Файл қосу

Студенттердің білімін бақылау



Қазақстан Республикасының 
             Білім және ғылым министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
            Қазақ филологиясы факультеті
                Қазақ әдебиеті кафедрасы
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
Алаш алыптары 
(пәннің атауы)
                                       
                                       
Оқу-әдістемелік кешені
                                        
                                       
5В011700 <<Қазақ   тілі мен әдебиеті>>    мамандығының  студенттеріне  арналған





 

1.ҚҰРАСТЫРҒАН:                                               
 Ақтанова А.С.             Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 
                                            Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к     
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде бекітілді:
 <<___>> ____ 2012 ж.,   хаттама № ____
                                                                               
Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.:                            Ақтанова А.С

2.2.   Қазақ филологиясы  факультетінің  Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілді:
<<___>>  ____2012 ж.,     хаттама. № ___

   
Төрайым___________________ Мұқанова Қ.Қ

2.3.   Қазақ филологиясы факультеті  кеңесінің мәжілісінде бекітілді: 
<<___>> ____2012 ж.,     хаттама  № ___



Қазақ филологиясы факультеті деканы  __________________ Жақсыбаева Ф.З


 





 






                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                МАЗМҰНЫ
                                       
* 
Қолданылу аймағы
 
* 
Нормативтік сілтемелер
 
* 
Жалпы жағдайы
 
* 
Пайдаланылатын әдебиеттер мен  ресурстар
 
* 
Пәннің мазмұны мен модулге бөлінуі
 
* 
СӨЖ тақырыбы мен мазмұны
 
* 
Пәнді оқытуға арналған   әдістемелік  нұсқаулар
 
* 
Курстың форматы
 
* 
Курстың саясаты
 
* 
Бағалау критерийлері
 
* 
Студенттердің білімін бақылау
 
* 
Оқу үрдісі мен қашықтықтан кеңес беру кестесі
 
* 
Глоссарий 
 
* 
Теориялық  материал
  
* 
Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
 
* 
Бақылау жұмыстары
 
* 
Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтар
 
                                       





















 Қолданылу саласы. <<Алаш алыптары>> пәнінің электрондық оқу  - әдістемелік кешені қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының қашықтан оқыту факультеті студенттеріне арналған. 
* Нормативті сілтемелер.
* Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заңы 2011, (№487-ІVЗРК)
* ҚР МЖМБС 5.04.019  -  2011. Жоғары білім.  Бакалавриат. Негізгі ережелері;
* ҚР МЖМБС 6.08.067-2010 Жоғары білім. Бакалавриат. 5В011700 <<Қазақ   тілі мен әдебиеті>>     мамандығы;
* ҚР МЖМБС 5.03.006-2006   ЖОО білімді бақылау мен бағалау;
* ҚР МЖМБС 5.03.007-2006  Кәсіптік- білім беру бағдарламалары. Негізгі ережелері;
* -          Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі.  ҚР БҒМ  20.04.2011 ж. №152 бұйрығы
* ЖОО ағымдық үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің типтік ережелері. ҚР БҒМ  16.03.2011 ж. №94 бұйрығы;
* Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру ережелері Бұйр.01.01.2006.
* ҚР МЖМБС 2.3.4.01-2010 Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 19.01.2012 ж. №112 қаулысымен бекітілген; 
* Жалпы ережелер. 
       Курстың  теориялық бөлімінде   <<Алаш алыптары>> пәнінің ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын  орны, басқа ғылым салаларымен  байланысы,  оның зерттеу әдістері жайлы  мәліметтер беру, семинар сабақтары және  СӨЖ,СОӨЖ сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді. 
*  Алаш алыптары  пәнін игеру барысында  студенттер қазақтың алаштық тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақ беттерді  терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу.
*  Алаш қайраткерлерінің әдебиеттанулық мақалалары мен зерттеу еңбектерңн талдау.
* Әдебиет және қорлар.
       Негізгі әдебиеттер тізімі:
*  Әуезова Л. М.О.Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының проблемалары. Алматы, 1977
* Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. Алматы, 1975. 
* Нұрқатов А. М.Әуезов творчествосы. Алматы, 1965.
* Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. Алматы, 1982.
* Әдібаева Х. Уақыт және суреткер. Алматы, 1962.
* Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. Алматы, 1997.
* Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1986.
* Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.
* Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.
* Бердібаев Р. Роман және заман. Алматы, 1967.
* Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы, 1991.
* Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы, 2002.
* Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. Алматы, 1976.
* Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. Алматы, 1997.
* Исабеков Д. Ұлттық рух және мәдениет. Егеменді Қазақстан, 06.07.2001.
 Қосымша әдебиеттер:
* Лизунова Е. Мастерство М.Ауэзова. Алматы, 1968.
* Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Алматы, 1970.
* Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. Алматы, 1968.
* Нұрғалиев Р. Айдын. Алматы, 1985.
* Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. Алматы, 1968.
* Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Алматы, 1962.
* Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. Алматы, 1992.
* Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Алматы, 1993.
* Ыбырайым Б. Сырлы әлем. Алматы, 1997.
* Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. Алматы, 2001.
* Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994.
* Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты. Алматы, 1997.
* Кенжебаев Б. Шындық пен шеберлік. Алматы, 1986.
* Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984.
* Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы. Алматы, 1982.
* Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. Алматы, 1974.
* Шәріпов Ә. Қазіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары.
* Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі.
Пәннің мақсаты  -  студенттерді ақталған қаламгерлер еңбегімен таныстыра отырып, әдебиеттанудың өзекті мәселелерін белгілі бір жүйемен барынша тиімді, ашық және жан-жақты қарастыра отырып, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. 
6.СӨЖ және СОӨЖ  тақырыптары мен мазмұны
Студенттердің өз бетімен  оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар жоспары.
                                       
№
                            Тақырыптары
Жұмыс түрі
                         Тапсыру мерзімі
баға
                                       
1
 Ақжан Машани <<Әл-Фараби және Абай>>


Оқып, талдау
ІІ апта 
1
2
Ахметов З. <<Абайдың ақындық әлемі>> Алматы. 1995.
Оқып, талдау 
ІІІ апта
1
3
Алтынсарин Ы. <<Қазақ хрестоматиясы>> Алматы. Білім. 2003.
Оқып, талдау
ІҮ апта 
1
4
Шоқан Уәлихановтың әдебиеттану саласындағы еңбектері
 Реферат 
Ү апта 
1
5
Ә. Бөкейхан мақалалары
Конспект
ҮІ апта 
1
6
 А. Байтұрсын <<Әдебиет танытқыш>>
Конспект
ҮІІ апта 
1
7
 С. Сәдуақасұлы  туралы зерттеулер
Конспект
ҮІІІапта 
1
8
<<Ахаңның 50 жылдық тойы>> М.Әуезов
Конспект
ІХапта
1
9
 Ж. Аймауытов <<Мағжанның ақындығы>>
Конспект
Хапта
1
10
 Ж. Аймауытов <<Тәрбиеге жетекші>>  
Оқып, талдау
ХІапта
1
11
 М. Дулатұлы <<Оян, Қазақ!>>
Оқып, талдау
ХІІапта
1
12
 М. Жұмабай <<Педагогика>>
Конспект
ХІІІапта
1
13
 Қ. Кеменгерұлы әдеби айтыстары
Конспект 
ХІҮ апта
1
14
Х. Досмұхамедұлы <<Аламан>> Алматы 1991
Оқуға
ХҮ апта
1
15
Алаш абайтануы
Пікірталас
ХҮ апта
1

                        СӨЖ тапсырмалары

№
Сабақ тақырыптары
Жұмыс түрі 
өткізу мерзімі 
баға
1
Міржақып Дулатұлы <<Оян, қазақ!>> идеясының маңызы     
Талдап, тапсыру
 
ІІ апта 
1

2
Сәкен Сейфуллиннің қазақ  әдебиеттануына қосқан еңбегі
Талдап, тапсыру
ІІ апта 
1
3
Ілияс Жансүгіров аудармалары
  
Талдап, тапсыру
ІІІ апта 
1
4
Құдайберген Жұбанов әдебиеттану саласындағы мақалалары
Талдап, тапсыру
ІІІ апта 
1
5
Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалалары  
  
Талдап, тапсыру
ІҮ апта 
1

6
Қошке Кеменгерұлының драмалық, шығармалары
 
Талдап, тапсыру
ІҮ апта 
1
7
Мұхтар Әуезов алғашқы мақалалары 
Конспект 
Ү апта 
1
8
Смағұл Садуақасұлы -әдебиетші, көсемсөзші  
 Талдап, тапсыру
Ү апта 
1
9
А. Байтұрсын <<Әдебиет танытқыш>> 
Мысал теру
ҮІІ апта 
1

10
Мұхтар Әуезов - әдебиеттанушы
Талдап, тапсыру 

ҮІІІ апта 
1

11
Жүсіпбек Аймауытұлы   мақалалары мен аудармалары
Мысал теру
Х
1

12
Ақжан Машани <<Әл-Фараби және Абай>>
Конспект, талдау     
                                 ХІ апта
1

13
Қазіргі алаштану мәселелер
Талдап, тапсыру 
ХІІ апта
1


14
Алаш абайтануы 
Конспект, талдау
ХІІІ апта 
1


 15
Қазіргі абайтану және алаш қайраткерлері
   Конспект, талдау
ХІV апта 
1


* Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар 
<<Алаш алыптары>> пәнін оқу барысында студент алаш қайраткерлерінің қазақ әдебиеті дамуына қосқан үлесі, қоғамдық  - әлеуметтік маңызды мақалаларын оқып талдайды. Сондықтан студент қосымша оқуға берілген материалдарды оқып, танысуға міндетті. СӨЖ,СӨОЖ тапсырмаларын көрсетілген уақытында оқытушыға жіберу керек. Тапсырмаларды орындауда студенттің өз пікірі мен өз қорытындылары бағаланады.
8.Курс форматы
курс
Се-местр
Кредиттер
Дәріс сағат
тар
Семинар 
ОСӨЖ
СӨЖ
Барл.
Бақыл.
нысаны
2курс
5
се-местр
3
30 сағат
15
22,5 
67,5
135 сағат
Емти-хан

9.Курс саясаты 
Курстың компоненттеріне және оқып-үйренуге қойылатын негізгі талаптар: 
* студент білім беру порталын үнемі қарап, тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ талаптарын орындауда белсенділік танытуы тиіс;
* студент конспект бойынша дәрістің теориялық материалдарын оқып үйренуі тиіс;
* студент СӨЖ-ді кесте бойынша орындау тәртібін және берілген формада оқытушыға тапсыру ережелерін қатаң сақтауы тиіс;
* өз  бетінше  кітапханада және үйде  дайындық  жасауы тиіс;
Тәртіпті бұзу немесе жұмыстарды тапсыру мерзімінен ауытқу үшін айыппұл салынады:
Жұмысты белгіленген уақытында тапсырмау  -  бағасын 5  ұпайға кеміту
1-ші рейтинг бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 7 апта бойынша жинаған ұпайлар саны есептелінеді. 
2-ші рейтинг (қорытынды) бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 8-15 апталар аралығында жинаған ұпайлар саны есептелінеді. 
Егер 2-ші рейтинг бақылау бағасы 30  ұпайдантөмен болса, рейтингті жоғарылатуға жіберілмейді. Бұл жағдайда 2-ші РБ бағасы қорытынды бақылау бағасы болып табылады. Қорытынды рейтинг бақылау 15 аптада қойылады. 
Егер қорытынды РБ нәтижесі бойынша рейтинг 30  ұпайдан кем болмаса, студент емтиханға жіберіледі. 
Бекітілген мерзімнен кейін тапсырылған студент тапсырмалары қабылданбайды.
10. Баға қою саясаты.  Дербес компьютерде жұмыс істеудің нәтижесінде алынған машықтар пән бойынша жеке тапсырмалардың орындалуының дұрыстығымен бағаланады. 
Қорытынды бағалауға:
Ағымдық бақылау  -  60%			
Емтихан                  - 40%	
Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:
                                
мұндағы:		ИО - қорытынды бақылау;
			Р1  -  бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;
Р2  -  екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;	
Е  -  емтихан бағасының сандық эквиваленті.
  	Қорытынды баға осы курс бойынша алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:
* ағымдық бақылау  (макс. балл-30)
* аралық бақылау     (макс. балл-30)
* қорытынды емтихан  (макс. балл-40)
Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA  -  студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын  -   анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген. 
Оқу курсын бітіргеннен кейін қорытынды бақылау формасы  -  бақылау сұрақтарына жауап беру.


11.Студенттер білімін бағалау
                Бағаның әріптік баламасы
                               Ұпай саны
                     Пайыздық көрсеткіші
                        Негізгі шарттары
А

4,0
95-100
Көркем, әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын, негiзгi идеясын,  құрылымын, баяндау тәсiлдерiн өте жақсы деңгейде ажырата алады,теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы нақты дәлелдеді.
А-

3,67
90-94
Баяндау тәсiлдерiн жақсы деңгейде ажырата алады;  теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алады
В+
3,33
85-89
Баяндау тәсiлдерiн жақсы деңгейде ажырата алады, бірақ негізгі идеясын анықтай алмады; мәтiндегi тiрек сөздердi анықтады; теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алады.
В
3,0
80-84
Мәтiндегi тiрек сөздердi толық анықтай алмады; теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы орташа деңгейде дәлелдей алады.
В-
2,67
75-79
Көркем әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын, баяндау тәсiлдерiн орташа деңгейде ажырата алады, бірақ негізгі идеясын, құрылымын анықтай алмады; 
С+
2,33
70-74
Көркем әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын ажыратады, бірақ негізгі идеясын, құрылымын, баяндау тәсiлдерiн анықтай алмады; 
С
2,0
65-69
Мәтiндегi тiрек сөздердi нақты анықтай алмады; теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмады.
С-
1,67
60-64
Мәтiндегi тiрек сөздердi таба алмайды; теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмайды.
Д+
1,33
55-59
Көркем әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын ажыратады, бірақ негізгі идеясын, құрылымын, баяндау тәсiлдерiн анықтай алмады; 
Д
1,0
50,54
Мәтiндегi тiрек сөздердi нақты анықтай алмады; теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмады.
F
0
0-49
Мәтiндегi тiрек сөздердi таба алмайды; теория мен  практиканы  байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмайды.


12.Оқу үрдісінің және қашықтық кеңестердің кестесі
                                   Курс
                                Семестр
                                 Кредит
                              Дәріс саны
Тәжірибелік
                                   СРСП
                                    СРС
                                Барлығы
                        Бақылау формасы 
                                       2
                                      4 
                                      2 
                                      15 
                                      15 
                                      22,5
                                       45
                                     135 
                  Бақылау жұмысы, емтихан

                                     E-mail: kkl@sgpi.kz
Кеңес беру уақыты:   Сәрсенбі, бейсенбі  сағат 14:00 СМПИ  №3 оқу корпусы, 226- кабинет
Бақылау жұмысын қабылдау уақыты:  семестр соңы 
                                       


 13. Глоссарий
ӘДЕБИ ПРОЦЕСС  -  бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи - заңды қозғалысы. 

ӘДЕБИ СЫН  -  көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сын - әдебиеттің тарихымен және теориясымен тығыз байланысты. 

ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ - әдеби творчестваның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі. Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелер негізінен 3 циклдан тұрады: Жазушының өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктері жөнінде ілім; шығарманың әдеби көркемдік құрылымы жөніндегі ілім; әдеби процесс жөніндегі ілім. 

ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРКЕМДІК МӘНІ  - сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын, адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипатының бірі. Әдебиеттің қоғамдық маңыздылығы оның танымдық, тәрбиелік және көркемдік мәніне негізделеді.

ӘҢГІМЕ  -  оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. 

ГРАДАЦИЯ (лат. Gradation - біртіндеп көтеру), яғни дамыту  -  айшықтаудың бір түрі: алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу. Поэзияда, прозада да қолданылады. 

ДӘЙЕКТЕМЕ (цитата)  -  баспасөз материалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтірілетін, белгілі бір мәселе жөнінде айтылған немесе жазылған ой-тұжырымдардан сөзбе-сөз алынған үзінділер. 

 
Дәрістер-1
 № 1 Қазақ әдебиеттануының бастау көздері
Кезінде оны ғылыми қауым <<екінші ұстаз>> (Муаллим ас-соний)деп те атаған. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы саналған.
Әл-Фараби 870 жылы Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында әскери қызметкердің отбасында өмірге келген. Толық аты-жөні: Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-фараби деп айтылады. 
Жастайынан зерек, оқу-білімге мейлінше құштар болып  өскен Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар қаласында қыпшақ тілінде алады. Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған Отырар қаласының барынша гүлденіп әлемге мәшһүр болған шағында болашақ ғұлама осындағы  медреселердің бірінде оқып жүр еді.
Отырар медресесін бітірген соң  Әл-Фараби өз білімін арттыра түсу мақсатымен сол кездегі ғылым мен мәдениет ошағы саналған  Шам(Бағдат) шаһарына аттанады. Осы сапарында ол Шаш (Ташкент), Самарқан, Исфақан, Қамадан қалаларында болып, Шығыстың көптеген ғұламаларымен, ақындарымен танысып, сұхбат құрады. 
Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Фараби шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Араб ғалымы Ибн Әбу Усайбанның айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған <<Өлең және ұйқас туралы сөз>>, <<өлең ырғағы туралы>>, << Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат>> деп аталатын зерттеулері болған. Бұл салада Фарабидың бізге толық күйінде  жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Оның бірі  -  <<Өлең өнері>> деп аталады. Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселелеріне арналған.  Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, месневи, т.б. сөз болады. Екіншісі  -  <<Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат>> деп аталатын зерттеу. Мұнда фараби грек поэзиясының жанрларына , терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды.
Соңғы жылдары Әл-Фарабидың бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды бір шығармасы  Братислава университетінің  кітапханасынан табылған.  Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек <<Китаб ашшеьр>> (<<Өлең кітабы>>) деп аталады. Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А.Ирисов болды.
 Өзін- өзі тексеру сұрақтары
* Әбу Насыр әл-Фарабидың <<Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат>>
* Қазақ әдебиетінің алғашқы ағартушылық кезең Әбу Насыр әл-Фараби  - энциклопедист-ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын.

Тапсырмалар:
* Әбу Насыр әл-Фарабидың <<Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатында>> не жөнінде жазылған?
* Қазақ әдебиетінің алғашқы ағартушылық кезеңі деп неліктен аталып отыр?
* Осы екі сұраққа байланысты жазбаша жауап жазып жіберіңіз.

 Дәріс-2

* Әлихан Бөкейханның өмір жолы
* Әдебиет айдынына салған өшпес ізі
* ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ

        Бүгінгі саналы қазақ Әлихан Бөкейхан десе, ойланып һәм тебіреніп қалады. Өйткені қазір бізде білтенің жануға шығарылған бөлігіндей зиялылық болса, соның негізін Әлихан мен Ахметтер қалағанын іштей сезінеді. Сондықтан да шығар, Алаш аты естілсе, сергек қазаққа бағзы замандағы ұран емес, Әлиханның аты мен заты елестегендей болады. Расында, ол  -  әл-әзірге елес қана. Ішіміз бен сыртымыз шын зайырлыққа толғанда, Әлиханның арман-мұраты да орындалар. Әлихан қазақпен бірге жасап, идеясы санамызда өрістер.
     Қазақ қауымын жаңарту қозғалысының басында тұрған Әлиханның қызметiн бiрыңғай саясатпен шектеуге болмайды. Алаштық кезеңнiң күллi зәрулiгiн сезiнген ол: "Бiлгендi қылам дегенге жұрт керегi қойып жатыр ма? ...Мен сыншы (руханият жанашыры деп те түсiнiңiз  -  Д.Қ.) фарызын өткеруге құл болдым",  -  деп жазды. Бұл  -  бiр. Екiншi, А.Байтұрсынұлы сынды мәдениет серкелері өмiр сахнасына шығу үшiн оларға мұрындық болар тыңнан түрен салған қаламгерлер керек едi.
    Ә.Бөкейханның әдебиет туралы әзiрше табылған алғашқы еңбегiнiң бiрi  -  "Қазақ жыры "Қобыландыдағы" әйелдер" атты зерттеу мақаласы. Ол 1899 жылы "Туркестанские ведомости" (Ташкент) газетiнiң үш нөмiрiнде жарияланған. Бұл еңбегiнiң мақсатын автор былай көрсетедi: "Екi сенiм тоғысында мәжуси қазақ әйелi кiм едi, ол қайтiп мұсылман болды, әйелге деген мұсылман қазақ пен  мәжуси қазақтардың көзқарастары қалай едi?>>  -  деген қызықты сұраққа "Қобыландыдан" артық ешқандай жыр жауап бере алмайды. ...Бiз осыны қарастыруды жөн көрдiк".
Қаламгер Аналық, Құртқа, Көкiлан (Көктен) кемпiр, Қарлығаш, Қарлыға бейнелерiндегi ерте дәуiрдiң таным тамтықтарын, тарихи шындық жұқанасын зерделейдi. Бұдан Әлихан жырдан таза тарихи шындық iздеп отыр деген ой тумауы керек. Қаламгер теориялық тұрғыдан фольклор жiтi сараланбаған кезеңде бiлiмдi адам ретiнде оның танымдық астарына үңiледi.
     Қаламгерлiк ныспысына "Қыр баласы" деген атауды қалаған автор қазақ даласы-алаш менталитетi-ұлт өнерi байланысын да қисынды түсiндiредi: "Көрiктi болмаса да кең жазиралы, бөтеннiң қолы жетпейтiн қазақ даласы перзенттерiнiң бойындағы бұлалықты, саф ұлттық сипатты, халықтық даралық қасиеттi ұзақ уақыт сақтап келдi. Дала-ана өзгенiң ықпалынан қорғағандықтан, қазақтар дәстүрiн, мiнез-құлқын, өмiр сүру салтын сол күйiнде сақтады. ...Ұлт ұйысты. "Алаш" деген ұранға тiк тұрып, бауырына көмекке келдi. ...Қазақтың осы ерекше және қызық өмiрi айнаға түскендей, бай һәм сан салалы ауызша поэзиясынан көрiндi".
Ә.Бөкейханның әдебиет хақындағы алғашқы күрделi мақаласынан-ақ ғылыми даярлығы бар екенi байқалады. Мұны бiз автордың өз бетiнше құнттап жинаған бiлiмi деп есептеймiз. Көлемi әжептәуiр бұл зерттеу көркемөнер мен тарих байланысын зерделеудiң бағдарын аңғартады. Қаламгер шын тарихтың эпикалық санада жаңғыруын байыптайды. Мақаланың ой астарынан қазақ тарихын жоқ деме, қазақ поэзиясын осал деме, эпикалық сананы тұрлаусыз деме деген автор пiкiрiн ұғамыз.
1914 жылы Қазанда "Үмiт" баспасынан Қостанай уезi, Қарабалық болысының қазағы Бiржан Толымбайұлының жырлауын Махмұдсұлтан Тұяқбайұлы қағазға түсiрген "Қарақыпшақ Қобыланды батыр" жыры нұсқасына Ә.Бөкейхан 1915 жылы "Қазақ" газетiнiң бетiнде пiкiр бiлдiредi. Бұл мақаладағы автор идеясы еңбектiң эпиграфынан көрiнедi. Оған қаламгер Абайдың "Өлең  -  сөздiң патшасы, сөз сарасы" деп басталатын өлеңiнiң алғашқы шумағы мен екiншi шумағының екi тармағын лайықтап алыпты. Яғни, Әлихан жыршы Бiржан айтқан "Қобыландының" көркемдiгiн сараптауды ойлаған. Сөйте тұра, қаламгердiң аталған жырды саралау тәсiлi "тыңнан жол салғандай". Автор алғаш тарихи Қобыланды кiм болуы мүмкiн және жырдағы оқиғалар қай дәуiрлердiң елесi деген сұраққа Шәкәрiм, З.У.Тоған, Шоқан еңбектерiне сүйене отырып жауап iздейдi. Қаламгер өмiрдегi Қобыландыдан гөрi жырдың негiзiн құраған тарихи дәуiрлердi iздеген тәрiздi. Аталған мақаласынан Әлиханның тарихи шарттылықты түсiнгенiн байқау қиынға соқпайды ("Қазақ тарихына файдалы сөз "Қобыландыда" аз көрiнедi").
    Ә.Бөкейхан "Қалқаман-Мамыр" жанрын "тарихи хроника" деп анықтайды. Қаламгер пiкiрiнше, оқиға өмiрден алынған, ел аузында жүрiп, Шәкәрiмнiң жырына арқау болған. Ендеше бiрiншi шарт  -  шығармада Қалқаман-Мамыр заманындағы "қазақ жұртының салты,  қазақ мiнезi, қазақтың iс-қылығы" көрiнуi керек (алдыңғы мақаласындағы оймен сабақтас). Әлихан "көп бергеннен көп сұралады" дей отырып, аталған мәселе бойынша Шәкәрiмнiң "жақыннан қайырып, ойдағыдай толымды қылып жазбағанын" сынайды. Әрине, жанашырлықпен сынайды.
Қаламгер Шәкәрiм жырының маңызын, көкейкестiлiгiн жоққа шығармайды. Бiрақ жалпы әдебиеттiң келешек өрiсi мен өресi үшiн елеулi ескертпелер жасайды. Бiрiншi ескертпе: шығарма оқиға болып жатқан дәуiрдiң тынысын көрсетуi керек, кейiпкерлер сол шақтың ұғым-түсiнiгiмен сөйлеуi қажет. Екiншi ескертпе: шығармадағы оқиғалар дамуы, ситуация, бейнелер сипаты өмiрге жақын болуы шарт. Әлиханмен сырлас, алашымен мұңдас Шәкәрiм қажы әдебиеттегi көкейкестi мәселелердi қамтыған аталған мақалаға түсiнiстiкпен қарады.
Ә.Бөкейхан жаңа сападағы көркемдiгi мен ағартушылығы тең авторлық әдебиеттiң тезiрек өркендеуiн қалады. Бұл  -  әлемнiң бар ұлт-азаттық қозғалысы тұсында руханиятта байқалатын құбылыс. Осы шақта елдi ояту, ағарту, дұрыс бағытқа салу  -  басты мақсат болады. Рухани жүйенiң бәрi осыған жұмылады. "Қазақ" оқырмандарына арналған бiр мақаласында Әлиханның: "Жұрт надан, газета оқушы жоқ болса, бұған Шекспир, Толстой да түк амал қыла алмайды. ...Адам шеберлiгi араласып iс қылмаса, таудай алтын - өлi бiр қазына",-деп жазуы  -  бұл ойымызға дәлел.
    Әлиханның шынайы тұрпатты авторлық әдебиетке айрықша үмiт артуы 1905 жылы жарияланған Абайға арналған мұнақып-мақаласынан ("Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы") бастау алады. Бұл еңбек орыс тiлiнде жазылған. Жалпы Әлиханның Абай мұрасына қатысты қызметiн өзiнiң мақалаларынан бiлемiз. Кәкiтай қазасына байланысты мақаласында ол: "Абайдың тәржiме халiн (өмiрбаян  -  Д.Қ.) жазған  -  Кәкiтай. ...1904-iншi жылы "Абай марқұмның өлеңiн  кiтап қылып басыңдар" деп,  балаларына хат жаздым. 1905-iншi жылдың әпрел аяғында Кәкiтай Абайдың жазба кiтабын алып, Омбыдағы маған келдi" деп жазады. Бұл деректi Әлихан мұрасын зерттеуші Сұлтанхан Жүсіп: "1906 жылы 9 қаңтарда Әлихан нақақтан тұтқындалып, Павлодар түрмесiне жабылған кезеңде, оның портфелiнен Абай өлеңдерi көшiрмесiнiң қолжазбасы шыққан",-деп дамытады. Сонда Абайды тану мен танытуға деген ықылас алғаш Ә.Бөкейхан тарапынан байқалған. Бiздiңше, бұл еңбегiнде Әлихан абайтануға қатысты бiрқатар негiзгi мәселелердi анықтаған. Ең алғаш, ақынның шығармашылық бастауы фольклормен сабақтасып жатқанын көрсеткен. Зерттеушiнiң ендiгi бiр табысы  -  ақын дүниетанымына әсер еткен негiзгi күштiң бiрiн байыптауы. Бұл ретте Әлихан Ресей арқылы келген әлеуметтiк-ағартушылық ойды айрықша атайды.
    Әлихан Бөкейханның жаңа әдебиеттi жүйелеуге күш-жiгер жұмсаған еңбегi 1914 жылы жазған "Роман деген не?" атты мақаласынан көрiнедi. Мақала, сөз жоқ, қазақ романының туу дәуiрiнде игi iске ұйытқы болу үшiн жазылды. Әйтсе де мәселенi былай қойған дұрыс секiлдi: бұл еңбек қазақ қауымына не бердi және қазақ әдебиетiне не бердi? Ендi санамалаймыз: бiрiншi, қазақ үшiн жаңа әдебиет түрi (жанры)  -  романның не екенi, қашаннан бары, халыққа қандай олжа әперетiнi жазылды (еуропалық әдебиеттiң әлiппесi); екiншi, руханият пен өмiрге жаңаша қарау, оны бар қайшылығымен түсiну романның әлеуметтiк-тәрбиелiк қуатына сәйкес сөз болды; үшiншi, жаңа әдебиет  -  рухани күштiң жаңа тынысы есебiнде сараланды; төртiншi, әлеуетке ие дәстүрлi әдебиеттен  -  нәр, еуропалық әдебиеттен - үлгi алған жаңа әдебиеттiң мәнi, мақсаты және бағдары тұңғыш рет талданды. Ә.Бөкейханның осы мақаласы және бiр маңызды iс атқарды. Ол тұңғыш роман  -  "Бақытсыз Жамалдың" (М.Дулатұлы) әдебиетiмiздегi орнын байыптап бердi.
1914 жылы 6-10 желтоқсанда Петерборда мұсылман съезi өттi, оған Әлихандар қатынасты. Осы жиынның тартысты тұсы шариғатты қабылдау-қабылдамауға қатысты мәселеде көрiндi. Бақытжандар қабылдау керек дедi. Әлихан болса "қазiргi шындық басқа, тiптi қабылдадық делiк, қазақ iшi оны бұрмалап, шариғат атауына қиянат жасайды" дедi. Бұл мәселенi кең түсiндiру үшiн Ә.Бөкейхан "Бақытсыз Жамалдан" ұзақ мысал келтiредi. Мұны бiз шартты түрде "Бақытсыз Жамалды" шариғат жолымен байланыста түсiндiру" деп атаймыз. Исламнан хабары мол Әлихан Хұжрат (С.48), Нұр (С.24). Ниса (С.4), Бақара (С.2), Мәида (С.5) сүрелерiнен дәйек ала отырып, шариғат пен күрделi заман (Ә.Бөкейхан заманы) арасындағы қайшылықты дәлелдеуге тырысады. Сөйтiп,  Жамалдарды  бақытсыз  еткен  дәуiр  дiнге де опа бермегенiн және алда да оны титықтататынын байыптайды. 
    Әлихан Бөкейханның әдеби-эстетикалық таным-түйсiгiнiң биiк шыңы  -  "Ән-өлең һәм оның құралы" атты мақаласы. Бұл романды талдаған еңбегiнен алты айдан кейiн жарық көрген. Қаламгердiң "ән-өлең" деп отырғанын бiз бүгiн бiр-ақ сөзбен  -  "ән" сөзiмен ғана айтамыз. Мақаланы жазу үстiнде Әлихан әрi суретшi, әрi сыршыл, әрi ғалым ретiнде көрiнiп отырады. Бұл тандем қайраткер шығармашылығының әлеуетi мен тегеуiрiнiн байқатады. Бұл құбылысты алаштың рухани сұранымына Ә.Бөкейханның қосқан үлесi деу орынды.
Әлихан және ұлт руханияты дегенде, мына жайды ескерген абзал: ол  -  ел зәрулiгiн шешу үшiн қайраткер де, қаламгер де болды. Әйтпесе жазу мәселесiнде Әлихан орысша анағұрлым кең көсiлетiн (мұны өзi жиi айтады). Бұл жағынан ол  -  Шоқан санатындағы қаламгер. Алайда Алаш шағы  -  бастапқы ағартушылық шағы емес едi. Сондықтан кеше ғана "Сибирские вопросы", т.б. орысша басылымдарда нөмiр құрғатпай көлемдi мақалалар жазып жүрген Ә.Бөкейхан ендi елi үшiн "қайта құрылды". Туған тiлiнде аз (көлемдi емес) жазса да, саз жаза бастады. Әр сөзге мән берiп, ақыл-ой жүгiн артты. Мысалы, меценат тарапынан қазақ романына сын сұралғанда, "мұны менен гөрi Шәкәрiм, Ахмет, Мiржақып жақсы жазады" деп қарапайымдылық танытқан Әлихан ретi келсе өзi де жазатынын бiлдiрiп: "Бұлар Аполлоннан бата алған жоқ",-дейдi. Бұл, әрине, әрiптестiк жеңiл қалжың. Бiрақ осы бiр ауыз қазақ тiлiндегi Әлихан сөзiне сауатты Батыс пен Шығысқа (эллиндiк мәдениет ислам өркениетiне әсер еткенi мәлiм) түсiнiктi ой сыйып кеткен.
Немесе, ән туралы мақаласындағы алаштың төл ұғымындағы: "адам көңiлдегiсiн алғаш сөзбен қияды" деген сөйлемiне назар аударалықшы. Бұл сөз  -  ұзақ жыл орыс сөзiн қолданған Әлиханның тiлдiк қорының тек-тамырын нұсқайды. Ана тiлiнiң уызына жарыған адам ғана "көңiлдегiнi сөзбен қияды". "Қайғы-қапасын шығарады, мауқын басады" (бұл да Ә.Бөкейхан сөзi).
    Осы ретте бiзге Әлихан эпиграф, әйтпесе мысал ретiнде пайдаланған өлең үзiндiлерi оның рухани түйсiгiмен қабысып жатқандай көрiнедi. Айталық, ол Е.П.Михаэлис жөнiнде жазған мақаласында Сәбит Дөнентайұлының "Қазақта" басылған  "Жанға" атты өлеңiнен мына шумақты ұсынады:
 Уай! Жаным, сен денеде аз күн қонақ,
Заман жоқ көп тұруға өмiр шолақ. 
Жас мезгiл екi айналмас, мойнын бұрмас,
Жұмыс ет, оқтай зырлап, қардай борап.
 Сәбит сөзi  -  қара өлеңге негiзделген қазақ философиясы. Сөйте тұра мұнда өрiске ұмтылған алаш баласына қажет жаңа философия да бар. Бұл пайымын Ә.Бөкейхан В.Г.Короленконың "От" әңгiмесiн тәржiмелегенде Нарманбет өлеңiнен алған эпиграфпен дамытады. Ол үзiндi мынау:
 
Қуандым түнде жүрiп күн шығар деп,
Болса да бұлыт бүркеу, жел қуар деп. 
 
    Лирикалық қаһарман  -  оптимист. Ертеңiне сенедi. Табиғат құбылысын реттеген Жаратқан бәрiн орнына келтiредi деп үмiттенедi. Алланың үйлестiруiн күтедi. Бұл  -  Алаш ойы, отаршылдықтан көз ашпаған халық арманы.
Әлихан көп еңбегiнде Абайдың асыл сөзiн дәйек етедi. 1914 жылы мұсылман съезiнде Бақытжан Қаратайұлы татар ағайындардың "бiр тiл жасайық" дегенiне ерiп, "қазақта тiл жоқ" дей салғанда, Әлихан Бөкейхан "Қазаққа" Абай, Шәкәрiм, Мiржақып, Мағжан өлеңдерiнен үзiндi келтiрiп, "бәйге алатын тiл осындай болады" деп жазған-ды. Мұны да қайраткердiң көркемдiктi саралаған қызметiне балауға тиiстiмiз.
Ә.Бөкейхан  -  қазақ ауданында ғана қалған қаламгер емес. Ол әр кездерi Л.Толстойды, Ги де Мопассанды, А.П.Чеховты, Д.М.Мамин-Сибирякты, Н.Марксты ана тiлiне аударды. Әр кез ойын шетелдiк  ғұламалар сөзiмен дәйектеп отырды. Аталған жазушыларды <<өз жұртының бетiнiң қызылы, ұяты" деп жазды.
Сонымен, тағдыр мен тарих аталған кезең руханиятынан жаңаруды, елдiк жолында тастүйiн болуды талап еттi. Осыған сәйкес көзқарас ағымы да жаңғыру, жинақталу, елдi рухани тұрғыдан ағарту мақсатын көздедi. Бұл шақта авторлық әдебиеттiң бағдары бұлдыр едi. Абай құбылысы әлi игерiлмеген-дi. Сондықтан бастауында Әлихан тұрған алашшыл ағым жаңа руханияттың "әлiппесiн" жазды. Жаңа ағымының жетекшiсi Ә.Бөкейхан болуының негiзi бар. Ол қазақ арасында өссе де, орыс ортасында жетiлдi. ХIХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басының шындығында қазақ руханияты Еуропаға бет түзеп барып қана жаңара алар едi. Оның үстiне бұл кез  -  қазақ ағартушылығының өрiстей бастаған кезi болатын. Сондықтан Алаш қайраткерлерi халыққа қажеттi, оның еңсесін көтеретін рухани дүниелерге мұқтаж-тын. Әлихан осы шараны жүйелеудi өзi бас болып қолға алды.

1. Дихан Қамзабекұлы <<Әлихан Бөкейхан және ұлт руханияты>> мақаласы
   2. Салтан СӘКЕН <<ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ>> мақаласы
  Дәріс ДӘРІС № 4
Смағұл Садуақасұлы - әдебиетші, көсемсөзші
Мақсаты:  Студенттерге алаштық әдебиеттің көрнекті өкілі, көсемсөз шебері, қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының өмірі мен шығармашылығынан хабар беру. Публицистика, әдебиеттану саласындағы еңбектерңмен таныстыру.
Жоспар:
* Смағұл Садуақасұлының ғылыми мақалалары
* Смағұл Садуақасұлының зерттеулерінің өзектілігі

1.Смағұл Садуақасұлының ғылыми мақалалары. С.Садуақасұлының көсемсөздік мұрасы алуан тақырыпты қамтиды. Біз оны шартты түрде төрт топқа бөле аламыз ("Алаш мұрасы" сериясының редакция алқасы). Бірінші - қоғамдық-саяси мақалалар, оқу-ағарту, білім туралы мақалалар, үшінші - театр өнері хақындағы мақалалар, танымдық еңбектері мен ғылыми зерттеулері. 
	Қаламгер Смағұл жазған еңбектерінің көбісіне дерлік "Смағұл Садуақасұлы" деп қол қойған. Орысша авторлығын "Смагул Садвокасов" деп көрсеткен. 
	Смағұл Садуақасұлы "Өмір үшін күресу" (1918ж), "Көтеріл, жастар!"(1920ж), "Өткен күндер, қазіргі хал һәм болашақ"(1922ж), "Шарт керек пе?"(1922ж), "Қостанай- Торғай"(1922ж), "Орта Азия өміріндегі жаңа өмір" (1924ж),"Қазіргі дәуір -іс дәуірі"(1925),О национальностях и националах"(1928)және тағы баска толып жаткан макалаларында қазақ қоғамының өтпелі ел мен оның көсемдерін тығырыққа тіреген зеруліктерді шешудін амалдарын көрсетеді.
 2. Смағұл Садуақасұлының зерттеулерінің өзектілігі. 20-ғасырдын бас ширегі зиялылардың халықты жаппай тыңғылықты білім алуға тынбай шақырған шағы еді. Бұл кезде - "Оян, қазақ!" - "Оқы, қазақ!" болып та ұғынылатын. 15 жасынан ұстаздық еткен Смағұлға оқу-ағарту мәселесі де бейтаныс емес еді. 
	Сондықтан ол өркениетті болуға талпынған елге қажетті шартты орындау ісінен күшін аяп қалмайды. С. Садуақасұлы "Нужды аула" (1919ж), "Бірінші мақсұттарымыз", "Халық ағарту мәселелерін", "Оқу ісінің кемшіліктері", "Оларға қарсы шаралар" (1926), "Қазақстан халық ағарту мәселелері" (1927), т.б. мақалалары мен соңғы аталған еңбегімен аттас кітапшасында (1927 жылы мұғалімдер съезінде жасалған баяндамасы негізінде жазылған).  елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етті. 20-жылдары қазақ қоғамындағы халықтың білім-ілімге деген сұранымы оқулықтардың, танымдық-ғылыми еңбектердің жазылуын тездетті. Бірақ оны жазатын маман аз еді. С.Садуақасұлы 1920жылы 2-желтоқсанда Қазақстан мемлекеттік баспасы жанынан құрылған оқулықтар мен саяси һәм көркем әдебиеттерді сұрыптайтын редакциялық алқаға кірді. 

Талқылау сұрақтары:
1. С. Садуақасұлының өмірі жайында не айтасыңдар?
2. С. Садуақасұлының публицистикалық шығармаларын қалай жіктеуге болады?
3. С. Садуақасұлына қоғам қайраткері ретінде қандай баға берер едіңдер?
4. С. Садуақасұлына саясаткер ретінде баға бер?
 

Леция № 5
Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен  таныстыру. Қоғамдық саяси өмірін, мақалаларын, сонымен қоса өлеңдері мен мысалдары туралы толық ақпарат беру.
Жоспары: 1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы.
                  2. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері мен мысалдары.
                  3. Ахмет Байтұрсынұлының мақалалары.       .
Өмірбаяны
     Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 - 1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептеМарінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
    Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру  -  жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
    Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
    Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде <<патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық>> деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. [3]
Шығармалары
    Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.[7]
     Ақынның алғашқы өлеңдері <<Қырық мысал>> атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
   Байтұрсынұлының екінші кітабы  --  <<Маса>> (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. <<Қазақ салты>>, <<Қазақ, қалпы>>, <<Досыма хат>>, <<Жиған-терген>>, <<Тілек батам>>, <<Жауға түскен жан сөзі>>, <<Бақ>> т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Аудармалары
   Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы  --  көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, <<Қырық мысал>> деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің <<Атпен есек>>,А. Пушкиннің <<Балықшы мен балық>>, <<Алтын әтеш>>, <<Ат>>, <<Данышпан Аликтің ажалы>> шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
    Бекіту сұрақтары: Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі тулалы не білесіңдер?
                                    Мысалдарымен таныстындар ма?
                                    Ахмет Байтұрсынұлының мақалаларын зерттеушілер
 
                                                  

Дәріс № 6 Жүсіпбек Аймауытұлы өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытұлының өмірімен таныстыру. Әдебиетке қоқан үлесіне тоқталып, шығармаларын талқылау. Баспасөз беттерінен жарық көрген мақалаларына зер салу. Психология еңбегінің маңызы жөнінде айту.

Жоспар:
* Жүсіпбек Аймауытұлы және абайтанудың алғашқы қадамдары 
* Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары
* Жүсіпбек Аймауытұлының <<Психология>> еңбегінің ерекшелігі

Қазақ әдебиетінің классигі - Жүсіпбек Аймауытұлының көркем шығармашылығы әдебиеттен өзіндік орын алатындығы мәлім. Жүсіпбек Аймауытұлының Абайтанудағы тұңғыш өмірбаяндық шығармашылық зерттеуі <<Абайдың өнері һәм қызметі>> деген атпен 1918 жылы <<Абай>>
журналында (№2) жарияланды. Мақала соңында <<Екеу>> деп қол қойылған. (Ж. Аймауытұлы және М. Әуезов). Абай туралы мақала былай басталған: <<Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық аждаһаны өртеуге Құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды>> (1:122). 
	Абай мұрасының, ақындық өнерінің мазмұндылығын  түсіндіру мақсатында  Жүсіпбек Аймауытұлы: <<Абайдың ақындық өнері тар жолды бір беткей емес. Әр тараулы, сегіз қырлы. Ол тараулар мынау: мінез түзететіндік, тереңнен толғайтындық,  сыншылдық, суретшілдік, жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық, ащы тілділік, ызалылықпен күлетіндік, һәм керемет переводшиктік>>(1:122), - деп жазады. Аталған сегіз түрлі сипат тұрғысынан Абай тек осы зерттеуде танылған. 
Жүсіпбек Аймауытұлының мол шығармашылық мұраларының ішінде әдістеме негіздеріне сүйене отырып жазған <<Тәрбие жетекшісі>> (Орынбор,1924). <<Психология (жан жүйесі мен) мен өнер таңдау>> (Мәскеу,1926), <<Жаңа ауыл>>(1929), т.б. еңбектеріне әлеуметтік тәрбиесінен бастап ұлттық тыныс тірлік, адамгершілік әлем, еңбек тәлімі, ата-ана орны, бала мінезінің алуан қырлары, тәрбие жұмысы мен оның шарттары, т.т. тақырыптар кең орын алған. Педагог ғалымның әлеуметтік-халықтың мәселе ретінде тәрбие ісінің, оның өзінің дене және жан (рух) тәрбиесі етіп саралануы, бала мен үйелмен, ұстаздық шеберлік, өнерпаздық қабілет турасындағы ой-пікірлерін ұлт мектептерінде бағдарлама, оқулықтарды әзірлеу кезінде басшылыққа алуға әбден болады.
Жүсіпбек Аймауытұлының ағарту саласындағы айтулы еңбек жазып қалдырған, педагогика саласындағы ондай тынымсыз ізденіс жұмыс бүгін де 
маңызды. 
Қорытынды сұрақтар:
* Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы туралы не айтасыздар?
* Жүсіпбек Аймауытұлының <<Психология>> еңбегінің қазақ халқының өмірінен алатын орны қандай?
* Баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларының маңызы
* Жүсіпбек Аймауытұлы ағартушы

Лекция № 7
Мақсаты: Міржақып Дулатұлы өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Міржақыптың <<Оян, қазақ>> идеясының маңызын түсіндіру. Сонымен қоса  мақалаларымен таныстыру.
 Жоспар: 1. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы.
                  2. Міжақып Дулатовтың мақалалаы.   
                  3. <<Оян, қазақ>>   идеясының маңызы  
     Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады.
    Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ. Соның үшін де А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп <<Масасын>> ұшырды. М.Дулатов <<Оян, қазақ!>> деп ұран салды. С.Торайғыров <<Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам>> деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды.
     Осындай зорлық-зомбылықтардың кеңінен орын алғанын сол кездері қазақ даласын басқару орталықтары болған Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағаттарында күні бүгінге дейін сақталған құжат-қағаздар айғақтайды. ХХ ғасырдың оныншы жылдарында жарық көріп, қазақ даласына жаумай жасын түскендей әсер еткен Міржақып Дулатовтың <<Оян, қазақ!>> өлеңіне қатысты қозғалған өндірістік іс құжаттарын Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатынан ұшырастырдық
    Біз бүгін жоғарыда аталған "Оян, қазақ" өлеңіне қатысты құжаттар төңірегінде сөз өрбітпекпіз. Ол үшін М.Дулатов өміріне қысқаша шолу жасай кеткен орынды болмақ.
    М.Дулатов 1985 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, "Қызбел" колхозының жерінде туған.
   Көзі ашық, көкірегі ояу, қабілеті кемел азаматтың кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған белсенді, әлеуметтік, саяси шығармашылық қызметі, міне, осы кездерден басталады.
    Бұл кезең XX ғасырдың басы. Талайдан бері өз ырқы өз қолынан шығып, телімге түсіп кеткен қазақ халқының томаға-тұйық қалыптан оянып, бас көтере бастаған шағы. Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл кезең патша өкіметінің қазақ даласында отаршылықты күшейтіп, шаруашылық жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге езгісін асыра түскен жылдар еді.
    Мүндай жағдай сол кездері көздері ашылып, сана-сезімдері оянып, халқының қамын ойлай бастаған қазақтың алдыңғы қатарлы, озық ойлы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қалтарыс қалып, тымырсық жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Бастапқыда таза ағартушылық сарында туындап, сонан соң барып саяси сипат алған бұл қозғалыс патшалық биліктің саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің түрлі аймақтарында, әсіресе түркі тілдес халықтар арасында ұлт-азаттық, либералдық-демократиялық тұрғыдағы сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсетті.
Бекіту сұрақтары: Шығармашылық ізденістері туралы не білесіңдер?
                                <<Оян, қазақ>> өлеңінің негізгі мазмұндық сипаты қандай?
                                Мақалаларының мазмұндарымен таныстындар ма?
 
                            
              



Дәріс № 8
Тақырыбы:Мағжан Жұмабаев.
Жоспар:
1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі,еңбек жолы.
2.Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы.
3.Өлең құрылысының ерекшеліктері.
4.Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.М. Жұмабаев-қазақтың ұлы ақыны. Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының Молодежный совхозы жеріндегі Сасықкөл мекеніңде іргелі, әйгелішаңырақ дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, балалары Жұмабай қажы,Шонай, Өтеген, Өтеміс - бәрі де иіс Атығай ішінде даңқы шыққан белгілі, көшелі кісілер. Мағжан өзімен емшектес Мұсілім, Қаһарман, Мұқаметжан, Сәлімжан, Қалимжан, Сабыржан, Күләндам, Гүлбарам деген бауырларымен құлын-тайдан тебісіп, анасы Гүлсімнің бауырында ауыл баласының қызықты, романтикаға толы тәтті , қимас шағын бірге өткізген. Кәрім Мұхаметжан солдалар, Данияр қажы, ахитден мұғалім - болашақ ақынның тілін сындырып, хат танытқан , арабша , парысша , түрікше , орысша оқытқан алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда медресе де Хасен молдадан дәріс алған Мағжан Уфа қаласына барып , медресе Ғалымжан Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, тырнақ алды , көк қауырсын жырлар тудырды. Жаңа заманрцхы бойын билеген, тырнақщалды Шолпан кітпбы шыққарн асау жүрек , жас сұңқар орысша білім алуға ерекшге талаптпнып , 1913 ж. Омбы қ-на келіп , семинарияға түседі де , оны 1916 ж. бітіріп шығады. Бұдан кейін ел өміріндегі ұлы оққиғалар жас азаматты көгала толқынына тартып әкетеді . Үш революция дүмпуі , Алаш қозғалысы, адасулар , дүниетанымдағы сілкінімтер, қағамдық әлеумет. тартымтардығ поэзиядағы көріністер , жеке бастағы шырғаландар - осылардың баошасын көре жүріп , Мағжан да 1919 жылдың көктемінен бастап , жаңа құрылысқа бел шешіп , білек сыбанып кіріседі. Қызылжардағы Бостандық туы газетінде редактор болады , Ташкентте Қазақ - қырғыс ин-тында сабақ береді, Москвада Күншығыс баспасында аударсашы болады. В.Я. Брюсоы атынгдағ ы көркем әдеби институтында оқиды, Бурабайда тезникумда, Қызылжарда кеңес - партия мектебіндк смабақ береді. 1929 ж. жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалады, содан Карелияға жер аударылады. М. Горькийдің және оның әйелі Е. Пешкованыңпрплпсуымен 1936 ж. айдаудан босап шыққанымен, қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп , жазықсыздан жазықсыз 1938 ж. 19 наурызда атылып кетелі. Өзі ғана емес , ағалары Мүсілім, Қаһарман , інісі Мұқаметжан да репрессия отына шалынады. Әкесә Бекен 1934 ж. , анасы Гүлсім 1943 ж. дүние салған. 2.Мағжаннан қалған әдеби - шығармашыдық мұраның көлемін, салаларын , сақталуына қатысты әңгімені нақты айтуға мүмкіндік бар. Талантты ақынның алғашқы өлеңдері Уфадағы , Омбыдағы қабырға газеттерінде, қолжазба журналдарда, өз ензіндегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүріп , көзге түседі , елеп-ескеріледі де, жұртшылық назарын ацдарады. 1912 ж. Қазанда Шолпан деген өлеңдер жинағы шыққанда Мағжан он-сегіз он-тоғысдардағы уылжып тұрған қыршын жас. Абай кітабының басылғанына үш-ақ жыл өткенін ескерсек, жас ақынның даңқы қазақ сахарасы аспаныңда қалай көтерілгенін ұғу қиынға сақпас. Бұдан кейінгі кезеңде дүниеге келген қазақ назеи - журналдарының бетінде Мағжан шығармалары, 1929 ж. жаламен күйіп , абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрады. Негізінен ақын өлеңдері екі-ақ рет жинақталып, топталып, оқырман қолына тиді. Бірініші рет 1922 ж. Бернияз Күлеев Қазанда бастырап , екінші рет осы кітап толықтырылып Сұлтанбек Қожановтық алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте шықты. Педагогика, Сауатты бол араб, латын әріптерімен бірнеше рет басылған кітаптары, аудармалары басылды. Қысқасы, Ж-тың қаламгерлік сапары бас-аяғы жиырма жылға жетпей , тым ерте үзілді , он жылдай өмірі абақтыда , лагерьде , қиғын- сүргіңде, азап-қорлыққа өтті. 3.Мағжанның Алтын хакім Абайға деген өлеңі, шумақ , 24 тармақтан тұрады , 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Салған жерден жас талапкер ақын Абайды қарадан хан шыққан хакім , оның сөзі мың жылды да дәмі кетпес деп бағалайды, Абай өлеңдеріндегі кейбір оралымдарды құбылта пайдаланады, тыныш ұйықта қабіріңде , уайым жеме , қор болды қайран сөзім босқа деме деген жолдардың төркіні белгілі , ұлы ақын сөзі мәңгі жасайтынына ерекше сенім бар.Ұлы абайдың поэтик. мектебінің тағылымдарының ізі Мағжан жырларында сайрап жаиып. Қазақ өлеңіне Абай әкелген жаңа өлшем , үлгілерді , соны образдарды , сөз тіркестерін Мағжан кеңінен қолданады. Ең терең жақындық-ақындық , көркемдік мұраттардыңтуыстығында.
4. Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Мағжан Жұмабаевтың талант ретіндегі тағдырын байыптап байқаңдар.Оның өміріне,өскен ортасына шолу жасаңдар.
2."Мағжан  ұлт ақыны" дегені қалай түсінесің
3."Мағжан Жұмабаевтың ақындық шеберлігі" деген тақырыпта шығарма жазыңдар. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
Аймауытов Ж. "Мағжанның ақындығы туралы" Бес томдық шығармалары. 5 том.Алматы,1999
Елеукенов Ш.  Мағжан.Алматы,1998.

Дәріс № 9
Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Студенттерге Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет беру. Қ. Кемеңгерұлының шығармашылығын талдату.
Жоспар:
1. Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен қызмет жолы
2. Қошке Кемеңгерұлының шығармашылығы
1. К.Кемеңгерұлының өмірі мен қызмет жолы. Қошмұхамбет(Қошке) Дүйсебайұлы (15.07.1896) бұрыңғы Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысы, Қаражас ауылында дүниеге келген. Қ. Кемеңгерұлы - алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Әкесі Дүйсебай жастай қажыға барып, оқу-ағарту ісіне ықыласты болған. Қошке алғаш Белгібай молдадан білім алып, мұсылманша сауат ашқан. Мұнан соң Омбыда шіркеу мектебінде, ветеринарлық-фельдшерлік мектепте оқиды. 1913-жылы Омбы ауыл-шаруашылық училишесіне оқуға түседі. Осында жүріп қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы - "Бірлікке"(1914-1918) мүше болып кіреді. Оның үні "Балапан" қолжазба журналының редакторы болады. 1917-жылы сәуірде Омбыдағы Ақмола облысының қазақ атқару комитетінің тапсырмасымен Д. Әділов екеуі Ақмолаға келеді. Мұнда С, Сейфуллинмен бірлесіп Қазақ комитетінің "Жас қазақ" ұйымын құруға ат салысады. Қошке Кемеңгерұлы "Жас азамат" газетінің редакторы болып сайланады. 1918-жылдың аяғында ауылшаруашылық училищесін бітіріп, 1919 жылы Ақмола облыстық халық ағарту бөлімінің саны аз ұлттар жөніндегі бөлімшесіне нұсқаушы болып қызметке кіреді. 1919 жылы Омбы политехника институтына оқуға түседі.  Мұнда ол көп оқымай, 1920 жылы Петропавлда мұғалімдер курсында сабақ береді. Осы жылы желтоқсанда Сібір ауыл шаруашылығы және өндіріс институтының ветеринария факультетінің медицина бөліміне оқуға түседі. Облыстық "Бостандық туы" газетіне тілші болады. Медицина бөлімінің курсын бітірген соң Орта азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысады. Ташкентте Қошке "Ақ жол"  газетінде, "Сана" журналында қызмет етеді. Сонымен бірге Орта Азия университетінде, Түркістан әскери училищесінде қазақ тілінен сабақ береді. 1930жылы ОАМУ-дің аспиранты болып жүрген жерінен, М.Әуезовпен бірге репрессияның ұлт қайраткерлеріне бағытталған алғашқы толқынында тұтқындалады. Екі жыл Алматы абақтысында отырады. 1932 жылы НКВД-ң арнайы саяси тұтқындарды ұстайтын жері - Украинаның Валуйкиіне жер аударылады. Бұлан 1935 жылы босанып, Омбының Шарбақкөлінде аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет істеді. 1937-жылы 7-тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылды. Ал 1957 жылы ақталған.
2. Қошке Кемеңгерұлының шығармашылығы.  Ғұмырының Ташкент кезеңі Кошке Кемеңгерұлының шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда басталған "Қазақ тарихынан" зерттеуін аяқтап, Мәскеудегі "Күншығыс" баспасына тапсырады. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің "Бұрыңғы езілген ұлттар" атты ғылыми еңбегі мен "Қазақша-орысша тілмашы" жарық көрді. Сөздікті түзуге Қошке Кемеңгерұлының жетекшілігімен Байғасқаұлы, Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Темірбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп, 2 кәтаптан тұратын қазақ тілінен "Жабропалықтар үшін оқу құралын" жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды. 
	Қошке қаламынан оның өмірінің Ташкент жылдарында "Отаршылдық ұсқындары", "Қанды толқын", "Момынтай", "Ерлік жүректе", "Қазақ әйелдері", "Жетім қыз", "Дүрия", "Назиха" тәрізді тумысы ерекше туындылар туды.
	1925 жылы Қазақстан астанасы Ақмешітке көшті де, шойын жолдың бойындағы бұл қазақы елді мекен Қызылорда деген жаңа атау алды. Осында 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік ұлт театры Қошке Кемеңгерұлының "Алтын сақина" пьесасымен шымылдығын ашты. 
	Қошке Кемеңгерұлы Ташкентте шебер журналист ретінде де қабілет-қарымын аңғартқан.  Ол Омбыдан келісімен "Ақ жол" газетінде жұмыс жасады, сондай-ақ ғылыми-танымдық "Сана" журналының бірер санына редакторлық еткен.
Талдау сұрақтары:
1. Қошке Кемеңгерұлының қмірі жайында не айтасыңдар?
2. Қошкенің қызмет жолын айтыңдар?
3. Қошке қандай мерзімді басылымдарда қызмет еткен?
4. Қошкенің қандай ғылыми-танымдық мақалалары бар?
5. Қошкеге саясаткер ретінде баға беріңдер. 
 Ұсынылған әдебиеттер:
 1.Дәдебаев Ж. "Қазіргі қазақ әдебиеті" . Алматы,2002
2. Дербісалин Ә. "Дәстүр мен жалғастық". Алматы, 1976
3. Кәрібаева Б. "Қазәргә қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары". Алматы, 2001
4.Кенжебаев Б. "Шындық пен шеберлік". Алматы, 1986
5. Д. Қамзабекұлы "Смағұл Садуақасұлы"
6. Шәріпов Ә. "Қазіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары"
7. Қошке Кемеңгерұлының шығармаларының екі томдық жинағы 



Дәріс №10
Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Студенттерді Халел Досмұхамедұлының өмір және шығармашылығымен таныстыру. Ғылыми еңбектерін оқыту және талдату.
Жоспар:
1. Халел Досмұхамедұлының мақалаларының маңызы
2. Халел Досмұхамедұлының әдеби еңбектері
	  Саяси күрескер, жалынды жаршы-публицист, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және белгілі бір мамандықтың, соны саланың бастау көзінде тұрып, әзашар болу - халқымыздың осы үркердей шоқжұлдыздарының несібесі.Осындай алып, нар тұлғалардың бірі - Халел Досмұхамедұлы. Халел Досмұхамедов (1883-1939)  --  Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Руы - беріш. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. 1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған бо - лысы, (қазіргі Атырау облысы Қы - зылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге кел - ген.Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.Сосын Сән-Питербор императорлық әскери-медицина академия - сына латын тілінен қосымша емтихан тап - сырып түскен.Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалып - тасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті <<Фикр>> (Пікір), <<Уральский листок>> газеттеріне ма - қа - лалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық пар - тиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереев - тер - мен бірге сайланды.1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.
	1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Им - ператорлық қола медальмен марапатталды.1913-18 жылдары <<Қазақ>> газетінде <<Тамыр дәрі хақында>>, <<Сары кезік  --  сүзек>>, <<Жұқ - палы ауру хақында>> сынды кәсіби, әлеу - мет - тік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. <<Как бороться с чумой среди киргизского народа>> (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қам - тыған еңбек болды.Ресейдегі Ақпан төң - керісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге <<Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері>> атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді.Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсыл - мандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналы - сына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
	1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі  --  Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер  --  халық мили - циясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғыр - ланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
	1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым  --  <<Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін>> жария - лауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған <<Алашорданың батыс бөлімшесі>> деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйым - дас - тырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, <<Еркін қазақ>> газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.1920 жылы 21 тамызда Түркістан рес - публикасы халық ағарту комиссариаты жаны - нан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссия - сының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емхана - сында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті. 
	Ол <<Табиғаттану>>, <<Жануарлар>>, <<Адамның тән тірлігі>> (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), <<Оқушы - лардың денсаулығын сақтау>>, <<Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер>>, <<Сүйектілер туралы>> т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі  --  сингармонизм заңын зерттеді, <<Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы>>, <<Шернияз шешен>>, <<Алаш не сөз>>, <<Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана>>, <<Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі>>, <<Диуани лұғат ат-түрік>>, <<Кенесарының соңғы күндері>>, <<Қазақ әдебие - тінің тарихы>> сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. <<Мұрат ақын сөзі>>, <<Исатай  --  Махамбет>>, <<Аламан>> жинақтарын шығарды. Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған <<Шолпан>>, <<Ақ жол>>, <<Еңбекші қазақ>>, <<Сәуле>> сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан <<Сана>> журналын шығарып, өзі соның редакторы болған. 1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілре - сей - лік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съез - деріне қатысты.Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөнін -  - дегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика инсти - тутының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлі - мінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды. Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды ем - деу-сақтандыру амбулаториясы мең - герушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
	Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кен - тінде оған ескерткіш қойылған. Атырау уни - верситетіне, Алматы және Атырау қалаларын - дағы бір-бір көшеге есімі берілген. 
Талқылау сұрақтары:
1. Халел Досмұхамедұлының өмірі жайында не айтасыздар?
2. Халел Досмұхамедұлының әдеби еңбектеріне қандай баға беруге болады?
3. Халел Досмұхамедұлының саяси тақырыпта жазылған мақалалалары?
4. Халел Досмұхамедұлының ғылыми мақалалары?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Досмұхамедұлы Х. "Таңдамалы еңбектері". Астана, 2008
2. Тұрсын Жұртбай. "Халел Досмұхамедов"
3.Дәдебаев Ж. "Қазіргі қазақ әдебиеті" . Алматы,2002
4. Дербісалин Ә. "Дәстүр мен жалғастық". Алматы, 1976
5. Кәрібаева Б. "Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары". Алматы, 2001
6.Кенжебаев Б. "Шындық пен шеберлік". Алматы, 1986
7. Шәріпов Ә. "Қазіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары"
8. "20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті"
	



Дәріс  №11
Тақырыбы:  Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы.
Мақсаты: Қазақ әдебиеттанудың алдында тұрған Сәкен Сейфуллин мұрасына көз салу. Сәкен Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларындағы көрнекті еңбектерімен таныстыру.
Жоспары : 
* Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиеттануына қосқан еңбегі.
* Сәкен Сейфуллиннің мақалалары.
Сәкен Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. <<Жұбату>> әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. <<Жемістер, <<Біздің тұрмыс>>, <<Сол жылдарда>> туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін <<Тар жол, тайғак, кешу>> атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен <<Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары>>, <<Батырлар>>, <<Ақан сері - Ақтоқты>>, <<Ләйлі - Мәжнүннің>> қазақша аудармасы жарық көрді. <<Қазақ әдебиеті>> кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зерттеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қаламгерлер М.Қаратаев., К,Бекхожин, Ж.Саин, тағы басқалары С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
	Сәкен қазақ тілін кеңсеге, яғни мемлекеттік мекемеге енгізбей елде тұтастық болмайтынын, көсегеміздің көгермейтінін айтып, тікелей іске кіріседі. Қазақ тілінің беделін көтермей, қазақтың беделі көтерілмейтінін уағыздай бастайды. 1923 жылы 9 маусымда "Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек" деген мақаласын жариялайды. Жалпы тіл мүддесін қорғайтын 9 мақала жазған екен. Өзі басқарып отырған "Еңбекші қазақ" газетін тиімді пайдаланды. Сәкеннің ыждаһаттылығының арқасында 1923 жылдың 22 қарашасында Орталық Атқару Комитеті декрет қабылдаған. Сол бойынша кеңсе істері 1924 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақ тілінде жүргізілетін болған.
Қорытынды сұрақтары:
1.Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиеттану саласында алатын орны қандай?
2. Сәкен Сейфуллин тарихи-мемуарлық романында нені көрсетеді?
3. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбектері жайлы тоқта.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
* Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті А., 2002
* Базарбаев М. Әдебиет және дәуір А., 1986
* Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры А., 1962



Дәріс № 12

Тақырыбы: Ілияс Жансүгіров
Жоспраы:
 І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.2.Жансүгіровтың <<Күйші>> поэмасы.3.Сұрақтар мен тапсырмаларІ.Жансүгіров 1894жылы Алматы облысы,Ақсу ауданында дүниеге келген.Анасынан тым ерте айрылған Ілиясты әкесі Жансүгір жетімсіретпей, мінезді,ұстамды етіп тәрбиелейді.Ең алғаш сауатын ауылдағы татар үлгісіндегі Қарағаш мектебінде ашады.
Жиырмасыншы жылдар Ілиястыңөсуінің шешуші кезеңі.ақын Алматы ,ташкент  қалаларында оқиды,Мәскеуде журналистер институтын  бітіреді.осыдан кейін ақын қоғамдық әдеби жұмыстарға белсене араласады.Ағарту жүйесінде,газетжурнал,баспа,жазушылар одағыныңбел ортасында жүреді. Көптеген мақала,фельетон өлең жазады.  1928  жылы  <<Сағанақ>> атты тұңғыш жыр жинағы жарық көреді. Оның әдеби мұрасынбірін бірі толықтырып тұрған үш салаға бөлуге болады:өнер,өнер адамы жайлы жыр,поэма ; тарих керуені туған дала туралы дастан <<Дала>>,заманына арналған.Өмірі туралы, жаңғырған совет адамдарының қажымас еңбегі туралы <<Жолдастар>> романы да (1935) осындай көтеріңкі рухта жазылған туынды.
2. Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы.	
Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды. Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін: Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы Қазақта қобызшының қалғаны сол, Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, - деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз: Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан Боздатып "бозінгенді" күңіренткен. Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз. Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі "Күйші" поэмасын жазды. 
3.Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Ақынның өмірі меналғашқы туындыларын оқып,танысыңдар.
2."Күйші" негізгі идеялық көркемдік мазмұнын түсіндіріңдер.
3. "Ілияс Жансүгіров қазақ өнерінің жыршысы" атты тақырыпта шығарма жазыңдар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Алматы 1965
2.Қаратаев М. "Қазақ поэзиясының құлагері" Таңдамалы шығармалар 1-том.Алматы,1974
3.Нұрғалиев Р.Қазақтың ревалюциялық поэзиясы.Алматы,"1987


Дәріс  №13
Тақырыбы:  Құдайберген  Жұбановтың  өмірі мен шығармашылығы.
 
Жоспары : 
* Құдайберген  Жұбановтың  әдебиеттану саласындағы мақалалары.
* Құдайберген  Жұбановтың  <<Абайтануға>> қосқан үлесі.
Құдай - бер - ген Жұбанов  (19.12.1899, Ақтөбе об - лы - сы, Темір ауд.  -  25.2. 1938)  -  тіл білімі са - ласын - дағы алғашқы қазақ про - фес - со - ры (1932), түркіта - нушы, пе - дагог.
Құдайберген  Жұба - нов тіл білімі мәсе - лелерімен 1920 жыл - дан бас - тап шұғыл - да - на бас - та - ды. Ол қазақ мек - тептері мен жоғары оқу орын - да - ры үшін қазақ тілін оқыту бағдар - ла - мала - рын жа - сап, оқулықтар мен әдісте - мелік құрал - дар жаз - ды.  <<Ауыл мұғалімі>> (қазіргі <<Қазақстан мек - тебі>>) жур - на - лын - да мұғалімдер - ге ар - нап қазақ тілін оқыту әдісте - месі ту - ралы, кітап - ты қалай пай - да - лану, оқулықтағы ма - тери - ал - дарды оқушы - ларға қалай нәти - желі игер - ту мәсе - лелерін көтеріп отыр - ды. Осы жур - налда <<Жаңа грам - ма - тика - ның жақсы - лықта - ры>>, <<Шы - ла - улар>>, <<Қос сөздер>>, <<Біріккен сөздер>>, <<Әдіс, бағдар - ла - ма мәсе - лелері>>, т. б. мақала - ларын жа - ри - яла - ды. Жұба - нов қазақ әде - би тілі мен му - зыка - лық өнері ту - ралы да ке - лелі пікірлер ай - тты.
 Абайтану ілімінің қазақ әдебиетінің дамуында үлкен орны бар. Ал осы ілімнің негізгі басында Құдайберген Жұбанов тұр. Абайтану ілімі 30-жылдары қалыптаса бастады. Сол уақытта Мұхтар Әуезов Абайдың таңдамалы шығармаларын жарыққа шығарды. Ал оның алдында Абайдың ғылыми негіздегі өмірбаянын жазды. Сол кезде Абайға қатысты әр түрлі пікірлер айтылғаны мәлім. Осы бағыттағы жұмыста Құдайберген Жұбановтың еңбегі зор. Өйткені ол 1934 жылы <<Абай  --  қазақ әдебиетінің классигі>> деген көлемді мақала жариялады. Ал оған дейін Абай туралы ғылыми негізді мақала болған жоқ.  Әрине, әр түрлі пікірлер айтылып жүргенімен, шын мәнінде  мақала жоқ еді. Ол кісі негізі кітапша шығарам деген ойда болған секілді. Өйткені мақала 25 беттен тұрады, әрі жалғасы бар делінген. Бірақ, өкінішке орай, біздің қолымызда жалғасы жоқ. Мақаланың бағытына қарағанда Құдайберген Жұбановтың қазақ әдебиетіне қатысы қандай деген сұрақ ойландырады. Өйткені Құдайберген Жұбанов жас кезінен әдебиетке ықыласты болған әрі бүркеншік аттармен түрлі мақалалар жариялап, өлеңдер жазған. Бірақ ол тіл біліміне бейім болды да сол ғылымға ауысып кетті. Егер, шын мәнінде әдебиетті зерделесе де, мықты әдебиетші шығатыны анық еді. Себебі ғалымның әлгі мақаласында өз ойын жеткізу шеберлігі өте керемет, таң қалдырады. Бұл мақалада ол  екі мәселені қарастырады. Бірі  --  Абай шығармашылығында  Шығыс, шағатай әдебиетінің әсері болса, екіншісі  --  халық әдебиетіне қатысты. Өйткені ол уақыт Абайды Шығыс, шағатай әдебиетінен үлгі алды деген әңгімені көп айтуға болмайтын қиын заман болатын. Ал Құдайберген Жұбанов сол кезде-ақ Абайдың Шығысқа қатысы бар деген пікірін ашық білдірді. Ақынның алғашқы өлеңдерін айта келіп, Абайдың шағатай әдебиетімен байланысы оның шығармашылығының алғашқы кезеңінде бар екенін айтты.

Қорытынды сұрақтары:
1. Құдайберген  Жұбановтың  қазақ әдебиеттану саласында алатын орны қандай?
2. Публицистика саласындағы еңбектері жайлы тоқта.
3. Құдайберген Жұбановтың Абайтануға қосқан үлесі қандай?


Дәріс №14. Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
 
 
Дәріс жоспары:
* --------------------------------------------------------------------------------
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
* --------------------------------------------------------------------------------
Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалалары
* --------------------------------------------------------------------------------
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдігі

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 -- 1931)  --  ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін <<Шаһкәрім>> деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
<<Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі>> атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын <<Үш анық>>, <<Мұсылсандық шарты>> атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы <<Жолсыз жаза>>, <<Қалқаман  --  Мамыр>>, <<Ләйлі  --  Мәжнүн>> т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен <<Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек>>, <<Жастық туралы>>, <<Анадан алғаш туғанымда>> сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған. 
Шәкәрім Құдайбердіұлының <<Білімділерге бес сауал>>, <<Би Һәм билік туралы>>, <<Қазақша ай аты жоқ>>, <<Семей облысына қараған барша қазақ ағайындарына ашық хат>>, <<Сөз таласы>>, <<Қазақтың ескі жолының бірі  -  енші>>, <<Жазу мәселесі>>, <<Земство туралы>>, <<Қазақ балаларының оқу орыс тілінде қойылған мектептерге қашуы неліктен?>>, <<Үш анық>>, <<Екі жолдың түбі қайдан шыққан>> және тағы басқа мақалалары бар. 
Жаратушыны, алланы, тәңiрдi сүю арқылы рухани тазаруға жетуді уағыздау  -  Шәкәрiм поэзиясының негізгі өзегі. Осыны жеткізудегі ақын қаламынан туған тың сөз суреттері мен ой образдары оның поэтикалық ерекшелігін айқындайды.
Шәкәрім мұрасының құндылығы  -  оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, барлық діндердің мәнін дұрыс бағалай отырып, қазақ жұртшылығы үшін мұсылмандық жол құран ілімі дейтін тұжырымды ұстанған. Сол арқылы <<Жар>>, <<Жаратушы>> ұғымдарын жаңғыртып, оны бүкіл дүние тіршіліктің түп негізі етіп көрсетуге дейін көркемдеген. Ақын поэтикасына әсер еткен орыс әдебиетінің игі әсері Пушкин шығармашылығын аударып жалпы адами құндылықтарды бағалаудағы ортақ ойларының үйлесім тапқандығынан көрінеді. Ақынның көлемді эпикалық туындыларындағы тың ізденістер мен өзгеше өрнектер көркемдік амал-тәсілдер ақынның әртүрлі поэзиялық жанрлардағы көркемдік ізденістерін айғақтайды. Шәкәрім поэтикасы  -  сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала. Оның сырларына үңіліп, философиялық, психологиялық, тарихи себептерін ашу әлі талайіргелі зерттеулерге негіз болары анық.


Бақылау сұрақтары:
* <<Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі>> атты тұңғыш кітабы қай жылы жарық көрді?
* Шәкәрім Құдайбердіұлының қандай мақалалары бар?
* Шәкәрім мұрасының құндылығы жөнінде не айталасыздар?



Дәріс - 15 . Тақырыбы: Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы

 
 
Дәріс жоспары:
* --------------------------------------------------------------------------------
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы
* --------------------------------------------------------------------------------
Мұхтар Әуезов  алғашқы мақалалары
* --------------------------------------------------------------------------------
Мұхтар Әуезов  - әдебиеттанушы

Мұхтар Омарханұлы  Әуезов   -  Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
1997 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрілі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам. Шежірешілер мен шежірелер Әуезовтар әулетінің Қожа Ахмед Йассауидің туған шөбересі Шейх Бақшайым қожамен туысқандық сабақтастығын растайды, ол XIII гасырда Таяу Шығыста тұрған.
Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде <<Дауыл>> атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының <<Жолсыз жаза>> дастанының негізінде <<Еңлік  -  Кебек>> пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
М.Әуезовтың алғашқы әңгімелеріне <<Дауыл>>, <<Қорғансыздың күні>> (1921), <<Оқыған азамат>> (1922), <<Қыр суреттері>> (1922-23), <<Қыр әңгімелері>> (1923), <<Үйлену>> (1923), <<Барымта>> (1925), <<Кінәмшіл бойжеткен>> (1925), <<Қаралы сұлу>> (1925), <<Жуандық>> (1926) және т.б. туындылары жатады. Автордың әңгімелері <<Шолпан>>, <<Сапа>>, <<Таң>>, <<Абай>>, <<Қазақ тілі>> газетінде жарияланады. <<Қорғансыздың күні>> жазушының ең алғаш жарияланған дүниесі бастапқыда <<Қызыл Қазақстан>> журналының 1921 жылғы наурыздағы нөмірінде жарық көрді, содан кейін ол <<Еңлік-Кебек>> сияқты 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып шықты.
М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бiрi болып әдебиет тарихына байланысты зерттеу еңбектер жазып, мол мұра қалдырған. Жазушы өз мақала, еңбектерiнде айтып өткенiндей, әдебиеттi тану, оның тарихын, осы күнге дейiн жүрiп өткен жолын, өсу кезеңдерiн, түрлi заңдылықтарын бiлуден басталады деп түсiнедi. 20-жылдары: "Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi" ("Шолпан" журналы, 1922-23ж.№ 2-3, 4-5). "Ыбырай Алтынсарыұлы" ("Шолпан" журналы, 1923 ж. №6-7-8, 173-196 б.). "Халық әдебиетi туралы" ("Жас қайрат" журналы, 1924 ж. №3-4, 15-19 б.). "Қобыланды батыр" ("Таң" журналы. 1925 ж. №1,119-126 б.:№2,115-118б.). "Әдебиет ескiлiгiн жинаушыларға" ("Қазақ тiлi" газетi, 1925 ж. 23-апрель) атты мақалалары мен "Әдебиет тарихы" (Қызыл-Орда, 1927 ж.) атты көлемдi зерттеу кiтабын жариялайды.
 "Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi" атты алғашқы мақалада автор қазақ ауыз әдебиетiне, оның ерекшелiгi мен маңыз-мәнiне қысқаша шолу жасап өтедi. Өйткенi жазушы: "Ескi әдебиеттiң түрiн бiлу, бетiн ұғу, ағымына түсiну бiздiң өзiмiз үшiн керек"  - дейдi. Яғни, бұл бiздiң бүгiнгi әдебиетiмiздiң жай-жапсарын терең танып, келешек бағыт-бетiн дұрыс белгiлеу үшiн өте қажет деп бiледi. М.Әуезов: "Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда, бiздiң ескi ауызша әдебиетiмiз бай өрнектi, түрлi, тарауы көп кестелi, қысқасын айтқанда, қазақтың даласы секiлдi кең, келешегi көрiктi үлкен, жалпы түрiк әдебиетiнiң iшiнде үлкен орын алатын әдебиет секiлдi көрiнедi... Себебi, әдебиетiмiзде өзге көп жұрттың ауызша әдебиетiнде жоқ нәрселер табылып отыр. Ауызша әдебиет бiр заманда тәртiптi жазба әдебиеттiң қызметiн атқарғандығы бiлiнiп отыр. Сол мiндетiн ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрiсiн кеңейтiп әкеткенiн көрiп отырмыз. Сол ескi сөздiң iшiнде ескi қазақ өмiрiнiң әрбiр дәуiрi, әрбiр мезгiлi және жеке-жеке суреттерi де айтылған"  --  деп жазады.
 "Халық әдебиетi" атты келесi мақаласында автор осы ой-пiкiрiн ары қарай өрбiтiп, қазақ халық әдебиетiнiң, яғни ауыз әдебиетiнiң осылайша өте жоғары сапалы болуы  --  әдебиетiмiздiң келешегi үшiн де жалпы халқымыздың "болашағы гүлдi, түбiнде iргелi ел болуына" негiзгi тұлға, себепшi деп түсiнедi. Сондықтан мақалада қазiр сол халық әдебиетiнiң үлгiлерiн ертерек қамдастырып, төгiлiп-шашылып, жоғалмай тұрғанда жинақтап, жүйелеп хатқа түсiрiп алу қажеттiгiн баса айтады. Бұл iсте, әсiресе, оқып жүрген шәкiрттердiң көп қолқабыс тигiзе алатынын жазушы өте дұрыс ескертедi.
 "Қобыланды батыр" атты мақалада М.Әуезов ауыз әдебиетiнiң халықтың азаматтық тарихымен байланысы жайлы өте қызықты, әрi ғылыми тұрғыдан құнды ой-пiкiрлер айтқан. Автор жалпы ауыз әдебиетi шығармаларының, соның iшiнде батырлар жырының да негiзiнен ел хиялынан, арманынан туатындығын, бiрақ солай бола тұра олардың өмiрлiк, тарихи белгiлi бiр негiзi болатындығын "бiзге тiптi анық қылып тарих бетiн ашып бередi десек те, сол ескi тарих көлемiнде болған iрi мезгiлдердiң барлығының да ұлы суретiн нобаймен, тұспалмен көрсететiндiгiн" атап айтады. Бұл шағын мақалаларда ауыз әдебиетi, әдебиет тарихының кейбiр мәселелерi, жеке өкiлдерi мен шығармалары жайлы қысқаша барлау, шолу түрiнде көрiнген алғашқы қадам жасалса, "Әдебиет тарихы" кiтабы жазушының сол ой-пiкiрлерiнiң жинақталып, жүйеленген тұңғыш тұлғалы зерттеу еңбектiң үлгiсi бола алған едi.

Бақылау сұрақтары:

* Мұхтар Әуезовтің алғашқы әңгімелеріне қай туындылары жатады?
* Мұхтар Әуезовтің қандай мақалалары бар?
* --------------------------------------------------------------------------------
Мұхтар Әуезов  - әдебиеттанушы

 	
Практикалық сабақтар , семинарлар Семинар № 1 
1.Әбу Насыр әл-Фарабидың <<Өлең өнерінің қағидалары туралы>> трактаты
2. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы ағартушылық кезең 

Семинар № 2 
* Әлихан Бөкейхан өмірі мен шығармашылығы
* Әлихан Бөкейханның қазақ романы туралы мақалалары 
 
Семинар № 3 
1. Смағұл Садуақасұлы -әдебиетші, көсемсөзші
2. Смағұл Садуақасұлының ғылыми мақалалары

Семинар № 4
1.Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері мен мысалдары
2.Ахмет Байтұрсынұлының мақалалары

Семинар № 5
1.Жүсіпбек Аймауытұлы  және абайтанудың алғашқы қадамдары
 2. Жүсіпбек Аймауытұлы   мақалалары мен аудармалары

Семинар № 6
1.Міржақып Дулатұлы   мақалалары
2. Міржақып Дулатұлы <<Оян, қазақ!>> идеясының маңызы     

Семинар № 7
1.Мағжан Жұмабайдың мақалалары
2.Мағжан Жұмабай   аудармалары
3.Мағжан Жұмабай   <<Педагогика>> еңбегінің маңызы  

 Семинар № 8
1.Қошке Кеменгерұлының мақалалары, аудармалары
2.Қошке Кеменгерұлының драмлық, лирикалық шығармалары
  
Семинар № 9
1.Халел Досмұхамедұлы мақалаларының маңызы
2.Халел Досмұхамедұлы әдеби еңбектері

 Семинар № 10
1.Сәкен Сейфуллиннің қазақ  әдебиеттануына қосқан еңбегі
 2.Сәкен Сейфуллин мақалалары 

Семинар № 11
1.Ілияс Жансүгіров аудармалары
2. Ілияс Жансүгіров мақалалары

Семинар № 12
1.Құдайберген Жұбанов әдебиеттану саласындағы мақалалары
2.Құдайберген Жұбановтың абайтануға қосқан үлесі

Семинар № 13
1.Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалалары
2.Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдігі 
 
Семинар № 14
1.Мұхтар Әуезов алғашқы мақалалары
2.Мұхтар Әуезов - әдебиеттанушы

Семинар № 15 
* Қазіргі абайтану және алаш қайраткерлері
* Қазіргі алаштану мәселелері
 
*  Бақылау жұмысы, курстық жұмыс
  № 1 
1.Әбу Насыр әл-Фарабидың <<Өлең өнерінің қағидалары туралы>> трактаты
2. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы ағартушылық кезең 

  № 2 
* Әлихан Бөкейхан өмірі мен шығармашылығы
* Әлихан Бөкейханның қазақ романы туралы мақалалары 
 
  № 3 
1. Смағұл Садуақасұлы -әдебиетші, көсемсөзші
2. Смағұл Садуақасұлының ғылыми мақалалары

  № 4
1.Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері мен мысалдары
2.Ахмет Байтұрсынұлының мақалалары

  № 5
1.Жүсіпбек Аймауытұлы  және абайтанудың алғашқы қадамдары
 2. Жүсіпбек Аймауытұлы   мақалалары мен аудармалары

  № 6
1.Міржақып Дулатұлы   мақалалары
2. Міржақып Дулатұлы <<Оян, қазақ!>> идеясының маңызы     

  № 7
1.Мағжан Жұмабайдың мақалалары
2.Мағжан Жұмабай   аудармалары
3.Мағжан Жұмабай   <<Педагогика>> еңбегінің маңызы  

  № 8
1.Қошке Кеменгерұлының мақалалары, аудармалары
2.Қошке Кеменгерұлының драмлық, лирикалық шығармалары
  
  № 9
1.Халел Досмұхамедұлы мақалаларының маңызы
2.Халел Досмұхамедұлы әдеби еңбектері

 Семинар № 10
1.Сәкен Сейфуллиннің қазақ  әдебиеттануына қосқан еңбегі
 2.Сәкен Сейфуллин мақалалары 

  № 11
1.Ілияс Жансүгіров аудармалары
2. Ілияс Жансүгіров мақалалары

  № 12
1.Құдайберген Жұбанов әдебиеттану саласындағы мақалалары
2.Құдайберген Жұбановтың абайтануға қосқан үлесі

 № 13
1.Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалалары
2.Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдігі 
 
  № 14
1.Мұхтар Әуезов алғашқы мақалалары
2.Мұхтар Әуезов - әдебиеттанушы

  № 15 
* Қазіргі абайтану және алаш қайраткерлері
* Қазіргі алаштану мәселелері
 
                                       
  16. Білім бақылауы.  Курс бойынша емтихан сұрақтары: 

Қазақ әдебиеттануының бастау көздері.
Әбу Насыр әл-Фараби 
Қазақ әдебиетінің ағартушылық кезеңі (Абай, Шоқан,Ыбырай)
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы қалыптасу кезеңі (1905-1930) 
Қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихы
Әдебиеттанудағы алғашқы мақалалар
Әлихан Бөкейхан өмірі мен шығармашылығы
Әлихан Бөкейханның әдеби мақалалары
Әлихан Бөкейхан - аудармашы
Смағұл Садуақасұлы -әдебиетші, көсемсөзші
Смағұл Садуақасұлының ғылыми мақалалары
Смағұл Садуақасұлы зерттеулерінің өзектілігі   
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері мен мысалдары
Ахмет Байтұрсынұлының мақалалары
Жүсіпбек Аймауытұлы  өмірі мен шығармашылығы  
Жүсіпбек Аймауытұлы  және абайтанудың алғашқы қадамдары
Жүсіпбек Аймауытұлы   мақалалары мен аудармалары
Жүсіпбек Аймауытұлының <<Психология>> еңбегінің ерекшелігі    
Міржақып Дулатұлы      өмірі мен шығармашылығы  
Міржақып Дулатұлы   мақалалары
Міржақып Дулатұлы <<Оян, қазақ!>> идеясының маңызы     
Мағжан Жұмабай   өмірі мен шығармашылығы  
Мағжан Жұмабайдың мақалалары
Мағжан Жұмабай   аудармалары
Мағжан Жұмабай   <<Педагогика>> еңбегінің маңызы  
Қошке Кеменгерұлы өмірі мен шығармашылығы
Қошке Кеменгерұлының мақалалары, аудармалары
Қошке Кеменгерұлының драмлық, лирикалық шығармалары
Халел Досмұхамедұлы өмірі мен шығармашылығы
Халел Досмұхамедұлы мақалаларының маңызы
Халел Досмұхамедұлы әдеби еңбектері
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы  
Сәкен Сейфуллиннің қазақ  әдебиеттануына қосқан еңбегі
Сәкен Сейфуллин мақалалары 
Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы
Ілияс Жансүгіров аудармалары
Ілияс Жансүгіров мақалалары
Құдайберген Жұбанов өмірі мен шығармашылығы
Құдайберген Жұбанов әдебиеттану саласындағы мақалалары
Құдайберген Жұбановтың абайтануға қосқан үлесі
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалалары
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдігі 
Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы
Мұхтар Әуезов алғашқы мақалалары
Мұхтар Әуезов - әдебиеттанушы




Пәндер