Файл қосу
Сапа деңгейлері
Курстың бағдарламасы 1 бөлім. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы 1 тақырып. <<Сапаны басқару>> курсының пәні мен міндеттері. Өнім сапасының негізгі түсініктері. Сапа нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың коммерциялық жетістігіне ықпалы ретінде: сапаны басқару терминологиясы мен методологиясы. Экономиканың қазіргі даму деңгейінде өнімнің сапасын оқып білудің әдістері мен пәні. Өнім сапасы мен тиімділігінің өзара байланысы. Сапа көрсеткіштері. Өнімнің сапасын қамтамасыз ету мен қалыптастырудың сатылары. 2 тақырып. Өнім сапасын мемлекеттік ретттеу. Өнім сапасын басқару процесін қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері. Сапаны басқару мәселелерімен байланысты нормативтік құжаттар мен заңнамалық актілер. Өнімді тұтынушылар мен қызмет көрсетушілердің құқығын қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар. Өнімді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау. 3 тақырып. Өнім сапасын бағалау әдістері. Квалиметрия- қызмет көрсету мен өнім сапасын өлшеу ғылымы. Өнім сапасының деңгейін бағалау: инструментальдық және эксперименттік әдістер. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау сатылары. Өзінің параметрлері негізінде өнім сапасының деңгейін есептеу. Сапаның классификациялық және бағалық көрсеткіштері. Аналогтық және базалық үлгілері. Өнім сапасын бағалаудың дифференциалдық, компекстік және араласқан әдістері. Өнім сапасының универсальдық өлшемі. Тауар сапасын және техникалық үрдістердің сапасын бағалау тәсілдері. 4 тақырып. Өнім сапасы мен техникалық үрдістерін бақылау. Өнім сапасын, оның түрлерін бақылау. Өнімнің ақаулары: көрінетін (анық), жасырын, жөнге келетін және жөндеуге болмайтын. Сапа бойынша өнімнің градациясы: жарамсыз және жарамды өнім. Өнімнің сорттылығы, оның анализі. Дайын өнімнің бақылау сынағы. Өнім сапасы анализінің статистикалық әдістері. Техникалық үрдістерді реттеу. Бақылау картасы. Өнім сапасын статистикалық тәсілдік бақылау. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. 5 тақырып. Өнім мен қызмет көрсетудің сертификациясы. Өнімді сертификаттаудың маңызы мен мәні. Сертификаттаудың формалары мен түрлері. Ерікті және міндетті сертификаттау. Өнімді сертификаттау жүйесі. Өнімді сертификаттау сұлбасы. Қызмет көрсетуді сертификаттау: қолдану саласы, негізгі жағдайы, қызмет көрсетуді сертификаттауға қатысушылар. Қызме көрсетуді сертификаттау сұлбасы. Қазақстан Республикасында сертификаттауды өткізу бойынша ережелер. Өнім сапасына (тауарлар, қызмет көрсетуге) жауапкершілік және сертификаттау талаптарын бұзу. 2 Бөлім. Өнімді стандарттау 6 тақырып. Стандарттау және оның әдістемелік негізіне жалпы сипаттама. Стандарттаудың мәні, оның нысаны. Стандарттаудың дамуының қысқаша тарихы. Стандарттаудың міндеттері мен мақсаты. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар. Стандарттар, оның түрлері. Техникалық жағдайы. Сапаны бақылау жүйесінде стандарттаудың ролі. Стандарттаудың әдістемелік негізі. Стандарттау нысандарын реттеу: систематизациялау, селекциялау, симплификациялау, типизациялау, оптимизациялау. Параметрлік стандарттау. Өнімді сәйкестендіру. Агрегаттау. Комплекстік стандарттау. Озық стандарттау. Стандарттаудың экономикалық тиімділігі. 7 тақырып. Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Стандарттау жүйесіне жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында стандарттаудың қызмет орындары мен органдары. Әртүрлі деңгейдегі стандарттардың жалпы сипаттамасы: мемлекетаралық, мемлекеттік, салалық стандарттары, ғылыми-техникалық және инженерлік орта стандарттары, кәсіпорын стандарттары. Әртүрлі түрдегі стандарттардың жалпы сипаттамасы: өнім мен қызмет корсетуге, үрдістерге, сынау әдістеріне негіз болатын. Стандарттарды құрудың тәртіптері. Стандарттарға мемлекеттік қадағалау. 8 тақырып. Стандарттаудың салааралық жүйесі. Өндірістің техникалық дайындықты стандарттау жүйесі. Технико-экономикалық ақпараттарды кодтау мен классификациялаудың бірыңғай жүйесі (ТЭА ККБЖ). Құжаттарды басқару бойынша стандарттау жүйесі. Халықаралық стандарттау. Стандарттау саласында халықаралық ынтымақтастықтың міндеттері. Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар. Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар. Сапа бойынша Еуропалық ұйымдар (СЕҰ). ШТҰ стандарттау кодексі. 3 бөлім. Метрологияның негіздері. 9 тақырып. Метрологияның түсінігі мен сипаттамасы. Өлшеудің ғылымы ретінде метрологияның мәні. Жалпы, қосымша және заңнамалық метрология. Техникалық өлшеудің негіздері: өлшеу нысандары, өлшеудің әр түрлігі мен өлшеу құралдары, өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары. Метрологияның негізгі жорамалы. Өлшеу нәтижелеріне әсер ететін факторлар. Бір ретті өлшеудің орындалу тәртібі. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету. 10 тақырып. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Базалық стандарттар. Метрологиялық қызмет орындары: шекаралық органдар және мемлекеттік метрологиялық орталықтар. Мемлекеттік метрологиялық бақылау, оның түрлері, ұйымдастыру ерекшелігі. Өлшеу құралдарын калибирлеу. Метрологияның заңнамалық ережелерін бұзғанға жауапкершілік. 4 бөлім. Өнім сапасын басқару механизмі. 11 тақырып. Өнім сапасын басқару жүйесі. Өнім сапасын басқару жүйесінің элементтері. Сапаны басқаруда жүйелік көзқарастың даму сатылары. Өнім сапасын басқару жүйесінің фиункциялары мен принциптері. <<Сапаның ілгегі>>, оның негізгі элементтері. Өндіріс пен сапа жүйесін сертификаттау. Әртүрлі деңгейде ( мемлекет, сала, мекемеде) сапаны басқаруды ұйымдастыру мәселелері. Мекемелерде сапа жүйесін жасау. 12 тақырып. Өнім бағасы мен сапаның өзара байланысы. Сапалы параметрлер және олардың өнімге бағаны құрастыру кезінде есеп беруі. Шаруашылық келісімдерді жасау кезіндегі коммерциялық жөндеуде өнімнің сапасын есептеу. Сапалы өнімге контрагенттермен ( сонымен қатар жеткізушімен) келісімдік қатынастың әсері. Өнім сапасын есептеу кезінде базалық бағаның дифференциациясы. 13 тақырып. Өнім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі. Әлемдік тәжірибелерде қолданылатын, сапаны басқару жүйесінің ерекшелігі. Халықаралық стандартттау. Халықаралық стандарттардың ИСО 9000 серияларының ерекшеліктері. Сапаны қамтамасыз ету бойынша ИСО 900 0 халықаралық стандарттардың ұсынымдары. МС ИСО-9000 енгізу тәртібі мен сапа жүйесін тексеру. Дәрістердің қысқаша курсы 1 тақырып. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы мен басқару нысандары Сапа туралы ұғым Экономикалық нарықтағы сапа мәселесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздікті, тұрмыс деңгейін жоғарлатудың маңызды факторы болып табылады. Сапа- стратегиялар құру, өндірісті ұйымдастыру, маркетинг және т.б. қызметтердің барлық жақтарының тиімділігін сипаттайтын, комплексті ұғым. Сапаның барлық жүйесінің маңызды бөлігі өнімнің сапасы болып табылады. Қазіргі әдебиеттер мен практикаларда сапа ұғымына әртүрлі түсініктер бар. Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар сапаны ( стандарт ИСО-8402) қасиеттер жиынтығы мен өнімнің немесе қызмет көрсетудің сипаттамасы ретінде анықтайды, себебі оларға шартты немесе болжалды қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігін береді. Бұл стандарт <<сапаны қамтамасыз ету>>, <<сапаны басқару>>, <<сапа бұралымы>> сияқты түсініктерді енгізді. Халықаралық деңгейдегі сапаның талаптары ИСО 9000 серияның стандарттарымен анықталған. ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттардың алғашқы редакциясы 80 жылдардың аяғында шықты және сапалы жаңа деңгейдегі халықаралық стандарттаудың шығуымен белгіленді. ИСО 9000 сериядағы стандарттар сапа жүйесін бағалау бойынша келісім шартқа жақындауда әлемде мойындалған, бірегейлікті құрды және өнімді тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы қатынасты біруақытта регламенттерді. Басқаша айтқанда, ИСО стандарттары- тұтынушыларға қатал бағаланады. Сапаны пирамида түрінде келістіруге болады. Жоғарыдағы пирамидалар орналасқан TQM - өнімнің қажетті сапасына жету үшін барлық жұмыстың жоғары сапасымен ұйғарылатын, сапаның жан-жақты, барлығын қамтитын менеджменті. Ең алдымен, бұл жұмыс өндірістің жоғары организациялы- техникалық деңгейді қамтамасыз етумен байланысқан, еңбек шарттарына тиісті. Жұмыстың сапасы басқарылатын шешімдерді, жоспарлау жүйесін қабылдауға негізделген. Ерекше мәнге ие болатын жұмыстың сапасы өнімді шығарумен тікелей байланысты. Мұнда жарамды өнімнің сапасы, тұтынушының пікірі бағаланады, наразылықтар аназилделеді. Кез-келген өнімді өндіру үшін жұмысты орындау, қызмет көрсету, операциялардың барлық қатарын жүзеге асыру, дайындық жұмыстар қажет. Әрине сапа әрбір сатыдағы жұмыстың сапасына байланысты. Өнім сапасын қалыптастыру оның жобалау сатысында басталады. Зерттеу фазасында техникалық және экономикалық принциптер жасалып, функционалды үлгілер құрылады. Содан кейін негізгі өндірістік құжаттар мен тәжірибелі үлгілер құрылады. Конструктивті- технологиялық жұмыс сатысында өндіріске бұйымдарды енгізуді дайындайды. Жұмыстың сапасы фирмалардың қызметін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл- жетекші мен басқарушы ( жоспарлау, анализ, бақылау) сапасы. Жоспарлау сапасынан ( стратегиялар құру, жоспарлар жүйесі және .т.б.) фирманың сапасы мен қойған мақсаттарының жетістігі байланысты болады. Сапа түсінігі тарихи-өндірістік жағдайлардың әсерінен қалыптасты. Бұл әрбір қоғамдық өндірісте өнімнің сапасына өзінің объективті талаптарының болуына негізделеді. Ірі өнеркәсіптік өндірістің алғашқы кезеңінде сапаны тексеру туралық пен мықтылықты ( өлшемнің дәлдігі, маталардың мықтылығы және т.б.) анықтаумен шамаланды. Бұйымдардың күрделігін жоғарлату бағаланатын қасиеттердің санын ұлғайтуға әкелді. Ауырлықтың орталығы бұйымның функционалдық қабілеттерін комплексті тексеруге өзгеріп кетті. Сапаның массалы өндіріс жағдайында жеке экземпляр позициясында емес, бұйымдардың массалы өндірісіндегі барлық өндірілетіндердің сапасының стандарты позициясында қарастырылатын болды. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен, нәтижесінде автоматтандырылған өндіріс болғаннан, күрделі кондырғыларды басқару мен басқа да жүйелер үшін автоматты құралдар пайда болды. <<Сенімділік>> түсінігі шықты. Соның нәтижесінде сапа түсінігі ұдайы дамыды және нақтыланды. Сапаны бақылау қажеттілігіне байланысты жинау, өңдеу және сапа туралы ақпаратты анализдеу әдістері құрылды. Нарықтық экономика жағдайында функционирленген фирмалар, тұтыну мен өндіріс процесінде сапаға қарауды ұйымдастыруға ұмтылды. Тірек кемшіліктерді ескертумен жасалды. Тұтынушы мен өндірістегі сапа- өзарабайланысты түсінік. Өндіруші өнімді қолданудың барлық кезеңінде сапа туралы қамқорлық көрсету керек. Сонымен қатар, ол қажетті сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету керек. Әсіресе, бұл бағдарламалы өнімді эксплуатациялаудың күрделігімен ажыратылатын өнімдер үшін маңызы. Сапа түсінігінің нақтылығына қайта келсек. Әдебиеттерде сапа түсінігі әртүрлі айтылады. Бірақта сапа түсінігіндегі негізгі айырмашылық оның командалы- административті және нарықтық экономика жағдайындағы түсініктердің арасында жатыр. Командалы-административті экономикада сапа өндіруші позициясымен айтылады. Нарықтық экономикада сапа тұтынушы позииясымен қарастырылады. Бұйымның сапасы тұтыну процесінде көріну мүмкін. Тұтынушы талаптарымен қатысты оның позициясымен өнімнің сапа түсінігі дәл нарықтық экономик жағдайында туды. Өнімнің сапасын анықтау идеясын голландық ғалымдар Дж. Ван Этингер мен Дж. Ситтиг ұсынды. Олармен арнайы ғылымның саласы квалиметрияны ойлап табылды. Квалиметрия- сапа көрсеткішінің квантификациясы мен өлшеу тәсілінің ғылымы. Квалиметрия тауардың сапалық сипаттарына сандық бағалауға мүмкіндік береді. Квалиметрия сапаның қарастырылатын өнім қасиетінің жоғары санымен байланыстылығынан шығады. Өнімнің сапасын сынау үшін, тек қана оның қасиеті туралы мәліметтер жеткіліксіз. Өнім қолданылатын жағдайларды да ескеру қажет. Дж. Ван Этингер мен Дж. Ситтиг ойынша, егер тұтынушы олардың маңыздылығы бойынша топтастыра алатын жағдайда болса, сапа сандық мәнде берілу мүмкін. Олардың ойынша, сапа- өлшенетін өлшем және қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өнім қандай да бір күнделікті шара арқылы білдіру мүмкін, әдетте ақша болып табылады. Сонымен қатар сапаны тұтынушы мен өндіруші позициясынан бөліп қарауға болмайды. Технико-эксплуатациондық, эксплуатациондық және басқа да параметрлерді қамтамасыз етпей, техникалық жағдайларға (ТУ) жазылған сапа өнімді сертификациялау жүзеге аспауы мүмкін. Сапаны бағалау үшін қажетті, әртүрлі физикалық қасиеттер тұтынылатын бағада концентрленген. Сапаны бағалау үшін маңызды қасиеттер болып: * Ғылыми- техникалық жетістіктің өнімінде материализацияны білдіретін, техникалық деңгей; * Эстетикалық сезім мен көзқарасқа байланысты комплексті қасиеттермен сипатталатын, эстетикалық деңгей; * Өнімді қолдануда техникалық жағымен байланысты, эксплуатационды деңгей; * Жобаланатынның гормоникалық үйлесімділігі және бұйымды эксплуатациялауда фактілік тұтынылатын қасиеті (функционалды дәлдігі, беріктігі, қызметтің мерзім ұзақтығы) жобаланатын, техникалық сапа. Қазіргі әлемдік өндірістің басым бөлігі тауарларды өндірумен көрініс табады. Сондықтан кез-келген дайындалатын бұйым тұтынылатын бағамен қатар, баға ретінде іске асып отыр. Сапа фирманың қызметтерінің барлық жағынан тиімділігін көрсететін, комплексті түсінік болып табылады. Сапаны арттырудың мәні. Сапаны басқару теориясы мен тәжірибесінде екі мәселе бөліп қарастырылған: өнімнің сапасы мен спаның менеджменті. Сапаны қамтамасыз ету көп шығынды талап етеді. Бертін уақытқа дейін сапаға шығындаудың негізгі бөлігі физикалық еңбекке тура келетін. Бірақ қазір интелектуалды еңбектің бөлігі жоғары. Сапаның мәселесі ғалымдар мен менеджменттердің қатысуынсыз шешілмейтін болды. Сапаға кәсіптік әсерінің барлық құраушылары үйлесімдікте болу керек. Сапа өтім нарығы үшін күресуде маңызды құрал болып табылады. Дәл сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Ол өнімнің техникалық деңгейінен және функционалды, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, экологиялық қасиеттері арқылы тұтынушыға пайдалы тауардан жинақталады. Сол арқылы бәсекегеқабілеттілік тұтынушының талабын қанағаттандыра алатын тауардың құндылық ерекшеліктері мен сапа жиынтығымен, сонымен қатар алатын және тұтынатын тиісті тауарға шығындармен анықталады. Аналогтық белгіленетін өнімнің арасынан жоғары бәсекеге қабілеттілікке тұтынушының суммалы шығынына байланысты өте жоғары пайдалы әсерін қамтамасыз ететіндер ие болады. Әлбетте, сапаны арттыру шығынмен байланысты. Алайда, олар алынған түсімнің арқасында орындарын толтырады. Нарықтағы озық жағдайдың жұмыстары жаңа тауарларды игеру мен өндірусіз мүмкін емес ( модифицирленген, жақсартылған). Сапаны жақсатрудың мәні әртүрлі. Микродеңгейде бұл мәселені шешу маңызды және экономика үшін де толықтай маңызды, себебі оның салалары мен ішкі салалар арасында жаңа және прогрессивті қатынастарды құруға мүмкіндік береді. Бұл қатынастарды қамтамасыз ету машина жасау өнімінің өндіріс технологиясы мен оның тиімділігін жоғарлатуды арттыру жолымен қамтамасыз етілу мүмкін. Машина жасау өнімінің сапасын жоғарлату басқа салалардағы өндірістік процесстерді автоматтандыру үшін қажет. Егер сапаға аса көңіл бөлмесе, кемшіліктерді түзеу амалдары айтарлықтай болады. Жоғары әсерге кемшіліктерді алдын алу бойынша ұзақмерзімді бағдарламаларды құру жолымен жететін болады. Осы уақытқа дейін сапаға арнайы бөлімшелер айналысу керек деп есептелді. Нарқтық экономикаға көшу жоғары сапаға жеткен әлемдегі жетекші фирмаларлың тәжірибелерін оқу қажеттілігін туғызды. Елдегі жетекші фирмалар нарықтық экономиканың дамуына байланысты сапаның жетістігіне барлық қызметтер бағытталуы керек деп есептейді. Сапаны жоғарлатуда басты ролді тұтынушының талабы, жарамсыздық, есептен жанылыс пен қателіктер, тұтынушының бағасы туралы ақпараттар алады. Бірқатар елдерде жүргізілген зерттеулер мекемелерде сапаға аз көңіл бөлетінін, 60% дейін уақыт ақауларды түзетуге кету мүмкіндігін көрсетті. Сапаны арттырудың мәні Жапония мысалдарында жақсы дәлелденеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапондық өнеркәсіптер өнімнің сапасы мен өндірісінің тиімділігін жоғарлату жолдарын белсенді іздеумен айналысты. Жапондық басқару топтар барлық әлем бойынша тәжірибелерді зерттеді. Олар АҚШ пен Еуропаның жетекші өнеркәсіптік фирмаларының басшысымен кездесті. Барлық рационадылық халықтық тірекке айналды. Жапон басқарушылардың назарын сапаны статистикалық басқару мен сапаны комплексті басқару түсініктері қызықтырды. Жапондық жұмысшылар мен қызметшілер жұмыс уақтында жаңа әдістерді үйренді. Әртүрлі елдердің тәжірибелерін үйрену арқылы жапондық басқарушылар өзінің жұмысшылары мен өнімнің сапасына жоғары талаптар қоятын табысты фирмаларға көңіл бөлді. Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде және орындалған өңдеуден <<жапондық сапа стандарттары>> пайда болды. Жапонияда жаңа түсінік << сапа мәнедиеті>> пайда болды. Сапа мәдениеті- сервисті қызмет көрсету сапасынан, есептік құжаттардан, өндірістік операцияларды орындау сапасынан және т.б. тұратын комплексті ұғым. Жапония мекемелердің жаңа методологиялық қызметінің негізін салушы болды және сапаны жаппай бақылауға көшті. Микродеңгейдің шегінен шығудың жаңа жүйесі және өнімнің өтім нарығын басқарудан, нарықтық конъюнктураның анализінен, сатудан кейінгі қызмет көрсетуден тұрады. Сол арқылы сапаны дәстүрлі басқару жоғалмай, артады. Сапаны толық бақылаудың мәні өнімнің сапасына тұтынушылардың сұраныстарының әсерін жоғарлатады. Сонымен қатар, толық сапа менеджменттердің жұмысты бағалау критерилерінің құрамына кіреді. Мекемелердің менеджерлері сапаны жоғарлатуға басқарудың қарапайым сәті сияқты емес, керісінше оған басым мән береді. Тұтынушыларды сенмділігі, эксплуатациялауда ыңғайлығы, ұзақтығы, өнімнің эстетикалық қасиеті қызықтырады. Енді сапаны басқару нысаны ретінде қарастыр. Басқару нысаны ретіндегі сапа. Сапаны басқару теориясына құруда негізін салушылар шетелдік және отандық ғалымдар болды. П.Л. Чебышев пен А.М. Ляпунов орыс ғалымдарының жұмысы сапаның таңдаулық бақылауының теориялық негізі болды. Қазіргі уақытта қолданылатын сапаны басқару жүйесінің негізін салушы отандық ғалымдар И.Г. Венецкий, А.М. Длин, американдық ғалымдар У.А. Шухарт, Э. Дэминг , А. Фейгенбаум болды. Қазіргі сапаны басқару сапаны басқару қызметінің өнім шығарылғаннан кейін тиімді болмайтыны, бұл қызмет өнім өндірісінің барысында жүзеге асу керек екендігінен шығады. Өндірістің процесін алдын алатын, сапаны қамтамасыз ету бойынша қызметтер маңызды. Сапа көптеген кездейсоқ, аймақтық және субъективті факторлардың әсерімен анықталады. Сапа деңгейін осы факторлардың әсерін ескерту үшін сапаны басқару жүйесі қажет. Сонымен қатар бөлектеніп жекеленген және эпизодтық күш қажет емес, керісінше тиісті сапа деңгейін қолдау мақсатымен өнімді құру процесіне күнделікті әсерін өлшеу жиынтығы қажет. Сапаны басқаруға түсініктер пайдаланылады: жүйе, орта, мақсат, бағдарлама және т.б. Басқаратын мен басқарылатын жүйені бөліп қарастырады. Басқарылатын жүйе ұйымдарды ( фирмамен және т.б. құрылымдармен) басқарудың әртүрлі деңгейімен көрсетіледі. Басқаратын жүйе сапа менеджментін қамтамасыз етеді және құрады. Қазіргі әдебиеттерде және тәжірибелерде сапа менеджментінің келесі тұжырымдамалары қолданылады: * Сапа жүйесі (Quality System); * Сапаны басқаруға негізделген менеджмент жүйесі (Quality Driven Management System); * Сапаны жалпы басқару (Total Quality Management); * Сапаны қамтамасыз ету (Quality Assurance); * Сапаны басқару (Quality Control); * Сапаны статистикалық бақылау (Statistical Quality Control); * Сапаны қамтамасыз ету жүйесі (Quality Assurance System); * Өнімнің кепілдемесі (Product Assurance); * Жалпы өндірістік менеджмент (Total Manufacturing Management); * Озық өндірістік тәжірибе (Good Manufacturing Practices); * Өндірістік шығарылуды басқару жүйесі (Environmental Management System); * << біз алаңдаулымыз>> жүйесі (We Care); * <<жауапты тұлғалардың алаңдаушылық>> жүйесі (Responsible Care); * Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы жалпы сапа менеджменті (Environmental TQM ); * Өндірісті жалпы қамтамасыз ету (Total Manufacturing Assurance); * Үрдістердің біріктірілген менеджменті (Integrated Process Management); * Сапаны жақсарту мақсатындағы менеджмент (Management for Quality Improvement); * Өнімділік пен сапаны толық ( толассыз, жаппай) басқару (Total Quality and Productivity Management); * Сапаның біріктірілген менеджменті (Integrated Management); * Үзіліссіз жақсартуды енгізу жүйесі (Continuos Improvement Implementation System); * Сапаның толық өзгеруі (Total Quality Transformation); * Сапа жүйесінің менеджменті (Quality System Management). Сапа менеджментінің басқа да тұжырымдары бар. Біз тек олардың аздаған бөлігін келтірдік, бірақ басқару нысаны ретінде сапаны түсіну үшін маңызды. Аталған тұжырымдар сапаның әртүрлі мәселесін шешу үшін TQM методогиясында қолданылатын, әртүрлі әдістердің маңызын білдіреді. TQM қазіргі фирмаларды басқаруда үлкен мәнге ие. Басқару жүйесі жоғары буынның басқаруымен басталады. Жоғары буынның басқаруы стратегияға негізделуі керек, яғни фирма өткенмен салыстырғанда көпке қабілетті. Фирмалардың ұйымдастырушылық құрылымында сапаны басқару бойынша үйлесімді жұмыспен айналысатын, арнайы бөлімдер қарастырылуы мүмкін. Бөлімдер арасынан сапаны басқарудың арнайы функцияларына бөлінген. Менеджменттің нысаны ретінде сапа үшін менеджменттің барлық құрылымдық бөлігі тән: жоспарлау, анализ, бақылау. Сапаның қазіргі менеджменті сапаны басқару бойынша кеңесшілердің бағдарламасымен, ірі шетелдік бірлестіктермен орындалған, зерттеудің нәтижесіне негізделеді. Бұл "Хьюллет-Паккард" және т.б. белгілі фирмалардың тәжірибесі. 80-шы жылдары саясатқа өсы және басқа фирмалардың қатары .Б. Кросби, У.Э. Деминга, А.В. Фейгенбаума, К. Исикавы, Дж.М. Джурана. Өндірулеріне әсерін көрсетті. Бастаушы фирмалардың негізгі қызметі жұмысты жақсартудың келесі бағыттары болды: * Жоғары буындағы басқарушының қызығушылығы; * Жұмыс сапасын жақсарту бойынша кеңес алу * Жұмысты жақсарту үрдісінде барлық басқарушы топты қатыстыру; * Ұжымдық қатысушылықты қамтамасыз ету; * Дара қатысушылықты қамтамасыз ету; * Арттыру жүйесі бойынша топтар құру (процестерді қадағалайтын топтар); * Толықтай жеткізушілерді қызықтыру; * Басқару жүйесінің функционирленген сапасын қамтамасыз ету; * Жұмысты жақсарту үшін қысқамерзімді жоспарларды және ұзақмерзімді стратегияларды құру, жүзеге асыру. * Еңбекті мойындау жүйесін құру. Әсіресе басқару жүйесінің функционирленген сапасын басқару ретінде бағыттарды айта кету керек. Сапаны басқару бойынша кеңесшілер сапаны басқарудағы жұмыстарға және сенімділікпен бағытталған күшке және мәселелерді анықтаудағы ресурстар мен қателіктерді түзетуге көңіл бөлді. Нәтижесінде ауытқушылық бойынша басқару жүйесі құрылды. Бұл жүйе қателіктерге әсері тиді және профилактикалық шаралардың ролін бағаламады, сонымен қатар өндіріс процестерімен байланыспаған бөлімшелердің ролі болды. Сапаны қамтамасыз ету фирманың өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін басқару жүйесіне байланысты деген қорытынды шықты. Қазір сапаны басқаруда сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің фирмаларда болуы маңызды мәнге ие болғандықтан, жоғары тұрақтылықтың кепілі және өнім сапасының төзімділігі болып табылады. Сапа жүйесіне сертификат нарықта бәсекелестік қабілетті сақтауға мүмкіндік береді. Сапа жүйесінде сертификаттың пайда болуы толықтай тоқталу мақсатымен, сапа менеджментіне жақындау эволюциясына негізделген. 2 тақырып. Сапа менеджментіне жақындау эволюциясы. Сапа менеджментінің құрылуы мен дамуы 60-шы жылдардың ортасына дейін өнімнің сапасын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлді. Негізгі ролді ақаулы өнімді брактау мен бақылауға аударды. Өндірістік тәжірибеде брактау мен бақылау ғылыми-техникалық процестердің жетістігінің әсерінен артатын және дамитын әртүрлі әдістермен жүзеге асты. Сапаны бақылау жүйесін ұйымдастыру өндірістік процестің құрылымына сәйкес болды және оның талаптарына жауап берді. Егер өндірістік процесс ( шикізатты сатып алудан дайын өнімді дайындауға дейін) мекемелердің бірінде жүзеге асып, оның тұтынушысына жіберер алдында сапаның қабылдау бақылауы жүзесе асса, өнімді дайындау технологиясы операциялардың көптеген бөлігінен тұруы және күрделігімен ерекшеленуі мүмкін. Бұл жағдайда қабылдау бақылауы операциялықпен сәйкес келеді. Сатып алатын шикізаттың кіру бақылауына айтарлықтай көңіл бөлді. Бақылау жүйесі келесі принциптермен құрылды: өндірістік процестен ақауды анықтау және ақаулы бұйымдарды алу мүмкіндігінше ертерек болу керек. Бұл кезекті ақаулы өнімді өңдеу көп шығынға әкелуіне және өнімнің өндірісінде шығындар ұлғаюына негізделді. Сапаны қамтамасыз етуге жақындау тек бақылау позициясынан көптеген квалифицирленген бақылауды (әрбір бөлшек пен бұйымның параметрлерін жүз пайыздық бақылау) талап етті. АҚШ-тың ірі өнеркәсіптік компанияларында бақылау саны өндірістік қызметкерлердің санымен өлшей бастады. Сапаны бақылауда баға жетпес көмекті математикалық статистиканың әдістері көрсетті. Математикалық статистикалардың әдістері таңдау әдістерінің көмегімен бұйымның сапасын бақылауға мүмкіндік берді. Сапаны бақылаудың статистикалық әдістері дамыған капиталистік елдердің өнеркәсіптерінде кең тарады. Олар бақылау операцияларындағы уақыт шығынын қысқартуға және бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Өндірістің жаңа шарттары сапаны қамтамасыз етудің адекватты және эффективті әдістерін іздестіруді талап етті. Сапаны бақылау әдістерін арттыру операцияларды зерттеуге, кибернетикаға, жүйелітехникаға және жалпы теориялық жүйеге әсер етті. Кибернетикалық жақындаудың негізгі әсері бақылаудың дәстүрлі тұжырымдамасының орнына келген, сапаны басқару тұжырымдамасына ықпал етті. Бұл тұжырымдамалар 60-шы жылдардың басында пайда болды және оның негізін қалаушылардың бірі американдық ғалым А.В. Фейгенбаум болды, бұйымдарды құру процесіндегі әрбір сатыларды (оның соңғы нәтижелерін ғана емес) қарастыруды ұсынды. Мұндай анализ ақаудың констатациясын шектемей, оның пайда болуының себептерін талдау мен анықтауға, сапа деңгейінің тұрақтылығы бойынша өлшемдерді құруға мүмкіндік берді. Сол арқылы сапаны басқару мүмкіндігі туды. Өнімнің өндірісі- бұл, сапаның тууы немесе құрылуы, яғни анықталған қасиеттердің соммасы немесе << функционалды жиынтық>>. Сондықтан бұйымды (сапа) құру процесі мен басқару процесі бар. Бұйымның сапасын анықтайтын, әртүрлі параметрлерді бақылау процесінде стандарттарда, номативті және техникалық жағдайларда қолданылатын тіркелгенмен, эталонмен салыстырылады. Берілген стандартқа сәйкес келмейтін сапа деңгейі туралы ақпаратты кері байланыс (КБ) тізбегі арқылы ауытқуларды жою бойынша шараларды тудыратын және анализ жүргізілетін арнайы бөлімдерге ( басқарылатын элемент) түседі, мысалы, құрылғылар мен технологияларды жетілдіру, станоктарды ауыстыру, қызметкерлерді үйрету және т.б. Бақылаудан өткен бұйымдар сапаның деңгейіне шешуші баға беретін, тұтынушыға түседі. Сапа туралы тұтынушының пікірі мен наразылығы дайындаушыға бағытталады. Соған байланысты басқарушы элемент корректирлейтін өлшемдерді өндіреді. Бұл жаңа тұжырымдамаларда сапаны қамтамасыз етудегі бақылау орны нақтыланды. Бақылау маңызды және қажетті операция болды, бірақ сапаны қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі бөлімдердің бірі ретінде қала берді.Бұл жүйенің негізгі мақсаты- қажетті сапа деңгейін қамтамасыз ету және оны қолдау, өнімді дайындаудың барлық кезеңінде жоғарлату. Бұл мақсатқа бұйымды құрудың барлық процесіндегі сапа критерийі бойынша оптимизациялау кезінде жетуге болады. Сапаны қамтамасыз ету процесі келесі ұлғайтылған сатылардан тұрады: * Тұтынушының иалабын анализеуде, аналогтық бұйымдар нарығында қолданылатын сапа деңгейін бағалау; * Ұзақмерзімді болжам; * Сапаны жоспарлау деңгейі; * Стандарттарды құру; * Технологпен құру мен құрау процесінде сапаны жобалау; * Сатылатын материалдар мен шығатын шикізаттардык сапасын бақылау; * Өндіріс процесіндегі операциялық бақылау; * Қабылдау бақылауы; * Эксплуатациялау жағдайындағы (сатудан кейінгі) бұйым сапасын бақылау; * Тұтынушының наразылығы мен пікірін анализдеу. Сосын барлық цикл басынан бастап қайталанады. Аталған сатылардың әрбірі көптеген процестерге операциялар мен орындаушының әрекеттеріне бөлінеді. Сапаны басқару процесінің көзқарасымен процестер мен әркететтердің нақты анықталған мақсаттары, бақылау критерийі << стандарттар), кері байланыс каналдары, анализдеу процедуралары мен әсер ету әдістерінен тұрады. Шынайы процестер мен сапаны басқару жүйесі бақылаудың байланысқан конутурларының күрделі жиынтығы болып саналады. Қазіргі уақытта сапа маңызды ролді (егер басымдылық етуші болмаса) атқарады. Отандық зерттеушілер мен шетелдік ғалымдар көрсеткендей, қазіргі нарық үшін бәскелестіктің <<бағасыз>> формасын жоғарлату роліндегі тұрақты тенденциялар тән, әсіресе сапа бәсекелестігі. Ұзақмерзімді қолданылатын бұйымдардың санын шығаруды ұлғайтумен барлық маңызды ролді бұйымның сатылу бағасы емес, << толық өмірлік циклдің бағасы>> алады. Толық өмірлік циклдің бағасы келесі категориялар бойынша шығынның соммасын көрсетеді: * Сериялы өндірістің алдында болатын, НИОКР барлық комплексінің бағасы; * Бұйымның қажетті мөлшерін дайындау шығыны; * Қызмет көрсетудегі тұтынушының шығыны, бұйымды функционирлеудің барлық кезеңінде жөңдеу мен эксплуатациялау. Нақты тауарды таңдаумен анықтайтын тұтынушының шығыны бұйымның сенімділігі мен сапасымен тығыз байланысты. Сапаны қамтамасыз ету ( негізгі мақсат) бірнеше мақсаттар қатарына бөлінеді: анализдеу, жобалау, сапаны бақылаудың әртүрлі түрлері, оны бағалау. Басқа мақсаттар ұсақтау мақсаттарға жіктеледі, сол арқылы мақсаттар ағашы суреттеледі, нәтижесінде сапаны басқару жүреді. Фейгенбауммен ұсынылған сапаны басқару жүйесі ішкіфирмаларды басқаруда айтарлықтай өзгерістер енгізді. Көбінесе ұйымдастыру құрылымдары өзгерді: сапаны << басқарудың>> орталық бөлімдері немесе сапаны <<қамтамасыз ету>> және ғылыми, жобалы-құрылымдық , өндірістік, қамтамасыз ететін және сататын бөлімшелерге сәйкес келетін ұяшықтар (сапаны басқару жүйесінің комплексті элементтері) пайда болды. Сапаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың деңгейі көтерілді. Сапаны басқару жүйесін сапа бойынша жоғары дәрежелі-вице-президенттің өзі басқаратын болды. Сол арқылы, А. Фейгенбаум өнімнің сапасын басқарудың жан-жақты жүйесінің негізін қалады. Бұл жүйе Жапониядағы Канбан жүйесі шеңберінде толық көлемде тәжірибе жүзінде жүзеге асты. Сапаны жан-жақты басқару жүйесі (СЖБЖ) У.Э.Деминг циклі деп аталады. Деминг циклі төрт сатылардан тұрады: жоспарлау, өндіру, бақылау, өнімді жинақтау. СЖБЖ нысаны барлық өмірлік циклдің бұйымдары болып табылады. Бұ өмірлік циклдің барлық сатыларындағы жүйелік жақындауды білдіреді: нарықтың талаптарын оқып білу, тұтынушыға дайын өнімді жеткізу және оның эксплуатациялау процесінде техникалық қызмет көрсетуі. Әртүрлі елдегі ғалымдармен орындалған зерттеулер мен өңдеулер ақырғы өнімнің сапасы анықталатыны және НИОКР сапасына, техникалар мен технологтарға байланысты екенін дәлелдеді. Ешқандай ұйымдастыру өлшемдерінсіз қажетті сапа көрсеткішіне жету мүмкін емес, егер конструкторлы өндіру деңгейіне, техникалар мен технологтарға сәйкес келмесе жету мүмкін емес. Техникалар мен технологтардың мүмкіндіктері сапаны қамтамасыз ету мәселесінің технологиялық аспектісін анықтайды. Сапаны басқару тұжырымдамасы мен оны жүзеге асыру тәжірибесі сапаны қамтамасыз етудегі тікелей орындаушылардың ролін жаңаша бағалауға мүмкіндік берді. Ең алдымен, сапаның жауапкершілігін анықтауға көзқарастар өзгерді. Көптеген жүргізілген зерттеулер орындаушылар мен басшылардың ақауға жауапкершіліктің сандық қатынасын анықтады. Сапа жүйесінде ИСО 9000 сериалы халықаралық стандарттың пайда болуы қазіргі сапа менеджментінің практикасы мен теориясының арықарай дамуына мүмкіндік берді. Сапа менеджментіне жүйелі құрылуына мүмкіндік берді. Айтарлықтай көңіл өнімнің сапасына ғана емес, берілген қызметтің сапасына да бөлді. Он жыл бұрын нарықтық экономикадағы көптеген елдерде қызмет көрсету саласы қарқынды дамуымен сипатталды. Бұл жағдайда қызмет көресту өнімнің өндірісіне қарсы келмейді. Мысал. Клиент машина сатып алады. Бір жағынан оған тауар сатып жатыр, ал екінші жағынан- қызмет көрсетеді (ақпаратты, сатудан кейінгі қызмет көрсету және т.б.). Қызмет пен тауар өзарабайланысты, алайда олардың арасындағы қатынастар ажыратылуы мүмкін. Тауардан қызметке жылжу сипатын сұлба түрінде көрсетуге болады. Қызмет элементтері Тауар элементтері 1 сурет. Тауар мен қызметтің өзарабайланысы. Қызмет көрсету ерекшелік қатарынан тұрады. Қызметтер ешқашан заттай болмайды. Бұл жағдайда қызметтің сапасын мойындау мүмкін емес. Мысал. Жоғары оқу орынның оқытушысы студенттерге қосымша кеңес береді. Бұл қызметтің сапасына тек студент қана түсіндіруге қанағаттанамын деп баға бере алады. Қызметтің сапасы әртүрлі өлшемдері болады. Бұны қонақжайлық индустриясы деп аталатын мысалмен түсіндіруге болады. Бұл салада сапа- бұл, әрқайсысы не қалайды. Қызмет көрсету ұйымдары оны кепілдеу керек. АҚШ-та, біздің елімізде жорамалданатын тауарлар немесе қызметтер ең жоғары сапаға ие деп айтылмайтын жарнамалар жоқ. Қызмет көрсету мекемелері тауарлар мен қызмет сапасының сұрақтарына ешқашан алаңдап көрмепті. Бұл сапа қызмет көрсету мекемелердің тіршілік қабілеттілігіне өте жоғары әсерін көрсетуге негізделген. Қонақжай индустриясының көптеген қазіргі мекемелерінің тарихы дәл сапа осы салада жетекші жағдайға жетуге мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Сапаның кепілдемесі- сапаны қамтамасыз ету жүйесін қолдау мен бекіту, оның қазіргі шарттарға сәйкес екендігін дәлелдеу, сапа менеджменті эволюциясының негізгі қорытындысы болып табылады. Жалпы менеджмент пен сапа менеджментінің өзарабайланысы. Тейлор жүйесі сапаның жоғары және төменгі шегінің түсінігін берді, шаблондар мен калибрлер сияқты өлшегіш құралдарды енгізді, сонымен қатар сапа бойынша инспектордың тәуелсіз қызметінің қажетілігін, << ақаулар>> үшін айыппұлдың түрлі жүйесін және т.б., өнімнің сапасына әсер етудің формасы мен әдістерінің негізін қалады. Алдағы ұзақ мерзімді уақытта ( 20-шы жылдан 80-шы жылға дейін) жалпы менеджмент пен сапа менеджментінің даму жолы 2 суретте көрсетілгендей, бөлініп кетті. Сапаның негізгі мәселесі инженерлік- техникалық мәселелерді бақылау және өнімнің вариабелдігі мен өндірістің процестерін басқару тән мамандар арқылы қабылданды және жүзеге асты, ал менеджменттің сапасы- жалпы, ұйымдастырушылық және әлеуметтік- психологиялық жоспардағы мәселе сияқты. И Деминг пен Джуран өндіріске статистикалық жақындауды белсенді насихаттады, алайда дәл олар сапаны қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық сұрағына бірінші болып көңіл бөліп, сапа мәселесін шешуде жоғары басқару роліне екпін жасады. Демингтің атақты 14 принциптерінде менеджменттің ұйымдастыру мәселесінен сапаны қамтамасыз етудің инженерлік әдістерін бөлу қиын. <<Менеджмент>> сөзі сөздіктерде әлі кездеспеді, бірақ бұл мамандардың жазуларында кездесті. Менеджменттің << салалары>> : * Қаржылы * Қызметтік * Жобалауда * Инновационды * Маркетигте * Өндірісте Матрицалы ұйымдасқан құрылым. Жүйелі, ситуациалы және өзінің жақындау мәнері Менеджменттің классикалық мектебі. <<Адамзаттық қатынастың>> доктринасы 4 саты (1980- қаз. уақ. дейін) Жалпы менеджмент Сапа менеджменті 3 саты (1950-1980) 2 саты (1920-1950) 1 саты (1900-1920) Тейлор жүйесі SQC Сенімділік теориясы Тәжірибелерді жоспарлау Ресейде: БИП, КАНАРАСПИ, НОРМ, СБТ, КС УКП және т.б. TQC, CWQC, Сапа менеджменті (QC- circles) Сапаның жеті құралдары ZD ( ақаулар нөлі) Сапаның инженерингі ( Тагути, QFD, << Сапа үйі>> және т.б. әдістер) ИСО 9000 негізінде NQM, UQM, QM Демингтің 14 қағидасы 2 сурет. << Жалпы менеджмент>> пен сапа менеджментінің өзарабайланысы. Ескертулер. Ағылшын тілінде қысқартылып алынған: MBQ - Management by Quality - Сапа негізіндегі менеджмент; МВО - Management by Objectives - Мақсат бойынша басқару; ТОМ - Total Quality Management - Сапаның жалпы менеджменті; UOM - Universal Quality Management - Сапаның универсалды менеджменті; QМ - Quality Management - Сапа менеджменті; TQC - Total Quality Control - Сапаны жалпы бақылау; CWQC - Company Wide Quality Control - Барлық компанияның масштабындағы сапаны бақылау; QС - Quality Circles - Сапаны бақылау шеңбері; ZD - Zero Defect - <<Ақаулар нөлі>> жүйесі; QFD - Quality Function Deployment - Сапа функциясын күшейту; SQC - Statistical Quality Control - Сапаның статистикалық бақылауы. Сапаның мәселесін шешу адекватты ұйымдастырылған құрылымды құруды талап етті. Бұл құрылымға барлық бөлімдер, компанияның әрбір жұмысшылары, сонымен қатар сапа ілмегінің немес өнімнің тіршілік цикліндегі барлық сатылар кіру керек. Осы түсініктен кейін ТОМ және UQM тұжырымдары пайда болады. Сол кездерде сапа менеджменті туралы түсініктер өзіне барлық өндірістік жүйенің жаңа элементтерін қосты, оларды жинақтап, интегрирледі, жалпы менеджмент керісінше салалар қатарында, жеткілікті тәуелсіз пәндерде (финанстар, персонал, инновация, маркетинг жәнет.б.) ыдырады, ал теориялық жоспарда мақсат (МВО) бойынша басқару ретінде көрсетіледі. Бұл тұрымдаманың негізгі идеясы мақсаттарды (<<мақсат ағашын>> құру) құрастыру мен күшейтуге, сосын ұйымдастыру жүйесін жобалауға және бұл мақсатардың жетістігін уәждемелеуге негізделеді. Сапа менеджментін- төртінші ұрпақтың менеджменті деп белгілеуге болады, ол қазіргі уақытта фирмалардың жетекші менеджменті болып табылады. МВО және MBQ (Тейлор жүйесіндегі алғашқы сатыда болған сияқты) тұтастыру процесі біруақытта, жаңа, сапалы басқа деңгейде жүреді. Қазір фирмалардың біреуі де сапа менеджменті мен экология саласында дамымаған, бизнестің жетістігіне және қандай да бір қоғамдық мойындауға сене алмайды. Сертификация принциптерінің дамуы Тұтынушы дайындаушымен салыстырғандағы әлсіз жақ болып табылатыны мойындалған: егер соңғысы өзінің не өндіргенін білетін болса, ал біріншісі ауардың тек сыртық түрін ғана көреді. Тұтынушыны қорғау үшін, ақпаратқа оның құқығын жария ету және дайындаушыға оны пайдалануға міндеттеу қажет. Алғашқы дәуірде тауардың сапасы туралы ақпаратты тұтынушыдан алу құқығы өнімнің негізгі сипаты мен оларды бақылау әдістері құрылған, спецификацияның (техникалық жағдайдың) негізінде жүзеге асты. Егер өнімнің бақылауы (сынауы) спецификацияның талаптарының орындалуын мойындаса ғана өнім шығарылады деп жорамалданды. Өнімнің сериялы (массалы) дайынауы кезінде берілген мақсат үшін таңдау бақылаудының статистикалық әдістері қолданыла бастады, мағынасы қарапайым: егер партиядан қандай да бір (сынаманы) дұрыс алсаң, онда барлық партияның сапасы туралы сенімді қорытынды жасауға болады. ИСО 9000 стандарттары мен сапа жүйесін сертификаттау. ИСО 9000 стандарттардың ролі суретте көрсетілген. Бұл МС екі бағыттың қиылысуы болып табылады: сапа менеджментінің дамуы және ақпаратқа тұтынушының құқығын қорғау. Дұрысында стандарттар және бұл принциптер боайынша құрылды. МС 9001-9003- бұл сертификаттау мақсатына арналған үлгілер, ал МС 9004-1, 2, 3, 4 - бұл сапа жұйесінің элементтері мен жүйені құру бойынша басқару. Сапа жүйесін дамытудың негізгі сатылары Сапа жүйесін дамытудың негізгі сатыларын графикалық кескіндеу үшін ресейлік өндірісте жақсы белгілі - <<Сапа белгісі>> ретінде фигуралар қолданылады. Бұл фигуралардың контуры <<Пентагон>> деп аталады, бесбұрышты жұлдызбен толтырылған және оны <<Сапа жұлдызы>> деп атаймыз. Жұлдызының негізінде сапаны анықталған тұжырымдарғасәйкес, кез-келген сапаның басқару жүйесіне орналастырамыз. Жүйе бұл құжатталған және ұйымдардың басқару құрылымн ұйымдастырудан тұратын, сонымен қатар өнімді құру процесін басқару жүйесі деп жорамалдайтын боламыз. Соңғысын белгілеп қою өте маңызды: біз ұйымдарды функционалды құрылымы, процестердің жиынтығы ретінде қарастырамыз . Сапаны басқарудың ұйымдастырылып құжатталған жүйесі (финкциясы және үрдісі) Тұтынушымен өзара байланыс жүйесі Тасымалдаушымен өзара байланыс жүйесі Мотивациялау жүйесі Тұлғаның оқыту жүйесі 3 сурет. << Сапа жұлдызы>> Сапаның ұйымдастыру құрылымы басқару жоғарыдан төменге өтетін иерархиялық сипатқа ие екені жақсы белгілі. Алайда иерархиялық ұйымдастыру құрылымы вертикалды жүйемен (<<бастық- бағынушы (орындаушы)>> қатынасымен сапаны басқару мақсатында нашар сәйкес келеді. Бұл жүйелер сапаны басқарудың горизонталды процесінің дамуына қарсы келеді, сол уақытта шынайы процестертер бұйымдарды (өнімдерді) құруда ретінде 4 суретте көрсетілген, анық айқындалған горизонталды сипатты алады. Сапаны басқарудың қазіргі философиясы сапаны басқарудың горизонталды процессі (мысалы, <<маркетолог- конструктор- технолог- өндіруші- сынаушы- сатушы>> тізбегінен өтетін процесстері) сияқты, жоғарыдан төменге ғана емес, төменнен жоғары қарай бағытталу тән вертикалды процестергеде көп көңіл бөледі. Тасымалдаушы Тұтынушы Процестің менеджері Функционалды аралық процесс Процестің менеджері Интегрирленген процесс Функционалды барьерлер Функционалды менеджерлер 4 сурет. Сапаны басқарудың интегрирленген және функционааралық процестері Горизонталды басқарудың мысалы крос- функционалды командалы жұмыс, процестерді статистикалық басқару, тұтынушы-жеткізуші тізбегіндегі ұйымдастырылған құрылымның құрылуы, сапаның құрылымдық функциясы және т.б. болып табылады. Кездескен ( төменнен жоғары) вертикалды басқарудың мысалы атақты сапа шеңберлері болып табылады. Мекемелерде құрылған, сапаны басқарудың ұйымдастырылған жүйесі горизонталды бақылаудың әртүрлі деңгейін алу мүмкін, соның ішінде үрдістерді басқару, және төменнен жоғарыға вертикалды басқару. Бірақ менеджметтің бұл бағыттарын есептеудің қажеттілін тез түсіну өте маңызды. 3 суреттегі << Сапа жұлдызы>> көрінісінде екі жоғары шекара - оның << шатыры>>. Сол жақ қабырғасы << шатырлар>> - бұл сапалы жұмысты мотивациялау жүйесі, оң жақ- қызметкерлерді оқыту жүйесі. Сол жақ бүйір шеті жеткізушімен байланыс жүйесін, ал оң жақ бүйір қыры - тұтынушымен байланыс жүйесін суреттейді. Жұлдыздың ортасында қандай мақсаттар көздейтінін, жетістік кезінде құрылатын жүйеге жететінін көрсетеді, ал астында қандай да бір жүйе құжаттарда немесе кітаптарда, мақаларда ( сапаның нақты жүйесі үшін) анық жинақталғанда уақытты көрсетеміз. Сонымен, с процестерді басқарудан тұатын кез - келген жобаланған және құжатталған сапа жүйесінің іске асуы үшін, қажет: а) қызметкерлер үшін мотивациялау амалдарын қолдану; б) оны кәсіби сұрақтары, сапа менеджментінің сұрағы ретінде де оқу; в) тұтынушымен дұрыс қатынасты дамыту; г) берілген сападан бұрын олардан қажетті өнімді уақытында алатындай етіп, жеткізушілерді басқаруды үйрену; Сапаның құжатталған жүйесінің тарихи дамуын, мотивациясын, оқыту және серкітестік қатынасты бес сатыға бөлуге және оларды сапаның бес жұлдызы түрінде келтіруге болады ( 5 сурет). 5 сурет. Сапаның бес жұлдызы * Бірінші жұлдыз жүйелі жақындаудың бастапқы сатысына, ең алғашқы жүйе - Тейлор жүйесінің ( 1905 ж) пайда болуына негізделеді. Ол бұйымның ( бөлшектің) сапасына талаптарды кіру рұқсатының немесе белгілі шаблондардың жиегі , кіру рұқсатының жоғарғы және төменгі шекарасына негізделген - өтетін және өтпейтін калибралар ретінде құрылған. Тейлордың дамыған функционирленген жүйесін қамтамасыз ету үшін сапа саласында бірінші кәсіпкерлерді- инспекторларды ( техникалық бақылаушылар) енгізді. Мотивациялау жүйесі кемшілі мен ақауы үшін айыппұлдар, шығару қарастырылды. Оқыту жүйесі кәсіби оқытуға және құралдарды бақылау және өлшеумен жұмыс істеуді оқытуға негізделді. Техникалық жағдайда (ТЖ) құрылған талаптардың негізінде тұтынушы мен жеткізушінің өзара байланысы құрылды да, орындалуы қабылдау бақылауы арқылы тексеріледі. Жоғарыда Тейлор жүйесіне айтылған ерекшеліктердің барлығы оның жүйесін әрбір бөлек алынған бұйымның сапасын басқарушы қылды. 2. Екінші жұлдыз - Тейлор жүйесі - әр нақты бұйымның (детальдің, құрамдас бірліктің), сапасын басқарудың тамаша тетігін берді.Дегенмен, өндіріс дегеніміз процесстер болғандықтан аз уақыттан кейін процесстерді басқарудың қажеттігі айқын болды. Сапа жүйелеріне статистикалық әдістерді пайдаланатын қызметтер енгендіктен олар күрделене түсті. Сапа саласындағы конструкторлардың, технологтардың және жұмысшылардың шешетін мәселелері күрделенді. Өйткені олар вариация және өзгергіштік дегеннің не екенін түсінулері, сондай-ақ қандай әдістермен оларды азайтуға қол жеткізуге болатынын білулері керек болды. Бұйымдардың сапасы мен ақауларын талдайтын, бақылау карталарын жасайтын сапа инженері деген мамандық пайда болды. Жалпы алғанда басты назар ақауларды тексеру мен анықтаудан ақаулардың себептерін анықтау және процестерді зерттеу және басқару негізінде оларды жою арқылы ақаулардың алдын алуға аударылды. Енді процестің нақты қалай реттелгені, қандай да бір бақылау карталарының, реттеу және бақылау карталарының қалай талданатыны ескерілетіндіктен еңбекті дәлелдеу қиындай түсті. Кәсіптік оқытуға талдаудың, реттеудің және бақылаудың статистикалық әдістерін оқыту қосылды. Жеткізуші-тұтынушы қатынастары да күрделене түсті. Мұнда сатистикалық қабылдау бақылауының стандартты талицалары (кестелері) зор роль атқара бастады. 3. Үшінші жұлдыз. Үшінші жұлдызбен белгіленген бұл кезеңде кәсіпорынның сапа қызметі мамандарының ғана емес, бүкіл басшыларының жауапкершілігі мен құзырлылығын, сонымен қатар өзара әрекеттестігін белгілейтін құжатталған сапа жүйелері пайда болды. Мотивация жүйелері адами фактор жағына ауыса бастады. Материалдық ынталандыру азайып, моральдық ынталандыру ұлғая бастады. Ұжымда жұмыс істеу, әріптестер мен басшылардың тарапынан жетістіктердің мойындалуы, қызметкердің болашағына фирманың қамқорлығы, қызметкердің сақтандырылуы және отбасының қолдауы сапалы еңбектің басты мотивтері бола бастады. Әрине әртүрлі елдерде TQC тұжырымдамасының енгізілуі және дамуы әркелкі жүргізілді. TQC негізгі идеяларының барлығы АҚШ - та және Еуропада туғанымен мұндағы нағыз көшбасшы Жапония болды. Нәтижесінде америкалықтар мен еуропалықтардың жапондықтардан үйренулеріне тура келді. Дегенмен бұл үйрену барысында жаңа әдістер де туындап жатты. Жеткізуші-тұтынушы арақатынасы жүйесі де үшінші тарап өнімдерін сертификаттауды қажет ете бастады. Мұнда келісім шартатағы сапаға қойылатын талаптар анағұрлым салмақты, олардың орындалу кепілдіктері барынша жауапты бола бастады. 4.Төртінші жұлдыз. 70-80 жылдары сапаны жаппай басқарудан жаппай сапа менеджментіне (TQM) көше бастады. Осы кезде сапа жүйесінің бірқатар жаңа халықаралық стандарттары пайда болды: * Сапа менеджментіне және сапаны қамтамасыз етуге айтарлықтай әсер еткен ИСО 9000 (1987 ж.) стандарттары; * МС 9000 "Сапаға жалпы басшылық және сапаны қамтамасыз ету стандарттары."; * МС 9001 "Сапа жүйесі. Жобалау және/немесе әзірлеу, өндіру, монтаждау және қызмет көрсету барысында сапаны қамтамасыз ету моделі"; * МС 9002 "Сапа жүйесі. Өндіру және монтаждау барысында сапаны қамтамасыз ету моделі"; * МС 9003 "Сапа жүйелері. Соңғы бақылау және сынақтар барысында сапаны қамтамасыз ету моделі."; * МС 9004 "Сапаға жалпы басшылық және сапа жүйесінің элементтері.Жетекші нұсқаулар", сонымен қатар МС 8402 терминологиялық стандарты. Егер TQC - белгіленген талаптарды орындау мақсатында сапаны басқару болса, TQM - дегеніміз оған қоса мақсаттарды және талаптардың өздерін басқару. TQM-ға сондай-ақ тұтынушының өнім сапасына сенімділігін қамтамасыз ететін шаралар жүйесі ретінде сипатталатын сапаны қамтамасыз ету де кіреді. Бұл 6. суретте көрсетіледі. ТQМ жүйесі сапаны тұрақты жақсартуға, өндіріс шығындарын азайтуға және дәл мерзімінде жеткізуге бағытталған кешенді жүйе болып табылады. ТQМ негізгі философиясы <<жетілдірудің шегі жоқ>> ұстанымына негізделген. Сапаға қатысты 0 ақауға, 0өндірістік шығындарға, дәл уақытында жеткізуге бағдарлы мақсат қойылады. Мұнда бұл мақсатқа жетудің мүмкін еместігі түсінікті бола тұра ұдайы соған жетуге тырысу және қол жеткен нәтижелерге тоқтамау керек. Бұл философияның <<сапаны тұрақты жақсарту>> деген арнайы термині бар. (quality improvement). 6сур. TQM-ның негізгі құрамдас бөліктері TQC - Сапаны жалпылама басқару; QA - Сапаны қамтамасыз ету; QPIanning - Сапаны жоспарлау; QI - Сапаны жақсарту. QPolicy - Сапа саясаты; ТQМ жүйесінде мақсатқа сай сапаны басқару әдістері пайдаланылады. Проблемаларды іздеудің, талдаудың және шешудің ұжымдық формаларын және әдістерін пайдалану, сапаны жақсартуға бүкіл ұжымның тұрақты қатысуы жүйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. TQM-да адамның және персоналды оқытудың маңызы артады. Мотивация адамдардың жұмысқа қызығушылығының артқаны соншалық олар кейде демалысының бір бөлігін алмайтын, жұмыстан кейін қалып істейтін, үйде және жұмыста жұмысын жалғастыратын жағдайға жетеді. Оқыту қызметкерлердің бүкіл еңбек жолы бойына жалғасатын жаппай және үздіксіз сипат алады. Оқытудың формалары айтралықтай өзгеріп, барған сайын белсендірек болады. Іскер ойындар, арнайы тестілер, компьютерлік әдістер және т.б. қолданылады. Жеткізушілер мен тұтынушылардың арақатынасына сапа жүйесінің ИСО 9000 стандарттарына сәйкестілігін сертификаттау тұғырлы енді. 9000 сериялы ИСО стандарттары негізінде жасалған сапа жүйелерінің негізгі мақсаттық ұстанымы - тапсырыс беруші талап ететін өнім сапасын қамтамасыз ету және оған кәсіпорынның осыны іске асыра алатынын дәлелдеу.Сәйкесінше жүйенің тетіктері, қолданылатын әдістер мен құралдар осы мақсатқа бағдарланған. Сонымен қатар 9000 сериялы ИСО стандарттарында экономикалық тиімділігіне мақсатты ұстаным қою нашар белгіленген, ал уақытында жеткізілуі мүлдем белгіленбеген. Дегенмен жүйенің бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге қажетті барлық міндеттерді шешпейтініне қарамастан оның танымалдылығы қарқынды өсіп келеді және бүгінгі күні нарықтық механизмде тұрақты орын алады.Кәсіпорында 9000 сериялы ИСО стандартының болуының сыртқы белгісі жүйе сертификаты болып табылады. Нәтижесінде көптеген жағдайларда кәсіпорынның сапа жүйесінің сертификатының болуы оның түрлі жобаларға қатысу үшін тендерлерге жіберілуінің негізгі шарттарының бірі болып отыр.Сапа жүйесінің сертификаты сақтандыру ісінде кең қолданыс тауып отыр: сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның сенімділігінің белгісі болып табылатындықтан оған сақтандырудың жеңілдетілген шарттары жиі ұсынылады. 9000 сериялы ИСО стандарттарының танымалдылығын сапа жүйелерінің олардың талаптарына сәйкестілігін сертификаттаудағы жалпы динамика дәлелдейді. Кәсіпорындардың қазіргі заманғы нарықта табысты жұмыс істеуі үшін олардың 9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкес сапа жүйесінің болуы толық жеткілікті болмағанымен, қажетті шарт болып табылады. 5. Бесінші жұлдыз. 90-шы жылдары қоғамның кәсіпорындарға ықпалы күшейіп, кәсіпорындар қоғам мүддесін көбірек ескере бастады. Бұл менеджмент жүйелеріне қоршаған ортаны қорғау және өнімнің қауіпсіздігі тұрғысынан қойылатын талаптарды белгілейтін ИСО 014000 стандартының пайда болуына әкелді. Сапа жүйелерінің ИСО 14000 стандарттарына сәйкестігін сертификаттау танымалдылығы ИСО 9000 стандарттарына сәйкестіктен кем емес. Сапаның гуманистік бөлігінің ықпалы күшейді.Кәсіпорын басшыларының өз персоналының қажеттілігін қанағаттандыруға назары өсті. ИСО 14000 және OS-9000 стандарттарының енгізілуі,сонымен қатар Сапа жөніндегі Еуропалық премия модельдері бойынша өзін өзі бағалау әдістері - бесінші жұлдызбен сипатталатын кезеңнің басты жетістігі. Қорытынды Сапа дегеніміз адамның және қоғамның дамуы үшін өмір салтын, әлеуметтік және экономикалық негізін анықтайтын тұғырлы ктегориялардың бірі. Сапа проблемасының ғалымдардың, инженерлердің, менеджерлердің қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес. Сапа -өткізу нарығы үшін күрестің маңызды құралы. Сапа көптеген кездейсоқ, жергілікті және субъективті факторлардың әсерімен анықталады. Осы факторлардың сапа деңгейіне әсерінің алдын алу үшін сапаны басқару жүйесі қажет. Құжатталған сапа жүйелерінің даму тарихында бес кезең бөлінген: өнім сапасы стандарттарға сәйкестік ретінде,өнім сапасы стандарттарға сәйкестік және процесстердің тұрақтылығы ретінде, өнімнің, процесстердің, қызметтің сапасы нарық талаптарына сәйкестік ретінде, сапа тұтынушылар мен қызметшілердің талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру ретінде, сапа қоғамның, (акция) иеленушілердің, тұтынушыларды және қызметшілердің талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру ретінде. Менеджмент нысаны ретінде сапаға менеджменттің барлық құрамдас бөлшектері: жоспарлау, талдау, бақылау тән. 3 тақырып. Сапаны басқарудың методологиялық негіздері. Өнім сапасының аспектілері Сапаны басқарудың қазіргі заманғы теориясы мен практикасында негізгі бес кезең бөлінген: 1. <<Не өндіру>> туралы шешім қабылдау және техникалық шарттарын даярлау. 2. Өндірістік дайындығын тексеру және ұйымдастырушылық жауапкершілікті бөлу. 3.Өнім шығару немесе қызмет көрсету процессі. 4. Өндіру және бақылау процесіне анықталған кемшіліктерге болашақта жол бермеуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу мақсатында ақауларды анықтау және кері байланыс ақпаратымен қатмамасыз ету 5. Сапаға қатысты ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлеу Фирманың барлық бөлімдерінің, басқару органдарының өзара қимыл үйлестіруінсіз аталған кезеңдерді жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай әрекеттестік сапаны басқарудың бірыңғай жүйесі деп аталады. Бұл сапаны басқаруға жүйелі қозқарасты қамтамасыз етеді. Сапаны басқару кезеңдерінің мазмұнын егжей-тегжейлі қарастырайық. Бірінші кезеңде сапа фирманың тауарлары мен қызметтері оның ішкі техникалық жағдайларына сәйкес болатын дәрежені білдіреді.Сапаның бұл аспектісі техникалық жағдайларға сәйкестік сапасы деп аталады. Екінші кезеңде конструкция сапасы бағаланады. Сапа фирманың бұйым конструкциясына қоятын техникалық талаптарына сәйкес болуы мүмкін, бірақ, конструкцияның өз сапасы жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Үшінші кезеңде сапа фирманың жұмысы немесе қызметтерінің көрсетілуі тұтынушылардың шынайы қажеттіліктерін қанағаттандыратын дәрежені білдіреді. Фирманың тауарлары ішкі техникалық жағдайларға сәйкес болуы мүмкін (бірінші кезең), бұйым конструкциясының өзі керемет болуы мүмкін (екінші кезең), қызмет немесе бұйым тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға жарамауы мүмкін. Біз барлығы бірдей маңызды негізгі үш кезеңнің мазмұнын қарастырдық. Олардың кез келгеніндегі кез келген олқылық сапа мәселесін туғызуы мүмкін. Өнім сапасын басқару жүйесі өзара байланысты мынадай басқару категорияларына сүйенеді: нысан, мақсаттар, факторлар, субъект, әдістер, функциялар, құралдар, принцип, критерийлер түрі, типі және бс. Өнім сапасын басқару деп оңтайлы сапалы өнім шығаруды және оның толыққанды пайдаланылуын қамтамасыз ететін факторлар мен шарттарға барлық деңгейлерде ықпал етудің тұрақты , жоспарлы , мақсатты процесін түсінеміз. Өнім сапасын басқару жүйесіне мынадай функциялар кіреді: 1. Стратегиялық, тактикалық және шұғыл басқару функциялары. 2. Шешім қабылдау, басқарушылық ықпал ету, талдау және есепке алу, ақпараттық-бақылау функциялары 3. Арнаулы және өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдеріне ортақ функцииялар 4.Ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік факторлар мен жағдайлар бойынша басқару функциялары Стратегиялық функцияларға : * сапаның базалық көрсеткіштерін болжау және талдау; * жобалық және конструкторлық жұмыстардың бағыттарын анықтау; * қол жеткен өндіріс сапасының нәтижелерін талдау; * рекламациялар туралы ақпаратты талдау; * тұтынушылық сұраныс туралы ақпаратты талдау енеді. Тактикалық функцияларға: * өндіріс саласын басқару; * берілген сапа көрсеткіштері деңгейінде ұстап тұру; * басқарылатын нысандар мен сыртқы ортаның әрекеттестігі. Өнім сапасын басқару жүйесі дегеніміз өнім сапасының жоғары деңгейін белгілеуге, қамтамасыз етуге және ұстап тұруға бағытталған басқару органдарының және басқару нысандарының, шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы. 1987ж. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым АҚШ, Канаданың, ФРГ қатысуымен 9000 сериялы (сапа жүйелері бойынша) бес халықаралық стандартты әзірлеп, бекітті. Оларда өнім сапасын қамтамасыз ету жүйелеріне, соның ішінде өнімді әзірлеуге, жасауға, бақылауды ұйымдастыруға және өнімді сынауға, оны пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға қойылатын талаптар белгіленген. Сапа жүйелері бойынша ИСО 9000 халықаралық стандарттарына 5 атау енгізілген: 1. ИСО 9000 "Сапаға жалпы басшылық және сапаны қамтамасыз ету стандарттары. Таңдауға және қолдануға қатысты жетекші нұсқаулар". 2. ИСО 9001 "Сапа жүйесі.Жобалау, және (немесе) әзірлеу, өндіру, монтаждау және қызмет көрсету барысында сапаны қамтамасыз ету моделі". 3. ИСО 9002 "Сапа жүйесі. Өндіру және монтаждау барысында сапаны қамтамасыз ету моделі". 4. ИСО 9003 "Сапа жүйесі. Соңғы бақылау және сынақтар барысында сапаны қамтамасыз ету моделі". 5. ИСО 9004 "Сапаға жалпы басшылық және сапа жүйелерінің элементтері.Жетекші нұсқаулар". Өнім сапасын басқару жүйесі : * 9001 - өнімді бақылау және сынау жүйесіне, сенімділігін сертификаттауға қойылатын талаптарды * 9002 - өндірісті ұйымдастыру жүйесіне қойылатын талаптарды. * 9003 - жобалаудан пайдалануға дейін сапаны басқару жүйесіне қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Сапаны басқару жүйесіне : 1. Басшылықтың міндеттері (сапа саласындағы саясат, ұйымдастыру). 2. Құжаттама және жоспарлау жүйесі. 3. Талаптар құжаттамасы және олардың орындалуы. 4.Әзірлеу кезіндегі сапа (жоспарлау,құзырлылық, құжаттама, тексеру, нәтиже, өзгертулер). 5. Сатып алу барысындағы сапа (құжаттама, бақылау). 6. Бұйымдарды белгілеу және оларды бақылау мүкіндігі. 7.Өндіру барысындағы сапа(жоспарлау, нұсқаулықтар, біліктілік, бақылау). 8.Сапаны тексеру (бастапқы тексерулер,операцияаралық бақылау, соңғы бақылау,сынақтар құжаттамасы). 9. Сынақ құралдарын бақылау. 10. Ыңғайлау шаралары. 11. Сақтау, қозғау, орау, жөнелту барысындағы сапа. 12. Сапаны құжаттау. 13.Сапаны қолдау жүйесіне фирмаішілік бақылау. 14. Оқыту. 15. Статистикалық әдістерді қолдану. 16. Қолданылатын шаралардың сапасын және жүйелерін талдау. Бақыланатын сапа көрсеткіштері өнімнің ерекшелігіне байланысты белгіленеді. Мысал. Сапа көрсеткіштері жүйесі. Машиналар сапасы. Техникалық көрсеткіштер(қуаты, дәлдігі, ресурстардың үлестік шығыны, сенімділігі және т.б.). Еңбек сапасы. Ақаудың пайда болуы себептері. Өнім сапасы. Өндірістік, тұтынушылық, экономикалық көрсеткіштер. Жоба сапасы. Сату барысындағы түзетулер саны. Технология сапасы. Бұзылыстар саны. 7 сур. Сапа деңгейлері Сапа саласындағы саясаттың қызмет принципі түрінде немесе ұзақ мерзімді мақсат түрінде құрылуы мүмкін және оған * Кәсіпорынның экономикалық ахуалын жақсарту; * Өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаңасын игеру; * Өнімнің жетекші фирмалардағы деңгейінен асатын техникалық деңгейіне қол жеткізу; * Белгілі бір салалардың немесе белгілі бір өңірлердің тұтынушылары талаптарын қанағаттандыруға бағдарлану; * Функционалдық мүмкіндіктері жаңа принциптермен жүзеге асырылатын бұйымдарды меңгеру; * Өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін жақсарту; * Дайындалатын өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету; * Өнімнің кепілді мерзімін ұлғайту; * Сервисті дамыту кіруі тиіс. ИСО стандартына сәйкес өнімнің өмірлік циклы 11 кезеңнен тұрады: 1. Маркетинг, нарықты іздеу жәе зерттеу. 2. Техникалық талаптарды жобалау және әзірлеу, өнімді әзірлеу. 3. Материалдық-техникалық жабдықтау. 4. Өндірістік процесстерді дайындау және әзірлеу. 5. Өндіру. 6. Бақылау, сынақтар және зерттеулер өткізу. 7. Орау және сақтау. 8. Өнімді сату және тарату. 9. Монтаждау және пайдалану. 10.Техникалық көмек және қызмет көрсету. 11. Сынақтан кәдеге жарату. Аталған кезеңдер менеджмент жөніндегі әдебиетте <<сапа ілмегі>> түрінде беріледі ( 8 сур). Сонымен, өнім сапасын қамтамасыз ету дегеніміз өнім сапа талаптарына сай болуы үшін сапа ілмегінің әр кезеңін орындауға қажетті жағдай жасайтын жоспарланатын және жүйелі түрде жүргізілетін шаралар жиынтығы 8 сур. Сапаны қамтамасыз ету Сапаны басқаруға алдымен бақылау, есепке алу, талдау арқылы шешім қабылдау кіреді. Сапаны жақсарту дегеніміз өнімнің техникалық деңгейін, оны әзірлеу сапасын көтеруге, өндіріс элементтерін және сапа жүйесін жетілдіруге бағытталған тұрақты әрекет. 9 суретте сапаны басқару жүйесі шоғырландырылған түрде берілген. Мұнда алдымен кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты, сапаны қамтамасыз етуден, басқарудан және сапаны жақсартудан тұратын сапа жүйесінің өзі бөлінген. Қазіргі заманғы сапа менеджментінің тұғырлы 10 шарты белгіленген: * Тұтынушыға осы процесстің ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарау. * Басшылардың фирманы басқару жүйесін енгізуге қатысты ұзақ мерзімді міндеттемелер алуы. * Жетілдірудің шегі болмайтынына сену. * Проблема туындағаннан кейін шешуге қарағанда оның алдын алудың дұрыстығына сенімділік. * Басшының мүдделілігі, жетекші ролі және тікелей қатысуы. * <<Нөл қате>> ұстанымымен жұмыс істеу стандарты . * Фирма қызметкерлерінің ұжымдасқан түрде және жекелей қатысулары. * Негізгі назарды адамдарды емес, процесстерді жетілдіруге бөлу. * Жеткізушілеріңіз Сіздің мақсаттарыңызды түсінгенде Сіздің серіктестеріңіз болатынына сену. * Сіңірген еңбекті мойындау. Тұтынушының тарапынан бұйым сапасы деген ол тұтынушы талаптарының қанағаттандырылу дәрежесі. Ертеңгі күннің тұтынушысы: * Сапаның басымдылығын мойындайды, ал баға екінші орында тұрады. * Әр ақаудың рекламациясын ұсынады. * Сапаның ұдайы жетілдірілуін талап етеді.. * Технологиялық процесстегі сапаның қамтамасыз етілуін талап етеді, соңғы бақылаудан бас тартады. * Технологиялық процесстер өзгерген жағдайлардағы реакциясы сезгіш. * Сапа қамтамасыз етілген жағдайда бірлеседі. * Сапа қамтамасыз етілген жағдайда өнімнің жақтасы болады. Өнім шығаруда нормативтік және техникалық құжаттамаға қойылатын негізгі талаптардың құрамы және өзара байланыстары 10 суретте көрсетілді. Өндірістік процесстердің жағдайы және мүмкіндіктері туралы толық мәліметтері бар, сондай-ақ, оларды жетілдіру үшін басқарушылық ықпалын уақытында жасайтын кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім жасауда және шығаруда барынша жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. 9 сурет. Өнім сапасын басқару Отандық және шетелдік мамандардың пікірі бойынша өнім сапасы конструкторлық және технологиялық құжаттамада белгіленеді. Олардың екеуі де тиісті түрде бағалануы керек. 1) Сұранысқа ие тауар өндіруден бастау керек, яғни, біреу сатып алатындай, ал егер оның сапасын жақсартса сатып алушылар саны өсетіндей, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері жақсаратындай және сапа мәселесін шешудің келесі кезеңдерін жүзеге асыру үшін қаражат табуға болатындай тауар өндіру керек. Сұранысқа ие тауар дегеніміз, әдетте жаңа тауар. Яғни, нарықтағы сұранысты зерттеуден және жаңа өнімдер өндіруді меңгеру және жасау барысында осыны ескеруден бастау керек. 2) Сатудың, сонымен қатар тауарды және ол туралы ақпаратты таратудың дилерлік, сауда желісі болуы керек. Бұл болмаса ешқандай тауар сапасы кәсіпорынды құтқармайды. 3) Өндіріс шығындарын барынша азайту керек. Осы мақсатта кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қайта санау, қайта қару керек, артықтан бас тартып, қайта құрылымдау өткізу керек. Мұны істемей тұрып, сапа үшін күресті бастаудың қажеті жоқ, себебі кәсіпорынның басқа аурудан құлдырауы мүмкін. Мұны дәлелдеу үшін ешқандай мысалдың қажеті жоқ, ресейлік кәсіпорынның әрқайсысының да орасан шығындары бар деуге болады. Шығындарының көптігі соншалық, кәсіпорындар тіпті есепті бұрмалауға мәжбүр болады. Нәтижесінде сапаға жұмасалатын шығынды дұрыс есептеу, сәйкесінше сапа экономикасын басқару мүмкін болмайды. 4) Қаржыны басқаруды үйрену керек, бұл өте күрделі өнер. Ең алдымен қаржыны қадағалауды жолға қою керек. Бақылаусыздық қаржының жоғалуына, ұрлануына және кәсіпорынның банкротқа ұшырауына апарып соқтырады. Бұған жол беретін басты фактор көптеген кәсіпорындардың іс жүзіндегі меншік иесінің болмауы. Мұндай кәсіпорындарда меншікті іс жүзінде жоғарғы менеджерлер басқаратындықтан көп нәрсе олардың тәртіптілігі мен адалдығына байланысты болады. Соған қарамастан көреген менеджерлер қаржылық бақылаудың жолға қойылуына мүдделі және сол бағытта жұмыс істейді. Кәсіпорынның табысты жұмысының жоғарыда аталған міндетті барлық 4 шарты түрлі сапа концепцияларында қарастырылғанымен, оларда оны жақсарту туралы айтылады. 10 сур.Өнім өндіру процессіне нормативтік және техникалық құжаттамада қойылатын негізгі талаптар Сапаны бақылау Сапаны бақылау дегеніміз бұл үшін қолданылатын әдістемелердің жетілдірілгеніне қарамастан бірінші кезекте жақсы бұйымды жаманынан айыруды білдіреді. Сапасыз бұйымдарды алып тастағаннан бұйым сапасының жақсармайтыны белгілі. Мысалы, электронды өнеркәсіп кәсіпорындарында бұйымдардың өлшемі өте кішкентай болғандықтан ақауды жөндеу мүлдем мүмкін емес. Сондықтан қазіргі фирмалар ақауды табуға емес, оның алдын алуға, өндірістік процессті мұқият бақылауға көп көңіл бөледі, және өз қызметін <<сапаны реттеу>> тұжырымдамасына сәйкес жүргізеді. Сапаны қамтамасыз етуде статистикалық әдістер маңызды роль атқарады. Статистикалық бақылау әдістерінің мақсаты- өнім сапасының кездейсоқ өзгеруіне жол бермеу. Мұндай өзгерістер анықталып, жойылуы тиіс нақты себептерден болады. Сапаны бақылаудың сатистикалық әдістері * Балама белгісі бойынша статистикалық қабылдау бақылауы; * Сапаның нұсқалаушы сипаттамалары бойынша ішінара қабылдау бақылауы; * Статистикалық қабылдау бақылауы стандарттары; * Экономикалық жоспарлар жүйесі; * үздіксіз ішінара бақылау жоспарлары; * технологиялық процесстерді статистикалық реттеу әдістері деп бөлінеді Статистикалық бақылау мен өнім сапасын реттеудің біздің елімізде белгілі екенін айта кету керек. Бұл салада біздің ғалымдарымыз сөзсіз басымдыққа ие. Жақсы және жаман өнімнің арасындағы шекара партиядағы ақаудың рұқсат етілген үлесі деп аталады. Сапаны бақылаудың статистикалық әдістерінің кең тараған түрлерін кеңірек қарастырайық. Балама сипаты бойынша статистикалық қабылдау бақылауы Ақаулы бұйымдардың бас үлесі бұйым партияларының балама сипаты бойынша негізгі сипаттамасы болып табылады. Статистикалық бақылау жоспары дегеніміз бұйымдарды тексеруге іріктеп алу әдістерін және партиясы жабылуы, ақаулыға шағарылуы немесе бақылаудың жалғастырылуы тиіс шарттарды көрсететін ережелер жүйесі. Өнім партиясын балама сипаты бойынша сатистикалық бақылау жоспарларының мынадай түрлері ажыратылады: * бір сатылы жоспарлар, * екі сатылы жоспарлар, * көпсатылы жоспарлар екі сатылылардың логикалық жалғасы болып табылады. * біртіндеп бақылау, мұнда бақыланатын партия туралы шешім жалпы саны алдын ала белгіленбеген және процесс барысында алдыңғы іріктеулердің нәтижесі бойынша анықталатын іріктеулердің сапасын бағалағаннан кейін қабылданады. Бір сатылы жоспарлар өндірісте бақылауды ұйымдастыруға оңай. Екі сатылы, көп сатылы біртіндеп бақылау жоспарлары іріктеу көлемі сол күйінде қалғанда қабылданатын шешімінің дәлдігін қамтамасыз етеді, бірақ, олар ұйымдастыру жағынан күрделірек. Статистикалық бақылау жоспарын дұрыс таңдаудың міндеті бірінші және екінші түрдегі қателіктерінің мүмкіндігін азайту. Статистикалық қабылдау бақылауы стандарттары Өнім сапасын бақылаудың статистикалық әдістерін табысты қолдану үшін инженерлік-техникалық қызметкерлердің кең шеңберіне қол жетімді болатын тиісті негіздемелер мен стандарттардың болуы маңызды.Статистикалық қабылдау бақылауының стандарттары бір типтес өнім партияларының сапасын уақыт ішінде, сонымен қатар түрлі кәсіпорындар бойынша объективті салыстыруға мүмкіндік береді. Статистикалық қабылдау бақылауы стандарттарына қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық. Ең алдымен стандартқа түрлі шұғыл сипаттамалары бар көптеген жоспарлар кіруі керек. Бұл бақылау жоспарын өндіріс ерекшеліктерін және тұтынушының өнім сапасына деген талаптарын ескеру арқылы таңдауға мүмкіндік беретіндіктен маңызды. Стандартта жоспарлардың түрлі типтері: бір сатылы, екі сатылы, көп сатылы, біртіндеп бақылау жоспарлары көрсетілгені дұрыс. Қабылдау бақылауы стандарттарының негізгі элементтері: 1. Өндірістің қалыпты жұмысы жағдайында қолданылатын ішінара бақылау жоспарларының, сонымен қатар өндіріс ырғағы бұзылғанда күшейтілген бақылау жоспары және жоғары сапаға қол жеткенде бақылауды жеңілдету жоспарының кестелері. 2. Бақылау ерекшеліктерін ескеру арқылы жоспарларды таңдау ережелері. 3. Қалыпты бақылаудан күшейтілген немесе жеңілдетілген бақылауға және өндірістің қалыпты жұмысы жағдайында кері көшу ережелері. 4. Бақыланатын процесс сапасының көрсеткіштерінің келесі бағалауларды есептеп шығару әдістері. Бақылау карталары Бастапқыда олар өнімнің қажетті қасиеттерін өлшеу нәижелерін тіркеу үшін пайдаланылды. Параметрдің рұқсат етілген шектен шығуы өндірісті тоқтатудың және өндірісті басқарушы маманның біліміне сәйкес процесстерді түзетудің қажеттігін білдірді. Бұл бұрын кімнің, қашан, қай жабдықта ақау алғаны туралы ақпарат берді. Бақылау картасы ( 3.5 сур.) орталық сызықтан, екі бақылау шегінен (орталық сызықтың астынан және үстінен) және процесс жағдайын көрсету үшін картаға жазылған сипатттама мәндерінен (сапа көрсеткіші) тұрады. Белгілі бір уақыт кезеңдерінде (барлығын бірдей, ішінара, үздіксіз ағыннан ішінара және теб.) дайындалған бұйым n санын алады және бақыланатын параметрді өлшейді. Өлшеу нәтижелерін бақылау картасына жазады, осы мәнге байланысты процессті түзету немесе процессті түзетпей жалғастыру туралы шешім қабылданады. * Нүктенің бақылау шегінен шығуы ( 6 нүкте ; процесс бақылаудан шықты); * Ретті нүктелер тобының бір бақылау сызығының маңында орналасуы, бірақ одан аспауы (11, 12, 13, 14), жабдықты баптау деңгейінің бұзылғанын білдіреді; * Нүктелердің орталық сызыққа қарағанда бақылау картасында күшті шашырауы (15, 16, 17, 18, 19, 20) технологиялық процесс дәлдігінің төмендегенін білдіреді; Бұл жағдайлар технологиялық процесстің бұзылу мүмкіндігі туралы сигнал береді. 11 сур. Бақылау картасы Өндірістік процесстің бұзылуы туралы сигнал болғанда бұзылу себебі анықталып, жойылуы тиіс. Сонымен, бақылау карталары кездейсоқ емес белгілі бір себепті анықтауға пайдаланылады. Белгілі бір себеп дегеніміз зерттелуі мүмкін факторлардың болуы. Әрине, мұндай факторларға жол бермеу керек. Кездейсоқ себептерден болған вариация қажет, ол тіпті технологиялық операция стандартты әдістер мен шикізатты пайдалану арқылы жүргізілгенде де кез келген процессте міндетті түрде кездеседі. Вариацияның кездейсоқ себептерін жою техникалық тұрғыдан мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Көбінесе сапаны сипаттайтын нәтижелі көрсеткішке әсер ететін факторларды анықтағанда Исикава схемасы пайдаланылады. Оны Токио университетінің профессоры Каору Исикава 1953ж. инженерлердің түрлі пікірлерін талдағанда ұсынған. Исикава схемасын басқаша <<себептер мен нәтижелер диаграммасы>>, "балық скелеті", ағаш деп те атайды. Ол нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткішінен және факторлық көрсеткіштерден тұрады. (12 сур). Себептер мен нәтижелер диаграммасы кең қолданылады. Мысалы, еңбек өнімділігіне әсер ететін маңызды факторларды бөлгенде кең қолданылады. Айтарлықтай ақаулар санының аздығы және олардың әдетте аздаған себептерден болатыны айтылады. Сонымен, аздаған айтарлықтай маңызды ақаулардың себептерін анықтағаннан кейін барлық шығындарды жоюға болады. 12 сур. Себептер мен нәтижелер диаграммасының құрылымы Диаграммалардың құрылысы мынадай кезеңдерден тұрады: * Бұйым (процесс т.б.)сапасын сипаттайтын нәтижелі көрсеткішті таңдау; * Сапа көрсеткішіне әсер ететін басты себептерді таңдау, оларды тік төртбұрыштарға (<<үлкен сүйектер>>); * Негізгілерге әсер ететін қосалқы себептерді таңдау("орташа сүйектер"); * Қосалқыларға әсер ететін үшінші қатардағы (<<ұсақ сүйектер>>)себептерді таңдау (сипаттау); * Факторларды маңыздылығына қарай рангілеу және аса маңыздыларын бөлу. Бұл проблеманы Парето диаграммасының көмегімен шешуге болады. Парето диаграммасының екі түрі бар 1. Қызмет нәтижесіне қарай. Олар басты проблеманы анықтауға қызмет етеді және қызметтің теріс нәтижелерін көрсетеді (ақаулар, істен шығу және т.б.); 2. Себептерге (факторларға) қарай. Олар өндіру барысында туындайтын проблемалардың себептерін көрсетеді. Нәтижелермен қатар осы нәтижелерге әкелетін себептерді жіктеудің түрлі әдістерін пайдалана отырып, көптеген Парето диаграммаларын жасау керек. Парето талдауының мақсаты болып табылатын саны көп емес, айтарлықтай маңызды факторларды анықтайтын диаграмма озық деп танылуы тиіс. Парето диаграммасын тұрғызу мынадай кезеңдерден тұрады: 1. Диаграмма түрін таңдау (қызмет нәтижелері бойынша немесе себептер (факторлар) бойынша. 2. Нәтижелерін (себептерін) жіктеу. Кез келген жіктеудің шарттылық элементі болатыны белгілі болғанымен, қандай да бір жиынтықтың бақыланатын бірліктерінің көпшілігі <<басқалары>> жолына түспеуі керек. 3. Мағлұматтарды жинау әдісін және кезеңін белгілеу. 4. Жиналатын ақпарат түрлерін тізу арқылы мағлұматтарды тіркеу үшін бақылау парағын әзірлеу, Онда мағлұматтарды кесте түрінде тіркеу үшін бос орын қарастыру керек. 5. Тексерілетін әр сипат бойынша алынған мағлұматтарды маңызына қарай рангілеу. <<Басқалары>> тобын алынған санының үлкендігіне қарамастан соңғы жолға жазу керек. 6. Бағаналы диаграмма тұрғызу( 13 сур). 13 сур. Ақаулардың түрлері мен ақаулы бұйымдардың саны арасындағы байланыс Парето диаграммасын себептер мен салдарлар диаграммасымен ұштастырып тұрғызу ерекше қызығушылық туғызады. Өнім сапасына әсер ететін басты факторларды анықтау өндірістік сапа көрсеткіштерін тұтыну сапасын сипаттайтын қандай да бір көрсеткішпен ұштастыруға мүмкіндік береді. Процесс нәтижесінің сапасын бағалау арқылы зерттелетін сапаның сипаттамасы пратикада көп тараған. Бұл жағдайда қандай да бір операцияда алынған бұйымның, детальдың сапасын бақылау туралы айтылады. Бақылаудың жалпылама емес әдістері кең тарағанымен, олардың ішінде бақылаудың ішінара әдістері теориясына негізделгендері тиімдірек. Әдетте сапаны сатистикалық бақылау барысында бақылаудан өткен және сапасы минималды қабылданатыннан төмен бұйымдардың санымен анықталатын сапаның шекті деңгейі бұйымдардың 0,5% -нан 1% -не дейін тербеледі.Дегенмен жоғары сапалы өнім ғана шығаруға тырысатын компаниялар үшін мұның жеткіліксіз болуы мүмкін. Стандарттаудың мәні Жоғарыда айтылғандай, қазіргі жағдайда сапаны басқару көбінесе стандарттауға негізделеді. Стандарттау дегеніміз басқарудың нормативтік әдісі. Оның нысанға ықпалы нормативтік құжат түрінде ресімделген және заңдық күші бар нормалар мен ережелерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Стандарт дегеніміз өнім сапасына қойылатын негізгі талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат. Техникалық шарттардың сапаны басқарудағы ролі зор.(ТШ). Техникалық шарттар дегеніміз мемлекеттік стандарттарға қосымша талаптарды белгілейтін, ал олар болмаған жағдайда өнімнің сапалық көрсеткіштеріне дербес талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат, сонымен қатар осы құжатқа теңестірілетін суреттеме, рецептура, үлгі-эталон. Техникалық шартта қарастырылған талаптар мемлекеттік стандарт талаптарынан төмен болмайды. Өнім сапасын басқару жүйесі кешенді стандарттауға негізделеді. Стандарттар өмірлік циклдың барлық кезеңдерінда өнім сапасын көтеруді жоспарлау тәртібін және әдістерін белгілейді, өнім сапасын бақылау және бағалау құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Өнім сапасын басқару мемлекеттік, халықаралық, салалық стандарттар және кәсіпорын стандарттары негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік стандарттау қоғам, нақты тұтынушы мүдделерін қорғау құралы ретінде қолданылады және басқарудың барлық деңгейіне таралады. 9000 сериялы ИСО тұтынушыға өнім сапасына барынша белсенді ықпал етуге құқық береді, сапалы өнімді даярлау процессіндегі тұтынушының белсенді ролін қарастыратын заңнамалық базаны қамтамасыз етеді. ИСО 9000 сапа саласындағы негізгі ұғымдар арасындағы айырмалар мен өзара байланыстарды анықтау үшін және сапаны басқару міндеттерін шешу барысында фирманың ішкі пайдалануына қолданылатын сапа жүйелеріне ИСО стандарттарын таңдау және қолдану жөніндегі жетекші ережелерді ұсыну ретінде пайдаланылады. (ИСО 9004). Біздің елімізде құрамына негізгі бес стандарт енген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі құрылды: 1. ГОСТ Р 1.0-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер. 2. ГОСТ Р 1.2-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі. 3. ГОСТ Р 1.3-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.Техникалық шарттарды мақұлдау, бекіту және тіркеу тәртібі. 4. ГОСТ Р 1.4-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Кәсіпорындар стандарттары .Жалпы ережелер 5. ГОСТ Р 1.5-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды құруға, баяндауға, ресімдеуге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптары. Қорытынды Сапаны басқаруға жүйелі қөзқарас керек. Сапаны басқару жүйесі өнім сапасының жоғары деңгейін белгілеуге, қамтамасыз етуге және қолдауға бағытталған басқару органдары мен басқару нысандарының, шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы. Сапаны басқару жүйелері ИСО 9000 стандарттарына сай болуы керек.. Сапаны бақылау ақаулы бұйымдарды анықтауды білдіреді. ИСО 9000 стандарттарында сапа менеджменті жүйелерін бағалау барысында қолданылуы талап етілетін сатистикалық әдістердің сапаны бақылаудағы ролі зор. Сапаны бақылауда бақылау карталары табысты қолданылады. Бақылау картасы орталық сызықтан, екі бақылау шегінен (орталық сызықтың астынан және үстінен) және процесс жағдайын көрсету үшін картаға жазылған сипатттама мәндерінен (сапа көрсеткіші) тұрады.Бақылау карталары белгілі бір (кездейсоқ емес) себептерді анықтауға қажет. Исикава схемасы (себептер мен нәтижелер диаграммасы) нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткішінен және факторлық көрсеткіштерден тұрады. Парето диаграммасы аздаған айтарлықтай маңызды ақауларды және олардың туындау себептерін анықтау үшін пайдаланылады. Тақырып №4 Дәйектілікті зерттеу барысындағы іріктеме бақылау Техникалық қамтамасыздандыру облысындағы негізгі ұғымдар Дәйектілік ұғымы ең алдымен техникамен байланысын көрсетеді. Оны <<мүлтіксіздік >>, <<нақты тапсырманы орындау қасиеті>> немесе <<белгілі уақыт ішінде және белгілі талаптарды орындау функциясы>> деп түсіндіруге болады. Техникалық ұғымда <<дәйектілік>> нақты функцияны (математикалық мағынада) орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дәйектіліктің бағасы үшін статистикалық характеристикалар қолданылады. Дәйектілікі өлшеу нәтижелері тандау көлемін, сенімділік шекараларын, зерттеуді таңдау тәртіптері туралы мағұлматтарды қамту керек. Сонымен қатар техникада <<қанағаттандырып орындау>> ұғымы қолданылады. Нақты бұл ұғымның анықтамасы оған қарама қайшы <<қанағаттандырмай орындау>> немесе <<орындамау>> анықтамаларымен байланысты. Орындамау системасы оларды дайындау және эксплутациялау конструцияларымен байланысты болуы мүмкін. Дәйектіліктің қазіргі талаптарында электронды жабдықтауға үлкен назар аударылады. Жалпы дәйектілік ұғымына қарсы тұратын ұғым ол берілген уақыт аралығында орнатылған техникалық талаптармен сәйкес үздіксіз жұмыс мүмкіндігі бар жабдықтау түрі <<меншіктік дәйектілік>>. Дәйектілікті сынау барысында <<меншіктік дәйектілік>> өлшенеді. Ол <<операциондық дәйектілік>> маңызын көрсетеді және екі фактордың нәтижесі болып табылады: <<меншікті дәйектілік>> және эксплутациондық дәйектілік. Аппараттарды сәйестендіріп қолдану, тәртіп және қызмет көрсету және оперативтік қолдану әдісі, қызметкер квалификациясы, әртүрлі бөлшектерді жөндеу мүмкіндігі, қоршаған орта факторлары өз кезегінде эксплутациялық дәйектіліктің шарттылығы. Берілген техникалық талаптарды бұзу өшеуге тиіс әрбір характеристикада <<бас тарту>> ретінде қарастырылады. Бас тартуды анықтайдын кіру рұқсатында тозған бөлшектерге оптимальды үстеме болуы керек яғни кәсіпорынның кіру рұқсаты қарапайым болуы керек. Сондықтан кәсіпорынның кіру рұқсатын бөлшектің кезі келгенде тозатынын есепке ала отырып орнатады. Дәйектілікпен байланысты негізігі ұғымдар, олар: Ұқыптылық- қазіргі кезде барлық талаптарға сәйкес, негізгі параметрлерге қарым қатынас ретінде орнатылған, берілген тапсырмаларды қалыпты орындайтын, сонымент қатар екінші кезектегі параметрлерге қарым қатынасы, эксплутацияның қолайлығы, сыртқы түрі және т.б. өнімнің күйі. Ұқыпсыздық қазіргі кезде барлық талаптарға сәйкес, негізгі параметрлерге қарым қатынас ретінде орнатылған, берілген тапсырмаларды қалыпты орындайтын өнімнің күйі. Жұмыс істеу қабілеті қазіргі кезде барлық талаптарға сәйкес, негізгі параметрлерге қарым қатынас ретінде орнатылған, берілген тапсырмаларды қалыпты орындайтын өнімнің күйі. Бас тарту өнімнің жұмыс істеу қабілеті толық немесе бөлшектеп жоғалу оқиғасының қорытындысы. Толық бас тарту берілген өнімнің ескіруіне байланысты оны қолдану мүмкін емес . Ішінара бас тарту өнімнің ескіруіне қарамастан оны ішінара қолдану мүмкіндігі бар бас тарту түрі. Мүлтіксіздік біраз уақыт аралығында өнімнің үздіксіз жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті. Төзімділік өнімнің жұмыс істеу қабілетін бұзылғанға дейін сақтау қасиеті(техникалық жабдықтау және жөндеу үшін үзіліс). Жөндеу жарамдылығы оны техникалық жабдықтау немесе жөндеу операцияларын өткізуге бейімдеу немесе бас тартау,ескіру, жарамсыздықтың алдын алу өнім қасиеті. Дәйектілік (кең мағынада) өінімнің бөлшектерін және берілген талаптарда өнімнің эксплутациондық көрсеткіштерін қамтамасыздандыратын өнімнің мүлтіксіздік, төзімділік, жөндеу жарамдылығын сақтайтын өзіндік қасиеті. Қалпына келтіру ескіру, түзелместік нәтижесінде бастапқы параметрлерін қалпына келтіру сонымен қатар жөндеу жүргізу нәтижесінде техникалық ресурстарды қалпына келтіретін өнім қасиеті. Сақталатындық нақты және транспортировкалық талаптарда дәйектіліті дұрыс сақтайтын өнімнің қасиеті. Дәйектілікті зерттеу үшін айтарлықтай күрделі аналитикалық әдістер қолданылады. Күмәнді өнімдерді дайындау себептері: * Стандартқа сәйкес регулярлық бақылаудың жоқтығы; * Материалды қолдану қателігі және өндірісте материалды дұрыс тексермеу; * Технологияны жетілдіру туралы инфориацияны қоса отырып тексерудегі есеп және есеп беру дұрыс еместігі; * Таңдалған бақылаудың сатндарттық схемаға сәйкес келмеуі; * Материалды сынау сәйкесітігің жоқтығы; * Қабылдау бақылауының стандарттық орындалмауы; * Бақылаудың өткізілуі турыл нұсқаның және инструктивтық метриалдың жоқтығы; * Технологиялық процесстің жетілуі үшін есептік бақылауды тұрақсыз қолдау; Жақсы эксплутациондық дәйектілік барысында техникалық болжауға байланысты дәйектілік теориялық, экспериментальдық және эмперикалық болады. Теориялық ортада берілген операцияны зерттей отырып схемасын өндейді және математикалық моделдін көмегімен схеманың сәйкес келуін тексереді.Егер схема операцияға сәйкес келмесе оның сәйке келуіне дейін анықтамалар енгізіледі. Сонымен бұл ғылыми зерттеу деп аталады. Эмперикалық тәсіл шығарылған өнімнің фактикалық қарым қатынасын және дәйектілігі туралы тұжырымды өлшеп орындау. Экспериментальдық әдіс теориялық және эмперикалық әдістер арасынан аралық орын алады. Экспериментальдық әдісте теория және өлшеуді қолданады. Сонымен қатар экспериментальды мәлімет жасау негізінде кеңінен метматикалық моделдеу процесін қолданады. Осыдан кейін дәйектілікті қамту және қорытындының нақты екені туралы информацияны қазіргі есептік техниканы қолдану арқылы статистикалық анализ талқыланада. Барлық зерттеу түрлерінің эсперименттік жоспары болады. Дәйектілікті статистикалық әдіс арықылы зерттейді және оның көмегімен анықтамалар енгізеді. Сонымен қатар эксплутациондық ерекшеліктің жалғыз көрсеткіші қызметті жалғастыру болып табылмайды. Өнімнің қызметін жалғастыру дайындау талаптары және эксплутацияның талаптарына тәуелді болып келеді. Көптеген өнімнің дәйектілігі олардың қолдану талаптарын анықтау болып табылуы мүмкін. Өндірістің технологиялық процесінің бұзылуынан ғылыми дәлелдеу системасының бақылауын эксплутациялық өнімнің ақауын анықтауға мүмкіндік береді. Өндіруші міндетті: * Сапасына статистикалық бақылау қолдану: * Процесті басқару куйін нақты интервалдар арқылы тексеру: * Шығарылған жабдықтың дәйектілігне және сапасын жоғарлатуға ұмтылу; * Тапсырыс берушінің талаптарын қамтамасыз ету; Іріктеме бақылау Бақылауды зерттеу барысында оның негізгі ерекшелігі оны меңгерудің ерте стадияларында іріктеудің аз аппаратура бірліктерін құруды шектеу. Қағида бойынша зерттеу үшін бірлік санын тапсырыс беруші тандайды.Сонымен бірге зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы туралы деңгейде тексерілген бірлік санына тәуелді болмай түрленеді. Сонымен қатар зетрттеу барысында үлгінің тозу дәрежесі және мөлшерленген оперативтік уақыттың жалғасуы да әсер етеді. Статистикалық сапа бақылауы және дәйектілікті техникалық қамтамасыздандырудың іріктеме бақылауы арасында біршама айырмашылақ бар екенің айтып кету керек.Соңғы деңгейде іріктеме түрі туралы сұрақтарынан басқа қеректі зерттеу уақыты туралы сұрақ туындайды. Ариние 100% зерттеу партиясында үлгінің толық тозуы мүмкін емес. Сондықтан дәйектілікті зерттеу барысында қолданылған іріктеме бақылаудың схемасы төмен нормалы характерлі өнім табылмайынша кезекті іріктеме бақылауда қарастырылған өнімді әлсіз режімде бақылау жүргізіледі.Басқа сөзбен айтқанда іріктеме бақылауды ақаулы эксемпляр пайда болмайынша әлсіз бақылау процедурасы жүргізіледі.Нормаға қарсы төмен сапалы өнім шығарылса іріктемеде анықталған ақау мөлшеріне қарамастан күшйетілген бақылау режиміне көше алатын қарапайым бақылау режимі қалпына келтіреді. Қағида бойынша берілген мүлтіксіз жұмыстың орташа уақыты және ай сайын шығарылатын өнімнің мөлшері іріктеме бақылаудың жоспары есебінде өнделеді. Қабылдау туралы немесе жарамсыз деп танылған партияның дәйектілігін зерттеу үшін жүйелі анализ әдісін жиі қолданады.Сонымен қатар минимальды дәрежеде орнатылған немем оны көтеретін берілген талаптар мүлтіксіз жұмыстың ораташа уақытын анықтайды. Үлгіні зерттеуге арналған және зерттеу аппараттары тексерістен өткеннен кейін осындай зерттеу жоспары құрылады. Қабылдау туралы шешім қабылдағаннан кейін зерттеу тоқытатылады. Егер партия жарамсыз деп танылса зертеу тоқтатылмайды. Статистикалық бақылаудың нақты жоспарына сәйкес соңында олар жалғасады. Қате жұмыс істеудің бірінші белгілері пайда болса немесе жұмыс аппаратурасында кемшіліктер болса қабылдамауын түсінеді. Әрбір бас тарту белгілі бер уақыь ішінде пайда болуымен сипатталады. Сапа системасында және өнім сертификациясында дәйектілікті зерттеу нәтижелерінің маңызы бар. Қорытынды Дәйектілік ұғымы ең алдымен техникамен байланысын көрсетеді. Техникалық ұғымда <<дәйектілік>> нақты функцияны орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Дәйектілікті өлшеу туралы есептеулер тандаудын өлшемін, сенім интервалдарын, іріктеме бақылаудын процедуралары туралы мәліметтерді іске қосу керек. Дәйектілікті зерттеу статистикалық әдістің обьектісі болып табылады. Тақырып №5 Сапалық систмасы және өнімнің сертификациясы Өнімнің сертификация ұғымы Қазірге уақытта барлық кәсіпорындарға және организацияларға сыртқы нарыққа дербес шығу құқығы берілген кезде олар өз өнімдерінің дәйектілігі және бағалық сапа мәслесіне душар болады, әсіресе нарықтық қарым қатынас талаптарында. Халықаралық тәжірибе бойынша норимативтік техникалық НТД құжатының талаптарының шартына байланысты өнім сапасы сертификат болып табылады.Сертификат латын тілінде certim - дұрыс , facere- істеу деген сөзден шыққан. Сертификация халықаралық терминологияда сәйкестендіріп орнату ретінде анықталады. Әртүрлі елдердің ұлттық заң шығарушы актілері анықтайды: сәйкестендіруді неге орнатады және оны кім орнатады. Сертификация бұл өнімнің нақты талаптарға, нақты стандартқа немесе техникалық талаптарға сәйкес келуін құжаттың дәлелдеу. Өнім сертификациясы өнімнің басқа НТД немесе нақты стандартқа жауап беру мақсатында іс шара жиынтығын өткізеді. Көптеген шетелдік кәсіпорындар өз өнімдерінің сапасының жоғары екенін дәлелдеу барысында көп уақыт және қаражат шығындайды. Шетелдік деректер бойынша барлық дайындау кәсіпорындарының шығындық мөлшері 1-2% құрайды. Кейбір жағдайларда шығандарды сапалыққа жету шығындарымен салыстыруға келеді.Сертификация барлық нарықтық экономикалық елдердің ішкі және сыртқы нарықтық өнімдерінің дамуының негізі болып табылады. Өнім айналымын енгізу үшін регулярлық заң шығарушы органына түсетін барлық заң шығарушы талаптарға сәйкес келетін ресми дәлелдеу талап етіледі. Осындай дәлелдеу формасының біреу болып өнім сертификациясы болып. Оңтайлы нәтиже алу кезіңде ұлттық заң шығарушы талаптарына сәйкес өнімнің барлық минимальды талаптарые анықтайтын <<сәйкес сертификация>> деп аталатын сертификация процесінде құжат беріледі. Осы құжат регулярлық заң шығарушы орган нарығына пропуск болып табылады. Регулярлық емес заң шығарушы облысындағы өнім сыртқы нарықта кедергісіз айналыста бола алады. Сонымен қатар оған ресми талап орнатылмаған. Бірақ контрактік жағдайда тұтынушы жеткізушіден нақты өнімге сәйкес талаптарды талап етуі мүмкін,мысалы нақты стандартқа сәйкес немесе талап етушінің ұсынуымен спецификалық талаптарға сәйкес стандарттар тобын. Бұл жағдайда үшінші жақтағы спецификада нақты тұтынушымен орнатылған талаптар шартты түрде қатыса алады. Реттелмейтін заң шығарушы облысындағы жеткізуші үшінші жаққа тәуелді емес және меншіктік инциатив бойынша өз өнімдеріне сертификация алады. Сонымен қатар ол өзінің таңдалған шешіміне байланысты өз өнімдерінің сипаттамасына сәйкес сұраулар алады. Жеткізуші өз өнімдерінің нақты стандатқа , нақты техникалық параметрлерге, төлқұжат мазмұнына сәйкес келуін сұрайды. Сондықтан сертификация процедурасы қымбат болғандықтан ол жеткізушінің кірісін төмендетуі мүмкін немесе өз кезегінде оның нарықта конкуренттік қасиетін төментетуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан жеткізуші сертификация процедурасынан пайда табу механизмін есепке ала отырып жасау керек. ИСО басқармасында сегіз үшінші жақтағы сертификация схемасы анықталған: 1.Өнім үлгісін зерттеу; 2.Ашық нарықта сатып алынған заводтық үлгі негізінде келесі өнім үлгісін бақылап зерттеу 3.Зауыттық үлгі негізінде өнімнің кезекті бақылау үлгісін зерттеу; 4.Зауаттан алынған және ашық нарықтан сатып алынған үлгіні бақылау негізінде кезекті өнім үлгісін зерттеу; 5.Зауыттан және ашық нарықтан алынған және зауыттық басқару сапасын бақылау негізінде өнім үлгісін зерттеу; 6.Тек зауыттық басқару үлгісінде сапасы; 7.Өнім партиясын тексеру; 8.100% басқару; Сертификациялық өнімнің процес әрекетінде жеткізуші бұл процестің екі субьектісіне душар болуы мүмкін. Аккедитациялық орган (EN 45003) EN 45003 EN 45010 Жеткізуші Сертификациялық орган (EN 45003) Сертификат Инспекция Зерттеу протоколы Өтініш Зерттеу лабораториясы Өнім Сәйкес келуі туралы декларация (EN 45014) Өнім Өнім Нарық(тұтынушы) Сур.15 Сертификат субьектілер арасындағы байланыс Классикалық схема бойынша зерттеу лабораторияларында өнім үлгісін зерттеу жүзеге асады. Протокол түрінде дайындалған зерттеу нәтижелері сол немесе басқа әдіспен сертификациялық органға жіберіледі. Сонымен қатар зерттеу лабораториясы алынған мәліметтерді түсіндіруге,жария қылуға құқығы жоқ. Спецификалық органы зерттеудк алынған нәтижелерді заң шығаушының талаптарымен салыстырады. Егер өнім орнатылған талаптарға сәйкес келсе, онда сертификациялық орган жеткізушіге сәйкестендіру сертификатын береді. Таңдалған схемаға қарамастан сертификация субьектілерінің қарым қатынасы сертификацияны тапсыру этапында бітпеуі мүмкін. Сертификация өзара өнімді жеткізуде маңызды фактор болып саналады, сонымен қатар тұтынушының өнімді қолдану қауіпсіздігінің кепілі, азамат дүние мүлкін және денсаулық қауіпсіздігін,қоршаған ортаны қорғау сияқты үлкен әлеуметтік мәселелерді шешу. Зерттеу лабораториядағы аккредитация нәтижесі үшін оның нақты өткізілген зерттеу түрлерінің техникалы компентациясы болу керек, сол уақытта сертификациялық орган өнім сертификациясының нақты функционалдық жүйесіне сенімді және білікті болу керек. Аккредитация мақсаты келесі үлгімен тұжырымдалады: * Сапасын көтеру және сертификациялық орган мен зерттеу лабораторияларын кәсіпқой ретінде тұжырымдау; * Ішкі және сыртқы нарық сертификаттарын және зерттеу нәтижелерін тану; * Ішкі және сыртқы нарықтық өнімдерді тану және бәсекеге қабілетін қамтамасыздандыру; Бірақта көптеген зерттеу лабораториялары және сертификациялық органдар өздерінде аккредитация өткізбейді, егер организацияда бос қаражат көп болса онда аккредитация өткізледі. Өнім сертификацияларының артықшылары Өнім сертификатын нарықтық қарым қатынас талаптарында қолдану келесі артықшылықтарды береді: * Ішкі және шетелдік тұтынушылардың өнім сапасының сенімділігін қамтамасыздандыру; * Өнім тұтынушылардың таңдауын жеңілдетеді; * Тұтынушыға өнім сапасы туралы объективтік мәліметті алуын қамтамасыздандырады; * Сертификациялық емес өнімді дайындауда бәсекелестікті сақтау және ұзақ жетістікке жеті қабілеті; * Елдегі аналогтық өнімнің импортын төмендетеді; * Сапа деңгейі сәйкес келмейтін өнім импортының елге кіруін алдын алады; * НТД сапасының жоғарлауын оған тым прогрессивтік талаптар орната отырып стимулдайды; * Өндірістің организационды техникалық дәрежеге көтерілуіне мүмкіндік береді; * НДТ үтетуін стимулдайды; Жағдайды басқаратын және өзіндік қағидалары бар сәйкестендіруші жүйеде барлық сертификациялық әрекеттер жүзеге асырылады. Өнім сертификациялық жүйесін әртүрлі классификациялық белгісі бойынша жіктеуге болады. Негзігі калссификациялық белгісі бойынша жиі таралған сертификация жүйесіннің классификациясы Жіктелу белгісі Өнім сертификациясының жүйесі Жақтардың қызығушылығы Ұлттық Аймақтық Халықаралық Құқтық мәртебе Заңды түрде Өз еркімен Дербес Сертификациялық процедураны орындауда басқа организациялардың катысуы Үшінші жақта Ұлттық жүйе өнім сертификациясы ұлттық дәрежеде үкіметтік және үкіметтік емес орагнизация ретінде құрылады. Мемлекеттік формадан басқа өнім сапасының және қауіпсіздігінің нарықтық талаптарда дамып қалыптаусын бақылайтын және басқа да өсы әркеттке қарама қарсы формалардың ерекшелелігі биржалық тауарлардың сертификациялық жүйесі. Аймақтық кейбір елдердің бір аймақтық дәрежесінде құрылатын өнім сертификациясының халықаралық жүйесі мысалы Еуропалық экономикалық коммисия ООН аймақтық дәрежеде сертификация шартына сәйкес 100 жүйені пайдаланады. Халықаралық халықаралық организация әртүрлі әлем аймақтарын басқару дәрежесінде сертификациялық өнім жүйесі құрылады. Заңды түрдегі жүйе өнімді құру үшін НТД талаптарында қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығын және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты талаптар болуы керек. Бұл жағдайда сертификаттың сәйкес келмеуінсіз өндірушінің өнімді өткізумен қатар оны өндіруге құқығы жоқ. Өз еріктік жүйесі өндірушінің инцативі бойынша ғана сертификация өнім сертификациясын қарай алады. Бұл жағдайда ол өз өнімін кез келген НТД талаптарына сәйкес сертификациялауға құқығы бар.Осы сертификация түрі өнімнің конкуренттік қабілетін көтеру барысында үлкен рөл атқаруы мүмкін. Дербес өнімнің сертификациялық жүйесін өнміді өндіруші кәсіпорын өзі құрады.Сонымен қатар кәсіпорын өзи сетификатты беруде жауапты болып келеді. Шын мәнінде өзіндік сертификациялау оның өнімдерінің және өндірістің НТД талаптарына сәйкес келуі туралы өтініш болып табылады. Сертификациялау жүйесі үшінші жақтағы өнімді тексеретін, бағалайтын және өндірушімен шығарылған өнімнің барлық НТД талаптарына сәйкес келуін дәлелдейтін басқа организациямен құрылады.Көрсетілген жағдайда өнім сертификациясын өткізу үшін жабдықталған зерттеу орталықтары мен лабораториялары маңызды болып табылады. Елдегі Занды түрдегі сертификация РК заңына сәйкес <<өнім және қызмет сертификациясы туралы>> қаралады. ОКП классификаторына және сыртқы экономикалық тауар номенклатурасына тіркелген(ТН ВЭД), берілген номенклатура сертификаттау жүргізу үшін қажетті мемлекттік стандарттарды, санитарлық норомаларды және ережелерді, құрылыс нормалары мен ережелері, қауіпсіздік бойынша нормалар, және өнімге міндетті талаптар қамтылған ҚР заңдарына сәйкес келетін басқа да документтерді орнатады. Ерікті түрдегі сертификация өтініш бдерушілермен және сертификациялау органдары арасындағы келісім шартты негізге ала отырып заңды және азаматтық түрдегі инцатив бойынша сертификациялау жүргізіледі. Бұл сертификация түрін ерікті сертификациялау және сәйкес белгілері бойынша сертификция жүйесіне тіркелген, сонымен қатар өзінің аккредитация облысын зыңды түрде сертификациялау функияларын өзіне алған заң өткізуі мүмкін. Сертификацияның негізгі мақсаты болып табылады: Азамттардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығы; Заңдық әрекет және бірынғай нарықтық тауарлы индивидуальдық кәсіпорын үшін, сонымен қатар халықаралық экономикалық , ғалыми техникалық ынтымақтастық және халықаралық нарық үшін шарт құру;өнімді компетенттық тандауда тұтынушыға көмектесу; өндірушінің арам ниеттілігінен тұтынушыны қорғау; Өндірушімен мәлімделген өнім сипаттамасын растау. Заңды сертификация сиякты ерікті сертификация да өндіріс сферасында және ішкі және сыртықы нарықтық өнім айналысында қолданылады. Сертификация жүйесінің функционалдық құрылуының негізгі өнімді сертификациялайтын, сертификация және лицензия беретін сертификациялық органдар болып табылады. Сертификациялық орган нақты өнімнің зерттеуін жасайтын немесе нақты зерттеу түрін және сертификация мақсаты үшін зерттеу хаттамаларын беретін зерттеу лабораторияларының мәліметтері негізінде өз қызметін құрады. Бірынғай өнімнің сертификациялық жүйесі келесі негізгі факторларды есепке ала отырып құрылады: * Халықаралық жүйенің анологиясының бар болуы; * Өнім жабдықтарының техникалық принциппен жалпылығы; * Өнім міндеті немесе оған талаптардың жалпылығы; * Нормативтік құжаттарды облыстық тарату жалпылығы; Шетелдік практикада қабылдағандай , сертификация бұл тауар өндіруші мен тұтынушыға тәуелді емес әрекет.Өтініш беруші сертификациялық органға өнімнің орнатылған талаптарға сәйкес келуі, өз құзіретінің шегінде мемлекеттік басқару органдарына сәйкес шығарылған, сонымен қатар өнімді өндеуде және оны өндіріске шығаруда өткізілген зерттеудің протоколы туралы құжаттарды қосымша көрсетуі мүмкін. Сетификациялық орган талқыланған өтініш нәтижелерінен кейін шешім қабылдайды, яғни онда өндіріс сетификациясын және жүйе сапасын өткізе алатын сертификация схемасы,қажетті техникалық документтердің тізімі,зерттеу лабораторияларының тізімі,зерттеу өткізілген өнімдер және органдардың тізімі, барлық сертификация талаптары бар барлық сертификациясның негізгі шарттары. Өтініш берушінің нақты зерттеу лабораториясын және сапалық жүйе сертификациялық органды тандау құқығы бар. Кесте 4 Өнім сертификация процедурасының бірізділігі 1.Сертификацияға өтініш беру З 2.Өтініш бойынша шешім қабылдау, соның ішінде схема тандауы ОС 3.Идентификация түрлерін және олардың зерттеулерін іріктеу ОС ИЛ 4.Өндіріс бағасы (егер бұл сертификация схемасы бойынша қарастырылған болса) ОС 5.Нәтижеден алынған анализ және сертификатка сәйкес беру туралы шешім қабылдау ОС 6.Сертификат беру және сәйкес белгісін қолдану лицензиясы ОС 7.Сертификациялық өнімге инспекциондық бақылаудың болуы ОС 8.Сәйкес келмейтін белгілерді дұрыс қолданбау және сәйкесінше орнатылған талаптарды бұзу барысында іс шараны түзеу З 9.Сертификация нәтижелері туралы ақпарат ОС З- өтініш беруші ОС- сертификациялық орган ИЛ- зерттеу лабораториялары Сынақтар құрылымы, құрамы жасалу технологиясы тұтынушының тапсырысымен берілген үлгілерде жасалынады. Үлгілердің саны, оларды таңдау реттілігі, сәйкестендіру шарттары және сақталу шаралары біртекті өнімдермен қоса нормативті құжаттарды сертификациялау жүйесімен анықталадығ олар өнімге қойылатын сынақ түрлерін және талаптарды анықтайды. Сынақтан алынған нәтижелер бойынша, сертификациялау жүйесінің сапа мен өнімді және саралау құжаттарының жүйеге сай екендігін басқа да мемлекеттік органдарының тексеруі нәтижесінде сертификациялау ұйымы өнімнің талапқа сай екендігін бағалап, сертификатты тіркеп жасайды. Сертификаттың мерзімін сертификаттау ұйымы өнімге арналған нормативтік құжаттардың мерзіміне қарап және өндірісте немесе сапалық жүйенің сертификатталған уақытына байланысты қояды. Сертификаттың уақыты үш жылға қойылған. Егер бұйымда жұмыс істеу мерзімі болса, онда сертификат өнімнің әр тобына немесе әр бұйымға таралады. Өнімнің құрылымы немес жасалу технологиясын өзгерту жағдайында мәлімдеуші сертификаттау ұйымын ескеру қажет, ол өз кезегінде жаңа өнімге сынақтар жүргізуді немес оны бағалауды шешеді. Өнімнің әр шығарылымын таңбалауды жасап шығарушы атақарады,ол өнімнің нормативтік құжаттарға сай болуын және сертификациялауын өз мойнына алады. Өнімнің сай екендігін анықтайтын белгі өнімнің бөлінбейтін бөліміне және сыртқы қораптағы жасап шығарушының таңбасының жанына қойылуы. Өнімді таңбалау көбінде белгілі әдістермен орындалады: нақыштау, өңдеу,балқыту,бөлу және т.б.. Белгіні қоя алмау кезінде (газ тәріздес,сұйық,ұсақ заттар)оны ыдысқа немесе қорапқа қояды. Өнімге арнайы техникалық құрал жабдықтарды орнатуға болады. Мысалы, ленталар,құлақшалар оларды қосымша бөлімдері деп есептеуге болады. Өнімге қойылатын белгілерді орнату шарттары сертификаттау жүйесінде орындалады. Инспекторлық бақылау сертификатталған өнімге бақылау қойды,ұйым сертификат пен лицензияның аяқталу мерзіміне дейін жұмыс атқарады,тексеру жылына бір рет болады.Инспекторлық бақылау белгілі кезеңдерде немесе жоспардан тыс өткізіледі, бақылау өнімді талапқа әлі де сай екендігін тексеру мақсатында сынақтар өткізеді. Инспекторлық бақылаудың өткізілуінің себептері: өнімнің қауіпсіздік дәрежесі, өндірістің қалыпты шығуы,өлшемі, сапалық жүйесінің сақталуы және т.б. Инспекторлық тексерудің дәрежесі,реті біртекті өнімдерді сертификациялау жүйесімен анықталады. Жүйе сапасын сертификациялауды жүргізудің кезеңдері Жүйе сапасының сертификациясын өткізу процесін екі кезеңге бөлуге болады: алдын ала тексеру және сапа жүйесінің бағасы; соңғы тексеру, баға және кәсіптік стандартқа сәйкес сапа жүйесіне сертификация беру. Әрбір көрсетілген кезеңнің нақты жұмыс құрамы бар (кесте). Сапалық жүйе сертификациясында үміткер болып отырған кәсіпорынды өтініш және жолдама хатпен сертифкациялық органға жиберге тиіс: алдын ала сапалық жүйесін тексеру үшін анкете сұрақ; жалпы сапалық басқару (немесе сапалық жүйенің басты СТП),өнімнің сапасы туралы ақпараттық мәліметтер, сапалық жүйеге сәйкес келуі туралы декларация; сапалық жүйені тексерудің бірінші этапында кеткен есептік шот.Сертификациялық органның өтініші бойынша басқа да зерттеулер мен жүйе сапасы және кәсіпорын туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Жүйелік сапаның бағалық этаптары Жұмыс құрамы Атқарушы Сапа жүйесінің бағасы және алдын ала бақылау кезеңі Сапа жүйесін және оның құжаттарын сертификацияға дайындау Кәсіпорын Жүйе сапасына сертификация өткізуі үшін өтініш беру Кәсіпорын Сапа жүйесінің бағасы және алдын ала бақылау Сертификациялық орган Сапа жүйесіне сертификация жүргізудегі келсімшарттың қорытындысы Кәсірорын,сертификациялық орган Сапа жүйесінің бағасы және соңғы бақылау кезеңі Соңғы бақылауға сапа жүйесін дайындау Кәсіпорын Сапа жүйесін соңғы тексерілуінің программасын өндеу Сертификациялық орган Кәсіпорынның сапа жүйесін тексеру организациясы бойынша алдын ала жиналыс өткізу Кәсірорын,сертификациялық орган Сапа жүйесіне тексеру жүргізу Сетификациялық орган, кәсіпорын Қорытынды жиналыс үшін тексеру нәтижелері бойынша алдын алда қорытынды дайындау Сертификациялық орган Қорытынды жиналыс өткізу Кәсірорын,сертификациялық орган Кәсіпорынның сапа жүйесін тексеруінің өткізілуі туралы есептеме жіберу және құру Сертификациялық орган Сапа жүйесінің сертификатын беру(оңтайлы шешімде) және безендіру,тіркеу. Сертификациялық орган Бірінші кезеңнін нәтижесі бойынша сертификациялық орган қорытынды шығарады, онда кәсіпорынның дайын болуы және сапа жүйесінің сертификациялауды мақсатқа ала отырып екінші кезеңді өткізу немесе мақсатсыздықтын себеп салдарын және екінші кезең бойынша жұмыс істей алмуын көрсетеді. Келісімшартқа қол қойылған кезде яғни оңтайлы қорытындыда екінші кезең бойынша жұмыс уақыты орнатылады - сапалық жүйенің бағасы және толық тексеру.Егер екінші кезеңде жұмыс істеу барысында сертификациялық органда жүйелік сапа стандартқа сәйкес талаптарға үйлесімсіз екені табылса, онда кәсіпорынмен бірге оның жөндеу уақыты анықталады және қайталап тексерудің болжамды уақыты белгіленеді. Оңтайлы нәтижеде нақты мерзімге сертификат беріледі(әдетте бұл мерзім үш жылмен шектеледі). Бұл жүйедегі аккредитация объектілері анықталды(ГОСТ 51000.1-5): * Зерттеуді,өлшеуді,калибрлеуді орындайтын лабораториялар; * Жүйе сапасы және өндіріс,қызмет,өнімнің сертификациялық органы; * Өлшеудегі тексерісті орындайтын заңды түрдің метрологиялық қызметтері; * Осы қызмет облыстарындағы арнайы эксперттердің құратын организация; Аккредитациялық жұмыс негізгі алты кезеңді қосады: 1. Аккредитацияға өтініш беру және оны алдын ала тексеру. 2. Аккредитациялық құжаттардың экспертизасы. 3. Өтініш берушінің аттестациясы. 4. Аккредитация және экспертизаның нәтижелері бойынша барлық материалдардың анализі. 5. Аккредитация жөнінде шешім қабылдау немесе аккрадитациядан бас тарту сонымен бірге аккредитациялық аттестатты беру және безендіру, тіркеу. 6. Аккредитталған организацияның кезекті инспекциялық бақылауы. ЕН 45002 мен үндескен тексерілетін және калибрленетін зерттеу лабораторияларының аккредитациялау реті ГОСТ пен Р 51000-96 анықталған.ГОСТа Р 51000.3-96 критерий бойынша аккредитациялық лабораторияларды өндіреді. ГОСТ Р 51000.1-95 бойынша аккредитация кезеңдері көпшіліктік кезеңге сәйкес келеді. Әрбір кезең бастапқы оңтайлы нәтиже барысында келесі кезең өткізіледі. Сертификацияның халықаралық практикасы Техникалық барьера халықаралықсертификация организациясын құруға және барлық өнім түрлерінің нарыққа кедергісіз шығуын қамтамасыздандыру үшін халықаралық сертификациялық жүйелерге бағытталған халықаралық ұйым. Тарифтік және тауарлық бойынша негізгі келісім шарт (ГАТТ) халықаралық үлкен ұйым болып табылады. Стандартизация және сертификация аумағында қатысушы үшін келісім шартта арнайы мінездеме бар. Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық туралы ел қатысушыларының жиналысында Хельсин және Вене кездесу нәтижесі бойынша сертификация аумағындағы ынтымақтастық қажеттілігі және елдің нарықтық және елдің нарықтық байланыстарын дамыту және жақындату қасиетінде оны қаражат ретінде қолдануын өздеріннің қорытынды актілерінде белгіледі. Организационды методика аумағынды сертификацияны басқару сертификациялық коммитеті бар ИСО тәуелді. Россия госстандарты Апелляциялық комиссия Аккредитация боцынша мекемеаралық кеңес Техникалық секретариат Аккедиттайтын органдар Заңды түрдегі сфера Ерікті түрдегі формада (заңды түрде реттелген) (заңды түрде реттелмеген) Билікті атқаратын басқа федеральдық органдар Орнатылған талаптарға жауап беретін заң түрі Россия гостандарты Аккредитация обьектілері Зерттеу лабораториялары, Сертификациялық орган, Экспертті дайындау ұйымы Зерттеу лабораториялары , Серификациялық орган, Экспертті дайындау ұйымы Зерттеу лабораториялары, Өлшеу лабораториялары, Заңның метрологиялық қызметі, Сертификациялық органның , Экспертті дайындау органы Сур. 16 Аккредитация обьектісі бойынша жұмысты ұйымдастыру Сертификациялық мәселеде ИСО мен бірге МЭК жұмыс істейді. Барлық нұсқаулар осы екі ұйым атынан шығарылады. Сонымен қатар МЭК екі халықаралық сертификациялық жүйені ұйымдастырады. Еуропалық стандарттың бұрын әрекет еткен тәртіптен айырмашылығы көптеген шешімдер ЕЭС елдердің мүшелерімен қабылданады және шешім қабылданғаннан соң бүкіл ел қауымдастығында заңды күшке ие болады. Кезеңнің атауы Кезеңнің мазмұны Атқарушы Кезең қорытындысы 1.Өнімді сертификациялаудың декларация өтінішін сертификациялық органның алуы Өтініш декларациясының анализі Ұйымдастырушы (өтініш беруші) Бастапқы материал экспертизасы үшін экспертті тағайындау 2.Бастапқы матиериал экспертизасы Бастапқы материла экспертизасы,жинау және өткізетін өнімнің сапасы туралы ақпарат нәтижесі,өндіріс сертификациясының кезекті кезеңдерін өткізуде мақсаттылық бағасы Сертификациялық орган(өкілетті эксперт) Өндірістін сертификациясын өткізудің мақсаты туралы қорытынды шығару,өндірістің сертификациясын өткізуде келісім шартты аяқтау. 3.Өндірісті тексеретін комиссияны құру Басты экспертті тағайындау және комиссия құрамын бекіту Сертификациялық орган(өкілетті эксперт) Комиссияны бекіту туралы жарлықты рәсімдеу 4.Тексерудің жұмыстың программасын құру Обьектіні регламенттеу және өндірісті тексеру процедурасы және шешімді қабылдау дұрыстығы Сертификациялық орган(өкілетті эксперт) Өндірісті тексерудің программасын қабылдау 5.Өндірісті тексеру Комиссияны құру, тексерудің жоспарын жасау,өндірісті сертификациялау мүмкіндіктері туралы шешімді қабылдау Сертификациялық орган(өкілетті эксперт) Өндірісті тексеру нәтижелері бойынша акт жасау 6.Өндірісті сертификациялауға ұсыну туралы шешімді қабылдау және өндірісті тексеру нәтижелері бойынша құжаттарды рәсімдеу Сертификаттың жобасын рәсімдеу Сертификациялық орган(өкілетті эксперт) Өндірісті тексеру нәтижелері туралы акт бағыты,Техникалық тіркелу орталығының сертификат жобасы 7.Өндірісті сертификациялау тіралы шешім қабылдау Реестре Регистра сертификатын тіркеу туралы шешім қабылдау Тіркеудің техникалық орталығы Арыз берушіге сертификатты бағыттау 8.Сетификатталған өндіріске инспекциялық бақылау Тексеру программасына сәйкес өнімді өндірудің тұрақты Сертификатталған сапасын тексеру процедурасын орындау Сертификациялық орган(өкілетті эксперт).Т іркеудің техникалық орталығы Тексеру актілерін рәсімдеу Қазірге кезде Еуропада 700 сертификациялық орган жұмыс атқарады. Сертификация жүйелері келісушілікпен және ынтымақтастықпен жұмыс атқарады.ЕЭС және ЕАСТ елдерінде жиынтығы 5000 жуық өнім сертификацияланады, барлық шетелдік елдерде іс жүзінрде іс жүзінде 300 жуық сертификация жүйесі қызмет етеді. Қорытынды Сертификация -бұл өнімнің нақты талаптарға, техникалық шартқа және нақты стандартқа сәйкес келуінің құжаттық дәлелдеу. Барлық сертификациялық әрекет өзіндік қағдалары бар сәйкес жүйеде жүзеге асады. Мұқтаждылықты және зерттеу мөлшерін,үлгіні іріктеу орындарын сертификатталған сапа жүйесінің инспекциондық бақылау нәтижесі бойынша өнімнің сертификациялық органы анықтайды. Тақырып 6. Анализ жобасын жүзеге асыру процесңнің сапасында шығынды басқару Барлық инновациондық жобаның анализі бірнеше кезеңдерден және бөлімдерден тұрады. Олар жіктелу принципіне байланысты ажыратылуы мүмкін. Мысалы, жоба анализін өткізу уақытына байланысты болжамды,қазіргі және кезекті деп бөлуге болады. Болжамды анализ ең жауапты болып табылады. Осы кезеңде анықтау және дұрыстау кәсіпорынға зияның тигізбейді, өйткені қаржылық зиян қаржы жиынымен шектеледі, мысалы,өнімді өндіруде,технологияда,нарыққа зерттеу өткізуде. Жана өнімді өндіру процесінде қазіргі анализ қызмет атқарады. Бұл кезеңге кәсіпкер оны өндіріске шығарардан бұрын оның жобасына айтарлықтай қаржы жұмсалады. Егер инновациялық өнідірлетін өнім талаптарға сай келемесе онда келесі жағдайлар туындайды: А) сол бағада, сонда шығын толығымен толтырылады және кәсіпорын жоспарланған кірісті алады; Б) төмендетілген бағада, онда берілген өнімді сатудағы нақты кіріс мөлшері жоспарлағаннан аз болуы мүмкін немесе оның мүлдем болмауы мүмкін, немесе бағаның төмендеу мөлшеріне тәуелді болмай шығын толығымен толтырылмайды; В) Жоспар бойынша немес төмен бағада, ақауды орнына келтіруде қосымша шығынның мүмкіндігі немесе өнімді жобалық сапа дәрежесіне дейін қалпына келтіру; 2) Өндірушінің тауары,оның сапасы төмен болғандықтан өткізу мүмкіндігі жоқ: А) Қолдану мүмкіндік бағасы бойынша сату, бұл жағдайда өндіріске аз шығын толтырылады; Б) Утилизировандық материалдарды өткізу, яғни утилизацияға және кейбір қаржы шығындысының компентациясына қосымша шығын. Уақытша анализдің соңғы кезеңі кезекті анализ қағида бойынша есептік мерзімнің өтуі бойынша жүзеге асырылады. Онда кезеңнің қорытынды әрекеті жүреді. Берілген кезеңде сапасыз өнім табылса онда ол өндіріске зақым тигізеді.Ол өндірістің құнсыздануынан,коммерциялық шығындар, кепілдік жөндеуіне шығын немесе сапасыз өнімге ауыстыру,қарызды төлеуден құрылады.Сапасыз өнімді өндіру өнім заутында сұраныстың төментдеуіне алып келеді. Комлектік қорытынды жобалық анализін контрольдық нүкте кезеңіне бөлу қажет. Бұл өз уақытында жағымсыз жағдайларды және тенцияларды алдын алуына көмектеседі. Жобалық анализдің обьектісі өнім сапасының әртүрлі жақтарын сипаттай алады. Онда анализ құрамы келесідей болады: 1.Коммерсиялық; 2.Техникалық; 3.Ұйымдастыру; 4.Әлеуметтік; 5.Экологиялық; 6.Экономикалық; Жаңа өнімнің сапасын талдауға бұл түрлер міндетті түрде қатысу керек. Олар өнімді әртүрлі қырларынан және әртүлі орныққан орнынан көруге мүмкіндік береді, мысалы: * өнімнің өту мүмкіндігі мен оның базардағы қажеттілгігі жағынан; * оның аналогтарға немесе оның техникалық жаңасына қарағанда техникалық артықшылықтары немесе тиімділігі жағынан; * ұйымдық орындалуы мүмкіндігі жағынан; * оның берілген кәсіпорынға,тұтынушыға,аймаққа,толық мемлекетке және слаларына әлеуметтік маңыздылығы, ; * өндіруші кәсіпорын немесе жаңа өнімді тұтынушы орналасқан аймаққа берілген жоба орындалуының экологоиялық салдары жағынан; * оның тұтынушы мен өндірушіге экономикалық тиімділігі жағынан. Мұндай талдау әр нақты бір түрге тән формальді және формальді емес, сандық және сапалық қабылдау әдісі арқылы өтеді. Ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық талдауларда сапалық тәсіл және формальді емес әдіс кеңінен қолданылады. .Бұл қажетті көрсеткіштер мен графикалық тәсілді есептеу үшін қолданылатын есептік қабылдауды қолдануды алып тастамайды. Талдаудың коммерциялық және техникалық түрлері сапалық және сандық тәсілдердің байланыстырылуы арқылы формальді және формальді емес және де графикалық әдістерді қолдануға негізделеді. Сандық тәсілге негізделген экономикалық талдауда сапалық тәсіл кеңінен қолданылады, яғни онда формальді әдіс сияқты формальді емес әдісер де үйлеседі.Мысалдарды суреттеу үшін және салыстырмалы анализ ретінде графикалық әдіс кеңінен қолданылады. Тәсілдер мен әдістердің болуы және үйлесуі бірқатар себептерге байланысты.Олардың ішіндегі негізгілері талдаудың мақсаты мен тапсырмалары, талдаудың ақпараттық базасының артықшылықтары мен оның болуы, программалық қамсыздандыру мен техникалық базаның болуы. Жаңа өнімнің жобалық талдауының түрлері және оның сапасы мен оларға сәйкес келетін әдістер келесі кестеде көрсетілген. 7-таблица. Жаңа өнімнің жобалық талдауының түрлері мен әдістері Талдаудың әдістері Талдаудың түрлері Формальді Формальді емес А Б А Б Коммерциялық + + Техникалық + + Организациялық + Әлеуметтік + Экологиялық + Экономикалық + + А -- берілген топтың әдістерді айрықша қолдану варианты; Б -- берілген топтың әдістерді ішінара немесе үйлесімді қодануы. Талдауды әдістемелік қамтамасыз етудің ерекшеліктерін білу оның басталуына дейін кәсіптік деңгейге сәйкес келетін қызметкерлер жинап алуға, техникалық базаны дайындап алуға, және де оның болуынсыз жаңа сапалы, техникалық қатынаста өте күрделі жаңартпалық өнім және оның технико-экономикалық дәлелдемесін жан-жақты өңдеу мүмкін емес оның программалық және басқа да жабдықпен қаматамасыз етуге мүмкіндік береді. Коммерциялық талдау Коммерциялық талдаудың мақсаты базарға ұсынылатын соңғы тұтынушылары бар өнімге баға берумен сипатталады. Ортақ түрде шешілетін тапсырмаларды келесілерге байланыстыруға болады: маркетинг, ресурсты қамтамасыз етудің шарттары мен қайнар көзі, өтім шарттары, өнімді тұтынушы мен кері байланыс мүмкіндігі. Өнімнің сапасын бақару үшін соңғы тапсырманы шешу өте маңызды.Мысалға, жаңа өнімге деген сұраныстың аздығы тікелей оның сапасына емес, буып-түю түріне және өнім бағасына байланысты. Жылдам коммерциялық процесте тұтынушылардан сұрастыру немесе анкетирования жүргізу арқылы тез арада негативті себебін жоғалтуға болады: өнімнің буып-түюін өзгерту,шығындарды және өнім бағасын төмендету жолдарын табу. Әдетте ақпарат түрі сапалық талдау сияқты, сандық коммерциялық талдау жүгізуге мүмкіндік береді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сандық бағалау әдісі параметрлік тәсілге негізделеді және бірнеше кезеңмен орындалады. Сапа параметрімен(өнімнің сапалық мінездемесі бойынша) салыстырылатын бірінші кезеңде сарапшылық жолмен бес таңбалы шкала бойынша балдар қосылады.Сосын абсолюттік және қатыстық көлемдер көмегімен алынған ортақ баллдар салыстырылады. Техникалық параметрлердің улкен ортасын салыстырудың келесі кезеңдері және баллдардың құндық бағасы келесіде қарастырылады. Кері байланысты қамтамасыз ету үшін ішінде тұтынушылардың қанағаттанушылығы мен өнімнің сапасына деген қалаулары бар анкета жасап шығару қажет.Бұл мағлұматтар жиналып, кәсіпорынның комерциялық бөлім қызметкерлерімен өнімді жетілдіру шешімін қабылдау үшін өңделеді. Толық коммерциялық талдау жүргізу барысында бөлімнің басында белгіленген барлық тапсырмаларды орындау қажет. Техникалық анализ Жаңартпалы жобалардың техникалық анализі үшін төмендегілерді білу қажет: * технико-технологиялық балама таңдау; * Кәсіпорынның орналасу варианттары; * Жобаны және оның фазаларын жүзеге асыру мерзімі; * Шикізат көздерінің, жұмысшы күшінің, және басқа да керекті ресурстардың қол жетімділігі және жеткіліктілігі; * Жоба графигі. Барлық сұрақтарды қысқа технико-экономикалық дәлелдемені әзірлеу, толық технико-экономикалық әзірлеу және жұмыс жұмыс құжаттамаларын әзірлеу барысында инвестициялы алды сатысында үйрену керек. Техкнико-технологиялық баламасын үйрену алдыменен жаңа және онымен ауыстырылатын бұйым параметрлерін салытыруға байланысты.Мұндай салыстыруды бар ақпараттың көлеміне байланысты сапалық және сандық тәсіл көмегімен жүргізуге болады.Коммерциялық жне технико-технологиялық құпия шарттарында сапалық тәсіл басымдық көрсеткіш көрсетеді. Бірақта бұл бағаның құрылуында және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда қолданылатын параметрлік тәсілдерді және ұқсас тақырыптарды қолдану мүмкіндігін шектемейді. Және де соңғысын техникалық талдаудың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ұйымдық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық талдау Ұйымдық талдау жаңа инновациялық жобаның ішкі және сыртқы іске асыру шарттарын бағалау үшін қолданылады.Ішкі шарттарға кәсіпорынның өз қызметіне байланысты, соның ішінде басқарудың ерекшеліктері, ұйымдастыру құрылымы, жоспарлау, қызметкерлер құрамын толымдау және үйрету,қызмет координациясы, ақпараттық қамтамасыз ету. Сыртқы шарттарға қоғамдағы және аймақтағы ғылыми-техникалық, ортақ экономикалық құқықтық және политикалық ахуалдар жатады. Ұйымдық талдаудың негізгі міндеттері: 1. Политикалық және құқықтық ахуал жөніндегі жобаға қатысушылардың міндеттері мен іс-әрекеттерін анықтау. 2. Жоба тапсырмаларына сәйкес келуне байланысты ұйымдық құрылымдарды және басқаруды бағалау. 3. Жобаның ресурстармен қамтамасыз етілуін және осы қамтамасыз етуді қайта құрастыруды талдау, қызметкерлер құрамын және біліктілікті жоғарылату. 4. Инновациялық жобаны іске асырудыі жағымсыз ұйымдастыру шарттарын шығару барысындағы оптимальді басқарушылық шешімдерді таңдау. Базарлық экономика шарттарындағы ұйымдастыру талдауы директивалы экономика шарттарындағы жаңа өнімді енгізу ұйымдастыру талдауынан айтарлықтай өзгеше. Бұл айырмашылықтар өзгертілген политикалық, құқықтық және эконмикалық шарттармен алдын-ала келісілген.Кәсіпорын өздігінен басқару жүйесін, ұйымдастыру структураларын, жоспарларды және т.б. жасай алады. Әлеуметтік талдаудың мақсаты жобаның оны тұтынушыларына жарамдылығын анықтау болып табылады.Әлеуеттік талдау көмегіменберілген тауардың алдыға жылжуын және оның шығарылу көлемін келешекте үлкейту мақсатында өнімді өндіруші мен тұтынушы арасында қарым-қатынас жасалуы тиіс. Әлеуметтік талдау өз көзқарасын төрт негізгі аспектте тоқтатады: 1.Жобаға байланысты халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамасы. 2.Иновациялық жобаның қызметі аясындағыы халықтың ұйымдасуы, жұмысшы күшінің болуы. 3. Жергілікті мәдениетке жобаныі жарамдылығы(ғылыми потенциал) 4.Берілген жобаны қолданушы ұйымдар және халық топтарынан қажетті міндеттемелерді қамтамасыз ету стратегиясы. Әлеуметтік талдау сапалық тәсілді қолдану арқылы жүргізіледі. Экологиялық талдау ортақ экологиялық жағдайдың нашарлауынан қазіргі уақытта ерекше орын алып отыр. Оның міндеті инвестициялық жоба және оның барлық стадиялары келтіретін барлық зақымдарды табу, және де оның алдын алатын шаралар қолдану болып табылады. Экономикалық талдау жобалық талдаудың да, сапаны басқару жүйесінің де маңызды құрам бөлігі болып табылады.Екі жағдайда өңдеу -- сапасы тұтынушыны қанағаттандырарлық және белгілі стандарттарға сай келетін өнімді өндіріске енгізуге,мақсаттылығына және тиімділігіне негізделеді. Экономикалық талдау процесінде жаңа жобаны қаржыландыру көздері, оны енгізуге жұмсалған шығындар және оны іске асыру тиімділігі анықталады. Тиімділіктің жанама көрсеткіштерінің бірі ретінде өнім сапасының құны бірлік ретінде болуы. Семинарлық және практикалық сабақтардың жоспары Әдітемелік нұсқаулар Семинарлық(практикалық) сабақтар -- оқушының оқу үрдісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін және олардан терең өздік жұмыс талап ететін оқушымен жүргізілетін аудиториялық сабақтың негізгі түрлерінің бірі.Оқушыны сабаққа дайындау жоспарында сұрақтар құрастырылған, үй жұмысында орындауға тиіс немесе аудиториялық топтық сабақтар барысында талқылауға арналған тапсырма нөмірі немес жаттығулар анықталған,бақылау сұрақтары көрсетілген немесе өзін-өзі тексеру сұрақтары дайындалған. Әр тақырыпқа байланысты оқушылар үй жұмысын орындау барысында лекция конспекті бойынша, әдебиеттермен жұмыс істеулері керек, өз көзқарасы бойынша қосымша әдебиет таңдауы керек, сұрақтарға жауап дайындау, тапсырмаларды шешу және т.б. Тақырып бойынша сабақ жоспарында құрастырылған сұрақтар мен тапсырмалар ұжыммен талқыланады. Қажеттілігіне қарай оқытушы сабақ барысында басқа сұрақтар қоя алады және тапсырмалар бере алады. 1-семинар. Пән және курс тапсырмалары <<Сапаны басқару>> Талқыланатын сұрақтар: 1.Тауардың сапасы деген не? 2.Қызмет көрсетудің сапасы деген не?(мысал ретінде) Ұсынылған әдебиеттер 1. Аристов О.В., Леонов Н.Г. Управление качеством продукции. - М.: Изд-во стандартов, 2007. 2. Ахмин А.М., Гасюк Д.П. Основы управления качеством продукции. Учебное пособие, СПб.: Изд-во <<Союз>>, 2006. 3. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. - М.: Изд-во АМИ, 2006. 2-семинар.Өнім сапасын мемлекеттік реттеу Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өндірушінің сапасыз өніміне мемлекет қалай және қандай технология бойынша ілтипат білдіреді: 2.Егер сапасыз өнім тұтынушыға түсуін жалғастырса не болады? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.ҚР үкіметінің қандай заңнамалық және нормативті актілері өнім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған? 2.ҚР-да тауарлар мен қызметті тұтынушылар құқығына қалай кепілдік беріледі? 3.Өнім сапасын қамтамасыз етудегі талаптардың орындалуын бақылау қалай іске асырылады? 4.Тағам өнімдеріннің сапасы мен қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі? Ұсынылған әдебиеттер 1. Аристов О.В., Леонов Н.Г. Управление качеством продукции. - М.: Изд-во стандартов, 2007. 2. Ахмин А.М., Гасюк Д.П. Основы управления качеством продукции. Учебное пособие: СПб.: Изд-во <<Союз>>, 2006. 3. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. - М.: Изд-во АМИ, 2006. 3-семинар.Өнім сапасын бағалау әдістемесі Талқылауға арналған сұрақтар 1.Өнім сапасын бағалау неден басталады? 2.Өнім сапасын бағалауды нақты қалай іске асырады? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Өнім сапасының деңгейі деген не? 2.Аналогтар топтарының құрастырылуы қалай іске асады? 3.Базалық үлгі деген не?Аналогтар топтарынан базалық үлгілерді бөліп алу қалай іске асады? 4.Қандай өнім сапасын бағалау әдістерін білесіз? 5.Қандай әдіс көмегімен технологиялық процестің сапасы бағаланады? Ұсынылған әдебиеттер 1. Аристов О.В., Леонов Н.Г. Управление качеством продукции. - М.: Изд-во стандартов, 2007. 2. Ахмин А.М., Гасюк Д.П. Основы управления качеством продукции. Учебное пособие: СПб.: Изд-во <<Союз>>, 2006. 3. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. - М.: Изд-во АМИ, 2006. 4-семинар.Технологиялық процестер мен өнім сапасын бақылау Талқылауға арналған сұрақтар 1.Ағымдағы сапаны бағалаудың қабылдау сапасынан айырмашылығы неде? 2.Сапасыз өнімнің шығуының алдын алу үшін не істеу қажет? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Өнім сапасын бақылаудың қандай түрлерін білесіз? 2.Өнімнің сапа бойынша әртүрлі градацияларын атаңыз? 3.Дайын өнімнің бақылау сынауы қалай қалай жүргізіледі? 4.Сапаны басқару сұрақтары бойынша сипаттама статистикасы немен айналысады? 5.Технологиялық процестерді реттеу қалай өтеді? 6.Тауар сапасының қабылдау бақылауы ұйымының реттілігін сипаттаңыз. Ұсынылған әдебиеттер 1. Корнеева Т.В. Толковый словарь по метрологии, измерительной технике и управлению качеством. - М.: Русский язык, 2006. 2. Крылова Г.Д. Зарубежный опыт управления качеством. - М.:Изд-во стандартов, 2007. 3. Окрепилов В.В. Управление качеством: Учебник для вузов. - М.: Экономика, 2007. 4. Розова Н.К. Управление качеством. - СПб.: Питер, 2008. 5-семинар.Қызметтер мен өнімдерді сертификаттау Талқылауға арналан сұрақтар 1.Егер тұтынушы сертификатталмаған өнім алса, оған қандай келіп кетерлік бар? 2.Өнімді сертификаттау кімге және не үшін керек? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Сертификаттау деген не, және оның түрлері? 2.Ерікті сертикаттаудың міндетті сертификаттаудан айырмашылығы қандай? 3.Қызметті сертификаттау қалай іске асады, және ерекшеліктері? 4.ҚР-да сертификаттау ережелерін бұзғаны үшін қандай жауапкершілік жүктеледі? Ұсынылған әдебиеттер 1. Корнеева Т.В. Толковый словарь по метрологии, измерительной технике и управлению качеством. - М.: Русский язык, 2006. 2. Окрепилов В.В. Управление качеством: Учебник для вузов. - М.: Экономика, 2007. 3. Розова Н.К. Управление качеством. - СПб.: Питер, 2008. 6-семинар.Стандарттаудың жалпы сипаттамасы және оның әдістемелік негіздері Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өнімді стандарттау деген не? 2.Өнімге стандарттау жүргізбеуге бола ма, және қашан? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Стандарттауқандай мақсатпен жүргізіледі? 2.Стандарттау бойынша қандай нормативті құжаттар түрлерін білесіз? 3.Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалау қандай ретпен жүргізіледі? Ұсынылған әдебиеттер 1. Корнеева Т.В. Толковый словарь по метрологии, измерительной технике и управлению качеством. - М.: Русский язык, 2006. 2. Окрепилов В.В. Управление качеством: Учебник для вузов. - М.: Экономика, 2007. 3. Розова Н.К. Управление качеством. - СПб.: Питер, 2008. 7-семинар.Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өнімді мемлекеттік стандарттау не үшін қажет? 2.Ол кімге және не береді? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы стандарттау жүйесіне сипаттама беріңіз. 2.Әртүрлі деңгейдегі стандарттардың арасындағы айырмашылық неден тұрады? 3.Стандарттарды мемлекеттік қадағалау қалай орындалады? Ұсынылған әдебиеттер 1. Корнеева Т.В. Толковый словарь по метрологии, измерительной технике и управлению качеством. - М.: Русский язык, 2006. 2. Окрепилов В.В. Управление качеством: Учебник для вузов. - М.: Экономика, 2007. 3. Розова Н.К. Управление качеством. - СПб.: Питер, 2008. 8-семинар.Стандарттаудың салааралық жүйесі Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Мелекеттік стандарттаудың салааралық стандарттаудан айырмашылығы неде? 2.Салааралық стандарт қандай шектеулер енгізеді? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Стандарттардың салааралық жүйесі қандай негізгі бағыттарды қамтиды? 2.ЕСКК ТЭИ-дің негізгі бағыты не? 3.Өнімді жалпы Ресейлік топтастырушы не үшін қажет? 4.Стандарттау аумағындағы халықаралық ынтымақтастық қандай бағыттар бойынша іске асады? 5.ВТО стандарттар кодексі бойынша қызмет көрсетулердің, тауардың, өнімнің сапасына қандай талаптар қойылады? Ұсынылған әдебиеттер 1. Корнеева Т.В. Толковый словарь по метрологии, измерительной технике и управлению качеством. - М.: Русский язык, 2006. 2. Окрепилов В.В. Управление качеством: Учебник для вузов. - М.: Экономика, 2007. 3. Розова Н.К. Управление качеством. - СПб.: Питер, 2008. 9-семинар.Метрология түсінігі және сипаттамасы Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өрескел қателікті қалай табуға болады және онымен қалай күресу керек? 2.Кездейсоқ қателікпен күресу әдісі? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Халық шаруашылығында өлшеудің қандай функцияларын білесіз? 2.Метрология ғылымы немен айналысады? 3.Өлшеу жолдарының түрлерін атаңыз.Өлшеу жолдарының қандай метрологиялық сипаттамасын атай аласыз? 4.Өлшеу нәтижесіне қандай факторлар әсер етеді? 5.Өлшеудің тұтастығы қандай әдістермен қамтамасыз етіледі? Ұсынылған әдебиеттер 1. Салимова Т.А. Управление качеством: Учебное пособие. - Саранск: Тип. <<Крас.Окт.>>, 2005. 2. Управление качеством: Учебник для вузов / Под ред. С.Д. Ильенковой. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2006. 3. Управление качеством: Учеб. пособие / Под ред. К.И. Мазура. - М.: Высш.шк., 2007. 10-тақырып. Өлшеу тұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өлшеудің біртұтастылығы не үшін қажет? 2.Өлшеудің біртұтастылығы тапсырмасын мемлекет қалай шешеді? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Мемлекеттің метрологиялық бақылаудың таралу сферасының обьекттерін, мақсатын сипаттаңыз. 2.Мемлкеттік метрологиялық бақылаудың түрлерін көрсетіңіз. 3.Өлшеу жолдарын калибрлеу қандай мақсатпен іске асады? 4.Заңнамалық метрология ережелерін бұзғаны үшін қандай экономикалық және заңи санкциялар қарастырылған? Ұсынылған әдебиеттер 1. Салимова Т.А. Управление качеством: Учебное пособие. - Саранск: Тип. <<Крас.Окт.>>, 2005. 2. Управление качеством: Учебник для вузов / Под ред. С.Д. Ильенковой. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2006. 3. Управление качеством: Учеб. пособие / Под ред. К.И. Мазура. - М.: Высш. шк., 2007. 11-тақырып.Өнім сапасын басқару жүйесі. Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару несіз оң нәтиже бермейді? 2.Бұранданың шиыршық сапасынан қандай айрмашылығы бар? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Өнім сапасын басқару механизмінің астында не аңғарылады? 2.Өнім сапасын басқарудағы жүйелі тәсілді қалай түсінеіз? 3.Сапа петлясы деген не, және оның элементтері? 4.Тауарлардың өмірлік циклы стадияларындағы өнім сапасын басқарудың негізгі функцияларын атап өтіңіз. Ұсынылған әдебиеттер: 1. Аристов О.В., Леонов Н.Г. Управление качеством продукции. - М.:Изд-во стандартов, 2007. 2. Ахмин А.М., Гасюк Д.П. Основы управления качеством продукции. Учебное пособие: СПб.: Изд-во <<Союз>>, 2006. 3. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. - М.: Изд-во АМИ, 2006. 12-тақырып.Өнім сапасы мен бағасының өзара байланысы Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Сапалы өнімнің қандай жағдайда өткізу базарында бағасы арзандайды? 2.Неге сапалы өнім қымбатырақ? Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Өнім сапасын қалыптастырған кезде қандай сапалы параметрлерді есепке алу керек? 2.Келісімді қатынас жүйесінде тауардың сапасы қалай есепке алынады? 3.Базалық баға деген не және ол сапалы параметрлерді есепке алуда қалай өзгертіледі? Ұсынылған әдебиеттер: 1. Салимова Т.А. Управление качеством: Учебное пособие. - Саранск: Тип. <<Крас. Окт.>>, 2005. 2. Управление качеством: Учебник для вузов / Под ред. С.Д. Ильенковой. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2006. 3. Управление качеством: Учеб. пособие / Под ред. К.И.Мазура. - М.: Высш. шк., 2007. 13-тақырып.Өнім сапасын қаматамасыз етудің халықаралық тәжірибесі Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Жапондықтар автокөліктердің сапасын қалай қамтамасыз етеді? 2.Өнім сапасына бәсекелестіктің әсері. Бақылау сұрақтары: 1.Сапаны басқару жүйесінің қандай түрлерін білесіз(отандық және шетелдік)? 2.Отандық КС УКП стандарттарының шетелдік ИСО-900 топтамасының стандарттарнан айырмашылығы неде? 3.МС ИСО-9000 стандарттарын ендіру жұмыстары қандай тәртіппен орындалады? Ұсынылған әдебиеттер: 1. Аристов О.В., Леонов Н.Г. Управление качеством продукции. - М.: Изд-во стандартов, 2007. 2. Ахмин А.М., Гасюк Д.П. Основы управления качеством продукции. Учебное пособие: СПб.: Изд-во <<Союз>>, 2006. 3. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. - М.: Изд-во АМИ, 2006. Оқушылардың өздік жұмысы Әдістемелік нұсқаулар Оқу жоспарымен ескерілген оқушылардың өздік жұмысы зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру керек және оларды практикада теориялық білімдерін қолдана білуге бағыт көрсету керек, оқытылатын материалдың тереңірек сіңірілуіне сәйкес келуі керек. Бұл қызметтің процесінде келесі тапсырмалар шешіледі: -оқу әдебиетімен жұмыс істеуді үйрету; -олардан сәйкес келетін білімді, іскерлікті және дағдыны қалыптастыру; -оқушылардың кәсіби өсіміне жағдай жасау, шығармашылық белсенділікті және ынтаны тәрбиелеу; Оқушылардың өздік жұмысы келесілерді болжайды: -сабаққа дайындалу( дәріс материалын оқу,ұсынылған әдебиетті оқу, сұрақтарға жауаптар, тапсырмаларды шешу және т.б.) -емтиханға дайындалу. Оқушылардың жеке жұмысына арналған тапсырма Жеке тапсырма ретінде әр оқушы екі бөлімнен тұратын(теориялық және есептік-аналитикалық) тапсырманы орындауы керек. Теориялық бөлімді оқушылар берілген сұрақтарға жауап ретінде орындайды. Есептік-аналитикалық тапсырмалар өнім сапасын басқару мәселелерімен байланысты тапсырмаларды болжайды. 1-нұсқа 1.Өнім сапасы жайлы түсінік.Өнім сапасының көрсеткіштері( жеке және кешенді), оларды есептеу әдістері. 2.Өнімдерді және қызметтерді сертификаттау.Сертификаттау түрлері:міндетті және ерікті сертификаттау. 2-нұсқа 1.Өнім сапасын талдаудың статистикалық әдістері. 2.Қазақстан Республикасындағы өнімді сертификаттау ретінің тәртібі.Өнімді сертикаттаудың сызбасы. 3-нұсқа 1.Өнім сапасын бақылау.Бақылау түрлері.Өнім кемшілігінің көрсеткіштері. 2.Қызметтерді сертификаттау, оның қатысушылары және орындалу тәртібі.Қызметтерді сертификаттау сызбасы. 4-нұсқа 1.Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі.ҚР-дағы стандарттаудың органдар мен қызметтері. Әртүрлі деңгейлердегі стандарттардың сипаттамасы. 2.Өнімнің сапасын қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі. 5-нұсқа 1.Өнімді стандарттау, оның мақсаты мен тапсырмалары. Стандарттаудың әдістемелік негіздері. 2. Өнімнің қауырттылығы. Сұрыптылықтың көрсеткіштері, олардың талдауы. 6-нұсқа 1.Өнім сапасын басқарудың комплексті жүйесі(ӨСБ).Өнім сапасын басқару жүйесінің қызметтері мен принциптері. 2.Тауарлар мен қызметтердің сертификаттау ережелерін және қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік. 7-нұсқа 1.Техникалық өлшеу негіздері.Өлшеу құралдары мен өлшеулердің әртүрлілігі. 2.Кәсіпорындағы ақау және оның түрлері. Кәсіпорындағы ақаудың көрсеткіштері(абсолютті және салыстырмалы). 8-нұсқа 1.Өнім сапасын басқару механизмі. Өнім сапасын басқарудағы жүйелі тәсілдің даму кезеңдері. 2.Технико-экономикалық ақпаратты кодтау мен классификациялаудың бірыңғай жүйесі(ТЭА ККБЖ) 9-нұсқа 1.Өнім сапасын қамтамасыз етудің комплексті жүйесі. ИСО 9000 сериясының стандарттарының сипаттамасы. 2.Заңнамалық метрологияның ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік. 10-нұсқа 1.Өнім сапасын статистикалық қабылдау бақылауы. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. 2.Метрология мағынасы мен өлшеудің маңызы.Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз ету. Реферат Әдістемелік ұсынымдар Оқытылатын пәннің тиімділігін арттыру мақсатында оқушы зерттелетін мәселе бойынша реферат дайындауға арналған, оқытушы ұсынған тізімнің ішінен кез келгенін таңдай алады.Рефератты үйде дайындау барысында оқушы келесі тапсырмаларды шешу тиіс: -- тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдеу; -- әдебиетпен танысу және оған талдау жасау; -- зерттеуге керекті материалдар жинақтау; -- жиналған материалдарды жүйеге келтіру және оларға талдау жасау; -- зерттеу тақырыбының дискуссиялық сұрақтары бойынша өз көзқарасын баяндау; -- алынған мәліметтер нәтижесі бойынша қорытынды жасау. Реферат рәсімделіп, басылып шығарылып, қол қойылып оқытушыға өткізілу керек. Жқмыс талаптарға сәйкес рәсімделеді, А4 форматты қағазда орындалған, қаріп 14Times New Roman,жол аралық интервал бір жарым,жазықтардың шекаралары:жоғарғы және төменгі-20мм, оң жағы - 10мм, сол жағы - 30мм. Рефераттың оптимальді көлемі -- 10-15бет. Рефераттардың тақырыптары 1.Сапа түсінігі. 2.Спап жайлы теориялық концепциялардың эволюциясы. 3.Квалиметрия мәні. 4.Квалиметрияның ұйымды басқарудағы рөлі. 5.Квалиметрия әдістері. 6.Квалиметрияны практикалық қолданудың аймақтары. 7.Метрология қолданбалы ғылым ретінде. 8.Сапаны басқару жүйесі:ұғымдар мен анықтаулар. 9.Өнім сапасын қамтамасыз етудің факторлары 10.Өнім сапасының көрсеткіштері. 11.Қызмет сапасының көрсеткіштері. 12.Өнім сапасын бағалаудың әдістері. 13.Сапаны басқару әдістері. 14.Сапаны басқару процестерін мемлекеттік реттеу. 15.Қызметтердің,өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы. 16.Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. 17.Сұраныстың өнім сапасына тәуелділігі. 18.Сапаны басқарудың математикалық үлгісі. 19.Сапаны басқару жүйесіндегі ИСО 9000 мемлекеттік стандарттары. 20.Салалық стандарттар. 21.Аймақтық стандарттар. 22.Сапаны басқарудың статистикалық әдістері. 23.Сапа факторларының статистикалық талдауы. 24.Кәсіпорындарда өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. 25.Өнім сапасын бақылау түрлері(кірме, операциялы, қабылдау). 26.Ақау және наразылық талдау. 27.Өнім сапасын қоғамдық бақылау. 28.Өнеркәсіптік өнімді сертификаттау. 29.Өнімді сертификаттау жүйелері. 30.Өнімді сертификаттауды ұйымдастырудың нормативтері:ҚР заңдары. 31.Өнім сапасын басқарудың тиімділігі. 32.Сапаны басқарудың отандық тәжірибесі. 33.Сапаны басқарудың шетелдік тәжірибесі. 34.Сапаны басқарудың аймақтық тәжірибесі. 35.Өмір сапасы әмбебап экономикалық көрсеткіш ретінде. Глоссарий Тексеру акті -- әрекеттегі заңға сәйкес ықпал ету шараларын қолдану жайлы қаулы қабылдау және ұйғарым берудің негізі болып табылатын құжат. Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімі -- Қазақстан Мемлекеттік Стандартымен бекітілген өлшеу құралдарының түрлерін тіркеуге арналған. Ақау -- обьектке қатысты берілген немесе күтілген талаптың орындалмауы. Сәйкестік жайлы мәлімдеме -- жеткізушінің өнім,процесс немесе қызметтердің нақты стандартқа немесе басқа нормативті құжатқа сәйкес келуін толық өз жауапкершілігіне алуы жайлы мәлімдеме. Сәйкестік белгісі -- берілген сертификаттау жүйесімен орнатылған ережесі бойынша таңбаланған өнімнің орнатылған талаптарға сәйкес келетіндігін айқындайтын белгі. Идентификация -- берілген обьектке ерекше болып келетін анықталған белгілер негізінде тану,теңдестіру,ұқсастықтар, сәйкес келуін мойындау. Сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау -- өнім сертификаттауда нақтыланған белгіленген талаптарға сәйкес келуін жалғастыруда деген орнату мақсатымен іске асатын сәйкестіктің бақылау бағалауы. Сынау лабораториясы(сынау центрі) -- белгілі өнімдерге сынау жүргізетін(сынаудың жеке түрлері) лаборатория. Тауардың сапасы -- тағайындалуына сәйкес келетін белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын шарттайтын өнім қасиеттерінің жиынтығы. Кешенді сараптама -- көпшілік қолдану үшін сериялы түрде шығарылатын бір типті тауарлар тобының сапасын бағалау және жан-жақты зерттеу үшін жүргізілетін тауарлардың тұтынушылық қасиетін сараптау. Өнім сапасын бағалау -- сапаның белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау. Ақау коэффиценті -- өнімнің бірлігіне келетін ақаулардың орташа көлемі. Тауарлар сапасын басқару критериі -- қаржы,материалдық және еңбек ресурстарын ең жақсы қолдану барысында қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өнім сапасына оптимальді талаптар құрастыру. Таңбалау -- тікелей этикеткаға,құлақшаға кестеге, орамасына және басылымына нақты шарттарға байланысты түсірілетін жеке графикалық, түсті символдар мен комбинациялардан, мәтіннен тұратын белгілер комплексі. Метрология -- талап етілген нақтылыққа жету және өлшеулердің тұтастығын қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары жөніндегі өлшеулер туралы ғылым. Сапаны қамтамасыз ету -- өнім немесе қызмет белгілі сапа талаптарын қанағаттандыра алатыны жөніндегі сенімділікті қалыптастыру үшін міндетті жүйелі түрдегі немесе жоспарланған іс-шаралар жиынтығы. Сапаны жалпы басқару -- Сапа аумағындағы саясатты орындаушы және анықтаушы басқару атқарымының жалпы аспекті.Бұған нәтижелерді бағалау, жұмыс жүргізу, сапаны жоспарлау сияқты сапа аумағындағы жүйелі әрекеттерді және ресурстарды тарату, және де оперативті жоспарлау кіреді. Сертификаттау бойынша орган -- сәйкестік сертификаттауын жүргізетін орган. Өнім сапасының көрсеткіштері -- өнімнің қоғамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алу жарамдылығын сандық сипаттайтын көрсеткіштері.Олар жеке және кешенді бола алады. Сапа аумағындағы саясат -- сапа аумағындағы негізгі ұйымдастыру мақсаттары мен бағыттары. Сынау хаттамасы -- құрамында сынаулар нәтижелері мен басқа да сынауларға қатысты ақпараттар бар құжат.Сертификаттау органдарына сәйкестік сертификатын беруге негіз болып келеді. Өзін-өзі сертификаттау -- өнімді өндіруші тапсырыс беруші тұтынушыға өнім сапасының белгіленген сәйкестік таңбасына сәйкес келуі және арнайы құжатта ескертілуі жайлы кепілдік беретін сертификаттау түрі. Стандарттау обьекттерін сұрыптау -- қоғамдық өндірісте қолданылатын және алдағы өндіріске мақсатты болып табылатын обьекттерді жинақтаудан тұратын қызмет. Ерікті сертификаттау -- өндіруші кәсіпорынның өз ынтасымен жүргізілетін сертификаттау, және соның барысында өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатын көздейді. Міндетті сертификаттау -- өнімнің экологиялылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін сертификаттау.Мемлекеттің ынтасымен жүргізіледі. Сертификат тексеруі -- мәлімдеуші қызметінің нормативті құжаттар талаптары бойынша қызмет көрсетуіне сәйкес келуін анықтайтын тәуелсіз тексеру. Өнімнің сертификатталуы -- арнайы сертификат құжатының(немесе сәйкестік белгісі) көмегі нәтижесінде өнімнің ұлттық,халықаралық импортер елдерінің, мемлкеттік стандартарына сәйкес келетінін айқындайтын әрекеттер комлексі. Сәйкестік сертификаттауы -- қатысушы жақтардан тәуелсіз арнайы органдармен жүргізілетін сертификация. Симплификация -- қоғамдық өндірісте қолдануға және алдағы өндіріске мақсатсыз болып табылатын обьекттер анықтауларынан тұратын әрекет. Сапа жүйесі -- сапаны комлексті түрде басқаруға ендіруге бағытталған ресурстар, процедуралар, жауапкершіліктер мен ұйымдастыру структураларының жиынтығы. Сертификаттау жүйесі -- сәйкестік сертификаттауын жүргізуін басқару және өзіндік процедура ережесін орнататын жүйе. Стандарттау -- потенциалды немесе шын мәнінде бар тапсырмалар қатынасында көп ретті және жалпы қолданысқа арналған жағдайларды белгілі бір аймақта орнату арқылы реттеудің оптимальді деңгейіне жетуге бағытталған әрекет. Стандарт--нақты немесе бірыңғай өнімдер тобына талаптар орнататын, және де оның қолданылуын, жасалуын және өңдеуін қамтамасыз етеін нормативті-техникалық құжат. Үшінші жақ -- қарастырылатын сұраққа қатысатын жақтардан тәуелсіз саналатын орган немесе тұлға. Сапаны жақсарту -- сапа жүйесін, өндіру элементтерін жетіліруге, дайындау сапасын және өнімнің техникалық деңгейін көтеруге арналған күнделікті әрекет. Өнім сапасының деңгейі -- өнім сапасының көрсеткіштері жиынтығының ұқсас базалық көрсеткіштер жиынтығымен салытыруға негізделген, өнім сапасын сипаттайтын қатыстық көлем. Өнім сапасын басқару -- өнім сапасына әсер ететін,факторларға және шарттарға мақсатты әрекет ету және сапаны жоспарлау жолымен іске асатын, пайдалану немесе қолдану, өндіруде және өңдеу барысында өнім сапасының қажетті деңгейін ұстап тұру, қамтамасыз ету және орнату. Сертификаттау бойынша орталық орган -- бірыңғай өнімнің сертификаттау жүйесін басқарушы орган. Эксперт(сертификаттау, акредитация бойынша) -- сертификаттау аумағында бір немесе бірнеше жұмыс орындау мүмкіншілігіне аттестатталған тұлға. Этикетка -- бұл тауарлық атау ақпараты, сәйкестік таңбалары, тауарлық таңбасы(қызмет ету таңбасы), тауардың жүріп өту орын атауы, сиволдар, өңдеу барысындағы сақтандыру шаралары көрсетілген, штрих код және т.б. жоғары басшылықпен құрастырлыған нұсқаулары бар тауардығы құлақша.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz