Файл қосу

Биология сабақтарымен тапсырмалары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                    3 деңгейлі СМК құжаты
                                   ПОӘК
                         ПОӘК 042-18-35.1. ______
                                   /02-2013
                                       
                                   ПОӘК
Мұғалімдерге арналған  пәннің бағдарламасы
 <<Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы>>
                                       
                             № 2 басылым
                                10.01.2013 ж.
                                       
                                       
	
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
            ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
   Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы
                                       
      <<5В011300>>  -  <<Биология>>  мамандығы үшін
                                       
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН  ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
	
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                 Семей  
                                    2014 ж

                                       
                                МАЗМҰНЫ:

* Қолдану саласы 
* Нормативті сілтемелер
* Жалпы ережелер
* Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі 
* СӨЖ тақырыптары мен мазмұны 
* Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар 
* Оқу  -  әдістемелік әдебиеттер тізімінің қамту кестесі
* Әдебиет және қорлар













	















1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

	<<Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы>> пәнінің оқу-әдістемелік кешені  <<5В011300>> - <<Биология>> мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

     2. НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Осы <<Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы ҮП>> пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген: 
<<5В011300>> - <<Биология>>  мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС  3.08.0ХХ-20__, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20__ жылғы <<__>> _________ №__ бұйрығымен бекітілген.
Шәкәрім атындағы СМУ <<Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі>>.

     3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан.
	Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастығын жан-жақты зерттеу жатады.
	Ботаниканың жаңа салалары бойынша эксперименттік зертеулерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында әртүрлі жаңа тәсілдерді және техниканың мүкіндіктерін пайдаланды.
Ботаника жалпы биология ғылымының негнізгі бөлімі болып табылады. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдік жабынының құрлысының тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.
3.2  Пәннің оқыту мақсаты: <<Биология>> мамандығында оқитын студенттер профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.
3.3   Пәнді оқытудың басты міндеттері:
-  студенттерді нақты теориялармен таныстыру, олардың көптүрлілігін және шектеулілігін түсіну және оларды активті түрде теориялық және қолданбалы биологияның актуалды мәселелерін шешуде қолдану.
3.4  Оқып-білудің нәтижелелері:
	Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
* ботаника ғылыми тұралы мағлұмат, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы, ботаниканың басқа ғыльмдармен байланысы туралы, өсімдіктердің тіршілігі туралы мағлұматтарды білу тиіс; 
* өсімдік клеткасының құрылысы, яғни, цитоплазманың химиялық физикалық қасиеттері, цитоплазмада кездесетін органоидтардың субмикроскопияльқ құрылысы, олардың атқаратын кызметін меңгеруі тиіс;   
* өсімдіктердің вегетативті органдарының морфологиялық және анатомиялық құрылысын игеруі тиіс;
*  өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдіктердің өмір сүру формаларының қазіргі теориясының жобаларын және негізгі түсініктерін қолдана алуы тиіс;
* өсімдіктердің көбею және даму сатылары жайында мәлімет болуы тиіс;
3.5 Курстың пререквизиттері:
* жоқ
3.6 Курстың постреквизиттері:
* жоқ
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
                                                                  1 кесте 
                                   Курс
                                Семестр
                              Кредиттер
                     Аудиториялық жұмыс 
                           СӨЖ және СОӨЖ
                                   (сағ)
                                Барлығы
                                   (сағ)
                  Қорытынды бақылау түрі
                                       
                                       
                                       
                                 АС (сағ)
                                 ҚК (сағ)
                                       
                                       
                                       
                                       1
                                       2
                                       3
                                      15
                                      15
                                      45
                                      75
                                емтихан
4. ПӘН МАЗМҰНЫ, ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ
                                                                  2 кесте 
               Тақырып атауы және мазмұны
                              Сағат саны
                                       1
                                       2
                  1 МИКРОМОДУЛЬ  <<КЛЕТКА>>
                         Лекция сабақтар
Кіріспе. 
Жаратылыс ғылымдар пәндерінің арасында биологияның алатын орны. Биологияның химиямен, топырақтанумен, экологиямен тағы басқа ғылым салаларымен байланысы. Биология және химия.Биология сабақтарымен тапсырмалары.
Биологияның қысқаша даму тарихы. Биологияның дамуындағы  қазақстандық ғалымдардың рөлі. 
Мамандар дайындап шығудағы биологияның мәні.
                                       1
Ботаника ғылыми тұралы мағлұмат. Өсімдіктің ғылыми систематикалык топтары туралы, ботаниканың басқа ғыльмдармен байланысы туралы, өсімдіктердің тіршілігі туралы мағлұмат.  Клетка құрылысымен танысу. Өсімдік клеткасының құрылысы түрлері. Цитоплазма және оның қасиеті. Цитоплазманың негізгі органоидтары, митохондрия пластид, эндоплазмалык тор, рибосомалар т.б. Ядро, оның физикалық, химиялық қасиеттері. Клетканың бөліну түрлері, митоз, амитоз, эндомитоз. Вакуоль және клетка шырыны. Өсімдік клеткасының қабығы.

