Файл қосу
өнім - келесі - шығындар - құны - экономика - саны - кәсіпорын
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК ПОӘК 042-17.1.51/03-2014 ПОӘК <<Экономика және өндірісті ұйымдастыру>> пәнінен оқу-әдістемелік материалдар №1 басылым 5В070200 <<Автоматтандыру және басқару>> мамандықтары студенттері үшін мамандықтары студенттері үшін <<Экономика және өндірісті ұйымдастыру >> ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей- 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні бойынша дәрістер жинағы 3. Практикалық сабақтар мазмұны 4. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б. Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда. Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері. Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер. Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал - жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады. Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш. Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады. Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады. Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері. Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.) Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады. Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал - жабдықтары негізгі қорға жатады. Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы. Өндіріс қуаты-өндіріс құрал - жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі. Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты. Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Амортизация - ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна. Аренда - жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу - ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі. Еңбек биржасы - бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып - сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме. Сыртқы сауда - бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Жүк айналымы - белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері. Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы. Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері. Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады. Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы. Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы. Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы. Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады. Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат. Импорт - елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу. Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру. Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы. Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы. Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі. Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны. Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы. Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы. Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы. Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы. Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. 2 Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні бойынша дәрістер жинағы: Тақырып 1. Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (2 сағат) Дәріс жоспары: * Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері * Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері * Кәсіпорындардың жіктелуі * Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары Дәріс: 1. Кәсіпорын - бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді. Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады: * Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек - нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек; * Мүліктік дербестік - бухгалтерлік баланс негізінде; * Мүліктік жауапкершілік - кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс. Кәсіпорынның негізгі міндеттері: * Пайда алу және оны өсіру * Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету * Қоршаған ортаны қорғау, ластамау * Сапалы өнім шығару * Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау * Өз қызметін дамыту 2. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер: А) Өндіріс қорлары Б) Адамдар В) Ақпарат Г) Қаржы Капитал - қосымша құн әкелетін кез келген құндылық. Кәсіпорын қорлары - экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді. Материалдық қорлар. Капитал, негізгі және айналым. Жер қорлары. Энергетикалық қорлар. Материалдық емес қорлар - өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар. Авторлық құқық. Патент. Сауда маркалары. Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с. Еңбек қорлары. Еңбек Кәсіпкерлік қабілет. Қаржы қорлары (экономикалық емес) - кәсіпорында бар ақша: * өзіндіке - жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с. * келтірілген. * қарызды. * Басқа түсімдер - сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с. Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері: А) Мемлекеттік органдар Б) Кәсіпорындар - бәсекелестер, әріптестер, серіктестер. В) Тұтынушылар Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық 3. Кәсіпорындардың жіктелуі Жіктеу факторлары: 1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды. 2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері. 3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері: а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту) б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы) в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі д) энергия шығындары е) қоршаған орта жағдайына қарай ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.) и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай 4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады. 5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады. 6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай 4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары. * Шаруашылық серіктестіктер. Шаруашылық серіктестіктер - белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады. Екі не одан көп қатусышысы болу керек. Табыс енгізген капитал үлесіне сәйкес бөлінеді. Барлық серіктестер ұйымның жұмысына міндетті түрде қатысу керек. Жалданды еңбек қолдана алады. Екі түрі бар: 1)Толық серіктестік. Оның мүшелері кәсіпорын қарыздары үшін бүкіл мүлігімен жауап беруге тиіс. Сондықтан да бұл ең сенімді ұйымның түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың келісімінсіз қызмет ете алады. 2)Коммандитті серіктестіктер. Мұнда толық серіктестермен бірге жай салымшылар коммандитисттер бола алады. Коммандитисттер компанияны басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде пайда алады. 2.Шаруашылық қоғамдар. Шаруашылық қоғам - коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек. Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады. Түрлері: * ЖШҚ - Жауапкершілігі шектелген қоғамдар: Мүшелердің жауапкершілігі олардың салымдар мөлшерімен ғана шектелген. Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы. * Қосымша жауапкершілігі бар қоғам: мүшелері қоғам қарыздары бойынша бүкіл мүлігімен өз салым үлесіне пропорционалды жауап береді. * АҚ: Жарғылық капитал бірдей үлестерге - акцияларға бөлінеді. Түрлері: * ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген рұқсатымен ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады. * ААҚ: акциялар еркін сатылады. 3.Өндірістік кооперативтер - бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі. Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік - берген салым (пай) мөлшерінде. 4.Унитарлы кәсіпорын. Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады. Екі түрі бар: Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді. Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі). Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады: Ұйымдардың келесі түрлері болады: Корпорация - акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді. Концерн - келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі. Консорциум - ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі. Картель - нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім. Трест - кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады. Синдикат - жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі. Холдинг - акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді. Қаржылы-өнеркәсіптік топтар - ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: + Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады? + Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер? + Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері? + Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз. + Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары + Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары. + Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз. Әдебиет 1. ҚР-ның <<Кәсіпорындар туралы>> заңы: 2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 59-71 б 3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 5-15, 37-58 б. 4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2000 г., 75-111 б 5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2001 г., 11-35,42-72 бб. 6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 4-12 б Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары (3 сағат) Дәріс жоспары: * Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы. * Негізгі қорларға баға беру. * Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі * Негізгі қорлардың амортизациясы * Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер Дәріс 1. Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы. Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) - бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар өз кезегінде активті (өндірістік процеске тікелей қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз - олардың өндірістік сипаттамасын беру деген сөз. Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері: * Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.); * Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.); * Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.) * Машиналар және жабдықтар: а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады); б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді); в) Өлшеу және реттеу аспаптары; г) Есептегіш техника және т.б. * Көлік құралдары; * Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар); * Өндірістік және шаруашылық жиһаз; * Жұмысшы және өнім беретін мал; * Көпжылдық өсімдіктер; * Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар; * Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор). Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды. 2. Негізгі қорларға баға беру. Негізгі қорларға баға беру келесі құн түрлері бойынша жүргізіледі: * Негізгі қорлардың бастапқы құны, оларды сатып алу жылы болған бағаларға, жеткізу шығындарына және құру және қою құнына тәуелді болады. Бастапқы құны Жеткізу шығыны Негізгі қорлар бағасы Қою (монтаж) = + + * Қайта есептеу құны - берілген жыл бағалары бойынша негізгі қорларды жасау немесе сатып алу құны (қайта бағасын анықтау мезетіне байланысты): Қайта есептеу құны Бастапқы баға Қайта есептеу коэффициенті = * Қайта есептеу құны Қалдық бағасы Қайта есептеу коэффициенті = * * Қалдық құны бойынша - қорлардың тозуын есебке алу: Амортизация Қалдық бағасы Бастапқы баға = -- * жою құны бойынша - баланстан шығарылатын қордың бағасы * баланстық құны бойынша - бухгалтерлік баланстың бірінші бөлімінде жазылатын құн 3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі Тозу - негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи тозу - негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады. Кт.т.= Қт/Қбас, Мұндағы Қт - тозу құны, Қбас - бастапқы құны Моральдық тозу - негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері: * Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу. Т = Қб - Ққ.е. 2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша: Т = Қбе - Қбе/(Өе*Тне) - (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж) Мұндағы: Қбе, Қбж - ескі және жаңа машинаның бастапқы құны Өе, Өж - ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі Тне, Тнж - ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл Тқ - Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл 3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады. Тозу амортизация түрінде есептеледі. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі - негізгі қорлардың құнын қалпына келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері: А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау) 4. Негізгі қорлардың амортизациясы Амортизация - бұл негізгі қорлар құнының шығарылған өнім құнына біртіндеп түсу процесі. Амортизацияның жылдық сомасы негізгі қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді болады және амортизация нормалары негізінде құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады: Корт - негізгі қорлардың орташа жылдық құны. Тенг - қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны. Кенг - енгізілетін қорлар құны. Ешығ - шығарылатын қорлар құны. Тшығ - қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны. Na - амортизация нормасы. Амортизация нормасы - қорларды толығымен қалпына келтіру үшін амортизациялық төлемдердің нормасы: Na = (Қбал - Қжою)*100 % /(Қбал*Тн) Қбал, Қжою - қордың баланстық және жою құны 5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер Көрсеткіштердің екі түрі бар: Жалпылама сипаттама беретін: * Қор қайтарылымдылығы - негізгі қордың әр бірлігінен шығарылатын өнім көлемі. * Қор сыйымдылығы - өнімнің бірлігіне жұмсалатын негізгі қор мөлшері. * Қорлармен қарулану деңгейі - бір адамға саналған негізгі қор құны. Аорт.т. - өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны. Сапалық көрсеткіштер - негізгі қорлардың сапасын сипаттайды: Жаңару коэффициенті = Қенг/Қж.бас.; ҚКж.бас - жыл басындағы НӨҚ құны Шығу коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ - жыл аяғындағы НӨҚ құны Тозу коэффициенті - жоғарыда формуласы көрсетілген Негізгі қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг - Кшығ)/Қж.аяғ Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті = (Қбаст - тозу құны)/Қбаст 2. Негізгі қорларды жеке қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштер жабдықтардың немесе өндірістік ғимараттардың жеке топтарын қолдану тиімділігін сипаттайды. Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті = Өі.ж./Өпаспорт (өнімділігіне қарай) Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті = Ті.ж./Тнәт (уақытына қарай) Жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті = Ки*Кэ (қуатына қарай) Нәтижелі уақыт қоры: Экономикалық есептеулерде 3 түрлі уақыт қоры қолданылады: * Күнтізбелі уақыт қоры:Tk=365 * Номинальды уақыт қоры - заң бойынша белгіленген уақыт қоры: * Тн=Тк-(Мейрамдар+Демалыс күндер) * Нәтижелі уақыт қоры - пайдалы жұмыс істеу уақыты: Тэфф=Тк-(Мейрамдар+Демалыстар)-Ткүрд.жөндеу * Ауданның 1 шаршы метрінен алынатын өнім = ТӨ/S * Сменалық коэффициент = Жұмыс істелінген станко-сменалардың саны/қойылған жабдық саны * Жабдықты тиеу коэффициенті = жоспарды орындауға қажет уақыт қоры/нәтижелі уақыт қоры * Жабдықты күрделі жөндеуден өткізуге кеткен шығындардың экономикалық тиімділігі: Эк.ж. = Бжаңа - (Шк.ж. + Үқ*Т) мұндағы Бжаңа -- жаңа машинаның бағасы (қайта есептелінген құны); Шк.ж. -- берілген машинаны күрделі жөндеуден өткізу шығындары; Үқ -- жаңа және ескі машинаны қолданудан түсетін шығын үнемі; Т -- жөндеуаралық мерзім (жыл). Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * Негізгі капитал дегеніміз не? * Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын білесің бе? * Тозу дегеніміз не және оның түрлері? * Амортизация? * Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері? Әдебиет * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 159-185 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 150-167 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 146-165 б. * Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 12-24 б * <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым қаржысы (2 сағат) Дәріс жоспары: * Айналым қаржысы туралы түсінік. * Айналым қаржының қалыптасу көздері * АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер * Айналым капиталын басқару * Қорларды басқару модельдері Дәріс 1. Айналым қаржысы - бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады. Айналым қорлары - бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді. Айналым қаржының құрамы: Айналым қаржысы Айналым қорлары Айналыс қорлары Өндірістік қорлар Аяқталмаған өндіріс Болашақ мерзімнің шығындары Дайын өнім Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім Қосымша қорлар Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с.с Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді. Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т.с.с Айналым қорлары үздіксіз қозғалыста болып үш кезеңнен өту қажет: өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден. Айналым қаржысы екі бөліктен тұрады: тұрақты және өзгермелі капиталдардан. Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) -- бүкіл операциялық цикл ішінде олардағы қажеттілік мөлшері салыстырмалы тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер. Өзгермелі айналым капиталы (вариацияланатын ағымдағы активтер) -- операциялық циклдың ең шиеленісті кезеңдерінде олардағы қажеттілік пайда болатын ағымдағы активтер бөлігі. Ағымдағы міндеттемелер -- мерзімі бір жылдан артық болмайтын қарыздар. Таза айналым капиталы -- ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болатын көрсеткіш. Оның жетіспеушілігі компанияның жоюылуына әкелу мүмкін. Бұл көрсеткіштің деңгейі компания қызметінің тәуекелділігімен және рентабельділігімен тығыз байланыста болады. Активтер мен пассивтер арасындағы ара-қатысқа байланысты ағымдағы активтерді қаржыландырудың төрт стратегиясын көрсетуге болады: идеальды, консервативты, агрессивты және компромисты. Таза түрде ешқандай стратегияны қолдануға болмайды. Қорларға басқару саясатын оңтайландырғанда келесі есебке алынады: * тапсырыс жасалғанда қолданылатын қор деңгейі; * қорлардың минимальды мүмкін деңгейі (сақтық қор); * тапсырыстың оңтайлы партиясы. 2. Айналым қаржының қалыптасу көздері 1. Өзіндік АҚ: * айналым капиталы - меншік иелерінің қаржысы * пайда -- негізгі көзі; * тұрақты пассивтер (өзіндік капиталға теңестірілген қаржы): * -еңбек ақы бойынша қарыз; * -бюджет бойынша қарыз; * -ыдыс бойынша қарыз; * -алдын ала төленген қаржы. 2. Келтірілген қаржы: * қарызды (несиелер); * мемлекеттік несие; * басқа (мақсаты бойынша пайдаланбағана қорлар мен резервтердің қалдықтары). АҚ нормалау - айналым қорларының минимальды қажет, экономикалық тұрғыдан дәлелденген деңгейін анықтау процесі. Норма көбінесе күндермен есептелінеді АҚ нормативі -- кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшаның минимальды сомасы. АҚ нормасы келесі формула бойынша анықталады (Нақ): (3.2) мұндағы Тағ -- ағымдағы қор (ең үлкен үлес алатын қор); Стр -- сақтық қор; Тран -- транспорттық қор; Техн -- технологиялық қор; Пр -- қабылдау уақыты. Ағымдағы қор: (3.3) мұндағы Сп -- жеткізу құны; И -- жеткізулер аранысндағы уақыт интервалы. Сақтық қор (3.4) Транспорттық қор жүк айналымы мерзімдерінің (тауарды жабдықтаушыдан сатып алушыға дейін жеткізу уақыты) құжат айналымы мерзімдерінен асуын сипаттайды. Технологиялық қор -- материалдарды өндірістке даярлау уақыты. АҚ нормативы келесі түрде табылады Нақ = Р* На.ос (3.5) мұндағы Р -- АҚ орташа күндік шығыны; На.ос -- АҚ нормасы. Келесі формуланы да қолдануға болады (3.6) мұндағы В -- мерзім ішінде АҚ элементі бойынша шығын (шығару) көлемі (теңге; Т -- мерзім ұзақтығы (күн); На.ос -- АҚ элемент бойынша нормасы (күндер). Аяқталмаған өндіріс бойынша АҚ нормативы (3.7) Мұндағы Пц -- өндірістік цикл ұзақтығы; К -- шығындардың өсім коэффициенті, біркелкі өсу жағдайында ол келесі формула б-ша табылады: (3.8) мұндағы Фе -- біруақыттық шығындар; Фн -- өсіп жатқан шығындар; С/С -- өзіндік құн. Біркелкі емес өсу жағдайында К = С/П (3.9) мұндағы С -- бұйымның аяқталмаған өндірістегі орташа құны; П -- бұйымның өндірістік өзіндік құны. Басқа формуласы: К - шығыны өсімі коэффициенті, М - өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындар, С - өнімнің өзіндік құны. К-ны, көбінесе, өндіріс ортасы нүктесінде анықтайды: Шығын С М Уақыт Болашақ мерзімдер шығындарының нормативы (3.10) мұндағы П -- болашақ мерзімдер шығындарының жоспарлы жылдың басына өтетін сомасы; Р -- сметалар бойынша көзделген келесі жылдың болашақ мерзім шығындары; С -- келесі жылдың өнімінің өзіндік құнына қосылатын болашақ мерзім шығындары. Сондай-ақ келесі формула қолданылады: мұндағы αб.п. - болашақ өнім өзіндік құнында болашақ мерзім шығындарының алатын үлесі; Ст.п. - болашақ мерзімнің тауарлық өнімінің өзіндік құны. Дайын өнім нормативы 3. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер 1. Бір айналым ұзақтығы (До) (3.11) мұндағы Со -- мерзім ішінде АҚ қалдықтары; Тпер -- мерзімдегі күндердің саны; Vреал -- өткізілген өнім көлемі. 2. Айналымдылық коэффициенті белгілі бір мерзім ішінде АҚ жасаған айналым саны (3.12) 3. АҚ тиеу коэффициенті, өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы АҚ сомасын көрсетеді (3.13) Айналымдылықты өсірудің нәтижесінде АҚ белгілі бір сомасы үнемделеді. Абсолютті үнем келесі жағдайда болады (3.14) мұндағы Со.факт -- АҚ іс жүзіндегі қалдықтары; Со.план -- жоспарлы көлемі; Vреал -- өткізу көлемі. Абсолютті үнем келесі формула бойынша анықталады (3.15) АҚ салыстырмалы үнемі айналымдылықты өндіріс көлемін өсіру арқылы пайда болады 4. Айналым капиталын басқару Қорларға оңтайлы басқару жүргізу үшін мыналар қажет: * жоспарлы мерзімге шикізаттағы жалпы қажеттілікті анықтау; * шикізатқа тапсырыс берудің оңтайлы партиясын және тапсырыс жасау мерзімін мерзім сайын түзетіп тұру; * шикізатқа тапсырыс беруге және оны сақтауға кеткен шығындарды мерзім сайын түзету және салыстырып тұру. * Қорларды сақтау жағдайларын бақылап тұру; * Жақсы есеп жүргізу жүйесін қолдану; Қорларға талдау жасау үшін айналымдылық көрсеткіштері және факторлық модельдер қолданылады. Аяқталмаған өндіріске оңтайлы басқару жүргізгенде келесі факторлар есебке алынады: * Аяқталмаған өндіріс көлемі өндіріс ерекшелігіне және көлеміне тәуелді болады; * Тұрақты қайталанатын өндірістік процестер үшін айналымдылықтың стандартты көрсеткіштерін қолдануға болады; * Аяқталмаған өндіріс өзіндік құны үш бөліктен тұрады: а) шикізат пен материалдардың тура шығындарынан; б) тірі еңбек шығындарынан; в) үстеме шығындарының бір бөлігінен. * Дайын өнімге оңтайлы басқару жүргізу үшін келесі факторларды есебке алу керек: * өндірістік цикл аяғы жақындаған сайын дайын өнім өсе береді; * ажиотажды сұраныстың болу мүмкіндігі; * маусымды тербелістер; * жатып қалған және сұранысы аз тауарлар. Жиһазға қаржы салу екі түрлі тәуекелмен байланысты болады: а) бағалардың өзгеруі; б) моральды және табиғи тозуы. <<Дәл уақытында>> жеткізу жүйесі (just-in time) келесі жағдайда тиімді болады: * ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жақсы ұйымдастырылған болса; * жабдықтаушылардың сапаны және жеткізуді бақылаудың жақсы жүйелері бар болса; * компанияда қорларды басқарудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі болса. Сатып алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау жүйесі келесіні көздейді: * несие беруге болатын клиенттерді сапалы түрде таңдау; * оңтайлы несие беру шарттарын анықтау; * арызды берудің нақты процедурасы; * клиенттердің келісім шартты орындауын бақылау жүйесі. Әкімшілік жасаудың тиімді жүйесі келісіні көздейді: * дебиторларға барлық сұрақтар бойынша мерзім сайын мониторинг жүргізу; * жұмыстарды аяқтау, өнімді жіберу, төлем қағаздарын беру арасындағы уақыт интервалдарын ең аз етіп жасау; * төлем құжаттарын қажет мекен-жайларға жіберу; * клиенттердің төлем жасау жөнінде сұрауларын тыңғылықты қарастыру; * есеп-айырысу және төлемді алудың нақты процедурасын анықтау. Кредиторлық қарыздылықты басқарудың алтын ережесі: іскерлік қарым-қатынасқа нұқсан келтірмей қарыздылықты төлеу мерзімін максимальды ұзарту. Ақшаның және оған эквивалентті қаржының көлемі үш фактормен анықталады: ағымдылықпен (ағымдағы операцияларды қамтамасыз ету), алдын-ала сақтану (кенет пайда болатын төлемдерді жабу үшін), алып-сатарлық (кенет пайда болған тиімді жобаға қатысу үшін). Ақшаны тиімді басқару үшін банкілермен қарым-қатынастарды жақсарту қажет. Ақшаның айналымнан алу уақыты деп аталатын қаржы циклы, қаржы менеджментінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақша қозғалысын талдау арқылы ақша ағынының сальдосын ағымдағы, инвестициялық, қаржы және басқа операция нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді. Ақша ағынын болжау үшін келесі көрсетікштерге баға беру керек: өткізу көлемі, табыстың ақшалай үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздылық, ақша шығындарының көлемі және т.б. 5. Қорларды басқару модельдері Басшылар келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: а) ақшаның және оның эквиваленттерінің жалпы көлемі қандай болу керек? б) олардың қай бөлігі есеп шотында, қай бөлігі тез өткізілетін бағалы қағаздарға аударылу тиіс? в) қашан және қандай көлемде ақша мен тез өткізілетін активтер арасында өзара трансформация жасалыну керек. Батыста ең кең таралған модельдерге Баумол моделі және Миллер -- Орр моделі жатады. Біріншісі В. Баумол (W. Baumol) 1952 жылы, ал екіншісін -- М. Миллер (М. Miller) және Д. Орр (D. Оrr) 1966 жылы құрастырды. Бұл модельдерді отандық экономикаға енгізуге келесі факторлар кедергі болып жатыр: инфляция, пайыздық ставкалардың үлкен болуы, бағалы қағаздар нарығының нашар дамуы және т.с.с. Баумол моделі Кәсіпорын мақсатқа сай және оңтайлы ақша қорымен жұмыс істей бастайды да оны біртіндеп шығындайды. Тауар өткізуден түсетін ақшаны кәсіпорын толығымен қысқамерзімді бағалы қағаздарға салады. Ақшаның қоры біткеннен кейін, яғни нольге немесе алдын ала белгіленген қауіпсіздік нүктесіне тең болғанда кәсіпорын бағалы қағаздардың бөлігін сатып қайтадан бастапқы ақша көлемін қамтамасыз етеді. Сонымен, ақша динамикасы "ара" тәріздес графикке ұқсайды (сур 1). Сур. 1. Баумол моделі бойынша ақшаның өзгеру графикі Толтыру сомасы (Q) келесі формула бойынша анықталады (3.17) мұндағы V -- мерзім ішінде ақшадағы болжанатын қажеттілік мөлшері (жыл, тоқсан, ай); с -- ақшаны бағалы қағаздарға конвертация жасау шығындары; r -- қысқа мерзімді бағалы қағаздардың кәсіпорынға оңтайлы, жеткілікті табыс пайызы, мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздарға. Сонымен, ақшаның орташа қоры Q/2 тең, ал бағалы қағаздарды ақшаға айналдыру келісімдерінің жалпы саны (k) былай табылады: к = V : Q Ақшаны басқарудың бұл саясатын іске асырудың жалпы шығындары (ОР) былай табылады: OP= ck + r Q/2 Бұл формуладағы бірінші қосылғыш тура шығындар болса, екіншісі ақшаны бағалы қағаздарға салудың орнына оны есеп шотқа салу нәтижесінде болатын ұтылыс мөлшері. Миллер -- Орр моделі Баумол моделі көбінесе, ақша шығындары тұрақты және болжанатын кәсіпорындарда қолдануға болады. Іс жүзінде ондай кәсіпорындар сирек кездеседі, есеп шоттағы ақша кездейсоқ түрде өзгеру мүмкін, және шамамен үлкен тербелістер жасауы мүмкін. Миллер және Орр құрастырған моделі қарапайым және іс жүзіне сай деп айтуға болады. Ол келесі сұраққа жауап беруге мүмкіндік жасайды: егер ақшаның кірісін және шығысын дәл болжауға болмаса, кәсіпорын ақшаны қалай басқара алады? Миллер және Орр модель құрастырғанда Бернулли процесін қолданды -- бұл стохастикалық процесс, мұнда мерзімнен келесі мерзімге ақшаның түсімі және шығыны тәуелсіз кездейсоқ оқиғалар ретінде саналады. Қаржы менеджерінің іс-әрекеттері сурет 2-де көрсетілген. Ақшаның шоттағы қалдығы кездейсоқ тұрғыда өзгереді, бірақ егер оның мөлшері белгілі бір жоғарғы шекке жеткен кезде кәсіпорын ақшаны қалыпты мөлшерге жеткізу үшін (қайту нүктесі) сәйкес көлемде бағалы қағаздар сатып алады. Егер ақша көлемі төменгі шекке жетсе, кәсіпорын сәйкес көлемде бағалы қағаздарды сатады. Сур.2. Миллер -- Орр моделі. Өзін -өзі тексеру сұрақтары: * Айналым капиталы дегеніміз не? * Айналым қорларының құрамы мен құрылымын білесің бе? * Айналым қаржысының қалыптасу көздері? * АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді ата ? * Айналым капиталын басқару қандай түрде жүзеге асады? * Қорларды басқару модельдерін білесің бе? Әдебиет * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 198-220 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 167-194 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 165-180 б. * Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 24-36 б * <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 19-21 б Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек қорларын дамыту (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы 2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері 3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері 1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы Кәсіпорынның барлық жұмыскерлері өнеркәсіпті-өндірістік персоналға (ӨӨП) - өндірісте істейтін және оған қызмет көрсететін адамдарға және өнеркәсіптік емес персоналға - өнім өңдіруге қатыспайтын адамдарға бөлінеді. Кәсіпорынның адам санын және еңбек өнімділігін есептеуде тек ӨӨП көрсеткіші қолданылады. ӨӨП-ның жалпы саны келесі бөліктерден тұрады: Жұмысшылар - еңбек затына тікелей әсер ететіндер - негізгі және көмекші болып бөлінеді. ИТЖ - инженерлі-техникалық жұмыскерлер - кәсіпорынға ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық басқарумен айналысатын адамдар. Қызметкерлер - Құжаттармен айналысатын, есепті, есеп жүргізу, талдау жұмыстармен жұмыскерлер. КҚП - кіші қызмет көрсетуші персонал. Оқушылар - Кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар. Қорғау бөлімі - қорғаудың барлық түрлері. Қазіргі кезде ӨӨП саны келесі формула бойынша табылады: ӨӨП құрылымы деп жұмыскерлердің белгілі бір категориясының жалпы санындағы пайыздық үлестерін айтады. , мұндағы чi - i-й топ жұмыскерлер саны. Жұмыскерлер сондай-ақ, мамандығына, кәсіби мамандығына және біліктілігіне қарай бөлінеді. Нарықтық жағдайларда жаңа пайда болған мамандықтар: мысалы, брокер, дилер, маклер, дистрибьютор, коммивояжер, т.с.с. 2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері Жұмыскерлер санын анықтағанда олардың келу және тізімдік санын есептейді. Жұмыскерлердің келу саны - өндірістік бағдарламаны орындауға қажет жұмыскерлердің саны. Жұмыскерлердің тізімдік саны - кәсіпорынға қабылданған, оның кадрлық тізімінде тіркелген жұмыскерлер саны (іссапарларда, демалыстарда, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқаратын, сырқатқа байланысты келмеген жұмыскерлерді есебке алғандағы). Жұмысшылардың саны келу және тізімдік саны бойынша табылады, қалған жұмыскерлер категориялары тек тізімдік саны бойынша табылады. Жұмысшылар саны үш әдіспен анықталады: * Уақыт нормасы бойынша: ti - i-й бұйымды өңдірудің еңбек сіңіргіштігі, нормо-сағат. Ni - i-й бұйымды өңдіру жоспары. - бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры. Квн - нормаларды орындау коэффициенті * Штаттық жұмыс орындары бойынша: - жабдықтың нәтижелі жұмыс уақыт қоры. Ri - i-й жабдыққа қызмет көрсететін жұмысшылар нормасы, саны. * Қызмет көрсету нормалары бойынша: Но - бір адам қызмет көрсететін агрегаттар саны, қызмет көрсеті нормасы. S - сменалар саны. ИТЖ саны жұмысшылардың жоспарлы саны және басқару нормасы негізінде анықталады. Мамандар және қызметкерлер саны штаттық кестеге қарай анықталады. КҚП саны қызмет көрсету нормалары арқылы табылады. Оқушылар саны кадрларды даярлау жоспарына сәйкес есептейді. Қорғау бөлімінің адам санын қорғалатын территория ауданына, пост санына, жұмыс смендылығына, жергілікті қалыптасқан криминальды жағдайға қарай анықталады. ӨӨП жалпы саны барлық жұмыскерлер катеорияларды қосу арқылы табылады. 3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру - өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады: * өңдірумен (ПТ) - уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі: * еңбек сіңіргіштікпен - өнім бірлігін шығаруға қажет уақыт: Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді: Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді: Натуралдық: Nt - өнім натуралдық өлшем бірліктермен анықталады. Артықшылығы - қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі - бір түрлі өнімге ғана қолдануға болады. Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады. Nч - таза өнім. артықшылығы - Есептеуі оңай, барлық өнім түрлерін және жағдайларды есебке алады. Кемшілігі - инфляцияның әсерінен еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды. Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді. мұндағы Qi - i-й жұмыс түрінің көлемі ti - i-й жұмыс түрінің еңбек сіңіргіштігі. Артықшылығы - барлық өндіріс түрлерінде қолданылады, өнім өңдіру нормасын есептеуге болады, бірақ көрнекі емес. Жұмыс уақытының қолданылатын бірлігіне қарай еңбек өнімділігі келесі болуы мүмкін: * Сағаттық: , мұндағы Т - жұмыс істелінген адам-сағат саны * Күндік: , мұндағы Т - жұмыс істелінген адам-күндерінің саны * Жылдық: Еңбек өнімділігінің өсуін анықтау үшін үнемделген жұмысшылар санын табады: Еңбек өнімділігіне көптеген факторлар әсер етеді: экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, басқарушылық, психологиялық. Осы факторларды кез келген өндірісте кәсіпорын жетекшілері қолдануға тиіс және олардың ішінен ең тиімдісін анықтап, іске асыруы қажет. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * Еңбек қорлары дегеніміз не? * Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымын білесің бе? * Негізіг және қосымша жұмысшылар санын анықтау әдістері қандай? * Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері? * Еңбек өнімділігі дегеніміз не? * Еңбек өнімділігін өсірудің қандай жолдары бар? Әдебиет * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 220-230 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 203-218 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 208-223 б. * Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 36-44 б * <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 33-35 б Тақырып 5. Еңбек ақы ұғымы, түрлері, формалары (2 сағат) Дәріс жоспары: * Еңбек ақының экономикалық мағынасы * Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері 1. Еңбек ақының экономикалық мағынасы Еңбек ақы - жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы. Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын); акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады. Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді. Еңбек ақы - тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді. Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс - нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек. Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру келісіні көздейді: * кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау; * кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау; * қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру; * жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу. Еңбекті төлеу қағидалары: * шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы; * өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру қағидасы; * қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы; * еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады. 2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады. Тарифтік жүйе Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады: * Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) - әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады. * Тарифтік сетка - бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент - эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар. * Тарифтік ставка - уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады. * Аудандық коэффициент - жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады. -------------------------------------------------------------------------------- Еңбек ақы құрылымы Негізгі еңбек ақы Қосымша еңбек ақы Айлық еңбек ақы Күндік еңбек ақы Сағаттық еңбек ақы Тарифтік қор Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдер Қосымша төлемдер, тарифтік қорға Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді (түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін). Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер ( 1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т.с.с.). Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер - бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін. Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды. - бәсекелестің тауарлық өнімі. Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды: Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді. Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады: Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі. Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады: Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін. Еңбек ақы формалары және жүйелері. Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар: * кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы - бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі. Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін: * Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды. * Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді. * Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады. * Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады. * Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады. * Мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады: * Қарапайым мерзімді; * Мерзімді -сыйлықты.Кесімді - сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * Еңбек ақының қандай формаларын білесіз? * Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді? * Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді? * Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз. * Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз. Әдебиет * Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 132-150 б * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 230-246 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 472-480 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 226-234 б. * Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 44-54 б * <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б. Тақырып 6. Кәсіпорын қызметінің нәтижелері (3 сағат) Дәріс жоспары: + Өзіндік құн және оның құрылымы + Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші. + Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері 1. Өзіндік құн және оның құрылымы Өнімді өңдіру процесінде шикізат, материалдар, отын, энергия, еңбек ақы және т.с.с шығындар жұмсалады. Олардың жалпы сомасы өнідіріс шығындарын құрайды (өнімнің өзіндік құнын). Өзіндік құн - өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі: ӨҚ = М + А + ЕА мұндағы М - материалдық шығындар, А - амортизация, ЕА - еңбек ақы. Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады: Б = ӨҚ + П + ҚҚС Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда. Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады: * Бағаны анықтау үшін * Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін * Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады. Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді: - экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) - барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері: * Материалдық шығындар - шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны. * Еңбек ақы. * Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына. * амортизация. * Басқа шығындар - жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с. - шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды. Негізгі шығындар өнім өңдірумен тікелей байланысты болады, ал үстеме және мерзім шығындары бөлімшелерге, жалпы өндіріске қызмет көрсету және басқару шығындарын сипаттайды. Егер шығын бапына бір шығын элементі кірсе оны қарапайым деп атайды, егер бірнеше элемент кірсе, оны кешенді бап деп атайды. Шығындарды сондай-ақ, тура және жанама деп бөлуге болады, егер шығын нақты өнім шығарумен байланысты болса, оны тура деп атайды, егер ол бірнеше өнімге қатысты болса, оны жанама деп атайды. Шығындар калькуляциясы төмендегі кестеде көрсетілген Калькуляция шығындарының баптары. № п.п. Баптар Шығындар Шығын түрі 1. Шикізат пен негізгі материалдар негізгі Қарапайым, тура 2. Қайтарылатын қалдықтар құны негізгі Қарапайым, тура 3. Жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар негізгі Қарапайым, тура 4. Техн.мақсаттағы отын және энергия негізгі Қарапайым, тура 5. Өндір.жұмысш негізгі еңбек ақысы негізгі Қарапайым, тура 6. Өндір.жұмысш.қосымша еңбек ақысы негізгі Қарапайым, тура 7. Әлеуметтік төлемдер негізгі Қарапайым, тура 8. Жаңа өнімді даярлау және игеру шығыны негізгі Кешенді, тура 9. Жабдықты күту және пайд.шығындары негізгі Кешенді, жанама 10. Басқа үстеме шығындар үстеме Кешенді, жанама Өндірістік өзіндік құн = 1 - 10 сомасы 11. Мерзім шығындары үстеме Кешенді, жанама Толық өзіндік құн = Өндірістік өзіндік құн +11 Шетелде шығындарды өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай тұрақты және өзгермелі деп бөледі. Шартты тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелсіз болады, ал өзгермелі шығындар оған тура пропорционалды өзгереді. Шығындардың тұрақты және өзгермелі болуы белгілі бір релеванттық облыста ғана болады. Релеванттық облысы - шығындар біріңғай заңдылыққа бағынатын облыс шектері. Әр кәсіпорын үшін (әсіресе жаңа) қай уақыттан бастап ол пайда алады деген сұраққа жауап табу өте маңызды болады. Сатудың шекті көлемі - бұл кәсіпорын табыстары оның шығындарына тең болатын өндіріс көлемі. Осы шекті көлемді анықтау формулалары келесі: - өнім бірлігінің бағасы. - сатулардың шекті көлемі. - - - тұрақты шығындар. - өзгермелі шығындар, өнім бірлігіне саналған. Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады: * өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы). * B1 - өсіруге дейінгі өнім көлемі; * B2 - өнім шығарудың жаңа мөлшері. * Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады). * өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады). * Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру. + С1 - шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны. + С2 - шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны. + В2 - шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі. * өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады). * Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу. Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіщтері қолданылады: * Өндіріс шығындарының сметасы. * Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны. * Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері. * Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар. Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар жүргізіледі: * Өндірістік бағдарламаны орындауға қажет барлық шығындар көрсетілетін өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Көбінесе, сметаны жалпы кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер бойынша құрастырылады, одан кейін нәтижелер қосылады. * Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды (жеке тапсырыстар, секциялар, партиялар және т.с.с. бойынша). Біріңғай өнім шығаратын көмекші цехтарда (эл. энергия, көлік қызметтері және т.с.с.), калькуляция объектісі ретінде шығарылатын өнімнің бірлігі алынады (кВт./сағ, т. Және т.с.с). * Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау келесі әдістермен жүзеге асырылады: + нормативтіік - материалдық және еңбек нормативтерін қолдануға негізделген. + кезеңді - жаппай өндірістерде қолданылады, мұнда өнім бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтуге тиіс. Соңғы өнім оны бірнеше кезеңдерде өңдеудің нәтижесі ретінде болады. * Тапсырыс бойынша- қайталанбайтын өнім бірліктерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады. * Операция бойынша - егер тауарлардың жалпы және жеке сипаттамалары бар болса, қолданылады. 2. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші. Өнімді өткізуден түсетін табыс Табыс -- кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар. Пайда -- шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады. Баланстық пайда үш элементтен тұрады: 1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда Пс=Тс-сыз - ӨҚ мұндағы Тс-сыз. -- ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ -- өзіндік құн 2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда Пб.с.= Тс - Мқк мұндағы Тс -- сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк -- мүліктің қалдық құны. 3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар. Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады: * Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар; * Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша; * Мүлікті жалға беру арқылы; * Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер; * Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с. Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады: * Сотқа кеткен шығындар; * Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер; * Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар * Ұрлаудан болған шығын; * Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с. Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда). Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Сату көлемі Рентабельділік көрсеткіштері Бұл көрсеткіштер өндіріс нәтижелігін (табыстылығын) немесе осы не басқа өнім түрін өңдіру нәтижелігін сипаттайды. Рентабельділік түрлері: * Өндіріс рентабельділігі: * АҚ - айналым қаржының орташа қалдық құны. * Кнег - негізгі қорлар құны. * Бұйым рентабельділігі: * Айналым рентабельділігі: * Vр - айналым (сату көлемі). * Капитал рентабельділігі: 3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді 1. Фирманың экономикалық потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер. Олар фирманың масштабтарын, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын көрсету үшін қажет. Активтер, фирманың иелегінде болатын, өткен мерзімдерде алынған және фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының құрамын және орналасуын сипаттайды. Негізгі капитал, фирманың өндірістік қуаттарын сипаттайды (ғимараттар, құрлыстар, жабдықтар). Шығарылған өнімнің көлемі мен құны - жалпы фирма және жеке өнім түрлері бойынша анықталады. Оны есептеу арқылы фирманың ұлттық және халықаралық нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады. Фирманың өндіріс және өткізу кәсіпорындарының саны және орналасуы - өз елінде және шетелдегі мөлшері анықталады. Фирма инфрақұрылымы: * өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары; * өзіндік шикізат базалары және энергия көздері. Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз еліндегі және шетелдегі кәсіпорындарға. Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы: * ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері; * зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы; * онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны; * ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары; * фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы. 2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (есепті көрсеткіштер) Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses) жыл басында жаңа нарыққа ену үшін (enter new markets): * маркетингілік қызметке (Marketing); * зерттеулерге және дамытуға (Research and development); * үстеме шығындар (Overhead); * әкімшілік шығындар (Department overhead); * рентаны төлеу (Rental costs); * өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover); * өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees). Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер: таза пайда; амортизациялық төлемдер; активтерді сатудан түскен ақша; субсидиялар, дотациялар; ұзақмерзімдік қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру. Қаржыны жұмсау көрсеткіштері: дивиденд төлеу; ұйымдастырушылық шығын; акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі шығындар; басқа айналымнан тыс активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру. 3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған пайдамен салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолютті көрсеткіштер: * жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады; * таза пайда салықтарды, пайыздарды төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда; Салыстырмалы көрсеткіштер: * пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin); * пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets); * пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets); * пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth); * пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы (Profit to capital employed) ұзақ мерзімде жалпы инвестерлінген капиталдың тиімділігін сипаттайды. Өткізілген өнім құны немесе сатулар көрсеткішін де басқа көрсеткіштермен салыстырады: * сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets); * сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға қатынасы (Sales to fixed assets); * айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets); * материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory). Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі. Жалпы шығындардың сатулар құнына қатынасы. ТӨ 1 теңгесіне шаққандағы шығындар. Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі: * негізгі капитал айналымдылығы сатулар көлемін жұмыс істейтіндерге қатынасы; * капиталмен қарулану деңгейі - негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс істейтіндерге қатынасы (Fixed assets to number of employees). 4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер Фирманың қаржыландыру көздеріне тәуелділігі және төлем қабілеттілігі анықталады. Өзіндік капитал құрылымы: акционерлік капитал; эмиссияланған табыс; капиталға айналдырылған пайда. Өзіндік капиталдың активтердің баланстық құнына қатынасы (Stockholder's equity to total assets) фирманың сыртқы қаржы көздеріне тәуелділігін сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек. Борыштың жалпы сомасының өзіндік капиталға қатынасы (Total debt to stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің қатынасы. Борыш өзіндік капиталдан жоғары болмау керек. Талдау үшін борыштың құрылымы (қысқа мерзімді борыштың үлесі) және салықтарды, еңбек ақыны, басқа төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады: Өзіндік капиталдың нақты негізгі капиталға қатынасы инвестірленген капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды. Ұзақмерзімді борыштың өзіндік капиталға қатынасы фирманың қызметі қанша мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды Ақшаның түсімдері (кассалық және банкідегі ақша) (Cash flow) өнім үшін төлемдердің жасалуына тәуелді болады және дебиторлық борышты қайтаруға негізделген. Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға қатынасы (Cash flow to capital expenditures) инвестициялардың қай бөлігі ағымдағы ақша арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті деп атайды. Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа қатынасы (Current assets to current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек.. Ақшаның және тез сатылатын бағалы қағаздар құнының ағымдағы айналым активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets) Оны ликвидтілік коэффициенті деп атайды. Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем қабілеттілігін сипаттайды. Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға қатынасы (Current assets to total debt). Талдау жасалғанда көрсеткіштер кестелерге енгізіледі, бірнеше мерзімге. Талдау мақсаты - ағымдағы өзгерістерді анықтау және кемшіліктерді табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады. Өзін -өзі тексеру сұрақтары: + Өзіндік құн және оның құрылымы + Калькуляция дегеніміз не + Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу жолдары қандай. + Рентабельділік көрсеткіші. + Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 398-416 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 246-267 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 234-276 б Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 180-208 б. 4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 54-68 б 5. <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б. Тақырып 7. Кәсіпорын өніміне баға жасау (2 сағат) Дәріс жоспары: * Баға жасау қағидалары * Баға жасау әдістері * Баға және баға жасау саясатының механизмы 1. Баға жасау қағидалары Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі. Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан <<босатылады>> және оның қажеті жоқ. Баға жасау қағидалары: 1.Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға): а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс; б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады. 2. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер және т.б.: 3. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды). Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады: а) есебке алу функциясы б) Ынталандырушы функция. В) Бөлу функциясы. Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы. Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы.. Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар: А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері: А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы. А.2. Құрылыс тауарларының бағалары - үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс салу) құн; 2. прейскурантты баға; 3. келісімдік баға. А.3. Сатып алу бағалары - ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. А.4. Бөлшек сауда бағалары - соңғы тұтынушыларға арналған бағалар. Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді. В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады. Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады). Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады. Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады. Е.1. Жаңа тауарға <<қаймақты алу>> бағасы, <<нарыққа ену>> бағасы, <<психологиялық>> баға, <<лидердің артынан еру>> бағасы, өндіріс шығындарын өтеу>> бағасы, <<беделді>> баға қолданылады Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы - ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады. Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады. Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады: Франко- жеткізу станциясы - тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді Франко-жіберу станциясы - тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді. Франко - қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді. З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады. И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады. 2. Баға жасау әдістері. Жалпы алғанда шығынды және нарықтық әдіс болады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады: 1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау, нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады. Сапа\Баға Жоғары Орташа Төмен Жоғары Сыйлықты қосылымдар стратегиясы Нарыққа терең ену стратегиясы Құндылық мәнін жоғарлату стратегиясы Орташа Артық қойылған баға стратегиясы Орташа деңгейлі баға стратегиясы Жақсы сапа стратегиясы Төмен Ұрлау стратегиясы Көркемділігі өтірік стратегиясы Құндылық мәнін төмендету стратегиясы 2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін: а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек) б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу. в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды. г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді. 3) Бағаларды географиялық қағидаға байланысты орнату. 5 түрлі вариант болады: а) тауар шығару орнында бағаны анықтау б) транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау в) зональды бағалар анықтау г) базистік нүктеге қарай баға орнату д) фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады. 4) Шегерімдері немесе келісулері (зачеты) бар бағаларды орнату. 5) Өткізуді ынталандыруға арналған бағаларды орнату. 6) Дискриминациялық бағаларды орнату. 3. Баға және баға жасау саясатының механизмы Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады. Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайларында өз қызметін әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге мәжбүр, бұл орайда, олардың қолданатын баға жүйелері және деңгейлері де өзгереді. Бағаның өзгеруі аз зерттелген және ТМД елдерінде аз қолданылады. Баға өзгерту әдістерінің мақсаттары: * ұзақ мерзімге пайда алу; * нақты келісім шарттан мақсатты пайда алу; * тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы сатуларды өсіру; Баға өзгерту себептері: жер қашықтығы (сыртқы саудада); бағаны шегерім және қосылым жүйелері арқылы өзгерту; сатуды ынталандыру; баға дискриминациясы; тауарға бағаны сатылап төмендету. Бағаны сонымен қатар әртүрлі шегерімдер (жеңілдіктер) және қосылымдар жасап өзгертеді. Оның алғышарттарына сатуларды және пайданы өсіру, бәсекелестерді ығыстыру, нарықтағы орнын сақтау немесе жаңа нарыққа ену, өткізуді ынталандыру, жалпы шығындарды азайту міндеттері болып табылады. Баға шегерімдерінің келесі негізгі түрлері болады: А) Сконто - бұл сатып алушы тез арада (оперативті) және ақшалай төлем жасағанда берілетін баға шегерімі. Б) Жеңілдетілген баға - белгілі бір өнімдерге жеке тауар нарықтарында немесе жеке тұтынушы топтарына сатуларды ынталандыру үшін қойылады. В) Сатып алынатын тауар көлемі үшін шегерім - сатып алынатын бірдей тауардың көлемі неғұрлым жоғары болса, оның бағасы белгілі бір пайызға төмендетіледі. Г) Жалпы (қарапайым) шегерім. Прейскураннты немесе анықтамалық бағадан жасалынады. Көбінесе 20-30 %, кейде 40 пайызға дейін қойылады. Бұл шегерімдер кеңінен құрал-жабдықтарды сатуда немесе өнеркәсіптік шикізатты өткізгенде қолданылады (2-5 пайыз). Сконто шегерімін осы қарапайым шегерімге жатқызуға болады. Д) Айналым үшін шегерім, бонусты шегерім. Тұрақты тұтынушыларға арнайы келісім негізінде жасалынады. Келісім шартта бұл жағдайда шегерімдер шкаласы қолданылады (айналым көлеміне қарай). Е) Функциональды шегерім - сауда өрісіндегі шегерім. Тауар өңдірушісі тауапды өткізуде (сақтауда, есеп жүргізуде) белгілі бір функцияларды орындайтын тауар қозғалысы қатысушыларына жасайды. Ж) Прогрессивті шегерім. Сатып алушы алдын ала белгіленген және көлемі өсетін тауар алғанда берілетін шегерім. Сериялы тапсырыстар өңдіруші үшін ерекше пайда әкеледі, өйткені біртипті тауар неғұрлым көп өңдірілсе, солғұрлым өндіріс шығындары кемиді. З) Дилерлік шегерім. Өңдіруші тұрақты делдалға немесе сауда өкіліне, әсіресе шетелдік өкіліне жасайтын шегерім. Бұл шегерім түрі құрал-жабдық, машиналарды сатқанда жиі қолданылады. И) Арнайы шегерім. Артықшылығы бар тұтынушыларға (сатушылар олардың тапсырыстарына мүдделі) жасалынады. Бұл шегерімдерге сынау партияларына және тапсырыстарға, тапсырыстардың тұрақтылығына және мерзім сайын жасалуына байланысты берілетін шегерімдер жатады. Й) Экспортты шегерімдер. Шетелдік сатып алушыларға жасалынады. Мақсаты - сыртқы нарықта тауардың бәсекелестік қабілетін өсіру. К) Маусымды шегерімдер. Бұл шегерімдер сатушыға өндіріс көлемін бір қалыпты ұстауға мүмкіндік береді. Л) Жасырын шегерімдер. Бұл фрахтқа жасалынған шегерімдер, жеңілдетілген несие немесе процентсіз несие беру, тегін қызмет көрсету, тегін үлгі беру түрінде жасалынатын жеңілдіктер. М) Сапасына байланысты шегерім. Кейде өңдіруші нарықтың тауар ыдысына, қабына, маркировкасына, сипаттамаларына байланысты сұрауларын орындауға қиналғанда, осы тауарларға қойылатын бағаға шегерімдер қолданады. Кейін барлық мәселелер шешілгеннен кейін оларды қайтадан өз деңгейіне жеткізеді. Н) Бұрын қолданылған жабдықтарды сатудағы шегерімдер. О) Сервистік шегерімдер - сатылған тауарға қосымша техникалық қызмет көрсетудің, сервис жасаудың орнына шегерімдер беріледі. П) Клубтық шегерімдер. Өз мүшелеріне тауар, қызмет сатып алуда жеңілдетілген баға ұсынатын ұлттық және халықаралық клубтар. Р) Мәдениаралық байланыстарды ескергендегі шегерім. Кейбір елдердің (шығыс елдері негізінен) мәдени ерекшеліктеріне байланысты жасалынатын шегерімдер. С) Өзара есепке алу. Бұрын алынған ескі тауарды жаңаға ауыстырғанда оның бағасы кемітіледі. 3. Өткізуді ынталандыруға бағытталған баға өзгерісі: А) Қызықтыру бағасы (қармаққа іліндіргіш) - сапасы жоғары болса да, әйгілі тауарды арзан бағамен сату арқылы сату көлемін өсіру. Оны кейде <<арнайы ұсыныс>> деп атайды. Б) Арнайы шаралар бағасы. Ерекше ұсыныс кезінде қолданылады. Мысалы, маусым аяқталғанша, сату орны жабылар алдында, табиғат апатынан сапасы төмендеген тауарларды сатқанда. В) Сыйлық (орнын толтыру -компенсация). Бөлшектеп сатуда өңдірушінің сатып алушыға ақша төлеуі (әсіресе АҚШ тараған). Егер сатып алушы өңдірушіге белгілі бір купон, мәлімдеме жіберсе, тауар құнының бір бөлігін өңдіруші оған қайтарады. Г) Қарызға сатқанда тиімді пайыз ставкаларын қолдану. Алғашқы тауар үшін төлеу үлесі, қарыздың үстемесі, қайтару уақыты тұтынушы үшін тиімді жасайды. Д) Кепілдемелік шарттар және қызмет көрсету (сервис) келісімі. Е) Адам психологиясына әсер ететін баға өзгерісі. Салыстырылатын тауар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сату. Ж) Бағаның жағдайларға байланысты өзгеруі (дискриминация). Ол тұтынушылық сегментке, өнім формасына және қолданылуына, тауар немесе фирма беделіне, орналасуына, маусымға қарай болуы мүмкін. З) Ұсынылатын тауар ассортименті бойынша бағаны сатылап түсіру. Кәсіпорын бір өнімнің бірнеше модификациясын шығарғанда оларға әртүрлі баға қолданады (әртүрлі факторларға қарай). Ерекше қондырғыларға баға сатысы. Жалпы тауардың кейбір бөліктеріне (машина қондырғыларына) бағаны әртүрлі етіп жасайды. Функциональды жүйелерде қажет өнімдерге баға сатыларын жасау. Негізгі өнімнің бағасын жоғарлатып, оған қажет қосалқы тауарды сонымен қоса сатып алушыға беру. Немесе негізгі тауармен қоса тұрақты қажет заттарды сатқанда оның жалпы бағасын оларды жеке - жеке сатқанға қарағанда төмендету. И) Баға қосылымы - тсатып алушының ерекше талаптарына байланысты, мысалы, арнайы немесе жеке тапсырысты орындағанда, тауардың сапасын көтергенде, қосымша сервистік қызметтер жасағанда, төлемді бөліп-бөліп төлегенде және т.с.с. жағдайларда тауар бағасын көтеру. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Баға дегеніміз не? 2. Баға жасау қағидаларын ата? 3. Баға жасау әдістерін білесің бе? 4. Баға және баға жасау саясатының механизмы? Әдебиет * Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 1996 г., 268-284 б * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 267-284 б. * <<Баға жасау>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу- * тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б. * Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000. * Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002. Тақырып 8. Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері (2 сағат) Дәріс жоспары: * Өнім сапасы түсінігі * Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер * Өнім сапасын бақылау және басқару 1. Өнім сапасы түсінігі Өнім сапасы - өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы. Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі. Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады -- баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды. Сапа -- бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады. Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді. Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары: * Экономикалық 1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары. 1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар. 1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар. 1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары. 1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары. 1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс. 1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы. 1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары. 2.Әлеуметтік 2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі. 2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі. 2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау. 2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі. 2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау. 2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы. 2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы. 3. Экологиялық 3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар. 3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар. 3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы. 3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары. 2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар. Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі) Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар). Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды.. Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері -- өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды. Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер). Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды. Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды. Экологиялық көрсеткіштер -- өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері. Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды. Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды: Копт = Q (1) C∑ мұндағы Копт - экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа; Q - өнім сапасы; C∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге. Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды. 3. Өнім сапасын бақылау, басқару Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері: 1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау) 2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті) 3. Сапаға кешенді басқару жүйесі 4. Мемлекеттік қабылдау Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады. 1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады. Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды. Сапаны бақылау түрлері: а) топтық -- бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша; б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады; в) таңдамалы -- жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі; г) жалпылама -- әр өнімге жасалынады. д) қабылдау және аралық бақылау е) соңғы бақылау. ж) инспекциялық з) өзін-өзі бақылау и) жедел Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады. Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері. 1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі. 2. Шағын ұжымдар шектерінде <<сапа кружоктары>> сияқты қызметтің дамуы. 3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу. 4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму. 2. Өнім сапасын басқару Сапаны басқару - өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер. Сапаға әсер ететін факторлар: * Машиналар құрамы; * Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы. Сапаны қамтамасыз ету шарттары: өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы; қоршаған ортаның климаттық жағдайы; интерьер және өндірістік дизайн; материалдық және моральдық стимулдар сипаты; ұжымдағы моральды - психологиялық климат; ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі; жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы. Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды: * Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы); * Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау); * Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау); * Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін. Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы. Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады. Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет. 3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру. Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді). Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық. 4. Өнімді стандарттау және сертификаттау. Стандарттаудың басты міндеті -- әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау. Жоғары сапалы өнімді шығару кепілі ретінде оны сертификаттау жүйесі болады. Сертификаттау -- өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады . Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді. Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері). Сертификаттау өнімге толық және дәл талап қоятын нормативтік құжаттардың болуын, өнім сапасын бақылаудың жоғарғы деңгейін, өңдірушінің толық жауапкершілігін және өңдірушінің сынау әдістері жөнінде ақпарат алуын көздейді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * Өнім сапасы туралы түсінік беру * Өнім сапасы көрсеткіштері * Өнім сапасын бақылау әдістері * Стандарттау, сертификаттау жүйелері * Халықаралық стандарттар жүйесі * Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері Әдебиет 1.Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 106-134 б. 2.Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 54-68 б Тақырып 9. Инвестициялар, жобалардың тиімділігін есептеу әдістері (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Инвестициялар түсінігі, түрлері 2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері. 3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары. 1. Инвестициялар түсінігі, түрлері Инвестициялар - пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне капитал жұмсау. Мақсатына және мерзіміне қарай инвестициялар келесі топтарға бөлінеді: * қоржынды - бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу. * венчурлық - жаңа қызмет өрістеріне немесе жаңа өнімдерге жұмсалатын қаржы * тура - шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына жасалынатын салымдар * аннуитеттер - сақтандыру және зейнетақы қорларына жасалынатын салымдар. Жалпы алғанда инвестициялар қоржынды және нақты болып бөлінеді. Нақты инвестициялар келесі түрде бөлінеді: * мүлікке - күрделі шығындар * материалдық емес (кадрларды даярлау, жарнама, зерттеулерге, құрастыруларға). Формасына қарай инвестиция түрлері: * ақшалай немесе оған эквивалентты қаржымен; * жер қорымен; * ғимараттармен, құрлыстармен, жабдықпен немесе басқа мүлікпен; * ақшалай саналған мүлік құқықтарымен (патент, сауда маркалары, лицензия). Инвестиция көздері: * кәсіпорынның өзіндік қаржысы (пайда, амортизация, сақтандыру қоры); * келтірілген қаржы (акция, облигация, бағалы қағаздар сату); * қарызды қаржы (несие, облигациялық қарыз, шетел банктердің, ұйымдардың несиелері, сақтандыру және зейнетақы қорларының несиелері); * Жоғары тұрған холдингпен, қаржы-өнеркәсіптік топтармен берілетін қаржы; * Мемлекеттік бюджет пен қаржы қорларынан тегін салымдар; * Шетел инвестициялары. Инвестициялау қағидалары: * <<замазка>> қағидасы. Инвестиция тиімділігін алдын-ала анықтау. * Адаптациялық шығындар қағидасы. Жаңа инвестициялық ортаға бейімделу шығындары. * Мультипликатор қағидасы. Салалардың байланысын ескеру. * Q қағидасы. Қатаң реттеу жүргізілмейтін кәсіпорындарда қолданылады. Инфляцияны, тәуекелді, қайтарып алу мерзімін және капитал салу шарттарын есебке алу. Инвестицияларды жасау нәтижелері: экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси Күрделі шығындар - өндірістік қорлардың құнын өсіруге жіберілетін салым Күрделі шығын түрлері: * ескі - іс жүзінде істейтін негізгі қорлар құны (Ке). * жаңа - жаңа жабдықтың құны: бағасы, жеткізу және орнату құны, модернизация шығыны, жобалауға, құрылысқа және айналым қаржыны өзгертуге кеткен шығындар: * * Кқолд - қолданылған күрделі шығындар. * Кқос=Кж - Ке 2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері. Инвестиция тиімділігін анықтағанда келесі көрсеткіштер анықталады: * Коммерциялық тиімділік көрсеткіштері - тікелей қатысушылар үшін нәтижелерді сипаттайды. * Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері - мемлекеттік, жергілікті бюджетке әсерін сипаттайды. * Экономикалық тиімділік көрсеткіштері - қатысушылардың, аймақтың, жалпы елдің тура мүддесіне қатысты болатын жоба бойынша шығындар мен нәтижелерді сипаттайды. 1) Классикалық әдіс Күрделі шығындардың абсолютты нәтижелігін күрделі шығындар тиімділік коэффициенті сипаттайды: П - пайда; К - күрделі шығын Салыстырмалы экономикалық тиімділік көрсеткіштері бірнеше вариантты салыстыруға мүмкіндік береді. Ол үшін келтірілген шығындар формуласы қолданылады: С - жылдық өзіндік құн. Ен - экономикалық тиімділіктің нормативты коэффициенті. К - күрделі шығындар. Тн - ақталу мерзімі. Тиімді вариантты іске асырудың экономикалық нәтижесі келесі формула бойынша табылады: Ақталу мерзімі: Та = (К2 - К1)/П(Үж) Жылдық экономикалық үнем: Үж = (С1 - С2)*В2 2) Дисконттау әдісі Инвестициялар кәсіпорын қызметіне ұзақ уақыт ішінде әсер етеді. Шығындарды мен нәтижелерді белгілі бір уақыт шектерінде бағалайды, оны есептеу горизонты (Т) деп атайды. Осы есептеу горизонтын құрайтын уақыт аралықтары (бірліктері) есептеу қадамдары деп аталынады. Есептеу горизонтының ұзақтығы келесі факторларға тәуелді болады: * Объектіні жасау және қолдану ұзақтығы; * Негізгі технологиялық жабдығының қызмет ету мерзімі; * Алдын ала белгіленген пайда сипаттамаларына жетуіне қарай; * Инвестор талаптары. Барлық шығындар бастапқы және ағымдағы болып бөлінеді. Есептеулерге қолданылатын бағалар келесі болуы мүмкін: + Базистік - белгілі бір уақыт мерзімінде халық шаруашылығында қалыптасқан бағалар. Олар бүкіл есептеу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады (Цб). + Болжамды бағалар - баға динамикасын болжау негізінде белгіленеді. Үнемі түзетіліп отырылады (инфляцияны есебке алмай): + - t есептеу қадамында бастапқы tн мерзімімен салыстырғанда өзіндік құнның өзгеру индексы. + Есепті баға - инвестирлеу нәтижелерін инфляцияны есебке алып есептегенде қолданылады: Iи - инфляция индексы. Инфляция - экономикадағы немесе жеке қор түріне бағалардың өсуі. Инвестициялар ұзақ уақыт бойы кәсіпорын қызметіне әсер етуіне байланысты барлық шығындарды және нәтижелерді бастапқы мерзім бағаларына келтіру қажеттігі туындайды. Ол үшін дисконттау коэффициенті қолданылады: t - есептеу қадамы. Е - дисконт нормасы, капиталға саналған пайда нормасына тең, инвестор өздігінен белгілейді. Ол үшін банк депозиттерінің пайызына, ірі сенімді фирмалар акцияларының дивиденд пайызына, өндіріс рентабельділігіне назар аударылады. Дисконттау әдісі бойынша келесі көрсеткіштер анықталады: * ТКТ - Таза келтірілген табыс (NPV). * ТИ - табыстылық индексы. * ТІН - Табыстылықтың ішкі нормасы. * Т - ақталу мерзімі. 1. ТКТ (NPV) T - есептеу горизонты. t - есептеу қадамы. Rt - t қадамында инвестициялаудың нәтижесі. Зt - t қадамы бойынша болған шығындар. Сонымен қатар келесі формула қолданылады: - t қадамы бойынша инвестицияларсыз болған шығын көлемі - t қадамында инвестицияларды дисконттау. Егер ТКТ>0, онда жоба тиімді деп саналады. 2. ТИ (PI) Егер ТИ>1, онда жоба тиімді. 3. ТІТ (IRR) Келесі теңдеу бойынша табылады: Евн - келтірілген нәтиже шамасы келтірілген күрделі шығындарға тең болғандағы дисконт нормасы. Егер Евн>Е, онда жоба тиімді. 4. Т - жобаны бастау уақытынан бастап жалпы интегральды нәтиже оң сан шыққанға дейінгі минимальды уақыт: Егер , онда жоба тиімді. Жобаның коммерциялық нәтижелігі қаржылық шығындарды табыстылық нормасын қамтамасыз ететін нәтижелерді салыстыру арқылы анықталады. Е = Нәтиже/Шығындар Әр қадамдағы нәтиже ретінде нақты ақшаның ағыны қолданылады. Жобаны іске асырғанда 3 түрлі қызметті бөліп көрсетеді: * Инвестициялық - негізгі қорлар құнының өзгерісімен байланысты. * Операциялық - кәсіпорынды басқарумен және ағымдағы шығындармен байланысты. * Қаржылы - бағалы қағаздар қоржынымен байланысты. Қызметтің әр түрі ақшаның келуімен және шығуымен байланысты болады. П - ақшаның түсімі. О - ақшаның шығыны. Ф - нәтиже. Нақты ақша тасқыгы деп инвестициялық және операциялық қызметтен түскен ақша мен шығындар арасындағы айырманы айтады. Нақты ақша сальдосы - бұл барлық үш қызмет түрі бойынша ақша түсімдері мен шығындары арасындағы айырма. Негізгі шарт - аталған көрсеткіштер оң сан шығу керек. Белгісіздікті және тәуекелді есебке алу. Белгісіздік деп ақпараттың жетпеуін немесе толық еместігін айтады. Тәуекел кәсіпкердің өз қаржысын жоғалту ықтималдылығын көрсетеді. Белгісіздік пен тәуекелдің келесі түрлерін ескеру қажет: * Экономикалық заңдылық, ағымдағы экономикалық жағдай, инвестиция жасау жағдайлары. * Сыртқыэкономикалық тәуекел. * Саяси жағдай тұрақсыздығы, қолайсыз әлеуметтік-саяси өзгерістер. * Бағалардың валюталық курстарының өзгеруі, нарық конъюнктурасының өзгеруі. * Табиғи-климаттық факторлар. * Өндірістік-технологиялық тәуекел. Тәуекелді арнайы экономикалық-математикалық әдістер көмегімен компьютермен есептеуге болады. Егер тәуекел ықтималдлығы белгілі болса, инвестициялардан болатын жалпы нәтиже математикалық күтім формуласы бойынша анықталады: Эi - іске асырудың i-й шарты бойынша интегральды нәтиже. pi - i-й шарттың іске асу ықтималдылығы. Жобаны таңдау белгілері: мақсаты, сыртқы және экологиялық белгілер, жобаны іске асыратын инвестордың белгілері, ғылыми-техникалық белгілер, коммерциялық белгілер, өндірістік белгілер, нарық белгілері, аймақтық ерекшеліктерді есебке алатын белгілер. 3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары. Қаржы - кәсіпорынның ақша жиынтығы және оларды қалыптастыру, бөлу және қолдану жүйесі. Қаржы көздері: жеке жинақтар, акционерлі капитал, пайлық салымдар, ұзақмерзімді несие, инвестициялар, бюджеттік ақша. Қаржы жоспары кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қаржы жоспарының үш түрі бар: оперативті (1 жылға дейін), ағымдағы (1 жыл), перспективті Қаржы жоспарына келесі құжаттар жатады: * Табыстар мен шығындар жоспары (кәсіпорын пайдалылығын көрсетеді); * Несиелік жоспар (қарызды қолдануды сипаттайды); * Ақша ағындарының жоспары (ликвидтілікті қамтамасыз етеді); * Кәсіпорын балансы (кәсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайды). Кәсіпорын балансы активтерден (кәсіпорын меншігіндегі мүлік) және пассивтерден (қаржы көздері) тұрады. Олар бір-біріне тең болу керек. Кәсіпорын активтері ликвидті (айналым қаржы) және ликвидті емес (негізгі капитал) болып бөлінеді. Баланс бойынша келесі көрсеткіштер анықталады: * айналым қаржының ликвидтілігі - кәсіпорынның қажет уақытта қарыз қайтаруға қабілетін көрсетеді. + Абсолютты ликвидтілік коэффициенті: Кал = Ақша/қысқа мерзімді міндеттемелер >=0.5 + Ликвидтілік коэффициенті: Кл = (Ликвидті активтер - өндірістік қорлар)/қысқа мерзімді міндеттемелер >=1,0 + Ағымдағы ликвидтілік коэффициенті: Кағл = Ликвидті активте/қысқа мерзімді міндеттемелер >=2 * Автономия коэффициенті - кәсіпорынның қаржылы дербестігін сипаттайды. Ка = Өзіндік капитал/Баланс сомасы >=0.5 * Қарызды және өзіндік капиталдың ара-қатыс коэффициенті К =Ұзақ және қысқа мерзімді қарыз/Өзіндік капитал <=1 * Капитал рентабельділігі: Қаржының жаңа түрі ретінде лизингты айтуға болады - жалдың ерекше түрі. Лизинг - мүлік иесі мен жалға алушы арасында мүлікті белгілі бір мерзімге беру, ол үшін рентаны төлеу және, көбінесе, амортизация мерзімінің аяғында мүлікті толығымен өзіне алу жөнінде келісім шарт. Лизинг пен жал арасындағы айырмашылықтар: * Лизингте толық амортизация төленеді. * Лизинг өнімді өткізудің бір түрі ретінде қолданады. * Лизинг мерзімі келісімде тіркеледі және одан бас тартуға болмайды (жалдан бас тартуға болады). Лизинг формалары: * Оперативты лизинг: келісім мерзімі амортизация мерзімінен әлдеқайда кем (жалға ұқсас). * Қаржы лизингы: Келісім мерзімі амортизация мерзіміне жақын немесе тең болады. Оның түрлері: а) тура (қарапайым) лизинг: Артықшылықтар: * Лизинг 100% несие беруді көздейді және төлемдерді қолма-қол төлеуді талап етпейді. * Жалға алушы жабдықты жаңартуға мүмкіндік алады. * Есепте мүлік лизинг беруші балансында болады. * Лизинг кепілдемені талап етпейді, өйткені кепілдеме ретінде жабдықтың өзі болады. * Барлық дамыған елдердің мемлекеттік саясаты лизингтік операцияларды кеңейтуге және дамытуға бағытталған. Кемшіліктер: * Лизинг берушінің үлкен қаржы шығындары. * ҒТП байланысты жабдық ескірсе және бұл жағдай келісімде көрсетілмесе, төлемдерді амортизация мерзімінің аяғына дейін жасай беру қажет. * Лизингтің жалпы құны несие құнынан, көбінесе жоғары болады. * Лизингтік операцияларды жүргізудің күрделілігі. * Салық жүйесі - салықтардың жиынтығы және оларды есептеу және бақылау жүйесі. Негізгі қағидалары: Мүмкіндіктер бойынша төлеу; Артықшылық үшін төлеу; Есептеудің қарапайымдылығы және қол жетерлігі. Функциялар: фискальды; қайта бөлу; ынталандырушы. Салықтар түрлері: тура; жанама; жалпы; арнайы. пропорционалды; прогрессивті. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Инвестициялар түсінігі, түрлері 2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері. 3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары. Әдебиет * Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 1996 г., 336-360 б * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 134-159 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 1999 г., 306-326 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 1997 г., 344-364 б. * Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 68-78 б * <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 43 б. Тақырып 10. Өндірісті ұйымдастыру пәні ғылым ретінде.(2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі 2.Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті 3.Негізгі өндіріс түрлері. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі-өндірістің барлық элементтерінің уақытта және кеңістікте үйлесімді байланысын қамтамасыз ету.Негізгі өндірістің элемменттеріне еңбек,еңбек заттары және еңбек құралдары жатады. Еңбек деп еңбек құралдарының көмегімен адамдар өздерінің мақсаттарына сәйкес іс-әрекеттерімен,өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек заттарын өзгерту процесін айтамыз.Еңбек өндіріс элементі ретінде үздіксіз дамиды,сапасы мен өнімділігі артады,нәтижесінде бүкіл өндірістің экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Еңбек заттары деп өндіріс процесінде еңбек құралдарының көмегімен өндірілетін шикізат және материалдарды айтады. Басты мақсаты тұтынуға жарайтын өнімді шығару. Еңбек құралдары көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек құралдарының бірнеше түрі бар: а)еңбек құралдары (аспаптар,машиналар) б)өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар,бөшкелер) в)жер,өндірістік үйлер,құрылыстар, темір жол және т.б. г)электр қуаты,бу,химиялық,физикалық қосылыстар және т.б. Олардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек нәтижелілігі,тиімділігі және жұмыс сапасы кәсіпорындардың техникалық жабдықтау деңгейіне және берілген жұмыс жағдайларына байланысты. Негізгі өндіріс үздіксіз қозғалыста,дамуда болады.Негізгі өндірістің даму қарқыны оның барлық элемменттерінің пропорционалды жетілдірілуіне байланысты.Егер осы элемменттердің біреуі қалғандардан қалып қойса, тепе-теңдік бұзылады.Ол шикізаттың,материалдардың және жұмыс уақытының босқа шығындалуына әкеледі.Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті -өндіріс элементтерінің барлық байланыс тәсілдерін,олардың ерекшеліктерін, даму жағдайларын зерттеу;шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеп,жоғары сапалы дайын өнімнің жоспарланған көлемін шығару;кәсіпорынның еңбек,шикізат материал ресурстары,энергияның шығындарын ең аз қылып;жабдықтарды толық пайдалану. Өндірісті ұйымдастыру-өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы өсіру мақсатында өндірістің заттық элементтерін және еңбекті біріктіру формасы мен тәртібін қамтамасыз ететін , ережелер , процестер мен әрекеттер жиынтығы. Пәнде-кәсіпорынның өндіріс құрылымы және оны жетілдіру жолдары,өндіріс процестерін тиімді ұйымдастыру әдістері,көмекші өндірісті.шикізат пен материалдармен өндірісті қамтамасыз ететін бөлімді,өнім сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру әдісттері зерттеледі. Өндірісті ұйымдастыру әдістерін дұрыс пайдалану үшін сол кәсіпорындағы техниканы және технологияны білу қажет.Бұл пән техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. Негізгі өндіріс түрлері. Негізгі өндірістің үш түрі бар:1)-ші жеке 2)сериялық 3)жаппай өндіріс. Жеке өндіріс деп бұйымның бір данасы шығарылатын өндірісті айтамыз.Оны шығарғаннан кейін бұйымның келесі түрін шығару үшін өндіріс жаңадан құрылады.Бұндай өндіріс универсальды болады,өйткені мұнда өнімнің бірнеше түрін шығаруға болады..Сондықтан бір бұйымды шығару үшін қолданылған құрал-жабдықты басқа жабдыққа ауыстырады,немесе бұйымның жаңа түрін шығару үшін қажет жұмыс тәртібіне салады.Жеке өндірісте көбінесе өнімнің бірнеше түрін шығара алатын әмбебап жабдықтарды қолданады.Бірақ мұндай жабдықтың құны мамандандырылған жабдыққа қарағанда жоғары болады. Жеке өндірісте әр түрлі жұмыс істей алатын жоғары дәрежелі мамандығы бар жұмысшылар істейді.Олардың еңбегі әмбебап болады.Сондықтан алатын еңбек ақысы үлкен болады..Жаңа өнімді шығарғанға керекті құрал-жабдықты,материалдарды;оған сәйкес техникалық құжаттарды (нормалар;стандарттар,рецептуралар) дайындау үшін кеткен уақыттың және қаржының шығыны өте үлкен.Бұл өндірісте шығарылатын өнімнің құны сериялық және жаппай өндірістерге қарағанда әлдеқайда үлкен. Сериялық өндіріс.Бұндай өндірісте өнім партиялармен шығарылады.Бір партияны шығарғаннан кейін өндіріс келесі партияны шығаруға арналады.Өнімнің сериясын шығару тапсырыс,жоспар бойынша жасалады.Егер шығарылатын партия кішкене болса,онда ондай өндірісті аз сериялы өндіріс деп атайды.Партиялар ірі болса,онда ол ірі сериялы өндіріс болады.Сериялы өндірістің жеке өндіріске қарағанда артықшылығы өнім шығаруға кеткен шығын әлдеқайда аз.Себебі өндіріске мамандандырылған жабдықтар, мамандандырылған еңбек қолданылады.Өндірісті дайындауға кеткен шығын бір бұйымға емес өнім партиясына бөлінеді. Жаппай өндіріс.Бұл өндірісте үздіксіз тек қана бір ассортименттің бұйымдары жаппай көпшілік мөлшерде тұрақты шығарылады.Тек мамандандырылған машиналар,құрал-жабдықтар қолданылады.Жұмысшылардың еңбегі де мамандандырылады.Нәтижесінде еңбек өнімділігі өседі.Өндірісті дайындау жұмыстың басында ғана қажет.Ал оған кеткен шығын барлық шығарылған өнім санына бөлінеді.Бұл өндірісте техниканы,өндірісті ұйымдастыруды және еңбекті жетілдіруге қолайлы жағдай туады. Нәтижесінде өнімнің сапасы және өндіріс нәтижелілігі өседі.Жаппай өндіріс басқа өндіріс түрлеріне қарағанда тиімді.Бұндай өндіріске азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары жатады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні 2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті 3. Өндірісті ұйымдастыру түсінігі 4. Негізгі өндіріс түрлері. 5.Қай өндірісте әмбебап құрал-жабдықтар қолданылады? 6.Қай өндірісте тек мамандандырылған құрал-жабдықтар қолданылады? Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 11. Негізгі өндіріс процесі, уақыты және оның құрылымы. (2 сағат) Дәріс жоспары: 1.Өндіріс процесі туралы түсінік,мақсаты және міндеті. 2.Өндіріс процесінің құрылымы. Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз. Операция -бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі.Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында,сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін. . Негізгі өндіріс процесі Негізгі операциялар Көмекші операциялар 1)дайындық операциялар 1)транспорттық операциялар 2)технологиялық операциялар 2)қызмет етуші операциялар 3)тексеру операциялар 4)табиғи операциялар 5)қорытындылау операциялары Дайындау-қорытындылау операциялары-жұмыс орындарын,жабдықтар мен құралдарды шикізат пен материалдарды өңдеуге дайындау үшін және оны дайындағаннан кейін жұмыс орындарын,жабдықтарды жинақтап,тәртіпке келтіруге,өнімді тапсыруға қажет. Технологиялық операциялар дайын өнім алу үшін шикізаттың құрамын,формасын және қасиеттерін өзгертуден тұрады. Табиғи операциялар жұмысшылардың белсенді қатысуынсыз жүреді.(пассив операциялар).Жұмысшылар шикізатта жүретін табиғи процестер үшін жағдай жасайды. Табиғи операциялар кезінде еңбек процесі тоқталады. Тексеру операциялар-технология режимін,тәртібін және еңбек сапасын тексеру үшін қажет операциялар. Көлік операциялары-жүктерді тасу операциялары. Қызмет етуші операциялар-ол жұмыс орнын жиыстыру, смена бойы жұмыс орнын жұмыс қалпында сақтау (машинаны жөндеу,техникалық қызмет көрсету). Өндіріс процесі жүзеге асатын уақыт өндіріс уақыты деп аталады.Өндіріс уақытына шикізат пен материалдардың кәсіпорынға түсу кезеңінен бастап, дайын өнімді сату кезеңіне дейінгі уақыт жатады. Өндіріс уақыты Өндірістік цикл Еңбек заттары мен дайын өнімнің запаста жату уақыты Жұмыс уақыты Өндіріс процессіндегі үзілістер Табиғи үзілістер у-ы Ауысымнан тыс үзілістер Операциялар арасындағы үзілістер Дайындау - қорытындылау у-ы Технологиялық операциялар у-ы Бақылау операцияларының у-ы Көлік операциялары у-ы Жұмыс орындарына қызмет көрсету у-ы Демалыс және мереке күндері Ауысымдар арасындағы үзілістер Түскі үзіліс Шикізат партиясын өңдеу үзілісі Жабдықты майлауға,тексеруге дұрыстауға үзіліс Демалыс үзілісі Техникалық ақауды жою үзілісі Ұйымдастыру себептері бойынша үзіліс Басқа үзілістер Өндіріс уақытының бір бөлігін өндіріс циклы құрайды.Ол шикізаттың өндіріске өңдеуге түсуінен бастап,дайын өнім алумен аяқталатын өнім шығарудың күнтізбелік уақыты.Өндірістік циклды сағатпен немесе күндермен өлшейді. Өндірістік цикл барлық оның элементтерінің ұзақтықтарына байланысты.Өндірістік цикл жұмыс уақыты мен еңбек процессіндегі үзілістерден тұрады. Жұмыс уақыты дайындау - қорытындылау,технологиялық, бақылау, көлік операцияларын орындауға және жұмыс орындарына қызмет көрсету жұмсалады.Осы уақыт ішінде шикізат дайын өнімге айналады. Еңбек процессіндегі үзілістер табиғи процестер уақытынан,ауысымнан тыс үзілістерден және операциялар арасындағы үзілістерден тұрады. Ауысымнан тыс үзілістерді кәсіпорын жұмысының тәртібіне сәйкес график бойынша бекітеді. Ауысымнан тыс үзілістерге түскі үзіліс уақыты жатады. Ауысымнан тыс үзілістер жұмыс уақытының жоғалтуларына жатпайды, өйткені ауысым ұзақтығына енбейді.Операциялар арасындағы үзілістер жұмыс орындарында шикізат партияларын өңдеуді күтуге байланысты.Ауысым ортасында жұмысшыларға демалуға, жеке қажеттіліктеріне белгілі уақыт беріледі.Өндіріс процесінде жабдықты майлауға,тексеруге немесе дұрыстауға уақыт жұмсалады.Ауысым ішінде шикізаттың,материалдардың,энергияның немесе судың т.б. болмауынан үзілістер пайда болуы мүмкін.Бұл еңбек уақытының жоғалтулары. Еңбек заттарының запаста болу уақытын қысқарту қажет,өйткені шикізатты сақтау экономикалық тиімсіз.Шикізатты үзіліссіз өңдеу үшін материалдардың белгілі бір запастары болуы тиіс. Операциялар кеңістікте және уақыт бойынша орындалады. Кеңістікте операцияларды орындау үшін қажет жұмыс орындарының санын ұйымдастырады.Жұмыс орындары машиналармен,құрылғылармен жабдықталады.Бір операцияны орындау үшін керек жұмыс орнының саны әртүрлі және осы операциясының тактысына және өндіріс процесінің тактісіне байланысты болады. Операцияларды уақыт бойынша сипаттауға такт және ритм қолданылады. Операция такты-ол операцияны орындау кезіндегі дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады.Дайын өнім бірлігіне мин/тонна,сек/кг өлшенеді. Операцияларды салыстыру үшін олардың тактыларын бір өлшемге келтіреді. Операцияның тактысын (t) уақыт нормасы бойынша (өнім өндіру нормасы) (Н в),жұмыс орындарының санын (Рм), әрбір жұмыс орнындағы жұмысшы санын (Р) ,норманы орындау деңгейін ескеріп анықтайды. Қолмен істелетін операцияларда to = Нв / Р Рм К Н в-өнімнің не жартылай фабрикаттың бір бірлігін шығаруға кеткен уақыт мин,сек. Р-осы операцияны орындайтын жұмысшы саны Ро-жұмыс орындарының саны К-операциядағы өнім өндіру нормасын орындау деңгейін сипаттайтын коэффициент. Құрал-жабдықтары бар операциялар үшін n to = 60 / ( Пi Ро ) ; i=1 Пi- і құрал жабдықтың өнімділігі кг сағ n-құрал - жабдықтар саны Ро- жұмыс орындарының саны Операция ритмі-ол операцияны орындау кезіндегі өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады. r (Тсм - Тп) / а мұндағы Тсм -смена ұзақтығы,мин;Тп-смена ішіндегі реттелген үзілістер,мин;а- операцияны орындайтын жұмысшыларға жоспарлы тапсырма ,сменасына кг. Операция ритмі жоспарлы тапсырмаға байланысты және операцияның тактысына қарағанда тұрақты шама.Өндіріс процессін ұйымдастыруды талдағанда операция ритмін оның тактысымен салыстырады. Операция ритмі үнемі операция тактысынан үлкен немесе тең. (r t) Операция тактылары мен ритмдері жұмыс орындарында жоспарлы тапсырманы орындауды ұйымдастыру үшін өте үлкен маңызы бар. Жұмыс орындарында операция ритмі тактыға сай болса,жұмыс уақыты мен жабдық толық пайдаланылады.Егер операция ритмі тактыдан үлкен болса,онда жұмыс уақыты толық пайдаланылмайды,жабдық толық тиелмейді,нәтижесінде өндіріс тиімділігі төмендейді.Жұмысшыларға тапсырманы операция ритмі тактымен сай келетіндей беру керек. Операция тактылары өндірістік процесс құрғанда маңызы зор.Жетекші операция тактысы бойынша бүкіл өндірістік процесстің тактысы анықталады.(жетекші операция дегеніміз өндірістік қуат анықталатыноперация) .Өндірістік процесс тактын процесс тактысы деп атайды. Процесс такты-дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару кезіндегі жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады. Процесс тактысын есептеу үшін (Т) желі қуатын ( М),смена ұзақтығын қолданады: Т ( Тсм - Тп ) / М Процесс ритмі - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару процессінің соңында жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады. R (Тсм - Тп ) / А Процесс қарқыны-уақыт бірлігіндегі өнім санымен өлшенеді,процесс қарқындылығын сипаттайды. Процесс ритмі мен тактысына кері шама: m 1 / R Жоспарлы ритмді процесс тактысымен салыстыру өндіріс резервтерін көрсетеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Өндіріс процесі деген не? 2. Операция деген не? 3. Негізгі өндіріс процесінің құрылымы 4.Өндірістік цикл деген не? 5.Операция такты деген не? 6.Операция ритмі деген не? 7.Процесс такты деген не? 8.Процесс ритмі деген не? Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 12. Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері. (2 сағат) Дәріс жоспары: 1.Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері 2.Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері Негізгі өндірісті уақытқа қарай және кеңістікте ұйымдастыру белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асады.Уақытқа қарай негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптеріне мынандай принциптер жатады:ырғақтылық,бірқалыптылық,пропорционалдық, параллелділік,үздіксіздік. 1)ырғақтылық - мұнда кәсіпорындағы жоспарлы ритммен өнім өндіруді сәйкес етіп өндірістік процесті ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың осы принципі іске асу үшін жоспарлы тапсырмаға сәйкес өнім шығару қажет. Өнім шығарудың жоспарлы тапсырмаға сәйкестілігі жұмыстың ырғақтылық деңгейімен сипатталады.Ырғақтылық коэффициенті: t Критм1 - Аі / А ; і 1,..., t і1 Мұндағы талдауға алынған мезгілдің ұзақтығы,күн Аі - і тәуліктегі жоспар орындалмай қалуы, т. А - сол мезгілдегі берілген жоспар тапсырма , т. 2)бірқалыптылық - бірдей уақыт аралығында бірдей партиялармен өнім шығарылатындай негізгі өндіріс процессін ұйымдастырады.Егер жұмыс осы принцип бойынша істелінсе, өнім шығару көлемінің орта шамасынан ауытқып кету болмайды. Бірқалыптылық принцип коэффициенті: t Кр 1 - Ві / В ; і 1 ,..., t і1 Мұндағы Віі тәуліктегі өнім шығару көлемінің орта шамадан ауытқып кетуі , т В-талданатын мезгілдегі өнім шығару көлемі,т. 3)пропорционалдылық - өндірістік процес операциялары бойынша өнімділіктері бірдей құрал жабдықтарды қою.Егер өндіріс процесі осы прицип негізінде құрылса , онда барлық операцияларда бірдей такт болады және олар өндірістік процесс тактісіне тең болады. Кп Пі / М немесе Кп Т / tі Пі-і-ші операциядағы құрал жабдықтың өнімділігі,т сағатына М-линияның қуаты, т сағатына Т - процес тактісі,1-тоннаға сағат tі -операция тактісі, 1-тоннаға сағат. Бұл коэффициент барлық операциялар бойынша табылады. Бұл коэффициент әрбір операциядағы жабдықтың өнімділігі, линияның қуатынан қаншаға үлкен екендігін көрсетеді.Осы принцип орындалуы үшін бірдей немесе еселі өнімділігі бар құрал жабдықтарды іріктеп алып ,оларды жұмыс орындарына қояды. Әр түрлі өнімділігі бар машиналарды орнатқанда пропорционалдылық принципі бұзылып кетпес үшін, операцияда белгілі бір жұмыс орнының санын ұйымдастыру керек. Осы жұмыс орнының санын табу үшін: Рмі tрі / Т , Рмі-і-ші операцияны орындау ға ұйымдастырылған,жұмыс орындарының саны, Т-процесс тактысы,өнім бірлігіне минут, tрі -1 жұмыс орнындағы і-ші операцияны орындау такты,өнім бірлігіне минут. 4)параллелділік - еңбек заттарын өңдеудің барлық операциялары бір уақытта немесе параллелді орындалатындай етіп өндіріс процесін ұйымдастыру.Өндіріс процесінде бір еңбек затының партиясын өңдеу бойынша шектес операциялар және бірнеше жұмыс орындарында бірдей операциялар параллелді орындалады. Осы принциптің басты мақсаты өндірістік циклды қысқарту Паралеллділік толық немесе жартылай болуы мүмкін.Толық паралеллділік операциялардың орындалу уақыты толық сәйкес келеді..Осы операциялардың біреуі қалғандарынан ұзағырақ болуы мүмкін.Сонда олардың қосарлану уақыты ең аз операцияның ұзақтығына тең. r tм. tм.-ең кіші такт. Жартылай паралеллділік операциялардың орындалу уақыттары бір-бірімен дәл келуі толық емес.Сонда екі операцияның қосарлану уақыты операциялардың ұзақтықтарынан кем болады. Кп r / tм. r- қосарлану уақыт ұзақтығы. Операция саны көбейген сайын паралеллділік коэфицентін есептеу қиындайды.Ет және сүт өнеркәсіптерінде принципті жаппай өнім шығару бар өндіріс учаскелерінде қолданады. 5)үздіксіздік - өндірістік процесс операциялары бойынша еңбек заттары өңдеу процессінің үздіксіз қозғалысы.Егер жұмысшының немесе жабдықтың жұмысында үзілістер еңбек заттарын бір операциядан екінші операцияға тасу салдарынан пайда болса ,онда үздіксіздік принципі бұзылмайды.Ал егер операция арасында еңбек заттары запастары жиналып қалып, өңделмей жатса , онда принцип бұзылады. Кн 1 - ( Тпер / Тц ), Тпер-үзілістер уақыты,өнім бірлігіне мин немесе сек. Тц-өндірістік цикл, өнім бірлігіне мин немесе сек. Ет және сүт өнеркәсіптерінде бұл принцип тез бұзылатын шикізат немесе жартылай фабрикат өңдегенде қолданады. Негізгі өндірісті кеңістікке қарай ұйымдастыру принциптеріне ішкі зауыттық мамандандыру,бірлестіру,шоғырландыру және тура жолдық жатады. Өндірістік процесті ішкі зауыттық мамандандыру принципі жеке өнім түрлерін өндіруді және өндірістік фазаларды жекелеу,бөлектеу. Заттық,технологиялық, функционалдық мамандану болады. Цехты заттық мамандандыру- технологиялық процесі ұқсас өнім дайындауды жеке линияларда шығару.Өндірісті технологиялық мамандандыру цехта технологиялық операцияларды бөлу және оларды жеке цехтар мен учаскелерде орындау. Функционалдық мамандандыру негізгі өндірістен көмекші рперацияларды орындайтын біраз бөлімшелерді бөлу. Өндірісті бірлестіру әртүрлі кәсіпорын бөлімшелерінің жұмысын біріктіріп ұйымдастыру. Өндірісті шоғырландыру шикізатты жүйелі өңдеу сатыларымен әртүрлі өндірістердің тұтас кешенін жасау. Тура жолдық принципі шикізат пен материалды алғашқы өңдеуден бастап,дайын өнім алғанға дейінгі барлық операцияларда технологиялық процесс жүйелілігімен барлық жұмыс орындарын қысқа жол бойынша орналастыру.Операциялардың технологиялық жүйелілігі бойынша жұмыс орындары мен жабдықтарды орналастырады Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Ырғақтылық принципі 2.Бірқалыптылық принципі 3.Пропорционалдылық принципі 4.Параллелділік принципі 5.Үздіксіздік принципі 6.Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері. Өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері дептехнологиялық жүйелілікте операциялар бойынша жұмыс орындарына шикізат пен жартылай фабрикаттардың жылжуы және өңделу тәртібін айтады. Операциялардың ұзақтықтары мен тактылары бірдей емес.Біртұтас өндірістік жүйе жасау үшін тактылары әртүрлі операцияларды өзара ұтымды үйлестіру қажет.Екі операцияны үйлестіру түрі еңбек заттарын өңдеу тәртібін және оларды бір операциядан басқасына беру тәртібін көрсетеді. Өндіріс процессіндегі тактылары әртүрлі операцияларды үйлестіру түріне байланысты еңбек заттарының қозғалыс түрлерін жүйелі,параллельді және аралас деп бөледі. Өндіріс процесіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен бірдей заттардың партиясын,ұсақ беріліс партияларына немесе данаға бөлшектемей өңдеуді ,жылжытуды көрсетеді.Шикізаттың және жартылай фабрикаттың барлық партиясы бір операциядан екіншісіне беріледі. Мұнда шектес операциялардың паралельді орындалуы мүмкін емес.Паралельділік мұнда бірдіей операциялар бірнеше жұмыс орындарында орындалу кезінде ғана мүмкін.Жүйелі қозғалыс түрінде өнім партиясын өңдеу ұзақтығ мына формуламен анықталады: m z Т ti + Te ; i1,...,m, i1 i1 Мұндағы - партиядағы өнім бірлігінің саны; m- өндірістік процестегі операциялар саны; i-операцияның реттік номері; ti i-ші операция тактысы; z- өндіріс процестегі табиғи операциялар саны; Te- табиғи операциялар ұзақтығы. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі біраз уақыт ішінде запаста болады.Әрбір операцидағы жартылай фабрикаттардың запас саны былай есептеледі. U м Мұндағы - м- жартылай фабрикаттардың запасы жасалатын жұмыс орындарының саны. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрін өнімнің кішігірім партиясын өңдегенде тасқынды емес өндірісте қолданады. Графикті құру үлгісі (мәліметтер шартты берілген) Операция тактылері келесідей: 1 операция - 5 мин/дана; 2 операция - 2 мин/дана; 3 операция - 5 мин/дана; 4 операция - 10 мин/дана. Смена ішінде өндірілетін өнім саны - N=10 дана. Жүйелі қозғалыс түрі: t 50 100 150 200 250 300 350 400 5 50 (5*10) 2 70 50+(2*10) 5 120 70+(5*10) 10 220 120+(10*10) Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту.Әрбір дананы немесе ұсақ беріліс партиясын барлық партияның өңделуін күтпестен,келесі операцияға алдыңғы операция бітісімен жібереді. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі өндірісте басқалармен параллельді болады .Параллель қозғалыс түрінде еңбек заттары операциялар арасында запас түрінде жиналмайды.Процестің барлық операциялары басты тактымен орындалады (үлкен тактымен).Басты операцияға қарағанда кіші тактылары бар операциялар үзіліспен орындалады.Үзілістер басты тактымен осы операциялар тактыларының арасындағы айырмаға тең. Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады: k e Т t гл ( -1) + t pi + ti i1 i1 Мұндағы t гл- басты операция тактысы,өнім бірлігіне минут; k- бірнеше жұмыс орнында немесе бір жұмыс орнында жартылай паралельді орындалатын операциялар саны ; t pi- бір жұмыс орнындағы i-ші операция тактысы, өнім бірлігіне минут; е- бірнеше жұмыс орнында толық паралелльді орындалатын операциялар саны; ti-i-ші операцияның жалпы тактысы, өнім бірлігіне минут. циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді. Параллель қозғалыс түрін ұйымдастыру үшін өндірістік процесті тактілері жақын операцияларға бөлу қажет.,яғни мүмкіндігінше процесті синхронизациялау. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жүйелі қозғалыс түріне қарағанда әртүрлі операцияларды уақыт бойынша біріктіру нәтижесінде өндіріс циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі тасқынды өндірісті ұйымдастыру талаптарына толық келеді. Параллель қозғалыс түрі: t 5 10 15 20 25 30 35 40 45 * 5 10 15 және т.с.с. 10 рет 2 7 17 5 12 22 10 22 32 Әрбір операциядағы тоқтап қалу уақыты (сызықтар арасындағы бос кеңістік) басты такт пен (ең үлкен такт) және осы операция тактысы арасындағы айырмаға тең. Мысалы: бірінші операцияда ол 5 минутқа тең (10-5). Ең басты операцияда (төртінші операция) тоқтап қалу 0-ге тең, өйткені 10-10=0. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын ,данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту. Әрбір дананы немесе үсақ беріліс партиясын шикізат пен жартылай фабрикаттың барлық партиясын өңдеу аяқталмастан,алдыңғы операция аяқталған кейін келесі операцияға жібереді. Жартылай фабрикаттар операциялар арасында біраз уақыт ішінде запаста болуы мүмкін. Запаста емес еңбек заттарын басқаларымен паралелльді береді және өңдейді. Әрбір операцияны процесс тактысы мен басқа операциялар тактыларына тәуелсіз өз тактысымен орындайды. Операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запасы болса және операцияның орындалуы процесс тактысына тәуелсіз болса, өнімділігі бойынша жабдықты толық пайдалануға қолайлы жағдай туады. Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады: k е в Тпп tm ( N - 1 ) + tpi + ti + ( N - 1 ) (tб - tm ) ; k + e m ; і1 і1 і1 tm-соңғы операция такты,мин; в-өзінен кейін кіші такты бар операция,операциялар саны; tб ; tm- шектес екі операцияның ,сәйкес үлкен немесе кіші тактысы,мин Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде шектес операциялар параллель орындалады., бірақ шикізат пен жартылай фабрикаттардың біраз бөлігі жұмыс орындарында өңдеуді күтіп запаста болады. Егер бір операцияның тактысы шектес операция тактысынан кіші немесе үлкен болса операциялар арасында запас пайда болады. Операция тактыларының әртүрлі болуынан жұмыс орындарында жартылай фабрикаттардың запасы пайда болады, жұмыс соңында толық жұмсалады. Запасты жұмсау уақыты мына формуламен анықталады: S = (t - t ) ( N - 1) Запасты жұмсау уақыты келесі операцияда осы эзапасты өңдеу уақытымен жабылады және процесс ұзақтығын арттырмайды. Алдыңғы операцияны баяу орындалатындықтан запас жинау қажет, келесі операцияның үзіліссіз орындалуын ұйымдастыру үшін қолданылады. Запасты жинауу уақыты S = (t - t ) ( N - 1) Кіші тактысы бар келесі операцияда запастың жиналуы, өңдеу уақытын ұзартады. Аралас қозғалыс түрі: t 25 50 75 100 125 150 175 200 5 5 50 (5*10) 2 32 52 запас жиналу уақыты (5-2)*(10-1)=27; 27+5+(2*10) 5 34 84 32+2+(5*10) 10 39 139 34+5+(10*10) Студент запас жиналу уақыты келесі операцияның тактысы алдыңғы операция тактысынан кіші болғанда есептелетінін есте сақтауы қажет, бұл мысалда тек бірінші және екінші операция жағдайында ғана байқалады.. Қалған барлық жағдайларда келесі операция тактысы алдыңғыдан үлкен және сондықтан цикл ұзақтығы запас жиналу уақытына көбеймейді. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде жабдықтың өнімділік бойынша тиелуі 100% (интенсивті коэффициент 1-ге тең). Параллель қозғалыс түрінде кіші тактылары бар операцияларда жабдық уақыт бойынша толық тиеледі және өнімділік бойынша толық тиелмейді, аралас қозғалыста - керісінше. Жабдықтың тиелуі төмендеуінен өнім бірлігінің өзіндік құны өнім бірлігіне келетін эксплуатациялық шығындар есебінен өседі. Эксплуатациялық шығындарға машинаға қызмет көрсететін жұмысшылардың еңбек ақысы, жабдық пен үйлердің амортизациясы, машинаны жөндеу, үйлер мен жабдықтарды ұстау шығындары, электроэнергияға, бу, су, отын, қысылған ауа, суық шығындары арзан және тез тозатын мүлікті қалпына келтіру шығындары, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі және т.б. шығындар жатады. Тақырып 13. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. 2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу. 3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу. Негізгі өндірісті ұйымдастыруда жеке,партиялық және тасқынды әдістер қолданылады . Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі жеке өндірісте шығарылатын ерекше стандартты емес , қайталанбайтын өнімдерді шығарудың өндіріс процесін құру. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің мәні бастапқы материалдарды , жабдықты , жұмыс күшін , техникалық және экономикалық құжаттарды мұқият дайындау.Өндіріс процесін алдымен барлық құраушы бөліктерін дайындап алып , оларды дайын өнімге біріктіріп ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі өнім партиясын дайындауға өндіріс процесін құру.Еңбек заттарының барлық партиясы процесс операциялары бойынша жүйелі өңделіп , жұмыс орындарына данаға бөлінбей беріледі. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде шикізат пен материалдар технологиялық жүйелілікпен , бекітілген ритмде, үздіксіз және барлық операцияларда бір уақытта дайын өнімге өңделетін өндіріс процесін құру.Кең жұмыс аумағы мен параллелдік принципін қолдану тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырудың басты шарты. Тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырғанда технологиялық процесті бірдей тактілері бар операцияларға бөледі. Операция тактілерін теңестіру процесс пропорциональды болу үшін және операциялар ортасындағы запастарды жою, азайту үшін қажет. Процестің пропорциональды болуы жабдықты толық пайдаланудың және эксплуатациялық шығындарды азайтудың басты шарты. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісін жаппай өндірісте қолданады. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде еңбек заттарының параллельді немесе аралас қозғалысын қолданады. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрінде операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде жартылай фабрикаттардың запастары пайда болады және ол ауысымдық жоспарлы тапсырманы орындау соңында толық өңделеді. Ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылатын өндіріс тасқынды деп аталады. Тасқынды өндіріс уақытқа қарай үзілмелі және үздіксіз болады.Үзілмелі тасқынды - еңбек заттарының операциядан операцияға жылжуы және өңделуі жартылай фабрикаттардың запаста жату уақытына тоқтайтын өндіріс. Үзілмелі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі жатады. Бұл өндірісте операция және процесс тактілері бірдей болмайды, операцияларды синхронизациялағанда (бір-біріне дәл сәйкес келтіру) үзіліссіз тасқындыға айналады. Үздіксіз тасқынды өндірісте операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары болмайды. Барлық еңбек заттары операциядан операцияға үздіксіз қозғалыста немесе жұмыс орындарында өңделуде болады. Үздіксізі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жатады. Операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Операция тактілерінің әр түрлі болуы еңбек заттарын өңдеудің үздіксіздігін бұзбайды.Барлық операциялар басты операция тактысымен орындалады. Кеңістікте тасқынды өндіріс тасқынды желі түрінде құрылады.Тасқынды желі - технологиялық жүйелікте орналасқан, жұмыс орындарының жиынтығы.Өңделетін шикізатты толық пайдалану мақсатында тасқынды желіні өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптеріне сәйкес құрады. Мамандануына байланысты ауыспалы-тасқынды және тұрақты-тасқынды желіге бөлінеді. Ауыспалы тасқынды желіні технологиясы ұқсас әр түрлі өнімді шығарғанда құрады.Бір өнім түрін шығарғаннан кейін, басқасын шығаруға жабдық жұмысының тәртібін өзгертеді. Жабдық және процесс операциясының бір бөлігі тасқыннан шығарылады немесе енгізіледі. Тұрақты тасқынды желіде желі қуатына сәйкес, өнімнің тек бір түрі шығарылады. Тасқынды өндірісті ұйымдастыру және тасқынды желі жасағанда конструкторлық, техникалық, экономикалық дайындық жасалады.Сызбалар, техникалық карталар және сызбалар жасау,өнім өндіруге шикізат, материал, отын, энергияның шығын нормаларын анықтау. Экономикалық дайындыққа желі қуатын экономикалық негіздеу және технологиялық жабдық таңдау. Ең тиімді құрал жабдықты таңдау бастаушы операциядан басталады,ол операция бойынша желінің өндірістік қуаты есептеледі. Бастаушы жабдықты таңдауды өнім бірлігін өндіруге жұмсалған ең аз материал және еңбек шығындары бойынша жүргізіледі. Басқа жабдықты таңдағанда машинаны экстенсивті және интенсивті тиеу коэффициенттерін анықтайды және соған қарап таңдайды. Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 14. Менеджмент негіздері (1 сағат) 1. Басқару тарихының дамуы. Қазіргі тандағы мекеме мен көне замандағы мекемелер арасында айырмашылықтар бар. Көне замандағы мекеме келесі ерекшеліктерімен сипатталады: 1. Ірі мекеме санының аз болуы, ал өте ірі мекемелер мүлде болған жоқ. 2. Жетекшілер санының аздығы, ал ортаңғы буында жетекшілер жоққа тән. 3. Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан бөлініп, ерекшеленген жоқ 4. Мекемедегі жетекші орны көбінесе мұра бойынша қалдырылатын немесе күшпен алынатын. 5. Мекеме үшін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының аздығы. 6. Бұйрық пен сезуге сүйенетін. Қазіргі кездегі мекеме келесідей сипатталады: * Мықты әрі ірі мекемелер сонының көптігі. * Ортанғы буын жетекшілерін қосқанда, жетекшілер санының көп болуы. * Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан айқын бөлінеді. * Белгілі заңдылық және құқықты сақтай отырып жетекші орынға ие болады. * Мекеме үщін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының көптігі. * Ұжымдық жұмысқа сүйену. Басқаруға әкелетін үш тәсіл бар: Жүйелі көзқарас. Бұл тәсілді басшы өз мекемесін бір - бірімен тығыз байланысқан элементтерден тұратынын қарастырған жөн, мысалы: адамдар, технологиялар, материалдар, өйткені олар мекеме алдына қойған мақсатына бағыттайды. Процесті көзқарас басқаруды үздіксіз процесс ретінде қарастырады. Ол басқару мәселелері, сшешімдері, функциялардын жиынтығы болып келеді. Жағдайаттық көзқарас белгілі жағдайдағы әр түрлі басқару тәсілдердін жарамдылықтарына негізделеді. Басшынын шешімі мекеме жағдайна байланысты болады. Жетекші жағдайға сай шешім тауып, мекемені табысқа жеткізетіндей, және бұл шешім ең дұрыс болып, басқа баламаларға қарағанда ең дұрыс болуы керек. Осы көзқарастарды ескере отырып келесі басқару мектептері құрылды: * Ғылыми басқару ( 1885-1920). Ф.Тейлор, Л.Гилберт, Г.Гант жұмыстары кірген. Олардың көз қарастары келесідей болды: бақылау, операция, қисын, өлшеу (қол еңбегінің операциясы) қолдана отырып, тиімді басқаруға жетіп, қол еңбек операциясын адам әрі жетілдіруге болады. * Классикалық мектеп (1920-1950). Оның авторларының басқаруда белгілі тәжірибелері болған. Олардың басты мақсаты басқарудың әдістерін құру - ол басқарудың тиімді жүйесі мен мекеме құрылымын әзірлеу. * Үшінші басқарудың мектебі - міңез - құлықтық (1950 жылдан қазіргі кезге дейін). Негізгі мақсаты - мінездік басқару. 2. Басқаруға әкелетін процесті көзқарас. Басқару процессі бір - бірімен байланысқан 4 функциядан құралады: * Жоспарлау * Ұйымдастыру * Себеп * Бақылау * Жоспарлау функциясы мекеме мақсатын және мекеме қызметтерінің сол мақсатқа жететін шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Жоспарлау - алдағы істің тұрақты белгісіздігі. Ол үздіксіз іске асырылуы тиіс. * Мекемедегі қызметкерлер көптеген мәселелерді шешеді, соның ішінде мекеме мәселелеріне айырықша көп көңіл бөледі. Бұған басқару да кіреді. * Мекеме қызметкерлері өз істерін жоспарға және себепке сай орындайды. * Бақылау - мекеме алдына қойған мақсатқа жетуді бағалайтын процесс. Бақылаудын үш аспектісі бар: * Стандарттарды белгілеу - мақсатпен оларға жету жолдарын анықтау; * Белгілі уақыт аралығында жеткен жетістіктерді қарастырып, болатын нәтижемен салыстыру; * Егер қажет болса, арасына түзету жүргізу. Жоспарлау функциясы үш сұраққа жауап береді: * "Қазіргі таңда біз қайдамыз?" Жетекшілер өз мекемелерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалап білу қажет, ол қаржы, өңдіріс, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде, маркетингте және еңбек ресурстарында болуы мүмкін, яғни мекеме мүмкіншілігін нақты білу. * "Біз қайда жеткіміз келеді?" Бұл жерде сыртқы орта қауіптері бағаланады (бәсеке, заңдар, технологиялар, қамтулар, т.б.). Басшылар қандай мақсатқа қойылуы және оның жүзеге асуына не кедергі болатынын анықтайды. * "Біз оны қалай жүзеге асыра аламыз?". Басшы <<жалпы және нақты түрде>> мекеме қызметкерлері мекемені алға қойған мақсатына жету үшін не істеу керектігін шешу қажет. Басқару процесінің маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру болып табылады. Оның негізгі сипаттамасын келесідей көрсетуге болады: * Мекеме мәселелерін, өз жоспарларын іске асырып, сол арқылы алға ойған масатқа жету, яғни табыса жету шн қрастырылады. * Берілген жұмысты нақты кім орындайтынын анықтау. * Бүтіндей мекеме құрылымын құру. 3. Басқаруға жүйелі және жағдайят көзқарастар: Жүйе - байланысқан бөліктерден тұратын, бір бүтінді сипаттамасына енетін құрылым. Барлық мекемелер жүйе болып табылады. Адам техникамен қатарлас мекеме бөлмесі болып келетіндіктен, мәселелерді шешу үшін қолданылатындықтан, оларды социотехникалық жүйелер деп атайды. Жабық жүйе нақты шекаралар мен белгіленеді. Жабық жүйе қызметі (шартты түрде) жүйені қоршайтын ортаға байланысты. Жабық жүйе мысалы болып - сағатты айтуға болады. Егер сағатқа батарейка қойса, немесе оны жүргізсе, ондағы бір-бірімен байланысқан салат бөлшектері үздіксіз және тура жүретін болады. Сағатта энергия көзі бар болғанда, олардың жүйесі сыртқы Ортаға тәуелсіз болады. Ашық жүйе сыртқы ортамен байланыста болады. Материалдар, апарат, энергия сыртқы ортамен алмасу объектісі болып табылады. Бұл жүйе өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Ол энергия, материалдан, ақпараттан, сырттан түсетін тәуелді болады. Ашық жүйе әрі қарай жұмыс істеу үшін сыртқы орта өзгерістеріне беімделеді. Барлық мекемелер ашық жүйе болып табылады. Жағдайят көзқарас нақты жолдармен тұжырымдамаларды нақты жағдайларда мекеме ең нәтижелі шешімге жететін жолдарды көрсетеді. Жағдайят тәсіл мекеме арасындағы және мекеме ішіндегі жағдайлық ерекшеліктерге нақтыланады. Жағдайят тәсіл метологиясын келесідей түсіндіруге болады: * Басшы басқару процесі мен құралдарымен таныс болуы қажет. * Басшы нәтижесінің оң әрі теріс болуын ескеруі қажет. * Басшы өз ісін қадағалай алуы керек. Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ? Бірі ғылым деп санайды, басқалары -өнер дейді. Бірақ ол екеуі де, бір тұтас құрама болып саналады. Мекемені басқару үшін талап керек. Адамдарды қызықтыра алуы қажет. Бірақ басқару белгілі жағдай талдауын талап етеді. Сонымен, бұл өнер әрі ғылым. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * Көне замандағы мекеме мен қазіргі кездегі мекеме арасындағы бірнеше айырмашылықтарды атап көрсетіңіз. * Тексте берілген басқарудың үш көзқарасын қысқаша баяндаңыз. * 20-шы ғасырдың бір інші жартысындағы басқару ойының үш мектебі туралы баяндап беріңіз. * Басқару процесінің төрт функциясы қандай? * Жоспарлау функциясы қандай негізгі үш сұраққа жауап береді? * Мекеме функциясының негізгі мақсаты қандай? * Әлеуметтік-техникалық жүйе деген не? * Ашық және жабық жүйе арасындағы айырмашылықтарды атап кетіңіз. * Жағдайят көзқарасының метологиясын талқылаңыз. * Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ? * Мекеме құрылымындағы коммуникация қандай рөл атқарады? * Жүйелі және жағдайят көзқарастарының теориясын салыстырыңыз. * Басқару процесі көзқарасы жағынан өзіңіздің мекемедегі тәжірибеңізден айтып беріңіз. * Берілген үлгіде басқарудың түрлі тәсілдерінің ортақ сипатын көрсетіңіз. * Мекеменің ұғымы. * Формалды емес мекеменің мәні неде? * Мекеме қосындыларын сипаттаңыз (ресурстар, сыртқы ортадан тәуелділігі, еңбек бөлісі, бөлімдер және басқарудың қажеттілігі). * Басқару деңгейлері. * Өзіңіз білетін мекемені айтып оның қызметіне баға беріңіз. * Өзіне адамдарды тартатын немесе алыстататын мекемені атаңыз. * Өз мекемеңізде формалды емес топтарды анықтап олардың құрылуындағы себебін түсіндіріңіз. * Мекемедегі төменгі, ортанғы және жоғарғы буын басшыларының рөлдерін түсіндіріңіз. 3 Практикалық сабақтар мазмұны Тақырып 1. Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (1 сағат) Сабақ мақсаты: студенттерге қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның міндеттері, оның ішкі және сыртқы орта элементтері, ұйымдастырушылық-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық формалары жайлы түсінік беру. Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысына дайындалу (бақылау жұмысы 7 сұрақтан тұрады) * Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады? * Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер? * Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері? * Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз. * Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары * Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары. * Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз. Әдебиет * ҚР-ның <<Кәсіпорындар туралы>> заңы: * Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 1996 г., 59-71 б * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 5-15, 37-58 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 1999 г., 75-111 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 1997 г., 11-35,42-72 бб. Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары (1 сағат) Сабақ мақсаты: студенттерді негізгі капитал ұғымымен, негізгі қорлардың құрамымен, тозу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі. Есептер 1.1. Жабдықтың бастапқы бағасы 120 млн. теңге. Қызмет ету мерзімі іс жүзінде -- 7 жыл. Амортизация нормасы 6 %. Жабдықтың қалдық бағасын анықтаңыз. 1.2. Амортизацияның жылдық нормасын және сомасын келесі мәліметтер бойынша анықтаңыз: Бастапқы құны -- 10 млн. теңге. Жойылатын жабдықты өткізуден түсетін түсім -- 1,2 млн. теңге. Жоюға байланысты шығындар -- 0,5 млн. теңге. Нормативтік қызмет ету мерзімі -- 8 жыл. 1.3. Экономикалық моральдық тозу көлемін анықтаңыз: Ескі машинаның бастапқы бағасы -- 20 млн. теңге. Ескі машинаның өнімділігі -- 10 мың дана жылына. Ескі машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі -- 10 жыл. Жаңа машинаның құны -- 8 млн. теңге. Өнімділігі -- 30 мың дана жылына. Ескі машинаның қызмет етуге қалған жыл саны -- 2 жыл. Жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі -- 5 жыл. 1.4. Амортизация нормасы -- 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6 жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын ескермеуге болады. 1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет етті. Оның ішінен бір сменада жұмыс істейтін 20 станок болды, 2 смена істейтін -- 10, 3 смена істейтін -- 20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз. 1.6. Қойманың толық бастапқы құны -- 60 млн. теңге, оның ішінде ғимарат 50 млн. теңге, жабдық құны -- 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық бағаларының индексы 0,8, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02. Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз (абсолютті және салыстырмалы өлшемде). Әдебиет * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 159-185 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 150-167 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 146-165 б. * Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 12-24 б * <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым қаржысы (1 сағат) Сабақ мақсаты: студенттерді айналым капиталы ұғымымен, айналым қорлардың құрамымен, зу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі. ЕСЕПТЕР 2.1. Ағымдағы және сақтық қорды табу Жеткізу датасы Жеткізу құны (млн. теңге) Жеткізу датасы Жеткізу құны (млн. теңге) 15.01 100 01.05 100 20.02 200 02.08 250 01.03 150 10.10 200 20.03 210 01.12 150 2.2. Транспорттық қор шамасын анықтау: жүк айналымы мерзімі -- 20 күн; құжаттардың пошталық жүрісі -- 7 күн; құжаттарды өңдеу -- 4 күн; акцепт мерзімі -- 3 күн. 2.3. АҚ нормативын анықтау: өндірістік қорлардың тоқсан ішіндегі шығыны 1980 мың теңге; жеткізу интервалы -- 16 күн; қабылдау уақыты -- 4 күн. 2.4. Тоқсан ішінде жоспарлы шығын: * А материалы б-ша -- 45 млн. тг. Норма А = 10 күн; * В материалы б-ша -- 27 млн. тг. Норма В = 30 күн; * С материалы б-ша -- 18 млн. тг. Норма С = 20 күн. АҚ жалпы нормативын табу. 2.5. Өңдірілетін өнімнің тоқсан ішіндегі көлемі -- 2250 бірлік. Өндірістік өзіндік құны -- 80 мың. тг/данасы. Бастапқы өндіріс шығындары -- 32 мың тг. Өндірістік цикл ұзақтығы -- 5 күн. Шығындар біркелкі өседі. Аяқталмаған өндіріс нормативын табу. 2.6. Тауарлы өнім -- 180 млн. тг. Шығару шығыны -- 90 млн. тг. Тоқсан -- 90 күн. Дайын өнімге АҚ нормасы -- 8 күн. Дайын өнім нормативын табу. 2.7. Тоқсан ішінде АҚ орташа қалдығы -- 270 млн. тг. Өткізу көлемі -- 1080 млн. тг. 1 айналым ұзақтығын табу; АҚ айналымдылық коэффициентін және тиеу коэффициентін. 2.8. Өткізу көлемі -- 420 млн. тг. АҚ орташа жылдық құны -- 70 млн. тг. Айналымдылықты 1 айналымға өсірсе АҚ үнемін анықтау керек. 2.9. АҚ абсолютті және салыстырмалы үнемін анықтау. Көрсеткіш 1 жыл 2 жыл Өткізу құны (млн. тг) 150 104 АҚ орташа жылдық құны (млн. тг) 15 10 2.10. АҚ салыстырмалы үнемін анықтау, ағымдағы жылы өнім өткізудің іс жүзіндегі көлемі -- 25 200 млн. тг. Ағымдағы жылдың аяғында АҚ жалпы құны -- 2 800 млн. тг. Келесі жылы тауарлық өнім -- 36 000 млн. тг. АҚ айналымдылығының жоспарлы өсімі -- 4 күн. 2.11. Дайын өнімнің қоймадағы нормативы -- 350 млн. тг, ресімдеуге жіберілген дайын өнім нормативы -- 140 млн. тг. Тоқсан ішінде жоспарлы өнім көлемі -- 6300 млн. тг. АҚ нормасын табу. Әдебиет 1. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 198-220 б. 2. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 1999 г., 167-194 б 3. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 1997 г., 165-180 б. 4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 24-36 б 5. <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 19-21 б Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек қорларын дамыту (1 сағат) Практикалық сабақ (1 сағат) Есеп жинағы бойынша берілген тақырыптың 3.1., 3.3 тапсырмаларын орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру. Әдебиет * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 220-230 б. * Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 203-218 б * Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 208-223 б. * Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 36-44 б * <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 33-35 б Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру. Тақырып 5. Еңбек ақы ұғымы, түрлері, формалары (1 сағат) Семинар сұрақтары: 1. Еңбек ақының қандай формаларын білесіз? 2. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді? 3. Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді? 4. Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз. 5. Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз. Тапсырма Есептер жинағы бойынша <<Кәсіпорын персоналы>> тақырыбы бойынша 3.4. тапсырмасын орындау. Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 132-150 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 230-246 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 472-480 б 4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 226-234 б. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 44-54 б 5. <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б. Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар 1. Есеп жинағында <<Кәсіпорын персоналы>> тақырыбы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№9, 10). Тақырып 6. Кәсіпорын қызметінің нәтижелері (1 сағат) Практикалық сабақ (1 сағат) Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша өндіріс шығындарын және қызмет нәтижелерін анықтауға (есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша) есеп шығарады. Мәліметтерді студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағынан алады. Тапсырма Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару. Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 132-150 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 230-246 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: <<Банки и биржи>>, 2002 г., 472-480 б 4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: <<Инфра-М>>, 2000 г., 226-234 б. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 44-54 б 5. <<Кәсіпорын экономикасы>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б. Тақырып 7. Кәсіпорын өніміне баға жасау (1 сағат) Практикалық сабақ (1 сағат) Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша баға жасау әдісін таңдауға арналған есеп шығарады. Тапсырма Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару. Әдебиет * Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: <<Финансы и статистика>>, 1996 г., 268-284 б * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 267-284 б. * <<Баға жасау>> курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу- * тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б. * Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000. * Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002. Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар <<Баға және оның жасалуы>> оқу құралында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-4 вариант). Тақырып 8. Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері (1 сағат) Семинар сұрақтары: * Өнім сапасы туралы түсінік беру * Өнім сапасы көрсеткіштері * Өнім сапасын бақылау әдістері * Стандарттау, сертификаттау жүйелері * Халықаралық стандарттар жүйесі * Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері Әдебиет * Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: <<Финансы и статистика>>, 2000 г., 106-134 б. * 3. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: <<Ғылым>>, 2002 ж., 54-68 б Тақырып 9. Өндірістік қуат. (1 сағат) Қарастырылатын сұрақтар: * Өндірістік қуат түсінігі * Өндірістік қуат шамасын анықтайтын факторлар * Өндірістік қуатты есептеу * Өндірістік қуаттыпайдалануды жақсарту көрсеткіштері мен жолдары Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 5.З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу <<Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986 Тақырып 10. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні мен міндеттері. Негізгі өндіріс түрлері. (1 сағат) Практикалық сабақ (1 сағат) - Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні - Негізгі өндірісті ұйымдастыру міндеттері. - Негізгі өндіріс түрлері: жеке, сериялық , жаппай. Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 5.З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу <<Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986 Тақырып 11. Негізгі өндіріс процесі және оның құрылымы, уақыты. Семинар (1 сағат) - Негізгі өндіріс процесі,оның құрылымы - Негізгі өндіріс уақыты - Негізгі өндіріс процесін кеңістікте және уақыт бойынша ұйымдастыру Берілген сабақта студенттер жазбаша бақылау жұмысына дайындалу керек. Бақылау жұмысы 10 сұрақтан тұрады. 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 5.З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу <<Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986 Тақырып 12. Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері Семинар (1 сағат) - Негізгі өндірісті уақыт бойынша ұйымдастыру принциптері - Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері Берілген сабақта студенттер жазбаша бақылау жұмысына дайындалу керек. Бақылау жұмысы 10 сұрақтан тұрады. Семинарға дайындалу. Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 5.З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу <<Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986 Тақырып 13. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалыс түрлері. Практикалық сабақ (1 сағат) - Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрлері. - Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының параллель қозғалыс түрлері. - Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының аралас қозғалыс түрлері. Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар. Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша еңбек заттарының қозғалыс түрлеріне арналған есеп шығарады. Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 5.З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу <<Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986 Тақырып 14. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. Семинар. (1 сағат) - Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдістері. - Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері. - Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдістері. Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар Жалпы модуль бойынша бақылау жұмысына дайындалу. Шекті бақылау. Модуль бойынша тесттік сұрақтарға жауап беру (25 тесттік сұрақ). 4 Студенттің өздік жұмыстары үшін тақырыптар тізімі Модуль 1. Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары СӨЖ №1 * Шағын және жеке кәсіпорындар. Бизнестің түрлері. СӨЖ №2 * Кәсіпорындардың ұйымдарға бөлінуі, бірігуі. Түрлері. СӨЖ №3 * Еңбек келісімі. Жұмыс күнін суретке түсіру. Хронометраж. Нарықтық экономикада жаңа пайда болған мамандықтар. СӨЖ №4 * Тұтыну себеті. Күнкөріс минимумы. Ең төменгі еңбекақы. СӨЖ №5 * Жекеменшік кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастыру. СӨЖ №6 * Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары. СӨЖ №7 * Пайда, рентабельділікті арттыру әдістері. СӨЖ №8 * Баға жасау әдістері және әдістемелері СӨЖ №9 * Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі СӨЖ №10 * ҚР инвестиция тартуды талдау. Модуль 2. Өндірісті ұйымдастыру. СӨЖ №11 1. Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудың ролі 2. Еңбекті бөлу және бірлестіру 3. Еңбек процесін ұйымдастыру СӨЖ №12 * Жұмыс орнының түсінігі және жіктеу, ұйымдастыру негіздері * Жұмыс орнын жоспарлау * Жұмыс орнын мамандандыру және жабдықтау * Жұмыс орнына қызмет көрсету,түрлері,ұйымдастыру әдістері * Еңбек жағдайы ,оның элемменттері,бағалау * Еңбек пен демалыс тәртібінің мәні,түрлері,ұтымды жобалау СӨЖ №13 * Еңбекті нормалау * Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу * Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу әдістері СӨЖ №14 * Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру СӨЖ №15 * Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру * Жөндеу жұмысын ұйымдастыру * Көлік шаруашылығын ұйымдастыру * Қойма шаруашылығын ұйымдастыру Студенттің мұғаліммен өздік жұмысы 1. Негізгі өндірістік қорлар тақырыбына есептер. 2. Кәсіпорынның айналым қаржылары тақырыбына есептер. 3. Кәсіпорынның еңбектік қорлары тақырыбына есептер. 4. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру тақырыбына есептер. 5. Өндірістік шығындар тақырыбына есептер 6. Пайда және рентабельділік тақырыбына есептер. 7. Баға жасау тақырыбына есептер.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz