Файл қосу

Музыкалық білім берудің әдіснамасы пәннің оқу - әдістемелік құралы

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
              <<МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ>> КАФЕДРАСЫ
Құжат СМК 3 уровня
                                   ПОӘК
                                       
                                   ПОӘК
                              042-18.1.32/02-2013
                                   ПОӘК
<<Музыкалық білім берудің әдіснамасы>> пәннің  оқу-әдістемелік құралы
                                       
Редакция № 1  ______

    <<Музыкалық білім берудің әдіснамасы>> 
           ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
    5В010600 <<Музыкалық білім>> мамандығы үшін

           ПӘННІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

                           2013-2014 оқу жылы

                                   ПОӘК
                              042-18.1.32/02-2013
                        Ред. № 1  _______20__ ж.
                                  Бет  2__
                                       
                                Мазмұны:

                                       1
1 Глоссарий 
                                       
                                       2
2 Тәжірбиелік сабақтар
                                       
                                       3
3 Студенттің өздік жұмысы
                                       
                                   ПОӘК
                              042-18.1.32/02-2013
                        Ред. № 1  _______20__ ж.
                                  Бет  3_

1 ГЛОССАРИЙ 

* Әдіснама  -  ғылыми зерттеудің  жетекші принциптері, ғылыми талдау жасаудың талаптарын қанағаттандырушы құралдар қызыметін атқаратын теориялық білімдер жүйесін анықтайтын ғылым саласы, ғылымтану әдісі туралы ілім.
* Әдіснамалық талдау  -  зерттеудің және педагогикалық болмысты жаңартудың маңызды құралы.
* Музыкалық  -  педагогикалық білім беру әдіснамасы  -  болашақ мамандарды музыкант-педагогтың зерттеушілік іс-әрекетінің негіздерімен таныстыратын пән.
* Музыканы оқыту әдістемесі  -  болашақ музыка пәні мұғалімінің музыкалық білім беру процесінің әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән
* Музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамасы  -  музыкалық-педагогикалық, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің құрылу принциптері,формалары,амал-жолдары туралы білімдер; сол білімдерді алуға және олардың тиімділігіне ғылыми негіздеме беруге бағытталған іс-әрекеттер жүйесі
* Ғылыми проблемаларды қарастыру- ең бастыны ұсақ-түйектен ажыратып алуға, зерттеу пәні жөнінде және бұған дейінгі белгісіздікті анықтау
* Зерттеу пәні- зерттеу объектісінің шекарасында жүзеге асырылатын педагогикалық ықпал етудің аспектілеріне, педагогикалық шарттарға,педагогикалық процестің компоненттеріне немесе тәрбиешілер мен тәрбиеленушінің түрлі қарым-қатынастарына байланысты. 
  + Зерттеу мақсаты- зерттеу пәнін есепке алу негізінде анықталады
* Зерттеу міндеті  - зерттеу пәні және практика талаптары, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайлары зерттеушінің мүмкіндіктеріне сай мақсаттардың нақтылануы
* Зерттеу объектісі  -  зерттелетін проблемалық ситуация тудырып отырған процесс немесе құбылыс.
* Сұрақ-жауап әдістері:
* Әңгіме-сұхбат  -  зерттеушінің тексеретін адаммен алдын-ала дайындаған бағдарламасы бойынша еркін диалог түрінде жүргізілетін әдіс.
* Интервью  -  зерттелетін мәселе бойынша зерттеуші тақырып ұсынып, оған деген пікір-көзқарасты,қандай баға беретінін білу үшін қолданатын әдіс.
* Анкета  -  арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтармен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы. 
* Талдау мен синтез -Талдау элементтерді заттар мен құбылыстарды бір- бірімен ажыратып қарастыру негізінде зерттеу. Синтез  - оған қарама  - қарсы процесс,яғни, зерттелетін обьектінің элементтері мен сапа- қасиеттерін біртұтастықта, жүйеде зерделеу
* Абстракциялау( дерексіздендіру)-заттар мен құбылыстардың мәнді сапа-қасиеттері мен  байланыстарын ойша ажыратуға негізделген таным нормасы.
* Талдап қорыту  -  көптеген  бірыңғай заттар мен  құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау.
* Жекелеп бөлу  - бір затты немесе құбылысты зерттеп талдау үшін зерттеушіге қажетін  бөліп  алу процесі.
* Индуктивті және дедуктивті әдістер - Индукция  -  білімнің  жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ілгеріленуі.
* Дедукция  -  білімнің жекеге қарай қозғалуы, салдардың алғы шарттардан шығарылуы.
* Ұқсастыру әдістері - заттар мен құбылыстардың сапа- қасиеттерін өзгелермен ұқсастығы негізінінде анықтауда қолданады.
* Модельдеу әдісі  -  заттар мен құбылыстардың, мүмкін жағдайдың теория жүзінде моделінің жасалуы.
* Модельдеу әдісі  -  зерттеу объектісін өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі.
* Болжау әдісі  -  зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің даму қозғалысын көрсету үшін қолданылатын әдіс.
* Математикалық және статистикалық әдіс  -  педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау мақсатында қолданылады.
* Болашақ педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны:
* музыкалық білім беру әдіснамасына қызығушылықпен қарау, оны тәжірибелік әрекетінде және мұғалімдік тұлға ретінде құндылығын түсіну;
* әдіснамалық білімінің кәсіби деңгейде қалыптасуы;
* ізденіс жұмысындағы әдіс - тәсілдерін меңгеру барысында тәжірибеде қолдана білуі және қолданған әдебиетті әдіснамалық тұрғыда талдай білуі.
* Педагогикадағы ізденіс жұмысы  -  бұл ғылыми әрекетінің нәтижесі мен процесі, қоғамдағы құндылық ретіндегі жаңа білімнің заңдылықтары, құрылысы, оқу-тәрбие механизмі, педагогика тарихы мен теориясы, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдісі, оның мазмұны, принципі, ұйымдастыру формасы және әдістемесі.
* Монографияда ғылыми-зерттеу нәтижесі өте анық және толық мазмұндалады. Монография авторлары көбінесе үлкен ғалымдар болып келеді, себебі олардың ғылыми тәжірибесі мол. Монография тақырыбының негізінде көптеген атаулы әдебиеттердің тізімімен толықтырылады. Әдебиеттер тізімі бір жағынан авторға өз ойының дұрыстығына көзін жеткізуге көмектессе, ал екінші жағынан бұл тізімдер автор көзқарасының әрі қарай дамуына үлкен жол ашады. 
* Мақалалар -  бұл арнайы шағын көлемді басылымдар (10-20 басылым парағы), мұнда әр автордың нақты бір сұрақтарды талқылау барысындағы көзқарастары және шектелген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мазмұндалады. Мақалалар педагогика мен психологияға арналған ғылыми журналдарда басылады, жарыққа шығады.
* Журнал бетіне жарияланатын мақалалар  -  бұл ғылымның қозғалысын, көкейтесті мәселелерін қадағалайтын ақпарат жүйесі, сондықтан күнделікті зерттеу, оқу үрдісінде ақпарат арқылы ғылымның қазіргі кездегі жағдайының қандай дәрежеде екенін білуге мүмкіндік береді.
* Диссертация  -  ол да монография сияқты ғылыми жұмыс, бірақ қолжазба ретінде баспадан шықпаған. Кандидаттық диссертацияны қорғаған соң, ғылым кандидаты атағы беріледі. Дәл солай докторлық диссертацияны қорғайды. Әрбір диссертацияға автореферат жазылады, онда қысқаша мазмұны келтіріп, баспадан басылып шығарылады.       
* Әдебиет көздерін зерттеп ізденуші көп ақпараттық мағлұматтармен танысады, бірақ бір адам да кең көлемдегі ақпаратты есіне сақтай алмайды. Сондықтан әрбір ізденуші көптеген әдістерді меңгеруі қажет, қажет кезінде оны тез табуы (цитата ретінде), не өзінің цитататасын белгілеу кезінде, оның мәтінін тырнақшамен белгілеуі, ал сілтеуде басылымның атын көрсетуі, одан үзіндіні келтіру үшін және қандай бетте, қай жерде ол басылым шыққанын көрсете алуы қажет.
* Аннотациялау  -  аннотация құрастыру. Аннотация деген жалпы және қысқа да нұсқа жұмыстың негізгі ойын жазу деген сөз. Аннотацияның көлемі әрқашан бір беттен аспайды. Аннотация өзіміздің ізденіс саласына керек пе, оны қолдануға бола ма, басқадай жағдайда керектігі бола ма?
* Дерекнамасын оқыған кезде, мазмұны туралы мағлұмат алу кезде қысқаша жазып отырған жөн (айқын сөздер, айтылған сөздер, қорытындылар және өз сөзімен жеткізген).
* Осындай қысқаша жазуды тезистеу дейді, ал жеке жазбаларды тезис дейді. Әрбір тезистің көлемі  бірнеше жолдар, жалпы барлық тезистер қайнар көзге байланысты.
* Ал тезистер ой-түйінімен байланыста болса, онда реферат болады. Бұл реферат жазу процесі, зерттеу жұмысының негізгі мазмұнының қысқаша жазуы. Автордың көзқарасы, пікірі, ойы, қатынасы байқалады. 
* Конспектілеу, оқыған қайнар көздің негізгі мазмұнын сақтай отыра жазу тәсілі. Бірақ та белсенді шығармашылық меңгеруі анық емес. 	Ал конспектілеу тәсілінің бірі  -  цитата. Дерекнаманыңмәтінін дәлдеп жазуы. 
* Анкета дегеніміз, ол сұрақ жазылған парақ, сынаушы сол сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сұрақтар әр түрлі болады, оған сынаушы  өз жауабын береді.
* Әңгіме  -  ауызша сөйлесу, қарапайым түрде бір немесе бірнеше адамдармен. Егер әңгіме  бір мақсатпен болса, онда сынаушы өз сұрақтарын алдын ала дайындап қоюы керек.
* Интервью  -  ол да әңгіме, бірақ бір ғана адаммен болатын әңгіме, сұрақты зерттеуші ғана қояды, ал екінші адам тек қана жауап береді, содан ол жауаптарды зерттейді.
* Тест  -  бір арнайы тапсырманы орындауға арналған. Әр тест тапсырмалары орындалып содан соң бір кітапшаға жинақталады. Тест сұрақтары 5 жауаптан тұрады, соның біреуі дұрыс.
* Пікір (рецензия)  -  бұл берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікір. Пікірді жазғанда келесі кезеңдерді қадағалау қажет: алынған тақырыптың өзектілігі; автор сол тақырыпты аша алды ма; жазған еңбегі жұмыс барысына сәйкес келе ме (әдістемелік нұсқау емес, ол мәселенің ізденісі; оқу құрал болса диссертация формада болмасын т.с.); терминологиялық аппаратты қолдана алды ма; қойылған мәселеде жаңашылдығы байқала ма; дәлелдеу тезистерінің деңгейі; материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы.Ал келесі кезеңдермен келіспеушілік болса, сол кезеңдерді жазып көрсету және дәлелдеу. Жұмыстағы жаңашылдық жаңа болмаса, онда нақты жұмыстарға сүйену. Пікір қорытындысының мазмұны жұмыстың түріне байланысты болады: баспаға ұсыну; диссертацияға пікір; кандидаттық зерттеу жұмысы.
* Ізденістің тақырыбы- Іденістің тақырыбын анықтау үшін, ізденістің нақты категориясын белгілеу, тақырыптың өзектілігі, мәселенің халыққа тиетін талабы, ғылыми әдебиетінде әлі де төселмеген, ЖОО мен мектептегі жағдайы
* Объект  -  ол музыкалық білім берудің өзі және музыкалық-педагогикалық іс-әрекеті болып табылады. Объект  -  ол оқушы, студент (субъект) емес, ол оқу-тәрбиелік үрдіс: теория мен әдістемесі, мазмұны мен принциптері, оқушы мен мұғалім әрекетінің әдісі мен пәні. Біріншіден, ізденістің пәні анықталады, ал ол нені ашады: ізденістің қандай қатынасы, ерекшелігі, зерттеу объектісінің бір аспектісі, педагогикалық бөлімінің болмысы, яғни зерттеу кезінде басқа бір педагогикалық саласының ғылымилығы, функциясының бары. 
* Тақырып, объект, пән - ізденіс жұмыста біртұтас балуы қажет.
* Шығармашылық іс-әрекет  -  мәселелі қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
* Оқушының шығармашылық деңгейі  -  оның мәселені қою мен оны шешудің жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру процесі шығармашылық ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, шығармашылық ойдың нәтижесі -  тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу.
* <<Шығармашылық қызығушылық>> ұғымының мазмұнын психологтар мен педагогтар төмендегідей сипаттайды:
* жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу, ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілеті (Ю.Н. Кулюткин); 
* тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы, бағыттылықтары    (А.М. Матюшкин);
* индивидтің шығармашылықпен  өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін қасиет (Л.В.Занков).
* Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.
* Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес, мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңға қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру идеяларын зерттеу және талдау негізінде маңызды бес бағытты бөліп көрсетеміз: философиялық-танымдық бағыт; дидактикалық-психологиялық бағыт; педагогикалық-әдістемелік бағыт; педагогикалық-инновациялық бағыт; акмеологиялық бағыт.
* Сонымен, психологиялық-педагогикалық және философиялық зерттеулерді талдау мынадай  тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
* Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы  -  сырқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады.
* Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы  -  бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы.
* Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына талаптанушылық, танымдық, реттеушілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарым-қатынас т.б. жатқызылады. Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
* Шығармашылық дағдыларын қалыптастыру -  субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір  жағынан  "өзіндік" процестердің "өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі  басқару, өзін-өзі  таныту" қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады.
* Оқу  -  танымдық іс - әрекет  -  бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.
* Оқу  -  танымдықіс  -  әрекетпедагогикалықпроцестің құрамдыбөлігі. Оқу  -  танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу  -  танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл  -  ой, ерік-күш жігерін, психикалық   процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
* Танымдық іс  -  әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі  -  оқушының үнемі <<жаңа дүниеге енумен>>, әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл  -  ойыныңдамып,жетілуінетүрткіболатын танымдықіс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс  -  тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді.
* Танымдық әрекет  -  шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл  -  ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
* Танымдық белсенділік  -  оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірбие жасау, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. өйткені өтілген материалды саналы қайталуда, жңаңдан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі ауызша жазбаша жұмыстарда, бақылау, тәжірбие жұмыстарында бір сөзбен айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.

2 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР

Тақырыбы:1,2,3. Пәннің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыттары, оның вуздық музыка-педагогикалық мұғалім дайындау жүйесінде алатын орны
Мақсаты: студенттердің кәсіби бағыттағы мақсатты әдіснамалық дайындығы, ойлау, түрлі көзқарастарды салыстыру, өзінің позициясын ғылыми тұрғыда дәлелдеу қабілеттерінің көрінісі болып табылады. 	Ең негізі, ол әдіснамалық мәдениетінің музыкалық білім беру педагогикасының тәжірибелік мәнін ашу, білім мен икемділігін қабылдауы мен қалыптасуы болып табылады.
Тапсырма: Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және 	педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті мен Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістерінің түрлері неде?
Әдістемелік нұсқау: Әрбір педагог - музыканттың өз жұмысында кәсіби жетілдіру деңгейінде неге үйрену керек: өздік жұмысының ізденуін, кәсіби әрекетінің талдауын, оқыту әдісінің нәтижелілігін, музыкалық білім беру мазмұнының нәтижесін қадағалау және өз ізденісінде принциптер мен бағыттылығын қалыптастыруы керек. Осындай іс-әрекет мазмұны әдіснамалық сипаты деп аталады. 	Сонда да музыкалық білім беру педагогикасының 	әдіснамалығы деген не? 	Оны ғылым ретінде қарастырайық:
* музыкалық  -  педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми  -  ізденісін құрастыру принциптерін, формаларын және тәсілдерін білу;
* білім алу жолын және тиімділігін ғылыми тұрғыда қарастыру, іс-әрекет жүйесін құрастыру;
* музыкалық - педагогикалық ізденісінің әдіснамалық сипатының маңыздылығын меңгеру;
* музыкалық - педагогикалық мәселені және теориялық маңызындағы ой-түйінін әдіснамалық талдау арқылы шешу;
* рецензия, баяндама жазуды ғылыми тұрғыда үйрену;
* музыкалық - педагогикалық саласында тәжірибе - эксперимент жасауын  меңгеру, жоспарлауын үйрену;
* музыкалық - педагогикалық ізденіс нәтижесінің алғашқы қадамының тұрақталуы;
* дипломдық жұмысын жазу барысында алған әдіснамалық дағдылары мен икемділігі арқылы орындау.
Болашақ педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны:
* музыкалық білім беру әдіснамасына қызығушылықпен қарау, оны тәжірибелік әрекетінде және мұғалімдік тұлға ретінде құндылығын түсіну;
* әдіснамалық білімінің кәсіби деңгейде қалыптасуы;
* ізденіс жұмысындағы әдіс - тәсілдерін меңгеру барысында тәжірибеде қолдана білуі және қолданған әдебиетті әдіснамалық тұрғыда талдай білуі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
* Апраксина О.А. О праве учителя  -  музыканта на эксперимент. Музыкальное воспитание в школе.  -  Вып. 13.  -  М., 1978.  -  С. 66-76.
* Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай <<Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті>>. 	Оқу 	құралы.   -  	Павлодар: Кереку, 2010. -   122 б.

Тақырыбы: 4,5,6. Әдіснама, музыкалық білім ұғымдараның мәні
Мақсаты: болашақ музыкан-педагогтарды қалай ғылыми ізденіспен айналысуы туралы деректерімізді музыкалық-педагогикалық ізденістің әдіснамалық сипаттамасының негізі, оның ішінде: (ізденістің мәселесі, тақырыбы, объектісі (нысаны)және пәні, мақсаты мен (міндеттері) талабы, гипотезасы (болжамы), ғылыми ізденістің ғылымилығы, теориялығы және тәжірибелік - эксперименттік жаңашылдығы, дипломдық жұмыстың рәсімдеуін түсіндіру
Тапсырма: Музыкалық-педагогикалық ізденістің әдіснамалық сипаттамасының негізі (Ізденістің мәселесі, тақырыбы, объектісі (нысаны)және пәні, мақсаты мен (міндеттері) талабы, гипотезасы (болжамы), әдіснамалық негізі, Ғылыми ізденістің ғылымилығы, теориялығы және тәжірибелік - эксперименттік жаңашылдығыДипломдық жұмыстың рәсімдеуі Библиографиялық хаттауы
Әдістемелік нұсқау: Алғашқы дәйектеме тақырыптың екі түйіні бар: бірінші  -  алынған мәселеге ғылыми тұрғыда сипаттама беру және оның аз зерттелген сұрақтарына анықтама; екіншіден  -  практика сұранысы, тақырыптың ғалымдар арасындағы байланыстың қанағаттанғысыздығы жөнінде.
Сипаттама келесі элементтерді қарастырады:
- ізденістің мәселесі; 
- ізденістің тақырыбы; 
- ізденістің объектісі және пәні;
- ізденістің мақсаты мен талабы, 
- ғылыми ізденістің гипотезасы 
- ізденістің әдіснамалық негізі;
- ізденістің ғылымилығы, теориялығы және тәжірибелік жаңашылдығы.
Барлық аталған кезеңдер логикалық байланыста болуы қажет. Тақырыпты дәйектеуі ізденіс жұмысының жоспар мазмұнын құрайды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
* Коган Г.М. Избранные статьи. Вып. 2.  -  М., 1972.  -  с.87-127.) 	2. Пример выпускной квалификационной работы будущего учителя музыки (кос-ша)
* Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай <<Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті>>. 	Оқу 	құралы.   -  	Павлодар: Кереку, 2010. -   122 б.

Тақырыбы:7,8,9,10. Музыыкалық білім беруде педагогиканың философиямен, психологиямен, музыкатумен және басқа ғылымдармен байланысы
Мақсаты: Педагог - музыканттың көзқарасының негізі көркем - педагогикалық процестің байланысы  -  музыкамен және оқушымен.  Сондықтан педагог - музыканттың өзінің кәсіби білімділігімен болып жатқан уақыт  -  заманына, уақиғаларға өз бағасын беру, талдауы және өз тұлғалық өмір көзқарасының ұстанымын білдіру, оның ішінде өнерде, педагогикада, қоршаған шындылықта және нақты музыкалық  -  педагогикалық практикада екенін ұғындыру
Тапсырма : 
Философия мен музыкалық білім беру педагогикасында көзқарас, идея, түсінік, мәселе бірдей маңызы бар ма?
* Өзіңнің көзқарасың музыкалық білім беру педагогикасына философияның әсерлеп, әсерлеу жасайды ма? 
* Музыкалық білім беру теориясы мен практикасына философиялық білімнің өзіңіздің және интерпретациялық үлгілерін  көрсетіңіздер?
*  <<Музыкалық интонация>> категориясында қандай айырмашылығы мен жалпылығы бар?
* Педагог - музыканттың практикалық қызметінде стиль мен жанр туралы музыкатанушылық білімін үлгі ретінде көрсетіңіз. 
* Музыкалық білім беру тарихындағы студенттердің ұстанымын салыстыру және сипаттау.
* Музыкалық  -  педагогикалық мәселе контекстілігіндегі психологияның негізгі саласын сипаттаңыз?
* Үлгі ретінде психология мен музыкалық білім беру педагогикасы байланыс механизмді көрсетіңіз?
* Психология мен музыкалық білім берудің жалпығылыми принциптері қалай шешіледі?
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Музыкант - педагог  -  музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық дамуында ізденушінің алдына арнайы мақсат қояды: мысалы, музыкалық - педагогикалық ізденістің жаңа әдісін табу, музыкалық - педагогикалық мәселені әдіснамалық ұстанымына қарап шешуі. Осы іс-әрекетінде музыкалық білім беру педагогикасында жаңадай білім алуы.
	Педагог  -  музыкант - өз әрекетінде практик, практика жүзінде әдіснамалық оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруы болып табылады. <<Әдіснамалық білімді>> жүзеге асыру ол педагог  -  музыканттың шығармашылығы. Сондықтан философия - эстетикалық категориялар теорияда қалыптасуымен қатар тәжірибеде де қалыптасады. Оның дәлелденуі Д.Б.Кабалевскийде бар, оның концепциясында (өмір мен өнердің байланысы, адамның әлемге көркем бейнесінің қатысы, сұлулықтың негізін өнер мен өмірлігінде). Қазіргі философтар өнер педагогикасын қарастырады, бүгінгі күннің шынына, философиялық білімді практика жүзінде қарастыруда. М.С.Коган: <<... мектеп өміріндегі өнердің рөлі мен орны қандай екенін корсетеді... Кейінгі кезде педагогтың, оқушының тұлғалық көзқарасы қандай. Музыкант - педагогтің көзқарасын негізгі сапалы түрде қарастыру, тұлғалық мінезінің қалыптасуы, адамгершілік және кәсіби мәдениеттілігі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
* Три принципа новой педагогики в музыкальном образовании (қос-ша).
* Теплов Б.М. Основные музыкальные способности (приложение  -  І, 16).
* Цыпин Г.М. Индивидуальность или личность? Феномен личностного в искусстве (қос-ша).
* Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай <<Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті>>. 	Оқу 	құралы.   -  	Павлодар: Кереку, 2010. -   122 б.

Тақырыбы:11,12,13,14,15. Музыкалық білім беруде педагогика мәселелерінің әдіснамалық талдауы
Мақсаты: <<Әдіснамалық талдау>> ұғымы жалпы әдіснамалық мәселелеріне байланысты барлық жұмыстарда кездеседі. Ал педагогика әдіснамасында талдау ізденіс жұмысында маңызды құрал ретінде қаралып, педагогикалық болмыстың жаңғыруы болып есептеледі.
Тапсырма:
 Музыкалық  -  педагогикалық мәселелерінің әдіснамалық талдауының негізін ашыңдар.
* Кәсіби рефлексияның маңызын және мазмұнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.
* Ізденіс жұмысының теориялық әдістің мазмұнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.
* Эмпириялық әдістің мазмұнын және орнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.
* Объективтік, субъективтік байланыс принципінің мазмұны мен қызметін әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.
* Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық - педагогикалық әрекетіндегі объективтік, субъективтік байланыс принципін әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.
* Кәсіби бағыт принципінің негізгі қызметін және мазмұнын көрсетіңіз.
* Философиялық, жалпы ғылымилығы мен жеке ғылымилық деңгейінің қызметі мен мазмұнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.
* Г.Г.Нейгаузаның музыкалық  -  педагогикалық әрекетін сипаттаңыз.
* Студенттік дипломдық жұмысын әдіснамалық талдауды қолдана сипаттаңыз. Студенттің педагогикалық ізденісінің жалпы логикасы және құрылымы.
* Студенттің ғылыми ізденісіндегі дайындық кезеңі.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарғы оқу орындарында болашақ мұғалімінің қалыптасуы үш кезеңде жүзеге асады:
* Болашақ музыка мұғалімінің кәсіби әрекетіндегі компонент кезеңдері бекітіледі: кәсіби сенімділігі, ғылыми негізінің білім процесінің қалыптасуы, оның педагогикадан, психологиядан, басқадай пәндер арқылы білімі, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру қабілеті т.б.
* Қызмет кезіндегі компоненттерінің қабылдауы: оның бірлігі, өзіндік педагогикалық жүйесінің қатынасы, үйірме жұмысында т.б. Осы кезді өзінің білімін жетілдіруі, қосуы, қабылдауы және оны оқыту мен тәрбие тәжірибесінде қолдана білуі.
* Тұтас тұлға музыка мұғалімінің іс әрекетінің жетілдіру кезеңі  -  ол деген, бітіру (дипломдық) жұмысының алдындағы практикадағы мұғалім, сынып жетекші қызметін атқаруы, музыка мұғалімнің тұлға ретінде шығармашылығының қалыптасуы.
Осы кезеңдерде студент мүмкіншілігі, ғылымитанымдылық білімі ізденіс жұмысының икемділігінде логикасы анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
* Искусство. Музыкознание, музыкальнгая психология и музыкальная педагогика: Хрестоматия (Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников.  -  Вып. 1. Ч.2.  -  М., 1991.
* Музыкальное образование в школе: Учебное пособие / Под ред. Л.В.Школяр.  -  М., 2001.
* Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия / Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников  -  Вып. 1.  -  Ч.1.  -  М., 1991.
* Целковников Б.М. Мировозрение педагога-музыканта: В поисках смысла. Исследование.  -  М., 1999.
* Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай <<Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті>>. 	Оқу 	құралы.   -  	Павлодар: Кереку, 2010. -   122 б.

3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Пәндер