                                       1
Өсімдік ұлпалары. Түзуші ұлпалар. Қоректік ұлпалар. Өткізгіштік ұлпалар. Механикалық ұлпалар. Өсімдік ұлпалары туралы ұғым. Олардың классификациясы.
Түзуші ұлпалардың құрылысы, түрлері, өсімдік денесінде орналасуы. Жабындық ұлпаларыдың құрылысы, түрлері, өсімдік денесінде орналасуы. Ассимиляциялаушы қоректік ұлпалардың құрылысы, түрлері, өсімдік денесінде орналасуы. Ұлпалардың атқаратын кызметі.

                                       1
Өсімдіктердің вегетативті органдары. Өсімдіктердің вегетативті органдарының морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Сабақтың морфологиясы. Бірінші анатомиялык, құрылысы. Сабақтың екінші анатомиялық құрылысы. Өркен, бүршік туралы ұғым. Сабақтың бұтақтануы. Жапырақтың морфологиясы (жапырақ пішіні, жапырақтың жүйкеленуі, жапырақтың шеті, жапырақтың сабақта орналасуы, күрделі          жапырақтың түрлері). Жапырақтың анатомиялық қызметі. Тамырдың өсуі мен бұтақтануы. Тамырдың метоморфозалық түр өзгерістері.

                                       1
Көбею және даму. Өсімдіктердің көбею және даму сатылары.
Өсімдіктердің әртүрлі  көбею жолдары. Жынысты және жыныссыз көбею жолдары. Өсімдіктерді вегетативті жолымен көбейту әдістері. Мүктердің, папоротниктердің даму циклы. Қарағайдың даму циклі.Тозаңның пайда болуы, оның қүрылысы, тұқым бүршігінің құрылысы. Микроспорогенез, макроспорогенез, тозаңдану және ұрықтану туралы ұғымдар. Гүл, гүлдің құрылысы. Андроцей және гинецейдің құрылысы. Спорогенез және гаметогенез. Гүлде жүретін тозаңдану және ұрықтану (қосарынан) процестері. Гүл шоғырының түрлері. Тұқымның құрылысы, пайда болуы, түрлері, таралуы. Жемістің пайда болуы, оның түрлері, құрылысы, классификациясы және таралу жолдары көрсетіледі.


                                       1
                   Зертханалық сабақтар.
Биология зертханалығындағы жұмыстың орындалуы. Қауіпсіздік ережелері. 
                                       1
Тақырып: Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелері. Цитоплазма, оның қозғалуы. Плазмолиз, деплазмолиз.  Пластидтер.
Сабақтың мақсаты:  Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.Цитоплазма, оның қозғалуы. Плазмолиз, деплазмолиз құбылыстарымен таныстыру. Пластидтердің түрcлерін көрсету.
Тапсырмалар: Әртүрлі объектілерді пайдаланып уақытша препараттар жасау.
Методикалық  жоба: Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Пияз қабығынан және эллодея жапырағынан уақытша препарат даярлап, өсімдік клеткасының құрылысымен танысу. Цитоплазма қозғалыстарын анықтау. Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарымен танысу. Пияз,   эллодея және   томат, арбуз т.б. обьектілерді пайдалана   отырып,   олардан уақытша     препарат    жасап, пластид түрлерімен танысу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 30, 31, 32, 33, 34.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік  анатомиясы  мен морфологиясы. Алматы, 1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

                                       1
Тақырып: Пияз тамырының ұшындағы митоз. Клетка қабығы.
Сабақтың мақсаты:  Пияз тамырының ұшындағы митоз құбылысымен танысу. Клетка қабығының құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Уақытша және тұрақты препараттарды қарау арқылы тапсырманы орындау.
Методикалық  жоба: Даяр    препаратты    қолдана отырып, клетканың бөлінуінің   бір түрі болып саналатын                митоздық процеспен танысу. Оның         негізгі         бөліну фазаларын анықтау.
Аспидистра       жапырағының эпидермасын           пайдалана отырып,   клетканың   бірінші және екінші қабығымен және қабық саңылауларымен танысу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 37, 38. 39. 42, 43, 44, 47, 48, 51.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік  анатомиясы  мен морфологиясы. Алматы, 1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

