Файл қосу
Шеңберлі орман материалдарының сорттары
Шеңберлі орман матеиалдары. * Орман материалдарының класификациясы. Орман тауар тану пәні әртүрлі орман материалдары мен шикізат, ағаштан жасалатын бұйымдарды, осы тауар түрінің сапасын жақсартатын шарттарды талқылап, оларды сақтауды, сонымен қатар өлшеу, есептеу, маркировка жасау, тасымалдау және қабылдап - өткізу және тұтынушыларға өткізуді зерттейді. Тауар деп адамның қажеттілігін қамтамасыз ету және сатуға арналған еңбек затын айтады. Орман тауарлары деп ағаштың сүрегі, тамыры және діңімен механикалық, химиялық, механихимиялық жолмен өңдеу арқылы алынған шикізат және өнім. Орман өндірісінен шығарылған орман тауарлары орман материалдары деп аталады. Орман материалдары ағаштың табиғи құрылымын және химиялық құрамын сақтайды. Орман материалдарын құлатылған ағаштарды тігінен және көлденең кесу арқылы алады. Белгілібір мақсатқа қажетті орман материалдарын сортимент деп аталады. Орман сортименттері сыртқы түрі мен өңдеу дәрежесі арқылы ажыратылады. Орман материалдарының классификациясы - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың қажетті өлшемдері мен сапасына, ағаштың құрылымына байланысты оларды классқа, класс асты, топтарға бөліп, негізгі белгілеріне байланыстырып зерттеу. Орман материалдарын механикалық өңдеуіне байланысты келесі класстарға бөлінеді: * Шыбықтарды көлденең кесу арқылыалынатын шеңберлі орман материалдары (құлатылған ағашьың діңі, яғни тамыр бөлігінен, ұшар басынан және бұтақтарынан тазаланған) қажетті ұзындыққа кесілген; * Кесілген, орман материалдарын көлденең кесу арқылы алынады; * Сыдырылған, арнайы сыдырғыш станоктарды ағашты спиральбойымен кесу арқылы форматты беттер алынады; * Сүргілеген, орман материалдарын қалыңдығы диаметрінен аспайтындай жұқа беттер жасау арқылы шпонды сүргілегіш станокта жасайды; * Шабылылған, ағашты талшық бойымен бөліп жару арқылы; * Ұсатылғанғ ағаштарды ұсатып кесу машиналарынан, фрезерлі кескіш және стружкалы станоктарда, т.б алынады. Шыбықтың кесілген бөліктері разметі және қасиеттеріне байланысьы келесідей тауарлық категорияға бөлінеді: іскерлі және төмен сапалы ағаштар. Іскерлік ағаштар деп шеңберлі және жарылған орман материалдары жатады, отын, ағаш түбірі және технологиялық жоңқадан басқасы. Төмен сапалы ағаш - бұл қажеттілікті қанағаттандырмайтын, яғни стандартқа сай емес шыбықтың кесінділері, бірақ олар қосымша механикалық өңдеу мен қайта өңдеуден кейін қолданылуы мүмкін. Отындық ағаш - бұл ағаштар отын ретінде қолданылатын суректер (МЕСТ 3243 - 88). Шеңберлі орман материалдары породасына байланысты екі топқа бөлінеді: қылқанды және жапырақты тұқымды орман материалдары. Әрбір топқа өзіне тән ерекшеліктері мен қолданылуына байлансты сортименттерге әр түрлі стандарттар жасалады. Номинальды өлшемдер, градация, әдіптер мен шектемдер. Номинальды деп - стандартты көрсетілген ағаш ылғалдылығының белгілі бір көрсеткішіндегі сортименттің өлшемін айтады. Сортименттердің номинальды ұзындықтары әр түрлі