Файл қосу

Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау



                                       
* ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі
Құжат  СМК 4 кезеңдегі
                                    ОӘК 
                                       
 ПОӘК   042-18-20.1.64/03-2013ж                                         
Қылмыстың саралау ғылыми негіздері пән бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы 
Заңтану 5В030100
                                       
                                Баспа №1


                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
Оқу-әдістемелік кешен
      Қылмыстың саралау ғылыми негіздері 
                Заңтану мамандығына 5В030100
















                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                              Семей  2013ж
                                       
                                       
                                       
                                       
                               * Мазмұны

                                       1
Глоссарий 
                                       4
                                       2
Дәріс  
                                       4
                                       3
Практикалық сабақ  
                                       4
                                       4
Курсовой жұмыстарын тақырыбы  
                                       5
                                       5
Студенттін өздік жұмыс 
                                       6







































1 ГлоссарийСаралау (квалификация) термины <> - сапа, <> -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.Қылмысты саралау  -  тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.Қылмыс құрамы деп  -  қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.Негізгі тікелей объект  -  қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.Қосысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.Факультативтік тікелей объект  -  қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.Қылмыс заты  -  осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.









Дәріс сабағы
Тақырып 1. Қылмыстарды саралаудын түсінігі мен манызыДәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың түсінігін ашу, манызын анықтауСұрақтар:
1.Қылмыстарды саралау ұғымы, түсінігі
2.Қылмыстарды саралаудың маңызы 

1.Қылмыстық саралауы ұғымы, түсінігі
 Саралау (квалификация) термины <> - сапа, <> -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.Қылмысты саралау  -  тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік  дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді тағы басқа анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғағанда және оны сот іске асырғанда қылмыстық квалификациялау туралы мәселе орын алады.
Қылмыстық заң нормаларын іс жүзінде қолдану немесе қылмыстық іс әрекеттерді бағалау, ол қылмыстық заңның міндеттерінен туындайды деп түсіну керек. ҚР ҚК 2 бабының мағынасы екі қызметті іске асыруға бағыттылған.Біріншісі, қауіптілігі жоғары деп танылған іс-әрекеттерді заңда қылмысты деп жариялау арқылы азаматтардың мұндай әрекеттерді алдағы уақытта жасауына немесе заң нормаларында міндеттер белгіленгенде әрекетсіздік танытуға шектеу қою, тиым салу болып табылады.Екіншісі, қылмыстық заңның тиым салуына қарамай, қылмысты іс-әрекеттерді жасаған жағдайда оларға жауаптылықты белгілеу үшін заң нормаларын қолдану болып табылады.Қылмысты квалификациялау мәселесі осы екінші міндетті дұрыс,әрі қылмыстық құқықта белгіленген ережелерге сәйкес іске асыруға арналған.Квалификациялау ұғымы латын тілінің gualis деген сөзінен шығады және мағынасы сапа деген сөзді білдіреді.
Қылмысты квалификациялау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілерімен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады.
Сонымен, қылмысты квалификациялау дегеніміз, жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілерімен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.
  Бұл анықтамаларға ұқсас анықтаманы В.А. Сергиевский және С.М.Рахметов <<Квалификация-бұл жасалған іс-әрекеттің нақты белгілерімен Қылмыстық кодекстің Ерекшебөлімінде қарастырылған қылмыс құрамдарының белгілерімен дәл және толық сәйкестігін  анықтау және ресми түрде бекіту>> дейді. Олар қылмыстық квалификациялауды процесс және нәтиже мағыналарында анықтап, процесс ретінде адамның әрекеттерінен белгілі бір қылмыстың белгілерін табуды және Қ.К Ерекше бөлімінің нормаларын өолдануды, сонымен қатар қылмысты квалификациялау субьектілерінің ой жұмысы түрінде анықтайды. 
  Заң қызметі туралы құжаттарда қылмысты квалификациялау жұмысының барлық қолданылатын жерін білдіре бермейді. Қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беру немесе квалификация жүргізу тергеу , сот қызметтерін іске асыруда ғана емес, басқа салаларда , қылмыс туралы және қылмысты әрекеттер бойынша заң баптарын  қолдану туралы ой , ұсыныс келтіретін заң ғылымы саласында  да кездеседі.
  Жасалған іс-әрекеттерге қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беруге тек қылмысты квалификациялау ғана жүргізілмейді, сонымен бірге қылмыстық құқықтық  квалификацияда жүргізіледі. Қылмыстық құқықтық квалификациялау ұғымына тек қылмысты деп танылған іс -әрекеттерге қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беру емес қылмыс құрамы жоқ деп танылатын жағдайларға баға беруде жатады.Сондықтан іс әрекетке квалификация бергенде немесе қылмыстық құқықтық квалификацияда барысында, қылмыстық кодекстің Еркеше бөлімінің нормаларына сілтеме жасау міндетті емес.
  Қылмыстық квалификациялау кезінде жасалған қылмысты іс-әрекеттің белгілерімен Қ.К Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдары элементтерінің сәйкестігі ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге қылмысты квалификациялауда ҚКЖалпы бөлімінің де баптары қолданылатын кездер болады.Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде тек қылмысты орындаушының әрекеттері және аяқталған қылмыстардың белгілері бейнеленген.
  Жалпы бөлімнің басқа нормалары қылмысты квалификациялауда мүлдем қолданылмайды деп айтуға болмайды, оларға тікелей сілтеме жасалынбаса да  іс әрекетте де  қылмыстың құрамы бар немес е жоқ екендігін анықтау кезінде атқаратын ролі бар. Сонымен бірге квалификациялау кезінде қылмыстық заңға жатпайтын өзге де  ведомствалық заңдар , жарғылар, ережелер, инструкциялар  ескеріледі.
  Қылмыстық квалификациялаудың екі түрі бар: ресми және ғылыми . Ресми квалификация  - қылмыстық заңның іс жүзінде қолданылуын білдіреді және көрінісі бойынша  міндетті түрде ҚК  Ерекше  бөлімнің баптарына  сілтеме жасау түрінде іске асырылады. Ресми квалификациялау қылмыстық істі жүргізу қызметін атқаратын органдардың , яғни сот , тергеу, прокуртура қызметкерлерінің шығарған сот  - тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге квалификацияның бұл түрінің тергеуде және сотта қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады.
  Ал ғылыми квалификация  - қылмысиық істер немесе қылмыстық құқық ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша квалификация жүргізу туралы ғалымдардың оқулықтарда немесе басқа да басылымдарда ұсынған   пікіплері болып табылады . Ғылыми квалификациялау ұғымына қылмыстық істер бойынша жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген азаматтардың жасаған квалификациялауы жатпайды. Себебі, жекеелеген азаматтардың өз бетінше жасаған қылмыстық іс әрекетке бағалауы қылмыстық құқық ғылымының дәрежесінде бола алмайды .
Бұл екі квалификациялау түрінің бір-бірінен айырмашылығы  ол біріншіден, қолданылу орынына және міндеттілігіне байланысты , яғни ресми квалификациялаудың қылмыстық істер бойынша міндетті күш болады және тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден, ресми квалификациялау ғылыми квалификацияға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми тұрғыда қылмысты квалификациялауда қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері ескеріле отырып талданған, жан  - жақты зерттелген, квалификациялау тәртібі ұсынылады. Сондықтан ғылыми квалификацияда қателіктер аз кездеседі. Практикақызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге квалификация жүргізуінің моделі, қылмыстық құқық ғылымының дұрыс шешімдерін қолдану болып табылады.      
 
2.Қылмыстық саралау маңызы
                                       
Қылмысты дұрыс квалификациялауда немесе қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданғанда заңдылық қағидасы сақталады. Демократиялық және құқықтық бағыттағы дамушы мемлекеттер үшін  заңды дұрыс, әрі дәл қолдану Конституциялық қағида болып табылады.Демек, жасалған қылмысты дұрыс квалификациялау , ол кінәлінің әрекеттеріне дұрыс баға беретін  және қоғамның , жеке адамдардың мүддесі  мен құқықтарын қорғайтын заң бабын қолдануды білдіреді. Мұндай талапты сақтаудың маңызы зор, себебі қылмысты іс әрекетке дұрыс құқықтық бағалау бергенде әділ сот іске асырылып, қылмыскер  басқа қылмыс үшін емес, өзі жасаған қылмыс түрі бойынша жауапты болады. Нәтижесінде қылмыс жасаған адамның қоғамға қауіптілігі дәрежесіне сай келетін жауаптылықтың түрі мен көлемі белгіленеді, себебі әр қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесіне қарай қылмыстық заңның Ерекше бөлімнің бабтарында жазалар келтірілген. Қылмысқа дұрыс , әрі толық квалификация жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі,  яғни жаза өтеу мекемесінің түрі, жазадан шартты түрде ерте босату, сотталған адамға түзеуқұралдарының түрлерін қолдану, соттылық мерзімінің аяқталуы дұрыс қолданылады.
  Қылмысты дұрыс увалификациялаудың келесі маңыздылығы  -  мемлекеттің қылмыстылықпен күрес шараларын жүргізуіне байланысты болып табылады. Сот  - тергеу практикасының материалдарына назар аударсақ , өтінішке орай қылмысты квалификациялау субьектіліріңнің қате жұмыс істеуі жиі кездеседі. Құқық қорғау органдарының жұмысына баға бергенде, <<құқықтық нигилизм>> деген ұғым кейде қолданылады. Құқықтық нигилистік әрекеттер сот-тергеу органдары қызметкерлерінің құқықтық сауатсыздығына жеткілікті деңгейде білімінің болмауына байланысты абайсыздықта қате жіберуіне немесе өздері қылмыстық іске мүдделі болғанда қасақанада құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты кездеседі.
  Заңды қолдануда қателіктер жіберу әділсоттың іске асырылуына кедергі жасап ғана қоймайды, ол сонымен бірге халықтың арасында құқық қорғау органдары қызметі туралы теріс пікір қалыптасуына және сенімсіздік танытуына әкеле алады. Ал жеңіл қылмыс жасаған адамның әрекетін ауыр қылмыс  деп белгілегенде , ол қылмыскер өзінің қауіптілік деңгейіне сәйкес келмейтін құқықтық жазаға тартылады және жаза керісінше, яғни адамды түзеу мағынасында емес, бұзу мағынасында көрініс беруі мүмкін. Осындай нигилистік әрекеттердің алдын-алу үшін қылмыстық заң 52 баптың барлық бөлімдерінде соттарға жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиісті талаптарды келтіреді.
  Жаза тағайындау кезіндегі бұл талаптардың сақталуын ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы19 қазандағы <<Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы>>  нормативтік қаулысы талап етеді.
  Тергеу органдары қызметкерлерінің қылмыстық заңның барынша ауыр қылмыс түрімен квалификация жасайтындығын кездестіруге болады. Тергеушілердің , соттардың өз квалификациясын негіздеп келтіруін, яғни неге осы бапты қолданып отырғанын түсіндіре кетуін Жоғарғы Сот Пленумдарының қаулылары ертеден талап етіледі.
  Сол сияқты 2001 жылғы 19 қазандағы <<Бас бостандығынан фйыру түріндегі жазаны тағайындаудың кейбір мәселесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы 5пункте Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық іс жүргізу кезеңінің 379 бабының 2бөліміне сәйкес , қылмыс жасағандағы  үшін кінәлі деп танылған адамға үнім шығарғанда жазаның жүрін , көлемін немесе мерзімін белгілеу себебін көрсетуге міндетті. Қылмысты дұрыс квалификациялау үшін заң талаптарын дұрыс түсінетін , біліктілігі жоғары, сауатты тергеушілер , соттар, прокуротуралар жұмыс істеуі керек және олар заңды тек құқықтық мағынада түсініп ғана қоймай ,оның әлеуметтік мағынасын да түсіне алатын деңгейде болуы керек.Яғни қылмысты квалификациялауда  қолданылатын қағидалар  мен ережелерді ескере отырып, тергеуші квалификация жүргізгенде ,қылмысты іс -әрекеттің  заң баптарымен толық қамтылуын, заңмен қорғалатын қоғамдық қатынасқа сәйкес келуін, қолданған заң нормасы куәлінің қауіптілік деңгейіне сәйкес келуін, бір әрекет үшін бірнеше қылмыс ретінде құқықтық шараға тартылмауын, тағы басқа талаптарды сақтауы қажет.Қылмыстық заң және оны түсіндіру мақсатында шығарылатын өзге нормативтік актілер жауаптылық шарасын дұрыс, әрі мемлекет аумағында бір келкі қолдану үшін шығарылады.Қазақстан Республикасы құқықтық  мемлекетті қалыптастыруды көздейді.Бұл ұзақ процессті қамтитын мақсат, себебі қоғамда заңның бірінші кезекте қолданылуын, оның беделін көтеріп ғана қоймай , сонымен бірге әлеуметтік  - экономикалық елеулі қатынастардың барлығын анықтауды, оларды бір тұтас үлгіде шешу үшін арнайы заңдар қабылдануды талап етеді.
  Құқықтық мемлекеттің қылмыстық заңы бірненше міндеттерге сай болуы керек. Бірінші кезекте қылмыстық заң құқық дамуының ең жоғарғы деңгейін көрсетуі қажет. Ол үшін қылмыстық іс-әрекеттерден қорғалуға жататын мемлекетпен қоғамның барлық мүдделері, құндылықтары қаншалықты деңгейде бағаланғаны анық болуы қажет.Келесі кезекте қылмысты  әрекеттерге белгіленетін жазалау шараларының  сәйкестігімен толықтылығы заңда көрініс табу керек.
  Қылмысқа дұрыс квалификация жасалғанда қылмысты іс-әрекет дәл анықталып қана қоймай, заңмен қорғалатын қатынас, зардап тағы басқа құрам элементтерінің белгілері, яғни әрекеттің  сипатымен бағыты, кінә нысаны дұрыс анықталады. Сондықтан қылмысты дұрыс квалификациялау бірнеше талаптарға жауап беріп, мынандай мағыналарда анықталады: 1) әділ сотты іске асыруда заңдылық қағидасының сақталуын білдіреді
2) қылмысқа берілген әлеуметтік-саяси және құқықтық бағаны бұзбай іс жүзінде көрсетеді
3)кінәлінің жазасы мен жауапкершілігін дұрыс белгілеуге , яғни ҚК Ерекше бөлімінің бабтары  бойынша айыпталып сол бабтар көлемінде  жаза тағайындауға әкеледі
4) қылмыстық іс жүргізу заныңда қарастырылған істі тергеу тәртібін белгілеуге  жағдай жасайды
5) қылмыстылықтың көрсеткіштері дұрыс келтіріледі.
  Сонымен  қылмысты іс -әрекеттерге дұрыс баға беру құқықтық құбылыс ретінде ққықтық маңызға ие болмай , әлеуметтік  - саяси маңызға да ие болып, құқық қорғау органдары қызметінде көрініс  табады және олардың жұиысының сапасын анықтаудың басты құралы болып табылады. Сондықтан қылмысқа дұрыс квалификация жүргізу  - қылмыстық заңды сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдану арқылы көрініс беріп, ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әлеуметтік  - қоғамдық ортаның да ортақ тілегін іске асыратын қызмет түрі болып табылады. 
 
 

Қылмыстық жауапкершіліктің негізі- бұл тұлғаның іс әрекетінде заңмен көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілерінің болуы. Яғни, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормаларымен тұра көзделген іс әрекетті жасаған тұлға қылмыстық жаупкершілікке тартылады.Қылмысты саралау процесі тек қылмыс құрамы негізінде ғана жүзеге асырылады, себебі, ол қажетті қылмыстық-құқықтық үлгі (эталон) болып саналады, оны мен салыстыру арқылы жасалған қылмыстын мазмұны мен сипатын толық және дәл көрсететін, тиісті қылмыстық-құқықтық норманы тандауға болады.Саралау (квалификация) термины <> - сапа, <> -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.Қылмысты саралау  -  тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыстық жауапкершіліктін негізі не болады?
* Қылмысты саралау дегеніміз не?
Тақырып 2 Қылмыс құрамының түсінігі және маңызыДәріс мақсаты: Қылмыс құрамынын түсінігін және құрылымын анықтауСұрақтар:
* Қылмыс құрамының түсінігі
* Қылмыс құрамының құрылымы және маңызы
Қылмыс құрамы деп  -  қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;
* қылмыс объектісі
* қылмыстың объективтік жағы 
* қылмыс субъектісі
* қылмыстың субъективтік жағы.
1.Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау  -  адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме  -  дәл жатқызу болып табылады.Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін анықтау  -  сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес. 
        2.Қылмыстық құрамдардың белгілері
 
Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларының диспозицияларында қолданылатын белгілерге зер салсақ , олардың біркелкі сапада емес екндігін байқауға болады.   Қылмыс қрамдарының белгілері генесологиялық мағынада 1)обьективтік және
2)субьективтік деп екі топқа бөлінеді
Обьективтік белгілер қылмыс құрамының обьектісі және обьективтік жағын сипаттайтын белгілерді білдіреді. Субьективтік белгілер  - қылмыс құрамының субьективтік жағын және субьектісін сипаттайтын белгілер болып табылады.
  Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді үш топқа бөлуге болады.
1)                    негізгі немесе конститутивтік
2)                    ауырлататын  немесе  сараланған
3)                    жеңілдететін
1.негізгі  немесе  конститутивтік белгілер деп қылмыстық құрамдардың негізгі немесе ауырлататын  құрамдарына , сондай-ақ жеңілдететін құрамдарына  да  тән белгілерді айтамыз.
2. Ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында  тікелей келтірілген  ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық құраимды  сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни  зардаптың көлеміне , қылмысты жасау  орыны, уақыты, тәсілі жағдайы, құралына қарай және ниетімен мақсаттың , қылмыс субьектісінің түріне қарай ауырлатады.
3. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс  түрі ретінде бағалануы үшін , ол жеңілдететін белгі құрамның мазмұнында келтіріледі. Мұндай   жағдай да ауырлататын құрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін белгі қылмыстық құрамының міндетті белгісі  ретінде норма дисплзициясында тікелей  көрсетіледі.  Жеңілдететін белгі  баптың  атауында немесе диспозициясында тікелей көрсетілгенде ғана құрамның міндетті белгісі  ретінде бағаланып, қылмыс осы белгісіне қарай  квалификацияланады.
Қылмыстық құрамның белгілері анықтау дәрежесіне қарай екіге бөлінеді:
1)                    анықталған
2)                    бағаланатын
Анықталған белгінің мағынасын түсіну , қылмыс құрамын анықтайтын белгінің бар немесе жоқ екендігін анықтауда қиындық тудырмайды  және  мұндай белгілер заң  баптарының  өзінде келтіреді немесе оның түсінігі ашылады.
  Бағаланатын белгілердің түсінігі немесе оның анықталу дәрежесі  диспозицияда  келтірілмейді . Мұндай топқа жататын белгілерді практикада  квалификация жүргізуші субьектілер өз көз- қарасымен немесе  құқытық санамен анықтайды.
  Бағаланатын  ұғымдардың заңды өмір сүру себебі, әрекеттердің көріністері  әр түрлі  деңгейде болатындығына және көп түрлі мазмұнды иеленетіндігіне соған сәйкес әр жағдайдағы қауіптілік дәрежесін заңда бейнелеу мүмкін еместігіне және нақты қылмыстың сол кездегі  жағдайларына қарай анықтау қажеттілігіне  байланысты болып табылады.
  Қылмыс құрамдарының белгілері қылмыстық  - құқыөтық маңыздылығына қарай:
1)                    позитивтік және негативтік деп екі топқа бөлінеді.
Қылмыс құрамдарында кездесетін белгілер мағынасы , маңыздылығы бойынша көбінесе растап тұрса , ал кейбіреулері теріс мағынада түсіндіру қызметін атқарады. Позитивтік белгілер  - бұл қылмыс  құрамының бар екендігін ия деген мағынада білдіреді. Ал негитивтік белгілер қылмыс құрамының белгілеріне екінші белгілерді қарсы қойып түсіндіреді. Қылмыс құрамының жоқ екндігін білдіретін белгілер түрінде көрінеді. Қылмыс құрамының  жоқ екендігін білдіретін белгілер Ерекше  бөлім  баптарының  ескертпелерінде кездеседі. Мысалы 251  баптағы қаруды , оқ-дәрілерді , жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды  заңсыз алу , беру, өткізу ,  сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмысының ескертпесіндегі өз еркімен тапсырған адам  деген  белгіні  айтуға болады. Мұндай ескертпелер терроризм , кепілге алу, парақорлық , қылмысты жасыру , хабарламау қылмыстарында  кездеседі . Сонымен қатар негативтік белгілер Жалпы бөлімнің баптарының атауларында немесе диспозицияларында  да кездеседі.
  Негативтік белгілер Ерекше бөлім нормаларының диспозицияларында  да жеткілікті кездеседі. Қылмыстық құрамдардың белгілерін тұрақтылығына қарай:1) тұрақты
2)                    айнымалы деп бөлуге болады.
Тұрақты белгілер ретінде қылмыстық заңның қолданыстағы уақытында өзгермейтін құрам белгілері  алынады. Тұрақты белгілер Ерекше бөлім баптарының диспозицияларында ғана  емес, олар Жалпы бөөлім нормаларына  да тән болып келеді. Мұндай белгілерге нақты  қылмыс құрамдарын талдауда қолданылатын белгілермен қатар , көпшілік қылмыс түрлерін немесе кейбір  жағдай да барлығын сипаттауда қолданылатын белгілер де жатады.
Ал нақты қылмыс түрлеріндегі тұрақты белгілер бұрынғы заңдарда басқаша берілген болуы мүмкін, бірақ жаң қабылданған заң ол   белгіде басқаша  нұсқада беріп және ол занның  күшінде болу бүкіл уақытында сақталады.  Мысалы 1998 жылға дейінгі қылмыстық заң   бойынша өлтіру  - бұл құқыққа қайшы түрде басқа адамды өмірінен  айыру болып анықталады. Ал 1998 жылдан бастап күшіне енген заң кісі өлтіруді <<басқа  адамға құқыққа қарсы қасақан қаза келтіру>> деп  анықтайды. Бұрынғы заң мен  қазіргі заңның бұл анықтамадағы басты айырмашылығы  кісі  өлтірудің  тек <<қасақана >> түрде жасала алатындығы  болып табылады.
  Тұрақты белгілер әдетте қылмыстық-құқықтық норманың өзінде келтіріледі, ал басқа нормативтік актілерде көрсетілгенде айнымалы сипатқа көше бастайды. Себебі әр түрлі шаруашылық, қауіпсіздік саласына арналып шығарылған өзге ведомствалық заңдар техникалық прогреске, талаптың күшеюіне , бұрын белгілі  болмаған  жайттар ашылуына т.б. байланысты жиі өзгерістерге ұшырайды. Қылмыс құрамының белгілері бланкетті болған жағдайд а өзге ведомстволардағы өзгерістер қылмыстық құрам белгісінің де өзгеруіне соқтырады. Мысалы нақты өндіріс салаларында қолданылатын техникалық қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер негізілгенде , мұндай өзгерістерде  ауыр зардаптарға соқтырған  қауіпсіздік ережелерін сақтамау қылмыс ретінде  заңда қарастырылса, онда бұл өзгерілген белгілер айнымалық сипатты көрсетеді. Қылмыстық заңда мұндай бланкетті құрамдар қоғам қауіпсіздігіне ,  экология  қауіпсіздігіне , экономикалық қызметке қарсы бағытталған қылмыстарда көптеп кездеседі.
  Қылмыстық құрам белгілерін айнымалылыққа соқтыратын келесі жәйт, ол белгілі  - бір қылмыс түрлері  бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының қылмыс белгісін түсінуде жаңа ұсынысты көрсетуі болып табылады. Жоғарғы Сот қаулыларының жаңаша жетекші ұсыныстар көрсетуіне себеп  болатын жағдайлар, қылмыстық құқық ғылымының жетістіктерін қолдану ,  қате пайымдауларды түзету тағы басқа  бола  алады.
 
 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыс құрамынын түсінігі.
* Қылмыс құрамынын құрылымы.
Тақырып 3 Қылмыстың объектісі бойынша саралауДәріс мақсаты: Қылмыс объектісінін түсінігін, саралаудығы маңызын ашуСұрақтар:
* Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы. 
* Қылмыстың объектілерінің түрлері бойынша саралау. 
* Қылмыстың заты бойынша саралау
1 .Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі
        Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады.
        Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде <<қылмыс>> ұғымымен қатар бір мәндес ретінде <<қылмыстық қол сұғушылық>> ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.
        Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады.
       Біз жұмысымыздың алдынғы тарауында қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.
   А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады.
    Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі.
        Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.
        Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген қылмыс қоғамдық қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.
        Басқаша айтқанда қылмыскер неге қол сұқса, не нәрсе қылмыстық заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша <<Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес>>. Бұл аксиома  -  дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.
        Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)
        Уақыт өте келе бұл пікір Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше  -  объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.
        Объектілерді сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.
       Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған <<қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (...құқық тәртібі  -  қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы  -  меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар  -  өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас  -  И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б)>>./24/
       Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық және тікелей объектілер сыныптаудың үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас. Алайда қылмыстың жаңа объектісі түрлік объект енгізілген.
       Қылмысты объектісі бойынша саралау басқа элементтері бойынша саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты саралау үшін маңызға ие болмайды.
       Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу процессінде қол сұғудың жалпы объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.
      Қылмысты саралау барысында қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан іздеуге тура келмейді.
       Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен ұқсастықты табу қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда топтық және тікелей объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар меншік, бұзақылықта қоғамдық тәртіп болып табылады.
        Қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа жағынан ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342 бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару тәртібіне қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген мысалдан топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның кім болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.
       Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтауда қылмыс субъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып жеке тұлға табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ сол әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара ұқсастығы бар көрсетілген қылмыс құрамдары топтық және тікелей объектілері бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде осындай ұқсас құрамды қылмыстар аз емес.
      Тікелей объектіге қатысты айтсақ оны анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды ажыратуға бағындырылып және қызмет атқарады.
       Көп жағдайларда әледе қандай қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау үшін маңызды мәніске ие болады.
       Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу  -  негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект, қарақшылықтың барысында  -  меншік негізгі объект, жәбірленушінің денсаулығы  -  қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік  -  мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.
       Қосымша және факультативтік объектілердің арасындағы айырмашылық мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі) қылмыс құрамдарында болады, ал факультативтік объекті (бірақ әрдайым емес) жай құрамды қылмыстарды жасау барысында болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің барысында жеке адамға, меншікке қол сұғу бола бермейді.
       Қол сұғушылықтың факультативтік объектісі жасалған іс-әрекетті саралауға ықпал етпейді бірақ оның қауіптілігін арттырады және осы қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабының санкция-шегінде жаза тағайындау барысында сотпен міндетті түрде есепке алынады. Объектінің берілген түрі келтірілген залалдың орнын толтыру туралы мәселені қарағанда да ескеріледі.
      Кей кездерде қылмыстың объектісін дұрыс анықтау үшін қылмыстық заты маңызды рөл атқарады. Мысалы, дәріханадан дәрілік құраладар ұрланған кезде ең алдымен қандай дәрілік құралдар ұрланғаны жөнінде сұрақ қойылады: наркотикалық дәрілер ме, әлде басқама? Бірінші жағдайда қылмыстың объектісі халықтың денсаулығы (ҚК 260 б.), ал екіншісінде меншік (ҚК 175 б.) болды. Осындай жолмен ҚК-тің көрсетілген баптарындағы қылмыс құрамдары бір-бірінен ең алдымен қылмыстың заты бойынша ажыратылады.
       Қылмыстық құқықтың теоретиктерінің көпшілігі қылмыстың затын құрамның факультативтік белгілеріне жатқызады, себебі кейбір қылмыс түрлерін жасау барысында қылмыстың заты қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, ҚК-тің 258 бабы бойынша тағылық ретінде сараланатын әрекеттердің біреуі көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындағы мүлікті қасақана бүлдіру саналады. Кінәліні ҚК-тің көрсетілген нормасы бойынша жауаптылыққа тарту мәселесін шешу барысында қандай мүлік бөлінуге ұшырағаны маңызға ие болмайды. Кейбір қылмыс құрамдарында қылмыстың заты тіптен болмайды. Мысалы адам өлтіру, зорлау, жала жабу, сотты құрметтеу, қашқындық т.б.
       Қылмыстың заты объектіге не қылмыс құрамының басқа да элементеріне жатқызылмайды. Ол қылмыс құрамының басқа белгілерінің арасында өзіндік орынға ие болады.
       Кінәлі тұлға оған әсер ете отырып жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық қатынастардың субъектісінің қызметіне залал келтіретін материалдық дүниенің нәрселерінен құралатын қылмыстын заты қылмысты саралауға ықпал ете алады және қылмыстық жазаны тағайындау барысында есепке алынады.

























* 
* 
Кез келген қылмысты ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады. Қоғамдық қатынастар қоғамдық қоғамдық экономикалық формацияларында байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі.
Қылмыс объектісі
left0left0left0
Жалпы 

Тікелей 
Топтық 
Жалпы объект  -  заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынты.Толық объект  -  қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі.Тікелей объект  -  заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуы.
Тікелей объект
left0left0left0
Негізгі тікелей объект 
Факультативтік тікелей объект 
Қосымша тікелей объект
Негізгі тікелей объект  -  қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.Қоысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.Факультативтік тікелей объект  -  қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.Қылмыс заты  -  осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыс объектісі дегеніміз не?
* Қылмыс объектісінін манызы.


Тақырып 4 Қылмыстың объективтік жағы бойынша саралауДәріс мақсаты: Қылмыстын объективтік жағына түсініктеме беру, және оның маңызын анықтауСұрақтар:
* Қылмыс құрамының объективтік жағының түсінігі және маңызы. 
* Қылмысты іс әрекет және саралау мәселелері. 
* Қылмысты зардаптың түрі және көлемі бойынша саралау.
* Себепті байланыс және оның қылмысты саралаудағы маңызы.
* Қылмыстың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау

        Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып жазылады.
       Адамның әрбір әрекетін соның ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын интеллектуалдық-еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты әрекет.
       Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс- тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.
       Жалпылама түсінігінде қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудан көрінетін адамның сыртқы жүріс-тұрысының актісі болып табылады.
       Қылмыстың объективтік жағы негізінен төмендегідей белгілерден тұрады. 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 2) қоғамдық қауіпті салдар; 3) іс-әрекет және салдар арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалған орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен құралдары.
      Біздің ойымызша аталған ұстаным дұрыс, іс-әрекеттің сырқы жағын саралау осыған негізделуі тиіс.
      Алайда құқықтық әдебиеттерде қылмыстың объективтік жағының белгілеріне қатысты өзге де пікірлер айтылған. Мысалы, А.А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті оның белгісі ретінде қарастыруды ұсынады. В.Н. Кудрявцев қылмыстың жасалу тәсілін, орнын және жағдайын объективтік жақтың <<дербес элементтері>> ретінде қарастыруды танымайды себебі олар қылмыскердің іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздікті) ғана сипаттайды. П.И. Гришаев объективтік жақтың міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті ғана жатқызады.
       Бұдан байқайтынымыз қылмыстың объективтік жағының мазмұны даулы мәселе әрине бұл оны бірегей түсінуде, ақыр аяғында жасалған қылмысты саралауда ықпалын тигізбей қоймайды. Б.А. Криков <<Қылмыстың объективтік жағы  -  бұл қылмыстық іс-әрекеттің <<өзегі>>. Ең алдымен қылмыстың сыртқы жағында қоғамға қауіпті іс-әрекетті объектендіреді>>.
       Іс-әрекетті қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау қылмыстық жазалауға жататын әрекет немесе әрекетсіздік фактісін және оның салдарын анықтаудан басталуы тиіс. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында кейбір жағдайларда қылмыстық нәтижені ғана көрсетіп қояды. Қылмыстың объективтік жағы барынша толық жазылып, іс-әрекет және салдар туралы толық айтылған диспозицияларда бар. Мысалы ҚК-тің Ерекше бөліміндегі 103 бап: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру  -  деп сипатталған.
       Қылмыстық заңда қылмыс құрамы белгілерін сипаттап жазудың заңи-техникалық әдістері қылмысты іс-әрекетті саралау үшін үлкен маңызға ие болады. Егер заң бабының диспозициясында субъектінің әрекеті сипатталып жазылып, олардың толық тізімі бекітілген болса соттың кеңейтілген түсіндіру арқылы өз қалауы бойынша олардың қатарын көбейтуге құқығы жоқ. Егер де диспозицияда қылмыстық салдар көрсетілген болса онда тергеу және сот органдары аталған салдарға әкелген тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-тұрысының түрлерін анықтауға міндетті, залалдың келтірілуі қасақаналық немесе абайсыздық екендігін тиісті саралап одан әрі ҚК-тің нақты бабы бойынша жүргізілуі керек. Ендеше адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық құқыққа қайшылықта болуы керек, осындай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайда жасалған, заңда көрсетілген салдарға алып келген қылық болып табылмауы тиіс. Адамның сыртқы жүріс-тұрысының жекелеген немесе бірнеше мәрте актілерін, сонымен қатар оның белгілі бір құралдары, өндірістік үрдістерді, заттардың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланып қылмыс жасауын біз қылмыстық әрекет ретінде түсінеміз. Тиісті жағдайда кінәлі тұлға жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивтік жүріс-тұрысын қылмыстық жауаптылықты туындататын әрекетсіздік ретінде бағалаймыз. Аталған әрекетсіздік кей реттерде ауыр салдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, және де ол адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығынан туындайды. Бұл жерде біз азаматтың құқықтық міндеттемелігі жөнінде айтуға тиістіміз. Аталған міндеттемелік төменде көрсетілгендерден туындайды. 1) заңның немесе өзге нормативтік актінің тікелей міндеттеуінен 2) қызметтік, кәсіби міндеттерді, туыстық және өзге де жеке өзара қатынастарды атқару міндетілігінен 3) азаматтың бұрынғы қызметінен  туындауы немесе тұлғаның өзінің құқық арқылы қорғалатын мүддені қауіпті жағдайда қалдыру яғни, қауіпті салдардың пайда болуы қаупін туындатуы.
       Қылмыс ретінде бағаланатын әрекетсіздік барысында тергеу органдары мен сот кінәлі тұлғаның белсенді әрекеттерді жүзеге асыруы арқылы залалдың алдын алуға нақты мүмкіндігі болғандығын дәлелді түрде анықтауға міндетті. Егер тұлғаның ондай мүмкіндігі болмаса әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылық туындамауы тиіс. Қылмыстық салдар түсінігі тұрғысында мәселе күрделілек болып табылады. Олардың мәнісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғудың нәтижесі  -  залалда. Залал немесе зиян әртүрлі болуы мүмкін материалдық, психологиялық, саяси, әлеуметтік,  ұйымдастырушылық және тағы басқалай.
        Залалдың сипаты мен мөлшері ҚК-те анықталған. Заңшығарушы топтық және тікелей объектінің маңыздылығы мен құндылығын басшылыққа алады. Құқыққа қарсы әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі оның болған немесе нақты болуы мүмкін нәтижесі осыған негізделіп, айқындалады. Мысалы мемлекетке қарсы қылмыстар саяси және экономикалық залалдар келтірсе, жеке адамға қарсы қылмыстар  -  тәндік және психикалық зияндар келтіреді.
        Құрлысы жағынан қылмыс құралдары жай және күрделі болып бөлінетіндігі белгілі. Күрделі құрамдарда бір емес, екі немесе оданда көп қылмыстық салдар болуы мүмкін. Мысалы бұзақылықтың объектісі қоғамдық тәртіп болып табылады және бұл түсінікке меншік нысандарына қол сұғылмаушылық, қоғамдағы жүріс-тұрыс тәртібін сақтамау да кіреді.
       Жалпы алғанда материалдық және тәнге келтірілген зиянды барынша жеткілікті түрде шамалауға немесе өлшеуге болады. Оларды есептеу барысында төмендегідей негіздер басшылыққа алынады. Белгілі бір нәрсенің құны, саны, сапасы, зиян мөлшері, талан-тараж мөлшері, денсаулыққа келген залалдың және еңбек қаблеттігінің жоғалту дәрежесі.
        Саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық психикалық, әлеуметтік мәнісіндегі моральдық зияндар көзге көрінбейтін сипатта болғандықтан оларды өлшеу белгілі бір қиындықтарды туғызады. Осы орайда уақыт, қол сұғу объектісіндегі зиянды өзгерістердің ұзақтығы, тереңдігі, тұрақтылығы, қылмыс объектісінің құндылығымен айқындалатын келтірілген зиянның орнының толтырылмайтындығы, іс-әрекеттің жасалған орны және уақытына сәйкес объектінің залалсыз қызмет атқаруының өзектілігі және басқа өлшем бірліктерін басшылыққа аламыз.
        Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық салдарды негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Олардың алғашқысы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын құрам белгілерінің жиынтығына кіреді. Ал екіншісі яғни қосымша салдар белгілі бір жағдайда әртүрлі пікірлерді қалыптастырып отыр.
         Қылмыстық нәтиже ретінде қылмыстық заңда қарастырылған, тұлғаның әрекетімен немесе әрекетсіздігінің ықпалымен жүзеге асырылатын және қылмыс құрамының объективтік белгілеріне жатқызылатын қоршаған әлемдегі өзгерісті түсінуіміз керек. Аталған қылмыстық салдар қылмыстық заңмен қорғалатын әлде қандай объектілерге тікелей немесе жанама залал келтіреді немесе залал келтіру қаупін туғызады. Я.М. Брайнин <<қылмыстың салдары>> және <<қылмыстық нәтиже>> түсініктерінің арасына айырым қою қажеттілігі жөнінде айтқан. Ол қылмыстың салдарына қылмыстық әрекет ықпал еткен сыртқы әлемдегі барлық өзгерістерді жатқызады. Мысалы, адам өлтірудегі  -  жәбірленушінің өлуі және туыстарының қайғыруы : қылмыс құрамының болуы үшін маңызы бар сол салдар қылмыстық нәтиже болады, оларсыз қылмыс аяқталған болып есептеліне алмайды және нәтиже берілген қылмыстың құрамын анықтай алатындай.
       Қылмыстық құқықтығы себепті байланыс өзінің негізін анықтайтын басымдығымен құбылыстар мен олардың заңи маңыздылығының арасындағы себеп салдарлық қатынастарды ашу мен түсіндіруден көрінеді. Қылмысты объективтік жағы бойынша саралауда осындай байланысты анықтау міндетті қажеттілік. Қылмытың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде танылатын іс-әрекетпен нәтиженің арасындағы себепті байланыс нақты және өзінің сипаты бойынша кінәлі болуы тиіс.
        Қылмыстық құықтағы себепті байланысты ғылыми  -  практикалық салыстырмалы түрде үнемі зеттеу төмендегілерді қуаттайды:
* Субъектінің қылмыстық-құқықлық белгілерге ие болатын нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі себептілік арқауының бірінші түйіні.
* Әрекет (әрекетсіздік)уақыты бойынша нәтижеден озық болуы тиіс.
* Іс-әрекет залалдық туындауының қаупін туғызатындай құқыққа қайшы немесе адамгершілікке жат болуы тиіс.
* Іс-әрекет залалдың болуының қажетті шартының ролін атқарады.
* Іс-әрекет саладрдың тек қана қажетті шарты ретінде танылмай себебі болуы тиіс және жалпылама емес, қылмыстың жасалуының нақты мән-жайында
* Іс-әрекетпен салдардың арасындағы әрқашан объективті болып табылатын себепті байланыстың және олардың арасындағы қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінәлі байланыстың араласуына жол бермеу керек.
Ең алдымен объективті себепті байланысты, ал содан кейін субъектінің оның көре білуін анықтау қажет. Пайда болған қылмыстық салдардың заңдылығы мен кездейсоқтылығы істің мән-жайын олардың жиынтығында бағалау негізінде шешілуі тиісті практикалық мәселе болып табылады. Е. деген азамат кәмелетке тломаған Г-нің өзінің атын қуып жүргенін көріп оны ұстап алып ұрған Г. Е-нің қолынан жұлқынып шығып қашып бара жатқанда шарбақтан секіріп аяғын сындырып алған кейіннен ауруханада қанға инфекция түсуінен қайтыс болған. Берілген жағдайда Е-нің әрекеттері болған салдардың себебі болып табылама?
       Әрине олардың қылмыстық нәтижеге дейін жасалғандыы дау туғызбайдОлардың яғни қылмыстық салдардың пайда болуына қажетті шарттар болғаны да түсінікті себебі егер Е. Г-ні ұрып қорқытпаса ол аяғын сындармас еді ендеше, қоғамға қауіпті салдарда туындамас еді. Алайда жәбірленушінің өлімі аяқтың сынуы нәтижесінде пайда болған жарақатқа инфекция түсуінен болған. Алайда аталған салдар Е-нің әрекеттері үшін объективті түрде кездейсоқ болып табылады. Сондықтан ол олар үшін жауапты болып табылмайды.
        Қылмыстық құқық теориясында зиянды салдар қажетті белгі болып табылмайтын құрамдар формальдық құрам дап аталады. Жасалған іс-әрекетті саралау барысында тек әрекет (әрекетсіздік) ғана анықталады, ал қылмыстық нәтиже және себепті байланыс құрам шеңберінен тыс қалады және саралауды талап етпейді.
        Белгілі бір қылмыстық салдардың нақты пайда болуын немесе пайда болу мүмкіндігі қарастырылған құрам материалдық құрам деп аталды.
        Қылмыстық құқық саласындағы мамандардың көпшілігі қылмыстарды формалдық және материалдық қылып бөлу ұстанымын қуаттайды және маңызды прақтикалық мәніске ие деп санайды. Сонымен қатар осы мәселе төңірегенде бірталай пікірталастардың да бар екенін айта кету керек. Алайда ондай теоретикалық мәністегі пікірталастарды талдауды біз өзіміздің жұмысымызға мақсат етіп қоймадық.
       Жалпы айтқанда қылмыстық-құқық норманы бірінші кезекте ҚК-тің Ерекше бөлімін жетілдіру қоғамды қылмыстан табанды және ықпалды қорғау бағытында жүргізілуі керек.

Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез құлқылық сыртқы көрінісін блдіреді.Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстық объективтік жағының белгісі болып табылатын << Қоғамға қауіпті зардап>> ұғымын білдіреді.Қоғамға қауіпті іс-әрекет одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгі себепті байланыс деп аталады.Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне:- әрекет пен әрекетсіздік - қылмыстық зардап - себепті байланыс Жатса, ал, объективті жағынан факультативті белгілеріне:- қылмыс тәсілі- қылмыс құралы істелу жағдайы- қылмыс орны - уақыты жатады.Іс - әрекет - адамның мінез  -  құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болса, қылмысты зардап  -  қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық қатынастарға әрект пен әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады.Себепті байланыс  -  қоғамда қауіпті іс - әрекет одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс. Қылмысты объективтік жағының факультатвитік белгілеріне келсек, қылмыс тәсілі дегеніміз  -  кінәлі адамның іс-әректті істеудегі қолданылатын әртүрлі әдістері мен айлалары.Қылмы істелу орыны 1-деп, қылмыс істеген кеңістікті, 2-деп, жер бетінің қай бөлігінде қылмыс істегенін анықтайды. Жалпы, қылмыстың объективтік жағы болсын немесе объективтік жағының факультативтік белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар: 
* бұл белгілер қылмыс құрамының міндетті, қажетті белгілері болуыкерек
* белгілер қылмыс құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін
* қылмысты саралауға әсер болмаса да жазаны жеңілдететін немесе 
ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.Жалпы, қылмыстың объективтік жағының жауапкершілік пен жаза тағайындаудағы маңызы ерекше.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыстын объективтік жағы дегеніміз не?
* Іс әрекет, зардап және екеуінін арасындағы себепті байланыс дегеніміз не? 

Тақырып 5 Қылмыстың субъективтік жағы бойынша саралауДәріс мақсаты: Қылмыстын субъетівтік жағына түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашуСұрақтар:
* Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы. 
* Кінәнің нысандары бойынша қылмысты саралау. 
* Қылмыс құрамының субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау. 
* Қате және оның түрлері бойынша саралау
                                       
Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы
        Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді.
        Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.
        Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық және абайсыздық формалары жатқызылады. Нақты жағдайда бұл қасақаналық немесе абайсыздық (тиісінше олардың тікелей және жанама, менмендік және немқұрайдық түрлері) жасалған қылмыстың мәнісі мен сипатына тәуелді түрде қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кез-келген құрамда орын алады. Қазақстанның ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының диспозицияларында олар жиі көрсетілмегенімен. Мысалы, 157 бап  -  Басқыншылық соғысты тұтындыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру; 241 бап  -  Жаппай тәртіпсіздіктер, 177 бап Алаяқтық 120 бап  -  Зорлау, 312 бап  -  Пара беру.
       Белгілердің екінші тобы  -  қылмыстың ниеті мен мақсаты кейбір құрамдар үшін міндетті, ал басқалары үшін құрамның факультативті белгісі қызметін атқарады. Мысалы ҚК-тің 165 бабына сәйкес іс-әрекет Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет ғана мемлекеттік опасыздық деп танылады. ҚК-тің 216 бабы бойынша әдейі банкроттық оның қандай мақсатпен жасалатындығына тәуелсіз қылмыс деп танылады. Осыдан бірінші жағдайда қылмыстың мақсаты мемлекеттік сатқындық құрамының міндетті белгісі болып табылатындығын ал екінші жағдайда  -  әдейі банкроттық барысында ол жауаптылық пен саралауға ықпалын тигізбейді (алайда ол барлық уақытта да анықталуы тиісті болғанымен және жазаның түрі мен мөлшерін таңдауға ықпал етуі мүмкін).
        Немесе ҚК-тің 96 баб. 2 бөлімі  -  Адам өлтіру (ауырлататын мән жайда) басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру күшейтілген қылмыстық жауапкершілікті қарастырады егер ол пайда табу ниетімен (пункт <<з>>), бұзақылық ниетпен (пункт <<к>>). Мұнда алғашқы екеуінде қылмыстық ниеті оның субъективтік жағынан міндетті белгісі болса соңғысында қылмыстың мақсаты міндетті белгі болып табылады.
        И. Г. Филановскийдің айтуынша: <<Қылмыстың субъективті жағының белгілері заң мәтініңің өзінен туындайды немесе заңның тиісті баптарының диспозициясын түсіндірудің әртүрлі амалдарының көмегімен анықталады.
        Енді аталған белгілердің қылмысты саралауға қатысты қарастырамыз. Бір мезгілде сонымен қатар қылмыстың іс-әрекетінің өзінің де белгісі болып табылатын кінә түсінігінен бастаймыз.
       Аталған мәселені анықтауды қылмысты дұрыс сарлау табанды түрде талап етеді: А.А. Пионтковский <<Кінә туралы ілім кеңестік қылмыстық құқық теориясының аса маңызды бөлімі болып табылады>>- деп жазған./ 27/
        Біз өз жұмысымызды орындау барысында пайдаланған Қылмыстық құқық бойынша оқулықтарда келтірілген кінәнің анықтамасы қортындылай айтқанда төмендегідей мазмұнда  берілген: Кінә - бұл қылмыстық заңмен тиым салынған қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке және оның салдарына психикалық қатынасы. Құқықтық ғылыммен тұжырымдалған бұл пайымдау шын мәнісінде барлық заңгерлермен қабылданған.
       Кіәлінің, қылмыстық құқықтың және жалпы құқықтық теорияның өзекті институтының тарихында көптеген ғылыми-практикалық ұстанымдар, көзқарастар және ұсыныстар бар екендігін атап өтуге тиістіміз. Кінә (кінәлілік) мәселесінің проблемалары бойынша тиісті пікір таластар өткізілген. Аталған мәселелер әрекет етуші заңнаманың салаларын қолдану бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер мен мәжілістердің талқылауының тақырыбы болды. Мысалы кінә пайымынан бас тартып, тек оның қасақаналық және абайсыздық нысандарын анықтаумен шектелу туралы, жанама қасақаналық және қылмыстық менмендікті біріктіру есебінен кінәнің жаңа үшінші нысанын <<біле тұра>> істеу дегенді енгізу туралы ұсыныстар болған.
        Бұрынғы уақыттардағы ғылыми пікірталастарды талдау біздің жұмысымыздың мақсаты болмағандықтан біз негізінен қылмысты саралаудың қазіргі таңдағы мәселелеріне ғана назар аудардық. Ғылыми негізділігі күмән туғызатындай кейбір ой-пікірлерге тоқталмастан, ғылыми ортада басымдыққа ие болған және практикада қолданыстағы тұжырымдар, ұғым, түсініктерді талдауды ғана міндет ретінде қойғандықтан біз жұмысымызды аталған бағытта жүргіземіз.
        Енді кінәнің нысандары және түрлері туралы. Олардың анықтамасы ҚК-тің 20; 21 баптарында берілген. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғаға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын алса білсе және осы зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған санылы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
        Қасақаналық ұғымы негізінен екі түрлі элементтен  -  интеллектуалдық және еректілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана-сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық кезеңін құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады. Тікелей қасақаналық пен жанама қасақаналықтың арасындағы басты айырмашылық еріктілік сәтінен айқын көрінеді. Тікелей қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілейді. Тұлғада тікелей қасақаналық ниеттің болғандығын төмендегі жағдайлардан байқауға болады. 1). Пайда болған салдар оның әрекетінің түпкі мақсаты болып табылады. (мысалы қызғаныштан, кек алу үшін кісі өлтіру). 2) пайда болған салдар тұлғаның басқа бір мақсатқа қол жеткізудегі белгілі бір сатысы болып табылады. (мысалы мұрагерлік мүлікке ие болу үшін кісі өлтіру. Жанама қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып табылмайды. Алайда жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін ешқандайшараларды жасамауынан байқаймыз. Формалдық құрамды қылмыстар үшін қасақаналықты тікелей немесе жанама ретінде бөлудің ешқандай маңызы жоқ себебі қоғамдық қауіпті салдар олардың міндетті белгілерінің қатарына кірмейді. Формалдық құрамдағы қылмыстың объективтік жағы кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекетті жасауымен ғана сипатталады. Сондықтан біз тұлғаның іс-әрекетке деген психикалық көзқкарасын ғана сөз етеміз. Егер тілемей отырып саналы әрекетті жасау мүмкін болмайтын болса, онда формалдық құрамды қылмыстар үшін тек тікелей қасақаналық ғана тән болады. Қасақаналықты тікелей және жанма ретінде болудың тек ғана теоретикалық емес сонымен бірге үлкен практикалық маңызы бар. Мысалы кейбір қылмыстардың құрамы олардың субъективтік жағының тек тікелей қасақаналықпен жасалатындығынан көрінеді. Мысалы, талан-таражға салу, мемлекеттік сатқындық, бандитизм. Осындай әрекеттерді жасау барысында тұлғаның әрекеттерінде тікелей қасақаналықтың болмауы өз кезегінде қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Қасақаналық түрін анықтау, қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшін жауапкершілікті анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу тек тікелей қасақаналық барысында ғана мүмкін болады. Қасақаналықты тікелей немесе жанама қылып бөлумен қатар қасақаналықтың басқа түрін ажыратып көрсетуге болады. Интеллектуалдық немес еріктілік сәттерінің нақтылану дәрежесіне байланысты қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Өз кезегінде анықталған қасақаналық жәй және баламалы болып бөлінеді. Жай анықталған қасақаналық барысында тұлға оның іс-әрекетінен қандай зиян келетінін және оның көлемін анық біледі және тек солардың болуын тілеуді. (Мысалы, адамды басынан мылтықпен ату) Баламалы анықталған қасақаналық барысында тұлға бірнеше анықталмаған салдарды болжайды және олардың болуын тілейді (мысалы пышақ жұмсай отырып субъект адамға өлім келуі немесе ауыр дене жарақаты келуі мүмкін екенін біледі және оның екеуіне де қол жеткізуге мүдделі)
        Анықталмаған қасақаналық барысында тұлға келтірілетін залалды сезінеді, және бірнеше қауіпті салдарының болатынын болжайды. Бірақ ол салдар оның санасымен нақтыланбаған. Субъект өзінің нақты қандай салдарға қол жеткізгісі келетінін жеткілікті дәрежеде айқындамаған. Мысалы адамның басына, денесіне соққылар жасай отырып кінәлі, жәбірленушіге өлім келуі немесе әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты келуі мүмкін екенін сезеді, бірақ қандай ауырлықтағы зиян келетінін нақтыламайды. Ол олардың қайсысына да қол жеткізуге мүдделі.
       Қасақаналықты анықталған және анықталмаған етіп бөлудің қылмысты саралау үшін маңызы бар. Жай анықталған қасақаналық барысында егер кінәлі тілеген салдар оған қатысты емес мән-жайларға байланыссыз болмай қалса жасалған әрекет тек сол салдардың болуын тілеуге оқталу болып саналуға тиіс. Мысалы жәбірленуші өлтіруді тілей отырып оған ауыр дене жарақатын келтіру. Ондайда әрекет адам өлтіруге оқталу деп саралануы тиіс. Қасақаналық ниет қалыптасу уақытына байланысты алдын-ала ойластырылған және кенеттен пайда болған болып бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған қасақаналық оның пайда болу сәтімен жүзеге асырылуының арасында айта қаларлықтай уақыт болуымен ерекшеленеді. Осы уақыт аралығында кінәлі адам қылмысты жасаудың жоспары мен тәсілдерін ойластырады, оның ізін жасыру шараларын қарастырады. Кенеттен пайда болған қасақаналық ниет атауынан байқалып тұрғандай қылмыс жасауға деген ниет кенеттен пайда болып жүзеге асырылады. Кенеттен пайда болған ниет кейде қатты жан күйзелісінен туындаған жағдайда болса жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде саналуы мүмкін. Жалпы тәртіп бойынша алдын-ала ойластырған қасақаналық пиғыл, кенеттен пайда болған пиғылдан қауіптірек болып саналады. Алайда, кейде кінәлі адам қылмыс жасауға қалыптасқан әрекетін бірден жүзеге асыруы мүмкін. Субъектінің әрекеттеріне қасақаналық бар немесе жоқ екендігін шешу барысында және әрекетті саралау барысында қатені құқықтық бағалау мәселесі туындайды. Қатенің екі түрі болады заң туралы қате және фактілік қате. Заң туралы қате барысында тұлға өзінің әрекетінің қылмыс екендігін немесе қылмыс болып табылмайтындығын бағалауда жаңылсады. Бұл жағдайда жалпы ереже әрекет етеді. Егер субъект өзінің әрекеті қылмыстық жазалаушылыққа жатады деп есептесе, ал іс жүзінде ол әрекетке қылмыстық заңмен тыйым салынбаса, онда ол қылмыстық жауапкершілік туындатпайды. Керісінше субъект өзінің әрекетін қылмыс-деп санамаса, ал әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген болса, тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Адамның өзінің іс-әрекетін саралаудағы және соған сәйкес жаза түрі мен мөлшерін белгілеудегі қатесі қылмыстық жауапкершілікті шешуге ешқандай ықпал етпейді.
       Фактілі қате дегеніміз қылмыс құрамының элементтеріне қатысты, әрекетінің нақты мән-жайларын теріс ұғынуы болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында және практикада фактілік қателерді төмендегідей түрлерге бөледі: қылмыс объектісі мен заты жөніндегі қате, жәбірленушінің жеке басы жөніндегі қате, себепті байланыс, ауырлататын мәністер бойынша қате.
        Объект бойынша қате кінәнің нысанын анықтауға ықпалы тигізбейді тек оның мазмұнын өзгертеді.
        Егер субьекті заңмен қатаң қорғалатын объектіге қол сұқтым дап ойлап қатаң емес түрде қорғалатын объектіге қол сұқса, ол қатаң қорғалатын объектіге қол сұққан ретінде жазаға тартылуы тиіс. Мысалы, тұлға әйелді өлтіру барысында оны екі қабат деп ойласа алайда ол ондай болмай шықса онда ол кінәліге алдын-ала белгілі екі қабат әйелді өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады. Керісінше тұлға әйелдің екі қабат екенін алдын ала білмей, екі қабат әйелді өлтірсе ол жәй кісі өлтіргені үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Жәбірленушінің жеке басына байланысты қате, әдетте егер жәбірленушінің жеке белгілері қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмаса жауапкершілікке ықпал етпейді. Мысалы көршісін өлтірмек болып кездейсоқ адамды өлтіреді. Егер кінәлі судьяны немесе тергеушіні өлтірмек болып алайда қателесіп кездейсоқ адамды өлтірсе ол ҚК-тің 340 бабы бойынша сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жзеге асыру адамның өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. 96-баб. 6-15 жылға.  340 баб 10-15 жылға, өмір жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы.
       Зат бойынша қателесу екі жақты мәніске ие болады. Егер тұлға заттың сапалық мәнісіне байланысты қателессе ондай қателесу жауапкершілікте ықпалын тигізбейді. Мысалы, ұры магнитофон ұрлаймын деп қателесіп, радиоқабылдағыш ұрлайды. Егер тонаушылар ақша ұрламақ болып сейфті ашқанда онда ақша жоқ болып шықса онда олардың әрекеті осы затты ұрлауға оқталу болып есептелінеді. Қылмыс жасау құралы бойынша қателесу, тұлға, белгілі бір себептермен, қол сұғылған объектіге залал келтіре алмайтын құралмен, жасалған кезде орын лауы мүмкін. Мысалы тұлға бос оқпен оқталған мылтықпен адам атпақ болады. Бұл жағдайда ол адам өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс.
      Егер субъект өзінің қараңғылығынан қылмыстық заңмен қоргайтын объектіге залал келтіру мақсатын да оған жарамйтын құралдарды пайдаланса (дуа салу, қарғыс айту, т.б.) ол тек ниетті анықтау болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайды. Себепті байланыс бойынша қате, тұлғаның жасалған іс-әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланысқа қатысты жаңылысу болып табылады. Егер тұлға өзінің әрекетінен қандай салдар туындайтынын анық білетін болса онда оның себепті байланыстың дамуы бойынша қатесі жауапкершілікті анықтау үшін маңызы болмайды. Мысалы, субъект жәбірленушіні жүрегіне пышақ ұру арқылы өлтірмек болды ал ол күре тамырынан қан кету салдарынан қайтыс болды, ондай жағдай әрекетті саралу үшін ешқандай маңызға ие болмайды. Егер субъект өзінің әрекеті қандай салаларға әкелуі мүмкін екендігін білмесе, онда қасақаналықпен зиян келтіру болып табылмайды. Егер тұлға қылмысты ауырлататын мән-жайларсыз жасадым деп есептесе ол саралау белгілері бойынша қателесу болып саналады. Бұл кезде екі жағдай орын алуы мүмкін. Бірінші жағдай субъект өзі қылмыс жасаған жағдайдың ауырлататын мән-жай екенін білмейді. Мысалы ұйымдасқан топ болып ұрлық жасау 175 бабтың 3-тармағы бойынша жауапқа тартылатын, ол ауыр қылмыс болып табылатынын тұлға білмеуі мүмкін.
       Бұл жағдайда қателесу назарға алынбайды және заңды қателесу бойынша ереже қолданылады. Екінші жағдайда субъект өзінің нақты әрекетінің ауырлататын жағдайда жасалғандығын білмейді. Мысалы қылмысқа көмектесуші ұйымдасқан топқа немесе алдын ала сөз байласқан топқа өзгенің мүлкін ұрлауға көмектесіп отырғанын білмеуі мүмкін, сондықтан жай ұрлыққа қатысқаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Фактілік қателердің кез-келген түріне заңи баға бергенде тұлға жауапкершілікке тек оның кінәсі болғанда ғана тартылуы тиіс деген жалпы ереже басшылыққа алынуы керек.
Қылмыстың субъективтік жағы адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге байланысты жағының көрінісі болып табылады. Субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Сондықтан субъективтік және объективтік белгі өзара тығыз байланысты. 
Қылмыстың субъективтік жағы 
left0left0left0
Ниет 

Мақсат 

Кінә
белгілерімен сипатталады.Кінә  -  кез келген қылмыс құрамының субъективті жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Кінә - адамның қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне, көзқарастың жиынтығы.
Кінә түрлері 
left0left0left0
Қасақаналық 

Абайсызда 
Сонымен қатар, кінә психологиялық, әлеуметтік ұғымдар жиынтығы.Зардап, қоғамға қауіптілік түсіну  -  кінәнің әлеуметтік мәнін құраса, сезіну мен еріктілік - психологиялық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады.Кінәнің қасақаналық түрінде адам өз істеген ісінің зардабын біледі, яғни соны тілейді.
Қасақаналық 
left0left0
Жанама 

Тікелей 
болып екіге бөлінеді. Кінәнің абайсыздық түрі менмендікпен немқұрайлықпен (Қ.К. 21 бап. 1 тармағы) жүзеге асырады.Немқұрайлық екі түрлі белгілермен сипатталады:1. адам өз әрекетінің заңды зардаптарын болжауға тиіс болса,;2. болжай алатын болса.Бұл немқұрайлылықтың объективтік белгісі.Менмендікпен істелетін іс - әрекеттің қауіпті екенін түсіну, зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін алдын  -  ала білу немесе зардаптар болмас деп сену. Қылмыстық ниет және мақсат Қылмыстық ниет  -  белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуна байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.Қылмыстық мақсат  -  адамның қылмыс істеу арқылы болашаққа белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыстын субъектівтік жағына түсініктеме берініз
* Қылмыстың субъектівтік жағының қандай міндетті белгілері бар?
* Қылмыстң субъективтік жағының қандай қосымша белгілері бар?Тақырып 6 Қылмыстың субъектісі бойынша саралауДәріс мақсаты: Қылмыстын субъектісіне түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашуСұрақтар:
* Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және саралаудағы маңызы. 
* Қылмыстардың арнайы субъектілері бойынша саралау
                                       
                                       
2.Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау

       Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады.
       Қылмысты саралаудың жасалған іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни әрекет етілуі ҚК-те қарастырылған қылмыс құрамымен салыстыру болып табылатындығын еске түсірейік. Сонымен қатар оны жүргізу процессінде <<заңның жекелеген ережелері нақтыланады, жаңа фактілер анықталады, болжамдар өзгеріске ұшырайды және одан әрі зерттеудің жолдары белгіленеді>>./ 25/
       В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов қылмысты сарлау бойынша жазылған монографияларында қылмыстылықтың әлеуметтік мәселелерін, оның себептерін және қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтерді талдауды және тереңдетуді атап көрсеткен.
       Егер қылмыс субъектісін құқықтық ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің жеке басы криминологиялық ұғым болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі дұрыстың қылмыстық заңмен бекітілген жасқа толу оның біріншісінің яғни қылмыс субъектісінің негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке тұлғаны сипаттайтын: әлеуметтік  -  демографиялық, біліми-мәдени, функционалдық, құндылықты- мотивациялық, қылмысты-құқылық ерекшеліктерді қамтиды.
       Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде тану үшін ең алдымен, қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның жасағандығын нақты анықтап алу қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке өзі жасауы мүмкін немесе табиғи күштерді, жануарларды, техниканы, электр приборларын, химиялық заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы сонымен қатар іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы мүмкін. Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші яғни алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды қылмыс субъектісі болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің тағы басқа екеуі жас мөлшері және  ақыл есі дұрыстық адамның психофизикалық қасиеттері олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа толғандығы немесе толмағандығы фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс. Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатындығы және басқара алмайтындығы дәлелденуі тиіс.
        А.Н. Трайнин  бұл белгілерді қылмыс құрамынан тасқары тұрған қылмыстық жауаптылықтың шарттары ретінде қарастырғанын атап өту керек. Қоғамда қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын белгілерге ол тиісті құрамдарда орын алған лауазымды тұлғаны, әскери қызметкерлерді, өкімет өкілін жатқызады./ 26/
       Қылмыс субъектілерінің белгілеріне (жас мөлшері, есі дұрыстық) В.Н. Кудрявцев және тұлғаның сотталғандығын, қайталап қылмыс жасауды және қылмыс рецидивін жатқызды.
       Қылмысты жасаған кезде қылмыстық жауапқа тартылатын жас ретінде 16 жасқа толу деп саналады. Алайда біз бұны жалпы ереже деп есептеп одан кейде өзгешеліктер болатындығын естен шығармауымыз керек. Қылмыстық Кодекстің 15-бабының екінші тармағында төменде көрсетілген қылмыс түрлері үшін қылмыстық жауап кершілік 14 жастан басталатындығы көрсетілген. Ол адам өлтіру (96), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (103), ауырлататын мән жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауыр зардап келтіргені үшін (104 2-бөлімі), зорлау (120) жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121), адам ұрлануы (125), ұрлық (175), тонау (178), қарақшылық (179), қорқытып алу (181), авто көлікті заңсыз иелену ұрлау мақсатын көздемей(185 ІІ-ІІІ-ІV), мүлікті қасақана жою, бүлдіру (187 ІІ-ІІІ), терроризм (233), адамды кепілге алу (234), террористік акті туралы өтірік хабарлау (242), қару-жарақ, оқ  - дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу (255), ауыр жағдайдағы бұзақылық (257 ІІ-ІІІ), тағылық (258), есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (206), қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау (275), көлік жолдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299). Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар түрі заңда бекітілгендіктен тек осы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталуы тиіс. Сонымен қатар адам осы көздеген жасқа толса бірақ психикалық дамуы жағынан артта қалуы саладрынан онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық ұғына алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес. 14 жасқа толмаған жас-өспірімдердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туындамайды. Олар ішкі-істер органдарының ұсынысы бойынша, мемлекеттік арнайы органның  қортындысымен сот анықтамасымен арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін. Егер 14 жаспен 16 жастың арасындағы жас өспірім 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтын қылмыстарға қатысса соның барысында ол 14 жастан қылмыстық жауапкершілік басталатын қылмыс жасаса мысалы бандитизм (237)бап, оған қатысқан 14 жас пен 15 жастың арасындағы жас өспірімдер бандитизм емес ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру  бойынша ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Адамды белгілі жасқа толды деп есептеу үшін оның жас шамасы дәл анықталуы тиіс. Адам белгілі жасқа толды деп есептеу оның туған күннен емес одан кейінгі тәуліктің 00 сағатынан Егер жасөспірімнің жас шамасын анықтайтын құжаттар жоқ болса оны анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындалады. Егер оның жасы белгісіз болса оны туған күні деп сараптама атаған жылдың ең соңғы күні саналады. Егер жасты сараптама атаған жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы жас мөлшерімен анықтау қажет болса онда төменгі жас мөлшері алынады.
       Егер жасөспірімнің психикалық дамуы жөнінен артта қалуы байқалатындай болса оның психикалық дамуының деңгейін анықтау қажет, яғни ол өз әрекеттерін толық сезініп басқара білді ме жоқпа? Ол үшін қажетті жағдайларда балалар психологиясы саласындағы (педагог, психолог) мамандарының қатысуымен сараптама тағайындайды немесе көрсетілген мәселелер сарапшы-психиатордың шешуіне білдіреді. Кәмілетке толмағандарға жаза тағайындау барысында, оның өмір жағдайы мен тәрбиеленуі, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзгеде ерекшеліктері, сонымен қатар жасы үлкендердің оған ықпалы есепке алынуы тиіс. Жасы кәмілетке жетпегендік жеңілдететін мән-жай ретінде , өзге де жеңілдететін және ауырлататын мәністермен жинағында есептеледі. Егер кәмілетке толмаған адам бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталса сот оны жазадан босатуы мүмкін, егер кәмелетке толмаған адамды түзету  мәжбірлеуші тәрбиелеу шараларын қолдану арқылы мүмкін деп есептеген жағдайда. Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті ересек адамның айдап салуымен  жасаса, онда ол жанама орындаушылық болып есептелінеді. Ал ересек адам тікелей орындашы және кәмілетке толмағандарды қылмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады.
        Қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие болмаған дам қылмыстың жауапқа тартылуға тиіс емес. Есі дұрыс еместік дегеніміз қоғамға қауіпті әрекетті жасау барысында, психикалық ауру жағдайына байланысты әрекеттің мәнісі мен қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы болып табылады. Есі дұрыс еместік түсінігін анықтау барысында заң екі негізді басшылыққа алады. 1) медициналық (биологиялық) және 2) заңи (психологиялық). Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңдылық критерилердің біреуінің болмауы тұлғаны есі дұрыс емес тануға мүмкіндік бермйді. Медициналық критериге қылмыстық заңға сәйкес төрт түрлі ауру жатқызылған. 1) созылмалы психикалық ауру 2) психикасының уақытша бұзылуы 3) есі кемдік 4) психиканың өзге де ауру жағдайы.
       Есі дұрыс еместіктің заңды критериіне екі белгіні жатқызамыз 1) интеллектуалдық және еріктілік. Заңды критеридің интеллектуалдық белгісі тұлғаның өзінің әрекеттерінің нақты мәнісін және қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы арқылы көрінеді. Ал еріктіліктің белгісі тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы арқылы көрініс береді.
       Егер тұлға өзінің әрекетінің нақты мәнісін түсінуге қабілетсіз болса және әрекеттің содан пайда болған қауіпті салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбесе ол өзінің әрекетін басқаруға қабілетсіз болады. Интеллектуалдық белгінің басты негізгі мазмұны тұлғаның, жасаған әрекеттерінің әлеуметтік маңызын, олардың қоғамдық қауіптілік мәнісін түсінуге қаблетсіз болуы.
       Заңдылық критеридің екінші белгісі жоғарыда атап өткеніміздей  еріктілік белгісі болып табылады. Яғни тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы. Адамның еркі оның санасы мен тығыз байланысты Адам санасы бұзылып, өзінің әрекеттерінің маңызын түсіне алмаған кезде, оның еріктілік қызметі де бұзылып ол өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайды. Жүйке аурулары адамның психикалық қызметінің барлық саласын немесе оның кейбір жеке жақтарын кеселге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан кей жағдайда  тұлғаны өзінің жеткілікті түрде сақтай отырып, өзінің әрекетінің нақты жағын және оның әлеуметтік маңызын дұрыс түсінуі мүмкін, алайда психикасының бұзылуы салдарынан өзінің әрекеттеріне басқару жасай алмайды. Оларды кейде импулсивтік құмарлық деп атайды. Мысалы клептомания, пиромания.
       Тұлғаның есі дұрыс еместігі оның қылмыстық заңда қарастырылған нақты қоғамдық қауіпті жасау оқиғасында және оның осы іс-әрекетті жасаған сәтіне байланысты ғана анықталады. Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану туралы түпкілікті шешімді сот, соттық-психикалық сараптаманың негізінде қабылдайды. Егер анықтама тергеу немесе сот тұлғаның психикалық толық қандылығана күмәнді болса соттық-психиатриялық сараптама тағайындауға міндетті. Сонымен есі дұрыс емес деп танылған тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. <<Қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінен іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс>>. Бұл ретте әңгіме қылмыс жасаған есі дұрыс, бірақ психикалық аномалияға ұшыраған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде болып отыр. Осындай тұлғалар шектеулі есі дұрыстық жағдайында қылмыс жасағандар ретінде танылады. Бұл жағдайда тұлғаның өзінің әрекетінің сипатын және қоғамдық қауіптілігін түсіну қаблетінің шектелуі және оларға басшылық жасай алмауы, есі дұрыс еместік болып табылмайтын психикалық бұзылудан туындайды. Тергеу органдары және сот психикалық бұзылудың дәрежесін және оның тұлғаның қылмыс жасауына тигізген ықпалын анықтауы тиіс, олар өз кезегінде соттық  -  писхиатриялық сараптың қортындысымен және алдын ала тергеу, сот тергеуі материалдарымен анықталады. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға негіз болады.
        Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқада есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайда көптеген қылмыстардың әсіресе бұзақылық, жеке адмға қарсы күш қолданумен жасалатын, автокөлік қатысты қылмыстар мас күйінде жасалатындығы белгілі болып отыр. Алайда заңда бекітілген ережені, мас күйінде қылмыс жасаған адам ешуақытта қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды деп түсінбеуіміз керек. Бұл адамның тек мас болу жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтындағында ал басқа жағдай бойынша ол қылмыстың жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мастықтың екі түрі бар физиологиялық және патологиялық мастық. Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігін сөз қылғанда біз физиологиялық мастықтан, потологиялық мастықтың айырмашылығы оның барысында ішімдік қабылдау адамның қысқа мерзімдік психикалық бұзылуына соқтырады сондықтан ол өз әрекеттеріне есеп бере алмай, оларды басқара алмауы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы нашақорлықпен ауыратын адамдардың наркотик заттарды қабылдамауынан психикасы бұзылуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.
      Қортындылай айтқанда қылмыс субъектілерін біз жалпы және арнайы қылып бөлеміз. Жалпы субъектінің белгілері жеке тұлға, есі дұрыстық қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу, арнаулы субъектінің белгілеріне Қаз-Республикасы қылмыстық кодекісінің ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қосымша белгілер азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы т.б. жатады. Азаматтық қандай жағдайда қылмыс субъектісінің белгісі болуы мүмкін. Мысалы ҚК-тің 165-бабында: Мемлекеттік опасыздық яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден, Қазақстан Республикасының азаматы Қ.Р-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет-деп көрсетілген. Яғни мемлекеттік сатқындықтың субъектісі болып 16 жасқа толған тек Қазақстан Республикасының азаматы табылады.
        Сонымен қатар ҚК-тің 166 бабына назар аударсақ онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет елдік мемлекетке, шет елдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шет елдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау егер осы әрекеттерді шет елдік азамат немесе азаматтығы  жоқ адам жасаса  -  деп көрсетілген. Яғни шпиондық субъектісі болып 16 жасқа толған шет елдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға толады. Адамның жынысы төмендегідей қылмыс түрлерінде қылмыс субъектісінің белгісі болады. Мысалы 120 бабта зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Зорлаудың субъектісі болып 14 жасқа толған ер адам табылады. Алайда әйел адам бірігіп орындаушы болуы мүмкін. Қандай жағдайда (үйге алдап алып келу, күш қолдану, психикалық әсер ету) кәсібі, лауазымдық жағдайы. 118бап: Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойыншы көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса деп көрсетілген. Яғни қылмыс субъектісі 16 жасқа толған заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша медициналық жәрдем көрсетуге міндетті адамдар табылады, оларға дәрігерлер, хирургтар, медсестралар т.б. жатады.
        Қысқаша айтқанда қылмыс субъектісінің жалпы белгілерімен қатар берілген қылмыс құрамы үшін міндетті болып табылатын қосымша белгілерге ие жеке тұлға қылмыстың арнайы субъектісі болып таылады. Бұндай жағдайда әдетте лауазымды тұлға, әскери қызметкер, белгілі бір кәсіппен немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысатын тұлғалар жөнінде айтылады.
        Қылмыстың арнайы субъектісі туралы мәселенің тарихында оны анықтау мен оның белгілерін бекіту тұрғысында әртүрлі пікірлер айтылған. Алайда бұл мәселе түпкілктік шешімін таппаған.
        Әрекет етуші құқықтың барлық салалары немесе тек қылмыстық құықық үшін лауазымды тұлғаның ұғымы туралы пікірталас Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін күшіне енгізгенге дейін жалғасты.
        Қылмыстық Кодексте лауазымды тұлға және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға түсініктеріне анықтама бере отырып Қазақстан заңшығаушылары өте дұрыс жасаған.
       <<Лауазымды тұлға>> түсінігі ҚК-тің 307 бабының І бөлімінің ескртуінде былай бекітілген: тұрақты уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республиқасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасның басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады. Сонымен қатар аталған баптың екінші бөлімінің ескертуінде: Мемлекеттің функцияларын және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Ресубликасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конситиуциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметті атқаратын, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметін атқаратын адамдар деп түсініледі.
        Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде негізінен арнайы субъектісі бар қылмыс құрамдарынан тұратын екі тарау бөлініп берілген , олар лауазымдық және әскери қылмыстар туралы тараулар. Одан басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының диспозицияларында тікелей көрсетіледі немесе оның мазмұнынан арнайы субъектінің белгілері логикалық түрде анықталады. Олар берілген құрам үшін міндетті, қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі үшін факультативті болып табылады.
       Қылмыстың арнайы субъектісінің белгілерін тиісті түрлік топтарға бөлуге яғни оларды сыныптауға болады. Н.Ф. Кузнецова бұл белгілерді үш топқа бөледі: 1) субъектінің арнайы ролін және құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер (азаматтығы, тұлғаның лауазымдық жағдайы кәсібі, қызмет түрі, атқаратын жұмысының сипаты, әскери қызметке қатыстылығы, сот порцессіне қатысуы, сотталуы немес қамауға алынуы, сотталғандығы); 2) субъектінің жеке басының ерекшеліктері (жас мөлшері, жынысы, денсаулық жағдайы); 3)субъектінің жәбірленушімен арақатынасы (жәбірленуші және басқа тұлғалар мен туыстық, қызметтік және басқалай ара қатынастары)
         Кәсіби қылмыстылықтың төл тумасы болып табылатын қылмыстың рецидивімен күрес практикасы рецидивистерге арнайы қылмыстық-құқылық шараларды қолданбайынша оның тамырына балта шабылмайтындығын дәлелдеп отыр. Кәсіби және рецидивті қылмыс ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Осыған байланысты өмірдің өзі мемлекеттік билік органдарынан жауаптылық пен жазаны күшейтетін қылмыстық-құқылық нормаларды мемлекеттік шаралар ретінде енгізіп, жүзеге асыруды табанды түрде талап етіп отыр. Әрине бұл өз кезегінде қылмысты саралаудың теорясы мен практикасында белгілі бір күрделілікті туындатады.

Қылмыс субъектісі  -  қылмыстың жауаптылыққа қабілетті адам. Заңды тұлғалар  -  мекеме, ұйым, кәсіпорын қылмыстық субъектісі болып танылмайды. 
Қleft0left0ылмыс субъектісі

арнаулы

жалпы 
Есі дұрыстық, заңда көрсетілген жасқа таяу және жеке адам болу  -  барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігі. Осы жалпы белгіні қоса қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі борлып табылады.Сонымен, қылмыс субъектісі дегеніміз есі құрыс, заңда көрсетілген жасқа толған, жеке адам  -  осы есі дұрыстық, жасқа толғандық, жеке адам субъектісінің белгілері де болып табылады.Есі дұрыс емес адамдар қылмыс субъектісі бола алмайды, оларға қылмыс істеген жағдайда мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін
Есі дұрыс еместік Қ.к 16 бабы
left0left0
Медициналық белгі (биологиялық)

Заңдық белгі (психологиялық)
болып бөлінеді.Медициналық белгіге төрт ауру түрі жатады: 
* Созылмалы психологиялық ауру.
* Психиканың уақытша бұзылуы.
* Кемақылдылық.
* Психиканың өзге де дертке ұшырауы.
left0Интелектуалдықleft0Заңдық белгі Еріктілік екзеңболып бөлінеді.Қылмыстық жасқа толу  -  субъектінің негізгі белгісінің бірі. Яғни қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі  -  белгілі бір жасқа толғандық.Жас балалар (9-13) қылмыс субъектісі бола алмайды.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыстын субъектісіне түсініктеме берініз
* Қылмыстың субъектісінің қандай белгілері бар?
* Қылмыстық жауаптылық неше жастан көзделген? 
Тақырып 7 ҚР Қылмыстық құқығында нормаларында көзделген қылмыс құрамының жағымсыз белгілеріДәріс мақсаты: Қылмыс құрамының жағымсыз белгілерін анықтауСұрақтар:
  + ҚР Қылмыстық құқығының бланкеттік нормаларының түсінігі және маңыздылығы.
  + ҚР ҚҚ бланкеттік нормаларың қолданудың мәселелері
ҚР ҚК жалпы бөлімінің нормаларында көзделген барлық қылмыс құрамдарының жағымсыз белгілерін 3 топқа бөлуге болады: қылмыстық құқыққа қайшылық бар кезіндегі, жасалған іс әрекеттін қоғамаға қауіптілігі жоқ кезіндегі қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер және қарамақарсы; жасалған іс әрекеттін қоғамға қауіптілігі жоқ және қылмыстылығы жоқ кезіндегі қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер; аяқталмаған қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер.Әр қайсысыда бір неше түрлерге бөлінеді.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыс құрамының жағымсыз белгілері дегенді қалай түсінесіз?
* Оның қандай түрлері бар? 
2 бөлім: Қылмыстарды саралау ережелерінің түсінігі мен түрлеріГлоссарийҚылмыстарды саралудың ережелері  -  қылмыстық заңда, қылмыстық құқық теориясында, ҚР Жоғарғы Сот тәжірибесінен туындаған қылмыстық заңды қолданудын тәсілдерімен жолдарыҚылмыстарды саралаудың жалпы ережелері  -  бүкіл қылмыстарды саралау барысында қолданылатын ережелерҚылмыстарды саралаудың жеке ережелері  -  қылмыстардың ұқсас түрлерін ажыратуда қолданыладыҚылмысқа қатысу  -  екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі.Ұйымдастырушы  -  қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.Айдап салушы дегеніміз  -  басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.Көмектесуші адам  -  кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.Тақырып 8 Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігі және түрлеріДәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігін ашу, түрлерін анықтауСұрақтар:
* Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігі
* Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түрлері
Қылмыстарды саралудың ережелері  -  қылмыстық заңда, қылмыстық құқық теориясында, ҚР Жоғарғы Сот тәжірибесінен туындаған қылмыстық заңды қолданудын тәсілдерімен жолдарыҚылмыстарды саралаудың жалпы ережелері  -  бүкіл қылмыстарды саралау барысында қолданылатын ережелерҚылмыстарды саралаудың жеке ережелері  -  қылмыстардың ұқсас түрлерін ажыратуда қолданыладыӨзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмысты саралаудың ережелері дегеніміз не?
* Оның қандай түрлері бар?
Тақырып 9 Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелеріДәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелеріне түсініктеме беруСұрақтар:
* ҚР ҚҚ белгіленген принциптар негізіндегі қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері
* ҚР ҚҚ белгіленген басқа да жалпы қағидаларының негізіндегі қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері
ҚР Конституциясы мен ҚК қағидаларында негізделген қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері үш түрге бөлінеді.Біріншісі- жасалған іс әрекет қылмыс ретінде қылмыстық заңда тұра көзделу керек. Бұл ереже ҚР ҚК-де көзделген заңдылық қағидасында негізделген. Екінші ережесі  -  жасалған іс әрекетте нақты қылмыс құрамының белгілері болу қажет. Үшінші ереже  -  қылмысты ресми түрде саралау ҚР ҚІЖК белгіленген ережелерде дәлелденген, нақты анықталған айғақтарда негізделген болу керек.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмысты саралаудың жалпы ережелері дегеніміз не?
* Оның қандай түрлері бар?
Тақырып 10 Қылмыстарды саралаудың жеке ережелеріДәріс мақсаты: қылмыстарды саралаудың жеке ержелерінін мазмұның ашу.Сұрақтар:
* Бір қылмыс құрамының шегінде қылмыстарды саралаудың жеке ережелері
* Қылмыстардың көптілігін саралаудың жеке ережелері
* Қылмыстарды саралаудың өзгерүінің жеке ережелері
Бір қылмыс құрам шегіндегі қылмыстарды саралаудың жеке ержелері келесі топтардан құрылады: 1) қылмыстың субъективтік белгілерінің ерекшеліктері бойынша; 2) жартылай аяқталмаған қылмыстық әрекет; 3) қылмысқа қатысушылық; 4) жалған қорғану. Осылардың әр қайсысы бір нешен топтарға, саралау ережелеріне бөлінеді.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмысты саралаудың жеке ережелері дегеніміз не?
* Оның қандай түрлері бар?
Тақырып 11 Қылмыстарды ажыратуДәріс мақсаты: Қылмыстарды қылмыс құрамының элементтері бойынша ажыратуды түсінуСұрақтар:
* Объект бойынша қылмыстарды ажырату
* Объективтік жақ бойынша қылмыстарды ажырату
* Субъектвтік жақ бойынша қылмыстарды ажырату
* Субъект бойынша қылмыстарды ажырату
Қылмыс құрамы деп  -  қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;
* қылмыс объектісі
* қылмыстың объективтік жағы 
* қылмыс субъектісі
* қылмыстың субъективтік жағы.
Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау  -  адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме  -  дәл жатқызу болып табылады.Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін анықтау  -  сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмыстарды объект бойынша қалай ажыратамыз?
* Қылмыстарды объективтік жағы бойынша қалай ажыратамыз?
* Қылмыстарды субъективтік жағы және субъект бойынша қалай ажыратамыз?
Тақырып 12 Қылмыстарды саралау процесіДәріс мақсаты: Қылмыстарды саралау процесімен танысу және оның ізділігін сақтау.Сұрақтар:
* Қылмыстарды саралау процесінің түсінігі
* Қылмыстарды саралау процесінің жүйелілігі ( бірізділілігі)
Қылмысты саралау процесі дегеніміз  -  тұлғаның іс әрекетінде қай қылмыс құрамынын белгілері бар екендігін анықтау процесі.Психология жағынан саралау процесі дегеніміз нақты міндетті шешу мен байланысты ойлау процесі. Логика жағынан логикалық ойладың заңдарына бағынышты ойлау құралдарынын жиынтығы. Осы ережелер қылмысты саралау процесін анықтау кезінде негізгі болып табылады және оны жалпы түрде сипаттайды.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1)Қылмыстарды саралау процесі қай кезде басталады?2) Қылмыстарды саралау процесінің ізділігі дегеніміз не?Тақырып 13 Аяқталмаған қылмыстарды саралауДәріс мақсаты: Аяқталмаған қылмыстарды квалификацияладың жалпы сипаттамасын беру және квалификация тәртібін қарастыру.Сұрақтар:
* Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жалпы тәртібі. 
* Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі. 
* Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі.


 
   1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібі
 
  Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген . Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретінбелгілердің қатарына мыналар жатады:
1.                     Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында  кездеспейді.
2.                     Аяқталмаған қылмыстарды кінәнің рекіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттік жасауын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын-алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғынадейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады,
3.                     Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамды қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілуі мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы  сатысы көрініс  алады.
Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы , ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табыладыАяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немее зардап келген де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде болып табылады. Мұндай зардаптар келгенде немесе қорғалуға жататын обьектілерге нұқсан  келтірілгенде іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде  бағалану себебі ,ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәнің  қасақаналығының бағыты қолданылатынына  байланысты.
  Зардап орын алған аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау тәртібі әдеттегі қылмысқа оқталу сияқты жүргізіледі, яғни іс-әрекет зардапты қарастыратын қылмыс түрі бойынша емес, қылмыскердің қасақаналығына  кірген қылмыс түрімен  және 24бапқа сілтеме жасау арқылы бағаланады.Ал қылмысқа даярлану немесе оқталу әрекеттерінде қылмыстың обьектісі орын ала ма немесе мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы болып , аяқталмаған қылмыстардың құрамы  бар деп түсінуі керек. Аяқталмаған қылмыстармен қысқартылған құрамдардың арасындағы ұқсастық , ол бұл екеуінде  қылмыстың нақты аяқталу уақытына жетпеуінде . Қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу уақыты бойынша қысқартылған құрамдарда аяқталған қылмыстың құрамы  болмайды. Бұл екі ұғымның басты айырмашылығы да осы қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу  кезеңдерінде  болып табылады.
  Аяқталмаған қылмыстарда қысқартылған құрамдардағыдай жасалған іс-әрекетті аяқталған қылмыс ретінде бағалауға негіз беретін мұндай белгілер болмайды ,  дайындалу немесе оқталу сияқты аяқталмаған қылмысты  әрекеттерді Ерекше бөлім баптарымен бағаланатын білдіретін белгілер болмайды және қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын әрекеттер орын алған мен де ол аяғына дейін жеткізілмейді. Аяқталмаған қылмысты әрекеттер тек материалдық құрамдар бойынша ғана емес, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда  да кездесе алады. Материалдық қылмыстарға жататын  кінәлі қылмыстың обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді жасауға бағытталады, немесе мұндай әрекеттер жасалғанның өзінде кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына жеткізмейді.Себебі Қ.К 26 бабының 2 бөліміне сәйкес , <<Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс>> . Яғни бұл мысалда кісі өлтіру қылмысынан бас тартқан мен , қасақана денсаулыққа зардап келтіру қылмыс орын алған болып шығады.Сондай  - ақ кепілге алу , адамды ұрлау сияқты қылмыстық әрекеттерді жасап ,артынан үкімет органдарының  талабына көніп немесе өз еркімен кепілге алған немесе ұрлаған адамын босатқанмен , бірақ кепілге алу ,  адамда ұрлау кезінде жәбірленушінің денсаулығына зардап келтірген қорлаған болса, онда денсаулыққа зардап келтіру немесе қордау қылмыстарының құрамы сақталады  және осы қылмыстар бойынша жауаптылықтан босатылмайды.  Ал адамды өлтіру ге бағытталған  әрекеттер жасалып , бірақ денсаулыққа зардап келген кезде қылмысты аяғына дейін жеткізбей тұрып, жалғастырудан бас тартқан жағдайда , мұндай негізгі қылмыс түрінен басқа жол жөнекей  басқа қылмыстың құрамдары пайда болмайды. Адамның бастапқы кезеңі ретінде денсаулыққа зардап келетін кездер болады. Денсаулыққа зардап келгені үшін мұндай жағдайда қылмыс құрамы бар деуге  болмайды.  Адам кісі өлтіру қылмысын білдіретін әрекет ретінде мылтықты көздеп атқанмен ,  оқтың тимей кетуі немесе мылтықтың шүріппесін басқанмен , оның атылмайтын қару екенін білмеуі мүмкін. Яғни қылмысьың обьективтік жағын құрайтын әрекетер жасалған мен кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыстың  зардабы туындамайды және әрекет орындалған мен тиісті қылмыс зардаптың туындамауы себепті байланысқа болып отыр. Сондықтан бұл жағдай қылмысқа оқталу  ретінде квалификациялануы  тиіс. 
  Формальдық құрылымдарға жататын  қылмыстарға  оқталу қылмыс құрамының обьективтік жағын білдіретін іс-әрекеттерді  жасауға бағытталған әрекеттердің кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғыеа дейін жетпеуін білдіреді. Демек, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарға оқталудан айырмашылығы, материалдық құрамдарға оқталуда обьективтік жақты құрайтын әректтер жасалуы мүмкін болса , ал формальдық құрамға  жататын қылмыстарға оқталуда қылмыстың обьективтік жағының белгілері  орындалмайды. Тек соны  орындауға бағытталған әрекеттер жасалып, олар аяғына дейін  жеткізілмейді .
 
 
 


Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс әрекетті саралау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:
* Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады.
* Аяқталмаған қылмыстарда кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты орындалуы аяғына дейін жеткізілмейді.
* Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамда кауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілілу мақсатын көздейді, сонымен қатар, заңмен қорғалатын мүдделерге нақты қауіп туындайды және қылмыстық мақстақа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекетттердің алғашқы сатысы көрініс алады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтар:
* Қылмысқа даярлану деген не, және оған қылмыстық жауаптылық көзделеме?
* Қылмысқа оқталу деген не?
* Қылмысқа даярлану және оқталу кінәнің қандай түрімен жасалады?






Тақырып 14 Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс әрекеттерді саралауДәріс мақсаты: Қылмысқа қатысудын түсінігін ашу, және қылмысқа қатысушылардың жауакершілігін анықтауСұрақтар:
* Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және қылмысты саралаудағы маңызы.Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша саралау
* Аяқталмаған қылмысқа қатусышылық және квалификация тәртібі. 
* Қылмысқа қатысушылық нысандары бойынша (экцесс) әрекеттерін және арнайы субъектілердің қатысушылығын саралау
                                       
Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау

                               1. Қылмысқа қатысушылық түсінігі
         Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын салыстырмалы түрде талдау топтық белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің 120 бабында сараланған белгі ретінде ескерілген болса, Қазақ КСР-ның ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс жасаудың қоғамдық қауіптілігінің өсе түскендігін дәлелдейді.
        Қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың қандайда болмасын ерекше негіздемелерін туындатпайды. Қылмыстық кодекстің 3- бабында бекітілген қылмыстық жауаптылық негіздері қылмыс бірнеше тұлғаның күш біріктіруші арқылы жасауы жағдайына да толықтай тиісті болды. Алайда қатысумен жасалған қылмыстың қылмыстық жауаптылығы және оның қажетті элементтерінің бірі  -  қылмысты саралау өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Олар негізінен төмендегіден тұрады.
        Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды.
        Қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші) мен орындаушының жүзеге асыруға деген дәрежесі, басқа қатысушылардың да жауапкершілігін шешу туралы мәселеге тікелей ықпал ететіндей болуы қарастырылады. Мысалы, егер орындаушы оған байланысты емес себептермен қылмыстық әрекетін оқталу сатысында тоқтатын болса онда барлық қалған қатысушылары да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың әрекетін саралау ең алдымен қылмысты бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық топты құра отырып, олар қандай мақсат көздеді және қатысушылар арасындағы өзара байланыстың сипаты қандай, олардың арасында алдын ала сөз байласу болдыма, қылмысқа қатысушылардың қандай түрі қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының түрі есепке алына отырып шешіледі.
        Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмысты қатысушылықпен жасау құрамының сараланған түрі ретінде қатысудың нысанына тәуелді төмендегідей болып бөлінген: қылмысты адамдар тобының жасауы 6-бапта, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасауы 49-бапта, қылмысты ұйымдасқан топтың жасауы 63 бапта және қылмысты қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасауы Ерекше бөлімнің 2 бабында қарастырылған.
        Қылмыстық топ болып жасаудың (қатысушылықтың бірінші нысаны) барысында қылмыстың барлық қалыптасушылары ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабы бойынша ҚК-тің 28 бабына сілтеме жасалмай жауаптылыққа тартылатыны белгілі себебі олардың барлығы қылмыстың бірігіп орындаушылары болып табылады. Орындаушы түсінігін дұрыс ұғыну және анықтау адамдар тобымен жасалған қылмысты дұрыс саралауда үлкен маңызға ие болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жаңа ҚК-де орындаушы ұғымы кеңейтіліп оған тек қылмысты тікелей жасаған тұлға ғана емес, басқа тұлғаларымен бірге оның жасалуына тікелей араласпаған тұлғаларда жатқызылады. Ондай адамдарға ұрлық жасау барысында пәтерге кірмеген және ұрланған заттарды алып шықпаған көшеде тұрып қылмыс жасау орнында бөгде адамдардаң болмауын, адамдар тобымен жасалған қылмысты ешкімнің көрмеуі мақсатымен қадағалап тұрған адамды жатқызуға болады.
        Қылмысқа қатысушылықтың бірінші нысанында қатысушылардың әрқайсысы қылмыс құрамының объективтік жағымен қамтылатынын әрекеттерді орындауға қатысады немесе толық көлемінде не белгілі шамада орындайды. Қылмысты бір тұлғаның жасауынан айырмашылығы топтық қылмыста қылмыс тобының қатысушылары үшін ортақ болатын объективтік жақтың белгісін құрайтын бір әрекетті орындау үшін өзінің күштерін біріктіретін бірігіп орындаушы тұлғалар қатысады. Оның барысында кейбір бірігіп орындаушылар қылмыстың объективтік жағының барлық белгілерін толық кірістіретін әрекеттерді жасауы, ал басқалары бұл белгілердің тек кейбір бөлігін жасайтын жағдай кездесуі мүмкін.
       Орындаушылардың әлде біреуінің іс-әрекеті қылмыс құрамының объективтік жағының барлық белгілеріне ие болмаған кезде, қылмысты сарлау мәселесі бойынша талас жиі кездеседі. Бұндай жағдайда қылмысты дұрыс саралау берілген тұлғаны бірігіп орындаушы немесе қылмысқа көмектесуші деп танудан тәуелді болады. Олардың арасына айырым қою жиі қиындық келтіреді және топтық қылмыстарды саралаудағы қателіктердің себебі болады.
        Негізінен көмектесу әрекеттері қылмыстың объективтік жақтарын орындау бастағанға дейін сонымен қатар оның орындалуы барысында, алайда қылмыс аяқталғанға дейін жүзеге асырылады. Егер көмектесуші қылмыстың жасалуы барысында қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттердің орындалуына көмектесетін болса егер ол болар-болмас деңгейде болсада бірігіп орындаушылық ретінде қарастырылуы тиіс. Істерді тергеу және сот тергеуі барысында тікелей орындаушы болып табылмайтын тұлғаның іс-әрекетін қалай саралау керектігі жөнінде мәселе пайда болады: адамдар тобымен жасалған немесе бір тұлғамен жасалған қылмыс ретінде бағалау туралы Қазақсатан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларында бұд сұрақтарға жауап берілген.
        Атап айтқанда <<Бөтеннің мүлкін талан-таражға салуды саралаудың кейбір мәселелері туралы>> 1996 жылғы 25-шілдедегі қаулысының 7 пункітінде қылмыстың берілген түрі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген немесе есі дұрыс емес деп танылған тұлғамен бірлесіп жасаған қылмыс адамдар тобымен жасалған талан-тараж ретінде бағаланбайтындығы көрсетілген.
        Қатысушылардың жеке жауаптылығы қағидасы қатысушылар мен орындаушының жауапкершілігінің әртүрлі болуы мүмкіндігінен көрініс табады. Мысалы, орындаушы қылмысты аяғына дайін жеткізуден өз еркімен бас тартуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бірақ, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші тұлғаны қылмыс жасауға көндіруге бағытталған ұйымдастырушылық әрекеттері немесе жасалуы мүмкін қылмысқа көмек көрсеткені үшін 24, 28 баптар бойынша және ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
       Қатысушылықпен жасалған қылмысты саралау барысында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды есепке алу олар жасалған іс-әрекетке және ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің жеке бастарына қатыстылығы тәуелділікте шешілуі тиіс.
       Ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушіге қатысты мән-жайлар тек олардың әрқайсысының іс-әрекеттерін саралау барысында ғана есепке алынады және басқа тұлғалардың әрекеттерін саралау барысында есепке алынбайды. Мысалы пайдакүнемдік ниетпен қасақаналықпен адам өлтіруде ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі <<з>> пункіті бойынша жауаптылыққа тартылса ал осы қылмысты орындаушының әрекеттері 2 бөлімнің басқа пункттерімен саралануы мүмкін.
       Орындаушының іс-әрекеттеріне және жеке басына қатысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар әртүрлі заңи салдарды туындатуы мүмкін. Мысалы, егер орындаушы жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен адам өлтірсе онда әрбір қатысушының әрекеттері орындаушының әрекеттері сияқты ҚК-тің 96 бабы 2 бөлімі <<м>> пункті бойынша саралануы тиіс.
        Қылмыстың субъектісін сипаттауға қатысты мән-жайлар өзге қатысушылардың әрекеттерін саралауға әсер етеді. Мысалы әскери қылмыстардың субъектісі болып жалпы ереже бойынша әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметкерлер сондай-ақ жиындардан өтуі кезіндегі запастағы азаматтар табылады.
        Әскери қылмыстардаң орындаушысы болып тек көрсетілген белгілерге ие тұлғалар ғана танылады. Оларға ие емес тұлғалар орындаушы бола алмайды бірақ ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, әскери қызметкер қашқындық жасайды. Оның іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы бойынша саралауға жатады. Басқа қатысушылардың іс-әрекеттері сол бап бойынша  ҚК-тің 28 бабына сілтеме жасау арқылы саралануы тиіс. Осы жағдайда олардың іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы 2 бөлімімен алдын ала сөз байланысқан адамдар тобымен (егер осындай сөз байласу анықталса) жасалған қашқындық ретінде саралануы тиіс.
       Орындаушының жеке басына қатысты және қылмыс субъектісінің белгілері болып табылмайтын мән-жайлар тек орындаушының өзінің әрекеттерін саралау барысында ғана ескерілуі тиіс. Мысалы, алаяқтықты бұрын қорқытып алушылық үшін екі рет сотталған адам жасаса ал оған көмектесуші бұл саралау белгісіне ие емес тұлға болса онда орындаушы ҚК-тің 177 бабының 3 бөлімі <<в>> пункіті бойынша жауапқа тартылады ал көмектесуші (егер олардың арасында алдын ала сөз байласу орын алған болса) ҚК-тің 28 баб, 177 баптың 2 бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс. Сонымен қатар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың орындаушысы және айдап салушысының іс-әрекеттерін де саралау да осылай жүргізілуі тиіс. Егер бұл қылмыстың орындаушысы ата-ана педагог немесе кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеті заңмен жүктелген өзге адам болып табылмайтын бұл қылмыстың айдап салушысы ҚК-тің 28 және 131 баптың 1 бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс.
        Қатысушының шектен шығуы барысында қатысушылардың әрекеттерін саралау белгілі бір маңызға ие. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 30- бабына сай қылмысқа қатысушының, басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.
      Қылмыстық құқық теориясында қатысушының шектен шығушылығын сандық және сапалық 2 түрге бөлу қабылданған. Сандық шектен шығушылық ретінде қатысушы, топтық барлық қатысушылармен алдын ала келісім жасалған қылмыспен бір тектес қылмыс жасаған кезде орын алады. Мысалы ұрлықтың орындаушыларының бірі басқа қатысушылардан жасырын мүлікті (басқа қатысушылармен бірге ұрланған мүліктен бөлек) басқа ұрланған мүліктермен қоса есептегенде 500 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мүлікті ұрласа ол ҚК-тің 175 бабының 3 бөлімімен жауапқа тартылады, ал қалған қатысушылар егер ұрланған мүліктің бағасы аталған көрсеткіштен асып түспесе ҚК-тің 175 бабының 2 бөлімімен жауапқа тартылады.
       Қылмысқа қатысушының топтық жасауға сөз байланысқан қылмысымен бір тектес болып табылмайтын қылмысты жасауы қатысушының шектен шығушылығының сапалық түрі болып табылады. Мысалы, адамдар тобы дәріханадан медикаменттерді ұрлау барысында олардың біреуі, олардын бөлек наркотик заттарды ұрласа. Ол екі қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады: ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 175 бабы) және наркотикалық заттарды талан-таражға салғаны үшін (ҚК-тің 260 б) ал, қалған қатысушылар тек ұрлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылады.
       Айыпталғандардан шығатын қортынды қатысушының шектеу шығуы ұйымдасқан топтарда және қылмыстық қауымдастықтарда орын алатын алдын ала сөз байласу арқылы жасалатын топтық қылмыстарда ғана мүмкін болады.
       Бірігіп қатысушылықтың ең қауіпті нысандары болып ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастықтың табылатыны белгілі, құқыққорғау, шаруашылық және басқа органдар қызметкерлерінің коррупциясы арқылы сипатталады. Бұл қылмыстық топтар үшін топтар үшін қауіпті болып табылатын тиісті мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қызметкерлердің іс-әрекеттерін бейтараптандыруға мүмкіндік беріп ғана қоймай сонымен қатар олардың қызиетін өз мақсаттарына бағындыруға олар арқылы осы мақсаттарға ресми құрылымдарды пайдалануға оларға қатырына енуге мүмкіндік береді.
       Қылмысқа қатысушылықтың көрсетілген нысандарымен жасалған қылмысты саралау үшін олардың белгілерін анықтау қажет. Ұйымдасқан топтың сипаттау белгілері болып бір немесе бірнеше соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін күні бұрын біріккен топтың тұрақтылығы. Алдын ала сөз байласуда қатысушылықтың берілген нысанасының міндетті белгісі болып табылады. Олай болмаған жағдайда қылмыс жасау үшін күні бұрын бірігу мүмкін болмайды.
       Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) үшін өзіндік белгілер топтың тығыз ұйымдасқандығы және оны құрудың мақсаты ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы қылмыстық қауымдастықтың қатысушылықтың нысаны ретінде жоқ екендігіне дәлел болады. Мысалы, топтың тығыз ұйымдасқандық белгісі, белгісінің болмауы олар әртүрлі сипаттағы соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған топ болсада. Бұл жағдайда ұйымдасқан топтың (тұрақтылық белгісі бар болса) бар екендігі танылады. Қылмыстық қауымдастықтың екінші міндетті белгісі топ тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды ғана жасау үшін ұйымдасқан болуы тиіс. Мысалы, тығыз ұйымдасқан қылмыстық топ  жала жабуды тарату үшін құрылған болса қылмыстық ұйым болып табылмайды.
        Қазақстан Республикасының ҚК-нің 31 бабының 5 бөліміне сай ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты құрған не оларға басшылық еткен адам кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс.
        Құқық қолдану қызметінің процессінде ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастыққа басшылық жасаудың нені білдіретінін анықтап алудың маңызы зор. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың жұмысының бағытын анықтау (қылмыстық іс-әрекеттердің жоспарын жасатау, топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу, қылмыстық қол сұғу объектісін анықтау, қылмыстық құрылым мүшелеріне нұсқаулар мен тапсырмалар беру т.б.) болып табылады.  

Қылмысқа қатысу 27,28,29,31 баптарда қаралған. Қылмысқа қатысу  -  екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі. Қылмысқа қатысудағы басты шарт  -  барлық қатысушыларға қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, іртүрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өзгенің қылмыстық әрекеттерін біріктіру.
Қleft0left0ылмысқа қатысушылар
left0left0left0
ұйымдастырушы

орындаушы

азғырушы
Көмектесуші
Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдарсен бірге тікелей қатысқан адам.Ұйымдастырушы  -  қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.Айдап салушы дегеніміз  -  басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.Көмектесуші адам  -  кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.Қылмысқа қатысу заттай (материалдық) интелектуалдық көмектесу жолымен орын алуы мүмкін. Қалай болғанда да қылмыстық әрекетті жүзеге асыру, ізін жасыру осы көмектесуші адам арқылы жүзеге касады.Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Қылмысқа қатысу дегеніміз не?
* Қылмысқа қатысушылардың түрлерің атаныз.

Тақырып 15 Жекелеген жаза тағайындаудың өзекті саралау мәселелері
Дәріс мақсаты: қазіргі өзекті мәселелердің бірі  -  жекелеген жаза тағайындаудың саралау мәселелері.
Сұрақтар:
1) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері 
2) Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайлар
3) Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар 
4) Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау 
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқ қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.Қылмыстық жаза кнәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында індетті болып табылады.







Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
* Жекелеген жаза тағайындаудың өзекті саралау мәселелері дегеніміз не?
2.   Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау?



Семинарлық (тәжірибелік) сабақтардың тақырыптық жоспары


№
                        Тақырыптың атауы
                              Сағат саны
1 
Қылмысты саралудың ұғымы. Саралаудың түрлері
1
2
Қылмыстарды саралаудың методологиялық-философиялық негіздері
2
3
Қылмыстарды саралаудың заңдық негіздері
1
4 
Қылмыстарды объектісі бойынша саралау. Қылмыстарды объективтік жағыбойынша саралау. Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау. 
2
5 
Қылмыстарды субъектісі бойынша саралау
1
6 
Нормалардың бәсекелстігінде қылмыстарды саралау
2
7 
Қылмыстардың көптігі бойынша қылмыстарды саралау
2
8
 Қылмысқа қатысу қылмыстарды саралау Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстарды саралау 
2
9
 Конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау
1
10
Меншікке қарсы қылмыстарды саралау
1

Барлығы
15

7.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СОӨЖ)
№
СОӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны
Өткізу түрлері
Сағат саны 
1 
Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.
ауызша 
5
2 
Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.
ауызша 
5
3 
Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың проблемалық сұрақтарын ашу.
ауызша 
5
4 
Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.
ауызша 
5
5 
Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.
ауызша 
5
6 
Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері. 
ауызша 
5

Барлығы

30

8. Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары
8.1. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары 

№
                        Тақырыптың атауы
                              Сағат саны
1 
Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.
                                       5
2 
Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.
                                       5
3 
Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың проблемалық сұрақтарын ашу.
                                       5
4 
Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.
                                       5
5 
Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.
                                       5
6 
Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері. 
                                       5

Барлығы
                                      30

8.2. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жоспары (СӨЖ)

№
СӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны
Әдебиеттер
Ұсыныстар
Бақылау түрі 
Тапсыру мерзімдері (апта) 
1
Есептерді (казуестерді) шығару
Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002 
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
ауызша
1 апта
2
Есептерді (казуестерді) шығару
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002 

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
ауызша
2 апта
3
Есептерді (казуестерді) шығару
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
ауызша
3 апта
4
Есептерді (казуестерді) шығару
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
ауызша
4 апта
5
Есептерді (казуестерді) шығару
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
ауызша
5-6 апта
6
Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралаудың теориялық негіздері. Нормалардың бәсекелестігінің проблемасын зерделеу.
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
жазбаша
7 апта
7
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
Ауызша жазбаша
8-9 апта
8
Экономикалық қылмыстарды саралау 
Есептерді (казуестерді) шығару
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002 
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

Ауызша
10-11 апта
9
Меншікке қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша
12 апта
10
Қоғамдық тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды саралау 
Есептерді (казуестерді) шығару
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 
Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
жазбаша
13-14 апта
11
Халық денсаулығына және адамгершілкке қарсы қылмыстарды саралау 
Есептерді (казуестерді) шығару
Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984
Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006
ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау
ауызша
15 апта







Пәндер