Файл қосу
Кедендік баждар
Дәріс.1 Кеден төлемдерінің тарихы, дамуы. Мазмұны: 1. Кеденің тарихы. 2. Кеден салықтарының тарихы. 3. Кеден бекеттері тарихы. 1. Кеден, таможня (түркі тілінде тамға - таңба, белгі сөзінен шыққан) - тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады. Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. 2. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды. Мысалы Ежелгі Грекияда б.з.б. 6 ғ-да кіре тауарларына салынған кірелік баждар олардың құнының 1/10 бөлігін құрады, ал одақтастар үшін - 1/100 бөлігін, Грекияға тәуелсіз қалалардан 1/20 бөлігін құрады.Орта ғасырлар кезеңінде Кеден ісінің даму барысы күрделі де қайшылықты болды. Орта ғасырлардың басында баждардың ынсаптылық табуы нақ сол Рим империясында Қытайжібегінің пайда болуына мүмкіндік берді. Осындай ынсапты алымдардың көмегімен 3 - 4 ғасырларда Армения да саудаға қамқорлық жасады. Ал герман халықтарында шіркеу иелері ғибадат мерекелері кезінде сауда жасағанда өлшеуіш аспаптарды пайдаланғаны үшін ақы алуға бұдан әлдеқайда ерте бейімделген болатын. Кейінірек Еуропадағы ірі жер иелері дін қызметшілерін осы міндеттен босатып, тауарларға салынатын баж алымын жинау үшін өз бишікештерін тағайындай бастады.Баж жинаушылар Еуропа мемлекеттерінде жоғары мәртебеге ие болды. Мысалы француздарда 499 жылы олар король бишікештеріне теңестіріліп, епископтармен және графтармен бірдей дәрежеде болды, ал ұлы Карл тұсында графқа бағындырылды, ол сонымен бірге корольдің аға кеден бишікеші деп саналды. Кейін 1249 жылы Фрайбург қаласында кеден бишікештерін қызметке тағайындау және ол өз міндеттерін адал атқармаса, қызметтен босату құқығы азаматтардың өздеріне берілді. 3. 19 ғасырда Ресейде 64 кеден бекеті, Эльбада - 35, Дунайда, Төменгі Австрияда - 77 кеден бекеті болды. Тіпті өзеннен көшіп өтуге болатын жерлерде де сол жердің иелері көпір салып, олардан көлікпен және жаяу өткені үшін ақы алды. Сонымен қатар орта ғасырлардағы қалалардың өкімет орындары шет жұрттық тауарлардың басы артық ағылып келуінен кеден шаралары арқылы қорғануға тырысты. Парижде 12 ғасырда қалаға әкелінген барлық шетелдік тауарларға ғана емес, сонымен бірге Францияның басқа қалаларынан жеткізілген көптеген тауарларға да баж салынды. Ал мемлекеттер мен князьдіктер арасындағы экон. байланыстардың ұлғаюына байланысты 12 - 13 ғасырларда Кеден саясатында Еуропа мемлекеттерінің сыртқы шекараларында ортақ жүйе жасауға ұмтылушылық күшейді. Бірігу мен орталықтандыру үрдісі осыған жол ашуға тиіс болды. Алайда, 1707 жылы Англия мен Шотландия арасындағы кеден мүлдем жойылды, 1823 жылы бекеттер де жойылды. Ал Францияда кеден бірлігі тек 1790 жылы ғана басталды. Австрия өзінің кеден саясатын тек 1775 - 1851 жылы ғана тұжырымдады, ал Германияда кеденнің бірігуі 1888 жылға дейін созылды. 19 ғ-да Англия сауда еркіндігін бірінші болып жариялады, жергілікті буржуазия тауар әкетуге қандай да болсын сыйлық пен бажды жоюды, тауарлардың шекарада екі жаққа да еркін алып өтілуін жақтап бой көтерді. Сонан соң Франция қолдампаздық кеден тарифтерін қабылдап, еркін сауда бағытын ұстады. Ал Германияда Пруссия бастаған 18 мемлекет кеден одағын құрып, ішкі кеден қалаларын жойды. Еуропаның басқа елдері де осылай етті. Сөйтіп, 19 ғ-дың 60 - 70-жылдары еркін сауда принципі салтанат құрды, мұның өзі Кеден тыйымдары мен шектеулерінің қамқорлығынан біржолата шыққан ірі монополиялардың үстемдік құруына әкелді. Дәріс 2. Қазақстан Республикасының кедендік қызметін басқару. Мазмұны: 1. Кедендік қызметті басқару. 2. Кедендік басқармалар. 3.Кедендік бөлімдер. 1. Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы - елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады. Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар. Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік қызмет Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері. Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кедені және кедендік бекеттері бар. Қазақстан Республикасында кедендік саясатты жүзеге асырушы орган- қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы <<Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі>> Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді. <<Кедендік іс жөніндегі>> Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік басқарма және еркін экономикалық аймақта орналасқан 2 дербес кедендік органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам. Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік: Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы. Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі осы органдар жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамсыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшелінеді. Орталық кеден органы кедендік қызметінің барлық мәселелерімен айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық құрылымның негізін құраушы элемент болып кеден есептелінеді. Кеден дегеніміз - кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген жіне тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады. Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуелділіктің жоқ болуы - жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөліігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді. Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің - біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы , яғни төменгі органдарының жоғары органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады. Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы - Кеден крмитеті. Кеден органдарының негізі қызметтері: біріншіден, олар Қазақстан Реғспубликасының кедендік саясатын жасау мен оны жүзеге асыруға қатысады; екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикғалық мүдделеоін қорғайды; үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады, Қазақстандық кедендік шеарасыарқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға қатысады және т.б. Негізгі функциалардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді. Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және кедендік қызметке тікелей жетекшілік етеді. КР Кеден комитеті экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық мехнизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз етеді. 2. Кедендік басқармалар - орталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арсындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын болып табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетінің міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы кедендік іске ғана жетекшілік етеді. Қазақстан Республикасының кедендері - кедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізін құрайды. Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгі бөлігін тікелей кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгізуді талап етті. Бұрын-соңды кедендік бақылау (тексеру) кезеңдік шекарада орналасқан нүктелердн ғана жүргізілді. Сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясынан бас тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынша жұмыстар кедендік шекарадан мемлекет ішіне ауыстырылды. Осының нәтижесінде <<ішкі кедендер>> құрылды және қазіргі таңда олар кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, тауар өндірушілерді кедендік органдармен бірге байланыстарды, шекара маңындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кезеңдерді <<ішкі және сыртқы>> деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың, соныменбірге пошталық жіберулер мен басқа да жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды. Кедендік бекет - кедендік органдар жүйесінің алғашқы буына, ол белгілі бір нүктеде немесе белгілі бір территорияда кедендік құжаттарды толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган. Кедендік бекет төмендегідей негізігі міндеттерді жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеруден өткізеді және кедендік құжаттарды толтырады. Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өтуіне рұқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келеді. Бүгінде кедендік қызметтер комитет аппаратынан, 14 облыстық кедендік басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік бекеттен тұрады. Кедендік қызмет сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды. Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пунктер арасындағы шекаралардың арақашықтығы -150-200 м, ал кейбір жерлерде - 500-600 м-ге детеді. Ал барлық өркениетті мемлекеттерде көрші орналасқан пунктер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады., яғни олардың арасындағы қашықтық - 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың(оның ішінде 2 әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адм қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың километрге созылып жатыр. 3. Кедендік төлемдер бөлімі - кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режиміне сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлары әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсу мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операциялады аудиторлық тексеруден өткізеді. 3. Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі - контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу қызметін жүргізеді; құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді. 4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі - кедендік шекараны, кедендік орган обьектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтік-кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару-жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдануы ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 5. Тауарларды жеткізу мен транзиттік бақылау қызметі - <<транзит>> атты кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды. 6. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі - кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады. 7. Өзіндік қауіпсіздік қызметі - кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттың шетке шығуына тыйым салады. 8. Кадрлар бөлімі - кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарына тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің қәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады. 9. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі - кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасайды. 10. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орнымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен қамтамасыз етеді. 11. Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі - құжаттау және іс-қағаздарын толтыру жұмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды. 12. Ақпараттарды қорғау қызметі - кедендік мекемедегі режимді қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. 13. Заң қызметі - кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді; кедендік мекемелердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды; Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді. 14. Пресс қызметі - халықаралық жіберулерді - ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдері бар <<М>> атты қашықтардың кедендік құжаттарын дайындайды. 15. Сыртқы экономикалық байланыс қызметі - кедендік қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен көздесулер немесе келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады. 16. Акциздік кедендік бекет - тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кедендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді. Дәріс 3 Кедендік төлемдер және салықтар Мазмұны: 1. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі 2. Кедендік төлемдер және салықтар 3. Кеден органдары алатын алымдар. 1. Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен және осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады. Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін: 1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы; 2) міндетті арнаулы тексерудің болуы; 3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет. Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді. Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген тәртіппен әскери есептен шыѓарылады жєне кеден органдарында арнаулы есепте тұрады. Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 2. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады: 1) кедендік баж; 2) кедендік алымдар; 3) алымдар; 4) алдын ала шешім үшін төлемақы. Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер осы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде айқындалады. Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады. Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін. Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге: 1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн - адвалорлық; 2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiкті; 3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екi түрiн де ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi. Кедендік баждар Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді. Кедендік алымдарға: 1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; 2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; 3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады. Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады. Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді. Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады. 3. Кеден органдары алатын алымдарға: 1) лицензия бергені үшін алым; 2) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады. Лицензия және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатының берілгені үшін белгіленген алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Лицензия бергені үшін алым: 1) кеден қоймасын құрғаны; 2) бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны; 3) бос қойма құрғаны; 4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны; 5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны; 6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады. Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады. Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады. Дәріс 4 Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі Мазмұны: 1. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу. 2. Кедендік төлемдерді төлеуші тұлғалар мен төлеу тәртібі. 3. Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер 1. Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждың өзіндік ерекше ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар салуға арналған база болып табылады. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді. Кеден ісі саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді кеден органы жүргізеді. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады. Кедендік баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетін ставкалар қолданылады. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге немесе төленуі тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты емес кедендік төлемдер үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады. Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылғандарға қарағанда өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік төлемдердің және салықтардың ставкалары пайдаланылады. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімінің бұзылуы болған кезде, кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу кедендік төлемдерді және салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептей отырып жүргізіледі. 2. Кедендік төлемдерді төлеушiлер мына тұлғалар болып табылады: 1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе декларант; 2) лицензия немесе кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алатын тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушiлер болып табылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларация тіркелген күнге дейiн немесе тіркелген күнi төленедi. Егер кедендік декларация айқындалған мерзiмде берiлмесе, онда кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi кедендік декларацияны беру мерзiмi өткен күннен бастап айқындалады. Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулердің бұзылған күнін анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар: 1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді; 2) егер кедендік декларация сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері өтеді; 3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып есептеледі. Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастырудың басталуынан кешіктірілмей төленеді. Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күні төленеді. Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді. Кедендік төлемдер қолма-қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбімен төленедi. Кедендік төлемдердi төлеушi не атынан кедендік төлемдер енгізілетін төлеушіні көрсете отырып үшiншi тұлға төлеуі мүмкiн. Кедендік төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайтын тәртіппен мемлекеттік бюджетке аударылады. Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы төлеушілердің талаптары бойынша талап қою мерзімі бес жыл болып белгіленеді. Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден органдары жүзеге асырады. Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәрті-бін кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi дербес сипатта бола алмайды. Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады. 1) жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк; 2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (кiреге алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi; 3) ұлттық және шетел валютасы (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар; 4) iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа тауарлар; 5) техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша өтеусіз көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда), тауарлар; 6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлар; 7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерінің өндірісі үшін әкелетiн шикізат; 8) кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберiнде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар; 9) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тауарларды бажсыз әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар; 10) Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар; 11) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар; 12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін немесе сол аумақтан әкетілетін тауарлар; 13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін тауарлар; 14) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жеке құрамы әкелетін тауарлар; 15) кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан экспорттауға арналған акцизделетін өнімдерді маркалау үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн шетелде жасалған акциздік маркалар босатылады. Көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі. Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беріледі. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Дәріс 5 Кедендік баждарды төлеу тәртібі Мазмұны: 1. Кедендік баждарды төлеу тәртібі 2. Кедендік баждарды төлеу мерзімдері. 3. Кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі. 1. Белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі. Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту - мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер қабылдайды. Өнеркєсіптік қайта өңдеуге арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беріледі. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім төленуге тиісті кедендік баждың барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі мүмкін. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етілген жағдайда беріледі. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар не кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден жалтаратын, сондай-ақ өздеріне қатысты банкроттықты рәсімдеу жөнінде іс қозғалған тұлғаларға кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімі берілмейді. Өнеркәсіптік қайта өңдеу деп шикізаттарды және (немесе) материалдарды коды пайдаланылған шикізаттардың және (немесе) материалдардың кодынан Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін өнім (тауар) алу үшін өндірісте пайдалану түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгініњ кез келген деңгейінде өнімнің (тауардың) коды өзгеруіне қарамастан, өнеркәсіптік қайта өңдеуге: 1) қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар); 2) қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі; 3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтілімді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-түю); 4) алынған өнімге оны бастапқы құрайтын бөліктерінен Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша бірінші төрт белгініњ кез-келген деңгейінде ерекшелендіретін сипаттама берместен, тауарларды, компоненттерді араластыру жатпайды. 2.Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім әкелінетін шикізаттарды жєне (немесе) материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына төлеушінің жазбаша өтініші негізінде беріледі. Төлеуші өтінішпен бірге мынадай құжаттарды: 1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын; 2) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге сыртқы сауда шартын (келісім-шартын); 3) кедендік баждар төлеуді қамтамасыз ету туралы құжатты; 4) жеке кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының заң актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес күнделікті басшылықты және іс жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның лауазымды адамдары қол қойған, әкелінетін тауарларды шикізаттар және (немесе) материалдар ретінде пайдалана отырып жасалатын өндірістің технологиялық схемасын (өндірістің фрагментін); 5) егер әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жатса, шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін береді. Кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін +-зарту немесе мәулеттік мерзім беру құқығын растау үшін кеден органдары өндірістік қуатты тексеріп көруге құқылы. Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешім не оны беруден бас тарту туралы шешім төлеушінің өтінішін көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады. Шешім жазбаша түрде екі дана етіп жасалады және оған тиісті кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды. Шешімнің бірінші данасы кеден органында қалады. Шешімнің екінші данасы кеден органы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешімде мынадай мәліметтер: 1) шешімнің тіркелу нөмірі; 2) кедендік баж төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру уақыты; 3) төлеушінің өтінішінде көрсетілген кедендік баждың төленуін қамтамасыз ету тәсілі; 4) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге арналған сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) күні, нөмірі, осындай шарт (келісім-шарт) бойынша шикізаттарды және (немесе) материалдарды алушының атауы; 5) кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін шикізаттардың және (немесе) материалдардың атауы және саны; 6) төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін кедендік баждың мөлшері болуға тиіс. 3.Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзартудан немесе мәулеттік мерзім беруден бас тарту туралы шешімде бас тартудың дәлелі болуы тиіс. Кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде кедендік бажды өтеуді төлеуші немесе үшінші тұлға тиісінше: 1) төлеу мерзімін ұзарту берілген кезде ұзарту мерзімі күнінің аяқталуынан кешіктірмей; 2) мәулеттік мерзім берілген кезде төлеушімен бірлесіп кеден органы бекіткен кесте бойынша мәулеттік мерзім сомаларын енгізудің келісілген күндерінен кешіктірмей жүргізеді. Төлеуші кедендік баж сомасын уақтылы өтемеген жағдайда, кеден органдары көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алуға шаралар қолданады. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуын тоқтату Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуы: 1) шешімде белгіленген төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзімі өтіп кетуі бойынша; 2) кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде; 3) тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеусіз өткізу кезінде тоқтатылады. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету: 1) кепілге қою; 2) банк кепілдігі; 3) кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу; 4) сақтандыру шарты түрінде берілуі мүмкін. Тұлға кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің кез келген түрін таңдауға құқылы. Кеден органдарының кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайды. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы мынадай: -ішкі кеден транзиті рәсімі бойынша тасымалданатын; -алушының қоймасында, сондай-ақ көлік құралдарында уақытша сақтауға рұқсат берілген; -тауарларды қайта экспорттаудың кедендік режиміне орналастырылған; -тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкелінетін; - кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған; -тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес шет мемлекеттің кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік төлемдердің және салықтардың сомасынан кем болмауға тиіс. Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес айқындалады. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын зат: 1) азаматтық айналымнан алынған мүлікті; 2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды; 3) электр, жылу және өзге де энергия түрлерін; 4) тез бұзылатын тауарларды; 5) мүліктік құқықтарды; 6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті; 7) өткізу мүмкіндігі шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүліктік құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы мүмкін. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын заттың рыноктық құны, оны өткізу бойынша шығыстарды қоса алғанда, төленуі кепілге салынатын затпен қамтамасыз етілетін кедендік төлемдер және салықтар жөніндегі міндеттеменің мөлшерінен төмен болмауы қажет. Егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл кезінде кепілге салынатын зат кепіл берушіде қалады. Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ. Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Дәріс 6. Кедендік төлемдерді төлеу ерекшеліктері. Мазмұны: 1. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету. 2. Артық төленген кедендік төлемдер. 3. Кедендік баждарды және салықтарды қайтару. 1. Кеден органдары кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген банк кепілдігін қабылдайды. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде кеден органының депозиттік шотына (бұдан әрі - депозит) ақша енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе шетел валютасымен жүргізіледі. Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозитті енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. Депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдер және салықтар сомасы міндеттеменің орындалмағаны туралы хабардар етілгеннен кейін он бес күн өткен соң депозиттен мемлекеттік бюджетке аударылады. Кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды. Депозитті қайтару депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Депозитті нақты қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді. Депозитті қайтару туралы өтініш міндеттеме орындалғаннан кейін, бірақ міндеттеме орындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей кеден органына беріледі. Депозитті шотына депозит сомасы енгізілген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқық мирасқоры қайтарады. Депозит төлеушінің банк шотына қайтарылады, ол төлем төленген валютамен жүргізіледі. Төлеушіге депозитті қайтару көзделген тәртіппен кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлды төлеу бойынша берешек шегеріле отырып жүзеге асырылады. Депозитті қайтарған кезде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомасы индекстелмейді, банк қызметін көрсеткені үшін тарифтер аударылатын қаражат есебінен төленеді. Төлеушінің өтініші бойынша кеден органдары депозитті болашақ кедендік төлемдер мен салықтар есебіне не кеден органдарының алдындағы басқа міндеттеме бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету үшін есептей алады. Мүлік кепілі бойынша қайтару: 1) кепіл заты кепіл берушінің билігінде болған жағдайда - міндеттеме орындалған күннен бастап; 2) кепіл заты кеден органының билігінде болған жағдайда міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Банк кепілдігі бойынша қайтару міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Сақтандыру жөніндегі міндеттемелерді тоқтату міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке нақты төленген сомасы мен төленуге тиіс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасы болып танылады. 2.Артық төленген кедендік төлемдер және салықтар төлеушінің өтініші бойынша қайтарылуға жатады. Өтініш оларды төлеген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей, тауарларға кедендік ресімдеу жасаған немесе тауарларды сақтауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүруді, лицензия беруді, алдын ала шешім қабылдауды іске асырған кеден органына беріледі. Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішпен бір мезгілде: 1) соманың төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі; 2) кедендік декларация ресімделген жағдайда берілетін, кеден органы ресімдеген, сол бойынша кедендік төлемдер және салықтар есептелген және енгізілген кедендік декларацияның көшірмесі; 3) жүзеге асыру үшін кедендік төлемдер енгізіліп, тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүру, лицензия беру, алдын ала шешім қабылдау кезінде кеден органдары ресімдеген, кедендік төлемдерді төлеу кедендік декларацияны ресімдемей жүргізілген жағдайларда берілетін басқа да құжаттардың көшірмелері берілуі тиіс. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішті қарау мерзімі қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кеден органдары артық төленген кедендік төлемдер және салықтар фактісін мойындаған жағдайда кuрсетілген сомаларды қайтару мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді. Кеден органы кедендік төлемдерді және салықтарды өндіріп алғаннан кейін артық төлеу фактісін тапқан кезде, мұндай фактіні тапқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей салық төлеушіге артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы туралы хабарлауға міндетті. Белгіленген мерзім бұзылған кезде, қайтару мерзімі бұзылған әрбір күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселенген ресми ставкасы мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Артық төленген кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару төлеушінің артық төленген сома мөлшерінде басқа кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және олар бойынша өсімпұлы болмаған кезде жүзеге асырылады. Артық төленген кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару тәртібін тиісті мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 3. Кедендік баждарды және салықтарды қайтару: 1) кедендік декларацияны кері қайтарып алған; 2) неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін немесе тарифтік преференцияларды қалпына келтірген; 3) кедендік режимдердің талаптары Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шегінен шетел тауарларын әкету кезінде немесе оларды жою не мемлекет пайдасына олардан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қазақстандық тауарларды не оларды қайта өңдеу өнімдерін әкелу кезінде кедендік баждар және салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздейтін; 4) егер тауарларды қайта таңдалған кедендік режимге (тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне) орналастыру кезінде төленуге тиісті кедендік баждар және салықтар сомасы бастапқы кедендік режим кезінде төленген кедендік баждар және салықтар сомасынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік режимді еркін айналыс үшін тауарлар шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгерткен жағдайларда жүргізіледі. Белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешек пайда болады. Берешекті осы тарауда белгіленген тәртіппен кеден органдары төлеушілерден өндіріп алады. Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін: 1) берешек пен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама жіберу 2) қайтаруға жататын артық төленген сома есебінен немесе депозит есебінен берешекті өндіріп алу; 3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай: берешек сомасына өсімпұл есептеу; төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару тәсілдерін қолдану; 4) мынадай тәртіппен: төлеушінің банк шоттарындағы ақшасы есебінен; төлеушінің қолма-қол ақшасы есебінен; төлеушінің дебиторлары есебінен; төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Жеке кәсіпкер мен заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі. Берешек туындаған кезде төлеуші өсімпұл төлейді. Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде есептеледі. Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді. Өсімпұлды төлеу, өндіріп алу және қайтару кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге, өндіріп алуѓа және қайтаруға ќолданылатын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Дәріс 7. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің механизмі. Мазмұны: 1. Кеден төлемдерін алуды ұйымдастыру. 2. Кеден төлемдерінің қызметі 3. Кеден төлемдерін ұйымдастыру қызметінің тиімділігін арттыру 1. Сарапшылар кеден органдары кеден төлемдерін Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына тезірек кіру үшін лайықты мөлшерде бекітеді деп санайды. Ал ,негізінен кеден саясатының негізгі мақсаты - ұлттық экономиканы дамыту, ал БСҮ-на кіру -- мақсатқа жету үшін қолданылатын құрал. БСҰ шарттарында қарастырылған мемлекеттердің жеңілдіктер мен преференциялар жүйелерінің дамыған деңгейге жету мәселесі ҚР-да орындалады деп айтуға болады. Кеден ісі туралы Заңының 22 тарауында бекітілген негізгі кеден жеңілдіктерінің түрлері: * Кеден бажының бұрын төлегенін қайтару; * Кеден бажын төлеуден босату; * Кеден бажының мөлшерлемесін төмендету; 4) Тауардың преференциалдық өкелуіне (шығаруына)тарифтік квота тағайындау. Кеден бажының бұрын төлегенін қайтару. Бұрынғы төлеген салықты (салықтың бөлшегін) қайтару салық жеңілдіктерінің бір түріне жатады және қаржы құқығында салық несиесі деп аталады. Салық несиесі -- ол салық мөлшерлемесін әлде салық сомасын азайтуға бағытталған жеңілдіктер. Салық несиесі -- шартты түсінік. Несиенің өктем белгілері -- мерзімділігі, қайтарымдылығы және төлемділігі -- салық несиенің кейбір түрлерінде ғана орындалады. Мысалы, қаржы салымының салық несиесі. Салық несиенің көп түрлері қайтарылмайды және тегін болады. Экспортты ынталандыру мақсатымен бұрынғы төленген салықты қайтаруды жиі қолданады. Экспортты дамыту бағдарламасында көрсетілгендей, экспортты демеу -- маңызды бағдарлама, өсіресе жоғары өңдеуден өтетін тауарлар салықтық реттеу шараларымен тығыз байланыста болады. Салық жүйесін жетілдіру жөне ұлттық тауар өндірушілерді қолдау үшін бағдарламада қосымша құн салығын қайыру жүйесін жаңарту керек делінген. Төленген кеден бажын қайтару бөлек кеден режимінде көрсетілген. Мысалы өкелуге төленген кеден бажын қайтару реэкспорт режимінде қаралады. Кеден ісі туралы Заңда анықталынған шартты ұстанғанда реэкспортталған тауарды шығарғанда, әкелген кезде төленген баждар қайтаруға жатады: - Реэкспорттайтын тауарлар әкелген сәттегі күйінде қалса, тек тасымалдау, сақтау кезінде табиғи ескіруден; - Тауарды реэкспорттау әкелгеннен кейн екі жыл ішінде өтеді. Кеден төлем салығынан босату кеден баж салығынан босатылатындар: * Халықаралық жүкті, жалаушыларды, материалдық- техникалық жабдықтау құралдарын,отынды, азық- түлікті және аралық тоқтау орындарында, жол жүруде қажетті, немесе көлік құрамдарының авариясын жоюға байланысты, шетелде сатып алынған басқа мүлікті тасымалдауға арналған көлік құралдары; * Материалды-жабдықтау бұйымдары және тағы басқа Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген нормалар шегінде теңіз кәсіпшілігін жүргізетін Қазақстандық немесе Қазақстан кәсіпорындарымен,ұйымдармен жолға алынған кемелердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы кедендік аумағынан шығарылатын мүлік, және Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін сондай кемелер кәсіпшілігінің өнімі; * Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық валюта, құнды қағаздар; * Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін акциздіктен тыс немесе ізгілік көмек ретінде осы аумақтан шығарылатын тауарлар; * Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінетін акциздіктен тыс тауарлар, немесе осы аумақтан шығарылатын мемлекет саласынан, үкімет,халықаралық ұйымдардан қайырымдылық мақсатымен өтеусіз көмек ретінде осы аумақтан шығарылған тауарлар; * Қазақстан Республикасының шетелдік инвестициялар туралы заңына сәйкес кеден бажы салығынан босатылатын тауарлар; * Қазақстан РеспубликасыҮлттық Банкі өз мұқтажына әкелген тауарлар; * Кеден төлем салығынан босатылуды қарастыратын Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өткізілетін кеден режимінен шектеулі тауарлар; * Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бажсыз өткізу норма шегінде жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар; * Республикалық және жергілікті бюджет қаржы есебінен, сонымен бірге мемлекеттік сыртқы қарызына сатып алынған технологиялық құрал-жабдықтар; * Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін әкелінген шет мемлекеттерінің лотериялары; * Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ҚазақстанРеспубликасы Үкімет немесе Құзырлық орган жасасқан шарт, мұнай операциясын өткізуді отандық әлде шетел жер қойнауын пайдаланушы, қарастырылған шарт бойынша (сатуға болмайтын) жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтажына Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінген тауарлар. Қазақстан Республикасы келісім шартын бекітуі халықаралық келісімге сәйкес дипломатиялық және әкімшілдік техникалық персоналдың олармен бірге тұратын семья мүшелері жеке қолданатын шетел дипломатиялық және соларға теңделген уәкілеттілердің ресми пайдалануына әкелінетін тауарлар халықаралық келісімге сәйкес босатылады. Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда саясаттық қатынастарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Кедендік тарифтің мөлшерлемелері бойынша преференцияларды қолдану тәртібі бекітіледі. Преференциялар келесі түрде беріледі: * баж салынудан босату; * баж мөлшерлемелерін төмендету; - келесі тауарларға сәйкес преференциалдық әкелуге (әкетуге) квоталарды қолдану; - Қазақстан Республикасымен Кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерден шыққан тауарлар; - Қазақстан Республикасының Үкіметімен бес жылда бір реттен сирек емес қарастырылатын ұлттық перференциялар жүйесін қолданатын дамушы мемлекеттерден шыққан тауарлар. - Шекараға жақын саудада айналысқа түсетін тауарлар. Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметімен ғана беріледі. 2. Кеден төлемдерінің қызметі - кеден ведомствосының бақылауымен шекара арқылы өткізіліп, әкелінетін, басып өтетін және әкетілетін тауарлардан, мүліктерден, құндылықтардан алынатын мемлекеттік ақша жиылымы. Баж алынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелері кеден тарифінде жинақталған. Кеден алымдары - көлемі жағынан тауар бағасының 1-2%-дан аспайтын салық салу шараларының формасы. Оларға тауарды кеден қоймасынан алып шығу құқығы үшін алым; тауарларды ішке әкелуге және сыртқа шығаруға рұқсат берген кезде алынатын лицензиялық алымдар және т.б. жатады. Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге жататындығы бәрімізге мәлім. Шикізатты қазып шығаруға мамандану ең тәуелді қызметтердің бірі. Бұндай экспортқа арқа сүйеген мемлекет әлемдік нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық шығынға түседі. Әлемдік нарықта шикізат материалдарына сұраныс азаюда, бұл жағдай мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту, жаңа жасанды материалдарды жасап шығару. Бір мезгілде шикізат бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Бұндай айырбас шынайы ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал қорлануына кедергі болады. Сонымен, дамушы елдердің бұл экспорттық салаларға арқа сүйеуге мүмкіндігі жоқ, өнеркәсіпте өзгерістер жүргізе алмайды, ауыл шаруашылығын дамытып, өндіруші өнеркәсіп және инфрақұрылымның деңгейін көтеруге база жоқ. Қазақстан машина жасау, құрал-жабдық жасау басқа да өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін, ішкі нарық шеңберінде кеңейтілген ұдайы өндіріс потенциалын қалыптастыратын салалардан дамымағандығы жағдайы одан әрі шиеленістереді. Аймақтық сауда-экономикалық одақтарды құрудың негізінде шекаралас мемлекеттердің жүйеге келтірілген, үйлестірілген және бірлескен, яғни тиімділігі, өсетін экономикалық саясатты жүргізу мүмкіншілігін алуға талпынуы. Әлем мемлекеттердің көбісінің экономикалық интеграцияға талпынуы -- объективті және заңды процесс. Экономикалардың интеграциясы өзінің әр қатысушысына қосымша, жүйелі деп аталатын эффект алуға мүмкіншілік береді. Мұндай мүмкіншілік басқа, тек өзара саудамен ғана шектелген мемлекеттерде бола алмайды. Жоғарыда айтылып кеткендей, әкелінетін тауарлардың кейбір түрлеріне қатысты преференциалдық режим қолданылады. 2000 жылы 14 қарашада ҚР Үкіметінің "Әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждарының ставкалары туралы" Қаулысымен ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдер мен ең аз дамыған елдер тізімі бекітілген. Дамушы елдер тізбдесі 104 елді, ал ең аз дамыған елдер тіздбесі 47 елді қамтиді. Осы Қаулыда ҚР-ның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдерден шыққан тауарларға қатысты бекітілген кеден баждарынан 75 пайыз мөлшерінде кеден баждарының ставкалары қолданылатыны туралы көрсетілген. ҚР-ның аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын ең аз дамыған елдерден шыққан тауарларға қатысты кеден баждарының ставкалары қолданылмайды. Осының бөрін болдырмау үшін ұлттық экономиканың құралдарын дамыту керек. Олардың бірі болып кедендік қызмет табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметі қазір қиын жағдайларда болып отыр. Оларды белгілі қаржы қаражатпен қамсыздандырылған арнайы щараларды енгізудің көмегімен қана өзгертуге болады. Кеден қызметін жүзеге асырудың іс-тәжірибесі бойынша, стратегиялық мақсаттарды нақты белгілеусіз, айқындалған приоритет қисынын келтірусіз салмақты табыстарға жету мүмкін емес. Қазіргі кезде кеден қызметін Қазақстанның сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің нақты әрекет ететш құрамына жаңғырту үшін күштер салынуда. Бұл үшін жаңа басқару жүйесімен жетілдірілген кеден қызметін ұйымдастыру және қолданылатын дәстүрлі кеден процедураларын бақылау мен жетілдіру саласындағы жаңа стратегияларды әзірлеу қажет. Осы күш салудың негізгі мақсаты -- фискалдық саясатты жүргізу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы кеден органдарының алдында түрған міңдеттерді орындаудың едәуір тиімді, оңтайлы жолдарын іздестіру. Сыртқы экономикалық байлайыстардың дамуына тиімді көмектесудің қажеттілігі Қазақстан кеденінің алдына кеден ісін дамытуға деген жаңа көзқарасты әзірлеу мәселесін қойды. 2002-2004 жылдарына Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіру концепциясымен мамандалған дәлелдеу мен дер кезінде орындалатын шешімді қабылдауды қажет ететін кеден органдарының қызметінің негізгі бағыттарда міндеттер кешені анықталған. Бұл бағыттар бес тең маңызды приоритеттерге бөлінген. Приоритет 1. Бірыңғай автоматтандырылға ақпарат жүйесі мен Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру. Приоритет 2. Халықаралық кеден ынтымақтастығын дамыту. Приоритет 3. Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу механизмін жетілдіру. Приоритет 4. Кадрлар саясатын жетілдіру. Приоритет 5.Кеден органдарының фискалды - экономикалық қызметін жетілдіру. Қойылған мақсатқа жету үшін кеден қызметіне мыналар қажет: 1.Кедендік төлемдер алуды басқарудың сапасы мен деңгейін көтеруді қамтамасыз ету. Кедендік процедураларды ықшамдау, ақпарат көздері мен технологияларды кең көлемде қоддану арқылы арнайы кедендік және сыртқы сауда статистикасын жүргізу. 2.Халықаралық стандарттарға сәйкес кеден зандарының үйлестіру мен жүйелендіруін қамтамасыз ету, Кеден одағының, ТМД мүше елдерінің құрылуы мен дамуын көмек көрсету, халықаралық саудада болып жатқан дүние жүзілік процестерге шоғырлану. 3.Кеден жұмысындағы экономика жағын күшейту, Қызметті реттеу процесіндегі кеден жүйесінің ролін жоғарлату, валюталық бақылауды күшейту. Кедендік жүйенің дамуымен байланысты міндеттер: 1.Кеден саясатының қағидаларын орындау және қызметті экономикалық-әкімшілдік механизмін қолданудың нақты өдістерін айқындау алу; 2.Кеден ісінің құқықтық жүйесін сапалы жақсарту; З.Республикамыздың әртүрлі салаларға шетел инвестициялардың ағымы үшін қолайлы жағдайлар жасауға байланысты кедендік режимдердің барлығын тиімді енгізу бойынша шараларды даярлау. 4.Кеден жүйесіндегі институционалдық өзгерістерді енгізіп, оның жұмыс істеуінің ұйымдық негіздерін жетілдіру; 5.Кеден органдарының материалдық-техникалық негізін дамыту. Осындай жоспарды даярлағанда, менің ойымша, ең тиімді қаржыландыру көздеру ұсынылған. Бұл жерде Қазақстан экономикасының даму болашақтары, бюджеттің жағдайы еске алынған, қаржыландарудың негізгі қайнар көзі болып әлеуметтік даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудін бюджеттік емес қоры алынған. Бұл қор кеден төлемдерінің негізінде құрылады. Концепция бойынша, кеден қызметінен түскен қаржылардың 100%-імен берілуі ұсынылады. Мұндай қаржыландырудың бюджеттік қорлардың алдында бірнеше артықшылықтары бар: 1.бюджеттің шығыс бөлігіне деген қысым азаяды; 2.кеден қызметінің өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілік ұлғаяды, өйткені оның қаржылық қамтамасыздандыруы өз жұмысының тиімділігіне тәуелді болады, ал бұл жағдай бюджеттің кіріс жағының толтырылуын көтеруге мүмкіндік береді. СЭҚ байланыстарды экономикалық басқару үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық жағдайына сәйкес бөлу керек. Осы шарттар орындалғанда ғана СЭ Байланыстарды мемлекеттік реттеу жәңе оның экономикалық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешіліп отырады. [22.24б] 3. Қазіргі кезде кеден қызметін Қазақстанның сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің нақты әрекет ететш құрамына жаңғырту үшін күштер салынуда. Бұл үшін жаңа басқару жүйесімен жетілдірілген кеден қызметін ұйымдастыру және қолданылатын дәстүрлі кеден процедураларын бақылау мен жетілдіру саласындағы жаңа стратегияларды әзірлеу қажет. Осы күш салудың негізгі мақсаты -- фискалдық саясатты жүргізу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы кеден органдарының алдында түрған міңдеттерді орындаудың едәуір тиімді, оңтайлы жолдарын іздестіру. Сыртқы экономикалық байлайыстардың дамуына тиімді көмектесудің қажеттілігі Қазақстан кеденінің алдына кеден ісін дамытуға деген жаңа көзқарасты әзірлеу мәселесін қойды. Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу қызметін орындау арқылы кұрылады. Осы қызметтің мақсаты, тиімді құжаттық және нақты кедендік бақылау үшін, сонымен қатар валюталық , экспорттық, ветеринарлық -экологиялық бақылау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатына өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы толық, сенімді құжаттық акпараттық негізді қалыптастыру, мәліметтерді есепке алу мен тіркеу; сыртқы сауданың кедендік статистикасын және арнайы кеден статистикасын жүргізу; сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруда, осы режимнің сақталуы мен оның қызметін өз уақытысында аяқтауда СЭҚ қатысушыларына көмек көрсету. Кедендік ресімдеу СЭҚ-ке қатысушылардың барлық тауарлар мен көлік кұралдарын міндетті түрде декларациялау (кеден органдарына мәліметтерді мәлімдеу) туралы заңдылық талаптары орындалуына негізделеді. Мәлімдеу ауызша, жазбаша немесе электрондық түрде кедендік декларацияны, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауға қажетті өзге де құжаттар мен мәліметтерді ұсынуында көрінеді. Тауарлар мен көлік құралдарының әкелінуі, шығарылуы және транзиті кезіндегі декларанттар болатын әр түрлі жағдайларына байланысты мәлімдеу процесі, формасы, мазмұны, уақыт аралықтары және т.б. бойынша, соның ішінде декларанттың таңдалған кеден режимінің түріне байланысты қатты ерекшеленуі мүмкін. Сәйкесінше, кедендік ресімдеу процесі де әрбір нақты жағдайда ерекше болады, бірақ, жалпы жағдайда оның мәні өзгермейді. Оның басты мақсаты -- тауар туралы мәліметтерді, оның кеден шекарасы арқылы өтуі туралы, оны бақылау процедурасы немесе еркін айналысқа шығару туралы қабылданған шешімдерді құжаттық белгілеу. Қандай да бір тәуелсіз мелекетті алып қарасақ, өз елдеріндегі шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің тәртібі мен шарттарын құрайтын кеден ісіне ерекше көңіл бөледі. Себебі кеден жүйесі қызметінің маңыздылығы кеден төлемдері мен салықтар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің ең тұрақты көзі болатындығында. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сай, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу біздің елдің әр азаматының міндеті болып табылады. Сондай-ақ азаматтар біле тұра, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын кетіре отырып, бюджеттің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Бірақ, өкінішке орай, еліміздің кейбір азаматтарының аталған міндеттерді орындамау арқылы еліміздің экономикасының дамуына да кері әсерін тигізіп отыр. Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыратын қылмыстар бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Сонымен сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстанның ішкі нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдарының бірі кедендік шекарадан өтетін тауарлардан алымдар алу ережесін қалыптастыру тәртібі болып табылады. Ал, кеден төлемдері мен алымдарын төлеу тәртібін және механизмін бұзу еліміздің мемлекеттік ақшалық қорды құрау саласындағы еліміздің экономикасына елеулі шығын келтіреді. Дәріс 8. Кеден төлемдерін бұзғаны үшін жауапқа тарту. Мазмұны: 1. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару кезінде Қазақстан Республикасындағы жауапкершілік. 2. Кедендік қылмыс ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару белгілері. 3.Кедендік қылмыс түсінігі. 1. төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын салықтық қылмыстар қатары жатқызуды қолдайтын ғалымдардың пікірлерімен толығымен келісуге болмайды. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуді жалтару құрамын салықтық қылмыс ретінде қарастыру оның кедендік бақылау аясында орын алатын қылмыс құрамы ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығарады. Бұл пікірмен отандық И.Ш. Борчашвили, Т.К. Рахимжанова, И.И. Рогов сынды ғалымдар толығымен келіседі. Олар аталған қылмыс құрамының объектісі ретінде мемлекеттің кедендік саясатының бір бөлігін құрайтын кедендік-тарифтік реттеу аясындағы қоғамдық қатынастарды таниды. Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына əкеліп соқтыратын қылмыстар - бүгінгі күні өзекті мəселелердің бірі. Себебі, бұл қылмыстар еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады. Соның ішінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын келтіре отырып, еліміздің бюджетін қалыптастыруға кері əсерін тигізеді. Ал мемлекеттің бюджетінің толығуынан жалпы халқымыздың əлеуметтік жағдайын көтеру көп тəуелді. Сол себептен осы бағытта еліміздің бюджетін толықтыру мақсатында кеден органда- рымен көптеген жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Оны келесі кеден органдарының ұсынған статистикалық мəлімдемелерінен көруге болады. Мысалы, 2009 жылы кеден төлемдерін төлеуден бюджетке түскен ақшаның саны 96,2 млрд. теңгені құраса, ал 2010 жылы осы аталып отырған салық түрінен бюджетке түскен кіріс 124,6 млрд. теңгені құрап отыр. Бұдан біз кеден төлемдерінен түсетін ақшаның Қазақстан Республикасының бюджетінің айтарлықтай бөлігін құрайтынын көруімізге болады. Кеден төлемдерін жəне де басқа да алымдарды төлеуден жалтару қылмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабында қарастырылған. Мұнда ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. . 2. Кедендік қылмыс ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару келесі белгілермен анықталады: * бұл қылмыс құрамының пәні болып, тек кеден төлемдері мен алымдары танылады; * ол кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу барысындағы өткізу шарттары мен тәртібін бұзуға бағытталады; * сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуы барысында жасалады. Әрине, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару мемлекеттің қаржы саласындағы, оның ішіндегі мемлекеттік бюджетті қалыптастыру барысындағы құқықтық қатынастарға қол сұғатыныдығы белгілі. Аталған қылмыс құрамының жоғарыда аталып өткен белгілермен сипатталуы оны салықтық қылмыстардан ажыратып қарастыруға мұмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қылмыс құрамын кедендік қылмыс ретінде тану барысында, оның қол сұғатын объектісіне сүйенетіндігіміз белгілі. Біздің пікірімізше, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық объектісі ретінде кеден заңдарымен реттелетін кеден орғандарының қызметі, кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты қоғамдық қатынастар танылады. Ал, оның тікелей объектісі ретінде мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға байланысты қаржы мен кеден-тарифтік реттеу аясындағы қоғамдық қатынастар танылады. Аталған қылмыс құрамының топтық және тікелей объектілерінің жоғарыда аталғандай анықталуы оның кедендік реттеу аясындағы қылмыс екендіғін дәлелдейді. Жалпы бүгінгі күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 65-бабы, 2 тармағы, 5 тармақшасына сәйкес, контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару істері бойынша кеден органдары анықтау органы болып табылатындығын атап кеткен жөн. Ал, аталған Кодекстің 285-бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды тек қана кеден органдары жүргізеді. Аталған Кодекстің 285-бабының 9 тармағында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабының бірінші бөлігінде (<<Экономикалық контрабанда>>) және 250-баптың бірінші бөлігінде (<<Айналыстан алынған заттардың және айналысы шектелген заттардың контрабандасы>>) көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясының органдары немесе кеден органдары жүргізеді. Осыған орай, кедендік қылмыстарға: * экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабының 1 бөлігі); * кедендік төлемдер мен айналымдарды төлеуден жалтару (ҚР ҚК 214-бабының 1 бөлігі); * айналыстан алынған заттардың және айналысы шектелген заттардың контрабандасы (ҚР ҚК 250-ба-бының 1 бөлігі) жатады. Ал Т.А. Диканова мен В.Е. Осиповтың айтуынша, кеден саласындағы қылмыстарға тек қана экономика-лық қылмыстардың түсінігі тұрғысынан ғана емес сонымен бірге басқа жағынан да қарауымыз керек. Мәселен, қару-жарақ контрабандасына келетін болсақ, ол экономикамен емес, керісінше, саясатпен байланысты. Біз осы айтылған көзқарастарды қолдай отырып, кедендік қылмыстарға тек қана сыртқы экономикалық қызметтер саласында жасалатын қылмыстарды ғана жатқызып қоймай, сонымен бірге кеден саласында жасалатын басқа да қылмыстарды жатқызған дұрыс деп ойлаймыз. 3. Біздің көзқарасымызша бүгінгі күнгі өзекті меселелердің бірі кедендік қылмыстардың түсінігін берудің қажеттілігі. Қазіргі уақытта кедендік қылмыстардың түсінігі бойынша әртүрлі ғалымдардың пікірлері қалыптасқан, мәселен И.А. Жандарбеков және В.А. Некрасовтар өз еңбектерінде кедендік қылмыстарға Қазақстан Республикасы кеден органдарының айналысып жүрген жас ғалым Д. Досмырзаның пікірінше кедендік қылмыстарға анықтау жүргізу Қазақстан Республикасының кеден органдары құзіретіне жататын, Қазақстан Республикасының кедендік шекасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарның белгіленген тәртібіне, олардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеу тәртібіне, және кедендік төлемдер мен салықтарды алу мен белгілеудің тәртібіне қол сұғатын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) жатады. Кейбір заң әдебиеттерінде кеден саласында жасалатын қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыстық заңға енгізіліп, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бекітілуі келесі факторлармен байланыстырылады: * кеден ісі саласының дербес құқық саласы ретінде қалыптасуы; * аталған қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың кеңінен таралуы және олардың өсу тенденциясының байқалуы; * аталған қылмыс құрамдары келтіретін зардаптардың аса үлкен мөлшерде болатындығы; кеден ісі саласын, басқа да құқық салаларының жеткілікті дәрежеде қорғай алмауы, аталған саланы қылмыстық құқықтық қорғаудың тиімділігі Сонымен қорыта айта кетсек кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын келтіре отырып, бюджеттің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Ал, мемлекеттік бюджеттің толығуынан жалпы халқымыздың әлеуметтік жағдайының көтерілуі көп тәуелді. Сол себептен осы бағытта еліміздің бюджетін толықтыру мақсатында кеден органдарымен көптеген жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыратын қылмыстар бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Себебі бұл қылмыстар еліміздің экономикалық дұрыс дамуына теріс ықпалын келтіріп, мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады. Дәріс 9 Кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік бюджетке төлеудің тәртібі Мазмұны: 1. Кедендік төлеушілер 2.Кедендік төлеу ережелері. 3. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алудың және қайдтаруың тәртібі 1. Төлеушілер кедендік төлемдер мен салықтарды Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік бюджетке төлейді. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі кедендік төлем мен салықтың түріне сәйкес жыл сайын бекітетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктеменің сәйкес коды бойынша (бұдан әрі - бюджеттік жіктеме коды) жүргізіледі. Төлемдер мен салықтарды төлеуді төлеушілер Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы жүргізеді. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушілер кеден органы тіркелген орын бойынша орналасқан салық органының (бұдан әрі - бенефициар-салық органы) деректемелерін көрсетеді. Осы Ережеге сәйкес мынадай кедендік төлемдер мен салықтар төленеді: 1) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес есептелетін және төлеуге жататын кедендік төлемдер; 2) Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес алынатын акциздер, қосымша құн салығы; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен уақытша шаралар ретінде енгізілгендерді қоспағанда, демпингке қарсы, қорғаныштық және өтемдік баждар. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебінен кедендік төлемдер мен салықтарды аванспен енгізуге құқығы бар. Кедендік төлемдер мен салықтарды олардың түрлері бойынша аванспен енгізу бюджеттік жіктеме кодтары бойынша жүргізіледі. 2. төлемдер мен салықтарды, оның ішінде аванспен енгізілгендерін есептеуді төлеуші Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасына сәйкес жүргізеді. Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу, қосымша есептеу кезінде төлеушіге оның негізінде ол кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді жүргізетін Төлеу шоты (1-қосымша) беріледі. Қазынашылық кеден органы мен бенефициар-салық органына күн сайын ұсынатын Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректері жоғарыда көрсетілген органдар үшін төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік бюджетке төлегендігін растау болып табылады. Кеден органдары осы Ереженің 9-тармағына сәйкес Қазынашылықтың Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректерімен қоса төлеуге есептелген (есептелген, қосымша есептелген) кеден төлемінің немесе салықтың әрбір түрін салыстыру жолымен төлеушіден мемлекеттік бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсуінің уақытылығын және толықтығын бақылауды жүзеге асырады. Егер кеден органдары осы Ереженің 11-тармағына сәйкес жүргізілген салыстыру қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджетке енгізілген сомалар есептелген және төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасын жабатындығын, бірақ кедендік төлемдер мен салықтардың жекелеген түрлері бойынша есептелген және төлеуге жататын сомаларды жаппайтындығын анықтаса, төлеуші: жетпейтін сомаларды мемлекеттік бюджетке осы Ережеге сәйкес енгізуге; осы Ереженің 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен басқа кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі міндеттемелерінің шотына артық есептелген сомаларды есепке алуды жүргізу үшін бенифициар-салық органына одан әрі жүгіну мақсатында Кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы растау (бұдан әрі - Растау) (2-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы. Кедендік төлемдер мен салықтардың жетпейтін сомаларын төлеу фактісі, оның ішінде есепке алуды жүргізу кезіндегі, осы Ереженің 10-тармағына сәйкес куәландырылады. Төлеуші Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептерді бюджетпен салыстыру актісін (бұдан әрі - Салыстыру актісі) (3-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы. 3. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алуды немесе қайтаруды бенифициар-салық органы салықтық заңнамаға сәйкес жүргізеді. Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алуды немесе қайтаруды жүзеге асыруы үшін төлеуші Растау алу үшін кеден органына өтінішпен жүгінеді. Өтінішке мынадай құжаттардың: 1) ол бойынша есепке алуға немесе қайтаруға жататын сомаларды төлеу жүргізілген төлем құжатының; 2) ол бойынша кедендік төлемдер мен салықтар есептелген және төленген кеден органы ресімдейтін кедендік декларацияның (кедендік декларация ресімделген жағдайда ұсынылады); 3) оларды жүзеге асырғаны үшін кедендік төлемдер мен салықтар енгізілген өзге де әрекеттерді жасау кезінде кеден органдары ресімдейтін өзге де құжаттардың (кедендік төлемдер кедендік декларацияны ресімдеу жүргізілместен төлеу жүргізілген жағдайда ұсынылады) көшірмелері қоса беріледі. Кеден органдарының өтінішті қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы тиіс. Растауды ресімдеуді кеден органдары Салыстыру актісінің негізінде жүргізеді.Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алу, не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда, бенифициар-салық органы Растаудың деректемелерін көрсете отырып қорытындыны және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша артық төленген сомаларды есепке алуға немесе қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және Қазынашылыққа береді. Қазынашылық салық органдары ұсынған құжаттардың негізінде артық төленген сомаларды есепке алуды немесе қайтаруды жүргізгеннен кейін, бірінші дананы бенифициар-салық органына қайтарады, екінші дананы кеден органына береді. Дәріс 10 Кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгізудің және оларды қайтарудың тәртібі . Мазмұны: 1. Кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгізудің және оларды қайтарудың тәртібі . 2 Кеден органының депозитiне ақшаларды енгiзудiң тәртiбi 3. Кеден органының депозитiне енгізiлген ақшаларға қожалық ету 1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 138-бабына сәйкес кеден баждарын және (немесе) салықтарын қамтамасыз ету нысандарының бiрi Қазақстан Республикасы кеден органдарының депозитiне тиесiлi сомаларды енгiзу (бұдан әрi - депозит) болып табылады. Осы Тәртiпте мынадай түсiнiктер пайдаланылады: iшкi кеден органы - қызмет ету аймағында кедендiк ресiмдеудi жүргiзудің орны мен уақыты туралы Нұсқаулыққа сәйкес алушының (жөнелтушiнің) тауарына кедендiк ресiмдеу жүргiзiлуi тиiс Қазақстан Республикасының кеден органы; жөнелтушi кеден органы - қызмет ету аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды нақты әкелу жүргiзiлетiн өткiзу пунктi орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органы; жiберiлген кеден органы - қызмет ету аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды нақты әкету жүргiзiлетiн өткiзу пунктi орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органы; жеткiзiлетiн тауарлар - оларды iшкi кеден органына жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар, не оларды жiберiлген кеден органына жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету үшiн арналған тауарлар; транзиттiк тауарлар - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес тасымалданатын тауарлар. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден iсi туралы заңның 165-бабына сәйкес және жекелеген кеден режимдерiнің шеңберiнде жеткiзу кезiнде қолданылады. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу мынадай кеден режимдерiнде қолданылады: 1) Кеден iсi туралы заңның 35-бабына сәйкес тауарлардың транзитi; 2) Кеден iсi туралы заңның 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеу; 3) Кеден iсi туралы заңның 85-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу; 4) Кеден iсi туралы заңның 99-бабына сәйкес акцизделетiн тауарлардың керi экспорты; 5) тауарлардың экспорты. Сомаларды депозитке енгiзу Кеден iсi туралы заңның 96-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының шегiнен шығармау кезiнде төлеуге жататын салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде қолданылады. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде сомаларды енгiзу Кеден iсi туралы заңда және осы Тәртiпте қарастырылған тәртiппен жүзеге асырылады. 2. Тауарлар транзитi кеден режимiнен басқа, жеткiзiлетiн тауарларға және осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнде ресiмделген тауарларға қатысты кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының депозитiне жүргiзiледi. Транзиттiк тауарларға қатысты кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу, егер өзгелер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетiмен рұқсат етiлмеген болса, жөнелтушi кеден органының депозитiне жүргiзiледi. Егер кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшалар кеден органының кассасына Қазақстан Республикасының резидентi емес адамнан нақты ақшалай енгiзiлген жағдайда, берiлген ақшалар сомасы үш банктiк күннен кешiктiрiлмей осы кеден органының депозитiне аударылуға тиiстi. Бұл ретте ақшаларды депозитке аудару кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету үшiн ақша енгiзген адам есебiнен жүргiзiледi. Кеден органдарының валюталық шоты болмаған жағдайда кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке ақшаларды енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізiледi. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi сомалардың көлемi, төлеуге тиесiлi кедендiк баждардың және (немесе) салықтардың сомасынан кем болмауы тиiс: егер тауарлар, тауарларды еркiн айналысқа шығарған кезде тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы оларды тасымалдау үшiн әкелген жағдайда, не егер тауарлар, экспорт кезiнде шет мемлекеттің аумағы арқылы тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес оларды тасымалдау үшiн әкетiлген жағдайда; тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеу кедендiк режимiне сәйкес әкелiнген тауарлар үшiн; экспорттау кезiнде, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу кедендiк режимiне сәйкес әкетiлетiн тауарлар үшін; тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде, тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiмен орналастырылатын акцизделетiн тауарлар үшiн; тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде не экспорт кезiнде, жеткiзiлетiн тауарлар үшiн тауарларды әкету кезiнде. Жеткiзiлетiн акцизделетiн тауарлар қатысында депозитке ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының уақытша кеден декларациясын қабылдауына дейiн немесе қабылдау сәтiнде жүргiзiледi. Егер IТҚ-да (iшкi транзит құжаты) көрсетiлген қамтамасыз ету сомасы, аталған сомалар арасындағы айырма қамтамасыз ету сомалары есептелген шетел валютасы бағамының өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болған жағдайдан басқа да, iшкi кеден органының депозитiне нақты енгiзiлген сомадан асқан жағдайда, iшкi кеден органының депозитiне жетпейтiн сомаларды нақты енгiзуге дейiн тауарлар iшкi кеден органына бағыттауға жатпайды. Осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнің шегiнде тасымалданатын тауарларға қатысты депозитке ақша енгiзу кеден декларациясын қабылдауға дейiн немесе тапсырылған күнi жүргiзiледi. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке енгiзiлген ақша өзге төлемдер бойынша есепке алуға жатпайды. Әр түрлi кеден органдарында ресiмделетiн тауарлар бойынша төлемдi қамтамасыз ету жеке төлем қағаздарымен енгiзiледi. 3. Кеден органының депозитiне нақты ақша енгiзген төлеушi немесе тұлға, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге транзиттiк тауарларды нақты әкеткенге дейiн не жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды әкелуден бас тартқан жағдайдан басқа, осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кедендiк режимдерде ресiмделетiн тауарларға қожалық етуге құқысыз. Ішкi кеден органына жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша көрсетiлген кеден режимiне сәйкес кедендiк төлемдерге және (немесе) салықтарға айналдыруға жатады. Бұл ретте iшкi кеден органына төлеушiнің осы ақшаны кеден төлемдерінің және (немесе) салықтарының осы Тәртiпке 1-қосымшамен келiсiлген сәйкесiнше түрлерiне айналдыру туралы жазбаша өтiнiшi тапсырылады. Өтiнiш болмаған жағдайда, тауарлар таңдап алынған кеден режимiне сәйкес тек жүктiк кедендiк декларациясы (бұдан әрi - ЖКД) бойынша төлеуге жататын барлық кедендiк төлемдер мен салықтарды кеден органының депозитiне не Кеден iсi туралы заңның 136-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлескен айқындалған тәртiпте (бұдан әрi - Тәртiп) мемлекеттiк бюджетке енгiзiлгеннен кейiн ғана шығарылуы мүмкiн. Бұл ретте кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша сомаларын төлеушiге не оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамға қайтару тек ЖКД бойынша төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтарды iшкi кеден органының депозитiне не мемлекеттiк бюджетке Тәртiпке сәйкес енгiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi. Егер кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде iшкi кеден органының депозитiне енгiзiлген сома ЖКД бойынша есептелген сомадан кем болған жағдайда, кеден төлемдерiнiң және (немесе) салықтарының жетпейтiн сомалары iшкi кеден органының депозитiне не мемлекеттiк бюджетке Тәртiпке сәйкес ЖКД-сын қабылдағанға дейiн немесе қабылдауымен бiр уақытта төленедi. Кеден төлемдерінің және (немесе) салықтарының жетiспейтiн сомаларын төлемеген кезде жеткiзiлген тауарлар шығаруға жатпайды. Егер транзиттiк тауарлар қатысында кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сома, төлеуге жататын сомадан кем болған жағдайда, егер тауарлар еркiн айналыс үшiн шығарылған болса, онда транзиттiк тауарлар жiберiлген кеден органына жөнелтуге жатпайды. Егер кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке енгiзiлген сома ЖКД-сы бойынша есептелген сомадан артық болған жағдайда, iшкi кеден органы төлеушiнiң, нысаны осы Тәртiпке 2-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша, артық енгiзiлген ақшаны белгiленген тәртіппен төлеушiнің шотына немесе оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамның шотына қайтаруды жүргiзедi не болашақ қамтамасыз етудің немесе болашақ кеден төлемдерi мен салықтарының шотына есептеудi жүргiзедi. Жiберiлген кеден органына көрсетiлген мерзiмде транзиттiк тауарлар жеткiзiлген кезде, аталған тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сомаларды қайтару жөнелтушi кеден органымен осы соманы енгiзген адамның, нысаны осы Тәртiпке 3-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте транзиттiк тауарлар бойынша кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының кассасына нақты ақшалай Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды және жеке тұлғалармен енгiзiлген және оның депозитiне аударылған ақшалар сомасын қайтару, жөнелтушi кеден органымен Қазақстан Республикасының резидентi емес адамның, нысаны осы Тәртiпке 4-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағымен, одан тысқары жерде ашылуы мүмкiн шотына жүргiзiледi. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшiн ақшаларды аудару бойынша банктiк операцияларды жүргiзу ақшаны алушының есебiнен жүргiзiледi. Транзиттiк тауарларға қатысты кеден баждары мен төлемдерiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сомалар, өтiнiш болмаған жағдайда, он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады. Тауарларды iшкi кеден органына жеткiзбеген не тауарлардың транзитi, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу, экспорт кеден режимдерiнде тасымалданатын тауарларды Кеден iсi туралы заңда белгiленген мерзiмде жiберiлген кеден органына жеткiзбеген жағдайда, кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген сома он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк бюджеттің кiрiсiне аударылады. Керi экспорт кедендiк режимiнде орналастырылған акцизделетiн тауарлардың әкелiнген күнiнен екi ай iшiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге шығарылмауы жағдайында кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген сома он бес күнтiзбелiк күн ішінде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады. Бұл ретте декларантпен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, керi экспортталатын тауарларды шығарудың Кеден iсi туралы заңмен белгiленген мерзiмi аяқталған күнiне қолданылған қайта қаржыландырудың 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiндегi өсу ақысы төленуi тиiс. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылған ақшаны қайтару мынадай: жiберiлген кеден органының тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес ресiмделген тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан iс-жүзiнде әкетiлгендiгiн не транзиттiк тауарлардың аварияның немесе жеңуге келмейтiн күштер әрекетiнің салдарынан жойылуын немесе қайтарымсыз жоғалуын куәландыруы, сондай-ақ органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңсыз iс-әрекетiнің салдарынан олардың иелiктен шығарылуы фактiлерiн тиiстi құжаттармен куәландыруы; отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналысқа шығару үшiн не қайта өңдеу өнiмдерінің аварияның немесе жеңуге келмейтiн күштер әрекетiнің салдарынан жойылуын немесе қайтарымсыз жоғалуын Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiнің куәландыруы не Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шетелдiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан иелiктен шығарылуы фактiлерiн тиiстi құжаттармен куәландыруы; шетел тауарларының қайта өңдеу өнiмдерінің экспорты; акцизделетiн тауарлардың керi экспорты; әкелiнген тауарлардың iшкi кеден органына жеткiзiлуi не жiберiлетiн кеден органына әкету үшiн арналған тауарлардың жеткiзiлуi сәйкесiнше кеден органының депозитiне тиесілі соманы енгiзген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей жүргiзiледi. Бұл ретте ақшаларды қайтару кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз етудің сомасын депозитке енгiзген адамның, айыппұлдарды төлеген соң, сондай-ақ жеткiзiлетiн тауарларға, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу кеден режимдерiнде тасымалданатын тауарларға қатысты ЖКД-сы бойынша төлеуге жататын барлық кедендiк төлемдерiн және (немесе) салықтарын Тәртiпке сәйкес iшкi кеден органы депозитiне немесе мемлекеттiк бюджетке енгiзгеннен кейiн, жазбаша өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Егер тұлға кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақша енгiзiлген тауарлар қатысында, оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуден не тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлердi қайта өңдеуден немесе тауарлардың экспортынан бас тартқан жағдайда, iшкi кеден органы төлеушінің нысаны осы Тәртiпке 5-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша көрсетiлген ақшаларды төлеушінің не оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамның шотына, не болашақ кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеуді қамтамасыз ету шотына қайтаруды жүргізеді. Қамтамасыз ету сомаларын депозитте сақтау уақыты үшін пайыздар есептелмейді. Көрсетілген сомаларды индекстеу жүргізілмейді. Дәріс 11 Кеден төлемдерiн алу. Мазмұны: 1. Түрлері. 2. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдары. 3. Кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмдерi 1. Белгiленген басқа жағдайларда төмендегiдей кеден төлемдерi белгiленедi: 1. кеден баж салығы; 2. маусымдық кеден баж салығы; 3. арнаулы кеден баж салығы; 4. антидемпинг баж салығы; 5. орнын толтыру баж салығы; 6. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беруi үшiн төленетiн ақы; 7. кеден құжаттарын толтыру жөнiндегi маманға квалификациялық аттестат беру үшiн төленетiн ақы; 8. кеден құжаттарын толтыру үшiн кеден ақысы; 9. тауарларды сақтау үшiн кеден ақысы; 10. тауарларды кедендiк алып жүру үшiн төленетiн ақы; 11. хабарлау мен кеңес беру үшiн төлем ақы; 12. алдын ала шешiм қабылдау үшiн төлем ақы; 13. кеден аукциондарына қатысқаны үшiн төленетiн төлем ақы. 2. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар және көлiк үшiн кеден құжаттарын толтыру мақсатында кеден алымы алынады. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын алым кеден декларациясы қабылдағанға дейiн не ол төленген кезде төленедi. Ал оны кейiнге қалдыру не бөлiп төлеуге рұқсат етiлмейдi. Осы Нұсқаудың 9 тарауындағы 9.6-тармағы "в" және "и" тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден құжаттарын төлеу үшiн алынған кеден алымдарының артық төленген сомасы иесiне қайтарылмайды. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдары Қазақстан Республикасының валютасымен де курсын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi тауарлар мен көлiк құралдары құнының 0,2 % мөлшерiнде белгiлейтiн шетел валютасымен де алынады. Тауарлар мен көлiк құралдары құжаттарын осыған арналған орыннан тыс жерде және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде толтыру үшiн кеден құжаттарын толтыру үшiн кеден алымдары екi есе мөлшерде алынады. Бұл жағдайда тауарды қабылдаушы (жiберушi немесе тауарларды қабылдаушы) жiберушi болып табылатын оның құрылымдық бөлiмшесi орналасқан кеден органының қызмет ету аумағынан тыс жерде тауарлар мен көлiк құралдарына құжат дайындау де кеден құжаттарын толтыру үшiн белгiленбеген жерде тауарлар мен көлiк құралдарына құжат толтыру ретiнде қарастырылады. Тауарлар мен көлiк құралдарына кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдарынан есептеу кезiнде шыққан сомалар бүтiн санға дөңгелектенедi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 149-бабына сәйкес көлiк құралдары мен тауарларға кеден құжаттарын толтыру кеден алымдарын алудан босатылады. Жеке адамдардың кеден құжаттарын толтыру үшiн алым төлеу мөлшерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жеке адамдардың тауар өткiзу ережелерiмен белгiленген. 2. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден баж салықтарымен кеден алымдары кеден декларациясы қабылданғанға дейiн немесе ол қабылданған күнi төленедi. Егер кеден декларациясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығында бекiтiлген мерзiмде бермеген болса, онда кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмдерi кеден декларациясы берiлуiнiң белгiленген мерзiмi бiткен күннен бастап есептеледi. Айрықша жағдайларда, кеден органының шешiмi бойынша төлеушiге кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмiн ұзарту немесе оны бөлiп төлеу ұсынылуы мүмкiн. Кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмiн ұзарту не бөлiп төлеудi ұсынудың тәртiбiн "кеден баж салығын төлеу бойынша мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) ұсыну тәртiбi туралы" Нұсқаумен белгiленген. Тауарларды кеден қоймасына сақтау үшiн алынатын кеден алымдары осы тауарлар белгiленгенге дейiн немесе ол берiлген кезде төленедi. Тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдары кеден органы тауарларды кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру туралы кеден комитетiнiң бекiткен тәртiбiне сәйкес шешiм қабылдаған соң, бiрақ ол iс жүзiнде басталғанға дейiн төленедi. Дәріс 12 .Аванстық төлемдер Мазмұны: 1. Аванстық төлемдер 2. Артық төленген кеден баж салықтарын қайтару Кеден төлемдерiн төлейтiн адам өз қалауы бойынша кеден құжаттарын толтыратын кеден органының келiсiмi бойынша аталған кеден органының есепшотына болашақ кеден төлемдерi есебiне аванспен ақша қаражатын аудара алады ( Аванстық төлемдi жүзеге асыру). Аванстық төлем, кеден органымен келiсу бойынша, кеден органының есепшотына теңгемен де, шетел валютасымен де салынады. Бұл жағдайда төлеу құжатында "Төлеудiң мақсаты" болғанында мыналар көрсетiлуi тиiс: "Аванстық төлем _____________________(сомасы)". Аванстық төлемдердi кеден төлемдерiн төлеушi не төлемнiң нақты түрi бойынша, бұл туралы төлеу құжатының мақсат бағанында көрсетiлуi тиiс, не кеден төлемiнiң нақты түрi көрсетiлмей жалпы сомамен салына алады. Аванстық төлем салынған төлемнiң нақты түрi көрсетiлмей, ақша қаражаты салынған жағдайда, аванстық ақша қаражатын есептен шығару аванстық ақша қаражатын салған сыртқы экономикалық байланыстардың нақты қатысушысы аударған төлемдердiң барлық түрi бойынша, толтырылған кеден декларацияларына сәйкес, сондай-ақ төлеушiнiң кеден органы алдындағы қарыздарының барлық түрi бойынша жасалады. Төлеушiден жазбаша сұрау салу қағазы келген кезде, кеден органы оған кеден төлемдерiн төлеу ретiнде аванспен салынған ақша қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат бередi. Аванстық төлемдер жұмсалмай кеден органының есепшотында бiр жылдан артық тұрмайды. Көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеушi аванстық төлемдерге иелiк ету, немесе оларды қайтару туралы арызбен есепшотына аванстық төлемдер салынған кеден органына баруға мiндеттi. Бұлай болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетiлген мерзiм аяқталған соң, аванс ретiнде аударылған ақша қаражаттары белгiсiз қаражаттар ретiнде республикалық бюджет кiрiсiне аударуға жатады. Бұл тармақтың ережесi аванстық төлемдерге қолданылмайды: - егер олардың қалдығы бiр күнтiзбелiк жылда құрылса; - егер олар бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде кезеңмен шығындалып тұрса және толықтырылып отырса. Төлеушi үнемi жұмсап және толтырып отыратын аванстық кеден төлемдерiнiң сомалары олар толық жұмсалғанға дейiн, немесе төлеушi оларды қайтару туралы арыз бергенге дейiн кеден органының есепшотында болады. Төлеушiнiң аванстық төлемдi қайтару туралы жазбаша арызын кеден органдары осындай арыз берiлген сәттен бастап 30 күн iшiнде қарайды. Кеден органының есепшотында iс жүзiнде бар аванстық төлем сомалары ғана қайтаруға жатады. 2.Артық төленген кеден баж салықтарын қайтару Артық төленген кеден баж салықтары төлеушiнiң осы сомалардың төленген немесе алынған сәтiнен бастап бiр жылдан кешiктiрмей кеден органдарына берген арызы бойынша қайтарылады. Артық төленген кеден төлемдерi сомаларын қайтаруды есепшотына осы сомалар салынған кеден органы жүзеге асырады. Кеден органының есепшотында қайтаруды жүзеге асыруға қажеттi сомалар болмаған жағдайда, оның ұсынуы бойынша мұндай қайтару Кеден органының есепшотынан жүзеге асырылады. Кеден төлемдерiнiң сомалары қайтарылған кезде кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу ұсынылғаны үшiн алынатын проценттер, сондай-ақ мерзiмi өткiзiлгенi үшiн алынатын өсiм, егер Кеден комитетiнiң нормативтiк актiлерiнде басқалай көзделмесе, қайтарылмайды. Кеден төлемдерiнiң артық төленген сомаларын қайтару, егер төлеушiнiң арызында басқалай айтылмаса, олардың төленуi жүзеге асырылған есепшоттарға салынады. Қайтару төлем жасалған валютада жүзеге асырылады. Басқа валютамен қайтару тек Кеден комитетiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. Бұған қоса шетел валютасын Қазақстан Республикасы валютасына қайта есептеу және бұны керiсiнше жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кеден декларациясы қабылданған күндегi курсы бойынша жүзеге асырылады. Кеден төлемдерiн қайтару туралы шешiмдi кеден төлемдерi бөлiмi бастығының ұсынуы бойынша кеден комитетiнiң басшысы қабылдайды. Қайтару мынадай жағдайларда жасалады: а) тауардың кедендiк құнын нақтылауға байланысты кеден салығы сомаларын қайта есептеу; б) егер кеден режимiнiң шарттарында кеден баж салығының бұрын төленген сомасын қайтару көзделсе; в) егер тауарларға кеден баж салықтары екi рет салынса; г) егер экспорттық жеткiзу болмай қалса; д) кеден баж салықтарының ставкалары өзгергенде; е) кеден баж салықтарын төлеу бойынша жеңiлдiктер ұсынылғанда; ж) кеден баж салықтары төленген тауарлар кеден бақылауымен жоюға жататын болса, немесе оларды әкелу (шығаруға тыйым салынған болса; з) кеден баж салығы төленген әкелуге/ шығаруға арналған тауар жойылған болса; и) егер кеден бас салықтарын артық төлеу немесе өндiрiп алу төлеген немесе өндiрiп алынған валюта курсының өзгеруi нәтижесiнде орын алса; к) иесi кеден органы болып табылатын кеден қоймасының жойылуына байланысты тауарларды қайтарып беру кезiнде сақтау үшiн алынған кеден алымдары сомаларының бiр бөлiгi қайтарылғанда; л) Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген басқа жағдайларда. Кеден органына мiндеттi түрде мына құжаттар берiлген кезде, артық төленген кеден баж салығын және 9.6.-тармақтың "в" және "и" тармақшаларында көзделген кедендiк құжаттар толтыру үшiн алынатын Кеден алымдарын қайтару туралы шешiм қабылданады: - төлеушiнiң артық төлеудiң себебi көрсетiлген қайтару туралы өтiнiшi, ақша қаражаттары қайтарылуға тиiс оның банк реквизиттерi көрсетiлген жазбаша арызы; - кеден төлемдерi есептелген және алынған құжаттардың көшiрмелерi; - өкілеттенген банктiң пайдалану туралы белгiсi бар, кеден төлемдерiнiң тиiстi сомаларының төленуiн растайтын төлеу құжаты, - қайтып берудiң негiздiлiгiн растайтын басқа құжаттар. Артық төленген кеден төлемдерiн қайтару кеден төлемдерiнiң төленген сомалары кеден органының есепшоттарына iс жүзiнде келiп түскен жағдайда және артық сомалар қайтарылатын төлеушiнiң кеден органдары алдында кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарыздары, айыппұлдары және басқа төлемдерi болмаған кезде жүзеге асырылады. Артық төленген кеден төлемдерiнiң сомаларын қайтару төлеушiнiң кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарыздары, айыппұлдары және басқа төлемдерi болған кезде тек олар өтелген соң жүзеге асырылады. Дәріс 13 Кеден тарифтік жүйесі Мазмұны: 1. Кедендік тариф 2. Алымдар 1. Кеден тарифтік жүйесі элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз - сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. <<Кеден тарифтері және баж>> туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді. Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең - <<Кеден тарифтері және баж>> туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады.Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси, фиксальды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің <<Қазақстан Республикасы Кедендік іс туралы>>Қаулысы жатады. -- Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:1. Кедендік баж2. Кедендік алымдар3. Алымдар4. Алдын ала шешім үшін төлемақы. -- Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден кодексімен айқындалады. -- Қазақстан Республикасының кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және өтемдік баждарды ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт. -- Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады. -- Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін. Кедендік төлемдер ставкаларының мынадай түрлері бар: 1. Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін - адваларлық ; 2. Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін - ерекшелікті; 3. Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын - құрамдас болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң: 1. Кедендік баждар. Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі және оларресми жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді. 2. Кедендік алымдар. Кедендік алымдарға: Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады. 3. Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады. Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды. 4. Алдын ала шешім үшін төлемақы. Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады. Күрделі кеден тарифі - айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпипке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф қолданылады. Кедендік тариф - тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесі нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы - ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді. Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым. Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады. Тауарларды сақтай үшін кедендік алым. Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады. Кеден тарифтері - тауарлардың жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі. Тариф - түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері. Қорытынды. Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы - елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады. Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда. Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды. 1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады. Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды. 14.дәріс Кедендік төлемдермен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу ережесі. 1.Кедендік төлемдермен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу ережесі. 2. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдың есебі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 2. Жеке шотты ашу тәртібі. 1.Осы Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу ережесінде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) қайтарылған сомалар - өтініш бойынша салық органдары төлеушіге қайтарған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық органдарының (бұдан әрі - Қазынашылық) нысандарымен расталған мемлекеттік бюджетке артық төленген кедендік төлемдердің, салықтардың, өсімпұлдардың сомалары және кедендік төлемдер мен салықтардың аванстық сомалары; 2) лауазымды адам - кеден органының бірінші басшысы не оның орнындағы адам бекіткен бұйрыққа сәйкес жеке шоттарды жүргізу жауаптылығы жүктелген кеден органының лауазымды адамы; 3) берешек - кеден төлемдері мен салықтарын төлемеу немесе белгіленген мерзімде толық төлемеу; 4) салық қызметінің органдары - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган және салық органдары (аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағындағы салық комитеттері); 5) есептелген сомалар - Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес мемлекеттік бюджетке төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есептелген сомалары; 6) кейінге қалдыру - кеден баждары мен қосымша құн салығын төлеу мерзімін ұзарту; 7) өсімпұл - берешек сомасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептеліп қосылатын тұрақсыздық төлемі; 8) бөліп-бөліп төлеу - кеден баждарын төлеу мерзімін оның ішінде қажетті сома бөліктермен төленетін қосымша кезеңге ұзарту; 9) кеден органдары - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, республикалық мәні бар қалалар, астана бойынша аумақтық бөлімшелері, кедендік бақылау департаменттері, кедендер мен кеден бекеттері; 10) азайтылған сомалар - кедендік төлемдер мен салықтардың алдағы сомаларын төлеу есебінен кеден органдарына жатқызылатын кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың бюджетке бұрын есептелген және төленген сомалары; 11) төленген сомалар - кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке іс жүзінде енгізілген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың аванстық сомалары; 12) қаржылық жыл - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын жүйелі бюджеттік-есептік кезең. 2. Төлеушілердің жеке есептері кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп-бөліп төленген) сомаларын, сондай-ақ осы Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу ережесінде белгіленген нысан бойынша өсімпұлдардың сомаларын есептеу үшін кеден органдары жасайтын құжатты білдіреді. 3. Төлеушілердің жеке шоттары ұлттық валютамен жүргізіледі. 4. Кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп-бөліп төленген) сомаларын жеке шоттар бойынша есептеу әрбір төлеуші үшін жеке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бірыңғай бюджеттік жіктеменің тиісті коды (бұдан әрі - кірістердің бюджеттік жіктеу коды) бойынша жүргізіледі. 5. Кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктеу кодтары бойынша бюджетке түсетін кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі күн сайынғы деректерді кеден органдарына беруді Қазынашылық жүзеге асырады. 6. Жеке шоттарды жүргізу кезінде төлеуші үшін кедендік төлемдер мен салықтарды және өсімпұлдарды қолма-қол ақшасыз нысанда төлеу жөніндегі міндеттемені орындау күні болып банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктен немесе ұйымнан төлем тапсырмасы акцептінің түскен күні, ал қолма-қол ақша нысанында төлеушінің көрсетілген сомаларды банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген сәтінен бастап есептеледі. Төлеушінің кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалған күні міндеттеменің орындалғанкүніретінде: 1)кеден органдарының ғимараттарында орнатылған электронды терминалдар арқылы осы терминал берген чекпен расталатын төлем кәртішкелерін пайдалана отырып төлеушінің кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеген күні; 2) көрсетілген екінші деңгейдегі банктер кассаларының түбіртегімен расталатын төлеушінің тікелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеген күні қабылданатын жағдайларды қоспағанда Қазынашылықтың есептік мәліметтерін алғаннан кейін олардың жеке шоттарына енгізіледі. 7. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу кедендік декларация тіркелгенге дейін немесе тіркелген күні жүргізіледі. Егер кедендік декларация кеден заңнамасымен белгіленген мерзімде берілмесе, онда төлем мерзімдері кедендік декларацияны беру мерзімі аяқталған күннен бастап өтеді. Шартты түрде шығарылған тауарларды оған байланысты кедендік төлемдер және/немесе салықтар салудан босату құқығы берілген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, шартты түрде шығарылған тауарларды пайдаланатын тұлға тауарды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күн көрсетілген төлемдерді төлеу мерзімі болып саналады. Егер бұзған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі деп саналады. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдың есебі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 8. Кеден органдарында кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есебі кедендік автоматтандарылған ақпарат жүйесінде жүргізіледі. 9. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың жеке шоттардағы есептелген, азайтылған, төленген, қайтарылған және мерзімі өткен (бөліп есептелген) сомалары есебінің дұрыстығы және уақтылы жүргізілуі үшін жауап береді. Жеке шоттардың жүргізілуіне негізгі бақылауды Кедендік бақылау департаменттері мен кедендерінің кедендік кірістер бөлімдерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады. 10. Кеден органдарында кедендік төлемдер мен салықтардың есебі мынадай есеп құжаттамаларында: 1) жеке шоттарда (1-қосымша); 2) кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімдерінде (2-қосымша); 3) жиынтық мәліметтер кітаптарында (3-қосымша) жүргізіледі. 11. Жеке шоттардағы барлық жазбалар жүк кедендік декларациялардың, кедендік құнды түзету нысандарының, кедендік кіріс ордерлерінің, төлем құжаттарының (банктердің түбіртектері, электронды терминалдардың чектері, төлем тапсырмалары), электронды төлем құжаттары мен осы жазбалардың заңдылығын растайтын басқа да құжаттар қоса беріле отырып Қазынашылық нысандарының негізінде уақтылы, хронологиялық тәртіппен жүргізіледі. 12. Қазынашылық органдарының нысандары мен төлем құжаттарын алу кезінде Кедендік бақылау департаментінің не кеденнің лауазымды адамы: 1) төлем құжаттарындағы мәліметтердің Қазынашылық нысандарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін; 2) кедендік төлемдер мен салықтардың бюджет кірістері жіктемесінің тиісті кодтарына енгізілуінің және кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың төленген сомаларының бөлінуінің дұрыстығын тексеруге міндетті. 13. Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін жеке шоттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электронды тасығыштарға мұрағаттауға және сақтауға жатады. 3. Жеке шоттар ашудың тәртібі 14. Төлеуші үшін жеке шоттарды Кедендік бақылау департаменттері мен кедендер кедендік кірістер бөлімдерінің лауазымды адамдары ашады. Жеке тұлғалар резиденттерге және резидент еместерге арналған жеке шоттарды жекелеген кеден бекеттерінің лауазымды адамдарының ашуына рұқсат етіледі. 15. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің кеден органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме қызметін атқарады. Салық төлеушінің тіркеу номері жоқ резидент емес жеке тұлғалар үшін оның жеке басын куәландыратын құжат негіздеме қызметін атқарады. 16. Жеке шоттар әрбір жылға: 1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп кәртішкесін алғаш ресімдеген төлеушілерге - кеден органында есептік тіркеуден өткен мезеттен бастап; 2) есепте тұратын төлеушілерге - кедендік төлемдер, салықтар жөніндегі соңғы сальдоны өткен жылдың жеке шотынан ауыстыра отырып жаңа қаржылық жылдың басынан, не кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген (қосып есептелген) және төленген уақытынан бастап; 3) кеден органында есептік тіркеуден өтпеген төлеушілерге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме туындаған сәттен бастап ашылады. Жеке шотта көрсетілген төлеуші есептік тіркеуде тұратын кеден органының коды көрсетіледі. 17. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар жөніндегі түпкілікті сальдо өткен қаржылық жылдың жеке шотынан келесі жылы ашылатын жеке шотқа ауыстырылу күні көрсетіле отырып көшіріледі. 18. Ашу кезінде, заңды тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер: 1) толық атауы; 2) салық төлеушінің тіркеу нөмері; 3) төлемнің немесе салықтың кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесі бойынша коды; 4) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемесінің коды, экономикалық қызметтің жалпы жіктемесінің коды; 5) қосымша құнға салынатын салық бойынша жеке шот ашу кезінде қосымша құнға салынатын салық бойынша (ол болған жағдайда) есепке қойылғандығы туралы куәліктің сериясы және нөмірі көрсетіледі. Дәріс 15 Әкету кеден баждары мен өзге сомаларды қайтару, Кедендiк құнды айқындау. Мазмұны: 1. Әкету кеден баждары мен өзге сомаларды қайтару. 2. Кедендiк құнды айқындау. 1. Тауарларды керi импорттаған кезде, әкетiлген күннен бастап үш жылдың iшiнде кеден органы әкету кеден бажының төленген сомаларын қайтарады. Әкету кеден баждары мен өзге сомаларды, керi импорттауды атқарып жүрген, осындай баждармен сомаларды төлеген тұлғаға, солардың негiзiнде экспорт және әкету кеден баждары мен өзге де сомалар есептеудi жүргiзiлген жүк кеден декларациясының, олардың төлегенiн растайтын (төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi қойылған төлем тапсырмасының көшiрмесi мен қолма-қол ақшасыз төлегенде - жүргiзiлген операцияны растайтын төлеушiнiң жеке шотының үзiндi көшiрмесi; қолма-қол ақшамен төлегенде - кассирдiң мөрiмен (кассирдiң мөртабаны) қойылған бас бухгалтердiң немесе оның өкiлеттi адамының және кассирдiң қолы) құжаттардың көшiрмесiн, сондай-ақ әкету кеден бажы мен өзге сомаларды төлеушiнiң жазбаша өтiнiштi кеден органына төлеушi ұсыну шартымен қайтарылады. Егер аталған соманы, керi импортталған тауарлардың экспортына кедендiк ресiмдеу жүргiзбеген кеден органы қайтаратын болса, ол тиiстi органның шотына немесе бюджетке әкету кеден бажы мен өзге сомалардың нақты түскенi туралы сол кеден органынан дәлел алу үшiн сұрау салады. Тек әкету кеден бажы мен өзге сомалардың төленген сомасы ғана қайтарылуға жатады. Қайтарылатын сомалар индекстелiнбейдi, олардан пайыздар төленбейдi. Қайтару Қазақстан Республикасының валютасымен, әкету кеден бажы мен өзге сомалардың қай валютада төленгенiне қарамастан, жүргiзіледi. Егер төлем шетелдiк валютамен төленсе, онда шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасына қайта есептеу арқылы тауарлардың экспорт кеден режимiне мәлiмдеумен жүк кеден декларациясын қабылдаған күнi қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамымен жүргiзiледi. Төленген соманы қайтаруды тауарлардың керi импортының кеден режимiнде орналастырылған тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органы қамтамасыз етедi. Тауарлардың керi импорты кеден режимiнде тауарларды орналастырған кезде экспортталған тауарлар тобының бөлiгiн, төленген сомасын қайтару, осы бөлiктiң экспортталған тауарлар тобына сандық қатынасы бойынша жүргiзiледi. Төленген соманы, сондай-ақ олардың бөлiгiн қайтару туралы осындай қайтарымды атқарып жүрген кеден органының лауазымды тұлғасы, соған сәйкес тауарлардың экспорт кеден режимiнде орналастырылған тауарлардың жүк кеден декларациясының тұлға ұсынған бiр данасына, және қайтарылатын сома мен қайтару күнiн (санмен және жазбаша түрде) осы Нұсқаулықтың 10-тармағында көзделген растамада көрсету жолымен жүргiзіледi. Соманың қайтарылғаны туралы белгi қойылған растаманың көшiрмесi, осындай растаманы берген кеден органына жөнелтiледi. Аталған көшiрме кеден органында, соған сәйкес тауарлардың экспорт кеден режимiнде орналастырылған тауарлардың жүк кеден декларациясының данасымен бiрге сақталады. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауарлар, керi импорт кеден режимiнде орналастырылған тауарларға әкелу кеден баждары мен салықтары салынбайды. Тауарларды керi импорттаған кезде тауарларды тасымалдаған тұлға, төлеу түрiнде немесе тауарды әкеткен кезде берiлген өзге де жеңiлдiктердiң нәтижесiнде олардың алған сомасын қайтарады (төлейдi). Одан басқа осындай сомадан өзге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша пайыздар өндiрiп алынады. Бұл орайда, аталған сомалар мен пайыздар Қазақстан Республикасының кеден органына, кеден төлемдерi үшiн белгiленген тәртiппен төленедi. Осы тармақ бойынша қайтарылуға (төленуге) жататын сомалар, тауарларды тасымалдап жүрген тұлғаның берген құжаттары мен (немесе) аталған тұлға тiркелген жердегi салық органымен расталған тиiстi құжаттардың негiзiнде анықталады. 2. Кедендiк құнды айқындау кезiндегi декларанттың құқықтары мен мiндеттерi1. Декларанттың: 1) кедендiк құнды анықтау үшiн табыс еткен мәлiметтерiнiң дұрыстығына кеден органында күмән туындаған жағдайда, олардың дұрыстығын дәлелдеуге; 2) мәлiмделген кедендiк құнды нақтылау қажеттiгi туындаған жағдайда, тауарды кеден органы жүзеге асырған кедендiк бағалауға сәйкес кедендiк баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз еткен жағдайда, декларацияланған тауарды алуға құқығы бар. Кедендiк төлемдер мен салықтар салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын нақтылау қажет болған жағдайда, кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды ұсыну жөнiнде мiндеттеме болған кезде декларацияланған тауарды алуға; 3) тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын кеден органының қабылдай алмау себебiн түсiндiрудi кеден органынан жазбаша сұратуға; 4) тауардың кедендiк құнын айқындауға қатысты кеден органының шешiмiмен келiспеген кезде, бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар. Декларант: 1) кедендiк құнды мәлiмдеуге және оны айқындауға қатысты дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi беруге; 2) мәлiмделген кедендiк құнды растау қажет болған кезде, кеден органының талап етуi бойынша оған растау үшiн керек деректердi табыс етуге; 3) өзi мәлiмдеген кедендiк құнды нақтылауға не кеден органына қосымша ақпарат табыс етуге байланысты өзiнде туындаған барлық қосымша шығыстарды мойнына алуға мiндеттi. 3. Кеден органының кедендiк құнды айқындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi.Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органы: 1) декларант таңдаған кедендiк құнды айқындау әдiсiн пайдалануға болатындығы және декларант берген құжаттар мен мәлiметтер негiзiнде, сондай-ақ кедендiк құнды айқындау кезiнде пайдаланылатын өзiнде бар ақпараттың негiзiнде декларант мәлiмдеген тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға; 3) декларант мәлiмдеген кедендiк құнды айқындаудың дұрыстығын растайтын құжаттар мен мәлiметтер болмаған кезде не декларант табыс еткен мәлiметтер мен осы Кодекстiң 316-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құжаттар дұрыс емес немесе жеткiлiксiз болып табылатындығына негiздеме болған кезде, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылатын түзетулермен, өзiнде бар мәлiметтер (соның iшiнде, бiрдей немесе бiртектес тауарлар бойынша баға ақпараты) негiзiнде, осы Кодексте белгiленген тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың әдiстерiн бiрiнен кейiн бiрiн қолдана отырып, декларацияланатын тауардың құнын дербес айқындауға құқылы. Бұл ретте кеден органы қабылданған шешiм туралы екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде декларантқа жазбаша хабарлауға мiндеттi. 2. Кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша: 1) тауарлардың кедендiк құнын кеден органы айқындаған жағдайда, оны айқындау тәртiбi мен әдiсi туралы ақпаратты; 2) тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендiк құнын кеден органының қабылдай алмау себептерiн түсiндiрудi жазбаша нысанда беруге
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz