Файл қосу

бронхтар - шырышты - өкпенің - мұрын - жоғарғы - бөлігі - көмей



Тыныс алу жүйесі

143. Мұрын қуысының қорғаныштық (тазарту) қызметін атқаруға икемделген бөлігін көрсетіңіз 
A) мұрынның шырышты қабығының кірпікшелі эпителиі
B) май бездері
C) шырышты бездер
D) мұрын қалқандары
E) шырышасты бездері
144. Мұрын қуысының тыныстық аймағының  бездерін көрсетіңіз 
A) терлік бездер
B) сірлік (сероздық) бездер
C) май бездері
D) шырышты бездер
E) шырышасты бездері
145. Аталған қуыстардың қайсысы төменгі мұрын жолына ашылады?
A) торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары
B) мұрын-көзжас өзегі
C) жоғарғы жақсүйек қойнауы
D) торлы сүйектің артқы ұяшықтары
E) сынатәрізді қойнау
146. Көрсетілген қуыстардың қайсысы ортаңғы мұрын жолымен байланыспайды?
A) маңдай қойнауы
B) жоғарғы жақсүйек қойнауы
C) сынатәрізді қойнау
D) торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары
E) торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары
147. Мұрын қуысының шырышты қабығының қай бөлігі иіс сезу аймағына жатады?
A) төменгі мұрын қалқандарының шырышты қабығы
B) жоғарғы мұрын қалқандарының шырышты қабығы
C) ортаңғы мұрын қалқандарының шырышты қабығы
D) мұрын қалқасының төменгі бөлігінің шырышты қабығы
E) ортаңғы және төменгі мұрын жолдарының арасындағы шырышты қабығы
148. Мұрын қуысының веналық өрімі қандай қызмет атқарады?
A) қорғаныш
B) фагоцитоз
C) ауаны жылыту
D) ауаны ылғалдандыру
E) тазарту
149. Көмейдің жүзікке ұқсас тақ шеміршегі қалай аталады
A) қалқанша тәрізді
B) мүйіз тәрізді 
C) сынатәрізді
D) көмей қақпашығы
E) жүзік тәрізді
150. Көмей кірісін шектейтін тақ шеміршек қалай аталады?
A) қалқанша тәрізді
B) қалқанша маңы
C) көмей қақпашығы
D) мүйіз тәрізді
E) сынатәрізді
151. Көмей артқы жағынан қандай анатомиялық құрылымдармен жанасады?
A) тіласты бұлшықеті
B) қалқанша безі
C) жұтқыншақ
D) мойын шандырының омыртқа алды табақшасы
E) жұтқыншақтың көмейлік бөлігі
152. Аталған бет сүйектерінің қайсысы алмұрттәрізді тесікті құруға қатысады?
A) жоғарғы жақсүйек
B) бетсүйек
C) маңдай сүйек
D) көзжас сүйегі
E) таңдай сүйегі
153. Көмейдің қандай шеміршегі екі табақшадан тұрады?
A) қалқанша 
B) жүзіктәрізді
C) көмей қақпашығы
D) мүйізтәрізді
E) сына тәрізді
154. Дауыс саңылауының шеміршекаралық бөлігі қандай құрылымдардың арасында орналасқан
A) көмей кіреберісіндегі қатпарлар арасында
B) ожаутәрізді шеміршектер арасында
C) кіреберістік және дауыс қатпарлары арасында
D) сынатәрізді шеміршектер арасында
E) мүйізтәрізді шеміршектер арасында
155. Жүзіктәрізді шеміршектің доғасы қай жаққа қараған?
A) алға
B) артқа
C) жоғары
D) төмен
E) бүйірге
156. "Адам алмасы" бұрышын көмейдің қай шеміршегі құрайды?
A) жүзіктәрізді шеміршек
B) мүйізтәрізді
C) сынатәрізді
D) қалқанша 
E) көмей қақпашығы
157. Көрсетілген бұлшықеттердің қайсысы дауыс түзуге қатысады?
A) ауыз қуысы қабырғасының бұлшықеттері
B) тіл бұлшықеттері
C) жұтқыншақ бұлшықеттері
D) көмей бұлшықеттері
E) таңдай және көмей бұлшықеттері
158. Ересек адамда кеңірдек айырығы қандай анатомиялық құрылымның тұсында орналасқан
A) төс бұрышы
B) V-кеуде омыртқасы
C) төстің мойындырық тілігі
D) қолқа доғасының жоғарғы жиегі
E) VII-кеуде омыртқасы
159. Өкпе қақпасында сол жақ басты бронхтың үстінде қандай анатомиялық құрылым орналасқан?
A) қолқа доғасы
B) сыңар вена
C) жартылай сыңар вена
D) айырша без
E) жоғарғы қуыс вена
160. Өкпенің қиғаш саңылауының орналасқан жерін көрсетіңіз
A) оң өкпенің артқы жиегі
B) ортаңғы жиек
C) сол өкпенің төменгі жиегі
D) оң өкпенің латералды жиегі
E) сол өкпенің алдыңғы жиегі
161. Өкпенің горизонталды саңылауының орналасқан жерін көрсетіңіз 
A) сол өкпенің қабырғалық беті
B) оң өкпенің қабырғалық беті
C) сол өкпенің көкірекаралық беті
D) оң өкпенің көкеттік беті
E) оң өкпенің төстік беті
162. Өкпе қақпасына кіретін анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз
A) сол ұйқы артериясы
B) оң ұйқы артериясы
C) басты бронх
D) жалпы ұйқы артериясы 
E) ішкі мойындырық венасы
163. Оң өкпеде қанша сегмент бар?
A) 5
B) 6
C) 7
D) 8
E) 10
164. Бронх тармақтарының (ағашының) қай бөлігінде шеміршек болмайды
A) басты бронхтар
B) үлестік бронхтар
C) соңғы бронхшалар
D) үлесшелік бронхтар
E) сегменттік бронхтар
165. Өкпенің құрылымдық-функционалдық бірлігін атаңыз
A) соңғы бронхшалар
B) тыныстық бронхшалар
C) көпіршіктік (альвеолярлық) жолдар
D) көпіршіктер (альвеолярлық) қапшалары
E) ацинус
166. Өкпенің құрылымдық элементтерінің қайсысында ауа мен қан арасында газ алмасу жүреді
A) сегменттік бронхтар
B) көпіршіктер (альвеолдар)
C) үлесше бронхшалары
D) үлестік бронхтар
E) соңғы бронхшалар
167. Қандай анатомиялық құрылымдар өкпе түбірін құрайды? 
A) үлестік бронхтар
B) басты бронх
C) үлесшелік бронхтар
D) сегменттік бронхтар
E) тыныстық бронхтар
168. Оң өкпедегі үлестер санын көрсетіңіз
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
169. Өкпе қақпасы қай жерінде орналасқан
A) ұшында
B) негізінде
C) қабырғалық бетінде
D) көкеттік бетінде
E) көкірекаралық бетінде
170. Артқы көкірекаралықтағы ағзаны көрсетіңіз
A) жүрек
B) айырша без
C) өңеш
D) жоғарылаған қолқа
E) жоғарғы қуыс вена
171. Айырша без көкірекаралықтың қай бөлігінде орналасқан 
A) көкірекаралықтың ортаңғы бөлігі
B) көкірекаралықтың артқы бөлігі
C) көкірекаралықтың жоғарғы бөлігі
D) көкірекаралықтың алдыңғы бөлігі
E) көкірекаралықтың алдыңғы-артқы бөлігі

Пәндер