                                       1
Тақырып: Өсімдік ұлпалары.
Сабақтың мақсаты: Өсімдік ұлпаларының түрлерімен, құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Даяр препараттарды пайдалана отырып, өсімдік ұлпаларының құрылысын зерттеу.
Методикалық  жоба: Әртүрлі өсімдік жапырақтарының эпидермасынан препараттар даярлап, эпидерманы құрайтын негізгі гистологиялық элементтермен             танысу.
Сүректі өсімдіктердің өркенінің көлденең және үзынынан жасалған кесінділерінен (даяр препараттардан перидерма немесе қабықты анықтап, оны құрайтын феллема, феллоген, феллодерма элементтерімен танысу.
Уақытша және даяр препараттарды пайдалана отырып, механикалық (арқаулық) ұлпалардың колленхима, склеренхима, склерейд сияқты құрылысымен таныстыру.
Ксилема, флоэма элементтерімен таныстыру. Олардың   өсімдік   денесінде орналасу ерекшеліктерімен анықтау.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 47, 48, 51, 52.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік  анатомиясы  мен морфологиясы. Алматы, 1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

                                       1
Тақырып: Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Даяр микропрепараттарды пайдалана отырып, тамырдың, жапырақтын, сабақтығ анатомиялық құрылысымен танысу.
Методикалық  жоба:  Тамырдың морфологиялық құрылысымен таныстыру.
Тамыр және тамыр жемістің анатомиялық құрылысымен таныстыру. Тамырдың анатомиялық құрылысымен екінші түзуші ұлпаның, яғни камбийдің пайда болуын көрсету қажет.
Өркен құрылысы мен оның пайда болу ерекшелігімен таныстыру. Бұтақтану түрлерін көрсету.
Әртүрлі өсімдіктерді пайдалана отырып, бүршіктің орналасуын, түрлерін және құрылысын анықтау.	
Сабақтың анатомиялық құрылысы жүгері және қара бидай сабағының кесінділерінде салыстырмалы түрде көрсетіледі. Дара жарнақты өсімдіктерде камбийдің болмайтындығына ерекше көңіл бөлінеді.
Қос       жарнақты       өсімдік сабақтарының кесінділерінен алғашқы        және        соңгы анатомиялық        құрылыстан салыстырмалы түрде көрсете отырып,    олардың   құрылыс ерекшеліктеріне              көңіл бөлінеді.
Жөке,    қайың,    үйеңкі    т.б. сүректі                өсімдіктердің сабақтарының кесінділерін пайдалана    отырып,    сүректі өсімдік сабағының анатомиялық  құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру. Перидерма,    өзек,    сүректін құрылыстарымен таныстырып,                 оларды құрайтын         гистологиялық элементтерге      көңіл      бөлу қажет.
 Гербарий         материалдарын және      бөлме      өсімдіктерін пайдалана отырып,  жапырак, морфологиясымен таныстыру.                Жапырақ құрылысы    мен    таныстыру қажет. Жүгері,   камелия,   ирис   т.б. өсімдіктердің жапырақтарының     көлденең кесіндісін пайдалана отырып, жапырақгың              құрылыс ерекшеліктерін          аньқгау. Хлоренхималык, негізгі паренхима клеткаларын көрсету,эпидерма ерекшеліктерінен көңіл бөлу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 63, 64, 73, 75, 76, 90, 91.
Бақылау сұрақтары:  тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік  анатомиясы  мен морфологиясы. Алматы, 1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

                                       1
Тақырып: Гүлдің, тұқымның, жемістің  құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Гүлдің, тұқымның, жемістің  құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Ылғалды препараттарды және коллекцияларды пайдалана отырып  гүлдің, тұқымның, жемістің  құрылысымен танысу.
Методикалық  жоба: Формалинге салынған  әр түрлі өсімдік гүлдерінің құрылыс ерекшеліктерін салыстырмалы түрде анықгау. Гүл       құрылысы       өсімдік түрлерін классификациялаудың негізгі таксонды      белгі      екендігі туралы   үғымды    беру.    Гүл типтерімен таныстыру.
	Тозаңның құрылысымен таныстыру. Гүлдерден андроцей түрлерін көрсету. Тұқым бүршігінің анатомиялық күрылысымен таныстыру.Әр түрлі өсімдік гүлдерін пайдалана отырып гинецей типтерімен таныстыру.
	Гүлге морфологиялық сипаттама беру және оның формуласын құрау. Гүлдің көлденең кесіндісінің (орналасу ерекшелігін көрсету), диаграммасын сызу. Гербарий материалдарын пайдалана отырып гүл шоғырының түрлерін анықтау.
	Дара   және   қос   жарнақгы өсімдікгердің        тұқымының құрылысын      салыстырмалы түрде зерттеу. Жеміс түрлерімен танысу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 101, 102, 103, 108, 109, 113, 114.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік  анатомиясы  мен морфологиясы. Алматы, 1988ж. 
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
                                       1
                                       