көлемді болуы мүмкін. Стандарттарда сортименттердің минималды және максималды ұзындықтары көрсетілген болса, онда міндетті түрде ұзындыққа қатысты градицияларды да көрсетеді (орман материалдары үшін олар 0,05; 0,1; 0,20; 0,25; 0,30; 0,50 және 1,0 м). Шеңберлі орман материалдарының қалыңдығы 14 см - ден кем болған жағдайда толық бүтін санға дейін дөңгелектеп, ол кезде 0,5 см - ден аз бөлігі есептелмейді, ал 0,5 см-ден көп болса одан үлкен санға дейін дөңгелектенеді. Мысалы, нақты қалыңдығының өлшемі 8,5 см-ден 9,4 см-ге дейін болса номиналды жуандығы 9,0 см, ал 9,5 см-ден 10,4 см-ге дейін болса жуандығы 10 см. Ал шеңберлі орман материалдарының диаметрі 14 см-ден көп болса жұп санға дейін жуықтайды, мысалы 15,0 ден 16,9 см-ге дейін болса, номиналды жуандығы 16 см. Шеңберлі орман материалдарына, баланстар мен кеніш тіректерінен басқа, міндетті түрде номиналды өлшемдерге қосымша - припусктар, яғни торцовка мен одан кіші сортименттер жасау үшін кескен кезде ұзындығының қысқаруын өтеп отырады. Припусктар шеңберлі орман материалдарынаң ластанғаннан тазалағанда, лайдан және құммен бітеліп қалған ұштарын тазалаған кезде номиналды өлшемдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Тігінен кесілетін және сүргіленетін шеңберлі орман материалдары дөңгелек күйінде қолданыталатын болса ұзындығымен қоса 3 - 5 см припуск (әдіп) қалдырылуы керек, ал сыдырғыланатын болса әрбір чуракке 2 - 5 см әдіп қалдырылады. Номинальды өлшемнен біраз ауытқушылықтар допусктар (шектем) деп аталады, олар станоктар мен құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Баланстар мен кеніш тіректерінің белгіленген өлшемнен шекті ауытқуы 12 см - ге тең. Шеңберлі орман материалдарының ішкі нарыққа және экспортқа жіберу үшін мінездемесі: Қолдану аясына, өңдеу дәрежесіне және өндіру тәсіліне байланысты шеңберлі орман материалдарының сортименттері 4 топқа бөлінеді: кесу мен сүргілеу үшін; сыдырғылау үшін; целлюлоза-ағаш өнеркәсібі, ағаш плиталар жасау мен химиялық қайта өңдеу үшін; шеңберлі түрде қолдану үшін. Кесу мен сүргілеу арналған орман материалдары кеспе материалдарды кесу үшін, жалпы қолданысқа дайындама, экспортқа шығару, авиациялық, резонансты, палуба мен қайықтарды қаптау, қарындаш жасау, ыдыс-аяқ жасауда, салуда; шпал жасауда және кең және тар табанды темір жолдың ауыспалы білеулерін, сүргіленген шпон жасау үшін қолданылады. Бірінші топты сортименттер ішінде көлемі бойынша кеспелі ағаштар басым, олар жалпы қызметте қолданылатын және крандар жасауға қолданылады. Бөрене деп дөңгелек күйінде қолданылатын шеңберлі орман материалдары, тек кеніш тіректері мен сырғауыл, қазықтар не жалпы қызметті кеспе материалдарына шикізат ретінде қолданылмаса. Кряждар - шеңберлі іскер сортимент, ол арнайы өнім түрлерін жасау үшін қолданылады (фанера, шаңғы, авиация, катушка, қарындашты, мылтықты, ыдыс-аяқ, шпал, палубалы, резонансты, сіріңке, стружкалы және акумуляторлы). Чурка - қысқа шеңберлі сортимент, оның ұзындығы арнайы өңдейтін станоктарды қажетті өлшемдерге сәйкес келеді. Кеспе ағаштың ұзындығы қолданылуына байланысты 0,5 м - ден (бөшке мен ыдыс жасауға) және 14 м - ге (боржа жасауға) дейін жетеді. Кеспе ағаш қылқан жапырақты да 3 - 6,5 м, ал жапырақты ағаш тұқымында (емен, бук, шетен, ильма, үйеңкі, граба ағаштарынан басқасында) 2 - 6 м, градециясы 0,25 м. Қалқанды және жапырақты ағаш тұқымдарының кейбір сортименттеріне кішірек ұзындық өлшемдері белгіленген: мысалы, жәшік және бөшке жасау үшін 1 - 2,7 м, градециясы 0,1 м; темір жол шпалдарының жасауға ұзындығы 1,3; 1,5; 1,8 м және т.б. Жуандығы бойынша орман материалдары ұсақ (6 - 13 см) грдециясы 1 см; орташа (14 - 24 см) және ірі (26 см ден астам) градециясы 2 см. Ағаштың ұшар басындағы бөрененің жуандығын 15 см - ге дейінгіні градияциясы 1 см қылып өлшейді. Ұшар бастағы бөрене ағаш діңінің жоғарғы жағынан, яғни онда бұтақтар өте көп мөлшерде бар және сбегтары 1 м ұзындықта 1 см - ден астам сортимент. Шеңберлі орман материалдарының сорттары. Сорт - тұтынушының белгілі бір қалауын қамтамасыз ететін жартылай фабрикаттар, шикізаттың сапасын көрсететін көрсеткіш. Жапырақты және қылқанды тұқымдардың шеңберлі орман материалдарына қойылатын талаптар МЕСТ 462 - 88 және 9463 - 88 заңында көрсетілген. Шеңберлі материалдарды дайындаған кезде оларды үш бөлікке бөледі, тамыр (түбірі), ортаңғы және ұшар басы. Тамыр бөлігі өте жоғары физико-механикалық қасиетке ие және бүйір жақтарында бұтақтарының жоқтығымен ерекшеленеді. Бөрененің ортаңғы бөлігінде нулы және көптеген бұтақтар болады. Ұшар басында сау әртүрлі өлшемдегі бұтақтар саны өте көп. Сапасы бойынша шеңберлі орман материалдары 3 сортқа бөлінеді: бірінші, екінші, үшінші. Сортын анықтау үшін МЕСТ - те көрсетілген порктардың максималды көлемін, олардың саны, сортименттерінің жуандығы бойынша өлшемдер және сортименттерге қойылатын талаптар бойынша қосымшалар. Бірінші сортты орман материалдары көбінесе бөрененің бұтақсыз төмеңгі бөлігінен дайындалады. Бұл сортты орман материалдарын арнайы жоғары сапалы сортименттер (авиациялы, резонансты, шлюпкалы, полубалы және т.б), жоғары сапалы кеспе материалдар, заготовка дайындау, сыдырылған және сүргіленген шпон, сонымен қатар дөңгелек күйінде қолданылатын кемелердің мачталары, радио, тоқ өткізетін ағаштар және құрылыста қолданылады. Кейбір шектеулермен мыналар жіберіледі: бұтақтар, сүрек шіріндісі (26 см және одан терең орналасса), жарықшалар, қисаюы, отщеп заруб, запил, рак және т.б. Екінші сортты орман материалдары тамырлы және ортаңғы ағаш бөлігінен дайындалады. Олар көбінесе кеспе материалдарды дайындау үшін, құрылыста қолданылатын, барна жасауда, машина құрылысын және т.б. Осы орман материалдарының бір бөлігі дөңгелек күйінде қолданылады. Сүректің және шелқабықтың шіруі жіберілмейді. Үшінші сортты орман материалдары бөрененің кез келген бөлігінен дайындала алады. Бұл сорттан жасалатын сортименттер кеспе ағаш материалдары жасауда, құрылыс, машина жасау, жиһаз дайындауда, темір жолға арналған кең және тар шпал жасауда қолданылады. Шеңберлі орман материалдарының барлық сорттарында сыртқы шіруге берілмейді. Қылқанды тұқымдардың 3 сортында сүрек пен шелқабықтың шіруі тек ағаштың өзегінің өлшемінен аспаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. 3 сортты жапырақты ағаш тұқымда шелқабықтың шіруі тек дөңгелектің 1/ 10 бөлігінен аспаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Дөңбектегі кептіру кезеңіндегі хжарықшалар сортименттің ұзына бойына : 1 және 2 сортта әдепте көрсетілген өлшемнен аспауы керек, ал 3 сортта (жапырақты тұқымның 2 және 3) - жоғарғы дөңглектің диаметрінен аспауы қажет. Механикалық ақаулар (заруб, запил, скол, отщеп, вырыв), сонымен қатар ашық өскін, құрғақ дің мен рактор жоғарғы дөңбектің диаметрінің 1 / 10 бөлігінен спауы керек, 3 сортта шектеусіз рұқсат етіледі. Кесуге, сүргілеуге және сырғылануға арналған орман материалдары жартылай қабыған аршумен жіберіледі. Дөңгелек күйінде қолданылатын орман материалдары қабықпен де қабықсыз да қолданылуы мүмкін. Қолданылуына байланысты 1 - 3 сортты орман материалдары стандартты көрсетілген қосымша талаптарға жауап беруі қажет. Кеспе материалдарды дайындау мен арнайы қызметті дайындамаларды жасауға арналған дөңгелек орман материалдары. Бөрененің әр түрлі бөлігінен жасалатын дөңгелек орман материалдарының сапасы әр келкі болады. Ең жақсы, сапалы кеспе материалдары мен дайындамалар ағаштың төменгі бөлігінен дайындалады. Олар жоғары тығыздықты және бүйір бетіндегі бұтақтарының аздығымен ерекше. Кеспе материалдарды дайындау мен барлық салаға қажетті орман материалдарында кептіруден пайда болған жарықтар, механикалық жарықтар, өскіндер мен кеуіп кетуі, 1, 2 және 3 сортты ағаштарға ақаулардың шектлу нормасы МЕСТ 9462-88 және 9463 - 88 - де көрсетілген. Негізінен кеме жасушы, авиациялық, мылтықтық, шаңғылық, шпалды, резонансты кряждар бөрененің түбірлік бөлігінен дайындалады. Кеме жасауға арналған кряждар. Бұл кряждар негізінен көлдегі катерларды, шлюпкаларды, кемелерді, көл және өзендерде жылдам жүретін қайықтарды, 1 класта спорттық кемелердің сыртын қаптауға қолданылад. Кеме жасаушы материалдарды 1 және 2 сортты қалқан жапырақты ағаш тұқымдарынан дайындайды. Өлшемдері: Кряждардың ұзындығы 3 - 6,5 м градациясы 0,5 м, ал жоғары жақ кесіндісінің жуындығы 26 см - ден астам. Сапасы. Кряждарға қойылатын талаптар қылқан жапырақты орман материалдарына арналған кестеде көрсетілген. Ашық полуба - кемедегі ең жауапты құрылым, оған арналған ағаштарға мынадай талаптар қойылады - мықтылық, қаттылық, су өткізбеу, үлкен бұтақтардың болмауы, талшықтардың қайырылмауы үшін оған жақын жерден және радиалды кесу. 1 сортты орман материалдарының шелқабықтары 30мм - ден аспауы керек. Авиациялық кряжда. Авиациялық кряждарды өңдеу үшін 1 сортты қылқанды және жапырақты ағаш тұқымдары қолданылады. Өлшемдері. Ұзындығы 2 м ден астам, жөке ағашы үшін градациясы 0,1 м, емен, бук, шетен, сары және қара қайың үшін градациясы 0,5 м; ұзындығы 2,75 және 3 - 6,5 м қылқанды тұқымдарға градациясы 0,5 м; жөкеден жасалған кряждың жуандығы 22 см, ал қалған тұқымдарға - 26см- ден астам. Сапасы. Кряждың сапасы макроструктурасының көрсеткіштерінің және физико - механикалық қасиеттерінің көрсеткіштерімен анықталады. 1 см қалыңдықта жапырақты ағаш сортименттерінде 1 - 10 шт; ал қылқанды 3 - 30 шт. Қатты жапырақты ағаш тұқымдарының тығыздығы 600 - 720 кг/м3, жөкеде - 440 кг/м3, қылқанды тұқымдарында - 380 - 700 кг/м3, талшықтардың бойымен қысқандағы мықтылықтың шегі (ылғалдылығы 15%) 28 - 50 МПа, соққыдан тұтқырлығы 284,49*102 - 774,99*102 Дж/м2. Мылтықтың кряждар - бұған көбінесе қайың мен бук ағаштарынан жаслады. Өлшемдері. Буктан жасалған чурка мен кряждың ұзындығы 0,5 - 2,3 м (6 өлшем) және одан қысқа; қайыңдікі 0,5 - 2,1 м (12 өлшем). Бук пен қайыңдікі кряждың жуандығы 22 см - ден астам. Сапасы. Кряждар 1 сортты орман материалдарынан дайындалуы керек. Шаңғылық кряждар - бұған көбінесе қайың, үйіңкі, ильма, бук, шетен және граб тұқымды ағаштар қолданылады. Өлшемдері ұзындығы 2 -2,4 м градациясы 0,1 м; қайыңды кряждар сонымен қатар 1,5 м ұзындықта жасалады. Чурка мен кряждың жуандығы 16 см-ден астам. Сапасы жағынан кряждар 1 сортты материалдарға арналған стандартқа сай болуы керек.( мест 9462-88) шаңғы жасайтын кряждарға қосымша талаптар қойылады. Экспортқа арналған кеспелі бөренелер. Экспортка арналған кеспелерді қарағай, шырша самырсын, бал қарағайдың бөренеден қалыңдығы 14 см-ден астам градяциясы 2 см, ұзындығы 4- 8 м ( қара теңіз сортировкасы) градиясы 0,25 . Сапасы 1 және 2 сартты ағаш материалдарына сәйкес келуі керек МЕСТ 22293- 76 бойынша дайындалады. Қылқанды орман материалдарының ұзындығы 4- 7м, сонымен қатар 3,8 ; 7,6 және 8м; ал жапырақтылар 3 -6,5м градиясы 0,25м; жуандығы 14 см - ден астам градиясы 2 см , ұзындығы бойынша әдіп 5-10 см. Сапасы жөнінде қылқанды тұқымдылар 3 сортқа, ал жапырақтылар 2 сартқа бөлінеді.Орман материалдарында бұтақтарды тамырсыз бөрененің беткі бөлігімен бірдей қылып табады. Қылқанды орман материалдарында бұтақтардың өлшемі 1,2,3 сорттарда шамамен (мм): 11-25, 26- 50, 51-80 ( біріккен) және 2 сорттарда табакты бұтақтар , терең және терең емес құрт жеген қуыс, екі өзектік , рак болуға тиым салынған. Басқа ақаулар кейбір шектеулермен өткізіледі. Орман материалдары тамырмен , тамырсыз , кей кезде қабығын жартылай аршып жеткізілуі мүмкін. Шпалды кряждар. Шпалдарды негзінен қарағай, шырша самырсын, балқарағай, қайың ағаштарынан жасайды. Өлшемдері. Кең ізаралық жолдарды қажетті шпалдарды жасайтын кряждардың ұзындығы 2,75 және 5,5 м қалыңдығы 26 см - ден астам ; жіңішке ізтабанды кряждардың ұзындығы 1,3; 1,5; 1,8м қалыңдығы 20 см ауыстырмалы кең брустардың ұзындығы 1,5; 1,65; 1,8-3,2м градециясы 0,2м; 32,5м және одан кішілер қалыңдығы 20 см және одан да көп. Сапасы.Шпалды кряждар 2 және 3 сортты қылқан және жапырақты ағаштардың талаптарына сай болуы керек ( самырсын - тек 3 сотқа).Шпалға арналған шикізатта өзек пен шалқабақтың шіруі болмауы керек.Ауыстырмалы кең және жіңішке ізтабанды брустардың сапасы 1,2 және 3 сортты қылқанды және жапырақты тұқымдарға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Шпалды жасау үшін көбінесе қалың қабықты. Бұтақты орман материалдары қолданылады. Шеңберлі күйінде қолданылатын орман материалдары. Қылқанды және жапырақты тұқымды шеңберлі орман материалдары тігінен кесілме өнеркәсіп пен құрылыстың әр саласында қөлданылып бөрене деп аталады.Қылқанды тұқымның бөренелерінде жарықшалар мен саңырауқұлақтардың бөяулары болуына рұқсат етіледі .Ал басқа шеңберлі орман материалдары 1 және 2 сортты қылқанды жапырақтылар үшін, 2 сортты жапырақты ағаштардың талаптарына сай болуы керек. Басқа шіріктер мен бұтақтарға жол берілмейді. Кемелердің мачталары мен радио жасауға арналған бөренелер қайың, қайың, қарағай, балқарағай, кедр, кавказ және европа самырсын тұқымдарынан жасалады.Тұқымын сортын, қалыңдығын бөрененің ұзындығын тұтынушының айтуымен көрсетіледі. Қада, гиротехникалық құрылыстар мен көпір бөлшектерін жасауға арналған бөренелерді қарағай, шырша, самырсын, балқарағай ағаш тұқымдарынан, ұзындықтары 6,5 және 8,5 м, қалыңдығы 22 - 34 см. Бөренелердің сапасы 2 сорттың талаптарына сай ьолуы керек. Басқа қылқанды тұқымдармен салыствырғанда физико- механикалық қасиеті төмен самырсынды тек қана жергілікті жердегі ормандардан алғанда ғана жіберіледі. Самырсыннан жасалған бөренелер көбінесе гидротехникалық құрылыстарда қөлданылады. Байланыс жолдары мен электр жолдарының бағандарын көбінесе қылқан жапырақты ағаштардың бөренесінен жэасалады. Ал тоғы 35 кв- тан аз бағандарды қарағай, балқарағай, шырша, самырсыннан, ал 35 кв-тан көп тоқты бағандарды қарағай, самырсыннан жасайды; өлшемдері ерекше тапсырыс бойынша жасалады. Бағаналардың қалыңдығы 16-22 смғ ұзындығы 4,5 - 13 м болады.Бағандар мен тіректердің сапасы 1 және 2 сорттың талаптарына сай болуы керек. Байланыс бағандары, тіректер мен автоблокировканың бөренелерінде бұтақтар болуы мүмкін.Электр және байланыс бағандары антисептикпен өңделіп,қабығынан толық тазартылады. Кеңіш тіректері самырсын, балқарағай, шырша кедр т.б ағаш тұқымдарынан жасалып, жерасты тау жұмыстарына тірек ретінде қолданылады.Кеніш тірегін МЕСТ 616-83 бойынша өлшемдерімен кесіледі. Олардың ұзындығы мен жуаңдығы көмір қабатының тереңдігі мен қалыңдығына байланысты. Көмір бассейнінің тіректерінің ұзындығы 0,5-6 м ( градациясы 0,1;0,2 0,5 м), жуаңдығы 7 -24 см; тау кен өнеркәсібінің бөренелерінің ұзындығы 1,5 -6,5 м, жуандығы 12 -32 см.Көбінесе тәжірибе ретінде ұзындық пен диаметр арасында келесідей қатынас болады: Номиналды ұзындықтан ауытқуы 2 см. Экспортқа арналған кеніш тіректерінің ұзындығы мен өлшемдері МЕСТ 222 97-76- да көрсетілген.Бұнда талаптар өте қатаң болады.Тамырлы ағаштарды жіберер алдында 7 кун ұстайды. Ал 1 қыркүйектен 1 сәуірге дейін алдын ала ұстамай жібереді.Оларды құрғақ тәсілмен сақтайды ( МЕСТ 90140 -75). Құрылыс бөренелері өнеркәсіп пен үй салуда қолданылады.Оны барлық қылқан және жапырақты ағаш тұқымдарынан жасайды./Құрылысты көбінесе қылқан жапырақты ағаштардың бөренелерін қолданады, ал жапырақты ағаштардың бөренелерін қосымша не уақытша құрылымдарға пайдаланады. Қылқан тұқымды бөренелердің ұзындығы 3м, жапырақтынікі 4,5- 6,5м градациясы 0,5 м.Қылқандылардың жуандығы 14-24 см, жапырақтынікі 12-24 см. Сапасы жағынан жапырақтылар 2 сорттың, ал қылқандылар 1-2 сорттың талаптарына жауап беруі керек. Сырғауылдар ( МЕСТ 13-5-77) қылқанды және жапырақты ағаштардың барлық түрлерінен жасалады.Қылқан жапырақты сырғауылдардың жоғарғы бөлігінің жуандығы 3-5 см, жапырақтыда 3-7 см; ұзындығы 3-6,5м градациясы 0,5м ; ауытқушылық+ 10см.Ұзындығы 2; 2,5 және 6,5 м-ден астам сырғауылдар арнайы тапсырыспен дайындалады. Орман материалдарының тасымалдауы, сапасын тексеру мен қабылдау, өлше, есептеу, маркировкалау, сортировка жасау. Өлшегіш құралдар .Шеңберлі орман материалдарының ұзындығын өлшегіш рейка, өлшегіш лента, рулетка арқылы өлшейді.Шеңберлі о м-ң ұзындығын жиналмалы метрмен, рулеткамен ара қашықтығы аз бұтақ арасын 1 см-ге дейін жуықтап өлшейді. Ал жуандығын өлшегіш шанышқымен, өлшегіш тапсырмамен немеме кәдімгі жиналмалы метрмен өлшенеді.Бөрененің жуандығын көбінесе жөғарғы қиық деп аталатын бөлігінен бастап өлшейді.Шеңберлі орман материалдарының іскер бөренелерінің диаметрін қабықсыз өлшейді; қабықты сортименттің көлемінің ішіне қоспайды.Ағашты қабылдап тасымалдау партиясы кезінде 100 шт-тан астам ағаш кезінде бүкіл ағаш партиясының өлшемі бір ағашты өлшегендегі диаметрге тең болады.Орман материалдарының жуаңдығы 18 см-ге дейін болса көлденең бағытта бір диаметрді ғана өлшеуге болады. Есептеу бірлігі.Ағаш шикізатының санының көлміне байланысты өлшеу қабылданған. Тығыз өлшемде көлемді анықтау.Іскер орман материалдары ұзындығы 2 м- ден астам, ағаштың тізілген қатарының ұзындығы 3 м-ден астам, орман материалдарының ұзындығы 2 м-ге дейін, авиациялық кеспематериалдары, шаңғы және жиналмалы дайындамалары, сонымен қатар бағалы тұқымды бөренелер бір- бірімен өлшеніп, тығыз өлшемге жатады. Шеңберлі орман материалдарының көлемін анықтау үшін арнайы кесте құрастырылған ( МЕСТ 2708 -75) Қоймада көлемін анықтау. Орман материалдары штабельмен орналастырылып,ені,ұзындығы мен биіктігін өлшейді.Штабельдің биіктігін орман материалдарының қойылған номиналды ұзындығына сәйкес келеді.Ылғалдығы 25% - дан астам орман материалдарының штабельдік биіктігіне 2% қосымша есептелмейтін биіктік қойылады. Толық ағаштың штабельдік сортименттерінің қабығы мен ұзандағанаң 1 м-ге дейінгі коэффициенті 0,67 - 6,71, ал қабықсыз 0,78-0,79; ұзындығы 1-2 м сортименттерде - 0,65 -0,69, қабықсыз 0,76 және 0,77. (МЕСТ 2292 - 88). Қойылған тығыздығы мен көлемі орман материалдарын штабелмен қойылғанда диагональ есептеледі. Толық бөренелік коэффициентті К диагональ қималарының кесіндісін Lхорд, диагональ ұзындығы L, бөлумен )0,01 м/ге жуықталған) есептеледі. К=Lхорд / L7 Маркировка жасау - бұл орман материалдарының жоғарғы ұшына марка белгілеу процесі. Ұштағы марка екі реквизиттен тұрады, сорт пен орман материалдарының жуандығын білдіреді. Маркировканы әрбір бөренеге ұзындығы 2 м, жуандығы 14 см-ден астам діңді сортименттерге бөлгенен соң жасайды. Орман материалдарын қабылдауп - өткізу пунктінде сапасына байланысты сортимент маркасын тексереді. Орман материалдары жуандығы 13 см - ге дейінгі ұзындығына байланыссыз, сонымен қатар ұзындығы 2 метрге дейінгі әртүрлі жуандықтағы материалдар, арнайы қызметті сортименттерден басқа (авиациялық, фанерлі, мылтықты, шаңғылы және т.б) және бағалыағаш тұқымдарына жасалған сортиментті орман материалдарын (жаңғақ, бук, емен, явора, шетен, талшың, кленгүйенікі), шынар, алма, алмұрт) сортировка қойылмайды. Егер нормативті - техникалық құжаттар тек бір сортты көрсетсе, онда маркирова тек жуандығын көрсетеді. Баланстар, кеніш тіректері мен отындар әрбірін маркировка жасауғаберілмейді. Ұзындығын сыдырғылау мен комбинрлі күйде сыдырғылауда орман материалдарына ұзындығы бойынша әрбір чурак пен бөрененің ұзындығы мен жуандығы көрсетпейді. Биіктігі 30-50 мм - лік маркировка белгілері шеңберлі орман материалдарының жоғарғы кеспе бөлігіне жазылады. Маркировка реквизиттері краскамен, шелмен, атмосфераның әсерлеріне төзімді және өзенмен ағызылып тасымалданатын болса, суға төзімді бояулармен жазылады. Пакеттер мен біріктірілген бірліктерге қарғы бекітіліп, оған: пакет номері, орман материалдарының атқаратын қызметі, бөрененің саны мен көлемі көрсетіледі. Пакет номері бірінші алғашқы не екінші қарғыға көшіріліп жазалады. Сорттау - орман материалдарын тұқымы, сорты, өлшемі, атқарылатын қызметі бойынша бөлу. Қылқанды сульфатты целлюлоза мен бисульфатты жартылай целлюлоза жасаудағы баланстар үшін пародаларға жіктеледі: шырмалы самырсынды, үйеңкілер бірге; жапырақтылар - бөлек; жапырақты сульфатты, нейтральды - сульфитті целлюлоза жасауда барлық жапырықтар ағаш тұқымдары бірге жүктеледі. Сапасы, өлшемі, атқаратын қызметі бойынша сорттау орман материалдарын жеткізу наряд - тапсырыстарында көрсетілген талаптарға сәйкес жасалады. Экспортқа арналған қөылқандыорман материалдары тұқымдары бойынша: шарша мен самырсын - бірге ; қарағай, үйеңкі, балқарағай - бөлек жүктеледі. Тұтынушының талабы бойынша әрбір орман материалдарының топтарына жеке штабель қойылады. Қабылдау - бұл орман материалдарын партия ішінде санау процесі. Партия деп бір қызметті атқаратын, сапасы жөнінде бір құжат толтырылған орман материалдарының кез келген көлемі. Орман материалдарының сапасы мен көлемін жеке - жеке өлшегенде, толық не таңдау тәсілі арқылы тексереді. Толық тексеру кезінде әрбір бөрене не кряждың фактілік сапасын, сортын, жуандығын көрсетін көрсеткіштер жасауы қажет. Таңдау тәсілі кезінде тұтынушының қалауыбойынша әрбір дананы есептеу арқылы (белгілі бір интервалмен) жүргізеді. Таңдау көлемі мен интервалы (пайызбен сапасы) диаметрлер тобы мен орман материалдарының санына байланысты (партия документі бойынша) МЕСТ 2290-88 алынады.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz