Файл қосу

Губкалар типі. Жалпақ құрттар типі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                     3 деңгейлі СМЖ құжат
                                   ПОӘК
ПОӘК  042-18-22.1.100/-2013
                                       
                                   ПОӘК
<<Зоология>> пәнінің  студенттерге арналған бағдарламасы
                             № __басылым
                                 <<___>>______
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
                              <<ЗООЛОГИЯ
5В060700  -  <<Биология>>, 5В080300  -  <<Аңшылықтану және аңшаруашылығы>> мамандықтарына арналған
                                       
ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                Семей 20__
                                       
                                       

                                Алғы сөз
                                       
1 ӘЗІРЛЕНГЕН

Құрастырған _______________ <<____>>___________20____ж. "Малшаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен" кафедрасының аға оқытушысы Мадыбекова А.С..

* ТАЛҚЫЛАНҒАН

2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті "Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен" кафедрасының мәжілісінде.
 <<___>>___________ 20 -  - ___ж.  №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі______________Ахметова Б.С..


2.2.Аграрлық факультетіның оқу - әдістемелік комиссия мәжілісінде.
 <<___>>____________20___ж.  №___ хаттама

Төрағасы ___________________ Тлеубаева А.


* БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, басылымға ұсынылған.
 <<___>>____________20___ж.   № ____хаттама.

ОӘК төрағасы________________ Искакова Г.


	ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН






                                       
                                       
                                       
                                       

                                Мазмұны


1.  Қолдану саласы
2.  Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
    3.  Пәндерді оқып-меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
    4.  Курс форматы   
    5.  Курс саясаты
    6   Баға қоюдың саясаты
    7.  Әдебиеттер
      
                                       




























1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
                                       
1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер
          Мадыбекова А.С. аға оқытушы.  
         <<Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен>>     кафедрасы 
          Байланыс ақпараты  -  телефоны 531970, № 7 оқу ғимараты , 208 кабинет 
          Сабақ өтетін бөлмелер - 111 
           Несие саны  -  3 (үш)

        1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Кіріспе. Зоология пәні, міндеттері және әдістері. Зоологияның қысқаша даму тарихы. Біржасушалылар патшалық тармағы. Саркомастигофоралар, Инфузориялар типтері. Көпжасушалы организмдер патшалық тармағы. Губкалар типі .Ішекқуыстылар типі. Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы.. Жұмыр құрттар типі. Нематодтар класы. Буылтық құрттар типі. Көп қылтанды құрттар класы. Аз қылтанды құрттар класы. Былқылдақденелілер типі. Бауыраяқтылар класы. Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы. Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.
Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Бунақденелілер класы. Толық түрленбей дамитын бунақденелілер. Толық түрленіп дамитын бунақденелілер. Тікентерілілер типі.
        1.3 Пәнді оқытудың мақсаты
Жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыстарының ерекшеліктерін, тіршілік әрекетін, ортаға бейімдеушілігін, таралу зандылықтарын зерттеу. 
  +  Пәннің негізгі міндеттері 
- Зоологияның зерттеу әдістері;
- Басқа биологиялық ғылымдар ішіндегі алатын орнын анықтау;
-Жануарлардың көптүрлілігін, олардың шығу тегін, органдар жүйесінің құрылысын, систематикасын, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам үшін  маңызын көрсету. 
	1.5 Пәнді оқып-меңгерудің нәтижелері
* осы пән бойынша теориялық және практикалық білімдерді меңгеру, өзінің мамандығына қажетті практикалық мағлұматтарды меңгеру;
* зоологиялық зерттеулер бойынша практикалық білімдерді меңгеру.
* зоологияның әртүрлі салалары бойынша білімдерін жетілдіреді.
1.6.Курстың пререквизиті: <<цитология>>, <<генетика>>, <<жануарлар физиологиясы>>.
1.7 Курстың постреквизиті: <<Омыртқалылар зоологиясы >>, <<қорық ісі>>, <<зоогеография>>.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

                                                                   1-кесте
                                                                               
                                      №
                                     п/п
                           Тақырып атауы
                              Сағат саны
                                       
                                       
                                      Д
                                     ЗС
                                   СОӨЖ
                                    СӨЖ
Әдебиеттер
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       5
                                       6
                                       7
 1 Модуль Біржасушалылар патшалық тармағы  
              1 Блок Қарапайымдылар класы
                                       1
Кіріспе. Зоология пәні, міндеттері және әдістері. Зоологияның қысқаша даму тарихы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
                                    1,2,3,4
                                       2
Біржасушалылар патшалық тармағы. Саркомастигофоралар, Инфузориялар типтері.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
   2 Блок. Көпжасушалылар патшалық тармағы
                                       3
Көпжасушалы организмдер патшалық тармағы. Губкалар типі.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                       4
Ішекқуыстылар типі.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4,6

                           3 Блок Құрттар
                                       5
Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы..
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                       6
Жұмыр құрттар типі. Нематодтар класы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                       7
Буылтық құрттар типі. Көп қылтанды құрттар класы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                       8
Аз қылтанды құрттар класы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                       9
Былқылдақденелілер типі. Бауыраяқтылар класы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4,5,6
                      4 Блок Буынаяқтылар
                                      10
Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                      11
Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                      12
Кеңірдектыныстылар тип тармағы.Бунақденелілер класы.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4,5
                                      13
Толық түрленбей дамитын бунақденелілер.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                                      14
Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
                     Блок Тікентерілілер
                                       
                                      15
Тікентерілілер типі.
                                       1
                                       2
                                      1.5
                                      4.5
1,2,3,4
Барлығы 
                                      15
                                      30
                                     22,5
                                     67,5
                                       

* 3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

  Тәжірибелік сабақтарға дайындалу барысында міндетті түрде оқу-әдістемелік нұсқаулықтарды  (ПОӘК 3), дәрістерді,  пәннің оқыту құралдарын білу қажет. Сабақтың мақсатына, сабаққа дайындалуға қажетті негізгі сауалдарға, сабақтың мазмұнына назар аудару керек.
	Зертханалық сабақтар  мынадай түрде өтеді:
* сауалдар  -  тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау
* ситуациялық тапсырмаларды зертханалық тәжірибе түрінде орындаған магистранттардың өздік жұмыстары. 
        Межелік бақылау әр апта сайын өткізіледі

Зертханалық жұмыстардың қысқаша мазмұны.
Зертханалық жұмыс №1.
Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Бірклеткалылар патшалық тармағы.
Мақсаты:  Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар 
кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырмалар:
* Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Органоидтарды анықтау.
* Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену,  қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.
Сұрақтар:
* Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде?
* Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі?
* Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады?
* Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай?
* Цистаға айналу себептері неде?
* Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы.
* Трипанозомалардың туғызатын аурулары.
* Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі.
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зертханалық жұмыс № 2. 
Тақырыбы: Споралылар типі. Инфузориялар типі.
Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу. 
Тапсырмалар:
* Омыртқалы жануарлардың ішкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу.
* Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау. 
Сұрақтар:
* Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады?
* Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)?
* Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде?
* Ядролық дуализм дегеніміз не?
* Коньюгацияның биологиялық мәні неде?
* Инфузориялардың классификациясының негізі неде?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Зертханалық жұмыс № 3. 
Тақырыбы: Губкалар типі. 
Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу. 
Тапсырмалар:
1.Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. 
2.Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.
Сұрақтар:
* Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде?
* Губкалардың клеткалары және олардың функциясы.
* Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай?
* Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Зертханалық жұмыс № 4. 
Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі.
Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен танысу. 
Тапсырмалар:
* Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.
* Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу. 
Сұрақтар:
* Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
* Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы.
* Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй?
* Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық).
* Гидраның мекені және олар немен қоректенеді?
* Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде?
* Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Зертханалық жұмыс № 5. 
Тақырыбы:  Жалпақ құрттар типі.
Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырмалар:
* Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу.
* Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. 
* Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу.
Сұрақтар:
* Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты?
* Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады?
* Аралық және негізгі ие дегеніміз не?
* Партеногенез дегеніміз не?
* Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Зертханалық жұмыс № 6.
Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі.
Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырмалар:
Аскариданың анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.
Сұрақтар:
* Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
* Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?
* Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай?
* Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?
* Жұмыр құрттардың маңызы.
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Зертханалық жұмыс № 7. 
Тақырыбы: Буылтық құрттар типі.
Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу. 
Тапсырмалар:
Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан  -  бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.
Сұрақтар:
* Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?
* Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?
*  Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?
* Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген?
* Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Зертханалық жұмыс № 8.
Тақырыбы: Буылтыққұрттар типі.
Мақсаты: Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Медициналық сүліктің дене құрылысымен танысып, ерекшеліктерін анықтау.
Тапсырмалар:
* Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу.
* Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.
Сұрақтар:
* Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде?
* Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары.
* Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері.
* Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.
* Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы.
* Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Зертханалық жұмыс № 9.
Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі. 
Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тапсырмалар:
* Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек.
* Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап <<құлпына>> көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.
Сұрақтар:
* Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?
* Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?
* Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай?
* Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?
* Моллюскалардың практикалық маңызы қандай?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Зертханалық жұмыс № 10. 
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.
Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу. 
Тапсырмалар:
* Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу.
* Өзен шаянының ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу.
* Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу.  
Сұрақтар:
* Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?
* Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.
* Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай?
* Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?
* Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.
* Дафнияның тіршілік циклі.
* Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не?
* Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Зертханалық жұмыс № 11. 
Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.
Мақсаты: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу. 
Тапсырмалар:
Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу.
Сұрақтар:
* Хелицералылар тип тармағының негізгі белгілері неде?
* Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар?
* Жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінң денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай?
* Өрмекші тәрізділердің практикалық маңызы қандай?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Зертханалық жұмыс 12. 
Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Бунақденелілер класы.
Мақсаты: Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.
Тапсырмалар:
* Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін  -  бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау.
* Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.
* Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу.
* Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу.
* Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау. 
* Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы?
* Насекомдардың зәр шығару мүшесі қандай?
* Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?
* Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не?
* Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері?
* Метаморфоз дегеніміз не?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР.  - М., 1976. 
Зертханалық жұмыс № 13. 
Тақырыбы: Бунақденелілер.
Мақсаты: Бунақденелілердің алуан түрлілігімен танысу. 
Тапсырмалар: 
Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын және толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу. коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.
Сұрақтар:
* Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?
* Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай?
* Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай?
* Тарақандар отрядына тән белгілері қандай?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
 Зертханалық жұмыс № 14. 
Тақырыбы: Тікентерілілер типі.
Мақсаты: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрлысымен танысу.
Тапсырмалар:
Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аудару. Теңіз жұлдызын сойып ішкі мүшелерінің құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерінің сыртқы құрылысымен танысу.
Сұрақтар:
* Тікентерілілердің денесінің симметриясы қандай?
* Амбулакральды жүйесі қалай орналасқан? Оның қызметі қандай?
* Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі туралы не айтуға болады?
* Тікентерілілердің эмбрионалдық дамуының ерекшеліктері қандай?
* Тікентерілілерді неге екінші ауыздыларға жатқызады?
Қолданылатын әдебиеттер: 
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. 
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания).  -  М., 1975. 
Тақырыбы: 15. Межелік бақылау


4  КУРС ФОРМАТЫ   
Теориялық (дәріс) мағлұматтарды меңгергеру барысында тезаурустық оқыту тәсілінің элементтері қолданылады, әрі білім алушылар мамандықтың жеке (профессионалды)  тезаурусын  қалыптастыыру қажет.
Аудиториялық сабақтар жеке тапсырмаларды және графикалық жұмыстарды орындау түрінде өткізіледі. Сабаққа дайындалу жүйелі сипатта болғаны жөн, әдістемелік үсыныстарды міндетті түрде өздерінше оқуы қажет.
СӨЖ  баяндама, презентация, тақырыптық ғылыми ізденіс жұмысы түрінде орындалады, әрі міндетті түрде орындалып, көрсетілген уақытта өткізілуі тиіс.
Межелік бақылау ауызша өткізіледі. Межелік аттестацияның қорытынды бағалары студенттердің дәріске және тәжірибелік сабақтарға қатысуын, тәжірибелік сабаққа дайындықтарын, СОӨЖ және СӨЖ орындап және көрсетілген уақытында тапсырылуын толықтай қамтып қойылады.
Емтихан жазбаша түрде өткізіледі.

5 КУРС САЯСАТЫ
Біздің бірлесіп істеген жұмыстарымыз келесідегідей ережелерге негізделіп жүргізіледі:
* Оқытушы мен студент бір-біріне сыйластықпен қарау керек.
* Сабақ барысындағы ережені бұзған кез-келген тәртіп қатаң жазаланады,  аудиториядан шығарылады, ал сабаққа белсенді қатысу ескеріледі.
* Сабаққа кешікпей дәл уақытында келу керек және сабаққа  міндетті түрде қатысу қажет.
* Орынсыз босатқан сабақтар және кешіктіріліп тапсырған тапсырмалардың бағасы электрондық журналда автоматты түде төмендейді.
* Білімді бағалау балдық-рейтингтік жүйе негізінде қойылады.




6   БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ 
<<Зоология>> пәні бойынша балдық бағалау.
                                                                   2-кесте
                                   Апта
                            Бақылау түрі
                           Барлық балдар
Ескерту
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       
Барлық сабаққа қатысу  1 аптадан 7 аптаға дейін
                                      30

                                       1
Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл,МӨЖ 12 балл
                                      35

                                       2
Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл
                                      35

                                       3
Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл
                                      35

                                       4
Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл
                                      35

                                       5
Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл
                                      35

                                       6
Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12 балл
                                      35

                                       7
1 межелік бақылау  
                                      60

1 аптадан 7 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл
                                      300

                                       
Барлық сабаққа қатысу  8 аптадан 15 аптаға дейін
                                      30

                                       8
Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл
                                      30

                                       9
Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл
                                      30

                                      10
Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл
                                      30

                                      11
Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл
                                      30

                                      12
Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл
                                      30

                                      13
Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл
                                      30

                                      14
Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10 балл
                                      30

                                      15
2 межелік бақылау  
                                      60

8 аптадан 15 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл
                                      300

Емтихан үшін жиынтық балл
                                      400

Академиялық кезеңдегі жиынтық балл
                                     1000



* Негізгі әдебиеттер
7.1.Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы.-Алматы, 1998. Т.1.
7.2.Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы.  - Алматы, 1999. Т.2.
7.3. Догель В.А. Зоология беспозвоночных.  -  М., 1981 
7.4. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных.  -  М., 1981.
7.5 Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1985.
7.6.Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных.  -  М., 1969. Қосымша
          7.2.1  Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. - - М., 1981.
         7.2.2 Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические   
         указания).  
         М., 1975. 
        7.2.3. Е.И.Лукин. Зоология, 1989, Москва. 

Пәндер