Файл қосу
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-1.1.69/02-2014 ПОӘК Студентке <<Инновациялық экономика>> пәні бойынша арналған жұмыс бағдарламасы Баспа № 1 күні 11.09.2014ж. <<ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА>> ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 6М050600 - <<Экономика>> мамандығы студенттеріне арналған СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушы __________<<_29_>>_тамыз_2014ж. А.С.Турусбекова, <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Экономика және бизнес>> кафедрасының мәжілісінде Хаттама №_1_ <<_29_>>_тамыз_2014ж., Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент ____________________ Ш.Д. Жайлаубаева 2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде Хаттама №_1_ <<_9_>>_ қырқүйек_2014ж., ОӘБ төрағасы ______________ С.Қ. Тойкин 3 БЕКІТІЛГЕН Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды Хаттама №_1_ <<_11_>>_қырқүйек_ 2014ж., ОӘК төрайымы __________________ Г.К. Искакова 4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Сабақ түрлері бойынша сағаттардың пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу 3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар 4.Пәннің форматы 5 Пәннің саясаты 6 Баға қою саясаты 7 Әдебиет 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат Турусбекова Арайлым Серикболовна, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы Байланыс ақпараты - тел. 53-03-16, № 8 оқу ғимараты, кабинет 16. Аудитория № 404 (8 оқу ғимараты) Пән бойынша кредит саны - 2 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны <<Инновациялық экономика>> пәні инновацияның теориялық негізі мен экономикасы терең келтіріліп, Қазақстандағы инновациялық экономика үрдістеріне сипаттама беріліп, өткен жылдардағы мемлекетімізде атқарылған жұмыс нəтижелеріне зерттеулер жүргізілген. Шетелдік елдердің тəжірибесіне жүгіне отырып, оны мемлекетімізде қолдануға кейбір ұсыныстар жасалынды. <<Инновациялық экономика>> пәні индустриалды дамудың қазіргі моделінің негізін құрайтын инновациялық қызмет мәнін ашады. Ғылым мен техника және кәсіпкерлік қызмет сфераларыгдағы шағын бизнес ролі ашылады. Шаруашылық және ұйымдық құрылымдардағы жаңалық енгізулерді құру мен қолдану процесін ынталандыру әдістері. 1.3 Айтылған курс мақсаты - Отандық және әлемдік ғылым мен инновациялық процестерді басқару тәжірибесін жалпылау. 1.4 Міндеттері: * инновациялық экономиканың негізгі ұғымдарын оқу; * инновациялық экономиканы анықтайтын тұрғыларды жіктеу; * инновацияның мәні, мақсаттары мен негізгі кезеңдерін анықтау; * инновациялық экономиканың құрылымы мен заңдылықтарын қалыптастыру; * циклдылық ұғымы және оны жіктеу; * технологиялық трансфер; * венчурлық капитал және инновациялар. 1.5 Студент білу керек: Инновациялық экономика концепциясын, инновациялық әрекеттерді мемлекеттік реттеу, Ииновациялық экономикада басқару шешімдерін жасау, инновациялық экономиканың ғылыми әдістерін. Студент меңгеру керек: Инновациялық экономика функцияларын және тәсілдерін қолдану, өндірісте жаңашылдықты ұйымдастыру және жоспарлау негізін, инновациялық әрекеттер тиімділігін талдай білу керек. Студент істей алу керек: <<Инновациялық экономика>> пәнін игеру үшін қоғамдық және математикалық білімін меңгеру қажет. Әдістемелік негізі болып экономикалық теория табылады. Жеке алғанда, оның бөлімдерінде кәсіпорынның қызметімен байланысты нарықтық қатынастардың экономикалық негіздері қарастырылады. Сонымен қатар экономикалық теория, статистиканың жалпы теориясы, экономика - математикалық тәсіл мен модельдер сияқты пәндерді игеру қажет. Студент түсіну керек: Нарықтық қарым-қатынас саласын тұрақты кеңейту және институциялық сипаттағы өзгерістердің болуы кәсіпорынды басқарудың стилі мен жетілдіруді, оның тиімділігін жоғарлатуды талап етеді. Бұл сұрақтарды уақытында шешу үшін кадрлардан Инновациялық экономика және практикасы шеңберінде терең білімі болуды талап етеді. Сондықтанда бұл курста Қазақстан үшін экономикалық тасымалдау кезеңіне және мемлекетті қайта құру ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінеді. 