Файл қосу
Гравитациялық күштер. Серпімділік күштері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағыМЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.38.6/02-2014 ПОӘК << Физика >> пәнінің студентке арналғанбағдарламасы №2басылым25.06.2014. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В070300- <<Құрылыс материалдарын өндіру және құрастыру>> мамандығы үшін <<Физика>> ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушы _________<<_25_>>___06__2014 __ж. Қасымханова Куляш Агыбаевна аға оқытушы,<<Физика>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 << Физика>> кафедрасының мәжілісінде Хаттама № _10_ <<_25_>> _06_2014 _ ж. Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор__________ С.С.Маусымбаев 2.2 Физика-математика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды Хаттама №_6_ <<_26_>> __06_ 2014_ж. Төрайымы ______ К.А.Батырова 3 БЕКІТІЛГЕН Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды Хаттама <<_11__>> ___09__2014_ жыл, №_1__ ОӘК төрайымы_____ _____________Г.Искакова 4 11.09.2013 ж. № 1 басылым ОРНЫНА ЕНГІЗІЛІП ОТЫР Мазмұны * Жалпы ережелер 4 * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу 5 * Пән бойынша әдістемелік нұсқау 13 * Курстың форматы 14 * Курстың саясаты 14 * Баға қою саясаты 15 7. Әдебиеттер 17 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат Қасымханова Куляш Ағыбаевна Кафедра <<Физика>> Байланыс туралы ақпарат - тел. 35-26-22, №1 оқу ғимараты, № 1010 каб. Сабақты жүргізу орыны - 11 ші қабат аудиториялары Пән бойынша кредит саны - 3. 1.2 <<Физика >> пәні мазмұнының қысқаша сипаттамасы. Механика. Кинематика. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электромагниттік тербелістер. Оптика. Сәулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарықтолқындардыңқасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағыэлектрмагниттіктолқындар, жарықтыңдисперсиясы, поляризациясы. Кванттық физика. Жылулықсәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускулалы-толқындықекіжақтылық. Шредингер теңдеуі. Кванттықтеориядағы атом және молекула.Өздігіненжәнеынталандырушы сәулелену. Лазерлер. Кванттықстатистиканың элементтері. Конденсирленген күй. Төменөлшемдіжүйелер. Атом ядросы және элементар бөлшектер. 1.3 Осы курстың мақсаты студенттердің физика туралы мағлұматтар алуы; 1.4 Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін, тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар беру. 1.5 Курсты оқығаннан соң студент игеруі қажет: негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді; ұға білуі қажет: негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын; меңгеруі қажет: физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді; Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет: - құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі, - статистикалық әдісті қолдана білуі; - құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі; - физикалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, физикалық тұрақтыларды - процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі, компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі. 1.6 Курс пререквизиттері: Математика1 1.7 Курс постреквизиттері: - 2 <<Физика >> ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 1 - кесте № р/с Тақырып аттары Сағаттар саны Әдебиет тер Дәріс Зерт.сабақ Машық. саб. ОБСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 8 Дәріс № 1. Кинематика. Механикалық қозғалыс - материя қозғалысының қара-пайым үлгісі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте туралы түсінік. Материялық нүкте қозғалысының сипат-тамасы. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық пен үдеу радиус-вектордың уақыт бойынша туындылары. Айналмалы қозғалыстың кинематикасы.. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу.Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың меха- никалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамика сының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы. 1 1 1 1 4 7.1.2, Б.8-21; 25-36. 7.1.2, Б.47-94; 95-105; Дәріс № 2 Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың сим- метриялы екендігінің салдарлары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Энергия - әр түрлі көріністегі формалы қозғалыстар мен өзара әсерлесудің әмбәбап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланы сы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы. Релятивтік динамика. 1 1 1 1 4 7.1.2, Б.115-138; 148-157; 7.1.2, Б.166-179; 184-190; Дәріс № 3. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газ дардың жалпы қасиеттері. Идеаль және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Стокс өрнегі. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энер гиясы. Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі си- паттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допп лер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс. 1 2 1 1 4 7.1.2, Б.200-226; 231-235; 7.1.2, Б.234-275; 279-288; Дәріс №4 Статистикалық физика және термодина мика. Молекула - кинетикалық теорияның элементтері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Температураның молекула -кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметр-лер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммалар-да көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі. Термодинамика негіздері. Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потен циалдар. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағы насы. Термодинамиканың екінші баста-масының статистикалық сипаттамасы. Энтропияның күй ықтималдығымен байланысы. Сызықты емес жүйелерінің энтропиясы. Өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелер. Тасымалдау құбылысы. Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбы лысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия, тасы малдау құбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициент тері. Нақты газдар. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекулалардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте. 1 1 3 6 7.1.2, Б.296-307 309-313; 7.1.2, Б.352-370; 377-386; 7.1.2, Б.397-420; 423-430; Дәріс № 5 Электростатика. Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростати-калық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сйымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденса торлардың сиымдылы ғы. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Диэлектик ердің түрлері. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлек риктін шекарасындағы шарттар. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаорлардың және өткізгштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы. 1 1 1 1 4 7.1.2, Б.440-466; 474-482; 7.1.2, Б.464-466; 474-482; Дәріс № 6 Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр өрісі.Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қара-пайым жүйелердің маг-нит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда іс-телетін жұмыс. Заттағы магнит өрісі. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы 1 1 1 1 4 7.1.2, Б.491-506; 512-518; Дәріс № 7 Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбы лысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукиця коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы. Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электрлік және магниттік өрістерінің салыстыр-малылығы. Векторлық және скалярляқ потен-циалдар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Динамикалық хаос. Электромагниттік толқынның қасиеттері. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойтинг векторы. 1 1 3 6 7.1.2, Б.527-550; 553-562; 7.1.2, Б.571-591; 607-613; 7.1.2, Б.591-603; 6033-613; Дәріс № 8 Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары. Шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу құбылысы. Оптикалық аспаптар. Фотометрия. Жарық толқындарының қасиеттері. Толқындық түйдек. Жарықтың топтық жылдамдығы. Жарық толқындарының ин терференциясы. Уақыттық және кеңістік когеренттік. Интерферометрлер. 1 2 1 1 4 7.1.2 Б.622-627; 7.1.2 Б.628-632; 7.1.2 Б.634-642; 7.1.2 Б.642-652; Дәріс № 9 Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналық әдісі. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы. Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік жіктелу. Голография. Заттағы электромагниттік толқындар. Заттағы жарықтың таралуы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Поляриза-цияланған жарықты алу әдістері. 1 1 1 1 4 7.1.2 Б.672-676; 7.1.2 Б.652-657; Дәріс № 10 Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Жарық квант тарының энергиясы және импульсі. Франк және Герц тәжірибелері. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Атомның сызықты спектрлері. Сәйкестік принципі. Де Бройль гипотезасы. Микробөлшектердің дифракциясы. Микробөлшектердің толқындық қасиет тері және анықталмағандық қатынасы. Толқындық функцияның статистикалық мағынасы. Шредингердің уақытша және стационарлық теңдеуі. Бір өлшемді тік бұрышты шұңқырдағы бөлшек. Бөлшектің потенциалдық бөгеттен өту. 1 2 1 1 4 7.1.2 Б.714-740; Дәріс № 11 Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы. Сутегі атомына арналған Шредингер теңдеуі. Сутегі тектес атомдар. Энергетикалық деңгейлер. Деңгейлер ені. Кеңістіктік квантталу. Күрделі атомдардағы электрондық деңгейлердің құрылысы. Паули принципі. Сутегі молекуласы. Иондық және коваленттік байланыстар. Екі атомды молекуланың электрондық термдері. Спонтанды және еріксіз сәулеленулер. Лазерлер. Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыздығы. Нернст теоремасы және оның салдарлары. Бозе-Эйнштейн және Ферми - Дирактың кванттық статистикалары туралы түсінік. Квазибөлшектрер. Олардың анықтамалары мен түрлері. 1 2 1 1 4 7.1.2 Б.714-744; 7.1.2 Б.764-776 Дәріс № 12 Конденсацияланған күй. Құрылымдық кристаллографияның элементтері. Кристалдық құрылымдарды зерттеу әдістері Кристалдық торлардың жылу сиымдылығы. Фонондық газ. Кристалдардың жылу өткізгіштігіндегі өлшемдік эффект. Металдардың электр өткіз-гіштігі. Токты тасымалдаушы квазибөлшектер. Кристалдардағы энергетикалық зоналар. Төмен өлшемді жүйелер. Ферми деңгейі. Ферми беті. Зоналық теориядағы металдар, диэлектритер және жартылай өткізгіштер. 1 1 1 1 4 7.1.2 Б.776-789 Дәріс № 13. Кемтіктік өткізгіштер түсінігі. Меншікті және қоспалы өткізгіштер. Асқын өткізгіштік құбылысы. Ферромагнетиктердің қасиеттері туралы кванттық көзқарастар. Алмаса әсерлесу. Кюри температурасы. Ферромагнетиктердің магниттелінуі. 1 1 1 1 4 7.1.2 Б.714-744 Дәріс № 14 Атом ядросы. Атом ядро сыныңқұрылысы. Ядролықкүштер. Ядролық күштердің ауыспалы сипаты. Ядро моделі. Альфа-бета және гамма сәулеленудіңтегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі.Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы. Ядролық бөліну дің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Ядро лық реактор. Синтез реакциясы. Энергия көздерінің проблемасы. 1 1 3 6 7.1.2 Б.807-821 Дәріс № 15 Элементарбөлшектер. Лептондар, адрондар. Кварктер. Күшті, электро-магниттік, әлсіз, гравита-циялық өзара әсерлесулер. Өзара әсерлесуді тасымалдаушылар. Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік. 1 1 2,5 5,5 7.1.2 Б. 821-836 Барлығы 15 15 15 22,5 67,5 3 СТУДЕНТТЕРГЕ ПӘНДІ ОҚЫТУДА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламасы (syllabus), өзбетімен жұмысқа әдістемелік құралдар, дәріс конспектілері бар. Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ - қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар. Студент мерзімінде оқытушыға ӨБЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына және семинарларға дайын болуы керек. Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет. Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады. ОКӨБЖ - қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша студент баяндама жасауына болады. 4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Студентке қойылатын талаптар: Сабаққа қатысу: Дәріс, машықтану сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек. Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша <<қанағаттанғысыз>> деген баға қойылады. Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіледі бағаланады. Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады. 5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз" деген баға қойылады. Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек. Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі. Емтихан кезінде студент ұсынылған 2 сұрақ материалы бойынша жауап беруі және курс бойынша берілген есепті шығаруы керек. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде көрсетілген <<Физика>> пәні бойынша баллдардың таратылуы Кесте 2 Апта Бақылау түрі Балдардың барлығы Ескерту 1-7 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Практикалық сабақ 4 30 6 20 Зертханалық сабақ (есеп беру ) 4 30 6 20 Білім алушының өздік жұмысы 4 Тема № 1. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамика сының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы. Тепе-тең күй және процестер. Статистикалық таралу.Термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.Тепе-теңдіксіз термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. 40 6 Тема №2. Электрлік диполь. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Гальваникалық элементінің ЭҚҚі. Қарапайым жүйелердің магнит өрістерін есептеу.Магнит тұзағы. Электромагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. 50 7 Межелік бақылау 1 80 1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы 30+270 8-15 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Практикалық жұмыстарды орындау 11 30 14 20 Зертханалық сабақ (есеп беру ) 11 30 14 20 Білім алушының өздік жұмысы 11 Тема №3.Сәулелік оптиканың негізгі заңдары. Оптикалық аспаптар. Фотометрия. Интерферометрлер. Голография. Поляризацияланған жарықты алу жолдары, кванттарының энергиясы және импульс. 40 14 Тема №4.Атомдардың сызықтық спектрлері. Бөлшектердің дифракциясы. Сутегіге ұқсас атомдар. Ионды және ковалентті байланыстар. Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері. Джозефсон эффектісі.Атом ядросы. Синтез энергиясы. Энергия көздерінің проблемасы. Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік. 50 15 Межелік бақылау 2 80 8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы 30+270 Емтихан үшін жалпы балл 400 Академиялық кезең бойынша жалпы балл 1000 7 ӘДЕБИЕТ 7.1 Негізгі әдебиет 7.1.1 Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арналған оқу құралы / Ж. Абдула, Т. Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012 7.1.2 Жалпы физика курсы. Т.Бижигитов,2013 7.1.3 Физикадан есептер жинағы,2013.А.Үргшіншібеков,Ж.Айдарова. 7.1.4 Физикадан есептер шығару Ә.М.Бектенов, Б.М.Бектенов.2013. 7.1.5 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж. 7.1.6 Сборник задач по курсу общей физики / Под ред. М.С.Цедрика М:Просвещение, 1989 7.1.7 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1995 ж 7.1.8 Трофимова Т.И. Курс физики учебное пособие для вузов. М.: академия, 2004 7.1.9 Лабораторный практикум общей физике / Под ред. Е.М.Гершензона,-М.:Просвещение,1986 7.1.10 Жұманов К.Б. Оптика негіздері.Атом физикасы. Оқу құралы.- А.- 2004 7.1.11 Бейімбетов Ф.Б. Электр және магнетизм: Оқу құралы.-А., 2004. 7.1.12 Қойшыбаев Н., Шарықбаев А. Физика: Механика. Молекулалық физика және жылу. Т.1-А.., 2001. 7.2 Қосымша әдебиет 7.2.1. Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж. 7.2.2 Физика. Қысқаша анықтамалық,2012.Каргин Д.Б.,Кенжалиев А. 7.2.3 Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы 1 том. Механика. Молекулалық физика. Алматы 2003. 7.2.4 Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы 2 том Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы 2003. 7.2.5 Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Том I, II,ІІІ. М., Наука, 1982 ж. <<Мектеп>>, Алматы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz