Файл қосу

Топтық жұмысты бағалау



            * Формативті бағалау әдістері.
Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
Формативті  бағалау әдістерінбірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.
Әдістердің  бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.
* <<Қолмен белгі беру>> әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
* Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
* Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
* Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды. 
* Түсінбегендерден: <<Нақты не түсініксіз екендігін>>  сұрайды.
* Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
* Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. <<Олар нақты нені түсінді?>>  соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.
Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, ұстаз тағы бір шағым тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арнлған.
*  <<20 секунд>> әдісі. Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта және жоғары сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді, себебі ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.
Басқа да әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін ұстаз << Неге? Не себепті? Қалай?>>- деген сұрақтарды қояды. Ұстаз бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін жасалынады.
Мысал:
Оқушы ауланған ұлуларды зерттеп, олардың тіршілігі жайлы презентация жасайды. Сонда оқушы келесі мәселеге баса назар аударады: <<Менің ойымша, дәл қазіргі уакытта аквариумда ұлулардың үш ұрпағы тіршілік етуде>>.  Сол кезде ұстаз: <<Не себепті сен олай шештің?>> - деді.  -  Оқушы: <<Себебі, біз бұл ұлуларды аулағанда олардың өлшемдері үлкен және орташа болған, ал қазір аквариумда тек кішкентай ғана өлшемді ұлулар қалды. Бұдан мен аквариумда ұлулардың үш ұрпағы бар екен деген қорытындыға келдім>>. Яғни, нақтылау сұрақтарын қою арқылы ұстаз оқушының білімін анықтай түсті.
Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсу.
Мысалы:
Ұстаз оқушыларға <<Үш минуттық эссе>> жазуларын ұсынады.Ұстаз төмендегі берілген тақырып бойынша сұрақтардың бірін жазып немесе оқып береді.
* Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды? 
*  Қай сұрақ есіңізде қалды? 
*  Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ?
Оқушылар жазбаларын жазып болған соң, мұғалім олардың қаншалықты тақырыпты меңгергенін білу мақсатында тексереді. Ал түсінбеген жерлерін қосымша есеп, әдіс, мысал арқылы қайталап түсіндіреді.
Сабақ соңында мұғалім қатысушыларға сұрақтарға жауап жазуын ұсынады:
*  Сіз үшін ең қиыны және ең түсініксізі не болды?
* Қай жаттығуды орындау барысында сіз қиналдыңыз? Бұл неліктен деп ойлайсыз?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинап алып олармен танысып, келесі сабаққа содан шыққан мәселелерді шешуге қарай ыңғайланады.
Мұғалім аралық тексеру жүргізу үшін қысқа тесттер дайындайды.
Бұл бақылауды бағалау уақыты сабақтың 3-5 минутын ғана алады. Бақылаудың негізгі талаптарын ескере отырып, оқушылар бірінің жұмысын бірі тексере алады. Келесі формативті бағалаудың әдістері ұстаз оқушының өз жұмысын жақсарту мақсатында қолданылады.
	Мысалы:
Мұғалім дәптерден жазба жұмысын тексергенде қате тұстарын әр түрлі таңбалармен, түстермен  жазып көрсетеді. Бұл формативті бағалаудың әдісі қорытынды жұмыс жазған кезде қолданылмайды. Мұғалім оқушыны бағалаған кезде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн, себебі оқушы осы бағалауға сай қалыптасады.
         * Формативті бағалаудың әдістері.
                                                                Кесте №4
Әдістері
Қолданыстары
Сұрақтар үшін карточканың индексі
Мұғалім оқушыларға екі жағында да тапсырмасы бар карточка тапсырады.
1 жағы: Өткен тақырыптың ең негізгісі 
2 жағы: Өткен тақырыптан ұқпағаныңызды сұрақ қылып жазыңыз.
Қол белгісі
Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін я түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды.
* Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
* Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
* Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
Осы белгілерге сүйеніп мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін сабақтайды.
Бағдаршам
Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
* Жасыл карточка көтерген оқушылар  -  барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?
* Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
Бір минуттық эссе
Бірминуттық эссе  -  тақырып бойынша пысықтаудың біржүйесі.Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды. 
* Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы? 
* Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?
Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы хабарлайды  
Сөздік үлгісі 
(еске салу)
Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка) көмектесушілер жауап құрады. 
Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс) _______ болып табылады, өйткені________т.с.с.
Қате түсінікті тексеру
Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстанымның (идея) талдауларының қате болжамдарын немесе әдеттегі қате түсініктерді әдейі береді. Сонан соң ол қатысушылардан айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің көзқарастарын айтуларын сұрайды.
Оқушылармен жеке әңгімелесу
Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін байқау үшін жеке әңгіме жүргізеді.
Үш минуттық үзіліс (пауза)
Ұстаз қатысушыларға сабақтың идеясы жайлы ойлануына, алдыңғы өткен тақырыптармен, білімімен және тәжірибесімен байланыстыруға, сонымен қатар түсінбеген жерлерін анықтауға үш минуттық үзіліс береді.
Температураны өлшеу
Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және ұстаз <<Біз не істеп жатырмыз?>> деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері  немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.
Қысқы-тест
Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін және дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті: 
* Берілген көп жауаптардың ішінен
* Дұрыс немесе қате жауап ішінен таңдау арқылы
орындайды
Элективтік тест (таңдаулы)
Мұғалім әрбір оқушыға <<А,В,С,Д>> әріптері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды.
Формативті тест
Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөлді. (әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші топтардағы қатысушыларға тесттағы сұрақтарды талқылауларына уақыт беріледі. Оқушылар талқылаудан кейін әр біреуі жеке жауап парақтарын толтырады. Әрбір оқушының ұпайлары жеке есептелінеді.  
Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы
Күнделікті  өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың сабақ барысында қабылданған білімін, дағдылары мен шеберліктерін бағалауға және оларды  қандай әдіспен жүзеге асырғандарын қадағалау үшін құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға жылжу деңгейлерін  және соған сәйкес білімдерін әрі карай жетілдіруі үшін жәрдемдеседі.
Формативті  сұрау
Бұл әдіс презентациядан кейін бірден немесе қандайда бір сабақтағы  тексеруге арналған. Мұғалім <<Неге? Қалай? Қайтіп?>> деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды.
* Олар несімен ұқсас әлде айырмашылығы қандай?
* Мінездемесі қандай______?
* Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай?
* Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз?
* Сіз қандай қорытынды жасай аласыз?
* Сіз не істеуді ұсынасыз?
* Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады?
Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар
Мұғалім <<Болжау>>, <<Түсіндіру>>, <<Айтып беру>>, <<Бағалау>> деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте  құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері  тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды.
Мысалы: Егер оқушы <<Айтып беру>> деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған <<Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап шық>> деген тапсырма береді.
Ішкі және сыртқы шеңбер
Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді.
Бір сөйлемде барлығын айтып беру
Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша <<Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге?  Қалай?>> деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.
Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс)
Бағалаудың міндетті бір элементі  -  кері байланысты ұсыну. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін жасайды және жеткен нәтижелерінің деңгейін бақылайды. Түсініктемелері анық және түсіндіре білуі керек. Жазба жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал әрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар көрсетуге болады.
Сөздік бағалау  (ауызша кері байланыс)
Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:
Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтады, осылайша ауызша кері байланыс орнатты. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде оқушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі керек деп ұйғарады.
Өзін-өзі бағалау.
Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары  -  оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет. 
Екі жұлдыз және тілек (бірін-бірі бағалау)
Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни шығарма, эсселерін бағалауға қолданылады. Мұғалім, оқушыларға сыныптастарының жұмыстарын тексеруді ұсынады. Оқушылар бір- бірінің жұмыстарын тексеру кезінде олар жұмыстарды бағаламайды, ал ондағы екі оң сәтті анықтап және бағыт береді. Олар <<Екі жұлдыз>> - бір сәт, яғни толыққанды жұмыс, ал екінші бірі <<Тілек>>, мұнда одан әрі жұмысты толықтырулары қажет. 

. 2.1.1. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау
Мұғалімдердің жиі қоятын сұрақтары:
* Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?
* Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға қандай үлесін тигізеді?
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.
* ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;
* ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
* өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің
байланысын бағалауы;
Топпен бірге жұмыс  істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.
* Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;
* Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;
* Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)
* Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
* Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;
 Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі  баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.
Топтық жұмыстың бағалануы.
	Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды.  Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн. 
Топтық жұмысты бағалау 
Кесте №5
Топ нөмірі
Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)
Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)
Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы
Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.
Барлық ұпайы
І
                                       +
                                       +
                                      +++
                                       +
                                       
ІІ
                                       +
                                       +
                                       
                                       
                                       
ІІІ
                                       +
                                       -
                                      ++
                                       +
                                       
ІV
                                       -
                                       -
                                       +
                                     ++++
                                       
V






Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі <<Топтық бірлестік>> пен <<Тәртібі>> деген қатарларды толтырады.  Ал әр топ өз жұмыстарын  баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша  процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын  шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.
* Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?
* Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?
Бірінші сұраққа  жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.
Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып,  бірлесе шешуді қарастырады.
Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.
* Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра  береді;
* Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.
         Оқушының жеке  қабілетін бағалау.
а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз <<Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау>> үлгісін қолданады  (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-6 оқушы)
Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
Кесте №6
Оқушылардың аты-жөні
* Асан
* Шынар
* Бақыт
4.
5.
6.
Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады.
                                       +
                                       +
                                       +



Идеялар ұсынады
                                       -
                                       -
                                       +



Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды)
                                       +
                                       -
                                       +



Топ қатысушыларына көмектеседі
                                       
                                       +
                                      ++



Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды
                                       +
                                       
                                       



Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім  беруге тырысты)
                                      ++
                                       
                                       +



Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды
                                       +
                                       
                                       



Ортақ ұпай







Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.
б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.
Бұл маңызды! Топтық жұмысқа бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін түсіндіре кетуі керек.
Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.
Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiмдер талдау жасай отырып,  топтық жұмыстағы дағдыларының  дамыту деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.
Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:
(1 ) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;
(2 ) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.

                 2.2.2. Портфолионы бағалау
Портфолио  -  бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының  жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын  және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді.
Кілтті  (түйіндік) кезеңдер:
::	Қарастырылатын  материалдың  мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.
::	Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.
::	Ойластырылған бағалау белгiлерi.
::	Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.                           
Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының  өсуі  мен дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.
          Нелiктен портфолио қолданылады?
Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың оқу жоспары бойынша негізгі пәндерден шеберлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан  портфолионың маңыздылығы:
* бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді;
* оқу мақсаттарының табысқа жетуіне  бағыт-бағдар береді;
* үйрену барысындағы өзгерiс  пен өсудің деңгейін көрсетеді;
* оқушының, мұғалiмнiң және ата-аналардың аналитикалық ойлауына  мүмкiндiк туғызады;
* оқушыны үйретудегi мирасқорлықтың жылдан-жылға қамтамасыз етуі.
Мұғалiм әр түрлi мақсаттар үшiн портфолио қолдана алады.
* Өздігінен бағытталған үйренудi мадақтау.
* Оқудағы өрісін кеңейту.
* Оқуда білуге мүмкiндiк туғызу.
* Жоспарланған нәтижелердiң табысқа жетудегі өрлеуін көрсету.
* Оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкiндiк беру.
* Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну.
             Тиiмдi портфолио қандай сипаттамаларға лайық болу керек?
Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:
* Үздiксiз процесс болып табылады да,  формативті және  суммативті бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқа жету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi.
* Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, әр түрлі өткерген іс-әрекеттерін  кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.
* Бірлескен рефлексияны ескереді, оқушылардың ойлау процесі мен өзін-өзі талдауын,  өзінің қабылдауы мен түсінуін қадағалайды; мәселені шешу жолын ой өзегінен өткізіп, шешімді қабылдау мен өзінің өсуін бақылайды,  пәннің мазмұны мен дағдыларын жетілдіреді .
Барлық зерттеушiлер портфолионы өңдеу жолдарындағы түрлернулерді мақұлдайды да, портфолио:
* Куррикулума қойған бiлiм беретiн мақсаттарды ашық қамтып көрсетедi.
* Жеке - бағдарланған оқытуға, негізгі білімге, біліктіліктер мен ұстанымдарына зейінін жинақтау.
* Бағалау мерзiміндегі жиналған  жұмыстардың үлгiлерi  болады.
* Бағалаудың әр түрлi техникаларының қолдануымен бағаланған оқушылардың жұмысы болады.
* Өздерiнiң оқушылары, басқа оқушылар, мұғалiмдермен және ата-аналармен бағаланған жұмыстың үлгiлерiнiң жиыны болады.
             Портфолионы қалай бағалайды?
Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы  бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу  қажет:
* Саналылық  (рефлексияның және шығармашылық ойлаудың бар болуы);
* оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі және дамуы;
* негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;
* аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi;
* түрлі жазулар  (мысалы, түрлi формаларды қолдану,  жоспарланған стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету).
Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды.  Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін  маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта  анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы  жұмыстар бағаланады.  Айдарлар,  ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.
              Портфолио толтыру кезеңдерi
1-шi кезең
Ұйымдастыру және жоспарлау  -  бұл портфолионы толтырудың бастапқы кезеңі. Бұған оқушы мен мұғалім портфолионың қандай болуы керек екендігін және оған қандай  жұмыстар кiруi керектігін  бірге шешеді. Оқушылар толық іріктеп алған  мәселелеріне жауап бергенде  портфолионың негізгі мақсатын және оның мәнін түсіне алады (барлау құралы ретінде және өзінің дамуын бағалауда). 
 Мұғалiм және оқушы келесi сұрақтарға жауап беруi керек:
* Осы пән бойынша оқылатын сұрақтарды бейнелеу  үшін мен материалдарды қанша және қалай іріктеуді жоспарлаймын?
* Мен жинағандарымды қалай ұйымдастыруды және нәрселерді, материалдарды көрсетуді қалай жоспарлаймын?
* Портфолионың толтырылуы, мазмұны және сақталуы қалай жоспарланады?
2-шi кезең
Жиын - бұл жинақталған мағыналы жұмыстардан  тұратын, оқудың  мақсаттары мен оқушылардың табыстарын қамтып көрсететiн жұмыстар. Портфолионың мазмұны туралы шешім әдейі осыған анықталған, осы кезеңде қабылдануы тиіс болып табылады мақсаттар мен міндеттерге  негізделген.
Ірiктеп алынған жұмыстар және материалдардың  әр түрлi факторларға негiзделуi керек. Оларға жататындары:
* нақты тақырыптың мазмұны;
* оқыту процесі;
* арнайы жобалар, тақырыптар немесе бөлiмдер.
Портфолиоға іріктеп алынған барлық материалдар бағалаудың стандарттары мен белгілерін ашық қамтып көрсету тиiс.
3-шi кезең
Рефлексия   -  оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау  және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рефлексия күнделікті ойлаудың және басқа формалардағы тапсырмалардың орындалуының талдауындағы ойлау процесстерінде сонымен қатар  оқушылардың нақты уақыт аралығындағы есепті шешу үшін қолданылып, идеяларды  жазудың формасына айналады.
Оқушылардың портфолиосында көрсетiлгендей мұғалiмнiң рефлексиясымен  ата-аналардың түпкi мақсатты процесі біріктірілуі тиiстi.
Көрсетiлген тiзiм межелік бағалау емес. Қазіргі уақытта мұғалімдер қандай да бір қалыптасқан бағалау жүйесін қолданып жүр. Мұғалім қалыптасқан бағалау жүйесін пайдаланғанда ең үлкен әсер (эффект) беру үшін мақсаттылық пен жүйелiлікті қолдану керек.
Оқытудың  және бағалаудың әр түрлi жүйесін қолдану  кез келген сыныптағы таныстыру әдiстерінің көпшiлiгiн жетiлдiруде  мұғалiмге үлкен мүмкiндiк береді. Әр түрлі бағалау жүйесін қолдану -  бағытталған  әр түрлі оқыту стильдеріне  және оқушылардың қажеттіліктерін өтеуге, олардың даралығын есепке алуға мүмкіндік береді.


Бұл маңызды!
Оқушылардың білімін, білгірлігін және дағдысын тексеру үшін мұғалім оқушыларға бір тақырыптан әр қилы формадағы тапсырмалар  беру арқылы олардың даралығын, әр түрлі парасаттылығын ескереді.
Портфолионың түрлері
 Портфолионың  әр түрі бар, олардың әрқайсысы оқытуда  және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио түрлерiнің төменде келтiрiлген тiзiмi ғылыми әдебиетте жиi берiледi:
* Құжатты немесе <<жұмысты>> портфолио:  Ол нақтылы мерзiм iшiндегі iрiктеп алынған жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжатты портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, эссе тағы сол сияқтылар).  Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады.
* Портфолио процесі: Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Бұл портфолио түрі барлық оқу процесін құжаттауға келгенде өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге алға басуын көрсете алады. <<Портфолио процесі>> оқушының рефлексиясын оқу туралы процеске күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау күнделiктерiнің, жазылған идеялардың және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi.
* Демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио. Бұл портфолио түрі суммативті  бағалауда өте  көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың таңдап алған жақсы жұмыстарынан тұрады. Тек қана толық аяқталған  жұмыстар осы портфолио түріне кiредi. Бұл портфолио түрін көбінесе көрнекiлiк құралдарымен  толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, компьютер арқылы есептелген нәтижелермен.  Демонстрациялық портфолио оқушының қандай жұмыстарды осы портфолио түріне еңгізетіні туралы шешім қабылдауда жазған ойларынан тұрады. 
                                       
                                       
                                       
                               2.3. Талдау
Талдау  (ежелгі грек тілінен <<жіктелу>>)  -  танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе  адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар)  жіктелуі.
Талдау  -  бұл танысудың  логикалық қабылдануы, заттың санамен жіктелуін  (құбылыстың, процесстің) бөліктерге, элементтерге немесе қасиеттерге, яғни олардың қажетті және нақтылы сапалары мен қасиеттерін салыстыру және біртіндеп зерттеу арқылы маңызын анықтау мақсатында жасалады.
Оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдай отырып, мұғалім оқушылардың қандай мәселелерге тоқтағаны туралы мәлімет алады және қандай қадамдарға әрекет ету керек екенін болжап, қорытындылап, мәселелердің шешу жолын қарастырады.  Демек, мұғалiм алған мәлiметтерді 
а) оқушыны жеке деңгейде,
б) сынып деңгейінде 
талдауға икемi болуы керек:

          Тексеру жұмысын қалай талдайды?
Формативті бағалау әдісін қолдану - тақырыпты оқыту кезінде (сабақта немесе сабақтар топтамасында) тексеру жұмыстарын өткізуді ұйғарады. Тексеру жұмыстары қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты оқушылардың жетістіктерінің деңгейлерiн көрсетедi және оған сәйкес мәселелердің бар екенін көрсетедi. 
Бұл маңызды!
Мәліметтерді жалпылауға қарамай,  аралық тексеру жұмыстарын алғанда  бағалау нәтижесін мұғалім жекеше қарайды.
1-шi мысал.
Оқу тақырыбы 5 сабаққа  есептелетіні ұйғарылады. Осыған сүйене отырып, мұғалiм 3-4 аралық тексеру жұмыстарын өткізуді жоспарлауы керек. Әрбiр тексеру  жұмысына сабақтың бес минуттай уақытын ала алады.
Тексеру тапсырмасы:
Жазбаша тексеру жұмысы (тест) бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұрады.
Сiз сабақта бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұратын аралық тексеру жұмысын өткiздiңiз. Жұмысты бағалау критерилері тексеру жұмысын өткiзуге дейiн оқушыларға көрсетілді. Әрбiр дұрыс жауап оқушыға 1 баллды әкеледi.
Сіз жұмыстарды тексердіңіз және алған нәтижелерді  ұсынылған кестелерге енгізген соң, оқушылардың жұмыстарының нәтижесін көрнекті көрсететіндей етіп, мәселелерді айқындап, ары қарай шешу жолдарын анықтайсыз.
Нәтижелер кестесі
                                                           № 7-шi кесте
Сынып_______________Күні_____________Тақырыбы____________
1
2
3

Болмады
* Асанов
* 

Жұмысты тапсырмады
* Усенов
* 
Баға
Баға нормасы (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрап, оқушылармен талқыланған)
Оқушылардың саны
<<1>>
дұрыс жауаптар  -  0-1 
1
<<2>>
дұрыс жауаптар  - 2
4
<<3>>
дұрыс жауаптар  - 3
7
<<4>>
дұрыс жауаптар  - 4
10
<<5>>
дұрыс жауаптар  - 5
6
Оқушылар саны

30

3-ші бағанның  мазмұны оқушылардың сапалық табыстарының сандық сипаттамасын  мұғалiмге ұсынады.
Бұдан әрi мұғалiм дұрыс емес жауаптардың сұрақтарға байланысын көрсететін форманы толтырады.
                                                          № 8-шi кесте	

1 сұрақ
2 сұрақ
3 сұрақ
4 сұрақ
5 сұрақ
Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны
2
6
0
11
16

Алынған мәліметтер негізінде мұғалiм келесi қадамдарды жасауы тиіс:
1.	Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Сабақты босатқан оқушыларға тақырыпты меңгеруiнiң сапасын тексеру үшін осы тапсырманы келесi сабақтың жоспарына енгiзу.
2.	Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Себебiн біліп және оқушыға ағымдағы келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.
3.	Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс.
8 - ші кестеде толтырылған мәлiмет оқушыларға 4, 5 сұрақтар қиыншылық тудырғанын көрсетедi. Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек. 
                                                          № 9-шы кесте
Мүмкін  мәселелер
Мәселелердi шешу үшiн жоспарланатын қадамдар
* берілген уақыттың жетпеуi
- қосымша уақытты ескеру;
- тексеру тапсырмасының көлемiн          кiшiрейту;
- нақты жоспарланған уақытқа оқушылардың белсенді жұмысын дамыту мақсатымен тапсырмаларды өткізуді жалғастыру
* тақырыптың осы бөлiгiн зерттеу енді ғана басталғандықтан үлкен қиындық  тудырады
- осы сұрақты бұл тексеру жұмысына қосуға болмайды, оны келесi сабаққа жоспарлау қажет
* қолданылған оқыту әдiстері осы тақырыпты ашу үшiн тиiмдi емес болып табылады
- басқа оқыту әдiстердi қолдану туралы ойлау немесе анықталған шеберлікті жетілдіруге нақтылы бағытталған қосымша тапсырмалар таңдау
* тақырып жеткiлiксiз ашылған
- тақырыптың ашылуына қосымша уақыт жоспарлау керек
* күрделiлiк сұрақтың тұжырымымен байланысты
- сұрақтың тұжырымын қайтадан қарастыру

Талдау нәтижелерiн қолданып, мұғалiм керi байланысты жоспарлайды және оны жүзеге асырады. Талдау келесi сұрақтарға жауаптардың iздестiрілуін ұйғарады:
* осы оқушы үшiн бұл бағалау қаншалықты  тиімді;
* осы тақырыпты оқуға оқушының қатынасын өзгерту мүмкіндігі (оқушының ынтасын жоғарылату);
* қандай тапсырмалар (жаттығулар) оқушының өзіне биiк нәтижелерге қол жеткiзуге көмектеседi;
* Оқушының парасатының жеке түрiне сәйкес қорытынды тапсырмаларды жоспарлап дайындау. Тексеру жұмысында берілген  -  тесттер, портфолио, зерттеу тапсырмаларынан гөрі оқушы басқа түрдегі тапсырманы сапалырақ орындауы мүмкін.
2-шi мысал  Тексеру тапсырмасы:
Өз мысалыңның негiзiнде бүтін санды жәйi бөлшекке  көбейтудің толық алгоритмін құру.
Бұдан әрi оқушының жауабы көрсетілген:
* Мысал: 
* Шешудiң алгоритмі:
1) көбейтуді орындағанда бөлiмі өзгермейді;
2) бүтiн санды алымына көбейту: 
3) алған әрекеттің нәтижесiн жазып алу:  .
4)  алынған бөлшекті қысқарту:  .  Бұрыс бөлшек шыққан жағдайда аралас санға айналдыру  немесе тиiмдi формада жазып алу керек:  .
Мұғалiм тексеруді жүргізу үшiн келесi белгiлердi анықтайды:
* бүтін санның жәй бөлшекке  көбейту  алгоритмін құрастыруының дұрыстығын  (оқушы бұл  жағдайда үш немесе бес қадамнан тұратын тiзбектi пайдалана алады);
* мысалдың құрастырылуы  және оның дұрыс шешiмi.
Сiз жұмыстарды тексердiңiз және нәтижелердi алдыңыз. Сiз ұсынған формаларға нәтижелерді (таңдау еркі өзіңізде: бағалар немесе белгілер) енгізесіз де, оқушылардың жұмыстарының нәтижесi арқылы ары қарайғы қадамдарды анықтап, мәселелердi айқындап шешуге мүмкiндiк аласыз.
Нәтижелер кестесі
                                                              10-шi кесте
Сынып____________Күні___________Тақырыбы_________________
1
2
3

Болмады
* Асанов


Жұмысты тапсырмады
* Үсенов

Баға
Баға белгілері (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрып, оқушылармен талқыланған)
Оқушылардың саны
<<1>>
* алгоритм жаңылумен құралған, көп ештеңе iстелмеген
* алгоритм құрылмаған, мысал жаңылумен құралған және шешiлмеген
1
<<2>>
* алгоритм құрылмаған, мысал құралып, жаңылумен шешiлген
* алгоритм жаңылумен, мысал жаңылумен құрылған және шешiлген
3
<<3>>
* алгоритм түсiндiрусiз өте қысқа құралған. Мысал жаңылумен шешiлген
* алгоритм құрылмаған, мысалды шешкенде қателескен
* алгоритм құрылмаған. Мысал құралып дұрыс шешiлген
-
<<4>>
* алгоритм құрылған, мысал дұрыс шешiлген
* алгоритмды құруда болмашы қате кеткен
* мысалды шешкенде болмашы қате кеткен
9
<<5>>
алгоритм толық  дұрыс құралған,  мысалды өзі құрып,  дұрыс шешкен
8
Оқушылар саны

30


Келесi форма көмегiмен мұғалiм оқушылар үшiн  өте күрделi болып табылатын мәселені  анықтай алады.
                                                         № 11-шi кесте	

1.Алгоритм  құралмаған
2. Алгоритм жаңылумен құралған
3.  Мысал оқулықтан алынған, шешкенде қателіктер жіберілген
4.Мысалды өзі дайындаған, қателіктер жіберілген
Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны
2
4
9
13

Бұдан ары қарай алынған мәліметтермен мұғалiм келесi жұмыстарды орындайды:
1.	Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Сабақты, босатқан оқушыларға осы тапсырманы өткiзудi келесi сабақтың жоспарына енгiзу.
2.	Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Себебiн біліп және оқушыға келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.
3.	Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс
№ 11-шi кестедегі мәлiмет оқушылардың негiзгi мәселелерiн көрсетедi.
- 3. Мысал оқулықтан алған, шешуде қателіктер кеткен
- 4. Мысалды өзі дайындаған, шешуде қателіктер кеткен 
Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек. 
Мұғалiм төменде көрсетiлген форманы (№ 12-шi кесте) толтыруы  келесi қадамдардан тұрады:  жоспарланған қадамдарды iске асыру арқылы мәселелердi оқушылармен талқылау арқылы шешу болып табылады. 
                                                                               
                                                                               
                                                          № 12-шi кесте
Мүмкін мәселелер
Мәселелерді шешу үшін жоспарланған қадамдар
* 
* 
* 
* 
* 
* 

Көрсетiлген мысалдардан мұғалiмнiң аналитикалық жұмысы тәптiштелген болып табылады.  Мұғалім  мәселені көре және бағалай білуі, оқу процесіне өзгерістер енгізу мақсатында  шешім қабылдай білуі  керек. 
Мұғалiм талдауөткiзу үшiн ұсынылған немесе басқа формаларды қолдана алады. Мұғалiм талдау нәтижелерін пайдаланып, керi байланыстың орнауын жоспарлайды және оны жүзеге асырады.
Бұл маңызды!
Аналитикалық жұмысты жүргізу формативті бағалауда мақсат емес. Ол оқушылармен қисынды керi байланысты орнату үшiн негізгі кезең, сонымен қатар мұғалiмнiң қызметiне түзетулердi енгiзу және оқыту процесiн жақсартудың мақсаты болып табылады.
2.4. Керi байланыс.
Керi байланыс - нақты әрекеттер, ахуалдар, даулы мәселелер арқылы мақсатқа жетуге бағытталатын түсiнiктердi алу және мәлімет беру процесі.
Формативті бағалаудың мәселелерін  зерттеушiлер Брангерт Драунс, Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар және Корнолар  <<формативті бағалау  -  кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны>>,  <<оқушыға реттелген түсініктерді алу және өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мәлімет жинайды>> деп өз жұмыстарында атап өттi.
Керi байланыс мұғалiмге оқыту процесі қалай жүретiндігі және  оқушының табыстары мен кемшіліктері туралы мәлiмет бередi.  Керi байланыс өзара сыйластық пен тiлектестiктiң атмосферасында өтуi қажет және  оқушы үшiн дұрыс жауап қайыруға немесе қателердi жөндеуге уақыт берiлуі керек.  ойлау Сонымен қатар  қызмет бағыттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Бұл маңызды!
Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi. 
Зерттеушiлер  Блэк және Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшiн оқушы керi байланыс деген не екенін түсiну керек. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек:  <<негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек >>. Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді,  сонымен қатар  мұғалімге  оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.
Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі түрі болады.
* Ауызша
* Жазбаша
Кері байланыстың құралдары төмендегідей болуы мүмкін.
* Жазбаша түсініктеме
* <<температура өлшемі>>
* Бақылау
* Опрос-молнии?????
* Күнделік/ өзін-өзі бағалау журналы

Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы және толық түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана (<<жақсы>>, <<жарайсың>>, <<нашар>>, <<дұрыс емес>>) қамтып қоймай, сонымен қатар:
	а) ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсетеді
	б) қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді.
Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана қамтиды. <<жарайсың>>, <<нашар>>, <<жақсы>> т.с.с.
Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін.
Позитивті немесе бейтарап (нейтрал) түсініктемелер төмендегідей болады:
* Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер: <<иә, бұл дұрыс жауап>>, <<өте жақсы>>, <<барлығы дұрыс>>, <<Сәуленің  қаншалықты нақты жауап бергеніне назар аударыңдаршы>>, <<Жарайсың!>>
* Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: <<жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан>>, <<бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейік>>, <<балалар,  Таланттың айтуы бойынша осылай, ал сендер қалай ойлайсыңдар?>>, <<ал сен неге олай ойладың?>>, <<сен бұл жерде біраз қателестің, қане тағы бір рет оқып шық>>.
* Жауабын нақтылап және толықтыра түсуін өтіну.
Ұстаз сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалға: <<ақымақ  жауап>>, <<осылай ойлауға қалайша дәтің барды?>>, өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. <<Дұрыс емес>>, <<қате>>, <<дұрыс жауабын кім береді?>> деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады.
          Оқушыны ынталандыру (мотивация)
Ынталандыру  -  дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.
Бағалаудың мақсаттарының бірі оқушыны оқуға бағытталған ынталандыруының қолдауы және реттеуі болып табылады. Ынталандыру талдау негізінде шешім қабылдау процесін көрсетеді. Ынталандыру туралы сұрақ адамның әрекетінің себебін түсіндіру қажет кезде әрқашан туындайды. Ынталандыру ортасы мазмұнына қарай оқушылардың сәттілікке талпынушылығының туындауына қалай көмегін тигізсе, солай кедергі болуы мүмкін, сонымен қатар осы талпынушылықтың күші мен бағытына әсер етеді.
Оқу барысында ішкі ынталандырудың реттелуіне қалайша әсер етуге болады?
Ішкі ынталандыру сәтті оқудың маңызды шарты болып табылады.  Егер ол жоқ болса,  қалай болуы мүмкін?  Көптеген  ұстаздар балаға қажетті ынтаны қалыптастыру арқылы  көптеген қол жетімді жетістіктерге жетіп сол арқылы     оқу мәселелерін  біршама оңтайлы шешуге болатындығын айтады. Е.П. Ильин <<Ынта  -  дегеніміз тұлғаның (субъект) өзі қалыптастыруы тиіс күрделі психикалық білім>> деген.  Ұстаз бұл процеске тек себепші ғана бола алады.
Ынталандырушы әдістер:
* Талабыңыз биік және шынайы болуы қажет;
* Оқушымен бірге мақсат қоя біліңіз;
* Сіздің пәніңіз бойынша жетістікке жету үшін нақты не керек екенін түсіндіріп беріңіз;
* Ішкі ынталандыруды дамыту үшін  <<міндеттісің>>, <<талап етемін>> деген сөздердің орнына <<қызық, тырысып көр>>, <<істеп көр>> т.с.с. сөздерді қолданыңыз;
* Оқушылар арасында бәсекелестік тудырудан аулақ болыңыз.
* Өз пәніңіз жайлы әрқашан шабытпен, құлшыныстықпен айтыңыз. 
* <<Жетістік ахуалын>> қалыптастырыңыз.
Сабақтың құрылымы:
* Әрқашан қатысушының мықты жағы және қызығушылығы жағынан табыла біліңіз.
* Оқытылып жатқан материалды біртіндеп күрделендіре түсіңіз.
* Оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға тырысыңыз.
* Қатысушының тек қана бағалауына ғана емес, оның жаңа икемдер мен білімге назарын аудартыңыз.
* Оқушыны ешқашан нашар баға қоямын деп қорқытпаңыз.
* Тест оқушының үрейін тудырмай, керісінше оның біліміне назар аудартуға себепші болуы керек.
Ынталандыру арқылы оқушының атқарған жұмысына түсініктеменің берілуі:
* Кері байланыс өз уақытында болуы керек.
* Жетістіктерін тек қана мақтау сөздермен ғана айтып қоймай, оң конструктивті (құрылымдық) түсінікпен де жеткізу қажет.
* Бір-бірінің жұмыстарын оқып тексеруге беріп, олардың оң жақтарын және толықтыратын тұстарын көрсетіп бағалайық.
* Ең алдымен  әрқашан оң аспектілерін атап алыңыз, содан соң сынға алыңыз. Негативті кері байланыс оқушыға емес, жұмыстың осал жақтарына бағытталуы қажет.
* Оқушының әлсіз жақтарын ешқашанда көпшілік алдында қорлау сөздермен кемсітіп көрсетпеңіз.
* Оқушыларға өздерінің ойлануларына мүмкіндік беріңіз, аузына сөз салып беруге  (подсказка) асықпаңыз.
Оқыту  барысында ғылыми игерілген бір қатар әдістердің бар екендігін атап өту керек.Осылардың көмегімен алғашында айтылып кеткен қиыншылықтарды шешуге болады. Ол үшін төмендегідей талаптарды міндетті түрде ұстануымыз қажет.
* Мүмкіндік болса, дұрыс атқарылған тапсырмалар үшін марапаттау мен сыйлық беруді доғарып, оның орнына жай ғана бағалап, мақтап қоюымыз жеткілікті.
* Сабақты көбінесе оқушыларды жарыстыру арқылы өткізу қажет. Оқушыны өз жетістіктері мен нәтижелерін салыстырып, талдау жасауға үйретуіміз тиімдірек болады.
* Оқу мақсатында <<жоғарыдағылармен>> байланыстырмауға тырысыңыз. Оқушымен бірлескен жұмыс оның алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауларына едәуір тиімді.
* Қателігі үшін оқушыға қатты айтылған сын оған негативті эмоция туғызатындығы   және оқуға деген белсенділігіне кері әсерін тигізетіндігін есте ұстағанымыз абзал.
* Уақытша шектеулер қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол шығармашылықты тежеп қана қоймай, ішкі талпынысты да тежейді.
* Әрбір оқушының өз шеберлігі және ұшқырлығын дамыту үшін оларға тапсырмаларды қиындық деңгейіне қарай бөліп беру керек.
* Әр оқушыға есептің шешу жолы мен әдістерін өзіне таңдатуға мүмкіндік беру қажет.
Ынталандыру оқушының танымдық белсенділігін жоғарылатуға және оқу бағдарламасын меңгертуге мүмкіншілік береді.
Өзін-өзі бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
       Оқушылар білімдеріне қарай өздерін-өзі
                                      бағалай білуі қажет.
                                                 П.Блэк.  Д. Уильям
Өзін-өзі бағалау  -  бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға  мүмкіндік  береді. Оқушылар  өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек.  Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада:  оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:
* Алға қойған мақсаты.
* Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
* Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
* Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
*  Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі;
* Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы; 
* Әділдікті дамыту;
* Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.

Оқушылар өзін-өзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын сынау мақсатында қалыптастыру керек. ???????Бұл жағдайда ол өз жұмысының қиыншылықтарына қарамай, соны жеңгенін көре алады?????????. Осы арқылы оқушы өзінің жетістіктерін көре біледі. 
Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.
Бұл маңызды!
* Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып  отыруы қажет.
* Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.
* Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің  мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.
Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады (№13 кесте). Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді. 
                                                               Кесте №13
Аты __________________________   Уақыты_____________________________
Сыныбы______________________ Қызметінің түрі________________________

Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңді нақты анықтайтын сөзді белгіле)
* Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым.
* Ешқашан
* Кейде
* Жиі
* Мен өз пікірімді білдірдім.
* Ешқашан
* Кейде
* Жиі
* Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым.
* Ешқашан
* Кейде
* Жиі
* Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырамын.
* Ешқашан
* Кейде
* Жиі
* Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқыламаға қатыстыруға тарттым.
* Ешқашан
* Кейде
* Жиі
* Мен ұстазым немесе тобым тапсырған қызметті атқардым.
* Ешқашан
* Кейде
* Жиі
* Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны_____________________________ _________________________________________________________________
* Бұл топтағы жұмыстың ең қиыны, бұл________________________________
__________________________________________________________________
* Келесі топтық жұмыстағы менің мақсатым____________________________ _________________________________________________________________


Оқушы кестені толтырған  соң топтағы өз қызметі жайлы қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда келесі жұмыстың мақсатын айқындайды. 
№13 кестеде оқушының топтық жұмысы мен ондағы қызметі жайлы ортақ әсерлері белгіленеді. №14 кесте әрбір бөлімге сандық (цифрлық) белгі береді. Ұстаз  <<Болжаулы ұпайлар>>  бағанындағы ұпайларды өзі таңдайды. (мектептегі 5 ұпайлық бағалаумен шатастырмай, 10 ұпайлық жүйені қолдану тиімді). Егер оқушылар мен  ұстаздың  <<Қорытынды>>  жолағында қойған бағалары 10 ұпайдан асса, онда қайшылық тудырмау үшін ұстаз қатысушылармен міндетті түрде әңгімелесіп, нәтижелерін талқылауы қажет.
                                                               Кесте №14
Қатысушылар
_______________________
                        Болжаулы ұпайлар
                         Алынған ұпайлар

                                       
                                Мен өзім
                                  Ұстаз
Топтағы барлық өз міндеттерімді уақытында және сапалы орындадым
                                       
                                       
                                       
Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым



Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім және ынталандырдым.



Басқаларды мұқият тыңдадым



Дәлелді ойлар ұсындым



Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)



Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым және түсініктеме бердім



Қорытынды:




Бұл үлгіні пайдаланған мұғалімдердің тәжірибесі бойынша осы үлгіні пайдалану арқылы біртіндеп  ұстаздың  қойған бағасы мен оқушылардың өздерін-өздері бағалауы сәйкестене түседі.
Өзін-өзі бағалау  -  бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. Төменде көрсетілген  №15 кестенің көмегімен қатысушылардың оқылып жатқан материалындағы  мәселелерін  анықтап, оларға талдау жасап, оның шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
                                                               Кесте №15
<<Идея жазбасы>> 
Аты_________________________  Мерзімі_________________________________
                    Мәселенің белгіленуі
                                       
                        Мен нені білемін?
Менің нені міндетті түрде түсінуім (білуім) керек
                                       
                      Шешім және ескерту
                                       
               Түсініктеме және нақтылау

Бағалау және оқу процесі барысына оқушының белсенді қатысуы формативті бағалаудың маңызды құрылымы (компоненті) болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін-өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын  таба білуі керек.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы  - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.
* Бірін-бірі бағалау  интерактивті сипатта болады.
* Оқушы немесе оқушылар тобы  басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.
* Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.
* Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.
Назар аудар!
* Бірін-бірі бағалау әдісін қолданарда оқушылар арасында дау туындамау үшін ұстаз барынша сақ, абай болуы керек. Ол қатысушыларға өздері немесе тобы бағаланбайды, ал олардың жұмыстары тексерілетіндігі  жайлы айтып кетуі тиіс.
* Бірін-бірі бағалау әдісін жиі қолдана беру ұсынылмайды.
Пәндер