1.6 Курс пререквизиттері: Экономикалық теория 1.7 Курс постреквизиттері: Макроэкономика, Әлемдік экономика 2 САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРЫН БӨЛУ № Тақырыптың аталуы Сағаттар Әдебиет дәріс практ. сағат. БОӨЖ БӨЖ * 1 Тақырып 1. Ғылыми - техникалық прогресті және инновациялық процестерді басқарудың ілімдік негіздері. * Жалпы инновация түсініктері. * Инновация мақсаттары. * Инновация түрлері. * Зерттеу мен құрастыру түсініктері. * Фирманың инновациялық стратегиялары. 1 1 1 3 Н-1,2,5,8, 17,18,19,20,21 Қ - 4,12,13,14 2 Тақырып 2. Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кезеңдегі концепциялары * Инновация теориясының қалыптасуы - Й.Шумпетер теориясы * Н.Д. Кондратьев толқындары мен инновациялар арасындағы байланыс теориясы * Г. Менш теориясы * <<Технопарк>>, <<Ғылыми парк>>, <<Университеттік зерттеу паркі>> ұғымдарына сипаттама. 1 1 1 3 Н- 8,10,14,17-23. Қ-7,9,17 3 Тақырып 3. Экономикалық дамудағы технологиялық кезеңдердің даму эволюциясы. * Жаңа білімдерді жүзеге асыру кезеңдері. * Иннновациялық процестің негізгі кезеңдері. * Жүйе ретіндегі технологияның дамуы. * Технологиялық және инновациялық рынок түсінігі. * Жаңа өнімнің инновациялық рынокқа шығуы. * Венчурлық инновациялық қызмет. 1 1 1 3 Н- 8,10,14,17-23. Қ-7,9,17,22 4 Тақырып 4. Инновациялық процестің құрылымы, заңдылықтары және модельдері * Инновацияның циклдық сипаты. * Өнімнің өмірлік циклы. * Ұйымдық-экономикалық жаңалық енгізулер және олардың өндіріс тиімділігіне әсері. 1 1 1 3 Н- 2,4,6,8, 17-21. Қ- 8,10,16,23 5 Тақырып 5. Мемлекеттік ғылыми - техникалық тәуелсіздік * Ғылыми - техникалық саясат мәні. * Жаңалық енгізу жүйелерінің эволюциясы. * Инновация процесін басқару жүйесінің ерекшелігі. * Жоғарғы деңгейде мамандандырылған бөлімшелерді құру. * Жаңа өкілдерді дамыту бөлімдері мен орталық қызметтерді құру. * Жаңалық енгізулерді ынталандыру қорлары мен венчурлық бөлімшелерді құру. 1 1 1 3 Н-6,8,11,13, 15,18,20,23. Қ- 1-7,19,23 6 Тақырып 6. Инновациялық салада қызмет етуші құрылымдардың түрлілігі және инновациялық бизнестің түрлері * Технология жүйе ретінде. * Технологияны беру және экономикалық дамуы * Технологияны беру және ғылыми-техникалық саясат. * Технологияны беру формалары. * Технология құны мен бағасы. * Технология үшін ақы формалары. 1 1 1 3 Н- 1-3, 6,8,10, 12,16-18,21. Қ-5-8,24 7 Тақырып 7. Инновациялық және технологиялық стратегиялар * Инновациялық стратегиясы түсінігі. * Инновациялық стратегияны жасау негізі. * Инновациялық стратегияларды жіктеу. * Кәсіпорынның баламалы стратегия варианттарын бағалау. * Озық инновациялық стратегия. 1 1 1 3 Н- 1-3, 6,8,10, 12,16-18, 21. Қ-5,23 8 Тақырып 8. Инновациялық жобаларды басқару және инновациялардың экономикалық тиімділігін бағалау * Инновациялық жоба түсінігі. * Инновациялық жобаны жасау мен жүзеге асыру кезеңдері. * Инвестициялық жобаны қалыптастыру. * Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу. * Инновациялық жобаның тиімділік көрсеткіштері. 1 1 1 3 Н- 1-3, 6,8,10, 12,17-23. Қ-5-8,24 9 Тақырып 9. Инновациялық жобалар мен жаңа технологиялардың инвестициялық маңыздылығы * Инновациялар инвестициялық қызметтің объектісі. * Инновациялық проекттердің инвестициялық маныздылығының критерилері. * Инновациялық процестерді қаржыландыруға бағытталған инвестициялардың қайнар көздері. * Инновациялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалау. 1 1 1 3 Н - 6,8,11,13, 15,18,20,23. Қ - 1-7,19,23 10 Тақырып 10. Инновациялық қызметті қолдаудың дүние жүзілік тәжірибесі * Жапон инновациялық саясатының эволюциясы. * Технологияларды нарық қажеттіліктеріне сәйкестендіру бойынша Жапон фирмаларының стратегиясы. * Өнімді өткізудің Жапон стратегиясы. * Маркетинг, патенттер мен лицензиялар облысындағы Жапон фирмаларының саясаты. 1 1 1 3 Н - 6,8,11,13, 15,18,20,23. Қ - 1-7,19, 24 11 Тақырып 11. Шағын инновациялық бизнестің түрлері * Шағын инновациялық бизнес және оның айрықша ерекшеліктері. * Шағын инновациялық бизнестің шаруашылық тәртібінің стратегиясы. * Ғылыми сиымды салалардағы венчурлық бөлімшелері. * Корпорациялардың венчурлық бөлімшелері. * Технополистердегі венчурлық бизнес. 1 1 1 3 Н - 6,8,11,13, 15,18,20,23. Қ - 1-7,19 12. Тақырып 12. Креативті және эвристикалық менеджмент * Креативті және эвристикалық менеджменттер мәні мен оларды ажырату. Креативті және эвристикалық менеджмент маңызы. * Креативті және эвристикалық менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері. * Креативті және эвристикалық менеджменттің ғылымынң басқа салаларымен байланысы. * Шығармашылық потенциалды белсендіру әдістері. 1 1 1 3 Н - 2-4,6,8,9, 17-23. Қ-1-9,15,24 13. Тақырып 13. Ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудағы инновациялық экономика * Кәсіпорынның ғылыми-техникалық саясаты түсінігі. * Ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуын анықтайтын бірінші дәреже. * Ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуын анықтайтын екінші дәреже. * Инновациялық экономикада дағдарысты және оның кезеңдерін мойындау. * Ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуын анықтайтын үшінші дәреже. 1 1 1 3 14. Тақырып 14. Технологиялық трансфер * Жүйе ретіндегі технология. * Технологиялық жүйенің обьективтілігі. * Еңбек сипаты бойынша технологиялық жүйе құрылымы. * Инновациялық тізбекті реакция. * Технологияны өткізу және экономикалық талдау. * Технологияны өткізу стратегиясы. 1 1 1 3 15. Тақырып 15. Жобаларды басқару және олардың тиімділігі * Инновациялық жоба түсінігі. * Инновациялық жоба құру мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері. * Инвестициялық ойдың қалыптасуы. * Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу. * Жобаның ТЭН. * Инновациялық жобаның тиімділік көрсеткіштері. * Жобаның коммерциялық тиімділігі. * Жобаның бюджеттік тиімділігі. 1 1 1 3 Барлығы 15 15 15 45 3 ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР Берілген курсты оқу барысында бағдарламаның мазмұнымен танысу қажет. Ұсынылған әдебиетті қарастырып, өздік жұмысқа шығарылған сұрақтарға қатысты конспектілер жазу қажет. Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет. Дәрістерде инновациялық экономиканың маңызды сұрақтары қарастырылған, мысалы берілген өндірісті ұйымдастырудың тиімді әдістері мен құрылымдық қайта құрулары қарастырылған. Студенттердің дәрістерде және өздік жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бекіту және кеңейту үшін семинарлық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады. Студенттердің өздік жұмыстарына инновациялық кәсіпорындардың қазіргі жағдайына, үрдістеріне және даму болашағына қатысты сұрақтар шығарылады. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар тақырыптары төменде көрсетілген. Практикалық сабақтарға дайындалған кезде сабақтың жоспарын тыңғылықты қарастырып, дәрістер конспектісін зерттеп, ұсынылған әдебиетті оқу керек; Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек; Аудиторлық БОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс БОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді; БӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады; БӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5. * ПӘННІҢ ФОРМАТЫ Аудиториялық уақыт дәріс және оқылған материалды қарастыру кіреді. Әр сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бойынша дайындалу керек. Бақылауға кешігіп келген немесе келмеген студенттер автоматты түрде 0 бал алады. Бақылауды қайта тапсыру қарастырылмаған. Негізгі түсініктер әр дәрісте көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте берілген негізгі ұғымдарды жазуға студент міндетті. Егер студент белгілі бір себептерден сабаққа қатыспаса, ол топтағы басқа студенттен дәріс материалдарын алу керек. Оқытушы дәрісті қайта оқымайды. * ПӘННІҢ САЯСАТЫ Сабаққа қатысуы Әр сабақта студен белсенділік көрсету керек.Белсенділік спаға қарай бағаланады. Жекелей және топпен презентация жасауға болады. Белсенділік үшін максималды баға әр сабақта айтылып отырылады. Тәртібі. Сабақ үстінде жиі тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан шығарылады және барлық курс үшін <<қанағаттанарлықсыз>> деген бағамен қорытылады. Бақылау жұмысы. Әр студентке талдау үшін жеке тапсырма беріледі, оны жоспар негізінде жасап және оқудың жетінші аптасы аяқталғанша жазбаша талдау түрде ұсыну керек.уақытынан кешігіп өткізілген жұмыстарға төмен баға қойылады. Рубеждік тапсырма Рубеждік аттестациялау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы мен үлгерімі және студенттің өздік жұмысын уақытында орындап, тапсыруына байланысты қойылады. Көшіру: кез-келген көшіру жазаланады, ол аудиториядан шығарумен шектелмейді және\ немесе бүкіл курс үшін <<қанағаттанарлықсыз>> бағасы қойылады. Ұялы телефон: Сабақ барысында өшіру керек. Емтихан. Емтиханды қатысуға рұқсат етілген студент дәстүрлі әдіспен (ауызша) тапсырады. Әр биллет 3 сұрақтан турады. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Пән бойынша студенттер білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі: * Ағымдағы бақылау (әр апта сайын) * Рубеждік бақылау (7 и 15 апталарда) * Қорытынды бақылау - академиялық кезеңнің соңында бір рет жүргізіледі (мамандықтың ҚР МББС сәйкес түрде емтихан). Семестр бойы дәріс, семинар, практикалық сабақтар шегінде және студенттің жеке жұмысы негізінде жүйелі түрде студенттің білімі тексеріліп отырылады. Пәнді оқыту барысында студенттердің білімін ағымдағы бақылаудың келесідей түрлері жүргізіледі: * ауызша сұрау; * жазбаша сұрау; * аралас сұрау; * үй жұмысын қорғау және презентациялау; * дискуссия, тренингтер; * есеп шығару, тесттер және т.б. Студенттердің білімін межілік (рейтингілік) бақылау бекітілген графикке сәйкес түрде академиялық кезең барысындағы 7-ші (Р1) және 15-ші (Р2) апталарда өткізіледі. Пән бойынша бағалау пайыздық мөлшерлемемен 100 %-дық шкала бойынша қойылады. Озат студенттің рейтингісі 100% тең болады. Барлық студенттерді оқытушы озат студентпен салыстырып отырады. Студенттің жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланады: * Сабаққа келуі; * Аудиториялық бақылау жұмысын орындау (АБЖ), БОӨЖ орындау графигіне сәйкесінше * Үй жұмысын орындау (ҮЖ), СӨЖ орындау жоспарына сәйкес; * Өздік жұмыс графигін орындау. * Студенттер конференциясына, пәндік олимпиядаларға қатысу және т.б.; * Басқа жұмыс түрлері. Рубеждік бақылаудың барлық тапсырмаларын орындаған студент озат студент ретінде 100% ала алады. Студенттің тізім бойынша № Сабаққа келуі ПС БОӨЖ МБ Р1, % Сабаққа келуі ПС БОӨЖ МБ Қосымша сабақ айтуы Р2, % Озат студент 30 100 80 90 300 100 30 80 80 90 - 300 100 Егер студент сабақты босатса және межелі бақылауды белгіленген мерзімде сырқатқа немесе басқа да себепті жағдайға байланысты тапсыра алмай қалса, ол межелі бақылаудан жеке түрде өтеді. Бұл жағдайда факультет деканаты және оқытушы межелі бақылауды тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді, емтихан сессиясына дейін студентке жеке рейтингтік ведомості береді. Студент пән бойынша шекті рейтингтік бақылауға кіруге рұқсат алу үшін семестр ішінде жалпы рейтингтік баллы 50%-ке тең не одан жоғары. Пән бойынша жалпы баға келесі шкала бойынша анықталады. Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген Апта Бақылау түрі Барлық баллдар Ескерту 1 және 7 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу 30 1 Практикалық сабақ 2 Практикалық сабақ: сұрау 20 3 Практикалық сабақ: сұрау БОӨЖ 20 40 4 Практикалық сабақ: сұрау 20 5 Практикалық сабақ: сұрау БОӨЖ 20 40 6 Практикалық сабақ: сұрау 20 7 Рубеждік бақылау 90 1-7 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны 300 8 және 15 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу 30 8 Практикалық сабақ 9 Практикалық сабақ: сұрау 20 10 Практикалық сабақ: сұрау БОӨЖ 20 40 11 Практикалық сабақ: сұрау 12 Практикалық сабақ: сұрау 20 13 Практикалық сабақ: сұрау БОӨЖ 20 40 14 Практикалық сабақ: сұрау 20 15 Рубеждік бақылау 90 8-15 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны 300 Емтиханға берілетін балл саны 400 Академиялық кезең бойынша барлық балл саны 1000 7 ӘДЕБИЕТТЕР * Негізгі әдебиет * Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, Юрист, 2007 * <<Инновациялық қызмет>> туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2006.03.23. N 135 Заңымен. * <<Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы>> 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы * <<Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау>> туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы. 2012 жылғы қаңтардың 9-ы № 534-IV * Сапарбаев Ә.Ж. Инновациялық экономика (монография). - Алматы: <<Триумф <<Т>>, 2011.- 400 б. * Әмірбекұлы Е. Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі. Монография. Алматы, Эверо, 2010. * К. Тұрлыбекова. М. Т. Рогачева, Р. Инновациялық экономика: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы / - Алматы: 2010. - 76 б. * К. Б. Бердалиев. Инновациялық экономика Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2010. - 326 б. * Купешова С. Т. Инновациялық экономика: оқулық / - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 255 б. * А.Б.Утебаева. Инновациялық экономика: Оқу құралы.-Павлодар:Кереку. -2009.-163б. * Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына <<Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері >> атты Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтар. * Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы <<Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты>> атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, Астана қ., 2012 жыл 27 қаңтар * Әмірбекұлы Е. Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің қызмет етуінің экономикалық маңызы // ҚазЭУ хабаршысы, 2007, №6, Б.93-97. * Қосымша әдебиет * Инновациялық менеджмент: оқу құралы / К. Б. Бердалиев [т.б.]. - Алматы : Экономика, 2010. - 326 б. * Водачек Л., Водачкова О. "Стратегия управления инновации на предприятии", М."Экономика", 1989г. * Глазьев С.Ю. "Теория долгосрочного технико-экономического развития", М. "Влад-Дар", 1993г. * И.Т.Балабанов "Инновационный менеджмент", "Питер", Санкт-Петербург, 2001 * Р.А. Фатхутдинов. Инновационный менеджмент.- М, 2005 * И.Т. Балабанов. Инновационный менеджмент.- М, 2000 * Тасмаганбетов А.Б.Инновациялық процестегі маркетингтің рөлі мен алатын орны // Транзитная экономика. - 2008. - № 2. - С. * В.Я.Горфинкель, Г.Б.Поляк, В.А.Швандар; "Предринимательство", "Юнити", Москва, 2000 * Р.А. Фатхутдинов "Производственный менеджмент", "Данков и К", 2002 * А.Г.Кирьяков, В.А.Максимов; "Основы инновационного предриимательства", "Феникс", Ростов, 2002 * Ахметов Қ.Ғ.; "Менеджмент негіздері", Алматы, 2003 * Мейірбеков А.К.; Әлімбеков Қ.Э.; "Кәсіпорын экономикасы", Алматы, 2003 * www. kdb.kz * www. kecic.kz
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz