыктық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардын түрлері қалай жүзеге асырылады? Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың қандай түрлері бар? Глоссарий: Өтініш шетел азаматы апатрид ұсыныс арыз шағым сауал үн қосу №3 -тақырып: Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі Дәрістің мақсаты: Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқыктык мәртебесі туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. 3. Атқарушы билік органдарынын түрлерінің ерекшелігін көрсету. Жоспар: Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі Атқарушы билік органдарының түрлері Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі Жергілікті атқарушы билік органдары, олардың түсінігі және қызмет жүйесі,ұйымдастыру негіздері 1сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі. Атқарушы билік органы - мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру және әкімшілік - құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Атқарушы билік органы құрылу сипатына байланысты: Мемлекеттік ұйым және Мемлекеттік емес ұйым болып бөлінеді. Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар,мемлекеттік мекемелер, және мемлекеттік органдар жатады. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ, олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өзінің функциясына жатпайтын басқа функцияны жүзеге асыра алма йды. Мемлекеттік емес ұйымдарды мемлекет құрмайды. Және олар мемлекеттің атынан биліктік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Яғни, Атқарушы билік органы дегеніміз бұл тиісті құзырет берілген белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы - өкім етуші қызметті жүзеге асыратын біршама дербес құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Биліктің кез-келген тармағының,оның ішінде атқарушы органдарының жұмысы, көбінесе басқарудың әдістерін қолдануымен анықталады. Басқару әдістері дегеніміз: 1.әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру. 2.басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу. Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі құрылымдық бөлімшілерді құру және олардың қызметін белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу, басқарушылық процестерді рәсімдеу. Атқарушы билік органдарының өзіне тән белгілері бар: Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады.Яғни, ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген,заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері болуы; Яғни, Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік - биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні - олардың мынандай құқықтарына байланысты: а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілерді шығару құқығы бар.Мыс. жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі туралы ережелер, санитарлық- гигиена туралы ережелер. ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуын мемлекет атынан байқауды (қадағалауды) жүзеге асырады. б )заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында иландыру, түсіндіру, шараларын қолданады. Егер қажет болған жағдайда мәжбүрлеу шарасын қолданады; Мемлекеттік - биліктік өкілеттіктер барлық мемлекеттік билік органдарына берілетін болғандықтан, атқарушы билік органдары мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктерді пайдаланудың шегін белгілейді. Яғни, бұл органдар шаруашылық, әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік - саяси құрылысқа басшылық жасау процесінде заңдардың және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады; Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады; Республикалық және аймақтық деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды. Бұл органдардың құзіретінің негіздері ҚР ның Конституциясында, заңдарда және басқа заңнамалық актілерде бекітіледі.Яғни,атқарушы билік органдары белгілі бір аумақта қызмет атқарады және өзіне тиісті міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және жауапкершіліктері болады; Заңдық актілер шығарады; Атқарушы билік органдарының біріне бір бағынышты құрылымдық бөлімшелер құрылады. Яғни, ішкі ұйымдық құрылымының болуы. Мыс. Министрліктердің департаменттері; Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Мыс. ҚРнің Үкіметі, облыстардың әкімдері; Атқарушы билік органдары тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұға болып табылады.Яғни, азаматтық құқық қабілеттілігі болады. Сонымен, атқарушы билік органы дегеніміз - билікті бөлу принципіне сәйкес мемлекеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік - саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы - өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік - биліктік механизмнің ( мемлекеттік аппараттың ) буыны. 2сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері: Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны меннақты бағыты бойыншамынандай түрлерге бөліп қарастыруға болады. 1.Қызметінің аумақтық көлемі бойынша Республикалық және Жергілікті атқарушы билік органдарына бөлуге болады; Республикалық атқарушы органдарының жергілікті жерлерде-ірі әкімшілік - аумақтық бөліністерде құратын органдары аумақтық болып есептелінеді.мыс. басқармалар, департаменттер Олар, жергілікті атқарушы билік органдарының жүйесіне кірмейді.Жергілікті атқарушы билік органдарына республиканың әкімшілік - аумақтық бөліністерінде құрылатын: облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы әкімдіктер мен әкімдер 2.Құзіретінің көлемі мен сипатына қарай атқарушы билік органдары бөлінеді:Жалпы құзіретті яғни мемлекеттік басқарушылық қызметтің барлығына өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. Олар Үкімет пен әкімдіктер.Салалық құзіретті органдар Яғни олар өздеріне тапсырылған функцияларды басқару салаларының шегінде жүзеге асырады. Олар Министрліктер, комитеттер. Мыс. Ішкі істер комитеті.Салааралық құзіретті органдар. Яғни, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын мәселелер бойынша, функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. Мыс. Стандартизациялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша үйлестіру.Бұлар министрлік те, агенттік те болуы мүмкін.Аралас құзіретті органдар .Яғни, олар өзінің функциялары мен өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар. Мұндай құқықтық нысан республикалық атқарушы билік органдарына тән құзірет. 3.Құрылу тәртібі мен тәсілі атқарушы билік органдары бөлінеді:Мемлекет басшысы құратын органдар. Мыс. ҚР ның Президенті ҚР сы Үкіметін, министрліктерін және басқа к органдарын құрады.Атқарушы билік органдарының өздері құратындары. Мыс. <<ҚРсы Үкіметі туралы>> Конституциялық заңмен Үкіметтің министрліктердің комитеттерін құру мүмкіндігі қаралған. Және Республикалық атқарушы билік органдары өздерінің ішкі салалық аумақтық органдарын құра алады.Кейбір жағдайларда сайлау тәсілі арқылы құрылады. Мыс жекелеген аудандарда және ауылдарда халықтың сайлауы арқылы эксперимент ретінде әкімдер сайланды. 4. Ведомстволық мәселелерді шешу тәртібі бойынша атқарушы билік органдары бөлінеді: Алқалы органдар деп яғни, негізгі мәселелрді шешу кезінде көпшілік дауыспен шешеді. Үкімет, әкімдік. Жеке дара басшылық органдар деп, яғни, негізгі мәселелерді басшылары шешеді. Мыс. Министрліктер. 5. Ұйымдастыру - құқықтық нысандары бойынша атқарушы билік органдары бөлінеді: Үкімет, министрліктер,агенттіктер, комиттеттер, комиссиялар,ведомстволар, қадағалайтындар,инспекциялар,басбасқармалар,басқармалар,департаменттер,акимат,бөлімдер болып. Атқарушы билік органдарының шешімі құқықтық болуы үшін, белгілі бір процедуралық талаптардың сақталуы тиіс; біріншіден, басқарудың құқықтық актілері Қ.Р.конститутциясы, мен заңдарының негізінде және соларға сәйкес шығарылуы тиіс. Екіншіден, оны құзыретті, яғни, өкілеттігі бар орган қабылдайды, үшіншіден ол заңда белгілеген тәртіпте дайындалған, ұсынылған, келісілген, қабылданған ал қажет болса-тіркелген /азаматтардың құқықтарына, бостандығына қатысты ведомстволық актілер, / және жарияланған орындаушыларға жеткізілген болуға тиіс Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері: ҚР Конститутциясының, Конститутциялық заңдар мен заңдардың жоғарылылығы; Халық өкіметі, Унитарлық, Билікті бөлу, Жауаптылық, Жариялылық, Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, Атқарушы билік органдарының жүйесі мынандай: Республикалық, жергілікті, Атқарушы биліктің республикалық органдары, Үкімет, Министрліктер, агенттіктер, комитеттер, Комиссиялар, ведомстволар, өзге органдар. 3сұрақ. Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің өкілеттіліктері Қазақстан Республикасының 1995жылғы Конституциясы бойынша Президент атқарушы биліктің басшысы болып табылмайды. Бірақ, Мемлекет басшысы ретінде Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады , сондықтан, Президентке Конституцияның үшінші бөлімінің баптарымен, <<ҚР ның Президенті туралы>> 1995ж 26 - желтоқсандағы Констиуциялық заңмен және оған 1999ж.6-мамырда енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен атқарушы билік механизмдерін құруға және оның қызмет атқаруына мүмкіндік беретін өкілеттіктер берілген. Сонымен, Президенттің өкілеттіктері: Атқару билігінің саласында: 1.ҚР сы Парламент Мәжілісінің келісімімен премьер-министрін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады; 2.Премьер-министрдің ұсынуымен республика үкіметінің құрылымын белгілейді, республиканың үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; Қорғаныс, Ішкі және Сыртқы істер, Әділет министрлігі қызметіне тағайындайды;Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; 3.Ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; 4.Үкіметке заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; 5.Сенат келісімімен ҚРсының Ұлттық Банк Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; 6.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесін, ОАК нің Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; Билік заңнамалығы саласында: 1.Республика Парламентінің сайлауын тағайындайды; 2.Депутаттардың Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды. 3.Заңның жекелеген баптарына қол қояды,немесе қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін кері қайтарады; 4.Республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды; 5.Келіссөздер жүргізеді және республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; 6.ҚР сының барлық аумағында міндетті түрде күшіне енетін жарлықтар мен қаулылар шығарады. Сот билігі саласында:1.Жоғарғы Сот Кеңесін құрады, оның Төрағасын тағайындайды;2.Облыстық соттардың және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын қызметке тағайындайды, оларды қызметінен босатады. Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында: 1.Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Қарулы Күштердің Жоғары Қолбасшылығын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады. 2.Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; 3.Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық Ұланды жасақтайды. 4.Қауіпсіздік кеңесін құрады, оны басқарады; 5.Айрықша жағдайларда ҚРның барлық аумағына және жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізеді. Сыртқы қатынастар саласында: 1.Президент шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардағы Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; 2. Бекіту грамоталарына қол қояды; шет мемлкеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; 3.Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қауіп төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді. Азаматтарға қатысты: 1.Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бәрыңғай жүйесін бекітеді. 2.Мелекеттік наградалармен марапаттайды,құрметтейді, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік санаттарын береді. Яғни, Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде ҚР Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады. ҚР Президентінің кандидаттығына мынадай қатаң талаптар қойылады: ҚР Президенті болып тумысынан республика азаматы; 40 жасқа толған; мемлекеттік тілді еркін меңгерген; Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын; діннің қызметкері емес; заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ; мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға және сайлауға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды. ҚР Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайлайды. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде 1/3-нің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат жүргізеді. 4сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі. ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып ҚР-ның Үкіметі табылады. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген.Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес <<ҚР Үкіметі туралы>> ҚР Конституциялық заңымен белгіленеді.Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-әрекеттер жасайды.Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Республиканың Премьер-министрін ҚР Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды.Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды. Республиканың Премьер-министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. ҚР Үкіметі - алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне: 1)мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру; 2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету; 3)Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету; 4)Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру; 5)Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу; 6)Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау; 7)Республиканың министрліктері, өзге де орталық атқарушы органдары актілетінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру; 8)Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босату; 9)Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау; 10)Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған <<Үкімет туралы>> Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Ал Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер-министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді. Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері: тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады; Республика Премьер-министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді; Тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы істің жайына және заңдардың, ҚР-ның Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді. ҚР-да ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар: ҚР-ның министрліктері; ҚР-ның агенттіктері; ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комиттер (ведомстволар), департаменттер және басқармалар. Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер. 1.ҚР-ның министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде - салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органдары болып табылады. Министрлікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. министрлерді де Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 2.ҚР-ның агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша. Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде сааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. 3.ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия ҚР Президентіне тікелей бағынады. 4.Республиканың орталық атқарушы органдарының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.Ведомство Республиканың орталық атқарушы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына басшылық жасауды жүзеге асырады.Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны ҚР Конституциясының 8-бөлімінде баяндалған. Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар титісті әкімшілік-аумақтық бөліністер халқының еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Жергілікті өкілді органдар жүйесі облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарды қамтиды. Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайлайды. Мәслихаттың өкілеттігін заңда көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе ол өзін өзі тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін. ҚР-ның 20 жасқа толған азаматы депутат болып тек бір Мәслихатқа ғана сайлана алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды. 5сұрақ. Жергілікті атқарушы билік органдары, олардың түсінігі және қызмет жүйесі,ұйымдастыру негіздері. Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін атқару үшін шағын аппарат құрады, оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган буынының деңгейіне, оның орындайтын жұмыстарының сипатына және көлеміне, сондай-ақ өндірістің инфрақұрылымы мен әртүрлі салалардың жай-күйі мен дамуына байланысты болады. Мәслихаттың аппараты әдетте мыналардан тұрады: хатшы; тексеру комиссиясының төрағасы; ұйымдастыру бөлімі; кеңесшілер (консультанттар); консультант-ұйымдастырушы; референттер. Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жергілікті өкілді органдармен қатар атқарушы органдар зор рөл атқарады. <<Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы>> заңға сәйкес жергілікті жерлердегі атқарушы билік органдарының жүйесін: әкімдер; басқармалар; бөлімдер; комиссиялар және т.б. бөлімшелер және қызметтер құрайды. Жергілікті атқарушы органдарды Республика Президенті мен Үкіметтің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқарады. Облыстардың, республикалық маңызы қалалар мен астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынуымен республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдерін жоғары тұрған әкімдер тағайындайды. Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімшілік аппараты құрылады. Қызмет саласына қарай аппараттың бөлімдерін, басқармаларын және т.б. бөлімшелерін мынадай негізгі топтарға бөлуге болады: өндіріс саласы (мысалы, жергілікті өнеркәсіп, күрделі құрылыс, сәулет-құрылыс және т.б. бөлімдері мен басқармалары); халыққа қызмет көрсету (экономика, денсаулық сақтау, еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және т.б. бөлімдері мен басқармалары); құқық тәртібін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету (ішкі істер, әділет бөлімдері мен органдары, АХАЖ, нотариат органдары және т.б.). Бақылау сұрақтары: Атқарушы билік органдары дегеніміз не? Атқарушы билік органдарының түрлері атаңыз. Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің қандай өкілеттіліктері бар? Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі қандай? Жергілікті атқарушы билік органдарының түсінігі. Глоссарий: Мемлекеттік орган әкімдер басқармалар бөлімдер Ведомство Агенттік Қолданылатын әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05. ҚР-сының <<ҚР-сының Президенті туралы>> Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999. ҚР-сы <<ҚР-сы Үкіметі туралы>> Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999 ҚР-сы ІІрезидентінің <<КР-сындағы шетел азаматтардың құқыктык жағдайы туралы>> заң күшіне ие жарлығы. //Егеменді Қазакстан. 1994. 24 маусым. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б. << Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы >> 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған Заңы. <<Нормативтік құқыктык актілер туралы>> ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15. Оқу әдебиеттері: Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы <<Жеті Жарғы>>2001г.-196 с. Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с. Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с. Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5. Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3 №4- тақырып: Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік -құқықтық мәртебесі Дәрістің мақсаты: Мемлекеттік қызметтің түсінігі, оның нормативтік құқықтық негіздері. туралы түсінікті қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Мемлекеттік меншіктің ерекше объект ретіндегі мәртебесін айқындау. Жоспар: Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері. 1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері Ғылыми және құқықтық оқулықтарда мемлекеттік қызметті кең және тар мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындаудан көрінісін табады; тар мағынада - бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары. <<Мемлекеттік қызмет туралы>> ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы тар мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі, - делінген. <<Мемлекеттік қызмет туралы>> заңда мемлекеттік қызметшінің түсінігі берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы табылады. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатпайды(мысалы, архивариус, кітапханашы, комендант, лаборант, әдіскер және т.б.). Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі белгілейді. Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметтің қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеалдар, басшылыққа алынатын бастамалар. Принциптері: Заңдылық, Қазақстандық патриоитизм, мемлекеттік өкіметтің заң шығару және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің бір тұтастығы. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы. Жалпы қол жетімділік, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярылғына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатылуға тең құқығы. Азамматрдың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді оырндаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. <<Мемлекеттік қызмет туралы>> заң бойынша мемлекттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады. 2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі. Заңда мемлекеттік қызметшілерде екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады(мысалы, мемлекеттік хатшы кеңесшісі, сарапшы, маман, құрылымдық бөлім басшысы, департамент директоры, аудан әкімінің орынбасары және т.б.). Енді бір тобы - мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады(мысалы, ҚР-ның Премьер-министрі, министрлер, олардың орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері және т.б.). Яғни, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекетттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші. Саяси лауазымдарға: ҚР-нің Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; ҚР-сы Жоғарғы Сот аппараттының басшысы,оның орынбасарлары; Конститутцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; Орталық атқарушы органдар мен ведмостваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекетттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекетттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілетттілікті жүзіге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекетттік қызметшілерді жоғарыдағыдай 2 топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекетттік қызмет аясында демократияландырудың қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шеігін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекетттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда мемлекеттік қызмет ұғымының анықтамасы берілген.Мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардаға мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік органдардың өкілеттіліктері қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске асырылады Барлық мемлекеттік қызметшілердің құрамы біріңғай емес, олардың мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін іске асыру жөніндегі атқаратын қызметтері әр түрлі және олар біріне-бірі ұқсас емес жағдайларда жұмыс істейді. Сондықтан оларды әр түрлі белгілер бойынша кейбір топтарға бөлуге болады. Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлекеттік өкмет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық қызметшілерге бөлуге болады. Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет Кеңесінің, Парламент Палаталары Аппаратының т.с.с. өкілеттіліктеріне негізделеді Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселер жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады. Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырлған мемлекеттік қызметшілер бөлінеді . Билікті бөлу принциптеріне сәйкес заң шығарушы,атқарушы және сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады. 3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттері <<Мемлекеттік қызмет туралы>> 1999 ж 23 - шілдедегі Заңда белгіленген. Бұл құқықтар мен міндеттердің ерекшелігі сол, олар орналасқан лауазым туралы өкілеттіліктерді емес, қызметшілердің мінез - құлықтары мен іс - қимылдарының жалпы Ережелерін, олардың лауазымдық қызметтері бойынша өкілетіліктерін іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру сипаты бар жағдайлар мен шараларды білдіреді. Әр мемлекеттік қызметшінің, өзінің атқарып отырған қызметі жөніндегі нақты өкілетіліктеріне қарамастан, мыналарға құқығы бар: Республиканың азаматтарына Конститутциямен және заңдармен кепілдік берілетін құқытармен бостандықтарды пайдалануға; өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті огандар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға; басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес міндеттерін және қызметтік өкілетіліктерінің көлемін дәлелдеп белгілеуді талап етуге; жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне де әділ және құрметпен көз қарас жасалуына; өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және <<Мемлекеттік қызмет туралы>> заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленілуіне; біліктілігі мен қабілетті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарлауға; қызметінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге; еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына; әлеуметтік және құқықтық қорғалуына; мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға; зейнетақымен және әлуметтік қамсыздандырулыға; Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; Әрбір қызметші атқарып отырған мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы бойынша өкілетіліктеріне қарамастан мыналар жөнінде міндетті: ҚР - сы Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге; ҚР-ның Конституциясы мен Заңдарын сақтауға; өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға, мемлекеттік тәртіппен еңбек тәртібін сақтауға; өзіне заңда белгіленген шектулерді қабылдауға; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге; қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргенде құқытар мен міндеттерден басқа заңнамалармен белгіленген бірнеше шектеулер мен тыйымдарды да өз еркімен қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жоғары рухани бейнесін және оның лауазымдық өкілетіліктерінің шегінде іс-қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету.Мұндай шектеулер мен тыймдар билікті теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшіге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде , комерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық- құқықтық нысаны қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға рұқсат етілмейді.Мемлекеттік қызметшіге үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметшінің ереулдерге,мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді. Мемлекеттік қызметшіге өзінің жақын туыстары( ата-аналары,балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, әжелері,немерлері және т.б.) немесе ері(зайыбы) атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды. Бақылау сұрақтары: Мемлекеттік қызмет дегеніміз не және оның принциптерін атаңыз. Мемлекеттік қызметкерлер қалай жіктеледі? Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері қандай? Глоссарий: Мемлекеттік қызмет мемлекеттік лауазым мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік саяси қызметші Конституциялық №5.тақырып: Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі Дәрістің мақсаты: Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету; Сот тәртібі бойынша кәсіпорындар мен мекемелердің қайта құрылу және тоқтатылу негіздері мен ұйымдастырылуын көрсету. Жоспар: 1.Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері 2.Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы 1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері Кәсіпорын бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат міндеті мен әкімшілік құқықтық мәртебесі жөнінен әртүрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлкееттік емес ұйымдар қызмет атқарады. Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар ( бірнеше адамнан бірнеше мыңдарға дейін) қызметкерлер ұжымын айтамыз. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады.Ұйымдар өзінің қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық коммерциялық емес болып бөлінеді. АК- тің 34-б. 1-тарабы бойынша өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін ұйым коммерциялық, ал мұндай пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес болып табылады. Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін Ал,коммерциялық емес ұйымдар мекеме,қоғамдық бірлестік,тұтыну кооперативі,қоғамдық қор,діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Қызметінің түрі (мақсат міндеті) бойынша ұйымдардың түрлері: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері және өзге де ұйымдар. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді( жеке меншіктік, қоғамдық және дінилік). Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына: мемлекеттік кәсіпорындарды құру, олардың қызметінің мақсат -- міндеттерін, сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау, жарғысын бекіту, кәсіпорындарды басқару, олардың басшалыран конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату, белгіленген жағдайларда олардың өніміне мемлекеттің тапсырысын жеткізу, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша республикалық және коммуналдық - облыстық,аудандық,қалалық,кенттік және ауылдық болып бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.Жарғыны кәсіпорынның құрылтайшысы (уәкілетті органы) бекітеді.Мұндай уәкілетті органдарға республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде - республика министрліктері,агенттіктері,ведомстволары және Үкімет сол үшін уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай ақ ҚР ның Ұлттық Банкі, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде - жергілікті әкім сол үшін уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар жатады. Мемлекеттік емес кәсіпорындар өз қызметін жарғының немесе құрылтай шарты мен жарғысының не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. 2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы . АК сәйкес кәсіпорын әділет органдарында мемлекеттік тіркелу <<Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы >> 1995ж.17 сәуірдегі заңның негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Мүліктік құқықтық режиміне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді: Біріншісі - шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 103-б). Екіншісі-жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 104-б). Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы ( уәкілетті органы) айқындайды, бұл кәсіпорынның жарғысында бекітіледі.Өзінің міндеттемелерін орындамаған кәсіпорын дәрменсіз (банкрот) деп жариялануы мүмкін. Борышкерді дәрменсіз деп танудың тәртібі <<Банкроттық туралы >>1997.21- қаңтардағы ҚР заңда негізделгендей жүзеге асырылады.Борышкер дегеніміз заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға. Дәрменсіздігі сот тәртібімен белгіленген борышкер банкрот деп табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындарға мемлекеттің ықпалы шектеулі.Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекеттік - биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері ( құрылтайшылар) немесе олардың уәкілеттік берген органдары жүзеге асырады. Меншік иесі кәсіпорынның басшысын жалдайды.Жалдаған кезде онымен шарт (контракт) жасалынады, онда кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері және меншік иесі мен еңбек ұжымы алдындағы жауакершілігі, еңбекақы төлеу шарты, контрактінің мерзімі, қызметінен босатудың шарты белгіленеді. Заңнамаға сәйкес кәсіпорынды тарату оның құрылтайшысының немесе құрылтай құжаттарымен соған уәкілеттік берілген органның шешімімен іске асырылады. Мұндай шешімге мыналар негіздеме болуы мүмкін: кәсіпорынның құрылған мерзімінің өтуі;оны құрғандағы мақсаттың орындалуы; сот тәртібімен оны мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану; қызметін лицензиясыз атқару; заңды өрескел бұзу; кәсіпорынды дәрменсіз деп тану. Басқарушылық, әлеуметтік мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Қазақстан Республикасының Констиуциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекеме - мемлекеттік мекеме деп аталады.Атқарушы билік органдарының барлық меншік түрлерінің кәсіпорындары мен мекемелерінің ҚР заңнамаларына сәйкес мынандай міндеттемелері бар: Заңды тұлға ретінде кәсіпорындар мемлекеттік тіркелуге тиісті және тиісті мекемелерде аккредитациялануға тиісті; Кәсіпорындар мен мекемелер өздерінің қызмет түрелріне байланысты рұқсат яғни лицензия алуға міндетті; Бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізу міндеттілігі бар; Мемлекеттік органдарға тиісті ақпарат беруге және заңды сақтауға міндетті. Бақылау сұрақтары: 1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі және олардың түрлері қандай? 2.Қандай жағдайда кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылады және тоқтатылады? Глоссарий: Кәсіпорындар мекемелер ұйым құрылтай құжат жарғы шарт №6.Тақырып:Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық нысандары Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Нормативті-құқықтық актілерді шығару және басқа да заңдық маңызы бар әрекетті жүзеге асыруды және мемлекеттік басқарудың аспектілерін көрсету. Дәріс сабағының жоспары: Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері. Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы. Атқарушы билік органдарының келісім жасауы. 1сұрақ.Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері Мемлекеттік басқару дегеніміз -- Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді: 1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ; мемлекеттік комитеттер; комитеттер; жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік - аумақтық құрылым - облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады. 2.Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары: жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық -- нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда - ведомстволар) органдар болып табылады. 3. Мемлекттік басқару огандарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Призедентінің Республика Премьер - Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады. Басқарушылық қызметтің нысаны дегеніміз атқарушы билік органның өзінің құзіретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекеті болып табылады. Мемлекеттік басқару аясында көптеген адамдардың, ұйымдар мен органдардың қызметі жүзеге асырылады. Атқарушы органдар (лауазымды адамдар) өзінің күнделікті практикалық қызметінде әр түрлі іс әрекеттер жасайды. Яғни, олар атқарушы биліктің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін жүзеге асырады. Басқарудың (мемлекеттік басқарушылық қызметтің) нысандары әр түрлі заңдық маңызы бар әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелінеді. Олардың кейбіреулері конститутциямен (мысалы, ҚР-сы Үкіметіне қатысты), басқалары заңға тәуелді актілермен (мысалы, нақты атқарушы билік органдары туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен) реттелген. Нысан (форма) жалпы ғылыми тұрғыдағы түсінігінде белгілі бір құбылыстың немесе белгілі бір іс-қимылдардың мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады. Атқарушы органдардың құқық қолдану, құқық тағайындау және құқық қорғау функцияларын жүзеге асырумен байланысты қызметтің нысандары неғұрлым толық дәрежеде құқықтық реттеуді қажет етеді. Соған сәйкес басқарудың құқықтық және құқықтық емес нысандары болып бөлінеді. Құқықтық нысандары әрқашанда сыртқы және айқын көрнісі бар заңдық салдарлар туғызады. Бұл атқыраушы билік субьектілерінің кез келген ір әрекеттері, оларды істеу міндетті түрде құқықтық салдарлардың пайда болуына әкеп соқтырады. Басқару қызметінің құқықтық нысандары мазмұны бойынша: Құқық шығару Құқық қолдану Шарт жасасу болып бөлінеді. Басқару қызметінің мақсатының бағдары бойынша: Ішкі Сыртқы болып бөлінеді. Құқықтық емес нысандар тікелей заңдық салдарларға әкеп соқтырмайды, өйткені оларды істеу басқарудың құқықтық актілерін шығарумен байланысты емес. Мәселен, олар құқықтық нысандарға тән болатын (жеке дара актілер шығару) әкімшілік құқықтық қатынастар туғызбайды. Бұл -құқықтық нысандарды қолдануға немесе оларды кейіннен іске асыруға көмектесетін әр түрлі ұйымдастырушылық іс әрекеттер істеу. Басқару қызметінің құқықтық нысандарының мазмұны бойынша жіктелген Құқық шығару дегеніміз: құқықтық нормалар жасау жөніндегі арнайы өкілеттік берілген субъектілердің (органдардың,лауазымды адамдардың) қызметі. Құқық шығару қызметінің өзіне тән сатылары болады: Нормативтік актінің жобасын жасау қажеттігі туралы органның шешімі шығады. Жобаның мәтіні дайындалады, алдын ала талқылау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі. Құқық шығару органында жоба талқыланады. Талқылаудан өтіп, қабылданған нормативтік акт жарияланады. Шығарылған нормативтік акт құқық қолдану сатысына өтеді. Құқық қолдану дегеніміз: мемлекеттік билік органдарының атқарушылық қызметінің аясында құқық қолдану актілерін шығара отырып жекелеген нақты істерді шешуді айтамыз.құқық қолдану процессінде істің нақты мән жайын анықтайды, таңдап алынған норманы түсіндіреді,істің мәні бойынша шешеді, жеке акт қабылдайды, қабылданған шешімді орындайды. 2сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы <<Нормативтік құқықтық акт>> ұғымы бұл жұмыста ресми заң құжаты ретінде қарастырылған. Құқықтық актілер әртүрлі, олар басарудан маңызды рол атқарады. Заң нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөледі. Негізгілерге жататындар: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; Қазақстан Республикасы Призидентінің конституциялық күші бар жарлықтары және Президенттің басқа нормативтік құқықтық жарлықтары; Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары; Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары; маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері. Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады: 1) регламент; 2) ереже; 3) қағида; 4) нұсқаулық. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері Құқықтық актілер басқару органының басқару деңгейіне қарай былайша бөлінеді: жалпы; салалық (салааралық); аймақтық (жергілікті); локальдық (ұйымішілік). Жалпы нормативтік - құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес атқарушы билік органдарының құрылымын, билікті субъектілер мен орындаушылардың іс-әрекет ережелерін белгілейді. Жалпы нормативтік актілер арасында Республика Президенті актілерінің маңыздылығы басым. Оларда мынадай сипат болады: құрылтайшы сипат -- Үкіметтің және атқарушы биліктің басқа органдарының құқықтық негізін құру және қызметінің тәртібі туралы; жүйе құрушы сипат, оны жүзеге асыру процесінде тек органдар ғана емес, заңнаманың салалары мен тармақтары да (мысалы, кеден ісі, салық туралы, т.б.) құрылады; үйлестіруші - реттеуші сипат - басқару функцияларын жүзеге асыру немесе мемлекеттік мәселелерді шешу үшін органдардың өзара келісімді іс-әрекетінің режимін белгілеу. <<Нормативтік - құқықтық актілер туралы>> ҚР Заңы барлық құқықтық актілердің жасалу және көрініс табу тәртібін анықтамайды. Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін <<Нормативтік - құқықтық актілер туралы>> Заң басқа актілер реттейді. Көптеген атқарушы билік органдарында регламент болады, яғни ішкі пайдалану үшін бұл тәртіпті анықтайтын құжаттар болады. Көптеген мамандардың жұмыстарында құқықтық актілерді қабылдау процесі мынадай кезеңдерге бөлінеді: А) актіні шығарудың қажеттілігін анықтау; Б) акт жобасын дайындау; В) актіні қарау және қабылдау; Г) орындаушыларға жеткізу, жариялау. Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау, немесе дәлірек айтқанда, оның жобасының тұжырамдамасын дайындау мына жағдайларда туындайды: ол жоғары тұрған нормативтік құқықтық актіде көзделсе; жаңа актіге мұқтаждық туындаса. Басқарудың жаңа құқықтық актілеріне мұқтаждық мына негізде анықталады: күшіндегі заңнаманың жайына, оның жаңа мәселелерді шешу мүмкіндігіне талдау жасау; басқа мемлекеттерде мұндай мәселелерді құқықтық құралдар көмегімен шешудің тәірибесін зерттеу; басқа актілерді өзгерту қажеттігін анықтау, жаңа актіні қабылдауға байланысты оларды келісімді жүйеге келтірудің қисынын іздестіру. 3сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдарды басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар. Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомостволардың жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады. Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Призедент құрады. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттігін тоқтатады, Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Премьер - министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді. Бақылау сұрақтары: Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Ұйымдастырушылық шаралар қалай жүзеге асады? Басқару актілеріне қойылатын талаптар және олардың сақталуының нәтижелері қандай? Басқару қызметінің құқықтық нысандары мазмұны бойынша қалай бөлінеді? Баскарудың құқықтық актілерінің түрлерін жіктеңіз. Глоссарий: Мемлекеттік басқару агенттіктер мемлекеттік комитеттер комитеттер жергілікті басқару органдары регламент; . №7 -тақырып: Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық әдістері Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару әдістерінің түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мен жанама басқаруға әсер етуші әдістердің мемлекеттік басқарудағы аспектілерін көрсету. Жоспар: Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері,мәні. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері, мәні. 1сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі Атқарушы органдардың басқарылатын объектілерге тікелей басқарушылық ықпал жасаудың тәсілдері мен әдістері - басқару әдістері болып саналады. Басқаша айтқана, басқарудың әдісі атқарушы биліктің тиісті субъектісінің алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты тәсілдері, осы биліктің өзін іске асырудың құралы болып табылады, Бұл әдістердің сипаттамасындағы ең маңыздысы мынада, олар басқарудың субъектісі мен объектісі өзара әрекеттескендігінде көрініс табады, олардың арасындағы байланысты білдіреді. Басқарудың әдістеріне мыналар тән: - олар мемлекеттік-басқарушылық қызметтің процесінде іске асырылады, мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының мақсаты қызметімен табиғи байланысты; - оларды атқарушы билік субъектілері өздеріне бекітліген құзіретін іске асыру құралы ретінде пайдаланады; - оларда атқарушы билік субъектілерінің заңдық-биліктік өкілеттіктері тікелей көрініс табады; - басқарушылық ықпал жасаудың нақты әдістерін таңдап алу басқару объектісінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің нормативтік немесе жеке-дара заңдық биліктік ерік білдіруі ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан, басқарудың әдістері нақты әдресаттар үшін міндетті, кейде жалпы міндетті болатын мінез-құлық ережелерін белгілеудің немесе нақты объектілерге қатысты және нақты мәселелер бойынша жеке-дара нұсқамалар тұжырымдаудан өзінің көрінісін табады; басқарудың әдістері өздерін тікелей білдіретін құқықтық нысанды қажет етеді, ол әдістерге міндетті болатын сипат береді, әдістер өзінің ең айқын көрінісін басқарудың құқықтық актілерін табады. Сонымен, басқарудың нысандары мен әдістері сияқты санаттардың тығыз арақатынас, олардың арасындағы тікелей байланыстьы айқын болып отыр. Егер басқарудың нысаны басқарудың тиісті субъектісінің жұмыс істейтінін және оның іс-әрекеті белгілі бір заңдық салдарлар туғызатын сырттай білдіретін болса, басқарудың әдісі осы заңдық салдарлар арнаулы тұлғағағ қандай тәсілдермен жеткізілетінін түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, басқарудың қандай да болмасын нысаны басқарушылық іс-әрекеттермен толтырылады. Сөйтіп басқарудың нысаны іске қосылады. Осы айтылғанның бәрі басқарудың әдісі мемлекеттік-басқарушылық қызметтің функцияларын, оның мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асырудың құралы екендігін білдіреді. Ал бұл функциялар мен мақсаттар, шын мәнінде, әкімшілік-құқықтық нысандарда беріледі. Демек, әдіс-басқару субъектілерінің күнделікті қызметінде пайдаланатын әкімшілік-құқықтық нысандарда көрініс табатын басқарудың практикалық құралы. Басқаша айтқанда қызметтің әкімшілік -құқықтық дістері өздерінің сыртқы, яғни шынайы көрінісін әкімшілік-құқытық нысандардан ең алдымен басқарудың құқықтық актілерінен табады. Мысалы, егер өкілетті лауазымды адам қандай да бір тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы кінәлілігі туралы қорытындыға келсе, бұл лауазымды адамның тікелей міндеті әкімшілік жауаптылық шараларының бірін таңдау болып табылады. Ол өзінің әкімшілік жаза қолдану туралы біржақты шешіміне қаулы нысанында түр береді. 2сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні Атқарушы билікте жүзеге асыру процесінде пайдаланылатн әдістер әр түрлі. Бірақ олардың негізіне кез-келген мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыстың екі әмбебап әдісі - иландыру және мәжбүрлеу. Иландыру қызметтің негізгі әдісі болып табылады. Ол тәрбилелеу, түсіндіру, жақсы үлгілерді насихаттау, адал жұмыс үшін көтерлемелеу, материладық ынталандыру құралдарын пайдаланудан көрініс табады. Мәжбүрлеу дағды бойынша иландыру қүралдары нәтиже бермеген жағдайда, яғни мемлекеттік басқару аясында қолданылатын ережелердің талаптары бұзылған кезде пайдаланатын көмекші әдіс ретінде сипатталады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын бұзған жағдайда ол тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікті, әкімшілік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудан көрініс табады. Басқарушылық ықпал жасаудың сипаты бойынша( тікелей және жанама түрде ) әкімшілік және экономикалық әдістер ажыратылады. Әкімшілік әдістер яғни тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мемлекеттік-басқару қызметі субъектілерінің басқарылатындардың мінез-құлқына тікелей немесе экономикадан тыс басқарушылық ықпал жасау тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Сондықтан, олар мемлекеттік басқару аясында қажетті мінез-құлықты заңды тұрғыдан биліктік қамтамасыз етуді барынша толық білдіреді. Олардың тікелей сипаты мынаны білдіреді, басқарудың субъектісі өзінің құзіретінің шеңберінде адресат, яғни басқару объектісі үшін заңды түрде міндетті болатын басқару шешімін қабылдайды, өйткені басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің ерік білдіруінің бұйрықтық түрін болжайды. Басқарушылық ықпал жасаудың маңызды жолдарының бірі болып табылатын басқарудың билікті жүзеге асыру туралы айтылып отыр. Бұл әдістердің экономикадан тыс сипаты мынаны білдіреді, басқарудың шынайы объектісі басқарылатындардың саналы ерік мінез-құлқы болып табылады. Мемлекеттік басқару аясындағы қажетті болатын еркі мен сана-сезімі арқылы мінез-қамтамасыз етеді. Әрине, қажетті жағдайларда тиісті мінез-құлыққа заңдық мәжбүрлеу мүмкіндігі рұқсат етіледі. Бірақ бұл тікелей ықпал жасауды мәжбүрлеумен біріктіруге негіз болып табылмайды. Өте көп жағдайларда мұндай ықпал жасау пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге есептеледі. Әкімшілік құқықтық әдістердің түрлері: мінез құлық ережелерін (нормалар) белгілеу; нақты тапсырмалар бекіту; белгілі бір іс қимылдар жасау туралы нұсқамалар беру; лауазымға тағайындау; белгілі бір іс әрекеттерге тиым салу; әр түрлі рұқсаттар беру; тіркеу қызметтерін жүзеге асыру; бақылау мен қадағалау жүргізу; әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану. 3сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні Экономикалық әдістер, яғни, жанама басқаруға әсер етуші әдістер, қағида бойынша мемлекеттік басқарушылық қызмет субъектілері тарапынан басқарылатындардың мінез-құлқына экономикалық немесе жанама ықпал жасаудың тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Бұл мынаны болжайды, басқарылатындардың мінез-құлқына басқарушылық мүдделері арқылы үзеге асырылады. Дегенмен де басқарушылық саналы еріктілік мінез-құлқы сақталып қалады. Кейде басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері біріне-бірі қарсы қойылады. Және де басымдық екіншіге беріледі. Бірақ, бұған дәлелді негіз жоқ. Керісінше, олар біріне-бірі қарсы емес, өйткені оларды бірыңғай мақсат -басқарушылық ықпал жасау жақындастырады. Оларды пайдалану атқарушы биліктің бір органдырының құзіретіне жатқызылған; олардың адресаты да бір объектілер. Ақыр соңында ең негізгісі - әкімшілік және экономикалық әдістер үшін бірыңғай құқықтық нысан белгіленген: басқару субъектісінің біржақты және биліктік ерік білдіруі. Инфляция жағдайында еңбекақы мен зейтенақыны материалдық компенсациялаумен байланысты әр түрлі шаралар сөз жоқ басқарудың экономикалық тетіктерінің қатарына жатады. Бірақ, олардың тиісті әкімшілік-құқықтық құралдарсыз( мыс.,ҚР сы Президентінің жарлықтары,ҚРнің Үкіметінің актілері) өздігінен өзінің шынайы маңызы болмайды. Сондықтан, басқарудың әдістерін әкімшілік және экономикалық түрлерге бөлуді шартты деп қарау керек,себебі ықпал жасаудың экономикалық құралдары да әкімшілік-құқықтық әдістерінің мазмұнына кіреді. Экономикалық әдістердің түрлері: материалдық және моральдық жағдайлар жасау; материалдық көтермелеу; салықтық және өзге де жеңілдіктер беру; бірақ жағымсыз мінез құлқы болған жағдайда материалдық санкциялар қолданылуы мүмкін. Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік әдістер басқарылушы еркінің басқарушының еркіне бағынуымен сипатталады. Оларда басқару қызметінің табиғаты анық көрсетілген. Әкімшілік әдістерді қолдану басқару субъектілеріне басқарылатындарға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Әкімшілік әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше рөл атқарады. Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады: бейнелену сипатына байланысты - әкімшілік-құқықтық және әкімшілік-ұйымдастырушылық; заңдық қасиеттеріне байланысты - нормативті және жеке. Нормативтілерге нұсқаулар және т.б. басқарылатындардың қызметін реттейтін актілер жатады. Жекелерге - нақты орындаушыларға жіберілетін тікелей бұйрық түріндегі нұсқаулар. басқару субъектілерінің тәртібіне ықпал ету тәсіліне байланысты әкімшілік әдістер бөлінеді: а) белгілі бір әрекеттерді істеуге міндеттейтін; ә) белгілі бір әрекеттерді істеуге құзырет беретін; б) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуге ынталандыратын; в) белгілі бір әрекеттерді істеуге тыйым салатын. Экономикалық әдістердің әкімшілік әдістерден айырмашылығы олар басқару объектілеріне тікелей емес, жанама түрде ықпал етеді. Экономикалық әдістердің арасында мынадай әдістер маңызды рөл атқарады: баға, табыс, сыйақылар, несие, экономикалық санкциялар. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері бір бірімен тығыз байланысты. Мысалы, материалдық ынталандыру басқарманың заңды актілерін құзыретті органдардың басуы арқылы рәсімделеді. Сондықтан басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін бір біріне қарсы қоюға болмайды. Бақылау сұрақтары: Атқарушы билікті жүзеге асырудағы әкімшілік-құқықтық әдістердің маңызы қандай? Қандай әдістерді тікелей басқаруға әсер ететін әдістер деп атайды?. Олардың түрлері қандай? Жанама басқаруға әсер етуші әдістер дегеніміз не? Олардың түрлері қандай? Басқарудың әкімшілік әдістері қалай бөлінеді? Глоссарий: Басқару әдістері Тікелей әкімшілік әдістер, Жанама әдістер Иландыру мәжбүрлеу. №8- тақырып: Әкімшілік мәжбүрлеу Дәрістің мақсаты: <<Әкімшілік мәжбүрлеу>> туралы түсінікті қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әкімшілік мәжбүрлеу мен сендірудің жүзеге асырылу жолдарын көрсету. Жоспар: Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы. Бақылау және қадағалау шаралары. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы. 1сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі бола отырып, мемлекет атынан және оның қызығушылығымен жүзеге асырылады, сонымен қатар заңдық рәсімге ие. Бұл заңды мәжбүрлеу қандай да болмасын міндетті ережелерді орындамағаны үшін мемлекет атынан құзіретті органдар қолданады. Мемлекеттік билік аясына қатысты мәжбүрлеу әкімшілік-құқықтық нормалардың ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарасы болып табылады. Билікті жүзеге асыру оның нұсқауларына бағынуды көздейді. Мәжбүрлеу көбіне ерікті болады. Бірақ кей жағдайларда оған анық мәжбүрлеусіз қол жеткізгенмен, сонда да толық өз еркімен емес, яғни бағыныштының еркі мен тілегіне қарсы болады. Мәжбүрлеу элементтері заңның және басқару актілерінің барлық ережелерінде бар, себебі олардың барлығы міндеттейтін сипатта болады және мемлекеттің беделі мен күшіне сүйенеді. Қазіргі жағдайларда мәжбүрлеу тек қана қажет емес, сонымен қатар қоғамдық өмірдің кейбір салаларында пайдалы (мысалы, елді қорғау, оның қауіпсіздігін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б.). Мемлекеттік мәжбүрлеу тікелей ықпал ету объектілеріне байланысты физикалық және психикалық болып бөлінеді. Оның мақсаты - нақты құқық субъектілерін белгілі бір ережелерді сақтауға немесе белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу. Керекті нәтижеге қол жеткізу субъектінің еркінсіз, оның ішкі, кей жағдайда сыртқы қарсыласуымен жүзеге асырылады. Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың әртектілігі оларды қорғау үшін мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін қолдануды талап етеді. Бұл мәжбүрлеудің түрлері бір бірінен өздерінің мазмұндарымен, жүзеге асырылу негіздерімен және тәртіптерімен ерекшеленеді. Қалыптасқан тәжірибеде мемлекеттік мәжбүрлеудің негізгі 4 түрі бар: қылмыстық-құқықтық; азаматтық-құқықтық; тәртіптік; әкімшілік-құқықтық. Мемлекеттік мәжбүрлеудің жеке бір түрі бола тұра әкімшілік мәжбүрлеу оны құқықтық мәжбүрлеудің басқа нысандарынан бөлетін белгілі бір ерекшеліктерге ие. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады: Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды қорғау үшін арналған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларына мемлекеттік-биліктік сипат тән. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негізі болып, әдетте, әкімшілік құқық бұзушылықтың мазмұны немесе құқықтық нормамен қарастырылған ерекше жағдайлардың туындауы табылады (мысалы, эпидемиялар, табиғи апаттар). Әкімшілік мәжбүрлеу оны қолдану қызметтік бағыныштылық қатынастармен байланысты еместігімен сипатталады. Әкімшілік билік субъектісі мен құқық бұзушы бір еңбек ұжымының мүшелері болып табылмайды. Егер тұлға әскери-қызметтік, еңбектік немесе ұжымда басқа да мемлекеттік тәртіпті бұзса, онда оған тәртіптік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану актілерін мемлекеттік биліктің көптеген органдары шығаруға құқылы: Праламент, Президент, Үкімет, мәслихаттар, әкімияттар. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін санкциялар тек қана заңмен немесе Президенттің заң күші бар жарлығымен орнатылатындығын ұмытпаған жөн. Әкімшілік мәжбүрлеу құқықтық актілермен анықталған құзіретті органдармен және лауазымды тұлғалармен қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер (айырулар) болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемелкеттік - құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады. Әкімшілік мәжбүрлеу көрнісінің сыртқы нысандары өте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігмен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты. Адамның жеке басына байланысты шектеулер, мысалы, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамауға алудан, бұзушыны ұстаудан және полицияға жеткізуден көрніс табады. Ұйымдастыру шектеулеріне, мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының антисанитариялық жағдайы үшін жабу, ойын - сауық мекемелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты жұмыс істеуін тоқтата тұру жатады. Мүліктік шектеулерген, мәселен, айыппұл, тәркілеу жатады. Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субьектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, не болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Сонымен, мәжбүрлеп ықпал жасаудың обьектісі сайып келгенде жеке адамның өзі емес, оның мінез-құлқы болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді. Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады (мысалы, ішкі істер органдары, бақылау- қадағалау органдары т.б.). Сонымен, әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады. 2сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы Әкімшілік мәжбүрлеу біртекті ұғым емес, ол әкімшілік-құқықтық мәжбүрлі ықпал ету шараларының жиынтығынан жинақталады. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың негізі болып, әдетте, әкімшілік құқық бұзушылық жасау немесе ерекше жағдайлардың туындауы табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының кешені сан қилы. Олардың барлығы мақсаттарына, қолдану негіздері мен тәртіптеріне байланысты ерекшеленеді. Мақсаттарына және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеу шараларын 3 топқа бөлуге болады. 1.Әкімшілік-ескерту шаралары - мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен бірге табиғи апаттар, авариялар, қайғылы оқиғалар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көбінесе олар құқық бұзушылықтармен байланысы жоқ жағдайларда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау үшін қолданылады. Әкімшілік-ескерту шаралары сан алуан. Олардың ең көп тараған түрлері болып табылады: полиция қызметкерлерінің тұрғын үйге немесе қызметтік ғимаратқа кіруі. Мысалы, төлқұжат режимінің сақталуын тексеру үшін; құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен құжаттарды тексеру. Мысалы, жүргізушілерден - жүргізуші куәлігін, жол қағазын; аңшылар мен балықшылардан - сәйкес лицензияларын; кеден органдарымен қолданылатын заттарды, жүктердщі қарау, сонымен қатар жеке қарау (бұл мемлекеттік шекарадан контрабанданы өткізбеу мақсатында қолданылады); көлік және адам қозғалысын шектеу немесе тоқтату. Мысалы, табиғи апат, жолды жөндеу жұмыстары кезінде; тұлғадардың денсаулық жағдайыларын және кәсіпорындардың санитарлық жағдайларын куәландыру; эпидемиялар кезінде карантин енгізу; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау; мүлікті реквизициялау, яғни оны еріксіз, ақылы түрде алу. 2.Әкімшілік ықпал ету және процессуалдық қамтамасыз ету шаралары. Әкімшілік ықпал ету шараларына жататындар: әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның жеке бостандығын қысқа мерзімге шектеу. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады.; кәсіпорын жұмысын тоқтата тұру. Мысалы, еңбекті қорғау немесе қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзған жағдайда; техникалық жағдайы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауы бар автокөлікті пайдалануға тыйым салу; егер оны пайдалануға рұқсат болмаса, белгілі бір ережелерді бұзған тұлғалардан мүлікті алу (суық қару, мөрлер); қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (өз еркімен салынған құрылысты бұзу); полиция қызметкерлерінің қару қолдануы; қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушыға дене күшін көрсету; қоғамға қарсы қылық жасаған адамды әкелу (заңды жауапкершілікке әлі тартылмағанда); құқылы органнан (лауазымды тұлғадан) одан шығып жатқан құқыққа қарсы қылықты тоқтатуды талап ету. Әкімшілік-ескерту шаралары да, әкімшілік ықпал ету шаралары да, әдетте, құқық бұзушылық жасаған жауапты тұлғаларды жазалағанға дейін қолданылады, яғни әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданға дейін болады. Процессуалдық қамтамасыз ету шаралары заңдылықтың нығаюына жәрдемдеседі. Бұл шаралар (мысалы, жеке қарау, заттарды қарау, заттар мен құжаттарды алу, әкімшілік істерді шешу тәртібі) тек заңдармен бекітілген шектерде және тәртіпте қолданылады. 3.Әкімшілік өндіру шаралары - заңды жауапкершіліктің бір түрі болып табылады және белгілі бір құқық бұзушылық жасаған үшін қолданылады. Мысалы: айыппұл, тәркілеу, әкімшілік қамауға алу. 3сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы Бұл әкімшілік мәжбүрлеу шаралар тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны тәрбиелеу мақсатында пайдаланылады. Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың обьективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады: -әкімшілік алдын алу шаралары -әкімшілік жолын кесу шаралары -әкімшілік жазалау шаралары Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған (мысалы, эпедемия кезінде); сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты - оны тоқтату және тек кейнірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін. Бұл орайда әкімшілік жаза қолдану құқық бұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапкершілікті іске асыру болып табылады, ал алдын алу сипаты бар әкімшілік шаралар құқық бұзушылық болмаған кезде де қолданылуы мүмкін (мысалы, аэропорттарда жолаушылардың жеке басын тексеру). ӘҚБтК-тің 36-тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың мүмкіндігі қаралған. Олар өзге ықпал ету шаралары қалмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, істі тиісті уақытында және дұрыс қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау мақсаты үшін қолданылады. Сонымен, бұл жерде процессуалдық сипаты бар әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы айтылып отыр. Әкімшілік - алдын алу шаралары. Мәжбүрлеу құралдарын қолдануды заңнамалар, әдетте, тұлғаның өзіне жүктелген құқықтық міндеттерін бұзу оқиғасымен байланыстырады. Бірақта қоғамдық және жеке мүдделерге қауіп-қатер және оларға зиян келтіру тек құқық бұзушылықтың ғана емес, сондай-ақ дүлей апаттардың, психикалық ауру адамдардың іс әрекеттерінің де салдарынан пайда болуы мүмкін. Сондықтан мемелкет нормасын бұзуға кінәлі емес тұлғалар жөнінде де мәжбүрлеу шараларын қолдануға мәжбүр, құзыретті органдар заңда көзделген жағдайларда олардың құқықтарын шектейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың белгілі бір санаттары жөнінде әкімшілік әкімшілік қадағалау тағайындайтын ішкі істер органдарының; өртті жайылдырмау мақсаты үшін құрылысты жоятын өрт сөндірушілердің т.б. іс әрекеттері осындай. Мемлекеттің аталған қорғау шараларының негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың, заңдық және өзге де міндеттерден орындаудан жалтарудың аладын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау. Барлық әкімшілік -- алдын алу шараларының бірлігін айта отырып, олардың тікелей арналымы мен құқық шектеушілік сипаты бойынша жекелеген ескерту (превентивтік) шаралардың арасындағы айырмашылықтарды байқамауға болмайды. Бұл белгі бойынша әкімшілік- алдын алу шараларының ішінен 4 топты бөлуге болады: 1. мүмкін болатын зиянды, қауіпті, тіпті ауыр салдарлары да жиі болатын қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар, мысалы, эпидемиямен және эпизоотиямен зақымданған жерлерде карантин енгізу, шекералас аумақтарда қауіпті жұқпалы аурулар кенеттен пайда болған кезде мемлекеттік шекара учаскесін жабу, т.б. 2. құқық бұзушылықтың, оның ішінде тек әкімшілік теріс қылықтың ғана емес, қылмыстың да алдын алуға бағытталған шаралар (кедендік тексері, жеке басты анықтайтын құжаттарды тексеру) 3. тиісті субьектілердің өздерінің міндеттерін орындаудан жалтаруына кедергі келтіретін шаралар (реквизициялау, мәжбүрлеп медициналық куәландыру т.б.) 4. емдеу - алдын алу деп аталатын мәжбүрлеу шаралары ерекше топ құрайды, олардың мақсаты міндеті тек қоғамдық қауіпсіздік ғана емес, сонымен бірге қауіпті есі ауысқандарды, нашақорларды, жұқпалы ауруларды емдеуді қамтамасыз ету. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік мәжбүрлеу дегеніміз не? Әкімшілік мәжбүрлеудің қағидалары қандай? Әкімшілік мәжбүрлеу қалай жіктеледі? Әкімшілік мәжбүрлеудің мақсаты неде? Қандай әкімшілік мәжбүрлеудің түрін білесіз? Глоссарий: Әкімшілік мәжбүрлеу Айыппұл тәркілеу әкімшілік-ескерту әкімшілік ықпал ету әкімшілік ұстау әкімшілік қамауға алу әкімшілік емдеу шарасы №9 -тақырып: Әкімшілік жауапкершілік Дәрістің мақсаты: <<Әкімшілік жауапкершілік>> туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әкімшілік жауапкершіліктің басқа жауапкершілік түрлерінен айырмашылығын көрсету. Жоспар: Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі. Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері Кәмелетке толмағандардың әкімшіліктік жауаптылығы 1сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері Әкімшілік жауапкершілік - заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауапкершілікке тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Сонымен бірге заңдық жауапкершіліктің жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауапкершілікке сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауапкершіліктің нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналардан көрінеді: Әкімшілік жауапкершілік заңмен де, заңасты актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері адамдар немесе ұжымжық құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен шеңбері: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ соттар қолданады. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға - құқық бұзушыларға қолданады. Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады. Әкімшілік жауапкершіліктің шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады. Сонымен, әкімшілік жауапкершіліктің басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшелігі оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына - әкімшілік жазалар жатады. 2сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік құқық бұзушылықтың анықтамасы былай деп берілген:"Жеке адамның ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады." Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және т.б.) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын, қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері: а) құқыққа қарсылық - бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі да болуы мүмкін. Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады. ә) кінәлілік, яғни құқыққа қарсы әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оңан саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады. Бұларға мысал ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілдермен аң аулау және т.б. - осылардың барлығы және осыларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана, ал жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және т.б. абайсызда жасалуы мүмкін. б) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады. әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық көлемі қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады және аса қатал емес жауаптылық белгіленеді. Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің - жасы кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшалыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді. Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде он алты жасқа толғандары жауапты болады. Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат, сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың жетекшілері, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлері лауазыиды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады. Әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тиісті органдарда қызмет өтеу тәртібін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жауаптылықта болады. ҚР-да әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдіктер ҚР-ның аумағында жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңдық құрамынан айырудың практикалық маңызы бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген элементтердің жиынтығы және олар болғанда ғана әкімшілік жауаптылық пайда болады. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының элементтері болып: объект, субъект, объективтік жақ, субъективтік жақ табылады. Құқық нормаларымен реттелінген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Іс жүзінде объект ретінде нақтылы нормалар, тапсырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар болады. Құқық теориясында, сондай-ақ әкімшілік теріс қылықтың тектік, түрлік және тікелей объектісін айыру бар. Құқық қолдану тәжірибесі тұрғысынан алғанда тікелей объект ерекше маңызды болып көрінеді, олай болатын себебі, әкімшілк санкция заңмен бекітілген қоғамдық қатынастарға шынайы зиян келтіргені үшін қолданылуы керек. Объективтік жақ әкімшілік құқықпен тыйым салынған әрекеттен немесе әрекетсіздіктен көрінеді. Әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы - бұл оны сыртқы көрінісінің актісі ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық нормаларымен қаралған белгілердің жиынтығы. Бұл белгілердің ішіндегі ең маңыздысы әрекеттің өзін сипаттайтын белгі болып табылады. Әрекет - басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерекшкліктерімен (тәсіл, уақыт, орын және т.б.) толықтырылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам немесе заңды тұлға танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы - субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол қасақана немесе абайсыздық нысанында көрініс табады. Сонымен бірге заңдық жауапкершіліктің жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауапкершілікке сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауапкершіліктің нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналардан көрінеді: Әкімшілік жауапкершілік заңмен де, заңасты актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері адамдар немесе ұжымжық құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен шеңбері: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ соттар қолданады. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға - құқық бұзушыларға қолданады. Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады. Әкімшілік жауапкершіліктің шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады. Сонымен, әкімшілік жауапкершіліктің басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшелігі оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына - әкімшілік жазалар жатады. 3сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі Әкімшілік - құқықтық нормаларды бұзу әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқтырады, олардың бір түрі әкімшілк жазалар болып табылады. Нақ осы соңғылар, алдын алу, жолын кесу шараларынан және процессуалдық шаралардан айырмашылығы, әкімшілік жауапқа тартылғанның нәтижесінде қолданылады. ӘҚБтК - тің 45-бабынды әкімшілік жазалардың мынандай түрлері белгіленген: Ескерту жасау; Әкімшілік айыппұл салу; Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою; Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; Арнаулы құқықтан айыру; Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан,біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе белгілі бір іс әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу; Заңсыз салынып жатырған немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; Әкімшілік қамауға алу; Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру. Әкімшілік жауаптылықты оны белгілеу тәртібі айырады. ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық осы Кодекспен белгіленеді. Әкімшілк жауаптылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 69-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатудың ескіру-мерзімі белгіленген. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2-ай өткеннен кейін, ол қоршаған ортаны қорғау саласында -6 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай ақ салық салу, ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін, оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Ал заңды тұлға осындай құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жасалған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде (Мыс. әскери есепке тұру ережесін бұзғанда, тіркеусіз тұрып жатқанда, т.б.) , сондай ақ қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, адам, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап, 2-ай өткеннен кейін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. ЕСКЕРТУ. 1,3 қылмыстың жасалуына септігін тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387 б. 1-бөлігі 1 жылдан уақыт өтсе, әкімшілік жаза қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 67 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасалған адамды, және ол адам келтірілген залалды өз еркімен өтесе, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік жауаптылықтан құқық бұзушы адамды, босатуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 68 бабына сәйкес: Құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда, судья немесе істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға ауызша ескерту жасап, ол адамды әкімшілік жауаптан босатады. Мыс: ақысыз жол жүру, шу көтеру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 71 бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жағдайдың өзгеруіне немесе науқастануына да байланысты әкімшілік жуаптылықтан босатылуы мүмкін. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 171 бабына сәйкес тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік, жазбаша келісім негізінде, тоқтатылады. Әкімшілік жуапекршілікті: жеңілдететін жағдайлар; болдырмайтын жағдайлар; ауырлататын жағдайлар болады. шектейтін жағдайлар Жеңілдететін жағдайлар: мойындау; кінәлаушының шын көңілмен өкінуі; жасалған әрекеттерді қалпына келтіру; кәмелеттік жасқа толмауы және толмаған жүкті әйел немесе баласы әйелдің әкімшілік жауапкер болуы. Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде құжаттармен толтырылуы керек. Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар: Бір жылда 2 рет қайталанған құқық бұзушылық үшін, 1 рет жауапқа тартылуы; Құқық бұзушылық топ адамдарымен жасалуы Ішімдік, не есірткі шегіп құқық бұзушылықтың жасалуы Ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға; Бұрын қылмыс жасаған адам болса. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар: қажетті қорғану жағдайында яғни жеке басын, тұрғын үйін, жер учаскасін қорғау - қажетті қорғану шегінен шығып кетпеген жағдайдың болуы. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның өміріне, денсаулығына аса қауіп төндіретін қауіпті жою үшін іс әрекеттің жасалуы. Мыс: көлік жүргізуші медициналық жәрдемді қажет ететін адамды ауруханаға өте жылдамдықпен апаруы. Жылдамдықты арттырғаны үшін жазаланбайды. Әкімшілік жауапкершілікті шектейтін жағдайлар. Бұл шектеулер ең алдымен әкімшілік заңдармен қаралған, әкімшілік құқық бұзушылық субьектілерінің ескеретін ерекшеліктерімен байланысты. Мыс: қамауға алуға болмайды: жүкті әйелдерді; 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді 18 жасқа толмаған (кәмелетке толмағандарды) 1 және 2 топтағы мүгедектерді; 58 жастан асқан әйелдерді; 63 жастан асқан ер адамдарды. Көлік құралын мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамның көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға болмайды. Аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі қажеттілігі болып табылатын адамның аң аулау құралын алып қоюға сақтау мен алып жүру құқығынан айыруға болмайды. Сонымен қатар, судьяларға, прокурорға әкімшілік жазалар мен жауапкершілік қолдану негіздеріне заң жүзінде шектеулер қарастырылған. 5 сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам кәмелетке толмаған деп есептелінеді және оларға мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға әкімшілік жазалар қолданылу тәрбиелік ерекшеліктері бар. Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл оның ата-анасына немесе қамқоршы (қорғаншысына) салынады. Әкімшілік айыппұлдың мөлшерін айлық есептік көрсеткіштің 5 тен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және оның негізгі белгілері қандай? Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы, оның айырмашылығы қандай? Әкімшілік жазалардың қандай түрлері бар? Қандай жағдайда әкімшілік жауаптылықты жеңілдетеді? Әкімшілік жауапкершілікті ауырлататын жағдайларды атаңыз. Әкімшілік жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай? Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы қандай? Глоссарий: Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жазалар құқыққа қарсылық кінәлілік объект субъект объективтік жақ субъективтік жақ . №10 -тақырып: Әкімшілік процессуалдық қызмет Дәрістің мақсаты: <<Әкімшілік процесс>> туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әкімшілік процесстің басқа құқықтық процесстерден айырмашылығын көрсету. Жоспар: Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы. Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары. Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар. 1сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны ӘҚБтК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, снодай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі ӘҚБтК-пен реттеледі және айқындалады. Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі ӘҚБтК-тің ережелерімен және ҚР-ның Қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен ҚР-ның Азаматтық іс-жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушы адамдардың, сол істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) міндетті түрде қарауына жататын өтініш мәлімдеуге құқығы бар. Өтініш жазбаша түрде мәлімденеді және дереу қаралуға тиіс. Өтінішті қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидаларға жататындар: әкімшілік іс жүргізуде азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және мүдделерінің басымдығы; құқық субъектілігін мойындау қағидасы; иматериалды (объективті) шындық қағидасы; заң алдында барлығының теңдігі; кінәсіздік презумпциясы; кінәлілік қағидасы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын субъектілерді бөлек атап көрсеткен жөн. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын тұлғалар: әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам; жәбірленуші; жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері; қорғаушы; жәбірленушінің өкілі; куә; куәгер; маман; сарапшы; аудармашы; прокурор. 2сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары. Әкімшілік өндірістің негізгі сатыларына мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау; ақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға: уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы; құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар; жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздеме болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады. ӘҚБтК-тің 246, 247, 461-487 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдары, кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін. Судья , алқалы орган мүшесі, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу кезінде мына мәселелерді: бұл істі қарау өзінің құзыретіне жататынын; бұл істі судьяның, алқалы орган мүшесінің, лауазымды адамның қарау мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың болуын; ӘҚБтК-те көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ істің өзге де материалдарының дұрыс рәсімделгенін; Іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкімшілік жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың болуын; өтініштердің жеке бас тартудың болуын; ӘҚБтК-тің 584-588 баптарында аталған адамдарға іс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірін шығарады: әкімшілік жаза қолдану туралы; іс жүргізуді қысқарту туралы; істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауна беру туралы, сондай-ақ ӘҚБтК-тің 642-бабында көзделген жағдайларда істі көлік құралы (кеме, соның ішінде шағын көлемді кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы; айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға ӘҚБтК-ке сәйкес аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтіре алады. Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер ьбойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін. 3сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар. Мынандай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады: әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы; әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның ішінде әкімшілік жауапқа тарту үшін жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде ӘҚБтК-те көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы; ҚР-ның Конституциялық Кеңесі әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның кейбір ережелерін ҚР-ның Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы салдарынан олардың күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі; әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қысқартылуы туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулының болуы; іс жүргізіліп отырған жеке адамның қайтыс болуы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-тің 580-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасында көзделген негіз бойынша және зиян келтіру заңды болып табылғанда немесе ӘҚБтК-тің 5-тарауына сәйкес әкімшілік жауаптылық шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-те көзделген тәртіппен, ӘҚБтК-тің 67-68 баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгілері болуына байланыста материал прокурорға алдын ала тергеу немесе анықтау органына берілген жағдайда қысқартылуы мүмкін. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР-ның Бас прокуроры жүзеге асырады. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік юрисдикциялық өндірістің негізгі белгілері мен қағидалары қандай? Кімдер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысады? Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары қандай? Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға қандай фактілер негіздеме болады? Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) қандай қаулыларды шығарады? Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар қандай? Глоссарий: әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам; жәбірленуші; жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері; қорғаушы; жәбірленушінің өкілі; куә; куәгер; маман; сарапшы; аудармашы; прокурор. №11 -тақырып: Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау Дәрістің мақсаты: <<Заңдылық>> туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатындығын үйрету. Жоспар: Басқару аясындағы заңдылық Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері Әкімшілік қадағалаудың түсінігі Прокурорлық қадағалау. 1сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық Атқарушы органдардың жұмысы басқарудың әдістерін қолданумен анықталады. Басқару әдістері дегеніміз: 1.Әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру; 2. Басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу; 3.Басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері; Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі дегеніміз құрылымдық бөлімшелерді құру және олардың функцияларын белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу; басқарушылық процестерді ресімдеу, т.б. Сонымен, атқарушы билік органы алдына қойылған мақсатына қарай тиісті нәтиже алу үшін өз аппараттарын ұйымдастырады.Басқару процесінде нақты мәселелер жеке (министр,төраға), ақылдасып (алқада,ғылыми әдістемелік кеңесте) немесе бірлесіп ( екі немесе бірнеше минстрліктер, комитеттер, т.б. қатысып) шешілуі мүмкін.Бұл шешімдер қаулы,бұйрық,нұсқаулық түрінде шешіледі. Атқарушы биліктің негізгі міндеті -- заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл міндет басқарудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Басқару формасын заң анықтайды.Формалар құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Басқарудың құқықтық формаларына мыналар жатады:Нормативтік құқықтық актілерды дайындау және қабылдау; Шарттар жасасу. Нормативтік құқықтық актілерды дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңнамада анықталады. Бұл тәртіп бұзылған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу және жариялау мүмкіндігі де жойылады.Басқарудың құықтық емес формаларына ұйымдық және материалдық - техникалық әрекеттер жатады.Ұйымдық әрекеттерге:Заң және басқа актілердің мазмұнын түсіндіру;Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу және нұсқау беру;Басқару органдарының жұмысын тексеру және жинақтап қорыту;Төменгі тұрған басқару органдарының басшыларын қатыстырып кеңс, мәжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мәжілісін өркізу және басқа шаралар өткізу.Материалдық- техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:Органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу;Іс қағаздарын жүргізу ( хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау).Есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құралдар беру ( реестерге кіргізу, тиісті нөмірлерін көрсету)Мұндай әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзірет берілген органдар да ( статистика және т.б.), министрліктердің, ведомстволардың актілері де (нұсқамалар, ережелер) анықтай алады. 2сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі Мемлекетік басқару органдары: 1.Іс әрекеттің заңға сәйкес ережелерін белгілейді; 2.билік ету өкілеттігін жүзеге асырады және 3.әкімшілік әрекетті жүзеге асырады. Мемлекеттік басқару дегеніміз -- Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді. 1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ; мемлекеттік комитеттер; комитеттер; жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік - аумақтық құрылым - облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады. 2. Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық -- нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда - ведомстволар) органдар болып табылады. 3. Мемлекттік басқару огандарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Призедентінің Республика Премьер - Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады. 3сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері ҚР Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік бақылаудың мынандай түрлері бар: Президенттік бақылау; Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы; Атқарушы билік органдарының бақылауы. Бақылаудың негізгі мақсаттары-атқарушы билік органдарымен олардың лауазымды адамдарының қызметінің өз міндеттеріне сәйкестігін, оларды орындаудың уақытылы және толымды болуын,заңдар талаптарының сақталуын, қаражаттардың үнемді және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету, мемллекеттік құрылымның тұрақтылығын қолдау және мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып саналады. Сондай-ақ Президент бес жыл мерзімге сайланады. Ата Заңда Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген. Республика Президенті Конституцияға, Конституциялық Заңға сәйкес халық пен мемлекеттік билік бірлігіне, конституциялық құрылыстың мызғымастығына, сондай-ақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шаралар қолданады. Халықаралық қатынастарда республиканың мүддесін қорғайды. Азаматтарға кешірім жасауды, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады. Орталық басқару органдары дегеніміз -- министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер болып табылады. Қазақстан Республикасының министрліктері нақты салалар: ішкі, сыртқы істер (сыртқы экономикалық байланыс), көлік және коммуникация, білім және ғылым және т.б. бойынша басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының агенттіктері -- спорт және туризм, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша басшылықты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеттері арнаулы функцияларды орындап, нақты салалар бойынша бірыңғай саясатты қамтамасыз етеді. Оар ведомстводан тыс заңдық биліктік өкілеттікке ие және қызметін өздеріне бағынбайтын мемлекеттік басқару органдарына қатысты жүзеге асырады. Комитеттер орындайтын міндеттер олардың атауларынан көрініс табады. Мемлекеттік мүлік саласы бойынша жетекшілікті -- Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет жүзеге асырады. Осы сияқты Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет инвестицияларға қатысты қызметті, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет өзіне қатысты атауынан көрініс табатын тиісті қызметтерді атқарады және т.б. Мемлекеттік комитеттердің қаулылары барлық министрліктермен өзге де басқару органдары үшін міндетті. Республика Президентінің актілеріне сәйкес атқару билігінің орталық органдарының жүйесі тәртіпке келтірілген және олар қоғамдық қатынастардағы өзгеріске орай өзгеріп отырады. Мәселен, 1999 жылға дейін мемлекеттік комитеттердің басты міндеті болып келген қызметті 1999 жылғы Президент актісі негізінде қайтадан құрылған министрліктер мен агенттіктер атқарып келеді. Өз кезегінде олардың нақты құрылымдары департаменттері, комитеттері, басқармалары нақты айқындалған қызметтерді атқарады. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар -- мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді әрі жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылап отырады. Ал жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен қатар тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне: аумақты дамыту жоспарларын; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; коммуналдық меншікті басқару; жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру және т.б. жатады. Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына -- Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары жатады. Мемлекеттік басқару функцияларын өз аумағына сәйкес жүзеге асыратын және дара басшылық принциптері негізінде әрекет жасайтын жергілікті атқару органының басшысы тиісті әкімшілік -аумақтық бөліністегі Республика Президентінің тіккелей өкілі болып есептеледі. 4сұрақ.Әкімшілік қадағалаудың түсінігі Қадағалау атқарушы билік органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету ретінде белгіленеді. Қадағалаудың үш түрі бар: Әкімшілік қадағалау; Сот тәртібімен қадағалу; Прокурорлық қадағалу. Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын әзірлейтін және оның орындалуын жүзеге асыратын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады. Жергілікті әкім өзінің құзыретіне жататын тиесілі мәселелер бойынша тиісті аумақтағы барлық заңды тұлғалар (меншік нысанына қарамастан) лауазымды тұлғалар, сондай-ақ барлық азаматтар орындауға міндетті қаулылар мен өкімдер қабылдайды. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі Әкімшілік қадағалаудың белгілері: Қадағалау субъектілері мен қадағаланатын объектілердің ұйымдастыру жағынан бағыныштылығы болмайтындығы; Қадағаланатын объектілердің қызметін тек заңдылық тұрғыдан және өте аз арнаулы мәселлер тобы бойынша ғана қадағалау мүмкіндігі; Қадағалау объектісінің жедел- шаруашылық қызметіне араласуға мүмкін болмайтындығы; Қадағалау қызметінің арнаулы объектісінің болуы- нормативтік актілерде қаралатын нормалар,ережелер,талаптар, стандарттар және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауы; Құқық бұзушылық табылған немесе әртүрлі объектілерге қауіптілік қаупі пайда болған жағдайларда әкімшілік мәжбүрлеу шараларын дербес қолдану мүмкіндігі; Бұл мәжбүрлеу шараларын құқықтық шеңбермен қатал шектеу; юрисдикциялық өкілеттіктердің болуы. Яғни, әкімшілік қадағалу - бұл құқық бұзушылықтың алдын алу, табу және жолын кесу,бұзылған тәртіпті қалпына келтіру және кіләллерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мәжбүрлеу шараларын пайдаланатын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі. 5сұрақ.Прокурорлық қадағалау. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме - дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл оның негізгі функциясы. Қадағалаудың мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын, заңдылықтың бірінғайлығы мен нығайтылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай - ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету. Прокурорлық қадағалаудың мәні прокурорлардың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың заңдары бұзуын табу, жою және алдын ала сақтандыру жөніндегі іс - қимылдарынан тұрады. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас прокурорына бағындыра отырып, біріңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Президентке ғана есеп береді. Атқарушы билік органдарының қызметіне прокурорлық қадағалаудың (жалпы қадағалау деп аталатынның ) тақырыптары <<Қ.Р - ның прокуратурасы туралы>> 1995 ж. 21- желтоқсандағы заңмен белгіленген. Бұл, біріншіден, министрліктер мен ведомствовалардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының, әскери басқару органдарының, бақылау органдарының, олардың лауазымды адамдарының заңдарды орындауы және, екіншіден, олардың шығарған құқықтық актілерінің заңдарға сәйкес болуы. Сонымен, прокурорлық қадағалау тек жоғарыда айтылған органдар мен лауазымды адамдардың іс әрекеттері мен актілеріне ғана таратылады және қадағалауға жататын органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерінің заңдарға сәйкес келетінің анықтаудан көрініс табады. Прокуратура органдары Президенттің жарлықтарына қадағалау жүргізбейді. Олар, біріншіден, заңның орындалуына және, екіншіден, басқару мен бақылау органдарының, өкілді органдарының шығаратын құқықтық актілерінің заңдарға сәйкес болуына қадағалау жасай отырып, оларды алмастырмайды және және олардың жедел - шаруашылық қызметіне араласпайды, себебі оның пайдалылығы жөнінде ой түюге, басқару актілерінің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқығы жоқ. Прокурордың өзінің қадағалауындағы субьектілерге бұйрық беруге құқығы жоқ. Заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асады. Заңдардың қолданылуына тексерісті прокурор өз өкілеттілігі шегінде тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарғаннан кейін: Президенттің тапсыруына; заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа мәліметтерге; заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына; жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргізеді. Прокуратура органдары экономикалық механизмді нарықтық эконмика негізінде бейімдеудің, мемлекеттік меншікті қорғау, мелекеттік және еңбек тәртібін сақтау туралы қатал құқықтық режимді қамтамасыз ету жөніндегі аса күрделі міндеттерді шешуге міндетті. Прокуратура органдары негізгі назарын министрліктер, жергілікті атқарушы органдар және басқа басқару органдары басшыларының, лауазымды адамдардың заңды сақтау жөніндегі міндеттерін қалай орындайтындарына ықпалды қадағалау жасауға жұмылдырады, бұл істе оларға қажетті көмек көрсетеді, заңдардың бұзылуын дер кезінде тауып, тоқтатуға тиіс. Прокурорлардың тексеру жүргізген кездегі өкілеттіктері аталған заңмен белгіленген. Прокурор жүргізілетін тексеріс мәселелері жөнінде азаматтар мен лауазымды адамдардан жауап алуға; қызметтік куәлігін көрсетіп,мемлекеттік органдардың, сондай ақ меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй - жайларына кедергісіз кіруге, олардың құжаттары мен материалдарын қарауға; заң бұзушылық фактісі, туралы прокуратура органдарына келіп түскен ақпараттарға байланысты заңдардың орындалуын тексеруге құқылы. Ол басшылардан және басқа лауазымды адамдардан заңдылықты жағдайы және оны қамтамасыз ету жөніндегі қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық деректерді алуға; тексеруге қатысты және қорытынды беруі үшін мамандарды тартуға; прокуратура органдарына келіп түскен материалдар, ақпараттар мен өтініштер бойынша тексеру, өздерінің бақылауындағы немесе ведомствоволық қарастылығындағы ұйымдар қызметіне ревизиялар жүргізуге құқылы. Прокурорда бар ақпараттың мазмұны мен сипатына байланысты тексеру жүргізудің нысандары мен әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Тексеру алдын - ала жоспарлануы мүмкін, бірақ негізінен - бұл ағымдағы сипаты бар тексерулер. Меншік, жекешелендіру, кәсіпкерлік, жер реформасы, қоршаған ортаны қорғау, халықты жұмыспен қамту туралы, ал соңғы кезде - сыбайлас жемқорлық, қаржы, салық, мемлекеттік мүлікті сату, тұрғын үй туралы заңдарды сақтауға қадағалаудың маңызы арта түсуде. Прокурорлар қадағалауларындағы органдар мен лауазымды адамдардың шығаратын актілерінің заңдарға сәйкес болуын қадағалауға барынша жауаптылықпен және біліктілікпен қараулары керек. Бұл актілердің заңға тәуелді сипаты бар және олар заңдарды, оларда қаралған ережелерді жүзеге асыру үшін шығарылады. Қадағалаудағы органдар мен лауазымды адамдардың актілері заңға сәйкес келмейді деп: тиісті заңға тәуелді актілерді шығару үшін негіз болып табылатын заңда қаралған мән жайлардың болмауы; заңға тәуелді актіні күші жойылған немесе күшін жоғалтқан заңды орындау үшін шығару; заңның ережелеріне қалай болса солай түсінік беру немесе қасақана бұрмалау арқылы оған қайшы келетін заңға тәуелді акт қабылдау; нормативтік актілерді шығарудың тәртібін, мерзімдерін, нысандары мен рәсімдерін сақтамау саналады. Прокурорлық қадағалаудың үшінші тақырыбы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынының сақталуына қадағалау жасау. Оның ерекшелігі сол, қадағалау бұл мәселе бойынша тек министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, әскери басқару, бақылау органдарының, олардың лауазымды адамдарының қызметіне ғана емес, сондай - ақ коммерциялық емес ұйымдардың басқару органдары мен басшыларына да жүргізіледі. Прокурор өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асырған кезде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы арыздарын, шағымдары мен өзге де хабарламаларын тексереді; жәбірленушілерге өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тәртібін түсіндіреді; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың алдын алу мен жолын кесу, заңды бұзған адамдарды жауапқа тарту және келтірілген зиянның орнын толтыру туралы шаралар қолданады. Прокурор тексеріс нәтижелері бойынша: наразылық еңгізеді; заң бұзушылықты болдырмау жөніндегі ұйғарым береді; қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады; адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актінің күшін тоқтата тұрады; мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары енгізген тыйым салу - шектеу сипатындағы шаралардың күшін жояды немесе алып тастайды; мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау үшін сотқа өтініш жасайды органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну еңгізеді. Прокурорлық қадағалау актілеріне наразылық , қаулы, ұйғарым, өтініш, нұсқау, ұсыну, заңға түсіндірме жатады. Прокурордың наразылығы бұл - оның қадағалауындағы органның немесе лауазымды адамның заңға қайшы келетін құқықтық актісін ілтипатқа алуы. Наразылықты прокурор немесе оның орынбасары осы актіні шығарған органға немесе жоғары тұрған органға келтіреді. Лауазымды адамдар жөніндегі наразылық та дәл осындай тәртіппен жасалады. Прокурор наразылықта актінің күшін жоюды немесе оны заңға сәйкес келтіруді талап етуге құқылы. Наразылық міндетті түрде он күн ішінде қаралуы тиіс. Оның қаралатын күні туралы орган немесе лауазымды адам прокурорға хабарлауы тиіс. Наразылықтың сотта қаралу мерзімі заңдарда белгіленеді. Наразылықты рәсімделудің белгіленген үш үлгісі бар. Прокурордың ұсынуы прокурорлық тексеру материалдарының негізінде дайындалады және заңдарды бұзушылықтарды, бұзушылықтардың себептері мен оларға мүмкіндік туғызатын жағдайларды жоюды мақсат етіп қояды. Әрбір ұсыну өзінің өзінің мазмұны бойынша дербес. Ол заңның бұзылуын жоя алатын өкілетті органға немесе лауазымды адамға беріледі және кідіріссіз қаралуға жатады. Ұсыну бір ай мерзімде қаралуға тиіс және оның нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарлануы керек. Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі қаулысы уәкілдік берілген органның немесе лауазымды адамның заңмен белгіленген мерзімде қарауына жатады. Қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде прокурорға хабарланады. Яғни, прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз болып табылады. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатының мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Бақылау сұрақтары: Заңдылық дегеніміз не? Заңдылыққа қандай тәсілдер мен әдістер көмегімен қол жеткізіледі? Қадағалау дегеніміз не? Бақылау дегеніміз не? Қадағалау мен бақылаудың қандай түрлері бар? Прокурорлық қадағалау дегеніміз не? Глоссарий: Мемлекеттік басқару Заңдылық Мемлекеттік бақылау Әкімшілік қадағалау ҚР Президентінің бақылауы Прокурорлық қадағалау Орталық басқару органдары №12 -тақырып: Әкімшілік құқықтық режимдер Дәрістің мақсаты: Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Төтенше жағдайдың құқықтық режимімен таныстыру. Қорғаныс саласы мемлекетпен қалай басқарылатындығын көрсету. Жоспар: Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері Төтенше жағдайдың құқықтық режимі Ерекше жағдай режимі.Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі. Соғыс жағдай режимі. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі. 1сұрақ.Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері Әкімшілік құқықтық режимдер деп жеке және заңды тұлғалардың атқарушы билік аясындағы қызметінің ерекше құқықтық режимі түсініледі, ол заңдармен белгіленген және төтенше сипаты бар мән-жайлармен немесе қызмет түрінің ерекшеліктерімен байланысты болады. Әкімшілік құқықтық режимдерді іске асыруға байланысты Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері қатысушылардың құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер, қағида бойынша, атқарушы билік органдарының өкілеттіктерін күшейтуден және керісінше, басқарушылық қатынастарының басқа қатысушыларының тіпті оларға қосымша немесе жаңа міндеттер жүктеуден көрініс табады. Әскери жағдай <<ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы туралы>> 1993 ж.13 қаңтарындағы заңымен және кейіннен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын қорғау тәртібі белгіленген. ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы дегеніміз ҚР аумағының шегін- құрғақ су, жер ойнауы әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін жазықтық қабат. ҚР-ның Мемлекеттік шекарасының тәртібі қзге мемлекеттермен өара қатынастарына байланысты барлық мәселерді реттеу мақсатында белгіленеді. Мемлекеттік шекара тәртібі мына ережелерді қамтиды: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту; Әскери емес әуе (теңіз) кемелерінің ұшып шығуы (кетуі), ұшып келуі ( кіруі); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен кездегі бақылау; Адамдарды, көлік құралдарын, жүкті және басқа мүлікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында шаруашылық қызметті жүзеге асыру; Көрсетілген ережелерге бұзумен байланысты жанжалдарды шет мемлекетпен шешу Мемлекеттік шекара тәртібін қамтамасыз етуге қатысатын әкімшілік құқықтық субъектілердің ерекше өкілеттіліктері бар. Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы тәртібі туралы заңдармен және Халықаралық шарттармен қарастырылады. 2сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі Төтенше жағдайлар режимі ҚР-ның Конституциясының 44-бабымен және <<Төтенше жағдайлар туралы>> 2003 жылғы 8-ақпандағы заңымен реттеледі. Төтенше жағдайлар - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР-ның Конституциялыө өқрылысын өорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шет елдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше жағдай кезеңінде таратуға болмайды. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актісімен құрылады. Төтенше жағдай режимінің мазмұны Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында: 1) осы Заңның талаптарына сәйкес төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар; 2) төтенше жағдайды енгiзу қажеттiгiнiң негiздемесi; 3) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары; 4) төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар; 5) осы Заңға сәйкес енгiзiлетiн шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердiң, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң тiзбесi; 6) төтенше жағдайды енгiзу кезеңiнде құрылатын мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары және олардың өкiлеттiгi; 7) төтенше жағдай режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттiк органдар (лауазымды адамдар); 8) төтенше жағдайды енгiзу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, жоғарыда аталған талаптары сақталған жағдайда: 1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi; 2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады. Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм iшiнде ғана қолданылады және төтенше жағдайдың тоқтатылуымен бiр мезгiлде ол туралы арнайы хабарландырусыз-ақ күшiн жояды. Төтенше жағдайдың күшiнде болуын тоқтату төтенше жағдай режимiн бұзу туралы iстер бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудiң тоқтатылуына негiз болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi төтенше жағдайды енгiзудiң құқықтық негiзi болып табылады. Төтенше жағдайларды енгізудің мақсаты оны енгізуге себеп болған мән-жайларды жою, адам және азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ҚР-ның конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету. Президент мемлекеттік басқарудың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын құруы мүмкін, оларға: Президент жанындағы төтенше жағдайлары қмтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия; жергілікті жерлердің комендатурасы жатады. Мемлекеттік коммисия төтенше жағдайларды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою туралы шаралар әзірлейді, олардың жүзеге асуын қйымдастырады және оларға бақылау жасайды. Төтенше жағдай режимін қамьамасыз ету үшін Ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік орландарының, ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқару органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары пайдаланылады. Төтенше жағдайлар табиғи және техногендік сипаттағы құбылыстармен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын-алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастар <<Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы>> 1996 ж.5 шілдедегі заңымен реттеледі. Төтенше жағдайдың режимін және авариялық құтқару қызметінің негізгі талаптарын бұзушылардың талаптары заңдарда, ӘҚБтК-те және басқа да қолданылып жүрген заңдарда белгіленеді. 3сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды тиісті аумақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы, көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi жүргiзеді. Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi. Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi бюджет қаражаты есебiнен алуға мiндеттi. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды . Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi. Халықтың декреттелген тобына мiндеттi түрде медициналық қарауларды жүргiзудiң және оларды жұмысқа жiберудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi . Алдын ала және мерзiмдi медициналық қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi . Өндiрiс пен шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдi медициналық қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi. Қызметкерлердiң медициналық қараудан өтуi туралы деректер олардың жеке медициналық кiтапшаларына енгiзiлуге және емдеу-профилактикалық ұйымдардың есебiне алынуға тиiс. Медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейдi . Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзудiң шарттары Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру жөнiнде оралымды басшылық жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iндетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин жекелеген объектiлерде тиiстi аумақтың (көлiктегi) бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектiлерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi басшыларының шешiмiмен енгiзiледi (тоқтатылады). Шектеу iс-шараларын, соның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн және пайда болуы мен таралу қаупi болған кезде шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру 1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттiк есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттiк есебiн жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi . 2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргiзуге тиiс. 4сұрақ. Соғыс жағдай режимі Соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим. Соғыс жағдай режимінің құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы , осы Заң, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер және Қазақстан Республикасы бекiткен xaлықаралық шарттар Қазақстан Республикасындағы соғыс жағдайының құқықтық негiздерi болып табылады. Соғыс жағдай режимінің мәні мен мазмұны Соғыс жағдай режимі Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты болып табылады. Агрессия - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы. Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болып табылады. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен енгiзiледi. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының Президентi, егер бұрын жарияланбаған болса, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығында: соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар; енгiзiлген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердiң тiзбесi; соғыс жағдайы енгiзiлетiн аумақтың шекаралары; соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшiн тартылатын күштер мен құралдар; соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгiленедi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Парламентiн соғыс жағдайының енгiзiлгенi және iшiнара немесе жалпы мобилизация жарияланғаны туралы дереу хабардар етедi. Мемлекеттi агрессияға тойтарыс беруге әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiлейдi. Соғыс жағдайының кезеңi соғыс жағдайы енгiзiлген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күшi жойылған уақытпен аяқталады. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың қызметiн шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгiленген қосымша мiндеттер жүктеу көзделедi. Соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкiлеттiктерi кеңейтiледi, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары көшедi. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi және әскери құралымдары соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшін қолданылады. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Соғыс жағжайы кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мынадай негiзгi мiндеттердi орындау: 1) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және ол аумақтан шығудың ерекше режимiн сақтау, сондай-ақ ондағы жүрiп-тұру еркiндiгiн шектеу; 2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялық-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткiзуге қатысу; 3) мемлекеттiк және әскери объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн, көлiк пен коммуникациялардың жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға аса қауiптi объектiлердi күзету; 4) қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу; 5) заңсыз қарулы құралымдардың, террористердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен әскери басқару органдарында қызметi Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталғандығы туралы анық мәлiметтер бар қоғамдық және дiни бiрлестiктер, шетелдiк және халықаралық ұйымдар әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн тартылады. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз етуге тартылатын мемлекеттiк органдардың, Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 5сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қорғау мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде саяси, әскери, жедел-іздестіру, дипломатиялық, кедендік, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөніндегі келісілген іс-қимылынан тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде күзету ұлттық мүддені іске асыруға кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оларға қауіп төндіретін жағдайларды, процестер мен факторларды ашу және олардың алдын алу жөніндегі тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, жедел-іздестіру, кедендік, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асырудан тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасының құрлықтағы, теңіздегі, өзендердегі (бұлақтардағы) және өзге де су қоймаларындағы, сондай-ақ континенттік қайраңындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі туралы халықаралық шарттарды және шекара мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын барлық жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік тұлғалардың сақтауын шекара кеңістігінде бақылау жолымен жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі. Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жүктеледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құқықтары шеңберінде азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады. Мемлекеттiк шекара режимі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдік әскери емес кемелер мен әскери корабльдердің шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлігінде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңізге), сондай-ақ ішкі суларына кіру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында әртүрлі жұмыстарды, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті жүргізу тәртібі болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады. Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiндегi режим. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен кеден органдарының бақылау өткiзу пункттерiнiң қызметiне жағдайлар жасау және оны қолдап отыру мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде, осы пункттерде адамдар мен көлiк құралдарының болуын және жүрiп-тұруын, сондай-ақ адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және тауарларды Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзуге байланысты басқа да қызметтi регламенттейтiн тәртiп белгiленедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi өткiзу пункттерiнде бөгде адамдардың өтiп кетуiне жол бермеу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтiп кетуiне тыйым салу мақсатында қосымша тәртiп ережелерiн белгiлейдi. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік-құқықтық режимдерінің түсінігі, түрлері қандай? Төтенше жағдайдың құқықтық режимі дегеніміз не? Ерекше жағдай режимі қандай жағдайда туындайды? Қандай жағдайда соғыс жағдай режимі туындайды? Мемлекеттік шекараны қорғау режимін қалай түсінесіз? Глоссарий: Әкімшілік құқықтық режимдер Мемлекеттік шекара Төтенше жағдайлар мемлекеттік комиссия Ерекше жағдай режимі Соғыс жағдай режимі Мемлекеттiк шекара режимі. №13-тақырып: Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу Дәрістің мақсаты: Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық объект ретіндегі мәртебесін айқындау. Жоспар: Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Табиғатты пайдалану және табиғи тесурстарды қорғауды басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. 4. Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары. 1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері. Қазақстан экономикасы мемлекетпен, тауар өндірушілермен және сатып алушылармен тығыз байланыста. Кез келген экономикалық жүйе - өз қызметі бойынша үш мәселеге мән береді: Не өндіру керек және қандай мөлшерде; Қалай өндіру керек және қандай шығындармен өндіру керек; Кім үшін өндіру керек және өндірілген өнімді қалай бөлу керек. Қазақстан Республикасында сауданы, сауда аралық қатынастарды реттейтін орталық орган- ол Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрлігі. Оның негізгі функциялары: Республикадағы нарыққа басшылық жасау және сауданың дамуына болжам жасайды; Халыққа, яғни тұтынушыларға тауарды көтерме саудаға өткізу үшін жәрмеңке ұйымдастырады; Сауда құрылымдарын Қазақстан Республикасының <<тұтынушылардың құқығын қорғау туралы >>заңымен реттейді және оны бақылайды; Отандық және шетелдік сауда әдістерін, сауда жарнамаларын, оның нысандарын сауда саласында дамытуға байланысты шаралар ұйымдастырады; Экономика және сауда саласын дамытудағы күрделі мәселелерді басқа министрліктермен бірге ақылдаса отырып шешеді; Сауда - экономика саласын дамыту үшін Қазақстан Республикасы шет елдермен ақпарат- насихат жұмыстарын өткізеді. Осы функцияларды орындау үшін министрлік мынандай құқықтарға ие бола алады: Өндіріс мекемелері мен ұйымдарға, олардың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін, әдістемелік және экономикалық көмек көрсетуге құқылы; Өндіріс пен сауда саласын тиімді басқаруға құқылы; Тұтынушы нарығында мемлекеттік қолдауға құқылы; Министрлік өзіне керекті ақпараттарды өндіріс және сауда салалары бойынша сұрауына құқылы. Бұл министрлік барлық сауда салаларын нарықты басқару мақсатында және олардың ережелерді дұрыс орындауы үшін - бұйрықтар және инструкциялар шығарады. Министрліктің құрылымдық бөлімдері: департаменттер басқармалар. Сауда мекемелерінің жағдайы -жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік бақылауды талап етеді. Үкімет мемлекеттік саясаттың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағдарламаларын қалыптастырады, ал жергілікті мемлекеттік басқару органдары - территориялардың дамуына қатысты экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар қалыптастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекет - салықтық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, әкімшілік бақылауды қамтамасыз етеді. Егер сауда саласында құқықтық нормалары бұзылған жағдайда әкімшілік тергеу салалары да қолданылады. Сауда мекемелерін және сауда жұмыстарын қамтамасыз етудегі барлық жауапкершіліктерді жергілікті мемлекеттік басқару органдары атқарады. 2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі Көлік және коммуникацияларды басқаруды ұйымдастыру Үкіметпен және транспорттық мекемелермен іске асырылады. Біріншіден, Үкімет ұжымдық орган ретінде өз бастамасы бойынша транспорттық-коммуникация кешені аясында нормативті қаулылар қабылдай алады, мысалы,темір жолдардың уақытша жарғысы (Уставы); автомобиль жолдарын қолдану ережелері; ашу, жобалау, бекіту (установка) тәртібінің ережесі, Қазақстан Республикасы территориясында эксплутация және шет елден радиоэлектронды заттар мен жоғарғы дәрежелік құрылымдарды енгізу.Екіншіден, Үкімет, мемлекеттік басқару органының ұйымдастырушылық формасын таңдайды: 1.Орталық мемлекеттік басқару органдарының ішінде сол органның құқықтық мәртебесін.2. транспорттық- коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдарға арналған заң актілеріне сәйкес құзіреті мен өкілеттілігін анықтайды. Үшіншіден, Үкімет транспорттық - коммуникациялық кешенде мемлекет саясатының әлеуметтік экономикалық негізгі мәселелерін іске асырады.Бұл өкілеттіліктер Үкімет қаулысымен бекітілген құзіреттер негізінде орталық атқарушы органдармен іске асырылады. Қазақстан Республикасының заң актілері барлық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің арақатынасын қамтамасыз ету үшін және жол шаруашылығын дамыту, бәсекелестікті қолдауды, транспорт пен байланыс қызметіне азаматтар мен ұйымдарға бірдей құқықтық тұрғыдан рұқсат беруді, мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз ету мынандай әкімшілік - құқықтық нормалар орнатады. Қазақстанның нарық қатынасының орнығуы жағдайында, мемлекет тарапынан экономикалық процестер мен шаруашылық субъектілеріне тиімді әрекет қажет. Қазіргі танда нарықтық механизм, экономикалық дамудың бір ғана мүмкіндігі бар тиімді реттеудің тамаша механизмі ретінде қарастырылмайды. Нарықтық экономикада мемлекет орындауы тиіс қызметтерді ескере отырып, оның реттеуші ықпалы келесідей бағыттармен жүзеге асырылады: шаруашылық қызметінің негізгі нормаларын өңдеуге және қабылдауға бағытталған заң шығару қызметі; шаруашылық субъектілерінің қызметін құрумен және тоқтатумен байланысты әкімшілік қызмет; алдағы уақытта жалпы елдің, сондай-ақ оның жеке аймақтарының индикативтік жоспарларын және болжамдарын өңдеу кезінде оның өзгеру мүмкіндігі және экономикалық ахуалы туралы шаруашылық субъектілерін хабардар етуге байланысты ақпараттық қызмет; жалпыұлттық мақсатта ірі мекемелердің, аймақтық қалыптасулардың және салалардың қызметін реттеуге бағытталған реттеуші қызмет; қолданыстағы заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында мекеменің ағымдағы қызметін бақылау. Көлік қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігін қамтитын бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процес-терге, қоршаған ортаға көліктің әсер етуіне, қоғамның қауіпсіздігіне байланысты. Көліктің негізгі операцияларын келесідей реттеу қажет: - көлік коммуникациялары бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің мүддесінде; - қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсер етуін төмендету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында; - көлік жүйесінің кабілеттілігінде эконо-микалық қауіпсіздікті сақтау мүдде-сінде ішкі және сыртқы тасымал-дауға елдің қажеттілігін қамтамасыз ету, елдің экономикалық біртұтастығын қолдау. Көлік халықаралық өзара әрекеттесудің негізі болып табылады, мемлекеттік келісім қажеттілігін және олардың сақталуына әрі қарай бақылау орнатуды аддын ала айқындайды. Сонымен қатар, Қазақстандық көлік мекемелерінде бәсекелестік қабілетінің жеткілікті деңгейде төмен болуы жағдайында, ішкі,сондай-ақ халықаралық көлік нарығында отандық тасымалдаушылардың қүқығы мен мүддесін қорғау қажетгілігі туындайды. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық бөлігі бола отырып, көлік бірмезгілде оны дамыту тұғыры ретінде орын алады. Бұл, мемлекет тарапымен жағымды экономикалық, занды және ұйымдастырушылық шарттарды қалыптастыру қажеттілігі көлік жүйесінің дамуын алдын ала айқындайды. Қазақстан Республикасында, оның аймақтарының кең көлеміне байланысты, көлік шығындары өнімдердің басым бөлігінің соңғы құны айтарлықтай үлкен шаманы құрайды.Бұл көлік саласында құнсыздану процесін үдетуші болады. Осыған байланысты, экономикалық ахуалдың түрақсыздық шартында, көлік қызметтерінің тарифтерін реттеу қажет. Жоғарыда көрсетілген факторлар көлік жиынтығының мемлекеттік реттелуінің негізгі мақсаттарын айқындайды: 1. Көлік жиынтығы қызметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету: - аймақаралық экономикалық байланыстардың орнығуына, жалпы нарықтың қалыптасуына және дамуына қолдау көрсету; - аймақтық жөне мемлекеттік мақсатты бағдарламардың іске асырылуына қолдау көрсету; - экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тапсырмаларды шешуге қолдау көрсету. 2. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету: - халықтың белгіленген топтарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету; - әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды орындау; - көлікке қатысты тең құқықтан айыруды жою. 3. Шаруашылық қызметін үйлестіру: - көлік қызметтері нарығының конъюктурасы, оны алдағы уақытта дамыту туралы деректер қорын өңдеу. 4. Бәсекелес ортаға қолдау көрсету: - еркін бәсекелестіктің экономикалық және құқықтық шарттарын құру; - көлік жиынтығы субъектілерінің экономикалық еркіндігін және олардың қызметінің нарықтық ынталандырылуын қамтамасыз ету; - монополизммен күресу; - қатаң бәсекелестіктің жағымсыз әсерін шектеу; - кәсіпкерлік белсенділікті дамыту шаралары (қаржылық, салық); 5. Көлік жиынтығының мемлекеттік секторын басқару: - мемлекеттік мекемелерді басқару; - өзге де мемлекеттік меншікті басқару (құнды қағаздар, акция пакеттері, мемлекеттік несие қаражаттары). 6. Көлік жиынтығының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету: - автокөлік құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету; - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қолдану нормаларын сақтауды қамтамасыз ету. 7. Көлік жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету: - көлік инфрақұрылымының және көлік құралдарының сенімділігін қамтамасыз ету; - әртүрлі субъектілердің жұмысын тиімді басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз ету. 3 сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы. <<Қаржы жүйесі>> ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: қаржы қатынастарының жиынтығы; ақша-қаражат қорларының жиынтығы; басқарудың қаржылық аппараты. Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі: мемлекеттік және муниципалдық қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Мемлекеттік қаржылар: Мемлекеттік қаржылар - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді. 1. Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді. 2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны. Оның негізгі қалыптасу көздері: А) арнайы мақсатты салықтар, займдар; Ә) бюджет субсидиялары; Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары; В) ерікті түрдегі жарналар. 3. Мемлекеттік несие - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. Салық саласы жұмысының ұйымдастырылуы. Қазақстан Республикасының салық салу принциптері. Салықтардың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады: Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі: Салық - ақшалай нысанда төленеді: Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады: Салық - баламасыз сипатта болады: Салық - салықты салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады: Салық - тұрақты экономиканың қатынас туғызады. Салықтардың мазмұны мынандай: материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақша сомасы болса; экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы; заңдық категория жағынан, бұл заң жұзінде белгіленген міндеттеме болып табылады. Салық элементтері - салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда: салық субъектісі салық объектісі салық көзі салық мөлшері салық жеңілдіктері салық ставкасы салық кезеңі салықты есептеу тәртібі салық есептілігі салықты төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері салық кодексінде белгіленген салық салу принцтеріне қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы, салық заңдарының жариялылығы принциптері. Салық салудың міндеттілік принципі. Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар: салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс; салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс; әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс; өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс. Салық механизмі, бұл ұғымды ұйымдастыру экономикалық категория ретінде сәйкесінше қоғамда жасалған ұлттық байлықты жинақтау барысында қалыптасатын қайта бөлу қатынастарын басқарудың қажетті процесі ретінде түсіндіретін салық теориясының бір бөлігі болып табылады. Бұл процесте қалыптасатын қатынастардың барлық сферасын 3 ішкі жүйеге бөлуге болады: салықтық жоспарлау; салықтық реттеу; салықтық бақылау. Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатып сөзсіз. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі бойынша Қазақстаң Республикасында мынадай салықтар қалыптасқан; 1) Корпорациялық табыс салығы; 2) Жеке табыс салығы; 3) Қосылған құнға салынатын салық; 4) Акциздер; 5) Жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері; 6) Әлеуметтік салық 7) Жер салығы 8) Заңды және жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық; 9) Көлік құралдарына салынатын салық. Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлуші салық органына тіркеу есебіне тұруға; салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті. Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеуішден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы. Қазақстанның 1992 жылға дейін өзіндік салық жүйесінің болмағанын айта кеткен жөн, өйткені ол жалпы Одақтың салық жүйесіне енді. Оның құлдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелерімен келісе отырып, салық жүйесін қалыптастыру міндеті тұрды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған " Қазақстан Республикасындағы салық жүйіесі туралы " Заңды тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: 1 Жалпы мемлекеттік салықтар; 2 Жалпыға міндетті төленетін жергілікті салықтар мен алымдар; 3 Жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді; Экономикамызда салық жүйесін бағалау критерилері өте маңызды рөл атқарады. Салық саясаты - мемлекеттің жалпы саясаттық жағдайының құрамды бөлігі болып табылады. Салық саясаты үш негізгі критерийлер арқылы бағаланады. Олардың негізгілері - теңдік, тиімділік және қарапайымдылық болып табылады. Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет салық жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін жетілдіру жолдары шексіз, өйткені қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді. Салық әкімшілігі - салықтардан кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек деген деңгейге әлі жеткен жоқ. Жалпы алғанда еліміздің салық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары болып мыналар табылады: Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; Салық жүйесін максималды түрде ықшамдау; Салық ставкаларын төмендету мақсатында, салық прессингін әзірлеу; Салық прессингін әлсіздендіру; Салықтарды алудың парасатты деңгейін қамтамасыз ету; Тікелей және жанама салықтарды оңтайлы түрде байланыстыру; Сонымен қорыта айтқанда, салықтар - мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы дамытудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория. Ол орталық атқарушы органдарға және үкімет пен мекемелердің құрамына кірмейтін ұйымдарға байланысты: нормативтік актілерді шығару( құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету); лицензиялау; мемлекеттік кәсіпорындарды,мекемелерді,мемлекеттік жеке меншік объектілерін, шаруашылық серіктестіктегі мемлекеттік үлесін басқару; мемлекеттің меншігіндегі объектілерді жекешелендіруге қатысу (приватизация); мемлекеттік сатып алулар (закупка),контракт; антимонополиялық реттеу және баға құрылымы; мемлекеттік жол қорын басқару; бақылау және қарау; халықаралық ынтымақтастық 4сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары: Жалпы ережелер: - Мемлекеттік қаржылық бақылаудың осы стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді. - Стандарттардың мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - бақылау органдары) мен олардың қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруына негіз болатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. - Стандарттар бақылаудың тиімділігін, тұтастығын, өзара байланыстылығын, дәйектілігін, сабақтастығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әзірленді. - Стандарттарға жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, басқару және сапаны бақылау стандарттары жатады. - Стандарттарды іске асыру олардан шығатын бақылауды жүзеге асырудың әдістері мен рәсімдерін реттейтін ережелерді, әдістемелік және басқа құжаттарды мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының әзірлеп, бекітуі арқылы қамтамасыз етіледі. - Стандарттардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі Есеп комитеті) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі бақылау қызметтерінің Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Стандарттардың әрекет ету аясы және қолданылуы: - Стандарттарды барлық бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сақтауға міндетті. - Стандарттарды мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен бақылау органдары тартқан сарапшылар сақтауға міндетті. Жалпы Стандарттар: Жалпы Стандарттар бақылау органдары мен олардың қызметкерлеріне бірыңғай талаптар белгілейді. Жалпы стандарттарға мынадай: <<Тәуелсіздік>>, <<Әдептілік>>, <<Құзыреттілік (біліктілік)>>, <<Жариялылық>> және <<Құпиялылық>> Стандарттар жатады. <<Тәуелсіздік>> стандартының мақсаты бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің бағалауы мен ұсынымдарының турашылдығын, әділдігін, шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады. <<Тәуелсіздік>> стандарты бақылау органдарының, олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде олардың тәуелсіздігіне қол сұғатын кез келген араласуға жол бермеуді білдіреді. Бақылау органдары өздеріне жүктелген міндеттерді атқару кезінде функционалдық және ұйымдық тұрғыдан тәуелсіз және өздерінің тәуелсіздігі мен әділдігін шектейтін кез келген іс-әрекеттерге жол бермейді. Бақылау органдарының қызметі бекітілген жоспарларға, бағдарламаларға және бақылаудың заңнамада айқындалған түрлері мен үлгілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың тақырыбын, объектісін таңдау, қолданылатын рәсімдер, дәлелдердің сипаты мен көлемі бойынша бақылау органдарының қызметіне араласуға, бақылаудың ауқымын шектеуге, сондай-ақ бақылау органдары қызметкерлерінің саяси, идеологиялық, діни және басқа да себептер бойынша тәуелсіздігі мен әділдігіне әсерін тигізетін кез келген іс-әрекетке жол берілмейді. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бақылау органдарының қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым салынады. Бақылау органы қызметкерінің тәуелсіздігі нақты күдік туғызған жағдайда, ол басқа бақылау объектісіне ауыстырылуға жатады. Бақылау қызметін жүзеге асыратын бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі мен әділдігін сақтау мақсатында осы қызметкердің бақылау жүргізген бақылау объектісін бір жыл өткеннен кейін ауыстырып отыру қажет. Бақылау органдарына және олардың қызметкерлеріне аталған қатынастар олардың тәуелсіздігін шектемейтін жағдайда ғылыми және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болуға рұқсат етіледі. <<Әдептілік>> стандартының мақсаты бақылау органдары қызметкерлерінің этикалық талаптарды және кәсіби мінез-құлық принциптерін толық сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің тәуелсіздігі бақылау объектісімен ізгі ниетті қатынаста болуға кедергі келтірмейді. Бақылау органдарының жариялылығын қамтамасыз етудің негізгі нысаны өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдардың басшыларына, мәслихаттарға және әкімдерге өз қызметі туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Жариялылық жеке адамның құқықтары мен бостандығын қорғау туралы, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтер туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. <<Құпиялылық>> стандартының мақсаты бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың сақталуын және жария етілмеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері бақылауды жүзеге асырған кезде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды. Бақылау органдары мен олардың қызметкерлері сұраған ақпарат бақылау мақсатында ғана пайдаланылады Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары Қазақстан Республикасында макро - және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттің бюджет жүйесі; арнаулы бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік несие; жергілікті қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; халықтың қаржысы. Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырыл- маған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функция- лардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік- аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылы- ғымен анықталады. Бақылау сұрақтары: Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері қандай? Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесін талдау керек. Табиғатты пайдалану және табиғи тесурстарды қорғауды басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Глоссарий: экономикалық жүйе департаменттер басқармалар әкімшілік - құқықтық нормалар Қаржы жүйесі Мемлекеттік қаржылар Мемлекеттік бюджет Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар Салық элементтері Салық әкімшілігі 14- тақырып: Әлеуметтік-мәдени саланы және ғылымды мемлекеттік басқару Дәрістің мақсаты: <<Әлеуметтік, мәдени, ғылыми саланы мемлекеттік басқару>> туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әлеуметтік, мәдени, ғылыми саланы мемлекеттік басқарудың аспектілерін көрсету. Жоспар: Білім беру және ғылым жүйесін ұйымдастырылуы түсінігі мен негіздері. Білім беру мен ғылым мекемелерін басқару. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі. Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. 1.Білім беру және ғылым жүйесін ұйымдастырылуы түсінігі мен негіздері. Білім беру мен ғылым мекемелерін басқару. Білім - үздіксіз белгілі айқын мақсатты көздейтін процесс. Тәрбиелеу мен оқыту жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін мемлекеттік білім деңгейімен білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Конституциясында көрсетілгендей азаматтарға ақысыз орта білім алуға кепілдік береді және орта білім алу міндетті болып есептеледі. Жоғары білім алудың конкурстық негіздері тегін түрі мен жеке оқу орындарында білім алу жолдары туралы ҚР 1992 жылы 18 қаңтарда қабылданған <<Білім туралы>> Заңында айқын көрсетілген. Білім беру жүйесіне кіретін мекемелер мен ұйымдар: мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, орта кәсіптік білім беретін, жоғарғы білім беретін кәсіптік жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік мамандық беретін, жетім балаларға, жалпы дамуларында ауытқулары бар ауру балаларға арналған мекемелер болып бөлінеді. Білім беру басқармасы - жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың білім беру жүйесін дамыту мен қамтамасыз етуші орган. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты ҚР Президенті шешеді, ал оны жүзеге асырушы - ҚР Үкіметі болып табылады. Білім және ғылым министрлігі республиканың орталық атқарушы органы ретінде білім беру жүйесін басқарады. Мемлекеттік жоғарғы оқу орнына қабылдау, аспирантура мен докторантураны ашу немесе жұмысын тоқтату туралы мәселені шешеді. Жергілікті атқарушы органдар сол аймақтағы білім беру мекемелерінің жұмысын реттеп отырады. ҚР Конституциясы әркімнің еркін шығармашылық қызметіне кепілдік береді. Қазіргі ғылым туралы заңдар ғылым саласындағы мемлекеттің ұстаған қағидаларын басшылыққа ала отырып, ғылымның техникалық, ақпараттық жағынан, интеллектуалды меншігін қорғау мен халықаралық байланысты сақтаудағы жағдайын реттеп отырады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатқа бағыт беруші ҚР Президенті болып есептеледі. ҚР Парламенті ғылым мен техника дамуына негіз боларлық заңдар қабылдап, интеллектуалды меншікті қорғайды, ғылым мен техниканы дамыту үшін республикалық бюджетті бекітеді. ҚР Үкіметі республикалық бюджетті жасау, атқару, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады. Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техниканы дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда біртұтас мемлекеттік басқару органы болып есептеледі. Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарлама, мемлекеттік ғылым мен техниканы дамытудағы ең негізгі бағытын айқындайды. Заң бойынша әрбір субъект ғылыми-техникалық іс-әрекеттегі бағдарламаны жүзеге асыруда өз мүмкіндік терін пайдалануға құқылы. Ғылымның түрлі проблемаларын зерттеу үшін ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Ғылыми қызметкерлер мен ғылыми ұйымдардың құқықтық мәртебесі <<Ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы>> заңмен реттеліп орырылады. Ғылым саласындағы атқарушы органдардың бірі Департамент ғылыми кадрларды аттестациялау қызметін атқара отырып Ғылым Академиясының бір салалық бөлімшесі болып есептеледі. Департамент ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялаудағы мемлекет саясатын жүзеге асырады. Докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғау құқығын береді немесе ол құқықтан айыра алады. Диссертациялық Кеңестер құру, лицензия беру мәселесін шешеді. 2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі. Мәдениет саласындағы қызмет - мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, тарату жөніндегі қызмет. Мәдени құндылықтар - адамгершілік нормалары мен үлгілері, тарихи-мәдени тұрғыдағы бірегей аумақтар. ҚР мәдениет туралы заңдары ҚР Конституциясында және басқа да заң актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат, азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі, тарихи және мәдени мұраларды қорғау. Азаматтар ҚР-ның мәдениет саласындағы заңдарының талаптарын орындауға тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қазақ халқының Қазақстандағы басқа да халықтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтеуге міндетті. Меншік нысанына қарамастан көркемдік, тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар объектілер мәдени құндылықтар болып табылады. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкетуді заңды және жеке тұлғалар мемлекеттің бақылауымен, мәдени қазыналардың шыққан жерін, кімнің бергенін, құны мен сипаттамасын көрсете отырып жүзеге асырады. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкетуге рұқсаты ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен ҚР - ның мемлекеттік уәкілетті орган береді. Мәдени құндылықтарды әкелу мен әкету режимі, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР аумағында жасаған немесе тапқан объектілеріне де қолданылады. 3.Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. Еңбекті, әлеуметтік қамсыздандыруды басқару. Еңбек саласындағы мемлекеттік басқару органдарының мақсаты субъектілердің заңда көрсетілген шекте өз қызметтерін атқаруды қамтамасыз етеді. ҚР-ның Конституциясында еңбекпен, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жөнінде құқықтық жағынан реттеудің жалпы қағидалары бар: әрбір адамның еркін еңбек етуге, мамандық таңдауға құқығы бар. Сонымен қатар: мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің еңбек саласында, әлеуметтік қамсыздандыру ісі қағидаларын заңдылық деңгейінде бекіту; нормативті-құқықтық негіз қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету; еңбекте келісімшарт жүйесін қалыптастыру; еңбекті әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауда әлеуметтік кепілдік жүйесін қалыптастыру сияқты міндеттер қойылған. Аталған саланы мемлекеттік басқару органдарының өзіне тән атқаратын қызметтері бар: еңбек шарты, контракт, ұжымдық шарттар, әкімшілік пен еңбек ұжымы немесе жұмысшы арасындағы келісімдерді бекіту тәртібі мен оны іске асыру; халықты әлеуметтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету кепілдігін қарастыру; меншіктің түріне қарамастан еңбек уақыты мен еңбек қауіпсіздігін сақтау тәртібі барлық жұмысшыларға бірдей. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың еңбек пен әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету қағидаларының негізгі мазмұны мынада: Азаматтар құқығының кепілдік қағидасы, жалпы құқықтық қағида сияқты заңға негізделеді. Конституция бойынша әрбір азамат ең төменгі жалақы және зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Заңды негізде аурулығы, мүгедектігі, асыраушысынан айырылуына жағдайына байланысты әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіледі. Жан-жақты қамтамасыз етудің бір қағидасы жұмыссыздарға ҚР-ның заңдарына сәйкес жәрдемақы төлеу. Азаматтардың тең құқықты бөлу қағидасында жауапкершілік, азаматтың нәсілі, жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, саяси сенімі, дінге көзқарасына қарамастан бірдей қорғалады деп көрсетілген. Еңбекпен қамтамасыз ету еңбек процесіне жарамды халық пен еңбек орнының арақатынасына, мамандығына, еңбек тәжірибесіне, білімі мен қабілетіне де байланысты. Жұмыссыз азаматтар дегеніміз жалақыдан түсетін пайдасы жоқ, мемлекеттік жұмыссыздықты қамтамасыз ету орнында тіркелген, жұмыс іздеуші, еңбек етуге дайын азаматтар. Жұмыспен қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің аймақтық экономикалық-әлеуметтік даму даму бағдарламасы мен демографиялық, инвестициялық, қаржылық саясатына да байланысты болады. Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамтамасыз ету мемлекеттік басқарудың негізгі саласы ретінде ҚР Президентімен айқындалып, оған еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді. ҚР Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыруының негізгі бағыттары ҚР Конституциясының 66-бабында толық көрсетілген. Бақылау сұрақтары: ҚР еңбекпен қамтамасыз етілуді қай орган реттейді? Әлеуметтік қамсыздандырылу проблемалары. Мәдениет саласы қандай жолдармен және қандай органмен реттеледі? Ғылым дегеніміз не? Білім беру қалай ұйымдастырылады? 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар №15 -тақырып: Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу Дәрістің мақсаты: Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Ішкі істер органдарының ұйымдастырылуын және олардың қызметін зерттеу. Жоспар: 1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. 2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары. 3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. 4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. 1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. ҚР қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттік аса маңызды міндеттерінің біріне жатады. Әрі Қазақстанның бүкіл халқының ісі болып табылады. ҚР қорғау ұлтына және әлеуметтік тегіне, тұратын жеріне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, жұмысының түрі мен сипатына, саяси және өзге де нанымына, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жататындығына қарамастан ҚР-ның жалпыға бірдей әскери міндеттілік мыналарды қамтиды: азаматтарды әскери қызметке даярлау; шақыру учаскелерін тіркеу; әскери қызметке шақыру; әскери қызметтен өту; запастағы қызмет; запаста жаттығу жиындарынан өту; соғыс кезінде азаматтарды жалпыға бірдей міндетті әскери үйрету. Осы заңның орындалуын ҚР азаматтарына, орталық мемлекеттік басқару органдарына, жергілікті өкімет пен басқару органдарына, оқу орындарына, қоғамдық бірлестіктерге, бағышыштылығымен меншік түріне қарамастан кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға жүктеледі. Әскери міндеттіліктен мына азаматтар босатылады: 16 жасқа толмаған және 50 жастан асқан ер адамдар; 18 жасқа толмаған және 40 жастан асқан әйел адамдар. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік ҚР аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жүктелмейді. Жалпыға бірдей әскери міндетке қатынасы бойынша ҚР-ның азаматтары мынадай категорияларға бөлінеді: шақыруға дейінгілер 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; шақырылушылар шақыру учаскелеріне тіркелген 18-ден 27 жасқа дейінгі жастар; әскери қызметшілер әскери қызметтен өтуші азаматтар; әскери міндеттілер запастағы азаматтар; әскери міндетті еместер; әскери есепке алынбағандар немесе одан шағарылған азаматтар; денсаулық жағдайына байланысты; денсаулық жағдайы мен жасы бойынша әскери қызметтен өтуге жарамды ҚР-ның азаматтары; осы заңмен белгіленген жасқа жеткенде шақырушылардың әскери есебіне тұруға; әскери комиссариаттық шақыру бойынша шақыру учаскелеріне тіркелу, медициналық куәландырудан өту әскери мамандық алуға арнап даярлыққа жідеру, әскери қызметке немесе жиынға шақыру үшін келуге; әскери қызметтен даярлықтан, әскери қызметтен өтуге және запастағы әскери міндетті орындауға. ҚР Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша тиісті әскери мамадыққа ұқсас мамандығы бар әйелдер әскери есепке тұруы тиіс. Әйелдер бейбітшілік кезінде әскери қызметке шарт бойынша ерікті түрде кіре алады. Әскери есепте тұрған немесе жалпыға бірдей әскери үйретуден өткен әйелдер соғыс кезінде ҚР Президентінің шешімімен әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Шақырушылар мен шақыруға дейінгілерді әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды: шақырушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау; жоғарғы оқу орындарының студенттерін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлау; моральдық-психологиялық даярлау; дене даярлығы; емдеу-сауықтыру жұмысы деңгейін арттыру; патриоттық тәрбие. Шақыруға дейінгілер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлау ҚР Үкіметінің басшылығымен ұйымдастырылады және оны ҚР министрліктері мен ведомстволары, жергілікті өкілді және басқару органдары жүргізеді. Республикада шақыруға дейінгілерді әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруды, жүргізуді және олардың нәтижелерін бақылауды шақыруға дейінгілерді даярлықты бағдарламалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді ҚР Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және лқу орындарының басшалары шақыруға дейінгілер мен шқырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Шақырушыларға дейінгі даярлыққа 16 жасқа толған денсаулық жөніндегі әскери қызметке жарамды жасөспірімдер тартылады. <<Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы>> ҚР заңын орындауға байланысты шараларды қаржымен және материалдық жағынан қамтамасыз ету мемлекетке тапсырылады. Жергілікті өкіметпен басқару органдары азаматтарды тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде медициналық жағынан куәландыру шақырылғандарды әскери бөлімдерге жөнелту үшін әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен, автокөлікпен қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға міндетті. Қажетті мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлер, сондай-ақ қызмет көрсетуші адамды бөледі. Соғыс кезі жағдайында жұмылдыру жоспарын орындау үшін жергілікті өкімет пен басқару органдары және солардың шешімі бойынша бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары бейбітшілік кезінде әскери комиссариаттармен бірге әскери міндеттілерге хабар берумен, оларды жинау учаскелерін, сондай-ақ техника пункттерін құрады. Олар жұмыс орнын міндеттерді орындаудан босатпай адам құрамымен жасақтайды және олардың кәсіптік мамандақ алуына жәрдемдеседі. Шақыруға дейінгілерді шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссияларына, шақыру комиссияларының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсетуші адамдарға осы міндеттерді орындаған барлық уақытқа жұмыс орнына атқарған қызметі және орташа табысы сақталады. Егер аталған міндеттердің орындау тұрғылықты жерінен кетуіне байланысты болса, онда әскери комиссариаттар оларды тұрғылықты жерінен жұмыс орнына барып, бару қайтуына, тұрғын жай жалдауына жұмсаған шығындарын өтейді және қызмет іссапары үшін белгіленген нормалар бойынша тәулікақы төлейді. Жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға және әскери қызметтен өтуге байланысты шараларды қаржымен және материалды жағынан қамтамасыз етуге міндетті. Ол ҚР Қорғаныс министрлігінің қаржысы есебінен жүргізіледі. ҚР Министрлер кабинеті <<Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы>> ҚР-ның заңын қолдану тәртібі туралы қажетті нормативті актілер қабылдап, әскери қызметте өту мәселелері жөніндегі нормативтік актілерді заңға сәйкес сәйкестендірді. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ҚР Президентінің Жарлығы негізінде жылына екі рет, сәуір- маусымда және қазан-желтоқсанда өткізіледі. ҚР жарлығы баспасөз бетінде жарияланады. Бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен оқу орындарының басшылар шақырушылардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтмасыз ету үшін оларды іссапардан кері шақырып алуға міндетті. Азаматтардың әскери комисариаттар белгілеген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеуіне: -еңбек қабілетін жоғалтумен байланысты науқастану; -жақын туысының нмесе азаматтың өзінің келу мүмкнідігін болғызбаған басқа да жағдайлар дәлелді себептер деп танылады. Келмеудің себептері тиісті құжаттармен расталуы тиіс. ҚР-ның уақытша шетелде тұратын ер жынысты азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды олардың кейінге қалдыру құқығы бар. Олар ҚР-дағы тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келген соң осы заң белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Әр жылы қаңтар-наурыз ішінде тіркелктін жылы 17 жасқа толатын азаматтар шақыру учаскелеріне тіркеледі. Тіркеуді тұрғылықты жер бойынша аудандық, қалалық комиссариаттар жүргізеді. Азаматтар мен лауазымды адамдардың жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылығы әскери комиссариаттың шақыруы бойынша дәлелді себепсіз көрсетілген мерзімде келмеген азаматтар әскери міндетті орындаудан жалтарған деп есептеледі және ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуға жатады. Азаматтар дәлелді себепсіз әскери есеп ережелерін бұзғаны үшін ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Жергілікті органдарының меншік түрі мен бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің, оқу орындарының лауазымды адамдары заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР заңдарына сәйкес материалдық, әкімшілк және қылмыстық жауапқа тартылады. 2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істерді басқару - заңдарға, ҚР Президентінің жарлықтарына, Үкімет қаулыларына негізделген мемлекеттің құзыретті органдарының қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; азаматтардың , қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бағытталған атқарушылық-өкімдік қызметі Ішкі істерді басқару мен қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп арасында тікелей байланыс бар. Нормативтік-құқықтық актілерде көбінесе <<қоғамдық тәртіп>> деген ұғым қолданылатындықтан, қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет. Қоғамдық тәртіп тек қана құқық нормаларын емес, сонымен қатар мораль, дәстүр, салт нормаларын қолдану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. Қоғамдық тәртіптің негізін азаматтық қоғам мен құқықтық нормаларда бекітілетін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары құрайды. Ал құқықтық тәртіп болса тек құқықтық нормалармен қамтамасыз етіледі. <<ҚР Ішкі істер органдары туралы>> ҚР заңына сәйкес аталған орагандардың қызметі қоғамдық тәртіпті қорғаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, құқық бұзушылықтарды және басқа да адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды ескерту және олардың алдын алумен байланысты. Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады. ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды. ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді. Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі бірнеше ұйымдық-құқықтық нысанда жүзеге асырылады:: әкімшілік; жедел іздестіру; қылмыстық іс-жүргізушілік; бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды орындау бойынша қызмет. Жергілікті әкімшілік өз өкілеттігі шегінде: Ішкі істер органдарын басқаруды жүзеге асыру; Аталған органды жергілікті бюджет есебінен қаржыландырады; Ішкі істер күштерін табиғи апат тұсында пайдаланады; Қылмыстық-атқарушылық мекемелер мен органдар жүйесінің жұмысына көмектеседі; Жергілікті бюджет есебінен қаржы бөліп, қосымша ұйымдар ашуға көмектеседі; Бөлімше қызметкерлерін жұмыс орны, байланыс құралдары, жиһаз, көлікпен қамтамасыз етеді. Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады. ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды. ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді. Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. ҚР Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі <<ҚР құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалаудағы шаралар>> атты Жарлығына сәйкес Ішкі істер министрлігінің жанынан криминалдық және әкімшілік полиция ашылды. Криминалды полицияға жүктелген міндет: қылмысты ескерту, болдырмау, ашу үшін тергеу жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік полиция азаматтар қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, ескерту, жасы жетпегендермен жұмыс, патрульді-бекеттік және т.б. қызметтерді жүзеге асырады. Ішкі қарулы күшті басқару ҚР Ішкі істер министрлігіне берілген. Ішкі қарулы күштітің мақсаты әскери міндетті атқарумен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді қорғау, еңбекпен түзету мекемелеріндегі жұмыс, азаматтардың құқықтарын қорғау. 3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару қоғамға, мемлекетке бағытталған ішкі және сыртқы қауіпті ескертуге және алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастардың кең кешенін қамтиды. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі екі басқа түсінікпен тығыз байланысты, атап айтқанда: мемлекеттік қауіпсіздікпен және қоғамдық қауіпсіздікпен. Сонымен ұлттық қауіпсіздік - бұл қоғамдық және мемлекеттік институттардың әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы қауіптерден қорғалу жағдайы. Ұлттық қауіпсіздік элементтері - бұл онымен қорғалатын объектілер. Оларға жеке тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның саяси жүйесі, мемлекеттің егемендігі, аумақтық біртұтастық, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс потенциалы. Ұлттық қауіпсіздік элементтеріне келесі аса қауіпті қылмыстар қол сұғады: терроризм; ұлтаралық даулар (конфликттер); санкцияландырылмаған шерулер мен демонстрациялар; әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің заңсыз қызметтері; шет мемлекеттердің агрессорлық саясаты; үлкен табиғи апаттар; экологиялық проблемалардың ушығуы. <<ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы>> ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады. Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады. Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері болып: тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; барлаулық ақпаратты алу; шер мемлекеттердің барлау қызметінің алдын алу; террористік және т.б. Конституцияға қарсы қызметті болдырмау; қылмыстардың бөлек категорияларын ашу және тергеу; мемлекеттік органдарды арнайы байланыспен қамтамасыз ету табылады. <<ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы>> ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады. Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады. Заңға сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне отанға опасыздық жасау, шпиондық, террорлық актілер, контрабанда және т.б. қылмыстық істерді ашу және тергеу жүктелген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бүкіл қызметі әр түрлі басқару органдары, сонымен қатар құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты жүзеге асырады. Ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет, адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік органдары мен олардың қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне Ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады. Ұлттық қауіпсіздік органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Ұлттық қауіпсіздікті құрайтын әрбір элементке мемлекеттің құзыретті органдары қызметтің белгіленген бағыты сәйкес келеді. Қарастырылған бағыттардан бөлек келесілерді атап көрсетуге болады. Шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен мекемелерінің барлаулық қызметін болдырмау. Берілген міндет тек қана мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша шаралармен шектелмейді, себебі шетелдік арнайы қызметтердің агенттерін белсенді және мақсатты ашуды талап етеді. Аталған қылмыстарды тергеу Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппаратымен жүзеге асырылады. ҚР мүдделері үшін барлау қызметі. Оны жүргізудің қажеттілігі әртүрлі мемлекеттердің мүдделерінің арасындағы қайшылықтарға байланысты. Халықаралық аренада мемлекеттің беделін және қауіпсіздігін нығайту мәселесі түрлі тәсілдермен шешіледі. Барлау қызметі халықаралық процестердің дамуын болжауға, ғылыми, экономикалық және т.б. салалардағы негізгі жетістіктерді білуге мүмүкіндік береді. Мемлекеттік шекараны қорғау. Қазіргі заңнама мемлекеттік шекараны қорғауды бұрынғы КСРО - дай Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттеріне жатқызбайды. Қазір шекара әскерлері арнайы комитеттің құрамына кіред, бірақ соңғысы ақпараттық және болжаулық көмек алу жолымен Ұлттық қауіпсіздік органдарымен қатынаста болады. Терроризммен күрес. Терроризм тұлға мен қоғамға қауіп төндіретін ең ауыр қылмыс болып табылады.сондықтан террористік актілердің алдын алу Ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген. Бұл міндетті орындау үшін органдар құрылымында арнаулы бөлімшелер құрылады. Ел ішіндегі Конституцияға қарсы құрылымдармен күрес. Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп тек қана сыртқы емес, сонымен қатар ішкі сипатта болуы мүмкін. Соңғы жағдайда қоғам мекемелермен және тұлғалармен істі болады. Аталғандардың қызметі ҚР конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталады. Саяси процестің қатысушыларының қызметіне тек қана олар Конституцияны және республика заңдарын бұзған кезде құзыретті органдар жедел түрде араласады. 4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Әділет министрлігі мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы, атқарушы орган. Әділет министрлігінің негізгі мақсаты: саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, тәжірибелік істегі заң жобаларын бекітіп, орнығуына ықпал ету, құқықты, криминалды-сараптауды қамтамасыз ету, қабылдаған заңдардың, заң жобаларының болашақта іске асуын болжай білу. Әділет министрлігінің басты мақсатын ескере отырып, оның құрамына кіретін бөлімшелердің міндеттері мыналар: бақылау-ұйымдастыру; заңды тұлғаларды тіркеу; сот жұмысын ұйымдастыру; халықаралық құқықты қамтамасыз ету; заңды қызмет көрсету, құқықтық тәрбие беру; заң актілерін жүйелеу; норариат, АХАЖ, адвокатура жұмысын реттеу; атқару өндірісі және өтініштер мен шағымдарды қарау және т.б. болып табылады. Әділет министрлігінің жүйесіне кіретіндер: сот сараптау орталығы; Әділет министрлігінің заң шығарушы институты; Құқықтық хабарлаудың республикалық орталығы; Білім жетілдіру институты; Ұлттық заң комитеті; <<Жеті Жарғы>> баспасы; заң акционерлік компаниясы Адам өмірге келуі, өлуі, некеге тұруы, ажырасуы, бала асырап алу, аты-жөнін өзгерту - мемлекеттік органдармен тіркелген уақыттан бастап заңды маңызға ие болады. Мұндай оқиғаларды - хал актілерін тіркеу орындары жүзеге асырады, олар жергілікті атқарушы органдар құрамына кіріп, жергілікті әкімшілік-аумақтық әкімшілікке бағынады. Өз әрекетін жүзеге асыруда хал актілерін тіркеу органдары Әділет минстрлігі бекіткен ережені басшылыққа алады және мынадай міндеттерді жүзеге асырады: некеге отырғызу, туған баланы тіркеу, қайтыс болған адамды тіркеу; ҚР азаматтарының аты-жөнін өзгерту; Жоғалған куәліктерді қалпына келтіру; қажетті құжаттарды сақтауды ұйымдастыру; хал актілерін уақытында тіркеу үшін емдеу орындары мен есеп жүргізуші органдармен бірігіп қызмет жасайды. Азаматтардың хал актілерін тіркеу негізінде тиісті құжаттар беріледі. Мұндай функцияларды шет елдерде ҚР елшілік өкілдері жүзеге асырады. ҚР-ғы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ <<Нотариат туралы>> ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру ға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. Нотариат қызметінің құқықтық негіздері: ҚР Конституциясы; ҚР <<Нотариат туралы>> заңы; ҚР Азаматтық кодексі; Нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдар. Нотариус мынадай әрекеттер жасайды: мәмілелерді куәландырады; шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландырады; мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады; мұралық құқық туралы куәліктер береді; ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар адамдардың мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беріледі; мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды; құжаттардың көшірмелерімен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түп нұсқасын куәландырады; құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады; азаматтардың тірі екендігі фактісін куәландырады; азаматтардың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады; құжаттардың берілген уақытын куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа және жеке тұлғаларға береді; ақша салымдары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды; орындау қағазын жазады; вексель наразылықтарын жасайды; сақтауға құжаттар қабылдайды; теңіз наразылықтарын жасайды; дәлелдемелерді қамтамасыз етеді. ҚР-ғы адвокатура азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында баяндалған құқығын жүзегеасыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және т.б. істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөнінде адвокаттардың қызметін ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Адвокат - міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы. Жоғары заң білімі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, сондай-ақ босатылған күннен бастап бір жыл бойы - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған адам адвокат бола алмайды. Бақылау сұрақтары: Құқықтық тәртіп дегеніміз не? Қоғамдық тәртіп дегеніміз не? Ішкі істер органдарының жүйесі мен мақсаттары қандай? Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің қандай айырмашылығы бар? Нотариалдық қызметті ұйымдастыру. Адвокатура қандай қызмет атқарады? №16- тақырып: Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқыктық негіздері Дәрістің мақсаты: Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көрсету. Жоспар: 1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары 2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершік. 1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары Қазақстанның кеден заңдары 1991 ж. 24 желтоқсанда "Кедендік тариф пен баж туралы" 3аң қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады. Кеден саласының, қоғамның, мемлекеттің және азаматтың экономикалық өміріне әсер ету тәсілдерінің көптүрлілігін ескере отырып, кеден заңдары кешенді түрде қабылданды және ықпал аймағы ҚР біртұтас кеден аумағы болып табылады. Кеден баждарының бағамдарын, алымдардың, төлемдердің көлемін белгілеу, кеден төлемдері мен салықтарын есептеу мен төлету (өндіріп алу) ережелерінің қаржылық және салықтық құқықтық пәндеріне арақатынасы бар және кеден органдарының қазынагерлік сипаттағы қызметіне жатады. Кеден құқығындағы әкімшілік құқықтық реттеу әдістері қоғамдық қатынас салаларында қолданылатын мемлекеттік билік органдарының қызметі мен басқару өкілеттілігін жүзеге асырумен байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген: ерік беру (рұқсат беру); тыйым салу (шектеу); міндет жүктеу. Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл үш топ пайда болатын кедендік әкімшілік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады. Кеден құқығында құқықтық реттеу тәсілдерінен рұқсат ету тәсілі әкімшілік құқық немесе жария құқықтың басқа да, әсіресе құқық салаларымен салыстырғанда көбірек көрініс тапқан. Бұл тәсілдің ҚР кеден құқығында да көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады: тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы; белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы; кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы; кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т.б. Реттелетін қатынастардың әрқайсысында қолданылатын тәсілге байланысты біржақты деуге болмайды. Кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалар және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. ҚР әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) оқулығы авторларының пікірінше әкімшілік құқығының пәніне төмендегі қатынастарды жатқызуға болады: - атқарушы билік органдарын ұйымдастыруға байланысты; - басқарудағы әкімшілік-биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру және әкімшілік билік органдарының азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары барысында пайда болатын қатынастар; - әкімшілік-деликтілік сипаттағы қатынастар. Дәл осындай қатынастарды кеден құқығынан да байқауға болады, яғни оның жеке құқық саласы екендігіне тағы бір дәлел ретінде қарастыруға болады. Кеден құқығының тарихи пайда болуына келетін болсақ, оның екі кезеңнен тұратынын көруге болады. Кеден саясаты, кеден ісі бірінші кезеңде заңда айтылған түрде бөлініп, бекітілмеген болатын, солай бола тұра сол кезеңде-ақ кеден аясы анықталып және кеден органдары белгілі бір дәрежеде кеден төлемдерін алу және кеден ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты өкілеттіктерді жүзеге асырған. Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Кеден құқығының пәні, құқықтық реттеу және құқықтық институттары толығымен қалыптасып болмаған, сонымен қатар оның пайда болғаннан бастап-ақ жеке сала болғанын айта кету керек. Жалпы алғанда кеден органдары кедендік реттеуді жүзеге асырып отырған және сол уақыт заңдары бекіткен кеден аясының бөлімдерін біріктірген болатын. 1995 жылы 20 шілдеде ҚР-ның Президентінің <<ҚР-ғы кеден ісі туралы>> Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды. 2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. ҚР-ның кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізуде, Қазақстан азаматтарының бар-жоғына тәуелсіз, сыртқы экономикалық қызметтің барлық қарысушылары (жеке және заңды тұлғалар ) басшылыққа алуы тиіс кеден заңдары бекіткен ережелерді құрайды.Бұл ережелерге сәйкесінше кедендік режимді анықтау, кеден төлемдері(баж, алым,төлем) мен салықтарын іске асыру, кеден жеңілдіктерін пайдалану және басқа да ережелер кіреді.Қазақстанның әкімшілік заңдарына арнайы сілтемесіз "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы" Заң күші бар Президент Жарлығына сәйкес бұл ережелерді бұзғаны үшін жауакершілік қарастырылған. Бұл жерде ескерте кетуге тиіс жайт, "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы" Заңында реттелмеген жеке іс жүргізу әрекеттері әкімшілік заңда жалпы бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша негізгі өндірісті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.Істерді қарау кеден органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен сот арқылы жүзеге асырылады.(Заңның 300-бабы). XII бөлім кеден ережелерін бұзушылықтарға және осы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке арналған , ол сондай-ақ кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша іс-әрекеттерді өндіру және оларды қарау 13-тараудың 124- бабында қамтылған. ҚР-ның заңдар мен халықаралық шарттар бекіткен , орындалуы бақылау кеден органдарына жүктелген ҚР-ның кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден режимдерін ,кеден бақылауын қолдануды және кедендік рәсімдеуді қоса өткізудің , кеден төлемдері мен салықтарын салудың және төлеудің, кеден жеңілдіктерін берудің және пайдаланудың тәртібіне қол сұғушы тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті не әрекетсіздігі кеден ережелерін бұзу болып табылады, ол үшін "Кеден ісі туралы"заңда жауакершілік қарастырылады. "Тұлға " ұғымына заң шығарушы жеке және заңды тұлғаларды , сондай - ақ лауазымды тұлғаларды жатқызады. Егер лауазымды тұлғалардың қызметтік міндетіне, онда орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден ережелерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жауапкершілікке тартылуы лауазымды тұлғалар мен басқа жұмысшыларды жауакершіліктен босатпайды.Лауазымды тұлға құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеті не әрекетсіздігі үшін жеке тұлғалармен бірдей жауапкершілікке тартылады. Тек бой бермейтін , тежеусіз күш қана жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерді жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Кеден ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану жауакершілікке тартылған тұлғаны кеден төлемдері мен салықтарын төлеу міндетінен толықтай босатпайды.Егер құқық бұзушылық өз сипаты , белгісі бойынша қылмыстық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылмайды.Автордың пікірінше ,"жеке тұлға " ұғымынан "жеке кәсіпкерді" бөліп алу соншалықты негізделмеген. Жауапкершіліктің маңызды бөлігі-әскери қызметшілер мен тәртіп жарғыларының күшін қолданатын өзге де тұлғалардың кеден ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Қазақстаның әскери бөлімдер мен басқа да өскери бөлімшелері және мемлекеттік құрылымдар , ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар жалпы негізде жауапкершілікке тартылады. Заңда кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктің маңызы аз болса, кеден органдары жауапкершіліктен босатып, тек ауызша ескерту жасаумен шектелу мүмкіндігі қарастырылған, бұл жаза түрлерінің тізбесіне енбейді."Кеден ісі тураы " заңның 253-бабына сәйкес мерзімбір жыл бекітіліп , бұл мерзім біткен соң тұлға бұзықтығы үшін жазаға тартылмаған деп саналады. Кеден ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, бірақ автор оларды жеке топтарға бөлген және кеден құқық бұзушылықтары деп атаған.Кеден заңын өабылдағанға дейін кеден ережелерін бұзу белгіленген басқару тәртібіне қол сұғушылық деп танылып,әкімшілік құқық бұзушылық тобына жататын(Қазақ КСР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 15-тарау). "Кеден ісі туралы " заңд белгіленген кеден ережелерін бұзғаны үшін жаувапкершілікке тартатын 40 ереже қарастырылған . Айыппұл мөлшері бұрынғымен салыстырғанда көбейген. Сонымен қатар, кеден органдарының қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық , барлық істер бойынша іс-жүргізу және оларды қарау 30-бапты қамтиды. "Кеден ісі туралы" Заң кеден ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын жазаның алты түрін шығаруды қарастырады, бұл Ресейдің Кеден кодексінде(242 бап)қарастырылған жазалар түріне толық сәйкес келеді. Жауапкершілік шарасы ретінде ескерту ауыр салдары жоқ кеден ережелерін бұзушылық үшін негізгі жаза түрінде қабылдануы мүмкін және жазбаша түрде іс бойынша үкім шығарылуы қажет. Айыппұл-бұл төменгі жалақының мөлшеріне аралас соммамен белгіленетін жаза түрі. Есептелетін сома тауарлар мен көлік құралдарының құнына сай салынады(құқық бұзушылық ашылған күнгі еркін және нарық бағасына сәйкес).Кейінгі заңда "төменгі жалақы" ұғымы " жылдық немесе айлық есептік көрсеткіш" деп ауыстырылған , уақыт бойы енгізілмегендіктен тәжірибеде есептеуде белгілі қиындықтар туғызады. Лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу мен әрекетін кідірту жазаның негізгі түрі ретінде субъектілердің шағын тобына: -кеден қоймаларының , бажсыз сауда жасайтын дүкендердің , еркін қоймалар мен уақытша сақтау қоймаларының иелеріне; -кеден тасылмаудышыларына және кеден брокерлеріне, сондай-ақ кеден рәсімдеу жөніндегі мамандарға қолданылады. Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын, арнайы дайындалған , құны жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының кеден құқық бұзушылығының тікелей объектілері болып табылатын , кеден шекарасы арқылы кесіп өтуге арналған заттарды Қазақстан заңдарында бекітілген тәртіпте тәркілеу - тауарлар мен көлік құралдарының мәжбүрлі өтеусіз түрде мемлекет бюджетіне берілуі және жазаның негізгі түрі немесе қосымша түрдегі қолданылуы. Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының , кеден құқық бұзушылығының тікелей объектілері болып табылатын , жасырын түрде кеден шекарасы арқылы кесіп өтуде қолданылатын, арнайы дайындалып , құпия заттар жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының құнын сот тәртібімен өндіріп алу - тауарлар мен көлік құралдарының құқық бұзушылық жасалған күнгі еркін бағасының ақшалай сомасын мәжбүрлі түрде алып қою болып көрінеді және негізгі немесе қосымша түрдегі өндіріп алу болып қолданылуы мүмкін . Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының , өндіріп алуды бұзудың тікелей объектісі болып табылатын , жасырын түрде кеден шекарасы арқылы кесіп өтуде заттар жасырылған тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу " Кеден ісі туралы" заңның тоғыз бабында санкцияларында қарастырылған (270,277,282,284,287,291-баптар). "Кеден ісі туралы" заңда кеден ережелерін бұзғаны үшін жазаға тарту мерзімі (285-бап) анықталған, мұның ішінде: -ескерту,айыппұл,лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу және олардың күшін кідірту жазаларына жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға кеден ережелерін бұзушылық ашылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей,ал заңды тұлғаларға алты айдан кешіктірмей салынуы мүмкін; -тәркілеу және өндіріп алу кеден құқық бұзушылығы жасалған немесе ашылған уақытқа және олардың негізгі немесе қосымша өндіріп алу түріне тәуелсіз салынады . Кеден органының лауазымды тұлғалары нақты бұзушылықты тікелей байқаған күн немесе кеден ережелерінің бұзылғандығының белгісі көрсетілген жеткілікті мәліметтер бар материалда анықталған ай - күн кеден құқық бұзушылығының анықталған күні деп есептеледі. Мерзім қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданған соң , бірақ кеден ережелерін бұзу белгісі болған жағдайда өтуі мүмкін. Егер тұлға мерзімнің өтуіне дейін жаңадан кеден ережелерін бұзса,алдыңғы кеден ережесін бұзғандығы үшін салынған жазаның мерзімі өтуі үзіледі. Кеден ережелерін бұзғандық үшін ықпал жасау шараларын қолданудағы заңдылықты қамтасмасыз ету өте маңызды мәселе.Қазақстан заңында көрсетілген негіз бен тәртіптен өзге жағдайда ешкім кеден ережелерін бұзғандығы үшін ықпал жасау шарасына тартылмауы мүмкін . Біздің оймызша, жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау: -жоғары тұрған кеден органдары мен лауазымды тұлғалары тарапынан жүйелі түрде бақылап отырады; -прокурордың қадағалауын; - кеден органдарының кедендік құқық бұзушылық істері туралы,сондай - ақ кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының әрекеті не әрекетсіздігі , кез келген шешімдері туралы қаулысына шағымдану құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Кеден ережелері жөніндегі істерді жүргізу әрекетіне және оларды қарауда, сондай-ақ өндіріп алу жазасын қолдану туралы кеден органдарының қаулысын орындауда "Кеден ісі туралы" Заң (259-бап) заң тараптарын қатаң әрі міндетті түрде сақтауды белгілейді. "Кеден ісі туралы" Заңның іс жүргузушілік жүйесінің бөлігінде реттелмеген қатынастар әкімшілік заңда айқындалған және оларды қарауды қарастырады. Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша өндіріс пен оны қараудың жеткілікті нақты тапсрмалары тәжірибеде мамандандырылған және уәкілетті лауазымды тұлғаларды орындау, құқық бұзушылықты ашу және оның жолын кесу ;істің мән-жайын дер кезде, толық және объективті түсіндіру;қаулының орындалуын қамтамасыз ету ;кедендік құқық бұзушылықтың жасалу себебі мен шарттарын анықтау, оларды жоюдың шараларын қабылдау;құқық бұзушылықтың алдын алу ондай істерді жүргізуге біліктендірілген құзіретті мамандарды талап етеді. Кедендік құқық бұзушылығы жағдайында процессулдық және басқа әрекеттерді кеден ережелерін бұзу жөніндегі істі жүргізедегі тәжірибеде көмек бере алатын екі топқа бөлуге болады.Бірінші топқа кеден ережелерін бұзу жөніндегі істерді қарастыратын , белгіленген тәртіпке сай жағымсыз әрекетті анықтауға , дәлелдеуге , бекітуге бағытталған кеден органдарының лауазымды тұлғаларының процессуалды әрекетін жатқызамыз. Нақты айтсақ: -кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғадан сүрақ алу; -куәлардан сұрақ алу; -кедендік тексеру; -тану үшін ұсыну; -сараптама; -тауарлар мен көлік құралдарын алып қою процестері жатады. Екінші топқа кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын процессуалдық және басқа құқық бұзушылығы туралы іст ерді өндіруді қамтамасыз етуге жіберілген істер мен мүмкін болған заттай өндіріп алу санкциялары, олар тағайындаған түлғалардың бекітілген іс бойынша мән-жайды ашуын жатқызуға болады.Олар: -құжаттарды талап ету; -ақпарат алу; -қамауға алу; -бақылау,тексеру, түгендеуді жүргізу; -тұлғаны кеден органына жеткізу; -әкімшілік ұстау. Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша бәлелдемелердің , жіктелуін ұсынуға болады. Куәландыратын құжаттар тобын іс үшін маңызы бар белгілі бір себептерді ресми түрде анықтайтын,дәлелдейтін құжаттар құруға мүмкін. Екінші топтағы құжаттарға мемлекеттік орындар, басқа ұйымдар,жеке немесе лауазымды тұлғалар берген баяндау, мәлімдеуді білдіру сипатындағы құжаттарды (іс үшін маңыздылығы бар себептер жөніндегі мәліметтер хабарлайтын қызметтік құжаттар,мінездемелер, жиынның хаттамалары , хаттар,арыздар) жатқызуға болады. "Кеден ісі туралы" Заң кеден ережелерін бұзғаны үшін жаза қолданудың оңайлатылған формасын анықтаған,егер ондай бұзушылыққа ескерту мен айыптау салынса, онда заңда қарасытырылған 40 құқық бұзушылықтың 19-ына ғана қолданылады. 370-ші баптың мағынасынан тұлғаның кеден ережелерінің бұзылу фактісін, өз айыбын мойындауы,жаза қолданудың оңайтылған формасын қолданумен келісуі, ал айыппұл түрінде жазаға тартылған жағдайда құқық бұзушылық байқалған жерде айыппұлды дереу төлеуге өзінің әзірлігін және нақты мүмкіндігі бар екендігін білдіретін жағдайда бейбіт келісім келіп шығады.Бұл кезде бюджетке түсетін салынған айыппұлдың көлемі олардың бекітілген мөлшеріне байланысты емес,лауазымды тұлғалардың кеден құқық бұзушылығын байқауымен кеден ережелерінің болғандығы туралы істі жүгізуді арттырудағы жұмысына байланысты. "Кеден ісі туралы" Заң кеден ережелерін бұзу туралы істерді бөлу мен қосудың процессуалдық мүмкіндіктерін қарастырады.Бір іс жүргізуде құқық бұзғандығы үшін жауапкершілікке бір ғана сол адам тартылуға тиісті істер мен кеден ережелерін бұзуда жауапкершілікке қатысушы тұлғалар бірге тартылуға тиісті істер біріктіріліп қарастырылуы мүмкін. Қажеттілік туса,істі шешудің жан-жақтылығына,толықтылығы мен объективтілігіне әсер етпейтін болған жағдайда кеден ережелерін бұзу туралы істерді бөліп қарауға жол беріледі. Істерді біріктіру мен бөлу кеден ережелерін бұзу туралы істер өндірісіне немесе оларды қарауда іс жүргузуге тиіс ҚР Кеден Одағының лауазымды тұлғаларының қаулысы негізінде жүзеге асыралады. Айта кететін нәрсе,"ҚР Кеден ісі туралы" Заңның XII" Кеден ережелерін бұзу және осы бұзушылық үшін жауапкершілік " және XV"ҚР кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне , әрекеттеріне не әрекетсіздіктеріне шағым жасау және оларды қарау" бөлімдері ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексі іске кіріскенге дейін қолданылады. "Кеден ісі туралы"Заңның сәйкес бөлімі кеден ісі саласындағы қылмыстар , анықтама және жедел іздестіру , кеден органдарының "бақылау жасалатын жеткізілімдер" деп аталатын халықаралық әдісін пайдалану мәселелерін регламенттейді. Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің нақтылы атқарылуы олардың осы алдағы қызметін жаңадан қабылданған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заң актілерімен сәйкес бекіту арқылы қамтамасыз етеді. Бақылау сұрақтары: Кеден органдарының қызметі қандай? Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік................................................................................................ 1.Тақырып Әкімшілік құқыктың пәні мен әдістері.. 2.Тақырып Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі............................. 3.Тақырып Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі....................................................................................................4.Тақырып Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік -құқықтық мәртебесі.................................................................................................... 5.Тақырып.Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі... 6.Тақырып Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық нысандары.................................................................................................7.Тақырып Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық әдістері.......................................................................................................8.Тақырып Әкімшілік мәжбүрлеу.. 9.Тақырып Әкімшілік жауапкершілік. 10.Тақырып Әкімшілік процессуалдық қызмет. 11.Тақырып Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау....................................................................................................12.Тақырып Әкімшілік құқықтық режимдер. 13.Тақырып Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу. 14.Тақырып Әлеуметтік-мәдени саланы және ғылымды мемлекеттік басқару.......................................................................................................15.Тақырып Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу............... 16.Тақырып Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқыктық негіздері...................................................................................................................
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz