Файл қосу
Жарық шамаларын есептеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМатындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.38-80/02-2013 ПОӘК <<Оптика>> пәнінің Студенттергеарналған №1 басылым 11.09.2013ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В011000- <<Физика>> мамандығы үшін <<Оптика>> ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырушы - Қасымханова Куляш Агыбаевна физика кафедрасының аға оқытушысы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Физика кафедрасының отырысында №1 хаттама. 11.09.2013ж Кафедра меңгерушісі _______ Маусымбаев С.С. 2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында №1 хаттама. 12.09.2013ж Төраға ________ Батырова К.А. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып және баспаға ұсынылды №1 хаттама, .09. 2013. ОӘК төрағасы ________ Искакова Г.К. 4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны * Жалпы мағлұмат * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу * Пән бойынша әдістемелік нұсқау * Курстың форматы * Курстың саясаты * Баға қою саясаты 7. Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат Қасымханова Куляш Агыбаевна Кафедра <<Физика>> Байланыс туралы ақпарат - тел. 77-33-58, №3 оқу ғимараты, № 313 каб. Сабақты жүргізу орыны - 3 ші қабат аудиториялары Пән бойынша кредит саны - 3 1.2<<Оптика>> пәні мазмұнының қысқаша сипаттамасы. 1.3 Осы курстың мақсаты студенттердің физика туралы мағлұматтар алуы; 1.4 Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін, тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар беру. 1.5 Курсты оқығаннан соң студент игеруі қажет: негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді; ұға білуі қажет: негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын; меңгеруі қажет: физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді; Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет: құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі; физикалық эксперименттердің техникасын меңгеруі, оптикалық параметрлерді, тұрақтыларды құбылыс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі, компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; оптика есептерін шығара білуі. 1.6 Курс пререквизиттері: 1.6.1 Математика 1, механика,молекулалық физика,электр және магнетизм. 1.6.2 Курс постреквизиттері: атом және атом ядросы физикасы 1.7 <<Оптика>> пәнінің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу Фотометрия. Оптика пәні. Жарық жөніндегі ілімнің дамуына қысқаша тарихи шолу , жарықтың электромагнитгік табиғатының қалаптасуын деректерге тоқталып негіздеу. Жарықтың техникалық және энергетикалық шамаларының арасындағы байланыс. Фотометрияның негізгі ұғымдары. Жарық шамаларының бірліктері. Көріну функциясы.Жарық шамаларын өлшеу әдістері. Жарық интерференциясы.Тербелістер мен толқындардың когеренттілігі. Студентерге бір жарық көзінің шоқтарын бөлу арқылы интеференция құбылысын алу мүмкіндігін түсіндіру. Жарық интерференциясын бақылау әдістері. Жарық көзінің өлшемдерінің интерференциялық бейненің сапасына тигізетін әсері.Монохроматты емес жарықтың интерференциясы. Оптикалық жарық жолы. Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялану шарттары.Бірдей қалыңдық жолақтары мен бірдей көлбеулік жолақтарының айрмашылығы. Жарық дифракциясы.Гюйгенс-Френель принципі мен Френельдің зоналар әдістері негізінде дифракция интерференцияланған сәулелердің амплитудалары мен фазаларын ескере отырып қортқы тербелісті есептеу.. Қорытқы амплитуда мәнін графиктік жолмен есептеу. Френель әдісін қарапайым дифракциялық құбылыстарға пайдалану. Бір саңлаудағы дифракция. Саңлау енінің дифракциялық бейнеге әсері. Екі саңлаудағы дифракция. Дифракциялық торлардың сипаттамалары. Оптикалық жүйелер.Жарықтың линзада сынуы,жұқа линзадағы кескін алу. Оптикалық жүйелерде жарық шоғын шектеу құбылыстары. Жұқа линзалар, оның формуласы, оптикалық күші;Ньютон формуласы;Аббе инварианттары.Лагранж-Гельмгольц теоремасы.Жарықтың сфералық бетте шағылуы мен сынуы;Оптикалық құралдардың сипаттамалары, олардың ажратқыштық қаблеті; Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы Электромагнитгік толқындардың заттармен әсерлесуін талдау. Ортаның электрлік және оптикалық қасиеттерін баяндау. Электр диполінің жарық шығаруы. Екі диэлектрлік ортаны бөлуші шекарада электромагнитгік толқынның шағылуы мен сынуы. Френель формуласының салдары. Кристаллооптика негіздері.Негізгі эксперименттер сипаттамасы. Жарық поляризациясы. Поляризаторлар. Электромагнитгік толқынның анизотроптық ортада таралуы. Толқындық бет және нормальдық бет. Бір осьті кристаллдардың оптикалық қасиеттері. Поляризацияланған жарықтың интерференциясы. Эллипстік және дөңгелектік поляризация. Табиғи жарықтың ішкі құрылымы. Эллипстік және дөңгелектік поляризацияны бақылау және талдау. Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы.Жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясын бақылау әдістері. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары. Дисперсия теңдеуі. Қалыпты дисперсия. Аномальды дисперсия. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың шашырауы. Жарықтық оптикалық біртекті емес ортадан өтуі. Жарықтың молекулалық шашырауы. Жарықтың молекулалық шашырау спектрлері. Жарықтың комбинациялық шашырауы. Сәуле шығару түрлері Абсолют қара дененің сәулулену заңдарынын түсіндіру. Жылулық сәуле шығару зандары. Кирхгоф заңы.. Сәуле шығарудың Стефан-Больцман заңы және Виннің ығысу заңы. Рэлей-Джинс формуласы. Планк гипотезасын түсіндіру. Жарықтың әсері Фотоэлектрлік эффект заңдарын эксперимент нәтижелері не сүйеніп түсіндіру.Сыртқы фотоэффект. Эйнштейн формуласы. Жарықтың кванттық қасиеттері. Комптон құбылысының мәні және Комптон заңы. Комптон құбылысының теориясы. Жарық қысымын эксперименттік жолмен бақылау - Лебедев тәжрибесі. Жарықтың қозғалыстағы орталарда таралуы Жарық жылдамдығы, оны өлшеу әдістері. Жарық жылдамдығын өлшеудің астрономиялық әдістері. Жарық жылдамдығын өлшеудің лабораториялық әдістері. Қозғалыстағы денелермен жасалынған оптикалық тәжірбиелер. Физо мен Майкельсон тәжірибелері, оптикадағы Доплер құбылысы. Сызықтық емес оптика негіздері.Сызықтық емес оптика ұғымы. Оптикадағы сызықтық емес эффектілер. Сызықтық емес дисперсия. Жарықтың өзіндік фокусталуы. Өзіндік дифракция. Көп фотондық жұтылу және иондалу. Сызықтық емес фотоэффект мағнасы № р/с Тақырып аттары Сағаттар саны Әдебиет тер Дәріс Зерт.сабақ Машық. саб. ОБСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Дәріс№1. Кіріспе.Оптика пәні. Фотометрия. Өздік жұмыс № 1. Электромагниттік сәуле шығарудың калссикалық теориясы Машықтану сабағы №1. Жарық шамаларын есептеу Зертханалық сабақ № 1<<Зертханалық жұмыстарды жасау әдістемесі, өлшеу нәтижелерін өңдеу. Зертханалық жұмыс нәтижелерін жазу>> 1 1 1 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 2 Дәріс № 2.Жарық интерференциясы Өздік жұмыс № 2. Жарық шамаларын өлшеу әдістері Машықтану сабағы №2. Жарық интерференциясы Зертханалық сабақ № 2 <<Шамның жарық күшін Луммер - Бродхун фотометрімен анықтау>> 1 2 1 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 3 3 Дәріс № 3.Жарық интерференциясы Өздік жұмыс № 3. Жарық көздері Машықтану сабағы №3. Бірдей қалыңдық жолақтары. Бірдей көлбеулік жолақтары Зертханалық сабақ № 3 <<Френель бипризмасының көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау>> 1 2 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 4 Дәріс № 4.Жарық дифракциясы. Өздік жұмыс № 4. Жарық көзі өлшемінің интерференцияға тигізетін әері. Машықтану сабағы №4. Жарық дифракциясы Зертханалық сабақ №4 <<Ньютон сақиналары әдісімен жарық толқыны ұзындығын анықтау>> 1 2 3 6 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 5 Дәріс № 5. Оптикалық голография әдісі Өздік жұмыс № 5. Кеңістіктік когеренттілік Машықтану сабағы №5. Френель әдісін қарапайым дифракциялық құбылыстарға пайдалану. Зертханалық сабақ №5 <<Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын анықтау >> 1 2 1 1 4 7.1.1-7.1.5. 6 Дәріс № 6.ГО. Өздік жұмыс №6. Дифракциялық торлардың түрлері Машықтану сабағы №6. Оптикалық жүйелер Зертханалық сабақ №6 <<Жұқа линзалардың қисықтық радиусын және сыну көрсеткішін анықтау>> 1 2 1 1 4 7.1.8,7.1.9. 7 Дәріс № 7.Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы. Өздік жұмыс №7. Телескоп пен микроскоптың ажырату қабілеті * Машықтану сабағы №7. Оптикалық жүйелер Зертханалық сабақ №7 <<Жұқа линзалардың фокус аралығын анықтау>> 1 1 1 3 6 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 8 Дәріс № 8.Кристаллооптика негіздері. Жасанды анизотропия Өздік жұмыс № 8. Голографияның қолданылуы Машықтану сабағы №8. Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы Зертханалық сабақ № 8 <<Малюс заңын тексеру>> 1 2 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 9 Дәріс № 9 Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы. Өздік жұмыс №9. Люминесценттік талдау Машықтану сабағы №9. Жарық поляризациясы Зертханалық сабақ № 9 <<Сахариметрдің көмегімен қант ертіндісі концентрациясын анықтау>> 1 2 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 10 Дәріс № 10 Сәуле шығару түрлері Өздік жұмыс № 10. Лазерлердің түрлері. Лазерлердің қолданылуы Машықтану сабағы №10. Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы 1 1 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 11 Дәріс № 11 Люминесценция. ОК * Өздік жұмыс № 11. Лазерлердің түрлері. Лазерлердің қолданылуы * Машықтану сабағы №11. Жылулық сәуле шығару заңдары 1 2 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 12 Дәріс № 12.Жарықтыңәсері Өздік жұмыс № 12. Комбинациялық шашырау. Машықтану сабағы №12. Фотоэффект заңдары. Зертханалық сабақ № 10 <<Оптикалық пирометрдің көмегімен Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау>> 1 1 2 1 4 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 13 Дәріс № 13.Комптон құбылысы. Жарық қысымы Өздік жұмыс № 1. Жарықтың қысымы Машықтану сабағы №13. Жарық қысымы. 1 1 1 6,5 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 1114 Дәріс № 14. Жарықтың қозғалыстағы орталарда таралуы Өздік жұмыс № 14. Жарықтың фотохимиялық әсері * Машықтану сабағы №14. . Комптон эффекті 1 2 3 6,5 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 115 Дәріс № 15. Бейсызықты оптика негіздері Сызықтыемес оптика негізде рі Өздік жұмыс №15. Оптикадағы Доплер құбылысы Машықтану сабағы №15. . <<Жарықтың қозғалыстағы орталарда таралуы>> 1 2,5 6,5 7.1.1-7.1.5. 7.1.8,7.1.9. 7.2.2 Барлығы 15 15 15 22,5 67,5 3 СТУДЕНТТЕРГЕ ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламасы (syllabus), өзбетімен жұмысқа әдістемелік құралдар, дәріс конспектілері бар. Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ - қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар. Студент мерзімінде оқытушыға ӨБЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына және семинарларға дайын болуы керек. Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет. Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады. ОКӨБЖ - қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша студент баяндама жасауына болады. 4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Студентке қойылатын талаптар: Сабаққа қатысу: Дәріс, машықтану сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек. Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша <<қанағаттанғысыз>> деген баға қойылады. Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіледі бағаланады. Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады. 5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз" деген баға қойылады. Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек. Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі. Емтихан кезінде студент ұсынылған 3 сұрақ материалы бойынша жауап беруі керек. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Студенттің пәнді меңгергенін оқытушы бағалайды. Студенттің жұмысын бағалаудың төрт мүмкін деңгейі қарастырылады: репродуктивті көмектесу арқылы (тану, қайталау); репродуктивті көмексіз (ескесақтаужәнетиптікесептердішығаруға қолдану); эвристикалық (типтік емес, қиын есептерді шығару); творчестволық (оқу-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары) барысында проблемалық есептерді шығару. Осы білім деңгейлерлерінесәйкес баға қойылады. Бірінші деңгей - 3 (қанағаттанарлық), екінші деңгей - 4 (жақсы), үшінші деңгей - 5 (өтежақсы) ға бағаланады. << Оптика>> пәні бойынша баллдарды бөлу 2 - кесте Апталар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 баллдар Барлығы Машықтану 20 20 10 20 20 10 100 Зертханалық 20 20 10 20 20 10 100 СОӨЖ 10 10 15 10 10 15 70 СӨЖ 25 25 15 25 25 15 130 Межелікбақылау 70 70 140 Барлығы 75 75 120 75 75 120 540 7 Әдебиеттер 7.1 Негізгі оқулықтар 7.1.1 Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арн. оқу құралы / Ж. Абдула, Т. Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012 7.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Том II, III. М., Наука, 1982 ж. <<Мектеп>>, Алматы -1977. 7.1.3 Жұманов К.Б. Оптика негіздері. Алматы: <<Қазақ университеті>>, 1,2 - бөлім 7.1.4 Полатпеков П. Оптика. Алматы: Мектеп ,1981 7.1.5 Годжаев Н.М. Оптика. М., Высшая школа, 1977. 7.1.6. Ландсберг Г.С. Оптика М., Наука,1976. 7.1.7 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж. 7.1.8 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г. 7.1.9 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж. 7.1.10 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1995 ж o Сборник задач по курсу общей физики / Под ред. М.С.Цедрика М:Просвещение, 1989 7.1.12 Лабораторный практикум общей физике / Под ред. Е.М.Гершензона,-М.:Просвещение,1986 7.1.13 Иродов И.Е. Сборник задач по общей физике. Москва., ЗАО Издательство БИНОМ,1998 г. 7.2. Қосымша 7.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г. 7.2.2 Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 - 1978. o Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г. 7.2.4 Мелешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г. o Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г. o Беликов Б.С. Решение задач по физике, М, Высшая школа, o Саржевский А. Оптика. Полный курс. М., Едиториал УРСС,2004 o Сборник задач по оптике и атомной физике. Изд. Ленинградского университета,1978 o Трофимова Т.И. Курс физики учебное пособие для вузов. М.: академия, 2004 o Физический практикум /Под ред. В.И.Ивероновой.- Физматгиз, т.1 o Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы 2 том Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы 2003.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz