Файл қосу

Инновациялық жобаларды бағалау



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ  
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
 
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК


УМКД 042-18-2.1.026/03-2013

 <<Инновациялық менеджмент>> пәнінің оқу- әдістемелік материалы 



 














                                <<Инновациялық менеджмент>> пәні бойынша 	
  <<5В051000>> - Мемлекеттік жергілікті басқару>>   мамандығына арналған 
                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
                        ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ













                                                      










	Семей 2013

Мазмұны 

1.Глоссарий
2.Дәрістер
3.Практикалық сабақтар
4.Студенттердің өздік жұмысы














































1 Глоссарий
Дәріс №1. Инновацияның мәні және инновациялық қызметтің негізгі қасиеттері 
* Инновация туралы түсінік
* Инновацияның рөлі мен функциялары 

&&&
$$$002-001-001$3.2.1. Инновация туралы түсінік

Инновация  -  жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы "инновация" мен "жаңалық" терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция  -  жұмыстың жартысы. Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация  -  жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация  -  жаңалықты енгізудің нәтижесі. Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде "жаңалық" және "инновация" дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. - <<Жаңалық>>-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік <<ойлап табу>> деген ұғымға таяу. "Жаңалық енгізу"- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері. Инновация  -  бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация  - бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады. Фирма жүйесінің "кірісі" сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың "шығысында" тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру  -  технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды (диффузия), инновациялық қызметті айтады. Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет: а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі; б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі; в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы; Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты  -  басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т.б.) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады.Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған. Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады. Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы; Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады. Нарықтық қатынас жағдайында көрсеткіштің бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен, мамандардың, менеджерлердің және т.б. факторлардың шеберлігіне байланысты бұл жүйені анықтайды. Ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен қарқындық негізгі көрсеткіштерінің бірі оның тұрақтылық көрсеткіші болып табылады. Экономикалық тиімділікті кіріс формасында алу есебінен ұйым қызметкерлерінің жағдайын кешенді көтеру және дамытуды іс жүзіне асырады. Тиімділіктің басқа түрлері өзіне потенциалды экономикалық тиімділікті алып жүреді. Мұнда қорытынды бағалау принципіне фактілі экономикалық тиімділікті алу уақыты мен оны алудың анықталмаған дәрежесі болып табылады. Қазіргі уақытта өнеркәсіпті дамыту бойынша Ұлттық біріккен ұйымы ұсыныстарына сәйкес шетелдік тәжірибеде инновациялық қызметтің тиімділігін бағалаудың келесі көрсеткіші қолданылады: 1) Таза дисконттық кіріс; 2) Кірістің сыртқы формасы немесе дисконттаудың коэффициенті; 3) Кіріс нормасы: R = [(NP+P) / I] *100% Мұндағы, NP- таза кіріс, P-алынған капитал проценті, I- жалпы инновациялық ұсталым; 4) Акционерлік капиталдағы кіріс нормасы: R = (NP/Q)*100% Мұндағы, Q- акционерлік капитал; 5) Жобаның автономиялық қаржылық коэффициенті: Кфа= Cc / Z Мұндағы, Cc- жеке құралдар; Z- алынған құралдар; 6) Ағымдық ликвидтілік коэффициенті: Кл= Qa / Z >=1 Мұндағы, Qa- жобаның белсенді айналым бағасы; 7) Ұйым қызметінің инновациялық тиімділігін көрсететін интегралды көрсеткіші ретінде жұмыс нәтижесінің коэффициентін қолдану мүмкін (R); r = R / [ ∑ Q - ∑ ( H  -  H )] Мұндағы, R - сериялық өндіріске еге болу үшін қабылданған (ұсынылған), аяқталған жұмыстар бойынша баға шығыны; Q - 1 жылғы ҒЗТКЖ-нің факеілі шығыны; N - данған мерзімнің жыл саны; H - көрсетілген бағада талданған мерзім басындағы аяқталмаған өндіріс; H  -  талданған мерзім аяғындағы аяқталмаған өндіріс; Бұл көрсеткіштерге тағы да инновациялық жобадағы инвестицияның қайтарып алу мерзімінің көрсеткішін ( T ) қосу керек: T = I / П Мұндағы, П  -  обьект қызметінің нәтижесінде алынған таза жылдық пайда; &&&	
$$$002-001-002$3.2.1.2 Инновацияның рөлі мен функциялары 

Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады: - мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау; - ұйымның рационалды құрылымын талдау; - ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау; - ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау; - ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау; - ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау; - инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық); - жоба экспертизасының сапасын талдау; - ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау; - инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау; Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек: - диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі; - талдау мен жинақтау бірлігі; - ранжирлеу; - баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету; - оперативтілік; - сандық анықтамалылығы және т.б. Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б. Инновация бұл  -  экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді. Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді. Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, "ақша-инновация" айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады. 
Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады: 
- өндірістік; 
- инвестициялық; 
- ынталандырушы; 
Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді. Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды. Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары "Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында" көрсетіледі. Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды. Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде. Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды. Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды. Жаңалық нарығының механизмі және функциялары. Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен, тауар-жаңалықтарының өндіру амалы мен мекеніне байланысты экономикалық формалардың және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық механизмге бағалар, ақша, несие және басқа да бағалы категориялар жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы мен ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты. Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының байланысына қызмет етеді және оны бақарудың факторы болып табылады. Сонымен бірге де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің қолданысы үшін пайдалынады. Астыдағы кестеде жаңалықтар нарығының тауарлары мен инновациялық тауарлар топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде берілген: Инновациялық тауарлардың түрлері Тауар мінездемесі Бірлік жаңалық Белгілі бір өмір уақыты мен моральдық қартаюының интеллектуалдық іс-шаралары ретіндегі өнімді білдіретін инновациялық тауар Обьектік жаңалық Жаңа қолданушы бағалықты құрайтын және техника мен технологияның дамуына белгілі тенденцияларды ұсынатын бірнеше біртестік байланысты жаңалық түрі Негізгі жаңалық Жаңа өнімдерге сұранысты немесе экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңалықтардың біртестік комплексі Программалық жаңалық Жаңа сұранысты қамтамасыз ететін бірлік обьектер мен негізгі жаңалықтардың, және де бірыңғай өзгермелі комплексі. Сұраныс пен ұсыныстың обьектік құрылымында белгілі бір келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Олар: кәсіпкерлердің (сатып алушылардың) белгілі инвестицияларды қажет ететін негізгі жаңалықтардан бас тартуы, белгілі жаңалықтар сапасының (техниканың деңгейін) қанағаттандырылмауы, көне технологияны және шикізат жеткізушіні ауыстыруды қаламауы. Көптеген жағдайда жаңалыққа сұраныс адекваттық ұсыныстың болмауынан қанағаттандырылуы мүмкін емес. Бұл техника мен технологияның ғылыми терең түрлеріне байланысты болады. Даму мәселесінің қиындығы мен біртұтастығы жаңалыққа сұраныстың пайда болуы мен оның қанағаттандырылмауының арасындағы маңызды уақыттық мөлшерді анықтайды. Қалыптасып жатқан нарықтың бірнеше маңызды қасиеттері бар. Жаңалықтар нарығы қазіргі күнде экономикалық айналыста көп қолданылатын интеллектуалдық меншік обьектілеріне рұқсаты растамауынсыз дұрыс қызмет атқаруы мүмкін емес. Интеллектуалдық меншік обьекті ретінде жаңалық тауарлық-ақша формасында жүретін басқа бір тауар ретінде қарастырылуы мүмкін. Экономикалық айналысқа қатысушылар өзіндік интеллектуалдық қасиеттерімен айқындалуы керек: обьектің лигитимизациясы (өнімдерге құқығының бар болуы, экономикалық айналысқа кіруі), беру формасы, жаңалық нарығындпғы субьект ретінде болатын шаруашылықтағы обьективтік интеллектуалдық өнімнің бар болуы. 
 
&&&
$$$002-001-100$Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Жалпы инновация түсiнiгi. 
2.Инновациялардың жіктелуі. 
3.Инновациялық қызметтің ерекшеліктері. 
4.Инновациялық қызметтің объектілері мен субъектілері.

&&&

* $$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2. Инновациялық үрдіс және экономикалық даму 
1. Инновациялық процестің казіргі кездегі құрылымының моделдері.   
2. Инновациялық процестерді ұйымдастырудың заманауи әдістері.

&&&
$$$002-002-001$3.2.2.1. Инновациялық процестің казіргі кездегі құрылымының моделдері.   
Кәсіпкерлік- адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерін оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: "Кәсіпкер болу  -  басқаның істегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер  -  алдымен кәсіпкерлерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж.) былай деген: "Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам". "Кәсіпкерлік" термині алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес  -  табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік  -  новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер  -  ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.Экономикалық ғылымда "кәсіпкерлік қабілеттілік" ұғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалыты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік  -  бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуеклге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады. Қазақстан Республикасы президентінің "Шаруашылық серіктестігі жайлы" және "Мемлекеттік кәсіпорын жайлы" жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай және ұйымдық болуы мүмкін: - жай, ол бірлескен қызмет шартына негшзделген; - толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген; - жаупкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктелген; - командиттық-аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен); - қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнынаалынады; - өндіріс және тұтыну кооперативтері; - консорциумдар; - акционерлік қоғамдар. Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі шаруашылықтағы жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі  -  оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік  -  толық шаруашылық есеп, қазыналық  -  толық емес шаруашылық есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндіріс звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай "кәсіпорын" мен "фирма" ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: "фирма" термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәспорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсәіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін: - азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар; - ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар. Кәсіпкерліктің түрлері Артықшылығы Кем шілігі 1. Бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінезқұлқының икемділігі. Қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі. Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі. 2. Серіктестіктер Басқару бойынша міндеттерді болу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. Әріптестердің өзара өнімсізді -- гінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік  -  психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігін арқасындағы бір түрдің тұрақсыздығы. 3. Акционерлік қоғамдар
Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әр-түрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі. Ұжымдық кәсіпоырондар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді: - акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындаржалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарында енеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, "Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы". "Жеке кәсіпкерлік қорғау мен қолдау туралы" республика заңдарында кәсіпорын кез-келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған. Қазірігі кезде нарық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр-түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет. 
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Шаруашылық қызметінің сипатына қарай Салалық қызметі бойынша Меншік нысаны бойынша Картелдер Синдикаттар (консорциумдар) Трестер Концерндер Концерн-конгломераттар Холдинг-компаниялар Акционерлік қоғамдар
(корпорациялар) Кооперативтер Серіктестіктер 
Өндірістік
Саудалық Делдалдық Банктік Сақтандырулық Инвестициялық Инжинирингтік Венчурлік (тәуекелділік) Консалтингтік Аудиторлық Трастлық Өнеркәсіп 
Ауыл шаруашылығы
Сауда Байланыс 
Көлік Қаржы-несиелік Мәдениет Өнер Білім Ғылым Денсаулық сақтау
Тұрған үй-шаруашылығы 
Мемлекеттік
Қазыналық Ұжымдық Жалгерлік Кооперативтік Акционерлік Жекеленген Аралас (біріккен)
Мемлекеттік кооперативтікпен бірге
Ұжымдық жекемен бірге
Мемлект аралық (біріккен кәсіпорын)
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейліеше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7 млн.-ды құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп соның салдарынан әр-түрлі серіктестіктер құрылады.Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың "өз ісіне" деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі  -  кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады. Кәсіпкерлік дегеніміз  -  адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланыстс. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастағанісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субьектілері мыналар бола алады: - Қазақстан азаматтары; - Шетел мемлекетінің азаматтары; - Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы). Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заң дармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі: - кәсәпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу; - барлық субьектілердің нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жетеізудің теңдік құқығы ; - меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қара- мастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы; - кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау; - кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау; - нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу. Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төлеп беру өзгешілігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын. Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады. 
Кәсіпкерліктің түрлері 
Өндірістік Өндірістік кәсіпкерлікке  -  тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көпмөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерлікке  - қызмет түрін сипаттайтын,оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары,тауар- айырбастау операциялары жатады.Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы-мұнда өнім өндіруге-байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды.Технологияның бастапқы сатысы ретінде,не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет.Бұл мәселелерді іске асыру,ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет. Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі,солай болғандықтан оның сатып алу,сату объектісі айрықшалығы-тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, векселдер, кепілдіктер және т.б.). яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі.Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік  -  бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады , айырмасы тек тауар  -  қаржы активі болып саналады. 

&&&	
$$$002-002-002$3.2.2.2 Инновациялық процестерді ұйымдастырудың заманауи әдістері.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі  -  бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
- өнімділік;
- үрдістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінле анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады. Процестік инновация  -  бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары: - жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу; - өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материал- дардың қажетті түрлерін таңдап алу; - жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу; - қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу; - жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық- басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу; - қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу; - қажетті ғылыми  -  зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу; - лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу; - инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде - жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі. Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады. Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді: - еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқкы; - материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстармалы ауытқуы; - айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы; - қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі; - пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі; - кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі. Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. Ғылыми-техникалық пррогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады: Бірінші кезең  -  бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау; Екінші кезең  -  бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау; Үшінші кезең  -  бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау; Төртінші кезең  -  бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау. Кәсіпкерлік өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады: - өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер; - қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер; - қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі; - банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері; - валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б. Экономиаклық нәтижелілік  -  бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру. Ресурстық нәтижелілік  -  бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды босатып алу; материалдық , еңбек және қаржы. Техникалық нәтижелілік  -  бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы. Әлеуметтік нәтижелілік  -  бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б. Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса. 
&&&	
$$$002-002-100$Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1.Инновациялық процестің түсінігі және мазмұны. 
2.Инновациялық процестің негізгі кезеңдері 
3.Инновациялық процестің казіргі кездегі құрылымының моделдері.   4.Инновациялық процестерді ұйымдастырудың заманауи әдістері.           

&&&

$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Инновациялық қызмет және инновациялық жобалардың  өмір циклі.
1. Инновация қызметтері
--------------------------------------------------------------------------------
2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
&&&
$$$002-003-001$3.2.3.1 Инновация қызметтері
Инновация  --  бұл экономикалық категория. Категория ретінде жаңалықтарды жүзеге асыруда және өндіруге қатысты және байланысты белгілерін, нақты және жалпы құрамын бейнелейді.  
Категория мәні оның функциясымен пайда болады. Инновация функциялары мемлекеттің эконмикалық жүйесінде оның тағайындалуын және оның шаруашылық процесстегі рөлін бейнелейді.  
Инновация қаржыны жаңа өнімге немесе операцияға салу арқылы алынған нәтижені нарықта жүзеге асыру болып табылады. Сатуға ұсынылған инновацияны жүзеге асыруда <<ақша- инновация>> айырбасы болады. Осындай айырбас нәтижесінде алынған кәсіпкердің ақша қаржысы, біріншіден құру және сату инновациясы бойынша шығынын жабады, екіншіден пайда әкеледі, үшіншіден, жаңа инновация құруға ынталандырады, төртіншіден, жаңа инновациялық процессті қаржыландырудың қайнар көзі болып табылады. 
Инновация келесі үш қызметті атқарады:
1)Қайта өндіру;
2) инвестициялық;
3) ынталандырушы.
Инновацияның жіктелуі
Инновацияны басқаруға болады. Бұл кез келген тәсілмен және басқару құралдарымен инновация процессіне, инновацияның өмірлік кезеңінің ұзақтығына, инновация тиімділігінің өсуіне әсер етуге болады дегенді білдіреді. 
Инновацияның жіктелуі ол алдыға қойған мақсатқа жету үшін нақты белгілері бойынша нақты топтарға бөлу.  
Ғылыми-негізделген классификация  --  бұл таксономия принципінде құрылған классификация. 
Таксономия (грек. taxis  --  ретімен орналастыру + nomos  --  заң) иерархиялық құрылумен, күрделі ұйымдастырылған облыста жүйелеу және классификация  теориясы болып табылады. 
Инновацияны құрылу сипаттамасы бойынша келесі үш топқа бөлеміз:
* Кәсіпорынға <<ену>> инновациясы;
* Кәсіпорыннан <<шығу>> инновациясы;
* Жеке элементтерін және олардың арасындағы өзара байланыстан тұратын жүйе ретіндегі кәсіпорынның инновациялық құрылымы.
Классификациялық белгілері:
1. Қолдану облысы
2. Инновация нәтижесінен ҒТП сатысы
3. Интенсивтілік дәрежесі
4. Инновацияны жүзеге асыру қарқыны
5. Инновация масштабы
6. Нәтижелілік
7. Инновация тиімділігі

&&&	
--------------------------------------------------------------------------------
$$$002-003-002$3.2.3.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.[[]
Жобалық несиелеу
Жобалық несиелеу  -  бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:
* инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
* инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;
* инвестициялық приоритетті анықтау;
* баламалы нұсқаларды қарастыру;
* инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
* бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.
Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:
* тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);
* жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);
* несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;
* қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізілетін
* бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);
* кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.
Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.
Жоба  -  бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылър !оаъдкуісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсәпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинифильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.
--------------------------------------------------------------------------------
Санаттары
Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы <<жобаның өмір сүру циклі>> болып табылады. <<Өмір сүру циклі>> деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.
Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:
* инвестициялық шешім қабылдау;
* инвестициялау;
* жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.
Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады.
Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:
* инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;
* жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;
* жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық тиімділігін бағалау;
* жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.
Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:
* келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;
* құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
* құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.
Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін қысқаша түрде былай сатылауға болады:
* монтаждау;
* жөндеу;
* өндіріс;
* жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.
Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр. Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.]Жобалық циклi
Несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклға қатынасы әр түрлі:
* Жобалқы цикл қарыз алушы үшін едәуір ұзақ уақыт шеңберінде іске асады, яғни, ол жоба идеясының пайда болуынан бастап, оның аяқталуына дейінгі мерзімді қамтыса, ал несие беруші үшін жобалық цикл қарыз алушыдан өтініш келіп түскен уақыттан бастап, қарыз алушының несие және несиелік шарт бойынша барлық міндеттемелерін өтеген уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды, яғни, банк үшін жобалық цикл мерзімі қысқалау.
* Қарыз алушы мен несие беруші жобалық циклдың жекелеген сатылары шеңберінде өздеріне маңызды түрлі кезеңдерді белгілейді. Жобаның мейлінше үйлесімді іске асуы несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклдағы бір-бірінің кезеңдерін толық білуіне байланысты.
Банкке қарыз алушының жобалық циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:
* жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін;
* жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін;
* жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін.
Айта кететін жайт, жобалық циклдың үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар болуы мүмкін.
Мысалы, ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
* Жобаларды таңдау;
* Жобаларды дайындау;
* Жобаларды бағалау;
* Келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;
* Жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;
* Жобаның нәтижелерін бағалау.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.
Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең шығындарын былайша топтауға болады:
* жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы-0,2-1%;
* инвестициялық зерттеулер 0.25-1.5%
* жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
* шағын жобалар үшін-1,0-3,0%;
* ірі жобалар үшін-0,2-1,0%.
Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде жобаларды таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу арқылы жүргізілуі керек.
Ол үшін алдын-ала мынандай мәсәлелер талданады:
* нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;
* қажетті қаржы көлемі;
* материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;
* саяси-ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы ,т.б.
Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы, яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданады.Жобалық талдаудың мақсаты  -  іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен сипатталады.
--------------------------------------------------------------------------------
Міндеттер
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
* Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
* Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
* Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
* Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.
Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.
Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:
* жобаны экономикалық талдау,
* жобаны техникалық талдау;
* жобаны коммерциялық талдау;
* жобаны ұйымдастырушылық талдау;
* жобаны әлеуметтік талдау;
* жобаны экологиялық талдау;
* жобаны қаржылық талдау.
Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.
Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады. 
&&&
$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін өзі  тексеру  сұрақтары
1.<<Инновациялық жоба>> түсінігін анықтау және инновациялық жобаларды жіктеу.
2. Инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктері. 
3.Инновациялық жобалардың өмірлік циклы.

&&&

$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Ұйымның инновациялық  потенциалын анықтау
1. Инновацияны болжау
2.Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары

&&&
$$$002-004-001$3.2.4.1. Инновацияны болжау
Иннвацияны болжау жаңашылдық және ҒТП болжау танымының теориясын ұсынады. Таным теориясында екі бір біріне қарама қарсы принципті бөліп көрсетеді:  
* онтологиялық;
* телеологиялық.
Онтология тұрмыс туралы,  оның негізі, принципі, құрылымы және заңдылықтарының философиялық ұғымы. 
Телеология ол жалпы қоғамдық мақсатты білдіреді, яғни қандайда бір тәртәп немесе нақты бір заңға бағыну деген ұғым. означает наличие неко - торой общественной цели, что обычно предполагает следование како - му-нибудь правилу или подчинение определенному закону.
Телеологияның иннвациялық және ҒТП маңыздылығы бұл жерде инновация обьективті прогресстің нәтижесі ретінде қарастырылады. 
Нарықтық экономикада иннвация және ҒТП нарығында еркін бәсекелестікте әрқашанда сатушы және сатып алушы арасында экономикалық өзара қарым қатынас көрсетіледі. 
Инновацияны ынталандыру- бұл мұқтаждықтардың және олардың мотивтерінің оның нақты бағыттарын анықтайтын жиынтығы. 
Инновациялық менеджментте мотивация ол алдына қойған мақсатына жету үшін қоздырушы кұштердің әрекеттерінің бағыттары бойынша тәсілдер жиыны ретінде қарастырылады.   Инновация мотивациясын екі аспектіде қарастыруға болады:  
*   инновацияны құру және сату мотивациясы; 
*   инновацияны сатып алу мотивациясы.
Кез келегн  мотивация төрт элементтен тұрады:
* мақсат
* мотивтер
* факторылар
* мақсатқа жетуге ұмтылу.
Мотив осы уақыт кезеңіндегі шаруашылық субьектілердің қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Инновацияны құру және сату және негізгі мотивтер мыналар табылады:        
* өздерінің жаңа өнімдерінің бәсекелестік қабілетін жоғарлату; 
* Нарықта өз имиджін жоғарлату; 
* Жаңа нарықты жаулап алу; 
* ақша легінің мөлшерін көбейту;
* өнімнің ресірс сыйымдылығын төмендету. 
Жаңа өнімдердің бәсекелестік қабілеті мыналарға негізделеді: 
* өнім сапасының қойылатын талапқа сай болуы; 
* тұтынушылардың жабдықтаушылардың мүмкіндіктеріне сенімді болуы;  
* сатудан кейінгі сервистің сенімді және тез жүргізілуі;    
* өнімнің халықаралық және ұлттық стандартқа сәйкес келуі;    
* жарнама. 
Инновацияны құру және сату бірнеше факторларға сүйенеді. Негізгі факторлар келесі: 
1) бәсекелестікті күшейту;
2) өндірістік саудадағы өзгерістер; 
3) операция технологиясын жетілдіру;  
4)салық салу жүйесіндегі өзгерістер; 
5)халықаралық қаржы нарығындағы жетістіктер.  
Инновацияны сатып алудың негізгі мотивтері болып келесілер табылады: 
1} шаруашылық субьектілердің бәсекелестік қабілетін және имиджін көтеру; 
     2)болашақта күрделі салымнан пайда алу. 
Инновацияны сатып алу мотиві объективті және  субъективті факторларға негізделеді. 
Субъективті факторларға сатып алушы туралы, оның инвестициясының жоспары және бағдарламасы, қаржы қызметі, психологиялық қабілеті, менеджерлердің кәсібилілігі және тағы басқалар.  
Негізгі объективті факторларға: 
1) өндірістік саудадағы өзгерістер; 
2)салық салу жүйесіндегі өзгерістер; 
3)халықаралық қаржы нарығындағы жетістіктер.  
Жаңа өнімнің өмірлік кезеңі жеті сатыдан тұрады: 
1 )жаңа өнім жасау
2) нарыққа шығу;
3) нарықты дамыту;
4) нарықты тұрақтандыру;
5) нарықты азайту;
Жаңа операцияның өмірлік кезеңі төрт стадиядан тұрады: 
1) жаңа орерация жасау және оны құжат түрінде ресімдеу; 
2) операцияны жүзеге асыру;
3) нарықты тұрақтандыру;
Болжау қандай да бір оқиғаны және алдыда болатын зерттеулерді негізін білдіреді. Болжау алдында енң бірінші болжаудың мақсаты қойылады. 
Іздеу болжауы- бұл <<егер былай болса не болар еді ?>> деген сұрақтан басталады. Іздеу болжанына тенденцияның экстраполяциясы жатады. 
Тенденцияның экстраполяциясы болмыстың бір бөлігін оның басқа бөлігіне бақылаудан алынған нәтижені білдіреді. 
Нормативті болжау нақты мақсатты  предсказаниені білдіреді. Мысалы, жарнама, мақсатты айтуға болады. 
Мақсатты предсказания инновациялық саясат жасауға жауапты жұмысшылар үшін жақсы құрал болып табылады. Олар мынадай болуы мүмкін: 
1) нақты пргрессті болжанатын прогресспен салыстыру; 
2) предсказанияға тікелей қатысы жоқ, сұрақтар бойынша шешім қабылдаудың негізі.  

&&&	

$$$002-004-002$3.2.4.2 Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары
Казақстанда инвестициялық саясат сүрақтарына Республиканың мемлекеттік егемендігін алғаннан бері көп көңіл бөлініп келеді.Соңғы жылдары Казақстанда макроэкономикалық жэне саяси түрақтылыққа қол жетті, ол Казақстандағы инвестициялық климатты айтарлықтай жақсартты.Казақстан Республикасымен өзара қолдау жэне бірқатар елдермен, мысалы: Әзірбайжан, цлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Болгария, Венгрия, Грузия, Германия, Египет, Израиль, Иран, Индия, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Корея, Малайзия, Монғолия, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Финляндия, Франция, Чехия, гзбекстан, Украина, Түркменстан, Швейцария, басқа да Бельгия-Люксембургтық ұйыммен инвестицияларды қорғау туралы екі жақты келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойылды.Казақстанда заңдылықтың кең тармақталған және өзара байланысты жүйесі Казақстан Республикасы территориясындағы шетелдік заңды түлғалар мен азаматтардың: "Валюталық реттеу" (24.12.1996 ж.), "Лицензиялау туралы" (17.04.1995 ж.), "Жер туралы" (24.01.2001 ж.), "Мүнай туралы" (28.06.1995 ж.), "Жер қойнауы мен жерді пайдалану" (27.01.1996 ж.), т.б. заңдар қызметтерімен байланысты қатынастарды тиімді реттеуге мүмкіндік береді.Шетелдік инвестициялар сферасындағы: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң (27.02.1994 ж.); "Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заң (28.02.1997 ж.), "Инвестициялық қорлар туралы" заң (06.03.1997ж.), "Казақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесін қүру туралың КР-сы Президентінің үкімі (30.06.1998), "Казақстанның басты секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісім жасау кезінде берілетін жеңілдіктер мен преференциялар ережесін бекіту туралы" КР-сы Президентінің ұкімі қатынастарды реттейтін нормативтік қүқықтық актілерді бөліп көрсету керек."Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заңмен инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар беру жолымен экономиканың басты салаларына инвестициялар тартумен айналысуға өкілетті арнайы мемлекеттік органды құру қарастырылған. Бірінші рет м|:ндай орган 1992 жылы - шетелдік инвестициялар бойынша үлттық агенттік қүрылды. 1996 ж. Ол инвестициялар бойынша Казақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды, ал 2001 жылдан бастап КазақстанРеспубликасының ішкі істер Министрлігі жанындағы инвестиция бойынша Агенттік қызмет ете бастады.Агенттік Казақстан Республикасында тікелей шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға өкілетті жалғыз мемлекеттік орган болып табылады.Агенттіктің негізгі атқаратын функциялары:1) Казақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүмысты үйымдастыру:2) Бекітілген инвесторлармен жүзеге асатын инвестициялық жобаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін координациялау;3) Әрбір инвестициялық жобаны орындау үшін қажетті қүқық пен өкілеттік беретін барлық келісімді жэне рұқсат етілген қркаттар, лицензиялар, виза жэне басқа қүжаттарды алуды қамтамасыз ету;4) Казақстанда маманданған жүмысшылар, тауарлар мен қызметтерді іздеуде бекітілген инвесторларға көмектесу;5) Бекітілген инвесторлар өзіне алған міндеттерді орындауға бақылау жасауды қосқанда, инвестициялық жобаларды орындауды жүзеге асыруШетелдік инвестициялардың қүқықтық жағдайының негізгі сүрақтары КР-ның "Шетелдік инвестициялар туралы" заңымен реттеледі.Заңға сэйкес шетелдік инвестицияларды, осындай инвестициялар үшін Казақстан Республикасының заң актілерімен тиым салынбаған кез келген обьекті мен қызмет түріне салуға болады.Портфельді инвестицияны жүзеге асырумен, мақсатты банктік және қаржылық салымдарды, қарыздарды берумен, сонымен бірге шетелдегі үлттық инвесторлар инвестицияларымен байланысты қатынастар арнайы заңдылықтармен реттеледі. Арнайы экономикалық зоналарда шетелдік инвестицияларды жүзеге асыруға "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң нормасы қолданады, егер "Арнайы экономикалық зоналар туралы" КР-сы Президентінің үкімі ескерілмеген болса.Казақстан Республикасының қызмет етіп түрған заңымен тиым салынбаған шетелдік инвестициялардың кез келген формасы мен онымен байланысты қызметі, мұндай жағдайда Казақстан Республикасының жеке жэне заңды түлғаларының инвестицияларына немесе басқа кез келген жеке жэне заңды түлғаларға пайдалануға берілуіне қарағанда онша қолайлы емес жағдайда жүзеге асады.Ең алдымен аса маңызды екі мэселеге ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының ёіаапоёбёуёй0 өзгерістеріне нарықтық механизі әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен жэне шаруашылық жүргіуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің элеуметтік-эконойикалық тиіділігін арттыру мақсатында құрлымдық реттеу мэселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негіздерлген қүрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - эсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсаттй сипатта болады.Экономикадағы қүрлымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер ж^Лёесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақты макбоэкономикалық шараларға байланысты. Басқаща айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат - макроэкономикалық, салық жэне аймақтық деңгейлерде құрлымдық саясатты қалыптастыруайң негізі болып табылады.Қазіргі заманғы мемлекеттің табыстылығы мен бәсекелес қабілеттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық климат болып табылады. Инвестициялық климат экономикалық, әлеуметтік, саяси сипаттағы түрлі жағдайлардан қалыптастырылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бэсекелес күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері, діл ерекшеліктері жэне т.с.с. болсын елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады.Сонымен бірге сонда да инвестициялық климатты айындайтын басты факторлардың бірі салық жэне кеден режимдері болып табылады. Қазақстан Республикасының Салық және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бүл ретте Қазақстан Үкіметі республиканың экономиканың шикізатқа жатпайтын секторына сыртқы да, ішкі де инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарттарды жасады. Үкіметтің фискальдық саясаты Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылға арналған стратегиясын ойдағыдай жэне дәйекті іске асыруға бағытталған.Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын үсынудың қолданыстағы тетігі бірқатар маңызды басымдықтарға ие. <<Инвестициялар туралы>> Қазақстан Республикасының Заңында тең дэрежеде отандық та, шетелдік де инвесторларды қолдау мен ынталандыру көзделген, инвестициялық артықшылықтарды беру тәртібі жеңілдетілген, оған сәйкес инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтінімді қарау мерзімі елеулі қысқартылған (отыз жүмыс күніне дейін).Жоғары қосылған құн салығы бар өнімді, жоғары технологиялық өнімді қүруға бағытталған компаниялар үшін қажетті жағдайлар жасалды. Жаңа өндірістерді дамытуды ынталандыру, қолданыстағы өндірістерді кеңейту жэне жаңарту үшін Салық кодексінде инвестициялық салық артықшылықтарын беру көзделген, оларды алып салық төлеуші инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты корпоративтік табыс салығын (КТС), мүлікке салынатын салық пен жер салығын есептеу бойынша салық жағдайларына күқығы бар.Инвестициялық салықтық артықшылықтар тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты айқындалатын, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.Бұл ретте, қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты КТС бойынша артықшылықтардыңқолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің щешімі бойынша он жылға дейін үзартыла алады.

&&&	

$$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Ұйымның инновациялық қызмет деңгейін анықтайтын көрсеткіштер. 
2.Инновациялық климат. 
3.<<Инновациялық белсенділік>> категориясының мазмұны.

&&&

$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс 5 Инновациялық жобалардың тиімділігі деңгейін бағалау  
1.Инновациялық жобаларды бағалау
2. Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

&&&
$$$002-005-001$3.2.5.1 Инновациялық жобаларды бағалау

Кез-келген бір инновациянымен жобаны іске асыру материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке қолданушылардың табылуы және де жобаның қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты болады. Сондықтан да инновациялық үрдісте бағалау уақыты маңызды болып табылады. Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол керекті және инновациялық үрдістің рискін түсіретін фактор болып табылады. Инновациялық жобалардың эффектілігін бағалау кезінде жобаның белгіленуіне байланысты эффектіліктің бірнеше түрлерін анализдеу керек. Инновациялық жобаларды салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы орындалады: - таза дискоттық кіріс (ТДК) немесе интегралдық эффект; - кірістің индексі; - кірістің ішкі нормасы; - есе қайтару мерзімі; - баллдық көрсеткіштерді алу әдісі; - әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы. Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің бүкіл төлемдік мерзімі бойынша мөлшері болып табылады: Э = ТДК = ∑ ( Р - З ) 1/(1+Е) ; мұндағы, Э - интегралдық эффект; Т - төлем горизонты; Р - сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер, тг; З - сол уақытта да жұмсалатын шығындар, тг; 1/(1+Е)  -  көрсеткіштер мен шығындар уақыты бойынша коэффициент көрсеткіші; Е - дисконт нормасы. Егер де инновациялық жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі (пайдалы) болып табылады және де іске асырылуы тиімді болып саналады. ТДК неғұрлым көп болса, жобаның соғұрлым эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды да, жоба эффектілі болмайды. Кіріс индексі (КИ) берілген эффектілердің қосындысының капитал салымына ара-қатынасын көрсетеді: КИ = 1/К ∑ ( Р - З ) 1/(Т+Е) ; мұндағы, З - капитал салымы кірмейтін жағдайдағы берілген уақыттағы шығыны; Кіріс индексі ТДК-мен тығыз байланысты. Ол сол элементтерден құралады және оның мағынасы ТДК-нің мағынасымен байланысты. Егер де ТДК оң болса, онда КИ > 1, және керісінше. Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1  -  онда эффектілі емес. Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының нормасын білдіріп, сол арқылы берілген эффектілер көлемі берілген капитал салымына тең болады.німдерді Егер де инвестициялық жобаның ТДК төлемі "берілген дисконттық норма (Е) көмегімен эффектілі бола ма, әлде жоқ па?" деген сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде анықталып, артынан инвестордың талабы бойынша қойылған каиталды кіріс нормасымен салыстырады. Егер ТДК инвестор талап ететін капиталдың кіріс нормасына тең немесе артық болса, онда берілген жобаға жасалған инвестиция ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға болады. Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда қарама-қарсы көрсеткішткерге әкелсе, онда ТДК анализі көрсеткіштеріне көңіл бөлу керек. Есе қайтару мерзімі  -  бұл бастапқы жобаны жүзеге асыру барысындағы минималдық уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы салым мен басқа да шығындардың қосындылық көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі. Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді. Жобаны жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер мен шығындарды дисконтпен (егер есе қайтару мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз (1 жылдан кем) анықтауға болады. Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер уақыт талапарына жауап беріп, келесі функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына жауап береді: - ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату; - модельдердің ауысуы; - қолданушының болашақ сұраныстарын бүгін-ақ қамтамасыз етуге дайын болу; - жаңалықтарды (өнімдер, қызметтер, технологиялар, өндірістің жаңа ұйымы және еңбек) енгізу және тарату үшін қолданушылармен тығыз байланыста болу. Осы себептер өмірге нарыққа жаңа талаптарға сай құрыла білетін көптеген кішігірім өндірістерді тудырады. Үлкен фирмалар өзінің инерционалдығын және "бұрылмаулылығынан" тез қалыптаса алмайды, бірақ үлкен мөлшерде кіші өндірістер ұсынатын жаңалықтарды қоса алады. Кәсіпкерліктің бұл ролін Й.Шумпетер былай айтты: "Кәсіпкердің мақсаты  -  ашуларды енгізу арқылы өндіріс тәсілдерін жаңадан құру және оны дамыту, ал нақтылай мағынада жаңа тауарлар немесе көне тауарларды өндіруде жаңа технологияларды қолдану арқылы шикізаттың жаңа қайнар көзін немесе дайын өнімнің жаңа нарығы ашу". 


&&&	
$$$002-005-002$3.2.5.2 Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді. Инвестициялау  -  бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда. Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:  -  ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;  -  бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);  -  инновациялық бизнеске арналған инвестициялар. Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді. Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады: 1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында тұрулар, ал кейбреулерінде  -  новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді. 2) Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар. 3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек. Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б. Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі: Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады. Бизнес тәуекелі - жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел  -  ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты. Жаңалық енгізудің инвестициялауының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңддау кіреді. Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады. Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты. Динамикалық әдістерге  -  инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы. Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін. Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады: - жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті); - фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;- мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату; - инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер. Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады. Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді. 

&&&	

$$$002-005-100$Дәріс №5.Студенттердің өзін-өзі тексеру тапсырмасы
1.Иновацияның жалпы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділігі.   2.Инновация мен инвестицияның экономикалық тиімділігі. 
3.Инновациялық қызметтің инвестициялық тартымдылық критерилері

&&&

       $$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Инновациялық қызметтегі тәуекел 
1. Инновациялық менеджментте басқару шешімдерін жасау
2 Қауіп-қатер жағдайында тәуекел ету және шешім қабылдау
&&&
$$$002-006-001$3.2.6.1. Инновациялық менеджментте басқару шешімдерін жасау
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйіді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әректі іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы, жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
<<Басқару шешімі>> термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б., екінші жағдайда  -  проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімнің ең маңызды белгісі объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: <<Тектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады>>.
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі  -  мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.
Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірибе ғылым жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін.  Басқару шешімі жан-жақты болуы, яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.
Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы толық қамтылуы, әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.
2 .Шешімді шығару және қабылдау технологиясы
Басқаруда, сондай-ақ адамдардың басқа да <<с-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.
Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.
Интуитивтік шешім  -  бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға <<келісу>> және <<қарсы болу>> жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі. 
Пайымдауға негізделген шешім  -  бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды. 
Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.
Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген:

Шешім қабыл-даудың қажет-тілігін анықтау
Пробле-малар мәселе-сін қою
Жиналған мәлімет-терді талдау
Шешім мәселе-лерінің негізде-луін бағалау
Мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау
Шешім-нің орын-далуын ұйым-дастыру
Орын-далу барысын бақылау және нәтиже-сін бағалау

	Шешімді жасаудың және қабылдаудың принципі осы схемасы, шешімді қабылдаудың <<Технологиялық>> процесінің енгізілу-енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезеңдері мен линиясы шешім түріне байланысты. Қарапайым міндеттерді шешкен кезде аталған кезеңдерінің барлығын пайдалану міндетті емес, жәнеде, керісінше  -  біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға, әдетте, барлық кезеңдер енгізіледі.
Келтірілген кезеңдердің көрсеткеніндей, басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.
Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. <<Жағдай>> ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушыларды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады  -  бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешілетін болады.
Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттің шешілуі 50%-ке қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті - өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.
Басшы кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне осында. 
Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.
Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырған кезде басшы жағдайды  -  оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.
Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар туралы өткен тарауларда толық баяндалды.
Мақсатты дәл анықтаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұндай жағдайда шешімді орындаушылар батыл әрекет ете алады.
Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.
Мәлімет көлемі қарастырлатын міндеттердің күрделілігіне, сондай-ақ шешімді қабылдайтын адамның біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты. Перспективалық шешімдерді ойластыру үшін алуан түрлі, әрі көлемді мәліметтер қажет. Жедел мәселелер, технологиялық жағдайлар туралы шешім қабылдағанда мәліметтің онша көп болуы қажет емес.
Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған форма бойынша сұрау салады, жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен және қарапайым жұмыскерлермен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, эксперттің пікірін тыңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық зерттеу жүргізеді.
Алынған мәліметтерді талдаған кезде, оның сипатына қарай, әр түрлі тәсілдерді де пайдаланады. Мәселен, сапалық мәліметтер дегенді зерттеу үшін белгілі логикалық амалдарды: салыстыруды, үйлестілікті, синтез талдауын, абстракциялауды, жинақтауды, индуктивтік және дедуктивтік қорытындылауды, әр түрлі дәлелдеу тәсілдерін пайдаланады.
Егер мәліметтер қалыптасса, онда оны талдаудың сандық тәсілдерін қолданып, мұндайда компьюторлық техника мен экономикалық-математикалық тәсілдерді пайдаланады.
Шешімдер варианттарын (баламаларын) тұжырымдау. Шешімдер варианттары санының (баламаларының) болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бір вриантты ғана ойластырып қою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала, сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас міндетті шешкен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатынды да қолданады.
Күрделі мәселелерді шешкенде көптеген факторлар болғанда, ал шешімнің дұрыс болмауы қосымша шығынға ұшырататындықтан, міндетті шешудің қазіргі математикалық тәсілдерін пайдалану ұсынылады.
Маркетинг принциптері негізінде кәсіпорынды басқарудың нарықтық экономикасына көшкенде, шешім қабылдар алдында нақты жағдайға талдау жасалады да, мұндайда кәсіпорынның қандай жағдайда екендігі анықталып, болжалдау жүргізіледі (нақты жағдайда кәсіпорын не күтеді?), сыртқы орта ықпалы (ол қандай қысым көрсететіні) анықталады.
Осыдан кейін маркетингтік синтез жүргізіледі. Мұның мәнісі мақсат ұсыну (жағдайды түзету үшін не істеу керек?), мақсатты бағалау (неге басқалай емес, дәл осылай істеу керек?), тек содан кейін ғана шешім қабылдау.
Шешімнің қолайлы вариантын (баламасын) таңдау. Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру қажет.
Шешім варианттарын ойластыру дегеніміз не? бұл, біріншіден шешімнің барлық құрамдас бөлігін, әсіресе мақсаты мен міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдайды. Екіншіден, қойылған 
мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы мен амалы, сондықтан қолда бар еңбек, материалдық, қаржы және басқадай ресурстар, ғылыми идеялар, жаңалықтар, өнертабыстары зерттеледі, әсіресе, уақыт факторы ескеріледі. Үшіншіден, басқарушы және басқарылатын жүйелердің, әсіресе осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттестік пен үйлесімді ойластырады. Төртіншіден, әр вариант бойынша іс-әрекет нәтижесінің мүмкіндігі бағаланады.
Қабылданатын шешімнің нәтижелік критериін таңдау  -  күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.
Мақсатты тұжырымдау мен критериді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. Критерий көмегімен қойылған мақсатқа жетуге жұмсалатын шығын деңгейі анықталады. Сонымен, критериді таңдаумен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі аяқталады.
Шешім қабылдаудың дәстүрлі формасымен қоса, басшы шешімді орындаушылармен, оны жүзеге асырудың нақты бағдарламасын да ақылдасады.
Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау  -  <<Ми шабуылы>> тәсілі. Мұның мәнісі, эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескере отырып проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.
Мұндайда мынадай қағиданы басшылыққа алады. Әуелі бір проблемаға назар аударады. Содан кейін кез келген идеяны оның орынды-орынсыздығына немесе практикалық құндылығы күмәнді бола тұрса да қарастырады. Ұсынылған ұсынысты сынауға немесе бағалауға тыйым салынады. Жаңа идеяны генерациялауды қолдайды, әрі көтермелейді, творчестволық ахуалды қуаттайды. <<Ми шабуылы>> нәтижесі бойынша секцияға қатысушылар анкета толтырады және <<мақсат тармағы>> жасалады (8, 9-кестелерді қара).
Бұл тәсіл көптеген жақсы идеяны жинауға мүмкіндік береді. Әр түрлі көзқарастар синтезделеді. Мұның барлығы жаңа, соны проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Қызмет көрсету тәсілі: секцияға қатысушылар проблемаларды шешудің ұсынылған варианттарын талқылайды, <<жақтаушылар>> мен <<қарсылық>> білдірушілердің пікірін таразылап, ең қолайлысын таңдауға тырысады.
Артықшылығы: әр алуан ой-пікірлер проблемаларды неғұрлым терең түсінуге ықпал етеді.
Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы бірдей проблеманы жете түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.
Пікір жинау тәсілі. Проблема жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады.
Артықшылығы: эксперттер қолайлыжағдайда міндетті шешумен шұғылдана алады.
Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзқарасы субъективті.
<<Дельфа>> тәсілі (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфилік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауы, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.
Артықшылығы: проблемаларды шешуге мамандар мен эксперттерді, соның ішінде басқа ұйымның кеңесшілерін тартуға болатындығы.
Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта болады.
 


&&&	
$$$002-006-002$3.2.6.2 Қауіп-қатер жағдайында тәуекел ету және шешім қабылдау
Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге, балама шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қоса мұндай жағдайда сыртқы ортадан қауіп-қатер де күшейе түсуі мүмкін. Сондықтанда тәуекел ету өмірдің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.
Оксфорд сөздігі тәуекелге <<зиянға немесе шығынға ұшырау мүмкіндігі>> деген анықтама береді. Шаруашылық тәуекеліне алуан түрлі анықтама беріліп келеді. А. М. Омаровтың анықтамасы бойынша  -  <<тәуекел дегенімізге қауіп-қатер төнген жағдайда қоғамға пайдалы нәтижеге жету мақсатында әрекет ету>>. Тәуекел етудің өзіндік сипаты  -  нәтиженің тым көп немесе мүлде шамалы болатындығының белгісіздігі. Тәуекел еткенде шешуші міндеттің қалай орындалатындығын, табысқа жету-жетпеуін күні бұрын болжау мүмкін емес. Тәуекел ету ең 
алдымен шаруашылық нақты жағдайдан ауытқығанда, шығынға ұшырату қатері төнгенде және сонымен қоса пайда табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.
Жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін шешімнің өзі де, әдетте, нағыз тәуекел шешім болып саналады, сол себептен де батыл тәуекел талабы  жоғары нәтижеге жету ниетін көздейді. Тәуекелсіз зор табысқа жету мүмкін емес.
Менеджментте батыл шешімге барғысы келмейтін басшы ұйым үшін қауіпті, оны тоқырауға ұшыратушы деп саналады. Әдетте батыл шешім қабылдаудан тайсақтайтын менеджерлер творчестволық ізденіске бейімсіз, шаруашылық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз адамдар ретінде бағаланады.
Практикада мәні шамалы міндеттер деген сирек болады. Өзінің табиғаты жағынан олар мүмкін болатын, демек, тәуекел міндеттер. Мәлімет жетіспегенде және фактілер айқын болмаған жағдайда басшы түрліше таңдау жасауға тура келеді.
Отандық және шетелдік тәжірибелердің көрсеткеніндей, іскерлік тәуекел ету, белгілі бір принциптерге сәйкес әрекет ете білуге байланысты. Сондықтан да іскер басшылар батыл шешім қабылдаудан қорықпайды, <<ДД>> компаниясынан Дженис Бэрктің айтуы бойынша, оның фирмасының бірден бір қағидасы  -  <<Сіз сәтсіздікке әрқашанда дайын болуға тиіссіз>>.
Тәуекел ету әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мәселен, тәуекел пайда болу орнына қарай былайша бөлінеді:
а) шаруашылықтың өзіндегі, б) адамның жеке басына байланысты және в) табиғат факторларына байланысты.
Пайда болу себебіне қарай:
а) болашақтағы; б) әріптестер әрекетінің белгісіздігі; в) мәліметтердің жеткіліксіздігі.
Шаруашылық тарапындағы ішкі және сыртқы себептерден туындайтын қауіп-қатерді зерттеудің елеулі мәні бар. Әрбір жағдайда басшы қабылданған шешімді жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болатын ұтыс пен ұтылысты таразылайды. Мұндай да шешімнің әр түрлі варианты, параметрлері, соның ішінде болмаған сандық бағасы бойынша салыстырылады да, содан кейін оның ең қолайлысы таңдап алынады.
Талдау нәтижесінде қолайлы нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін, қауіп-қатерді барынша кемітетін вариантты іздестіруге болады.
Талдау барысында тәуекел ету дәрежесіне баға беріледі. Мұнда ықтималдық  пен зардаптың сандық мәні, сондай-ақ мүмкін болатын қауіп-қатер айқындалады. Осылайша қалыптасқан нақты жағдайда қауіп-қатерді меңгеретін мәліметтер аламыз.
Әуелі қауіп-қатер объектісі, содан кейін қауіп-қатер орны, оның себептері айқындалады. Содан кейін қауіп-қатерге баға беріледі.



&&&	

$$$002-006-100$Дәріс №6. Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары 
1.Инновациялық тәуекелді басқару процесі.    
2.Инновациялық тәуекелді анықтау әдістері. 
3.Тәуекелді анықтаудың сандық және сапалық әдістері.  
4.Инновациялық қызметтегі тәуекелді басқару.
&&&

$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7. Инновациялық қызметті басқару және инновациялық өнім  қалыптастыру әдістері.  
1 Қаржы инновациясы- инновацияның ерекше классы
2 Инновациялық процесс сипаттамасы
3 Инновациялық процессті басқару
&&&
$$$002-007-001$3.2.7.1 Қаржы инновациясы- инновацияның ерекше классы
Қаржы инновациясы дегеніміз үш жүйенің өзара байланысының жиынтығы болып табылады:
1) қаржы-несие операцияларының жаңа технологиясы;      
2) жаңа қаржы өнімдері;
3) жаңа қаржы интитуттары.
Инновацияның ерекше классы- қаржы инновациясы
Қаржы операциясының технологиясының негізінде компьютерлерді қолдану жатпайды,  керісінше қаржы операцияларының жаңа әдістемесін және әдістерін енгізу жатыр. 
Қаржы-несие  институттары мекемелер болыр табылады, олар қаржы иннвациясына жатпайды. 
Дербес экономикалық категория ретінде қаржы инновациясы келесідей ерекшеліктері бар:  
1. қаржы инновациясы нарығында жаңа қаржы өнімдерін сату міндеттемесі.
2.нарықта қаржы операциясын жүзеге асыру міндеті немесе ішкі шаруашылық субьектісінде           3.қаржы инновациясының уақытқа тәуелділігі.
Қаржы инновациясының  экономикалық мәні келесідей болады. 
Қаржы инновация  --  бұл жаңа қаржы өнімі формасында жүзеге асырылуы немесе қаржы сферасында инновацтялық әрекетінің нәтижесі. 
Қаржы инновациясының мазмұны жаңа қаржы өніміні және қаржы операциясын құрайды. Жаңа қаржы өнімі мынадай болады: 
1) жалпы;
2)жеке
Жеке қаржы өнімі  -  бұл жеке дербес өнім. 
Жеке дербес өнімнің өзінің сатып алушыларының ортасы бар.  
Жаңа қаржы өнімі келесідей болады: 
1) лимиттелінген;
2) лимиттелінбеген. 
Лимиттелінген қаржы өнімі  -  бұл қатаң квоталанатын өнімнің шағарылатын саны немесе көлемі. 
Жаңа қаржы өнімі сонымен қатар мынадай формада болады: 
1) мүлік; 
2) мүліктік құқық.
Инновация ол жаңалықты білдіреді. Егер қаржы нарығында пайда болған жаңа өнім сұранысқа ие болып және сатылса онда бұл өнімнің тұтынушылары бар деген. 
Инновацияның нарықта болу ұзақтығы оның өмір сүру циклімен анықталады. 
Қаржы инновациясы қаржы нарығында сатылады. 
Қаржы нарығы бұл  -  күрделі жүйе. Оның күрделілігі біртекті болмайтын элементтерден тұрады. 
Қаржы инновациясына келесі факторлар әсер етеді: 
1) шаруашылық процессте қаржы иннвациясының ынтапландырушы рөлі;
2) қаржы нарығында бәсекелестігі.
Қаржы операцясының кейбір түрлерінің сипаттамасы: 
1. Валюталық-пайыздық  своп.
2. Нольдік кулонымен своп .
3. Пенсионерлерді микронесиелеу 
4. НОУ есебі
5. Свопты жинақтау.
6. <<Кэш-энд-кэрри>> арбитражы. 
7. Матчинг.
8. ФРА.
9. Қаржы тәуекелділігін хеджирлеу операциясы. 


&&&	
$$$002-007-002$3.2.7.2 Инновациялық процесс сипаттамасы
Инновациялық процесске оның құрылымын құрайтын жеті элементтен тұрады. Ол мыналар: 
:: инициация;
:: инновациялық маркетинг;
:: инновацияны шығару;
:: инновацияны тарату;
:: инновацияны жылжыту;
* Инновацияның  экономикалық тиімділігін бағалау;
:: инновация диффузиясы.
Инновациялық процесс инициациядан басталады. Ол дегеніміз инновация мақсатын таңдаудан тұратын қызметтер. Инициация бастамасы болып оның шешетін  инновацияның мақсаты және тапсырмасы табылады. Содан кейін иннвацияның идеясының негізін іздек керек. 
Идея табылғаннан кейін оның дәлелдеу қажет. Идеяны технико- экономикалық дәлелдеу- ол ның экономикалық құндылығын бекіту. Технико-эконмикалық дәлелдемеге мыналар жатады: 
* Нақты критерий немесе жүйесі бойынша таңдар алған идеяны дәлелдеу;
* Ірі технология үшін берілген инновациялық жобаны дәлелдеу қажеттілігі. 
* Нарықта сатуға жарау үшін идеяны материалдық формаға айналдыру мүмкіндігі;
Осы нарыққа инновацияның шығу орны бойынша нарығын таңдау және зерттеу.   
Қаржы идеясын іздеу үшін төмендегілер тиімді болады: 
1) үлгі және қате тәсілі;
2) бақылау сұрақтары тәсілі;
3) ми шабуылы;
4) морфологиялық талдау;
5) фокальды объектілер тәсілі;
6) синектика;
7) жеті реттік іздеу стратегиясы;
8) ойлап шығрау тапсырмаларын шешу  теориясы тәсілі.
Инновация диффузиясы --  бұл инновацияны соңғы тұтынушыға дейін  жеткізудің әрекеті. Оған жылжыту каналы, таратуды ұйымдастыру, сауда тораптары жатады.  
Бұл жерде инновацияны сатудың үш тәсілі қолдануы мүмкін: 
* Тікелей тәсіл;
* Жанама тәсіл;
* Аралас тәсіл. 
Ақпараттық өнім сапасын әртүрлі факторлар анықтайды. 
* релевантты;
* пертинентті;
* креативті;
* қарым қатынаста ыңғайлылық.
Тиімділік-бұл қандай да бір нәтиженің әрекеттілігі. Инновацияның экономикалық тиімділігі барлық инвестиция және ресурстарды жаңа өнімге немесе технологияға салудан алынатын нәтиже. 
Инновацияның экономикалық тиімділігін екі бағытта қарастырылады:
* инновацияны өндіру және жүзеге асыру;
* инновацияны сатып алу.
Инновацияны өндіру және жүзеге асырудан түсетін ақшалай қаржының экономикалық тиімділігі келесі формуламен анықталады: 

Э = В - К,
Бұл жерде  Э  --  бір инновация бойынша тиімділік сомасы, теңге; В  --  Инновацияны өндіру және жүзеге асырудан түсетін ақшалай қаржының сомасы, теңге, К  --  Инновацияны өндіру және жүзеге асыру инвестициясы, теңге.
Әртүрлі инновациялардың экономикалық тиімділігін салыстыру үшін тиімділік коэффиценті қолданылады, ол келесі формула бойынша есептеледі: 
В-К
 (В  --  К)  --  таза табыс, теңге.
Ішкі өнімді қолданылатын жаңа операция формасында инновация үшін экономикалық тиімділік келесі формула бойынша анықталады: 
Э = И0-И,-0,15хК,
Э  --  тиімділік сомасы,тг, И0  -- бір әрекетті жүзеге асырғанға дейінгі жылдық шығын,  И,  --  инновация бойынша осы әрекетті жүзеге асырғаннан кейінгі ағымдағы жылдық шығын, тг,  К  --  Инновацияны өндіру және жүзеге асыру инвестициясы,тг, 0,15  --  нормативті ко - эффициент.
Сатып алушылардың инновацияға салатын экономикалық тиімділігі келесі жүйе көрсеткіштерімен анықталады: 
1) инвестицияның ақталу мерзімі;
2) инвестицияның ортажылдық және жылдық рентабельділігі;
3) пайданың есеп  нормасы;
4) таза ағымдағы құны;
5) инвестицияның рентабельділігің ішкі нормасы 


&&&	
$$$002-007-03$3.2.7.3 Инновациялық процессті басқару
Инновациялық менеджмент  -- Инновацияның қозғалыс процессінде пайда болатын, инновациялық процесс және қатынасты инновациялық басқару жүйесі.
Инновациялық менеджмент келесілерге негізделеді:
1. берілген инновацияның фундаменті болатын мақсаттыбағытталған идеяны іздеу;
2.Инновациялық процессті ұйымдастыру;  
3.  Нарықта инновацияны тарату және жылжыту процессі. 
Инновациялық менеджмент басқару стратегиясы және тактикасынан тұрады. 
Стратегия ол алдыға қойған мақсатына жету үшін құралдарды қолданудың жаңа тәсілі мен бағытын анықтайды. 
Тактика  --  бұл нақты жағдайда алдығы қойған мақсатына жету үшін нақты әдіс және тәсілдер. Оның негізгі тапсырмасы болып  дұрыс шешім қабылдау. 
Инновациялық менеджментті басқару жүйесі ретінде қарастыруға болады.  
Жүйе- қандайда бір элементтерді бір тұтас біріктіру болып табылады. Инновациялық менеджмент екі звенодан тұрады немесе басқарушы жүйеден тұрады. 
Инновациялық менеджментте басқару субъектісі болып бір немесе бірнеше жұмысшы топтары табылады.
Инновациялық менеджментте басқару объектісі болып инновациялық процесс, сатушы, сатып алушылар табылады.  
Инновациялық менеджмент нақты функцияны орындайды, ол басқару жүйесінің құрылымын құруды анықтайды. Инновациялық менеджменттің екі функциясы бар: 
1) басқару субъектісінің функциясы;
2) басқару объектісінің функциясы.
Басқару субъектісіне мыналар жатады:
*   болжау;
*  жоспарлау;
* ұйымдастыру;
*  реттеу;
*   үйлестіру;
 >> ынталандыру;
*   бақылау.
Басқару объектісі функциясына мыналар жатады:
* капиталды тәуекел салымы;;
* нновациялық процессті ұйымдастыру;
* нарықта инновацияның жылжуын ұйымдастыру және оның диффузиясы.
Ұйымдастыру дегеніміз тұтас бөліктер арасындағы өзаар байланысты құру және жетілдірудің процесстер немесе әрекеттер жиынтығы. 
Инновациялық  менеджменткелесі сатыдан тұрады:
1.  Инновациялық процесс.
2.  инновацияның мақсатын және басқаруын анықтау;
3.   Инновацияның менеджмент  стратегиясын таңдау;
4.  инновацияны басқару тәсілін анықтау;
5.  Инновацияны басқару бағдарламасын жасау; 
6.  бағдарламаны орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
7.  Бағдарламаға бақылау жүргізу;
8.  Инновацияны басқарудың тиімділік тәсілін талдау және бағалау;
9.  Инновациялық менеджмент тәсілін түзеу.
Инновациялық менеджменттің маңызды бөлігі болып алдыға қойған бағдарланы орындау, шаралардың жеке түрін анықтау, осы жұмысты қаржыландыру, нақты орындаушыларын, орындалу мерзімін анықтау боып табылады. 
Инновациялық менеджменттің маңызды сатысы болып бақылау табылады. |
Талдау кезінде еңбірінші мыналарды анықтайды: қолданған тәсілдер мақсатқа жетуге көмектестіме, осы мақсат қандай күш және шығынмен орындалды, менеджмент тәсілдерін оданда тиімдірек қолдануға болама деген сұрақтар өте маңызды болып келеді. 
Иннвациялық менеджментті ұйымдастырудың қорытынды сатысы болып инновацияны басқару тәсілін түзеу табылады.

 
&&&

$$$002-008-100$Дәріс №7.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Функционалды-құндық талдау әдісінің қағидалары мен кезеңдері . 2.Бенчмаркинг әдісі.  
3.Бенчмаркингтің түрлері  және деңгейлері.   
4.QFD әдісі (сапа қызметін жариялау) 
5.FMEA әдісі
&&&

$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8. Инновациялық менеджмент және стратегиялық басқару
1. Инновациялық менеджменттің функциясы және тәсілдері
2. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы

&&&

$$$002-008-001$3.2.8.1 Инновациялық менеджменттің функциясы және тәсілдері
Тәсіл әсер ету әдісі болып табылады. Инновациялық менеджмент тәсіл - бұл иннвациянв нарықта таратуға қатысты және инновациялық процессте инновациядан тұратын, басқарылатын жүйеге басқарушы жүйенің әсер ету әдісін айтады. 
Сондықтан иннвациялық менеджменттің барлық тәсілі инновациянв нарықта жылжыту процессінде пайда болатын ақшалай қатынасқа негізделген. 
Инновациялық менеджмент тәсілін  үш топқа бөлуге боладыя: 
1. өндіріс инновациясына әсер ететін тәсілі;
2. Өндіріске, таратуға, жылжытуға және инновация диффузиясына әсер ететін тәсілі. 
3. тек қана таратуға, жылжытуға және инновация диффузиясына әсер ететін тәсілі. 
Өндірісті инновациялауға әсер етітін тәсіл негізгі мақсаты болып жаңа өнім немесе операция құру. Бұл тәсілге бенчмаркинг және маркетингтік зерттеу және жоспарлау жатады. 
Инновациялық менеджменттің екінші тәсілі тобына инновация инжинирингі, реинжиннринг, бранд-стратегия жатады.   
Маркетингтік инновацияға екі фактор әсер етеді:
* Жаңа өнім саны;
::   сатуға қойылатын технология немесе жаңа  операции.
Маркетинг стратегисы келесі тұжырымдамадан тұрады:
1)нарықты сегменттеу;
2)мақсатты нарықты таңдау;
     3)нарыққа шығу әдісін таңдау; 
    4) маркетингтік ортасын таңдау,
    5)нарыққа шығу уақытын таңдау.
Иновациядағы маркетингтік әрекет түрлерінің жиынтығы инновация маркетинг функциясын білдіреді. Мұндай функцияларға мыналар жатады:  
* Ақпараттар жинау;
* Маркетингтік зерттеу;
* Инновацияны шығару және жүзеге асыру бойынша әрекетін жоспарлау,
* жарнама;
* инновацияны жүзеге асыру.
Маркетингтік зерттеуге іс әрекеттердің барлық түрлері жатады: 
1) берілген инновацияны жүзеге асыру нарығындағы сатыпалушы, сатушы, өнімін зерттеу;
2) нарықтағы мүмкіндігін және оның секторларын талдау; 
3)инновацияның сапасын, табыстылығын және басқа сипаттамасын зерттеу;   
 4) инновацияны таратуды талдау;
5) бәсекелестерді зерттеу;
6) нарық қуысын таңдау;
Бенчмаркингтің екі түрі болады:
1) жалпы;
2) функциональды.
Бенчмаркинг функциональды әдістемесі келесі сатылардан тұрады: 
1.  бизнес сатушының нақты  функциясын таңдау; 
2.  берілген бизнес функциясы үшін салыстыру параметрлерін таңдау. 
3.  аналогты сатушылар бойынша ақпараттар жинау қажеттілігі;
4. алынған ақпараттарды таңдау;
5. өзгерістер жоьасын жасау;
6. Технико-экономикалық негізделуі;
7.  өзгерісті практикаға енгізу; 
8. берілген бтзнестің жүзеге асырылуын бақылау. 
Басқарудың бағалық тәсілі келесі элементтер кіреді: 
1) өндірісті инновациялау стадиясында әрекет ететін бағақұрайтын факторлар;
&&&	
$$$002-008-002$3.2.8.2 Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы
  
<<Стратегия>> термині, гректердің <> сөзінен туындаған және <<генерал өнері>> немесе <<адамдарды басқару өнері>> деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді.
Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.
Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда <<Стратегия>> бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні  -  белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.
Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі.
Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөлімдерден тұрады:
* Облыстың, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалануы;
* Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты;
* Экономикалық дамуы;
* Әлеуметтік дамуы;
* Күтілетін нәтиже;
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы, облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы облыс рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады.
Басты мақсат  -  бұл облыстың стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізінде анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады.
Экономикалық дамудағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін облыстың ішкі-сыртқы факторларына талдау жасалынады. Осы талдау негізінде облыс экономикасының басым бағыттары анықталынады. Басым бағыттардың анықталынуы, немесе оны көп тізбектегі басты буынның  белгіленуі барлық мүмкіндіктер мен күштерді осы қызметтерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Басым бағыттарды анықтауда күшті, әлсіз, мүмкіндіктер және қауіп матрицасы пайдалынады. Мұндай SWOT талдауды төмендегіше көрсетуге болады:
1. Облыс экономикасының (ол мемлекет-экономикасынында) күшті,әлсіз жақтары талданып, олардың маңыздылары анықталынады,тізімдері белгіленеді.
2. Мүмкіндік және қауіпті (тиімді дамуға кері ықпал жасайтын) факторлар анықталынып талданады, олардың тізімі анықталынады.
3. Осы мәліметтер негізінде SWOT матрицасы жасалынады.
Тұжырымдалған стратегияларды іске асырудағы негізгі талап, ол оның қаржы, тағы басқа мемлекеттік реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі. Сол себепті әрбір стратегияның қаржылық көзі белгіленіп, сол арқылы ол тұжырымдалынуы керек.
Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, даму тенденцияларының эксперттік бағалануына, болжамдық есептеулерге негізделіне отырып төмендегідей жағдайларды анықтауға міндетті:
* Болашақ даму мақсаттар мен міндеттер жүйесін;
* Халық шаруашылығының маңызды басым бағыттары мен олардың іске асырылу кезеңдерін;
* Экономика өсуінің мүмкін қарқынын және негізгі макроэкономикалық пропорцияларды;
* Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;
* Ресурстық күштерді және олардың тиімділігін, пайдалану бағыттарын;
* Сыртқы және ішкі экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын;
* Шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық өзгерістерді;
Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей 4 үлкен бөлімдерден тұрады:
* әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауы;
* әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы;
* негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;
* ұлттық бағдарламалар.
Бірінші бөлімі төмендегідей жағдайларды суреттейді:
* өндірістік күштердің жағдайын;
* экономиканың ішкі және сыртқы даму тенденцияларын;
* мемлекеттік реттеу жүйелерінің, реттегіш құралдарының ықпалдылығы мен нәтижелілігін;
* өндіргіш күштердің сапасын, өсу динамикасын және оларға ық
  жалпы экономикалық дамудың әлемдік экономика дамуымен салыстырмасын; 
Екінші бөлім әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы төмендегідей жағдайларды анықтайды:
* әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттарын;
* мақсат, міндеттерден туындайтын, оларды іске асыруға бағытталған ұлттық бағдарламалар тізімін;
Үшінші бөлім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бөлімі:
* экономикалық өсу, дамудың болжамдық қарқынын, деңгейін;
* экономика құрылымын;
* экономика салалары араларындағы байланыстарды;
* халықтың және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы мүмкіндіктерін суреттейді.
Төртінші бөлімі ұлттық бағдарламалар  -  мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегиясын іске асырудың және ұлттық (жалпы халықтық) мақсаттар мен басым бағыттарға тиімді, ұтымды жету жолындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің негізгі құралы. Ұлттық бағдарламалар жоғары тиімділіктегі ұлттық экономиканы құруға бағытталған күрделі, маңызды әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқада жағдайларды шешу үшін қажет.
Орта мерзімдегі және жылдық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жасаған кездерде Ұлттық бағдарламалар жоспардың <<Экономикалық реттегіштері>> бөлімінде, сонымен бірге экономика салаларының жоспарында және мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік тапсырыстарда көрініс алады.
Мемлекеттік ұлттық бағдарламалар ұлттық мүдделерге тиімді, ұтымды, сапалы жету жолында шектеулі қоғам ресурстарын жақсы бөлу, пайдалану құралы болып саналады.
Орта мерзімді жоспарлар  -  олар 3-5 жылдар аралығына арналып жасалынады. Бұл жоспардың қызметі:
* әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған мемлекеттің саясатын және экономикалық реттегіштер жүйесін анықтау;
* стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген параметрлердің (индикаторлардың) жинақталуын қамтамасыз ету;
* жоспарлау мерзімі (уақыты) аралығындағы барлық кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-қызмет шараларын көрсету;
* осы уақыт аралығында (3-5 жыл) мақсатқа жету жолында мемлекеттің экономикаға араласу, ықпал жасау әдістерінің негізгі бағыттарын көрсету;
Осы қызметтер (шеңберінде) негізінде ұзақ мерзімді жоспарды белгілі уақыт аралығында нақтылау жоспары, құралы деп те айтуға болады. Жоғарыда айтылған қызметтеріне сәйкес, бұл жоспарды әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы уақыт аралығындағы стратегиялық мақсаттардан туындайтын міндеттер және экономикалық реттегіштер жүйесі анықталынады.
Сыртқы ортаға талдау жасау, үлкен қауіп-қатерлерді және жаңадан ашылған мүмкіндіктерді ашу мақсатында сыртқы факторларды анықтаудың үлкен маңызы бар. Бұл қауіп-қатердің пайда болуы мен мүмкіндіктерге уақытылы болжам жасауға, алдын ала болжап білмейтін мән-жайлар туындайтын жағдайларға жоспарлар жасауға мүмкіндік береді. Олардың келесідей жеті тобы бар:
1)  Экономикалық факторларды талдау кезінде инфляция қарқыны, салық мөлшерлемесі, халықаралық төлем балансы, тұтастай алғанда халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі және қызығушылық тудырып отырған сала, халықтың төлем қабілеті қаралады;
2)  Саяси факторларды талдау кезінде елдермен сауда жасау тарифтері жөніндегі келісімдер, кеден саясаты, жергілікті билік органдарының және орталық үкіметтің нормативтік актілері, монополияға қарсы заңнама, жергілікті банктерден несие саясаты қаралады;
3)  Нарықтық факторлар. Оған демографиялық жағдай, халық табысының деңгейі, оларды бөлу, ұйымның нарықтағы үлесі, нарық сыйымдылығы;
4)  Бәсекелестік жағдайындағы технологиялық факторларды зерделеу. Өндіріс технологиясындағы, конструкциялық материалдардағы өзгерістерді оқып үйрену әсіресе маңызды болып саналады;
5)  Бәсекелестік факторларына талдау жасау бәсекелестердің әрекетіне бақылау жасауды болжайды. Бұл ретте бәсекелестердің нарыққа қандай тауарлар шығаратыны, қандай іс-қимыл жасайтыны қаралады. Осыған орай:
- бәсекелестердің болашақтағы мақсаттары;
- олардың ағымдағы стратегиясына берілген баға;
- саланы дамыту болашағы;
- бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын оқып үйренуге талдау              жасалады.
6) Әлеуметтік факторлар. Экономикалық тұрақсыздық жағдайларында, атап айтқанда әлеуметтік ортада ұйымға қауіп төндіретін көптеген проблемалар (тұтынушылар құқығын қарайтын қозғалыстың дамуы, ұлттық сана сезімнің пісіп-жетілуі және т.б.) туындайды.
7) Халықаралық факторларға талдау жасау. Сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны жою осы факторлардың маңызын арттырды. Шетелдегі ахуалды, өзге елдер үкіметтерінің саясатын көңіл қойып қадағалау арқылы, шетелдік бәсекелестерге қарсы үкіметтен болатын қорғау шараларын назар сала отырып, қадағалап отыру қажет.
Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу.
Шекті өсу. Бұл ұйымдардың басым көпшілігінің стратегиясы. Инфляцияны ескере отырып түзетулер енгізілген, қол жеткен табыстар арқылы мақсаттарды айқындау осы стратегияға тән болып саналады. Шекті өсу стратегиясы негізінен ұйым өзінің  жағдайына қанағаттанған кезде, баяу дамитын немесе технологиялар өзгермеген өнеркәсіп салаларында қолданылады. Ұйым бұл баламаны өте жеңіл, неғұрлым ыңғайлы және аз тәуекелге баратын іс-қимыл тәсілі ретінде тандайды.
Өсу. Өсу (өркендеу) стратегиясы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деңгейдің оның алдындағы жылдың көрсеткіштері деңгейінен жыл сайын маңызды түрде көтерілу жолымен жүзеге асырылады. Ол, технологиялары тез өзгеріп отыратын серпінді дамушы салаларда қолданылады. Дағдарысқа ұшыраған нарықты тастап кету үшін өз фирмаларын диверсификациялауға (өнімдер номенклатураларының алуан түрлерін шығаруға) ұмтылушы жетекшілер, осы бағытты ұстануы мүмкін. Ішкі және сыртқы өсу болуы мүмкін. Ішкі өсу тауарлардың түт-түрін (ассортиментін) көбейту жолымен жүзеге асуы мүмкін. Сыртқы өсу тік немесе көлбеу бағытты өсу формасында бір-біріне жақын салаларда болуы мүмкін.
Қысқарту. Операцияларды оңтайландыру және қайта бағдарлаудың терең ойластырылған, ақылға қонымды жолы болып саналғанда қысқарту баламасы таңдап алынады. Қысқарту баламасы шеңберінде келесідей бірнеше нұсқалар таңдап алынуы мүмкін:
* тарату. Ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толық сату қысқартудың неғұрлым радикалды жолы болып саналады;
* егер бұл кәсіпорынға пайда әкелетін болса, басы артық нәрселерден құтылу;
* қысқарту және қайта бағдарлану.
Компания қызметі көрсеткіштерінің нашарлауы экономикалық құлдырау кезінде жалғаса беретін болса немесе жай ұйымды құтқарып қалу үшін, жиі түрде қысқарту стратегиясын таңдап алады.
Әдетте, бірнеше салаларда белсенді іс-қимыл жасаушы ірі фирмалар жоғарыда аталған барлық баламаларды ұштастыру стратегиясынан ұстанады.
Ұйымның ұзақ мерзімдік тиімділігін қамтамасыз ету стратегиялық баламаларды таңдау мақсаты болып саналады. Стратегиялық таңдауға алуан түрлі келесі факторлар әсерін тигізеді:
1) Тәуекел. Компания үшін тәуекелдің қандай деңгейі қолайлы екенін анықтау қажет. Жоғары тәуекел дәрежесі компанияның өмір сүруі үшін қауіпті болып саналады.
2) Бұрынғы стратегияны білу.
3) Қожайын туралы пікір. Нақты стратегиялық баламаларды таңдау кезінде акция иелері басшылық жасау икемділігін шектейді.
4) Уақыт факторлары.
Стратегиялық баламаларды таңдау кезінде, факторларды білуден өзге, бүкілімен бөлісетін, оның болашағын болжайтын форманың тұжырымдамасы қажет болады. 

&&&	

$$$002-008-100$Дәріс №8.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Инновациялық стратегия  түрлерi.  
2.Ұйымның инновациялық саясаты.  
3. Жаппай өндiрiс саласындағы стратегиялар  -  виоленттер стратегиясы. 
4.Өнiм дифференциациясы және нарықты сегметтеу стратегиялары  -  патиенттiк фирмалар стратегиясы.

&&&

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Инновациялық ұйымның мәдениеті  және оның персоналын басқару  
1. Инновациялық ұйымдарда персоналдарды басқару
2.Кәсіпорындағы басшылық психологиясы

&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 Инновациялық ұйымдарда персоналдарды басқару
Бағынушылардың психологиялық сапасы: темперамент, мінезі,қабілеті.Басшылық стилінің негізгі сипаттамасы. Басшылық этикасы бойынша ұсыныстар. Іскерлік кесіссөз жүргізудың психологиялық мәдениеті. Іскерлік мәжілісі және келіссөз жүргізу.   
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істедің, сан салалы білім алудың нәтижесіне қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейне тығыз байланысты, олар өзара қатысы әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-қатнасы көбінесе оның жеке басына жәнеде сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайына басшыға тиісті право мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым қатнасорнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатына жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін.
Екіншіден көпшілік ұжым үшін басыш  -  бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір блімді және ұжымды ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған оорай кәсіптік этика туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынас ықпал ету, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарй басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан де көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
&&&	

$$$002-009-002$3.2.9.2 Кәсіпорындағы басшылық психологиясы 
Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
* сөйлеу мәдениетіне, өз тойын сауытты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын қабылту арқылы айтқан сөзін 40%-тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлеу білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білуі де тиісті;
* еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
* мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстетика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді;
* сезім мәдениеті: эмицияны, дауы ырғағын, қол қиымылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көсете білуі тиіс;
* сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
* сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке басын емсе, ісін сынау қажет);
* сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;
* адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;
* сынау орнын жіне тәсілін ойластыру;
* сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.
Американдық менеджерлерге қойлатын басты талаптың бірі  -  сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазалаудан жалтаруға болмайды. 
Сынауды қорқатын басшы  -  басшы емес. әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында <<бәрібір басшының бабын таба алмайсың>>, деген қаңқу сөз тарайды. Сын әділ болуы, нақты кемшіліті дөп басуы тиіс.
Білікті педагогтар оқыту поцесінде оқушылардан тек қателік іздеуге болмайтындығын жақсы біледі. Іскер педагог ешқашан <<былай істеме>> деп айтпайды, <<былай істесек қайтеді>> деді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпай ғана жұмсайды.
Әзіл-оспақты түсіне білу. өз кемшілігіңе дер кезінде күле білудің айрықша маңызы бар. В. У. Терещенконың айтуынша, АҚШ-та әрбір менеджердің өз лақап аты болады, ол мұны білуі тиіс. Карикатура келемеждеу емес. Адам неғұрлым әйгілі болған сайын, гезеттер мен журналдарда ол жөнінде крикатура соғұрлым көп болады. Адамды дастық тұрғыда әзілдеу  -  бұл оның әйгілілігінің, оны жақсы көретіндігінің, жақсы қарым-қатыната екендігінің белгісі. Рузвельт өмір бой өзі жайлы кариктатураны жинаған екен. В. И. Терешенконың пікірінше, егер адам беделі болса, егер ол көпке құрметті болса, онда ол крикатурадан сескенбейді, оған ашуланбайды, қайта өзіне-өзі күледі.
Басшы өз ісіне сену, батылдығы, мақсаткерлігі, қайсарлығы арқылы көрінуі, әрі осы қасиеттерін қарамағындағыларға көрсете білуі тиіс.
Егер адамдар өз ісіне сеннетін қасиеті болса, онда оған басқа адамдарда еліктейді. АҚШ-та басшыларды даярлағанда және білімін жетілдіргенде осы қасиеттерін қалай көрсету қажеттігін үйретіп қана қоймай, бұған қалай қол жеткізу, өзіне қалай қалыптастыру жолдарында түсіндіреді.
Бұл мәселе жөнінде мынандай бірқаттар психологиялық ұсыныстар бар:кәсіпорынға келгенде өзіңді тік ұстап, басыңды төмен түсірме. Тік жүру, басыңды тік ұстау, ширақ жүру өзіңе деген сенімділік дағдысын қалыптастырады.сіз амандасқан кезде, қолыңды солқас бермей, өзіңмен сәлемдескен адамның қолын қатты қыс. Батылдылық, табандылық және өзіңе деген сенімділік  -  жақсы басшының ұнамды, байсалдылық қасиеті. Күйгелектік, ашуланшақтық басшыға мүлде жараспайды.
&&&	

$$$002-009-100$Дәріс №9.Студенттердің өзін өзі тексеруге арналған сұрақтары
1.Инновациялық ұйымдарда қызметшілерді ынталандыру мәселелері. 
 2.Инновациялық ұйымның мәдениеті мен даму философиялары.
 3.Инновациялық ұйымның дамуындағы корпоративтік мәдениеттің орны.  

&&&
$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10 Венчурлық  бизнесті ұйымдастыру
1.Венчурлық инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
2.Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы
&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 Венчурлық инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
 
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. 
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да,салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар:акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұлзейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздықміндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады?Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана.Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен біргеинфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатынинфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90мың теңге ғана болады.
Егер инвес тор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляциядеңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Ондамұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;
2)  Таза пайда   +   жалпы  инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;  
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болғанжылдарды есепке алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.
Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек.Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.
Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:
КС = БСх(п + г), мұндағы -
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;
г    - процент төлемі немесе табыс нормасы;
п   - табысты қосып есептейтін жылдар саны.
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[17;168]
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.

&&&	
$$$002-010-002$3.2.10.2 Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы
Бiздің елдiң инновациялық индустрияландыруы - дамудың жалғыз ғана дұрыс жолы. Елімізде инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.Бiздiң қор осы уақытта венчурлық инфрақұрылымды дамытатынын ескерткiм келедi: ҰИҚ мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік қағидалары негізінде отандық инвесторлармен бiрге құрылған Қазақстанның алты венчурлық қорында әрiптес болып табылады. Қазақстандық венчурлық қорлардағы ҰИҚ-тың еншiсі  -  49 пайызға дейiн жетеді. Олардың инвестициялық саясаты келешекте экспорттық әлеуетке иеленетін перспективті салаларда жобалар iздестiру және оларды тартуға бағытталған.Ўлттық инновациялық қор жобаларды дамытудың әртүрлi кезеңдерiнде қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан бастап өндiрiстiң кеңейтуiне дейiн. ҰИҚ-тың қаржыландыруының тетігі  -  жоба құнынан 49% дейiн үлестiк инвестиция салу. ҰИҚ-тың портфелiнде қазір тоғыз жоба бар. Одан басқа, қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге 2004 жылдан бастап тәжiрибе-конструкторлық зерттемелерге (ТКЗ) 48 грант берiлді. Қордың одан арғы міндеті  -  өз еншісіндегі үлесін сату жолымен инновациялық жобалардан <<шығу>> және ТКЗ-ны коммерцияландыру. Мысалы, бiздiң тәжiрибе-конструкторлық зерттемелерiмiздiң бiрi  -  кәушiктi гидридтеу катализаторы. Бiз оның коммерцияландыруы бойынша үлкен жұмыс өткiземiз. Мұндай технология арнайы синтетикалық кәушiктiң өндiрiсiнде, негiзiнен екi елде ғана - Германия мен Жапонияда қолданылады. Бiздiң ғалымдарымыз бiрнеше рет арзан, бiрақ сапа бойынша жол бермейтiн аналог жасаған. Катализатор жоғары сапалы резина, шиналар және басқа да бұйымдар өндiрiсi үшiн қажеттi. Шығарылатын өнiм төмен және жоғары температураларда әрі өте агрессивтi ортада жұмыс iстеуге қабiлеттi екенін атап өту керек. Бізде зерттеменің коммерцияландыруының екі жолы бар: патентті мүдделі компанияларға сату немесе өзіміздің технологиялық патентiмiзді беру жолымен резина-техникалық бұйымдар өндiрiсі зауыты құрылысына (мысалы Ресейде) үлескер болып кіру.ҰИҚ индустриалды-инновациялық дамудың алдағы бес жылда венчурлық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырады. Ұлттық инновациялық жүйені әлемiнiң бiр елiнде де нарық өз еркімен қалыптастырмаған, оның себебі жекеменшік сектор тарапынан бастамашылықтың болмауы және тәуекел етуге бармауы деп атап өту керек. Сондықтан, жүйенiң белсендi қатысушысы (локомотиві) рөлiн атқару, мемлекетке тап болып қалады.
Егер ғылыми зерттемелер туралы айтылса, онда төрт жыл ішінде бiздiң қор қаржыландырған 48 ТКЗ-ға 502 миллион теңгеден астам сомаға гранттар бөліндi. Бiздің елде сондай-ақ шетелде қызығушылық танытатын фармацевтика, мұнай-химия, металлургия өнеркәсiбі салаларында жобаларымыз бар. <<Санда АБК>> ЖШС фосфоры бар қалдықтан натрий гипофосфитi мен фосфор қышқылын шығару технологиясын зерттеп табу бойынша жұмыс iстеп жатыр. Натрийдің гипофосфитi - хромдау және беттердi никельмен қаптауға қажеттi реагент. Бiздiң ғалымдарымыз осы реагенттi қалдықтардан алудың үнемдi және экологиялық таза әдiсiн ойлап таба алды. Никель жамылғысы барлық жерде қолданылады. Мысалы, әуеғарыш, автомобиль өнеркәсiптерде және өндiрiстiң басқа да салаларында. Осы жобаға қытайлық компания қызығушылық танытты, олар бізге оны, яғни осы әдісті, алдымен патенттеп, ал содан соң Қытайда өндiрiс ашуға ұсынып отыр.
Сонымен бірге жаңа катализатордың зерттемесі бар, оның көмегімен мұнай өнiмдерiнен автокөлiктерге арналған синтетикалық майлар шығаруға болады. Бұл өте ұтымды жоба, бiрақ бiзде әзірше дәл осындай өнiм өндiру үшін тиісті инфрақұрылым болмай тұр. Осындай катализатордың көмегiмен Қазақстан импорттық майларды қазіргідей сатып алмай, оларды керісінше өзі жасап шығара алатын еді. Бұл катализатор бiздiң елдің маргарин және май өндіруші азық-түлiк кәсiпорындарында да сынақтан өтіп жатыр. Егер тәжiрибе-өнеркәсiптiк сынақтар бiздiң өндiрушiлерiмiздiң талаптарын қанағаттандырса, кейiннен оны тағамдық өсiмдiк майын гидридтеуiнде қолдануға болады.Біздің тағы бір бағытымыз  -  химия өнеркәсiбi, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдар өндiрiсi салаларындағы инновациялық жобалардың МЖӘ қағидалары негізінде қаржыландыруына қатысуымыз. Мысалы біздің <<Агрофос-Оңтүстік>> жобалау компаниямыз, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммонийленген суперфосфат өндiрiп шығаруға мүмкiндiк беретін техникалық шешiмдi қолданысқа енгiзуде. Осылайша, Шымкент маңындағы экологиялық жағдайды жақсарта тұра, біз сонымен бірге ауыл шаруашылығы үшiн қажеттi минералды тыңайтқыштарды жасап шығара аламыз.Құрылыс секторында бізде екi жоба бар: Павлодардағы ағаш өңдеу комбинаты базасында бiз жекеменшік инвестормен бiрге келесi элементтері бар толық циклды өндiрiстiк кешеннiң ұйымдастыруын ескеретін жобаны қаржыландырамыз: формальдегидтік шайыр шығаратын фабрикасы, МДФ және ДСП өндірісінің линиясы, МДФ бұйымдары өндiрiсiнің цехы. Комбинат осы уақытта тұтынушылардың әртүрлi санаттарына арналған қол жетімді баға бойынша бөлме аралық есiктердiң шығаруын және сатуын қалпына келтірді.Алматы облысының Көксу кентінде 2007 жылғы мамыр айында керамзит кiрпiштер мен блоктар өндiрiсi бойынша зауыт iске қосылған. Керамзиттен жасалатын құрылыс материалдары жеңiлдiк, төмен жылу өткiзушілік және идеалды геометриялық пішін сияқты ұтымды қасиеттерге ие болатынын атап өткім келеді. Бұл iргетасқа жасалатын жүктеменi азайтуға, жылу еткiзушiлігін сақтап қабырғаның жуандығын азайтуға, сонымен бiрге қосымша жылу сақтайтын материалдарды қолданудан бас тартуға мүмкiндiк бередi, өйткенi керамзит  -  ол экологиялық таза жылытқыш.Агроөнеркәсiптiк кешенде бiз өзіміздің <<Әрекет>> венчурлық қорымызбен және YTO қытай компаниясымен бірге, Қазақстанның оңтүстiгiнде кеңінен қажет етілетін тракторларды (оның ішінде шағынгабаритті) құрастыру өндiрiсiн iске қостық. Өткен жылы бiздiң әрiптесiмiз  -  <> ЖШС  -  Балқашта құйма шойын шығару бойынша тәжiрибе-өнеркәсiптiк металлургиялық кешенін ашты. Бұл қымбат бағалы коксты қолданбастан бiр сатылы шойын өндiрiс технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы өнеркәсiптiк қондырға
ҰИҚ іске асыратын бүкіл іс-әрекет <<Нұр Отан>> партиясының 12-шi съезiнде Н.Ә.Назарбаев жария еткен бағдарламаға толығымен сәйкес келедi. Венчурлық және инновациялық инфрақұрылымдар салық төлеушiлер бiзден күтетін нәтиже беру керек.Менiң көзқарасым бойынша, дағдарыс уақытында және одан ары, дағдарыстан кейінгі кезеңде, ҰИҚ және жекеменшік сектор көмегімен құрылған венчурлық қорлар инновациялық жобаларды қаржыландыруға арналған нақты тетік бола алады. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, тәуекелді қаржыландыру қорлар бүгiнгі таңда инновациялар мен жаңа технологиялар трансфертiн қаржыландыруда маңызды рөлдердің бірін атқарады. Инновациялық сипаты бар және венчурлық қорлар арқылы қаржыландырылатын барлық жобалар әртүрлі дәрежеде тәуекелдi деп есептеледі. Өткен жылдары бiз қаржыландырған 48 тәжiрибе-конструкторлық зерттеменің 19 бәсекелестікке лайықты және тиісті патенттермен расталған. Қазiр бiз оларды коммерцияландыру бойынша қажетті жұмыс жасап жатырмыз. Ережеге сәйкес бiз өз жұмысымызды алдымен дамудың бастапқы кезеңіндегі <> компаниялармен бірге коммерциялық емес жобаларды іске асырудан бастаймыз. Бiзге жақсы идеясы бар кәсiпкер келеді, бiз оны қолдаймыз және қаржыландыра бастаймыз. Ол жобаға өз активтерiмен кiредi, бiз содан соң осы бизнесті дамытамыз, ал енді ол толық қуатпен жұмыс iстей бастағанда, біз оған бiздiң еншілік үлесімізді сатып алуды ұсынамыз. Жалпы алғанда осындай жобалар 5-7 жыл бойы жүзеге асырылады.Бiз - аграрлық елміз және біздің осы салада үлкен ресурстарымыз бар. Бұл жолды ешбір ұмытуға болмайды, бiз агроөнеркәсiптiк қуаттардың жетiлдiруiмен, асыл тұқымды шаруашылықтардың дамытуымен айналысуымыз керек. Сонымен қатар тек шикiзат экспортымен ғана шұғылданбай, ауылшаруашылық өнiмнiң терең өңделуiне ерекше назар аударуымыз өте маңызды. Бұл үшiн үздік агротехниканы қолдану маңызды, қатерлi егiн шаруашылығы аймағында жоғары өнiмділікті қамтамасыз ете алатын инновациялық энергия- және су сақтайтын технологияларды жетiлдiру қажет.Басқа маңызды сала  -  бұл металлургия өнеркәсiбі. Сонымен бiрге бұл жерде шетелге металл сынығын сату емес, түпкiлікті өнiм өндiрілуi үлкен мағынаға иеленеді. Бiз және де IT-технологиялар саласында да артта қалмауымыз керек. Сонымен қатар энергия сақтау, био- және нанотехнологияларды дамытуға күштi бағыттау маңызды. Үлкен ғылыми әлеует химия өнеркәсiбiнiң дамытуында да сақталады. Бiз үшін перспективті салаларды анықтап алу маңызды, және ары қарай осы салаларды жетілдіру негізінде жалпы тұрақты дамуға қол жеткізуге болады. Бiздiң пікірімізше, дамытуға бөлінетін қаражаттың 70% қазiргi уақытта жұмыс істейтін дәстүрлi салалар және өндiрiстердің жетiлдiруі мен жаңғыртуына бағытталу керек, ал қалған 30%  -  жаңа технологиялар саласын дамытуға жіберілу қажет.
Бірақ, технологиялар туралы айта келе, ғылыми әлеуеттің дамуы жайлы ұмытуға болмайды: ғылыми iргесiз инновациялар болмайды. Одан басқа, жаңа жоғары технологиялы жабдықтарды енгiзумен бірге, біз үшін сауатты мамандардың болуы маңызды. Сондықтан технологиялық дамумен бірге кадрлар әзiрлеуiне назар аудару керек.

&&&	

$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Венчурлық бизнестiң түсінігі мен ерекшелiктерi.  
2.Венчурлық қаржыландыруға арнап инновациялық жобаларды іздеу және іріктеу.  
&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Инновацияларды интеллектуалды меншік объектісі ретінде басқару    
1. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері
2. Интеллектуалдың меншік және оның объектілері
&&&
$$$002-011-001$3.2.11.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық  жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында <<Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы>>, 2005 жылы <<Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы>>, ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР <<Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы>> Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті [1-7, 17].
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты. 
Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.
Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық инфрақұрылымның нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Осыған орай, 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында инновациялық әлеуеті мен өзіндік даму үлгісі қалыптасқан елдердің қолдануға тиімді тәжірибелері мен озық үлгілерін, олардың ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы инновациялық өнімдерді шығарудағы жетістіктерін пайымдай отырып, еліміздің ұлттық инновациялық инфрақұрылымын дамытудың экономикалық механизміндегі негізгі тетіктер ретінде жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттің қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа да істеріне тығыз араластыру, бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін пайдалану және оларды елдің барлық салаларында сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау қажеттілігі туындайды.
Экономиканың жаңа, сапалы жағдайға көшуi барысында инновациялық мүмкiндiктерi маңызды деңгейі көтерiлдi. Инновациялық экономиканы қайта ұйымдастыруға ғылыми сыйымдылықты өндiрiстi тек дамытуға мүмкiндiк бередi. Бұл көрсеткiштер экономикалық өсудi қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Бiздің елiмiз үшiн экономикада инновациялық процестi  мүмкiндiк қолдау бойынша дамыған елдердің тәжiрибелерiн шығармашылық түрде қолдану маңызды болып табылады. Ол инновациялық қызметтің отандық даму жүйесiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл сұрақтарды зерттеу маңыздылығы  -  ғылыми-техникалық инновациялық саясатты аумақтық басқару органдарын құру арқылы жүзеге асырғанда арта түседi. 
Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып  дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық  тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды.  Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етеді
Индустриалды - инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми - тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай - ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.
Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме - дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми - зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан - жақты зерттеу қажет.
Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық инновация  -  жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық үрдістерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.
Инновацияны  жаңалықтардан айыра  білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғым.  Жаңалық  -  бұл тек идея немесе  жаңа технологиялық үрдіс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол  нарыққа  жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6 - 8% - ы жаңа тауарға немесе үрдіске айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне үрдістік  инновацияларға  айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз  -  жаңа материалдар мен жартылай  фабрикаттарды  пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай - ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.  Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай - ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе  басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай - ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.
Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына  байланысты: салааралық, салаішілік, кəсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді.
Салааралық  ішіндегі  инновация  -   екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация  -  белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі инновация  -  кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.
Атақты экономист  Г.Менш  инновациялардың 4 категориясын  көрсетеді [79]:
1. Базистік  инновациялар. Мұндай инновациялар  көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар  келеді. Олар күрделі ғылыми  зерттеулерді  жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.
2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір  тауарлар мен қызметтердің белгілі  бір қасиеттерін немесе параметрлерін  жетілдіруге бағытталған.
3. Кешенді  инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік  тəжірибеден өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [31].
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бəсекелестік болып табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дəрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:
жаңа (қайта енгізілген)  -  радикалдық өнімдік инновация;
жетілдірілген бұйымдар;
жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде құрылған бұйымдар  -  өзге де инновациялық өнімдер [3].
Инновацияны  зерттеушілер жаңа өнімнің <<өмірге келу>> процесін 7 элементке  жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді  жарнамалау.
6. Сату  процесін ұйымдастыру.
7. Өнімді  өткізу.
Сонымен  қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру,  оған  деген  сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі  бір мерзімді аяқтап, өзін - өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми - зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.
Әдетте инновациялық инфрақұрылымның мынадай жүйелік буындарын  бөліп көрсетуге болады:
өндірісті - технологиялық: технопарктер, инновациялы - технологиялық орталықтар, бизнес - инкубаторлар және т.б.;
қаржылық: қорлардың әртүрлі типтері - бюджеттік, венчурлік, қамсыздандыру, инвестициялық;
ақпараттық: орталық - талдау, статистикалық, ақпараттық және т.б.;
кадрлық: дайындау, қайта дайындау, оқу мекемелері (әсіресе инновациялық менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және т.б.
Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады:
білім-инновациялық кешендер   -  жоғары оқу орындары, ғылыми - зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой - пікірлер ұсынады;
бизнес-технологиялық кешендер  -  жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;
қолдаушы кешендер. 
Инновациялық қызметті қолдау және қаржыландыру, маркетинг, көрме жұмыстары, интеллектуалды меншіктерді қорғау мәселелерімен шұғылданатын құрылымдар кіреді.
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жоғарыда келтірілген жағдайлар міндетті түрде қажет.  Олардың барлығының жиынтығы аймақтық инновация жүйесін құрайды. 
Инновациялық үрдістерге мынадай ерекшеліктер тән: 
әрдеңгейдегі қатысушылардың болуы;
қатысушылардың қызығушылықтарының жүйелілігі және келісімділігі;
шығындар мен нәтиже арасында уақыттық, кеңістік, құндылық бөлшек болуы;
болжамдық сипат;
экономикалық және әлеуметтік мән.
Инновациялық үрдістерде қатысушылар ретінде макро-, мезо- және микродеңгейлерде әртүрлі экономикалық субъектілер бар: мемлекет; корпоративтік құрылымдар; кәсіпорындар; академиялық; салалық; ғылыми зерттеу орындары.
Инновациялық инфрақұрылымның субъектілерінің жұмысы бас кезінде инновациялық кәсіпорындардың қызметіне тиісті жағдай жасау, жоғары технологиялар және оларды өндіріс аясында іс жүзінде пайдалану.
Қазақстан республикасының экономикасына байланысты технопарктердің үш үлгісін пайдалану орынды: ұлттық технопарктер; аймақтық инновациялық орталықтар; жоғары технологиялық аумақтар.
Ұлттық технопарктер республикалық бюджеттің қаржысына құрылады. Олардың ерекшіліктері болып мыналар саналады:
ғылыми - зерттеу мекеменің негізінде белгілі мамандандыруды құру;
нақтылы ғылыми бағыттарды дамыту;
отандық ғылыми жетістіктерді пайдалану;
жаңадан өндірілген өнімдердің күрделі дәрежелігі.
Ұлттық технопарктерді құру мақсаты отандық ғылыми - техникалық әуелетті толық пайдаланып өз аясына тарту.
Аймақтық инновациялық орталықтардың инфрақұрылымның элементі ретінде ерекшеліктері төмендегідей:
бір инновациялық орталықтың шеңберінде әртүрлі ғылыми бағыттарды дамыту;
орталықтарды жеке аймақтық ғылыми - зерттеу кешенінің негізінде құру;
қызмет нысанасы жеке аймақтық ресурстары мен қажеттілігіне сүйенеді.
Қазақстанда жоғары технологиялық аумақтарды құрудың алдынғы себептері:
ұтымды географиялық орналасуы;
өндірістік инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуы;
бай минералдық ресурстардың барлығы;
экономикалық және саясаттық тұрақтылық.
Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы барлық компоненттердің болғанын қажет етеді. 
Инновациялық жүйеге бірнеше инфрақұрылымдар кіреді:
мемлекеттік ғылыми ұйымдар  -  ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, жобалау институттары;
ұлттық компаниялар, күрделі кәсіпорындар жанындағы ғылыми ұйымдар;
меншік ғылыми - зертту және жобалау институттары;
ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік;
ғылыми кадрлар және жеке өнертапқыштар;
материалдық - техникалық база.
Тиімді инновациялық жұмыс мүмкін егерде мынадай функциялар атқарылса:
көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылым (өндірістік, ақпараттық, білім беру) инновациялық қызметті іске асыру үшін тиісті жағдай жасалса;
қаржылық инфрақұрылым инновациялық  жүйенің негізгі элементерін қаржыландырумен қамтамасыз етілсе.
Сонымен инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар  жəне инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз  -  ғылымды, білімді  жəне өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми - техникалық талдамалардың жəне жаңа технологияның өндірісіне жедел  енгізілуіне  септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық  -  эксперименттік базасы құрылған жəне білікті кадрлар жоғары дəрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық жəне өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.
Технологиялық инкубатор  -  ғылыми ұйымдардың, инновациялық кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің  əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық  -  конструкторлық - технологиялық  жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бəсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды  əзірлеу кезінде инновациялық кəсіпорындарды өндірістік - технологиялық қолдауға жəне бұл құрылымдардың ғылыми - техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті, жарнамалық жəне көрме қызметін, патенттік  -  лицензиялық жұмысты жəне интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар 


&&&	

--------------------------------------------------------------------------------
$$$002-011-002$3.2.11.2 Интеллектуалдың меншік және оның объектілері
Күнделікті өмірімізде біз <<интеллектуалдық меншік>> немесе <<интеллектуалдық меншік құқығы>> деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: <<Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады>>. Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
:: интеллектуалдық қызметтің туындылары;
:: ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
:: өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
:: фирмалық атаулар;
:: тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.
Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық <<сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, <<Эйр Казахстан>> өуе компаниясы;Бахус>> АҚ-ы; <<Глотур>> фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.
Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры  --  Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейінАнглияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны <<досым>> деп атағанда ағылшынша <<френди>> орнына <<венди>> сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.
1929 жылы Барри өзінің <<Питер Пэн>> ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшіншітұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.
--------------------------------------------------------------------------------
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.
Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
:: Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
:: Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
--------------------------------------------------------------------------------
Авторлық құқық
Авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларына оның мақсатына, мазмұнына және абыройына, сонымен бірге оны жеткізудің әдістеріне қарамастан тарайды.
Авторлық кұқық жарық көрген (жарияланған, шығырылған) және әлі жарық көрмеген (жазбаша немесе ауызшн таспаға басылған шығармалар, бейнежазбалар, мүсін өнеріғимарат, үлгі және т.б.) туындыларға беріледі.
Авторлық құқық өзіндік идеяларға, тұжырымдамаға қағидаларға, әдістерге, жүйелерге, үрдістерге, жаңалықтарға, айғақтарға тарамайды.
Авторлық кұқықтың объектілеріне мыналар жатады:
:: әдеби шығармалар;
:: драма және музыкалыдрамалық шығармалар;
:: мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
:: қолданбалы өнер шығармалары;
:: фотографиялық шығармалар;
:: сахналық туындылар;
:: карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар;
:: энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы;
:: хореография және пантомимді шығармалар;
:: кино, теле, бейне (видео) жәнө диафильмдер;
:: ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
:: архитектура, қалақұрылыс және бақша-саябақ өнерінің шығармалары;
:: жасанды шығармалар (аудармалар, рефераттар, түйіндер, музыкалық оранжировкалар, және т.б.)
Ресми құжаттар, мемлекеттік символдар, халық шығармашылығының туындылары, оқиғалар мен айғақтарды хабарлау авторлық құкықтық объектілеріне жатпайды.
Нағыз пиццаның дәмі  --  миландық пиццаның дәмі дейді Солтүстік Италияның Милан қаласының тұрғындары. Миландық 4 растораторлар пиццаның дөңгеленген пішінін деріптеп, оның бірненше қоспасын жаңартып жаппай өндіріске қосып, өздеріне йшорлық құқық жариялап үлгіреді. Дегенмен де, оңтүстіктегілер пиццаны олардың ата-бабалары ойлап тапқанын алға тартуда. Істің мәнжайы былай өрбіген болатын. Бұдан бірнеше жүз жыл бұрын неопалитандық кедей шаруалар күн көріс қамын ойпан үш қоспадан тұратын дөңгелек шелпек жасайды. Үнды т іпн суына қосып илеп, одан соң оны отқа қояды. Оған зәйтүн майы мен азғана қызанақ пастасын қосады. Ал, сыр, саңырауқұлақ немесе тұздалған балық қосу кейіннен пайда болған. , Неопольде, Римде немесе Генуде пиццаның дәмін татпау италиядықтар үшін бір күнді бекер өткізгенмен бірдей.
Автор өзінің шығармасын пайдаланғаны үшін оның авторлыған талап етуге құқылы. Сонымен бірге ол өзінің шығармасындамда бөтен немесе жалған есімді пайдалануға, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізуге құқылы. Автор қайтыс болған соң, оның авторлық құқығын қорғау өсиетте тұлғаға, автордың мұрагерлеріне немесе мемлекетке жүктеледі.
Автор үшінші тұлғаларға өзінің шығармаларын шығаруға; тұпнұскаларды немесе көшірмелерді таратуға; сатуға, айырбастауға, жалға беруге; шығарманы көпшілікке көрсетуге; шығарманы аударуға және т.б. әрекеттерді жасауға рұқсат беруі немесе оған тыйым салуы мүмкін.
Авторлық құқық автордың көзі тірі кезінде және ол қайтыс болғаннан кейін елу жыл әрекет етеді. Авторлық құқықтың мерзімі біткен соң кітап қоғамның байлығына айналады.
Авторлық құқықты қорғау coт арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, интеллектуалдық меншік дегеніміз  --  шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады.
Интеллектуалдық меншікке қатысты заңдарда оны <<айрықша құқық>> деп түсінеді. Айрықша қуқық интеллектуалдық меншікті лицензиялық келісімшарт негізінде үшінші тұлғалардың уақытша пайдалануына мүмкіндік береді.
Авторлық құқық интеллектуалдық меншікке жатады және сотпен қорғалады. Интеллектуалдық меншік қуқығы бұзылғанда, оны қорғау сот арқылы жүзеге асырылады


&&&	

$$$002-011-100$Дәріс №11. Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Интеллектуалды меншіктің құқық ретіндегі мазмұны және оның инновациялық қызметтегі орны. 
2.Интеллектуалды меншік құқығының объектілері. 
3.Дүниежүзілік интеллектуалды  меншік ұйымының қызметі және қағидалары.    
&&&

$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12 Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу
1.Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары 
--------------------------------------------------------------------------------
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар

&&&
$$$002-012-001$3.2.12.1 Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары
Мемлекеттiк инновациялық саясаттың мақсаты өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларында бәсекелестiкке қабiлеттi, жоғары технологиялық өнiмдердiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) басымдығын қамтамасыз ететiн теңдестiрiлген өндiрiстiк инфрақұрылым болып табылады.       2. Мемлекеттiк инновациялық саясат:       1) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындау және негiзiнен ғылым мен техника жетiстiктерiне сүйенiп әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;       2) инновациялық қызметтi дамыту мен инновациялық қызмет субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру;       3) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;       4) экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын қалыптастыру, экспортқа бағдарланған өндiрiстi жаңғырту және құру;       5) инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектiлерiн тарту;       6) ғылымның, бiлiмнiң, өндiрiстiң және қаржы-кредит саласының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету;       7) инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық мүдделердi және интеллектуалдық меншiктi қорғау мiндеттерiн шешуге бағытталған. 
     Мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi: 
      1. Мемлекеттiк инновациялық саясат отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру, елдiң экономикалық дамуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру үшiн инновациялық қызметтiң басымдығын тануды негiзге ала отырып қалыптастырылады және iске асырылады.       2. Мыналар:       1) Қазақстан Республикасының дамудың инновациялық жолына ұстанған стратегиялық бағдары;       2) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттiк қолдау;       3) инновациялық қызмет үшiн бiлiктiлiгi жоғары кадрлар даярлау;       4) қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, инновациялық қажеттiлiктер мен ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелерi туралы ақпаратты алу және тарату еркiндiгi мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi болып табылады. 
      Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда:       1) инновациялық даму басымдықтарын айқындау және инновациялық бағдарламаларды әзiрлеу;       2) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық және экономикалық жағдайлар жасау;       3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;       4) <*>       5) бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстердi құруға мемлекеттiң қатысуы;       6) мемлекеттiк тапсырыс бойынша құрылған, инновацияларды өткiзудiң кепiлдi рыноктарын қамтамасыз ету;       7) отандық инновацияларды сыртқы рыноктарға шығару нысандарында жүзеге асырылады.
      Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:       1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;       2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;       3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;       4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;       5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;       6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;       7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;       8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;       9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;       10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады. 
      Инновациялық қызметтің субъектілері мен объектілері: 
     Мыналар:       1) инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар;       2) негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерi (технополистер, технологиялық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк парктер (технопарктер), технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары);      3) инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттiк органдар;       4) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер инновациялық қызмет субъектiлерi болып табылады.      Мыналар:      1) инновациялық жобалар мен бағдарламалар;      2) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;      3) технологиялар, жабдықтар мен процестер;      4) өндiрiс пен кәсiпкерлiк инфрақұрылымы;       5) өндiрiстiк, басқарушылық, коммерциялық немесе өзге процестiң сапасы мен тиiмділігiн едәуiр жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық шешiмдер инновациялық қызмет объектілерi болып табылады.       3. Инновациялық қызмет субъектілерi инновациялық жобалар мен бағдарламалардың тапсырыс берушiлерiнiң және (немесе) орындаушыларының, инвесторлардың, инновацияларды тұтынушылардың, сондай-ақ инновациялық процеске қызмет көрсететiн және инновацияларды игеру мен таратуға жәрдемдесетiн ұйымдардың функцияларын орындай алады. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру  жөнiнде құзыретi: 
  + i дамыту жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;       3) салааралық инновациялық бағдарламалар, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекітуіне ұсынады;       4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, инновациялық қызметтi қаржыландыру мен ынталандыру, инновациялар жасауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi;       5) үлгілік құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптама ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыруҚазақстан Республикасының Үкiметi: 
  +    1) мемлекеттiк инновациялық саясатты айқындайды және iске асырады; 
  + 2) мемлекеттiк инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi;   3) салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды бекiтедi;   4) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды және мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға қатысады;  5) инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мiндеттерiн, функциялары мен өкiлеттiгiн айқындайды;      6) <*>   7) үлгілiк құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптама ұйымдастыру мен өткiзудің тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыру ережесiн бекiтедi.      8) <*>      Уәкiлеттi орган:
1) елдiң инновациялық даму болжамын әзiрлейдi;  2) мемлекеттiк органдардың инновациялық қызметт ережесiн әзiрлейдi.  6) <*>
* Өзге орталық атқарушы органдар:
*       1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi; 
*      2) салалық инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi.       3) <*> 
*     4. Жергiлiктi атқарушы органдар:       1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде аймақтық инновациялық бағдарламаларды әзiрлеп, iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi;
*       2) инновацияларды және инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысады. 
*     3) <*>       Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру: 
      1. Мемлекеттiк инновациялық бағдарлама елдiң әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық және ғылыми-технологиялық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, тиiстi кезеңге арналған инновациялық даму болжамы негiзiнде қалыптастырылады және:       1) елдiң экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды жасау кезеңiнде инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды;       2) инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын;       3) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың деректер банкi мен бiрыңғай ақпараттық желiсiн ұйымдастыруды;       4) инновациялық қызмет субъектiлерiн ынталандыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi көздеуге тиiс.       2. Аймақтық инновациялық бағдарламалар аймақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде қалыптастырылады және кадрлар даярлауды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттi дамытудың негiзгi басымдықтарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ынталандыру нысандары мен әдiстерiн айқындайды.       3. Салалық инновациялық бағдарламалар мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық, өнеркәсiптiк, аграрлық және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарын негiзге ала отырып қалыптастырылады және экономика салаларының дамуын теңдестiруге, бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстер құруға бағытталуға тиiс.       4. Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобаларды және инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық iрiктеу негiзiнде қалыптастырылады.       5. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнің инновациялар жасауына конкурстық негiзде тапсырыс орналастыру көзделедi.       6. Инновациялық бағдарламаларды ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, ақпараттық және инновациялық жобаларды iске асыруға қажеттi басқа да қызмет түрлерi арқылы өзара байланысты инновациялық қызмет субъектiлерi iске асырады. 
&&&	
--------------------------------------------------------------------------------
$$$002-012-002$3.2.12.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
Республиканың әлеуметтік  -  экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, "Шетел инвестициялары туралы "Заң (1991ж.); "Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже" (1993ж.) ;"Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы " ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); "Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі " ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); " Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы "ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік  -  экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

&&&	
$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру  сұрақтары
1.Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу факторлары мен шарттары. 2.Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу механизмі мен негізгі құралдары. 
3.Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу мен қолдаудың шетелдің тәжірибесі.

&&&

$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының негіздері.
1 Ұлттық инновациялық жүйе сипаты
2. Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi
3 Инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру
&&&

$$$002-013-001$3.2.13.1 Ұлттық инновациялық жүйе сипаты
Ұлттық инновациялық жүйенiң ашық сипаты оның тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн шешушi маңызы бар. Ашықтық дәстүрлiк ғылыми ортада да, дара өнер тапқышта туындаған iшкi және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесiнiң қабілетiн білдiредi. ҰИЖ кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзiрлеменi iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс пен ғылыми зерттеулердiң жаһандану процестерiнен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi.
      Ғылыми әлеуеттi дамыту жөнiндегi шаралар қолданбалы ғылымның өндiрiске, бизнеске барынша жақындауы, ҒЗТКЖ-дың нәтижелерiн өндiрiске енгiзу, оларды коммерциялық пайдалануға лицензияларды сату нысанындағы түпкілiктi нәтижеге толық бағдарлауға бағытталатын болады.      Қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру үшiн бағдарламалық-мақсатты әдiс технологиялық проблемаларды шешу және энергиямен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. саладағы жеке кәсiпорынның бәсекеге қабiлетiн көтеру үшiн үлкен мәнге ие нақты жобаларды қаржыландыру үшiн мемлекет қаржылық көмек көрсету үшiн қолданатын әлемнiң озық елдерiнiң тәжiрибесiн пайдалану қажет.      Төменде мазмұндалған қағидаттар мен тетiктер қоғамдық ғылымдарға, iргелiк ғылыми-зерттеулерге қажеттi емес екенiн атап кету қажет.      ҰИЖ-дың ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөнiндегi барлық iс-шаралар мынадай қағидаттарға құрылатын болады:      1. ҒЗТКЖ-ды гранттық негiзде қаржыландыру,      2. ҒЗТКЖ-ды жеке сектормен тете қаржыландыру,      3. Ғылыми-техникалық сараптаманың тәуелсiздiгi,      4. Қолданбалық ғылыммен айналысатын ҒЗИ-дi жекешелендiрудi қоса алғанда, ұйымдық құрылымды өзгерту.      Инновациялық қызметтi жандандыру үшiн бiрiншi кезекте қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды және қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландырудың схемасын қаржыландыру тәсілi өзгертiлетiн болады.      Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдiсi мынадай қағидаттарға негiзделуi тиiс:      ғылыми-техникалық бағдарлама мақсатының, мiндетiнiң және мазмұнының нақтылығы;      зерттеулер нәтижелерiнiң ашықтығы,      Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны және ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiндегi жобаларды қаржыландырудан өзге елдiң экономикасы үшiн маңызды мәнi бар қолданбалы iрi жобалар қаржыландырылатын болады.      Олар үшiн қаржыландыру схемасы мыналарды көздейтiн болады:      1. Жобаларды жекелеген, сол сияқты конкурстық негiздегi ғылыми-техникалық бағдарлама.      Конкурсты ұтып алған бекiтiлген технологиялық басымдықтар негiзiнде зерттеушiлер грант нысанында қаржыландыру алады. Бұл ретте қаражат бақылаусыз және қайтарусыз негiзде емес, ал үлестерi 50 %-дан аспайтын әзiрлеушi, ұйым және мемлекет арасында зерттеулердiң нәтижелерiне арналған мүлiктiк құқықтарды бөлу шартында бөлiнетiн болады. Қаржыландырудың бұл нысаны зерттеушiлер үшін де және перспективада орындалған ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн коммерциялық пайдаланудан кiрiстiң дербес көздерiн алатын ғылыми ұйымдар үшiн де күштi ынта бередi.      2. Қолданбалы ғылыми зерттеулердi жеке капиталмен тең қаржыландыру. Бұл ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға өнеркәсiп салаларының проблемалы мәселелерiн, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жекелеген проблемаларын шешу үшiн, сондай-ақ бизнес қызығушылық танытқан ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құру үшiн мүдделi жеке бизнестің қосылатындығын бiлдiредi. Бизнестiң инновациялық белсендiлігінiң төмендiгiн ескере отырып, қазiргi уақытта экономика секторларының көпшiлiгі, мемлекет бұл секторлардағы зерттеулердi 100 % қаржыландыруды, бiрақ ҒЗТКЖ-дың кейiнгi кезеңдерiндегi қаржыландыруға бизнестi бiртiндеп қоса отырып, мемлекеттiң қатысуын 10-30 %-ға бiртiндеп қысқарта отырып, iрi кәсiпкерлiктiң де, орта және шағын кәсiпкерлiктiң де мүдделi өкiлдерiмен тұрақты сұхбат жағдайы кезiнде өздерiне алуы тиiс.      Елдiң ғылыми әлеуетiн дамыту үшiн сараптама жүргiзу үшiн ұлттық компаниялар, iрi бизнес, ғылыми ұйымдар, даму институттары өкiлдерiнiң отандық сарапшыларынан өзге жоғары бiлiктi шетелдiк сарапшыларды тарту жолымен тәуелсiз ғылыми сараптама институтын жетiлдiру қажет. Тәуелсiз сарапшылардың еңбегін төлеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргізiледi.      Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жоғарыда көрсетiлген қағидаттары бағдарламалық-мақсатты әдiс ретiнде де, дәл сондай жеке мега-жобалар ретiнде де кәсiпорынның, саланың нақты технологиялық проблемаларын мақсатқа сай шешуге, олардың бәсекеге қабiлеттігін көтеруге, жаңа, нақты қажеттiлік тудырған өнiмді немесе қызметтердi құруға мүмкiндiк бередi.      Елдiң ғылыми әлеуетiн инновациялық процеске белсендi тарту үшiн олардың қызметiнiң ғылыми және инновациялық кәсiбiн сақтау үшiн инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық саланың жекелеген объектiлерiн қайта жаңғырту және жекешелендiрудi жалғастыру қажет.      Мемсектордың құрамына мемлекеттiк басқаруға және бюджеттiк салаға (денсаулық сақтау, білiм беру, экология, қорғаныс және т.б.) тiкелей қызмет көрсететiн институттар ғана енетiн болады.      Шетелдiк консультанттардың көмегiмен дамыған елдердiң тәжiрибесiн пайдалана отырып, оларды озық ғылыми-техникалық ұйымдарға айналдыру мақсатында жұмыс iстейтiн зерттеу орталықтарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан, жекелеген ғылыми зертханалардан бастапқы топ әзiрленетiн болады.      Мұндай озық ғылыми орталықтар Қазақстанның университеттерi мен зерттеу институттары, iскер топтары өкiлдерiнiң, сондай-ақ көрнекті халықаралық ғалымдардың қатысуы кезiнде екi басты өлшем бойынша iрiктелетiн болады:      - әлемдiк деңгейде ғылыми зерттеулер жүргiзу бойынша әлеуеттiң болуы;      - мұндай зерттеулердiң Қазақстанның ағымдағы және келешектегi экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы.      Әлемнiң барлық индустриялық дамыған елдерiнде көптеген өнеркәсiп компанияларының бұл елдерде жүзеге асырылатын қолданбалы зерттеулер мен әзiрлемелердiң негiзгi көлемiн орындайтын меншiктi ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалары бар. Нақ осы бөлімшелер жоғары тиімдi жаңалықтардың тұрақты фирмаiшiлiк бастамасын, зерттеулерге нақты практикалық бағдар берудi, ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiсте жедел пайдалануды қамтамасыз етедi. Бұдан өзге, өнеркәсiп компанияларында ғылыми бөлімшелердiң болуы мұндай бөлiмшелер өнеркәсiпте практикалық қолдану үшiн көптеген ғылыми зерттеулердi бейімдей алатын болғандықтан, iрi iргелiк жаңалықтар базасында қағидатты жаңа технологияларды құруға және игеруге ықпал етедi.      Қазақстанда қазiргi кезде қолданбалы зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындайтын ғылыми ұжымдар (салалық және бұрынғы салалық, қазiргi акционерлiк ғылыми ұйымдар) әдетте "Ғылым - өндiрiс-рынок" циклінiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн барынша елеулi кедергiлердiң бiрi болып табылатын өнеркәсiп кәсiпорындарынан ұйымдық, экономикалық және психологиялық бөлiнген.      Осыған байланысты мемлекеттiк сектордың бiрқатар ұйымдарын iрi компаниялар, iрi бизнес ғылыми саланы сақтау жағдайында (корпоративтiк ғылымды дамыту) жағдайларында жекешелендiрiлетiн болады (инвесторларға сату). Екiншi жағынан бiрқатар ғылыми ұйымдар жоғары оқу орындарының құрамына кiредi.      Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны, әсiресе мемлекеттiк қаржыландыру есебiнен жүргiзiлетiндердi үйлестiру қажет. 2005-2006 жылдар iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде және Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі уәкiлеттi орган ретiнде салалық министрлiктермен, Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиямен, ҰИҚ-пен, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ-пен, бизнеспен және кәсiпкерлiкпен өзара әрекетiнiң рәсiмдерi мен тетiктерi пысықталатын болады.      Бұл үшiн көрсетiлген уәкілеттi органдардың, ғылыми-техникалық қызметтiң басқа қатысушыларының арасындағы функциялардың нақты жiгiн ажырату жөніндегі тиiстi нормативтік құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.


&&&	

$$$002-013-002$3.2.13.2 Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi
Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.      Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi: ЖIӨ-ге 2009 жылы - 0,13%, 2010 жылы - 0,14%, 2011 жылы - 0,16% . Бiрақ, ол бұған қарамастан әлемнiң дамыған елдерiмен салыстырғанда жоғары емес күйде қалып отыр.
Кейiндеп қалған материалдық базаға қарамастан Қазақстан ғалымдары өнеркәсiптің - көптеген салалары үшiн бәсекелi технологиялық әзiрлемелерге ие. - тау-кен-металлургиялық кешен, химия және мұнай химиясы, биотехнологияның ядролық және әртүрлi салаларға және басқаларына арналған ғарыштық технологиялар саласындағы.      Бұдан басқа, БҰҰ-ның 1995 жылы коммерцияландыру ғылымды бойынша өткiзілген миссиясына сәйкес академиялық институттарының технологияларын iрiктеп сараптамада қазақстандық ғалымдардың 23 әзiрлемесi әлемдiк деңгейде танылғандығын атап өту қажет. Соңғы жылдары халықаралық бағдарламалар шеңберiнде республиканың ғалымдары өз зерттеулерiн қаржыландыруға гранттар ұтып алуда.      Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады.      Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр.      Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижеге өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр.      Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.      Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану, нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және ынталандыруға бағдарланған болады.      Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де айналысады.      Уәкiлеттi органның функциясына бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулердiң барлығына дерлiгіне тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру кiредi.      Сараптау кезінде бағдарламаның ғылыми негізділігі, ғылыми ұжымның оңтайлы мөлшерi мен құрамы, зерттеулердiң бас ұйымы жобалауының негізінде мақсаттарға жетудің нақтылығы, орындасушы ұйымдарды тарту қажеттілігі және тағы басқалар тексеру мен бағалауға түседі.      Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, осының шеңберінде ғылыми ұйымдар ҒЗТКЖ жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру арқылы заңнамалық бекітілген бағдарламалық-мақсаттағы қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.      Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық тәуелсiз сараптама мiндеттi жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.      Қазiргi заманғы кезеңде бағдарламалық-мақсаттық әдiс шеңберiнде мынадай ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру жүзеге асырылады:      табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидаттық жаңа бiлiмдердi және экономиканың жүйелiк қайта құрылуының, қоғамның, мәдениеттiң және ғылымның өзiнiң тұрақты дамуының ғылыми негіздерiн әзiрлеудi алу мақсаты бар ғылымның және ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының сол шектеулi саны бойынша iргелiк зерттеулер;      - өнеркәсiптiк-технологиялық және әлеуметтiк экономикалық дамудың бас басымдықтарында ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыруға қабілеттi мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асырудың маңызды құралы ретiндегi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар;      - ғылыми-техникалық қызметтiң нақты және кешендiк-салааралық бағыттарын, қолданбалы және ендiрмелi зерттеулер мен әзiрлемелердi, өңiр үшiн басым ғылыми зерттеу бағдарламаларды бiлдiретiн қолданбалы (салалық, салааралық және өңiрлік ғылыми-техникалық) бағдарламалар;      - айқындалған басым бағыттар шеңберiнде "тәуекелдiк" пен перспективалық iргелiк және қолданбалы зерттеулердi ынталандыру және өңiрлердегі ғылыми зерттеулердi дамытуға ықпал ету мақсаты бар Ғылым қорының жобалары.      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған.      Басым бағыттар шеңберiнде iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын iске асыруды ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның басқа әкiмшiлерi жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың үйлестірушiлерi ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға және одан әрi дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық резервтi шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын жүзеге асыруға бағдарланған.      Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықтар қолданбалы зерттеулердiң басым бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйымдар болып айқындалған. Оның жекелей алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Радиоэлектроника және байланыстар жөнiндегi, минералдық шикiзатты кешендiк қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтары.      Сонымен қатар ұлттық ғылыми орталықтар үшін "бас ұйымдар" мәртебесi заңды түрде бекiтiлмеген, ел экономикасының қажеттілігіне  сүйене отырып, ғылыми бағыттарды үйлестiру бойынша оларға жүктелген функциялар толық көлемде iске асырылған емес.      Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 - 20%-ды құрайды.      Одақтас мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында республиканың ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми проблемаларды шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез, микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми мектептер қалыптасты.      Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi.      Соған қарамастан, мемлекеттiк тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру ел дамуының қазіргі заманғы кезеңiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде алға қойылған мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық ұлттық инновациялық жүйенi құруға мүмкiндiк бермейдi. Қаржыландыруды гранттар нысанында емес мемлекеттiк тапсырыс нысанында бөлу зерттеушiлер үшiн iшкi ынталар жасамайды және жартылай заңды енгiзу компанияларын туындатады.      Бұдан өзге, iргелiк ғылымға негізiнен Білiм және ғылым министрлігі, ал қолданбалы ғылымға министрлiктердiң тиiстi салалары жетекшілiк ететiнiне байланысты республикада елдегi барлық ғылыми зерттеулердi үйлестiретiн бiрыңғай органның жоқ екенiн атап кету керек. Осыған байланысты инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігі салалық органдармен бiрлесiп өткiзiлген және өткiзілетiн, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде орындалғандардың инновациялылығының және экономиканың нақты секторында сұранысқа иелілiгiнiң, сондай-ақ бiрнеше бағдарламалар шеңберiнде зерттеулердi қаржыландырудың қолда бар тәжiрибелерiн алып тастау мақсатында қолданбалы зерттеулердiң талдауын жүргізедi және тиiмділігiн айқындайды.
&&&	

$$$002-013-003$3.2.13.3 Инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру
      Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың тiзбесi:      - инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;      - бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);      - ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету;      - жалпы пайдалану - зертханалық, өндiрiстік жабдығына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;      - бiлiм беру қызметтер кешенi;      - технологиялар трансфертi;      - өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).      Қазiргi сәтте Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет қатысатын ұйым қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет құрған сервистік даму институттарының қатысуымен құрылған жұмыс iстеп тұрған субъектілер құрайды.      Қолданыстағы инфрақұрылым оның субъектілерiнiң арасындағы өзара әрекет етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және ҰИЖ-ға қатысушылардың қызметiнiң процесiне және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң барлық тiзбесiн ұсынатын кешендiк ұйымдардың жүйесi болып табылмайды.      Қазақстанда ұсынылған инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны Қазақстанның инновациялық даму ерекшелiгiн, нақты алғанда мыналарды:      инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық шоғырландыру және өңiрлердiң инновациялық инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;      қолдау инфрақұрылымын салалық та, өңiрлiк инновациялық даму процестер ретінде де құру қажеттілігін;      Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі, бiр өңiрде инновациялық инфрақұрылым объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн инновациялық бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;      шығындардың орындылық қағидатының қажеттілiгiн және олардың мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;      инновациялық инфрақұрылым ұйымдарының олар жекелеген функцияларды қайталаумен болдырмау үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;      ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен қатысушыларының өзара iс-қимыл процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты болмауын және оны құрудың аса қажеттілiгiн қанағаттандырмайды.
&&&	

$$$002-013-100$ Дәріс №13.Студенттердің өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1.Ұлттық инновациялық жүйелер теориясының қалыптасуы. 
2.Ұлттық инновациялық жүйелерді дамыған мемлекеттерді басқару.
3.Ұлттық инновациялық жүйенің даму институттары. 
4.Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтері. 
5.Инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру.

&&&

$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс №14. Инновациялық инфрақұрылым институттары және олардың өзара    байланысы
1. Заманауи кәсіпорындардың инновациялық қызметін басқару құралдары 

&&&

$$$002-014-001$3.2.14.1 Заманауи кәсіпорындардың инновациялық қызметін басқару құралдары 
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, глобальдық экономикалық бәсеке жағдайындаӘлемдік тәжірибе көрсеткендей, инновациялық қызметтің дамуы қолдаанбалы ғылымның жағдайменАҚШ-тың - ғылым мен техника облысындағы ұлы державада ғылыми- техникалық дамуында - фискалды бюджеттен айтарлықтай қаржылық ресурстар салынады. Ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қуатты серпінді инфрақұрылым әрекет етеді, университеттер қызмет етеді, өндірістік концерндер дербес ғылыми-зерттеу лабороторияларын ашты. Университеттер, әскери, азаматтық фирмалар арасында шығарма-шылық, ұйымдастырушылық және экономикалықАҚШ-та инновациялық қызметті мемлектеттік реттеудің органдары мыналар: - американдық ғылыми қор (бастапқы зерттеулер жүргзеді); - американдық ғылыми кеңес (өнеркәсіппен университеттерді реттейді); - НАСА; - ұлттық стандарт бюросы; - қорғаныс министрлігі; - ұлттық өнеркәсіптік зерттеу орталығы ; - ұлттық ғылымдар академиясы; - ұлттық техникалық академия - ғылымдар дамуына ықпал ететін Америка ассоциациясы . Соңғы төрт құрылым аралас қаржыланады, қалғандары федералдық бюджеттен қаржыланады.Мемлекет зерттеу орталықтарын құруды ынталандырады АҚШ ұлттық ғылым қорыныңАҚШ-та федералдық үкімет меншігі болып табылатын жаңалық ашуды коммерциялықИнновациялық процесті тікелей қолдау элементі мемлекеттік инновациялық инфроқұрылым қалыптастыруМемлекеттік органдар елде және шетелде инновация процестерінде мониторин, болжамАҚШ-тың мемлекеттік инновациялық саясатының ерекшеліктері болып инновациялық жобаларды жасауАҚШ және Батыс Еуропада инновациялық аяда жұмыс басты жұмысшыларЕң бірінші кезеңде технопарктің өмір сүруіне керекті инфрақұрылымның қалыптасуы,Екінші кезеңде ғылыми - зерттеу орталықтары мен жәнеҮшінші кезеңнің негізгі белгісі ол-технопарк қабырғасынан жаңа технологияның шығуыБүгінгі күнде технопаркта 8000 астам жұмыс орны ашылды, биотехнологиялықАҚШ, Германия және Жапония сияқты экономикалық дамыған елдердің өзінеИнновациялық дамудың бастапқы кезеңінде елде фундаменталды ғылым болған жоқ,Өршімелі күн еліндегі кіші бизнесті дамыту тәжірибесі назарды талапЖапондық <<бентя-бизнес>> батыстыққа қарағанда өз ерекшеліктерін иемденеді. VВ батыстықОсылайша, жапондық экономика дамуының басты қозғаушы күштері -бұл кадрлар,Оңтүстік Корея ғылым мен техниканы қолдану базасында соңғы 20Евроодақ мемлекеттерінің инновациялық бағыты бар ғылыми-техникалық қызметті қолдауы барлықҚаржылық көмекке қосымшалылық принципінің мәні сол. Елдің техналогиялық дамуандағыСаяси жүйесі жоғары деңгейді орталықтанған Францияда инновациялық қызметті қолдаудыңӨнеркәсіп министрлігі мен ғылым және технология министрлігі сауда өнеркәсіптікҚазіргі кезде ғылым және технология министрлігі инновация және технологияӘрбір орталық белгілі бір білім немесе өндіріс саласына маманданады.Сонымен қатар, Францияда таза демалатын қызметпен айналысатын орталықар саныӨнеркәсіп министрлігінің инициятивасы бойынша 1995 жылдан бастап аймақтық сауда-өнеркәсіптікҰлыбританияда НИОКР-ды бюджеттік қаржыландыру әртүрлі каналдармен жүргізіледі- бюджетінде ғылымғаМемлекеттік саясат бұл елде нақты жобаларды бағдарламалы  -  мақсаттыLINK мақсаты  -  бәсеке алдыңғы ғылыми  -  техникалық жұмыстардыӘрбір бағдарлама негізінде бәсеке алдыңғы ғылыми-техникалық өнім жасауға бағытталғанГерманияда федералдық бюджеттен жобаларды қаржылық қолдау білім беру, ғылым,Ел үшін жоғары мәні бар зерттеулер мен жұмыстар үлкенНИОКР-ды мақсатты бағдарламалық қаржыландырудың бағалық принциптері мыналар: - бағдарлама мазмұны нақты анықталуы керек; - қаржының көмек бірақ рет беріледі; - нәтижиелері ашық үлгіде болуы тиіс. Германияда ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау жалпы ұлттық ұйымдар жанындаБұл елде, жаңа нарықтық экономикаға бейімделу және инновациялық қызметкеБұрынғы ГФР жерелеі үшін біріккен OSTFUEGO жобаларын қаржылықСонымен қатар, бұрынғы ГФР территориясында FUTOUR технологиялық бағыттағы кәсіпорындарНидерландыда инновациялық жоба жүргізетін кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларын SENTERАймақтық ғылыми техникалық және инновацилық саясат жасауға нидерланды орталық1997 жылы Европаның қауымдастық құрамындағы Нидерландының болашақ дамуы үшінМинистрлікке акцияның 60% Гельдерланд провинциясына 35%, сауда палатасына 5%Акционерлік қоғам ретінде GOM негізінде кеңестік, ұйымдастырушылық, қаржылық қызметЖаңа өнім түрлерін игеруді, шаруашалық қызметтің жаңа түрлерін дамытуды,Негізгі құрал ретінде сәйкес компанияларға тәуелді капитал салымдары немесеҚаржыландыру министрлікпен және Гельдерланд провинциясымен құрылтайланған мақсатты капитал қорларыҚазақстан үшін инновациялық процесті қолдау бойынша нақты шаралар жүргізудеБұл ең алдымен, мынамен байланысты: мемлекеттің инновация сферасындағы негізгіМемлекеттік сектордан серіктеске мемлекеттік тапсырыс беру жолымен екі жақтыҚазақстан, АҚШ пен Жапонияда қалыптасқан ғылымды қаржыландыру жүйесіне қызығушылықДамыған елдер тәжірибесі дәледегендей, глобальды экономикалық бәсекелестік жағдайларында экономиканыңОсылайша, дамыған елдерде зерттеулердің кең спекторын жүргізу және жаңаҰлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) берілген саясаттың жүзеге асырылуы қамтамасызбілімдерді генерациялау қосалқы жүйесі құрайды, ол фундаменталды зерттеулер менТехнологиялық дамыған елдерде инновациялық белсенді кәсіпорындар жалпы кәсіпорындар санынан орташа 60-70 %, ал АҚШ, Жапония, Германия, Франция сияқты елдерде - 70-85 % құрайды. Ғылымиөнімдер өндірісінін ғылыми сыйымды бизнес аясында жұмыс істейтін ірі корпорациялармен, сонымен қатар кіші және орта кәсіпорындармен (КОК) жүзеге асырылады. Барлық дерлік ҒЗИ мемлекеттік дәрежеде жақсы реттелген ірі және орта, кіші фирмалар мен инвесторлардың өзара қатынастарының жақсы реттелген құқықтық және экономикалық механизімдерін иемденеді, технологиялық тәуекелділіктерді сақтандыру және басқалар арқылы жүзеге асырылады. Инновациялық инфрақұрылымның қосалқы жүйесінің негізгі элементтері бизнес-инновациялық, телекоммуникативті және сауда тораптары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық-технологиялық орталықтар, консалтинггтік фирмалар, қаржылық құрылымдар және Тәжірибе көрсеткендей, ҰИЖ табысты қалыптасуы үшін келесі шарттар қажет: зерттеулер мен өндірмелер аясын мемлекеттік басқару мақсаттар мен міндеттерді анық қою; мемлекеттік инновациялық саясатты қалыптастыру және нормативті құқықтық және ресурстық қамтамасыз ету; орталық және аймақтық биліктердің өзара әрекеттесуі; инновациялық саясатты жүзеге асыруда ғылымның, өндірістің және бизнестің тең құқықтық қатысуы. Шетелдік тәжірибені талдап келесіні көруге болады, инновациялық жүйе қоғамдықӘртүрлі елдердің ҰИЖ әртүрлі мақсаттарды қояды. Мысалы, Францияда ҰИЖ негізгі мақсаты қосымша жұмыс орындарын құру. Германияда - прогресивті технологияларды дамыту. Индустриалды дамыған елдер үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жеделдетілген апробациялары Шетелдік тәжірибе дәлелдегендей, нарыктық экономиканың субъектісі ретінде мемлекет өзҚорытындыда айта кетейік, шетелде құрылған жүйелердін ең жақсы үлгілерініңИнновациялық орта әрбір ел үшін жеке қалыптасуы қажет, бірақҚазақстан басқа мемлекеттердің тәжірибесін және әлемдік қауымдастықта қалыптасып жатқан.

&&&	

$$$002-014-002$3.2.14.2  
 

&&&


$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1.Инновациялық инфрақұрылымның объектілері мен субъектілері. 
2.Инновациялық инфрақұрылым қаржылық институттары. 
3.Инновациялық қызметті қаржыландыру қайнар көздері.      
4.Ақпараттық инфрақұрылым.  
5.Технопарктік құралымдардың түрлері және қызыметтері.
&&&

$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №15. Қазақстандағы ғылыми және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау механизмі 
 1. Индустриалды-инновациялық саясатты мемлекет тарапынан қолдау көрсету
2. Қазақстандағы экономиканың дамуына инновациялық кәсіпкерліктің әсері 

 &&&

$$$002-015-001$3.2.15.1 Индустриалды-инновациялық саясатты мемлекет тарапынан қолдау көрсету
Индустриалды-инновациялық саясатты мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану арқылы ғылыми тұрғыда қамтамсыз етуге болады:
*  Ғылымды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде анықтау;
*  Ғылыми сиымдылығы мол, ресурстарды үнемдеуші, экологиялық таза өнім шығаруға бағытталған және экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өнім өндіруге арналған зерттеуерді дамыту;
*  Ғылыми жетістіктердің тәжірибелік тұрғыда іске асуын қамтамасыз ететін тетіктер жүйесін құру мен ынталандырушы жағдайларды жасау;
*  Экономиканың жаңалықтарды қабылдау мүмкіндігін арттыру (сұранысты ынталандыру) және соларды отандық ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді қолдану арқылы қамтамасыз ету (ұсынысты ынталандыру);
*  Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту;
*  Кадрлық мүмкіншіліктерді сақтап қалу мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары дәрежеде білікті ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау;
*  Ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ғылыми ұйымдарды аттестациялау мен аккредиттеу жүйесін жетілдіру;
*  Ғылымның мемлекеттік емес секторын құру және дамыту, оған мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін дайындау;
*  Жас дарынды ғалымдарға қолдау көрсету;
*  Мамандарды әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарынан тәжірибеден өткізу;
*  Ғылыми зерттеулерді грант негізінде қаржыландыру тетіктерін құру мен жетілдіру;
*  Қазақстан ғылымын халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету [4, б.374].
Бүгінгі таңда мемлекет ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, оларды қаржыландырады, алайда олардың тәжірибе жүзінде пайдаланылуы іске аспай қалады. Өйткені жекеменшік сектор оларды қажет етпейді. Осылайша, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс ажырап кетті. Мұның себебі қазақстандық өндірістің ғылыми жаңалықтарды керек етпеуінде емес, керісінше отандық өндіріс үшін жоғары технологиялар өте қажет, сол себепті де олар шет елдерден дайын технологияларды сатып алуға мәжбүр.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені оның түпкілікті нәтижесі болып өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек пен капитал тиімділігінің артуы, жоғары технологиялық өнімнің көлемі табылады, ал бұлар, өз кезегінде  -  мемлекеттің экономикалық қуаттылығын білдіреді.
Индустриалды дамыған елдерде кадрларды даярлауға, өндірісті ұйымдастыруға, технологиялардан, жабдықтардан көрініс табатын жаңа білім алуға ЖІӨ өсімінің 85-90% жұмсалады. Бұл елдерде жаңа технологияларды іске қосу нарықтық бәсекелестіктің маңызды факторына айналып, өндіріс тиімділігін арттырудың және қызмет пен тауар сапасын жетілдірудің негізгі құралы қызметін атқарады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мәселелері болып бәсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған отандық ғылыми сиымдылығы мол өндірістерді дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды дайындау мен игеру, сондай-ақ республиканың өндірістік және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін сақтап қалу мен дамыту арқылы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді белсенді етуге, жаңа технологиялық үрдістерді іске қосуға, өңдеуші өнеркәсіптерде жаңа бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық мүмкіншіліктерді дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы ажырастықты қалпына келтіруге, инновация саласындағы қызметтерді ынталандыруға, алдыңғы қатарлы шет елдік технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етіп, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.
Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіптік өндіріс құрамындағы және еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сәйкесінше 2,8-3,2% және 12,0-14,0% құрап отыр [4, б.375]. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз.
Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын инновациялық кәсіпкерліктердің дамуына олардың бәсекеге қабілетті өнім өндіре алмауы кедергі жасап отыр. Ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерліктердің ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету бойынша табиғи монополиялардың қызметтерін шағын бизнестің бәсекелік ортасына ауыстыру тетіктерін жасау қажет. Сондай-ақ, шағын бизнестегі инновациялық және ғылыми сиымдылығы мол өндірістердің дамуына жағдай жасау қажет, мәселен, лизинг бойынша жабдықтар мен технологиялар алу және франчайзингтік қатынастарды дамыту.
Қазақстандық өндірушілерге ғылыми зерттемелерді нарықтық тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі, менеджмент маркетинг және талдау салаларында білікті мамандар жетіспейді. Сол себепті де қазақстандық мамандарды шет елдердегі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу институттарында, компанияларында тәжірибеден өткізу үрдісін қалыптастыру қажет, сондай-ақ отандық кадрларды дайындау үшін шет елдік білікті мамандарды шақыру қажет.
Қазақстан ғылымының қазіргі кезде көптеген аяқталған зерттемелері бар, алайда олар өндірістің сұранысына ие болмай отыр. Бұл үлкен мүмкіншіліктер береді және оның іске асуы  --  инновациялық қызметті дамытудың басты міндеттерінің бірі. Инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып зияткерлік меншікті пайдалану мен оның құқықтарын қорғау табылады. Инновациялық дамудың базалық моделінің негізінде инновацияның ішкі (өсіру) және сыртқы (трансферт) қайнар көздерінің арақатынастары жатады. Инновацияны өсіру стратегиясы көшбасшы-елдер АҚШ-қа, ГФР-ге, Ұлыбританияға, Жапонияға тән, бұл елдер өзіндік іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарына негізделген өздерінің технологияларын жетілдірумен айналысады. Трансферт стратегиясы өзіндік іргелі әрі қолданбалы зерттемелері жоқ және осы мақсаттарға арналған шектеулі ресурстарға ие елдерге тән.
Осылайша, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекет саясатының басты бағыттары келесілер болуы керек:
*  Мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған венчурлық қор құру және венчурлық капиталды ғылыми-техникалық, инновациялық салаға тарту;
*  Инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің формалары мен әдістерін даярлау;
*  Инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және аймақтық мамандандырылған субъектілерін құрудан тұратын инновациялық инфрақұрылым құру;
*  Инновациялық сала үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау;
*  Өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық жағдайларды жасау;
*  Авторлық құқық, патент және сауда белгілеріне қатысты барлық халықаралық конвенцияларды мойындау арқылы, яғни, өркениетті технологиялар нарығына жағдай туғызу арқылы шет елдік технологиялар трансфертін ынталандыру;
*  Ең жақсы әлемдік тәжірибе негізінде отандық кәсіпорындарды сапа стандартына көшуін тездету;
*  Шаруашылық және қаржы-несие құрылымдарына қызығушылық танытатын халықаралық донорлық ұйымдардың гранттарын тарту.
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 және 2007 жылғы Халыққа жолдауларында қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске жақындату керектігін, әсіресе ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жекеменшік сектордың үлесіне тиесілі болу қажеттігін баса көрсеткен болатын.
Осы тұрғыда елімізде көптеген игі бастамалар қолға алынып та үлгерді. Айталық, <<Парасат>> холдингі өндіріс пен мемлекеттің ғылыми зерттеулерге тапсырысында <<байланыстырушы арнасы>> ретінде құрылып, холдингтің ғылыми ұйымдары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қызметін атқарады. Содай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірісіне ғылыми зерттеулердің озық нәтижелерін іске қосуда ынтымақтасуды көздеп, қазақстандық экспорт өнімдерінде жоғары технологияның өнімдерін арттыруды мақсат тұтады.
Ғылыми-технологиялық саладағы мемлекет пен жекеменшік салалардың өзара серіктестігі механизмдерін пайдалану ғылыми кәсіпорындардың ұйымдастыру-құқықтық формаларын өзгерту арқылы оларды акционерлік қоғамдарға айналдыру нәтижесінде мүмкін болды. Мемлекет экономиканы тек қана саяси тұрғыда басқарады, ал өнеркәсіптік активтер бойынша менеджер функциясын жекеменшік сектор мен ұлттық компаниялар атқарады. Осыған сәйкес, ғылым да табиғи технологиялық дамуында сол ғылым жемісін пайдаланатын тұтынушылармен бірдей құқыққа ие болуы қажет.
<<Парасат>> холдингі 2008 ж. 3 шілдеде ҚР үкіметінің қаулысымен жүз пайыздық мемлекеттік акция пакетімен құрылған болатын. Холдингтің негізгі қызметі Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуына қолайлы жағдай туғызу.
2008 ж. 21 тамызында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қостанай қаласында өткен мәжілісте <<жоғары технологиялық және инновациялық үлесі мол жобаларды таңдау>> бойынша шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде айтқан болатын. Сол себепті де елімізде құрылған <<Парасат>> холдингінің басты мақсаты болып серпінді ғылыми және инвестициялық жобаларды іске асырып, алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер нәтижелерін ұлттық экономиканың әртүрлі секторларына енгізу табылады.
Аталған холдингтің компанияларының құрамына бес заңды тұлғалар: АҚ <<Жер, металлургия және байыту туралы ғылыми орталығы>>, АҚ <<Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығы>>, АҚ <<Ғылыми қоры>>, АҚ <<Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығы>>, АҚ <<Ақпараттандыру ұлттық орталығы>> кіреді. Холдинг ғылыми-инновациялық қызметтің  -  ақпараттан бастап зерттеулерге дейін және олардың нәтижелерін өндіріске ендіру сияқты  -  барлық аспектілерін қамтиды.
<<Парасат>> холдингінің құрылуымен қатар жекеменшік сектор да өзіне ашылған жаңа мүмкіншіліктерді түсініп отыр. Бүгінгі күннің өзінде холдинг <<Атамекен одағы>> Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасымен>> ынтымақтастық жөнінде меморандум қабылдады. Энергияны үнемдеу мен энергетикаға тәріздес бойынша ғылыми зерттемелерді іске қосу дайындалып қойды. <<Қазатомөнеркәсібі>> компаниясымен бірлескен ғылыми-техникалық жобалар тізімі мақұлданды. Олардың ішінде уранды жерасты сілтісіздендірудегі қалдықтардан рений мен сирек кездесетін элементтерді шығару жобасын іске асыру көзделуде.
<<Парасат>> холдингінің алғашқы көрнекті нәтижелерінің бірі болып тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазбалар алуда қолданатын минералдар негізінде жасалған ампулалар өндіру табылады.
<<Қазақмыс>> корпорациясы үшін холдинг институттары кейбір технологиялық үдерістерді жетілдіруге, алынатын өнім көлемін арттыруға, қалдықтар құрамында қалып қоятын құнды құрауыштар көлемін азайтуға арналған регламенттер дайындап берді. Мұндай жұмыстар АҚ <<Алтыналмас>>, АҚ <<Өскемен титан-магний комбинаты>> үшін де жүргізілді.
Холдингтің құрылуына аз-ақ уақыт өткеніне қарамастан, қыруар жұмыстар жасалынып жатыр. Инновациялық салаларда жұмыс жасайтын компаниялар дағдарыстарға төтеп бере алатындығын тарихтан көруге болады. Мәселен, 1998 жылғы азиаттық қаржылық дағдарысқа төтеп бере алған компаниялардың 41% инновациялық технологияларды пайдаланған болатын. Ал бүгінгі таңда дүниежүзін шарлаған экономикалық дағдарысты көптеген көреген экономистер мен қаржыгерлер инновацияны дамытуға үлкен түрткі болады деп пайымдайды. Бұл дағдарыс алыпсатарлық экономиканың күйрегенін көрсетеді. Ғылыми-техникалық зерттемелерге бай қазақстандық ғылым үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестік арқылы өзара тиімді негізде бизнес үшін қажетті болу мүмкіндігі туындап отыр.
Әлемнің көптеген дамыған елдері осы жолды ондаған жылдар бұрын жүріп өтті. Олардың салған сара жолы бүгінде біздер үшін сабақ болып табылады. Әсіресе, Елбасының, <<отандық ғылымды халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету керек>> деген идеясы тұрғысында Қазақстан үшін жоғары технологияның отаны саналатын  -  Жапонияның орны ерекше.
Айталық, жапон үкіметі тарапынан ҒЗТКЖ[1]-ға қашанда баса назар аударылып келді және ол өз жалғасын табуда. 2005 жылғы ҒЗТКЖ үшін жұмсалған қаражат көлемі елдің ЖІӨ-нің 3,35 % құрады. Бұл шығыстар негізінен жаңа идеялар мен күрделі зерттеулер жүргізу мақсатында қолданылды. Соңғы 20 жыл ішінде Жапониядағы ғылым мен технологияны дамытуға жұмсалатын шығыстар 8 есеге өскен. Бұл Жапонияның әлемдегі инновациялық саланы дамытуға ең көп шығын жұмсайтын ел екендігін көрсетеді.
Жапония  -  патент алу мақсатында жасалатын өтініштер саны ең жоғары мемлекет. 2000 жылы АҚШ-тағы патент алу мақсатында тіркелген 300 мың өтініштің 50 мыңы  --  жапондық компаниялар мен корпорациялар. Корпорацияларға ҒЗТКЖ-ға қолдау көрсету бойынша жүйе құру құқы берілген. Көптеген корпорациялар келешегі бар зерттеулерге қолдау көрсету мен оларды іске қосу мақсатында арнайы бонустар жариялаған. Мәселен, Sony сияқты трансұлттық корпорацияларда бонус мөлшері еш шектелмейді, яғни, белгілі бір технологияны іске қосу нәтижесінде түскен компания табысынан есептеледі. Тіпті, бұл елде университеттерге өзіндік лицензиялық фирмаларын құруға заңмен рұқсат етілді, бұл патент беру саласын дамытуға үлкен ықпал етері хақ.
Сондай-ақ,  жапон экономикасының барлық салаларына ҒТП  әсерінің күрт күшейгендігін бөліп көрсеткен жөн. Ол ең алдымен, Жапонияның ғылыми-техникалық потенциалының  айқын өсуімен байланысты.
Ұзақ уақыт бойы Жапония шетелдік технологияны қолдана отырып, өндірісті дамытты. 1950-1982 жж. ол 40 мыңға жуық лицензияны сатып алып, енгізді, және де Жапония шетел технологиясын жай көшірмелеген жоқ, оны  жетілдіруге ұмтылды.
1970-ші жылдардың басына қарай жапондықтар импортталған технологияны экономикалық дамытуға сенуге болмайтындығын түсінді. ҒЗТКЖ-ға шығындар жылдам өсе бастады, берік зерттеулер өрістей бастады. Жапондық монополистік капитал  елді капиталистік әлемнің технологиясының негізгі көзіне айналдыру, өнеркәсіптік технология саласында ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулерде, өнімнің жаңа түрлерін шығаруда,  дизайн саласында оны озат ету міндетін қойды. <<Дизайн Жапонияның жаңа күресінің  әскери ұраны болып табылады>>.



&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2 Қазақстандағы экономиканың дамуына инновациялық кәсіпкерліктің әсері 

Қазіргі уақытта аймақтардың ұдайы өндірісінің жүйесіндегі бірнеше өткен жылдарНәтижеде, Қазақстанның аймақтық дамуы тар ішкі нарықпен, өндірілген өнімніңЖеке аймақтардың экономикалық жағдайының өзгеруі олардың бірнеше түрлерін бөлугеДамыған аймақтар - өндірістік және қаржы потенциялына ие болатынЕдәуір табиғи потенциялымен аймақтар. Ауылшаруашылық потенциалымен аймақтар. Екінші және үшінші типтерге қатысты аймақтар. Депрессивті аймақтар. Қазақстандағы экономикалық реформалар кезінде іске асырылатын институционалды өзгерістер, меншікБүгінгі кәсіпкерліктің тұрақсыз жағдайының негізгі себептері болып : экономикалық және жүйелік өзгерістер процестерінің аяқталмауы; заң шығаратын базаның жетілмегені; нақты бәсекенің жоқтығы; қаржылай қамтамасыздықтың жетімсіздігі; пайданың едәуір үлесін алып тастайтын фискальды салық саясаты болыпБүгін Қазақстанда үлкен инвестицияларды, ерекше квалификацияны қажет етпейтін экономикаӨндіріс, инновациялар, коммерциялық және қаржылай қызмет көрсету салаларында шағынҚазіргі уақытта отандық тауар өндірушілерге бәсекеге қабілетті өнімді шығаруынБұл үшін Қазақстанда алдын  -  ала негізгі объективті жағдайларКесте 6 - Берілген жаңа технологиялар (техникалық жетістіктер) мен2005 2006 2007 Барлығы Соның ішінде тапсырунысандары бойынша өнертабыстары,өнеркәсіптік үлгілерді, тиімді үлгілерді пайдаланузерттеулер мен әзірлемелер нәтижесі ноу-хау, технологияларды тапсыруға келісім жабдықтары сату басқалары 100 Ескертпе Бұл деректер Қ.Р 2006 жылғы ғылыми және инновациялықИнновациялық қызметті дамыту үшін мемлекет қажетті жағдайлар жасайды. 2003-2015Қазіргі уақытта пайда болған экономикалық жағдай инновациялық компаниялардың тәуекелдеріТеория мен тәжіриебеде жасалған жағдайларға сәйкес инновациялық инфрақұрлымын қалыптастыруҚазіргі уақытқа дейін отандық өнертапқыштардың едәуір саны қызметтің әрІс  -  жүзінде ғылыми зерттеулерге және инновациялық үдерісті мемлекеттік1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын2. Қайтарымсыз негізде субсидияларды бөлу. Мемлекеттік емес лабораторияларда іске3. Ғылыми  -  техникалық зерттеулер мен тәжірибелерге инвестиция бөлінгенАлғашқы екі қаржыландыру әдістері ғылыми  -  зерттеулермен тәжірибелер үрдісінеЕгер біздің елдің ғылыми  -  техникалық саясаты үшін тиімдіӨкінішке орай дәл қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының ондай қолдаулар1992 ж. <<ҚР мемлекеттік ғылыми  -  техникалық саясаты жәнеӘрине, ғылым дамуын қаржыландыру, алдымен, мемлекеттік бюджет арқылы жүзегеОсы мәселелелердің бәрін белсенді мемлекеттік қолдауға негізделген жаңа ғылымиҚР жаңа ғылыми  -  техникалық саясатына мынадай талаптар қойылуыҚорларды басымдылығы бар ғылыми  -  техникалық игерілуі бағытттарын Ғылыми шаруашылыққа бостандық беру, ғылым мен техника саласындағы басқаруФундаметалды ғылым дамуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік ғылыми  -  техникалық саясат мемлекеттің әлеуметтік  -  экономикалықҚР жағдайына байланысты тез арада инновациялық, ғылыми  -  техникалықӨнеркәсіпте технологиялық дамудың басты көрсеткіші, өрісі  -  инновациялық белсенділік1. өз қаражаттарының жетіспеушілігі ; 2. мемлекет тарапынан қаржылық және несиелердің қысқа мерзімділі-гіне байланысты3. сыйақы ставкасының жоғары және несиелердің ұйымдастырушылық көмектің4. экономикалық тәуелділіктің жоғары болуы; 5. нормативті  -  құқықтық базаның жетіспеушілігі; 6. өткізу нарықтары мен жаңа технологиялар туралы ақпараттың жетіспеушілігі;7. кәсіпорындардың төмен инновациялық потенциялы. Және де инновациялық дамудың бөгеттері қатарына өнеркәсіптің әр түрлі3.3 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті инновациялық негізде жүргізу бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылы халыққа жасаған жолдамасындаӘлемдік тәжіриебеге байланысты кейбір шикізат ресурстары мол дамушы елдерӘлемдік экономиканың ғаламдану сатысында еліміздің экономикасында өзінің шешімін күтіпЖалпы алғанда аталған Бүгінгі таңда кәсіпорындардың инновациялық қызметтерін шектейтін бірнеше негізгі факторларды- өмірдің талаптарына сәйкес туындайтын мәселелер - өндірісті - жаңа техника мен технологияның құны өте қымбат болыпөндіру алдындағы жұмыстарын жүргізу, жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін мамандардыБүгінгі күні барлық елдерде мемлекет тарапынан негізгі экономикалық процестер- екінші дәрежедегі банктерден несие алу қиыншылықтары. 2005 жылдыңНегізгі қорлардын физикалық және моральдық тозуға ұшырауы кәсіпорындардың жалпыКәсіпорындардағы ғылыми-техникалық мамандардың ағымдылығы да инновациялық-технологиялық процестерге кері әсерін- жаңа технологиялар, технология нарығы жөнінде мәліметтердің жоқтығы, жетіспеушілігі,Аталған негізгі мәселелерді кәсіпорындар өз бетінше жақын арада шешеКәсіпорындардың инновациялық кызметін реттеу үшін үш принципке негізделген экономикалықЕкіншіден, белгіленген инновациялық қызметке мемлекет тарапынан салмақты, заңды түрдеҮшіншіден, кәсіпорындардың осы қызметін, негізгі инновациялық іс-шаралардың орында-луын, іскеЖоғарыда айтылып кеткен мәселелерді уақтылы шешу үшін келесі шараларды- мемлекет тарапынан кәсіпорындардың инновациялық-технологиялық қызметін қолдайтын заңдылық базасын- кәсіпорындардың инновациялық кәсібіне үлттық және - инновациялық дамудың мақсатты бағдар-лама шеңберінде - инновациялық кәсібінің мемлекеттік және ғылыми-техникалық инфрақүрылымын жетілдіру; - халықты апасыз, бағасы төмен тамақ және күнделікті тұтынатынТамақ және жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық дамуы келесі бағыттарда- өнімнің сапасын және бағалық бәсе-келестігін әрдайым арттырып отыру; - ресурстарды үнемдейтін жаңа, тиімді технологияларды өндіріске енгізу; - кәсіпорындар деңгейінде техникалық жарақтандыру шараларын іске асыру; - өнім ассортиментін тұтынушылар қажет-тілігіне сәйкес- тамақ өнімдерінің дайындау деңгейін ұлғайту және сақтау мерзімінҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының инновациялық кәсіпкерліктің дамуының теориялық, әдістемелік және тәжірибелікБұл жұмыста Қазақстан Республикасының инновациясы мен ғылыми-техниналық зерттеу жұмыстарыныңДипломдық жұмыста технопарктер, технополистер, бизнес  -  инкубаторлар сияқты инновациялықҚазақстан өнеркәсібінің құрылымын қайта құру үшін әлемде болып жатқанҚазақстан өнеркәсібінің құрылымын қайта құру үшін сонымен қатар амортизациялықӘр деңгейдегі индустрияландыру деңгейін анықтау үшін көрсеткіштер жүйесі анықталуғаӨнеркәсіп салаларының ерекшелігіне, өнім өндіру және өңдеудің өзіндік сипатына,Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын қайта құру және ондағы өндірілетін тауарлардыңЭкономикалық және әлеуметтік маңызы жоғары мәселерді шешу үшін салааралық,Қазіргі кезде өнеркәсіп салаларының көптеген кәсіпорындары техника мен технологиялардыҚорыта келгенде, өнеркәсіпті инновациялық-индустрияландырудың мазмұнына кен өндіру өнеркәсібінен өңдеу

&&&	

$$$002-015-100$Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қазақстан Республикасындағы ҒТП-ті басқарудың негіздері. 
2.Қазіргі күнгі Қазақстандағы ғылыми-техникалық және инновациялық саланың жағдайы 
3.Мемлекеттің инновациялық белсенділік мәселелері және оны шешу жолдары.

&&&

$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар
<<Инновациялық менеджмент>> пәнінің практикалық сабақтарында дәрісте қаралатын сұрақтарды пысықтау, қосымша сұрақтарды талқылау қарастырылады. Практикалық сабақ он бес тақырыптан тұрады.Мұнда әрбір сабақтың мақсаты, оқу - әдістемелік нұсқаулары ұсынылған.   
&&&
$$$003-001-000$3.3.1 Модуль 1 Инновациялық менеджменттің теориялық астары 
Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Инновацияның мәні және инновациялық қызметтің негізгі қасиеттері
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет. 
&&&
$$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Сабақтың мақсаты:  Жалпы инновация түсiнiгi. Инновациялардың жіктелуі. Инновациялық қызметтің ерекшеліктері. Инновациялық қызметтің объектілері мен субъектілері. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазiргi кездегi концепциялары. Ғылыми-техникалық әлеуетті басқарудағы шығармашылықтың рөлі. Әлемдік экономиканың инновациялық даму қарқынымен студенттерді таныстыру.
&&&
$$$003-001-002$3.3.1.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №1
1.Жалпы инновация түсiнiгi. 
2.Инновациялардың жіктелуі. 
3.Инновациялық қызметтің ерекшеліктері. 
4.Инновациялық қызметтің объектілері мен субъектілері.
&&&

$$$003-002-000$3.3.2 Модуль 1 Инновациялық менеджменттің теориялық астары 
Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Инновациялық үрдіс және экономикалық даму
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақтың мақсаты: Инновациялық менеджмент басқару процесі ретінде. Инновациялық менеджмент: пайда болуы, қалыптасуы және мазмұны. Инновациялық процестің түсінігі және мазмұны. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері Инновациялық процестің казіргі кездегі құрылымының моделдері.   Инновациялық процестерді ұйымдастырудың заманауи әдістері. Инновациялық қызметті басқарудағы кедергілер және ынталандырушы факторлар. Инновацияның дамуының ішкі және сыртқы факторларымен студенттерді таныстыру.
&&&
$$$003-002-002$3.3.2.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары №2
 1.Инновациялық процестің түсінігі және мазмұны. 
2.Инновациялық процестің негізгі кезеңдері 
3.Инновациялық процестің казіргі кездегі құрылымының моделдері.   4.Инновациялық процестерді ұйымдастырудың заманауи әдістері.           
&&&

$$$003-003-000$3.3.3 Модуль 1 Инновациялық менеджменттің теориялық астары 
Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Инновациялық қызмет және инновациялық жобалардың  өмір циклі.
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырып бойынша инновациялық қызыметтің өмір циклінің кезеңдері. Жобаларды басқарудың негізгі түсініктері және концепциясы. <<Инновациялық жоба>> түсінігін анықтау және инновациялық жобаларды жіктеу. Инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктері. Инновациялық жобалардың өмірлік циклы. Инновациялық жобаны құрастыру және жүзеге асыру. Инновациялық жобаның бизнес-жоспары. Инновациялық жобаларды iрiктеу және бағалау критерилері  қарастырылады. 
&&&
$$$003-003-002$3.3.3.2 Сабақтан алған білімді тексеру  сұрақтар №3
1.<<Инновациялық жоба>> түсінігін анықтау және инновациялық жобаларды жіктеу.
2. Инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктері. 
3.Инновациялық жобалардың өмірлік циклы.
&&&

$$$003-004-000$3.3.4 Модуль 1 Инновациялық менеджменттің теориялық астары 
 Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Ұйымның инновациялық  потенциалын анықтау
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

&&&
$$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақтың мақсаты: Студенттерге  ұйымның инновациялық потенциалы ұғымын қарастыру. Ұйымның инновациялық потенциал деңгейін зерттеу және анықтау. Ұйымның инновациялық қызмет деңгейін анықтайтын көрсеткіштер. Инновациялық климат. <<Инновациялық белсенділік>> категориясының мазмұны. Инновациялық белсенділік ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы ретінде.Ұйымның инновациялық белсенділігін жоғарылату мәселелері туралы түсініктемелер ұсынылады. 
&&&
$$$003-004-002$3.3.4.2 Студенттің білімін бағалау  сұрақтары №4 1
1.Ұйымның инновациялық қызмет деңгейін анықтайтын көрсеткіштер. 2.Инновациялық климат. 
3.<<Инновациялық белсенділік>> категориясының мазмұны.
  &&&

$$$003-005-000$3.3.5 Модуль 1 Инновациялық менеджменттің теориялық астары 

Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Инновациялық жобалардың тиімділігі деңгейін бағалау  
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-005-001$3.3.5.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпт инновацияның жалпы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділігі.   Инновация мен инвестицияның экономикалық тиімділігі. Инновациялық қызметтің инвестициялық тартымдылық критерилері (өзіндік капитал құны, тартылған капитал құны, капитал құны).  Инновациялық жобалардың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау әдiстерi туралы студенттерге түсініктеме беріледі.  
&&&
$$$003-005-002$3.3.5.2 Студенттердің білімін бағалау тапсырмасы №5
1.Әлемдік экономиканың инновациялық даму қарқыны. 
2.Инновациялық процестің казіргі кездегі құрылымының моделдері.
3.Инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктері.
4.Ұйымның инновациялық қызмет деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
5.Инновацияның жалпы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділігі.
&&&
 

$$$003-006-000$3.3.6 Модуль 2 Инновация- экономикалық категория ретінде
 Практикалық сабақтың тақырыбы №6 Инновациялық қызметтегі тәуекел  
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-006-001$3.3.6.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта тәуекел түсінігі және оның түрлері.  Инновациялық қызметтегі тәуекел ерекшеліктері.  Инновациялық тәуекелді басқару процесі.    Инновациялық тәуекелді анықтау әдістері. Тәуекелді анықтаудың сандық және сапалық әдістері.  Инновациялық қызметтегі тәуекелді басқару. Инновациялық тәуекелді төмендету әдістері. Тәуекелді тарату әдісі. Әртараптандыру әдісі. Сақтандыру   әдісі туралы қарастырылады. 
&&&
$$$003-006-002$3.3.6.2 Студенттің білімін тексеру тапсырмасы №6
1.Инновациялық тәуекелді басқару процесі.    
2.Инновациялық тәуекелді анықтау әдістері. 
3.Тәуекелді анықтаудың сандық және сапалық әдістері.  
4.Инновациялық қызметтегі тәуекелді басқару.
&&&

$$$003-007-000$3.3.7 Модуль 2 Инновация- экономикалық категория ретінде
Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Инновациялық қызметті басқару және инновациялық өнім  қалыптастыру әдістері.  

Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-007-001$3.3.7.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақтың мақсаты: Функционалды-құндық талдау. Функционалды-құндық талдау әдісінің қағидалары мен кезеңдері . Бенчмаркинг әдісі  -  ең жақсы жұмыс тәжірибесін пайдалану.  Бенчмаркингтің түрлері  және деңгейлері.   QFD әдісі (сапа қызметін жариялау) - тұтынушылардың талғамын жаңа өнімге енгізу әдісі.  FMEA әдісі  -  ақауларды талдау және оларды қайта жобалау кезінде тіркеу. 6 сигма концепциясы.  Кайдзен - өнімді сатылы түрде жақсарту. Инновациялар инжинирингі.  Инновациялық қызметтегі реинжиниринг  әдісі.  Бренд-стратегия әдісі бойынша студенттерге түсінік беріледі. 
&&&
$$$003-007-002$3.3.7.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №7
1.Функционалды-құндық талдау әдісінің қағидалары мен кезеңдері . 2.Бенчмаркинг әдісі.  
3.Бенчмаркингтің түрлері  және деңгейлері.   
4.QFD әдісі (сапа қызметін жариялау) 
5.FMEA әдісі

&&&

$$$003-008-000$3.3.8 Модуль 2 Инновация- экономикалық категория ретінде
Практикалық сабақтың тақырыбы №8 Инновациялық менеджмент және стратегиялық басқару.  
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-008-001$3.3.8.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта инновацияларды басқару стратегиясының ұйымның жалпы даму стратегиясындағы орны мен маңыздылығы.  Инновациялық стратегия  түрлерi.  Ұйымның инновациялық саясаты.   Жаппай өндiрiс саласындағы стратегиялар  -  виоленттер стратегиясы. Өнiм дифференциациясы және нарықты сегметтеу стратегиялары  -  патиенттiк фирмалар стратегиясы. Инновациялық және зерттеу жұмыстарын жүргiзушi кәсiпорындар стратегиясы  -  эксплерент стратегиясы. Маманданбаған бизнес саласындағы  -  коммутант фирмалардың стратегиясы.туралы студенттерге түсініктемелер беріледі. 
&&&
$$$003-008-002$3.3.8.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №8
1.Инновациялық стратегия  түрлерi.  
2.Ұйымның инновациялық саясаты.  
3. Жаппай өндiрiс саласындағы стратегиялар  -  виоленттер стратегиясы. 
4.Өнiм дифференциациясы және нарықты сегметтеу стратегиялары  -  патиенттiк фирмалар стратегиясы.
&&&

$$$003-009-000$3.3.9 Модуль 2 Инновация- экономикалық категория ретінде

Практикалық сабақтың тақырыбы №9 Инновациялық ұйымның мәдениеті  және оның персоналын басқару  
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-009-001$3.3.9.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта инновациялық ұйымның кадрлық саясатының ерекшеліктері.   Apple, Sony, Nokia сиқты табысты инновациялық компаниялардың персоналды басқару тәжірибесі. Инновациялық ұйымдарда қызметшілерді ынталандыру мәселелері.  Инновациялық ұйымның мәдениеті мен даму философиялары. Инновациялық ұйымның дамуындағы корпоративтік мәдениеттің орны. Инновацияларға қарсылық көрсету. Өзгерістерді басқару студенттерге     туралы түсініктер ұсынылады. 
&&&
$$$003-009-002$3.3.9.2 Студентердің білімін тексеру тапсырмасы №9
1.Инновациялық ұйымдарда қызметшілерді ынталандыру мәселелері.  2.Инновациялық ұйымның мәдениеті мен даму философиялары. 3.Инновациялық ұйымның дамуындағы корпоративтік мәдениеттің орны.  
&&&

$$$003-010-000$3.3.10 Модуль 2 Инновация- экономикалық категория ретінде
Практикалық сабақтың тақырыбы №10 Венчурлық  бизнесті ұйымдастыру
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

&&&
$$$003-010-001$3.3.10.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта  Венчурлық бизнестiң түсінігі мен ерекшелiктерi.  Венчурлық қаржыландыруға арнап инновациялық жобаларды іздеу және іріктеу.  Венчурлық қаржыландырудың механизмдері мен қағидалары жоғары технологиялық шағын венчурлық компанияның өмірлік циклі. Венчурлық компанияның қалыптасу  кезеңдері: 
Стартқа дейінгі кезең:  Seed  -  <<өсіруге арналған компания>>.  Страттық кезеңі: Start-up  -  <<жаңа ғана пайда болған  компания>>. Алғашқы өсу кезеңі: Early Stag  -   <<дамудың алғашқы қадамдары>>.Тұрақты өсу кезеңі:  Expansion  -  <<кеңейу>>. Компанияның тиімділігін қамтамасыз ету кезеңі туралы ұсынылады. 
&&&
$$$003-010-002$3.3.10.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №10
<<Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы>> тақырыбына баяндама жазу. 
&&&

$$$003-011-000$3.3.11 Модуль 3 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
Практикалық сабақтың тақырыбы №11 Инновацияларды интеллектуалды меншік объектісі ретінде басқару    
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-011-001$3.3.11.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырып бойынша интеллектуалды меншік түсінігі.  Интеллектуалды меншіктің құқық ретіндегі мазмұны және оның инновациялық қызметтегі орны. Интеллектуалды меншік құқығының объектілері. Дүниежүзілік интеллектуалды  меншік ұйымының қызметі және қағидалары. Интеллектуалды меншік объектілерін тарату түрлері.  Технология трансфертi. Лизинг түрлерi. Франчаизинг. Форфейтинг. Ноу-хау, патент, лицензия. Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды меншікті қорғау ерекшеліктері ұсынылады

&&&
$$$003-011-002$3.3.11.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №11
1.Интеллектуалды меншіктің құқық ретіндегі мазмұны және оның инновациялық қызметтегі орны. 
2.Интеллектуалды меншік құқығының объектілері. 
3.Дүниежүзілік интеллектуалды  меншік ұйымының қызметі және қағидалары.    

&&&

$$$003-012-000$3.3.12 Модуль 3 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
 Практикалық сабақтың тақырыбы №12 Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-012-001$3.3.12.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №12
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу қажеттілігі. Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу факторлары мен шарттары. Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу механизмі мен негізгі құралдары. Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу мен қолдаудың шетелдің тәжірибесі. Инновациялық ұйымдарға берілетін несие және салық жеңілдіктері. Мемлекеттің инновациялық саясаты.  Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеуге түсінік беріледі.

&&&
$$$003-012-002$3.3.12.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №12
1.Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу факторлары мен шарттары. 2.Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу механизмі мен негізгі құралдары. 
3.Инновациялық қызметті  мемлекеттік реттеу мен қолдаудың шетелдің тәжірибесі.
&&&

$$$003-013-000$3.3.13 Модуль 3 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
Практикалық сабақтың тақырыбы №13 Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының негіздері.
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-013-001$3.3.13.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта жаһандану тұсында, инновациялық саланың дамуында ұлттық ерекшеліктердің басымдылғының артуы. Ұлттық инновациялық жүйелер теориясының қалыптасуы. Ұлттық инновациялық жүйелерді дамыған мемлекеттерді басқару. Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы.  Ұлттық инновациялық жүйенің даму институттары. Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтері. Инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру қарастырылады. 
&&&
$$$003-013-002$3.3.13.2 №13.Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтары
1.Ұлттық инновациялық жүйелер теориясының қалыптасуы. 
2.Ұлттық инновациялық жүйелерді дамыған мемлекеттерді басқару.
3.Ұлттық инновациялық жүйенің даму институттары. 
4.Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтері. 
5.Инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру.
&&&

$$$003-014-000$3.3.14 Модуль 3 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
Практикалық сабақтың тақырыбы №14 Инновациялық инфрақұрылым институттары және олардың өзара    байланысы 

Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-014-001$3.3.14.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта инновациялық инфрақұрылым қызметтері мен маңыздылығы.   Инновациялық инфрақұрылымның объектілері мен субъектілері. Инновациялық инфрақұрылым қаржылық институттары. Инновациялық қызметті қаржыландыру қайнар көздері.      Ақпараттық инфрақұрылым.  Технопарктік құралымдардың түрлері және қызыметтері. Бизнес инкубатордың ерекшеліктері  мен негізгі сипаттары. Қазақстан Республикасынның технопарктерінің қызметі туралы ұсынылады
&&&
$$$003-014-002$3.3.14.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №14
<<Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы>> -Эссе
&&&

$$$003-015-000$3.3.15 Модуль 3 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
Практикалық сабақтың тақырыбы №15 Қазақстандағы ғылыми және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау механизмі 
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
&&&
$$$003-015-001$3.3.15.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасынның инновациялық даму жолы.     Қазақстан Республикасындағы ҒТП-ті басқарудың негіздері. Қазіргі күнгі Қазақстандағы ғылыми-техникалық және инновациялық саланың жағдайы 
Өндiрiстiң материалды - техникалық базасын жаңарту, инновациялық технологияларды енгiзу, модернизация  мәселелерi, Қазақстанда инновациялық процестерді құқықпен қамту мәселелері.  Мемлекеттің инновациялық белсенділік мәселелері және оны шешу жолдары.   Қазақстан экономикасын модернизациялау және диверсификациялау  -   инновациялық экономиканы қалыптастырудың негізгі шарты.   Кәсіби инновациялық менеджменттің қалыптасуы қарастырылады. 

&&&
$$$003-015-002$3.3.15.2 Сабақтан алған білімді тексеру тест сұрақтары №15
1.Қазақстан Республикасындағы ҒТП-ті басқарудың негіздері. 
2.Қазіргі күнгі Қазақстандағы ғылыми-техникалық және инновациялық саланың жағдайы 
3.Мемлекеттің инновациялық белсенділік мәселелері және оны шешу жолдары.


4.Студенттердің өздік жұмысы

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: <<Инновациялық менеджмент>> курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ эссе және жағдайлық тапсырма түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тапсырманың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан  -  10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан  -  20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең. 
Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда  түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)
Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс  -  жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.  
Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады. 
Студенттердің өздік жұмыстарының және студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары 

4.1 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 
1. Инновациялық қызметтегі тәуекел ету ерекшеліктері  -  Эссе
2. Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы  -  Эссе
3. Әлемдік экономиканың инновациялық даму қарқыны  -  Эссе
4.Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы>> -Эссе
5.Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы>> - Эссе


4.2 Студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары 
1 . <<Инновациялық қызмет>> туралы Қазақстан Республикасының Заңын талқылау  -  Тапсырма 1
2.ҚР инновациялық саясатын талқылау  -  Тапсырма 2
3.Apple, Sony, Nokia сиқты табысты инновациялық компаниялардың персоналды басқару тәжірибесін талқылау  - Тапсырма 3
4. Инновациялық ұйымдарда қызметшілерді ынталандыру мәселелерін талқылау  - Тапсырма 4
5.Қазақстан Республикасынның технопарктерінің қызметін талқылау  - Тапсырма 5
6. Инновациялық жобаның бизнес-жоспары  -  Тапсырма 6  



Пәндер