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
5.1. Өсімдік клеткасының құрылысы
5.2. Цитоплазма, оның физикалық қасиеті және субмикроскопиялык, құрылысы, химиялык, құрамы.
5.3. Вакуоль, оның түрлері, пайда болуы. Клетка шырыны.
5.4. Клетка қабығы, оның құрылысы, түрлері.
5.5. Клетка онтогенезі.
5.6 Жабыңдық, арқаульқ, өткізгіш ұлпалар, олардың цитологияльқ сипаттамасы, денеде орналасу ерекшеліктері.
5.7. Негізгі паренхималық ұлпалар, олардың цитологиялық сипаты,денеде орналасуы.
     5.8 Өсімдіктің  вегетативті дене  мүшелерінің
морфологиялық  және анатомиялық  құрылыстары
5.9 Тамырдың анатомиялық, морфологиялық құрылысы. Тамырдың түр өзгерістері.
5.10 Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы, түр өзгерістері.

5.11 Бүршік және өркен, олардың құрылысы, пайда болуы.
5.12 Жапырақтың морфологиялык, және анатомиялық метоморфозасы.
5.13 Жыныссыз көбею,оның түрлері.
5.14 Жынысты кобею.
5.15 Жоғарғы споралы өсімдікгердің дамуы, ондағы ұрпақтың алмасуы. (ядро фазаларының алмасуы)
5.16 Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің даму циклі. (спорогенез,гаметогенез)        Ұрпақтың алмасуы.
5.17 Жабық тұқымды өсімдіктердің дамуы.Гүлдің құрылысы. Спорогенез, Гаметогенез, тозндану,урықтану құбылыстары.
5.18 Тұқым және жемістің пайда болуы, олардың құрылыс ерекшеліктері.

 6. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
	                                                                                            3 кесте	
                           Тақырып атауы
Қолданылатын құрал жабдықтар
             Өзін  -  өзі тексеру сұрақтары
                            Бақылау түрі
                                       
                          Дәріс сабақтар
                                       
                    Зертханалық сабақтар



                                Кіріспе
Зертханада орындалатын жұмыс тәртібі. Қауіпсіздік ережелері.
Плакаттар,  химиялық реактивтер т.б

                                       
Клетка.

Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелері. Цитоплазма, оның қозғалуы. Плазмолиз, деплазмолиз.  Пластидтер.

Клетка құрылысы. Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелері. Цитоплазма қозғалыстары.
                                       
Өсімдік ұлпалары.

Өсімдік ұлпаларының түрлерімен, құрылысы.


Түзүші ұлпалар.
Қоректік ұлпалар.
Өткізгіштік ұлпалар. Механикалық ұлпалар.

                                       
Өсімдіктердің вегетативті органдары
Пияз тамырының ұшындағы митоз. Клетка қабығы.

Сабақтың морфологиясы. Бірінші анатомиялык, құрылысы. 
Сабақтың екінші анатомиялык құрылысы.

                                       
Көбею және даму.
Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

жынысты және жыныссыз көбею жолдары Өсімдіктерді вегетативті жолымен көбейту әдістері
                                       
Өсімдіктердің экологиялық топтары.
Өсімдіктердің өмір сүру формалары.


Өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімделу жолдары. Сыртқы ортаға байланысты өсімдік топтары ксерофит, мезофит, гидрофит, гигрофит түрлері

                                       

7. ОҚУ  -  ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНІҢ ҚАМТУ КЕСТЕСІ 
                                                                  4 кесте 
№
Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы
Саны
Студент саны
Қамтылу пайызы,%
1
Агелеуов Е. Ботаника.Өсімдіктер анатомиясы
24
25
96
2
Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
12
25
48
3
Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
50
25
100
4
Андреева И.И. Ботаника,2002г.
4
25
16
5
Бавтуто Г.А. Учебно-полевая       практика       по ботанике
30
25
100
6
Культиасов М.В. Ботаника,1953г.
20
25
80
7
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом
68
25
100
8
Рейвн П. Современная ботаника, в 2-х т.
4
25
16
9
Байтулин И.О. Строение     и     работа     корневой системы, 1987г.
3
25
12
10
Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 20
20
25
80
11
Васильев А.Е. Ботаника,1988г.
20
25
80
12
Мусакулов Ботаника(каз)
15
25
60
13
Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, 1997г.
10
25
40

8. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚОРЛАР
  +  Негізгі әдебиеттер
    o Агелеуов Е. Өсімдік  анатомиясы  мен морфологиясы,1988ж
    o Мухитдинов Ю.М. Өсімдік  анатомиясы  мен морфологиясы, Алматы
    o Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.
    o Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005. 
    o Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
8.2  Қосымша әдебиеттер
8.2.1 Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж
8.2.2 Бавтуто Г.А. Учебно-полевая       практика       по ботанике
8.2.3 Байтулин И.О. Строение     и     работа     корневой системы, 1987г

Пәндер