Файл қосу
Құқықтық лекториялар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 дәрежелі СМЖ құжаты ПОӘҚ 042-20.10.1.38/03-2014 <<Мектепте құқықтық білім беру>> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені Баспа № 1 11.09.2014ж. <<МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ>> ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<5В011500>> - құқық және экономика негіздері мамандығына арналған Семей 2014 Кіріспе * ҚҰРАСТЫРҒАН Құрастырған Сабалакова А.У. _______<<____>> _________ 2014 ж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Құқықтану>> кафедрасының аға оқытушысы. * ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Құқықтану>> кафедрасының мәжілісінде. Хаттама № _____ <<____>> ____________ 2014ж. Кафедра меңгерушісі ___________Толепбергенова А.Е. 2.2. Экономика,құқық және гуманитарлық пәндер факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде Хаттама № _____ <<____>> ____________ 2014ж. Төраға ______________ Тойкин С.Х. * БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды Хаттама № _____ <<____>> ____________ 2014ж. ОӘК төрағасы, оқу - әдістемелік жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН * * * Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Курс жұмысы (жобасы) 5 Білімалушылардың өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік - экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың мүдделері қанағаттандырылады. Азамат-ол адам өз Отаның ұлы (немесе қызы) деген ұғым білдіреді.Басқаша мағынасында бұл ұғым адамның кез келген мемлекетпен емес,тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екндігін аңғартады. Әлеуметтік нормалар - қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп жолы Білім беру кеңістігі - білім алушылардың өз мақсаттарына жету үшін меңгеретін қоршаған ортасы. Оқушының білім алу процесінде қабылдайтын, әсерін тигізетін, қарым-қатынас жасайтын ортасы. Білім беру процесін технологияландыру - педагогикалық мақсатты, мазмұнды және процессуалды даму көзқарастарын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушы арасындағы реттелген әдістерден тұратын кешенді жүйе. Білім сапасын басқару - бағдарланған нәтиже сапасын қарқынды дамытуды қамтамасыз ететін, мемлекет пен қоғам талабына жауап бере алатын, оқушының білім алудағы сұранысын қанағаттандыра алатын мақсатты, барлық ресурстармен қамтамасыз етілген басқару мен басқарылушылар жүйесі аясындағылардың бірлесе жобалаған білім беру процесі. Гуманизм-демократиялық құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық.Ол құқықтың іргелі қағидатты ғана емес,сонымен бірге адамға бағытталған мемлекеттік аппараттың құқықтық жүйесі мен оның бүкіл қызметінің басшылыққа алатын бағдары Декларация-құқықтық құжат, ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау Демократиялық режим-мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін есептей отырып көпшілік шешімді қабылдау Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар - дарынды балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар. Жеке оқыту - әдіс-тәсілдері, оқыту қарқыны баланың жеке мүмкіндігіне, қабілетінің даму деңгейіне байланысты жүргізілетін оқыту түрі. Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) - оқушының меңгеруі үшін таңдап алынған, базистік оқу жоспары негізінде құрылатын оқу пәндерінің жиынтығы. Жеке оқу жоспарын құру кезінде бірнеше білім беру ұйымдарының пәнін (курсын) пайдалануға болады. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру - жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға ену процесі. Оның теориялық және тәжірибелік қызметтегі білім мен біліктілік дағдыларын қазіргі жағдайға байланысты қайта құру. Әлеуметтендіру жағдайында тұлғаның қоғамдық өмір мен қоғамдық қатынастағы тәжірибесін іс жүзінде жүзеге асыру процесі жүреді. Заң-ерекше жағдайда ,заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін,жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт. Заңдар-мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі,әрекет жасайтын заңдардың және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі Заңдылық - қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының жиынтығы. Конституция- мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы, оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрлымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым - қатынасының принциптерін бекітеді Қоғам - тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы,бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы. Құқық нормасы-жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп жолы. Құқық саласы-белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін , тәртіпке келтіретін заңды нормалардың жиынтығы Мемлекет-белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы,мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады. Мораль-адамдардың тәртібін, жақсылық ,әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптері Нормативтік акт-құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен қабылданады,ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Тәртіп-қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сай болуы Тұлға-нақты қоғамдық экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшелктердің жиынтығын білдіреді Тәрбие - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық). Тәрбиелік үдеріс - ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында .педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері. Тәрбие жұмысы - ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет Тәрбиелік орта - баланың жеке тұлғасын дамытуда педагогтың әдейі ұйымдастыруымен баламен бірлесе отырып, <<ортадан орта>> құру (Л.И Новикова). Тәрбиелік орта тәрбиеленушінің микробейімделуінің сапалық мінездемесі, қолайсыз жағдайларда, әлеуметте оның жәбірленуіне жол бермеуі, қоршаған әлеуметті ортадағы қолайсыз жағдайларды түзету мүмкіндігі арқылы қарастырылады. Технологиялық карта - жеке мақсат, міндет, формаларды және оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің әдістерін, оқушының әр кезеңдегі оқу материалын меңгеру деңгейін көрсететін, алынған нәтижені мөлшерлеп отыратын оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі. Ұйымдастыру құрылымы - белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылған әр текті әлеуметтік топтардың түрлі бағытта бірдей деңгейде ықпалдасуы. Үйлестіруші - оқушылардың пәндік оқыту бағдарламасын әзірлейтін маман. . 2 ДӘРІСТЕР 1-тақырып . <<Құқықтық білім беру>> пәніне кіріспе Жоспары: Мектепте құқықтық білім беру курсының мақсаты. Мектепте құқықтық білім беру курсының міндеттері. Мектепте құқықтық білім беру курсының мазмұны Негізгі түсініктер: құқытық білім, білім беру тұжырымдама, білім беру саласы. Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы арқылы дамуымызға жаңа серпіліс беретін басымдылықтарды айқындап берді. Сөйтіп, Республика өміріндегі өзгерістер білім беру саласына, соның ішіне мектеп оқушыларын жеке дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Әлемдік білім беру кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап етеді. Болашақ мұғалімдерді жан-жақты біліммен қаруландыруда құқықтық білімнің алатын орны ерекше. Мұғалімнің бойынан құқықтық және экономикалық білімді тұлғаның моделін табу үшін осы ұстаздар тәрбиелейтін оқытушыларға да үлкен жауапкершілік артылады. Құқықтық және экономикалық білімді игеру әрбір ұстаз , әрбір оқытушы үшін маңызды. Құқықтық білім саласының басқа мектеп пәндерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы орта білімдегі "Құқықтану негіздері","Экономикалық білім негіздері" пәндерінің маңызы құқықтық және экономикалық ғылымдардың қазіргі қоғамдағы демократиялық институттардың орнығу қарқынына әсерімен анықталады. Құқықтық білімдер орта жалпы білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың саяси-құқықтық пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, құқықтық дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді[2;19]. Пәннің негізгі мазмұны педагогикалық ғылымдарда қалыптасқан дидактикалық және әдістемелік ұстанымдардан анықталады. Сонымен қатар басқа пәндерде құқықтық, экономикалық білім берудің негізгі мазмұнын анықтауда ескермеуге болмайтын өзгешелік бар: - білім беру мазмұны қоғамның құқықтық даму рухына сәйкес болу ұстанымы; - қоғамда не болып жатқанын дамудың дәл қазіргі және оның болашақтағы жағдайларды ескермеу мүмкін емес. "Құқықтану негіздері", "Азаматтану" пәндерін оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды қоғамның саяси-құқықтық жүйесімен таныстыру, құқықтық және экономикалық білімдермен және құқықтық патриотын тәрбиелеу. "Құқықтану негіздері", " Азаматтану " пәндерін оқытудың негізгі міндеттері: * Құқықтық және экономикалық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықтық және экономикалық біліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету; * Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтанын және оның саяси-құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат балып өсуіне көмектесу; * Экономикалық теорияның ең маңызды білімдерімен қаруландыру, экономикалық мәдениет дағдыларын дарыту, экономикалық жағдайларда өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету; * Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; * Оқушының адам құқығы мен еркіндігін сыйлай білуге үйрету; * Оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдары еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру * Дүниежүзілік және ұлттық мәдениеттің жетістіктерін, халықтың салттарын, дәстүрлерін, моралін, жалпы адамзаттық құқықтық құндылықтарды және құқықтық жетілуге қажетті білімдерді жас ұрпақ өкілдеріне меңгерте отырып, оларды адамдармен өркениетті қатынас жасай білетін, салауатты азамат етіп тәрбиелеу. Сыныптармен жүйелі түрде іскерлік ойындарды жүргізу арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, құқықтық және экономикалық түсініктерін қалыптастырып, оны пайдалану мен қарым-қатынас жасауға үйрету. Оқытудың осы сатысында оқушы құқықтық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен жұмыс жасауына қажетті интеллектуалды даму, экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту, экономикалық шешімдер қабылдап, сұрақтарды талдау, қоғамда экономикалық процестер жөніндегі қатынастарға қатысу міндеті тұр. Құқықтық білім негіздерін анықтауда жалпы адамзаттық құндылықтар, білім беруді демократияландыру және ізгілендіру бастаушы ой болып табылады. Құқықтық білім саласы мынадай пәндермен пәнаралық байланыста болады: тіл, әдебиет, математика, география, тарих, қоғамтану, информатика,технология, т.б. Республикада көптеген мектептерде жаңашыл мұғалімдерге сүйене отырып, құқық пен экономиканы оқыту орта және бастауыш буындарда базистік оқу жоспарларының қосымша сағаттары есебінен жүргізілуде. Құқық мәні, мағынасы жайлы түсінік қалыптастырып, экономикадағы адамның рөлі, оның қажеттіліктері мен еңбегінің мәнін анықтау, құқық пен экономиканың негізгі мәселелерін шешу арқылы адамға тигізетін пайдасын оқып, біледі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси-құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу. Тауар мен қызмет көрсету өндірісіне қажетті қорларды, адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын түсініп, қорларға ұқыпты қарау қажеттілігін қалыптастыру мақсаты тұр. Экономикалық жүйелер ұғымымен танысып, нарықтың құрылымын танып, біліп үйренеді. Макро және микроэкономика ұғымдарының мағынасын ашып, кәсіпкерлік ұғымына анықтама береді. Ақша, бюджет, қаржы жүйесімен және олардың рөлімен танысады. Оқушылар қоғамдағы жалпы және ұлттық табыстың түрлерімен танысып, табыс көздерін ажырата білуге үйренеді[2;19]. Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі өмірдегі мәнін түсіне білуге баулу. Аталмыш ойды қорытындылай келе, Құқықтық білім беруде білім, тәрбие және ойларды қалыптастыру бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл жүйемен оқыту алдыңғы курстардағы білім мен біліктілікті тереңдетуге, басты құқықтық және экономикалық заңдылықтарды жаңа сапалық деңгейде қайталауға, оқушылардың жас деңгейіне байланысты құқықтық және экономикалық тапсырмаларды күрделенудіре беруге негізделген. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1.Құқықтық білім беруді маңыздылығы 2. Мектепте құқықтық білім берудің негізгі өзекті мәселелері Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 26 желтоқсан, 2003ж. 2.Құнапина Қ. "Құқық пәнін оқытуда қойылатын талаптар" // Қазақстан тарихы, №8, 2005. -12 б. 3. Ғазизова Н.С. "Оқушыларды құқықтық тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық негіздері" // Вестник СГПИ, №1(4), 2006.- 54 б. 2- тақырып. Құқықтық білім берудің қажеттілігі. Жоспары: Құқықтық мемлекет және құқықтық білім. Құқықтық білім берудің мақсаттары. Құқықтық білім берудің міндеттері. Негізгі түсініктер: жалпыға құқықтық білім беру, құқықтық мемлекет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана. Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны және оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары>>, - деп баян етілген. Заң және оның алдында азаматтардың теңдігі ең маңызды міндет етіп қойылатын құқықтық мемлекет жағдайында құқықтық мәдениет пен сауаттылықтың ролі артады. Республикада өтіп жатқан құқықтық реформалардан басқа құқықтық мемлекетті құрудың ерекше белгілерінің бірі болып тұрғындардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының жоғары деңгейі табылатын толыққанды азаматтық қоғамды қалыптастыруды қажет етеді. Жалпыға құқықтық білім беру әрбір азаматқа кәсіби және қоғамдық міндеттерін орындау үшін өз құқықтарын қорғай алуды үйрету үшін қажетті білім алуға бағытталған. Оның мақсаты - азаматтарға құқықтық тәрбие беру, құқықтық білімді насихаттау. Тәуелсіз, егеменді, демократиялық елімізде құқықтық мемлекет құрудың негізі мектеп табалдырығынан басталады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі азаматтық қоғамды құру үшін қоғам азаматтарының парасаттылық, әділеттілік қасиеттерімен қатар, санасы мен мәдениетін дамыту негізінде құқықтық тәрбие беру бірден бір өзекті мәселе болып табылады. Оқушы жастардың құқықтық тәртібін дамыту үшін олардың құқықтық сауатын ашқан дұрыс. Бүкіл әлемнің белгілі бір заңдылықтарымен өмір сүретінін қазіргі заман ғылымы жан-жақты дәлелдеп отырғаны мәлім. Соның ішінде бұл заңдылықтар жастарға құқықтық тәрбие беруде адамзаттың жан дүниесі мен рухани ішкі өмірін де қамтиды. Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет құру мақсатында азаматтық қоғамды жоғары дәрежеде дамыту, жастардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру құқықтық тәрбиенің әдіс-тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ал тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті мектеп табалдырығынан бастау алатын құқықтық тәрбие үдерісінің өтілу сапасына байланысты дамиды [2]. ҚР Президентінің <<Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам>> бағдарламалық құжатында <<Қазақстан құқығы>> инновациялық курсын енгізуді қарастыратын білім мен тәрбие берудің модернизациясын енгізу қажеттілігі атап көрсетілген. Мемлекет басшысы <<оқу орындарында <<Қазақстан құқығы>> сияқты пәннің болмауы құқықтық нигилизмге және жастардың сауатсыздығына>>, оның ішінде тұрғындардың барлығының сауатсыздығына әкеп соқтырады деп атап көрсетті. Қазақстандағы білім беру жүйесі ескірген әдістемелерге негізделген, оны тездетіп жаңарту қажет, дейді Нұрсұлтан Назарбаев. <<Мысалы, өте көкейкесті болып табылатын <<Қазақстан құқығы>> (оның болмауы жастардың құқықтық нигилизмі мен сауатсыздығына соқтырады), <<Өлкетану>> (туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды <<Акмеология>> сияқты пәндер қайда?>>, дейді елбасы. Оның ойынша, олардың болмауы салдарынан жастардың едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына, басқа да келеңсіздіктерге ұрындырады. Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың <<оңай олжасына>> айналады. Мұның бәрінің басты себебі - әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел азамат болуға шамасы жетпеушілік. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды.>>, - деп атап өтті президент. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбие саласының бірі - құқықтық тәрбие. Әрбір азамат өз мемлекетінің заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауды өз міндеті деп есептеуі тиіс. Ол сан қырлы күрделі процесс. Жастық шақта адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана-сезімі өседі, психикасы шыңдалып нығая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Жастарға құқықтық тәрбие беру - ол жастардың қоғамдық, саяси және мәдени жағынан өсіп-жетілуін, олардың санасында жоғары адамгершілік қағидаларының орнығуын, әлеуметтік белсенділігінің артуын және рухани жағынан бай, жан-жақты қалыптасуын көздейді. Құқықтық тәрбие жалпыға бірдей заңдылықты белгілі мақсатпен және принциппен жүргізуді көздейді. Оның заңдылықтары мен мәнін ұғыну үшін тек теорияға көңіл бөліп қана қоймай, оның саяси, еңбек, адамгершілік тәрбиемен бірлесе жүргізілуі қажеттіліктерін ескеру керек. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Бұл міндеттер оң шешімін табу үшін жеке адамның дамуы қалай өтетінін және қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білу қажет. Құқықтық білімнің жастардың санасын қалыптастырудағы орны ерекше. Сондықтан да олар құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Жастарға қатысты құқықтық бағдарлама, түрлі кездесулер, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, семинар- тренингтер, жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, көрсетуге болады. Балалардың бос уақытын ұтымды да пайдалы өткізуі үшін оларға жағдай жасалғаны жөн. Олар өздері қызығатын спорт секцияларына, әртүрлі курстарға қатысып, сауықтыру орындарында демала алады. Сонымен қатар кітапханаларда өз білімдерін жетілдіре отырып, ақпарат алудағы жаңа технологияның жетістіктерін пайдалана алады. Құқықтық білім, тәрбие беруде мектептің, отбасы мен қоғамдық ұйымдардың әсері мол. Ата-аналармен байланыс неғұрлым тиімді болуы үшін оның әртүрлі жолдарын қолдану қажет. Ол үшін мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жасауы тиіс. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Жастар қоғамның белсенді, ұтқыр бөлігі, жаңашылдықтың, ерекше және шығармашылық шешімдердің қайнар көзі. Сонымен қатар жастар реформаларды жалғастырушы, Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының кепілі ретінде қатысады. Халық арасында, әсіресе жастар арасында құқық пен құқықтық нормаларды қолдану ерекшеліктерін түсіндіру қоғам өмірінің барлық жақтарын реформалау жағдайындағы қажеттілік болып табылады. Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие, Қазақстан-2050 стратегиясы - Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы кезеңінде <<Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?>> деген сұрақтарға жауаптар алынды. Бүгінгі егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ, еліміздің мәртебесін асқақтатып, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамыту жастардың қолында. Жас буынға құқықтық тәрбие беру мәселесі - қазіргі қоғамның ең негізгі маңызды міндеттерінің бірі. Олай болса, әңгіме аяғын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен бітіргім келіп отыр: <<Біздің еліміз құқықтық мемлекетті орнықтырып дамытуды мақсат етіп отырған мемлекет. Сондықтан, жастардың құқықтық тәртібін, құқықтық сауатын, Ата Заңымызға деген құрметін арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеу керек>>. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Оқушыларға құқықтық білім берудің тиімді жолдары. * Құқықтық мәдениет дегеніміз не? Құқықтық мемлекеттің дамуының негізгі жолдары. Ұсынылатын әдебиеттер: * 1.1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2012. * 2.Д.Ж.Нукатаева. Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған авторефераты. Алматы, 2010. * 3. 2012 жылдың 9 шілдесіндегі ҚР Президентінің <<Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам>> бағдарламалық құжаты 3- тақырып. Мектепте құқықтық білім берудің тиімді формалары. Жоспары: Ролдік ойындар. Диспуттар. Пікір-талас. Миға шабуыл. Презентация. Интервью т.б. Негізгі түсініктер: ойын түрлері, тиімді әдістемелер, білімді жетілдіру жолдары. Мектепте құқықтық білім беруде қолданылатын әдістемелік нұсқаулар ұсынылады. Олар қарапайым және жиі пайдаланған сайын оңай және қызықты түрде іске асырыла түседі. Ойын сабақтарында мұғалімнің ролі бір шама төмендей түседі, бірақ соның өзінде оқушылардың белсенділіктерін арттыра түседі. Сабақ барысында сынып ішінде оқушылар бір бірін көріп отыру үшін сыныптағы парталарды шеңбер ретінде қою керек. Эвристикалық әңгіме (дәріс). Әңгіме мен дәріс оқу сабақтарында негізінен ақпараттық сипатта болғандықтан, адам құқығы сабағын оқытуда ақпарат беру осы формасыз мүмкін емес. Дәрісті әрине классикалық (дәстүрлі) түрде өткізуге болады. Бірақ дәрісті классикалық тұрғыда ғана емес, эвристикалық (проблемалық) әңгіме түрінде өткізетін болса, оның сапасы жоғары болады. Эвристикалық әңгіме барысында оқушы алған ақпаратты тек қабылдайғана қоймай, сонымен қоса өзіне белгісіз білімді (ақпаратты) ала отырып, өзіне белгілі бір қорытындылар жасайды. Эвристикалық әңгіменің негізгі орнында проблемалық ситуацияларды құру және олардың шешімін табу болады. Арнайы әдістер арқылы (проблемалық немесе ақпараттық сұрақтар қою арқылы, болжамдау арқылы) оқытушы оқушыларды бірлесіп ойлануға, жалпы бір шешімге келуге итермелейді. Рольдік ойын Құқықтық ойындар - құқықтық пәндер зерттейтін құбылыстарды анықтап, талдауға бағытталған ойындар. Құқықтық ойынды 2 - ге бөлуге болады: * тікелей ойын; * дисскусия (талқылау). Адам құқығы пәні бойынша ойындардың ерекшелігі - олар негізінен тек ақпаратты қабылдау ғана емес, сонымен қоса оның мәнін, мазмұнын түсіну, сезіну. Алған құқықтық білімдерін түсіну үшін, оқушылар адам құқығын өз бойларында сезіну керек. Себебі, егер оқушылар алған білімдері ішкі сенімдері, ойларына сәйкес келмесе, алған білімдері нәтежиесіз болуы мұмкін. Ойын түрлері 1. <<Имитациялық ойындар>>. Имитациялық ойын терминінің қолданылуы көрсетіліп отырған әдістің қазіргі сипаттамасының белгіленуімен байланысты. Бір жағынан, имитация өте кең алмастырылатын эксперимент өткізу барысында зерттеуге қажетті объектіні алмастырушы, макеттер және түрлі модельдерді жасау және оларды қолдану болса, екінші жағынан, қатысушылар белгілі бір рольдерді иеленіп, өздерінің рольдерінің мақсатына жету үшін, бір - бірімен қарым - қатынасқа түсетін бір неше ойын әдістері бар. Соңдықтанда, имитациялық ойын осы 2 бағытты да байланыстырады. Ол осы өмірден алынған, дәл жағдайларға негізделеді және қысқартылған шыңдықтын динамикалық моделін көрсетеді. Осылайша, құқықтық ойындардың негізінде имитациялық ойын жатыр, бірақта оның жүзеге асырылуы ойынға қатысушылардың арқасында ғана болады. Қатысушылар өздеріне әкімшілік қызметкерлерінің немесе саяси қызметтегі адамдардың ролін иемденіп, ойынның бағытына тәуелді түрлі жағдайларды ойнайды. Іскерлік және имитациялық ойындар байсалды ойындар болып келеді, олар көңіл көтеру мен демалу үшін емес. 2. <<Үстелде ойнайтын ойындар>>. Үстелде ойналатын құқықтық ойындар басқа да кез келген осындай ойындардың принциптерімен жасалады: түрлі карта ойындары, домино, кубиктермен ойналатын ойындар және т.б. Бұл жағдайда, карталар, домино және ойын алаңы ерекшелігі бойынша белгілі бір құқық саласымен байланысты болады. 3. <<Саяхат>>. Бұл құқық ойындарының типі дисскусияға жақын, осындай ойын кезінде оқушылар уақыт аралығында, кеңістікте белгілі бір мәселе бойынша ақпарат алу мақсатында саяхаттап жүргендей болады. Оқушылар, берілген сұрақтар талдау жасау, белгілі бір мәселеге ұсыныс жасау, алынған ақпаратқа баяндама жасау сияқты тапсырмаларды орындайтын эксперт ретінде қатыса алады. Ойынды ұйымдастыру кезеңдері дидактикалық қызметі ойын іс - әрекеттерін талдаудан жүзеге асырылады және 2 деңгейде өтеді: осы процесстің анализі ретінде және басқа жағдайларда осы тәжірбиені қолдануды талдау. Құқықтық ойынның 2 жақты талдауы және оқу - танымдық нәтежиесі бар: заттық иелену және әлеуметтік - психологиялық. Ойында құқықтық жағдай жасау. * Ойынның барысы <<жағдайды басынан өткеру>>. * Құқықтық ойынның нәтежиесі, қатысушылардың іс - әрекеттерінің бағалануы. * Ойын барысына және ойын нәтежиесіне, ойын мен қатысушылардың іс - әрекеттерін талдау; ойын жағдайына анализ, оның қазіргі өмірге сай келуі, ойынның оқу - танымдық қорытындысы. <<Жағдайды басынан өткеру>> ойын барысында келесі талдауға байланысьы анықталуы тиіс. Балаларды рольдік жағдайдан алып шығу қажет. Енді ғана, алғашқы рет ойын методикасын <<қолдана бастаған педагогтар үшін ойнап кету>> сияқты қауіп төнеді. Бұл бірінші көрінгендей сондай қатерсіз емес. Рольдік жағдайларды басынан өткізетін балалар, ойын мен өз өмірін ауыстырып алуы мүмкін, бұндай ойын бірнеше жылға созылуы мүмкін, балалар қолданған рольдер олардың өміріндегі имидждерінің бір бөлшегі болып кетуі де мүмкін және де ол жаман жағынан көрінбеуіне ешкім уәде бермейді. Осындай қателерден аулақ болу үшін, ойын мен өмір арасында белгілі бір шек қою керек. Оқушы ойын кезеңінің бітуінен кейін рольдік ойын және талдау әр түрлі заттар екенін сезінуі қажет. Ойын барысында оқушы кейіпкер атынан сөйлеп, қимылдайды, бұнда оның мұндай ойлау мен іс - әрекетінің дұрыс бұрыстығын пайымдауы қажет емес. Талдау кезіңде ол өзінің ойын айтуы керек. Талдауды ойын туралы сұрақтардан бастау қажет: <<Сен не сезіңдің?>>, <<Ол нені сезінуі керек еді?>>, <<Сен бұлай боларын бұрын түсініп пе едің?>> және т.б. <<Жаңа ғана ойын болды, ал қазір біз нағыз өмірдеміз, ол жақсы болуы мүмкін, жаман да болуы мүмкін бірақ мұндай емес>> - деп балаларға тура айтуға болады. Құқықтық ойынының жүруі кезінде эксперт қажет - ол ойын жағдайына тәуелсіз ойын барысын бақылайтын және адам да қызықты ойын жағдайлары мен олардың шешімін шығара алатын адам. Эксперттің ойын барысына қатыспайтын балалардың ішінен кіші көмекшілері болуы мүмкін. Эксперт талдау жүргізеді. Талдау барысы І кезең: - ойын жағдайын қалпына келтіру; - ортақ ойын қорытындылары (бірақ жеңіске жетушіні анықтау емес); - ойын жағдайында пайда болған қызықты шешімдерді талқылау. ІІ кезең: * ойынның құқықтық құрылымы, құқықтың сипаттағы ойынға қатысушылар кездескен мәселені анықтау. Мінсіз нұсқа - бұл ойыншылардың өз бетімен құқықтық мәселелер бойынша жағдайларды анықтап, белгілеуі. Ал егерде балалар құқықтың бұзылуын байқамаса, көрмесе не істеу қажет? Жүргізуші балаларға белгілі бір сұрақтар қою арқылы жағдайды табуға көмектесуі керек. Егер олар анықтай аламаса, жүргізуші жағдайды өзі айтады. әңгімені талқылау объектісі ретінде ойын туралы және оның өмірдегі жағдайларға байланысы туралы жүреді, бұл жағдайлармен ойыншылардың өз өмірлерінде де кездесуі әбден мүмкін. Туындаған жағдайдан шығу нұсқаулары, бұзылған құқықтарды шешу мәселелері ең алдымен қатысушылардың ойын барысында тапқан шешімдерін талқыланса, кейін осы туындаған жағдайдан шығудың басқа да нұсқаулары қарастырылады. ІІІ кезең: <<Конструктив>> Кез келген құқықтық ойын құқықтық білімнің бастауы болуы керек. Мысалы: <<сендер әлі бұл мәселемен таныс емессіңдер, онда бұл келесі сабағымыздың тақырыбы болады>>. Талқылау барысында ойынды алдын - ала дайындалмаған, бірақ ойын барысында туындаған құқық бұзушылыққа байланысты жағдайларды белгілеп, талдау қажет. Рольдік ойын - бұл оқушылармен ойналатын кішкентай пьеса. Оның мақсаты: оқушыларға таныс оқиғаларды, жағдайларды тірілту. Рольдік ойындар түрлі жағдайларға деген түсінікті жоғарлату және сондай жағдайларға түскен адамдарға деген қатынастарының ортақтасуы. Мысалы: рольдік ойын кезінде тонау сияқты жағдайда, оқушы жәбірленушінің ролін ойнай отырып, қылмыстың құрабаны болудың қандай екендігін түсінеді. Рольдік ойындарды қолдану дәлдікті талап етеді. Мұғалім әрбір оқушының жеке сезімдерін сыйлауы қажет және сыныптың әлеуметтік құрылысына көңіл аударуы қажет. Мысалы: егер онда этникалық азшылықтарға жататындар болса, рольдік ойын мұндай жағдайда оқушылардың өздерін бәрімен бірдей сезінуі үшін оларға дұрыс жеңіл, оқушыларға ауыр тимейтіндей тақырыптарға және қатынаста болу керек. Әрбір ойынды өткізу, ережеге сай 3 кезеңнен тұрады: дайындық, ойын барысы, анализ. Оқушылармен бірге рольдік ойында көрсетілетін мәселе мен жағдайды анықтап алыңыз. Мысалы, мәселе ретінде - мүліктік құқықты алайық, жағдай - біреуді өз пәтеріне деген құқығын белгілі бір этникалық топқа жатуына немесе сәйкес келетін заңның болмауына байланысты айырды дейік. Енді қанша адам қатысушы, қаншасы бақылаушы болатынын анықтап, рольдік ойынды бір уақытта кіші топтарда өткәізу керек пе, әлде бүкіл сыныппен бе. Мұнда әсіресе белсенді емес оқушыларды қатыстыру керек. Ойын формасын таңданыз. Мысалы, ол былай көрсетілуі мүмкін: * әңгіме ретінде, мұнда біреу жағдайды сипаттаса, басқалары өз кейіпкерлері атынан әрі қарай не болғанын айтып отырады; * инсценировка тәрізді: қатысушылар істің немесе ойын барысында диалог құрады; * сот күйінде, мұнда оқушылар соттағы куәгерлер ретінде анықтама береді. Оқушыларға белгілі бір жағдайды және өз рольдерін ойластыру үшін бірнеше минут уақыт беріңіз. Егер де жиһаздардың орнын ауыстырып, өзгерту керек болса алдын ала дайындаңыз. * Оқушылар бір жағдадйды ойнап жатыр. Мұнда мұғалімнің ролі қандай? Ойынның жүруіне, формасына өте мұқият болыңыз, өйткені бұл қорытындылау және талдау үшін қажет. Оқушылардың белсенділігін арттыруға тырысыңыз. Ойын барысында, ең қызықты кезде, ойынды тоқтатып, қатысушылар мен бақылаушылардан не болып жатқанын сұрауға болады. Мысалы: күштеу жөніндегі рольдік ойын кезінде, бұл жағдайды шешудің дұрыс жолын айта аласыздар ма, онда көрсетңіздер - деп сұраңыз. Ойыннан шығу туралы сигналды алдын ала ойластырып қою қажет (мысалы, қол шапалақтау). * Ойын тек қана жаттығу болуы тиіс емес, ол және де танымдық тәжірбие де бола алады, сондықтан сабақ аяғында осы сабақтын танымдық құндылығын және мақсатын меңгеруге бірнеше минут уақыт мөлшерін беруіңіз жөн. Мысалы, рольдік ойында сотта куәгерлер жөнінде іс қаралса, оқушыларға сот шешімін шығартуға, содан кейін шыққан шешімді талқылауға болады. Бұл оқушылардың танымдық құндылықтарды бойларына сіңіруіне маңызды. Рольдік ойынды ұйымдастыру өзіндік мақсатқа байланысты болмау тиіс. Осындай әдісті қолданатын мұғалімдер оқушылармен ойынға берілгендігі соншалық, ойынды қоңырау кезінде аяқтап, ешқандай талдау да анализ де шығармайды. Бұл кезде уақыттын жетпеуі - қате болып табылады. Ойын келесі талдаулар үшін жүргізіледі. Адам құқықтарын меңгеруде ойын процессінің өзі емес, оны талқылау ең құнды болып табылады. Балалар оны түсінбеуі де мүмкін, түсінбейді де мұғалім мұны сабақты ұйымдастыруда толық түсінуі қажет. Талқылау үшін міндетті түрде уақыт болуы керек. Ал қарсылықты жағдайда, оқыту эффектісі жүзеге аспай, оқушылардың пәнге деген көзқарастары өзгеріп, олар бұл сабақта тек ойнаймыз деп түсіндеі. Ал егер мұғалім сабақты талқылауға үлгермесе, талқылауды келесі сабаққа қалдыруына тұра келеді. Егер рольдік ойын дұрыс жүзеге аспаса, оны оқушылардан не себепті сәтсіздік болғанын сұрауыңыз керек. Егер ойын жақсы өтсе, оны бүкіл мектепке, белгілі бір тақырыпты түсіндіру ретінде көрсетуге болады. Өте маңызды! Рольдік ойындар нағыз өмірді бейнелейтіндіктен, толық жауабы жоқ, жауап беруге қиын сұрақтар берілуі мүмкін. Оқушыларда, әрбір сұраққа тек 1 ғана жауап бар деген көзқарас қалыптасуы керек. Мұғалім де, оқушылар да белгілі бір жағдайға әр түрлі көзқараста жауап беруі өте маңызды. Мұғалім өз көзқарасын ғана оқушыларға дұрыс деп, сондай көзқарасқа итермелемеуі тиіс. Топтарға бөліну Сыныптың топтарға бөлінуі бір - бірімен тығыз қарым - қатынас құруға және сабаққа белсенді қатысуына үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдісті тез арада әр түрлі ойларды білдіру немесе белгілі бір абстрактылы идея жөнінде өз тәжірбиесі бойынша ойларын білідіру қажет болса қолдануы өте тиімді болып келеді. Мысалы, егер сіздер өмір сұру құқығы туралы ой қөзғайтын болсаңыздар, ең алдымен бес минут уақыт беріп, адамды белгілі бір жағдайда өмірінен қию дұрыс немесе жоқ па - деген мәселені топта ойластырып, содан кейін ғана бүкіл сыныппен талқылауға болады. * Сыныпты топтарға бөліңіз. Сыныпты топқа бөлген кезде, алдын ала ойластырыңыз - оқушыларды қандай принципке негізделіп отырып бөлесіз - мүмкіндіктері бойынша ме, қыздар мен ұлдарды жеке бөлесізбе т.б. кейбір жағдайларда топтарды еркінше бөлуге болады, мысалы, туған күндері немесе айлары, алфавит бойынша. Егер тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт қажет болатын болса, ұзаққа созылатын болса, міндетті түрде хаттама жүргізетін хатшы және төрайымы болу керек. Осы міндеттерді атқаратын адамдарды топтың өзі шешу керек. Топта жұмыс істеген кезде, әр топтың қатысушылары бір - бірін көріп, жақын отыру керек. Оқушыларға тапсырманы түсіндіріп беріңіз. Тапсырманы орындауға қанша уақыт берілгені туралы міндетті түрде ескертуіңіз қажет. * Жұмысқа кірісу үшін, кейбір жағдайларда топтарды ыңталандыру керек. Қайрат беру сөздерін аямаңыз. Топтар жұмыстарын жүргізу барысында шет жаққа кетіп қалыңыз, бірақ қажет болған кезде көмек көрсетуге дайын болыңыз. Себепсіз оқушылардың жұмыстарына кедергі жасамаңыз, тек егер тапсырманы дұрыс түсінбей, басқа бағытта жұмыс істесе ғана араласуға болады. Топтарға еркін түрде талқылауларына кедергі жасамаңыз, араласуға болады тек оқушылардың өздері көмек сүрайтын болса. Әр топтарға бірдей көңіл бөліңіз. Егер топтар атқарған жұмыстарының нәтежиесі бойынша сынып алдында есеп ( қабылдаған шешім туралы баяндама, дискуссияның қортындысы немесе топ қалай жұмыс істегені туралы әңгіме болуы мүмкін) беретін болса, алдын ала ескерту қажет, себебі олар есеп беретін адамды таңдап, дайындау керек. Оқушылардан сұраңыз - сабақ пайдалы болды ма, өздері үшін жаңалық ашты ма. Жағымсыз жауап беретін болса, анықтап алыңыз - өздері бұл сабақты қалай өткізушеді. Оқушылардың идеяларын пайдаланып қалаңыз. <<Миға шабуыл >> <<Миға шабуыл>> - оқушылардың интеллектуалды белсенділктерінің мадақтау және тез арада ұжымдық ойдын тууына әкелетін әдістерінің бірі болып келеді. Бұл әдісті қолдануға болады: * мәселенінің шешімін табу үшін (мысалы, оқушылар арасында жанжал болған жағдайда, сыныпта <<миға шабуыл>> жүргізу арқылы жанжалды бейбітшілдік жолмен шешудің бір неше амалын іздестіру); * жаңа тақырыпты бастаған кезде (жаңа тақырып бойынша <<миға шабуыл>> жүргізу барысында оқушылардың жаңа тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттады және сол тақырып бойынша жалпы түсініктерін анықтауға мүмкіндік береді); * тез арада атқарылатын шығармашылық жаттығу ретінде (аяқталмаған әңгіменің аяқталуының бір неше нұсқауларын іздестіру үшін <<миға шабуыл>> әдісін жүргізуге болады). Ең алдымен <<миға шабылу>> әдісін қай мәселеге байланысты жүргізесіз, соны шешіп алыңыз. Оны сұрақ ретінде тұжырымдап алыңыз, оған бір неше жауап беру мүмкіндіктері болу керек. Сұрақ барлығына көріну үшін тақтаға жазып қойыныз. Оқушыларды шеңберге отырғызуға және өз ойларын айтып салуға мәжбүрлемеңіз, мұндай әрекет керісінше оқушылардың белсеңділіктерін төмендете түседі. <<Миға шабуылдың>> аяғына дейін оқушылар бір - бірінің ойларына түсіндірме берудің және айтылған ойларды қайталанбауы туралы ескертіп қойыңыз. * Оқушылар өз ойларын айтуын сұраңыз. Олардың ойларын барлығы көрінетіндей, жазып қойыңыз. Олар жеке сөздер немесе фразалар болуы мүмкін. Сныптың белсенділігін мадақтап отырыңыз. Идеяларын тек жазып отырыңыз, бағалауға асықпаңыз. Сыныптың белсенділігін арттыру қажеттіліг болғанда ғана өз ойынызды білдіріп отырыңыз. Егер түсініксіз ұсыныстар болатын болса, автордың түсініктемесін сұраңыз немесе өзіңіздің түсініктеменізді беріңіз және тексеріңіз, басқа оқушылар келісе ме, жоқ па анықтап аланыз. Жаңа ұсыныстарды жазып отырыңыз. Жиі кезде елден ерекше немесе керемет ойлар пайдалы және қызықты болып келеді. Идеялар сиреген кезде, <<миға шабуылды>> тоқтатыңыз. Сонында сіз оқушылардың барлық ұсыныстарын қарастырып, тұжырымдарын тыңдайсыз. Сыныптағы жалпы дисскусия Дискуссия - ол бір жағынан оқушылар адам құқығына байланысты мәселелерге қатынасын анықтауға және екінші жақтан сол мәселелерді жеке өз беттерімен қарастырып, талдауға және қорытынды жасауға мүмкіндік туғызатын әдіс болып келеді. Дискуссия кезекпен сөйлеуге, басқаларды тыңдауға және басқалардың құқықтарын, көзқарастарын құрметтеуге тәрбиелейді. Дискуссия ашық түрде өту үшін сыныпта бір - бірін сыйлауға және сенімділіктерін білдіруге мүмкіндік туғызатын қолайлы жағдай құру керек. Ол үшін оқушылар өздері <<Дискуссияны өткізу ережелерін>> құрастырғандары жөн болады. Оны оқу жылының басында немесе кез келген уақытта құрастыруға болады. Дискуссия әдістеме ретінде: * Оқушылар сыныпта өздерін еркін ұстайтын, өз ойларын ашық түрде білдіретін және дискуссия арқылы білім алатын орынға айналуы туралы ойларын анықтап алыңыз. Тыңдау және сөз этикетінің ережелерін сақтау арқылы ғана жалпы бір - бірін түсінуге жетуге болатындығын оқушыларға жеткізу. * Оқушылар бүкіл сынып сақтайтын дискуссияны жүргізу принциптерін құрастыруын сұраңыз. Қараңыз мүмкін біріктіретін ұсыныстар болатын шығар. Мүмкін төменде көрсетілген принциптер ұсыныстар құрамына кірген жоқ шығар, онда оларды сіз ұсыныңыз: - сөйлеп тұрған адамды бөлмеңіз, өйткені бір уақытта екі адам бірдей сөйлей алмайды. - сөз алған жағдайда қол көтеру керек. - біреумен келіспеген жағдайда, адамның өзін емес, ойын сыңға алу керек. - басқа біреу сөйлеп тұрған кезде орынсыз күлудін қажеті жоқ. - барлығын дискуссияға қатысуына шақыру. * оқушылардың өздері тұжырымдаған ережелерді сақтауға шақырыңыз. Сол кезде оқушылар өздеріне және басқаларға қатысты болған жағдайда өздері құрған ережелерді сақтауға тырысады. Ережелерді бұзған жағдайда қандай нәтежие болатындығын да ақылдасып, шешіп алу керек. Ережелерді үлкен параққа жазып, сыныпта іліп қойыңыздар, оны жылдың аяғына дейін сақтап қою керек, қажет болған кезде оған өзгерістер немесе толықтыруларды еңгізуге болады. Дискуссияны өткізудің және ұйымдастырудын бір неше жолдары бар: <<Карусель>> - оқушылар шеңбер тәрізі бойынша ойларын білідреді, әр қайсысы үш минут сөйлегу құқылы; басқалары мұғалім сұраған кезде ғана сөйлеуге рұқсат беріледі; оқушылар екі шеңбер құрады - ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер. Ішкі шеңбердің қатысушылары дискуссияның тақырыбы бойынша ойларын білдіреді, ал сыртқы шеңбердегі оқушылар - бақылаушы ретінде болып, дискуссияны өткізу ережелерін сақталуын қадағалап отырады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. Тақырып 4. Мектепте құқықтық білім беру сатылары Құқықтық білім беруде оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызы. Орта және жоғары сыныптарда құқықтық білім берудің ерекшеліктері. Жоспары: Құқықтық білім беруде оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызы. Орта және жоғары сыныптарда құқықтық білім берудің ерекшеліктері. Негізгі түсініктер: құқықтық білім ерекшелігі, жас ерекшеліктер Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі -- құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату үдерісімен байланысының маңызы ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты: Оқушыларға мемлекет, құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе - бүгінгі таңда елімізді қайта құру кезеңінде Парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімін қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата Заңның 14-бабында <<Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең>> деп атап көрсетілген. Олай болса адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға атсалысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті -- жасөспірімдерді адамзаттық белсенділігіне қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру. Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру қажет. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: 1-4 сыныпта (бастауыш мектеп); 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі мектепте оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ата Заңның 38-бабында <<Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті>> - деп атап көрсетілген [6]. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар: * Мораль мен құқық мәселелеріне арналған лекциялар мен әңгімелер өткізу; * Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру; * Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру; * Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру; * Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершіілк және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау; * Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау; * 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау; * Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару; * <<Жас заңгер>> клубын ұйымдастыру; * Ай сайын <<құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін>> жүргізу. Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.Кинолекториялар - әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат - жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты. Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Ынталандыру және тежелуәдістері тобы: ынталандыру әдістепрі, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері). Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 5- тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: жалпы ұғымы. Жоспары: Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: жалпы ұғымы. Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары. Негізгі түсініктер: құқықтық сана, құқықтық мәдениет Оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру ісі кешенді шараларды шешуді талап ететіндігін біз жоғарыда байқадық. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің мақсаты -- еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлау, оны орындау, жастарды азамат ретінде Отаншылдыққа баулу, еліміздің материалдық және рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу, айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізгілікке бағыттау. Адамның саяси және адамгершілік көзқарасы мен ішкі нанымы құқықтық мәдениетінің <<іргетасы>> саналады. Төмендегі аталған жағдайлардың іргетасының қалай қаланғанына байланысты болады: * құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу; * заңға қатыстық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну); * құқықтық норманы орындауға дайын тұру; * заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуд белсенділік көрсету. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән беру керек: * жастар демократия негіздерін оқып-үйренулері тиіс; * олар өз құқықтары мен міндеттерімен танысып қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек; * қайырымдылық және зұлымдық, әдемілік және талғамсыздық, т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп отырулары қажет; * құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті; * заң туралы аса қызыға білгені дұрыс. Өйткені құрғақ ақпарат оқушылардың миына жетпейді, жүрегін елеңдетпейді. Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі шығармашылық нысандарды қолдану қажет. Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн. Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы, олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер барысында олардың сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері қалыптасады. 5-8 сыныптарда бастауышта алған құқықтық білімді жетілдіреді. Қазақстан Республикасы заңдары туралы жалпы мағлұмат алады, азаматтардың негізгі құқықтары және міндеттерімен танысады, қоғамдық жерлердегі ережелерді түсініп, талқылап, сақтайды. Оқушылардың саналы әрекеті қалыптасады. Тәртіп бұзушылыққа төзбеуді үйреніп, жеке жауапкершіліктері қалыптасады. Қоғам алдындағы жауапкершіліктері артып, құқық бұзушылық салдарынан арнайы мектептерге мәжбүрлеп жіберу мүмкіндігін сезінеді. 10-сыныпта <<Құқықтық мәдениеттің қалыптасуы>> атты арнайы курсын ұйымдастырдық. Бұл курсты жалпы және арнайы пәндерден кейін оқыту көзделеді. Оқушылар арнайы курсты оқып-үйрену барысында <<Құқық>> пәнінің оқыту әдістемесінен алған білімдеріне сүйенеді және бұл арнайы курс жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін дамытуда өз үлесін қосады деп ойлаймыз. 1-кесте. <<Оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы>> атты арнайы курсының жоспары. (20 сағат) № Тақырыптар Сабақ түрлері лекция практика зертханалық 1 Кіріспе 1 2 Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы рөлі мен маңызы 2 3 Құқықтық тәрбиенің негізі - тұлғаға құқықтық нормаларды таныту 2 1 1 4 Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері 2 1 1 5 <<Құқық>>, <<құқықтық тәрбие>>, <<құқықтық мәдениет>> ұғымдарының мәні мен маңызы 2 6 Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі жолдары 1 2 2 7 Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар 1 1 1 Барлығы 10 5 5 10-11 сыныптарда мемлекет және құқық мәселелері бойынша теориялық тұрғыдағы мәселе қозғай алады. Құқықтық жағдайлар мен айғақтарды нақты өмір жағдайларымен байланыстырады. Адамдардың әрекетіне баға беріп, құқықтық дағды қалыптасады. Қоғамға қарсы әрекеттерден сақтанып, оны болдырмауға тырысады. Дүниетанымы қалыптасып, құқықтық мәдениеті өсе түседі. Мектепте оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бір жақты ғана болмауы керек. Сондықтан оның сабақтан тыс нысандары бекітіледі. Мәселен, мектеп жарғысымен танысу, мектеп заңдарын қабылдау. Оны қабылдау барысында оқушыларға кең мүмкіндіктер беру. Аталған шараларға оқушыларды мейлінше көптеп тарту. Сондай-ақ, <<Құқық>>, <<Мемлекет және құқық>>, <<Құқық және білім беру заңдарының негіздері>> сияқты негізгі және факультативті пәндерді оқу жоспарына енгізумен қатар, шебер ұйымдастырылған тәрбие шаралары арқылы жас ұрпақты күнделікті отбасында, орта мектепте, орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарында, жоғары мектептерде тәрбиелеу абзал. Мектептерде тәрбие жұмысының әр алуан түрлері мен әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру шараларын төмендегідей ұйымдастыруға болады: * жыл сайын құқықтық апталық өткізу. Оның жоспарын жүйелі түрде жасау; * құқықтық тақырыпта айлықтар өткізу; * көңілді тапқырлап клубын ұйымдастыру (<<Адам және заң>>, <<Заң және біз>>); * қиын балалармен тұрақты Кеңестің жұмыс істеуі. Кеңестің жұмысына ата-аналарды қатыстырып отыру керек. Құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру; * құқықтық үйірмелердің жұмыс істеуі. Үйірме белсенді оқушылардың қатысуымен құрылып, тұрақты жұмыс істеуі керек; * құқықтық ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі. Оның арнайы бұрышы болуы керек. Қабырға газеттері, құқық тақырыбына қажетті басылымдар шоғырлануы қажет; * құқық тақырыбында сынып жетекшілердің семинарларын өткізу және құқықтық білім бойынша олимпиадаларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру; * үгіт-насихат құралдарын кеңінен пайдалану. Ең бастысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмысының жүйелілігі. Төмендегідей сатыдан тұратын жүйенің болғаны жөн. Диагностикалық саты -- сұрақ-мәселе жағдайын зерттеу. Бұл мектеп оқушыларының әлеуметтік құрамын анықтап, <<қиын>> жасөспірімдердің топтарын белгілеуге көмектеседі. Ізденушілік саты -- анықталған мәселелерді шешу жолдарын табу. Әрекет етушілік саты -- мәселені шешу әдістері мен нәтижелерін талдау. Қорыта келгенде, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегі шараларды тиімді ұйымдастыру керек: * тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстардың құқықтық тәрбие берерлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; * ішімдікке, нашақорлыққа қарсы күресуде жұртшылықты, ата-аналарды, қоғамдық ұйымдарды, дәрігер-нарколог өкілдерін жұмылдыру; * оқушылар арасында ішімдікке, нашақорлыққа бейімі бар жасөспірімдерді анықтап, құпия түрде дербес тәрбие жұмыстарын жүргізу; * оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бақылау жүргізу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 6-тақырып. Жалпы білім беру мекемесі оқушысының құқықтық мәртебесі Жоспары: Оқушының құқықтық мәртебесіның пайда болуы, өзгерілуі және тоқтатылуы. Адам құқығы және оқушы құқығының айырмашылығы. Оқушының құқықтары мен бостандықтары. Оқушылардың білім алудың әлеуметтік кепілі. Оқушылардың құқықтары мен жауапкершіліктері. Негізгі түсініктер: адаммен азамат құқығы, құқықтық мәртебе, оқушыны құқығы Құқықтық мәдениет қалыптастырудың құлықтық аспекті қоғамдық ортада қабылданған нормалар мен ұстанымдар болып саналады. Құқықтық мәдениеттің құлықтық аспектінің мазмұны мемлекет құрып отырған ұлт пен сол елде өмір сүріп отырған басқа да халықтардың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа өтіп, осы күнге жеткен бағалы халық әспеттеген мінез-құлық, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттің құнды үлгілері болу керек.Алайда заман өзгеріп, заң да өзгеріп отырған қазіргі заманда адамдардың мінез-құлқы да өзгеруде. Сол себепті құлықтық нормалар саясатқа әсерін тигізіп, ол өз кезегінде мәдени, әлеуметтік білім және тұрмыстық өмірде де көрініс беруде. Сол себепті осының барлығы әлеуметтік институттар арқылы реттеледі. Қалай десек те балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізінде мынадайқұлықтық ұстанымдар жатады: + адамға болған сый, құрметі, адамды жоғары құндылық санауы, адамдардың кемшіліктеріне төзімділікпен қарау, жолдастық қарым-қатынас, түсінуге, қиын сәттерде көмектесіп, қолдауға даяр тұру сияқты адамгершілік қасиеттер. + Адамға және адамгершілік мұраттарға сену, әркімнің өзіне тән адамгершілік құныдылығының болуы, өмірлік мақсатының адамгершілік құндылықтармен ұштастыру, адамгершілік мұрат жолында қызмет ету; + өзіне талап қою және алдына қойған мақсатқа ұмтылу, өз міндетін атқаруға күш салу, қоғамның талаптарына бойсыну және тәртіп сақтауға ділгірлік; + <<қолымен істегенін, мойнымен көтеруге>> дайын болуы, өз іс-қимылы мен жүріс-тұрысына жауапкерлік, қателіктерін мойындау және түзетуге ұмтылу; + Табиғатты адамзаттың <<анасы>> деп тану, жер бетіндегі барлық тірі жанға саналы түрде қамқор болу; + Халқымыздың <<өзіңе қандай жақсылық қаласаң, басқаларға да соны тіле>> деген қанатты сөзін басты ұстаным ету, әділ, адал болуға, өзіне және басқаларға талап қоюда төзімділік ережесін ұстану, адамгершілік қағидаларын сақтап, әдептілік көрсету; + Халқымыздың <<мықты болсаң нәпсіңді тый>> деген ережісін ұстаным ету, барлық іс-қимылы, сұрау- талаптары мен қажеттенулерін қанағаттандыруда өзін тежей білу. Бұлар Қазақстан азаматтарының кодексі емес, бірақ халық тәжірибесінен осы күнгі өмір талаптарынан туындаған негізгі құлықтық нормалар. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Конституциясын ашып қарасақ, заң баптары мен және қағидаларының негізінде осылардың жатқанын көреміз. Құқықтық мәдениет дегеніміз - мемлекеттің құлықтық жүйесіне қатысты білім, негізгі заң нормаларын білу, оларды сақтауға ұмтылу, өз Отанының парасатты азаматтарының бірі болуға ұмтылыс. Құқықтық мәдениет қалыптастырудың басты міндеттерін төмендегідей анықтауға болады: + жастар заң және соған сәйкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу; + мемлекет тарапынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылатынын білуі; + заң нормаларын орындау, адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білуі; + күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттіліктің белгісі екенін білуі және соған ұмтылуы. Бүгінгі жас бала- ертеңгі белгілі бір маман иесі. Осыған орай алдымен өзі және жалпы адамның құқығына байланысты мынадай ауқымды білім, біліктерге ие болу керек: + Қазақстан Республикасы Конституциясының өзіне және басқа да азаматтарға байланысты тұстарын құқықтық нормалармен ұштастыра білуі; + Алдымен Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде әр оқушы азаматтық кодекс және азаматтық құқықтың өз басына қатысты тұстарын меңгеруі; + Жастар туралы заң және оның оқушы, студент жастарға қатысты тұстарын мазмұндық жақтан тарата отырып түсінуі; + Құқықтық нормаларды және соған байланысты заңды және оның мазмұнын меңгеруі; + Заң талаптарын орындамаудың салдарын талдай білуі; + Заң талаптарын орындауды үнемі қаперде сақтауы және іс-әрекетінде оны ескеруі. Құқықтық сананың дамуы- адамның барлық өмірін дерлік қамтитын ұзақ, күрделі және қарама-қайшылықты үрдіс. Бірақ көптеген көзқарастар, өмірлік ұстаным, мінез-құлық мотивтері балалық шақта қалыптасады. Жек тұлғаның қалыптасуы кезеңінде құқықты түсіну және оған қарым-қатынас қалай дамиды, кейін адамның құқықтық ортада өзін ұстауы көбіне осыған байланысты. Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Бұл болашақ жек тұлғаның тәрбиесін жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дәстүрлерінен бастау алады. Бұл туралы халық ауыз әдебиеті де айтады, осыған көптеген өткен ғасыр ойшылдары да көңіл бөлген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27- бабының бірінші тармағында: <<Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады>>, ал екінші тармағында <<Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті>> деп атап көрсетілген. Отбасында баланың мінез-құлықының негіздері, оның қажеттіліктері, қызығушылығы қалыптасады. Сондай-ақ, Отанға, ата-анаға деген махаббат, үлкендерге құрмет, азаматтық, ұжымшылдық, жоғары жауапкершілікті сезім, еңбек етуге құштарлық, адалдық, қайырымдылық, сезімталдық, құқықтық тәрбиенің негізі болып саналатын жамандық пен күштеуге ымырасыздық сияқты рухани құндылықтар дамиды. Жанұяның жасөспірімге тәрбиелік әсері тікелей және жанама түрдегі сипаттарда болдаы. Балаға құқықтық тәрбие берудегі жанұяның жанама түрдегі әсер етуі мыналардан көрінеді: * Жанұяның сандық құрамы; * Ата-анасының білім және мәдени деңгейі; * Ата-ананың бір-бірімен және жанұяның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қалыптасу деңгейі; * Ата-ананың жұмысбастылығы. Құқық бұзушы көптеген жасөспірімдер баласы аз және толық емес жанұяда тәрбиеленген. Жанұя- бұл ұжым. Жанұя ұжымық белгілерін жоғалтса, өзінің тәрбиелік рөлінің көп бөлігінен айырылады. Үш немесе одан да көп баласы бар жанұяда баланың тәрбиеленуі мен дамуына жақсы жағдай қалыптасады. Бұл жерде бала өзінің тілегі және жанұяның басқа балалры мен мүшелерінің талаптары, қажеттіліктерімен ара қатынасын белгілеуге үйренеді. Үлкен жанұяның өмірі балаға адамдық қатынастардың әр түрінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Көп балалы жанұяда өскен балалар қоғамның белсенді мүшелері болып оңай қалыптасады. Ал бала жалғыз өссе, ол үнемі зейін аударғанға үйреніп, өзімшіл болып өседі. Жастар арасында заң бұзушы әрекеттердің деңгейі ата-аналардың білімі мен мәдениет деңгейіне тікелей байланысты. Мәдениеті төмен жанұяларда балалар қылмысы мәдениеті жоғары жанұялармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Балалар үлкендерге, ең алдымен өз ата-аналарына еліктейді, сондықтан олардың мінез-құлық тәртібі балалардың тәртібін қалыптастыратын маңызды фактор. Балалардың қараусыз қалуына жеткізетін негізгі сбеп ата-аналардың жұмысбастылығы. Олар жұмыстарына толықтай берілетіндігі сонша, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлмейді, олардың қажеттілігін, қызығушылығын білмейді, үйден тыс немен айналысатынына бақылау жасай алмайды. Бұндай ата-аналардың балалармен байланысы әлсіз болады. Жанұяның балалардың жек тұлғасына әсер етуінің маңызды факторы туыстық байланыс, жанұя мүшелерінің бір-бірімен сезімдік байланысы болып табылады. Ең бастысы, баланың ата-анасымен, басқа да жанұя мүшелерімен қарым-қатынасы оның бойында махаббат сияқты сезімінің қалыптасуына әкеледі. Дегенмен, жанұяның әсері балаға үнемі жағымды бола бермейді. Жанұялық қарым-қатынастары қаталдыққа, ұрыс-керіске құрылған жанұялар да аз емес. Мейірімді жанұялық қарым-қатынасқа және мәдени, рухани өмірді қалпына келтіруге, ұрпақтар сабақтастығына, жеке тұлғаның және қоғамның үйлесімді дамуына негізделген қазақтың жанұялық тәрбие дәстүрін жандандару ең маңызды міндет болып табылады. Орта мектеп пен жанұяның құқықтық тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады, оны екі топқа бөлуге болады. Бірінші әдістерге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы оқушыларға әсер ету әдістері жатады. Екіншісіне тікелей әсер ету әдістері жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы жиналысында құқықтық тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға құқықтық тәрбие берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға құқықтық тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады. Ата аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі құқықтық тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік- құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік- құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен талқылау болып табылады. Білім беру мекемелері мен жанұяның құқықтық тәрбие берудегі бірлескен іс-әрекетінің қосымша түрі кеңестер беру, педагогикалық практикумдар, диспуттар өткізу, кинофильмдер көрсету болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп. Жалпы жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі - мектеп пен ата-ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді. Кез-келген баланың ең алғашқы тәрбиешісі- ата-ана, яғни, жасөспірімді сапалы тәрбиелеуге ықпал етуші негізгі субъект. Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу ойдағыдай жүзеге асуы үшін тек жанұяның әсері аз болатынын ескергеніміз жөн. Сондықтан да, баланың уақыты көбіне мектепте өткендіктен мектеп пен жанұя тәрбиені сапалы жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болулары қажет. Мектеп пен жанұя арасындағы қатынас ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар комитеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Кәмелетке толмағандар өз ата-аналарына қарап, олардың мінез-құлқына баға бере отырып, олардың идеясын және өнегесін қабылдайды. Балаларды тәрбиелеу - құқықтық қана емес, адамдық және заңдылық міндет те. Осымен байланысты балаларды қалай тәрбиелеу керек деген заңды сұрақ туады. Бала тәрбиелеу ісінде әр халықтың өзінде ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты әдістері бар. Ата-ана өз баласын ең алдымен ұлттық дәстүрге, инабаттылыққа тәрбиелейтіні табиғи нәрсе. Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға да құқылы. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына қатысты. Бұған заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады. Мұның мәнісі, ата-ана баласы үшін кез-келген мұқтажын жоқтауға молынан құқылы. Мұнымен ата-ана қамқоршы мен қарамағына алушыдан ерекшеленіп көрінеді. Әке мен шешенің құқығы теңбе-тең. Сондықтан екеуі де өзінің кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілі болып табылады. Ата- аналар өздерінің міндеттеріне былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе. Дегенмен, өкініке қарай, өмірде басқа да кездесетіні жасырын емес. Тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді. Тәрбиесіздік пен адамгершілікке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды. Қоғам,басқа адамдар да мұндай қылықтардан зардап шегеді. Мұның арты құқық бұзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар. Сондықтан өзінің борышн дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын шарасы болады. Кейбір сирек жағдайларда ата-ана өзінің ата-аналық құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмкін. Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не? Енді соған келейік. Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік, әдептілік тәрбиесімен айналыспаса, оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен жалтарғандыққа жатады. Екіншіден, мұндай жағдайда ата-аналар өздерінің құқығын теріс пайдаланған болып табылады. Үшіншіден, егер ата-ана ылғи да ұрып-сабаса, қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып жіберсе, қадір-қасиетін қорласа; Төртіншіден, ата-ана өзінің адамшылыққа жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе; Бесіншіден, үнемі маскүнемдікке, нашақорлыққа салынса, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан айырады. Құқықтық тәрбие мақсаты- оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет- қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқықтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны- құқықы бұзушылық әрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тәрбиедегі қолайсыз жайттарды) жою; Оқушылардың өмірі мен тәрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; Тәрбиеленушіні жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер- бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. Құқықтық тәрие, сана сезімінің қалыптасуы- жастардың өзін азамат есебінде сезінуіне көмектесу керек. Тек қана өз басы заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін қоғамның мүшесі, мемлекет пен қоғам ісіне белсене қатысатын азамат екенін түсіну керек. Тек сонда ғана құқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні барын байқаймыз. Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте жалғастырылса, құқықтық сананың қалыптасуында табысқа жетуге болар еді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 7- тақырып. Құқықтық білім берудегі педагогикалық технологиялардың маңызы Жоспары: Педагогикалық технологиялар мазмұны, сипаттамасы Педагогикалық технологиялардың маңыздылығы Педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары Негізгі түсініктер: педагогикалық технологиялар, мұғалім ролі, құқықтық мәртебе, жауапкершілік, сана-сезім. Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке түлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқьпу технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді. Оқытуды және педагогикалық қызметті "технологияландыру" талпыныстары XX гасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды. Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және эргономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес. Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысал, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге кажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұгалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б. Ең алдымен оның себебін мүғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру белгілі бір шарттарды қажет етеді. Олар: -- мүғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі; -- оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал; -- оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік, дидактикалық базаның болуы; -- оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы. Оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологиясын жобалау және ендіру мүғалімдерде белгілі бір білім мен біліктердің болуымен және олардың осы білім мен біліктерге ие болуға талпыныстарымен шартталады. Көпшілік жағдайда мұғалімдер оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру қажеттігін түсініп, технологияны қолданғысы келеді, солай бола тұра оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруға жеткілікті құзырлылығының болмағанын мойындайды. Л.В.Шмелькованың зерттеуі бойынша көпшілік мүғалімдер пікірінде педагогикалық технологиялар өзінде түрлі үғымдардың тұтас кешенін қамтиды екен. Осылайша, респондеттердің 5,2% -- "педагогикалық технология" ұғымында педагогикалық техниканы, 6% -- озат педагогикалық тәжірибені, 11,2% -- педагогикалық шеберлікті, 15,5% -- педагогакалық шығармашылықты, 17,5% - ОТҚ-н қолдануды, 25% -- педагогикалық инновацияны, 27,6% -- оқытудың дәстүрлі емес түрлері мен әдістерін, 29,3%, -- дидактикалық жүйелерді, 31.9% -- педагогикалық концепцияларды түсінген. Тек сұрағандардың ширегі ғана бұл ұғымды оқу үрдісін жобалау мен кепілді нәтижеге жетумен байланыстырған. Осылайша сауалнамаға қатысқан педагогтардың үштен бірінде педагогикалық технология туралы нақты және мазмұнды түсінік болмаған. Солай бола тұра, мұғалімдердің басым көпшілігі өз іс-әрекетінде жаңа педагогикалық технологияны қолдану қажет деп көрсеткен. Демек, оқыту үрдісіне жаңа технологияларды енгізу үшін ең алдымен оқытушыларды қайта даярлап, жаңа педагогикалық технологиялар бойынша кәсіби біліктілігін көтеруге жағдай жасау қажет және де ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар тек қана қайта даярлау үрдісінде емес, сонымен бірге тікелей кәсіби-педагогикалық әрекет барысында жасалып, бұл қайта даярлау нәтижелері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Олай болмаған жағдайда оқытушылар бұрынғыша, не оқыту технологияларын ендіруді имитациялайды, не ғылыми білімнің болмауынан технология идеяларын өзінің түсініктерімен ауыстырады, не тұтас алғанда оқытуға технологияны ендіріп жатырмын деп технологияларының жеке элементтерін жүзеге асыруы (көш жағдайда солай болады да) мүмкін. Сондықтан да мұғалімдердің кәсіптік дайындық үрдіс оқытудың жаңа технологияларын жобалап, енгізу бойынша құзырлылығын арттыру мәселесін шешу қажеттігі туындайды. Жоғарыда атап көрсеткендей, көп жағдайда мүғалімдер де "технология", "оқыту технологиялары" ұғымдары туралы толық түсініктері болмай, олар жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне ғылыми жобалау туралы білімдерден (принциптері, енгізу кезеңдері, т.б.) бейхабар болып, көбіне тәжірибеге жаңа педагогикалық технологияны ендірдім деп технологиялардың жеке элементтерін немесе оқытудың инновациялық әдістерін колдануы мүмкін. Сондықтан да мүғалімдердің жаңа педагогикалық технологиялармен осылайша қарулану дәрежесі технологиялардың оқу орнының педагогикалық үрдісінде маңызды рөл атқарады деп есептеуге мүмкіндік бермейді.Осыдан оқытушыларды жаңа технологияларды жобалау, ендіру бойынша білім мен біліктерінің деңгейін көтеру мәселесін шешетін бірден бір жол -- арнайы курстарды ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл курстың мазмұнына төмендегі мәселелер кіруі мүмкін: педагогикалық технологиялардың даму тарихы; педагогикалық технологияларды ендіру қажеттілігі мен алғышарттары; "педагогикалық технология" ұғымының мәні мен мазмұны; педагогикалық технологиялар белгілері, оларды жіктеу; педагогикалық технологияларды оқу орнында таңдау критерийлері; педагогикалық технологияларды ғылыми жобалаудың негіздері; педагогикалық технологияларды ендірудің кезеңдері мен принциптері, олардың ерекшеліктері мен сипаттамалары; педагогикалық технологияларды ендіру нәтижелерін талдау; педагогикалық технологиялар пәрменділігі критерийлері. Күтілетін нәтижеге осы курстарда оқу орнының бүкіл педагогикалық ұжымын тұтас оқыту арқылы жетуге болады, бұл оқу орнының бүкіл жұмысында жаңа педагогикалық технологияларды сауатты және нық қолдануға мүмкіндік береді. Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар: -- мүғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы; -- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы; -- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы; -- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы; -- мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті; -- іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі; -- өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету; -- технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы. Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді. Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мүғалім білуі керек: -- жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді; -- жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді; -- жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін; -- жаңа технологияда мүғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді; -- оқушылардың жұмыс әдісін; -- оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, мұғалім істей алуы керек: қандайда бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды; -- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды; -- әр сабақта сауатты жоспарлауды; -- оқу моделін құрастыруды; -- оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды; -- оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды; -- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау; -- тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау; -- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау; Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы кажет: - жаңа технологияда пайдаланатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды; -- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді; -- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды; -- жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйретуді; -- педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды. Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру -- жаңаша оқытуға жеткізетін жол. Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады. С.И.Годник зертгеулері көрсеткендей, жеке түлға жаңа жағдайларға бейімделуде жеке және кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа тәсілдеріне ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін. Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, мұғалімдердің бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады. Социологтардың мәліметтері бойынша педагогтердің тең жартысы инновациялық әрекетке бірден енуге дайын, ал қалған жартысы сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі мүмкін. Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті. Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалытгы игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған. Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті "технологиялауды" мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін. Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, мұғалімдердің кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін терендету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен мұғалім жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады: -- өз төжірибесінде жұмыстың инновациялық түрлерін қолданып жүрген тәжірибелі мұғалімдермен жұмыс. Олардың мақсаты -- өз жұмысына қандай да бір технологияны кезеңмен сіңдіріп, нәтижесін ұжым талқысына шығарып, сол арқылы әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың іс-әрекетін қайталау тілектерін туғызу: әрқайсына тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген жас мамандармен жұмыс. Туындаған сұрақтарына жауап беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек, ақыл-кеңес, беретін тәжірибелі әріптеспен бұндай жұмыс әрқашан нәтиже береді; -- өз жұмысына өзгеріс енгізуге тілек білдірмеген мұғалімдермен жұмыс. Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу. Оқу орнының әдістемелік жұмысын жоспарлауда осындай жұмыстың мысалы ретінде <<Жаңа педагогикалық технологи -- кәсіби даярлықта>> бөлімі пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны нық қолдануға әкелетін әдістемелік, техникалық қамтамасыз етуді, кеңес беруді, диагностикалау, рефлекцияны қамтитын ұзақ кезеңді жұмыс жүзеге асырылады. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау - жұмыс сапасының негізі болып табылады. Осы орайда: "Ең еуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші -- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам салы болуы;... үшінші мектепке керегі белгіленген программа", - деген ағартушы-ғалым А.Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқаймыз. Оқу үрдісін технологияландыру - білім беру жүйесінің мүғалімнің ғылыми-әдістемелік пен қатгамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген , көп деңгейлі , көп кезеңді үрдісі. Қай қоғамда болсын жалпы білімнің атқаратын тарихи мақсаты - жас ұрпақ-тың дүниетанымын, оның белгілі бір мамандықты меңгеруіне іргелі негіз бола-тын жалпы білім беру. Сәл кейінге шегінсек, қазақ топырағында XX ғасырдың басында ауыл балаларын оқытудың ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін жасаған қазақ зиялылары арнайы еңбектер жазып, хат тануға бет бұрған кезде, оқу-жазу үрдісін тездетіп меңгертуде педагогика мен психология-ның алатын орны ерекше болады. Ал қазіргідей оқытудың жаңа технологиясы дамыған заманда жеке адамды қалыптастыру үшін ұлттық мектеп, ондағы өтілетін сабақтар қандай болу ке-рек? Ауыл мектептерінің орны, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін қалай жетілдіру керек? Міне, бүгінгі күнде шешімін табуға тиісті міндеттер осы болып отыр. Олай болса өз ойымызды ортаға салып бір тұжырымға келейік. Өйткені Елбасының өзі ауыл мектептеріне айрықша назар аударуы тектен-тек емес. Рас. ҚР "Білім туралы" заңы қабылданып, білім мазмұны тәуелсіздік тұрғысынан жаңғырды. Дегенмен, мектептерде жүргізілетін сабақтарға қойылатын талаптар көп,бірақ оның тиімдісі де, тиімсізі де бар. Біздер, мұғалімдер осындай талаптарды орындаудан шыға алмай келеміз, мұның өзі педагогтердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне де кері әсері болмай тұрған жоқ. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 8-тақырып. Білім беру мекемесінің педагогикалық және өзге де қызметкерлердің құқықтық мәртебесі Жоспары: Білім беру мекемесінің педагогикалық және өзге де қызметкерлердің құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгерілуі, тоқтатылуы. Педагогикалық қызметкерлердің бостандықтар және академиялық құқықтары. Педагогикалық қызметкер әлеуметтік құқық және еңбекке құқығы. Педагогикалық қызметкерлердің міндеттері мен жауапкершілігі Негізгі түсініктер: құқықтар мен міндеттер, құқықтық қатынастар, әлеуметтік құқық Білім беру ұйымының директоры (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады. Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, <<Неке және отбасы туралы>> Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы>>, <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>>, <<Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы>>, <<Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы>>, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", <<Арнайы әлеуметтік қызмет туралы>>, <<Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы>> Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды. Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығы (директорына) қосымша білуге міндетті: <<Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы>> Қазақстан Республикасы Заңын. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс. Ескерту: Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығына (директорына) қойылатын талаптар: жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болуы, сондай-ақ жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білімі болуы тиіс. Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды. Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады. Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктер мен эксперименттік жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, <<Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы>> Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>>, <<Қазақстан Республикасы тілдер туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы>>, <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>>, <<Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы>>, <<Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы>>, <<Арнайы әлеуметтік қызмет туралы>>, <<Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы>> Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды. Білім беру ұйымы директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді. Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, <<мектеп-жоо>>, <<мектеп-колледж-жоо>> үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы>>, <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>> Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы тиіс. Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік педагогтер және дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің мазмұны мен мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, тәрбие жұмыстарымен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Белгіленген тәртіпте есептік құжаттамалардың сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, <<Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы>> Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>>, <<Қазақстан Республикасы тілдер туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы>>, <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>>, <<Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы>>, <<Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы>>, <<Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы>> заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтерді, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, <<Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы>> Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының <<Білім беру туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы>>, <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>>, <<Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы>>, <<Арнайы әлеуметтік қызмет туралы>>, <<Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы>>, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы>> заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. орта деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің курстары мұғалімдерінің техникалық және кәсіптік педагогикалық білім болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру ұйымының шеңберінде озық тәжірибе мектептерінің жұмысына белсенді қатысуы тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтілінсіз академиялық магистр дәрежесінің болуы; біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтар жұмысына жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі кемінде 4 жыл, немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 2 жыл; біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы, өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 3 жыл; біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру ұйымының іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет. Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл;біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек. Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 4 жыл; біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек. Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл; Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді. Білуге міндетті: <<Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы>> Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілер. БӘД оқытушы-ұйымдастырушы: жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік (әскери, запастағы офицер), тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы қажет. Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге қойылатын қосымша біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім пән бойынша тиісті біліктілік курстарынан өту туралы сертификат болған жағдайда. Ескерту: жұмыс оқу жоспарының бөлігінен вариативтік курс жүргізген кезде негізгі пән бойынша біліктілік санаты сақталады; педагогикалық білімі жоқ тиісті бейін бойынша маман жұмыс оқу жоспарының вариативтік бөлігін оқытқан кезде біліктілігі орта деңгейдегі мамандықтарға теңестіріледі; жоғары әскери (запастағы офицер) білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушысының біліктілік санаты жоғары педагогикалық білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушының біліктілік санатына теңестіріледі. 1995 жылға дейін орта мектептің ХI педагогикалық сыныбын бітірген тұлғалар біліктілігі орта деңгейлі маман болып есептеледі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарыныңпедагог-психологы Лауазымдық міндеттері. Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Балалардың тұлғасын дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностикасын жүргізеді. Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады. Оқушылардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескерумен білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануына балалардың дайындығын дамытуына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі. Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді. Оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне консультация береді. Педагогикалық, әдістемелік кеңес жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру үдерісінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды. Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>>, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", <<Қазақстан Республикасы тіл туралы>>, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", <<Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес>>, <<Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы>> Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен диференсалдық психология, балалар мен жас ерекшелік психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингтер, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби кеңес берудің қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуында ақауы бар балаларды диагностикалау және түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитарлық қағидалар мен нормаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім. Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға қатысуы, білім беру мекемелеріндегі жетекші психологиялық-педагогикалық тәжірибені игеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 2 жыл. Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман: біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі психологиялық жұмыстарды атқаруы тиіс, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы керек, жетекші тәжірибені игеру бойынша семинарларға жетекшілік етуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл. біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы маман: біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес дайындауы тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарыныңдефектолог-мұғалімі, логопеді Лауазымдық міндеттері. Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Тәрбиешілер және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады. Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды. Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді. Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>>, <<Балалар құқықтары конвенциясы>>, <<Қазақстан Республикасындағы тіл туралы>>, <<Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау>>, <<Қазақстан Республикасында балалар құқығы>>, <<Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы>> Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық актілерді, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және іс жүзіндегі әрекеттері мәселесі бойынша нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары бар оқушылар мен тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік әдебиеттерді, дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау, санитарлық қағиданы. Лауазымға қойылатын талаптар: <<Дефектология>>, <<Логопедия>> мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім. Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтаумен қоса біліктілікке қойылатын талаптар: санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: <<Дефектология>> <<Логопедия>> мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды. екінші санатты жоғары деңгейлі маман: санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық тәжірибелерді игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін, әлеуметтенуін қалыптастыруды сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: <<Дефектология>> <<Логопедия>> мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, дефектолог-мұғалім (логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл. бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің ауытқуларын барынша түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық семинарларды басқара білу, педагогикалық озық тәжірибені ендіру, дефектологияның заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға құқылы сертификаттары бар, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы керек. лауазымға қойылатын талаптар: <<Дефектология>> <<Логопедия>> мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 3 жыл. жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман: бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың әдістерін білуі, жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек, арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың жұмысын басқару, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы қажет. лауазымға қойылатын талаптар: <<Дефектология>> <<Логопедия>> мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 9-тақырып. Білім алу процесінің қатысушыларының құқық қорғау механизмі және институты Жоспары: Құқыққорғау механизмдер: негізгі түрлер, жодары, сипаттамасы Құқыққорғау институттары: әрекеттері, Негізгі түсініктер: құқыққорғау органдары, құқықты қорғау механизмі, құқықтық институттар 1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады. 2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі. 2. Педагог қызметкердің: 1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) жеке педагогтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға; 5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; 8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге; 9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; 11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар. 3. Педагог қызметкер: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға; 5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; 8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. 5. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді. 6. Педагог қызметкерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу пиғылымен пайдалануына тыйым салынады. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі 1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. Жеке меншік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды. 2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 3. Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 4. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерді, жазу жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргізіледі. 5. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады. 6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті дипломы бар болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша: философия докторы (РhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде; ғылым кандидаты дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторы дәрежесі үшін екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді. 7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі: 1) 18 сағат: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін; білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін; 2) 24 сағат: мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін; 3) 30 сағат интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін; 4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді. Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасының шегінде белгіленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орнының басшысы бекітеді. 8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде мемлекеттік жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негізге ала отырып есептеледі: 1) студенттер мен оқытушылар (бір оқытушыға шаққандағы студенттердің орташа саны) тиісінше: күндізгі оқу нысаны үшін - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшін - 6:1); кешкі оқу нысаны үшін - 16:1; сырттай оқу нысаны үшін - 32:1; 2) магистранттар және оқытушылар - 4:1; 3) докторанттар және оқытушылар - 3:1. 53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер 1. Педагог қызметкерлер мынадай: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана; 2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді. 2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлері жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша: 1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді; 2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үйжайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді; 2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. 2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі. 3. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен: 1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы; 2) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант; 3) "Үздік педагог" атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 10- тақырып . Оқушыларды құқық сабағында тәрбиелеудің маңызы. Жоспары: Оқушыларды құқық сабағында тәрбиелеудің маңызы. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатын анықтау. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатына жетудің жолдары. Негізгі түсініктер:. Тәрбиелеу, тәрбиелеу мақсаты, нәтежие, міндет, құқықтық мәдениет Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі -- құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату үдерісімен байланысының маңызы ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты: Оқушыларға мемлекет, құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе - бүгінгі таңда елімізді қайта құру кезеңінде Парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімін қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата Заңның 14-бабында <<Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең>> деп атап көрсетілген. Олай болса адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға атсалысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті -- жасөспірімдерді адамзаттық белсенділігіне қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру. Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру қажет. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: 1-4 сыныпта (бастауыш мектеп); 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі мектепте оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ата Заңның 38-бабында <<Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті>> - деп атап көрсетілген. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар: -Мораль мен құқық мәселелеріне арналған лекциялар мен әңгімелер өткізу; -Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру; -Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру; -Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру; -Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершіілк және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау; -Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау; -16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау; -Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару; -<<Жас заңгер>> клубын ұйымдастыру; Ай сайын <<құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін>> жүргізу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 11- тақырып. Сабақтан тыс уақытта оқушыларды құқықтық тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері, оның жоспарын құру. Жоспары: Сабақтан тыс уақытта оқушыларды құқықтық тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері, оның жоспарын құру. Құқық апталықтары, құқықтық оқылымдар, құқықтық олимпиадалар Негізгі түсініктер: Құқық апталықтары, құқықтық оқылымдар, құқықтық олимпиадалар Жалпы тәрбие -- баланың өміріне және әрекетіне қолайлы жағдайлар туғызып, баланың бойына біткен мүмкіншіліктерді ақиқатқа айналдыру жолында әрекет етіп, баланың әрекеттерін ұйымдастырып, басқарып, оларға дұрыс бағытын беріп, жетекші болып отырады. Құқықтық тәрбиенің маңыздылығына адамдар ерте бастан-ақ ерекше көңіл бөлген. Мемлекеттік құқық жүйесінің тарихы туралы сөз еткенде ежелгі заң ретінде Вавилонның <<Хаммурапи заңы>>, Үндінің <<Ману заңы>>, көне Римнің <<ХІІ кестесі>> заңдары айтылады. Жастарға құқықтық тәрбие беруде орта білім беру мекемелері жетекші орын алады. Онда жастарды құқық туралы ғылым негіздерімен қаруландырады, адамның іс-әрекетіне қоғамның қоятын талаптарымен таныстырады, нені жасауға болады, нені болмайды, қандай іс, қылықтары заңды, әділетті, қандайы заңсыз екенін түсіну, алған білімдерін практикалық өмірде пайдалана білу дағдыларын, жамандық пен заңсыздықпен күресте қажет болатын психологиялық қасиеттерін қалыптастырады. Мектептердің құқықтық тәрбие берудегі жоғарғы рөлі бірнеше факторлармен анықталады. Олар педагогикалық технологиямен қаруланған кәсіби мамандармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ орта білім беретін мекемелерде тәрбиелік ықпал ету жинақтылық сипатқа ие. Онда тәрбие беру ісін ағарту ісімен біріктіретін тамаша мүмкіндіктер бар. Мектептердегі тәрбие беру ісі бұл тек оқушыларды құқықтық біліммен байыту, құқықтық жағдайларға оқыту ғана емес, сондай-ақ баланың мектепке алғашқы қадамынан басталып, колледж, лицейді бітіргенге дейін жалғасатын қоғамдық ұзақ әсер етудің түрі. Сонымен қатар орта білім беру мекемелерінің бай ғылыми әдістемелік базасы бар. Олар құқықтық тәрбие берудің түрлері мен әдістерінің бай қорын игерген. Бүгінгі күннің талабына сай оқушыларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін, орта білім беру мекемелеріндегі құқықтық тәрбиенің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру қажет. Себебі оның қазіргі жағдайы қоғамда үлкен алаңдатушылық туғызып жатқаны да жасырын емес. Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысы. Бірінші сыныптан бастап, белгілі бір жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет. Әрине, құқықтық тәрбие тиімді нәтиже беру үшін оқушылардың жасын, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр адамның жеке басының қасиеттерін ескеру абзал. Тікелей құқықтық тәрбие беру -- арнайы жүргізілетін сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмысты жүргізуге арналған пәндер <<Құқық негіздері>>, <<Адам және қоғам>>, <<Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы>>. Құқықтық тәрбиенің міндеттерін бөліп көрсететін болсақ, ол төмендегідей болады: * қоғам мүшелерінің бойына құқықтық білімді сіңіру; * құқыққа сай жүріс-тұрысты әдетке, дағдыға айналдыру; * құқықтық іске белсенді араласу қабілетін ояту; * қоғам мүшелерінің заңда белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғай және пайдалана алуға машықтандыру; * құқықтық сананы қалыптастыру. Үшінші тарауша <<Құқықтық тәрбиенің негізі тұлғаға құқықтық нормаларды танытуға>> арналған. Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті. Олай болса, оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты: * Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу. * Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру. * Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу тәрбие процесінің барлық құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан басталады. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті - жасөспірімдерді адамзаттық белсенділігіне қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру. Құқықтық тәрбие құқық нормасын алдымен жазалау құралы емес, қоғамдық қатынасты ешқандай қақтығыссыз реттеуші ретінде қолданады. Адамның құқықтық санасы мен тәртібін қалыптастыра отырып, құқықтық тәрбие заң нормаларына бағынатын, өз міндеттерін орындайтын, тәртіп нормаларын бұзбайтын саналы азаматты тәрбиелеу арқылы құқықтың негізгі қызметін жүзеге асырады. Ғалым заңгерлердің теориясы бойынша құқықтық тәрбиені іске асыру, оны орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады: * Қоғамдық құқықтық сана; * Құқықтық норма жүйесі; * Құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері; * Тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана сезімі. Жастардың ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы өзіндік көңіл бөлуді қажет етеді. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына ата-анасының, жұртшылық пен мектеп үлкен ықпал етеді. Кәмелетке толмағандардың психологиясы ерекше. Оларды қандай да болмасын әрекеттерге жұмылдыру оңай. Сондықтан да ата-анамен тығыз байланыс орнатып, мектепте және мектептен тыс әңгіме, сұхбат өткізіп, кеңес беріп отыру қажет. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 12- тақырып. <<Жалпыға бірдей құқықтық білім беру>> туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына жалпы сипаттама. Жоспары: <<Жалпыға бірдей құқықтық білім беру>> туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына жалпы сипаттама. Негізгі түсініктер:. Біржүйелі білім, құқықтық білім, Үкімет қаулысы, орындалу, нәтежие. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты 2003-2002 негізінде дайындалды және <<Құқықтану негіздері>> оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелерінің мыналарла қолданылуы және сақталуы міңдетті: -- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім ұйымдарында олардың меншіктік нысанына, тұрпатына, түріне қарамастан, <<Құқықтану негіздері>> оку пәнін окытуда жүзеге асырғанда; -- жалпы білім беретін ұйымдардың мұғалімдері оқу үрдісін ұйымдастырғанда және мектептің негізгі және орта жоғарғы сатыларын бітірушілердің білімін, біліктілігін тексергенде; -- Мемлекеттік білім стандартгары және тестілеудің ұлттық орталығында қабылдау емтихандарының материалдарын дайындағанда; -- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында <<Құқықтану негіздері>> бойынша кабылдау емтихандарын материалдарын және берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде; -- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында <<Құкықтану негіздері>> пәні бойынша оқу бағдарламаларын, окулықтар мен оку-әдістемелік кешеңцерді дайынпау барысыңпа; -- білім беру жүйесі қызметкерлерінін кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарьшда <<Құқықтану негіздері>> пәні бойьшша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және кайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында; -- білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында <<Құқықтану негіздері>> пәні бойынша оқушылардың оқу сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде. Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік баскару ұйымдары мен мекемелерінде білім кызметін лицензиялау, білім беретін ұйымдарды аттестациялау, типтік және жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау және олардың жүзеге асырылуын бакылау кезінде пайдаланылуы мүмкін. <<Құкыктану негіздері>> пәні бойынша осы стандарт білімнің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарынын типтік және жұмыстык оку-жоспарларымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады. <<Құқықтану негіздері>> пәнін оқытудың негізгі мақсаты-оқушыларды қоғамның саяси-кұқыктық жүйесімен таныстыру, құқыктық білімдермен және құқықтық мәдениетпен қаруландыру, заң сыйлағыш тұлғаны калыптастыру, құқықтық жағынан белсеңді және сауатты азаматты -- өз Отанының патриотын тәрбиелеу. <<Құқықтану негіздері>> пәнін оқьпудың негізгі міндеттері: - құкықгық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, кұкыктык біліктердің калыптасуын камтамасыз ету; - Қазақстан Республикасы Констатуциясы және басқа заңдарын меңгерту, Казакстан коғамының даму заңдылыктарын және оның саяси-кұкыктык жүйесін окыту аркылы оқушылардың кұкыктык сауатты азамат болып өсуіне көмектесу; - Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық кұкык негіздерінен казіргі заман адамына ең кажеттілерін іріктеп ала білуге үйрету; - оқушыны адам құқығы мен еркіндігін сыйлай білуге үйрету; - дүниежүзілік және ұлттык мәдениеттің жетістіктерін, халыктың салттарын, дәстүрлерін, моралін, жалпыадамзаттык кұқыктык құндылықтарды және кұқықтық жетілуге кажетті білімдерді жас ұрпақ өкілдеріне меңгерте отырып, оларды адамдармен өркениетгі қатынас жасай білетін, салауатты азамат етіп тәрбиелеу. <<Құқықтану негіздері>> пәнінің зерттеу объектісінің сипаттамасы <<Құқықтану негіздері>> пәнінің негізгі зерттеу объектісі Қазақстан Республика-сының конституциялық кұрылысы, Қазақстан қоғамының құкықтық жүйесі, кұқық салалары негіздері, адам кұқығы, сот, прокуратура және өзге кұқыққорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам құру мәселелері, құкықтық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы кұқықтық қатынастар болып табылады. Стаңдарт мектеп оқушыларына, олардың әлеуметтік, мүліктік және өзге жағдайларына карамастан, құқықтанушылык білімдер тобынан катардағы азаматка үнемі кажет болатын ең маныздыларын іріктеп алып игеруіне мүмкіңдік береді. Айналаны қоршаған қайшылықты дүниеде, оның үстіне, біздің мемлекетіміз құқықтық қоғам кұру бағытьын ұстанып отырганда, құкыктық білімдерін жеткілікті көлемде меңгеріп кана коймай, оны практикада колдана білудің маңызы ерекше. Қоғам жастардың құкықтық мәдениетін көтеруге, оларды заң талаптарын орындауга, үйретуге, жастар арасында құқык тәртібінің үнемі сақталуына кол жеткізуге мүдделі. Қүқыктық білімдер азаматты кез келген құқык бұзушылардан да қорғана білуді қамтамасыз етуі керек. <<Құқықтану негіздері>> пәнінін таяудағы даму болашағы біздің мемлекетіміз көздеп отырғандай, Қазакстанда құкықтык қоғам орнату бағытының жүзеге асырылуымен байланысты. Құкықтық нигилизм мен бұқараның құқықтық мәдениетінің төмендігі қазіргі Қазакстан коғамының демократия мен прогресс жолындағы басты кедергі болып отырғаны белгілі. Ел көлемінде реформалардың кең ауқымда жүріп жатуына сәйкес құкыктык білімнің жаңа мазмұны жоғары құқыктық мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға, жастарды дүниежүзілік кұкықтанушылық ғылымдардын жетістігімен кауьштыруға, сонымен коса, өз халкының құкықтық мұраларының жансая бұлағынан сусындатуға бағытталуы керек. Қазіргі кезде білім жүйесі құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан жаңару үстінде. Білімді ізгілендіру мен демократиялаңдыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр. Қазақстанның әлеуметтік, азаматтық және құқыктык мемлекет орнатуға, қоғамды демократияландыруға бағыт алуы жалпы білім беретін мектептерде құқықтану негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде алдыңғы лекке шығарып отыр. Өйткені, келешекте өркениетті қоғам орнату кұқыктық білім берудін. бүгінгісіне тәуелді. Осыған орай, құқықтану негіздерін бүдан гөрі толык және ертерек бастап окыту проблемасы алга тартылуда. <<Құқықтану негіздері>> пәнінің базистік оқу жоспарындагы орны <<Құқықтану негіздері>> пәні <<Қоғамтану>> білім саласына енеді және оның базалық пәңдерінің бірі болып табылады. Оның жалпы орта білім жүйесіңдегі рөлі жекелей демократияның және түтастай коғамның даму заңдылықтарын, қазіргі замандық дүниенің ғьлыми бейнесін саяси-кұқықтанушы білімдердің рөлі арқылы аныкқалады. <<Құқықтану негіздері>> пәні базистік оқу жоспарына оның мемлекеттік компонентінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде енеді. Мектептің негізгі сатысында құқықтық білімдер <<Адам. Қоғам. Құқық>> кіріктірілген курсында беріледі. Мектептің жоғары сатысында <<Құқықтану негіздері>> пәні міндетті курс ретінде оқытылады. "Құқықтану негіздері " пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері "Құқықтану негіздері" пәні ауқымында келесі бағдарламалар жүзеге асырылады: -білім берудің негізгі бағдарламасы; -бағдарлы білім беру бағдарламасы; -қосымша білім беру бағдарламасы; Мектептің негізгі сатысына (10-11-сыныптар) арналған бағдарлы білім беру бағдарламасының мазмұны екі бағдарда: -жаратылыстану-математикалық бағдарда білім беретін мектепке (сыныпқа) арналған "Құқықтану негіздері " оқу курсының білім мазмұнымен ; қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектепке (сыныпқа) арналған "Құқықтану негіздері " оқу курсының білім мазмұнымен айқындалады. Жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектепке арналған "Құқықтану негіздері" курсының оқу бағдарламасының мазмұнында құқықтың негізгі салалары - конституциялық, азаматтық, әкішілік, отбасылық, еңбек және қылмыстық құқық бойынша әр азаматқа қажетті білімдер тобы жинақталған. Азаматтық және қылмыстық процессуалдық құқық, құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері жеке тақырыптармен берілген және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы мысалдармен түсіндіріледі. Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектепке арналған "Құқықтану негіздері" курсының нұсқасы білімдік тереңдетілген бағдарламаға жатады.Бұл бағдарлама бойынша оқушыларға "Құқықтану негіздері" курсы жаратылыстану-математика бағдарлы мектептерге қарағанда кең және тереңдетіліп берілген. Тереңдету әр тараудың материалын көбейтуден және халықаралық, экологиялық құқық туралы білімдердің енгізілуінен көрініс табады. Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептерді бітірушілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа заңдарын нақты баптар деңгейінде меңгере алуымен және құқықтық ұғымдарды терең түсінуімен қоса , проблеманың мәніне үңілуге, құбылыстың себептерін түсіндіруге, үрдістерді саралауға және алған білімдерін өмірлік практикада қолдана білуге үйренуі керек. Болашақ құқықтанушылар үшін курстың құрылымы мен мазмұны мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде-ақ оларды саяси және құқықтық категориялармен ойлауға және әрекет ете білуге көмектесуі тиіс. Құқықтық білім беру факультативтік, таңдап оқылатын және қолданбалы курстар арқылы жүзеге асырылады.Оларды мектеп өз қалауынша таңдап алады. " Құқықтану негіздері" бойынша білім беру бағдарламаларының базалық мазмұны жалпы орта білім беретін ұйымдардың сатылары және оқыту бағдарына сай тағайындалады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 13- тақырып. Құқықтық шаралар:жалпы ұғымы. Құқықтық шараларды ұйымдастыру Жоспары: Құқықтық шаралар:жалпы ұғымы. Құқықтық шараларды ұйымдастыру. Құқықтық шаралардың түрлері. Құқықтық шараларды өткізу әдістері. Негізгі түсініктер:. Құқық, құқықтық шара, тәрбиелік мән, ұйымдасу. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесінен ажырағысыз. Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа әлеуметтік әділдік, ізгілік, жеке бас бостандығы негізінде өшпейтін әлеуметтік құндылықтар ретінде қарау орын алуы тиіс. Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жай-күйі оның құқық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей, оның ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 14 мамырдағы N 14-622к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2004 жылғы 24 желтоқсанда Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Еліміздің барлық өңірінде осындай бағдарламалар қабылданған болатын. Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі қағидаттарды: кешенділік және нәтижелілік; іске асырушылық (орындаушылық); сабақтастық; жүйелілік; атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенін орындауды көздеді. 2007 жылы Бағдарламаның қолданысы аяқталды. Жалпы, осы Бағдарламаның қабылдануымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыс оң нәтиже көрсетті. Аталмыш жұмысты үйлестіру қажет деген түсінік қалыптасты. Осы бағыттағы тәжірибе зерделеніп, республика азаматтарын жүйелі құқықтық ағартудың заманауи әрі өзекті нысандарын, сондай-ақ жүйелі әдістерін әзірлеу мақсатымен өткізілген іс-шаралар кешені талдануда. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 14- тақырып. Оқушыларды құқық сабағында тәрбиелеудің маңызы. Жоспары: Оқушыларды құқық сабағында тәрбиелеудің маңызы. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатын анықтау. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатына жетудің жолдары. Негізгі түсініктер:. Құқықтық тәрбие, құқық сабағы, дағдылар, құқықтық сана, сабақ мақсаты. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана- қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың сансын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту- мектептегі оқу- тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Қазақстан Республикасының Ата Заңының <<Адам және азамат>> деп аталатын ІІ бөлімінде енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта <<Менің Отаным- Қазақстан республикасы. Оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары>> деген жолдардан бастап, 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылғы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның- Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын реттейді. Бізге тарих және әдебиет оқулықтарынан мәлім болғандағыдай, адамзаттың пайда болуының таң шапағында олардың қарым-қатынасы, өмір сүру қарекеті салт-дәстүрлер аясында болғаны. Дегенмен де, дәстүрлер адамдар арасында туындап отыратын дауларды шешуде, сауда- саттықты жүргізуде, өздерінің құқықтарын қорғауда әр кезде жеткіліксіз, қауқарсыз болып келді. Міне, осы кезден бастап арнайы мінез-құлық ережесінің белгіленуіне қажеттілік туындады. Ол адамдар тарапынан тек орындалу жауапкершілігін жүктеп қана қоймай, беделі мен күші бар мемлекеттік тұрғыдан бекітілуді қажет етті. Тарихтан бізге мәлім болған тағы бір жайт, ол Ману Заңы және ХІІ кесте Заңы, Наполеон Кодексі, Тәуке ханның <<Жеті жарғысы>> т.с.с. құқық жайында жазылған жазба ескерткіштердің болғаны. Яғни, қай қоғамды алмасақ та, оның өзіне тән құқық қорғау ережелерінің болғаны. Әсіресе, құқық туындап отырған күрделі мәселені шешуде моральдық нормалардың дәрменсіздігі жағдайында адамдардың қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі, көптеген сұрақтарға жауап беріп, сол жағдайдан шығудың жолдарын көрсетеді. Сондықтан да оны білу, әрбір азаматтың парызы. Бүгінде әлемдік деңгейде адамдардың құқығын қорғайтын <<Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы>> бар. Ол әлемдік құжат. Оны 1948 жылдың 10 желтоқсанында <<Бүкіл Одақтық Ұлттар Ұйымы>> қабылдаған. Бұл әділет заңын еш бұзуға болмайды. Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын, әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру керек. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: 1-4 сыныпта (бастауыш сынып); 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі мектептегі оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің құқықтық тәрбие қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ол Ата Заңның 38- бабында <<Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті>> - деп атап көрсетілген. Тіл туралы ілімді алатын болсаң, оның өзіне де заңға байланысты мәселелердің бар екенін байқаймыз. Заңға сәйкес халыққа білім берудің негізгі принциптерінің бірі- әрбір баланың оқу тілін өз еркімен таңдауы. Бұл - ұлттық мәдениетті көркейтіп, халықтар достығын нығайтуға бағытталған заңдық принцип. Әдебиеттің де құқықтық тәрбие беруде маңызы аз емес. Тікелей құқықтық тәрбие беру- арнайы жүргізілетін сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмысты жүргізуге арналған пәндер <<Мемлекет пен құқық негіздері>> , <<Қоғамтану>>, <<Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы>>. Заң туралы мәліметтерді оқушылардың құқықты оқу факультативінде де алу мүмкіндігі бар. Бұл факультатив негізінен оқушылардың жоғарғы сыныптарында ұйымдастырылып, олардың бұрын алған білімдерін толықтыруға септігін тигізеді. Мектептегі <<Құқық>> кабинетінің де атқарар қызметі ерекше. Осындай кабинеттер құқық бұзушылықтың алдын алудың орталығына айналуы тиіс. Кабинетке әртүрлі заңдар, оларды түсіндіруге арналған кітапшалар, мақалалар, анықтамалар, көрмелер қойылуы қажет. Сонымен бірге құқықтық жұмыстарға қатысты әртарапты жұмыстар да осында жүргізіледі. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектепте тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар: * Мораль мен құқық мәселелеріне арналған лекциялар, әңгімелер өткізу. * Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру; * Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру; * Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көрсем әдебиеттерді талқылау; * Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру; * Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау; * 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау; * Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет шығару; * <<Жас заңгер>> клубын ұйымдастыру; * Ай сайын <<құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін>> жүргізу. Бұл жұмыс 1986 жылы Қазақ ССР-і Оқу министрлігінің ұсынысы бойынша барлық мектептерге енгізілген. Құқықты насихаттау күндерін дайындап, жүргізгенде балалардың жас ееркшеліктерін ескерген жөн және оны жеке немесе бірнеше сыныпта топтастырып жүргізген ұтымдырақ. Құқықтың тәрбие беру жүйесінде баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының тигізіп отырған ықпалы орасан зор. Мұндай ақпарат көздерінде негізінен елімізде қандай заңдар қабылдануда және олардың ерекшеліктері қандай, соны алып көрсету немесе оларға түсіндірме насихат жұмыстарын жүргізу тиімді болмақ. Сол заңдар өмірде қалай орындалуда, сонымен қатар заң бұзушылық көріністерін, себептерін түсіндіру, алдын-алу жұмыстарын халыққа жеткізу де орасан көмек көрсетіп, құқықтық сана- сезімдерін қалыптастыруда ерекше қызмет атқарады. Оқушы жастарға құқықтың білім беруде саяси оқу да өз нәтижесін береді. Онда парламентте қабылданған заңдарды оқып үйрену, жастардың арасында қоғамға жат әрекеттердің болу себептеріне талдау жасау секілді жұмыстарды атқарудың маңызын атаған жөн. Кейінгі кездерде осы бағытта <<Қалқан мен семсер>> атты құқықтың білім беру клубтарының жұмысы кеңінен қолдануда. Мұның жұмысында әр тарапты құқық қорғау тақырыптарына арналған дәрістер, әңгімелер, сұрақ-жауап кештері, кездесулер өткізіліп отырады. Жоғарыда баяндалған құқықтық тәрбие жүйесіне қатысты жұмыстар мен оның тәсілдерін жүйелі түрде сан қуаламай, сапалық тұрғыдан оқушы жастардың жас ерекшеліктерін ескере отыра пайдаланған жағдайда ғана оның жұмысы нәтижелі болмақ. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. * Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны. * Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 3 ПРАКТИКАЛЫҚ/лабораториялық САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ : 1-тақырып . <<Мектепте құқықтық білім беру>> пәніне кіріспе Мектепте құқықтық білім беру курсының мақсаты. Мектепте құқықтық білім беру курсының міндеттері. Мектепте құқықтық білім беру курсының мазмұны. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 2-тақырып. Құқықтық білім берудің қажеттілігі. Құқықтық мемлекет және құқықтық білім. Құқықтық білім берудің мақсаттары. Құқықтық білім берудің міндеттері. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 3- тақырып Мектепте құқықтық білім берудің тиімді формалары. Ролдік ойындар. Диспуттар. Пікір-талас. Миға шабуыл. Презентация. Интервью т.б. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 4- тақырып. Мектепте құқықтық білім беру сатылары. Құқықтық білім беруде оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызы. Орта және жоғары сыныптарда құқықтық білім берудің ерекшеліктері. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 5 - тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: жалпы ұғымы. Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 6-тақырып . Жалпы білім беру мекемесі оқушысының құқықтық мәртебесі Оқушының құқықтық мәртебесіның пайда болуы, өзгерілуі және тоқтатылуы. Адам құқығы және оқушы құқығының айырмашылығы. Оқушының құқықтары мен бостандықтары. Оқушылардың білім алудың әлеуметтік кепілі. Оқушылардың құқықтары мен жауапкершіліктері. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. * Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 7-тақырып Құқықтық білім берудегі педагогикалық технологиялардың маңызы Педагогикалық технологиялар мазмұны, сипаттамасы Педагогикалық технологиялардың маңыздылығы Педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 8-тақырып. Білім беру мекемесінің педагогикалық және өзге де қызметкерлердің құқықтық мәртебесі Білім беру мекемесінің педагогикалық және өзге де қызметкерлердің құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгерілуі, тоқтатылуы. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 9-тақырып . Білім алу процесінің қатысушыларының құқық қорғау механизмі және институты Құқыққорғау механизмдер: негізгі түрлер, жодары, сипаттамасы Құқыққорғау институттары: әрекеттері, Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 10-тақырып. Оқушыларды құқық сабағында тәрбиелеудің маңызы. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатын анықтау. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатына жетудің жолдары. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 11- тақырып. Сабақтан тыс уақытта оқушыларды құқықтық тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері, оның жоспарын құру. Құқық апталықтары, құқықтық оқылымдар, құқықтық олимпиадалар. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 12- тақырып <<Жалпыға бірдей құқықтық білім беру>> туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына жалпы сипаттама:негізгі ережелері, сиппатамасы. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 13- тақырып Құқықтық шаралар:жалпы ұғымы. Құқықтық шараларды ұйымдастыру. Құқықтық шаралардың түрлері. Құқықтық шараларды өткізу әдістері. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. 14- тақырып. Оқушыларды құқық сабағында тәрбиелеудің маңызы. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатын анықтау. Құқық сабағының тәрбиелік мақсатына жетудің жолдары. Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. Ұсынылатын әдебиеттер: Л.А.Байсеркеев <<Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>>.А., 2010 ж.78б Г.М.Дайрабаева <<Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу>>. А., 2013ж. 112б. А.О.Бейсембаева <<Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері>>. Талдықорған, 2011ж. Семинар сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқауы. Семестрдің барысында семинар (практикалық) сабақтыра өткізіледі. Семинар ол оқу жұмысының белсенді формасы болып келеді, онда студенттердің өздік жұмыстарының нәтежиесі мен алған білмідері бекітіліп, бір - бірін жетілдіріп отырады. Семинар сабағының мақсаты: студенттердің теориялық дәрежелерін жетілдіру, зерттеген тақырыпты терең түсіну, сонымен қоса теорияда алған білімдерін іс - жүзінде қолдана білу икемдерін арттыру. Семинар барысында студенттер өз ойларын тұйіңдеп, өз ойларын аудиторияға жеткізе білуіне үйренеді. Семинар сабақтарының сапасы негізінен студенттің дайындық дәрежесіне негізделеді, сол себептен семинар сабақтарына дайындалуда ең алдымен арнайы және негізгі әдбиеттермен танысып алу қажетті. Семинар барысында студенттер әр сұрақты жан - жақты қарастырып, талдап, қорытындылайды. Студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін, семинар сабағының жоспары бойынша құқықтық мәселерді шешіп, қарастырады. Практикалық сабақтарының түрлерінің бірі, ол студенттерді тесттер арқылы тексеру (сұрақтары төменде келтірілген) 4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС/ЖОБА оқу жоспары бойынша қарастырылмаған. 5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ Білімалушыладың оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарын (жеке дара өздік жұмыстарын) тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады. Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет: * дәрістердің конспектісі болуы; * курс бағдарламасының болуы; * ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы; Жұмыс әдісі: * дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау; * конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады; * тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс; * тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады; * егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет. Студенттердің өздік жұмыстарының орындалуының әдістемелік нүсқауы Жоғарғы оқу орындарында мамандарды даярлауда студенттер алдына негізгі екі міндет қояды: өз мамандығы бойынша қазіргі кездегі ғылыми және практикалық білімдермен икемділіктерге ие болу; өзі жеке басымен ойлануға, ғылыми және өңдірістік мәселелерді шешу және талдау қабілетіне ие болу. Өздік жұмыстарын орындау алдында ең алдымен еңбек құқығының жалпы және ерекше бөлімдерін, нормативті - құқықтық актілермен, негізгі әдебиеттермен танысып, зерттеп алыңыздар. Негізгі теориялық мәселені бөліп, талдап алыңыз, практика материалдарымен бекітіп алыңыздар. Еңбек құқығы саласындағы практикамен қалалық, аудандық кәсіподақ ұйымдарында, кадр бөлімдерінде танысып, алуға болады. Өздік жұмысын орындауда қиындықтар кездесетін болса, оқытуша жолығып, кеңес алыңыздар. Өздік жұмысты орындаған кезде зерттеген әдебиеттерде кездескен ой - пікірлерге, өз көзқарасыңызды білдіруге қажет. Қойылған мәселені түсінбеу, монографиялар, мақалалардан, әдебиеттерден механикалық тұрғыда көшіріп алу жұмыстын сапасзыдығына әкеліп срқтырады. Ал ол баға қою саясатына әсерін тигізу мүмкін. Өздік жұмыстар орындалу барысында логикалық тұрғыда жазылып, пайдаланылаған әдебиеттер тізімі көрсетілуі қажет. Студенттің өздік жұмысы студенттердің терең ойлап, өзі меңгеріп жатқан пәндер саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Өздік жұмысты орындау барысында студент ізденеді, ойланады, өзіндік пікірін қалыптастыруда әр түрлі тәсілдерді таңдап алады. Сондықтан өздік жұмысты жүргізуде бірнеше нысандарды таңдап алуға болады. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с. Өздік жұмыс арқылы студент оқылып жатқан пәндердегі айтылмай кеткен немесе көлеңкеде қалып қойған мәселелерге жауап таба алады, өзінің теориялық білімін шыңдайды және ғылыми ізденіске жол ашады. Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек. Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар: * Жазбаша баяндамалар сауатты, ұғынықты түрде, тақырыпты аша отырып жазылуы тиіс. Баяндама арқылы студент бір сұраққа немесе бір мәселенің ашылуын қамтамасыз етеді. * Реферат қойылған талаптарға жауап бере отырып жазылуы керек Ол көлемі, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жоспары, кіріспе және қорытынды сияқты бөлімдері арқылы баяндамадан өзгешеленеді. Реферат студенттің қай курста оқитындығына да қатысты жазылады. Себебі бірінші курс пен жоғарғы курстың студенттерінің жазған рефераттарының арасында айырмашылық болады, яғни олардың көтеріп отырған мәселе ауқымында. Рефератты жазу барысында студент жетекшімен ақылдасып отыруы қажет. Жетекші болып курстың оқытушысы табылады. Реферат көлемі 10-15 парақ, бір интервалмен немесе әр жолы 28 - 29- дан кем болмауы шарт. Рефераттың міндетті түрде жоспары болуы шарт. Жоспар кіріспеден басталады. Кіріспеде студент тақырыптың өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін келтірсе, қорытындыда өз тұжырымын беруге тырысуы қажет. Әр бөлім тақырыпшасы қайтадан жазыла отырып, ашылуы қажет. Пайдаланылған әдебиет көлемі 3 -10 - дай болуы қажет. Реферат - ғылыми жұмыстың алғашқы баспалдағы болып саналады, сондықтан студент рефератты тек механикалық тұрғыда көшіру арқылы ғана емес, ғылыми ойлау қабілетін көрсете отырып жазады. * Кроссворд, сканвордтар 30 сұрақтан кем болмауы керек. Оны құрастыруда қателердің кетпеуін, яғни сааутты құрастырылғандығына көз жеткізіп алыңыз. Сұрақтар дұрыс жауабымен өткізіледі. * Ғылыми мақаланы студент басқа мақалалардан ажырата білуі керек. Алдыменен таңдап алынған мақалаға тақырыпқа сай болуы шарт, екінші кезекпен мақалаға талдау жасалады, яғни талқыланады, содан кейін мақалаға қатысты студент өз пікірін білдіреді. * Сұрақ - жауап (әлеуметтік сауал) жүргізу. Сауал жүргізу тақырып бойынша көтерілген мәселелерді дәлелдеуге бағытталады. Сауал міндетті түрде қорытындыланады, яғни пайыздық немесе сандық көрсеткіштер арқылы беріледі. Өздік жұмыстың қай нысанын орындасаңыз да оны қорғау қажет болады. Қорғауға сізге 2 - 3 минөт уақыт берідеді, сондықтан сіз өз жұмысыңыз туралы тек мағлұмат қана бересіз. Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз). Білімалушылардың өздік жұмыстарының тақырыптары 1 рубежді бақылау - пікір - талас 2 рубежді бақылау - презентация. Өздік жұмыстарын орындау талаптары: Өздік жұмысын жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау. Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап. Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. ТАҚЫРЫПТАР: № Тапсырма Дайындық формасы балл Тапсыру мерзімі 1. * Сабақтан тыс уақытта құқықтық білімді ұйымдастыру Сабақ үлгісі/презентация 40 6 апта . 2. <<2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы>>: орындалуы, нәтежиесі, мәселелері Эссе 60 14 апта .
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz