Файл қосу
Жануарлардың гаметаларының биологиялық мәні
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжат ПОӘК ПОӘК 042-18-22.1.13/02 -2013 ПОӘК <<Эмбриоинженерия>> пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы № __басылым <<___>>______ ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<ЭМБРИОИНЖЕНЕРИЯ>> 5В060700 - <<Биология>>, 5В080300 - <<Аң аулау және аңшылықтану>> мамандықтарына арналған ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 20__ Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНГЕН Құрастырған _______________ <<____>>___________20____ж. "Малшаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен" кафедрасының а.ш.ғ.к., профессор м.а. Нуржанова К.Х. * ТАЛҚЫЛАНҒАН 2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті "Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен" кафедрасының мәжілісінде. <<___>>___________ 20 - - ___ж. №___ хаттама Кафедра меңгерушісі______________Тугамбаева С.М. 2.2.Аграрлық факультетіның оқу - әдістемелік комиссия мәжілісінде. <<___>>____________20___ж. №___ хаттама Төрағасы ___________________ Тлеубаева А. * БЕКІТІЛГЕН Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, басылымға ұсынылған. <<___>>____________20___ж. № ____хаттама. ОӘК төрағасы________________ Искакова Г. ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН Мазмұны 1. Қолдану саласы 2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 3. Пәндерді оқып-меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6 Баға қоюдың саясаты 7. Әдебиеттер 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР 1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер Нұржанова Кульсара Халимарденовна., а.ш. ғ.к., доцент <<Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен>> кафедрасы Байланыс ақпараты - телефоны 531970, № 7 оқу ғимараты , 208 кабинет Сабақ өтетін бөлмелер - 203 Несие саны - 3 (үш) 1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы Қазіргі уақытта эмбриотрансплантация, эмбрионды қолдан өсіру, эмбриоинженерия әдістерін зерттеу өте қажет. Физиологиялық параметрлері бойынша жануарлардың генотиптерін болжауға болатын белгілерді анықтау ауқымды ғылыми прпоцесс болып табылады. Овуляцияланған фолликулалардың өсуін, дамуын және жетілуін басқаратын механизмді, гаметалардың ұрықтануын және ұрықтың эмбрионалдық дамуын түсіну, өсіп-өнудің генетикалық жетілуінің селекциялық критерилерін анықтауға мүмкіндік тудырады, әрі ол жануарлардың өсуінің тұқым қуалау жағдайларын жоғарылататын жаңа тәсілдерін жасауға өте бағалы болып табылады. Өсіп-өнудің селекциялық аспектілері көп жағдайда жануардың биологиялық сапасын реттейтін процесстермен анықталады. 1.3 Пәнді оқытудың мақсаты Мақсаты - биотехнологияның негізгі сауалдары бойынша теориялық білімдерін және мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау мен эмбриоинженериялық зерттеулер бойынша практикалық білімдерін меңгерту. 1.4 Пәннің негізгі міндеттері 1)ауыл шаруашылығы биотехнологиясының зерделеу бағыттары және зерттеу әдістері; 2)басқа биологиялық ғылымдар ішіндегі алатын орнын анықтау; 3)жеке организм дамуындағы жасушалық және молекулалық-генетикалық негізін зерделеу; 4)мал шаруашылығында қолданылатын себінді, эмбриоинженерия және трансплантация әдістерін меңгеру 1.5 Пәнді оқып-меңгерудің нәтижелері Пәнді толық өткен студент: 1)зертханалық жануарлардың репродукциясының теориялық негіздерін білу; 2)осы пән бойынша теориялық және практикалық білімдерді меңгеру, өзінің мамандығына қажетті практикалық мағлұматтарды меңгеру; 3)биотехнологиялық зерттеулер бойынша практикалық білімдерді меңгеру; 4)коммерциялық биотехнологиялық өнімдер нарығында еркін жұмыс істеуді және мақсаттарына байланысты қажетті зерттеулер жүргізуді, биотехнологиялық практиканы тиімді пайдалануды үйренеді; 5)биотехнологияның әртүрлі салалары бойынша білімдерін жетілдіреді. 1.6.Курстың пререквизиті: <<цитология>>, <<генетика>>, <<жануарлар физиологиясы>>. 1.7 Курстың постреквизиті: <<Жеке тұлғалық дамудың биологиясы>>, <<Молекулалық биология>>, <<Биологияны оқыту әдістемесі>>. 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 1-кесте № п/п Тақырып атауы Сағат саны Д ЗС СОӨЖ СӨЖ Әдебиеттер 1 2 3 4 5 6 7 1 Модуль Жануарлардың өсіп-өну негіздері 1 Блок Жануарлардың өсіп-өнуінің биологиясы 1 Кіріспе. Эмбриоинженерия пәні, міндеттері және әдістері. Эмбриоинженерияның қысқаша даму тарихы. 1 2 1.5 4.5 2,4,6,7 2 Жануарлардың өсіп-өнуінің биологиялық негіздері. 1 2 1.5 4.5 1,3,8,11 3 Биотехнологияның селекциялық аспектілері. 1 2 1.5 4.5 1,2,12,14 4 Ұрғашы-донорларды ұрықтандыру және суперовуляция. 1 2 1.5 4.5 1-5, 14 5 Эмбриондарды трансплантациялау. 1 2 1.5 4.5 2-6, 13 2 Блок Эмбриондарды қолдан өсіруді зерттеу 6 Гаметалардың биологиялық мәні және оларды өсіру. 1 2 1.5 4.5 1-5, 14 7 Гаметаларды ұрықтандыру және эмбриондарды in vivo өсіру. 1 2 1.5 4.5 2-6, 13 8 Гаметаларды ұрықтандыру және эмбриондарды in vivo өсіру. 1 2 1.5 4.5 2-10 2 Модуль Алдын-ала бағдарланған жануарларды алу. 1 Блок Гаметалардың және эмбриондардың криобанкі 9 Бағалау, селекция, гаметалар мен эмбриондарды таңдау. 1 2 1.5 4.5 1,3,8,11 10 In vitro-да гаметасын өсіру және ұрықтандыру. 1 2 1.5 4,5 3-7, 9, 11 11 Гаметалардың және эмбриондардың криобанкі. 1 2 1.5 4.5 2 Блок ДНҚ деңгейіндегі микроманипуляция 12 Молекулалық биотехнология негіздері. 1 2 1.5 4.5 1-5, 14 13 ДНК-ң клондау және секвенир векторлары. 1 2 1.5 4.5 2-6, 13 3 Блок Ген инженериясындағы микротехнология 14 Жануарлар клеткасының ядро деңгейіндегі микротехнологиялары. 1 2 1.5 4.5 2,4,6,7 15 Трансгенді, клонды және химерлі жануарлар. 1 2 1.5 4.5 1,3,8,11 Барлығы 15 30 22,5 67,5 * 3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР Тәжірибелік сабақтарға дайындалу барысында міндетті түрде оқу-әдістемелік нұсқаулықтарды (ПОӘК 3), дәрістерді, пәннің оқыту құралдарын білу қажет. Сабақтың мақсатына, сабаққа дайындалуға қажетті негізгі сауалдарға, сабақтың мазмұнына назар аудару керек. Зертханалық сабақтар мынадай түрде өтеді: * сауалдар - тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау * ситуациялық тапсырмаларды зертханалық тәжірибе түрінде орындаған магистранттардың өздік жұмыстары. Межелік бақылау әр апта сайын өткізіледі Зертханалық жұмыстардың қысқаша мазмұны. 1-ші зертханалық жұмыс. Эмбриоинженерия пәні, әдістері және міндеттері. Жұмыстың мақсаты: <<Эмбриоинженерия>> ғылымымен және мал шаруашылығындағы эмбриоинженерияның әдістерімен танысу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: * Тақырыптың бақылау сұрақтарын теориялық талқылау. * Мал шаруашылығында эмбриоинженерлік зерттеулердің молекула деңгейіндегі және клетка деңгейіндегі мәнін ашу. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: * Генетикалық жобаланған организмдер табиғи биологиялық әртүрлілікке әсер етуі мүмкін бе? * Неліктен мал шаруашылығында селекцияның дәстүрлі әдістері биотехнологияның тәсілдері мен әдістерінсіз жүргізіле алмайды? * Қазақстанда жануарлар биотехнологиясы қалай дамуда? 2-ші зертханалық жұмыс. Жануарлардың репродуктивті аппаратының биологиялық мәні. Жұмыстың мақсаты: Жануарлардың түріне және жынысына байланысты репродуктивті аппараттарын зерттеу. Суреттер мен сызбалардан студенттер жануарлардың репродуктивті жүйесімен танысады. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: * Ауылшаруашылығы малдарының негізгі түрлерінен ұрғашы малдың репродуктивті мүшелерін зерттеу, кестені толтыру. * Ауыл шаруашылығы малдарының ұрғашы және еркек дараларының жыныстық мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: * Жыныстық ерекшеліктеріне байланысты жануарлардың жыныс жүйесінің биологиялық мәні қандай? * Жыныстық ерекшеліктеріне байланысты жануарлардың жыныс жүйесі қандай мүшелерден тұрады? * Еркек және ұрғашы малдарда қай жыныс мүшесі жұп болып келеді? * Малдардың жыныс жүйесіне жататын әрбір мүше қандай қызметтер атқарады? 3-ші зертханалық жұмыс. Жануарлардың гаметаларының биологиялық мәні. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: * Сперматозоидтың морфологиялық мәнін зерттеу. * Сперматозоидтың даму кезеңін зерттеу. * Жұмыртқа клеткасының морфологиялық мәнін зерттеу. * Мейоздың редукциялы және эквациялы бөліну ерекшеліктерімен танысу. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: * Гаметаларға қандай биологиялық қасиеттер тән? * Акросома қандай қызмет атқарады? * Неліктен бірдей ортақ биологиялық қызметтер атқаруына қарамастан жұмыртқа клеткасы сперматозоидтан ерекше болып келеді? * Неліктен гаметогенез барысында жұмыртқа клеткаларына қарағанда сперматозоидтар көп мөлшерде түзіледі? 4-ші зертханалық жұмыс. Жануарлардың биотехнологиялық резерві. Жұмыстың мақсаты: Студенттердің дайындаған тақырыптарын тапсыру есебі. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: Студенттер оқытушымен бірге өткен бөлімдердің тақырыптарын талқылайды. Содан кейін <<дөңгелек стол>> өткізіліп, студенттер өздерінің дайындаған рефераттық жұмыстарын тапсырады. 5-ші зертханалық жұмыс. Ұрғашы донорларды іріктеу. Жұмыстың мақсаты: Аналықтарды іріктеп алу ережелерімен танысу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: * Из племенного ядра отобрать баранов-производителей (2 гол) и овцематок-доноров (10 гол) породы 1. * Зерттеуге іріктеліп алынған жануарлардың өнімділік ерекшеліктерін сипаттау. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: * <<Іріктеу>> терминін қалай түсінеміз? * Аталық-өңдіруші және аталық-сынақ: оларды қолдану ерекшеліктері? * Үйірді өсіп-өндіруге жануарлардың қай түрі белсенді қатысады? 6-шы зертханалық жұмыс. Ұрғашы-реципиенттерді іріктеу. Жұмыстың мақсаты: Аналықтарды іріктеп алу ережелерімен танысу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: * Реципиент- аналықты іріктеу үш кезең бойынша жүреді. Бірінші кезеңде реципиент ретінде екінші асыл тұқымды аналықтардың барлығы қатыса алады; бұлар өнімділік көрсеткіштері бойынша екінші класқа жатқызылғандар, яғни физиологиялық тұрғыда жетілген (2,5-3,5 жас), сау және жақсы өсіп-өну қасиеттеріне ие. Бұл кезеңде қолданыстағы үйірдің ішінен жоғарыдағыда көрсетілген іріктеу критерилеріне сәйкестендіріп іріктеп аламыз. Іріктеп алынған реципиенттер шамамен 100-300 бас (10-30 бас екінші тұқымды реципиент аналық бірінші тұқымды донор аналыққа 1 бастан есептегенде). * Әзірленген бірінші тұқымды донораналықтарға қолданыстағы екінші тұқымды реципиент аналықтарын іріктеп алу (іріктеудің үшінші кезеңі - 30 бас). Алынған нәтижелер бойынша кесте құру. * Зерттеуге іріктелініп алынған жануарлардың өнімділік ерекшеліктерін сипаттау. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: * Реципиенттерді іріктеп алу үшін қандай талаптарды сақтау қажет? * Реципиенттерді саны жағынан қажет мөлшерде іріктеп алу неше кезеңнен тұрады? * Бірінші кезеңде бір донорға неше реципиент іріктеп алады? 7-ші зертханалық жұмыс. Аналықтарды іріктеу: аналық-донор және аналық-реципиент. Жұмыстың мақсаты: Аналықтарды іріктеу: аналық-донор және аналық-реципиент. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Күйектің пайда болу синхрондылығына байланысты донорлар мен реципиенттер араларындағы өзара байланыстарды анықтау. 2.Сұрыптаудан кейін биологиялық жетілген эмбриондарды дайындалған реципиенттің гениталиіне салады. Сондықтан іріктеудің бұл кезеңі соңғы кезең болып табылады. Неғұрлым аналық-донорлардан биологиялық жетілген эмбриондарды көп алса соғұрлым аналық-реципиенттер көөптеп қолданылады (эмбриондарды көшірудің негізгі ережелерін дұрыс сақтағанда). 3.Алынған мәліметтер бойынша сұрыптау анализін жасандар. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1. Екінші кезеңде бір донорға неше реципиент дайындайды? 2.Үшінші кезеңде бір донорға неше реципиент дайындайды? 3.Аналық донор мен аналық реципиенттердегі күйлеуді қалай анықтайды? 4.Аналықтарды іріктеу барысында қандай манызды жағдайларды ескеру қажет? 8-ші зертханалық жұмыс. Эмбриоинженерияның тәжірибелік негіздері. Жұмыстың мақсаты: Студенттердің білімдерінің сапасын бақылау. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: Студенттер билет тандап алып, сұрақтарға жпазбаша түрде жауап береді. Тапсырма жұмыс дәптерінде орындалады. Сабақтың соңында дәптерлерді оқытушыға тапсырамыз, оқытушы бұл сабақ үшін 2 баға қояды: біріншісі - өздік жұмыстарының орындалу сапасына, екіншісі - коллоквиумге. 9-шы зертханалық жұмыс. Суперовуляцияланған фолликулогенез. Жұмыстың мақсаты: Суперовуляцияланған фолликулогенезді сипаттайтын процесті зерттеу. Суперовуляция үшін қолданатын гормонды препараттармен танысу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Жануарлардың гонадаларының функциональдық, анатомиялық және гистологиялық мәнін зерттеу, кестені толтыру. 2.Мал шаруашылығында аналық малдардың жыныстық циклдарын реттеу үшін қолданатын гормонды препараттарды зерттеу. 3.Гонадотропин ФСГ арқылы суперовуляция жасалынған сиыр-донорларға гормондық әсерлердің сызбасын зерттеу, кестені толтыру. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Суперовуляцияланған фолликулогенезде гипоталамус, гипофиз, яичник араларындағы байланыс реакциясын қалай сипаттап беруге болады? 2.Организмге әсер етуіне байланысты жыныс гормондарын қалай жіктейді? 3. суперовуляцияланған аналық-донорларды ұрықтандырғанда қандай өзгерістерді ескері қажет? 4.Аңшылықты үйлестіру үшін қандай гормондарды қолданады? 5.Неліктен қой шаруашылығында аңшылықты үйлестіру үшін гормондарды қолданбайды? 10-шы зертханалық жұмыс. Суперовуляция деңгейі. Жұмыстың мақсаты: Суперовуляция деңгейін анықтау әдістемесін зерттеу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Донорға есептегендегі суперовуляция деңгейін және физиологиялық критерилерге байланысты алынған вариацияны анықтау. 2.Алынған деректер бойынша клеткалық анализ жасау. Ол үшін кесте толтырыныз. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Қандай жағдайларда суперовуляция сәтті болады? 2.Қандай көлемдегі фолликулалар экзогормодарға оң әсер етеді? 3.овуляция нормасы және суперовуляция деңгейі ені көрсетеді? 11-ші зертханалық жұмыс. Суперовуляция деңгейіне әсер етуші факторлар. Жұмыстың мақсаты: Суперовуляция деңгейіне әсер етуші факторларды зерттеу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.суперовуляция деңгейіне әсер етуші факторларды анықтау және анализ жасау. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Суперовуляция барысына қандай факторлар әсер етеді? 2.суперовуляция деңгейіне қандай факторлар әсер етеді? 3.Овуляция нормасына қандай факторлар әсер етеді? Овуляцияның нормасы қандай көрсеткіштерге байланысты? 12-ші зертханалық жұмыс. Эмбриондарды транспантациялау әдістері. Жұмыстың мақсаты: Эмбриондарды транспантациялау әдістерін үйрену және ауыл шаруашылығы малдарының түрлеріне байланысты әдістерді қолдану. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: * Мал шаруашылығындағы эмбриондарды транспантациялау әдістерін зерттеу және кесте толтыру. * Трансплантацияның қолданған әдісіне байланысты эмбрионның даму сатысын зерттеу. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін тандап алу неге байланысты? 2.Эмбриондарды трансплантациялау әдісі қандай хирургиялық және хирургиялық емес тәсілдер бойынша жүргізіледі? 4. Жануарлардың түрі эмбриондарды трансплантациялау әдісін тандап алуға әсер етедіме? 13-ші зертханалық жұмыс. Эмбриотрансплантацияның теориялық негіздері. Жұмыстың мақсаты: Студенттердің білім сапасын бақылау. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: Студенттер билет тандап алып, сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді. Тапсырма жұмыс дәптерінде орындалады. Сабақтың соңында дәптерлерді оқытушыға тапсырамыз, оқытушы бұл сабақ үшін 2 баға қояды: біріншісі - өздік жұмыстарының орындалу сапасына, екіншісі - коллоквиумге. 14-ші зертханалық жұмыс. Бағалау, селекция, гаметаларды таңдау. Жұмыстың мақсаты: Бағалау шкаласымен және селекцияның принциптерімен танысу, гаметаларды тандау. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Кесте толтыру арқалы фолликулалардың, сперматозоидтардың сапасын бағалау әдістерін зерттеу. 2.Селекциямен және фолликулалар мен сперматозоидтарды тандаумен байланысты сауалдарға жауап табу жолдарымен клетка селекциясының негізін зерттеу. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Сперма мен фолликулалардың сапасын қандай көрсеткіштер сипаттайды және оларды сұрыптағанда қандай принциптерді ұстану қажет? 2.Гаметалар селекциясында қандай шкала қолданылады? 3.Қандай жағдайларда сперматозоидтар мен фолликулалардың сапасын бағалау қажет? 15-ші зертханалық жұмыс. Бағалау, селекция және эмбриондарды тандау. Жұмытың мақсаты: Бағалау шкаласымен және селекцияның принциптерімен танысу, эмбриондарды тандау. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Кестені толтырыңыз <<Биологический стандарт развития для предимплантационных эмбрионов млекопитающих>>. 2.Селекциямен және эмбриондарды тандаумен байланысты сауалдарға жауап табу жолымен клетка селекциясының негізін зерттеу, кесте толтыру арқылы. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Эмбриондардың сапасын қандай көрсеткіштер сипаттайды және оларды сұрыптағанда қандай принциптерді ұстану қажет? 2.Эмбриондар селекциясында қандай шкала қолданылады? 3.Қандай жағдайларда эмбриондардың сапасын бағалау қажет? 16-шы зертханалық жұмыс. Ұрықтандыру және гаметалар мен эмбриондарды қолдан өсіру. Жұмыстың мақсаты: Ұрықтанудың биологиялық мәнін зерттеу және гаметалар мен эмбриондарды өсірудің әдістерімен танысу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Ұрықтану және эмбриондарды өсірудің теориялық негізін кесте толтыру арқылы зерттеу. 2.Ұрықтану барысында гаметалардың жақындау процесіне әсер етуші негізгі биологиялық фактоларды зерттеу. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Гаметаларды өсіруде және эмбриондарды өсіруде қандай әдістер қолданылады? 2.Гаметаларды ұрықтандырудың әдістері? 3.Экстрокорпоральды ұрықтандырудың әдістемесін сипаттау? 4.in vitro гаметаларын ұрықтандыруға әсер етуші факторлар? 17-ші зертханалық жұмыс. Гаметалар мен эмбриондардың криобанкі. Жұмыстың мақсаты: Гаметалар мен эмбриондарды қатырудың теориялық аспектілері және криоонсервация және витрификация әдістерімен танысу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Биологиялық объектілерге төмен температурамен әсер ете отырып гаметалар мен эмбриондардың жарақаттануымен және температуралық зоналарымен танысу. 2.Төменгі температураның әсер етуінен биологиялық жүйелердің жарақаттануының екі факторлы теориясын ашу. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Криоконсервация әдісін қандай мақсатта қолданады? 2.Гаметалар мен эмбриондардың криоконсервация әдістері? 18-ші зертханалық жұмыс. Мал шаруашылығындағы биотехнология әдістері. Жұмыстың мақсаты: Студенттердің даярлаған тақырыптары бойынша есеп беру. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: Семинарға студенттер зерттелген өздік жұмыстарымен қатысады. Әрі студенттер көрнекілік құралдар қолдануы тиіс. 19-20-шы зертханалық жұмыстар. Ооцитер мен эмбриондар арасындағы өзара байланыс. Жұмыстың мақсаты: Эмбриондарды жуу барысында алынған биоматериалдың құрамын анықтау әдістерін меңгеру. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Биоматериалдың құрамын зерттеу. 2.Донор санымен эмбриондардың шығуын есептеу. 3.Биологиялық жетілген эмбриондардың шығуын анықтау. 2.1.Жұмыстың осы кезеңіндегі сәтсіздіктерді пайызбен анықтау. 2.Эмбриондардың шығуына суперовуляция деңгейі мен гормондық әсерлердің сызбасының әсерін анықтау. 3.Алынған овуляциялар, шыққан эмбриондарды және биологиялық жетілген эмбриондар аралығындағы сандық өзара байланыстарлы бағалау. 4.даму кезеңіне байланысты эмбриондардың биологиялық жетілуін бағалау. 21-22-ші зертханалық жұмыстар. Донор, эмбрион, реципиент және трансплантант араларындағы өзара байланыстар. Жұмыстың мақсаты: Донор, эмбрион, реципиент және трансплантант араларын <<дұрыс>> физиологиялық және биохимиялық өзара байланыстармен қамтамасыз ететін факторларды анықтау және зерттеу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1. Определить процент суягности для 30 использованных в трансплантации реципиентов. 2. Определить процент приживляемости для трансплантируемых 68 эмбрионов. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Трансплантация кезінде эмбриондардың тірі қалуына қандай фактор әсер етеді? 2.Хирургиялық және хирургиялық емес әдістермен трансплатациялағанда эмбриондарды қай даму кезеңінде қолдануға болады? 3.Донор, эмбрион, реципиент пен трансплантант араларындағы байланыстарды анықтау үшін қандай көрсеткіштерді қолданады? 23-24-ші зертханалық жұмыстар. Трансплантанттың өнімділік сапасының қалыптасуына аналық эффектінің әсері. Жұмыстың мақсаты: Трансплантанттың бойы мен дамуына аналық эффектінің әсері. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Алынған қозы-трансплантанттарының бойы мен дамуын зертеу. 2.Аналық эффектінің қой-трансплантанттарының өнімділік сапасының қалыптасуына әсерін анықтау. 3.Жасалған жұмыстардың экономикалық нәтижесән анықтау. 25-ші зертханалық жұмыс. Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық анализ. Жұмыстың мақсаты: Студенттердің даярлаған тақырыптары бойынша есеп беруі. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: Семинарға студенттер зерттелген өздік жұмыстарымен қатысады. Әрі магистрант көрнекілік құралдр қолдануы тиіс. 26-шы зертханалық жұмыс. Биотехнологияның молекулалық негіздері. Жұмыстың мақсаты: Биотехнологияның молекулалық негізін зерттеу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Нуклеотид - нуклеин қышқылының бірлігі. 2.ДНҚ репликациясының графикалық моделі. 3.Белок синтезіндегі гендік бақылаудың графикалық моделі. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Жануар организмінде ДНҚ мен РНҚ қандай қызмет атқарады? 2.ДНҚ ненің орталығы болып табылады? 3.Белок синтезінің гендік бақылауы қалай жүзеге асады? 4.Прокариот және эукариот транскрипциясының арасында қандай айырмашылық бар? 27-ші зертханалық жұмыс. Рекомбинантты ДНҚ Жұмыстың мақсаты: Рекомбинантты ДНҚ-ны клондау принциптерін зерттеу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Келесі терминдерге анықтама мен түсінік беріндер: клондау, генден банкі, геном кітапханасы, секвенирлеу, скрининг, рекомбинантты ДНҚ, фермент-рестриктер, вектор, космид. Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.рДНҚ молекуласы? 2.Вектор қандай қасиеттерге ие болуы қажет? 3.Секвенир қандай мақсатта жүргізіледі? 4.Скрининг қалай жүзеге асырылады? 28-29-шы зертханалық жұмыстар. Трансгенді, клонды және химерлі жануарлар. Жұмыстың мақсаты: Трансгенді, клонды және химерлі жануарларды алумен байланысты процедураларды зерттеу. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1.Мал шарашылығында молекулалық деңгейде эмбриоинженерия жұмыстарының кезеңдерін зерттеу. 2.Трансгенді жануарларды алудың принциптерін зерттеу. 3. Клонды жануарларды алудың принциптерін зерттеу. 4. Химерлі жануарларды алудың принциптерін зерттеу. 30-шы зертханалық жұмыс. Эмбриоинженерияның теориялық негіздері. Жұмыстың мақсаты: Студенттердің білім сапасын тексеру. Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар: Студенттер билет тандап алып, сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді. Тапсырма жұмыс дәптерінде орындалады. Сабақтың соңында дәптерлерді оқытушыға тапсырамыз, оқытушы бұл сабақ үшін 2 баға қояды: біріншісі - өздік жұмыстарының орындалу сапасына, екіншісі - коллоквиумге. СОӨЖ аудиториялық сабақ тақырыптарының ауқымды оқытудың түрі ретінде орындалады, кеңестер бекітілген уақыттарда өткізіледі, бақылау әрбір апта сайын жүргізіледі. СӨЖ баяндама, презентация, тақырыптық ғылыми ізденіс жұмысы түрінде орындалады. СӨЖ әрбір апта сайын тексеріледі. МБ 7 және 15 аптада ауызша алынады. 4 КУРС ФОРМАТЫ Теориялық (дәріс) мағлұматтарды меңгергеру барысында тезаурустық оқыту тәсілінің элементтері қолданылады, әрі білім алушылар мамандықтың жеке (профессионалды) тезаурусын қалыптастыыру қажет. Аудиториялық сабақтар жеке тапсырмаларды және графикалық жұмыстарды орындау түрінде өткізіледі. Сабаққа дайындалу жүйелі сипатта болғаны жөн, әдістемелік үсыныстарды міндетті түрде өздерінше оқуы қажет. СӨЖ баяндама, презентация, тақырыптық ғылыми ізденіс жұмысы түрінде орындалады, әрі міндетті түрде орындалып, көрсетілген уақытта өткізілуі тиіс. Межелік бақылау ауызша өткізіледі. Межелік аттестацияның қорытынды бағалары студенттердің дәріске және тәжірибелік сабақтарға қатысуын, тәжірибелік сабаққа дайындықтарын, СОӨЖ және СӨЖ орындап және көрсетілген уақытында тапсырылуын толықтай қамтып қойылады. Емтихан жазбаша түрде өткізіледі. 5 КУРС САЯСАТЫ Біздің бірлесіп істеген жұмыстарымыз келесідегідей ережелерге негізделіп жүргізіледі: * Оқытушы мен студент бір-біріне сыйластықпен қарау керек. * Сабақ барысындағы ережені бұзған кез-келген тәртіп қатаң жазаланады, аудиториядан шығарылады, ал сабаққа белсенді қатысу ескеріледі. * Сабаққа кешікпей дәл уақытында келу керек және сабаққа міндетті түрде қатысу қажет. * Орынсыз босатқан сабақтар және кешіктіріліп тапсырған тапсырмалардың бағасы электрондық журналда автоматты түде төмендейді. * Білімді бағалау балдық-рейтингтік жүйе негізінде қойылады. 6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ <<Эмбриоинженерия>> пәні бойынша балдық бағалау. 2-кесте Апта Бақылау түрі Барлық балдар Ескерту 1 2 3 4 Барлық сабаққа қатысу 1 аптадан 7 аптаға дейін 30 1 Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл,МӨЖ 12 балл 35 2 Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл 35 3 Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл 35 4 Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл 35 5 Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл 35 6 Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл 35 7 1 межелік бақылау 60 1 аптадан 7 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл 300 Барлық сабаққа қатысу 8 аптадан 15 аптаға дейін 30 8 Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл 30 9 Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл 30 10 Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл 30 11 Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл 30 12 Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл 30 13 Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл 30 14 Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл 30 15 2 межелік бақылау 60 8 аптадан 15 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл 300 Емтихан үшін жиынтық балл 400 Академиялық кезеңдегі жиынтық балл 1000 * Негізгі әдебиеттер o Бегимкулов Б.К. Генетика, Алматы, 2000. 7.1.2 Бегимкулов Б.К. Молекулярная генетика с основами биотехнологии, Алматы, 1996. 7.1.3 Белоус А.М. Криоконсервация репродуктивных клеток, Москва, 1986. o Бернет Ф. Клеточная иммунология: Перев с анг. - М.: Мир, 1971. 7.1.5 Георгиевский В.И., Физиология сельскохозяйственных животных, М., 1990. 7.1.6 Джамалова Г.А. и др. Биотехнология воспроизводства животных с основами эмбриоинженерии, А., 1996. 7.1.7 Завертяев Б.П. Биотехнология в воспроизводстве и селекции крупного рогатого скота, М., 1989. 7.1.8 Калашник И.А., Практикум по общей ветеринарной хирургии, М., 1982. 7.1.9 Красота В.Ф. и др. Разведение сельскохозяйственных животных, М., 1990. 7.1.10 Мурзамадиев А.М. и др. Биотехнология в воспроизводстве овец, Алматы, 1992. 7.1.11 Петухов В.Л. и др. Генетические основы селекции животных. М., 1989. + Қосымша 7.2.1 Глик Б., Пастернак Дж. Молекулярная биотехнология. Принципы применения. М., 2002. o Грин Н. Биология, М., 1990, т.3. 7.2.3 Курбатова Д.А. Криоконсервация спермы сельскохозяйственных животных, М., 1988. o Магда И.И. Оперативная хирургия, м., 1990. o Меркурьева Е.К., Биометрия, М., 1970. 7.2.5 Мингазова Т.А. Воспроизведение сельскохозяйственных животных, М., 1988. o Свенсон К., Уэбстер П. Клетка: Пер. с англ. - М., 1990. 7.2.7 Карлсон Б.М., Основы эмбриологии по Пэттену в 2 т.: Пер с анг. - М., 1983. o Студенцов А.П. Ветеринарное акушерство и гинекологитя, М., 1980. o Шипилов В.С. Ветеринарное акушерство и гинекологитя, М., 1988. 7.2.10 Эрнст Л.К., Трансплантация эмбрионов сельскохозяйственных животных, М., 1989. 7.2.11 Эрнст Л.К. и др. Племенное дело в животноводстве, М., 1987.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz